190
Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 5-бабын icкe асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса бepiлiп отырған Өрт қaуiпciздiгi қағидалары бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 қаулысымен бекiтiлген Өрт қауiпсiздiгi қағидалары 1-бөлiм. Жалпы ережелер Ұйымдастыру-техникалық iс-шаралар 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Өрт қауiпсiздiгi қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) халықтың өмiрi мен денсаулығын, мүлiктi, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншiк нысанына қарамастан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қолдануына және орындауына арналған. 2. Осы Қағидалардың ережелерiмен қатар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекiтiлген «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекiтiлген «Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекiтiлген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар» техникалық регламентi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысымен бекiтiлген «Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi (бұдан әрi – Өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттер) басшылыққа алынуы тиiс. 3. Осы Қағидалар азаматтық авиация объектiлерi үшiн, ормандарда және энергетикалық (энергия шығаратын және энергия беретiн) объектiлерде қолданылмайды, олар үшiн өрт қауiпсiздiгi қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

  • Upload
    others

  • View
    4

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекiту туралыҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1682 Қаулысы

      «Өрт қayiпciздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 5-бабын icкe асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:      1. Қоса бepiлiп отырған Өрт қaуiпciздiгi қағидалары бекiтiлсiн.      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының      Премьер-Министрi                                К. Мәсiмов

Қазақстан РеспубликасыҮкiметiнiң     

2011 жылғы 30 желтоқсандағы№ 1682 қаулысымен 

бекiтiлген    

Өрт қауiпсiздiгi қағидалары

1-бөлiм. Жалпы ережелер

Ұйымдастыру-техникалық iс-шаралар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Өрт қауiпсiздiгi қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) халықтың өмiрi мен денсаулығын, мүлiктi, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншiк нысанына қарамастан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қолдануына және орындауына арналған.      2. Осы Қағидалардың ережелерiмен қатар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекiтiлген «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекiтiлген «Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекiтiлген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар» техникалық регламентi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысымен бекiтiлген «Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi (бұдан әрi – Өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттер) басшылыққа алынуы тиiс.      3. Осы Қағидалар азаматтық авиация объектiлерi үшiн, ормандарда және энергетикалық (энергия шығаратын және энергия беретiн) объектiлерде қолданылмайды, олар үшiн өрт қауiпсiздiгi қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.      4. Жұмыскерлер тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейiн ғана жұмыс iстеуге жiберiледi, ал жұмыстың ерекшелiгi өзгергенде ықтимал өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру бойынша қосымша оқудан өтедi. Өртке қарсы нұсқаулықтан өтетiн мамандықтар (лауазымдар) тiзбесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн, өрт-техникалық минимум бойынша өртке қарсы нұсқаулық пен сабақтарды өтудiң тақырыптық және оқу жоспарларын өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) белгiлейдi.      5. Өрттен қорғау жүйелерi мен құралдарын өшiрумен байланысты жұмыстарды

Page 2: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

жоспарлаған жағдайда, сондай-ақ ұйымның теңгерiмiндегi немесе оның аумағындағы жолдар мен кiреберiстердiң жай-күйiнiң өзгергенi туралы объектiлердiң иелерi жергiлiктi өртке қарсы қызмет органдарына жұмысты жүргiзу мерзiмдерi, өзгерiс сипаты туралы алдын ала ақпаратты қамтитын хатпен хабарлауы қажет. Жұмыстың авариялық сипаты болғанда хабарлама үш тәулiк iшiнде жүргiзiледi. Тиiстi жерлерде жолдарды жабу кезiнде айналып өту бағытын нұсқағыштар орнатылуы немесе жолдың жөнделетiн учаскелерi арқылы өтпелер немесе өту жолдары салынады.      6. Ұйымдар мен елдi мекендердiң аумақтарын, ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды, эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын ұстау тәртiбi «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiне сәйкес анықталады.

2-тарау. Ғимараттар мен құрылыстардың электр қондырғыларын ұстау тәртiбi

      7. Электр желiлерiн, электр қондырғылары мен электр-техникалық бұйымдарын монтаждау, iске қосу, пайдалану, сондай-ақ олардың техникалық жай-күйiн бақылау осы Қағидалардың, электр қондырғыларын орнату қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк техникасы нормаларының, «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.      8. Электр қозғалтқыштары, электр шамдары, басқару аппараттары, iске қосуды реттегiш, бақылау-өлшеу және қорғау аппаратурасы, қосалқы жабдықтар, электр сымдары мен кабель желiлерi Электр қондырғыларын орнату қағидалары мен «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң 1-қосымшасы бойынша аймақтардың класына сәйкес қорғау дәрежесiмен қолданылады.      9. Барлық электр қондырғылары өртке және жануға әкелiп соғатын қысқа тұйықталу тогынан және артық жүктемеден қорғайтын аппараттармен қорғалады.      10. Барлық ток өткiзгiш бөлiктер, бөлу құрылғылары, аппараттар мен өлшеуiш аспаптар, сондай-ақ бөлгiш түрiндегi сақтандырғыш құрылғылары, ажыратқыштар және барлық iске қосатын аппараттар мен аспаптар тек жанбайтын негiзде (мрамор, текстолит, гетинакс) құрастырылады.      11. Өткiзгiштер мен кабельдердiң сымдарын жалғау, түйiндеу және тармақтау өртке қатысты қауiптi ауыспалы кедергiлердi болдырмау үшiн сығымдау, дәнекерлеу, пiсiру және арнайы қысқыштардың көмегiмен жүргiзiледi.      12. Өткiзгiштер мен кабельдердiң сымдарының қосылған және тармақталған жерлерi, сондай-ақ қосу және тармақтау қысқыштары осы өткiзгiштер мен кабельдердiң тұтас жерлерi сымдарының оқшаулағышына тең оқшауланады.      13. Оқшаулағыш тiреуiштерiнде төселген өткiзгiштерден басқа өткiзгiштер мен кабельдердiң қосулары және тармақталуы қосу және тармақтау қораптарында, қосу және тармақтандыру қысымдарының оқшауланған сырттарында, құрылыс конструкцияларының арнайы текшелерiнде, электр орнату бұйымдарының, аппараттардың және машиналардың тұрқыларының iштерiнде орындалады. Оқшаулағыш тiреуiштерiнде төсегенде сымдарды қосуды немесе тармақтауды тiкелей оқшаулағыштың жанында, клицтарда немесе оларда, сондай-ақ роликте орындалады.      Қосу және тармақтағыш қораптары қорғайтын қақпақтармен қамтамасыз етiледi.      14. Уақытша электр желiлерiн орнатуға және пайдалануға жол берiлмейдi. Құрылыс және уақытша жөндеу-құрастыру жұмыстарын жүргiзу орындарын қоректендiретiн уақытша иллюминациялық қондырғылар мен электр өткiзгiштерi ерекшелiк ретiнде болуы мүмкiн. Уақытша электр желiсiнiң кернеуi 36 Вольттан, ал аса қауiптi орындарда (аса ылғалды учаскелер, құдықтар, металл резервуарлар, қазандықтар) 12 Вольттан аспауы тиiс.      15. Тасымалды шамдар қорғағыш шыны қалпақтармен және торлармен жабдықталады. Осы шамдар мен басқа да тасымалды электр аппараттары үшiн ықтимал механикалық әсерлердi ескере отырып, осы мақсатқа арналған иiлгiш кабельдер мен мыстан жасалған сымдар қолданылады.      16. Автоматты өрт сөндiру, өрт дабылы, авариялық жарық беру қондырғыларын қоректендiру үшiн енгiзу-тарату құрылғысынан бастап электр қуатын тұтынушыға дейiн өзiндiк электр желiсi қарастырылады.      17. Құрылыс алаңында уақытша электр өткiзгiшiн жұмыс орындарынан 2,5 метрден, өту жерлерiнен 3 метрден, өту жолдарынан 6 метрден кем емес биiктiкте

Page 3: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

оқшауланған өткiзгiшпен орындалып, сым арқан мен берiк тiреулерге iлiнедi.      18. Құрылыс алаңы аумағында жарықтандыру прожекторлары жеке тiреулерге орнатылады.      Прожекторларды жанғыш материалдардан жасалған шатырларда және полимерлi жылытқыштары бар ғимараттарда орнатуға жол берiлмейдi.

3-тарау. Жылыту жүйелерiн ұстау тәртiбi

      19. Жылыту жүйелерiн пайдалану кезiнде осы Қағидалардың ережелерi, «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң талаптары сақталады.      20. Өндiрiстiк және басқа үй-жайларда пеш жағуды жылыту құралдарын пайдаланған кезде өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулық алған арнайы бөлiнген тұлғалар (пеш жағушылар) жүргiзедi.      21. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлердi қоспағанда) пеш жағуды жұмыс аяқталғанға дейiн кемiнде екi сағат бұрын, ал емханаларда және басқа да тәулiк бойы адамдар жаппай болатын объектiлерде ұйықтағанға дейiн екi сағат бұрын тоқтатылады.      Балалар күндiз болатын балалар мекемелерiнде пеш жағу балалар келгенге дейiн бiр сағат бұрын тоқтатылады.      22. Шатырларда барлық түтiн құбырлары мен түтiн арналары өтетiн қабырғаларды әктеу қажет.      23. Пеш оттығына сұйық отынды жеткiзу тек саңылаусыз металл отын өткiзгiш арқылы ғана жүргiзiледi. Тек зауытта шығарылған отын өткiзгiш қосқыштар мен арматура қолданылады. Отын беру жүйесiнен сұйық отынның ағуына немесе газдың шығуына жол берiлмейдi.      24. Жылу генераторларын монтаждау және пайдалану кезiнде мынадай талаптар сақталады:      1) отынға арналған сыйымдылықтың көлемi, оны орналастыру және ауа жылытқышқа беру осы аппараттарға паспорттық деректер мен техникалық шарттардың талаптарына сәйкес болуы;      2) жылу шығаратын аппараттардың жанарғылары, отын өткiзгiштердегi қосқыштар мен арматура тек зауытта дайындалған болуы;      3) жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесiн қажетiнше реттеу шегiнде оны жанарғы iшiне өткiзбей тұрақты жұмыс iстеуi тиiс.      25. Жылу шығаратын аппараттарды пайдалану кезiнде:      1) отын өткiзгiштерiнiң герметикалығы бұзылған аппаратта және ондағы тиек клапаны ақаулы болса, форсунка корпусы жылу шығаратын аппаратпен тығыз қосылмаса, түтiн жолдары, электр қозғалтқыштары мен қорғау аппараттары жарамсыз болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және өзге де ақаулықтарда, жұмыс iстеуге;      2) ашық отын бактары бар аппаратта жұмыс iстеуге;      3) тыныс алу құбырларының үй-жайлардың iшiне немесе шатыр үй-жайларына шыққан жолымен жұмыс iстеуге;      4) ретке келтiрiлмеген форсункамен жұмыс iстеуге (отын беру бұзылса);      5) жылу шығаратын аппараттарды қосу үшiн резеңке немесе полимер шлангiлер мен муфталарды қолдануға;      6) аппарат пен шығыс бактарының жанында жану тобы Г3-Г4 материалдардан жасалған қоршаулар орнатуға;      7) отын өткiзгiштердi ашық отпен қыздыруға;      8) қысқа мерзiмге тоқтап тұрғаннан кейiн ауамен үрлемей жылу шығаратын аппаратты iске қосуды жүзеге асыруға;      9) жұмыс iстейтiн қоспаны көру тесiгi арқылы жағуға;      10) жылу шығаратын аппарат жұмыс iстеп тұрған кезде шамшырақтардың электродтары арасындағы саңылауды реттеуге;      11) жылу шығарғыштың ауа сорғыш коллекторында қорғаныштары болмаса, жұмысқа қосуға;      12) жұмыс iстеп тұрған жылу шығаратын аппараттарды қараусызқалдыруға немесе оларды қарауды балаларға тапсыруға;      13) жылу шығаратын аппараттарды пайдалану шарттарын бұзуға, оларды осы мақсатқа арналған үй-жайларға (орындарға) орналастыруға жол берiлмейдi.      26. Электрокалориферлердi монтаждау және пайдалану кезiнде мынадай

Page 4: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

талаптар сақталады:      1) тек зауытта шығарылған, дабылы мен желдеткiш жұмыс iстемегенде қыздырғыш элементтерге электр энергиясының берiлуiн болдырмайтын бұғаттағышы және шығатын ауаның температурасын бақылау және электр мен жылудан қорғауды реттеу автоматикасы жарамды электрокалориферлер пайдалануға берiледi;      2) электрокалорифердi монтаждау, оны жұмысқа дайындау және iске қосу бұйымға пайдалану құжаттамасында баяндалған талаптарға сәйкес орындалады.      27. Калориферлердi пайдалану кезiнде:      1) дабылды немесе бұғаттағышты сөндiруге;      2) электрокалорифердiң корпусы мен желдеткiш арасындағы иiлгiш ендiрме үшiн жанғыш материалдарды қолдануға;      3) электрокалориферден шығу жолындағы дайындаушы-зауыт белгiлеген шектi рұқсат етiлген температураны арттыруға;      4) желдеткiш жұмыс iстемей тұрғанда электрокалорифердi қосуға (қондырғыны әр iске қосқан сайын бұғаттағыш тексерiледi);      5) электрокалориферде немесе оның маңында киiмдi немесе басқа да жанғыш материалдарды кептiруге жол берiлмейдi.

4-тарау. Желдеткiш жүйелерiн ұстау тәртiбi

      28. Желдеткiш жүйелерiн пайдалану кезiнде осы Қағидалардың ережелерi, «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң талаптары сақталады.      29. Ауа өткiзгiштердегi от жалынын бөгейтiн құрылғылар (жапқыштар, шиберлер, клапандар), автоматты өрт дабылы немесе өрт сөндiру құрылғылары бар желдеткiш жүйелерiнiң бұғаттау құрылғылары, өрт кезiнде желдеткiштi автоматты түрде өшiретiн құрылғылар техникалық құжаттамада белгiленген мерзiмдерде тексерiледi және жарамды күйде ұсталады. Ысырма жетегiнiң сезгiш элементтерi (тез балқитын құлыптар, тез жанатын ендiрмелер, термосезгiш элементтер) жанғыш тозаңмен ластанудан уақытылы тазартылады.      30. Желдеткiш камераларында қандай да бiр жабдық пен материалдарды сақтауға жол берiлмейдi. Желдеткiш камералары үнемi құлыппен жабылады. Оларға бөгде адамдардың кiруiне жол берiлмейдi.

5-тарау. Тоңазытқыш қондырғыларын ұстау тәртiбi

      31. Тоңазытқыш қондырғыларына қызмет көрсетудi арнайы дайындықтан өткен адамдар жүзеге асырады. Олардың дербес жұмыс iстеуiне рұқсат беру объект бойынша өкiммен жүзеге асырылады.      32. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлiмшелерi үй-жайларында кемiнде екi хладоагенттi булардың газ талдағышы орнатылады, олар ағынды-сорғыш желдеткiшпен және компрессорларды ажырату құрылғыларымен бұғатталады.      33. Хладоагентi (аммиак) бар баллондар арнайы қоймаларда сақталады. Оларды машина бөлiмшелерiнде сақтауға жол берiлмейдi.      Хладоагенттерi бар коммуникацияларды эвакуациялау дәлiздерiнде және өтетiн жерлерде, сатылы торларда, көтергiш шахталарында орналастыруға, сондай-ақ оларды өрт және жарылыс қауiптi үй-жай арқылы транзиттiк төсеуге жол берiлмейдi.      34. Машина және аппарат бөлiмшелерiнiң желдеткiш жүйелерi басқа үй-жайлардың желдеткiш жүйелерiнен оқшауланады.      35. Аппарат және машина бөлiмшелерiнiң авариялық жарық беруi үнемi жарамды күйде ұсталады.      36. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлiмшелерiндегi жарылыстан қорғалған электр жабдығы техникалық ақаусыз күйде ұсталады.      37. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлiмшелерiнiң үй-жайларын пайдалану барысында жеңiл лақтырылатын элементтерiн (панелдердi, терезелердi, есiктердi) құрылымдардың басқа түрлерiне ауыстыруға жол берiлмейдi.      38. Компрессорлар мен газ құбырларының герметикалығына жүйелi бақылау белгiленедi. Газ шығаратыны анықталған жағдайда ақаулығын жою үшiн

Page 5: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

компрессорды тоқтату керек. Компрессордың тығыздағыштары арқылы хладоагенттiң шығатыны анықталған жағдайда олар дереу ауыстырылуы тиiс.      39. Қысымда тұрған жабдықты жөндеуге, жұмыс iстеп тұрған компрессорлар мен сорғылардағы тығыздағыштарды толтыруға және тартуға, жүйедегi қысымды төмендетпей (түсiрмей) аппараттардағы және құбырлардағы фланецтердi тығыздауға жол берiлмейдi.      Компрессорлардың барлық үйкелетiн бөлiктерi үнемi майланады.      40. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машина және аппарат бөлiмшелерiн алдын ала тексеру кезiнде жарылыстан қорғала жасалған кернеулiгi 12 Вольттан аспайтын жарық беруге арналған тасымалданатын шамдарды пайдалануға рұқсат етiледi.      41. Жүйенi толтыруды тездету үшiн хладоагенттерi бар баллондарды жылытуға жол берiлмейдi. Аммиагы бар баллондар ашық от көздерiнен кемiнде 10 метр және жылу беру аспаптарынан 5 метр қашықтықта алыс орналастырылады.      42. Майлау материалдарын компрессорлық үй-жайларда тек саны ауысымдық қажеттiлiктен аспайтын жабық металл ыдыста сақтауға рұқсат етiледi.      43. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларда компрессорға сұйық хладоагенттiң түсу мүмкiндiгiн болдырмау қажет.      44. Аппараттардан майды жiберу май жинағышта ерiтiлген хладоагенттi алдына ала сорып алғаннан кейiн сол арқылы жүргiзiледi.      Май жинағыштан май желдеткiш жұмыс iстеп тұрған кезде суы бар ыдысқа жiберiледi.      45. Аммиакты тоңазытқыш қондырғылардың үй-жайларында iшкi өрт крандары шашыраған суды алуға мүмкiндiк беретiн шашыратқыш оқпандармен жабдықталады.      46. Компрессорлық бөлектеу үй-жайларында компрессорлармен құрылымдық немесе технологиялық байланысы жоқ аппараттар мен жабдықтарды орнатуға, сондай-ақ кеңселер мен қоймалар жасауға жол берiлмейдi.      47. Құбырларды, бекiту қондырғыларын және басқа жабдықты ашық оттың көмегiмен қыздыруға жол берiлмейдi. Оларды қыздыру үшiн ыстық су, бу немесе қыздырылған құм пайдаланылады.      48. Хладоагенттерi бар құбырлар оларда тасымалданатын заттарға байланысты танып ажырату бояуымен және сандық белгiлеулермен қамтамасыз етiледi.      49. Хладоагенттерi бар құбырлардың қолданыстағы орналасу сызбасын, сондай-ақ хладоагенттi тиiстi жоспарды әзiрлемей және оны бекiтпей өзгертуге жол берiлмейдi.      50. Хладоагенттерi бар құбырлардың механикалық зақымдалуы мүмкiн жерлерге қорғайтын бүркенiштер, торлар, кiшкене көпiрлер орнатылады.      51. Хладоагенттерi бар құбырлардың жанбайтын жылу оқшаулағышын жанатынға ауыстыруға жол берiлмейдi.      52. Тоңазытқыш станциясы кемiнде екi шығу жолымен жабдықталады, оның бiреуi тiкелей сыртқа қарай орнатылады.      53. Тоңазытқыш станциясының үй-жайлары өздiгiнен сәл тығыз жабылатын есiктермен жабдықталады.

6-тарау. Инженерлiк жабдықтың басқа түрлерiн ұстау тәртiбi

      54. Инженерлiк жабдықты пайдалану кезiнде осы Қағидалардың ережелерi, «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң талаптары орындалады.      55. Ұйымдардың «өрт сөндiру бөлiмшелерiн тасымалдау» деген жұмыс режимi бар лифтiнi пайдалануы ұйым басшысы бекiтетiн техникалық нормалармен регламенттеледi.

7-тарау. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiн ұстау тәртiбi

      56. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiн пайдалану және ұстау осы Қағидалардың ережелерiне және «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес орындалады.      57. Өртке қарсы су құбыры желiлерi жарамды күйде ұсталады және қажеттi тегеурiн мен өрт сөндiру қажеттiлiгi үшiн су шығынын қамтамасыз етедi. Тегеурiнi жеткiлiксiз болған жағдайда арттырғыш сорғыштар орнатылады.

Page 6: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

2-бөлiм. Елдi мекендердi ұстау тәртiбi

1-тарау. Тұрғын үй ғимараттары мен жатақханаларды ұстау тәртiбi

      58. Тұрғын үй пәтерлерi мен жатақхана бөлмелерiнде жарылыс, өрт қауiпi заттар мен материалдар қолданылатын және сақталатын әр түрлi шеберханалық және қоймалық үй-жайларды орнатуға, сондай-ақ оларды басқа мақсаттағы үй-жайлар үшiн жалға беруге жол берiлмейдi.      59. Пәтерлер мен тұрғын үй бөлмелерiнде:      1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарды балкондар мен лоджияларда сақтауға;      2) төсек-орында шылым шегуге;      3) балкондар мен лоджиялардан темекi тұқылын лақтыруға;      4) плитада дайындалып жатқан тамақты қараусыз қалдыруға жол берiлмейдi.      60. Техникалық қабаттарды, техникалық орындарды, желдеткiш камераларын, бойлерлiк орындарды, лифтiлер мен шатыр үй-жайларының машина үй-жайларын тiкелей мақсатынсыз (қойма, мұрағат, сондай-ақ басқа мақсаттағы үй-жайлар ретiнде), сондай-ақ жанғыш материалдарды сақтау үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы үй-жайлардың есiктерi құлыппен жабылады, олардың кiлттерi тәулiктiң кез келген уақытында алу үшiн белгiлi бiр, қол жетiмдi, тәулiк бойы кезекшi персонал болатын жерде болады.      61. Жатақханаларда (тұрғын үй-жайлардан басқа) темекi шегуге арналған орындар «Темекi шегуге арналған орын» деген жазумен, жанбайтын материалдардан жасалған урналармен немесе темекi тұқылын салғыштармен жабдықталады.      62. Газ өткiзгiштерден, газ баллондардан және қатып қалған құбырларды қыздыру аспаптарынан, инженерлiк коммуникациялардан газдың ағуын байқау үшiн ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi. Қатып қалған құбырларды, жабдықты инженерлiк коммуникацияларды қыздыру ыстық сумен, бумен және қызған құммен жүргiзiледi.      63. Қауiпсiз эвакуациялауды қамтамасыз ету үшiн:      1) қабырғаларда негiзгi саты торының көлемiн жертөледен (цоколдық қабаттан), жертөледе немесе цоколдық қабатта өрт шыққан жағдайда саты торының тез түтiндеуiне әсер ететiн есiктерi бар есiк ойығынан бөлiп тұратын «бөлiктердi» орнатуға;      2) эвакуациялау жолдарында жылжымалы, көтергiш, айналатын есiктер мен турникеттердi оларды шалқасынан ашылатын қайталамай орнатуға;      3) ғимараттар мен үй-жайлардан шығуға кедергi келтiретiн есiктердi қайта қоюға;      4) саты торын немесе саты торынан шығу жолы орналасқан вестибюльдi ортақ дәлiздерден бөлетiн есiктердi алуға;      5) эвакуациялау жолдарында «жалған» есiктер орнатуға, витраждар, айналар, турникеттер мен қалыпты эвакуациялауға кедергi келтiретiн өзге де бұйымдар қоюға;      6) есiктер мен люктер арқылы шатырлар мен жабынға шығу жолдарын үймелеуге;      7) саты торлары баспалдақтарының астында үй шаруашылығындағы (балалар арбалары, шаналар, велосипедтер, жиһаз және басқалары) заттарды жинауға және орталықтан жылу берудi басқару тораптары мен су өлшеу тораптарынан басқа әр түрлi үй-жайларды орнатуға;      8) түнгi уақытта сатыларды жарықтандыруды сөндiруге және ғимаратта адамдар болған кезде саты торларының есiктерiн құлыпқа және қиын босатылатын тиектерге жабуға жол берiлмейдi.      64. Моншаның тас пешiн салу кезiнде:      1) пеш оттығы есiгiнiң алдынан тiкелей еденде үстiнен өлшемi 0,5х0,7 метр металл болат болатын жылу оқшаулағыш материал қабатын орналастыру қажет;      2) оттық есiгiнен бастап қарама-қарсы есiкке дейiнгi қашықтықты кемiнде 125 сантиметр етiп жасау қажет; егер қабырға немесе далда жанбайтын материалдан жасалған болса, онда есiкке қарсы ауданы оттық ойығының ауданынан екi есе артық болатын жылу шағылдырғыш экран орнату қажет;      3) қабырға ойығында тас пеш орнату кезiнде пеш пен қабырға арасында 28 сантиметр саңылау жасау қажет. Осы аралыққа термо оқшаулағыш қабатын салып, кейiн оны қалыңдығы бiр кiрпiштей кiрпiш қабатымен бiтеу қажет;      4) тастың сыртқы қабаты мен қабырға немесе жанбайтын материалдардан жасалған далда арасындағы кеңiстiк қабырғадағы немесе далдадағы жанбайтын

Page 7: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

материалдан жасалған қорғағыш қабатының құрылғысымен 26 сантиметрге тең етiп орындау қажет;      5) кiрпiш түтiн құбырының сыртқы қабаты мен жанғыш жабын (тор, шатыр тiреуiшi) құрылымдары арасына жанбайтын оқшаулағыш материалмен толтырылған, қалыңдығы 13 сантиметрден кем емес саңылау қарастырылуы қажет;      6) көмiрмен жанатын пештер үшiн асбест цементтi және металл түтiн құбырларын пайдалануға жол берiлмейдi.      65. Жеке тұрғын үйлерде осы Қағидалардың 21-тарауының ережелерiне сәйкес құрғақ ыстық моншаның (хауыз) үй-жайларын орнатуға жол берiледi.

2-тарау. Саяжай кооперативтерiн, бау-бақша серiктестiктерiн, ауылдық елдi мекендердiң аумақтарын ұстау тәртiбi

      66. Автокөлiктiң бау-бақша серiктестiктерiне баратын жолдарында негiзгi магистральдан өту кезiнде, одан соң әрбiр бұрылыста немесе жол айрығында саяжай кооперативiнiң, бау-бақша серiктестiгiнiң атауы мен оларға дейiнгi қашықтығымен нұсқағыштар орнатылады.      67. Саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестiктерiнiң, гараж кооперативтерiнiң, ашық тұрақтардың аумақтарына өту жолдарында «Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiне және құрылыс нормаларына сәйкес оларға салынған және уақытша ғимараттары мен құрылыстары, өту жолдары, кiреберiстер, өрт сөндiрушiлердiң өту жолдары, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiнiң орналасқан орны, өрт сөндiру құралдары, хабарлау және байланыс құралдары, өрт техникасы көрсетiлген схемалар iлiнедi.      Схема дайындалған материал атмосфералық әсерге төзiмдi материалдан жасалады.      68. Ауылдық елдi мекендердiң, саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестерiнiң аумағында:      1) өрт шыққан жағдайда адамдарға хабарлау үшiн дыбыстық сигналдар (сирена, қоңырау, қоңыраулы рельс бөлiктерi) арнайы бұйымдар орнатылуы және өрт сөндiру мақсатында су қоры құрылуы қажет;      2) жазғы маусымда әрбiр тұрғын үй ғимаратының жанында жиынтық су қоры кемiнде 200 литр сыйымдылық немесе өрт сөндiргiш болуы қажет;      3) жанғыш қалдықтардың үйiндiлерiн ұйымдастыруға жол берiлмейдi. Пайдаға асырылмаған қалдықтар мен қоқыстарды тұрғын үй ғимараттары мен жатақханалардың, саяжай кооперативтерiнiң, бау-бақша серiктестiктерiнiң, гаражда және ашық алаңдардың аумақтарында (қоқыс өткiзгiшпен жабдықталмаған) арнайы жабдықталған орындарында жабылатын қақпақтары бар металл сыйымдылықтар орнатылады. Сыйымдылықтар бетондалған немесе асфальтталған алаңдарда ғимараттар мен құрылыстардан кемiнде 25 метр қашықтықта орнатылады.      69. Саяжай кооперативтерi мен бау-бақша серiктестiктерiнде сыйымдылығы кемiнде 25 м3 өрт сөндiретiн су айдындарымен жабдықталады. Өрт сөндiретiн су айдындары қатпайтын сулармен жабдықталады.      70. Жазғы маусымда әрбiр саяжай үйiнiң жанында жалпы сыйымдылығы кемiнде 200 литр суы бар сыйымдылықтар орнатылады.      71. Өрт сөндiру мақсатына арналған су көздерiнiң жанында өрт сөндiретiн авариялық-құтқару автомобильдерi мен мотопомпаларын орналастыру үшiн алаңшалар (пирстер) жабдықталады.      72. Саяжай кооперативiнiң, бау-бақша серiктестiгiнiң аумағында әр 20 учаскеге бiр қалқан есебiмен өрт қалқандары орнатылады.      73. Су тегеурiнi мұнараларында, сондай-ақ жазғы уақытта пайдаланылатын су өткiзу жүйелерiнде (диаметрi 100 миллиметр және одан астам) әрбiр 120 метр сайын өрт шыққан жағдайда өрт техникасымен су алуға арналған бұйымдар қарастырылады. Бұл бұйымдар жарамды күйде ұсталады.      74. Саяжай кооперативiнiң, бау-бақша серiктестiгiнiң күзетшiсiнiң қасында жақын орналасқан төтенше жағдайлар органының (бөлiмшесiнiң) екi телефон нөмiрi және нақты мекенжайы көрсетiлген тақтайша iлiнедi.      75. Саяжайларды, бағбандық үйлердi ұзақ уақытқа жапқан кезде электр желiсi ток көзiнен ажыратылуы, газы бар баллондардың бұрамалары (клапандары) тығыз жабылады.      76. Атқарушы органдар және орман пайдаланушылар орман алқаптарында

Page 8: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

орналасқан елдi мекендер үшiн өртке қарсы қорғағыш жолақтарды орнатуды, жапырақты шөптердi отырғызуды, жазғы маусымда құрғақ өсiмдiктерден тазартуды қамтамасыз етедi.      77. Ауылдық жерлерде жеке тұрғын үйлердiң алдында (иелiктегi үйдiң есiктерi немесе қақпаларында) осы үй тұрғындарының өрт сөндiруге шығуға мiндеттi екендiгi көрсетiлген кестелер iлiнедi.      78. Ауылдық жердегi тұрғын үй құрылыстары шатырға жететiн жалғамалы сатылармен, ал шатырда оның басына дейiн жететiн сатымен жабдықталады.      79. Ауылдық елдi мекендердiң, блок-контейнерлiк ғимараттардың, саяжайлық және бағбандық ауылдардың аумақтары өрт болған жағдайда адамдарды хабардар етуге арналған дыбыстық дабыл қаққыш құралдармен және өрт сөндiру мақсатында су қорымен жабдықталады.      80. Жазғы маусымда құрғақ, ыстық және желдi ауа-райында ауылдық елдi мекендер мен кәсiпорындарда, саяжайлық ауылдарда, бақшалық жерлерде от жағуға, белгiлi учаскелерде өрт қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге, пеш, асханалық ошақ пен қатты отынмен жұмыс iстейтiн қазандық қондырғыларын жағуға жол берiлмейдi.      81. Елдi мекендер мен жеке орналасқан объектiлер өртке қарсы қызметiне өрт туралы хабарлау үшiн жарамды телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етiледi.      82. Тұрғын үйдiң мекен учаскелерiнде шөптердi жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейiн кемiнде 15 метр қашықтықта орындалады. Аталған қашықтықта шөптердi жинау мүмкiн болмаған жағдайда жинау орнын кемiнде 500 литр суы бар қосымша ыдыспен қамтамасыз еткен жағдайда қашықтықты 5 метрге дейiн қысқартуға болады.      83. Мыналарға:      1) қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына жинауға;      2) электр жеткiзу желiлерiнiң астына жинауға;      3) учаскенiң сыртқы қоршауынан кемiнде 3 метр қашықтықта;      4) көшелерде, жолдарда, аулалық учаскелерден тыс шөп шошақтарын, шөмеле, маяларын, сабан және басқа да iрi жем-шөптi орналастыруға жол берiлмейдi.      84. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi жердiң климаттық жағдайларына байланысты үй жанындағы учаскелерге шөп кiргiзу кестесiн әзiрлейдi және оның орындалуына бақылауды ұйымдастырады.      85. Iрi жемшөптердi тасымалдау пайдаланылған құбырлары радиатордың астынан шығарылған және ұшқын өшiргiштермен жабдықталған арнайы жабдықталған көлiк құралдарында жүзеге асырылады.      86. Iрi жемшөптердi тасымалдауға арналған көлiк құралдары қосымша екi ұнтақты өрт сөндiргiшпен жабдықталады.      87. Iрi жемшөптердi жинау биiктiгi жер деңгейiнен 4 метрден аспайтындай етiп орындалады.

3-тарау. Қонақ үйлердi, мотельдердi, кемпингтердi ұстау тәртiбi

      88. Қонақ үйлерде, мотельдерде, кемпингтерде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде өрт қауiпсiздiгi қағидасы бар жадынамалар iлiнедi. Шетел азаматтары тұрған кезде өрт қауiпсiздiгi туралы жадынама бiрнеше тiлде толтырылады.      89. Қонақ үйлердiң, мотельдердiң, кемпингтердiң нөмiрлерiнде және жатақханалардың есiктерiнiң iшкi жағында өрт болған жағдайда эвакуациялау жолдарының жоспарында нөмiрлерi мен бөлмелерi, эвакуациялау жолдары мен қозғалыс бағыты, өрт сөндiру құралдарын орналастыру орны мен қажеттi түсiндiрме мәтiнi бар дабылы көрсетiлiп, iлiнiп тұрады.      90. Қонақ үйлердiң тұрғын қабаттарында қоймалар, кеңселер орналастыруға жол берiлмейдi.      91. Қонақ үйлердiң, кемпингтердiң, мотельдердiң ғимараттарының қызмет көрсетушi персоналы жұмыс орнында тiкелей сақталатын тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен және электр шамдарымен қамтамасыз етiледi.

4-тарау. Ғылыми және оқу орындарын, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн ұстау тәртiбi

Page 9: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      92. Жарылыс және өрт қаупi бар заттар мен материалдарды қолдануға байланысты тәжiрибелiк (эксперименттiк) қондырғыларда жұмыс iстеуге оларды кәсiпорын бұйрығымен тағайындалған ведомстволық комиссия пайдалануға қабылдағаннан кейiн ғана жүргiзiледi. Комиссия олардың өрт жарылыс және өрт қауiптiлiк дәрежесiн анықтайды және оларды әр түрлi орындарға орналастыру мүмкiндiгi туралы қорытынды дайындайды.      93. Оқушылармен және студенттермен тұрмыстағы өрт қауiпсiздiгi қағидасымен және өрт шыққан жағдайдағы iс-әрекеттермен танысу сабақтарын ұйымдастыру қажет. Бастауыш сыныптармен, сондай-ақ мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде әңгiмелесулер өткiзу қажет. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде, кәсiби мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында өрт қауiпсiздiгi қағидасын оқу бойынша нұсқаулық сабақтарын өткiзу қажет.      94. Зертханаларда және басқа да үй-жайларда тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттiлiктi арттырмайтын мөлшерде сақтауға рұқсат етiледi. Үй-жайға сұйықтықтар жабық қауiпсiз ыдыста жеткiзiледi.      95. Егер тартпалы шкафта орындалатын операцияға қатысы жоқ заттар, материалдар мен жабдықтар болса, сондай-ақ олар жарамсыз және желдеткiш жүйесi iске қосылмаған болса, онда олармен жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.      96. Тартпалы шкафтардың тез тұтанатын заттармен жұмыс жүргiзiлетiн ағаш бөлiктерi оттан қорғайтын лакпен сырланады немесе жанбайтын материалдармен боялады.      97. Жұмыс соңында қолданылған тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтар арнайы жабық ыдыста жиналып, бұдан әрi пайдаға асырылуы үшiн зертханадан шығарылады.      98. Тез тұтанатын сұйықтықтар және жанғыш сұйықтықтарды канализацияға төгуге жол берiлмейдi.      99. Тез тұтанатын сұйықтықтармен және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс жүргiзiлген ыдыстар тәжiрибеден кейiн өртке қауiпсiз ерiтiндiлермен жуылады.      100. Балалар мекемелерiнiң көп қабатты ғимараттарында кiшi жастағы балалардың топтары (сыныптары) екiншi қабаттан жоғары орналастырылмайды.      101. Сыныптарда, кабинеттерде, шеберханаларда, жатын бөлмелерде, асханалар мен басқа да бөлмелерде жиһаздар мен жабдықтарды орналастыру кезiнде адамдарды кедергiсiз эвакуациялау және өрт сөндiру құралдарын алуы қамтамасыз етiледi.      102. Оқу сыныптары мен кабинеттерiнде шкафтарда, сөрелерде немесе тұрақты орнатылған тiреулерде сақталуы тиiс оқу үдерiсiн қамтамасыз етуге арналған қажеттi жиһаздар, аспаптар, үлгiлер, керек-жарақтар, құралдар ғана орналастырылады.      103. Оқу сыныптары мен кабинеттерiндегi парталар (үстелдер) саны жобада белгiленген саннан аспауы тиiс.      104. Сабақтар аяқталғаннан кейiн кабинеттердегi, зертханалардағы және шеберханалардағы өрт, жарылыс және өрт қаупi бар барлық заттар мен материалдар жеке үй-жайларда орналастырылған жанбайтын шкафтарға (жәшiктерге) қойылады.      105. Жұмыс аяқталғаннан кейiн үздiксiз жұмыс iстейтiн аппараттар мен электр құралдарынан басқа электр тұтынушы барлық үй-жайларға тексерiс жүргiзiледi.      106. Сыйымдылығы 25 адамнан астам мектеп ғимараттары мен мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде пешпен жылыту, керосинмен және электрмен жылыту құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi.      107. Балалар тәулiк бойы болатын мектеп ғимараттары мен мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде телефон байланысы қамтамасыз етiлiп, қызмет көрсету персоналының тәулiк бойы кезекшiлiгi белгiленедi.

5-тарау. Балалардың жазғы демалыс орындары мен сауықтыру лагерьлерiн ұстау тәртiбi

      108. Балалардың жазғы демалысына арналған ғимараттар мен сауықтыру лагерьлерi кемiнде екi эвакуациялық тiкелей сыртқа шығу жолымен жабдықталады.      109. Балалардың сауықтыру лагерьлерiнiң ағаш ғимараттары бiр қабатты етiп қарастырылады. Каркас және тақтай ғимараттар сылануы және жанбайтын жабыны мен жанбайтын жылытқышы болуы керек.      110. Ағаш ғимараттардың шектi сыйымдылығы бiр балаға 2,5 шаршы метр есебiмен 50 балаға дейiн болуы тиiс.

Page 10: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      111. Мыналарға:      1) қолданыстағы балаларды сауықтыру лагерьлерiн жалға беруге;      2) ғимараттарды тез тұтанатын материалдармен (сабанмен, жаңқамен, қамыспен, жоңқамен) жабуға;      3) балалар жұмыс iстейтiн ағаш ғимараттарда асханалар, кiр жуу орындарын орнатуға;      4) жанғыш құрылымдардан жасалған ғимараттарда 50-ден астам балаларды орналастыруға;      5) жазғы маусымда балалар жұмыс iстейтiн үй-жайларда пеш жағуға, керосиндi және электрлiк қыздыру құралдарын қолдануға жол берiлмейдi.      112. Балалардың жазғы демалыс орындарындағы, сауықтыру лагерьлерiндегi кiр жуатын бөлмелер мен асханаларды балалар орналасқан ғимараттан 15 метр қашықтықта оқшау құрылыстарға орналастырылады.      113. Балаларды сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаумен қамтамасыз етiлмеген балалардың жазғы демалыс орындарында, сауықтыру лагерьлерiнде орналастыруға жол берiлмейдi.      114. Балалардың жазғы демалыс орындары, жазғы сауықтыру лагерьлерi телефон байланысымен, өрт болған жағдайда берiлетiн дабыл белгiсiмен және алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi. Бұларда қызмет көрсетушi персоналдың тәулiк бойы кезекшiлiгi белгiленедi. Кезекшiлердiң үй-жайларына телефон орнатылады.

6-тарау. Мерекелiк iс-шараларды өткiзу орындарын ұстау тәртiбi

      115. Адамдар жаппай жиналатын iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу кезiнде:      1) кемiнде екi эвакуациялау жолымен қамтамасыз етiлген және жанғыш далдалары бар ғимараттарда 2-қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар ғана пайдаланылады;      2) шыршалар орындарында мықтап бекiтiлiп, бұтақтары қабырғалар мен төбеге тимейтiндей және үй-жайдан шығуға қиындық келтiрмейтiндей есеппен орналастырылады;      3) үй-жайда электрлiк жарықтандыру болмаған жағдайда шырша жанындағы iс-шаралар күндiзгi уақытта ғана өткiзiледi;      4) иллюминация Электр қондырғыларын орнату қағидаларын сақтай отырып орындалады. Төмендету трансформаторысыз электрлiк жарықтандыру желiсiн пайдаланғанда шыршада кернеуi 12 Вольтқа дейiн кезектесiп жанатын шамдары бар гирляндтар қолданылады;      5) иллюминацияда ақау байқалған жағдайда (сымдардың күюi, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын шығуы) ол дереу сөндiрiледi;      6) iс-шараларды өткiзу кезiнде залда, сахнада және зал бөлмелерiнде жауапты адамдардың, өртке қарсы құралымдардың мүшелерiнiң немесе өртке қарсы қызмет жұмыскерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру қажет. Iс-шаралар өткiзiлетiн үй-жайлар алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.      116. Мыналарға:      1) iс-шаралар өткiзiлетiн үй-жайлардың терезелерiнде торлары болған жағдайда оларды өткiзуге;      2) доғалы прожекторларды, шырақтар мен шартылдақтарды қолдануға, отшашулар мен өрттiң шығуына әкелуi мүмкiн басқа да жарықтандырғыш өрт қауiптi әсерлердi өткiзуге;      3) отпен байланысты және басқа да жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi жұмыстарды жүргiзуге;      4) үй-жайларды қараңғылау үшiн терезелерге қақпақтар орнатуға;      5) қатарлар арасындағы өту жолының енiн қысқартуға және өту жолдарында қосымша креслолар, орындықтар қоюға;      6) үй-жайда қойылым немесе көрсетiлiм жүрiп жатқан кезде жарықты толықтай өшiруге;      7) үй-жайға жобалық құжаттамада белгiленгеннен артық адамдармен толтыруға жол берiлмейдi.      117. Шам қойғыштар, ашық отты пайдаланатын шырағдандар берiк жанбайтын тұғырларға орнатылады және олардың құлауын болдырмайтындай жағдайларда пайдаланылады.      118. Шамшырақтарды пайдалану кезiнде:

Page 11: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1) жанып тұрған шамшырақтарды желдiң өтiне қоюға;      2) жанып тұрған шамшырақтарды тез тұтанатын материалдардың қасына қоюға;      3) жанып тұрған шамшырақтарды қараусыз қалдыруға;      4) жанып тұрған шамшырақтарды балалар мен үй жануарларға қол жетiмдi жерлерде қалдыруға жол берiлмейдi.      119. Ашық от көзi қолданылатын басқарылмайтын ұшпалы фонарларды пайдалануға және iске қосуға жол берiлмейдi.

7-тарау. Сайлау учаскелерiн ұстау тәртiбi

      120. Әрбiр сайлау учаскесiнде оның жұмысы басталғанға дейiн 10 күн бұрын кешiктiрмей сайлау учаскесi орналастырылған объектiнiң (ғимараттың, үй-жайдың) басшысы тиiстi сайлау комиссиясының төрағасымен бiрлесiп, объект басшысының бұйрығымен тиiстi өртке қарсы режим белгiленедi, осы Қағидалардың ережелерiн және мемлекеттiк өрт бақылау органдарының ұйғарымдамаларын орындау қамтамасыз етiледi, оның iшiнде:      1) сыртқы және iшкi өртке қарсы су құбырларының (мiндеттi түрде су жiберу арқылы), жарықтандыру және қуат желiлерiнiң, түтiнге қарсы желдеткiш пен өрт дабылы және өрт сөндiру жүйелерiнiң жарамдылығы тексерiледi, сондай-ақ акт дайындалып, қажеттi тексерiстер жүргiзiледi. Барлық ақаулықтар сайлау учаскесiнiң жұмысы басталғанға дейiн жойылады. Анықталған кемшiлiктердi жою кезiнде немесе олар болмаған жағдайда сайлау учаскесiнiң дайын екендiгi туралы акт дайындалады (актiлер сайлау учаскесiнiң жұмысы аяқталғанға дейiн объектiнiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты адамда сақталады);      2) алғашқы өрт сөндiру құралдарының, өрт автоматикасының, байланыс және хабарлау құралдарының болуы, жарамдылығы және қолдануға тұрақты дайындығы қамтамасыз етiледi;      3) сайлау комиссиясы мүшелерiмен және қызмет көрсету үшiн жұмылдырылған персоналмен өрт қауiпсiздiгi шаралары мен өрт шыққан кезде iс-қимыл жасау туралы қол қойып, нұсқаулықтан өтедi;      4) өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуациялаудың әр қабатта жоспарлары (схемалары) және адамдарды, бюллетендер мен мүлiктi эвакуациялау бойынша қызмет көрсетушi персонал мен сайлау комиссиясы мүшелерiнiң iс-қимылдарын анықтайтын нұсқаулықтар әзiрленедi және iлiнедi қажет, өрт туралы адамдарға хабарлау тәртiбi, анықталуы, сондай-ақ iс-шаралар басталғанға дейiн эвакуациялау жоспары мен хабарлау жүйесiн машықтау бойынша оқу жаттығулары өткiзiледi;      5) тамақ дайындау орындары белгiленедi және қыздыру аспаптарын пайдалану тәртiбi анықталады;      6) темекi тартуға арналған орындар анықталады және жабдықталады;      7) үй-жайларды тексеру және жабу тәртiбi орнатылады.      121. Сайлау учаскелерi отқа төзiмдiлiгi I-III дәрежелi, екiншi қабаттан жоғары емес ғимараттарда орналастырылады. Цоколдық қабатта және сайлау учаскесiнiң үй-жайларының үстiнде сайлау комиссиясы мүшелерi мен қызмет көрсетушi персоналдың жұмыс кабинеттерi, демалыс және тамақтану бөлмелерi орналастырылады.      122. Ауылдық жерлерде отқа төзiмдiлiгi IIIа-V дәрежелi ғимараттарда бiреуден аспайтын сайлау учаскесiн орналастыруға жол берiледi. Бұл ретте сайлау учаскесi бiрiншi қабатта орналастырылады, ал уақытша сауда, буфеттер, кино-бейнефильмдер көрсету ғимараттан тыс ұйымдастырыы.      123. Сайлау учаскесi телефон байланысымен қамтамасыз етiледi. Әрбiр телефон аппаратының жанында жақын орналасқан өрт сөндiру бөлiмiнiң телефон нөмiрi бар тақтайша орнатылады (iлiнедi).      124. Үстелдердi, дауыс беруге арналған кабиналарды, урналар мен дауыс беруге арналған өзге де жабдықты орналастыру адамдар мен материалдық мүлiктердi қауiпсiз эвакуациялауды қамтамасыз етудi ескере отырып, үй-жайдың периметрi бойынша жүзеге асырылады.      125. Сайлау учаскелерiнiң жұмысы қарсаңында құрылыс, жөндеу және ашық отты (алау жағу, қоқыс, қалдықтарды, ыдыстарды өртеу және электрмен, газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу) пайдаланумен байланысты өзге де жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi. Көрсетiлген жұмыстар қызмет көрсетушi персоналдың тұрақты бақылауымен жүргiзiледi.      126. Сайлау учаскесiнiң ғимараты (үй-жайы) кемiнде екi эвакуациялық шығу

Page 12: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

жолымен жабдықталады, олардың өлшемдерi, сондай-ақ жарық беру, эвакуациялау жолдарының ұзындығы және эвакуациялау уақыты «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес орындалады.      127. Сайлаушыларды тiркеу, бюллетендердi беру, дауыс беруге арналған кабиналардың, уақытша сауда нүктелерiнiң (буфеттер, ұяшықтар және өзге де осыған ұқсас үй-жайлар), сондай-ақ кино-бейне көрсетiлiмдердi ұйымдастыру орындары мен адамдар жаппай жиналатын өзге де үй-жайлар кемiнде екi шоғырландырылмаған эвакуациялау жолдары бар үй-жайларда орналастырылады. Ғимараттың вестибюлiнде ашық киiм-кешек iлу орындарын орналастыруға және орналастырылатын жабдық өрт кезiнде эвакуациялау жолдарының енiн тарылтпайтын және эвакуациялауға кедергi келтiрмейтiн болса, уақытша сауда орнын ұйымдастыруға болады.      128. Сайлаушылардың қозғалысы қиылысатын және қарсы лектердi болдырмайтындай етiп ұйымдастырылады. Адамдар лектерiнiң қозғалыс бағыты нұсқағыштармен белгiленедi.      129. Сайлаушыларды тiркеу үй-жайларынан эвакуациялық шығу жолдарын, бюллетендер берудi, дауыс берудi, кино-бейне көрсетiлiмдердi және адамдар жаппай жиналатын өзге үй-жайларды нұсқағыштар жарамды күйде ұсталады және сайлау учаскесi жұмыс iстеп тұрған уақытта қосулы тұрады. Егер «Шығу» деген жарықтандырылған нұсқағыштарды орнату жобада көзделмесе, көрсетiлген үй-жайлар мемлекеттiк стандартқа сәйкес эвакуациялау бағытын нұсқағыштармен қамтамасыз етiледi.      130. Сайлау учаскелерiн пайдалану кезiнде:      1) сайлау учаскесiнiң үй-жайлары мен ғимаратынан эвакуациялық шығу жолдарында дауыс беруге арналған кабиналар, бюллетендерге арналған жәшiктер мен үстелдер орнатуға, уақытша сауда нүктелерiн (ұяшықтар, буфеттер) қоюға, iс-шаралар (кино-бейнефильмдер және басқаларын көрсету) өткiзуге;      2) эвакуациялау жолдарын, өрт сөндiру және байланыс құралдарына, электр энергиясын өшiру құрылғыларына қол жеткiзу жолдарын үймелеуге, сондай-ақ дауыс берумен байланысты iс-шараларды өткiзу кезiнде қосалқы эвакуациялық шығу жолдарының есiктерiн жабуға жол берiлмейдi.      131. Сайлау учаскесiнiң ғимараты электр энергиясы өшiрiлген жағдайда авариялық жарықтандырумен жабдықталады.

8-тарау. Мәдени-ағартушылық және ойын-сауық мекемелерiн ұстау тәртiбi

      132. Мұражайларда және сурет галереяларында экспонаттар мен басқа да құндылықтарды эвакуациялау жоспары, ал цирктер мен хайуанаттар парктерiнде жануарларды эвакуациялау жоспары әзiрленедi.      133. Барлық мәдени-ағартушылық және ойын-сауық мекемелерiнiң ашылу маусымы алдында өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптарына сәйкестiгi тексерiледi және оларды жергiлiктi атқару органдарының ведомствоаралық комиссиясы қабылдайды.      134. Көрермен залдары мен мiнбелерде барлық креслолар мен орындықтардың арасы қосылған және еденге мықтап бекiтiледi. Ложадағы 12 орыннан аспайтын креслоларды (орындықтарды) бекiтпеуге болады.      Би кештерiн өткiзу үшiн қолданылатын 200 орыннан аспайтын көрермен залдарындағы орындықтарды бiр-бiрiмен қатарынан мiндеттi түрде қосу кезiнде еденге бекiтпеуге болады.      135. Сахналық қораптардың ағаш құрылымдары (желтартқыштар, сахна төсемелерi, аспалы көпiрлер, жұмыс галереялары) құрылыс үдерiсiнде антипирендермен қанық сiңiрiледi.      Аталған құрылымдар, сондай-ақ жанғыш декорациялар, сахналық және көрмелiк безендiрулер, көрермендiк және экспозициялық залдардағы маталы перделер, фойелер, буфеттер оттан қорғау құрамымен мерзiмдi түрде өңделiп тұрады. Мекеме басшысында сiңiру датасы, оның жарамдылық және өңдеу сапасын тексеру актiсiнiң мерзiмi көрсетiлген осы жұмысты орындаған ұйымның тиiстi актiсi болуы қажет.      136. Ойын-сауық театрлық мекемелердiң сахналық қораптарының шегiнде бiр мезгiлде екi қойылымға арналған декорациялар мен сахна құралдары болуы тиiс. Сахнада декорацияның сақталу орны таңбалармен белгiленедi. Декорацияларды, бутафорилердi, ағаш станоктарды, бөктерлердi, құрал-саймандарды және басқа да заттарды трюмаларда, желтартқыштарда және жұмыс алаңдарында (галереяларда),

Page 13: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

саты баспалдақтарының және алаңдарының астында, сондай-ақ көрермен залдарының жертөлелерiнде сақтауға жол берiлмейдi.      137. Сахна планшетiнiң айналасын безендiру кезiнде енi кемiнде 1 метр болатын еркiн айналма жол қамтамасыз етiледi.      Көрiнiс аяқталғаннан кейiн барлық декорациялар мен бутафориялар бөлшектенiп, сахналардан арнайы қоймаларға (қоймалар, қоралар, сейфтер) жинастырылады.      138. Сахнада темекi шегуге, ашық оттарды (шырақтарды, май шамдарды, шырағдандарды), доғалық прожекторларды, отшашулар мен басқа да от түрiндегi әсерлердi қолдануға жол берiлмейдi.      139. Сахна планшетiнде өртке қарсы перденiң түсу шегiн көрсететiн қызыл сызық салынады. Декорациялар мен басқа да сахнаны безендiру заттарының бұл сызықтан шығып тұруына жол берiлмейдi.      140. Көрiнiс (дайындық) аяқталғаннан кейiн өртке қарсы перде түсiрiледi. Өртке қарсы перде түсiрiлiп тұрғанда созылмалы «жастықпен» сахна планшетiне тығыз жанасады. Өртке қарсы жасалған перденiң маңында және төбесiне жалғастырылған герметикалау орны лабиринттi нығыздау мен құмды ысырманың көмегiмен орындалады. Көтерiп түсiру механизмiнiң төмен түсiру жылдамдығы кемiнде 0,2 метр/секунд болатындай етiп реттеледi.      141. Қысқы кезеңде түтiн люктерiнiң қақпақтары нығыздалып, олардың жарамдылығы он күнде бiр рет тексерiледi.      142. Iрi көлемдегi декоративтiк безендiрудi (залдың барлық биiктiгiне) пайдалану кезiнде жабынның алып жүретiн құрылымдарының төменгi белiне дейiнгi биiктiгi 12 метр және одан асатын спорт залдарында осы безендiрудi (уақытша су перделерiн, тез алынатын бекiткiштердi монтаждау) қорғаудың қосымша iс-шаралары қарастырылады.      143. Көрермендерге арналған уақытша орындарды (жылжымалы, алынатын, жиналып бөлшектелетiн), сондай-ақ жабық және ашық спорт құрылыстарының мiнбелерiндегi орындықтарды жану кезiнде қауiптiлiгi жоғары заттар бөлiп шығаратын синтетикалық материалдардан жасауға жол берiлмейдi. Уақытша орындардың астында кез келген жанғыш материалдар мен жабдықтарды сақтауға, сондай-ақ техниканы тұрақтандыруға жол берiлмейдi. Уақытша мiнбелердiң астындағы бос орын әр жарыстың алдында жанғыш қоқыстан және қураған шөптен тазаланады.      Эвакуациялау жолдарында қосалқы орындықтарды орнатуға жол берiлмейдi.      144. Спорттық-көркемдiк мерекелердi, халықаралық жарыстарды немесе басқа халықаралық iс-шараларды, сондай-ақ мәдени ойын-сауық iс-шараларды ашу және жабу кезiнде мiнбелерде қорлар орналастыруға арналған эвакуациялау люктерiндегi уақытша орындықтар алмалы-салмалы етiп жасалады. Оларды тез бөлшектеу үшiн арнайы аспаптар көзделедi және осы жұмыстарды жүргiзу үшiн адамдардың тиiстi саны бөлiнедi.      145. Спорт залдарындағы көрермендерге арналған креслоларды жайғастыру тұрақты және уақытша мiнбелерден көрермендердiң қарама-қарсы немесе қиылысатын легi болмайтындай етiп қарастырылады.      146. Жабық спорттық құрылыстарда көрермендердiң отыруына арналған уақытша құрылымдарды бекiтуге, сондай-ақ тұғырларды, эстрадаларды, рингтердi бекiтуге арналған аспаптар ақаусыз күйде ұсталады. Ақаулы бекiткiштерi бар осындай құрылымдарды орнатуға жол берiлмейдi.      147. Спорттық құрылыстарда теледидар камераларын орнату орындары мiнбелер қатарының арасындағы өтетiн жолдарға орнатылмауы және өрт кезiнде адамдарды эвакуациялауға кедергi келтiрмеуi тиiс.      148. Көрермендерге арналған мiнбелерi бар спорттық залдарда жасанды мұз жабындылары болған жағдайда мұз тазалайтын машиналарды (жарыстарды, ойындарды, жаттығуларды, репетицияларды өткiзу кезеңiнде) уақытша тұрақтандыруға арналған орындар қарастырылады. Машиналар тұрақта эвакуациялау жолдарының есептiк енi тарылмайтындай етiп орналастырылады. Жарыстар, ойындар, жаттығулар, репетициялар аяқталғаннан кейiн оны арнайы бөлiнген үй-жайға алынады. Уақытша тұрақта мұз тазалайтын машинаға жанар-жағармай құюға жол берiлмейдi.      149. Спорт керек-жарақтарын, залдардың жинау-бөлшектеу құрылымдарын, залдардың алмалы-салмалы жабындарын және басқа материалдарды сөрелерi жоқ жерлерде сақтаған кезде олар көлемi кемiнде 100 м2 қатарларда жиналады. Қатарлардың биiктiгi 2,5 метрден аспайтындай және кемiнде қалқалау немесе жабу

Page 14: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

көтергiш құрылымдарынан 0,5 метрден кем емес етiп қабылданады. Қатарлар арасындағы өтетiн жолдың және қатарлар мен қабырғалар арасындағы енi кемiнде 0,8 метр етiп орындалады. Өтетiн жолдардың қоймалық және мiнбе астындағы үй-жайларындағы есiк орындарына қарсы енi есiктердiң енiнен кем емес етiп жасалады. Өтетiн жолдардың және жинау орындарының енi еденге жазылған жақсы көрiнетiн шектеу жолақтарымен белгiленедi.      Сөрелерде спорттық керек-жарақтарды және басқа материалдарды сақтау олар сөрелердiң габаритiнен аспайтындай етiп жүргiзiледi.      150. Өнiмдердi, спорт керек-жарақтарын және басқа материалдарды жинау кезiнде жанғыш және өрт сөндiргiш құралдардың топтары белгiлерiнiң бiртектiлiгiн ескере отырып, бiрге сақтау ережесi сақталады.      151. Көрермендерге арналған мiнбелерi бар жабық велотректерде велосипедтердi бастау сәтiне дайындауға және оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлардан эвакуациялау жолдары көрермендердi эвакуациялау жолдарынан бөлек қабылданады.      152. Қаруларды тазалауға арналған үй-жайларда майланған шүберектi жинауға арналған металл жәшiк қарастырылады. Тир немесе атыс жұмысы ақталғаннан кейiн осы жәшiктi тазалау, ал iшiндегi заттарды қоқысты ортақ сақтауға арналған орындарға алып тасталады.      153. Жұмысшылардың арнайы киiмi осы мақсатқа арнайы бөлiнген және жабдықталған үй-жайларда сақталады. Жұмысшылардың арнайы киiмi уақытылы жуылады және жөнделедi. Объект әкiмшiлiгi әрбiр үй-жай үшiн майланған арнайы киiмдi тазасына ауыстырудың нақты тәртiбi белгiлейдi.      154. Спорт залдарында жанғыш материалдарды, сондай-ақ құрылымдары жанғыш материалдардан жасалған үй-жайларды металл және ағаш көтергiш құрылымдарды бекiту тораптарының астына тiкелей орнатуға жол берiлмейдi.      Поролоннан және жоғары меншiктi жылу ұстайтын және жану кезiнде қауiптiлiгi жоғары заттарды бөлiп шығаратын басқа синтетикалық материалдарды қолдана отырып дайындалған спорттық керек-жарақтарды сақтау үшiн басқа үй-жайлардан өртке қарсы далдалармен және қалқалармен бөлiнген үй-жайлар пайдаланылады.      Жаттығулар мен жарыстар арасындағы кезеңде, сондай-ақ олар аяқталғанда синтетикалық материалдардан жасалған жұмсақ толтырулары бар жерге қонуға арналған шұңқырлар қалқандармен немесе брезенттермен жабылады.      Залдардың шегiнде қатарларға жиналған поролон маттар брезентпен жабылады.      155. Спорттың техникалық түрлерi бойынша жарыстар мен жаттығулар өткiзу кезiнде:      1) жанармаймен толтыру қатты жабыны бар және ернеулердi жанбайтын материалдардан бөлетiн және спорттық құрылыстан кемiнде 25 метр қашықтықта орналасқан арнайы бөлiнген алаңдарда жүзеге асырылады;      2) далалық жағдайларда отын құюға арналған орын жарыс трассасынан кемiнде 15 метр қашықтықта орналасқан және қатты жабыны және жарыс трассасынан басқа жаққа қарай бағыты бар алаңға орналастырылады;      3) отын құюға арналған орындарда кезекшiлiк ұйымдастырылады, темекi шегуге және ашық отты қолдануға тыйым салатын белгiлер орнатылады, сондай-ақ алғашқы өрт сөндiру құралдарының қоры қарастырылады;      4) көлiк құралдарын бастау сәтiне дайындау орындарында осы құралдарды кiшiгiрiм жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге болады. Осындай орындар көрермендерге арналған мiнбелердiң астына орналастырылмайды. Олардың қатты жабыннан негiзi және мiнбелерден басқа жаққа қарай бағыты болуы қажет. Пайдаланылған тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жинау үшiн тығыз жабылатын қақпақтары бар металл ыдыстар қарастырылады. Спорттық құрылыстардың мiнбе астындағы бос орнында көлiк құралдарын дайындауға жол берiлмейдi;      5) автомотоклубтардағы көлiк құралдарын тұрақты сақтау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету орындары осы Қағидалардың ережелерiне сәйкес орындалады. Кернеудi реттеу үшiн барлық электр аппаратурасы (реостаттар, автотрансформаторлар, дроссельдiк катушкалар, iске қосу реостаттар) тасымалданатын эстрадалар мен тұғырлардан тысқары орналасқан аппараттық үй-жайларда орналастырылады.      156. Қойылым немесе иллюминациялық жарық беру үшiн лазерлердiң блоктарына қуат беретiн лазерлiк қондырғылар пайдалану кезiнде жанғыш құрылымдар мен декорациялардың үстiңгi қабатынан кемiнде бiр метр қашықтықта негiзi жанбайтын

Page 15: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

материалдардан жасалған аппараттық үй-жайларда орнатылады. Көрсетiлген жұмыстар үшiн өрт қауiпсiздiгi сипаттамалары бар лазерлiк қондырғылар қолданылады.      157. Софиттер мен рампаларды орнату кезiнде тек жанбайтын материалдар қолданылады. Софиттердiң корпустары оларды ұстап тұрған арқандардан оқшауланады. Прожекторлар мен софиттер жанғыш материалдардан жасалған декорациялар мен құрылымдардан кемiнде 0,5 метр қашықтықта орнатылады. Линзалық прожектордан жанғыш декорацияға дейiнгi қашықтық кемiнде екi метр етiп сақталады.      158. Тұғырдың (эстраданың) ағаш рампасы мен электр шамдарының қаптамалары арасында қалыңдығы 8-10 миллиметр асбест салынады, ал эстрадаға немесе тұғырларға орнатылған барлық тасымалданатын электр фонарлары (кiшкентай шамдар) сыртқы жағынан асбест кiлемшелермен қорғалады. Кiшкентай шамдарды эстраданың немесе тұғырдың планшетiне орнату кезiнде олардың астына асбест кiлемшелер орнатылады. Жарықтандырылған сүзгiштерi жоқ эстрада, тұғырдағы софиттер және жұмыс жағдайында жарық беру үшiн пайдаланылатын эстрада, тұғырлар әйнекпен жабылады.      Барлық софиттерге жарық жағынан шамдардың әйнектерiнiң және лампалардың жарылған колбаларының сынықтарының түсуiн болдырмайтын қорғайтын металл торлар орнатылады.      159. Прожекторлар мен софиттерге әйнектердiң орнына жанғыш материалдардан жарықтандырылған сүзгiштердi қолдануға жол берiлмейдi.      160. Қарайған немесе кеуiп қалған белгiлерi бар лампалар, әйнектер дереу жаңасымен ауыстырылады.      161. Пиротехникалық бұйымдарды сақтау және пайдалану қатаң түрде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, сырттан әкелу және сыртқа шығару қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Оларды майдалау тәсiлiмен дайындау, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерiнде, бөлмелерде және стадион мiнбелерiнде, мәдениет және демалыс парктерiнде, адамдар жаппай болатын басқа да орындарда сақтауға жол берiлмейдi.      162. Өрттiң шығуына әкелуi мүмкiн пиротехникалық бұйымдар мен ашық от көздерiн қолданумен байланысты арнайы от әсерлерiн қолдану қажет болған жағдайда отшашу өткiзетiн ұйымның басшысы мыналарды:      - отшашудың басталу және аяқталу датасын, орнын, пиротехникалық қондырғыларды орналастыру схемасын, пайдаланылатын бұйымдардың сипатын;      - ғимараттар мен құрылыстарға дейiнгi қашықтықтарды көрсете отырып, жергiлiктi жерлерге отшашу, пиротехникалық бұйымдарды сақтау және монтаждау бекеттерiнiң байланысу схемаларын және қауiптi аймақтардың шекараларын көрсете отырып, отшашулар өткiзу орындарын қоршау схемасын;      - отшашулар өткiзу кезiнде өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықты;      - өрт сөндiру құралдарын орналастыру схемаларын;      - өрттiң алдын алу жөнiндегi iс-шараларды жоспарын қамтитын өрттiң алдын алу және жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады.      163. Пиротехникалық бұйымдар iске қосылатын алаңдарда темекi шегуге және от жағуға, пиротехникалық бұйымдарды қараусыз қалдыруға жол берiлмейдi.      164. Отшашуларды орнату орындарын күзету отшашуларды өткiзетiн ұйымға жүктеледi.      165. Iске қосу алаңдары алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (өрт сөндiргiштермен, суы бар сыйымдылықтармен немесе құммен) қамтамасыз етiледi.      166. Отшашу аяқталғаннан кейiн пайдаланылмаған бұйымдар мен пиротехникалық зарядтардың элементтерiн анықтау және жинау мақсатында iске қосу алаңы мұқият тексерiледi.

9-тарау. Спорт құрылыстарының емдеу-сақтандыру, оңалту-қалпына келтiру орталықтарын ұстау тәртiбi

      167. Спорт объектiсiнде денешынықтыру диспансерлерi, спортшылардың және денешынықтырумен айналысатындардың физикалық жағдайын тексеруге арналған үй-жайлар, сондай-ақ медициналық тексеруге арналған үй-жайлар болған кезде оларда осы Қағидалардың ауруханалар, клиникалар, емханалар, дәрiханалар,

Page 16: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

дәрiханалық қоймалар және басқа денсаулық сақтау мекемелерiне арналған талаптары сақталады.      168. Спорттық объектiлерде орналасқан медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда тез тұтанатын емдiк дәрi-дәрмектердi сақтау үшiн бiрге сақтауға болатын заттардың тiзбесi бар жанбайтын материалдардан жасалған шкаф қарастырылады. Шкаф жылу беру және қыздыру аспаптарынан кемiнде бiр метр қашықтықта орнатылады.      Шкафта әртүрлi өрт қауiптi қасиеттерi бар дәрi-дәрмектердi бiр сөреде сақтауға жол берiлмейдi.      169. Медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда пайдаланылған сүрту және таңу материалдарын уақытша сақтау үшiн жабылатын қақпағы бар металл жәшiк орнатылады. Объектiнiң жұмысы аяқталғаннан кейiн жәшiктер қоқысты ортақ сақтауға арналған орындарға шығарылады.      170. Спорттық объектiлерде орналасқан медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда медициналық аспаптарды бактериясыздандыру үшiн сұйық және газ тәрiздi (керогаз, керосин лампалары, примус) отынмен жұмыс iстейтiн қыздыру аспаптарын, сондай-ақ спиралi ашық электр плиталарын пайдалануға жол берiлмейдi.

9-тарау. Бассейндердегi суды зарарсыздандыру кезiнде пайдаланылатын үй-жайларды ұстау тәртiбi

      171. Хлор қоймалары (құятын орындар арасындағы газ шығынымен екi баллоннан аспайтын) спорттық құрылыста орналастырылады; бұл ретте қоймалық үй-жай басқа үй-жайлардан отқа төзiмдiлiк шегi кемiнде ЕI 45 жанбайтын материалдардан жасалған құрылымдармен оңашаланады және құрылыстың сыртқы қабырғасында орналастырылады.      172. Хлор ыдыстарын және хлор қоймаларын еденi ғимаратқа жапсарлас жер деңгейiнен төмен жертөле немесе басқа үй-жайларға жайғастыруға жол берiлмейдi.      173. Хлор ыдыстары және хлор қоймалары үй-жайларында жанғыш материалдарды сақтауға жол берiлмейдi.      174. Хлор ыдыстарының және хлор қоймаларының есiктерiнде «Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар» техникалық регламентiне сәйкес қауiпсiздiк белгiлерi орнатылады.      175. Адамдар келетiн үй-жай (шешiнетiн орындар, гимнастика залдары) арқылы хлор құбырларын төсеуге жол берiлмейдi.      176. Суды зарарсыздандыруға арналған натрий немесе кальций гипохлоридiн, хлор әгiн және басқа арнаулы өнiмдердi пайдалану кезiнде оларды сақтау үшiн күн көзiнен және атмосфералық ылғалдан қорғалған, сондай-ақ осы Қағидалардың ережелерiне жауап беретiн оңашаланған, жақсы желдетiлетiн үй-жай қарастырылады.      177. Натрий немесе кальций гипохлоридiн, хлор әгiн және басқа арнаулы өнiмдердi сақтау кезiнде ерiтiндiлердiң кеуiп қалу, олардың 40ғС жоғары температураға дейiн қызу, сондай-ақ қышқылдар және органикалық заттармен байланысу мүмкiндiгiн болдырмайтын шаралар көзделедi.

10-тарау. Монша-хауыздарды ұстау тәртiбi

      178. Монша-хауыздарды орналастыру кезiнде:      1) бу бөлмесiнiң сыйымдылығы 10 орыннан аспайтын етiп орындалады;      2) тас пештiң тұғыры жанбайтын материалдан орнатылады. Пештен құрғақ ыстық камерасы құрылымының үстiңгi қабатының ағаш қаптауына дейiнгi қашықтық кемiнде бiр метр етiп қабылданады.      3) төбе астындағы тас пештiң үстiне жанбайтын жылу оқшаулағыш қалқан орнатылады. Қалқан мен төбе қаптауының арасындағы қашықтық кемiнде 5 сантиметр етiп орнатылады;      4) отқа төзiмдiлiгi I, II, III дәрежелi ғимараттардағы бу бөлмесi мен хауыздар үй-жайы кешенi 1-түрдегi өртке қарсы қалқалармен және 3-түрдегi далдалармен; отқа төзiмдiлiгi IIIа, IIIб, IV, IVа дәрежелi ғимараттарда отқа төзiмдiлiк шегi кемiнде ЕI-45 өртке қарсы қалқалармен және далдалармен бөлiнедi;      5) хауыз кешенi үй-жайынан жекелеген эвакуациялау есiгi орнатылады;

Page 17: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

адамдарды ғимараттан эвакуациялауға арналған вестибюльдерге, холлдарға, сатылы торларға тiкелей шығатын есiктердi орнатуға жол берiлмейдi;      6) бу бөлмесi зауытта дайындалған автоматты қорғалатын және үздiксiз 8 сағат жұмыс iстегеннен кейiн толық суығанға дейiн өшетiн пешпен жабдықталады;      7) тас пештiң басқару пультi бу бөлмесiнiң алдындағы құрғақ үй-жайда орнатылады;      8) бу бөлмесiнде iшкi су құбырына қосылған перфорирленген құрғақ құбырларды орнатып, бу бөлмесiне кiреберiске вентиль орнатылады;      9) бу бөлмесiн қаптау үшiн ағаштың жапырақты түрi қолданады.      179. Құрғақ ыстық камерасының жоғарғы аймағына, сондай-ақ тас пешке жақын жердегi құрғақ ыстық камерасы құрылымының үстiңгi қабатының ағаш қаптауының жиектерiне температура 1100С дейiн артқан жағдайда қондырғымен (термореттегiшпен) бұғатталған, электр энергиясын тас пештiң электр қыздырғышынан ажырататын температура тетiктерi орнатылады.      180. Тас пештi, электр қыздырғышты, электр желiсiне қосу үшiн пайдаланылатын электр сымдары, сондай-ақ шамшырақтар мен электр арматурасы жоғары температура кеңiстiгiнде пайдалану жағдайына көзделедi. Жылу электр қыздырғыштарды электр желiсiне қосу құрғақ ыстық камерасынан тысқары жүргiзiледi.      181. Құрғақ ыстық камерасының тас пештiң астынан таза ауаның келу арнасы шаңнан және басқа да бөгде заттардан жүйелi түрде тазаланады.      182. Құрғақ ыстық камерасының жабдығында ақаулық байқалған немесе жану белгiлерi (түтiн, күйiк иiсi, құрғақ ыстық камерасы ағаш қаптауының көмiрге айналуы) пайда болғанда оны пайдалану дереу тоқтатылады және бұл жөнiнде объектiнiң әкiмшiлiгiне хабарланады.      183. Хауыздарды жертөле қабаттарына жайғастыруға жол берiлмейдi.      184. Құрғақ ыстық камерасынан соратын ауа өткiзгiш оңашаланады және тiкелей сыртқа шығарылады.      185. Ауыз үйлер мен шешiнетiн орындарды жанғыш материалдармен өңдеуге жол берiлмейдi.      186. Хауыздардың үй-жайларында:      1) желiге қосылып тұрған тас пештiң электр қыздырғышын қараусыз қалдыруға;      2) талдан жасалған жылу электр қыздырғыштарын орнатуға;      3) ажыратылған немесе ақаулы термо реттегiшi бар тас пештi пайдалануға;      4) хауыздардың үй-жайларында арнайы жабдықталған орындардан басқа жерлерде тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарын қолдануға жол берiлмейдi.

11-тарау. Сауда объектiлерiн ұстау тәртiбi

1-параграф. Жалпы ережелер

      187. Сауда залдары мен эвакуациялау жолдарында жанғыш материалдарды, қалдықтарды, орамалар мен контейнерлердi сақтауға жол берiлмейдi. Олар күн сайын жиналуына байланысты алынып тасталып отырады. Жанғыш ыдыстарды ғимараттың терезелерiне жақын жинауға болмайды.      188. Терезелiк ойықтары жоқ немесе түтiн жоюға арналған шахтасы жоқ ғимараттарда жанғыш немесе жанбайтын заттарды жанғыш орамаларда сақтауды ұйымдастыруға жол берiлмейдi.      189. Сiрiңкелердi, одеколонды, иiс суларды, аэрозольдi орамаларды және өртке қатысты басқа да қауiптi заттарды басқа заттардан бөлек арнайы лайықталған орындарда сақтау жүзеге асырылады.      190. Сауда кәсiпорындарында:      1) сауда залдарында сатып алушылар болған кезде отпен байланысты жұмыстарды жүргiзуге;      2) тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды және жанғыш газдарды (газ баллондарын, сырларды, лактарды, ерiтiндiлердi, тұрмыстық химия тауарларын), аэрозольдi орамаларды, қару-жарақтар мен пиротехникалық бұйымдарды басқа мақсаттағы ғимараттарға орналастыру кезiнде оларды сатуға;      3) эвакуациялау жолдарында және сатылы торларда сағат жөндеу, ою және басқа да шеберханаларды, сондай-ақ дәрi-дәрмек, газет, кiтап дүңгiршектерiн орналастыруға;

Page 18: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      4) сауда залдарында әуе шарларын толтыруға және басқа да мақсаттарға арналған жанғыш газдары бар баллондарды орнатуға;      5) сатылы торларда, тамбурда және басқа да эвакуациялау жолдарында ойын, сауда аппараттарын орналастыруға және сауда жасауға;      6) 15000 мыңнан артық аэрозольдi орамаларды сақтауға жол берiлмейдi.      191. Адамдар жаппай жиналған сату, жарнамалық акциялар мен басқа да iс-шараларды өткiзу кезiнде басшылар олардың қауiпсiздiгiн (келушiлердiң кiруiн шектеу, қосымша кезекшiлердi тұрғызу) қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданады.      192. Базарларды ашық алаңдарда немесе ғимараттарда (құрылыстарда) орналастыру кезiнде мынадай өрт қауiпсiздiгi талаптары орындалады:      1) базардың ауданы 0,5 гектардан асқан жағдайда аумақ қоршалады және 2 кiретiн жолы болады. Кiретiн жолдың енi 3,5 метр және биiктiгi 4,25 метр етiп қарастырылады;      2) базардың аумағындағы өтетiн жолдар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жолдармен қосатын кiреберiстiң жолдарының енiн кемiнде 3,5 метр етiп қарастырылады және қатты төсеммен қамтамасыз етiледi. Барлық ғимараттар, павильондар мен дүңгiршектердiң топтары, автокөлiк тұрақтары өрт сөндiру автомобильдерiне арналған өту жолдарымен қамтамасыз етiледi;      3) тұйық жолдардың ұзындығы 150 метрден аспайтындай және 12х12 метр айналатын алаңдармен аяқталатындай етiп қарастырады;      4) базарға жапсарлас аумақтарда сататын сауда орнының есептiк сыйымдылығы үшiн кемiнде 15 % жеңiл автомобильдердi уақытша қою үшiн алаңдар қарастырылады;      5) жанғыш қалдықтарды жинауға, ашық от көздерiн пайдалана отырып, тамақ әзiрлеуге арналған алаңдар сататын сауда орнының ғимараттары мен құрылыстарынан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады;      6) сауда жабдықтары эвакуация жолдарының жанынан енi кемiнде 2 метр еркiн өткел өтетiндей есеппен орналастырылады;      7) сауда қатарларының арасында әр 30 метр сайын енi кемiнде 1,4 метр көлденең өткелдер орнатылады;      8) жабық сататын сауда орындарында сатылы торларда, холлда және дәлiздерде сауда жүргiзуге жол берiлмейдi;      9) ашық сататын сауда орындары сауда қатарларының төбесi жанбайтын материалдардан жасалады;      10) төбенi жабатын торлар оттан қорғау құрамдарымен өңделген ағаштан жасалады;      11) сауда қатарлары арасындағы ашық өту жолдарын матамен, қағазбен, үлдiрмен жабуға жол берiлмейдi.      193. Базарларды басқа мақсаттағы ғимараттың бөлiгiне немесе оларға жапсарлас құрылыстарға орналастыруға жол берiлмейдi.      194. Ғимараттар мен құрылыстарда орналастырылатын дүңгiршектер мен дүкеншелер (егер нормативтiк құжаттарға қайшы келмесе) жанбайтын материалдардан салынады. Жанғыш сұйықтықтарды, дезодоранттарды, сығылған газдарды сатуға арналған павильондар мен дүңгiршектердi жеке тұрған немесе ұқсас тауарларды сататын дүңгiршектер тобын отқа төзiмдiлiгi I, II, III дәрежелi етiп салынады.      195. Жұмыс уақытында тауарларды тиеу мен ыдыстарды түсiрудi сатып алушылардың эвакуациялық шығу жолдарымен байланысты емес жолдар арқылы жүзеге асырылады.      196. Шыны ыдыстарға бөлiнiп құйылған әрқайсысы 1 литр сыйымдылықтан астам тұрмыстық химиялық тауарлармен, сырлармен, лактармен және тез тұтанатын сұйықтықтармен, жанғыш сұйықтықтармен сауда жасауға, сондай-ақ «От қаупi бар», «Отқа жақын шашыратпа» деген ескерту жазулары жоқ заттаңбасысыз өрт қауiптi тауарларды сатуға жол берiлмейдi.      Өрт қаупi бар тауарларды бөлшектеп орау осы мақсатқа арналған арнайы лайықталған орындарда жүзеге асырылады.      197. Оқ-дәрiлер (оқтарды, капсюлдердi, оқталған патрондарды) мен пиротехникалық бұйымдар мамандандырылған дүкендерде сатылады. Бұл ретте оқ-дәрiлер мен пиротехникалық бұйымдарды сату секциялары дүкендердiң жоғары қабаттарында орналастырылады. Мұндай ғимараттарды пешпен жылытуға рұқсат берiлмейдi. Дүкендерге жылу беру орталықтандырылады.

Page 19: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      198. Оқ-дәрiлер мен пиротехникалық бұйымдар өртке қарсы қалқалармен бөлiнген үй-жайларда орналастырылған металл шкафтарда сақталады. Көрсетiлген шкафтарды жертөле үй-жайларында орналастыруға жол берiлмейдi.      199. Әрбiр сауда орнында кемiнде екi шкафпен жабдықталады: бiреуi – оқ-дәрiлердi сақтауға арналған; екiншiсi – капсюлдер мен оқталған патрондарды сақтауға арналған. Оқ-дәрiлер мен капсюлдердi немесе оқталған патрондарды бiр шкафта сақтауға жол берiлмейдi.      200. Оқ-дәрiлердi тек зауыт орамасында сатуға рұқсат етiледi. Қойма бөлмелерiнде оқ-дәрiлерi бар жәшiктердiң зауыт орамасын алуға жол берiлмейдi.      201. Дүкен ғимараттарында түтiндi оқ-дәрiлердi бiр жәшiктен (50 килограмм), түтiнсiз оқ-дәрiлердi бiр жәшiктен (50 килограмм) және 15 мың жабдықталған патрондарды сақтауға рұқсат берiледi. Дайындаушы кеңселерге 200 килограммға дейiн сақтауға рұқсат берiледi.

2-параграф. Сауда павильондары мен дүңгiршектерiн ұстау тәртiбi

      202. Бөлiнген аумақта дүңгiршектердi, сондай-ақ ауданы 20 шаршы метрге дейiн қоса алғанда бiр қабатты павильондарды орналастыру топтарымен жүзеге асырылады. Бiр топта отқа төзiмдiлiк дәрежелерiне қарамастан 10-нан аспайтын құрылыс орналастырылуы мүмкiн.      Топта олардың арасындағы қашықтық нормаланбайды.      203. Алдыңғы тармақта көрсетiлген топтар арасындағы, ауданы 20 шаршы метрден астам павильондар мен дүңгiршектер арасындағы, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтар мен газдарды (ауданына қарамастан) сатуға арналған павильондар мен дүңгiршектер арасындағы қашықтық осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.      Топта отқа төзiмдiлiк дәрежесi әр түрлi дүңгiршектер мен павильондар болған жағдайда топтан бастап көршiлес ғимараттарға дейiнгi қашықтық отқа төзiмдiлiк дәрежесi едәуiр төмен құрылыс бойынша қабылданады.      204. Жанатын қалдықтарды жинау орындары дүңгiршектер мен павильондардан кемiнде 15 метр қашықтықта орналасады.      205. Орама материалдары мен құрал-саймандарды сақтауға арналған үй-жайлардың ауданы 5 м2 аспайтын етiп қарастырылады.      206. Ауданы 20 шаршы метрге дейiнгi сауда дүңгiршектерi мен бiр қабатты павильондар ғимараттарының отқа төзiмдiлiк дәрежесi регламенттелмейдi.      207. Жанғыш сұйықтықтар мен газдарды сақтауға арналған павильондар мен дүңгiршектердiң отқа төзiмдiлiгi әдетте, бөлек тұратын немесе ұқсас тауарларды сататын дүңгiршектермен топта I, II, III а етiп орындалады.      208. Елдi мекендерде орнатылатын дүңгiршектерге электр (майлы радиаторларды, сәйкестiк сертификаты бар қыздыратын панелдердi қолдана отырып), бу немесе су арқылы жылу беруге болады.      209. Елдi мекендерден тыс орналастырылатын дүңгiршектерде осы Қағидалардың ережесiне сәйкес пешпен жылу берудi қолдануға болады.      210. Дүңгiршектердiң электр жабдығы Электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарына сәйкес орындалады.      211. Қыздыру лампалары бар электр шамдары қорғағыш қақпақтарымен, ал люминесцент лампалары стартерсiз жасалады.      212. Павильонның немесе дүңгiршектiң және құрылыстар тобының электр желiсiн токтан ажырату үшiн ажырату құрылғысы жанбайтын негiзде орнатылады.      213. Дүңгiршектер мен павильондар дыбыстық және жарық сигналы құрылыстың қасбетiне немесе тiкелей қорғалатын үй-жайға шығатын автоматты өрт дабылымен (автономды өрт хабарлағыштары) жабдықталады.      214. Әр дүңгiршекте «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң 17-қосымшасына сәйкес алғашқы өрт сөндiру құралдары орналастырылады.

12-тарау. Емдеу мекемелерiн ұстау тәртiбi

1-параграф. Жалпы ережелер

Page 20: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      215. Емдеу мекемесiнiң басшысы науқастарды шығару аяқталғаннан кейiн күн сайын өрт сөндiру бөлiмiне әр мекеме ғимаратындағы науқастардың саны туралы деректердi хабарлайды.      216. Ересек науқастар мен балалардың саны 25-тен асқан жағдайда оларды пешпен жылытылатын каркасты қамыс және ағаш ғимараттарда орналастыруға болмайды.      217. Ауылдық жерлерде орналасқан емдеу мекемелерi әр ғимаратқа бiр саты есебiнен қосалқы сатылармен жабдықталады.      218. Ауыр халдегi науқастар мен балалар көп қабатты ғимараттың бiрiншi қабатына орналастырылады.      219. Ауруханалар мен өздiгiнен жүруге қабiлетсiз адамдар үздiксiз келетiн басқа да мекемелер бес науқасқа (мүгедекке) бiр зембiл есебiнен зембiлдермен қамтамасыз етiледi.      220. Аурухана палаталарындағы кереуеттер арасындағы қашықтық кемiнде 0,8 метр, ал орталық негiзгi жолының енi кемiнде 1,2 метр етiп қарастырылады. Эвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен, тумбалармен және басқа да жиһазбен үймелеуге жол берiлмейдi.      221. Палаталарға оттегi жiберу, әдеттегiдей, жеке тұрған баллон қондырғысынан орталықтандырылып (10 баллоннан көп емес) немесе орталық оттегi бекетiнен (10 баллоннан көп болса) жүргiзiледi және олар науқастар үнемi келетiн ғимараттардан кемiнде 20 метр қашықтықта тұрған жеке ғимаратта орналастырылады.      Орталықтандырылған оттегiмен жабдықтау болмаған жағдайда оттегi жастығын пайдалану тәртiбi мекеменiң бұйрығы бойынша анықталады. Мекеме ғимаратының сыртқы жанбайтын қабырғасында жанбайтын шкафта бiр оттегi баллоны бар рампалар орнатуға болады.      222. Мыналарға:      1) науқастарға арналған палаталары бар корпустарда емдеу үдерiсiне қатысы жоқ үй-жайларды орналастыруға немесе оларды жалға беруге;      2) кереуеттердi дәлiздерде, холлдарда және басқа да эвакуациялау жолдарында орнатуға;      3) емдеу мекемелерiнiң ғимараттарында оттектi баллондарды сақтауға және орнатуға;      4) аурухана палаталарына баллондардан оттегi жiберу үшiн пластмассалық және резиналық шлангты қолдануға;      5) ақаулы емдiк электр жабдықтарын пайдалануға;      6) емдеу мекемелерiнiң жертөлелерi мен астыңғы қабаттарында шеберханалар, қоймалар орналастыруға;      7) аурухана палаталары мен науқастар орналастырылған басқа үй-жайларда үтiк, электр плиталарын және басқа да электр жылытқыш құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi.      223. Су қайнатқыштарды, су жылытқыштарды және титандарды орнатуға, медициналық аспаптарды бактериясыздандыруға, сондай-ақ мен парафин озокериттi қыздыру тек осы мақсатта арнайы жабдықталған орындарда жүргiзiледi. Аспаптар мен төсемдердi қайнату үшiн жабық шиыршықтары бар бактериясыздандырғыш қолданылады. Осы мақсатта керогазды, керосин ыдыстарын және примустердi қолдануға жол берiлмейдi.      224. Зертханаларда, бөлiмшелерде, дәрiгерлер кабинетiнде дәрi-дәрмектер мен реактивтердi (тез тұтанатын сұйықтықтарға және жанғыш сұйықтықтарға жататын – спирт, эфир) олардың сыйымдылығын ескере отырып, жалпы саны 3 килограммнан аспайтын арнайы жабылатын металл шкафтарда сақтауға рұқсат берiледi.      225. Сыйымдылығы 300 килограммнан асатын жанғыш рентген пленкасының мұрағат қойма бөлек тұрған ғимараттарда орналасады, ал сыйымдылығы 300 килограмм жетпейтiн болса, 1-тұрпатты өртке қарсы қабырғаларымен және жабындарымен оқшауланған ғимаратта сақтауға рұқсат берiледi. Рентген қоймасынан бастап көршiлес ғимаратқа дейiнгi қашықтық кемiнде 15 метр болады.      226. Жанғыш рентген пленкалары мұрағат қоймасының бiр бөлмесiнде шамамен 500 килограмм пленка сақтауға болады. Әр секция дербес сорғыш желдеткiшпен жабдықталады. Секцияның есiктерi ЕI-60 отқа төзiмдiлiк шегiмен және сыртқа қарай ашылатындай етiп орындалады. Мұрағаттарда терезе ауданының еден ауданына арақатысы кемiнде 1:8 етiп қарастырылады.      227. Мұрағат қоймасының есiгiнде «Рентген мұрағаты», ал шығар есiкте «Отқа қауiптi! Темекi шегуге болмайды!» деген жазу iлiнедi.

Page 21: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      228. Жанғыш рентген пленкалары мұрағат қоймасына орталықтан жылу берiледi. Оларда бу арқылы жылу беру, металл пештер, сондай-ақ металл құбырлы уақытша үй-жайдың болуына рұқсат берiлмейдi.      Мұрағат қоймасының ғимараттарында электр қалқандарын, сөндiрiлген қондырғыларды, электр қоңырауларын штепсельдiк байланысты орнатуға рұқсат етiлмейдi. Жұмыстан тыс уақытта қоймада электр сымдары қосылмайды.      229. Үй-жайларда шкафты мұрағаттан тыс жылыту құралдарынан 1 метр қашықтықта орналастырып, рентгенограмма мен пленкаларды металл шкафтарда (жәшiктерде) 4 килограмға дейiн сақтауға болады. Ғимаратта осындай шкафтар орналасқан жерлерде темекi шегуге және кез келген түрдегi қыздыру аспаптарын қоюға болмайды.      230. Жанғыш пленкалар және рентгенограммалар мұрағат қоймаларының тереңдiгi мен ұзындығы 0,5 метрден аспайтын секцияларға бөлiнген металл (асбест арқылы темiрмен қапталған ағаш) фильмостаттармен немесе шкафтармен жабдықталады. Шкафтан қабырғаға, терезеге, төбеге және еденге дейiнгi арақашықтық 0,5 метрден кем емес етiп қарастырылады. Әрбiр секция металл немесе асбест арқылы темiрмен қапталған ағаш есiкпен мықтап жабылады.      231. Қазына мен дәрi қоймалары бөлмелерiндегi материалдық құндылықтар қатаң түрде ассортимент бойынша сақталады, бұл ретте тез тұтанатын сұйықтықтардан басқа материалдармен бiрге сақтауға жол берiлмейдi.      232. Оттегi мен жанғыш газ баллондарды материалдық және дәрiлiк қоймаларда, сондай-ақ бiрге сақтауға болмайды. Оттегi мен жанғыш газ баллондарды арнайы орындарда немесе шатыр астында, жылу көздерiнен (жылу беру құралдары, күн сәулесi) және оларға майдың, басқа да майлы заттардың тиiп кетуiнен қорғалады.

2-параграф. Физиотерапия кабинеттерiн, анестезиология және жан сақтау, жан сақтау және қарқынды терапия, операция жасау бөлiмшелерiн тәртiбi

      233. Электрмен, сәулемен емдеу кабинеттерiнiң сыйымдылығы бiр процедуралық кереуетке кемiнде 6 шаршы метр есебiнен анықталады. Кабинеттерге қосымша кереуеттердi орнатуға жол берiлмейдi.      234. Барлық емдеу электр аппараттары ақаусыз күйде ұсталады, сенiмдi жерге қосумен, зауыттық электр сызбасымен және техникалық төлқұжатпен қамтамасыз етiледi. Оқшаулағышы зақымданған, қысатын және аппаратқа қосылатын жерлерi бұзылған электр сымдарын пайдалануға жол берiлмейдi.      235. Электрмен және сәулемен емдеу кабинеттерiнде қолданылатын, оның iшiнде ауа қабатты стерилизаторлар тек зауытта дайындалғандары ғана қарастырылады және жанбайтын материалдардан жасалған үстiңгi қабаттарға орнатылады.      236. Парафин мен озокериттi арнайы бөлiнген үй-жайда зауытта дайындалған жылытқыштардағы сору шкафында немесе су моншасында қыздырылады. Қыздырғыштар орнатылатын үстел жылуға төзiмдi материалмен қапталады. Парафин мен озокериттi ашық жалынмен қыздыруға жол берiлмейдi.      237. Үй-жайлардың жергiлiктi желдету жүйелерiнiң аппараттары мен қондырғылардан шығару шатырдың жоғарғы нүктесiнен кемiнде 2 метр биiктiкте жүзеге асырылады.      238. Аппаратураны алдын ала байқау анықталған ақауларды жою шараларын қабылдай отырып, техникалық төлқұжатта (нұсқаулықта) белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi.      239. Әрбiр электрлiк сәулемен емдеу бөлiмiнде (кабинетiнде) қызмет етушi тұлғалармен жүргiзiлген өртке қарсы нұсқауларды және электр аппаратурасының жұмысында байқалған ақауларды тiркеу журналы жүргiзiледi.      240. Кабинеттердегi электр розеткалары кернеуi (200, 36, 12 Вольт) көрсетiлiп таңбаланады.      241. Операциялық кабинеттерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өрт қауiпсiздiгi шаралары орындалады.      242. Операциялық, операция алдындағы, наркоздық және операциялық блоктың үй-жайларындағы кабинеттердiң есiк орындары мен өтетiн жолдары арқылы сүйретпелерде науқастарды еркiн тасымалдау қамтамасыз етiледi.      243. Операциялық бөлмелердегi наркотикалық заттар мен препараттардың өздiгiнен тұтануын болдырмас үшiн жұмыс аяқталғаннан кейiн олар буландырғыштан жабылатын герметикалық ыдысқа құйылады. Осы сұйықтықтарды канализацияға құюға, сондай-ақ наркоз уақытында ақаулы немесе ұшқын шығаратын электр

Page 22: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

жабдығын қолдануға жол берiлмейдi.      244. Операция үстелi, наркоз аппараты және барлық электрлiк медициналық аппаратура қорғайтын танғыш қалақпен жерге қосылатын сымдарға қосылады.

3-параграф. Емдеу мекемелерiнiң зертханаларын ұстау тәртiбi

      245. Зертханалар оңашаланған, 1-тұрпатты өртке қарсы қалқандары бар тұрақты ғимараттан бөлектелген үй-жайларда орналастырылады.      246. Зертхана үй-жайына кiретiн жерге олардың өрт жарылыс қаупi және өрт қаупi бойынша санаттарының көрсеткiштерi iлiнедi.      247. Өндiрiстiк қажеттiлiктерге арналған тез тұтанатын сұйықтықтарды беру құбыр арқылы жүргiзiледi немесе тасымалдауға арналған арнайы жабық сынбайтын ыдыс пайдаланылады. Құбыр ғимараттың сыртынан тiкелей берiлетiн заттарды пайдалану орнына төселедi.      248. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ауысымдық қажеттiлiктен аспайтын мөлшерде жұмыс iстейтiн үй-жайларда iшiне асбест төселген, қақпағы бар металл жәшiкке салынған, қабырғасы қалың шынылы немесе тығыз тығындысы бар сынбайтын ыдыста сақтауға рұқсат етiледi. Мұндай сұйықтықтарды полиэтилендi сыйымдылықтарда сақтауға жол берiлмейдi.      249. Зертханаларда заттар мен материалдарды сақтау қатаң түрде ассортимент бойынша жүргiзiледi. Химиялық өзара әрекеттесуi өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкiн заттарды бiрге сақтауға жол берiлмейдi.      250. Зертханалық жиһаз және жабдық адамдарды эвакуациялауға кедергi келтiрмейтiндей етiп орналастырылады.      251. Өрт, жарылыс қаупi бар сұйықтықтар және заттармен жұмыс iстеуге арналған үстелдердiң, сөрелердiң, сору шкафтарының жұмыс iстейтiн үстiңгi қабаттары жанбайтын материалдардан жасалған жабын мен ернеулерден қарастырылады. Қышқылдармен, сiлтiлермен және басқа химиялық белсендi заттармен жұмыс iстеу үшiн үстелдер мен шкафтар тотығуға төзiмдi материалдардан жасалады.      252. Зертханадағы уытты немесе өрт және жарылыс қаупi бар булар және газдарды бөлу мүмкiндiгiмен байланысты барлық жұмыстар тек ақаусыз жай-күйде ұсталуы тиiс жанбайтын материалдардан жасалған сору шкафтарында жүргiзiледi. Әйнектерi сынық немесе желдеткiшi ақаулы сору шкафтарын қолдануға жол берiлмейдi.      Тартпалы шкафтардың жармалары, есiктерi мен қалқалағыштары жұмыс уақытында барынша жабық (тарту үшiн төменгi жағынан үлкен ойықтарымен төмен түсiрiлген) ұсталады.      Егер онда орындалатын операцияға жатпайтын материалдар мен жабдықтар сақталатын болса, тартпалы шкафта жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.      Тартпалы шкафтар өздiгiнен желдететiн каналдары бар желдету жүйесiмен жабдықталады.      253. Қышқылдары, сiлтiлерi және басқа химиялық белсендi заттары бар әйнек ыдысты iшiне асбест төселген арнайы металл немесе ағаш жәшiктерде тасымалдауға рұқсат етiледi. Күкiрт немесе азот қышқылдарын сақтау үшiн ағаш жәшiктердi, себеттер мен жоңқаларды пайдалануға жол берiлмейдi.      254. Сұйық оттектi тез тұтанатын заттармен, майлармен және сұйық майлармен бiр бөлмеде сақтауға жол берiлмейдi.      255. Сығылған, сұйылтылған және ерiтiлген жанғыш газдары бар баллондар зертхана ғимаратынан тысқары металл шкафтарда орнатылады. Шкафтарда желдету үшiн ойықтар немесе жалюзи торлары қарастырылады.      Зертханалық үй-жайларға осы газдарды, сондай-ақ жанғыш материалдарды беру орталықтан жүргiзiледi.      256. Зертхананың барлық үй-жайларындағы ағынды-сорғыш желдеткiшiн жұмыс басталғанға дейiн кемiнде 5 минут бұрын қосу және жұмыс аяқталғаннан кейiн сөндiрiледi.      257. Зертханаларда:      1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш материалдарды қыздыратын аспаптардан, шiлтерлерден және басқа да от көздерiнен 1 метр жақын орналастыруға;      2) жұмыс iстелген тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды канализацияға құюға;

Page 23: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      3) едендер мен жабдықтарды керосинмен, бензинмен, басқа да жанғыш сұйықтықтар және заттармен жууға;      4) шiлтерлер жанып тұрған және электр қыздырғыш аспаптары қосылып тұрған кезде байқаусызда төгiлген сұйықтықтарды тазалауға;      5) жұмыс орнында майланған шүберек пен қағазды қалдыруға;      жұмыс орнында және жұмыс iстейтiн үй-жайларда белгiсiз өрт қауiптi белгiлерi бар қандайда бiр заттармен дәрi-дәрмектердi сақтауға;      6) жұмыс орнын, жанып тұрған шiлтерлердi және басқа қыздыру аспаптарын қараусыз қалдыруға;      7) iшiнде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдыстарды ашық отта, сондай-ақ тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарында қыздыруға жол берiлмейдi.      258. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар арнайы киiмге тиiп кеткен жағдайда оны дереу ауыстыру шаралары қабылданады.      259. Жарылыс және өрт, жарылыс қаупi бар заттармен жұмыс iстеу кезiнде, сондай-ақ зертханада (бөлмеде, бокста) түнгi сағаттарда жұмыс iстеу кезiнде кемiнде екi адам болуы қажет, бұл ретте олардың бiреуi аға зерттеушi болып тағайындалады.      260. Газ плиталары жоба бойынша орнатылады. Газдың иiсi байқалған немесе басқа ақаулықтар анықталған жағдайда плиталар сөндiрiледi және оларды ақаулықтары жойылғанға дейiн пайдаланылмайды.      261. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды беруге арналған құбырлар жерге қосылады.      262. Жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн зертхана үй-жайына жауапты қызметкер аспаптар мен аппараттарды, газ және су шүмектерiн тексередi, ортақ электр ажыратқышты және желдеткiштi сөндiредi, сондай-ақ зертхананың үй-жайынан артық жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтар, заттар, реактивтер, жұмыс iстелген сұйықтықтар, қалдықтар, қоқыс пен шүберек шығарылады.      263. Пайдаланылған сұйықтықтарды еритiн заттардың қасиеттерiн ескере отырып, герметикалық жабылатын сынбайтын ыдысқа құю және жұмыс күнiнiң соңында қалпына келтiру немесе жою үшiн зертхананың жұмыс iстейтiн үй-жайынан шығарылады. Осы сұйықтықтарды сақтауды осы Қағидалардың ережелерiн ескере отырып жүргiзiледi.

4-параграф. Бiр және көп орынды емдеу барокамераларын ұстау тәртiбi

      264. Барокамералар табиғи жарық түсетiн, басқа үй-жайлардан өртке қарсы I тұрпатты қалқалармен бөлектенген оңаша үй-жайларда орналастырылады. Барокамераларды жертөле және цоколдық қабаттарға орнатуға жол берiлмейдi.      265. Барокамералар орналастырылған үй-жайлар екi эвакуациялық шығу жолымен жабдықталады. Осы үй-жайлардағы есiктердi әйнексiз, тығыздалған ысырмалары бар өздiгiнен жабылатын, құлыпсыз, сондай-ақ басқа iлмек қондырғыларсыз қарастырылады. Барозалдардың есiктерiнiң енi аурухана сүйретпелерiнде немесе креслосындағы пациенттердi өткiзуге мүмкiндiк беретiндей, бiрақ 1 м кем емес боетiп қарастырылады.      266. Барокамера үй-жайларының қабырғаларын, аспалы төбелердi жанбайтын материалдармен қаптау қажет. Қабырғалар мен төбелердi бояу үшiн тек су эмульсиясы бояуларын пайдалануға болады.      267. Барокамера үй-жайларына жылу беру орталықтан, жылу тасымалдағышының температурасы 950С аспайтындай етiп қарастырылады. Жылу беру аспаптарынан және жылудың басқа көздерiнен барокамераға дейiнгi арақашықтық кемiнде 1 метр етiп қарастырылады.      268. Екi немесе одан көп бiр орынды немесе бiр көп орынды барокамералар орнатылатын үй-жайлар авариялық жарықпен жабдықталады.      269. Барокамералардың үй-жайы байланыспен, автоматты өрт дабылымен және үш есе ауа алмастыратын сору желдеткiшiмен қамтамасыз етiледi.      270. Емдеу барокамераларының iшкi көлемiне жарық түсiру жарық сәуле өтетiн иллюминаторлар арқылы сырттан орнатылған шамшырақтармен жүргiзiледi.      271. Барокамераның үй-жайында олардың төлқұжаттық немесе түгендеу нөмiрлерi көрсетiле отырып, оттегiсi артырылған ортада жұмыс iстеуге рұқсат етiлген аспаптардың тiзбесi iлiнедi. Ақаулы аспаптарды тек оларды оттегiсi арттырылған ортада пайдалануға болатындығы туралы тиiстi белгiлерi бар ұқсас аспаптарға ауыстыруға болады, бұл ретте тiзбеге тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.      272. Тiкелей барокамераларға орнатылған шамшырақтарда тек қыздыратын

Page 24: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

лампалар қолданылады.      273. Барокамералар ақаусыз сөйлесу қондырғыларымен қамтамасыз етiледi, бұл ретте жәшiктерiнiң көлемi 0,5х0,5 миллиметр жез торлармен жабылған камера iшiндегi металл жәшiктерде тек динамик және микрофон болуы қажет.      274. Бароаппараттар олардың бiрде бiреуi басқа аппаратты, барозалдың кез келген жабдығын, сондай-ақ науқастар мен қызмет етушi адамдарды эвакуациялауға кедергi келтiрмейтiндей орналастырылады.      275. Сеансты немесе операцияларды бастар алдында барокамераның барлық аппаратурасы, өлшеу және бақылау аспаптары, байланыс құралдары, өрт сөндiру дабылдары, ал көп орынды барокамераларда және тасымалданатын аспаптар мұқият тексерiлуi тиiс. Ақаулықтары немесе олқылықтары анықталған жағдайда, сондай-ақ тiзiмдемеге енгiзiлмеген жабдық болған жағдайда анықталған кемшiлiктер жойылғанға дейiн сеанстар мен операцияларды одан әрi жүргiзуге жол берiлмейдi.      276. Бароаппараттары бар үй-жайларда оттегiнiң ұсталуын бақылау үшiн автоматты газ сараптағыштар орнатылады.      277. Оттегi өткiзгiштегi бекiту арматурасы баро-залдан тыс орнатылады.      278. Бароаппараттар мен барозалдарды пайдалану кезiнде:      1) пациенттi бароаппаратқа синтетикалық киiмде жайғастыруға;      2) пациенттi сеанс уақытында және оны дәрiгердiң бақылауынсыз 30 минут iшiнде қалдыруға, бұл ретте оған темекi шегуге және ашық отқа жақындауға;      3) бароагрегаттарды (барокамераларды, барокондиционерлердi) жерге қоспастан бароппараттарды пайдалануға жол беруге;      4) жұмыс ортасының қысымын рұқсат етiлгеннен арттыруға;      5) барокамерадағы оттегiнiң салыстырмалы ылғалдығын 65% төмен төмендеуiне жол беруге;      6) барокамераға тез тұтанатын сұйықтықтарды, майларды, оттың немесе ұшқынның пайда болуына қабiлеттi заттар мен бұйымдарды кiргiзуге;      7) барозалда (үй-жайда, көлiктiң салонында) ақаулы аспаптарды және электр өткiзгiштердi (зақымдалған оқшаулағышты, сенiмсiз ұшқындайтын түйiсулердi) пайдалануға, электр қыздырғыш аспаптарын (су қайнатқыштарды, электр плиталарын) пайдалануға, жанғыш материалдардан жасалған жиһазды, ұшқын тудыруға қабiлеттi материалдар мен бұйымдарды пайдалануға, ашық отты қолдануға, темекi шегуге, жұмыс орындарының төменгi жағына жарық түсiру үшiн ашық орындалған шамшырақтарды қолдануға;      8) майсыздандырылған оттегi жабдығын пайдалануға;      9) барозалда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, майларды, сондай-ақ жанғыш, оның iшiнде таңып байлау материалдарын сақтауға;      10) барозалдағы оттегi концентрациясының 23% артық артуына жол беруге;      11) бороаппаратта боробөлiмдi және бороаппаратты тексерудiң бекiтiлген актiсi болмаған кезде емдеу сеанстарын жүргiзуге;      12) бароаппаратты рұқсат етiлген кернеуден артық желiге қосуға;      13) пайдалануды өрт сөндiрудiң алғашқы құралдарынсыз жүзеге асыруға жол берiлмейдi.

13-тарау. Дәрiханалар мен дәрiхана қоймаларын ұстау тәртiбi

      279. Жалпы емдеу корпусындағы дәрiханалар жеке сыртқа шығатын есiгiмен бiрiншi қабатта орналастырылады және басқа мақсаттағы үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен, қалқалармен бөлiнедi.      280. Басқа мақсаттағы ғимарат iшiндегi дәрiханалардағы тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар саны 100 килограммнан аспайтындай етiп қабылданады.      281. Дәрiханаларда сақталатын оттегi толтырылған баллонның саны екеуден аспайды және олар арнайы орынға тiгiнен тұрғызылған күйде тұрады, сонымен бiрге, қамытпен немесе басқа да құралмен тығыз бекiтiледi.      282. Дәрiхана қоймаларында:       1) транзиттi электр кабельдерi өтетiн үй-жайларда, сондай-ақ газ коммуникациялары мен май сiңген аппаратуралар бар үй-жайларда сақтауға;      2) өнiмдi үйiп-төгiп сақтауға және оны жылу берудiң тығыз радиаторлары мен құбырларына жинауға;      3) материалдарды тiкелей қоймаларда ашуға және буып-түюге;      4) сумен реакцияға түсетiн сiлтiлi металдар және басқа заттар сақталатын қоймалық үй-жайларға дымқыл немесе ылғалды киiммен және аяқ-киiммен кiруге

Page 25: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

жол берiлмейдi.      283. Қалқа артында тек ылғалды ауадан немесе судан шiрiмейтiн, қызбайтын және тұтанбайтын химиялық заттарды сақтауға болады.      284. Қоймалық және дәрiхана қоймасы үй-жайларындағы материалдық құндылықтар қатаң түрде ассортиментке сәйкес сақталуы қажет, бұл ретте тез тұтанатын сұйықтықтарды басқа материалдармен бiрге сақтауға жол берiлмейдi.      285. Дәрiханаларды жалпы ауруханалық корпустарға және өзге мақсаттағы ғимараттарға орналастыру кезiнде олар басқа үй-жайлардан 1-тұрпатты өртке қарсы қабырғалармен бөлiнедi, еркiн сыртқа шығу жолдарымен жабдықталады және бiрiншi қабатта орналастырылады.      286. Пластмасса бұйымдарды желдетiлетiн, қараңғы, құрғақ үй-жайда бөлме температурасында, жылу беру жүйелерiнен кемiнде 1 метр қашықтықта сақталады. Үй-жай ашық оттан, ұшпалы заттардың буларынан шектеледi.      287. Дәрiхана қоймаларында және басқа жерлерде өрт немесе жану туындаған кезде тиiстi бөлiмшелердiң басшылары өртке қарсы қызмет жұмысшылары келген кезде улы және жарылыс қаупi бар заттардың бар-жоғы және сақтау орындары туралы хабарланады.      288. Өрт қаупi және тез тұтанатын сұйықтықтары бар баллондарды тасымалдау арнайы лайықталған көтермелерде немесе ұстайтын саптары ақаусыз себеттерде екеулеп жүргiзiлуi тиiс. Үлкен бөтелкелерi бар себеттердi, жәшiктердi немесе көтермелердi (салмағы 20 килограммнан асатын), сондай-ақ қатты ыдысқа салынған заттарды тек дөңгелектерi жұмсақ жүретiн арнайы арбаларға салынады.      289. От қауiптi және жарылыс қауiптi дәрi-дәрмек құралдары бiртектiлiк қағидасы бойынша және олардың физикалық-химиялық және өрт қауiптi қасиеттерiне және орау сипатына сәйкес сақталуы тиiс. Осы мақсатта қойма алаңдары бiр-бiрiнен отқа төзiмдiлiк шегi кемiнде ЕI-45 өртке қарсы далдалармен оқшауланған бөлек үй-жайларға (бөлiктерге) бөлiнедi.      290. Тез тұтанатын заттарға арналған бөлек қоймалар болмаған жағдайда оларды бiр-бiрiнен отқа төзiмдiлiк шегi кемiнде ЕI-45 өртке қарсы далдалармен оқшауланған, жоғары қабаттарда орналасқан жалпы үй-жайларда сақтауға болады. Осы үй-жайлар ағынды-сорғыш желдеткiшпен және тез жиналатын құрылымдармен қамтамасыз етiледi.      291. От қауiптi және жарылыс қауiптi дәрi-дәрмек құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар жанбайтын және төзiмдi стеллаждармен және тұғырлармен қамтамасыз етiледi.      292. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды енi кемiнде 0,7 метр және биiктiгi кемiнде 1,2 метр есiктерi бар жапсарлас жанбайтын шкафтарда сақтауға болады.      293. От қауiптi және жарылыс қауiптi заттар қоймаларының үй-жайларының есiктерi ғимараттан шығу бағыты бойынша ашылады.      294. 100 килограммнан астам мөлшердегi тез тұтанатын сұйықтықтар бөлек тұрған ғимаратта шыны немесе металл ыдыста өзге топтардағы от қауiптi заттарды сақтау үй-жайларынан оқшау сақталады.      295. Денсаулық сақтау ұйымдарының өндiрiстiк үй-жайларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жалпы мөлшерi 3 килограммнан аспайтындай етiп жылыту аспаптары мен шығу жолдарынан қашықта арнайы металл жәшiкте сақталады.      296. От қауiптi және жарылыс қауiптi заттар сақталатын үй-жайларда сыртынан, сондай-ақ осы үй-жайлардың iшiнен есiктерiнде айқын көрiнетiн «От қауiптi», «Жарылыс қауiптi», «Темекi шегуге жол берiлмейдi», «Өрт шыққан жағдайда 101 телефонына қоңырау соғу қажет» деген жазулар iлiнедi.      297. От қауiптi және жарылыс қауiптi заттар сақталатын әр үй-жайға кiру жолының жанында «Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты (жауапты адамның аты-жөнi)» деген жазуы бар тақта iлiнедi. Жауапты адам қалған от қауiптi және жарылыс қауiптi заттарды жинау және жұмыс күнi соңында өзге де шаралар жүргiзу мақсатымен күн сайын үй-жайға тексерiс жүргiзiледi.      298. Тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған контейнерлер сұйықтықтардың булануынан алдын алу үшiн тығыз жабылатын қақпағы бар шыныдан немесе металдан дайындалады. Тез тұтанатын және жанғыш заттарды ашық контейнерлерде және өзге де материалдардан дайындалған контейнерлерде сақтауға жол берiлмейдi.      299. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар бөтелкелер, баллондар мен

Page 26: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

өзге де үлкен сыйымдылықтар соққыдан сақтайтын ыдыста немесе баллон аударғыштарда бiр қатарда сақталады. Жұмыс орындарында бұл заттарды ауысым қажеттiлiгiнен аспайтын мөлшерде тығыз жабылған контейнерлерде сақталады.      300. Тез тұтанатын және жанғыш сұйық дәрi-дәрмек құралдарын:      1) толықтай толтырылған контейнерде сақтауға жол берiлмейдi. Толтыру деңгейi көлемнiң 90 пайызынан аспайтындай етiп қарастырылуы тиiс. Көп мөлшердегi спирттер көлемнiң 95 пайызынан аспай толтырылатын металл сыйымдылықтарда сақталады;      2) минералды қышқылдармен (күкiрт, азот және өзге де қышқылдармен), сығылған және сұйылтылған газдармен, тез жанғыш заттармен, сондай-ақ органикалық заттармен жарылыс қауiптi қоспалар беретiн (хлорат калийi, перманганат калийi) бейорганикалық тұздармен сақтауға жол берiлмейдi.      301. Жанғыш және жарылыс қауiптi дәрi-дәрмек құралдары қабырғасы қалың, тығыз жабылатын контейнерлерде (бөтелкелерде, банкаларда, барабандарда) сақталады, қажет болған жағдайда тығындау құралдарына парафин құйылады.

14-тарау. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен биiк қабатты құрылыстарды ұстау тәртiбi

      302. Түтiнге қарсы қорғау, өрт автоматикасы жүйелерi, авариялық жарықтандыру, iшкi өртке қарсы су құбыры, авариялық лифтiлер жүйелi түрде тексерiледi және тұрақты жарамды күйде ұсталады.      303. Объектiлердiң орталық диспетчерлiк бекеттерiне шығарылған өрттен қорғау жүйелерiн басқару қондырғылары мен бақылау аспаптары жарамды күйде ұсталады және қызметке түскен кезде кезекшi персонал тексерiледi.      304. Өрт кезiнде қосылатын өртен қорғау жүйелерiнiң iске қосу құрылғыларында олардың мақсаты мен iске қосу тәртiбi туралы тақтайша iлiнедi.      305. Табиғи жарықтандыруы жоқ эвакуциялау жолдары электр жарығымен тұрақты жарықтандырылады, сондай-ақ жарықтың қозғалысқа светодиодтан қосылу мүмкiндiгi қарастырылады.      306. Автоматты өрт сөндiру қондырғыларына, өрт дабылына, түтiнге қарсы қорғау жүйелерiне, iшкi өртке қарсы су құбырының сорғыш станцияларына техникалық қызмет көрсетудi бiлiктi мамандар жүзеге асырады.      307. Түтiнге қарсы қорғау жүйесiне кiретiн есiктер жарамды өздiгiнен жабылатын құрылғылармен және тығыздағыш төсемшелермен жабдықталады.      308. Түтiнге қарсы қорғау жүйесiмен, автоматты өрт сөндiру қондырғысымен және iшкi өртке қарсы су құбырымен жабдықталған ғимараттарда мерзiм сайын осы жүйелердiң автоматты түрде ауыстырып қосудың, электр энергиясымен қоректендiрудiң резервтiк ендiрмесiне авариялық және эвакуациялық жарықтандырудың жарамдылығы және жұмыс iстеуi тексерiледi.      309. Түтiнге қарсы қорғау жүйелерiн мен iшкi өртке қарсы су құбырын пайдалануды ғимаратты пайдаланатын ұйым жүзеге асырады, ал штат санында осы жүйелерге қызмет көрсету саласындағы мамандар болмаға жағдайда жүйелерге қызмет көрсетуге шарт бойынша мамандандырылған ұйымдар тартылады.      310. Автоматты түтiнге қарсы қорғау жүйелерiне техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ұйым бақылау-сынау сынақтарын (жүйелердi жұмысқа қосу) орындай отырып, жүйелерге техникалық қызмет көрсетуге және орындалған жұмыстарды арнайы журналда белгiлеу арқылы ағымдағы және күрделi жөндеулер жүргiзiледi.      311. Мамандандырылған ұйымдардың техникалық қызмет көрсетуге беретiн түтiнге қарсы қорғау жүйелерi олардың сақталуы үшiн жауапты болатын және жүйелердi дұрыс пайдалануды бақылауды жүзеге асыратын тұрғын үй пайдалану ұйымының теңгерiмiнде қалады.      312. Лифт шахталарына ауа жеткiзудi көздейтiн түтiннен қорғау жүйесiмен жабдықталған ғимараттарда өрт болған жағдайда жолаушы лифттерi дереу түсiрiлiп, төменгi қабатта болуы тиiс. Лифтiлердiң үй-жайында авариялық жарықтандыру қарастырылады.      313. Өрттен қорғау жүйелерi мерзiм сайын жұмыс қабiлеттiлiгiне тексерiледi. Күн сайынғы тексерiстер жүргiзу кезiнде өрттен қорғау жүйелерiн қолмен iске қосу түймелерiнiң көмегiмен қысқа мерзiмге (3-5 мин) жұмысқа қосылады, бұл ретте сорғыш және арынды желдеткiштердiң жұмыс iстеуi, түтiн клапандарының ашылуы, өрт дабылы құрылғыларының iске қосылуы бақыланады.

Page 27: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      314. Ай сайынғы ағымдық жөндеу кезiнде электрмен қоректендiру желiлерiнiң қалқандары мен тiзбектерi, ажыратқыш аппараттардың жарамдылығы, қабатты түтiн клапандарының электр жетектерi мен желдеткiш жапқыштарының, iшкi өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерiнiң, өрт сорғыштарының iске қосу аппараттарының, қабаттардағы ойық шкафтардағы өрт сөндiретiн құрал-жабдықтардың (крандардың, өрт жеңдерiнiң, оқпандардың) жұмысқа жарамдылығы тексерiлуi, сондай-ақ өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесiн сынап iске қосу және ажырату жүргiзiледi. Күн сайынғы және ай сайынғы тексерiстер мен жөндеулер кезiнде орындалатын барлық жұмыстар жұмыс журналында тiркеледi.      315. Түтiннен қорғау жүйесiне қызмет көрсету үшiн ұйым басшысы желдеткiш торлардың, клапандардың, атқарушы тетiктер мен өзге де құрылғылардың тазалығын бақылайтын адамдар тағайындалады.      316. Биiк қабатты ғимараттарда:      1) өрт шыққан жағдайда автосатыларды орнатуға арналған алаңдарға әр түрлi жабдық, автокөлiк қоюға, үймелеуге;      2) түтiнге қарсы қорғау жүйесiн қабылдағаннан кейiн жүйемен басқару қалқанын токтан ажыратуға;      3) өрттен қорғау жүйесiн iске қосқанға дейiн жаңадан салынған ғимаратқа адамдарды орналастыруға;      4) тұйық қалқаларда және түтiнденбейтiн саты торларын үй-жайлардан, өту жолдарынан, өрт қауiптi үй-жайлары бар жертөлелерден бөлетiн қабырғаларда есiк ойықтарын орнатуға;      5) балкондар мен лоджияларда эвакуациялау есiктерiн, люктердi, сондай-ақ аралас секцияларға адамдардың өтуiне арналған өткелдердi және эвакуациялау сатыларына шығу жолдарын жиһазбен, жабдықпен тас қылып бекiтуге, үймелеуге;      6) автоматты өрт хабарлағыштарын бояуға, тұсқағаздармен желiмдеуге;      7) ортақ дәлiздерде түтiн жоюға кедергi келтiретiн қалқаларды орнатуға;      8) балкондар мен лоджиялардың қоршауларын жанғыш материалдармен қаптауға;      9) түтiнденбейтiн саты торларын шынылауға немесе жалюзиi мен әуе аймақтарын бекiтуге;      10) өздiгiнен жабылатын есiктердi кәдiмгi шынымен (бекемделген немесе шыңдалған) шынылауға жол берiлмейдi.

15-тарау. Әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарын ұстау тәртiбi

      317. Заттар мен материалдарды сақтау (қоймаға салу) оларды сақтаудың сыйысушылығын, сондай-ақ мемлекетаралық стандарттың талаптарына сәйкес өрт сөндiру құралдарының бiркелкiлiгiн ескере отырып, жүзеге асырылады.      318. Ғимараттардағы барлық үй-жайлар тазалықта ұсталады. Қағаздарға және басқа да жанғыш қалдықтарға арналған себеттер мен жәшiктер үнемi тазартылып, қоқыстары ғимараттан тыс арнайы бөлiнген орынға шығарылады.      319. Барлық жанғыш декорациялар, сахналық рәсiмдеу, сондай-ақ көрермендер залының, фойенiң және басқа да үй-жайлардың терезелерi мен есiктерiнде қолданылатын перделеу өрттен қорғайтын құраммен өңделедi.      320. Әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарында жанғанда уыттылығы жоғары өнiмдер шығаруы мүмкiн полимерлi материалдар қолданылып жасалған жиһаз бен жабдықтарды пайдалануға жол берiлмейдi.      321. Темекi шегуге бөлiнген орындар тиiстi белгiлермен белгiленiп, жанбайтын материалдан жасалған, үштен бiр бөлiгiнен кем емес көлемде сумен толтырылған урналармен (күл салғыштармен) жабдықталады және алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (өрт сөндiргiш немесе құмы бар жәшiк) қамтамасыз етiледi. Үй-жайларында темекi шегуге арналған орындарды орналастырған кезде олардың iшiндегi қоршау конструкцияларын (едендер, қабырғалар мен жабындарды) өндеу жанбайтын материалдардан жасалады. Темекi шегуге арналған орындарда жұмсақ жиһаз қоюға жол берiлмейдi.      322. Ғимараттардың iшiнде су құбырларын, канализация құбырлары мен жылыту жүйелерiн жылыту үшiн ашық от пен қыздырылған заттарды қолдануға жол берiлмейдi.      323. Әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарының қызметтiк үй-жайларында тұрмыстық электр аспаптарын (тоңазытқыштарды, қысқа толқынды пештердi, электр жылытқыштарын, электр шәйнектерiн) орнатуға және пайдалануға жол берiлмейдi.

Page 28: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      324. Тамақты тек осы мақсаттарға арнайы бөлiнген және жабдықталған жерлерде ғана дайындауға (ысытуға) болады. Бұл ретте тұрмыстық қажеттiлiкке арналған электр жылытқыш аспаптарын автоматты өшiру құралдарынсыз қолдануға жол берiлмейдi.      325. Әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарында үй-жайларды жарықтандыру үшiн керосиндi шамдар мен шырақтарды қолдануға жол берiлмейдi.      326. Электрмен жылыту құралдарын, үстел шамдарын, радиоқабылдағыштарды, теледидарларды, тоңазытқыштарды, шаң сорғыштарды тек зауыттан шыққан дұрыс штепсельдi розеткалар арқылы ғана желiге қосылады.      327. Жатын бөлмелерде, ойнайтын бөлмелерде және қызмет көрсетiлетiн тұлғалар болатын басқа да үй-жайларда үтiктердi, электр плиталарын және басқа да электрмен жылытқыш құралдарды пайдалануға жол берiлмейдi.      328. Киiмдердi үтiктеу тек осы мақсатқа бөлiнген арнайы жабдықталған үй-жайларда ғана жүргiзiледi. Үтiктеудi ақаусыз термо реттегiштер мен жарықтанатын iске қосу индикаторлары бар үтiктермен орындауға рұқсат етiледi. Үтiктер жанбайтын материалдардан жасалған тұғырықтарда орнатылады.      329. Жұмыс аяқталғаннан кейiн кезекшi жарықтандырудан, автоматты өрт сөндiру қондырғыларының электрмен қоректендiру көздерiнен, дабыл және түтiн жою жүйелерiнен, сондай-ақ технологиялық үдерiстiң шарттары бойынша тәулiк бойы жұмыс iстеуi тиiс электр қондырғыларын қоспағанда, барлық электр қондырғылары ажыратылады.      330. Әлеуметтiк қызмет көрсету мекемелерiнде қызмет көрсету персоналының тәулiк бойлы кезекшiлiгi ұйымдастырылады. Кезекшiнiң қолында үнемi эвакуациялық шығу орындарының есiктерiндегi барлық құлыптардың кiлттерi жиынтығы болуы тиiс. Кiлттердiң басқа жиынтығы кезекшiнiң бөлмесiнде сақталады. Екi жиынтықта да әрбiр кiлттiң тиiстi құлыпқа жататыны туралы жазуы болады.      331. Қоғамдық ғимараттардың түнгi кезекшiлерi телефон орнатылған үй-жайларда болады және қол электр фонарларымен қамтамасыз етiледi. Дәлiздерде, холлдарда және басқа да эвакуациялау жолдарына кереуеттер орналастыруға жол берiлмейдi.

16-тарау. Дiни құрылыстарды ұстау тәртiбi

      332. Шам қойғыштар, шырақтар және ашық от қолданылатын жарықтандыру жабдығы жанбайтын табандарға орнатылады.      333. Ырымдар мен салттарды жүргiзу үшiн:      1) мемлекеттiк стандарт бойынша жану тобы Г1-Г4 материалдардан жасалған көлденең қоршау құрылымдарынан 0,7 метр;      2) мемлекеттiк стандарт бойынша жану тобы Г1-Г4 материалдардан жасалған тiк қоршау құрылымдарынан 0,5 метр;      3) басқа жанғыш материалдардан 0,5 метр қашықтықта ашық от көздерiн пайдалануға жол берiлмейдi.      334. Зауыттан шығарылмаған және өндiрушiнiң паспорты жоқ шамдарды пайдалануға жол берiлмейдi.      335. Шыны құтылары бұзылған, ашық отты қолданатын шамдарды қолдануға, сондай-ақ оларды толтыру үшiн тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға жол берiлмейдi.      336. Лампадаларды, шамдарды және ұқсас құралдарды толтыруға арналған жанғыш сұйықтықтар сыйымдылығы 2 литрден аспайтын, жабық, сынбайтын ыдыста металл шкафтарда сақталады.      337. Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтар құрылымында ернеулерi қарастырылған, тұғырында жанбайтын материалдан жасалған сынбайтын ыдыстан құйылады. Лампадалар мен шамдарды толтырғаннан кейiн сыйымдылықтың тұғыры мен сыртқы бетi жанбайтын техникалық жуу құралдарымен төгiлiп қалған жанғыш сұйықтықтардың қалдықтарынан тазартылады.      338. Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтарды толтырып құю тек тұтату көздерi болмаған жағдайда, ал электрмен жылыту құралдары қосылып тұрғанда, олардан кемiнде 1 метр қашықтықта жүзеге асырылады.      339. Пештердi тұтату салттар мен ырымдарды жүргiзу басталғанға дейiн екi сағат бұрын аяқталады.      340. Дiни құрылыстарда от жұмыстарын жүргiзуге (пеш жағу, дәнекерлеу және от жұмыстарының басқа да түрлерi), салттар мен ырымдарды жүргiзу кезiнде жанғыш

Page 29: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

сұйықтықтарды толтырып құюға жол берiлмейдi.      341. Жылыту жүйелерiнiң сыртқы беттерi жүйелi түрде жылыту кезеңi басталар алдында жанғыш тозаң мен басқа да шөгiндiлерден тазартылады. Тазарту мерзiмдерi өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулықта көрсетiледi.      342. Эвакуациялау жолдары бос болып ұсталады және үймеленбейдi.      343. Салттар мен ырымдарды жүргiзу кезiнде эвакуациялау жолдарын құлыптармен және басқа да бекiту құрылғыларымен жауып қоюға жол берiлмейдi.      344. Құлшылық жасайтын залдардың сыйымдылығы бiр адамға арналған үй-жайдың ауданы және эвакуациялау жолдарының өткiзу қабiлеттiлiгi негiзiнде шектеледi.      345. Келушiлердiң қозғалысын қиылыс және қарсы ағын болмайтындай етiп ұйымдастырылады.      346. Дiни құрылыстардан және адамдар жаппай жиналатын басқа да үй-жайлардың эвакуациялық шығу орындарының белгiлерi дұрыс жағдайда және салт ырымдарды жүргiзу кезiнде қосылып тұрады.      347. Адамдар жаппай жиналатын дiни құрылыстар қызмет етушiлер санына тең көлемде дұрыс тыныс алу органдарын қорғау жеке құралдарымен қамтамасыз етiледi.      348. Дiни құрылыста электр энергиясы ажыратылған жағдайға электр фонарлары және оларды сақтау орны қарастырылады.      349. Телефон аппараттарының жанында көрiнетiн жерлерде ең жақын орналасқан өрт сөндiру бөлiмiн шақыру нөмiрi, сондай-ақ «101» телефон нөмiрi көрсетiлген тақтайшалар iлiнедi.      350. Дiни құрылыстарда әрбiр қабаттың көзге түсетiн жерлерiнде саты торларына шығатын және салттар мен ырымдар жүргiзуге арналған үй-жайларға кiретiн жерлердiң жанында өрт болған жағдайда адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялаудың әр қабаттық жоспарлары iлiнедi, адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау және өрт болған жағдайда жасайтын басқа да iс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету персоналы мен күзеттiң мiндеттерi белгiленедi. Өрттiң шыққаны және адамдарды эвакуациялау туралы хабарлағышты iске қосу тәртiбiн дiни құрылыстың өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жауапты адам анықтайды.

3-бөлiм. Өнеркәсiп кәсiпорындарын ұстау тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

      351. Әрбiр кәсiпорында мемлекеттiк стандарт бойынша технологиялық үдерiстерде қолданылатын заттар мен материалдардың өрт қауiптiлiк көрсеткiштерi туралы мәлiмет болу қажет, ал ғимараттар мен үй-жайлар үшiн «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiне сәйкес жарылыс және өрт қауiптiлiгi бойынша санаттар белгiленедi.      Өрт қауiптi және жарылысы қауiптi материалдармен жұмыс iстеген кезде маркiлеу және бумаларда немесе iлеспе құжаттарда көрсетiлген ескертпе жазуларға қойылатын талаптары сақталады.      352. Бiр-бiрiмен өзара әрекеттескенде тұтану, жарылу немесе жанғыш және уытты газдар (қоспалар) пайда болатын заттар мен материалдарды бiрге пайдалануға, сақтауға және тасымалдауға (егер технологиялық регламентпен көзделмесе) жол берiлмейдi.      353. Жабдықтың жоспарлы-алдын ала жөндеуi мен профилактикалық тексерiсi белгiленген және жобамен, технологиялық регламентпен немесе объект (цех) нұсқаулықтарымен көзделген мерзiмдерде жүргiзiледi.      354. Сорғыш құрылғылардың (шкафтар, сырлау, кептiру камералар), аппараттар мен құбыр өткiзгiштерiнiң құрылымы өрт қауiптi шөгiндiлердiң жиналуын болдырмайды және оларды өрт қауiпсiз әдiстермен тазарту мүмкiндiгiн қамтамасыз етiледi. Тазарту жұмыстары технологиялық регламенттерге сәйкес жүргiзiледi және журналда белгiленедi.      355. Технологиялық жабдықта, құбыр жолдарында және басқа да жерлерде статикалық электрден қорғау жүйелерiнiң ұшқын басқыштар, ұшқын ұстағыштар, от тоқтататын, отқа бөгет жасайтын, шаң мен металл ұстағыш және жарылысқа қарсы құрылғылары жұмыс жағдайында ұсталады.

Page 30: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      356. Жабдықты, бұйымдар мен бөлшектердi жууға және майдан тазартуға жанбайтын техникалық жуу құралдары, сондай-ақ өрт жағынан қауiпсiз қондырғылар мен әдiстер қолданылады.      357. Құбыр жолдарында қатып қалған мұнай өнiмiн, мұзды, кристалл гидратты және басқа да тығындарды жылытуды ыстық сумен, бумен және басқа да қауiпсiз әдiстермен жүргiзiледi. Бұл мақсаттарда ашық отты қолдануға жол берiлмейдi.      358. Резервуарлардан (сыйымдылықтардан) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар үлгiлерiн алу және деңгейдi өлшеудi күндiзгi уақытта соққан кезде ұшқын шығуды болдырмайтын құралдармен жүргiзiледi. Аталған операцияларды найзағай жарқылдап тұрған кезде, сондай-ақ өнiмдi тартып ағызу және тартып шығару кезiнде орындауға болмайды.      Осындай сұйықтықтарды резервуарларға (сыйымдылықтарға) «құламалы ағыспен» жеткiзуге жол берiлмейдi. Резервуарды толтыру және босату жылдамдығы тыныс алу клапандарының (желдеткiш келтеқұбырларының) резервуарларында орнатылған жалпы өткiзу қабiлеттiлiгiнен аспауы тиiс.      359. Шаң жинайтын камералар мен циклондардың есiктерi мен люктерi оларды пайдалану кезiнде жабық күйде ұсталады. Камералар мен циклондардан жиналған жанғыш қалдықтарды уақытылы жойылады.      360. Өндiрiстiк ғимараттарды, кәсiпорынның аумақтарындағы қоймаларды тұру үшiн пайдалану, сондай-ақ өндiрiстiк шеберханалардың қоймаларында орналастыруға жол берiлмейдi.      361. Жаяу жүру тоннелдерi мен өту жолдарында қойма орнатуға, жабдықты, жанғыш және басқа да материалдарды сақтауға, жанғыш материалдардан жасалған стендтер мен плакаттарды iлуге, сондай-ақ күштiк кабельдердi, газ, қышқыл, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тасымалдайтын құбыр жолдарын төсеуге жол берiлмейдi.      362. Цехтердегi өту жолдары мен өткелдердiң шектерi нақты белгiленедi.      363. Қоймалар мен өндiрiстiк үй-жайлар арқылы транзиттi электрлiк желiлер, сондай-ақ жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш шаңдарды тасымалдауға арналған құбыр жолдары төселмейдi.      364. Жарылыс өрт қауiптi учаскелерде, цехтер мен үй-жайларда ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған немесе тиiстi жарылыс қауiпсiз түрде орындалған құрал-саймандар қолданылады.      365. Жанғыш шаңдар, жоңқалар шығатын үй-жайлардың қабырғалары, төбесi, еденi, конструкциялары мен жабдығы жүйелi түрде тазартылып тұрады. Жинаудың жүйелiлiгi технологиялық регламенттермен немесе объектiлiк (цехтiк) нұсқаулармен (жазбаша) белгiленедi. Жинап тазарту шаңды құйындатуды және жарылыс қауiптi шаңды-ауалы қоспалардың пайда болуын болдыртпайтын тәсiлдермен жүргiзiледi.      366. Жұмыс орындарына тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды жеткiзудi орталықтандырып жүзеге асыру керек. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды аз мөлшерде арнайы, қауiпсiз ыдыста жұмыс орнына жеткiзуге жол берiледi.      Ашық ыдысты қолдануға жол берiлмейдi. Цехтiк қойма үй-жайларына нормативтi түрде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, бояулар, лак, ерiткiштердi бiр мезгiлде сақтаудың барынша рұқсат берiлген мөлшерлерi белгiленедi. Жұмыс орындарында ауысым қажеттiлiгiнен аспайтын материалдар көлемiн ғана (пайдалануға дайын түрдегi) сақтауға болады.      367. Қабырғалар мен жабындардағы технологиялық ойықтар отқа бөгет жасайтын құрылғылармен қорғалады.      368. Жартылай өңделген өнiмдердi ыдыссыз тасымалдауға арналған шахталы көтергiштердiң жүктеу құрылғылары тек жүктеу кезiнде ғана ашылатын бекiтпелермен жабдықталады.      369. Өз бетiмен жабылатын өртке қарсы есiктерге арналған механизмдер жарамды күйде ұсталады. От бөгегiш құрылғылар жұмыс аяқталғаннан кейiн жабылады.      370. Жарылыстың алдын алу клапандарының қорғау мембраналары адсорберлер мен желiлерде жалпақтығы және материалы бойынша жобаға сәйкес қабылданады.      371. От тосқауылдағыштың, сондай-ақ мембрандық клапандардың жарамдылығы жүйелi түрде тексерiлiп, өрт өшiрушi саптамадан тазартылады. Тексеру мерзiмi бекiтiлген цех нұсқауында көрсетiледi.      372. Адсорберлер өздерiндегi активтi көмiрдiң өздiгiнен тұтанып кетуiне мүмкiншiлiк бермейтiн қалыпта болып, олар үнемi стандартты, көрсетiлген маркадағы

Page 31: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

активтi көмiрмен толтырылады.      373. Жанғыш сұйықтық қолданылатын гидро жүйелерде бактағы май дәрежесiне бақылау орнатылады және жүйедегi май қысымын төлқұжатта қарастырылғаннан арттыруға болмайды.      Гидро жүйеден май ағып жатқаны байқалса, дереу қалпына келтiрiлуi керек.      374. Ағаш аралайтын рамаларды, фрезер-аралағыш және басқа да станоктар мен агрегаттарды пайдалану кезiнде:      1) аралар қоршауларға тиiп тұрса;      2) тiстерi жетiспейтiн немесе түзу емес және iрi қабыршақты араларды пайдалануға;      3) салқындату мен майлау жүйесi зақымданған болса;      4) салқындату мен майлау жүйесi зақымданған немесе салқындату жүйесiндегi қысым кезiнде ағаш аралағыш рамаларды автоматты түрде тоқтатуды қамтамасыз ететiн қондырғысыз болса;      5) ара рамасы қисайса және сырғытпалар нашарланса және дұрыс жеткiзбесе;      6) мойынтiректiң қызуы 70 градустан асса, пайдалануға жол берiлмейдi.      375. Шикiзатты турау машинасына жiберетiн конвейерлер металл түсiп кеткен жағдайда дыбыстық белгi беретiн металл үгiткiштермен жабдықталады.      376. Турағыш машинаның май құйғышын тазалау кезiнде металл заттарды пайдалануға рұқсат берiлмейдi.      377. Өндеуге түсетiн технологиялық жоңқа, сондай-ақ преске кiрер жолға дейiнгi жоңқа жасайтын кiлем металл қаққыш арқылы өткiзiледi.      378. Ағаштан жоңқа жасайтын плиталарға арналған тегiстейтiн станоктар алдында берушi құралмен бекiтiлген және дабыл қаққышпен жабдықталған металл iздегiштер орнатылады.      379. Майдаланған ағаш бөлiктерiнiң шанақтары және қалыпталған машиналар аспирация жүйесiмен және олардың толғаны туралы хабарлайтын дабыл қағатын берiлгiштермен жабдықталады.      380. Ыстықтай нығыздау үшiн қыспақ үстiндегi бөлмеде плитаны қабыстыру кезiнде тозаң мен газдың шығуына жол бермейтiн сорғыш бұрғы жүк тиелген және жүктен босатылған үлдiрiктермен жабдықталуы қажет. Бұрғы құрылысы жұмысқа және қыспақты тазалауда қиындық туғызбайтындай етiп қарастырылады.      381. Барабанды кептiргiш пен құрғақ жаңқа шанақтары және аралар өрт сөндiру және жарылысқа қарсы құралдардың автоматты қондырғыларымен жабдықталады.      382. Шаң және жаңқа материалдарын тасымалдау жүйесi оттың жайылуын қақпайлайтын және өрттi жоюға арналған люктермен жабдықталады.      383. Аспирациялық және пневмокөлiктiк жүйелерден ағаш жаңқаларын және басқа да жарылу қаупi бар тозаңдарды жинауға арналған сыйымдылықтар жарамды күйдегi жарылысқа қарсы қондырғылармен қамтамасыз етiледi.      384. Плитаның термиялық өңдеу камералары тәулiгiне бiр рет бөлiнiп шыққан ұшпа шайырдан, ағаш жаңқалардан, шаңдардан, қалдықтардан тазартылып тұрады.      Ағаш жаңқалы плиталардың термиялық өңдеу камераларынан жарылыс қауiптi газдарды шығару үшiн созылмалы құбырдың шиберiн әр 15 минут сайын 2-3 минутқа (сұқпа шапқыш) ашуға арналған автоматты қондырғы қарастырылады.      Нығыздалмаған жұмсақ жиектi плиталарға термоөңдеу жүргiзуге рұқсат етiлмейдi.      385. Плиталар термо өңдеуден кейiн бунаққа төселер алдында өздiгiнен жанбас үшiн ашық буферлi алаңда қоршаған ауа температурасына дейiн суытылады.      386. Өңдеу камерасы мен май ванналарындағы (былау) температура автоматты түрде бақыланады.      387. Жағу газдарын пайдаланатын кептiру барабандары ұшқын ұстағышпен жабдықталады.      388. Ағаш қабатты пластиктердi нығыздағаннан кейiн технологиялық регламентте белгiленген уақыттан бұрын кесiп, бөлiктерге бөлуге рұқсат етiлмейдi.      389. Жұмыс соңында сiңдiру ванналары, сондай-ақ жанғыш сұйықтықтарды суытатын ванналар қақпақпен жабылады.      390. Сiңдiру ваннасы және жанғыш сұйықтықтары бар басқа да ванналар ғимараттан тыс жерде орналасқан жер асты сыйымдылықтарына құйылатын авариялық қондырғылармен жабдықталады.      Әр ваннаның жанғыш буларды тартып алатын жергiлiктi сорғыш қарастырылады.      391. Мерзiмдi қозғалысты кептiру камералары мен калориферлер әрбiр тиеу алдында өндiрiстiк қоқыстар мен шаңдардан тазартылады.

Page 32: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      392. Ауа-бу және газ камераларының енгiзу және сору каналдары өрт болған кезде арнайы жабылатын қалқандармен (сұқпа жапқыштармен) жабдықталады.      393. Газ кептiру камералары желдеткiш тоқтап қалған жағдайда газдың жануын автоматты түрде тоқтататын жарамды қондырғылармен жабдықталады.      Газ кептiру камераларының алдында ұшқынның кептiру камераларына түсуiн қақпайлайтын ұшқын ұстағыш орнатылады.      Газ кептiру құрылғылары пештерiнiң көмейiнiң, ұшқын ұстағыш құрылғыларының техникалық жай-күйi үнемi тексерiледi. Пеш көмейiнiң үстiнде сызаты бар және жұмыс iстемейтiн ұшқын ұстағышы бар кептiру қондырғыларын пайдалануға жол берiлмейдi.      394. Сұйық және қатты отынмен жұмыс iстейтiн газ кептiру камераларының отын-газ құрылғысы күйеден айына екi реттен тазартылады.      395. Отынмен кептiру бөлiмi кептiру агентiнiң температурасын бақылауға арналған жарамды аспаптармен жинақталады.      396. Ағаш талшықты жұмсақ плиталарға арналған кептiргiш камералары ағаш қалдықтарынан күнiне бiр рет тазартылады.      Конвейер 10 минуттан артық тоқтаса, кептiру камерасын қыздыру тоқтатылады.      Кептiру камераларының камерада күю пайда болған кезде калориферлер желдеткiштерiн өшiретiн және тұрақты өрт сөндiру құралдарын қосатын жабдығы болады.      397. Шикiзаттарға, жартылай дайын өнiмдерге және сырланған дайын бұйымдарға арналған кептiру камералары (үй-жайлар, шкафтар) температура қалыпты мөлшерден көтерiлген кезде қыздыруды өшiретiн автоматпен жабдықталады.      398. Ағаштарды кептiру үшiн жоғары жиiлiктегi токпен қатарлап орналастырар алдында онда металдан жасалған заттың жоқ екендiгiне көз жеткiзiледi.      399. Кептiру камераларына адамдардың кiруiне және арнайы жұмыс киiмiн кептiруге рұқсат етiлмейдi.

2-тарау. Агломерациялық өндiрiс және металдандырылған шекемтастар өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi

      400. Сөндiрiлмеген әк отқа төзiмдiлiгi II дәрежеден төмен емес, еденi жердiң үстiңгi қабатынан кемiнде 0,5 метр көтерiлген арнайы үй-жайларда сақталады.      401. Металдандырылған шекемтастарды сақтау орындары ылғалдың түсуiнен сенiмдi қорғалады.      402. Сапа талаптарын қанағаттандыратын металдандырылған шекемтастар құрғақ инерттi газ беру жүйесiмен жабдықталған бункерден түсiрiледi. Бункердегi артық қысым кемiнде 200 Паскаль (су бағанының 20 миллиметр) болуы қажет.      403. Температурасы 1000С асатын шекемтастар арнайы қондырғымен алаңға лақтырылуы тиiс. Бұл ретте лентаға су беру ұсынылады.      404. Алаңға лақтырылған шекемтастар жүк тиеушiлердiң көмегiмен 0,5 метрден аспайтын қатпарда жиналады және су молынан құйылады.      405. Мыналарға:      1) сөндiрiлмеген әктi дымқыл үй-жайларда ылғалды және жанғыш материалдармен бiрге сақтауға;      2) суды пiскен әктi бөлу үшiн қолдануға;      3) температурасы 1000С асатын (бақылауды әкiмшiлiк жүзеге асырады) ыстық агломератты беруге;      4) тез жанатын (резинобитумдiк, синтетикалық) материалдардан жасалған көлiк ленталарын қолдануға;      5) дымқыл түйiртпектердi қоймаға тасымалдауға;      6) металдандырылған тозаңның көлiктiң галереясында, түйiртпектердi елеу, ұсақтау, тиеу және түсiру орындарда жиналып қалуына жол берiлмейдi.

3-тарау. Домна, болат балқытатын, электрмен болат балқытатын және ферроқорытпа өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi

      406. Домна, болат балқытатын пештердi, конвертерлердi, миксерлердi, шөмiштердi және балқытылған металдарға арналған басқа сыйымдылықтарды футерлеудiң жай-күйi мен ақаусыздығы тексерiледi.

Page 33: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      407. Шойынды, шлакты шығару және болатты, ферроқорытпаларды құю кезiнде шөмiштердi, металл қалыптарды және суы немесе ылғал материалдары бар басқа сыйымдылықтарды пайдалануға жол берiлмейдi. Құю орындары технологиялық регламентте көзделмеген жанғыш материалдардан босатылады.      408. Құю машиналарын, бiр жерге жинаушы машиналарының кабиналарын басқару пульттерi, болатты үздiксiз құюды басқару бекеттерi және балқытылған металл мен шлакты шығаратын жерлерге тiкелей жақын орналасқан басқа да басқару пульттерi металл тормен қорғалған, жылу тартатын әйнекпен шыныланған және кемiнде екi шығу жолы бар жанбайтын материалдан жасалады.      409. Кабельдi туннельдерге, құю орнына тiкелей жақын орналасқан май жертөлелерiне, сондай-ақ балқытылған металдарды тасымалдау орындарына кiретiн жерлер балқытылған металдан биiктiгi кемiнде 300 миллиметр табалдырықтармен қорғалады.      410. Электр механизмдердiң, электр жабдықтардың және гидрожетектер қондырғыларының кабельдерi металды, шлакты құю орындарында және температурасы жоғары аймақтарда механикалық зақымданулардан, сәулелi жылудан, сондай-ақ оларға балқытылған металл мен шлактың шашырап кетуiнен қорғалады.

4-тарау. Домна өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi

      411. Колошников алаңы мен зерттеу жұмыстарына арналған алаң екi шығу жолымен қамтамасыз етiледi.      412. Конус аралық кеңiстiкке жарылыс қаупi бар қоспалардың пайда болуын болдырмайтын мөлшерде бу немесе инерттi газ берiледi.      413. Конус аралық кеңiстiкке бу немесе инерттi газды беру буды (инерттi газды) бермегенде тиеу механизмдерi жұмыс iстемейтiндей етiп тиеу қондырғысымен бұғатталады.      414. Домна пештерi қаптаманың температурасын пештiң барлық биiктiгi мен алаңына бақылау аспаптарымен жабдықталады. Тетiктердiң көрсеткiштерi аспаптармен пештi басқару пультында белгiленедi.      415. Өндiрiстiң материалдары мен қалдықтарын домна пештерiнiң iргетастарына жинауға жол берiлмейдi. Iргетастар жүйелi түрде қоқыстан тазаланады.      416. Күйiп кетпеуiн бақылау үшiн ауа фурмалары дабылды қондырғылармен жабдықталады. Күйiп кеткен фурмалық аспаптарда жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.      417. Домна пештерiнiң сору станциялары электр жетектегiштерi бар резервтi сорғы, пештерге резервтi сору станцияларының жетектерiнiң электр энергиясын авариялық сөндiру кезiнде автоматты қосылатын электр жетектерi бар резервтi сорғылармен, пештерге резервтi құбырлармен, резервтi су қысымды мұнараларымен немесе автономды жетектерi бар резервтi сорғылармен жабдықталады.      Су қысымды мұнаралардың көлемi сорғыларды iске қосқанға дейiн немесе домна пештерiн тоқтатқанша домна пештерiн салқындатуды қамтамасыз етедi.      418. Күйiп кеткен тоңазытқыштары бар орындардағы пештердiң қаптамасын сыртынан сумен салқындатылады.      419. Домна пештерi мен қосалқы қондырғыларды салқындату жүйелерiнiң жай-күйi соңынан арнайы журналға тексерулердiң қорытындылары жазыла отырып, ай сайын тексерiледi.      420. Бункердiң жоғарғы бөлiгiнiң тас көмiр тозаңы отынының температурасы өздiгiнен жазатын және бункерде өздiгiнен жану кезiнде дыбыстық және жарық сигналдарын беретiн бақылау-өлшеу аспаптарымен бақыланады.      421. Тозаң өткiзгiштердiң құрылымында және тас көмiр тозаңы аэроқоспа қозғалысының жылдамдығында тозаңның жиналып қалу мүмкiндiгiн болмайды. Тозаң өткiзгiштер жүйесi қондырғылары герметикаланған күйде ұсталады.      422. Аппаратурада реттейтiн арматура кесiлiп және iлiнiп ақаулы болғанда және бақылау-өлшеу аспаптары ақаулы болған кезде тозаңы көрiнетiн отынды және мазутты домна пешiне үрлеуге жол берiлмейдi.      423. Пештiң жұмыс алаңында тас көмiр тозаңы аэроқоспасының және мазуттың коллекторларының орналасуына, сондай-ақ бекiтiлетiн және реттейтiн арматураны фурмаларға, омарта тесiгiне және омарта тесiктерiнiң артына орнатуға жол берiлмейдi.      424. Құятын алаңдардың шатыры мен қалқалары жүйелi түрде шаңнан тазартылады.

Page 34: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      425. Локомотивтердi шаң ұстағыштардың астында және тозаңды жою кезiнде жақын тоқтатуға жол берiлмейдi.

5-тарау. Болат балқыту өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi

      426. Мартенов пешi ваннасының жай-күйiн үнемi қадағалау жүргiзiледi. Металдың тесiлiп қалуының белгiлерi байқалған жағдайда оның ағып кетуiнiң алдын алу бойынша шаралар қабылданады.      427. Балқытылған металл және шлактың түсуi мүмкiн орындарда жабдықтың кез келген түрiн сақтауға және материалдарды (оның iшiнде жанғыш) жинауға жол берiлмейдi.      428. Мазуты бар шығыс бактарды пештердiң астына қоюға жол берiлмейдi, бактар пештерден кемiнде 5 метр қашықтықта орналасады және арнайы жылылықты өткiзбейтiн экрандармен қорғалады.      429. Өрт болған жағдайда мазутты түсiру үшiн шығыс бактар авариялық сыйымдылықтары бар жабық түсiру және құю құбырларымен бiрiктiрiледi.      430. Мазут өткiзгiштi цехқа енгiзгенде қызмет көрсету үшiн қолайлы орынға сөндiретiн ысырма орнатылады.      431. Гидравликалық жетегi бар конвертердiң айналу механизмдерiн қолдануға жол берiлмейдi.      432. Салқындатқышта конвертерлiк газдар шығып тұрған кезде конвертердiң жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi. Балқытылған металы бар конвертердiң қаптамасындағы қызған жерлердi сумен салқындатуға жол берiлмейдi.      433. Құрғатуға болат балқытқыш пештердi, конвертерлердi, миксерлердi қойған кезде газды тұтату үшiн тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға жол берiлмейдi.      434. Кристаллизаторы ақаулы дайын өнiмдердi үздiксiз құю машинасында және құю технологиясы бұзылған кезде болатты құюға жол берiлмейдi.      435. Өрт, жарылыс қаупi бар материалдар мен қоспаларды сақтау, дайындау және жасау орындарында олардың негiзiнде ашық отты қолдануға жол берiлмейдi.      436. Жарылыс қаупi бар материалдарды құрғақ ұнтақтау қорғалған атмосферада ұнтақты құралдарды автоматты тоқтаған және оттегiнiң ең аз жарылыс қауiптiлiгiн ұстаудың 50% тең жұмыс концентрациясына жеткен кезде жүргiзiледi.      Жарылыс қаупi бар аэроөлшемдердiң пайда болуын болдырмас үшiн өрт жарылыс қаупi бар материалдардың негiзiнде қоспаны дайындау флегматизацияны немесе қорғалған ортаны пайдалана отырып, жүзеге асырылады.      437. Алюминий-магний, алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын селитрмен, қышқылдармен, сiлтiлермен және басқа тотықтырғыштармен, сондай-ақ жанғыш материалдармен бiрге тасымалдауға және сақтауға жол берiлмейдi.      438. Өрт, жарылыс қаупi бар ұнтақтарды сұйық металға үрлеу жанғыш ұнтақтардың газ өткiзгiштерге түсуiн болдырмайтын жағдайларда ғана жүргiзiледi.      439. Бункердi тез тұтанатын шихта материалдармен шихта крандардың троллеяларының астына орналастыруға жол берiлмейдi.      440. Металл қалыптарды майлау олар қолданылатын майлау материалының тұтану температурасынан төмен температураға дейiн салқындағанынан кейiн ғана жүргiзiледi.

6-тарау. Электрмен болат балқытатын және ферроқорытпа өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi

      441. Тозаңды тазалаудың мерзiмдiлiгi кәсiпорынның нұсқаулығымен регламенттеледi. Қысқа желiнiң ток өткiзгiштерде тозаңның жиналып қалуына жол берiлмейдi.      442. Пеш трансформаторларын пайдалану кезiне трансформаторлар артық қызып кеткен және оны оқшаулағыш тез тоған жағдайда өрттердiң алдын алу үшiн:      1) температуралық және салмақтық режим, кернеу деңгейi сақталады;      2) салқындату, кернеудi, майды қорғауды реттеу қондырғылары ақаусыз күйде ұсталады.      443. Пеш трансформаторлары өрт сөндiру құралдарымен және трансформаторда майдың толық көлемдiлiгiне есептелiнген авариялық май қабылдағыштармен қамтамасыз етiледi.      444. Трансформаторларды кептiру негiзгi үй-жайдан (камерадан) арнайы бөлiнген,

Page 35: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

бөлек сыртқа шығатын есiгi бар үй-жайларда жүргiзiледi.      445. Индукциялы және доғалы вакуум пештер, сондай-ақ электронды-сәулелiк пештердiң қорытпа камералары жарылыстан сақтандыратын қақпақшалармен жабдықталады.      Сақтандырғыш қақпақшалардың құрылымы олардың қауiпсiз және сенiмдi жұмысы қамтамасыз етiледi.      446. Ауаны тез тұтанатын конденсаты бар вакуумды камераларға оларды тексеру, жөндеу, шаңынан тазалау мақсатымен берудiң тәртiбi зауыттық нұсқаулықтармен регламенттеледi.      447. Тез тұтанатын конденсатты қорытпа камералардың қабырғасынан алып тастау қауiпсiз тәсiлмен жүргiзiледi.      Тез тұтанатын конденсатты толық алып тастамайынша қызмет етушi тұлғалардың вакуумды камераның iшiне жөндеу жұмыстарын жүргiзу, камераны тексеру мақсатымен кiруiне жол берiлмейдi.      448. Газ бен тозаңның тұтануын, жарылысын болдырмайтын қондырғылармен жабдықталмаған электр болат қорытпа және кендi қалпына келтiру пештерiнен газ тозаңын бұру жүйелерiн пайдалануға жол берiлмейдi.      449. Сұйық алюминийдi тозаңдату бункерлерi, камералары озаңға айналдыру процесiнде ыстық ұнтақтың конвейерлiк лентаға түсуiн болдырмайтын қақпақтармен жабдықталады.      450. Жабдық жұмыс iстеп тұрған кезде алюминий ұн ағын өндiретiн үй-жайларда ұшқынның пайда болу мүмкiндiгiн болдырмайды. Аталған үй-жайлардағы едендер ұру, үйкелеу кезiнде ұшқын тудырмайтын материалдардан жасалады.      451. Алюминий ұнтағымен жұмыс iстеу кезiнде ұшқын тудырмайтын түстi металдардан немесе ағаштан жасалған құралдар мен ыдыстар қолданылады.      452. Алюминий ұнтағының қышқылдануын, өздiгiнен жануын және жарылуын болдырмас үшiн оны өндiру және сақтау орындарда ылғал мен дымқылдың болуына жол берiлмейдi.      453. Алюминийден, магнийден және олардың негiзiндегi қорытпалардан жасалған ұнтақтар мен опаларды өндiруге арналған үй-жайларда жертөлелердi, жертөле арналары мен ойықтарды орнатуға жол берiлмейдi.      454. Жанғыш ұнтақтар мен пудраларды өндiруге арналған үй-жайлардың технологиялық жабдықтары, сондай-ақ құбырлары статистикалық электрден қорғалады.      455. Алюминий-барий және алюминий ұнтақтарын силитрамен, қышқылдармен, сiлтiлермен және басқа тотықтырғыштар және жанғыш заттармен бiрге сақтауға және тасымалдауға жол берiлмейдi.      456. Тез тұтанатын материалдар немесе тез жануға бейiм материалдар (магний жоңқасы және магний қорытпалары, селитра, бертолет тұзы, термит қоспасы) металл термиялық цехтердiң балқыту корпустарында арнайы бөлiнген орындарда екi тәулiктiк қажеттiлiкте аспайтын мөлшерде жабық металл ыдыста (банкаларда, бочкаларда) сақталады. Кәсiпорында осы материалдарды ұзақ сақтау бөлек қоймаларда ұйымдастырылады.      457. Шығарындысы бар балқытылған металл және шлакты қорытуға беруге жол берiлмейдi. Шығарып тастаған жағдайда қорытпаның қызған өнiмдерiнiң түсу аймағын шектеу бойынша шаралар қабылдау қажет. Осы аймақта материалдарды сақтауға жол берiлмейдi.      458. Тозаңы пирофорлық қасиеттерге ие және асылып тұрған күйде жарылыс қауiптi және өрт қауiптi болып табылатын ферроқорытпаларды ұсақтау кезiнде ұсақтау агрегаттарынан тозаңды жою бойынша, сондай-ақ одан агрегаттар мен аспирациялық қондырғыларды уақытында және жүйелi тазалау бойынша шаралар қабылданады.      459. Инерттi газ ортасын немесе инерттi қоспаларды қолданбай жарылыс қаупi бар ферроқорытпаларды ұнтақтауға жол берiлмейдi. Жарылыс қаупi бар ұнтақтарды пайдаланатын технологиялық үдерiстерде (ұнтақтау, тасымалдау) жылу, ұшқындау немесе механикалық әсер ету нәтижесiнде жарылыстың пайда болуын болдырмайтын жабдық қолданылады.      460. Сумен өзара әрекеттесуi кезiнде жарылыс қаупi бар газдарды бөлiп шығаратын силикокальций, ферросилиций және басқа жанғыш қатты материалдарды газдардың шығуы үшiн жоғарғы қақпағында тесiгi бар құрғақ және таза темiр барабандарға салу қажет. Осы тесiктер дымқылдың түсуiнен қорғалады.      461. Құбыр жүргiзу көлiгiнiң қысылған ауа күшiмен жұмыс iстейтiн және басқа

Page 36: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

түрлерiмен ұнтақталған жарылыс қаупi бар компоненттердi тасымалдауды инерттi газдар ортасында жүргiзiледi.      462. Өздiгiнен жанатын материалдарды сақтауға арналған бункерлер жұмысы өрт сөндiру құралдарын iсе қосуымен одақтасқан, осы материалдардың температурасын бақылауға арналған қондырғылармен жабдықталады.      463. Сумен өзара әрекеттесуi кезiнде жарылыс қаупi бар газдарды бөлуге бейiм дымқыл ферроқорытпаларды ұнтақтауға, сондай-ақ осындай ферроқорытпалардың дымқыл ұнтақтарын тасымалдауға және сақтауға жол берiлмейдi.      464. Тозаң тұндыратын камералар және жең сүзгiлерi мерзiмдi түрде тозаңнан тазартылады. Олардың толып кетуiне жол берiлмейдi.      465. Бункерлер үй-жайларының, конвейерлiк галереялардың және басқа үй-жайлардың едендерi мен жабдықтарынан жанғыш тозаңды тазалау ай сайын, ал қабырғалардан, төбелер мен металл құрылымдарынан – аптасына бiр рет жүргiзiледi.      466. Технологиялық процестiң және жабдықты пайдаланудың регламенттелген режимдерiнiң бұзылуы нәтижесiнде өндiрiстiк үй-жайларға шаң бөлiнудiң мөлшерi артқан кезде шаңды тазалауды бас инженер бекiткен арнайы кесте бойынша жүргiзiледi.      467. Шаңның өндiрiстiк тазаланғаны туралы арнайы журналға жазылады.      468. Жанағыш ұнтақтар мен пудраларды өндiрудiң қалдықтарын үйiп шығаруға жол берiлмейдi. Оларды өндiрiсте пайдалануға немесе арнайы оқшауланған орындарда өртеп жiберуге болады.      469. Моношихтаны дайындау үшiн дымқыл, май, эмульсия және басқа органикалық заттарды ұстайтын материалдарды, сондай-ақ титан жоңқаларын пайдалануға жол берiлмейдi.

7-тарау. Жұқарту, құбыр жұқарту және метиздеу өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi

      470. Басқару және орталықтан майлау жүйелерiнiң май құбырлары жанбайтын материалдардан жасалады.      471. Гидрожетектiң жүйелерi май құбыры үзiлген кезде қысым ысырмаларын автоматты жауып тастауға арналған қондырғымен жабдықталады.      472. Майлау және гидравлика жүйелерiн пайдалану кезiнде майдың ағып кетуiне жол берiлмейдi. Майланған орындарды ай сайын үгiндi, шүберектердiң көмегiмен тазартылады.      473. Жүйенi майлау үшiн өсiмдiк майларын және жануарлар майларын пайдалану кезiнде осы өнiмдермен суланған тоқыма немесе талшықты материалдардың өздiгiнен жануын болдырмау шаралары қабылданады.      474. Май шаруашылығын пайдалану кезiнде ашық оттың кез келген көзiн пайдалануға, май жертөлелерiнде және жақын маңда май толтырылған жабдықты ұшқындауға жол берiлмейдi.      475. Май жертөлелерi мен кабельдi туннельдер оларға жұмыс алаңдарынан қабыршақтар, ұшқындар және тұтанудың басқа көздерiнiң түсуiн болдырмау үшiн жауып ұсталады.      476. Туннельдер мен май жертөлелерiнiң желдететiн қондырғыларының өрт болған жағдайда автоматты сөнуi қамтамасыз етiледi.      477. Iшпек тораптарын қайта iске қосуға арналған ванналар, сондай-ақ мазутты жұмсауға арналған бактар өрт болған жағдайда жанғыш сұйықтықтарды құюға арналған, цех ғимаратынан тысқары орналасатын авариялық ыдыстармен қамтамасыз етiледi.      478. Қорғалайтын жарылыс қаупi бар газдарды қолданатын учаскелерде жарылыс қаупi бар құрылымдардың құрылуын ескертетiн технологиялық автоматика ақаусыз күйде ұсталады.      479. Автоматика қолмен iске қосу ысырмасын белгiлеу арқылы инерттi газды жiберу қондырғысын қайталайды.      480. Қоршаған ортаның қысымы түскен кезде қорғалайтын газдағы термиялық өңдеу қондырғыларының жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.      481. Өрнектеу бөлiмшелерiндегi сутегi бөлетiн учаскелерде электр жабдығы мен желдету жүйелерi жарылыстан қорғалған болып жасалады.      482. Металды термиялық өңдеу (лентаны үздiксiз күйдiру) кезiнде қорғайтын газы жоқ ерiтiлген натрийi бар ваннаны пайдалануға жол берiлмейдi. Судың немесе дымқыл материалдардың натрийi бар ваннаға тиiп кетуiне жол берiлмейдi.

Page 37: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      483. Кесу аймағында салқындататын эмульсияны қолданғанда титан және оның қорытпаларынан жасалған станоктардағы құбырларды өңдеуге (кесуге) болады.      484. Титан қорытпаларынан жасалған құбырларды термиялық өңдеу кезiнде темiр қабыршақтармен байланысқа түсу мүмкiндiгiн болдырмауы қажет. Осындай құбырларды жасау кезiнде селитра ванналарын қолдануға жол берiлмейдi.      485. Жұмыс орындарында титан және оның қоспаларының үгiндiлерiн, жаңқаларын және басқа қалдықтарын сақтауға жол берiлмейдi. «Титан қалдықтары» деген жазуы бар контейнерлер желдеткiшi үздiксiз қолданыстағы арнайы оқшауланған құрғақ үй-жайда сақталады. Осы үй-жайда жанғыш сұйықтықтарды, химикаттарды және басқа материалдарды сақтауға жол берiлмейдi.      486. Жабыны бар метиз бұйымдарды коррозияға қарсы жабынның өздiгiнен тұтанатын температурадан асатындай температураға дейiн қыздыруға жол берiлмейдi.

8-тарау. Отқа төзiмдi өндiрiс объектiлерiн ұстау тәртiбi

      487. Су моншасында қоспаны қыздыруға және керосинде парафиндi, стеариндi ерiтуге болады. Осы мақсаттар үшiн ашық отты, ашық электр спиральдерiн немесе басқа температурасы 1000С жоғары үстiңгi қабаттарды қолдануға жол берiлмейдi.      488. Керосин-стеориндi қоспаларды дайындау және қолдану учаскелерiнде өртсөндiргiштер болмағанда жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.      489. Керосин-стеориндi қоспалардың төгiлуiне жол бермеу және бұйымдарды қосымша жаншу кезiнде жұмыс орындарында керосин-стеориндi қоспалар қалдықтарының жиналып қалуына жол берiлмейдi.      490. Жанғыш (жарылыс қауiптi) газдарды отын және қалпына келтiру ортасы ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.

9-тарау. Бояуға, шаюға, майсыздандыруға және жууға арналған  цехтердi, учаскелердi, қондырғыларды ұстау тәртiбi

      491. Бөлшектердi жуу, сондай-ақ нитро негiздегi жабындарды, бензиндi және басқа тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, лактау бөлек үй-жайларда жүргiзiледi және өрт сөндiрудiң тиiстi құралдарымен және эвакуациялау жолдары көрсеткiштерiмен жабдықталған оңаша өндiрiстiк учаскелерде жүргiзiледi.      492. Бояу цехтерiнiң (учаскелерiнiң) бояу дайындайтын бөлiмшелерi бөлек сыртқа шығу жолымен қамтамасыз етiледi.      493. Лак-бояу дайындау, бояу және бензинмен жуу жұмыстары жүргiзiлетiн үй-жайлардың едендерi соққан кезiнде ұшқын шығармайтын, жанбайтын материалдардан жасалады.      494. Кемiнде екi метр биiктiктегi үй-жайлар қабырғаларының iшкi қабаты ластанудан оңай тазаланатын, жанбайтын материалмен өңделедi.      495. Цехтердiң, учаскелердiң, қондырғылардың барлық есiктерi сыртқа немесе ғимараттан жақын шығатын жаққа ашылады.      496. Бояу жұмыстары, бөлшектердi шаю бояйтын шкафтар, ванналар, камералар мен кабиналардан жергiлiктi сорып алатыны бар қолданыстағы ағынды және сорғыш желдеткiштерi болған кезде ғана жүргiзiлуi қажет. Қондырғылардың жұмысы, сондай-ақ нитро негiздегi жабындарды, бензиндi және басқа тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып бояу, шаю, лактау, жуу және майсыздандыру операциясына беру жүйесi желдету жүйесiмен бұғатталады.      497. Бояу шкафтарын, камераларын және кабиналарының сорғыш желдеткiшiн сумен суландырғыштарсыз (гидро сүзгiлер) немесе жанғыш бояулар мен лактардың бөлшектерiн ұстап алуға арналған басқа тиiмдi қондырғыларсыз пайдалануға рұқсат етiлмейдi.      498. Ағынды және сорғыш желдету каналдарының еден астындағы қондырғысы каналға кiретiн жерде орналасқан.      Шiлтер астындағы ойық тұрақты деңгейдi автоматты түрде ұстай отырып, биiктiгi кемiнде 0,5 метр су қабатымен толтырылады.      499. Бояудың және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң (бояу және кептiру камералары) жабдықтары жанбайтын материалдардан жасалады. Тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдана отырып, бұйымдарды бояу, лактау, эмальдау, жуу, майсыздандыруға арналған учаскелердегi электр жабдығы жарылыстан қорғалған

Page 38: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

болып жасалады.      500. Лактау-бояу материалдары жұмыс iстейтiн ыдысқа ернеулерi бар түстi металдардан жасалған металл тұғырларға құйылуы тиiс.      501. Бояу жабдықтарын жанғыш шөгiндiлерден күн сайын желдеткiш iстеп тұрған кезде ауысым аяқталғаннан кейiн тазартылады.      502. Камераларды бояулар мен лактардың шөгiндiлерiнен тазалауды жеңiлдету үшiн олардың қабырғаларына техникалық вазелиннiң, солидолдың немесе арнайы құрамның жұқа қабаты жағылады. Беткi қабаттарын нитро бояулардың шөгiндiлерiнен тазалау кезiнде металл құрылымдар туралы соққыларға жол беруге, сондай-ақ түстi металдан дайындалмаған қыстырғыштарды қолдануға болмайды.      503. Отты кабиналар мен ауа арналарындағы бояулардың шөгiндiлерiн күйдiру үшiн қолдануға жол берiлмейдi.      504. Өрт қауiптiлiгiнiң көрсеткiштерi анықталмаған лактау-бояу материалдарын, ерiткiштердi, жуатын және майсыздандыратын сұйықтықтарды қолдануға жол берiлмейдi. Осы материалдар тиiстi талдаудан, олардың өрт қауiптiлiк қасиеттерi анықталғаннан және қауiпсiз пайдалануға арналған шаралар әзiрленгеннен кейiн пайдаланылады.      505. Бұйымдар мен бөлшектер жуу және майсыздандыру үшiн жанбайтын құрамдар, пасталар, ерiткiштер және басқа өрт тұрғысынан қауiпсiз техникалық жуу құралдары қолданылады.      506. Бiлiктердi көтермелерден алғаннан кейiн оларды лайдан тазарту механикаландырылған жабық камерада жүзеге асырылады.      507. Жарылысты болдырмау үшiн сiлтiлi ваннаның бетiне көмiрдiң, күйенiң, майлау материалдарының түсуiне жол берiлмейдi.      508. Ойып түсетiн соданы, селитраны, саптамаларды сақтау арнайы жабдықталған үй-жайда қарастырылады.      509. Қышқылдарды сақтау орындарында абайсызда төгiлiп кеткен қышқылдарды бейтараптандыру үшiн бордың, әктiң немесе соданың дайын ерiтiндiлер қарастырылады.      510. Бояу цехтерiнде, бояу дайындайтын бөлiмдерде, лактау-бояу материалдарының қоймаларында, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдана отырып, бөлшектердi жуу және майсыздандыру орындарында ашық отты қолданумен және ұшқын шығарумен (электрлiк дәнекерлеу, ұшын шығару) байланысты жұмыстарды жүргiзуге, сондай-ақ ұшқын шығаратын материалдардан жасалған құралды пайдалануға жол берiлмейдi.      511. Лак және бояу шығару материалдары жұмыс орындарына дайын күйiнде жетуi тиiс. Лактар мен бояулардың барлық түрлерiн құрастыру және сұйылту барлық өртке қарсы талаптарды қанағаттандыратын арнайы бөлiнген оңаша үй-жайда немесе ашық алаңда жүргiзiледi.      512. Бұйымдарды нитро целлюлозды, полиэфирлi және перхлорвинилдi эмальдармен электрлiк бояу кезiнде электрлiк бояу камерасын ұшқын шығармайтын қондырғылармен жабдықталады.      513. Электр статистикалық өрiстi бояу камераларында сорғыш желдеткiштер сөндiрiлген кезде электр статистикалық өрiстi тудыратын қондырғыдан кернеу автоматты түрде алынады.      514. Еденге төгiлген лак және бояу шығару материалдары мен ерiткiштер дереу тазаланады. Едендердi, қабырғалар мен жабдықтарды жанғыш ерiткiштермен жууға жол берiлмейдi.      515. Технологиялық жағдайлары бойынша және үлкен габариттi болғандықтан боялған бұйымдарды кептiрудi сорғыш камераларда немесе шкафтарда орындауға болмайды, ол желдеткiшпен және автоматты өрт сөндiру құралдарымен жабдықталған учаскеде ұйымдастырылады.      516. Лак және бояу шығару материалдарының ыдысы тығыз жабылады және ғимараттар мен құрылыстардан кемiнде 20 метр қашықтықта орналасқан арнайы алаңдарда сақталады.      517. Май жағылғаннан кейiн құбырлар мен басқа бұйымдарды жинауға арналған сөрелер соңынан оны айдап ала отырып, ағызып және бұрып жiберуге арналған қондырғылармен жабдықталады.      518. Май жағуға арналған камераларға құбырларды беру сорғыш желдету қондырғыларын iске қосумен бұғатталады. Желдеткiш қондырғысын қосу алдын ала, ал сөндiру – камераны тоқтатқаннан кейiн жүзеге асырылады.

Page 39: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

4-бөлiм. Мұнай өнiмдерiн қамтамасыз ету кәсiпорындарын ұстау тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

      519. Мұнай базаларының, құю және айдау станцияларының аумақтары биiктiгi кемiнде 2,0 метр жанбайтын қоршаулармен қоршалады.      520. Кәсiпорынның бос алаңшаларына ағаштар мен жапырақ түрлi бұтақтарды отырғызуға, сондай-ақ гүлзар орналастыруға жол берiледi. Резервуарлардың үйме жалдау жерлерiнде ағаштар мен бұталарды отырғызуға жол берiлмейдi.      521. Объекттiң аумағында от жағуға, қоқыс, қалдықтарды өртеуге, факел, керосин фонарларын және басқа да ашық от көздерiн пайдалануға жол берiлмейдi.      522. Объекттiң аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүруi бекiтiлген қозғалыс кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.      523. Темекi шегуге арналған орындарда «Темекi шегуге арналған орын» деген жазу iлiнедi, суы бар сыйымдылықпен немесе құмы бар жәшiкпен, сондай-ақ 5 литрлiк өрт сөндiргiшпен жабдықталады.      524. Мұнай базалары мен мұнай, мұнай өнiмдерiн айдау станцияларында өртенбейтiн шарбақпен қоршалады. Шарбақтардан ғимараттар мен құрылыстарға дейiнгi қашықтықтар осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетiлген көлемде (өрт сөндiру автомобильдерiнде қолда бар жабдықтан басқа) өрт сөндiру жабдықтары қоры жасалады. Өрт сөндiру құралдарының техникалық жағдайына үнемi бақылау орнатылады. Өрт сөндiру жабдығы мен құралдарын мақсатынан тыс қолдануға жол берiлмейдi.      525. Құбыр жолдарында қатып қалған мұнай өнiмiн, мұзды, кристалл гидратты және басқа да тығындарды жылытуды ыстық сумен, бумен және басқа да қауiпсiз әдiстермен жүргiзiледi.      526. Жарылыс өрт қауiптiлiгi бар аймақтарда жұмысты ұшқын шығармайтын құрал-сайманмен орындалады. Жездi кiлттер мен құрал-саймандарды қолданған кезде жезбен қапталған бетiнiң тұтастығы байқалып, уақытылы қалпына келтiрiледi.      527. Статикалық электрлiк зарядтардың пайда болуын болдырмау үшiн соққан кезде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған және жерге қосу өткiзгiшiмен жабдықталған үлгi iрiктегiштер қолданылады. Жерге қосу өткiзгiштерi резервуардың төбесiндегi жерге қосу қысқыштарына жалғанады.      528. Резервуарлардың понтондарын пайдаланған кезде понтонды статикалық электрден қорғауға арналған иiлмелi шағын бөгеттердiң (ток қайтарғыштардың) дұрыс жағдайда болуы қамтамасыз етiледi.

2-тарау. Резервуарларды өз бетiмен жанатын пирофорлы шөгiндiлерден тазарту тәртiбi

      529. Резервуарлардың iшкi қабаттарын пирофорлы шөгiндiлер мен коррозия өнiмдерiнен тазарту объектiнiң бас инженерi немесе басшысымен бекiтiлген кестеге сәйкес жүргiзiледi.      530. Резервуарды пирофорлы шөгiндiлерден тазарту (мұнай өнiмдерiнен босатқаннан кейiн) және жөндеу алдында ауа кеңiстiгi су буымен толтырылуы тиiс. Бумен үрлеудi төменгi люк жабық және жарық, өлшегiш люктерi ашық болғанда жүргiзу керек. Резервуарды булау үдерiсiнде мөлшерлеу құрылғысы болғанда пирофорлы шөгiндiлер ақырын қышқылдану үшiн iшiне кiшкене ауа жiберген жөн (булы ауалы қоспасында оттегiнiң 6% дейiнгi есебiнен). Мөлшерлегiш құрылғылары құрылғысы болған жағдайда булауды аяқтағанда резервуарды жоғарғы деңгейiне дейiн сумен толтыру керек, содан кейiн пирофорлы шөгiндiлер ақырын қышқылдану үшiн су деңгейiн сағатына 0,5-1 метрден аспайтын жылдамдықпен төмендету қажет.      531. Резервуарды тазартқанда iшiнен шыққан лас және шөгiндiлердi мұнай өнiмдерiн сақтау зонасынан шығарғанша оларды дымқыл күйiнде ұстау керек.      532. Резервуарлардағы пирофорлы шөгiндiлердiң сынамаларын тек объект басшысының рұқсаты бойынша арнайы дайындалған тұлғаларға ғана алуға жол берiледi.      533. Кәсiпорындардың найзағайдан қорғағышы құрылыс нормалар талаптарына сәйкес орындалады.      534. Статикалық электр мен найзағайдың екiншi көрiнулерiнiң разрядтарынан қорғау үшiн барлық технологиялық аппараттар, жабдық және құбыр жолдары жерге

Page 40: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

қосылады.      535. Статикалық электрден қорғауға арналған жерге қосу құрылғыларын электр жабдыққа арналған жерге қосу құрылғыларына қосылады. Бұндай құрылғылар Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес жобаланады.      536. Сұйытылған сутектi газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызып құюдағы автоцистерналар жерге қосу құрылғыларына қосылады.      537. Жерге қосу өткiзгiш ретiнде иiлмелi, қимасы 6 миллиметрден кем емес, оқшаулануы жоқ, көп желiлi жез өткiзгiштi қолдану керек.      538. Резина шлангтарының металл бастиектерi мен тех көтергiш құрылғылары тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызып құйғанда шлангтың iшiне немесе сыртына оралған, иiлмелi, көп желiлi жез өткiзгiш арқылы жерге қосылады. Жез өткiзгiштi басқа шетiмен өнiм құбыры мен эстакаданың металл бөлiктерiне қосылады.      539. Шлангтардың бас тиектерi ұшқын қауiпсiз материалдардан қарастырылады.      540. Кәсiпорындардың найзағайдан қорғауын бөлек тұрған немесе стерженьдi найзағай тартқыш құрылыстарында орындалады. Найзағай тартқыштың әр қайсысынан екi тоқ тартқыштан қарастырылады.      541. Бөлек тұрған найзағай тартқыштардың тiреуiштерi болаттан, темiр бетонынан, ағаштан жасауға болады. Олар коррозиядан және шiруден сақталады.      542. Найзағай қабылдағыштар қимасы 100 шаршы миллиметрден кем емес және ұзындығы 200 миллиметрден кем емес кез келген маркалы және пiшiндi болаттан жасалады. Олар коррозиядан, мырыштаумен, қалайылаумен берiк қорғалады. Найзағай қабылдағыштар тоқ тартқыштармен қосуын электр дәнекерiмен орындалады.      543. Жерге қосқыштарды топырақтың үлестiк электр кедергiсiне және импульстiк кедергiге байланысты таңдалады. Жолақты, бұрышты және дөңгелек болатты қолдануға жол берiледi. Жерге қосқыштардың ұзына бойы өзекшелерiнiң жоғарғы ұшы жерге кемiнде 0,6-0,7 метр кiргiзiледi.      544. Найзағайдан қорғау құрылғылары тексерудi найзағайлы жауын алдындағы кезеңде жылына бiр реттен кем емес жүргiзiледi. Бұл ретте жерге қосу құрылғысының кедергiсi өлшенедi, ал тексерiстер және өлшеу нәтижелерi найзағайдан қорғау құрылғыларын пайдалану журналына енгiзiледi.      545. Найзағайдан қорғау құрылғыларына ревизия жүргiзетiн тұлғалар тексерiс және сынақ нәтижелерi бойынша акт жасалады, ал ақаулық анықталған жағдайда хаттама жасап, бiр данасын кәсiпорынның басшысына берiледi.

3-тарау. Электр техникалық құрылғыларын, автоматтандыру және байланыс құралдарын ұстау тәртiбi

      546. Кәсiпорындардың аумағы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз етiледi, оны қосуды қызмет көрсету персоналы үнемi болатын жерлерде қарастырылады.      547. Мыналарға:      1) дайындаушы зауыт қоятын жарылыстан қорғау белгiсi жоқ электр жабдығын жарылыс қауiптi аймақтарда пайдалануға;      2) қорғау жүйесi бұзылған жарылыстан қорғалған электр жабдығын пайдалануға;      3) жарылыстан қорғалған электр жабдығы құрылысында қандай да бiр өзгерiстер жасауға;      4) жарылыс өрт қауiптi зоналар аумағында және осы зоналардан электр берiлiс желiлерi тiреуiштердiң биiктiгi 1,5 кем қашықтықта электр берiлiс желiлерiн төсеуге;      5) сырты бұзылған (тесiктер, жiктерi кесiлген) шланг кабельдерiн қолдануға;      6) жанғыш газдары, сұйықтықтары бар технологиялық құбыр жолдарының, сондай-ақ коррозиядан қорғау үшiн оқшауланған құбыр жолдарын жерге қосқыштар және жерге қосу өткiзгiшi ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.      548. Электр жабдығын, найзағайдан қорғау, статикалық электрден қорғау жерге қосу үшiн жерге қосудың жалпы нұсқасы қарастырылады.      549. Электр энергиясын беру үзiлiсi болған жағдайда кәсiпорын сыртқы электр желiлерiнен ажыратылады. Қайтадан қосуды тек жарылыстан қорғалмаған электр жабдығы орнатылған үй-жайлар мен сыртқы қондырғыларда газ сараптағыш арқылы бу және газдардың қауiптi концентрациясы жоқ (жарылыс қауiптi булар мен газдардың төменгi концентрациялық шегiнен 20% болған орта қауiптi деп есептеледi) екенi анықталғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.      550. Жарылыс және өрт қауiптi цехтерде дәнекерлеудi және от немесе жоғары температураны қолданумен байланысты басқа жұмыстарды қолданбай тек суық

Page 41: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

әдiспен құралдарды жөндеуге рұқсат етiледi. Жұмыс iстеп тұрған технологиялық аппараттармен және құбыр жолдарымен байланысты, автоматты бақылау және реттеу құралдарының шағын, ағымдағы жөндеуiн тек құралдарды технологиялық қондырғылардан ажыратқанда және қысымды түсiргенде ғана рұқсат етiледi. Сонымен қатар ашық отты қолдануға жол берiлмейдi.      551. Жөндеуден өткен әр аппарат дайындаушы зауыттың техникалық жағдайларға қойылатын талаптарына сәйкес жөнделiп, бақылау сынақтары көлемiнде сынақтан өткiзiлдi.      552. Жарылыс қауiптi үй-жайларда орнатылған автоматика құралдарын жөндегенде, сынақтан өткiзгенде және тексергенде кәдiмгi (жарылыстан қорғалмаған) орындауы бар жабдықты қысқа мерзiмде қолдануға тек от жұмыстарын жүргiзуге қойылатын барлық талаптарын орындаған жағдайда ғана рұқсат етiледi.      553. Бақылау-өлшегiш құралдары үй-жайына бақылау-өлшегiш құралдары үй-жайларын орнатылатын құралдар мен аппаратурасы бар, артық қысымдағы технологиялық аппараттар мен құбыр жолдарын байланыстыратын және жанғыш буларды, газдарды және сұйықтықтардың жағдайын ауыстыратын импульстi желiлер енгiзуге рұқсат етiлмейдi. Жеке жағдайларда (қажет болғанда) – бақылау-өлшеу құралдары үй-жайларынан тыс, сондай-ақ импульстi құбырлардың жарылған жағдайында бақылау-өлшегiш құралдары үй-жайларының iшiне жанғыш газдар мен булардың кiруiн болдырмайтын кесу құрылғыларын орнатқан жағдайда импульстi құбырларды енгiзуге рұқсат берiледi.      554. Импульстi желiлердi бөлу ыдыстарынан құралдар мен аппараттарға дейiн тек бақылаудағы өнiммен араласпайтын, және оның iшiнде ерiмейтiн, инерттi қатып қалмайтын сұйықтықпен толтыруға рұқсат берiледi.

4-тарау. Магистральды мұнай өнiмдерi құбырларының желi бөлiмдерiн ұстау тәртiбi

      555. Мұнай өнiмдерi құбырлары жолдарының кез келген орнына көлiктiң, жөндеу және авариялық бригадалардың еркiн өтуi қамтамасыз етiледi.      556. Магистральды құбыр жолы жолдарында жер бетiне мұнай өнiмiнiң шығуы анықталғанда желiдегi тексерушiлер ол туралы айдау станциялардағы диспетчерлерге дереу хабарлап, және солардың нұсқаулары бойынша әрекет жасалады. Радиусы 20 метр сұйықтықтың шығу орнын қоршап қою керек және оның жанына белгiленген үлгiдегi сақтандыратын қауiпсiздiк белгiлерi қойылады. Түнгi уақытта авария орны қызыл жарық сигналдармен (жарылыстан қорғалып орындалған шамдармен) жарықтандырылады.      557. Елдi мекендерге, темiр жолға, тас төселген жолға және басқа құрылыстарға жақын жерлерде жер бетiне сұйықтықтың шығуы байқалғанда линиядағы тексерушiлер жөндеу-қалпына келтiру бригадасы келгенше сұйықтықтың таралуын айналдыруды ұйымдастырып, жергiлiктi әкiмшiлiкке, өрт сөндiру күзетi органдарына, милицияға хабарлауы тиiс және олардың көмегiмен халыққа ашық отты пайдалануға тыйым салынуы туралы хабарлап, сондай-ақ мұнай өнiмi төгiлiп қалған жерге бөгде адамдарға жол берiлмейдi.      558. Авария орнын өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етедi, қажет болған жағдайда өрт сөндiру машиналарының кезекшiлiгiн ұйымдастырады және мұнай өнiмдерiнiң басқа коммуникациялар мен желiлерге өтуiне жол бермейтiн шаралар қабылдайды.      559. Аварияны жою орны 5 метр радиуста шөптен тазартылып, ал топыраққа мұнай өнiмдерi сiңiп кеткен жерлер тазартылады және топырақпен жабылады.      560. Тракторлардың, автомобильдер мен басқа да iштен жану қозғалтқышы бар агрегаттардың тұрақтарына мұнай өнiмдерi төгiлген жерден кемiнде 30 метр қашықтықта ғана жол берiледi.      561. Құбыр жолының төбесiнен 0,3 және одан да кем тереңдiкте, сондай-ақ газдалған траншеяларда немесе құдықтарды оны ашу жөнiндегi жұмыстар тек соққанда ұшқын шығуды болдырмайтын құралдармен ғана атқарылады.      562. Елдi мекендегi мұнай өнiм құбыры тас жолы «Мұнай өнiм» құбыры» деген жазуы бар жеңiл табылатын темiр бетонды белгiсiмен белгiленiп, мұнай өнiмi сыртқа шыққан жағдайда хабарлайтын телефон нөмiрi көрсетiледi.      563. Мұнай өнiм құбырының жағдайына үнемi көзбен көрiп, сондай-ақ құбыр жолдарын пайдаланғанда шыққан құбыр жолдарының ақаулықтарын анықтауға

Page 42: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

мүмкiндiк беретiн арнайы құралдармен және құрылғылармен бақылау жүзеге асырылады.

5-тарау. Мұнай өнiмдерiн айдауға арналған сорғыш станцияларды ұстау тәртiбi

      564. Сорғыш станциялары үй-жайларында сорғыштар мен құбыр жолдарының герметикалығына үнемi қадағалау жүргiзiледi. Сорғыштардың тығыздамаларындағы және құбыр жолдарындағы қосылыстарындағы мұнай өнiмдерiнiң кемiп қалуы дереу жойылады.      565. Iшкi жану қозғалтқыштарын орналастыруға арналған үй-жайларын сорғыштарға арналған үй-жайлардан өртенбейтiн қабырғалармен бөлген жөн. Қозғалтқыштарды сорғыштармен қосатын бiлiктердiң қабырғалар арқылы өтетiн жерлерде тығыздама қымтағыштары болады. Тез тұтанатын сұйықтықтарға арналған сорғыштар орнатылған үй-жайларында тегiс қайыс белдiк берiлiмдерiн қолдануға жол берiлмейдi.      566. Сорғыш бөлмелерiнiң едендерi мен науалары үнемi сумен шайып тұрады. Төгiлiп қалған мұнай өнiмдерiн жою үшiн сорғыш үй-жайлары резина шлангiлерi бар су бағандарымен жабдықталады. Сорғыш бөлмелерiнiң құйылыс каналдарының қосылу орындарындағы гидравликалық бекiтпелерiн үнемi тексерiп тұру керек.      567. Қажалатын бөлшектердiң майлануына, мойынтiректерi мен тығыздамаларының температурасына және сорғыштарға байқау орнатылады. Сорғыштардың әдеттегi жұмыс тәртiбiн бұзатын қандай да бiр ақаулықтар анықталғанда соңғысы тоқтатылып, ал ақаулығы жойылады.      568. Тез тұтанатын мұнай өнiмдерiн айдау жөнiндегi сорғыш бөлмелерiндегi тұрақты автоматты газ сараптағыштар авариялық желдеткiшпен, сондай-ақ үй-жайда мұнай өнiмдерiнiң қауiптi бу концентрациясының бар болуы туралы дыбыс және жарық сигнализациясы қондырғыларымен бұғатталады.      569. Тұрақты газ талдағыштары болмаған жағдайда тиiстi кестелерге сәйкес үнемi мұнай өнiмдерiнiң қауiптi бу концентрацияларының болуын анықтау мақсатында жылжымалы газ сараптағыштармен әуе ортасына талдау жүргiзiледi.      570. Мұнай өнiмдерiн уақытша жылжымалы айдау станцияларымен айдаған жағдайда:      1) станция магистралды құбыр жолы трассасынан 25 метр жақын емес орналастырылуы және ашық, тегiстелген алаңда орнатылуы тиiс, ал айдау агрегаттары дiрiл және жұмыс барысында олардың қозғалуын болдырмайтын металл рамаларына бекiтiлуi тиiс;      2) мұнай өнiмдерiнiң iшкi жану қозғалтқыштарына түсуiн болдырмау үшiн сорғыштарда кему байқалғанда қозғалтқыштар сорғыштардан металл қаптамаларымен бөлiнуi тиiс;      3) қозғалтқыштардың газ шығаратын құбырларын өртенбейтiн, жылу өткiзбейтiн материалмен жауып, ал олардың шеттерiн жерге көмiлген бункерлерге түсiру қажет;      4) мұнай өнiмдерiнiң кемуi ықтимал орындарын (құбыр жолдарының қосулары және сорғыштардың тығыздама қосулары) төгiлiп қалған мұнай өнiмiн қауiпсiз жерге шығаруға арналған су сiңгiш құрылғысымен жабдықтау қажет;      5) станция орманды мекенде орналасқанда айдау агрегаттарының айналасындағы аумақты 20 метр радиуста жапырақ тектес ағаштардан, ал қылқан жапырақтылардан – 50 метр радиуста тазарту және енi кемiнде 4 метр минералдандырылған жолақпен қоршалады, оның аумағы ағаштардан, кесу қалдықтарынан, шыбық отынынан, кеуiп қалған шөптен тазартылады;      6) резервтi жанар-жағармайды сақтау орнын айдау станциясынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналастырылады, өсiмдiктен тазартылады және енi кемiнде 4 метр минералдандырылған жолақпен қоршалады.      571. Уақытша жылжымалы станцияны пайдаланғанда:      1) мұнай өнiмдерiнiң кемуiн болдырмау үшiн құбыр жолдарын үнемi тексерiп, алдын ала жөндеу жүргiзуге;      2) айдау станциясындағы құбыр жолдары мен сорғыш бөлмелерiнде мұнай өнiмдерiнiң кемуiн дереу жою; егер оны жасау мүмкiндiгi болмағанда айдау жұмыстарын тоқтатуға жол берiледi.      572. Уақытша айдау станциясы жұмыс iстеп тұрған кезде:      1) сөндiргiштерi ақаулы қозғалтқыштарды пайдалануға;      2) жарық беру үшiн ашық түрдегi шамдарды қолдануға (бұл мақсатқа жарылысқа

Page 43: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

қауiпсiз күйде орындалған электр аккумуляторлы шамдарды қолдануға);      3) ашық отты қолдануға, темекi шегуге, дәнекерлеу және басқа да өрт қауiптi жұмыстар жүргiзуге;      4) соғылған кезде пайда болған көбiктi шығаратын құралды пайдалануға жол берiлмейдi.      573. Магистральды құбыр жолдарының тас жолдарындағы әрбiр уақытша айдау станциясында өрт сөндiру жағдайына су қоры, өрт сөндiру мотопомпасы қарастырылады.

6-тарау. Темiр жол ағызу-құю эстакадаларын ұстау тәртiбi

      574. Магистральды өнiм жолдары мұнай базалары мен құю бекеттерiнде (станцияларында) ағызу-құю құрылыстары орналастырылған алаңшалар авария жағдайында жинағышы немесе өндiрiстiк канализациясы бар гидравликалық бекiтпелерi арқылы қосылған шығару науалары мен орларға сұйықтықтың кедергiсiз құйылуы қарастырылады.      575. Ағызу-құю құрылғыларының немесе темiр жолдарында жеке тұрған тiреуiштердiң екi жағынан (екi осьтi екi немесе төрт осьтi бiр вагондар қашықтығында) сигналды белгi – бақылау бағаналары орнатылуы қажет, олардың артына тепловоздарға жүруге жол берiлмейдi.      576. Бос темiр жолдар эстакадаларына ағызып құюға маршруттарды жiберудi мұнай базасының (құю бекетiнiң, станциясының) персоналы бақылайды. Тежеуiш башмактарын темiр жол көлiгiнiң жұмыскерлерi орнатады. Ағызу құю құрылғылары орналасқан темiр жолдар бойынша тепловоздардың қозғалуына жол берiлмейдi және тек айналу темiр жолдары бойымен ғана жол берiледi.      577. Ағызу-құю құрылғылары, құбыр жолдары және құбыр жол арматурасы үнемi тексерiске тартылады және жоспарлы сақтандыру жөндеуiне тартылады. Анықталған ақаулықтар мен кемулердi дереу жойылады. Ағызу құрылғысының (немесе құбыр жолы учаскесiнiң) бұзылған бөлiгi өшiрiледi.      578. Темiр жол цистерналарын iрiктеудi және тiркеуден ағытуын ағызу құю эстакадасы шегiнен тыс жүзеге асыру керек. 610C кем булардың қысу температурасы бар мұнай өнiмдерiн ағызу құю операциялары кезiнде эстакадада маневрлiк жұмыстарды жүргiзуге және бос жолға келесi маршрутты жiберуге жол берiлмейдi. Герметикаланған құю құрылғысы арқылы жүргiзiлетiн құю операциялары кезiнде мұнай өнiмдерi бар темiр жол цистерналарын бос эстакадаларға жiберуге жол берiледi.      579. Ағызуға және құюға темiр жол цистерналарын ақырын, соқпай, жұлқымай жiберiледi. Ағызу құю құрылғылары аумағында темiр жол цистерналарын металл башмактарымен тоқтатуға және бекiтуге рұқсат берiлмейдi. Бұл мақсаттарға ұшқын шығаруды болдырмайтын, ағаш төсемдер мен металлдан жасалған башмактар қолданылады.      580. Тез тұтанатын сұйықтықтарды ағызғанда және құйғанда, цистерналардың люктерiнiң қақпаларын жапқанда, темiр жол цистерналарына шлангтарды және басқа да құралдарды қосқанда соққыларға жол берiлмейдi. Ағызу құю операциялары кезеңiнде қолданылатын құрал соққанда ұшқын шығармайтын материалдан жасалады. Құйғанда шлангiнiң бастиегi цистернаның түбiне түсiрiледi; құюды шашырауды болдырмау үшiн сұйықтық деңгейiмен жүзеге асырылады. Цистерналардың люктерi қақпалары резинадан жасалған төсемдермен жабдықталады.      581. Атмосфералық электр разрядтарында мұнай өнiмдерiн ағызуға және құюға жол берiлмейдi; темiр жол цистерналарының люктерi жабылады.      582. Ағызу, құю операциялары кезеңiнде жергiлiктi жарық беру үшiн жарылыс қаупi жоқ түрде орындалған аккумуляторлы шамдар қолданылады.      583. Темiржол ағызу құю эстакадасында тез тұтанатын мұнай өнiмдерi үшiн өтпелi өткелдерi жасырын болттары бар ағаштан жасалған жастықтармен жабдықталады.      584. Орнынан қозғалту және темiржол цистерналарын ағызу және құю орындарына жылжыту үшiн иiнтiректер ретiнде құрыштан жасалған сүймендердi немесе басқа да құрыштан жасалған заттарды қолдануға жол берiлмейдi. Темiржол цистерналарын тек жүк шығырлар арқылы ғана жылжытуға болады.      585. Темiржол цистерналарын құюға техникалық тексерiс белгiсiз, сондай-ақ анық кему белгiсi немесе басқа да мұнай өнiмдерiн құюға кедергi жасайтын ақаулықтары болғанда қабылдау жол берiлмейдi.

Page 44: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      586. Мұнай өнiмдерiн ағызу немесе құю алдында барлық айырып-қосқыш вентильдердiң, ысырмалардың дұрыс ашылғаның, ағызу-құю құрылғыларының дұрыстығын, шлангтары мен телескоптық трубалардың қосылу тығыздығы тексерiледi.      587. Темiржол цистернасының люгiн ашқанда және шлангтарды толтырғанда осы операцияларды орындайтын тұлғалар люктiң жел жағына орналастырылады.      588. Құю үдерiсiнде темiр цистернасында кему байқалғанда ол цистернаға құю ақаулық жойылғанша дереу тоқтатылады. Егер ақаулықты жою мүмкiндiгi болмағанда цистернаны iшiне құйылған мұнай өнiмiнен босатып, тапсыру станциясына қайтару керек.      589. Темiржол цистерналарының бұзылған төменгi құю құралдарын ұшқын шығару мүмкiн, олардың конструкциясымен қарастырылмаған құралдар арқылы ашуға жол берiлмейдi. Цистернаның төменгi құю құралын ағызу құю коллекторына тек цистернаның доңғалақтарының астына башмактарды (тiреуiштердi) орнатқаннан кейiн және осы жолдан локомотивтi шығарғаннан кейiн ғана қосуға болады.      590. Темiржол цистерналарына мұнай өнiмдерiн құюды аяқтағаннан кейiн құю эстакадаларының жоғарғы жағында орналасқан шлангтар, тiреуiштер, және коллекторлар мұнай өнiмдерiнен босатылуы, ал темiр жол цистерналарының люктерiнiң қақпақтары герметикалық түрде жабылады.      591. Темiржол цистерналарының ағызу құю құрылғыларында қатып қалған мұнай өнiмдерiн тек бумен, сондай-ақ осы мақсаттарда пайдалануға жол берiлген арнайы жылытқыштармен ғана жылытуға рұқсат берiледi. Ашық отты қолдануға қатаң жол берiлмейдi.      592. Темiржол цистерналарында жабысқақ мұнай өнiмдерiн булы шиыршық түтiктерi арқылы жылытқанда соңғыларды тек мұнай өнiмдерiне 0,5 метр кем емес тереңдiкке толық батырғаннан кейiн ғана iске қосуға болады. Жылыту кезiңде оның температурасы көтерiлiп, мұнай өнiмi кеңейгенде цистернадан атып шығуын болдырмауы байқалады. Цистерналардағы сұйықтықты жылыту температурасы осы сұйықтықтың буларының шығу температурасынан 150C төмен болмауы тиiс.      Электр жылытқыштармен жылыту кезiнде вагон-цистерналардан мұнай өнiмдерiн ағызуға рұқсат етiлмейдi.      593. Тез тұтанатын мұнай өнiмдерiн тек герметикаланған ағызу құралдары арқылы ғана төменгi жағынан ағызуға жол берiледi.      594. Электрленген темiр жолдарда орналасқан ағызу-құю эстакадаларының темiр жолдарында екi оқшаулау жiгiн орнату қажет: бiрiншiсi – ағызу фронтының шегiнен тыс, екiншiсi – тұйықталу орнының көрсеткiшiнiң жанында.      595. Температуралары төмен жағдайларда жүзеге асырылатын темiр жол жүйелерiне құюды осы цистерналарды ауа температурасы аса жоғары аудандарға тасымалдағанда мұнай өнiмi көлемiнiң кеңеюiн ескере отырып жүзеге асырылады.      596. Темiр жолдар, эстакадалар, құбыр жолдары, телескоптық құбырлар және шлангтардың ұштықтары жерге қосылады. Жерге қосу құрылғыларының қарсылығы кәсiпорынның бас инженерiмен бекiтiлген кесте бойынша жылына бiр реттен кем емес тексерiледi.      597. Темiр жол эстакадаларындағы жұмыс және эвакуациялау сатылары жарамды жағдайда ұсталады.      598. Эстакадалардың темiр жол тұйықталу орындарының соңында орнатылған шығырлар жарамды жағдайда ұсталады. Мұнай өнiмдерiн ағызу-құю операцияларын жүргiзгенде шығырдың арқаны тарқатылған жағдайда болады.

7-тарау. Ағызу-құю айлақтары мен жағалық құрылыстарын ұстау тәртiбi

      599. Ағызу-құю айлақтары мен пирстер жанбайтын материалдардан жасалады. Өрт сөндiру автомобильдерiне арналған өту жолдары мен өтпелi көпiрлердi жарамды жағдайда және әр түрлi заттармен ыбырсытпай ұсталады.      600. Мұнай өнiмдерiн ағызып құюға арналған жағалық құбыр жолдары айлақтан 30 метр қашықтықта орнатылатын авариялық жапқыштармен жабдықталады. Құбыр жолдары арқылы өту орындарында жанбайтын материалдардан жасалған шағын көпiрлер қарастырылады.      601. Жылжымалы ағызу-құю құбыр жолдарының фланецтерi мен жылжымалы жеңдердiң жалғаулық муфталары палубаға соғылғанда ұшқын пайда болуын болдырмайтын металлдан жасалады.      602. Жеңiл жанғыш мұнай өнiмдерi бар кемелердi шынжырлап байлап қоюды

Page 45: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

және оларды айлаққа бекiтiп қоюды металлды емес арқандармен жүргiзiледi. Ерекше жағдайларда металл арқанды пайдалануға болады, бұндайда палубаның жұмыс орындары мен арқандап байлап бекiту кнехтерiнiң битенгтерi ұшқын пайда болуды болдырмайтын төсенiшпен немесе оқшаулау материалдарымен жабылады.      603. Капитанда кеменiң өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгi туралы актiсi болмаған жағдайда мұнай өнiмдерiн мұнай құю кемесiне құюға рұқсат берiлмейдi.      604. Мұнай құю кемелерi құбыр жолдарының мұнай өнiмдерiн айдап қотаруға арналған жеңдерiне жалғанған орынға дейiн жерге қосылады. Жерге қосу қондырғылары тек ағызу-құю операцияларын аяқтағаннан кейiн және құбыр жолдарының кеме жанындағы айлақтың жеңдерiнен ажыратылғаннан кейiн ғана алынады.      605. Кеме құбыр жолдарын жағалық ағызу-құю қондырғыларына жалғайтын жеңдерi кеме айлақта еркiн қозғала алатындай ұзындыққа сәйкес болады. Жеңдердi жұмсақ арқан жiптерi немесе ағаш тiреулер арқылы ұсталады. Кеме жеңдерiнiң асқышы мен бекiтпесi олардың құлауына, үзiлуiне және қажалуына жол бермейтiндей бекiтiледi.      606. Мұнай базасының айлақтарында орнатылған жүк көтергiш құралдарын пайдалануда айлақтың шкиперi жүк көтергiштердi жүйелi түрде майлатып тұруға, ал шынжыр мен палубаның түйiсу орындарын матпен немесе ағаш қалқандарымен жабуға мiндеттi.      607. Кеменi жағалық қондырғыларымен қосатын қосқыш құбыр жолдары мен жеңдердi жинағанда және бұзғанда соғудан ұшқын пайда болуға жол бермейтiн құрал пайдаланылады.      608. Ағызу-құю жұмыстарын жүргiзгенде айлақта ең кемiнде екi адам болады.      609. Айлақ пен кемедегi қызмет көрсету персоналы ағызу-құю жұмыстарын және жабдықтардың жағдайына тұрақты жүргiзуге мiндеттi. Пайда болған мұнай өнiмдерiнiң кемiп қалуы дереу жойылады; ал ол мүмкiн емес жағдайда, мұнай өнiмдерiн ағызу-құю жөнiндегi операциялар жабдық толық жөнделгенше тоқтатылады.      610. Найзағай жарқылдағанда мұнай өнiмдерiн ағызуға және құюға жол берiлмейдi.      611. Ағызу-құю операцияларын жүргiзген кезде су айлақтарында, кемелерде, айдап қотару станцияларында және олардан 20 метрге жақын жерлерде:      1) от жұмыстарын орындауға, темекi шегуге және ашық отты пайдалануға;      2) бұзылған электр жарық беру құралдарын пайдалануға;      3) жарық беру үшiн жылжымалы және басқа (жарылу қауiпi жоқ аккумуляторлы шамдардан басқа) шамдарды қолдануға;      4) мұнай өнiмдерiн ағызу-құю жөнiндегi операцияларға қатысы жоқ адамдардың болуына;      5) + 450C температурасынан жоғары қыздырған мұнай өнiмдерiн кемеге қабылдауға және құюға жол берiлмейдi.

8-тарау. Авто құю эстакадаларын, құйылатын және өлшеп бөлiнетiн мұнай өнiмдерiн ұстау тәртiбi

      612. Құю қондырғылары орналасқан жедел алаңшалардың үстi қатты жабынмен және гидравликалық клапан арқылы өндiрiстiк-нөсерлiк канализацияға немесе арнайы жинағышқа түрлi сұйықтықтардың кедергiсiз ағынымен қамтамасыз етiледi. Төгiлiп қалған сұйықтықтарды сумен жуылады.      613. Жедел алаңшадағы автомашиналардың рұқсат берiлген санын кәсiпорынның әкiмшiлiгi белгiлейдi.      614. Бұзылған автомобильдерге аумаққа және жедел алаңшаларға кiруге, сондай-ақ кәсiпорынның аумағында оларды жөндеуге жол берiлмейдi.      615. Мұнай өнiмдерiн тасымалдауға арналған автоцистерналар мемлекеттiк стандартқа сәйкес дайындалады және құю эстакадасының жерге орнату контурына қосуға арналған жерге орнату қондырғыларымен жабдықталады; автоцистерналардың сөндiргiштерi ұшқын сөндiрушiлермен жабдықталады және қозғалтқыш немесе радиатор астына алға қарай шығарылады. Автоцистерналардың жерге ұзына бойы 100-200 мм тиетiн отырғызу шынжыры болуы керек, екi өрт сөндiргiшпен, киiзбен, құрғақ құммен және күрекпен жабдықталады.      616. Автоцистерналар мемлекеттiк стандартқа сәйкес қауiптiлiк белгiлерiмен белгiленедi.

Page 46: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      617. Кәсiпорынның өткiзу орны мен мұнай өнiмдерiн құю алаңшасында кәсiпорынның қызметкерлерi сыртқы бақылаумен автоцистернаның дұрыстығын және оның өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiлуi тексерiледi.      618. Кәсiпорынның қызмет көрсету персоналы (операторы немесе басқа да адам) автоцистерналарға құю үдерiсiн бақылау жүзеге асырылады.      619. Мұнай өнiмдерiн автоцистернаға қозғалтқыш жұмыс iстемей тұрған жағдайда құйылады. Бұның өзiнде жүргiзушi құю үдерiсi бақыланады. Автоматты түрде құю жүйесiнде жүргiзушi осы жүйеге арналған нұсқаулықта қарастырылған әрекеттер орындалады. Жұмыс iстеп тұрған қозғалтқышта құю қозғалтқышты iске қосу қиынға түскенде, тек температура төмен болған жағдайларда ғана рұқсат етiледi.      620. Авто құю эстакадасында өрт шыққан жағдайда автоцистерналарды сүйреп апаруға арналған арқанмен немесе штангамен қамтамасыз етiледi.      621. Құю аяқталғаннан кейiн құюға арналған шлангтарды (ұштықтарды) автоцистернаның қылтасынан, олардан мұнай өнiмдерiн толық ағызып алғаннан соң шығару керек. Автоцистернаның қылтасы баяу ғана, соғылуына жол бермей қақпақпен жабылады.      622. Автоцистернаның жүргiзушiлерi мұнай өнiмдерiн тасымалдағанда өрт қауiпсiздiгiн сақтау шаралары туралы (авто кәсiпорындарға куәлiктер беру арқылы) нұсқаулықтан өтедi.      623. Мұнай өнiмiнiң төгiлiп қалуына (асырып құйылуына) жол берiлген жағдайларда толтырылып жатқан автоцистернаның қозғалтқышын iске қосуға рұқсат берiлмейдi.      624. Құйғыш бөлмесiнде бос және мұнай өнiмдерiмен толтырылмаған ыдысты, сондай-ақ бөгде заттар мен жабдықтарды ұстауға жол берiлмейдi. Құйғыш бөлмесiнде енi 2 метрден кем емес басты өтетiн орын қарастырылады. Өтетiн орынды ыбырсытып қоюға болмайды.      625. Мұнай өнiмдерiн бөшке ыдыстарына тек кәсiпорынның қызмет көрсету персоналы ғана түсiредi. Мұнай өнiмдерiн түсiрер алдында қызмет көрсету персоналы құюға арналған ыдысты мiндеттi түрде тексерiп қарап шығады. Мұнай өнiмдерiн бұзылған ыдысқа құюға рұқсат берiлмейдi.

9-тарау. Пайдаланылған мұнай өнiмдерiн жинау, iске асыру және тазарту бекеттерiн ұстау тәртiбi

      626. Пайдаланылған мұнай өнiмдерiн жинау және тиеу бекеттерi, сондай-ақ регенерациялық қондырғылар мұнай өнiмдерiн бөлшек түрде өткiзу аймағында орналастырылады. Мұнай өнiмдерiн қабылдауды және тапсыруды (тиеп жiберудi) кәсiпорынның қызметкерлерi немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылады.      627. Мұнай өнiмдерiнiң пайдаланылған қоспаларын сақтағанда резервуарларда, тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған резервуарлардағы сияқты дем алатын және сақтандыратын, ал пайдаланылған индустриалды және мотор майларын сақтағанда майларды сақтауға арналған резервуарлардағы сияқты арматура қолданылады.      628. Пайдаланылған мұнай өнiмдерiн жылыту температурасы олардың құрамына енетiн, булардың ең төмен тұтану температурасы бар компонент буларының тұтану температурасынан 150C төмен болады.      629. Тұтану температурасы 1200C және одан да төмен пайдаланылған мұнай өнiмдерiне арналған ағызу-құю қондырғылары жабық болады.      630. Регенерациялық қондырғылардың айыру бөлiмшесiнiң шығыс бактарында тәулiктiк қажеттiлiгiнен аспайтын отынның болуына рұқсат берiледi. Бұл бактар үй-жай шегiнен тыс жерлерде орнатылады.      631. Құбырлы пеш пен текше қондырғысының түтiн шығатын мойындары қара күйе жиналып қалмас үшiн тәулiгiне кемiнде бiр рет су буымен үрленедi.      632. Сүзгi-регенерациялық қондырғылардың қыспақтары металл рамаларында және өртенбейтiн iргетасқа орнатылады. Сүзгiнiң астына қыспақтармен төгiлiп қалған майларды жинау үшiн арнайы металлдан жасалған жайпақ қаңылтыр таба орнатылады.      633. Регенерациялық қондырғы жұмыс iстеп тұрған кезде керосин жинағыштарды асырып толтыруға болмайды; толуына қарай және ауысымның аяғында оларды мұнай өнiмдерiнен босату керек.      634. Пайдалануға жiберер алдында жылжымалы регенерациялық

Page 47: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

қондырғылардың айыратын текшелерi мен бу қазандарын гидравликалық қысымға тексерiледi. Бу қазандары мен айыратын текшелерде сақтандырушы қақпашалар мен манометрлер орнатылады. Жылжымалы регенерациялық қондырғылар жұмыс iстеп тұрғанда қызмет етушi персонал үнемi бақылау-өлшеуiш құралдарының көрсеткiштерiн бақыланады.

10-тарау. Алаң iшiндегi технологиялық құбыр жолдары мен құбыр жолы арматурасын ұстау тәртiбi

      635. Мұнай базаларының, құю және айдап қотару станцияларының құбыр жолдарына технологиялық сызбалар жасалуы тиiс, олардың құбыр жолдарының әр қайсысында айқын белгiсi, ал тиек арматурасында нөмiрлеуi болады. Қызмет көрсетушi персонал авариялар мен өрттер болған жағдайларда ысырмаларды ауыстырып қосуды бiлу үшiн құбыр жолдарының технологиялық сызбасымен танысады.      636. Технологиялық құбыр жолдары оларға орнатылған барлық арматураларымен бiрге пайдалануға тапсыру алдында бiрiктiру мықтылығы мен тығыздығына гидравликалық сынақтан өтедi.      637. Жер үстiндегi құбыр жолдарының бекiтпелерi мен тiреуiштерiнiң жағдайына, олардың қауiптi салбырап бұзылуына тұрақты бақылау белгiленуi тиiс. Құбыр жолдарының, асқыштар мен тiреуiштердiң ақаулықтары дереу жойылады.      638. Құбыр жолдарының iшiнде пайда болған шөгiндiлердi құрыштан жасалған шыбықтар немесе басқа құралдар арқылы тазартуға болмайды, бұл құбыр жолына қажалып немесе соғылудан ұшқынның пайда болуы мүмкiн.      639. Құбыр жолдары мен жапқыштардың тораптарын ашық отпен жылытуға болмайды. Ол үшiн тек бу, ыстық су немесе қызған құмды, сондай-ақ зауытта шығарылған электр құралдарын ғана пайдалануға болады.      640. Құбыр жолдары мен тиек қондырғылары кәсiпорынның бас инженерiмен бекiтiлген кестеге сәйкес профилактикалық қызмет көрсетуге тартылады.      641. Құбыр жолдарында тұйыққа тiрелген жолдар болмауы тиiс. Ал бұндай жерлердiң болуы қажет болған жағдайларда оларды тұрақты бақылау жүзеге асырылады.      642. Мұнай өнiмдерiмен толып тұрған құбыр жолдарында жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.

5-бөлiм. Мұнай, газ өндiрушi өнеркәсiп объектiлерiн ұстау тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

      643. Бұрғылауға, сынақ жүргiзуге, ұңғымалардың күрделi жөндеуiне арналған жер үстiндегi жабдық, лақтырындыларға қарсы қондырғылардың бұрулар, бақылау станциялары, өндiрiстiк және тұрғын үй-жайлары, қойма орындары, кiреберiс жолдары, ұшақ алаңдары нақты әр ауданға арналған желдiң басым бағытын ескере отырып орналастырылады.      644. Орнатуға бөлiнген аумақ жер үстiндегi және жер астындағы құбыр жолдарынан, кабелдерден босатылады, ағаштан, бұтадан, шөптерден тазартылады және жоспарланады.      Жер үстiндегi құрылыстардың айналасында көлiктiң және өрт техникасының қозғалуы үшiн енi 10-12 метр алаңша тегiстеледi.      Аумақтардың жоспарлауы сұйықтықтарды сағасынан және жер үстiндегi құрылыстардан арнайы қоймаларға (торға) бұрып ағызуды қарастырылады.      645. Құрылыстардың жабындылары өртенбейтiн материалдардан орындалады. Басқа жағдайларда құрылыс оттан қорғайтын құраммен өңделедi.      646. Отын құятын ыдыстар мен қондырғыларды жер үстi үй-жайлардан, жабдықтардан, құбыр жолдарынан 20 метр жақын емес орнатылады. Отын қондырғылары сорғыштармен, ыдыстар сақтандыру және тыйым салу жазулары (белгiлерi) бар деңгей өлшеуiштермен жабдықталады. Орнатылу орындарында кiреберiс жолы орнатылады және жанар-жағар май материалдарының сақталу мөлшерi есебiнен топырақ үйiп бекiтiледi.      647. Арматураларды орнату немесе аппараттарды қосу орындарынан басқа, жарылыс, өрт қауiпi технологиялық жүйелердiң құбыр жолдарында фланецтi және

Page 48: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

алмалы-салмалы қосуға жол берiлмейдi. Жарылыс қауiптi технологиялық жүйелерде иiлмелi шлангiлердi қолдануға жол берiлмейдi.      648. Жанғыш өнiмдердi айдап қотаратын сораптар мен компрессорлардың сорғыш және айдағыш жолдарында тиек, кесу және сақтандыратын қондырғыларды орнату қарастырылады.      649. Жанар-жағармай материалдарының, мұнай өнiмдерiнiң шығуы, герметикалық еместiгi, ағып кетуi байқалғанда ақаулық дереу жойылып, төгiлген жер мұқият тазартылады.      650. Жанар-жағармай және тез тұтанатын материалдарын өрт, жарылыс қауiптi құрылыстардың iшiнде сақтауға жол берiлмейдi.      651. Өрт сөндiру құралдары (күштi және сорап блогы, отын қондырғылары, электр станциясы, ұңғыманың аузы) өрт қауiптi жерлерге жақын орналасады.      652. Iштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған сызықтары ұңғыманың аузынан кемiнде 15 метр, таса (негiз) қабырғасынан 5 метр және шатырдың (қалқаның) жоғарғы жағынан 1,5 метр қашықтыққа шығарылады. Қозғалтқыштардың, негiздердiң, еденнiң төсенiшiнiң астына пайдаланылған құбырларды төсеуге жол берiлмейдi.      Қабырғалар, шатырлар (қалқалар) арқылы пайдаланылған желiлер өтетiн жерлерде құбырдың үш диаметрiнен кем емес тесiк қалдырылады. Бұл жерде жылылықты сақтау төсемi мен өртенбейтiн өңдеу орнатылады.      Пайдалану желiлерi ұшқыш өшiргiштермен жабдықталады.      653. Температуралар төмен болған жағдайда қатып қалуға тартылатын жабдықтар мен құбыр жолдары жылытылып, ашық отты пайдалануды жоққа шығаратын жылытумен қамтамасыз етiледi.      654. Өрт қауiптi және жарылыс қауiптi үй-жайларда, негiздердiң астында, газ қауiптi жерлерде, жанар-жағармай материалдарын, мұнай өнiмдерiн, жанғыш заттар мен реагенттердi сақтауға арналған ыдыстардың жанында ашық отты пайдалануға және темекi шегуге болмайды.      Темекi шегу үшiн өртке қауiпсiз аймақта арнайы жабдықталған орындар жабдықталады және жазулармен белгiленедi.      655. Газ қауiптi, отты және дәнекерлеу жұмыстары қолданыстағы салалық нұсқаулықтарға сәйкес жүргiзiледi. Газдылық, жанар-жағармай материалдарымен, мұнай өнiмдерiмен ластану болған жағдайларда бұл жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi.      656. Күштiк, бұрғылау және мұнай кәсiбi жабдықтары, жабындылар, объекттiң басы мен аумағы тұрақты өрт қауiпсiз жағдайда ұсталады, үнемi күйеден, жанар-жағар май материалдарының, мұнай өнiмдерiнiң төгiлуiнен тазартылады.

2-тарау. Ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi

      657. Ұңғымаларды бұрғылау, бекiтпе, сынау техникасы мен технологиясы өнiмдi көкжиектерден бағынбайтын қабат флюидтiң барынша жоғары дәрежеде түсуiн болдырмауы тиiс.      Мұнай, газ дақтары пайда болған және авариялық жұмыстар жүргiзген жағдайда жер үстiндегi жабдық және орап байлау толық герметикалықты, газ, мұнай дақтарының көрiнуiн, флюидтi ұңғымалардан қауiпсiз қашықтыққа бұру және мұнай, газ, су дақтарын, аварияларды жою бойынша технологиялық операцияларды орындағанда жарылыс, өрт қауiпсiздiгi қамтамасыз етiледi.      658. Бұрғыны пайдалануға қосқанда кәсiпорынның комиссиясы жабдықтың жарылыс, өрт қауiпсiздiгiн, өртке қарсы жабдық пен мүлiктiң жинақтағы сәйкестiгiн, авариялық жарық беру құралының, ол туралы бұрғыны қабылдау туралы актiсiнде жазу жүргiзiлетiн әскери өрт сөндiру есебi тiзiмiнiң болуы тексерiледi.      659. Көмiрсутектi негiздегi бұрғы қоспаларын пайдаланғанда жарылыс, өрт қауiпсiздiгi бойынша, арнайы нұсқаулық пен жұмыс жоспарларында көрсетiлетiн әуе ортасының газдылығы бойынша қосымша шаралар қолданылады. Көмiрсутектi негiздегi қоспаның өздiгiнен тұтану температурасы сағасындағы және қоспаны дайындау мен өңдеу үдерiсiнде барынша жоғары күтiлетiн температурадан асады.      660. Жұмыс зона әуесiнде зиянды заттардың шектi жол берiлетiн концентрациялары мен шектi жол берiлетiн жарылыс қауiпсiз концентрациялары табылған жағдайларда:      1) технологиялық үдерiстi тоқтату;      2) объектiнiң, ауысымның басшысына дереу хабарлау;

Page 49: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      3) газдылық себебi мен зонасын анықтау;      4) жеке құтқарушы құралдарын пайдалану;      5) өрт сөндiру құрал-жабдығының дайындығын тексеру;      6) аварияларды жою жоспарына және нақты жағдайға сәйкес шаралар (әрекеттер) қолдану қажет.      661. Бұрғылау, сынау, газ, мұнай дақтарын, ашық фонтандар мен аварияларды жою жөнiндегi жұмыстар аяқталғаннан кейiн мұнараларды, бұрғылау жабдығын, аумақты қара майдан, артық жабдықтар мен материалдардан тазартылады. Бұрғылаудың жағалаулары мен кiреберiстерi бос болады.      662. Цементтеу, мұнай және қышқыл ванналарын орнату, зерттеу және авариялық жұмыстар кезiнде қолданылатын арнайы техника пайдаланылған құбырларда ұшқын өшiргiштер болған кезде ғана қолданылады.

3-тарау. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану тәртiбi

1-параграф. Ұңғымаларды игеру тәртiбi

      663. Мұнай және газ ұңғымаларын игеру, сынау жұмыстары, арнайы бөлiмдерiнде технологиясы әзiрленуi тиiс, сынау жұмыстарын орындауға арналған техникалық құралдары мен өрт, жарылыс қауiпсiздiгi шаралары белгiленген ұңғыманы салу жобасына сәйкес жүргiзiледi.      664. Жұмыстарды бастамас бұрын дайындық, негiзгi және қорытынды жұмыстардың жоспар-кестесi, сондай-ақ болуы ықтимал аварияларды жою жоспары қоса берiледi.      665. Жоспар-кестеге бұрғылауды игеру үшiн қолданылатын жабдықты орналастыру және орап байлау кестесi қоса берiледi.      666. Ұңғымаларды игеру жөнiндегi жұмыстар басталу алдында жауапты тұлға бригада мүшелерiне өрт қауiпсiздiгi жөнiнде нұсқау бередi және «Жұмыс орнындағы қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi нұсқау берудi тiркеу» журналына тиiстi жазу жазады.      667. Ұңғымаларды игеру жөнiндегi жұмысқа қатысып жатқан бригаданың барлық мүшелерi арнайы киiм мен арнайы аяқ киiмде жұмыс iстейдi.      668. Игеру объектiлерi өртке қарсы қондырғылармен жабдықталады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өртке қарсы құрал-жабдықпен қамтамасыз етiледi.      669. Ұңғымалардағы ату-жару жұмыстары осы жұмыстардың жауапты жетекшiсiнiң рұқсатымен және мұнай-газ өндiру немесе бұрғылау кәсiпорны геологының көзiнше жүргiзiледi.      670. Ату-жару жұмыстарының алдында лақтырындыларға қарсы құрал-жабдық жұмыс жоспарында көрсетiлген қысымға ұқыпты түрде тексерiлiп, қысып нығыздалады.      671. Көтерiп түсiру операциялары кезiнде колонналық фланецке ұшқын қауiпсiз материалдан жасалған шұқыр орнатылады.      672. Ұңғыманы игергенде жылжымалы компрессорды ұңғыманың жел жағынан 25 метрден кем емес қашықтыққа орналастырылады.      673. Ұңғыманы мұнаймен жуып шайғанда агрегатты сағасынан кемiнде 10 метр қашықтыққа орнатылады.      674. Газ және газ конденсатты ұңғымаларын сұңғылау арқылы игеру, ал фонтанды ұңғымаларды науалармен қалғалауға жол берiлмейдi.      675. Ұңғыманы сұңғылау мұнай лақтырындысын болдырмайтын, герметикалау қондырғысында фонтан арматурасының буферлi тиекке орнатылғанда жүргiзiледi.      676. Фонтанды ұңғыманы сұңғылаумен игергенде:      1) жұмыс iстеп тұрған агрегатты басқару пультын қорғау үшiн қалқаның жанатын құрылғыларын оттан қорғау құраммен өнделедi;      2) бағыттау шұқырын ұшқын ату қаупi жоқ материалдан орнатылады;      3) көтергiш тракторды ұңғылау сағасынан 25 метр жақын емес қашықтықта орнатылады.      677. Ұңғымаларды жылжымалы агрегаттармен игергенде игеру үшiн де, ұңғыманы өшiру жағдайында да қажеттi агрегаттар санын жұмыс манифольдына қосу ықтималы қарастырылады.      678. Фонтан атқылау белгiлерi пайда болғанда аварияларды жою және аузын герметизациялау жоспарына сәйкес iс-қимыл жасалады.      679. Фонтан ұңғылауын игеру үдерiсiндегi үзiлiстер мен тоқтатқан кездерде

Page 50: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

фонтан арматурасының және айқастырылған табан ағашының орталық тиегi жабылады.      680. Сығылған ауа немесе ауамен сұйықтықты ауа жiберу арқылы айдамалаумен ағын шақырғанда үдерiсте үзiлiстерге жол берiлмейдi.

2-параграф. Фонтанды ұңғымаларды пайдалану тәртiбi

      681. Пайдалануға берiлген барлық ұңғымалар тиiстi стандартты аппаратурамен жабдықталған герметизациялаған сағалармен қамтамасыз етiледi.      682. Фонтанды арматураның жұмыс қысымы ұңғыманы пайдалану кезiнде сағада күтiлген ең жоғарғы қысымнан аспайды.      683. Фонтанды арматураны құрастыру төсемдерi бар толық түйреуiш кешенiмен жүргiзiледi.      684. Фонтанды ұңғыма мен коммуникациялардың орамы эксплуатациялық колонналарының перфорациясына дейiн ұңғыма өнiмiн қабылдауға дайындалады.      685. Тұтануды (өртенудi) болдырмау үшiн ашық арықтар арқылы жалпы қоймалар мен торларға мұнайды ағызу жабдығы жiберiлмейдi.      686. Ұңғымадан компрессорға мұнай мен газдың түсуiнен алдын ала сақтандыру үшiн ұңғымалардың жанында, газ бен ауаны тарату будкаларынан желiлерде керi клапандар орнатылады.      687. Газ және ауаны тарату будкаларының газ немесе әуе коллекторларында ұзындығы жобаға сәйкес келуi тиiс желiлер қарастырылады.      688. Газ таратушы будкалардың сыртқы жағында «Газ! От қауiптi!» деген жазу iлiнедi.      689. Жылжымалы компрессорлардың iштен жану қозғалтқышының (IЖҚ) пайдаланылған құбырлары ұшқын сөндiргiшi бар өшiргiштермен жабдықталады.      690. Құбыр сыртындағы газдың қысымын тек штуцердiң көмегiмен, айқастырмадан бiрiншi (негiзгiсi) ысырма ашық болғанда екiншiсi арқылы төмендетiледi.      691. Ұңғыманың орамын, бұрып ағызу жолын, сондай-ақ қысымдағы газ құбырларын тек бумен немесе ыстық сумен ғана жылытуға болады.

3-параграф. Компрессорлық станцияларды ұстау тәртiбi

      692. Компрессор жұмыс iстеп тұрғанда тоңазытқыштардағы газ бен судың температурасына бақылау жүргiзiледi.      693. Соңғы сатының шығарып тастау желiсiнде компрессордың қысылғаны (компрессор ғимаратынан тыс) жұмыс қысымын 10% асатын, қысымның әсерiнен iске қосылатын сақтандырғыш құрылғысы құрастырылады.      694. Компрессордың қалыпты жұмыстан параметрлердiң ауытқу сигнализациясы, сондай-ақ жағылып жатқан газдың (ауаның) қысымы мен температурасы көтерiлгенде, салқын судың келуi тоқтағанда және қабылдау мен майлау жүйесiндегi қысым түскен кезде автоматты ажыратқышы болуы қажет.      695. Компрессордың қажалатын бөлшектерiн үнемi майлап тұру, сондай-ақ пайдаланылған майдың температурасы қадағаланады.      696. Қысудың әр сатысынан кейiн сығылған газды немесе ауаны майдан тазартпай, компрессорды жұмысқа қосуға жол берiлмейдi.      697. Әуе қоспасы компоненттерi құрамының жұмыстың әр режимiне арналған регламентте және техникалық паспортта көрсетiлгеннен асуына жол берiлмейдi.      698. Газды қысып отырған компрессорлардың ауаны сорып алуын болдырмау мақсатында сорып алу желiлерi шамалы артық газ қысымымен ұсталады.      699. Компрессор жұмысының жағдайы бойынша сорып алушы желi сиректетуде болуы тиiс болса, газды қысылғаннан кейiн құрамында оттегi болуына жүйелi түрде талдау жасалады.      700. Газ компрессорлары мен газ құбырларының барлық қосуларын жүйелi герметикалықтығына тексерiледi. Газ шығып тұрғаны табылған жағдайда компрессор тоқтатылып, ақаулықтары жойылады.      701. Жарық беру құралдарын жөндеу кезiнде немесе авариялық жағдайда электр энергиясы ажыратылғанда, газ компрессорлық станцияларында тек жарылыс қаупi жоқ жағдайда орындалғанда ғана аккумуляторлы шамдарды қолдануға рұқсат берiледi.

Page 51: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      702. Газ компрессорлық үй-жайларында компрессорлық қондырғылардың жұмысына қатысы жоқ аппаратура мен жабдықты орналастыруға жол берiлмейдi.      703. Резервтегi компрессорлар газ қабылдау желiлерiнен және айдағыштардан герметикалық түрде ажыратылады.      704. Әуе компрессорлары үшiн ауа ғимараттың сыртында жиналады.      Жанғыш бу немесе газдар бөлiнетiн жерлерде, сондай-ақ тұтану көздерi пайда болуы мүмкiн жерлерде ауа жинауға жол берiлмейдi.      Компрессорларға жанғыш булар мен газдардың түскенi байқалғанда ол дереу тоқтатылады.      705. Компрессорларды, әуе компрессорлық станцияларының коммуникацияларының май шөгiндiлерi кестеге және техникалық құжаттамаға сәйкес сульфонал су ерiтiндiсiмен шайып тазартылады.

4-параграф. Тереңнен сорып пайдалану тәртiбi

      706. Тербелме станогы оның қажалатын және қозғалмалы бөлiктерi мұнараның немесе дiңгектiң бөлшектерiмен және электр желiлерiнiң iргетасымен, топырағымен түйiсулерiн болдырмайтындай болып орнатылады.      707. Тербелме станогының шкивiн қолмен айналдыруға және оның астына металл немесе басқа да заттарды салу арқылы тоқтатуға жол берiлмейдi.      708. Ұңғымада жөндеу жұмыстары басталмас бұрын жетек ажыратылуы тиiс, ал жүргiзгiш қондырғыда «Ажыратуға болмайды! Адамдар жұмыс iстеп жатыр!» деген жазуы бар плакат iлiнедi.      709. Терең сорғыш ұңғыма ұңғыманың құйылыс аузын герметизациялайтын және құбырдың сыртындағы кеңiстiктен газды айдауға мүмкiндiк беретiн құйылыс арматурасымен жабдықталады.      710. Тербелме станогы жұмыс iстеп тұрғанда жетек белбеулерiнiң батып қалуын алдын алу үшiн олардың тартылуы байқалады.      711. Жерге қосу өткiзгiштерi мен оларды дәнекерлеу орындарын қарау үшiн қол жеткiзу қамтамасыз етiледi. Жерге қосу арқаны үшiн болаттан жасалған арқанды пайдалануға жол берiлмейдi.      712. Кез келген кернеудегi электр өткiзгiш желiлерiнiң астынан басқару станцияларын, автотрансформаторларды, трансформаторларды орнатуға жол берiлмейдi.      713. Батыру орталықтан сыртқа тебушi электр сорғыштардың электр жабдығын орнату үшiн үй-жай немесе будка өртенбейтiн материалдан жасалады.      714. Батыру электр сорғышын көтеру-түсiру алдында ұңғыманың құйылыс фланецiне кабельдi элеватормен бұзылудан сақтандыратын құрал орнатылады.      715. Ұңғыманың сағасында орналасқан кабелдi барабанның электр жетегiн кнопка арқылы басқару жарылыстан қорғалатын түрде орындалады.      716. Ұңғыманың сағасы кабель өтетiн жерлерiнде тығыздамасы бар аспалы тығырықпен жабдықталады.      717. Ұңғымаларды үрлегенде және өлшеулер жүргiзгенде ұңғыманың жанындағы автокөлiк пен тракторлар сөндiрiлуi, ал қазандардағы отындар өшiрiледi.      718. Сынақ жүргiзу кезiнде барлық жолдарда бекеттер орнатылып, өтуге, темекi шегуге және от жағуға тыйым салынатын ескерту белгiлерi орнатылады.

5-параграф. Мұнай және газ өндiрудi қарқындату тәртiбi

      719. Өндiрудi қарқындату әдiстерiн жүзеге асыру мұнай газ өндiретiн кәсiпорынның басшысы (орынбасары) бекiткен жоспар бойынша жүргiзiледi.      720. «Аварияларды жою жоспарын құру жөнiндегi нұсқаулыққа» сәйкес шығаруды қарқындандыру әдiстерiн жүргiзудi ескере отырып, ықтимал авариялар мен өрттердi жою жоспары белгiленген тәртiппен кәсiпорынның әкiмшiлiгi әзiрлеп, келiсiледi және бекiтедi.      721. Өндiрудi қарқындату әдiстерi жүзеге асырылатын объектiлер кәсiпорынның орталық диспетчерлiк бекетi бар сенiмдi телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етiледi.      722. Байланыс құралдарында атауы мен сигнал беру тәртiбi, өрт сөндiру бөлiмiнiң, жедел жәрдем, газдан қорғау қызметiнiң басшылары мен жауапты адамдарын шақыру көрсетiлген тақталар iлiп қойылады.

Page 52: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      723. Жұмыс iстеу кезiнде жылжымалы сорғыш агрегаттардың, автокөлiктiң пайдаланылған құбырлары ұшқын өшiрушiлерi бар сөндiргiштермен жабдықталады.      724. Агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарының iшiндегi мұнай мен химиялық реагенттердiң қалдықтарын өнеркәсiптiк канализацияға құюға жол берiлмейдi.      725. Барлық өндiрiстiк және қосалқы үй-жайлар, құрылыстар мен қоймалар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тиiстi алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.      726. Өртке қарсы құрал-жабдықтарды, авариялық және газдан қорғау құралдарын тiкелей мақсатына арналмаған жұмыстарда қолдануға жол берiлмейдi.      727. Жер үстi белсендi заттары, мұнай өнiмдерi қолданылатын объектiлерде от жағуға, темекi шегуге үзiлдi-кесiлдi жол берiлмейдi.      728. Химиялық заттар қоспаларын дайындағанда, қолданғанда және оларды сақтағанда темекi шегуге және от шығаруға жол берiлмейдi. Темекiнi арнайы бөлiнген жерлерде шегуге болады.      729. Көбiк реагентi және басқа да жанғыш химиялық заттар бар ыдыстарда «От қауiптi» деген жазу болады.      730. Найзағай жарқылдаған кезде көбiк реагентi мен басқа да жанғыш заттарды құйып төгуге болмайды.      731. Реагенттi қабатқа айдауға арналған жылжымалы технологиялық жабдық, қажет болған жағдайда қауiптi зонадан шығуды және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз ету үшiн жердiң бедерi мен желдiң бағыты ескерiлiп орналастырылады.      732. Жылжымалы жабдықты, сорғыш қондырғыларды электр өткiзгiштердiң әуе желiлерiнiң қорғау аймағы шегiнде немесе мұнай, газ желiлерiнiң үстiне орналастыруға жол берiлмейдi.      733. Жұмыс аяқталғанға дейiн және бу генераторының қысымы атмосфералыққа қысымға дейiн төмендегенше бу генераторлық қондырғыны қараусыз қалдыруға болмайды.      734. Жылжымалы электр жарығын беру ретiнде бу генераторлық қондырғыда кернеуi 12 Вольттан аспайтын, жарылыс қаупi жоқ шамдар қолданылады.      735. Ұңғыманың қазбабөлiм аймағына күннiң жарығында бу, жылу өңдеу жүргiзуге рұқсат берiледi.      736. Отын сыйымдылығы бар арбада (шанада) орнатылған мөлшерлеу сорғышының электр жабдығы Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес өрттен, жарылыстан қорғалған етiп қарастырылады.      737. Пеш белгiленген шектерде мұнайды ысыту температурасын реттейтiн, сондай-ақ шығарушымен көзделген газ қысымы көтерiлiп немесе төмендегенде оттыққа газ жеткiзудi өшiретiн автоматты қондырғылармен жабдықталады.      738. Отын құбыры жолында ретке келтiрiлген, қысқартатын қондырғы және оттықта сақтандырғыш қақпағы, сондай-ақ бақылау-өлшегiш құралдарына конденсаттың түсуiн алдын алуға арналған қондырғы жабдықталады.      739. Пештiң оттығын қосар алдында шиыршық түтiкке мұнайдың толғанына көз жеткiзiледi.      740. Мұнайға арналған ыдысы бар арбада (шанада) орнатылған электр жабдығы, сондай-ақ мұнайды қыздыруға арналған тұрақты қондырғылар жарылыстан қорғалып орындалады.      741. Техникалық қозғалыс құралдары (автомобильдерi, тракторлары) ұшқын өшiргiштермен жабдықталады.      742. Ыстық мұнай ыдысы сағасының ық жағынан 10 метр қашықтықта орнатылады.      743. Мұнайды айдар алдында алмалы-салмалы шығарып тастау жолы сорғыштан ұңғымаға дейiн барынша жоғары жұмыс қысымынан бiр жарым еселi қысымға сығымдалуы тиiс.      744. Компрессорлар мен электр жабдығы 10 метр, ал iштен жану қозғалтқышы бар компрессор ұңғыманың сағасынан 25 метр қашықтықта орналасуы тиiс. Iштен жану қозғалтқышының пайдаланылған өнiм құбыры ұшқын өшiргiшпен жабдықталады.      745. Ұңғымаларды өңдеу үшiн тек газсыздандырылған конденсат ғана қолданылуы тиiс.      746. Газ конденсаты бар автоцистерналарда немесе басқа ыдыстарда «От қауiптi» деген жазу болады.      747. Газ конденсатын тек герметикалық түрде жабылған люктерде және ағызатын штуцерлерде ғана автоцистерналар арқылы тасымалдауға рұқсат берiледi.

Page 53: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      748. Конденсатты автоцистернаға құю, ағызу алдында оны жерге қосу керек.      749. Автоцистерналардан газ конденсатын құйып ағызғанда темекi шегуге және ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi.      750. Құю-ағызу, ұңғыманы өңдеу тек күндiзгi уақытта жүргiзiледi.      751. Газ конденсатына толып тұрған автоцистернаны елдi мекендер шегiнде, ашық от бар жерлерде тоқтатуға жол берiлмейдi.      752. Агрегаттар мен автоцистерналар ұңғыманың құйылысынан 25 метр қашықтықта және жел жағынан бiр бiрiнен 6 метр аспайтын қашықтықта орнатылады.      753. Суы бар автоцистерна газ конденсаты бар агрегаттар мен автоцистерналардан 25 метр қашықтықта орналастырылады.      754. Ұңғыманы өңдегенде газ конденсатын автоцистернадан бункерге және агрегат қабылдауға айдауға жол берiлмейдi.      755. Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу алдында және өңдеу үдерiсiнде жұмыс iстеу аумағындағы газдылық тексерiлуi қажет. ШРҚ (шектi рұқсат етiлген қосылым) артық газ қосылымы болған жағдайда газ конденсатын айдау жұмыстары дереу тоқтатылып, аварияны жою жоспары бойынша шаралар қолданылады.      756. Ұңғыма газ конденсатымен өңделгеннен кейiн агрегаттың манифольдты желiсi мен ұңғыманың арматурасы сумен шайылады.      757. Манифольдты тек ұңғыманың арматурасында тиек жабылғаннан кейiн және қысым атмосфералық қысымға дейiн төмендегеннен соң ғана ажыратуға рұқсат берiледi.      758. Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу үдерiсiнде қызмет көрсету персоналы жұмыс жоспарында көрсетiлген қауiпсiз қашықтықта болады.      759. Қабаттарды гидравликалық ажырату жөнiндегi жұмыстарда қолданылатын агрегаттардың және басқа машиналардың пайдаланылған газ шығаратын құбырлары сөндiргiштермен және ұшқын өшiргiштермен жабдықталады.      760. Агрегаттарда тiкелей жұмыстарды орындаумен байланысты емес адамдарды қауiпсiз аймақ шегiне жiбергеннен кейiн ғана агрегаттарды iске қосуға рұқсат берiледi.      761. Ажырату сұйықтықтарының және мұнайдың қалдықтары агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарынан мұнай торына немесе арнайы ыдысқа құйылуы тиiс.      762. Қысқы уақытта жұмыстар ұзаққа тоқтатылғанда манифольдты және айдаушы құбыр жолдарын ашық отпен жылытуға жол берiлмейдi.      763. Күш беретiн қондырғылардың отын бактары өртке қауiпсiз жерге орнатылып, бұзылулардан қорғалады.      764. Қабат iшiндегi жылжымалы жану мөлшерi әдiсiмен қабатты өңдеу жүзеге асырылатын жер аумағы ескерту плакаттарымен жабдықталуы және қызыл жалаушасы бар, металлдан жасалған бекеттермен қоршалады.      765. Ұңғымаларда зиянды газдарды шығару қауiптiлiгi дәрежесi және мұнай мен газдың температурасы бойынша олардың санаттары көрсетiлуi тиiс.      766. Кесте бойынша үнемi ұңғымалардағы газ концентрациясының тексерiсi жүргiзiлiп тұруы қажет. Жабық үй-жайларда және учаскенiң басқа да объектiлерiнде газдылықты бақылау салалық нұсқаулыққа және аварияларды жою жоспарына сәйкес жүргiзiледi.

6-параграф. Ағымдық және күрделi жөндеу жүргiзу тәртiбi

      767. Жанар-жағармайлармен, мұнаймен ластанған аумақта көтергiш трактор мен жылжымалы агрегатты орнатуға болмайды.      768. Көтергiш трактор, жылжымалы агрегаттжел жағынан ұңғыманың сағасынан кемiнде 25 метр қашықтықта орнатылады.      769. Жуу агрегаты манифольдқа жақын, ыдыстары, агрегат жүргiзушiсiнiң кабинасы ұңғыманың сағасына қаратылатындай болып орнатылады.      770. Көтергiшке жанғыш материал қозғалтқыш сөндiрiлiп, суығанда құйылады.      771. Сағаның арматурасын бұзу ұңғыма өшiрiлгеннен кейiн және қысымды нөлге дейiн уландырғаннан жүргiзiледi.      772. Газды кестеге сәйкес ұңғымадан қауiпсiз жаққа қарай шығару қажет. Газ шығару жолы тiректерге берiк бекiтiледi.      773. Құбырларды көтерiп түсiргенде элеваторды отырғызу ұшқын пайда болуды болдырмау үшiн бiр қалыпты, соқпай жүргiзiледi.      774. Құбырларды көтерiп түсiру жұмысындағы үзiлiстерде ұңғыманың сағасы

Page 54: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

герметикаланған болады.      775. Құбырларды көтергенде флюидтiң, ерiтiндiнiң шашырап төгiлуiне қарсы құрал орнатылады.      776. Сағада ұшқын түзiлумен байланысты жұмыстарды, сондай-ақ жазбаша рұқсатсыз от жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.      777. Құм тығынын сумен жуып шайғанда жуу сұйықтығын өнеркәсiптiк канализация немесе ыдысқа шығару керек. Тығынды мұнаймен шаю тұйық цикл бойынша жүргiзiледi.      778. Құм тығындарын ұңғымаларда шайғанда лақтырындыларға қарсы жабдық, домалақ кран, қайырмалы клапан орнатылады.      779. Ұңғымада вентилi және шлангi бар су желiсi жүргiзiледi.      780. Мұнай-газ дақтары көрiнгенде құбырдың және құбырдың сыртында қысым болғанда жұмыстарды бастауға жол берiлмейдi.      781. Көтергiш тракторлар мен жылжымалы агрегаттар жарық және дыбыс сигнализацияларымен жабдықталады.      782. Объект осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өртке қарсы құрал-жабдықпен қамтамасыз етiледi.      783. Жұмыс үдерiстерiнде ұңғыманың жағдайы үнемi бақылауда болады, газ, мұнай, су дақтары пайда болғаны табылғанда бригада сағаны герметикалайды және аварияларды жою жоспарына сәйкес әрекеттер жасайды.

4-тарау. Мұнай мен газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау тәртiбi

      784. Аппараттарда, ыдыстарда және құбыр жолдарында орнатылған сақтандырғыш, реттегiш және тiреу арматурасының жарамдылығы пайдалануға қосар алдында, сондай-ақ инженерлiк-техникалық қызметкердiң басшылығымен, бекiтiлген кестеге сәйкес тұрақты тексерiледi. Тексерiстер мен қадағалау нәтижелерi вахта журналына жазылады.      785. От қауiптi сұйықтықтардың деңгейiн өлшеу үшiн өртке қауiпсiз өлшеуiштер қолданылуы тиiс. Өлшеуiш шынылар шыныларды механикалық зақымданудан қорғаған, клапандар, автоматты жабатын қосқыш құбырлары және шыныда сұйықтық пен 0,6 МПа (бұдан әрi – МПа) (6 кгс/см2) аспайтын қысымның шектi рұқсат етiлген деңгейiн көрсететiн қызыл жолағы болған жағдайда 0,6 МПа (6 кгс/см2) аспайтын артық қысыммен жұмыс iстейтiн аппараттар мен сыйымдылықтарда жiберiледi.      786. Жабдықтың жылу оқшаулағышы үшiн өртенбейтiн материалдар қолданылады.      787. Қыздыру аппараттарына бу немесе газ жiберер алдында жеткiзу желiлерi қауiптi қысымдар немесе деформацияларын болдырмау үшiн үрленедi.      789. Қыздырылған агенттi аппараттарға қосуды аппараттардағы температураны бiрте-бiрте көтере отырып, баяу жүргiзiледi.      790. Түсiру кезiнде резервуар (ыдыс) аппараттарынан су мен жауын-шашынның тұнбаларының ағысы қадағаланады, жұмыс алаңшалары мен аумаққа мұнайдың төгiлуiне жол берiлмейдi.      791. Сақтандырғыш клапаны диаметрi шығу тесiгiнен кем емес бұру жолымен жабдықталады.      792. Басқыштары, сепараторлары және басқа аппараттары қызмет көрсетуге арналған сатылармен және алаңшалармен жабдықталады.      793. Мұнай және газ аулағыштар өртенбейтiн материалдардан салынуы тиiс. Ашық мұнай аулағыштың айналасында биiктiгi кемiнде 1 метр қоршау орнатылады.      793. Тұндырғыштар мен резервуарлардың науалары адамдар өтетiн жерлерде металл жабындыларымен жабылады.      794. Шамшырақ тiреушесi кемiнде 100 метр қашықтықта, ал жер қоймасы топталған қондырғының қоршауынан 50 метрден жақын емес орналасады. Қойманың айналасы кемiнде 1 метр топырақпен үйiп бекiтiледi, ал шамшырақ қондырғысы қоршалады.      795. 0,7 кгс/см2 жоғары артық қысымда жұмыс iстейтiн басқыштар, сепараторлар және басқа аппараттар «Қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды орнату және оларды қауiпсiз пайдалану ережесiне» сәйкес пайдаланылады.      796. Басқыштар мен сепараторларды үрлегенде үрлеу желiсiндегi тиек қондырғысын ақырын және бiртiндеп ашып жабылады.      797. Бiрдей қысымы бар сепараторлар тобына сақтандырғыш қондырғыларынан шамшыраққа жалпы желiге (коллектор) бұруға болады.

Page 55: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      798. Эрлифт ұңғымаларын сепараторларға қосқанда сепаратордан шығатын газ-ауа қоспасын ауаның бар-жоғына тексерiледi.      799. Басқыштардағы деңгей өлшегiш шыныларының жабық ыдысқа немесе канализацияға үрлеуге арналған бұрғыштармен қамтамасыз етiледi.      800. Отпен жылытқышы бар жылу ауыстырғыштарға арналған алаңшаның гидравликалық жабу арқылы өнеркәсiптiк канализацияға жүретiн науалармен жабдықталады.      801. Температуралық кернеулерден зақымдануды болдырмау үшiн жылу ауыстырғыштарды (түскенде) қыздыруды және (көтерiлгенде) суыту бiртiндеп жүргiзiледi.      802. Жылу ауыстырғыштарды жанғыш сұйықтықтардан босатуға тек жылу ауыстырғыштар суығаннан кейiн ғана жүзеге асырылады.      803. Форсункалар тұратын алаңшаның қатты жабынымен және гидравликалық тиек арқылы өнеркәсiптiк канализациясымен қосылған науаға қарай еңiспен қамтамасыз етiледi.      804. Пештердi тұтатып қосуды тек оны пайдалануға жауапты адамдар ғана жүзеге асырады.      805. Форсункаларды шамшырақтармен тұтатқанда оған тез өртенгiш сұйықтықты сiңдiруге жол берiлмейдi.      806. Пештердi жағуда қолданылатын шамшырақ құрғақ топырағы бар өртенбейтiн жәшiкте сөндiрiледi.      807. Отын құбыр жолында отынды барлық форсункаларға жiберуiн бiр мезгiлде тоқтата алатын (форсункалардан кемiнде 10 метр қашықтықта) тиек, оттықтардың жануына қажет қысымға реттелген редукциялайтын құрылғы, сондай-ақ автоматика жүйесiне конденсаттың түсуiн алдын алу үшiн конденсат жинағы, бақылау-өлшеуiш құралдары мен оттықтар қарастырылады. Автоматты құрылғылардың авариялық сигнализациясы оператор бөлмесiне шығарылады.      808. Қондырғы жұмыс iстемеген жағдайда отынды газ құбыры пештен герметикалық түрде өшiрiлiп, бiтеуiшке қойылады.      809. Газ құбырын пештен ажыратқанда барлық оттықтардың ысырмалары берiк жабылғанша үрлеп жанатын шамдарды ашуға болмайды, сондай-ақ үрлеп жанатын шамның ысырмалары толықтай ашылады.      810. Пештердiң тұрақты өрт сөндiру жүйесi үнемi iске жарамды жағдайда ұсталады. Өрт сөндiру жүйесi жарамсыз жағдайдағы пештi iске қосуға жол берiлмейдi. Жүйенiң орамы өтуге қолайлы жерде орналасады және қызыл түске сырланады. Жүйенi қосу автоматты және дистанциялық түрде болады.      811. Пештiң өшiп қалған оттықтарын қызған панельдерден немесе пеш отынының сағасынан тұтатуға болмайды.      812. Пеш отынын алдын ала бумен үрлеп алмай оттықты жандыруға жол берiлмейдi. Пеш орамының үрлеу шамдары жоба мен техникалық құжаттамасына сәйкес қауiпсiз жерге шығарылады.      813. Форсункалардың (оттықтардың) газ құбырлары газ шамшырағын желiге шығарып, үрлеу желiсiмен жабдықталады.      814. Авария немесе өрт шыққан жағдайларда мұнай құюға арналған құрылғылар iске жарамды болуы тиiс. Авариялық құю ысырмаларының айыратын белгiлерi болуы, ал жағалаулары бос болуы тиiс. Авариялық құюды тек цех, қондырғы бастығының немесе аварияны (өрттi) жою жөнiндегi жұмыстардың жауапты жетекшiсiнiң нұсқауы бойынша ғана жүргiзуге болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың реттiлiгi нұсқаулықта қарастырылады.      815. Авариялық ыдыстан iшiне ыстық сұйықтықты түсiрер алдында ұқыпты түрде суланған өнiмдердi шығарып, құрғақ бу жiберiледi.      816. Пеш форсункаларының фронттарында, ұқсас камераларда өрт шыққанда, көмейi мен түтiндiгiнде қара күйе жанғанда өрт сөндiру желiлерi арқылы бу жiберiп, өртке қарсы қызметi шақырылады.      817. Құбырлы пештi пайдалану кезiнде құбырларының жағдайына жүйелi түрде бақылау қамтамасыз етiледi.      Құбырларда булықтары мен тесiктерi болғанда, сондай-ақ құбырлардың тозу шегi асып кеткен пештердiң жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.      818. Пештерге жалындарды өшiру сигнализаторларын, форсункалар (оттықтар) өшкенде оларға отынның жетуiн тоқтатын автоматты құрылғыларын, пештiң белiне шектi рұқсат етiлген температура сигнализациясы орнатылады.      819. Мұнай айдауға арналған үй-жай ұшқын қаупi жоқ түрде орындалған ерiксiз

Page 56: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

құйып тартып алу желдеткiшiмен жабдықталады.      Желдеткiш бұзылған немесе өшiрiлген жағдайда сорғыштарды жұмысқа қосуға жол берiлмейдi.      820. Iштен жану қозғалтқышын орналастыруға арналған үй-жайларын сорғыштарға арналған үй-жайлардан газ өтпейтiн қабырғалармен бөлу. Тез тұтанатын сорғыштар орнатылған үй-жайларда тегiс белдiктi берiлiстi қолдануға жол берiлмейдi.      821. Аралық бiлiктер өтетiн орындарының қабырғалары арасында тығыздамасы болады.      822. Сорғыштармен жұмыс iстегенде қозғалыстағы бөлшектерiн, сондай-ақ мойынтiректiң температурасы мен сорғыштардың тығыздамаларын үнемi қадағалауды жүзеге асырады.      823. Сорғыштардың астында жағар майлардың жиналуына, ағуына және шашырауына жол берiлмейдi. Сорғыш үй-жайларының едендерiн таза ұстап, үнемi сумен шайылады.      824. Сорғыш үй-жайларында сорғыштар мен құбырларды герметикалығына қадағалау орнатылады. Сорғыштардың тығыздамалары мен құбырлардың қосылыстарындағы саңылаулар дереу жойылады.      825. Ысырма блогы орналасқан жерлерде гидравликалық бекiтпе арқылы өнеркәсiптiк канализацияға сұйықтықтардың төгiлуiне арналған арнашық орнатылады. Сұйықтықтардың өнеркәсiптiк канализацияға құйылу мүмкiндiгi болмаған жағдайда сұйықтықты сорғышпен тартып алатын жиналмалы жабық құдық орнатылады.      826. Сорғыш бөлмелерiнде жанар-жағармай материалдарын бiр тәулiктiк қажеттiлiктен аспайтын мөлшерде ғана сақтауға жол берiледi. Жанар-жағармай материалдары қақпақтары бар арнайы металл бөшкелер мен жәшiктерде сақталады.      Сорғыш бөлмелерiнде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға жол берiлмейдi.      827. Сорғышты iске қосу және тоқтату алдында тиiстi ысырмалардың дұрыс ашылып жабылуы тексерiледi.      828. Төгiлiп қалған мұнай өнiмдерiн жою үшiн сорғыш бөлмелерi резина шлангтан су ағысымен жабдықталады.      829. Жұмыстан аяқталған соң сорғыштарды қабылдау және көтерулерде және резервуарлардың ысырмалары жабық, үй-жай тексерiлiп, төгiлiп қалған мұнай жойылып, барлық қондырғылар мен жарық беру шамдары өшiрiледi.      830. Сорғыш станцияларына сондай-ақ осы «Жылу беру және желдеткiш» деген бөлiмiнiң ережелерi қолданылады.      831. Резервуарларды пайдалану «Металл резервуарлардың техникалық пайдалану ережесiне» және оларды жөндеу жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi.      832. Құбыр жолдарының (мұнай, газ құбырлары) тасымалданатын заттарға байланысты мемлекеттiк стандартқа сәйкес айырым түсi мен цифрлық белгiсi болады.      833. Ыдыстарды аппаратурамен, аялдамамен және басқа да құрылыстармен байланыстыратын құбыр жолдарына әр құбыр жолының ерекше белгiсi, ал тиек арматурасының нөмiрлеуi бар технологиялық кестелер жасалады.      834. Қызмет көрсету персоналы ысырмалардың орналасу кестесiн және олардың мәнiн бiлуi, сондай-ақ технологиялық әрекеттер қатесiз орындалады.      835. Жаңа кесте кәсiпорынның басшысымен бекiтiлiп, рұқсат берiлмейiнше, қолданыстағы құбыр жолдарының орналасу кестесiн өзгертуге жол берiлмейдi.      836. Құбыр жолдарын үрлеу және оларды герметикалығына және мықтылығына сынау нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi. Герметикалығына және мықтылығына құбыр жолдарын үрлеу және сынау жөнiндегi нұсқаулық пен жұмыс жоспарын құрылыс ұйымы жасап, құбыр жолын пайдаланып отырған кәсiпорынның техникалық басшылығымен келiсiледi.      837. Құбыр жолдарын үрлегенде және сынағанда аймақ шегiнде автомобильдердiң, тракторлардың жұмыс iстеп тұрған қозғалтқыштармен тiркелуiне, сондай-ақ ашық отты пайдалануға және темекi шегуге жол берiлмейдi.      838. Темiр немесе тас жолдарындағы құбыр жолда авария болған жағдайда авария алаңы дереу қоршалып, ескертетiн белгiлер қойылып, көлiк қозғалысы тоқтатылып, аварияны жою жоспарына сәйкес шаралар қолданылады.      839. Ескертетiн белгiлер авария болған жерден жолдың екi жағына  00 метр кем емес қашықтықта орнатылады. Темiр жол қызметi дереу ескертiледi.      840. Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары дұрыс жағдайда құбыр

Page 57: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

жолдарының жеке учаскелерiне мұнай мен газдың келуiн сенiмдi түрде тоқтату мүмкiндiгiн қамтамасыз ету үшiн оңай қол жеткiзуге болатындай етiп орналасады.      Ақаулықтар дереу жойылады.      841. Тиек құрылғыларын тексеру үшiн кәсiпорында басшылар бекiтетiн кестелер жасалады. Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары тоқсанына кемiнде 1 рет, ал ерекше жауапты тораптарда айына кемiнде 1 рет қарап тексерiледi. Тексерiс нәтижелерi журналға немесе құбыр жолдағы паспортқа енгiзiледi.      842.  Құбыр жолын тек дәнекерлеп қосуға ғана жол берiледi. Ажыратқыш құрылғылары, өткiзбейтiн тығызданулары бар, басқа арматурадан жасалған бақылау-өлшеуiш құралдары орнатылған жерлерде ойма және фланецтi қосуларға жол берiледi.      Фланецтi қосу төсемдерi жоғары температураларда бұзылмайтын және пiшiнi өзгермейтiн материалдардан жасалады.      843. Құбыр жолдарында пайда болған тығындарды құрыш шыбықтары және басқа да ұшқын тудыруы мүмкiн құралдар арқылы тазартуға жол берiлмейдi.      844. Құдықтарда орналасқан тиек құрылғыларын тексерген немесе пайдаланғаннан кейiн соңғыларының қақпақтары дереу жабылады. Құбырларды тексергеннен кейiн ашық арнашықтар дереу жабылады.      845. Тиек құрылғыларын ақырын ашып жабу керек, тиек құрылғыларын ашу үшiн ұшқын тудыруы мүмкiн металлды заттарды қолдануға жол берiлмейдi.      846. Вакуумдық газ жинайтын желiнiң iшiнде жарылыс қауiпi бар қоспаның пайда болуын болдырмау үшiн:      1) вакуумдық торда ауамен бақылау жүргiзiледi;      2) ұңғымалардан вакуумдық коллекторларды ажырату немесе тармақтарын бұзуда тиек құрылғыларын жабу және газ құбырларына бiтеуiштер орнатылады.      847. Шамның алау құрылымы газ жағудың үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.      848. Құбыр жолымен параллель кабель желiлерiн төсегенде олардың арасында көлденеңiнен қашықтығын кемiнде 1 метр етiп жасауға жол берiледi. Құбыр жолынан шамалы қашықтықта орналасқан кабельдер құбыр жолдарының бар аралық бойына төселедi. Құбыр жолдарының асты мен үстiне кабельдердi тiк тегiсте параллель төсем жасауға жол берiлмейдi.

5-тарау. Ағызып құятын эстакадаларын ұстау тәртiбi

      849. Ағызып құятын эстакадалар мұнайға төзiмдi шлангiлермен немесе ұзындығы оларды вагон-цистерналарының түбiне дейiн түсiрудi қамтамасыз ететiн құбырлармен жабдықталады. Шлангiлерде статикалық электрдiң жиналуына жол берiлмейдi.      850. Ағызып құятын құрылғылары тура орналасқан, темiр жол арқылы мұнай және мұнай өнiмдерi локомотивтерiн ағызып құюмен байланысты емес қозғалысқа жол берiлмейдi.      Қозғалыс тек ұшқын тудырмайтын, айналыс темiр жолдарымен ғана жол берiледi.      851. Көлiк құралдарын ағызып құюға жеткiзуге тек төгiлiп қалған  ұйықтықтардан алаңшалар мен темiр жолдарын ұқыпты түрде тазартқаннан кейiн ғана жол берiледi.      852. Мұнай және мұнай өнiмдерiн құятын ағызып құю операциялары кезiнде, сондай-ақ вагон-цистерналарын асырып құюға немесе сыртына төгуге жол берiлмейдi.      853. Құю аяқталғаннан кейiн құю тiк бағанасының құю шлангын iшiнен сұйықтық толық ағып кеткеннен соң цистернаның люк мойнынан көтередi.      Сұйықтық деңгейi өлшенгеннен кейiн цистернаның люк қақпағы герметикалық (төсемдерге) жабылады. Қақпақ соғылмай, ақырын жабылады.      854. Ағызып құю операцияларын найзағай кезiнде жүргiзуге жол берiлмейдi.      855. Вагон-цистернаға құю кезiнде ағу байқалғанда ақаулық толық жойылғанша құюды тоқтату қажет. Ағуды жою мүмкiндiгi болмағанда цистерна мұнайдан немесе мұнай өнiмдерiнен босатылады және жiберу станциясына қайтарылады.

6-бөлiм. Газды қайта өңдейтiн өнеркәсiп объектiлерiн ұстау тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

      856. Жанғыш булар мен газдар жиналуы ықтимал зауыт аумағының учаскелерiнде автомашиналардың, тракторлардың, мотоциклдардың қозғалуына жол берiлмейдi.

Page 58: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

Бұл учаскелерде өтуге тыйым салу белгiлерi орнатылады.      857. Жарылыс және өрт қауiптi цехтер аумағына кiру және автомашина, трактор, көтергiш көлiк және құрылыс механизмдерiн орнатуға тек осы цехтердiң, ықтимал аялдамалардың, қозғалыс маршруттары мен қауiпсiздiк шаралары көрсетiлген қондырғылардың басшыларының рұқсатымен жол берiледi.      858. Жарылыс қауiпi және газ қауiптi жерлерде темiрмен тағаланған аяқ киiммен жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.      859. Доңғалақтармен жүретiн, А және Б санатты жарылыс қауiпi цехтерде орналасқан көлiк арбаларының доңғалақтары соғылғанда ұшқын шығармайтын, металлдан жасалған шеңберлермен немесе резина шиналармен жабдықталады. Канализацияның көру құдықтары үнемi қақпақпен жабылуы және қабаты 10 сантиметр құммен көмiледi.      860. Өрт кезiнде өнеркәсiптiк канализация желiсi бойынша оттың таралуына жол бермеу үшiн онда арнайы құдықтарда гидравликалық ысырмалар орнатылады. Әр гидравликалық ысырмадағы ысырманы тудыратын судың қабаты кемiнде 0,25 метр биiктiкте болуы тиiс.      861. Барлық технологиялық аппаратуралары бар үй-жайлардың шығыңқы бөлiктерiнде, технологиялық қондырғылар алаңшаларында, жеке тұрған резервуарлар мен топтарда, ысырмалардың тораптарында, аппараттар, сорғыштар, қазандық, ағызу-құю эстакадаларының топтарына гидравликалық ысырмалар орнатылады. Гидроысырманың құрылымы оны қолайлы тазартуды қамтамасыз етедi.      862. Гидравликалық ысырмалары бұзылған немесе дұрыс орындалмаған, сондай-ақ олар жоқ канализацияны пайдалануға жол берiлмейдi.      863. Өртену және жарылу қауiпi бар өнiмдердi канализация жүйесiне шығаруға жол берiлмейдi. Бұл мақсаттарға арнайы ыдыстар қарастырылады.      864. Канализацияға шығарғанда өндiрiстiк ағын сулардың температурасы 400C аспауы тиiс. Жалпы ағын температурасы 350C аспайтындай, тұрақты су шығысы мол коллекторларға температурасы аса жоғары шамалы өндiрiстiк ағын суларын шығаруға жол берiледi.      865. Жарылыс қауiпi өндiрiстiк үй-жайларда орнатылған желдеткiш жүйелерiнiң металлдан жасалған ауа бұрғыштары жерге қосылады.      866. Желдеткiшi бұзылған жағдайда жабдықты жұмысқа қосуға жол берiлмейдi.      867. Жанғыш және жарылыс қауптi газдары бар, аппаратура және коммуникациялар орналасқан жабық үй-жайларда желдеткiштiң тәулiк бойы жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.      868. Авариялық механикалық желдеткiштi iске қосу газ талдағыш тетiгi әсерiнен автоматты түрде болуы тиiс, бұдан басқа, өндiрiстiк үй-жайдың сыртқы есiгiнде орналасқан түймелерден авариялық желдеткiштi қашықтықтан iске қосу қарастырылады.      869. Авариялық механикалық желдеткiштi газ талдағыш тетiктердiң әсерiмен автоматты iске қосу қамтамасыз етiледi және бұдан басқа өндiрiстiк үй-жайдың сыртқы есiгiнде орналасқан түймелерден авариялық жетдеткiштi қашықтықтан iске қосу қарастырылады.      870. Өндiрiстiк үй-жайда өрт шыққан жағдайда iшiндегi желдеткiш жүйелерi сөндiрiледi.      871.  Өрт, жарылыс қауiптi өндiрiстерi бар үй-жайларды жылыту үшiн ыстық суды, буды, қызған ауаны және диэтиленгликольдi жылу тасығыш ретiнде қолданылатын орталықтандырылған жүйелер қолданылады.      872. Өрт шыққанда және оның таралу қауiпi болғанда ауамен жылыту жүйелерi дереу сөндiрiледi.      873. Ауамен жылытуды үйлестiру желдеткiшiмен қиыстырғанда ауаны рециркуляциялауға жол берiлмейдi.      874. Темiр жол цистерналарын толтыруға арналған эстакадалардың құю бағаналары жерге қосылған болуы тиiс. Құю-ағызу фронттары шегiнде темiр жол рельстерi бiр-бiрiмен темiр электр арқылы қосылуы және электр тарту желiсiн жерге қосуға қатысы жоқ жерге қосу құрылғысына қосылады.      875. Сұйытылған жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды құятын цистерналар жерге қосу құрылғыларына қосылуы тиiс. Жерге қосу өткiзгiшi ретiнде қимасы кемiнде 6 шаршы метр иiлмелi (көп желiлi) жез өткiзгiшi қолданылады.      876. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызу-құюда резина шлангiлерiнiң металл ұштықтары мен тез көтергiш құрылғылары шлангiнiң сыртына

Page 59: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

немесе iшiне оралған, иiлмелi (көп желiлi) жез өткiзгiшi арқылы жерге қосылады. Жерге қосу өткiзгiшiнiң бiр шетiн өнiм өткiзгiшiнiң металл бөлшектерiне жалғайды. Ашық әдiспен құю ұштықтары ұшқын қауiпсiз материалдардан жасалған шлангiлермен жүзеге асырылады.      877. Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру жылына 2 рет жүргiзiледi. Бұл ретте жерге қосу құрылғысының кедергiсi өлшенедi.

2-тарау. Технологиялық аппараттар мен қондырғыларды ұстау тәртiбi

      878. Фланецтi қосулардың саңылауы арқылы өнiмге рұқсат бергенде аппараттарды, құбыр жолдарын және жабдықтарды пайдалануға жол берiлмейдi.      879. Ағып түсетiн өнiмнiң тұтануын болдырмауға арналған аппаратта ағу байқалған жағдайда ағып тұрған жерге су буын немесе инерт газын жiберiледi және аппарат жұмыстан ажыратылады немесе қондырғы тоқтатылады.      880. Аппараттар мен ыдыстардың жанғыш беттерi өртенбейтiн материалдардан жасалған жарамды жылу оқшаулағышпен қамтамасыз етiледi.      881. Iшiн тексеру, тазарту және жөндеу үшiн ашуға жататын аппараттар өнiмдерден босатылып, iске қосылып тұрған аппаратурадан ажыратылуы және сөндiрiлуi, инерт газымен булануы немесе үрленуi және желдетiлуi тиiс. Булаудың немесе инерт газымен үрлеудiң ұзақтылығы, сумен шаю, желдету қажеттiлiгi жеке, кез келген жағдайға арналған өндiрiстiк нұсқаулықтарымен белгiленедi.      882. Ыстық өнiмдi мұздатқыш арқылы өткiзбей сынама iрiктеу шүмектерiн пайдалануға жол берiлмейдi. Бұру түтiктерi және мұздатқыштың түтiктерi жарамды жағдайда ұсталады.      883. Қысымдағы аппараттар мен коммуникациялардағы ағуларды жоюға қатаң жол берiлмейдi.      884. Өндiрiстiк үй-жайларда ұшқын тудыруы мүмкiн жұмыстарды жүргiзуге, ашық түрде орындалған шамдарды қолдануға жол берiлмейдi.      885. Iске қосар алдында технологиялық аппараттар жарамдылығына және олармен байланысты барлық аппараттар мен құбыр жолдарының жұмысқа дайындығы тексерiледi, автоматты көрсеткiштер немесе температура мен қысымды реттегiштер, сұйықтық деңгейiн өлшегiштердiң дұрыстығы тексерiледi.      886. Жаңадан жобаланудағы және қайта салынып жатқан пештердi өрт сөндiру бөлiмiне бүркеудi қосқанда дабыл беретiн, бу немесе инерт газының бүркеуiн тудыратын құрылғылармен жабдықталады.      887. Құбырлы пештер форсункаларына сұйық немесе газ тәрiздес отынның жеткiзiлуi тоқтағанда немесе қысымы белгiленген нормалардан төмендегенде iске қосылатын дабылмен жабдықталады.      888. Пештiң өшiп қалған оттықтарын қызған панелдерге немесе пеш отынының құрылысына тұтатуға жол берiлмейдi.      889. Пештiң iшiнде болуы ықтимал тұтануларды сөндiруге бу немесе инерт газын пайдалануға болады. Буды немесе инерт газын бақылаусыз жану аяқталған сәтке дейiн берiледi.      890. Авария немесе өрт шыққан жағдайда өнiмдi төгуге арналған құрылғылар жарамды күйде ұсталады. Авариялық төгу желiлерiнiң ысырмалары айыру белгiлерiмен белгiленедi, ал оларға өту жолдары бос болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың ретi нұсқаулықта қарастырылады.      891. Пештен ыстық сұйықтықты түсiруге арналған авариялық ыдыс үнемi бос ұсталады. Сұйықтықты авариялық ыдысқа түсiрер алдында алдын ала конденсаттан босатылған су буы берiледi.      892. Құбырларда үрлеме мен тесiктер болғанда, сондай-ақ құбырлардың рұқсат етiлген шегiн асырғанда пештi пайдалануға жол берiлмейдi. Құбырлар күйiп кеткенде аварияларды жою жоспарына сәйкес пештi пайдалану дереу тоқтатылады.      893. Пеш аумағының газдану қауiпi төнгенде дереу бу өшiру жүйесiн өшiрiп, пештiң форсункаларын сөндiрiп, өртке қарсы қызметi шақырылады.      894. Қос көздi тетiктерi бұзылған құбырлы пештердi пайдалануға жол берiлмейдi.      895. Қос көздi тетiктердiң тығындарын тығыздауға арналған қысу болттарын тек құбырлардағы қысымды атмосфералық қысымға дейiн төмендеткенде ғана тартуға болады.      896. Құбырлы пештердегi қос көздi тетiк шкафтарының жарамды, тығыз жабылатын металл есiктерiнiң болуы байқалады.      897. Жылу алмастырғыш астындағы алаңшаның гидравликалық қақпа арқылы

Page 60: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

өнеркәсiптiк канализацияға шығаратын, арнашыққа ағысы бар қатты бетi болуы тиiс. Алаңша жанғыш өнiмдер шайып төгуге арналған жабдықпен қамтамасыз етiледi.      898. Құбыр кеңiстiгiнде сияқты, құбыр арасындағы кеңiстiкте орналасқан жанғыш сұйықтықтардан босату тек жылу алмастырғыштарды суытқаннан кейiн ғана рұқсат етiледi.      899. Ауамен суыту аппараттары өрт жағдайына желдеткiштердi қашықтан ажыратқыштармен жабдықталады.      900. Колонна аппараттарының люктерiн жоғарғысынан бастап ашу қажет.      901. Технологиялық жабдықтың хабарландыру қондырғыларын iске қосу қолмен, сондай-ақ автоматты болуы мүмкiн. Автоматты түрде iске қосқанда қосарлы қолмен iске қосу қарастырылады.

3-тарау. Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстау тәртiбi

      902. Құбыр жолдары олармен тасымалданатын заттарға байланысты ажырату бояуымен, цифрлық белгiлеумен және өнiмнiң қозғалыс бағытымен қамтамасыз етiледi.      903. Газ құбыры, өнiм құбыры жарылған кезде авария ауданы дереу қоршалып, ескерту белгiлерi қойылып, осы аудандағы қозғалыс тоқталып, аварияны жою жөнiнде шаралар қолданылады.      904. Газдың немесе мұнайдың кемуi бар құбыр жолы бұзылғанда, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда өртке қарсы қызметi мен газдан қорғау қызметiн шақыру қажет. Сонымен қатар аварияны жою жөнiнде шаралар қабылданады.      905. Құбыр жолдарында тұйық учаскелердiң болуына жол берiлмейдi.      906. Жарылу өртену қауiпi бар орталарды айдауға арналған құбыр жолдарында «қамыттар» болған жағдайда пайдалануға жол берiлмейдi.

4-тарау. Құйып ағызатын темiр жол эстакадаларын ұстау тәртiбi

      907. Темiр жол цистерналарын ағызып құю үшiн ақырын, жұлқымай және соқпай шығарылады.      908. Темiр жол цистерналарын құйып ағызуға шығарғанда екi бос немесе жанғыш емес жүктерi бар вагондармен (платформалармен) жабылады.      909. Құйып ағызу құрылғыларының аумағында темiр жол цистерналарын металл башмактарымен тоқтатуға жол берiлмейдi.      910. Осы мақсатта тек ағаштан жасалған немесе соққанда ұшқын шығармайтын металлдан жасалған төсемдер қолданылады.      911. Темiр жол цистерналарын iрiктеу, оларды тiркеу және тiркеуден ажырату өнiмдi құйып ағызу бекеттерiнен тыс жүргiзiледi.      912. Құю, ағызу эстакадасының, құйып ағызуға арналған жеке тiреуiштерiнiң екi жағынан, бiр төрт бiлiктi вагон қашықтығында, құрамды құйып толтыруға жеткiзгенде арғы жағына локомотивтердiң өтуiне тыйым салатын дабыл бақылау бағандары орнатылады.      913. Темiр жол цистерналарына құйып ағызу операциялары локомотивтi эстакада аумағынан кемiнде 100 метр қашықтыққа алып кеткеннен кейiн жүргiзiледi.      914. Жанғыш заттары бар цистерналарға шлангiлердi және басқа да құралдарды қосқанда цистерна люктерiнiң қақпақтарын жапқанда соғуға болмайды. Құйып ағызу операциялары кезiнде соққанда ұшқын шығармайтын металлдан жасалған құрал қолданылады.      915. Сұйытылған көмiрсутектi газдарды құйып ағызу үшiн мемлекеттiк стандарттың талаптарына сәйкес резина матадан жасалған жеңдер қолданылады. Тұрақты құбыр жолдарын құрастырғанда резина матадан жасалған жеңдердi қолдануға жол берiлмейдi.      916. Құйып ағызу операциялары кезiнде цистерналарды асырып толтыруға болмайды.      917. Эстакаданың орауында табылған ағу дереу жойылады. Ағуды жою қиынға түскен жағдайда сол ағу байқалған тiреушiктер ажыратылады. Құю үстiнде цистернада ағу байқалғанда ақаулық толық жойылғанша құю дереу тоқтатылуы қажет. Ағу көп болғанда немесе оны қысқа мерзiмде тоқтату мүмкiндiгi болмаған жағдайда цистерна құйылған өнiмнен дереу босатылады. Құйып ағызу эстакадасы аумағында цистерналарды жөндеуге жол берiлмейдi.

Page 61: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      918. Тез тұтанатын, жанғыш сұйықтықтарға және сұйытылған жанғыш газдарға арналған құйып ағызу құрылғылары бөлек ұсталады.      919. Өнiмдi құю немесе ағызу жүргiзiлмеген кезеңде цистерналарды эстакадалардың құбыр жолдарына қосылған түрде ұстауға жол берiлмейдi.      920. Құйып ағызу құрылғылары тiкелей орналасқан темiр жолдардың бойымен локомотивтердiң қозғалуына жол берiлмейдi.      921. Құйып ағызу операцияларын жүргiзгенде темiр жол эстакадаларынан 100 метр радиуста от жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.      922. Темiр жол құйып ағызу эстакадасы тiзiмдеме бойынша алғашқы өрт сөндiру құралдарымен жабдықталады.      923. Құйып ағызу эстакадасы шегiнде темiр жол эстакадалары мен эстакаданың металл құрылыстарын тұрақты орнатылған лафеттi оқпандарынан жеткiзiлетiн сумен суландыру мүмкiндiгi қамтамасыз етiледi.      924. Құйып ағызу эстакадасының қайырмалы шағын өткелдерi жасырын болттары бар ағаш жастықтармен жабдықталады.      925. Эстакадаларды жарықтандыруды жарылыстан қорғалып орындалған тұрақты етiп қарастырылады.      926. Құю ағызу операциялары кезiнде жергiлiктi жарықтандыру үшiн жарылыстан қорғалып орындалған түрдегi аккумуляторлы шамдар қолданылады.

5-тарау. Компрессорлық және сорғыш станцияларды ұстау тәртiбi

      927. Компрессорлар мен сорғыштардың технологиялық параметрлерiн бақылау бойынша барлық бұғаттағыш және дабыл беру құрылғылары үнемi жарамды күйде ұсталады.      928. Сұйықтықтың деңгейiн бақылап тұру үшiн сепараторда дыбыс немесе жарық сигнализациясы қарастырылады. Сепаратордағы сұйықтықтың деңгейiн бақылау жүзеге асырылады, жиналып қалуына және кейiн компрессордың қабылдауына оның түсуiне жол берiлмейдi.      929. Газ сығымдағыштарының және олардың газ құбырларының барлық қосуларын герметикалығына үнемi тексерiледi. Газдың кемуi байқалған жағдайда компрессор тоқтатылып, ақаулық жойылады. Жұмыс iстеп тұрған компрессорда газдың кемуiн жоюға жол берiлмейдi.      930. Клапандық қораптар мен әуе поршень компрессорлары майлы шөгiндiлер мен күйiктерден үнемi тазартылады.      931. Жарық беру құрылғылары жұмыс iстеген немесе электр энергиясын авариялық сөндiру кезiнде газ компрессорлық станцияларында жарылыстан қорғалып орындалған аккумуляторлық шамдарды қолдануға рұқсат берiледi.      932. Компрессорлық үй-жайда газдылық немесе өрт шығу қаупi төнгенде компрессорларды авариялық түрде тоқтатып, қысымды түсiрiп, авария орнына газ жеткiзу тоқтатылады.      933. Жалпы сыйымдылығы үш тәулiктiк қордан аспайтын майға арналған жұмсалатын шағын ыдыстарды өз бетiмен сыртқа шығу жолы және сығымдағыштан бөлек өртке қарсы қабырғасы бар үй-жайға орналастыруға болады.      934. Компрессорлық және сорғыш станцияларының үй-жайларында барлық желдеткiш құрылғыларының дұрыс және үздiксiз жұмыс iстеуi қамтамасыз етiледi.      935. Тұрақты компрессорлардың авариялық тоқтату түймелерi компрессор залдарының үй-жайларынан шығу орындарында немесе басқа да ыңғайлы және қауiпсiз жерлердегi басқару пульттерiнде орналастырылуы тиiс.      936. Газ моторының тұтандырғыш бiлтесiнiң түйiсуiнде ұшқыны бар компрессордың жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.      937. Компрессор iшiнде ұшқындату арқылы шырақтардың жарамдылығын тексеруге жол берiлмейдi.      938. Компрессорды iске қосқанда пайдаланылған өнiмдi шығару жүйесiнде тұтану мен жарылыстарды болдырмау үшiн пайдаланылған өнiмдi шығару жүйесiн қысылған ауамен үрлегеннен кейiн магнетоны қосу және отын газы жеткiзiледi.      939. Өрт, жарылыс қауiптi өнiмдердi айдап қотаратын сорғыштар, сорғыштармен бiр рамада орналасқан электр қозғалтқыштарының жерге қосылғанына қарамастан, жерге қосылады.      940. Сорғыштарды үрлегенде шығарылатын өнiмдi үй-жайдан тыс жерге, сұйық өнiмдi құбыр жолы арқылы арнайы сыйымдылыққа, ал булар мен газдар шыраққа немесе шамға шығарылады.

Page 62: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      941. Сорғыштармен жұмыс iстегенде үйкелетiн бөлшектерiн, сондай-ақ сорғыштардың мойынтiректерi мен тығыздамаларының температурасы үнемi бақыланады. Майлау материалдарының ағуына және шашырауына жол берiлмейдi.

6-тарау. Алау шаруашылығын пайдалану тәртiбi

      942. Алау қашықтықтан жағылады.      943. Барлық қолданыстағы алаулар кезекшi оттықтармен қамтамасыз етiледi.      944. Алаудың айналасындағы аумақ кемiнде 50 метр радиуста қоршалады және сақтандырғыш белгiлерiмен көрсетiледi.      945. Алау аумағының қоршалу шегiнде құдықтар, шұңқырлар және басқа да ойықтар орнатуға жол берiлмейдi.      946. Алау құбырына кiргiзер алдында газ құбырларында қарауға және жөндеу жұмыстарын жүргiзуге қол жететiн от бөгеушiлер орнатылады.      947. Магистралдық алау құбыры жолында шырақтың оқпанынан кемiнде 50 метр қашықтықта орналасқан жалпы сепаратор қарастырылады. Алау құбыр жолының сепаратор жағына қарай еңкiш болуы қамтамасыз етiледi.      948. Жалпы алау жүйесiне:      1) жабдықты үрлегеннен кейiн құрамында төменгi тұтану шегiнен 50%-ға кем концентрациядағы жанғыш газдары бар инерт газын;      2) аппараттар мен құбыр жолдарынан шығарылған ауаны, сондай-ақ таза инерт газын;      3) шiруге, ашуға, полимеризациялауға, жылу шығаруға бейiм және алау газ құбырының өткiзу қабiлеттiлiгiн шектеуге қабiлеттi өнiмдердi бұруға жол берiлмейдi.

7-бөлiм. Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарын ұстау тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

      949. Газ және бу ауасы жарылыс қауiптi қосылымдарды түзуге қабiлеттi заттар мен материалдар қолданылатын, өндiрiлетiн немесе сақталатын өндiрiстiк және қойма үй-жайларында ауа ортасының жай-күйiн бақылау үшiн автоматты газ талдағыштар орнатылады. Сериямен шығарылатын газ талдағыштар болмаған жағдайда ауа ортасын мерзiм сайын зертханалық талдау жүзеге асырылады.      950. Жабдықтан қалдықтарды пневматикалық, механикалық немесе осы операцияның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн және өндiрiстiк үй-жайға тозаңның бөлiнуi болдырмайтын өзге де құрылғылармен шығарылады.      951. Автономды сорғыш желдеткiшi және (немесе) қалдықтардың пневмокөлiгi бар жабдықтың электр схемасында жабдықтың жұмыс органдарын 2-5 секунд iске қосуға қатысты осы жүйелердi iске қосуды автоматты түрде iлгерiлейдi және 25-30 секунд уақыт шамасында жұмыс органдары тоқтағаннан кейiн оларды автоматты түрде ажыратылады.      952. Кәсiпорын аумақтары мен өндiрiстiк алаңдар күн сайын жанғыш қоқыс пен қалдықтардан тазартылады. Кәсiпорын аумағында жанғыш қалдықтарды, кесiндiлердi, қырқындыларды, талшықтарды, торларды, тозаңдарды ашық әдiспен сақтауға жол берiлмейдi. Оларды жинау үшiн бiр-бiрiнен 100 метрге аспайтын қашықтықта қақпақтары бар металл жәшiктер орнатылады. Қалдықтар арнайы жабдықталған автомобильдер мен тозаңдануды болдырмайтын ыдыстар пайдалана отырып жүйелi түрде шығарылады. Брезентпен жабылмаған талшықты материалдарды тасымалдауға жол берiлмейдi.      953. Жазғы уақытта ғимараттар мен құрылыстарға iргелес алаңдар мен өртке қарсы аралықтар шөптерден мерзiмдi түрде тазартылуы тиiс. Шабылған шөп кәсiпорын аумағында кептiруге және маялауға (арнайы бөлiнген орындардан басқа) жол берiлмейдi.      954. Шикiзатты, жабдықты және өзге материалдарды ғимараттарға тiкелей жақын сақтауға жол берiлмейдi.      955. Қажет болғанда шикiзатты, жабдықты және материалдарды арнайы жабдықталған ашық алаңдарда немесе шатырлар астында сақтау алаңдары мен ғимараттардың, құрылыстардың арасындағы аралықтарды сақтаған жағдайда сақтауға болады. Жанбайтын материалдардан жасалған, ауданы 1200 м2 дейiнгi бөлек тұрған шатырларды салуға болады.

Page 63: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      956. Аумақтарды көгалдандыру үшiн гүлденген кезде ұлпа, талшықты заттар мен салбыраған тұқым бөлетiн ағаштарды отырғызуға, сондай-ақ оларды өртке қарсы аралықтарға отырғызуға жол берiлмейдi.      957. Барлық өндiрiстiк үй-жайлар үнемi таза ұсталуы және шикiзатпен, дайын өнiммен және жабдықпен асыра толтырылмауы тиiс. Сақталатын шикiзат пен дайын өнiм мөлшерi өнiмнiң ауысымдық қажеттiлiгiнен (тәулiк бойы өндiрiс үдерiсiнде – тәулiктiк) аспауы тиiс.      958. Өндiрiстiк және әкiмшiлiк ғимараттардың жертөле үй-жайлары мен цоколдық қабаттарында жарылыс қауiптi заттарды, газ баллондарын, целлулоидтарды, тез жанғыш киноүлдiрдi, пластмассаларды лактарды, сырларды, өрт қауiптiлiгi жоғары (Г4, В4, Д4, Т3, Т4) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды,, химикаттарды, полимерлiк және өзге де материалдарды қолдануға және сақтауға жол берiлмейдi. Оларды орналастыру үшiн жергiлiктi мемлекеттiк өрт бақылау органдарымен келiсiлген арнайы үй-жай (орын) бөлiнедi.      959. Арнайы киiм уақытылы жуылуы және жөнделуi қажет. Кәсiпорын әкiмшiлiгi әрбiр цех (өндiрiстiк операция) үшiн майланған арнайы киiмдi сақтау мен жаңасына ауыстырудың нақты тәртiбiн (жуу, майын кетiру, жөндеу мерзiмдiлiгiн) белгiлейдi.      960. Цех қоймалары үшiн ТТС, ЖС, химикаттарды бiр мезгiлде сақтаудың ең жоғарғы шектi саны белгiленедi. Заттарды сақтаудың нормалары көрсетiлген тақтайшалар көрiнетiн жерлерде, қоймалардың жанында iлiнедi.      961. Өндiрiсте қолданылатын жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтар саны ауысымдық қажеттiлiктен аспайтын (үш ауысымдық жұмыс режимiнде – тәулiктiк) герметикалы жабылған металл ыдыста сақталады.

2-тарау. Технологиялық жабдықты ұстау тәртiбi

      962. Кәсiпорындарда негiзгi цехтерге, учаскелер мен қондырғыларға арналған технологиялық және электр жабдығын тазалау кестелерi әзiрленедi.      963. Пайдаланылатын технологиялық жабдық күн сайын (шикiзатты алғаш қайта өңдейтiн цехтерде – ауысымда кемiнде бiр рет), ал электр жабдығы, шамдар, электр өткiзгiштерi, техникалық өрттен қорғау құралдары (спринклерлiк, дренчерлiк, өрт хабарлағыштары), құрылыс құрылымдары, оның iшiнде жабындар аптасына кемiнде бiр рет оларға отырған жанғыш тозаңнан, ұлпадан тазартылуы қажет. Бұл ретте тозаң жинау құралдарын (оның iшiнде сығылған ауамен үрлеудi) және дымқылмен жинауды қолдану қажет. Кәсiпорын бұйрығымен лауазымды адамдар қатарынан осы жұмысты жүргiзу үшiн жауаптылар тағайындалады.      964. Технологиялық жабдық үрлеу және тазалау алдында ажыратылады.      965. Технологиялық жабдықтың барлық жiктерi мен қосқыштары сенiмдi тығыздалады, бұл ретте өндiрiстiк және қойма үй-жайларындағы ауа өткiзгiштердiң жiктерi мен қосқыштары жанбайтын немесе Г1 тобындағы материалмен тығыздалады.      966. Машиналар мен агрегаттардың тозаңсыздандыратын құрылғыларынан ауаны тазалауға арналған сүзгiштер оқшауланған үй-жайларда орнатылады.      967. Жабдық сүзгiштерiнiң жанатын материалы мерзiм сайын, бiрақ жылына бiр реттен жиi емес оттан қорғау құрамымен өңделедi.      968. Зығыр түткiш, иiру-дайындау, тоқыма дайындау, тоқыма және брактау-өлшеу цехтерiнiң жұмыс iстейтiн үй-жайларында тозаң қосылымы шектi мөлшерден ауына жол берiлмейдi.      969. Рециркуляциялау кезiнде жабдықтан шығарылатын тозаңданған ауа тиiстi сүзгiштерде екi сатылы тазартылады.

3-тарау. Ұшпалы ерiткiштердiң өрт, жарылыс қауiптi буларының адсорбциялау және рекуперациялау цехтерiн ұстау тәртiбi

      970. Цехтердегi ұшпалы ерiткiштердi пайдаланумен байланысты орындар буды аулағыштарға бере отырып, оны жергiлiктi сору жүйелерiмен жабдықталады.      971. Рекуперациялау қондырғысы барлық жұмыс орындарынан ұшпалы ерiткiштердiң булары үздiксiз және толықтай соруды қамтамасыз етедi.      972. Жаңа жұмыс орындарын, учаскелер мен цехтердi еген рекуперациялау станциясының қуаты мүмкiн болмаса, бу, ауа қоспасы желiлерiне қосуға жол берiлмейдi.

Page 64: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      973. Адсорберлерге түсетiн бу, ауа қоспасының қосылымы жүйелi түрде бақыланады. Бу, ауа қоспасының шектi параметрлерiн технологиялық нұсқаулықтарда көрсетiледi. Қоспаның едеуiр өрт, жарылыс қауiптi заттарының тұтануының төменгi қосылым шегiнен 50%-ға жоғары ұсталатын будың қосылымдарымен бу, ауа желiлерiнiң жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi.      974. Цехтерден рекуперациялау станциясына бу, ауа қоспасы тасымалданатын желiлер жарамды күйде ұсталады. Құбырлардың iшкi қабатын қатты жанғыш қыртыстармен немесе сұйық конденсатпен ластауға жол берiлмейдi. Бу, ауа қоспасынан қатты қоспаларды аулауға арналған сүзгiштер немесе циклондар жарамды күйде пайдаланылады және бекiтiлген кестеге сәйкес тазартылады. Конденсаттың түзiлуi байқалатын желiлердiң учаскелерiнде жанбайтын материалдан жасалған жарамды жылытқышы және конденсаттың ағып кетуiне арналған ылди болуы қажет.      975. Бу, ауа қоспаларының желiлерiн қолданыстағы сенiмдi от бөгегiштермен қорғау қажет. От бөгегiштердiң саны, олардың түрi мен от өшiретiн саптамалардың өлшемдерi жобалау деректерiне сәйкес қабылданады. Қондырғыны от бөгегiштерсiз немесе жобаға сәйкес келмейтiн от бөгегiштермен пайдалануға жол берiлмейдi.      976. Желдеткiштер жұмысының авариялық режимiнiң дыбыс дабылы мен резервтiк агрегаттарды автоматты iске қосу жүйесi жарамды күйде ұсталады және мерзiмдi түрде тексерiледi.      977. Жарылыс, өрт қауiптi бу, ауа қоспасын атмосфераға лақтыруға арналған авариялық құбыр жарамды күйде ұсталады. Оның жұмысқа дайындығы жүйелi түрде тексерiледi. Авариялық құбыр найзағайдан қорғағышпен жабдықталады.      978. Желдеткiштердiң электр қозғалтқыштарының қаптамаларын жарылыстан қорғау деңгейi мен қорғау дәрежесi Электр қондырғыларын орнату қағидасына сәйкес үй-жайдың жарылыс қауiптi аймағының класына сәйкес болуы қажет.      979. Десорбциялау кезiнде ерiткiштер булары қосылымының режимiн қадағалау, сепараторлардың және ерiткiш сыйымдылықтарының асыра толуына жол берiлмейдi.      980. Адсорберлердiң өрт сөндiру жүйелерi жарамды күйде ұсталады және аптасына 1 реттен жиi емес бақыланады.

4-тарау. Жанғыш ортада тұтану көздерiнiң түзiлуiн болдырмау жөнiндегi шаралар

      981. Талшықты материалдарды, қатты жанғыш заттарды уатылған (майдаланған) түрiнде бастапқы қайта өңдеудi жүзеге асыратын технологиялық желiлер, машиналар мен аппараттар бөгде заттарды аулау (бөлу) үшiн жарамды құралдармен (тас аулағыштар, магниттiк қорғағыш) қамтамасыз етiледi.      982. Сыртқы қабатының температурасы 450С жоғары құбырлардың қабаттары, жабдық, сыйымдылықтар, өнiм өткiзгiштерде материалдардың тұтану немесе газдардың, сұйықтықтар буының немесе жарылу қаупi болуы мүмкiн үй-жайлар жанбайтын материалдан жасалған қаптамасы бар жарамды қиын жанатын жылу оқшаулағышпен жабдықталады.      983. Жұмыс iстегенде статикалық электр зарядтары жиналуы мүмкiн технологиялық жабдықты пайдалану жарамды антистатикалық құрылғылармен, ал қажет болған жағдайда бейтараптағыштармен (радио изотопты, жоғары вольтты, индукциялы) жүргiзiледi.      984. Өнiмдердi ұсақтау, сiлку, қопсыту, түту, тозаңдату, шашырату жүргiзiлетiн аппараттарда, сыйымдылықтарда, агрегаттарда, бөлек тұрған машиналарда, аппараттарда, басқа жабдықпен материал өткiзгiштермен немесе металл құрылымдарымен қосылмаған агрегаттар жарамды жерге қосқышпен қамтамсыз етiледi.      985. Құбырлардағы, аппараттардағы, корпустармен қақпақтарды қосқыштардағы және болттармен қосқыштардағы фланецтi қосқыштарда электрлiк емес өткiзгiш сырларымен сырланған немесе диэлектриктерден жасалған шайбаларды қолдануға жол берiлмейдi.      986. Өндiрiстiк және қойма үй-жайлары iшiнде iштен жану қозғалтқыштары бар машиналар мен жабдықты қолдануға жол берiлмейдi.

1-параграф. Технологиялық жабдықты ұстау тәртiбi

Page 65: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      987. Бiлiктер мен мойынтiректердiң қызуынан және ауытқуынан алдын алу үшiн оларды мерзiм сайын, ауысымына бiр реттен кем емес тексерiледi. Мойынтiректердiң қызуын бақылауды жеңiлдету үшiн мойынтiрек рұқсат етiлген температурадан жоғары қызған кезде түсiн өзгертетiн термо бояу, сондай-ақ термо сезгiш қосқыштармен айқындалған термо қарындаштарды қолдану ұсынылады.      988. Жабдық шегiндегi электр желiлерiн оларды агрессивтi ортадан қорғау қамтамасыз етiлетiндей етiп төсеген жөн. Металл жеңдi жабдықтың жылжымайтын бөлшектерiне бiр-бiрiнен 400 миллиметрден аспайтын орналасқан арнайы қысқыштармен бекiтiледi.      989. Мыс сымдары бар, бiрнеше рет иiлуге және үйкелуге төзiмдi арнайы иiлгiш кабельдер немесе электр қозғалтқыштарын, электр аппараттарын және жабдықтың қозғалатын бөлшектерiнде орнатылған аспаптарды қоректендiруге арналған жылжымалы ток ажыратқыштар жарамды күйде ұсталады.      990. Станоктар, агрегаттар мен машиналар жұмыс iстеген кезде:      1) барлық қозғалмалы бөлшектердiң еркiн айналуы;      2) шикiзатты аэродинамикалық тазалау кезiнде аспирациялық арналарда ауа режимiн реттеуi және үй-жайға тозаң бөлудi болдырмауы;      3) дайындаушы зауыттың паспорттық деректерiне сәйкес айналатын бөлшектер массаларының бiркелкiлiгi қамтамасыз етiледi.

2-параграф. Желдеткiш және пневмокөлiк жабдығын ұстау тәртiбi

      991. Желдеткiш және пневмокөлiк жабдығын пайдалану кезiнде техникалық шарттар, техникалық пайдалану қағидалары, осы Қағидалардың ережелерi мене техникалық регламенттердiң талаптары басшылыққа алынады.      992. Желдеткiш пен пневмокөлiктiң объектiлiк және цех қондырғыларының (жүйелерiнiң) жұмыс режимi жұмыс нұсқаулықтарымен анықталады, онда өрт қауiпсiздiгi шаралары (өндiрiс жағдайларына қатысты), ауа өткiзгiштердi, сүзгiштердi, от бөгегiш клапандар мен өзге де жабдықты тазалау мерзiмдерi, сондай-ақ өрт немесе авария шыққан жағдайда қызмет көрсетушi персоналдың iс-әрекет жасау тәртiбi қарастырылады.      993. Желдеткiш және пневмокөлiк қондырғыларын жоспарлы алдын ала жөндеу күн сайын бақылауды, мойынтiректерiн дер кезiнде майлауды, тегершiктерiң жай-күйiн және жетек белбеулерiнiң керiлуiн тексерудi, желдеткiш бiлiгi люфтiнiң қалпына келтiрiлуiн, өткiзгiштердiң электр қозғалтқыштарына қосылатын жерлерiнде байланыстардың сенiмдiлiгiн, электрден қорғаудың жай-күйiн күн сайын тексеруге жатады. Барлық қондырғыларды әр жөндеуден кейiн кәсiпорын басшылығы бөлген жауапты адам көрсеткiштердi олардың сәйкестiгiне өлшей және паспорттарда белгiлей отырып жүргiзiледi.      994. Пневматикалық көлiк мен сорғыш ауа өткiзгiштердiң құбырларында мерзiм сайын қарау (тексеру), жүйелердi тазарту және өрт шыққан жағдайда оны ойдағыдай сөндiру үшiн терезелер, люктер, ажыратылатын қосқыштар қарастырылуы қажет. Байқау терезелерi бiр-бiрiнен 10 метр алыс емес қашықтықта, сондай-ақ үш көздi тетiктердiң жанында, бұрылыстарда, қабырғалар мен жабындар арқылы құбырлар өтетiн жерде орналастырылады.      995. Желдеткiштiң дөңгелегi теңгерiлген және дөңгелектiң қаптың қабырғасына соғылу мүмкiндiгiн болдырмайтындай етiп реттеледi.      996. Машинадан ұлпаны және тозаңды шығару бойынша желдеткiш қондырғының қалыпсыз жұмысы байқалған жағдайда (ауа тартудың тоқтауы, желдеткiштiң тарсылдауы, ұшқынның пайда болуы, түтiннiң немесе иiстiң болуы) желдеткiштi тоқтату және оны жөндеу үшiн шаралар қабылданады.      997. Пневмокөлiктiң аспирациялық құрылғылары мен жүйелерiнiң iшкi қабаттары тегiс, шығыңқы және тiстi бөлiксiз етiп орындалады.      998. Желдеткiш, аспирациялық және пневмокөлiк қондырғыларына (жүйелерiне) қызмет көрсету және оларды пайдалану кезiнде:      1) пневматикалық және аспирациялық жүйелердiң ауа өткiзгiштерiнде, тозаңды жертөлелерде, камералар мен сүзгiштерде бекiтiлген кесте бойынша оларды жүйелi түрде тазалай отырып, тозаң мен ұлпаның жинауына жол берiлмейдi. Қарау және тазалау нәтижелерi арнайы журналда жазылады;      2) шатырлар мен сорғыш құбырлардың iшкi қабатындағы жанғыш қыртыстар жылына кемiнде 2 рет тазартылады;      3) тозаң сору және тозаң аулау қондырғылары ақаулы болған жағдайда

Page 66: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

технологиялық жабдықтың жұмыс iстеуiне жол берiлмейдi;      4) тозаң камераларында (тозаңды жертөлелерде) бөгде адамдардың болуына жол берiлмейдi;      5) жану немесе өрт шыққан жағдайда осы желдеткiш жүйелерiнiң қызмет көрсету аймағындағы барлық желдеткiш құрылғылары мен технологиялық жабдықты дереу тоқтатып, ауа өткiзгiштердегi барлық клапандар жабылады;      6) жалпы тозаң камерасына немесе жанғыш тозаңды немесе қалдықтарды тасымалдайтын жеке құрылғылардан жертөлеге кiретiн барлық пайдаланылған құбырлар автоматты клапандармен жабдықталуы, сондай-ақ олардың үздiксiз жұмыс iстеуi қадағаланады.      999. Желдеткiш қондырғылар жанғыш және жарылыс қауiптi заттарды тасымалдайтын өндiрiстiк үй-жайларда барлық металл ауа өткiзгiштер, құбыр өткiзгiштер, сүзгiштер және сорғыш қондырғысының өзге де жабдығы кемiнде екi жерден жерге қосылады.      1000. Ауа құрамында тез тұтанатын немесе жарылыс қауiптi заттар (газдар, бу, тозаң) болуы мүмкiн үй-жайлар үшiн желдеткiш жүйелерiнiң өзге де құрылғыларын реттейтiн желдеткiштердiң құрылымы мен материалы ұшқын түзiлу мүмкiндiгiн болдырмайды.      1001. Өртке қарсы далдалардың қиылысатын жерiнде орнатылған ауа өткiзгiштердiң автоматты от бөгегiш құрылғылары (қалқалағыштар, шиберлер, клапандар) жарамды күйде ұсталады, олардың жұмысқа қабiлетi айына 1 реттен жиi емес тексерiледi.      1002. Желдеткiш жүйесiнде от бөгегiш құрылғыларды пайдалану кезiнде:      1) аптасына бiр реттен жиi емес олардың жалпы техникалық жай-күйiн тексеру:      2) ысырмалардың сезiмтал элементтерiн (тез балқитын құлыптар, тез жанатын ендiрмелер, термо сезiмтал элементтер) жанғыш тозаңмен ластанудан дер кезiнде тазалау;      3) магистралдық жиынтық ауа өткiзгiшке қосылатын жерiнде дайындау бөлiмшесiнiң бiр машинасына немесе машиналар тобына қызмет көрсететiн ауа өткiзгiштер тарамдарында орналасқан өртке қарсы қол ысырмаларының жарамдылығын тұрақты тексеру;      4) аптасына бiр реттен кем емес өрт, жарылыс қауiптi үй-жайларға қызмет көрсететiн желдеткiш қондырғыларды қашықтықтан қосу немесе ажырату қондырғыларының жарамдылығын тексеру жүргiзiледi.      1003. Тозаңды гравитациялық тұндыру үшiн желдеткiштер мен ауа өткiзу машиналарынан кейiн орналасқан сыйымдылықтарды (аспирациялық шахталарды, тозаң тұндыру камералары) пайдалануға жол берiлмейдi.      1004. Пневмокөлiк қондырғыларына орнатылатын органикалық шыныдан жасалған қоспалары 100 милиметр аспайтын орам қадамы бар сыммен сыртынан оралған болуы тиiс. Көрсетiлген сымның екi шетi де арасында қоспа орналасқан қондырғының металл бөлiктерiне мықты бекiтiлулерi тиiс.      1005. Магниттiк қорғауға қойылатын талаптар:      1) желдеткiштерге, конденсаторларға және өзге де технологиялық жабдыққа талшықты материалдар массасымен қатты заттардың (тастар, шлак) түсуiн болдырмау үшiн олардың алдына тас аулағыштар, ал металл заттарды шығару үшiн магниттiк аулағыштар орнатылады. Аулағыштар тiгiнен (еңкiш) көлденең күйге құбырларды бұру орындарында орнатылады;      2) магниттiк қоспаларды аулауға арналған жабдық (магниттiк бөгеттер) технологиялық үдерiстердi жүргiзу ережесiне және жобалау құжаттамасына сәйкес орнатылады;      3) магниттiк бөгеттер дайындау бөлiмшесiнiң түту, тарау машиналарының, араластырғыштарының және өзге де жабдығының алдына орнатылады;      4) электр магниттiк сепараторлар жұмыс iстеген кезде бөлшектердiң (магнит өткiзгiштiң, мойынтiректердiң, шикiзатпен жанасатын бөлшектердiң) қызуы бақыланады;      5) электр магниттiк сепараторлардың қырғыш тетiктерi бiркелкi жұмыс iстеуi және қолмен тазалағышсыз магнит қоспаларын толықтай шығару қамтамасыз етiледi;      6) электр магниттiк сепараторлардың жарықтандыру дабылы үздiксiз жұмыс iстеуi қажет, ол ақаулы болған жағдайда сепараторды пайдалануға жол берiлмейдi;      7) магниттiк колонкаларда магниттiк қоспалардан тазалауға арналған таға блогын оңай алу қамтамасыз етiледi. Бұл ретте магниттiк қоспалардың шикiзатқа түсуiне жол берiлмейдi;

Page 67: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      8) магниттiк колонкаларды металл қоспаларынан тазарту үшiн арнайы щеткалар немесе ағаш қырғыштар қолданылады;      9) магниттiк қоспаларды аулау үшiн жабдыққа қызмет көрсету және тексеру үшiн еркiн өту жолы қамтамасыз етiледi;      10) магниттердiң жай-күйiн бақылау айына кемiнде бiр жүргiзiледi;      11) электр энергиясын беру тоқтаған кезде сепараторлардың электр магниттерiне өнiм беруге жол берiлмейдi;      12) қызмет көрсетушi персонал магниттi өрiстiң тұтас ұзындығы бойымен шикiзаттың электр магниттiк сепараторларына және магниттiк колонкаларына үздiксiз және бiркелкi түсуiн жүйелi түрде тексерiледi.

3-параграф. Өрт сөндiрудi ұйымдастыру тәртiбi

      1006. Кәсiпорынның барлық ғимараттары мен құрылыстарында еркiн қол жеткiзу қамтамасыз етiледi. Ғимараттар, құрылыстар, шикiзат пен материалдар қатарларының арасындағы өртке қарсы аралықтарды үймелеуге жол берiлмейдi.      1007. Шикiзаттың, өндiрiс қалдықтарының, өндiрiстiк тозаңның, дайын өнiмнiң жануы (өздiгiнен тұтануы) анықталғанда дереу кәсiпорынның өрт күзетiне және өрт сөндiретiн авариялық-құтқару бөлiмшесiне хабарланады, қызмет көрсетушi персонал эвакуациялау шараларын қабылдайды және барлық жабдықты токтан ажыратып, болған оқиға туралы кәсiпорын басшысына хабарлайды.      1008. Қауiптi авария алдындағы факторлар (жанған шикiзаттың, күйiктiң, түтiннiң иiсi, машиналардың айналатын бөлшектерiнiң авариялық үйкелiсi, жабдыққа бөгде заттар түскен, машинаға өнiмнiң үйiлуi кезiндегi жоғары температура, шу, дiрiл) пайда болғанда барлық көлiк жабдығы тоқтатылып, мұқият тексерiледi. Оны iске қосу ақаулықтардың себептерiн анықтағаннан және оны жойғаннан кейiн ғана жүргiзiлуi мүмкiн.      1009. Технологиялық (көлiк) желiсi автоматты (авариялық) тоқтаған кезде бұғаттау iс-әрекетiн жүргiзуге сигнал берген құрылғыны (жылдамдықты бақылау релесi, шикiзат беру тетiгi, электр қозғалтқышы жетегiнiң шамадан тыс ток жүктемесiнен қорғау ) айқындау, оны iске қосу себебiн анықтап жою қажет. Технологиялық (көлiк) желiнi кезектi iске қосу алдында оны материалдардан босатып, ақаулығы жойылады.      1010. Технологиялық, көлiк немесе аспирациялық жабдықта жанып жатқан (бықсыған) өнiм анықталған кезде оны дереу тоқтату қажет, ол туралы дереу цех бастығына, кәсiпорын басшысына және мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметке хабарланады. Бiр мезгiлде осы учаскеде (қажет болған жағдайда) барлық өндiрiстiк жабдықты және желдеткiш қондырғыларын тоқтатып, желдеткiштiң ауа жолдарын жауып, электр желiсi өшiрiледi.      1011. Жану ошақтарын жойғаннан кейiн барлық ауа өткiзгiштердi, сүзгiш камераларын, тозаң камераларын (тозаңды жертөлелердi) және өзге де желдеткiш пневмо жабдығын, сондай-ақ технологиялық машиналарды әбден тазалағанға дейiн желдеткiш және пневмокөлiк қондырғыларын iске қосуға жол берiлмейдi.      1012. Өрттердi өндiрiстiң тозаңды қалдықтар суының бағытталған жиынтық ағыстарымен сөндiруге жол берiлмейдi.

8-бөлiм. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi объектiлерiн ұстау тәртiбi

1-тарау. Негiзгi өндiрiс объектiлерiн ұстау тәртiбi

      1013. Мал шаруашылығы және құс өсiретiн ферма ғимараттарын, отпен жылытып азық дайындау үшiн вакуумдық - сорғыш және жылу генераторларын орналастыруға арналған үй-жайларын, сондай-ақ мал шаруашылығы және құс шаруашылығы ғимараттарына қоса салынған немесе олардың iшiнде салынған, iрi жемшөптер қорын сақтауға арналған үй-жайларын мал мен құсты ұстауға арналған үй-жайларынан өртке қарсы қабырғалар мен жабындылармен бөлiнедi. Көрсетiлген үй-жайлар тiкелей сыртқа шығу жолдарымен жабдықталады.      1014. Жануарлар мен құстарға арналған үй-жайларда шеберханалар, қоймалар, автокөлiк, трактор, ауыл шаруашылық техникасы тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ фермаларға қызмет көрсетуге байланысты емес кез келген жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi.

Page 68: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      Бұл үй-жайларына газ шығаратын трубалары ұшқын өшiргiштерiмен жабдықталмаған тракторларға, автомобильдер мен ауыл шаруашылық машиналарына кiруге жол берiлмейдi.      1015. 20 және одан астам мал басы болған жағдайда сүт тауары фермаларында (кешендерде) топтық байлау әдiсiн қолдану қажет.      1016. Фермалардың шатырдағы бөлмелерiнде iрi жемшөптi сақтағанда:      1) төбе жабыны өртенбейтiн материалдардан;      2) шатырдағы ағаш жабындарын және жанғыш жылытқышты шатыр үй-жайлары жағынан тұтанудан жанғыш жылытқыш бойын қалыңдығы 3 сантиметр балшық сылағымен (немесе тең оттан қорғаумен) қорғауды немесе өртенбейтiн жылытқыш;      3) шатырдағы электр желiсiн механикалық ақаулықтардан қорғау;      4) түтiндiктердi периметр бойынша 1 метр қашықтықта қоршау қарастырылады.      1017. Электр брудерлерiн орнатқанда және пайдаланғанда:      1) жылу қыздырғыш элементтерiнен төсемдер мен жанғыш заттарға дейiнгi қашықтық ұзынынан 80 сантиметр кем емес, ал көлденең 25 сантиметр кем емес болады;      2) тек зауытта шығарылған қыздыру элементтерi қолданылады және қызған бөлшектерi түсiп қалу ықтималы болмайтындай етiп орнатылады. Ашық жылыту элементтерiн қолдануға жол берiлмейдi;      3) оларды электр энергиясымен қамтамасыз ету бөлiп таратқыш қалқанынан дербес желiлерi бойынша iске асырылады. Брудердiң әр қайсысы дербес ажыратқыштармен жабдықталады;      4) бөлiп таратқыш қалқанының барлық электр желiсiн тоқтан ажыратқыш шаппа қосқышы, сондай-ақ қысқа түйiсу мен асқын жүктемеден қорғау құрылғысы болады;      5) брудердiң температуралық тәртiбi автоматты түрде болады.      1018. Жылжымалы ультракүлгiн қондырғылар және олардың электр жабдықтары жанғыш материалдардан 1 метрден кем емес қашықтықта орналасады.      1019. Электр брудерлер мен ультракүлгiн қондырғылардың iшкi электр желiсi кабельмен немесе оқшауланған өткiзгiшпен орындалады. Оқшауланған өткiзгiш құбырларда немесе әкiрлерде еденнiң деңгейiнен 2,5 метрден кем емес биiктiкте және жанғыш құрылғылардан 0,1 метр қашықтықта оқшаулағыштармен төселедi.      1020. Қырқатын агрегаттың бензин қозғалтқышын ғимараттардан 15 метр қашықтықта, шөп пен қоқыстан тазартылған алаңшада орнату қажет. Жанар-жағармай материалдары қорын сақтау қырқу бекетi мен құрылыстардан 20 метр қашықтықта, жабық металл ыдыста жүзеге асырылады.      1021. Қырқу бекетiнде ауысым өнiмiнен аса жүннiң жиналуына, және өту шығу орындарын жүн түктерiмен ыбырсытып қоюға жол беруге болмайды.      1022. Түнгi уақытта мал шаруашылығы және құс шаруашылығы үй-жайлары, iшiнде мал мен құс болғанда күзетшiлердiң, малшылардың немесе басқа да осы мақсатта тағайындалған тұлғалардың байқауында болады.      1023. Аммиак селитрасын отқа төзiмдiгi I және II дәрежелi дербес шатырсыз бiр қабатты өртенбейтiн едендерi бар ғимараттарда сақталады. Ерекше жағдайларда селитраны отқа төзiмдiлiгi I немесе II дәрежелi ауыл шаруашылық кәсiпорнының минералды тыңайтқыштар жалпы қоймасының жеке бөлiгiнде сақтауға жол берiледi. Әсерлi тотықтырғыштар (магний және кальций хлораттары, сутегi тотығы) отқа төзiмдiлiгi I, II және III дәрежелi ғимараттардың жеке бөлiктерiнде сақталады.      1024. Фермалар мен басқа ауыл шаруашылығы объектiлерiн қылқан жапырақ түрлi ормандарға жақын, құрылыстар мен орман алқаптары арасында орналастырғанда көктемгi-жазғы өрт қауiптi кезеңге бульдозерлер, соқалар және басқа да топырақ өңдейтiн құрал-жабдықтар арқылы (шаруашылық мақсатқа сәйкестiлiгiнде қорғайтын алқаптарда картоп, люпин, донник сияқты өртке төзiмдi өсiмдiктер) орнатылатын қорғайтын өртке қарсы алқаптары құрылады.      1025. Ауыл шаруашылығы кәсiпорындары аумағында (ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң осы учаскесiнiң технологиясымен байланысты емес болғанда), сондай-ақ мақта, зығыр және басқа да жанғыш материалдарын сақтау және өңдеу орындарында ашық отты (алау, шырақ) қолдануға жол берiлмейдi.

2-тарау. Ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу тәртiбi

      1026 Қаптарды ұннан тазарту және оларды сақтау үшiн қапты қағатын машинасы орнатылған оқшауланған үй-жайлары қарастырылады.      1027. Нан пiсiру кәсiпорындарында сұйық май мен өсiмдiк майын ыдыссыз сақтау

Page 69: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

жеке үй-жайда қарастырылады.      1028. Қатты отынмен жұмыс iстейтiн нан пiсiру пештерiнiң үздiксiз бесiкше подиктi тұйық жерлерiндегi отындары үшiн өртке қарсы қалқамен (өртке қарсы есiкпен) және жабындымен бөлiнетiн үй-жай қарастырылады.      1029. Отын бөлмесiнде бiр ауысымға арналған қатты отыннан аспайтын қордың болуына жол берiледi.      1030. Нан пiсiру пештерi сұйық отында жұмыс iстегенде сұйық отынның шығыс бактарын орнатуға арналған өртенбейтiн құрылыстан жасалған ғимараттан тыс және оқшауланған үй-жай қарастырылады.      1031. Элеваторлардағы, ұн тартатын, құрама жем және арпа зауыттарында бiр мезгiлде 15 адам болатын өндiрiстiк үй-жайларының есiктерiн үй-жайларының iшiне қарай (эвакуациялау орнына қарсы) ашылатындай етiп жасауға жол берiледi. Сонымен қатар тамбур-шлюздердiң есiктерi әр жаққа ашылады (өндiрiстiк үй-жайларынан тамбур-шлюздерiне қарай эвакуациялау жолына қарсы, тамбур-шлюзден саты алаңына қарай есiктер – эвакуациялау жолы бойымен).      1032. Лента конвейерлерiн өткiзу арналған өртке қарсы ойықтар автоматты өрт сөндiру қалқандарымен немесе өрт шыққан жағдайда оларды жабуға арналған құрылғылармен жабдықталады.      1033. Тұрмыстық, қосалқы және әкiмшiлiк-шаруашылық үй-жайлары, басқару пульт үй-жайлары, электр таратқыш құрылғылары, желдеткiш камералары мен саты алаңдары арқылы ауа жолын, материал өткiзгiштерiн, бағытсыз құбырларды өткiзуге жол берiлмейдi.      1034. Циклондармен тең немесе олардан жоғары терезе ойықтары болғанда ғимараттың сыртқы қабырғасында немесе шатырында орнатылатын циклондар, отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi ғимараттар үшiн көлденеңiнен 2 метрден кем емес қашықтықта және отқа төзiмдiлiгi III-IV дәрежелi ғимараттары үшiн 10 метр қашықтықта бекемделген шынымен немесе шыны блоктарымен толтырылған шынылауы бар металл қапсырмаларында екi рамасы бар аса жоғары орналасқан терезелерден жоғары шығарылған құбырлармен жабдықталады.      1035. Циклондарды сыртта, жем кептiргiштерге және қазандықтардың түтiн құбырларына қараған жаққа орнатуға жол берiлмейдi.      1036. Кабельдердi төсеуге арналған шахталарда норийлер, бағытсыз және аспирациялау құбырларын, сондай-ақ басқа тасымалдау және технологиялық жабдықтарды орнатуға жол берiлмейдi.      1037. Асты сақтау қоймаларының, астықты қайта өндiретiн кәсiпорындардың барлық қабаттары қабат аралық және цех аралық байланыспен (телефонмен, сөйлесу құбырларымен, қоңыраулармен) қамтамасыз етiледi.      1038. Автокөлiкке өнiм мен қалдықтарды ыдыссыз тиеудiң аумақты шаң басудан сақтандыратын құрылғылары болуы тиiс немесе тиеу жабық үй-жайда жүргiзiледi.      1039. Қалдықтарды кәсiпорынның аумағынан арнайы жабдықталған азық тасығыш тәрiздi автомобильдермен шығарылады.      1040. Аралас жем зауыттарында темiр жол және автомобиль көлiгiнен ұн шикiзатын және кебектердi түсiру орындары, шаң басуының алдын алу мақсатында аспирациямен жабдықталады.      1041. Силостарға және бункерлерге арналған люктер, сондай-ақ бағытсыз құбырлардағы, ауа өткiзгiштердегi және аспирациялық қаптамалардағы шағын люктердiң үй-жайларын шаң басудан сақтандыратын тығыз қосылулары болады.      1042. Барлық қоймалар бiр-бiрiнен 100 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан сыртқы сүйеп қоятын сатылармен жабдықталады.      1043. Жұмыс бастар алдында дән тазартқыш және астық бастыру машиналарын дәннiң сапалы аэродинамикалық тазартуын қамтамасыз ететiн және үй-жайға шанның кiруiн болдырмайтын аспирациялық каналдарда ауа режимiне реттеп қойылады. Машиналардың үстiндегi жарылысты бәсеңдеткiштер үнемi дұрыс, жұмысқа жарамды күйде ұсталады.      1044. Өнiмдiлiгi сағатына 50 тонна астам норийлердi тоқтауларда керi жүруден лентаны қорғайтын автоматты тежеуiш құрылғыларымен қамтамасыз ету қажет. Норийлердi және жеке бөлшектердi ағаштан немесе басқа жанғыш материалдардан жасауға жол берiлмейдi.      1045. Тазартылмаған дән үшiн дән шнектерiн iрi қоспаларын терiп алуға арналған шарбақпен және өнiмнiң қысымынан ашылатын сақтандырғыш қақпаларымен жабдықталады.      1046. Шарбақтарды тазарту мезгiлi кәсiпорынның басшысымен белгiленедi.

Page 70: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1047. Барлық сына тәрiздi қайыс бауларын тарту бiрдей болуы тиiс. Сына тәрiздi қайыс баулары жинағы толық болмағанда немесе шкив бунақтарының пiшiнiне сәйкес келмейтiн пiшiнi бар қайыс бауларын қолдануға жол берiлмейдi.      1048. Сына қайыс бауларын ауыстыру осы берiлiс үшiн толық жинақпен жүргiзiледi.      1049. Қондырғылардың паспорттары монтаж немесе мамандандырылған жөндеу ұйымдарымен жасалады.      1050. Барлық аспирациялық қондырғылардың паспорттары әр жөндеу жұмыстарынан кейiн аспирация жөнiндегi инженермен немесе кәсiпорынның басшылығымен бөлiнген басқа жауапты тұлғамен тексерiледi.      1051. В санатындағы үй-жайлар мен ғимараттардағы аспирациялық және пневмокөлiктiк қондырғылардың ауа үрлегiш машиналары мен желдеткiштерi тозаң ұстағыштардан кейiн (ауаның қозғалу бағытымен) орнатылады.      Ұн тарту зауыттарындағы комплекттi өндiрiлiмi жоғары жабдықтарда пневмокөлiк жүйелерiнде сүзгiштерге дейiн тозаң ұшқын қауiпсiз желдеткiштерiн орнатуға жол берiледi.      1052. Тозаңды жинауға және сақтауға арналған ыдыстар мен жедел (өндiрiстiк) ыдыстардың аспирациясының технологиялық және көлiктiк жабдығы бар бiр аспирациялық қондырғыға қосылуына жол берiлмейдi.      Тозаңды жинауға және сақтауға арналған ыдыстар жеке қондырғымен аспирациялануы тиiс. Жедел ыдыстардың аспирациясын iшiнде айналып тұратын бөлшектерi жоқ, мысалы үйiлме арнашықтары, бұрылу құбырлары жоқ жабдығы бар бiр аспирациялық қондырғыға қосуға жол берiледi.      1053. Технологиялық және көлiктiк жабдық белгiленген талаптарға сәйкес аспирациялық қондырғыларымен бұғатталады.      1054. Элеваторлардың жұмыс ғимараттарында желдеткiштер мен дән кептiргiштерiнiң тозаң ұстағыштарын орналастыруға жол берiлмейдi.      1055. Элеваторларда аспирациялық қалдықтарды және бункерлер мен силостарда өндiрiстiк тозаңды жинауға және сақтауға жол берiлмейдi.      1056. Шикiзат және дайын өнiм қойма үй-жайлары арқылы транзиттi ауа арналарын, сондай-ақ жарылыс өрт қауiпi және өрт қауiпi бойынша А, Б, және В1-4 санатындағы үй-жайлары арқылы төсеуге жол берiлмейдi.      1057. Желдеткiштер мен ауа үрлегiш машиналардан кейiн орналасқан (аспирациялық шахталардың, тозаң отыратын камералардың) тозаңның гравитациялық отырғызуына арналған ыдыстарды пайдалануға жол берiлмейдi.      1058. Ауа өткiзгiштер мен материал өткiзгiштер екеуден кем емес жерде жерге қосылады.      1059. Тозаң ұстағыштар мен ауа үрлегiш машиналарды қосымша жеке жерге қосу керек. Қондырғы бөлшектерi арасындағы қосуларда электр өткiзбейтiн бояулармен сырланған, диэлектрлiк материалдар мен шайбалардан жасалған болттарына шайбаларды қолдануға жол берiлмейдi.      1060. Пневмокөлiктiк қондырғыларға орнатылатын органикалық шыныдан жасалған қоспалары 100 миллиметрден аспайтын орам қадамы бар сыммен сыртынан оралған болуы тиiс. Көрсетiлген сымның екi шетi де арасында қоспа орналасқан қондырғының металл бөлiктерiне мықтап бекiтiледi.      1061. Аспирациялық қондырғылардың ауа арналарының жылыту жүйесiнiң құбыр жолдарымен түйiсуiне жол берiлмейдi.      1062. Технологиялық және тасымалданатын жабдықты пайдалануда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн келесi талаптар орындалады:      1) шығарушы-кәсiпорынның ұсыныстары ескерiлiп, жабдықты герметикалау және басқа қажеттi жағдайларда өндiрiстiк үй-жайларына тозаң шықпау үшiн аспирациялау керек;      2) сыртқы бетiнiң температурасы 450C жоғары болғанда жабдықтар, ыдыстар, өнiм өткiзгiштер жылылықты өткiзбеуi тиiс;      3) домалау және сырғанау мойынтiректерi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтарға сәйкес майлаумен қамтамасыз етiледi;      4) конвейерлердiң жетек бауларының, норийлер мен басқа да тасымалдау машиналарының, сондай-ақ оларды буксирлеу мен иiлудi, сондай-ақ қоршауды бос бұтақпен соғуды және қоршау қаптамаға үйкелуiн болдырмайтын трансмиссиялардың болдыртпайтын кәдiмгiдей тартулары болуы тиiс.      1063. Машина мынадай жағдайларда:      1) тұтанудың немесе күюдiң сәл ғана белгiлерi болғанда;

Page 71: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      2) жабдыққа тән емес шу мен дiрiл пайда болғанда;      3) машинаны өнiммен үйiп тастаған, тiреп қойған және асыра жүктегенде;      4) машинаның тiреуiш конструкциясы, шкивi, тiстi доңғалағы және басқа да жұмыс органы бұзылғанда;      5) жұмыс органдарына бөгде заттар түсiп кеткенде тоқтатылады.      1064. Аспирация жүйелерi дұрыс iстемейтiн, жобалық және техникалық құжаттамада қарастырылған норийлер мен ұнтақтағыштардағы жарылыс ыдыратқыштары жоқ жабдықты пайдалануға жол берiлмейдi.      1065. Өнiмдердi (шикiзатты) жаншып үгетiн станоктар, ұнтақтағыштар, қамшылау машиналары және соқпа машиналар арқылы өткiзу алдында магниттi сепараторлар орнатылады.      1066. Магниттердi тазарту кезiнде өнiмге металл қоспаларының түсу ықтималын болдырмауы тиiс.      1067. Тiреуiштерге жабдықты бекiту тораптары, қаптама және жабдықтың басқа да бөлшектерi алмалы-салмалы, өндiрiстiк үй-жайда от жұмыстарын жүргiзбей жабдықты орнату, жөндеу және бөлшектеу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiндей бөлек-бөлек орындалады.      1068. Жабдықтың жұмыс iстеуiн жедел бақылау үшiн арналған есiктер, қақпалар және шағын люктер тығыздап жабылуы және үй-жайға тозаң өткiзбейтiндей болуы тиiс.      1069. Дән тазартқыш және ұсақтағыш машиналары жұмыс iстегенде:      1) соңғы бөлшектерi қозғалмайтын бөлшектердiң бетiмен түйiсуге жол бермей, барлық қозғалмалы бөлшектерiнiң еркiн айналысын;      2) дәндi аэродинамикалық тазартуда және үй-жайға тозаң шығуды жоюда машина дұрыс iстеу үшiн аспирациялық каналдардағы ауа режимiн реттеудi;      3) шығарушы-зауыттардың паспорттық мәлiметтерiне сәйкес айналып тұратын бөлшектер массасының салмақтылығын қамтамасыз етедi.      1070. Тазартқыш машиналардың түйгiштерiнде жарықтар мен сынықтары болмауы тиiс; ұшқынның пайда болуын болдырмау үшiн түйгiш барабанының iшкi бетiне түйгiштердiң тиюiне жол берiлмейдi.      1071. Норийлердi пайдалануда:      1) тiреуiш бөлшектерiн (болттардың, гайкалардың шайбалардың) орнатылу берiктiгiн;      2) барабандардың тұрып қалуын және ленталар мен шөмiштердiң норий құбырлары мен бастиек және башмактың қаптамасына тиюiн болдырмайтын норий лентасының тартылуын;      3) норий башмактарындағы тiреуiштердiң жылдамдығы мен бергiштерiн бақылау релесi мiндеттi түрде болуы;      4) норийлер кенет тоқтаған жағдайларда лентаны керi жүруден сақтайтын, өндiрiлiмi сағатына 50 тонна және одан да жоғары норийлерге арналған автоматты әрекет ететiн тежеуiш құрылғыларының мiндеттi түрде болуларын тексеру қажет.      1072. Лента конвейерлерi жұмыс iстегенде:      1) жылдамдықты бақылау релесi мiндеттi түрде болуын;      2) барабандар мен роликтерде басқа жаққа қарай шығармай және тiреуiш құрылыстарына тимей конвейер лентасының дұрыс жұмыс iстеуiн;      3) лента тоқтамай роликтердiң айналуын;      4) барабандарда лента тоқтап қалуға жол бермеудi қамтамасыз ету керек.      1073. (Тиеу қырнауыштары бар) шынжырлы конвейерлерде қораптар асып кеткенде тiреуiш бергiштерiн немесе конвейерлердi автоматты түрде тоқтататын қондырғылар қарастырылады.      1074. Иiрлiктердiң тұтануын болдырмау үшiн өнiмнiң жүрiсi бойынша олардың шеттерiне өнiмнiң қысымына байланысты ашылатын сақтандырғыш клапандары орнатылады.      1075. Көлiк ленталарын және жетек қайыс белбеулерiн металлдан жасалған қапсырма шеге, болттар арқылы (олар жанғыш вулканизацияны пайдаланып, қайысшы белдiкшелермен тiгiлу арқылы қосылуы тиiс) қиыстыруға жол берiлмейдi.

3-тарау. Құрама жем зауыттарының жабдықтарын пайдалану тәртiбi

      1076. Ұнтағыштарда жүктеменi автоматты түрде реттеуге арналған құрылғы қарастырылған жағдайларда ол құрылғы ұнтағыштың электр қозғалтқышымен бұғатталады.

Page 72: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1077. Ұнтағыштардың балғаларында сызаттар мен басқа да ақаулықтардың болмауына жол берiлмейдi.      1078. Ұнтағыштардың балғалары ұшқындауды болдыртпау үшiн дека мен елеуiшке тиюiне жол берiлмейдi.      1079. Ұнтағыштарды iске қосу, iшi бөгде заттар мен ұнтақтау өнiмдерiнен ұқыпты тазартылғаннан кейiн ғана жүзеге асырылады. Ұнтақтағышты iске қосар алдында жиынтығын, ротор балғаларының бекiткiшi мен қосылуын және елеуiштердiң тұтастығы тексерiледi.      1080. Ақаулықтар анықталғанда ұнтақтағыш ақаулық себептерiн орындау және жою үшiн дереу тоқтатылады. Iске қосылғанда ұнтақтағыш алдымен бос қосылады, ал содан кейiн оның қосылуы талап етiлетiнге дейiн жеткiзiледi.      1081. Ұсақтатқышты iске қосар алдында:      1) ұсақтағышқа металлды заттарды түсiп кетуiн болдырмау үшiн магниттi қорғауының болуы мен жағдайын тексеру;      2) машинада бөгде заттардың болмауын, механизмдер мен құралдардың дұрыстығын тексеру қажет.      1082. Ұсақтатқыштар үшiн тек зауытта шығарылған сақтандырғыш шрифттерi қолданылады.      Оларды көлемдерi және механикалық сипаттамалары белгiсiз металлды стерженьдермен ауыстыруға қатаң жол берiлмейдi.

4-тарау. Ұн және жарма зауыттарын пайдалану тәртiбi

      1083. Бiлiктi станоктармен жұмыс iстегенде:      1) механизмнiң жұмысының бiр қалыптылығын (автоматы түрде басқарылатын бiлiктi станоктары үшiн), сондай-ақ жарық сигнализациясының дұрыс жағдай болуы;      2) бiлiктердiң барлық ұзындығы бойынша дәндi немесе өнiмдi жеткiзудiң үздiксiздiгi мен бiр қалыптылығы қамтамасыз етiледi.      1084. Өнiмi жоқ, бiлiктерi қысылған, белағаштары бойымен ауытқып және жылжып кеткен станоктармен жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.      1085. Елек-суырғы машиналарының себу шанақтарының, тас iрiктегiштердiң, сепараторлардың барлық иiлмелi қосулары тозаң, өткiзбейтiн материалдан жасалуы және олардың сыртқа шығаратын келте құбырлары бар иiлгiш қосқыштар қолданылады.      1086. Үгiту, қамшылау және щетка машиналарындағы тарамдалғыш және ұзына бойына қамшыларды бiлiктер мен розеткаларға бекiту берiк, олардың үзiлуiн болдырмайтындай болуы тиiс.      1087. Бастиегi түсiрiлiп тұрғанда, тарту құрылғылары дұрыс болмаған, қажақ дискiлерi нашар бекiтiлген немесе кептiргiш дөңгелектерi болмаған жағдайларда аршу машиналарын iске қосуға жол берiлмейдi.      1088. Аршу машиналары мен ажарлау машиналарының дискiлерiнде, пiшiмбiлiктерiнде және декаларында сызаттар мен ақаулықтардың болуына жол берiлмейдi. Олар болған жағдайда, сондай-ақ үйлесiмсiздiк болғанда аршу машиналарын пайдалануға жол берiлмейдi.      1089. Иiлткiш дека станогының жұмыс саңылауын және барабанының орнатылуы тексерiледi.      1090. Электр магниттi сепараторларының бұғаттағышы электр энергиясы тоқтаған кезде электр магниттерiне өнiмнiң жетуiн болдырмайтындай етiп орындалады.

5-тарау. Нан пiсiру кәсiпорындарын ұстау тәртiбi

      1091. Сұйық отынмен жұмыс iстейтiн пештерге отын беру от жағу бөлiмшесiнен тыс, бөлек үй-жайларда орналасқан жұмсау бактарынан жүргiзiледi.      1092. Пештердi тұтату және пайдалану қатаң түрде кәсiпорынның техникалық директоры бекiткен нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi.      1093. Каналдық пештердiң газ құбырлары мен жоғарғы от жағу бөлiктерiнде жарылыстан сақтандыратын клапандар орнатылуы тиiс, бiр жарылыс клапанының ең кем алаңы 0,05 м2 .      1094. Пештер жылу мен газ тәрiздi заттарды шығаруға арналған желдеткiш құрылғыларымен жабдықталады. Тарту желдеткiш шахталарының тазарту

Page 73: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

кәсiпорынның техникалы директорымен бекiтiлген кесте бойынша жүргiзiледi.      1095. Газ тәрiздi және сұйық отындарда жұмыс iстейтiн пештерде авариялық жағдайларда отын жеткiзудi автоматты түрде тоқтататын:      1) пештiң оттығына сұйық отын және жандыруға арналған құрылғыларға ауа жеткiзудi тоқтату (сұйық отында жұмыс iстейтiн пештер үшiн);      2) жылыту жүйесiнде жылытатын газдардың шектеулi температурасынан асуы;      3) конвейердi тоқтату құрылғылары қарастырылады.      1096. Пештер авариялық жағдайларда пiсiрiлген өнiмдердi шығаруға арналған резервтi механизмi бар қол жетегiмен қамтамасыз етiлуi қажет.      1097. Пеш толық жүктелмегенде қатты қызып кетуiне жол бермей, температуралық режимiн қатаң байқап тұру керек, барлық өнiм шығарылғанша пештi байқаусыз қалдыруға жол берiлмейдi.      1098. Қауiпсiздiк ережелерiн сақтағанда түсiп қалған қамыр дайындамаларын немесе дайын өнiмдердi пештен дереу алып тасталуы тиiс.      Ауысым сайын пеш конвейерiн (бесiкшелерiн) қоқымдардан тазартып тұру керек.      1099. Нан пiсiру формалары мен табақтары қызудан механикалық жолмен тазартылуы тиiс, ал содан кейiн нан пiсiру өнеркәсiбiнiң санитарлық ережелерiне сәйкес шайылуы тиiс.      Тазарту машинасының шаң бөлшектерiн жинауға арналған құрылғысы болуы тиiс.      Майлау құрылғысының тоң майдың шашырауын болдырмайтын құрылғысы болуы тиiс.      Металл формалары мен табақтарын күйдiруге (босаңдату) тек арнайы сол үшiн арналған пештерде ғана жол берiледi. Өндiрiстiк пештерде формаларды босаңдатуға (күйдiруге) жол берiлмейдi.

6-тарау. Технологиялық үдерiстердi ұстау тәртiбi

      1100. Жабдық өндiрiлiмi мен мақсаты бойынша технологиялық сызбаның талаптарына сәйкес қолданылады.      1101. Цехтiң iшiндегi пневматикалық көлiктен шлюз бекiтпелерiнiң немесе жүк түсiргiштерiнiң бекiтпе топтарының шеткi бiлiкшелерiнде жылдамдықты бақылау релесi орнатылуы тиiс (бұл талап өндiрiлiмi жоғары жабдық жиынтығының шлюз бекiтпелерiне қолданылмайды).      1102. Дәндi емес өнiмдердi (шрот, күнжара, түйiршiктелген шөп ұнын) астықты элеваторлардың сүрлемдерi мен бункерлерiнде қабылдауға және сақтауға жол берiлмейдi.      1103. Дәндi жүгерiнi тек ғимараттан тыс орнатылған шахта түзу ағынды кептiргiштерде ғана кептiру керек.      1104. Жүгерi дәнiн сақтағанда оның ең аз алмасып тұруын қарастыру керек.      1105. Күрiш, тары, қарақұмық қабықтары жарма зауыты жұмысының 1-2 тәулiкке сыйымдылығы бар бункерлiк типтi қоймаларда сақталуы тиiс.       Қабықтарды ашық алаңдарда, төбе астында сақтауға жол берiлмейдi.      1106. Кәсiпорынға келiп түскен шрот партияларынан белгiленген ережелерi бойынша зертхана үлгi түрлерiн iрiктеу жүргiзедi және iрiктелiп, қалдық бензиндi бақылау жүргiзiледi.      Бензин иiсi бар шроттарды тиеуге жол берiлмейдi.      1107. Дән, күнжара және шроттарды сақтау жүзеге асырылатын барлық сүрлемдер мiндеттi түрде температурасын қашықтықтан бақылау қондырғыларымен (тұрақты термометр жүйелерiмен) жабдықталады.      1108. Күнжара мен шроттарды сақтау температурасын тәулiк сайын анықталады.      1109. Сақтауға салғанда күнжара мен шроттардың температурасы сыртқы ауа температурасынан 50C аса аспайтындай етiп қарастырылады.      1110. Сақтауға қабылданатын және сақталудағы шроттардың ылғалдығы құрама жем кәсiпорындарында күнжара мен шроттарды сақтау жөнiндегi уақытша нұсқаулығымен белгiленген шектерде орындалады.      1111. Температурасы мен ылғалдығы аса жоғары күнжара мен шроттарды ең алдымен, ал басқа жағдайларда күнжара мен шроттарды өңдеу кезектiгiн кәсiпорынға келiп түсуiне байланысты өңделедi.      1112. Өз бетiмен тұтануға икемдi күнжара, шрот және басқа да ұнтақты шикiзатты олар тұрған ыдыстардан бос ыдыстарға үнемi ауыстырып тұру керек. Аталған ауыстыруларды шикiзатты бункерлер мен сүрлемдерде үздiксiз сақтаудың рұқсат етiлген мерзiмдерi негiзiнде зауыттың бас технологымен немесе

Page 74: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

технологиялық зертхананың меңгерушiсi әзiрлеген жоспар-кестелер бойынша жүзеге асырылады.      1113. Үйменiң астында сақталудағы, түйiршiктелген шөп немесе азықтық ұнның өздiгiнен тұтану белгiлерiмен байланысты температураның көтерiлуi анықталған жағдайда бұл партияны тексерiсiн күн сайын жүргiзедi. Ұнның бұл партиясын бiрiншi өткiзедi.      1114. Өндiрiстiң қалдықтарын тасымалдау үшiн үй-жайға шаң шығуды болдырмайтын бағытсыз, механикалық көлiк пен пневмокөлiк (норийлер, шынжырлы транспортерлер, жабық қаптамалардағы ленталы және роликтерi жоқ конвейерлер) қолданылады.      1115. Жатып қалған өнiмдi шығаруды қамтамасыз ету үшiн және оны сақтау үшiн силостардың (бункерлердiң) арнайы конструкциялық шешiмдерiн және оны шығаруды жеңiлдететiн жүк түсiретiн механизмдердi қолдану керек.      1116. В1-В4 санатындағы өрт қауiптi үй-жайларда өндiрiс қалдықтарын ыдысқа шығаруды орналастыруға жол берiлмейдi.

7-тарау. Дәндi дақылдарды жинау және азық дайындау тәртiбi

      1117. Астық жинау кезеңi басталмас бұрын, оған қатыстырылған барлық тұлғаларға өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет, ал жинау агрегаттары мен автомобильдерiн алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (комбайндардың барлық типтерi – екi өрт сөндiргiштермен, екi iстiк күрекпен және екi сыпырғышпен, тракторлар – бiр өрт сөндiргiшпен, бiр iстiк күрекпен), дұрыс ұшқыш өшiргiштерiмен жабдықтау және қоректендiру, оталдыру және майлау жүйелерi реттеледi.      1118. Масақты егiстер пiсер алдында олардың орман және шымтезек алқаптарына, дала жолағына, автомобиль және темiр жолдарына iргелес жерлерiнде енi кемiнде 4 метр жолақ шабылады және жыртылады.      1119. Дәндi дақылдарды жинауды астықты алқаптарды алаңы 50 гектардан кем емес учаскелерге бөлуден бастау қажет. Учаскелер арасына кендiгi 8 метрден кем емес шалғы жолы жасалады. Шалғы жолынан шабылған астық дереу жиналады. Шалғы жол ортасында енi кемiнде 4 метр жер жыртылады.      1120. Уақытша қыр орындарын астықты алқаптар мен токтардан 100 метр жақын емес жерге орналастырылады. Қыр орындарының, жем тогы алаңшаларының енi кемiнде 4 метр жолақпен жыртылады.      1121. Көлемi 25 гектардан астам жиналып жатқан астық алқаптарына тура жақын жерлерде өрт шыққан жағдайда өртенген зонаны жыртуға арналған соқасы бар трактор дайын болып тұру керек.      1122. Астық токтарын ғимараттар мен құрылыстарға 50 метр, ал астық алқаптарына – кемiнде 100 метр етiп орналастыру керек.      1123. Қыр жағдайларында сақтау және мұнай өнiмдерiн құю кеуiп қалған шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған және енi 4 метр кем емес жолағы жыртылған, немесе токтардан, мая шөп пен сабандардан, астық алқаптарын 100 метр қашықтықта және құрылыстардан 50 метр кем емес қашықтықта жыртылған жерде арнайы бөлiнген аудандарда жүзеге асырылады.      1124. Дән дақылдарын жинау және азық дайындау кезеңде:      1) тракторлардың, қақпақтары жоқ немесе қақпақтары ашық автомобильдер мен өзi жүретiн шассилердiң жұмыс iстеуiне;      2) қозғалтқыштардың радиаторларындағы шаңды күйдiру үшiн дәнекерлейтiн лампаларды қолдануға;      3) далада түнгi уақытта автомашиналарға жанар-жағар май құюға жол берiлмейдi.      1125. Қозғалтқыштардың радиаторлары, битерлердiң, сабан толтырғыштардың, транспортерлер мен жинағыштардың бiлiктерi, шнектер мен басқа да тораптар және жинау машиналардың бөлшектерi шаңнан, сабаннан және дәндерден тазартылады.

8-тарау. Дәрумендi шөп ұнын дайындау және сақтау тәртiбi

      1126. Шөптi ұнды жасауға арналған агрегаттар төбенiң астына немесе үй-жайға орнатылады. Жанғыш материалдан жасалған төбелер мен үй-жайлар оттан қорғайтын құраммен өңделедi.      1127. Шөптi ұнды дайындау бекетiнен бастап құрылыстар мен жанар-жағармай

Page 75: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

материалдары бар цистерналарға дейiнгi өртке қарсы аралықтар кемiнде 50 метр, ал құнарсыз азықтар сақталын ашық қоймаларға дейiн – кемiнде 150 метр етiп орындалады.      1128. Жұмсалатын отын багын агрегат үй-жайынан тыс орнату керек. Отын құбырлары кемiнде екi вентилмен (бiреуi – агрегатта, екiншiсi – отын багында) жабдықталады.      1129. Агрегаттар мен үй-жайлардың (алаңшалардың) электр жабдығы мен электр өткiзгiшiн орнатылған жерлерiнде электр құрылғыларын орнату ережелерi бойынша II – IIа классты өрт қауiптi аймақтарға арналғандай етiп орындалады.      1130. Кептiру барабанында өнiмнiң жануы анықталғанда, мөлшерi кемiнде 150 килограмм өртке дейiн дайындалған өнiмдi және өрт жойылғаннан кейiн, мөлшерi 20 килограммнан кем емес бiрiншi алынған өнiмдi жалпы қоймаға толтырмай, бөлек қауiпсiз жерге орналастыру және 48 сағаттан кем емес байқалады.      1131. Дайындалған және қаптарға толтырылған ұнды оның температурасын төмендету үшiн жабын астында кемiнде 48 сағат ұсталады.      1132. Ұнды бөлек тұрған қоймада немесе өртке қарсы қабырғалар мен жабындыларымен бөлiнген бөлiкте және берiк желдеткiшi бар, басқа заттар мен материалдардан бөлек сақтау керек.      1133. Қоймаға ылғал түсiруге жол берiлмейдi. Ұнды үйiп сақтауға болмайды.      1134. Ұны бар қаптар бiр қатарға екi қаптан биiктiгi 2 метр аспайтын қатарларға жиналады. Қатарлар арасындағы өту жолдарының кеңдiгi кемiнде 1 метр, ал қабырғалар бойында – кемiнде 0,8 метр етiп орындалады.      1135. Сақталып жатқан ұнның өз бетiнше тұтануын болдырмау үшiн мерзiм сайын оның температурасы бақыланады.

9-тарау. Зығырды, сораны және өзге де техникалық дақылдарды алғашқы өңдеуi тәртiбi

      1136. Зығыр, сора және басқа техникалық дақылдар (бұдан әрi – зығыр) машина бөлiмшесiнен оқшауланады.      1137. Iштен жану қозғалтқышының шығару құбырларын ұшқын өшiргiштермен жабдықтау керек. Құбырдың шығу жерiнде жанғыш құрылғылар арқылы өртке қарсы аралық орнатылады.      1138. Зығыр шикiзаты (сабандар, трестер) маяларда, шохаларда (жабын астынан), жабық қоймаларда сақталады, ал талшықтар мен қалдық талшықтар – тек жабық қоймаларда сақталады.      1139. Техникалық дақылдарды алғашқы өңдегенде:      1) фермалар, жөндеу шеберханалар, гараж аумағында зығырды сақтауға және жармалауға жол берiлмейдi.      2) автомашиналарға, тракторларға өндiрiстiк үй-жайларына, дайын өнiмдер мен шоха қоймаларына кiруге жол берiлмейдi. Автомашиналардың кемiнде 5 метр, ал тракторлардың көрсетiлген ғимараттардан, маялардан және шохалардан кемiнде 10 метр қашықтықта тоқтаулары қарастырылады.      3) илеу-ұйпалақтау цехiнде пешпен жылыту жүйесiн орнатуға жол берiлмейдi.      1140. Зығыр өңдеу бекетiнiң аумағына кiретiн автомобильдердi, тракторларды және басқа да өзi жүретiн машиналарды дұрыс ұшқын өшiргiштерiмен жабдықталады.      1141. Маяларға (шохаларға) жақындағанда көлiк құралдары қозғалтқыштың шығу жүйелерiнен пайдаланылған газдардың шығу бағытына қарама қарсы жағымен қарап тұрады.      1142. Зығыр өңдеу бекетiнiң аумағында темекi шегуге арналған орындар өндiрiстiк ғимараттар мен дайын өнiмдi жинап қою орындарынан 30 метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.      1143. Зығырды алғашқы өңдеу ғимараттарының төбелерi өртенбейтiн етiп қарастырылады.      1144. Тресталарды табиғи түрде кептiру арнайы бөлiнген учаскелерде жүргiзiледi.      Трестаны жасанды түрде кептiрудi тек арнайы кептiргiштерде, ригаларда (дегдiтпелерде) ғана жүргiзiледi.      1145. Өндiрiстiк ғимараттарда орналастырылған кептiргiштер басқа үй-жайлардан 1-типтiк өртке қарсы бөгеттермен бөлiнедi.      Кептiргiштер мен кептiргiш камералардың бөлек тұрған ғимараттарының жанғыш конструкцияларын екi жағынан сыланады.      1146. Тресталарды кептiруге тұрақты кептiргiштердi тек мынадай:

Page 76: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1) пеш оттығы мен циклонның күмбездерi және iшкi беттерi күйдiрiлген кiрпiштен орындалған, ал сыртқы жағынан пеш сыланып, iзбеспен ағартылғанда;      2) ауа арналары сыртқы жағынан 50 миллиметр қабатымен өртенбейтiн жылылықты өткiзбейтiн материалмен қорғалған, ал қосылған жерлерiнде асбест төсемдерi орнатылған;      3) желдеткiштiң сыртына жылылық тасығыштың температурасын бақылау металлды термометр арқылы жүзеге асырылады;      4) жер астындағы таратқыш каналының басында ұшқын өшiргiш орнатылған;      5) каналдың қабырғалары кiрпiштен орындалған, үстiнен темiр бетонды плиталармен және басқа да өртенбейтiн құрылғылармен жабылған;      6) түтiн құбыры өтетiн жерде шатырдың торлауы арқылы кемiнде 50 сантиметр көлемдi өңдеу орнатылған жағдайларда ғана қолдануға болады.      1147. Трестаны кептiруге арналған ригаларда орнатылатын пештердiң құрылымы үй-жайдың iшiне ұшқын түсу ықтималын болдырмайтындай орындалады.      Ригалар мен кептiргiштерде пештердiң үстiне зығырды төсеу үшiн жел тартқыш орнатуға рұқсат берiлмейдi. Пештен жанғыш құрылғыларға дейiнгi қашықтық 1 метрден кем емес болуы тиiс. Пеш жағынан жел тартқыштардың биiктiгi жабындыға дейiн қоршауы болады.      1148. Кептiргiштер мен ригаларда мынадай талаптарды сақтау керек:       1) трестаны кептiргенде жылу тасығыштың температурасы 80 0С аспауы, ал бастиектерiн кептiргенде - 500C аспауы тиiс;      2) пештiң оттығында отынның толық жануы қамтамасыз етiлуi тиiс, ал түтiн газдарында ұшқындар және отынның жанып кетпеген бөлшектерi болмауы тиiс;      3) желдеткiштi от жағуды бастағаннан кейiн бiр сағаттан бұрын қосуға болмайды. Кептiргiш камераларында түтiн белгiлерi бар жылу тасығыштың болуына жол беруге болмайды;      4) кептiргiштiң бiр ауысымдық жұмысынан кейiн от жағу кеңiстiгiн, тұнба камераларын, ұшқын өшiргiш циклондардан және араластыру камераларын күлден тазарту қажет. Түтiн құбырларын кептiргiш жұмыс iстегеннен 10 күннен кейiн тазарту керек;      5) жаңа трестаны кептiруге жүктер алдында арнашықтар мен кептiргiш камераларды үнемi iшiне түскен тресталардан және әр түрлi қалдықтардан тазартуды керек. Треста және химиялық талшықтар қорын кептiргiш үй-жайында сақтауға жол берiлмейдi;      6) трестаны ригаға жүктегеннен кейiн түсiп қалған және жел тартқыштардан салбырап тұрған өсiмдiк сабақтарын жинап, пештi, қабырғаларды, едендi ұқыпты түрде трестадан тазарту керек. Трестаны кептiргiш ғимаратына тақап жинауға жол берiлмейдi.      1149. Илеу-ұйпалақтау агрегаты тұратын үй-жайдың желдеткiшi болуы тиiс, ал ұйпалақтау агрегатының әрқайсысында шатыр орнатылуы тиiс. Станоктарды барлық жағынан үй-жайда шанның таралуына жол бермейтiн алмалы салмалы және қайырмалы қалқандарымен жабу керек.      1150. Желдеткiш құбырлары желдеткiштердiң алдында және олардан кейiн орнатылатын ысырмалармен (шиберлермен) жабдықталады. Оларға еркiн өтетiн жол қамтамасыз етiлуi тиiс.      1151. Өндiрiстiк үй-жайдағы тресталар санының ауысымдық қажеттiлiктен артуына жол берiлмейдi. Оны машиналардан кемiнде 3 метр қатарлап жиналады.      Дайын өнiм үй-жайлардан қоймаға бiр ауысымда екi реттен кем емес жиналады.      1152. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейiн илеу-ұйпалақтау цехiн талшық, шан және тал жiптерден ұқыпты түрде жиналады. Станоктарды, қабырғаларды және цех жабындысының iшкi беттерiн торлау, ал талшық жинағыштар тазартылады.      1153. Темекi кептiргiштердегi сөрелер мен этажеркалар өртенбейтiн материалдардан қарастырылады. Қыздыру құбырларының үстiндегi отты кептiргiштерде, оларға темекi түсуден қорғайтын металлдан жасалған күнқағар орнатылады.      Темекi сарайлары мен кептiргiштердiң сыртқы жарық беру прожекторларының тiреуiштерi үй-жайлардан тыс орнатылады.

10-тарау. Өңделмеген мақтаны жинау, тасымалдау, кептiру, сақтау және алғашқы өңдеу тәртiбi

Page 77: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1154. Мақта жинау науқаны басталғанға дейiн оған қатысты барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуi керек, ал мақта жинау машиналары, тракторлар, мақта тасуға арналған автомобильдер алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (мақта жинау машиналары - екi өрт сөндiргiшпен, екi найза күрекпен өлшемi 2х2 метр бiр киiзбен, тракторлар мен автомобильдер - бiр өрт сөндiргiшпен, бiр найза күректен) жарақталып, жарамды ұшқын өшiргiштермен жабдықталуы және реттелген тамақтану, тұтандыру мен майлау жүйесi қарастырылады.      Гидро жүйеден май, отын және эмульсия аққан кезде, сондай-ақ ұшқын өшiргiштер болмаса, ауыл шаруашылығы машиналары мақта жинауға және тасымалдауға жiберiлмейдi.      1155. Өңделмеген мақта пiскен бұрын олардың ормандарға, далаларға, тоғай алқаптарына, автомобиль және темiржол жолдарына iргелес жерлердегi егiстiктер енi кемiнде 4 метр жолақтармен жыртылады және шабылады.      1156. Мақта жинау кезiнде:      1) мақта егiстiгiнде темекi шегуге және ашық отты пайдалануға;      2) бункерiне өңделмеген мақта толтырылған мақта жинайтын машинаны егiстiкте қалдыруға, отын құюға;      3) гидро жүйесi мен электр жабдығы ақаулы мақта жинайтын машиналарды пайдалануға;      4) мақта кептiруге арналған алаңдарда мақта жинайтын машиналардың тұруына жол берiлмейдi.      1157. Өңделмеген мақтаны ыдыссыз тасымалдау кезiнде брезентпен жабу қажет. Автомашина шанағының немесе тiркеменiң еденiнде саңылаулардың болуына жол берiлмейдi.      1158. Тракторлардың, автомобильдердiң, мақта жинайтын машиналардың тұрағы, оларды майлау және жанармаймен толтыру өңделмеген мақтаны табиғи кептiруге арналған алаңдардан кемiнде 50 метр қашықтықта жүргiзiледi.      1159. Өңделмеген мақтаны табиғи кептiруге арналған алаңдарды тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан, жөндеу шеберханаларынан кемiнде 150 метр, ал жоғары вольтты және төменгi вольтты электр беру желiлерiнен 1,5 тiрек биiктiгiнен кем болмауы керек.      1160. Өңделмеген мақтаны табиғи кептiруге арналған алаңдар сыртқы өрт сөндiру мақсаттары үшiн кемiнде 50 текше метр есептiк мөлшермен қамтамасыз етiлуi қажет.      1161. Өңделмеген мақтаны табиғи кептiруге арналған алаңдар асфальтталған немесе қалыңдығы кемiнде 5 сантиметр сазды топырақпен тегiстелген болуы керек. Мақтаны жолдың жүретiн бөлiгiнде кептiруге болмайды.      1162. Технологиялық жабдықтан тозаңның бөлiнуiне жол бермеудi қамтамасыз ететiн құрылғылар (герметизациялау тораптары, жергiлiктi сорғыштар) жарамды күйде болуы керек.      1163. Жабдық пен құрылыс құрылымдарына қонған мақта тозаңын, сондай-ақ жиналған өңделмеген мақтаны қонған тозаңнан қажеттiлiгiнше, бiрақ ауысымына кемiнде бiр рет тазалап тұру керек.      1164. Тастарды, металды және басқа да бөгде заттарды ұстап қалуды қамтамасыз ететiн құрылғыларды жарамды күйде ұстау қажет.      1165. Агрегаттарды олар авариялық тоқтағаннан кейiн тек ақаулықтарды жойғанда ғана iске қосуға болады.      1166. Таспалы транспортерлердiң иiндi бiлiктерi мен сына белдiктi бергiштер айналатын бөлшектерге мақтаның түсуiн болдырмайтын жарамды қаптамалармен жабылуы тиiс.      1167. Мақта жинайтын машиналардың бiлiктерiнiң жылжымалы құрамдары мен мойындарын мақта тозаңы мен талшықтарынан тазарту қажет. Тазалау мерзiмдiлiгi ауыл шаруашылығы кәсiпорнының басшысы бекiткен нұсқаумен белгiленедi.      1168. Элеваторларда сатылары бар тұрақты алаңдар болуы керек. Алаң төменнен жоғары қарай 0,1 метр тұтас жапсырмалы биiктiгi кемiнде 0,9 метр болатын сүйенiшпен қоршалады.      1169. Элеватор жетегiнде таспа үзiлген жағдайда жарамды автоматты қорғағышының ақаулығының болуына, сондай-ақ жұмыс органдарының элеватор қорабының қабырғасына тиiп тұруына жол берiлмейдi.      1170. Элеватордың қаптамасын мықты тиектерi мен тұтас периметрi бойынша жабынның тығыздығын (герметикалығын) қамтамасыз ететiн жеңiл ашылатын люктермен жабдықталады.

Page 78: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1171. Транспортерлер төменгi таспадан өңделмеген мақтаны шығаруға арналған жарамды арнайы қондырғымен жабдықталуы керек.      1172. Таспалы транспортерлердi (ауыстырып тиегiштердi) ауыстыру электр қорегi ажыратылған кезде жүзеге асырылады.      1173. Пневмокөлiк жүйесiне кiретiн аппараттар мен машиналардың жерге қосқышы жарамды күйде ұсталады. Өңделмеген мақтаны желдеткiш арқылы механикалық түрде қайта өңдеуге жол берiлмейдi.      1174. Топтағы бунттардың саны бiр бунтқа алаң мөлшерi 65х14 метр болғанда екеуден, алаң мөлшерi 25х14 метр болғанда төртеуден немесе бiр бунтқа алаң мөлшерi 25х11 метр болғанда алты бунттан артық болуына жол берiлмейдi. Бұл ретте бунттың биiктiгi 8 метрден аспауы қажет.      1175. Топтағы бунттар арасындағы өртке қарсы бөлiктер кемiнде 1,5 метр, бунттардың топтары арасында кемiнде 30 метр болуы керек.      1176. Бунттарды бөлшектеу кезiнде машиналарды, тетiктер мен автопоезд мақта тасығыштарды 30 метр аралықта орнатылады.      1177. Бунт бөлшектегiш қозғалған кезде ток өткiзу кабелiмен өтуге болмайды.      1178. Машиналар мен агрегаттарда болған ақауды қалпына келтiрудi тек оларды өшiрiп, бунттан кемiнде 5 метр қашықтықта алыстатылған кезде ғана жүзеге асырылады.      1179. Кескiш құралдардың ұштары ұшқынға қауiпсiз етiп жасалады.      1180. Кескiш құралдардың ұштарын жабық қойманың металл (бетон) құрылысына тигiзбес үшiн жебенiң төмен, жоғары түсiп тұруын шектейтiн қондырғылар орнатылады.      1181. Кептiру қондырғысын пайдалану кезiнде:      1) жылумен жабдықтау (жылу генераторлары) құралдарының жарамдылығы;      2) бақылау-өлшеу аспаптарының жылу өткiзу қондырғыларында қауiпсiздiк автоматикасының үздiксiз жұмыс iстеуi;      3) шнек тоқтаған кезде барабан жетегiн өшiрудi қамтамасыз ететiн барабан мен шнектiң электр қозғалтқышының жұмысының бұғаттау;      4) кептiру камерасы мен қоректендiргiш есiктерiнiң герметикалығы;      5) барабан мен шнек секциясын өңделмеген мақтадан жүйелi тазалау қамтамасыз етiледi.      1182. Өңделмеген мақтаны кептiру үшiн қолданылатын жылу өндiргiш қондырғылар жанбайтын құрылымдардан жасалған оқшау үй-жайларда орнатылады.      1183. Кептiретiн қондырғының жұмысы тұрақты бақыланады. Шығу жолындағы өңделмеген мақтаның температурасы 700С аспауы қажет. Кептiру барабанынан сарғайған өңделмеген мақта шыққанда, өңделмеген мақта мен жылу тасығышты дереу тоқтатып, тетiктердiң жұмысын тоқтату қажет, ал кептiру барабанынан келiп түсетiн мақта жанған жағдайда кептiргiштi дереу тоқтатып, бықсыған мақтаны сөндiрiп жою керек.      Кептiргiштiң жұмысын мұқият тексергеннен және мақтаның қызу немесе жану себебiн анықтағаннан кейiн ғана қайта келтiруге болады.      1184. Өңделмеген мақта тазалағышты орнынан аустырған кезде шыбықтар арасындағы саңылаулар ауысып кетпес үшiн және перфорир тордың үстi қоқыс қоспалармен толып қалмас үшiн жел тартқыш тордың жағдайы қадағаланады.      Жел тартқышты тазалау мен талшық тазалағыштардың тiреуiш камерасындағы кенжарды қалпына келтiрудi тек ағаш заттармен (таяқшамен) ғана орындалады.      1185. Мақта талшығын тек бумамен ғана сақтауға рұқсат етiледi. Барлық сынған бумаларды әр ауысым соңында (бумалап) қайта өңделедi.      1186. Мақта талшығы бумасын ашық алаңдарда қатарлап сақтау кезiнде мақтаның стандартты қатарының өлшемi: ұзындығы - 22 метрден, енi - 11 метрден, биiктiгi - 8 метрден аспайтын болуы тиiс.      Қатарлардың мөлшерi қысқарғанда көршiлес қатарлар арасындағы бөлiктер қарама-қарсы жатқан қатарлардың жартысынан кем болуына жол берiлмейдi, бiрақ ең жоғарғы қатардың екi есе биiктiгiнен кем болмауы тиiс.      1187. Ашық алаңдарда жиналған барлық мақта талшығының қатары брезентпен жабылады.      1188. Бума шатырының астында талшықты мақталар көлденеңiнен енi кемiнде 2 м қалдырылып бiрдей қашықтық арқылы, бiр өткелдiң алаңы еденнен - 300-ден - 600 м 2

; екi өткел - еденнен 1200 м 2 ; төрт өткел - 1800 м 2 көлемiнде жиналуы тиiс. Мақта талшығының биiктiгi мен шатырдың арасы 1 метрден кем болмауы тиiс.      1189. Жабық қоймаларда мақта талшығының бумасы енi кемiнде 2 метр бiр

Page 79: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

бойлық өту жолын және енi дәл сондай көлденең өту жолдарын әрбiр есiкке қарама-қарсы қалдыра отырып, тауар орындарында орналастырылады. Периметрi бойынша қабырға бойымен енi кемiнде 1 метр өту жолын қалдыру қажет.      Қойма үй-жайларының iшiнде қандай да бiр қалқалар мен шағын кеңселердi орналастыруға болмайды.      1190. Жабық қоймалардағы және бастырмалардың астындағы едендер, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлардың негiзi жанбайтын материалдардан жасалады.      1191. Автомашиналар мен тракторлар жабық қоймаларға, бастырмаларға және мақта талшығы қатарларына пайдаланылған газды шығару құбырлары мiндеттi түрде ұшқын өшiргiшпен жабдықталған жағдайда бәсеңдеткiштiң пайдаланылған газды шығару құбырына қарама-қарсы жағымен келуi тиiс.      Барлық жағдайда автомашиналардың, мотовоздардың, автодрезиндердiң, автокрандар мен мотоциклдердiң бастырмалар мен мақта талшығы қатарларына 3 метр жақын өтуiне рұқсат етiлмейдi.      1192. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерiнде 2400 тоннадан артық өңделмеген мақтаны сақтау кезiнде жоғары қысымды өртке қарсы су құбыры қарастырылады.      1193. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерiнде 2400 тоннаға дейiн өңделмеген мақтаны сақтау кезiнде өрт сөндiрудi жұмыстары су айдындарынан жүзеге асыруға болады.      1194. Мақта тазалайтын зауыттарда, мақта дайындаушы бекеттерде өрт сөндiру бөлiмшелерi күзететiн жақын маңдағы қаламен немесе аудан орталығымен телефон байланысы болуы қажет.

11-тарау. Ат қоралардың үй-жайларын ұстау және мал азығын сақтау тәртiбi

      1195. Ат қоралардың үй-жайларында кемiнде екi дербес қақпасы болуы қажет, олардың алдынан табалдырықтарды, сатыларды, қақпа асты саңылауын орнатуға жол берiлмейдi.      Жылқыларды шығаруға арналған үй-жайлардың барлық қақпалары мен есiктерiнiң тек сыртқа қарай ашылуы қарастырылады. Қақпаны тек жеңiл ашылатын тиектермен ғана жабуға рұқсат етiледi. Жылдың қысқы мезгiлiнде ат қоралардың қақпалары мен есiктерiнiң алды қардан жүйелi түрде тазалап отырады.      1196. Ат қоралардың үй-жайларында өрт болған жағдайда жылқыларды жылқы тұратын орындардан бiр мезгiлде босатып шығаруға мүмкiндiк беретiн құрылғылар қарастырылады.      1197. Ат қоралардың үй-жайлары тiзгiндермен, жүгендермен, жапқыштармен және жануарларды шығару мен байлау үшiн қажеттi басқа да құрал-саймандармен қамтамасыз етiледi.      1198. Жануарларға жем дайындауға арналған үй-жайлар ат қоралардың басқа үй-жайларынан отқа төзiмдiлiк шегi ЕI-45 кем емес, жанбайтын материалдардан жасалған құрылымдармен (қабырғалармен және далдалармен) бөлiнедi.      1199. Ат қораларда электр желiлерi оқшаулағыштарға, арқандарға, болат құбырларға немесе кабельдерге ашық төселедi. Тек тозаң-су өткiзбейтiн немесе ылғал өткiзбейтiн электр шамшырақтарын ғана пайдалануға жол берiледi.      Бөлу қалқандары, ажыратқыштар, сақтандырғыштар тамбурларда немесе ат қоралардың сыртқы қабырғаларында жанбайтын материалдардан жасалған шкафтарда орналастырылады.      1200. Ат қорада тәулiктiк жемшөп қоры бар жемшөп орнын, сондай-ақ төсемдердi сақтауға арналған үй-жайларды орнатуға болады.      Жемшөптiң негiзгi қорлары арнайы қойма үй-жайларында сақталады.      1201. Жемшөп үй-жайы, сондай-ақ төсемдердi сақтауға арналған үй-жай басқа үй-жайлардан өртке қарсы қалқалармен және жабындармен бөлiнедi және сыртқа дербес шығу жолымен қамтамасыз етiледi.      1202. Ат қоралардан жылқыларды ойдағыдай эвакуациялау үшiн өрт болған жағдайда жануарларды эвакуациялаудың жоспары жасалады.      1203. Ат қораларда электр желiлерiн пайдалану кезiнде:      1) электр желiлерiн жануарлар тұратын орындардың үстiнен орналастыруға;      2) электр желiлерiнiң астынан шөп, сабан жинауға;      3) электр желiлерi мен кабельдерiн ат қоралардың бөлмелерi арқылы транзитпен төсеуге;      4) қуаты осы шамшырақ түрi үшiн шектi рұқсат етiлгеннен артық болатын лампаларды пайдалануға;

Page 80: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      5) шамшырақтарды тiкелей желiлерге iлуге жол берiлмейдi.      1204. Ат қоралардың үй-жайларында:      1) шеберханалар, қоймалар, автокөлiк тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес қандай да бiр жұмыс жүргiзуге;      2) осы үй-жайларға iштен жану қозғалтқыштары бар, пайдаланылған газ шығатын құбырлары ұшқын өшiргiштермен жабдықталмаған көлiк құралдарының өтуiне;      3) қақпаларда олардың автоматты түрде ашылуы үшiн серiппелер мен блоктар орнатуға;      4) үй-жайларды жарықтандыру үшiн керосин лампаларын, шырақтарды және ақаулы электр фонарларын қолдануға;      5) уақытша пештердi орнатуға;      6) тамбурлар мен өту жолдарында, ат қора шатырларында шөп, жемшөп, төсем сақтауға;      7) темекi шегуге және ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi.

9-бөлiм. Көлiк объектiлерiн ұстау тәртiбi

10-тарау. Автомобиль көлiгi объектiлерiн ұстау тәртiбi

1-параграф. Гараждар мен ашық тұрақтарды ұстау тәртiбi

      1205. Жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларын басқа үй-жайлардан 2-типтi өртке қарсы қабырғалармен және 3-типтi жабындармен бөлiнедi.      1206. Сақтау үй-жайлары мен өндiрiстiк және басқа да кәсiпорындар мен ұйымдарға қызмет көрсететiн жылжымалы құрамының ағымдағы жөндеуi мен техникалық қызмет көрсету посттарының өндiрiстiк қойма үй-жайларын аталған үй-жайларды ғимараттың басқа бөлiктерiнен 2-типтi бiтеу өртке қарсы қабырғалармен және 3-типтi жабындармен бөлiнген жағдайда В1-В4, Г және Д санатты ұйымдар мен осы кәсiпорындардың отқа төзiмдiлiгi II-дәрежелi өндiрiстiк ғимараттарда орналастыруға жол берiледi.      1207. Сұйылтылған көмiрсутектi газ бен қысымды табиғи газда жұмыс iстейтiн қозғалтқыштары бар автомобильдерден басқа жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларын жалпы бiлiм беру мектептерiн, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн және стационарлары бар емдеу мекемелерiн қоспағанда, қоғамдық ғимараттардың жанында салынған құрылыстарда орналастыруға жол берiледi.      1208. Жанында салынған және қоса салынған жылжымалы құрамды сақтау үй-жайлары арқылы инженерлiк коммуникациялары (су құбыры мен электрмен қамтамасыз етудi қоспағанда) транзиттi төселген жағдайда олар, отқа төзiмдiлiк шегi ЕI-150 бiтеу құрылыс конструкцияларына бекiтiледi.      1209. Құрылған және құрылып жатқан жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларының қақпасы ойығының отқа төзiмдiлiгi ЕI-45, енi кемiнде 1 метр болатын көлемдегi күнқағарлар қарастырылуы тиiс, күнқағар шетiнен бастап қоғамдық ғимарат терезелерi ойығының шетiне дейiнгi арақашықтық 4 метр, құрылған және құрылып жатқан жылжымалы құрамды сақтау ғимаратының үстiңгi терезесiнен бастап қоғамдық ғимаратының астыңғы терезелерi ойығының шетiне дейiнгi арақашықтық 4 метрден кем болмауы тиiс.      1210. Сыртқы қақпалар эвакуациялық шығу жолдары ретiнде:      1) босағасы жоқ немесе биiктiгi 0,1 метрден аспайтын босағасы бар қақпалар болғанда кез келген үлгiдегi қақпаларды орналастырған жағдайда пайдаланылуы мүмкiн;      2) қақпалар сақтау, техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу бекеттерiнiң (қақпа саны бiр бiрлiктен көп болғанда) үй-жайларында орналасқан жағдайда пайдаланылуы мүмкiн.      1211. Майлауға арналған материалдарды сақтау үй-жайларында таза және пайдаланылған майларға арналған ыдыстар және оларды тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтар үй-жайдың сыртқы қабырғасында орналастырылуы және тiкелей сыртқа шығатын есiгi болуы тиiс.      Жылжымалы құрамның техникалық қызмет көрсету және техникалық жөндеу бекеттерiнiң үй-жайларында егер көлемi 5 текше метрден аспаса таза және пайдаланылған майларды сақтауға, сондай-ақ майлау материалдарын тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтарды орнатуға рұқсат етiледi.

Page 81: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1212. Көлiк құралдарының барынша төмен өту енi:      1) 6,5 метр сақтау орындарының қабырғалары мен дарбазаларына перпендикулярлы орналасқан кезде – енi 2,3 метр;      2) 5,5 метр сақтау орындары үшiн дәл солай – енi 3,5 метр;      3) 600 бұрышында автомобильдердi орналастырған кезде дәл солай – 4,5 метр;      4) 450 бұрышында автомобильдердi орналастырған кезде – 3,0 метр қабылданады.      1213. 10 және одан астам техникалық қызмет көрсету мен ағымдық жөндеу бекеттерi немесе 50 және одан астам автомобильдер қарастырылған кәсiпорын аумағының қоршауында кемiнде екi кiру (шығу) жолы болуы тиiс. Бекеттерi немесе автомобильдердi сақтау орындарының саны аз кәсiпорындар үшiн аумақта бiр кiру жолын орнатуға болады. Қоршаудағы қақпалардың ойығы 4,5х4,5 метрден кем емес етiп орындалады.      1214. 10 және одан астам техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу бекеттерi немесе 25 астам автомобильдердi сақтау қарастырылатын автомобильдерге қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда кемiнде екi қақпа болуы қажет.      1215. 25 бiрлiктен астам мөлшерде көлiк сақтау үй-жайлары үшiн өрт болған жағдайда көлiк құралдарын эвакуациялау ретi мен тәртiбi көрсетiлген оларды орналастыру жоспары болады.      1216. Жер астындағы гараж тұрақтарда машина орындары бөлiп қою үшiн өртенбейтiн материалдардан жасалған тор көздi қоршаулар қолдануға жол берiледi.      1217. Гараждардың төбелерiн орнатып жөндеген кезде мемлекетаралық стандарт бойынша 1-РП төмен емес қабат бойымен оттың таралу топты жылытқыш пен гидро оқшаулағыш материалдар қолданылады.      1218. Ашық тұрақ аумақтарында көлiк құралдарының шағын жөндеуi мен ағымды техникалық қызмет көрсету бетi қатты алаңшаларда жүзеге асырылады.      1219. Көлiк құралдарының шағын жөндеуi мен ағымды қызмет көрсетуiн жүзеге асыруға арналған әрбiр алаңшада «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң 17-қосымшасына сәйкес өртке қарсы құрал-сайман жиынтығы бар өрт сөндiру қалқаны орнатылуы тиiс.      1220. Көлiк құралдарын ашық сақтау гараждарының үй-жайлары мен алаңшаларын өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар болған кезде көшiруге кедергi жасауы мүмкiн заттар мен жабдықтармен ыбырсытуға жол берiлмейдi.      1221. Көлiк құралдарын ашық сақтау гараждарының үй-жайлары мен алаңшалары таза ұсталады. Төгiлген жанар-жағармай материалдарына құм сеуiп, дереу жиналады.      1222. Көп пәтерлi тұрғын ғимараттарға, қоғамдық ғимараттарға қоса салынған гараж тұрақтарының үй-жайларында көлiктiк құралдарға құрастырылған бактардағы отынды қоспағанда, жанар жағармайды сақтауға жол берiлмейдi. Кейбiр гараждарда бензин және дизельдi отын – 20 килограмм, майлар – 5 килограмнан аспайтын жанаржағар майдың қосымша мөлшерiн сақтауға жол берiледi. Бензин, дизельдi отын және майлардың аталған көлемiн тек металдан жасалған тығыз жабылатын ыдыста ғана сақтауға жол берiледi.      1223. Гараждар мен ашық тұрақтарды олардың тура мақсаттарынан тыс (жанғыш материалдарды, газ баллондарын жинау, жөндеу шеберханаларын, сырлау камералары және т.б.) қолдануға жол бер.      1224. Автомобильдердi сақтау үй-жайларын жылыту құйылу желдеткiшi бар сулы немесе ауалы болып көзделуi тиiс. Күзет үй-жайларында иректелусiз бетi тегiс зауыттан шыққан жергiлiктi жылыту құралдарын пайдалануға жол берiледi. Бұл ретте бетiнiң температурасы 100ғC асуы мүмкiн жылыту құралдары жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қоршалады.      1225. Үй-жайларда, шатыр астында және ашық алаңшаларда көлiк сақтауға:      1) норма сақталмаған көлемде көлiк құралдарын орнатуға, оларды орналастыру жоспарын бұзуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты төмендетуге; олардың және ғимараттардың (құрылыстардың) арасындағы қашықтықты азайтуға;      2) шығу қақпалары мен өту жолдарын ыбырсытуға; ұста, термиялық, дәнекерлеу, сырлау және ағашпен өңдеу жұмыстарын жүргiзуге, сондай-ақ тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданып бөлшектердi шаюға;      3) көлiк құралдарын отын бактарынан, отын өткiзгiштерi мен карбюраторлардан ағу болғанда, сондай-ақ электр жабдығы бұзылған жағдайда отын бактарының қылталарын ашық қалдыруға;      4) көлiк құралдарына жанар-жағар майларын құюға, сондай-ақ оларды канализацияға немесе жақын аумаққа төгуге. Iстен шыққан жанар-жағар май

Page 82: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

материалдарын, сүзгiлердi, ескi-құсқы нәрселер және басқа да материалдар жинауды жанбайтын материалдардан жасалған, жабылатын қақпақтармен жабдықталған сыйымдылықтарға қарастыру керек;      5) аккумуляторларды тура көлiк құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда оталдыруға;      6) қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (алау, шамшырақтар, дәнекерлеу шамдары), жарықтандыру үшiн ашық от көздерiн пайдалануға;      7) жалпы тұрақтарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш газдарды тасымалдау үшiн көлiк құралдарын пайдалануға;      8) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың сыйымдылықтарын сақтауға;      9) көлiк құралдарын сырлауға, бөлшектерiн тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жууға;      10) қозғалтқыштарын жылытуға, ашық отты қолданып, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге (шамшырақтар, дәнекерлеу шамдары және басқа да от көздерi), сондай-ақ жөндеу және басқа да жұмыстар жүргiзген кезде жарықтандыру үшiн ашық отты көздерiн пайдалануға жол берiлмейдi.      1226. Газ тәрiздi отында жұмыс iстейтiн көлiк құралдарын пайдалану кезiнде:      1) газды қоректену жүйесi техникалық бұзылған (герметикалық емес) көлiк құралдарын жабық үй-жайға тұраққа қоюға жол берiлмейдi;      2) көлiк құралын түнгi немесе ұзақ тұраққа қойған кезде шығын вентильдерiн жабу, магистралды газ құбырындағы барлық газды iстен шығару қажет, одан кейiн iске қосуды өшiрiп, магистралды вентильдi жауып, аккумуляторда «масса» ажыратылады;      3) жабық үй-жайда көлiк құралының «өзiндiк жүру» қозғалысын тек сұйық отында жүзеге асырылады (бензин, дизельдi отын);      4) көлiк құралдарын сақтауға арналған үй-жайларда сұйылтылған көмiрсутектi газ өшiктiрудi (КГӨ) жүзеге асыруға жол берiлмейдi;      5) үй-жайларды олардың iшiнен көлiк құралдары шыққаннан кейiн мұқият желдетiледi;      6) қыстың күнi көлiк құралдарын гараждан тыс сақтаған кезде және температура төмен болған жағдайда қозғалтқышты алдын ала жылыту және газ коммуникацияларында мұздың пайда болуын жою ыстық сумен, бумен немесе ыстық ауамен жүргiзiледi;      7) қысымды бақылаумен, газды өндiрумен, қозғалтқышты жылытумен, карбюратор қоспалауыштарға әр түрлi отын түрлерiне ауыстырып қосу және газ жеткiзумен байланысты жүйелер дұрыс жағдайда ұсталады. КГӨ бар баллондардағы сақтандырғыш клапандары, сондай-ақ отын жеткiзiлуiн бұғаттауды қамтамасыз ететiн электрлiк магниттi клапандар дұрыс жағдайда пайдаланылады. Баллондарды куәландыру екi жылда бiр реттен кем емес жүргiзiледi.      8) КГӨ жабық гараж тұрақтарда және басқа да iшiндегi температурасы 250C асатын, жылытуы бар үй-жайларда қолдану және сақтау;      9) қозғалтқышты iске қосуды тек отынның бiр түрiнде – газ немесе бензинде ғана жүзеге асыруға жол берiледi.      1227. Жанар-жағармай материалдарын таситын автомобильдердi 600 текше метрден аспайтын аталған материалдарды тасымалдауға арналған жалпы сыйымдылықты топтарға бөлiп қарастыру қажет, бiрақ 50 автомобильден көп болмауы керек. Жанар-жағармай материалдарын тасуға арналған автокөлiктердiң, сондай-ақ басқа автокөлiктердi сақтауға арналған алаң арасындағы қашықтық 12 м кем болмауы тиiс.      1228. 10 автомобильге дейiн және жалпы сыйымдылығы 30 текше метрге дейiн автоцистерналардың жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларында негiзгi қондырғылар тоқтап тұрған кезде автоматты түрде iске қосылатын үш қайтара ауа алмастыру көлемiнде жарылыстан қорғағыш механикалық ауа сорғыш желдеткiшiнiң қондырғысын орнату қажет.      1229. Бояу және аккумуляторлық бөлiмшелердi (учаскелердi) орналастыруға арналған үй-жайлардың сорғыш желдеткiш жүйесiн бiр-бiрiмен және басқа үй-жайлардың сорғыш желдеткiш жүйесiмен бiрiктiруге болмайды.      1230. Газ баллон автомобильдерiн жер асты гараж тұрақтарында сақтауға болмайды.      1231. Көлiк құралдарын (жеке көлiк түрлерiнен басқа) сақтайтын ашық алаңдар мен тұрақтарға арналған ғимараттар әрбiр 10 көлiкке бiреуден келетiн сүйреткiш

Page 83: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

арқандармен (штангалармен) жабдықталады.      1232. Жеке қолданыстағы гараждарда бұрын көрсетiлген талаптарға қосымша жиһаздарды, жанғыш материалдардан жасалған үй тұрмысындағы заттарды, сондай-ақ 20 литрден астам жанармай мен 5 литрден астам май қорларын сақтауға жол берiлмейдi.      1233. Автомобильдердi жөндеуге арналған үй-жайларда (газ автомобильдерiнде баллондар газбен толтырулы болғанда) жанармай толтырылған багы бар автомобильдерге және май толтырылған картерлерге (№1 ТҚК бойынша жұмыстардан басқа) жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жол берiлмейдi.      Жұмыс аяқталғаннан кейiн үй-жай мен байқау шұңқырларын май сiңген, сүртiлген материалдардан тазартылады.

2-параграф. Аккумулятор станцияларын ұстау тәртiбi

      1234. Аккумулятор станциялары (шеберханалар) отқа төзiмдiлiгi II дәрежеден төмен емес үй-жайларда орналастырылады.      Аккумулятор станцияларының есiктерiнде «Аккумулятор бөлмесi», «От қауiптi!», «Отпен кiруге болмайды!», «Темекi шегуге жол берiлмейдi!» деген жазулар iлiнедi.      Аккумулятор станциялары үй-жайларының едендерi қышқылға төзiмдi (сiлтiге төзiмдi), ал қабырғалары, төбелерi, есiктерi, терезе ағаштары, желдеткiш қораптары мен басқа да жабдықтар қышқылға төзiмдi (сiлтiге төзiмдi) бояулармен сырланады. Терезелерi әйнекпен немесе күңгiрт әйнекпен әйнектеледi. Ыстық климатты аудандарда терезелерге көлеңкелi күнқағарлар орнатылады.      1235. Қышқылды және сiлтiлi аккумуляторларды жөндеу, сақтау және зарядтау әр түрлi үй-жайларда жүргiзiледi.      Жөндеу, зарядтау, генераторлық және электролиттi учаскелер жекешеленген қабырғалары жанбайтын үй-жайларда орналасады. Атқарылатын жұмыс көлемi шағын болса (бiр уақытта 10 аккумуляторға дейiн), аккумуляторларды зарядтау мен жөндеудi бiр үй-жайда арнайы зарядтау шкафында жүргiзуге рұқсат етiледi.      Мұндай жағдайда зарядтау қалқаны зарядтау шкафына қарама-қарсы орнатылады. Мұндай үй-жайларда батареяларды зарядтау үдерiсiнде ашық отты пайдалануға болмайды.      1236. Аккумулятор станцияларының электр жабдықтары мен шырақтары (оның iшiнде тасымалдаушы) жарықтан қорғағыш күйде ұсталады. Қосқыштар, штепсельдi розеткалар, тежегiштер аккумуляторлық станциялары үй-жайларының сыртында орналастырылады. Аккумуляторларға жарықтандыру сымдарын жалғау қышқылға төзiмдi (сiлтiге төзiмдi) қабықты сыммен орындалады.      1237. Аккумулятор станцияларының үй-жайлары қышқылдық және сiлтiлiк аккумуляторлы учаскелерге арналған жеке тармақтық-сорғыш желдеткiшпен жабдықталады. Желдеткiштiң электр қозғалтқышын үй-жайдың сыртында орналастырылады. Зарядтау үй-жайы мен шкафының желдеткiш жүйесi аккумуляторлық станциялардың басқа үй-жайлардан оқшауланады.      Желдеткiштiк арналары мен түтiн жолдарын жалпы желдеткiш жүйесiне шығаруға болмайды. Зарядтау үй-жайының (шкафының) желдеткiш жүйесi желдеткiш жұмысы тоқтаған жағдайда соңғысын сөндiру мақсатында зарядтау тогын беру қондырғысымен автоматты түрде қоршалған болуы тиiс.      1238. Аккумулятор станцияларына орталық сумен немесе калорифермен жылу берiлуi тиiс. Орталық жылу беру құбырлары зарядтау үй-жайларының көлемiнде дәнекерлеу арқылы жалғанған және тегiс болуы тиiс. От жағу тесiктерi, тазалау есiктерi, ысырмалар және келтеқұбырлар үй-жайдың сыртында орналасқан болса, пешпен жылыту жүйесiн орнатуға болады. Аккумулятор станцияларында электр пештерiн орнатуға жол берiлмейдi.      1239. Аккумулятор батареяларын зарядтау үдерiсiнде:      1) ұшқын болмас үшiн сымдардың батарея клеммасына берiк жалғануын тексерiледi;      2) батарея банкаларындағы тығындар ашық күйде ұсталады;      3) зарядтау тогын қосу мен зарядталған аккумуляторларды сақтауға тек ағынды сорғыш желдеткiш жұмыс iстеп тұрғанда рұқсат берiледi;      4) өткiзгiштi жеке аккумуляторлардан зарядтау тогы өшiрулi тұрғанда ажыратылады;      5) зақымдалған өткiзгiштердi тез арада жаңасымен ауыстыру қажеттiгiнiң талаптары сақталады.

Page 84: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1240. Аккумулятор станцияларының зарядтау үй-жайларында дәнекерлеу жұмыстарын немесе дәнекерлеу шамын қолданатын жұмыстар батарея зарядталып бiткеннен кейiн екi сағаттан соң және үй-жай мұқият желдетiлгеннен кейiн жүргiзiледi. Дәнекерлеу орнын үй-жайдың технологиялық жабдығынан отқа төзiмдi қалқандармен қоршалады.      1241. Аккумулятор станцияларының үй-жайларында:      1) темекi шегуге, от жағуға, электр қыздырғыш аспаптарын пайдалануға;      2) бiр ауысымдық қажеттiлiктен артық қышқылды, сiлтiнi немесе электролиттi сақтауға;      3) жұмыс орнында арнайы киiмдi және басқа да бөгде заттарды қалдыруға жол берiлмейдi.

3-параграф. Жуу және сырлау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi

      1242. Жуу және сырлау цехтерi, учаскелер мен бөлiмшелер отқа төзiмдiлiгi II дәрежеден төмен емес арнайы жабдықталған бiр қабатты ғимараттарда орналастырылады, iшкi қабырғасында терезе ойығы болады және жапсарлас өндiрiстiк үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен бөлiнедi. Жуу және сырлау цехтарынан жапсарлас үй-жайларға шығу ауа екпiнiнiң түсуiн қамтамасыз ететiн шлюздiң тамбуры арқылы жүргiзiледi.      1243. Сырлау цехтерiн ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және сыртқы қабырғаға жақын орналасқан, бөлек оқшауланған үй-жайларда өртке қарсы қабырғалармен бөлiнген жапсарлас және баспалдақ алаңына шығатын жеке есiгi бар үй-жайларда орналастыруға болады.      1244. Жуу және сырлау үй-жайларын көп қабатты ғимараттардың жертөлелерiнде, астыңғы және бiрiншi қабаттарында орналастыруға жол берiлмейдi.      1245. Бояу дайындайтын бөлiмшелер сыртқы қабырғасында терезе ойығы жеке эвакуациялық шығу жолы бар және жапсарлас үй-жайлардан жанбайтын қабырғалармен оқшауланған үй-жайларда орналастырылады.      1246. Жуу және сырлау цехтерiнiң, сондай-ақ бояу дайындайтын бөлiмшелердiң еденi жанбайтын, электр сымды, тұрақты және ұшқын шығармайтын, ерiтiндiлерге төзiмдi етiп орындалады.      1247. Жуу және сырлау цехтерiнiң қабырғаларының үстiңгi қабаты кемiнде 2 метр және тазалануы оңай, жанбайтын материалдармен қапталған болуы қажет.      1248. Жуу және сырлау цехтерiнiң, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң бөлмелерi дербес механикалық үрлеу-сору желдеткiшiмен және нүктелiк сору бояу камераларымен, малу ванналарымен, құю қондырғыларымен, қолмен бояу бекеттерiмен, кептiру камераларымен жабдықталады. Сырлау цехтарында ауаның ылғалдылығы автоматты түрде 65-75% мөлшерде болуы керек. Аталған үй-жайларда қауiптi жарылыс қосылыстарының пайда болуының алдын алуға арналған автоматты газ талдағыш орнатылады.      1249. Жуу және сырлау цехтерiнiң және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң жылу беру аспаптарының бетi тегiс болуы және 950С артық қыздырмау қажет, қырлы радиаторларды қолдануға жол берiлмейдi.      1250. Жуу және сырлау цехтерiнiң, лакпен сырлау зертханаларының және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң электр жабдықтары мен шырақтарын тек жарылыстан қорғалған күйде ғана пайдалануға жол берiледi.      Электрлiк iске қосатын қондырғылар, түймелi электр магниттiк жiбергiштер жуу және сырлау үй-жайларынан тыс орнатылады.      1251. Жуу және сырлау цехтарында гидравликалық iлмектi тұндырғыштармен немесе тұзақтармен жабдықталған өрт қауiпсiздiгi канализациясы қарастырылады. Соңғысы жүйелi түрде бояу қалдықтарынан тазаланып тұрады.      1252. Жуу және сырлау цехтары мен бояу дайындайтын бөлiмшелердiң жылжымалы технологиялық құралдары (сатылар, басқыштар, тақтайлар, арбалар) соққы және үйкелiс кезiнде ұшқын шығудың алдын алатын қорғаныс қондырғысымен жабдықталады.      1253. Жуу және сырлау цехтерiнiң және бояу дайындайтын бөлiмшелердiң және лакпен бояу зертханаларының үй-жайлары үнемi таза әрi реттелген күйде ұсталады. Үй-жайларды, жабдық пен жұмыс орындарын жинау ауысымына кемiнде бiр рет ылғалды тәсiлмен жүргiзiледi.      Төгiлген лак, бояу материалдарын және ерiткiштердi ағаш үгiндiсiнiң мен сумен жуудың көмегiмен дереу жинап алынады.

Page 85: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      Едендер мен қабырғаларды, құралдарды жуу техникалық өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн сұйықтықтармен жүзеге асырылады. Бұл мақсатта өрт қаупi бар органикалық ерiткiштердi пайдалануға жол берiлмейдi. Сүрту материалдары пайдаланылып болғаннан кейiн жабылатын арнайы металл жәшiктерге салынып, ауысым соңында белгiленген орынға шығарылады.      Лак, бояу материалдарынан босаған бос ыдыстар цехтан шығарылып, қақпағы тығыз жабылып, арнайы белгiленген алаңдарға жиналады.      1254. Жуу және сырлау үдерiсiнде статистикалық электр зарядын сөндiру үшiн барлық техникалық жабдықтар, бояу бүрiккiштер, ерiткiштер мен лак, бояуларға арналған құбырлар (иiлгiш шлангтар), сондай-ақ сырланатын және жуылатын жеке тораптар, бөлшектер мен басқа да бұйымдар берiк түрде жерге қосылады.      Жерге қосатын электродтың кедергi мәнi 10 Ом аспайды.      1255. Жеке тораптар мен бөлшектердi және басқа да бұйымдарды жууға және майсыздандыруға пайдаланылатын органикалық, өрт шығу қаупi бар ерiткiштерге статикаға қарсы қоспалар қосылады. Жуу мен майсыздандыруды жерге қосылатын нұсқаның сымымен жалғастырылған металл торға оралған мақта-мата майлықтармен жүргiзу ұсынылады.      1256. Адамдарда статикалық зарядтардың пайда болуының алдын алу және тоқтату үшiн:      1) жұмысшылар мен қызметшiлерге синтетикалық және жiбек маталардан киiм киюге, сондай-ақ жүзiктер мен бiлезiктер тағуға жол берiлмейдi;      2) цех алаңдары мен жабдықтарда жерге қосылған аймақ қабаттарының қондырғысы қарастырылады;      3) есiк тұтқалары, баспалдақ ағаштары, құралдардың саптары жерге бекiтiледi;      4) жұмысшылар ток өткiзгiш аяқ киiмдермен және статикаға қарсы бiлезiктермен қамтамасыз етiледi;      5) жұмысшылар (мүмкiндiгiнше жиiрек) өздерiнен статикалық электр зарядты жерге қосылған металл заттарға немесе жабдықтарға жалаңаш қолын тигiзу тәсiлiмен ауық-ауық, сондай-ақ өрт шығу қаупi бар органикалық ерiткiштер мен лак, бояулардың жанынан алыс жерлерде түсiрiп тұруға мiндеттеледi.

2-тарау. Метрополитендердi ұстау тәртiбi

      1257. Әрбiр станцияда мыналар: жедел өрт сөндiру жоспары, өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы талаптар, жолаушыларды эвакуациялау жоспары, түтiнденген немесе өрт болған жағдайда тоннель желдеткiшiнiң шахтасы жұмыс iстегенде метрополитен жұмыскерлерiнiң iс-қимыл жасау тәртiбi әзiрленуi қажет. Бұл құжаттар станция кезекшiсiнiң үй-жайында сақталады. Жедел өрт сөндiру жоспарының екiншi данасы кассада аға кассирде сақталады және өрт сөндiру басшысының бiрiншi талабы бойынша берiледi.      1258. Қолданыстағы тоннелдер мен станциялардың салынып жатқан және қайта жаңартылып жатқан объектiлерге қабысу орындары жұмыс жүргiзудi бастағанға дейiн жанбайтын түтiн өткiзбейтiн қалқалармен қоршалады. Қолданыстағы метрополитен желiлерiне қабысу орындарында жұмысты ұйымдастыру кезiнде кезекшi персоналмен телефон байланысы орнатылады.      1259. Станция қабырғаларын, эвакуациялау жолдарының (дәлiздер, сатылы торлар, вестибюльдер, холлдар) төбелерiн қаптау үшiн, сондай-ақ жер асты үй-жайлары мен вестибюльдерi қаптамасында жарнама орнату үшiн тек жанбайтын материалдарды ғана қолдануға болады.      1260. Метрополитендердiң жер асты кеңiстiгiнде орнатылатын көйлек iлетiн шкафтар жанбайтын материалдардан жасалуы қажет.      1261. Станцияның жер асты құрылыстарында әрқайсысының сыйымдылығы 5 литрде аспайтын газ бар екi баллонды арнайы бөлiнген орында сақтауға болады.      1262. Метрополитеннiң жер асты құрылыстарындағы отты жұмыстар қызметтердiң басшыларының өкiмi бойынша орындалатын авариялық сипаттағы жұмыстардан басқа, тек түнгi уақытта электр желiсiндегi кернеудi алғаннан кейiн жүргiзiледi.      1263. Қолданыстағы тоннельдерде газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жылжымалы көлiкте орнатылатын арнайы агрегаттардан ғана жүргiзiледi.      1264. Тоннельдерге жанар-жағармай материалдарын әкелу осы мақсатта жабдықталған мото рельс көлiгiнде арнайы тарату сыйымдылықтарында түнгi

Page 86: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

уақытта (метрополитенде жолаушылар болмағанда) жүзеге асырылады.      1265. Тоннельге жанар-жағармай материалдарын тасымалдау үшiн бейiмделген көлiк алғашқы өрт сөндiру құралдарымен жабдықталады.      1266. Станциялардың үй-жайлары мен кабель коллекторларындағы өртке қарсы режимдi тексеру үшiн станция кезекшiлерiнiң кабиналарында авариялық тақтада үй-жайдың нөмiрлеуi сәйкес таңбаланған кiлттерi болуы қажет. Осы үй-жайларды тексеру станция кезекшiсiнiң немесе қызмет өкiлiнiң қатысуымен өткiзiледi.      1267. Жер асты кеңiстiгiне орналастырылатын техникалық кабинеттердегi оқу сыныптарының сыйымдылығын 30 адамнан арттыруға жол берiлмейдi.      1268. Метрополитендердiң жер асты кеңiстiгiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде металлды тақтайлар қолданылады.      1269. Қолданыстағы тоннельдерде:      1)газ генераторларымен жұмыс iстеуге;      2) шпалдарға, төсемдерге, сыналарға креозот сiңiруге, сондай-ақ битум қыздыруға жол берiлмейдi.      1270. Машина залдарының үй-жайларында, эскалаторлар мен бөлшектеу камераларында қосалқы бөлшектердi, майлау және өзге де материалдарды жинауға болмайды.      1271. Тоннельдерде кабель желiлерiн бояды тек түнгi уақытта қызметтердiң басшыларының рұқсатымен және мемлекеттiк өрт бақылау органдарының келiсiмi бойынша жүзеге асыруға болады.      1272. Электр пойыздарының вагондары жарамды «жолаушы – машинист» байланысы құрылғысымен және алғашқы өрт сөндiру құралдарымен жабдықталады.      1273. Машинистердiң кабиналарына орнатылатын электр пештерi мықтап бекiтiлуi және дербес қорғағышпен қамтамасыз етiлуi тиiс. Пештерде және олардың қасында әр түрлi жанғыш материалдарды орналастыруға болмайды.      1274. Сауда дүңгiршектерiн станцияның жер үстi вестибюльдерi мен жол асты өткелдерiне ғана орнатуға болады. Дүңгiршектер жанбайтын материалдардан жасалуы қажет. Сауда дүңгiршектерi жолаушылардың жүрiс-тұрысына кедергi келтiрмейтiндей етiп орналастырылады.      1275. Дүңгiршектерге жылу беру үшiн май электр радиаторлары немесе жылытқыш электр панельдерi қолданылады.      1276. Дүңгiршектер алғашқы өрт сөндiру құралдарымен және тәулiк бойы жұмыс iстейтiн кезекшiсi бар үй-жайға белгi беретiн автоматты өрт дабылымен қамтамасыз етiледi.      1277. Мыналарға:      1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жанғыш газдарды, аэрозоль орамындағы тауарларды, пиротехникалық бұйымдарды және өзге де от қауiптi материалдарды сатуға және пайдалануға;      2) станциялардың үй-жайларында тауарды, орау материалдарын, сауда құрал-саймандарын сақтауға жол берiлмейдi.

3-тарау. Темiржол көлiгiн ұстау тәртiбi

      1278. Қол жүктерiн сақтау камералары мен жүк бөлiмдерiндегi стеллаждар тек қана жанбайтын материалдардан жасалады. Антресольдер орнатуға жол берiлмейдi.      1279. Паровоз деполары мен локомотив (паровоз) қорларының базаларында:      1) отын бөлiмi жұмыс iстеп тұрған паровоздарды депоға қоюға, сондай-ақ оларды сорғыш зонттарының шегiнен тыс жерде от алдыруға;      2) депо тұрағында және арнайы белгiленбеген орындарда пештiң оттығы мен күлiн тазалауға;      3) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары, қауiптi және басқа да жанғыш жүктерi бар жылжымалы құрамды белгiленген паровоз оттығын тазалау орнынан 50 метрден кем қашықтықта орналастыруға;      4) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар цистерналарды, сондай-ақ көрсетiлген сұйықтықтардан босаған ыдыстарды алдын ала булап алмай, депо тұрағында қоюға;      5) отын мен майды шелектерге, қаңылтыр табаларға және қосалқы сыйымдылықтарға тiкелей бокстарда (тұрақтарда) құюға;      6) технологиялық үдерiстермен белгiленбеген орындарда тепловоздарға отын мен жанармай құюға;      7) отын бактарының ауыздарын ашық қалдыруға болмайды.

Page 87: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1280. Шлак жинайтын орларды жанғыш материалдарды сақтау қоймаларынан, сондай-ақ отқа төзiмдiлiгi IV, IVa және V дәрежелi ғимараттардан кемiнде 50 метр қашықтықта орналастыру керек. Пеш оттықтарын тазалау орындарындағы шлак пен от қалдықтары сумен өшiрiлiп, үнемi алынып тасталуы қажет.      1281. Локомотивтер (паровоздар) қорының базалары негiзгi жолдардан қашық орналастырылып, берiк қоршаумен және сыртқы жарықпен қамтамасыз етiледi.      1282. Жуу-булау станцияларына (бекеттерiне) бөлiнген алаңдар станциялардың тұрпатты технологиялық үдерiсiнiң талаптарына жауап беруi және темiржол жолдарынан, жақын орналасқан станциялық және тракциялық жолдардан кемiнде 30 метр, көршiлес темiржол ғимараттары мен құрылыстарынан кемiнде 50 метр қашықтықта орналасады.      Цистерналарды өңдеу жұмыстары жүргiзiлетiн аумақтардың алаңдарында топыраққа мұнай өнiмдерiнiң өтуiне жол бермейтiн қатты жабыны болады.      1283. Цистерналарды өңдеу орнына жеткiзу тек ұшқын өшiргiшпен жабдықталған тепловоздармен (мотовоздармен) атқарылады. Цистерналарды беру кезiнде кемiнде төрт шүлдiктi екi вагоннан қоршау қойылады. Тепловоздардың жуу орнына 20 метр жақын келуiне болмайды, ол әрi қарай жүруге тыйым салатын сигналмен белгiленедi.      1284. Жуу-булау станцияларына (бекеттерiне) өңдеуге берiлетiн цистерналардың құю аспаптары, қалпақтар мен тиеуiш люктерiнiң қақпақтары жабық болуы қажет. Өңдеуден өткен цистерналар жарамды тиек арматураларымен жабдықталады.      1285. Цистерналардың құю аспаптарының клапандары толтыру жұмыстары жүргiзiлетiн жолдар мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарын ұстап қалатын астаушалармен немесе басқа да құралдармен жабдықталады.      Тұндырғыштар мен құбыр желiлерiнiң люктерi мен бұрандаларын үнемi қақпақтармен жауып отыру керек.      Клапандарға май құйғанда тек аккумуляторлық шамдар мен ұшқын шығармайтын аспаптар қолданылады.      1286. Темiржолдарды, эстакадаларды, құбырларды, резервуарларды, жанғыш газдары, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар цистерналарды ағызғанда және толтырғанда статикалық электрдi бұру үшiн сенiмдi жерге қосқышпен қамтамасыз етiледi.      1287. Металл тасымал және жылжымалы сатылар мыс iлмекпен және жiктерiнiң астынан резина жастықшалармен жабдықталады.      1288. Қазандықтар мен цистерналар iшiнде тек аккумуляторлық фонарлармен ғана жарықтандыруға болады. Фонарды цистерналардан тыс iске қосу және ажырату қажет.      1289. Эстакадалар мен алаңдарды мұнай өнiмдерi қалдықтарынан тазарту және ауысымында кемiнде бiр рет ыстық сумен жуылады.      1290. Жуу-булау станцияларының аумақтарында:      1) жарылыстан қорғалмаған фонарларды, шамдар мен шамшырақтарды қолдануға;      2) қара металдан немесе соғылған кезде ұшқын шығаратын басқа материалдардан жасалған құрал-саймандарды пайдалануға;      3) темiржолдардың, ғимараттардың және құрылыстардың үстiнен әуе электр өткiзгiшiн өткiзуге;      4) цистерна қазандығы iшiнде жұмыс iстеген кезде болат пластинамен немесе шегемен шегеленген аяқ киiмдi пайдалануға;      5) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қалдықтарын сумен және конденсатпен бiрге жалпы канализация желiсiне, ашық жыраларға, шұңқырларға, беткейлерге төгуге;      6) адамдардың цистернаға түсуi үшiн ауыспалы болат сатыларды, сондай-ақ болатпен шегеленген ағаш сатыларды қолдануға;      7) тексерiлген цистерна iшiнде және оның сыртында сүрту материалдарын қалдыруға;      8) локомотивтердiң тазалау депосы мен эстакада астына кiруiне жол берiлмейдi.      1291. Темiржолдарды бөлу жолақтары қу шыбықтардан, ағаш шабындылары мен бұталардан, ескi бөренелерден және өзге де жанғыш қоқыстардан таза ұсталады. Көрсетiлген материалдар бөлу жолағынан дер кезiнде шығарылады.      1292. Жолдарда төгiлген тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар құммен, топырақпен жабылып, бөлу жолағынан тыс шығарылады.      1293. Бөгендерде, станцияларда және звено жинақтау базаларында ағаштар мен қырлы бөренелердi уақытша сақтағанда қатарланып жиналады.

Page 88: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      Қатарлар тұрған алаң мен аумақ кемiнде 3 қашықтықта құрғақ шөптен және басқа да жанғыш материалдардан тазартылып, айдалады немесе жыртылады.      1294. Шпалдар мен қырлы бөренелер жолға параллель, құрылыстар мен құрылымдардан кемiнде 30 метр қашықтықта, пойыздардың ұйымдасқан қозғалысы жолдарынан – 10 метр; өзге жолдардан – 6 метр және электр беру және байланыс желiлерi шүлдiгiнен тiректiң кемiнде бiр жарым биiктiгiнен төселуi мүмкiн. Шпал қатарлары арасындағы бөлiктер кемiнде 1 метр, ал қатарлардың әрбiр жұбы арасында кемiнде 20 метр болуы қажет.      1295. Шпалдар мен қырлы бөренелердi ұзақ мерзiмдi сақтағанда немесе қойма сыйымдылығы 10000 текше метрден артық болғанда құрылыс нормаларының талаптары басшылыққа алынады.      1296. Шөптi, сабан мен ағашты көпiрлерден, жол құрылыстарынан және пойыздардың ұйымдасқан қозғалысы жолдарынан, сондай-ақ электр беру және байланыс желiлерi сымдары астынан кемiнде 50 метр қашықтықта жинауға болмайды.      1297. Бөлу жолағында алау жағуға және шырпыларға, кесiлген материалдарды өртеуге, сондай-ақ қураған ағаштар мен бұталарды қалдыруға болмайды.      1298. Орман алқаптарында көпiрлер бөлу жолағының iшкi периметрi бойынша енi кемiнде 4 метр минералды жолақпен айналдыра жиектеледi.      1299. Көпiр астындағы жер учаскелерi 50 метр радиуста құрғақ шөптен, бұтадан, шыбықтан, жанғыш қоқыстан тазартылады.      1300. Темiржол үстiнен орналасқан ағаш өтпе жолдар төменгi жағынан енi кемiнде 4 метр екi жағынан 0,3 метр төмен түсiрiлген ернеуi бар болат қаңылтырмен қапталады.      1301. Өзендер қатқанда барлық ағаш төсенiшi бар ағаш және металл көпiрлерде өрт сөндiру мақсатында қатпайтын ойықтар мен оларға өту жолдары орнатылады. Ойық жасалған жер көрсеткiшпен белгiленедi.      1302. Барлық көпiрлер мен өтпе жолдарда:      1) олардың астынан немесе олардың жанында материал қоймаларын, кемелер, салдар, баржалар мен қайықтар үшiн тұрақтар орнатуға;      2) керосин фонарлары мен бензомоторлы агрегаттардың бактарын толтыруға;      3) аралық құрылыстар мен басқа да құрылымдарды мұнай өнiмдерiн тазартпай ұстауға;      4) көпiрлердiң астында құрғақ шөптi жағуға, сондай-ақ бұта мен басқа да жанғыш материалды өртеуге болмайды.      1303. Жол машиналары станциялары вагондарының тұруына арналған темiржол жолдары өрт болған жағдайда жылжымалы құрамды алып шығуды және бөлiп жайғастыруды қамтамасыз ететiн көрсеткiштерiмен жабдықталады.      1304. Өндiрiстiк шеберханалар, мектептер, балалар мекемелерi орналасқан вагондар тұрғын үйлерден кемiнде 10 метр өртке қарсы бөлiктерi бар жеке топ болып қойылады.      1305. Жол машинасы станциялары орналасқан орындарында жасанды және табиғи сумен жабдықтау көздерi болмаған жағдайда вагондардың әр тобына (15-20 бiрлiкке) 50 м3 есебiмен темiржол цистерналарында немесе өзге сыйымдылықтарда өрт сөндiру қажеттiлiгi үшiн су қоры құрылады.      1306. Әрбiр жылжымалы құралым өртке қарсы қызметтi шақыру үшiн жақын орналасқан темiржол станцияларымен телефон байланысымен қамтамасыз етiледi.

4-тарау. Жарылыс қауiптi және өрт қауiптi заттар мен материалдарды тасымалдау тәртiбi

      1307. Қауiптi жүктердi жүк жөнелтушiлер сол өнiмге мемлекеттiк стандарттармен және техникалық шарттармен көзделген ыдыс пен бумада тасымалдауға қояды.      1308. Төзiмдi және жарамды, жүктiң ағуы мен шашылуын толықтай болдырмайтын, жүктiң бұзылмауын және тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ыдыс пен орамды ғана пайдалануға жол берiледi. Бұл ретте iшiндегiсiне қатысты инерттi материалдардан жасалған ыдыс пен орамды пайдалануға жол берiледi.      1309. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тасымалдайтын автоцистерналар сенiмдi жерге қосқышпен, алғашқы өрт сөндiру құралдарымен жабдықталады және жүктiң қауiптiлiк дәрежесiне сәйкес таңбаланады, ал пайдаланылған газ жүретiн құбырлар жарамды ұшқын өшiргiштермен жабдықталады.      Автоцистерналар мен баллондарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды,

Page 89: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

сұйытылған көмiрсутек газдарын, жеңiл көмiрқышқыл шикiзаты мен пентандар тобындағы көмiрсутектердi автомобиль көлiгiмен тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау қағидасының талаптары орындалады.      1310. Тез тұтанатын, улы, зәрлi, тотықтыру буын немесе газдарын бөлетiн жарылыс, өрт қауiптi жүктер кепкен кезде жарылғыш болады, ауамен және ылғалмен қауiптi әсер етуi мүмкiн, тотықтырғыш қасиеттерi ие жүктердi герметикалық түрде буып-түйiледi.      1311. Шыны ыдыстағы қауiптi жүктер бос кеңiстiктi тиiстi жанбайтын төсем және сiңiру материалдарымен толтыра отырып, мықты жәшiктерге немесе торларға (ағаш, пластмасса, металл) буып-түйiледi.      Жәшiктер мен торлардың қабырғалары тығындалған бөтелкелер мен банкалардан 0,05 метр биiк болуы қажет. Ұсақ жөнелтiлiмдермен тасымалдау кезiнде шыны ыдыстағы қауiптi жүктер қақпақтары бар тығыз ағаш жәшiктерге салынады.      1312. Металл немесе пластмасса банкалардағы, бидондар мен канистралардағы қауiптi жүктер ағаш жәшiктерде немесе торларда қосымша оралады.      1313. Қаптағы қатты сусымалы қауiптi жүктер егер мұндай орауыш өнiмге мемлекеттiк стандарттармен немесе техникалық шарттармен көзделген болса, вагонмен жөнелтiлiп тасымалданады.      Мұндай жүктердi аз-аздап жөнелтiп тасымалдау кезiнде оларды қатты тасымалдау ыдысына (металл немесе фанер барабандарға) қосымша орау қажет.      1314. Бiр вагонға немесе контейнерге әр түрлi топтағы қауiптi жүктердi, сондай-ақ бiрге тасымалдауға рұқсат етiлмеген, бiр топқа жататын кейбiр қауiптi жүктердi тиеуге болмайды.      1315. Вагондарға қышқылдары бар ыдысты тиеу кезiнде оны тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар ыдысқа қарама-қарсы жаққа қояды. Вагондағы барлық ыдыс бiр-бiрiне тығыз орналастырылып, мықтап бекiтiледi.      1316. Улы газдары бар (2.2-шағын сынып) және тез тұтанатын (жанғыш) улы газдары бар (2.4-шағын сынып) баллондарды, сондай-ақ осы газдардан босаған баллондарды заттар мен материалдарды бiрге сақтау жөнiндегi өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес вагонмен жөнелтiп немесе контейнерлерде ғана тасымалдау қажет (5-қосымша).      1317. Жанғыш және улы газдары бар баллондар сақтандыру клапандарымен бiр жағына қарай көлденең жатқызылып тасымалданады.      Барлық баллондарда қорғағыш сақиналары болғанда және баллондардың жылжу мен құлау мүмкiндiгiн болдырмайтындай етiп тығыз тиелген кезде ғана газдары бар баллондарды тiгiнен тиеуге болады. Есiк ойықтары жүктiң есiкке қарай құлауын болдырмау мақсатында қалыңдығы кемiнде 40 миллиметр тақтайлармен қоршалады.      Ерекшелiк ретiнде тасымалдау кезiнде қорғағыш сақиналары жоқ баллондарды тиеуге болады. Мұндай жағдайда баллондардың әрбiр қатарының арасында баллондарға арналған ұяшық орындары бар тақтайлардан жасалған төсемдер болуы қажет.      Баллондар (ыдыстар) арасындағы төсемдер ретiнде шөп, сабан немесе өзге де тез тұтанатын материалдарды пайдалануға болмайды.      Тез тұтанатын және басқа да жанғыш сұйықтықтар тасымалдауға стандартты герметикалық және пломбаланған бөшкелерде қойылады.      Нитрат изопропилi мен саминдi тасымалдауға арналған вагондармен тиелген және босатылған күйiнде де жүк жөнелтушi (жүк қабылдаушы) мамандарының бригадасы iлесiп жүредi.      1318. Жұмыс орындарына тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары мен жанғыш газдарды бердi орталықтан тасымалдау тәсiлiмен қарастырылады.      Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды жұмыс орындарына беру үшiн ашық ыдысты қолдануға болмайды.      1319. Ғимараттар мен құрылыстарда жанғыш газдардың, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың құбырларын төсеу кезiнде:      1) құрылыс құрылымдары арқылы құбырлар өтетiн жерлерде ойықтарды (саңылауларды, тығыз емес жерлердi) ғимарат құрылымының тұтас қалыңдығы бойымен жанбайтын материалдармен герметикалық жабу;      2) арналар мен орлардың (ашық және жабық) бiр үй-жайдан келесiне өтетiн жерлерде жанбайтын материалдардан жасалған жарамды газ өткiзбейтiн бөгеттердi пайдалану;      3) қолданыстағы стандарттардың талаптарына сәйкес құбырларды бояу қажет.

Page 90: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1320. Жанғыш газдар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды айдау үшiн тығыздамасы жоқ сорғыштар мен кеспелтек тығыздағыштары бар сорғыштарды қолдану қажет.      Жартылай қимамен жұмыс iстейтiн құбырларда гидроысырмалар орнатылады.      1321. Сыйымдылығы 10 литр және одан астам тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары шыны ыдыс тоқылған себеттерге немесе ағаш торлы жәшiкке, ал сыйымдылығы 10 литр дейiнгi шыны ыдыс төсем материалдары бар тығыз ағаш жәшiктерге салынады. Соққыны жеңiлдетуге арналған бұл материалдар ыдыс сынған кезде ағатын сұйықтықты сiңiруге қабiлетке ие болуы қажет.      1322. Транспортерлердi, норийлердi, өздiгiнен ағатын және пневматикалық құбырларды тозаң бөлу орындарын жарамды және герметикалық жабындармен жапқанда ғана пайдалануға болады. Желдеткiш жабындардан тозаңды тұрақты және тиiмдi сору қамтамасыз етiледi.      1323. Пневмотасымалдау және өздiгiнен ағатын құрылғыларды (өнiм құбырлар арқылы өткенде) пайдалану кезiнде құбырларда тозаңның жиналуына жол берiлмейдi. Құбырларды тазалау белгiленген кестеге сәйкес өткiзiледi.      1324. Транспортерлер мен пневмотасымалдау құрылғыларын олардың жай-күйiн бос жүрiсте, оларда бөгде заттардың жоқтығын, мойынтiректерде майлаудың болуын, барлық қорғау құрылғысының жарамдылығын мұқият тексергеннен кейiн ғана iске қосуға болады.      1325. Тиiстi пневмотасымалдау желiсiне өнiм түсетiн ауа үрлеу машиналарының электр қозғалтқыштарымен техникалық жабдықтың электр қозғалтқыштарының автобұғаттағышы жарамды күйде ұсталады және жабдық әр iске қосқан сайын тексерiледi.      1326. Жабдықтың тасымалданатын сусымалы (ұнтақ тәрiздес) өнiмдермен үймеленуiн және тiрелуiн болдырмау үшiн транспортерлердi авариялық тоқтату үшiн автобұғаттағышы болуы қажет.      1327. Ақаулы бұрама транспортерлер мен норийлердi (бұрама мен науа қабырғасы арасында саңылаудың болмауы, таспалардың үйкелуi және шөмiштердiң науа қабырғасына тиюi) пайдалануға болмайды.      1328. Транспортерлердiң роликтерi мен тарту барабандары еркiн айналуы қажет. Таспалардың бiр орында тұрып қалуына, сондай-ақ жетек барабандарын битуммен, шайырмен және өзге де жанғыш материалдармен майлауға болмайды.      1329. Норийлерде, өздiгiнен ағатын және пневматикалық құбырларда және өзге де транспортерлерде тұтану болғанда цехтiң технологиялық жабдығының жұмысын тоқтату және аспирациялық және желдету жүйелерiн ажырату үшiн әр қабатта саты торының жанында арнайы түймелер орнатылады.      1330. Автоматты от бөгегiш құрылғылары ажыратылған немесе ақаулы аспирациялық желiлер мен ұсақ материалдарды тасымалдау желiлерiн пайдалануға болмайды.      1331. Транспортерлердi, конвейерлердi өткiзу үшiн өртке қарсы қалқалардағы ойықтар от бөгегiш құрылғылармен (есiктермен, қақпалармен, су шымылдықтарымен, шашу құрылғыларымен) жабдықталады.      1332. Жарылыс, өрт қауiптi заттарды тасымалдағанда көлiк құралында, сондай-ақ осы заттар бар әрбiр жүк орнында қауiпсiздiк белгiлерi iлiнедi.      1333. Жарылыс, өрт қауiптi заттардың iрi партияларын елдi мекен аумағында автокөлiкпен тасымалдау қауiпсiздiк талаптарына сәйкес және тек тәулiктiң түнгi уақытында ғана жүргiзiледi.      1334. Жарылыс, өрт қауiптi заттарды тасымалдау кезiнде:      1) тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш газдары бар цистерналарды тәулiктiң күндiзгi уақытында елдi мекенмен тасымалдауға;      2) соқтығысуға, қатты тежеуге жол беруге;      3) сақтандыру башмактарысыз жанғыш газдары бар баллондарды тасымалдауға;      4) көлiк құралын қараусыз қалдыруға жол берiлмейдi.      1335. Жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi заттар мен материалдарды тиеу және түсiру орындары:      1) өрт шығуға қатысты қауiпсiз жұмыс iстеу жағдайларын қамтамасыз ететiн арнайы бұйымдармен (тiреуiштер, тағандар, қалқандар, траптар, зембiлдер) жабдықталады. Бұл ретте шыны ыдыс үшiн арбалар немесе ұяшықтары бар арнайы зембiлдер қарастырылады.      2) өрт сөндiру және авариялық жағдайларды жою құралдарымен;      3) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес аймақтың класына сәйкес келетiн жарамды тұрақты немесе уақытша жарықтандырумен жабдықталады.

Page 91: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1336. Жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi жүктермен тиеу-түсiру жұмыстарын iстеу орындарында ашық отты пайдалануға болмайды.      1337. Пайдаланылатын тиеу-түсiру тетiктерi жарамды күйде ұсталады.      1338. Тиеудi немесе түсiрудi күтiп тұрған жүргiзушiлер мен машинистерге, сондай-ақ тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде көлiк құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды.      1339. Жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi заттар мен материалдарды тиеуге берiлетiн көлiк құралдары (вагондар, шанақтар, тiркемелер, контейнерлер) жарамды ұсталады және бөгде заттардан тазаланады.      1340. Ыдыстың (орамның) зақымданғанын, шашылған немесе төгiлген заттарды байқаған кезде зақымданған ыдысты (орамды) дереу шығарып, едендi тазалап, шашылған немесе төгiлген жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi заттар жиналады.      1341. Жарылыс, өрт қауiптi заттармен тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде жұмысшылардың орамдардағы таңбалау белгiлерi мен ескерту жазуларының талаптары сақталады.      1342. Автомобильдердiң қозғалтқыштары жұмыс iстеп тұрғанда, сондай-ақ егер заттар мен материалдар сумен өзара әсер еткенде өздiгiнен тұтануға бейiм болса, жаңбыр жауғанда жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi заттармен және материалдармен тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзуге болмайды.      1343. Вагондарда, контейнерлер мен автомобильдердiң шанақтарында жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi жүктер қозғалыс кезiнде олардың орнынан жылжуын болдырмау мақсатында сенiмдi бекiтiледi.      1344. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды толтырумен және ағызумен байланысты технологиялық операцияларды жүргiзу кезiнде:      1) люктер мен қақпақтарды ақырын, жұлқымай және соқпай, ұшқынға қауiпсiз аспаптарды қолдана отырып, ашқан жөн. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары төгiлген ыдыстармен тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзуге болмайды;      2) арматура, шлангiлер, алмалы-салмалы қосқыштар, статикалық электрден қорғау техникалық жарамды күйде болуы қажет.      1345. Резервуарларға, цистерналарға, ыдыстарға сұйықтық толтырмас бұрын өлшеу құрылғысының жарамдылығы тексерiледi.      1346. Резервуардағы сұйықтық деңгейiн өлшеу және сынама алу тәулiктiң күндiзгi уақытында жүргiзiледi. Тәулiктiң түнгi уақытында жұмыс iстейтiндер жарылысқа қауiпсiз күйдегi аккумулятор фонарлары ғана пайдаланылады.      Найзағай кезiнде, сондай-ақ өнiмдi толтыру немесе ағызып шығару кезiнде қолмен деңгейдi өлшеуге немесе сынама алуға болмайды.      Сынама алу құралдары ұшқын бермейтiн материалдан дайындалады және жерге қосылады.      1347. Ыдыстарды тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен толтыру және босату жарамды қосқыштары бар құбырлар мен шлангiлер арқылы және тиiстi ысырмалардың дұрыс ашылып-жабылуын, шлангiлер мен құбырлардың тығыз қосылуын тексергеннен кейiн ғана жүзеге асырылады. Тиек арматурасын ашу толықтай жүргiзiледi.      1348. Резервуарларға, сыйымдылықтарға өнiмдi «құлама ағыспен» беруге болмайды. Резервуарды толтыру (босату) жылдамдығы резервуарға орнатылған тыныс алу және сақтандыру клапандарының (немесе желдеткiш келте құбырлардың) жиынтық өткiзу қабiлеттiлiгiнен аспайды.      1349. Жарылыс, өрт қауiптi немесе өрт қауiптi жүктердi түсiрудi аяқтағаннан кейiн вагонды, контейнердi немесе автомобиль шанағын қарап, заттардың қалдықтары мен қоқысты мұқият жинап жойылады.      1350. Осы тармақтың талаптары мынадай сұйытылған көмiрсутек газдары мен олардың қоспаларын: пропан, н-бутан, изобутан, пропан-бутан, пропилен, изопентан н-пентан, бутадиен, изопрен, н-бутилен, пропан-бутилен, альфа-бутилен, бета-бутилен, бутан-дивиниль фракциясын, изабутан, изабутан-изобутилен, пиперилен, бутан-изабутилен фракциясын, пайдаланылған бутан-изабутилен фракциясын, пентан-изопентан, пентан-гексан, изоамилен, рефлюкс, тұрақсыз газды бензин, бутан-бутилен фракциясын, пропан-пропилен фракциясы, жеңiл көмiрсутектердiң кең фракциясы, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тасымалдауға рұқсат етiлген басқа да ұқсас өнiмдi тасымалдауға арналған арнайы темiржол вагон-цистерналарын пайдалану және қызмет көрсету кезiнде орындалады.      1351. Ағызу-құю эстакадаларында құю және ағызу көлемiне сәйкес жолының дамуы болуы қажет. Жеткiзушi зауыттарда (дайындаушыларда) қабылдау-жөнелту

Page 92: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

жолдары, тәулiктiк босату есебiнен цистерналардың тұру жолдары және цистерналарды қарау және құюға дайындау эстакадасы болуы қажет.      1352. Ағызу-құю эстакадаларының құбырлары манометрлермен жабдықталады.      1353. Ағызу-құю операцияларын жүргiзу үшiн осы үдерiстiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн және олар үшiн белгiленген стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес қосқыш жеңдерi қолданылады.      1354. Цистерналарға әрбiр құю (ағызу) алдында қосылатын жеңдерге сыртынан қарап тексеру жүргiзiледi. Жетек шылбырының жiптерiнде тесiп өтетiн зақымдары бар жеңдер ауыстырылады.      Қосу құрылғыларының механикалық зақымдары бар және бұрандасы тозған жеңдердi пайдалануға болмайды.      1355. Цистерналар мен коммуникациялардың артық қысыммен жұмыс iстеп тұрған бұранда және фланецтi қосқыштарын, жеңдердiң қамыттарын қатты тартуға және бұрап босатуға, сондай-ақ сомындарды бұрап бекiту және босату кезiнде соққы аспабын қолдануға болмайды.      1356. Сұйытылған көмiрсутектi газдардың құбырлары мен резина-маталы жеңдер жерге қосылады.      1357. Ағызу-құю операцияларын жүргiзу кезiнде ағызу және құю жүргiзiлмесе, цистернаны коммуникацияларға қосып ұстауға болмайды. Сұйытылған көмiрсутектердi ағызу немесе құю кезiнде ұзақ мерзiмдi үзiлiс болған жағдайда қосқыш жеңдердi цистерналардан ажыратылады.      1358. Сұйытылған көмiрсутектi газдарды ағызу және құю кезiнде:      1) цистернадан кемiнде 100 метр қашықтықта өрт қауiптi жұмыстарды жүргiзуге және темекi шегуге;      2) цистерналарда және олардың жанында жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ ағызу-құю операцияларымен байланысты емес өзге де жұмыстарды жүргiзуге;      3) автомобиль және маневрлiк темiржол көлiгiнiң өтуiне;      4) ағызу-құю эстакадасында ағызу-құю операцияларына қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына болмайды.      1359. Кiреберiс жолдар мен жолдарда темiржол жолы жағынан құю (ағызу) учаскесiнде мөлшерi 400х500 мм, «Тоқта, өтуге болмайды, цистернаға құю (ағызу) жүргiзiлiп жатыр» деген жазуы бар сигналдар қойылады.      1360. Цистерналар ағызу-құю операциялары басталғанға дейiн рельс жолында арнайы башмактармен бекiтiледi және жерге қосылады.      1361. Ағызу-құю операцияларын найзағай кезiнде орындауға болмайды.      1362. Алғаш рет құйылатын немесе қазандығы газсыздандырылып, жөндеуден кейiнгi цистерна инерттi газбен үрленедi. Үрлегеннен кейiн қазандықтағы оттегiнiң қосылымы 5 % (көлемiнен) аспауы қажет.      1363. Мынадай жағдайларда:      1) жүрiс бөлшектерiн зауыттық және деполы жөндеу мерзiмi өтсе;      2) арматураны алдын ала немесе жоспарлы жөндеу, цистерна қазандығын техникалық куәландыру немесе гидравликалық сынау мерзiмi өтсе;      3) дайындаушы кәсiпорын қарастырған сақтандыру, тиек арматурасы немесе бақылау-өлшеу аспаптары болмаса немесе жарамсыз болса;      4) белгiленген таңбалары, жазулары жоқ және трафареттерi анық болмаса;      5) қазандықтың цилиндр бөлiгi немесе түбi (сызат алуы, майысуы, пiшiннiң көрiнетiндей өзгеруi) зақымданса;      6) цистернаға сұйытылған көмiрсутек газдарына жатпайтын өнiмдер толтырылса;      7) алғаш құйылатын немесе жөндеуден кейiнгi цистерналардан басқа, сұйытылған көмiрсутектi газдар буының артық қалдық қысымы 0,05 МПа кем болса (бу серпiмдiлiгi қысқы уақытта 0,05 МПа төмен болуы мүмкiн сұйытылған көмiрсутектi газдар үшiн артық қалдық қысым жергiлiктi өндiрiс тiк нұсқаулықпен белгiленедi) цистерналарға құюға болмайды.      1364. Құю үдерiсiнде цистерна қазандығындағы газ деңгейi бақыланады. Цистернаға құю кезiнде өнiмнiң ағуы анықталған жағдайда құю тоқтатылады да, өнiм ағызылады, қысым түсiрiлiп, ақаулықтарды анықтау және жою шаралары қабылданады.      1365. Құйылған цистерналарды қабылдау кезiнде олардың дұрыс толтырылуын тексеру қажет. Цистерналарды толтырудың ең жоғарғы дәрежесi цистерналардың қазандық көлемiнен 85% артпауы қажет. Шамадан тыс толтырылған цистерналардан өнiмнiң артық бөлiгi ағызылып алынады.      1366. Ағызу-құю эстакадасы алғашқы өрт сөндiру құралдарымен: ұнтақты өрт

Page 93: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

сөндiргiштермен, құмы бар жәшiктермен, шөмiштермен (асбест қабатымен) қамтамасыз етiледi.      1367. Станциядағы сұйытылған көмiрсутектi газы бар цистернамен байланысты өрт қауiптi жағдай туындаған кезде осы цистернаны пойыздан (құрамнан) ағыту және оны қауiпсiз орынға шығару шаралары қолданылады.      1368. Цистерна қазандығын, оның элементтерiн жөндеуге, сондай-ақ оны iшiнен тексеруге қазандық көлемiн газсыздандырғаннан және жұмыс басшысы тиiстi рұқсатты рәсiмдегеннен кейiн ғана жүргiзуге рұқсат берiледi.      1369. Жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде:      1) қазандықты тиелген күйiнде, сондай-ақ оның көлемiн газсыздандырғанға дейiн бос күйiнде жөндеуге;      2) қазандықты соққылауға;      3) ұшқын беретiн аспапты пайдалануға және цистернаның жанында ашық отпен (алау, тұтқалы таба, керосин фонары) болуға;      4) цистернаның астынан дәнекерлеу және отты жұмыстарды жүргiзуге болмайды.      Отты, дәнекерлеудi және соққыны қолдана отырып, арбаларды түзету жұмыстарын жүргiзу қажет болған жағдайда арбалар цистернаның астына домалатылуы және одан кемiнде 100 метр қашықтықта бөлiнедi.      1370. Цистерна қазандығының iшiнде жұмыс iстеу кезiнде (iшкi тексерiс, жөндеу, тазалау) кернеуi 12 Вольттан аспайтын, жарамды жарылысқа қауiпсiз жасалған шамшырақтар қолданылады. Шамшырақты қосу және ажырату цистерна қазандығынан тыс жүргiзiледi.      1371. Цистерна қазандығының iшiнде жұмыс iстеу кезiнде қазандық көлемiнде қауiптi көмiрсутек қосылымының бар-жоғына және оттегi құрамына ауа ортасын талдау жүргiзiледi.      Оттегi құрамы шамамен 19-20 % (көлемiнде) болуы қажет. Қазандық көлемiндегi жанғыш заттардың қосылымы сұйытылған көмiрсутектi газдар жалыны таралуының төменгi қосылым шегiнiң мәнiнен 20 % аспауы қажет.      1372. Жұмыс iстемеген жағдайда цистерна вентильдерi жабық болады және өшiрiледi. Қажет болған жағдайда толтырылған цистерна вентильдерiнiң тығыздама толтырғышын ауыстыру клапан толықтай жабылғанда және бұқтырмалары алынғанда орындалуы мүмкiн.      1373. Сұйытылған көмiрсутек газдарымен вагон-цистерналары бар жылжымалы құрамда өрт қауiптi жағдай немесе өрт туындаған кезде темiржол станцияларында, аралықтарда, ағызу-құю эстакадаларында, өнеркәсiптiк кәсiпорын жолдарында, маневрлiк жұмыстарды өткiзу кезiнде басшыларға, диспетчерлерге, машинистерге және темiржол көлiгiнiң өзге де жұмысшыларына өрт қауiптi жағдайларды шектеу және жою жоспарына сәйкес iс-әрекет жасау қажет.      Жоспарлар 5 жылда кемiнде бiр рет қайта қаралуы тиiс. Технологияда, аппаратуралық рәсiмдеуде, метрологиялық қамтамасыз етуде өзгерiстер болғанда, тасымалдауды ұйымдастыруда өзгерiстер болғанда,орын алған өрт қауiптi жағдайлар мен тасымалдау кезiндегi өрттер туралы деректер болғанда жоспарлар 15 күндiк мерзiмде нақтыланады. Жоспарларға өзгерiстер мен нақтылаулар жоспарлардың өздерi сияқты тәртiппен бекiтiледi және келiсiледi.      1374. Жоспар мынадай негiзгi ережелердi:      1) өрт туралы аумақтық өртке қарсы қызмет бөлiмшесiнiң орталық өрт байланысы бекетiне, желiлiк iшкi iстер органына және темiр жол учаскесiнiң диспетчерiне хабарлау тәртiбiн;      2) өрт қауiптi жағдай немесе өрт шығу орнына өрт сөндiру және қалпына келтiру пойыздарын шақыру тәртiбiн;      3) басқару аудандарын анықтау және вагондар мен құрамдарды бөлiп жайғастыру және қауiптi аймақтан шығару, сондай-ақ өрт қауiптi жағдайды немесе өрттi бастапқы сатысында шектеу бойынша мiндеттердi станция жұмыскерлерi арасында бөлу тәртiбiн;      4) барлық қажеттi деректердi көрсете отырып, объектiнiң (темiржол учаскесiнiң) нақты схемасын (жоспарын);      5) темiржол көлiгi мен өрт сөндiру бөлiмшелерi жұмыскерлерiнiң өзара iс-қимыл жасау тәртiбiн қамтуы қажет.      1375. Станция жұмыскерлерi орындайтын, өрт қауiптi жағдайлар мен өрттердi шектеу және жою жоспарында көзделген бiрiншi кезектегi жұмыстар тiзбесi:      1) өрттi байқаған сәттен бастап 15 минут iшiнде вагондар мен құрамдарды өрт ошағынан (жанып жатқан вагоннан, төгiлген және жанған сұйытылған көмiрсутек

Page 94: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

газдары орнынан) қауiпсiз қашықтыққа бөлiп жайғастыру;      2) жылжымалы құрамнан екi жағынан өрт ошағынан кемiнде үш көршiлес жолдарды босатып, құрамды қауiптi аймаққа шығару. Көршiлес жолдарда жылжымалы құрамды қорғау қамтамасыз етiлген кезде жанып жатқан құрамды бiрден шығаруға болады;      3)өрт сөндiру бөлiмшелерi жұмыс iстеп жатқан учаскелерде байланыс желiсiн тоқтан ажыратып, жерге қосу:      4) қауiпсiз аймақта өрт ошағынан жел жақтан екi жолды босату, бiрақ келетiн өрт сөндiру және қалпына келтiру пойыздарын қабылдау үшiн төртiншi-бесiншi жолдардан алыс болмауы керек;      5) ең алдымен адамдары мен қауiптi жүктерi бар жылжымалы құрамды созылған жолдар жағына станция паркiнiң негiзгi массивiне, станция ғимараттарына, құрылыстарға, құрылымдар мен станция маңындағы объектiлерге тiкелей қауiп төндiретiн өрттiң ықтимал даму бағытын ескере отырып, эвакуациялауды жалғастыру;      6) келген өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң жауынгерлiк қанат жаюы және жең желiлерiн төсеу;      7) жанып жатқан және оған қатар орналасқан цистерналар қабырғаларын салқындатуға, ал қажет болған жағдайда салалық өртке қарсы қызметтiң, ерiктi өртке қарсы құрамалардың және станция жұмыскерлерiнiң күштерiмен алғашқы өрт сөндiру құралдарының және қолда бар өрт-техникалық қару-жарағының көмегiмен өрт сөндiруге кiрiсу, жең желiсiн жақын орналасқан су көздерiнен төсеу. Көрсетiлген операциялар осы операцияларды орындайтын адамдардың жеке қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлген жағдайда жүргiзiлуi қажет;      8) қажет болған жағдайда шаруашылық қажеттiлiктерге су тұтынуды қысқартып, объектiнiң су өткiзу желiсiнде қысымды нормативтiк шамаға дейiн жоғарылату үшiн шара қолдану;      9) өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн қарсы алуды қамтамасыз ету және келген аға бастыққа өрт қауiптi жағдайдың немесе өрттiң сипаты туралы баяндау. Егер өрт басталғаннан кейiн 15 минут iшiнде жану ошағын шектеу мүмкiн болмаса, өрт аймағында (цистернадан 100 м дейiнгi қашықтықта) тек өртке қарсы қызмет бөлiмшесi ғана бола алады.      1376. Аға темiржол бастығы (жол, бөлiмше, станция бастығы немесе олардың орынбасарлары) немесе қалпына келтiру пойызының бастығы өртке қарсы бөлiмшелер келгенге дейiн өрт қауiптi жағдайды немесе өрттi шектеу және жою жөнiндегi жұмыстардың басшысы болып табылады.      Өртке қарсы бөлiмшелер келгеннен кейiн өрт сөндiруге басшылық ету аға жедел бастық – өрт сөндiру басшысына жүктеледi, жылжымалы құрамды эвакуациялау және бөлiп жайғастыру бойынша станция жұмысшыларының әрекетi жұмыс басшысының нұсқауы бойынша және өрт сөндiру басшысының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.      1377. Сұйытылған көмiрсутек газдары аққан кезде сұйытылған көмiрсутек газдарын ағызу және құю бойынша барлық технологиялық операцияларды, сондай-ақ пойыздардың қозғалысын және өрт қауiптi жағдайларды шектеуге және жоюға жатпайтын маневрлiк жұмыстарды тоқтату қажет. Әлеуеттi тұтану көздерiн (от, ұшқын) қалпына келтiрiледi. Сұйытылған көмiрсутек газдар төгiлген аймақтан жанғыш заттарды жинап алу керек.      Мамандар болған жағдайда егер қауiп төндiрмесе, ағуын қалпына келтiру немесе цистерна iшiндегiнi сақтандыру шараларын сақтай отырып және авариялық жұмыс орнында өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi болған жағдайда, жарамды цистернаға қотарып құю қажет. Сұйытылған көмiрсутек газдары бар вагон-цистернаны қауiпсiз орынға апару керек.      Газ қарқынды түрде аққан кезде оны цистернадан толықтай ағызу керек, бұл ретте газ тарамағанша 200 метр радиуста ықтимал газдану аймағы түзiлуi тұрақты бақыланады.      Тоннельдерге, жертөлелерге, канализацияларға сұйытылған көмiрсутек газдарының өтуiне жол берiлмейдi.      1378. Авария орнында өртке қарсы қызмет бөлiмшесi болмағанда ағатын сұйытылған көмiрсутек газдары жанған кезде өрттi шектеп, зақымданған цистернадан немесе эстакада коммуникациясынан ағатын өнiмнiң қауiпсiз жануы үшiн жағдай жасалады.      1379. Кейбiр жағдайларда өрт қауiптi жағдайды шектеу және жою жөнiндегi жұмыстың басшысы егер бұл адамдардың қауiпсiздiгiне қауiп төндiрмесе, басқа

Page 95: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

объектiлердiң бұзылуына және өрттiң стихиялық өршуiне әкелмесе, ағатын сұйытылған көмiрсутек газдарын тұтандыру туралы өкiм беруi мүмкiн. Газды тұтандыруды белгi беретiн пистолеттiң, петарданың көмегiмен жабыннан қашықтықтан жүзеге асырылады.      Ағатын сұйытылған көмiрсутек газдарын жағу жұмыстары авария орнына өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң қажеттi және есептiк саны келгеннен кейiн жүргiзiледi.      1380. Егер орын алған жағдай темiржол көлiгi жұмыскерлерiнiң, авариялық топ мүшелерiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн болса, жұмыс дереу тоқтатылып, адамдар қауiпсiз орынға шығарылады.

10-бөлiм. Сақтау объектiлерiн ұстау тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

      1381. Қоймаларда (үй-жайларда) заттар мен материалдар олардың өрт қауiптi физикалық-химиялық қасиеттерiн 5-қосымшаға сай (ылғал түскенде, ауамен араласқанда тотығуға, өздiгiнен қызуға және тұтануға қабiлетi), заттар мен материалдарды бiрге сақтау бойынша өрт қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес өрт сөндiргiш заттардың қосылушылық және бiр тектiлiк белгiлерiн ескере отырып сақталады.      Қолданылатын өрт сөндiргiш заттардың бiр тектiлiгiне қарамастан, қандай да бiр материалдар мен тауарларды бiр секцияда каучукпен немесе авто резинамен бiрге сақтауға болмайды.      1382. Жанғыш газдары бар баллондар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар сыйымдылықтар (бөтелкелер, үлкен бөтелкелер, басқа да ыдыс), сондай-ақ аэрозоль орамдар күн сәулесi мен басқа жылу әсерiнен қорғалуы тиiс.      1383. Көп қабатты қоймаларда аэрозоль орамдарын өртке қарсы бөлiктерде тек жоғары қабатта ғана жинауға болады, бөлiктегi мұндай орамдардың саны 150000 аспауы қажет.      Қойманың оқшауланған бөлiгiнде 15000 аспайтын орамды (қорапты) сақтауға болады, ал қойманың жалпы сыйымдылығы 900000 орамнан аспауы қажет. Қойма ғимараттары шатырсыз, тез ашылатын жабынды болуы тиiс.      Жалпы қоймаларда 5000 данадан аспайтын мөлшерде аэрозоль орамдарын сақтауға болады.      1384. Ашық алаңдарда немесе шатырлар астында аэрозоль орамдарын тек жанбайтын контейнерлерде ғана сақтауға болады.      1385. Қойма үй-жайларында материалдарды стеллажсыз тәсiлмен сақтау кезiнде қатарлап жинау қажет. Қойма үй-жайларының есiк ойықтарына қарама-қарсы енi есiктiң енiне тең, бiрақ 1 метрден кем емес еркiн өту жолдары қалдырылады.      Қоймаларда әрбiр 6 метр сайын енi кемiнде 0,8 метр бойлық өту жолдары салынады.      1386. Қойма үй-жайлары iшiндегi есiк құрылымдары оттан қорғау құрамымен өңделедi.      1387. Транзиттiк электр кабельдерi, газ және өзге де коммуникациялар өтетiн үй-жайларда қоймаларды орналастыруға болмайды.      1388. Шамшырақтардан бастап сақталатын тауарларға дейiнгi қашықтық кемiнде 0,5 метр және жанғыш құрылыс құрылымдарының үстiне дейiн 0,2 метр етiп қабылданады.      1389. Тауар-материалдық құндылықтарын сақтауға арналған үй-жайларда тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерiн, тамақ iшу басқа да қосалқы қызмет бөлмелерiн орналастыруға болмайды.      1390. Тауартанушылардың, сарапшылардың, қоймашылардың жұмыс орындарын қоршау үшiн қойма үй-жайларында орнатылатын шынылы қалқалар өрт туындаған жағдайда адамдар мен тауар-материалдық құндылықтарын эвакуациялауға кедергi келтiрмейдi.      1391. Қойма үй-жайларында және дебаркадерлерде тиеу-түсiру және көлiк құралдарының тұруына және оларды жөндеуге болмайды.      Рампаға (платформаға) түсiрiлген жүктер мен материалдарды жұмыс күнi аяқталғанда алып тасталады.      1392. Қоймалардың ғимараттарында ыдысты ашумен, жарамдылықты тексерумен және ұсақ жөндеумен, өнiмдi өлшеп ораумен, өрт қауiптi сұйықтықтардың жұмыс

Page 96: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

қоспаларын (нитро бояуларды, лактарды) дайындаумен байланысты барлық операциялар сақтау орындарынан оқшауланған үй-жайларда жүргiзiледi.      1393. Автомобильдер, мотовоздар, автотиегiштер мен автокрандар және жүк көтергiш техниканың өзге де түрлерi iрi жем-шөп, талшықты материалдар сақталатын маяларға, қатарларға және шатырларға оларда жарамды ұшқын өшiргiш болған жағдайда кемiнде 3 метр қашықтықта жiберiлуi қажет.      1394. Қоймалардың электр жабдықтары жұмыс күнi аяқталғанда токтан ажыратылады. Қойманы электрмен жабдықтауды ажыратуға арналған аппараттар қойма үй-жайынан тыс, жанбайтын материалдан жасалған қабырғаға немесе бөлек тұрған тiрекке орнатылады, шкафқа немесе пломбалауға арналған құрал-саймандары бар текшеге орналастырылып, құлыппен жабылады.      1395. Қоймалардың үй-жайларында кезекшiлiк жарықтандыруға, сондай-ақ газ плиталарын, электрмен жылыту аспаптарын пайдалануға және штепсель розеткаларды орнатуға болмайды.      1396. Ашық алаңда материалдарды сақтау кезiнде бiр секцияның (қатардың) ауданы 300 шаршы метрден аспауы қажет, ал қатарлар арасындағы өртке қарсы бөлiктер кемiнде 6 метр етiп қабылданады.      1397. База мен қоймалардың аумағында орналасқан ғимараттарда персонал мен өзге де тұлғалардың тұруына болмайды.      1398. А, Б және В1- В4 санатты қойма үй-жайларына локомотивтердiң өтуiне болмайды.      1399. Цех қоймаларында кәсiпорында белгiленген нормадан тыс мөлшерде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға болмайды.      1400. Түтiн жою үшiн ойықтары бар терезелерi жоқ жертөле және цоколь қабаттардың үй-жайларында, сондай-ақ ғимараттардың жалпы саты торларын осы қабаттармен қосқанда жанғыш ыдыста жанғыш материалдарды немесе жанбайтын материалдарды сақтауға болмайды.

11-бөлiм. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың қоймаларын ұстау тәртiбi

1-параграф. Резервуарлық парктердi ұстау тәртiбi

      1401. Мұнай базаларының (қоймалардың), құю және айдау станцияларының аумақтары биiктiгi кемiнде 2 метр жанбайтын дуалдармен қоршалады.      1402. Резервуарлық парк пен бөлек тұрған резервуарлар аумағына тәулiктiң түнгi және қараңғы уақытында шамшырақтармен немесе топырақ үйiп бекiтiлген жерлерден тыс прожекторлармен жарық беру қажет.      1403. Резервуарлардың топырақ үйiп бекiтiлген жерлерi осы топырақ үйiп бекiтiлген жердегi ең үлкен резервуардың көлемiне тең көлемдi қамтуы және жарамды күйде ұсталуы қажет. Топырақ үйiп бекiтiлген жердiң iшiндегi алаңдарды жоспарлап, құм себу қажет. Механикаландырылған өрт сөндiру құралдары үшiн топырақ үйiп бекiтiлген жер арқылы өту жолдарын салуға кәсiпорын басшылығы рұқсат беруi мүмкiн. Бұл ретте топырақ үйiп бекiтiлетiн жердiң тұтастығы мен биiктiгi, сондай-ақ резервуарлық парктiң шекарасымен өту жолдары бұзылмауы қажет.      1404. Толтыруды және деңгейдi өлшеудi бақылау мен автоматтандыруға арналған құрылғылардың желiлерiнен басқа, резервуарлардың топырақ үйiп бекiтiлiген жерi iшiнде және тiкелей резервуарларда электр жабдығын орнатуға және электр желiлерiн төсеуге болмайды.      Көрсетiлген электр аппаратурасы мен сымдарды Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес жарылыстан қорғалған күйде ғана пайдалануға жол берiледi.      1405. Резервуарлық парктегi құбырлардың коммуникациясы резервуармен авария болған жағдайда мұнайды бiр ыдыстан келесiсiне қотарып алу мүмкiн болатындай болуы қажет.      1406. Жылдың қысқы мезгiлiнде резервуарлардың төбесiнен қарды дер кезiнде алу, сондай-ақ резервуарлық парктiң аумағына жолдар мен өрт сөндiруге өту жолдарын қардан тазартылады.      1407. Қыздыруға немесе жазғы уақытта ұзақ мерзiмдi пайдалануға жататын резервуарға мұнай немесе мұнай өнiмiн толтыру кезiнде сұйықтықтың деңгейi (резервуардың шамадан тыс толтырылуын болдырмау үшiн) қыздыру кезiнде сұйықтықтың кеңеюiн ескере отырып белгiленедi. Суық мұнай өнiмiнiң ең жоғарғы

Page 97: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

деңгейi сыйымдылықтың биiктiгiнен 95%, ал сұйытылған газдардiкi 83% аспауы қажет.      1408. Резервуардың төбесiнде төгiлген мұнай деңгейiн өлшегеннен немесе сынама алғаннан кейiн дереу алынады, ал резервуардың қақпағы құрғақ етiп сүртiледi. Төбеде сүртiлген материалдар мен қандай да бiр заттарды қалдыруға болмайды.      1409. Жарылыс және өрт қауiптi үй-жайлар мен резервуарлық парк аумағында көмiрсутектер қосылымын тұрақты бақылау үшiн жарық және дыбыс дабылы бар газ талдағыштар орнатылады.      1410. Әрбiр резервуар жиналып қалған шөгiндiлерден жүйелi түрде (кестеге сәйкес) тазалануы тиiс.      1411. Резервуарлардағы мұнайды қыздырғыштардың үстiндегi сұйықтық деңгейi кемiнде 50 сантиметр болғанда (белгiленген шектерде) қыздыруға болады.      1412. Резервуарлардағы жабысқақ мұнайды қызмет көрсетушi персонал тұрақты қадағалағанда бу ирек түтiктерiмен ғана қыздыруға рұқсат берiледi.      1413. Мұнай өнiмдерi толтырылған резервуарларда жұмыс тек ұшқынға қауiпсiз аспапты пайдаланып қана жүргiзiледi.      1414. Резервуарлық парктегi өнеркәсiптiк канализация желiсiнде кемiнде 0,25 тұрақты су деңгейi болатын және арнайы құдықтарда орнатылатын, арқанмен басқарылатын сақпандармен жабдықталған, резервуарлардың топырақ үйiп қоршалған жерiнен тыс шығарылған гидравликалық ысырмалары болуы қажет. Сақпандардың қалыпты күйi – жабық.      1415. Жiктерде немесе корпустың негiзгi металында немесе түбiнде сызаттар пайда болғанда қолданыстағы резервуар дереу босатылып тазартылады.      Мұнай толтырылған резервуарда сызаттарды жою бойынша отты және механикалық жұмыстарды жүргiзуге жол берiлмейдi.      1416. Резервуарлық парк пен бөлек тұрған резервуарлардың барлық аумағында көрiнетiн жерлерде белгiленген өртке қарсы режимдi бұзуға жол бермеу туралы жазулар болуы қажет.      1417. Металл резервуарларда күкiрттi мұнайларды сақтау кезiнде пирофор шөгiндiлерiнен болатын жарылыстар мен өрттердiң алдын алу мақсатында «Мұнай өнiмдерi бар резервуарларды пайдалану кезiнде пирофор шөгiндiлерiмен күресу жөнiндегi нұсқаулық» талаптарына сәйкес қорғау iс-шаралары жүзеге асырылады.      1418. Статикалық электр зарядтарының түзiлуiн болдырмау үшiн:      1) соғылған кезде ұшқын шығармайтын материалдардан дайындалған және сынама алғыштарға дәнекерленген ток өткiзетiн кiшкене арқандары бар сынама алғыштарды қолдану;      2) статикалық электр зарядтарын жинамайтын маталардан жасалған киiмдi пайдалану қажет.      1419. Тез тұтанатын мұнай өнiмдерi сынамаларын оларды ағызу немесе құю кезiнде алуға жол берiлмейдi.      1420. Сынама алу мен деңгейiн өлшеуге мұнай өнiмдерiнiң қасиеттерiн және олармен жұмыс iстеу кезiнде өрт қауiпсiздiгi ережесiн жақсы бiлетiн адамдар жiберiледi.      1421. Тек өлшеу құрылғыларының тұрақты жүйелерiмен ғана мұнай өнiмдерiнiң деңгейiн өлшеу және сынама алу қажет. Ерекше жағдайларда газ кеңiстiгiнiң артық қысымы 2,10 Па дейiн резервуарларда өлшеу люгi арқылы қолмен деңгейдi өлшеуге және сынама алуға болады.      1422. Деңгей өлшеу және резервуарлардан сынама алу үшiн қызмет ететiн люктер герметикалық қақпақтармен, ал өлшеу тесiктерiнде iшкi жағынан ұшқын түзiлуiн болдырмайтын металл шығырмен жабдықталады.      1423. Шөге бастаған, герметикаланбаған, сондай-ақ крандары, құбырларды қосқыштары, тығыздама толтырғыштары, ысырмалары, өрт сөндiру және салқындату жүйелерi ақаулы резервуарларды пайдалануға болмайды.      1424. Күкiрттi мұнай өнiмдерi сақталатын резервуарлар үшiн пирофор күкiрттi темiр шөгiндiлерiнен тазалау бойынша жоспарлы жұмыстардың кестесi әзiрленедi.      1425. Пайдаланылатын резервуар парктерi аумағындағы ашық отты (дәнекерлеу, кесу) қолданумен байланысты барлық құрылыс және монтаждау жұмыстары кәсiпорынның бас инженерiнiң жазбаша рұқсаты негiзiнде ғана жүргiзiледi.      1426. Топырақ үйiп бекiтiлген жерлердiң iшiнде және топырақ үйiп бекiтiлген жерде құбырларды төсеу және жөндеу кезiнде қазылған орлар осы жұмыстар аяқталғаннан кейiн дереу көмiледi, ал топырақ үйiп бекiтiлген жер қалпына келтiрiледi. Жұмыста ұзақ мерзiмге үзiлiс болғанда уақытша топырақ үйiп бекiтiлетiн

Page 98: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

жер қалпына келтiрiледi.      1427. Шөге бастаған, герметикаланбаған, сондай-ақ крандары, құбырларды қосқыштары, тығыздама толтырғыштары, ысырмалары, өрт сөндiру және салқындату жүйелерi ақаулы резервуарларды пайдалануға болмайды.      1428. Деңгей өлшеудi және сынама алуды, әдетте, тәулiктiң жарық уақытында орындау қажет. Түнгi уақытта сынама алу немесе деңгей өлшеу кезiнде жарық беру үшiн жарылыс қауiптi аймақтан тыс жерде ғана қосуға және ажыратуға рұқсат берiлетiн жарылысқа қауiпсiз аккумуляторлық фонарларды ғана қолдану керек, қалта фонарларын пайдалануға жол берiлмейдi.      1429. Авария кезiнде төгiлген мұнай өнiмiн жою үшiн, сондай-ақ топырақ үйiп бекiтiлген жерлерден канализация жолдарда нөсер суын ағызу үшiн топырақ үйiлiп бекiтiлген жерлердiң шектерiнен тыс қолданысқа келтiрiлетiн сақтан клапандар түрiндегi ысырма құрылғылар орнатылуы қажет.      1430. Мыналарға:      1) герметикаланбаған жабдық пен тиек арматурасын пайдалануға;      2) жобалық құжаттамада белгiленген топырақпен үйiп бекiтiлетiн жердiң биiктiгiн азайтуға;      3) қисық тұрған және сызаттары бар резервуарларды, сондай-ақ ақаулы жабдықты, бақылау-өлшеу аспаптарын, өнiм өткiзгiштердi және тұрақты өртке қарсы құрылғыларды пайдалануға;      4) топырақ үйiп бекiтiлген жерге ағаш, бұта, шөп отырғызуға;      5) жанғыш негiзге сыйымдылықтарды орнатуға;      6) резервуарлар мен цистерналарды асыра толтыруға;      7) мұнай мен мұнай өнiмдерiн ағызу немесе құю кезiнде резервуарлардан сынама алуға;      8) найзағай кезiнде мұнай мен мұнай өнiмдерiн ағызуға және құюға болмайды.      1431. Тыныс алу клапандары мен от бөгегiштердi дайындаушы кәсiпорынның техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес тексеру қажет.      Тыныс алу арматурасын тексеру кезiнде клапандар мен торларды мұздан тазарту қажет. Оларды тек өртке қауiпсiз тәсiлдермен ғана жылыту керек.      1432. Резервуарлық парктiң қоймаларында өрт сөндiргiш заттардың қоры болуы, сондай-ақ ең үлкен резервуарда өрт сөндiру үшiн қажеттi мөлшерде оларды беру құралдары болуы қажет.      1433. Резервуарлық паркте жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде резервуарлардың топырақ үйiп бекiтiлген аумағына пайдаланылған газдар шығатын құбырында ұшқын өшiргiштерi бар тракторлар мен автомобильдердiң ғана өтуiне болады, автокөлiк пайдаланылатын немесе қорғалмаған резервуарға 20 метрден артық жақындамауы керек.      Әр жағдайда көлiктiң өтуiне кәсiпорын немесе объект басшысы белгiленген тәртiппен рұқсат бередi.      1434. Резервуарлық парктiң жұмыскерлерi пайдалану үдерiсiнде, сондай-ақ ықтимал авария немесе өрт болғанда қажеттi ауыстырып қосуды жылдам әрi мүлтiксiз жүргiзу үшiн құбырлардың орналасу сызбасы мен барлық ысырмалардың мақсатын бiлуi қажет.      1435. Топырақ үйiп бекiтiлген жерлердiң iшiнде және топырақ үйiп бекiтiлген жерде құбырларды төсеу және жөндеу кезiнде қазылған орлар осы жұмыстар аяқталғаннан кейiн дереу көмiледi, ал топырақ үйiп бекiтiлген жер қалпына келтiрiледi.      1436. Егер жөндеу жұмыстары алдында мұнай құбырын мұнайдан толығымен босату мүмкiн болмаса, онда мұнайдың төгiлуiн болдырмау шаралары қабылданады.

2-параграф. Мұнай өнiмдерiн ыдыста сақтау тәртiбi

      1437. Тұтану температурасы 120 0С жоғары сұйықтарды 60 текше метрге дейiн мөлшерде еденi жанбайтын материалдардан жасалған және бетi қалыңдығы кемiнде 0,2 метр тегiстелген топырақ қабатымен төселген жағдайда жанғыш материалдардан жасалған жер асты қоймаларында сақтауға болады.      1438. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды олардың жалпы саны 200 текше метр тез тұтанатын сұйықтықтардан немесе 1000 текше метр жанғыш сұйықтықтардан аспаған жағдайда ыдыста бiр үй-жайда бiрге сақтауға болады.      1439. Қойма үй-жайлары басқа үй-жайлардан отқа төзiмдiлiк шегi ЕI-45 кем емес өртке қарсы қалқалармен бөлiнедi.

Page 99: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1440. Қоймаларда тез тұтанатын сұйықтықтары мен жанғыш сұйықтықтары бар бөшкелердi қолмен жинау кезiнде еденге 2 қатардан аспайтындай етiп, жанғыш сұйықтықтары бар бөшкелердi механикалық жинау кезiнде 5 қатардан, ал тез тұтанатын сұйықтықтармен 3 қатардан аспайтын етiп орналастырылады.      Қатардың енi 2 бөшкеден артық етiп орындауға жол берiлмейдi. Бөшкелердi тасымалдау үшiн бөшкелер арасындағы негiзгi өту жолдарының енiн кемiнде 1,8 метр, ал қатарлар арасында кемiнде 1 метр қарастырылады.      1441. Сұйықтықтарды тек ақаусыз ыдыста сақтау керек. Төгiлген сұйықтық дереу сүртiледi.      1442. Ыдыста мұнай өнiмдерiн сақтауға арналған ашық алаңдар топырақ бiлiгiмен немесе биiктiгi кемiнде 0,5 метр, алаңға өтуге арналған пандустары бар, жанбайтын тұтас қабырғамен қорғалуы тиiс.      1443. Алаң деңгейi жапсарлас аумақтан 0,2 метр жоғары етiп орналастырылуы және ағынды суды бұру үшiн ормен қоршалуы тиiс.      1444. Топырақпен үйiп қоршалған бiр алаңның шегiнде 4 қатардан аспайтын қатарлар арасындағы бөлiктерi кемiнде 10 метр, ал қатар мен бiлiк (қабырға) арасында кемiнде 5 метр, мөлшерi 25х15 метр және биiктiгi 5,5 метр бөшкелердi орналастыруға болады.      Екi аралас алаңдардың қатарлары арасындағы бөлiктер кемiнде 20 метр болуы қажет.      1445. Алаңдардың үстiнен жанбайтын материалдардан жасалған бастырмаларды орнатуға болады.      1446. Қоймаларда тiкелей және топырақпен үйiп қоршалған алаңдарда мұнай өнiмдерiн құюға, сондай-ақ буып-түю материалдары мен ыдысты сақтауға болмайды.

3-параграф. Газ баллондарын сақтау тәртiбi

      1447. Жанғыш газдары бар баллондарды сақтауға арналған қоймалар жеңiл ашылатын жабындары бар, бiр қабатты, шатырсыз ғимараттарда орналастырылады.      Газы бар баллондар сақталатын үй-жайлардың терезелерi ақ бояумен сырланады немесе күннен қорғайтын жанбайтын құрылғылармен жабдықталады.      Баллондарды ашық алаңдарда сақтағанда оларды жауын-шашын мен күн сәулесiнiң әсерiнен қорғайтын бастырмалар жанбайтын материалдардан жасалады.      1448. Баллондарды сақтау орындарының айналасында 10 метр қашықтыққа қандай да бiр жанғыш материалдарды сақтауға және отты жұмыстарды жүргiзуге болмайды.      1449. Баллондар орналастырылатын шкафтар мен будкалар жанбайтын материалдардан жасалуы және олардың iшiнде жарылыс қауiптi қоспалардың түзiлуiн болдырмайтын табиғи желдеткiшпен қамтамасыз етiледi.      1450. Жанғыш газдары бар баллондар оттегi, сығылған ауа, хлор, фтор және басқа да тотықтырғыштары бар баллондардан, сондай-ақ улы газдары бар баллондардан бөлек сақталады.      1451. Сығылған, сұйытылған және ерiтiлген күйдегi газ қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды орнату және қауiпсiз пайдалану талаптарына сәйкес баллондарда сақталуы тиiс. Баллондардың сыртқы қабаттары сол газға үшiн белгiленген түспен боялады.      1452. Оттегi бар баллондарды сақтау және тасымалдау кезiнде майдың түсуiне және баллон арматурасының майлы материалдармен жанасуына жол беруге болмайды.      Баллондарды домалатқанда тиек арматурасын қолмен ұстауға болмайды.      1453. Баллондарды жинау кезiнде бiр-бiрiне соғылуына, қақпақтар мен баллондардың жерге құлауына жол беруге болмайды.      1454. Газдар сақталатын үй-жайларда жарылыс қауiптi қосылымдарға дейiн жарамды газ талдағыштармен жабдықталады. Газ талдағыштар болмаған жағдайда объектiнiң басшысы сынама алу және бақылау тәртiбiн белгiлейдi.      1455. Баллондардан газдың шығуы анықталғанда оларды қоймадан қауiпсiз орынға шығарылады.      1456. Жанғыш газдары бар баллондар сақталатын қоймаға табанында металл шеге немесе таға қағылған аяқ киiм киген тұлғаларға кiруге болмайды.      1457. Тежегiштерi бар жанғыш газ баллондары тiгiнен, олардың құлап қалуын болдырмайтын арнайы ұяшықтарда, торларда немесе басқа да құрылғыларда сақталады.

Page 100: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      Тежегiштерi жоқ баллондар көлденеңiнен рамаларда немесе стеллаждарда сақталады. Қатардың биiктiгi бұл жағдайда 1,5 метрден аспайтындай етiп қабылдануы, ал клапандар сақтандыру қалпақтарымен жабылады және бiр жағына қарай бұрылады.      1458. Қоймаларда қандай да бiр басқа заттарды, материалдар мен жабдықты сақтауға болмайды.      1459. Жанғыш газдары бар қоймалардың үй-жайлары табиғи желдеткiшпен қамтамасыз етiледi.

3-тарау. Ауылшаруашылық өнiмiн сақтау тәртiбi

1-параграф. Iрi жемшөптердi сақтау тәртiбi

      1460. Iрi жемшөп қорын ферма ғимараттарынан тұйық, жанбайтын қабырғалармен (қалқалармен) және отқа төзiмдiлiк шегi кемiнде ЕI-45 жабындармен бөлiнген қосымша (жапсарлас салынған) құрылыстарда сақтауға болады.      1461. Қосымша құрылыстар (жапсарлас салынған) тек сыртқа қарай шығу жолымен жабдықталады.      1462. Шөп жинау орны топырақ бiлiгiмен және сым қоршаумен қоршалуы керек. Таразыны шөп жинау орнынан тыс орналастыру қажет.      Iрi жемшөптердiң кебендерi (маялары), бастырмалары мен қатарлары электр беру желiлерiне дейiн кемiнде 15 метр, жолдарға дейiн кемiнде 20 метр және ғимараттар мен құрылыстарға дейiн кемiнде 50 метр қашықтықта орналастырылады.      1463. Шөп қоймалары қоршауларынан бастап жақын орналасқан орман алқаптарына дейiнгi қашықтық кемiнде 20 метр етiп орындалады, енi кемiнде 4 метр жолақ периметрi бойымен жыртылады.      1464. Өндiрiстiк-шаруашылық кешеннiң аумағындағы iрi жемшөп қоймаларын арнайы бөлiнген алаңда орналастырылады. Кебендердi (маяларды), сондай-ақ кебен (мая) жұптарын немесе қатарларды орналастыруға арналған алаңдарды енi кемiнде 4 метр жолақтың периметрiмен жыртылады. Жолақтың шетiнен бастап алаңда орналасқан кебенге (маяға) дейiнгi қашықтық кемiнде 15 метр, ал бөлек тұрған кебенге (маяға) дейiн кемiнде 5 метр болуы қажет.      1465. Бiр кебен (мая) орналасқан ауданның 150 шаршы метрден, ал престелген шөп (сабан) қатарының 500 шаршы метрден асуына жол берiлмейдi.      1466. Жекеленген қатарлар, бастырмалар мен кебендер (маялар) арасындағы өртке қарсы бөлiктер кемiнде 20 метр болуы қажет. Қатарларды, бастырмаларды мен кебендердi (маяларды) жұптап орналастырғанда қатарлар мен бастырмалар арасындағы қашықтықты кемiнде 6 метр, ал олардың жұптарының арасы кемiнде 30 метр етiп қабылданады.      1467. Кварталдар арасындағы өртке қарсы бөлiктер (бiр кварталда 20 кебен немесе қатар орналастыруға болады) кемiнде 100 метр болуы қажет.      1468. Ылғалдылығы жоғары шөптердi конус маяға (шөмелеге) аралары кемiнде 20 метр бөлiп жиналады. Өздiгiнен жануға бейiм ылғалдылығы жоғары шөп маяларында дюймдi қималы металл құбырларға салынатын және әр түрлi тереңдiкте маяға орналастырылатын кәдiмгi сынап термометрлерiнiң көмегiмен температураны тұрақты бақылау жүзеге асырылады.      Температура 600С астам жоғарылағанда жанған шөп қазып алынады.      1469. Жемшөп қоймаларында жұмыс iстейтiн тракторлар мен автомобильдер ұшқын өшiргiштермен жабдықталады, ал автомобильдерде сөндiргiш бампердiң астынан алдына қарай шығып тұруы қажет. Ұшқын өшiргiштерiмен жабдықталмаған тракторлар мен автомобильдер қоймаға жұмыс iстеуге жiберiлмейдi. Қоймаға кiрер алдында жүргiзушiлер ұшқын өшiргiштiң жарамдылығы және нығыз бекiтiлуi тексерiледi.      1470. Шығыңқы құбырлармен, коллекторлармен немесе ажыратқыштармен, сүйретпе тракторлармен мен түсiру жұмыстарымен айналысып жатқан автомобильдермен тiкелей жанасуынан жемшөптiң тұтануын болдырмау үшiн маяларға 3 метр жақын барады.      1471. Жемшөптi тиеу кезiнде автомобиль шанағына тiкелей оның қозғалтқышы сөндiрiледi. Қоймадан шығуға автомобильдiң тұрған орнын тексергеннен және өткiзу құбырына жақын шөптi (сабанды) жинағаннан кейiн ғана рұқсат берiледi.

Page 101: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1472. Iрi жемшөп қоймаларында өрт шыққан жағдайда кемiнде 50 текше метр су қоры болуы тиiс.

2-параграф. Астық сақтау тәртiбi

      1473. Егiн жинау басталмас бұрын астық қоймалары мен астық кептiргiштердiң пайдалануға жарамдылығы тексерiледi. Анықталған ақаулықтар астық кептiру мен қабылдау басталғанға дейiн жойылады.      1474. Астық қоймаларын оқшау тұрған ғимараттарда орналастырылады. Оларға кiретiн қақпалар сыртқа қарай ашылатындай етiп орындалады және үймеленбейдi.      1475. Астықты үйiп сақтағанда үйменiң төбесiнен бастап жабынның жанғыш құрылымдарына дейiнгi, сондай-ақ шамшырақтар мен электр өткiзгiштерге дейiнгi қашықтық кемiнде 0,5 метр етiп орындалады.      Ойықтар арқылы астық тасымалдау орындарында өртке қарсы қалқаларда от бөгегiш құрылғылар орнатылады.      1476. Мыналарға:      1) басқа материалдар мен жабдықты астықпен бiрге сақтауға;      2) қойма үй-жайлары iшiнде қолданылатын астық тазалау және iштен жану қозғалтқыштары бар басқа да машиналарды қолдануға;      3) қойманың екi жағынан қақпалары жабық болғанда жылжымалы тетiктермен жұмыс iстеуге;      4) қатты отынмен жұмыс iстейтiн кептiргiштердi тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың көмегiмен, ал сұйық отынмен жұмыс iстейтiндердi алаудың көмегiмен жағуға;      5) температураны бақылау аспаптар мен оттықтағы алау сөнгенде отын берудi ажырату автоматикасы, электрмен тұтандыру жүйесi ақаулы немесе оларсыз кептiргiштерде жұмыс iстеуге;      6) астықты транспортер лентасының деңгейiнен биiк етiп үюге және лентаның транспортер құрылымына үйкелуiне жол беруге болмайды.      1477. Кептiргiш жұмыс iстеп тұрғанда астық температурасын бақылауды кемiнде әрбiр 2 сағат сайын сынама алу арқылы жүзеге асырған.      Кептiргiштiң тиеу-түсiру тетiктерiн тозаң мен астықтан тазарту оның жұмысынан бiр тәулiктен кейiн жүргiзiледi.      1478. Жылжымалы кептiру агрегаты астық қоймасы ғимаратынан кемiнде 10 метр қашықтықта орнатылады.      Кептiргiштердiң оттықтарын орнату кезiнде ұшқын шығуды болдырмайды. Түтiн құбырлар ұшқын сөндiргiштермен жабдықталады, олардың жанғыш құрылымдар арқылы өту орындарында өртке қарсы бөлiктер орнатылады.      1479. Астық қоймаларында астықты желдеткенде желдеткiштер жанғыш қабырғалардан кемiнде 2,5 метр қашықтықта орнатылуы тиiс. Ауа өткiзгiштер жанбайтын материалдардан жасалады.      1480. Кептiргiштердегi мойынтiректер мен тетiктердiң басқа да үйкелетiн бөлшектерiн пайдалану нұсқаулығына сәйкес жүйелi түрде майланады.      1481. Астық кептiргiш жұмыс iстеп тұрған кезде оған қызмет көрсетушi тұлғалар кептiру ғимаратында тапжылмай болуы және оның жұмысын бақылау жүзеге асырылады.      1482. Механикаландырылған астық қоймаларында:      1) төменгi тасымалдау галереясы жанбайтын материалдардан жасалуы және тиiмдi желдеткiшпен қамтамасыз етiледi;      2) төменгi тасымалдау галереясынан сыртқа шығу жолдарының саны екiншi галереяның басында және соңында орналасқан терезеден кемiнде екеу етiп қарастырылады. Бiрнеше секциялы қоймаларда төменгi тасымалдау галереясынан сыртқа шығу жолдары бiр-бiрiнен 60 метрден аспайтын етiп орналастырылады;      3) отқа төзiмдiлiгi III және IV дәрежелi қоймаларда жоғарғы конвейерлiк галереялар (алаңдар) жанғыш материалдардан дайындалуы мүмкiн, ал отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi ғимараттарда тек қана жанбайтын материалдардан дайындалады;      4) галереяның өту жолдарындағы енi кемiнде 0,7 метр етiп жасалады.      1483. Бұғатталған механикаландырылған астық қоймаларында:      1) қоймалар, ғимараттар арасындағы жанғыш қосқыш галереяларда жанбайтын материалдарды қолдана отырып, 6 метрлiк өртке қарсы аймақтарды орнатуды көздеу қажет;

Page 102: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      2) төменгi және жоғарғы галереялардағы, өртке қарсы қабырғалар арқылы ленталар өтетiн орындарда транспортерлердiң тұғырлары ұзындығы кемiнде 6 метрлiк жанбайтын материалдардан қарастырылуы қажет;      3) тасымалдау лентасының өтуiне арналған өртке қарсы қабырғадағы ойықтың өлшемi енi мен биiктiгi бойынша ең қысқа және астық лентасының еркiн өтуi үшiн қажеттi жолдан үлкен емес болуы қажет.      Ойық оны автоматты түрде жабатын өртке қарсы құрылғымен жабдықталуы қажет;      4) төменгi және жоғарғы галереяларда қызмет көрсетушi персоналдың өтуi үшiн өртке қарсы қабырғаларда отқа төзiмдiлiк шегi кемiнде ЕI-60, сәл жабылатын жерлерi тығыздалған өртке қарсы өздiгiнен жабылатын есiктерi бар ойықтарды орнатуға болады.      1484. Қолда бар астық қоймаларында тұрақты механизацияны орнату кезiнде:      1) норий мұнаралары немесе кептiру-тазалау мұнараларының құрылғысы жобалық құжаттамаға сәйкес болуы қажет;      2) норий және өздiгiнен ағатын құбырлар, норий бастиектерi мен башмактары бақылау люктерiнде дәл сондай қақпақтары бар жанбайтын материалдардан жасалуы қажет.      1485. Өндiрiстiк және қойма үй-жайларының iшiнде iштен жану қозғалтқыштары бар машиналар мен жабдықты пайдалануға үзiлдi-кесiлдi жол берiлмейдi.      1486. Астық сақтау үшiн ауданы 1200 м2 дейiн жанбайтын материалдардан жасалған, бөлек тұрған шатырларды салуға болады.      1487. Астық тұқымының әр түрлi сұрыптарының кiшiгiрiм париясын қоймада сақтау кезiнде осы мақсат үшiн бұл жағдайда тұтас қойманың бойымен ортасына енi кемiнде 1,5 метр бiр өту жолын және қойманың қарама-қарсы қабырғаларында орналасқан қақпаларға қарсы, енi қақпалардағы ойықтардың енiне тең тура жүретiн екi өту жолын орната отырып, бөлек ларь салуға болады.      1488. Астық жекелеген партияларын бөлу үшiн стандартты ағаштан жасалған бидай қалқандарын қолдануға болады.      1489. Жапсарлас бункерлер мен қойма қабырғалары арасында өту жолдары болған жағдайда олардың енi кемiнде 0,7 метр етiп қабылдануы тиiс.      1490. Барлық ғимараттар мен үй-жайларда ашық қыздыру элементтерi бар электрмен қыздыру аспаптарын, ал жарылыс, өрт қауiптi үй-жайларда электрмен қыздыру аспаптарын пайдалануға мүлде жол берiлмейдi.      1491. Өнiмдi қаптарда, пакеттерде, қораптарда сақтауға арналған қоймаларда қатарлардың биiктiгiн қаптардың жоғарғы қатары мен жабынның шығыңқы бөлiктерi немесе жамылғы, сондай-ақ электр желiлерi, шамшырақтар арасында кемiнде 1 метр саңылау қалдыра отырып, тиiстi биiктiкке электрлiк тиегiшпен кедергiсiз төсеудi ескере отырып, қабылдау қажет. Ыдыстағы өнiм тұғырларда немесе стеллаждарда сақталуы қажет.      1492. Нан пiсiру және макорон кәсiпорындарында ұнды қаппен жинау кезiнде өту жолдары мен өткелдердiң енi:      1) қатарлар арасындағы өту жолдары, кемiнде 12 м сайын – 0,8 метр;      2) қатарлардан бастап қабырғаларға дейiнгi қашықтық – 0,7 метр;      3) электрлiк тиегiштер үшiн өткелдер – 3,0 метр;      4) көтергiш платформасы бар арбалар үшiн өткелдер – 2,0 метр кем емес қабылдануы тиiс.      1493. Астық өнiмдерi саласының қалған кәсiпорындарының ыдыста өнiм сақтауға арналған қойма iшiнде:      1) қойманың ортасында, бойлай, енi тетiктердiң жұмысын қамтамасыз ететiн, бiрақ 1,25 метр кем емес – бiр;      2) қойма қақпасына қарсы, тура жүретiн, енi қақпалардың енiнен кем емес екi көлденең      3) қатарлар мен қойма қабырғасы арасында – енi 0,7 метр кем емес өту жолы болуы қажет.      1494. Астық қабылдау және астық өңдеу кәсiпорындарында ыдыста өнiм сақтауға арналған қойманың әрбiр жағынан тура жүретiн өту жолдары бар екi қақпа қарастырылады. Қақпалар қойма тура жүретiн өту жолдарымен қақпаларға қарсы өнiм жиналуы мүмкiн әр түрлi үш бөлiкке бөлiнетiндей етiп орналастырылады.      1495. Жылу беру аспаптарының бетi тегiс болады және оларды тозаңнан жүйелi түрде тазалау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн биiктiкте орналастырылады.      1496. Жылу беру аспаптарына еркiн қол жеткiзiледi. Жылу беру аспаптарын бөгде

Page 103: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

заттармен немесе материалдармен жабуға жол берiлмейдi.      1497. Кеңейту ыдыстарын орнатуға арналған шатырлардағы кабиналар жанбайтын немесе жануы қиын материалдардан жасалады.

4-тарау. Ағаш материалдарын сақтау тәртiбi

1-параграф. Ағаш материалдар қоймаларын ұстау тәртiбi

      1498. Сыйымдылығы 10000 текше метрден астам ағаш материалдарының қоймалары құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес қарастырылады.      1499. Сыйымдылығы 10000 текше метрден кем ағаш материалдары қоймаларында сақталатын материалдардың шектi көлемiн, өртке қарсы бөлiктер мен қатарлар арасындағы, сондай-ақ қатарлар мен көршiлес объектiлер арасындағы өту жолдарын көрсете отырып, қатарларды орналастыру жоспарлары әзiрленедi.      1500. Қатарлар арасындағы өртке қарсы бөлiктерде ағаш материалдарын, жабдықты жинап қоюға болмайды.      1501. Қатарларға арналған орындар шөп жамылғысынан, жанғыш қоқыс пен қалдықтардан топыраққа дейiн тазартылады, жердiң немесе қиыршық тастың қалыңдығы кемiнде 0,5 метр болуы қажет.      1502. Әрбiр қойма үшiн кәсiпорын жұмыскерлерi мен техникасын тарту мүмкiндiгiн ескере отырып, қатарларды, баланс үймесi, жоңқаларды бұзу өрт шыққан жағдайда қатарларды артып әкету, техниканы, баланс қорларын, жоңқаларды бұзу шараларын анықтап, жедел өрт сөндiру жоспары әзiрленедi. Жыл сайын өрт қауiптi маусым басталмас бұрын кәсiпорынның барлық ауысымы мен өртке қарсы қызметтiң тиiстi бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерiн тарта отырып, жоспар пысықталады. Жазғы уақытта қойма аумағын мерзiмдi суару қажет.      1503. Қоймаларда алғашқы өрт сөндiру құралдарынан басқа бекеттер(бекеттер) жедел өрт сөндiру жоспарларында анықталатын мөлшерде әр түрлi өрт техникасы түрлерi қорымен жабдықталады. Ағаш материалдарының қоймаларында өрт сөндiру үшiн қажеттi су қоры болуы қажет.      1504. Қоймада ағаш материалдарын сақтаумен байланысы жоқ жұмыстарды атқаруға болмайды.      1505. Ағаш материалдары қоймаларындағы жұмысшыларға арналған тұрмыстық үй-жайлар өртке қарсы бөлiктердi сақтай отырып, бөлек ғимараттарда ғана орналастырылуы мүмкiн.      Бұл үй-жайларға жылу беру тек зауытта дайындалған электрмен жылыту аспаптарын қолдануға болады.      1506. Iштен жану қозғалтқыштары бар шығырлар дөңгелек ағаш қатарларынан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады.      Шығырдың айналасындағы алаң кесек қалдықтардан, қабықтардан және өзге де жанғыш қалдықтар мен қоқыстардан босатылуы қажет. Қозғалтқыштарға құюға арналған жанар-жағармай материалдарын бiр бөшкеден аспайтын мөлшерде және шығырдан кемiнде 10 метр және жақын орналасқан қатардан 20 метр қашықтықта сақтауға болады.

3-параграф. Ағаш материалдары қоймаларын ұстау тәртiбi

      1507. Ағаш материалдары қатарларын төсеу және бұзу кезiнде тасымалдау пакеттерiн өту жолының бiр жағынан ғана орнату қажет, бұл ретте жолдың қалған бөлiгiнiң енi кемiнде 4 метр етiп орындалады. Қатарларға төселмеген ағаш материалдарының жалпы көлемi олардың тәулiктiк қоймаға түсуiнен артпауы қажет.      1508. Тасымалдау пакеттерiн өртке қарсы бөлiктерде, өту жолдарында, өрт сөндiру су көздерiне кiреберiстерге орнатуға болмайды.      1509. Тетiктердiң жұмысы уақытша тұрып қалған жағдайда пакеттердi iрiктеу және орнату, құрал-сайман және төсеу материалдарын сақтау арнайы алаңдарда жүргiзiледi.      1510. Тасымалдау пакеттерiн су өткiзбейтiн қағазбен орау (бұл операция бiрыңғай технологиялық үдерiсте болмағанда) арнайы бөлiнген алаңдарда жүргiзiледi.      1511. Пайдаланылған су өткiзбейтiн қағаз, оның қиындылары мен кесiндiлерi контейнерлерге жиналады.      1512. Жабық қоймаларда қатарлар мен ғимарат қабырғаларының шығыңқы

Page 104: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

бөлiктерiнiң арасындағы өту жолының енi кемiнде 0,8 метр болуы қажет. Қойманың есiк ойықтарына қарсы енi есiктердiң енiне тең, бiрақ кемiнде 1 метр өту жолдары қалдырылады.      1513. Жабық қоймаларда қалқалары мен қызмет бөлмелерi болмауы керек.      1514. Жабық қоймалар мен бастырма алаңдарының едендерi жанбайтын материалдан жасалады.

4-параграф. Жоңқа қоймаларын ұстау тәртiбi

      1515. Жоңқаны жабық қоймаларда, бункерлерде және еденi жанбайтын жасалған ашық алаңдарда сақтауға болады.      1516. Жоңқа беру конвейерлерiнiң электр қозғалтқыштары орнатылған будкалардың отқа төзiмдiлiгi II дәрежеден төмен емес етiп қарастырылады.      1517. Жоңқаның қызу температурасын бақылау үшiн кертпектiң iшiнен жылу электрлiк түрлендiргiштердi орнату үшiн жанбайтын материалдардан жасалған құдықтар қарастырылады.

5-тарау. Көмiр қоймаларын ұстау тәртiбi

      1518. Көмiр жинауға арналған алаңдар оларды жауын-шашын немесе топырақ суларының басуын болдырмайтындай етiп жоспарланады.      1519. Мыналарға:      1) жаңа қазылып алынған көмiрдi бiр айдан артық жатқан ескi көмiр үйiндiсiне жинауға;      2) қоймаға өздiгiнен тұтану ошақтары анық байқалатын көмiрдi қабылдауға;      3) жанып жатқан көмiрдi транспортер ленталары арқылы тасымалдауға және оларды темiржол көлiгiне немесе бункерге артуға;      4) көмiр қатарларын жылу көздерiнiң (бу құбырлары, ыстық су құбырлары, қызған ауа арналары) үстiне, сондай-ақ төселген электр кабельдерi мен мұнай-газ өткiзгiштердiң үстiне орналастыруға болмайды.      1520. Көмiрдi жинау және оны сақтау кезiнде қатарларға ағаштың, матаның, қағаз бен өзге де жанғыш материалдардың түсуiне жол берiлмейдi.      Әр түрлi маркалы көмiр бөлек қатарларға жиналады.      1521. Ұзақ мерзiмдi сақтау үшiн қоймаға түсетiн көмiр мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде оның вагондардан түсiрiлуiне қарай қатарлап жиналады. Түсiрiлген көмiрдi екi тәулiктен астам формасыз үйiп және төгiп сақтауға болмайды.      Қатарлармен регламенттiк жұмыстарды орындау, сондай-ақ тетiктер мен өрт сөндiру машиналарының өтуi үшiн қатарлар төменгi шетiнен бастап қоршайтын дуалдарға немесе кран жолдары iргетасына дейiнгi қашықтық кемiнде 3 метр, ал рельс бастиегiнiң сыртқы шетiне немесе автожолдың жиегiне дейiн кемiнде 2 метр етiп қарастырылады.      Өту жолдарына қатты отын төгуге және оларды жабдықпен үймелеуге болмайды.      1522. Қоймада жиектерiне бақылау темiр құбырлары мен термометрлердi орнату арқылы немесе өзге де қауiпсiз тәсiлмен көмiр қатарларындағы температураны жүйелi түрде бақылау қамтамасыз етiледi.      Температура 600С астам жоғарылағанда температура жоғарылаған жерлерде қатарларды нығыздау, қызған көмiрдi қазу немесе температураны төмендету бойынша өзге де қауiпсiз әдiстер қолданылады.      Температураның жоғарылауы байқалған қатарлар ең алдымен жұмсалады.      1523. Көмiрдi тiкелей қатарларда сумен сөндiруге немесе салқындатуға болмайды. Жанған көмiрдi қатардан қазып алғаннан кейiн ғана сумен сөндiрiледi.      1524. Өздiгiнен тұтанған көмiрдi салқындатқаннан немесе сөндiргеннен кейiн қатарларға қайта салуға болмайды.      1525. Өндiрiстiк ғимараттардың жертөле немесе бiрiншi қабатында орналасатын, көмiр сақтауға арналған үй-жайлар өртке қарсы бөгеттермен (қабырғалармен және қалқалармен) бөлiнедi.

6-тарау. Жанғыш талшықты материалдар қоймаларын ұстау тәртiбi

      1526. Барлық талшықты материалдар жабық қоймаларда сақталады, ерекшелiк ретiнде, ашық алаңдар мен шатыр астында сақтауға жол берiледi.

Page 105: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1527. Талшықты материалдар бумасын түсiру, тиеу және төсеу кезiнде бумалардың металл орамына iлмектердiң соқтығысуына жол берiлмейдi.      1528. Талшық қатарлары мен бастырмалары рет-ретiмен ұяшықтарға, топтарға және секторларға қойылады.      1529. Қатардағы талшық массасының 300 тоннадан артуына жол берiлмейдi.      1530. Қатарлардың өлшемдерi 22 х 11 метрден аспайтындай, биiктiгi бойынша 8 метрден аспайтындай етiп қарастырылады.      1531. Ұяшықта алты қатардан немесе бастырмадан аспайтындай етiп қарастырылады, бұл ретте қатарлар арасындағы аралықтар – кемiнде 15 метр, бастырмалар арасында барлық бағыттар бойынша – 20 метр.      1532. Топта төрт ұяшықтан аспайтындай (24 қатар немесе бастырма) етiп қарастырылады, ұяшықтар арасындағы аралық – барлық бағыттар бойынша кемiнде 30 метр.      1533. Секторда төрт топтан аспайтындай (96 қатар немесе бастырма) етiп қарастырылады, топтар арасындағы аралық – барлық бағыттар бойынша кемiнде 50 метр.      1534. Секторлар арасындағы аралықтарды 100 метрден кем болуына жол берiлмейдi.      1535. Талшықты материалдар сақтауға арналған қоймалар, бастырмалар және ашық алаңдар орналасқан учаскелер қоршалады, бұл ретте қоршаудан бастап қашықтықтың 5 метрден кем болуына жол берiлмейдi.      1536. Тез жанатын талшықты материалдарды тек бумаларда ғана сақтауға жол берiледi. Бұзылған бумалар бөлек учаскелерде немесе арнайы бөлiнген алаңдарда сақталады. Олар қайта өңдеуге ең алдымен жiберiледi.      1537. Жабық қоймаларда талшықты материалдар бумаларын жинау енi 2 метр бiр бойлық өту жолы мен енi дәл сондай болатын әр есiкке қарсы көлденең өту жолдары қалатындай етiп жүргiзiледi. Биiктiгi бойынша бумалар буманың үстiнен бастап электр шамдарына дейiнгi қашықтық кемiнде 1 метр болатындай етiп жиналады.      1538. Өндiрiстiк қалдықтарды шикiзатпен және дайын өнiммен бiрге сақтауға жол берiлмейдi.      1539. Ашық алаңдардағы талшықты материалдардың қатарлары жабылады, ал бастырмалар барлық жағынан брезентпен тартылады.      1540. Автомашиналармен, тракторлармен (тартқыштармен) тасымалдау кезiнде талшықты материалдар брезентпен жабылады. Оларды тасымалдау кезiнде темекi шегуге жол берiлмейдi.      1541. Жабық қоймалардағы және шатыр астындағы өту жолдары, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлар арасындағы аралықтар бос ұсталады.      1542. Талшықты материалдардың бастырмалары мен қатарларына ұшқын өшiргiштерсiз темiр жол (паровоздардан басқа) және автокөлiктiң 5 метр, ал тракторлардың 10 метр жақын келуiне жол берiлмейдi. Бұл орындарда шектеу бөренелерi орнатылады. Автокөлiк жабық қоймаларға, талшықты материалдардың бастырмалары мен қатарларына пайдаланылған құбырға қарама-қарсы жағынан өтедi, бұл ретте ажыратқыш жарамды ұшқын өшiргiшпен жабдықталады.

11-бөлiм. Автожанармай құю станцияларын ұстау тәртiбi

1-тарау. Жалпы ережелер

      1543. Автожанармай құю станциялары штаттық қызметкерiнiң саны кемiнде екi адам болғанда автожанармай құю станцияларын пайдалануға болады.      1544. Осы бөлiмнiң ережелерi негiзiнде автожанармай құю станцияларының иелерi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаулықтар әзiрлейдi, онда мыналар көрсетiледi:      1) мұнай өнiмдерiн қабылдау тәртiбi, оны сақтау және тұтынушыларға жiберу шарттары;      2) аумақты ұстау тәртiбi;      3) өрт сөндiру құралдарын ұстау, оларды iске қосу және өрттi байқаған кезде өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру ережесi;      4) май сүртiлген материалдар мен құмды жинау, сақтау және шығару, арнайы киiмдi сақтау, үй-жайларды жинау және технологиялық жабдықты тазалау тәртiбi;      5) өрт шығу қаупi бар жағдайлар мен өрт туындағанда өртке қарсы қызмет

Page 106: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

бөлiмшелерi келгенге дейiн автожанармай құю станциясы персоналының мiндеттерi мен iс-әрекеттерi;      6) автожанармай құю станцияларының өзге де өзiндiк ерекшелiктерi.      1545. «Өрт шығу қаупi бар жағдайлар мен өрт туындағанда автожанармай станциялары персоналының мiндеттерi мен iс-әрекеттерi» деген бөлiмде мiндеттi түрде автожанармай құю станциялары жұмыскерлерiнiң мынадай iс-әрекеттерi регламенттеледi:      1) автожанармай құю станцияларында өрт шығу қаупi бар жағдайлар туындағанда технологиялық жүйелердiң электр қоректендiргiшiн (аварияға қарсы және өрттен қорғау жүйелерiнiң электр қоректендiргiшiнен басқа) ажыратып, автожанармай құю станцияларын пайдалануды тоқтатады және оның аумағын көлiк құралдары мен келушiлерден босатады және сонымен қатар өрт шығу қаупi бар жағдайды жоюға кiрiседi;      2) отын 4 м 2 кем алаңға отын төгiлген кезде тез арада отын аққан жердi бекiтiп, өрт шығу қаупi бар жағдайды жоюға кiрiседi;      3) отын 4 м 2 астам алаңға отын төгiлген кезде тез арада барлық алаңға ауа-механикалық көбiктi төгiп, кейiн төгiлген көбiктiң қабатын отын авариялық резервуарға толық құйылып болғанша кемiнде 0,05 метр қалыңдықта ұстайды;      4) отын автоцистернаға тiкелей жақын жерге төгiлгенде (бензин төгiлгенде бұл қашықтық төгiлген жерден бастап автоцистернаның габаритiне дейiн 6 метрге дейiн және дизелдiк отын төгiлгенде 3 метр етiп қабылданады) автоцистерна қозғалтқышын қосуды және оны автожанармай құю станцияларының аумағынан шығаруды (егер бұл адам өмiрiне қауiп төндiрмесе) тек төгiлген отын тұтанғанда ғана немесе өрт шығу қаупi бар жағдайды жою үшiн төгiлген отын көмiлген ластанған құм шығарылғаннан кейiн жүргiзедi. Едәуiр қашықтықта төгiлгенде автоцистерна бензин төгiлген шеттен кемiнде 6 метр қашықтықта және дизелдiк отын төгiлген шеттен 3 метр төгiлген жердi айналып өтiп, дереу шығарылады;      5) автоцистерна жабдығы жанғанда әрқайсысының көлемi кемiнде 50 литр ұнтақты өрт сөндiргiштердiң көмегiмен және автоцистернаның штаттық өрт сөндiргiштерiмен отты сөндiруге, ал отын жанғанда қосымша әрқайсысының көлемi кемiнде 100 литр ауа-көбiктi өрт сөндiргiштермен кiрiседi;      6) автожанармай құю станцияларында өрт шыққан жағдайда өрт туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлап, аумақты келушiлер мен көлiк құралдарынан босату шараларын қолданумен қатар, алғашқы өрт сөндiру құралдарымен отты сөндiруге кiрiседi.      1546. Автожанармай құю станцияларының барлық жұмысшылары мен автоцистерна жүргiзушiлерi өртке қарсы нұсқаулықтан (алғашқы және қайта және өрт-техникалық минимумы сабақтары) тұратын арнайы өртке қарсы дайындықтан өтедi.

2-тарау. Автожанармай құю станцияларының үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын және аумағын ұстау тәртiбi

      1547. Автожанармай құю станцияларының аумағы жоспарланады және көрiктендiрiледi, жанғыш қоқыс пен төгiлген мұнай өнiмдерiнен тұрақты тазартылады.      1548. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы бөлiктердi әр түрлi заттар мен материалдарды жинау үшiн, көлiк құралдарын орналастыру және күрделi және уақытша объектiлердi салу үшiн пайдалануға болмайды.      1549. Автожанармай құю станцияларының аумағы арқылы көлiк құралдарының қозғалысы бiр жақты етiп қарастырылады. Бұл ретте бөлек кiру және шығу жолы қамтамасыз етiледi.      1550. Автожанармай құю станцияларының аумағына кiру алдында оның аумағында көлiктiң қозғалысын ұйымдастыру сызбасы мен жүргiзушiлер мен жолаушылар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтау туралы талаптары бар стенд iлiнедi.      1551. Автожанармай құю станцияларының аумағына өту жолдары, су көздерiне кiреберiстер мен алғашқы өрт сөндiру құралдарына бару жолдары әрқашан бос етiп ұсталады. Қысқы уақытта өту жолдары мен өтетiн жерлер қардан тазартылады.      1552. Пайдаланылған сүрту материалдары мен мұнай өнiмдерi сiңiп кеткен құмды жинау үшiн қақпақтары тығыз жабылатын металл жәшiктер орнатылады. Сүрту материалдары мен мұнай өнiмдерi сiңiп кеткен құм аптасына кемiнде бiр рет

Page 107: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

автожанармай құю станцияларынан (бұдан әрi - АЖС) тыс шығарылады.      1553. АЖС аумағында темекi шегуге болмайды.      1554. АЖС барлық үй-жайларына кiретiн есiктерде, сондай-ақ сыртқы қондырғыларда:      1) «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiне сәйкес жарылыс қаупi мен өрт қауiптiлiгi бойынша үй-жайлардың санаты;      2) Электр қондырғыларын орнату қағидасы бойынша жарылыс қауiптi және өрт қауiптi аймақтардың сыныбы;      3) өртке қарсы жай-күй үшiн жауапты жұмысшының тегi, аты-жөнi;      4) өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру телефондарының нөмiрлерi көрсетiлген жазбалар дайындалады.      1555. АЖС үшiн мыналар әзiрленедi және көрiнетiн жерлерде iлiнедi:      1) өрт қауiпсiздiгi шаралары жөнiндегi нұсқаулықтар;      2) қолда бар үй-жайлар, эвакуациялық шығу жолдары, өрт сөндiру құралдары мен дабылды орналастыру орындары көрсетiлген ғимараттардың жоспарлары.      1556. АЖС автожанармай құю станцияларының аумағынан жанып жатқан көлiк құралын шұғыл эвакуациялау үшiн ұзындығы кемiнде 3 метрлiк қатты буксирлеу штангiсiмен қамтамасыз етiледi.      1557. АЖС қауiпсiздiк белгiлерiмен және жол белгiлерiмен қамтамасыз етiледi, оның қатарында темекi шегуге және ашық отты пайдалануға тыйым салатын, жолаушылар мен жанармай құйылатын көлiктiң қозғалысын реттейтiн белгiлер болады.      1558. Автожанармай құю станциясында АЖС персоналы үшiн мынадай қызметтiк және тұрмыстық ғимараттарды (үй-жайларды) орналастыруға болады: оператор бөлмесi, әкiмшiлiк, тамақ iшу, күзет қызметi, сондай-ақ санитарлық тораптар, арнайы киiм, құрал, қосалқы бөлшектер, аспаптар мен жабдық үшiн қойма. Көрсетiлгендерден басқа, АЖС аумағында жер асты резервуарларымен қатар жолаушыларға, жүргiзушiлер мен олардың көлiк құралдарына сервистiк қызмет көрсету ғимараттарын (үй-жайларын) орналастыруға болады.      Жолаушылар мен жүргiзушiлерге сервистiк қызмет көрсетуге бөлiнген үй-жайларда iлеспе тауарлардың дүкенiн, дәмхана мен санитарлық тораптарды, көлiк құралдарына сервистiк қызмет көрсету үшiн – автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жуу посттарын орналастыруға болады. Жер бетi резервуарлары бар АЖС аумағында автожанармай құю станциясының персоналына арналған үй-жайлармен қатар сауда залысыз iлеспе тауарлар дүкенiнiң үй-жайын орналастыруға болады.      1559. Бiр ғимаратта:      1) көлiк құралдарына сервистiк қызмет көрсету үй-жайлары мен жүргiзушiлер мен жолаушыларға сервистiк қызмет көрсету үй-жайларын;      2) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сату қарастырылған дүкен үй-жайы мен қоғамдық тамақтану үй-жайын бiрiктiруге болмайды.      1560. АЖС ғимараты орталық жылу жүйесiмен жабдықталады.      Автожанармай құю станциясының үй-жайларында зауытта дайындалған, өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай майлы электрмен жылыту аспаптарын жанғыш құрылымдар мен материалдарға дейiнгi тиiстi қашықтықты сақтай отырып орнатуға болады. Жылыту аспаптары мен әр түрлi құбырларға жанғыш материалдарды (арнайы киiмдi, сүрту материалын) қоюға, сондай-ақ жылыту аспаптарында киiм мен аяқ киiмдi кептiруге болмайды.      Автожанармай құю станциясының аумағы мен ғимараттарында жылу беру қондырғылары мен ашық от қолданылатын құрылғыларды пайдалануға болмайды.      1561. Қызмет көрсетушi персоналдың арнайы киiмi металл шкафтарда iлiнген күйде сақталады.      1562. Автожанармай құю станциясын жалынның таралуы мүмкiн (дәндi дақылдар, мақта егiсi) ауылшаруашылығы дақылдары егiсiне немесе егiстiктер мен дала алқаптарына iргелес дала алқаптары бойымен жақын орналастыру кезiнде АЖС шекаралары енi кемiнде 4 метр жыртылады.

3-тарау. Технологиялық жабдықты пайдалану тәртiбi

      1563. АЖС технологиялық жабдығы:      1) жобалық, техникалық-пайдалану құжаттамасына және техникалық шарттарға сәйкес болуы тиiс;

Page 108: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      2) бақылау және реттеу аспаптары жарамды болуы тиiс;      3) герметикалық болуы тиiс.      1564. Технологиялық жабдықты:      1) отынның ағуы болғанда;      2) бақылау және реттеу құралдары болмағанда, ақаулы болғанда, ажыратылғанда немесе тексеру мерзiмi өтiп кеткенде;      3) кез келген жарамсыздық кезiнде пайдалануға болмайды.      1565. Технологиялық жабдыққа автожанармай құю станциясының өрт қауiптiлiк дәрежесiнен артық құрылымдық өзгерiстер енгiзуге болмайды.      1566. Бақылау-өлшеу аспаптарына пломба салынады және технологиялық жабдықтың өртке қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн анық белгiленген шектi рұқсат етiлген өлшемдермен (қысым, температура, қосылым, құю деңгейi) белгiленедi.      Рұқсат етiлген шектерден тым болмаса бiр өлшемi ажыратылған болса, автоматты түрде ескерту (жарық немесе дыбыс) сигналдары берiледi.      1567. Автожанармай құю станциясының технологиялық жүйелерiн дайындаушы зауыттың келiсiмiнсiз аварияға қарсы және өрттен қорғау жүйелерiнiң жұмыс iстеу өлшемдерiн өзгертуге болмайды.      1568. Негiзгi және қосалқы технологиялық жабдықта статикалық электрден қорғағышпен қамтамасыз етiледi.      1569. Отын сақтауға арналған резервуарлар 90 %-ға дейiн толғанда автоматты түрде сигнал (жарық немесе дыбыс) берудi, ал АЖС 95%-ға дейiн ең жоғарғы рұқсат етiлген дәрежеге дейiн толтырғанда 5 секунд бұрын автоматты түрде резервуарды толтыруды тоқтатуды қамтамасыз ететiн, олардың шамадан тыс толтырылуын болдырмау жүйелерiмен жабдықталады.      1570. Фланецтердiң, келте құбырлардың, штуцерлердiң және атмосферадан отын мен оның буын бөлетiн басқа да құрылғылардың қақпақтары мен келте құбырлары арматурамен жанасу орындарында ұшқын шығармайтын және мұнай өнiмдерi мен қоршаған ортаның әсерiне тұрақты төсемдермен жабдықталады.      Пайдалану кезiнде ашу үшiн көзделген көрсетiлген қақпақтар мен бiтеуiштер ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады.      1571. Отын сақтауға арналған резервуарлар деаэрация желiлерiмен жабдықталады.      Деаэрация желiлерiнiң құбырлары от бөгегiштермен немесе қосымша от бөгегiштерi бар тыныс алу клапандарымен жарақталады.

4-тарау. Жөндеу және регламенттiк жұмыстарды жүргiзу тәртiбi

      1572. Жанғыш бу-ауа қоспалары түзiлуi мүмкiн аймақтарда жұмыстар ұшқын шығармайтын киiм мен аяқ киiмде ұшқынға қауiпсiз аспаппен орындалады.      1573. Бұрын пайдалануда болған резервуарларды отын толықтай шығарылғаннан, су буымен буландырғаннан, жылу сумен жуғаннан, инерттi газбен үрлегеннен және газ талдағыштың көмегiмен отын буының бар-жоғына тексерiлгеннен кейiн ғана тасымалдау, алаңда орындарын ауыстыру, орнату, жөндеу жүргiзiледi.      Сыйымдылықтағы отын буы қосылымының төменгi тұтану қосылымы шегiнен 20 % артуына жол берiлмейдi.      1574. Автожанармай құю станциясының технологиялық жүйелерiнiң  герметикалығына пневматикалық сынақтар жүргiзу үшiн (резервуардың қабырға аралық кеңiстiгi, резервуардың iшкi кеңiстiгi, құбырлар) жанбайтын газдар (азот, көмiр қышқыл газы) пайдаланылады. Жабдықтың герметикалық емес екендiгi анықталған жағдайда автожанармай құю станциясын пайдалану тоқтатылады.      1575. Қатты бөлшектердi (шламдарды) iске қосып, барлық резервуар түрлерiнен тауар суын шығару жабық тәсiлмен жүргiзiледi. Осы мақсатта қолданылатын жабдық ұшқын шығармайтын материалдан жасалады және бензинмен және дизелдiк отынмен жұмыс iстеуге арналады. Қол сорғыштарды пайдалану кезiнде шлам булану алаңы мүмкiндiгiнше ең аз ашылған, жабық сыйымдылыққа ғана ағызылады. Шламдарды шығару кезiнде осы операциямен байланысты емес барлық люктер мен штуцерлер жабық болады. Шламға арналған сыйымдылық резервуарға жапсарлас аумақтағы тұғырға орнатылады және жерге қосылады. Бiрнеше камералы резервуарлардан шламдарды шығару әр камера үшiн бөлек-бөлек жүргiзiледi.      Шлам шығару аяқталғаннан кейiн шлам автожанармай құю станциясынан тыс шығарылады.

Page 109: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1576. От бөгегiштi немесе онымен жабдықталған тыныс алу клапанын деаэрация жүйесiн құбырының шығу жолында осы құбырды тығын арматурасымен герметикалық жабынсыз алуға болмайды. От бөгегiштiң түрi пайдалану аймағының климат жағдайларында оның қалыпты жұмыс iстеу жағдайларына сәйкес орындалады.      1577. Технологиялық жүйенiң құрылымында резервуарға көлiк құралының отын багынан шығатын отын буын рециркуляциялау желiсi болған жағдайда отын буын рециркуляциялауды жүзеге асыру үшiн резервуарды деаэрация құбырын жабуға болмайды.      1578. Автожанармай құю кешендерiнiң жабдығына техникалық қызмет көрсету, аспап және сақтандыру жабдығын метрологиялық сынау қатаң түрде осы жұмыстардың кестесiне сәйкес жүргiзiледi. Технологиялық жабдыққа техникалық пайдалану құжаттамасында көрсетiлмеген қандай да бiр регламенттiк жұмыстарды жүргiзуге болмайды. Мұндай жұмыстар жөндеу шеберханаларында жүргiзiледi.      1579. Автожанармай құю кешендерiнiң аумағында, ғимараттарында, құрылыстарында, үй-жайларында, технологиялық жүйелерiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзуге объектiнiң басшысы жазбаша рұқсат ресiмдейдi.

5-тарау. Отын қабылдау мен беруге арналған жабдықты пайдалану тәртiбi

      1580. Автоцистерналардан отын құю жабық сызба бойынша орындалады. Резервуарлар мен автоцистерналардың тыныс алу құрылғыларынан басқа, қоршаған ортаға отын буының шығуына жол берiлмейдi.      1581. Автоцистерналардан отын құймас бұрын резервуардағы отын деңгейi өлшенедi және қорғағыш құрылғылардың жарамдылығы тексерiледi. Құю үдерiсiн автожанармай құю станциясының жұмысшылары немесе автоцистерна жүргiзушiсi бақылайды.      1582. Резервуардағы отын түрiн ауыстыру кезiнде (бензин – дизелдiк отын) соңғысы бұдан бұрын сақталған өнiмнен мұқият тазартылуы және резервуардың корпусында немесе жер асты резервуарларының құятын құбырларының көрiнетiн жерлерiнде сақталған отынның түрiн көрсетiлген жазба болады.      1583. Бiрнеше камералы резервуарда егер технологиялық жүйеге техникалық шарттар мен техникалық пайдалану құжаттамасымен көзделген жағдайда бензин мен дизелдiк отынды бiр мезгiлде сақтауға болады.      1584. Автожанармай құю станциясына отыны бар автоцистерналар өтерде оны аумағынан барлық көлiк пен бөгде адамдар шығарылады. Бiр мезгiлде екi және одан астам автоцистерналардың болуына жол берiлмейдi.      1585. Автоцистернадан отын құю операциясын автожанармай құю станциясының кемiнде екi жұмысшысы және мынадай талаптарды орындағанда жүргiзiледi:      1) автоцистерналарға арналған жанармай құю алаңында әрқайсысының көлемi кемiнде 100 литр жылжымалы ауа-көбiктi өрт сөндiргiш орнатылады;      2) автоцистерналардың жанармай құю алаңдарынан мұнай өнiмдерiмен ластанған атмосфералық жауын-шашын қалдықтарының науасы жабылады және отын төгiндiсiн авариялық резервуарға бұру құбыры ашылады;      3) автоцистерна жерге орнатылады, одан кейiн автожанармай құю станциясының резервуарларына отын құю операциясына кiрiсуге болады.      Автопойыздан мұнай өнiмiн құю кезiнде әр цистерна оны әбден босатқанға дейiн жеке-жеке жерге орнатылады.      1586. Иiлгiш жерге қосатын мыс сым автоцистернаның корпусына тұрақты қосылады және ұшында жерге қосылатын құрылғыға қосуға арналған құрылғы (қысқыш, бұранда ұштығы) болады.      Жерге қосатын сымдарды автоцистернаның сырланған және ластанған металл бөлiктерiне қосуға болмайды.      1587. Автожанармай құю станциясында көлiк құралдарына жанармай құю кезiнде:      1) мотоциклдер мен мотороллерлер отын құю колонкаларына қозғалтқыштары өшiрiлiп берiледi, оларды iске қосу және тоқтату колонкалардан кемiнде 15 метр қашықтықта жүргiзiледi, автомобильдер өздiгiнен жүредi;      2) қозғалтқышты қосқанға дейiн жүргiзушi немесе автожанармай құю станциясының қызмет көрсетушi персоналы көлiктiң мұнай өнiмдерiмен ластанған бөлiктерiн құрғатып сүртедi;      3) жерге төгiлген мұнай өнiмдерi құммен жабылады, ал былғанған құм мен май сүртiлген материалдарды қақпақтары тығыз жабылатын металл жәшiктерге жинау

Page 110: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

қажет және жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн автожанармай құю станциясының аумағынан шығарылады;      4) жанармай құятын жерде тұрған автомобильден бастап кезекте  тұрған келесiсiне дейiнгi қашықтық кемiнде 1 метр етiп қарастырылады.      1588. Автожанармай құю станциясында:      1) қозғалтқыштары жұмыс iстеп тұрған көлiк құралдарына жанармай құюға;      2) егер белгiленген тәртiппен келiсiлген және бекiтiлген, қолданылатын технологиялық жүйеге техникалық шарттар мен техникалық пайдалану құжаттамасында көзделген болса, жер асты резервуарларымен көлiк құралдарының өтуiне;      3) найзағай болғанда және атмосфералық разрядтардың пайда болуы қауiптiлiгi болғанда резервуарларға отын құюға және тұтынушыларға отын беруге;      4) бензин қабылдау, сақтау немесе беру операциялары жүзеге асырылатын автожанармай құю станциясына ұшқын өшiргiштермен жабдықталмаған тракторлардың өтуiне;      5) автожанармай құю станциясының жабдығын, ғимараттары мен құрылыстарын жөндеумен тiкелей байланысы жоқ жөндеу жұмыстарын жүргiзуге;      6) жолаушылары бар көлiк құралдарына (кемiнде төрт есiктi жеңiл автомобильдерден басқа) жанармай құюға;      7) жарылғыш заттар, сығылған және сұйытылған жанғыш газдар, тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтар, тез тұтанатын материалдар, улы және радиоактивтi заттар мен басқа да қауiптi бұйымдар мен материалдар артылған көлiк құралдарының кiруiне болмайды.

6-тарау. Жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалану тәртiбi

      1589. Жылжымалы автожанармай құю станциялары арнайы бөлiнген алаңдарға орнатылады.      1590. Арнайы бөлiнген алаңдағы жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалануды бастамас бұрын:      1) бақылау-өлшеу аспаптары арқылы және көзбен станциялардың герметикалығы тексерiледi;      2) автожанармай құю станцияларының жерге қосатын өткiзгiшi алаңның жерге қосу құрылғысына қосылады;      3) көлiк құралының отын багының астына қою үшiн тұғырлар дайындалады;      4) көлiк құралдарының автожанармай құю станцияларына өтуiн шектейтiн кемiнде 1 метр тосқауылдар орнатылады;      5) ескерту белгiлерi мен ақпарат қалқаны орнатылады.

7-тарау. Электр жабдығын пайдалану тәртiбi

      1591. Автожанармай құю станцияларына қызмет көрсетудi осындай жұмыс түрiн жүргiзуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйым жүргiзедi.      1592. Электр желiлерi мен электр жабдығындағы барлық ақаулықтар дереу қалпына келтiрiледi. Электр желiлерi мен электр жабдығының ақаулы учаскелерi олар өртке қауiпсiз күйге келтiрiлгенге дейiн ажыратылады.      1593. Электр жабдығының бетi, электр шамшырақтары, электр сымдары, кабель желiлерi мен бөлу құрылғылары кiрден, тозаңнан және мұнай өнiмдерiнен жүйелi түрде тазартылады.      1594. Электр жабдығы электр қондырғыларын орнату ережесi бойынша жарылыс қауiптi аймақтың сыныбына сәйкес таңдап алынады. Дайындаушы зауыттың жарылыстан қорғау таңбалауы жоқ электр жабдығы жарылыс қауiптi аймақта пайдалануға жiберiлмейдi.      1595. Жарылыс және өрт қауiптi аймақтарда:      1) қорғағыш жерге қосқыш (нөлдiк сымға қосу) болмаған немесе ақаулы болған, бұғаттау құрылғылары жарамсыз, корпустың (қабықтың) бүтiндiгi бұзылған жағдайда қондырғыларға электр кернеуiн беруге;      2) ток өткiзетiн бөлiктерде кернеу болғанда электр қондырғысының корпусын ашуға;      3) электр жабдығы автоматты түрде ажыратылғаннан кейiн ажырау себебiн анықтамастан, оны қосуға;

Page 111: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      4) қысқа тұйықталу және асқын жүктеме тогынан қорғалмаған электр қондырғыларын қосуға болмайды.      1596. Жөндеу және регламенттiк жұмыстар үшiн қолданылатын жылжымалы және тасымал электр қабылдағыштар үшiн иiлгiш кабельдер мен механикалық әсерге және мұнай өнiмдерiне төзiмдi, қабығында мыстан желiсi бар сымдар қолданылады.      1597. Жарылыс қауiптi аймақтары бар үй-жайларды, ашық технологиялық алаңдарды, аппаратура мен өзге де технологиялық жабдықты уақытша жарықтандыру үшiн жарылыстан қорғалған аккумулятор фонарлары қолданылады.      Бұл ретте, жарамды және электр қондырғыларын орнату ережесiнiң талаптарына сәйкес келетiн тасымал шамшырақтар қолданылады.      1598. Жылжымалы аккумулятор фонарлары жарылыс қауiптi аймақтан тыс iске қосылады және ажыратылады.      1599. Жұмыстан тыс уақытта қауiпсiздiк жүйесiнiң электр жабдығынан басқа, барлық электр жабдығы токтан ажыратылады.      Ажырататын электр аппаратурасына бөгде адамдардың өтуiне болмайды.      1600. Шамдар мен қоректендiру көздерiн шамшырақтар мен фонарлардың жарылыстан қорғағышының қалпына келтiрiлгенiн ескере отырып жүргiзiледi.       1601. Кабельдер мен сымдардың қысқа тұйықталуына, ұшқындауына, оқшаулағыштарының шамадан тыс қызуына, автоматты басқару және қорғау жүйелерiнiң тоқтап қалуына әкелуi мүмкiн электр желiлерi мен электр аппаратураларындағы барлық ақаулықтар дереу қалпына келтiрiледi.      1602. Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру және жөндеу әзiрленген регламентке сәйкес жүргiзiледi.      Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру, сынау, сондай-ақ регламенттiк және жөндеу жұмыстарын жүргiзу нәтижелерi арнайы журналға жазылады.

8-тарау. Байланыс және өрт сөндiру құралдарымен жабдықтау тәртiбi

      1603. Автожанармай құю станциялары өрт туындаған жағдайда өртке қарсы қызметтi дереу шақыру үшiн телефонмен немесе радио байланысымен, сондай-ақ дауыс зорайтқыш байланыс жүйесiмен жарақталады.      1604. Автожанармай құю станциясының өндiрiстiк және қоғамдық үй-жайлары өрт сөндiргiш қабiлетiне, алғашқы өрт сөндiру құралдарының қажеттi санын анықтау талаптарына және IV топтағы объектiлер мен көлiк құралдары үшiн «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң 17-қосымшаына сәйкес өрттiң ауданы мен сыныбына байланысты өрт сөндiргiштермен қамтамасыз етiледi.      1605. Резервуарлардың электр пульттерi мен жануын сөндiру үшiн көмiрқышқыл немесе ұнтақты қол өрт сөндiргiштерi қарастырылады.      1606. Жылжымалы автожанармай құю станцияларын сыйымдылығы 10 литр бiр ауа-көбiктi өрт сөндiргiшпен және сыйымдылығы 5 литр бiр ұнтақты өрт сөндiргiшпен жарақталады.      1607. Өрт сөндiргiштердi орналастыру орындары тиiстi сiлтеме белгiлермен белгiленедi.

12-бөлiм. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi

1-тарау. Құрылыстың, ғимараттар мен үй-жайлардың аумақтарын ұстау тәртiбi

      1608. Құрылыс алаңында құрылыс жұмыстары басталғанға дейiн өртке қарсы алаңдардағы барлық құрылымдар мен құрылыстар бұзылып алынады.      1609. Жанатын жылытқышы бар металл немесе асбест-цемент табақтардан жасалған қорғалмаған көтергiш және қоршау құрылымдарымен ғимараттарды салу кезiнде жұмыс iстеу жобасында құрылыстың барлық кезеңiне өрт қауiпсiздiгi бойынша iс-шаралар қарастырылады.      1610. Құрылыс аумағында өндiрiстiк, қойма және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар белгiленген тәртiппен бекiтiлген құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамында әзiрленген бас жоспарға сәйкес орналастырылады.      1611. Ауданы 5 гектар және одан астам құрылыс аумағында алаңның қарама-қарсы жағынан кiретiн кемiнде екi кiру жолы қарастырылады. Жолдар жылдың кез

Page 112: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

келген мезгiлiнде өрт сөндiру автомашиналарының өтуi үшiн жарамды жабынмен қамтамасыз етiледi. Кiру жолына арналған қақпаның енi кемiнде 4 метр етiп қарастырылады.      Құрылыс алаңына кiру жолының қасына салынып жатқан және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар, өту жолдары, кiреберiстер, су көздерi, өрт сөндiру және байланыс құралдары көрсетiлген жоспарлар қойылады (iлiнедi).      1612. Барлық салынып жатқан және пайдаланудағы (оның iшiнде уақытша) ғимараттарға, құрылыс материалдарын, құрылымдар мен жабдықты ашық сақтау орындарына еркiн қол жеткiзу қамтамасыз етiледi.      Салынып жатқан ғимараттарға кiреберiстер мен жолдар салу негiзгi құрылыс жұмыстары басталғанға дейiн аяқталады. Ғимараттардың бойымен енi 18 метрден астам өту жолдары екi жағынан бойлай, ал енi 100 метрден астам – ғимараттың барлық жағынан болады. Өту жолының шетiнен бастап ғимараттардың, құрылыстар мен алаңдардың қабырғаларына дейiнгi қашықтық 25 метрден аспайды.      1613. Ғимараттар мен өрт сөндiретiн су көздерiне өту жолдары мен кiреберiстер, сондай-ақ өрт құрал-сайманы мен жабдығына қол жеткiзу әрқашан бос ұсталады. Ғимараттар арасындағы өртке қарсы бөлiктердi материалдар, жабдық, буып-түю ыдыстарын жинауға және автомобиль тұрағы үшiн пайдалануға болмайды.      Темiржол арқылы өтетiн барлық жолдар, өткелдер мен кiреберiстер жарамды күйде ұсталады және өрт сөндiру автомобилдерiнiң кедергiсiз өтуi қамтамасыз етiледi.      Жолдар арқылы құбырлар немесе кабелдердi төсеу кезiнде өткелдер, көпiрлер немесе уақытша айналма жолдар орнатылады. Жөндеу жұмыстарын жүргiзу немесе жолдардың, өткелдердiң уақытша жабылуы туралы бас мердiгер жақын маңдағы өрт сөндiру бөлiмiне дереу хабарлайды.      1614. Жанғыш материалдардың ашық алаңдары, сондай-ақ жанғыш материалдардан жасалған өндiрiстiк, қойма және қосалқы құрылымдар орналасқан алаң құрғақ шөптен, қурайдан, қабықтар мен жоңқалардан тазаланады.      1615. Ашық алаңдарда жанғыш құрылыс материалдары (ағаш кесу материалдары, толь, рубероид) жанғыш материалдардан жасалған бұйымдар мен құрылымдарды, сондай-ақ жанғыш орамда жабдық пен жүктердi сақтау кезiнде 100 м2 аспайын алаңда қатарлап немесе тобымен орналастырылады. Қатарлар (топтар) арасындағы және олардан бастап салынып жатқан немесе қосалқы ғимараттар мен құрылыстарға дейiнгi бөлiктер кемiнде 24 метр етiп қабылданады.      1616. Жеке блок контейнерлер мен тұрмыстық вагоншаларды топтағы саны 10-нан аспайтындай етiп тобымен орналастыруға болады. Осы құрылыстардың топтары арасындағы және олардан бастап басқа құрылымдарға дейiнгi қашықтық кемiнде 18 метр етiп қабылданады.      Уақытша құрылыстарды салынып жатқан және өзге де ғимараттардан бастап кемiнде 18 метр қашықтықта немесе тұйық өртке қарсы қабырғалардың қасында орналастырылады.      1617. Салынып жатқан ғимараттарда осы бөлiмнiң талаптарын орындаған жағдайда уақытша шеберханалар мен қоймаларды (жанғыш заттар мен материалдардың қоймаларынан, қымбат тұратын және құнды жабдық, сондай-ақ жанғыш орамдағы жабдық қоймаларынан, өндiрiстiк үй-жайлар мен жанғыш материалдарды өңдеумен байланысты жабдықтан басқа) орналастыруға рұқсат берiледi.      Әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларды I типтi тұйық өртке қарсы қалқалармен және 3 типтi далдалармен бөлiнген ғимараттардың бөлiктерiнде орналастыруға болады.      Қорғалмаған көтергiш металл құрылымдар мен жанғыш полимер жылытқыштары бар панелдерден жаңадан салынып жатқан ғимараттарда уақытша қоймаларды (зат қоятын бөлмелердi), шеберханалар мен әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларды орналастыруға болмайды.      1618. Құрылыс алаңында, жаңадан салынып жатқан және уақытша тұрмыстық ғимараттарда адамдардың тұруына болмайды.      1619. Ауданы 300 шаршы метр және одан астам асханалар дыбыстық және жарық сигналын құрылыстың қасбетiне немесе тiкелей қорғалатын үй-жайға (автономды өрт хабарлағыштары) шығару арқылы автоматты өрт дабылымен жабдықталады.      1620. Сөндiрiлмеген әк жабулы жеке тұрған қойма үй-жайларында сақталады. Бұл үй-жайлардың еденi жердiң деңгейiнен кемiнде 0,2 метр биiк етiп көтерiледi. Сөндiрiлмеген әктi сақтау кезiнде оған ылғалдың өтуiне жол берiлмейдi.      Әк сөндiруге арналған шұңқырлар оны сақтау қоймасынан кемiнде 5 метр және

Page 113: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

басқа да ғимараттардан, құрылыстардан және қоймалардан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады.      1621. Объектiлердi қайта жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, күрделi жөндеу және кезекпен пайдалануға беру кезiнде  алынып жатқан бөлiгiн қолданыстағы бөлiгiнен 1 типтi уақытша өртке қарсы қалқалармен және 3 типтi далдалармен бөледi. Бұл ретте адамдарды ғимараттар мен құрылыстардың бөлiктерiнен қауiпсiз эвакуациялау шарттарының бұзылуына жол берiлмейдi.      1622. Салынып жатқан ғимараттар, уақытша құрылыстар, сондай-ақ қосалқы үй-жайлар салынып жатқан және қайта жаңартылып жатқан ғимараттар, құрылыстар мен қосалқы үй-жайлар үшiн алғашқы өрт сөндiру құралдары нормасына сәйкес алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi (8-қосымша).      1623. Iшкi өртке қарсы су құбыры мен жобада көзделген автоматты өрт сөндiру жүйелерi объектiнi тұрғызумен қатар монтаждалады.      Өртке қарсы су құбыры өңдеу жұмыстарын бастағанда, ал автоматты өрт сөндiру жүйелерi мен дабылы жүйелерi iске қосу, реттеу жұмыстарын (кабель құрылыстарында – кабель төсегенге дейiн) жүргiзгенде қолданысқа енгiзiледi.      1624. Жобада көзделген өрт сөндiру депосы құрылыстың бiрiншi кезегiнде тұрғызылады. Депо ғимаратын басқа қажеттiлiкке пайдалануға болмайды.      1625. Негiзгi құрылыстар мен құрылыс базасын салуды бастағанға дейiн өртке қарсы қызметтi немесе ерiктi өртке қарсы құралымдар мен өрт техникасын орналастыру үшiн арнайы жылытылған үй-жайлар қарастырылады.

2-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу тәртiбi

      1626. Биiктiгi 3 қабат және одан астам ғимараттарды салу кезiнде сатылар саты торларын орнатумен қатар монтаждалады.      1627. Саты торларда ағаш басқыштар екi қабаттан аспайтын ғимараттарда ғана қолданылады.      1628. Құрылыс кезiнде жанғыш материалдармен зақымданудан қорғау үшiн жанбайтын сатылар жабылады.      1629. Жобада қарастырылған сыртқы өрт сатылары, тiреушелер, жең жалғау құбырлары мен салынып жатқан ғимараттардың жабындарындағы қоршаулар көтергiш құрылымдарды монтаждағаннан кейiн бiрден орнатылады. Ғимараттар мен құрылыстарды салу кезiнде ағаштар мен көпiршелердi салу эвакуациялау жолдарына қойылатын осы Қағиданың ережелерiне, «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.      1630. Ғимараттарды үш қабат және одан астам етiп салу кезiнде құрал-саймандық металл ағаштар қолданылады.      Құрылыстың құрылыс ағаштары олардың периметрiнiң әрбiр 40 метр бiр сатымен немесе басқышпен, бiрақ барлық ғимаратқа кемiнде екi сатымен (басқышпен) жабдықталады.      Ағаш құрылымдарын жанғыш материалдармен жабуға (жылытуға) болмайды.      1631. Адамдарды биiк ғимараттар мен құрылыстардан (түтiн құбырларынан, мұнара градирнялардан, бөгеттерден, сүрлем үй-жайлардан) эвакуациялау үшiн құрылыстың барлық кезеңiне жанбайтын материалдардан жасалған кемiнде екi саты салынады.      1632. Жанғыш материалдардан жасалған қалыпты бiр мезгiлде үш қабаттан аспайтындай етiп жасалады. Бетонның қажеттi төзiмдiлiгiне қол жеткiзгеннен кейiн ағаш қалыптар мен тақтайлар ғимараттан шығарылады.      1633. Ғимараттар мен құрылыстардың iшiнде жанғыш заттар мен материалдарды ашық отты пайдаланумен байланысты басқа да құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қатар орындауға болмайды.      1634. Металл құрылымдардың отқа төзiмдiлiк шегiн арттыру мақсатында оларды қорғау жұмыстары ғимаратты тұрғызумен қатар жүргiзiледi.      1635. Ғимараттарда жанғыш материалдар болған жағдайда ойықтар арқылы қабырғалар мен далдаларға (iшкi және сыртқы қабырғалардың және қабат аралық далдалардың жапсарларын герметизациялау, қажеттi отқа төзiмдiлiк шектерiн қамтамасыз ете отырып, инженерлiк коммуникациялар өтетiн орындарда тығыздау) өрттiң таралуын болдырмау шаралары қабылданады.      1636. Жанғыш жылытқыштары бар құрылымдарды монтаждаумен немесе жанғыш жылытқыштарды қолданумен байланысты жұмыстар жұмысты орындаушыларға берiлетiн және құрылыстың өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты тұлға қол қойған рұқсат

Page 114: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

бойынша жүргiзiледi.      Жұмыс жүргiзу орындарында «Отқа қауiптi – тез тұтанатын жылытқыш» аншлагтар iлiнедi.      1637. Жабынға жанатын жылытқышты төсеу және гидро оқшаулағыш кiлемдi орнату, тартқышты цемент-құм ерiтiндiсiнен жасау, қорғайтын қиыршық тас қабатын төсеу, қоршау құрылымдарын монтаждау жанғыш жылытқыштарды қолдана отырып, ауданы 500 м 2 аспайтын учаскелермен және жануы қиын жылытқыштармен 1000 м 2

аспайтындай етiп жүргiзiледi.      1638. Жанатын жылытқыштарды темiр бетон плиталары бойымен пайдалану кезiнде кемiнде 30 миллиметр өндiрiстiк ғимараттардың жабындарында тартқышты цемент-құм ерiтiндiсiнен жасалады, темiр бетон плиталары арасындағы жапсарлар мұқият қаланады.      1639. Жұмыс жүргiзу орындарында жанғыш жылытқыштар мен жабынды рулон материалдары санының ауысым қажеттiлiгiнен артуына жол берiлмейдi.      1640. Ауданы үлкен ғимараттардың жабындарында жанатын жылытқыш ұзындығы бойымен 50 метр сайын (корпус 80 метр және одан артық созылып жатқанда) енi кемiнде 6 метр, керамзит қиыршық тасынан немесе басқа да жанбайтын материалдардан жасалған өртке қарсы белбеулермен бөлiнедi.      1641. Жанатын жылытқыш салынып жатқан ғимараттан тыс, бөлек тұрған құрылыста немесе арнайы алаңда салынып жатқан және уақытша ғимараттардан, құрылыстар мен қоймалардан кемiнде 18 метр қашықтықта сақталады.      Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейiн пайдаланылмаған жанатын жылытқышты, осындай жылытқыштары бар жөнделмеген панелдер мен жабынды рулон материалдарын ғимараттардың iшiнде немесе жабындарында, сондай-ақ өртке қарсы бөлiктерде қалдыруға болмайды.      1642. Тоңазытқыш ғимараттар мен осыған ұқсас құрылыстарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып, бөлiктер бойынша жүйелi түрде жүргiзiледi.      1643. Бөлiкте жылу оқшаулағышты орнатқаннан кейiн оның қалдықтары жиналады және дереу оттан қорғайтын қабатпен жабылады. Жұмыс iстеу үдерiсiнде қорғалмаған жанатын жылу оқшаулағыштың ауданы 500 м2 аспайтын және жануы қиын жылу оқшаулағыш ауданы 1000 м2 етiп қабылданады.      1644. Өртке қарсы белбеулердi, тоңазытқыш камераларда аймақтарды орнату кезiнде жылытқыштың жанбайтын материалдардан жасалған қоршау құрылымдарына тығыз қабысуы қамтамасыз етiледi.      Өртке қарсы белбеулерде, аймақтарда бекiтiлмеген тесiктер қалдыруға болмайды. Кезектi бөлiктiң жылу оқшаулағышын тек алдыңғы аймақтардың өртке қарсы белбеулерiн тексергеннен және қабылдағаннан кейiн ғана орнатуға кiрiсуге болады.      1645. Жанатын жылытқыштары бар панелдердiң металл қаптамаларын зақымдаған жағдайда механикалық (бұрандалы) қосқыштардың көмегiмен оларды жөндеу және қалпына келтiру бойынша шұғыл шаралар қабылданады.      1646. Полимерлi жылытқыштары бар панелдердi монтаждауды, жабынға полимерлiк жылытқыштарды төсеудi, жабындарды орнату  ұмыстарын жүргiзудi бастағанға дейiн жобада көзделген барлық қоршаулар мен ғимараттардың жабынына шығу жолдары (саты торларынан, сыртқы сатылар арқылы) салынады. Өрт туралы хабарлау үшiн жабынға шығу жолдарына телефондар немесе өзге де байланыс құралдары орнатылады.      1647. Өрт сөндiру мақсатында жабында жанатын жылытқышты қолдана отырып, ауданы 1000 шаршы метр және одан астам жабын төсеу бойынша жабын жұмыстарын жүргiзу кезiнде уақытша өртке қарсы су құбыры қарастырылады. Өрт крандары арасындағы қашықтықты әрқайсысы секундына 5 литр шығынымен кемiнде екi ағыста су жабынның кез келген нүктесiне беру шартымен қабылданады.      1648. Жабында гидро және бу оқшаулауды орнатумен, жанғыш жылытқыштары бар панелдердi монтаждаумен байланысты жұмыстарды жүргiзу кезiнде электрлiк дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын жүргiзуге болмайды.      Ашық отты қолданумен байланысты барлық жұмыстар жанғыш және жануы қиын материалдарды бастағанға дейiн жүргiзiледi.      1649. Бу оқшаулау қабатын жабыстыру кезiнде кескiнделген төсем қабырғаларын битум шайырымен толтыруға және жобадан ауытқып, шайыр қабатын қалыңдатуға болмайды.      1650. Қабаты қалың рулон материалдарын балқыту үшiн жабындарды темiр бетон

Page 115: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

плиталарына және жанбайтын жылытқыштарды қолдана отырып, бүркемелерге орнатқанда ғана агрегаттар қолданылады.      1651. Жабындағы агрегаттарға отын құю екi өрт сөндiргiшпен және құмы бар жәшiкпен қамтамасыз етiлген арнайы орында жүргiзiледi. Жабында агрегаттарға құюға арналған отынды және отыннан босатылған бос ыдысты сақтауға жол берiлмейдi.

3-тарау. Мастикалармен, битуммен, полимер және басқа да жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс iстеу тәртiбi

      1652. Жарылыс, өрт қауiптi бу бөлетiн жанғыш заттар мен (құрамды дайындау және оны бұйымға салу) жұмыс iстейтiн үй-жайлар мен жұмыс аймақтары ағынды-сорғыш желдеткiшiмен қамтамасыз етiледi.      Жұмысты қауiпсiз жүргiзу үшiн ауа алмасу еселiгi есепке сәйкес жұмыс iстеу жобасымен анықталады.      1653. Жанғыш заттарды пайдалану кезiнде оның мөлшерiнiң ауысым қажеттiлiгiнен асуына жол берiлмейдi. Жанғыш заттары бар сыйымдылықтар тек пайдалану алдында ғана ашылады, ал жұмыс аяқталғаннан кейiн жабылып, қоймаға тапсырылады.      Жанғыш заттардан босаған ыдыс жаңа құрылыстың үй-жайларынан тыс арнайы бөлiнген орында сақталады.      1654. Жанғыш заттардың қалдықтары арнайы жабық сыйымдылыққа жиналып, үй-жайлардан арнайы бөлiнген орынға шығарылады.      1655. Жанғыш бояулар еденге тек табиғи жарық көзi бар кезде осы жұмыстарды жүргiзуге жауапты тұлғаның бақылауымен 100 шаршы метрден аспайтын жердi қамти отыра жағылады. Жұмыстар үй-жайлардан шығу жолдарынан едәуiр қашық орындардан, ал дәлiздерде үй-жайлардағы жұмыс аяқталғаннан кейiн басталады.      1656. Эпоксид шайырларды, желiмдердi, мастикаларды, оның iшiнде синтетикалық шайырлар негiзiндегi лак, бояуларды жағуды және плита және рулонды полимер материалдарын жапсыру үй-жайларды түпкiлiктi сырламас бұрын барлық құрылыс-монтаждау және санитарлық-техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.      1657. Жанғыш заттарды пайдалана отырып жұмыс iстеу үшiн ұшқын шығармайтын материалдардан (алюминий, мыс, пластмасса, қола) жасалған аспап қолданылады. Жанғыш заттар мен жұмыс iстеу кезiнде қолданылған аспап пен жабдық ашық алаңда немесе желдеткiшi бар үй-жайда жуылады.      1658. Жанғыш заттармен және материалдармен (құрамында отқа қауiптi заттар бар рулонды, плиталы, эпоксид шайырлармен, мастикалармен) жұмысты өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқудан және жұмыс басталар алдында өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулықтан өткен тұлғалар жүргiзедi.      Жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс iстейтiн үй-жайлар 100 шаршы метр үй-жайға екi өрт сөндiргiш және киiз есебiнен алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.      1659. Жанғыш сұйықтар желдеткiшпен жабдықталған, жанбайтын материалдардан жасалған, бөлек тұрған құрылымдарда, сондай-ақ терезе ойықтары мен дербес эвакуациялық шығу жолы бар сыртқы қабырғаның қасында оқшауланған үй-жайларда сақталады.      1660. Өрт қауiптi заттармен және полимерлi материалдармен жұмыс тек құрылыстың өртке қарсы жай-күйiне жауапты тұлғаның жазбаша рұқсатымен ғана жүргiзiледi.      1661. Оқшаулағыш және битум мастикаларын қайнату және қыздыру жанбайтын материалдардан жасалған қақпақтары тығыз жабылатын арнайы жарамды қазандықтарда жүзеге асырылады. Қазандықтар олардың сыйымдылығының төрттен үш бөлiгiнен аспайтындай етiп толтырылады.      Битум қайнату қондырғысын тiкелей жабында орналастыруға болмайды.      1662. Битум қазандығын ашық ауада орналастыру кезiнде олардың үстiне жанбайтын материалдардан жасалған шатыр орнату қажет. Қайнату қазандығының айналасында өртке қарсы құралдардың жинағы (өрт сөндiргiштер, күректер мен құрғақ құм) болуы тиiс. Мастикалар мен битумдарды қайнатуға және қыздыруға арналған орын биiктiгi 0,3 метрден аспайтын бiлiкпен қоршалады. Қазандықтың от жағатын тесiгi жанбайтын материалдан жасалған қайырмалы күнқағарлармен жабдықталады. Битум құрамдары қыздырылатын қазандықтарды қараусыз қалдыруға

Page 116: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

болмайды.      1663. Қазандықтардың топтағы саны үшеуден аспаса және қазандықтардың топтары арасындағы қашықтық кемiнде 9 метр болғанда олар тобымен орналастырылады. Мастикалар мен битумдарды қайнату мен қыздыруға арналған орынды арнайы бөлiнген алаңдардан бөледi және мынадай:      1) отқа төзiмдiлiгi V, IV, IVа дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 30 метр;      2) отқа төзiмдiлiгi III, IIIа, IIIб дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 20 метр;      3) отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 10 метр қашықтықта орналастырады.      1664. Оттыққа мастиканың төгiлуiн және оның жануын болдырмау үшiн қазандықты оның оттықтың үстiнде орналасқан шетi қарсы жағынан 5-6 сантиметр жоғары болатындай етiп көлбеу орналастырылады.      1665. Жұмыс аяқталғаннан кейiн қазандықтардың оттықтары сөндiрiлiп, су себiледi.      1666. Сұйылтылған газда жылжымалы қазандықтар жұмыс iстеген кезде екеуден аспайтын мөлшердегi газ баллондары жұмыс iстеп тұрған қазандықтардан кемiнде 20 метр қашықтықта орнатылған, жанбайтын материалдардан жасалған желдетiлетiн шкафтарда орнатылады.      1667. Көрсетiлген шкафтар үнемi құлыппен жабылып ұсталады.      1668. Үй-жайлардың iшiнде битум құрамдары электр қыздырғыштары бар бөшкелерде қыздырылады. Қыздыру үшiн ашық отты пайдалануға болмайды.      1669. Битум мастикасымен жұмыс iстеу кезiнде:      1) жұмыс орындарына (қабаттарына) ыстық битум мастикасын қақпақтары тығыз жабылатын арнайы металл бөшкелерде механикаландырылған тәсiлмен жеткiзу жүзеге асырылады. Қақпақтар бак құлаған кезде ашылып кетуiн болдырмайтын ысырма құрылғыларымен қамтамасыз етiледi. Мастиканы ашық ыдыспен тасымалдауға болмайды;      2) құрылыс құрылымдарына тiгiнен орнатылған учаскелерге бекiтiлген сорғышпен ағып кетуiне жол бермей болат құбыр арқылы қолданылады. Көлденең учаскелерде мастиканы қызуға шыдамды шланг арқылы беруге болады.      1670. Шлангiнi болат құбырмен қосу орнында ұзындығы 40-50 сантиметр сақтандыру қапшығы (брезенттен және басқа да материалдардан жасалған) кигiзiледi.      1671. Мастика жағуға арналған қондырғының сыйымдылығын толтырғаннан кейiн мастика құбырдан ағызылады.      1672. Араластыру кезiнде қыздырылған битум ерiткiшке (бензин, скипидар) құйылады. Тек ағаш араластырғышпен ғана араластыруға болады.      1673. Битумды ерiткiштермен араластыру орнынан 50 метр радиуста ашық отты пайдалануға болмайды.

4-тарау. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу тәртiбi

1-параграф. Жалпы ережелер

      1674. Дәнекерлеу және ашық отты қолданумен байланысты басқа да отты жұмыстар осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес орындалады.      1675. Дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстар орындары:      1) осы мақсаттарда арнайы жабдықталған цехтерде, шеберханаларда немесе ашық алаңдарда ұйымдастырылатын тұрақты;      2) отты жұмыстар тiкелей салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан ғимараттарда, тұрғын үйлерде және басқа да құрылыстарда, кәсiпорын аумақтарында жабдықты жөндеу немесе құрылыс құрылымдарын монтаждау мақсатында уақытша етiп қарастырылады.      1676. Отты жұмыстарды тұрақты жүргiзу орындарын 10 посттан (дәнекерлеу, кесетiн шеберханалар) артық ұйымдастыру кезiнде орталықтандырылған электрмен және газбен жабдықтау қарастырылады.      1677. Дәнекерлеу шеберханасында 10 аспайтын дәнекерлеу посттары болған жағдайда әрбiр пост үшiн оттегi және жанғыш газы бар бiр қосалқы баллоннан болуға болады. Қосалқы баллондар жанбайтын материалдардан жасалған

Page 117: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

қалқандармен қоршалады немесе шеберханаларға арнайы жапсарлас құрылыстарда сақталады.      1678. Тұрақты дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу ұйымдастырылған үй-жайлардағы едендер жанбайтын материалдардан жасалады. Бөлшектердi алдын ала қыздырмастан дәнекерлеу жүргiзiлетiн үй-жайларда жанбайтын негiзде ағаш бөренелi едендер орнатуға болады.      1679. Дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстарды белгiленген тәртiппен техникалық минимумнан өткен және өрт қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптарын бiлуi бойынша сынақ тапсырған тұлғалар жүргiзiедi.      1680. Ашық алаңдар мен арнайы шеберханаларда отты жұмыстарды тұрақты жүргiзу орындары кәсiпорын (ұйым) басшысының бұйрығымен анықталады.      1681. Уақытша электрмен дәнекерлеу және басқа да отты жұмыстарды жүргiзу орындары тек объект басшысының немесе оның мiндеттерiн атқарушы адамның жазбаша рұқсатымен (осы Қағидаларға 6-қосымша) ғана анықталады.      1682. Құрылыс алаңдарында және өртке қауiпсiз орындарда жазбаша рұқсатты алмай-ақ отты жұмыстарды тек өрт-техникалық минимумы бағдарламасы мен осы Қағидалардың ережелерiн игерген тиiстi бiлiктiлiк мамандары ғана жүргiзе алады. Жазбаша рұқсатты алмай-ақ отты жұмыстарды дербес жүргiзуге жiберiлген мамандардың тiзiмiн объектiнiң басшысы бекiтедi.      1683. Уақытша (бiр жолғы) отты жұмыстарды жүргiзуге рұқсат тек жұмыс ауысымына ғана берiледi. Егер бiрдей жұмысты жүргiзу кезiнде олар бiрнеше ауысым немесе күн бойы жүргiзiлетiн болса, объектiнiң әкiмшiлiгiнен қайта рұқсат алу қажет емес.      Мұндай жағдайларда әрбiр келесi жұмыс ауысымына көрсетiлген жұмыс орындарын қайта тексергеннен кейiн әкiмшiлiк бұрын берiлген рұқсатты растайды, ол жөнiнде тиiстi жазба жазады. Отты жұмыстардың жүргiзiлуiн уақытылы бақылауды қамтамасыз ету мақсатында осы жұмыстарға рұқсат құрылыс әкiмшiлiгiнен объектiнiң салалық өртке қарсы қызметiне, ал ол жоқ жерлерде оларды жүргiзген күннiң қарсаңында ерiктi өртке қарсы құралымдарға келiп түсуi тиiс.      1684. Отты жұмыстарды жүргiзу орындары алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (өрт сөндiргiш, құм салынған жәшiк және күрек, суы бар шелек) қамтамасыз етiледi. Объектiде iшкi өртке қарсы су құбыры болған жағдайда отты жұмыстарды жүргiзу орнына өрт крандарынан оқпандары бар өрт жеңдерi төселедi. Отты жұмыстармен айланысатын барлық жұмысшылар алғашқы өрт сөндiру құралдарын пайдалана бiлуi қажет.      1685. Отты жұмыстарды жүргiзуге жауапты адам жұмыс орнында өрт сөндiру құралдарының болуын тексередi.      1686. Отты жұмыстарды тұрақты жүргiзуге арналған орындарды өрт қауiптi және жарылыс, өрт қауiптi үй-жайларда орналастыруға болмайды.      1687. Отты жұмыстарды жүргiзу қарастырылатын технологиялық жабдық:      1) жарылыс, өрт қауiптi заттардан босату;      2) қолданыстағы коммуникациялардан (отты жұмыстарды жүргiзуге дайындық үшiн қолданылатын коммуникациялардан басқа) ажырату;      3) алдын ала тазалау, жуу, булау, желдету, жұту және флегматизациялау арқылы жарылыс, өрт қауiпсiз жай-күйiне келтiрiледi.      1688. Технологиялық жабдықтың iшiн буландыру үшiн берiлетiн су буының температурасы жанғыш будың (газдың) өздiгiнен тұтану температурасының 80 % тең етiп қабылданады.      1689. Технологиялық жабдықтағы бу (газ) қосылымы олардың тұтану шегiнен тыс немесе электр статистикалық қауiпсiз режимде болғанда ол жуу жүргiзiледi.      1690. Отты жұмыстар жүргiзiлетiн үй-жайларды, сондай-ақ жабдық пен коммуникацияларды тазалау жарылыс қауiптi бу және тозаң-ауа қоспаларының түзiлуiне және тұтану көздерiнiң түзiлуiн болдырмайтындай тәсiлдермен жүргiзiледi.      1691. Металдың қызған бөлiктерiнiң шектес үй-жайларға, көршiлес қабаттарға түсуiн болдырмау мақсатында барлық байқап тексеру, технологиялық және басқа да люктер (шағын люктер), желдеткiш, монтаждау және отты жұмыстар жүргiзiлетiн үй-жайлардың далдаларындағы, қабырғалары мен қалқаларындағы басқа да ойықтар (тесiктер) жанбайтын материалдармен жабылады.      1692. Отты жұмыстарды жүргiзу орны осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетiлген радиуста жанғыш заттар мен материалдардан тазартылаы.      1693. Көрсетiлген радиустер шегiндегi құрылыс құрылымдары, еден төсемдерi, өңдеу және қаптау, сондай-ақ оқшаулағыш және жанғыш материалдардан жасалған

Page 118: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

жабдықтың бөлшектерi оларға ұшқынның түсуiнен металл экрандармен, асбест кенебiмен немесе басқа да жанбайтын материалдармен және қажет болған жағдайда су құйып қорғалады.      1694. Отты жұмыстар орындалатын үй-жайларда көрсетiлген үй-жайларды басқа үй-жайлармен қосатын барлық есiктер, оның iшiнде тамбур шлюздердiң есiктерi тығыз жабылады. Терезе жыл мезгiлiне, үй-жайдағы температураға, отты жұмыстардың ұзақтығына, көлемi мен қауiптiлiк дәрежесiне байланысты мүмкiндiгiнше ашық болады.      1695. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар буының, жанғыш газдардың жиналуы мүмкiн үй-жайлар отты жұмысты жүргiзбес бұрын желдетiледi.      1696. Жанғыш материалдар қолданылған ғимараттар мен үй-жайларда, құрылымдарда дәнекерлеу және кесу жұмыстарын жүргiзуге арналған орын жанбайтын материалдан жасалған тұтас қалқамен қоршалады. Бұл ретте қалқаның биiктiгi кемiнде 1,8 метр, ал қалқа мен еден арасындағы саңылау 0,5 метр етiп орындалады. Қыздырылған бөлшектердiң ұшуын болдырмау үшiн көрсетiлген саңылауды ұяшық 1,0х1,0 миллиметрден аспайтын, жанбайтын материалдан жасалған тормен қоршалады.      1697. Отты жұмыстарды бастамас бұрын және оларды жүргiзу барысында көрсетiлген жұмыстар жүргiзiлетiн технологиялық жабдықтағы және қауiптi аймақтағы бу, газ, ауа ортасының жай-күйiне бақылау жүзеге асырылады.      Егер қауiптi аймақта немесе технологиялық жабдықта жанғыш заттар құрамы жоғарылаған немесе флегматизатор қосылымы будың (газдың) шектi рұқсат етiлген жарылысқа қауiпсiз қосылымдарының мәнiне дейiн төмендеген жағдайда отты жұмыстар дереу тоқтатылады.      1698. Отты жұмыстар жүргiзiлiп жатқан жерлерде газдану мен тозаңдану себебiнен өрттер мен жарылыстардың туындауына әкелуi мүмкiн технологиялық жабдықтың люктерi мен қақпақтарын ашуға, өнiмдердi түсiруге, асыра тиеуге және құюға, оларды ашық люктер арқылы тиеуге, сондай-ақ өзге де операцияларды жүргiзуге болмайды.      1699. Жұмыстағы үзiлiс кезiнде, сондай-ақ жұмыс ауысымының соңында дәнекерлеу аппараты электр желiсiнен ажыратылады, шлангiлер жанғыш сұйықтар мен газдардан ажыратылады және босатылады, ал дәнекерлеу лампаларындағы қысым толықтай шығарылады.      1700. Жұмыс аяқталғаннан кейiн барлық аппаратура мен жабдық арнайы бөлiнген үй-жайға (орынға) жиналады.      1701. Отты жұмыстарды жүргiзу кезiнде:      1) аппаратура ақаулы болғанда жұмысқа кiрiсуге;      2) жанғыш сырлармен (лактармен) жаңадан сырланған құрылымдар мен бұйымдарда отты жұмыстарды жүргiзуге;      3) майлардың, бензиннiң, керосин мен өзге де жанғыш сұйықтықтардың iздерi бар киiм мен қолғаптарды пайдалануға;      4) дәнекерлеу кабиналарында киiмдi, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар мен өзге де жанғыш материалдарды сақтауға;      5) бiлiктiлiк куәлiгi мен өрт қауiпсiздiгi техникасы бойынша талоны жоқ оқушыларды, сондай-ақ жұмыскерлердi дербес жұмыс iстеуге жiберуге;      6) электр сымдарының сығылған, сұйытылған және ерiтiлген газдары бар баллондармен жанасуына жол беруге;      7) жанғыш және улы заттармен толтырылған, сондай-ақ қысымы мен электр кернеуi бар аппараттар мен коммуникацияларда жұмыс iстеуге;      8) жабынға гидро оқшаулағыш пен бу оқшаулағышты орнатумен, жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар панелдердi монтаждаумен, едендердiң төсемдерiн жапсырумен және жанғыш лактарды, желiмдердi, мастикалар мен өзге де жанғыш материалдарды пайдалана отырып, үй-жайларды қаптаумен қатар отты жұмыстарды жүргiзуге;      9) электр дәнекерлеушiмен және газ дәнекерлеушiмен (газ кескiшпен) бiр мезгiлде жабық сыйымдылықтар мен үй-жайлардың iшiнде жұмыс iстеуiне болмайды.      1702. Жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар жеңiл металл құрылымдарынан жасалған ғимараттардың элементтерiнде отты жұмыстарды жүргiзуге болмайды.      1703. Салынып жатқан тоңазытқыштарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын тек жанғыш материалдардан босатылған жамылғы қабаттары жағылған (сылақ, бетон немесе армобетон кергiштерi) және өртке қарсы белдiктерi бар камералар мен

Page 119: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

бөлiктерде ғана жүргiзiледi.      1704. Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарын күрделi жөндеу және қайта жаңарту кезiнде отты жұмыстарды жанатын құрылымдардың жануына қарсы және ұшқындардың ұшуына қарсы шаралар қабылданғаннан кейiн орындау керек.      1705. Өндiрiстi тоқтатпай күрделi жөндеу және қайта жаңарту кезiнде және отты жұмыстарды жүргiзу кезiнде кәсiпорын әкiмшiлiгi осы кезеңге өрт қауiпсiздiгiн күшейту жоспарын әзiрлейдi.      1706. Өрт шығу қаупi едәуiр орындарда, отты жұмыстардың көлемi көп болғанда, сондай-ақ биiкте жұмыс iстеу кезiнде өрт сөндiру посттары (қызмет көрсетушi персонал, ерiктi өртке қарсы құралым санынан) қойылады.      Биiкте жұмыс iстейтiн жұмысшылардың электрод тұқылдарын жинауға арналған металл қораптар қарастырылады.      6 баллдан артық қатты жел тұрғанда биiкте отты жұмыстарды iстеуге болмайды.      1707. Объект басшысы немесе өрт қауiпсiздiгiне жауапты өзге лауазымды тұлға уақытша отты жұмыстарды аяқтағаннан кейiн 3-5 сағат iшiнде оларды жүргiзу орындарын тексерудi қамтамасыз етедi.

2-параграф. Электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу тәртiбi

      1708. Оқшаулағышы жоқ немесе оқшаулағышы зақымданған дәнекерлеу сымдарын пайдалануға, сондай-ақ стандартты емес қорғау аппараттарын қолдануға болмайды.      1709. Дәнекерлеу сымдары престеу, дәнекерлеу, пiсiру немесе арнаулы қысқыштардың көмегiмен жалғастырылады. Электр сымдары электр ұстағышқа, дәнекерленетiн бұйымға және дәнекерлеу аппаратына шайбалары бар бұрандамалармен бекiтiлген мыс кабель ұштықтарының көмегiмен қосылады.      1710. Дәнекерлеу аппаратына, бөлу қалқанынан және өзге де жабдыққа, сондай-ақ дәнекерлеу жұмыстары орындарына қосылған сымдар сенiмдi түрде оқшауланады және қажеттi жерлерiнде жоғары температураның әсерiнен, механикалық зақымданудан немесе химиялық әсер етуден қорғалады.      1711. Электрмен дәнекерлеу машиналарының кабельдерi (сымдары) оттегi құбырларынан кемiнде 0,5 метр, ацетилен және өзге жанғыш газдар құбырларынан кемiнде 1,5 метр қашықтықта орналастырылады.      Кейбiр жағдайларда газ құбыры қорғағыш металл құбырға жалғанған жағдайда көрсетiлген қашықтықтарды қысқартуға болады.      1712. Дәнекерленетiн бұйымды дәнекерлеу тогының көзiмен қосатын керi өткiзгiш ретiнде егер олардың қимасы қыздыру шарты бойынша дәнекерлеу тогының қауiпсiз ағуын қамтамасыз ететiн болса, кез келген пiшiндегi болат немесе алюминий шиналары, дәнекерлеу плиталары қолданылады.      1713. Керi өткiзгiш ретiнде пайдаланылатын кейбiр элементтер өзара қосу бұрандаларының, струбциналардың немесе қысқыштардың көмегiмен орындалады.      1714. Жарылыс, өрт қауiптi және өрт қауiптi үй-жайлар мен құрылыстарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде керi өткiзгiш дәнекерленетiн бұйымнан бастап ток көзiне дейiн тек оқшауланған сыммен орындалады, әрi ол оқшаулау сапасы бойынша электр ұстағышқа қосылатын тiкелей сымнан кем болмауы қажет.      1715. Керi өткiзгiш ретiнде iшкi темiржол жолдарын, жерге қосу немесе нөл сымына қосу желiлерiн, сондай-ақ ғимараттардың металл құрылымдарын, коммуникациялар мен технологиялық жабдықты пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай жағдайларда екi сымды қолдану арқылы дәнекерленедi.      1716. Дәнекерлеу генераторлары мен трансформаторлар, сондай-ақ ашық ауада орнатылатын барлық қосалқы аспаптар мен аппараттар дымқыл тартуға қарсы оқшаулағышпен жабық күйде қолданылады және жанбайтын материалдардан жасалған шатырлардың астынан орнатылады.      1717. Қолмен дәнекерлеуге арналған электр ұстағышының құрылымы электродтарды берiк ұстауды және тез ауыстыруды қамтамасыз етедi, сондай-ақ жұмыста уақытша үзiлiс болғанда дәнекерленетiн бөлшекке оның корпусының немесе ол кенет металл заттарға құлағанда қысқа тұйықталу мүмкiндiгiн болдырмайды. Электр ұстағыштың тұтқасы жанбайтын диэлектрлiк және жылу оқшаулағыш материалдан қарастырылады.      1718. Дәнекерлеу кезiнде зауытта шығарылған, дәнекерлеу тогының номиналды шамасына сәйкес келетiн электродтар қолданылады.

Page 120: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      Электродтарды ауыстыру кезiнде олардың қалдықтары (тұқылдары) дәнекерлеу жұмыстары орындарында орнатылатын арнайы металл жәшiктерге орналастырылады.      1719. Электрмен дәнекерлеу қондырғысы жұмыс iстеу кезiнде жерге қосылады. Негiзгi электрмен дәнекерлеу жабдығын жерге қосудан басқа, дәнекерлеу қондырғыларында қысқыш тiкелей бұйымға өтетiн (керi өткiзгiш) өткiзгiш қосылатын дәнекерлеу трансформаторының екiншi орамына қосылады.      1720. Агрегат пен iске қосу тетiгiн тазалау күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. Дәнекерлеу жабдығына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы алдын алу жөндеуi кестеге сәйкес жүргiзiледi.      1721. Атомды-сутектi дәнекерлеуге арналған қондырғыларда доғаны  қоректендiру бөлек трансформатордан жүргiзiледi. Доғаны тiкелей бөлу қорабынан кез келген түрдегi реттегiш арқылы қоректендiруге жол берiлмейдi.      1722. Атомды-сутектi дәнекерлеу кезiнде шiлтерде тiзбек үзiлген жағдайда кернеудi автоматты ажырату және су берудi тоқтату қарастырылады.      1723. Iске қосылған шiлтерлердi қараусыз қалдыруға болмайды.      1724. Жарылыс, өрт қауiпi аймақтарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде:      1) тұрақты ток көздерiн қоректендiру көздерi немесе құрылымында импульстi генераторлары бар, доғаның қайталана қозуы кезiнде электрод пен дәнекерленушi бұйым арасындағы кернеудi көтеретiн («разряд» түрiндегi ток көзi) ауыспалы токтың арнайы көздерi қолданылады;      2) П-II сыныптық өрт қауiптi аймақтарда тозаңнан тазарту үшiн қол жеткiзу қиын орындарды көбiк түзгiштiң екi пайыздық ерiтiндiсiмен 1 м2 алаңға 1 литр ерiтiндi есебiмен өңдеу ұсынылады;      3) тiгiнен және төбедегi жағдайдан дәнекерлеудi диаметрi 4 миллиметрден аспайтын электродтармен орындалады. Бұл ретте дәнекерлеу тогының шамасын төменгi көлденең жағдайда дәнекерлеу кезiндегiден қарағанда 20% төмен етiп қарастырылады;      4) электрмен дәнекерлеу қондырғысын iске қосу алдында электрод ұстағышта электродтың болмауы тексерiледi.

3-параграф. Газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу тәртiбi

      1725. Тұрақты дәнекерлеу жұмыстарын құрылымдары жанбайтын материалдардан жасалған, ацетилен генераторлары, оттегi баллондары мен дәнекерлеу бекеттерi үшiн оқшауланған үй-жайлары бар, арнайы бөлiнген дәнекерлеу шеберханаларында жүргiзiледi. Ацетилен генераторларына арналған үй-жайлар желдеткiшпен және жеңiл алынып тасталатын құрылымдармен қамтамасыз етiледi. Генераторларды жертөле үй-жайларына орнатуға болмайды.      1726. Тасымал ацетилен генераторларын пайдалануға рұқсатты қарамағында осы генераторлар болатын объектiнiң әкiмшiлiгi бередi.      1727. Тасымал ацетилен генераторлары ашық алаңдарда орнатылады. Оларды жақсы желдетiлетiн үй-жайларда уақытша қолдануға жол берiледi.      Генераторларды жертөле үй-жайларында орнатуға жол берiлмейдi.      1728. Ацетилен генераторларын отпен жұмыс iстейтiн жерден, сондай-ақ компрессорлармен және желдеткiштермен ауа жинау орнынан кемiнде 10 метр қашықтықта қоршалады және орналастырылады.      1729. Ацетилен генераторлары орнатылған жерлерге «Бөгде адамдарға кiруге болмайды - отқа қауiптi», «Темекi шегуге болмайды», «Отпен өтуге болмайды» - деген аншлагтар (плакаттар) iлiнедi.      1730. Жұмыс аяқталғаннан кейiн жылжымалы генератордағы кальций карбидi шығарылуы қажет. Генератордан шығарылатын әк лайы осы мақсатқа лайықталған ыдысқа шығарылады және лай шұңқырына немесе арнайы бункерге ағызылады.      1731. Ашық лай шұңқырлары шарбақтармен қоршалады, ал жабықтары жанбайтын жабындармен, сорғы желдеткiшiмен және лайды шығаруға арналған люктермен жабдықталады.      1732. Лай сақтау орындарынан 10 метр кем радиуста темекi шегуге және ашық отты пайдалануға болмайды, ол жөнiнде тиiстi тыйым салу белгiлерi iлiнедi.      1733. Газ өткiзу шлангiлерi аппаратураның, жанарғылардың, кескiштер мен редукторлардың қосқыш ниппельдерiне қамыттардың немесе ниппельдiң ұзындығы бойымен кемiнде екi жерiнен жұмсақ күйдiрiлген (тоқылған) сымның көмегiмен

Page 121: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

сенiмдi бекiтiледi.      Су ысырмалары ниппельдерiне шлангiлер тығыз кигiзiледi, бiрақ бекiтiлмейдi.      1734. Кальций карбидi құрғақ, желдетiлетiн үй-жайларда сақталады.      Кальций карбидiн сақтауға арналған қоймаларды жертөле үй-жайлары мен су басатын төмен жерлерде орналастыруға болмайды.      Механикаландырылған қоймаларда кальций карбидi барабандарын тiгiнен үш қабат етiп, ал механизациясы болмаған жағдайда көлденеңiнен үш қатардан аспайтындай етiп және тiгiнен екi қатардан аспайтындай етiп сақталады. Барабандар қатарларының арасына қалыңдығы 40-50 миллиметр тақтай төселедi.      Қатарлап төселген кальций карбидi барабандары арасындағы өту жолдарының енi кемiнде 1,5 метр етiп қарастырылады.      1735. Кальций карбидiнiң аралық қоймасы жоқ ацетилен қондырғыларының үй-жайларында бiр мезгiлде 200 килограммнан аспайтын кальций карбидiн сақтауға болады, бұл жағдайда осы мөлшерден тек бiр барабан ғана ашық күйде болуы мүмкiн.      1736. Кальций карбидi бар ашылған барабандар су өткiзбейтiн қақпақтармен қорғалады.      1737. Кальций карбидi бар барабандарды сақтау және ашу орындарында темекi шегуге, ашық отты пайдалануға және ұшқын шығаратын құралдарды қолдануға болмайды.      1738. Газы бар баллондарды сақтау мен тасымалдау олардың мойындарына сақтандыру қалпақтары бұралғанда ғана жүзеге асырылады. Баллондарды тасымалдау кезiнде жұлқылау мен соғуға жол бермеу қажет. Баллондар дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу орындарына арнайы арбалармен, зембiлдермен, шанамен жеткiзiледi.      1739. Газы бар баллондарды сақтау кезiнде қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды орнату және пайдалану ережесiне сәйкес жүргiзiледi.      Газы бар баллондар оларды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезiнде күн сәулесi мен басқа да жылу көздерiнiң әсерiнен қорғалуы қажет.      1740. Үй-жайларда орнатылатын баллондар жылу беру аспаптары мен пештерден кемiнде 1,5 метр, ал ашық отты жылу көздерiнен кемiнде 10 метр қашықтықта орналастырылады.      Жанарғылардан бастап (көлденеңiнен) қайта iске қосатын рампалы (топтық) қондырғыларға дейiнгi қашықтық кемiнде 10 метр, ал оттегi немесе жанғыш газы жекелеген баллондарға дейiн кемiнде 5 метр етiп қарастырылады.      Бiр үй-жайда оттегi баллондары және жанғыш газдары бар баллондарды, сондай-ақ кальций карбидiн, сырларды, бояулар мен майларды сақтауға жол берiлмейдi.      1741. Дәнекерлеу шеберханасында бесеуден аспайтын оттегi және бес қосалқы ацетилен баллондары орналастырылады.      Жұмыс орнында екеуден аспайтын жұмыс және қосалқы баллон ұстауға болады.      1742. Оттегiден немесе жанғыш газдардан босаған баллондармен жұмыс iстеу кезiнде толық баллондармен жұмыс iстейтiндей қауiпсiздiк шаралары сақталады.      1743. Газбен дәнекерлеу және газбен кесу жұмыстарын жүргiзу кезiнде:      1) қатып қалған ацетилен генераторларын, құбырларды, бұрамаларды, редукторларды және дәнекерлеу қондырғыларының өзге де бөлшектерiн ашық отпен немесе қызған заттармен жылытуға;      2) оттегi баллондарының, редукторлардың және өзге де дәнекерлеу жабдығының әртүрлi майлармен, сондай-ақ май тиген киiммен және май сiңген шүберекпен жанасуына;      3) бiр су ысырмасынан екi дәнекерлеушiнiң жұмыс iстеуiне;      4) өте iрi түйiршiктi кальций карбидiн салуға немесе оны аппараттың шүмегiне темiр шыбықтың және сымның көмегiмен итеруге, сондай-ақ карбид тозаңымен жұмыс iстеуге;      5) кальций карбидiн тиейтiн дымқыл себеттерге немесе газ жинағышта су болған кезде тиеуге, сондай-ақ «су карбидке» генераторлары жұмыс iстеген кезде көлемiнiң жартысынан артық карбид тиеуге;      6) жанғыш газдарға арналған шлангiнi оттегiмен және жанғыш газдардың оттегi шлангiсiн үрлеуге, сондай-ақ жұмыс кезiнде шлангiлердi өзара ауыстыруға;      7) ұзындығы 30 метрден артық, ал монтаждау кезiнде 40 метрден артық шлангiлердi пайдалануға;      8) газ өткiзу шлангiлерiн бұрауға, сындыруға немесе қысуға;      9) газ жинағышта ацетилен болған жағдайда генераторды тасымалдауға;

Page 122: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      10) ацетилен генераторындағы газ қысымын әдейi жоғарылату немесе кальций карбидiнiң бiр жолғы мөлшерiн арттыру арқылы оның жұмысын жылдамдатуға;      11) кальций карбидi бар барабандарды ашу үшiн мыс аспапты, сондай-ақ ацетилен аппаратурасын дәнекерлеу үшiн және ацетиленмен жанасуы мүмкiн басқа да орындарда дәнекерлеу үшiн мысты пайдалануға болмайды.

5-тарау. Отпен байланысты жұмыстарды жүргiзу тәртiбi

1-параграф. Металл кесу тәртiбi

      1744. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын орындау кезiнде жұмыс орны электрмен дәнекерлеу жұмысы кезiндегiдей ұйымдастырылады. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың төгiлуiне жол бермеуге және дұрыс сақтауға, кесу режимiн сақтауға және жанармайы бар бакты күтiп ұстауға ерекше назар аударылады.      1745. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын жүргiзу орындарында жанармай қоры ауысым қажеттiлiгiнен аспайтын мөлшерде сақталады. Жанармай жарамды, сынбайтын, тығыз жабылатын, арнайы ыдыста, отпен байланысты жұмыстарды жүргiзу орындарынан кемiнде 10 метр қашықтықта сақталады.      1746. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстары үшiн бөгде қоспалары мен суы жоқ жанармай қолданылады. Кiшкентай бакты оның көлемiнен 3/4 артық жанармаймен толтыруға болмайды.      1747. Кiшкентай бак ақаусыз күйде ұсталады және герметикалы етiп жасалады. Кiшкентай бакта манометр, сондай-ақ кiшкентай бактағы қысымның 5 атмосферадан артық жоғарылауына жол бермейтiн сақтандыру клапаны қарастырылады.      10 атмосфералық қысымға сумен сыналмаған, жанғыш сұйықтық ағатын немесе ақаулы сорғышы бар кiшкентай бактарды пайдалануға болмайды.      1748. Бензинмен кесу жұмыстарын бастамас бұрын барлық бензинмен және керосинмен кесу арматурасының ақаусыздығы, ниппельдердегi шлангiлер қосқыштарының тығыздығы, салмалы сомындар мен бастиектердегi бұрандалардың ақаусыздығы мұқият тексерiледi.      1749. Кескiштiң буландырғышын жұмыс орнында құйылған тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды тұтату арқылы жылытуға болмайды.      1750. Жанармайы бар кiшкентай бак оттектi баллон мен ашық от көзiнен кемiнде 5 метр және жұмыс орнынан кемiнде 3 метр қашықтықта болады. Бұл ретте кiшкентай бак жұмыс iстеген кезде жалын мен ұшқын түспейтiндей орналастырылады.      1751. Бензинмен және керосинмен кесу жұмыстарын жүргiзу кезiнде:      1) жанармайы бар бактағы ауа қысымының кескiштегi оттегiнiң жұмыс қысымынан артық болуына;      2) шие түсiне дейiн қатты қыздыруға, сондай-ақ кескiштi жұмыс кезiнде басымен жоғары қаратып тiгiнен iлiп қоюға;      3) кескiшке оттегi немесе жанармай беретiн шлангiлердi қысуға, бұрауға немесе сындыруға;      4) бензин немесе керосин бөлуге арналған оттегi шлангiлерiн кескiште пайдалануға болмайды.

2-параграф. Дәнекерлеу жұмыстары

      1752. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде жұмыс орны жанғыш материалдардан тазартылады, ал кемiнде 5 метр қашықтықтағы жанғыш материалдардан жасалған құрылымдар жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қорғалады немесе сумен бүркеледi.      1753. Дәнекерлеу шамдары толықтай жарамдылықта ұсталады және нәтижелерi мен тексерген датасын арнайы журналға енгiзе отырып, кемiнде айына бiр рет олардың төзiмдiлiгi мен герметикалығы тексерiледi. Бұдан басқа, жылына кемiнде бiр рет гидравликалық бақылау сынағы жүргiзiледi.      1754. Әрбiр дәнекер шамы зауыттың гидравликалық сынақ нәтижелерi мен рұқсат етiлген қысымы көрсетiлген паспортпен қамтамасыз етiледi. Шамдар тиiстi қысымда реттелген, серiппелi сақтандыру клапандарымен жарақталады.      1755. Дәнекерлеу шамдарына осы мақсат үшiн арнайы бөлiнген орындарда жанармай толтырылады және жағылады. Шамдарды толтыру кезiнде жанармайдың төгiлуiне және ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi.

Page 123: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      1756. Дәнекерлеу шамынан жалынның шығуын болдырмау үшiн шамға құйылатын жанармай бөгде қоспалар мен судан тазартылады.      1757. Дәнекерлеу шамының жарылуын болдырмау үшiн:      1) жанармай ретiнде керосинмен жұмыс iстейтiн шамдар үшiн бензин немесе бензиннiң керосинмен қоспасын қолдануға;      2) ауа толтыру кезiнде шамның резервуарындағы қысымды паспортта көрсетiлген, рұқсат етiлген жұмыс қысымынан жоғарылатуға;      3) шамға оның резервуарының көлемiнен артық жанармай құюға;      4) шам жанып тұрғанда немесе суымай тұрып, ауа винтi мен отын құю тығынын ашуға;      5) ашық оттың қасында шамды жөндеуге, сондай-ақ одан жанармайды ағызуға және оған құюға жол берiлмейдi.

6-тарау. Үй-жайларға жылу беру және кептiру қондырғыларын орнату және пайдалану тәртiбi

1-параграф. Жалпы ережелер

      1758. Бiрыңғай жедел құрастырмалы (жедел жылжымалы) ғимараттарға жылу беру үшiн бу және су калориферлерi, сондай-ақ зауыттан шығарылған электр жылытқыштары пайдаланылады.      1759. Киiм-кешек пен аяқ киiмдi кептiру осы мақсатқа арнайы лайықталған, орталықтан сумен жылытылатын немесе су калориферлерiн қолдана отырып, үй-жайларда, ғимараттарда немесе құрылыстарда жүргiзiледi.      1760. Кептiргiштердi тамбурларда және ғимараттардан шығу жолдарында орналасқан басқа да үй-жайларда орнатуға болмайды.      1761. Полимер жылытқыштары бар металл құрылымдардан жасалған ғимараттарда құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттардан тыс кемiнде 18 метр қашықтықта немесе өртке қарсы қабырғалардан кейiн оттық құрылғыларын орналастыра отырып, тек ауамен немесе сумен жылу беру жүйесi ғана қолданылады.      Жылу тасығыштары бар құбырлардан бастап қоршау құрылымдарына дейiнгi қашықтықтың 100 метр болуына жол берiлмейдi.      1762. Жылы будкаларда ашық отты пайдалануға, сондай-ақ отпен байланысты жұмыстарды жүргiзуге және электр калориферлерiн және инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларын қолдануға болмайды.

2-параграф. Үй-жайларды инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларымен кептiру тәртiбi

      1763. Инфрақызыл сәулелi жанарғылары бар жылжымалы және тұрақты қондырғылар жанарғы сөнген кезде газ берудi тоқтататын автоматты бұғаттағышпен жабдықталады.      1764. Инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларын монтаждау мен пайдалануды арнайы бағдарлама бойынша газ iсi жөнiндегi техникалық минимумнен өткен және газ жұмыстарына жiберу құқығымен бiлiктiлiк куәлiгi бар персонал жүргiзедi.      1765. Еденге орнатылатын инфрақызыл сәулелi газ жанарғылары бар жылжымалы қондырғылар арнайы тұрақты тұғырмен қамтамасыз етiледi. Газы бар баллон қондырғы мен өзге де жылу беру аспаптарынан кемiнде 1,5 метр, ал электр есептегiштен, ажыратқыштардан, розеткалар мен өзге де электр аспаптарынан кемiнде 1 метр қашықтықта орналасады.      Жанарғылардан бастап жанғыш материалдардан жасалған құрылымдарға дейiнгi қашықтық кемiнде 1 метр, қиын жанатын заттарға дейiн кемiнде 0,7 метр, жанбайтын заттарға дейiн 0,4 метр етiп қарастырылады.      Сұйытылған газдағы қондырғыны монтаждау кезiнде шлангiлердiң ұзындығы жұмыстың ыңғайлылығын қамтамасыз ететiндей мүмкiндiгiнше қысқа етiп қарастырылады. Едәуiр қашықтағы кептiру орнынан бастап қосу торабына дейiнгi қашықтық 30 метрден аспайтындай етiп қабылданады. Қондырғы газ торабынан алысырақ болғанда болат құбырдан жасалған уақытша газ құбыры төселедi, ал оған жанарғылар иiлгiш шлангiлермен қосылады.      Иiлгiш шлангiлер қосқыштың герметикалығын қамтамасыз ететiн бұрандалары мен сомындары бар қамыттардың көмегiмен редуктормен және құбырлармен

Page 124: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

қосылады. Иiлгiш шлангiлердi олардың майысуы мен қысылып қалуына жол бермей, кемiнде 2 метр биiктiкте төселедi.      1766. Инфрақызыл сәулелi газ жанарғылары бар қондырғылар жұмыс iстеп тұрған орындарда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға, сондай-ақ оларды пайдалана отырып жұмыс iстеуге болмайды.      1767. Инфрақызыл сәулелi газ жанарғыларын пайдалану кезiнде:      1) жұмыс iстеп тұрған қондырғыны қараусыз қалдыруға;      2) керамикасы зақымдалған, сондай-ақ ашық жалын шығаратын жанарғыларды пайдалануға;      3) егер үй-жайда газдың иiсi шықса, қондырғыны пайдалануға;      4) жанарғылардың жылу сәулесiн тiкелей жанғыш материалдар, газы бар баллондар, газ құбырлары, электр өткiзгiштерi жағына бағыттауға;      5) газ қондырғыларын қатты отынмен жылыту қондырғыларымен қатар пайдалануға болмайды.      1768. Ашық алаңдарда жұмыс iстегенде (жұмыс орындарын жылыту үшiн және дымқыл жерлердi кептiру үшiн) тек желге тұрақты жанарғылар пайдаланылады.

3-параграф. Сұйық және газ тәрiздес отынмен жұмыс iстейтiн жылу генераторларын монтаждау және пайдалану тәртiбi

      1769. Ауа жылыту қондырғылары салынып жатқан ғимараттан кемiнде 5 метр қашықтықта орналастырылады.      Көлемi 200 литрден аспайтын отын құятын ыдыс қолданылады және ауа жылытқыштан кемiнде 10 метр және салынып жатқан ғимараттан кемiнде 15 метр қашықтықта орналастырылады. Отын ауа жылытқышқа металл құбыр арқылы берiледi.      Отын өткiзгiштерде зауытта шығарылған, отынның ағуын болдырмайтын қосқыштар мен арматура қолданылады. Жұмсалатын бактың отын өткiзгiшiнде өрт немесе авария болған жағдайда қондырғыға отын берудi тоқтату үшiн ысырма вентиль орнатылады.      1670. Газ отынымен жұмыс iстейтiн қондырғыларды монтаждау мен пайдалану кезiнде:      1) жылу шығаратын қондырғыларға зауыттың паспорты бар, стандартты жанарғылар орнатылады;      2) жанарғылар жалынды үзбей және агрегаттың жылу жүктемесiн қажетi реттеу шегiнде оны жанарғыға өткiзбей тұрақты жұмыс iстеуi қажет;      3) жылу шығаратын қондырғылары бар үй-жайлардағы желдеткiш 1 сағатта үш еселiк ауа алмасуды қамтамасыз етуi қажет.      1671. Жылу шығаратын қондырғыларды пайдалану кезiнде:      1) отын құбырларының герметикалығы бұзылған, форсунка корпусы жылу шығаратын қондырғымен нығыз орнатылмаса, үй-жайға жану өнiмдерiнiң өтуiне ықпал ететiн түтiн мұржалары ақаулы, электр қозғалтқыштары мен iске қосу аппаратурасы ақаулы болса, сондай-ақ электр қозғалтқыштың жылу қорғағышы болмаса және басқа да ақаулары болса, қондырғымен жұмыс iстеуге;      2) форсунка ретке келтiрiлмегенде (отын қалыпты жанбаса) жұмыс iстеуге;      3) отын құбырларын қосу үшiн резина немесе полихлорвениль шлангiлерi мен муфталарын пайдалануға;      4) қондырғы мен отын бактары жанына жанғыш қоршаулар орнатуға;      5) отын құбырларын ашық отпен қыздыруға;      6) қысқа мерзiмге тоқтағаннан кейiн ауамен үрлемей жылу шығаратын қондырғыны iске қосуға;      7) жанғыш қоспаны бақылап қарау тесiгi арқылы жағуға;      8) жылу шығаратын қондырғы жұмыс iстеп тұрған кезде шамдар электродтарының арасындағы саңылауды реттеуге;      9) ауа жинау коллекторларында қорғағыш тор болмаған жағдайда жылу шығаратын қондырғыны iске қосуға болмайды.

4-параграф. Электр калориферлердi монтаждау және пайдалану тәртiбi

      1772. Тек зауытта дайындалған, дабылы және желдеткiш жұмыс iстемеген кезде қыздыру элементтерiне электр энергиясын берудi болдырмайтын бұғаттағышы мен

Page 125: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

электр және жылу қорғағышпен көзделген, шығатын ауаның температурасын бақылау және оны реттеу автоматикасы жарамды электр калориферлерiн ғана пайдалануға және монтаждауға болады.      1773. Электр калорифердi монтаждау, жұмысқа дайындау, iске қосу дайындаушы зауыттың паспортында көрсетiлген тәртiппен жүзеге асырылады.      1774. Электр калориферi корпусы мен желдеткiш арасына жұмсақ қыстырма үшiн жанғыш материалдарды қолдануға болмайды.      1775. Электр калориферлерiн пайдалану кезiнде:      1) дабыл қаққышты немесе бұғаттағышты сөндiруге;      2) электр калориферден шығу жолындағы дайындаушы зауыт белгiлеген ауа температурасын жоғарылатуға;      3) желдеткiш жұмыс iстемей тұрғанда электр калорифердi қосуға (бұғаттағышты қондырғыны әр iске қосар алдында тексередi);      4) электр калориферде немесе оның жанында киiм немесе басқа да жанғыш материалдарды кептiруге;      5) жұмыс iстеп тұрған электр калориферi орнатылған үй-жайда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға болмайды.

7-тарау. Өртке қарсы сумен жабдықтауды, өрт сөндiру және байланыс құралдарын ұстау тәртiбi

      1776. Тұрақты сыртқы су өткiзу желiсiн төсеу және өрт гидранттарын орнату, сондай-ақ өрт сөндiретiн су айдындары мен басқа да су көздерiн салу негiзгi құрылыс жұмыстары басталғанда оларды өрт сөндiру үшiн пайдалана алатындай есеппен жүргiзiледi.      1777. Тұрақты сумен жабдықтау көздерiн салу негiзгi құрылыс жұмыстарын жүргiзудi бастағанға дейiн аяқтау мүмкiн болмаған жағдайда уақытша өртке қарсы су құбырлары төселедi немесе өрт резервуарлары орнатылады.      1778. Уақытша өрт резервуарларының (су айдындарының) сыйымдылығы, олардың саны, салынатын объектiде орналастыру орны жобалық құжаттамада анықталады.      1779. Сейсмикалығы 8 және 9 балл аудандарда сумен жабдықтау жүйелерiнде бiр көздi (оның iшiнде бiр ысырмада су алу кезiнде сыртқысын) пайдалану кезiнде сыйымдылықтарда өрт сөндiруге су көлемiн «Өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентiнде және құрылыс нормаларында көрсетiлгеннен екi есе артық қарастырылады.      1780. Құрылыс аумағында орналасқан жасанды су айдындары жылытылуы және өрт сөндiру автомобилдерiн маневрлеу үшiн ауданы 12х12 метр болатын кiреберiстермен қамтамасыз етiледi. Су айдындарындағы судың деңгейi өрт сорғыштарымен су алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Егер құрылыс маңында табиғи су көздерi (өзендер, көлдер, тоғандар) орналасқан болса, оларға өрт сөндiру автомобилдерiне арналған пирстер орнатылады. Қысқы уақытта оларға «қатып қалмайтын» ойықтар жасалады.      1781. Iшкi өртке қарсы су құбыры мен автоматты өрт сөндiру жүйесi объектiнi тұрғызумен қатар монтаждалады. Өртке қарсы су құбыры өңдеу жұмыстарын бастағанға дейiн, ал автоматты өрт сөндiру және дабыл жүйелерi iске қосу-реттеу жұмыстарына дейiн (кабель құрылыстарында кабелдердi төсегенге дейiн) қолданысқа енгiзiледi.      1782. Салынып жатқан ғимараттар, уақытша құрылыстар, сондай-ақ қосалқы үй-жайлар осы Қағидаларға 8-қосымшада келтiрiлген нормаларға сәйкес алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру құралдарын тiкелей мақсатынсыз қолдануға жол берiлмейдi.      1783. Негiзгi құрылыстар мен құрылыс базасын салуды бастағанға дейiн өрт техникасы мен жеке құрамды орналастыруға арналған арнайы жылытылған үй-жайлар бөлiнедi.      Өрт сөндiру депосы құрылыстың бiрiншi кезегiнде тұрғызылады.      1784. Ауданы 300 м2 және одан астам асханалар дабылды ғимараттың (құрылыстың) қасбетiне немесе тәулiк бойы персонал болатын үй-жайға шығарылған автоматты өрт дабылымен жабдықталады.      Салынып жатқан әрбiр объектiде өрт сөндiру бөлiмдерiн шақыруға арналған байланыс құралдары қарастырылады. Тәулiктiң кез келген уақытында құрылыс аумағында байланыс құралдарына қол жетiмдiлiк қамтамасыз етiледi. Әрбiр телефонның (радиостанцияның) жанына өртке қарсы қызметтi шақыру тәртiбi туралы

Page 126: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

тақтаны, жұмысшылардың өрт болған жағдайдағы iс-қимылдары туралы жадынаманы, мемлекеттiк емес өртке қарсы құралымдардың жауынгерлiк есептерiнiң тiзiмiн, өрт сөндiру үшiн күштер мен құралдардың тәртiбi iлiнедi. Құрылыс аумағының көрiнетiн жерлерiнде дабыл беру үшiн дыбыстық дабылдар  (қоңырау, сирена) қарастырылады, олардың жанында «Өрт дабылы» деген жазу iлiнуi қажет.

Өрт қауiпсiздiгi қағидаларына1-қосымша        

Эвакуациялау жоспарын құру жөнiнде ұсыныстар

      1. Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) қабатта бiр мезгiлде 10-нан астам адам болған кезде өрт шыққан жағдайда адамдарды эвакуциялау жоспарлары әзiрленедi.      Эвакуациялау жоспарлары графикалық және мәтiн бөлiмдерiнен тұрады. Графикалық бөлiм ғимаратты немесе құрылысты эвакуациялық шығу жолдарын (саты торларын, сыртқы ашық сатыларды, тiкелей сыртқа шығу жолдарын), көрермендер мен қызмет көрсетушi персоналдың қозғалыс маршруттарын, сондай-ақ қол өрт хабарлағыштары түймелерiнiң, телефон аппараттарының, өрт сөндiру құралдарының (өрт сөндiру крандарының, өрт сөндiргiштердiң) орналасқан орындарын көрсете отырып, әр қабатты (әр секторды) жоспарлауды қамтиды.      Мәтiн бөлiмiнде адамдарды эвакуациялаудың тәртiбi мен ретi, қызмет көрсетушi персоналдың мiндеттерi, сондай-ақ жарыстарға немесе мәдени ойын-сауық iс-шараларына өрт туралы хабарлау және адамдарың эвакуациялық шығу жолдарына қозғалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жөнiндегi күштерiн жұмылдыру жазылады.      2. Эвакуациялау жоспарын әзiрлегенде өрттiң пайда болуы аса ықтимал жерлерге, оның дамуы ықтимал сипатына, құрылыстың көрермендермен толықтығына және жарыстар мен мәдени-сауықтыру iс-шараларын жүргiзу үшiн жұмылдырылған қосымша күштердiң болуына қарай адамдарды эвакуациялаудың бiрнеше (3-5) түрi қарастырылады.      Эвакуациялау жоспарларының мәтiн бөлiмiнде әрбiр нұсқа бойынша мыналар:      - өрт туралы адамдарға хабарлау жүйесiн ұйымдастыру (эвакуациялау қажеттiлiгi, хабарландыру зонасы мен хабарландыру әдiстерi, хабарландыру құрамы туралы кiм шешiм қабылдайды);      - қызмет көрсету персоналының тұлғалар санын, сондай-ақ эвакуациялауға жұмылдырылған қосымша күштердi (оларды жинау тәртiбi, жинау орындары, зоналар мен секторлар бойынша жауаптылар, жинау дабылдары);      - эвакуациялау жолдары (олардың ұзақтылығы мен бағыты, эвакуациялау жолына жауаптылар, эвакуация кезiнде қозғалыс тәртiбi,  қызмет көрсету персоналының және эвакуациялау үрдiсiне қатысудағы қосымша күштердiң мiндеттерi);      - эвакуациялау жолының соңғы пункттерi (эвакуацияланғандардың бөлiп жайғастыру тәртiбi, қажет болса, оларға медициналық қызмет көрсету);      - көрермендердi эвакуациялау үшiн қосалқы шығу орындарын қолдану, арнайы жабдықты қолдану мүмкiншiлiгi, сондай-ақ эвакуациялауды ұйымдастыруға және оны ойдағыдай өткiзуге арналған әр түрлi техника мен инженерлiк жүйелердi (түтiн жою жүйесiн, автоматты өрт сөндiру қондырғыларын, iшкi телефон және радио байланысын) қолдану қарастырылады.      3. Жоспардың графикалық бөлiмiнде эвакуациялауда адамдардың қозғалу жолдары (эвакуациялық шығу бағытына қарай көрсеткiштерi бар жасыл түстi тұтас сызықпен) көрсетiледi. Құрылыс iшiнде адамдардың жаппай жиналғаны болса, жоспарларда бұл зоналарды эвакуациялау бағыттары көрсетiлген, түрлi түстi реңктермен белгiленген эвакуациялық жолдарды қарастыру керек. Эвакуациялау жоспарында қосалқы эвакуациялау жолдары (жасыл түстi ирек жолымен) көрсетiледi.      4. Эвакуациялау жоспары (графикалық және мәтiн бөлiмдерi) көрнектi рәсiмделiп, өрт сөндiру посттары мен қызмет көрсету персоналының тәулiк бойлы кезекшiлiгi бар басқа да үй-жайда, сондай-ақ объекттiң басшылығында көзге көрiнетiн жерде тұрады.      Графикалық бөлiмдегi белгiлердiң шешiмiн эвакуациялау жоспарының астында мемлекеттiк және орыс тiлдерде берiледi.      5. Жалпы құрылыс үшiн жалпы эвакуациялау жоспарынан басқа әр зона (сектор,

Page 127: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

үй-жайлар тобы) зоналар мен секторлар бойынша жауапты кезекшiлердi болулары тиiс, өрт қауiпсiздiгi шаралары мен өрт жағдайларындағы тәртiп ережелерi туралы жаднамасы бар жалпы эвакуациялау жоспарынан үзiндiлермен (әр түрлi нұсқалар) қамтамасыз етiледi.      Эвакуациялау жоспарының үзiндiсiнде басқыш алаңдары, лифттер мен лифт холлдары, есiк, балкон, дәлiз, сыртқы басқыштарға арналған ойықтардың белгiлерi бар бөлмелер көрсетiледi.      Эвакуациялау жоспарынан үзiндi арналған үй-жай сектордың, зонаның әр қабаттық жоспарында «Сiз тұрған үй-жай...» деген жазумен белгiленедi. Эвакуациялау жолын бұл үзiндiде жасыл түстi тұтас сызықпен көрсетедi.      Эвакуациялау бағытын көрсететiн сызықтар қаралып жатқан үй-жайдан қауiпсiз жерге немесе тура сыртқа шығу орнына дейiн жүргiзiледi.      Эвакуациялау жоспарынан алынған үзiндiнi үй-жайда көзге көрiнетiн жерде шынының (пленканың) астына iледi, жоспардан алынған үзiндiнiң көлемi 20 х 30 сантиметрден кем емес.      Эвакуациялау жоспарынан алынған үзiндiнiң астында қолданған белгiлердiң түсiнiгi берiледi.      Үзiндiнiң мәтiн бөлiгiнде қызмет көрсету персоналының және адамдарды эвакуациялауға жұмылдырылған күштердiң мiндеттерi мен әрекеттерiнiң бiрiздiлiгi көрсетiледi.      Эвакуациялаудың жалпы жоспарынан алынған үзiндiнiң мәтiн бөлiгi зонадан, сектордан, үй-жайдан эвакуациялауға жауапкершiлiк атқаратын тұлғада болады.      Эвакуациялау жоспарын кәсiпорынның, ұйымның басшысы бекiтедi.      Үзiндiнiң мазмұнымен (қолдарын қойып) барлық қызмет көрсету персоналы, сондай-ақ көрермендердi эвакуациялауға жұмылдырылған барлық көмекшi күштер танысады.

Өрт қауiпсiздiгi қағидаларына2-қосымша        

Дүңгiршектер мен павильондардың отқа төзiмдiлiк дәрежесi төмендегiдей

болғандағы қашықтық, метрI, II, III IIIa, IIIб, IV, IVa, V

I, II, III 6 8

IIIa, IIIб, IV, IVa, V 8 10

Өрт қауiпсiздiгi қағидаларына3-қосымша        

Операция жасайтын бөлмеде өрттер мен жарылыстардың алдын алу жөнiндегi қорғау шаралары

      1. Есiрткiнiң өздiгiнен тұтануын болдырмау үшiн жұмыстан кейiн оларды буландырғыштан герметикалық түрде жабылатын ыдысқа төгiледi. Эфирдi ақырын, шашыратпай төгiледi. Наркоздан кейiн қалған эфирдi раковинаға төгуге жол берiлмейдi.      Эфирдi буландырғыштан қабылдау ыдысына бос құламалы ағыспен құюға жол берiлмейдi. Ол үшiн электр өткiзгiш материалдан жасалған май құйғыш қолданылады, май құйғыштар жерге қосылады, май құйғыштың шетi ыдыстың түбiне жетуi тиiс. Олай болмайтын жағдайда эфир ыдысқа осы өткiзгiш арқылы ағуы үшiн жерге қосылған өткiзгiштiң шетiн май құйғыш арқылы ыдыстың түбiне жеткiзу қажет.      2. Есiрткiнi төккеннен кейiн буландырғышты, шлангтарды және наркоз аппаратының барлық алмалы бөлшектерiн жылы сумен шайылады.      3. Ингаляция наркозының аппараттарын зарасыздандыру және тазартуды (жууды) ведомстволық нормалар талаптарына сәйкес жүргiзiледi.

Page 128: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      4. Операция жасау бөлмелерiнде газдарды бiр баллоннан екiншi баллонға құюға және қысымдағы газдары бар баллонға қосымша газдар мен есiрткiлердi кiргiзуге жол берiлмейдi. Бұл арнайы жабдықталған үй-жайда үйретiлген персоналмен жүргiзiледi.      5. Операциялық және наркоз үй-жайларында ашық отты (спиртовка, газ оттықтары, тұтатылған сiрiңкелердi) қолдануға, темекi шегуге және электр жылытқыш құралдарын пайдалануға жол берiлмейдi. Баллонның вентилiн жылыту үшiн жылытқы қолданылады.      6. Наркоз және операция жасайтын үй-жайларда қолданылатын жабдықтардың ашық беттерiнiң температурасы 1200C аспайды.      7. Эндоскопиялық құралдарының шағын шамдарының қатты қызуына жол берiлмейдi.      8. Наркоз кезiнде бұзылған және ұшқын шашатын электр жабдығын пайдалануға жол берiлмейдi.      9. Қауiптi зоналарда қолданылатын барлық электр медициналық жабдық жарылыстан қорғалған түрде орындалған болуы тиiс.      10. Наркоз кезiнде термокаутердiң тұтанғыш анестетикасын, диатермия аппаратын, ЭН-57 типтi электр хирургиялық аппараттарды және басқа жарылыстан қорғалмаған түрде орындалған рентген аппараттарын, дефибрилляторларды қолдануға жол берiлмейдi.      Ескертпе. Фторотан, азоттың шала тотығы, хлороформ және басқа тұтанбайтын қоспаларға көшу жағдайында жоғарыда аталған аппаратураны қолдануға жол берiледi, бұл ретте тұтанғыш дезинфекциялау құралдарын пайдалануға тыйым салынады.      11. Операция жасайтын бөлмелердiң статикаға қарсы материалдан жасалған едендерiн (лас шөгiндiлерiнiң негiзiнде) электр өткiзгiш қасиетiн жоғалта алатын өткiзбейтiн пленканың пайда болуын болдырмау үшiн үнемi жуып тұру қажет. Еденнiң бетiн балауызбен немесе лакпен өңдеуге жол берiлмейдi.      12. Наркоз аппаратының бөлшектерiн (бейөткiзгiш) лейкопластырмен жабыстыруға, статикаға қарсы емес резинадан есiрткi қоспаларын атмосфераға жою үшiн шлангтарды пайдалануға, электр  ткiзгiш материалдың бұзылған бөлшектерiн бейөткiзгiштен жасалған бөлшектерге ауыстыруға жол берiледi.      Ескертпе: Наркоз аппараттарының барлық бөлшектерi электр өткiзгiш материалдарынан жасалады: қаптар, шлангтар, маскалар, демалу трубкалары және аппараттың демалу контурының басқа бөлшектерi, сондай-ақ доңғалақтардың тысы мен төсемдерi электр өткiзгiш резинадан, ал өткiзгiштер – түстi металлдан немесе электр өткiзгiш пластмассадан жасалады.      13. Наркоз аппаратының барлық бөлшектерi арнайы майлаумен майлануы тиiс. Эндотрахиалды трубкалар мен дәке тампондарын тек таза глицеринмен ғана майланады.      14. Жабдықтың белдiк берiлiстерiн еденнен 0,25 метр қауiптi зоналар шегiнде (наркоз затының тым жоғары концентрациясында) орналастырылмайды. Белдiк берiлiстер қауiптi зонадан жоғары орнатылған жерлерде белдiктердi үлес қарсылығы 105 Ом/м статикаға қарсы материалдан жасау керек.      Белдiктердi шайырмен, балауызбен және сыртқы қарсылықты арттыратын басқа да заттармен майлауға жол берiлмейдi.      15. Қауiптi зоналарда қолданылатын тоқымалы маталарға тиiстi статикаға қарсы заттар сiңдiрiледi. Бұндай маталарға жуылғаннан кейiн қайтадан статикаға қарсы заттарды сiңдiру керек.      16. Жабдықтың барлық металл және электр өткiзгiш металлды емес бөлiктерi статикалық электр зарядтарын шығару үшiн жерге қосылады.      Жабдықтың металлды емес бөлiктерi егер олардың сыртқы және iшкi қабатының жерге қосу шинасына қатысты кез келген жерiнiң қарсылығы 107 Ом. асқанда электр статикалық түрде жерге қосылған болып саналады. Операцияның алдында наркоз аппаратының резинадан жасалған бөлiктерiн сумен сулау керек.      17. Қызмет көрсету персоналының электрленуiн болдырмау үшiн келесi ережелердi сақтау керек:      1) Операция жасау бөлмедегi қызмет көрсету персоналының киiмi мақта-матадан жасалады, жабық және толық қонымды, тым кептiрiлген және қатты крахмалданбаған болады. Пайдаланар алдында киiм мен аяқ киiмдi ылғалдығы 80% асқан үй-жайларда ұстау ұсынылады.      Науқас мақта-матадан тiгiлген киiмде болуы тиiс. Операция жасайтын бөлмеде

Page 129: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

және басқа жарылыс қауiптi үй-жайларда қозғалғанда қатты электрленетiн, адамның денесiнде зарядтардың тез жиналуына соғатын жүн, жiбек, сондай-ақ нейлон, капрон және басқа да синтетикалық маталардан тiгiлген киiмдi киюге жол берiлмейдi.      2) Қызмет көрсету персоналының аяқ киiмiнiң табаны былғарыдан немесе электр өткiзгiш резинадан жасалған болады, ол аяқ киiмнiң үстiнен мақта-матадан жасалған арнайы операциялық бахилдар киiледi. Операция жасайтын бөлмеде табаны резинадан, пластиктан немесе басқа бейөткiзгiштерден жасалған аяқ киiмдi киюге жол берiлмейдi.      3) Операция жасайтын бөлмеде қызмет көрсету персоналының шаштары қалпақпен немесе мақта-мата бас жаулықпен жабылады.      18. Операция жасайтын бөлменiң персоналына бiлезiк, жүзiк және басқа да металлды заттарды тағуға жол берiлмейдi.      19. Наркоз аппараттарына қызмет көрсету персоналының қолдарында, сондай-ақ науқастың бетiнде майдың, помаданың iздерi болмау керек.      20. Операция жасайтын бөлмедегi салыстырмалы ылғалдықты гигрометр немесе психрометр арқылы операция жасар алдында және операция барысында бақыланады. Ауа температурасын бақылау ұсынылады. Операция жасайтын бөлмеде ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55% болса, наркоз үшiн тез тұтанғыш есiрткi қоспаларын немесе анестетиканы қолдануға жол берiлмейдi.      21. Тұтану мен жарылыстан кепiлдi сақтандыру – тез тұтанғыш есiрткi заттарын (фторотан, хлороформ, азоттың шала тотығы, центран) қолдану. Тұтанғыш анестетикалармен жұмыс iстегенде жарылыстардың алдын алу тұтанудың себептерi мен көздерiн жоюдан тұрады.      22. Желдеткiш жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiгiн бақылау үшiн операция кезiнде, құрамында есiрткi булары болуына ауаның сынамасын алу керек. Сынамаларды операциялық бригаданың мүшелерi дем алатын аймақта орналасқан ауданнан алады. Анестетика буларының болуы белгiленген шектi рұқсат етiлген деңгейден аспайды.      23. Ауаны тазартқыш сүзбелерiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн бақылау үшiн аптасына бiр реттен кем емес операция жасайтын бөлмеге жеткiзiлетiн ауаның тазалығын, салынды бөлшектердiң және бактериялы флораның болуы анықталады. Ауада бактериялы флора пайда болған жағдайда оның себептерi жойылғанша операция тоқтатылады.

Өрт қауiпсiздiгi қағидаларына4-қосымша      

Мұнай өнiмiмен қамтамасыз ететiн негiзгi және қосалқы кәсiпорындарға арналған алғашқы өрт сөндiру құралдарының қажеттiлiк нормалары

Ғимараттардың, үй-жайлардың және

өндiрiстiк учаскелердiң

атаулары

Қорғалатын аудан

Көмiр қышқылды өрт сөндiргiштер

Көбiктi өрт сөндiргiште

р

ОПХ-10

Ұнтақты өрт сөндiргiштер

Құмы

бар жәш

Көлемi 2 х 1,5м киiз

немесе

текемет

ОУ-2 ОУ-5 неме

се ОУ-8

ОП-5 немесе ОП-10

ОП-

100

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Мұнай өнiмдерiн автоцистерналарға

құю алаңы

- - - 4 - - 1 1

Бiр жақты, екi әрбiр 50 - - 2 1 - 1 1

Page 130: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

жақты темiр жол ағызып құю эстакадасы

метр ұзындығы

на

- - 4 2 - 2 2

Мұнай өнiмдерiн айдайтын сорғыш

бөлмелер

50 м 2 - 2 2 - - 1 1

БӨА және А үй-жайлары

50 м 2 - 2 - - - - -

Мұнай өнiмдерiн ыдыста сақтау

қоймасы

200 м 2 - - 1 2 - - -

Мұнай өнiмдерiн шағын ыдыста

өткiзу орындары

- - - 1 - - 1 1

Өзен және теңiз айлақтары

әрбiр 50 метрге

- 2 2 2 - 1 1

Құйылмалы мұнай өнiмдерi

50 м 2 - - 2 - - 1 1

Манифольд ғимараттары

50 м 2 2 - 2 - - 1 1

Айдау станциясының

электр қозғалтқыш үй-жайлары

әрбiр электр

қозғалтқышқа

1 1 - - - - -

Қалқымалы сорғыш станциялары

- 2 4 - 1 1 1

Ыдыстың iшiндегi мұнай өнiмдерiн

сақтауға арналған қоймалар

100 м 2 - - 3 2 - 1 1

Зертханалар 50 м 2 1 - 2 - - - -

Газ электр дәнекерлеу үй-

жайлары

50 м 2 - - 1 1 - 1 1

Page 131: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

АГТС:Станция ғимараты

Сорғы-компрессорлық

бөлiмАвтомашина баллондарын

толтыруға арналған колонкалар

Үй-жайға 

---

 

11-

 

-11

 

2-1

 

11-

 

---

 

---

Регенерациялық қондырғылар

100 м 2 1 - 1 1 - 1 -

Қызметтiк-тұрмыстық үй-

жайлар

200 м 2 - - 1 - - - -

Есептеу орталықтары,

машина-есептеу станциялары (бюролары), мұрағаттар,

кiтапханалар, Жобалық-

конструкторлық бюро

100 м 2

 

-

 

1

 

1

Көшiргiш-көбейткiш машиналар үй-жайы

100 м 2 - 1 1 - - - -

Материалдық қоймалар

50 м 2 - - 2 1 - - -

Қазандықтар 100 м 2 1 - 2 1 - - -

Су сорғыш әрбiр электр

қозғалтқышқа

- 1 1 - - - -

Авто гараждар 100 м 2 - 1 2 1 - 1 -

Электр станциялары мен

шағын станциялар

100 м 2 2 2 - 1 - 1 -

Құрамында мұнай бар қалдықтардың канализациялық

50 м 2 1 1 1 - - 1 -

Page 132: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

сорғы бөлмесi

Биологиялық тазарту станциясы

50 м 2 - - 1 1 - 1 -

Озонаторлық бөлме 25 м 2 - - 1 1 - - -

Басқа өндiрiстiк үй-жайлар

А және Б санатты В1-В4, Г санатты

Д санатты

200300400

---

---

221

21-

-1-

1--

1--

      Ескертпе:      1. Кәсiпорын аумағында әрбiр 5000 м2 жинағы бар қалқандар орнатылады: ұнтақты өрт сөндiргiштер – 2, құмы бар жәшiктер – 1, қалың төсем (асбест, киiз) – 1, сүймендер – 2, балталар – 2.      2. Автоматты стационарлы өрт сөндiру қондырғыларымен жабдықталған үй-жайлар осы қосымшада көрсетiлген санның 50% есебiнен алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.      3. Бағасы қымбат аппаратура мен жабдықтардың жинақталу орындарында өрт сөндiру құралдарының саны көбейтiлуi мүмкiн.      4. Осы қағидада аталмаған қондырғыларды орнату үшiн алғашқы өрт сөндiру құралдарын басқа үй-жайлармен (қондырғылармен) ұқсастығы бойынша, олардың өрт қауiптiлiгi ескерiлiп қабылданады.      5. А, Б, В1-В4 санаттағы кез келген үй-жайдағы өрт сөндiргiштердiң саны осы қосымшаға сәйкес қабылданады, бiрақ 2-ден кем емес, әкiмшiлiк, қызметтiк-тұрмыстық ғимараттарда – бiр қабатқа 2-ден кем емес болуы тиiс.

Өрт қауiпсiздiгi қағидаларына5-қосымша        

Заттар мен материалдарды бiрге сақтау жөнiндегi өрт қауiпсiздiгi талаптары(12.1.004-91 МЕМСТ-тен үзiндi)

1. Жалпы ережелер

      1. Талаптар заттар мен материалдарды сақтауға арналған қоймалары және базалары бар барлық кәсiпорындарда қолданылады.      2. Талаптар арнайы ережелер бойынша сақталуы және тасымалдануы тиiс жарылғыш және радиоактивтi заттар мен материалдарға қолданылмайды.      3. Заттар мен материалдарды сақтағанда өрт қауiпсiздiгiн реттейтiн ведомстволық құжаттар осы талаптармен сәйкестендiрiледi.      4. Заттар мен материалдарды бiрлесiп сақтау мүмкiндiгi өрт сөндiру құралдарының өрт қауiптiлiгi, уыттылығы, химиялық белсендiлiгi, сондай-ақ бiркелкiлiгi көрсеткiштерiнiң сандық есебi негiзiнде белгiленедi.      5. 4-тармақта аталған қасиеттердiң үйлесуiне байланысты заттар мен материалдар сақтағанда бiр-бiрiмен тiркесетiн немесе тiркеспейтiн болуы мүмкiн.      6. Бiрге сақтаған кезде (ыдыстардың немесе орамдардың қорғағыш қасиеттерiн ескермей):      - қарастырылатын материалдар мен заттардың жеке-жеке әр қайсысының өрт қауiптiлiгiн арттыратын;      - өрт сөндiру кезiнде қосымша қиындықтар туғызатын;      - өрт кезiнде экологиялық жағдайды қиындататын (тиiстi мөлшерде алынған жекелеген заттар мен материалдардың өрттерiмен салыстырғанда);      - қауiптi заттар түзiп, бiр-бiрiмен өзара әсер реакциясына түсетiн заттар мен

Page 133: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

материалдар сыйыспайтын деп аталады.      7. Өрт шығу, өрттiң қауiптi факторларын күшейту, тұрғылықты ортаны (ауаны, суды, топырақты, флорды, фаунаны және басқаларын) уландыру, тiкелей байланыс терi, тыныс алу жолдарының шырышты қабықшалары арқылы адамға тiкелей байланыс арқылы немесе қалыпты жағдайларда да, өрт кезiнде әсер ету ықтимал қауiптiлiгi бойынша заттар мен материалдар мынадай разрядтарға бөлiнедi:      - қауiпсiз;      - қауiптiлiгi аз;      - қауiптi,      - аса қауiптi.      8. Қауiпсiз емес заттарға өрт кезiнде қауiптi (жанғыш, улы, уытты) ыдырау немесе тотығу өнiмдерiн бөлмейтiн, басқа заттармен жарылғыш немесе өрт қауiптi, улы, уытты, экзотермиялық қопалар түзбейтiн, жанбайтын орамдағы жанғыш заттар мен материалдар жатады.      Қауiптi заттар мен материалдар кез келген типтегi үй-жайлар мен ашық алаңдарда (егер бұл затқа техникалық жағдайларға қарама-қайшы болмаса) сақталады.      9. Қауiптiлiгi аз заттарға қауiптi заттарға жатпайтын және МЕМСТ 19433-88 «Қауiптi жүктер. Жiктеу және таңбалау» талаптары қолданылмайтын жанғыш және қын жанатын заттар мен материалдар жатады.      Қауiптiлiгi аз заттар мынадай топтарға бөлiнедi:      - тұтану температурасы 900С астам сұйық заттар;      - 120 және одан артық секунд iшiнде газ жанарғысы әсерiнен тұтанатын қатты заттар мен материалдар;      - МЕМСТ 12.1.044-89 бойынша сынақтар өткiзгенде қоршаған орта температурасы 1400С болғанда 24 сағаттан астам уақыт iшiнде 1500С жоғары температураға дейiн өздiгiнен қызатын заттар мен материалдар;      - сумен әрекеттескенде қарқындылығы сағатына 0,5 текше дм/кг бөлетiн тұтанғыш газдар бөлетiн заттар мен материалдар;      - асқазанға түскен кезде орташа өлiм мөлшерi 500 мг/кг астам (егер олар сұйық болса) немесе 2000 мг/кг (егер олар қатты болса) терiге тигенде орташа өлiм мөлшерi 2500 мг/кг астам немесе дем алғанда орташа өлiм мөлшерi 20 мг/текше дм улы заттар мен материалдар;      - мынадай көрсеткiштерi бар уытты және (немесе) коррозиялы заттар мен материалдар: 24 сағаттан астам жануарлардың (ақ егеуқұйрықтардың) терi жабындарының көрiнетiн некрозын тудыратын байланыс уақыты, жылына 1 миллиметрден кем болат (Ст3) немесе алюминий (А6) қабатының тотығу жылдамдығы;      - жанбайтын заттар мен материалдар 5-тармақ бойынша жанғыш орамда.      Қауiптiлiгi аз заттар мен материалдарды барлық отқа төзiмдiк дәрежесiндегi қоймаларда (V дәрежеден басқа) сақтауға болады.      10. Қауiптi заттарға жарылыстың, өрттiң шығуына, өлiмге, жарақаттануға, улануға, сәулеленуге, адамдар мен жануарлардың ауруына, құрылыстардың, көлiк құралдарының зақымдануына әкелуi мүмкiн қасиеттерге ие жанғыш және жанбайтын заттар мен материалдар жатады.      Қауiптi заттар мен материалдарды отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi қоймаларда сақталады.      11. Аса қауiптi заттарға МЕМСТ 19433 бойынша бiрнеше қауiптiлiк түрлерi бар заттар мен материалдар (10-тармақты қараңыз) жатады.      Аса қауiптi заттар мен материалдарды бөлек тұрған ғимараттарда,  отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi қоймаларда сақталады.      12. МЕМСТ 19433-88 бойынша қауiптi және аса қауiптi заттар мен материалдар кластар мен кiшi кластарға және санаттарға бөлiнедi.

2. Заттар мен материалдарды бiрге сақтау шарттары

      13. Аса қауiптi разрядқа жататын заттар мен материалдарды сақтау кезiнде 12.1.004-91 МЕМСТ-нiң 15-кестесiнде көрсетiлгендей етiп орналастырылады.      14. Қауiптi разрядқа жататын заттар мен материалдарды сақтау кезiнде 12.1.004-91 МЕМСТ-нiң 16-кестесiнде көрсетiлгендей етiп орналастырылады.      15. Ерекшелiк ретiнде аса қауiптi және қауiптi заттар мен материалдарды бiр қоймада сақтауға болады. Бұл ретте оларды 12.1.004-91 МЕМСТ-нiң 17-кестесiнде

Page 134: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

көрсетiлгендей етiп орналастырылады.      16. Бiр қоймада әр тектес өрт сөндiру құралдары бар заттар мен материалдарды сақтауға жол берiлмейдi.

МЕМСТ 12.1.004-9115-кесте

Аса қауiптi заттар мен материалдарды сақтау кезiнде бөлу

Класы

Кiшi класы

Санат индексi

МЕМСТ 19433 бойынша аса қауiптi жүктер санатының атауы

212  

 

 

  

2 2.1 212 Тұтанбайтын, улы емес тотықтырғыш газдар

1 222

2.2 222 Улы тотықтырғыш газдар

1 1 224

224 Улы, тотықтырғыш, уытты және (немесе) коррозиялы газдар

1 1 1 312  

 

  

3 3.1 312 улы (tұшқ - 18 0С) ТТС

4 4 4 1 314

314 (tұшқ - 18 0С) уытты және (немесе) коррозиялы ТТС

4 4 4 1 1 322

3.2 322 (-18 0С tұшқ < + 23 0С) улы ТТС

4 4 4 1 1 1 323

323 (-18 0С tұшқ < + 23 0С) уытты және (немесе) коррозиялы ТТС

4 4 4 1 1 1 1 324

324 (t -18 бастап + 23 0С дейiн)

4 4 4 1 1 1 1 1 412

Page 135: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

уытты және (немесе) коррозиялы ТТС

4 4.1 412 улы ТТҚ 4 4 4 3 3 3 3 3 1 415

415 Орамды жару қауiптiлiгiмен  t > 50 0С кезiнде өздiгiнен ыдырайтын ТТҚ

4 4 4 4 4 4 4 4 1 1 416

416 t < 50 0С кезде өздiгiнен ыдырайтын ТТҚ

4 4 4 4 4 4 4 4 1 1 1 417

417 Орамды жару қауiптiлiгiмен  50 0С кезде өздiгiнен ыдырайтын ТТҚ

4 4 4 4 4 4 4 4 1 1 1 1 422

4.2 422 Өздiгiнен ыдырайтын улы заттар

4 4 4 4 4 4 4 4 3 3 3 3 1 433

4.3 433 Н2О,ТЗ өзара әсер еткенде тұтанғыш газдар бөлетiн заттар

4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 1 434

434 Н2О тұтанғыш газдар бөлетiн, өздiгiнен тұтанатын және улы  заттар

4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 1 1 436

436 Н2О, ТЗ  әсер еткенде тұтанғыш газдар бөлетiн және уытты заттар

4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 1 1 1 437

437 Тұтанғыш газдар бөлетiн, өздiгiнен тұтанатын заттар

4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 2 1 512

5 5.1 512 тотықтырғыш, улы заттар

3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 1 514  

 

Page 136: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

 

  

514 Тотықтырғыш, улы, коррозиялы, уытты заттар

3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 1 1 515

515 Тотықтырғыш, уытты және (немесе) коррозиялы заттар

3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 1 1 1

5.2 521 t < 50 0С кезiндегi органикалық, жарылыс қауiптi пероксидтер

4 4 4 4 4 4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3

522 t - 50 0С кезiндегi органикалық, өздiгiнен ыдырайтын пероксидтер

4 4 4 4 4 4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3

523 Органикалық жарылыс қауiптi пероксидтер

4 4 4 4 4 4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3

524 Қосымша қауiп түрi жоқ органикалық заттар

4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3

525 Көз үшiн уытты органикалық пероксидтер

4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3

526 Тез тұтанғыш органикалық пероксидтер

4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3

527 Көз үшiн уытты, тез тұтанғыш органикалық  пероксидтер

4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3

6 6.1 611 Қосымша қауiптiлiк түрi жоқ ұшпалы улы заттар

4 4 4 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2

Page 137: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

612 Улы, ұшпалы заттар, ТЗ (tұшқ < 230С)

4 4 4 2 2 2 2 2 3 3 3 3 3 3 3 3 3 4 4 4

613 Ұшпалы уытты заттар, ТЗ (23 0С < tұшқ < 61 0С)

4 4 4 2 2 2 2 2 3 3 3 3 3 3 3 3 3 4 4 4

614 Улы, уытты және (немесе) коррозиялы заттар

4 4 4 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 3

615 ұшпалы, улы уытты және (немесе) коррозиялы заттар ТЗ (23 0С < tұшқ < 61 0C)

4 4 4 2 2 2 2 2 3 3 3 3 3 3 3 3 3 4 4 4

8 8.1 812 Уытты және (немесе) коррозиялы, (қышқыл) улы және тотықтырғыш заттар

3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 2 2 2

814 Уытты және (немесе) коррозиялы(қышқыл), тез тұтанғыш заттар  (23 0С < tұшқ < 61 0C)

4 4 4 2 2 2 2 2 3 3 3 3 3 3 3 3 3 4 4 4

815 Уытты және (немесе) коррозиялы(қышқыл), тотықтырғыш заттар

3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 2 2 2

816 Уытты және (немесе) коррозиялы(қышқыл), улы  заттар

3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 2 2 2

8.2 824 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар, негiзгi ТЗ (23 0С < tұшқ < 61 0C)

4 4 4 2 2 2 2 2 3 3 3 3 3 3 3 3 3 4 4 4

Page 138: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

8.3 832 Әр түрлi уытты және (немесе) коррозиялы, улы заттар

3 3 3 3 3 3 3 2 3 3 3 3 3 3 3 3 3 2 2 2

833 Әр түрлi уытты және (немесе) коррозиялы заттар (tұшқ < 23 0С)

4 4 4 2 2 2 2 2 3 3 3 3 3 3 3 3 3 4 4 4

834 Әр түрлi уытты және (немесе) коррозиялы заттар (23 0С < tұшқ < 61 0C)

4 4 4 2 2 2 2 2 3 3 3 3 3 3 3 3 3 4 4 4

Класы

Кiшi класы

Санат индексi

МЕМСТ 19433 бойынша аса қауiптi жүктер санатының атауы

2 2.1 212 Тұтанбайтын, улы емес, тотықтырғыш газдар

2.2 222 Улы тотықтырғыш газдар

224 Улы, тотықтырғыш, уытты және (немесе) коррозиялы газдар

3 3.1 312 улы ТТС (tұшқ - 18 0С)

314 уытты және (немесе) коррозиялы ТТС (tұшқ - 18 0С)

  

 

 

3.2 322 Улы ТТС (-18 0С tұшқ < + 23 0С)

323 Уытты және (немесе) коррозиялы ТТС (-18 0С tұшқ < +

Page 139: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

  23 0С)

324 Уытты және (немесе) коррозиялы ТТС  (t  -18 бастап + 23 0С дейiн)

4 4.1 412 Улы ТТҚ

415 Орамды жару қауiптiлiгiмен t > 50 0С кезiнде өздiгiнен ыдырайтын ТТҚ

416 t < 50 0С кезiнде өздiгiнен ыдырайтын ТТҚ

417 Орамды жару қауiптiлiгiмен  50 0С кезiнде өздiгiнен ыдырайтын ТТҚ

4.2 422 Өздiгiнен ыдырайтын улы заттар

4.3 433 Н2О, өзара әсер еткенде тұтанғыш газдар бөлетiн заттар, ТЗ

434 Н2О тұтанғыш газдар бөлетiн, өздiгiнен ыдырайтын және улы  заттар

436 Н2О өзара әсер еткенде тұтанғыш газдар бөлетiн заттар және уытты ТЗ

437 Тұтанғыш газдар бөлетiн, өздiгiнен тұтанатын заттар

Page 140: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

5 5.1 512 Тотықтырғыш, улы заттар

514 Тотықтырғыш, улы, коррозиялы, уытты заттар

515 Тотықтырғыш, уытты және (немесе) коррозиялы заттар

5.2 521 t < 50 0С кезiндегi органикалық, жарылыс қауiптi пероксидтер

522

522 t - 50 0С кезiндегi органикалық, өздiгiнен ыдырайтын пероксидтер

1 523

523 Органикалық жарылыс қауiптi пероксидтер

1 1 524

524 Қосымша қауiп түрi жоқ органикалық заттар

2 2 1 525

525 Көз үшiн уытты органикалық пероксидтер

1 1 1 1 526

526 Тез тұтанғыш органикалық пероксидтер

3 3 2 2 1 527

527 Көз үшiн уытты, тез тұтанғыш органикалық  пероксидтер

3 3 2 2 1 1 611

6 6.1 611 Қосымша қауiптiлiк түрi жоқ ұшпалы улы заттар

2 3 2 2 2 2 1 612

612 Улы, ұшпалы заттар, ТЗ (tұшқ

4 4 4 4 4 4 1 1 613

Page 141: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

< 23 0С)

613 Ұшпалы уытты заттар, ТЗ (23 0С < tұшқ < 61 0С)

4 4 4 4 4 4 1 1 1 614

614 Улы, уытты және (немесе) коррозиялы заттар

3 2 2 2 2 2 1 1 1 1 615

615 ұшпалы, улы уытты және (немесе) коррозиялы заттар ТЗ (23 0С < tұшқ < 61 0C)

4 4 4 4 4 4 1 1 1 1 1 812

8 8.1 812 Уытты және (немесе) коррозиялы, (қышқыл) улы және тотықтырғыш заттар

3 3 3 3 3 3 2 3 3 2 3 1 814

814 Уытты және (немесе) коррозиялы(қышқыл), тез тұтанғыш заттар  (23 0С < tұшқ < 61 0C)

4 4 4 4 4 4 2 2 2 2 2 3 1 815

815 Уытты және (немесе) коррозиялы (қышқыл), тотықтырғыш заттар

3 3 3 3 3 3 3 2 3 3 2 3 3 1 816

816 Уытты және (немесе) коррозиялы(қышқыл), улы  заттар

3 3 3 3 3 3 2 2 2 2 2 1 2 1 1 824

8.2 824 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар, негiзгi ТЗ (23 0С < tұшқ < 61 0C)

4 3 3 3 3 3 2 2 2 2 2 2 2 2 2 1 832

8.3 832 Әр түрлi уытты және (немесе)

3 3 3 3 3 3 2 3 3 2 3 2 3 2 2 2 1

Page 142: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

коррозиялы, улы заттар

833 Әр түрлi уытты және (немесе) коррозиялы заттар (tұшқ < 23 0С)

4 3 3 3 3 3 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2

834 Әр түрлi уытты және (немесе) коррозиялы заттар (23 0С < tұшқ < 61 0C)

4 3 3 3 3 3 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2

      Ескертпелер:      1. Заттар мен материалдар қойманың бiр бөлiгiнде немесе бiр алаңында болуы мүмкiн. Олардың арасындағы көлденең қашықтық нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы, бiрақ кемiнде 5 м болуы қажет.      2. Заттар мен материалдар қойманың бiр бөлiгiнде немесе бiр алаңында болуы мүмкiн. Олардың арасындағы көлденең қашықтық нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы,бiрақ кемiнде 10 м болуы қажет.      3. Заттар мен материалдар қойманың әр түрлi бөлiктерiнде болуы қажет (яғни 1-типтiк өртке қарсы далдалармен бөлiнуi немесе әр түрлi алаңдарда болуы қажет).      4. Заттар мен материалдар әр түрлi қоймаларда немесе әр түрлi алаңдарда болуы қажет.      ТТС – тез тұтанғыш сұйықтықтар;      ТТҚ – тез тұтанғыш қатты заттар;      ТЗ – тез тұтанғыш заттар;      УЗ – улы заттар;      Tұшқ – жабық тигельдегi ұшқын температурасы;      t - температура

МЕМСТ 12.1.004-9116-кесте

Қауiптi заттар мен материалдарды сақтау кезiнде бөлу

Класы

Кiшi класы

Санат индексi

Қауiптi жүктер санатының атауы

211

2 2.1 211 Қосымша қауiптiлiк түрi жоқ, тұтанбайтын, улы емес газдар

+ 221

2.2 221 Қосымша қауiп түрi жоқ улы газдар

1 + 223

223 Улы, уытты және (немесе) коррозиялы газдар

1 + + 231

2.3 231 Қосымша қауiп түрi жоқ 1 2 3 + 23

Page 143: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

тұтанғыш газдар 2

232 Тұтанғыш, уытты және (немесе) коррозиялы газдар

1 2 3 + + 241

2.4 241 Қосымша қауiп түрi жоқ, улы және тұтанғыш газдар

1 1 2 + + + 311

3 3.1 311 Қосымша қауiп түрi жоқ ТТС (t < -180С)

3 3 3 4 4 4 + 315

315 Улылығы аз ТТС (t < -18 0С) 3 3 3 4 4 4 + + 324

3.2 321 Қосымша қауiп түрi жоқ ТТС (t -18 бастап + 23 0С дейiн)

3 3 3 4 4 4 + + + 325

325 Улылығы аз ТТС (t 18 бастап + 23 0С дейiн)

3 3 3 4 4 4 + + + + 331

3.3 331 Қосымша қауiп түрi жоқ ТТС ( 23 бастап 61 0С дейiн)

3 3 3 4 4 4 + + + + + 335

335 Улылығы аз ТТС (23 бастап 61 0С дейiн)

3 3 3 4 4 4 + + + + + + 411

4 4.1 411 қосымша қауiп түрi жоқ ТТҚ

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 + 413

413 Улылығы аз ТТҚ 3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 + + 418

418 t < 50 0С кезiнде өздiгiнен ыдырайтын ТТҚ

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 1 1 + 421

4.2 421 Қосымша қауiп түрi жоқ, өздiгiнен тұтанатын қатты заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 + 423

423 Улылығы аз, өздiгiнен тұтанатын қатты заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 + + 424

424 Уытты және (немесе) коррозиялы, өздiгiнен тұтанатын қатты заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 + + +

425 Н2О өзара әсер еткен кезде тұтанғыш газдар бөлетiн өздiгiнен қатты заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 + + +

Page 144: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

4.3 431 Н2О өзара әсер еткенде тұтанғыш газ бөлетiн, қосымша қауiп түрi жоқ

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 2 2 2 3 3 3

432 Н2О өзара әсер еткенде тұтанғыш газ бөлетiн, улы

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 2 2 2 3 3 3

435 Н2О өзара әсер еткенде тұтанғыш газ бөлетiн, улылығы аз заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 2 2 2 3 3 3

5 5.1 511 Қосымша қауiп түрi жоқ, тотықтырғыш заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3

513 Тотықтырғыш, улылығы аз заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3

6 6.1 616 Ұшпайтын, қосымша қауiп түрi жоқ улы заттар

3 3 3 4 4 4 + + + + + + + + + 1 1 1

617 Ұшпайтын, уытты және (немесе) коррозиялы заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 + + + 1 1 1

618 Ұшпайтын, тез тұтанғыш, қатты, улы заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 + + 2 3 3 3

8 8.1 811 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (қышқыл), қосымша қауiптiлiк түрi жоқ

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 1 1 1 1 1 1

817 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (қышқыл), улылығы аз

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 1 1 1 1 1 1

818 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (қышқыл), аз тотықтырғыштар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 2 2 2 2 2 2

8.2 821 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негiзгi), қосымша қауiптiлiк түрi жоқ

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 1 1 1 1 1 1

826 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негiзгi), улы

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 1 1 1 1 1 1

827 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негiзгi), улылығы аз

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 1 1 1 1 1 1

Page 145: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

828 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негiзгi), аз тотықтырғыштар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 2 2 2 2 2 2

8.3 831 Әр түрлi уытты және (немесе) тотықтырғыш, қосымша қауiптiлiк түрiсiз заттар, аз тотықтырғыштар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 1 1 1 1 1 1

836 Әр түрлi уытты және (немесе) тотықтырғыш, улы заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 1 1 1 1 1 1

837 Әр түрлi уытты және (немесе) тотықтырғыш заттар, улылығы аз

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 1 1 1 1 1 1

838 Әр түрлi уытты және (немесе) тотықтырғыш заттар, аз тотықтырғыштар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 2 2 2 2 2 2

9 9.1 911 1-8 - топтарға жатпайтын, аэрозоль орамындағы заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3

912 Жанғыш қатты заттар (tұшқ 61 бастап 90 0С дейiн)

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 + + 2 2 2 3

913 1-8- топтарға жатпайтын, өздiгiнен немесе Н2О өзара әсер еткенде тұтанатын заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 1 1 1 3 3 3

914 1-8- топтарға жатпайтын аз тотықтырғыш заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 2 2 2 2 2 2

915 1-8- топтарға жатпайтын, қауiптiлiгi аз, уытты заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 + + + + + +

916 1-8- топтарға жатпайтын, уыттылығы аз және (немесе) заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 + + + + + +

917 1-8- топтарға жатпайтын, магниттi заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 + + + + + +

9.2 921 Н2О өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөлетiн, үйiп сақтау кезiнде қауiптi

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 1 1 1 1 1 1

Page 146: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

заттар

922 Үйiп сақтау кезiнде қауiптi улы заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 1 1 1 1 1 1

923 Үйiп сақтау кезiнде қауiптi уытты және (немесе) тотықтырғыш заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 1 1 1 1 1 1

924 Үйiп сақтау кезiнде О2 ауасын сiңiрушi қауiптi заттар

3 3 3 4 4 4 3 3 3 3 3 3 1 1 1 1 1 1

Класы

Кiшi класы

Санат индексi

Қауiптi жүктер санатының атауы

2 2.1 211 Қосымша қауiптiлiк түрi жоқ, тұтанбайтын, улы емес газдар

2.2 221 Қосымша қауiп түрi жоқ улы газдар

223 Улы, уытты және (немесе) коррозиялы газдар

2.3 231 Қосымша қауiп түрi жоқ тұтанғыш газдар

232 Тұтанғыш, уытты және (немесе) коррозиялы газдар

2.4 241 Қосымша қауiп түрi жоқ, улы және тұтанғыш газдар

3 3.1 311 Қосымша қауiп түрi жоқ ТТС (t < -18 0С)

315 Улылығы аз ТТС (t < -18 0С)

3.2 321 Қосымша қауiп түрi жоқ ТТС (t -18 бастап + 23 0С дейiн)

325 Улылығы аз ТТС (t 18 бастап + 23 0С дейiн)

3.3 331 Қосымша қауiп түрi жоқ

Page 147: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

ТТС ( 23 бастап 61 0С дейiн)

335 Улылығы аз ТТС (23 бастап 61 0С дейiн)

4 4.1 411 қосымша қауiп түрi жоқ ТТҚ

413 Улылығы аз ТТҚ

418 t < 50 0С кезiнде өздiгiнен ыдырайтын ТТҚ

4.2 421 Қосымша қауiп түрi жоқ, өздiгiнен тұтанатын қатты заттар

423 Улылығы аз, өздiгiнен тұтанатын қатты заттар

424 Уытты және (немесе) коррозиялы, өздiгiнен тұтанатын қатты заттар

425 Н2О өзара әсер еткен кезде тұтанғыш газдар бөлетiн өздiгiнен қатты заттар

4.3 431 Н2О өзара әсер еткенде тұтанғыш газ бөлетiн, қосымша қауiп түрi жоқ

432 Н2О өзара әсер еткенде тұтанғыш газ бөлетiн, улы

435 Н2О өзара әсер еткенде тұтанғыш газ бөлетiн, улылығы аз заттар

5 5.1 511 Қосымша қауiп түрi жоқ, тотықтырғыш заттар

513 Тотықтырғыш, улылығы аз заттар

6 6.1 616 Ұшпайтын, қосымша қауiп түрi жоқ улы заттар

617

617 Ұшпайтын, уытты және (немесе) коррозиялы заттар

+ 618

Page 148: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

618 Ұшпайтын, тез тұтанғыш, қатты, улы заттар

+ + 811

8 8.1 811 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (қышқыл), қосымша қауiптiлiк түрi жоқ

+ 1 + 817

817 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (қышқыл), улылығы аз

+ + + + 818

818 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (қышқыл), аз тотықтырғыштар

1 3 + + + 821

8.2 821 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негiзгi), қосымша қауiптiлiк түрi жоқ

+ + 1 1 1 + 826

826 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негiзгi), улы

+ + 1 1 1 + + 827

827 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негiзгi), улылығы аз

+ + 1 1 1 + + + 828

828 Уытты және (немесе) коррозиялы заттар (негiзгi), аз тотықтырғыштар

1 3 1 1 2 + + + + 831

8.3 831 Әр түрлi уытты және (немесе) тотықтырғыш, қосымша қауiптiлiк түрiсiз заттар, аз тотықтырғыштар

+ + + + + + + + + + 836

836 Әр түрлi уытты және (немесе) тотықтырғыш, улы заттар

+ + + + + + + + + + + 837

837 Әр түрлi уытты және (немесе) тотықтырғыш заттар, улылығы аз

+ + + + + + + + + + + + 838

838 Әр түрлi уытты және (немесе) тотықтырғыш заттар, аз тотықтырғыштар

1 3 1 + + + + + + + + + + 911

Page 149: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

9 9.1 911 1-8- топтарға жатпайтын, аэрозоль орамындағы заттар

3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 3 +

912 Жанғыш қатты заттар (tұшқ 61 бастап 90 0С дейiн)

1 1 1 1 3 1 1 1 2 1 1 1 1 3

913 1-8- топтарға жатпайтын, өздiгiнен немесе Н2О өзара әсер еткенде тұтанатын заттар

1 1 1 1 2 1 1 1 1 1 1 1 1 3

914 1-8- топтарға жатпайтын аз тотықтырғыш заттар

+ 3 + + + + + + + + + + + 3

915 1-8- топтарға жатпайтын, қауiптiлiгi аз, уытты заттар

+ + + + + + + + + + + + + 3 916

916 1-8- топтарға жатпайтын, уыттылығы аз және (немесе) заттар

+ + + + + + + + + + + + + 3 + 917

917 1-8- топтарға жатпайтын, магниттi заттар

+ + + + + + + + + + + + + 3 + + 921

9.2 921 Н2О өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөлетiн, үйiп сақтау кезiнде қауiптi заттар

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 3 + + +

922 Үйiп сақтау кезiнде қауiптi улы заттар

+ + + + + + + + + + + + + 3 + + +

923 Үйiп сақтау кезiнде қауiптi уытты және (немесе) тотықтырғыш заттар

+ + + + + + + + + + + + + 3 + + +

924 Үйiп сақтау кезiнде О2 ауасын сiңiрушi қауiптi заттар

+ + + + 1 + + + 1 + + + 1 3 + + +

      Ескертпелер:      + Заттар мен материалдарды бiрге сақтауға болады.      1. Заттар мен материалдар қойманың бiр бөлiгiнде немесе бiр алаңында болуы мүмкiн. Олардың арасындағы көлденең қашықтық нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы,бiрақ кемiнде 5 м болуы қажет.      2. Заттар мен материалдар қойманың бiр бөлiгiнде немесе бiр алаңында болуы мүмкiн. Олардың арасындағы көлденең қашықтық нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы,бiрақ кемiнде 10 м болуы қажет.      3. Заттар мен материалдар қойманың әр түрлi бөлiктерiнде болуы қажет (яғни 1-типтiк өртке қарсы далдалармен бөлiнуi немесе әр түрлi алаңдарда болуы қажет).      4. Заттар мен материалдар әр түрлi қоймаларда немесе әр түрлi алаңдарда болуы қажет.

Page 150: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

      ТТС – тез тұтанғыш сұйықтықтар;      ТТҚ – тез тұтанғыш қатты заттар;      ТЗ – тез тұтанғыш заттар;      УЗ – улы заттар;      Tұшқ – жабық тигельдегi ұшқын температурасы;      t - температура

МЕМСТ 12.1.004-9117-кесте

Қауiптi және аса қауiптi заттар мен материалдарды сақтау кезiнде бөлу

Өрт қауiптiлiгiнiң негiзгi түрi

Агрегаттық жай-күйi

Қосымша қауiптiлiк түрлерi

ГОСТ 19433 бойынша қауiптiлiк санаттары

р/с №

1

Тотықтырушы заттар

Жанбайтын немесе қиын жанатын

Газдар

Улы емес және улы және (немесе) тотықтырғыш, уытты

212, 222, 224 *

1 1 2

Қатты және сұйық

қосымша қауiптiлiк түрiсiз немесе улылығы аз

511, 513

2 1 + 3

Улы және (немесе) тотықтырғыш

512, 514, 515 *

3 1 1 1 4

Уытты, тотықтырғыш қышқылдар, аз тотықтырғыштар

812, 815 *

4 2 1 1 1 5

Уытты, тотықтырушы қышқылдар, аз тотықтырғыштар

818 5 2 1 1 1 + 6

Әр түрлi уытты және тотықтырғыш, негiздер

828 6 2 + 1 2 2 + 7

Әр түрлi уытты және тотықтырғыш, улы

832 * 7 2 1 1 1 1 1 1 8

Әр түрлi уытты және тотықтырғыш, улы емес

838, 914

8 2 1 1 1 1 1 1 + 9

Жанғы

Жарылыс қауiптi немесе өздiгiнен

521, 522,

9 4 3 3 3 3 3 3 3 1 10

Page 151: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

ш органикалық

пероксидтер

ыдырайтын 523 *

Тез тұтанғыш 524, 525, 526, 527*

10 3 3 3 3 3 3 3 3 1 1 11

Тез тұтанғыш және өздiгiнен тұтанғыш заттар

Газдар

Аэрозоль орамындағы, сығылған немесе сұйытылған

231, 232, 241, 911

11 4 4 4 4 4 4 4 4 4 4 + 12

Сұйық

Улылығы аз 311, 315, 321, 325, 331, 335

12 4 4 4 3 2 2 3 2 4 3 4 + 13

Улы, тотығушы 312, 314, 322, 323, 324 *

13 4 4 4 3 3 3 3 3 4 3 4 1 1

Күштi әсер ететiн улы заттар

612, 613, 615 *

14 4 4 4 3 3 3 3 3 4 4 4 1 2

Қышқылдар 814 * 15 4 4 4 3 2 3 3 3 4 4 4 1 2

Негiздер 824 * 16 4 4 4 2 3 2 2 3 4 3 4 1 2

Әр түрлi уытты 833, 834 *

17 4 4 4 2 2 2 2 3 4 3 4 1 2

Қатты Улы емес және улылығы аз

411, 413, 912

18 4 3 3 3 2 2 3 2 3 3 4 1 2

Өздiгiнен ыдырайтын және (немесе) улы

412, 415, 416, 417, 422 *

19 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 4 3 4

Өздiгiнен ыдырайтын 418 20 4 3 3 3 2 2 3 2 3 3 4 1 2

Page 152: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

Улы ұшпайтын 618 21 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 4 1 2

Сумен өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөледi

431, 432, 435, 913

22 4 3 3 3 2 2 3 2 3 3 4 2 2

Сумен өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөледi

433, 434, 436, 437*

23 4 3 3 3 3 3 3 3 3 3 4 3 3

Сумен өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөледi

921 24 4 3 3 3 1 1 1 1 3 3 4 1 1

Өздiгiнен тұтанатын 421, 423, 424, 425

25 4 3 3 3 2 2 3 2 3 3 4 3 3

Өзге де қауiптi жанғыш және жанбайтын заттар

Газдар

Жанбайтын, улы емес 211 26 1 2 2 2 2 2 2 2 2 2 1 3 3

Улы, уытты, тотығушы 221, 223

27 1 3 3 3 2 2 2 2 2 2 1 3 3

Сұйық және қатты

Күштi әсер ететiн улы заттар

611, 614 *

28 2 2 2 3 3 3 2 3 3 2 4 1 2

Улы 616, 915

29 2 2 2 2 + + 1 + 3 3 4 + 1

Улы және уытты 617 30 2 2 2 2 + 1 1 1 3 3 4 1 2

Үйiп сақтау кезiнде қауiптi

922, 923

31 2 2 2 2 + + 1 + 1 1 4 1 2

Әр түрлi уытты 831, 836, 837

32 2 2 2 2 + + 1 + 1 1 4 1 2

Улылығы шамалы оттегiлер

811, 817, 916

33 2 2 2 2 + 1 1 1 1 1 4 1 2

Улы оттегiлер 816 * 34 2 1 1 1 1 1 2 2 3 3 4 1 3

Улы негiздер 821, 826, 827

35 2 1 1 2 1 + 1 + 1 1 4 1 2

Page 153: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

Магниттi 917 36 2 + + + + + + + + + 4 + +

Сiңiрушi оттегi 924 37 2 1 1 1 1 1 1 1 1 1 4 1 1

№п/п

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13

17-кестенiң жалғасы

Өрт қауiптiлiгiнiң негiзгi түрi

Агрегаттық жай- күйi

Қосымша қауiптiлiк түрлерi

ГОСТ 19433 бойынша қауiптiлiк санаттары

р/с №

Тотықтырушы заттар

Жанбайтын немесе қиын жанатын

Газдар

Улы емес және улы және (немесе) тотықтырғыш, уытты

212, 222, 224 *

1

Қатты және сұйық

қосымша қауiптiлiк түрiсiз немесе улылығы аз

511, 513 2

Улы және (немесе) тотықтырғыш

512, 514, 515 *

3

Уытты, тотықтырғыш қышқылдар, аз тотықтырғыштар

812, 815 *

4

Уытты, тотықтырушы қышқылдар, аз тотықтырғыштар

818 5

Әр түрлi уытты және тотықтырғыш, негiздер

828 6

Әр түрлi уытты және

832 * 7

Page 154: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

тотықтырғыш, улы

Әр түрлi уытты және тотықтырғыш, улы емес

838, 914 8

Жанғыш органикалық

Жарылыс қауiптi немесе өздiгiнен ыдырайтын

521, 522, 523 *

9

пероксидтер

Тез тұтанғыш 524, 525, 526, 527*

10

Тез тұтанғыш және өздiгiнен тұтанғыш заттар

Газдар

Аэрозоль орамындағы, сығылған немесе сұйытылған

231, 232, 241, 911

11

Сұйық

Улылығы аз 311, 315, 321, 325, 331, 335

12

Улы, тотығушы 312, 314, 322, 323, 324 *

13

Күштi әсер ететiн улы заттар

612, 613, 615 *

14

Қышқылдар 814 * 15

Негiздер 824 * 16

Әр түрлi уытты 833, 834 *

17

Page 155: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

Қатты Улы емес және улылығы аз

411, 413, 912

18

Өздiгiнен ыдырайтын және (немесе) улы

412, 415, 416, 417, 422 *

19 20

Өздiгiнен ыдырайтын

418 20 + 21

Улы ұшпайтын 618 21 2 + 22

Сумен өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөледi

431, 432, 435, 913

22 2 2 + 23

Сумен өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөледi

433, 434, 436, 437*

23 2 2 1 1 24

Сумен өзара әсер еткенде жанғыш газдар бөледi

921 24 1 1 + 1 + 25

Өздiгiнен тұтанатын

421, 423, 424, 425

25 3 3 3 3 1 + 26

Өзге де қауiптi жанғыш және жанбайтын заттар

Газдар

Жанбайтын, улы емес

211 26 3 3 3 3 2 3 + 27

Сұйық және қатты

Улы, уытты, тотығушы

221, 223 27 3 3 3 3 2 3 1 + 28

Күштi әсер ететiн улы заттар

611, 614 *

28 2 1 2 2 1 1 2 2 1 29

Улы 616, 915 29 + + 1 1 1 1 2 2 1 + 30

Улы және уытты 617 30 + + 1 1 1 1 2 2 1 + + 31

Үйiп сақтау кезiнде қауiптi

922, 923 31 1 + 1 1 + 1 2 2 + + + + 32

Әр түрлi уытты 831, 836, 837

32 1 + 1 1 1 1 2 2 2 + + + + 33

Page 156: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

Улылығы шамалы оттегiлер

811, 817, 916

33 1 1 1 1 1 2 2 2 2 + + + + +

Улы оттегiлер 816 * 34 2 2 2 3 2 2 2 2 2 1 1 1 1 1

Улы негiздер 821, 826, 827

35 1 + 1 1 1 1 2 2 2 + 1 1 1 1

Магниттi 917 36 + + + + + + 2 2 + + + + + +

Сiңiрушi оттегi 924 37 1 + + + + + 2 2 + + + + + +№

п/п

20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33

      Ескертпелер:      + Заттар мен материалдарды бiрге сақтауға болады.      1. Заттар мен материалдар қойманың бiр бөлiгiнде немесе бiр алаңында болуы мүмкiн. Олардың арасындағы көлденең қашықтық нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы,бiрақ кемiнде 5 метр болуы қажет.      2. Заттар мен материалдар қойманың бiр бөлiгiнде немесе бiр алаңында болуы мүмкiн. Олардың арасындағы көлденең қашықтық нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы,бiрақ кемiнде 10 метр болуы қажет.      3. Заттар мен материалдар қойманың әр түрлi бөлiктерiнде болуы қажет (яғни 1-типтiк өртке қарсы далдалармен бөлiнуi немесе әр түрлi алаңдарда болуы қажет).      4. Заттар мен материалдар әр түрлi қоймаларда немесе әр түрлi алаңдарда болуы қажет.      * Аса қауiптi заттар мен материалдар.

Өрт қауiпсiздiгi қағидаларына6-қосымша      

Отты жұмыстарды жүргiзуге рұқсат

«___» ________ 20____ ж.

Объект ____________________________________________________________________________________________________________________________                  (Тегi, аты, әкесiнiң аты)_________________________________________________________________      (нақты қандай өрт жұмыстары және өткiзу орнын көрсету)

өндiруге рұқсат берiлдi.

Жұмыстардың өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн келесi iс-шараларды орындағаннан кейiн:__________________________________________________________________

Шынымен рұқсат берiлдi:

20__ ж «___» ___________ сағ. «___» бастап,20_ ж. «___» ___________ сағ. «___» дейiн.

Page 157: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

Бас инженер __________________                  (қолы)

Рұқсат мерзiмi ұзартылды

20__ ж. «___» _______ сағ. «___» бастап,20__ ж. «___» ___________ сағ. «___» дейiн.

Бас инженер __________________                (қолы)

Өндiрiс ______________________________________________________                        (қандай жұмыс көрсетiлсiн)

Жұмыстар келесi өрт қауiпсiздiгi талаптары орындалған жағдайда атқарылады.____________________________________________________________________________________________________________________________________

Сағ. «___» бастап, 20__ж. «___»_________ дейiн__________________________________________      (өртке қарсы қызмет өкiлiнiң қолы)

Рұқсат мерзiмi ұзартылды:Сағ. «___» бастап, 20__ж. «___»_________ дейiн.

____________________________________________      (өртке қарсы қызмет өкiлiнiң қолы)

Өрт қауiпсiздiгi шаралары мен рұқсатта ұсынылған iс-шараларды орындау туралы нұсқама алдым:

___________________________________________      (жұмысты орындаған адамның қолы)

Өрт қауiпсiздiгi қағидаларына7-қосымша       

Еден немесе iргелес аумақ деңгейiнiң үстiндегi дәнекерлеу нүктесiнiң биiктiгi,

метр

Тазалау аймағының ең төменгi радиусы, метр

0 5

2 8

3 9

4 10

6 11

8 12

Page 158: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

10 13

10-нан жоғары 14

Өрт қауiпсiздiгi қағидаларына8-қосымша       

Салынып жатқан және қайта құрылып жатқан ғимараттарға, құрылыстармен қосалқы үй-жайларға арналған бастапқы өрт сөндiру нормалары

Ғимараттар, үй-жайлар, қоймалар мен құрылыстар

Өлшем бiрлiктерi

Бастапқы өрт сөндiру құралдарының саны

Өрт сөндiргiштер

Құммен күрегi бар,

көлемi 0,5 м2

жәшiктер

Сыйымдылығы 250 л

және 2 шелек, суы бар күбiлер

Киiз асбесттi көрпе

немесе киiз 2х2м

1 2 3 4 5 6

Салынып жатқан және қайта құрылып жатқан ғимараттар

200 м2  еден ауданына 1* 1 1 -

Құрылыс ормандары

(әр қабат бойынша)

Ормандардың әрбiр 20

м ұзындығын

а

1* - - -

(әр қабат бойынша)

Ормандардың әрбiр

100 м ұзындығын

а

- - 1** -

Кеңселер үй-жайы 200 м2 еден ауданына 1* - - -

Балташы және ағаш өңдеу цехтерiнiң, шеберханаларының үй-

100 м2 1*** 1 1 -

Page 159: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

жайы

Жанғыш және орман материалдарының жабық қоймалары

100 м2 1*** - 1 -

Жанғыш материалдар болған жағдайда шаруашылық қоймалары

100 м2 1** 1 1 -

Ашық орман материалдар қоймалары

300 м2

қойма ауданына

1**** - - -

Жылытқышы жанғыш немесе жанғыш шатырлары бар жабындар

200 м2

қойма ауданы

1 1 1 -

Ашық дөңгелек орман қоймалары

500 м2

қойма ауданына

1**** - - -

Жабық өртенбейтiн материалдар қоймалары

400 м2

қойма ауданына

1*** - 1 -

Тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар ыдыстарының қоймалары

50 м2 еден ауданына 1**** 1*** - -

Карбид кальций қоймалары

100 м2 еден ауданына - 1 - -

Сығымдалған, сұйылтылған және ерiтiлген газдары бар баллондар қоймасы

200 м2 еден ауданына - 1 - -

Биiк темiр бетонды құбырларының оқпандарын бетондауға арналған жұмыс алаңшасы

200 м2 еден ауданына 1 - - -

Салынып жатқан құрылыстың iшiндегi

200 м2 еден ауданына

3 1 1 -

Page 160: P1100001682.20111230.kazemer.gov.kz/npakz/postanov/doc/1682k.doc · Web viewЭвакуациялық өту жолдары мен шығу жолдарын орындықтармен,

қорғау жабындысы

Градирен құрылысына арналған агрегаттың бесiкшесi

200 м2 еден ауданына 8 - - -

Коррозияға қарсы және гидро оқшаулағыш материалдарының жұмыс құрамдарын дайындауға арналған үй-жай

200 м2 еден ауданы 3 1 - 3

Жылу генераторлары мен калориферлердi орнату орындары

Агрегат 2 1 - -

Ашық автомашина тұрақтары 100 м2 1 1 - 1

Газбен дәнекерлеу және электрмен дәнекерлеу цезтерi

200 м2 1 1 - -

Аула алаңшасы 200 м2 1 - 1 -

      * Бiрақ бiр қабатқа екi өрт сөндiргiштен кем емес.      ** Бiр қабатқа екi күбiден кем емес.      *** Бiрақ шеберханаға немесе әрбiр жеке қоймаға екi өрт сөндiргiштен кем емес.      **** Бiрақ екi өрт сөндiргiш пен құмы бар бiр жәшiктен кем емес. Құмы бар жәшiкте көлемi 1,5x1,5м киiз болуы тиiс.      Ескертпе:      1. Осы кестеде көрсетiлмеген қоймалар мен құрылыстардың бастапқы өрт сөндiру құралдарының қажеттi саны тиiстi министрлiктермен бекiтiлiген тиiстiлiк нормаларына сәйкес белгiленедi.      2. Осы Қағидада қарастырылған өртке қарсы жабдықтан басқа қоймалар, өртке қарсы қызмет органдарымен белгiленген уақытша ғимараттар аумағы өрт сөндiру жабдығының (құрал-сайман) мынадай тiке жиынтығы бар өрт сөндiру пункттерi (шкафтары, қалқандары) орналастырылады, балта – 2 дана; сүймен және күрек – 2 дана; темiр ырғақ – 2;      қызыл түске боялған шелек – 2 дана; өрт сөндiргiш – 2.