22
Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.3/30 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы кафедрасы «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - psu.kzpsu.kz/arm/upload/umk_pdf/101256.pdf · қарым-қатынастарын зерттейтіндігі. Сөз тіркесі

  • Upload
    others

  • View
    29

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Жұмыс оқу бағдарламасыныңтитулдық парағы

НысанПМУ ҰС Н 7.18.3/30

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» пәні бойынша 050117«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне

арналған

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар

Мамандықтың мемлекеттік жалпығаміндетті білім беру стандарты және типтікбағдарлама негізінде әзірленген жұмыс оқубағдарламасын бекіту парағы

НысанПМУ ҰС Н 7.18.3/31

БЕКІТЕМІН ОІ жөніндегі проректор___________ Н.Э.Пфейфер 20__ж. «___»____________

Құрастырушы _________ ф.ғ.,к., профессор Ж.Т.Сарбалаев

Қазақ филологиясы кафедрасы «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» пәні бойынша - қазақ тілі менәдебиеті 050117 мамандығының студенттеріне арналған

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР МЖМБС 6.08.073-2010 негізінде 050117– «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша әзірленді.

2011ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған№_____ Хаттама. Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Қ.Жүсіпов 2011ж. «____»________

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған____________________________________________ 2011ж.«_____»____________ №____ Хаттама ОӘК төрағасы ________________ Е.Н.Жұманқұлова 2011ж.«_____»___________

КЕЛІСІЛГЕН Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің деканы ________ Ж.Т.Сарбалаев

2011ж «_____»________МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________ А.А.Варакута 2011ж.«_____»_______

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған2011ж. «___»______________ №____ Хаттама

1 Пәннің мақсаты және міндеттері1 Пәннің мақсаты

«Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» пәнінде қазіргі қазақәдеби тілінің синтаксистік жүйесін ғылымда әбден зерттеліптұрақталған көзқарас тұрғысынан танып білу, сипаттау;студенттің әдеби тіл нормаларын игеруіне көмектесу;болашақ мұғалімдерге қажет тілдік әдістемелік білімдерменқаруландыру.2 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің: «Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» жалпы қазақ тіл білімінде қатыстыбұрын-соңды жасалған, тиянақталған зерттеу нәтижелері, синтаксисжөнінде түсініктері болуы;

- Сөйлемдерді құрылыстық жағынан талдай білуі;- Сөз тіркесі, олардың өзіндік белгілерін, басқа тілдік

едициналардан айырмашылығын игерту, сөз бен сөздіңбайланысу тәсілдері мен байланысу формаларынталдауда икемді болуы;- сөз құрамына талдау жасай білу;- құрмалас сөйлемге талдау жасауда практикалық

машықтарды иемдену қажет;

3 Пререквезиттер: - Тіл біліміне кіріспе. - Жай сөйлем синтаксисіПостреквизиттер - жалпы тіл білімі

4 Пәннің мазмұны4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары№ Тақырып Сағат саны

ҚТмӘ-31ҚТмӘ-21қ

Сағат саныСҚТмӘ-31(2ж)

Дәр Тәж.

СӨЖ

Дәріс

Тәж.

СӨЖ

1 2 3 4 5 6 7 81 Синтаксис

туралы түсінік.1 2 5 1 1 5

2 Сөз және оныңформасыныңсинтаксисі. Сөзтіркесініңсинтаксисі.Сөйлемніңсинтаксисі.Мәтінсинтаксисі.

1 2 5 1 5

3 Сөз тіркесі. 1 2 5 1 10

4Есімдітіркестер.Матасабайланыс-қанесімдісөзтір-кестері.Меңгерілебайланысқанесім-дісөзтіркестері.

1 2 5 1 1 5

5 Етістікті сөзтір-кестері.Меңгерілебайланысқансөз тіркестері.

1 2 5 10

6 Жай сөйлемсин-таксисі.Сөйлем мүшесітуралы түсінік.

1 2 5 1 1 5

7 Сөйлемніңтұрлау-лымүшелері.

1 2 5 1 5

8Сөйлемніңтұрлаусызмүшелері.

1 2 5 1 1 10

9 Жай сөйлемніңкүрделенужолда-ры. Жайсөйлем-ніңоқшау сөздерарқылыкүрделе-нуі.

1 2 10 1 10

10 Сөйлемдегісөз-дердіңорын тәр-тібі.Сөйлемніңтүрлері.

1 2 5 1 10

11 Жайсөйлемдегіқұрылымдықтиптері.

1 2 5 1 5

12 Құрмалассөйлемніңжалпысипаттамасы.

1 2 5 1 10

13 Салалас құрмалас сөйлемдер.

1 2 10 10

14 Сабақтас құрмалас сөйлем.

1 2 5 1 1 7

15 Бөгде сөз, оның түрлері. Мәтін. Тыныс белгілері.

1 2 5 1 10

Барлығы: сағат 15 30 90 12 6 117

4.2 Теориялық курс мазмұны

1.Тақырып. Синтаксис туралы түсінік.Мазмұны: Синтаксис морфология тәрізді грамматиканыңөзекті саласының бірі. Грек тілінен алынған синтаксистермині о баста сөз бен сөздің бірігу, қосақталу деген ұғымдаболғандығы; біріншісі – сөйлем құраудың жүйесі дегенмағынада, екіншісі – тілдің синтаксистік құрылысынзерттейтін ғылым деген мағынада қолданылғандығы. Ғылымдеген мағынада жұмсалғанда, әдетте грамматикағылымының морфология тәрізді өзекті саласы ретіндеұғынылатындығы.2.Тақырып. Синтаксис туралы түсінік.Мазмұны:Сөз және оның формасының синтаксисі.Белгілі бір тұлғадағы толық мағыналы сөздің өзі сияқтыбасқа бір сөзді бағындыра алатын қасиеттерін, олардың сөзтіркесі мен сөйлемнің сыңары не мүшесі бола алумүмкіндіктерін зерттейтіндігі.

Сөз тіркесінің синтаксисі.Сөздердің тіркесімдік қасиетін, олардың тіркесу қасиеті ментүрлері, сөз тіркесінің құрамын, түрлерін қарастыратындығы.

Сөйлемнің синтаксисі.Сөйлемнің құрылу принциптерін, сөйлемнің құрамын,олардың түр-түрлерінің қарастыратындығы.

Мәтін синтаксисі.Тілдік жүйедегі ең жоғарғы саты екендігі. Ол әр түрлідеңгейдегі мәтіндердің құралу ерекшеліктерін, олардыңқұрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтары менқарым-қатынастарын зерттейтіндігі. Сөз тіркесі сөйлемқұраудың материалды негізі, ал сөйлем кісінің ойын айтудыңнегізгі формасы екендігі. Синтаксис сөздерді, сөз тіркестерінсөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегісөздерді бірімен-бірі қиюластырып тұратын морфологиялық,синтаксистік категория ретінде қарастыратындығы. Сөзтіркесі мен сөйлем екі түрлі единица екендігі. Сөйлем қарым-

қатынас жасауды, пікір алысуды қамтамасыз етудің міндетін,ал сөз тіркесі сөйлем құраудың материалы болудың міндетінөтейтіндігі. Сөйлем сөз тіркесінен предикативтілік,коммуникативтілік, модальділік, интонациялық қасиеттеріарқылы ажыратылатындығы. Сонымен, синтаксис сөздердіңбір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін, сөйлемді құрутәсілдерін, олардың құрамы мен түрлерін, сөйлемдердің ірібөліктерге бірігу тәсілдері мен түрлерін, ондағы жекесөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін ғылымекендігі. 3. Тақырып. Сөз тіркесі.Мазмұны: Сөз тіркесінің зерттелу жайы. Сөз тіркесініңтабиғаты және оған тән белгілері. Кез келген сөздердің сөзтіркесін құрай алмайтындығы. Сөз бен сөз тіркесінің арақатынасы. Сөз тіркесі мен номинативті тіркестің арақатынасы. Сөз тіркесі мен күрделі сөздің ара қатынасы. Сөзтіркесі мен сөйлемнің ара қатынасы. Сөз тіркесі сөйлеммүшелерінің ара қатынасы. Сөз тіркесімділік және оның мәні.Сөздердің тіркесу тәсілдері мен байланысу формаларытуралы көзқарастар. Сөйлемдегі сөздердің өзарасинтаксистік байланысқа енуінің екі түрлі тәсілі: 1)аналитикалық тәсіл; 2) синтетикалық тәсіл. Аналитикалықтәсіл мен синтетикалық тәсілдің мәні. Сөз тіркесі жүйесініңқалыптасуы мен дамуы. Сөз тіркесінің түрлері. Сөзтіркестерін топтастыру принциптері туралы.4. Тақырып. Есімді тіркестер. Матаса байланысқан есімді сөзтіркестері. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері. Мазмұны: Қабыса байланысқан сөз тіркестерінң түркітілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде зерттелу жайы. Қабысабайланысқан есімді сөз тіркестерінің табиғаты. Зат есімдітіркестер. Сын есім мен зат есімдерден құралған сөзтіркестері. Есімдіктер мен зат есімдерден құралған сөзтіркестері. Қабыса байланысқан сөз тірестерінң номинативтітіркестерге немесе күрделі сөздерге ұласуы. Матасабайланысқан сөз тіркестерінің зерттелуі. Матасабайланысқан сөз тіркестерінің табиғаты. Изафеттің екінші,үшінші түрі, ара қатынасы. Изафеттің екінші түрін матасуғанемесе қабысуға жатқызу туралы көзқарастар. Матасабайланысқан сөз тіркестерінің екінші сыңары. Матасабайланысқан сөз тіркестерінің атаулық тіркестерге ұласуы.Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің зерттелуі.Меңгерудің түрлері. Етістікті меңгеру, ортақ меңгеру, есіммеңгеру. Есім меңгерудің қалыптасуы, дамуы және оныңортақ меңгерумен арақатынасы. Есім меңгерудің

ерекшеліктері және оның түрлері. Сын есімнің меңгеруі, затесімнің меңгеруі, модальдық сөздердің меңгеруі, т.б. 5. Тақырып. Етістікті сөз тіркестері. Меңгеріле байланысқансөз тіркестері.Мазмұны: Етістікті сөз тіркестері туралы жалпы түсінік.Қабыса байланысқан сөз тіркестері. Қабыса байланысқанетістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңардың ыңғайынақарай үстелуі, еліктеуіш сөзді, көсемшелі, сын есімді, санесімді, зат есімді сөз тіркестері болып бөлінетіндігі.Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің дамуы.Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері туралы жалпытүсінік. Табыс септігіндегі сөздің ашық, жасырын қолданылусебептері. Меңгерудің қабысуға ұласуы. Байланысудәрежесіне қарай берік меңгеріле байланысқан етістікті сөзтіркестері, әлсіз меңгеріле байланысқан етістікті сөзтіркестерінің іштей жалаң берік меңгеру, қосарлы берікмеңгеру болып бөлінетіндігі. Сабақты етістіктердің меңгеруі,салт етістіктердің меңгеруі, ара қатынасы, бірінен екіншісінеұласып отыруы. Етістіктердің меңгеруге тигізетін ықпалы.Қазақ тіліндегі меңгеру жүйесі және оның өзге түркітілдерінен ерекшелігі.6.Тақырып. Жай сөйлем синтаксисі. Сөйлем мүшесі туралытүсінік.Мазмұны: Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгішарттары. Дара, күрделі, үйірлі мүшелері, бұларды бір-бірінен ажырату жолдары, белгілері. Атқаратын қызметінеқарай сөйлем мүшелерінің тұрлаулы және тұрлаусыз болыпекі топқа бөлінетіндігі.7. Тақырып. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Мазмұны: Тұрлаулы мүшелер – сөйлем құраудың негізі.Бастауыш. Бастауыштың мағыналық, тұлғалық белгілері.Бастауыш болатын сөз таптары. Бастауыштың құрамынақарай дара, күрделі болып бөлінетіндігі. Күрделібастауыштың жасалу жолдары. Үйірлі бастауыштар, өзіндікерекшеліктері. Баяндауыш. Баяндауыш туралы жалпытүсінік. Баяндауыштың қазақ тілінде зерттелуі.Баяндауыштың тұлғалық белгілері, сөйлемдегі орны.Баяндауыш болатын сөз таптары. Қандай сөз табынанболатындығына қарай есім баяндауыштар және етістікбаяндауыштар болып бөлінетіндігі және олардың бір-біріненерекшеліктері. Етістік баяндауыштар. Етістіктен болған дарабаяндауыштар. Етістіктен болған күрделі баяндауыштар,олардың жасалу жолдары. Күрделі баяндауыштардың қимылкезеңдерін білдіруі. Есім баяндауыштар. Есім баяндауыштар

туралы жалпы түсінік. Есім баяндауыштардың қалыптасуымен дамуы. Зат есімдерден болған баяндауыштар. Сапалықесімдерден (сын есім, сан есім) болған баяндауыштар.Модальдық сөздерден болған баяндауыштар. Есімдерденболған баяндауыштар және олардың жасалу жолдары.Құрама баяндауыштар. Құрамы баяндауыштардың жасалужолдары. Құрама баяндауыштардың есім баяндауыштарғаұласуы. Баяндауыш пен бастауыштың қиысуы. Жалпы түсінік.Жақтық қиысу, сандық қиысу. Бастауыш пен баяндауыштыңқиыспайтын түрлері. Бастауыш пен баяндауыштың арасынақойылатын сызықшалар және олардың мәні мен атқаратынсинтаксистік қызметі. 8.Тақырып. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.Мазмұны: Анықтауыш. Анықтауыштың жалпы сипаттамасы.Анықтауыш болатын сөз таптары. Анықтауыштыңанықталушы сөзбен қабыса және матаса байланысуы. Сынесімдер мен сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштар. Санесімдерден болған анықтауыштар. Есімшелерден болғананықтауыштар. Зат есімдерден болған анықтауыштар.Құрылысына қарай анықтауыштың дара және күрделі болыпбөлінетіндігі. Күрделі анықтауыштың үйірлі анықтауыштанерекшелігі. Күрделі анықтауыштың жасалу жолдары.Толықтауыш. Жалпы түсінік. Толықтауыш тұлғалық жәнемағыналық белгілері. Толықтауыш болатын сөз таптары.Мағынасына, синтаксистік қызметіне және тұлғасына қарайтолықтауыштың тура және жанама болып бөлінетіндігі жәнеөзіндік ерекшеліктері. Тура толықтауыш. Туратолықтауыштың табиғаты. Тура толықтауыштың табыс септікжалғаулы түрінде, сондай-ақ табыс септік жалғаусыз түріндеқолданылуы және ол туралы көзқарастар. Туратолықтауыштың септік жалғаулы түрінде қолданылатынреттері. Жанама толықтауыш. Жалпы түсінік. Тұлғалықжағынан толықтауыш болатын кейбір сөздердің мағыналықжағынан пысықтауышқа жататындығы. Жанаматолықтауыштың мағыналары. Барыс септікті толықтауыштар.Шығыс септікті толықтауыштар. Жатыс септіктітолықтауыштар. Көмектес септікті толықтауыштар. Даражәне күрделі толықтауыштар. Үйірлі толықтауыштар. Күрделітолықтауыштың жасалу жолдары. Толықтауыш пентолықталушы сөздердің арасындағы синтаксистікбайланыстың түрлері. Пысықтауыш. Пысықтауыш туралыжалпы түсінік. Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер.Псысықтауыштың мағынасына қарай бөлінуі: мезгіл, сын-қимыл, мақсат, себеп пысықтауыштар және олардың жасалу

жолдары. Дара, күрделі және үйірлі пысықтауыштар. Күрделіпысықтауыштардың жасалу жолдары. Пысықтауыш пенпысықталушы сөздердің арасындағы синтаксистік байланыс.9.Тақырып. Жай сөйлемнің күрделену жолдары. Жайсөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі.Мазмұны: Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелер арқылыкүрделенуі. Бірыңғай мүше туралы жалпы түсінік. Бірыңғаймүшелердің өзіндік белгілері. Бірыңғай мүшелердібайланыстыратын жалғаулықтар. Бірыңғай мүшелерменбайланысты айтылатын жалпылауыш сөздер және оларғабайланысты қойылатын тыныс белгілері. Үйірлі мүше. Үйірлімүшенің жалпы сипаттамасы. Үйірлі мүше туралытүркологиядағы және қазақ тіл біліміндегі көзқарастар.Үйірлі мүшенің өзіндік белгілері. Оның жай сөйлем менкүрделі мүшеге ұқсастық жақтары және оларданайырмашылығы. Үйірлі мүшелердің жасалу жолдары. Үйірлісөйлем мүшелері туралы. Айқындауыш. Жалпы түсінік.Айқындауыш мүшенің атқаратын қызметі, тұлғалық белгісі,сөйлемдегі орны, интонациясы. Айқындауыштардыңқұрылысына қарай қосалқы, қосарлы, оңашаланғанайқындауыш болып бөлінетіндігі. Бұлардың бір-біріненөзгешеліктері, тыныс белгілері.10. Тақырып. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Сөйлемніңтүрлері.Мазмұны: Оның синтаксистік және стилистикалық мәні.Сөйлем мүшелерінің қалыпты орын тәртібі мен инверциялықтүрі. Логикалық екпін түскен сөздердің сөйлемдегі орны.Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі және оның қызметі.Бастауыштың сөйлемдегі орны. Толықтауыштың сөйлемдегіорны. Анықтауыштың сөйлемдегі орны. Пысықтауыштыңсөйлемдегі орны. Айтылу мақсатына қарай сөйлемдердіңхабарлы, сұраулы, бұйрықты болып бөлінуі. Хабарлы сөйлем.Хабарлы сөйлем туралы түсінік. Хабарлы сөйлемге тәнинтонация. Хабарлы сөйлемнің құрылысы. Сұраулы сөйлем.Жалпы түсінік. Сұраулы сөйлемдердің түрлері. Ашық сұрақтыбілдіретін сұраулы сөйлемдер. Альтернатив сұрақтыбілдіретін сұраулы сөйлемдер. Риторикалық сұрақтыбілдіретін сұраулы сөйлемдер. Түрткі сұрақты білдіретінсұраулы сөйлемдер. Жоғарыда аталған сөйлемдердің жасалужолдары. Бұйрықты сөйлемдер. Жалпы түсінік. Бұйрықтысөйлемдердің жасалу жолдары. Бұйрықты сөйлемдерге тәнинтонация. Бұйрықты сөйлемнің түрлері. Лепті сөйлемтуралы түсінік. Лепті сөйлемнің түрлері. Құрамы жағынанбейімделген лепті сөйлемдер. Баяндауыш мүшенің формасы

арқылы қалыптасқан лепті сөйлемдер. Реплика ретіндегілепті сөйлемдер. Ренішті, сесті білдіретін лепті сөйлемдер.11.Тақырып. Жай сөйлемдегі құрылымдық типтері.Мазмұны: Белгісіз жақты және жалпылама жақтысөйлемдер. Белгісіз жақты сөйлем баяндауыштарыныңжасалуы. Баяндауыш етістіктің жекеше ІІІ жағында тұратынбелгісіз жақты сөйлемдер. Жақсыз сөйлем туралы жалпытүсінік. Жақсыз сөйлемдердің жасалу жолдары. Күрделібаяндауыш құрамына бол көмекші етістігінің қатысуы арқылыжасалған жақсыз сөйлемдер. Күрделі баяндауышы – Утұлғалы тұйық етістік пен керек сөзінің тіркесінен жасалғанжақсыз сөйлем. Күрделі баяндауышы барыс септігіндегітұйық етістікке тура келу сөздерінің ІІІ жағы тіркесіпжасалған жақсыз сөйлемдер. Күрделі баяндауышы –қы, -кі,-ғы, -гі жұрнақтары қалау рай арқылы жасалатын жақсызсөйлемдер. Күрделі баяндауышы тұрақты тіркестерденжасалған жақсыз сөйлемдер. Жалаң, жайылма сөйлемдер.Олардың белгілері, ара қатынасы. Толымды, толымсызсөйлемдер. Жалпы түсінік. Толымды, толымсыз сөйлемдердіңара қатынасы, ерекшеліктері. Толымсыз сөйлемдердіңқолданылатын орындары. Атаулы сөйлем туралы түсінік.Атаулы сөйлемнің құрылымы. Атаулы сөйлемнің мағыналықтүрлері. Бір мүшелі сөйлем туралы. Бір мүшелі сөйлемніңтабиғаты. Бір мүшелі сөйлемнің белгісіз, жақты, жақсыз,жалаң, жайылма, толымды, толымсыз және атаулысөйлемдермен ара қатынасы, өзіндік ерекшеліктері.12. Тақырып. Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы.Мазмұны: Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы. Оныңқалыптасу, даму жолдарынан мәлімет. Құрмалас сөйлемніңөзіндік айырым белгілері, оның жай сөйлемдерден бастыайырмашылығы. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарынақарай түрлері (салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, көпқұрамды құрмалас сөйлемдер).13. Тақырып. Салалас құрмалас сөйлемдер.Мазмұны: Жалпы сипаттама. Салалас құрмалассөйлемдердің өзіндік айырым белгілері. Оның жасалужолдарына қарай түрлері (жалғаулықты салалас,жалғаулықсыз салалас сөйлемдер). Жалғаулықты салаласжәне жалғаулықсыз салалас сөйлемдердің мағыналарынақарай негізгі түрлері: жалғаулықты мезгілдес салалас сөйлемжәне оның жалғаулықтары. Жалғаулықсыз мезгілдессалалас сөйлем. Жалғаулықты себеп-салдар салалас сөйлемжәне оның жалғаулықтары. Жалғаулықсыз себеп-салдарсалалас сөйлем. Жалғаулықты қарсылықты салалас сөйлем.

Жалғаулықты шартты салалас сөйлем. Жалғаулықсызшартты салалас сөйлем. Жалғаулықты салыстырмалысалалас сөйлем және оның жалғаулықтары. Жалғаулықсызсалыстырмалы салалас сөйлем. Жалғаулық арқылыжасалатын салалас сөйлемдер: талғаулы салалас сөйлем,оның жалғаулықтары. Кезектес салалас сөйлем, оныңжалғаулықтары. Жалғаулықсыз салалас сөйлем. Түсіндірмелісалалас сөйлем. Көп компонентті салалас сөйлем. Мұныңсыйыса айтылу жолдары. Салалас құрамалас сөйлемніңтыныс белгілері. 14.Тақырып. Сабақтас құрмалас сөйлем.Мазмұны: Жалпы сипаттама. Сабақтас құрмалас сөйлемкомпоненттерінің грамматиалық табиғаты. Сабақтасқұрмалас сөйлемнің айырым белгілері, оның салалассөйлемнен негізгі айырмашылығы. Сабақтас құрмалассөйлемнің жасалу жолдары: бағыныңқы компоненттіңбаяндауыш формасы (есімше, көсемше, шартты рай тұлғасыарқылы жасалуы. Ұласпалы интонация арқылы. Бағыныңқысөйлемдердің топтастырылуы. Сабақтас құрмалас сөйлемніңжеке түрлері оның бағыныңқы компонеттері арқылыажыратылуы. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемкомпоненттерінің мағыналық ерекшеліктері. Қарсылықтыбағыныңқы сабақтас сөйлем, оның жасалу жолдары. Мақсатбағыныңқылы сөйлем, оның жасалу жолдары. Мезгілбағыныңқылы сабақтас сөйлем компоненттерінің мағыналықерекшеліктері. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем, оныңжасалу жолдары. Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем, оныңжасалу жолдары. Салыстырмалы сабақтас сөйлем, оныңжасалу жолдары. Үлестес (мезгілдес) сабақтас сөйлем, оныңжасалу жолдары. Бағыныңқы сөйлемдердің орын тәртібі.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің орын тәртібі, тынысбелгілері. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.Бұлардың компоненттерінің бір-бірімен байланысутәсілдеріне қарай түрлері: бірыңғай көп бағыныңқылысабақтас құрмалас сөйлем, сатылы көп бағыныңқылысабақтас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем көпқұрамды құрмалас сөйлемнің бірі екендігі, оның жасалужолдары. Құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихы. 15. Тақырып. Бөгде сөз, оның түрлері.Мазмұны: Бөгде сөз. Жалпы сипаттама. Бөгде сөздіңтүрлері: төл сөз, төлеу сөз және ортақ төл сөз. Бұлардыңәрқайсысының өзіне тән өзіндік ерекшеліктері мен айырымбелгілері. Төл сөздің берілу жолдары: диалог түрі, цитататүрі. Төл сөз бен автор сөзін байланыстырудағы де етістігінің

қызметі. Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі, олардыңтыныс белгілері. Төлеу сөз. Жалпы сипаттама. Төл сөздітөлеу сөзге айналдырудың жолдары. Ортақ төл сөз. Оныңөзіне тән ерекшелігі, әдеби тілдің көркем стиль түрлеріндеқолданылатындығы.

Мәтін. Мәтін – құрылымдық синтакис пен қатысымсинтаксисінің негізгі тұлға бірлігі екендігі. Оның белгілері,негізгі ұғым категориялары, құрылымдық ерекшелігі, түрлері.Сөйлеммен ара қатынасы. Мәтін лингвистикасының тілбілімінің жеке саласы ретінде қалыптаса бастауы. Күрделісинтаксистік тұтсатық мәтін негізгі тұлға бірлігі.

Тыныс белгілері.Тыныс белгілері туралы жалпы түсінік. Тыныс белгілерініңқалыптасуы мен даму жолдары. Тыныс белгілерін дұрыс қоюүшін үш түрлі белгінің негізге алынатындығы: сөйлемніңсинтаксистік ерекшелігі, сөйлемнің мағынасы, сөйлемніңинтонациясы. Хабарлы, сұраулы сөйлемдерге байланыстықойылатын тыныс белгілері. Бірыңғай мүшелер меноңашаланған мүшелер және оқшау сөздерге қатысты тынысбелгілер. Құрмалас сөйлемдердегі, бөгде сөз түрлеріндегітыныс белгілер.

4.3 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

1.Тақырып. Синтаксис туралы түсінік.Мазмұны: Синтаксис морфология тәрізді грамматиканыңөзекті саласының бірі екендігін түсіндіру. Синтаксис пәнініңмақсаты мен міндеттерін, зерттеу объектісін айқындау.2. Тақырып. Сөз және оның формасының синтаксисі.Мазмұны: Сөз формасы синтаксисінің негізгі белгілерінайқындату. Сөз формасына (тұлғасына) комплексті талдаужүргізу.Сөз тіркесінің синтаксисі. Сөздердің тіркесімдік қасиетіне,олардың тіркесу қасиеті мен түрлеріне жаттығу жұмыстарынжүргізу. Сөз бен сөз тіркесінің аражігін ажырату. Сөзтіркесіне комплексті талдау жүргізу. Сөйлемнің синтаксисі. Сөйлемнің құрылу принциптерін,сөйлемнің құрамын, түрлерін анықтау. Сөйлемге тәнбелгілерді, ерекшеліктерді анықтау. Сөйлем сөз тіркесіненпредикативтілік, коммуникативтілік, модальділік,интонациялық қасиеттері арқылы ажыратылатындығынайтып, түсіндіру.Мәтін синтаксисі. Тілдік жүйедегі ең жоғарғы саты екендігінтүсіндіру. Ол әр түрлі деңгейдегі мәтіндердің құралу

ерекшеліктерін, олардың құрамындағы сөйлемдердіңбайланысу заңдылықтары мен қарым-қатынастарынзерттейтіндігін айту. 3. Тақырып. Сөз тіркесі.Мазмұны: Сөз тіркесінің зерттелу жайымен таныстыру. Сөзтіркесінің белгілерін анықтау. Сөз бен сөз тіркесінің арақатынасын ажырата алуына тапсырмалар орындау. Сөзтіркестерін топтастыру принциптері туралы ғалымдардыңеңбектерінен конспект жазғызу.4. Тақырып. Есімді тіркестер. Матаса байланысқан есімді сөзтіркестері. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері. Мазмұны: Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері менмеңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерін ажырату, есімдітіркестердің бұл түрлеріне мысалдар жазғызу. Қабысабайланысқан сөз тіркестерінің түркі тілдерінде, оның ішіндеқазақ тілінде зерттелу жайы. Меңгеріле байланысқан сөзтіркестерінің зерттелуі. Меңгерудің түрлері. Етістіктімеңгеру, ортақ меңгеру, есім меңгеру. Есім меңгерудіңқалыптасуы, дамуы және оның ортақ меңгеруменарақатынасы. Есім меңгерудің ерекшеліктері және оныңтүрлері. Сын есімнің меңгеруі, зат есімнің меңгеруі,модальдық сөздердің меңгеруі, т.б. Аталған тақырыптарғажаттығу жұмыстарын орындау. 5. Тақырып. Етістікті сөз тіркестері. Меңгеріле байланысқансөз тіркестері.Мазмұны: Етістікті сөз тіркестеріне туралы жалпы түсінікберу. Қабыса байланысқан сөз тіркестері. Қабысабайланысқан етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңардыңыңғайына қарай үстелуі, еліктеуіш сөзді, көсемшелі, сынесімді, сан есімді, зат есімді сөз тіркестері болыпбөлінетіндігі. Меңгеріле байланысқан етістікті сөзтіркестерінің дамуы. Меңгеріле байланысқан етістікті сөзтіркестері туралы жалпы түсінік. Етістіктердің меңгеругетигізетін ықпалы. Қазақ тіліндегі меңгеру жүйесі және оныңөзге түркі тілдерінен ерекшелігі.6.Тақырып. Жай сөйлем синтаксисі. Сөйлем мүшесі туралытүсінік.Мазмұны: Сөздердің сөйлем мүшесі болуының негізгішарттары. Дара, күрделі, үйірлі мүшелері, бұларды бір-бірінен ажырату жолдары, белгілері. Атқаратын қызметінеқарай сөйлем мүшелерінің тұрлаулы және тұрлаусыз болыпекі топқа бөлінетіндігі. Аталған тақырыптарға жаттығужұмыстарын орындау. 7. Тақырып. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

Мазмұны: Тұрлаулы мүшелер – сөйлем құраудың негізіекендігін түсіндіру. Бастауыш. Бастауыштың мағыналық,тұлғалық белгілері. Бастауыш болатын сөз таптары.Бастауыштың құрамына қарай дара, күрделі болыпбөлінетіндігі. Күрделі бастауыштың жасалу жолдары. Үйірлібастауыштар, өзіндік ерекшеліктері. Баяндауыш. Баяндауыштуралы жалпы түсінік. Баяндауыштың қазақ тіліндезерттелуі. Баяндауыштың тұлғалық белгілері, сөйлемдегіорны. Баяндауыш болатын сөз таптары. Бастауыш пенбаяндауыштың арасына қойылатын сызықшалар жәнеолардың мәні мен атқаратын синтаксистік қызметі. Аталғантақырыптарға жаттығу жұмыс-тарын орындау. 8.Тақырып. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.Мазмұны: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: анықтауыш,толықтауыш, пысықтауыштарға жаттығу жұмыстарынорындау. Сөйлем мүшелеріне комплексті талдау жасау.9.Тақырып. Жай сөйлемнің күрделену жолдары. Жайсөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі.Мазмұны: Бірыңғай мүше туралы жалпы түсінік беру. Жайсөйлемнің бірыңғай мүшелер арқылы күрделенуіне мысалдаржазу. Үйірлі мүшенің жалпы сипаттамасы. Үйірлі мүшетуралы түркологиядағы және қазақ тіл біліміндегіғалымдардың көзқарастары туралы конспекті жазу. Үйірлімүшенің жай сөйлем мен күрделі мүшеге ұқсастық жақтарыжәне олардан айырмашылығын, жасалу жолдарын түсіндіру.Айқындауыштардың құрылысына қарай қосалқы, қосарлы,оңашаланған айқындауыш болып бөлінетіндігі. Бұлардың бір-бірінен өзгешеліктері, тыныс белгілері. Айқындауыштыңтүрлеріне жаттығу жұмыстарын орындау.10. Тақырып. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Сөйлемніңтүрлері.Мазмұны: Айтылу мақсатына қарай сөйлемдердің хабарлы,сұраулы, бұйрықты болып бөлінуі. Хабарлы сөйлем. Хабарлысөйлемнің құрылысы. Сұраулы сөйлем. Сұраулы сөйлемдердіңтүрлері. Ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер.Альтернатив сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер.Риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Түрткісұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұйрықты сөйлемдер.Бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолдары. Лепті сөйлемтуралы түсінік. Лепті сөйлемнің түрлері. Ренішті, сестібілдіретін лепті сөйлемдер. Жоғарыда аталған сөйлемніңтүрлеріне жаттығу жұмыстарын орындау, әрбір түрінеталдау жасау. 11.Тақырып. Жай сөйлемдегі құрылымдық типтері.

Мазмұны: Белгісіз жақты және жалпылама жақтысөйлемдер. Белгісіз жақты сөйлем баяндауыштарыныңжасалуы. Баяндауыш етістіктің жекеше ІІІ жағында тұратынбелгісіз жақты сөйлемдер. Жақсыз сөйлем туралы жалпытүсінік. Жақсыз сөйлемдердің жасалу жолдары. Күрделібаяндауышы – У тұлғалы тұйық етістік пен керек сөзініңтіркесінен жасалған жақсыз сөйлемдерге, күрделібаяндауышы -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары қалау рай арқылыжасалатын жақсыз сөйлемдерге жаттығу жұмыстарын,оларды бір-бірінен айыру үшін әртүрлі деңгейдегітапсырмаларды орындау. Күрделі баяндауышы тұрақтытіркестерден жасалған жақсыз сөйлемдер. Жалаң, жайылмасөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдердің ара қатынасы,ерекшеліктері. Бір мүшелі сөйлемнің белгісіз, жақты, жақсыз,жалаң, жайылма, толымды, толымсыз және атаулысөйлемдермен ара қатынасы, өзіндік ерекшеліктеріне арнайытапсырмаларды орындау.12. Тақырып. Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы.Мазмұны: Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы. Оныңқалыптасу, даму жолдарынан мәлімет. Құрмалас сөйлемніңөзіндік айырым белгілері, оның жай сөйлемдерден бастыайырмашылығы. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарынақарай түрлері (салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, көпқұрамды құрмалас сөйлемдер).13. Тақырып. Салалас құрмалас сөйлемдер.Мазмұны: Салалас құрмалас сөйлемдердің өзіндік айырымбелгілері. Оның жасалу жолдарына қарай түрлеріне(жалғаулықты салалас, жалғаулықсыз салалас сөйлемдер)жаттығу жұмыстарын орындау: 1) мына жалғаулықтардыкелтіріп, салалас сөйлем құраңыз: алайда, әрі, өйткені,кейде, не. 2) берілген сөйлемдерден салалас құрмалассөйлемнің түрлерін анықтап, ажыратыңыз, сөйлем мүшесінеталдау жасаңыз: а) Тиын-тебен қымбат емес, адамның арықымбат. ә) Аса бір қысылған, басына ауыр сын түскен кездеәкесі, қалайда, не түсіне кіреді, не көз алдына оқыстанелестеп, осылайша көлбеңдей береді. б) Орнынантұрғысы жоқ, шамды да жақпады. в) Ізбайшаға Ескендірдікөтеріп отыру жарасар-ақ еді, тағдыр жазбады. г)Оңтүстіктен, ыстық жақтан келгені бірден байқалады, жүзінкүн қақтап тотығып кеткен. 14.Тақырып. Сабақтас құрмалас сөйлем.Мазмұны: Сабақтас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері,оның салалас сөйлемнен негізгі айырмашылығы. Сабақтасқұрмалас сөйлемнің жеке түрлері оның бағыныңқы

компонеттері арқылы ажыратылуына тапсырмалар орындау:1) Мына сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлемдердіңтүрлерін, компоненттерін ажыратып, жасалу жолдарынтүсіндіріңіздер, тыныс белгілерінің қойылу себептерінтүсіндіріңіздер: а) Егер әлдеқалай табан астында қарсыалдынан әкесі Рысқұл шыға келсе, не істерін білмейдағдарып қалар ма еді, қайтер еді... ә) Алақанынан бір ыстықлеп тыз етіп, Рысқұловтың алақанына өтіп, өн бойын шарпыпөткендей болды. б) Сырттай бірін-бірі білгенмен, жүздесуітұңғыш. в) Сол көз ұшында көрінбей қалған балаға бір-аққарғып жеткісі келгендей, Рысқұлов кенет креслодан атыптұрды. г) Бала да оны көп жатырқамай, өгей шешеге тезүйренді. 15. Тақырып. Бөгде сөз, оның түрлері.Мазмұны: Бөгде сөздің түрлері: төл сөз, төлеу сөз жәнеортақ төл сөз. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән өзіндікерекшеліктері мен айырым белгілерін түсіндіру. Төл сөздіңберілу жолдары: диалог түрі, цитата түрі. Төл сөз бен авторсөзінің орын тәртібі, олардың тыныс белгілері. Төлеу сөз.Жалпы сипаттама. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудыңжолдары. Ортақ төл сөз. Оның өзіне тән ерекшелігі, әдебитілдің көркем стиль түрлерінде қолданылатындығы. Бөгдесөздің түрлеріне көркем шығармалардан мысалдар теру.

Мәтін. Мәтін – құрылымдық синтакис пен қатысымсинтаксисінің негізгі тұлға бірлігі екендігін түсіндіру.Сөйлеммен ара қатынасы. Мәтін лингвистикасының тілбілімінің жеке саласы ретінде қалыптаса бастауы. Мәтінсинтаксисі туралы тілші ғалымдардың көзқарастары, ғылымиеңбектеріне конспекті жазу.

Тыныс белгілері. Тыныс белгілері туралы жалпы түсінік.Тыныс белгілерінің қалыптасуы мен даму жолдары. Тынысбелгілерін дұрыс қою үшін үш түрлі белгінің негізгеалынатындығы: сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі,сөйлемнің мағынасы, сөйлемнің интонациясы. Хабарлы,сұраулы сөйлемдерге байланысты қойылатын тынысбелгілері. Бірыңғай мүшелер мен оңашаланған мүшелержәне оқшау сөздерге қатысты тыныс белгілер. Құрмалассөйлемдердегі, бөгде сөз түрлеріндегі тыныс белгілер. Тынысбелгілеріне байланысты жаттығу жұмыстарын орындау.

4.4 СӨЖ мазмұны

№ СӨЖ түрі Есепберу

Бақылаутүрі

Сағаткөлемі

Сағаткөлемі

формасы ҚТмӘ-301

ҚТмӘ-21қ

СҚТмӘ-31(2ж)

1 Дәріс сабақтарын өңдеу

Сабаққа қатысу

15(1х15)

20(1х20)

2 Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

20(1х20)

20(1х20)

3 Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

20 18

4 Семестрлік тапсырманы орындау

Тестпен жұмыс

Семестрлік тапсырманы қорғау

20 20

5 Бақылау жұмысын орындау

Бақылау жұмысы

Бақылау жұмысынқорғау

20

6 Бақылау шараларына дайындық

РК 1, РК 2 15 15

Барлығы: 90 117

Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

1.Сөз тіркесінің жасалу жолдары.Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-200 бет, [5], 1-52 беттер, [6]

1-120 беттер.2. Жай сөйлем синтаксисінің зерттелу жайы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-30 беттер; [17], 1-96 беттер.3. Жай сөйлемнің күрделену жолдары.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-55 беттер; [10], 1-42 беттер, [17], 1-102 беттер.4. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-200 беттер, [6], 1-42 беттер.5. Құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихы.

Ұсынылатын әдебиет: [5], 1-200 бет, [8], 1-55 беттер, [9] 45-75 беттер.6. Салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолы.

Ұсынылатын әдебиет: [5], 1-55 бет, [6], 13-28 беттер, [7] 85-96 беттер.7. Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 5-36 бет, [6], 50-105 беттер, [8]36-79 беттер.8. Бөгде сөз, оның түрлері. Олардың тыныс белгілері.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 5-36 бет, [7], 50-105 беттер, [18] 36-79 беттер. 9. Мәтін синтаксисінің белгілері, құрылымдық ерекшелігі.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-200 беттер, [7], 1-42 беттер.10. Тыныс белгілерінің қалыптасуы мен даму жолдары.

Ұсынылатын әдебиет: [10], 1-200 беттер, [17], 1-60 беттер.

Бақылау жұмыстарының тақырыптары.

1. Сөз және оның формасының синтаксисі.2. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері.3. Жай сөйлемнің құрылымдық типтері.4. Құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихы.5. Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары.6. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері.7. Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің

грамматикалық табиғаты.8. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары.9. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.10. Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.

Мамандық(тардың) жұмыс оқужоспарынан көшірме

НысанПМУ ҰС Н 7.18.3/32

050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының жұмыс оқужоспарынан көшірме

Пәннің атауы Қазіргі қазақ тілі синтаксисі

Оқу түрі Бақылау формасы Студентжұмысыны

ң көлемі

Сағаттың курс және семестрбойынша бөлінуі

Барлығы

Ем

т.

сын

ақ

К.ж

К.ж

ұм

.

ЕГЖ

бақ.ж

ұм

Дәріс

Тәж

іри

бе

ОС

ӨЖ

СӨ

Ж

Дәріс

Тәж

іри

бе

ОС

ӨЖ

СӨ

Ж

жал

пы

Ауд

итор.

СӨ

Ж

КүндізгіЖОБ негізінде

6 135

45

90 5-семестр 6-семестр15

30

90

Сырттай ЖКБнегізінде

5 5 135

18

117

4-семестр 5-семестр

4 6 12

117

Қолданылатын әдебиеттерНегізгі:

1. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқашакурсы. Алматы, 1994.

2. Әбілқаев А. Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз.Алматы, 1956.

3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1993.4. Есенов Қ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы.

Алматы, 1982.5. Есенов Қ. Құрмалас сөйлемнің синтаксисі. Алматы,

1995.6. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. Алматы, 1941.

Қосымша: 7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы,

1999.8. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерсинтаксисі. Алматы, 1995.9. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдержүйесі. Алматы, 1948.10. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары.Алматы, 1982.11. Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі көп бағыныңқылысабақтас сөйлемдер. «Қазақ тілі мен әдебиеті». Алматы,1972.12. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистическогоисследования. Москва, 1981.13. Лосева Л.М. Синтаксическая структура целого

текста. Одесса, 1974. 14. Шалабаев Б. Текст лингвистикасы туралы. «Қазақ тілімен әдебиеті». Алматы, 1993. №1.

15. Шалабаев Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделісинтаксистік тұтастық. Қазақ филологиясы. Екінші кітап.1975.16. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлемпунктуациясының негіздері. Алматы, 1959.17. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. Алматы,1996.18. Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілі: жаттығулар жинағы.Алматы, 1997.