12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 58 ÂÆÊÒÆμ 29 ÍÁÍÜÑ ÇÜÌ 6+$0<.= ÜÑ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +14°..+12° +10°.. +8° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü òïìóġòóĄëùüĨüò íò ËġîîĄĦ ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì ʪˮˤ˟ˢˣ˧ˬ˧˪ ˪˯ˮ˯˭ˤ˪˘ˬ೪ ˹˯˲˶˭ˮ೮ ˭ഉˬ˧˭˟˵˧ˮ˾˟ ˢ˘˘ˮ˞೪ ˙ഉ˳˟˪˟ˬ˟˳˵˧˪˵˧೮ ˤˮ˞˟˪˳˧ ˙˯˥ˮ˾˘ ೪˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ˞೪ ˙ˤˣˮ˟˳˵˧೮ ˙ഉ˳˟˪˟˛˟ ೪˘˙˧ˬ˟˵˵˧ˬ˧˛˧ ϱϬͲ˯˲ˮ˞˘ ˀ˟˳˟˥ ϲϰ ʥ˟ˬ˘˲˶˳ ϵϰ ˯˲ˮ˞˘ ˟˪˟ˮ ʺ˟ˮ˧೮˾˟ yy/ ೦˘˳˲˞˘ ೪˘˥ ˟ˬ˞˧೮ ˙˯ˬ˭˘˳ˮ ˬˬ೦ ˭˟ˮ ೪˘˲˭ˮ ˤˮˮ˯˚˘˻ˤˬ೪ ˘೪˱˘˲˘˵˵ˬ೪ ˢഉˮ˟ ˪ഉ˳˧˱˪˟˲ˬ˧˪ ೪˘˙˧ˬ˟˵˧ˮ˟ˮ ˱˘˥˭˞˘˶೦˘ ˙˯ˬ˘˞ ˁ˯ˮ˞೪˵˘ˮ ʫʤˑʽ ˙ഉ˳˟˪˟˛˟ ೪˘˙˧ˬ˟˵˵˧ˬ˧˪˵˧ ˘˲˵˵Ͳ ˲˱ ˪˯ˮ˯˭ˤ˪˘ˬ೪ ˪˟೮˧˳˵˧˪˪˟ ˢ˯ˬ ˘˾˘˞ ˞˟˱ ˳˟ˮ˟˭˧ˮ ʪ ʰ˭˘ˮ೦˘ˬˤ ˃ʤˁʺʤʤʺʥʫ˃ʽʦ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ˮ೮ ഉ˪˧˭˧ ǙdžNJljNJLjDŽdžƼLjǗǃǀǗ ǁǍǁLJǁǏ džʓǃƲ ƽǁǀǁLJǍʓǃ džʃǍƲNjdžǁnjLJƲdž Астана қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Сыздықовтың айтуынша, қарттар бұл жерге таңертең ертемен арнайы көлікпен келеді екен. Таңғы астарын ішкеннен кейін олар бір- бірімен әңгімелесіп, сол жерде газет-журнал оқып, шахмат немесе дойбы ойнап, теле- дидар көреді. Мұнда біреулер іс тіксе, екіншілері өлең ай- тып, гармон тартып, қысқасы, бос уақыттарында әркім өзіне ұнайтын іспен айналысады. Сондай-ақ, түскі астарын ішіп, шаштаразға баруларына, тіпті, қариялардың қан қысымын тексертіп, қажетті дәрілерін де ішулеріне жағдай жасалған. Кешкі астан кейін арнайы бөлінген көлік оларды үйлеріне жеткізіп салады да, ертеңгісін таңертең осында тағы алып келеді. Осылайша, олар мұнда он күн демалады. «Бала-шағалары жоқ, жалғызілікті қарттардың көбіне өз беттерімен ешқайда бара алмайтыны белгілі. Ұзақты күн үйлерінде отыратын 150 адам- ды былтыр бірінші рет қала ішіндегі демалыс орнына апа- рып, сауықтыруға септігімізді тигізген едік. Сол дәстүрді жалғастырған қалалық арда- герлер кеңесі демеушілердің көмегімен биыл тағы осынша адамның демалуына жағдай жасап отыр. Бір айта кетерлігі, мұнда кез келген қарт адам дема- ла алмайды. Бұл ретте біздің ба- сты мақсатымыз – кезінде елдің дамуына еңбек еткен жандардың, бүгінде бөгде біреулердің көмегінсіз, өз бетімен жүре ала- тын тыл ардагерлері мен жасына байланысты зейнетке шыққан жалғызілікті қариялардың де- малысын ұйымдастыру» дейді Аманкелді Хамзеұлы. Қариялар мұнда маусым айының 10-ынан 1қазанға дейін демалады. Осыған орай, ізгілікті шарада Астанадағы үш ауданның да қарттары қамтылмақшы. Де- генмен, демалыс орнына ал- дымен Сарыарқа ауданының жалғызілікті зейнеткерлері ба- рады. Алдын ала берілетін тізім бойынша олардың 15-і қазірдің өзінде дайын отыр. Жалпы, Астанада қазіргі таңда Жұмыспен қаму және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жалғызілікті, қамқорлыққа зәру зейнеткер ретінде 361 адам тіркелген. Оларға қалалық әкімдік тарапынан түрлі қамқорлықтар жасалуда. Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ ɳɧʁɭʛɶʧʁʧɼʊʧ ɶɯɹʃɯʊɼɯʇʁɯʇ ȍʃʌʇɧɮɧȎ ɮɯʂɧʁɧɮʛ ˘˭೪˯˲ˬ೪೪˘ ˣഉ˲˶ ˣ˟˥ˮ˟˵˪˟˲ˬ˟˲˞˧೮ ˢ˘ˣ೦ ˞˟˭˘ˬ˳ˮ ˥˭˞˘˳˵˲˶˞ ˞ഉ˳˵˲˛˟ ˘˥ˮ˘ˬ˞˲೦˘ˮ ೪˘ˬ˘ˬ೪ ˘˲˞˘˛˟˲- ˬ˟˲ ˪˟೮˟˳˧ ˙ˤˬ ˵˘೦ ϭϱϬ ೪˘˲ˤˮ ೪˘˭೪˯˲ˬ೪೪˘ ˘ˬ˞ ʫˮ˞˧ ˯ˬ˘˲ ˟ˬ˯˲˞˘ ˭˘೮ˮ˞˘೦ ʻ˲˘ ˞˟˭˘ˬ˳ ˯˲ˮˮ˞˘ ˞˟˭˘ˬ˘˞ ʥ˛˧ˮ˞˟ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ˵˲˘೪˵ ˪˯ˮ˯˭ˤ˪˘ˬ೪ ˞˘˭˶೦˘ ೪˯ˬ ˢ˟˵˪˧ˣ˧˱ ˟ˬ˧˭˧ˣ˞˟˛˧ ˵˲˵ ˞˯ˮ˯˲˞೮ ˙˧˲˧ˮ˟ ˘˥ˮ˘ˬ˞ ˘ˣ˧˲˛˧ ˪ˮ˧ ೪˘ˬ˘˞˘ ˙˟ˬ˳˟ˮ˞˧ ˢ˭˳ ˧˳˵˟˱ ˢ˘˵೪˘ˮ ϱϲ ˭೮ ˯˲˵˘ ˢഉˮ˟ ˾˘೦ˮ ˪ഉ˳˧˱˪˟˲ˬ˧˪ ˳˶˙˟˪˵˧˳˧ ˙˘˲ ʽˬ˘˲˞೮ ˮ˧˭ ˮ˞˧˲˶ ˪ˬ˟˭˧ ˙ˬ˵˲ ϭ ˵˲ˤˬˬˤ˯ˮ ϮϬϬ ˭ˬ˲˞ ˵˟೮˛˟ˮ˧ ೪˲˘˞ ʥˬ ˵˶˲˘ˬ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˯˲˵˘ˬ೪ ˪˯ˮ˻˟˲˵ ˣ˘- ˬˮ˞˘ ˵˪˟ˮ ˪ഉ˳˧˱˪˟˲ˬ˟˲ ˪˯ˮ˹˟˲˟ˮ˻ˤ˳ˮ˞˘ ˟ˬ˯˲˞˘ ഉ˪˧˭˧ ʰ˭˘ˮ೦˘ˬˤ ˃˘˳˭˘೦˘˭˙˟˵˯˚ ˘˥˵˵ ʤˬ೪˘ˬ ˢˤˮ೦˘ ˀ ౭ˬ˵˵೪ ˪ഉ˳˧˱˪˟˲ˬ˟˲ ˱˘ˬ˘˵˘˳ ˵˲˘ˬ೪˘˳ˮ೮ ˵˲˘೦˘˳ ˃ˤ˭˶˲ ˬ˙˘˟˚ ೪˘˵˳˵ 2

58 (3115) 2014-05-29

  • Upload
    -

  • View
    226

  • Download
    1

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №58 (3115) 29 мамыр 2014

Citation preview

Page 1: 58 (3115) 2014-05-29

58 29

+14°..+12°+10°.. +8°

Астана қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді С ы з д ы қ о в т ы ң а й т у ы н ш а , қарттар бұл жерге таңертең е р т е м е н а р н а й ы к ө л і к п е н келеді екен. Таңғы астарын і ш к е н н е н к е й і н о л а р б і р -бірімен әңгімелесіп, сол жерде газет-журнал оқып, шахмат немесе дойбы ойнап, теле-дидар көреді. Мұнда біреулер іс тіксе, екіншілері өлең ай-тып, гармон тартып, қысқасы, бос уақыттарында әркім өзіне ұнайтын іспен айналысады. Сондай-ақ, түскі астарын ішіп, шаштаразға баруларына, тіпті, қариялардың қан қысымын тексертіп, қажетті дәрілерін де ішулеріне жағдай жасалған. Кешкі астан кейін арнайы бөлінген көлік оларды үйлеріне жеткізіп салады да, ертеңгісін таңертең осында тағы алып

келеді. Осылайша, олар мұнда он күн демалады.

« Б а л а - ш а ғ а л а р ы ж о қ , жалғызілікті қарттардың көбіне өз беттерімен ешқайда бара алмайтыны белгілі. Ұзақты күн үйлерінде отыратын 150 адам-ды былтыр бірінші рет қала ішіндегі демалыс орнына апа-рып, сауықтыруға септігімізді тигізген едік. Сол дәстүрді жалғастырған қалалық арда-герлер кеңесі демеушілердің көмегімен биыл тағы осынша адамның демалуына жағдай жасап отыр. Бір айта кетерлігі, мұнда кез келген қарт адам дема-ла алмайды. Бұл ретте біздің ба-сты мақсатымыз – кезінде елдің дамуына еңбек еткен жандардың, б ү г і н д е б ө г д е б і р е у л е р д і ң көмегінсіз, өз бетімен жүре ала-тын тыл ардагерлері мен жасына байланысты зейнетке шыққан

жалғызілікті қариялардың де-малысын ұйымдастыру» дейді Аманкелді Хамзеұлы.

Қ а р и я л а р м ұ н д а м а у с ы м айының 10-ынан 1қазанға дейін демалады. Осыған орай, ізгілікті шарада Астанадағы үш ауданның да қарттары қамтылмақшы. Де-генмен, демалыс орнына ал-дымен Сарыарқа ауданының жалғызілікті зейнеткерлері ба-рады. Алдын ала берілетін тізім бойынша олардың 15-і қазірдің өзінде дайын отыр.

Жалпы, Астанада қазіргі таңда Жұмыспен қаму және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жалғызілікті, қамқорлыққа зәру зейнеткер ретінде 361 адам тіркелген. Оларға қалалық ә к і м д і к т а р а п ы н а н т ү р л і қамқорлықтар жасалуда.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

-

-

2

Page 2: 58 (3115) 2014-05-29

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Астана қаласының негізгі капиталына 2014 жылдың алғашқы төрт

айында млн теңге инвестиция тартылды.

«Астана» картина галереясында Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік филармония-сы әртістері «Ән асқары – Әміре» концертін қойды.

Астанадағы №9 қалалық емханада балалар мен ата-аналарға арналған «Балаларға күлкі сыйла» акциясы өтеді. Басталуы: 11.00.

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма теа-трында «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасы сахнала-нады.Басталуы: 18.30.

Елордалық басқарма басшысының орынбасары хабарлағандай, ата-анасының пәтеріне меншіктік құқығы бар жастар «Қолжетімді баспана» бағдарламасына қатыса алады. Жылжымайтын мүлікке үлестік меншігі оған еш кедергі емес.

– Еліміздің «Тұрғын үй қатынастары» заңы бой-ынша, мемлекеттік бағдарламаға қатысуға ниетті жас жұптардың бірінде жылжымайтын мүлкі, яғни, жекеменшік үйі болса, онда ол мемлекеттік бағдарламаға қатысып, үй ала алмайды. Ал, қандай да бір жылжымай-тын мүлікке, мысалы, ата-анасының пәтеріне меншік үлесі болса, онда бағдарлама бойынша үй алуға құқысы бар. Ол үшін «Қолжетімді баспанаға» қатысу кезінде

құжаттар тізіміне жылжымайтын мүлікті иеленуге үлесі бары жөніндегі заңдық құжатты қосу керек. Егер негізгі үлескер – бағдарламаға қатысушы болса, онда оған арендалық үй беруден бас тартылады, – дейді Руслан Ахметов.

Тағы да ескерте кетейік, «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша жас отбасылар тиісті құжаттарды 2-14 маусым аралығында қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тапсыра алады. Бағдарламаға қатысуға үмітті жұптардың жасы 29-ға жетпеген болуы керек. Әрі некеде кемі екі жыл тұруы тиіс. Астанада тіркелген уақыты да кемі екі жыл болуы шарт.

Қымбат НҰРҒАЛИ

«Тальго» вагондарынан жасақ-талған жүрдек жолаушылар пойызы 2 маусымнан бастап жолға шығады.

Астана – Шымкент және кері бағытта жүретін пойыз 22 вагоннан құралған. Жүрдек пойыз Шымкент-ке дейін бұрынғыдай 24 сағат емес, 15 сағат 35 минутта жететін болады. Жолда Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл станцияларына аялдайды.

Шара барысында оқушыларға төрт ай мерзімге өмірді және денсаулықты бақытсыз жағдай-лар дан, жол-көлік оқиға ларынан сақтандыру полистері, сонымен қатар, жолдорбалар мен сөмкелерге

жабыстыруға арналған жарық шағылыстыратын қапшықтар берілді. Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасы осындай шараларды басқа да мек-тептерде өткізетін болады.

ҰБТ кезінде түлектерге қара және көк түсті қалам, қарындаш және өшіргіш қолдануға рұқсат етіледі. Ал қою гельді қалам пайдалануға, емтихан материалын рұқсатсыз ашуға және айырбастауға, орын ауыстыруға, оқулық, аудиторияға шпаргалка кіргізуге және пайда-л ану ға , көшіру ге, элект ронд ы құрылғыларды(калькулятор, ұялы телефон), түзету сұйықтықтарын пайдалануға тыйым салынады.

Ереже бұзылған жағдайда тыйым салынған заттарды табу актісі жаса-лып, түлек аудиториядан шығарылады. Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ жалпы орта білім берудегі оқыту пәндері негізінде Ұлттық тестілеу орталығы жасаған тест тапсырмаларынан тұрады. Әр пән бойынша 25 тест

* * *

* * *

* * *

* * *

* * *

тапсырмасы бар. ҰБТ тапсыруға әр түлекке 3,5 сағат уақыт беріледі. ҰБТ-ны қайта тапсыруға жол берілмейді. Ал нәтижелері 125 балдық есеппен және жалпы орта білім беру аттес-татын алу үшін бес балдық жүйеде бағаланады.

Егер ҰБТ нәтижесі тестілеу қатысу шыларын қанағаттандырмаса, олар аппеляцияға бере алады. Аппе-ля цияға беру тәртібі мен уақыты ата-аналар мен түлектерге таратыл ған парақшаларда көрсетілген.

Өткен жылдардағы тәжірибе бойынша ата-аналар мен қатысу-шы ларды күні бұрын ҰБТ өткізу тәртіптерімен таныстыру даулы сұрақ тардың алдын алады және мейлінше сенімді кірісуге әрі дайын-далуға мүмкіндік береді.

Page 3: 58 (3115) 2014-05-29

– Жомарт Сабыржанұлы, алдымен бірнеше жылдан бері Астана қала-сында ұйымдастырыла бастаған асық ату ойынының биылғы жайын әңгімелесеңіз...

– Ұлттық ойынымызды жандандыруға әу бастан күш салуымыз керек еді. Алай-да, «ештен кеш жақсы» деген. Жыл санап, ахуал жақсарып келеді. Әсіресе, Астана әкімдігі мен Ұлттық спорт түрлері қауым дас тығы қамқорлығының арқа сын-да ілгерілеу бар. Айталық, алғашқы жыл-дары бұл ойынға биылғыдай еліміздің барлық өңірі қатыса алған жоқ. Соңғы ойында он алты команда бақ сынап, отыз екі ойыншы өнер көрсетті. Сегіз төреші әділдігін бақылады. Он алты жасқа дейін гі лер арасында да, одан жоғары жаста ғы лар арасында да бірінші тұғырды маңғыс тау лықтар иеленді.

Жарыс барысында Жұматай Әлиев, Ермахан Ыбрайымов, Қыдырәлі Бол-манов, Қайрат Нұртас, Мұхамеджан Тазабеков сынды елімізге танымал аза-маттар өнер көрсетіп, өзара сайысқанын да айту керек.

– Өзіңіз айтқан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдас тыр-ған Наурыз мейрамында асық атуға

арналған төсенішпен танысқан едік. Бұл игі жаңалықты осы ойында пай-да лан дыңыздар. Тағы қандай жақсы хабарды сүйіншілейсіз?

– Берлинде Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы өтеді жақында. Ұлттық бірегей ойынды сонда алып бара жатқан жайым бар. Өзге топырақтағы қан-дас та рымыздың арасында асық атуды насихаттамақпын. Ойын түрін халық ара-лық деңгейге шығару басты арман дарым-ның бірі екенін айтқым келеді.

Тынымсыз тірлігіміздің жемісі болар, бүгінге дейін еліміздің сегіз аймағында Асық ату федерациясының филиалдары ашылып үлгерді. Бұл іс әлі де қанат жаяды деген үміттемін. Еуразия ұлттық универ-си тетінде өткен додаға асық жинау рекордының иесі Болат Тағабай келген. Ол Ұлттық спорт түрлері қауымдас ты ғы-на мың асық пен он сақа сыйлады. Болат Құдай бер ді ұлының қоржынындағы асықтың саны бүгінде 38 мыңға жетіпті. Спорт жанашыры келер жылы Шығыс

Қазақ стан облысында асық атудан жарыс өткізе тінін айтты.

– «Асық атқан – азар...» деген сөз бар еді. Алайда, бүгінгі буынды осы ой-ын түріне үйірсектете алмай келеміз...

– Иә, оның рас. Біз ұлттық ойынымыз-ды дамытып, теледидар мен телефонға, интернетке телмірген балаларымызды ашық аспан астында ойнауға алып шық-сақ дейміз. Асық ойыны баланың жастай-ынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәл дік ке, алғырлыққа, байсалдылыққа тәрбие лейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік те, шыдамдылық та болмайды. Сондай-ақ, асық ату көз көрімін арттырады екен.

Тағы айта кетерлігі, біз ұйымдастырған жарыстар 4-5 сағаттан аспайды, яғни, асығыс өтеді. Жастарды құмарлары қан ған ша, екі-үш күн бойы ойнатып сайыс тырсақ деймін. Құмардан шыға ойна ма ған нан кейін, қадірін де жете білмейміз ғой асықтың.

Асхат РАЙҚҰЛ

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Ғал

ым

ҚО

ЖА

БЕК

ОВ.

Дер

ек к

өзде

рі: w

ww

.ast

ana.

kz, w

ww.

info

rm.k

z, w

ww.

baq.

kz

Жобаның ға л амтор-анықтама сипатындағы арнайы сілтемесі Астана қаласы әкімінің www.astana.gov.kz. сайтында «Игі істер бюросы» бөліміне орналастырылады. Онда кез келген адам қаржылай, техникалық, гуманитарлық, волонтерлік және басқалай да көмекке мұқтаж жандарға қолұшын соза алады. Атап айтсақ, жетімдер үйі, ин-тернат тәрбиеленушілеріне, көпба ла лы отбасылар,

қатерлі ауруға душар болған, қаражаттан қысыл ған қарт-тар ға және қоғамның басқа да әлеу меттік әлсіз топтары-на көмек те суге мүм кін дік алады. Анық та мада көмекке мұқтаж жан дар дың тікелей байланыс нөмір ле рі мен қажеттіліктері жазылады.

«Игі істер бюросы» ак-циясы аясында қайырымды іске белсенді араласқан азаматтарға Астана қаласы әкімі атынан алғыс хаттар беріледі.

А т а л ғ а н к а ф е д р а меңгерушісі, п р о ф е с с о р О р а з а л ы Қ а ң л ы б а е в бітірушілердің

талпынысы көңіл қуантатынын айтады. «Биыл екінші рет түлектерімізді қанаттан-дырып, ұшырып отырмыз. Есігімізді ашқанымызға көп болмаса да, жетістіктеріміз баршылық. Солардың бірі, диплом алғалы тұрған студенттеріміздің биылғы легінің барлығы-дерлік жақсы, өте жақсы деген бағамен тәмамдады және олардың қатарында ғылыми жобаларын ағылшын және өзге тілде қорғағандар бар. Осындай жақсы бастама алдағы жылдары да жалғасын табатынына сенімім зор. Өйткені, үлкен ғылымға ағылшын тілімен ғана кіре аламыз, бұл – заман талабы» дейді ол.

2016 жылдың сәуір ай-ында елорданың көрікті жерінде Қазақстанның ұлттық хореографиялық академиясы бой көтереді. Сол жылдың мамырын-да оқушыларды қабылдай б ас та й т ы н о қ у о р н ы қыркүйекте нақты жұмысқа кіріседі. Бұл – Орталық Азиядағы би өнеріне бау-литын ең үлкен мәдени ошақ болмақ.

Осындай нысандардың ашылуы мәдениет және өнер саласында жүрген д а р ы н д ы ж а с т а рд ы ң шығармашылық тұрғыдан өс у іне мол мүмкіндік береді. Мәселен, былтыр ғана ашылған «Астана Опе-ра» мемлекеттік опера және балет театры прима-бале-ринасы Әйгерім Бекетаева Ресейдің атақты хорео-графы Борис Эйфманның труппасына қабылданып, Венг рияда , А нгл ияда «Роден» балетінде басты рольді ойнайтын болды. «Астана Операның» тағы бір бишісі Мәдина Беспаева жақында Бордо театрында өнерін көрсетіп қайтты.

Талантты дирижер Алан Бөрібаев Ресейдің Үлкен театрының қойылымына қ а т ы с т ы . « Б ы л а й ш а айтқанда, дирижер болып

баруға болады. Ал, қойылым қойып, сол теат рмен бірге Лондонға, Израиль мемлекетіне шығып қайту –Қазақстан өнері үшін үлкен жетістік» деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Тағы бір сұ рағымыз – « А с т а н а Э К С -ПО-2017» халықаралық көрмесі кезіндегі мәдени мекемелердің қызметі ту-ралы болды. Ол жөнінде М е м л е к е т б а с ш ы с ы Нұ р с ұ лт а н На з а р б а -евтан арнайы тапсырма алғандарын тіліне тиек еткен министр көрменің мәдени бағдарламасының тұжырымдамасын дай-ындап жатқандықтарын жеткізіп, мәдени бағдарлама «Қазақстан - Еу разия жүрегінде» атауын алғанын айтты.

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ғимараты тар екені белгілі. Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл театр тағдырынан да хабар берді. Биыл аталмыш ұжым бос тұрған К. Байсейітова атындағы Опера және ба-лет театры ғимаратына көшірілетін болды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ құру мәселесі мен жаңа ықпалдастық бірлестігі шеңберінде Қазақстанды одан әрі өркендетудің келешегі талқыланды.

Өз дәрісінде Бауыржан Бай-бек Еуразиялық эконо микалық одаққа қатысудан қара пайым қазақстандықтарға тиетін пай-да туралы айта келіп, азаматтар тұтынатын өнім мен қызмет көрсету сапасы, бәсекелестік есебі нен олардың бағаларының арзан дауы, жаңа жұмыс орында-рын құру, адам капиталы қозға-лы сының еркіндігі сияқты эконо-ми калық ықпалдастықтың артық-шылықтарына жеке-жеке тоқталды.

Шараға қатысқан Ұлттық кәсіп-керлер палатасы басқарма төраға-сының бірінші орынбасары Рахым

Ошақбаев өз сөзінде: «Еуразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде үш ел бизнес жүргізу үшін, ең қолайлы жағдайлар жасау үшін, ең жақсы орта климаты үшін адал бәсекеге түседі. Мұнда Қазақстан сөзсіз көшбасшы болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін тарту үшін біздің осы бәсекеде жеңіп шығ у ымызға барлық мүмкіндіктер бар» деді.

«Нұр Отан» партиясының к ө ш б а с ш ы с ы Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың тапсырмасы бой-ынша еура зиялық ықпалдастықтың маңызды қырларын түсіндіру мақ-сатында студенттік активтермен және оқытушылармен осын-дай кездесулер еліміздің барлық өңірлерінде өткенін атап кеткен жөн.

Page 4: 58 (3115) 2014-05-29

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

(Жалғасы. Басы 1-бетте)–Кәсіпкерлік күнделікті келіп

тұратын пайда ғана емес, ол, ең ал-дымен, тұнып тұрған мүдде. Өйткені, әр шағын бизнестің астарында мемлекеттің үлкен экономикалық мүддесі , қоғамның әлеуметтік негізі жатыр. Бұл туралы Елбасы жиырма жылдан бері айтып келеді. Еліміздегі сындарлы саясаттың арқасында экономикамыз тұрақты дамып келеді. Бұған кәсіпкерлердің қосып жатқан үлесі үлкен, – деді Иманғали Нұрғалиұлы баяндамасында.

Қ а л а б а с ш ы с ы н ы ң а й т у ы н -ша, кәсіпкерлікті дамытудың ең басты шарты – қолайлы бизнес қалыптастыру. Ал, оның негізгі көрсеткіші – өзін-өзі қамтамасыз ете алу деңгейіне жетуінде. Осы жағынан алып қарағанда, Астана қаласы тиісті экономикалық дамуға қол жеткізіп отыр. Бұған елорданың республикалық бюджеттің донорына айналуы дәлел бола алады. «Астанада жыл сайын экономикалық ахуалдың 6-7 пайызға өскені байқалады. Жеке табыс көлемі де артып, былтыр 47 пайызды құрады. Мемлекеттік бюд-жетке түсетін түсімдер орта есеппен, 20 пайызға ұлғайып отыр. Айталық, 2008 жылдан бері мемлекеттік бюд-жетке түскен түсім екі есе көбейіп, 610 млрд теңгені құрады» деді қала әкімі.

Жалпы, қала экономикасының 60 пайызын орта және шағын кәсіпкерлік құрап отырғаны белгілі. Жыл өткен сайын елордада кәсібін нәсіп еткендердің қатары артып келе жатыр. Бұған мемлекеттік қолдаулардың да әсері бар. Елімізде бизнесті қолдау бағытында көптеген ш а р а л а р ж а с а л ы п ж а т қ а н ы н а тоқталған Иманғали Нұрғалиұлы

кәсіпкерлік саласын тексеруге мо-раторий жариялануы, әкімшілік кедергілерді жойылуы іскерлік ортаға қолайлы жағдай туғызатынына сенім білдірді.

Кәсіпкер болу үшін алдымен қалтаңда қаражатың болу керек. Бүгінде екінші деңгейлі банктер шағын және орта кәсіпкерлікті ашу үшін кредит беруді белсенді жүргізе бастапты. Биылғы алғашқы тоқсанның өзінде 53 млрд теңгенің несиесі берілген. «Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23-25 пайызға көп» дейді қала әкімі.

Иә, табысты боламын деп, кәсібін ашқан адамдарға мемлекет қолдан келген мүмкіндікті ж а с а п ж а т ы р . Мұның есесіне кәсіпкерлер са-п а н ы а р т т ы р у -ды көздеп қана қоймай, бизнесін а д а л ж о л м е н жүргізе білуі шарт. Бүгінде көлеңкелі экономикадағы з а ң с ы з т а б ы с 540 млрд теңгеге жеткенін айта кеткен әкім бизнес адал болса, экономикамыздың табы-сы да еселене түсетінін еске салды. Сондай-ақ, Иманғали Нұрғалиұлы кәсіпкерлердің табысты болуына сыртқы жарнама да әсер ететінін айтып, бұл жағынан кемшін тұстар барын сынға алды. «Қаланың ажа-рын ашып, көз сүйсіндірудің орны-на, кемшіліктерінен көз сүрінетін ж а р н а м а т а қ т а й ш а л а р ы м е н ұсқынсыз жазбалар – бәсекенің әлсіздігін көрсетеді. Өз кәсібіңді дұрыс жарнамалай білудің өзі – сауаттылық әрі мәдениеттілік. Сіздер

астаналық кәсіпкер екендеріңізді ұмытпауларыңыз қажет. Елорданың көз тартарлықтай көрікті болуына әр бизнес өкілі үлес қосса, Астана бұдан да ажарлана түсер еді» деді әкім.

Ж и ы н д а А с т а н а қ а л а с ы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов сөз алып, бизнес қауымдастығының бүгінге дейін

атқарған жұмыстарына тоқталды. Елордада кәсіпкерлікті дамыту,

оларға қолайлы орта қалыптастыруды басты мақсат еткен Палата әкімшілік кедергілерді азайтып, адами капи-талды дамыту, бизнес өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, біліктілігін жетілдіру бағытында бірқатар шаруаларды қолға алған екен. «Палата құқықтық-нормативтік актілерді сараптап, құрылыс саласына рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу мерзімін 120-дан 30 күнге дейін қысқарту жүйесін енгіздік» деді ол.

Б ы л т ы р ж е л т о қ с а н а й ы н д а

Астанада кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылғаны белгілі. Жар-ты жылдың ішінде осы о р т а л ы қ қ а 1 м ы ң н а н аса кәсіпкер келіп, оларға 2300 әртүрлі кеңес берілген. Мейірбек Мәжитовтің айтуынша, кәсіпкерлерді негізінен мемлекеттік қолдаулар

мен қаржылық көмек және оқыту мәселесі қ ы з ы қ т ы р а д ы . С о н д а й - а қ , кәсіпкерлер саласын-да білікті кадрлардың ж е т і с п е й т і н і д е байқалған. Осыны ескерген Кәсіпкерлер п а л а т а с ы а л д а ғ ы уақытта құрылыс, т у р и з м ж ә н е коммуналдық қызмет

саласында мамандар даярлайтын оқу орталықтарын ашуды көздеп отыр. Құрылыс мамандарын даяр-лайтын алғашқы оқу орталығын ашу биылғы маусым айына жоспарланған. Екіншісі, қыркүйек айына қарай тұсауын кеседі. Болашақ мамандар өндіріс орындарында тәжірибеден өтетіндіктен, олардың 100 пайыз жұмысқа орналасуына кепілдік бар. Келешекте мамандар «Болашақ» бағдарламасы арқылы да біліктілігін жетілдіруі мүмкін. «Біз бизнес сала-сына керекті мамандар даярлау тура-лы Үкіметке ұсыныс жолдаған едік.

Олардың бізге берген жауабы өзімізді таңқалдырды. Сөйтсек, «Болашақ» бағдарламасында мамандардың біліктілігін көтеретін арнайы тарау бар екен. Жыл сайын бұл салаға мемлекет тарапынан қаражат бөлінгенімен, тапсырыс жоқтықтан игерілмей қалады. Сондықтан, биз-несмендер өздеріне қажет кадрларды даярлауға тапсырыс беруге болады» дейді Мейірбек Мәжитов.

Ал ҚР Ұлттық кәсіпкерлер пала-тасы төралқасының төрағасы Ти-мур Құлыбаев Астанадағы бизнес қауымдастығының алдында зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын айта келе, ЭКСПО көрмесінің сәтті өткізілуі елорданың іскер азамат-тарына тікелей байланысты екенін атап өтті. Ал, Палата өз тарапынан кәсіпкерлерді қолдауға әрдайым әзір. Бизнес өкілдері кез келген мәселемен хабарласуға болады.

Конференцияда кәсіпкерлердің өздері де сөз алып, ой-пікірлерін ортаға салды. Олардың ұсыныс-тілектері қалалық әкімдік пен Кәсіпкерлер палатасы тарапынан да міндетті түрде ескерілетін болады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

-

ге ғыр-

сы а н

б б б

- Адам өмірінде үш маңызды құндылық бар. Ол – бейбіт өмір сүру, ұрпақ өсіріп, еңбек ету. Содан да халқымыз «ырыстың да, тыныстың да діңгегі –еңбек» деген. Өйткені, өмірдегі жетістік пен жеңіс тек қана еңбекпен келетіні анық, - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Ба-лаева форумның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде. Жұмыссыздық және жұмыспен қамту мәселелерінің бүгінгі ахуалына тоқталып өткен Аида Ғалымқызы астаналық форум жұмысы өзекті мәселелерді реттеуде өзіндік үлес қосады деп бағалады.

Статистика бойынша Астана қаласында 24 мың жұмыссыз ресми

тіркелген. Алайда, ішкі миграцияның есебінен бұл көрсеткіш бірнеше есе артатынын жоққа шығаруға болмайды.

О с ы м ә с е л е л е р д і ш е ш у д і ң кешенді әдістері мен нақты жол-дарын қарастырған форум, шын мәнінде, бизнес өкілдері үшін де, кәсіптік техникалық білім беретін мекемелердің түлектері үшін де өзара пікірлесетін алаңға айнал-ды. Оның аясында «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы инженерлік-техникалық, инженерлік-педагогикалық мамандықтарға шетелде оқып, тәжірибеден өту мүмкіндіктері таныстырды.

А л , « А с т а н а қ а л а с ы н ы ң

өнеркәсіптері» көрмесіне елордалық бизнес құрылымдары қатысты. Олар бос жұмыс орындарын ұсынып, үміткерлермен тікелей сөйлесіп, кеңес берді.

Форумға қатысушыларға арналған семинарлар мен тренингтердің де тақырыбы сан алуан екен. «Жұмыс пен карьера: біріншісін қалай тау-ып, екіншісіне қалай қол жеткізуге болады?», «Керек кәсіпті таңдау», «Қаржылық тәуелсіздікке жол», «Еңбек заңнамалары бойын -ша құқықтық нигилизм» деген тақырыптарда білікті мамандар сабақ өткізді.

Елордалық кәсіптік білім беру

мекемелерінің көрмесінен орта мектептердің биылғы түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық мамандықтар жайында толық ақпарат алды. Құрылыс техникалық колледжі, Қоғамдық тамақтандыру және сервис, Энергетика және байланыс, Экономи-ка, технология және тағам өндірісін стандарттау колледждерінің өкілдері жастардың дұрыс таңдау жасауына ықпал ететін ақпараттарымен бөлісті. Ірі бизнес құрылымдары, құрылыс корпорациялары өз жұмысшылары мен қызметкерлерінің қатарын толықтыруға лайық жандарды іріктеп, байланыс орнатты.

Айгүл УАЙСОВА

Page 5: 58 (3115) 2014-05-29

5www.astana-akshamy.kz

Айта кетерлігі, қаланың күрета-мы рын дай күрделі құрылым – сумен қамту жүйесіне

иелік етіп отырған «Астана су арна-сы» мекемесі 2011-2014 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруда. Бағдарлама аясында өндірістік бұрғылау кешені, зертхана, сумен жабдықтау және кәріз желісі ау-ыстырылды. Алдағы уақытта ескірген энер гетикалық құрылғыны ауыстыру қарас тырылуда. Желілерді ауыстыру және жөндеу қаланы сапалы сумен қам-та ма сыз етуді жақсарта түсетіні сөзсіз.

«Астана су арнасы» МКК дирек-торы ның қаржы және экономика жөнін дегі орынбасары Арман Данаев-тың айтуынша, бүгінгі таңға дейін инвес тициялық бағдарлама аясында жалпы сомасы 2 млрд 670 теңгенің жобасы іске асырылыпты. 2013 жылы 1 млрд 267 теңге жұмсалған екен. Соның арқасында бүгінде қуатты үнемдеу бағдарламасының аясында 74 авто мат тандырылған жиілік реттеу қондырғылары орнатылды. Оған қоса, «ЕСО» қуат үнемдеуші аппаратта-ры, дизель-генераторлар мен электр жабдығы, май трансформаторлары жаңартылды.

Сумен жабдықтау және су бұру нысан-дарын қайта жабдықтау бойынша су сорғы және кәріздік сорғы стан ция ла-рын дағы жабдықтар ауыстырылды. Оған салынған инвестиция сомасы 156,9 млн теңгені құрады. Сондай-ақ, нысандарды

қайта жабдықтау мақса тын да 153,4 млн теңгеге 950 жаңа өрт сөндіру гидрантта-ры сатып алынды.

Жаңаның аты – жаңа. Атам заманғы ескі-құсқыдан бір арылып қалған ның нәтижесінде өткен жылы кәсіп орын ның барлық нысандарында электр қуатын тұтыну 2012 жылға қара ған да 8 пайызға немесе 5 млн кВт-қа дейін төмен де ген. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2010 және 2011 жылдары бұл көрсеткіш 70 кВт/сағ құраған екен.

Сондай-ақ, технология үдерісін оң тай -лан дыратын жаңа автоматты жүйе лер са-тып алынды. Апатты жағдай туа қалғанда оны жоюға шұғыл шешім қабыл дау үшін өте оңтайлы жүйені жолға қойғалы бері желілердегі апат тық жағ дай лар саны едәуір азайған. Мәсе лен, 2013 жылы 868 апаттық жағдай орын алған екен. Ол 2012 жылға қарағанда 16 пайызға төмен, ал 2011 жылмен салыс тыр ғанда 40 пайызға аз. Сондай-ақ, су шығы ны ның деңгейі 2010 жылы 21,02 пайыздан 2013 жылы 19 пайызға кеміген, яғни 1,14 млн текше метр су немесе 39,4 млн теңге қаржы үнемделіп отыр.

Мамандардың сөзіне қарағанда, қаладағы ескірген құбырларды ауыс ты-ру ға, судың сапасын жақсартуға, жаңа-дан пайдалануға берілген нысан дарға су тарту төңірегінде атқарар шаруа шаш етектен. Сондықтан кәріз желі ле рін жаңарту жобасы жалпы ұзындығы 3,7 шақырым екі арынды коллекторлар салу-дан басталды. Тек содан кейін ғана биыл

5,4 шақырым құбыр жаңартылады. Бүгінгі таңда 7 шақы рым кәріз құбырлары санация әдісімен қалпына келтірілуде.

Су құбырларын қайта салу бойынша ұзындығы 8,4 шақырым учаскеде жұмыстар аяқталды. Енді 7 шақырым су құбырына жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, жыл сайынғы тиянақты жаңарту, жөндеу нәтижесінде құбырлардың тозуы 55 пайыздан 43 пайызға төмендепті. «Астана су арнасы» тіршілікпен қамтамасыз ету кәсіпорны болғандықтан, автотехникалық базаны үнемі жаңартып отыруды қажет етеді. Сондықтан, жеңіл автокөліктерге арналған тұрақтар салынған. Ағымдағы жылы жаңа авто жанармай станциясының құрылысы жоспарланып отыр.

Оған қоса, кәсіпорынға 10 вакуумды машина, 8 трактор, 3 экскаватор, 2 өздігінен аударғыш жүк көлігі, 17 жылжымалы шебер-хана, оның ішінде 6 фургон, 2 КамАЗ, 1 ай-ырлы тиегіш, 1 су тасушы, 1 вибратегістегіш, 2 құбыр жуушы машина сатып алынған. Олардың барлығына GPS жүйесі орнаты-лыпты. Бір жақсысы, автопарк жанармайды үнемді шығындайтын жаңа көліктермен жаңартылған. Мысалы, 2012 жылы бір техни-

Астана қаласы Қаржы басқармасының басшысы Рус-лан Досаевтың айтуынша, өткен жылдың бюджеттік саясаты елорданың даму бағдарламасына және бюд-жет тік бағдарлама әкімшілерінің стратегиялық жос-пар ла рында бекітілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталды.

2013 жылы жергілікті бюджетке жоспардан тыс 4 802, 9 млн теңге меншікті кіріс түсіп, меншікті кірістер бойынша жоспар 103,5 пайызға орындалған. Атап айтсақ, салық түсімдері бойынша жоспар 105,0 пайыз немесе 5 751,8 млн теңгеге артығымен орындалды. Салықтан тыс түсімдер бойынша жоспардағы 7 378,8 млн теңгенің орнына 9 628,8 млн теңге түсіп, жоспар 130,5 пайызға немесе 2 250,0 млн теңгеге артығымен орындалған. Ал, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер есебінен бюджетке 3 198,9 млн теңге түсті.

Өткен жылдардағыдай, былтыр да бюджеттің түсімдері негізінен әлеуметтік шығындарға бағыт-тал ғанын жеткізе келе, басқарма басшысы соңғы бес жылда білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт, туризм саласына жұмсалған қаражаттардың уақтылы игерілгенін айтты. 2008 жылы аталған шығындар үшін 60,1 млрд теңге жұмсалса, 2013 жылы ол 99,5 млрд теңгені құрапты.

Экономиканы тұрақтандыру бойынша дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде республикалық бюджет-тен 8 481,6 млн теңге алынды. Оның 2 512,5 млн теңгесі «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдар ла-ма сы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдау және индус-трия лық инфрақұрылымды дамытуға, 506,2 млн тең гесі жұмыспен қамту қызметін, жеке тұлғалардың еңбек ақы төлемін ішінара қаржыландыруды, жас тар саясатын жандандыру, кәсіптік даярлау, кадр лар ды қайта даярлау және біліктілігін арттыруды, ақпа рат-тық-түсіндірме жұмыстарын қамтамасыз ету үшін «Жұмыспен қамту - 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020» іс-шараларын іске асыруға бағытталған. Ал, 5 462,9 млн теңге сомасындағы кредиттік қаражат «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын іске асыруға, тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салуға немесе сатып алуға бөлінді.

Одан әрі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға байланысты жер учаскелерін немесе жылжы-майтын өзге мүліктерді сатып алу туралы шарттардың жобалары келісіліп, Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы «Астана қаласының әлеу мет тік маңызды бағыттарының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар, сондай-ақ, қалалық мәсли хат тың тұрақты комиссиясының құрамына өзге-ріс тер енгізілді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

ка 13,5 литр бензин шығындаса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 12 литрге азайған. Дизельді жанармайдың шығыны 2012 жылы күніне 59 литр болса, 2013 жылы бақандай бес литр үнемдеудің орайы келді.

«Заманауи техниканың көмегінсіз сапалы қызмет көрсету мүмкін емес. Олар ды жаңарту кәсіпорынның ең басты мін дет те рі нің бірі» дейді кәсіпорын қызметкерлері.

Сонымен қатар, өндіріс үшін коммуни-кацияларды траншеясыз салу қондырғысы, құбырларды бұзуға арналған қондырғы, басқарылатын тесу қондырғысы, ультрады-бысты шығын өлшегіштер, сарқынды су ларды тартуға арналған сорғы агрегаттары, құбыр өткізгіштерді телеинспекциялау жүйесі, бокс-тер мен гараждарға арналған жабдық, жасырын жылыстау лар ды анықтауға арналған логгерлер, зерт ха на ларға арнайы жабдықтар сатып алынған. Желілердің картографиялық үлгісі, тұрғындарды сумен қамтуды есепке алу мен бақылаудың жүйесі, мәліметтердің ақпа рат тық қауіпсіздігі, кәсіпорын нысан да-ры ның серверлік жабдығы, электронды құжат айналымы сияқты бағдарламалық құралдар енгізілген.

«Қазіргі таңда жаңа жабдықтарды пайда ла-ну дың игілігін көріп отырмыз. Инвес ти ция-лық бағдарламаның одан әрі дамуы келешекте сумен қамтамасыз ету мен кәріз жүйесінің сапасын жақсарта түседі. Оған қоса, қаланың экологиялық қауіпсіздігін арттырады. Бұл Астана қаласының барлық тұрғындарына қолайлы өмір сүруге жағдай жасайды» дейді кәсіпорын қызметкерлері.

Еркежан СӘТІМБЕК

Page 6: 58 (3115) 2014-05-29

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

-

-

– О т ы н - э н е р г е т и к а л ы қ кешенді 2030 жылға дейін да-мыту тұжырымдамасы Мем-лекет басшысының тапсыр-м а с ы б о й ы н ш а ә з і р л е н д і . Тұжырымдамада бірнеше блок қамтылған: электр энергети-касы, атом өнеркәсібі, көмір өнеркәсібі, мұнай-газ секторы.

Т ұ ж ы р ы м д а м а д а э л е к т р қуатының балансы бекітілді.

Бізде үш аймақ бар: солтүстік, оңтүстік және батыс. Баланс-ты құруда елімізде энергия т а п ш ы л ы ғ ы н ы ң б о л м а у ы қарастырылды және 2030 жылға қарай өзімізді өзіміз электр энер-гиясымен қамтамасыз етеміз. Атом станциялары энергия ба-лансына қосылғаннан кейін, біздің электр қуаты экспортқа шығарылады.

Көмір өнеркәсібіне келетін болсақ, өткен жылы 112 млн тонна көмір өндірдік. 2030 жылы 100-120 млн тонна шығаруды жоспарлап отырмыз. Жылу және электр стансалары үшін көмір негізгі ресурс болып қала береді. Бүгінгі күні Ресей-ге шығарылатын экспорт 30 млн тонна шамасында және ол төмендеп келе жатыр. Көмірді

Еуропа мен Қытайға, сондай-ақ өзге нарықтарға да экспортқа шығаруды көздеп отырмыз. Көмір өнеркәсібіндегі маңызды бағыттардың бірі – терең өңдеуді ұйымдастыру. Қазірде бірқатар компаниялармен серіктестік ор-натылып жатыр. Жалпы алғанда, жаңа экспорттық мүмкіндіктер мен көмірді өңдеу осы саланы дамытуға серпін береді.

– Еуразиялық экономикалық одақ аясында мұнай өнімдерінің бағасын анықтауға келсек, одақтың негізі мен қағидаларын айқындайтын құжаттарда әрбір мемлекет мұнай өнімдерінің бағасын өз заңнамасына сай белгілейтіні айтылған. Яғни, ол тәуелді болмайды. Бірақ, уақыт өте келе бірыңғай экономикалық одақ болғандықтан, мүше ел-дер мұнай өнімдерінің бағасын сәйкестендіруге тырысады. Бұл бағыт дұрыс. 2025 жылға дейін қазіргі жағдайдағы шарттар бой-ынша жұмыс істемекпіз.

Сондай-ақ, біз 2018 жылы ел тұрғындарының 62 пайызын

газбен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта мемле-кет жыл сайын өңiрлердi газбен қамтамасыз ету жұмыстарына 15-17 млрд теңгеге жуық қаржы бөледі.

Б ү г і н д е М ұ н а й ж ә н е г а з м и н и с т р л i г i М е м л е -кет басшысының тапсырма-с ы б о й ы н ш а г а з с а л а с ы н д а м ы т у ж ө н i н д е а р н а й ы тұжырымдаманы әзiрлеуді қолға алды. Құжат үстiмiздегi жылдың төртінші тоқсанында қарауға енгiзiледi. Аталған концепция отандық газ өнеркәсiбiнің ты-нысын ашпақшы.

Министрлiк мұнай шығару

к о э ф ф и ц и е н т i н а р т т ы р у -ды және инновациялық даму, ғ ы л ы м и з е р т т е у д i қ о л д а у инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша iс-шараларды қосатын кешендi шараларды iске асыруды жоспарлап отыр. Қазақстанда 2030 жылы мұнай мен конденсат өндiрудiң жалпы көлемi шамамен 112 млн тоннаны құрауы қажет. Былтырғы жылы ол көрсеткіш 81,8 млн тоннаға жеттi.

Қазақстанда бүгiнге дейін 40 млрд текше метр газ өндіріп келсек, 2030 жылға қарай оны 60 млрд текше метрге арттыруды жоспарлап отырмыз. Ал газды жер қабатына қайта енгiзудiң

болжамды көлемi шамамен 25 млрд текше метр.

Бүгiнгi күнi Қашаған және Солтүстiк Каспий жобаларын басқарушы компания «NCOC» қайта құрылып жатыр. Оған сәйкес жаңа бiрлескен басқару ж ү й е с i ұ й ы м д а с т ы р ы л у д а . Яғни, консорциум құрамына кіретiн мердiгерлердiң үздiк мамандары қатысатын жаңа оператор құрылуда. Бұл жұмыс 2014 жылдың қыркүйегiне дейiн аяқталмақ. Жаңа құрылатын опе-ратор жұмысының бұрынғысына қарағанда айтарлықтай тиiмдi болатынына үмiт артамыз.

– Тест тапсыру ерiктi түрде ж ү з е г е а с ы р ы л а д ы . О с ы жылы 133 мың түлек мектеп бiтiрдi. Оның 92 мыңы ҰБТ-ға қатысады. Оның iшiнде 63 мыңы қазақ тiлiнде, ал 28 мыңы орыс тiлiнде тест тапсырады. Биылғы ҰБТ 2-9 маусым аралығында ар-найы жабдықталған 155 нысанда өтеді. 107 емтихан өткiзу пунктi аудан орталықтарындағы мек-

тептерде, 48-i облыстық және Астана, Алматы қалаларындағы ЖОО-да орналасады. Барлығы 1585 аудиторияға Бiлiм және ғылым министрлiгiнен 1700 бақылаушы жiберiледi.

Т е с т т а п с ы р м а л а р ы н ы ң базасы мектеп пәндерiнiң қ а н ш а л ы қ т ы с ұ р а н ы с қ а ие екендiг iне байланысты жаңартылады. 2009-2013 жыл-

дары тапсырылған ҰБТ сарап-тамасы физика, биология мен география пәндерiнiң ең көп таңдалатынын көрсетіп отыр. Негізі, бiзде 14 пән бойынша 170 мыңға жуық тест тапсырмалары бар. Олардың iшiнен алдағы сынаққа 14 мың тапсырмасы биыл әзiрленген 50 мыңға жуық тест тапсырмасы қолданылады.

Б и ы л 3 4 м ы ң ғ а ж у ы қ

бiлiм гранты бөлiнсе, оның 1 2 м ы ң д а й ы т е х н и к а л ы қ мамандықтар үшін, 5 мыңы – педагогикалық мамандықтарға және 2600-ге жуығы ауыл шаруашылығы мамандықтарына үлесті. Биыл ұлттық ЖОО-ға өту шектi ұпайы 70 болса, аграрлық ЖОО-ға 60 балды құрап отыр.

– О с ы ж ы л ы а у ы л шаруашылығы дақылдарын 21,8 млн гектар алқапқа себу жос-парлануда. Бұл былтырғымен салыстырғанда 1,5 пайызға артық. Оның ішінде көктемгі егіс алқабы 19 млн гектарды құрайды. Ал дәнді дақылдар 15,9 млн гектар алқапқа себіледі. Оның ішінде бидай алқабы өткен жылдың деңгейінен 311 мың гектарға азайтылып, 12,8 гектар жерге егіледі деп жос-

парланып отыр. Сол себепті, басқа дақылдардың алқаптары көбейтілуде. Мысалы, мал шаруашылығына қажетті жем-шөп егуді көбейтпекшіміз. Биыл елімізде майлы дақылдардың егістігі тұңғыш рет 2 млн гектар-дан аса алқапқа себіледі.

Қазіргі уақытта егіс барысы жоспардағыдай. Біздің оңтүстік аумақтарда жүгері мен күріштен басқа барлық дақылдарды егу жұмыстары аяқталды. Батыс

пен Шығыста жоспарланған аумақтың 79 пайызы егілді. 27 мамырдағы жағдай бойынша, көктемгі дәнді дақылдарды егу жұмыстарының 62 пайызы атқарылды деуге болады.

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға «ҚазАгро» холдингі еншілес ұйымдары арқылы 40 млрд теңге бюджеттік н е с и е б ө л і н д і . Ө с і м д і к шаруашылығы барлық бағыттар

бойынша субсидиялауға әлі 71,2 млрд теңге бөлінбекші, ал мемлекеттік ресурстарға көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы астық сатып алуға 3,5 млрд теңге қарастырылған.

Бүгінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 296 мың тоннаға жуық арзандатылған бағамен жанармай жеткізілді. Бұл – науқанға бөлінген дизель отынының 82 пайызы.

Бетті дайындаған: Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Page 7: 58 (3115) 2014-05-29

7www.astana-akshamy.kz

28.05.2014

28.05.2014

28.05.2014

28.05.2014

Page 8: 58 (3115) 2014-05-29

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

17.04.2014

Page 9: 58 (3115) 2014-05-29

9www.astana-akshamy.kz

Page 10: 58 (3115) 2014-05-29

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Page 11: 58 (3115) 2014-05-29

11www.astana-akshamy.kz

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

Page 12: 58 (3115) 2014-05-29

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

-

-

Бо л а т А ш у б а с а р -ұ л ы м е н А н н а Христианқызының шаңырақ көтеріп,

ө м і р а й д ы н ы н д а қ о л ұстасып жүргеніне отыз сегіз жыл болыпты. Бір-бірінің сырын қабағынан түсінетін жұбайлар бес ба-ласына да адамгершілік пен инабаттылық қасиеттерін сіңіріп өсірді.

Болат Жанахметовтің өзі қырық жеті жыл бойы м ұ ғ а л і м б о л ы п ж ұ м ы с істесе, соның қырық екі ж ы л ы А с т а н а қ а л а с ы Гуманитарлық колледжі қабырғасында өтіпті. Ұзақ жылдар бойы талай кәсіби маман тәрбиелеп шығарған отағасының тәлімгерлік тәжірбиесі өте мол. Өзі білім беру ісінің үздігі әрі құрметті қызметкері. Мем-л е к е т т а р а п ы н а н а л ғ а н алғыс хат, дипломдарының өзі – бір төбе.

Ал, жастайынан қазақы т ә р б и е н і ң қ а й н а р ы н а н н ә р а л ы п ө с к е н А н н а Х р и с т и а н қ ы з ы н т у ғ а н -т у ы с т а р ы , ә р і п т е с т е р і « А й н а ш , А й н е к е » д е п е р к е л е т е д і . « Қ ы з

қылығымен» дегендей, ол кішкентайынан өзі туып-өскен Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы Сарыөзен ауылына қадірлі болатын. Биязы мінезді, ү й ш а р у а с ы н а п ы с ы қ , ө з і қ а з а қ ш а ғ а с у д а й шынашақтай неміс қызын сол кезде келін қыламын деушілер көп болды. Қазақы ортада өскендіктен бе, Анна тек қазақ жігітіне тұрмысқа шығуды өзіне мақсат етіп қойды. Сөйтіп, қазақтың Болаттай атпал азаматының етегінен ұстады. Келін бо-лып түскен босағасына тас тай батып, судай сіңді. Үлкеннің алдынан кесе-көлденең өтпейтін кішіпейіл әрі шаруақор келініне енесі де риза болып, «Айнашым» деп ерекелетті. Кейін ата-енесі қайтыс болғанда Бо-лат өзінің үш қарындасына әке орнына әке болса, Анна шеше орнына шеше бола білді.

А н н а Х р и с т и а н қ ы з ы ө з і н і ң б о й ы н д а ғ ы шаруақорлықты, іскерлікті, адамгершілікті қыздарына да үйретті. Бүгінде үлкен қызы Айгүл – Астанадағы

№ 3 м у з ы к а м е к т е б і н і ң оқытушысы. Өзі кәсіби домбырашы, төрт баланың анасы. Бір жылдың ішінде елу грамота мен алғыс хатқа ие болған мықты қыз – осы.

Е к і н ш і с і Б и б і г ү л – «Қаржы орталығы» АҚ-ның менеджері. Бүгінде үш бала тәрбиелеп отыр.

Ал, ортаншысы Алмагүл – «Құлагер–ДАМХИС» ЖШС директоры болса, к е н ж е қ ы з ы Ә с е м г ү л – «Темир Монтаж LTD» Ж Ш С - н ы ң б у х г а л т е р і . Қыздардың бәрі де бір-бір үйдің ұйытқысы.

Ж а н а х м е т о в т е р ж а н -ұ я с ы н ы ң ш а ң ы р а қ и е с і Н ұ р с ұ л т а н –П о л и т е х н и к а л ы қ колледждің студенті. Осы баласын қыздарынан соң он екі жылдан кейін туған Анна Христианқызы: «Біздің отағасы әкесінен төрт ұл еді. Бірақ үшеуі қайтыс болды. Қайын інім дүниеден озып, Болат әкеден жалғыз тұяқ болып қалғаннан кейін бір ұл беруді Алладан күндіз-түні тіледім. Құдайға мың да бір шүкір, дүниеге осы атұстарымыз келді», - дейді.

Анна Христианқызы Ал-ланы аузынан тастаған емес. Он алты жылдан бері ораза ұстап келеді екен. Балала-ры да әр жұма сайын жеті шелпек пісіріп, мешітке ба-руды дәстүрге айналдырған. Елордадағы №18 «Аяжан» балабақшасында жиырма жыл тәрбиеші, соңғы он бес жыл бойы меңгеруші бо-лып келе жатқан Анна Жа-нахметова зейнеткерлікке шыққаннан кейін намазға ж ы ғ ы л а м ы н д е п о т ы р . Айтпақшы, кезінде орыс б а л а б а қ ш а с ы б о л ғ а н мекемені таза мемлекеттік тілдегі мекеме еткен осы Анна Христианқызы екенін де айтпай кетуге болмас.

Ешкімнің ала жібін ат-тамауды адамгершіліктің басты қағидасы еткен Жа-нахметовтер отбасы – нағыз береке мен бірлік ұялаған мерейлі шаңырақ. Адам қандай да бір жетістікке жеткісі келсе, оның түп-тамырында адами тәрбие мен қажырлы еңбек жата-тынына осы отбасы айқын мысал бола алады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ