32
Мазмұны 1. Жоғары оқу орны туралы ақпарат ......................................................... 2 2. Ректорат ...................................................................................................... 2 3. Құрылымдық бөлімдер туралы қысқаша ақпарат.............................. 3 4. Деканаттар мен кафедралар.................................................................... 4 5. Мамандықтар коды мен атауы................................................................ 9 6. Глоссарий.................................................................................................... 11 7. Жоғары оқу орнында оқу үдерісінің ұйымдастырылуы жөніндегі мәлімет........................................................................................................ 13 8. Жоғары оқу орны ішіндегі тәртіп туралы жалпы мәлімет, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері............................................ 15 9. Университеттің спорт секциялары мен шығармашылық бірлестіктері................................................................................................ 16 10. Студенттерді оқу пәндеріне тіркеу тәртіптері...................................... 19 11. Білім алушыларды бағалау және ағымдық, аралық, қорытынды бақылауларды ұйымдастыру тәртібі.................................................... 19 12. Студенттерді ауыстыру, қайта қабылдау және оқудан шығару тәртібі жөніндегі мәліметтер ................................................................... 22 13. Академиялық күнтізбе.............................................................................. 24 14. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру жөніндегі мәлімет........................................................................................................ 25 15. Жоғары оқу орнындағы материалдық және ақпаратты қорды пайдалану ережесі .................................................................................... 28

Мазмұны - static.rsiu.kzstatic.rsiu.kz/article/files/jolsilteuw.pdf · Глоссарий..... 11 7. Жоғары оқу орнында оқу үдерісінің ұйымдастырылуы

  • Upload
    others

  • View
    27

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

1

Мазмұны

1. Жоғары оқу орны туралы ақпарат ......................................................... 2

2. Ректорат ...................................................................................................... 2

3. Құрылымдық бөлімдер туралы қысқаша ақпарат.............................. 3

4. Деканаттар мен кафедралар.................................................................... 4

5. Мамандықтар коды мен атауы................................................................ 9

6. Глоссарий.................................................................................................... 11

7. Жоғары оқу орнында оқу үдерісінің ұйымдастырылуы жөніндегі мәлімет........................................................................................................

13

8. Жоғары оқу орны ішіндегі тәртіп туралы жалпы мәлімет, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері............................................

15

9. Университеттің спорт секциялары мен шығармашылық бірлестіктері................................................................................................

16

10. Студенттерді оқу пәндеріне тіркеу тәртіптері...................................... 19

11. Білім алушыларды бағалау және ағымдық, аралық, қорытынды бақылауларды ұйымдастыру тәртібі....................................................

19

12. Студенттерді ауыстыру, қайта қабылдау және оқудан шығару тәртібі жөніндегі мәліметтер ...................................................................

22

13. Академиялық күнтізбе.............................................................................. 24

14. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру жөніндегі мәлімет........................................................................................................

25

15. Жоғары оқу орнындағы материалдық және ақпаратты қорды пайдалану ережесі ....................................................................................

28

2

1. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті» 2012 жылдың тамыз айында «Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті» мен «Академиялық инновациялық университеті» жоғары оқу орындарының өзара бірігуі арқылы құрылған. Мемлекеттік лицензия жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру қызметі бойынша АБ сериялы № 0142761, 13.08.2012 ж. берілген. Мерзімі шектеусіз.

Бүгінгі таңда Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет - мамандар даярлауда халықаралық деңгейдегі озық технология, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданатын, оқу үрдісіне кеңінен ендірген қазіргі заман талабына сай, білім мен ғылымның инновациялық дамуын алға қойып отырған алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі. Университеттің құрамында 7 факультет және 15 кафедра жұмыс жасайды. Оқу үдерісін жүзеге асыру кредиттік және қашықтықтан оқыту технологиясының негізінде жүргізіледі. Университетте сабақтар 2 ауысыммен, мемлекеттік және ресми тілдерде жүргізіледі. Студенттердің сапалы да саналы білім алулары үшін барлық оқу жүйесі бүгінгі заман талабына сай жаңа заманауи техникамен жабдықталған зертханалар мен дәрісханалар, спорт кешені, кітапхана, компьютер орталығы, ғылыми конференция, семинарларды өткізетін орын, асхана, медициналық бөлім және жатақхана қызмет етеді. Ал университеттің арнайы жабдықталған компьютерлік дәрісханаларында барлық компьютерлер толығымен интернет желісіне қосылған. Орыс және ағылшын тілдерін студенттерге жеке меңгеру мақсатында лингафондық кабинет жұмыс жасайды. Сонымен қатар, университеттің профессор-оқытушылары мен студенттері ғаламтор арқылы жаңалықтармен, мәліметтермен танысып, оларды өз қажеттіліктеріне пайдалана алады.

2. РЕКТОРАТ

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті ректоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор БОРАНБАЕВ САНДЫБАЙ РЕЖЕПОВИЧ

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің

оқу және инновациялық технологиялар жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

МАМАЕВ КАЙРАТ СЕРИКБАЕВИЧ

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстары және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор ДОСЖАН РАЙХАНГҮЛ АБДУҒАЛИҚЫЗЫ

3

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің оқу әдістемелік және қашықтықтан оқыту істері жөніндегі проректоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор ЕЛІКБАЕВ БАУЫРЖАН КӨШКІНБАЙҰЛЫ

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры,

филология ғылымдарының кандидаты ӘЛІМБАЕВ МЕДЕУ ЕРКІНҰЛЫ

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің әкімшілік шаруашылық істер жөніндегі проректоры,

СЫПАБЕКОВ НУРБОЛ САГЫНДЫКОВИЧ

3. ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМДЕР ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің құқықтық қамтамасыз ету және кадрлармен жұмыс бөлімінің бастығы

АСАБАЕВ ЖАНИБЕК АЙТБАЕВИЧ әкімшілік ғимараты, кабинет №211

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің

бас есепшісі НЫШАНАЛИЕВА ГУЛЖАН ТУРЕХАНОВНА

әкімшілік ғимараты

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің оқу бөлімінің меңгерушісі

ДЖУМАДИЛЛАЕВА ГУЛЖАМАЛ НУРТАЗАЕВНА әкімшілік ғимараты, кабинет №102

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің

ЖООКБ меңгерушісі ҚАЛДЫБАЕВ ӘБДІМӘЛІК ҚАЛДЫБАЙҰЛЫ

әкімшілік ғимараты

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің сапа менеджмент және аккредиттеу бөлімінің меңгерушісі

КАСИМБЕКОВА БАРШАГУЛ АНАРБАЕВНА әкімшілік ғимараты, кабинет №205

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің қашықтықтан білім беру орталығының меңгерушісі

ЖАНТЕЛІ ХАСЕН АСҚАРҰЛЫ әкімшілік ғимараты, кабинет №104

4

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің

ақпараттық және инновациялық технологиялар бөлімінің меңгерушісі ТӨРЕБЕК ЕРЛАН ЖАНДАРБЕКҰЛЫ

бас оқу ғимараты

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің офис тіркеушілер бөлімінің меңгерушісі

ТОГАЕВА ВЕНЕРА БЕРИКОВНА бас оқу ғимараты

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің

мониторинг және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің меңгерушісі МАЙЛЫБАЕВ МАРАТ СЕРИКБАЕВИЧ

әкімшілік ғимараты, кабинет №206

Аймақтық әлеуметтік-ин7новациялық университетінің кітапхана меңгерушісі

КАМБАРБЕКОВА АДИСА ЖАМАЛБЕКОВНА оқу ғимараты

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің

іс-тәжірибе бөлімі меңгерушісі КАТБАЕВА МАЙРА ТУРГАНБАЕВНА

оқи ғимараты, кабинет №109

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің баспасөз қызметінің жетекшісі

АСКАРОВ УСЕН ФАЙЗУЛЛАЕВИЧ әкімшілік ғимараты

4. ДЕКАНАТТАР МЕН КАФЕДРАЛАР

ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет атауы

Факультет деканы Кафедра атаулары Кафедра меңгерушісі

Гуманитарлық-педагогикалық

Факультет деканы

Алибаева Э.Т. а.ш.ғ.к.

.

Қазақ тілі мен әдебиеті Ф.ғ.к. Танабаева Г. Мектепке дейінгі және бастауыш білім

Ф.ғ.к. Қалыбеков Б.

Педагогика және психология

П.ғ.к. Майлыбаева Л.С.

5

Гуманитарлық-педагогикалық факультетіне қарасты мамандықтар

Кафедра атаулары Бакалавр мамандықтары

Магистратура мамандықтары

Қазақ тілі мен әдебиеті 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектепке дейінгі және

бастауыш білім

5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

5В010200-Бастауыш оқытудың педагогика-сы мен әдістемесі

6М010200-Бастауыш оқытудың педагогика-сы мен әдістемесі

Педагогика және психология

5В010300-Педагогика және психология

6М010300-Педагогика және психология

Мекен жайы: Шымкент қаласы, Д. Құрманбеков көшесі 4Б үй, А ғимараты

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІМ ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет атауы Факультет деканы

Кафедра атаулары Кафедра меңгерушісі

Физика-математика және кәсіби білім Факультет деканы

Ф.ғ.к. Керімбаев Д.М.

Математика, физика және информатика

PhD Бердиева М.А.

Кәсіби оқыту және бейнелеу өнері

П.ғ.к., аға оқытушы Ахмет Л.С.

Физика-математика және кәсіби білім факультетіне қарасты мамандықтар

Кафедра атаулары Бакалавр

мамандықтары Магистратура

мамандықтары Математика, физика және информатика

5В010900-Математика 5В011000-Физика 6М011000-Физика 5В011100-Информатика

5В060100-Математика 6М060100-Математика Кәсіби оқыту және

бейнелеу өнері 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу

5В012000-Кәсіптік оқыту

6М012000-Кәсіптік оқыту

Мекен жайы: Шымкент қаласы, Д. Құрманбеков көшесі 4Б үй, Б ғимараты

6

БИЗНЕС ЖӘНЕ ТЕХНИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет атауы Факультет деканы

Кафедра атаулары Кафедра меңгерушісі

Бизнес және техника Факультет деканы Э.ғ.к. Ертаев Е.Ж.

Бизнес Э.ғ.к., доцент Қалықұлов Қ.М.

Ақпараттандыру және

стандарттау Ф-м.ғ.к.

Жүнісбеков Ж.С.

Бизнес және техника факультетіне қарасты мамандықтар

Кафедра атаулары Бакалавр мамандықтары

Магистратура мамандықтары

Бизнес

5В050600-Экономика 6М050600-Экономика 5В050800-Есеп және аудит

6М050800-Есеп және аудит

5В050900-Қаржы 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару

Ақпараттандыру және стандарттау

5В070300-Ақпараттық жүйелер

5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология

6М073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология

Мекен жайы: Шымкент қаласы, Тоқаев көшесі, 27 үй

ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет атауы

Факультет деканы Кафедра атаулары Кафедра меңгерушісі

Өнер және спорт Факультет деканы

Филос.ғ.д. Тлеубаев С.Ш.

Дене шынықтыру және әлеуметтік ғылымдар

П.ғ.к. Алшынбаев К.И.

Өнер Сәулет ғ.к. Нысанбаев Б.С.

7

Өнер және спорт факультетіне қарасты мамандықтар

Кафедра атаулары Бакалавр мамандықтары

Магистратура мамандықтары

Дене шынықтыру және әлеуметтік ғылымдар

5В010800-Дене шынықтыру және спорт

6М010800-Дене шынықтыру және спорт

5В050100-Әлеуметтану

5В050200-Саясаттану 6М050200-Саясаттану

Өнер 5В040900-Хореография

5В041400-Графика 5В041700-Сәндік өнер 5В042100-Дизайн 6М042100-Дизайн

Мекен жайы: Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы көшесі, 4/3.

т. 40-82-95

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет атауы Факультет деканы

Кафедра атаулары Кафедра меңгерушісі

Жаратылыстану Факультет деканы Б.ғ.к. Пошаева Г.

Биология және химия Б.ғ.к. Асабаев Ч. Экология Х.ғ.к. Жылысбаева

А.Н.

Жаратылыстану факультетіне қарасты мамандықтар

Кафедра атаулары Бакалавр мамандықтары

Магистратура мамандықтары

Биология және химия

5В011200-Химия 6М011200-Химия 5В011300-Биология 6М011300-Биология 6М060600-Химия

Экология

5В060700-Биология 6М060700-Биология 5В060800-Экология 6М060800-Экология

Мекен жайы: Шымкент қаласы, Өндірістік көшесі 5 үй, З ғимараты

8

ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет атауы Факультет деканы

Кафедра атаулары Кафедра меңгерушісі

Филолгия және құқық Факультет деканы

П.ғ.к. Пәзіл Ә.

Музыкалық білім ЖАК доценті Губайдуллин Ө.

Тілдер Ф.ғ.к., доцент Балхыбекова Ы.

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер

Т.ғ.к. Орынбасарова Г.

Құқықтану З.ғ.к. Жақсылықов Н.

Филология және құқық қарасты мамандықтар

Кафедра атаулары Бакалавр мамандықтары

Магистратура мамандықтары

Музыкалық білім 5В010600-Музыкалық білім

Тілдер

5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті

6М020500-Филология (орыс тілі)

5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі

5М011900-Шетел тілі: екі шетел тілі

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер

5В011400-Тарих 5В011600-География 5В020300-Тарих 6М020300-Тарих

Құқықтану 5В011500-Құқық және экономика негіздері

5В030100-Құқықтану

6М030100-Құқықтану

Мекен жайы: Шымкент қаласы, Өндірістік көшесі 5 үй, З ғимараты

9

5. МАМАНДЫҚТАР КОДЫ МЕН АТАУЫ

Мамандықтар бойынша оқу топтарын нөмірлеу

№ Мамандық атауы Мамандық кодифика-

циясы 1. 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту мен

тәрбиелеу 101

2. 5В010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 6М010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

102

3. 5В010300-Педагогика және психология 6М010300-Педагогика және психология

103

4. 5В010600-Музыкалық білім 106 5. 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу 107 6. 5В010800-Дене шынықтыру және спорт

6М010800-Дене шынықтыру және спорт 108

7. 5В010900-Математика 109 8. 5В011000-Физика

6М011000-Физика 110

9. 5В011100-Информатика 111 10. 5В011200-Химия

6М011200-Химия 112

11. 5В011300-Биология 6М011300-Биология

113

12. 5В011400-Тарих 114 13. 5В011500-Құқық және экономика негіздері 115 14. 5В011600-География 116 15. 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті 117

16. 5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті 118 17. 5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі

5М011900-Шетел тілі: екі шетел тілі 119

18. 5В012000-Кәсіптік оқыту 6М012000-Кәсіптік оқыту

120

19. 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

123

20. 5В020300-Тарих 6М020300-Тарих

203

21. 6М020500-Филология (орыс тілі) 205 22. 5В030100-Құқықтану

6М030100-Құқықтану 301

10

23. 5В040900-Хореография 409 24. 5В041400-Графика 414 25. 5В041700-Сәндік өнер 417 26. 5В042100-Дизайн

6М042100-Дизайн 421

27. 5В050100-Әлеуметтану 501 28. 5В050200-Саясаттану

6М050200-Саясаттану 502

29. 5В050600-Экономика 6М050600-Экономика

506

30. 5В050800-Есеп және аудит 6М050800-Есеп және аудит

508

31. 5В050900-Қаржы 509 32. 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті

басқару 510

33. 5В060100-Математика 6М060100-Математика

601

34. 6М060600-Химия 606 35. 5В060700-Биология

6М060700-Биология 607

36. 5В060800-Экология 6М060800-Экология

608

37. 5В070300-Ақпараттық жүйелер 703 38. 5В073200-Стандарттау, сертификаттау және

метрология 6М073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология

732

Ескерту: с, сқ, сж, к, кқ, кж белгілеулері: С - сыртқы (5 жылдық); СҚ – сыртқы қысқартылған (3 жылдық); СЖ – сыртқы жеделдетілген (2 жылдық); К – кешкі, КҚ - кешкі қыстартылған, КЖ - кешкі жеделдетілген; Қ – күндізгі қысқартылған; Оқу топтарының саны оқуға түскен жылының алдында жазылады (мысалы: А102-11, А102-21): 1-7 қазақ тілді оқу топтары үшін; 8-9 орыс тілді оқу топтары үшін.

11

6. ГЛОССАРИЙ

Оқытудың кредиттік технологиясы – оқытушы мен білім алушының оқу жұмыстар көлемінің өлшем бірлігі ретінде кредитті пайдаланып, білім алушының пәндерді меңгеру ретін таңдауы немесе өз бетінше жоспарлау негізінде білім алуы. Оқытудың кредиттік технологиясы жинақтаушы сипатқа ие, яғни, білім алудың барлық деңгейінде ертеректе алынған кредиттердің өсу есебі негізінде жүреді.

Негізгі түсініктер мен анықтамалар: 1) Академиялық күнтізбе - оқу жылы барысында демалыс күндері

көрсетілген білім алу мен бақылау шараларының, іс тәжірибесін өткізудің күнтізбесі.

2) Академиялық кезең – білім беру ұйымы тарапынан таңдалып, үш форманың бірінде жүргізілетін теориялық білім беру кезеңі. Олар: семестр, триместр, квартал.

3) Білім алушының академиялық рейтингі – қорытынды аттестация нәтижелерінде көрініс табатын білім алушының бағдарламадағы материалды меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші.

4) Академиялық дәреже – білім алушының қорытынды аттестация нәтижелері бойынша білім беру ұйымы тарапынан берілетін білім берудегі қажетті оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесі.

5) Академиялық сағат – дәріс пен практикалық сабақта 1 контакт сағатқа (50 минут) тең, зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесінің 2 контакт (100 минут) сағатына, сонымен қатар барлық оқу іс тәжірибелерінде 1 контакт сағатқа (50 минут), барлық өндірістік іс тәжірибесінде 5 контакт сағатқа (250 минут) тең.

6) Оқу пәніне жазылу – білім беру ұйымы қарастырған тәртіп негізінде білім алушылардың алдын ала оқу пәндеріне жазылу рәсімі.

7) Білім алушының қорытынды аттестациясы - білім алушылардың білім беру деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін шара.

8) Білім алушының аралық аттестациясы - білім алушының бір пәнді оқып аяқтаған кезде сол пәннің бір бөлігін немесе барлық көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін шара; аралық аттестация білім алушының білімін модульдік-рейтингтік тексеру барысында және емтихан алу түрінде жүзеге асады. Емтихан жазбаша, тестілеу, ауызша, араласа түрде жүреді.

9) Кредит – оқытушы мен білім алушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін бірыңғай бірлік. Бір кредит білім алушының академиялық кезең барысында аптасына аудиториялық байланыс жұмысындағы 1 академиялық сағатқа тең. Дәрістік, практикалық және студиялық сабақтардың әр академиялық сағаты міндетті түрде 2 сағат (100 минут) студенттің өзіндік жұмысымен жалғасады (СӨЖ), магистратурада 4 сағат магистранттың өзіндік жұмысымен жалғасады (МӨЖ), докторантурада 6

12

сағат (300 минут) докторанттың өзіндік жұмысымен (ДӨЖ) жалғасын табады.

10) Тіркеу бөлімі – білім алушының барлық оқудағы жетістіктері тарихын тіркеумен айналысатын, білімнің барлық бақылау түрлерін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін және олардың академиялық рейтингін есептейтін қызмет орны.

11) Постреквизиттер – қазіргі кезде оқып үйреніп жатқан пәннен алатын білім мен дағды қажет болатын пәндердің тізімі.

12) Пререквизиттер – оқытылатын пәнге қажетті білім мен дағдыны қалыптастыратын пәндер тізімі.

13) Пән бағдарламасы – оқытылатын пәннің мақсаты мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, әр сабақтың тақырыбы мен жалғасымдылығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, кеңес беру уақытын, білім алушының білімін модульдік-рейтингтік тексеру кестесін, оқытушының талаптарын, бағалау ережелері мен критерилерін сипаттайтын оқу бағдарламасы.

14) Білім алушының өзіндік жұмысы (БАӨЖ) – оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде бақыланатын өз бетінше оқып үйренуге арналған тақырыптар тізімі; білім алушылардың категорияларына байланысты оларды студент өзіндік жұмысы (СӨЖ), магистрант өзіндік жұмысы (МӨЖ), докторант өзіндік жұмысы (ДӨЖ) деп бөлеміз.

15) Оқытушының жетекшілігімен жасалатын студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – кестеде көрсетілген оқытушының басшылығымен жасалынатын білім алушы өзіндік жұмысы; білім алушылардың категорияларына байланысты ол оқытушының жетекшілігімен жасалынатын студент өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен жасалынатын магистрант өзіндік жұмысы (ОЖМӨЖ) деп бөлінеді.

16) Транскрипт – білім алудың белгілі бір кезеңінде меңгеріліетін пәндердің тізімі бар кредиті көрсетілген әріптік және сандық белгілермен бағасы көрсетілген қалыптасқан формадағы құжат.

17) Тьютор – білім алушыға пәнді оқытушымен оқып үйренуіне көмектесетін тұлға.

18) Үлгерімді ағымдық бақылау – білім алушыны оқытушы тарапынан әр тақырып бойынша және/немесе оқу пәнінің бөлімдері бойынша оқу жетістіктерінің жүйелі түрде бақылануы.

19) Эдвайзер – белгілі бір мамандықта білім алушыға академиялық тәлімгер қызметін көрсететін оқытушы, ол білім алу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын құруға) және оқу кезеңі барысында білім беру бағдарламасын меңгеруге көмектеседі.

20) Элективті пәндер – таңдау пәндері қатарына кіретін білім беру ұйымы бекітетін оқу пәндерінің (пән бойынша курстардың) тізімі.

13

Қарастырылған кредиттер шеңберінде солардың ішінен бірнешесін таңдау арқылы білім алушылар жеке оқу жоспарларын жасайды.

7. ЖОО-ДА ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ

АҚПАРАТ Академиядағы оқу үдерісін ұйымдастыру және жоғары кәсіби білім

аумағында білім беру бакалавриат мамандықтары бойынша - жалпыға міндетті білім беру стандарттарына; - типтік оқу жоспарларына; - оқу жұмыс жоспарларына; - пәндердің типтік оқу бағдарламаларына; - пәндердің оқу жұмыс бағдарламалары және басқа да міндетті

құжаттарға сәйкес жоспарланады және ұйымдастырылады. АӘИУ-нің оқу үдерісінің ұйымдастырылуы академияның күнтізбесі,

оқу сабақтары мен студенттерге кеңес беру кестесімен бекітілген оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.

Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Оқу жылы 36 апта (немесе 2 семестр), оның ішінде 30 аптасы

теориялық оқыту, 4 аптасы – студентті қорытынды бақылау; 2 аптасы – демалыс кезеңінен тұрады.

Оқу семестрі 15 аптадан тұрады. Әрбір лекциялық, тәжірибелік (семинарлық) сабақтың академиялық

сағаты ОЖСӨЖ-дің бір сағаты және СӨЖ-дің бір сағатымен ере жүреді. Академиялық сағат лекциялық, практикалық (семинар) 1 контакт

(50 минут) сағатқа, немесе зертханалық сабақ және дене тәрбиесі сабақтары 2 контакт (100 минут) сағатқа, немесе іс-тәжірибенің барлық түрі 5 контакт (250 минут) сағатқа тең.

Оқу жылы жазғы семестр есебінен 10 апта ұзақтығымен созылуы мүмкін. Жазғы семестр студенттің қосымша білім алу, академиялық қарыздарды жою және оқу бағдарламаларында академиялық айырмашылықты жою мақсатында пайда болған қалауы бойынша ұйымдастырылады.

Бакалавриатта білім алудың бүкіл кезеңінің академиялық көлемі 40 оқу пәнін құрайды.

Қорытынды бақылау жазбаша немесе тест түрінде өткізіледі. Студенттің білімін бағалау рейтингтік бақылау нәтижесін ескере

отырып, 100 балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады. Студентке оқу-әдістемелік кешен ұсынылады. Оған: - оқу жоспарының әрбір пәні бойынша оқу бағдарламасы

(syllabus); - әрбір пән бойынша оқу-әдістемелік құралдар пакеті: курстың

тематикалық жоспары, лекция тезистері, практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспарлары, СӨЖ және ОЖСӨЖ жоспарлары, СӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар, тестілер енеді.

14

Студенттердің оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді кафедралар жүзеге асырады және келесі оқу-әдістемелік құралдар пакетін ұсынады:

- оқу жоспарларының әрбір пәні бойынша аудиториялық жұмыстарға арналған құралдар, оның ішінде лекциялар, семинар сабақтарының жоспарлары, т.б.;

- студенттердің өзіндік жұмысына арналған құралдар, оның ішінде әрбір пән бойынша өзін-өзі бақылау материалдары, тестілер, бақылау тапсырмалары;

- іс-тәжірибеден өтуге арналған материалдар, оның ішінде барлық түрі бойынша бағдарламалар, есептік құжаттар үлгілері.

Студентті курстан курсқа академиялық ауыстыру Ғылыми Кеңеспен бекітілген өту балына сәйкес жүзеге асырылады (GРА).

Бектілген өту балын (GРА) жинай алмаған студентке білім алудың қайта оқу курсы ұсынылады.

Жазғы семестр оқу жылы біткен соң ақылы негізде өтеді: академиялық қарыздарды жою үшін; оқу бағдарламаларындағы академиялық айырмашылықтарды тапсыру үшін.

Жазғы семестрдің ұзақтығы 6 аптаға дейін. Жазғы семестрді: рейтинг нәтижесі бойынша емтиханға жіберілмегендер; қорытынды бақылаудан «қанағаттанарлықсыз» баға алғандар»; емтиханға себепсіз келмегендер; қайта қабылдау, ауысу және академиялық демалыстан ауысу

кезінде академиялық пән айырмашылықтары бар студенттер тапсырады.

Студенттің жазғы семестрге қатысуы келесі білім қызметтері

түрлерін орындауға негізделген: пән бойынша барлық лекцияларға, практикалық сабақтарға,

ОЖСӨЖ-на қатысу; СӨЖ көлемін өз бетінше меңгеру.

15

Студент деканатқа оқытушының қолы қойылған оқылған сағаттар (кредиттер) көрсетілген жеке жоспар кестесін тапсыруы тиіс. Егер жеке жоспар кестесі мерзімде тапсырылмаса студент емтиханға жіберілмейді.

Жеке жоспар кестесін талдап болған соң деканат емтиханға жіберу туралы өкім шығарады.

Емтиханды қайта тапсырғанда оның бекітілген алғашқы тапсыру түрі сақталады.

Жазғы семестрде меңгерілген пәндер бойынша емтихан нәтижелері келесі оқу жылының GРА есептегенде ескеріледі.

Пәнді қайта оқыған соң академиялық қарыз жойылмаса, егер өту баллы (GРА) жеткілікті болса, студент келесі курсқа академиялық қарызымен өткізіледі және келесі семестрде немесе жазғы семестрде оны ақылы негізде қайта оқиды.

Пәнді қайта оқыған соң академиялық қарыз жойылмаса, егер өту баллы (GРА) жеткіліксіз болса, студент келесі курсқа өтпейді, ақылы негізде курсты қайта оқиды (өтініші болса).

Академиялық пән айырмашылықтарын жою үшін жазғы семестрді ұйымдастыру келесі ретпен жүзеге асырылады:

Декан орынбасары студенттің өтініші бойынша: Академиялық айырмашылықты құрайтын пәндер тізімін жасайды; Академиялық айырмашылықты жою мерзімдерін анықтайды; Пәндерді оқытатын кафедралар тізімін анықтайды. Студент пән айырмашылықтары бойынша оқу ақысын төлеген соң,

деканат маманымен сәйкес құжаттар беріледі. Бекітілген мерзімде жойылмаған академиялық айырмашылық

академиялық қарыз болып есептеледі.

8. ЖОО ІШІНДЕГІ ТӘРТІП ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ, БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Студент құқықтары: - мамандықтардың жалпыға міндетті стандарттар аумағында білім

алу; - жеке траектория аумағында білім алу; - қосымша білім беру қызметтерін пайдалану; - қайта қабылдану, бір мамандықтан басқасына заңмен

белгіленген тәртіп бойынша ауысу; - АӘИУ-ның техникалық орталықтары және кітапхананың ақпарат

қорларын тегін пайдалану; - оқитын пәндер бойынша силлабустарды тегін пайдалану; - жеке көзқарасы мен пікірлерін еркін білдіру; - Мемлекеттік грант бойынша білім алатын студенттер ҚР Үкіметі

бекіткен стипендия алуға үміттену

16

Студент міндеттері: - таңдаған бағыттың тәжірибелік дағдылары мен теориялық

білімдерін мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес толық игеру;

- күнделікті сабаққа қатысу; сабаққа сырқат себебімен қатыспаған жағдайда уақытылы анықтама ұсыну; сабаққа кешікпеу;

- оқу-әдістемелік әдебиет және мүлікке ұқыптылықпен қарау; - АӘИУ Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін және білім қызметтерін

көрсетудің келісім-шарты талаптарын орындау; - мұқият және міндетті болу; - курстастар мен оқытушыларға тілектес болу. АӘИУ міндеттерді орындамаған студенттерге тәртіптік шара қолдануға құқылы.

9. УНИВЕРСИТЕТТІҢ СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІ

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің студенттері өте белсенді, әрдайым алда жүретін жастар қауымы. Студент жастар әрқашан өз ойларын істерімен жаңа идеяларымен бөлісуге дайын тұрады. Университетте студент жастардың мәселелерін үнемі қадағалап, олардың ойлаған іс-әрекеттерін іске асыруға дайын тұратын – Жастар бөлімі жұмыс жасайды. Студент жастардың өздері сайлаған ортасында студенттік ректоры бар. Сонымен қатар, университетіміздің талантты жастары республика бойынша әртүрлі пікір талас, сайыстарға, спорт жарыстарына, Халықаралық XVIII «Шабыт» фестивальдеріне, облыстық «Жайдарман» ойындары, облыстық қыз сыны конкурстарына қатысып, жүлделі болған студент жастарымыз өте көп. Университеттегі студент жастардың өмірлері өте қызық. Ол үшін студенттерге университет қабырғасында бар жағдай жасалған. Студент жастар үшін біздің университетте көптеген қызықты үйірмелер бар: - Вокал үйірмесі - Домбыра үйірмесі - Би үйірмесі

«Жас Отан» жастар қанаты - «Парасат» әдеби клубы - «Шаңырақ» пікірталас клубы - КВН

17

Университеттің ішнара өтетін байқаулар номинациялары бойынша «Бозбала мен бойжеткен», «Көктем аруы» «Көркем сөз шеберлері» байқауға қатысушылардың барлығы да жүлделі сыйлықтармен, дипломдармен және номинациялармен марапатталады. Солардың ішінде атап айтарлық жүлделі орындар алған студенттерді атап айтуға болады: А.Алишева мен З.Урдабекова Халықаралық XVIII «Шабыт» фестивалінде «Бейнелеу өнері» номинациясымен марапатталды, Облыстық қыз сыны-2015 байқауына Сейдахмет Жансая – қатысып жүлделі 2-орынға ие болды, Облыстық «Жайдарман» ойынында КВН командасы 4/1 финалынан өтті. Университет қабырғасында өткен «Бойжеткен мен бозбала» байқауында төмендегі студент жастар марапатталды. 1. «Ең алғыр жұп» номинациясымен Зарқұмов Ерболат пен Жәли

Айзат 2. «Үздік әнші жұп» номинациясымен Ендібай Ердаулет пен

Қамбар Назерке 3. «Ең үздік Сәнгер жұп» номинациясымен Дүйсен Ғазиз бен

Бекжанқызы Айзада 4. «Үздік сөзге шебер жұп» номинациясымен Мамыр Бекзат пен

Дайы Әсел 5. «Өнерлі жұп» номинациясымен Алтынбек Бақдаулет пен

Әбілханова Индира 6. «Көрермен көзайымы» номинациясымен Абдірахман Ерсұлтан

мен Шекербек Жазира марапатталды.

Оқу орнымызда студент жастар бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында көптеген клубтар мен үйірмелер ұйымдастырылған.

КТК клубы Жетекшілері 1. АЖИ құрамасы Сапарбеков Н.

Университетіміздің құрамындағы 3 институттада көңілді тапқырлар клубы бар, соның ішінде АЖИ КВН құрамасы республикалық, облыстық Жайдарман ойындарына қатысып, жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

№ Шығармашылық бірлестік Жетекші Әдеби-эстетикалық клуб 1. «Парасат» Әділова Шара

18

Би топтары 1 Іңкәр Серікқызы Арайлым Дебат клубы 1 Шаңырақ Жетпісбай Боранкүл Үйірмелер 1 Жас ақын Қабылов Дархан 2 Жас тілші Асқаров Үсен 3 Вокал ән салу үйірмесі Тұрғынбай Ерлан 4 Жас заңгер Абылова Камшат 5 Жас ғалым Искакова Азиза 6 Домбыра Хабдыразах Тәттімбет

Университеттегі шығармашылық бірлестіктердің жұмыс істеу

мәселелері және оған Сіздің қатысуыңыз бойынша, Жастар комитетінің төрағасына жолығып, біле аласыз.

Жастар комитетінің төрағасы Хабдыразах Тәттімбет. Байланыс тел:

87751010275, 87071860275.

Спорт секциялары

Спорт түрлері

Аптадағы күндер

Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Баскетбол (ұлдар)

18.00-

19.10

18.00-

19.10

18.00-19.10

Баскетбол (қыздар)

18.00-

19.10

18.00-

19.10

Волейбол 17.00-

18.30

17.00-

18.30

Шахматы 15.00-

18.00

15.00-

18.00

15.00-18.00

Стол теннисі

15.00-

17.00

15.00-

17.00

15.00-17.00

Тоғыз құмалақ

15.10-

17.00

19

Университеттің спорт залдарының мекен-жайы 1. Шымкент қаласы, Д. Құрманбеков көшесі 4Б үй. Спорттық

секциялардың жетекшісі: Жұмабеков Р. 1. Шымкент қаласы, Терешкова 14. Спорттық секциялардың

жетекшісі: Нұртаев А., Хашимов И. 1.Шымент қаласы, «Қажымұхан» стадионы. Спорттық секциялардың

жетекшісі:Тулеев Е.

10. СТУДЕНТТЕРДІ ОҚУ ПӘНДЕРІНЕ ТІРКЕУ ТӘРТІБІ 1. Элективті пәндер каталогы негізіндегі білім бағдарламаларына

студенттерді тіркеу Тіркеуші Офисімен ұйымдастырылады (деканат, кафедралар, эдвайзерлер көмегімен).

2. Элективті пәндер каталогы негізіндегі білім бағдарламалары бекітілген соң Тіркеуші Офисі

студенттер үшін презентациялар ұйымдастырады (деканат, кафедралар, эдвайзерлер,

тьюторлар қатысуымен). 3. Ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық жұмыстарды жүргізу

үшін эдвайзерлер қатыстырылады. Эдвайзерлер тізімі тәжірибелі және коммуникативті доктор/кандидат ғылыми дәрежелері бар қызметкерлерден құрылады.

4. Білім бағдарламаларына тіркеу конкурс негізінде үлгерім баллы ескеріліп жүргізіледі.

5. Білім бағдарламаларына тіркеу 1-30 наурыз аралығында жүргізіледі. 6. Егер белгіленген мерзім 31 наурызға дейін 10 студенттен кем жазылса

білім бағдарламасы жұмыс оқу жоспарына енгізілмейді. 7. Студентті оқу пәндеріне мерзімнен кеш тіркеу егер белгілі себептері болса рұқсат етіледі. 8. Студенттердің білім бағдарламаларына тіркелу нәтижелері негізінде

деканат академиялық лектер және топтар құрайды. 9. Академиялық лектер және топтар пәндерге жазылған студенттердің

жеткілікті саны принципібойынша құрылады. 10. Пәндерге тіркелу үшін бекітілген формадағы өтініштер толтырылады

(аты-жөні, тобы, мамандығы, оқу жылы, студенттің қолы). Таңдаған білім бағдарламасы көрсетіледі.

11. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ АҒЫМДЫҚ, АРАЛЫҚ,

ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылаулардың

ұйымдастырылу тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылдың 1 қарашасындағы №506 «Білім алушылардың ағымдағы үлгерімін бақылау, аралық және қорытынды аттестациялауды өткізудің типтік ережелерін бекіту туралы 2008 жыл 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен регламенттеледі.

20

Ағымдағы бақылау студентті қарқынды жұмысқа ынталандыруға арналған. Аралық бақылау студенттің мына әрекеттері үшін жинаған балдарынан түзіледі:

- сабаққа белсенді қатысуы мен толық жауаптары; - зертханалық жұмыстарды өз уақытында орындап, қорғағаны; - үй тапсырмаларын орындауы; - лекциялардың конспектілерін сапалы жүргізу; - оқу пәндеріне қатысуы. Ағымдағы бақылау кезінде студенттің мына дәстүрлі емес

жұмыстарды жүргізу кезіндегі белсенділігі ескеріледі: дөңгелек столдар, іскерлік ойындар, дискуссиялар, пәкірсайыстар, кіші конференциялар және т.б.

Ағымдағы бақылау оқытушы мен студенттің күнделікті өзара әрекеттесуіне бағытталған, ол студенттің қандайда бір пәнді меңгеруі кезінде туындайтын белгілі бір оқу проблемасын шешу немесе меңгеру әрекетінің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.

Ағымдағы бақылау жұмысының түрлері мен оларды бағалау өлшемдерін оқытушы өзінің тәжірибесі мен оқу міндеттеріне қарай анықтайды. Қорытынды бақылауға қатысу үшін студент ағымдағы бақылау бойынша минималды рейтинг жинауы тиіс.

Аралық бақылау студенттердің пәндердің салаларын оқу бойынша өзіндік жұмысының қорытындысын жасауға бағытталған. Аралық бақылауды сабақты жүргізген лектор, оқытушы жүзеге асырады.

Студенттің аралық рейтингі төмендегілер бойынша түзіледі: - коллоквиумдарға қатысу; - топтық және жеке консультацияларға қатысу; - жазу жұмыстарын орындау; - өзіндік жұмыстар; - ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу; - тесттік тапсырмаларды орындау. Оқу курсы аяқталғаннан кейін емтихан үлгісінде қорытынды

бақылау өткізіледі. Қорытынды бақылауға жіберілу рейтингі ағымдағы және аралық бақылаулардағы жиналған балдардың көлемінен түзіледі.

Қорытынды бақылауды қосқанда барлық бақылау дәстүрлі және иновациялық үлгіде өткізіле алады.

21

Білім алушыны курстан курсқа көшіру үшін жоғары оқу орны өту балын (GPA) өзі анықтайды.

Өту балы (үлгерімнің орта балы) (Grade Point Average - GPA) – білім алушының таңдалған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы білім жетістігі деңгейінің орташа бағасы (білім алу кезеңі ағымындағы кредит жиынтығының пән бойынша аралық аттестация баллдарының сандық эквивалентіне қатынасы).

Рейтинг – бұл студенттің еңбегінің балл түрінде көрініс тапқан бағасы. Рейтинг студенттің жыл бойына қатысқан әртүрлі жұмыстары үшін алған балдарымен анықталған білім сапасының жалпылама көрсеткіші ретінде болады.

АӘИУ-да студенттің рейтингі 100 балдық шкаламен анықталады. Студенттер бақылаудың әр деңгейінде алған балдары бағдарламалық материалды игеру деңгейіне байланысты төмендегідей бөлінуі мүмкін.

Әріптік жүйе

бойынша бағалу

Балл %-дың көрсеткіш

Дәстүрлі жүйедегі баға

А 4,0 95-100 өте жақсы А- 3,67 90-94 В+ 3,33 85-89 жақсы В 3,0 80-84 В- 2,67 75-79 С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлы

қ С 2,0 65-69 С- 1,67 60-64 Д+ 1,33 55-59 Д 1,0 50-54 Ғ 0 0-49 қанағаттанарлықсыз

GPA есебі келесі үлгі бойынша жүзеге асырылады:

GPA = (кредит 1 х балл 1) + (кредит 2 х балл 2)+ (кредит n x балл

n) кредит 1 + кредит 2 + кредит n

Мысалы: оқу жылында студент келесі нәтиже көрсетті:

Пән Баға Балл Кредиттер 1 А 4,0 3 2 В 3,0 3 3 D 1,0 3 4 C 2,0 3 5 B 3,0 2 6 A 4,0 3

22

GPA 2,8-ге тең:

GPA = (3 х 4,0) + (3 х 3,0) + (3 х 1,0) + (3 х 2,0) + (2 х 3,0) + (3,0 х 4,0) 3 + 3 + 3 + 3 + 2 +3 АӘИУ Ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша курстан курсқа өту балы төмендегідей:

2 - курсқа - 1,7 2-курсқа-2,0 (қыс.) 3 - курсқа - 1,9 3-курсқа-2,2 (қыс.) 4 - курсқа - 2,0 2-курсқа-2,2 (жед.) 5- курсқа - 2,2 Студенттердің білім алуының соңғы кезеңі – бітірушілердің кәсіби

жағдайын анықтау мақсатында жүргізілетін қорытынды мемлекеттік аттестация.

12. СТУДЕНТТЕРДІ АУЫСТЫРУ, ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОҚУДАН ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМЕТЕР

1. Егер оқу жоспарындағы міндетті компоненттердің пән айырмашылықтары 5-тен жоғары болмаса студент сол курсқа ауыстырылады/қайта қабылданады. 2. Курстан курсқа өту үшін студент міндетті түрде ЖОО бекіткен өту баллын (GPA) жинауы тиіс. 3. ЖОО-на ауысу немесе қайта қабылдану үшін студент міндетті түрде бірінші академиялық кезеңді толық бітіруі және 15 кредиттен кем емес көлемде жеке оқу жоспарын орындауы тиіс. 4. Пән айырмашылықтарын анықтағанда бақылау түрі ескерілмейді. 5. Бір мамандықтан басқа мамандыққа, бір оқу түрінен басқа оқу түріне ауысу ақылы негізде жүргізіледі. 6. Ақылы негізде білім алушы оқу ақысын төлемегендіктен оқудан шығарылса, қарызын өтеген соң, оқудан шығарылған мерзімнен бастап 4 апта көлемінде қайта қабылдануға құқылы. 7. Қайта қабылдану, пән айырмашылықтарын жою ақылы негізде жүргізіледі. 8. Студенттің академиядан шығарылу себептері: 1) белгілі себептермен:

өз еркімен; денсаулығына байланысты; басқа ЖОО-на ауысуына байланысты; әскери қызметке шақырылуына байланысты.

2) белгісіз себептермен:

23

өту баллын (GPA) жинамаса; академия Жарғысында, ішкі тәртіп ережелерінде және

жатақханада тұру ережелерінде көрсетілген міндеттерді бұзғанда.

3) қорытынды мемлекеттік аттестацияға жіберілмегенде (курсты ақылы негізде қайта оқу құқығы сақталады); 4) академияны бітіргенде; 5) келісім шартта көрсетілген мерзімде оқу ақысын төлемегенде; 6) бостандығын шектеу немесе бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаның заңдық күшіне енуіне байланысты; 7) қайтыс болуына байланысты.

24

13. АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ

Күзгі семестр Ұйымдастыру аптасы, оқу ақысын төлеу, студенттердің пәндерге тіркелуі

2016 жылдың 24 тамызынан –29 тамызға дейін

Конституция күні – 30 тамыз 2016 жыл Білім күні - 1 қыркүйек 2016 жыл

Күзгі семестрдің басталуы 1 қыркүйек 2016ж. Аралық рейтинг (Р1) 17-22 қазан 2016ж. Аралық рейтинг (Р2) 5-9 желтоқсан 2016ж. Күзгі семестрдің аяқталуы 9 желтоқсан 2015ж.

ҚР Тәуелсіздік күні – 16, 17 желтоқсан 2016 жыл Жаңа жыл - 1-3 қаңтар 2017 жыл

Күзгі семестрдің емтихандық сессиясы 2016 жылдың 12 желтоқсанынан – 30 желтоқсанға дейін

Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан 2016 жылдың 12 желтоқсанынан – 30 желтоқсанға дейін

Қысқы демалыстар 2017 жылдың 4 қаңтарынан -14 қаңтарға дейін

Көктемгі семестр Көктемгі семестрдің басталуы 30 қаңтар 2017 ж. 2-3 курс студенттерінің элективті пәндерге тіркелуі

2017 жылдың 1 ақпанынан– 29 ақпанға дейін

Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз 2017жыл «Наурыз-мейрамы» - 21-23 наурыз 2017 жыл

Аралық рейтинг (Р1) 20-24 наурыз 2017ж. Қазақстан халықтарының біріккен күні – 1 мамыр 2017 жыл

Жеңіс күні – 9 мамыр 2017 жыл Аралық рейтинг (Р2) 8 – 12 мамыр 2017ж. Көктемгі семестрдің аяқталуы 30 сәуір 2017ж. Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан 8 – 25 мамыр 2017ж. Көктемгі семестрдің емтихандық сессиясы 15– 2 маусым 2017ж. Жазғы демалыстар 2017ж.25 мамырынан -

31 тамызға дейін Жазғы семестр

1-3 курс студенттері үшін 2017 жылдың 12 маусымынан – 21 шілдеге дейін.

Кәсіптік тәжірибе

25

Оқу тәжірибесі

2017 жылдың 5 маусымнан – 9 маусымға дейін

Өңдірістік тәжірибе

16 қаңтар 2017ж. – 1 маусым 2017ж. – бітіруші курстар 28 мамыр 2017ж. – 30 маусым 2017ж.–2 курс (техникалық мамандықтар)

Мемлекеттік қорытынды аттестация Бітіруші курстар

24 сәуір – 5 мамыр 2017 жыл

14. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

ЖӨНІНДЕ МӘЛІМЕТТЕР Білім алушының өзіндік жұмысы – тест, бақылау жұмыстары, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде бақыланатын, оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етілген, өз бетінше оқуға арналған тақырыптардың белгілі тізімі бойынша жасалатын жұмыс. Өзіндік жұмысты жүзеге асыруға арналған алғышарттар мен жағдайларды тудыратын шараларды орындау барысында әр студент төменде көрсетілгендермен қамтамасыз етілуі тиіс: Ақпараттық ресурстармен (анықтамалар, оқу құралдары, жеке

тапсырмалар банктері, үйрету бағдарламалары, қолданбалы бағдарламалар пакеттері т.б.)

Әдістемелік материалмен (нұсқаулар, басшылыққа алынатын нұсқаулар, практикумдар,жұмыс дәптерлері және т.б.);

Бақылау материалымен (тестілер, ситуациялық тапсырмалар); Материалдық ресурстармен (зертханалық, өлшегіш құралдар

т.б.); Уақыт ресурстарымен; Кеңес берумен; Білім алудың жеке траекториясын таңдау мүмкіншілігімен (таңдау

пәндері арқылы білім алу бағдарламалары); Студенттің өз бетінше алған теориялық және/немесе тәжірибелік

нәтижелерді көпшілік алдында талқылау мүмкіншілігімен (конференциялар, олимпиадалар, конкурстар). Өзіндік жұмыс барысында студент:

оқып жатқан пән бойынша материалдарды теориялық тұрғыдан меңгереді (СӨЖ тақырыбы, тақырып бойынша жеке сұрақтар, жеке ережелер т.б.);

26

теориялық білім материалдарынан қажетті көрнекіліктермен тәжірибелік жолмен бекіту (ситуациялық жағдайды шешу, бақылау жұмысын орындау, өзін-өзі тексеру үшін тест алу);

алған білімі мен тәжірибелік дағдысын, жағдайды сараптау және дұрыс шешім қабылдау үшін пайдалану (топтық дискуссияға даярлау, іскерлік ойындар шеңберінде дайындалған жұмыс, «кейс-стади», нақты жағдайдың жазбаша сараптамасы, жобалар даярлау және т.б.);

алған білімдері мен дағдыларын өзіндік айқындамасын, теориясын, үлгісін қалыптастыру үшін (студенттің диплом жұмыстарын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және т.б.) пайдалана алады. СӨЖ орындау талаптары Студенттің алған тапсырмасы белгіленген уақытта және толық

көлемде орындалуы керек. СӨЖ аудиториядан тыс жұмыс ретінде қарастырылады, тексеру жұмыстары семинар, тәжірибелік және ОЖСӨЖ барысында жүзеге асуы мүмкін.

Тапсырманы орындау барысында: тақырыпты өз бетінше оқу қажет болған жағдайда оқытушымен

кеңесуі; студенттер міндетті және қосымша әдебиеттерді, статистикалық

мәліметтерді меңгеруі, оларды жағдайлар мен керекті стратегияларды шешу үшін сараптай алулары керек; тапсырма жеке немесе топпен дайындалады.

СӨЖ түрлері: Реферат – А4 форматындағы, 14 TNR шрифтімен жазылған 10-

12 беттен тұратын тақырыптың мазмұны немесе қысқаша баяндау. Құрылымы дәстүрлі: титул парағы, кіріспе, негізгі бөлім, тұжырымдар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Реферат топтың талқылауына түсуі мүмкін.

Баяндама – 3-5 минутқа созылатын тақырыптың бастапқы жағдайының қысқа мазмұндамасы

27

Конспект – стандартты форматтағы дәптердің 2-4 бетінен тұратын берілген тақырыптың бастапқы ұйымдарымен белгіленетін қысқаша сипаттамасы

Глоссарий – таблица түрінде келетін, берілген тақырып бойынша терминдер мен ұғымдардың сөздігі

Кейс – топтық сараптау барысында шешуді талап ететін жағдай. Жағдайды өздігінше талдайтын және оны шешу жолдарын қарастыратын топ 3-4 адамнан тұрады. Шешім нәтижесі топ болып қорытынды есептік презентациясы түрінде ұсынылады.

Есеп – зерттеу нәтижесінде негізгі жағдайлар мен дамыту бойынша ұсыныстардың жазбаша және ауызша берілуі

Презентация – ақпаратты әртүрлі техникалық құралдармен және оларсыз беру үлгілері. Ереже бойынша тың идеялар, жобалар, жұмыс түрлері және т.б. ұсынылады. Оған көркемдеу және біртұтас графикалық стильдегі мәтіндер беріледі.

Жоба – жеке немесе топта орындалатын қажетті ақпараттардың сараптамасы және жиынтығы, ізденістері, қамтылған тақырып бойынша ізденіс.

Пікірталас – тұжырымы шығатын тақырыптың алдын-ала дайындалған сұрақтар сараптамалары. СӨЖ бақылау түрлері:

Тестілеу; Модульдік технологиялық оқыту негізінде студенттің оқу

жұмыстарының сапасын бағалау оқу үдерісінде балдық-рейтингілік жүйесіне енгізу шеңберінде бақылау іс-шаралары; Бақылау жұмыстары мен тапсырмаларды тексеру; Өздігімен ізденген тақырып бойынша баяндама; Веерлік-экспресс сұрағы; Орындалған жобаның нәтижесі бойынша есеп (топтық немесе

дербес және т.б.) Оқытушы жетекшілігімен орындалатын ОЖСӨЖ Білім алушының оқытушы жетекшілігімен орындалатын өзіндік

жұмысы (әрі қарай ОЖСӨЖ) – ОЖСӨЖ. Студенттің аудиториядан тыс, орындайтын жұмысы түріне жатады. Оқытушымен байланыста, жалпы сабақ кестесіне кірмейтін арнайы кесте бойынша орындалады. Жұмыстың жалпы талап ететін тапсырмаларымен бекітілуі керек. ОЖСӨЖ сағаттарына үй тапсырмаларын курстық жобалар (жұмыстар) семестрлік және бақылау жұмыстары, есептер және басқа СӨЖ түрлерін орындау бойынша кеңестер кіреді. ОЖСӨЖ білім алушының кітаппен және бастапқы көзімен, топтық тапсырмалардың, дербес аналитикалық шығармашылығының қойылған тапсырма шеңберінде орындалуын болжайды. ОЖСӨЖ толық сипаттамасы пән бойынша

28

силлабуста қамтылады. ОЖСӨЖ әр пән бойынша бүкіл академиялық кезеңде аудиториялар мен тьюторлар, уақыттар, мерзімдері көрсетілген. Кестеге сәйкес жүргізіледі. ОЖСӨЖ шеңберіндегі сабақтар білім алушының дайындық деңгейімен, оны игеруге кететін аудиториялық сағат көлемімен, оқытылатын курстың қиындық деңгейіне қатысты анықталатын интерактивті және кеңес беру түрінде болуы мүмкін. ОЖСӨЖ шеңберіндегі сабақтар сонымен қатар ағымдық рейтингісі төмен, қосымша кеңес алғысы келетін, пән бойынша тапсырмалар орындауда қиналатын білім алушыларға арналған. Тьютор білім алушының ағымдағы рейтингісін басшылыққа ала отырып, ОЖСӨЖ шеңберіндегі сабаққа қатысушылардың құрамын анықтап отыруы тиіс. ОЖСӨЖ – оқу сабақтары сұхбаттасу түрінде өтетіндіктен, мысалы, тренинг, пікірталас, іскерлік және дидактикалық ойындар, презентация, кейс құрастыру, дербес, топтық жобалар даярлау және т.б., бұл студент пен оқытушының бірлескен жұмысы. Әрбір СӨЖ қандай да бір сұрақты шешуге, дамытуға, жағдаятты талдау дағдыларын даярлау, тапсырмаларды шешуге ықпал ететін материалдар дайындалуы керек. ОЖСӨЖ келесі қызметтерді атқарады: кеңес беру және бақылаушы.

ОЖСӨЖ кеңес беру қызметі: - пәннің әр тақырыбы бойынша студенттің өзіндік жұмысына

көмек көрсету - студентке бағдарламалық материалды меңгеру үшін қажетті жұмыс әдістерін таңдауда көмек көрсету;

- оқу материалдарын бекіту үшін тәжірибелік тапсырмаларды орындауда, студент үшін қиын тақырыпты қайта түсіндіру мүмкіндігін жасау;

- студенттің өзіндік жұмысын ғылыми деңгейіне көмектесу; ОЖСӨЖ бақылау қызметі: СӨЖ орындауда және студенттің бақылау барысында және

ағымдық, шектік және түйіндік есебінің білімін бағалауда студенттің оқуға деген ынтасын арттыру үшін жүзеге асырылады.

Студент ОЖСӨЖ барысында бақылау, семестрлік және курстық жұмыстарды орындауға тапсырмалар алады, тьютормен кеңеседі және бағаланады (ағымдық және рейтингілік бақылау).

15. ЖОО-ДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚОРДЫ

ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ АӘИУ кафедраларының қажетті деңгейдегі материалдық-

техникалық жабдықтары оқу үдерісін қамтамасыз етеді. Бакалаврларды дайындайтын барлық кафедараларда оқытудың техникалық құралдары (компьютерлер, мультемедиялық проекторлар, интерактивті тақталар, т.б) және көрнекі құралдар бар, тілдер кафедралары лингафон кабинеттерімен жабдықталған. Бірқатар кафедраларда биохимиялық, морфологиялық, микробиологиялық,

29

физологиялық және гигеналық лабораторияларға арналған заманауи жабдықтар бар. Оқу зертханаларындағы жұмыс студенттерге практикалық дағдыларының белгілі деңгейіне жетуге мүмкіндік жасайды.

Зертханалардың негізгі міндеттері: - мамандықтардың мемлекеттік білім беру стандарттарына, оқу

жұмыс бағдарламаларына, оқу-әдістемелік жұмыс бағдарламаларына, оқу-әдістемелік жұмыс жоспарларына және басқа құжаттарға сай ЖОО-ның жарғы қызметінің, сапалық білім беру үдерісінің және басқа үдерістердің қамтамасыз етілуі;

- акдемияның профессор-оқытушылар құрамына, студенттерге кеңес беру, оқу-әдістемелік көмектің көрсетілуі.

Оқу процессінде академияның материалдық қорларын пайдалану барысында студенттер «Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша нұсқауды», «Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқауды» және «АӘИУ ішкі тәртіп ережелерін» сақтауы тиіс.

Ақпараттың негізгі түпдеректерінің бірі болып кітапханалық-ақпараттық орталық табылады.

Кітапхана комьютерлермен жабдықталған. Автоматтандырған «Оқырман» және «Кітап беру» жұмыс орындары кітапхана оқырмандарының электрондық есебін жүргізуге, әдебиеттің беруін және қабылдауын жүргізуге мүмкіндік береді.

Әдебиетті жүйелендіру үшін УДК-ның электрондық нұсқасы қолданылады.

Жатақхананың оқу залында Интернет ресурстарына автоматтандырылған жұмыс орындарынан кіруге болады.

Кітапхананың электрондық оқу залы интернетке қосылған компьютерлермен, видеодвойкамен, принтермен, ксерокспен, сканермен жабдықталған. Анықтамалық-іздеу аппараты кітапхана қорының барлығын ашатын каталогтар мен карточкалардан тұрады. Каталогтандырудың барлық үдерістері кітапханалық істің нормативтік құжаттарының талаптары негізінде орындалады (СИБИД жүйелерінің стандарттары, істегі ГОСТ-тардың, жіктелу кестелерінің т.б.)

Оқу залдарымен пайдалану ережелері: 1. Оқу залында әдебиетке тапсырыс жасағанда оқырмандар

оқырман билетін көрсетеді және қажетті басылымдарды алғаннан кейін әр басылымның кітап формулярына және бақылау талонына қолын қояды.

2. Оқу залдарында берілетін кітаптар, баспаның басқа материалдарының саны шектелмейді. Бір мерзімдегі сұраныс жоғарласа, кітап саны шектелуі мүмкін.

3. Негізгі кітап қоймасынан оқу залына берілген әдебиет белгілі уақытқа броньдалуы мүмкін.

30

4. Оқу залдарына жеке және басқа кітапхана кітаптарымен, журналдарымен, газеттермен, баспа басылымдарының ойыстарымен, басқа баспа материалдарымен кіруге рұқсат берілмейді.

5. Оқу залдарынан әдебиетті шығаруға тиым салынады. 6. Оқу әдебиетін «Абонемент» бөліміне тапсырмаған қарызы бар

студенттерге қызмет көрсетілмейді. Оқырман міндеттері:

1. Оқырмандар міндеті: - әдебиетті алу үшін оқырман билетін көрсетуге, кітап

формулярында әр басылым үшін қолын қоюға;

- кітаптарды, басқа басылымдарды, кітапхана материалдарын құнттап ұстауға;

- кітапханадан алған басылымдарды көрсетілген мерзімде қайтаруға. 2. Оқырманға рұқсат етілмейді:

- кітапханаға сыртқы киіммен келуге; - оқу залдарына сөмкелермен кіруге; - кітапхана бөлімінде тыныштық пен тәртіпті бұзуға; - әдебиетті алу үшін біреудің құжатын пайдалануға; - қолды қоймай, кітапханадан кітаптарды шығаруға; - кітапханалық басылымдарды бүлдіруге: белгі жасау, сызу, парақ

жырту, қайыру т.б. - каталогтар мен картотекалардан карточкаларды алып шығаруға; - рұқсатсыз қызметтік бөлмелер мен кітап қоймаларына кіруге.

Университеттің Ғылыми кеңесінде қаралып, талқыланды. Хаттама №1 29.08.2016ж.

31

________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

___________________________________________________________

32