16
Салтанатты жиында сөз сөйлеген ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ұйымдастырылып отырған аталмыш шараның ғылым мен білімді танудағы маңыздылығын айтып, өз елінің интеллектуалдық әлеуетін көрсететін дарынды балаларға жеңіс жолын- да сәттілік тіледі. Оның айтуынша, елордада өтіп жатқан IPHO олимпиадасына қатысушы мемлекеттердің саны рекордтық көрсеткішке ие болып отыр. Яғни, әлемнің 85 елінен келген 700-ге жуық қатысушы 21 шілдеге дейін На- зарбаев университеті базасында білімдерін сынамақ. Қазақстан құрамасы атынан Әмір Бірәлин, Иса Данат, Нұрбек Дінмұхаммед, 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě ÒÆÊÒÆμ 15 Ù¼ÌÅÆ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +17°..+15° +10°.. +8° dzȎȡȎ ǪȎȒȊСțȡСȔСȓ ȏиȖȎ ȓȎȔСȚСȕ Țȉ șȉȒȤȖȍȉ ȗШȜȡȤȔȉș ȉșȉȚȤȖȍȉ ȝȑȐȑȓȉ ȘиȖС ȊȗȒȤȖȡȉ СȖȡС ǾȉȔȤШȉșȉȔȤШ ȗȔȑȕȘȑȉȍȉȖȤЬ ȉȡȤȔȜ șиȚСȕС кțțС «Шомылушылар есіл суының санитарлық жағдайынан қорықпауына болады» деп сендіреді мамандар 4 Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü âáóüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì ǸˏǮ ˏǴǬǷʵ ǸǶǵǷǹ ½·ħ·ÄÄÒě ½·È Ë¿¾¿Áɼǰ ½¿Ä·Â»Ò fɰ°û° ÉĝÀǼʰÏɼÀ ÈĝÀ°Ç ¼É°Æ ʿˀʫʯʰʪʫʻ˃ ʶ˄ʥʽʧˏ Нұрислам Тұрсынбек және Дәулет Құрмантаев ғылым бәйгесінде ел намысын қорғайды. (Жалғасы 2-бетте) « ɒɨɧɚ ɋɦɚɯɚɧԝɥɵɧɵԙ ԧɦɿɪɿ ɦɟɧ ɲɵԑɚɪɦɚɲɵɥɵԑɵ ɯɚԕɵɧɞɚ 6-7 16 Ě·¾·Ě ¸ÅÁÈÏÒ·ÇÒ Ą ½¼ě°ÃÆ·¾

77 (3134) 2014-07-15

  • Upload
    -

  • View
    242

  • Download
    5

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №77 (3134) 15 шілде 2014

Citation preview

Page 1: 77 (3134) 2014-07-15

Салтанатты жиында сөз сөйлеген ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ұйымдастырылып отырған аталмыш шараның ғылым мен білімді танудағы маңыздылығын айтып, өз елінің интеллектуалдық әлеуетін көрсететін дарынды балаларға жеңіс жолын-да сәттілік тіледі. Оның айтуынша, елордада өтіп жатқан IPHO олимпиадасына қатысушы мемлекеттердің саны рекордтық көрсеткішке ие болып отыр. Яғни, әлемнің 85 елінен келген 700-ге жуық қатысушы 21 шілдеге дейін На-зарбаев университеті базасында білімдерін сынамақ. Қазақстан құрамасы атынан Әмір Бірәлин, Иса Данат, Нұрбек Дінмұхаммед,

15 +17°..+15°+10°.. +8°

«Шомылушылар есіл суының санитарлық жағдайынан қорықпауына болады» деп сендіреді мамандар

4

Нұрислам Тұрсынбек және Дәулет Құрмантаев ғылым бәйгесінде ел намысын қорғайды.

(Жалғасы 2-бетте)

«

6-7

16

Page 2: 77 (3134) 2014-07-15

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Қалалық орталықтан-дырылған кітапханалар жүйесінде «Оқы, Астана!» атты PR-акциясы өтті.

«Astana Arlans» спорт клубында бүкіләлемдік бокс сериясының бесінші маусы-мына жеребе тартылады.

Тәуелсіздік сарайында АҚШ диплома-тиялық миссиясының тапсырысы бойынша «Туған жер» фотокөрмесі болады.

Елордада 81 жедел жәрдем көлігі жұмыс істейді.

(Басы 1-бетте)

«Ғылымды қызығушылық дамы-тады. Бірақ, өкінішке қарай, оған әуестенушілер әр сыныпта бес-алтау ғана. Бұл олимпиада – оқушылардың ғылыми іргетасы. Маңыздысы қай жерден келгенің, нешінші орын алғаның емес, ойы жүйрік, ең үздік оқушылардың кездесіп, пікір ал-масып, тәжірибелерімен бөлісіп, ғылыми байланыс орнатулары. Өйткені, өзге оқымыстылармен болған жақсы қарым-қатынас Эйн-штейннің өзіне жаңалық ашуға бір септігін тигізген еді» дейді Ха-лықаралық олимпиада президенті Ханс Йорданс.

Тәуелсіздік алғалы Қазақстан бұл олимпиадаға 17 рет қатысып, жеңіс қоржынын 8 алтын, 20 күміс және 17 қоламен толтырған екен. «Өзіміздің

ел – Голландиямен салыстыратын болсам, Қазақстан оқушыларының деңгейі жоғары. Бұл – ұстаз бер-ген сапалы білімнің айқын айғағы. Алтынды соңғы рет 80-жылдары алғанбыз. Одан кейін қоланың өзіне әжептәуір мәз боламыз. Сондай-ақ, бір байқағаным, батыс елдеріне жетістікке жетелейтін драйв жетіс -пейді. Ал, ондай құлшыныс Қа-зақстан қатысушыларынан ерекше байқалады» деп Ханс Йорданс біз дің оқушыларға өз бағасын берді.

Атап айтар болсақ, олимпиа-да теориялық және тәжірибелік кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде 3 есепті шешуге 5 сағат уақыт беріледі. Ал, тәжірибе саны арнайы құрылғыларға байланысты әлі де нақтылана түспек.

Мәдина ЖАҚЫП

Аталмыш меморандум негізінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ба-засында биотехнологиялар зерт-ханаларын ашу, ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау, ауылшаруашылық машиналары мен құрылғыларын жобалау сын-ды кешенді бағыттарда бірлескен жұмыстар атқарылмақ.

Сондай-ақ, тараптар ортақ зерт-теу жұмыстарын жүргізуге, оларды тәжірибе жүзінде кеңінен енгізуге сөз байласып отыр.

Осы арада ерекше атап өтер жайт, С.Сейфуллин атындағы Қ а з АТ У- ға Қы та й ж а ғ ы на н таңдау түсуі тегін емес. Себебі, аталмыш университет базасын-да Қазақстан Республикасындағы тұңғыш халықаралық деңгейдегі аграрлық зерттеу институтының негізі қалануда. Бүгінгі таңда екі жақ арасында өзара әріптестік ту-ралы кешенді жұмыс бағдарламасы жасалды.

Фестиваль барысында «Ла Скала» театрының түпнұсқадағы қойылымы, яғни, қиялы сарқылмайтын режиссер Лука Ронконидің «Тоска» операсы, сондай-ақ, С.Прокофьевтің «Ро-мео мен Джульеттасы», А.Хачатурянның «Спар-так» сахналық қойылымы және әлемдік мәдениеттің феномені – «Аққу көлі» мен Б.Эйфманның «Қызыл Жизель» балеті қойылады.

Со н ы м е н қ ата р, 2 5 қыркүйек күні өнер са-райында Қытай ұлттық театры көрермендерді Қытайдың бірегей ұлттық мә дениетімен сусындатып, опера және балет өнерімен қатар халық әндері мен би қойылымдарынан тұратын концерт ұсынбақшы. Ал,

27 қыркүйекте Италия-дан келетін «Aterballeto», А б а й а т ы н д а ғ ы М А -ОБТ, ресейдің Мария театрының қатысуымен қ а з і р г і з а м а н ғ ы б а -лет өнерінің жағдайын қозғайтын кең көлемді кон ференция өтеді. Бұдан бөлек , 30 қыркү йекте КС Р О х а л ы қ ә р т і с і Бибігүл Төлегенованың 85 жылдық мерейтойы-на арналған «Сүю, үміт-тену және сену» атты жеке бенифисі өтеді деп жос парлануда. «Жібек Жолы» фестивалінің бағ-дарламасын 5 қазан күні «Астана Балет» ұжымы аяқтамақшы.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Page 3: 77 (3134) 2014-07-15

www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

3

Шам намазының азаны шақырылып, намазы оқылғаннан соң, ауызашар кеші Алланың кәләмі – Құран кәрімді оқумен бас-талды. Бұдан соң Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз кеш шымылдығын түріп, сөз сөйледі. «Бүгінгі ауызашар кеші қаламымен қоғамға ойтүрткі болған БАҚ өкілдеріне арналып отыр. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) «Дін – насихат» деген. Ата дініміз бен баба дәстүрімізді бұқараға жеткізуде сіздердің орындарыңыз айрықша. Осы орайда, сіздерге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Елдің амандығы, халықтың бірлігі үшін аянбай етіп жатқан қызметтеріңізге Алла мол сауаптан жазсын. Бүгінгі ақ ниетпен жайылған ауызашарымыз сіздерге айтар алғысымыздың нышаны» деді Серікбай қажы.

Ауызашар кешінде игі тілек, ізгі ниеттерін білдіруші қонақтар мен қара дом-бырадан қоңыр күй селдеткен өнер иелері де болды. Орайлы кеште «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев жұртшылыққа «Muslim.kz» интернет порталынан мүмкіндігі шектеулі жандарға ашылған арнайы парақша туралы қуанышты хабарды жеткізді. Аталмыш парақшада сурдоаударма қызметінің көмегі арқылы «Жұма уағыздары», «Сұрақ-жауап», «Дәрістер» және «Фильмдер» айдарла-рын қарауға үлкен мүмкіндіктер жасалған.

Кеш соңында қонақтарға асыл дініміз туралы газет-журналдар, ата дін мен баба дәстүрі қамтылған CD таспалары жинақталған кәдесыйлар таратылып, бар-шасы көңілді күйде тарқасты.

Елордамыздағы еңселі мешіт «Әзірет Сұлтанда» жыл сайын отыз күн оразада әр күн 400 адамға арналып ауызашар дастарқанын жасау игі дәстүрге айналған. БАҚ өкілдеріне арналған кеште 300-ге жуық қонаққа қызмет жасалды.

Жайық НАҒЫМАШ

Р а с ы н д а , б о р ы ш к е р л е р д і ң а л и м е н т төлемдерін уақытылы төлемеу себептерінің бірі олардың жұмысқа орналаса алмауы, тұрақты жұмысы мен табыс көзінің болмауы болып табылады. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәйкес жұмыс іздеуші адамдар тұрғылықты ж е р i б о й ы н ш а ж ұ м ы с қ а о р н а л а с у ы н а жәрдемдесу үшін уәкiлеттi органға өтiнiш жасай алады.

Хабарламада жұмыс іздеп өтініш жасаған

Атап айтқанда, қазір бас шаһардағы №19 көшенің оңтүстігінде бес жүз келушіге арналған амбулаторлық емхана салынып жатыр.

Сонымен қатар, әрқайсысы 150 келушіге арналған бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін екі орталықтың құрылысы да биыл аяқталмақ. Олардың бірі Ильинка тұрғын алабында, екіншісі Досмұхамедов көшесінде ашылады. Қазіргі уақытта ішкі өңдеу және абаттандыру жұмыстары қолға алынды.

Жұма ҚАЗИЕВ

«Қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысын «Ұлы Отан жеңісі» деп атап, ол күнді мемлекеттік деңгейде ме-реке ретінде тойлау қажет пе?» деген сауал респонденттерге қойылып, басым көпшіліктің тарапынан бұл бастама қолдауға ие болған еді. Нақты айтқанда, шараның бірінші кезеңі 2010 жылы Жамбыл облысындағы Тараз қаласы мен Қордай аудандық жас-тар қоғамдық бірлестіктерінің ұйытқы бо-луымен ұйымдастырылды. Бұл Аңырақай шайқасындағы қазақ халқының 280 жылдық жеңісіне орайластырылған еді. Жобаның екінші кезеңін Алматы облысының «Халық» жастар қоғамдық бірлестігі жалғастырды. Ал, биыл шеру Атырау Орал, Ақтөбе,

– 2015 жылы қазақстандықтар электрондық цифрлық қолтаңбаны SIM-картаның көмегімен пайдала-нады екен. Жобаның артықшылығы неде?

– « М о б и л ь д і қ о л т а ң б а » э л е к т р о н д ы қ қ ы з м е т т е р м е н сервистерді ұялы телефонның кез келген моделі арқылы алуға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық «Мобильді үкіметтің ақпараттық жүйесі.М-GOV құру» жобасы шеңберінде әзірленуде. Бүгінгі күні «iOs» және «Android» операциялық жүйесін пайдаланушы-лар үшін egov.kz мобильді қосымшасы арқылы 13 электрондық мемлекеттік

Абылайхан ОСПАНОВ,ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Электрондық қызметтерді және ХҚКО дамыту департаментінің

директоры:

қызмет қолжетімді. Олардың қатарында баспа-на кезегін бақылау, коммуналдық қызметтер үшін төлемақы төлеу, жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу секілді бірқатар қызметтер бар. Аталған қызметтерді алу үшін мобильді қосымшаны пайдаланушылар файлдық ЭЦҚ қолданады.

– Я ғ н и , қ а ғ а з а н ы қ т а м а л а р м е н құжаттардан бас тартуға мүмкіндік бар ғой?

– SIM-картаға жазылған ЭЦҚ ұялы т е л е ф о н н ы ң к е з к е л г е н т ү р і а р қ ы л ы электрондық қызметтерді алуға мүмкіндік береді, тек SIM-картаны ғана өзгерту қажет болады. Бұл дегеніміз, болашақта мобильді үкіметтің мүмкіндіктері аясында қағаз анықтамалар мен құжаттардан бас тартатындығымызды білдіреді.

– Жалпы, осы уақытқа дейін қанша адам электронды цифрлық қолтаңбаға ие болды?

– 2008 жылдан бері қазақстандықтарға барлығы 4,7 млн ЭЦҚ берілген. Бүгінгі таңда шамамен 2,35 млн ЭЦҚ қолданыста жүр. Атап өту керек, оның 90%-ы жеке тұлғаларға берілген.

– Тұрғындар ЭЦҚ арқылы қандай қызметтерді жиі пайдаланады?

– Бүгінде азаматтар ЭЦҚ көмегімен м е м л е к е т т і к о р г а н д а р д ы ң в и р т у а л д ы қабылдауларына өз өтінімдерін жолдап, анықтамалар алуда. Түрлі қызметтер мен рұқсаттарды алуға өтініш беріп, тұрғылықты мекен - жайы бойынша тіркеуге тұрып, тіркеуден шығуда. Ал, заңды тұлғалар болса ЭЦҚ көмегімен Интернет арқылы билік құрылымдарымен, түрлі мекемелермен Қазақстанның кез келген аймағындағы серіктестерімен онлайн режимінде әріптестік орнатып, кәсіптерін кеңейте түсуде.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

жұмыссыз азаматтарды тіркеу үшін қандай құжаттардың қажет екені айтылған. Азамат-тар жеке куәлігін (төлқұжат), еңбек қызметін куәландыратын құжаттарын уәкiлеттi органға өтініш жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей өткізуі керек. Кейін олар компьютерлік деректер қоры болып табылатын өтiнiш жасаған адамдарды дербес есепке алу карточкасына жұмыссыздар ретiнде тіркеледі.

Жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз азаматтар уәкілетті органда тұрғылықты жері бойынша

тіркелу керек. Сондай-ақ, олар күнтізбелік он күн ішінде кемінде бір рет уәкілетті органда белгіленіп тұруы тиіс.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Қостанай, Көкшетау, Петропавл қалаларына да жеткен болатын. «Осы 4 жыл ішінде жастар болып шайқас өткен жерлерге экс-педициямен бардық, араладық. Тарихта тек Бөгенбай, Қабанбай сияқты батырлардың ғана аты аталады. Ал, ел үшін жанпида болған басқа да ерлеріміз бар ғой. Мына сапар ба-рысында осы аты аталмай қалған батырлар басына зиярат етіп, есімдерін тізімге қостық. Тарихшылардан бастап, тарих ғылымының магистрларына дейін осы іске жұмылды. Әлеуметтік сұхбат жүргіздік» дейді жоба ү й л е с т і р у ш і с і А х м е т Д а у т о в . Жиынға қатысқан астаналық жастар Аңырақайдағы жеңіс қазақ мемлекеті тәуелсіздігінің бастауы болғанын айтып, идеяны бірауыздан қолдады. Ұйымдастырушылардың ендгі мақсаты – қыркүйек айында елордада осыған қатысты ауқымды форум өткізіп, Парламент депутат-тарына жіберген ұсыныстың оң бағасын алу.

Мәдина ЖАҚЫП

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУҒ

АЛИ

ЕВ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz

Page 4: 77 (3134) 2014-07-15

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Елорданы екі бөліп жатқан Есіл өзенінің 50 шақырымдай бөлігінің санитарлық жағдайы толығымен біздің қадағалауымызда деп айтуға болады. Ағынды су өзін-өзі тазалай-ды деп айтсақ та, Есілдің суы лай ланып, ластанатын кезі ерте көктем нің басына келеді. Қар еріп, жыл ғалардан аққан қызыл су Есіл-дің арнасына құйылғанда судың құра мының санитарлық көрсет-кіш терінде қалыпты жағ дайдан ауытқушылықтар болады. Алай-да, жер дегдігенде, ағынды сумен өзеннің арнасы тазарып, суы табиғи қалпына келеді.

Шомылу маусымы басталғалы да судың санитарлық жағдайын ұдайы тексеріп отырмыз. Жалпы, бекітілген тәртіп бойынша шо-мылатын кезеңнің басында жыл сайын кемінде екі рет химиялық және микробиологиялық көр-сет кіштер бойынша химиялық-микробиологиялық тексеруден өткізу қажет. Шомылу кезеңінде жаға жайдағы су айына екі рет химиялық-микробиологиялық тек-серуден өткізіледі (сынама кемінде екі жерден алынады). Су шомылу аймағынан бір километр жоғары ара қашықтықтағы ағыннан және шомылу аймағының екі жағынан 0,1-1,0 километр ара қашықтықтағы судан, сондай-ақ шомылу аймағының шекарасынан алынады, – дейді Қар-лығаш Әбдішева. Маманның ай-туынша, жаз бастал ғалы бері өзен суынан отыздан астам сынама алы-ныпты. Барлық микро био логиялық, санитарлық, химиялық, вирусо ло-гиялық, паразитологиялық көр сет -кіштер бойынша тексеруден өткі-зілді. Оның қорытындысы бойынша, Есілдің суы барлық талаптарға сай деп айтуға болады.

Алайда, мәселенің бір ұшы суда малту кезіндегі қауіпсіздікке келіп тіреледі. Қалалық жағажайда қайғылы жағдайларға жол бермес үшін құтқа рушылар күндіз-түні кезекшілік етеді. Елордалық Тө тенше жағдайлар департаментінің қыз-меткерлері қауіпсіздік ережелерін насихаттап, тиісті ақпараттармен қамтиды. Шомылуға тыйым салынған

жерлерде тыйым салу белгілері орна-тып, оны қадағалау жұмысы да осы ведомствоның міндеті.

– Суда құтқару қызметі адам-дардың өмірін қорғау жұмыс та-рымен қатар, табиғи, техногендік сипаттағы апат тардың салдарын жою, суға кет кен адамдарды із-дестіру қызметтерін ат қарады. Мау-сым басталғалы бері суға батқан 17

Тіпті, «Шомылуға болмайды!» деген ескертпені де елемейді. Кеселдің қатері жайында сани-тарлық дәрігерлердің қадағалап айтуынан кемдік жоқ. Олардың мәліметтеріне қарағанда, жыл сай-ын жаз айларында энтеровирустық инфекциямен ауырғандардың саны артып кетеді екен. Бұл жұқпалы аурудың таралуы күннің қатты қызуымен тығыз байланысты. Содан да аурудың асқынуының шарықтау шегі маусым, шілде, та-мыз айларына тура келеді. Биылғы жаздың ыстық болуына қарай, ба-лалар арасындағы энтеровирустық инфекцияға ұшырағандар фактісі жиі тіркеліп отыр. Тек мамыр айын-да ғана инфекция жұқтырды деген күдікпен 46 бала дәрігерлік тексеру-ден өтіп, оның отызы зертханалық талдаудан кейін расталған. Сыр-қаттанғандардың бәрі – 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Олардың алпыс пайызы субұрқақтарда шо-

ЖАЗ ЫСТЫГЫНДА – адамды құтқардық, - дейді қалалық ТЖД Судағы құтқару қыз метінің басшысы Ермек Әлібеков.

Расында да, шомылуға арналған, көлемі үш жүз метрге созылып жат-қан қалалық жағажайдың жағасы ойпауыт емес, табанында ой-шұқыры жоқ тегіс келген. Шомылуға арналған судың шегі қалтқы-белгілермен айқындалған. Айдынының түбі бал дырлардан, бұтақтардан, үшкір тас тардан ада. Жағасына жұмсақ құм төселген, күннен тасалайтын қалқандар, жататын орындар мен орындықтар, себезгілер, киім ауыс-тыруға арналған кабиналар, әжет-ханалар, ауыз су бұрқақтарымен жабдықталған жағажайдың жайы жанға жайлы деп айтуға болады. Алайда, кейбір жандар осындай жан-жақты жағдай жасалмаған, оңаша жерде түсеміз деп су түбіне тартылып кетіп, қайғылы жағдайға душар боп жататыны жасырын емес. Сондықтан да мамандар тек белгіленген жерлер-де ғана малтуға кеңес береді

ЖАГАЖАЙДА

мылып, ауруды сонда жұқтырғаны белгілі болып отыр.

Осыған орай, дәрігерлер «жас өс-пірімдердің демалыс уақытын қалай өткізетінін қадағалау қажет» дейді. Олардың тек қана рұқсат етілген жер-лерде шомылуын жіті бақылау керек. Қаладағы субұрқақтардың қауіпті және шомылатын жер емес екенін айтып түсіндіру – ересектердің

міндеті. «Жұқпалы індет астан да келеді» дейді дәрігерлер. Жеке басының тазалығы, тамақ жер алдында қолын тазалап жуып, жеміс-жидекті де мұқият жуып, ыстық с умен шайып алудың қажеттігіне мән беру керек. Осындай қарапайым ережелерді сақтағанда кез келген ауру сізді айналып өтеді.

– Мамандардың айтуын-ш а , ш ы б ы н - ш і р к е й л е р а у р у қ о з д ы р ғ ы ш т а р ы н т а р а т у ш ы л а р ж ә н е а р -найы тасы ма лдағыштар болып саналады. Олардың дернәсілдері – адам мен жану-ар ауруларының қоздырғышы. Олардың түкті денесіне, табанына, тұмсығына бак-териялар жабысып, қонған азық-түліктерді ластайды, шыбынның лас орындарға, іріңді жара беттеріне қонуы, ондағы патогенді бактерияға шыбын-шіркейдің төзімділігі жоғары болуы да олардың ауру таратуына қолайлы.

Л астанған заттармен жанасқаннан кейін шыбын жемсауындағы сілекеймен қайта шығып, қоздырғышты бір жерден екінші жерге тасы-малдайды. Шыбындар ішектің жіті ауруларының, әсіресе, іш сүзегінің, тырысқақтың, дизентерия ауруының қоз-дырғыштарын тасымалдау-шы болып келеді. Сонымен қатар, шыбындар туберкулез, дифтерия қоздырғыштарын, ге льменттер (құ рттар) ж ұ м ы р т қ а л а р ы н , қ а р а -пайымдылардың цистала-рын тасымалдайды. Ішек ауруларының эпидемиялары көбінесе жазда болады, себебі жазда шыбындар көбейеді. Сондықтан оларды дер кезінде жойып отырған жөн.

Балерке ЖҮНІСҚЫЗЫ, Интернациональный

кенті

Бетт

і дай

ынд

аған

: Айг

үл У

АЙСО

ВА

Page 5: 77 (3134) 2014-07-15

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Рымбек Жүнісов. Іргедегі Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай ауданының

тумасы. Ғұмырында еңбектен қол үзбеген оның атақ-даңқы бір атанға жүк боларлықтай, ең алдымен өзі түлеген топырақтың Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ХII сайланған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі(1999-2006), 2010 жылдан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Ал, бүг інде «Ақмола-Бетон» жеке шаруашылық серіктестігі компаниясы дирек-торлар кеңесінің төрағасы. Ата жасқа келсе де аттан түспеген қарияның айтары мол, ақылы – өнеге, заты текті екені жүздескен жанға бірден байқалады.

Рымбек атаның балдәурен балалық шағы сонау бір сұрапыл соғыс пен одан кейінгі ауыр жылдарға тұспа-тұс келеді. Сондықтан, бақытты дәурені қамсыз өтті дей алмаймыз. Мұны әркез айтып отыратын әңгімелеріне құлақ түргенде байқайсыз. Өзге балалардай шаруаға ерте жегілді, бұғанасы бекімей, қабырғасы қатаймай бейнеттің бел ортасын-да жүрді. Ойын баласы болып, асыр салып, үй көрмей қаңғыған жоқ. Өйткені, зұлмат жылдардың жеткіншектері ерте есейген, есейгендердің ойымен, мұңымен жетілген. Сондықтан болар, бала Рымбек те ертерек үлкен азамат болғысы келді, халқының керегіне жарауды мақсат тұтты, елінің бір кірпіші бо-лып қалануды мұрат етті. Осының бәрі жігерін жанып-жанып, бозбала Рымбекті өрге сүйреді, биікке талпындырды.

Орта мектепті бітірісімен кеңшардың қатардағы жұмысшысы ретінде еңбек жолын бастады. Аз-маз болса да нәпақа тауып, ата-анасының әжетіне жарады. Алайда, ұлдарының таудай талабы мен талпынысын ерте таныған әке мен ана оның оқығанын қалады. Өзі де мақсат-мұратына тек білімнің күшімен жететініне әбден көзі жеткен-тін. Содан кейін тілеулесі әке мен аяулы ананың ақ батасымен арманын арқалап, түу алыстағы Алматыға аттанған.

Жастар шаһарының іргесінде орын тепкен Талғар қаласындағы ауыл шаруашылығы тех-никумына құжат тапсырады. Бағы жанып, сту-дент атанады. Қас қағымдай уақыт – үш жылда кіші агроном мамандығын алып, елге орала-ды. Рымбектің ендігі көздегені – кеңшарға қызмет ету, білімінің жемісін алдымен туған еліне көрсету. Жас агроном қандай шаруада да аянып қалған жоқ. Алайда, арнаулы оқу орнының тәлімі өмірлік нәр бола алмайты-нын ұқты. Тағы да «Алматы қайдасың?» деп, Жетісуға аттанды.

1962 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетіне түсу оған қиынға соққан жоқ. Өйткені, саланың ұңғыл-шұңғылы алақанындағыдай таныс, тәжірибесі жетерлік, теориялық жағынан да біледі. Тек жоғары білім керек. Оны да табысты аяқтап, 1967 жылы туған еліне екінші мәрте

оралды. Міне, осы кезден бастап ол алғашқы арманының үдесінен шықты. Еліне, жеріне, халқына пайдасын тигізуге білек сыбана кірісті. Кәнігі маман кіндік қаны тамған туған өлкесіне жарты ғасырға таяу уақыт қызмет етті.

Бойындағы жігер мен қайрат, мақсаткерлік, айналасының тілін таба білуі, шаруашылықты ұйымдастыру қабілеті оны бір орында те-жеп қалдырмады. Алғашқыда кеңшардың бас агрономы болып жүрген жас маманның ширақтығын, жауаптылығын, іскерлігін

б а й қ а ғ а н а у д а н б а с ш ы л ы ғ ы Р ы м б е к т і партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушылығына тағайындайды. Аз уақытта-ақ өзін айналасына мойындатқан ол аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары қызметіне жоғарылайды. Ол кездегі аудандық партия комитетінің ұстанған саясаты сол, бұл қызметтегі кадр кеңшар директорлығына бірден-бір үміткер болу керек. Рымбек ісіне адалдығын, шаруаға бейімдігін, жұмысқа берілгендігін тағы көрсетті. Сондықтан, мұндай маман-

дар шаруашылығы ақсаған, экономикасы әлсіреген өңірлерге жіберілетін. Рымбек Жүнісұлы «Қызыларай» кеңшарына дирек-тор болды. Осы қызметтегі тоғыз жылында кеңшарды аяғынан тік тұрғызды. Осы тұста ғой, мақтау мен мадақтаудың, ордендер мен медальдардың астында қалғаны. Оған қоса, директорлардың ішінде бірінші болып, облыстық советте депутаттық мандатты үш рет ұстады.

Тәжірибелі маман кейін шегінбейді, өрге жүйткиді. Ол аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, партия комитетінің екінші хатшысы, аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы, партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды. Яғни, ілгерілеудің барлық сатысынан өтті.

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін де Рымбек қария абдырап қалған жоқ.

Туған халқының азаттығына айрықша қуанды. Әр қазақтың әлеуеті мықты болса деп тіледі. Ұлтының әр өкілі асқақ болса деп армандады. Өзі де ел дамуына үлес қосты. Парламент депу-таты болып жүргенінде Мемлекеттік әнұранның қабылдануына, ұлттық валютамыздың қалыптасуына, Конституциямыздың жоғары деңгейде жазылуына, ең бастысы, ел қолына егемендіктің өтуіне айтарлықтай ат салысты.

Республикалық салық комитеті мен жер қатынастары органдарында басшылық қызметтер атқарды. Қоғамдық құрылыс пен шаруашылық жүргізудің бұрын-соңды тәжірибеде болмаған ісіне де бел шеше кірісіп, ескі жүйенің жаңаша қайта құрылуына барынша атсалысты. Өйткені, Рымбек талай замандасына соққы болып тиген нарықтық экономиканың артықшылығын сезінген, тереңірек түсінген. Ел енді ғана ұғына бастаған орта бизнесті ол сол кезде-ақ шыр үйірген еді. Қазіргі «Ақмола-Бетон» зауыты – сол тұстағы еңбегінің жемісі.

Бұл ЖШС-ның елорда құрылысының қарқынды жүруіне зор үлес қосып келе жатқанын айту-ымыз керек. Жүз елудей адамды жұмыспен қамтығанын да естен шығармағанымыз жөн. Зауыт жұмыскерлері жатақханамен қамтылған.

Рымбек қарияны атымтай жомарттардың қатарына ойланбастан қосуға болады. Оның шапағатын көргендер жүздеп саналады. Ел-басы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатын әркез қолдап отыратын ол өз ниетін нақты ісімен де көрсетіп бақты. Айталық, иек астындағы қиын-қыстау жылдары туған ауылы Ақтоғайда дәрігер мамандарын тұрақтандыру үшін аудан орталығынан үш бөлмелі үй салып берді. Мектептердің, балабақшалардың, кәсіптік техникалық оқу орындарының материалдық-техникалық базаларын нығайтуға септесті. Жергілікті зиялылардың да талай қажетіне жарағаны бар. «Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақпаев секілді Алаштың ардақтылары дүниеге келген туған жерімнен ешқашан алыстап кеткен емеспін, қолымнан келсе көмектесіп тұрамын. Ақтоғай десе барым-ды ақтарып салғым келеді» дейді өзі. Осындай игі істерін елеген аудан басшылығы «Ақтоғай ауданының құрметті азаматы» атағын берді.

Сөз басында Рымбек атаның аузы дуалы, сөзі уәлі екенін айтқанбыз. Расында, оның әр әңгімесінен өнеге-өсиет аңғарылады. Мәселен...

«Менде көп адамдар сияқты біреудің көмектескенін жасырып, бар жетістікке тек өз күшіммен ғана жеткендей көлгірсіп жүретін әдет жоқ. Ақты ақ, қараны қара деген дұрыс. Көмектескен адам сізден басқа жан таба алмағаннан кейін ғана жақсылық жасап отырған жоқ, жақсылардың ішінен таңдап алып, қол ұшын беріп отыр. Оны ұмытуға бола ма?»

«Өзін-өзі сыйламаған жан өзін өзгеге де сый-лата алады дегенге мен сенбеймін. Біз өзімізді өзіміз сыйлай алатын халықтық және ұлттық деңгейде мінез қалыптастыруымыз керек. Мінезсіз адам да, ұлт та болмайды. Кезінде сөз зергері Ғабит Мүсірепов: «Мен қазақтың қазақ болғанына жетерлік ешнәрсе бар деп ойламай-мын» деп айтқаны біздің ұрпақтарымызға ең қастерлі қасиет болып сіңуі керек».

«Білім мен ақыл бәрін де жеңеді. Ақша байлығымен рухани байлықты алмастыра алмайсың».

Осындай өрісті ойларды айта білген жанның артында ізі қалары ақиқат. Рымбектің «Көңілге түйгендерім», «Тоқырауын тоқырамасын» атты кітаптары осы сөзіміздің дәлелі. Қос туынды да талай оқырманның ой түюіне, өмірлік ұстаным қалыптастыруына ықпал еткені анық. Рым-бек атаның кітаптарын республикалық, облыстық басылым жарыса сүйіншілеп, айқын бағасын берген. Осының өзі-ақ өнегелі дүниенің қымбаттығын растайды. «Көрнекті адамдар өз елінің бағына туады» деген сөз бар. Шындығы сол, Рымбек ата бағына туған, өз жұртының бір Толағайы.

«Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді дана халқымыз. Ол өзі туған өңірден түлеген Жидебай батырдың 300 жылдығына арнап республика көлемінде Ақтоғай ауданында дүркіретіп ас берді. Батырдың атындағы округ орталығында сәнді ескерткіш орнатты. Белгілі басылымдар, республикалық телеарналар арнайы репортаждар беріп, елге батырды таныстырған.

Рымбек ата әр сөзінде «Жаманның жек көруі – жақсылықтың белгісі» дейді. Бұл шығыс шайыры Омар Хаямның «Адамдардың пайдалысы – адамдарға пайда келтіргендер» деген өсиетімен үндеседі түйсінген жанға. Біле білсек, біздің кейіпкеріміз басшылық ететін «Ақмола-Бетон» зауыты соңғы он жыл ішінде Астанаға 1 миллион 040 965 куб бетон, мыңдаған фундаментті блок, есік, терезе маңдайшаларын берген екен. Осы жылдар ішінде бас шаһар қазынасына 615 миллион 599 974 теңге салық төлеген. Ең бастысы, 12 миллион 694 845 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті. Әлбетте, бұлай қол ұшын созу үшін де ерен ерліктің иесі болу қажет, атымтай жомарттық керек. Мемлекет осындай қолдаудың нәтижесінде көркейеді, осындай азаматтарымен ілгерілейді емес пе?

Жаратушы адам баласына «Өзің қандай болсаң, жарыңды да сондай

етіп қосамын» депті. Рымбек атаның жұбайы да өзіне сай. Апамыз Бәзиля Қалиқызының мамандығы – дәрігер. Ресейдің Кемерово қаласының тумасы. Қалың орыстың қақ ор-тасынан келсе де, қазақы қонақжайлығын жоғалтпаған, төрінен кісі үзілмейді. Маңдайын шытпай күтіп алады, асты-үстіне түсіп шығарып салады. Өзі де өте сұлу, реңді адам. Қос қария бүгінде сегіз немере, екі шөбере сүйіп, тәрбиелеп отыр.

Серікгүл СҰЛТАНҚАЖЫ

Page 6: 77 (3134) 2014-07-15

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Оның бәрі-баршасында, әсіресе, қоғам мен адам қатынасын, өмір мен уақыт шындықтарын,

дәстүр мен дін сабақтастығын, қарым-қатынас мәдениеті мен с ы й л а с т ы қ с ы р ы н , д а ң қ п е н дақпыртты, ата мен немерені, әке мен баланы, ене мен келінді, жақсы мен жаманды, өмір мен өлімді, достық пен қастықты, тәлім-тәрбие арналарын әзіл-күлкі, сын-сықақ, ш ы м ш ы м а - ш а н ш ы м а т ү р і н д е қалың көпке көркем қалпында жетіп, оның өзі бейнелі бедер, ойлы өрнек, тартымды көрініс-суреттер негізінде сенімді суреттеледі. Ол, әсіресе:

Тілімді түйреуіштей сүйір етіп,Қойды мені сықаққа үйір етіп.Жақсыға өзім деген залалым жоқ,Кетемін жамандарды қиып өтіп,- деп авторлық ұстанымнан, өткір

ұшталған қалам қуатынан, жан-жүректің тебіреніс-тербелістері мен көңіл толқындарынан, шы-мыр шумақ пен ұтымды ойлар-дан, бастысы, әрине, әзіл-күлкі, сын-сықақ мұратынан ақиқат пен әділеттілікті жақтайтыны, жаңалық-жақсылықты қуана қарсы алатыны, шынайы шындық жолын бар асылдан да биік қоятыны айқын аңғарылады. Керісінше, қоғамдағы келеңсіз көрініс-құбылыстарға, адамдар арасында ар-ожданды а я қ қ а т а п т а п , н а м ы с т ы і с т е босбелбеулік танытатын кереғар жайттарға, жағымпаздық пен жатыпатарларға, көзжұмбайлар мен мақтампаздарға, дүниеқоңыздық пен тоғышарлыққа, сұсты да сиықсыз «белсенділердің» даңқ пен дақпыртқа толы тақталасты тірліктеріне, бастысы, «маймыл-құда, түлкі-достық» сынды жеңілдің үсті, ауырдың астымен «тірлік-тынысын» жалғастыратындарға жаны төзбейтіні, жолсыз жаза мен негізсіз кінарат-қаралауларға атүсті қарамайтыны әзіл-қалжың, с ы н - с ы қ а қ т ү р і н д е ж ү й е л і жеткізіледі. Қысқасы, аңдамай сөйлегенді ауыртпай өлтіріп, ой-нап сөйлегендерге ойлап сөйлеу қажеттілігін қысқа-нұсқа үлгіде, ақыл-парасат аясында, талғам

таразысы мен ойлы өрнектер арқылы ұтымды жеткізеді. Осының негізінде: «Сықақ – от қой кеселді өртейтұғын» деп тіл-түйреуіштің тегеурінді қуат-күшіне қатысты түйінді тұжырымдар жасайды.

Жасынан өжет, бірбет болып өскен Ш.Смаханұлы ауыл-елде жүргенде ағайын-туысқа, құрдас-көршіге алуан үлгіде өлеңнен алқа тағып, «ақын бала» атанады. Көзіне-көңіліне ұнамаған қайсыбір құбылыс-көріністерді, кеудесімен көкті, танауымен тауды тіреген әкім-қараларды, желіккен жеңгейлер мен желпінген бозбала-бойжеткендерді өлең өрімімен өрнектеп, оның өзін көбіне әзіл-әжуаға айналдырып,

сын-сықақпен мінеп, шымшы-ма-шаншымамен түйреп жүрген кездері көп болады. Ауыл-елде сын-сықақ жазып, «шатақ Шақар» атанатыны да осы тұс. Ол мектеп партасынан, төменгі сыныптан басталған ақиқатқа, өмірге, өлең-өнерге құштарлық хақында былай дейді: «Әсте сатирик болсам» деп армандамадым десем, өтірік айтқан боп шығар едім... Кейін мұғалім болып жүріп те, өлеңнен қолымды үзгенім жоқ. Ауданда

мұғалімдердің август конферен-циясы өтер кезде «Жанды га-зет» шығаратынбыз. Бұл қабырға газеті де менің шымшыма, шан-шымаларыма көп орын беретін. Жазғандарым республикалық газет-журналдарда да көрініп жүретін». Ұстаздық қызметтен кейінгі еңбек орны – «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері» газеттері мен «Ара» журналы болды. Ол туралы: «Қай газет-те, иә журналда жұмыс істейін, журналистік өмірдегі мақсатым айқын болды, ол – белең алған кемшіліктерді аяусыз сынау еді» деп жазды Шона естеліктерінде.

Ш.Смаханұлының адами әлемі

мен әдеби мұрасы – М.Әуезов, С . М ұ қ а н о в , Ғ . М ү с і р е п о в , М . Қ а р а т а е в , З . Қ а б д о л о в , С . Қ и р а б а е в , Т . Қ о ж а к е е в , Т . К ә к і ш е в , Р . Н ұ р ғ а л и , Ж . Д ә д е б а е в , Н . О м а ш ұ л ы , Ә . А с ы л б е к о в , М . С е р ғ а л и е в , М.Тілеужанов, С.Адамбеков, М.Рәш, Ғ.Қабышев, К.Әмірбек, т.б. ізденіс, зерттеулерінен кең орын алды. Ол қазақ мектебін, балабақшасын, ана тілін – ұлттық мұраттың қайнар бастауы ретінде

қарап, бұл бағытта алу-ан ізденіс, игілікті істер атқарды. Оның бәрінен болашаққа үміт-сенім айқын аңғарылады. Ұлт пен ұрпаққа берілгендік бар. Әрі ұлтым, ұрпағым, тілім деген жанайқайы а н ы қ - қ а н ы қ е с т і л і п тұрды.

Ш . С м а х а н ұ л ы н ы ң сын-сықақтары қоғамда, ө м і р д е о р ы н а л ғ а н келеңсіз көріністерді,

а д а м д а р қ а т ы н а с ы м е н і с -әрекеттеріндегі жайсыз, ұнамсыз жағдаяттарды, айнала-әлемдегі кереғар, оғаш «таныс-бейта-н ы с » қ ұ б ы л ы с т а р д ы б а с т ы арқау етеді. Сол арқылы тарих тағылымдарын, кеше-бүгін байла-нысын, ұлттық-дәстүр өнегелерін, д і н қ ұ н д ы л ы қ т а р ы н , т ә л і м -тәрбие арналарын алға тартады. Ақын-сатирик шығармашылық мұрасының айшықты бөліг ін ән-өлең құрайды. Бұл бағыт-

арналардан да ақынның өлең-өнеріне, адам әлеміне, өмірге құштарлығы байқалады.

« А й н а б ұ л а қ » ( 1 9 8 9 ) а т т ы ә н - ө л е ң д е р ж и н а ғ ы н а е н г е н шығармалар автордың қатаң талап-сүзгісінен өткен. Әрбір ән-өлең тақырып, жанр, мазмұн-құрылымы тұрғысынан жүйелі түзіліс құрап, белгілі бір мақсат-мұраттарға негізделеді. Халық өмірімен, ел-жер тағдырымен, дәстүр мен дін сабақтастығымен, тарих-таным тоғысымен, танымал тұлғалардың тағдыр-талайымен тығыз байланыс-та беріледі. Маңыздысы, ұлт руха-нияты, ел-жер мұраты, Отан мен отбасы, ана мен бала, тәлім-тәрбие арналары айрықша мәнге, өзгеше сипаттарға ие болады. «Айнабұлақ» ән-өлеңдер жинағы «Әнді сүйсең, менше сүй» деген алғы сөзден және «Моншақ өлеңдер», «Махаббат-сыз дүние бос...», «Әзілің жарасса – ән шырқа», «Жұлдыздарға жол салсақ» деген бөлімдерден тұрады.

Ән-өлеңдер жинағына енген ту-

Page 7: 77 (3134) 2014-07-15

7www.astana-akshamy.kz

ындылар табиғаты мен құрылымы, тақырыбы мен мазмұны тұрғысынан ерекшеленеді әрі көзқарас пен қолтаңба мәнері байқалады. Бас-тысы, кітап авторының өзі айт-қанындай: «...Әдебиеттің басқа жанрында – сатира саласында жүріп, жылына орта есеппен төрт-бес әнге ғана текст жазған екенмін. Демек, ән жазу қиынның қиыны дер едім. Әнін Мыңжасар Маңғытаев шығарған «Фараби сағынышын» жазу үшін алдымен ұлы ғалымның өмір жо-лын, трактаттарын оқып шықтым. Ән өлеңдерінің сөзі түгелге жуық ашық дауысты болғаны жөн. Айты-лып жүрген ән текстерінің басым көпшілігі қысаң дыбысты сөздерге толы. Бұл әншінің кеуде кере шыр-қауына кедергі жасайды.

...Біздің ән өнерімізде лирикалық-философиялық өлеңдер тым аз. Ал, әзіл әндер жоққа тән десе болғандай. «Бұтасына дейін ән салып» тұратын өнерпаз халқымыз үшін мұндай өлеңдер керек-ақ!».

Ән-өлеңдер жинағына енген «Отаным», «Қасиетті кең далам», «Ардақты ана», «Анамның ақ сүтіндей», «Ұшыңдар, қанатты достарым», «Айнабұлақ», «Жер-Ананы сақтайық», «Туған жерім – жүрегім», «Мұғалімдер жыры», «Алтыбақан», «Әжейдің бесік жыры», «Анамның тілі – аяулы үні», «Ортеке», «Тұсаукесер» сынды туындылар тақырыптық-мазмұндық һәм көркемдік-эстетикалық қуа-тымен, әуендік-саздық сипатта-рымен мәнді болып табылады. Ел-жердің қасиет-құдіреті, тарих пен таным тоғысы, тұлғалар тағдыры мен талқысы, ұлт пен ұрпақ, бейбіт күн, өмір өнегесі, ұстаз ұлағаты, дәстүр мен сабақтастық, татулық пен туыстық, сыйластық сырлары кең орын алады.

Ақынның «Ай арба», «Айға аттанамын, апа», «Ешкімелер», «Күйік құлақ», «Сүйікті ұстазым – мектебім», «Тасып жатыр Та-ласым» сынды балаларға арналған өлеңдері тақырыбы тұрғысынан ізденісі мол, мазмұн жағынан қызық көрініс, оқиғаларға негізделген әрі анық-қанық, қысқа-нұсқа, нақышты өрнек, өнегелі өрімдерімен де жеңіл жеткізіледі.

Ақынның «Таң нұрындай От-аным» атты ән-өлең (әуені – Ж.Тұрсынбаевтікі) Отан, ел-жер, достық, тарих-таным, дәстүр-дін, жақын-жуық, туыстық туралы толғам-толғаныстарына толы. Айталық, Отанның мәні мен нәрі көз бен таңның нұрымен салысты-рылса, қазақ ұлты ана мен бала, бесік төңірегінде өріс алады. Ал, достық баршаға ортақ құбылыс ретінде есте қалады. Мұның бәрі, сөз жоқ, ел-жер, Отанның қадір-қасиетін арттыра түседі. Жас ұрпаққа ұлт мұратын, руханият арналарын кең көлемде көрсетуде мәні мол. Өлең-өнердің мәтін құрылымына назар аударып, оқып көрелік:

Сенде ғана жаралдым,Таң нұрындай Отаным.Сенен ғана нәр алдым,Көз нұрындай Отаным.Қайырмасы:Шоқ жұлдыздай көктегі,Бауырласып көп елмен.

Достық күйін шерткелі,Көсегеміз көгерген.Ана сүтін арда емген,Ақпейілді қазақпын.Бесік болып тербеген,Алтын қанат азат күн.Осындағы: «Ана сүтін арда ем-

ген», «Достық күйін шерткелі», «Бесік болып тербеген», «Көсе-геміз көгерген» сынды ән-өлең жолдарында ұлт пен ұрпаққа қатысты кеңдік пен кемелдік, дәстүр мен дін сабақтастығы, та-рих пен таным тоғысы, болашақ бағдары, арман-аңсарлар, сағыныш пен сүйіспеншілік сынды жоғары сезім, аялау мен бағалауға қатысты ұлттық құндылықтар бар. Басты-сы, азаттық идеясы, тәуелсіздік мұраттары, патриоттық серпін айқын аңғарылады. Ел-жердің мәні, Отанның құдірет-күші де жіті таны-лады. Халықтар достығы, татулық пен туыстық сырлары да мол.

« Ф а р а б и с а ғ ы н ы ш ы » ә н -өлеңінде (әні: М.Маңғытаев) өмірі мен өнегесі даналық пен даралықтан тұратын тұғырлы тұлға Әбу Насыр әл-Фарабидің даңқты бейнесі мен орны, біліми-ғылыми ғұмыры, сағыныш пен сүйіспеншілікке негізделген ада-ми болмысы кең орын алады. Ән-өлеңнің табиғаты мен мәтін құрылымы, сағыныш сазы мен сүйіспеншілік сезімі төмендегіше түзіліс құрайды:

Өткіздім қилы өмірдің бәрін бастан,Елім де, жерім де көп бауыр басқан.Дариға-ай, туған жерді ойлағанда,Жас шығар жастық болғанқара тастан.Қайырмасы:

Түсесің еске,Түсесің еске,Ерте ме, кеш пе,Жейдемді желмен жуған жер.Ерте ме, кеш пе,Жетемін саған, туған жер.Сағындым. Сағындым-ау қайран елім,Қанатын кең дүнияға жайған елім.Өмірге қайта келіп, қайтып барсам,Бағыңда бұлбұлың боп сайрар едім.Немесе:Бір уыс қалтамда жүр топырағың,Армысың, аманбысың, Отырарым?Кетпейді көкейімнен бала күнгі,Көктемде гүл жамылған атырабың.Қайырмасы:Өкінбен өткен өмір бұрқағына,Сенемін тағдырымның нұр таңына.Жұлдыздай сәуле шашқан ғарыштағы,Сенемін келер күнге, ұрпағыма.Ән-өлең мұратынан ел-жердің

қасиет-құдіреті, өмір-дүние сыры, Отырар топырағы, тарих-таным арналары айқын аңғарылады. Ұлт пен ұрпақ байланысы, өмір-тағдыр тағылымы, жастық шақ әсерлері, табиғат тамашалары адам әлемімен астасып, сыр-сезім тұтастығын алуан бояу-бедермен өрнектеп, жан жылуы мен мейірім шуағын бел-белесті, көркем көріністі көкжиектермен әспеттеп, оған өзгеше мән-нәр беріп, әсер-сазға толы ерекше екпін, соны сипаттар дарытады.

Ш.Смаханұлының ән-өлеңдері арасында – Ана орны, оны ая-

лау мен бағалау мәні жан-жақты көрінген, мектеп ісі мен ұстаз ұлағаты, ұлттық тіл мұраты мен маңызы кеңінен ашылған, оған алу-ан үлгі-өрнекті арқау еткен әрі кең тараған туындысы «Анамның тілі – аяулы үні» (әуені: Ә.Тінәлиев) деп аталады.

Мектеп оқулықтарынан бастап, ұлттық әндер жинағынан берік орын алған бұл ән-өлең – ұлт бай-лығы – тіл, өмір нұры – ана мен бала, оның тәлім-тәрбиесі туралы терең мәнді, алуан қырлы, мың сан сырлы ойлар мен толғаныстарға толы. Ән-өлеңнің мазмұн жүйесі, мәтін құрылымы, рухани байлығына қатысты тағылымды тұстарынан өмір-думан мәні, байтақ ел сипаты, ана тілінің қасиет-құдіреті, жүрек нұры, арайлы таң мен самал желдің өзіндік өзгешеліктері ерекше екпін-серпінімен назар аударады.

Өмірге келдімАнамды көрдім,Деді ол: «Жаным»,Арайлы таңым.Самал боп желпіп,Жырымен елтіп,Үйретті тынбайБал тілін, әнін.Қайырмасы:Анамның тілі – айбыным менің,Анамның тілі – Ай, Күнім менің!Сүйемін байтақ елімді туған,Сүйемін мәңгі өмірді думан.Келесі кезекте мектеп мұраты

мен ұстаз ұлағаты айқындалып, ана тілінің мол мүмкіндіктері кеңінен көрініс береді:

Мектепке келдім,Ұстазды көрдім,Тыңдадым сөзінТабынып, сүйіп.Анамның тілі-Аяулы үні.Жүрекке нұрынЖіберді құйып.Немесе, соңғы бөліктегі:Көңілге көрік,Өмірге серік.Әсем ән-жыр,Қайрат, қуатым,Сөйлесем мыңға,Өрлесем шыңға.Анамның тілі –Асыл мұратым,- деген жолдардан өмірдің мәні

мен нәрі – өлең-жыр екендігі, ондағы қайрат пен қуат, жігер мен намыс оты «Анамның тілі – аяулы үні» болып табылатындығы анық көрінеді.

Д е м е к , Ш . С м а х а н ұ л ы н ы ң ән-өлең мұрасы қоғам-кезең көріністерінен бастап адам өмірі мен еңбегін, ұлт пен ұрпақ сабақ-тастығын, дәстүр мен дінді, тарих пен танымды, тіл мұратын, тәлім-тәрбие арналарын, жан-жануарлар әлемін, халықаралық тақырыптарға а р н а л ғ а н а с а а у қ ы м д ы ә р і тым шетін мәселелердің бәрі-баршасын тамыршыдай тап ба-сып, жіті бақылап, сергек саралай-ды. Жан-жүрек қозғалысы, көңіл толқындары, көзқарас мұраттары да айшықты бедер, өрнекті өріс-өнегесімен көркемдік мәнге ие болып, реалистік сипат алып, жүйелі жеткізіледі. Осы орай-да, әдебиет зертеушісі, профес-сор Ж.Дәдебаевтың тану мен

талдауға, ойлар мен толғаныстарға негізделген көзқарастарының маңызы зор. «Шона Смаханұлының әдеби мұрасының басты саласын сықақ, мысал жанрында жазылған шығармалар құрайды. Ақынның сықақ өлеңдері негізінен, белгілі бір ғана ой айналасына құрылады әрі етек-жеңі жинақы, көлемі жағынан шағын болып келеді. Олардың қай-қайсысында да адам бойындағы кемшілікке, қоғамдағы олқылыққа сын айтылады. Ақын айтқан сынның өзі бірде әжуа, бірде мазақ, бірде келеке түрінде келіп, әлденеше құбылып отырады да көркемдік-эстетикалық тұрғыда мейлінше әсерлі. Ақынның сын-шыл ойы көбінесе өсек-өтірік, мақтаншақ, еріншек, жалақорлық пен пәлеқорлық, қулық пен сұмдық секілді кісі бойындағы оңбаған қылық пен құлықты аяусыз әшке-релеп, адам болам деген азаматты олардан аулақ болуға, абай болуға шақырады» дейді ол.

Ш.Смаханұлының шығар ма-шылық мұрасына байыппен ден қойып, көркемдік кеңістігіне жіті назар аударар болсақ:

* алуан ізденіс арналарын;* қоғам, кезең көріністері мен

өмір, уақыт сырларын;* қазақ әдебиетінің сатира сала-

сына ұлттық үрдіс қалыптастырып, өмір шындықтарын реалистік си-патта шебер, шешен суреттейтінін;

* сатиралық жанрлар арқылы әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-рухани мәселелерді тереңнен толғап, «түйреуіштей түйреп», өткір ой, уытты юмор, әз іл-оспақтармен серпінді, сенімді сөз ететінін;

* сын-сықақтар мен шаншыма-шымшымалар шағын көлем арқылы қоғамдық құбылыстарды, адам әлемінің мың сан қырларын бай мазмұн, кемел ойға құрып, әрекет-қимыл, алуан көріністер шынайы шындықтарымен, сенімді сипатта-рымен табиғи өріс алатынын;

* сатиралық поэзия, проза арқылы әдеби сюжеттерді, көркемдік өрнектерді, символдық образдар-ды, поэтикалық компоненттерді табиғи көрініс, нақтылы бедер, сенімді суреттермен жеткізетінін;

* жекелеген еңбектерден, әңгіме-фельетондарын, туындылардан, ән-өлең мұрасынан жанрлық-к ө р к е м д і к е р е к ш е л і к т е р д і , т і л м ү м к і н д і к т е р і н , с т и л д і к қ ұ б ы л ы с т а р д ы к ө р к е м көрсететінін;

* с а т и р а л ы қ т у ы н д ы л а р -дан тақырып табиғаты, өмір шындығы мен көркемдік шешім, дәстүр жалғастығы мен уақыт үндестігі, шығармашылық ше-берлік, шешендік сынды белгі-е р е к ш е л і к т е р б а р қ ы р ы н а н жарқырай көрініп, айшықты-нақышты, кең өрісті сипат ала-д ы . Ш . С м а х а н ұ л ы ш ы ғ а р м а -ш ы л ы ғ ы н ы ң ш ы н а й ы ш ы н -дығы,әлеуметтік мәні мен көр-кем дік кеңістігі, мәдени-рухани бай лығы мен тағылымы осы.

Рақымжан ТҰРЫСБЕК, филология ғылымдарының

докторы, профессор

Page 8: 77 (3134) 2014-07-15

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

№ 107-890Астана қаласы 29.05.2014

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы «__» _______

№ ________ қаулысына 1-қосымша

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне1 қосымша

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша

Page 9: 77 (3134) 2014-07-15

9www.astana-akshamy.kz

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

4-қосымша

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы «__» _______

№ ________ қаулысына 2-қосымша

«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық

немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық

немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Page 10: 77 (3134) 2014-07-15

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша

-

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы «__» _______

№ ________ қаулысына 3-қосымша

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы

қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған

балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра

ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне1-қосымша

9-

5 .

20

.

- -

Page 11: 77 (3134) 2014-07-15

11www.astana-akshamy.kz

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы

қорына, банктерге, ішкі істер ор-гандарына кәмелетке толмаған

балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған

балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

-

-

«

» -

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра

ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға

мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымша

-

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы «__» _______

№ ________ қаулысына 4-қосымша

Page 12: 77 (3134) 2014-07-15

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі

мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық

немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын

органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне1-қосымша

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында

тиесілі мүлікпен жасала-тын мәмілелерді ресімдеу

үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша

функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын

органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне3-қосымша

«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын

беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне4-қосымша

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы «__» _______

№ ________ қаулысына 5-қосымша

Page 13: 77 (3134) 2014-07-15

13www.astana-akshamy.kz

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген

санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

-

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің

жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

-

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы «__» _______

№ ________ қаулысына 6-қосымша

-

9-

8

20

Page 14: 77 (3134) 2014-07-15

14www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

№ 111-893Астана қаласы 03.06.2014

9

Астана қаласы әкімдігінің2014 жылғы «__» _____

№ ______қаулысына 1-қосымша

Астана қаласы әкімдігінің2014 жылғы «__» _____

№ ______қаулысына 2-қосымша

9

Астана қаласы әкімдігінің2014 жылғы «__» _____

№ ______қаулысына 3-қосымша

Астана қаласы әкімдігінің2014 жылғы «__» _____

№ ______қаулысына 4-қосымша

Астана қаласы әкімдігінің2014 жылғы «__» _____

№ ______қаулысына 5-қосымша

Астана қаласы әкімдігінің2014 жылғы «__» _____

№ ______қаулысына 6-қосымша

09.07.2014 273/37-VАстана қаласы

Астана қаласы мәслихатының2014 жылғы 9 шілдесіндегі

№ 273/37-V шешіміне қосымша

Page 15: 77 (3134) 2014-07-15

15www.astana-akshamy.kz

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Ò

Азаматтардың мемлекеттік органдардағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орна-ласу үшін конкурстарға қатысу кезіндегі алаяқтық жағдайларын болдырмау мақ-сатында сертификаттарды онлайн-тексеру жүйесі іске қосылды. Бұл жұйе ағымдағы жылдың наурызынан бастап жұмыс істеп келеді.

Агенттіктің www.ky zmet.gov.kz сай-тында, «Тестілеу» айдарының «Тестілеу нәтижелері» бөліміне азаматтың ЖСН-ін енгізгенде арнайы бағдарлама оның ТАӘ, тестілеуден өткен күнін, «Өтті/Өтпеді» деген мәртебесін, лауазымның

с а нат ы н жә н е тес т та п с ы р ға н ө ң і р і н көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік органдарды осы бағдарламаның жұмысы жөнінде хабардар етті.

Мемлекеттік органдардың персонал-ды басқару қызметтері (кадр қызметтері) өздерінің міндеттерін атқару барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты арқылы сертификаттың түпнұсқалылығын тексеруге міндетті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігің

баспасөз қызметі

Астана қаласындағы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ ұжымы басқарма төрағасының орынбасары Жанболат Байжановқа

әкесі Қоңқыштыңқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

«Астана қаласы мәслихатының ап-параты» ММ Астана қаласы мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын, «Мемлекеттік қызмет тура-лы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Ар-намыс кодексі нормаларын бұзу мәселелері бойынша хабарлау үшін сенім телефоны нөмірін хабарлайды: 55-66-35

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы: Астана қаласы, Брусиловский көшесі,

17/3, Бизнес-орталық ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен келуге болады. Анықтама алу телефоны: 57-88-88.

«Астана қаласы Мәдениет бас қармасы» ММ қызмет-кер ле рінің ҚР мемлекеттік

қызметкерлері Ар-намыс кодексін бұзған жағ дай да 55-67-75,

55-67-74 сенім телефондарына хабар ласу-ларыңызды

сұраймыз.

Page 16: 77 (3134) 2014-07-15

16www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Осылайша жеті алтын, төрт күміс, алты қола медаль еншілеп, барлығы 17 жүлдемен бірінші орынға ие болған Қазақстанмен теңдесер ешкім болмады. Ал қалған үш салмақ бойынша алтын жүлдені Өзбекстан, Тайланд және Куба боксшыла-ры бір-бірден еншіледі. Сөйтіп, төртінші рет ұйымдастырылған д ә с т ү р л і т у р н и р д е Қ а з а қ с т а н құрамасы дәстүрден жаңылыспай, жалпы есептің тізгінін ешкімге бермеді.

49 келі салмақта өнер көрсеткен Біржан Жақыпов ақтық сында өзбекстандық Хасанбай Дусматов-тан 2:1 есебімен айласын асырса, үшінші орынға тағы бір қандасымыз Жомарт Ержан мен ресейлік Расул Салиев табан тіреді.

Ал 52 келі тартатын боксшы-лар арасынан өзбек елінің өкілі Шахобиддин Зоиров алдына жан салмаса, филиппиндік Рэй Салудар күміспен күптелді. Біздің Ілияс Сүлейменов пен Ресей боксшы-сы Гавриил Попов тиісінше қос

қоланы қанағат етуге мәжбүр болды.

56 келі тартатын боксшылар арасынан Қайрат Ералиев бәріміздің үмітімізді ақтап, биіктен көріне білді. Ол финалда тағы бір жерлесіміз Жанболат Тілегенұлын 3:0 есебімен ұтса, жартылай финалда сүрінген моңғолиялық Тугцогт Нуямбаяр мен ресейлік Зинат Жандыбаев үштікті қорытындылады.

Қ а з а қ с т а н н ы ң қ о р ж ы н ы н а кезекті алтынды салған Берік Әбдірахманов соңғы кездесуде Филиппин елінен келген Чарли Суаресті айқын басымдықпен жеңсе, осы 60 келілік боксшылар арасынан өзбекстандық Елнұр Әбдірайымов пен моңғолиялық Отгондалай да жүлдегер атанды.

Ал 64 келідегі Алмасбек Әлібеков ұлттық құрамамыздың қоржынына қола жүлде салды. Оның әлі жас е к е н і н е с к е р с е к , б о л а ш а ғ ы н а сеніммен қарауға болады. Бұл салмақта Тайланд боксшысы Вут-тичай Масук ақтық сында кубалық

Луис Олива Генерді ұтып, жеңімпаз атанса, екінші қоланы моңғол Бат-тарсуг Чинзоринг иеленді.

Сондай-ақ, 69, 75, 81 және +91 келі салмақ дәрежелері бойынша қазақстандық боксшылар алтын-нан алқа тақты. Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ни-язымбетов, Иван Дычко сынды жігіттеріміз ел намысын абыроймен қорғап шықты. Тек 91 келі тарта-тын Антон Пинчук қана финал-да кубалық Руис Кордова Херих-тен айласын асыра алмады. Оның салмағындағы қазақстандық Асқар Абдуллаев пен өзбекстандық Рустам Тулаганов үшінші орынды місе тұтты. Ал Даниярдың салмағында өзіміздің Сағадат Рахманқұлов күміс алса, Куба және Өзбекстаннан кел-ген Арисноидис Диспэйн мен Ис-раил Мадримов қолаға қол жеткізді. Жәнібектің салмағындағы күмістің иесі – украиналық Дмитрий Митро-фанов. Үшінші орынға кубалық Ар-лен Лопез Кардона мен өзбек жігіті Хуршидбек Норматов көтерілді.

«Күмісбек» атанып кеткен бокс-шымыз Әділбек Ниязымбетов осы-лайша көптен күткен алтын жүлдеге ие болды. Оған финалда астаналық Дәурен Елеусінов айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Ал Укра-инадан келген қонақ Александр Ганзуля мен кубалық қара маржан Эммануэль Рейес үздік үштіктен көрінді.

Бұдан бөлек, аса ауыр салмақтағы айқастарда алдына қара салмаған Иван Дычкодан кейінгі орындарға Иоанди Ортега (Куба), Нұржан Бекзатов және Қамшыбек Қоңқабаев (екеуі де – қазақстандық) орналас-ты.

Жарыс қорытындысы бойынша, жеңімпаздарға 4000 АҚШ доллары ұсынылса, әр «алтын» боксшының бапкері 2000 доллар көлеміндегі сыйақыны қалтаға басты. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тара-пынан екінші, үшінші орын иелен-гендер үшін 2000 және 1000 АҚШ доллары берілді.

О с ы л а й ш а т а ғ ы б і р біріншілікті тарих беттеріне қаттап қойдық. Түн ұйқымызды төрт бөлген жарыс бір айға со-зылып барып тәмамдалды. Енді сағызша созылған статистикаға ж ү г і н і п , т у р н и р д і ң е с е п -қисабына үңілу ғана қалды.

Финалдық матчта 90 минут өткенше көпшілік күткендей тартысты ойын болмады десек, қателеспейміз. Әп дегеннен қай-қайсысы да аса сақтықпен ойнау-ды жөн көріп, шабуылға бірден кірісе қоймады. Допқа иелік ету жағынан «Бавария» мен «Бо-руссиядан» іріктелген жігіттер қарсыластардан оқ бойы озық болса да, әлсін-әлсін тез шабуыл

Бетт

і дай

ынд

аған

: Нұр

исла

м Қ

ҰСП

АНҒА

ЛИ ұйымдастыру мәнерінен оңтүстік америкалықтар көзге жиі түсті. Сондай сәттердің бірінде Игуаин мен Паласио өздеріне берілген жүз пайыздық мүмкіндіктен ай-ы р ы л с а , а қ ж е й д е л і л е р д і ң д е бірнеше «әттеген-айына» куә болдық. Десек те, ойын қосымша қос 15 минуттықта жанданып сала берді. Екі құрама жан беріп, жан алысты. Ақыры Йоахим Лев жаттықтыратын «неміс машина-сы» 113 минутта Марио Гетце соққан жалғыз доптың арқасында әлем кубогына қол жеткізді.

Б р а з и л и я д а ғ ы б і р і н ш і л і к к е т о л ы қ т а й т ү й і н ж а с а у д ы газетіміздің алдағы нөмірлеріне қалдырдық.