18
Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жумадиллаева Назира Жобаның тақырыбы: «Математика сабағында интербелсенді оқу/оқыту әдістемесін қолдану»

Схема описания инновационного ...€¦ · Web viewXXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,

  • Upload
    others

  • View
    9

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Схема описания инновационного ...€¦ · Web viewXXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы

Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Жумадиллаева Назира

Жобаның тақырыбы:

«Математика сабағында интербелсенді оқу/оқыту

әдістемесін қолдану»

2013 ж

Page 2: Схема описания инновационного ...€¦ · Web viewXXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,

Автор туралы мәлімет

Аты-жөні: Жумадиллаева Назира АжибекқызыБілімі: жоғары Оқу орны, бітірген жылы: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті.1996 ж. Диплом бойынша мамандығы: Бастауыш сынып мұғаліміЖұмыс орны: С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебіҚызметі орны: бастауыш сынып мұғаліміПедагогикалық еңбек өтілі: 21 жылҚызметі бойынша еңбек өтілі: 21 жылСанаты: біріншіМарапаттар : 1. Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының алғыс хаты .2011 жыл. 2. «Нұр Отан»ХДП Арыс қалалық филиалының алғыс хаты.2012 жыл. 3. «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесінің»құрмет грамотасы.2012 жыл. 4.Арыс қалалық білім бөлімінің мақтау қағазы.2013 жыл.

1. Жобаның идеясы:Математика сабағында интербелсенді оқу/оқыту арқылы пәнге қызығушылығын арттыру мен ынталандыру 2. Жобаны қалыптастыру жағдайы. Жобаны қалыптастыру үшін мына факторлар әсер етті:

әдістемелік әдебиеттерді оқып үйренуден; әріптестердің іс-тәжірибесімен алмасудан; қалалық, облыстық әдістемелік жұмыстарға белсене қатысудан; 2-3 деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдердің әдістемелік көмегі;

3. Жобаның теориялық базасы.1. Математика: жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған

оқулық/Т.Оспанов,Ш.Құрманалина,Ж.Қайынбаев,Б.Қосанов,К.Ерешева. 2-басылымы.-Алматы:Атамұра 2003 ж.

2. Б.А.Тұрғынбаева Дамыта оқыту технологиялары: Оқу-әдістемелік құрал.3. А.Қ. Әлімов, Б.М.Қосанов, Р.Ж.Базарбекова. Бастауыш сынып мұғалімдеріне: Интербелсенді

әдістеме. Алматы, 2010-115 бет.4. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі.

Бастауыш мектеп, 2009ж №45. Интернет жүйесі.

Page 3: Схема описания инновационного ...€¦ · Web viewXXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,

4. Жобаның өзектілігі. Математика сабақтарында интербелсенді оқу/оқыту әдістемесін қолданудың тиімділігі өте зор. XXI ғасырдың көшбасшысы – жаңашыл, ізденімпаз, шебер ұстаз. XXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, өмірге реалистік тұрғыдан қарайтын, терең біліммен қаруланған оқушы тұлғасын сомдау үшін өзі де шеберліктің шыңынан көрінуі тиіс. Қазіргі таңда оқу үрдісінде математиканы оқытуда сан-алуан жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады. Атап айтатын болсақ, «Сын тұрғысынан ойлау», «Интербелсенді әдістеме», Б.М.Тұрғынбаеваның «Дамыта оқыту технологиялары»,Ж.А. Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы» сабақ барысында оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор.

5. Педагогикалық міндеттерді шешудегі жаңалығы. Математика сабақтарын ақпараттық инновациялық технологиялар арқылы өткізе отырып, интербелсенді тақтамен жұмыс жасауға машықтыруға болады. Әр түрлі презентацияларды, тренингтерді, видео материалдарды көру және қолда бар материалдармен өздері сабақтарды құрастыра алады. Компьютермен жеке дара жұмыс жасау барысында, деңгейлік тапсырмаларды орындау жұмыстары тиімді жүргізіледі. Өз білімдерін тексеру мақсатында электронды тестпен жұмыс жасау, электронды оқулықтармен жұмыс жасауға машықтандыру.Шығармашылық, іздену жұмыстарында интернет, сайттардан қажет деректерді тауып, пайдалануға үйретуге болады. Жұмыстарын, жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғауға үйрету – педагоикалық міндеттерді шешудегі жаңалығы.

6. Жобаның бағыты. «Математика сабағында интербелсенді оқу/оқыту әдістемесін қолдану» тақырыбы бойынша мектеп ішінде озық педагогикалық тәжірибе жинақталып, қала мұғалімдері арасында таратуға ұсыныс жасалды.

7. Жобаның бүгінгі таңда қажеттілігі. Оқушылар өздігімен оқу және топта жұмыс жасау тәсілдерін білуі; Мектеп қабырғасында алған білімдерін өмірде қолдана алуы; Сөйлеу мәдениетін жетілдіруі;

8. Жобаның технологиясы Жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы зор екеніне көз жеткізуге әбден болады.

― таным әрекетін ұйымдастырудың формасы-инновациялық технологияларды қолдана отырып өткізу, СТО, деңгейлеп оқыту;

― оқушының жаңадан білім алуына, таным белсенділігін және қызығушылықтарын оятуға талпындыру, математика пәнін оқудың қажеттілігін түсіндіру.

― қазіргі заманда жаңа талапқа сай жаңашыл сабақтар өткізу үшін, жаңа технологияларды тиімді қолдану.Ол үшін пайдалы бағдарламаларды меңгерту және сабақта қолдану арқылы оқушыға жан-жақты білім алуына жағдай жасау.

9. Жобаның нәтижелігі. оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы; оқушылардың мектептік, қалалық, сайыстарға белсене қатысуда құштарлықтарының дамуы; оқушылардың қалалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болуы; білім сапасының жоғарылауы;

Page 4: Схема описания инновационного ...€¦ · Web viewXXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,

Интербелсенді оқу/оқыту әдістемесіБүгінгі күні интербелсенді оқу/оқыту барлық дерлік дамыған елдердің білім беру жүйелерінің басты әдістемесі ретінде танылып отыр. Бұл әдістеменің басты ерекшелігі ретінде үйренушіні белсенділендіру,оны өздігімен білім іздену деңгейіне жеткізіп, өмір бойы өздігімен білім алатын дәрежеге шығару ұстанымдарын атауға болады. Елімізде де интербелсенді оқыту орта және арнаулы орта мектеп, жоғарғы оку орындарының сабақ беру әдістемесінен жан-жақты көрінуде. Интербелсенді (интерактивті) оқу/оқыту бірінші мезетте білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау»дегенді білдіреді. Басқаша айтканда «интербелсенді» біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау,диалог құру. «Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші-үйренуші», «үйренуші-үйренуші», «үйренуші-өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас ( «әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»). Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:

1) барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;2) әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе

талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.Сонымен интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу,үйренудің) ортақ мағынысына және аяққы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге (білімге) қандай бірлескен үйрену/оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды.

Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек қана жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным процесін өзара ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналдырады. Интербелсенді оқу/оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді,ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді.Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық машықтарға үйренеді:

- терең ойлануға;- ақпаратты өздігімен түсініп оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға;- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;- басқа да балама пікірлерді ескеруге;- шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге;- жаупкершілікке ( өз біліміне, өміріне);- басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.Интербелсенді оқу/оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныптың)- жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары,- ситуативтік және ролдік ойындар,- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау

(кітап,лекция,интернет,құжаттар,мұражай,басқа адамдар:мамандар т.б.)- шығармашылық жұмыстар т.б.Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың құралы болып табылады, олар дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.Интербелсенді оқу/оқытудың негізгі қағидалары:- Орта қалыптастыру;- Бірлескен әрәкеттер арқылы үйрету/үйрену;- Өмірмен байланыстыру;- Өзінділік пен дербестікке баулу;

Page 5: Схема описания инновационного ...€¦ · Web viewXXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,

Мақсаттары :- Білім алушы оқып/үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін жағдайлар жасау;- Үйренушілер арасында ашық,еркін,шығармашылық қарым-қатынас орнату;- Үйренушілерге білімді дайын күйде бермей,оны ізденуге бағыт-бьағдар сілтеу;- Үйренушілерге білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін

дәлелдеу;- Үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру;- Үйрету/үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде

туындайтын проблемаларды шешу деп қарастыру;- Үйренушілердің дайын жауаптарын қанағат тұтпай, оларды ой-толғаныс арқылы өзіндік пікір

құрастыруға,проблема шешуде өзіндік тұрғыдан жауап табуға ынталандыру (егер шәкәрт жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзі беруге асықпай, оны басқа үйренушілердің табуына ықпал жасау);

- Үйренушілерге сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру (күмәндану, ақпараттан әртүрлі мағынаны көре білу,өзіндік түсінікке ұмтылу,дәлелдеме келтіру).

Интербелсенді оқуды ұйымдастыру ережелері.

Бірінші ереже. Сынып бөлмесін жұмысқа дайындау. Сынып бөлмесі оқушылардың еркін түрде жұмыс жасауына қолайлы болуы керек. Мәселен әр сабақта оқушылар шағын топтар құрамын сан рет өзгертуі ықтимал, сол себепті де парталар мен үстелдер олардың емін еркін қозғалуына кедергі болмауы кажет. Тиімді жұмыс жасауы үшін аудиторияда тақта немесе интерактивті тақталар, қол астында бор, қағаз (А-1 және А-4 форматтардағы),маркерлер болғаны дұрыс.

Екінші ереже.Топқа бөлу. Әр сабақта оқушыларды шағын топтарға бөліп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. Оқушыларды шағын топтарға 4 адамнан бөлген тиімді. Олардың партаны жағалай бет қаратып отырғаны дұрыс. Топқа бөлу әдетте кездейсоқ түрде жасалады. Алайда жыл бойы бір оқушы басқалармен барлық сабақтарда топ құрамында жұмыс жасап шығуы керек. Мұндағы басты мақсат – оқушылардың бір-бірімен тиімді қарым –қатынас құрып, ортақ тіл таба білуіне ықпал жасау. Топқа бөлуді әрекетке негіздеп, қызықты етіп өткізген жөн.

Үшінші ереже.Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау. Әр сабақтың басында бүгін қарастырылатын тақырып бойынша ұстаз өз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап, оқушылардың қандай білім, білік, дағды, әрекеттер күтілетіндігін жеткізеді. Сонан соң оқушылардың өздері де сабақтан қандей нәтиже күтетіндерін құрастыруды талап еткен орынды. Бұл әрекет әр оқушыда өзінің сабаққа тікелей қатысы бар екендігі туралы ойды нақтылап, оларды «Сабақта мен қандай білім ала аламын? Ол үшін мен қандай жұмыс әрекеттер атқаруым керек?» деген сұрақтар төңірегінде ой-толғаныс жасауға шақырады.

Төртінші ереже.Жұмыс ережелерін қабылдау. Сабақ басында жұмыс ережелерін қабылдап, оларды әрі қарай қатаң ұстану оқушыларды тәртіпке шақырып, тиімді әрі үнемді түрде жұмыс жасауға қолайлы. Ол үшін әрбір шағын топ бұл мәселені 1-2 минут талқылап алғаннан кейін, олардың ұсыныстарын көлемді параққа (флип-чат, плакат) түрлі-түсті маркерлермен жазып, аудиторияның көрінетін жеріне іліп қоюға болады. Ұстаз тарапынан емес, өздері құрастырып қабылдаған ережелерді оқушылар мейлінше қадағалауға тырысады. Ережелер сан-алуан болуы мүмкін, мәселен, жұмыс регламенты, реті мен тәртібін анықтайтын, алайда олардың дені бірлескен жұмыста сыйласымды қарым-қатынас құруға бағытталғаны жөн. Мәселен, «Біреу сөйлегенде оның сөзін бөлмейік!», «Кешікпейік!», «Қысқа да нұсқа сөйлейік!», «Уақытты үнемді әрі тиімді пайдаланайық!», «Берілген тақырыптан ауытқымайық!», «Біз үшін әрбір пікір құнды!», «Жекелей жұмыс жасағанда, бір-бірімізге бөгет жасамайық!»,т.с.с

Page 6: Схема описания инновационного ...€¦ · Web viewXXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,

Бесінші ереже.Сенім мен жұмыс атмосферасын қалыптастыру. Оқушыларды психологиялық тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет. Әдетте сабаққа келгендердің бәрі дерлік оқуға белсене араласып кетуге дайын емес, өйткені олардың өздерін ыңғайсыз әрі дискомфортты сезінуі мүмкін. Мұның себептері де баршылық:

- өзіне көтеріңкі жауапкершілік жүктеуі және содан қаймығу, жүрексіну,- оң нәтиженің шығуына күмәндану,- жазалаудан немесе күлкі-мазаққа жығылудан қаймығу,- еріншектік пен шаршағандық,- назарын жинақтай алмау (мәселен үзіліс кезіндегі оқиғалардың немесе алдыңғы сабақтың

әсері болуы)Оқушылардың сабақ барысында барлық шарттылықтардан арылып, ойлау аппаратын белсенділендіріп, жұмысқа толық ниеттеліп, қызу кірісіп кетуін бірінші мезетте ойсергектер арқылы жүзеге асыруға болады.Ойсергектер арқылы аудиториядағы оқушылар өздерін жеңіл сезінеді, ашылады, әрқайсысы біртұтас ұжымның өкілі ретінде алда күтіп тұрған бірлескен күрделі жұмысты атқаруға дайындалады. Ойсергектер келесі мазмұнда болуы мүмкін: 1.Жағымды психологиялық сезім,көңіл қалыптастыратын әрекеттер. 2.Логикалық ойлауға негізделген тапсырмалар (есептер, мәселелер, жұмбақтар). 3.Көңіл көтеретін ойын түріндегі іс-әрекеттер. 4. «Өзіңді таны» тақырыбындағы тестер.

Алтыншы ереже.Барлық оқушылар жұмысқа қатысуы керек. Интербелсенді оқу аумағында өтетін сабақ мақсаттарының бірі бірлесе жұмыс жасау болғандықтан, әр қатысушының жұмысқа белсене қатысқаны абзал. Оқушылардың білім игеру жұмысының, оның ішінде әсіресе бірлескен жұмыс әрекеттерінің қызықты әрі тартымды екендігіне көздерін жеткізгені дұрыс. Сол себепті де сабақтың басты тәсілі ретінде топтық жұмыстарды тану керек.

Жетінші ереже.Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек. Суырлып алға шығып сөйлегеннен гөрі тыңдай білген қиын да шығар.Топтық талқылау кезеңінде барлық оқушылардың өз пікірін келтіріп,басқалардың оны мұқият тыңдап, оның пікірін силап,санасатын жағдай жасап отыру қажет. Барлық қатысушылардың пікірі тыңдалуы керек. Топтық бірлескен жұмыстан соң (талқылау,пікірлесу,ой қозғау,тапсырманы бірлесе орындау,т.б) әр топқа өз пікірі мен көзқарасын жариялау мүміндігін беру керек. Ол үшін топ атынан бір оқушы (сөйлеуші, спикер, капитан т.б) берілген уақыт ішінде өз ойлары мен ұйғарымдарын ортаға салады.

Сегізінші ереже.Жазбаша жұмыстар. Оқушылардың сабақта қалай жұмыс жасағандығын,оның материалды қандай деңгейде игергендігін білу мақсатында сабақ соңында жазба жұмыстарын орындау керек. Үйренудің басты мақсаты-тұлғаның дамуы,оның ішінде әсіресе ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдылардың өркендеуі. Ал жазу –ойлаудың шырқау биігі. Жазуда оқушы сонымен қатар «МЕН» тұрғысынан өзінің ішкі жан дүниесін ашып ,оны асқақтата түседі.Сол себепті де әр сабақта жазу жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды.

Ал оқушының бүгінгі сабақта қандай дәрежеде білім алғанын, оның өсуі мен дамуын, яғни оның білімін бағалауды тек жазбаша жұмыстарды орындауынан ғана объективті түрде білуге болады. Жазу жұмыстары оқушы білімін бағалаудың дәлелді нысаны.

Тоғызыншы ереже.Кері байланыс. Кері байланыс дегеніміз - сабақтың соңында оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы оқушылардың пікірлері. Мұғалім оқушыларға бірнеше сұрақ қойып- олардың ойларын, қандай сұрақтары мен мұқтаждары бар екендігін, бүгінгі сабақ туралы пікірлері қандай екендігін анықтайды. Бұл жауаптар алдағы сабақтарды жоспарлауда қолданып, келесі сабақты

Page 7: Схема описания инновационного ...€¦ · Web viewXXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,

оқушылардың пікірлері негізінде құрастыруға бағыттайды. Оқушылар «Сабақ қалай өтті: қызық болды ма?», «Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?», «Бүгін не нарсеге үйрендіңіз?», «Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?», «Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді?», «Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз ,ұсыныстарыңыз бар?» деген сұрақтарға жауап береді. Кері байланыс ұстаз бен оқушылар арасында сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Сонымен қатар ол өткен сабақты бағалау мен талдаудың ,келесі сабақты жоспарлаудың тиімді түрі болып табылады.

Сабақ кезеңдері және қолдануға тиімді тәсілдер

Қолдануға тиімді тәсілдер: Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Венн диаграммасы, Оңай және қиын сұрақтар кестесі,Ойлан, жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар,Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел,Үш қадамды сұхбат,Топтық зерттеу, Бірін-бірі оқыту, Белгі қойып оқу,Эссе т.б.

Сабақ кезеңдері

Проблема шешімінқолдану

Проблема айқындау Проблема

шешу

Сабақ кезеңінің негізгі мақсаттары

Оқушыларды жаңа білім қабалдауға және

игеруге белсенділендіреді

Жаңа білімді іздену мен зерттеу кезеңі.

Мұнда проблеманы шешу жолдары қарастырылады

Үйренгенді айқындау және бағалау, проблема

бойынша шешім қабылдау кезеңі

Page 8: Схема описания инновационного ...€¦ · Web viewXXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,

Сыныбы: 3 «А»Пәні: математикаМұғалімі: Жумадиллаева Н.А.

Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің және бөлудің компоненттері. Сабақтың мақсаты:11.Оқушылар көбейту және бөлудің компоненттерін меңгере отырып, есептеу д дағдыларын қалыптастырады,жаңа есептер құрастырады. 2.Оқушылар есептердің ерекшеліктері туралы ой қозғайды, оларды талдайды, түсінік т тұжырымдайды, оларды дәлелдейді.33.Оқушылар шағын топтарда бірлескен жұмыс ұйымдастырады,тақырып бойынша проблемаларды аайқындап, оларды бірлесе шешуге атсалысады, ынтымақтастықпен өзара әрекеттеседі. Туған елін,жерін сүюді, құрметтеуді үйренеді.

Көрнекілігі: кестелер, интербелсенді тақта, слайдтар т.б.Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. а) Психологиялық дайындық. Бір,екі , үш Сынып іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз.-Балалар, бүгін ерекше сабақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр.Олай болса, білімімізді ортаға салайық.-Бүгін қандай мереке? -25-қазан Республика күні. -1990 жылы Қазақ елі 25-қазанда мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдаған болатын. Бұл оқиғаның республика өмірінде үлкен саяси маңызы болды.Содан бері 25 қазан Республика күні болып аталып келеді. Биыл егемендік алып,тәуелсіз мемлекет болғанымызға 22 жыл болды.Осы аз уақытта Қазақстан Республикасы бүкіл әлемге танылды.-Еліміздің бас қаласы қалай аталады?-Астана.-Астанадағы көрікті жерлерді атаңдаршы?-Бәйтерек, Пирамида, Ханшатыр, Конгресс Холл т.б.-Бүгінгі сабағымыз топтық жұмыс түрінде өтеді.Сондықтан мына стикерлердің қалаған түсін таңдап алыңдар.(оқушылар таңдаған түстері бойынша топқа бөлініп отырады).

Әр топқа атаулар беріледі.1-топ: «Астана»2-топ: «Бәйтерек»3-топ: «Пирамида»4-топ: «Ханшатыр» Әр топтың топ-басшысы сайланады.

2.Үй тапсырмасын тексеру. №7 мысал, 50-бет.І-топ ІІ-топ ІІІ-топ ІV-топа х 2=6 6: а=3 2 х а=6 а: 2=3

Page 9: Схема описания инновационного ...€¦ · Web viewXXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,

3.Ойын «Кім жылдам?»

4.Ой қозғау.

- Балалар, 1-слайдқа көз жіберейік

5*3=15 - Өрнек қандай амалға құрылған? - Өрнектің компоненттерін атап жіберіңдер?Оқушылардың жауабы: - 5-көбейткіш - 3-көбейткіш - 15-көбейтіндінің мәні 15:3=5- 2-мысалда өрнек қандай амалға құралған?- Өрнектің компоненттерін атап жіберіңдер?

Оқушылардың жауабы:- 15-бөлінгіш

- 3-бөлгіш- 5-бөліндінің мәні5. Ойлан. Пікірлес (Топпен жұмыс) a) ауызша есептеулер1-топ. 100*1 3-топ. 200*2 100*2 300*2 100*0 200:2

2-топ. 200:2 4-топ. 0:2 100:1 200:200 20:20 0:100 ә) Топтық зерттеу (Оқулықпен жұмыс)1-топ: «Астана» Есеп:4 a) 2-топ: «Бәйтерек» Есеп:4 ә)

4

5

67

3

8

:2

810

1214

6

16

Page 10: Схема описания инновационного ...€¦ · Web viewXXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,

3-топ: «Пирамида» Есеп :6 4-топ: «Ханшатыр» Есеп: 7 б) Бірін-бірі оқыту (Өрнектер құрастыру)Әр топқа сөйлемдер жазылған кеспе қағаздары беріледі, сол бойынша өрнек құрастырады.1-топ. «Астана» Көбейту амалына.2-топ. «Бәйтерек» Бөлу амалына.3-топ. «Пирамида» Қосу амалына.4-топ. «Ханшатыр» Азайту амалына.в) Атаулар туралы сұрақтар (Сурет бойынша есептер құрастыру) Әр топ өз атауларына байланысты мәліметтер айтып, сол бойынша есептер құрастырады.6.Сергіту сәті. (Математикалық тренинг)«Африка» ойыны

7. Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей

2-деңгей

1.Теңдеуді шеш. 2.Периметрін тап. 10:х=2 а=6см 6 см

в=2см Р-? 2см

2 см Шешуі:

Жауабы: 3-деңгей

1.Есепте: Бір қорапта 6 қарандаш.Осындай 2 қорапта неше қарандаш? Шешуі: Жауабы:

2.Мына суретте көрсетілген пішінде неше үшбұрыш бар?

Жауабы:

3. Логикалық есеп:Ұшып келе жатқан 6 қаздың жартысы және бір қаз бірінші көлге,ал қалған қаздардың жартысы және бір

көбейткіш 2 6 5

көбейткіш 2 3 4

көбейтіндінің мәні

10 12

бөлінгіш 27 16 18

бөлгіш 8 2

бөліндінің мәні 9 3 2

Page 11: Схема описания инновационного ...€¦ · Web viewXXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,

қаз екінші көлге қонды.Әр көлге неше қаз қонды? Ж: 1- көлге қаз , 2 -көлге қаз.

8.Сабақты қорытындылау Рефлексия. - Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? Сабақ несімен ұнады? Бүгінгі алған

білімдеріңді іні-қарындастарыңа үйрете аласыңдар ма? (оқушылар кестені толтырады)-

Білемін Білгім келеді? Білдім

1. 1. 1.

2. 2. 2.

3. 3. 3.

- Сабақ сендерге ұнаса, Астана қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасап,сабағымызды аяқтаймыз.

(оқушыларға Астананың көрікті жерлерінің суреттері слайд арқылы көрсетіледі)

9.Бағалау.

Page 12: Схема описания инновационного ...€¦ · Web viewXXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,

Әр топ басшысы оз топ мүшелерін бағалайды және бір топ екінші топты бағалайды.

Бағалау парағы

№ Аты-жөні Үй тапсырма Ойын «Кім жылдам?»

Ойлан.Пікірлес

Топтық зерттеу

Бірін-бірі оқыту

Есептер құру

Деңгейлік тапсырма

Баллы

1

2

3

4

5

10.Үйге тапсырма: Мысал:5, 51- бет

11. Қорытынды. Интербелсенді оқу/оқыту әдістемесінің нәтижелілігі

Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет.Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті,оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді. Сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін жаңа біліммен ұштастыра отырып,белгілі бір идеяны қабылдап,оның неге қатысты екенін зерттеп,салыстыра отырып,сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте зерттеуге бағытталған оқыту технологиясының бірі- интербелсенді оқу/оқыту әдістемесі. Интербелсенді оқытуда педагог оқушылардың өзіндік таным процессін ұйымдастырушыға айналады, ол үйретпейді – үйренуге бағыт-бағдар сілтейді, өзі де әр сабақта үйренеді. Мұғалім – «білім көзі» емес, ол – оқушыны шығармашылық жұмысы мен еңбегінің бастамашысы, ұйтқысы, оқушының білім алудың белсенді әрекеттеріне ынталандырушы, оқушының үйрену процесіндегі серігі әрі үлгі тұтар тұлғасы. Бұл әдістеменің маңыздылығы:

Оқушылар арасындағы қарым-қатынас интербелсенді оқудың ең басты мәселесіне айналып, оқушылардан өзара әрекеттесу мен ынтымақтастықты қажет етеді, ал ұстаз осындай коммуникативтік процесті ұйымдастыра білуі қажет.

Интербелсенді оқуда оқушылар өз біліміне және өзгелердің біліміне деген жауапкершілікті тереңінен түсінеді.Сол себепті де олар таным процесінің нәтижелілігіне мүдделі болады.

Интербелсенді оқу/оқыту оқушылардың жеке тәжірибесіне сүйенеді, ал ұстаз тәжірибені жаңа біліммен байланыстыру жолдарын бағыттап отырады.

Интербелсенді оқу/оқытуда іздену процесі қорытынды нәтижеден маңызды болғандықтан , мұғалім сол процесті ұйымдастыра білуі керек.

Қорыта келе, интербелсенді оқу/оқыту әдістемесі оқыту процесінде мақсатқа жетудің нақты

Page 13: Схема описания инновационного ...€¦ · Web viewXXI ғасыр ұстазы бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,

жолдарын көрсетеді:

.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана 2006ж.2. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары: оқу әдістемелік құрал – 2000ж3. Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бастауыш мектеп, 2004ж.4. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж №45. Әлімов А.Қ., Қосанов Б.М.,Базарбекова Р.Ж. Бастауыш сынып мұғалімдеріне: Интербелсенді әдістеме – Алматы 2010ж6. Интернет жүйесі

Интербелсенді оқу/оқыту әдістемесінің тиімділігі

Ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдауға

Өз ойы мен пікірін дәлелдеуге

Шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге

Топтық жұмыс арқылы басқалармен тиімді қарым-

қатынас құруға

Жауапкершілікке (өз бетімен білім алуға)

Ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасауға