14
Пәні : биология. Күні : 29.12 Сыныбы: 7 « Б» Сабақтың тақырыбы: Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға астық тұқымдас өсімдіктердің құрылысын а) білімділік: азықтық және малазықтық түрлерін тусіндіру. ә) дамытушылық : Дүниетанымдық көзқарасын дамыту, ойлау қабілетін арттыру б)тәрбиелік: Мәдениеттілікке ұжымдыққа және топтасып бір – біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі: Плакат,сызбанұсқа. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Білім деңгейін тексеру. 3. Жаңа сабақ. 4. Пысықтау сұрақтары. 5. Қорытынды бағалау. 6. Үйге тапсырма. 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып сабаққа қатысуын тексеріп , сабаққа дайындау. 2.Білім деңгейін тексеру. 1 – деңгей. 1.Лалагүл тұқымдас өсімдіктердің қандай ерекшелігі бар ? 2.Лалагүл тұқымдас өсімдіктердің құрылысы қандай ? 3.Лапыздың басқа өсімдіктерден қандай ерекшелігі бар? 2 – деңгей.

7 б класс биология ашық сабақ

Embed Size (px)

Citation preview

Пәні : биология.Күні : 29.12Сыныбы: 7 « Б»Сабақтың тақырыбы: Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға астық тұқымдас өсімдіктердің құрылысына) білімділік: азықтық және малазықтық түрлерін тусіндіру.ә) дамытушылық : Дүниетанымдық көзқарасын дамыту, ойлау қабілетін арттыруб)тәрбиелік: Мәдениеттілікке ұжымдыққа және топтасып бір – біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Плакат,сызбанұсқа.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Білім деңгейін тексеру. 3. Жаңа сабақ. 4. Пысықтау сұрақтары. 5. Қорытынды бағалау. 6. Үйге тапсырма.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып сабаққа қатысуын тексеріп , сабаққа дайындау.

2.Білім деңгейін тексеру. 1 – деңгей.1.Лалагүл тұқымдас өсімдіктердің қандай ерекшелігі бар ?2.Лалагүл тұқымдас өсімдіктердің құрылысы қандай ?3.Лапыздың басқа өсімдіктерден қандай ерекшелігі бар?

2 – деңгей.1.Пияз тұқымдас өсімдіктерге тән қандай ортақ белгілерді атауға болады ?2.Бұлардың тұқымдары қандай болады ?3. Пияз тұқымдастардың маңызы қандай ?

3- деңгей.1.Басты пияздың пияз тұқымдастарға жатқызудың қандай себебі бар ?2.Фитонцид деген не ?Ол қай өсімдіктер құрамында кездеседі?3.Інжугүлдің ерекшелігі туралы не айтуға болады ?

3.Жаңа сабақ.

Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар – даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсімдіктер. Олардың 10000 – жуық түрібар. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптекті өсімдіктер. Сүректі бамбуктар да астық тұқымдастар тобына жатады. Астық тұқымдастардың сабағы цилиндр тәрізді.Бунақтар аралығы қуыс. Астық тұқымдас өсімдіктердің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жуйкелі, сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ негізгі өсімдік сабағын қармап , қынап түзеді.Жапырақ аралығы мен қынап аралығында тілше пайда болады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар жинақталып , күрделі гүлшоғыр түзеді. Гүлшоғыры – сыпыртқыгүл , күрделі масақ , собық , шашақ және т.б. Гүлдері көбінесе қосжынысты. Дара жынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады. Оны гүлсерік нышаны десе де болады. Аталығы – 3. Аналығы – 1.Жемісжапырақшасы 3 – еу болып келеді. Аналық аузы қауырсын тәрізді – екі телімді. Жатыны жоғары орналасады. Жемісі –дәнек. Тамыр жүйесі – шашақ тамырлы. Гж 2 А 3 Ж (3). Гүлжарғақ гул құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ. Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер.Бидай , күріш , жүгері , қант қамысы , өзге өсімдіктердіадам тағамға пайдаланады. Қарабас , бидайық , атқонақ , бетеге , тарғақ, арпабастардың малазықтық өсімдіктер. Бамбук , қамыс қағаз өндіруге шикізат ретінде пайдаланады. Сүректі астық тұқымдастар ( бамбук , алып сурек қамыс) құрылыс материалы ретінде жұмсалады. Қара сұлы , жатаған бидайық , арпабас , қонақ , итқонақтың кейбір түрлері – шектен шыққан арамшөптер. Екпе күріш – биіктігі 50 – 150 сантиметрге дейін жететін біржылдық өсімдік. Сабағы түптеніп өседі. Жасыл , күлгін ненесе қызғылтым жапырағының ұзындығы 50 см, ені 1см болады. Гүлшоғыры – ұзындығы 10 – 40 см көп масақты сыпыртқыгүл. Масақшалары тік өседі, қысқы гүлсағақта бір ғана гүл болады.Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы, ұзын қырлы болып келеді. Оның төменгі бөлігінде көбінесе қылтанақ байқалады. Күріштің аталығы 6 –ау.Дәнегі – жұқа қабықшалы. Гүл формуласы: Гс2 А3+3 Ж (3). Күріш – жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты сүйетін дақыл. Өсімді мерзімі 90 – 165 кунге созылады. Тұқымы +10 +12 С-де өне бастайды. Сәл суық түссе, өркендері тіршілігін тоқтатады. Күріш суда өседі. Тұқымы себіле салысымен куріш егістігіне су жіберіп, топырақты суға қандырады. Өркендер көктеп шыққаннан кейін су деңгейі күріш сабағының төттен үш биіктігіне дейін жеткізіледі. Сүды дәнегі қамырланған кезде ғана ағызып жібереді. Сөйтіп егістік құрғатылады.Күріш топырағы тыңайтылған ауыспалы егістікте өсіріледі. Оның тамыр жүйесі нашар дамыған, кенеулі ззаттар болмаса, жеткілікті қоректене алмайды. Екпе күріш - азықтық дақыл. Дәнегінде 9 – 12 % нәруыз, 65 – 70 % көмірсу және 4- 6 % май болады.Күріш дәні ботқа, палау жасауға пайдаланылады. Күріш нәруызы ағзаға өте сіңімді.Күріш қайнатпасы – асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі.Күріштен алынатын өнімдер де ( ұн, крахмал ) мол.Күріштің дәнегінен

сабын мен шырақ дайындау үшін май алынады.Ал сабансабағы жоғары іріктемелі қағаз жасауға жұмсалады.Сабаны, дән жармасы, кебегі малға – азық. Бидай, тары, сұлы, арпа – біржылдық азықтық өсімдіктер. Сұлы негізінен малазықтық өсімдік ретінде пайдаланылады. Бидайдың тамыр жуйесі – шашақ тамырлы.Бидайдың сабансабақтарынан түптенеді. Мұның шаруашылық үшін маңызы зор. Масақшалардан күрделі масақ түзіледі.Бидайдың гүлшоғыры – күрделі масақ.Бидай өзін - өзі тозандандырады. Жемісі – дәнек. Сұлының гүлшоғыры – сыпыртқыгүл, ал тарының гүлшоғыры – масақ тәрізді сыпыртқыгүл. Шығанақ Берсиев әйгілі тары өсіруші болған. Ол тарының әр гектарынан 165 – 175 центнерге дейін түсім жинады. Құмай – астық тұқымдас біржылдық өсімдік. Сабағынаң биіктігі – 100 – 300 см.Сабағы өзегі толық, мықты, қалың өскен. Жапырағы жалпақ, сырты балауызды өңезбен қапталған. Гүлшоғыры – сыпыртқыгүл. Сыпыртқыгүлінің пішіні әр түрлі : тік өскен, имек басты болады. Кейбір сыпыртқыгүлдері тармақты, қымқырылған, жинақы болып келеді.Құмай – азықтық , малазықтық және техникалық өсімдік.Оның отаны – Африка. Бұдан 5 мың жылдан астам бұрын құмайды баптап, өсірген. Құмай – жылу сүйгіш, ыстыққа, құғақшылыққа төзімді өсімдік.

4. Пысықтау сұрақтары.1. Астық тұқымдастарға қандай өсімдіктер жатады ?2. Олардың басқа өсімдіктерден қандай ерекшелігі бар ?3. Сабансабақ деген не ? Оның өсімдік үшін қандай маңызы бар ?4. Күріш қандай өсімдік ?5. Құмай қандай өсімдік ?

5. Қорытынды бағалау.Оқушыларды берген жауабына байланысты сабақты қорытындылап , оқушыларды бағалау.

6. Үйге тапсырма.

32. А,В,С сұрақтары.