8
«IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ… «IQanat» олимпиадасы - ауыл мектептерінің оқушылары үшін өткізілетін жалғыз ірі жекеменшік олимпиада. «IQanat» жеңімпаздары диплом және естелікпен қатар, Қазақстанның және әлемнің жоғары оқу орындарында ақысыз оқу мүмкіндігіне ие болады. Олимпиада екі аудандық және бір республикалық кезеңдерден тұрады. 2019 жылдың 20 сәуірінде Қазақстанның 162 ауданында ауыл мектептерінің 9 -сынып оқушыларына арналған «IQanat» республикалық олимпиадасының II кезеңі өткізілді. Оған қатысу үшін 6420 оқушы шалғайдағы ауылдардан облыс орталықтарына дейін үш-алты сағатқа дейін созылатын жол жүрді. IQanat» олимпиадасы II кезеңінің қатысушылары)

IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ…«IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ… «IQanat» олимпиадасы

  • Upload
    others

  • View
    20

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ…«IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ… «IQanat» олимпиадасы

«IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ…

«IQanat» олимпиадасы - ауыл мектептерінің оқушылары үшін өткізілетін жалғыз ірі жекеменшік олимпиада.

«IQanat» жеңімпаздары диплом және естелікпен қатар, Қазақстанның және әлемнің жоғары оқу орындарында ақысыз

оқу мүмкіндігіне ие болады.

Олимпиада екі аудандық және бір республикалық кезеңдерден тұрады.

2019 жылдың 20 сәуірінде Қазақстанның 162 ауданында ауыл мектептерінің 9-сынып оқушыларына арналған

«IQanat» республикалық олимпиадасының II кезеңі өткізілді. Оған қатысу үшін 6420 оқушы шалғайдағы ауылдардан

облыс орталықтарына дейін үш-алты сағатқа дейін созылатын жол жүрді.

(«IQanat» олимпиадасы II кезеңінің қатысушылары)

Page 2: IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ…«IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ… «IQanat» олимпиадасы

«IQanat» олимпиадасында қатысушыларға ұсынылған төрт пәннің (математика, физика, ағылшын тілі және қазақ немесе

орыс тілдерінде эссе жазу) біреуі немесе екеуі таңдап тапсырылады.

(Олимпиада тапсырмалары бар кітапшаларды ашу сәті. Құпиялылықты сақтау мақсатында кітапшалар мөрмен бекітіліп, әр ауданға

Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы жеткізілді)

Page 3: IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ…«IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ… «IQanat» олимпиадасы

Қатысушылардың мақсаты бір – республикалық кезеңге өтетін финалистер қатарына ілігу.

(Республикалық кезең Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Назарбаев Университеті» ғимаратында шілденің 1-5 аралығында өтеді)

Page 4: IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ…«IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ… «IQanat» олимпиадасы

Кезең аяқталысымен, қатысушылардың жұмыстары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының 22 мұғалімнен тұратын

қазылар тобына тексеруге жіберілді. Бағалау әділдігін қамтамасыз ету мақсатында әр қатысушының жұмысы жеке

тексерілді.

(Математика) (эссе «Эрудит»)

«IQanat» олимпиадасының қазылары – жеті жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар білікті ұстаздар және Қазақстанның

үздік білім беру орталықтары мен жобаларының басшылары.

(Физика) (Ағылшын тілі)

Page 5: IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ…«IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ… «IQanat» олимпиадасы

1. Эссе «Эрудит»

Екінші кезеңде 2883 қатысушы “Мақсатқа жету жолдары” тақырыбында эссе жазды. Оның көбісі – Түркістан

облысының оқушылары болып табылады. Аталған кезеңнің бір ерекшелігі – қатысушылар эссені компьютермен

электронды түрде жазды. Соған қарамастан, тексеру барысында арнайы парақша бетінде қолмен жазылған жұмыстар да

қарастырылды. Тексеру жұмыстарын атқарған «Challenge KZ» білім беру жобасының мұғалімдері екендігін айта кеткен

жөн.

(Онлайн эсселерді тексеру кезі) (Қолмен жазылған эсселерді тексеру барысы)

Page 6: IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ…«IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ… «IQanat» олимпиадасы

2. Математика

«IQanat» олимпиадасының екінші кезеңін математика пәні бойынша 2346 оқушы тапсырған болатын. Олардың жұмысын

тексерумен еліміздің оқушыларын НЗМ, БИЛ (ҚТЛ) және РФММ оқуға түсуге дайындайтын «Smart Bilim» математика

мектебінің оқытушылары айналысты.

(«Smart Bilim» математика мектебінің оқытушылардың олимпиадалық жұмыстарды тексеру сәтінен)

Page 7: IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ…«IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ… «IQanat» олимпиадасы

3. Ағылшын тілі

Олимпиаданы ағылшын тілі пәнінен тапсыруды 2416 оқушы жөн көрді. Жазба жұмыстарын «Rocket Study» ағылшын

тілін оқыту мектебінің мұғалімдері тексерді. Қатысушылар 3 қысқаша эссе жазу және 3 мәтінмен жұмыс істеу

жаттығуларынан тұратын 6 тапсырманы орындауға міндетті болатын. Олимпиада жұмыстарын бағалау барысында

оқушылардың берілген тапсырманы түсіну, ағылшын сөздерін жазу, дұрыс қолдана білу және жұмыстардың сонылығы

секілді талаптардың орындалуы ескерілді.

(«Rocket Study» мектебінің оқытушысы Ақерке Есенбекованың жұмыстарды тексеру сәтінен)

Page 8: IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ…«IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ ҚАЛАЙ ӨТТІ… «IQanat» олимпиадасы

4. Физика

Олимпиада кезеңін физика пәнінен тапсырған 1382 оқушының жұмыстарын «EduCon» компаниясының оқытушылары

тексеріді.

(Жұмыстың әрқайсысы мұқият жеке тексерілді.Тексеру барысында сарапшылар арасында таластар да болып тұрды)

Үш апталық күрделі тексеру нәтижесінде екінші кезеңнің жеңімпаздары анықталды. Олардың саны 701 адам болды.

Республикалық кезеңге өткен қатысушылардың тізімі «IQanat» ресми сайтында көрсетілген. Өткен финалистерді

құттықтай отыра, Нұр-Сұлтанда сәттілік тілейміз!