25
1 1.Кіріспе Адамның ерікті қимыл – қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді. Қимыл – қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына, оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді. Адамның қимыл - қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойға сініру процесінде қимыл тәжірибесінің шешуші рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.Адамның ерікті қимылдарын жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды. Жануарлардың шартты қимыл рефлекстері, әдетте, шартсыз рефлекстерді немесе олардың өзгертілген формаларын қайталайды. Ал адам іс-әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды. Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және қимыл-қозғалыстардың бойға сіңірілген жаңа формаларының бірлестігі болып келеді. Адамның қимыл – қозғалыс әрекетттері ең жоғары психикалық функцияларымен, жаңа сезімімен және ойлауымен байланысты. Адам мен жануар үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық маңызы мен күштерінің арасындағы ерекшеліктері өте маңызды. Сыртқы ортаның қандай болсын агенті адам мен жануар үшін шартты рефлекстердің жасалуына сигнал бола алады. Бірақ адам үшін сөз – өте жоғары маңызды сигнал.

1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

  • Upload
    others

  • View
    7

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

1

1.Кіріспе

Адамның ерікті қимыл – қозғалыстарының қалыптасуы санасының

белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді. Қимыл – қозғалыстарға үйретудің

нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың

қызығушылығына, оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес

келуіне тәуелді.

Адамның қимыл - қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің

қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесінде

оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн.

Алайда, ерікті қимылдарды бойға сініру процесінде қимыл тәжірибесінің шешуші

рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.Адамның ерікті қимылдарын

жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды. Жануарлардың шартты

қимыл рефлекстері, әдетте, шартсыз рефлекстерді немесе олардың өзгертілген

формаларын қайталайды.

Ал адам іс-әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді

қайталауға жатпайды. Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз

рефлекстердің және қимыл-қозғалыстардың бойға сіңірілген жаңа формаларының

бірлестігі болып келеді. Адамның қимыл – қозғалыс әрекетттері ең жоғары

психикалық функцияларымен, жаңа сезімімен және ойлауымен байланысты.

Адам мен жануар үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық

маңызы мен күштерінің арасындағы ерекшеліктері өте маңызды. Сыртқы ортаның

қандай болсын агенті адам мен жануар үшін шартты рефлекстердің жасалуына

сигнал бола алады. Бірақ адам үшін сөз – өте жоғары маңызды сигнал.

Page 2: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

2

3

2.Қозғалыс белсенділігі – денсаулық кепілі

Денсаулық - бұл әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның құнсыз күйі. Жақын

және қымбатты адамдармен кездескенде және қоштасқанда біз оларға мықты және

зор денсаулық тілейміз, өйткені ол – бақытты және толымды өмірдің кепілі және

негізгі шарты. Денсаулық біздің жоспарларымызды орындау, өмірдің негізгі

мәселелерді табысты шешу, қиыншылықтардан өту, керек болса, едәуір

ауыртпалықтарды көтеруге көмектеседі. Адамның ақылымен нығайтылып және

сол қалпында сақталып отырған, зор денсаулығы оған ұзақ және белсенді өмірді

қамтамасық етеді.

Денсаулық - табиғаттық ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде,

деніміз сау болғанда денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз

білетін дәрі – дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара

қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не

істеу керек?

Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дұрыс.

Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар

мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына

тікелей себептер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін

адамнан бақытсыздықтан басқа ештене күтуге болмайды. Лев Толстой: «Спиртті

ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы – адамның рухы мен

ұрпағын жояды», -деген болатын.

Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға,

уақытында демалуға, дене қимылымен анйалысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе

жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына

сүт, көкөніс тағамдарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс

тамақтанудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу денсаулықты жақсартады.

Page 3: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

3

Спорттың ең қарапайым түрі – жүгіру. Күн сайын таңертен үйдің маңайында,

саябақта жарты сағаттай жүгіуге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе,

таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.

Бұдан өзге де елімізде халықтың денсаулығын, ұлт саулығын қамтамасыз етуге

атсалысатын шаралар көптеп өтеді.

Дене белсенділігі - бұл шипалы күш. Әйгілі ғалым Н.М.Амосов былай

деген: «Ден сау болу үшін қозғалу керек, денсаулыққа тек дене шынықтыру

арқылы жетуге болады!» Дене белсенділігі адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу

қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады.

3.Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің тәсілдері арқылы

қалыптастыру

Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан 2030" стратегиялық даму

бағдарамасында "Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене

тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен

алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақауымызға және

т.с.с бағытталған" делінген.

"Денсаулық- зор байлық, адам бақытының бастауы" дейді халқымыз. Ата-

бааларымыздың бұл ой-пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп, бізге жетіп отырған

шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін

көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат

тартуы. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс-әрекет жасау керек. Оған

нақты білім, ынта-ықылас, ерік-жігер қажет, онсыз баянды, ұзақ әрі баянды

денсаулықты сақтау қиын.

Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы тмен

деңгейде. Тек бір көрсеткіш - әскер қатарына шақырылған жастардың 50% дене

дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорңаныс

күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз.

Page 4: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

4

Бұл қауіпті жағдай Қазақсан Үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтарды,

дәрігерлерді, ғалымдарды шыңдап толғандыруда.

Қазіргі кезде бұл проблеманы шешудің негізгі жолы салауатты өмір салтын

қалыптастыру, кеңінен насихаттау болып отыр. Бұл тұрғыда Елбасы "Қазақстан

2030" стратегиялық бағдарамсында "Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда,

ауруларға қарсы күрес, денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз -

азаматтарымызды салауатты өмір салтын әзірлеуден басталады" - деп атап

көрсетті.

Дүниежүзілік денсаулық ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер

ететін факторлардың 50-60% өмір тіршіігіне, 20%- тұқым қуалаушылыққа,

20% сыртқы ортаның жағдайына, 8-10% - дәрігерлік көмектің деңгейіне

байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты - салауатты

өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін

дәлелдейді.

Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл

бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін

төмендетуге, ішімдіктің, темекінің , есірткінің, зияндығына, қимыл-қозғаыстың

аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізетін үгіт - насихат жұмыстарына

негіз салды.

Салауатты өмір тіршілігі - денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі,

ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер

етеді.

Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар бар: ауырып

жазылу; никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз

жағдайларының созылмалы әсері ; дұрыс тамақтанбау (оның жеткіліксіздігі және

шамадан тыс көптігі); көңіл күйдің жылдам ауытқуы; еңбек пен ретсіз

демалыстың бұзылуы, ауаның, судың бұзылуы; дәрі - дәрмекті және тұрмыс

Page 5: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

5

химиялық затарын орынсыз пайдалану. Осы факторлардың ішінде бірінші қатарда

қимыл - қозғалыстың аздығы.

4.Қимыл ойындары

Қимыл белсенділігінің негізгі түрлері мынадай:

таңертенгі гимнастика;

денебап;

қимыл ойындары;

сауықтыру жаттығулары;

спорт секцияларына қатысу;

серуендеу.

Ертеңгілік гигиеналық гимнастика - таңертен ұйқыдан кейін организмнің

жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін дене жаттығулары. Ұйқы

кезінде адамның орталық нерв жүйесі де тынығады. Бұл кезде жүректің соғысы

да азайып, тыныс алуы баяулайды, бұлшық еттері босап, организм толық

демалады. Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық жүйке жүйесі мен әр түрлі

органдардың қызмет белсенділігі арта түседі.

Алайда белсенділікке кшу процесі ұзаққа созылып кеткен жағдайда оның

жұмыс қабілетіне (дене және ой еңбегінде де) елеулі әсер ететіне ақиқат.

Ондайда адамның ұйқысы ашылмай, дел - сал күйде жүреді, ашушаң болады.

Ал дене жаттығуларын орындау барысындау қозғалысқа түскен бұлшық еттер

мен буындар орталық жүйке жүйесін белсенді жұмыс істеу қабілеті жақсарып,

өзін сергек сезінген адамның еңбекке деген ынтасы да артады.

Танертен дене шынықтыру үшін радио мен телевизидан берілетін жаттығулар

жүйесін пайдаланған ыңғайлы. Егер ондай мүмкіндік жоқ болса, өз бетінше

қарапайым жаттығулар жүйесін ойластырған тиімді.

Мұны мынадай принциптерге сүйене отырып, істеген жөн. Ең бастысы:

жалпы бұлшық ет атаулының, дененің неғұрлым қозғалысқа көп түскені дұрыс.

Жаттығулар бірте-бірте күрделене түсуге тиіс бірақ бұл алғашқы жаттығуарға

Page 6: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

6

қатысты емес. Әйтсе да жаттығу комплексін аяң жүрістен бастайды. Аяң кезінде

адам организміне үлкен күш түспесе де жүйке орталықтары біртіндеп қалыпты

деңгейге келеді де, тыныс алу органымен жүрек өз қызметін қайтадан

жандандырады. Жаттығуды керілуден бастауға да болады: бұл вариант көбіне

денсаулығы нашар, қартаң адамдарға дұрыс. Мұндай жағдайда аяңдау екінші

жаттығудың орнына жүреді. Одан кейінгі жаттығуар анатомиялық принцип

бойынша бүкіл дененің бұлшық еттерінің әр түрі бөліктеріне қаншалықты әсер

ететіндігіне қарай таңдалып алынады.

Төменде дене тынықтыру жаттығуларының неғұрлым дәстүрлі варианттары

ұсынылып отыр.

5.Аяң. Аякдан (бірқалыпты) жүру (бір рында тұрып жүруге де болады).

Керілу жаттығулары. Аяқты бірге немесе иық ендігіне сай қояды. Әуелі екі

қолды желнеге қойып, содан кейін бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін жайға

қарай созады, одан соң керісінше осы ретпен кезек-кезек қайталайды. Бұл

жаттығу тыныс алу органының жұмысына жақсы әсер етеді. Жаттығу кезінде екі

иық пен басты артқа қарай шалқайта тұрып, дененің барлық бұлшық еттерін

қозғалысқа келтіру қажет. Жаттығу барысында қолды жоғары көтерген сәтте

саусақ ұшына қарап тұрған жөн. Керілу кезінде аяқтың ұшымен тұру арқылы

күрделендіруге болады.

Жаттығу баяу, ақырын жасалуға тиіс. Ырғақ: 1-2 керілу - тыныс алу; 3-4

бастапқы қалыпқа оралу дем шығару.

Қол және иыққа арналған жаттығулар:

Жайға созылған екі қолды жұдырық түйілген күйі ию және қайтадан жазу;

осы қалыпта тұрып иықты айналдыра қозғау;

қолды иыққа қарай иген күйде айналдыра қозғау;

түзу тұрған қоды айналдыру;

қолды бір иіп, бір жазып, серпінді қимыл жасау; бір қолды жоғары көтеріп,

екіншісін кері серпиді де, осы қимылдар бірнеше қайталанады; екі қолды алма

кезек алға қарай сілтейді.

Page 7: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

7

қолды жоғары көтеріп тұрып, төмен түсіру, керісінше қайталау; қолды түзу

ұстап, алға, жоғары, төмен т.б. түрлі бағыттарға созу. Мұндай қозғаыстарды

барлық бағытта істеген жөн.

6. Дене тұлғасына арнаған жаттығулар: Гимнастика бастарда аяқтардың

арасын алшақ ұстап, қолды мықынға немесе иыққа қояды;

денені екі жаққа кезек бұру;

оң мен солға кезек иілу;

алға иілу (қолды еденге жеткізу керек);

екі аяққа кезек иілу;

денені мықын арқылы ырғай қозғау.

Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

Бастапқы қалып - орындықтың шетіне отырып, жиегінен ұстанды; тізекі

бүгіл, аяқты тік көтереді, одан кейін жазады (жоғарырақ) да, біртіндеп

төмен түсіреді; аяқты тік созған қалпы жоғары көтеріп, қайтадан төмен

түсіреді. Осы жаттығуды жерде (кілемде) жатып та жасауға болады;

аяқты алма - кезек тізені бүкпей жоғары көтеріп, қайшылай қозғайды.

Аяққа арналған жаттығулар: аяқты қосып ұстап түрегеліп тұрып:

аяқтың ұшымен көтеріліп, қайтадан біртіндеп өкшемен төмен түседі;

аяқтың ұшымен көтеріліп, содан кейін төмен түсерде жартылай иіледі;

бір нәрсеге қолмен таянып тұрып, екі қолмен таянып тұрып екі аяқпен алма -

кезек доп тепкенге ұқсас қимыл жасайды;

бастапқы қалыптағыдай қолды белге таянып, одан кейін оны екі жайға қарай

созып бір тұрып, бір отырады;

Қолмен таянып тұрып, аяқты алма - кезек жан - жаққа сілтей қозғалды.

Аяқты алшақтау ұстап, екі аяққа алма - кезек иіледі (тізеден қолмен ұстауға

болады).

Бүкіл дененің бұлшық еттеріне арналған жатығулар:Аяқты қосып ұстап

түрегеліп тұрып:

- аятың ұшымен көтеріліп,қайтаданбіртіндеп өкшемен төмен түседі;

Page 8: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

8

- аяқтың ұшымен көтерііп, содан кейін төмен түсерде жартылай иіледі;

- бір нәрсеге қолмен таянып тұрып,екі аяқпен алма- кезек доп тепкенге ұқсас

қимыл жасайды;

-бастапқы қалыптағыдай қолды белге таяныш, одан кейін оны екі жайға

қарайсозыпбір тұрып, бір отырады;

-Қолмен таянып тұрып,аяқты алма-кезек жан-жаққа сілтей қозғалады.

Аяқты алшақтау ұстап,екі аяққа алма-кезек иіледі(тізеден қомен ұстауға болады).

7.Бүкіл дененің бұлшық еттеріне арнаған жаттығулар:Бұл жаттығуларды

әртүрлі қалыпта орындады:

-аяқты созып жіберіп, екі қолмен жер тірей жатады(бұл кезде дене жерге тимеуі

тиіс),одан кейін бастапқыға қайта оралады;

-аяқ*+ты алшақтау ұстап,(екі қол белде)оң қолды жоғары көтеріп сол жаққа

иіледі, одан кеін бастапқы қалыпқа оралып,осы қозғалысты екінші жаққа

қайталайды;

- әуелі түрегеп тұрып, содан сон отырады, одан кейін аяқты артқа жіберіп қолмен

жер тірейді, қайтадан бастапқы қалыпқа келеді;

- денені оңға қарай бұрып және сол аяқты иіңкірей, оң аяққа сол қолдың

саусақтары жеткенше еңкейеді(ал екінші қол артта қалады), сосын бастапқы

қалыпқа қайта оралады(екінші бағытқа да осыла жасалады);

-бастапқы қалып-тізені бүгіл еденге отырады да, екі қолды артқа жібер жер

ірейді, одан кейін оң аяқты жоғары көтеріп, сол қолды осы аяқтың шына дейін

жеткізуге тырысу керек, ұл кезде оң қол мен сол аяқты бірқалыпты жағдайда

ұстаған жөн.Бұл жаттығуны орындауға қинаатыңдарбір қолды ғана тік ұстап

ұрып, денені жер тіреп отырғанқол жағына қарай бұрғаны жөн( осыны екі жаққа

қарай қайталайды);

-бастапқы қалып- табан тіреп жүрелей отырып, денені алға қарай жіберіп, қолмен

жер тірейді, сосын дене мен аяқты жаза кележерді тіреп жатады. Бұл кезді екі

аяқты алма-кезек артқа созып отырады.

Page 9: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

9

8.Секірулер:Өз бетімен гимнастикамен айналысушылар үшін секірудің түрлерін

мынадай екі негізгі топқа бөлуге болады: екі немесе бір аяқтан секіру (яки екі

аяқпен кезектесе секіру).

Аздаған өзгерістерді қолдың, аяқтың қозалыстары арқылы реттеуге

болады.Секірудің мынадай варианттары бар:

-аяқ бірге, қол белде;

-сол қалыпта оңға және солға бұрылып секіру(2-4 рет бір жаққа қарай, осынша

рет екінші жаққа қарай секіреді);

- аяқты бірде қосып,бірде алшақтап секіру;

-секірген кезде қолды екі иыққа алма-кезек ауыстырып қою, бастан жоғары

көтеріп шапалақау және қайтадан төмен түсіру артқа және алға шапалақтау;

-әр аяқпен алма-кезек 2-4 реттен секіру;

-әуелі екі аяқпен, содан кейі бір аяқпен секіру, одан соң қайта екі аяқпен, тағы

сол сияқты. Секіргенд аяқтың ұшымен секіру керек.Бұл, әсіресе,егде адамдар

үшін өте пайдалы.Олар денелері зіркілдемес үшін екі аяқпен алма-кезек

секіргендері жөн. Секіру-денеі неғұрлым көбірек қозғалысқа түсіретін жаттығу.

Мұнда организнің арлық бұлышық еттеріне үш түседі. Бұл-күш түсірудің ең

шарықтау шегі одан кейін оны біртіндеп, төмендету керек,сонда тыныс алу бір

қалыпқа келіп, жүрек соғысының жиілеуі де біре-бірте реттеледі.

-1-2 минут аяндау. Аянды тоқтар кезде қолды бірнеше рет жоғары көтеріп, терең

тыныс алу керек те, одан кейін ақырын ғана төмен түсірген жөн.

Жоғарыдағы келтірілген схема бойынша жаттығулар комплексін таңдап алуға

болады. Әрбір жаттығуды бір минут мөлшерінде, орташа қимылмен жасайды.

Тынысты емін-еркін алу керек: еңкейгенде, денеі бұрғанда отырғанда, қолды

созғандадем шығарылып, қолды көтерігенде, түрегелгенде, денені көтергенде,

иілгенде терең тыныстаған жөн(тыныс алу және дем шығару кеуденің сығылу

және ұлғаю қозғалысына сәйкес болғаны дұрыс).

Егер жаттығуды орындау кеудеге еш әсер етпесе, онда ыңғайға қарай тыныс алу

керек.Белгілі бір уақыттан кейін жаттығуларды ауыстырып отыруға болады.Егер

кейбір жаттығуларды орындау қиын тисе, оны одан әрі жалғастырудың қажеті

Page 10: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

10

жоқ. Жаттығу таңдағанда әр адам өз организімінеің ерекшеліктерін ескергені

жөн, өйткені дене тынықтыру организмге таза физиоогиялық әсер етумен қатар,

адамның көңіл күйіне де ықпал жасайды.Сондықтан кейбір жаттығуларды

орындау ұнайтын болса, оларды тұрқты түрде істеуге болады. сонда оның

тиімділігі арады. Ертеңгілік гигиеналық гимнастиканы дене дайындығымен

шатастыруға болмайды.

Дене дайындығының мақсаты-белгілі дәржеде күш жұмсау арқылы адамға

қажетті күш-қуатты қалыптастыру.Мұнда жаттығуларды ауыстырып отыру

табысқа жетудің негізгі шарттарыныңбірі. Ертеңгілік гигиеналық гимнастиканың

ұсынылып отырған методикасы кез-келген дені сау адамға жарайды. Адамға

жетіспей жүрген қозғалыс қимылдарын толықтыру үшін сан алуан

жаттығулардан құралған дене шынықтыру сабақтарымен тұрақты түрд

шұғылдану керек. Әрине, мұнда адамның жынысы,жақсы денсаулық деңгейі

ескерілуі тиіс. Дене шынықтырумен айналысудың ең қолайлы тәртібі мынадай:

таңертең гимнастика, күндіз немесе кешке (күн сайын немесе кейбір қолайлы

күндері)негізгі дене дайындығы.Әдетте, күндіз көп адамдардың уақыты бола

бермейтіндіктен,дене шынықтырумен шұғылданудың басым көпшілігі таңертегі

сағаттарға арналған.Бұларды гимнастикалық жаттығу деп айтуға болады.

Жаттығудың ең басты шарты- кез келген таңертеңгілік гимнастикадан кейін адам

шаршамауы тиіс, әйтпесе оның жұмыс істеуқабілеті тиісті дәрежеде бомайды.

Сондықтан бұл жаттығуларды орындау кезінде түсетін күш сол адамның

денсаулығына және басқа шарттарға сәйкес болғаны дұрыс.Кез келген дені сау

адам секірулердің орнына, оның ұзақтығын бірте-бірте ұлғайта отырып,жеңіл

жүгірісті қоса аады. Жүйелі жаттығулардың санын әрбір тараудан екі жаттығудан

орындау арқылы, біртіндеп көбейтуге болады.

Алғашқы жаттығулар жеңілрек болғаны жөн. Ерлер кейбір жаттығуларды

гантель көтеріп жасауларына болады.Бұган қол бос болатын жаттығулар сәйкәс

келеді.Әйелдер жота бұлшық еттерін дамытатын жаттығуларға ерекше көңіл

аударғандары дұрыс.Өйткені олардың бұлшық еттерінің бұл бөігі көбіне нашар

дамыған, ал мұның өзі кеуде кеткасының жылжымалығын және іш бұлшық

Page 11: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

11

еттерінің нашарлауын тудырады,сондай-ақ тұлғасының сиықсыздануына әкеліп

соғады.Сондықтан дене шынықтыру жүйесіне қосымша ретінде мынадай

жаттығуларды енгізуге болады.

9.Бірінші жаттығу:

- Екі қолды барынша артқа жіберіп бір бірімен ұқсастырады да, жауырымен бірге

қимылдатады.Бұл кезде басты шалқайтан жөн;

-екі қолды желкеге тарақатал қосып, шынтақтарды және басты мүмкіндігінше

шақайтады.

Екінші жаттығу:

Жерге етпеттеп жатып, екі қолды желкеге қойып, шынтақ пен басты жоғары

шалқайтып, кеудені қайқаып көтеруге әрекет жасайды:

-етпеттеп жатып, екі қолға гантель алып, қос құлашын созады, осы қалыпта

басты шалқайтуарқылы кеудені аздап көтеру керек.

Жаттығу кезінде гантельді мүмкін болғанынша жоғарырақ көтереді.0,5-1 кг-дқ

гантельден бастап, бірте-бірте оның салмағын 2кг-ға дейін ұлғайтады. Пенсия

жағасындағы адамға денені қозғалысқа келтіретін жаттығулардың барлық

түрлерін күн сайын жасаған жөн:саусақ,шынтақ буыны,иық буыны, бас

жәнежауырынды қозғалысқа келтіретін жаттығулар пайдалы. Денені бұру, аяқты

жан- жаққа сілтеу,иілу, етпеттеп жатып қайқаю сияқты және тағы басқа

қозғалыстарды қолданған жақсы. Егер таңертеңгілік гимнастиканың жаттығулар

жүйесіне бұл қозғалыстардың ешқайсысы енгізілмеген болса, оларды қосымша

кіргізген жөн.Алғашындақосымша жаттығулар негізгіжаттығуларды орындауға

кететін уақыттың есебінен алынады, өйткенігимнастиканың жалпы мөлшері10

минуттай аспауға тиіс.Дене жатыққан сайын әрбір жаттығуды қайталау саны

көбейтіліп , жалпы уақыт 15-20 минутқа дейін жеткізіеді. Мектеп оқушылары

мен мектеп жасына дейінгі бүдіршіндер үшін дене тәрбиесінің негізгі мақсаты

олардың қозғалыстарының бағыттарын анықтау,қозғалысқа икемділіктерін

арттыру болғандықтан, оларға арналған жаттығулардың жиі ауыстырылып

тұрғаны жөн. Мектепке бармаған бүдіршіндер үшін мұндағы ұсынылып отырған

жаттығулардың кейіреулері тым күрделі, сондықтан ең қарапайым, көп

Page 12: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

12

қайталанбайтын жаттығулар тадап алып, олардың орындалуын тұрақты

қадағалап отыруға болады.Балалардың қозғалыс қабілеттерін жетіліру үшін

мынадай жаттығулар өте пайдалы допты лақтырып жіберіп, қайтадан ұстап алу;

допты бір қолдан екінші қолға лақтырып ойнау;180 және360 градусқа айналып

барып,екі жаққа кезек секіру,екі аяққа ама-кезек салмақ сала еңкею қимылдарын

жасау, күйде қолды желкеге қарай жіберу,шалқадан жатып бір қырымен

етпеттеп (қолдың көмегінсіз) аунап түсу. Осыдай екі-уш жаттығу таңертеңгі

гимнастикада мінедетті түрде орындалуға тиіс.Гимнасикамен ауасы тазартылған

бөлмеде, ал жаз айларында таза ауада далада шұғылданған жөн. Киім жеңіл

болғаны дұрыс.Гимнастикадан кейін су процедурасын қабылдау керек.

10.Табиғи қимыл қозғалыстар

Табиғи қимыл-қозғалыстарға жақын(мысалы:жүгіріс).

Спорттық жаттығуларға үйрету , оларда қимылдың іштен туа біткен

механизмдердің (элементтері) басым болуы себебінен жеңіл келеді.Алайда

оқытуда жіберілген қателіктер қимыл – қозғалыстардың табиғи реттелу

негіздерін жоюы мүмкін. Мұндай қауіпті салдарға қимылдардың қалыпты

физиологиялық реттелу механизмдеріне сәйкес келмейтін үйретудің алуан түрлі

нысанды әдістері мен амалдарын енгізу себеп болады.

Күрделі қимыл – қозғалыстар үйретудің әдістемесін алдын ала мұқият жасауды

талап етеді. Ондай әдістеме балалардың қимыл – қозғалыс функцияларының

реттелу мен қалыптасуының жалпы заңдылықтарды жөніндегі білім негізінде

құрылады. Күрделі қимылдарды орындаған кезде оларға бағытталған саналы да,

жігерлі бақылаулар, қимылдардың табиғи формаларын меңгеруге қарағанда,

ұзағырақ сақталуы керек. Жеке бөлшегі не болмаса тұтас қимыл – қозғалыс

автоматтандырылған сайын, оны санамен бақылау әлсірей береді. Іштен туа

біткен қимыл – қозғалыс әрекеттеріне тән қимыл – қозғалыстар еріксіздік

бейнелеріне ие бола бастайды.

Балалар мен жасөспірімдерді қимыл – қозғалыстрға үйретудің

ерекшеліктері.Жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету қарапайым қимыл актілерінің

Page 13: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

13

11.табиғи бейнелерінің жастық алғы шарттарына негізделеді. Тұңғыш балалық

шақтағы бейберекет қимыл-қозғалыстардан,сансыз сынаулармен байқаулар

арқылы, оларды орындаған шақтарда ұшырасатын сәтсіздіктерден аса отырып,

бара бара мақсаты қимыл-қозғалыстары қалыптасады.Мақсатқа сәйкес қимыл

әрекеттерін қуаттау – ерікті қозғалыстарды қалыптастыруға бағытталған қажетті

әрекеттер. Мысалы, баланығ шап беріп ұстай алатын қимыладарын,бірнеше рет

тамақ немесе басқа биологиялық маңызы зор агенттерменқуа қуаттаса,олар

мақсатты сипатты қимыл әрекеттеріне айналады.

Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл – қозғалыс(локомоторлық)

функциясы өте қарапайым формаларында іске асады.

Бір-екі жастағы бала жүрісін еске түсірейік. Оның қимыл

белсенділігі,көптеген спорт түрлеріндегі немесе әртістік өнердегі қимыл –

қозғалыстарға мүлде ұқсамайды.

Қимыл-қозғалыс функциясының дамуы біркелкі емес.Туғаннан соң бір

жасқа дейін бала өте тез өседі.Тұңғыш балалық шақта тұлға бұлшық еттерінің

массасы тек артады.Тек мектепке дейінгі жаста ғана(5-6 жаста)қолдарының ұсақ

бұлшық еттері тез дамиды.Бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік қимыл-

қозғалыстарға ие бола бастайды.

Тірек – қимыл аппаратының және орталық реттеуші механизмдерінің

жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл-қозғалыстарды меңгеру қабілеті

артады.Бастауыш сыныптағы балалар,шапшаң шешім қабылдап орындауды

талап ететін, аяқ астынан пайда болатын қимыл-қозғалыс жағдаяттарына

салыстырмалы тез бейімделеді.Қимыл-қозғалыс дағдыларын үйрену және оларды

орнықтыру жеделдігі көптеген жағдайларда оқытушының шеберлігіне,қуаттау

әдістерінің ебін табуына,баланың сабаққа деген ынта-жігерін арттыра білуге

байланысты.Сондықтан физиологиялық әрі – педагогикалық тұрғыдан алғанда

да,түсінік беріп,жаттығулардың орындалуына баға беріп,баланың қимыл

әрекеттеріне тұрақты бақылау жасап отырғанымыз дұрыс.

Ерікті қимыл-қозғалыстардың қалыптасуы оқытудың алғашқы кезеңдерінде

шартты рефлекстік әрекеттердің жалпы заңдылықтарына тәуелді.Жастық даму

Page 14: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

14

12.және түйсіктің қалыптасуы барысында осы заңдылықтар жаңа сапалық

мазмұнға ие бола бастайды .Қимыл – қозғалыстарға саналы ынта-жігерлі бақылау

оқудың нәтижелі болуының басты кепілі болып келеді.Сондықтан қолда бар

қуаттаушы агенттердің ішіндегі әлеуметтік маңызы бар түрін пайдалану

маңызды.

Баланы жаңа қимыл-қозғалыстарға үйрету жолындағы қуаттаушы

агентттер:мұғалімнің сөзі,әрекет жетістіктерін бағалауы,баланың өз

табыстарының маңызын ұғынуы және өзіне-өзі баға беруі. Алайда оқытудың

тұңғыш кезеңдерінде үйреніп жатқан дене жаттығуларындағы табыстары

қарапайым, сонымен қатар айқын, жағымды, табиғи, биологиялық мазмұны

құпия емес агенттерді пайдаланған жөн. Қимыл-қозғалыстарды орындап жатқан

мезгілдің өзінде немесе орындалып біткеннен кейін нақты бейнелі қуаттаулар

оқытуды жеңілдетеді. Мұндай әдістер бастауыш сыныптардағы оқушылардың

ойлау қасиетінің ерекше бейнелі болуымен байланысты. Оларда нақты

тітіркендіргіштердің әлі де болса көбісі сөз бейнесіне ие бола қойған жоқ.

Сондықтан балаларға қуаттаушы заттық агенттер әсер етеді.

Бастауыш сынып жасындағы балалар техникалық жағынан күрделі қимыл-

қозғалыстар формаларын меңгеруге қабілетті. Бұл 7-8 жаста жоғары жүйке

әрекеттерінің дамуы едәуір биік сатыға көтерілгенін көрсетеді. Осы уақытқа

дейін жүйке жасушаларының(клетка)өте маңызды өсу сатысы құрылымдық

саралап жіктеумен аяқталады. Абстракциялық ойлау негізі болатын іштен сөйлеу

мүмкіндіктерінің қалыптасуы қарқынды түрде артады. Алайда ішкі тежелу

процестері әлі де болса жетілмегендіктен, жаңа қимыл-қозғалыстарды жасау

оларға қиынырақ түседі.

Баланы қимыл-қозғалыстарға үйрету шапшаңдығы оның сыртқы әсерлерге

деген бейімделгіштігіне байланысты. Балалардың жеке дамуында түрлі

бағыттағы дене жүктемелеріне сезімтал келетін кезеңдер байқалады(сын

кезеңдер). Мысалы, 6-8 жастағы баланы коньки тебуге, 9-11 жас кезіндегіден

үйрету жеңіл.8-12 жас аралғында, дәлдік пен жоғары үйлесімділікті, кеңістікті

Page 15: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

15

13.бағдарлай алу қасиетінің қарқынды дамуына байланысты, іс жүзінде қандай да

болсын қимыл-қозғалысқа үйретуге болады.

Мектепке дейінгі жаста екі аяқ пен бір сәттілік қимылдары(мысалы, екі

аяқпен теуіп секіру) жасау қиындық туғызады, өйткені туа біткен қайшылас

координация әлі де сақталған. Тек 7-8 жасқа дейін аяқпен бір сәттілік

симметриялық қимыл-қозғалыстар жасауға қажетті үйлесімділіктің

физиологиялық механизмдері дамып жетіледі. 8-9 жастан бастап жүгіріс пен

жүзудің жылдамдығы қарқынды өсе бастайды, ал 10-11 жасқа жақын жүгіріс

адымдарының жиілігі максимал дәрежесіне жетеді,тіпті 10-11 жастағы балалар

осы жағынан 12-14 жастағы жасөспірімдерден асып түседі.

Жасөспірімдік және бозбалалық жастарға дерексіздік ойлауды басым

болуымен байланысты,нақты,заттық тітіркендіргіштерге қарағанда,сөз

сигналдарына шартты қимыл рефлекстері тез жасалады.Сондықтан (әсіресе

бозбалалық шақта),негізінен,сөздік әдістерді пайдалану арқылы қимыл-

қозғалыстарға үйрету физиологиялық тұрғыдан негізді.Жасөспірімдер жоғары

қозғыштығымен,өте жоғары қимыл белсенділігімен,қимылдардың

ретсіздігімен(ебедейсіздігімен) ерекшеленеді.Жыныстық жетілу кезеңіне жақын

мидың талдау-түзу функциясының мүмкіндігі жоғарылайды.Дене жаттығулары

сабақтарының мазмұны мен маңызын түсіну арқылы,жасөспірім олардың

түрлерін тез меңгереді.

Жасөспірім психикалық тұрақсыздығы оның дене жаттығуларына деген

назарын үнемі қуаттап тұруды қажет етеді.Бірақ олардың аса күрделі болмағаны

жөн.Күрделі,қиын жаттығулар немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын

жаттығулар сияқты қимыл-қозғалыстарға ынта-жігер тез сөнеді.Дене

жаттығуларына аса қол жетімділік техниканы меңгеруге деген немқұрайлылыққа

әкеледі.Дәл осы жаста,жаттығуларды орындау арқылы физикалық жан-жақты

даму,проприоцепция аппаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы

керек.

Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең-жасөспірім кезеңі.Бұл кезеңде

жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып

Page 16: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

16

14.жатады.Біріншіден,организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы

қалыптасады,екіншіден жаңа көзқарас,қажеттіліктер қалыптаса

бастайды.Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда

болуының себебінен қиын қалыптасады.Жасөспірімдердің мінез-құлқы

тұрақсыздықпен,жылдам жәбірленгіш,өкпешілдікпен сипатталады.Осы кезеңде

жолдастар тауып,топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады.Сонымен

қатар,жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт,пікірлері,демалыс

уақыттарын өткізу,көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері

қалыптасады.Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі

артып,ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркінідігіне,құқығына

қарсылық көрсету сияқты қабылданып,көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер

етуі мүмкін.

Бұл жағдайлардың бәрі алкогольдік ішімдіктерді оңай табуға

болатындықтан және алкогольдік әдет-ғұрыптар мен салт- дәстүрлердің кең

таралуынан туындайды.Әсіресе,ішімдікті жаңа бастап жүрген өте

араласқыш,әзілқой,әр нәрсенің түйінін жылдам шеше білетін,өжет бастығы бар

алкогольдік топтарға жылдам үйір болады.

Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік

топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау,

істеген жұмыстардың нәтижесіз шықпауы т.с.с Осындай жағдайлардан өте

маңызды психологиялық механизм жасауға болады: тіршілік түйіткілдері

мазасыздандырып, күткен жетістіктеріне жете алмаған жасөспірімдер

алкогольдік топтарға ауысуы арқылы қалыптасқан нормалар мен құндылықтарға

өзінің қарсылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке қойылған қарсы

талаптарды да бұзады.

Зиянды әдеттердің алдын алудағы маңызды бағыт- жасөспірімнің жеке адам

болып қалыптасуына, оның қажеттілігінің, сұраныстарының жоғарылауына,

адамзат баласының қастерлейтін мәдени құндылықтарына көзқарасын, яғни

жасөспірімнің рухани денсаулығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Page 17: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

17

Жасөспірімдер арасында алкогольге қарсы ағартушылық, тәрбиелік жұмыстар

жүргізу –ішімдікке қарсы арнаулы профилактикалық тәсілге жатады.

15. Мектептерде алкогольге қарсы тәрбие жүргізілген кезде төмендегі

принциптерді басшылыққа алған дұрыс;

1.Мектеп оқушыларын ерте жастан алкогольге қарсы

тәрбиелеп,қалыптастыру.Алкогольге жеке көзқарас 9-10 жастың өзінде қалыптаса

бастайтындықтан,ішімдікке қарсы тәрбиені бастауыш сыныптардан басталғаны

жөн;

2.Алкогольге қарсы тәрбиемен ағартушылық бір бағытта,бірізділікпен

жүруі қажет;мұнда оқушының жас мөлшеріне сәйкес қарапайым мысаладан

бастап,ішімдікке байланысты қоғамда да,өзіне де келтіретін зор кесапатты

түсіндіру арқылы ішімдіктің зияның ашып беру керек;

3.Ішімдікке қарсы жұмысты балалар арасында қойылған фазалар мен

кезеңдерге сәйкес жоспарлау;

4.Ішімдіке қарсы жүргізілген жұмыстарда оқушылардың әр түрлі жас

топтарының психикалық ерекшеліктерін ескеру;

5.Оқушылардың ішімдікке қарсы тәрбиелеп,қалыптастыру жұмыстары

гигиеналық және әдет-ғұрыптық,эмоционалдық және мазмұндық аспектлерге

сәйкес келуі тиіс;

6.Балаларды әлеуметтік-гигиеналық пайдалы белсенділігін

жоғарылату,толыққұнды демалыстар ұйымдастыру;

7.Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу.Педагогткалық ұжымдар

мұндай жұмыстарды жанұялармен,маман дәрігерлерімен,соның ішінде

наркологьтармен,мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізгені тиімді.

8.Жоғары сынып оқушыларын алкогольге қарсы жұмыстарға белсене

араластыру.Оларға ішімдікке қарсы жұмыстарын жасату.Мұндай жұмыстар

жоғары сынып оқушыларымен қатар бастауыш сынып оқушыларына да пайдалы

болады.Өйткені бастауыш сынып оқушылары өзінің ата-анасымен,мұғалімдерінен

гөрі жоғарғы сынып оқушыларына көбірек сенеді.

Жасөспірімдер аудиториясында алкогольді ішкі ағзаларға тигізетін зияны

дәрістер онша тиімді емес.Мұндай орталарда алкогольге қарсы жұмыстар

Page 18: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

18

16.балалар мен жасөспірімдер үшін қажетті құндылықтарға,яғни оның

қабілетін,мүмкіндігін ашу,олардың жанұядағы,балалар арасындағы,қоғамдағы

орнын тауып беруге бағытталғаны дұрыс.

Ішімдікке қарсы жұмыстың мазмұны мәнді,түсінікті,адамзат баласының

қажеттіліктерін дұрыс қамтиын терең ұғымға негізделуі керек.Балалардың

салакатты өмір салты көбінесе ата-аналарының тіршілігіне,өзі тәрбиеленіп

отырған ортасына байланысты болып келеді.

Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын

қалыптастыруды,олардың белгілі жас-жыныс,ұжымдық еркшеліктерін ескере

отырып жүргізгені тиімді болады.

3.2.Салауатты өмір салтын қалыптастыру-денсаулық кепілі.

Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдай,тіршілік деңгейінің құлдырауы

және эколкогиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл

халқының,әсіресе,өскелең ұрпақтың деңсаулығына кері әсерін тигізуде.Осы

ретте,елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан 2030» бағдарламасындағы ұзақ

мерзімді басымдықтың бірі-«Мемлекетіміздігі азаматтарының денсаулығы,білімі

мен әл ауқаты тармағында» және кезекті жолдауында денешынықтыру мен

спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген.Бүгінгі таңда өз

тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта жалпы білім беретін орта мектепте

жан-жақты,дамыған,денсаулығы мықты,салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке

тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Барша азаматтардың денсаулығын нығайту,салауатты өмір салтына

бағытталған елбасының жолдауын-егемендіктің кілтін ұстар жастардың

болашағына апаратын алтын сүрлеу десе де болады.Бүгінде білім беру

мекемелерінің алдында тұрған міндеттерінің бірі-жас ұрпақтың салауатты өмір

сүруге көзқарасын қалыптастыру,олардың денсаулығын сақтауға,қоршаған

ортаны таза ұстауға және жоғары,сапалы білім алып,сол білімді келешектегі

өміріне пайдалана білуіне тәрбиелеу.Адамның ақыл-ой интелектісін оның

білімділік деңгейінен байқауға болады.Білім-ақыл-ойдың бастапқы түрткісі және

негізгі құралы,әрі көрсеткіші болғандықтан,әрбір адам салауатты өмір сүру үшін

біріншіден ақыл-ойын жетілдіру керек;екіншіден материялдық жағдайын түзеуі

тиіс,ол үшін адал еңбек етуі қажет.

Page 19: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

19

17. Егемен елдің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақ десек,олардың білімді де

білікті,жоғары мәдениетті,парасат-пайымы мол,сапалы азамат болып жетілуі

тәлім-тәрбие беретін ұстазға,ата-анаға,өскен ортасына байланысты.Сондықтан да

білім саласын қазіргі заманның ұрпағын тәрбиелеуші орт ретінде оқушылрдың

бойына арнайы адамгершілік және мәдениеттілік құзіреттіліктерін қалыптастыру

мен жандандыру күн тәртібіндегі басты мәселе.

Азаматтың дені сау болуы үшін салауатты өмір сүруді қалыптастыруымен

тікелей байланысты,яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру-денсаулық

кепілі.Осы ретте,қандай жағдайларға назар аудару керек дегенге келсем.Сонымен

салауатты өмір салты деген не? Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған

мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Ұлт тағдыры-ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген ата-бабамыз жас

жеткіншектерді еңбекке баули отырып,рухани-адамгершілік ізгі қасиеттерге

тәрбиелеу мәселесін алғашқы орынға қойған.Сондықтан,біз болашақ педагогтар

өз кезегімде алдымызға келген әрбір оқушының денінің сау болуы үшін осы

бағытта да тәрбие бере білуге тиіспіз.Білім алушыны сауықтыруда дене

шынықтыру пәні жетекші орынға ие болатын болса,басқа пәндердің өз үлесі

болуы керек екені сөссіз.Мектептегі әрбір мұғалім өзіне бекітілген бағдарламаны

оқытуымен қатар,оқушының тәрбиесіне,оның ішінде салауатты өмір сүруді

қалыптастыруына да көңіл бөлуі қажет.Менің ойымша,әр педагог өз сабағында

жасөспірімдердің назарын өздері үнемі сүйіп жейтін тәтті тағамдардағы

құнарлылыққа аударғаны жөн.Мәселен,тіске залалды конфет,печенье

қорабындағы,консерв банкасындағы және бауырға қатерлі пепси кола мен кока

кола сыртындағы жазуларды оқытуға болады.Сонымен қатар,калория дегеніміз

ненің өлшеуі дегенше,латынның «жылу» мағынасын беретін,жылу мөлшерінің

жүйеден тыс өлшем бірлігі екенің түсіндіруі тиіс.Халықаралық жүйедегі

джоульмен оның байланысына келсек,1 кал 4,19Дж. Осы ретте,мұғалім әркімнің

денсаулығына ұқыпты қарап,ішкен асының шектен тыс аз немесе көп

аққуызды,майлы,көмірсутекті болмауы үшін «Тағамдар нәрлілігі»кестесінен

хабардар болуы керек екенің ескерткені дұрыс.

Қазақ ұлтының салауаттылық,парасаттылық,,адамгершілік,тәлім-тәрбие

туралы өлмес құнды ұлттық мұрсының дамуын шолып өтсек,Ибн Сина

еңбектері,Шығыс аристотелі атанған ғұлама әл-Фараби,Омар Хайям

рубайлары,түркі тілдес халықтардың бәріне өшпес рухани мұра қалдырған; Жүсіп

Баласұғұни,Махмұт Қашқари,Ахмет Иассауи,Хайдар Дулати шығармаларының

Page 20: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

20

18.орны ерекше.Араға бес ғасыр салып,қолымызға сағындырып жеткен ғалым

Өтеубойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерліе баян» атты еңбегі,ұлттық

психологиядан болашақтың салауаттылығына,имандылығына арналған мол

мағұмат алуға болатын еңбек.

Ө.Тілеуқабылұлының дене мен рухани дүние тұрғасанда жас буынның

сұлулықты түсіне білулеріне ерекше көңіл бөлді.Ол адамның сыртқы

пішіміне,көрінісіне аса назар аударған.Егер адамның сырт киімі

таза,тартымды,сұлу келбетті болса,онда ол оның көңіл күйін жақсартып ,жүрек

икерек,дене еңбегімен шұғылдандырып тәрбиелеу қажет дейді.

Қазақ халқын әлемге танытқан Шоқан,Ыбарай,Абай еңбектерінің ұрпақ

тәрбиесінде алар орны ерекше.Бүкіл бір халықтың ұстазы Ұлы Абай өзінің қара

сөздеріне жан мен тән тазалығы,имандылық қасиеттері «толық адам»,дені сау

адамның іс-әрекет нәтижелері жалпы қауымның игілігіне айналады деп

тұжырымдайды.

ХХ ғасыр басында қазақ халқының білім беру саламында үлкен бетбұрыстар

болды.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мұраларды жинақтау,оны бүгінігі

оқушылардың тәрбиесіне,салауаттылығын қалыптастыруға пайдалануда тәлімдік

ой-пікірлерімен қазақ даласына із қалдырған

Ш.Құдайбергенов,А.Байтұрсынов,Х.Досмұхамедұлы,М.Жұбанов,Ж.Аймауытұлы,

М.Дулатов және т.б еңбектері-ұрпақ саулығы үшін қам жеген денсаулық

мәселесіне арналған мұраларының орны ерекше.

А.Байтұрсынұлы «Тәні саудың-жаны сау» екенін айта отырып, «Ең әуелі

бәрінен бұрын тазалықтың қадірін біл.Тән саулығының тамыры-тазалықта,жан

саулығының тамыры-саулықта»-, деп денсаулықты сақтаудың маңызды жолын

меңзейді.Себебі,денсаулықтың кепілі-тән мен ардың тазалығы.Ол саулықтың

іргетасын қалайды.Мәселен, Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» оқулығында

«Сау жан сау денеде ғана болады» деген адамзат дүниесінің ескі мәтелін

дұрыстай отырып,баланың денсаулығы мәселесін Дене тәрбиесі» бөлімінде

егжей-тегжейлі қарастырады.

Оқушы болашағы оның денсаулығана байланысты.Оқу,білім алу,үйрену немесе

біреуді үйрету үшін адамға мықты денсаулық керек.Жеке тұлғаның денсаулығын

сақтауға деген құндылық бағдары әрдайым әртүрлі жағдайларда өзінің ойлары

мен іс-әрекеттерін денсаулығын сақтауға бағыттай алуы керек.Оқушылардың дені

Page 21: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

21

сау болу үшін ұстаздар оған жақсы дәстүрлер мен әдеттерді сіңіріп,салауатты өмір

салтын сақтаудың қажеттілігі мен оны іске асырудың жолдарын үйретуі қажет.

19. Салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыра алмау (режимнің дұрыс

сақталмауы,қимыл-қозғалыстың аз болуы,дұрыс тамақтанбау,жағымсыз

жағдайлардың көп болуы,зиянды әдеттерге үйір болуы)қоғамымыздағы келеңсіз

жағдайлардың таралуының басты факторы.

Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп,сырқаттанушылық

және өлім-жітім деңгейі арта түсті.Әсіресе,балалар мен жастардың денсаулығы

қауіп тудыруда.Темекі тарту,ішімдік пайдалану,есірткіге құмарлық және улы

заттарға әуестік,адамгершілікке жат мінез-құлық кенінен етек алуда.Дүниежүзілік

денсаулық сақтау ұйымы сарапшылардың дерегі бойынша,халық денсаулығының

49-50 пайызы өмір салтына,яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына

тәуелдә,17-20пайызы қоршаған орта ерекшіліктеріне байланысты деп көрсетілген

P.S. Жастары,болашақ мамандары әлсіз,денсаулығы нашар,білімсіз,зиянды

әдеттергетәуес,жалқау,тәрбиесіз болса,ол мемлекет қашанда

әлсіз,қорғансыз.Ендеше, жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, жүйке

психикасын дұрыс қалыптастырып,ширақ,жігерлі,сынбатты өсіру әрбір ата-анамен

педагогтардың алдында тұрған үлкен міндет.

Мектептегі денсаулықты сақтауға негізделмеген тәлім мен тәрбие үрдісі тиімді

болуы мүмкін емес.

Қорытынды.

Қимыл-қозғалыс белесенділігі – жоғары тірі материяның ерекшелігі ғана

емес,тіршілікке қажет жағдай.Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық

мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-

қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.

Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тіршілік етуінің және эволюциядағы

оның пргресінің шарты.Энергия ресурстарын қорға жинау,тыныштық күйде

оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқа

бұлшық еттерінің белсенділігіне байланысты.Осы тұрғыдан алғанда,қаңқа бұлшық

еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.

Іс-тәжіибе,зерттеулер көрсеткендей,қимыл қозғалыс белсенділігі жасқа орай

болатын инволюциялық өзгерістерді тежейді,белсенді жасампаздық өмір

кезеңінің ұзаруына септігін тигізеді.Қоғам байлығы,ғылыми-техникалық прогресс,

Page 22: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

22

әлеуметтік-экономикалық даму,жеке адам денсулығына байланысты.Басқаша

айтқанда,өсіп келе жатқан жастардың денсаулығы-маңызды әлеуметтік категория.

20.Бірінші байлық – денсаулық дейміз.Бірақ осы сөздің салмағын,жүктер

жауапкершілігін көбінесе сезбейтін де,мойындамайтын да сыңайлымыз.Айтылған

сәтте көңілімізге қонады,құлағымызға жағады.Келісеміз.Содан соң өзіміз ауа

жайылып жүре береміз.Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығап

санамызды соғамыз. «Жалған-ай» деп көкірегіміз қарс айырылып,өмірден түңіле

бастаймыз. «Тәннен жан артық еді»,-дейді Абай атамыз-тәнді жанға бас ұрғызса

керек еді.Жоқ біз олай қылмадық,ұзақтай шулап,қарғадай барқылдадық.Жан бізді

жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң,күш енген соң,оған

билетпедік,жанды тәнге бас ұрғыздық,ешнәрсеге көңілмен қарамадық,көңіл

айтып тұрса сенбедік.Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық...»

Тәннен жан артық...Билік жанда ғой.Бірақ ғұмырымыз аз ба,көп пе...

кеше,бүгін,шамасы ертең де билік жаңда емес тәнде.Пендешілдіктен тәнді

тоғайтып.сөйтіп аурулар қатарын көбейтіп жүрген жай бар.Тым болмаса,жан мен

тән бірлігін,арақатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес,өзің

үшін,отбасың,өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін. Денсаулық-тән,рухани

және әлеуметтік игіліктің жиынтығы.Денені үнемі шинықтыру,сананың сапа

деңгейін көтеру,интеллект өрісін биіктету,рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулаққа

қызмет етедідесек қателеспейміз. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік – экономикалық

жағдай,тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық Қазақстан

Республикасының бүкіл халқының,әсіресе,өскелең ұрпақтың денсаулығына кері

әсерін тигізуде. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аудақ

болғаны жөн.Енді оларға ие не жататына тоқтала кетейік; Олар-темекі

тарту,спирттік ішімдіктерге,есірткілік заттарға салыну.Арақтың орнына қымыз бен

қымыран іш,темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр.Жастарға есірткіні

пайдаланба,көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке

айналдыр дер едім.Еңбек адамды тәрбиелейді.Салауатты өмір салта жұмыстан

қашпағаны жөн.Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа

апармайды.Имандылық жолына түсіп,жылына бір келетін оразаны тұтып,оның

тәртібін сақтағаныныз дұрыс.Дүниеде бұған тең келетін ештене жоқ.Біз

табиғаттың,қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек.Өзіңізді қандай

көрсеңіз,өзгелерді де солай көріңіз.Адамдар бір-бірімен

дос,бауырлас,сыйлас,рақымды,мейірімді болса,нұр үстіне нұр жауады.Әрқашан

Page 23: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

23

жаман ойдан аулақ болыңыз.Адам өзін өзгеден кем сезінуі,денсаулағының нашар

екендігін ойлап қамығуы,көз алдында өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.

Page 24: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

24

Page 25: 1.Кіріспе қозғалыстарының қалыптасуы санасыныңkgtkk.kz/dist_obych/FK/2kurs/Legkaya_atl/zhe-il_atletika... · 2016-04-06 · шындық

25