26
«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ Кіріктірілген білім беру бағдарламасы Қазіргі замандағы Қазақстан пәнінің тест спецификациясы 12 КЛАСС

Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

  • Upload
    others

  • View
    8

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ

Кіріктірілген білім беру бағдарламасы Қазіргі замандағы Қазақстан пәнінің

тест спецификациясы

12 КЛАСС

Page 2: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

тест АСТАНА 2013ы

Page 3: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

Integrated Programme of DevelopmentМазмұны

1 Мақсаты.......................................................................................................................3

1.1 Халықаралық стандарттармен байланысы........................................................3

1.2 Оқу бағдарламасымен байланысы............................................................................3

1.3 Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен байланысы (КБКМ)...........32 Бағалауға шолу...........................................................................................................4

2.1 Бағалау міндеттері.....................................................................................................5

3 Емтихан жұмысының сипаттамасы...........................................................................5

3.1 1-емтихан жұмысы....................................................................................................5

3.2 2-емтихан жұмысы....................................................................................................6

3.3 3-емтихан жұмысы.....................................................................................................7

3.4 Балдарды бөлу...........................................................................................................7

3.5 Бағалау тілі.................................................................................................................7

4 Емтихан өткізу процесін басқару................................................................................8

5 Балдарды қою............................................................................................................8

6 Бағаларды қою процесі..............................................................................................8

6.1 Деңгейлеу дескрипторлары......................................................................................9

7 Мысал сұрақтар үлгісі..............................................................................................10

7.1 1-емтихан жұмысы...................................................................................................10

7.2 2-емтихан жұмысы...................................................................................................18

7.3 3-емтихан жұмысы....................................................................................................19

20 беттің 3-беті

Page 4: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

1 МақсатыБағалаудың мақсаты - оқушылардың оқу процесінде алған білімі мен білігін анықтау.

Емтихандар оқушылардың жоғарғы деңгейдегі мәселелерді аналитикалық тұрғыдан шешу үшін 21 ғасырдың жаһандану жағдайындағы пәндік дағдыларды қолдану мүмкіндіктерін дәлелдейді.

1.1 Халықаралық стандарттармен байланысы

Бағалау халықаралық стандарттармен салыстырыла отырып дайындалды. 12-сыныптағы Қазіргі замандағы Қазақстан пәнінің бағалауы Cambridge International AS Level халықаралық деңгейіне сәйкес келеді.

1.2. Оқу бағдарламасымен байланысы

12-сынып оқушыларының жиынтық бағалауы Қазіргі замандағы Қазақстан пәні бойынша 11 және 12-сыныптағы оқу бағдарламасының мазмұнын бағалайды және осы бағдарлама төңірегіндегі оқу нәтижелерімен анықталады.

1.3 Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен байланысы (КБКМ)

Сыртқы жиынтық бағалау Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделінің бір бөлігі болып табылады, сонымен бірге оған қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау кіреді.

Бағалаудың міндеттері Қазіргі замандағы Қазақстан пәнінің оқу бағдарламасы мен оқу жоспары мазмұнын және осы құжаттардағы оқу мақсаттарын қамтиды. Қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалау оқу мақсаттарына негізделгенімен, оқушылардың білігін біршама басқа формада тексереді.

20 беттің 4-беті

Page 5: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

2 Бағалауға шолуБағалау 3 міндетті бөлімнен тұрады:

1-емтихан жұмысы: Барлық оқушыларға 1 тапсырманы орындауға 2 сағат беріледі. Бұл Зияткерлік мектептермен сырттай бағаланады.

2-емтихан жұмысы: Барлық оқушылар 1 ғылыми зерттеу тапсырмасын орындайды. Тапсырманы мұғалім бағалайды және бұл тапсырма сырттай модерациялауға үлгі ретінде алынуы мүмкін.

3-емтихан жұмысы: Барлық оқушылар өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарына байланысты 1 презентация тапсырады. Бұл бөлімді мектеп мұғалімдері тексереді және сырттай модерациялауға үлгі ретінде алынуы мүмкін.

1-емтихан жұмысы 120 минут

Оқушылар 5 тапсырманың ішінен таңдап алынған 2-іне жауап береді. Әрбір екі бөлімнен 1 сұрақты таңдап алып, жауап беруі қажет. А бөлімінде оқушылар әр түрлі ақпарат көздерінен алынған мәтіндерден дайындалған 2 сұрақтың 1-ін таңдап алады. Сұрақтар бастапқы мәтіндердің бірінші немесе екінші бөлімінің негізінде болады. Диаграмма, график және деректерді қосқанда барлығы 300 сөзден көп болмауы қажет. Сұраққа жауап берерде оқушылар берілген бастапқы материалға сүйене отырып, өз білімдерін көрсетулері қажет.

В бөлімінде эссе жазуға 3 сұрақ беріледі. Соның ішінен оқушылар біреуін таңдап алады. Бұл тапсырманың сұрақтары 12-сыныпта өткізілетін Жаңа әлемдегі Қазақстан пәніне байланысты барлық аспектілер бойынша білімі мен түсініктерін тексереді. Оқушылар 11- сыныпта алған білімдері мен түсініктерін көрсетулері қажет. Өйткені бұл 12-сыныптан ажыратылмайтын жұмыс бөлімі.

Барлық балл санының 60%

2-емтихан жұмысы Мұны оқушыларға 12-сыныптың басында хабарлау қажет, ал 12-сыныпта жасалынған жұмыстарды оқушы соңғы тоқсанда тапсырады.

Оқушылар зерттеу жұмысы бойынша көлемі 2500-3000 сөзден тұратын жұмысты тапсырады. Бұл ғылыми жұмыс 11 немесе 12-сыныпта оқылатын мәселені немесе сұрақты зерттейді. Тақырыпты мұғалімнің келісімімен оқушы таңдайды. Жұмыстың көп бөлігін оқушылар мұғалімнің басшылығымен және бақылауымен сабақтан тыс уақытта аяқтайды.

Барлық балл санының 25%

3-емтихан жұмысы 15 минут

Оқушылар зерттеу жұмыстарына байланысты 10 минуттық презентация көрсетеді. Келесі 5 минуттың ішінде оқушыларға зерттеу жұмысына байланысты сұрақтар қойылады.

Барлық балл санының 15%

20 беттің 5-беті

Page 6: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

2.1 Бағалау міндеттері

БМ1 Білу және түсіну

Оқушылар өздерінің түсінгендіктерін көрсете алуы керек: Қазақстанның жаңа әлемдегі орнын; Қазақстанның саяси және конституциалды дамуын; Қазақстанның мәдени және ұлттық құндылықтарын ; Қазақстанның жаңа тарихы мен экономикасын ; Қазақстанның халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін; Қазақстан Республикасында және бүкіл әлемде мәні бар оқиғаларын.

БМ2 Қабілеттер: талдау, бағалау және тапсырмаларды орындау

Оқушылар білуі керек: сәйкес ақпаратты талдау және интерпретация жасауды; кең көлемді деректер негізінде әр түрлі көзқарастарды синтездеу және

бағалауды; теңгерімді дәлелдерді құрастыруды; негізделген жағдайды бағалауды, жетілдіру мен қамтып көрсетуді; өз бетінше жоспарлауды, зерттеу жұмысын жүргізуді; сәйкес зерттеу

материалдарын таңдай алып, оны қолдануды.

БМ3 Қабілеттер: коммуникация және презентация

Оқушылар білуі керек: тапсырмаларды әр түрлі форматта көрсете алуды, мысалы эссені,

баяндаманы, зерттеу жұмысын, сәйкес лексиканы қолдана алуды; бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып аудиторияға

тапсырманы көрсете алуды және сұрақтарға тиімді жауап беруді.

3 Емтихан жұмысының сипаттамасы

1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын тексереді. 2- емтихан жұмысында 11 мен 12-сыныпта оқылатын тақырыптар бойынша сұрақтар мен мәселелер төңірегінде жасалған зерттеу жұмысы тексеріледі.3- емтихан жұмысында оқушының жасаған зерттей жұмысына негізделген презентация қорғалады.

3.1 1-емтихан жұмысы60 баллға есептелетін 2 сұрақты орындауға оқушыларда 120 минут уақыт беріледі. Екі бөлімнің әрқайсысынан 1 сұраққа жауап беру қажет. Балл білу, түсіну, аналитикалық, бағалаушылық және коммуникативтік қабілеттеріне қойылады. Ол балл қоюдың критериалды бағалау кестесіне сәйкес келеді.

Бағалау Балдар Сипаттама

20 беттің 6-беті

Page 7: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

міндеттері

БМ1 (38%)БМ2 (45%)БМ3 (17%)

2 x 30 Жалпы:5 сұрақтың ішінен 2 сұраққа жауап беру қажет. Әр бөлімнен 1 сұрақтан таңдап алынады. Әрбір сұраққа 30 балл қойылады. Екі бөлім беріледі: А бөлімі және В бөлімі.

А бөлімі: Оқушылар берілген 2 сұрақтан 1 сұрақты таңдап алады. Екі сұрақ та ынталандыру материалына жатады (ең көбі 300 сөзден тұратын 1 немесе 2 мәлімет көзінен алыну мүмкін) және 3 сұрақшадан тұрады.

а) сұрағы тек БМ1-ді тексереді, ал b) сұрағы мен c) сұрағы барлық БМ тексереді.

B бөлімі: Оқушылар берілген 3 сұрақтан 1 сұрақты таңдап алады. Сұрақтар эссе түрінде болады және барлық БМ тексереді.

Барлығы 60

3.2 2-емтихан жұмысы 9 айдың ішінде оқушылар зерттеу жұмысын орындауы қажет.

Бағалау міндеттері Балдар Сипаттама

БМ1 (20%)БМ2 (60%)БМ3 (20%)

25 Оқушылардың зерттеу жұмысының көлемі ең азы - 2500, ең көбі -3000 сөзден тұруы қажет. Зерттеу жұмысының құрылымы нақты болып, кіріспе мен қорытындысы қамтылуы қажет. Тақырыпты мұғалімнің келісімімен оқушының өзі таңдайды. Оқушының тақырыпты өзі таңдап, зерттеу жұмысын өзі жасағанын мұғалім растауы қажет. Жұмыстың жартысын оқушылар мұғалімнің басшылығымен және бақылауымен сабақтан тыс уақытта орындай алады. Мұғалім оқушының жұмысына нұсқау беріп, өз пікірін білдіре алады, бірақ қолжазбаның алғашқы түріне баға қойылмайды. Соңғы тапсырмада оқушы өз бетімен зерттеу жүргізе алатынын, басты тақырыпқа тиімді анализ жасай алатынын, алынған деректерге байланысты негізделген және делелденген қорытындыға келе алатынын көрсете алуы қажет.

Барлығы 25

3.3 3-емтихан жұмысы

20 беттің 7-беті

Page 8: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

Оқушылар өздерінің зерттеу жұмысының негізінде презентация ұсынады.

Бағалау міндеті Балдар Сипаттама

БМ1 (33%) БМ2 (33%)БМ3 (33%)

15 Оқушылар зерттеу жұмыстарына байланысты 10 минуттық презентация көрсетеді. Келесі 5 минуттың ішінде оқушыларға зерттеу жұмыстарына байланысты сұрақтар қойылады. Презентация барысында оқушылар тәуелсіз зерттеу жүргізілгенін көрсетіп, өзі қолданған методологияның басты элементтерін, алынған деректерді көрсетуі қажет. Аудиторияға нені жасағанын және неге жасағанын түсіндіруі қажет. Кейін жұмыстың сапалы екенін тексеру үшін және өзі қолданған методологияны түсіндіре алу қабілетін тексерерде сұрақтарға жауап беруі қажет.

Барлығы 15

3.4 Балдарды бөлуТөмендегі кестеде жалпы бағалау мен балдарының үлесі көрсетілген:

1-емтихан жұмысы

2-емтихан жұмысы

3-емтихан жұмысы

Барлығы

БМ1 23 5 5 34БМ2 27 15 5 46БМ3 10 5 5 20Барлық балл саны

60 25 15 100

12-сыныпта айтылған 2-бағалау міндетіндегі дағдылар Жаңа замандағы Қазақстан пәнін оқитын оқушылар үшін маңызды болып табылады және Зияткерлік мектептердің мақсатына сай келеді. Яғни аналитикалық және зерттеушілік қабілеттер оқу бағдарламасында негізгі орын алатын қабілеттер болып саналады. .

3.5 Бағалау тіліБағалау тілі – қазақ тілі.

4 Емтихан өткізу процесін басқаруБағалау материалдардың қауіпсіздік шаралары мен емтихан өткізу тәртібін қатаң түрде сақтай отырып және бағалаудың әділдігін көрсете отырып жүргізілу керек. Зияткерлік

20 беттің 8-беті

Page 9: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

мектептерде емтихан өткізуге арналған Нұсқаулық жазылып шығарылады. Ол төмендегілерді қамтиды:

емтихан материалдары және олардың қауіпсіздігі; әкімшіліктің және кезекшілер мен мұғалімдердің міндеттері; емтихан өткізуге арналған материалдар мен аудиторияларды дайындау; жазбаша, ауызша және практикалық емтихандарды өткізу үшін сәйкес келетін

кабинеттерді дайындау; курстық жұмыстарды тіркеуге арналған рәсім; курстық жұмыстарды модерациялау және реттеу рәсімі; емтихан тапсырушыларға бақылау жасау рәсімі; балл қоюға арналған материалдармен қоса емтихан аяқталғаннан кейінгі рәсімдер.

Берілген Нұсқаулық барлық оқушылар, кезекшілер және менеджерлер емтиханның әділ, ұйымшыл өтуіне көз жеткізе алатындай болып, барлық мектептерде емтихандардың бір қалыпта, стандартталған тәртіпте өтуіне кепілдік береді.

5 Балдарды қою

Балл қою кестесі сұрақ кітапшаларымен қатар құрастырылады.

Барлық емтихан алушылар стандарттау процесінде белгіленген балл қою кестесінің бірдей нұсқасын пайдаланады

Бағалаудың объективтілігі мен балл қою кестесінің дұрыс қолданылғанын қамтамасыз ету мақсатында емтихан алушының тексерген жұмыстарын Кембридж халықаралық емтихан кеңесінің экспертімен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығының бас емтихан алушысының үйлестіруімен қайта тексеріледі

6. Бағаларды қою процесі

Әрбір оқытылған пәннің бағалау қорытындысы баға түрінде ұсынылады. Мынадай бағалар қойылады: A*, A, B, C, D және E, мұндағы A* ең жоғарғы баға, ал Е-ең төменгі оқу жетістігі. Баға U (‘қанағаттанарлықсыз’) сынақ тапсырылған жоқ дегенді білдіреді.

Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі әр емтихан жұмыстары үшін емес, емтихан жұмыстарының санына қарай бөлінген барлық жұмыстардың (белгіленген спецификацияға сәйкес қойылған) жалпы балынан есептеп шығарылады.

Тест спецификациясында белгіленген негізгі деңгейлер А, С және Е болып табылады, оларға дескриптор қоса беріледі.

Деңгейлік бағалаудың шегін белгілеу процесі күрделі әрі көп жұмысты қажет етеді, сондықтан өтпелі балды Біліктілік ұйымы анықтайды. В және D деңгейлері үшін өтпелі балл нәтижелерді статистикалық өңдеу процесінде белгіленеді.

A*, A, B, C, D және E деңгейлері қорытынды бағаны қою үшін балға айналдырылады. Балдар төмендегі кестеде көрсетілген шкалаға сәйкес дәстүрлі бағаға ауыстырылады.

Балды бағаға айналдыру шкаласы

20 беттің 9-беті

Page 10: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

Орындау пайызы 0-50 % 51-74 % 75 - 89% 90- 100%

Балдар 0-12 13-17 18-21 22-24

Баға қанағаттанарлықсыз

қанағаттандырылған жақсы үздік

6.1 Деңгейлеу дескрипторларыНегізгі деңгей дескрипторлары оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі. Практика жүзінде оқушыға берілген деңгей оның бағалау тапсырмаларын қалай орындағанына байланысты болады. Оқушылардың емтихан жұмысының кейбір бөлімінде көрсеткен төмен нәтижесі басқа бөлімінде жоғары нәтиже көрсетуімен теңесуі мүмкін.

Деңгейлер Деңгейлеу дескрипторлары

A деңгейі Сабақ жайлы терең білімі мен түсінігі бар екенін көрсетеді, үздік аналитикалық, бағалаулық және коммуникативті қабілеттері бар. Жоғары сападағы тәуелсіз зерттеулер жасай алады. Күрделі пікірлер жасап, жоғары деңгейде түсіндіре алу және дәлелді бағалай алу қабілеттері бар.

C деңгейі Сабақ жайлы жақсы білімі мен түсінігі бар екенін көрсетеді, жақсы аналитикалық, бағалаулық және коммуникативті қабілеттері бар. білікті дәрежеде тәуелсіз зерттеу жасай алады. Білікті пікірлер жасап, түсіндіре алу және дәлелді бағалай алу қабілеттері бар.

E деңгейі Сабақ жайлы базалық білімі мен түсінігі бар екенін көрсетеді, шектеулі аналитикалық, бағалаулық және зерттеулік қабілеттерін көрсетеді. Тәуелсіз зерттеулер жасайтын шектеулі қабілеттері бар. Шектеулі пікірлер жасап, шектеулі түсіндіре алу және дәлелді бағалай алу қабілеттері бар.

7 Мысал сұрақтар үлгісі:Әрбір сұрақтың астынғы жағында қойылатын балл саны жазылған, мысалы [2].Сұрақтардан кейін балл қоюдың кестесі қай сұраққа неше балл қою қажет екенін нақты

20 беттің 10-беті

Page 11: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

көрсету үшін берілген.

7.1 1-емтихан жұмысы: Мысал сұрақтар үлгісі A бөлімі оқушылар бұл бөлімнен бір сұраққа жауап беруге тиіс.

1 Мәтінді оқып шығып (a), (b) және (c) пунктеріне жауап беріңіз.

Қазақстан және ғаламдану

Жаңа мыңжылдықтың қарсанында халықаралық бірлестіктер орасан өзгерістерді бастан кешіруде: этникааралық және конфессияаралық жанжалдар; халықаралық терроризм және ұйымдасқан қылмыс; табиғи, техногенді және қоғамдық апаттар; аурулар және эпидемиялар; және энергетикалық, экологиялық мәселелер.

Бұл қауіптер ғаламдану үрдісінің шыңында тұр. Барлық мемлекеттер тек қана экономикалық және технологиялық ақпаратпен, басқарушылық білімдерімен бөлісіп қана қоймай, басқа да көптеген мәселелермен алмасуда, бұл адамзат басына қараңғы түнектей төніп тұр. Ғалами қауіптердің шешімін табуда кең көлемді және тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін барлық халықаралық бірлестіктердің күшін біріктіру уақыты келгеніне біз сенеміз. Бүгінгі таңда мемлекеттердің ғалами үрдістерге тартылысы экономиканың гулденуіндегі маңызды фактор болып тұрғаны айқын.

Қазақстанның саяси және экономикалық ашықтығында басқа баламалар болуы мүмкін еместігіне біз сенімдіміз. Соңғы 4 жылдың ішінде біздің мемлекет экономиканың тез қарқынмен өркендеуін көрсетті. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының арасында Қазақстан экономикалық көрсеткіштер бойынша ең алдыңғы қатарда. Нарықтық экономикасы бар мемлекет бола тұра, Қазақстан әлемдік экономиканың ажырамас бөлігі және ғаламдану үрдісінің белсенді қатысушысы болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымына ерте кіруге рұқсат алу Қазақстан үшін басты мәселелердің бірі.

Біздің мемлекеттің Азияда қауіпсіздіктің кешенді жүйесін салудағы күш–жігері барлығына мәлім. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізілген Азиядағы мемлекеттердің өзара қатынастығын және сенімін күшейту жолдары жайлы конференциясы осы мақсатқа сәйкес келеді. (Біріккен Ұлттар ұйымында Қазақстанның сыртқы істер министрінің сөйлеген сөзі, 2003)

Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін мәтінді және өз біліміңізді қолдаңыныз.

13 -жол

19 -жол

(a) "Қазақстанның саяси және экономикалық ашықтығы" деген сөз тіркесі нені білдіретінін сипаттаңыз. (13 - жол). Шамамен 75-100 сөз жазыңыз. [5]

(b) "Біздің мемлекеттің Азияда қауіпсіздіктің кешенді жүйесін салудағы күш –жігері" деген сөйлеммен шешеннің не айтқысы келгенін түсіндіріңіз. (19 - жол). Шамамен 150-200 сөз жазыңыз. [10]

(c) Ғалами қауіптерді басқаруда Қазақстанның үлесін бағалаңыз. Шамамен 300-350 сөз жазыңыз.

20 беттің 11-беті

Page 12: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

[15]

НЕМЕСЕ

2 Мәтінді оқып, (a), (b) және (c) пунктеріне жауап беріңіз.

Қазақстанның экономикалық дамуы

Бүгінгі таңда Орталық Азия өңірі Еуразиялық экономикалық жүйесінде маңызды орын алуда. Соңғы бес жылдың ішінде орталық Азия елдерінің жиынтық нақты экономикалық өсуінің қарқыны орташа алғанда 10% құрады. Өткен жылы аймақтың жиынтық ІЖӨ 160 миллиард АҚШ долларын құрады.

Бұл өңірде үлкен энергетика ресурстары,кен мен метал бар, және дамыған көлік инфраструктурасы мен қомақты адами қор жеткілікті.

Бұл артықшылықтар Орталық Азияда тиімді және ұтымды кәсіби дамуға негіз болуын қамтамасыз етеді және аймақтың экономикалық потенциалын көрсетеді.

Біздің аймақтың экономикалық потенциалы инвестициялық мүмкіндіктердің негізгі факторы болып табылады. Облыс жаңа экономикалық үрдістерді қабылдауға даяр және болжалды халықаралық инвестиция ағымдарын қарсы алуға дайын. Аймақтың экономикасы жоғарғы деңгейдегі ынтымақтастықпен бейнеленеді. Бұл ынтымақтастық өсіп өркендеуге қомақты потенциал ұсынады. Барлық аймақтардағы инвестициялық үдерістерге қосымша деңгейдегі қауіпсіздікті ұсына отырып, Қазақстанның экономикалық реформаларының жетістігі бұл ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқаратыннына сенімдіміз.

Біздің мемлекет Орталық Азия мемлекеттерінің ІЖӨ жалпы көлемінің шамамен 70% жауапты. Соңғы 5 жылдың ішінде мемлекеттің жылдық экономикалық өсуі орташа есеппен 10% құрады. Қазақстан Республикасына тікелей келетін шетелдік инвестициялардың ортақ көлемінің үлесі 80% артық. Қазақстан экономикасына тікелей келетін шетелдік инвестициялардың деңгейі 70 миллиард АҚШ долларына жетті.

9-жол

14-жол

(Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің сөйлеген сөзі, 2008)

Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін, мәтінді және өз біліміңізді қолданыңыз.

(a) "Жаңа экономикалық үрдістерді" деген сөз тіркесін сипаттаңыз (9-жол). Шамамен 75-100 сөз жазыңыз. [5]

(b) "Қазақстанның экономикалық жетістіктері" деген тіркес арқылы автордың не айтқысы келгенін түсіндіріңіз (14-жол). Шамамен 150-200 сөз. [10]

(c) "Экономикалық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының тез қарқынмен өркендеуінің басты себебі болып табылады". Сіз қаншалықты бұл пікірмен келісесіз? Шамамен 300-350 сөз жазыңыз. [15]

Балл қоюдың кестесі

Балл қоюдың кестесі екі түрге бөлінеді. Балл қоюдың жалпы кестесі: бұл сұрақтарға байланысты қолданылады және сұрақтың нақты

20 беттің 12-беті

Page 13: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

мазмұнына сілтеме жасалмайды. Балл қоюдың жалпы кестесі балдардың мысалы, 20-25 диапазоны аралығын көрсетеді. Бұл балл қоюдың кестесі диапазонның ішінде оқушының бағасын қарастыру арқылы толық балдардың жиынтығы ретінде қолданылуы қажет. Принцип бойынша орташа балл есептеудің басталу нүктесі болғаны дұрыс. Белгіленген тапсырмаға қойылатын балл әрбір тапсырманың мазмұнын бағалайды және тапсырманың қасына қойылады.

Кейбір сұрақтар екі түрлі балл қоюдың кестесін қажет етуі мүмкін. Бұл төменде мысал ретінде көрсетілген.

A бөлімі, балл қоюдың кестесі

1 x 30 балл

Бұл бөлім оқу бағдарламасының білу және түсіну деңгейіне назар аударылатын қысқа сұрақтан басталады. b) бөлімі білу және түсінумен қатар анализдің бағалауын және тақырыптың бағалауын қамтиды c) бөлімі анализ бен бағалауды қамтиды.

А бөліміне балл қою кестесі сұрақтың мазмұнына байланысты анықталады. Ол 1 және 2-бағалау міндеттеріне жауап бере алатындай, стандартты құрылымға сәйкестендіріледі. 3-бағалау міндеттері А бөлімінің барлық сұрақтарында қолданылып, балл қоюдың жинақталған кестесі болып табылады.

Бөлім Бағалау міндеттері Бағалау міндеттері (БМ) бойынша балл

Балл қою кестесінің құрылымы

a) Тек 1-бағалау міндетін бағалайды. Оқушыларға бастапқы материалды қолдануға рұқсат етеді және тақырыпты білетіндерін көрсетеді.

БМ1 - 5 3 балл бастапқы материалдан алынған ақпарат үшін 2 балл оқушылар біліміндегі қосалқы сәйкес факторлары үшін

b) 1-бағалау міндеті мен 2-бағалау міндетіне ерекше көңіл бөле отырып, барлық бағалау міндеттерін бағалайды

БМ1 - 4БМ2 - 4БМ3 - 2

8 балл 1және 2-бағалау міндеттеріне ерекше көңіл бөлінген мазмұны үшін

2 балл жауапты жүйелі жеткізгені үшін

c) 2-бағалау міндетіне ерекше көңіл бөле отырып, барлық бағалау міндеттерін бағалайды

БМ1 – 4БМ2 – 8БМ3 – 3

12 балл 1және 2-бағалау міндеттеріне ерекше көңіл бөлінген мазмұны үшін3 балл жауапты жеткізгені үшін

Нұсқаулық ретінде жеке сұрақтарға байланысты балл қою кестесі туралы ақпарат келесі кестеде әрбір сұрақтың жанында курсивпен жазылған. Белгілі бір тапсырма бойынша балл қою кестесі мысал ретінде көрсетілген. Мысалы А бөлімінің 1 – сұрағы.

1 Келесі сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда берілген мәтінді және өз білімдеріңізді қолданыңыз.

(a) "саяси және экономикалық ашықтық" сөздері нені білдіретінін сипаттаңыз. (13- жол). [5]

20 беттің 13-беті

Page 14: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

Белгілі тапсырмаға арналған балл қою кестесі

1 балл бастапқы материалдан анықталған әрбір сәйкес келген пунктке қойылады: Жарияланған сөздерде саяси және экономикалық мәселелердің туындауы Басқа мемлекеттермен деректерді алмасу Сөйленген сөзге берілген жариялық

Ең көбі: 3 балл

Бастапқы материалдан алынбаған маңызды ақпарат үшін 2 балл, мысалы: Барлық экономикалық деректерге ұлттық қол жетімділік Қазіргі кездегі Қазақстанның барлық аспектілердегі прогрессі жайлы көпшілікке ашық пікірталастар Қазіргі кездегі саяси және сайлау үрдістерінің ашықтығы.

Ең көбі: 2 балл

(b) "Азиядағы кешенді қауіпсіздік жүйесін жасаудағы біздің мемлекетіміздің күш қайраты" деген сөйлеммен автордың не айтқысы келгенін түсіндіріңіз (19 жол). [10]БМ1 – 4 балл, БМ2 – 4 балл, БМ3 – 2 балл

Белгілі бір тапсырмаға арналған балл қою кестесі

БМ1 Оқушылар Азиядағы кешенді қауіпсіздікті жасау жайлы Қазақстанның саясатынан хабардар екендігін көрсетеді. Азияға ерекше көңіл бөлінген. Ішкі қауіпсіздік саясаты тек регионалдыы және "барлық азиаттық" қауіпсіздік саясатымен байланысты болған жағдайда маңызды болады. Әсіресе әрекеттестік конференциясы мен сонда жасалынған саясат туралы атап айту қажет.

БМ2 Оқушылар осы бағытта орын алған Қазақстанның күш қуатына шолу жүргізе алады және не себепті бұл «кешенді» саясат деп аталады. Кешенді болуы міндетті емес деген пікірлер шын ба?

Балл қоюдың жалпы кестесі

Балдар БМ1 БМ2 БМ34 Сипатталған мазмұн

арқылы өте терең білімі мен түсінігін көрсетеді

Сипатталған мазмұнды өте тиімді және мұқият талдайды және бағалайды

3 Сипатталған мазмұн арқылы терең білімі мен түсінігін көрсетеді

Сипатталған мазмұнды жақсы талдайды және бағалайды

2 Сипатталған мазмұн арқылы қанағаттанарлық білімі мен түсінігін көрсетеді

Сипатталған мазмұнды қанағаттанарлық деңгейде талдайды және бағалайды

Пікірлер нақты берілген. Грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателер өте аз.

1 Сипатталған мазмұн арқылы жеткіліксіз білімі мен түсінігін көрсетеді

Сипатталған мазмұнды жеткіліксіз деңгейде талдайды және бағалайды

Пікірлер қанағаттанарлық дәрежеде берілген. Кейбір грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателер кездесуі мүмкін.

20 беттің 14-беті

Page 15: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

0 Сипатталған мазмұн арқылы білімі мен түсінігі жоқ екенін көрсетеді

Сипатталған мазмұнды талдауы мен бағалауы жоқ

Ойлау тәртібі бұзылған, пікірлер жақсы жеткізілмеген. Грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателер көп.

(c) Ғалами қатерлерді басқару үрдісіндегі Қазақстанның үлесін бағалаңыз. [15]

БМ1 – 4 балл, БМ2 – 8 балл, БМ3 – 3 балл

Белгілі бір тапсырмаға арналған балл қою кестесі

БМ1 Оқушы Қазақстанның ғалами қатерлер мәселесін шешудегі негізгі тәсілдерді анықтайды. Бастапқы материалда негізгі қатерлер тізбектелген, ашықтық және қатысу деген сияқты тәсілдер берілген. Басқа атап өтетін факторлар бұл жасалып жатқан теңдестірілген ұлттық қауіпсіздік саясаты, кең ауқымдағы интеграция және ресурстарды тиімді қолдану.

БМ2 Үлкен баллды алу үшін бұл жерде жетістік дәрежесі маңызды. ‘Жетістіктің’ бұл контексте нені білдіретінін ойланған кез келген оқушы марапатқа лайық. Қазақстанның қатерлермен күресіндегі көмегін қарастыра отырып, теңдестірілген жағдайды көрсету қажет және көрсетілген пунктер бойынша мысал келтіру қажет. Сәтсіз сұрақтарды қарастырып олардың сәтсіздігінің себебін көрсету.

Балл қоюдың жалпы кестесі

БМ1 БМ2 БМ34 балл Сипатталған мазмұн арқылы өте терең білімі мен түсінігін көрсетеді

7-8 баллСипатталған мазмұнды өте тиімді және мұқият талдайды, бағалайды

3 баллСипатталған мазмұн арқылы терең білімі мен түсінігін көрсетеді

5-6 баллСипатталған мазмұнды жақсы талдайды және бағалайды

3 баллПікірлер өте нақты және логикалық тұрғыдан дәйекті әрі тез жеткізілген. Грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателер өте аз

2 балл Сипатталған мазмұн арқылы қанағаттанарлық білімі мен түсінігін көрсетеді

3-4 баллСипатталған мазмұнды қанағаттанарлық деңгейде талдайды және бағалайды

2 баллПікірлер жеткізілген, бірақ тез әрі дәйекті түрде емес. Грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателер кездесуі мүмкін

1 баллСипатталған мазмұн арқылы жеткіліксіз білімі мен түсінігін көрсетеді

1-2 баллСипатталған мазмұнды жеткіліксіз деңгейде талдайды және бағалайды

1 баллПікірлер шапшаң, не дәйекті түрде жеткізілмеген. Грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателер бар

0 баллСипатталған мазмұн арқылы білімі мен түсінігі жоқ екенін

0 баллСипатталған мазмұнды талдауы мен бағалауы жоқ

0 баллОйлау тәртібі бұзылған, пікірлер жақсы жеткізілмеген. Грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық

20 беттің 15-беті

Page 16: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

көрсетеді қателер көп

B бөлімі

Оқушылар бұл бөлімнің бір сұрағына жауап беруі қажет.

3 Қазақстандағы саяси реформалар жайлы аргументтерді қолдайтындар мен қарсылықтар білдіретін аргументтерді бағалаңыз. [30]

4 1991 жылдан бастап қоғамдық немесе білім саясатының ықпалын бағалаңыз. [30]

5 Қазақстанның басқа мемлекеттермен интеграциядағы артықшылықтарын бағалаңыз. [30]

B бөлімінің балл қою кестесі

1 x 30 балл

БМ1 10 баллБМ2 15 баллБМ3 5 балл

В бөлімінің сұрақтары үшін белгілі бір тапсырмаға байланысты балл қою кестесі қолданылады. 5-сұрақ үшін балл қою кестесі мысал ретінде көрсетілген.

Белгілі бір тапсырмаға арналған балл қою кестесі

Қазақстанның басқа мемлекеттермен интеграциясының артықшылығы жайлы хабардар екенін оқушылар көрсетеді. Оқушылардың жауаптарында төмендегілер қамтылуы мүмкін:

Мәдени мәселелерді түсіну үшін Қазақстанның ерекшеліктерін білу Экономикалық өркендеуге көмектесу Қауіпсіздікті сақтау және жанжалдардың алдын алу Қазақстанға қатысты жергілікті, аймақтық және ғалами мәселелерді шешуде көмек

көрсету, мысалы экологиялық, энергетикалық өсу, халық санының өсуі немесе терроризм

Аймақтық дауларды шешудегі көмек Ықпалды көршілерге әсер ететін сұрақтарды терең түсіну, мысалы Қытыай, Ресей Басқа жердегі инновацияны жете түсіну және басқалардың тәжірибесінен үйрену Ұлттық, идеологиялық және діни сұрақтарға қатысты жанжалдарды реттеуге

көмектесу Мәдени сұрақтардан көбірек хабардар болуын дамыту Жаңа нарықтың құрылып дамуындағы саудалық және экономикалық мүмкіншіліктер Халықаралық салыстырмалық PISA сынды тестілерді білу және қатысу

Қазақстанның өркендеуі туралы ой қозғауға мүмкіндік береді Тек Қазақстанға тән мәселелерді шешіп үйрену, мысалы Арал теңізінің құруы және

ядерлық полигондардың бүлінуі

Бұл оқушылардың жауаптарында болуы тиіс толық ақпарат емес, ол альтернативті оңтайлы тәсілді қамту үшін балды қоюды стандарттау отырысында толықтырылуы мүмкін.

Емтихан алушыларға БМ1 және БМ2 қатысты эксперттік шешім жасауда балды қоюдың жалпы кестесі белгілі бір тапсырмаға арналған балл қою кестесімен бірге қолданылады.

20 беттің 16-беті

Page 17: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

Балл қоюдың жалпы кестесі

Жарты балл қойылмайды.

БМ1 БМ1 БМ39-10 баллОқушылар концепциялар, үрдістер, теориялар және пікірталастар туралы толық білімдері мен түсініктерін көрсетеді. Олардың берген жауаптары сұрақтың талаптарына толығымен сәйкес келеді және контекстен үздік хабардар екенін көрсетеді. Олар дәлелдердің жоғарғы дәрежедегі нақтылығын қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда сипатталған пунктілерді көрсетіп, тұстас мысалдар келтіреді. 11 және 12 -сыныптардың негізгі тақырыптарынан алған терең білімін көрсетеді.

13-15 баллОқушылар ақпаратты, аргумент пен түсіндірмелерді тиімді талдай және бағалай алады. Паралелдерді байланыстарды, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жоғарғы деңгейде анықтай алады.Оқушылар саяси, экономикалық және қоғамдық сұрақтардың өте жақсы талдауын жасап, синтездей алады. Аргументтердің екі жағыннан да хабардар екенін көрсете отырып, олар өте жақсы теңдестірілген жағдайда негізделген қорытындыға келеді.

5 баллЖауап логикалық аргументтермен тиімді ұйымдастырылған. Пікірлер өте нақты әрі логикалық, жүйелі түрде көрсетілген. Грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателер жоқ, бар болған жағдайда өте аз.

7-8 баллОқушылар концепциялар, үрдістер, теориялар және пікірталастар туралы толық білімдері мен түсініктерін көрсетеді. Олардың берген жауаптары сұрақтың талаптарына сәйкес келеді және контекстен жақсы хабардар екенін көрсетеді. Дәлелдердің нақтылығын қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда сипатталған пунктілерді көрсетіп, кейбір тұстас мысалдар келтіреді. 11 және 12-сыныптардың негізгі тақырыптарынан алған жақсы білімін көрсетеді.

10-12 баллОқушылар ақпаратты, аргумент пен түсіндірмелерді талдай және бағалай алады. Паралелдерді, байланыстарды, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жоғарғы деңгейде анықтай алады.Оқушылар саяси, экономикалық және қоғамдық сұрақтардың жақсы талдауын жасап, синтездей алады. Аргументтердің екі жағыннан да хабардар екенін көрсете отырып, олар өте жақсы теңдестірілген жағдайды нақты қорытындыға келіп қарастырады.

4 баллЖауап жалпы логикалық аргументтермен жақсы ұйымдастырылған. Пікірлер нақты әрі логикалық, жүйелітүрде көрсетілген. Грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателер аз.

5-6 баллОқушылар концепциялар, үрдістер, теориялар және пікірталастар туралы жеткілікті білімдері мен түсініктерін көрсетеді. Олардың берген жауаптары сұрақтың жалпы талаптарына сәйкес келеді және контекстен аздап хабардар екенін көрсетеді. Олар кейбір дәлелдермен қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда сипатталған пунктілерді көрсетіп, шектеулі тұстас мысалдар келтіреді. 11 және 12-сыныптардың негізгі тақырыптарынан алған жеткілікті білімін көрсетеді.

7-9 баллОқушылар ақпаратты, аргумент пен түсіндірмелерді талдай және бағалай алады. Кейде паралелдерді, байланыстарды, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жоғарғы деңгейде анықтай алады.Оқушылар саяси, экономикалық және қоғамдық сұрақтардың талдауын жасап, кейбір жағдайда синтездей алады. Аргументтердің екі жағынан да хабардар екенін көрсете отырып, олар теңдестірілген жағдайды нақты қорытындыға келіп қарастыруға тырысады.

3 баллКейбір жүйелі аргументтермен жауап бергісі келеді. Пікірлер берілген, бірақ логикасыз, жүйесіз түрде. Грамматикалық, орфографиялық және пунктуацияялық қателер кездеседі.

20 беттің 17-беті

Page 18: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

3-4 баллОқушылар концепциялар, үрдістер, теориялар және пікірталастар туралы базалық білімдері мен түсініктерін көрсетеді. Олардың берген жауаптары сұрақтың маңызды емес талаптарына сәйкес келеді және контекстен аздап хабардар екенін көрсетеді. Жалпы олар дәлелдер мен сипатталған пунктілерді көрсететін тұстас мысалдар келтірмейді. 11 және 12-сыныптардың негізгі тақырыптарынан базалық білімін көрсетеді.

4-6 баллОқушылар ақпаратты, аргумент пен түсіндірмелерді жеткілікті дәрежеде талдай және бағалай алады. Кейде паралелдерді, байланыстарды, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жоғарғы деңгейде анықтай алады.Оқушылар саяси, экономикалық және қоғамдық сұрақтардың базалық талдауын жасап, бірақ синтездей алмайды. Аргументтердің екі жағынан да хабардар екенін көрсете алмайды және теңдестірілген жағдайды нақты қорытындыға келуге тырысады.

2 баллАздап кейбір жүйелі аргументтермен жауап бергісі келеді. Пікірлер берілген, бірақ логикасыз, жүйесіз түрде. Грамматикалық, орфографиялық және пунктуацияялық қателер кездеседі.

1-2 баллОқушылар концепциялар, үрдістер, теориялар және пікірталастар туралы өте аз білімдері мен түсініктерін көрсетеді. Олардың берген жауаптары сұрақтың минималды талаптарына сәйкес келеді және контекстен аздап хабардар екенін көрсетеді. Олар дәлелдер мен сипатталған пунктілерді көрсететін тұстас мысалдар келтірмейді. 11 және 12-сыныптардың негізгі тақырыптарынан өте аз білімін көрсетеді.

1-3 баллОқушылар ақпаратты, аргумент пен түсіндірмелерді жеткілікті дәрежеде талдай және бағалай алмайды. Паралелдерді, байланыстарды, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жоғарғы деңгейде анықтай алмайды.Оқушылар саяси, экономикалық және қоғамдық сұрақтардың минималды түрде талдап синтездейді. Аргументтердің екі жағынан да хабардар екенін көрсете алмайды және теңдестірілмеген жағдаймен ешқандай қорытындыға келе алмайды.

1 баллЖауапты ұйымдастырғысы келмейді. Пікірлерді логикасыз, жүйесіз түрде де бере алмайды. Грамматикалық, орфографиялық және пунктуацияялық қателер кездеседі.

0 баллОқушылардың концепциялар, үрдістер, теориялар және пікірталастар туралы білімдері мен түсініктері мүлде жоқ. 11 және 12-сыныптардың негізгі тақырыптарынан мүлде білімі жоқ.

0 баллОқушылар ақпаратты, аргумент пен түсіндірмелерді талдаған немесе бағалағанының ешқандай дәлелі жоқ. Паралелдерді, байланыстарды, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жоғарғы деңгейде анықтай алмайды.

0 баллМазмұны ұйымдастырылмаған және грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателері көп.

7.2 2-емтихан жұмысы: Мысал сұрақтар үлгісіЗерттеу жұмысы1 x 25 балл

БМ1 5 баллБМ2 15 баллБМ3 5 балл

20 беттің 18-беті

Page 19: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

Зерттеу жұмысын бағалау үшін төменде критерийлер берілген: Тақырыптың таңдалуы және орынды сұрақтар жиынтығы Аргументтің сапасы, бағасы, талдауы және қорытындысы Зерттеу сапасы Материалдың қолданылуы Жасалынған қорытындылардың логикалық дәлелі Зерттеу жұмысының құрылымы, презентация және эссенің ұйымдастырылуы.

Жалпы балл қою кестесі

Балдар Дескрипторлар

21-25 Зерттеу жұмысы өзекті тақырыпқа негізделген, назар аударылған сұрақтарға жауап бередіі және үздік презентация ұсынылады.

Таңдап алынған тақырып өте тиімді ұсынылған және нақты талқыланған Аргументтер сәйкесінше теңдестірілген және анализі орынды әрі қысқа Зерттеу жұмысының тақырыбын қолдау үшін кең көлемдегі зерттеулердің маңызды

дәлелдері бар Барлық тапсырмаларға байланысты жасалған қорытындылары нақты Презентация талапқа сай өте тиімді, нақты, берік және құрылымды библиографиясымен

ұсынылған

16-20 Зерттеу жұмысы өзекті тақырыпқа негізделген, назар аударылған сұраққа жауап береді және жақсы презентация ұсылады.

Таңдап алынған тақырып өте жақсы ұсынылған және жалпы нақты талқыланған Аргументтер теңдестірілген және орынды анализ жасалған Зерттеу жұмысының тақырыбын қолдау үшін кең көлемдегі зерттеулердің жақсы дәлелдері

бар Барлық тапсырмаларға байланысты жасалған қорытындылары біршама нақты Презентация талапқа сай берік құрылыммен және құрылымды библиографиясымен

ұсынылған

11-15 Зерттеу жұмысы өзекті тақырыпқа негізделген сұраққа жауап береді, презентациясы бар. Таңдап алынған тақырып жеткілікті дәрежеде ұсынылған және талқыланған Аргументтер жалпы теңдестірілген. Аргументке анализ жасалынғаны туралы айғағы бар. Зерттеу жұмысының тақырыбын қолдау үшін кейбір дәлелдер бар. Кейбір қорытындылар тапсырмаларға сәйкес келмеуі мүмкін Презентация талапқа сәйкес келеді, кейбір құрылымы мен библиографиясы бар

6-10 Зерттеу тапсырмасы базалық тақырыпқа негізделген сұрақтарға жауап береді, презентациясы түсініксіз.

Таңдап алынған тақырып жеткіліксіз деңгейде ұсынылған және талқыланған Аргументтер кейбір кезде теңдестірілген. Өте аз анализ жасалынған. Зерттеу жұмысының тақырыбын қолдау үшін дәлелдер аз Жасалынған қорытындылар аз және барлық тапсырмаларға байланысты болмауы мүмкін Презентация талапқа сәйкес келмейді, құрылымы жеткіліксіз болуы мүмкін, библиографиясы

болмауы мүмкін

1-5 Зерттеу тапсырмасы базалық тақырыпқа негізделген сұраққа жауап бермейді, презентациясы түсініксіз.

Таңдап алынған тақырып жеткіліксіз деңгейде ұсынылған және талқыланған Аргументтер теңдестірілмеген. Өте аз анализ жасалынған. Зерттеу жұмысының тақырыбын қолдау үшін дәлелдер өте аз Жасалынған қорытындылар нашар және тапсырмаларға қатысы жоқ Презентация талапқа сәйкес келмейді, құрылымы жеткіліксіз, библиографиясы толық емес

немесе болмауы мүмкін

0 Сәйкес мазмұны жоқ

20 беттің 19-беті

Page 20: Integrated Programme of Developmentniskmw.weebly.com/uploads/2/4/5/3/24539788/kz_12... · Web view1-емтихан жұмысы 11 мен 12-сынып оқу бағдарламасын

7.3 3-емтихан жұмысы: Мысал сұрақтар үлгісіПрезентация

15 балл

ЗO1 5 баллЗO2 5 баллЗO3 5 балл

Балл қоюдың жалпы кестесі

Балдар БМ1 БМ2 БМ35 Тақырып тиімді таңдалып

алынған және зерттеу жұмысының сәйкес бөлімдеріне сілтемелер жасалынып түсіндірілген

Тақырыптың талдауы нақты, тиісті түрде презентацияда көрсетілген, талданылған сұрақтарға тиімді жауаптар берілген

Бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді қолданған, үздік презентация жасай алу қабілеттері бар, аудиториямен қысқа және нақты байланыста бола алады.

4 Тақырып жақсы таңдап алынған және зерттеу жұмысының сәйкес бөлімдеріне сілтемелер жасалынып түсіндірілген

Тақырыптың талдауы жақсы, басты пікірлер сәйкесінше презентацияда көрсетілген. Талданылған сұрақтарға жақсы жауаптар берілген

Бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді қолданған, жақсы презентация жасай алу қабілеттері бар, аудиториямен қысқа және нақты байланыста бола алады.

3 Тақырып жеткілікті дәрежеде анықталған және зерттеу жұмысының кейбір сәйкес бөлімдеріне сілтемелер жасалынып түсіндірілген

Тақырыптың талдауы орташа жасалған, басты пікірлер презентацияның кейбір жерлерінде ғана анық көрсетілген, жалпы талданылған сұрақтарға жауаптары жеткілікті

Бұқаралық ақпарат құралдарын жеткілікті деңгейде қолданған, презентация жасай алу қабілеттері жеткілікті, , аудиториямен қысқа және нақты байланыста бола алатынын көрсетеді.

2 Тақырып жеткіліксіз дәрежеде анықталған және зерттеу жұмысының сәйкес бөлімдеріне көмескі сілтемелер жасалынып түсіндірілген.

Тақырыптың талдауы кішкене сәйкес келеді, презентацияда басты пікірлер кейбір жерлерінде ғана көрсетілген, сұрақтарға толық жауап берілмеген

Бұқаралық ақпарат құралдарын шектеулі түрде қолданған, презентация жасай алу қабілеті нашар және аудиториямен аз байланыста болады.

1 Тақырыпқа өте аз анықтамалар берілген, түсіндірмелер айқын емес және зерттеу жұмысына сілтемелер жасалмаған

Тақырыпқа өте аз талдау жасалынған, зерттеу жұмысының басты пікірлері дәлелденбеген, сұраққа жеткілікті дәрежеде жауап бере алмайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарын өте нашар қолданған, презентация жасай алу қабілеті жеткіліксіз, презентацияны ұйымдастырғаны өте нашар, аудиториямен байланыс болған жоқ

20 беттің 20-беті