10
Қызылорда облысы ,Қармақшы ауданы №121 орта мектеп Бүркітбаева Гүлназ Бердібек қызы Күні 14.02.2014 жыл Сыныбы: 6"б" Сабақтың тақырыбы: &27 Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы Cабақтың мақсаты: Білімділік: Ғұндардың мал шаруашылығымен, егіншілікпен, аңшылықпен шұғылданғанын, қолөнердің жақсы дамығандығымен таныстыру және қоғамдық әлеуметтік құрылыс ерекшеліктері туралы түсінік беру. Тәрбиелік: Ізденімпаздылық пен шығармашылыққа үйрету, Отаншылдыққа, тарихи деректерге деген, сүйіспеншілікке адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Өз бетінше іздену, ойлау қабілеті мен шапшаңдықтары,жеке және топ болып жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту. Сабақтың түрі: Аралас әдісі: Интерактивті тақтамен, картамен жұмыс,ауызша баяндау. типі: Жаңа материалды меңгерту Пәнаралық байланыс: Әдебиет,география Көрнекілігі: Интерактивті тақта, дүниежүзінің саяси картасы, қазақстанның картасы. Сабақтың барысы:

45minut  · Web viewҚызылорда облысы ,Қармақшы ауданы №121 орта мектеп Бүркітбаева Гүлназ Бердібек қызы

  • Upload
    others

  • View
    7

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 45minut  · Web viewҚызылорда облысы ,Қармақшы ауданы №121 орта мектеп Бүркітбаева Гүлназ Бердібек қызы

Қызылорда облысы ,Қармақшы ауданы №121 орта мектеп Бүркітбаева Гүлназ Бердібек қызы

Күні 14.02.2014 жыл

Сыныбы: 6"б"

Сабақтың тақырыбы: &27 Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы

Cабақтың мақсаты:

Білімділік: Ғұндардың мал шаруашылығымен, егіншілікпен, аңшылықпен шұғылданғанын, қолөнердің жақсы дамығандығымен таныстыру және қоғамдық әлеуметтік құрылыс ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Ізденімпаздылық пен шығармашылыққа үйрету, Отаншылдыққа, тарихи деректерге деген, сүйіспеншілікке адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өз бетінше іздену, ойлау қабілеті мен шапшаңдықтары,жеке және топ болып жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас

әдісі: Интерактивті тақтамен, картамен жұмыс,ауызша баяндау.

типі: Жаңа материалды меңгерту

Пәнаралық байланыс: Әдебиет,география

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, дүниежүзінің саяси картасы, қазақстанның картасы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа әзірлеу, топқа бөлу

II. Үй тапсырмасын тексеру

Page 2: 45minut  · Web viewҚызылорда облысы ,Қармақшы ауданы №121 орта мектеп Бүркітбаева Гүлназ Бердібек қызы

Тақырыбы: Ғұн мемлекетінің қалыптасуы. Халықтардың Ұлы қоныс аударуы.

Үш топқа тапсырма беріледі. 1-ші топқа «Математикалық қобдиша» ойыны

(5*3)+9=

(4000+3000)+3000=

(25+25)+5=

(25*6)+301=

(200+200)+53=

(250+250)-52=

2-ші топқа картамен жұмыс

1.Ғұндардың мекендеген жерлерін картадан

көрсетеміз

2. Ғұндардың көршілес елдерін картадан

көрсету

3. Ғұндар Еуропаның қай мемлекетіне дейін

жетті, картадан көрсету

3-ші топқа Ол кім? Бұл не?

Мөде. Аттила. Ұлы қытай қорғаны

III.Үй тапсырмасын пысықтау

Тест тапсырмалары

1.Ғұн тайпаларының билеушісі қалай аталады?

а) Шаньюй ә) Хан б) Гуньмо

2. Ғұндар неше тайпаға біріккен?

а)12 ә) 24 б) 18

3. Ғұндармен Қытай елінің арасындағы соғыс қанша жылға созылды?

Page 3: 45minut  · Web viewҚызылорда облысы ,Қармақшы ауданы №121 орта мектеп Бүркітбаева Гүлназ Бердібек қызы

а)100 ә)200 б)300

4. Ғұн тайпаларының бір мемлекетке бірігіп, күшейген кезі?

а)б.з.б 3-2 ғ ә)б.з.б 2-1 ғ б)б.з. 1 ғ

5. Б.з.б 55 жылы Ғұн мемлекеті қандай бөліктерге бөлінеді?

а) Орталық және Шығыс ә) Солтүстік және оңтүстік б) Батыс және Шығыс

6.Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған тайпа

а) Сақтар ә) Ғұндар б) Үйсіндер

7. Ғұндардың аты аңызға айналған қолбасшысы?

а) Дарий ә) Аттила б) Шырақ

8. Еділ туралы қай тарихшы жазды?

а) Герадот ә) Присск б) Страбон

IV. Жаңа сабақ

§27 Ғұндардың тұрмысы мен шараушылығы

Жоспары:

1.Ғұндардың тұрмысы

2.Қоғамдық құрылысы

3.Ғұндардың мәдениеті

Ғұндар негізінен киіз үйлерде тұрды. Үй жихаздарынан ағаш төсек және күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған. Ғұн қол өнер шеберлері жүннен төсеніш пен кілемдер тоқыған.Киіз үйдің төріне қамшы, ағаштан жасалған қынабы бар семсер садақ тағы басқа іліп қоятын болған. Аммиян Марцеллин ғұндар туралы: "Ғұндар жақсы шыныққан, олар оттыда қажет етпейді. Тау мен орманда көшіп жүреді, жас кезінен ыстық суыққа, шөлге үйренген" деп пайымдайды.

Ғұндар - көшпелі патриорхалды ел. Оларды ақсақалдар кеңесі басқарды. Елді Шанью биледі. Ғұндардың өзіндік құқық қорғау жүйесі болған. ауыр қылмыстармен опасыздық жасағандарға өлім жазасы

Page 4: 45minut  · Web viewҚызылорда облысы ,Қармақшы ауданы №121 орта мектеп Бүркітбаева Гүлназ Бердібек қызы

кесілген, ал ұсақ қылмыстар үшін айыптының бетін тілген және т.б жазалар қолданған.

Көшпелілердің зергерлері алтын әшекей жасауда тамаша жетістіктерге жеткен. Олар бұйымның бетіне алтын түйіпшіктерді дәнекерлеуді білген. Мұндай шеберлікті зерлеу деп атаған. Бұйымға ширатылған ұзын сымды дәнекерлеп жапсырған. Әшекейлеудің тағы бір түрі безендіру кезінде бұйымға сәндік үшін түрлі түсті заттар жапсырған. Ғалымдар мұндай стилді "полихромдық стил" деп атаған. Ғұндар алтын,күміс сияқты бағалы заттардан әшекей бұйымдар жасаған. Ауқатты адамдардың зираттарынан алтын сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасалған кемер белдіктер кездеседі. Бұйымдарды безендіру үшін жабайы аңдардың бейнесі қолданылған.

Жаңа сөздер мен жұмыс

1. Патрархалды билік-ер адамдардың билігінің жоғары болуы

2. Зерлеу әдісі- бұйымдардың беттеріне алтын түйіршіктерді

дәнекерлеу

3.Полихромдық стиль-бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар

жабыстыру.

Интерактивті тақтадан суреттер Ұлы қытай қорғаны көрсетіледі.

Page 5: 45minut  · Web viewҚызылорда облысы ,Қармақшы ауданы №121 орта мектеп Бүркітбаева Гүлназ Бердібек қызы

Тарихи сынақ хат. Бұл тапсырма 3 топқада ортақ

Ғұн тайпаларында____________ ______________ қалыптасқан.

Ғұндар ___________пен____________білген.

Ыдыс аяқтарды_____ _______ _______жасаған.

Рим тарихшысы______ _______ғұндарды төзімді келеді деген.

V. Жаңа сабақты пысықтау

Интервью әдісін қолданамыз. үш қадамнан тұратын сұхбат

1-топ Сұрақ беруші

2-топ Жауап беруші

3-топ Анализ жасаушы

Қорытындылау.

Бір кездері ғұндар мекен еткен кең-байтақ жерде бүгінде біздер, қазақстандықтар тіршілік етіп отырмыз.Бұл жердің иесі біздер. Тәуелсіздік алғанымызға көп болмаса да еліміз үшін атқарылып жатқан істер орасан зор. Елбасымыз бүгінгі дүниежүзілік дағдарыс кезеңінен шығуды халыққа жолдау арқылы көрсетіп берді. Сын сағатта сыр бермеген халқымыз бұл өтпелі кезеңді де жеңіп, өркендеп дамуға бет алды. Еліміз үшін әрқайсысымыз бір біріне көмек көрсетіп, сапалы біліммен, өнегелі тәрбиемен үлес қосуларыңыз қажет.

VI. Оқушылар білімін бағалау

Үй тапсырмасы мен жаңа сабақ бойынша оқушы білімін бағалау

VII. Үйге тапсырма беру.

Ғұндардың өмір салты туралы әңгіме жазу.

Page 6: 45minut  · Web viewҚызылорда облысы ,Қармақшы ауданы №121 орта мектеп Бүркітбаева Гүлназ Бердібек қызы

Ашық сабақТақырыбы: Ғұндардың тұрмысы мен

шаруашылығы

Орындаған: Г. Бүркітбаева

Сыныбы: 6 "б"

Пәні: Ежелгі қазақстан тарихы

2013-2014 оқу жылы

Page 7: 45minut  · Web viewҚызылорда облысы ,Қармақшы ауданы №121 орта мектеп Бүркітбаева Гүлназ Бердібек қызы
Page 8: 45minut  · Web viewҚызылорда облысы ,Қармақшы ауданы №121 орта мектеп Бүркітбаева Гүлназ Бердібек қызы
Page 9: 45minut  · Web viewҚызылорда облысы ,Қармақшы ауданы №121 орта мектеп Бүркітбаева Гүлназ Бердібек қызы