153

Kapasta Jazylgan Hattar

  • Upload
    berik21

  • View
    745

  • Download
    21

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Kapasta Jazylgan Hattar
Page 2: Kapasta Jazylgan Hattar
Administrator
Stamp
Page 3: Kapasta Jazylgan Hattar

(Жала қүрбандарының жырлары)

АЛМАТЫ «ЖАЛЫН»

І992

Page 4: Kapasta Jazylgan Hattar

ББК 84 Қаз 7-5 Қ 40

4702250202—032 ^ —408(06)92 құлақтандырылмаған 92

І5ВИ 5-610-01151-5 (6) «Жалын» баспасы, 1992

Page 5: Kapasta Jazylgan Hattar

Ойқазық Қуаныш пен қайғы, зейнет пен бейнет, рақат пев

азап сияқты өмірдіқ күнгейі мен көлеңкесін қай пенде басынан өткермеген?! Ах халыққа нәубет боп төнген қара құйындар қаншама?! Қазан төңкерісінен кейінгі сталиндік зобалаңның қазақ жеріне әкелген қанды қыр-ғын азабын да тарихтан жақсы білеміз. Соның бір ай-қын куәсі отызыншы, елуінші, сексенінші жылдардағы жаппай жазықсыз жазалау, атып-асу, бәле-жаламен игі жақсыларымызды Итжеккенге айдап, темір торда телмірту еді ғой.

Бұл жинақта әр кезеңде ұлтжандылығы үшін ұстал-ғандардың үш ұрпағы қапаста жатып жазған жыр-хат-тар бас қосып отыр. Түрмеде туған тегеурінді туынды-лардың бір ерекшелігі: қай ақын болса да тек өэ кара-қан басының қайғысын айтып қоймайды, ата жұрттың өткені мен әдет-салтын, елдігі мен берекесін аңсав еске алады. Сонымен қатар замана халі, қаскөйлік, әділет-тің ақ жолын аяққа басқан қорлық-зорлық, қысым-қия-йат жайын толғайды. Торығу емес, шырқыраған шын-дық түбінде жеңіп шығатынына деген шынайы сенім-мен толғана ширығу бар.

Мұндай арман-үміт өз өмірін тергеуші алдында өлеңмен батыл өрнектеген Ығылман, Файзолла, Байдү-кен толғауларынан да, торға түскен тотыдай қапаста

3

Page 6: Kapasta Jazylgan Hattar

отырып, халқым деп тебіренген Насихат, Закариа, Ш-шән, Ахат және Асанбай Асқаров жырларынан да анық яңғарылса керек.

Жастайынан бар аңсары өнер болған Шахан Му-синніқ «он алты жол өлеңі» үшін он сегіз жылға сот-талуы, еркін ойларына бола Бүркіт Ысқақовтыц шнрек ғасыр еркінен айрылуы, кешегі боэдақ Қайрат Рысқұл* бековтың қайғылы қазасы... бәрі-бәрі оралып соғып отырған озбырлықты әйгілеией ме?!

Бір сөзбен айтқанда, шерлі жылдар шежіресі ақтац-дақ ақиқатты алға тартып, оқырііаннын ойын оятарына сенеміз.

Page 7: Kapasta Jazylgan Hattar

Асанбай Асқаров

Page 8: Kapasta Jazylgan Hattar

Дүниені дүр сілкіндірген эйгілі Желтоқсан ақиғасына орай талай азаматтың тағдыры тәл-ңекке түскені мәлім. Отаршыл орталықтың озбыр-лығымен жазықсыэ жала қүрбаны болып, жТас қапаста, өлі мен тірінің ортасында отырып кел-ген ардагер ағамыз Асанбай Асқаровтың бүл өлең-дері *Қазақ батырлары» газетінде (15-тамыз, 1991-ж.) Әбділда Тэжібаевтың ақ тілегімен жа~ рияланған еді.

Жинаққа сол қалпында енгізіп отырмыз.

6

Page 9: Kapasta Jazylgan Hattar

Асанбай Асқаровты арыммен ақтап, оны тергеп-тек-серіп жатқан сот бастығына хат жазып, газетке бастыр-ғанда, Асанбайдың еи жақсы қасиетінің бірі — оның ақындығы. Ақын қылмыс жасамайды, ақын жалған сей-лемейді дегенмін. Сол сөэімді Асқаровтың мына қамау-да жатып шығарған өлеңдерін оқып отырып тағы да қайталаймын.

Нағыз ақын ғана ауырған жүрегін, сыздаған ыза-сын өз жанының шырылдаған даусымен естірте алады. Соған мына бір шумақ өлең кепіл:

Мұнысы несі, мунысы? Дұрысы қайда, дұрысы? Тоқтады неге күлісім? Өэгерді неге жүрісім? Тар қапаста ауасы аз, Тарылды-ау әбден тынысым. Кудай басқа бермесін, Қөрген күнің құрысын.

Жұртына, жеріне суйсінген, қауымына, ұлына, қы-зына сенген, сүйенген, болашақтан тек жақсылық қана күткен ақ тілекті жан кенеттен киліккен қиянатқа еріксіз таңданады.

Болашағым боп туман, • Айналып кетті-ау сағымға,—

дейді. Өз елім, өз мекенім деп қанша айтсаң да, соны саған көпсінетіндер, әсіресе, қазақта мол шығады. Ас-қаровтың да түрмеде отырып өлең жазуының себебі осы. Сөйтіп, ол енді тағы бір өлеңнің екі жолын:

Ортасында отырмын Тірі менен өлінің,—

деген күйге арнап отыр. Айдауда жүріп, түрмеде жазған өлеңдер көп халық-

тарда бар. Солардың ішінде ел үшін азап шеккен үлы ақындар да аз болмаған.

7

Page 10: Kapasta Jazylgan Hattar

Сөйтіп, түрмедегі өлең жанры... бізге әлдеқашаннан мәлім.

Асанбай да бостандыққа, жарына, балаларына, дос-тарына деген жылы сағынышын көп айтқан.

Еркін жүргенде де табиғаттағы елене қоймайтын көрікті көріністер, көцілді күбылыстар қамауда отырған ақын жанға қиялдай елестейді екен:

Жетісу — жәннат жерімде, Бақытты мынау елімде, Сайран құрып жүруші ем Алатаудық төрінде. Биікке ұшып, самғаушы ем Кыран құстай көгімде,—

деп әрі ұшқыр, әрі ыстық айтып отыр. Біздің елімізде қылмыс: халықты тонағыш банда-

лық, адам өлтіру, зорлық-зомбылық, ұрлық-қарлық, парақорлық әбден үдеген, тыюсыз кеткен дәрежеде. Со-лармен күресудіц орнына, басшылық орында отырған саясатшылардыц арамдығынан халқымыздыц адал ұлы Асанбайлар жазаланады.

Мен егемендік алған Қазақстан басшылары бұл мә-селені аяқсыз қалдырмайды, күнәсіз қамауда отырғав азаматын ақтап алады, Асанбайдың:

Адалмын — шыным, Адалдық түбі жеңеді, Аман болсын достықтың қадірін білгендер,—

деген сөзіне кұлақ асады деп сенемін '.

ӘБДІЛДӘ ТӘЖІБАЕВ, Қазақстан халық жазушысы.

1 А. Асқаров 1991-жылы қыркүйек айында ақталып, абақтыдан шықты.

8

Page 11: Kapasta Jazylgan Hattar

АДАЛДЫК ТҮБІ ЖЕҢЕДГ

* » * Білмей таңның атқанын, Батқанын білмей кештің де,. Үнсіз жалғыз жатқаным, Керегім жоқ ешкімге.

Дәурен етті дауылдай, Алды-артына карамай. Түсінер жан табылмай, Қалғаным ба жарамай?

Байқамаппын өткенді, Бір күнгідей болмады. Қазан ұрып мезгілсіз, Қөңілдің гүлі солған-ды.

Тіл қатса біреу өзіме, Адамсынып қаламын. Қорлық екен бәрінен Қараңғы түнек қамалың.

Байқамаппын өткенді, Тағдыр жазса сол-дағы. Намыс оты жеп мені, Басыма пәле орнады.

Жақын досым, Фатимам, Сыбырлайсын маған не? Қөңіліңді аһ ұрған Түсінемін, амал не...

Қолдан келер жоқ шара, Сөйлеп жағым қарысты.

9

Page 12: Kapasta Jazylgan Hattar

Жанды қинап жатса да, Бере алмаспын намысты.

Қараңғы тартты күн неге, Байлады дұшпан бағымды. Отырмын жалғыз түрмеде, Күтумен арай танымды.

Жанымды менің мазалап, Тергеуші қатты тергейді. Өзінше мені «жазалап», Тыныштық бір бермейді.

Сұрақтан сұрақ туады, Түпсіз бір терең, түбі жоқ. Әдейі артып күнәні, Босатар, сірә, түрі жоқ.

Оған да қояр жоқ кінәм, Осылай шығар заңы да. Болашағым боп тұман, Айналып кетті-ау сағымға.

Тар қапаста жатырмын, Бергісіз итке өмірім. Ортасында отырмын Тірі менен өлінің.

Page 13: Kapasta Jazylgan Hattar

БАҚЫТЖАНҒА

Қабылда сәлем, құлыным, Жалынып, сұрап алғаным. Жазықсыз жанның бірімін, Жаман ой ойлап қалмағын.

Жартысы болған жанымның, Намысы болған арымның, Жан балам, сені сағындым, Тағдырға қатты тарындым.

Санаулы ғұмыр қалғанда Көретін бұл күнім бе?! Сен бұған, ұлым, арланба, Ақталамын түбінде.

Біреуге жасап қиянат, Жамандық еткен жоқ едім. Іс шығар кеткен бұл ағат, Түскенін басқа көремін.

Шыдағын мұның бәріне, Сабыр ет, жаным, төзе біл. Десем де саған, әрине, Өртенер от боп өзегім.

Өмірің — биік асқар тау, Шыға біл, күнім, өрмелеп. Жаман кісіден туғандай Бола көрмегін бір кебек.

Қызығыңды көрсем деп, Қызғыштай қорғап өсірдім. «Елдің ұлы бол сені» — деп Қаттырақ айтсам, кешіргін.

/ /

Page 14: Kapasta Jazylgan Hattar

Бұл оңай емес, байқадым, Жасыма, балам, жасыма. Ақталып бір күн қайтамын, Әкеңді күткін асыға.

* * *

Сағындым сары даламды, Сағындым саумал самалды. Сағындым Алатауымды, Алматы — әсем қаламды.

Көк тіреген шыңымды, Жұпар атқан гүлімді, Салқын шәрбат суыңды, Қызығы мол шуыңды,—

Сағындым, бәрін сағындым, Байланғаны-ай бағымның. Қинайтындай соншалык, Бұл тағдырға не қылдым?!

Кеткені-ай лезде бағамның, Тао үйге босқа қамалдым. Осы ма екен шынымен Таусылғаны амалдың?

Өтірік, өсек, жаланың Құрбаны болып барамын. Тасқа барып тірелді Тасыған таудай талабым.

Жетісу — жәннат жерімде, Бақытты мынау елімде,

12

Page 15: Kapasta Jazylgan Hattar

Сайран құрып жүруші ем Алатаудың төрінде. Биікке ұшып, самғаушы ем Қыран құстай көгімде.

Бір күндей бәрі болмады, Басыма бұлт орнады. Қөңілімді торлады, Қолдан келмей еш нәрсе, Бұралаң тартты жол-дағы. Ойлап тұрсам, япыр-ай, Іс екен бұл «қолдағы».

Енбек етіп жасымнан, Шындыққа ғана бас ұрғам. Біреуді салып біреуге, Қулығым жоқ-ты асырған. Сонда да болса көп кінә «Табылып» жатыр басымнан.

Сіңірген еңбек бос қалып, Жатырмын цемент жастанып. Қөрсем де талай қызықты, Көрмеген едім мастанып. Қызыққа мынау қараңыз: «Қылмыскер,— дейді,— Асқарові»

Мұнысы несі, мұнысы? Дұрысы қайда, дұрысы? Тоқтады неге күлісім? Өзгерді неге жүрісім? Тар қапаста ауасы аз, Тарылды-ау әбден тынысым. Құдай басқа бермесін, Көрген күнің құрысын.

13

Page 16: Kapasta Jazylgan Hattar

Егіліп жігер құм болды Еңбегім еш, тұл болды. Дос дегенім сұм болды, Күн дегенім түн болды. Адалдығым еш болды, Ойлағаным кеш болды. Білмей қалай жүргенбіз Бірдей ғой деп бес қолдыі

Бел қайыспас нар едім, Екі айтпайтын жан едім; Не етсем екен, япыр-ай, Бұл тағдырдың әлегін?!'

1*

Page 17: Kapasta Jazylgan Hattar

Асықпаңдар, менен үміт үзбеңдер, Іздесеңдер, жақсылықтардан іздеңдер. Маңайыма жолай алмай жүргендер, «Құлап өлсін» деп, Алдыма тосты құз-белдер.

Маңайыма жолай алмай жүргендер, Іш мерез боп ішіне сырын түйгендер, «Жеңдік біз» деп, Сыртымнан босқа күлмеңдер. Аз емес екен нақақтан-нақақ күйгендер,

Аз емес екен нақақтан-нақақ күйгендер, Бақыты тайып, маңдайы тасқа тигендер. Адалмын — шыным! Адалдық түбі жеңеді, Аман болсын достықтың қадірін білгендер,

15

Page 18: Kapasta Jazylgan Hattar

ШОЛПАНҒА

Жазықсыз әкең кетті алыс жолға, Өтуде әрбір күні темір торда. Перзенттің үлкені едің, Шолпан жаным, Дәл қазір ештеме жоқ біздің қолда.

Қамықпа, қапа болма, Шолпан балам, Жан едің көңілің бір ортаймаған. Бар қызық таусылды да біз көретін, Алаңдап жалғыз қалды Фатима анаң.

Фатима анаң сенің ақ сүт берген, Еркем ең, елігім ең соған ерген. Анаңды құрметтеп, Жаса, кызым, Болса егер жақсылығың қолдан келген.

Әкеңнің қадірлесең алтын басын, Жылама, көзіңнен жас сарқылмасын. Әке орнына әке бол, Фатиманы Аймала, анда-санда мауқын басып.

■Әкеңді қажыды ғой дей көрмегін,. Менің де оңай емес бой бермегім. Ешкімменен ісім жоқ, Анда-санда Осылай өлең жазу болды ермегім.

Айман, Зифа, Света, Жанат, Гауһар, Ақылым сол әзірше сендерге айтар: Көңілді босатпаңдар, Халқым менің Адалдық, ақтығымды әлі-ақ байқар.

16

Page 19: Kapasta Jazylgan Hattar

Анасын сыйламаған адам оибас, Көмектес, Фатимаға болғын жолдас Ынтымақ ед үлкен куш осындайда, Жұмылып бір-бірінді демеп, қолдас

Ту ұста Фатиманы бәрің болып, Қөңілі көрмесінші жарым болып. Өзімнен жорары оиы бағалаймын, Жүруші еді жанымда сәнім болып.

Сыйлаңдар Сарыны да құрметтеп, Адам сыйлау, Шолпаным, ұлы мектеп. Жүреді ол кейін еске ап сендерді де, Қиын кезде қадірімді біліп ед деп.

Page 20: Kapasta Jazylgan Hattar

ФАТИМАҒА

Фатима, аманбысың, асыл жарым? Мен қайда болсам-дағы қасыңдамын. Ер жігіттің басына не түспейді, Сен мені ойлай берме, жасымағыц.

Төзім берсін, шыдайық қиналуға, Мен саған, айтшы, бақыт сыйладым ба? Әлде сен бақыттырақ болар ма едің Тұрмысты басқаменен құрғанында?

Тал бойыңнан ешқашан мін таппадым, Көтеріп маған дауыс, тіл қатпадың. Өзімді бақыттымын деп санаймын Тұрғанда аман-есен үрпақтарым.

Өмірдің қияларын бастық біз де, Белестен неше қил-ы астық біз де. Өкшеге шөңге кірсе шыдадық қой, Жүғардай жамандықтан қаштық біз де»

Сенен артық адамды табармын ба, Білмеймін саған бақыт бере алдым ба? Фатима, ар-ожданым таза меніп, Жүреміз әлі-ақ жайнап ел алдында.

п

Page 21: Kapasta Jazylgan Hattar

* « •

Үш метр ұзындығы, ені екеу, Өрілген қабырғасы тастан бекем. Жанып тұр жалғыз лампа сығырайған,. Амал не, шыдап жату қиын екен.

Келгенде алпыс беске жасым менің, Төменге домалады тасым менің. Қөретін қесіретім осы ма еді, Жаламен істі болды басым менің.

Қайтейін жаси беріп жаман шалша, Амалсыз шыдаймын ғой басқа салса. Қалуым тар қапаста мүмкін емес, Үйірге қосылармын бұйрық болса.

Жазықсыз кінәлайды неге мені, Еңбегім енді қашан еленеді? Қышуы қанғандай боп дұшпандардың, Достарым күйзелілендей болды-ау, тегі.

Қөктегі ақиық ем самғап ұшқан, Тұзағын мықтап маған салды дұшпан. Болса егер қателігім мойындар ем, Мен емес жан сауғалап қорқып-пысқан.

Page 22: Kapasta Jazylgan Hattar

* * •

Есіңді жи, ақылға кел, Фатимам, Пайда бермес бос қайғырып, аһ ұрған. Балаларға бас-көз болғын мен жоқта, Есің бар ғой, кенде емессің ақылдан.

Жалгызы едің сен біреудің, Фатима, Мені ойлап миыңды көп қатырма. Тағдыр маған жазған шығар, қайтейін, Түрменің де дәмін біраз татуға.

Қиындықты көп көріп ек жаста біз, Ел-жұртыма белгілі еді басқан із. Таққан мынау жаласына қарашы, Мен білмеймін, қалай қара басқамыз?

Өлерімді білетіннің бірі едім, Арамдыққа баспаущы едік бір елі. Ақты қалай кара деуге болады? Қарап тұрып шошиды адам жүрегі!

Фатимажан, саған арнап жазамын, Уақытша көрер бұл да азабым. Әлдекімнің жаласынан қорықпаймын, Аман болсын ұлын сүйер қазағым.

Елімді ойлап сөгіледі қабырғам, Намысым мен арым артық жанымнан. Елім, жұртым, ақтығыма сеніңдер, Үлың едім адалдыққа табынған.

Сен арқылы елге сәлем жолдаймын, Жарты жолда егіледі бордай кім! ҚазГр, мейлі, кім не десе, о десін, Тірі болсам, өзімді өзім қорғаймын.

М

Page 23: Kapasta Jazylgan Hattar

• • •

Ай толды түткынға мен алынғалы, Қапаста қайғы-қасірет жамылғаЛы. Өзімде ұйқы да жоқ, күлкі де жок «Қылмыскер» деген пәле тағылғалы.

Құдайым салды бүгін басқа бәрін, Білмеймін үй ішімнің еш хабарын. Отырмын он ойланып, жүз толғанып,. Түсінбей бөлек қамап тастағанын. Партия қатарында кеп жыл болып, Атына кір жуытпай, жүрдім қорып.... Күзетші екі көзін алмай менен, Сыртымнен күндіз-түні отыр торыіг. Бәрі де еңбегімнің ескерілмей, КөңілГм аңғал-саңғал — кешкен үйдейг. Шынымен дүниеқоңыз болғаным ба Қөз тоймас баяғының мешкейіндей? Әркімнің жетіп жатыр сандырағы, Адамның көңілін босқа қалдырады. Арымды арашалап аламын деп, Күн өтпей, Асанбайың қалжырады... Қатты тиіп өсектің саидырағы, Ішім күйіп, жүрегім қан жылады. Қанша ғұмыр бар дейсің... Қайран ұлың, Орынынан сан тұрып, сан құладыі

Ешкім мұнда қолтықтан демемейді, Үяты жоқ сатқындар-не демейді. Елім үшін қаншама терді төктім, Еңбегімді неліктен елемейді?!

21

Page 24: Kapasta Jazylgan Hattar

* » *

Құрсау темір, Ой быт-шыт, Қөңіл ала... Қүзетші жүр күзетіп мені ғана. Не көрсем де шыдаймын, Амал нешік, Оралсам болды аман семьяма.

Мақсатым тірліктегі осы болДы, Отырмын өткен жайға сілтеп қолды. «Өтірік өрге баспас» деген бар ғой, Беретін шығар бір күн құдай жолды.

Қезінде жас құрғырдың келіп қалған Не сұмдық сөз сөйлетпей, ерікті алған?! Мен — атан үйірінен саяқ кетіп, Амалсыз шөл далада шөгіп қалған.

22

Page 25: Kapasta Jazylgan Hattar

КАИСАРБАЙҒА

Тұйғының торға түсіп шырылдайды, Артыма мойынымды бұру қайғы. Тілемен дұшпанға да бұл күнімді, ^Сөз етпе отыру мен тұру жайлы.

Басымнан өткен жайды, Қайсар құрбым, Босансам аман-есен, айтам бір күн. Сүраған бауырларға дұғай сәлем, Осылай етті мені тағдыр шіркін.

Аман ба өзім өскен ауыл-аймақ? Ашуың келмес бұған қалай қайнап: Қыранның шымшық кұрлы жоқ қауқары Ешкімге сес көрсетіп жасар айбат.

Шындыққа өтіп едім табынумен, Отырмын аққа күйе жағылумён. Күнімді ептеп-септеп өткіземін, Елімді, өздеріңді сағынумен.

23

Page 26: Kapasta Jazylgan Hattar

* * •

Туған жердің туы биік болсын деп, ^Қері ёгінгё, қыры малға толсын деп, Еңбек еттім жанымды бір аямай, Ел басына бақыт құсы қонсын деп.

Кешір, менің білместігім болса егер, Еткен ісің еңбегіңмең өлшенер. Туған жердің туын көкке көтерді Көп адамдар мен сүйенер, мен сенер.

Мен солардың бірі болып жүрген ем, Жаман екен жауын тани білмеген. Елім үшін жаным құрбан деп жүріп, Қапылыста бір-ақ шықтым түрмеден.

* * •

Партияның айтқанын орындадым, 0, халқымі Мен өзіңнің қолыңдамын. Мені ешкім алған беттен тайдыра алмас, Өлсем де Лениннің жолындамын.

Қуанып бақытымның таңдарына, Биіктің шыққандай ем занғарына. Мәскеуден үн қатпады неге біреу, Шынымен көзден таса болғаным ба?

Бәлкім, мен өзім емес, басқамын да, О, елім! Шың ұмыта бастадың ба? Түсімде көкті шарлап жүрсем-дағы, Түрмеде жатам көзді ашқаиымда.

24

Page 27: Kapasta Jazylgan Hattar

Өмірден мен кеткенмен қалар белгі, Кеудем толған орден мен медәл еді.' Қа^арда жүре берсем болмас иа еді, Тырысып, ея басқарып нем бар еді?

Күн көрсем де болмай ма тезек теріп, Бір басыма білмеймін не жетпеді. Жан-тәніммен беріліп партияға, Сонша жыл хатшы болу қажет пе еді?

Бір себебі тимеді-ау, бар ма амалым, Аман шығу түрмеден — арман-әнім. Болса ақиқат — босанам! Жалғыз ғана «Қылмыскер» деген сөзге арланамыя.

Мен біреуді шақырып адалдыққа, Қалай барам өз басым арамдыққа? Арың мен үятынды белге буып, Жата ма жалған сөйлеу адамдыққа?!

Анамнан екі емес, бір тудым ғой, Сондықтан кісілікке үмтылдым ғой. Болмады соның бәрі бір күнгідей, Миымды мазалайды мың түрлі ой.

Page 28: Kapasta Jazylgan Hattar

КЛРА НАН

Интернатта қара нанды жеп едім, Бірақ оны қара екен демедім. Аш кезіңде жегеніңіз бір басқа, Оның дәмін әлі ұмытпай келемін.

Түрмеде де неше түрлі бар адам, Қорегіміз — бидай ботқа, қара нан. Тойып жесек арманымыз болмайды, Сол арманға жетпей жүрміз қалаған.

Шәй дегені атала су, жоқ шара, Аш болсаң да өзіңді өзің тоқ сана. Қажымағын, қайғырмағын, сыр берме, Жылымағын, мейлі ұрып-соқса да.

Қиналамын бұл алланың ісіне, Түбіне мен жете алмаймын түсіне. Осы жерде аман-есен жүргенім Деп ойлаймын қара нанның күші де.

К

Page 29: Kapasta Jazylgan Hattar

* * *

Ел ағасы болғанда, Егде тартып қалғанда, Басымды қырау шалғанда Көрётін бұл күнім бе Мынау дүние жалғанда?!

Жетпіс жасқа толғанда Суыққа дене тоңғанда, Беттің әрі оңғанда Түрмеде жалғыз отырмын, Бұдан артық сор бар ма?!

Пайғамбар жастан асқанда, Бойымнан қуат қашқанда; Ақылымды айтып жастарға Отырар кезде, Құдайым Бейнетін маған тосқан ба?

Күш-қуатым біткенде, Өмірден сый күткенде, Торға түскен қырандай, Тағдырыма қуанбай, Не жазығым бар еді Азаптап, қинап сұрардай?!

* * * Тығып қойды түрмеге, Бітпейтін іс бұл неге? Дей алмайсың бірдеңе. Түрменің іші қараңғы, Соқыр ётер адамды, Шығармайды күнге де.

27

Page 30: Kapasta Jazylgan Hattar

* * *

Жем болып жанын сатқан жамандарға, Отырмын тас бөлмеде, амал бар ма? Кеткен сон астыдан тақ, қолдан тізгін, Сенуің қиын кейбір адамдарға.

Дегенмен құм ете алмас жігерімді, Талап етем мені ақтап, жіберуді. Тайсалмай өмір үшін күресемін, Өмірден үзбей ешбір күдерімді.

Халқымның жүгін талай көтергенмін, Амал не, азаппенен өтер кей күн. Күн сайын айтар маған: — Мойында!—деп. Күн сайын: — Таққан кінәң бекер!— дёймің.

Жақсылық келмейтұғын қолдарынан Сұмдарды кешірмеймін тон жамылғаві Тәңірім маған билік берсе бір күн, Өшімді алар едім сол залымнан.

Елге еңбек етқеніме мақтанамын, Айыбым — әділдікті"5кақтағаным. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам, Сенімім зор, мен әлі-ақ ақталамьпь-

28

Page 31: Kapasta Jazylgan Hattar

Қайрат Рысқұлбеков (1966—1988)

Page 32: Kapasta Jazylgan Hattar

Орталықтың озбырлығы қанды қырғынмен ба-сып-жаныштаған. 1986-жылғы Желтоқсан уақиға-сының Бас ңаһарманы — Қайрат Рысқұлбеков не-бәрі жиырма екі-ақ жыл ғұмыр кешті. Есіл ер эүлым күштің қүрбаны болды. Бірақ, өзі кеткен-мен, артында мәңгі өлмес ерлік ісі, азаматтық ас-қақ даңқы қалды.

Қайрат Батыр ғана емес, Ақын да еді. Оның шындық деп шырылдаған-дауысы абақтының тас қабырғасын қақыратып, құлағымызға жыр болыіе жетті.

Page 33: Kapasta Jazylgan Hattar

АҚТЫҚ СӨЗ

Елбеқ-елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген Арғымақ мінген жаратып, Ақ сауыт киген темірден, Алатаудай бабалар, Аруағыңмен жебей көр!

Үлы Ленин бабамыз Қатарға тең деп тартқан соң, Қомпартия басқарып, Достық отын жаққан соң,

' Аға дедік орысты, Әділдігі жаққан соң.

Ал енді қазір неткен күні Орыстан ынсап кеткен күн. Тізесі катты батқан сөң, Шыдамастан акыры, Қарғыс аткан Алаңда Қарғыс атқыр жеткен күн.

Қаймана қазақ қамы үшін Қарусыз шыктық Алаңға. Алыстан әскер алдырып, Қырып салды-ау табанда.

Сөйлесеем даусым жетпейтін Қез болдық мынау ааманға. Шовинизм еді ғой Басты себеп жанжалға.

Екі жүзің қырылып, Екі жүзің үрылып, Екі жүзің сотталып,

31

Page 34: Kapasta Jazylgan Hattar

Жоқтаусыз кетіп барасың! Қатарым жусап қалғанда, Қыршынымнан қиылын, Солармен бірге өлсемші-ай! Артта қалған ата-анам, Арулап қолдан көмсеңші-ай!

Түтқынға түстім жаутаңдай, Жоламай ешкім қасыма. Бара қалсан,сәлем айт Сырттағы қүрбы-досыма.

«Ақтық сөзің не?» деген Бүгін қойды сот сүрақ. Айтайын оны халқыма: Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Қорлай да беріп қайтадан, Титыққа орыс жетпесін. Туған жердің намысы Бөтен қолда кетпесін.

Салт-санадан айрылып, Арақтан үрпақ азбасын. Ел көркейтер азамат Қызғаныштан тозбасын.

Абай туған жерінде Бомбасын атом жармасын. Құлыптасты қиратып, Өлігінді қазбасын.. Өз ұлтыцның басшысын Орнынан сүйреп алмасын. Үміт еткен Мәскеудеи Қарадай кеңілің калмасын. Ленин салған сара жол.

32

Page 35: Kapasta Jazylgan Hattar

Қолдаушысыз болмасын. Барлық ұлтпен тең болып, Ешкімнен көңілің қалмасын. Ендігі жерде басыңнан Бірлік пен бақ таймасын.

Осы айтылған ақтық сөз Туын болсын әрдайым. Мойныма алып жаланы, Мен болайын құрбаның.

Бас-аяғы сол болсын Басыңа түскен қатердің. Ақтық сөзді енді мен Сотқа да бір айтайын:

Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар, Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. «Еркек тоқты — кұрбандық», Атам десең, атыңдар.

Мен не етермін, не етермін, Мен келмеске кетермін. Қөрмеген, қош бол, таңдарым, Қөре алмай мен өтермін.

Қош, аман бол, артымда Ағайын, туған азамат! Артымда қалған ата-анам, Ел-жұртым саған аманат!

33

Page 36: Kapasta Jazylgan Hattar

КЕЗДЕСЕМІЗ ӘЛІ ДЕ Жалалы боп, қатты батты жаныма, Жазалаушы қағаз алдым қолыма. Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек, Жазған екен маңдайыма, сорыма. Біріншіден, мен анамды сағындым!.. Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?Г Бостандықта еркін жүрген жан едім, Енді, міне, абақтыға жабылдым. Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар, Туа бермес Сіз секілді асылдар. Қартайғанда жүрегіңді жаралап, Қесір болды-ау біз секілді «масылдар». Айналайын ағалар мен жеңгелер, Бұл өмірде сіздерге кім тең келер. Сүмірейіп сот алдында отырған Бауырыңды енді кімдер ескерер. Өздеріңе аман-саулық тілеймін, Өздеріңмен бірге болсын тілегім. Өздеріңе тіл қата алмай, достарым, Қайғы-мұңлы өмірімді бастадым. Айналайын қарындасым, қарағым, Қолда кісен, мен айдауға барамын. Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды, Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?., Айналайын інішегім, құлыным, Сені ойласам, үзіледі жұлыным. Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай, Қетіп барам мен айдауға, құлыным. Қош болыңдар, ағайын-туыс бәрің де, Қош болыңдар, жасыңыз да, кәрін де. Қараңғылық баста тұрмас қашан да, Бостандықта кеэдесеміз әлі де...

34

Page 37: Kapasta Jazylgan Hattar

ТҮРМЕ ЖЫРЫ

Темір тор, жамбасыма тақылдайсың, Өзіммен бірге туған жақындайсың. Телміріп темір торға қаматқанша, Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың?!

Ауылда жақсы екен ғой салған әнім, Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін. Қайдағы пәлеқорлар жала жауып, Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.

Тас төбе, төрт қабырға, темір есік, Ас берер ортасында жалғыз тесік. Күніне ұзатары үш тілім нан, Өлмейтін саған тиер осы несіп.

35

Page 38: Kapasta Jazylgan Hattar

АНА ТІЛІ

<Мен — қазақпын мың өліп, мың тірілген», Құшақ жая таныстым сан тілменен. — «Жаман үйді қонағы билейді» деп, Қала жаздап айрылып өз тілімнен. Өзге тілге еліктеп ел болмайсың, Қазағымның артық жоқ өз тілінен...

36

Page 39: Kapasta Jazylgan Hattar

Шахан Мусин

Page 40: Kapasta Jazylgan Hattar

Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ша-хан Мусин 1913-жылы Павлодар облысының Май ауданындағы Үлкен Ақжар деген жерінде туған. 1926-жылы Семейдің Қазкоммуна атты мектебін-де окыды. Жасынан поэзияға құштар ол тіпті бе-сінші класта оқып жүргенде-ақ өлең жаза бастай-ды. 1930-жылы Алматыға келіп, ауыл шаруашы-лығы институтына оқуға түседі. Сонымен бірге <Октябрь балалары» газетінде жұмыс істеп, онда бірнеше елеңі жарияланады. 1934-жылы Семей об-лыстық тиатрына әртіс болып қабылданады. 1936-37-жылдары жазалауға үшырап, Сібірге айдала-ды. Сол кеткеннен 1994 жылы жаза мерзімін өтеа өрі толық ақталып, елге оралады. Әуелі қа-зақтың балалар жзне жасөспірімдер тиатрында Істейді. Ал 1957-жылдан бастап М. 0. Әуезов атындағы Қазақтың академиялық драма тиатры-ныңғртісі.

Ш. Мусиннің айдауда жүріп жазған бірнеше өлеңі €Сөнбеген сенім» деген атпен сҚазақ әде-биеті» газетінде (16-қазан, 1987-жыл) жария-

Page 41: Kapasta Jazylgan Hattar

ТҮРМЕ ТҮНДЕРІ

• • • Түрме түні түнере, Өңменіме төнуде. Төнген сайын үдере Ойдан ойлар өруде.

Үнімді үрлап жасырын, Түкпіріне көмуде. Түңілген жан асылын Көмуге де көнуде.

Күдігі көп көңілдің, Нұры сөйтіп сөнуде. Күдерін үзген өмірдің Көбі солай өлуде.

Жоқ! Мен өлмен, өлмеймін, Арманымда сенім бар. Түтіксем, тасқын селдеймін, Арқамда туған елім бар!

39

Page 42: Kapasta Jazylgan Hattar

• • •

Ұлылығын халқымның Азасынан таныдым. Ызасына талқының Төзімімді жаныдым.

Еркін сатқан бас ұрып Емес едім «белсенді». Төзген сайын ашынып, Көтере түстім еңсемді.

Өршісін өрт, төнсін дерт, Батсын дүре жаныма, Болсам да мерт, бердім серт, Жаным құрбан жолыңа!

* * •

Түрме күңгірт, Түн де жым-жырт, Уақыт демі тынғандай. Түнерген бұлт, Түңілген жұрт, Сенім сағы сынғандай.

40

Page 43: Kapasta Jazylgan Hattar

* * *

Бүгін, міне, түн жамылған мен-дағы Бір үлыңмын «халық жауы» атанған. Сүрап едім: «Менен басқа кім тағы Тура қарап төрден теріс «бата» алған?»

Жазықсыздар көп болыпты кезінде, Кезеңнің бір ережесін аттаған. Тұра жүріп уағдалы серт сөзінде, Ар-намысын, елін-жұртын сатпаған.

Мен түнеген түрме жым-жырт моладай, Дүниені бір дүлей күш басқандай. Адам түгіл, аруағың да жоламай, Ағараңдап әлдеқайда қашқандай.

Әділеттін үні ғана түн кезіп, Жақындағы жардан лебіз бергендей. Жан лепіріп, жас тыйылып, мұң безіп, Айналамды керемет күш кергендей.

Жаңғырығы, қыры-сыры көбейген Жалғыз үннің жарықшақсыз дыбысы Жанға медеу, дэтке демеу, көңілге ем, Тыңдай білсем, кеңейгендей тынысым,

41

Page 44: Kapasta Jazylgan Hattar

• • •

Түсіну үшін бар сырды Керегі жоқ көп сөздің. Лебізін күтіп «тақсырдың», Түн күзеттім, көп төздім.

Жылдар бойы табынып, Пір түтып ем түлғаңды. Сөйткен тұлғаң малынып, Ел қанына былғанды.

• * •

Тал түсте таласаң да табысымды, Аяусыз атсан-дағы арысымды, Апыр-ай, айуан емес, адамсың ғой, Теппеші менің ұлттық намысымды.

42

Page 45: Kapasta Jazylgan Hattar

ҚОЛЫМА

Барса келмес қиыр шет, Колыма, дүлей Колыма! Дүлей деппін, ғафу ет, Сен емессің, налыма. Менің кінәм — қайдағы Қайғысы еді халқымның. Сенің кінәң — сайдағы Ат басындай алтының.

Алтыныңды мықшыңдап, Жазықсыздар қазармыз. Қаза жүріп, «күш шыңдап», Ашығып, жүдеп, азармыз.

Үскіріп сары аязың, Үстнерміз, көнерміз. Қазысып көрдің таязын, Көне алмасақ, өлерміз.

Дүреден ұшып үрейлер, Көре алмай өттік жаз айын... Дүрелеген дүлейлер Тарта жатар сазайын.

Менің анам Арқада, Сен де өгей емессің. Шөгіп қалсам, арқала, Сен дүшпаным демессің.

Болсаң-дағы мүз зындан, Қараңғы сыз көрдейін, Пана берші құзыңнан, Жазықсыз ем, өлмейін.

43

Page 46: Kapasta Jazylgan Hattar

Маңдайымнан сен сипа, Сен сипашы, Колыма, Болар ма екен аз шипа Бір шыбындай жаныма.

Қиыр шығыс, алыс шет, Өкіл ана — Колыма, Кінәсіз ем, ғафу ет, Сен де өкінбе, налыма!

Әділетсіз құлдық күнге, сірә, мұндай Көнгеннен отқа өртеніп өлген оңай. Мен емен жалбарынып, жалынатын, Мақсатсыз, мәнсіз өмір, сені қимай.

Жалыныңмен мұз еріткен Қайда отты күндерің?.. Енді еңіреп мұң шерткен Қалды ма құр сүлдерің?!

44

Page 47: Kapasta Jazylgan Hattar

Азап пен ащы азаға Ашынушы еді жанымыз. Қорлықтан туған қазаға Қараюшы еді қанымыз.

Ал аяқ-қол, егерде, Үсісе қүрт жейді екен. Дәрігер мүны лагерьде Гангрена дейді екен.

Дәрісіз я бір дерексіз, Болмай жәрдем ерекше, Аяқ-қолды еріксіз Кеседі екен терекше.

Енді ажалмен бетпе-бет, Арпалысып жекпе-жек, Домаланып, дөңбекшіп, Қала берді сорлы зэк.

ГУЛАГ

Ажал тулап, оқ зулап, Өлім күткен үңгір ең. Иттер шулап, берді лап, .Күңірен, ГУЛАГ, күңірен.

45

Page 48: Kapasta Jazylgan Hattar

КУАНЫШ

Қансыраған сонау соғыс жылдары Бірге болдық ондаған ұлт ұлдары. Ұлы борыш еңсемізге ен салған Азаттығы еді ¥лы Отанның мұң-зарь*,

Қолымада жасымыз бар, кәріміз, Таусылса да қажыр, қуат, әліміз, Жанымыздың түкпірінде құндақтап, Жеңіс күнін тілей жүрдік бәріміз.

Атқан күві көптен күткен таңымыз, Қуаныштан қайнап жылы қанымыз, Атша тулап бүкіл ГУЛАГ тойладық, Болмаса да жарты тілім нанымыз.

46-

Page 49: Kapasta Jazylgan Hattar

БІР ЖЕНДЕТІМЕ

Қайран өмір, қиялымда тэттісің, Әттең, сорым, кезеңің тым мазасыз. Көлгір күлкі көрсетсе де ақ тісін, Ақ жанымды жаралайсың жазасыз.

Сен сұрланып, жаркылдап сұм кездігің,. Күле қарап, күңірене шыққанда, Сезді жаным, сезді дүнием, сезді күн, Сезді мені ұқпаған да, ұққан да.

Сен шыққан соң, шөп сындырып

артыңнан,, Ептеп басып, есігімді жауып ем. Есіңнен тыс, құшағыңнан артылған Оңаша бір бұрышымды тауып ем.

Жаздай жайлы, күндей жарык, биіқ, ке« Сол бұрышта өзімменен өзім ем. Сол бұрыштан, сол бір жарық биіктен Өзгесіз-ақ тауып едім өзіме ем.

Дертіме ем, көңілге күй, жанға азық >Сұрап алып, сыр алысып сөзіммен, Жатканымда оңашада құлазып, Бұрышыма телміріп сұм көзінмен,

Тағы келдің, тағы төндің,

тағы да Түн ішінде сықыр етті егігім, Тағы бұздың тыныштығымды қағына, Тағы сынды аялаған бесігім.

47

Page 50: Kapasta Jazylgan Hattar

Тағы отырмыз сүмірейіп вокзалда, Кім? Қім қол сұқпақ құдай жазған

«ақ заңғ Шіркін өмір, өткенің бе шынымен Қолжаулық боп арсыздар мен арзанға?!

ЕРТІСІМ МЕНІҢ, ЕРТІСІМ

Жазғытұрым үздігіп Қызыл суша жүрмеп ем. Суат ойып қызығып, Қыста етегім түрмеп ем.

Тек шілде мен тамызда Толқыныңа жармасып, Төсімді тосып аңызға, Ағыныңмен арбасып,

Жүздім күндіз-түн демей, Еркелеп, сүңгіп шабақша... Қете бардым үндемей, «ҚошІ» дей алмай қашақша.

Амал жоқ, бүгін жекемін, Ертісім менің, Ертісім. Еркелеткен мекенім, Сорлы ұлыңнын дертісін.

«

Page 51: Kapasta Jazylgan Hattar

Жол-жөнекей таныс көп, Туысқан жоқ, туған жоқ. Жақын Арқа, алыс көк, Аят оқыр «дұғаң» жоқ.

Жолдасым көп, досым жоқ, Жанашыр жоқ, жалғызбын. Жау сабаса тосын кеп, «Үні шықпас жалғыздың».

Рақатсыз, қызықсыз Жас өмірді алғыздық. Бүгін қалған күдіксіз Жалғыз досым — жалғыздық.

Долы дүлей тағдырдың Дүресінен қансырап, Севлагта қаңғырдым, Сыңар тілім нан сұрап.

Енді бездім бәрінен, Дос та демен, қас демен. Заманымның зәрінен Қатты үсінді жас денем.

* * *

Аспаса да ақылымен, ойымен, Басқандар көп өзгелерді бойымен. Ақ сұңқарды тұғырынан тайдырып, Қарақұстар қалды қанды тойымен...

49

Page 52: Kapasta Jazylgan Hattar

• • *

Түсімде елге қайтыппын, Көрсемші, дүние-ай, өңімде. Шыркап өлең айтыппын Шығып түрып деңіне...

* * *

Тағдырымның талқысынан безем бе... Бірнеше жыл түрме болды мекенім. Кенет төнген мейірімсіз кезеңде Еркіндік пен бақыт менің не теңім?!

Амал қанша, ғүмыр тезі таразы, Тіршілікте көрермін де көнермін. Қөне алмасам,

күрсінумен наразы Бола-бола шырағданша сөнермін.

60

Page 53: Kapasta Jazylgan Hattar

Бүркіт Ысқақов (1924—1991)

Page 54: Kapasta Jazylgan Hattar

Ақын Буркіт Ысқақов 1924 жылы Қарағанды сблысының Нүра ауданына қарасты Көкмөлдір ауылында туған. 1942—46-жылдары әскер қата-рында болып, Үлы Отан соғысына қатысқан. 1946—51-жылдары республикалық «Пионер» жур-налы мен <Лениншіл жас» газеті редакцияларын-да бөлім меңгерушісі, жауаһты хатшы болып іс-тейді. 1951-жылы зобалаңға ушырап, жиырма бес жылдық мерзімге бас еркінен айрылып, еңбек-тү-зеу ләгіріне жіберіледі. 1956-жылы толық ақта-лып, бұрынғы қыэмет орнына қайта оралады...

Б. Ысқақовтың *Тас еденнің ызғары...» атты ■влеңдері оның абақтыда отырып, айдауда жүрген кезінде жазылған. Отыз жылдан кейін сҮэілмей жібі үміттің...» деген атпен «Казақ әдебиеті» га-зетінде (1987) бірнеше өлеңі жарық көрді. Про-фессор Р. Бердібаев: « • £ . Ысқақов бұл өлеңдері-мен қазақ совет поэзиясында бүрын болмаған <Түтқын жыры», ^Ләгір өлеңдері» деп аталатын поэзияның жаңа түрін, жаңа жанрын бастады, Сондықтан бұл өлеңдер қаэақ поэзиясына қосыл-ған жаңа бет болып табылады»,— деп бағалады.

Page 55: Kapasta Jazylgan Hattar

ДУШАР БОП БЕЙНЕТ СОРЫМА

Душар боп бейнет сорыма, Кәріне кез боп тағдырдың, Түтқынның түсіп торына, Басыма бұғау салдырдым.

Қайғының қара қанжары Қадалып ғазиз жүрекке, Жараланып жас жаным, Отырмын оймен түнекте.

Жақыным, жарым, жолдасым Жаныма бірі келмейді. Ойлай ма әлде өз басын, Білмеймін, әлде сенбейді?

Тергеуші сонша шүқшиып, Тесіле терең тергейді. Прокурор да түксиіп, Шырайын жылы бермейді.

Надзиратель дегендер Ала көзбен қараёды. «Бүл — айыпкер» дегенге, Әлдекімге санайды.

Салмағы жоқ сөзімнің, Айтқанменен «пәлен» деп. Ақтығымды өзімнің Берейін немен дәлелдеп?

Жазықсызбын, жарандар, Қөңілде жоқ түк кірім. Нанбасаңдар, қараңдар Жүрегімнің түкпірін.

■ Й

Page 56: Kapasta Jazylgan Hattar

КІРШІК ЖОҚ БІРАҚ ОЯЫМДА

Өтті күндер, өтті айлар Отырғалы тергеуде. Айтылса да не жайлар, Ақтығыма сенбеуде.

Тергеу орны қайтсе де Болса да етпек айыпты. «Қонтр» деген, әйтсе де, Ат емес маған лайықты.

Демеймін, рас, кристалл ем, Ақ қанатты періште. Қір жұқтырмас кісі де кем, Араласса әр іске.

Бар да шығар бойымда Қей кемшілік, қателік. Қіршік жоқ бірақ ойымда, Қөрсек де дүрбі әкеліп.

54

Page 57: Kapasta Jazylgan Hattar

ЖАМБАСЫМА СЫЗ БАТЫП Жамбасыма сыз батып, Жай болғалы абақты, Талай рет күн батып, Талай рет таң атты. Күні-түні сарылып, Тергеуші алар жауапты. Тыныс талай тарылып, Жедім талай таяқты. Жатыр стол үстінде Қалың-қалың папкалар. Менің көзім «түссін» деп, Қасақана ақтарар. — «Ананы айті», «Мынаны айт!» «Білесің бе пәленді?» «Белгілі бізге барлық жайт, Тілемейміз дәлелдіі» «Жақын деген жолдасың Қуә боп өзі-ақ келеді. Қорғау үшін өз басын, Қаралап сені береді». «Қерек болса, куәні Ата-анаңнан тартамыз, Қайтсек-тағы кінәні Мойыныңа артамыз». «Қысып алсақ оңаша, Қуә болар әйелін. Саған түсер араша Бар артыңда қай елің?!» — Дейді-дағы тергеуші Үстіме келіп төнеді. Қорлайды әлі келгенше, Жеткенше тілі сегеді.

55

Page 58: Kapasta Jazylgan Hattar

АРТЫМДА БАР ЕЛ-ЖҮРТЫМ

Жалған куә, жасанды Қылмыстармен айыптап, Бердің қатал жазаңды, Нағыз жауғалайықтап.

Есіңде болсын бірақ та, Торғай емес, бүркітпін. Кетпессің сен де ұзаққа, Төлерсің құнын бүркіттің.

Бүркіт те емес жабайы, Мен де адамның баласы. Адам қаны оңай ма?1 Қымбатқа түсер бағасы.

Адам да емес жай ғана, ¥лы Отанның ұлымын. Оңайлықпен қаи ана Өлімге қияр құлынын?!

Жою мені, жігітім, Түспес, сірә, тегінге. Артымда бар ел-жұртым Жоқтайтұғын менің деІ

56

Page 59: Kapasta Jazylgan Hattar

ҚОШ, АЛМАТЫМІ

Қош, Алматым, алтын тулы астанам, Аттандым мен алыс, ауыр сапарға. Мен едім ғой сенің албырт жас балаң, Тәрбиелеп, қосқан өзің қатарға.

Жастыққа тән аңғал, ашық көңілмен Келгенімде арсалаңдап алдыңа, Таныстырдың қатал, ащы өмірмен, -Салдың отқа, салдың темір талқыға.

Ақыл айтып, білім беріп сен маған, Ұлы өмірге аштың анық көзімді. Сенің үлкен кең залыңнан қармағам Терең ой мен оттай ыстық сезімді.

Тартып талай сенде сүю күйігін, Махаббатпен жүрегімді жандырдым. Сол кездегі жас жүректің сүюін Қызыл гүл қып бақтарыңда қалдырдым>

Тербеледі Қүндей қызыл байрағың, Жел соға ма әлде самал есе ме... Ол — ту емес, менің жастық қайратым, Жалау етіп қадап кеткен көшеңе.

Таң алдында сайрар бұлбұл бақшада, Аңсап оның шешек атар гүлдерін. Қалды дей бер менің жырым нақ сонда, Қалды дей бер менің сонда үндерім.

Қөз жасымды аққан талай жазықсыз Бұлақ етіп арығыңда ағыздым. Жас денемнен шыққан қанды парықсы» Тас көшеңе тамшылатып тамыздым.

57

Page 60: Kapasta Jazylgan Hattar

Асыл арман, ғажап қиял мендегі Қанат берген ұшқыр, отты өлеңге. Менімен бірге қоса айдалып келмеді, Ақша бұлт боп қалды сенің төбеңде. Қалды бәрі —бақыт, байлық, дәреже, Жарым, балам, достарым да сүйікті. ■Өзімменен алмадым мен дәнеңе, Ала кеттім тек үміт пен күйікті.

Қош, Алматым, алтын тулы астанам, Аттандым мен алыс, ауыр сапарға. Қайда жүрсем сені есімнен тастаман, Қосылармын я қосылман қатарға.

ҚИНАЙДЫ СОЛАР ЖАНЫМДЫ

Ойламаймын анамды, Ойламаймын жарымды. Ойлаймын екі баламды, Қинайды солар жанымды. Ата-анамның менен де Бар еді басқа ұлдары. Қелмеймін бе, келем бе, Емес-ті маған тым зәру. Жарым да қалмас далада, Ауылда көп ед жігіттер. Қосылар бір адамға, Болса өзі үміткер. Балама менің бірақ та Әке қайдан табылар,—

55

Page 61: Kapasta Jazylgan Hattar

Аумаған өзім сияқты Жүрегі бар, жаны бар?!

Анада болар бірнеше үл, Бірнеше еркек әйелде. Екі әкесі болған бір Баланы көрдің қай елде?!

Рас, қамқоршы бар үкімет, Бар қоғамдық мекеме. Бірақ, достар, ғафу ет, Әкеге олар жете ме?!

Берер киім, берер ас, Берер үйін, пәтерін, Әйтсе де олар бере алмас Айналғанын әкенің!

Жүргенде өзім қамшы жеп, Артымда қалған балақан: «Әкешім, мені алшы!> — деп, Жайғандай маған алақан.

Қамқорлық жасар аталық Болмай ешбір дәрменім, Қасірет, қайғы, қапалық, Қөз жасым — әлім келгенім.

Page 62: Kapasta Jazylgan Hattar

АРМАН

Жоғалттым, достар, бүгін мен Қолдағы ырыс, байлықты. Оларға бірақ өкінбен, Байлықтан жүрек шайлықты.

Жоғалттым, достар, бүгін мен Дәреже, қызмет, мансапты. Оған да бірақ өкінбен, Ақымақ боп оны аңсаппын.

Жоғалттым, достар, бүгін мен Абырой, бедел, атақты. Оған да енді өкінбен, Атақтан көргем шатақты.

Өкінем тек қалғанға Азаттықтан айрылып. Сол үшін мен арманда, Сол үшін жүрмін қайғырып,-

60

Page 63: Kapasta Jazylgan Hattar

ИАҚАҚ ТҰТҚЫННЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫ (Адал совет азаматтарына жала жау-ып, жазықсыэ оказғырған Ежов, Бе-рия, Абакумов сияқты халык, дүшпан-дарына қарата)

Дейсіңдер халық жауы, халық жауы, Халықтың Қасым жауы, Салық жауы... Бұл күнде енді кезек маған келіп, .Халықтың мен болыппын нағыз жауы.

Бұл сөзді естуге де арланамын, Кей кезде намыс қысып, шамданамын. Жұртыма қылдай қылған жазығым жоқ, Қалайша тағылғанға таңданамын.

Халқыма қарсы мылтық атқаным жоқ, Отанды опасыз боп сатқаным жоқ. Немесе туған елге дұшпандықпен Өтірік пәле-жала жапқаным жоқ.

Өзге елдің өсегіне ергенім жоқ, Не ұлттан, не жұртымнан безгенім жоқ. Сатылып не атаққа, не ақшаға, Жат елге жасырын сыр бергенім жоқ.

Қазынаға сұғанақ қол салғаным жоқ, Жьшқырып жұрттан пара алғаным жоқ. Немесе кісі өлтіріп, ұрлық қылып, Ешкімнің обалына қалғаным жоқ.

Біреуге сыртынан ор қазғаным жоқ, Біреуге сырттан шағым жазғаным жоқ. Немесе неке бұзып, шектен шығып, Тұрмыста адамдықтан азғанымжоқ.

61

Page 64: Kapasta Jazylgan Hattar

Жазығым болмаса да жұртқа қылған, Басыма бұғалық сап, түстім зындан. Нақақтан жаламенен жазаландым, Деген сол: «Бөрі аш болса — қозы құрба

Мейлі жау жаба берсін маған жала, Өтірік ойдан тапқан мінін таға, Бір болар бірақ алда шындық соты, Айтар бір әділ билік тарих-аға.

Салынар таразыға ақ-қарамыз, Шындықтың түгін қоймай ақтарармыз. Қазіргі қаралаушы, жазалаушы Жауыздар, сонда шығар масқараңыз!

Ақырғы әділ үкім айтып елім, Паш етер ақтығымды әлі-ақ менің. Берілер сазайларың сендердің де, Көз жастар накақ аққан кетпөс тегін.

Сенемін осы күннің келеріне, Шындықтың жауыздықты жеңеріне. Сенемін үкімет пен партияның Қол ұшын қайта маған береріне.

Page 65: Kapasta Jazylgan Hattar

ПРОКУРОР

Заде Хаджибековк* Құтылмаған сорлы бас Көптен бері шатақтан. Жала жауып бір «жолдас», Карцерге түстім нақақтан.

Өлтірмек боппын мен оны, «Бар,— депті-ау тағы,— пышағы!», Жаласы жаудың бұл жолғы Жанымды жаншып, қысады.

Болған соң бір жазалы, Сене ме сенің сөзіңе?! Айырмай ақ-қарасын, Апарып тықты тезіне.

О, әділдік, о, шындық! Бармысыңдар, қайдасың? Мыналары не сұмдық? Қақсаңшы қастық найзасын!

Өлтірмек түгіл адамды, Көргем жоқ тауық бауыздап. Жапсаңшы жөндеп жаланды, Тұрған соң, ақымақ, ауызға ап!

Ызадан жүрек тесіліп, Отыр ем оймен ашынып. Түрменің темір есігі Кенеттен кетті ашылып.

Кіріп келді үстіме ЗПомпрокурор — жас жігіт.

68

Page 66: Kapasta Jazylgan Hattar

Көзіме көзі түсті де: — Отырсыз,— деді,— не қылып? Тұрмадым созып сөзді мен, Салқындау айттым жайымды. Прокурордан күтпеп ем, Нансаңыз, достар, қайырды...

— Жарайды, жақсы,— деді де, Кетіп қалды қоштасып. Соңынан бастық келді де, Оқыды қаулы, папка ашып.

— Ихсанов кім? Сізсіз бе? Затыңызды алыңыз! Кешірерсіз Сіз бізді, Азатсыз,— деді,— барыңызі

«Азаттық» деген лебізді Естігенде жаутаңдап, Аяққа іліп кебісті, Жөнеле бердім томпаңдап.

Прокурорды орынға Санаушы ем ылғи даттайтын. Бар екен сөйтсем оның да Адамды кезі ақтайтыні

Page 67: Kapasta Jazylgan Hattar

Байдүкен Жұмаділұлы

Page 68: Kapasta Jazylgan Hattar

Ел азаматтарын тағы да жазықсыз жаэалау басталған елуінші жылдардың басында сталиндік тозақ тауқыметін тартып, Сібірде, сегіз жылдай сергелдеңде болып қайтқандардың бірі — талды-қорғандық Байдукен қарт. Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында турады. Қазір құрметті еңбек демалысында.

Оның қапаста отырып жазған бул жыр-хаты бдле-жаламен торға түскен жанның қиын-қыстау кезеңдегі ой-толғанысынан туындаған.

Байдүкеннің өлең-толғауларын жазып алып, баснасөзде жариялаған — Талдықорған облыстық «Жерүйық» газетінің қызметкері Сейітқали Ар-ғымбайтегі Елтайүлы.

Page 69: Kapasta Jazylgan Hattar

ТЕРГЕУДЕ

Ұйқым қашып, Тұман басып, Қайғы ұласып, Жігер жасып, Отыр болмай мазам да, Жамбастан дымқыл сыз өтіпі,. Шиыршық атып толғатып, Ортасында айдынның Жете алмай шаршап аралға. Бір жапырақ ағарған Түсті көзім қағазға. Қолым жетсе дедім мен Шимайлап кесте саларға. Серпілші, шерлі жүрегім, Бері таман кел, сазарма, Дал-дүл болған дененің Жыртылған жерін жамарға. Қасірет, сенен опа жоқ, Кір түсірдің ажарға. Жанына таяқ батқан соң, Жүрдек келер томпаңдап, Бір баспайтын шабан да. Ескінің сөзі есімде, Ақылдасқан азар ма! Тарлық көрмес пенде жоқ Бірнеше мың ғаламда. Қарайғанның бәрі дос Мал мен басың аманда. Торға түссең жаңылып, Жан табылмас жалынып, Сәлеміңді аларға. Өкінбелік өткенге, Талайлар жатқан қамауда. Өтірік шатып ұстады,

67

Page 70: Kapasta Jazylgan Hattar

«Мойында» деп қыстады, Ит болмаса, талар ма?І ЛІындықты айтсақ адамдық, Жолына сілтеп арамдық, Отыр таптап табанға. Гүрілдейді гүжілдеп, Кейде арбап күлімдеп. Іс аяғын аңғарсам, Шаптырып отыр жаманға. Алып қашпа, жас жүрек, Қоймай ерік сабырға, Еліре берме дабырға, Алды-артыңды абайла! Ұқтым, үқтым, дос пен қас, Қаматтың торкөз сарайға! Денеден шықты қанды жас Маңдайдан сойыл тигенде, Итеріп қалдың каналға. Оқ тиген аңға секілді, Қім үқсын шерлі жетімді, Тірідей салдың тонауға.

Page 71: Kapasta Jazylgan Hattar

* * *

Бауыры бар жан-жүрек,. Жақсыға айтам қалаған. Алашта тәуір кездесер, Бір өзін жүзге балаған. Ондай асыл азамат Алды-артына караған. Майсыз пейіл, алғыр ой Азды бір көптей санаған. Ниеті бұзық елде көп, Үндемей жүріп қанаған. Жакпай бір қалсаң көңліне,. Жармаса түсер жағадан. Сүрініп кетсең жаңылып, Үқтырып болмас жалынып, Домалатып талаған. Ырылдайды ыржиып, Көк төбетше Кабаған. Оқ тиіп, тәннен қап ақса, Тұнығына тас атып, Жараңды тілмен жалаған. Бірі сатып, бір алып, Досын жаулап, мәз болар, Тапқандай алтын даладан. Бауыр, өкпе, жаны бар, Үят пен нысап, ары бар, Обал мен сауап айырар Табылу қиын жан адам. Пенде болып еріксіз, Солған гүлдей көріксіз, Торға түсіп шатылдық, Өтірік шағым жаладан. Ойдағы жоқты өсіріп, Үсті-үстіне жамаған. Осымен кетсек кесіліп,

69

Page 72: Kapasta Jazylgan Hattar

Жабырқап жүрек күрсінер Айыға алмай наладан — Болғанменен айыпсыз, Айырып ата-анадан, Бәйшешек желі өрістен, Бір ағаштан өніскен, Тай-қүлындай тебіскен, Қарындас, апа-ағадан, Үй серігің тілектес, (Жаны бөлек, жүректес) Күнәсіз сәби баладан! Өкпелетіп, елірдің, Қалдырып санның көңілін, Аямай қатты сабаған. Тығылуға жерім жоқ, Жабысты-ау жала желім боп, Саяны қайдаң таба алам?! Күннен-күнге толғанып, Тоқсан туряі ойланып, Бір тұйыкка қамалам. (>Лғанын тағдыр көрейін, Аздап сергіп, желейін, Адасып қалмай қарядан. Қөптен төзім етсем дё, Айтпауға серт жасырып, Бір ойдан жүз ой ашынып, Асып бір кеттің швямдан.

Page 73: Kapasta Jazylgan Hattar

* * *

Адам емес, аңдарсың, Қатар өскен паңдарсың! Қісі сату — өнер деп, Ойланбай кезек келер деп, Талайдың басын жалмарсың. Бәсін артық төлер деп, Куәлік сөйлеп шеберлеп, Білінбей жүріп жайғарсың. Өтірік, пәле жабам деп, Қайтсем де қылмыс табам деп, Әуелден пәре алғансың. Боп еді нендей жазығым? Құрбылық болсын арызым: Жалғанды жинап дәулет қып, Неше жыл байып айдарсың? Қөзіңді жұмып арам жеп, Адалдан тапқан тағам деп, Үнемдеп қанша щайнарсың? Жерлерің кеңіп жайдары, «Егін егіп» пайдалы Орыныма немесе, Іштерің күліп, жайнарсың. Қоймасаңдар осылай, Құдайыңнан шошымай, Жазықсызды шулатып, Досыңа сұмдық сайларсың. Бүркеніп шәлі басыңа, Бояу жағып қасыңа, Болсаң-дағы сұрқия, Бір-ақ рет алдарсың. Пәле-жала, сұмдыққа, Шыңнан құлап өлсең де, Жаныңды қойып, замғарсың... Адамдықтың ары үшін

71

Page 74: Kapasta Jazylgan Hattar

Қүйса да алтын бармайсьщ. Әділеттің заңы үшін Кимелейтін түсінбей, Сиырдан жаман малдарсың» Біреудің атқан таңы үшін, Мінездерің мәлім ғой, Өліп бір кете жаздарсың. Қүрбының жерік қаны үшів Азуларың ақсиған Шошқа түмсық аңдарсың! Қешегі қатар, тең едің; Ортаңда жалғыз мен едім. Арада қалыс бір ғаділ Бұл сөзімді аңғарсын. Бір елде туған төл едің, Жүрегің барып, аямай, Оларды қайтіп қарғарсың?! Бүгін араз болсам да, Әттең, дүние, заман-ай, Кешегі тату жандарсың. Кеудеге найза таяды-ай, Көз қарайып барады-ай, Арманды кімге арнарсың?1 Тарылды көкірек, тарылды, Жиырылып әлем аядай, Сенісер дос табылмай, Енді кімді қармарсыңі Көре алмаған көп құрбы, Сенермін бе сендерге,— Біржолата көрмеуге Топырақ шашып қалғансыңі Ойлап бір тұрсақ татуды, Жауласып бүгін басыңды, Ашылды сырың, ашылды, Опасыз, зұлым, жалғансыңі Боялсын көкірек қанменен,

72

Page 75: Kapasta Jazylgan Hattar

Тербелейін сілкіне. Сырласып сары таңменен, Өз жүрегім алдансын. Қызыл тілден у болып, Көздегі жасым су болып, Тізіліп сөзім парлансын. Басынан кешкен қолға алып, Саналы жігіт ойланып, Ішімде бықсып жүргенше, Тысқа бір шығып талдансын. Көки бер, мейлің, күлгенің, Досжарлық назын білмедің, Бізден де бетер зарларсық. Кәсібіңді қоймасаң, Қанағат етіп тоймасаң, Жас балаң да үйренер, Біріңнен-бірің қоздарсың. Қара жер де жиренер, Өзіңді тауып бір келер... Біздер үшін түк етпес, Жасаған ием қүр етпес, Ақырын өзі оңғарсыні

Page 76: Kapasta Jazylgan Hattar

* • *

Ал сөйлейін, жарандар, Тыңдап бір құлақ салыңдар. Бәрің мендей мұңлысың, Бастарыңда зарың бар... Бәріңнен қиын сол — Ана Жалғызымды көрсем деп, Апарып азық берсем деп, Еңіреп-жылап, мөлтеңдеп, Тор терезе сыртында Көрініп көзге қараңдар. Жолықтыру бергенде, Бөбегің іздеп келгенде, Көкешіме келдім деп, Қанатын жазып, далаңдар. Кішкентай көзі жаудырап, Нәзік тілі балдырап, Өз білгенін баяндар. Қабағын шытып қамығып, Тәртіпке қатаа бағынып, Тентектігі басылып, Сабыр ұстап, жай аңдар. «Жүрсеңші үйге» дегендей, Сағынып, аңсап келгендей. Жас жүрегі күрсініп, Ол да уайым жегендей, Кетерде қимай аялдар. Сол бір минөт қиын-ды, Табактап тартып сыйыңды, Көз алдыңнан шұбырар Қилы-қилы замандар. Кері ауылға қайтқанда, Жол-жөнекей кәрі ана, Солқылдап жылап төгіліп, Жете алмай үйге салаңдар.

74

Page 77: Kapasta Jazylgan Hattar

'Сондықтан да ойланып, Мойын созып қорланып, Арт жағыңа жалтақтап, Мұңлы көзің алаңдар. Жатқанменен еріксіз, Қаның қашып көріксіз, Өтініш, арыз, сауал бар. Айтайын десең хабарлап, Қоршап бір тұрған қамауға ап, Шойын есік, дуал бар. Жас жүрегің екініп, Ыссы жас ыршып секіріп. Кездесер қыспақ аралдар. Ұзақ түнге күрсініп, Тұла денең түршігіп, Қымтап бір жатар аяздар. Қайырға батқан кемедей, Қөлкілдеп жасың телегей, Алды-артың сонда саяздар. Қамала берсек тұйыққа, Мінбекші бейнет иыққа. Жабыса түспек жалпылдап, Қөңілге шерлі жамаулар. Қаңсырап, дертке боялып, Үйқыдан шошып оянып, Тағылған өсек, жалам бар. Шақырлатып есікті, Иттен де әрмен «несіпті», Шақырушы дікілдеп, Қасапшыша жалаңдар. Қажырлы жүрек жез болып, Өтірік шағым кез болып, Мұсылман түгіл, тірі жан, Мұндайға тап боп қалмаңдар. Күйемен бүркеп әр ісін, Досыңды сатып пәре үшін,

75

Page 78: Kapasta Jazylgan Hattar

Дүние көріп алмаңдар, Берсе де алтын жала үшін, Адамның әділ баласын Тозаққа тірі салмаңдар. Істесең қылмыс қолыңмен, Арман не кетсең соныңмен?! Күнәсіз жанып өртендік, Аллаға нендей шараң бар?! Біреу аттан жығылса, Бағы бір сынып құбылса, Мәз боласың балаша, Бықсып шығар табаң бар. Өз қандарың емес пе, Әркімге кезек келмес пе?! Қарқылдап несін күлесің, Болса санаң,— қазаң бар!

* * *

Мен тербейін теңселе, Қөңілде шерлі мұңымды-ай. Аллам басқа салған соң, Айтпай да қайтем шынымды-ай. Тергеу ісі күн санап, Жүріп те жатыр киындай. Тігілді жала торланып, Айтайын десем толғанып, Отыр денем шымырлай. Еріксіз жанда баға жоқ, Жыртылмаған жаға жоқ, Жалғыз бақыр тиындай. Тергеуші білмес түсініп, Барқырап, сөгіп, ісініп, Қісімсініп, бүлініп, Қанша айтсам да сырымды-ай.

76

Page 79: Kapasta Jazylgan Hattar

Бақ тайған соң, деген ғой, Қисая түсер қырың да-ай. Растық сөзің іске аспас, Қайтпекші көңілің суынбай. Ажалдан өзің сабыр ет Біз сияқты құлыңды-ай. Шырылдатты қыспақтап, Бөріше ұлып, тыштақтап, Мына бір өңшең пәлекет, Қыжыңдаумен мыжыңдай. Жарылсаңшы, жан-жүрек, Жұмсақ кеулім елжіреп, Тар кеудеме сығылмай. Сарна да зарла, кызыл тіл, Тіс астына бұғынбай. Шыжымайды май-дағы Қазанға салып куырмай. Табалама, қатар-тең, Тарылды аймак, бой мең-зең, Ат та бір шаппас жығылмай. Түн көрпесін жамылып, Мүлгіп оймен сабылып, Жүрек сорлы секірер, Есік ашса зуылдай. Қешегі кымбат бостандық, Амалы бар ма, бос қалып, Бейнеленіп сен тұрсың Соғып бір өткен құйындай. «Ер қаруы —тәуекел», Іс бітпейді ежелден Бір иеге сыйынбай. Өзен болмас сарқырап, Таудан бұлақ құйылмай. Қолында затың жарқырап, Дәулет баста мол болса, Дос қашсыи ба, жиылмай.

77

Page 80: Kapasta Jazylgan Hattar

Кез болмайг ма ер басы Тапшылық пен барлыққа, Сондықтан, көңілім, тарлықпа;. Бірінен-бірі туылмай. Қызықты күннің саласы, Жер мен көктей арасы. Ынтықтырып сен тұрсың, Сыңқылдап күліп жымыңдаіһ Болдың арман, еркіндік, Сергідік, кейде желпіндік, Бос жүріппіз ұғынбай. Ата-ананың кәдірі Жоғары екен бәрінен. Ақыл сөзі балаға Зәмзәмнің күміс суындай. Кешегі алған сүйген жар, Енді ұқтық мән-жайын, Тасқа бір тиді маңдайыя, Екенсің хордың қызындай. Екі-үш апа-қарындас, Өрен-жаран бауырлас Сағынудан жаңылмас. Қол бұлғалап сен тұрсың, Батырдың жібек туындай. Дидарларың сурет боп, Көз алдымда шұбырды-ай. Денсаулығы жалғыздың Шүкірлік, ойға алғыздың, Екенсің күннің нұрындай. Анда-санда ауылдан Жолығуға келген ел, Айығып жүрек ауырған, Әсерің тиіп, мәз етер, Алтынның астам буындай. Негізің — затты көргенің, Сол емес пе бергенін —

78

Page 81: Kapasta Jazylgan Hattar

Бір ауыз сәлем біздерге Шексіз дүние кұнындай. «Халың қалай» дегенде, Қуанысып каламыз,— Енесі келген желіге Шұрқырасып кұлындай. Тергеудің келіп алдында, Таңымай да қалдым ба? Отыр екен куәлер Теріс қарап, бұрылмай. Сәлемдесті күбірлеп, Қымсынып қалдым дірілдеп. Сүйтсе-дағы үркеді, Ет-жүрегім жылынбай. Көңілдері тасқындап, Өсегін жиган тапсырмақ. Пікірлерін байқасам, Сұр жыланнын сұрындай. Куәнің сөзін бас шұлғып, «Қүп» тыңдайды тергеуші, Маужырап ұйып шыбындай. Аққа қара жапсырмақ, Сүйтіп бізді састырмақ. Ар-үятты ұрсын ба, Минөтке жүз қүбылмай?1 Болған соң төбет үрсеші, Өз «қаснетін* білсеші, Күшік итше шәуілдеп, Үй артына тығылмай. Жағымсынып, дәуірлеп, Айтсын деп ием «тәуір» деп, Тайсалмай шапса не етеді, Қисалаңдап ұрынбай?!

Page 82: Kapasta Jazylgan Hattar

* * *

Осылайша өксумен ■Өткізбеспіз өмірді. Өзімді деп қайтелік, Сақта, тәңірім, көбіңді. Қеуілге жат кім білсін Ғайыптың ісі — өлімді. Тар түрмеде жатсам да, Жеткіншек пен сол ана Үзбей бір тұрды келуді. Бөбектің балдыр бір тілі Босатып кетті көңілді. Қимай, қарап жаутандап, Ол сұраған сықылды Хал-жайым мен жөнімді. От салғандай кеудеге, Шымырлатты жүректі, Майыстырды белімді. Бірдеңе деп мұң шағып, Көбейтіп отыр шерімді. Еске алдым сол сәтте Құрбы мен кұрдас теаімді. Үмытуға орын жоқ Қешегі жолдас Қерімді. Татулықты атқарып, Мұндай кыспақ жерлерде Қөзіме талай көрінді. Тағы-тағы, ел-жұртым, Үмытпаспыз біз-дағы Көрсеткен көмектеріңді. Айта бар деп тапсырдым Келген, кеткен кісіден Алғыс, рахым сөзімді. Әз ағаның орнына, Ораз жеңгем, сен едің.

80

Page 83: Kapasta Jazylgan Hattar

Сізді ұмытпау мен үшін Серттен де артық сенімді. Ана менен жас бөбек Кете алмай қиып, тұр жылап, Ілбідім әрең мен шыдап, Ішке бір тартып демімді. Күйреп, сынып, бір жағы Қабырғамның сөгілді. Олар кетіп, мен қалдым, Лаулап, жүрек, сен жандың. Үңгірге келе етпеттеп, Көзден моншақ төгілді. Теріп ап жатты жолдасым, Қүм болып жігер егілді. Дұрыс көрдім сол кезде Бұдан-дағы өлуді, Алымсағын тағдырдың, Есептеп, «мә» деп, беруді. Күйдіресің, балқисың, От-жалын боп шалкисың. Есі шыққан сұм жүрек, Табамыз қайдан еміңді?! Әлі алдымда көлбеңдеп, «Көкем үшін келгем» деп, Берер бейне жас бота, Жұмсам да қатты көзімді. Кәрі кемпір, қартаң шал, Екі-үш апа — құйрық-жал, Бегелдім қимай, Қүралдым, Қарайлап, қалқам, өзіңді. Ептеп сабыр, егілмей, Шыдайын дедім берілмей, Тоқтау бір салып төзімді. Куәлар келген шұбырып, Қарғаша шулап жиылып, Өтірін шатып, тәңір атып,

81

Page 84: Kapasta Jazylgan Hattar

Құтыра түсіп елірді. Ұмсынады «ұста» деп, (Ескертіп қоям: «қыспа тек»). Екі басы қып-қызыл Жанып бір тұрған темірді. Тергеу ісі ашулы, Куәнің қолы басулы. Шығарады әр сағат Мандайдан суық терімді. Қамай түсті анталап, Бәрі жала — бәрі у, Бетін бүркеп, қалқалап, Ал дейді жатқан тегінді. Арқала дейді мойынға, Іскілеп тығып қойынға. Сүйегімді сырнаудай Шымырлатып кемірді. Ентіктіріп — қамшылап, Ақса да қаның тамшылап, Қос өкпемнен тебінді. Өстіп ексіп өтем бе? Несін тудық бекерге, Қелтіре ме немесе Ел көрерлік кезімді?! Айуанға назың өтер ме, Қім түсінсе, сол алсын, Саналыға беремін, Қондырар алтын мекенге, Қездесер талай сөзімді. Арпалыста — жан талас, Басынан кешпей байқамас, Күн көру заңы —тайталас, Опасыз тұрмыс, емір-ді. Біріңді-бірің арқалас, Бүтінде де жамап қой. Саналы ердің белгісі —

82

Page 85: Kapasta Jazylgan Hattar

Қымтар ашық жеріңді. Нашардың болмас жөнді ісі, Келсе-келер үргісі, Қастықпен әкеп осындай, Тірідей «ки» деп кебінді. Бетсіз, арсыз, япырм-ай, Кім сезген мұндай жебірді?1

• • • Ойлап па едік кеше біз Тас төсекке жатам деп? Түнде бір түске енді ме Оржанай дәмін татам деп? Алып келіп қамады, Қылмысың тым шатаң деп. Ішкі үйдің тәртібі Қысып та жатыр қатаң кеп. Көз ілмей таңды атырам, Кеудені басты запыран, Аяққа түсті ақау кеп. Бұрынғы тату кейбір дос, Жоламай жүрсіз тақау кеп. Расында да қорқасың, Басымызды шатар деп. Денем зілдей әрі ауыр, Құнжыңдайсың, қарауыл, «Жығылдың ба, попал!» деп. Мазалайды жас жүрек, «Әділет бар ма, қашан?!» деп. Ермегім болып құмалақ, Бірікпей жүр дұмалап. Алладан ақырын тосам кеп. Тілегімді адал ұқ, Көп қарадым қадалып, Өскен ауылым Қапал деп.

83

Page 86: Kapasta Jazylgan Hattar

Жайшылықта ескермес, Көз жіберем, «Ешкіөлмес», Көрінер ме екен жотан деп. Тапсырамын, Құражан. Аулыма сәлем сұраған, «Жанашырлар, тұр аман». Кем емес тіліқ балдан бір, Үйдегі қартты алдандыр, Келеді жалғыз ботаң деп.

Page 87: Kapasta Jazylgan Hattar

Насихат Сүгірұлы (1889—1937)

Page 88: Kapasta Jazylgan Hattar

Ақпа-төкпе, суырыпсалма ақын Насихат Сү-гірұлы Нарын құмның Мыңтөбе мекенінде (қазір-гі Атырау облысы аймағында) дүниеге келген. Еділ, Жайық вңіріне кең тараған жыраулар мұ-расын жаттап еседі. Он бес-он алты жасынан ақын атанады.

Насихат 1910—1915-жылдары Каспий жаға-сындағы «Чуварнов», <Ахай» балық батағаларын-да жұмысшы болып істейді. 1916-жылы патша үкіметінің <Июнь жарлығына» ілініп, Еуропа ел-дерінің бірқатарын көреді. Осы азапты сапарда Фзге қазақ жастары сияқты Насихаттың да өмір, ялеуметтік теңсіздік турасындағы ұғымдары ұл-ғая түседі. *Айдады патша жыраққа» аталатын толғауын сол жақта жүріп шығарады.

Насихат майдан қара жұмысынан еліне ора-лып, тағы да сЧуварнов» батағасында қара жұ-мыс істеп, 1921—1922-жылдары ақ банда бүлігінв қарсы халық жасағын ұйымдастыруда айтулы еңбек сіңіреді. 1920—1929-жылдары ауылдық ке-ңес мүшесі, сосын төрағасы бола жүріп, елді сау-аттандыру, колхоздастыру мақсатында елеулі Іс-тер атқарады.

Жазықсыз жала жабылып, отызыншы жяне отыз жетінші жылы екі дүркін түрмеге түседі,

Ақын қамауда алғаш жатқан кездегі қапалы толғауларын елге келгесін жыршыларға өзі ай-тып беріпті. Бірақ ол 1937-жылы қайтадан тұт-қындалып, содан елге оралмаған. Қайда дүние салғаны мәлім емес.

Насихаттың қамауда туған жырларын 1970-жылы Қ. Сыдықовқа ақынның бел баласы Хали-долла Қонатыров жаздырған.

Page 89: Kapasta Jazylgan Hattar

МЕНІ ЕЛІМНЕН АЙЫРҒАН

» * * Еділ, Жайық екі су, Айналасы қамыс көл, Астрахань мен Оралдың Екі арасы шойын жол. Төменгі жағы Гурьев, Байқағанға алыс жол. Меніқ1 мекен жайлауым — Екеуінің арасы. Кіндік кесіп, кір жуған Мыңтөбе еді туған жер. Мұндай ыстық жүрекке Таба алмадым таныс жер. Домалантып қаңбақтай, Айдады бізді биыл жел. Жалбарындым өзіңе, Жасаған ие, оңын бер. Тарығып тарлан жүргенде Болмасан өзіқ медеткер, Мүның жәйін айтпасам, Басылмайды ішкі шер.

Астраханьнан айдады Шойын жолмен зырлатып, Атқан оқтай зулатып, Күн-түн қатып тоқтамай, Ор қояндай ойнатып. Бір ай, бір күн дегенде Жетіп келдік Гурьевке, Ұйқтамастан түн қатып. Көпті көрген ақ иық Жайлауыштай ер батып, Жауырныма жер батып,

87

Page 90: Kapasta Jazylgan Hattar

Маңдайыма тер қатып, Абақтының ақ үйі — От жақпайтын салқын үй, Алып барад мұздатып. Сағындырып сарғайтты, Таңдайымды күрғатып. Қарамадым жан-жаққа, Қөрінгенге тіл қатып.

Жүре бердім сол боймен, Зырлап асып деңгеймен. Құбыладан арқаға, Қүншығысқа айдалдық, Бірден-екі он колмен, Он кісіге ТОРЫЗЫ Қызыл жаға конвоймен. Сан есікті сарт ұрып, Өттік неше тергеуден. Сарыарқада салқын бар, Сонда да жүрдік шөлдеумен. Сәтсіз күні жабысқан Басты науқас меңдеумен. Түзелсін бе дүниеде Қисайған бақыт көлбеумен! Мен осыған іліндім, Жылкы жылдың аяғы, Қой жылының басында. Сапар етіп жол жүрдім Қырыққа келген жасымда.

Туған жерім сұрасаң, Мыңтөбенің қасында. Ауылымды айтайын, Анау ояз жерінде Жаңғылды көл басында. Туысқан толы азамат,

88

Page 91: Kapasta Jazylgan Hattar

Бірі болмай қасымда, Бізден дұғай көп сәлем Жалпы жатқан халқыма.

Жасаған ие, не қылдым Қалың жатқан шаршыға? Ойпаң жерлер көл болды Қөзден аққан жасыма. Құрғақ жерлер су болды Бір-бір тамған тамшыға. Ағайынды аралап, Жете алмадым антыма. Қызыл тілім желмейді, Қөкірек шіркін жарты ма? Тек көргеңім бұл емес, Талай түстім талқыға. Шабан көңіл сабалып, Сүйеніп тұр қамшыға. Тыпырлайды, тулайды Тұғырдағы қаршыға.

Жақсылық пен жамандық Жазылған болар лауқыда. Осыны айтқан мен едім, Бір сейлерге дөп едім. Тоқталмадым назданып, Қеліп тұрса кезегім. Жүйрік бар ма тауысқан Тамам сөздің дерегін?! Қөргенімді айтуға, Соған құмар шөл едім. Атқа мініп, жақсымен Қүлейінші деп едім. Жасы үлкен ағаға Ерейінші деп едім. Елдің ішін аралап

89

Page 92: Kapasta Jazylgan Hattar

Жүрейінші деп едім. Аты шыққан жігітті Қөрейінші деп едім. Тіл бәйгесі келгенде Желейінші деп едім. Адам басы домалақ, Болмады ғой дегенім. Еленгендей ел іші, Бүлінді ғой бөлегім. Азаматқа болар ма Енді менің керегім? Көлеңкесі түсер ме Мал шалмаған төбенің? Ел ішінде жүргенде Таусылмайтын көл едім. Қара көзден қан тамып, Үзілді ғой өзегім. Ақ қабакқа аунаған, Таудың бетін жайлаған Елді қашан көремін? Ойладым да толғадым, Хақтан күтіп себебін.

Белді буып, жең сүқтым, Енді көңіл бөлмеймін. Жаным хаққа аманат, Ажал жетпей өлмеймін. Өзім деген кісіге Сен демеймін, Сіз деймін. Боямалы жалған дос, Енді саған сенбеймін. Қаумаласа қарынДас, Тартып бұйда үзбеймін. Алыс пенен жақынның Бәріне де бірдеймін. Мұнда жалғыз мен емес,

90

Page 93: Kapasta Jazylgan Hattar

Неше бір сан, мың деймін. Бөрі арығын білдірмес, Жел түбіне меңзеймін. Мен де соның бірімін, Нені көксеп іздеймін? Талайыма тас түсті, Оны ешкімнен көрмеймін. Сары күнге бүл да ермек, Тек көңілді делбеймін. Солай болды заманым, Ауып кетті табаным. Содан теріс болды ма Үкіметке ғамалым? Ағы менен қарасын Тартып қарап таразы, Сонда қояр қарарың. Қазушы емес нақақтың Негізінде зарарын, Үкіметтің ғаділ. жол, Толық соған нанамын. Қүнәларын кешірген, Біз секілді наданның. Татып жүрмін әр жерден, Талай жердің тағамын. Мен ішпеген суы жоқ Еділ, Жайық саланың. Араладым бәрін де Бүл бойдағң қаланың. Бұл сапарда көргені Осы бір жетім баланың. Ақ киіктің баласы Қөлденеңдей желеді, Табанынан жел кеулеп, Бірден-екі желге өрлеп. Ол да ілінер жебеге Құрып қойған көңгейлеп.

91

Page 94: Kapasta Jazylgan Hattar

Тұлпар дуға шабады, Қара жерді шеңгелдеп. Қазған ордан аттаған, Басқан ізі деңгейлеп. Сол секілді дүние боқ, Көпті алдаған көлбендеп. Жалғыз ием, жан бердің Бәрімізге бірдейлеп. Жаратқан соң осылай, Жаксы, жаман таң көрмек. Ажал, өлім алдында Қеле жатыр телмендеп. Бурынғылар айтыпты: Пәни, саған сенбең деп. Биік жерлер ой болып, Соның бәрі езгермек. Алла шашқан нәсіпті Ойламаймын термен деп. Хақ тағала, астым ба Қөкірегім мен, мен деп? Ақын емен айтулы, Қамыққанда бұл да ермек. Кекіректе ойлаған Айтар сөзім көп еді. Қимылдаған жанды зат Баска түссе көнеді. Қара тасты кақ жарған Шулай соққан жел еді. Жел айдаса пендесі Көрмегенді көреді. Бақыт бастан кайтарда Табылмай ма себебі?! Мың досының бірі жоқ, Бетін теріс береді. Өзімнің басым аман деп, Күле түсіп жүреді.

92

Page 95: Kapasta Jazylgan Hattar

Басы жұмыр пендесі Нені шекпей біледі? Менің жалғыз туған мекенім Мыңтөбенің жері еді. Мұнарланған тауы бар, Көлденең жатқан бел еді. Жазда сағым ойнаған, Биік біткен төбе еді. Жауған қардың дымымен Қалың шыққан көк еді. Жалбырай жазда көк шыққан Жасыл нудың шағы еді. Топырағы қызыл саз, Шаруаға дөп еді. Оны қазақ жайлаған, Айналасы ел еді. Теріскей қабақ бойында Тобылғының тубі еді. Қаптаған қалың қара ағаш Мал шалмаған соңы еді. Қаптай боран соққанда Қара жердің шомы еді. Жыңғыл, дүзгін, ажырық Қалың қара шөп еді. Қыста малы кетпейтін, Біріне-бірі жалғаскан Қең Нарынның бойы еді. Арасында ащы бар, Мыңғырып жатқан малы бар, Толықсыған төл еді. Қыраңнан бүркіт сілкінсе, Оның жейтін тағамы Ор қоянның жоны еді. Арқа жағы егістік, Сары жатық тегістік Жанды судың кемері.

93

Page 96: Kapasta Jazylgan Hattar

Айтқанымды қай су деп, Байқағандар біледі. Құбыласы көк теңіз, Атыраудың ойы еді. Айдын теңіз ораған Маңғыстаудың түбёгі. Күн шығыс жақ етегін Қарабүғаз дер еді. Күн батысы тау, тасты Бақы дейтін жер еді. Көл суына шомылған Қамысы менен терегі. Еділ, Жайық екі су Оған құйған өзегі. Ат бауырын жазғандай Айналдыра көлемі, Көрейінші дегенге Бір сапарлық жол еді, Осы жерден сапарда Көріп едім бір бойын. Еркі өзінде жігіттің Көрінеді күнде ойын. Еркің бастан кеткен соң, Бүзылмай ма енді ойың?! Жайықтың арғы жағында Жақын дейді Жем бойын. Тайсойған менен Бүйректі, Деп атайды кең қойын. Сары изені жабықтан Жұрт мақтайды өр бойын. Күн батысы Дендер тау, Арқа жағы Шыңғырлау. Шыққан шөбі сары еркек, Құба тал мен дүзгінді-ау. Қалың қазақ баласы Осы араға орнаған,

94

Page 97: Kapasta Jazylgan Hattar

Талай байлар мыңғырды-ау,. Үйірлеген жылқы айдап, Неше бір сан мың қылды-ау. Пішендігі бидайық, Бөлек-бөлек дің қылды-ау. Қыста кетіп, жаз жайлап, Көкорайын ну қылды-ау. Мал аяғы шымырлап, Соның бәрін жүн қылды-ау. Оның несін айтайын, Сол секілді қүрғырды-ау!

Қияндағы жұмақтан Туған жердің құмы артық. Шығатұғын басына Боз қырқаның бірі артық. Көтерілген ауасы Кеш болғанда мұнартып. Ыссы қайнап шыжғырса, Салқындауға ызы артық. Салкын қатты жел соқса, Шоқалының ығы артық. Сары еркектің көгінен, Боз изеннің шөбінен Қияғының түбі артық. Жеке туған жігіттің Мың жаманнан өзі артык. Шет асылмен дос болма, Өз еліннің құлы артық. Тозығы жеткен жібектен Қолға ұстауға жіп артық.

Қайырымы жоқ байлардан Есіктегі құл артық. Күле шыққан дұшпаннан Шын досыңның ізі артық.

95

Page 98: Kapasta Jazylgan Hattar

Күнің тыныш болмаса, Төсекте жатқан түн артық. Қайраулы болат майысса, Қолдан соққан сым артық. Жаңбырсыз болған жазыңнан Шығы қалың күз артық. Жәйі болса жаныңның, Бәрінен де сол артық. Түсті ме деп есіңе, Дұшпаның айтар ұялтып. Еңбектеп өткен ғұмырдан Еңкеймей өткен сол артық. Жан ашитын достарым, Қамықтырды-ау жылатып, Абактының сары үйі Ақ жүзімді суалтып. Бір аттауға мұң қылды-ау, Аш күзендей бұралтып. Қызыл тілім, қалыпсың Бір сөйлеуге құмартып. Айтайын деп осыны Көкірегім ойлады, Ойладым да толғандым. Жарты кеңіл жабыққан Сөйлемеске болмады. Жолдас болған қан мен тән — Ол да еркіме коймады. Одаманы сенсін деп, Қызыл тілім зарлады. Жатқан жүрек селт етіп, Май ішкендей ойнады. Тамырдағы қатқан қан Бірін бірі айдады. Еске түсіп қайдағы, Зығырданым қайнады. Бабаларым әруағы

96

Page 99: Kapasta Jazylgan Hattar

Қара бұлттай торлады. Қысылғанда қамығып, Атам Бекет қолдады. Бұраң-бұраң жолдардан Ңеше дүркін оңдады, Көңіл деген дария Жоқ еді бұрын толғаны. Дарияға талпынған Мен — қаршыға тордағы.

« * * Жігіттің даңқы шыға ма Қалың қолды бой қылмай, Оңды-солды, жол қылмай, Жанды хаққа тапсырып, Қөкіректі мұз қылмай, Ит терісін тон қылмай, Шақпақ тасты бор қылмай, Қөрінгенді ат қылмай, Қара суды ас қылмай, Тай-құлындай айқасқан Бауырласты жат қылмай, Қара көзден қан тамбай, Қабырғадан май тамбай, Әттең, көрсем дегенді Сағынғанда тамсанбай, Сандық толы сары алтын, Толысын төгіп шайқамай?! Ер бақыты сыналмас, Осындайда байқамай. Анырамай құлан шөлдемес, Желпінбей тұлпар терлемес. Айырдан туған жампоздын Мертікпей қомы көлбемес. Арқадан шыққан ақ бұлт

97

Page 100: Kapasta Jazylgan Hattar

Бастан бақыт тайған күн Қайсысы сырттан қам қылды?! Жан ашитын достарым Ішінен тынып, қайғырды. Көре алмаған ит-дүшпан: «Жойылар,— деді,— қай күні?!» Ажал келсе, кім өлмес Жетсе хақтың дағдыры. Ал қүлым деген жігітке Ашылар жолдық дақғылы. Мені елден айырған Екпінді ағын қарқыны.

Жүректі қайғы-шер басар, Ер мұңайып қамықса. Ақша беттен қан таяр, Қайғырып қатты жабықса. Баз кешеді мал-жаннан, Қысылып басы тарықса, Ерні салпы ер аты Жер ала ма салықса? Сол секілді қызыл тіл Сөз таба ма жалықса?

Түиде көзім үйқыда, Күндізгі күнім тамүқша. Абақтының ақ үйі — Шілтерлі темір сауытша. Үсті темір, асты тас, Жанбасқа тиді мамықша. Бір күн емес, мың күнді Мойынға идік қамытша.

Page 101: Kapasta Jazylgan Hattar

• • •

Төредей басың тарығыгі, Жүрекке қайғы бермёсін. Қаралай ерлер қамығып, Тірліктен күдер үзбесін. Аты адамның баласы Бүл орынды көрмесін. Аяқ-қолы бос жүрген, Көңілдері хош жүрген Біз пақырға күлмесін. Бірде бар да бірде жоқ, Бүл пәниге сенбесіи. Үш ай тоқсан қыс күні Бойыма ызғар бергесін, Қырық күн шілде жаз күні От болып ішке кіргесін, Күннің өзі балқытқан Жанды түгіл, жансызды. Таңдайың кеуіп щөлдейсің, Қара суға зар болдық, Не қылайын өзгесін. Алла салды, мен көндім, Мақдайыма бергесін.

Күндіз сөйлеп — күлкім жоқ, Түнде жатып — үйқым жоқ. Есікті кілттеп жапқанда, Күлмек түгіл, тырс үн жоқ. Тақтай батты жанбасқа, Бүрынғыдай тыншым жок, Қан кеткен соң нұр тайды, Адам қарар сиқым жоқ. Сіз бен біз деп сөйлеген Қыз мінезді құлқым жоқ.,

101

Page 102: Kapasta Jazylgan Hattar

Негізі хақтан болғасын, Билігімді білсін деп, Қөрсеттің бе көзіме, Есіне алып жүрсін де?! Шыжыған темір, кызыл тас, Салып қойды күйсін деп, Жұмақ пен тамұқты Тірілей көзі көрсін деп. Рақат пен машақат, Бәріне де көнсін деп. Жатсам, тұрсам Сіз деймін, Айтқаным жоқ сеяспг деп, Әлі тілек, ниетім Алланың өзі берсін деп. Сүйек қалды, ет кетті, Қойдың ба, құдай, өлсін деп.

Мұнан жаман өлім бар, Терең қазып көму бар. Кекіректе шықпаған Тек бір ғана демім бар. Хақтағала, құдай-ау, Енді өлмеген неміз бар?! Егер өлсек бұл жерде, Қайсымызда кебін бар?! Жан иесі өзіңсің, Алар болсаң, жөніңе ал. Көлденең қаза келтірмей, Өлшеулі ғұмыр мерінде ал. Құрт, шаянға жем қылмай, Әркімнің жанын төрінде ал.

Ауыр менен жеңілді Шегетұғын керің бар. Ұзын менен қысқаны Өлшейтұғын кезің бар.

іт

Page 103: Kapasta Jazylgan Hattar

Айтпасыма болмады, Жүрегімде шерім бар. Сөйлесін деп тіл берді Әлі айтатын сөзім бар. Мұны естіген тең құрбы, Тілектес бол да ойыңа ал. Сансыз елге көп сәлем, Сол сықылды жайым бар.

Шілтерлі темір, салған кілт, Қабырғамнан ілініп, Аш күзендей бүгіліп, Бір басуға зар қылды-ау, Терезеден үңіліп, Жатсам, тұрсам қайғыда Шыбын жаннан түңіліп. Бізге шығар күн қайда Елдің суы бұйырып?!

Сағындым іні, ағаны, Құрбы менен баланы. Көз алдымда елестеп, Шамшырақтай жанады. Көзден аққан канды жас Тоқтамай жерге ағады. Солар еске түскенде Жүрегімді жарады. Қайғының дерті қаумалап, Жан-жағымнан қамады. Оның жанған жалыны От қамшымен сабады. Оның ұрған танбасы Сүйегіме барады.

Page 104: Kapasta Jazylgan Hattar

• • •

Күншығыстың желімен, Күнбатыстың дәмім«н Кетіп едім халқымнан Ояздың жері қоныс деп, Алыстан шыққан даңқымнан. Онда да туған бар ғой деп, Болмады жүрек талпынған. Айтайыншы дегенде Жоқ едім бұрын тартынған. Не десең де, жамағат, Ер бақыты қайтылған. Бақытым бастан қайтқан соң, Айтуға сөзім таусылғаң. Аз ғұмырды зайғылап, Ақсұңқар болдым шарпылған. Туысқан, толы азамат Тілектес болғай артымнан. Қолдан келер не зат бар, Үмітім сол жалпыңнан. Кеш болмайды— күн ұзақ, Ертелі-кеш сарсылам. Садаға кетсін мың күнім Бір күнгі көрген зауқымнан.

• • •

Сәлем айттым Сіздерге, Сабыралы, Қажекем, Зейнолла мен Қамекем, Болымбетұлы Қабекен! Тарыққанда қармайтын Ана менен аға екен, Аға деген мысалы Биік біткен жар екен.

104

Page 105: Kapasta Jazylgan Hattar

Іні дегенелгезек Айбалтаның сабы екен. Жарқын жүзбен ойнаған Қараңғынын шамы екен. Сол қадірді кім білген, Басқа көнген бақ екен. Іздеп едім Сіздерді, Мені айдаған дәм екен. Азғана күн ойнадым, Өлшеулі күнім бар екен.

Екінші сәлем айтайын Құбаш пенен Қадеске. Ойнап жүрген тең құрбы, Үмытпаймын, әлі есте. Тай-құлындай айқасқан Қазақшылық әдетте. Шашылған дәмді қуалап, Шығып кеттім мен шетке. Қімнің әлі жегеді Хақтан болған себепке! Үшінші сәлем айтайын Әбуғали, Аренге, Жиен, ІІІәкір, Халелге.

Бас-басыңа айтуға Жеткізе алман сан елге. Үзеңгісін тең басқан Азамат бар әр елде. Тонның ішкі бауындай Туысы бірге әуелде. Дұшпан күліп не қылсын Хақтан болған дәлелге. Қосылам деу Сіздерге Әлі де менің дәмемде.

105

Page 106: Kapasta Jazylgan Hattar

Елдегі жолдас, айтайын, Қайыпқали Смағұл, Рақмет, Марданға. Қарманған күні қаруым, Белімді бекем буғанда, Екі талай ер келіп, Желдің түбін қуғанда, Сүйенген ерім көп еді-ау Тарығып талай тұрғанда. Тең басып қатар, бірге өстік Мыңтөбе деген құмдарда. Жанашыр жақын сендерсің, Төте жақын тұрғанда... Кім жетеді мақсатқа Жетесінен сынғанда?! Шар айнада сан көрдім, Пәк болмайтын жуғанда.

Маңдайыма жазылған Рақат пен машақат. Хақтың салған ісіне Еттім дәйім қанағат. Сөэ жүйесі келмеді-ау, Болмаған соң көңіл шат. Бас-басыңа айтуға, Ақылым бөтен, атым жат. Сағындым, халқым, бәріңді, Алаштың ұлы азамат. Бәріңізге көп дүғай Мың-мыңдаған миллиард!

Page 107: Kapasta Jazylgan Hattar

Ығылман Шөрекұлы (1876—1932)

Кдзақтың көрнекті ақыны Ығылман Шөрек-улы қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауда-нына қарайтын Тайсойған деген жерде туған. Ол— Кдзақстанның батыс аймағындағы ерлік жырла-рын дамытаайтатын, өз жанынан батырлық дас-тандар толғайтын дәстүрлі эдеби ортаның айту-лы вкілі. Махамбет, Шернияз, Нұрым, Мұрат жырларын, Исатай — Махамбет көтерілісі оқиға-£ын МОА білген.

1976-жылы «Исатай — Махамбет» атты жи-нағы жарық көрді. Ақынның әлі күнге ел аузын-да жүрген шығармалары да аз емес. Соның бірі— 1932-жылы түрмеге түскен кезінде айтқан толғауы. Оны 1964-жылы ел аузынан жинап, Қ. Сыдықов-ңа табыс еткен — Атырау өңіріндегі Мақат меке-нінде тұратын оқытушы Мизам Жолиманов.

Page 108: Kapasta Jazylgan Hattar

ТОРДА ОТЫРҒАН АК. СҰҢКАР

Талқыға салып әр істі, Қарадан ақты айырған, Момынды нақақ қайырған Үкіметім сен 6е едің?

. Он бесінші жәдіде Сақшыменен алдырған, Зақменен қаулы салдырған Жауапкерің мен бе едім? Сол қаулының күшімен, Туманың жауыз ісімен, Домаланған қаңбақтай, Бұл қалаға келгенім.

Бастан бір еркім кеткен соң, Тергеуші бұйрық еткен соң, Қисық аяқ, шилі арқа Атымды арық қамшылап, Бүкең де бүкең желгенім,

Сол күйіммен қалада Дәл он бес күн боп қалып, Ерікті күнім тоқталып, Сейлеумен көңіл делбедім.

Бәрінен маған батқаны- — Үйімнің иесізжатқаны, Құзырлы катын, бала жас, Бақылап тұрған шаруама Қөңілді қатты бөлгенім.

Қалған соң жатып аялдап, Хал-жайымды баяндап, Арызым осы бергенім.

108

Page 109: Kapasta Jazylgan Hattar

Зарарлы санап қоғамға, Хал-жайымды білмесең, Етейін баян көргенім. Бай болдың ба десеңіз: Ғұмырымның ішінде Дербес бітіп он саулық, Қорамнан, сірә, өрмеді.

Би болдың ба десеңіз: Екі дәуір үкімет, Екеуінің тұсында Еқ болмаса сайланып, Бір әкімдік көрмедім.

Қу болдың ба десеңіз: Өзімнен басқа адамға, Қолымнан келсе, пайда етіп, Келмесе, зарар бермедім.

Жиырма бестен асқан соң, Отызға қадам басқан соң, Қарсы тұрып күштіге, Малша айдауға көнбедім. Күштімен күшті арбасса, Момынды сүйеп, демедім.

Жікшіл болдың ба десеңіз: Тарих жиып қолыма, Саясатпен танысып, Дікшілдермен алысып, Бұзықтыққа ермедім.

Сұпы болдың ба десеңіз: Жаңалыққа түсініп, Ескіні тастап ысылып,

109

Page 110: Kapasta Jazylgan Hattar

Саясат хұқы үкімет Тұрмысқа қарсы келмедім.

Ұлтшыл болдың ба десеңіз: Маңғол, түрік, мадияр, Орыс пен парсы, румнан Халықшыл ерді баяндап, Арасын жіктеп бөлмедім.

«Исатай мен Махамбет» — Жастарға үлгі болсын деп, Халқыма тарих өңдедім, Журналға «Сәуле» сөз бердім.

Төрт жыл бұрын осыдан, Ескілікті ескертіп, Екі дәуір үкімет, Екеуін де суреттеп, Лениннің жәйін тарихтап, Тәжірибе қылып сөйледім.

Жазығым кедей болмасам, Ақындар өткен бұрын да: Ақсары Абат, кете Шернияз, Адайда Абыл, Нұрымнан Өлшескенде кем бе едім?!

Тарих жаздым алашқа Аузымнан шыққан жырымнан. Мен — замаңның айнасы, Көңілі үшін жұрттың бұрылман.

Қарадан ақты айыр деп, Момындарды қайыр деп, Айтамын осы сырымнан.

110

Page 111: Kapasta Jazylgan Hattar

Менен де басқа нақақ бар, Бір жайлы елдің адамы Рушылдан соққы жеп, Пәлеге нақақ ұрынған.

Қайта қарап бұл істі, Әділдікпен тергесең, Жарлыға жәбір бермесең, Болар еді бір ыңғай.

Айтатын сөзім көп еді, Тұрамын сізден қорғалап. Аяғымды жәй басып, Айтылмай қалған сөзді ашып, Әдеппен тұрмын жорғалап. Тежемесем тізгінді, Сөйлеген сайын кетемін Ақбекендей ормалап.

Туғалы теңдік кермеген, Мықтылар ерік бермеген Кедейлер отыр қорғалап, Қөзінен жасы сорғалап.

Айтушы айтып жеткізсе, Төреші сізден қам қалмас. Атасы адам болған соң, Қатесіз, сірә, жан болмас. Қатем болса, ғапу ет, Мақсатым еді сіздердің Алдыңа келіп толғамақ.

Ат пен асын кем беріп, Білімі жоқ кедейді

ш

Page 112: Kapasta Jazylgan Hattar

Ықпалымен меңгеріп, Жат адам талай елде жүр, Бәлені терген дорбалап.

Қорытындысы сөзімнің — Жас қырандар көзі өткір, Заманыңда қаһарман, Жас елуге келгенде Алдыңа келіп арыз айтқан Мына отырған мен — қонақ.

Page 113: Kapasta Jazylgan Hattar

Файзолла Сатыбалдыұлы

Page 114: Kapasta Jazylgan Hattar

Торғай топырағының белгілі ақыны Файзол-ла Сатыбалдыұлы 1883 жылы қазіргі АманкелдЯ ауылында туған. Алғашқы білімді өз әкесі Саты-балды ишанның алдынан алып, кейін оқуын әйгі-лі Зейнолла хазірет, одан соң Бүхар медіреселе-рінде жалғастырған. Үлкен ағасы Мырза ишан> Батпаққарада, бір ағасы Зияуиден Үрпекте, ал өзС-Күлікте мешіт ұстап, ауыл балаларының арапшФ сауатын ашқан.

1920—1924-жылдары Торғайдағы үйездік мі-лиса тергеушісі, бөлім бастығы болады. Осы тұста? 1921-жылғы жұтты арқау етіп ^Тасмешін» деген дастан жазады. 1929-жылы желтоқсанның 27-жұлдызында Батпаққарада жазықсыз айыпталып, 10 жыл түрмеге кесіліп, одан 1935-жылы босап-қайтады. Бұл жылдарда ақын қаламынан *То-қымбет», ^Адамзат шежіресі», *Үзақ жол» (Біз*, сТорғай таңы» газетінде жарияланған осы даста-нын ықшамдап ұсынып отырмыз.— Редактор) ат-ты поэмалар туған. Бұларды жинақтап, арапша-дан қазіргі щаріпке түсіріп, халық кәдесіне жарат-қан — жергілікті журналист, аудандық €Ақ жол»~ газетінің редакторы Хамитбек Мұсабаев.

Page 115: Kapasta Jazylgan Hattar

ҮЗАҚ ЖОЛ

Уа, тағдыр, өзің басшы-пәруәрдігар, Тар жолда тайғақ кешу болғайсың жар, Айдалып Қостанайдан кеткен күні Бетіне ақ қағаздың түскен бүл зар.

Айдалдық Қостанайдан апрельде, Толқыған ғазиз ғұмыр кетті желге. Жайлауды аңсап ұшқан жыл құстары, Сәлем айт барғаныңда туған елге.

Қайран ел шалқып өскен қалды бізден, Амандық, қош айта алмай көріп көзбен. Барамыз, бет белгісіз, мұндай халге, «Сары алтын-сабыр түбі», жөн ғой төзген.

Тізілген аққуларым, сыңқылдасып, Кетейін сендерменен амандасып. Айдын көл — шағалалы шалқарыма Сәлем айт, қонып өтсең үстін басып.

Төрт түлік жағасында шыр айналған, Құлпырып масатыдай шырайланған, Аңқыған жұпар исі Сымтасыма Сәлем айт біз бейбақтан сорға айдалған.

Апат боп алып кетті жапқан жала, Ісіне уақыттың бар ма шара. Кір жуып, кіндік қаным төгілген жер — Қалды артта көшіп-қонған сай мен сала...

Туысқан кейін қалды ата-ана, Зар жылап жетім қалды қатын-бала. Ағымның тегершігі аунап кетіп, Оралды басқа — бейнет, тәнге — жара.

116

Page 116: Kapasta Jazylgan Hattar

Дегейсің: көш-жөнекең амандасты, Моншақтай домалатып көзден жасты, Баста ерік болмаған соң сыр аша алмай„ Қош айтып, иек қағып, изеп басты.

-Жайлауға жетсең аман қатар түзеп, Айтарсың сәлемімді кезек-кезек, Толқынмен қайық мініп еспесі жоқ, Қетті деп қасіретте күйіп өзек. Айтарсың әнге салып біздің халды, Кетті деп сауғаға алып шыбын жанды, Отырып тәуекелдің кемесіне, Азыққа айнымас деп бейнет алды. Сәлем айт ордалы жұрт қалың елге, Қара орман — атамекен, асқар белге. Белгісіз түз-нәсіптің қосылары, Жол шектік сапарланып алыс жерге.

Қолға алдық орамалды, көзді жастап, Мекенді туып^өскен кеттік тастап. Қош, сау бол, көреміз бе, көрмейміз бе, Жөнелдік, қайғы — серік, бейнет бастат. Аққудан сәлем айттық жүрген ұшып, Аңсаған атамекен ойға түсіп. Жамбасқа қара тақтай төсек болып,. Жөнелдік отарбамен желдей есіп.

Тәртіп боп жоғарыдан бекілген заң, Келгенде жөнелтуге болдық аң-тан. Обыске тал бойыңнан тінту алып, Торып жүр конвой біткен болып қатаң-

Айдалдық сәрсенбі күн түстен кейін, Қысылдық не деулікке жетпей зейін^

116

Page 117: Kapasta Jazylgan Hattar

Шуласып қатын-бала жылағанда, Дүниеден пида болдық өткендейін. Зар төгіп туысқандар қалды тұрып, Амалсыз, қоштаса алмай, кеттік жүріп. Айтуға «аман болды» тілі келмей, Ел-жұрттың қала берді дымы құрып. Бейнетпен қонған бақыт қайғы аралас, Қан құсып, екі көзден тамыздық жас. Ажалдың қарқаралы мүйнетіндей, Келмеді қош айтысып, изеуге Зас. Дариға, басқа туды мүндай заман, Алды-артың болжауы жоқ толған күмәк. Біле алмай не боларлық ахуалды, Көңілді қауіп-қатер — басты тұман. Алдырмай киер киім, ішер тамақ, Иіріп ызғарменен қойды қамап. Денені аштық, бейнет қатар жайлап, Үстінде отарбаның шектік азап.

Қара айғыр гүрілдетіп женелді алып, Ақырып, айбаттанып, түтін салып. Өзінде 8 өгіз, 42 адам, Ауа жоқ дем аларлық, бықсып-жанып.

Ышқынып тартты дүлдүл аянбастан, Қалды артта туған-туыс құты қашқан. Құстардан аман-саулық сәлем айтып, Дариға, кеттік артқа қайрылмастан...

Сыртыңнан не демейді дұшпан мен қас, Қадірін елдің білмес көңілі мас.

ч Кетсе егер ойға түсіп қайран Арқа, Жаңбырдай нөсерлейді көзімнен жас.

117

Page 118: Kapasta Jazylgan Hattar

Кісіге қиын екен туған жер!, Қозғалды жүрегімнің қайғы-шері. Көкорай көк шалғыны былай тұрсын, Арқаның көп аңсатты жұпар желі.

Сол жерде тамып алғаш кіндік қаным, Жуылған суыменен сәби тәнім. Сымтасым еске түссе пәруана боп, Байғыздай шырылдады шыбын жаным.

Табады айналып кеп ат қазығын, Деуші еді бұрынғылар хаққа жүгін. Болмаса бір құдайдың дәл өзіне, Адамңың баласына жоқ жазығым.

Бұйрыққа шара бар ма ағым салған, Пендені допша үйірер фәни жалған. Кім тірі барар дейсің елге осынау Бейнеті бастан асқан ауыр жолдан.

Тілімдеп көкірегімді шыққан бұл сөз, Ажал ма, мехнат па — болса ёкен тез. Аз ұйқтап, көбіне ояу, шарт жүгініп, Төрт мезгіл терезеден алмаймын көз... Бар екен Ақтеңізден тартқан канал, Сол жерге алып барды, жоқ қой амал. Қездесіп сол арада Міржақыпқа, Отырдым ескендей боп қоңыр самал.

Көрісіп, құшақтасып, көзді шылап, Өбісіп, көңіл босап, тұрдық жылап. Сонан соң есті жиып, ақылға кеп, Мән-жайды бастан кешкен білдік сұрап. Бөліндік сәл тұрған соң, амал бар ма, Айрылдық қимай-қимай әрең-зорға.

118

Page 119: Kapasta Jazylgan Hattar

Міржақып шыдай алмай көп тұруға» Секіріп түсіп кетті қазған орғаі. Қалмады сол уақытта менде де сән, Шырқырап кеудемдегі қу шыбын жан. Кемсеңдеп кете бардым, өтім күйіп, Бір ысып, бір суынып қажыған тән. Амалсыз қала берді қайран бауыр, Сияқты титықтаған аттай жауыр. Сабазды мұндай халде көрем деп пе ем, Тиді ғой бұл кездесу маған да ауыр.

Қөзіме көрінді де қала берді, Іштегі бір толқытып қайғы-шерді. — Файзеке, саған,— дейді үн шығарып,— Қөруге жазсын тағдыр туған жерді. — Тілегім: сен де аман бол,— дедім мен де,— Нағашым, түпқазығым — алтын көмбе. Бейнеттің барлығынан халас етіп, Қылмасын рақатынан тағдыр кенде. Айтқан сөз, қылған тілек осы болды, Екіге кетті айырып бейнет жолды. Міржақып — ор ішінде, мен — биікте, Ыстық жас іштен шыққан көзге толды.

Мені айдап кете барды конвой алып, Дайындап винтовкаға оғын салып. Тәртіпке қарсы келер болсам егер, Атуға тұр «батырың» дайындалып.

Айырылды менен және Щора ғарып, Серіксіз жабырқадым жалғыз қалып. Ұзамай қызметке орналастым, Қолыма тас кесетін қару алып.

119

Page 120: Kapasta Jazylgan Hattar

Бүзамыз қара тасты дәрі қосып, Қазірде тас-талқан қып жарып-осып. Ғажайып қайламенен бір аламат Тастаймыз мұнарадай тауды тееіп.

Осылай болып тұрды ахуалдар, Жиналған түрлі халық—қанша жан бар! Пароход, кеме жүріп өтетұғын Жасадық тасты қашап үзын аңғар.

Бар күшін қазынаның сонда төккен, Бітетін бір іс екен жйнап көппен. Тап келіп таланына талай ердің, Аз емес азаматтар бейнет шеккең. Дүниеге канал екен даңқы жеткен, Межесі жоспарланған оның көптен. Патшалық Ресейдің заманында Николай күші жетпей тастап кеткен.

Жоқ еді мүндай бейнет біздің ойда, Қолдарға тас кесетін алдық қайла. Жасадық ауыр еңбек белді шешпей, Іс үшін бір ғажайып елге пайда. Бұл жерге айдап келген жел несібе, Он сағат қызметі бар сөткесіне. Қояды кепілдікке бір-біріңді, Жүмыста« шетке шығып кетпесіне. Ұсақ ұлт қызмет еттік қатар түзеп, Біріне-бірі бітсе барып кезек. Аманат шыбын жаным аман қалды Ажалдан аңдып жүрген арсыз кезеп. Жылында, 1-ші июль, 33-тің, Өткіздік рашотың барлық істің.

т

Page 121: Kapasta Jazylgan Hattar

Каналы ̂ Бвломордың> тәмәм болып, Қуаныштаи қызыл туды суйіп, құштым. Бар екен Мәскеуде де бір зор канал, Сияқты бітпей тұрған үлкен қамал. Бұаилман бригадасы ударниктіқ, Сол жерге іс қылура болдық барар. Дәм айдап Москваға жүріп кеттік, Тоқтамай, бес сөткеде келіп жеттік. Артельден сегізінші орын алып, Екінші «Лакпунктті» мекен еттік. Каналға 7-июль түстік барып, Қолдарға жер қазатын қару алып. Аямай жан мен тәнді жұмыс қылдық, Дөңбектей домалатып тасты аударып. Он төрт ай тұрдым «Мәскеу» каналында, Өнерді үйрену бар талабымда. Жігіттің басады ғой ісі оңға, Басына бақыт құсы қонарында. Бөлендік еңбекпенен абыройға, Әр түрлі қабілетті жиып бойға. Жүрді алып Москвадан тағы бір күн, Сол шақта алаң болып, түстік ойға.

Апарды «Сибирьстрой» деген жайға, Не жаздық дейміз іштей бұл құдайға. Онда да ударник болдық біздер, Әр іске тауып жөн мен ақыл-айла.

Өткіздім 34-тің жылын сонда, Саспадым болғаннан соң өнер қолда, Тіленіп езім бардым қол көтеріп, Не қиьін бола қалса кәсіп қайда.

121

Page 122: Kapasta Jazylgan Hattar

Тағы да 35-тін жыдын кврдім, Шашылған ырыздықтын дәвін тердім. Туғанда февральдың оны күні, Пәвеске -*■ шақыртумен кеңсе келдім.

Бостандық, ақтау қағаз алып қолға, Қуанышын жүрегімнің басып зорға, Өңім бе я түсім бе дегендейін, Қиял-ой бүлғақтайды оң мен солға.

Қапысыз орындалып арман-тілек, Қеудеме сыймай лүп-лүп соқты жүрек. Жаладан аман-есен халас болдым, Қалды артта бейнетті күн — қара түнек. Болып тұр әлдеқалай көңіл шіркін, Аптығып, аласүрып дүркін-дүркін, Жат болып әлдеқашан алыс қалған Қөрем деп ағайын мен елін-жұртын.

Зардабын көрсем-дағы көп қысымның, Ақтығын білгеннен соң өз ісімнің, Азапты сапардағы алты жылды Отанға қызмівт ету деп түсіндім. -СЬл жерде билет алдым Қостанайға, Жёттім деп алты жылғы құштар ойға. Ақылды алып ұшқан сезім жеңіп Кетті ғой, келсе-дағы жас талайға. Отарба түтін салып будақ-будақ, Жолдармен зымырайды бунақ-бунақ. Келеді кеудемдегі асау жүрек Лақтырып өлең-жырды шумақ-шумақ. Тарқатып алты жылғы шерін іштің, Қалдырып зәр-уытын күйініштің,

122

Page 123: Kapasta Jazylgan Hattar

Бір көрсем туған жерді дей келемінг Парлатып арғымағын сағыныштың.

Келген соң Қостанайға ойғатүстім, Мән-жайын сұрап-біліп елдегі істің. Ұқтым да, Алматыға кетпек болдым, Қонбасын біздің басқа бақыт құстың.

Аңдадым түсерімді барсам торға, Елдегі Батпаққара қазған орға. Қыл дұзақ құрулы екен шырмайтұғын, Болсаң да неше дүлдүл, неше жорға!

Амалсыз Алматыға бетті бұрдым, Өртеніп өкпе-бауыр, әрең тұрдым. Безгенше туған жерден бәдәуидей, Несіне, деп ойладым, өмір сүрдімРГ

Болса да туған жерсіз күнім қараң, Сорғалап ағыл-тегіл көзден сорам, Тағы айдац, қуғындар деп елде болсам, Амалсыз Алматыға кетіп барам...

1919-1935-жылдарь

Page 124: Kapasta Jazylgan Hattar

МІРЖАКҢШТЫ ЖОКХАП, ІДІРіСТі ЖҰБАТЫП

Міржақып өлді деген сөз Ішімді өртеп кетті лез. Дірілдеһ жүрек, демігіп, Малынды жасқа екі көз.

Ажал деген — ауыр іс, Әмірінде жоқ кідіріс. Бұл хабарды естірткен Сейілдің ұлы Ідіріс. Жылапі келіп көрісті, Оңай ма қию туысты. Есеңгіреп, ес тынып, Менің де акылым ауысты.

Бала жастан бірге өскен, Құлащты қатар сермескен. Тар жол, тайғақ кешуде Бір кемеге міңгесқен. Құлын-тайдай тебіскен, Жарты құртты бөліскен. Қандай күйде жүрсек те, Қадірімізді біліскен. Қас-қабақтан ұғысқан, Түбі бірге туысқан. Мерт болыпты жат жерде Ақ өліммен арыстан. Міржақыбым — миятым, Бір туғаннан зиятым! Кісілікке келгенде, Мол еді ғой ұятың.

124

Page 125: Kapasta Jazylgan Hattar

Қасиет тұтқаң алашым, Қецғе жайған құлашыв. Намысты қолдан бермеген, Қайран Да менің нағашым!

Қайрылмас жолға кетіпсің» Баратын жерге жетіпсің. Айтып-айтып немене, Бұл дүниеден өтіпсің.

Бар қазақтың баласын, Ақымағы мен данасын,, Теңеймін деп талап қып,. Оятып едің санасын. Білімменен ер өсер, Ақылдыға ел ілесер. Қазағым деп аһ ұрған Қім өзіңмен тенесер?1 Туған адам өледі, Әркім оны біледі. Біреу жылап, әрине, Бәзбіреулер күледі. Ұққанға өлім жолы ауыр-, Жұбату айттым едәуір.. Көнген ажал ісіне Не шаһбаз бен не тәуір. Ідіріс, сендей саиалы ер, Ағаның сөзін дұғагер Тастамас жерге қашан да, Кезіңнің жасын тия гөр. Қалса да жырақ қорымы, Бұрынғылардың ырымы —

125

Page 126: Kapasta Jazylgan Hattar

Міржақыптай сабаздың Жұмақтан болсы» орыны.

Айналмалы дүние, Дүниеге кім ие? Жетіқат анау аспан мен Мынау қара жер ие.

Айналайын Ідіріс, •Ажал деген — бүйрық іс. Қөз жаеыңды жылдам тый, Егіліптұр біздің де іш.

Міржақыц п«н Ахмет Нақақтан-нақақ болды шет. Бір уақыттар болғанда Ақталар, орнап әділет. ■

Дүние деген —-теперіш, Ұмыт болмас кемел іс. Замана қазір өзгерііі, ' Тарылыптұр ғой кеқөріс.

Қиянат кетпес тоқтаусыз, Әділ сөз қалмас құптаусыз. Күндердің күні болғанда Міржақып кетпес жоқтаусыз.

Өрт алғандай өрісті, Тарылта бермей тынысты, Шүкірлік қылып, шырағым, Сабыр етсек дұрыс-ты.

Page 127: Kapasta Jazylgan Hattar

Закария Сағындықұлы (1890—1930)

Зәкария Сағындықұлының туып-ескен өңірі— Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз бойлары. Ата қонысы— Маңғыстау, Үстірт аймағы. Бала кезінен Атырау елдеріне кең тараған Абыл, Махамбет жырларын жаттап, Ақтан, Қашаған ақындардан өнеге ала-ды. Өзі сауатты, ер көңілді, жүрегінұрлы, көпшіл адам болыпты. Жиын-тойларға қатысып жыр ай-тып, күф тартып, ан солып, внерпоздығымен елге кең танылған.

Қазан төңкерісінен кейін отырықшылыққа үн-деп, бірқатар ауылдарды Ойыл өңіріндегі Сұлы-квл, Наршөккен, К,оғалыкөл, Қрңырсай мекенде-ріне қоныстандыра бастайдыі Ақын азаматтың €ұл игі іеіне вшіге қараған кейбір шолақ белсен-ділер астыртын арыз жазып, «Зәкария — жерді жеке меншіктеу дәуірін аңсайтын, қдғамға зиян-ды адам» деп, жала жабады, Сол жала нәтиже-сінде тұтқынға алынып, 1930-жылы Тәшкент түр-месінде қаза табады.

Зәкарияның 1929—1930-жылдары Ойыл түр-месінде отырып, досы Мамайға жазған мұңлы толғаулары ел арасында көп айтылады.

Бұл жинақта жарияланып отырған толғаула-рьиі 1956-жылы жылойлық қария Боқанов. Қай-шыбай айтуынан Қ. Сыдықов жазып алған.

127

Page 128: Kapasta Jazylgan Hattar

САПАРЫМ БОЛҒАИ САЛАМАТ

• • • Адамзаттьщ баласы, Арманы болмас дүниеде — Жақсылар аттан жығылса, Алласы болса панасы. Жаманның қанар табасы. Тұтқынға алған біздерді Сәл нәрсенің жаласы. Жазықсыз қуған дұшпаннық Қөңілінің болып аласы, Өтірік жала жаудырып, Жазықсыз іске шатаған, Жауыз деп бізді атаған Атасыз иттің баласы.

Анығын ашпай қылмыстың, Тұтқынға бізді қамаған, Центірден келді тергеуші Бір жеті өтпей арадан. Бұзықтың сөзі шыв болды, Болса да өтірік жаладан. Қайғырды сырттан ата-ана, Қүдерін үзіп баладан. Жолыға алмай кетеді, Қөбіне жылап даладаи. Хәкімнен күдер үэілді, Сотымы» болып жаңадав, Бержағы алты ай — жыл жарым, Аржағы бес жыл шамадан. Одан артық не болсын, Болмаса жәрдем панадан?! Қеліп еді қорғаушы Ақтөбе деген қаладан — »

128

Page 129: Kapasta Jazylgan Hattar

Қаратайұлы Бақытжан Жасы жеткен шал адам. Тыңдамады айтқанды Қолында дерек бар адам. Ақ сұңқар құс та талпынар Баласын көрее ұядан. Арғымақ жылқы жайылмас Қараны көрсе қиядан. Көтеріліп қаламыз Хал сұрац келсе бір адам.

Тұтқында ерлер ойлайды, Ойласа, ойға тоймайды. Дертке толған сұм жүрек Ерді еркіне қоймайды. Орынсыз көргең оқиға Қөңілдің шерін қозғайды. Байлауда жатқан нар тайлақ Үйірін іэдеп боздайды.

Қелген соң адам жаралып Баянсыз фәни жалғанға, Қапы шеғіп кімде-кім, Қалған екен арманда. Сол арманның бірі — біз, Отыралық арланбай. Бүгіндегі біз түгіл, Ғазіретті Жүсіп те — О да түскен торларға-ай. Тағынан тайған бірнеше Ел билеген хандар да-ай. Не көрмейді адамзат Қеудеде тірі жан барда-ай! Басынан бақыт ауған күн Талайлар болған албарлы-ай. Мүгедек болып бтырмыз

129

Page 130: Kapasta Jazylgan Hattar

Жасы жеткен шалдардай. Сал иэрсеге жұбанып, Нәресте сәби балдардай. Асыр салып жатырмыз Тфрт-бес бөлек вокзалда-ай. Қапталы жауыр болса да, Қайысдас жүкке қара нар. Мүсәпір қылса пендені, Аллаға нешік шара бар?! Өзекті жарып өртейді Жүрекке шыққан жаралар. Сақтамаса бір құдай, Қалмады ешкім паналар. Қарындас халқым күйзеліп, Аңдыған дұшпан табалар. Тәңірі бір азамат, Туысы жүйрік қазанат, Қөріскенше күн жақсы, Сапарым болғай саламат, Тапсырдым хаққа амаңат. Қош, аман бол, елдерім, Қалды байтақ жерлерім, Ұялы тоғай, қалың ну, Шалқыған айдын көлдерім. Ойыл мен Қиыл, Жем, Сағыз, Өсіп-внген жерлерім. Қайта айналып келермін, Саламат болса дендерім. Тағдыры болса жазулы — Қөрмегі солай пенденің. Қош, аман бол, сабаздар, Поштаға салып жіберің Қатынас сәлем қағаздар. Сағынып тұрған халқыма Білініп тұрсын хабарлар. Артым тұйык, алдым жар,

130

Page 131: Kapasta Jazylgan Hattar

Айналуға жерівд тар. Тардан кеңге шығармыз, Босатса хақгың еркі бар.

Құдіреті күцггі қүдайым, Өзіңнен іқәрдем сұрайын. Құр қайғыдаң. пайда жоқ, Әңгіме-дүкен құрайын. Ер басына не келмес, Тәуекел етіп тұрайын. Қарындас, тума, ағайын, Іс болды бізге тағайын.. "Қалың дәулет кара орман Дүңиенің көрдім талайын. Екі жылдай күң өтті, Мұңымды кімге шағайын? Аяғым мерт болса да, Баурымды жазып щабайын. "Бізге салқын қарап тұр, Білмедік мұның қалайын. Дерексіз босқа тоқтап тұр Қаптаған қалың ағайын.

Құрметті сэлем халыққа, Сұраған Таңат, Арыққа. Тұтқын үйден босанып, Шығамыз қашан жарыққа? Қүн батпайды таң атса Віздей мүшкіл ғарыпқа.

Page 132: Kapasta Jazylgan Hattar

Көлденең жатқан Маңғыстау Қар жатпайтын ой еді-ау. Сарыарқаны жаз жайлап, Күвде қызық, той еді-ау. Сауын айтып он бес күн, Мыңдап бір со&ран қой еді-ау.. Жиынға жүйрік жаратып, Басын бір көкке қаратып, Талай қостық алқаға, Қамшыдай бүтьге таралтып. Белдеуге қойдым байлатып, Арқан тағып ойнатып, Жал-қүйрығын сүзілтіп, Алмадай мойнын үзілтіп. Қүйіне салып шіркінді, Қацтардық талай кіжінтіп. Қосайлаи, үран шақыртып, Мінбеген жылқы қалдырмай,. Ортадан ойып олжа алдық, Көтёрмешіні қапылтып. Осындан көрген өмірден Айырдын, күдай, шатылтып-

т

Page 133: Kapasta Jazylgan Hattar

ІІІатылу бүгін емес, бұрыннан бар, Біреуге біреу тніп, ұрынған бар. Талайлар мінәпаспен шығып еді, Кесіліп ауыр жаза құрылғандар. Айдалдық алыс жолға Әулиеата, Айрылып ел-халқынан азаматтар. Қаусатып қалғандарды ұстап жатыр, Қуырылып бірден-бірге замана тар. Хауіпті сол кісінің біреуі — біз, Қүн қайда аман барып үйде жатар? Ақталсақ осы Ойылда қалар едік, Жол шегіп алыс жолға етпей сапар.

Қараңғы үй тастан салған керегесін, Темірмен торлап қойған терезесін. Жауапты тоқсан тоғыз жүз қайырып, Толтырдық тергеушінің кенегесін., Жатырмыз тұтқын үйде каулыменен, Шабарман вийтовкасын кезегесін. Ерлерім күйзеледі ақтығына, Ешкімнен пара-пайда жемегесін. Жазықсыз жалған іске.шаталаған Адамның қоздырады делебесін.

Ойылдың біз жатырмыз түрмесінде, Бір құдай не салмайды пендесіне?! Тайпалған талай жорға, талай жүйрік Заманның тап болып тұр кермесіне. Солардан жаным-тәнім артық емес, Құр бекер күйзелемін мен несіне?!

Күн қайда сақарада шалықтайтын, Кетпейді қайда жүрсек есімізден. ҚұдайдьіҢ құдіретіне не шара бар,

133

Page 134: Kapasta Jazylgan Hattar

Айырды бұл заманда еркімізден. Білмедік кімнің досын, кімнің қасын, Асаудай бұлқындырып ұстағасын, Құриды күні-түні жарым жасым. Ақиық арба жеккбн болдық мәстек, Адамның тұтқындағы бар ма еркі?! Қан құсып, осы күнде жүрек қайнап, Ұлғайды бірдең-бірге іштің дерті.

Хат жаздым қаламымды қолға алып-айг Күрсініп, біз жатырмыз толғанып-ай. Сұңқардай қанат қағып талпынамыз, Шыға алмай тұтқын үйден шырмалып-айи Ат мініп, жиын-тойда одағайлап, Күн қайда жүретұғын ырғалып-ай?!

Қош, сау бол енді, Мәке, көргенше көз, Ойда жоқ оқиғаны келтірді кез. Қарамай өкіріктщ хәкіміне, Центірден кісі келіп, тергеді тез. Қадірлі халық ішінде алтын басым Осы күн болып тұр ғой, мыс түгіл, жез. Дариға, жүруші едім қудай шайқап, Кім білер не боларын алдын байқап?! Кешегі жүрген бірге жан жолдасың Түрмеде жатыр енді көзі жайнап. Тебіскен құлын-тайдай тату едік, Мәжіліс еткен талай күліп-ойнап. Көшеден төбең маған бір көрінсе, Қараймын терезеден қаздай бойлап.

Page 135: Kapasta Jazylgan Hattar

Пішән Жәлмендеұлы (1884—1921)

Талдықорған, облысының Қаратал ауданын-дағы қазіргі сБәйшегір* совхозында дүниеге кел-ген ақын әрі әнші-композитор ел билігіне де ерте араласып, алғаш рет он сегіз жасында болыс 66-лады. Тіпті, кейінірек Жетісу өңірінде совет өкі-меті орнағасын да осы қызметке қайта сайланған ' „

Алайда сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз жігіт өз бағын қызғанушылардың қырсығынан 1921-жылы абақтыға жабылады. Сауатты Пішэн жа-зықсыздығын, жалақорлық құрбаны екендігін ай-тып, заң орындарына арыз жазады. Өкінішке қарай, €шаш ал десе, бас алатын» шолақ белсен-ділер есіл ердің квзін жойып үлгерген еді. Сол оқиғаны білетіндер ақын атылғасын бір жарым сағаттан соң ғана оған бостандық беру туралы қаулының жеткенін айтады. " . ,

Абақтыда жатып көп елең жазса керек. Біраз дүниесі ел ішіне кең тарап кеткен. Бүл жинаққа енген өлеңін жазушы Үзақбай Доспанбетов €Қа-вақ эдебиеті» еазетінде (12-шілде, 1991-жыл) жа-риялаған-ды.

Пішән Жэлмендеұлыңан адамның сай-сүйегін сырқырататын сырлы саз-әуендер де қалған. Ха-лық аузынан жазьиг алып, ^Ғайша» әнін хатқа түсірген — қаламгер Орысбай Әбділдаев.

1 Жетісу өңірінде, тағы біраз жерлерде болыстық. қызмет 1925-жылға дейін сақталып кёлді.

Page 136: Kapasta Jazylgan Hattar

АРЫСТАНЫ ЕДІМ АДАМНЫҢ

Қолыма хат жазуға алдым қалам, Қөкіректе дайын нәпсі, қайғы санам. Ауылдан мен шыққалы үш ай болды, Үйдегі не болды екен қатын-балам?

Болса егер құдіретім көнер ме едім, Осыдан елді тірі көрер ме едім? Саулықтын көктемдегі қозысындай Артымнан, балатіпаға, ерер ме едің? Дүние-ай, үйге барып науқастанып, Қолыңнан, әйел, сусын берер ме ёдің? Ауырып төсегімде үш күн жатып, Онан соң ажал жетіп өлер ме едім?

Пішәннің жаназасы болыпты деп, «Бауырымдап», ағайындар, келер ме

едік? Дүние, сені арман кылмас едім, Бір молда жаназа окып, көмер ме едің?! Баласы Байқоржынның қайран Саяқбай1, Бір кезде мінбеп пе едік алтын таққа-ай?!

1 Саяқбай — жалайырдын. мырза руынан. Бұл да ТІішәнмен бірге атылған.

136

Page 137: Kapasta Jazylgan Hattar

Құдайдың құдіреті кандай кушті, Мінекей, пенде болдық бұл уақытта-ай! Өкіметтің, байқасаң, заңы қатты, Күндіз-түні сүрайды дамыл таппай.

Сәлем де сиыршының2 Аманына, Сен де болыс болыпең заманыңдз. Қаз табан тас баспаған жүйрік едім, Қадалды темір тікен табаныма. Жатырмын абақтыда, үш ай болды, Шығуға бұдан закон табамын ба?

Сердәлі, сен де аман бол, қайран Саяқ, Жылаймын уайым қып сендерді аяп. Өкіметтің, байқасаң, заңы қатты, Мен кеткесін сендерге тұр ғой таяп.

Бар еді аз ауылым — Алтын Қортық, Бір түнде аралаушы ем желіп-жортып. Қерінді өкіметтің заңы қатты, Осыдан да барамын қатты қорқып. Ауылым мен шыққанда қыстауда еді, Жирені Нұрқұсанның 8 ұстауда еді. Қөрінді бүгінгінің заңы қатты, Сегіз солдат сұрақ алып, қыеты-ау мені.

Ауылым Бесағаштың сағасында, Сәлем де Мырзабайдың баласына. Қосылған он бес жастан Ғайша жолдас, Жаудырап екі көзің қаласың ба? Бесағаш, Шиліқарын арасы бір, Жаныма орыс-қазақ таласып жүр.

2 Сиыршы — ру аты. 5 Нұрқұсан — баласы.

10—884 137

Page 138: Kapasta Jazylgan Hattar

Әгәрде олай-бұлай болып кетсем, Баласы Мырзабайдың, қарасыи жүр.

Ауылым Шиліқарын етегінде, Күрең ат Нұрқұсанның жетегінде. Жүз байтал, сегіз нарға келген Ғайша, Көре алмай дидарыңды кетемін бе?

Сәлем де жалайырдың Қарғасына, Құдай-ау, береке бер мал-басыма. Сәлем де Балаұлы Қожақмет, Түбінде Алмалының жолдасыма. Сәлем де үш қайтара дұғай-дұғай . Өзіммен қатар өскен сырласыма.

Дүние, көзім жетті жалғаныңа, Тірлікте кім көнбейді салғаныңа. Өз жасым жиырмадан асқаннан соң, Ілесті он бес жігіт жан-жағыма. Аржақта Үрімжанмен* алысқанда, Ешбір жан шыдамап ед зардабыма.

Пішән мен Жәлмёңдені көреміз деп, Жиылды талай арғын барғанымда. Мыңды алған, жүзді қуып, қыран едім, Қайрылып қанатымнан қалғаным ба? Бұл күнде абақтыға қор қылғанша, Сол күнде, құдай, мені алмадын ба?

Баласы Жәлменденің, өзім — Пішән, Табамын мұны қайдан жаман тусам? Жасымнан еш жамандық көрмеп едім, Келгенде отыз жеті бұл бір нышан.

Үрімжан — қатыгездікпен аты шыккан ірі бай.

138

Page 139: Kapasta Jazylgan Hattar

Қекілін кер бестінің кесіп алдым, Ғайшаны сағынғанда есіме алдым. Мен жесем, Бәйшегірдің малын жедім, Товарищ өкіметтің несін алдым?

Ауылым Шиліқарын маңайында, Әніне Ғайшажанның салайын ба? Қосылған он бес жастан Ғайша жолдас, Алдыңда шам-шырақ боп жанайын ба? Ауылым Әупілдектің етегінде, Шығар қасқа ат Нұрқұсанның жетегінде. Он жылқы, жүз қой беріп алған атым, Бір мінбей бұл дүниеден өтемін бе?

Ғайшадан айналайын, ақыл-ойлым, Қызығыңа, Ғайшажан, қашан тойдымі Үйге әкеліп ең алғаш түсіргенде, Тойыңа он бес бие, жүз қй»й сойдым. Басымнан отыз жеті аттап кетті, Үстімнен арыз-өсек қаптап кетті. Арқадағы ағайын, жекжаттарым Қаратып қара жерге тастап кетті.

Ауылым Қараталдың бойын қыстар, Ғайшажан барқытпенен тымақ тыстар. Осы жерде олан-бұлай болып кетсем, Қолыңан Ғайшажанның кімдер ұстар?

Сиынам арғы атама Арық — Тыным, Жан өткен бұдан бұрын неше ғылым. Аруақ шалған қасиетті бабам едің, Сақтай көр өзің оңлап, жарықтығым. Таң сарғайып атады түндік жарып, Ұйқым менің келмейді бүгін нағып?

139

Page 140: Kapasta Jazylgan Hattar

Әжі атамнык5 аруағы — жолбарысы, Қайда кеттің сыртымнан журген бағып?!

Атам кірді түсіме, Қорқу кірді ішіме. Арыстаны' едім адамның, Сенбей де калдым күшіме.

Көтер, Ғайша, басыңды, Тыя көр көзден жасыңды. От болып жанған жүрегім, Су сепкендей басылды.

5 Әжі атам — әкесі Жәлмендені айтқаны. Ол кісі қа-жылыққа барып, сонда өлген.

140

Page 141: Kapasta Jazylgan Hattar

ҒАЙША (Пішәннің яні)

ЖәлменденІқ баласы Пішән едім, Мекелайдың тұсында кісі-ақ едІм. Кісі ақысы кісігё кетпейді екен, Талай жанды тар жерде қысап едім.

Қ а й ы р м а с ы . Көтерші, Ғайша, басыңды, Күннің көзі ашылды. Дариядай көңілім Су сепкендей басылды.

Мен кеткенде ауылым жайлауда еді, Нұрғй^саның күреңі байлауда еді. Мамық төсек, құс жастық жатқанымда, Сегіз солдат келді де, «айда!» деді.

Қ а й ы р м а с ы . Сегіз солдат келді де тұра қалды, Мылтығына оқ салып, бұрап алды. Нұрғисаның достығы осы емес пе,-— Он бес қунге аттырмай сұрап алды!

Қ а й ы р м а с ы . Жүк көтерер қара нар артылғанда, Қөлдің орны сай болар тартылғанда. Келгеннен-ақ шыбын жан сезіп еді, Шаһабиден қасымда атылғанда.

Қ а й ы р м а с ы . Қонбаушы едім саз жерге татыр-ау деп, Айдамаушы ем жылқымды жатыр-ау деп. Он бес жаста қосылған Балқия * қыз, Атамаушы ем атынды қатың-ау деп.

* Балция — бәйбішесі, Ғайша — токалы.

141

Page 142: Kapasta Jazylgan Hattar

Қ а й ы р м а с ы . Ғайшатайдың қолында ақша шатыр, Қараңғы үйде қамалып Пішән жатыр. Сексен түйе, жүз бие беріп алған, Ғайшатайдың заманы не боп жатыр?

Қ а й ы р м а с ы . Жылап, Ғайша, көзіне жас алмағын, Жасып тұрған көңілді пәс қылмағын. Сенен, Ғайша, жалғыз-ақ тілейтінім — Сұңқар орнын қарғаға бастырмағын!

Қ а й ы р м а с ы . Жәлменденің баласы Пішән болыс, Жетісудың өнбойын қылдым қоныс. Нұрғисаның күреңін берсем-дағы, Бір тиындай көрмеді-ау капір орыс.

Қ а й ы р м а с ы . Ұшты, Ғайша, басыңнан бақыт құсың, Опасы жоқ жігітке дүние құрсын. Ақырғы рет ауылға айттым сәлем, Естіген жұрт қол жайып, дұға қылсын.

Қ а й ы р м а с ы .

Сұңқар едім көлдегі, Сұлтан едім елдегі. Амалым бар ма аллаға, Дәм айдаса пендені.

Өлі тілін тірі алмас, Пішән енді жүре алмас. Баяғыдай сайран сап, Едде ойнап, күле алмас.

142

Page 143: Kapasta Jazylgan Hattar

Ахат Шәкерімұлы (1900—1984)

Ахат Құдайберді немересі қырық екі жыл бойына қазақ жастары алдында ұстаэдық қызмет жасап, 1968—1976-жылдары Жидебайдағы, сонан соң Семейдегі Абайдың республикалық әдеби му-зейін басқарған.

Жаппай зобалаң тұсында Құнанбай ұрпақта-рын да қудалау басталғанда құрықтың бір үшы Ахатқа түседі. 1931—1932-жылдары жазықсыз сот-талып кёте барады. Қапаста қамығып жатып аяу-лы. әкесінің жантүршігерлік қазасын естиді. Ал 1937-жылы <халық жауы» деген атпен тағы ұста-лып, екі жарым жылдан соң ғана әрең дегенде щталып шыққан.

Ақынның абақты жырларын сҚазақ әдебиеті» газетіндегі (1992-жыл, 24-көкек) жарияланым бо-йынша ұсынып отырмыз.

Жинап-бастырған — белгілі журналист Бейбіт Сапйралин.

Page 144: Kapasta Jazylgan Hattar

ҚОРҚЫТПАПДЫ МЕНІ ДАР

КАЙДАСЫҢ, КАИРАТ, КАИДАСЫҢ (1937-жыл, Түрмеде жазылды)

Мамасын ана еметін, Маужырап бауырына енетін, Ләззат бойды жеңетін — Сол күндер бүгін қайдасың?!

Тәтті ұйқыға бататын, Қызықпен таңым ататын, Қайғысыз, қамсыз жататын — Сол күндербүгін қайдасың?!

Еңбектеп зорға жүретін, Шақырғанды білетін, Махаббатпен күлетін — Сол күндер бүгін қайдасың?!

Мен үшін анам күйетін, Жан болмайтын тиетін, Мейірлене сүйетін — Сол күндер бүгін қайдасың?!

Ш

Page 145: Kapasta Jazylgan Hattar

Апыл-тапыл басатын, Жүгірем деп сасатын, Мойнына әке асатын— Сол күндер бүгін қайдасың?!

Сөйлесем қызық көретін, Сөйлеткісі келетін, Қалағанды беретін — Сол күндер бүгін қайдасың?!

Көңілімде жоқ ешбір дақ, Бейілім адал, жүрек ақ, Жаным нұрлы, денем пәк — Сол күндер бүгін қайдасың?

Топырақ шашып ойнаған, Ойынға әсте тоймаған, Уайым жоқ ойлаған — Сол күндер бүгін қайдасың?!

Жат баламен танысқан, Жалаң аяқ жарысқан, Ақсүйек ойнап алысқан — Сол күндер бүгін қайдасың?!

Алтыбақан тебіскен, Асық атып керіскен, Ашусыз, кексіз келіскен — Сол күндер бүгін қайдасың?!

Сдбақ оқып жүрген кез, Бақытты өмір сүрген кез, Балалық уақыт өтті-ау тез — Сол күндер бүгін қайдасың?!

145

Page 146: Kapasta Jazylgan Hattar

Жар қызығын көрген кез, Жар тілегін берген кез, Жемісін жастық терген кез — Сол күндер бүгін қайдасың?!

Қосылып жарға жатқан кез, Бақыт таны атқан кез, Махаббатқа батқан кез — Сол күндер бүгін қайдасың?!

Бақытты күнді сағындым, Қебінін қайғы жамылдым, Абақтыға жабылдым — Қайдасың, ажал, қайдасың?!

Тергеуден босар күнім жоқ, Тартпайтын азап түнім жоқ, Қу жаныма тыным жоқ — Қайдасың, ажал, қайдасың?! Алынбай шындық дегенім, Батты таяқ жегенім, Қүші кетті дененің — Қайдасьщ, ажал« қайдасың?! Азаппен өртеп жанымды, Қинауға салып тәнімді, Қетірді қуат, әлімді — Қайдасын, ажал, қайдасың?! Тергеуші, мейлің сабай бер, Бар пәлені жамай бер, Қылмысты үйіп санай бер — ҚаЁдасын, қайрат, қайдасың?! Тұтқын қылып байлай бер, Қөрімді қазып сайлай бер,

146

Page 147: Kapasta Jazylgan Hattar

Меилің шетке айдай бер, Қайдасың, қайрат, қайдасын?!

Қорқытпайды мені дар, Тіліңді енді тарт, мұндар. Өлімнен қорқып сатпан ар ->-Қайдасың, қайрат, қайдасық?!

Бататын маған сүйген жар, Бойымда кетсін таза ар, Балалар өксіп төкті-ау зар — Қайдасың, қайрат, қайдасың?!

Таза достық, махаббат, Өмірде маған сол қымбат, Болмады бастың еркі азат — Қайдасың, қайрат, қайдасың?!

Page 148: Kapasta Jazylgan Hattar

ТҮРМВДЕН (1937-ясыл)

Аштырмадьг адалдықтың есігін, Жауызжандар бёрді ауыр кесігін. Жаралы жан, жүйрік оймен қиялдың Әлдилейін, тербетейін бесігін.

Үшқыр ойым, шартарапты кезерсің, Кезіп жүріп, көп жайларды сезерсің. Қорғасындай ауыр жүкті әкеліп, Жүрегімді жараларсың, езерсің!

Қаза әкеліп, жылатарсың, жылармын, Қайғы беріп, қайғыртарсың,

шыдармын. У берёрсің — улатарсың бойымды, Су берерсін, сусындармын, тынармыні

Күлдірерсін, гүл әкеліп берерсің, Көнілімді жұбатарсың, бөлерсің. Ажал келер, тоқталарсың, ноқталар, Қараңғы, тар, суық көрді көрерсің!

Жүйрік ойым, не сүйдірдің, не бердің, Тұрағы бар не көрсеттің, не көрдім?! Аяғында ажалға өмір құл болып, Қелмегендей дүниеге жөнелдім!

148

Page 149: Kapasta Jazylgan Hattar

МАЗіМҮНЪІ

Ойқазық » . . . . . . . . . 3

Асанбай Асқаров

Адалдық түбі жеқеді . . . . . . . 9

Кайрат Рысқұлбеков Ақтық сөз 31 Кездесеміз әлі де 34 Түрме жыры 35 Ана тілі 36

Шахан Мусин Түрме түндері . . ... . . . . . 39 Қолыма 43 Гулаг . . . . . . . . . . . 45 Қуаныш . . . . . . . . . . 46 Бір жендетіме . . . . . . . . 47 Ертісіы менің, Ертісім . . . . . . 48

Бүркіт Ысқақов Душар боп бейнет сорыма . . . . . 53 Юршік жоқ бірақ ойымда . . . . . . 54 Жамбасыма сыз батып 55 Артымда бар ел-жұртым . 5 6 Қош, Алматым! 57 Қинайды солар жанымды 58 Арман 60 Накақ тұтқынның ңаразылығы . . . . 6 1 Прокурор . , 63

Байдүкен Жұмаділұлы Тергеуде . . . . . . . . . . 67

149

Page 150: Kapasta Jazylgan Hattar

Насихат Сүгірулы Меиі еліинен айырган 87

Ығылман Шерекұлы Торда отырған ақ сұқкар . ; 108-

Файэолла Сатыбалдыұлы Ұзак жол > 115-Міржақыпти жоқтап, Ідірісті жұбату . . 124

Закария Сағындықұлы Сапарым болғай саламат . . . . . . 128

Пішән Жәлмендеұлы Арыстаны едім адамның 136 Ғайша . , , . . . . . . . 1 4 1

Ахат Шәкерімұлы Қайдасың, қайрат, қайдасың . . . . 144 Турмеден 148

Page 151: Kapasta Jazylgan Hattar

ББК 84 Қаз 7-5 Қ 40

Редакторы Е. Дүйсеңбаев

Қапаста жаэылған хаттар; Қ 40 (Жала құрбандарының жырлары),—

Алматы, 1992.-- 152 б. ІЗВЫ 5-610-01151-5

Бұл жинаққа енген жыр-толғаулардаң бәрг де еліміз әр жылдары басынан кешірген қнлы ке-зендер мен қайғылы оқиғалар негізінде туған. Жас өмірлері абақтыларда өксікпен өткен сегі» арыстың өлең хаттары, сондай-ақ кешегі Жел-тоқсан оқиғасына орайлас «өлін мен өмір орта-сында отырып» келген ардагер ағамыз Асанба* Аскаровтың толғанысы есті қазақты бейтарап қалдырмас...

ББКв4Қаа7-5 4702250202—032

Қ -—408(05)92 құлақтандырылмаған 92

Page 152: Kapasta Jazylgan Hattar

ҚАПАСТА ЖІАЗЫЛҒАН ХАТТАР

(Стихи репрессированных поэтов)

Қөркеидеуші редакторы — С. Макаренко Суретшісі — Г. Мукатов

Технвкалық редакторы — Н. Кушнарева

ИБ МЬ 4821 Теруге 29.04.92 жіберілді. Басуға 17.07.92 қол қойылды. Қалпы 70X90'/». Қағазы Мк 2. Қаріп түрі «эдебв». Шы-ғыққы басылыс. Шартты баяу квлемі 5,77. Шартты баспа табағы 5,56. Есептік басылу табағы 5,48. Үзыв савы

13 000 дава. Тапсырыс № £84. Қелісіиді баға. Қазақстав Республвкасы Баспасеэ жәве бүқаралық ақ-парат нівістірлігінів, «Жалыв» баспасы, 480124, Алиа-

ты қаласы, Абан дақғылы, 143-үв. Қазақстав Республвкасы Баспасвз жәве бүқаралық ақ-парат иівістірлігініқ «ҚІТАП» полиграфиялық кәсіп-орывдары өндірістік бірлестігініқ бвлет-блавк жәие же-деа ввіндер баспахавасы, 480016, Алнаты қаласы,

К. Марке кешесі, 15/І-үЯ.

Page 153: Kapasta Jazylgan Hattar