55
1. Дәріс тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. 1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні 2. Пәннің мақсаты мен міндеттері. «Әдебиет- сөз өнері». Ол өнердің бір саласы. Әдебиет пәні өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, біз әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» дейді. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің қымбаттысы, ең асылыы- жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі баийды, туған тілін сүйеді, елін, адамзатты құрметтеуге деген сезімдерге тәрбиелейді.Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу үлесіне қосар үлесі үлкен. Ол жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуіне, адамгершілік сезімнің ұшталып, имандылық қасиеттердің оянуына септігін тигізеді. Сондықтан әдебиет пәнін оқытуға ерекше назар аударылады. Сонымен, әдебиетті оқытудың басты мақсаты- сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы- әдебиетті жан-жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттыолыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары мен міндеттері: 1.Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз өнері екндігі туралы ұғымдарын қалыптастыру; 2.Сөз өнері- әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білімс бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айымашылықтарын айыра білуге үйрету; 3.Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы дәстүр мен жаңашылдық, әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру;

edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

  • Upload
    others

  • View
    22

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

1. Дәріс тақырыбы:   Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері.

1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

    «Әдебиет- сөз өнері». Ол өнердің бір саласы. Әдебиет пәні өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, біз әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» дейді. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім беріп қоймайды,  ең бастысы, өмірдің қымбаттысы, ең асылыы- жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім,  әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың  рухани дүниесі баийды, туған тілін сүйеді, елін, адамзатты құрметтеуге деген сезімдерге тәрбиелейді.Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу үлесіне қосар үлесі үлкен. Ол жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуіне, адамгершілік сезімнің ұшталып, имандылық қасиеттердің оянуына септігін тигізеді. Сондықтан әдебиет пәнін оқытуға ерекше назар аударылады. Сонымен, әдебиетті оқытудың басты мақсаты-  сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы- әдебиетті жан-жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттыолыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.Мектепте әдебиеттен білім беру мақсаттары мен міндеттері:

1.Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі екендігі, өнер болғанда сөз өнері екндігі туралы ұғымдарын қалыптастыру;

2.Сөз өнері- әдебиеттің өзіндік заңдылықтары, ерекшеліктері жайында білімс бере отырып, оның басқа өнер түрлерінен айымашылықтарын айыра білуге үйрету;

3.Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып,  ондағы дәстүр мен жаңашылдық, әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру;

4.Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты, мәдениетті оқырман дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, шешен, көркем сөйлеуге, жаза білуге үйрету;

5.Көркем туындыны оқи отырып, эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, оны әдеби тұрғыдан сауатты  талдай білуге дағдыландыру;

6.Туған әдебиетіміздің өзіндік ерекшелігі, оның адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы ұғымдарын толықтыру, жетілдіру;

7.Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттегі- білім берудегі маңызы туралы білімдкерін қалыптастыру;

Тәрбиелік жағынан:

8.Эстетикалық сезімдерін, талғамдарын тәрбиелеу, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке- адамдық барлық жақсы қасиеттерге баулу. Туған халқының тілі, оның әдебиеитіне деген қызығушылығына әсер ету.   Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе- мұғалімнің оқытуы, екінші

Page 2: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

мәселе- оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының ара-қатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Сонымен, әдіс-тәсіл де  оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді.

2-3.Дәрістің тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы.

1. Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы

2. 1917 жылға дейінгі әдістеме

3. Кеңестік дәуірде әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуы

4. 1990-2000 жылдары жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер

Қазақ әдебиеті әдістемесі  өзінің қалыптасу және даму тарихында мектепте әдебиетті оқытуды оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге қызмет ете отырып, өзгеріп отыратын дәуір талаптарына сай белгілі бір бағыттарда басым дамығаны байқалады. 1917 жылға дейін қазақ жерінде үш түрлі мектеп өмір сүрген.Олар: қадым мектебі, жәдит мектебі және медреселік білім беру жүйесі. Қадим мектебінің басты мақсаты құранның сүресін танытып, тілін калимаға келтіру болды.Қадим оқуында әріп таныған балаға әптиек, шаркітап, софы аллияр, пікайдан, құран сүрелерін үйрететін болған. Ал, жәдит мектебі татар жәдитшілерінің тәжірибесіне сүйенген Ислам дінінің догмаларын үйрететін, догмалық ми қатырғыш мектебі болды. Буржуазиялық қарым-қатынастың тууымен қатар медреселік білім беру жүйесі пайда болды. Медреседе негізінен бай-шонжарлардлың балалары білім алды. Бұл мектептердің әрқайсысының өзіндік кемшіліктері болды. Білім алушылар құдайды тану, шариғат заңын үйрену, мұсылмандыққа баулу  тәрізді дүниелерді үйренуден әрі аспады. Жалпы қарапайым халықтың сауатын ашатын, жүйелі білім беретін мектептер болмады. Қазақ даласына келген орыс демократтарының оқу жүйесіне негізделген мектептер ашыла бастады. Торғай өңірінде тұңғыш ашылған қазақ мектептері елге жаңа серпіліс әкелді. Халықтың сауаттылығын ашуға, білімін жетілдіруге мүмкіндіктер туды. Тіпті, қазақ қыздарының да білім алуына жағдайлар туды.. Арнайы кәсіптік білім беру орындары ашылып, белгілі бір мамандық алуға да болатын еді.   Кеңестік дәуірде әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. 1917-1927 жылдарда әдебиет пәні кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану  құралы ретінде оқытылды. Тарихта болған бұрмалаушылықтар әдебиетке де өз әсерін тигізбей қоймады. Ал, 1928-1938 жылдары әдебиет мектептік жүйеге негізделмеген тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылды. БКП(б) орталық комитетінің 1931-1932 жылдардағы «Бастауыш және орта мектептер» туралы қос қаулы мектепте әдеби білімді жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқыту тиімділігін арттырудың бағыт-бағдарын белгілеп берді. 1939-1990 жылдары КСРО-да халыққа білім беру  жүйесі одан әрі жетіле түсті.1958, 1985 жылдары мектеп реформалары жаңартылды.  Бұл реформалардың мектепте әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген әсері зор болды.1970-1972 жылдары «Литература в школе» журналының бетіндегі оқыту сапасын жақсарту, оқытудың жаңа әдістерін іздестіру мақсатындағы пікірталастардың маңызы ерекше. Орыс әдебиетін оқытудағы  әдістемелік тәжірибелер қазақ мектебіндегі  әдебиетті оқыту ісін жетілдіруге және ғылыми-әдістемелік зерттеулердің қанат жаюына тигізген әсері көп болды. 1990-2000 жылдары жалпы және орта білім беру жүйесінде әр түрлі  тарихи-әлеуметтік себептерге байланысты түбегейлі өзгеріс болды.Қазақтың ұлттық мектебі тұжырымдамасы дүниеге келді. Ұлттық мектеп тұжырымдамасы  ұсынған болашақ мектеп үлгісі мен білім берудегі  жаңа жүйенің кеңестік білім жүйесінен айырмашылықтары болды.  Оқытудың жаңа технологиялары жүзеге аса бастады. Оның елімізде ғылыми-әдістемелік  ізденістерді байыта түсуге тигізген ықпал-әсерлері мол.

Page 3: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

4-5.Дәрістің тақырыбы:  Жалпы  білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы.

1. Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар

2. Қазақ әдебиетінің жаңартылған бағдарламасы

Әдебиеттің адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі. «Өнер алды- қызыл тіл» деп, халық даналығы айтқандай, әдебиет сөз, тіл өнері.«Әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды және оқу жылдары бойынша бөлінген бөлімдер мен тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат бағдарлама деп аталады».

Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар оқу пәнінің белгілеу формасы болып табылады және білім мазмұнын нақты оқу үрдісіне енгізу үшін жоспарланған мазмұнның іске асырылуы үшін қызмет етеді. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасу үрдісінде негізгі басымдылық бағдарламаға берілген. Қазақ әдебиетін  дербес пән ретінде  оқыту 30 жылдардан басталып, 1932 жылы шыққан бағдарлама  әдістеме тарихындағы әдістемелік туынды болды. Қазақ әдебиетінен бірінші оқу бағдарламасы ретінде тарихи маңіызды болып табылатын бұл құжат бағдарламалық мазмұннан алыс, негізінен тізім түрінде көбіне қоғамдық, саяси тақырыптағы туындылардан құрылған еді. Тек 1934 жылы ғана тарихи- әдебиетік жүйемен тізілген таза әдебиет бағдарламасы жасалды. Алайда мұнда да көркем мәтіндерді оқытудың әдіс-тәсілдері тиісті дәрежеде көрсетілмеді.

     1937 жылдың желтоқсанында өткізілген тіл және әдебиет мұғалімдерінің республикалық кеңесінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту сапасының жайы, тұрақты оқулықтар мен программалар жасаудың мәселелері» талқыға салынып, соның қортындылары бойынша 1937-1938 оқу жылында ана тілі мен қазақ әдебиетінің программасы жасалынып, оның негізінде оқулықтар жазылды. Ү-Х сыныптарға арналған бағдарламада әдебиетті мектепте оқыту , Ү-ҮІІ сыныптар үшін «Әдебиеттік оқу», ҮІІ-Х сыныптар үшін «Тарихи әдебиеттік курс» деген атпен беріліп, екі сатыға салынып көрсетілді. Мұнда әдебиетті оқыту әдістеріне біршама көңіл бөлініп, шығарманың көркемдік-идеялық мазмұнын ұғындыруға бағыт алынды. Ал бағдарламаның әдістемелік нұсқауларының кеңейтілуі 1941 жылы жетілдіріп шығарылған бағдарламада көрініс тапты. Бұл бағдарлама бұрынғы бағдарламаларға  қарағканда әдістемелік, білімдік жағынан әлдеқайда сапалы екенін танытты. Сөйтіп, бұл бағдарлама 1947 жылға дейін қолданылып келді.

   Кезіндегі идеялогиялық мәселелерді қайта құру  жөніндегі  науқандық шараларға байланысты 1947 жылы қазақ әдебиетінің жаңа бағдарламасы шыққанымен , оның саяси идеялық деңгейін қайта қарастырып, 1951 жылы жаңа бағдарлама жарық көрді. 1952 жылғы шыққан бағдарламада оқытылатын көркем шығармаларды  маркстік-лениндік ғылым тұрғысынан қайта қарап,  іріктеп енгізумен бірге, ол шығармаларды оқып үйренудегі жұмыс түрлері , әдіс-амалдары көрсетілді.1950-1960 жылдардың арасында бұл идеялогиялық нұсқаулардың біржола орнықтырылуымен байланысты 1954 жылы әдебиет бағдарламасы жаңартылып басылып, оның басты бағыттары содан кейінгі бағдарламалар негізінде сақталынып отырды.

    Содан кейінгі қазақ әдебиетінің жаңартылған бағдарламасы 1967 жылы басталып, 1972 жылы мектептердің жаңа бағдарламаларға көшуі қарсаңында, яғни 1972-1973 оқу жылдарында біршама өзгертіліп шығарылды. Сонымен қазақ әдебиетін мектепте оқыту үшін жасалынып келген оқу бағдарламаларының даму, қалыптасу жолын шолатын болсақ, 1940-1990 жылдар аралығында уақыт талабына және үстем идеологиялық саясат ықпалынан кейбір түзетулер болып отырғанымен, негізі сақталып келгенін, оқу

Page 4: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

бағдарламалары мен оқулықтардың тұрақтану қалпында болғанын айтуға негіз бар. Бұл бағдарламалардың негізі ұстанымдарында  тарихилық, партиялық, концентристік (өрлемелі қайталаулар) ұстанымдар алынды. Осындағы концентристік ұстанымның бүгінгі бағдарламаларға әлі де өзек болып отырғанын айта кету жөн. Бүгінгі оқу бағдарламаларының негізінен партиялық ұстанымды алып тастағанымен бағдарлама жасаудың қалған дәстүрлері мен қалған тәжірибесі сақталып келе жатқаны мәлім.

 6-7. Дәрістің тақырыбы: Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби жоспарлау әдістері.

1. Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы

2. Тарихи-әдеби жоспарлау әдістері

Мектеп, колледж, университет - білім беру мекемелерінің ішіндегі үздіксіз оқу процесін жүргізетін мекемелер. Ондағы басты қызмет - оқу процесі. Ол жалпы айтқанда оқушы мен мүғалімнің белгілі бір уақыт ішінде бірлесіп жүргізетін жүмысы. Оқу процесі мектепте бір оқу жылын қамтиды, ол оқу жартыжылдықтары мен оқу тоқсандарына бөлінеді. Ал, басқа білім мекемелерінде ол семестрге жіктеледі. Оқу процесін үйымдастыруда оқу материалдарын жоспарлау, оны сабақта қабылда-туға, игертуге жағдай туғызу - басты мәселе болады. Оқу процесін жоспарлауда екі мақсат көзделеді. Біріншісі -бір қалыпты жүмысты үйымдастыру; екіншісі - пәнді оқытудағы жетістік, кемшіліктерді бақылап, саралау, бағыт бағдарын айқындау. Мектептегі оқу процесінде үш жоспар жүзеге асырылады:

-  күнтізбелік;

- тақырыптық;

- сабақ жоспары.

Күнтізбелік жоспар - бұл бағдарламадағы тақырып-тардың оқу тоқсандарына жөне апталарға жіктелуі. Оқытушы осы жоспар арқылы пәнді жүргізуге бағдар жасап, әрбір сыныпқа байланысты оқу мақсатын бірқа-лыпты, жүйелі жүзеге асырады. Күнтізбелік жоспар жасауда әр сыныптағы апталық сағат саны, сол жылдағы күнтізбенің ерекшелігі (мереке күндері, демалыстар) ескерілу керек.

Такырыптық  жоспар - бұл бағдарламадағы әрбір тақырыпқа белгілі мөлшерде берілген сағатты тақырып-тың күрделі немесе жеңілдігіне қарай бөлу. Бүл жоспар тақырыпты ретімен, мақсатты түрде өтуге көмектеседі.

Сабақ жоспары - бұл әрбір сабаққа күнделікті жаса-латын жоспар түрі. Ол мүғалімнің сабақты жоспарлы, үйымдасқан түрде өтуіне бағдар береді. Ал, колледж жөне университеттерде жүмыстық оқу жоспары жаса-лады. Ондағы тақырыптар дөріс, машықтандыру, зертханалық, арнайы курстар мен семинарларда өтіледі.

 Сабақ - белгілі бір сынып оқушыларын, топ студенттерін белгіленген бағдарлама бойынша оқытудың негізгі формасы. Онда оқу материалын оңып үйрену, меңгеру жүзеге асырылады. Ол үшін сабақтың нақты мақсаты болу керек. Сабақ - оқу процесінің ең кіші бөлшегі бола отырып, оның мақсатын, мазмұнын жүзеге асырады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, әдіс-тәсілі аныңталған-нан кейін, оның дидактикалық материалы жасалады.

Мектепте өткізілетін сабақтың қалыптасқан қүрылы-мыбар. Олар:

- ұйымдастыру кезеңі;

- үй тапсырмасын сұрау;

Page 5: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

- жаңа материалды түсіндіру;

- сабақты бекіту, үйге тапсырма беру;

- оқушы білімін бағалау.

Сабақтың бөліктеріне уақыт белгіленеді. Сабақ үстінде оқушылардың білім дағдылары қалыптасады. Сабаңтың ойдағыдай өтуінің алуан түрлі шарттары бар. Ең бастысы - мүғалімнің білімі мен өдіс тәсілдерінің жан-

жақтылығы. Сабақты жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу үлкен нақтылыңты қажет етеді. Сабақ - күрделі процесс. Сабаққа көптеген талаптар қойылады. Солардың бастылары мыналар:

- оқушылардың сабақты бар зейінімен, ықыласымен тыңдауын ұйымдастыру;

-  мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, тиімді әдіс-төсілдері;

-  оқушының теориялық жағынан меңгергенін іс -тәжірибеде, күнделікті сабақта қолдана алуы;

- оқушы алдына проблема қойып, оны ізденіске бастау;

- оқушының шығармашылық белсенділігін арттыратындай өз бетінше жұмыс беру;

- көрнекі қүралдың нақтылығы, өсерлілігі, мазмүн-дылығы;

- мысалдардың өмірмен байланыстылығы, оқушыны ойлантуға, сөйлетуге, төрбиелеуге ықпалы;

- сабақты басқа пөндермен, өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай түрлендіру.

Бұл мәселелерге қоса, әр сабақта педагогикалық, психологиялық, физиологиялық талаптар ескеріледі. Бір сыныптағы оқушылар бірдей талап, өдіспен оқытылған сабақты бірдей қабылдай бермейді. Осыдан келіп жеке оқушыларды зерттеу, олармен жеке жұмыстар жүргізу талабы туындайды. Яғни, сабақта оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттары жүзеге асырылады. Осы бағыттағы жүмыстар колледжде, жоғары оңу орындарында да жүргізіледі. Олардағы оқу процесі дәріс, машықтандыру, зертханалық сабақтар үстінде жүзеге асады. Дөріс сабағын негізінен оқытушы лектор өткізеді. Онда іргелі, блоктық тақырыптар жекелей өтіледі, студенттерге дәріс тақырыбы, жоспары, керекті өдебиеттер үсыны-лады. Лектор жаңа материалды ауызша баяндап, ңажетті тұстарын жаздыртып, бағыт-бағдар береді, дәйектер, мысалдар келтіреді. Студенттерге қосымша әдебиеттер-ден, оқу қүралдарынан нақты тапсырмалар беріліп, жаз-баша орындауға тиісті жұмыстар көрсетіледі. Бүлар машықтандыру (семинар) сабаңтарында сүралады. Ал, зертханалық сабақтарда неғүрлым нақты тапсырмалар орындайды. Мәселен, белгілі бір мәтінге өдеби, лингвис-тикалық талдау жасау, көркем мәтіннің ерекшеліктерін ажыратут.б.

Өзінің мақсаты мен құрылымына қарай мектептегі сабаң екі топқа бөлінеді:

- оқыту-үйрету мақсатындағы сабақ;

- бақылау мақсатындағы сабақ.

Оқыту-үйрету мақсатындағы сабақты мынадай төрт түрге бөлуге болады:

- жаңа материалды үйрету, түсіндіру сабағы;

Page 6: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

- білім дағдыны қалыптастыру сабағы;

- өткенді қайталау сабағы;

- оқушылар жіберген қате кемшіліктермен жұмыс сабағы.

Жаңа материалды үйрету, түсіндіру сабағы оңушы-ларды жаңа біліммен ңамтамасыз етеді. Ол әрі-қарай көрнекілік, баяндау, түсіндіру түрлерімен толықтырылады.

Білім дағдыны қалыптастыру сабағы алған білімді бекітіп, дамытады. Мұнда әр түрлі тапсырмалар орындалып, оңушының жаңа материалды қалай игергені тексеріледі.

Өткенді қайталау сабағы бұрын өтілген таңырыптарды жүйелеп, қалай игергенін білу мақсатында жүргізіледі. Бұл сабақты тоқсан соңында, белгілі бір ірі тақырыптарды, тарауларды өткеннен кейін жүргізуге болады.

Оқушылардың ауызша жөне жазбаша жауаптарында жіберген қателерге үнемі назар аударып, оларды түзеу жұмыстарын жүргізіп отыру керек.

        Мәселен, тіл дамыту, мәнерлеп оқу, стильдік кемшіліктерді түзеу т.б. жұмыстар жасалғаны жөн.

Бақылау "мақсатындағы сабақта оқушының игеріп меңгерген білімдері тексеріледі. Бұл сабаңты мынадай үш түрге бөлуге болады:

- оқу материалдарын игеруін бақылау;

-  ауызша жүйелі сөйлеуін, сөз, тіл байлығын бақылау;

- жазбаша жүмыс түрлерін орындай алуларын қадағалау.

Оқу материалдарын игеруін баңылауда оқушылардың сұраққа жауап беруі, өз ой-пікірлерін айта алуы, оны мысалдармен, мәтіндермен дәлелдей алуы талап етіледі.

Ауызша сөйлеу кезінде оқушылардың ауызша жауаптарының жүйелі, нақты, толық болуы, ойларын көркем, бейнелі жеткізуі баңыланады.

Жазбаша жұмыс түрлерін орындау кезінде оқушы-лардың әдебиет сабаңтарында мазмүндама, шығарма, мінездеме, пікір, тезис, конспект түрлерін жаза білуі тексеріледі. Мұнда сынып оқушыларының жас ерек-шелігі ескерілу керек.

Кейде осы сабақ түрлерін аралас етуге де болады. Мұнда оңыту үйрету және баңылау сабақтарының эле-менттері аралас ңолданылады. Мөселен, жеңіл бір сағат-тың таңырып өткенде, оны шағын бақылау немесе өздік жүмыспен күрделендіріп, алдын ала дайындықсыз шы-ғарма, мазмүндама, жекежүмыс, ауызшасүрау түрлерін жүргізуге болады.

Оқушылардың белсенділігі, ңызығушылығы әр са-бақта түрліше болады. Мектеп практикасында қазір сабақ түрлері көп. Оларды шартты түрде дәстүрлі немесе дәстүрлі емес деп бөлеміз. Қалыпты сабақтан дәстүрлі емес сабақтың өзгешелігі жалпы сабақтың дәстүрлі құрылымы сақталғанымен, оны жүргізу, өткізу түрлері өзгереді. Олардың қатарында бірнеше сабақ түрлерін атауға болады:

1.  Дәріс сабағы.1.  Семинар сабақ. 2.  Пікірталас,диспут сабағы.3.  Пресс- конференция сабағы.

Page 7: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

4.  Пәнаралық оқытуға негізделген (қосарланған) сабақ.5.  Сот сабағы немесе билер тартысы сабағы.6.  Жәрмеңке сабағы.7.  Концерт сабағы.8.  Айтыс сабақтары.9.  Композициялық сабақ.10.  Әдеби-монтаж сабағы.11.  Көзқарас сабағы.12.  Брифинг сабағы.13.  Іздендіру сабағы.14.  Кездесу сабақтары.15.  Емтихан, есеп-сынақ сабақтары.16.  Реферат қорғау сабақтары.17.  К-кпар сабағы.18.  Жарыс, сайыс сабағы.19.  Әдеби ойын сабағы. 20.  Көрнекілік сабағы. 21.  Әдеби әуендік сабақ,22.  Сабақ викторина .

   Бұл сабақтардың көпшілігі тәжірибеге соңғы кезде тереңірек еніп, нәтиже беріп жүр. Бұлардың барлығын міндетті сабақ түрлері деп айтуға болмайды. Ең бастысы- ұстаздардың сбақты түрлендіріп өткізуде біршама алға басуы ізденісін көрсету үшін беріліп отыр.

Дәріс сабағы. Мұғалімнің материалды баяндауынан, түсіндіруінен түрады. Сыныпқа жетекші, қорытындылаушы сауалдар қоя отырып, мүғалім оқу материалдарының негізгі тұстарын жаздыртады.Лекциялық сабақтардың мынадай түрлекрі бар:

а) шолу түрлеріндегі лекция;

ә)  монографиялық лекциялар;

б) әдеби-терминдегі лекция (өте сирек кездесетін түрі).

Машықтандыру (семинар) сабағы. Бұл сабақтың бірнеше ерекшелігі бар:

а) оқушылар белгілі бір тақырып бойынша өз бетімен дайындалады;

ә) оңушы сол тақырып бойынша хабарлама жасайды;

б) тыңдалған материалды талдайды;

в) талқыланған мәселені мүғалім қорытады. Сабақтың мұндай түрі оқушылардың өзара ұқсас тақырыптарды қалай қабылдағанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыларға алдын ала тапсырма беріп, тиісті әдебиеттерді көрсетеді.

Диспут сабағы. Мүғалімнің сабаңты пікірталасқа қүруы оңушы белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын өсіреді. Мұндай сабаққа мұғалім ба-лама жауаптары болатын сұрақтар ойластыру керек. Сон-да оқушылар әр түрлі пікірлер айтып, керекті дәлелдерін табады.

Сайыс сабағы. Бүл ортаңғы сыныптарда өткізуге қолайлы сабақ. Оқушылардың бе лгілі бір тақырып бойын-ша білімдерін сарапқа сала отырып, шапшаң, мүдірмей жауап

Page 8: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

таба білуі, езінің пөнге деген ықыласын жан-жақты білдіре алуы, сыныптас оқушылардан ерек-шелігін таныта алуы көзделеді.

Көрнекілік сабағы. Оқытушының пөнді үйретуде қосымша материалдарды, көрнекілікті тиімді қолдана алуы сабақты түрлендіре түсуге септігін тигізеді. Мәсе-лен, белгілі бір тақырыпты аяқтаған соң, дағдылы жаз-ба жүмысы, қайталау сабақтарының орнына сынып ішіне сол қаламгердің шығармашылығына байланысты мәлімет беретін көрнекілік түрлерін іліп, еске түсіру, қорыту мақсатындағы сабақты үйымдастыруға болады. Көрнекілік негізінен ақын жазушының шығармашы-лың өмірбаянын ретімен қамтып, суретті, иллюстра-тивті, фильм материалдарын, үнтаспа, басқа да көру, есту қүралдарынан түрады. Оқушы тек мүғалімнің бас-шылығымен, әр көрнекілікке байланысты өтілген таңы-рыптарды пысықтайды, жеке тапсырма, ауызша және жазбаша жүмыс түрлерін орындайды. Әрине, қай сабақ-тың түрі болсын негізгі мақсаты оңушыларға білім дағ-дыларын беру, жаңа аңпаратпен ңамтамасыз ету. Ең бастысы оқушыларға түсінікті, айқын білім мазмүны берілу керек.

Әңгіме сабағы. Бүл сабақты жаңа материалды түсіндіргенде де, өткен материалды қайталауда да жүргізуге болады. Әрине, бүл қалыпты сабақтың түрін ығыстыру деген емес. Әңгіменің көмегімен мүғалім не-ғүрлым маңызды сүрақтарды айқындап, оқушылардың ой белсенділігін жоғарылатады. Мүндағы әңгіменің ди-дактикалық мәні түрліше. Ол оқушының материалды қалай меңгергенін білуге ғана көмектеспейді. Сонымен қатар, олардың білімін жүйелеуге, жаңа аңпаратты мең-геруге де көмектеседі. Әңгіме жүргізуде қойылатын сүрақтар оқушыларға түсінікті әрі нақты болу керек. Оның бір бөлігі оқушылардың есте сақтауын, қабылда-уын, өткен материалды қаншалықты түсініп, меңгергенін білуге құрылса, екінші бөлігі жаңадан игеріп жатқан материалды қаншалықты түсінгенін білуге бағыт-талады.      

8-9. Дәрістің тақырыбы :  Әдебиетті оқыту әдістері

1. Оқыту әдістерінің жіктелуі, түрлері

2. Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану

 Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс тәсілдер деген не? Оқыту � процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе мұғалім оқытуы, екінші мәселе оқушының оқуы. Мұғалім� � мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері � � кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі иллюстративтік әдіс немесе репродуктивті әдіс,� эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

   Академик Ю.Н. Бабанский өзінің «Оқу тәрбие процесін оптималдандыру” деген� еңбегінде (1982 ж., «Просвещение”, 177-бет) әдістерді мынадай үш топқа жинақтайды.

1. Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері (методы организации учебно-позновательной деятельности).

2. Оқушылардың оқу- таным қызметін  көтермелеу әдістері

Page 9: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

әдістері (методы стимуллирования учебно-позновательной деятельности).

3. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері (методы контроля за эффективностью учебно-позновательной деятельности).

 Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1-топтағы оқыту әдістеріне: сөздік (әңгіме, лекция, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндер), практикалық (поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар, әдістер жатады. Сондай-ақ репродуктивті, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда атап кеткеніміздей, әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады. Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.

Сөздік әдіс. Көрнекілік әдіс. Практикалық әдістер. Зерттеу әдісі. Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуде бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күре тамыры деуге болатындай.Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы зор.Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді.Бұл әдіс кітаппен жұмыс түрлері кезінде жазушы тілі, стилін анықтауда өте тиімді.Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблеме шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды щығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.

        Әдебиет сабағында ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып, пайдалануы керек. Көркем оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Әдебиетті өнер деп тануда, көркем туындыны өнер туындысы деп қабылдауда, сөз касиеті мен құдіретіне, оның эстетикалық нәзік нәріне тұшындыруда бұл әдіс алғашқы баспалдақ, яғни көркем шығарманы оқушы жүрегіне бастайтын алғашқы сезім көпірі ретінде ежелден-ақ тиімді әдіс болып, мұғалімдер тәжірибесінен кең орын алуда. Бұл әдістің негізгі тәсілдері мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің оқуы, күйтабақты, үнтаспаны тыңдауы т.с.с. болып табылады. Мұғалімнің мәтінді әрі мәнерлеп, әрі түсінік бере оқуы, оқушышларды осы жұмысқа баулуы, мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасату, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау т.б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды т.б.) тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де жатады. Мұғалім осы жұмыстың басықасында, оны ойластырушы да, орындаушы, орындатушы да болып қызмет атқарады. Ұтқырлық мұратты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе болып табылады. Мұғалім әр әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет. Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс-тәсілі болады. Мұндай мұғалімдер қай тақырып болмасын, оны қай сыныпта өткізбесін, сабақтың негізгі мақсатын да еске алмастан, «дағдыға” айналған әдіс-тәсілмен сабақ жүргізе береді. Бұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз дәрежесінде білім бере

Page 10: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

алады деп айту қиын-ақ. Оқу-тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс-тәсіл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс-тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, соны да ерекше ойлану керек. Мысалы,� тәжірибе көрсетіп жүргендей, бір жағдайда тиімді болған, пайдалы деп танылған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда кейде тиімді, пайдалы бола бермейді. Неге олай, себеп не? Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят (ситуация) тудыратын танымдық іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне� бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады. Дегенмен де, осы проблемалық оқыту әдіс тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу материалының� барлығы, барлық тақырыптар проблемалық жағдаятты талап етпейді. Сондай-ақ белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен сынып ұжымына проблемалық оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге болмайды. Бұл әдіс тәсілдер оның үстіне� уақытты да көп талап етеді. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушылар дербес, өздері шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді болады. Түсіндірмелі репродуктивтік әдістің де өзіндік� ерекшелігі, мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс тәсілдің ең тиімді жағы мұғалім білімді қысқа� мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып, береді. Оқу материалын ақпараттық сипатта, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді. Оқушылар да өз мүмкіндіктерінше ол білімді қабылдап алады. Бірақ репродуктивтік түсіндірмелі әдісте оқушының дербес� ойлауы арқылы жүргізетін өзіндік жұмыс түрлері әлсіз болып келеді. Сондай ақ әдебиетті� оқытуда тиімділігі ерекше, көрнекілік әдістің де мүмкіндіктері әр түрлі. Көрнекілік оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дербес дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды. Міне, сондықтан тиімділік идеялары да сабақта мұғылімнің өзі төселген бір әдіс-тәсілмен жұмыс істеуін немесе өзі білетін барлық әдісті бір сабаққа үйіп-төгуін жоққа шығарады, әрі бір сүрлеу, бір ізбен жұмыс істеудің тиімсіздігін дәлелдейді. Тиімділік идеялары оқыту әдістерін үйлесімді түрде, сол сабақтағы оқу-тәрбие мақсаты, тақырып ерекшелігі, сабақ өткелі отырған сыныптың жеке даралық, жағдайларын ескере отырып, таңдап, сұрыптап ала білуді талап етеді. Белгілі, нақтылы жағдайға байланысты тиімді, пайдалы деп сұрыпталынып алынған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда тиімді болуы да мүмкін. Сол себепті әдіс-тәсілдерді үнемі бірлікте, үйлестіре пайдаланған дұрыс болады. Өзіндік әдісін көрнекілікпен, практикалық жұмыстармен астастырып немесе зерттеу әдісін түсіндірмелі әдіспен үйлестіре пайдаланудың маңызы зор болмақ (әрине, қай әдістерді қалай пайдалану сабақ мақсатына байланысты туындайды). Ал кейде практикалық, танымдық іздендіруші әдістерді көрнекілік әдіспен үйлестіре пайдалануға� болады. Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану оқушылар еңбегін ғылыми, тиімді түрде� ұйымдастырудың маңызды бір саласы. Бұндай сабақтардан оқушылар жалықпайды, әрі пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Сабаққа әзірлік үстінде өтетін тақырыпқа зер сала отырып, оны қандай әдіс тәсілдер арқылы түсіндіргенде ғана� оқушыға берік те тиянақты білім беруге болатынын әбден ойластыру қажет. Ал өзі таңдап алған әдіс-тәсілдердің нәтижелі болуы ол мұғалімнің қаншалықты дәрежеде оқыту әдістерін жете біліп, жете меңгеруіне байланысты. Егер мұғалім сөздік әдісінің теориялық білім берудегі тиімділігін ескермесе немесе оқушылардың теориялық білімдерін өмірге пайдалана білу үшін, оны практикалық әдістермен үйлестіргенде, нәтижесі болатынын білмесе, әрине, онда мұғалім таңдап алған әдіс-тәсілдер жүйесінің нәтижелігі туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.

10-11 Дәрістің тақырыбы:  Көркем шығарманы оқыту барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.

1. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру

Page 11: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

2. Көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру

Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігі, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Сондай-ақ, балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту мектептерде әдебиетті оқыту, одан білім берудің аса маңызды, әрі күрделі жұмыстарының бірі болып табылады. Бұл мәселелерде де оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Тиімділік идеялары, саралап даралап оқыту, оқушылардың бүкіл ой еңбегін, оқу еңбегін оған ерекше күш� түсірмейтіндей, қонымды, қолайлы, нақтылы, белгілі бір уақыттарда нәтижелі, жемісті болатындай етіп ұйымдастыру, жүргізу туралы сөз етеді. Көптеген ғалымдар, психологтер, мұғалімдер зерттеулері, пікірлер бойынша, оқушыларды көркем шығарманы оқытуға баулу, оны оқырман ретінде қалыптастыру бірнеше сатыдан тұрады.

1. Кіші жастағыларға 5-7 сыныптардағы 10-12-дегі жасөспірімдер.

2. Ересек жастағыларға 8-9 сыныптардағы 13-14-дегі жасөспірімдер.

3. Үлкен жастағыларға 9-11- сыныптардағы 15-17-дегі жастар жатқызылды. Балаларды топқа бөлу, әрине, қатып қалған дүние емес. Қабілеті, дарыны, ынтасы, еске ұстауы, алғырлығы, ойлылығы жағынан бір сыныптағы бір жастағы балалардың өзі әр түрлі болып келетіні тәжірибеден белгілі.

        Кіші жастағылар психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан� балалықтан кетсе де, әлі де қалыптасып, толысып жетпегендер. Олар қимыл-қозғалысы� жағынан шапшаң, өте әсершіл, әрі не нәрсеге де сенгіш, барлығын шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер. Бұл жастағыларды ертегілер әлі қызықтырады, фантастикалық, қиял ғажайып оқиғалары бар шығармаларды� беріле оқиды. Кино, көгілдір экран алдынан кетпейтіндер де осылар. Қиялдары ұшқыр, қабылдаулары алғыр болып келеді. Дегенмен, алаңғасырлық, тез қабылдап, тез ұмыту да осыларда жиі кездеседі. Мектепте көп шулайтындар да, тез қимылдап, тез шешім қабылдайтындар да 10-12 жастағылар. Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктеріне келсек, поэзиядан, драмалық туындылардан гөрі әңгімелерді, қарасөзбен жазған шығармаларды оқуға ынталы болып келеді. Әсіресе, оларды соғыс, шпиондар, қылмыскерлер жайындағы шығармалар ерекше қызықтырады. Оқыған шығармаларының мазмұнына қарай әр түрлі эмоциялық көңіл күйді бастарынан кешіріп, соны ұмыта алмай, делсалдыққа түсушілік, алаңдаушылық оларда өте жиі кездеседі. Жалпы осы үш топтағы оқушылар ішінен кітапты көп оқитындар да, ондағы бас кейіпкерлерге, әсіресе, барлаушыларға, батырларға еліктеушілер де осы жастағылар. Олар оқып отырған кітаптарына, ондағы оқиғаларға толық сенеді, дегенмен, «шіркін, ол неге былай істеледі екен, әттең, олай істегенде” деген сияқты өз қиял ойларына да ерік беріп, толғанып� жүреді, бірақ ол толғаныстары уақытша болады, тез ұмытады, себебі келесі кітапты оқығанда, ол басқаша толғанысқа тап болады. Әрине, 10-12 жастағылар оқығандарының барлығын, одан алған әсерлерін  2 3 айдан кейін қайта сұрағанда, олар басыңқы дауыспен,� байыпты баяндай бастайды. Кейіпкерлер тағдырына да мойынсұнушылық қарауды сезуге болады. Бұның барлығы, яғни, сондай «тұрақсыздық” баланың жас ерекшелігі,� психологиясынан туып отырған дүниелер. М.Мағауиннің «Бір атаның балалары” деген шығармасынан 6-сыныпта үзінді беріледі. Осы әңгімеде, әсіресе, оқушылардың эмоциясына әсер ететін екі үлкен жағдаят бар.Бірінші, Ертай мен Нұртайдың бір-бірін жібермей, бөлек кеткісі келмегендері (балаларды үй-үйге бөліп жатқанда), сонан соң ата � аналарын іздеп, үсіп өлулері. «Ертай мен Нартайды бірге асырап алу керек еді, бөлмеу керек еді, солай болғанда, олар өлмес еді” деп, балалар бір ауыздан осындый пікір айтып, шуласып жатады. Балалар өліміне келіскісі келмейді. «Жазушы болсам, өзің қалай аяқтар едің әңгімені” деген сұраққа олар түгелдей қатысып, бір-ақ шешімге келеді. Яғни тірі

Page 12: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

қалдыру. Біреуі өз қиялына ерік беріп, оларды ауыл адамдары құтқарып қалады десе, екіншілері үлкендер сезіп қап, оларды жолға шығармай қояды дегендей, өз аңсауларынан туған «солай болса екен” деген пікірлерін айтып жатады. Олар осы кезде сезімге беріліп, балалар өліміне шынында да кім кінәлы екенін ажырата алмайды, әңгіме негізіндегі идеяны да, авторлық шешімді де аңғара алмайды. Оқушылардың осы шығарманы қабылдауларын, шығарма әсерін, оқырмандық дүниетанымын байқау мақсатында оларға шағын шығарма толғаныс жаздырылды. Жұмысты тексеру барысында барлығы да Ертай� мен Нартай өліміне қайғырғандарын жазады, қыздар «жылағымыз келді”, не «жыладық” дейді. Ал олардың қайғылы тағдырларына кім кінәлы екенін ашып жаза алмаған. Көпшілігі, жоғарыда айтып кеттік, балалардың өздерін кінәлайды, асырап алған адамдарды кінәлайды. Бұдан шығатын қорытынды не? Қорытынды: 10-12 жастағы балалар көркем туынды негізінде идея жататынын, ол авторға байланысты болатынын ойлана бермейді. Тіпті, оның көркем туынды екенінде де шаруасы жоқ. Олар оқып отырған дүниесін өмірдің өзі деп қабылдайды және өз түсінігі, өз сезімімен қабылдайды. Сонымен осы жастағы балаларды кітап оқуға баулуда, оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн.

       1. Кітапты қалай оқу керек, оқып отырып, неге назар аудару керек, яғни оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасау, ақыл-кеңес беру. Төмендегі үлгіде көмекші-нұсқау жазып, оны кабинетке іліп қою (үлестірме қағаз түрінде де қолдарына беруге болады).

 Ересек, 13-14 жастағы жасөспірімдердің психологиясы, физиологиялық даму барысында өзіндік ерекшеліктер бар. Олар айналаға, соның ішінде өнер туындыларына өз көзқарастарымен қарай бастайды. Балалық, «шалалық” немесе ұшып-қонып тұрған көңіл, мінезден, байқағандарын, оқығандарын тек сезім жетегінде, байыбына бармай, айта салушылық, «бірбеттілік”, «қайтпастық” мінездерден арыла бастайды.  Бірақ осы жастағы балалардың қай жағынан болсын, әлі қалыптасып болмағанын, сынаптай толқып тұрған шақтарын естен шығаруға болмайды.  Бұл шақ, психолог ғалымдардың айтуы бойынша, өте жауапты, маңызды шақ. Балалықтан кету, үлкендікке жету арасындағы нәзік көпір. Білім беру, тәрбие істерінде де бұл жасқа ынтамен, ерекше қараған дұрыс. Төменгі, кіші сыныптардағы «мен айтам”, «мен оқимын” деген самсаған қолдардың сынып жоғарылаған сайын, сиреп кету себебі не? Немесе оқыған кітаптары туралы даурығысып, таласып жатқан балаларды олар өскен сайын, неге аз кездестіреміз? Қай жерде, қай мезгілде лепіріп тұрған, кемерінен асып-төгіліп тұрған бала көңілінің, ынтасының нәзік қолын үзіп аламыз? Әдеби шығармаларды оқытпас бұрын, оның тұрақты оқырмандарын қалыптастыру мақсатындағы жұмыстардан бұрын, осы мәселеге әр ұстаз аса абай болғаны жөн.

Балаларға әдеби шығармаларды жүйелі түрде оқыту, ынтасы, қызығушылығын арттырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру жолдарын іздестіру керек. Бұл жұмысқа мектеп кітапханасы, бүкіл мұғалімдер қауымы, тәрбиешілер жұмыла кіріскені дұрыс. Тарих, география, тіпті математика пәндерінен де қызықты, әдеби кітаптар беріп, оны оқытып отыру, баланың сол пәнге деген ынтасын арттыру үшін, аса маңызды болып табылады. Бірақ мұндай жұмыстар аса сақтықпен істелінуі керек. Баланы көп шаршатпау, басы артық тапсырмалар беріп, уақытын алмауды ойластырған дұрыс. Ол үшін барлығына да әдебиетші мұғалім бағыт-бағдар береді. 13-14 жастағы балалар 10-12 жастағы балаларға қарағанда көркем шығармаға басқаша көзбен қарай бастайды. Тек оқиғасын қызықтап оқу, соған бар жан-тәнімен сену, кітаптағы дүниенің барлығын өмір шындығы деп қабылдау, барлығына күйіну, қуану бұл балаларда да болғанымен, ол басқадай сипат алады. Көркем туынды оқып отырып, жүрегіне жақын нәрселерді еркін қабылдайды, әдеби талдау кезінде өз пікірлеріне көбірек жүгінеді. Кітаптағының барлығына бірдей сене бермейді, барлығына бірдей қуана да, қайғыра да бермейді. Авторға

Page 13: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

келіспеушіліктерін білдіреді, «дұрыс емес, былай болу керек қой” деген сөздерді олардан жиі естуге тура келеді. Мысалы, 8-сыныпта М.Әуезовтің «Қараш-Қараш” оқиғасы атты шығармасынан үзінді беріледі. Талдау кезінде оқушылардың көбі  Бақтығұлдың мына іс әрекетіне келіспейді:

а) Биені ұрлап алып, оны жасыра тұрмай, ұсталып қалуы.

ә) Жарасбайға барып, айтқанына жүре беруі, ұрлыққа түсуі.

б) Жуандар арасында өзін Жарасбайдың ұрлыққа жібергенін ашып айтпауы.

в) Болысты жасырып өлтірмей, өзінің өлтіргенін білдіріп қоюы.

        Оқушылар неге Бақтығұлды осы мәселелерде ұнатпайды? Оның бір себебі, олар оқыған дүниелеріне көз салады, дұрыс па, бұрыс па ойланады, бұрынғыдай тек� сезімге беріле бермейді, талдау жасап, саралап оқиды. Екіншіден, бұрынғы оқыған шығармалары, көрген киноларында бас кейіпкер жеңіп шығады, алданбайды, әсіресе, барлаушылар туралы шығармаларда.     Бұған бұрын оқыған шығармалары, кинолары да әсер етуі мүмкін. Бірақ бұған қарап 12-14 жастағыларға көркем туындыны өз беттерімен толық оқитын оқырмандар деп қарауға болмайды.

        Көркем туындыны өнердің бір саласы деп толық түсіну, оның тақырыбы, идеясы, көтерген проблемасы, тіл ерекшелігімен қоса, тұтас дүние деп қабылдау оларға әлі де ерте. Осы кезде, әсіресе, оларға мұғалім көмегі, ақыл-кеңесі ерекше қажет. Себебі, осы «тұрақсыз” жастағылардың ішінен көркем туындыға «салқындау” қарап, одан бой тарту жиі кездеседі. Оның себептері көп. Бір себебі, бұл жасмтағыларда кітаптан басқа да қызықтыратын дүниелер пайда болады. Біреуі спортқа ден қоюы, екіншісі әнге, не басқаға бой ұрады. Мұғалім оны да түсініп, баланың не себепті кітапқа салқындауын зерттеуі керек.    Оқушының қызығатын дүниелеріне тоқтау салу кешірілмес күнә.�

        Олар осылай толқып жүргенде, әсіресе, сыныптан тыс оқитын кітаптар жайында жиі тексеру, жазалау педагогикалық әдепке, білімділікке сәйкес келмейді. Керісінше, шыдамдылық көрсетіп, көркем әдебиетті оқудың бала айналысып жүрген дүниелерге кедергі келтірмейтінін, әр түрлі кәсіп, өнер саласындағы ұлы адамдардың барлығы әдебиетті сүйгендеріне, өйткені әдебиет рухани азық, көл-көсір байлық, білім көзі екндігіне сендіре білу керек.

1.Бұл жастағы балалармен жұмыстың ең бір маңызды түрі әдеби, көркем �  тілдерін жетілдіру: «жазбаша, ауызша”.

2. Оқыған шығармаларын талдай білуге баулу.

3. Жоғары сыныптарда оқушылардың көркем туындыны қабылдаулары да жас ерекшеліктеріне байланысты болады. Бұл жастағылар өзін еркін сезінеді. Көп нәрсені өз беттерімен шешкенді ұнатады, «бас бостандықтарын” сүйеді, әрі оны қызғыштай қорғауға дайын тұрады. Өмірге, айналаға өзіндік көзқарасы қалыптаса бастайды. Бұл шақ, психолог тілімен айтқанда, адам болып қалыптасудың гүл атқан шағы, жастық щағының бастауы. Романтика, қиял, мұрат іздеу, алғашқы махаббат бәрі-бәрі, әсіресе, осы шақта құлпыра� түседі. Күш жағынан болсын, ақыл жағынан болсын, сезім жағынан болсын, оларда жетілу, гүлдеу басталады. Бұл жаста көркем туындыға деген олардың көзқарасында да даму айқын көрінеді. Әр баланың өз сүйетін жанры, тақырыбы айқындалады.Мұғалім жетелеуінсіз ақ, өзі сүйетін тақырыптағы шығармаларды өз беттерімен оқи береді.� Төменгі сыныптардағыдай, бар оқығандарына сеніп, қабылдай бермейді, қиял-ғажайып оқиғаларды қумайды, өзіндік талғамы, эстетикалық сезімі қалыптасқан оқырманға айнала бастайды. Оқығандарына сынмен қарайды, көркем туындыны тұтастай алып қарастырады.

Page 14: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

Оны өмірді түсінудің бір құралы деп қарайды, сондықтан одан «жоғын” іздейді. Міне, осындай жастағылармен мұғалім қандай жұмыс жүргізуі керек?

1. Әдеби шығармаларды талдауда, ең алдымен, оқушылардың өз пікірін, ойын, әсерін білу.

2. «Сенің пікірің, ойың қате” деп, кесіп айтудан сақтану, керісінше , талдау барысында олардың пікіріне ден қоя отырып, сенімді, ділелді түрде, шындыққа жетелеу.

3. Әдеби шығармалар айналасында жиі-жиі пікір таласын өткізу, тілдерін дамыта отырып, пікірлерін қорғай білуге де баулу.

4. Бұл жастағы оқушыларға «алдындағы бала” деп қарамай, оқырман ретінде қарым-қатынас жасау, тең дәрежеде әңгімелесу, өз пікірін, не оқулық пікірін тықпаламау. Өздеріне қорытынды жасауға жағдай туғызу. Ол үшін қосымша материалдардағы жазылған дүниелерді, ғалымдар пікірін, оқулықтағы мәселелерді ортаға салу. Осылар арқылы шындықтың, құбылыстың бетін ашуға еңбектендіру.

5. Өнерге, сөз өнеріне деген оқушылардың шынайы сезімін, талабын жетілдіру үшін, әр мұғалімнің өзі жоғары мәдениеті, әдебиеті терең білетін, әдістемесі шебер, білімі жан-жақты, әр баланың шынайы досы, пікірлесі болуы керек.

12-13. Дәрістің тақырыбы:  Көркем шығарманы оқыту

1. Әдеби жанр

2. Әдебиеттегі тек пен түр

Әдеби жанр (французша - тек, түр) термин ретінде шартты түрде екі мағынада қолданылады. Біріншісі -әдебиеттердің қалыптасқан тектері - эпос, лирика, драма; екіншісі - әдеби туындылардың түрлері - әңгіме, повесть, роман, поэма, комедия т.б. Жанр - даму үстіндегі құбылыс. Әрбір тарихи дәуірде белгілі бір жанрдың түп негізі сақтала отырып, өзгеріске ұшырайды. Жанрлар туады, дамиды, өзгереді, жаңадан пайда болады. Поэзия - әдебиеттің көне саласы. Поэзиялық шығармада сезім басты орында түрады. Лириканы оқыту әдебиетті оқытудың басты талабынан туындайды.

Дәстүрлі түрде алғанда әдеби тек үшке жіктеліп, әрқайсысының белгілі бір қызметі қалыптасады.

Эпос - болмысты белгілі бір уақыт пен кеңістік аясында, оқиғалар шеңберінде, сюжеттік желі негізінде суреттейді.

Лирика - адамның ішкі сезім күйін, әр түрлі эмоционалдың жағдайын бейнелейді.

Драма - кейіпкерлердің тікелей қатысуымен олардың арасындағы тартыс, қақтығыстарды әлеуметтік-психологиялық сипатта беруімен ерекшеленеді.

Осылардың ішінде лирика өмірдің алуан түрлі құбылыстарына ақынның көзқарасын, күйініш-сүйініш сезімін, толғаныс тебіренісін көрсетеді. Лириканы талдау оқырманды өнерді эмоциялың эстетикалық жағынан түсінуге баулиды. Лириканы оқытуда мынадай мәселелер ескерілу керек:

- алдымен, лириканы оқуда эмоциялық, логикалық бірлікті сақтау керек;

- оқушының лирикалық шығармаға деген көзқарасы болуы шарт;

- өлеңнің әрбір бөліктерін өзара тұтастыру керек. Сол арқылы ақынның айтайын деген ойы анықталуы керек;

Page 15: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

-  ақын шығармасында қандай көркемдік құралдарды пайдаланғаны талдану керек;

- лирика мен ақынның бірлігі танылуы шарт. Лириканы терең түсіну үшін қайталап оқып, басқа ақынның соған ұқсас өлеңдерімен салыстыру керек. Одан соң, мәнерлеп оқудың мәні үлкен. Академик З.Қабдолов:« Лириканы тақырыбына қарай топтап талдау оны жазған ақынның творчестволық бітімін пайымдау үшін айырықша мәні бар нәрсе: оның әр түрінен ақынның бір қырын тануға болады» - десе, ғалым Ж.Дәдебаев: «Лирикалық шығармада ақын өмірден, айналасынан көргені мен білгендерін ғана жазып қоймай, сол құбылыстардан лирикаға арқау боларлықтай ең басты асыл қасиеттерін тани білу керек», - деген нақты ой түйеді.

«Өлең» үғымы ХІХ-ХХ ғасырларда нақты мазмұн иеленді. Өлең - өлең сөзбен жазылған, лирикалық сипаты басым шағын әдеби туынды. Өлең белгілі бір ырғаққа бағындырыла оқылады. Өлең шумақтан, тармақтан, бунақтан, буыннан, ұйқастан тұрады. Барлық тілдегі өлең тармағының негізгі өлшем бірлігі - буын. Буынның фонетикалық сипатына әуез, екпін секілді белгілер тән. Соған орай, өлең жүйесі метрикалық, силлабикалық, тоникалық, силлабо-тоникалың болып жіктеледі.

Көркем әдебиет өзінің бар болмысымен сол халықтың танымын, өткендегісі мен болашағын бейнелейді. Әдебиеттің ұлттық ерекшелігі халықтың тарихи дамуымен тығыз байланысты. Ал, оның қайнар бұлағы - фольклорлық мұра - көркемөнер дамуына ұдайы елеулі ықпал жасап отыратын шығармашылық фактор.

Фольклор мұраларында кездесетін мифологиялық кейіпкерлер адам танымының әр түрлі даму кезеңін көрсетеді.

Мыстан кемпір. Ол - айлакер әйел, қулықпен күн кешкен. Алдап-арбаудың небір түрлерін, амал-айласын білген. Өзімізге жақсы таныс «Алпамыс батыр» жырында батырдың алдын орап, майда тілмен оны дегеніне көндіріп, шырмауына түсіретіні белгілі.Мыстан бейнесінің жырларда берілуі жөнінде зерттеуші Ш.Ыбыраев мынадай пікір айтады: «Мифтік ұғымдардан қазақтың көне эпостарында көптеген белгілер сақталған. Жалпы, көне эпостарда ерекше жинақталып, тұтас көрінетін жауыздық бейне - мыстан кемпір. Ол бірде айлакер, барлық жағдайды күні бүрын болжагі отыратын, сөйтіп, батырдың жолына алдын ала тор құратын жауыз кемпірдің кейпінде суреттелсе, бірде жеті басты жалмауыз, нағыз дүлей күштің иесі ретінде суреттеледі». Яғни, мүндай сырт кейпі ұсқынсыз бейне жыр сюжетін ерекше қызықты, шытырманды ете түседі.

Албасты - мифологиялың көне кейіпкер. Бұл ретте ғалым С.Қасқабасов мынадай ой айтады: «көне мифологиядағы рух-иелер алғашқы қауым мифінде дүниені жаратушы өрі күллі өлемнің иесі болып көрсетіледі. Мүндай кейіпкерлердің қалдығы кейінгі заманда қалыптасқан жанрларда да, мысалы ертегі, эпостарда да көрініс береді».

   Пері  көбіне салқын жерде, көбіне су жағасын мекендейді. Ол сұлу қыз түрінде� көрінеді. Перінің мұсылман жөне кәпір перісі болады. Мұсылман перісі көбіне адам үшін зиянсыз болады. Бұл бейне де ертегі-аңыздарда өйел бейнесінде беріледі де адамға тән. Міне, бұл кейіпкерлер адамның көне ойлаудағы танымынан хабар бере отырып, халықтың байырғы ұғымдардың менін ашады.

14-15  Дәрістің тақырыбы:  Эпикалық шығармаларды оқыту

1. Әдеби тек жанрларының дамуы

2. Эпостық шығармаларды оқытудың жолдары

 Қазақ әдебиеті дамуының желісінде әдеби тек жанрларының жаппай дамуы ХХ ғасырда өрістеді. Көркем әдебиеттің лирикалық, эпикалық поэзия жанрларының ауызша

Page 16: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

да жазбаша да үлгілер қалыптасуының, дамуының көп ғасырлық тарихи бар қазақ сөз өнері кәсіби сахна өнеріне арналған драмалық туындылар жазу үрдісін де де игере бастаған еді. Шығарманың өзегіне сюжеттік сипаттың шағынынан бастап мол көлемділерін қамтитын эпостық туындылар (күлдіргі сөз (анекдот), әңгіме, очерк, новелла, повесть, поэма, оқиғалы өлең, роман, роман-эпопея) бәрі де қазақ сөз өнерінің� әлем әдебиеті үдерісіндегі классикалық деңгейдегі көтерілген биіктігін дәлелдеді. ХХ ғасырдағы қазақ прозасының романдары эпикалық сипатпен жазылатын көркем шындық поэтикасының көрнекті көрсеткіштері қатарын құрады. Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі - эпикалық жырлар. "Эпос-идеялық, көркем   мәні   және   композициялық   құрлысы   жағынан   музыкалық- поэтикалық фольклордың ең күрделі, ең ірі жанры. Өйткені оның негізінде халық тарихындағы қиялы-қилы кезеңдер, халық тағдырына байланысты ірі проблемалық мәселелер алынған. Эпостарда қанатты философиялық сөздер жиі ұшырасады. Батырлар жырында кездесетін афоризмдер елге үлгі боларлықтай ерлік істі, каһармандықты бейнелесе, ғашықтық жырларындағы қанатты сөздер, жырдың ішкі мазмұнына сай әр алуан лирикалық сезімдерге құрылған. Бұған Асан, Қазтурған, Бұхар жыраулардан бастап, Махамбет, Базар жырау, Кашаған, Нұрым, Майлықожа, Нұралы, Жамбыл, Мұрын, Тұрмағамбет секілді сөз жүйріктерінің туындыларынан мол мысал келтіруге болады.

Қанипа Бітібаева Мұхтар Әуезов шығармаларын мектепте оқыту мәселесіне� байланысты үш кітап жазған автор. Ұстаздың «Абай жолы» сияқты әлем таныған көркем эпопеяны оқыту жөніндегі әдістемесінің құндылығы өте жоғары. Әдіскер «Абай жолы» эпопеясын тереңдете оқыту идеясын ұсынады. Әр кітапқа қысқаша аннотация жазып қою, образдарды талдауға көмек-нұсқаулар ұсыну, мәтінге негіздей отырып талдау жүйесін алға тартады. Ол төрт томдық туындыны топтай, жинақтай оқытудың тиімділігін дәлелдеп көрсетеді. Ұстаз айтқан образдарды топтап оқыту ұстанымының өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Мысалы, Бітібаева «Құнанбайлар әлемі» деген ойды тарата отырып, тек Құнанбай емес, бүкіл үстем күш бейнесін оның айналасына жинақтайды. Әдіскер ғалым сол арқылы көркем әдебиеттегі жинақтау әдісінің табиғатын ашады. Еңбекте Құнанбай әлемі төмендегідей топтастырылып, әрқайсысы жеке-жеке танымдық ой қозғайды.

Әрбір халықтың әдеби, рухани байлығы оның әдеби мұрасының байлығымен өлшенеді. Халықтың ұлылығын, даналығын, тарихын танытатын көне мұралардың бірі- ауыз әдебиеті. Халық ауыз әдебиетіне жататын жанрдың бірі тарихи жырлар.  

Классикалық эпос пен батырлық ертегісіне тән, типологиялық сипатта болып келетін «қаһарманның дүниеге келуінен бастап, оның өмірін толық қамтуды, яғни оның қайтыс болғанына дейінгі жәйтті баяндауды қажет ететін ғұмырнамалық (биографиялық) тұтастану перзентсіз ата-ана, болашақ батырдың ерекше тууы, оның тез өсіп жетілуі, алғашқы ерлігі, үйленуі, қаһармандық істері, қартаюы сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Жырларда көбінесе, батырдың ғажайып жағдайда тууы мен ерлік көрсеткен тұстары  кең түрде, көтермеленіп суреттеледі. Батырлық жырларда  Қобыланды, Алпамыс, Қамбар сияқты батырлардың ерлік қызметінде жалпы ұлттық мүдде бұлыңғыр да, ал оның есесіне рулық, тайпалық мүдде анық, ашық көрініп жатады. «Қобыланды батыр» жырын оқыту. Жыр мәтінін оқыту тәжірибесіне, ұйымдастыру шеберлігіне, ізденімпаздығына, жаңашылдығына, шәкіртінің даярлығына байланысты. Жыр мазмұнын таныстырғанды мұғалім жырдың өн бойында Қобыланды батырдың басынан өткен бір-біріне жалғаса дамыған төрт түрлі сюжеттік оқиғаны аңғартады.

1.  Қобыландының дүниеге келуі, өсуі.Қызыл ерді жеңіп, Құртқаны елге алып келуі.2.  Қараманның тілегімен Қазанға аттанып, Көбіктіні жеңуі.3.  Қараманға ілесіп, біраз азап көріп, жеңіске жетуі.4.  Қобыландының Алшағырды жеңіп, елді азат етуі.

Page 17: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

Жыр композициясындағы батырдың басынан өткен осы төрт оқиғаның шамасын аңғартқаннан кейін оның идеялық мазмұны азаттық үшін күрес екені тұжырымдалады. Осы сюжеттік оқиғалардың жоспарын жасаймыз десек, шамамен былай жіктелген болар еді:

1-сюжет жоспары:

1.  Тоқтарбайдың байлығы, зары, перзент көруі.2.  Жас Қобыландының ермегі, жылқыға келуі.3.  Қобыландының Етемістен бата сұрауы.4.  Қобыландының Көктем Аймақ еліндегі өнері мен ерлігі.5.  Құртқаның көкала бині көруі және тілегі.

2-сюжет жоспары:

1.  Қараманның Қобыландыға тілегі.2.  Қобыландының жауабы.3.  Құртқаның Тайбурылды алып шығуы.4.  Қобыландының Қазанға аттануы.5.  Қобыландының сырлы қаланы алуы.6.  Қобыландының Қазанмен жекпе-жегі.7.  Қобыландының жау тобын талқандауы.

3-сюжет жоспары:

1.  Қараман мен Қобыландының Көбікті жылқысына тиюі.2.  Екеуінің Көбіктіге тұтқын болуы.3.  Қарлығаның қос батырды сынауы.4.  Қарлығаның Қобыландыға көмегі.5.  Қобыландының Көбіктіні жеңуі.

4-сюжет жоспары:

1.  Қобыландының елін азат етуге аттануы.2.  Тоқтарбайдың баласын жоқтауы.3.  Қобыландыға көмекке келгендер.4.  Қобыландының Алшағырды жеңуі.5.  Қобыландының елін азат етуі.

Сабақта мұғалім жырдың оқырманды қызықтырып,  еліктіріп отыру себебін анықтау үшін композициялық құрылысындағы компонентерге назар аудартады.Жырдағы көлемді монологтар : Естемістің Қобыландыға, Құртқаның Естеміске, Қобыландының Қараманға, Қарманның Қобыландыға, Қарлығаның Қараманға айтқандары жатады. Қалғандары шағын монологтар. Тайбурылдың шабысын суреттеуде ұлы даламыздың аң-құстарынан құлан, құлжа, көкқұтан, дуадақ, ақсұңқар атаулары да туған жеріміздің табиғатын еске салады. Аллаға, пірге, әулиеге сиынудың мәнінде жырда елеулі маңыз беріледі.Жыр мәтініндегі бейнелі сөздерден де ұлттық сананы қалыптасатыруға болады. Жырдағы теңеу, эпитет, ауыстыру (метафора) сияқты көркемдіктер төрт түлік малға қатысты болып, ұлттық табиғат аясының жан-жануарына, аң-құстарына теңеліп көркем бейне жасайды. «Тобылғы торы меңді ат, қылшық жүнді қара, қозы жауырын қу жебе, ақмоншақ ат, бөрі құлақ ен жылқы» сияқты эпитеттер, батырды «сұңқарға, жолбарысқа, арыстанға, көкжалға» балаған ауыстырулар,бейнелі теңеу сөздер ерлікті жан-жақты сипаттау, үдете суреттеу үшін қолданылады.

    «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырын оқыту.

Page 18: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

    Академик М.Әуезов: «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырында ғибрат беру сарыны күшті қаһарманының бір парасы жамандықтың үлгісі болса, екінші жақсылықтың үлгісі болып есептеледі.   

16-17 Дәрістің тақырыбы: Драмалық шығармаларды оқыту

1. Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі

2. Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары

      Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігі: әдебиеттің басқа жанрыныа қарағанда  драм алық шығармаларды оқытудың  өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты болып келеді. «Пьеса, драма, комедия- әдебиеттің ең қиын формасы»,-дейді М.Горький. Себебі әдебиеттің проза, лирика жанрларында айтатын ой, кейіпкерлер іс-әрекеті, көрініс, сахна бірінші кезекте болады. Орыс сыншысы Белинский драма кейіпкерін «Өзіне ғана тән ерекшелік сипаты бар жеке адам»,- десе, ұлы Дидроның «Драма адам өміріндегі ең маңызды , өнегелі дейтін жұрқа қызықты ғана  жағдай бейнеленуі керек»- деуі осыдан туса керек. Драмада қаһарман бір мақсат үшін күреседі. Олардың іс-әрекеті шашырамай белгілі бір жүйеде, бір желіде, бір арнады өрбиді. Драмалық шығармаларды талдауды басатамас бұрын, драмалық шығармамен алдын-ала танысу керек.Ең негізгі басты тартыстар, шиеленістерді көрсететін акт, суреттерге ерекше көңіл бөлуге тиіс.Мысалы, Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясын оқу барысында  мынадай нұсқау ұсынуға болады:

 Трагедиядағы басты тартыстар, оқиғалар:  Қарбайдың өлімі, ескі әдет-салт, оған қарсы жастар сезімі, махаббаты.  Аяр, сұм, Жантық әлемі.Оның ішкі есебі. Қарабайға да, Қодар, Қозы-Баянға да құрған

зұлым торы.  Қара жүрек Қодар. Оның ақ махаббат алдындағы кешірілмес күнәсі. Малдың,

топастықтың,, аяр азғырудың құрбаны болуы.  Қозы мен Баян, олардың ақ сезімі, махаббаты, дала жауыздығы.  Күнікей мен Мақпал.Олардың бойындағы дала тағдырына қарсы айбыны.

Сонымен қатар, оқушыларды іздендіретін, ойландыратын сұрақтар беру:

1.  Қалай ойлайсыңдар, Қодардың Қозыны өлтіруінде тек өзі кінәлі ме, әлде Жантық кінасы одан асып түсіп жатыр ма ?

2.  Трагедияда, әсіресе, өзіңе не ұнады, не ұнамады ? Ойыңды, пікіріңді дәлелді айтуға тырыс, т.б.

Талдау алдында оқушыларға әдеби теориялық ұғым берудің маңызы зор.Мысалы, осы драманы талдлау алдында драмалық шығармалар, оның түрлері (трагедия, комедия, пьеса, акт,көрініс, перде, сурет, ремарка, монолог, диалог, тартыс) туралы алғашқы ұғым беріледі. Талдау барысында, соңында нақты мысалдар арқылы бұл теориялық ұғым тереңдей түседі.

   Талдауды драмалық шығармаларды тыңдау, немесе содан көрініс көрсетуден бастаудың маңызы зор.Сондай-ақ, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында драманың жазылу тарихы, оны ойнаған әртістер туралы әңгімелеу, туынды туралы әдебиетшілер, сыншылар пікірі жазылған көрнекіліктепрді пайдалану тиімді болмақ.

   Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рөлге бөліп оқуға ерекше назар аударылады. Мәтіндіу осылай оқи отырып, сұрақ-жауап, проблемалық жағдаят тудыру, оны шешу, т.б, әдіс-тәсілдер арқылы талдау ары қарай жүргізіледі.

Page 19: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

   Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары көп. Ол- әр мұғалімнің ізденісі, шеберлігіне де байланысты шығармашылық жұмыс. Дегенмен оның өзіне тән оқыту әдістері, сабақ түрлері болады. Концерт сабақтар, композициялық сабақтар түрі драманы� өтудегі тиімді сабақ түріне жатады.Драмалық шығарманы оқытудың барысын көрсетеін сабақ үлгісі:

Сабақтың негізгі элементі,мазмұны. Оқыту әдісі, сабақ формасы. Оқу жабдықтары,қосымша материалдара) Кіріспе. М.Әуезов- драматург. «Еңлік-Кебек» трагедиясы. Жазылу тарихы. Оқиғаның өмір шындығына құрылуы. Феодалдық тағылық пен адал таза махаббат.Трагедияның поэтикалық тіл шешендігі, автордың идеялық шешімі. Басты кейіпкерлер.Үйге тапсырма. Алдын-ала тапсырма беру. Сабақтың ең басты формасы- концерт-сабақ. Үйге практикалық, танымдық-іздендіру шілік тапсырмалар, проблемалық сипаттағы әңгімелеу, баяндау.Инсценировка, мәнерлеп оқу.Кітаппен жұмыс.Диалог құруРолге бөліп орындау.-кесте,плакаттар иллюстрациялар.Қосымша материал.М.Қаратаев «М.Әуезов-әдебиет мақтаны»   Альбом,кесте.Иллюстрациялар. Инсценировка.Күйтабақтан үзінді.«Нені білу керек» КестесіМәтін.Кесте.М.Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедиясы.

 Драмалық шығарманың көркемдігіне, жазушының эстетикалықтабысына ерекше назар аудара отырып, кейіпкерлердің терең сырлы монологтарын, диалогтарын, пьесаның тартысқа толы сюжетін талдай білу керек.

18-19Дәрістің тақырыбы: Лириканы оқыту.

1. Лириканы оқытудың заңдылығы

2. Абай өлеңдерін оқытудың ерекшелігі

Лириканы оқытудың өз заңдылығы бар. Оның интонациялық, синтаксистік, фонетикалық ерекшеліктері мәнерлеп оқу үстінде ашылады. Лириканы мәнерлеп оқу оның табиғатынан туындайды. Мәнерлеп оқудың өзіндік шарттары бар. Солардың бірі - кідіріс. Оның үш түрі бар:

Грамматикалық кідірістің (бұл кейде өлең аралық немесе тасымал кідірісі деп те аталады) эмоциялылығы жоғары. Бұған әр сөзді бөліп, ашық, түсінікті, тыныс белгілеріне орай кідіріп оқу жатады.

Логикалық кідіріс. Бұл - табиғи кідіріс. Мұнда шығарманың мән-мағынасына орай, сол шығарманың идеясын ашатын жекелеген создерге салмақ түсіріледі. Бүл кезде тыныс белгілеріне онша назар аударылмайды.

Психологиялық кідіріс. Мүнда жеке сөздерге, сөз тіркестері мен тармақтың әсеріне көбірек салмақ түсіріледі. Бұл кідіріс арқылы лирикадағы негізгі ой ашылады. Яғни, қуану, шаттану, толғаныс, өкіну, сағыну, кекету және басқа көңіл- күй беріледі.

Лириканың жекелеген компоненттерін таныту әдебиет сабағындағы басты мәселе. Оларға тақырып, идея, образ, композиция, сөз, тіл жатады. Ең алдымен лири-каның тақырыбы ашылады. Мәселен, Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жүртым» өлеңінің тақырыбы -үстем тап билеген замандағы өмір қайшылығы, ал идея-сы орта тартысының шындығын ашу, заман келбетін шынайы беру. Ел жүртының қамын ойлап, кем кетігін түгелдеудің жолын қарастырып, өмір шындығын бүрке-мелемей, ашық көрсеткен ақын ішкі жан дүниесін тол-қытқан, ашындырған мәселені жайып салады. Осы ойын беруде ақын қолданған амал-тәсілдерді айқындап, тіл өрнегін талдау керек.

Мәселен, Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескер-медім» (14жол) өлеңін талдап көрейік. Өлең мәтінін толық келтірейік.

Page 20: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Өлең мәнерлеп оқылғаннан кейін, мәні ашылады. Мәнерлеп оқыған кезде тиісті кідірістің түрлерін қолданамыз. Абайдың бұл өлеңі баяу, салмақты үнмен оқылады. Ақынның оқу-білімнен кеш қалып қойған-дағы өкініші кезінде психологиялың («жасымда ғылым бар деп ескермедім,

ержеткен соң түспеді уысыма, қолымды мезгілінен кеш сермедім, бұл махрұм қылмағыма кім жазалы») кідіріс қажет. Оның құрылымы үш түйінді ойдан тұратындығы айтылады. Олар:

- ақын өкінішінің себебі (алты жол);

- баласын оқуға беру (төрт жол);

- өзі туралы (төрт жол).

Осыдан соң мынадай сұрақтар қойылып, өлең мәнін аша түсуге болады:

1.  Ақын неге өкініш етті?

2. Ақын баласын қандай оқуға берді?

3.  Ондағы мақсаты не?

4. Сол кездегі оқу туралы шектеулі түсінік қандай еді?

5. Аңынның оқуға насихаттағандағы мақсаты не?

6. Ақынның өзі туралы ойы қандай?

Өлең мәтініндегі «махрұм», «қызмет қылу», «шен алу», «қарасөзге дес бермеу», «басқа шауып төске өрлеу» деген сөздерге түсінік беріледі, мағынасы айқындалады. Жазушы М.Әуезовтің: «Көркемөнер - біздің ішкі дүниемізге, жан жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді» дегені еске түсіріледі. Әрбір көркем мөтін оқушының танымдық біліктілігін қалыптастырып, эстетикалық деңгейіне қозғау салады. Осы өлең арқылы жастар оқу-білімге деген көзқарасын, ғылымның мәнін, қоғамға, адамзатқа пайдалы болып, игілікті істер атқаратындай, азамат болу керектігін түйсінеді.

Осы ой Абайдың басқа да өлеңдерінде жалғасатындығы айтылады. Қазіргі кездегі «ғылым», «білім» сөздерінің мағынасы ашылып, оқу-білімнің пайдасы ұғындырылады.

Абай өлеңдерін оқытудың өз ерекшелігі бар. Олар шағын лирика ғана емес, көбісінде эпикалық сипат басым. Сондықтан Абай өлеңдерін оқуға үлкен дайындықпен кіріскен жөн. Ол үшін Абайдың өмірі, өскен ортасы туралы мәліметтерді кірістіріп, Абай жасаған заманның ерекшелігін түсіндіре кету керек. Осы тұста М.Әуезовтің «Абай жолынан» үзінділер келтіріп, оқушыларды көлемді шығарма оқуға дайындай беру керек. Мәселен, Абайдың шығармасына үлкен жаңалың қосатын өлеңі - «Интернатта оқып жүр». Бүл өлеңде сыншылдық та көп, қоғамы үшін жаны ашушылық та байқалады. Жаңа буынға басшы болған Абай патшаның билік жүйесіне терең сын айтады. Қазақ баласының ендігі талаптанатыны тек орыс оқуы болу керектігін Абай бұрын да айтқан. Алайда екі түрлі оқу бар: бірі патшаға қызмет қылатын шала оқу; екіншісі толық адам болуға бастайтын терең оқу. Ақын бірінші оқуға баратын баланың халқы үшін залалды адам болып шығатынын

Page 21: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

дәлелдейді. Абай жастарға «Сен арман еткен чиновник пен адвокаттарды Толстой, Салтыков Щедриндер қаншалыңты әшкерелегенін, сорақы кескіндерін әйгілеп бергендерін ойлаңдар!» дейді. Сөйтіп, Абай адам бойындағы қазынаның үлкені - білім екенін ескертіп, соған жетуге насихаттайды. Бүл тұста «Абай жолы» романындағы Абай мен орыс чинов-нигінің кітапханадағы кездесуін айтып кетуге болады.

Поэзия қай дәуірде де адамның көңіл күйін, буырқанған, шабыттанған, күш жігерге шақырып, қайраттанған, рухтанған, өмірлік мұраттарға ұмтылған сәттерін бейнелі, көркем суретпен бере алған. Халқымыздың азаттықты аңсауы тек найзамен келе бермеген. Елдің намысын қайрап, рухын көтеруге өлең жырдың да себі тиген. Алаштың қайраткер түлғасы М.Шоқай: « Ұлттың төуелсіздік - отаршыл озбырлардың езгісінен, талан-таржысынан атамекеніміз бен халқымызды құтқару болып табылады», - деген. Өткен дәуірдің тоқсаныншы жылдарының орта тұсынан былайғы жыр өлеңдер не-гізінен, тәуелсіздікті жырлап, еркіндік деген үғым жаңа идеялық көркемдік сапада жырлана бастады. Мысалы, ел мен жер, атамекен, тіл мен дін, мемлекеттік рәміздер секілді таңырыптар желі тартып, өзіне дейінгі поэзия-да орныңқан дөстүрлерді жалғастырды. Мәселен, Иран-Ғайып, С.Тұрғынбеков, К.Ахметова, Е.Раушанов, Ғ.Қайырбеков, И.Сапарбай жырларында елдің егемендікке қол жеткізген сәті тебірене жырланып, оның баянды болуына деген тілек аңсарлары көрінеді. Ақындар төуелсіздікті жырлаудың ғасырларға кеткен жалғастығын дәнекерлеп, жаңа көркемдік ізденістерге, тың тақырыптың арналарға, биік күрескерлік рухқа қадам жасайды

20-21  Дәріс тақырыбы: Көркем шығарманы оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану

1. Жалпы оқу үрдісінде «технологияландыру» мәселесі

2. Педагогикалык технология

Жалпы оқу үрдісінде «технологияландыру» мәселесінің XX ғасырда педагогика ғылымында бірнеше мәрте қарастырылып, әр түрлі қырынан зерттелуі. Ол сұрыпталған жаңа педагогикалық технологиялардың әрқайсысы - білім стандартында көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтастығын ұсынуы.  «Жаңа педагогикалық технология» терминінің шығу тарихы.

Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Жаңа педагогикалық технологияның заман талабына сай оқытудың белсенді әдістері. «Педагогикалық технология» үғымын техникалық құралдардың көмегімен оқыту және оны ғылыми тұрғыдан түсінуге байланысты пікірлердің әр түрлілігі. Қолданылатын технологияны  нәтижесін анықтаудың әдістері мен өлшемдері. Педагогикалық технология мәселесін қарастырған ғалымдар өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту деген мән-мазмұнын дамыта келіп, оны оқыту мен білім үрдісіне қатысты педагогикалық аспектіде қарастырып, әр түрлі анықтамалар беруі, олардың білім беру жүйесіндегі тиімді жақтары мен кері тигізетін ықпалы.

Педагогикалык технология - алдын-ала жоспарланған нәтижеге жеткізетін реттелген әрекеттер жүйесі екендігі. Оның ғылыми тұрғыдан негізделіп, мұғалімнің кәсіби біліктілігін жетілдіретін, оқыту межеленген түпкі нәтижеге жетуге кепілдік беретін іс-әрекеттер жиынтығы екендігі.                                                                                     

Педагогикалык технологияны қолдануға даярлықты қалыптастыру деңгейлері. Педагогикалык технология білім сапасын арттырудың кепілі.�

Page 22: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демакратияландыруға,оқушылардың өздігінен  бағыт бағдарын анықтап,дамуына, ең бастысы, өзін өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз.Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат: жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып отыр. Бұл жаңа оқулықтар мен дидиктикалық құралдардың ерекшелігі сол,олардың мазмұны қысқа мерзімде ешқандай биімдеусіз ақ компьютерге кіргізуге болады екен. Себебі, бұл құралдырадың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас.

Модул сөзінің этимологиялық мәні білімді қолданысқа, меңгеруге, ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады. Білімді, оқу материялын дидактикалық мақсатқа сай әр түрлі қалыпта (ақпарат блогі, пакет, түйіндер жүйесі, алгоритм, бағдарлама) ұсынуға болады. Модулмен оқыту толық немесе жекелей түрде� модуге негіздеген оқыту. Модул ісәрекеттің мақсатты бағдарламасы белгіленген� � деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, дағдының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы, яғни аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модулмен оқытудың негізгі құралы.

Н.Оралбаеваның, ФОразбаеваның, Қ.Жақсылықованың еңбектеріне сүйене отырып «Модулмен оқыту дегеніміз қазақ тілінде өзара тілдік қатынасқа түсу дағдысы мен� іскерлігін сапалы қалыптастыру мақсатында жұмсалатын мұғалім мен оқушының, оқушы мен оқушының, мұғалім мен сыныптың жасырын ішкі күші мен бірлескен әрекетінің белсенділігін арттыру нгізінде тілді сапалы оқыту жүйесі». деген анықтамасын ұстанамыз.

Дж. Рассельдің пайымдауынша, модуль бойынша оқушыларды оқыту мәселесін шешуде барлық сезімдік мүмкіншілік қолданылуы керек, өйткені оқытудың мультисенсорлық белсенділігі оқушының танымдық үрдісін арттырып, модульдік оқытуды ұйымдастырудың маңызды тәсілі болады. Бұл мәселе еліміз бойынша ілі шешілмей тұр, Тәжірибе модульдік бағдарламаны құрғанда оқытушының әрекетінде бірізділік болу керек екендігі анықталды,

  Бірінші қадам- бұл оқу курсын жүйе ретінде беру, яғни мазмұнды бастапқы құрылымдау. Екінші қадам бойынша курсқа технологиялық карта жасалынады, Үшінші қадам-модульдік бағдарламаны құру, оның бөліктері дидактикалық мақсат және модульдік бағдарламаның модульдері жиынтығы болады. Төртінші қадам- дидактикалық мақсаттарды бөлу болып табылады. Бесінші қадам- интеграцияланған дидактикалық мақсаттарды жекелік дидактикалықмақсаттарға бөлу және модуль құрайтын оқу элементтерінің мазмұнын қалыптастыру. Алтыншы қадам модульдің өзін құру.� Тәжірибе модул арқылы оқыту оқытушыдан жоғары әдіскерлік шеберлікті, жоғары кәсіби деңгейді талап етеді.

Қазіргі заман ұстазы шәкірттерін адамзат бойындағы адамгершілік қасиеттерін, Отанын, туған жерін қастерлейтін азамат болуға қазақ тілін үйрете отырып тәрбиелейді. Жеке тұлғаға бағытталған технологияларды қолдана отырып оқытқанда ғана оқушы бойында жан-жақты дамыған тұлға қалыптасады. Әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап көрсетудің маңызы зор. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жеке тұлғаның дамуына ыңғайлы жағдай жасайтын, жақсы жақтарын құрамына енгізген бірден-бір технология М.Жанпейісованың “ Модульдік� оқыту технологиясы ”.

Page 23: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

      Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру-ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкәндәк беретін тиімді жол болып табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері, қағидалары, белгілері бар. Тиімді белгілерінің бірі оқушының оқу белсенділігі. Ол үшін� әрқашан жағдай жасалып отырады. Белсенділік жалпы жанды ағзаға тән қабілет. Жек� тұлғаның белсенділігі шығармашылық әрекетінде.      

Модулдік оқыту әр түрлі мақсаттарға жету жолын көздейді: білім алушыға оқу әдісінің өзіне лайықты тәсілін қолдануды; оқушыға өзінің әлді, әлсіз жақтарын анықтап, модулдің түзету тәсілін пайдалана отырып көмектесуді; оқытудың түрлі формалары мен әрқилы әдістерін кіріктіруді; оқу материалының құрылған бірлігін икемді түрде пайдалануды; кәсіби іс-әрекет деңгейіне білім алушының жоғары дайындығы арқылы жетуді;  пәнаралық байланысты орнатып, мәселені жоғары оқу орнындағы арнайы кафедралар арасындағы өзара байланыстық арқылы шешуді; оқудың сапасына білім мен білікті жүйелеу арқылы жетуді және т.б.

Mодулдік оқытудың басты мақсаты-оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттегі қажеттіліканықтайтын икемді білім беретін құрылым құру

               Модулдік оқыту теориясының басты ұғымы модул ұғымы болып табылады. Модулдік оқытудың біраздан бері қолданып келе жатқанына қарамастан, оны түсінуде, оның мазмұн құрылымын түрлендіруге, оқыту әдістері мен түрлерін өндеуде әлі күнге дейін әр түрлі көзқарастар бар.

               Модулдің көптеген анықтамаларына қарамастан, олрдың барлығын үш түрлі бағытта топтастырып, жүйелеуге болады:

               - модул - біліктлік мінездемесінің талаптарын жауап беріп,мамандық бойынша оқу пәндерінің жиынтығын ұсынатын мемілекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлгісі;

              - модул пәнаралық әдістемелік-ұйымдастыру құрылымы болып,әр түрлі� оөу пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді және оқу үрдісінде пәнаралық қатынсты қамтамасыз етеді;

             - модул бір ғана оқу пәнінің шнңберіндегі ұйымдасыру- әдітемелік� құрылымының бірлігі.

              Біздің модулге берген анықтамамыз үшінші тәсілге саяды. Модул деп біз озіне дидактикалық мақсаттарды, оқу материалының логикалық аяқталган бірлігін(пәнішілік және пәнаралық байланыстар сақталған), әдістемелік нұсқауды (диалектикалық материалды қоса) және бақылау жүйесіне енетін оқу пәнінің дараланған ұйымдастыру-әдістемелік құрылымын түсінеміз.

 Оқытудың модулдік тәсілі  оқытудың мақсаты мен мазмұнын, танымдылық белсенділікті басқару әдістерін өзгертуді қалайды.

Оқытудың мақсаты оқу-тірбие  үрдісінің барлық  бөліктерін бір жүйеге байланыстыратын басты дидактикалық  ұстаным болып табылады.

Мақсаттар маман даярлау жүйесінің барлық жалпы бағытын айқындайды.

 Модулдік оқытудың кәсіби білім беру жүйесінде кең түрде танымды болуын түсіну қиын емес, өйкені модулдік бағдарламалардың операциялық типі кәсіби  икемділікті қалыптастыруға бағытталған.

Page 24: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

 Модулдік оқытудың құрамында дидактикалық мақсаттардың таксономиясының жіктелуі деңгейіне қарай (кешенді,кіріктірілген дербес) және түрі жағынан (танымдылық және операциялық) жүйелеуді ұсынады.

Одан әрі кешенді мақсатқа сәйкес оқыту мазмұны қайта қарастырылады, кіріктірілген және дербес мақсаттар оның құрылымдығын және негіздемесін білім беру мазмұнын ұйымдастыру негізімен және   таңдап алу өлшемімен айқындайды.

Оқыту мазмұнынан таңдап алғаннан кейін сол мазмұнды жүйелеу мәселесі туындайды. Әсіресе, бұл оқу мазмұнын дербес модулдерге жіктеудегі модулдік  оөытуға байланысты.

Модулдік  оқытудың дидактикалық  жүйесі басқа да дидактикалық жүйелер  сияқты оқытудың мақсаттарына сай жалпы-дидактикалық  ұстанымдар  мен  негіздеріне сүйеніп, оқу материалдарын  құрылымдауды меңзейді.  Модулдік бағдарламаларды  құрастыруда әр түрлі тәсілдер байқалады.  Даралық модулдердің  мазмұна оқыту мазмұнын құрылымдау ұстанымдарын  сақтай отырып жасалады және жинақы, әрі көрнекілік түрінде беріліп, дидактикалық материалдармен, ділгірлік  және қолданбалы    міндеттер мен қамтамасыз етілуі керек.

 Модулдердің қалыптасуы оқу мақсаты мен оқыту  мазмұнынан  ғана тұрмайды. Оқыту үрдісі-әлеуметтік үрдіс, онда ұстаздар мен оқушылар белсенді түрде ірекет етеді. Педагогикалық үрдісті басқару кезінде басқару нысанын анықтап алу ерекше орын алады.

Көптеген психологиялық-педагогикалық, дидактикалық зерттеулерде оқу іс-әрекетін басқарудын түрліше нұсқаулары талданып, қолдануға ұсынылған. Мысалы оқу үрдісін басқарудын жалпы кибернетикалық жүйесі негізге алынады.

 Модулдік оқытуда модул мен модулдік бағдарлама арқылы циклдік басқару жүзеге асырылады. Яғни басқарушы жүйенің басқарылуы жүйеге кері әсер ету үрдісі арқылы. Кері байланыс-модулдік оқытуда басқарудын басты құралы. Кері байланыстың іске асырылуы кері байланыстың мазмұнын ғана емес, меңгеру сапасының диагностикасын көрсететін модулдік бағдарламалар арқылы орындалады.

Жеке тұлғаның даму мақсаты жөнінде сөз болғанда тек қана кибернетика ұстанымына сүйенуді басшылыққа алған дұрыс емес. Басқарудың иерархиялық құрылым қағидасына сүйеніп, жүйенің әрекет етуінде басқарушы функцияларын оның жоғары бөліктері, ал жекелеген басқару әрекетінтөменгі бөліктері орындауы керек. Оқыту үрдісінде басқарудың иерархиялық жоғары бөлігі педагог, ал төменгі бөлігі оқытушы мен бақылаушы құрылғылар, оқушылардың өзін-өзі басқару әрекеті болады. Осы қағидаға байланысты модулдік оқытуда ұстаз өзінің басқару функциясының біраз бөлігін модулдік бағдарламаға береді де, бұл функциялар білім алушының өзін-өзі басқару функциясына ауысады.

 Сонымен, модулдік оқытуды кибернетикалық басқару тұрғысынан талдасақ, модулдік оқыту педагогикалық басқарудың қалыптасқан жүйесін сапалық жағынан өзгертеді.Ендеше модулдік оқыту жағдайында оқу үрдісін басқару мәлімт беру үрдісіне бағытталған циклдігімен, білім алушының өздігімен жұмыс істеуі және белсенділігін арттыратын өзін- өзі басқару мен басқарудың тиімді арақатынасын орнатуымен ерекшеленеді.

 Жаңа  технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория  - Л.С.Выготскийдің «оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірініші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады.

Page 25: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

В. П. Бесполько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірініш деңгей - «міндетті, оқушылық», екінші алгоритмдік, үшінші - эврестикалық, төртінші шығармашылық.� �

Ендеше оқушылардың білім,білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар - әңгімелесуші оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәріптелері.

Әңгімелесуші оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп,� анықтамамен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу мысалдарымен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Дегенмен,оқушылардың өз бетімен білім алу үрдісі (басқаруға ынғайсыз) сыналып жүр. Сондағы айтатындары: оқушы өз кезінде өз білгенін істейді, оның іс әрекеті көбінесе қате болады» дейді Біздіңше, оқытудың жаңа технология жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық әс әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса,оқушыларды ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша  сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінеде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесіп отырып, жұмбақ,сөзжұмбақ,ребус, математикалық басқатырғыштыра сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде «үлгере алмай кейндеп қалып,өз ұүрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын өқушылармен қалай жұмыс әстейу қажет?» Бұл мәселеніңде оңды шешуң қарастырылған. Олар мыналар:

 Барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгрмеушілерге көметеседі;  Сыныптың басқа оқушылары өздігнен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің үлгерімі

тқмен оқушларға дербес көмектесуіне уақыты болады.  Бұл қалайша жүзеге асырылады? Енді аз кем тоқталып өтейік.

 Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат сынып оқушыларының қабілет және қабілетсіз деп жасанда әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлі жіне дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыларға ізгілендіру ұстанымдары дасақталады. Сондай ақ деңгейлікоқыту барысында оқушыны бірінші деігейдегі тапсырманы дұрыс орындағаны есепке (зачет) алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан, «оқушылқ міндетті, яғни бірінші деңгейдің жұмысын оындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарына сай бірінші дейгейді толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай есепке алу (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар кем дегенде «оқушылық» деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын тәжірибеден байқап жүрміз. Өйткені алғашқы деңгейлік тапсырмаларын толық және дұрыс меңгерген оқушы  әрі қарай ілгері ұмтылады. Өзіне өзінің сенімі артады.

     Оқытудың топтық әдісінің алатын орны ерекше. Сыныптағы оқушыларды белсенділігіне қарай дамыта оқытқанда білім, таным деңгейіне, қабілетіне және ынтасына қарай топқа бөліп және  олардың бір топтан екінші топқа орын ауыстыруына, үздіксіз алға ұмтылуына ықпал етіп отырамын.

 1- топ. Дарынды оқушылар тобы. Бұл топтағы оқушылар әр деңгейлік оқытуда іс � әрекеттерді өз бетімен орындай алатындай дәрежеге және тез ойлай білуге жетілдірілген. Оқушылар теориялық материалдарға жалпылама талдау жасай отырып, өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізеді.

Page 26: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

 2- топ. Үздік оқушылар тобы. Оқушылардың толық бағдарлама бойынша білімі бар, барлық анықтаманы біледі. Дарындыларға ұқсас, тек айырмашылығы өз бетінше жаңа тұжырым жасай алмайды.

3- топ. Жақсы оқитын оқушылар тобы. Оқушылардың бағдарламалық материал бойынша білімдері бар, бірақ үнемі дәлелдеп, қорытындылап, өз мысалдарын келтіре бермейді. Курс бойынша шығаратын есептердің негізгі тәсілдерін біледі, алайда жаңа жағдаятта өз бетінше шығармашылық пен ізденуді қажет ететін есептерді мұғалімнің көмегінсіз алып кете алмайды, есепті үнемі тиімді әдістермен шығара бермейді.

4- топ. Орташа оқитын оқушылар тобы. Оқушылардың үлгі бойынша және ұқсас жағдаятта қолдану үшін жеткілікті минимум білімі, дағдысы бар. Кең түсіндіруді, дәлелдуді қажет етпейтін сұрақтарға жауап береді. Бұл оқушыларға материалдың негізгі бөлігі оқытудың міндетті деңгейіндегі меңгеруге тиісті тапсырмалар беріледі және оқушыларға білім стандарты негізінде білім беру көзделген.

Бұл топтау әдісінің екінші түрін оқытуда жаңа педагогикалық технологияны пайдаланған кезде оқушылардың қабілеттеріне қарай топтап, дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде қолданған ыңғайлы.

Ойын элементтерін енгізу мақсатында әр командаларға ат қойып топтың жетекшісін сайлауға болады.

Білім, таным деңгейіне сәйкес топтап жүргізу тәсілінде оқушылар командалық жарысқа бейімделеді және әр команда өзімен қатарлас командадан қалып қоймау үшін үнемі дайындық үстінде жүреді.

 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы оқушылардың қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату, ой толғауды дамытады. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының анықтамасы бойынша «сөз ойлау не дамыту» деген мағынаны білдіреді. Оқушылардың практикалық әрекетте белсенді әрекетте болады.

Сын тұрғысынан ойлау стратеияларына жататындар: бағытталған оқу, хаттамаларының түрлері, кластер тұрғызу, кубиктер, мәтінді талдай отырып оқу, миға шабуыл, топтастыру, бес минуттық эссе, Венн диаграммасы, ой толғанысы, ой қозғалысы т.б. әдістер жатады. Оқытудың белсенді әдістері эвристикалық әңгіме, дөңгелек столы, пікірталас әдісі, сайыстар т.б.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету жеңіл емес. Дегенмен, СТО ны дамытатын оқыту� жағдайлары  мен әдістері бар. Келесі оқыту СТО ны дамытуға әсер етеді. СТО тәжірибеде� мүмкіндікпен уақыттың қажеттілігі, оқушының ойлауына рұқсат ету. Оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау пікірлерін дұрыс қалыптастыруға  көмектесу, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіреді. Оқушылардың біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айтуға, нақтылы шешуге үйрету.

 Топтастыру �  оқыту  стратегиясы оқушылады еркін және ашық ойлауға үйретеді. Ол ойлауды шыңдайтын идеяларды байланыстырып бірнеше құрлымнан тұрады. Бұл стратегияның түсіндірмесі мынадай: кілтті сөздерді ортаға жазу. Ол тақырып болуы да мүмкін, керекті уақыт өткеннен кейін жазылған пікірлерді топтастырамыз. Қателеріне көңіл бөлінбейді. Ешқандай шешім қабылданбайды.

 Бес жолдық өлең стратегиясы ақпаратты жинақтау қабілеттігі, аз ғана сөзбен� күрделі ойын, сезімін, үмітін білдіру. Бес жолдық өлең тақырыпты ашу керек, сондықтан ол ақпараттың талданған және материалдың аз сөзбен көп ойды білдіретінін талап етеді. Бұл стратегия мынадай жолдардан тұрады: Бірінші жол тақырыпты білдіретін бір сөз, екінші жол екі сөз, тақырып мазмұнына байланысты, үшінші жол үш сөз тақарып

Page 27: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

бойынша іс әрекет, төртінші жол тақырыптағы сөзден тұрады, бесінші жол тақырыптың� болмысын білдіретін синоним сөз.Кубизм стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін тақырыпты түрлі қырынан қарастыруға көмегін тигізеді. Кубизм стратегиясында ойлау, жазу, оқу әрекеті қатар жүреді. Шаршының 15-20 метр, әр бетінің аты және тапсырмаары болады. Кубиктің алты бетіне жазбаша не ауызша жауап беріледі. Әр оқушы кубикті лақтыру сұрақтарды оқып,  жауап береді.

22-23.Дәрістің тақырыбы:  Әдебиет сабағында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері.

1. XVIII ғасыр - қазақ поэзиясының кең өріс алуы

2. Жыраулар поэзиясын оқыту

 Қазақ әдебиеті тарихын жеке бір дәуір аумағында ғана емес, қоғамдық дәуір эволюциясымен тұтастыра зерттеу әдеби процестің қалыптасу, даму заңдылықтарын толық ашып береді. Демек, әдебиет және мәдениет та-рихы халық тарихымен, әдеби процеспен тығыз әрі та-биғи байланыс түрғысында қарастырылуы керек. Әрбір халықтың өсіп-өніп, біртұтас халық ретінде дүниеге келуінің тарихи әлеуметтік, этногеографиялық, мөдени тілдік факторлары бар. Олар уақыт жағынан бірнеше ғасырлар нәтижесінде пайда болды. Міне, осындай үзақ жылдар ішінде біздің қоғамымызда алуан түрлі оқиғалар, өэгерістер болып жатады да, оның рухани не-месе мәдени тарихы да өзінің алғашқы бастауларын ғасырлар тереңінен алады.

XVIII ғасыр - қазақ поэзиясының кең өріс алып, біздің дөуірімізге молырақ жеткен кезі. Бүл дөуір поэзия-сының өзіне дейінгі поэзиядан бір ерекшелігі мүнда ерлік, елдік тақырыбы үндес жырланады.

XVIII ғасыр әдебиеті де қоғамда аласапыран өзгерістер заманында - Жоңғар шапқыншылығы өрістеп, қазақ халқының басына үлкен сын туып, Ресейге қосылу про-цесі жүре бастаған шақта өмірге келді. Бүл кезең ел ба-сына күн туған кезде ел қорғаны батырлардың, дуалы ауыз уәзшілер - ақын жыраулардың өмір кешкен дәуірі болды.

ХV-ХVШ ғасырлардағы поэзия - халқымыздың тарихын, тарихи тұлғаларымыздың өмірнамасын, ақын жыраулар шығармашылығының өзіне тән ерекшелігін, құрылысы мен тіл көркемдігін қалыптастырған кезең болды. Бүл дәуір мұрасын зерттеу «Ертедегі әдебиет 58 нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1970) жинақтарында керініс бере бастады. Өз дәуірінде Шоқан Уәлиханов жыраулар жайлы маңызды пікірлер айтты. XIX ғасырдың 70 жылдарынан Қазан төңкерісіне дейінгі аралықта бірқатар жыраулар туралы (Қазтуған, Шалкиіз, Досамбет, Шобан, Жиембет) әр түрлі мөліметтер белгілі бола бастады. Одан басқа ақын жыраулардың ңоғамдағы орны мен шығармашылығының ерекшеліктері жөнінде С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғүлан, Е.Ысмайылов, М.Мағауин т.б. ғалымдар зерттеулер жүргізді. Мәселен, М.Әуезов: «Жыраудың мақсаты не болса соны, көңілашар әлдене сөзді айту емес, Ол заман сынын, мезгіл, дөуір болжамын, тарихи оқиғаның мазмүнын, бағасын сөз қылады. Көбінесе, әрі жырау, әрі би болады», - дейді. Жырауда суырыпсалмалық, шешендік қасиет басым. Хан мен бидің алдында жыраудың беделі биік болады. Бұл дәуір өдебиетінде аңындық пен жыраулық поэзияның бір арнада дамығанын байқаймыз. Ақындық поэзияда тақырып ауқымы кең, лирикалық сипат басым болды. Ал, жыраулық толғауларда әлеуметтік өмірдің алуан түрлі көріністері мен заманның бет-бағдарын сипаттайтын ой-болжамдары, толғану басым болды.

Қазақтағы жыр мен өлеңнің түр, мазмұн құрылысындағы айырым белгілерін алғаш таныған - Құрбанғали Халид. Ол ақын мен жыршыны жіктеп, ақынның шығармасын «өлең» деген.

Page 28: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

Толғау әдебиетте өзіндік ерекшеліктерімен керініп, кене дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарма. Жыраулар қазақ поэзиясына оның негізгі бір жанры - толғауды әкелді. Толғау өзінің әуелгі сюжетсіз қалпы мен дидактикалық сипатын жалғастырып, өмір, тіршілік, жаратылыс, оның қүбылмалылығы туралы жырлайтын ерекшелігін тереңдете түсті. Мәселен, өз кезіндегі талай жорықтарға қатысқан ер де өр мінезді Ақтамберді жырау «Күлдір-күлдір кісінетіп» деген ұзақ толғауында қазақтың төл тіршілігіне тән әдет-дәстүрлерді тізбектейді:

Өзенге бие байлатып,

Төрткүлдеп ошақ қаздырып,

Төбе бие сойғызып,

Төменде бидің кеңесін,

Біз де кұрар ма екенбіз.

Барша жырауларға ортаң қасиет - ақыл, өсиет айту болса, бүл Аңтамбердіге де төн:

Ей, адамдар, шоралар,

Атты мінсең зорды мін,

Биік біткен теректей.

Қару алсаң, мылтық ал,

Қарның ашса, тамағың,

Жаяу жүрсең таяғың.

Бұқар жыраудың өмірі туралы айтқанда, оның өмір сүрген ортасы туралы ғана емес, зерттеушілер Б.Кенжебаев пен М.Мағауин жырау неліктен жас жасады, Қ.Мұхаметханүлы жас жасады дегенді неге сүйеніп айтқандары туралы мөлімет бере кеткен жөн. І.Есенберлиннің «Кешпенділерінде»: «Бұқар үзын бойлы, қапсағай денелі, шоқша сақалды, еңселі адам еді. Ол ата бабаларымыздың көкейлерінде қалған армандарын кейінгі ұрпақңа жеткізіп отырған. Халқымыздың жырауларды төбесіне көтере құрмет тұтатын себебі осы болса керек. Бұқар да сондай құрметтілерінің бірі, «көмекей өулие» атанған, - деп жазуы оның ерекше адам екенін білдіреді. Бұқар жырау туралы өдебиет тарихында өр қилы пікірлердің болғаны, алғаш жырау туралы құнды пікірлер айтып, оң баға берген, оқулыққа енгізген М. Әуезов екенін студенттердің есіне сала кеткеніміз жен. Бұқар жырау халңының елдігін, ерлігін жырға ңосып, «Ей, Абылай, Абылай», «Садыр қайда барасың» деген толғауларында елдің бірлігін жоғары қойған. Жырау толғаған мәселелердің көбінде Абылай есімін атап, кейде сынаса («сен он бір жасыңда, әшейін ғана ұл едің, Әбілмөмбет төренің түйесін баққан құл едің»), кейде дөріптеп («...елу жасқа келгенде, үш жүздің басын бір кезеңге тіредің») отырған. Бұқар ұғымында хан деп көтермелеу, қара деп кемсіту жоқ. Жырау толғауларының дені кейінгіге үлгі боларлың өсиет насихатқа, ақыл кеңеске толы. «Ай не болар күннен соң», «Жар басына қонбаңыз», «Көкте бұлт сөгілсе», «Жал құйрығы қаба деп», «Жиырма деген жасыңыз», «Асқар таудың өлгені» деген толғауарында емірдің өткіншілігін, адамдық пен адалдың, жақсылық пен жамандық, дос пен ңас туралы ойларын ортаға салады. Өмір қүбылыстарына терең ой жүгіртіп, кең де мағыналы тұжырым жасайды.

Бірыңғай импровизация дәстүрінде туып, егіз өрілген ақындық пен жыраулың поэзияның өзіндік өзгешеліктері бар. Аңындық поэзияда тақырып ауқымы кеңдігімен қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болады. Осы ерекшеліктерді зерттеуші

Page 29: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

М.Әуезов жырауға қатысты нақтылай түседі: «Жырау демек ақын емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Ол заман сынын, дәуір болжамын, тарихи оқиғаның мазмұнын, бағасын сөз етеді. Ал, аңындық дарынның орекшелігін ғалым Е.Ысмайылов: «Аңын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны тек өзінің ой-өрісі дәржесінде та-ниды. Әрі оның сезінуі, сезгенін ңабылдауы шапшаң, тез осер алады. Алған әсері жөнінде ұғымын есте саңтауы да күшті, тұрақты. Аңын естігенін де, көргенін де тез қабылдап, жылдам жырлап, қас қағым сәтте өлеңге айналдыра біледі» дейді. Бұл мәселеде М.Мағауиннің «Қобыз сарыны», Қ.Сыдиқовтың «Ақын-жыраулар», Е.Тұрсыновтың «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы екілдері», Ә.Дербісәлиннің «Дәстүр мен жалғастық» еңбектерін атауға болады.

Көтеш - ақындар поэзиясының түңғышы, ақпа ақын. Ол көдімгі қара өлең, қайым өлең үлгісінде шығарған. Өмір сүрген кезеңі жоңғар шапқыншылығына тұспа-тұс келген ақын халық қайғысын көріп, оны өлеңдерінде өрнектей білген. Көтеш ақынның өлеңдерін жинастырған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің айтуынша, оның ақын ретінде алғаш танылуы Абылай алдында болса керек. Ел жадында сақталған «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» деп басталатын толғауын айтуы, І.Есенберлиннің «Жанталас» романында келтірілген. Көтеш импровизатор ақын. Оның «Қойым-ау, кел, қойсаңшы Өзенге бие байлатып, Төрткілдеп ошақ қаздырып, Төбе бие сойғызып, Төменде бидің кеңесін, Біз де кұрар ма екенбіз.

Барша жырауларға ортақ қасиет - ақыл, өсиет айту болса, бұл Ақтамбердіге де тән:

Ей, адамдар, шоралар, Атты мінсең зорды мін, Биік біткен теректей. Қару алсаң, мылтық ал, Қарның ашса, тамағың, Жаяу жүрсең таяғың.

Бұхар жыраудың өмірі туралы айтқанда, оның өмір сүрген ортасы туралы ғана емес, зерттеушілер Б.Кенжебаев пен М.Мағауин жырау неліктен жас жасады, Қ.Мұхаметханұлы жас жасады дегенді неге сүйеніп айтқандары туралы мәлімет бере кеткен жөн. І.Есенберлиннің «Кешпенділерінде»: «Бұқар ұзын бойлы, қапсағай денелі, шоқша сақалды, еңселі адам еді. Ол ата бабаларымыздың көкейлерінде қалған армандарын кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Халқымыздың жырауларды төбесіне көтере құрмет тұтатын себебі осы болса керек. Бұқар да сондай құрметтілерің бірі, «кемекей өулие» атанған», - деп жазуы оның ерекше адам екенін білдіреді. Бүқар жырау туралы әдебиет тарихында әр қилы пікірлердің болғаны, алғаш жырау туралы құнды пікірлер айтып, оң баға берген, оқулыққа енгізген М. Әуезов екенін студенттердің есіне сала кеткеніміз жөн. Бұқар жырау халқының елдігін, ерлігін жырға қосып, «Ей, Абылай, Абылай», «Садыр қайда барасың» деген толғауларында елдің бірлігін жоғары қойған. Жырау толғаған мәселелердің көбінде Абылай есімін атап, кейде сынаса («сен он бір жасыңда, әшейін ғана ұл едің, Әбілмөмбет төренің түйесін баққан құл едің»), кейде дөріптеп («...елу жасқа келгенде, үш жүздің басын бір кезеңге тіредің») отырған. Бұқар ұғымында хан деп көтермелеу, қара деп кемсіту жоқ. Жырау толғауларының дені кейінгіге үлгі боларлық өсиет насихатқа, ақыл кеңеске толы. «Ай не болар күннен соң», «Жар басына қонбаңыз», «Көкте бұлт сөгілсе», «Жал құйрығы қаба деп», «Жиырма деген жасыңыз», «Асқар таудың өлгені» деген толғауларында өмірдің өткіншілігін, адамдық пен адалдың, жақсылық пен жамандың, дос пен қас туралы ойларын ортаға салады. Өмір құбылыстарына терең ой жүгіртіп, кең де мағыналы тұжырым жасайды.

Бірыңғай импровизация дәстүрінде туып, егіз өрілген ақындық пен жыраулық поэзияның өзіндік өзгешеліктері бар. Ақындық поэзияда тақырып ауқымы кеңдігімен қоса, сезімге құрылған лирикалық сипат басым болады. Осы ерекшеліктерді зерттеуші М.Әуезов жырауға қатысты нақтылай түседі: «Жырау демек ақын емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Ол заман сынын, дәуір болжамын, тарихи оқиғаның мазмүнын, бағасын сөз етеді. Ал, ақындық дарынның ерекшелігін ғалым

Page 30: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

Е.Ысмайылов: «Ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны тек өзінің ой-өрісі дәрежесінде таниды. Әрі оның сезінуі, сезгенін қабылдауы шапшаң, тез ә алады. Алған әсері жөнінде үғымын есте саңтауы да күшті, түрақты. Ақын естігенін де, көргенін де тез қабылдап, жылдам жырлап, қас қағым сәтте өлеңге айналдыра біледі» дейді. Бұл мәселеде М.Мағауиннің «Қобыз сарыны», Қ.Сыздықовтың «Ақын-жыраулар», Е.Тұрсыновтың «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері», Ә.Дербісәлиннің «Дәстүр мен жалғастық» еңбектерін атауға болады.

Зерттеуші Ш.Уәлиханов Шал (Тілеуеке) ақынды эпик ретінде танып, «менің бабам Абылайдың замандасы -Шал ақынның жырлары өте тамаша, бірақ оны білушілер аз», - дейді. Шал мұралары бізге мол жеткен. Шы-ғармаларының таңырыптары да алуан түрлі. Ақын өлеңдеріне өмір тәжірибесін жинақтаған салмақты ой, терең тұжырым, түйінді тәлім тән. Ақын өлеңдерін топтайтын болсақ: а) өсиет; ә) сын-сықақ; б) адамгершілік, білім, тәлім тәрбие; в) арнау; г) сөз қағыстары. Ақын айтайын дегенін дөп айтып, ңарапайым, шыншыл жеткізеді. Соның өзінде халыңтың маңал-мәтелдерге іргелес тұрған өрнектерді табамыз. Мәселен:

Білімің болса дағы ұшан теңіз,

Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей,

 немесе

Ғибрат ал жақсылардан жақын жүріп,

Қаша гөр, жамандықтан аулақ  беттей.

Ақын тәрбиеге үлкен мән берген. Ұл мен қыз төрбиесімің ерекшеліктерін еске салып: «қыз он беске келгенде, жақсы мен жаманды айырады», «жігіттің жақсысы сегіз қырлы, бір сырлы болады» дейді. Ақын өлеңдерін-де тұспал, меңзеу аз, ойы анық, дөл. Жігітке, қызға, әйелге өлең арнай отырып, олардың түрлеріне сипаттама береді. Мәселен, «бір жігіт бар - құр жан, бір жігіт бар - тірі жан, бір жігіт бар - жігіт жан» дей келе, қолынан ештеңе келмейтін құр жан болудан, бар тапқанын асы мен киіміне жұмсап, берекесіз тірлікпен айналысқан тірі жан болудан саңтандырып, өмірге икемді, өнерлі болуға үндейді. Осыған үндес ойлары қыздарға, келіндерге, әйелдерге арнауында да кездеседі. Шал ақын - тұрмыстық мәселелерден бастап, өмірлік терең жайттарды қозғаған ақын.

  Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың негізгі құралы. Оқу бағдарламиасында  оқушыларлдың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген.Осы материалдар ерекшелігіне байланысты әдебиет теорисы ұғымдарына түсінік беріліп отырады.Төмендегіде жүйеде әдеби-теориялық ұғым беруге болады деп есептейміз:

І.  5 сынып.

1.  Халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша түсінік.2.  Ауыз әдебиетіннің негізгі жанрлары: мақал,мәтел, жұмбақ, батырлар жыры, ертегілер,

туралы ұғым.3.  Мысал жанры.4.  Өлең, оның өзіндік ерекшелігі, құрылысы жайында кіріспе.5.  Әңгіме жанры. Сюжет, эпизод туралы.6.  Лирика, табиғат лирикасы.7.  Гипербола, эпитет, теңеу, кейіптеу.8.  Көркем шығарманың тақырыбы туралы.

Page 31: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

9.  Монолог, повесть, баллада туралы.

ІІ. 6 сынып.

1.  Шыншыл ертегілер, аңыз әңгімелер.2.  Өлең құрылысы, ұйқас түрлері.3.  Суреттеу, баяндау, әңгімелеу, композиция туралы түсінік.4.  Өмірбаяндық әңгіме жанры.5.  Сюжетті өлеңдер туралы түсінік.6.  Теңеу, эпитет, метафора туралы.

ІІІ. 7 сынып.

1.  Батырлар жыры туралы ұғымдарын кеңейту.2.  Оптимизм, романтика, риторикалық сұрақтар, аллитерация, ассонанс туралы түсінік.3.  Табиғат лирикасы туралы білімдерін кеңейту.4.  Ирония, с атира, эпитеттің ұлғайған түрі,антитеза жайында хабар беру.5.  Әдеби бағыттар. Реализм туралы алғашқы ұғым.6.  Пукблицистика жанры, көркем шығарм а тілі, поэтикалық тіл туралы түсінік.7.  «Суреткер ақын», «Лирик ақын» ұғымына түсінік беру.

ІҮ. 8 сынып.

1.  Поэма туралы.2.  Сюжет, композиция, көркем шығарма, тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері туралы

түсініктерін кеңейту.3.  Тип, прототип туралы.4.  Ұйқас түрлері.5.  Шешендік сұрау, шешендік лептеулер, анафора мен эпифора туралы.6.  Драмалық шығармалар туралы алғашқы түсінік.

Ү. 9 сынып.

1.  Фольклор туралы түсінік.2.  Гипербола, тұрақты эпитет, әдебиеттегі типтілік.3.  Айтыс, импровизация туралы.4.  Жыршы, жырау, ақын, толғау, афоризм туралы ұғымдарын қалыптастыру.5.  Дәстүр мен жаңкашылдық, реализм, романтизм, әдебиеттегі бағыттар, әдеби ағымдар

жайында хабар беру.6.  Тропа, фигуралар алған білімдкерін тереңдекту ( ассонанс, аллитерация, эпитет,

метафора, антитеза, әдеби шығармалоардың көркем тілі.)7.  Поэзиядағы оптимистік сарын, элегиялық сарын, әдеби характер, әдеби тип, лирикалық

шегіністер туралы ұғым.8.  Сын-зерттеу еңбектері, сценарий, либретто туралы алғашқы ұғымдар.

ҮІ. 10 сынып.

1.  Әдебиеттегі демократтық, ағартушылық бағыт, сыншыл реализм.2.  Эпистолярлық жанр, публицистика, ғылыми мақалалар туралы.3.  Шоқантану, Абайтану, фольклорист, азамат ақын туралы ұғым.4.  Аударма, мысал жанры туралы түсініктерін кеңейту.5.  Саяси-әлеуметтік, махаббат, достық, философиялық, элегиялық, лирикалық шығармалар.6.  Әдебиеттің халықтығы.Жаңашылдық, ақын-жазушы стилі, философиялық трактаттар,

қарасөздер туралы.

Page 32: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

7.  Роман жанры, өлеңмен жазылған роман, өмірбаяндық романдар, журналаитика, естеліктер,, романтикалық поэма, әдебиет теориясы туралы очерк, фельетон жайындағы ұғымдар.

8.  Әнші-композитор туралы, психолог ақын жайында.9.  Лирикалық кепйіпкер, типтік бейне, сатира, аллегория, сюжеттік өлеңдер туралы.10.  Ұйқас түрлекрі, өлең құрылысындағы жаңашылдық.

ҮІІ. 11 с ынып.

1.  Төңкерістен кейінгі әдеби ағымдар (символизм, футуризм, т.б)2.  Поэтикалық әдебиет және реализм туралы.3.  Новелла, баллада, эпопея, тарихи романдар, драматургиядағы тартыс пен характер,

трагедия, комедия жанры, суреткердің даралық стилі, шеберлігі, лиро-эпикалық поэмалар,, трагедиялық образдар.

4.  Тип, протатип, көркем шығармадағы деталь, штрих, псевдоним, очерк, фельетон, роман жанрындағы сюжет пен композиция, қара сөзбен жазылған поэма, тарихи тақырыптар, ұлттық тақырыптар, әдебиеттер достығы, халықтық сипаты, дәстүр мен жаңашылдық ұғымдарын кеңейту.

5.  Портрет-эссе, роман-диалог, трилогия, деректі әңгімелер.6.  Әдебиеттегі көркем шындық, тарихи шындық, көркем бейне, стиль мен әдістер, авторлық

тұжырым, әдебиеттің тегі мен түрі, өлең құрылысы, өлшемі туралы.

Қай сыныпта болмасын әдеби -теориялық ұғымдар көркем шығарма негізінде, онымен тығыз байланыста түсіндіріледі.

24-25.  Дәрістің тақырыбы: Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары

1. Тіл дамыту жұмыстарының түрлері

2. Тіл дамыту жұмыстарын басқа сабақтармен байланыстырып жүргізу

Оқушылардың ауызша тілін, сөйлеу мәдениетін, шеберлігін арттыруда пікірталас, айтыс сабақтары, баспасөз конференциялары, брифинг, көзқарас сабақтарының маңызы ерекше.Ал, жазбаша тіл дамытуда реферат қорғау, конференция, семинар-сабақтарының орны ерекше.Мысалы, 8 сыныпта М.Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасын» оқып болған соң, қорытынды ретінде «Билер соты» сабағын өткізуге болады. Сот бас қылмыстылар- Сәлмен мен Жарасбайға жүргізіледі. Ақтаушы, айыптаушы, куәлер, билер, төбе билер сайланады. Олардың сөздері мақал-мәтелдерге, термелеп айтатын сөздерге құрылады. Сондай-ақ, кімнің сөзі болса да, шығармадан алынады, соны негіз етеді.Мысалы, куә Бақтығұл:

«Қайран, тектім-ай, алпамсадай арысым едің...Кескен теректей құладың ғой, қу жоқшылық бір құлатты, кегің кетті, соққы мазағына ұшыратты, дертке шалдықтыртты, керек десе лақ құрлы қалжа да бермеді ғой. Жылқының шетінде інім Тектіғұл өтті, әйелім Қатила саралаетек күң болып, отыңмен кіріп, күліңмен шықты..»

Мұндағы оқушыға таныс емес қалжа, саралаетек,күң деген сөздерге түсінік беруге болады.

    Ізденгіш мұғалім тіл дамытуды оқушыға жеңіл, қызықты әдіс-тәсілдермен өткізеді.Тіл дамыту жұмыстары көбіне мәтінмен жұмыс түрінде жүргізіледі. Сабақ барысында меңгерілмей қалған кейбір мәселелерді осы сәтте талддауға болады. Мысалы, майлы бояумен салынған көркем суретті көрнекілік ретінде қолданып, күз туралы өлеңмен салыстыра сабақ жүргізуге болады. Бұл сабақ- сабақ-гармония деп аталады. Мұғалім күз суреті бойынша оқушыларға бірнеше тапсырмалар берді:

Page 33: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

       а) Сурет  бойынша күз көріністеріне суреттеме беру.Мына сөздерді пайдалану: алтындай жарқырап, сары нұрға бөленіп.  

       ә) Сурет пен өлеңді салыстыру.

       б) Сурет бояуы мен өлеңдегі көркемдегіш, бейнелі сөздердің ұқсастығы бар ма?

Осы сабақ арқылы оқушылардың тіл байлығын дамытуға болады. Олардың әрқайсысы өз ойларын көркемдеп жеткізуге тырысады. Ақын суреттеген күз бейнесінен де өзгеше теңеулер табуға тырысады.

     Ал, І.Жансүгіровтың «Күй», «Күйші» поэмаларын өткенде музыка пәнінің мұғалімімен бірлесіп, тіл дамыту жүргізу тиімді. Поэмада аты атлып, сөзбен кестеленген күйлерді күйтабақтан тыңдап, әрі ақын суреттемесін оқып, мынадай жұмыстар жүргізуге болады:

 Осы күйден не ұқтың, қандай әсер алдың ? Сол туралы шағын пікір-толғау айт немесе шағын эссе жаз.

 Ілияс музыка тілін көркем сөзбен жеткізе білген бе ? Ойыңды поэмадан үзінді алып, дәлелде.

 Поэмадан күйді сипаттайтын образды, көркем сөздерді тауып,, олардың күй тілін жеткізудегі орны, маңызы туралы қысқаша тұжырымда.

Тіл дамыту жұмыстарын сондай-ақ биология, тарих, т.б сабақтармен байланыстырып жүргізуге болады.

26-27- Дәрістің тақырыбы: Жазба  жұмыстар арқылы тіл дамыту

1. Шығарма жұмыстары түрлері

2. Жоспар құру

Мектепте ең көп тараған, тәжірибеде жиі пайдаланылатын жазба жұмыстарының, ішінде күрделісі де шығарма жұмыстары болып табылады. Шығарма жұмыстарының ең басты мақсаттары мыналар:

1.  Бала білімін бақылау, білім деңгейін тексеру.2.   Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда

пайдалана білу.3.   Ойдау еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірлерін салыстыру, қортынды жасай білуге

дағдыландыру.4.   Оқушылардың  қабілеті, дарындарына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.

«Шығарма » деген сөздің негізінде «шығару» ұғымы жатады. (яғни, ойдан шығару. Ойлап шығару). Қарастырылатын мәселе, жазатын  тақырып біреу болса да, әр оқушы оны өзінше жазады. Яғни тілі, пікірі, қортындысы сол көркем туынды, не кейіпкерлерді қабылдау дәрежесіне байланысты. Шығармаға қойылатын негізгі талаптарды «Жазба жұмыстарына байланысты нұсқаулар» деген атпен жазып қоюдың тиімділігі зор.

Үлгіні басшылыққа  алу, қате жібермей жазуға талаптандыру. 5-6 сыныптарда шағын шығарма-суреттеме, шығарма-сипаттама, шығарма - кескіндеме, шығарма- мүсіндеме, шығарма- бейнелеме жаздыруға болады. 5-7 сыныптарда өздері оқып жатқан көркем туындылардың жанрына байланысты жазуына болады. Біріншіден бұндай шығармалар балардың дүниетанымын, білімін кеңейтеді, екіншіден қабілеті, дарынына әсер етеді.Үшіншіден, көркем тілін дамытады. 5-6 сыныптарда образға немесе поэтикалық

Page 34: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

тілге, себебі, олардың әдеби туындыларды талдауды талап ететін шығармаларға шамасы келмейді. Оларға талдаудан  гөрі әсерін білдіретін тақырыптар беру тиімді болмақ.

Ғалым- әдіскерлер, ізденімпаз мұғалімдер іс- тәжірибесі бойынша шығармаларды мынандай түрлерге бөлуге болады:

1. Публицистикалық шығармалар. Оған очерк, фельетон, мақалалар, пікірлер жаздыру жатады.

2. Шығармашылық бағыттағы шығармаларға әңгіме, инценировка, өлеңдер жаздыру жатады.3.  Ғылыми зерттеу сипатындағы шығармалар. Оған реферат, ғылыми сипаттағы мақала, еннотация, әдеби шолулар, пікірлер жатады. 4. Әдеби тақырыптарды қамтыған, білім дәрежесін, тіл байлығын тексеруге арналған шығармалар.

Дайындық жұмысынан кейін  жоспар бойынша шығармашылық жұмысына кіріседі. Мазмұндамаға бөлінген уақыттың көпшілігі осы кезеңге беріледі. Оқытушы жазба жұмысы тақырыбына, мазмұнына, баяндау стиліне, оқиғасына байланысты талдау жүргізеді. Сөздердің, сөйлем түрлерінің байланысы ескеріліп отырады. Оқытушы талданатын жайттарды алдын ала жинақтап алады. Тіл уйренушілердің жіберген қателерін топтап, келешекте болдырмау шараларын жүргізеді. Мазмұндама жұмыстарын талдау � жазу жұмысының аяқталған кезеңі. Мұнда жазба жұмысының қандай дәрежеде орындалғанына баға беріліп қорытындыланады. Мазмұндамамен жұмыс істеу кезеңдері шартты түрде берілген. Мазмұндаманы дайындауға және орындауға мүмкіндік берілген уақытқа, сабақтың мақсатына, мәтіннің ерекшеліктеріне қарай кейбір кезеңдерге уақыт көбірек берілсе, басқаларына қысқартылып беріледі. Бір сабақта материалдың көлемі мәтінді талдауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан мазмұндама жазу алдында бірнеше күн бұрын дайындық үргізу тиімді. Алдын ала орындалатын жаттығуларда қиын орфограммалар талданады, сөздердің жазылуы, сөйлем құрау үлгілері түсіндіріледі. Сонымен, мазмұндама сөйлеу жаттығуларының өте ұтымды түрі.� Мазмұндама сөйлеуге, ойын екінші тілде білдіруге жаттықтырады. Сондықтан тіл үйренуші зер салып тыңдай, білуге, айтылған ойдың негізін аңғаруға, естігенін, оқығанын өз сөзімен баяндап, әңгімелеп беруге және оларды ықшамдап жаза білуге үйрету жазылым әрекеті арқылы сөйлеу тілін қалыптастырудың негізі.

28. Дәрістің тақырыбы: Әдебиет сабағының көрнекілігі

1. Көрнекіліктің тиімділігі

2.

Сабақта көрнекілік пайдаланудың тиімділігін педагог- ғалымдар, әдіскерлерде, педагог- практиктер де күнделікті тәжірибе арқылы дәлелдеп келеді. Көрнекіліктің тиімділігі мынада:

1.Көрнекілік білім мазмұнын байыта түседі.

2.Есту арқылы алған білім көру арқылы бекіте түседі.

3.Көрнекіліктер оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырады, ойлау, таным белсенділіктерін, көркем тілін дамытады.

4.Эмоциясына әсер етеді.

5.Алған білімдерін практикада жүзеге асыруға жетелейді.

Page 35: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

Суретті картиналарды пайдалану оқушылардың көркем тілін дамытады, көркемөнерді түсінуге, әдемілікке тәрбиелейді. Көркем суретті, графикалық материалдар, үнтаспа жазулары, күйтабақтар, радио- телехабарлар, оқу фильмдері, кино фрагменттер, телесабақтарды көру, есту процесіне байланысты бірнеше түрге жіктеуге болады. Көруге негізделген көрнекіліктерге бейнелеу өнерінің туындылары мүсін, сәулет,өнерінің шығармалары,графикалық материалдар, портрет, макеттер, альбомдар жатады.Естуге негізделген көрнекіліктерге ақын- жазушылардың даусы, шығармалары жазылған күйтабақтар, ертегі батырлар жыры, әңгіме, өлеңдер , артистер оқуындағы шығармалардың түрлері жатады.Көру, есту көрнекіліктерінің түріне оқу фильмдері жатады.Мұғалім өзі қалаған ақын- жазушыларға кесте- сызба жасайды.

1.Хронологиялық кесте жасап, суреткер өмірінің басты- басты кезеңдерін оқушының көз алдына келтіріп қою да тиімді.

2.Кесте- сызбаның ең тиімді түрі- суреткер шығармашылығының негізгі, түйінді мәселері бойынша жасалуы.

Мысалы, Ыбырай Алтынсаринге кесте- плакат жасауға болады.

«Қазақтан шыққан ұлы педагог»  Өлеңдері, оның тақырыбы,

табиғат лирикасы, әлеуметтік мәселері әңгімелерінің тақырыбы жайлы.

3.Кесте- плакат сызбалар көркем шығармадағы образдар жүйесін оқытуға байланысты да жасалады.

4.Көлемді шығармаларды сюжеттік- композициялық талдауда да схеме- кесте тиімді.«Абай жолы»- 4 кітаптан тұратын эпопеялық шығарма.

1-ші кітап бойынша кесте- сызба жасау керек.

ТарауларБасты оқиғаларАбайдың іс- әрекеттері«Қайтқанда»«Жолда»Оқудан елге оралу Қодар мен Қамқа өліміКамшатты Бөжейлерге беруӘке әмірінен аса алмайды.Қатты қиналып, шошынып, ауырып қалды.Абай іштей күйзелді, ара түсе алмайды.

Ақын- жазушылардың өмірін оқыту барысында оның жеке басты, шығармаларына балаларын назарын аударып, қызықтыру, белсенділіктерін арттыру мақсатында ол туралы пікірлер, тамаша ойлар жазылған  кестелер пайдаланудың тиімділігі зор.

29. Дәрістің тақырыбы: Әдебиет бойынша сыныптан тыс оқу және

                                                   Сыныптан тыс жұмыстар

1. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері

2.

Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс  жұмыстарға ерекше  көңіл бөлінеді. Сыныптан тыс  жұмыстап оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады. Әдеби- шығармашылық үйірмелердің сонымен қатар «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты  фольклорға негізделген түрлері, әсіресе соңғы кездерде тәжірибеген енгізілген.  5-8 сыныптарда мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соны үйретеді.

Page 36: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

Үйірменің тағы  бір түрі мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Оқушылар драматургия� жанры, оның ерекшелігі туралы хабардар алады. Мысалы, Ғ. Мүсіреповтің, М.Әуезов драмаларын талқылаған кезде олардың туындыларынан шағын көрініс, монолог дайындалып, сабақта ұштастырылады. 5-8 сыныптар бойынша әдебиет үйірмелерімен бірлесе отырып «Алтын сақа», «Ер Төстік елінде» атты драма үйірмелері жүргізіледі.

Әдеби конференциялар тақырып бойынша жүйелі түрде өткізіледі.  

Сыныптан тыс оқу сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек. Оны әдебиеттегі сабақтардан мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткеізген жөн. Сабақ бойы сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты таптаурын әдістерден қашқан жөн. Әсіресе, 5 � 8 сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты, оқушыларды тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы, өтуі керек. Бір ізбен өтетін сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшаң теңіз, себебі ондай сабақтар баланың кітапқа� деген қызығушылығын тежейді, жояды. 5- 8 сыныптардағы сабақтан тыс оқудың ең басты мақсаты оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар� әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабағы, жәрмеңке сабақ, композициялық сабақ, инсценировкалық сабақ, сабақ викторина, саяхат сабағы, « Бізде� ертегі кейіпкерлері қонақта » атты кездесу сабағы немесе « Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдаймыз! » атты әңгіме сабақтары, т.б сабақ түрлері әрлендіріп, балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз. 8 9 сыныптардағы сабақтан тыс оқулар.Оқу� бағдарламасында бұл сыныптарда төңкерістен кейінгі әдебиет үлгілері ұсынылады. Бұл сыныптарда да сабақты түрлендіріп, жандандырып отыру керек. Мұнда да сабақты өтіліп жатқан шығармалармен байланыстыру, тақырып, жанр, проблемалық мәселелерге байланысты жүйелі түрде өткізу басшылыққа алынады. Семинар сабақтары, пікірталас сабақтар, реферат қорғау сабақтары сияқты сабақтың маңызды формалары негізге алынуы керек. Сондай ақ бұл жоғары сыныптарда шетел әдебиетінің озық үлгілерін оқыту,� оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әлем, адамзат әдебиетінің асылдарын таныстыру мүмкіндігі мол. Көркем шығармаларды оқыту ғана емес, әдеби әдістер, дәстүр мен жаңашылдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктер, поэтикалық талдаулар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді.Кабинетте, кітапханада жо,ары сыныптар үшін «Әлем әдебиетінің асылдары», «Адамзаттың Айтматовы» , «М.Әуезов әлемді аралып кетті» сияқты кітап көрмелерін ( көшпелі) жасап қоюға болады. Сондай ақ осы кітап көрмесінің әр� тақырыбына сабақ өткізу, оны баяндама, пікір, аннотация, дәріс оқу әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру тиімді болып келеді. Мысалы, «Адамзаттың Айтматовы» тақырыбын ( бір сабақ емес, бірнеше сабақ болуы мүмкін) конференция, семинар түрінде өткізуге болады.

30. Дәрістің тақырыбы:  Әдебиетті оқытудағы педагогикалық тәжірибенің ролі

1. Педагогикалық тәжірибе

2. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің талаптары

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады.

Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан� білім беру ұйымдарының тәжірибесі.Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі.

Page 37: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады. Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады.

Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі.�

Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады. Озат тәжірибенің екінші белгісі педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері.�

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы.

Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді. Жаңалық � озат тәжірибенің төртінші белгісі.Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады.  

2. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі әрі қиын, әрі үрделі� мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен мүмкіншіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады. Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып сабақтарына қатысып,  олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары,   күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.3.Инновация педагогикалық� процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.Инновациялық

Page 38: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды болды.Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:•    білім мазмұнындағы инновация;•    оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;•    оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;•    мектептегі басқару жүйесіндегі инновация. Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:-    жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;-    модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;-    жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер. Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды .Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.Иннавациялық іс-әрекет қоғамның әлеуметтік-экономикалық� жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.Инновациялық процестің кезеңдері:•    иновацияның себептері;•    жаңалықты жобалау;•    жаңалықты жүзеге асыру.Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:•    мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;•    инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;•    бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;•    әлеуметтік-экономикалық жағдай;•    инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

Искать ещё по теме...СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

1. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылымы мен тәжірибесінің қазіргі жағдайына, қазақ әдебиеті әдістемесінің даму тарихына ғалым-әдіскерлердің сіңірген еңбегі мен қосқан үлестеріне тоқталу.

2. Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуындағы үш кезеңді білу. 3. Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі.4. Оқытудың ауызекі әдістері, көрнекілік, практикалық әдістері.5. Қайраткер ұстаздардың мұғалімдік тәжірибелері, озық өнегелері.6. Оқушылардың көркем шығарманы қабылдауының психологиялық ерекшеліктері. 7. Әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды, олардың негізгі сипаттарын оқыту.8. Шығарма, мазмұндама жазу арқылы оқушының аналитикалық ойлау жүйесі

қалыптасқандығы.9. Әдеби шығарманы талдаудың көп түрлілігі.10. Шығармаға жоспар жасау (жай және күрделі)

Page 39: edu.semgu.kz€¦  · Web viewОл жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын үйренуден жай білім

11. Кіріспе сабақтардың ерекшеліктері.12. Оқушының мұғалім тапсырмасымен көркем шығарманы алғаш рет өз бетімен оқуының

маңызы.13. Әдебиет сабағы және оның мектептік пәндер жүйесіндегі орны.14. Сыныптан тыс жұмыстар жүргізу жолдары.15. Әдебиетті оқытудың мектеп тәжірибесінде қалыптасқан әдіс-тәсілдерін жаңа

технологиямен ұштастыра білу.