100

№1 Журнал

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: №1 Журнал
Page 2: №1 Журнал

2

Page 3: №1 Журнал

3

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

АСТАНА ҚАЛАСЫ, І.ЖАНСҮГІРОВ КӨШЕСІ 8, 33ТЕЛ.: 8 (7172) 78-02-06, 8 702 600 01 19

Е.МАІL: [email protected]

ТАРАЛЫМЫ 5 000

ЖУРНАЛ ЕКІ АЙДА 1 РЕТ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

ТАРАЛУ АЙМАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АВТОРЛАРДЫҢ МАҚАЛАЛАРЫ РЕДАКЦИЯ КӨЗҚАРАСЫН БІЛДІРМЕЙДІ

ЖУРНАЛ «PRIDE PRINT» БАСПАХАНАСЫНДА БАСЫЛДЫ.АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, МИРЗОЯН КӨШЕСІ, 13-15

ТЕЛ.: 8 (7273) 78-77-47, 78-80-06, 78-80-09

БАС РЕДАКТОР

ШЕФ-РЕДАКТОР

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

ТІЛШІЛЕР

ДИЗАЙНЕР-БЕТТЕУШІ

БАС ЕСЕПШІ ТЕЛ.:

Е.МАІL:

ЭЛЬМИРА ҮСЕНҚЫЗЫ

МЕЙРАМГҮЛ ҚҰСПАН

БАУЫРЖАН БЕРІКҰЛЫ

БОТАГӨЗ СЕМБАЙҚЫЗЫМЕЙРАМГҮЛ АЙТУАРҚЫЗЫ

ТАТЬЯНА ПИВКИНА

ГҮЛБАРШЫН ҚАБДЫШЕВА8 (7172) [email protected]

№1 (1) ҚАҢТАР 2012 ЖЫЛ

ЖУРНАЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІНДЕТІРКЕЛІП, №1235-Ж (19.10.2011 Ж.) КУӘЛІГІ БЕРІЛГЕН.

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Мұрат Жұрынов ҚР ҰҒА президенті, академик

Ерлан Сыдықов Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ- дың ректоры, профессор

Әбдімұса Қуатбеков Қазақстан Халықтар Достығы университетінің президенті, академик

Нұртай Сабильянов ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты

Марат Тоқашбаев «Президент және Халық» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы

Мағжан Садыханұлы Журналистер Одағының Астана қалалық филиалының басшысы

Талғат Әбдіжаппаров Алматы қалалық мәслихатының депутаты

Надежда Петухова Астана қаласы №1 Балаларауруханасының Бас дәрігері

Бақытбек Смағұл Ауған соғысының ардагері, республикалық «Сауап» қоғамдық қорының президенті

Ібайдулла Тілеп Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты

Нұрлан Бекназаров Шымкент қалалық мәслихатының Хатшысы

Тілеуберген Шәутай Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты

Әуелхан Тұрғымбеков Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының әкімі

Полат Қырықбаев Оңтүстік Қазақстан облысы Спорт және туризм басқармасының директоры

Оразалы Телеуов «Промхиммонтаж» АҚ-ның бас директоры

Досымжан Таңатаров Әнші, «Дарын» жастар сыйлығының иегері

Зәуреш Досаева Республикалық «Намыс» қоғамдық қорының президенті

Нұрхан Тилигенов«NB Корпорациясының» атқарушы директоры

Page 4: №1 Журнал

4

Сұлтан-Нұрсұлтан немесе еліне нұрын шашқан Елбасы жайында

Тәуелсіздікке тарту

9

12

13 Өнегелі өмір иесі

Мұрат Жұрынов: «Адамзаттың ғылымға жүгінетін кезі әлі алда»

16

19

20

«Бүгінгінің батыры»

Қазақ-үнді қатынасы тереңдей түспек

24

28

31

33

37

41

46

49

Академиктер отбасы

Студенттер саулығын сайлаған - Светлана Хасенқызы

Мен ұлтыммен мақтанамын

Тартуы мол Төлеби ауданы

Корей халқы

Әмірхан Шүменов: «Ел еңсесі биік болсын»

Ақ қағаз, көк сияның қыр-сырына қанық ел-ағасы

Сыры көп сәйгүліктер

МАЗМҰНЫ

4

Page 5: №1 Журнал

5

52

55

58

60

63

68

72

75

79

81

83

86

91

98

Төлеген Әшімов: «Әр сөзді нақты істерге жұмсау керек»

Зәуреш Досаева: «Өмірде ашылмайтын есік жоқ»

Болат Оспанов: «Өмір жолым - теміржолым»

«Біздің дәстүр - біздің мақтаныш»

Құрылыстағы қарышты қадамдар

Рая Ахметова: «Өмірде жетістікке жету - не болса да тапжылмай еңбек ету деген сөз»

Спандияр Бекжігітов: «Еселі еңбегіміз - ел мерейіне!»

Ақмола тарихы ғұн дәуірінен басталады

Ел жүрегі - Елорда

Келесбек Жартыбаев: «Бейбітшілік – біздің басты байлығымыз»

Сергей Каржасов: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік жолы - ел туризміне жаңа серпін әкелмек»

Жолдасбек Нүсіпов: «Салық- өрениетті мемлекетте өмір сүрудің өтемі»

«Балапаным»

Талайды таң қалдырғандар

Page 6: №1 Журнал

Құрметті оқырмандар! Сіздерді ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Қазақ елі, қазақ жері өркендеп, өсе берсін! Елімізден бейбітшілік пен

тыныштық кетпесін! Сонымен қатар, жаңа келген «Үлгілі ұлу» жылын-да дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Бұл жыл бәрімізге жақсылық пен табыс әкелсін!

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Тәуелсіздіктің ақ таңы» республикалық қоғамдық-саяси журналы.

Журналдың негізгі тақырыптық бағыты: мәдениет және руханият са-ласы, ассамблея, ішкі-сыртқы туризм, өндіріс және кәсіпкерлік.

Журналымызда тақырыбына қарай әр түрлі айдарлар қарастырылған. Басылымның бірінші санынан тәуелсіздік құрдасы – Ж.Байдалының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағы туралы мақаласын оқи аласыздар.

Сондай-ақ, бұл нөмірімізде елімізге белгілі академик Мұрат Жұрыновтың сұхбаты, Үндістанның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Ашок Кумар Шарманың сұхбаты және тағы басқа да қызықты сұхбаттар мен мақалалар жарияланды.

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналы қалың оқырманның көңілінен шығып, жүрегіне жол табар деген үміттеміз!

Құрметпен, Бас редактор Эльмира Үсенқызы

6

Редактор бағаны

Page 7: №1 Журнал

7

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Шерхан МҰРТАЗАТәуелсіздік!

Қазақ үшін бұдан асқан киелі ұғым болмаса керек-ті!Алғаш жарыққа шыққалы отырған аты да, заты да ерекше

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналының қанаты талмасын, биікке самғасын деп тілеймін.Тәуелсіз Қазақстанның азат ойлы басылымы болып табылғай!

ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Президенті Мұрат ЖҰРЫНОВ Ең бастысы тез арада көпшілікке әйгілі болуға ұмтылмау керек, егер журнал әділетті, әрі

терең ойлы болса, журналистердің біліктілік деңгейі биік болса, атақ-абырой өзі-ақ келеді. Жаңадан ашылған журналдарыңыз салиқалы, сабырлы, әділ, ұлтжанды журнал, яғни сиректің бірі

болғай! Ұлтымызға осындай журналдар керек! Француздардың «шыдамдылықпен күте білгенге, бәрі де уақытылы келеді» – деген мақалы естеріңізде болсын.

Ақ жол бұйырсын Сіздерге!

Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, профессор Намазалы ОМАШЕВ

Бізде қазақ баспасөзі жақсы дамыған. Ал қазақ журнализмі өз деңгейінде дамымаған. Кітап пен баспасөз арасы алшақ. Екеуінің стилі де бөлек. Ал олардың арасындағы алтын көпірі – журнал.

Бұрын Қазақстанды алмағанда да, Кеңес Одағының өзінде журналдар тапшы болатын. Шын мәнісінде аудитория көп. Оқырмандар өз салаларына қатысты ақпарат алғысы келеді. Ал оның

бәрін бес-алты журнал қамти алмайды. Ақпараттық қоғам үшін журнал қажет дүние. Мен журналистика саласының маманы ретінде, оқырман ретінде де «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты

республикалық қоғамдық-саяси журналдың ашылғанына өте қуаныштымын. Алған атауына қарай көтерер тақырыбы да ауқымды болары хақ. Тәуелсіздіктің қасиетіне біз әлі де болса жете білген жоқпыз дейміз. Осы олқылықты толтыру үшін еңбек ететін журналистеріңіздің қызметі жана

берсін. Ең бастысы халық мүддесіне еңбек етіңіздер! Жолдарыңыз бола бергей!

Қоғам қайраткері Нұртай САБИЛьЯНОВ«Тәуелсіздіктің ақ таңы» зор мәнге ие және тауып қойылған атау. Болашақта еліміздегі

Республикалық журналдардың қатарын ғана толықтырмай, сапасын арттыруда да үлес қосқандарыңыз дұрыс. Сондықтан Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!

Үндістанның Қазақстандағытөтенше және өкілетті елшісі Ашок КУМАР ШАРМА

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналына өз атымнан тек қана тұшымды мақалалар мен ұтымды сұхбаттар тілеймін! Журналдарыңыздағы елшіліктерге арналған айдарларыңыз қащан да Қазақстанның шетелмен жасасқан жақсы байланыстарын айшықтай түссін демекпін!

Астана қаласы №1 Балалар ауруханасының Бас дәрігеріНадежда МИХАЙЛОВНА

Елордада жаңадан жарық көріп отырған «Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналына ақ жол болсын! Бүкіл республикалық статуста шығатын журналдарыңыз жақсы жаңалықтар мен мардымды

сұхбаттарға толы болсын! Бастамаларыңыз баянды болып, елдегі алдыңғы қатарлы БАҚ санын толықтыруларыңызды тілеймін!

7

Page 8: №1 Журнал
Page 9: №1 Журнал

9

Тек нағыз махаббаттан ғана сұлу адамдар дүниеге келеді деп жатады. Ал ұлы адам ше?! Ұлыны бәлкім уақыттың өзі тудырады. Дегенмен, адал ниетті ата-ана-дан ғана кемеңгер туылатыны шындық.

Осыдан 71 жыл бұрын Райым-бек бабадан «бойыма бала бітсін» деп тілеген Әлжан анамыз дүниеге тұңғышын Нұрсұлтан есімді ұл баланы әкеліпті. Түсінде теңіздің түбінен тауып алған мылтығы бүгінде мақаламыздың кейіпкеріне айналған Елбасының өзі.

Жастайынан білімге деген құштарлық пен ата-анаға деген қамқорлығы байқалып тұратын ба-ланы үй ішіндегілері Сұлтан деп атаған. Өз ортасының алғыры, сұлтаны бола білген бұл Сұлтан бүгінде әлемді салиқалы саясаты-мен мойындата білген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре-зиденті. Бала Сұлтаннан Елба-сы Нұрсұлтанға дейінгі аралықты қамтитын оның тағдыр жолы бізге қандай өмірлік сабақ береді?

Тәуелсіздік анау айтқандай Кеңес Одағы құлағанда оп-оңай келе салған олжа емес. Ол қазақтың әріден айтқанда бостандық сүйген асыл ерлерінің қанына суарылып, беріде-гі Алаш арыстарының, кеше-гі Желтоқсандағы ұлтын сүйген жаны таза жастарымыздың сәулелі болашақ үшін өздерінің құрбан етуімен келген жеңіс.

Ал тәуелсіздік ұғымы өз ке-зегінде біздерге Елбасы есімімен етене байланысты. Еліне, жеріне деген жүрек тебіренісінен туған Нұрсұлтан Әбішұлының жырлары жанының тазалығын, ақынжанды адам екендігін көрсетеді.

Ешқандай боямасы, әсерелеуі жоқ жыр жолдары жүрегіңе жылы тиеді, жаныңның терең түкпірінде бұғып жатқан кіндік қаның тамған жеріңнен аялап өсірген еліңе деген ыстық сезіміңді лап еткізгендей болады. Әлдеқандай күй кешесің...

Аталмыш жыр шумақтарын туғызған Алатаудың қарлы шыңдары үстіндегі мөп-мөлдір көгілдір аспан, жомарттықпен құйылған күн нұры, кәусар ауа болатын. Балалық шағының сол таудағы қайталанбас саф ауа-сы ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстап, сөйтіп елден бөлек толық адам бола білген Елбасыны әлі күнге дейін алға жетелеп келе жатқандай.

29-шы жылдың қатерлі көктемінде қазақ даласына «Кол-лективтендіру» деген бәле келді. Бұл шақ - жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілген кезеңі. Әбіш жалданып жұмыс істеген Ни-кифоровтар отбасының та-мырына да балта шабылды. Сөйтіп, бәрінен жұрдай болған халық ауылдан шұбырып, бас ауған жаққа кете барады. Басқа жақтан жер аударылған «ку-лактар» Шамалғанға қоныс те-беді. Оларға шаруашылықпен айналысуға рұқсат берілмей, тауда жол салу жұмысын істе-теді. Аталмыш оқиғадан кейін қаншама уақыт өтсе де, жергілік-ті тұрғындар осынау бұралаң жолды - «жазалылардың жолы» деп атап келеді. Сол кезде бри-гадир болып қызмет атқарған Әбіш «жазалылардың» арасы-нан болашақ жары Әлжанды кез-дестіреді. Сөйтіп, екеуі жүрек қалауларымен тағдырларын қосады. Арада бес жыл өткен соң қазақтың Қарасай батырының жетінші ұрпағы Назарбайдың Әбішінің отауында аңсап күткен маңдайы жарқыраған ұл дүниеге келеді. Құдайға сеніп, құлшылық

«Бұл жерде тарих сырдың сыбыры бар,Бабалар тұлпарының дүбірі бар.

Бұл жерде Жамбыл жәкем ән шырқаған,Құлақта күмбірлеген ұлы үні бар»

(«Үш Қоңыр» әнінен үзінді)«Арайлап таңым, асқақтап тауым,Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.

Қол жетті, міне, аңсаған күнге,Жасай бер, жаса, қазағым менің!»

(«Елім менің» әнінен үзінді)

СҰЛТАН-НҰРСҰЛТАН НЕМЕСЕ ЕЛІНЕ НҰРЫН ШАШҚАН

ЕЛБАСЫ ЖАЙЫНДА

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 10: №1 Журнал

10

етіп, намаз оқыған, әжесі Мырза-бала «кенже ұлдан көрген тұңғыш немерем» деп бауырына салып, өзі Нұрсұлтан деп ат қойыпты.

Әр адамның өмір жолы ақ пен қара жолақты. Бүгін сәтсіздікке ұрынсаң, ертеңіне күтпеген қуанышқа кенелесің. Ал егер заманың қилы болса, өмірің тіп-ті қиындай түспек. Ол туралы Нұрсұлтан Әбішұлы «Әділеттің ақ жолы» дейтін кітабында: «Біздің зердеміз, әсіресе күйінішті сәттерде, алыста қалған балалық шақтың көріністерін ойға орал-татыны кездейсоқ болмаса ке-рек. Маған қазір Қазақстанның соғыстан кейінгі, әсіресе мен ере-сек тартқан елуінші жылдардағы тағдырын көз алдыма келтірудің оңайлығы сондықтан да болар. Қалай десек те, есімде қалған ең әуелгі әсерлерімді, бәлкім, Алатау жоталарының ғажайып сұлулығын суреттеуден бастағаным жөн болар еді. Әйтсе де, басқа бір сезім ұдайы ашқұрсақ жүруім санамда күштірек жатталып қалыпты», - дейді.

Қиын-қыстау заманға қарамастан «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» деп Абай айтқандай жақындарының махаб-баты мен сүйіспеншілігіне қанып өскен Нұрсұлтанның «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, және Хақ жолы осы деп әділетті» деген Абай ұстанымын саясаттағы қағидасы

ретінде таңдап алуы да бізге түсінікті.

1991 жылғы 30 шілдеде «Ва-шингтон пост» газетінде «Кеңес Одағы саясат саласындағы жұрт назарын аударған жаңа тұлға На-зарбаев» атты мақала жарық көреді. Онда «Кеңестер Одағының басшылық ұйытқысында Қазақ басшысы Назарбаевтың орны аса маңызды. Ол - әрдайым өзін бас-ты тұлға санайтын Горбачев пен Ельцин арасындағы текетірестің салмағын бәсеңдетуші тұлға... Ол бір жағынан Горбачевті ре-форма жолына икемдесе, екін-ші жағынан Ельцинді сезім мен ұрыншақтықтан сақтандырып келеді... Назарбаевтың ақылын алған Ельцин Горбачев-ті отставкаға кетіру жөніндегі пікірін қайтып алса, Горбачев әр одақтас республиканың құқығын молайтуға келісті» делінуі бекер-ден бекер емес. Себебі алғаш кез-ден бастап алдына айқын мақсат қоя білген Нұрсұлтан Әбішұлы қай істі қолына алса да табандылық та-ныта білген азамат.

Ол мемлекеттің ішкі саясатын нығайту және Ресей-ге тәуелділіктен құтылу үшін Қазақстанның ұлттық валюта-сын жасауды қолға алып, төл теңгемізді дер кезінде айналымға енгізді. Мемлекетаралық ынтымақтастықты қолға алды. Олай етпейінше, Қазақстанның халықаралық ауқымда танылуы, сол арқылы әлемдік қоғамдастық

тарапынан қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі, аумақтық тұтастығы мен шекарасының мызғымастығына кепілдік алуы мүмкін емес еді. Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда алдымен етек-жеңді жинап алып, қадам басу керек болды. Респуб-ликамыз бен АҚШ-тың арасын-да сауда келісімі жасалды. Бұрын Қазақстан шетелге Ресей арқылы ғана шыға алатын, енді Елбасының мәмілегерлігінің арқасында Иранға жол ашылып Үнді мұхитына, Қытай арқылы Тынық мұхитқа шығу мүмкіндігіне ие болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылда-рында мемлекеттің экономикалық жағынан дамуына бастайтын интеграцияның өрісті қадамы со-лай басталғанды.

Халқымыздың іргелі ел бо-луын арман-мақсат еткен алаш арыстарының бірі Міржақып Дулатов «Қазақ жайы» де-ген мақаласында: «Тіршілік - бәсеке жарыс. Дүние - бәйге үлестіруші. Озғанға қарай бәйге береді, жарыстың алды боп кел-ген алдын алады, ортасы боп келген ортасын алады, соңында қалған бәйгеден тіпті құр қалады. Дүниенің ісі осылай болған соң адамнан адам, жұрттан жұрт, ұлттан ұлт озсам дейді. Озғанның ісі қай орында да болса үстем түсіп, қалғанның ісін баспақшы. Ғылым, өнерімен асқандар білімсіз, өнерсіздерді білім-мен жығып, аяғына баспақшы» деп жазғанындай, қазақтың да басқалардан кем емес екендігін көрсетіп, халқымыздың рухын көтеру мақсатында тәуелсіздіктің алғашқы қиын-қыстау жылдарында ғарышқа тұңғыш рет қазақ Тоқтар Әубәкіров ұшты. Ал ғарышты тек озық елдер игере алатыны бел-гілі. Тіпті алпауыт елдердің бірі Қытайдың өзі бізден кейін қалып қойды.

Бұрынғы экономикалық жүйені - қоғамдық меншік жүйесін талқандап, меншік иелерін қалыптастырды. Соның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсара бас-

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 11: №1 Журнал

11

тады. Осы жерде сәл шегініс жа-сай кеткен орынды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін әлем саясаткер-лері Батыстың болжау институтта-ры Югославияны он орап алатын Кеңес Одағында, соның ішін-де Қазақстанда территориялық, этникалық соғыстар болады деп болжам жасады және соны олардың ақпарат құралдары та-ратып жатты. Олар айтқандай Посткеңес елінде Таулы Қарабақ үшін Әзірбайжан, Армения, Қара теңіз үшін Ресей мен Украина, Преднестропе, Қырғызстанның оңтүстігі үшін Қырғыз бен Өзбек, толып жатқан орыс-шешен соғыстары, Осетия үшін Ресей мен Грузин арасында соғыстар бол-ды. Олардың кейбірінде қазірдің өзін де ішінара қақтығыстар не-месе соғыстар болып жатыр. Ал Қазақстан болса мұндай жағдайды айналып өтті. Анықтап айтсақ, Назарбаевтың көрегенділігі арқасында соғыс өрті тұтанып ке-туіне жол берілген жоқ.

Рас, тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Орал, Қызылжар, Өскемен жақтарда казактар үй іші-нен үй тіккілері келді. Сол кезде Елбасының халықты соңына ерте білетіндігінің арқасында басқа ұлт өкілдері арасына жік түспей, саяси мәнге ие болатын қақтығыстарға ұласқан жоқ. Дер кезінде бәрі өз орнына қойылды. Сондай-ақ біздің тәуелсіздігіміздің баян-ды болуы ұлан-байтақ жеріміздің тұтастығында десек, Президент құрлықтағы ең ұзын шекараны бекітуді де жүзеге асырды.

Қилы замандарда атамекенін амалсыз тастауға мәжбүр болып, шет елдерге тарыдай шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайын ұйымдастырып, қауымдастығын құрды. Қандас бауырларымыздың ата-жұртына қайтып оралуына жағдай жасап, квота бөлді. Мұндай практиканы қолданатын әлемде үш ақ ел бар, соның бірі Қазақстан.

Мұның өзі Елбасының ұлтымыздың демографиялық, тіл-

дік мәселелерін шешуді тереңнен ойлаған сұңғыла саясаткерлігінің бір дәлелі.

Елбасы болу тек абырой - атақ ғана емес, ұлт алдындағы, Қазақстан халқы алдындағы жауапкершілік. Осыны айқын сезінген Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағының қазақты әлемге танытқан Абайдың туып-өскен жері Семейді жарты ғасыр бойы сынақ алаңына айналдырып, халықтың денсаулығын құртып, ұрпақтың кеміс болып туылуы-на әкелген Невада-Семей по-лигонын жапты. Дүниежүзінің мұсылман елдерінің ішінде атом қаруы тек біздің елде ғана бо-латын. Батыс мұсылман елдері ішінара бірігіп, Батысқа қарсы саясат жүргізе ме деп үрейленген кезде Елбасы оларға достық ни-етін білдіріп, елімізге инвестиция тартты. Мемлекеттің астана-сын бір қаладан екінші қалаға ауыстырудың заңдылығы тари-хи, саяси ахуалға тығыз байла-нысты десек, Елбасының тағы да қателеспегендігіне көз жеткі-земіз. Бүгінгі күні байырғы қазақ даласында әлемдік мәдениеттің тынысынан нәр алған жас мемлекетіміздің жаңа астанасы күн өткен сайын ажарлана түсуде.

Ықылым заманда даналығымен елге танылған бір ұстаз өмір сүріпті. Шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаздың білмейтіні жоқ деседі. Бірде шәкірттері осы біздің ұстаздың шынымен де білмейтіні жоқ па деп тексермек болады. Арала-рынан біреуі суырылып шығып, көгалдан көз тартар, түрлі түске

бөленген көбелек ұстап әкеліп, алақанына салып, ұстаз алды-на келеді. «Менің алақанымдағы көбелек тірі ме әлде өлі ме?»-дейді шәкірті, асығыс жауап күтіп. Сон-да дананың іркілместен айтқаны мынау: «Бәрі сенің қолында».

Елбасының арманына айналған Астана елордаға ар-ман қуып келгендердің өмірін сан тармаққа бөлді. Тұлпарлардың ер-тұрманы бүтінделіп, талайлардың жұлдызы жанды.

Бірде Гесиод шын мәніндегі ұлы адам уақытты өз ыңғайына қарай бағындыра білген адам деп анықтама беріпті. Қазіргі ты-ныш өмірімізде өз отбасын асы-рай алмай жүргендерді көріп, тұтас мемлекетті білікті басқарған Елбасының ұлылығын байқамауға негіз жоқ. Бұған дәлел ретінде 2011 жылы 11-ші айдың 11-і күні сағат 11-де Алматыда «таудың шыңында отырған президенттің еліне нұр шашып тұрған сәті» бей-неленген Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы саябақта пре-зидент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ескерткіш салтанат-ты түрде ашылды. Президент мүсіні «Қазақстан» деп аталатын мемориалдық кешенінің ортасын-да орналасқан. Мүсіннің артқы бетінде орналасқан қыранның екі қанатында Қазақстан тарихында елеулі орын алатын екі қала – Ас-тана мен Алматы бейнеленген.

Нұрсұлтан Әбішұлының тағдыр жолы бізге заман адамды емес, адам заман-ды өзгертетіндігін дәлелдейді. Сұлтаннан Нұрсұлтанға дейінгі Елбасының жүріп өткен өмір жолы мені - тәуелсіздіктің құрдасын ойлаған мақсаттан бас тартпай, кездескен қиындыққа мойымай, тек алға ғана ұмтылуыма жетелей-ді.

Қорыта айтқанда, Нұрсұлтан Әбішұлы еліне нұрын шашқан нұр сұлтан болып тарихта есімі қалатыны сөзсіз.

Жазира Байдалы

Қазақстан - дүниедегі әр қазақтың қастерлі

құбыласы!Қазақстан - әлемдегі

барша қазақтың құтты қарашаңырағы!

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 12: №1 Журнал

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып шығарылған құнды кітаптар қатары «Кемеңгер келбеті» атты көркем антологиялық жинақпен толыға түсті. Кітапқа республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің тілшісі, белгілі жас ақын, аудармашы, сыншы Бауыржан СЕГІЗБАЕВ жазған алғысөзді оқырман наза-рына ұсынып отырмыз.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы қалың қазақ жұрты һәм күллі қазақстандықтар үшін айтулы мереке болды. Үш ғасырға жуық уақытқа созылған бодандық қамытын сыпырып, бостандықпен қауышуымызда халқымыздың ты-нымсыз күресі мен Тұңғыш Прези-дентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі орасан. Тәуелсіздіктің 20 жылында Қазақстан қалыптасу мен дамудың ғажайып жо-лынан өтті. Сондықтан, біз еліміздің тәуелсіздігімен қалай мақтансақ, елімізді ерен биіктерге көтерген Елбасымызбен де солай мақтанамыз. Осы «Кемеңгер кел-беті» жинағын құрастыру да – елін

сүйген Елбасы бейнесін оқырман қауымның санасына сіңіру, патриоттық сезімдерін арттыру мақсатынан туындаған болатын.

Еліміздің болашағы – жастардың бойында отансүйгіштік, адам-гершілік қасиеттерін қалыптастыру аса маңызды екендігі мәлім. Жоғары жа-

уапкершілік, биік белестерге, жетістіктерге талмай ұмтылу, өзінің елін-жерін, Отанын қастер тұтып, оған өлшеусіз қызмет ету әрбір патриотқа тән болуға тиісті. Ал мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өмірі мен қызметі жастарды сондай талаптарда тәрбиелеудің жарқын үлгісі бола алады. Жалпы жас ұрпақтың алған білімін өмір заңдылықтарымен байланыстыра білуіне, ойлау қабілеті мен тіл шеберліктерін дамытуда, еңбекқорлыққа үндеуде бұл кітаптың көмегі зор деп білеміз.

«Кемеңгер келбеті» жинағы екі тараудан тұрады. «Жүрекжарды жыр» деп атала-тын алғашқы тарауда Тәуелсіз Қазақ мемлекеттігінің нығаюына өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстан атын әлемге танытқан Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев тура-лы жазылған жыр мен өлеңдер, поэмалар топтастырылған. Тәуелсіз Қазақ елінің көсеміне жыр арнаған ақындар Ұлт көшбасшысының азаматтық, кемеңгерлік, қаһармандық тұлғасын шабыттана жырлайды. Елбасының әлемдік сахнадағы

атқарып жатқан елеулі еңбектерін, асқаралы абыройын паш етеді.

Ал екінші «Әуелеген ән, күмбірлеген күй» атты тарауда Елбасының көркем кел-беті әсем ән мен күмбірлеген күй арқылы әрленеді. Президенттің азамат ретіндегі шынайы бітім - болмысы, ұлы адамға тән кішілігі мен кісілігі, ел - жұртына тигізген шапағаты өнер тілімен айшықталады. Елі сүйген Елбасының даралығы мен даналығы әсем әуен болып төгіліп, домбыра шанағынан күй болып ақтарылады. Елбасының ерен еңбегінен туындайтын келбеті тілсіз тіл - күй арқылы жүректің нәзік қылын шер-тіп, ерекше әсерге бөлейді. Жүректен шыққан сезім қашан да жүрекке жол табатындығын біз күй арқылы танып білеміз. Бұл біздің ұлтымыздың бойындағы қайталанбайтын қасиет. Қазақ тарихының бір бөлігі күймен жеткізілгенін еске алсақ, есімі ел есінде жатталған Елбасы тура-лы күйлердің дүниеге келгені де, келері де анық.

Қорыта айтқанда, аталмыш жинақ халықтың өзінің Тұңғыш Президентіне деген ақталған сенімі мен үмітінен туындаған, Елбасына сүйіспеншілігін біл-діретін туындылар. Ұлтын сүйген адам адамзат тарихында қалатыны сөзсіз десек, өзінің халқын сүйетін Президенттің де ел сүйіспеншілігіне бөленуі заңдылық.

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

12

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 13: №1 Журнал

Ыдырыс аға, оқырмандарға балалық шағыңыз, соғысқа дейінгі өміріңіз жайлы әңгімелеп берсеңіз...

Мен әкем Қалының екінші ұлымын. Менен басқа үш ұл, бір қыз бар. Біздің жастық шағымыз қиын-қыстау кезеңге тура келді. Ауыл-аймағы, туған-туыстары болғанымен де әке-шешеміз 1930 жылдардың басында күнкөріс қамымен ауылды тастап, Қазалы стансасына көшіп келді. Бірақ сол кезде үкімет дінге қарсы үлкен саясат жүргізіп жатқан. Мешіттің маңайында болған молда мен әулиелерді жаламен қудалап, жауапқа тартып, түрмеге жапты. Сол солақай саясат мешіт ұстамаған біздің әкемізді де тапты. Құрсауына түсірмек болды. Сондықтан әкеміз Өзбекстанға кетіп, бас сауғалап жасырынды.

Бұл кез нағыз ашаршылық жайлай бастаған уақыт. Ағамыз Тілеулі жұмыстан қысқарып, жұмыс іздеп, үлкен қалаға кетті. Оның жұмыстан беретін азық-түлік карточкасымен күнкөріс жасап отырғанбыз. Одан қол үзгеннен кейін үйдегі бар тәуір заттарды базарға шығарып саттық. Соның тиын-тебеніне алған бір уыс бидаймен өзегімізді жалғап, өлместің күнін көрдік. Сататын мүлік те қалмады. 9 шақырым жердегі балық зауытынан балық әкеліп, оны сатып, тамақ тасып жүрдім. Бір күні ол да таусылды. Ішетін дымымыз жоқ. Көн етікті қайнатып, кесіп жедік. Аштықтан өлуге жақындадық. Бауырларымның алды ісе бастады. Міне осындай қиын күндердің бірінде түнде екі түйеге теңдеген жүгерісі мен тарысы бар әкеміз де жетті-ау, әйтеуір. Көп ұзамай елдегі

аштықтың беті қайтып басылды. Аздап тыңайып, адам қатарына келе бастадық.

Тоғыз жасымда мешіт жанында балалар үйірмесі ашылып, сауатымызды аша бастадық. Әуелде латын әрпімен бастадық. Кейінірек Қазалы стансасындағы қазақ орта мектебінде оқыдым. Озат оқушы болып, комсомолға өтуге дайындала бастадым. Осылайша, өмірдің қызығына енді бойлай бастағанда соғыс басталды. Жүріп-тұруымызға, оқуымызға қатаң бақылау қойылды. Жаздай егістік басында жұмыс істейміз. Ал қыста вокзалдағы қара жұмысқа салады. Ер балаларды сол кезде ФЗО-ға оқуға жіберетін әдетпен мен де сонда көмекші машинист мамандығын оқып шықтым. Оны бітірген соң жолаушылар таситын пойыздың паравозына от жағушы етіп жіберді.

Соғыс кезі. Жұмыс өте ауыр. Күндіз-түні Сексеуіл мен Жосалы стансаларының арасындағы жолда паравоз үстінде жүреміз. Күніне күрекпен 12 тонна көмір атқылаймын. 16 жастағы баламын. Өзім де шаршап, өте азып кеттім. Осыны көріп, мені аяған машинист депо бастығына айтып, көмірі өздігінен төгіліп тұратын паравозға ауыстыртты. Жасым он жетіге толғанда военкомнан шақыру келді.

Бірден майданға алып кетті ме? Сол 1943 жылы наурыз айында армия қатарына

шақырылып, соғыстың қайнап тұрған аласапыран кезінде

13

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ИЕСІ1925 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген1942-1943 жылдары Еңбек жолын паравоз машинисінің көмекшісі болып бастады1950-1953 жылдары Қазалы локомотив депосы, көмекші машинист, комсомол жетекшісі 1953-1954 жылдары Облыстық партия комитеті, нұсқаушысы 1954-1959 жылдары Облыстық қомсомол комитетінің бірінші хатшысы 1961-1965 жылдары Қызылорда қалалық партия комитетінің екінші хатшысы 1965-1969 жылдары Арал аудандық атқару комитетінің төрағасы, Облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі 1973-1982 жылдары Қызылорда қалалық атқару қомитетінің төрағасы, қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы 1982-1987 жылдар Қызылорда облыстық атқару комитетінің төрағасы 1943 жылы Екінші Дүниежүзілік соғысқа аттанады1950 жылы Әскерден оралады Қызылорда қаласының және облыстың құрметті азаматы, «Ұлы Отан соғысы» орденімен, екі рет «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған.

Қызылорда облысының абыз ақсақалдарының бірі – Ыдырыс Қалиевтың өркенді өмірі кімге болса да үлгі боларлықтай. Олай деуіміздің де өзіндік себептері бар. Ағамыз еңбек жолын қарапайым теміржолшы-дан бастап, облысты басқару дәрежесіне дейін көтерілген жан. Сыр өңірінің ыстық-суығына көніп, та-лай істің бастамашысы ретінде халқын үйіріп ізіне ертіп, қыруар жұмыстың ұйытқысы болу нағыз нар тұлғалы азаматқа ғана тән. Шарболаттай шыңдалған, өз халқына қалаулы болып, абырой биігінен көріне білген Ыдырыс Қалыұлының азаматтық болмысын облыс халқы түгел біледі десек, артық айтқандық емес. Кезінде ол кісіге «Судан да таза адам» деп баға беріліпті. Бүгінгі сұхбатымыз тұтас бір дәуірдің куәсі болып отырған ақсақалдың өткен өміріне қысқаша жасалған шолу деп айтсақ та болады.

«ҚАРТТАРЫМ, АМАН САУ ЖҮРШІ!»

Page 14: №1 Журнал

14

майданға аттандық. Алла жар болды деп ойлаймын, эшалонымыз сұрапыл соғыс жүріп жатқан Курск-Белгород майданына жақындап қалғанда Бас қолбасшы: «Тәжірибесі жоқ жастарды отқа салмаңдар, соғыс өнеріне үйретіңдер!» депті. Сонымен, эшалонымызды шығысқа қарай бұрып жібереді. Осылайша, біз тағдыр айдап, Жапон мемлекеті Қытайдан жаулап алған Маньчжурияның шекарасындағы Даурия деген жеріне келіп түстік. Жапонның Квантун армиясымен соғысқа дайындалдық. Бұл Жапонияның соңғы техникамен жабдықталған сақадай сай, соғыс құмар армиясы еді. Осы армияның тек бізбен шекаралас жерінде 17 мықты бекітілген ауданы, 4500 ұзақ оқ ататын нүктесі (ДОТ) болды.

Қырғын соғыс Хайлар, Харбин қалалары бағытында болды. Бетондап тастаған шекараны бұзып-жарып, зеңбіректер мен пулеметтерден үздіксіз атқылап тұрған оққа қарамай, қарсы шабуыл жасап, бір жетіден кейін Хайлар қаласын алдық. Осы ұрыстарда көптеген жерлестерім ерлік көрсетті. Батальон командирін нысанаға алып жатқанын көріп, кеудесін оққа төсеп қаза болған Серікбай Аяповты құрметпен жерледік.

Сонымен, 1945 жылдың тамыз айының 20 жұлдызында Забайкал майданының жауынгерлері 40 миллион халқы бар Маньчжурия жерін түгелдей жаудан босатты. Жапония жеңілді. Бірақ бізді қайтармай, әскер қатарында алып қалды. Әскерде соғыстан кейін бес жыл қызмет атқарған соң 1950 жылы елге қайттық.

Кеңестік кезеңде жастардың комсомолдан тысқары қала алмағанын білеміз.

Елге оралғаннан кейін бұрынғы жұмыс орныма, Қазалы локомотив депосына келіп, машинистік жұмысымды бастадым. Бірақ көп ұзамай басшылық мені партия мүшесі болғаннан кейін комсомол жөніндегі нұсқаушы етіп қойды. Осылайша, менің партиялық қызметім басталды. Теміржолдың комсомол ұйымдарының жұмыстарын жақсарту үшін бел шеше жұмысқа кірістім. Саяси бөлімде қызметте болғаннан кейін көп оқып, көп білуің керек. Кешкі мектепке оқуға түсіп, орта білім алдым. Одан соң С.Киров атындағы мемлекеттік университеттің экономика факультетіне сырттай оқуға түстім. Бар күш-жігерімді жұмысқа арнадым. Аудандық комсомол комитетінің, көп ұзамай облыстық комсомол комитетінің бюро мүшесі болдым. Осы қызметте жүргенімде өмірлік жарым Қанзирамен бас қосып, отау көтеріп, үй болдық. Осылай жұмыс істеп жүргенде бір күні обкомға шақыртты. Неге шақыртқанын білмеймін. Сөйтсем, мені облыстық партия комитетінің өндіріс бөліміне, теміржол саласына жауапты нұсқаушылыққа алуды шешіпті. Әуелде одан бас тарттым. Партия қайда жұмсаса баратын заман, көп ұзамай келісуге тура келді. Мұнан кейін де көп уақыт өтпей-ақ, сол кездегі обкомның бірінші хатшысы А.Қайсақанов мені облыс комсомолын басқаруға жіберді. Мәскеуде бекітіліп келгеннен кейін комсомол жастардың ұлан ғайыр жұмысына қызу араласып кеттім. Комсомол партиясының сенімді көмекшісі қоғамның барлық

саласына белсене қатысуы керек. Облыста Тасбөгет плотинасының құрылысын тездетіп бітіру керек болды. Жұмыс күші жетпейді. Қазақстан комсомолы пленумында Қызылорда бөгеті «Бүкіл қазақстандық комсомол құрылысы болсын» деп ұсыныс жасадым. Ұсынысым қабылданып, қаулы бекітілді. Құрылысқа басқа облыстардан жастар келе бастады.

Жастардың сол кездері ауылшаруашылығы саласында басталған жұмыстарға белсене қатысуына ұйытқы болдық. Жақсы істермен танымал болдық. 1956-1957 жыл бүкіл Одақ бойынша жастар үшін айрықша кезең болды. Мәскеуде өтетін бүкіл дүниежүзілік алтыншы жастар фестиваліне дайындық басталды. Осы мақсатта облыста жастар фестивалін өткіздік. Онан кейін республикалық дәрежеде өткізуге атсалыстық. Латвияда өткен жастар фестиваліне республика делегациясын басқарып бару маған жүктелді. Одан соң Мәскеу фестивалі басталды. Мен сонда Австрия жастары делегациясына жауапты болдым. Үлкен шара жоғары деңгейде өтіп, мадақтаулар мен алғыстар алып, елге қайттық. ВЛКСМ-ның 40 жылдығын атап өтер жылы оның тарихын зерттей келе шығыс жастарының көсемі болған Ғани Мұратбаевтың есімінің ұлықталуына себепкер болдым. Бұл жөнінде арнаулы конференция өткізілді. Аталып отырған жайлар қым-қуыт қызықты комсомол жұмыстарының бір саласы ғана. Комсомолды алты жыл басқарғаннан кейін Мәскеудегі партияның жоғары мектебіне оқуға кеттім. Оны бітіріп келген соң Қызылорда қалалық партия комитетінің екінші хатшысы қызметін жалғастырдым.

Иә осы қызметте, одан кейін Арал аудандық атқару комитетінің төрағасы, Қызылорда қалалық атқару комитетінің төрағасы, облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Қызылорда қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қызылорда облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметтерінде Қызылорда қаласының, облыстың экономикасын көтеру бағытындағы жұмыстардың бел ортасында жүрдіңіз.

Облыс орталығының, жалпы аймақтың экономикасын көтеру үшін ірі өндіріс орындарын салу керек деп шешілді. Сол жобаға байланысты Целлюлоза-картон комбинаты, ет комбинаты құрылысы қатар жүрді. Ауқымды құрылыстар барысында көптеген қиындықтар кездесіп тұрды. Бәріміз бірлесе шешіп, қиындықтардан жол тауып отырдық. Х.Бектұрғанов облысты басқарып тұрғанда республиканың партия сьезінде Қызылорда облысының кен байлығы дұрыс зерттелмеген деген мәселе көтерді. Осыған байланысты «Правда» газетінде «Белое пятно» атты мақала жарияланды. Соның нәтижесінде жұмыстар басталды. Жаңақорғанда Шалхия кеніші Шиеліде уран кеніші ашылып, құрылыс материалдарына пайдаланатын заттар шыға бастады. Сол жылдары силикат кірпіш зауыты, екі күріш зауыты, элеватор, машина-трактор жөндеу зауыттары, құрылыс материалдар шығаратын комбинттар, көптеген жеңіл өнеркәсіп фабрикалары салынып, облыстың өндірістік

Page 15: №1 Журнал

15

қуаты жоғарылай бастады. Ауыл шаруашылығын дамыттық. Сырдың қауынының даңқы бүкіл одаққа белгілі болды. Қалада жаңа шағын тұрғын аудандар бой көтеріп, қөп қабатты үйлер саны артты. Драмалық театр, аэропорт, тоқылмайтын маталар фабрикасы, музей, ипподром т.б. нысандар салынып бітті. Міне, осы және басқа да көптеген шаруаларды ұйымдастырудың басы-қасында жүруге тура келді.

Көп жұмыстар атқарылғанын өзіңіз жазған «Ғибратты өмір жолым» атты кітаптан оқып білдім, олардың бәрі бір мақалаға сыймайды, әрине. Десе де, Құмкөл мұнай кенішін игеруге қатысты қолға алынған жұмыстар жайлы айтып өтсеңіз.

Бұл облысты Еркін Нұржанұлы Әуелбеков басқарып тұрғанда қолға алынды. Ол аймақтың келешегі кен байлығында екенін жан-жақты зерттеп біліп: «Мұнайды игеру оңай емес. Оған қыруар қаржы мен одақтың қолдауы керек. Бұл республика көлемінде шешілуі қиын, оған шама жетпейді, Қайткенде де одаққа шығайық, Ыдеке. Бар күш-жігерді сол жаққа бағыттайық», - деді. Мұны мен мақұл көрдім. Бұл пікірімізді Д.А.Қонаев пен Н.Ә.Назарбаевтың алдында дәлелдеп, Республиканың Орталық Партия комитеті мен Министрлер Кеңесінің қол қойған хатын алдық. Осы салаға қатысы бар, біледі деген кеңесші-көмекшілерімді ертіп, тәуекел деп Мәскеуге жолға шықтым. Осы бағытты жүзеге асыру үшін одақтың қаулысын дайындауға 14 министрдің келісім құжатын алып, 16 жоспарлау комиссиясының қолын қойдыру керек болды. Олардың әрқайсысына мақсатыңды түсіндіріп, мойындату, қыруар пайда әкелетінін қолмен ұстатқандай көрсетіп сендіру тіпті оңайға соқпады. Ұзақ уақыт небір кабинеттерді тоздырып жүріп, ақыры қаулыны алып, елге марқайып қайттық. Бұл «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету» деген қаулы болатын. Іс мұнымен біте қойған жоқ. Мұнай өндіретін жер Жезқазған облысына қарайды. Оны мал жайылымына деп 25 жылға жалға берілген. Оның мерзімі аяқталуға жақындап қалыпты. Жезқазған облысының басшысы Н.Давыдовқа шықтым. Оны комсомолдан жақсы танимын. Қызметімен құттықтап, мал жайылымы үшін тағы да жалға беру мерзімін ұзартуды сұрадым. Мұнай туралы тіс жармадым. Ол келісімін берді. Қаулыны жүзеге асыру барысында да көптеген қиындықтар кезікті. Дегенмен іс зая кеткен жоқ. Облыста мұнай игеру басталды. Қай жұмысты атқарсақ та елге болсын деген ниеттен басқа ой болған жоқ.

Сіз облыстағы «Жалаңтөс баһадүр қорын» басқаратыныңыз белгілі.

Аты аңызға айналған Алшын Сейтқұлұлы Жалаңтөс баһадүр есімі бүгінгі Орта Азия, бүкіл Тұран ойпатындағы ел-жұртты айтпағанда, орта ғасырларда дәуірлеген Моғолстан, Мауреннахр жұртының тарихи шежірелеріне де алтын әріппен жазылған. Ол Сыр елі, оның ішінде Қазалы топырағының түлегі. Қор батыр бабамыз есімін ұлықтау мақсатында құрылған болатын. Нәтижелі жұмыс атқардық деп ойлаймын. Қазақстан Республикасы

Тәуелсіздігінің 10 жылдығы аясында Жалаңтөс баһадүрдің туғанына 425 жыл толуына байланысты шаралар өткізілді. Онан кейін де бұл жұмыстар жалғасын тапты. Қазалы ауданындағы бұрынғы «Қызыл Ту» шаруашылығы оның есімімен аталды. Облыс орталығындағы спорт мектебі де батыр бабамыздың атымен аталды. Көшелерге, аудандағы стадионға есімі берілді. Қазалы теміржол стансасында, Қызылорда қаласында сом тұлғалы ескерткіштері орнатылды. Тағы да басқа спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, драмалық қойылымдар ұйымдастырылды. Батыр бабамыздың ұрпағы ретінде осы игілікті істерге өзгелермен бірге атсалысқанымды мақтан тұтамын. Осы ретте бұл шаралардың өз деңгейінде өтуіне қолдау білдірген барлық азаматтарға, сондай-ақ біздің облысқа басшылық жасаған барлық інілеріме рахмет айтамын.

Өмірде өкінішіңіз бар ма?Өткен өмірге өкінішім жоқ. Уақыт көшкен бір керуен

сияқты. Өткен уақытта бейнеттің зейнетін, жоқшылықтың баршылығын татқан адаммын. Отыз үш жыл бойы басшылық қызметте жүріп, өн бойыма ешқандай жамандық жуытпадым. Өз атыма әлдебір жағымсыз қаңқу сөз келтірмедім, біреудің намысына тиетіндей әңгіме айтпадым. Қызмет бабын, қолдағы билікті пайдаланып, қос қабатты үй, саяжай тұрғызып, жеңіл көлік алмадым. Халықтан да, мемелекеттен де ешнәрсе қымқырып-жымқырып, жақын-жуық, жора-жолдасты қолынан келмейтін іске тықпалауға тырыспадым.

Рахмет, ел-жұрт, облыс басшылары қадірлеп сыйлайды. Құрметтен кенде емеспін. Елбасының қабылдауында бірнеше рет болдым, менің мерейтойларыма құттықтау хаттарын жіберіп тұрды. Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысып қайттым. Қытай елінің Жапониямен соғысында жеңісіне 60 жыл толуына арналған салтанатқа қатысып, Қытай мемлекетінің басшысының қабылдауында болдым.

Құдайға шүкір, алпыс жылға жуық отасқан Қанзира екеуіміз өмірімізде жүз шайысып көрмеппіз. Ұлымыз Серікжан облыстық мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы болса, қызымыз Фарида облыстық санэпидқадағалау басқармасы бастығының орынбасары. Серікжан мен келініміз Күлжан Құдай берген екі қыз, бір ұлын қатарынан кем қылмай, қатарға қосты. Тұңғышы Нұргүлді біздің тегімізге жаздырды. Күйеу баламыз Жалғас танымал дәрігер. Фарида екеуі екі ұл тәрбиелеп өсірді. Немерелерімнің алды аяқтанып, балалы-шағалы болуда. Қанзира екеуміз балаларымыздың, немерелеріміздің, шөберелеріміздің тілеуін тілеп отырған жайымыз бар. Олар Отаншыл, рухты болып, Тәуелсіз Қазақстанның лайықты азаматтарына айналсын деп тілеймін. Тыныштық болсын. Лайым еліміз өсіп, өркендей берсін!

Әңгімеңізге рахмет! Ыдырыс Тұрлығұлов

Page 16: №1 Журнал

16

Адамзаттың ғылымға жүгінетін кезі әлі алда!

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген сөз бар. Замана ағысымен дамып, өзгеріп отыратын ғылым саласының адамзат игілігіне берген тартуы әлі де көбейе түспек. Аты әлемге мәшһүр ғалымдардан қазақ топырағы да кенде емес. Қазақ ғылымының дамуына сүбелі үлесін қосқан Мұрат Жұрынұлымен әңгіме құруды мақсат тұтқан едік.

Мұрат Жұрынов - Қазақстан Респуб-ликасы Ұлттық Ғылым Академиясының президенті, химия ғылымдарының докто-ры, профессор, академик. 1941 жылы 7-желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының мүшесі, Қазақстан Республикасының ғылым, тех-ника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Тәжікстан Республика-сы Ұлттық Ғылым Академиясының шетел-дік мүшесі, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Кеңесінің мүшесі, Ислам елдерінің Ғылым академиялары ассоциациясының вице-президенті, ҚР ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиясының мүшесі, ҚР Премьер-министрінің ғылым саласы бойынша кеңесшісі. «Парасат», «Барыс» ордендерімен және басқа да көптеген мем-лекеттік медальдармен марапатталған. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының, АҚШ-тың Кентукки штатының құрметті аза-маты.

Мұрат Жұрынұлы, негізгі ғылыми бағытыңыз – элект-рохимия саласы. Оның ішін-де табиғи қоспалар негізінде дәрілік және биологиялық белсенді заттарды электро-синтез тәсілімен алу. Осы са-лада еліміздің бүгінгі жетістігі қандай?

Адам денсаулығына қажетті жаңа әрі пәрменді дәрі-дәрмек алу істері ғылымның негізгі бағыттарының бірі. Біздің не-гізгі идеямыз – табиғи заттар-дан тұратын, ғасырлар бойы тәжірибеде қолданылып келе жатқан, өсімдіктерден алынған

және денсаулыққа тек пайдасы бар да, зияны жоқтығы дәлелденіп, заттарға молекулалық құрамы мен атомаралық құрылысы ұқсас жаңа заттарды синтездеп алу. Өйткені тек қана синтетикалық жолмен алынған дәрілер көп жағдайларда, бір дерттен сауықтырғанымен, басқа бір ішкі органның жаңа дертке ұшырауына себепші бо-лады. Оның себебі – олардың молекулаларының метаболизм кезінде (дәрі ішкі ағзадағы клеткаларға таралып, активті бөлшектерге бөлінуі) пайдалы және зиянды әсерлер беретін мо-лекула бөлшектері табиғи жолмен

пайдалылары сақталып, зияндыла-ры басқа бөлшектермен қосылып, зиянды қасиеттері жоғалады. Бұл өте күрделі және әзірше толық ашылмаған ғылыми сұрақ.

Сондықтан бұл мәселенің ең тиімді жолы – сол өсімдіктерден белгілі дәрі заттарымен бірге шығатын, соларға молекулалық құрамы ұқсас, қосымша заттар-ды зерттеп, олардың құрылысын өзгерту арқылы жаңа дәрілік қасиеттер енгізу. Бұл үшін кванттық химия мен электро-химия тәсілдері қолданылып, алынған жаңа заттар физика-химиялық (ИКС, ЯМР және т.б.)

«ҚАЙРАТКЕР»

Page 17: №1 Журнал

17

анализдер арқылы анықталып, фармакологиялық зерттеулерден өткізіледі. Бұл салада негізі-нен Д.В.Сокольский атындағы «Органикалық катализ және электрохимия институтынан» АҚ басқа, Ә.Бектұров атындағы «Химия ғылымдары институты» АҚ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия факультеті, сонымен қатар Қарағандыдағы «Органикалық синтез және көмір химиясы» ЖШС институттары мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік универ-ситеттері халықаралық жоғары деңгейде ғылыми зерттеулер жүргізеді.

2003 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының президентісіз. Осы уақытқа дейінгі академияның тыныс-тіршілігімен қоса болашаққа жоспарлаған істері жайында толығырақ тарқатсаңыз...

ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының 1996 жылы Ғылым және жаңа технологи-ялар министрлігі мен ҚР ҰҒА президентінің ұсынысымен қосылып «Ғылым министрлігі – Ғылым академиясы» деген атқа ие болғанынан бастап бұрынғы статусы жоғалды. 2003 жылы ҚР ҰҒА академиктерінің ұсынысы бойынша даму жолы анықталып, Республикалық қоғамдық бір-лестік мәртебесіне ие болды.

Тәжірибе алмасу үшін мұндай дәрежеде тұрған бірде-бір ғылым академиясы жоқ. Сондықтан бұл деңгейге жақын тұрған Батыс Еуропа (Франция), АҚШ Ұлттық Ғылым Академиясының мемле-кеттік емес, дербес мәртебесіне ұқсастырып қайта құру керек болды. Осы мәселемен шұғылдана отырып, ең бастысы ҚР ҰҒА-сының халықаралық аренадағы беделін жоғалтпауға тырыстық. Өйткені ғылым әлемінде Ұлттық Ғылым Академияла-рына қарап әрбір елдің беделін анықтайды. «Бір ел – бір акаде-мия» принципімен құрылатын халықаралық ғылыми акаде-миялар қауымдастықтарында Қазақстаннан біз тұрмыз. Ұлттық Ғылым Академиясының 2006 жылы өткен 60 жылдық мерей-

тойына барлық ТМД елдерінің академияларынан президенттері бастаған делегациялары келді. Бұндай жағдайда тек қана Ре-сей мен Украина академиялары ғана өз мерейтойларын өткізді. Басқаларында 2-3 тен асқан емес. Бұл ҚР ҰҒА-сының бүкіләлемдік беделінің жоғары екенін көрсетеді. Астын сызып тұра айта кететін жағдай, осы салтанатты жиналысқа, сондай-ақ биылғы 65 жылдыққа арналған ҰҒА Жалпы жиналысының сессиясына, ҚР ҰҒА академигі ретінде Елбасы-мыз Н.Ә. Назарбаев қатысып, баяндама жасады.

Мұрат аға, 1985 жылдан бастап мемлекеттік органдар мен мекемелерде, қоғамдық ұйымдарда министр, ректор, президент сияқты жауапты қызметтерде болдыңыз. Әлемдік деңгейдегі белгілі тұлға ретін-де осындай шыңға жету үшін білім, тәжірибемен қатар тағы қандай қасиеттерге ие болуы керек?

Бұл сұраққа атақты ғалым-химик Д.И. Менделеевтің сөзімен қысқаша жауап берейін: «Ерен еңбексіз, ешқандай талант ғылым шыңына шыға алмайды». Ізденімпаздық талапқа шынайы адал еңбек қосылғанда ғана үлкен, биік нәтижелер мен беделге қол жеткізуге болады.

Page 18: №1 Журнал

18

«Ата Заңымыздың» білім туралы жазылған 30-бабын өзіңіз жазыпсыз. Бұны жас буын өкілдері білмеуі де мүмкін. Сондағы ең маңызды екі сөздің айналасында біраз әңгімелер айтылды. Осы жағдайды оқырмандарымызға өзіңіз ай-тып берсеңіз?

Ол кезде мен ҚР Білім ми-нистрі қызметінде едім. Соның алдында мен АҚШ-тағы са-пардан оралған болатынмын. АҚШ-тағы өз әріптесіммен кездесіп, сөйлескенімде оның маған бірінші сұрағы: «Сіздің еліңізде азаматтарыңыздың қанша пайызы сауатты?» - деді. Мен Қазақстанда сауатсыздық жоқ, халқы жүз пайыз сауатты екенін айтқанымда таң қалып, АҚШ-та халқының сегіз пайы-зы сауатсыз екенін айтты. Ол 16 млн ға жуық, яғни бір Қазақстан халқы. Сондықтан мен «Білім» бабын жазғанда (бұл Конститу-ция жобасын дайындаған кезде) құдіретті екі сөз қостым «...Қазақстанда орта білім төлем ақысыз және міндетті...» Маған қарсы келгендер, негізінен қаржы саласының мамандары, осы екі сөзге тиісіп, «Мен ба-ламды ақылы мектепте оқытуға құқығым жоқ па?» немесе «Мен өз баламды оқытпауға құқығым жоқ па?» - деген сұрақтар қойды. Бірінші сұрағына «Сіз

балаңызды қайда оқытсаңыз, онда оқытыңыз, бірақ әрбір азаматтың өз баласын мемлекеттік мектеп-те тегін оқытуға құқығы болуы керек», - деп, ал екінші сұрағына «Ондай құқығыңыз жоқ, себебі ол жағдайда Сіз бүкіл қоғамымызды артқа тартасыз», - деп жауап бердім. Өкінішке орай сол кездегі Премьер-министр де солардың жағына шығып кетті, сондықтан текетірестің соңында ҚР Прези-денті Н.Ә. Назарбаевқа барып, қолдау таптым.

Дербес ел атанғаны-мызға – 20 жыл толды. Ел мерейін үстем етер жастардың

білімге, ғылымға деген тал-пынысына берер бағаңыз әрі ұсынар бағыт-бағдарыңыз бар ма?

Жастардың ғылым жолына түсуге талпынысы жыл сайын ұлғайып келеді. Бірақ әлі байқауға қатысып, өтушілердің саны аздау. Бұл жағдай олардың орташа са-палы әлі қамдау екенін көрсетеді. Конкурсқа түсушілердің арасында оқу озаттары аз және бұл сала әзірше ең қабілетті жастарды өзіне тарта алмайды. Айлық аз, пәтер немесе жатаққана жоқтың қасы. Тіпті 10 жылдан аса өмірін қиындықпен, кедейлікпен өткізіп, профессор болғанның өзінде де асып-тасып тұрған ештеме жоқ. Бірақ келешекте ғалымдар дамыған шет елдерде-гідей жағдайға жетері хақ. Барған сайын адамзат ғылымға көбірек жүгіне береді, сол саладағы қызметкерлердің де беделі өсіп, тұрмыстары жақсарады. Бұл әрі кетсе он шақты жылда шешілетін мәселе. Сондықтан мен ең та-лантты жастарды ғылымға шақырамын.

Әңгімелескен Мейрамгүл Құспан

Page 19: №1 Журнал

ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ ЕРМАХАН

Елі үшін туған Ермахан,Есімін білер жер-жаһан!Қазақтың қайсар қыраны,Ерлігіңді көрді Отан!!!

Толағай болып туыпсың, Атаның жолын қуыпсың!

«Қазақ!» деп салдың ұранды,Ішінде сойқан ұрыстың!!!

Көзіңде тұрды отты екпін,Көкбөрідей боп кеттің...

Сілейтіп салдың Марионды*,Мен тұрдым сені деп «тектім!!!»

Желбіреттің Туымды,Мөлдіреттім жырымды.Мойындаттың әлемді – Қырым менен Ұрымды!!!

Білектісің, Намысым,Жүректісің, Арысым!Арпалыстың айқаста

Алты Алаштың Ары үшін!!!

Соққыңнан Симион* теңселді,Сүйсінбей бұған көрші енді!Еңсегей бойлы Ермахан,Еңкейтпедің еңсемді!!!

Жарқ-жұрқ етіп жанарың,Отанға сыймен оралдың!Қара күшін сен алдың,Қажымұқан бабаңның!!!

Батырым барда – азатпын!Мәрт ұлым барда – ғажап күн!

Өзіңдей ерлер көп болсын,Бағына туған қазақтың!!!

«Сен лапылдап жанбасаң»,Елің жырлап, салмас ән!Көк байрағым көкке озып,Желбіресін әрқашан!!!

Сезімі шексіз – аспани,Жүректе тулап жатса күй: «Ермахан болам!» деп өсер Жұдырықтай жас сәби!!!

Марион Симион – Сидней олимпиадасының финалында Ермаханнан жеңілген боксшы

БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

ЫБРАЙЫМОВ ЕРМАХАН САҒИҰЛЫ (1.1.1972 жылы туған, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылы) – спортшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (1995), бокстан Қазақстан құрама командасының бас бапкері (2002).

Бокспен шұғылдануды 1985 жылы Тараз қаласында бас-тады. Алғашқы бапкері – Б.Қарсыбаев. Алматыдағы спорт интернатта Х.Дүсіповтің, Қазақтың мемлекетінің ұлттық универ-сетінде Ә.Нұрмахановтың жетекшілігімен жаттықты. Кейінгі бапкері Т.Еділов.

Ыбрайымов Азия чемпионы (1995, Ташкент, Өзбекстан), Әскерилер арасындағы әлем чемпионы (1995, Рим, Италия), ХХVІ Олимпиялық ойындардың қола жүлдегері (Атланта, АҚШ, 1996), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Будапешт, Венгрия, 1997), Азия ойындарының жеңімпазы (1998, Бангкок, Таиланд), Әлем Кубогінің қола жүлдегері (1998, Чжэндин, Қытай), Азия чемпионы (1999, Таш-кент, Өзбекстан), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1999, Хьюс-тон, АҚШ), 1999 жылғы Азия құрлығының ең үздік бокшысы, XXVІІ олимпиялық ойындардың чемпионы (2000, Сидней, Австралия).

Атланта, Пусан, Алматы, Бангкок, Сидней қалаларында өткен ойындарда Қазақ Елінің Ту ұстаушысы болды.

XXVІІ Олимпиялық ойындардағы жеңісі үшін І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды (2000).

Бетті әзірлегенБауыржан Берікұлы

19

Page 20: №1 Журнал

20

«ЕЛДЕСТІРМЕК ЕЛШІДЕН»

ҚАЗАҚ-ҮНДІ ҚАТЫНАСЫ ТЕРЕҢДЕЙ ТҮСПЕК

Үндістан - адамзат тарихындағы ежелгі классикалық өркениеттердің отаны. Өз дамуының жүздеген жылдарында ол орасан зор байлығымен және жоғары мәдениетімен атағы алысқа шығып, сауда тасымалының орталығы болды. Қазақ тарихымен үндес Үндістанның біздің елмен бүгінгі байланысы ауыз толтырып айтарлық деңгейде. Екі елдің бүгінгі қатынасы туралы Үндістанның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Ашок Кумар Шарма мырза тілшімізге әңгімелеп берді.

1992 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға бірінші ресми сапары өтті. Мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидалары жөнінде бірнеше декларация, келісім шарттарға қол қойылды. Бүгінде екі жақты қатынастар қалай дамып жатыр?

Соңғы жиырма жылда Қазақстан Республикасының Президенті жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Үнді жеріне төрт рет сапары болды. 2009 жылдың 23-26-қаңтар аралығындағы соңғы сапары, Үндістанның басты мерекесі дербес ел атанғанымызға 60 жыл толу мерейтойымен тұспа-тұс келді. Онда Қазақ басшысы басты мейман құрметін иеленді. Сапар барысында екіжақты байланысты Стратегиялық серіктестікке жұмылдыру туралы қаулы қабылданды. Қазақстан мен Үндістан Үкіметінің арасында мұнай және газ, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, космостық зерттеулер мен Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы сияқты бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылғанын ерекше атап өткім келеді.

Президент Назарбаевтың бұл сапарының тағы бір маңызды тұсы Үндістанға уран тасымалдау жөнінде «ҚазАтомПром» Ұлттық

Page 21: №1 Журнал

компаниясы мен «Nuclear Power Corporation of India Lim-ited» арасындағы екіжақты меморандумға табысты серіктестік құру туралы келісім шарт жасалды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Үнді компанияларына Қазақ елінде бірігіп кәсіпорындарды салуға шақырды. Екі елдің сауда-экономикалық дамуына үлесін тигізетін бірнеше секторлар анықталды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты әлемнің назарын Сіздің елге аударуға жол салды. Үндістан да Қазақстан басшысына үлкен құрметпен қарайды. Сол себептен біздің үкімет қазақ жерінде бірігіп жұмыс істеуге бар мүмкіндіктерді қарастырған. Қазақстан Үндістанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше болу жөніндегі ұсынысын қолдап отыр. Үндістан да өз кезегінде

Қазақстанның аймақаралық форумындағы АСЕАН-ның мүшелігіне өту мен 2017-2018 жылдары Қазақ елінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуға арналған сайлауда барынша демеу көрсететінін жеткізгім келеді. Мені қуантатыны, Қазақстан мен Үндістан арасындағы көптеген салалар бойынша жасалған келісім шарттардың толық деңгейде іске асуы болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2011 жылғы 15-16 сәуір аралығында жасаған ресми сапарынан соң, осы жылы Үндістан Премьер-Министрі Манмохан Сингхтің де Сіздердің елдеріңізге ресми сапары өтті. Бір жылда екі ел басшыларының жүздесуі Қазақстан мен Үндістан арасындағы терең байланыстың барын дәлелдей түспек. Кездесу барысында екі ел арасында бірнеше жаңа келісімдерге қол

жеткізілді. Соның ішінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі келісім мен Сәтбаев мұнай блогын өңдеу туралы бірлескен шартты атап айтқан жөн.

Халқының саны жөнінен әлемде екінші, жер көлемі бойынша жетінші орынды алатын Үндістан – дүние жүзіндегі алып елдердің бірі. Қазақстан да жер көлемі жағынан бірінші ондықта. Әрі әлем назарын аудартып отырған ел. Жалпы, Қазақстан мен Үндістан арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар туралы айтып берсеңіз?

Қазақ елінде минералды ресурстардың мол қоры сақталған. Үндістан халық шоғыры тығыз орналасқан ел болса да, нарықтық экономикасы қарқынды даму үстіндегі мемлекет. Үндістан Қазақстанмен экономикалық

21

Page 22: №1 Журнал

22

диверсификациялау, жаңа инновациялар мен өндірістік технологиялар, жоғарыбілікті жұмыс күшінің санын арттыру турасында еңбек етуге әрқашан да дайын. Сонымен қатар Үнді мемлекеті Қазақ экономикасына ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнімдерін шығаратын құрал-жабдықтар, автокөлік, темір жол жолдары, мұнай-химия, тау кен өндірісі сияқты тағы бірнеше экономикалық аумақ бойынша инвестиция салуға даяр.

Үндістан да, Қазақстан да әлемге үлгі боларлық мемлекеттер. Жер жүзі екі елді бейбітшіліктің, тұрақтылықтың, дамудың факторы деп біледі. Бұл мүмкіндіктерді екі жақ өз халқының мүддесі мен бүкіләлемдік қауымдастық үшін ұтымды пайдалануда.

Қазақстан Үндістанға тұз, күкірт, әк пен цемент, былғары шикізаты мен қара металдарды экспортқа жібереді және кофе, шай, дәрі-дәрмектер, каучук, резеңкеден жасалған жабдықтар мен механикалық жабдықтарды, электр машиналарын

импорттайды. Осы тұрғыда екіжақты экономикалық даму бағыты қай деңгейде?

Үндістан Үкіметі Қазақстанмен экономикалық байланысты өркендету жолына басынан ерекше зейін қойып келеді. Қазақстан мен Үндістан арасындағы

Page 23: №1 Журнал

23

дипломатиялық қатынастар жасалғаннан бері, екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс сөз жоқ қарқынды дамып келеді. Үндістан мен Қазақстан арасындағы байланыстың негізгі әлеуеті де алуан түрлі. Бұл екі жақ үшін де өте қолайлы сфералар болмақ, атап айтсақ туризм, биотехнология, автокөліктер, білім, тау кен өндірісі, телекоммуникация, тоқыма, дәрі-дәрмектер, денсаулық сақтау саласы, металлургия және электроэнергия өндірісі. Үндістан стратегиялық басымдықты астыққа, өсімдік майына, газ және көмірсутегі қорына салмақ. Аталған салалар бойынша жұмыс күшін әрі қарай өркендету жолында екі мемлекет те табысты еңбек етіп келеді деп айта аламын.

Қазақстан мен Үндістан көпұлтты мемлекеттер. Екі елдің діни ахуалы жайында не айтасыз?

Орынды сұрақ. Өйткені әлемнің басты мәселесіне айналған ұлтаралық қақтығыстар талайдың өмірін қиюда. Бұл жағынан келгенде біздің екі елде ұтымды саясатты ұстанып отыр. Қоғам неғұрлым көпұлтты болса, түрлі дін

иелерінің болатындығы да хақ. Қазақстан мен Үндістан көпұлтты елдер. Қазақстанда 100-ден аса ұлт пен ұлыс өкілдері бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатса, Үндістанда да жүздеген ұлт өкілдері өз мәдениеті, тілі, дініне шек келтірмей, берекелі елдің ұйытқысы болып отыр. Сонымен қоса, елімізде ағылшын тілінен басқа, Үндістан Үкіметінің ресми тілі хиндимен қатар 22 халықтық тілдер маңызға ие. Басқа да аймақтық деңгейдегі өзге де тілдер қолданылады. Мемлекеттің басты құндылығы - халқының бейбітшілік пен үйлесімде жарқын келешекке қадам басуы дер едім. Бұл жағынан Қазақ елі әлемдегі дінаралық және ұлтаралық келісімнің үлгісі боларлық елдердің бірі әрі бірегейі.

Биыл еліміз үшін қастерлі жыл. Өйткені, дербес ел атанғанымызға 20 жыл толды. Үндістанның Қазақстандағы елшілілігі айтулы мерекені қалай атап өтті әрі елімізге айтар тілегіңіз...

Қазақстан болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған ел. Көптеген әлемдік бақылаушылар «XXI ғасыр - Азияның дәуірі»

деген пікір айтқан болатын. Қазақ елі осы сөздің бұлтартпас дәлеліне айналды. Қазақстан біріншіден халықтың әлеуметтік қауіпсіздігін, жоғары білім алуға мүмкіндігін, жақсы жабдықталған тұрғын үймен әрі дені сау ұрпақты қалыптастыруды кезек күттірмейтін мәселе деп біліп, үлкен істердің жаршысы атанды. Жалпы Қазақ елінен Көрші Азия мемлекеттеріне үйренер тұсы көп дегім келеді. Сіздің ел батыстық модерн мен шығыстық колоритін табысты ұштастырып отыр. Әлемдік дамудың жаңа жолына түскен Қазақстан өзін айшықтар салт-дәстүр, мәдениетін сақтап қалуда. Қоғамның рухани тұрғыдан күшті болуы, елдің тұрақты өркендеуінің негізі болмақ. Біз, Қазақ елінің дүние жүзін таң-тамаша етер әр қадамына куәгер болып отырғанымызды мақтан етеміз. Қазақстан үшін ұлық дата - Тәуелсіздік мейрамы. Осыған орай Қазақстандағы Үндістан елшілігі Алматы және Астана қалаларында жоғары деңгейде мәдени бағдарламалар ұйымдастырды. Әрі үндіфильмінің апталығы мен Нобель сыйлығының лауреаты Рабиндранат Тагордың көрмесін өткіздік.

Өз атымнан, қазақ халқына елінің, жерінің қадір-қасиетін жіті түсіне білуге шақырамын.

Сұхбатыңызға рахмет!Еңбегіңіз жаңа берсін!

Әңгімелескен Мейрамгүл Құспан

Page 24: №1 Журнал

24

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

ЖЕТІМГЕ ПАНА, МҰҚТАЖҒА ДЕМЕУ БОЛҒАН АКАДЕМИКТЕР ОТБАСЫ

Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков1942 жылдың 4-маусымында

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданына қарасты №41 разъезде дүниеге келген.

1966 жылы Ташкент қаласындағы В.И.Ленин атын-дағы Ташкент мемлекеттік университетінің химия факуль-тетін бітірген. 2005 жылдан бастап Қазақстан халықтар Достығы университетінің президенті. Қазақ ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, П.Капцина атындағы сыйлықтың лауреаты. 2001 жылы ҚР Президентінің Алғыс хатымен, 2002 жылы ОҚО Әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Сайрам және Арыс аудандарының Құрметті аза-маты. 500-ден астам ғылыми еңбектердің, 5 монография мен 10-нан астам оқулықтың авторы. Қуатбекова Карамат Пердешқызы

1943 жылдың 19 қарашасында Өзбекстан Республикасы Шыршық ауданы Жаңабазар елді мекенін-

де дүниеге келген. В.И.Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетін бітіргеннен соң, 1966 жылдан Қазақстан Қаракөл ғылыми зерттеу институтынан еңбек жолын бастады. Алғаш аға лаборант, ассистент, оқытушы, аға оқытушы сияқты қызметтен бастаған жас маман өзінің білімділігінің, ізденімпаздығының, іскерлігінің еңбекқорлығының арқасында профессорлық қызметке дейін көтерілді.

Оның 50-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 2 монография, 2 оқулық, 4 әдістемелік оқулық және 2 әдістемелік-практикалық құралдары басылымнан кітап бо-лып шыққан. Қашанда жастарға білім беру мен ғылымды қатар ұштастырған ғалым бүгінде докторлық ғылыми-ізденіс жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгінгі таңда Ақсукент көпсалалы колледжінің директоры, химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республи-касы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары

Академиясының корреспондент мүшесі.Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы

1968 жылдың 31 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

Қазақстан халықтар Достығы университетінің ректо-ры.

1991 жылы Алматы медициналық институтын «Емдеу ісі», 1999 жылы «Қайнар» университеті Оңтүстік Қазақстан филиа-лында «Құқықтану» және 2004 жылы Қазақ-өзбек инженерлік-гуманитарлық университетінің «Педагогика және психология» мамандықтарын бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Еңбек жолын 1991 жылы Шымкент қаласындағы «Фос-фор» медициналық-санитарлық бөлімінде дәрігер-интерн, 1992 жылы осында акушер-гинеколог болып бастады.

Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» Республикалық Мем-лекеттік мекемесі жанындағы ОД Диссертациялық Кеңесінің мүшесі, ОҚО іскер әйелдер Ассоциациясының және 2005 жылдан «Нұр Отан» ХДП мүшесі. Қазақстан Ұлттық Жаратылыс-тану Ғылымдары Академиясының академигі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің көптеген диплом-дарымен, ОҚО әкімінің, Шымкент, Түркістан қалалық әкімдерінің, ОҚО «Қорған» қоғамдық балалар қорының, білім департаменті мен қалалық білім бөлімінің, туризм және спорт департаментінің, «Алсем-Астана» ғылыми-әдістемелік орталығының алғыс

«ӨНЕГЕЛІ ӨМІР»

Page 25: №1 Журнал

25

хаттарымен марапатталған.ХХІ ғасырда қоғам мен мем-

лекет дамуының ең басты тетігі – білім болып табылатындығы мойындалды, оған ғасырлар тоғысындағы білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған реформалардың қарқынды дамуы дәлел.

Ата-бабаларымыздың «Адамның адамдығы адалдығымен және төккен терінің төлемімен бағаланады» дегендері айдай анық қағида емес пе?! Әркім өзінің мінез құлқын, кісілік қабілетін, көзқарасын өз қолымен қалыптастырады. «Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деп, ұлы ойшыл ақынымыз Абай да адамның өзін-өзі тәрбиелеуінің, жетілдіруінің құпиясы тұлғаның өз ырқына, ерік-жігеріне тәуелді екендігін айтса керек.

Осындай ой Қазақстан халықтар Достығы университетінің президенті Әбдімұса Мұратұлының қалыптасу жолын оймен шолғанда санаға оралады. Әбекең өз жолын өзі таңдаған, өзі салған жеке тұлға. Ол – ұстаз, ғалым, азамат, үлкен шаңырақ иесі, ұл-қызының үлгілі әкесі, немерелерінің сүйікті атасы, тағдырдың жа-

зуымен туғаннан әке-шешесіз қалған тұл жетімдердің жанашыр әкесі, басына қиындық түскен мүсәпір жандардың жебеушісі, қайырымдылық қорларының қамқоршысы. Айта берсең тізбек-теліп кете береді.

Оңтүстік Қазақстан об-лысы, Арыс ауданының №41 разьезінде 1942 жылы дүниеге келген Әбдімұса Мұратұлына мектептің есігін ашу мен білім алу да оңайға соқпады. Балалық шағы соғыстан кейінгі қиын кезеңге тап келген жеткіншек жатса-тұрса оқуды, білім алуды армандады. Ауылда мектеп деген атымен жоқ, оқуға ынтасы барлар аудан орталығындағы мектеп-интернатта жатып оқиды. Ол кездің жағдайы белгілі, киім–ке-шек, оқулық, қағаз–қалам тапшы. Қазіргі замандағыдай жарық, жылы сынып қайдан болсын. Ас - ауқаттың жағдайы да бел-гілі. Шыдамды балалар қалады, шыдамағаны қайтып кетіп жа-тады.Алған беттен қайтпайтын қайсарлығымен, табандылығымен Әбдімұса аға мектепті біріп шықты.

Бала жастан білім мен ғылымға құштарлығы Ташкент қаласына алып келді. В.И.Ленин

атындағы мемлекеттік универ-ситетке құжаттарын тапсырып, студент атанды. Жоғары оқу орнын 1966 жылы химия мамандығымен үздік бітіріп, елге оралды.

Еңбек жолын 1966 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын-да физикалық және коллоидты хи-мия кафедрасында ассисент болып бастады. 1968 жылы Қазақ ҚСР ҒА химия ғылымдары институтының аспирантурасында білім алды. 1971 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында доцент, декан орын-басары, 1978 жылы Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалында факуль-тет деканы, кафедра меңгерушісі, 1986 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Семей қаласындағы филиалында кафедра меңгерушісі, факультет деканы, 1996-2000 жылдар аралығында «Қайнар» университеті Оңтүстік Қазақстан аймақаралық филиалының ректоры қызметтерін абыроймен атқарды.

Дәл осы тұста, «Қайнар» университетін басқарып тұрған кезде Әбдімұса Мұратұлы өзінің жеке оқу орнын ашу туралы көп ойланды. Білімге ден қойған жастарды оқытсам деген арман көп мазалады. Асығыстық жасамай ұзақ уақыт ізденді, болашақтың жоспарын жасады. Ойға алған ісін іске асырудың сәті тек 2000 жылы ғана келді. Осы жылы Орта Азия мемлекеттері басшыларының Саммитінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің Президент-тері бірлескен университет құру туралы ой тастады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Сайрам ауданындағы өзбек драма театрының ашылу сал-танатында айтқан сөзі де түбі бір туысқан елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызыдылығын көрсетіп бер-ді. Геосаяси тұрғыдан алғанда Орталық Азия мемлекеттерінің саяси экономикалық дамуы бауыр-лас Қазақстан мен Өзбекстанның өзара тығыз қарым-қатынасын

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 26: №1 Журнал

26

қажет етеді. Соның ішінде білім беру, ғылым мен мәдениет сала-лары аса маңызды орын алатыны баршамызға белгілі. Өзбекстан Республикасында өмір сүріп жатқан екі миллиондай қазақ бауырларымыз, ал біздің елімізде тұрып жатқан жарты миллионнан астам өзбек халқы – бұл үлкен достықтың, бауырлас екі елдің біте қайнасып келе жатқандығының айқын көрінісі. Екі ел бірлес-кен университет ашу өмірдің өз қажеттілігінен туындады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен көрші отырған қазақ-өзбек халықтарының бірлігін, татулығын, мәдени және ғылыми қарым-қатынасын арттырудың кепілі ретінде Қазақстан Рес-публикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылдың 25- тамыздағы шешімімен Шымкент қаласында «Унат» жоғарғы оқу орнының Оңтүстік Қазақстан фи-лиалы өз жұмысын бастады.

2001 жылдың 3 тамызында жоғарыда аталған оқу орнының ба-засында Инженерлік-гуманитарлық университет ашылып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 3 тамыздағы № 643 бұйрығымен Қазақ-Өзбек инженерлік-гуманитарлық университеті болып қайта құрылды. 2005 жылдың 7- қазанынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №683 бұйрығымен Қазақстан

халықтар Достығы университеті болып өз мәртебесін өзгертті.

Алғашқы қадам – қашанда қиын, әрі күрделі. Университетті аяғынан тік тұрғызу оңай болмады. Ғылым докторлары, кандидаттар және тәжірибелі оқытушыларды табу мен оларды іске жұмылдыру, сапалы мамандар дайындайтын талапқа сай материалдық негіз (база) құрастыру мәселелері үлкен қиындықтармен келгені айтпаса да түсінікті.

Жоғарыда айтып өткендей, табандылық пен төгілген тердің арқасында Әбекең мақсат – мұратына бүгінде жетіп отыр. Заманауи үлгіде салынған бірнеше ғимараттар, акт және спорт залдары, кең де жарық ауди- ториялар, кітапхана, оқу залдары, асхана, компьютер класстары, электрондық оқулықтар, интернет желісі, электронды пошта байла-ныстары толығымен студенттерге қызмет жасауда. 4 факультет, 13 кафедрада 26 мамандық бойынша бакалавр, 9 мамандық бойынша жоғары білікті магистр маман-дары дайындалуда. Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қытай, Монғолия, Якутия елдерінен және Қазақстанның барлық аймақтарынан оннан астам ұлттың 5000-нан астам жастары білім алуда.

Бүгінгі таңда оқу ордасында 187 профессор-оқытушы қызмет етеді, 8-і Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары

Академиясының академигі, 1-і Қазақ Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының кор-респондент мүшесі, 19-ы ғылым докторы, профессорлар, 62-сі ғылым кандидаттары мен доцент-тер.

Университеттің құрамында Тілдер Академиясы, Түркістан қаласында «Достық», Ақсукент қаласында «Көпсалалы Ақсукент» колледждері, Ташкент қаласында 1 өкілеттік жұмыс жасайды. Ағымдағы жылдарда оқу орнын он мыңнан астам студент бітіріп, бүгінде Республикамыздың барлық аймақтарында және алыс-жақын шетелдерде қызмет жасауда. Бітірушілердің жұмысқа орналасу деңгейі 87 % құрайды.

Қайырымдылық жасау – сауапты іс. Мұны барлығымыз білсек те, арамызда қайырымдылық жасаушы азаматтар көп емес. Әрине, өз жыртығын өзі жамап, «жомарттықты жоқтық байлап» отырған азаматтарды түсінуге бо-лады.

Бірақ, жаратушының бер-ген ырыздығы арқасында төрт құбыласын түгендеп отыр- ғандардың ішінде де сараңдардың аз еместігін білеміз.Сондықтан да, қайырымдылық жасауды өзінің қасиетті парызы санайтындар саусақпен санарлық және олар-ды халық та танып-біліп, құрмет көрсетіп жатады.

«Жетім көрсең жебей жүр» деген қағиданы ұстанатын Әбдімұса ағаны Арыс қаласындағы №1 Т.Тәжібаев атындағы ба-лалар үйінің көп жылдан бері бас демеушісі ретінде танитын жас жеткіншектері мен еңбек ұжымы әрқашанда сағынышпен, қуанышпен қарсы алады. Ата-ананың ыстық ықыласына зәру қамкөңіл оқушыларға бұл кісінің келуі үлкен бақыт, зор қуаныш. Жүрегі жақсылық деп соғатын азамат қолы қалт етсе балалар үйіне сыйлықтар ала барып, емен-жарқын әңгіме құрып, жағдайларын біліп қайтады. 2005 жылдан балалар үйінің 208 бітіруші түлегін тегін

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 27: №1 Журнал

оқумен, жатақханамен, тамақпен, екі маусымдық киім-кешекпен және ай сайын 5000 теңге шәкіртақымен қамтамасыз етіп, оқуды бітіргесін оларды еңбекке орналастыруды да өз міндетіне алып келеді. Осы уақытқа дейін оларға 27827600 тенге қаражат жұмсалды. Облыс көлеміндегі басқа да жасөспірімдер үйлеріне, облыстық «Қорған» балалар қорына, «Қазақ хандығы» қоғамына, «Машат» жаздық ба-лаларды сауықтыру орнына, облыстық «Мүгедектер қоғамына», көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханаға, «Қарттар күніне», «Қазақ тілі» қоғамына, «Атажұрт мейірімі» қайырымдылық қорына, Д.Қонаев атындағы мешітке және т.б. көптеген іс-шараларға демеушілік жасап, 5 жыл көлемінде 35328700 теңге қаражат бөлді.

Жамандық айтып келмей-ді, тілсіз жау – өрттен үйі түгел жанып кеткен Шымкент қаласы, Бостандық көшесінің тұрғыны, көп балалы Мейірбековтер отбасына Әбдімұса Мұратұлы 1000000 тенге ақшалай көмек көрсетіп, баспана-мен қамтамасыз етуді де өз мойны-на алып отыр. Су тасқынан зардап шеккен Сарыағаш ауданы халқына және Алматы облысына қарасты Қызылағаш ауылына да көмек қолын созып, қомақты қаржы бөлді. Туған жері Арыс ауданына мешіт салдырып, әруақтарға ас беріп,

жерлестерінің ақ батасын алды.Химия ғылымдарының докто-

ры, профессор, Қазақ Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі, П.Капица атындағы сыйлықтың лауреаты Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков отбасылық өмірінде де көпке үлгі боларлық ерекше жан.

Ұлағатты шаңырағында Құдай қосқан қосағы, хи-мия ғылымдарының кандида-ты, профессор, Қазақ Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», Ақсукент көпсалалы колледжінің директоры Карамат Пердешқызы екеуі отбасында үш ұл-қыз тәрбиелеп, алты немере сүйіп отырған бақытты ата-әже. Ұлы Нұрлан техника ғылымдарының кандидаты, ұзақ жылдар ішкі істер саласында қызмет атқарған поли-ция полковнигі, бүгінде әке жолын қуып ғылымға біржола бет бұрып, университеттің вице-президенті қызметін атқаруда. Үлкен қызы Роза да Алматы қаласында жоғары оқу орнында қызмет жасайды. Кіші қыздары Рабиға медицина ғылымдарының докторы, профес-сор, Қазақ Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының акаде-мигі, Қазақстан халықтар Достығы университетінің ректоры. Бір жанұяда үш академиктің болуы си-

рек кездесетін оқиға болғандықтан бұл отбасын оңтүстік өңірі «Акаде-миктер отбасы» деп атайды.

Жер басып жүрген пенденің барлығы өзін қоғамға керекті сезінеді. Сезінгені былай тұрсын, «дүниеге кірпіш болып қаланғысы» келіп, осынау толымды пікір оны үн-түнсіз асқаралы мұраттарға жетелейді. Жігерлендіреді, ша-быттандырады, алға жетелейді. Бұл тұстағы басты «қаруың» ішкі түйсігің, керек адам ретінде іштей рухани түлеуің, осы арқылы ілгері қарай тынымсыз ізденуің, адами болмыстың биік шыңына көтеріліп, енді содан аласармаудың жолын ойлап, өзіңді сәт сайын жаңа қырыңнан ашуға ұмтылу болып табылады.

Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков тумысынан ғылым үшін жаралған азамат. Химия ғылымына сіңірген еңбегі өлшеусіз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.а. мүбәрәк бір хадисінде «Қайырымды, сауапты істер адамдарды түрлі-түрлі бәлелерден сақтайды» деген. Қайырымды іс жасауды өзінің азаматтық ісі санай-тын осындай жандардың арамызда барлығына шүкіршілік айтып, жаратушыдан жарылқау тілеуіміз керек-ау.

Әне, Әбдімұса аға тағы да асығыс көлігіне мініп жолға шығып барады. Өзін сағынышпен күтіп отырған балалар үйіне ме, әлде тағы бір қайырымдылық іс-шараға демеушілік жасауға аттанып бара-ды ма екен?

Ұзап бара жатқан көліктің артынан: «Жортқанда жолыңыз болсын, атымтай аға!» - деп іштей тілек тіледім.

Бибігүл Орынтаева

27

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 28: №1 Журнал

28

Қазақ даласы аңсаған өзгенің оқшауынан шығу мүддесі осы-дан жиырма жыл бұрын өз ме-жесіне жеткен еді. Сол күні өмір есігін ашқан бүлдіршіндер бүгінде азат елдің абзал азамат-тары атанып отыр. Яғни бұл тәуелсіз елдің алғашқы буыны еге-мен елдің болашағына атсалысуға кірісіп кетті деген сөз. Дербес ел-мен кемелденіп өсіп келе жатқан жастар денсаулығын қадағалап отырған Алматы қалалық «Сту-денттер емханасының» бас дәрігері Светлана Хасенқызының кейінгіге үлгі боларлық ұжым қызметі мен бағындырған асуы бір төбе. 1991-жылдан студент-тер емханасының жүгін көтеріп, қызметін көгерткен Қуанышева Светлана Хасенқызы «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Тәуелсіздікке 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медалдарымен ма-рапатталса, ал жақын арада «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалінің иегері атанды. Осындай елжанды азаматшамен болған тілші сыр-сұхбатын жариялап отырмыз.

СТУДЕНТТЕР САУЛЫҒЫН САЙЛАҒАН – СВЕТЛАНА ХАСЕНҚЫЗЫ

Светлана Хазенқызы, қай елдің тумасысыз? Жетістіктің басы - ошақ басындағы тәрбие десек. Қандай отбасыда тәлім алдыңыз?

Рахмет! Мен қазіргі Елордамыз орын тепкен сайын дала Сарыарқа төсіндегі бұрынғы Целиноградта дүниеге келіп, сол жерден өніп-өстім. Әкем Хасен – Ұлы Отан соғысының ардагері, әскери қызмет адамы еді. Соғыстан оралған соң, өкінішке орай ерте дүние салды. Анам Бақытұш – ұлағатты ұстаз болды. Қазір сексен жеті жаста, немерелерінің қолынан су ішіп, үлкен мерейіне бөленіп отыр.

1969 жылы орта мектепті бітіріп, сол жылы қаламыздағы медициналық университетке құжат тапсырдым. Бірінші жылы түсе алмай, арнайы дайындық курсында оқып, келесі жылы оқуға түстім. 1976 жылы оқуды аяқтадым. Сол кезде оқу бітір-гендерді жолдамамен әр облысқа, елді-мекендерге жіберетін. Маған ару шаһар Алматы түсті. Осы-лайша алғашқы еңбек жолымды Алматы қаласы №6 қалалық емханада бөлімше дәрігері болып бастадым. Өз мамандығымды сүйгенім соншалық, жұмысымды ешқашан ауырсынбадым, күндіз-

түні халыққа қызмет еттім, еңбектендім. Кейіннен партия қатарына өттім, біртіндеп қызмет сатысымен көтеріле бастадым. Іні-сіңлілеріме осы орайда кеңес айтсам, ешқашан еңбектенуден, ізденуден қашудың керегі жоқ. Әрине, мамандық таңдағанда да өз сәбиіңді сүйгендей сүйіспеншілікпен таңдау керек дер едім.

1991 жылы еліміз енді еңсесін көтере бастаған шақта, басшылық мені осы қалалық студенттер емханасына бас дәрігер етіп тағайындады. Міне, Құдайға шүкір, содан бері елімізге,

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 29: №1 Журнал

29

жастарға 20 жыл адал қызмет етіп, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын бірге атап отырмыз.

Өзіңіз басқарып отырған мекеменің тарихына тоқталсаңыз.

МКҚК «Қалалық студенттер емханасы» 1976 жылы құрылды. Оңтүстік астанадағы 16 жоғарғы оқу орнында білім алып жатқан студенттердің денсаулығын қадағалау, тексеруден өткізу, анықталған аурулары болса ем-домын жасау тікелей біздің емхананың құзырындағы мін-дет. 73000-ға жуық студенттерге дәрігерлік көмек көрсетіледі. Емханада сонымен қатар жастарға жан-жақты көмек беретін барлық бөлімшелер жұмыс іс-тейді. Қосымша жұмыс істейтін орталықтар бар: «Денсаулықты нығайту» орталығы, «Темекі-ге қарсы» орталық, «Сенім пункті», екі психолог-маман, екі әлеуметтік жұмыскер және жастардың достық клиникалық қатынасы, яғни «Жастардың денсаулық сақтау» орталығы үздіксіз жұмыс атқарып тұр.

Сонымен қатар, жоғарғы оқу орынының жатақханаларында тұратын студенттерге көмекті жақыннан көрсету мақсатында 13 фельдшерлік денсаулық сақтау пункті және Қыздар ұлттық педагогикалық университетін-де дәрігерлік амбулаториялар ұйымдастырылған. Біздің қызмет көрсететін аумағымыз кең болғандықтан, емханада 300-ге жуық маман еңбек етуде.

Біздің басты бағытымыз – студент-жастарға барынша алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету және стационардың орнын басатын технологияларды қолданып, амбулаторлық деңгейде арнайы кеңестік-диагностикалық көмек беру.

Емхана Кеңес заманын-да құрылды. Ал өзіңіз тізгінді тәуелсіздікпен қатар алдыңыз. Жиырма жылда қызметті одан

әрі оңтайландыру жолында сарп еткен еңбектеріңіздің бір-сыпырасын айтып кетсеңіз...

Мен қызметке кіріскен кезде, яғни, тоқсаныншы жылдардағы еліміздің, әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы ауыртпалықтарды көпшілік ұмыта қоймаған шығар... Ал бүгінде тап сол кездегідей жағдай жоқ десе де болады. Әрине, әр заманның өзіндік қиыншылықтары бо-лады. Мен бұған еш қарсылық көрсетпеймін. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тек өз саламды ғана айтатын болсам, халықтың денсаулығы біршама жақсарды. Осыған сай үлкен істер атқарылды. Біздің жұмысымыз жастармен байла-нысты болған соң, қарқынды даму бар деуге болады. Біз алға қойған мақсат-мүдделерімізді жүзеге асыру барысында тоқтап қалмау керекпіз. Өйткені біздің сала үнемі жаңарудан тұрады. Елбасы Жолдау-ында 2020-шы жылға таман келе-шек жастарымыздың денсаулығын нығайту, ана мен бала өлімін азайту, қатерлі, жұқпалы аурулардың ал-дын алу, орташа өмір ұзақтығын 72 жасқа дейін ұлғайту, сонымен қатар медицина саласында қазақ тілін мемлекетаралық тіл ретінде 100 пайыз білу, сөйлеу, жазу секілді іс-шаралар біз үшін ұлт мүддесі үшін кезек күттірмейтін парыз болып табылады.

Тәуелсіздік алған кездегі Қазақ елімен дамудың оң жолы-на түскен, жиырма жылдықты еңсерген Қазақстанның жетістік-теріне берер бағаңыз?

Оң баға берер едім. Кеше-гі қазақ елі мен бүгінгі Тәуелсіз мемлекетімізді өзіңіз салыстырып көріңізші. Кеше қандай едік, бүгін қандаймыз. 90-шы жылдары науқас

ауруханаға жатып емделу үшін төсек-орнын өзімен бірге алып келетін. Білікті дәрігерлер шетелге қашып, мамандардың жеткіліксіз-дігі, дәрі-дәрмектің тапшылығы сол кезде жағдайды төмендетіп жі-бергенін біз әлі ұмытқан жоқпыз. Ол кезде медицинаға қуатты техно-логияларды енгізу, қымбат шетелдік қондырғылар, құрал-жабдықтар орнату жағдайы ойға да кірмейтін. Ал қазір жағдай мүлдем басқа. Сол бір кезеңнің экономикалық қиындықтарына қарамастан, Пре-зидентіміз денсаулық сақтау сала-сын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде белгілеп, халыққа арнау Жолдауларында нақты та-лаптар қойып отырды:

1. 2000 жылы тегін медициналық көмекті кепілден-діретін жаңа бюджет үлгісін енгіз-ді;

2. Медицина кадрлық жағынан, қаржылық-техникалық жағынан да сапалық деңгейге көтерілді;

3. Елбасының тіке-лей қолдауымен «Саламат-ты Қазақстан» бағдарламасы қабылданды;

4. Стационарды еркін таңдау мәселесін тиімді шешу жолдарын да қарастырды;

5. Ана мен бала денсаулығын сақтау негізгі мәселе болды.

Тағы да басқа күрделі мәселелер кеңінен шешіліп жатыр деуге болады. 20 жылда Қазақстан медицинасы алға қарыштап дамы-ды.

Біздің Елбасымыз - дана адам. Ол кісі экономикасы мықты

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 30: №1 Журнал

30

дамыған, бейбітшілігі берік болған, әлеуметтік жағдайы бәріне мысал бола алатын елдерден ғана үлгі алады. Менің өзіме, Қазақстан, Елбасы ұғымдары – синоним бо-лып кетті. Елбасымыздың салған сара жолы, бағыты барлық елге үлгі. Оны өзіміз көріп те, біліп те жүрміз.

«Ұстазсыз - шәкірт тұл» дей-ді. Бүгінгі жетістігіңізге бастау берген ұзтаздарыңыз жайлы айтсаңыз...

Менің еңбек жолымда өздерінің ақыл-кеңесін аямай, білгендерін үйретіп тырысқан жақсы аға-апалар көп кездесті. Соның бірі, медицинаға көп еңбек сіңірген, ардақты дәрігер Ұрмұрзина Гүлшара Ғазизқызы болды. Бұл кісіні мен өзімнің еңбектегі аяулы ұстазым, жұмысымның алға басуына зор ықпал еткен дана, адамгершілігі мол, білікті дәрігер деп толық айта аламын.

Бүгінде Сізді не толғанды-рады?

Бүгінгі таңда мені қатты толғандыратын мәселе – жастардың болашағы. Қазіргі қоғамның ең

осал тұсы – жастар арасында темекі мен ішімдіктің басым болуы. Біздің мемлекетіміздің ертеңгі болашағы деп үлкен сенім артып отырған ұл – қыздарымыздың мұндай зиянды әдеттерге бой үйретуі – өте қорқынышты әрі ұлтты мақұрымға әкеліп тіреуі мүмкін. Сондықтан, біздің жастарымыздың сана-сы оянып, жан саулығы мен тән саулығын сақтай білсе – нұр үстіне нұр болар еді.

Қайырымдылық Сіз үшін қандай ұғым? Және өзіңіз қайырымдылықпен айналыса-сыз ба?

Қайырымдылыққа өзім үлкен жүректілікпен қараймын. Қолыңнан келсе осы көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын неге созбасқа... Біздің ұжым да игілік-ті істен кенде емес. Бостандық ауданы бойынша қалалық сту-денттер емханасына жақын жерде тұратын зейнеткерлерге тістерін жөндеу, салу, емдеу, жұлу сияқты медициналық көмектерді төлемақысыз жасаймыз, күндізгі стационарға жатқызамыз, дәрі-дәрмектерді де тегін береміз (мемлекеттік бағдарлама аясында). Жетім-жесір студент жастарға өз

университеттерінде тегін тамақ беру мәселесі жөнінде универ-ситет, институт басшыларымен арнайы келіссөз жасап, қолдан келгенді жасауға бар мүмкіндікті қарастырамыз.

Астана – Елбасы бір ұғым десек еш шүбә болмас. Бас шаһар бүгінде барша әлем ерекше құлақ түріп, тамсана көз тастаған мақтанышымызға айналды. Бұл да Елбасының ерек саясатының арқасы екенінде талас жоқ. Осы тұрғыда өз пікіріңізді білдірсеңіз...

Мен Сіздің әр сауалыңыздың жауабын Президентімізбен байла-ныстырып отырмын. Бұл ешқандай жағымпаздық демес едім, бұл айғақ. Жиырма жылдықта Алты алаштың ұрпағын алты құрлық әлем танып, мойындады. Ел келешегі ашық та заңғар болаты-нына мен кәміл сенемін. Себебі, Елбасының жүргізіп отырған бүгінгі саясаты кемелді елге апарар жол болмақ.

Сұхбатыңызға рахмет! Жұмыстарыңыз өрлей берсін!

Әңгімелескен Мейрамгүл Құспан

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 31: №1 Журнал

МЕН ҰЛТЫММЕН МАҚТАНАМЫН!

Асқар тау, телегей теңіз, шалқар көл, шөл мен шөлейт, жасыл желекті ну орман, мөлдіреп аққан бұлақ бәрі-бәрі, сән берген һәм әр берген дархан даланың иесі - қазақ ұлты. Бұл жердің өткені, бүгіні әрі келешегі де қазақ болып қала бермек. Алып құрлықтың дәл ортасынан та-бан тіреп, тамырын жайған қазақтың тыныс-тіршілігі осы иен дала табиғатынан ажырағысыз. Әлемде ата-тарихынан мақұрым ұлттар да, өз тілі, өз мәдениеті бола тұра егемендігі өзіне тиес-ілі емес қаншама ұлттар да бар. Олар неге үлкен державалардың қойнауына жұтылып кетпей отыр деген сұрақ туса, өз ұлтына деген сүйіспеншілік және сол ұлт өкілі екендігін мақтан етуі арқасында дер едім. Қазақ халқының ба-сынан қандай қасірет көшпеді... Қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ой-санасы жалпы айтқанда бүтін мәдениеті мен тарихы жоққа шығарылған кезде де халқымыздың ұлттық мүддеге деген ерекше зейіні босаңсыған емес. Ежелгі Қытай шежірелерінің бірінде, күші тасқан, салтанаты асқан ғұн патшасының ертеден кешке дейін шапса талмайтын, «Мың шақырым» атанған тұлпарын көрші жұрттың патшасы басы

бүтін күйінде сұратады. Сонда ғұн патшасы соғысамыз, жеңеміз, бірақ ел күйзеледі, бір ат үшін жамандаспайық деп, сұрағанын орындайды. Екінші рет, патшаның ай десе аузы, күн десе көзі бар, тал шыбықтай бұралған сұлу әйелін сұрайды. Ордадағы уәзірлер мен бектер қаһарына мініп, қарсы аттанайық дейді. Сонда пат-ша сұлу да болса бір әйел үшін жұртымыздың шырқын бұзбайық деп, ару әйелін алтын отауымен аттандырады. Ғұн патшалығының мал жаюға, не егін салуға жара-майтын, тұзы шыққан сортаң жері болады. Бір күні көрші патшалық үшінші мәрте елші жіберіп, әлгі бос жатқан жерді сұрайды. Ордадағылар онсыз да жатқан жарамсыз жер, алсын, құмары қансын деседі. «Жоқ! – деп ақыра түрегелген ғұн патшасы: – Атты - бие туады, әйелді - ана туады, жерді кім туады? Жер - қолқа - жүрегің, бір тұтамын кесіп бере аласың ба? Бүгін жеріңді алса, ертең жаныңды алады! Аттан!» - депті. Жер жүзінде екі жүзден астам дербес мемлекет болса, соның ішінде жер көлемі бойынша тоғызыншы орынды иеленуіміз ұлттық мақтаныштың негізі болмақ. Жер – бар қазынамыз. Оны сақтап қалу, келер ұрпақ

алдындағы парыз саналмақ. Бүгінгі жаһандану заманында

барлық өркениет, тенденция кәрі құрлықтан бастау алады деген бір жақты пікір қалыптасқан. Мәдениет қажеттіліктен туады. Заңғар жазушы Мұхтар Мағауиннің шығармаларымен жіті танысу бары-сында, ұлтымыздың мерейін үстем етер тағы біраз деректерді сүйсіне оқыдым. Біздің бабаларымыз бір заманда жарты дүниені биледі. Жәй ғана қазақпын деп кеудені керу емес, батырларымыздың үлкен іс-терін білу керекпіз. Алғаш рет атты үйретіп мінген біздің аталарымыз. Яғни қазақ даласында атқа мінудің ерекше мәдениеті қалыптасқан. Баланы атқа отырғызу салтын осының айғағы деуге болады. Алғаш рет үзеңгі мен ер тоқымды ойлап тапқан біздің бабаларымыз. Ежелгі Рим мен Грек тарихын қарастыратын болсақ, суреттерден үзеңгі, ер тоқым деген жабдықтары атымен жоқ, аяқтарын салақтап, атқа жайдақ мініп жүреді. Қалай Аттила Еуропаны жайлап кетті? Өйткені, атқа міну, атта шабуыл жасаудың озық технологиясын білді. Ер тоқым салынған, үзеңгіге ыңғайлап отырады, сауыт- сайма-ны келіскен жауынгер аталарымыз бүгінгінің темір танкісінен асып кетпесе, кем түспейтіндей.

Алыстан Алаш десе аттанамын, Қазақты қазақ десе мақтанамын.

Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

Міржақып

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

31

Page 32: №1 Журнал

Жер жүзі киіп жүрген шалбар-ларды біздің бабаларымыз ойлап тапты десек, оған біреуі сеніп, екіншісі күмәнмен қарайды. Шал-бар. Иә, бүгінде бұл киімсіз өмір сүру мүмкін еместей көрінетіні рас. Бұрындары қазақ ер-аза-маттары ғұмырының біразын ат үстінде өткізген. Тіпті халқы үшін, аттың үстінде жан беруге даяр болды. Бұл ерліктің үлгісі еді. Орта ғасырлардағы Грекия, Римнің суреттеріне көз жіберсек, бірдеңе байлай салғанын көреміз. Ежелгі Рим – әлемдік империя бол-ды. Мәдениеті жоғары болса да, үзеңгісіз ат мінді, шалбарсыз лыпа байланды. Бұл олардың кемшілігі емес, біздің артықшылық. Шалбар кию де басында айтып кеткендей, қажеттіліктен туған дүние. Біздің жазу - сызуымыз пайда болғанда, бүкіл Еуропа қараңғылық түнегінде жатқан-ды. Күлтегін, Білге қаған дәуірінде біздің жа-зуымыз дамып, өзіндік үлгісін қалыптастырды. Халқымыздың

алғырлық қасиеті өркениеттің бас-тауы болғанына ешкім шүбә кел-тірмес. Жақында университетімізге Түркиядан арнайы келген социо-лог-профессор Хаяти мырзаның дәрісінде ол «біз түріктер шет тілін үйренуге жоқпыз. Мен Қазақстанда бірнеше жыл қызмет еткен соң, маған қазақ, орыс тілдерін үйренуім керек болған. Қазақ тілін біршама түсінемін, ал орыс тілін үйрене алмай кеттім. Ал, менің балаларымды үйреткен ұстаздарыңыз түрік тілін жақсы меңгеріп алды». Осы сәтте бойы-

мызды бір жылылық ұшқыны серпілткендей болды. Осындайда, қазақтай қабілетті, алғыр халық дүниеде жоқтай көрінеді.

«Өзіңді сыйламасаң, сені өзге де сыйламайды» дейді. Сол себеп-ті, халқымызды құрметтеуді, оны мақтан етуді әркім өзінен бастаса игі.

Мейрамгүл Құспан

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

32

Page 33: №1 Журнал

33

«ІШКІ ТУРИЗМ»

ТАРТУЫ МОЛ ТӨЛЕБИ АУДАНЫ

Қазақ жерінің оңтүстік өңірінде орналасқан Төлеби ауданы жетелі жетістіктерге толы, әлеуеті мен әлеуметі келіскен шағын аудандардың бірі. Жерінің табиғаты әсем, көздің жауын алатын көрікті мекен. Төлеби ауданы орталығы Шымкент қаласының шығысындағы Алатау жоталары мен Жабағылы тау, Балдыберек, Бұғылытау болып тізбекте-ле келіп Талас Алатауының батыс сілемдерін құрайтын жерде орналасқан.

Сондай-ақ, бұл аудан еліміздегі ішкі туризмнің дамуына сүбелі үлес қосып жатқан аймақтардың бірі де бірегейі. Осы орайда оқырмандарымызға толыққанды мағлұмат беру мақсатында Төлеби ауданының әкімі Әуелхан Естайұлын сөзге тартқан едік.

Құрметті Әуелхан Естайұлы, ауданда туризм саласы өсіп, өркендеп келе жатқанына көпшілік куә. Олай болса ауданға туристерді тарту мәселесі не-гізінде қандай істер атқарылып жатыр?

Ауданның батыс бөлігі бір-шама тегіс алқаптардан басталып, шығысында Оңтүстік Қазақстан облысындағы теңіз деңгейінен есептегендегі ең биік абсолют-тік нүкте Сайрам шыңына дейін көтеріледі. Оның биіктігі 4238 метр, ал Қазығұрт тауының ең биік нүктесі 1768 метр. Аудан территориясы көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мемлекет-терімен шектеседі. Төлеби ауда-ны Қазақстан Республикасының шырайлы жерлерінің бірі бо-лып есептеледі. Әлемге әйгілі Ақсу - Жабағлы қорығының 99474 гектары Төлеби ауданының аумағында. Табиғаты шұрайлы ауданымызда еліміздің экономи-касын жақсартуға бағытталған

туристік инфрақұрылымды дамытуға арналған көрікті ме-кендер көп. Бірінші кезекте келушілердің қызығушылығын тудыратын «Алатау» тау шаңғысы базасы, «Біркөлік» демалыс аймағы, «Тау сама-лы», «Айна бұлақ», «EkoVillaige Kaskasy», «Красные скалы», «Ақ мешіт» шатқалдарындағы жаңадан бой көтерген дема-лыс аймақтары ауданның әлеуметтік – экономикалық жағдайының жақсаруына жол ашатын басты структура болып табылады. Сондай-ақ аудан бюд-жетіне қомақты қаржы түсіретін негізгі сала да осы. Аудан еліміздегі туризм саласын дамытуда елеулі еңбек етіп жатыр.

Аудандағы демалыс орындарының құрылысы қалай аяқталды? Бүгінгі таңда қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіздер?

Соңғы жылдары ашылған судай жаңа демалыс орында-

ры ұжымның ерең еңбегінің нәтижесі деуге болады. Мақсат тек шетелдік қонақтарға ғана демалу жағдайын жасау емес, жергілікті халықты да еңбекпен қамту. Жоғарыда айтып өткендей ауданның табиғи ерекшеліктері мол. Мәселен, бір ғана Қасқасу шатқалын алатын болсақ, ондағы тамаша табиғат көрінісі бұл жердің маңдайына біткен зор мақтанышы. Ауданның осындай табиғи мүмкіндіктерін оңтайлы пайдаланып, сапалы демалыс ұйымдастыру арқылы бюджет толықтырылып отыр.

2011 жылы аудан аумағында жалпы құны 2 млрд 165 млн теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылды.

Атап айтқанда, 7 жеке кәсіпкер демалыс аймағында орналасқан ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізіп, демалушыларға қызмет көрсете бастады. Бұған 45-50 млн теңге көлеміндегі қаржы жұмсалды.

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 34: №1 Журнал

Сiздердi Төлеби ауданының курорттарына шақырамыз!

Қазақстан Pеспубликасы, ОҚО,Төлеби ауданы, Нысанбек ауылы.«Тау самалы» демалыс аймағы.Тел: +7 7252 330315; 8 701 930 6542E-mail: [email protected] www. tausamaly. kz

Қазақстан Pеспубликасы, ОҚО, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылы.

«Ecovillage KASKASU» демалыс орны.Тел: +7 7252 975 170;

+7 7252 535 733

Page 35: №1 Журнал

35

Сондай-ақ, Қасқасу ауылынан «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің құрылысы үшін ұзындығы 12 шақырымды, көлемі 2,4 гектарды құрайтын коммуникациялық желілері мен ұзындығы 12,4 шақырымды, көлемі 14,88 гектарды алатын автомобиль жолы үшін жер телім-дері тұрақты пайдалануға беріл-ді. Қазіргі таңда бұл нысанға республикалық бюджет есебінен 103,5 млн теңге бөлініп, инже-нерлік - коммуникация желілері жүргізілуде.

Құны 300 млн теңгені құрайтын Қасқасу шатқалындағы «EkoVillaige Kaskasy» демалыс орны ашылып, мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бүгінгі таңда кешен 40 адамға қызмет көрсете алады.

Бұл кешенде қаладағы қауырт тірліктен арылып, таза ауамен тыныстауға мол мүмкіндік бар. Тау бөктеріндегі сән-салтанаты келіскен тамаша үйлер келуші қонақтарға заман талабына сай өте ыңғайлы етіп жабдықталған.

Ауданда тек Қасқасу дема-лыс орны ғана емес, басқа да нысандар бой көтеріп, жұмыс атқарып жатқаны белгілі. Солар жөнінде де бұқараға ақпарат бере кетсеңіз.

Өте дұрыс байқадыңыз. Ауданымызға келетін туристер ағымы күн сайын көбейіп келеді. Сол үшін шетелдік қонақтарға қызмет көрсететін бір-екі ғана демалу орындары жеткілік-сіз. Осындай себеппен табиғат аясында орналасқан демалу ке-шендері көп болуы тиіс. Мәселен, Қасқасу шатқалындағы кешеннен басқа тағы басқа да нысандар бой көтерді.

- 30 демалушыға арналған құны 100 млн теңгелік Ақмешіт шатқалындағы «Красные ска-лы» демалыс орны ашылды. Бұл мекеменің ашылуымен 20 адам жұмыспен қамтылды.

- құны 450 млн теңгелік Нысанбек елді мекеніндегі «Ала-

тау» шаңғы базасы аумағында «Береке-А» корпарациясы жеке қаражаты есебінен «Тау самалы» демалыс аймағының құрылысын аяқтап, демалыс орны маусым айында жұмысын бастап кетті.

- Сайрамсу шатқалында орналасқан «Альтекс» демалыс аймағында «East West company Ltd» ЖШС-сі жеке қаражаты есебі-нен 6 ғимараттан тұратын құны 1,5 млрд теңгелік демалыс орнының құрылысын аяқтап, маусым айын-да іске қосты. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде де-малыс аймағына баратын 19 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нысанның ашылуының нәтижесінде тағы 20 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Қазіргі кезде жал-пы құны 150 млн теңгелік 3 жобаның «Көктөбе», «Нұрлы аймақ», «Байқоңыр» дема-лыс орындарының құрылыс жұмыстары аяқталу алдында тұр.

Жалпы ауданның туризм саласында 35 туристік демалыс орындары жұмыс жүргізеді. Оның 10 нысаны биылғы жылы іске қосылып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға артты.

Межеленген мақсат жаңа тағы да 45 жұмыс орнын ашу болатын. Бұл көрсеткіш екі есе артық орын-далып, 110 жұмыс орны ашылды.

Туристік нысандардан есепті кезеңде 8 млн теңге көлемінде салық түсіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға артты.

Ауданның көрікті жерлерін көруге жылына қанша турист келеді?

Ауданымызға жыл сайын шет елдерден 1300-ге жуық турис-тер келеді. Келуші туристерді негізінен ауданның табиғаты мен қазақтың салт-дәстүрлері, қонақжайлылығы қатты қызықтырады.

Ауданда 30-дан аса тари-хи – археологиялық объектілер бар. Онда сақ заманының

қорғандары, орта ғасырлық қалашықтардың орында-ры және халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар «Жылақ ата», «Ғайып Ерен – Қырық Шілтен», «Нұр ата», «Ақ мешіт» секілді әулие орындары бар. Осыншалықты тамыры тарихқа толы қазақ жерінің әдемілігіне сүйсіне қызыққан шетелдік қонақтар риза болып кетіп жатады. Туристерге ауданның көркем де көрікті жер-лерін көрсетіп, сапалы демалыс ұйымдастыру арқылы бюджетті толықтыруға мүмкіншілігіміз мол.

Әуелхан аға, Қазақстанның туризм саласындағы даму қарқынына қандай баға бе-ресіз?

Әрине, шетелдік туризм саласының дамуы бізден көш ілгері кеткен. Тіпті экономикасын тек туризммен ғана айналдырып отырған кішкентай мемлекет-тер де бар. Алайда, біздің жігіт жасындағы мемлекеттіміз үшін бұл жаңа сала десе де болады. Себебі, Кеңес үкіметі кезінде курорттық аймақтар болғанмен дәл бүгінгідей дамыған жоқ. Ал, бүгінгі күнгі нарық заманын-да бұл өте ауқымды табыс көзі. Нәтижесінде жеріміздің бұрын назарға алынбаған сұлу мекен-дері қазір жанданып жатыр. Осы тұста жасалынып жатқан жұмыстырдың бәрі қонақтардың елімізге деген қызығушылығын арттыру мақсатында. Сонымен қатар Қазақстан азаматтары да өз отанының әсем орындарына саяхат жасап, ұлан байтақ қазақ даласының адам аяғы аз басқан әдемі жерлерімен қайтадан таныс-са екен дейміз.

Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Ботагөз Сембайқызы

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 36: №1 Журнал

36

Page 37: №1 Журнал

37

Корея атауының түп-тамырыТаяу Шығыс саудагерлері Ко-

реяны «Cauli» (қытай тілінде) деп атаған. Бұл атау бертін келе Корея мемлекетінің (Оңтүстік, Солтүстік) атына айналған кәріс тіліндегі «Corea» және «Korea» атаулары-на негіз болған деседі. Екінші ақпарат көздерінде әлемдік арена-да қолданылып жүрген ағылшын тіліндегі Корея сөзі ежелгі Корё периодының эксонимі делінеді.

Корея – бұл кезінде біртұтас болған, қазіргі таңда Солтүстік және Оңтүстік Корея болып бөлінетін Шығыс Азиядағы Ко-рей жартыаралында орналасқан географиялық аймақ немесе өркениет. Корей ұлтының ата-тегі

Оңтүстік Корея (Корея респуб-ликасы) мемлекетінің 48 милли-он тұрғыны болуына қарамастан халқының тегі жағынан саны 300 ғана. Тегі бірдей, бір «пон»-ға (географиялық аймаққа) жататын кез келген корей ұлтының өкілі бағзыдан келе жатқан кландық топтың мүшесі болып табыла-ды. Тегі бір екі корейдің әр түрлі «пон»-ды иеленуі олардың әр түрлі кланға жатқызылуына себеп-

ші болады. Мысалы Кимхэден шыққан Ким, Кёнчжудан шыққан Ким, Квансаннан шыққан Ким, Кимнённан шыққан Ким, Андон-нан шыққан Ким кландары сияқты Ким тегін иемденетін бас-аяғы 285 клан, Ли тегін иемденетін 241 клан, Пак тегін иемденетін 128 клан бар екен. Бір кландағы, атап айтқанда тегі, шыққан поны бір корейлер туысқан болып есептел-гендіктен, 1995 жылға дейін оларға өзара некелесуге мемлекет тара-пынан ресми түрде тиым салынған еді. Корей тілі

Оңтүстік, Солтүстік Кореяның, Манчжурияның қытай облысындағы Ян-биан автономиясының да ресми тілі - корей тілі. Дүниежүзі бойынша корей тілінде сөйлейтіндердің саны 100 млн-нан асса, оның 60 миллионы үшін корей тілі - ана тілі. Лексикалық түрде корей тілі дамудың үш кезеңін (ежелгі корей лексикасы, қытай лексика-сы және өзге тілден енген кірме сөздер) бастан өткізді. Қытай тіліндегі сөздердің

корей тіліне сіңіп кетуін корей мәдениетінің ұзақ уақыт бойы қытай мәдениетіне қарап бой түзегендігімен түсіндіруге бола-ды.

Хат жеке өнер саласы ретін-де Кореяда Үш Мемлекет дәуірі (Когуре, Пэкче, Силла) кезінде қалыптасты. Ауызекі тілде ко-рейше сөйлегенмен, жазу бары-сында олар қытай иероглифтарын қолданды. Корей жазбаша өнерінің негізін 1443 ж. қалап кеткен Ван Сечжон болатын. Оның еңбегі

«СЫРТҚЫ ТУРИЗМ»

КОРЕЙ ХАЛҚЫ

Ежелгі қытай деректерінде Корея «жібек матаға кестеленген айдынды өзен-көлдер мен асқар таулар мекені» немесе «этикетті қатаң сақтайтын шығыс ұлты» деп сипатталады. VII-VIII ғ.ғ.-да «Жібек жолы» арқылы Корея араб әлемімен байланыс жасады. 845 ж. араб саудагерлері өз кезе-гінде Корея туралы: «Қытайдан қыр ассаңыз, Силла деген мем-лекетке тап боласыз. Силланың табиғаты көз тартардай сұлу» деген екен. Содан да болар Кореяға сапар шегу әркімнің-ақ арманы. Ал жүйрік көңілімізбен саяхат жасасақ, ол жайлы ең алдымен не білуіміз керек?

Хангыль корей әліпбиіДауыссыздарㄱ g, k ㅂ b, p ㅋ k

ㄴ N ㅅ s ㅌ t

ㄷ d, t ㅇ ng, дыбыссыздар

ㅍ p

ㄹ r, l ㅈ j ㅎ h

ㅁ M ㅊ ch

Дауыстыларㅏ A ㅗ o ㅠ yu

ㅑ Ya ㅛ yo ㅡ eu

ㅓ Eo ㅜ u ㅣ i

ㅕ Yeo

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 38: №1 Журнал

38

«Хунминчжон» - «дұрыс дыбыс жайлы халыққа үндеу» деп ата-лынды. Ван Сечжонның арқасында корей тілі жазбаша түрде енді қытай иероглифтерімен емес корей қаріптерімен жазыла бастады.Діни ұстанымдары

Оңтүстік Кореяның ұстанатын негізгі діні дәстүрлі буддизм мен христиандық ілім. Аталмыш екі діни ілімге де Чосон династиясын-да 500 жыл бойы ресми идеология құралы болған конфуциялық ілім мен қарапайым халықтың наным-сеніміне айналған шаманизм қатты әсер етті.

Буддизм Корея жеріне 372 ж. шамасында келген діни ілім. Бер-тін келе аталмыш ілім дами түсіп, аяғында Когуре патшалығының ресми діні аталынды. Алайда Когуре патшалығында даосизм ілімінің кең етек жаюы буддизм ықпалын тежей түсті. Ал Коре династиясында керісінше мем-лекет билеушісінің қолдауының арқасында буддизм аман қалып, дамуын еш тоқтатқан жоқ. Атап айтқанда, діни рәсімдер, мейрамдар өткізіліп, арнайы құрбандықтар шалынды. Коре династиясының соңғы кезеңінде антибуддистік қозғалыс пайда бола бастады. Сөйтіп буддизм ілімінің құқықтары шектеліп, будда монах-тары қыспаққа алынды.

Конфуциялық ілім Корея жері-не алғаш Қытайдан келген бола-тын. Чосон әулеті кезінде аталмыш ілім одан сайын өркендеп, дами түсті. Оған конфуциялық ілімді үйрететін мектеп-академиялардың көптеп салынуы дәлел. Соның нәтижесінде білім-ілімге деген құштарлық арта түсіп, халықтың сауаттылығы жоғарылады. 16-ғасырдың бас кезінде этикет конфуциялық ілімнің ажыра-мас бөлігі ретінде қалыптасты. Конфуциялық ілімнің басты эле-менті адамның ішкі тебіренісі мен бөленген шынайы сезімі. Аталмыш ілімнің әлі күнге дейін заманауи Кореяда сақталуын Чонмё Чере

(хан әулетінің құрметіне жасала-тын) мен Сокчжон Дэчже (Конфу-ций мен оның ізін жалғастырушы шәкірттердің құрметіне жасала-тын) рәсімдерінен анық көреміз.

Бүгінгі Кореяда 40 мыңнан астам шаман ресми түрде тіркел-ген. Соңғы 10 жылда шамандар санының өспегендігі олардың ресми тіркеуден қашқалақтауынан деп түсіндіруге болады. Про-фессор Хван Рушидің (Квандонг университеті) айтуы бойынша корей шамандарының нақты саны 100 мыңнан астам. Алайда корей шаманизмі буддизм, конфуциялық пен христиандық ілімдермен (простестантизм мен католи-цизм) салыстырғанда діни ілім дәрежесіне ие емес. Діни ілім не-гізінен үш фактордан (священник-пірәдар, рәсім-ритуал мен қауымдастық) құралатын болса, шаманизмді діни ілім дәрежесіне сенімді түрде жатқызуға болады. Себебі шаман (дұрысы шаман-ка) - пірәдар, кут-ритуал болса, шаманизм іліміне сенетіндердің барлығы қауымдастық болып табылады.

Оңтүстік Корея үкіметінің 2003 жылы ұсынған статисти-ка мәліметіне сәйкес мемлекет тұрғындарының 46 %-ы белгілі бір дінді ұстанбайды. 29,3 %-ы христиандар (18,3 % -ы протес-танттар, 10,9 % -ы католиктер) болса, 22,8 %-ы буддистер мен 2,5 %-ы өзге дінді ұстанушылар. Айта кететін жәйт - Оңтүстік Кореяда 40 мыңнан астам мұсылман қауымы өмір сүреді.

Корея Халық Демократиялық Республикасы (КХДР) азаматтарының көбі атеистер. ҚХДР-да шіркеу мемлекеттен жеке-дара өмір сүреді. Бүгінгі күні КХДР-да екі протестанттық, бір католиктік және бір православиялық храм халыққа қызмет етеді. Христиандықтардың мұң-мұқтажына Корейлік христиандық ассоциациясы көңіл аударып отырса, православиялық

ілімдегілердің қажеттіліктерін КХДР-ның Православиялық коми-теті өтеуге ынталы.Мейрамдары

Корейліктер еңбекқор халық, алайда екі күнтізбе қолданатындықтан елде тойлана-тын мейрамдар жеткілікті. Деген-мен, олардың ішінде ерекше атап өтуге лайықтысы Соль (немесе Жаңа Жыл) мейрамы. Соль деп бірінші айдың алғашқы күнін айтамыз. Демек корейлер Жаңа жылды бір рет емес, екі рет (ресми Жаңа жыл - қаңтардың 1-і мен 2-сі және ай күнтізбесіне сәйкес қаңтар айының аяғында немесе ақпанның бас кезінде келетін дәстүрлі Жаңа жыл) қарсы алады. Жаңа жыл-ды корей отбасы мүшелері мен жақындарының қасында, бір-біріне игі тілекпен сыйлықтар сыйлай отырып күтеді.

Дәстүр бойынша балалар ханбок (түрлі-түсті жібек мата-лы киім) дәстүрлі киімін киіп, үлкендер, ата-анасының алдында (себэ) барлық отбасы мүшелеріне бақыт (пок) тілей отырып, тағзым жасайды. Үлкендер балаларға аз-маз ақша беріп, өз ақыл-кеңестерін айтады.

Оңтүстік Кореядағы тағы бір басты мейрам «ханави» болып са-налады. Ханави дегеніміз тылсым күш иелеріне жинаған мол астық үшін көрсетілетін құрмет. Ханави мейрамында арнайы рәсім жасау арқылы ата-баба аруақтарына деген құрмет көрсетіліп, астықта жиналған азық-түлік өнімдері дастарханға қойылады.

Сонымен қатар корейлер атап өтетін туған күндердің арасынан «толь» (нәрестенің бір жасқа то-луына байланысты) мен «хвегап»-ты (60 жасқа толғанда тойланатын мерейтой) атап өткен жөн.

«Хвегап» - бұл тек туған күн тойы ғана емес, конфуциялық ілімге сәйкес баланың ата-анасы-на деген құрметін (хё) паш ететін салт-дәстүр. Өйткені аталмыш мерейтойдың барлық шығынын

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 39: №1 Журнал

39

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

мерейтой иесінің балалары өз мой-нына ала отырып, жасап береді.Ұлттық тағамдары

Корей асүйі корейлердің дәстүрлі азық-түлігі мен тамақ жасау әдісіне негізделген. Корей асүйі әлемге кимчи тағамымен белгілі. Кимчи дегеніміз ұнтақтағы не тұтас чили бұрышы пайдаланы-латын, көкөністермен көмкерілетін ерекше тағам түрі. Корейлер дастарханда пульгоги, самгёп-саль, кальбиді көрсе, тәбеттерінің бірден ашылатындығы шындық. Корей дәстүрлі мейрамханаларын-да дастарханның ортасына ет, ал айналысына гарнирдің түр-түрі қойылады. Гарнир ретінде корей-лер банчхан, пибимбап, нэнмён тағамдарын сүйсініп жейді.

Ит етін жеу корей асүйі мен медицинасының ажырамас бөлігі іспетті. Ит етінен жасалатын тағамдардың бірі «посинтанъ». «Кэджу», кей жерлерде «кэсоджу» деп аталатын емдік экстракт та үлкен сұранысқа ие.

Кореяда сыраның, шарап пен ликёрдың жүздеген түрі бар. Солардың ішінде танымал ащы сулары «соджу» деп аталады. Қазақстандағы корейлер

Корейліктер 1937 жылы Қиыр Шығыс өлкесінен Қазақстанға мәжбүрлеп көшірілген. Сол кезде Қазақстанға 20141 отбасы немесе 98454 корей келген екен. Оның 1721-і Алматы, 8693-і Оңтүстік Қазақстан, 1874-і Ақтөбе, 877-і Қостанай, 1839-ы Батыс Қазақстан, 2702-і Солтүстік Қазақстан, 2425-і

Қарағанды облыстарына орналастырылған.

1926 ж. Қазақстанда 42 корей ұлтының өкілі болған болса, 1939 жылғы халық санағы бойынша 96 453, ал 1999 ж. 99 657-ге жеткен.

Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға мәжбүрлеп жер аударылған корей ұлты қазіргі кезде тәуелсіз Қазақстан Республика-сында барша ұлт пен ұлыс

өкілдерімен бірге тату-тәтті ғұмыр кешуде. Өздерін «Коре Сарам» деп атайтын Қазақстандық корей-лер республикада тұратын диа-спора өкілдерінің саны бойынша украиндықтар, татарлар, немістер мен өзбектерді баса озып, үшінші орынға тұрақтаған.

Корей ұлтының ерекше қанға сіңген қасиеті - ортаға бейім-делгіштігі мен жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуі. Ортаазиаттық пен орыс мәдениет ықпалымен корейлер сауда-саттыққа бел шеше кірісіп, онда да толағай жетістікке жете білді. Корейлердің космо-политтілігіне өмірден көзімізбен көріп жүрген корей-орыс, корей-қазақ, тіпті корей-күрд отбасылары бұлжытпас дәлел.

Кореяға қатысты қызық мәліметтер топтамасы:

- Корё династиясын Чхо Юн-ю билеген кезде, атап айтқанда 1234 жылы әлемдегі алғашқы баспа станогы ойлап табылды.

- 2000 жыл бұрын Ко-рея жеріне буддизммен бірге Қытайдан шай келді. Ескі наным-сенім бойынша шайдың аңқыған иісі жеті қабат аспандағы патшаларға да же-теді екен-мыс.

- Жетісіне 20 мың адам келіп, дұға қылатын Сеулде-гі Ёыйдода Толық Евангелия атты христиандық шіркеу орналасқан.

- Корей музыкасының ере-

кшелігі оның орындалу мәнерінде. Себебі орындалу барысында композициялар арасында құбылту әдісі (импровицазия) қолданылса да, еш үзіліс жасалынбайды. 8 сағатқа созылатын Пансори көрінісін басынан аяғына дейін бір ғана орындаушы орындайды.

- Корей тілі көпке дейін лингвистикалық топқа кірген жоқ. Соңғы кездері ғана ғалымдар корейдің сөйлеу тілі Алтай тіл-дік тобына жақын деген болжам жасап жүр.

- Би өнері қарапайым бұқара халыққа арналған және арнайы орындалатын болып екіге бөлінеді. Арнайы орындалатын билер қатарына той-томалақта би-ленетін чонджэму, конфуциялық рәсімді орындау барысындағы ри-туалды би ирмуды жатқызамыз.

- Заманауи корейлік орта білім беру жүйесі 6 жыл оқытылатын бастауыш, 3 жыл оқытылатын және 3 жыл оқытылатын жоғары мектептен тұрады. Мемлекеттік орта мектептегі жоғары сынып оқушылары арнайы киім кию үлгісін (униформа) киюге міндетті.

Жазира Байдалы

Page 40: №1 Журнал
Page 41: №1 Журнал

41

«ӘЙГІЛІ ӘКЕ – БЕЛГІЛІ БАЛА»

ӘМІРХАН ШҮМЕНОВ: «ЕЛ ЕҢСЕСІ БИІК БОЛСЫН!»

Әмірхан Шүменов – Оңтүстік Қазақстан облысының беткеұстар азаматы. «Бекжан» базарының басшысы. Белгілі меценат, «Құрмет» орденінің иегері. Белгілі кәсіпқой боксшы Бей-біт Шүменовтің әкесі. «Әр қазақ – менің жалғызым!» дейтін ел ағасы.

Құрметті оқырман, төменде тілшіміздің белгілі қоғам қайраткерімен болған сыр-сұқбатын ұсынып отырмыз.

Әмірхан аға, сұхбатымызды «Тәуелсіздік Сізге не берді, Сіз Тәуелсіздікке не бердіңіз?» деген сауалдан бастасақ.

«Армансыз адам бар ма екен?!» деген сөзді білесіз бе?! Немесе: «Көкдөнен жүйрік пе, көңіл жүйрік пе?!.» деген нақыл бар. Пенде болған соң әрқайсысымыздың мақсаттарымыз болатыны сөзсіз. Мен әр кезде

елге қызмет етуге, сол арманымды бейбіт заманда жүзеге асыруды қиялдайтынмын. Тәуелсіздік - маған сол арман-қиялымды жүзеге асыруға даңғыл жол ашты десем артық болмайды.

Елбасының «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» аясында біраз тындырымды

істер атқарғаныңызды облыс жұртшылығы жақсы біледі.

Шымкент қаласындағы Әйтеке би, Қазыбек би мен Төле би көшелерінің қиылысқан тұсынан орын тепкен «Жер-Ана Тәуелсіздік монументінің» бой көтеруіне бел будым және оны жүзеге асырдым. Ашылу салтана-тында Елбасымыздың өзі келіп, қолымды қысып, алғысын айтып құттықтады. Бұл айтулы іске мен Тәуелсіздіктің арқасында қол жет-кізгенім белгілі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын кезеңдер қазақстандықтарды шыңдап, көптеген кәсіпкерлердің мемлекет-ке қол жаймай, өз алдына бөлек бір іс бастауына ықпал етті. Бұл да үлкен сәттілік екені белгілі. Егемендіктің арқасында заманауи талапқа сай негізделіп салынған үлкен «Бекжан» сауда орнын ашу, оның қасынан үш қабатты автотұрақ пен салынып жатқан жаңа мешітті байланыстырып тұратын көпір құрылысын бастау сынды іс жүргізіп, жұмысымның алға басуына әуелі Алланың, одан соң осы егемендіктің ықпалы зор.

Қарамағыңызда қанша адам жұмыс істейді?

Тәуелсіздіктің арқасында бүгінде мен үлкен кәсіп иесі атанып, 7000-ға жуық адам-ды жұмыспен қамтып отырған жағдайым бар. Облыс бюджетіне жыл сайын 350 млн. теңге қаржы құйып келеміз. Одан қала бер-ді, жетім балалар үйіне де үзбей

Page 42: №1 Журнал

қамқорлық танытып, олардың жағдайын жасауға сүбелі үлес қосуды басты парызым деп есеп-теймін және бұл істі сырт көз үшін емес, шынайы жүрекпен жасасақ екен деген ниетпен айтып отыр-мын. Кәсіпкерлер ісімнің алға басуына Тәуелсіздік ықпал етті десем артық айтқандық емес. Әлі де алдымызда атқарылар осындай игі істер жетерлік деп білемін.

Ал енді нақты Тәуелсіздік ұғымына келер болсам, сол Тәуелсіздігіміздің басты ұстыны, тірегі - Елбасымыз еліміздің тыныштығы үшін аянбай күресіп келеді. Бәріміз де ел тыныштығы үшін мүдделіміз. Біз осыны ұмытпауымыз керек дер едім.

Әмірхан аға, сізді әйгілі әке деп атауымыздың жөні бөлек. Қазақстан Туын көкке желбірет-кен ұлыңыз Бейбіттің ерлігін бәріміз де білеміз. Бейбіт бала

кезінде қандай еді, сол турасын-да айтып берсеңіз.

Бейбіт бала кезінен алғыр бо-лып өсті. Өте намысшыл және та-лапшыл болды. Ойлаған мақсатына жетуге бар күш-жігерін арнады. Құдайға шүкір дегім келеді, ұлым Еліміздің абыройын асқататқанына мен әрдайым сүйсінемін, және оған сенемін.

Мен мына нәрсені баса айтқым келеді. Шетелге Елба-сы келгенде Әнұран ойнап, Ту көтеріледі. Сондай-ақ спортшы-лар әлемге елімізді танытып, даңқымызды арттырып, елдігімізді танытып жатқанда да Туымыз көкке желберейді, бұл қуантарлық жағдай. Міне, Шымкентте даңқты спортшыларға аллея ашылды. Бұл көрегенділік, ұлағаттылық деп айтуға болады.

Әсіресе, Оңтүстіктің спортшы-лары биылдың өзінде халықаралық жарыстарда 37 алтын, 32 күміс,

33 қола медаль жеңіп алып кел-ді. Жастардың спортқа келуі – еліміздің мықты болмағы үшін керек деп ойлаймын.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай өз тілегіңізді білдірсеңіз.

Еліміз тыныш болса екен деймін. Мен жастарға қарап сүйсінемін. Олар білімді, жаман қылықтардан ада. Қазақстанның абыройын асқақтатуды ойлай-тындары мені ерекше қуантады. Елбасымыздың ерен еңбегінің арқасында Еліміз ерекше сыйға бөленіп жатыр. Ұлан-ғайыр Даланың ұрпақтары – біздер Тәуелсіздіктің қадірін білсек екен деймін! Ел еңсесі биік болсын!

Әңгімеңізге рахмет!

ӘңгімелескенБауыржан Берікұлы

Page 43: №1 Журнал

43

2-тамыз 2008 жыл: Бейбіт Шүменов — Монтелл Гриф-фин

2008 жылы тамызда Қазақ елінде Бейбіт әлемнің чем-пионы болған Монтелл Гриффинді (49-8-0, 30 KO) айқын басымдылықпен ұтты.

13-қаңтар 2008 жыл: Бейбіт Шүменов — Эпифанио Мендоза

2008 жылдың қаңтарында Бейбіт, Вашингтон қаласында әлемнің экс-чемпионы колумбиялық боксшы Эпифанио Мен-дозаны (28-7-1, 24 KO) ұтты. Шүмен-Мендоза арасындағы он раундтық бәсекеге әділ қазылық жасаған төрешілер алқасы осы бәсекедегі жеңісті бірауыздан қазақ боксшысының қанжығасына байлап берді.5-мамыр 2009 жыл: Бейбіт Шүменов — Байрон Митчелл

2009 жылы Мамырда Шымкент қаласында 33 жекпе-жек өткізіп, 27 рет жеңіске жеткен АҚШ азаматы Байрон Митчеллді (27-5-1, 20 КО) жеңіп, ІВА тұжырымы бойынша дүниежүзі чемпионы атағын алды. Сондай-ақ ол өзіне тиесілі WBO Asіa Pacіfіc, WBC Asіan және PABA-ның алтын белбеуін қорғап қалды.

29-қаңтар 2010 жыл: Бейбіт Шүменов — Габриель КампильоШүменов 29-қаңтар күнi Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) жартылай ауыр салмақтағы WBA тұжырымының

алтын белдiгiнiң иесi испаниялық Габриэль Кампильомен жұдырықтасып, ұпай санымен жеңiске жеттi. Был-тыр тамыз айында бұл екi боксшының Астанада жұдырықтасқанын жанкүйерлер жақсы бiледi. Сол жекпе-жек-те испан боксшысы Бейбiттi ұпай санымен ұтып, әлем чемпионының алтын белдiгiне ие болған-ды. Алайда, осының артынша-ақ бүкiләлемдiк бокс ассоциациясы испан боксшысының жекпе-жектiң соңында допинг-сынақтан өтпегенiне байланысты кездесудiң нәтижесiн негiзсiз деп тауып, жекпе-жектi қайта өткiзу туралы шешiм шығарды. Он екi раундқа созылған Б.Шүменов пен Г.Кампильоның арасындағы жекпе-жекте қапталдағы үш төрешiнiң екеуi 117:111, 115:113 есебiмен жеңiстi отандасымызға берсе, бiр төрешi 117:111 есебiн испан боксшысының пайдасына шешкен.

23-шілде 2010 жыл: Бейбіт Шүменов — Вячеслав УзелковШілденің 23-і күні АҚШ-тың Калифорния штатының Лемур қаласында Бейбіт Шүменов Бүкіләлемдік

бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын сәтті қорғап шықты. Бейбіттің бұл жолғы қарсыласы 22 кездесу өткізіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының құрлықаралық чемпионы украиндық Вячеслав Узелков болған. Көптеген спорт мамандары бұл кездесуді аса тәжірибелі В. Узелковтың жеңісімен аяқталады деп болжам жасаған еді. Бұған дейін бірде-бір рет жеңіліс тауып көрмеген Вячеслав Бейбітті мойындауға мәжбүр болды. 12 раундық жекпе-жек 118:108, 118:108, және 117:109 есебімен Әлем чемпионы Бейбіттің пайдасына шешілді.

8-қаңтар 2011 жыл: Бейбіт Шүменов — William Joppy8-қаңтар күні Шымкентте өткен кездесуде WBA және IBA тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы

әлем чемпионы,кәсіпқой қазақ боксшысы Бейбіт Шүменов америкалық Уильям Джоппиді техникалық нокаут-пен жеңді. Барлығы 6 раундқа созылған жекпе-жекте жерлесіміз үш дүркін әлем чемпионын тізе бүктірді. Бұдан бұрын қазақ боксшысы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Юрген Бремермен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Жарақатына байланысты кездесуден бас тартқан оның орнын Уильям Джоппи алмастырған болатын. Жерлесіміздің басымдығымен басталған кездесудің 5 кезеңінде америкалық нокдаун алды. Ал 6 раундта соққыға шыдамаған Джоппи кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Кәсіпқой бокстағы жетістігі

Бейбіттің әуесқой бокстағы жетістігі

Қазақстанның 2004 жылғы Олимпиада құрамасының мүшесі. 2003 жылы Үндістанда өткен Бірінші Африка-Азия ойындарының күміс жүлдегері. 2004 жылы Филиппинда өткен Азия чемпионатының алтын медаль иегері.

Page 44: №1 Журнал

44

Өзі түзде жүргенмен, атағы еліне қызмет етіп келе жатқан, көк Туымызды әрдайым желбіретіп жүрген қазақтың бір қайсар ұлы – Бейбіт Шүменов деген ерін әлем тани-тын деңгейге жетті. Қаншама атаққа қарық болса да тоқмейілсімей, қайта шапқан сай-ын құстай ұшатын, тұлпардай жүйрік, намысқой әрі өр мінезді Бейбітке қаратып айтқан қай мақтауымыз да жарасып-ақ кетеді! Біз сол мақтауымызды өлең тілімен жеткізсек дейміз.

СЕМСЕРДЕЙІН СЕН СІЛТЕГЕН ЖҰДЫРЫҚ

Бейбіт Шүменовке!

Сен – хас сақсың! Батыр елдің ұлысың,Үміт еткен көзіндегі нұрысың.Атақ іздеп жүрген жоқсың желпініп,Бәрі осының қазақ емей кім үшін?!

Күш сынасып, егескен күн ерекше,Айдарыңнан жел ескен күн бөлекше.Көк байрағын желбіреткен ерін ЕлАлақанда көтереді емес пе?!

Биіктеді, үстем болды мерейім,Мен өзіңді биіктерден көрейін.Ел ұраны – ей, ер Бейбіт, қабыл ал,Ағыл-тегіл, көл-көсір жыр төгейін.

Алатаудай айбыны асқақ айбарым,Сен қазақтың желбіреттің байрағын!Құйын сында қиынсынбай тек қана –Тәңір қолдап, тұғырыңнан таймадың.

Шетте жүріп шерге толмай жүрегің,Бағың жанды – орындалды тілегің!«Сүйіншілеп!» аспан астын жаңғыртты,Қазақстан – шаңырағың, ұлы елің.

Айналдырмай көк Туымды кебінге,Айтам алғыс, желбіреттің көгімде!Жаһан бізді беске білсе егер де,Мұны есіңе ал, үлесің бар сенің де!

Алашымның батыр ұлы, бас алға!Отан даңқын асыра бер қашан да!Торуылдап жүрмесінші жолыңды,Тас атқысы келетіндер тасаңда...

Өрге тасың домаласын ылғи да,Құлдилама ешқашан да ылдиға.Жүрегімнің қалауымен жазылған –Шабытым шын, ағытылсын жыр-бұйда!

Намысыңды найза қылып алдың да,Атой салдың Америка алдында!Оңай емес – алапатпен алысу,Аққан терің ұқсап тұрды жаңбырға!

Қарсыластың қан жалаттың тұмсығын,Дегендей-ақ: «Қара күштің біл сырын!»Үсті-үстіне ауыр соққы жаудырып,Көздеріне үймелеттің мың шыбын!

Семсердейін сен сілтеген жұдырық,Тастағандай сағын оның сындырып.Шау тартты ма шабыты оның, алқынғанДүлей Дэнни жеңе алмасын білді ұғып.

Әккі арыстан алам деп те құнықты,Әккі арыстан шалам деп те үмітті...«Мың асқанға – бір тосқан» деп ақыры,Арпалыстың, салдың солай құрықты!

«Бұлай болмау керек қой?!» - деп елі іштен,Ала көзбен шығар, сірә, жеп-ішкен...Алты құрлық алдында да АлаштыңМерейін бір ете білдің сен үстем!!!

Айналайын, сені туған Анаңнан!Айналайын, сені туған Далаңнан!Бір Алладан күш пен қуат тіледім,Небір асу шығар әлі сан алдан...

Атан болған көлігіміз, ат болған,Дархан болған көңіліміз, ақ болған.

Һәм батырмыз, тарағанбыз сақтардан,

Сол қалпымыз – әлі күнге сақталған!

Page 45: №1 Журнал

45

Қашан да ел үмітін ер ақтаған,Қашан да ерге кенде емес далам.Сен астың асулардан жел аспаған,Сен астың бөгеттерден сел аспаған!

Ер туса сендей болып туылар ма?!Сен барда елдің Туы жығылар ма?!Дос пен дұшпан алдында рухы мығым,Қазақтың Шүменовтей ұлы барда!

Үміт күтіп әр Алаш шаңырағы,Десті бұл шын бұйырған Тәңір бағы.Америка төсінде атой салдың,Қазақтың қайсар туған қабыланы.

Көк түріктің көк долы тегі қонған,Майдан сайын ұрыста жолы болған.Тәй-тәй басқан әр үйдің сәбиіне,Ер Төстік һәм Бейбіттей болу арман!

Мына дала ұсақтап жатқанда азып,Сенің даңқың жер түгіл аспанға азық.Уақыт тұр қабағын қарс түйіп,Бейбіт жайлы ертеңге дастан жазып...

Жырын түнге жалғаған, әнін таңға,Ей, жас ұрпақ! Ерліктің жолын таңда!Күллі дала айтады рахмет,Сендей ұлды өсірген Әмірханға!

Сені күтіп әлі сан жол жатады,Өзің жайлы аңызын самғатады.Сендей ұлға толғатқан Сәуле анама,Ғасыр өзі ескерткіш орнатады.

Қашан да ел үмітін ер ақтаған,Қашан да ерге кенде емес далам.Сен астың асулардан жел аспаған,Сен астың бөгеттерден сел аспаған!

Қайым күнде қашалдың тасқа тірі,Жігерлі елдің жасымас жас батыры.Мен өзіңді осылай жырға қостым,Қабыл ал, қазағымның хас батыры!

Көп болғай бағындырар алда шыңың,Мен тілеймін сол шыңның жалғасуын!Жан-жүрегі Отан деп соққан ұлға –Бұйыртсын бір Тәңірім бар нәсібін!

Бауыржан Берікұлы

Page 46: №1 Журнал

46

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Сәбит Жұмабайұлы, «Өзге елде ұлтан болғанша, өз еліңде сұлтан бол» деген мақалды Сіз-бен тікелей байланыстырғым келіп отыр. Себебі, Жетісуда өсіп-өніп, бар білім-тәжірибесін туған өлкенің тұрақты да-муына жұмсап жүрген абзал жандардың бірісіз. Осы орайда өскен ортаңыз, жүрген жолыңыз туралы айтып берсеңіз...

Жұмақ мекен – Жетісу менің мақтанышым, менің елімнің мақтанышы. Мен Алматы об-лысы, Ескелді би атындағы ауданның Жоңғар Алатауының беткейіндегі Үшбұлақ деген жерде 1947 жылы 20 - мамырда дүниеге келіппін. Сөз реті кел-генде айта кетейін Ескелді би Жоңғар шапқыншыларына қарсы күресте ерен еңбек сіңірген, ел-жұртын басқаруда асқан ұйымдастырушылық қабілетімен қазақ тарихында бірегей орын алған адам. Абылай ханның бас кеңесші – уәзірі, Төле бидің

туған жиені. Ол туралы жазушы Ұ. Доспанбетовтың «Абылайдың ақ туы» атты екі кітабы жарық көрген.

Тауда отырған ата-анам күрекші болып жүрген бауырым Жайлаубайды атқа отырғызып, әкем ауылдағы фельдшерге жі-берсе керек. Бірақ фельдшеріміз біздің ауылдан басқа өзге өңірлерді қарап жүрген жалғыз адам болғандықтан таптырмай, мен туғаннан кейін ертеңіне шілдеханаға келіп отырып қайтса керек. Міне, содан кіндік қанымыз тамған асқар Алатау етегіндегі Екпінді деген ауыл-да ғұмыр кешіп, алғаш мектеп табалдырығын аттадым. Бұл ауылдан 4 сыныпты аяқтап, ауыл орталығы Жетісу орта мектебіне келдім. 1963 жылы алтын ұямен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алдық. 1968 жылы жоғарғы оқу орнын үздік бітіріп, халықтың игілікті мамандығы – журналис-тика саласына бет бұрдым. 80

жылдық тарихы бар, тағылымы мол «Жетісу шұғыласы» басылы-мына қызметке шақыртты. Мен қызметке келгенде газет редак-торы Рымтай Дәулетов «Еңбек Қызыл Ту» орденінің, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мәдениет қызметкері атанған бір-туар азамат еді. Аты алты алашқа мәлім Сәкен Сейфуллиннің көзін көрген Рымтай ағадан үйренгенім көп болды. Анда-мұнда газет-ке жазып тұратын мені Рымтай Дәулетов ағамыз журналистика саласының қыр-сырынан ха-бардар етті. Ол кісінің бүгінгі бастықтарға үлгі болар қасиеті – жастарды редакцияға көптеп тартуы еді. Мен де осы кісінің қанатының астынан түлеп ұшқан жастарының бірімін.

Сәбит аға, «Тау бала-сы - тауға қарап өседі» дей-ді. Осы орайда туған өлкеңіздің мәдениетін іргелілетуде өзіңіздің тікелей қолтаңбаңыз жа-

Қазақ жерінің қолқа жүрегі – Ұлытау десек, жер жәннаты Жетісу – жұмақ мекенің. Осынау Ала-тау төңірегіндегі жайлы Жер – Жетісу өлкесінің жайдарлы азаматтары мен азаматшалары бүтін Алашқа үлгі болғандар. Асыл топырақтан асыл адамдар шығатыны да заңдылық болар. Редакция ұжымы туған елдің дамуына бар күш-жігерін са-лып, аянбай еңбек етіп келе жатқан журналист, ел-ағасы Биболов Сәбит Жұмабайұлымен әңгіме құруды жөн көрді.

АҚ ҚАҒАЗ, КӨК СИЯНЫҢ

ҚЫР-СЫРЫНА ҚАНЫҚ ЕЛ-АҒАСЫ

Page 47: №1 Журнал

47

тыр. Бұл да өзіңіздің таудай талабыңыздың арқасында бо-лар?

Ұлт діңгегі - тілі, діні, ділі, мәдениеті, салт-дәстүрі. Мен атқарған қызметтер жұртымның игілігіне жараса адам үшін бұдан асқан бақыт бар ма?! Халқымыздың реформаторы Ахмет Байтұрсынов «халықтың тілі, көзі һәм құлағы - газет» деген. Біз де осы қанатты сөздің арнасында ел тынысын, хал-жағдайын күйттеп, керек жерге жеткізіп отырған жайымыз бар. Осы уақыттарда республикалық «Газет мазмұны мен баспалық көркемделуі» бойынша 4 мәрте қатысушылары, сонымен қатар Мемлекеттік басылым, баспа және кітап саудасы бойынша комитеттің жеңімпазы атандық. «Жетісу шұғыласындағы» еңбек жолымда біршама үзілістер болды. Өйткені мені 1981 жылы Ескелді аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындады. Бұл еңбек жолымда бір халықтық театр және үш халықтық ан-самблін ұйымдастырдым. Олар ауданымыздың ғана емес, республикалық, тіпті әлемдік сахналарда да өнерлерін паш етті. Атап айтсақ, Гвинея-Бисау, Моңғолия, Украина, Ресей, Қырғызстан, Қытай сияқты алыс-жақын шетел-дерде қазақ өнерін насихаттап, ұлттық шығармалармызды

қайта жаңғыртты. Өзіме жүктелген міндетті абы-роймен 1999 жылға дейін алып жүрдім. Біраз үзілістен кейін газет қызметін қайта қолға алдым. Қазір редакция ұжымында 9 адам еңбек ету-де. Біздің басты мақсатымыз – жастарды тәрбиелеу, жастарды шақырып, жұмысқа орналастырып, оларға тәлім-тәрбие көрсету болып табылады. Осыдан кейін өзіме ыстық «Жеті-су шұғыласы» газетінің ұжымына қайта оралдым. 1930 жылы алғашқы нөмірін

жарыққа шығарған газетіміз, Аллаға шүкір, бірнеше буынға куә болып, ел Егемендігінің 20 жылдығында бір де бір шығарылымын тоқтатпай, ғасырға жуық уақытты еңсеріп отыр. Со-нау 90-шы жылдары қиын-қыстау заман кезінде де жалақы алмастан қарызға, болмаса жұртқа ақысыз тегін таратып та жұмыс істедік. Газетіміздің тиражы Алматы облысы, Талдықорған өңіріндегі басқа газеттерге қарағанда, тара-лымы әжептеуір көп.

Егемен елдің 20 жылдығына ұжымыңыздың және өзіңіздің қандай тарту-таралғыңыз бар?

Мен өткен жылдар ішін-де 7–8 кітап жаздым. Олардың қамтыған тақырыптарына орай әрқайсысының өз орны бар. Ал еліміздің 20 жылдығына арнап, «Наркескен» атты екі томдық романымды жарыққа шығарғалы отырмын. Бұл өз өмірінде 24 ақынмен айтысып, соның біре-уінен де жеңілмеген Бақтыбай Жолбарысұлы туралы кітап.

Газет осы ауданның еңбекшілерін өнімді еңбекке, экономиканың артуына, әлуметтік жағдайының жақсаруына өзіндік үлесін қосып келеді. Оны білесіздер... Біздің әр нөміріміздің мақсаты - ауданның мәдени, әдеби, әлеуметтік, са-яси жағдайларын насихаттау. Жоғарыда өзім айтып кеткен-

дей жас журналистермен бірге еңбек етудеміз. Біздің Ескелді би атындағы ауданымыз сан қырлы. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі, мәдениеті қатар бір арнада тоғысқан, еліміздің үлгілі аудандарының бірі. Біздің ауданның жас жеткіншектері тау баурайындағы жасыл желекке бөленген құтты мекендерін қадір тұтады, осы ауданның болашағын өздерімен байланыстырады. Бұл мені қуантады. Біздің ұжымның Отанымыздың айтулы мерей-тойына білдірер сый-сияпаты - халықтың жеткен жетістігін елге жеткізу, жастарымызды теріс жол-дан тайдырып, өнегелі іске қалам күшімен баулу болмақ.

Сәбит Жұмабайұлы, қоғамда Сізді толғандыратын жәйт бар ма?

Мен өзім газет журна-лисі болғаннан кейін, мені толғандыратын мәселе жастардың осы журналистік салаға баруы. Баруын барады-ақ, бірақ оған қайта айналып соғуы екі талай. Өйткені, бұл заманда аяқты қайда бассаң да материалдық жағдайыңа тіреледі дейміз. Қаражаты аз болғандықтан, көбінесе басқа жұмыстың жетегіне кетеді. Осы мәселені қалай да шешіп, жур-налистерге жағдай жасау керек. Мысалға, «дипломмен ауылға» деген бағдарламаны күн сайын айтып жатыр. Ауылға барған жастар дәрігер болып, мұғалім болып жұмысқа орналасып жатыр. Оларға, әрине, көмек көрсетіледі, ақшалай қаражат бөлінеді, үй беріледі. Ал біздің мамандық иелеріне мұндай көмек атымен жоқ. Сондықтан, олар бітіруін бітірсе де, басқа сала-да еңбек етуге мәжбүр болады. Газет ұжымы, жастарымыздың тәлім – тәрбиесіне, өмір ағымына сай еңбек етуіне алаңдайды. Сол үшін жастар туралы көптеген материалдарды беруге тырысады. Жас буын өкілдерінің басындағы мәселелерін көтеруге, күнделікті атқарып жатқан істерін көрсетуге

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Ескелді ауданының қазіргі әкімі Қобылан Тоқбергенұлы Манапов (сол жақтан екінші) Тәуелсіздіктің 20 жылдығы медалімен марапаттауда

Page 48: №1 Журнал

48

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

тырысады. Қайырымдылық саласын-да да үлкен істер атқаруда. Басқа об-лыстарда акциялар жүргізіп жатады. Әрине, оған көмек көрсету бір жағынан, ал екінші жағынан оларды газет бетін-де көрсетуге, жүзеге асыруға үлкен үлесімізді қосып отырамыз. Ол үшін біздің арнайы айдарларымыз бар. Мы-салы, өткен жылдары ауыл шаруашылық өнімдері ауданымызда төмен деңгейде өндіріліп жатса, жылдан жылға оның әр гектарының берекелігі артып, алынған өнім, шығарылған тауарлар жақсарып, көбейіп келеді. Астық, мал шаруашылығы, қант қызылшасы болсын барлық салалар өрге басуда. Халық ала-тын өнімін агротехникалық шаруаларға сай етіп істеуді үйренуде.

Еліміздің астанасы Астана қаласы Азияның ішінде қандай көрікті көркем келбетімен дүние назарын өзіне қаратты. Бұл әрине, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген зор еңбегі дер едім. Мен аз уақыт ішінде осындай қала тұрғызған бір де бір елді білмеймін. Көрген де емеспін, оқыған да емеспін. Біз осын-дай кереметтей кең дүниенің тарихында қалатындай қала тұрғыздық. Бұл шын мәніндегі қазақ елінің мақтанышы дер едім.

Әңгімеңізге рахмет! «Жетісу шұғыласы» газеті өркендей берсін!

Әңгімелескен Мейрамгүл Құспан

P.S. Сұхбат дайындалып жатқанда, бізге қуанышты хабар жетті. Белгілі журналист, «Жетісу шұғыласы» газетінің бас редакто-ры Сәбит Жұмабайұлының «Нар-кескен» атты романы жарыққа шығыпты. Бұған дейінде Сәбит Биболовтың «Сыршыл жүрек», «Ұлы би ұрпақтары», «Жылдар жаңғырығы», «Біздің ауылдың адамдары», «Сұлу төрден төгілген жыр» сияқты бірнеше туындылары халық көңілінен шыққан. «Наркескен» де өз оқырмандарын табады деген ойдамыз. Сіздің кемімес қайрат, тозбас қажырыңыздың белгісі – жауһар шығармаларыңыз деп білеміз. Қаламыңыздың қарымы қайтпасын деген тілек білдіреміз.

Сұлтан Мырзабекұлы Дүйсембінов Ескелді ауданының Құрметті азаматы атағын беру салтанатында

Аңсар Тұрсынханұлы Мұсаханов (суретте) Алматы облысы әкімінің жүлдесін табыстауда

Жұбайы Бисара және немерелерінің ортасында

Page 49: №1 Журнал

Қазақ пен жылқыны егіз ұғым деп алсақ ешкім шүбә келтірмес. Бағзы заман-да қолға үйретіліп, адамзат қажетіне жараған әрі осы күнге дейін жарап келе жатқан жылқы ата-бабамыздың ең қасиетті, ең қадірлі түлігі. Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын мекен еткен Алаш баласының ты-ныс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өнер- білімі жалпы айтқанда бүтін өркениеті осы ер қанатымен ажырағысыз байла-ныста. Халқымыз төресіндей көретін жылқыдан өз жараты-лысына тән ұқсастық іздеуі, ұлтымыздың кеңпейілділігі мен парасаттылығының айғағы. Жер жүзінде ана құрсағынан еншісін алған сәттен бастап табаны жер иіскемеген мәрт халық бар болса, онда ол еш күмәнсіз қазақ халқы болар еді. Өйткені, қазақтың жарымай отырған кедей-кепшігінің өзінде кем де-генде бір «көк шолағы» болған.

Халық арасында асыл тұқымды жылқы - Қамбар ата атымен бейнеленеді. Қамбар

атаға еліміздің қарызы шаш-етектен. Жетер жолға көлік, ішер асқа қорек, батырға қанат, түнесе панасы болды. Бүгінгі халықаралық зерттеушілер «Қамбар ата ұрпағын тарихта тұңғыш рет осыдан 5500 жыл-дай бұрын қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген адам-дар қолға үйреткен» деген тұжырымдарын айтып отыр. Се-бебі, кәрі құрлықтағы тайпалар жылқының мән-маңызын енді түсіне бергенде, біздің бабала-рымыз су мен ауасыз тіршіліктің де болмайтынындай, жылқы малынсыз күн кешу мүмкін емес деген ұйғарымға келген еді. Осы орайда асыл табанды сәйгүліктеріміз асыл халықтың ұлттық брендіне айналуы тиіс. Халқымыздың нәрі - жылқының қымызы, қазы-қартасы, жал-жа-ясы.

Осы күнге дейін жылқы жанын түгел пайымдап, зерде-леп, халықтың өмір сүру фор-масына салып берген қазақтай ұлт жоқ шығар, сірә... Мысалы, жұдырықтай жұмылған, бірлігі көпке үлгі әулетті «айғырдың

үйіріндей», «Күш қайратың қайнап, әл-қуатын тасып тұрған жастық шақта ел-жер аралап, қыр-сырына қанық» деген ұғымды «Атың барда желіп жүріп жер таны, әкең барда еріп жүріп ел таны» деп халықтық мақалға айналдырған. Ер-жігіттің қайсар-қажырын «ішіне ер тоқымды ат сыяр» деп сипаттаса, сабырлы, салмақты, жұрттың ұйытқысы болып отырған, жаны жайсаң бәйбішені бес биенің сабасын-дай деп құт, берекеге теңеу қылған. Сонымен қатар бірін-бірі қайта көрместей араздасқан екі жақты «ат құйрығын кесті» деп білдірсе, ал татуласқан жан-дарды «ат тізесін қосты» деп табысқандығын жеткізген.

Тұлпардың бабын табу да үлкен ерлікке пара-пар. Бұған біз әдебиетші Наурызбай Ақбаевтың құрастыруымен жарыққа шыққан «Ата салтыңды аяла» атты туын-дыдан көз жеткіздік. Байырғы кезде тұлпар туған құлын бел-гілі бір мерзім бітпейінше ашық аспан астына шығарылмаған.

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

СӘЙГҮЛІКТЕР

СЫРЫ КӨП

49

Page 50: №1 Журнал

Күн сәулесі жаңа туған құлынға түндіктен ғана түскен. Құлынның жем-суында үлкен өзгешеліктер болады. Ерекше көңіл аударатын жәйт - оған құлын, тай, құнан кезінде сүт берілмеген. Сүтпен асырап бағудың өз жөні, жолы бар. Мүмкін болған жағдайда тұлпар болар құлынға алғашқы қырық күнде – қулықтың сүтін, екін-ші қырық күн бойы қысырдың сүтін емізеді. Алғашқы тоқсан біткен соң құлынға түрлі жылқы аурулары жұқпас үшін жеміне қызыл дәрі қосып береді. Жемге мұндай дәрі қосып беру XIX ғасырға дейін сақталған. Халқымыз оны «алтын күкірт» деп атаған. Ал Түркістан төңірегінің атбегілері сәйгүліктерінің жеміне жібек құртының қиын қосып беретін болған. Тұлпардың алты жас-та азу тісі жарыса, жеті жаста аршынын түзейді, сегіз жаста дене мүшелері толықсиды екен.

Тоғыз жасқа келгенде тұлпарды үйретіп, мойнына жібектен арқан сүйреткен. Осындай күтімнен кейін ғана тұлпар ке-меліне келеді дейді.

Тағы бір қызық дерек. Жақсы аттың түр-түсі де жақсы болады. Сол себепті, аттың қасиетін анықтау үшін оның бітіміне, жаратылысына байып-пен көз тоқтату керек. Жүйрік аттың сын-сипаты мынадай бо-лады екен: тісі аппақ, бір келкі, жұқалтаң әрі мығым. Төменгі ерні салпы. Танау қуыстары кең, биік. Көздері, кірпіктері қара түсті. Маңдайы жазық. Құлақтары ұзын. Құлақтарының арасы дөңес және алшақ. Мой-ны жұмыр, кең алқымды. Жалы сирек. Кеудесі кең. Омырауы ашық.

Түр-түсінің ең жақсысы - торы, құрма түс. Жиреннің ішінде алтындай жарқырағаны болады. Мұндай түсті аттың еріндері, көздері және кір-

піктері, жал-құйрығы қара болса, онда ол жақсы тұлпар анықтамасына сай келеді.

Көк түсті аттың көзі, кір-піктері, жал-құйрығы ақ түсті болса, аттың жаманы - сол. Ал мұндай аттың омырауы, аяқтары қара түсті келсе, онда оны жақсы тұлпарлардың қатарына қосқан дұрыс.

Сұр түсті аттың арқасы қара жолақты, аяқтары, көз-кірпіктері қара түсті болса, онда ол жақсы деуге лайықты. Ал ала түсті аттың жақсысы өте сирек.

Аттың жақсы бел-гілерін білумен қоса, жаман қасиеттерін де білген жөн. Енді аттың жаман қасиеттеріне тоқталсақ.

Керең ат. Керең ат басқа жылқының кісінеуіне жауап қайтармайды, тек құлақтарын артына жымита береді.

Солақай ат. Жетектеп қораға кіргізгенде немесе шығарғанда, солақай ат ал-

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 51: №1 Журнал

дымен сол аяғын қозғайды. Мұндай ат сүріншек келеді.

Тауықсоқыр ат. Тауықсоқыр ат қараңғыда табан астын көрмейді, жолдың жайлы-жайсызын аңғармайды. Көзі көрмейтін аттардың біразы күндіз көрмейді. Олардың көздерінің қарашығы көк бо-лады, кірпік қақпайды, көздері үнемі ашық тұрады.

Қыли ат. Сырттай қарағанда, аттың көзінің қылилығы кемістік сияқты көрінеді. Бірақ арабтар мен парсылар аттың көзінің қыли болып келуін жақсылыққа балаған. Әлидің дүлдүлі қыли болған деседі.

Ат сатып аларда осы айтылған белгілердің бәрін ескерген жөн. Аттың бойының тым аласа болмауына көңіл бөліңіз. Аттың оң жақ

қабырғаларының саны сол жақ қабырғаларының санына қарағанда артық болады. Егер аттың екі жақ қабырғаларының саны бірдей болып келсе, онда одан ешқандай да қыл құйрықты жануар оза алмайды екен. Сондықтан, ондай атты қандай қымбат бағаға болса да сатып алған мақұл.

Жылқының адам бойына күш, рух сыйлайтын айрықша қасиеті бар. Ол - намыс, ол –ұлттық сана-сезім, ол – тек-тілік рухы. Қазақ халқының ер-жігіттеріне ғана тән мінез-құлықтың қайнар бұлағы осы-дан басталған болар. Сәйгүлік баптау тек ұлттығымызды көрсету үшін емес, бүгінгі нарық заманында пайда көзі де болмақ. Мемлекетіміздің өзіне ежелден етене таныс, бұрыннан

ізі қалыптасқан шаруаны қолға алып, ұмытпай ұрпаққа ұтымды аманат ету кезек күттірмейтін іс.

Кішкентай бауырларымыз қолына түскен тал шыбықтан бастап, атасының сүйінер таяғы, тіпті апасының сабауы-на дейін жан бітіртіп содан арғымақ сәйгүлікке айналады да шығады. Ұрпақ алмасып, өмір жалғасатыны табиғи заңдылық. Мұны да қазақ «атам ат тұяғын тай басар» деген айшықты тіркеспен береді. Иә, алаш туын қабылдап алатын келер буынға ақ табанды асыл сәйгүліктерді ұлттық мүдденің айнымас сим-волы етіп тапсыру біздің міндет болмақ.

Мейрамгүл Айтуарқызы

51

Page 52: №1 Журнал

52

ӘР СӨЗДІ НАҚТЫ ІСТЕРГЕ ЖҰМСАУ КЕРЕК!

«Аспап» Өндірістік Кооперативінің жетекшісі.Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты.Қарағанды облысы ауыр атлетика федерациясының

президенті. «Қарағанды облысының үздік құрылысшысы».

«Ерен еңбегі үшін», «Шапағат», «Астанаға 10 жыл», «ҚР құрметті құрылысшысы» медальдарының иегері абзал азамат Әшімов Төлеген Мұқатайұлымен сұхбат төмендегідей болды.

Төлеген Мұқатайұлы, өзіңіздің бастамаңызбен ашылған кәсіпорныңыз Егемен елмен бірге жасап келе жатыр екен. Осы орайда құрылу тари-хы туралы айтып өтсеңіз?

Рахмет! Иә, еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағынан да оңай тимеген жыл-дары кірпішін қаладық десек те болады. Аты затына сай болсын деген үлкен ниетпен «Аспап» деген ат бердік. 1990 жылы небәрі бес жұмысшыдан құрылған

«Аспаптың» құрылыс өндірісінде бүгінде 300-ден астам адам табанды еңбек етеді. Сонымен қатар облыс көлемінде шектелмей республика аймағында сәулет-құрылыс жұмысымен айналысуға Мемлекеттік лицензияға ие болды. «Аспап» өндірістік ко-оперативі бүтін Қарағандының жиырма жыл бойы қарыштап дамуына сүбелі үлесін тигізіп келеді. Халықтың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де айтарлықтай жетістікке иеміз.

Құрылыс – жөндеу кооперативін-де 300 адамға 8 жер аумағынан бөлінген. Осы уақыт аралығында халық сенімінен шығуды біздің фирма өзінің басты парызы деп білді. Осының нәтижесі болар, тапсырыс берушілерден ешқандай шағым түскен жоқ. Тапсы-рыс берушілердің қатарында облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктер, салық комитеті мен қаржы полициясы, облыстық білім беру департамент-тері сияқты мемлекеттік маңызы бар органдар бар. «Аспаптың» халық мүддесінен шыққаны соншалық, екіжақты жасалған шарттар бұзылмады. Жыл сай-ын кәсіпорнымыз құрылыс-монтаждау жұмысы бойынша 70 - 80 келісім шартты іске асыруға кіріседі.

Атқарылған істер туралы толығырақ айтатын кез келген сияқты...

Халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Біздің ұжым болашақ ұрпаққа аманат болар түрлі объектілерді жаңа қалыпқа келтірді. Атап айтсақ, соңғы кез-дері «Аспап» өндірістік коопера-тиві Оңтүстік – Шығыс аумағынан рентгенді – флюрографиялық орталығын, №1 мешіт, 27 кот-тедж құрастырып, 100-ден аса мектеп пен 50 шақты қираған үйлерге жөндеу жұмыстарын жасады. Сонымен қатар біздің команда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған этнопарк нысанына, «Ұлытау» павильонына, «Шах-тер» стадионына, мемлекетіміздің орталық әскери штаб округіне белсенді атсалысты. Бізге сеніп тапсырылған үлкен істердің бір қатары ретінде «Балқашсүт» зауытының құрылыс жұмысы, жөндеуді талап етіп отырған көптеген мекемелер мен салық комитетінің сәулетіне, «Ақбота», «Ботакөз», «Балдырған» атты балабақшаларды қайта жөндеуден өткізу болды. Қарқаралы ауда-нына қарасты Матақ ауылына

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 53: №1 Журнал

53

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

220 оқушыға негізделген мектеп ордасы, «Жастар» спорт кешенін, Қарағанды қаласы 15-ші шағын ауданында орналасқан 4 қабатты тұрғын үй құрылысы, Жамбыл об-лысында 15 тұрғын үй құрылысы, Хоккей алаңының құрылысы, 12 ақпараттық – диспетчерлік пункттерді жөндеу жұмыстары, 10 шақты дүкен құрылысы, шағын және орта кәсіпкерлік иелерінің тапсырысы бойынша жанармай бекеттерінің құрылысы, Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлерге жылу жүйесін жүргізуде құрылысшыларымыз бар қажыр-қайратын жұмсады.

Төлеген аға, «Аспап-тай» үлкен ұжымды басқару, қызметін ұйымдастыру оңай емесі белгілі. Команданың бүгінгідей жетістікке жету жолының сыры неде?

Командалық жұмыс - қашанда оңайға түспейді. Себебі түрлі адамдармен бірлесіп еңбек еткен-нен кейін, бес саусақ бірдей емес,

өзіндік қиындықтары да болып тұрады. Ең бастысы мен жұмысқа қабылдағаннан кейін, ол адамға үлкен сенімділік білдіретінімді жеткіземін. Олармен еркін әңгіме-дүкен құрып, айтар ұсыныстары болса бірге қарауға мұрсат бе-ремін. Өмір болғасын рахаты мен ауыртпалығы қатар жүреді. Қызметкерлерім қандай да болма-сын қиыншылыққа тап болса, қай жағынан болса да көмек қолымды созуды борышым деп есептеймін.

«Аспап» өндіріс коопера-тиві халықтың сенімінен шығып отырса, онда ол басшылық пен еңбеккерлердің арасындағы сенімді қатынастың орнауынан болар. Техникалық-материалдық жағдайы сай жарақталған фирманың алға қойған мақсат-мүддесі зор. Компьютер орталығы іске қосылған. Жұмысшыларға арнайы 24 сағат бойы қызмет істейтін азық-түлік дүкенін ашып қойдық. Жергілікті билік «Аспапқа» үздік кәсіпорын деген марапатты бекерден берген жоқ.

Бұл да ұжымның жылдар бойғы маңдай терінің қорытындысы дер едім. Жергілікті билік органда-рында «Аспап» өндіріс коопера-тиві облыстың үздік кәсіпорны ретінде аталатын. Ұжым құрамында жоғары деңгейдегі өз ісінің нағыз шеберлері жұмыс істейді. Еңбек - өтелуі шарт. Әр сөзді нақты істерге жұмсау керек. Сонда ғана белгілі бір шыңды бағындырасың. Кооператив өз қызметкерлеріне жемісті қызмет етуге әрі жайлы демалуларына бар мүмкіндіктерді қарастырған. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану мақсатында фирма есебі-нен жаттығу залдарына жолдама береді.

«Аспаптың» келешек еңбегін жандандыратын жастар ғой...

Әрине, қазірдің өзінде білік-ті әрі тәжірибелі жастар біздің команданы тұрақты мүшелеріне айналуда. Жас мамандарды дайындау біздің ұжымның мін-

Page 54: №1 Журнал

деті. «Аспап» ӨК шеберлік мектептерімен тығыз байланыс жасап отыр. Базада жыл сайын студенттік құрылыс жасақтары ұйымдастырылады. Себебі білікті кадр – жетістіктің көзі.

«ҚР құрметті құрылысшысы», кәсіпкер әрі халық қалаулысы Төлеген Мұқатайұлы қандай отбасында тәрбиеленді екен?

Мен, 1958 жылы 1-ші қыркүйекте Қарағанды облысы, Егендібұлақ ауданы, Айнабұлақ ауылында көпбалалы отбасында

дүниеге келдім. Бір шаңырақтың иесі, бес баланың әкесімін. Еңбек жолымды Абай атамыздың атын иемденген ауылда электрик бо-лып бастадым. Отан алдындағы борышымды өтеп, Қарағанды мемлекеттік техникалық уни-верситетіне оқуға түстім. Оқуды аяқтағаннан кейін «Қазан рево-люциясына 50 жыл» шахтасында бетон құюшы, монтаж жасаушы сияқты бірнеше қызметтерді атқардым. Жүктелген міндеттерді тиянақты орындау мен ұтымды жұмыс істеудің арқасында, фирмаға ISO 9001 сапалы ме-

неджмент жүйесін енгіздік. Сондай-ақ «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесімін. 2003-2007 жылдар аралығында Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП облыстық саяси кеңестің өкілі. 2007 жылдан осы уақытқа дейін Қарағанды облыстық мәслихат депутаты қызметіндемін.

Салиқалы сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Ботагөз Тәжім

Аспаптың жетістіктері

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 55: №1 Журнал

«ІСКЕР ӘЙЕЛ»

Қазіргі таңда жұмысты да, үй шаруасын да қатар алып жүру көп адамның қолынан келе бермей-тіні ақиқат. Соның ішінде нәзік жандыларға ауыр тиетіні белгілі. Бүгінгі «Іскер әйел» айдары мей-ірімді ана, табысты еңбек иесі Досаева Зәуреш Кенжетайқызы туралы сыр шертпек. Бар өмірін ұстаздық жолға арнаған Зәуреш Кенжетайқызы қазіргі кезде «Ақылды бала мектебі» балабақшасының директо-ры әрі республикалық «Намыс» қоғамдық қорының президенті.

ӨМІРДЕ АШЫЛМАЙТЫН ЕСІК ЖОҚ!

Зәуреш Кенжетайқызы, оқырмандарымызға өзіңіз тура-лы айтып берсеңіз. Қай жерде дүниеге келдіңіз, ата-анаңыз қандай жандар еді?

Ақмола облысы, Астрахань ауданы, Жарсуат елді-мекенінде дүниеге келдім. Бұл ауылдың атын атағанда жүрегім елжіреп

кетеді. Әрине, әр адамға өзінің кіндік қаны тамған жері ыстық келетіні сөзсіз ғой. Ата-бабам осы аумақтан. Маған жарық дүние сыйлаған, өміріме қажет рухани азық пен тәлім-тәрбиесін бойыма сіңірткен ата-анам ұлағатты ұстаз болған жандар. Әкем Кенжетай партиялық қызметте болған.

Көп балалы отбасында өніп-өскендіктен бе, кең пейілділік қасиетімнің бастауы сол орта-дан басталды-ау деймін. Аллаға шүкір, әкем мен анам жеті баланы өсіріп-бақты, қоғамнан өз орны-мызды табуға үлкен серпін берді. Мен үйде үшіншімін, алдымда екі әпкем бар. Қазақта тұңғыш немересін ата-әжесі бауырына басқан ғой. Менің үлкен әпкем де әжеміздің қолында тәрбиеленді. Ал одан кейінгі әпкемді әкемнің ағасы ұлының қасына серік болсын деп өз қолына алады. Әпкелерімнен кейін анам мені өмірге әкеледі. Сол кезде әкем «Өзімнің балам болады, ешкімге бермеймін» деп құшағына алған екен. Менің атам 1937 жылғы сталиндік репрессияның құрбаны болып, әжеміз әкемді 8-сыныптан кейін білімін жалғастырсын деп оқуға жібереді. Кейін әкемнің айтуынша үйден бір шабадан-мен ғана шығыпты. Анасы оқуға

55

Page 56: №1 Журнал

түспей келуші болма деген соң, бар күш-жігерін оқуға салады. Негізі әкемнің екі ағасы да өте білімді кісілер еді. Бұл да әкеме үлкен өнеге болды деп есептей-мін.

Әкеңіздің қандай сөздері бүгінгі жетістігіңізге арқау бол-ды?

«Алладан басқа, ешкімнен қорықпа! Ашылмайтын есік жоқ! Белгілі бір істі қолға алсаң еш қорықпастан, соның жолына түсуің керек. Егер үрейің басым болса, ол істі бастамағаның жөн». Міне, осы сөздері менің жемісті еңбегімнің бастауына қанат бітірген. Өкінішке орай, әкем 1993 жылы жол апатынан қайтыс болды. Анам әлі күнге дейін ол кісінің елге сыйлы болғанын айтып отырады, бізге де халықтың мүддесі үшін еңбек етіңдер дейді. Әкемді сағынамын, әкем де осыны білетіндей. Әрдайым түсіме кіреді. Сол уақытта әкеммен қауышқандай, сағыныш мауқымды бір басып аламын.

Балаларыңыз туралы айтсаңыз...

Екі баланың анасымын. Аллаға шүкіршілік айтамын. Қызым Ләйлә тұрмысқа шықты. Ибрагим есімді немере-жиенім бар. Қызыма ол маған жиен болады десем ренжіп қалады (күліп). Жұмыстан шаршап келгенде былдырлаған қылығы, бар шаршағанымды жуып-шая-ды. Ұлым қазір студент. Аста-на қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университет-те білім алып жатыр.

Студенттік кездің тәтті жыл-дары қай жерде өтті?

Кеңес Одағы уақытында мына тұрған көрші елге шығу оңай емес-ті. Бірақ тағдырдың сыйы болар Украинадан білім алдым. Сол жерде 5 жыл бойы студенттік өмірдің қызығын да, шыжығын да бастан өткердік қой. Украинадағы педагогикалық инс-

титутты «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірдім. Оқуға аттанарда әкем мен ше-шем: «Сен қазақтың қызысың! Сол жақта қалып қоймай, елге оралып, халқыңа қызмет етуің керек» деген шартпен жібер-ген. Институтты үздік бітірдім. Целиноград педагогикалық институтының филология фа-культеті деканы Ғалым Асқаров ағам (мен ол кісіні өте қатты құрметтеймін) институттан кейін сонда қалып қоймай, өзімізге кел деген. Осылайша елге оралдым. Бірақ педагогикалық институт-та бос орын болмай, облыстық білім беру басқармасына бардым. «Қандай жұмыс болса да істеуге дайынмын. Тек бос орын қай жер-де бар, соны айтсаңдар болды» дедім. Басқарма бастығы Галина Викторқызы: «Сені қалай басқа өңірге жіберем, әкеңе «лайықты жұмыс орнын тауып беремін» деп уәде беріп қойған едім» деді. Қалада қалғым келмейді деген соң, кадр бөліміне бар деп кеңес берді. Содан бұрынғы Балқаш ауданы болған қазіргі Сандықтау елді-мекенінде бос жұмыс орны бар екенін естідім. Аудандық бөлімше бастығы Александр Яковлевұлы деген кісі таң қалып «сіз бізге қалай келдіңіз?» деді. Мен жұмыс істегім келетінін жет-кіздім. Ол бойымдағы жұмысқа деген ерекше ынтамды көрген болуы керек, бірден «ауданның бір ауылына мектеп директоры болып барасың ба?» деді. Мен жаңа ғана бітірген жас маманмын, сондықтан мұғалімнің қызметін ұсынсаңыз деген тілегімді біл-дірдім. Ол кісі көнбеді. Содан 8 сыныптық мектепке директор болып қызметіме кірісіп кеттім.

Қиын болмады ма? Әрине, ауыртпалықтар болды.

Кішкентай ғана мектеп. Мені алып қалу үшін аудандық басқарма да бар күштерін салды. Басымда баспана болмады. Алғашында бір бұрыштағы аудандық кон-тор бөлмесінде өмір сүрдім. Бір

аптадан кейін қайтып кетсем бе деген ойға да баттым. Ешқандай байланыс, көлік қатынасы дұрыс жолға қойылмаған. Бірақ, осы ойларыма тосқауыл болған бір жәйт – қысқы күні ауыл арасын-да көлік қатынамай, кете алмай қалып қойғам (күлді). Жұмыс істеп жатқан ауылға бір айдан кейін, әке-шешем келді. Ол кісілер мектепті аралап көрді. Аудан басшылығы қасымызда болды. Сонда әкем оларға «қызым мектепті, институтты үздік бағаға бітірген. Кішкентай ғана ауылда қалай жұмыс істей-ді?» дейді. Іштей «жасым болса жиырма төртте, ата-анама масыл болмай осы жерде қызметімді жалғастыра беремін» деген шешім қабылдадым. Әкем менің бір-беткей мінезімді біледі ғой, көп ойланбай: «Қаламын деп шешсең үш жыл қызмет істейсің. Сені бұл жерден ауыстыруға ешқандай көмек бермеймін», - деді де анам екеуі көлікке отырып кетіп қалды. Соңғы сөзді өзім айтқасын, алды-ма үлкен мақсат қойдым. Ол мек-тепті облыстық көлемде жоғары деңгейге шығаруды басты пары-зым деп санадым. Жас мамандар-ды тарту арқылы жақсы команда құруға тырыстым. Оқушылардың білімге деген құштарлығын оятуға, қоғамдық өмірге белсене араласуына деген ынтасын ояту үшін бар күшімізді салдық. Тіпті ауданаралық жарыстарда біздің мектептің аты аталса, басқалары іштей қобалжып тұратындай деңгейге жеткіздік қой. Осылай-ша үш емес, бес жыл уақыт еңбек еттім. Әкем менің өзінің қасында болғанын қалап, ауылға қайтып кел деді. Отбасыммен туған жері-ме оралып, мектепте, ауылдық білім беру бөлімінде қызмет жасадым.

Сіз ізденімпаздық қасиетіңізді әр жетістікке апа-рар жолым дедіңіз, осыны тара-тып айтып берсеңіз.

Мен педагог ретінде алдымдағы оқушыма өз жиған-

56

Page 57: №1 Журнал

тергеніммен қатар, ізденуге үйретуім керек. Әрі мен олармен бірге ізденіп отырамын. Аудандық мектепте қызмет істеп жүргенде, арнайы сынып ашып, жаңа бағдарламамен оқыта бастадым. Ақмоладан бақылаушыларды шақыртып, ашық сабақ өткізгем. Сонда Рима Шварц деген кісі: «Зәуреш, сен мұнда не істеп жүрсің?» - деді. Осылайша, «Астанадағы лицейге директор керек, жеке құжаттарыңды жібер» деп ұсыныс жасады. Бір уақыттан кейін хабар келді, мені осы қызметке қабылдады деген. 1999 жылдан бастап қоғамдық жұмысқа араласа бастадым. 2004 жылы Қазақ-Американ университетінің филиалын басқардым. Қазір ойлап қарасам, мен басқа салада қызмет істей алмайды екенмін. Баланы 18 жастан білім жолына түсіремін деген пікір қате. 3 жастан бастап баланың бейімі ашыла бастай-ды. Сондықтан, осы жастан осы бағытта қызмет еткен дұрыс.

Ал кәсіпкерлікке қалай келдіңіз? Әйел баласына ауыр жұмыс емес пе?

Педагогтар ешқашан бір жерде тұрып қалмайды. Үнемі ізденіс үстінде болады. Менің бүгінгі жетістігіме себепші

болған жанымдағы достарым, жақындарым, отбасым. Соның ішінде үлкен алғысымды Балнұр Қыдырбек есімді жан құрбыма білдіргім келеді. «Ақылды бала мектебі» балабақшасының жемісті еңбек етуіне бар қажыр-қайратымызды арнап жатқан жайымыз бар. Көбі бізге балабақшаға неге осын-дай атау бердіңдер деп жата-ды. Біздің міндет 1,5 жастан бүлдіршіндерді қабылдап, 3 жас-тан бастап эголитарлық білімге негіздеу арқылы, баланың икемін байқап, осы бағытта жұмыс істеу болып табылады. Қазіргі таңда балабақшамызда алпыстан аса бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. «Мүгедек балалар қоғамда өздерін не себепті тежеу ке-

рек. Не үшін олар тоқымашы, етікші сияқты мамандықтарда ғана оқуы керек. Жоқ, керсінше біздің жоғарғы оқу орындары осы мақсатта жұмыс істеуі керек деп ойлаймын. Сонымен қатар ата-ана қамқорынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмектесіп, рухани дем беру-мен «Намыс» республикалық әлеуметтік-ағартушылық қоры айналысып отыр. Қоғамнан өзіндік теперіш көретін мүгедек жандардың көзімен айналамызға қарауды әр адам өз борышына жатқызса игі.

Қайырымдылық - Сіз үшін

қандай ұғым? Және өзіңіз қайырымдылықпен айналыса-сыз ба?

Қайырымдылық – қайырымды іс жасау деген сөз. Қайырымдылықпен қалтасы қалың адамдар айналысады деп айтуға болмайды. Әр адам өз бетінше қайырымды болуға тиісті. Біздің халық жетімін жылатпаған. Бізде балалар үйі деген атымен болмаған. Қайырымдылық де-генде халық ақша, сыйлықтар деп түсінеді. Бұлар бір күндік. Бірақ бұл да еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан даму үдерісін көрсетеді. «Намыс»

қоғамдық қоры ата-анасыз қалған, бүгінде жалғыз әжесінің қамқорындағы үш балаға қол ұшын беріп отырады. Мен олармен кездескен сайын ба-рынша ақыл-кеңесімді беріп отырамын. «Сендер ер жет-кен кезде өз қызметтерің бо-лады. Ешқашан әжелеріңнің қайсарлығын ұмытпаңдар. Көмекке мұқтаж жандарға әрқашан көмек қолдарыңды созу-дан жалықпаңдар» деп айтамын. Біздің басты мақсат-мүддеміз – елімізде балалар үйін мейлінше азайту.

Алаш арыстары армандаған сайын Сарыарқаның төсіндегі Астана бүгінгі халқымыздың мақтанышына айналып отыр... Осы орайда өз пікіріңізді білсек.

Мен Киевте де, Мәскеуде де болдым, қазір Астанада өмір сүремін. Шетелден әріптестерім келгенде, міндетті түрде Аста-наны аралатып, кешкісін сазды субұрқақтарға апарамын. Олар суретке түсіп, таң қалып жатады. Ал 2004 жылы достарым Астанаға келгенде, бүгінгідей сәулет жоқ қой. Содан сендерге сайын даланы көрсетейін деп, Сарыарқа төсіне алып шықтым. Олар «Біз ешқашан Күннің сіздің жерде түнейтінін білмеппіз» деп таң-тамаша болған (күліп). Бұл, әрине, біздің ұлан-ғайыр даламыздың шетсіз де шексіз қүдіреті болса керек!

Әңгімеңізге рахмет! Ойға алған әр ісіңіз өз жемісін бергей!

Сұхбаттасқан Мейрамгүл Құспан

57

Page 58: №1 Журнал

58

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

БОЛАТ ОСПАНОВ:«ӨМІР ЖОЛЫМ – ТЕМІРЖОЛЫМ...»

Болат Мұсағажыұлы, бәрімізге ортақ жиырма жылдық мерейлі мерекеміз құтты бол-сын! Өзіңіз басқарып отырған «Алматы пайдалану локомотив депосы» осы ұлық мейрамды қандай жетістіктермен қарсы алып отыр?

- Әрине, Тәуелсіздік ұғымы біз үшін аса қымбат мерекелердің бірі. «Алматы пайдалану локомотив депосы» оңтүстік астанамыздың ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады. Біз халықтық – шаруашылық жүктер мен жолаушылар тасымалын қамтамасыз етеміз.

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына көптеген жұмыс істелінді. Елбасы Прези-деті Нұрсұлтан Әбішұлы На-зарбаев халыққа жолдаған Жолдауында еліміздегі өндірістік – инновациялық даму-ды жоғарылату керек деген. Сол үшін де біз қолымыздан кел-генше күш-жігерімізді аямай жұмыс жасаудамыз. Өзіміздің депоға масштабты түрде қарайтын болсақ, біздің ұжым бес ғасырлық модернизациялық локомотив «Еvolution» – ТЭ – 33А сериясымен жұмыс істеп келеді. Бұрындары біз тепловоздарды сатып алатын едік. Ал қазір Астана қаласындағы локомотивжинақтаушы зауыты барлық жұмысты жасайтын болды. Эксплуатацияда 53-ке жуық локо-мотив бар, ал 3-4-кварталдардың соңына қарай 100-ге жуық тепло-воздар болады деген болжам бар. Бұл - тепловоздар жоғары классты техникалық автоматизациялық басқару системасы. Бұл деген - локомотивті депоның өркендеуі ғана емес, сонымен қатар, еліміздің экономикасының жоғары деңгейге

Болат Оспанов - өте ашық әрі жанып тұрған жігерлі кісі. Бо-лат Мұсағажыұлы бізді өзінің өте еңбекқорлығымен, жұмысына деген үлкен сүйіспеншілігімен таңғалдырды. Төмендегі сұхбатта «Алматы пайдалану локомотив депосының» директоры Болат Оспанов журнал тілшісіне саланың қол жеткізген табыстары туралы әңгімелеп берген болатын.

Оспанов Болат Мұсағажыұлы 1950 жылы 21-қарашада Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. 1985 жылы «Қайнар» университетін, 2000 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын бітірген.

Теміржол саласында түрлі басшылық қызметтер атқарған. 2001 жыл 2-желтоқсаннан бастап Локомотив АҚ филиалы «Ал-маты пайдалану локомотив депосының» директоры.

«Құрметті теміржолшы» белгісімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Аягөз ауданының «Құрметті азаматы».

Page 59: №1 Журнал

59

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

көтерілгенін көрсетеді. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдарында біз «Тальго – Тұлпар» пойызы және де Астана мен Алматы қалаларымен байланыстыратын КZ 4А элек-тровозын алдық. Тәуелсіздіктің арқасында жетістікке жетіп, өсіп-өркендеп келеміз.

Адамдық капитал бұл жетістіктің белгісі екенін білеміз. Алматы эксплуатациялық ло-комотивті депо серіктестеріне қандай талаптар мен жеңілдіктер қарастырылған?

- Бізде 870-ке жуық адам жұмыс істейді. Олардың барлығы «Нұр Отан» партиясының өкілдері. 2012 жылға жұмысшылар санын 1000 - ға дейін өсірмек ойымыз бар. Біз теміржол колледжі, көлік және коммуникация академиясы-мен тығыз жұмыс жасаймыз. Олар бізге мамандар даярлайды. Біздің

жұмысшылардың қолдары алтын. Қолдан келгенше көмек беруге тырысамыз. Біздегі инструктор-машинистер Америка мен Қытайда тәжірибеден өтеді. 428 зейнет-керіміз бар. Қызметкерлеріміз көптеген конкурстарға қатысып, жүлделі орынға ие болып келеді.

Білуімше, сіз еңбек жолыңызды слесарь мамандығынан бастапсыз. Осы жетістікке жеткендегі құпияңызды айтсаңыз?

- Менің өмірім теміржолмен тікелей байланысты. Мен темір-жолшылар отбасында дүниеге келгенмін. Әкем әйгілі Түрксіб құрылысының қатысушысы. Зей-неткер болмас бұрын, ол слесарь болып жұмыс істеген. Бесінші сыныпта оқып жүргенімде, неге екенін білмеймін, мен өзімді темір-жолшы екенімді елестетінмін. Дана

халқымыздың «Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілерсің» деген ұлағатты сөзінің мәні осы шығар, сірә! Сондықтан да, міне, менің осы салада жұмыс істеп жүргеніме 40 жылдың шамасы болып қалыпты. Меніңше, өз қызметіңді сүю керек. Жұмыс оңай емес. Теміржолдың тәртібі – темірдей! Қазақстан үшін, теміржол үшін әлі де көптеген жұмыс жасағым келеді.

Сіздіңше, адам бойында ең басты қасиеттер қандай болу керек деп ойлайсыз?

- Эзоп айтқандай «Еңбек ете білудің өзі – байлық» деген. Мен тек басшы ретінде ғана емес, жал-пы адам ретінде шыншылдық пен еңбекқорлық қасиеттерді жоғары бағалаймын. Жауапкершілік бол-са деймін. Өз мамандығыңды қадірлемесең, жетістікке жетпейсің…

Отбасыңыз туралы айтып берсеңіз...

- Мен үшін отбасым әрқашан да киелі. Құдайға шүкір, менің бес балам бар, оның үшеуі - ұл, екеуі – қыз бала. Немерелерім бар. Бос уақытымда кітап оқимын. Бұл сала үнемі оқумен айналысуды талап етеді. Біреулер аңшылықпен, балық аулаумен айналысса, мен болсам бос уақытымда отбасыммен болсам деймін.

Егер де мүмкіндігіңіз болса, өміріңізге нендей өзгеріс жасар едіңіз?

- Мен бақытты жанмын. Өміріме өзгеріс енгізудің еш қажеті жоқ деп ойлаймын. Менің жолым болғандай… Мен өз саламды жақсы көремін. Аллаға шүкір, қанағат деймін. Мамандық таңдауда жолым болғандай…

Сұхбатыңызға рақмет, сәт- тілік тілеймін!

Әңгімелескен Бауыржан Берікұлы

Page 60: №1 Журнал

60

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Біздің дәстүр - біздің мақтанышАта-баба қанына сіңірген

Жақсы ғой достым, салтыңды білген,Салтыңды білген-халқыңды білген,

Ынтамен оны сен де кел, үйрен!

Асар (салт).«Ауылға асар жасататынын

хабарлайды». Бір отбасының қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адам-дары «асарға» шақырылады. Қазіргі тілмен айтқанда «көмекке шақыру» деген сөз. Мысалы - үй көтергенде, егін еккенде, шөп шабуға, тағы сол сияқты көлемді, ауыр істерге шақырылады. Асарға шақырушылар яғни көмекке шақырушылар еңбегінің ақысын талап етпейді. Оның есесіне асарға шақырған адам оларға ар-наулы мал сойып, қымыз құйып, жақсы ас әзірлеп, тойғызады. Асар салты - қазақ халқының ұйымшыл, ынтымақта қызмет істей алатындығын көрсетеді. Мұндай жақсы дәстүр ел ішінде әлі да сақталған. Айрылысар көже (салт).

Көрші қонғанда «ерулік» беріп, қыстай немесе жаздай бірге отырған, сыйласқан отбасылар қоныс аударып бөліне көшкен жағдайда олар енді «айрылысар көжеге» шақырады. «Көже» деп атағаны болмаса, сыйлы, сыбағалы

табақ тартылады. Олар бір-біріне ризашылығын білдіріп, «ұрыспай айрылған ұялмай қосылар» деп тағы да аман-сау қосылуға тілек білдіреді. «Айрылысар көжені» әдетте басқа жаққа қоныс аудара-тын отбасы береді.

Алтыбақан (дәстүр, ұлттық ойын).

«– Бәрекелді, мына қызықты қара! Мынау ауыл алтыбақан теуіп жатыр» ( М.Әуезов). Алтыбақан - ұлттық ойын болғанымен, оның салт-дәстүрлік маңызы одан гөрі жоғары тұр. Кешкілік ауылдың қыз-жігіттері аулақтау жерге

алтыбақан құрып, ойын-сауық жасайды. Бұл жастардың өнерін, ойын, көзқарасын, танымын қалыптастыруда зор тәрбиелік қызмет атқарады. Әншейінде «қызға қырық үйден тыйым» дейтін қазақтың қыздарын алтыбақанға жібермеуге хақы жоқ. Алтыбақанда жастар жағы ән салып, түрлі ойын ұйымдастырып, түн ортасына дейін сауық жасай-ды. Ант (ғұрып).

«Антпенен тарқайды, жиылса кеңеске» (Абай). Ант, серт, уәде - халқымыздағы сенім кепілінің көрінісі. Ант жаудан өш алу, еларалық уәде, келісім, адалдықтан айнымау сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана айтылады. «Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда?!» деген жерде еш адам анттан аттап кете алмаған. Ел ішінде ант бұзған адамды – «ант атқан» деп жек көреді. Ант - адалдың өзі. Бірақ «адал болсаң да ант ішпе» дейді қазақ. Базарлық (дәстүр).

Алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адам-

Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музы-ка мәдениетінен, би өнерінен, қолөнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән-күйлерді тыңдай отырып, билерін, ою-өрнектерін, зергерлік әшекей заттарын көре отырып, оның қай ұлтқа тән екенін ажырата білуге болады. Осылайша қазақ ұлтын да оңай ажыратуға болады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері осы ұлттың мінез-құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Той - думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт - дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді. Енде-ше «Біздің дәстүр - біздің мақтаныш» атты айдарымыз осы мақсатта қызмет атқармақ. Ұлтымыздың салт-дәстүрі,

әдет-ғұрпын жастарға үлгі-өнеге етіп насихаттауды басты парыз санадық. Тұрмысқа қажетті салт-дәстүрлер мен қызықты ырым-тыйымдарды журналдың әр санынан осы айдарымыздан таба аласыз!

Page 61: №1 Журнал

61

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

дар жерлестеріне, үй ішіне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады. Байғазы (дәстүр).

Байғазы - балалардың, жастардың жаңа киімі үшін, оқуға түскенде, жаңадан үй немесе көлік алған сәтте берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Бауырына салу (ғұрып).

Баласы жоқ адамдар біреудің баласын асырап алуы яғни «бауы-рына салуы» ежелден бар қағида. Мұның да жөн-жоралары бар. Мысалы, жаңа туған баланы асы-раушы анасы шаранасымен етегіне салып алады. Қазақтың ежелгі заңы бойынша асыраушы адам жаңа туған балаға атын қойып, оң қолына асық жілік ұстатады. Асық жілік ұстаған бала сол үйдің баласы деп есептелінеді. Кейде баланың өз әке-шешесі балаға

таласқан жағдайда асыраушы адам «оң қолына асық жілік ұстатып едім ғой» деп дауласады. Бұл үлкен дәлел, куәлік есебін-де жүреді. Алайда, бала қайтыс болған жағдайда оның туған әке-шешесінің аты айтылып, жаназасы шығарылады. Кейде ата-әже өзінің бірінші немересін «бауырына салып» алады. Бірақ ол асырап алғанға жатпайды. Бата (бата беру, бата алу).

«Батаменен ер көгерер, жауын-менен жер көгерер» (мақал). Бата – халықтың рухани қуат алатын құдыретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, талапты жастарға, көптің жүгін көтерген адамдарға немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ел ақсақалдарының ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.

Сонымен қатар, халқымызда «теріс бата» деген де бар. Бұл «бата» деп аталғаны болмаса қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. «Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып

тұр... Бұл теріс батаның, қарғыс батаның белгісі» (М.Әуезов). Беташар (ғұрып).

« - Уа, халайық! Енді беташар тыңдайық!». Жаңа түскен келінді «беташар» жасалмай ешкім көре ал-майды. Оны көру үшін әдейі «бета-шар» жасалады. Мұнда «беташар» жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар «көрімдік» береді. Бет ашатын жігіт ән-жырды желдірте, көңілді көтере төгуі керек.

«Келін келді, көріңіз, Көрімдігін беріңіз.Анау-мынау демеңізТүсін айтып қойыңыз», - деп

бастаған асаба жігіт жас келіннің аталған жақындарына лайық әзіл-қалжыңдарын араластыра, «көрімдік» сұрап, жұртты көңілді күлкіге қарық қылады. Жеті ата (ғұрып).

«Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер!» (мәтел). Әр адам өзінің жеті атасын білуі – көрегенділік пен білімділігін,

Page 62: №1 Журнал

62

ата көргендігін танытады. Білмесе «жеті атасын білмейтін жетесіз» деп сөккен. Жеті атаны үйрету – әр ата-ананың басты борышы. Мыса-лы: өзі, әкесі, атасы, бабасы және онан арғы ата-бабасының есім-дерін білу – жеті атаны білу деген сөз. Шашу (ғұрып).

Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да, салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс са-пардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шаша-ды. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады. Көз тию (ырым).

«Бір тойда диуананың көзі тиіп, кезінде құлыншақтай ол

да өлді» (И.Байзақов). Қазақтың ұғымы бойынша жақсы адамға, жас балаға, жүйрік атқа, сұлу қызға көз тиеді деген ұғым бар. Ондай адамдарға «көзі бар» немесе «назар керде» дейді. «Кісі еді назар керде Кенесары, көзінің қарағанда өтті зәрі» (Наурызбай-Қаншайым). Ас тойларда шыққан палуанды, жүйрік атты көзге көп көрсетпейді. Ажары әдемі жас сәбилердің беті-не күйе жағып қоятын да ғұрып бар. Біреулер жас келінге, сәбиге сұқтана қараса «көзің тиеді, түкір» деп түкіртіп алатын да ырым бар. Көз тисе «сұқ-сұқ» деп, тіл тисе «тіфә-тіфә» деп, немесе біреуді мадақтағанда «тіл-аузым - тасқа» деп ырымдайды. Көрімдік (салт).

Жаңа туған балаға, жас келін-ге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі.

Мұның маңызы - алып, беруде ғана емес, жақын-жуықтың адамгер-шілігін, ниетін, ашыққолдылығын танытудың белгісі ретінде қаралады. Жоғарыда айтылған байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады. Қалжа (ғұрып).

Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып, берілетін тамақ «қалжа» деп аталады. Жақын адам-дар да «қалжа» әкеледі. Бұл - әрі сыйластық, құрмет, әрі босанған әйел тез сауығып кетсін деген мақсаттан туған елдік дәстүр, ғұрып. Қарашаңырақ (дәстүр).

Үлкен балалары отау тігіп, бөлек шыққанда ең кенже ұл әкесімен бірге қалады. Әке-шешені асырау осы кенже ұлдың міндеті. Әкесі бар кезінде де, немесе ол қайтыс болғаннан кейін де осы үй «қарашаңырақ» деп аталады. Бұл - «үлкен үй деген мағынаны білдіреді». Егер «қарашаңырақ» батыр, би, әулие, молда т.б. кісілердің үйі болса, онда сол ауылдың адамдары алыс сапарға шықса, немесе алыстан адам келсе сол үйден ырым қылып дәм тата-ды. Құда түсу (дәстүр).

Ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан жақсы әрі жарасты дәстүрлердің бірі – құда түсу. Жігіттің әкесі неме-се оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бой жеткен қызын сұрайды. Құдалар - құрметке лайық сыйлы адам сана-лады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі көп, мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр тағы басқа ырым-дары мен кәде алымдары болады. Құдалықты басқарып барған адам «бас құда» деп аталынады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне «бауыздау құда» деп аталады.

Айдар жүргізушісіМейрамгүл Айтуарқызы

№ 1 (1) 2012ТƏУЕЛСIЗДIКТIҢақ таңы

Page 63: №1 Журнал

Әлімқұл Молдасейітовтың есімі 2011 жылғы «Қазақстанның үздік адамдары» энциклопедиясында «Эко-номика көшбасшылары» айдарының тізіміне енгізілді. Анықтамалықтың құрастырушылары Әлімқұл Молда-сейітов басқаратын «Отау – Строй» компаниясы ел экономикасына елеу-лі үлес қосқанын көрсетіп, бағалады. Компания Ресей, Словения, Түркия, Корея, Қытай елдерімен қарым -қатынастарын нығайтып, жаңа тех-нологияларды енгізу жұмыстарында көп істер атқарып жатыр. Бұл туралы ақпарат анықтамалыққа кіргізілген. Сонымен қатар аталмыш компания ҚР құрылыс жұмыстары жөніндегі агент-тік және ҚР Архитекторлар Одағы тарапынан мақтау қағаздарымен ма-рапатталды.

«Отау – Строй» компаниясы жасаған жұмыстары арқылы өз күшін көпшілікке дәлелдей алды. Енді компанияның алдындағы мақсат – бұдан да үлкен жетістіктерге жетіп, тамаша жоба-лар жасау.

Әлемдік дағдарыстың шырмауына түскен кәсіпкерліктің бірі – құрылыс саласы болды. Тек қаржылық қоржыны толық, айтулы абырой жинаған мықты компаниялар ғана аяққа тұрып кете алды. Осындай ірі компаниялардың бірі – «Отау – Строй» компаниясы. Компанияның алғашқы қадамы коммерциялық сипаттағы жаңа үлгімен тұрғын үйлер тұрғызудан басталған еді. Бұл құрылыс нысандары Шымкент қаласы және облыстың басқа да аймақтарына салынды. Өңірдің әр жерінде бой көтерген заман талабына сай баспана үлгілері бүгінгі таңда ОҚО-ның бетке ұстары болып отыр. Осынау аз уақыт ішінде облыстағы алпауыт компанияға айналу қаншалықты қиын болды? Осы және басқа да сұрақтарға «Отау – Строй» компаниясының бас-шысы Әлімқұл Молдасейітов мырза жауап қатты.

ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМДАР

63

Page 64: №1 Журнал

64

Әлімқұл Құсайынұлы, әңгімені өзіңіздің өмір жолыңыздан бастасақ.

Мен Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында туылдым. Көп балалы отбасын-да тәрбиелендім. Он баланың кенжесі, қара шаңырақ иесімін. Алдымда ағаларым мен апаларым бар. Әкем Құсайын Молдасейі-тов мал баққан кісі. Кеудесіне «Еңбек Қызыл Ту» орденін таққан және басқа да медальдармен марапатталған. Жамбыл облыстық халық депутаттары Кеңесіне сайланған. Есімде қалғаны – әкеміз ат үстінен түспеуші еді. Сондықтан, бала кезімде әкемнің тынымсыз еңбек еткені көз алдым-да. Ол кісі ел арасында сыйлы, кеңпейілді әрі әділетті жан бола-тын. Ауылдастар үнемі ақыл сұрап, кеңесіп келіп тұратын. «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» дегендей, бүгінге дейін ол кісіні таныған адамдарды жолықтырған кезде әрқайсысынан әкеме де-ген сыйластық отын көрем. Әкем өмірден өткенде мен не бары төртінші сыныпта оқушы едім. Алайда, мен сол кездің өзінде әкемнің берген тәлімін бір сәт те ұмытқан емеспін. Содан кейін бізді анам өзі жалғыз аяққа тұрғызды.

Бізге әкесіз өмірдің қиыншылығын көрсетпей, бойындағы бар күш-жігерін жұмсады. Қолынан кел-генін жасады. Нәтижесінде бір-бір азамат қылып тәрбилеп шықты. Үйдің кенжесі болғандықтан мен анаммен бірге тұрдым. Анам менің жан досым болған адам. Біз ол кісінің алдында өлшеусіз қарыздармыз. Бауырларымыз-бен арада қашанда татулық, сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік бар. Соның арқасында алдымызға айқын мақсат қойып, бүгінгі күнімізге жетіп отырмыз.

Алғашқы мамандығы -ныз – заңгерлік. Сонда құрылыс саласына қалай келдіңіз? Мүлдем басқа саланы қанша уақытта игеріп кеттіңіз?

Мектеп бітірген соң колхоз-да жұмыс істедім. Кейін сауда-мен айналысып, бизнесте бақ сынап көрдім. Бауырларыммен ақылдасып, ойлана келе, жиырма бес жасымда 1996 жылы ҚазҰУ-ге түсіп, заңгер мамандығын алып шығамын деп шештім. Бұл қадамға өз қалауыммен бар-дым. Заңгерлік бағыт мені аса қызықтырған соң, оқуды қызыға да құштарлана оқыдым. Оқу бітірген соң Ақтөбе, Алматы

қалаларының прокуратураларын-да қызмет атқардым. Құқықтық- демократиялық мемлекеттің дамуында аса зор рөл атқаратын ортада жұмыс істеп жүргенімді абырой деп білдім. Себебі, про-куратура мемлекет атынан заң нормаларының орындалуын қадағалап, құқыққорғаушылық қызмет атқарады. Прокуратура қоғамда ауқымды рөл атқарып отыр. Мәселен, бүгін елімізде жемқорлыққа қарсы талай іс-шаралар жүзеге асуда. Мысалы, Жоғарғы соттың бірнеше судьялар тобы қызметінен аластатылды. Бұл осыдан бірнеше жыл бұрын шырмауын шешу мүмкін болмаған қылмыс түрі. Менің ойымша болашақта жемқорлықты да жеңе аламыз. Өйткені, мемлекеттік билік нығая түсті. Халық заң жағынан әлдеқайда сауаттанып, өз құқығын толық қорғай алатын деңгейге жетті.

Ал, заң саласынан кетуіңізге не себеп болды?

Бұл маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі. Негізі, адамдар-ды прокуратурадағы қызметтен кетпейді деп жатады. Бірақ, адам моральдық тұрғыдан алғанда өзі анағұрлым көп пайда әкеле алатын,

Page 65: №1 Журнал

65

өз жанына және жақындарына ыңғайлы жерді, белгілі бір ортаны қажет етеді. «Отау – Строй» - отбасылық бизнес. Бұл бизнеске мені ағам шақырған болатын. Ұсынысын бірден қабыл алып, ағама қолғабыс етуге кірісіп кет-тім. Мен құрылыс саласына елдегі қызу құрылыс науқаны үстінде тап болдым. Өз алдына дербес мемлекеттің қалыптасуының бір кезеңіне қатысу мен үшін үлкен абырой болды. Құрылыс – қайырымы мол кәсіп. Себебі, тұрғын үй, мектеп сияқты халық қажетіне жарайтын нысандар-ды саламыз және ол кейінгі ұрпаққа мұра болып қала береді. Алғашында Алматы қаласында орналасқан компания өкілдігін басқардым. Маркетинг жүйесімен жұмыс істеп, құрылысқа лайық жер учаскелерін тауып, оларды заңдастыру және құрылыс матери-алдарын іздеу жұмысымен айна-лыстым. Кейін бизнесті өркендету мақсатымен Шымкент қаласына көшіп бардым. Шымкенттегі ОҚМУ-нің құрылыс факультетін бітірдім.

Сіз келген жылы компания қаланың Қонаев бульварында «Отау» элиталы тұрғын үйін са-лып жатқан болатын. Басталған құрылысқа басшылық ету қиын болмады ма?

«Отау» тұрғын үй алабыңда коммерциялық секторлар мен жерасты автотұрақ орналасқан. Құрылыстың бастапқы кезеңінде пәтерлердің басым бөлігінің ақшасы қаржылық дағдарысқа дейін үлескерлер тарапынан төленіп қойған болатын. Бұл біздің компания және ОҚО бірін-ші рет қолданылған тәжірибе болды. 2008 жылы бұл құрылыс нысаны Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке көрсетілген болатын. Премьер-министрдің қатысуымен өткен Құрылыс компанияларының басшыларымен кездесу кезінде ОҚО құрылыс нысандарын тап-сыру және қаржылық жағынан еш қиындық болмағаны айтылып өтті.

Осы бульварда салынып жатқан 13 қабатты тағы бір үй халықтың қолына тапсырылды. Менің ойымша осы жұмыстар дағдарыс кезінде мүлтіксіз орындалған соң, компания өзіне тиесілі абырой жинай алды. Себебі, қаржылық қиыншылыққа тұншығып қалған кейбір құрылыс компаниялары халыққа қарыз болып жатты.

Конаев көшесінде бой көтерген үйдің құрылысына тұрғындарының көңілі толды ма?

Әрине, бәріне бірдей жағу мүмкін емес. Бірақ, сапа жағынан қатаң қателіктер кеткен жоқ. Өз тұтынушыларымызға біз-бен бірге болып, жұмысымызды мойындағандары үшін үлкен алғыс айтамын. Біздің салған үйлеріміздің барлық пәтерлері сатылып кетті. Қазір салынып жатқан құрылыс орындарында пәтерлердің 70% сатылып үлгерді. Бұл көрсеткіш халықтың бізге деген сенімінің айқын дәлелі. Мамандардың бағалауынша тұрғызылған 10 қабатты үйлер Шымкент қаласының архитекту-расына қазіргі замандық көрініс берді.

Компанияның бүгін салып жатқан нысандары турасында не айта аласыз?

Мәделі қожа көшесінің бойында 144 пәтерлі үй, Қонаев-Ватутин көшелерінің қиылысында пенхаусы бар 8 қабатты бірінші классты жоғары үй тұрғызылып жатыр. Ол нысанда пәтерлер саны 50 ғана, өңдеу технологиясында жаңа тәсілдер қолданылуда. Бұл жоба шығыстық үлгіде жасалы-нып, дизайнға ұлттық оюларды енгіземіз деп отырмыз. Біз орталық көшені салып жатырмыз. Бұл бізге жүктелген ең үлкен жауапкер-шілік. Үйдің маңайында болатын аула көлемі өте кең. Сондықтан көгалдандыру, балаларға арналған орын тағы басқа қоғамдық қолданыстағы қажеттіліктерді келістіріп салу жоба

бағдарламасында қарастырылған. Компания тұрғызған

нысандардың ішінен Шымкент қаласындағы Қазығұрт ықшам ауданында салынған 1200 орындық мектепті ерекше атап өткім келеді. Мектеп қазіргі заман талаптарына толық жауап бере алады. Мек-теп құрылысына республикалық бюджеттен 1 млрд. 400 млн. теңге қаржы бөлінді. Онда үлкен алаң, жабық спортзал, толық жабдықталған зертханалар мен мамандандырылған физика, химия кабинеттері бар. Оқу орны толық компьютерлендіріліп, интернет-ке жалғанған. Мектепті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі ашты. Президент өз сөзінде: «Индустри-яландыру бағдарламасын жүзеге асыруда мемлекетке заманға сай білімді мамандар қажет. Ол ма-мандар осындай мектептерде білім алуы тиіс», - деді.

Әлімқұл Құсайынұлы, сіздер ұжым болып аса қиын жобалардың бірі – су құбырын жүргізуді іске асырдыңыздар. Ол «Алпамыс батыр» елді-мекені мен оның жанындағы жеке ша-руа қожалықтарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.

Иә, әрине. Бұл басында күмән тудырған жоба болатын. Мамандар бұл жобаның техникалық есеп-теулеріне аса күмәнмен қарап, мүмкін емес жоба деп бағалады. Тығыз орналасқан елдімекенде ағаш көп отырғызылған, электр желілері мен асфальт арқылы жүргізу қиынға соғатыны әуел бас-та белгілі болды. Жобаның ерек-шелігі – 12 шақырымдық жабық су құбырының Ашынай каналынан Сарыағаш санаторийі арқылы Алпамыс батыр ауылына тар-тылды. Диаметрі бір метрге тең 12 шақырымдық құбыр арнайы тапсырыспен Мәскеуде жасалды. Жобаны дәл уақытында орындап, ауыз судан тапшылық көрген ауыл тұрғындарының қажеті ашылды.

Мықты құрылыс компанияларының өз алдына

Page 66: №1 Журнал

66

жеке материалдық -техникалық базалары бар. «Отау-Строй» компаниясы солардың ішіндегі жақсыларының бірі. Сіздерде әрі қарай дамудың жоспары қандай?

Компанияның материалдық-техникалық базасына қатты көңіл бөлеміз. Біз гравин құм өндірумен айналысып жатыр-мыз. Одан алынған шикізатты өндеуден зауытта клинец, құм, бетон, миксерлер, бетоннасостары өндіріледі. Біздің өз автопаркіміз-де техниканың жүз данасы бар. Пеноблок шығаратын зауытымыз қарқынды түрде жұмыс атқарып жатыр. Онда шығарылатын өнімді өз құрылыстарымызда кеңінең пай-даланамыз. Пеноблок бұл қазіргі заманғы құрылыс материалы, арнайы технологиямен жасалына-ды. Шымкент қаласында құрылыс материалының бұл түрі он жыл-дан астам уақыт қолданыста жүр. Мамандардың айтуы бойынша пенобетон гигиеналық тазалық жағынан ағаштан кейін екінші орында тұр. Оның құрамындағы көп тесіктер, материалдан салынған үй қабырғаларының демалып тұруын қамтамасыз етеді. Шымкент қаласында қолданыста болмаған диаметрі 630 мм не-міс технологиясымен жасалатын құбырлар шығарып жатырмыз.

Құрылыстың болашағы жаңа технологиялар өрісін кеңінен қолдану екенің компания жақсы түсініп отыр. 2011 жылы оңтүстік Кореялық «SPEKO» зауытын іске қостық. Зауыт сағатына 120 тонна асфальт шығара алады. Бұл бүгінде қолданылып жүрген асфальттан әлдеқайда сапалы материал. Асфальттың бұл түріне су сіңу қаупі аз, ыстықтан, суықтан қорғанышы мықты.

Әсіресе, мемлекеттік тап-сырыс кездерінде орын алатын келеңсіз жағдайлар компания абыройына нұқсан келтіретіні сөзсіз. Мұндай жағдайлар сот істері арқылы шешіліп те жатты. Сондықтан, осыған ұқсас жағдай орын алмау үшін компанияның материалдық -техникалық жағынан жақсылап жасақтау біздің басты мақсатымыз.

Қазір компания «Отау-Строй» «Асар» ықшамауданында инженерлік жүйе жүргізіп жатырсыздар, жол салу жұмыстарымен де айналыстыңыздар. Осы тура-сында әңгімелеп берсеңіз.

Иә, біз әр саланы қамтуға тырысамыз. Бұл компанияның материалдық жағдайына елеулі әсерін тигізеді. Дағдарыс кезін-де біз өндірісті тоқтатпадық,

тек сәл үнемдеуге тура келді. «Асар» ауданында жоғарывольтты электржүйелерін, су және газ құбырларын, жолдар салып, конализациялық жүйелерді жүргізіп, телефон сымдарын орнатамыз. Менің ойымша дағдарыстың пайда әкелген тұстары болды. Адамдар асығыс шешім қабылдамауға, фирмалар орындай алмайтын жобалардан бас тартып үйренді. Халық келісім шарттарға мұқият қарап, әбден саралап барып шешім қабылдап үйренген. Сәйкесінше, компани-ялар да әр тұтынушыға жоғары деңгейде қызмет көрсетуге тыры-сып жатыр. Бұрын сатып алушы сатушының талаптары негізінде келісім шарт жасасатын, ал қазір керісінше таңдау тұтынушының жағында.

Түркістан қаласындағы сіздер тұрғызған тарихи-этнографиялық орталыққа Ел-басы тарапынан мақтау сөздері айтылған болатын. Сіздердің тағы басқа қайырымдылық жобаларыңыз осы Түркістанда жүзеге асып жатыр. Бұл кездейсоқ жағдай емес шығар?

Түркістан түркітілдес елдердің рухани орталығы болып табылады. Қала қашанда келуші қонақтарға толы. Сондықтан, шаһар архитектуралық көрінісі- мен қатар, қызмет көрсету жағынан да жоғары дейгей-де болуы тиіс. Қалада «Көне Түркістан» тарихи -мәдени-этнографиялық орталығы са-лынды. Бұл кешеннің салынуы мемлекеттің рухани- мәдени даму бағдарламасындағы ежелгі құндылықтарды туристік орынға айналдыру мақсатымен жасалын-ды. Үш қабатты ғимаратта сегіз экспозиция залы, қолөнершілердің шеберханасы, мәжіліс залы, тарихшылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған бөлме де бар. Орталықта өлкенің тарихы толыққанды зерттеліп жатыр. Орталықты салу идеясының авторы ОҚО әкімі А.Мырзахметов,

Page 67: №1 Журнал

67

жоба авторы Г.Садырбаев, му-зей экспозициясының этноди-зайнері А.Найманбаев. Орталық Түркістанның әр дәуірдегі өмірінен сыр шертеді. Қажетті материалдар Қытай, Қырғызстан, Өзбекстанда жинақталды. Мұнда Ахмет Яссауидің өмірлік жо-лына баса назар аударылды. Түркістан қазақ даласына көнеден қалған киелі қала. Түркістанда «Тұрбат», «Арнасай», «Мырза-кент», «Сырдария» атты дүкені мен автотұрақтары қарастырылған 5 9 қабатты үйлер салынды. Сарыағаш ауданындағы Рашидов көшесінің бойында жабық теннис корты бой көтерді. Өкінішке орай, кей-де қаланың әлеуметтік жағдайы жоғары деңгейде емес. Біздің қайырымдылық жобаларымыздың сол жерде болуы да осы себепті. «Отау -Строй» компаниясы аты-нан шаһарда мүгедек балаларға арналған рекреациялық орталық, Түркістан мүгедектеріне арналған 16 пәтер тапсырылды. Біз балалар үйіне, интернаттарға, жағдайы төмен отбасыларға қолымыздан

келгенше көмек береміз. Бұл іс -шаралар тек өткінші акция-лар емес, компанияның басты ұстанымдарының бірі. ОҚО әкімдігінің ұсынысымен компания «Ордабасы» алаңындағы субұрқақ құрылысын қаржыландырды. Қаланың сырт келбетін жөндеу үшін құрылыс компанияларының мүмкіндіктері көп және біз мұны өз міндетіміз деп есептейміз.

Сіз қатал басшысыз ба? Біздің салада жақсы кадр-

лар табу оңай емес. Өз кадрла-рымызды оқытып, тәжірибеден өткізіп, тәрбиелеп шығуға ты-рысып жатырмыз. Әрине, біздің тарапымыздан талап күшті. Көңіліміз толмай, жұмыстан шығарып жіберетін кездер де бо-лады. Заман күннен күнге дамып, жаңа технологиялар қарыштап жа-тыр. Сондықтан мамандардың да мықты болғаны жоғары маңызға ие.

Сіздің ойыңызша жақсы басшының басты қасиеті

қандай болуы тиіс?Менің ойымша басты

талаптардың бірі – айтқан сөзіңде тұрып, берген уәдеңді дер кезінде орындау керек. Қарамағыңдағы адамдардың жағдайына кіріп, оларды түсіне білу жақсы қасиет. Сонымен қатар аса талапшыл және өз қағидаларына берік болған дұрыс.

Оқырмандарымызға отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз.

Жұбайым Мейрамгүлмен отасқанымызға 18 жыл болды. Екі ұлдың әкесімін. Абай мен Абылай оқуда озат, ағылшын тілін біледі, математиканы қызыға оқиды. Спортпен айналысады. Олар біздің мақтанышымыз. Балаларымызға үлкен үмітпен қараймыз.

Әңгімеңіз үшін сізге көп алғыс білдіреміз. Әрқашан да тасыңыз өрге домалай берсін!

ӘңгімелескенБауыржан Берікұлы

Page 68: №1 Журнал

68

«ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ – НЕ БОЛСА ДА ТАПЖЫЛМАЙ ЕҢБЕК ЕТУ

ДЕГЕН СӨЗ»

Рая Жорабайқызы Ахметова 1941 жылы 13-шілдеде Қызылорда облысы, Шиелі ауда-нында дүниеге келген. 1963 жылы Қызылорда педагогикалық институтын «Орыс тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығы бойын-ша тәмамдайды.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің мақтау қағазымен, КСРО медалімен екі рет, Қазақстан Республикасының медалімен бес рет марапатталған. Кеңес заманын-да «Комсомолдағы белсенді еңбегі үшін», кәсіподақтардың Жалпы Конфедерациясының «Кәсіподақ жұмысына сіңірген еңбегі үшін», мем-лекеттік банк және халыққа қызмет көрсету мекемелерінің жұмысшылары кәсіподағы Федерациясының «ТМД елдері арасындағы кәсіподақтардың қарым-қатынасын нығайтуға қосқан үлесі үшін», Қазақстан кәсіподақтары Федерациясының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен марапатталған.

«Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!» - деген екен хакім Абай. Саналы ғұмырының біразын ел мерейін үстем етуге жұмсаған Рая Жорабайқызы бүгінде жетпістің шыңына шығып отыр. Әр күнін текке жібермеуді мұрат еткен бүгінгі кейіпкеріміздің ұрпаққа үлгі болар өмір жолынан шертер сыры да мол. Алматыдан жұмыс барысымен Елордамыз Астанаға келген сәтін ұтымды пайдаланып, Рая Жорабайқызымен әңгіме-дүкен құрған едік.

Рая Жорабайқызы, Сіздің жүріп өткен өмір жолыңыз талайға қызықты деп ой-лаймын. Себебі, қарапайым мұғалімдіктен осындай жетістікке жету көптің қолынан келе бермейтіні анық. Жетістіктің шыңына жетеле-ген қандай күш немесе мақсат болды?

Өте орынды сауал. Ана кіндігінен ажырағаннан кейін, өз өміріңнің бейнесін өзің саласын.

Адам баласы белгілі бір жетістік-ке жету үшін алдына үлкен мақсат қояды. Бақ біреуге тауып қонады, біреуге тайып қонады. Сол себепті, жетістікке жету – не болса да тапжылмай еңбек ету дер едім. Адами ішкі ынтасы, сүйіспеншілігі болмаса ол өз еңбегінің жемісін көре алмайды. Мысалы, кішкентай бүлдіршіннің үлкен өмірге деген алғашқы қадамы балабақшадан бастала-ды. Кейін мектеп табалдырығын

аттаған бала, сабағын үлкен зейінмен оқып, үздік баға алу-ды басты парызы санап, соның жолында еңбектенеді. Өмірлік шыңды тек білсем екен, жетілсем екен деп үнемі ізденісте жүретін адам ғана бағындыра алады. Өзіме келетін болсам, сол кезде еңбек жолымның белесі бүгінгідей арнаға түседі деп ойламағаным рас. Мектепті аяқтағаннан кейін, Қызылорда Мемлекеттік Педегогикалық институтына орыс

Page 69: №1 Журнал

69

тілі мамандығы бойынша оқуға түсіп, ойдағыдай аяқтап, ауыл мек-тебінде орыс тілі және әдебиетінен сабақ бердім. Сол уақыттан ком-сомол жұмысына белсене араласа бастадым. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы мектебінің Комсо-мол комитетінің меңгерушісі болып қызмет еттім. Содан Аудандық Ком-сомол комитетінде екінші хатшы, кейін бірінші хатшылық қызметіне тағайындалдым. Қазақстанның орталық комсомол комитетінің мүшелігіне өттім. 1972 жылы Мәскеудегі КПСС ОК жанындағы Жоғарғы Партия мектебін қосымша аяқтап, Қазақстан Компартиясының Орталық комитетіндегі партияның ұйымдастырушылық жұмысының инструкторы, Жоғарғы мек-теп және ғылыми мекемелердің жұмысшыларын ағарту Казақ

ССР Республикалық комитетінің кәсіподағының хатшысы болдым. Қазақ ССР халықты бақылау коми-тетінде жалпы бөлім басшысының бірінші орынбасары, 1990-1995 жылдары ҚР мемлекеттік меке-ме қызметкерлері кәсіподағының төрайымы болдым. 1995 жылдан ҚР мемлекеттік, банк және халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысшылары кәсіподағының орталық Президиумының комитет төрайымы қызметінде табысты еңбек етіп келемін.

Өзіңіз басқарып отырған кәсіподақ қызметі жайында оқырмандарымызға толығырақ айтып берсеңіз?

Біздің кәсіподақ ұйымы мемлекеттік органдарда қызмет ететін жұмысшылардың еңбек

құқығын қорғаумен айналысады. Ұжымымыздың құрамы аз болса да, атқарар жұмысы мол. Тікелей халықпен жұмыс істегеннен кейін, бізге келіп кеңес сұрағандарға барымызша қол ұшымызды беруге тырысамыз. Кәсіподақ қызметкерлері өз ісінің нағыз шеберлері десем артық айтпай-мын, тіпті кейде бір адам бірне-ше қызметті атқарып шығатын кездері болады. Ұйымшыл, бірлік-ті ту еткен команданың жұмысы жемісті болмақ. Кәсіподақтың өсіп-өркендеуіне маңдай терін төккен ардагер қызметкерлерімізді де ұмытпай, олармен тәжірибе алмасып отырамыз. Комитетте әлеуметтік, құқықтық, мәдени-ағартушылық бөлімдер жұмыс істейді. Азаматардың құқығын қорғап, тегін кеңес, бағыт-бағдар көрсету – біздің тікелей міндетіміз. Кәсіподақтың бар ауыртпалығы мен қуанышын бірге көтеріп жүрген өз қызметкерлерімді әрқашан мақтан тұтамын, жалпы айтқанда өз командама сену арқылы жақсы істердің жаршысы болып келеміз. Біздегі басты мақсат-мүдде ол - халық игілігіне жұмыс істеу!

Кәсіподақ жұмысшылардың

еңбек құқығының қорғалуын қамтамасыз етіп отыр. Осы орайда «Еңбек кодексі» ту-ралы Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізудегі үлестеріңіз қандай?

Дұрыс айтасыз. Біздің ұйым заң шығару органымен тікелей байланыста. Өзіміз түрлі бағдарламалар жасап, жоспарын айқындап ұсынамыз. Біздің ұйым атынан депутаттыққа түскен адам-дар да болды. Осы уақытқа дейін кәсіподақ жүгін арқалаған 27-дей депутат өз міндеттерін атқарды. Олардың еліміздің «Еңбек ко-дексін» даярлауда тигізген үлесі айрықша. ҚР Мәжіліс палатасын-да кәсіподақпен бірлесе оты-рып, «Депутаттық корпус» атты бөлім жұмыс істеді. Сонымен қатар түрлі тақырыпты қамтитын

Page 70: №1 Журнал

70

дөңгелек үстелдер ұйымдастырып отырамыз. Саясат бір қалыпты дүние емес. Кейінгі сайлауларда біздің кәсіподақ атынан депутат-тар ілінбеді. Бірақ Заң шығарушы орган бізбен тұрақты қатынас орнатқан. Белгілі бір енгізулер бойынша бізбен әрқашан пікір алмасып отырады.

Былтыр бәріміз үшін

қастерлі күнді атап өттік. Ол - ел Егемендігінің 20 жылдығы болатын. Кәсіподақ мемлекетіміздің дамуына өзіндік серпіні болғаны ақиқат. Осы жайында айтсаңыз.

Отанымыз өсіп-өркендеу үстіндегі мемлекет. Екі он жылдықта елді дамыту жолында қыруар істер істелді. Бұған бәріміз өзімізше үлесімізді тигіздік. Осы жылы мерейтой алдында респуб-лика көлемінде байқаулар өткізіп, кәсіподақ жұмысына өлшеусіз үлес қосқан еңбеккерлерді марапаттадық. Себебі, халықтың әлеуметтік жағдайының ізгі жолға бастаудағы жұмыс істеген адамдардың жиырма жыл ішінде сіңірген еңбегі аз емес қой. Қай қоғамды алсақ та жұмыс мәселесі бір күнде шешімін таппаған. Бұл бір күндік мәселе емес. Осы сияқты басқа да әлеуметтік түйіткілдер қаншама. Көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы-лар мен зейнеткерлер мәселесін қарастырып, іс жүзінде жүзеге асуын қадағалап отырамыз. Қазақ «Көппен көтерген жүк жеңіл» дейді. Бәріміз бір отбасындай талай жұмысты артқа тастадық. Қоғамның ұйытқысы - халықтың назын назарға алып, көңілге тоқи отыра, көмек қолын созу - абы-ройы асқан жұмыс деп білемін.

«Қайырымдылық» сөзіне қандай анықтама бересіз?

«Қайырымдылық» сөзін жан-жақты қарастыруға бола-ды. «Адамның күні адаммен» дейді, сондықтан айналаңда сенің көмегіңе мұқтаж жандар-ды көре білу, көмек қолымызды

соза білу біз үшін - парыз саналмақ. Қайырымды болу әр адамға тиесілі қасиет дер едім. Қайырымдылық адамның жан дүниесін, психологиясын, қуанышын, қайғысын бөлісетін дүние деп ойлаймын. Қайырымды бола білуге біз өскелең жас ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Қазір қарап отырсақ, жастардың арасында мейірімділік, сыйластық жоғалып бара жатқандай. Жастайынан ата-ананың сүйіспеншілігін, қамқорын, тәрбиесіне қанығып шыққан бала-дан парасатты тұлға қалыптасады.

Осы орайда қайырымды жандар көбейсе қоғамның біраз дертінен құтылар едік.

Рая Жорабайқызы, тәрбиенің қайнар бұлағы – от-басыдан бастау алады. Сізді өмірге әкелген ата-анаңыз, тәрбиеленген ортаңыз жайлы айтып өтсеңіз?

Мен таза қазақы болмыстағы отбасында тәрбиелендім. Әкем Жорабай – мемлекеттік органда жауапты қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Әкем қанша жерден жоғары қызметте

Page 71: №1 Журнал

71

жүрсе де қарапайым болатын. Анамның есімі - Балымхан. Жүзі жарық, халқымыздың салт-дәстүрін терең меңгерген адам болатын. Бауырмалдылықты, ұлтымызға деген сүйіспеншілікті дарытқан ата-анамды мақтан тұтамын. Бүгінде бауырларымыз-бен тату-тәтті бір-бір шаңырақтың иесі болып отырсақ – сол кісілердің арқасында.

Енді жалынды жастық шаққа бір соқпай кетпе-сек болмайтын шығар. Өмірлік жарыңызбен қалай таныстыңыздар?

Жоғарыда айтып өткендей институт бітіргеннен кейін, ауылда ұстаздық қызметте бол-дым. Шамалы уақыттан кейін комсомол жұмысына араласып кеттім. Жаңылмасам, 1960-шы жылы болуы керек, кезекті комсомол жиналыстарының бірінде таныстық. Арамызда сезім ұшқыны пайда болып, шаңырақ көтердік. Жолда-сым - Бекмұхамбетов Марат Құсайынұлы да жауапкершілігі күшті Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің полковнигі қызметінде талай жылдар еңбек етті. Тағдырдың жазуымен 2005 жылдың тамыз айында дүние

салды. Аллаға шүкіршілік айта-мын, жақсы жар жолықтырдым, тәрбиелі екі ұл тәрбиеледім. Бүгінде немерелеріме ақ жаулықты әже болып отырған жайым бар.

Тәуелсіздіктің бізге берген ұлы тартуы – Астана қаласы дер едім. Алматыдан Ақмолаға ауысқанда, бүгінгідей қала пайда болады деген сенім болды ма?

Шамалы уақыттың ішінде осындай деңгейдегі қала пайда болады деп ол кезде сенім білдір-

ген адам аз болды. Сол уақытта қалаға қызмет бабымен келіп жүрдік. Қазір қарап отырсам, сол уақыттағы жер үйлердің ор-нын сәні мен сәулеті жарасқан, бірінен-бірі асатын ғимараттар басқан. Елбасымыздың жүргізіп отырған сарабдал саясаты халқымыздың әлемдік арена-да өзіндік орынға ие болуына септігін тигізгені ақиқат. Қазақ сахарасында жаңа шаһардың бой көтеруі – тарихи оқиғаға балар едім. Астана - еліміздің мерейін үстем етер жастардың орталығы. Жақсы істерге жол бастайтын ке-ремет көпір іспеттес. Өз атымнан Астананың болашақ та әлемнің ірі қалаларымен иық теңестіре алатын, үлкен мегаполиске айна-латынына сенімім мол.

Біздің кезімізде орыс тілінсіз күн кешу мүмкін емес-ті. Бірақ менің ата-анамның тәрбиесі болар, өз ана тілімді ұмытқан емеспін. Бұны мен мақтаныш санамаймын, керсінше бұл менің халқымның алдындағы парызым болатын.

Журналымыз оқырмандарымызға енді қанат қаққалы отыр. Іскер басшы ретінде қандай тілек тілер едіңіз?

«Тәуелсіздіктің ақ таңы»... Атауы өте әдемі қойылыпты. Аты затына сай болғай. Елдің мүддесін бірінші орынға қойып, халық игілігі үшін еңбек етіңіздер. Әр нөмірі ел дамуының айғағы болғай. Журналдарыңыз әрқашан да алдыңғы қатардағы басылымдардың легінен көрінсін!

Әдемі әңгімеңізге көп-көп рахмет! Сізге де жұмыста то-лайым табыстар тілейміз!

Сұхбаттасқан Мейрамгүл Құспан

Page 72: №1 Журнал
Page 73: №1 Журнал

73

ЕСЕЛІ ЕҢБЕГІМІЗ — ЕЛ МЕРЕЙІНЕ!

Ауруды емдеу – дәрігердің міндетіауырмайтын жол іздеу – Сіздің міндетіңіз

Оңтүстік Қазақстан облысында халық тығыз орналасқан. Өңірде 2 млн. 500 мыңдай адам тұрады. Әрине, көпшілікті ортада түрлі науқастардың болатыны белгілі. Дұрыс тамақтанбау, денсаулыққа көңіл бөлмеу, артық салмақ қосу, экологияның дұрыс сақталмауы секілді фак-торлар жүрек-қан тамырлары ауруларының көбеюіне соқтырады. Оның үстіне, халқымыздың қанына сіңген жаман әдет – көпшілік жұрт ауруы әбден меңдеген тұста, жан алқымға таяғанда барып дәрігердің есігін қағады. Мұндай кезде жәрдем беру қанша керемет деген маманның өзіне ауыр соғады.

2000 жылы сол кездегі об-лыс әкімі Қалық Абдуллаевтың бастамасымен, өңірдің басқа да беткеұстар азаматтарының қолдауымен аймақта кардиологиялық орталық ашыл-ды. Содан бері аталмыш мекеме халыққа мамандандырылған көмек көрсету жөнінде диагностикалық емдік әдіс-тәсілдерді қолданып келе жа-тыр. 2008 жылы орталықта ангиографиялық бөлім ашыл-ды. Оның көмегімен жүректің тікелей тамырларын тексеріп, қай жері қысылып, бітеліп тұр, соларды анықтап, стент қою әдісі басталды. Айта ке-тейік, жүрек ауруының көбі дәрі-дәрмекпен емделінбей-ді. Оған тек операция жасау арқылы ғана көмектесуге бо-лады. Осы тұста орталықта

2009 жылы 20 төсек-орындық кардиохирургиялық бөлімше ашылғанын айту керек. Жал-пы мұнда төсек-орынның саны – 132. Бүгінгі күнге дейін орталықта жүрекке 700-ден аса операция жасалынды. Яғни 700-ден аса жүрек қайта соқты десек те болады. Күніне үш-төрт операцияға дейін жасай-мыз. Оның барлығын өзіміздің мамандар жасап отыр. Біздің мекемеде Қазақстан, Польша, Ресей, Түркия, Литва және Израиль клиникаларында дайындықтан өткен маман-дар бар. Біліктілік дәрежелері жоғары. Олар жүрекке жасай-тын операциялардың барлық түрін меңгерген. Бүгінгі күні орталық инновациялық техно-логияны пайдалана отырып, кардиология-кардиохирур-

гия саласындағы соңғы емдік тәсілдерін қолдануда.

Соңғы жылдары орталығымыз бірқатар диагностикалық анықтау және емдеу аппараттарымен жабдықталды. Қазіргі уақытта жүрек-қан тамырларының кез келген түрі-не диагноз қойып, жоғары дәрежеде емдік шара-ларын жасауға мүмкіндігіміз бар. Осы ретте әрқайсысы 200 млн теңгенің үстінде тұратын ангиографиялық қондырғылар әкелінді. Олар қалыпты жұмыс істеп тұр. Кез келген күрделі операцияны жасай аламыз. Тіпті жүрекке ашық аортокоронарлық шунт жасау операциясын да маман-дарымыз жетік меңгеріп алды. Яғни операция жасау арқылы жүректің бітеліп қалған тамыр-

Page 74: №1 Журнал

74

ларына аяқтан немесе қолдан қосымша тамыр алып, жалғап тігіп, науқастың жағдайын жақсартуға болады. Сонымен қатар жүрек ырғағы бұзылған науқастарға электрокардиос-тимулятор қоямыз. Мысалы, сау жүрек минутына 60 пен 80 аралығында, әлсірегенде минутына 30-40 рет қана соғады. Сол кезде адамның

басы айналып, құлайды. Оған біз жасанды кордиореттегіш қоямыз. Ол үшін жүректің ішіне электрод орнатып, көкірек тұстағы терінің астына батарея тігеміз. Айта кетейік, мұның барлығы квота арқылы жолда-мамен келген науқастарға тегін көрсетіледі. Сонымен қатар күрделі аритмияларға радио-жиілікті аблация жасауды қолға

алып отырмыз. Яғни кейбір науқастардың қан қысымы көтеріліп, жүрегі минутына – 150-200, кей кезде 300-ге дейін соғады. Мұндай кезде импульс берілетін кейбір қосымша жолдарды бітеп тастау үшін операция жасауға тура келеді. Қазіргі кезде мұндай күрделі опера-цияларды жасау үшін ма-мандар дайындалу үстінде. Осы жылы 239 млн теңгеге аритмияны емдейтін жаңа қондырғы сатып алдық. Енді мұндай операциялар жасау қиынға соқпайды.

Негізі, біздің мақсат – кардиологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді азайту. Ол үшін халықты Алматы мен Астанаға сабылтпай, барлық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дүниежүзілік стандартқа сай деңгейде өзімізде көрсетуіміз керек. Бұл мақсатта Үкімет тарапынан да, жергілікті биліктен де кардиоорталыққа үлкен қаржылық көмектер көрсетілуде. Осы жылы тағы да 550 млн теңгеге құрал-жабдықтар алуды жоспарлап отырмыз. Қысқасы, облыстық кардиологиялық орталықтың қазіргі жағдайы дүниежүзілік стандартқа сай деп айтуға болады.

Әркімнің денсаулығы өз қолында. Ең бастысы, адам-дар өзара түсіністікте әрекет етіп, әр істе сабыр сақтай

білуі керек. Сонда ғана жүрекке салмақ түспейді.

Page 75: №1 Журнал

75

АҚМОЛА ТАРИХЫ ҒҰН ДӘУІРІНЕН

БАСТАЛАДЫБүгінгі Арқа төрінде бой көтеріп келе жатқан

Елордамыздың тарихы патша заманынан, сонау 1830 жылдан бастау алады. Дәл сол жылы Батыс-Сібір губер-наторы Вельяминовтың Қараөткел аймағында Ақмола деп аталатын төртінші округ құру жөніндегі бұйрығын орындау үшін қасында екі жүз адамы бар Федор Шу-бин келіп, қаланың қазіргі орнына қазық қақты. 1830 жылдың 28-мамыр күні басталған қала құрылысы екі жылға созылып, 1832 жылғы 22- тамызда аяқталады.

Бұл, әрине, ару Астанамыздың бертінгі «күнделігі» ғана. Көп жағдайларда қаланың сан ғасырлық тарихы бар екенін бажайлай бермейміз. Тарихшылардың айтуына қарағанда, Есіл өңірінде жатқан осы бір қаланың тарихы тым әріге, ашель мустьер заманына кететін көрінеді. Оған Астана маңынан табылған алуан түрлі тас құралдар куә болса керек. Өңір халқы біздің дәуірімізге дейінгі VIII-V ғасырларда егіншілік-пен айналысқан. Оған да қала маңынан әлі де табылып жатқан, сол заманға қатысты қола орақтар мен топырақ өңдейтін құралдар дәлел.

Ақмоланың шынайы тари-хы сонау Ғұн дәуірінен бастау алады. Тарихи тегіміз сана-латын осы бір Ғұн атты алып империяның көсемдері кезінде Сарыарқаның төсінде, Нұра мен Есіл өзендерінің арасында жатқан Тайтөбенің үстіне қамал салып, оны «Ақмола» деп атап-ты. Ғұндардың тілінде «ақ» сөзі — «батыс», «мола» сөзі «қамал» ұғымын білдірсе керек. Сонда Ақмола атауы «батыс қамал» деген сөз болып шығады. Бұл ғылыми тұжырымды алғаш жазба-ша дәлелдеген Византия ғалымы Прокопи. «Оның бұл туралы жазбасы 1939 жылы «Вестник древних истории» журналын-да басылған» дейді ғалымдар.

Кейін тарихшы Ғалым Қайратхан қытайдың көне жазбаларына сүйеніп, бұл түйіннің дұрыстығын тағы бір мәрте дәлелдеп өтті.

Рас, Елорда төңірегінде кезінде әлемге мәшһүр та-лай шаһар болған. Солардың бірі – Астанадан қол созым жерде жатқан Батығай (кей деректерде Бытығай деп аталады) қаласы. Бүгінде Батығайдың бір сілемі ғана сақталған. Бүгінгі таңда бой көтеріп келе жатқан теңдессіз құрылыс «Хан шатыры» мен «Батығай» деп аталатын «Жабық қала» өз заманында Қорғалжын елді мекенінің аумағындағы Тәуке ханның ордасы болған Батығай қаласының заңды жалғасы деп

есептеуге болады. Одан басқа да Сұлу там, Сырлы там, Хан сүйегі, Бозақ... секілді қалалар болған екен. Бірақ бүгінде олар-дан жұрнақ та қалмаған. Архе-олог әрі өлкетанушы Василий Солочинскийдің 1955 жылғы зерт-теулерінде Ақмола шаһарының астында жиырмаға жуық қалашық тапталып жатқаны туралы жазылған.

1832 жылғы 22-тамыз күні орыс-казактардың ырду-дырдуы-мен тұсауы кесілген қала бірте-бірте өз іргесін кеңейте береді. 1862 жылғы 23-қазанда Ақмолаға қала дәрежесі берілген. Деректер бойынша, сол шақта шаһарда 4777 дворян, үй-жанымен 1320 солдат,

Александр Невский соборы

Page 76: №1 Журнал

76

1487 қарулы казак, 130 татар, 1349 ортаазиялық, 11 дін иелері, 300-ге жуық қазақ болыпты. Екі май балқытатын, бір сабын қорытатын, тері илейтін зауыт жұмыс істеген. Қаланың негіз-гі кәсібі сауда болған. Жиі-жиі жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұрған.

Кезінде архитектуралық кескінділігімен ерекшеленген ғимараттардың бірі Александр Невский соборы болыпты. Біз-ге 1881 жылғы 12-мамырда тұрғызылған бұл алып нысанның тек суреті ғана жеткен.

Ол ІІІ Александр мен отбасының құрметіне салынса керек. Собордың сәулетшісі – тобылдық инженер-технолог Па-вел Голышев. Большевиктер 1940 жылы қиратып тастаған. Сондай-ақ қалада бір класты училище, мешіттің жанынан (бұл бұрынғы Орталық базардың жанындағы үлкен мешіттің орнында болған. 1920 жылы қызылдар өртеп жібер-ген) татар мектебі ашылған. 1868 жылы Ақмола уезд орталығына айналды.

Ақмола бекінісінде ең алғаш бой көтерген ғимарат – бекіністің негізін қалаған Федор Шубиннің әскери казармалық бөлімшесі. Казармалар Есіл өзенінің жағалауында жатқан қазіргі №1 лицейдің аумағында болған. Бұлардың ең соңғысы 1973 жылдың қыркүйек айына дейін тұрыпты. 1890 жылдары

Ақмоланың орталық алаңында екі корпустан тұратын бір қабатты дүкендер, қонақжайлар салынады. Жеке секциялар мен дүкендер шеттен келген сауда-герлерге жалға берілетін болған. Қазір бұл қонақжайлардың орнында Sine Tempore сауда орталығы орналасқан. Сондай ғимараттардың бірі – «Ме-теор» кинематографы. 1910 жылы іргесі қаланған жекемен-шік «Метеор» кинематографы қазіргі Желтоқсан-Кенесары көшелерінің қиылысындағы сауда орталығының орнында болған ағаш үйде орналасқан.

Бекіністе Сәкен Сейфуллиннің ұйымдастыруымен 1917 жылы тұңғыш қазақ тіліндегі «Тір-шілік» газеті жарық көрген. Редакциясы Астана қаласындағы «Абай» қонақүйіне таяу жердегі екі қабатты ғимаратта болған. Өкінішке қарай, бұл ғимарат бізге жетпеген. Сондай-ақ 1920 жылы 1-қазанда ашылған драма теат-ры, атақты саудагер Семеновтың үйі деген тамаша құрылыстар болған. Семеновтың үйінің орны-на тың игеру жылдары «Москва» қонақүйі салынды. Соңғы жылда-ры адам танымастай өзгертілген бұл нысанда көпке дейін Қазақ ақпарат агенттігі отырды.

Ағайынды Қосшығұловтар осы өңірде алғаш рет кәмпит фабрикасын іске қосқан. Бұл ғимараттан да бүгінде із жоқ. «Абай» қонақүйі салынғанда,

ысырылып тасталған» дейді көз көргендер. Кәмпит фабрикасына төңкерістен соң түрлі мекемелер орналасты. Басында айтып өткен «Тіршілік» газетінің редакциясы да біраз уақыт осында болды. 1928 жылы қалада қуаты 18 квт электр стансасы іске қосылыпты. Деректерге қарағанда, одан тартылған электр желісінің ұзындығы сегіз шақырым аумақты қамтыған.

Алайда аумалы-төкпелі заманға қарамастан, көптеген нысандар жақсы сақталып қалды. Бұл ғимараттар күрделі жөндеуден өтіп, түрлі меке-мелерге қалқан болып, халық игілігіне жарап отырғанын айту керек. Бүгінде қалада тарихи мәні зор 40-қа жуық тарихи-мәдени орындар бар екен. Олардың 16-сы – жергілікті дәрежедегі, еке-уі – республикалық дәрежедегі ғимараттар. Соңғыларының бірі деп Тың игерушілер сарайы (қазіргі Конгресс-холл мәдениет сарайы) мен Отырар көшесіндегі Сәкен Сейфуллиннің үйін айтуға болады. Ол сол үйде қазақ балала-рына сабақ берген.

Зұлматты жылдардан аман жеткен жәдігерлердің бірі – көпес Казанцев салдырған үй. Ол – бүгінге дейін өз қалпын бұзбай сақталған үйлердің бірі. 1846 жылы салынған бұл құрылыс 80-жылдардың соңында Сәкен Сейфуллиннің мұражайына ай-налды. Оған жапсарлас салынған үйде Благовеценский деген дәрігер тұрған екен.

Қаладағы ең үлкен үй – Васи-лий Кубриндікі болатын. Бұл үй бүгінгі уақытқа дейін сақталған. Кубриннің үйі 1910-1912 жылдары тұрғызылған. Ауласында ағылшын стилінде бақ болған. Кәсіпкер әр ағашты өз қолымен отырғызыпты. Ол ағаштар қазір де сақталған. 1913 жылы Василий Кубриннің үйін «Ресей» сақтандыру қоғамы 40 мың рубльге бағалаған. Яғни бұл сол кездегі баға бойынша 700 жылқыға тең. 30-жылдары бұл үйді НКВД иеленді, кейін

Page 77: №1 Журнал

77

милиция басқармасына айнал-ды. Соңғы жылдарда өлкетану мұражайы қоныстанды. Кене-сары және Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан ол үйде қазір Украина елшілігі орналасқан.

Ардагерлер емханасыАстанадағы тарихи

ғимараттардың санатындағы бүгінгі ардагерлер емханасын көпес Моисеев тұрмысқа шыққан қызы үшін салдырған. Құрылыс біткенде қалада қызылдар төңкерісі болады да, көпестің дүние-мүлкі тәркіленіп, қызы Қарағандының жанындағы Долинка концлагеріне айдалады. Мұнда кейін Ақмола уезінің Совдепі болыпты. Ресей коммунистік партиясының уездік комитетіне, одан соң облыстық кеңестің атқару комитетіне беріледі. Ұзақ жыл облыстық партия комитетінің емханасы болды.

Константин-Еленинский шіркеуі Константин-Еленинский

шіркеуі 1850 жылдары әскери бекіністің жанында қазіргі Қажымұқан стадионының орнына салынған.

Ол да – өзінің бастапқы сәулет кескінін сақтап қалған ғимараттардың бірі. 1900 жылы христиан дінінің өкілдері қиратылып кету қаупін ерте аңғарып, қазіргі тұрған жеріне көшірген секілді.

Тарихтан сыр шертіп тұрған тағы бір ғимаратта бүгінгі таңда

Тұрғын үй департаменті отыр. Қабырғасы 1915 жылы қаланған ғимарат бастапқыда солдаттар-ды емдейтін орталық болды. Большевиктер төңкерісінен соң Халық үйі атанды, кітапхана, тарихи-өлке тану мұражайы, орыс драма театры орналасты. Бір өкініштісі, тарихи жәдігерлерді өз көзімізбен көруге барғанымызда талай зұлматты бастан өткерген ғимараттың қабырғасы шіріп, кей тұстары құлап жатқанын көрдік.

Қала Ақмола атанып тұрған кезде бой көтерген ғимараттың бірі деп қазіргі орыс драма те-атрын айтуға болады. Шаңырақ көтерген кезі – 1943 жыл. Сол тұстарда театр сахнасында Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Ке-бек», Ғабит Мүсіреповтің «Қозы-Көрпеш» пьесалары қойылған. Алайда саяси режим қала басшы-лары өзін-өзі ақтай алмайды деген желеумен 1948 жылы қазақ тобын жауып тастаған. Ұлттық театр арада 42 жыл өткен соң, яғни 1990 жылы ғана ашылды.

С.Сейфуллин атындағы аграр-лы университет

Ол – қаладағы алғашқы жоғары оқу орны. 1958 жылы құрылған аталмыш оқу орны Ақмола ауыл шаруашылығы инс-титуты деп аталған.

P.S. Рас, бұл ескерткіштер елордамыздың бірегей келбеті мен баға жетпес байлығы екені рас. Тарихтан сыр шер-

тіп, қалқайып тұрған осы бір ескерткіштердің тәрбиенің тереңінен нәр алған қазақтың талай ұл-қыздарына рух беретіні аян. Алайда сол жәдігерді аралап көріп жүріп, көп дүниелердің кем-шін түсіп жатқанын аңғардық. Мемлекеттің арнайы қорғауына алынған сол ғимараттардың маңдайшасы мен бұрыштарынан бірен-сараны болмаса, ешқандай соққан белгі таба алмадық. Қашан салынғаны, онда кім-дер отырғаны немесе тарихи маңызы тәптіштеліп жазылған тақташалар тұрса нұр үстіне нұр емес пе?! Әрбір тарихи нысанның жанында осындай тақталар тұрса қасынан өтіп бара жатқан кез келген жанның бойын «бұл жерде Алаш амана-тын көтерген абзал ағаларымыз отырыпты-ау!» деген рухты сезім шарпып өтпес пе еді?! Көбісі ескіріп, мүжіліп жатқаны аңғарылып тұрды. Бұл түрімізбен «темір қазық жастанып, қу толағай бастанып» (Махам-бет) жүріп қол жеткізген Тәуелсіздігіміздің жалауын биік ете аламыз ба? Бұл – ойландыра-тын, толғандыратын сауал. Ол өз шешімін таппайынша ешқашан күн тәртібінен түспеуге тиіс мәселе...

Бүркіт Нұрасыл

Page 78: №1 Журнал

78

ЕЛ ЖҮРЕГІ ЕЛОРДА

Қазақ елінің елордасы Астана қаласы – дүние жүзіндегі ең жас астаналардың бірі. Бас қаланы Ақмолаға ауыстырғалы 14 жылға аяқ басып барады. Кең Сарыарқа жерінде көркі көздің жауын ала-тын керемет қала өсіп келе жатыр. Осынша аз уақыт ішінде әлемге танылған шаһар салу кез келгеннің иығы көтере бермейтін еңбек. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі өлшеусіз және тарих парақтарына алтын әріптермен түспек.

1997 жылы 20 қазанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарба-ев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы” жарлыққа қол қойды. 1998 жылдың 6 шы мамы-рында Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20-мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда Тәуелсіз

Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Астананың Ақмолаға ауыс-тырылуына себептер көп. Басты себеп Ақмоланың Республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың жақсы өнеркәсіптік әлеуеті, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болғаны, ірі тасымал торабында орналасуы әрі қажетті көлік және телеком-муникация, инфрақұрылымның болуы, жоғары білікті кадрлар әлеуеті, жеке меншік сектор-ды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткілік-тілігі сияқты факторлар болатын.

Бүгінде Астана орналасқан жердің ежелгі атауы Қараөткел деп аталады. Орал мен Сібір-ді Кіндік және Орта Азиямен байланыстырған Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағында қоныс тепкен қазақ елді мекенінің атауымен аталған. Есіл өзенін кешіп өтетін ыңғайлы керуен жолындағы Қараөткелде 1830 жылы қазақ ауылдары өкілдерінің кеңесімен Ақмола әскери бекінісі

салынған. 17-18 ғасырларда Ақмола облысының аумағына Ресей мен Украинаның орталық губернияларынан шаруалар көптеп қоныстандырыла бастады. Сол кез-дегі Ақмоланың жәрмеңкелеріне Қазақстанның Ресейдің, Орталық Азияның түпкір-түпкірінен сауда-герлер ағылды.

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Клима-ты шұғыл континентті, оңтүстікке қарай шөлейттенеді. Қазақстанның осы бөлігінде жыл мезгілдерінің өз ерекшеліктері бар екені белгілі. Қар мол жауып, қысы ұзақ болады. Көктем кеш шықса да, жазы жай-дарлы өтеді.

1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына «Бей-бітшілік қаласы» деген жоғарғы атақ берілді. Астанаға қазір де түрлі баламалар айтылып жүр. Мәселен, Астана – болашақтың қаласы, Астана – армандар орындалатын жер, Астана – биік мақсаттардың ордасы, Астана – жастардың мекені т.с.с. Қалаға Қазақстанның түкпір түкпірінен қызмет бабымен қаншама халық ағылып жатыр. Жас қалада өсем

Page 79: №1 Журнал

79

деген адамға мүмкіндік көп. Күн сайын кіші және орта бизнес орын-дары, ойын сауық орталықтары, мәдениет орындары ашылып жатыр.

Қала өте тез даму үстінде. Болашақта Астана әлемнің ірі мегаполистерімен қатар тұратын дейгейге жететіні сөзсіз. Мәселен, 2005 жылғы 1-маусымға дейін

сол жағалауда мынадай нысан-дар пайдалануға берілді: ҚР Призидентінің Резиденциясы, ҚР Парламенті Мәжілісінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, «Астана-Бәйтерек» монументінің ғамараттары, «Аялы алақан» композициясы, Жоғарғы Соттың, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Көлік және коммуникаци-ялар министрлігінің әкімшілік ғимараттары, Ислам мәдени орталығы, «Думан» ойын-сауық орталығының 1-ші және 2-ші бөлігі, Ұлттық Академиялық кітапхана, «ҚазМұнайГаз» компаниясының екі нысаны, кардиология орталығы, көптеген муниципалдық үйлер кешені, бір ауысымда 120–150 адамды қабылдайтын емхана, сулы-жасыл бульвар, «Ғашықтар» саябағы.

Астана символы болып бой көтерген «Бәйтерек» монументі қала халқының мақтанышына айналды. Жас жұбайлардың міндетті түрде барып шығатын қасиетті орыны осы. Қала қонақтары да Бәйтеректі айна-лып өтпейді. «Астана-Бәйтерек»

монументі Елорданың басты көрнекті орындарының бірі. Сол жағалаудағы алғашқы сәулетті құрылыс — «Бәйтерек» монументі болды. Монумент негізіне шет-сіз-шексіз мұхит шайып жатқан Көктөбе тауында өсетін, ертегі-дегі ағаш туралы аңыз алынған болатын. Жыл сайын оның жапырақтарына қасиетті құс -

Page 80: №1 Журнал

Самұрық алтын жұмыртқа салады. Алайда, жыл сайын оны айдаһар жеп қояды, бұл Күн мен Түннің, Жаз бен Қыстың, Жақсылық пен Жамандықтың алмасуын бейне-лейді. Еуразиялық кеңістіктің нағыз кіндігінде, өркениеттер тоғысында өмір ағашы - Бәйтерек терең тамырларымен жерді ұстап тұр, ал оның бұтақтары аспанмен таласады.

Бәйтерек - бейбітшілік ағашы. Мұндай ағаштың басты қызметі әлемнің үш деңгейлі құрылымын біріктіру: төменгі жер асты, жер үсті және аспан әлемі. Бәйтерек сәулетінде монументтің жер астындағы бөлігі 4,5 метрлік тереңдікте орналасқан. «Бәйтерек» ағашының діңімен шолу лифтілері арқылы орта деңгейден көтеріле

отырып көктегі деңгейіне яғни шарға тап боласыз. Шардың ішінде жаңа Елорданың келбетін алақанға салғандай көрсететін панорама залы орналасқан. Ол мемлекетті және оның азаматтарының бей-біт өмірін, достығы мен келісімін қастерлеп сақтауға үндейді.

Тағы бір керемет көрініске ие нысан – «Бейбітшілік пен келісім сарайы». Зәулім сарайдың жоба-сын атақты британдық сәулетші Норман Фостер жасаған. Ғимарат Елорданың жаңа әкімшілік орталығының орталық бөлігінде президенттік сарайға апаратын жолдың кіндігінде орналасқан. Төменгі бірнеше деңгейін 1500 орындық опера театры алып жатыр. 25 қабатты ғимараттың биіктігі – оның іргетасының

аумағы да осындай. Ғимараттың ішінде жиналыстар мен конфе-ренциялар өткізетін бөлмелер, үш қабатты мұражай, көрме және концерт залдары, кітапхана, діни конфессиялардың кеңселері орналасқан. Пирамиданың ұшар басында әр түрлі діндер мен кон-фессиялар көшбасшылары жина-лыстарын өткізетін 200 орындық дөңгелек зал орын тепкен.

Осы заманға дейін қазақ да-ласында қаншама жүздеген қала болған. Тек замана зұлматына шы-дамай, бүгінгі күнге бірнешеуі ғана жетті. Ал Астана - бұрынғы Бозоқ пен Батығай қалаларының орнын-да қалған ұрпақ жалғастырушысы іспетті. Қала бірнеше кезеңнен өтті. Оның бір сатысы Целиног-рад қаласының да өз тарихы бар. Бұл қаланы жергілікті халқы әлі ұмытпайтыны сөзсіз. Шаһар орталығындағы ғимараттар, ескі оқу орындары, зауыттар, емхана-лар және тағы басқа да нысандар сол ескі Целиноградтан қалған мұра. Ол мекемелердің көбі қала астана болып ауысқан соң қайта жөндеуден өткізіліп, бүгін елорданың бір сәнін келтіріп тұр. Бұл кешегі тарих, бүгінгі белес, ертеңге аманат. Ғажайып қаланың керемет көріністері мұнымен аяқталмақ емес. Әлем назарындағы қазақ қаласында Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына арналған салтанатты мереке күндері «Мәңгілік ел» монументі Елбасының қатысуымен ашыл-ды. Астана көркін одан сайын айшықтай түскен бұл монументтің мағынасы өте үлкен.

Ел жүрегі - Елорданың осын-дай көз көрген кереметтері келе-шекте де тоқтап қалмасы ақиқат.

Ботагөз Сембайқызы

Page 81: №1 Журнал

81

Page 82: №1 Журнал

82

- Мен өзім қарапайым шаруа отбасында дүниеге келдім, - дей-ді Келесбек Ешенқұлұлы. - Әкем Ұлы Отан соғысына қатысқан, ауылда ферма бастығы болды, ауылдық кеңесті басқарды. От-басымызда тоғыз баламыз, өзім әке-шешемнің қасында, қара шаңырақта қалдым. Менің өмір жолым да, еңбектегі алғашқы қадамым да ауылда басталды. Осы ауыл шаруашылығында қарапайым жүргізуші болып бастап, ферма басшылығына дейін жеттім. Он бір жылдай «Ақсу Жабағалы» құс фабрика-сы басшысының орынбасары, кейін ауыл әкімі қызметтерінде болдым.

Түлкібас өңірінің бүгінгі жағдайы туралы не айтасыз?

Егемендік алғалы елімізде көп өзгерістер болып жатыр ғой. Мемлекетіміздегі салиқалы саясатымыздың арқасында алған асуымыз, бағындарған биік-теріміз аз емес...

Қазір бұл ауылды газдан-дыру мәселесі шешіліп жатыр деп естідік...

Иә, Түлкібас ауданын түгелдей көгілдір отынмен қамтамасыз етсек деген мақсат біртіндеп іске асып жатыр. Бұл тұрғыда облыстық бюджеттен 1 млрд 380 млн теңге қаржы бөлінді. Енді Иірсу және Дәу баба таудың үстінде тұрған елді-мекендерді де даму жоспарына кіргізіп отырмыз... Осыдан екі жыл бұрын облыстық мәслихат депутаты Аманұлла Рахманқұл екеуміз ауылдағы коммуналдық шаруашылық туралы мәселе көтерген болатынбыз. «АТК»,

«СПК» дейміз, бұларға техникалық жағдай жасап, коммуналдық шаруашылыққа, ауыз су жүйесіне ие болатындай мекеме болса екен дейтінбіз. Содан биыл облыстық бюджет-тен 1 млрд. теңге қаржы бөлініп, барлық аудандарға 52-58 млн.теңге көлемінде техниканың 21 бірлігі әперілді. Бұл дегеніңіз, ендігі осы салаға ие болатын мекеменің өз техникасы бар деген сөз. Бұл ұсынысымызға қолдау көрсеткен облыс әкімшілігіндегі бөлім басшы-ларына алғыс айтқым келеді. Бұл да біздің дамуға деген ұмтылысымыздың бір көрінісі...

Жалпы, ел егемендігінің 20 жылдығы қарсаңында рес-публикамызда біраз шара қолға алынып жатыр ғой. Оның ішінде «Жол картасы» бағдарламасы шағын қалалар мен ауылдар үшін зор мүмкіндік дер едім. 2010 жылы еліміз Еуропаның іргелі ұйымын басқарды. Бұл да халқымыздың рухын асқақтата түссе керек. Әлемнің елімізге деген сенімі жоғары. Тек Астанамыздың ғана емес, ауылдарымыздың өсіп-өркендеп келе жатқанын барлық ел көріп отыр. Мемлекет басшылығы ауыл шаруашылығын дамытуды, шағын және орта кәсіпкерлікті мықтап қолға алуды айтып отыр. Оған ауыл азаматтары дән риза. Ауыл жұрты ешкімге қол жаймайтын күнге жетсе дейміз. Қазір халықтың тұрмыс-тіршілігі күннен күнге өсіп келеді. Құдайға шүкір, еліміз тыныш, біле білген адамға бұл – баға жетпес қазына... Бейбітшілік – біздің басты байлығымыз. Сол сияқты, кеше ғана дүркіреп

өткен Ақ Азиада ойындары Қазақстан халқын ерекше сезім-ге бөледі. Осындайда ұрпағына ұлан ғайыр даланы тарту еткен рухы мықты ата-бабаларымызға мың алғыс дегің келеді!

Ауылдағы білім мәселесі туралы не айтасыз?

Мемлекет басшысының былтырғы Жолдауындағы: «2020 жылға қарай біз оқытудың 12 жылдық моделі-не толықтай көшетін боламыз. Ол үшін біз 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаржысы есебінен кемінде екі жүз мек-теп салып, осынша мектепті жергілікті бюджет есебінен тұрғызамыз» деген сөздері халыққа үлкен серпін берді. Мұның алдында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында Түлкібас ауданының өзінде 4 мектеп салынған болатын. Соның бірі соңғы үлгіде салынған Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп. Мектеп Баукеңнің 100 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді. Алдағы уақытта да ауылдағы білім мәселесі ел үкіметінің, мемлекет басшылығының назарынан тыс қалмайды де-ген үміттеміз. Өйткені, ұрпақ тәрбиесі – ел болашағы, ұлт болашағы сынды маңызды мәселелермен ұштасып жатқаны белгілі.

Әңгімеңізге үлкен рахмет! Ойға алған әр ісіңіз жүзеге аса берсін!

Әңгімелескен Бауыржан Сегізбаев

Келесбек Жартыбаев – Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихат депутаты, «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының Түлкібас филиалының бастығы. «Қазақстан газ құбырының 75 жылдығы» медалімен, Газ шаруашылығындағы жетістіктері үшін «Алтын Сапа Қыран» белгісімен марапатталған.

Page 83: №1 Журнал

ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары

Сергей Каржасов

Page 84: №1 Журнал

84

Қазақ жері – ғажайыптар ме-кені. Талайды тамсандырған иен далаға қандай теңеу арнасаң да жа-расады. Мұстафа Кемал Ататүрктің Түркияны «Түтінсіз экономика» етіп қалыптастыру саясаты бүгінде өзінің жемісін беріп отыр. Біздің де елімізді туризмнің жарқын үлгісі етіп көрсетуге мүмкіндіктеріміз же-терлік. Осы орайда ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустри-ясы комитеті төрағасының орынба-сары Каржасов Сергей Эльдарұлынан сұхбат алған едік. Оның айтуынша комитет бүгінде бар күш-жігерін Қазақстанды әлемдегі жаңа туристік орталыққа айналдыруға жұмсауда.

Туризм саласы біздің елде кешеуілдеп қалған сала. Бірақ жиырма жыл ішінде атқарылған шаруалар да аз емес. Осы жайында толығырақ айтып берсеңіз?

Туризмді дамыту бағытында бүгінде біздің министрлік, оның ишінде Туризм индустриясы комитеті бірқатар жұмыстардың жаршысы атанды. Туризм са-ласын индустриялық даму бағдарламасына енгеніне не бары екі жылдың жүзі болды. Бірақ осы уақыт аралығында мемлекетіміздің туристік имиджін қалыптастыру мақсатында, көптеген халықаралық көрмелерге қатыстық. Былтыр ғана Германия астанасы - Берлин

қаласында өткен 45-ші «ITB» халықаралық туристік көрмесінде еліміз бірінші орынды иеленді. Біз не үшін Германияны таңдап алдық? Себебі, Германияның зейнетке шыққан тұрғындары шетелдерге көп саяхат жасайды. Аумағы кең қабырғаға еліміздің бар құндылықтарын жан-жақты көрсетуге тырыстық. Тәуелсіз сарапшылар бірауыздан 188 елдің ішінде Қазақстанның стенді «Best of the best» марапатына ие болды деп, еліміздің туристік әлеуетін таныстыруда әлемде нөмірі бірінші ел атандық. Республикамыз жер көлемі бойынша тоғызыншы орын алатыны белгілі. Бұл Отанымыздың туристік ауқымын кеңейтуге негіз

болатын мүмкіндік. Бізге Түрік делегациясы келгенде былай деген еді: «Түркияның туризм имиджін әлемдік деңгейге көтеру үшін, біз осыдан 30 жыл бұрын миллион АҚШ долларын жұмсасақ, ал қазіргі кезде 100 миллион доллар-дан астам қаржы бөлінеді». Біздің еліміз де өркендеудің бастапқы сатысына айтарлықтай қаражат қарастырып отыр.

Ауыл-аймақтағы туризм саласына қаншалықты көңіл бөлінуде?

Туризм министрлігі еліміздің әр облысындағы бөлімшелерімен тығыз байланыста. Осы арқылы ту-ристік аймаққа айналу мүмкіндігі

Page 85: №1 Журнал

85

бар шалғай елді-мекендерге мамандарымыз семинар-тренинг-тер ұйымдастырып отырады. Ел Үкіметінің іске асырып жатқан бағдарламаларының бірі - Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізінің құрылысы. Бұл Қытай мен Еуропаны жалғастыратын негізгі жол айрағы. Мемлекетіміздің біраз облысын басып өтетін бұл жол - еліміздің туризм саласының дамуына айрықша үлесін тигізбек. Біз осы мақсатта «Қауіпсіз дәліз» атты бағдарлама жоспарының алғашқы сатыларын жүзеге асыруды бас-тап кеттік. Бағдарламада әр елді-мекеннің туристерді қызықтыра алатындай жерлеріне арнайы туристік орталықтар ашуды жос-парланып отыр. Мысалы, еліміз арқылы Еуропа, Қытайға жолы түскен жолаушы немесе саяхатшы-лар туристік орталыққа барып, сол жердің табиғаты, мәдениеті, қонақ үйлері туралы бар ақпараттарды біле алады. Сондықтан бұл ел эко-номикасына да, әлемдік деңгейде Қазақстан туризімінің дамуына да ұтымды болмақ. Әлем халқы Қазақстанды мұнай өндіретін құрғақ жер деп елестетеді. Сол үшін біз бұл пікірді басқа арнаға ауыстырып, еліміздің батыс өңірлерінде де көз тоймас керемет жерлердің бар екендігін көрсетуіміз керек.

Бұл жоспардың нақты қорытындысын қашан көреміз?

Алдымыздағы жылы «Ба-тыс Қытай-Батыс Еуропа» жол құрылысы толығымен аяқталады. Ал осы жылы жанар-жағармай бекеттері, қонақ үйлердің орналасу жерлері айқындалып бітеді. Осы-дан кейін қызмет көрсетуге дайын боламыз.

ҚР Туризм министрлігі Ту-ризм индустриясы комитетінің алдында тағы қандай міндеттер тұр?

Бүгінде министрлік 2010-2014 жылдарға арналған үш негізгі мін-детті жүзеге асыру жұмыстарымен айналысуда. Олар:

- туризм саласын бәсекеге қабілетті ету;

- Қазақстанның туристік-мар-кетингтік стратегиясын құру;

- туризм индустриясы қызметінің деңгейін дамыту;

Біздің ел бүгіннің өзінде көптеген шетел инвесторларын қызықтырып отыр. Олар еліміздің туризм саласына инвестиция салуға даяр.

Сонымен қатар республикамыздың үш маңызды демалыс орыны белгіленген. Олар Алматы облысы Қапшағай су қоймасының оң жағында орналасқан «Жаңа Іле» ту-ристік орталығы мен Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» халықаралық курорттық дема-лыс кешені және Ақмола облы-сы «Бурабай» туристік аймағы. Ел туризімінің нағыз имиджін көрсететін бұл орталықтарды жандандыру негізгі міндет болған соң, бар күшті осы үш жобаға беріп отырмыз. Бұл жерлер де демалушыларға арналған бес жұлдызды қонақ үй, ойын-сауық кешендерін құру керек. Бұл бір күндік шаруа емес. Тіпті кейбір жобалар 5-10 жылға есептелген.

Қазақстан аумағы тау шаңғысы туризімін қалыптастыруға да оңтайлы. Бір ғана Алматы облысының шека-расында екі бірдей тау шаңғысы туризмін дамытуға арналған Қаскелең, Текелі қалалары маңындағы екі жобаны іске асыру

жұмыстары жүргізілуде. Соны-мен қоса, Алматы облысындағы «Көкжайлау» бүкілмаусымдық курортында 500 шақырымдық тау- шаңғы базасын салу көзделіп отыр.

Ғаламторда Сіздердің бастамаларыңызбен құрылған веб-сайттарыңыз бар. Сол жайында айтсаңыз?

Ғаламторды БАҚ-тың бір саласы ретінде қарастырсақ, бұл еліміздің тамаша табиғаты мен салт-дәстүрін әлемге наси-хаттау барысында пайда болған веб-сайт. «ITB» халықаралық туристік көрмесі шеңберінде ҚР Туризм және спорт министрлігі «Compass» неміс консалтингтік компаниясымен бірлесіп, Кельн қаласында ашылған еліміздің туристік бюросымен соған сәйкес www.kazaсhstan-tourismus.de интернет-парағының тұсаукесер салтанатын өткізді.

Қазіргі кезде Қазақстанның жаңа туристік әлеуетінен паш ететін www.vizitkazakhstan.kz ресми сайты мемлекеттік қазақ тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде өте бай мағлұматтарды табуға мүмкіндік береді. Мұнда еліміздің әр облысына арналған бөлімшелері жұмыс істейді. Олар өз аймақтарындағы жаңалықтарын күнделікті ауыстырып отыра-ды. Біз бүгінде халықаралық Бұқаралық ақпарат құралдарымен жақсы байланыс орнатуды басты мақсат етіп отырмыз.

Әңгімеңізге рахмет! Еліміздің көрікті жерлері көбейе берсін!

Әңгімелескен Мейрамгүл Құспан

Page 86: №1 Журнал

86

Жолдасбек НүсіповОҚО-сы Салық департаментінің бастығы

Page 87: №1 Журнал

87

Жолдасбек Сәтбекұлы Нүсіпов 2010 жылдың қыркүйек айынан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бастығы. Ол 1986 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, 2003 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы Алматы облысының Жамбыл аудандық қаржы бөлімінің есеп жөніндегі экономисі болып бастаған. Салық саласында 1991 жылдың қаңтар айынан істейді. Жамбыл аудандық мемлекеттік кіріс инспекциясының халыққа салық салу бөлімінің аға салық инспекторы, бөлім бастығы болды. Бұдан соң Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Алакөл ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Ақмола облысы бойынша салық департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен және көп жылғы жемісті еңбегі үшін ҚР-ның Салық қызметінің 15 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2006 жылы қаржы-салық саласындағы ұзақ та жемісті еңбегі үшін «Салық қызметінің үздігі» атағымен марапатталған. 2011 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

САЛЫҚ – ӨРКЕНИЕТТІ МЕМЛЕКЕТТЕ ӨМІР СҮРУДІҢ ӨТЕМІ

Қазақстан Республикасының Қаржы секторында салық органдарының қызметі ерекше. Мемлекет қазынасының толықтығы – жалақының және зейнетақының уақытылы төленуінің, балабақша, мектеп және аурухана құрылыстарының көптеп салынуының, қала мен ауылды сәулеттендіріп көркейтудің кепілі. Салық қызметінің басты мақсаты – әрине, ең алдымен салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және салық қызметінің сапасын жоғарылату арқылы бюджеттік түсімнің молаюына ықпал ету. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бастығы Жолдасбек Нүсіповтің есебінде тақырыпқа жан-жақты шолу жасалынады.

Нарықтық қатынастардың дамуында салықтың алатын орны ерекше. Ол дегенiңiз салық мәдениетiн, салық төлеушiнiң терең түсiнiгiн қажет етедi. Мемлекет халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жүйелi жұмыстарды атқару барысында кәсiпкерлiктi дамытуды жолға қойып отыр. Ал, кәсiпкерлiкпен айналысу тек жеке бастың ғана шаруасы емес, бюджетке мiндеттi және басқа да төлемдердi уақтылы енгiзiп, белгiленген заң аясында жұмыс жүргiзудi мiндеттейдi.

«Салық төлеушiнiң мәдениетi» деген iргелi ұғым осыдан туындай-ды. Бұл орайда салық органдары салықтың барлық түрi бойынша түсiмнiң өсу қарқынын барынша жоғарылатуды қамтамасыз ету-ге құқылы. Сондай-ақ, барлық деңгейдегi түсiм көздерi бойынша бюджеттiң табыс бөлiгiнiң орында-луы сапалы болуы тиiс.

Салық органы әрбiр салық төлеушiге салық заңдылықтарын түсiндiру арқылы олардың салық қызметiне қанағат сезiммен қарауына мүмкiндiк жасауы тиiс.

Бұл айтылғандар салық қызметкерлерiнiң күнде бетпе-бет келiп отыратын iс-шараларының бiр сарасы ғана. Халықпен тығыз байланыста жұмыс жүргiзiп келе жатқан Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша салық департаментiнiң биылғы жұмыс нәтижесi көңiл қуантарлық.

Айталық, 2011 жылы жал-пы мемлекеттік бюджетке 208,3 млрд. теңге салықтар мен міндетті төлемдер өндірілді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 51,4 млрд. теңгеге көп немесе өсу қарқыны 132,7% құрап отыр. Осы жоғары көрсеткішке қол жетуі 2011 жылда 24,4 млрд. теңге қосымша резер-втерді анықтап, өндіру арқылы болып отыр.

Мемлекеттік бюджет болжа-мы 2011 жылы 45 млрд. теңгеге нақтыланып ұлғайтылды, бастапқы болжам 157 млрд. теңгеден 202 млрд. теңгеге дейін өсті. Оның ішінде республикалық бюджет жоспары 39,4 млрд. теңгеге не-месе 36,4%, ал жергілікті бюджет жоспары 5,6 млрд. теңгеге немесе 11,5% ұлғайтылды.

Қорытынды сомалардан көрiнiп тұрғандай, салық органы алдыңғы жылғы меженi ұстап тұрумен қатар, ол көрсеткiштерден озық шықты. Сондай-ақ, жыл басында белгiлеген басты бағыттарды мақсатты түрде жүзеге асыра бiлдi. Назар аудара кететiн нәрсе, 2009 жылы қабылданған жаңа Салық кодексiне байланысты жекелеген салық түрлерi бойын-ша мөлшерлемелер айтарлықтай төмендедi. Соның салдарынан салық төлеушiлердiң арасында әжептеуiр босаңсу пайда болды.

Page 88: №1 Журнал

88

Осындай себептерге қарамастан, түсiм өсiмiнiң қарқыны өткен жыл-мен салыстырғанда басым түстi.

Салық органы өз жұмысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған тиiмдi экономикалық саяса-тын басшылыққа ала отырып, нарықтық реформаның не-гiздерiне сүйенуде. Сонымен қатар, кәсiпкерлiктi дамытуға, шағын және орта бизнестi қолдауға арналған республи-ка Үкiметi қабылдаған iс-ша-ралар нақты жол салуда. Осы басты құжаттардың негiзiн-де жүргiзiлген жұмыстардың арқасында облыс тұрғындарының көп бөлiгi жұмыспен қамтылып, салық түсiмдерi мен бюджет төлемдерiнiң көлемi едәуiр артты.

Айтылып өткен жетiстiктердiң бәрi бiр ғана салық қызметкерлерiнiң маңдай терiмен келмегенi белгiлi.

Прокуратура мен жол полици-ясы салық төлеушi көлiк иелерiнiң iс-қимылын сараптауда көп көмегiн тигiздi.

Салық департаментiнiң бас-тамасын қолдаған жергiлiктi атқарушы, өкiлеттi органдардың бiрлесуiмен көптеген iс-шара жүргiзiлдi. Әрине, тиiстi жоспар-лар түзiлдi. Шағын және орта биз-нес субъектiлерiнiң, кәсiпкерлiктi бастауға ниет бiлдiргендердiң қатысуымен тақырыптық кезде-сулер өткiзiлдi. Ол кездесулерде сауданың кiрiс бөлiгiн көтерудегi салық қызметкерлерi мен салық төлеушiлердiң алатын орны, салық мiндеттемелерiн орындау, кейбiр мүлiктердi қайта бағалау секiлдi салық сауаттылығына байланыс-ты тақырыптар қозғалып отырды. Соның арқасында бюджеттiң кiрiс бөлiгiн қамтамасыз ететiн негiз-гi жұмыстар жүйеленiп, қарқын алды.

Облыс бойынша 2011 жылдың әкімшіліктендіру жұмыстарының қорытындысында 380,0 млн. теңге қосымша резервтер анықталып бюджет есебіне өндірілді.

- жеке кәсіпкерлер мен заңды

тұлғалардың жер салығы бойынша 32,5 млн. теңге анықталып бюджет есебіне өндірілді;

- жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлік салығы бойын-ша 120,2 млн. теңге анықталып бюджет есебіне өндірілді;

- заңды тұлғалардың көлік салығы бойынша 7,6 млн. теңге анықталып бюджет есебіне өндірілді;

- қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыдан – 32,3 млн. теңге анықталып бюджет есебіне өндірілді;

Заңды тұлғалардың мүлік салығы бойынша 2009-2010 жылдар үшін тапсырған де-кларациялары тексеріліп 375 салық төлеушінің декларация-ларынан салық ставкасын дұрыс қолданбағаны анықталып, салық төлеушілерге қателіктерін түзету үшін хаттар жолданды. Бүгінгі күні осы салық төлеушілердің қателіктері түзетіліп, 5420,7 мың теңгеге қосымша салық деклараци-ялары тапсыртылды.

Облыс бойынша, жойылғандар, банкроттарды және басқа да осындай контрагенттерді қоспағанда, өңделуге тиіс ҚҚС және КТС сомасы 6 057,8 млн.теңгені құрайды, соның ішінен өңделгені 2 137,3 млн. теңге.

Өңделген сомаларды есепке ала отырып, өздеріне жүктелген салықтық міндеттерді орындаудан жалтарған контрагенттердің ҚҚС және КТС бойынша 1 987,6 млн.

теңге өңделуге тиіс материалдары қаржы полициясына берілген.

2011 жылдың басынан жалған кәсіпкерлер контрагенттері бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесінде республикалық бюд-жетке 506,8 млн. теңге түскен.

ҚҚС бойынша КБ-дың 705-708 автоматтандырылған шығарылымдар нәтижесімен 36 620,6 млн. теңгеге 4907 хабарлама қалыптастырылған. Оның ішінде бұзушылық сомасы 30599,4 млн.теңгені құрайтын 4545 хабар-лама өңделді. Өңделмеген 362 хабарлама бойынша, бұзушылық сомасы 6 021,2 млн.теңге, салық заңнамасына сәйкес барлық шара-лар қолданған.

ҚҚС бойынша КБ-дың автоматтандырылған ұшырылымдар нәтижесі бойын-ша барлығы 3 787,1 млн. теңге қосымша есептелді, оның ішінде нақты өндірілген сома 551,0 млн. теңге, артық төлемдер сомалары 3 236,1 млн. теңгені құрайды.

Бүгiнде бiз салықты тексерудiң тотальдi түрiнен өтiп кеттiк. Тәуекелдi басқару жүйесiн пайда-лану арқылы тексеру жүргiзiлетiн салық төлеушiлердi iрiктеу крите-рийi бекiтiлдi. Салық жүктемесiнiң коэффициентiн (СЖК) анықтау жөнiндегi жұмыстар жалғасуда.

Экономикалық бақылау жұмыстары нәтижесiнде қосымша 40920,1 млн. теңге сомасында салық және өсiмпұл бюджетке аударылды.

Жалпы берешек 17,0 млрд. теңге жылдың басымен салыстырғанда 3,9 млрд. теңгеге кемітілді немесе 81% құрайды.

Бүгінде сыбайлас жемқорлықты тазалау және қарсы күрес мәселесіне үлкен маңыз беріліп келеді.

Сыбайластықты құрықтау – салық қызметінің тұрақты бақылауында. Әйтсе де, кәсіпкерлер мен тұрғындардың салық мәдениетінің төмендігі сыбайластықтың белең алуына жол ашып отыр. Айталық, салық заңнамаларының ережелерін

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналы Жолдасбек Сәтбекұлы Нүсіповті

50-ге толу мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

Елуді елемей,Алпыстан аттап,

Жетпістен желіп,Сексеннен секіріп,Тоқсанға тоқтамай,

Жүзге жетіңіз!!!

Page 89: №1 Журнал

89

білмеудің өзі оны санасыздықпен бұзуға, ал оның салдары әкімшілік айыппұл төлеуге әкеліп соғады.

Облыстағы салық және қаржы полиция органдары-мен сыбайластықты, басқа да пара алу мен пара беруде ұсталған құқықбұзушылар мен қылмыстарды анықтау, тазалау және жолын кесу жөнінде бірлес-кен жұмыс жүргізілуде.

ОҚО бойынша Салық департаментінің бастамасымен 2 желтоқсан 2011 жылы Шым-кент қаласының кәсіпкерлері мен қаржы полициясы департаменті өкілдерінің қатысуымен «Сыбай-лас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелде мемлекеттік саясатқа байланысты салық орган-дарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бастапқы және жүйелі жұмыстарының бірі болып табылатынын және сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар қатаң

жүргізу қажеттілігі аталып өтті.Әрине, уақыт салық қызметi

сапасының тұрақты түрде жақсаруын талап етедi. Осы мақсатта барлық аудандық және қалалық салық басқармаларында үзiлiссiз (ауыспалы кесте арқылы) қызмет көрсететiн орталықтар ашылған. Олар тұрғындарды тiркеу, анықтама беру, салық заңнамасын түсiндiру жұмыстарын атқарады.

2011 жылы облыстың үш ауданында жаңа орталық қатарға қосылып, тағы үшеуінде қайта жабдықтау және күрделi жөндеу жүргiзiлді. Ақпан айында Шым-кент қаласы, Еңбекшi ауданын-да қысқа мерзiм iшiнде iске қосылған әкiмшiлiк ғимарат салық төлеушiлерге есiк ашты.

Сондай-ақ, жуырда ғана Кентау қаласы мен Шәуілдір ауылында жаңаша жабдықталған, келушiлерге аса ыңғайлы орталықтар пайдалануға берiл-дi. Аталған орталықтарда қызметкерлердiң жұмыс

уақытына бақылау жасауға, орын алған жағдайды жедел жүйелеуге, шоғырланған iстер-дi саралауға, салық төлеушiлер ағынын реттеуге мүмкiндiк беретiн бейнебақылау ка-мералары орнатылған. Со-нымен қатар, түсiндiру сипатындағы бейнекөрсетулер беретiн мониторлармен және салық қабылдайтын мульти-дүңгiршектермен жабдықталмақ.

Қазiргi кезеңде 36 ауылдық округте салық төлеушi терми-налы орнатылуда. Жуық арада терминалға талабы аз, ғаламтор жүйесiне еркiн қосылатын тағы да 69 қондырғы жасақталмақ.

Қызмет көрсетуге, сондай-ақ, кезекке тұруға кететiн уақытты қысқарту мақсатында, кеңес беру, үгiт-насихат ұсынуда рет-тiлiк орнату салық төлеушiлер заңды тұлғаға, жеке кәсiпкерге және жеке тұлғаға жiктелiп қарастырылады.

Жекелеген iрi орталықтарда енгiзiлген модераторлар

күнделiктi жұмыста салық төлеушiлерге жедел жәрдем бе-редi.

Әрине, атымызға айтыла-тын сын жеткiлiктi. Оларды тиiстi дәрежеде қабылдап, салық төлеушiлерге қызмет көрсетудi жетiлдiре беремiз.

Бүгiнгi таңда салық қызметi 100 пайызға компьютерлiк техни-камен жабдықталған. Салыстыра қарасақ, егер 2009 жылы салық есептiлiгiнiң 63,8 пайызы ғана электронды түрде ұсынылған бол-са, бұл көрсеткiш 2011 жылы осы кезең iшiнде 86,4 пайызға жеткен.

Салық есептiлiгiнiң электрондық нұсқасына өтудiң арқасында салық төлеушiлермен тiкелей қатынас кеми түспек. Мұның өзi сыбайластыққа тосқауыл қоюдың алғышарты болып табылады.

«2011 жыл – бақылау-кассалық машина жылы» деп жариялануын ескере отырып, тұрғындар кассалық чектiң берiлуiне қоғамдық бақылаушы

Page 90: №1 Журнал

90

ретiнде тартылды. Сонымен бiрге, салық төлеушiлер арасында салық мәдениетiн көтеруде 2001 жылғы 10-сәуiр мен 10-маусым аралығында Шымкент қаласында «Чектi талап ет те – көлiк ұтып ал!» акциясы өткiзiлдi. Осындай шаралар Кентау мен Түркiстан қалалары мен Сарыағаш ауданын-да ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, өткен жылдың 1-қарашасынан бас-тап 1-желтоқсаны аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департамен-ті үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен білім беру мектептері арасында «Чек талап ет – Патриот бол» акциясын өткізді. Бұл акция өсіп келе жатқан жеткіншек-тер арасында салықтық білімді және мәдениетті, патриотизмді арттыруға, сондай-ақ көлеңкелі экономика көлемін қысқартуға бағытталған. Астана қаласында өткізілген үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша үшінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Ш.Уәлиханов атындағы орта мек-теп ие болды.

Бiздiң мiндетiмiз – әр салық төлеушiнiң санасына чек берудiң өмiр талабы екендiгiн жеткiзу. Сонымен қатар, кәсiпкерлердiң кассалық тәртiбiн жетiлдiру мақсатында 69 сауда үйiмен өзара әрiптестiк жөнiнде меморандум бекiтiлдi.

Кеден одағының күшіне енуіне байланысты Беларусь Рес-публикасы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы кедендік шекаралардың жойылуы, кеден-дік рәсімдеудің алып тасталынуы және жүктің еркін қозғалысын қамтамасыз етудің нәтижесінде Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар саны мен тауар айналымының өсуі қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда; 1-қаңтар 2012 жылға Ресей Федерациясы аумағынан тауар импорттаушы тұлғалар саны 1 214-ті, ал Бела-

русь Республикасы аумағынан тауар импорттаушы тұлғалар саны 2067-ні құрады. Ал өткен жылдың басында, яғни 1-қаңтар 2011 жылы Ресей Федерациясы-нан тауар импорттаушылар саны 587-ні, Беларусь Республикасынан тауар импорттаушылар саны 46-ны құраған болатын.

Осыған байланысты Салық департаментінде Ресей Федера-циясы мен Беларусь Республи-касы аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорттаумен айналыса-тын әрбір Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары бойынша мәліметтер базасы қалыптастырылған.

Алдымызда мақсаттар көп, бірақ ең алдымен салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және салық қызметінің сапасын жоғарылату:

салық мөлшерлемелерінің төмендеуін есепке ала отырып, салық және басқа да міндетті төлемдердің түсімін ұлғайту, яғни барлық салықтар бойынша түсімдерді барынша ұлғайуын қамтамасыз ету, бюджеттің кіріс бөлігін барлық деңгейде және барлық салық түсім көздерінен сапалы орындау;

әкімшіліктендіруді жақсарту, салық тексерулерін азайта оты-рып, қосымша резервті табу және экономикалық-бақылау жұмысын жақсарту, бақылау-кассалық аппараттарын дұрыс қолдануын, уәкілетті органдармен бірге бюджетке салық бересін барынша азайту, бюджет алдында қарызы бар салық төлеушілермен және әрекетсіз салық төлеушілермен жұмыс жүргізу;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізу – біздің басты борышымыз.

Бетті әзірлегенБауыржан Берікұлы

Сөзін жазғандар: Жолдасбек Нүсіпов,

Нұрлыбек БалғабековӘнін шығарған:

Айжігіт Асанов

Артық емес бір жасы,Кем де емес бір жасы.Қазақстан салығы –Тәуелсіздік құрдасы.

Бар кәсіпті меңгерген,Еңбегімен дем берген.Туған елім қашандаБақытты ғой сендермен.

Бар кәсіпті меңгерген,Еңбегімен дем берген.Туған елім қашандаБақытты ғой сендермен. Қайырмасы:Алға, алға,Тұлпардай шауып,Сұңқардай самға.Қазынаны толтырған,Салықшысы елімнің,Салықшысы елімнің,Алға!Алға, алға!Тұлпардай шауып,Сұңқардай самға.Жанашыры халықтың,Қызметкері салықтың,Алға!

Бел баласы қаржының,Арқалаған бар жүгін.Мерекесі салықтың,Берекесі қаржының.

Міндеттерін арқалай,Өсіп-өнген бар талай.Елмен бірге жасай бер,Алғы шепте шаршамай!

Міндеттерін арқалай,Өсіп-өнген бар талай.Елмен бірге жасай бер,Алғы шепте шаршамай!Қайырмасы:

САЛЫҚШЫСЫ ЕЛІМНІҢ

Page 91: №1 Журнал

91

Б А Л А П А Н Ы М

Page 92: №1 Журнал

92

Бала тәрбиесі ана құрсағында басталады

Алаш ардақтысы Жүсіпбек Ай-мауытов адам тәрбиесін екі түрге бөлген - жан тәрбиесі және тән тәрбиесі. Тоғыз ай, тоғыз күн ана жатырында өсіп дамитын бөбектің келешек тәрбиесі дәл осы жерден, яғни, ана құрсағынан бастау ала-ды. Бұл - өмір шындығы. Сәбиді есі кіргенде тәрбиелеп аламын де-ген жаңсақ пікірден болашақ ана-ларымыз алшақ болғаны жөн.

Жарық дүние есігін ашпас бұрын, сәбилердің есту қабілеті дами бастайтынын медици-на ғылымы дәлелдеп отыр. Жүктіліктің 16-шы аптасында анасының тамырлар жүйесіндегі қан айналымының дыбысын естіп жататын көрінеді. Бірақ сәбидің кішкентай құлақтары 24-ші апта-да қалыптаса бастайды. Құрсақта жатқан сәби анасының жүрек лүпілін құштарлана естиді және анасы тыңдап жатқан әуенге де елеңдейді. Көптеген мәлімет көздері, тіпті бала туыла салы-сымен анасының дауысын ғана емес, айналадағы адамдардың да тіл қатуларын игере бастайды дей-ді. Және өз ана тілінде сөйлеген адамға ерекше қызығушылық біл-

діреді. Құрсақта жатқан бөбекке әкесі

тақалып, үнемі еркелетіп жақсы сөздер айтып, барынша мей-ірімін салып, баланы асыға күтіп жүргенін жеткізгені абзал. Мұндай сезімге бөленіп өскен жатырдағы сәби дүниеге келгенде әкесінің көрсеткен мейіріміне мейіріммен жауап берері сөзсіз.

Бала дыбыстарды естіп қана қоймай, анасының сөйлеу темпі-не қарай әрекет етеді. Сондықтан ана сабырлы болған сайын сәби де өзін бірқалыпты сезінеді. Жүкті әйелдің жанындағы жағымсыз қатты дыбыстар мен әуендер балаға кері әсер етуі мүмкін. Жүктіліктің 20-шы аптасынан бас-тап сәбиіңізге өзі аяқ басатын әлемі туралы әңгімелеп беріңіз. Мұның нәтижесі - сәбидің өмірге деген сүйіспеншілігі мен көзқарасын қалыптастырудағы сіздің тәрбиелік еңбегіңіздің басы болып санала-ды. Сондай-ақ, болашақта онымен тіл табысуға үйренесіз. Жүктілік кезіндегі күйзеліс жағдайында міндетті түрде сәбиіңізбен жылы сөйлесіңіз. Сәби тек жатырда ғана емес, туылған соң да сыртқы әлемді анасының эмоциясы арқылы қабылдайды.

Page 93: №1 Журнал

93

Ана сүтінің пайдасы мен ерекшеліктері

Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі - ананың сүті. Ана сүті өмірге жаңа келген сәби үшін таптырмайтын қорек. Ана сүтін беру, интеллектуальды және эмо-циянальды дамудың жақсы не-гізін қалайды. Ана сүтін ембеген бала, көп жағдайларда, аурушаң болып өседі.

«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» демекші, ана сүті нәрлі болса, баласы әлді болады. Ана сүті сәби үшін теңдесі жоқ, құнарлы, ең таза қорек болып табылады. Баланың ағзасында табиғи иммунитеттің қалыптасуына ықпал ететін де – ана сүті. Әсіресе, бірінші-екінші күнгі жас уыздың маңызы зор, бұл - баланың кез келген ауруға қарсы тұра алуының бірден-бір кепілі. Ана сүтінің құрамында сәбидің дұрыс өсіп-жетілуіне, орталық жүйке жүйесінің қалыптасуына, зат алмасу қызметіне қатысы бар пайдалы қоректік заттар жеткілік-ті. Анасының уызына жарып, ана сүтін 1-2 жасқа дейін емген сәбидің денсаулығы, жасанды сүтпен қоректенген балаларға қарағанда, анағұрлым мықты бо-лады, жұқпалы аурулармен сирек ауырады, ондай сәбидің ой-өрісі де жоғары болады. Сәбиді еміз-генде көңілді басқа жаққа аудар-май, мейірленіп, балаға жылы сөздер айтып отыру керек.

Сәби мұрнында сүт иісін тез сезетін қасиеті дамыған. Соның арқасында жас нәресте ерніне ти-ген нәрсеге дереу ауыз салып, еме бастайды. Тіпті, туылғанына жар-ты сағат өтпей жатып, оның еміп кетуі таң қаларлық. Ему кезінде

баланың бүкіл ағзалары жұмыс істейді. Бастағы қан айналымы жақсарып, жақ сүйектері мен ауыз, ерін, бұлшық еттері тез жетіледі. Оған ең алдымен уыз берілуі де ғажап. Өйткені уыз құрамы сәбидің әл жинауына, тез шира-уына қажетті витаминдерге өте бай. Бір қызығы, бала өскен сай-ын ана сүті құрамындағы қоректік заттарда, қоса өзгеріп отыра-ды. Бұл – оның ғажайыптығы. Қазақтың әлсіз, әлжуаз балаларын көргенде «уызға жарымаған» деп жатуының мәні осы. Ешқашан бірдей екі ана сүтін кездестіру мүмкін емес. Өйткені, олардың құрамы, майлылығы баласының қажеттілігіне қарай әр әйелде өзгеріп отырады. Ана сүті мы-надай тиімділігімен ерекшеле-

неді: ол қашанда қасыңызда, ылғида тұтынуға дайын, ар-найы әзірлеуді қажет етпейді, не бұзылып кетпейді. Оны еш жерден сатып ала алмайсыз, ең бастысы ол тек сіздің балаңызға арналған.

Жаңадан туылған сәбидің төменгі жақ сүйегі жоғары жақ сүйегіне қарағанда кішкентай (1,5 см-ге қысқа) болып келеді. Анасының омырауынан жарты жылға жуық уақыт сүт емген баланың төменгі жақ сүйегі жылдамырақ өсіп жоғарғы жақ сүйекпен теңеседі. Ал бөтелкемен сүт ему дегеніміз, ешкімге жат емес әрекет деуге болады. Алайда бөтелкедегі сүтті емізгі арқылы ему ем-шектен сүт сорып ішу сияқты ауыз бұлшық еттерін дамыт-пайды. Өйткені, анасының омырауындағы сүтті қажетті

мөлшерде сору үшін нәресте ауыз қуысы мен тіл бұлшық еттерін қозғалту керек. Ал бөтелкедегі сүтті емізік арқылы сорғанда нәрестенің ауыз қуысындағы бұлшық еттері қажетті деңгейде қозғалысқа түсіп, күш түсіп «шар-шамайды». Қозғалмаған бұлшық еттер төменгі жақ сүйекті әдеттегі мерзімнен кешіктіріп өсіреді.

Зерттеуші Уэнди Оддидің ай-туынша, зерттеу жұмысы аясын-да 2 868 жас нәрестеге бақылау жасалып, оларды зерттеу нысаны ретінде қарастырған. 10 жыл бойы-на бір топ ғалымдардың назарын-да болып, кейіннен жүргізілген зерттеудің қорытындысы ұзақ уақыт бойынша емшек емген 1038 баланың математика, көркем

Page 94: №1 Журнал

94

жазу мен оқу қабілеттері бойын-ша басқаларынан озық шыққаны белгілі болды. Бір қызығы, емшек сүтін емген тек ер балалардың ғана оқуда озат болып, ақыл-ой дамуы жөнінен басқаларға қарағанда алда болғандығы анықталған. «Бұның себебі ана сүтімен берілетін антистресстік эстроген гармонында жатыр» – дейді Уэнди Одди. Осы аталмыш гармон ер балалардың ағзасына түсіп, олардың жүйке жүйесінің тұрақты дамуына оң ықпал ету-мен қатар стресске қарсы тұра

алатындай етіп өсіреді. Стрессіз өмірдің баланың жан-жақты да-муы үшін қаншалықты маңызды екендігін айтпаса да түсінікті. Ал ананың сәбиін жартып-жартпауы көбіне оның денсаулығына байла-нысты. Уақытында демалу, дұрыс тамақтану, таза ауада серуендеу, жүйкеге салмақ түсірмеу секілді шаралар ананың омырау сүтінің азаймауына себепші.

Бүгінгі таңда көпшілік жас аналар жұмысты, оқуды, ананы-мынаны сылтауратып сәбилерін емізуден бас тартады. Бұл әрине

өкінішті-ақ, дәрігерлердің кеңесі бойынша сәби ана сүтін екі жасқа дейін ему керек.

Адамзатқа түсірілген қасиетті Құран Кәрімде «Бақара» (2/233) мен «Лұқман» сүресінде (31/14) баланы емізу мерзімінің екі жыл екендігі айтылған. Оның бүгінгі дүниежүзілік ұйымдар да кезек пе кезек мойындауда. Мәселен, ДДҰ, ЮНИСЕФ, БҰҰ жанындағы Балалар қоры бала-ны емшекпен емізу мерзімі екі жыл екенін әрі алты айға дейін емшек сүтінен басқа ештене бер-меу керектігін ескертуде. Жалпы әйел көкірегі сұлулық үшін емес. Перзентінің алдында емізу пары-зын өтеу үшін жаратылған.

Психологтардың айтуынша, емізу кезінде ананың бар жан-тәнімен сәбиді көкірегіне қысуы, аймалауы, бөбектеуі, сөйлеуі, еміренуі, мейірленуі, маңдайынан иіскеуі, сылап-сипап еркелетуі арқылы бала мен ана арасындағы ұзақ жылдарға жалғасатын өзара сүйіспеншілік, махаббат, қимастық сезімдері қалыптасады. Баланың физикалық, әлеуметтік, психологиялық, рухани жан-дүниесі толысады. Ана сүтін ем-ген балалар тез тіл табысқыш, адамға жұғымды болып өседі. Ал, ана сүтін ембей өскен ба-лаларды жасөспірім шақта қатыгездік, қылмысқа бейімдік көп байқалған. Емізу баланы да, ананы да жайлы сезімге бөлейді. Баланың борпылдатып емуі ананың денесін жұмсартып, еміре-нуін арттырады, шаршағанын басады. Бала мен қатар ананың жүйке жүйесіне де емізудің пай-дасы зор.

Page 95: №1 Журнал

95

Бесік - баланы бөлеп, әлдилеп ұйықтатуға арналған басты құрал. Бесік жасау үлкен өнер. Бесікті сатып алушы сатушының айтқан бағасымен саудаласпай са-тып алады. Бесік ағаштан ойып, өрнек салу арқылы жа-салынады. Бесіктің құрамында сыртқы жабдық, шүмек, түбек, бау, тарының сыртынан жасалынған төсеніш пен жастық болады. Баланы бөлеп, бесікті тербету арқылы ұйықтады. Бесіктің пайдалы жақтары тазалық сақталынады, баланың омыртқасының, аяғының түзу болып өсуіне, бастың домалақ пішінге келуіне үлкен септігін тигізеді. Сондай-ақ суықтап қалудан қорғайды.

Жас босанған ананың ұйқысы төрт бөлініп, шаршап-шалдығып жүрген кезінде түнде баланы емізу жағдайы өте ауыр келеді. Тіпті, көзі ұйқыға ілініп кетіп, баланың мұрнын көкірегімен басып қалып сәбиді тұншықтырып алу жағдайлары болып жатады. Ал бесік осы жағдайды болдырмау үшін жасалынған дүние. Ана ұйықтап қалған жағдайда, баланың мұрнына емес, бесікке сүйеніп қалады.

Бесік

Page 96: №1 Журнал

96

Бесік жыры - баланы бесікке бөлегенде тынышталуы үшін, ерте-рек ұйықтауы үшін айтылатын жыр. Бұдан бөлек, бесік жырының бала-ны тәрбиелеудегі маңызы өте зор. Бесік жыры қазақ халқынан басқа әлемнің өзге де халықтарының фаль-клорында кездеседі. Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан әдет-ғұрып салтының бәрі де оның ауыз әдебиетінен орын алған. Мұны ол ескі кездің елесі есебінде кейінгі жас ұрпаққа өлең арқылы жеткізген.

Қазақтар жас сәбиді бесікке са-луды қуаныш етіп тойлап өткізген. Онда айтылатын өлеңдерден жас баланың дені сау, ер азамат бо-лып өсуін халықтың тілейтіндігі де

көрініп отырады. Бесіктегі жас баласын тербете отырып, аяулы ана көңіліндегі ой-арманын жақсы тілегін білдіреді. Мұны халық «Бесік жыры» деп атайды. Бесік жыры ауыз әдебиетінде ертеден бар. Оны әуеліде ақындар шығарған, соңынан жұрт тыңдап жаттап алған. Бесік жырында айтылатын тілек-терден, ақыл-өсиеттерден халықтың нені аңсағаны, нені көксегені байқалады. «Әлди-әлди, ақ бөпем» деп басталатын бесік жырында анасы баласын болашақта қандай адам ретінде көргісі келетіндігін ай-тады. Сәбидің өскенде кім болатынына, қандай адам болып өсетіндігіне баса назар аударып бесік жы-рына қосқан. Мысалы, мал бағуды, кәсіп етуді, елін жаудан қорғауды жырдағы тілек, ой-арман арқылы жеткізген. Халық аузындағы бесік жырларында «бөтен елді шап», «жаман бол», «жалқау бол» де-ген сөздер мүлдем кездеспейді. Өйткені, ондай сөздер халықтың ойында болмаған әрі қаламаған. Осы тұрғыдан алғанда қазақ халқының фальклорындағы бесік жырының тәрбиелік маңызы мен шаршаған сәбиді жұбатып ұйықтатудағы маңызы зор. Бесік жыры арқылы анасы сәбиіне бар мейірімін төгіп, жақсы сөздер айтады.

Бесік жыры

Page 97: №1 Журнал

97

Page 98: №1 Журнал

«БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ...»

ТАЛАЙДЫ ТАҢ ҚАЛДЫРҒАНДАР

Тоқтар Әубәкіров 1986 жылы «Тбилиси» авиакрейсеріне «МИГ-29К» дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын қондырып алып, сол кемемен әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты. Осы батырлығы үшін Тоқтар Әубәкіровтың есімі «Гиннес» кітабына жазылды.

Қытайдағы қандастарымыз қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – дом-быраны «Гиннес» кітабына тіркеді. Шыңжаң өңіріндегі Толы ауданының 10 000 домбырашысы жексенбі күні бір сәтте қазақ халқының «Кеңес» күйін орындап шыққан.

Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Алтай аймағының Шіңгіл ауданында қазақтың халық биі «Қара жорғаны» 10 мыңнан аса адам билеп, би «Гиннес» кітабына жазылды.

Көрші Қытайдағы қандастармыз әлемді тағы да таң қалдырып, таңдай қақтырған болатын. 213,2 метр қазы жасап, екінші рет әлем рекордын жаңартты. Қазақ қазысы «Гиннес» кітабына енгізілді. Қазыны тек бес жасар жылқының етінен ғана жасаған.

Марат Жыланбаев – «Гиннес» кітабына жеті мәрте енгізілген қазақ. М.Жыланбаев Азия, Африка, Аустралия және Америка жерлерінің шөл даласын жалғыз өзі жүгіріп өткен дүние жүзіндегі жалғыз адам.

1988 жылы дүниеге келген Илья Ильин 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарынан әлем чемпионы атанып, ауыр атлетика саласындағы ең жас әлем чемпионы ретінде «Гиннес» кітабына енген.

Қазақстандық жас әнші Маша Мудряк 5 жасында өзінің жеке ән жинағын шығарып, әлемнің ең жас әншісі ретінде «Гиннес» кітабына кірген дарын иесі.

Астанадағы «Думан» ойын сауық орталығы мұхиттан мыңдаған қашықтықта орналасса да, мұхит балықтары бар алып окенариум ретінде «Гиннес» кітабына енген.

Page 99: №1 Журнал

99

Page 100: №1 Журнал