45
36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты АКТИВТЕРДІҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫ МАҚСАТЫ___________________________________________________________________ 1. Осы Стандарттың мақсаты ұйым өз активтерін олардың өтелетін сомасынан аспайтын өлшем бойынша есепке алу үшін қолданатын рəсімдерді белгілеуден тұрады. Егер активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны осы активті пайдалану немесе сату есебінен өтелетін сомадан асатын болса, актив оның өтелетін сомадан асатын өлшемі бойынша есептеледі. Ондай жағдайда актив құнсызданған актив ретінде сипатталады, жəне Стандарт құнсызданудан болған шығынды ұйымның тануын талап етеді. Стандартта сондай-ақ ұйым құнсызданудан болған шығынды қашан қайта топтастыратыны көрсетіледі, жəне ақпаратты ашып көрсету тəртібі белгіленеді. ҚОЛДАНУ АЯСЫ______________________________________________________________ 2. Осы Стандарт мыналардан басқа барлық активтердің құнсыздануын есепке алу үшін қолданылуы тиіс: (а) босалқыларды (2 Босалқылар (IAS) ХҚЕС-ын қараңыз); (b) құрылыс салуға жасалған шарттардан туындайтын активтерді (11 Құрылысқа жасалған келісімшарттар (IAS)-ын қараңыз); (с) кейінге қалдырылған салық активтерін (12 Пайдаға салынатын салықтар (IAS) ХҚЕС-ын қараңыз); (d) қызметкерлерге төленетін сыйақылардан туындайтын активтерді (19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар (IAS) ХҚЕС-ын қараңыз); (е) 9 Қаржы құралдары: тану жəне бағалау (IAS) ХҚЕС-ын қолдану саласындағы қаржы активтерін; (f) əділ құны бойынша бағаланатын инвестициялық жылжымайтын мүлікті (40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік (IAS) ХҚЕС қараңыз); (g) сатуға жұмсалатын шығындары шегерілген əділ құны бойынша бағаланатын ауылшаруашылық қызметіне байланысты биологиялық активтер (41 Ауыл шаруашылығы ХҚЕС-ын қараңыз); (h) кейінге қалдырылған аквизицияланған шығындарды жəне 4 Сақтандыру келісімшарттары (IFRS) ХҚЕС қолданылатын саладағы сақтандырушының сақтандыру шарттары шеңберіндегі шарттық құқықтарынан туындайтын материалдық емес активтерді; жəне (і) 5 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер жəне тоқтатылған қызмет (IFRS) ХҚЕС-ына сəйкес сатуға арналғандар ретінде сыныпталған ұзақ мерзімді активтерді (немесе шығып қалу топтарын). 3. Осы Стандарт босалқыларға, құрылыс шарттарынан туындайтын активтерге, кейінге қалдырылған салық активтеріне немесе қызметкерлерге төленетін сыйақылардан туындайтын активтерге немесе сатуға арналғандар ретінде сыныпталған активтерге (немесе сатуға арналғандар ретінде сыныпталған шығып қалу топтарына) 344

36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

  • Upload
    others

  • View
    34

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

АКТИВТЕРДІҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫ

МАҚСАТЫ___________________________________________________________________

1. Осы Стандарттың мақсаты ұйым өз активтерін олардың өтелетін сомасынан аспайтын өлшем бойынша есепке алу үшін қолданатын рəсімдерді белгілеуден тұрады. Егер активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны осы активті пайдалану немесе сату есебінен өтелетін сомадан асатын болса, актив оның өтелетін сомадан асатын өлшемі бойынша есептеледі. Ондай жағдайда актив құнсызданған актив ретінде сипатталады, жəне Стандарт құнсызданудан болған шығынды ұйымның тануын талап етеді. Стандартта сондай-ақ ұйым құнсызданудан болған шығынды қашан қайта топтастыратыны көрсетіледі, жəне ақпаратты ашып көрсету тəртібі белгіленеді.

ҚОЛДАНУ АЯСЫ______________________________________________________________

2. Осы Стандарт мыналардан басқа барлық активтердің құнсыздануын есепке алу үшін қолданылуы тиіс:

(а) босалқыларды (2 Босалқылар (IAS) ХҚЕС-ын қараңыз);

(b) құрылыс салуға жасалған шарттардан туындайтын активтерді (11 Құрылысқа жасалған келісімшарттар (IAS)-ын қараңыз);

(с) кейінге қалдырылған салық активтерін (12 Пайдаға салынатын салықтар (IAS) ХҚЕС-ын қараңыз);

(d) қызметкерлерге төленетін сыйақылардан туындайтын активтерді (19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар (IAS) ХҚЕС-ын қараңыз);

(е) 9 Қаржы құралдары: тану жəне бағалау (IAS) ХҚЕС-ын қолдану саласындағы қаржы активтерін;

(f) əділ құны бойынша бағаланатын инвестициялық жылжымайтын мүлікті (40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік (IAS) ХҚЕС қараңыз);

(g) сатуға жұмсалатын шығындары шегерілген əділ құны бойынша бағаланатын ауылшаруашылық қызметіне байланысты биологиялық активтер (41 Ауыл шаруашылығы ХҚЕС-ын қараңыз);

(h) кейінге қалдырылған аквизицияланған шығындарды жəне 4 Сақтандыру келісімшарттары (IFRS) ХҚЕС қолданылатын саладағы сақтандырушының сақтандыру шарттары шеңберіндегі шарттық құқықтарынан туындайтын материалдық емес активтерді; жəне

(і) 5 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер жəне тоқтатылған қызмет (IFRS) ХҚЕС-ына сəйкес сатуға арналғандар ретінде сыныпталған ұзақ мерзімді активтерді (немесе шығып қалу топтарын).

3. Осы Стандарт босалқыларға, құрылыс шарттарынан туындайтын активтерге, кейінге қалдырылған салық активтеріне немесе қызметкерлерге төленетін сыйақылардан туындайтын активтерге немесе сатуға арналғандар ретінде сыныпталған активтерге (немесе сатуға арналғандар ретінде сыныпталған шығып қалу топтарына)

344

Page 2: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

қолданылмайды, себебі осы активтерге қолданылатын қазір бар Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарында оларды тану жəне бағалау үшін арнайы талаптар бар.

4. Осы Стандарт мыналар ретінде жүйеленген қаржы активтеріне қолданылады:

(а) 27 Шоғырландырылған жəне жеке қаржы есептілігі (IAS) ХҚЕС-тағы анықтамаға сəйкес еншілес ұйымдарға;

(b) 28 Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар (IAS) ХҚЕС-тағы анықтамаға сəйкес қауымдастырылған ұйымдарға; жəне

(с) 31 Бірлескен қызметке қатысу (IAS) ХҚЕС-тағы анықтамаға сəйкес бірлескен қызметке.

Басқа қаржы активтерінің құнсыздануы 39 (IAS) ХҚЕС-нда қаралады.

5. Осы Стандарт 9 (IFRS) ХҚЕС-ын шегіндегі қаржы активтеріне, 40 (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес əділ құн бойынша бағаланатын инвестициялық жылжымайтын мүлікке немесе 41 (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес сатуға жұмсалған шығындары шегерілген əділ құн бойынша бағаланатын ауылшаруашылық қызметіне байланысты биологиялық активтерге қолданылмайды. Алайда, осы Стандарт басқа ХҚЕС-ына сəйкес 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар (IAS) ХҚЕС-ғы қайта бағалау үлгісі сияқты, қайта бағаланған өлшем бойынша (яғни əділ құн), ескерілетін активтерге қолданылады. Қайта бағаланған активтің құнсыздану мүмкіндігін анықтау əділ құнды анықтау үшін қолданылған əдіске байланысты болады:

(а) егер активтің əділ құны оның нарықтық құны болып табылса, онда активтің əділ құны мен сатуға жұмсалған шығындар шегерілген оның əділ құны арасындағы бірден-бір айырмашылық активтің шығып қалуына жұмсалған тікелей қосымша шығындар болып табылады:

(і) егер шығару шығындары онша маңызды болмаса, онда қайта бағаланған активтің өтелетін сомасы оның қайта бағаланған өлшеміне (яғни, əділ құнына) барынша жақын немесе одан көп болады. Бұл жағдайда қайта бағалау талаптары қолданылғаннан кейін қайта бағаланған актив құнының азаюы күмəнді болады, сондықтан өтеу сомасын бағалаудың қажеттігі жоқ;

(іі) егер шығару шығындары маңызды болса, онда сатуға шыққан шығын шегерілген қайта бағаланған активтің əділ құны оның əділ құнынан міндетті түрде төмен болады. Демек, қайта бағаланған актив, егер оны қайта бағалау құны оны қайта бағалау өлшемінен (яғни, əділ құнынан) аз болса, құнсызданды деп есептеледі. Осы жағдайда қайта бағалау жөніндегі талаптар қолданылғаннан кейін, ұйым осы Стандартты активтің құнсыздану фактісін анықтау үшін қолданады;

(b) егер активтің əділ құны оның нарықтық құнынан өзгеше негізде анықталса, онда оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан көп немесе аз болуы мүмкін. Сондықтан қайта бағалау жөніндегі талаптар қолданылғаннан кейін, ұйым осы Стандартты актив құнының мүмкін болатын құнсыздануын анықтау үшін қолданады.

АНЫҚТАМАЛАР______________________________________________________________

6. Мынадай терминдер осы Стандартта төменде көрсетілген мағыналарында

345

Page 3: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

пайдаланылады:

Белсенді нарық – бұл төменде келтірілген талаптардың барлығы сақталатын нарық:

(а) нарықтағы айналым объектілері біртекті болып табылады;

(b) əдетте, кез келген уақытта мəміле жасағысы келетін сатушылар мен сатып алушылар табылуы мүмкін; жəне

(c) бағалар туралы ақпаратқа баршаның қолы жетеді.

Қаржылық жағдай туралы есептік құн – жинақталған амортизация жəне құнсызданудан болған жинақталған шығын сомасы шегерілгеннен кейін актив көрсетілетін сома.

Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлік – бұл басқа активтерден немесе активтер тобынан түсетін ақшалай қаражаттар ағынына едəуір дəрежеде тəуелді емес ақшалай қаражаттардың түсімін қамтамасыз ететін ең аз бірегейлендірілетін активтер тобы.

Корпорациялық активтер – бұл қарастырылатын қозғалысқа келтіретін бірліктер, сол сияқты басқа да қозғалысқа келтіретін бірліктер ретінде ақша қаражаттарының болашақ түсімдеріне салым салатын гудвиллден басқа активтер.

Есептен шығару шығындары – бұл қаржы шығындарын жəне, пайдаға салынған салық жөніндегі шығыстарды қоспағанда, активтің немесе қозғалысқа келтіретін бірліктердің шығарылуына тікелей байланысты қосымша шығындар.

Амортизацияланатын құн – актив сатып алуға шыққан нақты шығындар немесе өзіндік құн шегеріліп, қаржы есептілігінде нақты шығындардың орнына көрсетілген басқа өлшем.

Амортизация – бұл активтің амортизацияланатын сомасын оның пайдалы қызмет мерзімі ішінде жүйелі түрде бөлу.*

Сатуға жұмсалған шығындар шегерілген əділ құн – бұл жақсы хабардар, осындай мəміле жасағысы келетін жəне бір-біріне тəуелді емес тараптардың арасында мəміле жасалған кезде, есептен шығару шығындары шегеріліп, активті немесе қозғалысқа келтіретін бірліктерді сату жолымен алуға болатын сома.

Құнсызданудан болған шығын – бұл активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің оның өтеу сомасынан асатын сомасы.

Активтің немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің өтеу сомасы екі өлшемнің ең үлкені: оны сатуға шыққан шығындар немесе шегерілген оның əділ құны немесе оны пайдалану құндылығы болып табылады.

Пайдалы қызмет мерзімі – бұл не:

(а) ұйым активті пайдалануды көздейтін уақыт кезеңі; не

(b) өндіріс бірліктерінің немесе ұйым активті пайдаланудан алуды күтетін сол сияқты бірліктердің саны.

346

Page 4: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

Пайдалану құндылығы – бұл активтен немесе қозғалысқа келтіретін бірліктен алынуы күтілетін ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарының дисконтталған құны.

ҚҰНЫ КЕМУІ МҮМКІН АКТИВТІ ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ_____________________

7. 8-17-тармақтар өтелетін сома қашан бiрегейлендiруi тиіс екендігін белгілейді. Осы талаптарда "актив" термині пайдаланылады, бірақ ол жеке активке де, ақшалай қаражаттарды қозғалысқа келтіретін бірлікке де тең дəрежеде қолданылады. Осы Стандарттың қалған бөлігі былайша құрылған:

(а) 18-57-тармақтарда өтелетін соманы бағалауға талаптар белгіленеді. Бұл талаптарда сондай-ақ «актив» термині де пайдаланылады, бірақ олар жеке активке де, ақшалай қаражаттарды қозғалысқа келтіретін бірлікке де тең дəрежеде қолданылады.

(b) 58-108- тармақтарда құнсызданудан болған шығындарды тануға жəне бағалауға талаптар белгіленеді. Гудвиллден өзгеше жекелеген активтердің құнсыздануынан болған шығындарды тану жəне бағалау мəселелері 58-64-тармақтарда қаралады. 65-10-тармақтарда ақшалай қаражаттарды қозғалысқа келтіретін бірліктің жəне гудвиллдің құнсыздануынан болған шығындарды тану жəне бағалау мəселелері қаралады.

(с) 109-116- тармақтарда активтердің немесе ақшалай қаражаттарды қозғалысқа келтіретін бірліктің құнсыздануынан болған алдыңғы кезеңдерде танылған шығындарды қайта топтастыруға қойылатын талаптар айтылған. Сол сияқты, бұл талаптарда «актив» термині пайдаланылады, бірақ олар жеке активке де, ақшалай қаражаттарды қозғалысқа келтіретін бірлікке де тең дəрежеде қолданылады. 117-121- тармақтарда жеке активке, 122 жəне 123- тармақтарда ақшалай қаражаттарды қозғалысқа келтіретін бірлікке, ал 124 жəне 125- тармақтарда гудвиллге қосымша талаптар белгіленген.

(d) 126-133- тармақтарда қандай ақпарат құнсызданудан болған шығындарға қатысты ашып көрсетілуге жəне активтер мен ақшалай қаражаттарды қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты шығындар қайта топтастырылуы тиіс екендігі ашып көрсетілді. 134-137- тармақтарда құсыздану мəніне сынақтама жасау мақсаттарында гудвилл немесе пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтер бөлінген ақшалай қаражаттарды қозғалысқа келтіретін бірліктер туралы ақпаратты ашып көрсетуге қосымша талаптар бар.

8. Активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны өтелетін сомадан асқан кезде, ол құнсызданды деп есептеледі. 12-14-тармақтарда активтің құнсыздануынан шығынның туындау мүмкіндігін көрсететін кейбір белгілер сипатталған. Осы белгілердің кез келгені анықталған жағдайда, ұйым өтелетін соманың ресми есебін жасауы тиіс. Осы Стандарт құнсызданудан болатын шығын белгілері жоқ болса, ұйымның өтелетін сомаға ресми есеп жасауын талап етпейтін 10-тармақта көзделген жағдай бұған кірмейді.

9. Ұйым əрбір есепті күні активтің мүмкін болатын құнсыздану белгілерінің болуын анықтауға міндетті. Кез келген осындай белгі анықталған жағдайда ұйым активтің өтелетін сомасын бағалауы тиіс.

10. Бұған қоса, қандай да болсын құнсыздану белгісінің бар-жоғына қарамастан,

347

Page 5: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

ұйым:

(а) пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активті немесе пайдалану үшін əлі қол жетпейтін материалдық емес активті оның қаржылық жағдай туралы есептік құнын оның өтелетін сомасымен салыстыру арқылы құнсыздану мəніне жыл сайын сынақтауға міндетті. Құнсыздануға ондай сынағы жылдық кезең ішінде кез келген уақытта, ол жыл сайын тап сондай уақытта қайталанып отырған жағдайда, орындалуы мүмкін. Əр түрлі материалдық емес активтер əртүрлі уақытта құнсыздануға сынақталуы мүмкін. Алайда, егер мұндай материалдық емес актив бастапқыда ағымдағы жылдық кезеңнің ішінде танылған болса, ол осы ағымдағы жылдық кезеңнің соңына дейін құнсыздануға сынақталуы тиіс.

(b) 80-99-тармақтарға сəйкес ұйымдар біріккен кезде сатып алынған гудвиллді құнсыздануға сынақтауға міндетті.

11. Материалдық емес активтің өз қаржылық жағдай туралы есептік құнын өтеу үшін жеткілікті болашақ экономикалық пайдалар іздестіру қабілеті, əдетте, актив пайдалануға қол жеткізілгеннен кейінге қарағанда, ол пайдалануға қол жеткізілгенге дейін неғұрлым жоғары шектеусіздік дəрежесімен сипатталады. Сондықтан осы Стандарт ұйымнан, ең болмағанда, пайдалану үшін əлі қол жеткізілмеген материалдық активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнын құнсыздануға жыл сайын сынақтауды талап етеді.

12. Активтің құнсыздануы мүмкіндігінің көрсеткіш болу-болмауын анықтағанда, ұйым, ең кемінде, төмендегі көрсеткіштерді, қарастыруы тиіс: Ақпараттың сыртқы көздері

(а) кезең ішінде активтің нарықтық құны уақыт өткеннен кейін немесе қалыпты пайдаланылғаннан кейін күтуге болатынға қарағанда айтарлықтай елеулі өлшемге азайған;

(b) ұйым үшін теріс əсер ететін елеулі өзгерістер кезең ішінде болған немесе таяу болашақта ұйым жұмыс істейтін технологиялық, нарықтық, экономикалық немесе заңдық жағдайларда немесе актив арналған нарықта күтіледі;

(с) кезең ішінде инвестициялар кірістілігінің нарықтық пайыздық мөлшерлемелері немесе басқа нарықтық көрсеткіштері ұлғайған жəне осы ұлғаюлар, бəлкім, активті пайдалану құнын есептеген кезде дисконттау мөлшерлемесіна əсер етуі жəне оның өтелетін сомасын елеулі түрде азайтуы мүмкін;

(d) ұйымның таза активтерінің қаржылық жағдай туралы есептік құны оның нарықтық капиталдандыруынан асып түседі.

Ақпараттың ішкі көздері:

(е) активтің тозуының немесе табиғи бүлінуінің дəлелдері бар;

(f) ұйым үшін теріс ықпал ететін елеулі өзгерістер кезең ішінде жасалды немесе активті ағымдағы немесе болжамды пайдалану дəрежесінде немесе тəсілінде таяу болашақта күтіледі. Ондай өзгерістердің қатарына: қарапайым актив, актив пайдаланылатын қызметті тоқтату немесе қайта құрылымдау жоспарлары, бұрын болжанған шығу күні басталғанға дейін активті өткізу жоспарлары, сондай-ақ активтің қызмет мерзімін – шектеусіз мерзімнен уақыты жағынан шектеулі мерзімге қайта қарау жатады.(*)

348

Page 6: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

(g) ішкі есептілік активті пайдаланудың ағымдағы немесе болашақ нəтижелерінің болжанғаннан нашар екенін көрсетеді.

Еншілес ұйымға, бірлесіп басқарылатын ұйым немесе ортақтас ұйымдардан түсетін дивиденд

(h) Еншілес ұйымға, бірлесіп басқарылатын ұйым немесе ортақтас ұйымдарға инвестициялау үшін, инвестор инвестициядан дивидендті жəне төмендегі жөнінде мүмкіншілікті дəлелді таниды: (і) бөлек қаржылық есептердегі инвестицияның қаржылық жағдай

туралы есептік көрсеткіші, ортақтастық гудвиллді қоса алғанда, инвестиция нысанының нетто-активтерінің шоғырландырылған қаржылық есебіндегі қаржылық жағдай туралы есептік көрсеткіштен артық болатындығы; немесе

(іі) дивиденд хабарланған кезеңде еншілес ұйымның, бірлесіп басқарылатын ұйым немесе ортақтас ұйымдардың жалпы толық табысынан дивиденд артық болатындығы.

13. 12-тармақта келтірілген тізбе түпкілікті болып табылмайды. Ұйым активтің мүмкін болатын құнсыздануының басқа белгілерін де анықтауы мүмкін, ол да ұйымнан осы активтің өтелетін сомасын немесе гудвиллге қатысты анықтауды, 80-99-тармақтарға сəйкес құнсыздануға сынақтаманың орындалуын талап етеді.

14. Мыналардың болуы активтің мүмкін болатын құнсыздануының ішкі есептіліктен алынған дəлелі болып табылады:

(а) актив сатып алуға арналған ақшалай қаражаттар ағындарының немесе оны пайдалану жəне қызмет көрсету үшін бюджетте бұрын көзделгеннен едəуір жоғары ақшалай қаражаттарға деген келесі қажеттіліктердің;

(b) ақшалай қаражаттардың нақты таза ағындарының немесе осы активке байланысты, бюджетке салынғаннан едəуір төмен операциялық пайданың немесе шығынның;

(с) ақшалай қаражаттардың бюджетте көзделген таза ағындарының немесе операциялық пайданың едəуір төмендеуінің, немесе осы активтен шығатын бюджетте көзделген шығындардың едəуір ұлғаюының; немесе

(d) операциялық шығындардың немесе актив бойынша ақшалай қаражаттардың ағымдағы кезеңнің көрсеткіштерін болашақ кезеңдерге арналған бюджеттік көрсеткіштермен біріктіру кезінде туындайтын таза жылыстаулардың болуы.

15. 10-тармақта көрсетілгендей, осы Стандарт пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз, немесе пайдалану үшін əлі қол жетпейтін материалдық емес актив, сондай-ақ гудвилл, кем дегенде, құнсыздану мəніне жыл сайын сынақталуын талап етеді. 10-тармақтың талаптарын қолдану уақытына қарамастан, активтің өтелетін мөлшерін бағалау қажеттілігін анықтау кезінде маңыздылық принципі қолданылады. Мысалы, егер бұрын жүргізілген есептеулер активтің өтелетін сомасы оның қаржылық жағдай туралы есептік құнынан елеулі түрде көп екенін көрсетсе, онда, егер осы айырманы жоятын ешқандай оқиғалар болмаса, активтің өтелетін сомасын ұйымның қайта бағалауының қажеті жоқ. Осылайша, алдыңғы талдау активтің өтелетін сомасының 12-тармақта аталған көрсеткіштердің біріне (немесе көбіне) əсер етпейтінін көрсете алады.

16. 15-тармақтың ережелерін көрнекілендіретін мысал: нарықтық пайыздық мөлшерлемелері немесе басқа нарықтық көрсеткіштері кезеңінің ішінде

349

Page 7: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

инвестициялардың кірістілігі ұлғайған жағдайда, ұйымнан активтің өтелетін сомасын ресми бағалау мынадай жағдайларда талап етілмейді:

(а) егер активті пайдалану құндылығын есептеу кезінде пайдаланылатын дисконттау мөлшерлемесі осы нарықтық көрсеткіштердің ұлғаюына тəуелді болатыны күмəнді болса. Мысалы, қысқа мерзімді пайыздық мөлшерлемелердің ұлғаюы пайдалы қызметтің қалған ұзақ мерзімді активке қолданылатын дисконттау мөлшерлемесіне елеулі түрде əсер етпеуі мүмкін;

(b) егер активті пайдалану құндылығын есептеу кезінде пайдаланылатын дисконттау мөлшерлемесі осы нарықтық мөлшерлемелер ұлғаюының əсеріне ұшырауы ықтимал екендігі, бірақ өтелетін соманың əсерлілігін алдыңғы талдау мынаны дəлелдесе:

(і) өтелетін соманың елеулі түрде біршама азаятыны ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары да ұлғаюы мүмкін болғандықтан, күмəнді (мысалы, кейбір жағдайларда ұйым өз кірістерін нарықтық мөлшерлемелердің кез келген ұлғаюына түзете алатынын көрсетеді); немесе

(іі) өтелетін өлшемнің азаюы құнсызданудан болатын елеулі шығынға алып келетіні екіталай.

17. Егер активтің құнсыздануы мүмкін болатын белгілер бар болса, онда бұл пайдалы қызметтің қалған мерзімін, амортизациялау əдісін немесе активтің жойылу құнын осы активке қолданылатын Халықаралық қаржы есептілігі стандартына сəйкес, тіпті егер ол жөнінде қандай да болсын құнсызданудан болатын шығын танылмаса да, қайта қарау жəне түзету керек екендігін дəлелдейді.

ӨТЕЛЕТІН СОМАНЫ БАҒАЛАУ_______________________________________________

18. Осы Стандарт өтелетін соманы активтің əділ құнының немесе сатуға жəне оны пайдалану құндылығына шыққан шығындарды шегере отырып, қозғалысқа келтіретін бірліктің ең үлкен өлшемі ретінде анықтайды. 19-57-тармақтарда өтелетін сомаға талаптар белгіленеді. Осы талаптарда "актив" термині пайдаланылады, бірақ олар жеке активке де, жəне ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке де тең дəрежеде қолданылады.

19. Сатуға шыққан шығындарды шегеріп активтің əділ құнын да, жəне оның пайдалану құндылығын да барлық жағдайларда анықтау міндетті емес. Егер осы сомалардың кез келгені активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнынан асатын болса, онда бұл актив құнының азаймағандығын жəне басқа соманы бағалау қажет еместігін білдіреді.

20. Егер актив тіпті белсенді нарықта айналыста болмаған ретте де, сатуға шыққан шығын шегеріліп əділ құн анықталуы мүмкін. Алайда, сатуға шыққан шығын шегерілген əділ құнды кейде жақсы хабардар, осындай операцияны жасағысы келетін тараптардың арасында мəміле жасалған кезде активті сатудан алынуы мүмкін соманы сенімді бағалау үшін негіздің болмауына байланысты анықтау мүмкін болмайды. Бұл жағдайда ұйым активті пайдалану құндылығын оның өтелетін сомасы үшін қабылдауға құқылы.

21. Активті пайдалану құндылығы сату құнына шыққан шығындарды шегергендегі оның əділ құнынан елеулі түрде асады деп есептеуге негіз болмаса, онда бұл соңғы өлшемді оның өтелетін сомасы үшін қабылдауға болады. Көп жағдайларда шығып қалуға

350

Page 8: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

арналған активтерге қатысты тап осындай жағдай орын алады. Бұл шығып қалуға арналған активті пайдалану құндылығының негізінен оны шығарудан таза түсімнен тұратынына негізделген, себебі актив өткізілгенге дейін оны пайдалануды жалғастырудан ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары елеулі бола қоймас.

22. Өтелетін сома жеке актив үшін анықталады, бұған басқа активтерге немесе активтер тобына байланысты туындайтындардан тəуелсіз ақшалай қаражаттардың ағындарын қамтамасыз етпейтін жағдайлар кірмейді. Бұл жағдайда өтелетін сома құрамына актив кіретін ақшалай қаражаттарды қозғалысқа келтіретін бірлік үшін анықталады (65-103-тармақтарды қараңыз), оған мынадай жағдайлар кірмейді, не:

(а) сатуға шыққан шығындар шегерілген активтің əділ құны оның қаржылық жағдай туралы есептік құнынан асатын болса; не

(b) активтің пайдалану құндылығы сатуға шыққан шығындарды шегергендегі оның əділ құнына жақын болса, жəне сатуға шыққан шығындар шегерілген бұл əділ құн анықталуы мүмкін болса.

23. Кейбір жағдайларда бағалар, орташа көрсеткіштер жəне қысқартылған есептеулер сатуға шыққан шығындар шегерілген əділ құнға немесе пайдалану құндылығына қатысты осы Стандартта келтірілген егжей-тегжейлі есептеулер нəтижелеріне жақындастырылған жеткілікті түрдегі сенімді деректерді қамтамасыз етеді.

Пайдалы қызмет мерзімі белгісіз материалдық емес активтің өтелетін сомасын

бағалау

24. 10-тармаққа сəйкес пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес актив, оның мүмкін болатын құнсыздану белгілерінің бар-жоғына қарамастан, оның қаржылық жағдай туралы есептік құнын өтелетін сомасымен салыстыру арқылы жыл сайынғы негізде құнсыздануға сынақталуы тиіс. Алайда, ондай активтің өтелетін сомасына алдыңғы кезеңде жасалған ең соңғы есептеулер, төменде келтірілген өлшемдердің барлығы қанағаттандырылған жағдайда, ағымдағы кезеңде құнсыздануға сынақталған кезде пайдаланылуы мүмкін:

(а) егер материалдық емес актив басқа активтер немесе активтер тобы қозғалысқа келтіретін ақшалай қаражаттардан əдəуір дəрежеде тəуелсіз болатын пайдалануды жалғастырудан ақшалай қаражаттардың ағындарын қозғалысқа келтірмесе, жəне сондықтан да өзі жатқызылған қозғалысқа келтіретін бірліктің бір бөлігі ретінде құнсыздануға сынақталса, жəне, егер мұндай бірлікті құрайтын активтер мен міндеттемелер өтелетін соманы соңғы есептеген кезден бастап елеулі өзгерістерге ұшырамаса;

(b) өтелетін соманы ең соңғы есептеу нəтижесі активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнынан əжептеуір асатын өлшем болса; жəне

(с) өтелетін соманы соңғы есептеген кезден бастап болған оқиғалар мен өзгерген міндеттемелерді талдау ағымдағы кезге анықталған өтелетін соманың активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнынан аз болатыны неғайбіл екендігін дəлелдейді.

Сатуға кеткен шығындар шегерілген əділ құн

25. Жақсы хабардар, осындай мəміле жасағысы келетін тараптардың арасында жасалған мəміледе сату туралы міндетті күші бар шарт бойынша, осы активті шығаруға тікелей жатқызылған қосымша шығындар ескеріліп түзетілген баға активті сатуға шыққан

351

Page 9: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

шығындар шегерілген оның əділ құнының ең жақсы дəлелі болып табылады.

26. Егер сату туралы міндетті күші бар шарт болмаса, бірақ актив белсенді нарықта сатылатын болса, онда шығаруға шыққан шығындар шегерілген оның нарықтық бағасы оны сатуға шыққан шығындар шегерілген активтің əділ құны болып табылады. Сатып алушының ағымдағы бағасы əдетте тиісті нарықтық баға болып табылады. Сатып алушының ағымдағы бағасы болмаған жағдайда, сатуға шыққан шығындар шегерілген əділ құнды бағалау үшін, осы мəміленің күні мен бағалау күні арасындағы кезеңде экономикалық жағдайларда елеулі өзгерістер болмаған жағдайда, ең соңғы мəміленің бағасы негіз бола алады.

27. Сату туралы міндетті күші бар шарт немесе активке арналған белсенді нарық болмаған жағдайда, сатуға шыққан шығындар шегерілген əділ құнды анықтау үшін ұйым есепті күні жақсы хабардар, осындай мəмілені жасағысы келетін жəне бір-біріне тəуелді емес тараптардың арасында мəміле жасау кезінде шығарылу шығындары шегерілген активті шығарудан алуға болатын соманы неғұрлым анық көрсететін ақпарат негіз болады. Ұйым осы соманы анықтау кезінде тап сол саланың шеңберіндегі осындай активтермен жасалған соңғы операцияның нəтижесін ескереді. Ұйым басшылығы шұғыл түрде сатуға мəжбүр болған жағдайларды қоспағанда, сатуға шыққан шығындар шегерілген əділ құн мəжбүрлеп сатуды көрсетпейді.

28. Міндеттемелер ретінде танылатындардан өзгеше шығаруға шыққан шығындар əділ құнды анықтаған кезде сатуға шығындар шегеріліп шығарылады. Ондай шығындардың қатарына заң қызметін көрсету шығындары, мөр алымдары жəне операциялар бойынша осындай салықтар, активтік бөлшектеу шығындары жəне активті сатуға алдын-ала дайындаудың тікелей қосымша шығындары жатады. Алайда жұмыстан босату жəрдемақылары (19 Қызметкерлерге берілетін сыйақылар (IAS) ХҚЕС-тағы анықтамаға сəйкес) жəне қысқартуға немесе актив шығып қалғаннан кейін ұйымды қайта ұйымдастыруға байланысты шығындар активті шығаруға тікелей қосымша шығындар болып табылмайды.

29. Кейде активтің шығып қалуы сатып алушының өзіне міндеттеме қабылдауын талап етеді, сондықтан актив үшін де, міндеттеме үшін де сатуға шығын шегерілген əділ құнның бір ғана маңызы бар. 78-тармақта осындай жағдайларда не істеу керек екендігі түсіндіріледі.

Пайдалану құндылығы

30. Активті пайдалану құндылығын есептеу кезінде мынадай элементтерді көрсету керек:

(а) ұйым актив алуды күтетін ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау;

(b) ақшалай қаражаттардың осы ағындарының келіп түсу мөлшері мен мерзімдеріндегі мүмкін болатын түрлендірмелерге қатысты күтілімдер;

(с) ағымдағы нарықтық тəуекелдіксіз пайыздық мөлшерлеме ұсынған ақшаның уақытша құны;

(d) осы активке тəн белгісіздік үшін үстеме ақы; жəне

(е) ұйым активтен алуды күтіп отырған ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарының өлшемін белгілеген кезде нарыққа қатысушылар көрсеткен өтемсіздік сияқты басқа да факторлар.

352

Page 10: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

31. Активті пайдалану құндылығын бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды:

(а) активті пайдалануды жалғастыруға жəне оның біржола шығып қалуына байланысты болашақ түсімдерді бағалау жəне ақшалай қаражаттардың жылыстауы; жəне

(b) ақшалай қаражаттардың осы болашақ ағындарына дисконттың тиісті мөлшерлемесін қолдану.

32. 30(b), (d) жəне (е) тармақта көрсетілген элементтер не ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын түзету, не дисконт мөлшерлемесін түзету ретінде көрсетілуі мүмкін. Ұйым ақшалай қаражаттардың болашақ ағынын мүмкін болатын өлшем түрлері мен мерзімдерін көрсету үшін қандай тəсілдеме қолданатынына қарамастан, нəтиже ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарының күтілетін дисконтталған құнын көрсету, яғни мүмкін болатын барлық нəтижелерден орташа өлшенген нəтиже болып табылады. А Қосымшада активті пайдалану құндылығын анықтау кезінде дисконтталған құнның негізінде бағалау əдісін пайдалануға қатысты қосымша ұсынымдар келтіріледі.

Ақшалай қаражаттардың болашақ ағынын бағалау үшін негіз

33. Пайдалану құндылығын анықтау кезінде ұйым:

(а) басшылықтың активтің пайдалы қызметінің қалған мерзімі ішінде болатын экономикалық жағдайлар жиынына қатысты барынша жақсы бағалауын білдіретін ұйғарынның негізді жəне бекітілген дəлелдемелеріне сүйене отырып, ақшалай қаражаттар ағындарын болжауға міндетті. Сыртқы көздерден алынған деректерге үлкен мəн берілуі тиіс;

(b) басшылық бекіткен ең соңғы қаржы сметаларына/болжамды бағалауларға сүйене отырып, бірақ, күтілуіне сəйкес, болашақ қайта құрылымдауға немесе активтің өнімділігін жақсарту немесе арттыру жөніндегі шараларға байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттардың кез келген болашақ түсімдерін немесе жылыстауларын болғызбай, ақшалай қаражаттар ағындарын болжауға. Осы сметаларға/болжау бағаларына негізделген болжамдар, неғұрлым ұзақ кезең ақталатын жағдайларды қоспағанда, ең көп ұзақтығы бес жыл болатын кезеңді қамтуы тиіс;

(с) ең соңғы сметалармен/болжау бағаларымен қамтылған кезең шегінен тысқары шығарылатын ақшалай қаражаттар ағындарының болжамдары, көтеріліп келе жатқан өсу қарқыны ақталуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, келесі жылдарға арналған тұрақты немесе төмендейтін өсу қарқынының көмегімен, сметаларға/болжау бағаларына негізделген болжамдарды экстраполяциялау жолымен бағалануы тиіс. Неғұрлым жоғары қарқын ақталуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, осы өсу қарқыны тауарлар, салалар, ел немесе ұйым өз қызметін жүзеге асыратын елдер үшін немесе актив пайдаланылатын нарық үшін ұзақ мерзімі өсу қарқынынан аспауы тиіс.

34. Ұйым басшылығы ақшалай қаражаттар ағындарының ағымдағы болжаулары негізделген ұйғарынның негізділігін ақшалай қаражаттар ағындарының бұрынғы болжауларының ақшалай қаражаттардың нақты болжауларымен сəйкес келмейтінін білдіретін себептерді зерделеу арқылы бағалайды. Ұйым басшылығы ақшалай қаражаттар ағындарының ағымдағы болжаулары негізделген ұйғарынның негізділігін ақшалай қаражаттар ағындарының өткен кезеңдердегі нақты нəтижелермен сəйкес

353

Page 11: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

келуін, бұл ақшалай қаражаттардың осы нақты ағындары пайда болған кезде əлі жасалмаған одан арғы оқиғалардың немесе мəн-жайлардың салдарларымен келісілген жағдайда, қамтамасыз етуі тиіс.

35. Ұзақтығы бес жылдан асатын кезеңдерге арналған ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарының толық, анық жəне сенімді қаржылық сметалары/болжау бағалары, əдетте, жоқ. Сол себепті ұйым басшылығы ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын барынша ұзақтығы бес жыл болатын кезеңдерге арналған ең соңғы қаржылық сметаларға/болжау бағаларына сүйеніп алуға үміттенеді. Ұйым басшылығы, егер ол осы болжамдардың беріктігіне сенімді болса жəне өткен тəжірибеге сүйеніп, неғұрлым ұзақ уақыт кезеңдеріндегі ақшалай қаражаттардың ағындарын дұрыс болжауға өз мүмкіндігін көрсете алатын болса, ұзақтығы бес жылдан асатын кезеңнің қаржылық сметаларға/болжау бағаларына негізделген ақшалай қаражаттары ағындарының болжамдарын пайдалана алады.

36. Активтің пайдалы қызмет мерзімінің соңына дейінгі ақшалай қаражаттар ағындарының болжамдары келесі жылдар үшін өсу қарқындарын пайдаланатын қаржылық сметаларға/болжау бағаларына негізделген ақшалай қаражаттар болжамдарын сыртқа шығару арқылы бағаланады. Осы қарқын, егер өсу қарқыны өнімнің жəне саланың жұмыс істеу циклінің кестесі туралы шынайы ақпаратқа сəйкес келмесе ғана, орнықты немесе төмендеген болып табылады. Егер осы орынды болса, өсу қарқыны нөлге тең немесе оның теріс өлшемі болады.

37. Қолайлы жағдайлар болған кезде бəсекелестердің нарыққа еніп кету ықтималдығы болады, бұл өсуді шектейді. Сөйтіп, ұйым тауарлар, салалар немесе ел, немесе ұйым жұмыс істейтін елдер, немесе актив пайдаланылатын нарықтар үшін ұзақ кезең бойына (жиырма жыл делік) орташа тарихи өсу қарқынының артуында қиындықтарға тап болады.

38. Қаржылық сметалардан/болжау бағаларынан алынатын ақпаратты пайдалану кезінде ұйым осындай ақпарат негізді жəне расталатын ұсынысты көрсету-көрсетпеуін жəне активті пайдалы қызметтің қалған мерзімі ішінде болатын экономикалық жағдайлар жиынтығына қатысты басшылықтың ең жақсы бағалауын білдіру-білдірмеуін ескереді.

Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау құрылымы

39. Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау мыналарды қамтуы тиіс:

(а) активті одан əрі пайдаланудан ақшалай қаражаттар түсімдерінің болжамдары;

(b) активті одан əрі пайдаланудан ақшалай қаражаттардың түсімдерін қозғалысқа келтіру үшін міндетті түрде туындайтын жəне активке тікелей жатқызылуы немесе негізді жəне жүйелі түрде бөлінуі мүмкін ақшалай қаражаттар жылыстауының (активті пайдалануға даярлауға арналған ақшалай қаражаттардың жылыстауын қоса) болжамдары; жəне

(с) активтің пайдалы қызмет мерзімінің соңында жойған кезде алу (немесе төлеу) көзделіп отырған ақшалай қаражаттардың таза ағындары (егер осындайлар бар болса).

40. Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары жəне дисконт мөлшерлемесі жалпы инфляциядан туындаған бағалардың өсуіне қатысты жүйелі ұйғарындарды көрсетеді. Сөйтіп, егер дисконт мөлшерлемесі жалпы инфляциядан туындаған бағалардың өсу əсерін қамтитын болса, онда ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары атаулы

354

Page 12: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

құнымен бағаланады. Егер дисконт мөлшерлемесі жалпы инфляциядан туындаған бағалардың өсу əсерін қамтымайтын болса, онда ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары нақты көрсетумен бағаланады (бірақ бағалардың ерекше өсуі мен кемуін қамтиды).

41. Ақшалай қаражаттар ағындарының болжамдары активке күнделікті қызмет көрсетуге талап етілетін ақшалай қаражаттарды, сондай-ақ активті пайдалануға тікелей жатқызылуы немесе негізді жəне жүйелі түрде бөлінуі мүмкін болашақ үстеме шығыстарды қамтиды.

42. Активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны актив пайдалануға немесе сатуға дайын болатын кезге дейін туындауы тиіс ақшалай қаражаттардың барлық ағындары əлі қамтылмаған кезде, ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау актив пайдалануға немесе сатуға дайын болатын кезге дейін туындауы көзделіп отырғандай, ақшалай қаражаттардың кез келген қосымша жылыстауын бағалауды қамтиды. Мысалы, бұл құрылысы жүріп жатқан үйге немесе аяқталмаған əзірлеу жобасына байланысты орын алады.

43. Қосарлап есептеуді болғызбау үшін ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау мыналарды қамтымайды:

(а) қаралып отырған активтен (мысалы, дебиторлық берешек сияқты қаржылық активтер) ақшалай қаражаттар түсімдерінен көп дəрежеде тəуелсіз, ақшалай қаражаттар түсімдерін қозғалысқа келтіретін активтен ақшалай қаражаттардың түсуін; жəне

(b) міндеттеме ретінде танылған (мысалы, кредиторлық берешек, зейнетақылар немесе бағалау міндеттемелері) берешекке қатысты ақшалай қаражаттардың жылыстауын.

44. Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары актив үшін оның ағымдағы жағдайында бағалануы тиіс. Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау төменде берілген жаңдайлардан туындауы күтілетін ақшалай қаражаттардың болашақ түсімі мен жылыстауын қамтымау керек:

(а) ұйым өзінің міндеттілігіне əлі алмаған ұйымның құрылымының келешектегі қайта құрылуы; немесе

(b) активтің пайдалану тиiмдiлiгiн жақсартуды немесе арттыруды.

45. Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары актив үшін оның ағымдағы жай-күйіне қатысты бағаланатын болғандықтан, пайдалану құндылығы мыналарды көрсетпейді:

(а) ақшалай қаражаттардың болашақ жылыстауын немесе шығындарды тиісті үнемдеуді (мысалы, қызметкерлерге жұмсалатын шығындарды қысқарту) немесе туындауы ұйым əлі кіріспеген болашақ қайта құрылымдаудан күтілетін пайданы; немесе

(b) активтің өнімділігін жақсартатын немесе арттыратын ақшалай қаражаттардың болашақ жылыстауларын немесе осындай жылыстауларға байланысты туындауы күтілетін ақшалай қаражаттардың тиісті түсімдерін.

46. Қайта құрылымдау – бұл басшылық жоспарлайтын жəне бақылайтын жəне, не ұйымның қызмет саласын не іс жүргізу тəсілін елеулі түрде өзгертетін бағдарлама. 37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер жəне шартты активтер (IAS) ХҚЕС-ында ұйым қайта құрылымдауды қашан жүргізуі тиіс екендігін түсіндіретін ұсыныстар бар.

355

Page 13: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

47. Ұйым қайта құрылымдауды бастаған кезде кейбір активтерге осы процесс зор қозғау салуы мүмкін. Қайта құрылымдау басталған кезден бастап:

(а) пайдалану құндылығын анықтау мақсаттарында ақшалай қаражаттардың болашақ түсімдері мен жылыстауларын ұйымның бағалауы шығындарды үнемдеуді жəне қайта құрылымдаудан болатын басқа да пайдаларды көрсетеді (басшылық бекіткен ең соңғы қаржылық сметалар/болжау бағалары негізінде); жəне

(b) қайта құрылымдауға арналған ақшалай қаражаттардың болашақ жылыстауларын оның бағалауы 37 (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес қайта құрылымдау жөніндегі бағалау міндеттемесіне қосылады.

Көрсетілген 5-мысалда болашақ қайта құрылымдаудың пайдалану құндылығын есептеуге ықпалы көрсетілген.

48. Ұйымда активтің өнімділігін жақсартатын немесе арттыратын ақшалай қаражаттардың жылыстауы туындағанға дейін ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау ақшалай қаражаттардың жылыстауына байланысты туындауы экономикалық пайдалардың ұлғаюынан күтілетін ақшалай қаражаттардың болашақ есептік түсімдерін қамтымайды (Көрсетілген 6-мысалды қараңыз).

49. Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау активтен оның ағымдағы жағдайында күтілетін экономикалық пайдалар деңгейін ұстап тұруға қажетті ақшалай қаражаттардың болашақ жылыстауларын қамтиды. Егер қозғалысқа келтіретін бірлік пайдалы қызметтің бағалау мерзімдері əртүрлі активтерден тұратын болса, жəне олардың барлығы осы бірліктің ағымдағы қызметі үшін маңызды болса, онда активтерді қызмет мерзімі неғұрлым қысқа активтермен ауыстыру осы бірлікке байланысты ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау контексінде осы бірліктерге күнделікті қызмет көрсетудің бір бөлігі ретінде қаралады. Осылайша, егер жеке алынған актив пайдалы қызметті бағалау мерзімі əр түрлі компоненттерден тұратын болса, онда қызмет мерзімі неғұрлым қысқа компоненттермен ауыстыру осы актив қозғалысқа келтіретін ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау контексінде күнделікті қызмет көрсетудің бір бөлігі ретінде қаралады.

50. Ақша қаражаттарының болашақ ағындарын бағалау төмендегі жағдайларды қамтымайды:

(а) қаржы қызметінен ақша қаражаттарының ағындарын (келетін жəне кететін); немесе

(b) кіріске салынатын салық немесе төлемдер.

51. Ақшалай қаражаттардың бағалаушы болашақ ағындары дисконттау мөлшерлемелерін анықтау тəсіліне сəйкес келетін ұйғарындарды көрсетеді. Олай болмаған жағдайда кейбір ұйғарындардың əсері екі рет есепке алынады немесе ескерілмейді. Ақшаның уақытша құны ақшалай қаражаттардың көзделген болашақ ағындарын дисконттау арқылы ескерілетін болғандықтан, ақшалай қаражаттардың бұл ағындары ақшалай қаражаттардың қаржы қызметінен түсімі мен жылыстауын қамтымайды. Тап осылайша, дисконт мөлшерлемесі салықтар шегерілгенге дейінгі соманың негізінде анықталатын болғандықтан, ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары да сондай негізде бағаланады.

52. Активті оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында жою кезінде алынуға (немесе төленуге) жататын ақшалай қаражаттардың таза ағындарының бағалау өлшемі ұйым жақсы хабардар, осындай мəмілені жасағысы келетін жəне бір-біріне тəуелді

356

Page 14: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

емес тараптардың арасында мəміле жасау кезінде, шығып қалу шығындарын шегере отырып, осы активті шығарудан алу күтіліп отырған сома болуы тиіс.

53. Активті оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында жою кезінде алынуға (немесе төленуге) жататын ақшалай қаражаттардың таза ағындарының бағалау өлшемі де сату шығындары шегерілген əділ құн сияқты анықталады, бұған ақша қаражаттарының бұл таза ағындарын бағалау кезінде мыналар кірмейді:

(а) ұйым пайдалы қызмет мерзімінің соңында қол жеткен жəне осы актив пайдаланылатынға ұқсас жағдайларда пайдаланылған осындай активтер бағалау күні басым болатын бағаларды қолдану;

(b) ұйым бұл бағаларды жалпы инфляция салдарынан туындаған болашақ өсуі ретінде, сондай-ақ айрықша көтерілуі немесе төмендеуі ретінде де түзетеді. Алайда, егер ақшалай қаражаттардың активті пайдалануды жалғастыруы нəтижесінде туындайтын болашақ ағындарын бағалау жəне дисконт мөлшерлемесі жалпы инфляцияның əсер етуін ескермесе, бұл əсер ету активті шығарудан ақшалай қаражаттардың таза ағындарын бағалау кезінде де ескерілмейді.

Шетел валютасындағы ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары

54. Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары олар қозғалысқа келтірілетін валютада бағаланады, ал одан кейін осы валютаға сəйкес келетін дисконт мөлшерлемесінің көмегімен дисконтталады. Ұйым пайдалану құндылығын есептеу күнгі ағымдағы айырбастау бағамы бойынша дисконтталған құнды аударады.

Д и с к о н т т а у м ө лш е р л е м е с і

55. Дисконт мөлшерлемесі (мөлшерлемелері) салық шегерілгенге дейінгі, мынадай ағымдағы нарықтық бағалауды көрсететін мөлшерлеме (мөлшерлемелер) болуы тиіс:

(а) ақшаның уақытша құнын; жəне

(b) болашақ ақшалай ағындарды бағалау кезінде түзету жасалмаған осы активке айрықша тəн тəуекелдіктерді.

56. Ақшаның уақытша құнын жəне осы активке айрықша тəн тəуекелдіктерді ағымдағы нарықтық бағалауды көрсететін мөлшерлеме, егер ұйым осы активтен алуды көздеп отырғандарға балама өлшемі, уақытша жəне тəуекелдік құрылымы бар ақшалай қаражаттардың қозғалысқа келтіретін инвестицияларын қалаған жағдайда инвесторлар талап ететін пайданың нормасына тең болады. Бұл мөлшерлеме осындай активтер үшін ағымдағы нарықтық операцияларда көзделген мөлшерлеменің негізінде немесе мүмкін болатын пайдалы қызмет мерзімдері жəне тəуекелдіктері бойынша осы активке ұқсас бір активі (немесе активтер қоржыны) бар баға белгілейтін ұйым капиталының орташа өлшенген құнының негізінде бағаланады. Алайда активті пайдалану құндылығын бағалау үшін пайдаланылатын дисконт мөлшерлемесі (мөлшерлемелері) ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау кезінде түзету жүргізілген тəуекелдіктерді көрсетпеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда кейбір ұйғарымдардың əсері екі рет есептелетін болады.

57. Активке тəн мөлшерлеме тікелей нарықта алынбайтын кезде, ұйым дисконт мөлшерлеме бағалау үшін алмастырғыштарды пайдаланады. А Қосымшада ондай жағдайларда дисконт мөлшерлемесін бағалау жөнінде қосымша ұсыныстар бар.

357

Page 15: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

ҚҰНСЫЗДАНУДАН БОЛҒАН ЗАЛАЛДЫ ТАНУ ЖƏНЕ БАҒАЛАУ________________

58. 59-64-тармақтарда, гудвиллден басқа, жекелеген активтердің құнсыздануынан болған залалдарды тануға жəне бағалауға қойылатын талаптар белгіленеді. Қозғалысқа келтіретін бірліктердің құнсыздануынан болған залалдарды тану жəне бағалау мəселелері 65-108-тармақтарда қаралады.

59. Егер активтің өтелетін сомасы оның қаржылық жағдай туралы есептік құнынан аз болған кезде ғана, қаржылық жағдай туралы есептік құн активтің өтелетін сомасына дейін азайтылуы тиіс. Бұл азайтылу құнсызданудан болған залал болып табылады.

60. Егер актив басқа Стандартқа сəйкес (мысалы, 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес қайта бағалау үлгісі бойынша) қайта бағалану бойынша көрсетілмесе, құнсыздану залалы пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде танылуы тиіс. Қайта бағаланған актив бойынша құнсызданудан болған кез келген залал осындай басқа Стандартқа сəйкес қайта бағалаудан болған құнның азаюы ретінде есепке алынуы тиіс.

61. Қайта бағаланбаған актив бойынша құнсызданудан болған шығын пайдалар мен шығындар туралы есепте танылады. Алайда, қайта бағаланған актив бойынша құнсызданудан болған шығын, құнсызданудан болған шығын осы активті қайта бағалаудан болған кіріс өлшемінен аспаған дəрежесінде, басқа толық табыс арқылы танылады. Осындай бағаланбаған актив бойынша құнсызданудан болған шығын осы активті қайта бағалаудан болған кіріс өлшемін азайтады.

62. Құнсызданудан болған залалдың бағалау өлшемі ол жатқызылған активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнынан көп болған кезде, егер мұны басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарты талап етсе ғана, ұйым міндеттемені тануы тиіс.

63. Құнсызданудан болған шығын танылғаннан кейін осы актив бойынша амортизациялық аударымдар активтің өзгертілген қаржылық жағдай туралы есептік құнын бөлу үшін, оның жою құнын шегере отырып (егер ондайлар бар болса), оның қалған пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі негізде болашақ кезеңдерде түзетілуі тиіс.

64. Құнсызданудан болған шығындар танылған жағдайда, кейінге қалдырылған барлық салықтық активтер немесе міндеттемелер 12 Пайдаға салынатын салықтар (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес активтің өзгертілген қаржылық жағдай туралы есептік құнын оның салықтық базасымен салыстыру арқылы анықталады (Көрнекі 3-мысалды қараңыз).

АҚША ҚАРАЖАТЫН ҚОЗҒАЛЫСҚА КЕЛТІРЕТІН БІРЛІКТЕР ЖƏНЕ ГУДВИЛЛ__

65. 66-108-тармақтарда жəне С Қосымшасында ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін, актив тиесілі болатын бірлікті бірегейлендіруге, сондай-ақ қозғалысқа келтіретін бірліктердің жəне гудвиллдің қаржылық жағдай туралы есептік құнын анықтауға жəне олардың құнсыздануынан болған шығындарды тануға қойылатын талаптар белгіленеді.

Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін, актив тиесілі болатын бірлікті бірегейлендіру

358

Page 16: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

66. Егер актив құнсыздануының қандай да болсын белгісі бар болса, онда жеке алынған осы актив үшін өтелетін сома бағалануы тиіс. Егер жеке актив үшін өтелетін соманы бағалау мүмкін болмаса, онда ұйым ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін, актив тиесілі болатын бірліктің (осы активтің қозғалысқа келтіретін бірлігі) өтелетін сомасын анықтауға міндетті.

67. Жеке активтің өтелетін сомасы мынадай жағдайларда айқындала алмайды, егер:

(а) активті пайдалану құндылығы, сатуға шыққан шығын шегерілген оның əділ құнына мəні жағынан жуық ретінде бағалана алмаса (мысалы, ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары активті одан əрі пайдаланудан шамалы ретінде бағалана алмаса); жəне

(b) активті одан əрі пайдаланудан басқа активтер жүргізген ақшалай ағындарға қатысты емес елеулі дəрежеде ақшалай қаражаттардың ағындарын қамтамасыз етпесе.

Ондай жағдайларда пайдалану құндылығы жəне, тиісінше, өтелетін сома осы активті қозғалысқа келтіретін бірлік үшін ғана анықталуы мүмкін.

Мысал

Көмір ұйымы өзінің көмір өндіру қызметінде пайдаланылатын жеке теміржолды иеленген. Бұл жеке теміржол тек «металл сынығы құны» бойынша ғана сатылуы мүмкін, жəне ол шахтаның басқа активтері өндіретін ақшалай қаражаттардың ағындарына тəуелді болмайтын елеулі дəрежедегі ақшалай қаражаттардың ағындарын қамтамасыз етпейді.

Осы жеке теміржол үшін өтелетін соманы бағалау мүмкін емес, өйткені оның пайдалану құндылығы анықталмайды жəне, бəлкім, оның «металл сынығы құнынан» айырмашылығы бар болар. Сөйтіп, ұйым осы жеке теміржол, яғни тұтас алғанда көмір өндіру кешені жататын қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасын бағалайды.

68. 6-тармақтың анықтамасына сəйкес активтің қозғалысқа келтіретін бірлігі – бұл осы активті қамтитын, жəне оны пайдалануды жалғастырудан басқа активтер немесе активтер тобы өндіретін ақшалай қаражаттардың ағындарына елеулі дəрежеде тəуелді емес ақшалай қаражаттардың ағындарын қозғалысқа келтіретін активтердің ең шағын тобы. Активтің қозғалысқа келтіретін бірлігін бірегейлендіру білікті түрде пайымдауды талап етеді. Егер жеке актив үшін өтелетін соманы анықтау мүмкін болмаса, онда ұйым елеулі дəрежеде ақшалай қаражаттардың тəуелсіз ағындарын қозғалысқа келтіретін активтердің ең аз жиынтығын анықтайды.

359

Page 17: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

Мысал

Автобус ұйымы муниципалитетпен келісімшарт бойынша қызмет көрсетеді; ол бес жеке бағдардың əрқайсысында барынша аз қызмет көрсетуді талап етеді. Əрбір бағдарға арналған активтер жəне əрбір бағдардан алынатын ақшалай қаражаттардың ағындары жеке бірегейлендірілуі мүмкін. Бағдарлардың бірі едəуір шығынмен жұмыс істейді.

Автобус бағдарларының бір де бірін қысқартуға ұйымның мүмкіндігі болмағандықтан, басқа активтерден немесе активтер тобынан алынатын ақшалай қаражаттар ағындарына елеулі дəрежеде тəуелді емес одан əрі пайдаланудан ақшалай қаражаттардың бірегейлендірілетін ағындарын неғұрлым аз саны қоса алғанда бес бағдар қозғалысқа келтіретін ақшалай қаражаттардың ағыны болып табылады. Тұтас алғанда автобус ұйымы бағдарлардың əрқайсысы үшін қозғалысқа келтіретін бірлік болып табылады.

69. Ақшалай қаражаттардың түсімдері ұйымға ақшалай қаражаттардың жəне олардың баламаларының сыртқы тараптардан келіп түсуін білдіреді. Активтен (немесе активтер тобынан) ақшалай қаражаттардың түсімдері басқа активтер (немесе активтер тобы) өндіретін ақшалай қаражаттардың түсімдерінен елеулі дəрежеде тəуелсіз болу-болмауын анықтау кезінде ұйым əр түрлі факторларды, оның ішінде басшылық ұйымның қызметін қалай бақылайтынын (тауар желілері, қызмет бағыттары, жеке орналасқан жері, аудандар немесе аймақтық өңірлер бойынша), немесе басшылық активтер мен операцияларды пайдалануды жалғастыруға немесе тоқтатуға қатысты шешімдерді қалай қабылдайтынын назарға алады. Көрнекі 1-мысалда ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті бірегейлендіру реттері көрсетілген.

70. Егер актив немесе активтер тобы шығаратын өнім үшін белсенді нарық бар болса, онда осы актив немесе активтер тобы, тіпті егер шығарылған өнім ішінара немесе толық ұйымның ішінде пайдаланылғанның өзінде, ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлік ретінде бірегейлендірілуі тиіс. Егер актив немесе қозғалысқа келтіретін бірлік шығарған ақшалай қаражаттардың түсімдеріне фирма ішіндегі аудару бағалары əсер ететін болса, ұйым:

(а) активті немесе қозғалысқа келтіретін бірлікті пайдалану құндылығын анықтауға қатысатын ақшалай қаражаттардың болашақ түсімдерін; жəне

(b) фирма ішіндегі аудару бағалары кез келген басқа активтерді немесе қозғалысқа келтіретін бірліктерді пайдалану құндылығын анықтауға қатысатын ақшалай қаражаттардың болашақ жылыстауларын бағалау үшін бір-біріне тəуелді емес тараптардың арасында мəмілелер жасаған кезде өткізілуі мүмкін болатын болашақ бағаға (бағаларға) қатысты басшылықтың ең жақсы бағасын қолдануға міндетті.

71. Егер тіпті актив немесе активтер тобы шығарған өнімнің бір бөлігін немесе барлығын ұйымның басқа бөлімшелері пайдаланғанның өзінде (мысалы, өндірістік процестің аралық кезеңіндегі өнім), осы өнімді белсенді нарықта сатуға ұйымның мүмкіндігі бар болған жағдайда, осы актив немесе активтер тобы ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бөлек бірлікті қалыптастырады. Бұл осы актив немесе активтер тобы ақшалай қаражаттардың түсімдерін басқа активтер немесе активтер тобы шығаратын ақшалай қаражаттардың түсімдеріне едəуір дəрежеде тəуелсіз болатын пайдалануды жалғастыру есебінен қозғалысқа келтіре алатынымен түсіндіріледі. Осындай қозғалысқа келтіретін бірлікке немесе фирма ішіндегі аударым бағаларының ықпалындағы кез келген басқа активке немесе қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты

360

Page 18: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

қаржылық сметаларға/болжау бағаларына негізделген ақпаратты пайдаланған кезде, егер фирма ішіндегі аударым бағалары бір-біріне тəуелді емес тараптардың арасында мəміле жасаған кезде өткізілуі мүмкін болатын болашақ бағаларды басшылықтың ең жақсы бағалауын көрсетпесе, ұйым бұл ақпаратты түзетеді.

72. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктерді бірегейлендіру тап сол активтер немесе актив тұрпаттары үшін, ондай тəртіпті өзгерту ақталған жағдайларды қоспағанда, кезеңнен кезеңге жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

73. Егер ұйым активтің алдыңғы кезеңдердегіден айырмашылығы бар ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке тиесілі екенін немесе ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікпен біріктірілген активтер тұрпаттарының өзгергенін анықтаса, онда 130-тармақ, егер бірлікке қатысты құнсызданудан болатын шығын танылған немесе қайта топтастырылған жағдайда, осы қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді.

Қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны мен өтеу сомасы

74. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасы сатуға жəне пайдалану құндылығына шыққан шығындар шегерілген оның əділ құнынан алынған үлкен мəніне тең болады. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасын анықтау үшін 19-57-тармақтардағы «активке» барлық сілтемелерді «ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке» сілтеме ретінде оқыған жөн.

75. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасын анықтау тəсіліне сəйкес анықталуы тиіс.

76. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны:

(а) ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке негізделіп жəне жүйелі негізде тікелей жатқызылуы немесе бөлінуі жəне ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті пайдалану құндылығын анықтауға қатысатын ақшалай қаражаттардың болашақ түсімдерін өндіретін активтердің ғана қаржылық жағдай туралы есептік құнын қамтиды; жəне

(b) ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасы, осы міндеттемені есепке алмай анықтау мүмкін болмайтын жағдайларды қоспағанда, кез келген танылған міндеттеменің қаржылық жағдай туралы есептік құнын қамтымайды.

Бұл ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің сатуға жəне пайдалану құндылығына шыққан шығындар шегерілген əділ құны ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке кірмеген активтерге жəне танылған міндеттемелерге қатысты ақшалай қаражаттардың ағындары ескерілмей анықталатынына байланысты (28 жəне 43-тармақтарды қараңыз).

77. Активтер өтелетіндігін бағалау үшін топтастырылған кезде, ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке ақшалай қаражаттардың тиісті түсімдерін өндіретін жəне өндіру үшін пайдаланылатын барлық активтің кіруі маңызды. Олай болмаған жағдайда іс жүзінде құнсызданудан шығындар орын алып отырған кезде, ақша қаражатын қозғалысқа келтірілетін бірлік толық өтелетіндей болып көрінуі мүмкін. Кейбір активтер қозғалысқа келтіретін бірліктің ақшалай қаражаттарының болашақ

361

Page 19: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

ағындарын құруға қатысып отырған кезде, кейбір жағдайларда олар негізді жəне жүйелі түрде осы бірлікке жатқызыла алмайды. Ондай жағдай гудвиллге немесе бас кеңсенің активтері сияқты корпорациялық активтерге қатысты орын алуы мүмкін. 80-103-тармақтарда ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің құнсыздану мəніне сынақтаған кезде бұл активтер қалай есепке алынатыны түсіндіріледі.

78. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасын анықтау үшін белгілі бір танылатын міндеттемелерді қарау қажеттілігі болуы мүмкін. Бұл, егер ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті шығару сатып алушыдан өзіне міндеттеме қабылдауды талап еткен жағдайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің сатуға шыққан шығындар шегерілген əділ құны (немесе түпкілікті шығарудан ақшалай қаражаттардың бағалау ағыны) шығару шығындары шегеріле отырып, міндеттемемен бірге ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін осы бірліктің активтерге арналған бағалаушы сату құнын қамтиды. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны мен оның өтелетін өлшемінің арасында мəнді салыстыру жүргізу үшін міндеттеменің қаржылық жағдай туралы есептік құны ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің пайдалану құнын да, сол сияқты оның қаржылық жағдай туралы есептік құнын да анықтаған кезде шегеріледі.

Мысал

Ұйым шахтаны қазу аяқталғаннан кейін меншік иесінен жер учаскесін қалпына келтіруді заңнама талап ететін елдегі шахтаны пайдаланады. Қалпына келтіру құны шахта қазуды бастау алдында алып тасталатын жер қыртысын орнына қайтаруды қамтиды. Жер қыртысын қайтару жөніндегі шығындарды жабуға арналған бағалау міндеттемесі олар алынып тасталғаннан кейін дереу танылады. Резерв сомасы шахтаның бастапқы құнының бір бөлігі ретінде танылған жəне шахтаның пайдалы қызмет мерзімі бойы амортизацияланды. Қалпына келтіру жөніндегі шығындарды жабуға арналған бағалау міндеттемелерінің қаржылық жағдай туралы есептік құны 500 ш.б.-ке(*) тең, бұл қалпына келтіру шығындарының дисконтталған құнына барабар.

Ұйым шахтаны құнсыздануға тексереді. Тұтас алғанда шахтаның өзі шахта үшін ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлік болып табылады. Ұйым шахтаны 800 ш.б.-ке жуық баға бойынша сату жөнінде əр түрлі ұсыныстар алды. Бұл баға сатып алушының жер қыртысын қалпына келтіруді қамтамасыз етуге міндеттенетінін білдіреді. Шахта үшін шығару шығындары шамалы болып табылады. Шахтаны пайдалану құндылығы қалпына келтіру шығындарын есепке алмағанда шамамен 1, 200 ш.б.-ке тең болады. Шахтаның қаржылық жағдай туралы есептік құны 1, 000 ш.б.-ті құрайды.

Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің əділ құны 800 ш.б.-ке тең. Бұл сомада резервте көзделген қалпына келтіру шығындары ескеріледі. Осының салдары ретінде ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті пайдалану құндылығы қалпына келтіру шығындары есепке алынғаннан кейін анықталады жəне 700 ш.б.-ке (1,200 ш.б. алу 500 ш.б.) тең болып бағаланады. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны 500 ш.б.-ке тең, бұл шахтаның қалпына келтіру жөніндегі шығындарын жабуға арналған бағалау міндеттемелерінің қаржылық жағдай туралы есептік құнын (500 ш.б.) шегергендегі қаржылық жағдай туралы есептік құнын (1, 000 ш.б.) құрайды.

79. Нақты пайымдаулар бойынша, ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасы кейде ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің бір бөлігі

362

Page 20: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

болып табылмайтын активтерді (мысалы, дебиторлық берешек немесе басқа қаржылық активтер), немесе танылған міндеттемелерді (мысалы, кредиторлық берешек, зейнетақы немесе басқа бағалау міндеттемелері) есепке алғаннан кейін анықталады. Мұндай жағдайларда ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны осы активтердің қаржылық жағдай туралы есептік құнына ұлғайтылады жəне осы міндеттемелердің қаржылық жағдай туралы есептік құнына азайтылады.

Гудвилл

Гудвиллді қозғалысқа келтіретін бірліктерге бөлу

80. Құнсыздану мəнін сынақтау мақсатында, ұйымдар біріккен кезде сатып алынған гудвилл сатып алынған күннен бастап əрбір қозғалысқа келтіретін бірлікке немесе сатып алушы ұйымның қозғалысқа келтіретін тобына бөлінуі тиіс, оларды пайдалану тиімділігі, осы бірліктерге немесе бірліктер топтарына сатып алатын тараптың активтері немесе міндеттемелері берілетініне немесе берілмейтініне қарамастан, бұл бірігудің синергетикалық əсерінің салдары ретінде арттырылатындығынан күтілетін болып табылады. Жоғарыда сипатталғандай, гудвилл бөлінетін əрбір бірлік немесе бірліктер тобы:

(а) ішкі басқару қажеттіліктері үшін ұйымның гудвилл мониторингі жүзеге асырылатын ең төменгі деңгейін көрсетуі тиіс; жəне

(b) 8 Операциялық бөлімдер (IFRS) ХҚЕС 5 тармағында анықталғандай біріккенге дейін операциялық бөліктен үлкен болмауы тиіс.

81. Ұйымдардың бірігуінде танылған гудвилл ұйымдардың бірігуі нəтижесінде сатып алынған жеке бірегейлене жəне бөлек таныла алмайтын басқа активтерінен туындайтын болашақ экономикалық пайдаларды көрсететін актив болып табылады. Гудвилл ақшалай қаражаттар ағындарын басқа активтерден немесе активтер топтарынан бөлек жүргізбейді, бірақ көп жағдайларда көптеген қозғалысқа келтіретін бірліктермен ақшалай ағындарды құруға қатысады. Кейбір жағдайларда гудвилл, өз бетімен жасалғандардан басқа, қозғалысқа келтіретін жеке бірліктерге бөліне алмайды, жəне сондықтан қозғалысқа келтіретін бірліктер топтарына ғана бөлінуі тиіс. Нəтижесінде, ішкі басшылық қажеттері үшін гудвилл мониторингі жүзеге асырылатын ұйымның ең төменгі ішкі деңгейі кейде құрамына гудвилл жататын, бірақ оларға бөліне алмайтын қозғалысқа келтіретін бірліктердің қалың тобын қамтиды. 83-99-тармақтардағы жəне С Қосымшасындағы гудвилл қолданылатын қозғалысқа келтіретін бірліктерге сілтемелерді гудвилл бөлінетін қозғалысқа келтіретін бірліктер тобына да сілтемелер ретінде оқу керек.

82. 80-тармақтың талаптарын қолданған ретте, гудвиллді құнсыздану мəніне сынақтау ұйымның өз қызметін қалай басқаратынын жəне гудвилл онымен табиғи түрде қалай қауымдасатынын көрсететін деңгейде жасалады. Тиісінше, есептіліктің қосымша жүйелерін қалыптастыруда, əдетте, қажеттілік туындамайды.

83. Құнсыздануға сынақтау мақсаттарында гудвилл бөлінетін қозғалысқа келтіретін бірлік 21 Валюталық бағам өзгерісінің əсері (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес шетелдік валютамен операциялар бойынша пайдалар мен шығындарды анықтау мақсаттарында гудвилл бөлінетін деңгеймен сəйкес келмеуі мүмкін. Мысалы, егер ұйым 21 (IAS) ХҚЕС-ының талаптарын орындай отырып, сəйкес шетелдік валютамен операциялар бойынша пайдалар мен шығындарды анықтау мақсаттарында гудвиллді едəуір төмен деңгейде бөлуі тиіс болса, онда осы гудвиллді тап сондай деңгейде құнсыздануға сынақтау талап етілмейді, бұған ішкі басшылықтың қажеттері үшін ұйым гудвиллге тап сол деңгейде

363

Page 21: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

мониторингті жүзеге асыратын жағдайлар кірмейді.

84. Егер ұйымдар біріккен кезде сатып алынған гудвиллді бастапқы бөлуді ондай бірігу жасалған жылдық кезеңнің соңына дейін аяқтау мүмкін болмаса, онда осы бастапқы бөлу сатып алынған күннен кейін басталған бірінші жылдық кезеңнің соңына дейін жүзеге асырылуы тиіс.

85. 3 Бизнес бірлестіктері (IFRS) ХҚЕС сəйкес, егер ұйымдар біріккен кезеңнің соңына қарай бұл бірлестікті бастапқы есепке алу алдын-ала жүргізілуі мүмкін болса, сатып алушы-ұйым:

(а) осы алдын-ала мəндерді пайдалана отырып, аталған бірігуді есепте көрсетеді; жəне

(b) сатып алынған күннен бастап он екі айдың ішінде аяқталған бастапқы есептің нəтижелері бойынша осындай алдын-ала мəндердің кез келген түзетулерін таниды.

Ондай жағдайларда, бəлкім, осы бірігу жасалған жылдық кезеңнің соңына дейін ұйымдар біріккен кезде танылған гудвиллді бастапқы бөлуді аяқтау мүмкін болмас. Бұл жағдайда ұйым 133-тармақтың талаптарына сəйкес ақпаратты ашып көрсетеді.

86. Егер гудвилл қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген болса, жəне ұйым осы бірліктің құрамындағы қызметтің бір түрін сатса, онда осы шығып қалған қызмет түріне байланысты гудвилл:

(а) шығып қалудан пайданы немесе шығынды анықтаған кезде осы қызмет түрінің қаржылық жағдай туралы есептік құнына енгізілуге; жəне

(b) шығып қалған қызмет түрі құнының жəне қозғалысқа келтіретін бірліктің ұйым өзінде сақтап қалған бөлігі құнының салыстырмалы мəндері негізінде бағалануы тиіс, бұған ұйым шығып қалған қызмет түріне байланысты гудвиллді жақсырақ көрсететін басқа əдіс бар екендігін көрсетуі мүмкін жағдайлар кірмейді.

Мысал

Ұйым гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктің құрамындағы қызмет түрін 100 ш.б.-ке сатады. Осы бірлікке бөлінген гудвиллді өз бетінше болмаса, басқаша бірегейлендіруге немесе бұл бірлікке қарағанда неғұрлым төмен деңгейдегі активтер тобымен байланыстыруға болмайды. Сатушы-ұйымның қозғалысқа келтіретін бірліктің бөлігінде сақталған өтелетін сомасы 300 ш.б. құрайды.

Қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген гудвиллді өз бетінше болмаса, басқаша бірегейлендіруге немесе бұл бірлікке қарағанда неғұрлым төмен деңгейдегі активтер тобымен байланыстыруға болмайтындықтан, шығып қалған қызмет түрімен ұқсастырған гудвилл шығып қалған қызмет түрі құнының жəне қозғалысқа келтіретін бірліктің сақталған бөлігінің салыстырмалы мəндері негізінде анықталады. Тиісінше, осы қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген гудвиллдің 25 пайызы сатылған қызмет түрінің қаржылық жағдай туралы есептік құнына қосылады.

87. Егер ұйым өз есептілігін ол гудвилл бөлінген бір немесе бірнеше қозғалысқа келтіретін бірліктердің құрамын ауыстыратындай етіп бөлсе, онда бұл гудвилл осы өзгерістерге қатысты бірліктерге бөлінуі тиіс. Ондай қайта бөлуді ұйым

364

Page 22: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

қозғалысқа келтіретін бірліктің құрамындағы қызмет түрін сатқан кезде пайдаланылатын тəсілдеме сияқты салыстырмалы мəннің негізіндегі тəсілдемені пайдалана отырып жүргізу керек, бұған осы ұйым қайта құрылымдалған бірліктермен ұқсастырған гудвиллді жақсырақ көрсететін басқа əдіс бар екендігін көрсете алатын жағдай кірмейді.

Мысал

Гудвилл бұрын А қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген болатын. А бірлікке бөлінген гудвиллді өз бетінше болмаса, басқаша бірегейлендіруге немесе А бірлікке қарағанда неғұрлым төмен деңгейдегі активтер тобымен ұқсастыруға болмайды. А бірлік басқа үш қозғалысқа келтіретін: B, C жəне D бірліктерге бөлінуге жəне кіріктірілуі тиіс.

А бірлікке бөлінген гудвиллді өз бетінше болмаса, басқаша бірегейлендіруге немесе А бірлікке қарағанда неғұрлым төмен деңгейдегі активтер тобымен ұқсастыруға болмайтындықтан, ол осы бөліктер B, C жəне D бірліктерге кіріктірілгенге дейін А бірлігінің осы үш бөлігінің салыстырмалы мəндерінің негізінде B, C жəне D бірліктеріне қайта бөлінеді.

Гудвиллі бар қозғалысқа келтіретін бірліктерді құнсыздану мəніне сынақтау

88. 81-тармақта айтылғандай, гудвилл қозғалысқа келтіретін бірлікке жатқызылған, бірақ оған бөлінбеген кезде, бұл бірлік оның мүмкін болатын құнсыздануының кез келген белгісі болған жағдайда, гудвилл есепке алынбай, оның қаржылық жағдай туралы есептік құнын оның өтелетін сомасымен салыстыру арқылы құнсыздануға сынақталуы тиіс. Құнсызданудан болған кез келген шығын 104-тармаққа сəйкес танылуы тиіс.

89. Егер 88-тармақта сипатталған қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны шектеусіз пайдалы қызмет мерзімі бар немесе əлі пайдалануға келмейтін материалдық емес активті қамтитын болса, жəне мұндай актив құнсыздануға қозғалысқа келтіретін бірліктің құрамында ғана сынақтала алатын болса, онда 10-тармақтың талабына сəйкес, ондай бірлік жыл сайынғы негізде сынақталуға жатқызылады.

90. Гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірлік құнсыздануға жыл сайын сынақталуы тиіс, ал бұл бірліктің құнсыздану белгісі пайда болған кезде гудвилл есепке алынбай, оның қаржылық жағдай туралы есептік құнын оның өтелетін сомасымен салыстыру арқылы құнсыздануға сынақталуы тиіс. Егер бірліктің өтелетін сомасы оның қаржылық жағдай туралы есептік құнынан асатын болса, онда ол бірлікті, оған бөлінген гудвилл сияқты құнсызданбаған деп есептеу керек. Ал егер бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны оның өтелетін сомасынан асатын болса, онда ұйым құнсызданудан болған шығынды 104-тапмаққа сəйкес тануға міндетті.

91-95 [жойылған]

Құнсыздану мəніне тексерiс жасау мерзімі

96. Гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктің құнсыздану əрекетін жыл сайынғы сынақтауды, ондай жыл сайынғы сынақтау алдағы уақытта ылғи бір мезгілде жүргізілетін жағдайда, жылдық кезеңнің ішінде кез келген уақытта жүргізуге болады. Қозғалысқа келтіретін əртүрлі бірліктер құнсыздануға əртүрлі

365

Page 23: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

уақытта сынақталуы мүмкін. Бірақ, егер қозғалысқа келтіретін бірлікке бөлінген гудвилл ағымдағы жылдық кезеңнің ішінде ұйымдар біріктірілген кезде ішінара немесе толық сатып алынған болса, ондай қозғалысқа келтіретін бірлік осы ағымдағы жылдық кезең аяқталғанға дейін құнсыздануға сынақталуы тиіс.

97. Егер гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірлікті құрайтын активтер өзінде гудвилл жасалған бірлік сияқты тап сол уақытта құнсыздануға сынақталатын болса, онда олар өзінде гудвилл жасалған бірліктен бұрын құнсыздануға сынақталуы тиіс. Сол сияқты, егер гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктер тобын құрайтын қозғалысқа келтіретін бірліктер өзінде гудвилл жасалған бірліктер тобы сияқты тап сол уақытта құнсыздануға сынақталатын болса, онда жекелеген бірліктер өзінде гудвилл жасалған бірліктер тобынан бұрын құнсыздануға сынақталуы тиіс.

98. Гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірлікті сынақтау кезінде өзінде гудвилл жасалған бірліктің құрамындағы сол немесе басқа активтің құнсыздану белгісі пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайларда ұйым бұл активті бірінші кезекте сынақтайды жəне өзінде гудвилл жасалған қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты құнсыздануға сынақтау өткізілгенге дейін ол бойынша құнсызданудан болған кез келген шығынды таниды. Сол сияқты, өзінде гудвилл жасалған бірліктер тобының құрамындағы қозғалысқа келтіретін бірліктің құнсыздану белгісі пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайларда ұйым тап осы қозғалысқа келтіретін бірлікті құнсыздануға бірінші кезекте сынақтайды жəне өзінде гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктер тобына қатысты құнсыздануға сынақтау өткізілгенге дейін осы бірлік бойынша құнсызданудан болған кез келген шығынды таниды.

99. Гудвилл бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасына қатысты алдыңғы кезеңде жүргізілген ең соңғы егжей-тегжейлі есептеулердің нəтижесі мынадай өлшемдер қанағаттандырылатын жағдайда осы бірлікті құнсыздануға сынақтаған кезде пайдаланылуы мүмкін:

(а) осы бірлікті құрайтын активтер мен міндеттемелер өтелетін сома ең соңғы есептелген кезден бастап елеулі өзгерістерге ұшырамаған;

(b) өтелетін соманы ең соңғы есептеу нəтижесінде осы бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құнынан едəуір асатын сома алынған; жəне

(с) өтелетін сома ең соңғы есептелген кезден бастап болған оқиғаларды жəне өзгерген мəн-жайларды талдау ағымдағы кезге анықталған өтелетін соманың қозғалысқа келтіретін бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құнынан аз болуы неғайбіл екендігін дəлелдейді.

Корпорациялық активтер

100. Корпорациялық активтер штаб-пəтер үйі немесе ұйымның бөлімшелері, электронды- есептеу техникасы немесе зерттеу орталығы сияқты топтардың немесе бөлімшелердің активтерін қамтиды. Ұйымның құрылымы активтің ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін нақты бірлікке қатысты осы Стандартта корпорациялық активтерге берілген анықтаманы қанағаттандыратынын не қанағаттандырмайтынын анықтайды. Корпорациялық активтердің басты сипаттамалары олардың, басқа активтерге немесе активтер топтарына қарамастан, ақшалай қаражаттар ағындарын қамтамасыз етуге қабілетсіздігі жəне олардың қаржылық жағдай туралы есептік құны қаралып отырған қозғалысқа келтіретін бірлікке толық жатқызылуы мүмкін еместігі болып табылады.

101. Корпорациялық активтер ақшалай қаражаттардың жекелеген түсімдерін қамтамасыз

366

Page 24: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

етпейтіндіктен, егер ұйымның басшылығы осы активті пайдаланудан шығару туралы шешім қабылдамаса ғана, жеке корпорациялық активтің өтелетін сомасы анықтала алмайды. Тиісінше, егер корпорациялық активтің мүмкін болатын құнсыздану белгісі анықталса, онда ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлік немесе осы актив тиесілі қозғалысқа келтіретін бірліктер тобы үшін өтелетін сома анықталады, одан кейін ол қозғалысқа келтіретін осы бірліктің немесе қозғалысқа келтіретін бірлік тобының қаржылық жағдай туралы есептік құнымен салыстырылады. Құнсызданудан болған кез келген шығын 104-тармаққа сəйкес танылуы тиіс.

102. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті құнсыздануына сынақтау кезінде ұйым қаралып отырған қозғалысқа келтіретін бірлікке жататын корпорациялық активтердің барлығын бірегейлендіруге міндетті. Егер корпорациялық активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының бір бөлігі:

(а) негізді жəне жүйелі түрде осы бірлікке бөлінуі мүмкін болса, онда ұйым корпорациялық активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының осы бірлікке бөлінген бөлігін қоса, осы бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құнын, оның өтелетін сомасымен салыстыруға міндетті. Құнсызданудан болған кез келген шығын 104-тармаққа сəйкес танылуы тиіс;

(b) негізді жəне жүйелі түрде осы бірлікке бөлінуі мүмкін болмаса, ұйым:

(і) осы бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құнын, корпорациялық активті есепке алмай, оның өтелетін сомасымен салыстыруға жəне құнсызданудан болған кез келген шығынды 104-тармаққа сəйкес тануға;

(іі) қаралып отырған бірлік құрамына кіретін жəне корпорациялық активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының бір бөлігі негізді жəне жүйелі түрде бөлінуі мүмкін қозғалысқа келтіретін бірліктердің ең шағын тобын бірегейлендіруге; жəне

(ііі) корпорациялық активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының бірліктің осы тобына бөлінген бөлігін қоса, қозғалысқа келтіретін бірліктің осы тобының қаржылық жағдай туралы есептік құнын осы топтың өтелетін сомасымен салыстыруға міндетті. Құнсызданудан болған кез келген шығынды 104-тармаққа сəйкес танылуы тиіс.

103. Көрнекі 8-мысал осы талаптарды корпорациялық активтерге қалай қолданған жөн екендігін көрсетеді.

Қозғалысқа келтіретін бірліктердің құнсыздануынан болған залал

104. Құнсызданудан болған залал ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты (гудвилл немесе корпорациялық актив бөлінген қозғалысқа келтіретін бірліктердің ең шағын тобы), егер де осы бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін сомасы осы бірліктің (бірліктер тобының) қаржылық жағдай туралы есептік құнынан аз болса ғана, танылуы тиіс. Бірлік (бірлік топтары) активтерінің қаржылық жағдай туралы есептік құнын азайту үшін құнсызданудан болған залал былайша бөлінуі тиіс:

(а) алдымен ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін осы бірлікке (бірліктер тобына) бөлінген кез келген гудвиллдің қаржылық жағдай туралы есептік құнын азайту үшін; жəне

(b) одан кейін бірліктің (бірліктер тобының) құрамындағы əрбір активтің

367

Page 25: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

қаржылық жағдай туралы есептік құнына тепе-тең етіп бірліктің (бірліктер тобының) басқа да активтеріне.

Қаржылық жағдай туралы есептік құнды осы азайтулар жекелеген активтер бойынша құнсызданудан болған залалдар ретінде ескерілуге жəне 60-тармаққа сəйкес танылуы тиіс.

105. 104-тармаққа сəйкес құнсызданудан болған шығынды бөлу кезінде, ұйым активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнын мыналардың:

(а) сатуға шыққан шығындар шегерілген оның əділ құнының (егер ол анықтауға келсе);

(b) оның пайдалану құндылығының (егер ол анықтауға келсе); жəне

(с) нөлдің ең көп мəнінен төмен азайтуға құқылы емес.

Олай болмаған жағдайда активке жатқызылатын құнсызданудан болған шығынның өлшемі бірліктің (бірліктер тобының) құрамындағы басқа активтерге тепе-тең негізде бөлінуі тиіс.

106. Егер ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің əрбір жеке активінің өтелетін сомасын бағалау мүмкін болмаса, онда, осы Стандартқа сəйкес, қозғалысқа келтіретін бірліктің барлық активтері бірге жұмыс істейтіндіктен, осы бірліктің гудвиллден өзгеше активтерінің арасында құнсызданудан болған шығынды еркін бөлу қажет.

107. Егер жеке активтің өтелетін сомасын анықтау мүмкін болмаса (67-тармақты қараңыз):

(а) актив үшін, егер оның қаржылық жағдай туралы есептік құны сатуға шыққан шығындар шегерілген оның əділ құны жəне 104 жəне 105-тармақтарда сипатталған бөлу рəсімдері нəтижелері мəндерінің ең көбінен асатын болса, құнсызданудан болған шығын танылады; жəне

(b) актив үшін, егер ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін тиісті бірліктің құны азаймаса, құнсызданудан болған ешқандай шығын танылмайды. Бұл ереже, тіпті егер сатуға шыққан шығындар шегерілген активтің əділ құны оның қаржылық жағдай туралы есептік құнынан аз болған кезде де қолданылады.

368

Page 26: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

Мысал

Станок табиғи тұрғыдан бұзылып қалды, бірақ бұрынғыдай болмаса да, əлі жұмыс істейді. Сатуға шыққан шығындар шегерілген станоктың əділ құны оның қаржылық жағдай туралы есептік құнынан аз. Осы станок ақшалай қаражаттардың тəуелсіз түсімдерін қозғалысқа келтірмейді. Осы станок қамтитын жəне басқа активтер өндіретін ақшалай қаражаттар түсімдеріне елеулі деңгейде тəуелді емес ақшалай қаражаттардың бірліктерін қозғалысқа келтіретін активтердің ең аз бірігейлендірілетін тобы станок кіретін өндірістік желі болып табылады. Өндірістік желінің өтелетін сомасы тұтас алғанда өндірістік желінің құны азаймағанын көрсетеді.

1-жорамал: басшылық бекіткен сметалар/болжамдар басшылықтың станокты ауыстыру жөніндегі ешқандай міндеттемелерін көрсетпейді.

Осы станоктың өтелетін сомасы өз-өзінен, оның пайдалану құны:

(а) сатуға шыққан шығындар шегерілген оның əділ құнынан айырмашылығы болғандықтан; жəне

(b) ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін, станок тиесілі болатын (өндірістік желінің) бірлік үшін ғана анықталуы мүмкін болатындықтан, бағаланбайды.

Өндірістік желі құнсызданған жоқ. Тиісінше, станокқа қатысты да қандай да болсын құнсыздану танылмайды. Солай бола тұрса да, ұйым осы станок үшін амортизациялау кезеңін немесе амортизация əдісін қайта бағалау қажеттілігінен бас тарта алады. Мүмкін, станоктың пайдалы қызметінің болжамды қалған мерзімін немесе экономикалық пайдаларды ұйым тұтыну күтіліп отырған сұлбаны көрсету үшін амортизациялаудың неғұрлым қысқа кезеңі немесе амортизацияның неғұрылым жылдам əдісі талап етіледі.

2-жорамал: басшылық бекіткен сметалар/болжамдар басшылықтың станокты ауыстыру жəне оны таяу болашақта сату міндеттемесін көрсетеді. Станокты өткізілгенге дейін пайдалануды жалғастырудан түсетін ақша ағындары елеусіз нəрсе ретінде бағаланады.

Станокты пайдалану құндылығы сатуға шыққан шығындар шегерілген оның əділ құнына жақын мəн ретінде бағалануы мүмкін. Сөйтіп, станоктың өтелетін сомасы анықталуы мүмкін, бұл жағдайда ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін, станок (яғни өндірістік желі) тиесілі болатын бірлік қаралмайды. Сатуға шыққан шығындар шегерілген станоктың əділ құны оның қаржылық жағдай туралы есептік құнынан аз болғандықтан, оған қатысты құнсызданудан болған шығын танылады.

108. Құнсызданудан болған залалдың кез келген қалған сомасы үшін 104 жəне 105-тармақтардың талаптарына қолданғаннан кейін қозғалысқа келтіретін бірлік үшін, егер де мұны басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары талап етсе ғана, міндеттеме танылуы тиіс.

ҚҰНСЫЗДАНУДАН БОЛҒАН ЗАЛАЛДЫ ҚАЙТА ТОПТАСТЫРУ __

109. 110-116-тармақтарда алдыңғы кезеңдерде активке немесе қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты танылған құнсызданудан болған шығынды қайта топтастыруға қойылатын талаптар белгіленеді. Осы талаптарда "актив" термині пайдаланылады,

369

Page 27: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

бірақ олар жеке активке де, ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке де тең дəрежеде қолданылады. 117-121- тармақтарда - жеке активке, 122 жəне 123-тармақтарда - ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке, ал 124 жəне 125- тармақтарда гудвиллге қосымша талаптар үшін белгіленген.

110. Əрбір есепті күнге ұйым алдыңғы кезеңдерде, гудвиллді қоспағанда, активке қатысты танылған құнсызданудан болған шығынның, бəлкім, бұдан əрі болмауының немесе кемуінің қандай да болсын белгілерінің бар немесе жоқ екендігін анықтауға міндетті. Осындай белгілердің кез келгені анықталған жағдайда, ұйым осы активтің өтелетін сомасын бағалауға міндетті.

111. Алдыңғы кезеңдерде, гудвиллді қоспағанда, активке қатысты танылған құнсызданудан болған шығынның бұдан былай болмауы немесе азаюы мүмкін екендігінің белгілерін анықтай отырып, ұйым, ең болмағанда, мынадай факторларды ескеруге міндетті:

Ақпараттың сыртқы көздері:

(а) активтің нарықтық құны кезең ішінде біршама ұлғайған;

(b) ұйым үшін қолайлы оң əсері бар елеулі өзгерістер ұйым жұмыс істейтін технологиялық, нарықтық, экономикалық немесе заңдық жағдайларда, немесе ұйым үшін актив арналған нарықта кезең ішінде болды немесе таяу болашақта болады;

(с) инвестицияларға пайданың нарықтық пайыздық мөлшерлемелері немесе басқа нарықтық нормалары кезең ішінде азайған жəне осы азаюлар активті пайдалану құндылығын есептеу кезінде пайдаланылатын дисконт мөлшерлемесіна əсер етуі жəне оның өтелетін сомасын елеулі түрде ұлғайтуы мүмкін;

Ақпараттың ішкі көздері:

(d) ұйым үшін оң əсері бар елеулі өзгерістер активті ағымдағы немесе болжамды пайдалану деңгейі немесе тəсілі кезең ішінде жасалған немесе таяу болашақта күтілуде. Осы өзгерістер активтің өнімділігін жақсарту немесе арттыру не осы актив жататын қызмет түрін қайта құрылымдау мақсатымен кезең ішінде келтірілген шығынды қамтиды;

(е) ішкі есептілік активтің өнімділігі болжанғаннан жоғары екендігін, немесе жоғары болатындығын көрсетеді.

112. 111-тармақта сөз болып отырған құнсызданудан болатын залалдың əлуетті азаю белгілері 12-тармақта келтірілген құнсыздану болған əлуетті залалдардың белгілерін айнытпай көрсетеді.

113. Егер гудвиллді қоспағанда, активке қатысты құнсызданудан болған шығын бұдан əрі болмауы немесе азаюы мүмкін екендігінің белгісі бар болса, онда бұл қалған пайдалы қызмет мерзімі, амортизациялау əдісі немесе жойылу құны осы активке қолданылатын Халықаралық қаржы есептілігі стандартына сəйкес, тіпті осы актив бойынша шығын қайта топтастырылмаса да, қайта қаралуға жəне түзетілуі тиіс екендігін білдіреді.

114. Гудвиллді қоспағанда, активке қатысты алдыңғы кезеңдерде танылған құнсызданудан болған шығын, егер де құнсызданудан болған соңғы шығын танылған кезден бастап осы активтің өтелетін сомасын анықтау кезінде пайдаланылған бағаларда өзгеріс болса ғана, қайта топтастырылуы тиіс. Ондай

370

Page 28: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

жағдайда активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны, 117-тармақта көзделген жағдайды қоспағанда, оның өтелетін сомасына дейін ұлғаюға тиіс. Бұл ұлғаю құнсызданудан болған шығынды қайта топтастыру болып табылады.

115. Құнсызданудан болған шығынды қайта топтастыру активтің болжамды қызмет əлеуетінің не оны пайдалану, не ұйым осы активтің құнсыздану шығынын соңғы рет таныған күннен бастап сату есебінен ұлғаюын көрсетеді. 130-тармақтың талабына сəйкес, ұйым болжамды қызмет əлуетінің ұлғаюын туғызған бағалардағы өзгерістерді бірегейлендіруі тиіс. Бағалаудағы өзгерістердің мысалына мыналар жатады:

(а) өтелетін сома негізіндегі өзгеріс (яғни, өтелетін соманың негізінде не жатқанына: сатуға шыққан шығын шегерілген əділ құн ба, əлде пайдалану құндылығы ма);

(b) егер өтелетін сома пайдалану құндылығына негізделсе, ақшалай қаражаттардың болжамды болашақ ағындарының өлшеміндегі немесе уақытына қарай бөлудегі өзгеріс; немесе

(с) егер өтелетін сома сатуға шыққан шығын шегерілген əділ құнға негізделсе, сатуға шыққан шығын шегерілген əділ құнды құрайтын бағадағы өзгеріс.

116. Активті пайдалану құндылығы ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарының дисконтталған құны олардың келіп түсу мерзімдерінің жақындауына қарай ұлғаятындықтан ғана, оның қаржылық жағдай туралы есептік құнынан асуы мүмкін. Алайда активтің қызмет əлуеті ұлғайған жоқ. Сөйтіп, құнсызданудан болған шығын, тіпті егер активтің өтелетін сомасы оның қаржылық жағдай туралы есептік құнынан асып кетсе де, уақыттың өтіп кетуіне байланысты қайта топтастырылмайды (бұл кейде дисконтты "жабу" деп аталады).

Жеке активтің құнсыздануынан болған залалды қайта топтастыру

117. Құнсызданудан болған қайта топтастырылған залалдың есебінен ұлғайған активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны, егер алдыңғы жылдары актив үшін құнсызданудан болған залал танылмаған болса, анықталуы мүмкін (амортизацияны шегеріп) қаржылық жағдай туралы есептік құннан аспауы тиіс.

118. Егер алдыңғы жылдары актив үшін құнсызданудан болған шығын танылмаған болса, анықталуы мүмкін болатын қаржылық жағдай туралы есептік құннан тыс (амортизацияны шегеріп), гудвиллден басқа, активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының кез келген ұлғаюы қайта бағалау болып табылады. Ондай қайта бағалауды есепте көрсету үшін ұйым активке тиісті Халықаралық қаржы есептілігі стандартын қолданады.

119. Гудвиллді қоспағанда, активтің құнсыздануынан болған залалды қайта топтастыру, егер осы актив басқа Стандартқа сəйкес (мысалы, 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес қайта бағалау үлгісі бойынша) қайта бағаланған өлшем бойынша есепте көрсетілмесе ғана, пайдалар мен шығындар туралы есептің өзінде танылуы тиіс. Қайта бағаланған актив бойынша құнсызданудан болған шығынды қайта топтастырудың кез келгенін осындай басқа Стандартқа сəйкес қайта бағалаудан ұлғаюы ретінде ескеру керек.

120. Қайта бағаланған актив бойынша құнсызданудан болған шығынды қайта топтастыру басқа толық табыс арқылы танылады жəне сол актив бойынша қайта бағалау кірісін көбейтеді. Алайда, егер қайта бағаланған тап сол актив бойынша құнсызданудан болған шығынды қайта топтастыру бұрын пайдалар мен шығындар туралы есепте

371

Page 29: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

танылған болса, онда мұндай шығынды қайта топтастыру да пайдалар жəне шығындар туралы есепте танылады.

121. Құнсызданудан болған шығынды қайта топтастыру танылғаннан кейін актив үшін амортизациялық аударым активтің өзгертілген қаржылық жағдай туралы есептік құнын, оның тарату құнын (егер ондайлар бар болса) шегере отырып, оның қалған пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі негізде болашақ кезеңдер үшін түзетілуі тиіс.

Қозғалысқа келтіретін бірлестіктің құнсыздануынан болған залалды қайта топтастыру

122. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты құнсызданудан болған залалды қайта топтастыру сомасы, гудвиллден басқа, осы бірліктің активтеріне осы активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының мəндеріне тепе-тең бөлінуі тиіс. Қаржылық жағдай туралы есептік құн мəндерінің осы ұлғаюлары қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты құнсызданудан болған залалды қайта топтастыру ретінде есепке алынуға жəне 119- тармаққа сəйкес танылуы тиіс.

123. Ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты құнсызданудан болған шығынның қайта топтастыру сомасын 122-тармаққа сəйкес бөлу кезінде активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны мыналардың ең азынан аспауы тиіс:

(а) оның өтелетін сомасынан (егер ол анықтауға келсе); жəне

(b) егер алдыңғы кезеңдерде активке қатысты құнсызданудан болған шығын танылмаса, анықталатын (амортизацияны шегеріп) қаржылық жағдай туралы есептік құннан.

Олай болмаған күнде активке жатқызылуы тиісті құнсызданудан болған шығынның өлшемі, гудвиллді қоспағанда, осы бірліктің құрамындағы басқа активтерге тепе-тең негізде бөлінуі тиіс.

Гудвиллдің құнсыздануынан болған залалды қайта топтастыру

124. Гудвиллге қатысты танылған құнсызданудан болған шығынды келесі кезеңде қайта топтастыруға тиым салынады.

125. 38 Материалдық емес активтер (IAS) ХҚЕС ұйым ішінде жасалған гудвиллді тануға тиым салады. Гудвиллдің өтелетін сомасының осы гудвиллге қатысты құнсызданудан болған шығын танылғаннан кейінгі кезеңдердегі кез келген ұлғаюы сатып алынған іскерлік ақпаратқа қатысты танылған құнсызданудан болған шығынды қайта топтастыруға қарағанда, ұйымның ішінде жасалған гудвиллдің ұлғаюын білдіреді.

АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУ________________________________________________

126. Активтердің əрбір жіктелімі үшін ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:

(а) кезең ішінде пайдалар мен шығындар туралы есепте танылған құнсызданудан болған шығындар сомасын жəне сол шығындар көрсетілетін толық табыс жөніндегі есептіліктің желілік бабын (баптарын);

(b) кезең ішінде пайдалар мен шығындар туралы есепте танылған

372

Page 30: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

құнсызданудан болған шығындардың қайтару сомасын жəне толық табыс жөніндегі есептіліктің сол шығындар қайтарылатын желілік бабын (баптарын);

(с) кезең ішінде басқа толық табыс арқылы танылған қайта бағаланған активтер бойынша құнсызданудан болған шығындар сомасын;

(d) кезең ішінде басқа толық табыс арқылы танылған активтер бойынша құнсызданудан болған шығындардың қайтару сомасын.

127. Активтер сыныптамасы – бұл сипаты жəне ұйым қызметінде пайдаланылуы жағынан ұқсас активтер тобы.

128. 126-тармақта талап етілетін ақпарат активтердің осы сыныптамасы үшін ашып көрсетілетін басқа ақпаратпен бірге ұсынылуы мүмкін. Мысалы, осы ақпарат 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар (IAS) Халықаралық қаржы есептілігі стандартының талаптарына сəйкес жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтардың қаржылық жағдай туралы есептік құнын кезең басында жəне соңында салыстыруға кіруі мүмкін.

129. 8 (IFRS) ХҚЕС-ына сəйкес бөліктік ақпаратты ұсынатын ұйым əрбір есептік сараланым бойынша мынадай мəліметтерді ұсынуға міндетті [8 (IFRS) ХҚЕС-тың 11 тармағын қараңыз]:

(а) кезең ішінде пайдалар мен шығындар туралы есепте жəне ішінде басқа толық табыс арқылы танылған құнсызданудан болған шығындар сомасын;

(b) кезең ішінде пайдалар мен шығындар туралы есепте жəне ішінде басқа толық табыс арқылы танылған құнсызданудан болған шығындардың қайта топтастыру сомасын.

130. Ұйым кезең ішінде, гудвиллді қоса, жекелеген активтерге немесе ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты танылған немесе қайта топтастырылған құнсызданудан болған əрбір елеулі шығын туралы мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиісті:

(а) құнсызданудан болған шығынды тануға немесе қайта топтастыруға алып келген оқиғалар мен мəн-жайларды;

(b) танылған немесе қайта топтастырылған құнсызданудан болған шығын сомасын;

(с) жекелеген активтерге қатысты:

(і) активтің сипатын; жəне

(іі) егер ұйым 8 (IFRS) ХҚЕС-ына сəйкес сараланымдық ақпаратты ұсынса, ұйым ұсынған есептіліктің бастапқы пішімі негізінде актив жататын есепті сараланым туралы ақпарат ашып көрсетілуі тиіс;

(d) ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікке қатысты:

(і) ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің атауын (мысалы, ол 8 (IFRS) Халықаралық стандартының анықтамасына сəйкес немесе басқаларға сəйкес өндірістік желі, станок, іскерлік операция, географиялық аймақ, есептік сараланымы болып табыла ма, жоқ па);

373

Page 31: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

(іі) ұйым ұсынған есептіліктің бастапқы пішімі негізінде активтер жіктелімдері жəне 8 (IFRS) ХҚЕС-ына сəйкес есептік сараланымдар бойынша ұйым есептілік ұсынған жағдайда танылған немесе қайта топтастырылған құнсызданудан болған шығын сомасы; жəне

(ііі) егер ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті анықтау үшін активтерді біріктіру ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасы алдыңғы бағаланған кезден бастап өзгерсе (егер ондайлар бар болса), ұйым активтерді біріктірудің ағымдағы жəне алдыңғы тəсілдерінің сипаттамасын ұсынуға, сондай-ақ ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті анықтау тəсілінің өзгеруіне арналған себептерді көрсетуі тиіс;

(е) активтің (ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктің) өтелетін сомасы сатуға шыққан шығындар шегерілген оның əділ құнына немесе оның пайдалану құнына тең екендігін көрсету керек;

(f) егер өтелетін сома сатуға шыққан шығын шегерілген əділ құнға тең болса, онда сатуға шыққан шығын шегерілген əділ құнды анықтауға арналған негізді көрсету қажет (мысалы, əділ құн белсенді нарық көрсеткіштеріне айналдыру арқылы анықталған ба, жоқ па);

(g) егер өтелетін сома пайдалану құндылығына тең болса, пайдалану құндылығын ағымдағы жəне алдыңғы бағалауда пайдаланылған (егер ондайлар бар болса) дисконт мөлшерлемесі (мөлшерлемелері) ашып көрсетілуі тиіс.

131. Ұйым 130-тармаққа сəйкес қандай да болсын ақпарат ұсынылмайтын кезеңнің ішінде танылған шығындар сомаларының құнсыздануынан жəне жиынтық қайтарылуынан болған жиынтық шығындарға қатысты мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиісті:

(а) құнсызданудан болған шығындармен келтірілген активтердің негізгі жіктелімдері, жəне олар бойынша құнсызданудан болған шығындарды қайтару орын алған активтердің негізгі жіктелімдері;

(b) құнсызданудан болған осы шығындарды тануға жəне құнсызданудан болған шығындарды қайта топтастыруға алып келген негізгі оқиғалар мен мəн-жайлар.

132. Ұйымың кезең ішінде активтердің (ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірліктердің) өтелетін сомасын анықтау кезінде пайдаланылған ұйғарындарды ашып көрсетуі мақұлданады. Екінші жағынан, 134-тармаққа сəйкес, ұйым гудвиллді жəне пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активті осы бірліктің қаржылық жағдай туралы есептік құнына енгізген кезде қозғалысқа келтіретін бірліктің өтелетін сомасын анықтау үшін пайдаланылған бағалар туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

133. Егер, 84-тармаққа сəйкес, кезең ішінде ұйымдарды біріктірген кезде сатып алынған гудвиллдің бір де бір бөлігі есепті күнге қозғалысқа келтіретін бірлікке (бірліктер тобына) бөлінбеген болса, онда гудвиллдің бөлінбеген өлшемі осы өлшемді бөлмеуге негіз болған себептермен бірге ашып көрсетілуі тиіс.

Гудвиллді жасайтын қозғалысқа келтіретін өтелетін бірлестіктердің немесе пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтердің өтеу сомаларының есептері

374

Page 32: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

134. Ұйым гудвиллдің немесе пайдалану мерзімі шектеусіз материалдық емес

активтердің қаржылық жағдай туралы есептік құны бөлінген əрбір ақша тудыратын бірлік (бірліктер тобы) үшін (а)-(f) тармақтары бойынша талап етілетін ақпаратты ашып көрсетуге міндетті, ұйымның гудвиллінің немесе пайдалану мерзімі шектеусіз материалдық емес активтерінің жиынтық қаржылық жағдай туралы есептік құнымен салыстырғанда сол бірлік елеулі болады:

(а) осы бірлікке (бірліктер тобына) бөлінген гудвиллдің қаржылық жағдай

туралы есептік құнын; (b) осы бірлікке (бірліктер тобына) бөлінген, пайдалы қызмет мерзімі

шектеусіз материалдық емес активтердің қаржылық жағдай туралы есептік құнын;

(с) бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін сомасы анықталған негізге, яғни

пайдалану құндылығына немесе сатуға шыққан шығын шегерілген əділ құнға;

(d) егер бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін құнын анықтауға

пайдалану құндылығы негіз болса: (і) ұйым басшылығы ең соңғы сметалармен/болжау бағаларымен

қамтылған кезеңге ақшалай қаражаттар ағындарын болжаған əрбір негізгі ұйғарынды сипаттау. Бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін сомасы неғұрлым сезімтал болатындар негізгі ұйғарындар болып табылады;

(іі) ұйым басшылығы əрбір негізгі ұйғарын үшін белгілеген мəнді (мəндерді) анықтауға қолданған тəсілдемені сипаттау, яғни ондай мəн (мəндер) бұрынғы тəжірибені, немесе, ол орынды болған жерді көрсете ме, ол/олар сыртқы ақпарат көздерімен келісіле ме, жəне, егер келісілмесе, олар бұрынғы тəжірибеден немесе сыртқы ақпарат көздерінен қалай жəне неліктен өзгешеленетіні туралы ақпаратты ашып көрсету;

(ііі) ұйым басшылығы өздері бекіткен қаржы сметаларының/болжамды бағалардың негізінде ақшалай қаражаттар ағындарын болжаған, жəне қозғалысқа келтіретін бірлікке (бірліктер тобына) қатысты бес жылдан асатын кезең, осы кезеңді ұзартуға негіз болған себептерді түсіндіру;

(iv) ақшалай қаражаттар болжамдарын ең соңғы сметалармен/болжау бағаларымен қамтылған кезеңнен тыс экстраполяциялау үшін пайдаланылған өсу қарқынының көрсеткіші, сондай-ақ өнім, сала, ел немесе осы ұйым өз қызметін жүзеге асыратын елдер үшін немесе осы бірлік (бірліктер тобы) арналған нарық үшін ұзақ мерзімді орташа өсу қарқынынан асатын өсу қарқынының кез келген көрсеткішін пайдалануға негіз болған себептерді түсіндіру;

(v) ақшалай қаражаттар ағындарының болжамдарына қатысты дисконттау мөлшерлеме (мөлшерлемелері);

(е) егер бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін сомасы сатуға шыққан шығын шегерілген əділ құнға негізделген болса, онда сатуға шыққан шығын шегерілген əділ құнды анықтау əдістемесі ашып көрсетілуі тиіс. Егер сатуға шыққан шығын шегерілген əділ құн бұл бірліктің (бірліктер

375

Page 33: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

тобының) осы кезде бақыланатын нарықтық құнының негізінде анықталмайтын болса, онда келесі ақпарат та ашып көрсетілуі тиіс: (і) ұйым басшылығы сатуға шыққан шығын шегерілген əділ құнды

анықтауында сүйенген əрбір негізгі болжамының сипаттамасын. Бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін сомасы анағұрлым сезімтал болатын болжамдар негізгі болып табылады.

(іі) ұйым басшылығының əрбір негізгі болжам үшін белгіленген мəнді (мəндерді) анықтауға қолданған көзқарасының сипаттамасын, ондай мəн (мəндер) бұрынғы тəжірибені көрсете ме, немесе, егер орынды болса, ол/олар сыртқы ақпарат көздерімен сəйкес пе, жəне, егер сəйкес болмаса, олар бұрынғы тəжірибеден немесе сыртқы ақпарат көздерінен қалай жəне неліктен өзгешеленетіні туралы ақпаратты ашып көрсету;

Егер сатуға шыққан шығын шегерілген əділ құны ақша қаражатының дисконтталған ағымының жоспарларын қолданып анықталған болса, келесі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс: (ііі) ұйым басшылығының ақша қаражатының ағымын жоспарлаған

кезеңі. (іv) ақша қаражатының ағымы жоспарларын таратуға қолданылған

өсу қарқыны. (v) ақша қаражатының ағымы жоспарларына қолданылған дисконт

мөлшерлеме(мөлшерлемелері).

(f) ұйым басшылығы жеткілікті деңгейде өзгерту мүмкіндігі осы бірліктің

қаржылық жағдай туралы есептік құнын оның өтелетін сомасынан асыруға алып келе ме: (і) бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін сомасы оның қаржылық

жағдай туралы есептік құнынан асатын өлшемді; (іі) негізгі болжау үшін белгіленген мəнді; (ііі) бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін сомасы оның қаржылық

жағдай туралы есептік құнына теңелуі үшін өтелетін соманы анықтауға пайдаланылатын басқа ауыспалылар тарапынан осындай өзгертуге кез келген жанама ықпалдарды қосқаннан кейін, негізгі ұйғарын үшін белгіленген мəн өзгеруі тиіс болатын өлшемді.

135. Егер гудвиллдің немесе пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны қозғалысқа келтіретін бірнеше бірлікке (бірліктер тобына) ішінара немесе толық бөлінсе, жəне осылайша əрбір бірлікке (бірліктер тобына) бөлінген сома ұйымда бар гудвиллдің немесе пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтің жиынтық өлшемімен салыстырғанда елеулі болмаса, онда бұл факт осы бірлікке (бірліктер тобына) бөлінген гудвиллдің немесе пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтің жиынтық қаржылық жағдай туралы есептік құнымен қатар ашып көрсетілуі тиіс. Бұған қоса, егер осы бірліктердің (бірліктер тобының) кез келгенінің өтелетін сомасы тап сол негізгі болжауға (болжауларға) негізделген болса, ал оларға бөлінген гудвиллдің немесе пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтің жиынтық қаржылық жағдай туралы есептік құны ұйымда бар гудвиллдің

376

Page 34: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

немесе пайдалы қызмет мерзімі шектеусіз материалдық емес активтің жиынтық өлшемімен салыстырғанда елеулі болмаса, онда ұйым бұл фактіні мыналармен қатар ашып көрсетуге міндетті: (а) осы бірліктерге (бірліктер тобына) бөлінген гудвиллдің жиынтық

қаржылық жағдай туралы есептік құнымен; (b) осы бірліктерге (бірліктер тобына) бөлінген пайдалы қызмет мерзімі

шектеусіз материалдық емес активтердің жиынтық қаржылық жағдай туралы есептік құнымен;

(с) негізгі болжауды (болжауларды) сипаттаумен;

(d) ұйым басшылығы əрбір негізгі ұйғарын үшін белгілеген мəнді (мəндерді)

анықтауға қолданған тəсілдемені сипаттаумен, яғни ондай мəн (мəндер) бұрынғы тəжірибені, немесе, ол орынды болған жерді көрсете ме, ол/олар сыртқы ақпарат көздерімен келісіле ме, жəне, егер келісілмесе, олар бұрынғы тəжірибеден немесе сыртқы ақпарат көздерінен қалай жəне неліктен өзгешеленетіні туралы ақпаратты ашып көрсетумен.

(е) негізгі болжаудағы (болжаулардағы) мүмкін болатын өзгерістің жеткілікті

деңгейде бірліктердің (бірліктер тобының) жиынтық қаржылық жағдай туралы есептік құны олардың жиынтық өтелетін сомасынан асуына алып келуімен: (і) бірліктердің (бірліктер топтарының) жиынтық өтелетін сомасы

олардың жиынтық қаржылық жағдай туралы есептік құнынан асатын өлшемді;

(іі) негізгі болжау (болжаулар) үшін белгіленген мəнді (мəндерді); (ііі) бірліктердің (бірліктер топтарының) жиынтық өтелетін сомасы

олардың жиынтық қаржылық жағдай туралы есептік құнына теңелуі үшін өтелетін соманы анықтауға пайдаланылатын басқа ауыспалылар тарапынан осындай өзгертуге кез келген жанама ықпалдарды қосқаннан кейін, негізгі ұйғарын (ұйғарындар) үшін белгіленген мəн (мəндер) өзгеруі тиіс болатын өлшемді.

136. Қозғалысқа келтіретін бірліктің (бірліктер тобының) өтелетін сомасын ең соңғы есептеу нəтижесі, 24 немесе 99-тармаққа сəйкес, алға қарай ауыстырылып, осы бірлікті (бірліктер тобын) ағымдағы кезеңде құнсыздану мəніне сынақтаған кезде, аталған өлшемдер қанағаттандырылатын жағдайда, пайдаланылуы мүмкін. Ондай жағдайда осындай бірлік (бірліктер тобы) бойынша 134 жəне 135-тармақтарда талап етілетін ашып көрсетуге енгізілген жəне өтелетін соманың алға қарай ауыстырылған есептеулеріне жататын ақпарат ұсынылады.

137. Көрнекі 9-мысал 134 жəне 135-тармақтар талап ететін ашып көрсетулерді сипаттайды. ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ШАРТТАРЫ ЖƏНЕ КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ______________________ 138. [жойылған] 139. Ұйым осы Стандартты қолдануға міндетті:

(а) 2004 жылғы 31 наурызда немесе осы күннен кейін келісім жасалған, ұйымдарды біріктірген кезде сатып алынған гудвиллге жəне материалдық емес активтерге қатысты; жəне

(b) 2004 жылғы 31 наурыздан немесе осы күннен кейін басталатын бірінші

377

Page 35: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

жылдық кезеңнің басынан бастап болашақ негізде барлық басқа активтерге қатысты.

140. Осы Стандарттың талаптарын 139-тармаққа қатысы бар ұйымдардың 139-тармақта белгіленген күшіне енгізілетін күнге дейін қолдануы мақұлданады. Алайда, егер ұйым осы Стандартты бұл күндер басталғанға дейін қолданса, ол сондай-ақ 3 IFRS жəне 38 Материалдық емес активтер (IAS) ХҚЕС-ын (2004 жылғы редакциядағы) бір мезгілде қолдануға міндетті.

140А. 1 Қаржылық есептіліктерді ұсыну (2007 жылғы редакция) (IAS) ХҚЕС бойынша ХҚЕС-ында қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 61, 120, 126 жəне 129 тармақтарына түзетулер енгізілді. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1 (IAS) (2007 жылғы редакция) ХҚЕС-ын ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.

140В. 3 (IFRS) (2008 жылғы редакция) ХҚЕС бойынша 65, 81, 85 жəне 139 тармақтарына түзетулер енгізілді, 91-95 жəне 138 тармақтары алынып тасталды жəне С Қосымшасы қосылды. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 3 (IFRS) (2008 жылғы редакция) ХҚЕС-ын ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.

140С. 134(е) тармағына 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына

жетілдірулер бойынша түзетулер енгізілді. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.

140D. 2008 жылдың маусымында шығарылған Еншілес ұйымға, бірлесіп басқарылатын

ұйым немесе ортақтас ұйымдарға салынған инвестиция құны (1 (IRFS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану ХҚЕС-қа жəне 27(IAS) Шоғырландырылған жəне жеке қаржы есептілігі ХҚЕС-қа түзетулер) бойынша 12 (h) тармағы қосылды. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін проспективті түрде қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым 27 (IAS) ХҚЕС-тың 4 жəне 38А тармақтарындағы ілеспелі түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, 12 (h) тармақтағы түзетулерді сол ертерек мерзім ішінде қолдануы тиіс.

140E. 2009 жылдың сəуірінде шығарылған ХҚЕС-қа Жетілдірулер 80(b) тармақты түзетті.

Ұйым сол түзетуді перспективті түрде 2010 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейін басталатын жыл сайынғы кезеңде кезеңдерде пайдалануы тиіс. Ертерек қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетуді мерзімінен ертерек қолданатын болса ол туралы ашып көрсетуі тиіс.

140F. 2009 жылдың қарашасында шығарылған 9 (IFRS) ХҚЕС 2(e) жəне 5 тармақтарға

түзетулер енгізді. Ұйым сол түзетулерді 9 (IFRS) ХҚЕС-қа қатысты қолдануы тиіс.

36 (IAS) ХҚЕС (1998 ЖЫЛЫ ШЫҚҚАН) КҮШІН ЖОЮ

141. Осы Стандарт 36 Активтердің құнсыздануы (IAS) ХҚЕС-ын (1998 жылы шығарылған) ауыстырады.

378

Page 36: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

379

Page 37: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

А ҚОСЫМШАСЫ: Дисконтталған құнның негізінде пайдалану құндылығын есептеу

Аталған Қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігін құрайды. Онда дисконтталған құнның негізінде пайдалану құндылығын есептеуге қатысты ұсыныстар бар. Бұл ұсыныстарда «актив» термині пайдаланылатынына қармасатан, олардың бірдей дəрежеде ақша қаражатын қозғалысқа келтіретін бірлікті құрайтын активтер топтарына да қатысы бар.

Дисконттау құнының негізінде есептеудің құрамдас бөліктері

А1. Мына элементтерді бірге алғанда, активтер арасындағы айырмашылықтарды білдіреді:

(а) ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын бағалау, не, неғұрлым күрделі жағдайларда, ұйым активтен алуды күтіп отырған ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарының сериялары;

(b) ақшалай қаражаттардың осы ағындарының түсу мөлшері мен мерзімдеріндегі мүмкін болатын түрленуге қатысты күтулер;

(с) ағымдағы нарықтық тəуекелдіксіз пайыз мөлшерлемесі ұсынған ақшаның уақытша құны;

(d) осы активке тəн шектеусіздік үшін үстемақы; жəне

(е) ұйым активтен алуды күтіп отырған ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарының өлшемін белгілеген кезде нарыққа қатысушылар көрсететін кезде бірегейленбейтін басқа да факторлар (өтемсіздік сияқты).

А2. Осы Қосымшада дисконтталған құнды есептеуге əртүрлі екі тəсілдеме салыстырылады, бұл жағдайда олардың əрқайсысы қосалқы мəн-жайларға байланысты активті пайдалану құндылығын есептеген кезде қолданылуы мүмкін. «Əдеттегі» тəсілдемеге сəйкес, А1-тармақта сипатталған (d)-(е) түзетулер дисконт мөлшерлемесіне қойылады. «Ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізінде» тəсілдемесіне сəйкес, (b), (d) жəне (e) факторлары ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын есептеген кезде тəуекелдікке түзетумен қоса түзету қажеттілігін белгілейді. Ұйым ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары түсімінің мөлшері мен мерзімдеріндегі мүмкін болатын түрленулерге қатысты осы екі тəсілдеменің қайсысын қабылдаса да, нəтиже осы болашақ ағындардың дисконтталған құнды көрсету, яғни мүмкін болатын барлық нəтижелердің ішіндегі орташа өлшенген нəтиже болуы тиіс.

Жалпы принциптер

А3. Ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарын жəне пайыз мөлшерлемелерін бағалау сөз болып отырған активтің маңайында қалыптасқан мəн-жайларға байланысты, əртүрлі тəсілдермен жүргізіледі. Солай бола тұрса да, активтер дисконтталған құн бойынша бағаланған кезде, мынадай жалпы принциптер қолданылады:

(а) ақшалай қаражаттар ағындарын дисконттау үшін қолданылатын пайыз мөлшерлемелері ақшалай қаражаттардың бағаланатын ұйғарындарына тəн ұйғарындармен келісілетін ұйғарындарды көрсетуі тиіс. Олай болмаған күнде кейбір ұйғарындардың əсері екі рет ескеріледі немесе ескерілмей тасталады. Мысалы, 12 пайызға тең дисконт мөлшерлемесі берілген кредиттер бойынша шартта көзделген ақшалай қаражаттар ағындарына қатысты қолданылуы мүмкін. Бұл мөлшерлеме нақты сипаттамалары бар кредиттер бойынша болашақ төленбеген төлемдерге қатысты күтуді көрсетеді. Тап сол 12 пайыздық

380

Page 38: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

мөлшерлеме ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарын дисконттау үшін қолданылмауы тиіс, өйткені ондай ағындар болашақ төленбеген төлемдерге қатысты болжауларды көрсетеді;

(b) ақшалай қаражаттардың бағаланатын ағындары жəне дисконт мөлшерлемелері субъективтіліктен жəне бұл жағдайда сөз болып отырған активке қатысы жоқ факторлардан бос болуы тиіс. Мысалы, активтің жалған болашақ табыстылығын арттыру мақсатымен ақшалай қаражаттардың бағаланатын таза ағындарын қасақана кеміту бағаға субъективтілік элементін əкеледі;

(с) ақшалай қаражаттардың бағаланатын ағындары жəне дисконт мөлшерлеме бірден-бір ықтимал ең аз немесе ең көп өлшемді емес, мүмкін болатын нəтижелер диапазонын көрсетуі тиіс.

Дисконтталған құнға тəсілдемелер: дағдылы жəне ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындары негізінде

Дағдылы тəсілдеме

А4. Дисконтталған құнды қолдануға байланысты есеп тəжірибесінде ақшалай қаражаттардың бағаланатын ағындарының бірыңғай қатары жəне «тəуекелдікпен өлшенетін мөлшерлеме» ретінде жиі сипатталатын дисконттың бірыңғай мөлшерлемесі дағдылы түрде көрсетіледі. Іс жүзінде, дағдылы тəсілдеме дисконттың бірыңғай принципі ақшалай қаражаттардың болашақ ағындарына қатысты барлық күтулерді жəне тəуекелдік үшін тиісті үстемақыны өзінде қамтуға қабілетті. Тиісінше, дағдылы тəсілдеме кезінде дисконт мөлшерлеме таңдауға ерекше көңіл бөлінеді.

А5. Кейбір жағдайларда, мысалы, нарықта салыстырмалы активтер айналыста болған кезде,

дағдылы тəсілдеме оңайырақ қолданылуы мүмкін. Ақшалай қаражаттардың шартта көзделген ағындары бар активтерге қатысты, ол нарыққа қатысушылар активті қалай сипайттайтынына қарай, мысалы, «12 пайыздық облигациядағы» сияқты, келісіледі.

А6. Алайда, кейбір неғұрлым күрделі бағалау проблемаларын шешу, мысалы, қаржылық

емес активтерді олардың өздері үшін жəне олармен салыстырылатын активтер үшін бағалауды шешу үшін дағдылы тəсілдеме əрдайым жарай бермейді. «Тəуекелдікпен өлшенетін мөлшерлеме» іздестірудің дұрыс жолы, ең болмағанда, екі активті – нарықта бар жəне қолданылатын пайыз мөлшерлемесі бар активті жəне бағалау мəні болып табылатын активті талдау арқылы жасалады. Ақшалай қаражаттардың бағаланатын ағындары үшін тиісті дисконт мөлшерлемесі осы басқа активтің қолданыстағы пайыз мөлшерлемесінен шығарылуы тиіс. Осы өлшемді шығару үшін осы басқа активтің ақшалай қаражаттары ағындарының сипаттамасы бағаланатын активтің сипаттамасымен ұқсас болуы тиіс. Сөйтіп, бағалаушы мыналарды жасауы тиіс:

(а) дисконтталатын ақшалай қаражаттар ағындарының қатарын бірегейлендіруге; (b) нарықта, көрініп отырғанындай, ақшалай ағындарының сипаттамалары ұқсас

басқа активті бірегейлендіруге; (с) осы екі объект бойынша ақшалай қаражаттар ағындарының қатарын салыстыруға

жəне олардың ұқсастығына көз жеткізуге (мысалы, олар шартта көзделген ақшалай қаражаттар ағындары болып табыла ма, немесе олардың бірі шартта көзделген, ал екіншісі болжамды ақшалай ағындар ма деген сұраққа жауап қайтару);

381

Page 39: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

(d) объектілердің бірінде басқа объектіде жоқ қандай да бір элемент бар-жоғын анықтау (мысалы, олардың бірі екіншісіне қарағанда неғұрлым өтемді ме);жəне

(е) экономикалық жағдайлар өзгерген кезде ақшалай ағындардың екі қатарының да

ұқсас болу (яғни түрлену) ықтималдығын анықтау.

Ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізіндегі тəсілдеме

А7. Кейбір жағдайларда ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізіндегі тəсілдеме дағдылы əдіспен салыстырғанда тиісті бағалау құралын білдіреді. Ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарын бағалау процесінде неғұрлым ықтимал бір ағынның орнына ақшалай қаражаттардың мүмкін болатын барлық ағындарына қатысты күту пайдаланылады. Мысалы, ақшалай қаражаттардың ағындары ықтималдығы тиісінше 10, 60 жəне 30 пайызбен 100 ш.б., 200 ш.б. немесе 300 ш.б. құрауы мүмкін. Ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындары 220 ш.б. құрайды. Сөйтіп, ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізіндегі тəсілдеменің дағдылы тəсілдемеден айырмашылығы - ол қаралып отырған ағындарды тікелей талдаудан жəне бағалау барысында пайдаланылатын неғұрлым егжей-тегжейлі ұйғарындардан шоғырландырылады.

А8. Бұған қоса, ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізіндегі тəсілдеме

ақшалай ағындарды уақытқа қарай бөлу шектеусіздікпен сипатталатын кезде дисконтталған құн бойынша бағалау əдісін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, 1,000 мөлшеріндегі ақшалай қаражаттар ағыны, тиісінше, ықтималдығы 10, 60 жəне 30 пайызбен бір, екі немесе үш жылдың ішінде алынуы мүмкін. Төменде келтірілген мысалда осы жағдайда күтілетін дисконттау құнының есебі көрсетілген.

Дисконтталған құн 1,000 ш.б. 1 жылдан кейін 952.38 ш.б. 5% мөлшерлеме бойынша Ықтималдық 10.00% 95.24 ш.б. Дисконтталған құн 1,000 ш.б. 2 жылдан кейін 902.73 ш.б. 5,25% мөлшерлеме бойынша Ықтималдық 60.00% 541.64 ш.б. Дисконтталған құн 1,000 ш.б. 3 жылдан кейін 851.61 ш.б. 5,50% мөлшерлеме бойынша Ықтималдық 30.00% 255.48 ш.б. Күтілетін 892.36 ш.б. дисконтталған құн А9. 892.36 күтілетін дисконтталған құнның 902.73 ш.б. мөлшердегі ең жақсы баға туралы

(60 пайыздық ықтималдық) дағдылы ұсынудан айырмашылығы бар. Осы мысалға қолданылатын дисконтталған құн бойынша дағдылы есептеу ақшалай қаражаттар ағындарын уақытына қарай мүмкін болатын бөлудің қайсысын пайдалану керектігін, жəне, тиісінше, қайсысы уақытқа қарай басқа бөлулер ықтималдығын көрсетпейтінін шешуді талап етеді. Бұл дисконтталған құны бойынша дағдылы есептеу контексіндегі дисконт мөлшерлемесі уақытқа қарай бөлудің шектеусіздігін көрсетуге қабілетсіз екендігінің салдары болып табылады.

382

Page 40: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

А10. Ықтималдықты пайдалану ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының

негізіндегі тəсілдеменің ең маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Іс жүзінде, субъективтілік деңгейі жоғары бағаларға ықтималдық беру осы бағалардың дəлдігін арттыруға алып келе ме деген сұраққа əлі түпкілікті жауап алынбаған. Солай бола тұрса да, дағдылы тəсілдемені дұрыс қолдану (А6-тармақта сипатталғандай) ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізіндегі тəсілдемені қолдану сияқты, субъективтілікті бағалауды да талап етеді, бірақ есептеудің тап осындай ашық болуын қамтамасыз етпейді.

А11. Осы заманғы практикада жүргізілетін көптеген бағаларда ақшалай қаражаттардың

күтілетін ағындарының элементтері қазірдің өзінде бейресми түрде бар. Бұған қоса, бухгалтерлер өз қарамағында ақшалай қаражаттар ағындарының ықтималдығы туралы шектеулі ақпараты бола отырып, активке бағалау жүргізу қажеттігіне жиі ұшырап отырады. Мысалы, бухгалтер мынадай жағдайларға кезігуі мүмкін:

(а) болжанатын сома шамамен 50 мен 250 ш.б. арасында тұр, алайда бұл

диапазондағы бір де бір сома кез келген басқа сомаға қарағанда неғұрлым ықтимал болып табылмайды. Осы шектеулі ақпараттың негізінде ақшалай қаражаттардың күтілетін ағынын бағалау жүргізіледі: 150 ш.б. (50+250)/2;

(b) болжанатын сома шамамен 50 мен 250 ш.б. арасында тұр, жəне 100 ш.б.

неғұрлым ықтимал сома болып табылады. Алайда, əрбір сомаға берілген ықтималдық белгісіз. Осы шектеулі ақпараттың негізінде ақшалай қаражаттардың күтілетін ағынын бағалау жүргізіледі: 133.33 ш.б. (50+100+250)/3;

(с) болжанатын сома 50 ш.б. (10 пайыздық ықтималдық), 250 ш.б. (30 пайыздық

ықтималдық) немесе 100 ш.б. (60 пайыздық ықтималдық). Осы шектеулі ақпараттың негізінде ақшалай қаражаттардың күтілетін ағынын бағалау жүргізіледі: 140 ш.б. (50х0.10)+(250х0.30) + (100 х 0.60).

Əрбір жағдайда ақшалай қаражаттардың күтілетін ағыны, бəлкім, жеке алғанда ең аз, неғұрлым ықтимал немесе ең көп бағалауға қарағанда пайдалану құндылығын неғұрлым дəл бағалауды қамтамасыз ететін болады.

А12. Ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізінде тəсілдемені қолдануға

шыққан шығындар ақталмай қалуы мүмкін. Кейбір жағдайларда ұйымның көп деректері болуы мүмкін, бұл оларға ақшалай қаражаттар ағындарын қалыптастырудың бірқатар көріністерін жасауына мүмкіндік береді. Бірақ, ұйым олай етпеген жағдайда елеулі шығынға ұшырауға тəуекелдік ете отырып, ақшалай қаражаттар ағындарының түрленуіне қатысты жалпы тұжырымдармен ғана шектелуге мəжбүр болатын жағдайлар да кездеседі. Ұйымның қосымша ақпарат жəне ондай ақпарат ол жүргізетін бағаға қосылуы мүмкін қосымша шынайылық алуға арналған шығындардың арасында ымырашылдық табуына тура келеді.

А13. Ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының негізінде бағалау əдісі жеке-дара

объектіні немесе мүмкін болатын нəтижелерінің саны шектеулі объектіні бағалауға жарамайды деген пікір бар. Бұл жағдайда мүмкін болатын екі нəтижесі бар актив мысалға келтіріледі: ақшалай ағынның өлшемі 10 ш.б. болатын 90 пайыздық ықтималдық жəне ақшалай ағынның өлшемі 1,000 ш.б. болатын 10 пайыздық ықтималдық. Осы ұғымдардың авторлары бұл мысалда ақшалай қаражаттардың

383

Page 41: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

күтілетін ағындарының өлшемі 109 ш.б. болатынын көрсетеді жəне бұл нəтижені ақыр соңында төленуі тиіс болатын сомалардың бір де бірін білдірмейтін нəтиже ретінде сынға алады.

А14. Осындай пікірлер жүргізілетін бағалау мақсатымен жасырын келіспеушілікті

көрсетеді. Егер мақсат алдағы шығындарды жинақтау болса, онда ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындары күтілетін шығындарды көрнекі түрде анық бағалауды қамтамасыз етпеуі де мүмкін. Екінші жағынан, осы Стандарт активтің өтелетін сомасын бағалауға арналған. Жоғарыда келтірілген мысалда ақшалай қаражаттардың тап осы ағындары неғұрлым ықтимал екендігіне қарамастан, активтің өтелетін құны 10 ш.б. болуы неғайбіл. Бұған себеп 10 ш.б. мөлшеріндегі баға осы активті бағалауда ақшалай қаражаттар ағындарының шектеусіз болмауында. Оның орнына ақшалай қаражаттардың шектеусіз ағыны ақшалай қаражаттардың шектеулі ағыны ретінде ұсынылған. Ақыл-есі дұрыс бір де бір ұйым ондай сипаттамасы бар активті 10 ш.б. сатпайды.

Дисконттау мөлшерлемесі

А15. Активті пайдалану құндылығын бағалау үшін ұйым қандай тəсілдемені

қолданатынына қарамастан, ақшалай қаражаттар ағындарын дисконттау үшін қолданылатын пайыз мөлшерлемелері ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарына түзету жүргізілген тəуекелдіктерді көрсетпеуі тиіс. Олай болмаған күнде кейбір ұйғарындардың салдарлары екі рет есептелетін болады.

А16. Активке тəн мөлшерлемені тікелей нарықтың өзінде алу мүмкін болмаған кезде,

ұйым дисконт мөлшерлемесін бағалау үшін алмастырғыштарды пайдаланады. Мақсат, мүмкіндігіне қарай, мыналардың нарықтық бағасын анықтау:

(а) активтің пайдалы қызмет мерзімі аяқталғанға дейінгі кезеңдерге арналған

ақшаның уақытша құнын; жəне

(b) А1 тармақта сипатталған (b), (d) жəне (e) факторларды, ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарының өлшемін бағалау кезінде бұл факторлар түзетуге келтірмейтін жағдайда.

А17. Осындай баға жасай отырып, ұйым, бастапқыда, мынадай көрсеткіштерді назарға

алуы тиіс:

(а) ұйым капиталының күрделі активтерді бағалау үлгісі сияқты əдістердің көмегімен анықталған орташа есептелген құнын;

(b) ұйымның қарыздық капиталына пайыздың өсу мөлшерлемесін;жəне

(с) қарыздық капиталға пайыздың басқа да нарықтық мөлшерлемелерін.

А18. Рас, бұл көрсеткіштер:

(а) ақшалай қаражаттардың күтілетін ағындарына байланысты нарық айрықша тəуекелдіктерді бағалайтын тəсілді көрсету үшін; жəне

(b) активпен байланысты ақшалай ағындарға қатысы жоқ немесе ақшалай

қаражаттардың күтілетін ағындарына түзету жасалған тəуекелдіктерді жою үшін

384

Page 42: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

түзетілуі тиіс.

Тəуекелдіктерге, оның ішінде елдің тəуекелдігіне, валюталық тəуекелдікке жəне баға тəуекелдігіне назар аударған жөн.

А19. Дисконт мөлшерлемесі ұйым капиталының құрылымына жəне соның көмегімен ол

актив сатып алуды қаржыландыратын тəсілге тəуелді емес, өйткені туындауы активтен күтілетін ақшалай қаражаттардың болашақ ағындары ұйымның актив сатып алуды қаржыландыру тəсіліне тəуелді емес.

А20. 55-тармаққа сəйкес, дисконттың қолданылатын мөлшерлемесі салыққа дейінгі

мөлшерлеме болуы тиіс. Тиісінше, дисконттың мөлшерлемесі салық есебінен кейін алынған деректердің негізінде есептелсе, онда бұл деректер салық есебіне дейінгі мөлшерлемені көрсету үшін түзетіледі.

А21. Ұйым əдетте активті пайдалану құндылығын бағалау үшін дисконттың бір

мөлшерлемесін пайдаланады. Алайда, ұйым, егер пайдалану құндылығы əр түрлі кезеңдерге арналған тəуекелдіктердегі айырмаға немесе пайыздық мөлшерлемелердің уақытша құрылымына сезімтал болса, əртүрлі болашақ кезеңдерге арналған дисконттың əр түрлі мөлшерлемелерін пайдаланады.

385

Page 43: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

В Қосымшасы [Түзету қосымшасыз Стандарттарға қолданылмайды]

386

Page 44: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

С Қосымшасы

Гудвиллі жəне бақыланбайтын пайыздары бар ақша қаражатын өндіретін активтер бірлігін құнсыздануға сынау Бұл Қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

С1. 3 (IFRS)(2008 жылғы редакция) ХҚЕС-ына сəйкес, сатып алушы гудвиллді сатып алған күні төмендегі (а)-ның (б)-дан артықшылығы ретінде бағалайды жəне таниды:

(a) төмендегілердің жиынтығы:

(i) негізінен сатып алған күнгі əділ құнды талап ететін, 3 (IFRS) ХҚЕС-ына сəйкес бағаланған аударылған сыйақы;

(ii) 3 (IFRS) ХҚЕС-ына сəйкес бағаланған сатып алынған ұйымдағы кез-келген бақыланбайтын пайыздың сомасы; жəне

(iii) Сатылы түрде жасалған ұйымдар бірігуінде, сатып алынған ұйымдағы сатып алушының алдыңғы иеленген үлестік пайызының сатып алған күнгі əділ құны.

(b) 3 (IFRS) ХҚЕС-ына сəйкес бағаланған сатып алынған анықталатын активтердің жəне қабылданған міндеттемелердің сатып алған күнгі сомалардың таза сомасы

Гудвиллдің үлестірілуі

С2. Осы Стандарттың 80 тармағы ұйымды біріктіруде алынған гудвиллді, сатып алушының басқа активтерінің немесе міндеттемелерінің ақша қаражатын өндіретін активтер бірлігіне немесе активтер топтарына тағайындалған-тағайындалмағандығына қарамастан, бірлестіру кешенінен пайда табады деп күтілетін сатып алушының ақша қаражатын өндіретін активтерінің əрқайсысына, немесе ақша қаражатын өндіретін активтердің топтарына үлестіруді талап етеді. Ұйымдарды біріктіру нəтижесінде болатын кешендердің кейбірі құрамында бақыланбайтын пайыздың пайызы болмайтын ақша қаражатын өндіретін активке үлестірілуі мүмкін.

Құнсыздануға сынау

С3. Құнсыздануға сынау ақша қаражатын өндіретін активтің өтелетін құнын ақша қаражатын өндіретін активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнымен салыстырумен бірге жүреді.

С4. Егер ұйым бақыланбайтын пайыздарды, əділ құн орнына, оның сатып алған күнгі еншілес ұйымның таза анықталатын активтеріндегі пропорциялық пайызы ретінде бағаласа, бақыланбайтын пайыздарға жатқызылатын гудвилл тиісті ақша қаражатын өндіретін активтің өтелетін құнына кіргізіледі, бірақ ол бас ұйымның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылмайды. Осының салдарынан, бақыланбайтын пайыздарған жатқызылатын гудвиллді қосу үшін ұйым ақша қаражатын өндіретін активке үлестірілген гудвиллдің қаржылық жағдай туралы есептік құнын жалпы есептеуі тиіс. Бұл түзетілген қаржылық жағдай туралы есептік құн сосын бірліктің құнсыздану мүмкіндігін анықтау үшін ақша қаражатын өндіретін актив бірлігінің өтелетін құнымен салыстырылады.

Құнсыздану залалын үлестіру

С5. 104 тармақ кез-келген анықталған құнсыздану шығынын, үлестірілген гудвиллдің

387

Page 45: 36 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің …оның қайта бағаланған өлшемі (əділ құны) оның өтеу сомасынан

388

қаржылық жағдай туралы есептік құнын азайту үшін, бірінші ретте ақша қаражатын өндіретін активке, жəне сосын бірліктің басқа активтеріне пропорциялық түрде бірліктегі əрбір активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны негізінде үлестіруді талап етеді.

С6. Егер бақыланбайтын пайызы бар еншілес ұйым, немесе еншілес ұйымның бөлігі үлкенірек ақша қаражатын өндіретін бірліктің бөлігі болса, құнсыздану шығыны бас ұйым мен бақыланбайтын пайыз арасында пайда немесе шығын үлестірілетін негізбен бірдей негізде үлестіріледі.

С7. Егер бақыланбайтын пайызы бар еншілес ұйым, немесе еншілес ұйымның бөлігі үлкенірек ақша қаражатын өндіретін бірліктің бөлігі болса, гудвиллдің құнсыздану шығыны ақша қаражатын өндіретін бірліктің бақыланбайтын пайызы бар бөліктеріне жəне пайызы жоқ бөліктеріне үлестіріледі. Құнсыздану шығындары ақша қаражатын өндіретін бірліктің бөліктеріне төмендегі негіздерде үлестірілуі тиіс:

(a) Құнсызданудың ақша қаражатын өндіретін бірліктегі гудвиллмен, бөліктердің құнсыздануға дейінгі гудвиллінің салыстырмалы қаржылық жағдай туралы есептік мəндерімен байланысты болу дəрежесіне қарай,

(b) Құнсызданудың ақша қаражатын өндіретін бірліктегі анықталатын активтермен, бөліктердің құнсыздануға дейінгі таза анықталатын активтердің салыстырмалы қаржылық жағдай туралы есептік мəндерімен байланысты болу дəрежесіне қарай. Кез-келген осындай құнсыздану əрбір бірліктің бөліктерінің активтеріне пропорциялық түрде бөліктегі əрбір активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны негізінде үлестіріледі. Бақыланбайтын пайыздары бар бөліктерде, құнсыздану шығыны бас ұйым мен бақыланбайтын пайыз арасында пайда немесе шығын үлестірілетін негізбен бірдей негізде үлестіріледі.

С8. Егер бақыланбайтын пайызға жатқызылатын құнсыздану шығыны бас ұйымның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылмайтын гудвиллмен (С4 тармағын қараңыз) байланысты болса, сол құнсыздану гудвиллдің құнсыздану шығыны ретінде танылмайды. Осындай жағдайларда, тек бас ұйымға үлестірілетін гудвиллмен байланысты құнсыздану шығыны ғана гудвиллдің құнсыздану шығыны ретінде танылады.

С9. 7 көрнекі мысалда гудвиллі бар толығымен иеленбеген ақша қаражатын өндіретін бірлікті құнсыздануға сынау көрсетілген.

_____________ Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.