6
Атырау облысы Атырау қаласы № 31 мектеп – гимназиясының информатика пән мұғалімі Хаирова Гулмира Талгатовна Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Желілер және қауіпсіздік Мектеп: № 31 мектеп - гимназия Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Хаирова Гулмира Талгатовна Сынып: 5 Қатысқандар: 25 Қатыспағандар: 0 Сабақтың тақырыбы: Компьютердегі дереккөздерд қалай сақтауға болады? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.4.2.2 Құжатқа құпиясөз орнату Сабақ мақсаттары Компьютердегі дереккөздерді сақтау және құжатқа құпиясөз орнату Барлық оқушылар орындай алады: Компьютердегі дереккөздерді сақтайды және құжатқа құпиясөз орнатады. Компьютердегі дереккөздерін сақтау тәсілдерін біледі. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Құжатқа құпиясөз орнатудың тәсілдерін, жолдарын меңгереді. Кейбір оқушы орындай алады, Құпиясөзді шешеді, өзгерте алады. Бағалау критерийі Құпиясөз орната алады Сақтау тәсілдерін үйренеді Құпиясөзді шешеді, өзгерте алады. Тілдік мақсат Барлық оқушылар: Өз ойларын еркін жеткізе біледі . Негізгі сөздер мен тіркестер: Терминмен жұмыс жасайды Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тапсырма Сұрақтарға толық, кеңейтілген жауап беру;

bilimgylym.files.wordpress.com€¦  · Web viewАтырау облысы. Атырау қаласы № 31 мектеп – гимназия. сының информатика пән

  • Upload
    others

  • View
    6

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: bilimgylym.files.wordpress.com€¦  · Web viewАтырау облысы. Атырау қаласы № 31 мектеп – гимназия. сының информатика пән

Атырау облысыАтырау қаласы

№ 31 мектеп – гимназиясының информатика пән мұғалімі Хаирова Гулмира Талгатовна

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Желілер және қауіпсіздік

Мектеп: № 31 мектеп - гимназия

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Хаирова Гулмира Талгатовна

Сынып: 5 Қатысқандар: 25 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы: Компьютердегі дереккөздерд қалай сақтауға болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.2.2 Құжатқа құпиясөз орнату

Сабақ мақсаттары

Компьютердегі дереккөздерді сақтау және құжатқа құпиясөз орнату Барлық оқушылар орындай алады:

Компьютердегі дереккөздерді сақтайды және құжатқа құпиясөз орнатады.Компьютердегі дереккөздерін сақтау тәсілдерін біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Құжатқа құпиясөз орнатудың тәсілдерін, жолдарын меңгереді.

Кейбір оқушы орындай алады,Құпиясөзді шешеді, өзгерте алады.

Бағалау критерийі Құпиясөз орната алады Сақтау тәсілдерін үйренеді Құпиясөзді шешеді, өзгерте алады.

Тілдік мақсатБарлық оқушылар:Өз ойларын еркін жеткізе біледі.Негізгі сөздер мен тіркестер:Терминмен жұмыс жасайдыСыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:Талқылауға арналған тапсырмаСұрақтарға толық, кеңейтілген жауап беру;Мысал келтіру;Құпиясөз, логин, аккаунт, сайт, смарт құралдарды үш тілде айтылады.

Құндылықтарға баулу Шығармашылыққа және сын тұрғысынан ойлау, өзара қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілік, татулық, бір-бірін тыңдай білу.,

Пәнаралық байланыс Ағылшын тілі, , орыс тілі. қазақ әдебиеті мен қазақ тілі.Алдыңғы білім Компьютердегі дереккөздерді сақтауды біледі және құжатқа құпиясөз орната

алады.

Сабақ барысыСабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

Page 2: bilimgylym.files.wordpress.com€¦  · Web viewАтырау облысы. Атырау қаласы № 31 мектеп – гимназия. сының информатика пән

Сабақтың басы:

1)Ұйымдастыру, АмандасуҚайырлы күн, достарым!Сәтті болсын күніңіз!Қасиетті жұмада,Қуанышты жүріңіз!Егеменді елімнің жайқылған біз гүліміз!

2)Үй тапсырмасына шолу

«Автор орындығы» әдісі арқылы әр топтан

1 оқушыны ортағы шығарып, отырғышқа отырғызып, басқа топ мүшелері өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, дұрыс жауабын тыңдап, талқылайды. Дұрыс жауап смайликтермен бағаланады.

3) Топқа бөлу: «Үш көмекші» әдісі бойынша топқа бөліну «Жүрек», «Бас», «Қол»

Сонымен қатар суреттерге байланысты мағлұмат беріледі:

Шульман «үш көмекші» деп «бас, жүрек, қолды» атаған. Ол осы атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады деп есептейді. Мұндай пікірді біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтің қара сөздерінен де кездестіреміз. «Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» - деді Абай Қ.«Жүрек», «Бас», «Қол» суреттерді таңдау арқылы оқушылар үш топқа бөлініп отырады.Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топ басшысының қолына «бағалау парағы» беріледі. Үш топ басшысы 1 топ -2 топты, 2 топ-3 топты, 3 топ-1 топ мүшелерін бағалайды. Оқушылар бір-бірін бақылап, топпен жұмыс жасайды.

АҚТ, интербелсенді тақта, ДК, смарт құрылғылыр, интернет желісі.

Оқушылар ұйымшылдықпен белсене қатысады.

Орындық, сұрақтар, смайликтер.

«Жүрек», «Бас», «Қол» суреттері

Сабақтың ортасы:

«Серпілген сауал» әдісі Топпен жұмыстың тапсырмаларыІ топ: Ақпарат қауіпсіздікке жетудің негізгі бағыттарыІІ топ: Қажет емес хабарламаны жіберуден қорғау және вирустан қорғау программаларыІІІ топ Дербес желілік фильтрлар

Жаңа сабақты өз беттерімен түсіну мақсатында

Сұрақтар беріледі.

Page 3: bilimgylym.files.wordpress.com€¦  · Web viewАтырау облысы. Атырау қаласы № 31 мектеп – гимназия. сының информатика пән

топпен бірлесіп, берілген сұраққа әр топ ұйымшылдықпен кезекпен-кезек постер қорғайды.Смайликтермен бағалау

«Көргенімді есіме сақтаймын»Пароль қою бейнебаянын көрсету

Оқушылардың жаңа сабақты түсінуіне қосымша материал ұсыну

Компьютерде дұрыс отыру ережесінің бейнебаянын көрсету”Білгенге маржан”

1) «Шеберлікті шыңдау» практикалық жұмыс.

Оқулықтағы деңгейлік тапсырмалар І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Үш топқа берілген деңгейлік тапсырмаларды, дербес компьютерде орындап, әр топтан бір оқушы қорғайды.«Шапалақ» әдісі арқылы ынталандыру, мадақтау мақсатында жұмыстарын қорғап болғанан кейін барлығы бірге қол соғып бағалау.

АҚТ, слайд, интербелсенді тақтабейнебаян

Оқулықпен жұмыс,Шапалақ әдісі

ДК, ноутбук, кітаптағы тапсырмалар мен суреттер

Page 4: bilimgylym.files.wordpress.com€¦  · Web viewАтырау облысы. Атырау қаласы № 31 мектеп – гимназия. сының информатика пән

2) Топтастыру әдісі топпен жұмыс

Күнделікті өмірде логин, пароль, акаунт сөздерін қайда қолданамыз?

Оқушылар кез-келген смарт құрылғылар мен интернет желісіндегі сайттарға логин мен паролсіз кіре алмайтындарын біледі.

Оқушыларға топтастыру парақшалары таратылады. Тапсырмаларын қорғайды, қателерін тексереді, бір-бірін толықтырады.

Тапсырманы дұрыс орындаған топ лайкпен бағаланады.

Сергіту сәті. «Ауадағы шарлар» бейнебаянынағы шарларға қарап отырып, көз жаттығуларын жасау

Топтастыру әдісі, лайктер

Оқушылар сергіту сәтін бірге ұйымшылдықпен жасайды.

Сабақтың соңы

«Футбол ойыны» әдісіОқушыларға сабақты бекіту мақсатында жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды.1) Компьютердегі деректерді қалай қорғайды?2) Құжатқа құпиясөзді қалай орнатамыз?3) Логин мен пароль не үшін қажет?

Егер оқушылар сұраққа дұрыс жауап берсе қақпаға доп салады.

Дескриптор Құжатқа құпиясөз орната алады Компьютердегі дереккөздерді сақтау тәсілдерін үйренеді Құпиясөзді шешеді, өзгерте алады.

Футбол алаңы, доп, слайд

Саралау Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

Деңгейлік тапсырмалар берілді.

1) Ынталандыру, мадақтау мақсатында смайликтер , лайктер мен шапалақ әдістері қолданылды.

Сабақ барысында: (құндылықтарды дарыту):

- Ұжымшылдыққа тәрбиелеу;

- Жауапкершілік, сыйластық;

Өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыруИнтернет пен ақпарат, құжат қауіпсіздігін үйренді.Сергіту сәті

Кері байланыс «INSERT» стратегиясы+ -білемін ?–білгім келеді √ - таныстым, білдім

Оқушылар «INSERT» стратегиясы бойынша бүгінгі сабақтан алған әсерлері толтырады,

Page 5: bilimgylym.files.wordpress.com€¦  · Web viewАтырау облысы. Атырау қаласы № 31 мектеп – гимназия. сының информатика пән