8
Газет 2018 жылдың 4 мамырынан шыға бастады «Ембімұнайгаз» АҚ электронды корпоративті газеті #6 (6) 20 шілде 2018 жыл ТЕМЕКІ ШЕГУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Қазақстан Республи- касының 2009 жылғы 18-қыркүйектегі N193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүй- есі туралы» Кодексінің 5-бабы 9-тармақша- сына сәйкес ағымдағы жылдың 15-маусы- мында «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы жұмысшылары мен келген қонақтардың ден- саулығын қорғау, темекі түтінінің зиянынан сақтау мақсатында Басқар- ма төрағасының кеңсе ішінде (дәліздерде, әжетxаналарда) және кеңсе ғимараты орна- ласқан аумақта (арнайы бөлінген орындардан басқа) темекі шегуге тыйым салу жөнінде бұй- рығы шықты. Бұл талап жіті қадағаланатын болады. «Темекі шегудің зияны» бюллетені «Ембімұнайгаз» АҚ Маусым 2018ж. Темекі шегу көптеген ауыр сырқаттардың дамуының басты себептерінің бірі болып табылады. Жыл сайын әлем бойынша 6 млн адам қаза болады. Темекі шегудің қауіптілігін бағалау мүмкін емес. Темекі шегудің салдары көптеген патологиялардың қалыптасуына әкеледі. Темекі түтінімен бірге сіз тыныс аласыз: - шайырлар – қатты бөлшектердің қосындысы. Олардың көбі канцероген болып табылады және өкпеге барып тұнады; - мышьяк – темекі құрамындағы ең зиянды химиялық элемент. Жүрек-қан тамырлары жүйесіне кері әсер етеді, қатерлі ісіктердің дамуын қоздырады; - бензол – органикалық улы химиялық қоспа. Аққандылық және рактың басқа да түрлерін туғызады; - полоний – радиоактивті элемент. Іштен ағзаға радиациялық әсер етеді; - формальдегид – улы химиялық зат. Өкпе және тыныс алу жолдарының ауруын туғызады; - өзге де заттар – темекі түтінімен бірге иіскейтін зиянды қоспалар ішкі ағзаларға ауыр зиян тигізе отырып қантамырлар жүйесі арқылы адамның барлық ағзасына өтеді. Темекі шегудің адам ағзасына тигізер әсері Сіздің өкпе және тыныс алу жолдарыңыз Темекі шегудің негізгі зияны ағзаның тыныс алу жүйесіне тиеді, себебі темекі түтіні онда бірінші енеді. Зиянды заттар тыныс алу жолдарының тінін зақымдайды, түтікше кірпікшелерінің жұмысын баяулатады. Шайырлар өкпе альвеолдарында тұнады, оның салдарынан газ алмасу алаңы тарылады. Азот оксиды тыныс алуды аса қиындатып, бронхтарды тарылтады. Тұншықтырғыш газ, аммиак және цианды сутек тыныс алу жолдарынан улы заттардың шығуын қиындатады. Нәтижесінде барлық ішке енген заттар және микроағзалар өкпе тіндеріне тұнады, одан қанға сіңіп, барлық ағзаға таралады, салдарынан көптеген аурулар өршігеді. Сіздің жүрегіңіз және қан тамырларыңыз Никотин қан тамырлардың тарылуына себепші болады, нәтижесінде аяқ-қолдардың ұсақ қылтамырларының жансыздануына әкеледі. Күретамырда жиналатын тұншықтырғыш газ қан ағысын баяулатады, ал гемоглобинмен байланысып гипоксия жағдайын тудырады, яғни оттек азаяды. Адреналин секрециясының күшеюі қан қысымын көтереді және жүрек жиырылу жиілілігінің үдеуіне әкеледі. Темекі тарту салдары тек жалпы көңіл-күйді төмендетіп, белсенділік пен жұмысқа қабілеттілікті бәсеңтетіп қана қоймай, сонымен бірге ағзадағы барлық органдар мен жүйелерге зиян тигізеді. Бұдан басқа, қандағы холестерин деңгейі ұлғайғандықтан темекі тарту қауіпті, себебі ол қан ұйюына, инфарктке және инсультке әкеліп соғуы мүмкін. Темекі тартудың денсаулыққа әсері: темекі тарту салдарынан қандай аурулар дамиды Рак. Темекіге деген құштарлық бронх, өкпе, түтікше, көмей, өңеш, қуық және ұйқы бездерінің онкологиялық ауруларының ең көп таралуына себепші болады. Бұдан басқа, бүйрек, көбею және қантүзу жүйелері зақымданады. Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары. Темекі тарту салдарынан туындайтын жүректің ишемиялық ауруы, Бюргер ауруы, шеткері қан тамыр жолдарының бұзылуы, инсульт, қан ұю және т.б. секілді аурулар. Ас қорыту органдарының патологиясы. Темекі шегу ішек-қарын жолдарына да кері әсер етеді, яғни тоқ ішектің жабысқақтығы, асқазан мен он екі елі ішек жарасы, гастрит, асқазан қабынуы және т.б. пайда болады. Тыныс алу жүйесінің аурулары. Темекі шегу бронх демікпесі, созылмалы ринит, туберкулез, бронхтың және өкпенің созылмалы обструктивті аурулардың дамуын қоздырады және ауру барысын қиындатады, сондай-ақ ЖРА және тұмау ауруларының жиілілігін көбейтеді. Ауыз қуыстарының аурулары. Темекі шегу тек тіс эмалінің сарғаюын туғызбайды, сонымен бірге шіріген жара гингивиті, пародонтит, сілекей қабыршақтарының онкологиялық зақымдануы секілді ауыр патологияларға сепебші болады. Қимыл-тірек аппаратының нашарлауы. Темекі шегу адам қаңқасына да кері әсерін тигізеді. Ол сіңір мен байламның, сондай-ақ бұлшықет тіндерінің жағдайына зиянын тигізеді. Темекі шегу әсерінен ағзада кальцийдің сіңуі нашарлайды, остеопороз дамиды, сынудың жиілілігі және құздамалық артриттің қалыптасу қаупі артады. Көз аурулары. Темекі шегудің қауіптілігі макулярлы дистрофия (көз торының зақымдануы), нистагм (көз алмасы қозғалысының ауытқуы), диабеттік ретинопатия (қант диабеті кезінде көз торы тамырларының зақымдануы), катаракта және т.б. секілді патологиялардың пайда болуымен де байланысты. Көбею жүйесінің аурулары. Темекі шегу жыныстық органдары үшін де зиян. Әйелдерде кездесетін ең жиі аурулар – етеккір дисфункциясы, ұрықтылықтың төмендеуі, овуляциясыз қайталым, етеккір үзілісінің ерте болуы. Темекі шегуден еркектердің де денсаулығы едәуір нашарлайды. Ұрықтылықтың төмендеуі, қозу дисфункциясы, шәуеттегі аталық ұрықтың санының азаюы, олардың сапасы мен қозғалғыштығының нашарлауы секілді белгілер пайда болады. Өзге де аурулар. Темекі шегудің адам ағзасына тигізер зияны өте кең. Жоғарыда аталған патологиялардан бөлек, темекі шегушілер II типті қант диабеті, депрессия, ұмытшақтық, есту қабілетінің бұзылуы секілді және басқа да дерттерге шалдығады. Темекі шегудің адамның сырт келбетіне тигізетін зияны Тері. Темекі шегудің теріңізге тигізетін қаупі қандай? Созылмалы гипоксия және тамыр арнасының тарылуы темекі шегуші терісінің қанмен қамтылуын нашарлатады, оның салдарынан тері нәрлі заттар мен оттегісін жоғалтады. Терінің түсі сұрланып, құрғақтанады, солғындық пайда болады. Тері жұмсақтығын жоғалтқандықтан, мимикалық әжімдер көбейеді, темекі шегудің басқа да кері әсерлері пайда болады. Тұлғасы. Темекі шегудің тұлғаға қандай зияны бар? Темекі шегу арықтауға көмектеседі деген кең таралған мифке қарамастан, темекі шегушінің май қыртыстарының орналасуы қалыптан едәуір ауытқиды: май, ең алдымен, бел мен кеуде тұсына жиналады. Санға май қыртысы жиналуы төмендейді. Нәтижесінде сан мен бел арасында үйлеспеушілік (диспропорция) пайда болады. Ауыз қуысы. Темекі шегу салдарынан айқын галитоздан (жағымсыз иіс)бөлек, эстетикалық кемшіліктер де байқалады: тіс эмалінің сарғаюы, қызыл иектің боялуы. Темекі шегу ауыз қуысының сілекейлі қабықшаларына да зиян: қабынушылық ауруларға және тіпті тістердің түсуіне әкеледі. Темекі шегу зиянының тағы бір аспектісі ауыс қуысының қышқылды-сілтілік тепе-теңдігінің бұзылуы болып табылады. Ол тісжегінің пайда болуы, эмальдың жарылуы және басқа да патологиялардың қаупін ұлғайтады. Бұдан басқа, темекі шегу пародонтты да зақымдайды: оның сырқаттарының жартысынан көбі темекі шегумен байланысты. ХАБАРЛАНДЫРУ БҮГІНГІ САНДА: СЕГОДНЯ В НОМЕРЕ: Үздіктер МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ 2 3 Дуалды оқыту ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ - БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА Спартакиада «ҚМГ» ҰК» АҚ СПАРТАКИА- ДАСЫ І ТОБЫНЫҢ ІРІКТЕУ ТУРНИРІ 4 7 Жолдастық кездесу ЖУРНАЛИСТЕР МЕН МҰНАЙШЫЛАР ФУТБОЛ АЛАҢЫНДА КЕЗДЕСТІ ҮЗДІКТЕР МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ Ембімұнайгаз» АҚ қыз- меткерлері Қазақстан Республикасының елор- дасы - Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік марапат- тарға ие болды. Тарихи маңызы зор шара қар- саңында Компанияның бір топ қыз- меткерлерінің еңбектері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ және «KAZENERGY» Ассоциациясы бас- шылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Сіздерді жоғары марапатқа ие болуларыңызбен құттықтай- мын. Соңғы 20 жылда әлем ел- дері арасында жоғары мәрте- беге ие болған мықты тәуелсіз мемлекет құрылды. Бұл табыс- тағы біздің үлесіміз Мемле- кет басшысы мен салалық бірлестіктің басшылары тара- пынан жоғары бағаланып отыр, - деп ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ мара- патқа ие болған Компания қыз- меткерлерін құттықтады. (Басы. Соңы 2-бетте)

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТemba.kz/data/nws/kaz/fil_421_23.pdf · Жүрек-қан тамы рлары жүйесіне кері әсер етеді,

  • Upload
    others

  • View
    19

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТemba.kz/data/nws/kaz/fil_421_23.pdf · Жүрек-қан тамы рлары жүйесіне кері әсер етеді,

Газет 2018 жылдың 4 мамырынан шыға бастады

«Ембімұнайгаз» АҚ электронды корпоративті газеті #6 (6) 20 шілде 2018 жыл

ТЕМЕКІ ШЕГУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Қазақстан Республи-

касының 2009 жылғы 18-қыркүйектегі N193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүй-есі туралы» Кодексінің 5-бабы 9-тармақша-сына сәйкес ағымдағы жылдың 15-маусы-мында «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы жұмысшылары мен келген қонақтардың ден-саулығын қорғау, темекі түтінінің зиянынан сақтау мақсатында Басқар-ма төрағасының кеңсе ішінде (дәліздерде, әжетxаналарда) және кеңсе ғимараты орна-ласқан аумақта (арнайы бөлінген орындардан басқа) темекі шегуге тыйым салу жөнінде бұй-рығы шықты. Бұл талап жіті қадағаланатын болады.

«Темекі шегудің зияны»бюллетені

«Ембімұнайгаз» АҚ Маусым 2018ж.Темекі шегу көптеген ауыр сырқаттардың дамуының басты себептерінің бірі болып табылады. Жыл сайын әлем бойынша 6 млн

адам қаза болады. Темекі шегудің қауіптілігін бағалау мүмкін емес. Темекі шегудің салдары көптеген патологиялардың қалыптасуына әкеледі.

Темекі түтінімен бірге сіз тыныс аласыз: - шайырлар – қатты бөлшектердің қосындысы. Олардың көбі канцероген болып табылады және өкпеге барып тұнады; - мышьяк – темекі құрамындағы ең зиянды химиялық элемент. Жүрек-қан тамырлары жүйесіне кері әсер етеді, қатерлі ісіктердің дамуын қоздырады; - бензол – органикалық улы химиялық қоспа. Аққандылық және рактың басқа да түрлерін туғызады; - полоний – радиоактивті элемент. Іштен ағзаға радиациялық әсер етеді; - формальдегид – улы химиялық зат. Өкпе және тыныс алу жолдарының ауруын туғызады; - өзге де заттар – темекі түтінімен бірге иіскейтін зиянды қоспалар ішкі ағзаларға ауыр зиян тигізе отырып қантамырлар жүйесі арқылы адамның барлық ағзасына өтеді.

Темекі шегудің адам ағзасына тигізер әсері Сіздің өкпе және тыныс алу жолдарыңыз

Темекі шегудің негізгі зияны ағзаның тыныс алу жүйесіне тиеді, себебі темекі түтіні онда бірінші енеді. Зиянды заттар тыныс алу жолдарының тінін зақымдайды, түтікше кірпікшелерінің жұмысын баяулатады. Шайырлар өкпе альвеолдарында тұнады, оның салдарынан газ алмасу алаңы

тарылады. Азот оксиды тыныс алуды аса қиындатып, бронхтарды тарылтады. Тұншықтырғыш газ, аммиак және цианды сутек тыныс алу жолдарынан улы заттардың шығуын қиындатады. Нәтижесінде барлық ішке енген заттар және микроағзалар өкпе тіндеріне тұнады, одан қанға сіңіп, барлық ағзаға таралады, салдарынан көптеген аурулар өршігеді.

Сіздің жүрегіңіз және қан тамырларыңыз Никотин қан тамырлардың тарылуына себепші болады, нәтижесінде аяқ-қолдардың ұсақ қылтамырларының жансыздануына әкеледі. Күретамырда жиналатын тұншықтырғыш газ қан ағысын баяулатады, ал гемоглобинмен байланысып гипоксия жағдайын тудырады, яғни оттек азаяды. Адреналин секрециясының күшеюі қан

қысымын көтереді және жүрек жиырылу жиілілігінің үдеуіне әкеледі. Темекі тарту салдары тек жалпы көңіл-күйді төмендетіп, белсенділік пен жұмысқа қабілеттілікті бәсеңтетіп қана қоймай, сонымен бірге ағзадағы барлық органдар мен жүйелерге зиян тигізеді. Бұдан басқа, қандағы холестерин деңгейі ұлғайғандықтан темекі тарту қауіпті, себебі ол қан ұйюына, инфарктке және инсультке әкеліп соғуы мүмкін.

Темекі тартудың денсаулыққа әсері: темекі тарту салдарынан қандай аурулар дамиды Рак. Темекіге деген құштарлық бронх, өкпе, түтікше, көмей, өңеш, қуық және ұйқы бездерінің онкологиялық ауруларының ең көп таралуына себепші болады. Бұдан басқа, бүйрек, көбею және қантүзу жүйелері зақымданады. Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары. Темекі тарту салдарынан туындайтын жүректің ишемиялық ауруы, Бюргер ауруы, шеткері қан тамыр жолдарының бұзылуы, инсульт, қан ұю және т.б. секілді аурулар. Ас қорыту органдарының патологиясы. Темекі шегу ішек-қарын жолдарына да кері әсер етеді, яғни тоқ ішектің жабысқақтығы, асқазан мен он екі елі ішек жарасы, гастрит, асқазан қабынуы және т.б. пайда болады. Тыныс алу жүйесінің аурулары. Темекі шегу бронх демікпесі, созылмалы ринит, туберкулез, бронхтың және өкпенің созылмалы обструктивті аурулардың дамуын қоздырады және ауру барысын қиындатады, сондай-ақ ЖРА және тұмау ауруларының жиілілігін көбейтеді.

Ауыз қуыстарының аурулары. Темекі шегу тек тіс эмалінің сарғаюын туғызбайды, сонымен бірге шіріген жара гингивиті, пародонтит, сілекей қабыршақтарының онкологиялық зақымдануы секілді ауыр патологияларға сепебші болады. Қимыл-тірек аппаратының нашарлауы. Темекі шегу адам қаңқасына да кері әсерін тигізеді. Ол сіңір мен байламның, сондай-ақ бұлшықет тіндерінің жағдайына зиянын тигізеді. Темекі шегу әсерінен ағзада кальцийдің сіңуі нашарлайды, остеопороз дамиды, сынудың жиілілігі және құздамалық артриттің қалыптасу қаупі артады. Көз аурулары. Темекі шегудің қауіптілігі макулярлы дистрофия (көз торының зақымдануы), нистагм (көз алмасы қозғалысының ауытқуы), диабеттік ретинопатия (қант диабеті кезінде көз торы тамырларының зақымдануы), катаракта және т.б. секілді патологиялардың пайда болуымен де байланысты. Көбею жүйесінің аурулары. Темекі шегу жыныстық органдары үшін де зиян. Әйелдерде кездесетін ең жиі аурулар – етеккір дисфункциясы, ұрықтылықтың төмендеуі, овуляциясыз қайталым, етеккір үзілісінің ерте болуы. Темекі шегуден еркектердің де денсаулығы едәуір нашарлайды. Ұрықтылықтың төмендеуі, қозу дисфункциясы, шәуеттегі аталық ұрықтың санының азаюы, олардың сапасы мен қозғалғыштығының нашарлауы секілді белгілер пайда болады. Өзге де аурулар. Темекі шегудің адам ағзасына тигізер зияны өте кең. Жоғарыда аталған патологиялардан бөлек, темекі шегушілер II типті қант диабеті, депрессия, ұмытшақтық, есту қабілетінің бұзылуы секілді және басқа да дерттерге шалдығады.

Темекі шегудің адамның сырт келбетіне тигізетін зияны Тері. Темекі шегудің теріңізге тигізетін қаупі қандай? Созылмалы гипоксия және тамыр арнасының тарылуы темекі шегуші терісінің қанмен қамтылуын нашарлатады, оның салдарынан тері нәрлі заттар мен оттегісін жоғалтады. Терінің түсі сұрланып, құрғақтанады, солғындық пайда болады. Тері жұмсақтығын жоғалтқандықтан, мимикалық әжімдер көбейеді, темекі шегудің басқа да кері әсерлері пайда болады. Тұлғасы. Темекі шегудің тұлғаға қандай зияны бар? Темекі шегу арықтауға көмектеседі деген кең таралған мифке қарамастан, темекі шегушінің май қыртыстарының орналасуы қалыптан едәуір ауытқиды: май, ең алдымен, бел мен кеуде тұсына жиналады. Санға май қыртысы жиналуы төмендейді. Нәтижесінде сан мен бел арасында үйлеспеушілік (диспропорция) пайда болады. Ауыз қуысы. Темекі шегу салдарынан айқын галитоздан (жағымсыз иіс)бөлек, эстетикалық кемшіліктер де байқалады: тіс эмалінің сарғаюы, қызыл иектің боялуы. Темекі шегу ауыз қуысының сілекейлі қабықшаларына да зиян: қабынушылық ауруларға және тіпті тістердің түсуіне әкеледі. Темекі шегу зиянының тағы бір аспектісі ауыс қуысының қышқылды-сілтілік тепе-теңдігінің бұзылуы болып табылады. Ол тісжегінің пайда болуы, эмальдың жарылуы және басқа да патологиялардың қаупін ұлғайтады. Бұдан басқа, темекі шегу пародонтты да зақымдайды: оның сырқаттарының жартысынан көбі темекі шегумен байланысты.

ХАБАРЛАНДЫРУ

БҮГІНГІ САНДА:СЕГОДНЯ В НОМЕРЕ:

Үздіктер

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ2

3

Дуалды оқыту

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ - БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Спартакиада

«ҚМГ» ҰК» АҚ СПАРТАКИА- ДАСЫ І ТОБЫНЫҢ ІРІКТЕУ ТУРНИРІ

4

7

Жолдастық кездесу

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН МҰНАЙШЫЛАР ФУТБОЛ АЛАҢЫНДА КЕЗДЕСТІ

ҮЗДІКТЕР МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТЕмбімұнайгаз» АҚ қыз- меткерлері Қазақстан Республикасының елор-дасы - Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік марапат-тарға ие болды.

Тарихи маңызы зор шара қар-саңында Компанияның бір топ қыз- меткерлерінің еңбектері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ және «KAZENERGY» Ассоциациясы бас-

шылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды.

– Сіздерді жоғары марапатқа ие болуларыңызбен құттықтай-мын. Соңғы 20 жылда әлем ел-дері арасында жоғары мәрте-беге ие болған мықты тәуелсіз мемлекет құрылды. Бұл табыс- тағы біздің үлесіміз Мемле-кет басшысы мен салалық бірлестіктің басшылары тара-пынан жоғары бағаланып отыр, - деп ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ мара-патқа ие болған Компания қыз-меткерлерін құттықтады.

(Басы. Соңы 2-бетте)

Page 2: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТemba.kz/data/nws/kaz/fil_421_23.pdf · Жүрек-қан тамы рлары жүйесіне кері әсер етеді,

2

ҮЗДІКТЕР

(Басы. Соңы 2-бетте)

Марапатқа ие болғандар арасын-дағы ЕМГ қызметкерлері:

– АЙТБАЕВ Ташкент Боранғалиұлы – «Ембімұнайгаз» АҚ «Ембімұнайэнерго» басқар-масының басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 20 маусым 2018 ж. №706 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалып-

тасуына қосқан ерекше үлесі үшін «Астана - 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

– ТАСМАҒАМБЕТОВА Рысты Нұрғалиқызы – «Ембімұнай-газ» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөнін-дегі орынбасары, «KAZENERGY» Ассоциациясы төрағасының 29 маусым 2018 ж. №87 өкімі-не орай Қазақстан Республика-сы мұнай-газ және энергетика-лық кешеннің дамуына қосқан

кәсіби үлесі мен еңбегін көтер-мелеу үшін, сонымен қатар, «KAZENERGY» Ассоциациясымен әріптестік байланыс орнатуда белсенділігі үшін медальмен ма-рапатталды.

– ШАРАФЕТДИНОВА Гүлбану Әбутәліпқызы – «Ембімұнай-газ» АҚ мамандарды басқа-ру және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры, «KAZENERGY» Ассоциация-сы төрағасының 29 маусым 2018 ж. №87 өкіміне орай Қазақстан Республикасы мұнай-газ және энергетикалық кешеннің дамуына қосқан кәсіби үлесі мен еңбегін көтермелеу үшін, сонымен қатар «KAZENERGY» Ассоциация- сымен әріптестік байланыс орна-туда белсенділігі үшін медальмен марапатталды.

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ

Page 3: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТemba.kz/data/nws/kaz/fil_421_23.pdf · Жүрек-қан тамы рлары жүйесіне кері әсер етеді,

3

ДУАЛДЫ ОҚЫТУЖАРҚЫН БОЛАШАҚ – БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

13 маусым күні Құрманғазы мәдениет сарайында өткен Apec Petrotecnic Жоғары технологиялық мектеп түлектеріне дип- лом табыстау салтанатты шарасын-да ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ аталған оқу орнының 5 түлегіне жұмысшы мамандықтар бо- йынша дуалды оқыту бағдарламасынан өткендігін растайтын еңбек кітапшаларын табыстады. Бұған қоса, ЕМГ-нің шәкірт- ақы бағдарламасы бойынша білім алған 2 түлек Компанияға жұмысқа шақырту алды.

– Студенттерге арналған ду-алды оқыту бағдарлама-сы 2015 жылы Компания- ның сол кездегі Бас директоры Құрманғазы Есқазиевтің бастама-сымен жүзеге аса бастады. Жыл са- йын студенттер бірнеше ай бойы жұ-мысшы мамандықтар бойынша кен алаңдарында өндірістік тәжірибеден өтеді. Мұнайшылармен бірге сол жерде тұрады. Сондықтан, олардың деңгейі өзге түлектерге қарағанда басым келеді. Себебі, дипломмен қоса, оларға алғашқы еңбек өтілі жа-зылған еңбек кітапшалары беріледі, - деп атап өтті Ә.Жақсыбеков.

Бағдарлама сәтті жүзеге аса бастаған үш жылда ЕМГ-нің өндіріс алаңдарында 69 студент даярлаудан өтті, со-ның ішінде, 20-сы – Apec Petrotecnic колледжінің шәкірттері. Естеріңіз-

ге сала кетейік, Компания- ның өндірістік нысандарында дуалды оқыту бағдарламасына қатыспас бұрын студенттер өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша арнайы кур-стардан өтеді. Студенттердің тұрғылықты жері, тамақтануы, көлікпен, арнайы киім-мен және ай сайын өтемақылық төлем-дермен қамтылуын ЕМГ өз жауапкершілі-гіне алады.

ЕМГ-нің әлеуметтік аз қамтылған от-басылардан шыққан 5 түлектің оқу ақы-сын төлеуді өз мойнына алған шәкіртақы бағдарламасы 2015 жылы жүзеге аса бастады. Әр курсқа оқу ақысын төлеу үшін қойылған басты шарт – сабақ үл-герімінің жақсы болуы.

20 ТҮЛЕККЕ – ЕҢБЕК КІТАПШАСЫ

Атырау мұнай және газ университетінің Студенттер сарайында түлектерге диплом тапсыру салтанатты шарасы өтті. Диплом тапсыру шарасына Компания басшылығы да қатысты. ЕМГ 2015 жылдан бастап Атырау мұнай және газ университеті мен APEC Petrotecnic жоғары техникалық мектептің студенттері үшін дуалдық оқы-ту бағдарламасын іске қосқан болатын. Биыл Атырау мұнай және газ универси-тетінің 20 студенті Компанияға қарасты «Қайнармұнайгаз» және «Жылыоймұнай-газ» мұнай-газ өндіру басқармалары ба-заларында бағдарламаны аяқтады.

– Бүгін университетті тәмамдап отырған жастар үшін үлкен өмірге жолдама алған ерекше күн. Білім мен мұнай өндірісінде алған тәжірибе жаңа өмірде сіздерге үлкен жетістік әке-летініне сенімдімін. Жобаны жүзеге асыру арқылы біз компанияның және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сұранысына сай келетін білікті жас мамандарды даярлаймыз, - деп ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат ГАБДУЛЛИН университет түлектерін айтулы күнмен құттықтады.

Шара кезінде ЕМГ өндірістік басқармала-ры базаларында дуалдық бағдарламадан өткен 20 түлекке дипломдарымен қоса ең-бек кітапшалары табыс етілді. Болашақ жас мамандар өндіріс алаңдарында «Мұнай және газ өндіру операторы» және «Ұңғы-ларды зерттеу операторы» мамандықтары бойынша университет қабырғасында алған білімдерін тәжірибемен ұштастырды.

Page 4: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТemba.kz/data/nws/kaz/fil_421_23.pdf · Жүрек-қан тамы рлары жүйесіне кері әсер етеді,

4

«ҚМГ» ҰК» АҚ СПАРТАКИАДАСЫ І ТОБЫНЫҢ ІРІКТЕУ ТУРНИРІ: ЕМБІЛІКТЕРДЕ – 4 АЛТЫН, 2 КҮМІС, 6 ҚОЛА ЖҮЛДЕ

2018 жылғы 10-11 шілде күндері Қызылорда қаласында «ҚМГ» ҰК» АҚ спартакиадасы І тобының іріктеу тур-нирінде үздіктер анықталды. Жарысқа «Ембімұнайгаз» АҚ командасымен қоса, «Қазгер» БК» ЖШС, «Қаражанбас- мұнай» АҚ, «Теxнологиялық транспорт және ұңғыларға қызмет көрсету басқар-масы» ЖШС командалары бақ сынасты.

Екі күнге созылған жарыстар үш спорттық нысанда: Мұз айдынында, «Динамо» спорт кешенінде, «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде өтті. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның намысын қорғауға 45-ке жуық спортшы-қыз-меткер аттанып, спорттың сегіз түрінен (баскетбол, шағын футбол, үстел тен-нисі, тоғызқұмалақ, шахмат, армрес- тлинг, волейбол, суда жүзу қатысты. Барлық ойын тартысты өтті. Ембіліктер бар мүмкіндіктерін салып, ойынның соңғы секундтарына дейін намысты қолдан бермеуге тырысты.

Іріктеу жарысының қорытындысы бо- йынша «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкер-лері төмендегі нәтижелерге қол жеткізді:

І ОРЫН:1. Шағын футболдан –

«Ембімұнайгаз» АҚ командасы;2. Әйелдер арасында волейболдан

- «Ембімұнайгаз» АҚ әйелдер

СПАРТАКИАДА

командасы;3. Ерлер арасында волейболдан -

«Ембімұнайгаз» АҚ ерлер коман-дасы;

4. Шахматтан – «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ зерттеу жұмыстар цеxының 1-санатты геологы Білімпаз ҚАБДОЛОВ;

ІІ ОРЫН:1. Әйелдер арасында үстел тен-

нисінен – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Батыс Қамысты кен алаңының мұнай өндіру операторы Тамара САБИРОВА;

2. Әйелдер арасында тоғызқұмалақтан – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ қызмет-

кері Айнұр МЕҢДІБАЙ;ІІІ ОРЫН:

1. Баскетболдан - «Ембімұнайгаз» АҚ ерлер командасы;

2. Суда жүзу – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ ұңғыларды жерасты жөндеу операторы Әли БЕКСЕЙІТОВ;

Page 5: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТemba.kz/data/nws/kaz/fil_421_23.pdf · Жүрек-қан тамы рлары жүйесіне кері әсер етеді,

5

3. Әйелдер арасында шахматтан - «Жайықмұнайгаз» МГӨБ 2-катего-риялы инженер-химигі Ақмарал УСАЛИЕВА;

4. Ерлер арасында армрестлингтен (85 келі салмақтан жоғары) – «Жылыой-мұнайгаз» МГӨБ слесарь-жөндеу- шісі Әнуарбек ДҮЙСЕМӘЛИЕВ;

5. Ерлер арасында армрестлингтен (85 келі салмаққа дейін) «Жа- йықмұнайгаз» МГӨБ ұңғыларды жерасты жөндеу операторы Берік ҚАЛЕШЕВ;

6. Ерлер арасында тоғызқұмалақтан – «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасы қызметкері Тұрар ЕСТЕКОВ;

Іріктеу турнирінің ережесіне сәйкес І орын иегерлері биылғы тамыз айының Астана қаласында тамыз айында өтетін «ҚМГ» ҰК» АҚ-ның финалдық ойында-рына жолдама алды.

Ақмарал УСАЛИЕВА

ЕМГ волейболшы қыздары

Тамара САБИРОВА

Үстел теннисі

Жеңімпаздарды марапаттау

Кубоктар иесін күтудеЖеңімпаздар

Page 6: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТemba.kz/data/nws/kaz/fil_421_23.pdf · Жүрек-қан тамы рлары жүйесіне кері әсер етеді,

6

АВТОКӨЛІКТЕР МЕН АРНАУЛЫ ТЕХНИКАЛАР САТТЫҚҚА ШЫҒАРЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың басында ЕМГ көлік департаменті «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ішкі рәсімдеріне сәйкес актив-терді сату жөніндегі тұрақты комиссия- ның қарауына қолданыс мерзімі біткен 93 автокөлік пен арнаулы техника құрал-дарын саттыққа шығаруды ұсынды.

Активтерді сату жөніндегі тұрақты комиссияның хаттама шешіміне сәйкес орталық бухгалтерия саттыққа шыға-рылып жатқан әрі автокөлікке тәуелсіз бағалау жүргізіп, нарықтық бағаларын шығарды.

Бұдан кейін аудит және активтер департаменті бұл мәселені Компания- ның Басқарма мүшелерінің қарауына жолдап, автокөліктер мен арнаулы тех-никаларды ағылшын әдісі бойынша, ал, өткізілмеген лоттар бойынша голландық

АУКЦИОН

әдіспен саттыққа шығару жөнінде шешім қабылданды.

Компанияның қолданыстағы рәсім-деріне сәйкес бұқаралық ақпарат құрал-дарында аукционның өту күні, орны мен уақыты көрсетілген ресми хабарлама жарияланды. Аукционға заңды тұлға-лармен қоса кез келген жеке тұлғаларға да, сонымен қатар, ЕМГ қызметкер-леріне де қатысуға мүмкіндік берілді.

2018 жылғы 21 маусым күні ағыл-шындық әдіспен яғни, бағаның өсіміне қарай өткен аукционға қатысуға 60 адамнан жоғары өтініш түсті. Аукци-онның қорытындысы бойынша 44 мил-лионнан астам теңгеге 29 бірлік техника сатылды.

Аукционның жалғасы келесі күні – 2018 жылғы 22 маусымда бағаның

төмендеуіне қарай голландық әдіс бойынша ұйымдастырылды. Мұнда 64 автокөлік құралы мен арнайы техни-касы саттыққа шығарылып, оған 30-дан астам адамнан сұраныс түсіп, нәти-жесінде 8 миллионнан астам теңгеге 18 автокөлік құралы мен арнайы техни-касы сатылды.

Аукционды хабарлау, ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын аудит және активтер департаменті жүзеге асырды.

- Екі аукционның қорытындысы бойынша саттыққа шығарылған 93 автокөлік құралы мен арнайы тех-никасының 47-сі сатылды. Саттықтан түскен қаражат 52 миллионнан астам теңгені (50,2 %-ды) құрады, - деді аудит және активтер департаментінің директоры Сатыбалды АТРАУОВ.

Компанияның өндіріс алаңдарында жүрген автокөлік өзінің қолданыс мезгілі біткенде ескіретіні белгілі. Алайда, бұл көліктер ауылдық жерлерде жеке шаруашылықтары бар жан-дарға және шағын бизнесті дамытуға жақсы қызмет көрсете алады. Сондықтан, ірі кәсіпорындарда қолданыс мерзімі біткен көліктер мен арнаулы техникаларды сат-тыққа шығаруды жүзеге асы-рылып келеді.

Page 7: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТemba.kz/data/nws/kaz/fil_421_23.pdf · Жүрек-қан тамы рлары жүйесіне кері әсер етеді,

7

ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ

Жағпар Егізбаев өз сөзінде бұл кез-десу екі сала арасындағы іскерлік байла-ныс пен серіктестікті дамытуға жол аша-тынына сенім білдірді:

– Спорт – күштерді біріктіруші құрал. Бүгін осы күш бәріміздің басымыз- ды қосып отырғанына қуанышты-мын. Достық қарым-қатынасты нығайту үшін ұйымдастырылып отырған бұл ойынның мақсаты Сол-түстік Каспий жобасының жергілікті қоғамдастықты дамыту бағытын-дағы мақсатымен ұштасып отыр. НКОК компаниясы атынан барлық қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтаймын. Мұндай шаралар алдағы уақытта дәстүрге айналады деп ойлаймын.

– Мереке қарсаңында ЕМГ мен НКОК компаниялары басшылығы бірі-гіп, ҚР Журналистер одағы Атырау облыстық филиалына командалар арасында футбол жарысын ұйым- дастыру жөнінде ұсыныс айтқан болатын. Ұсыныс қос тараптан да

ЕМГ мен НКОК компаниялары қызмет-керлерінен біріккен команда мен жур-налистер арасындағы тартысты кездесу «Судоремонтник» стадионында өтті. «EMG&NCOC» командасы құрамында 14 қызметкер (әр компаниядан 7 адам-нан, үшеуі - қосалқы ойыншы) өнер көрсетті. Ал, журналистер командасы сапында 15 ойыншы – жергілікті «Аты-рау ТВ» телеарнасы, «Атырау-Ақпарат» ЖШС және Атырау облысының өңірлік коммуникация қызметі қызметкерлері болды.

Команда ойыншылары мен жанкү- йерлерді мерекелермен ЕМГ әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы дирек-торы С.НАҚПАЕВ пен НКОК мемле-кеттік органдармен және сыртқы байланыс жөніндегі менеджері Жағпар ЕГІЗБАЕВ және ҚР Журналис- тер одағы Атырау облыстық филиалының төрайымы Алма ҚАЛУСАРИЕВА құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.

– Алдымен, ойыншылар мен қонақтарды Астана қаласының 20 жылдығымен құттықтаймын. Бүгінгі кездесудің мақсаты – мұнай-газ саласы мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің ара-сында бірлік пен достық қарым-қа-тынасты нығайту. Себебі, екі саланың кез келген қызметкері де еліміздің, соның ішінде Астананың дамып, гүл-денуі үшін аябай еңбек етуде, - деп атап өтті Сәлімжан Нақпаев.

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН МҰНАЙШЫЛАР ФУТБОЛ АЛАҢЫНДА КЕЗДЕСТІ

қолдау тауып, бүгін екі сала қыз-меткерлерінен жасақталған коман-далар жасыл алаңда кездесіп отыр. Қос компания ұжымын биыл ата-лып өтілетін мерейтойлармен шын жүректен құттықтаймын!, - деді футбол жарысының ашылу салта-натында ҚР Журналистер одағы Атырау облыстық филиалының төрайымы Алма Қалусариева.

Тоқсан минуттан астам уақытқа созылған ойын тартыс пен қызыққа толы өтті. Кездесуге қос команданың да «ең бастысы – қатысу» деген қағидамен келмегені анық байқалып тұрды. Өйт-кені, жеңіске жету мақсатында ойын-ның соңғы минуттарына дейін аянып қалмады. Нәтижесінде, жолдастық кез-десу 4:4 есебімен аяқталды. Мұнайшы-лар сапынан гол авторлары – атанған Б.Омарғалиев (НКОК), Ә.Бексейітов (ЕМГ), Б.Жүнісов (ЕМГ), Ә.Рахманов (НКОК). Ал, журналистерден Д.Қалжігітов, Т.Баксих және Қ.Жетпісбаев (дубль авторы) мұнайшы-лар қақпасының саңылауын таба білді. Ойын тең аяқталғанымен, ұйымдасты-рушылар кубокты Атырау облысының БАҚ қызметкерлері командасына табыс етті.

Сонымен қатар, үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» аталымдары бойынша дипломдармен марапатталды. Матчтан соң команда-лардың капитандары бір-біріне допты сыйға тартты.

Атырау облысында тұңғыш рет Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компания- сы мен қазақ мұнайының «қара шаңырағы» саналатын «Ембі- мұнайгаз» АҚ бастамасымен мұнайшылар мен аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында фут-болдан жолдастық кездесу өтті. Бұл шара үш бірдей айтулы ме-рекеге – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына, Солтүстік Каспий жобасының 25 жылдығына және С.Балғымбаев атын-дағы кен орнының 50 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Page 8: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТemba.kz/data/nws/kaz/fil_421_23.pdf · Жүрек-қан тамы рлары жүйесіне кері әсер етеді,

8

Шығарушы: қоғаммен байланыс қызметі

https://www.facebook.com/ 100016808373445

https://www.instagram.com/ao_embamunaigas

https://t.me/embamunaigaz

www.emba.kz

ХАТ-МАТЕРИАЛДАРЫҢЫЗДЫ ТӨМЕНДЕГІ МЕКЕН-ЖАЙҒА ЖІБЕРЕ АЛАСЫЗДАР:Атырау қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 1-үй, ЕМГ АҚ бас кеңсесі, 105 кабинет

СҮЛЕЙМЕНОВА Лаура 8 (7122) [email protected]

ҚАРАЖАНОВА Ғалия 8 (7122) 99-34-21, [email protected]

ЕРТЛЕУОВА Айгүл8 (7122) 99-32-09,[email protected]

ТУЛЕГЕНОВ Қарасай8 (7122) [email protected]

МЕНШІК ИЕСІ:«ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС

Bestern» төрт жұлдызды қонақүйіне орналастық. Ауа райы қоңыр салқын, жаңбырлы екен. Ашық аспан астында минералды, табиғи суы бар бас-

сейн жұмыс жасайды. Ішетін суының өзі емге - дәру, жанға - шипа. Қара теңізге барып шомылып, кемемен

Жаздың алғашқы айында «Жылыой-мұнайгаз» МГӨБ мұнайшылары үшін керемет демалыс ұйымдастырылды. Аталған мұнай-газ өндіру басқарма-сының кәсіподақ ұйымының төрағасы Мәлік Орынғалиев жақсы бастама көтеріп, жаздың аптап ыстығында ен далада еңбек етіп жүрген 20 мұнай-шыға Грузия мемлекетіне жолдама сатып алып берді. Бұл жолдамалар басқарма бойынша әрбір цехтарға бөлініп, мұнай өндіру саласының ба- йырғы мұнайшыларына және цехтағы қоғамдық жұмыстарға белсене арала-сып жүрген белсенді жұмысшыларға табыс етілді.

Грузияның Кутаиси қаласына жақын жердегі таулы аймақта «Sairme» eмдеу орталығының «Best

ГРУЗИЯНЫҢ ТАМАША ТАБИҒАТЫНДА ДЕМАЛЫП ҚАЙТТЫҚ

теңізге саяхат жасап, Цхалтубо қала-сындағы ғажайып көрініс «Прометея» жерасты үңгіріне саяхат жасадық.

Кутаиси, Батуми, Грузияның аста-насы Тбилиси қаласына сапар шегіп, тарихи жерлерін көріп тамашаладық. Сөйтіп, елімізге көтеріңкі көңіл-күй-мен оралдық. Мұнайшылар дән риза. Осындай демалуымызға, кәсіподақ тарапынан жағдай туғызған Мәлік Айыпқалиұлына алғысымыз шексіз. Басқармаға қарасты мұнайшылар-дың бәрі - кәсіподаққа мүше. Алдағы уақытта да осындай жақсы бастама-лар жалғасын тауып, басқа да әріптес- теріміз біз сияқты демалуға мүмкіндік алса екен деген ниеттеміз.

Гүлбағыт ИСПАНҒАЛИЕВА, Терең-өзек мұнай өндіру цехының қабат қысымын қолдау операторы,

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ.

РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС:

Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ – «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы; Айболат ГАБДУЛЛИН – Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары; Қайрат ӘДІЛБЕКОВ – Басқарма төрағасының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары; Бауыржан БАЛЖАНОВ – Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары; Сәлімжан НАҚПАЕВ – әлеуметтік саясат жөніндегі Басқарушы директор; Гүлбану ШАРАФЕТДИНОВА – қызметкерлерді басқару және еңбекке ақы төлеу департаментінің директоры; Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА – қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі