55
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3-деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-14- 03.01.20.16/01-2016 ж «Ветеринариялық санитариядағы ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің ПОӘК Басылым № __ «___»______ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ» пәнінің 5В120200 - «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3-деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-14-03.01.20.16/01-2016 ж«Ветеринариялық санитариядағы ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің ПОӘК

Басылым № __«___»______

«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ»

пәнінің 5В120200 - «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Семей 2016

Page 2: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

1 Модуль Ғылыми-техникалық ақпарат негіздері

Дәріс № 1. Кіріспе. Ғылым және ғылыми зерттеулер туралы түсінік. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлері (ҒЗЖ). – 2 сағ

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.

16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, .Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды.Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғыл.-тех. революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры – тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогрестің негізі болып табылады.

Page 3: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

1.Ортағасырдағы дүниеге көзқарас туралы Орта ғасырдағы ойлау жүйесі көбінесе мораль мен діннің аумағында болды. Кез келген дүниедегі мәселелер тек қасиетті жазудың түсіндіруімен қабылданды.

Жоспар1. Классикалық ғылымының ерекшеліктері2. Ғылымдағы жаңалықтар3. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттарыТіршіліктегі, қоршаған ортадағы құбылыстарға, таңғажайып дүниелерге

қызығушыльщ орта ғасырда антикальщ уақытпен салыстырғанда мүлдем басқаша болды. Егер аз уақытында Аристотель табиғат таңғажайыптарына таңдана біліп, олардың себептерін іздеуге тырысса, ал орта ғасырлық ғалымдар, мысалы, Августин Блаженный біздің біліміміз шектеулі екендігін, нағыз таңғажайып дегеніміз — ол дүниені Қүдайдың жаратуы екендігін уағыздады.

Орта ғасырлық дүниетанымдағы Құдайдың дүниені жоқтан жаратуы туралы догма антикалық уақыттың дүниетанымына қарама-қайшы келді.

Ерте орта ғасырлық уақытта ғылым антикалық уақыттағы мәнін жоғалтты. Бүдан келіп ортағасырлық ғылымның негізгі бір сипаты моральдық символизм пайда болды. Яғни табиғат, табиғи құбылыстар ғылыми гипотезалар, ғылыми қортындылар арқылы түсіндірілмей, олар моральдық және діни нәрселердің символы ретінде қарастырылды. Ай — шіркеудің символы, жел — рухтың, аруақтың образы тағы басқалар.

Орта ғасырлық символизм теориясы иерахизм идеясымен тығыз байланысты. Барлық заттар бір-біріне бағынышты деп қарастырылды.

Универсализм — орта ғасыр ойдың бір саласы, яғни барлығының бірлігі. Дүние мен адамның қүдай жаратқан бірлігі.

Орта ғасырдағы дүниеге көзқарастың ерекшеліктері:1. Барлық адам баласының қызметі діни пайымдаулармен түсіндіріледі, табиғатқа

деген  көзқарас библия  концепцияларының цензурасынан өтті.2. Дүниенің жаратылуы, бірлігі құдай арқылы болғандықтан, орта ғасыр дүниенің

картинасында жаратылыстану дамитындай объективті заңдар ашылмады.Орта ғасырдағы ғылым антикалық ғылымға қарағанда кейін бірнеше қадамға

шегінді. Дегенмен, орта ғасырлық мәдениет негізінде білімнің кейбір өзіндік маңызы бар салалары — астрология, алхимия, астрохимия, табиғи магия пайда болды. Олар қазіргі ғылымға негіз болып саналды және механикалық турғыдан түсіндірудің алғашцы қадамдары жасалды. Бос кеңістік, шексіздік, түзу сызықпен қозғалу сияқты түсініктер пайда болды.

Дәл өлшеуге жағдайлар тууының де маңызы болды. Астрономияның дамуы да бүған себеп болды.

Математика мен физиканың арасында байланыс нығая түсті, жаңа уақыттың математикалық физикасы пайда болды және бұл ғылымның даму бастауында атақты астрономдар — Коперник, Кеплер, Галилей түрды.

Орта ғасырлық жаратылыстанудың бір жетістігі — дүниенің аяқталғанын шеңбермеи білдіруден бас тарту болды. Бұл модель шексіздік сызығымен, яғни дүниенің шексіздігін білдіретін модельмен алмастырылды.

Сол кездегі ғылымның дамуына қалалықтарды қатал тәртіп жағдайына бағындыратын діни әдет-ғүрыптарды уақыт бойынша тәртіппен өткізу, орта ғасырлық мектеп мен университеттердің ашы-луы да әсерін тигізді. Тек қана антикалық ғылым мен кітапты ғана оқып-үйрену емес, логикалық ойлау да да жоғары бағаланды.

Дегенмен, орта ғасырлық дүниетаным ғылым мүмкіндігін шектеп, дамуын тежеді. Сондықтан, жаңа уақытқа дейін ғылымға көзқарасты өзгерту қажет болды, ол қайта өрлеу дәуірінде жүзеге аса бастады.

Жаңа ғылымның ірге тасын қалағандардың бірі Галилео Галилей болды. Ол математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды. Математикалық

Page 4: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

заңдарды дурыс түсіне білу үшін, дәл өлшеулер жасау үшін көптеген техникалық қүралдар жасады: линза, телескоп, микроскоп, магнит, ауа, термометр, барометр және басқалар

Аналитикалық және синтетикалық әдістемелер, приборды қолдану — гректер жүргізе алмаған  өлшеу жумыстарын жүргізуге  мумкіндік берді. Галилей дененің жер бетіне еркін түсуі туралы гипотезаны жасады. Аристотельдің кейбір көзқарастарын жақтамады.

Ғылымға берілген аз өмірінде Г.Галилей көп нәрселер жасады. Коперниктің гелиоцентрлік көзқарасын негіздеп дамытты; табиғаттың көп жағдайда математика заңдарына бағыныштылығы дәлелденді. Күштің механикалық фактор екендігін айтты. Қазіргі механика мен тәжірибелік физиканың негізін салды.

Бірақ әлі де жер және аспан денелердің қозғалысының арақатынасы туралы сұрақтар толық шешілмеді

Классикалық ғылымының ерекшеліктері«Классикалық ғылым» деген түсінік ғылым дамуында XVIII ғасырдан бастап XX

ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі уақытта қалыптасты.Классикалық ғылым дамуының алғашқы сатысының өз ерек-шеліктері болды:Шындықты айқын көрсететін, білімнің аяқталған жүйесіне деген ұмтылыс. Бұл

классикалық механикалық дуниені өз заңдылықтары арқылы түсіндіруімен, бағыт беруімен байланысты болды. Сондықтан, механика  қоршаған дүниені түсіндірудің негізгі тәсілдерін  меңгерді және ғылымдар эталоны болып саналды.

Табиғатты ғасырлар бойы өзгермейтін, өзіне ғана қатысы бар заңдарымен ерекшеленетін тұтас бір жүйе ретінде қарастырды. Сол кездегі классикалық ғылымда статизм, элементаризм, антиэволюционизм бағыттары болды.

Элементаризм — күрделі құрылымдардың царапайым элементтерін бөліп алып, анықтама беру.

Статизм — бұл құрылымдарға тән байланыстар мен қатынастарды жоққа шығару.Антиэволюционизм — реалдық құбылыстарды талқылау метафизикалық тұрғыда

болды, яғни өзгеру, даму, тарихылық деген ұғымдардан аулақ болды.Ғылым дінді интеллектуальдық бедел түрінде алмастырды. Адам-зат ақыл-ойы

және табиғаттың тәжірибелік өзгерістері теологиялық доктриналар мен Қасиетті жазуды Ғаламды түсіне білуден ығыстырып шығарды. Сенім мен дүниетаным екіге бөлінді.

Дуние танымдық көзқараста ғылым алдыңғы орында бола оты-рып, дін мен философияға да өз қатарынан орын берді.

Алдыңғы қатарлы дамыған қоғамда дуниетаным адамзатқа сенімді өмірлік жолды, дүниені түсінудің қандай жолмен таңдауды өз еркіне берді. Дегенмен, ғылым тәжірибелік жетістіктерді барынша көп беру арқылы адамзат болашағын тек ғылым ғана қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді. Сондықтан, дін мен метафизикалық философия бірте-бірте өз әсерін жоғалта бастады.

Ғылым, оның ішінде жаратылыстану ғылымдары механистикалық және метафизикалық болып қана отырып, табиғатқа деген теологиялық көзқарасты бірте-бірте ығыстыра бастады. ХУІІ-ХУІІІ ғасырларда математикада шексіз кіші шамалар теориясы (И.Ньютон мен Г.Лейбниц), Декарттың аналитикалық геометриясы, М.И.Ломоносовтың атомдық-кинетикалык ілімі, Кант-Лапластың космогониялық гипотезасы алдымен жаратылыстану ғылымдарына, сосын қоғамдық ғылымдарға даму идеясын енгізді.

Сонымен, XVIII ғ. аяғында XIX басында көптеген ғылым салаларын ңамтыған ірі ғылыми революцияларға біртіндеп алғы шарттар жасала бастады. Алдыңғы қатарға энергия мен заттың бір-біріне айналуын зерттейтін физика мен химия шықты (химиялық атомистика). Геологияда жердің даму теориясы (Ч.Лайель), биологияда Ж.Ламарктың эволюция-лық теориясы пайда болды, сонымен қатар палеонтология (Ж.Кювье) және эмбриология (К.М.Бэр) сияқты ғылымдар дами бастады.

Page 5: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

XIX ғасырдың екінші жартысындағы ғылымдағы үш зор жаңалықпен байланысты революциялардың үлкен маңызы болды. Олар:

1. Шлайденн мен Шванның клеткалық теориясы;2. Майер мен Джоульдің энергияның сацталу және айналу заңы;3. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі болды.Одан кейін табиғат диалектикасын толығымен негізделген үлкен жаңалықтар

бірінен кейін бірі ашылып жатты:1. 1861 жылы А.М.Бутлеров — органикалық қосылыстардың химиялық

құрылысы теориясы;2. 1869 жылы Д.И. Менделеевтің периодтық системасы;3. 1869 жылы Л.Х.Вант Гофф пен Дж.Гиббс — химиялық термодинамика

заңы;4. 1875 (Дж. К.Максвелл) — жарыңтың электромагниттік теориясы ашылды.

Осы ғылыми жаңалықтар негізінде жаратылыстану жоғарғы сатыларға көтерілді, егер ол XVIII ғасырда тек қана фактілер жинаушы ғылым болса, ал XIX ғасырда заттар мен процестер туралы, олардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылым болды, жаратылыстануда ғылым диференциациясы белсенді түрде жүрді, яғни ғылымның ірі салалары ұсақ бөлімдерге бөлінді (мысалы, физика — термодинамика, қатты денелер физикасы, электромагнетизм; биологияның жаңа салалары — генетика, цитология, эмбриология бөлініп шықты.

XIX ғасырдың аяғында ғылымдар интеграциясының алғашқы белгілері шықты, ол XX ғасырға тән процесс болды. Яғни пәнаралықзерттеулер жүргізіле бастады (биохИмия, геохимия,  биогеохимия тағы басқалар).

Жаратылыстануға диалектикалық көзқарастардың енуіне қарамастан, дүниеге көзқарас әлі де механистикалық, метафизикалық негіздерге сүйенді.

Тіршілік пен тірі организмдердің пайда болуы биология ғылымы жоғары қарқынмен дамыса да түсіндірілмеді. Дүниедегі адамның орны туралы келіспеушілік көзқарастар болды.

Әрбір ашылған ғылыми жаңалықтың өз қарама-қайшылығы бол-ды. Геоцентрлік теория жоққа шығарылғаннан кейін адамзат өзінің космостағы орнына сенімсіздікпен қарады.

Ғылым дамуындағы жасалған әр қадам адамды өз мүмкіндіктерін пайдалану үшін ұмтылдырды, сонымен бірге оның ойларында мазасыздық пен бей-берекеттік тудырды.

Дарвиннің эволюциялық теориясы ғылымдағы жағдайды күрт шиеленістірді. «Қудай жаратқан» деген уғым жоққа шығарылғаннан кейін адам табиғатты бағындырушы рөлінен айрылды. Христиандық теология бойынша «табиғат адамның өз рухани мүмкіндіктерін ашуға арналған үйі» деген антропоцентристік көзқарасты үстаса, оны ғылым жоққа шығарды. Дарвин адамды жаратушыға тәуелділігінен Кутқарғанмен, оны жануарларға дейін төмендетті. Бул пессимистік көзқарас термодинаимканың екінші бастамасының ашылуымен одан әрі тереңдей түсті. Онда бүкіл ғалам тәртіпті жағдайдан бейберекеттікке қарай қозғалады, ең аяғында ол энтропия жағдайына (жылу-лық өлім) жетеді деген. Соған қарамастан, XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы ғылымдағы алтын ғасыр болды. Ғылыми жаңалықтар ашылды, көптеген институттар   мен   академиялар   ашылды.   Әр   түрлі   зерттеу   жумыстары үйымдасқан түрде жүргізілді. Ғылым мен техниканың бірігуімен қолданбалы ғылым салалары өте тез дамыды. Ғылым мен дүниетанымдағы қалыптасқан жағдай шешімін табуды қажет етті. Ол XIX ғасырдың 90-шы жылдарынан басталып, XX ғасырдың ортасына дейін созылған ғылыми революциялар арқылы шешілді

2.Ғылымдағы жаңалықтарЖаратылыстану жаңа революциялардың пайда болуына серпін берген физикадағы

жаңалықтар болды.1. Г.Герц — электромагниттік толқындардың ашылуы;

Page 6: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

2. К. Рентген — қысқа толқынды электромагниттті сәуле шашу;3. Дж. Томсон — электрондарды ашу;4. П.Н.Лебедев — жарық қысымы;5. М.Планк — кванттық идея;6. А.Экштейн — салыстырмалылық теориясы;7. Э.Резерфорд — радиоактивті бөліну.1913-1921 жылдары атом ядросы туралы түсінік негізінде Н.Бор атом моделін

ойлап шығарды, ол бір жағынан Д.Менделеевтің периодтық системасына сүйенді. Бүл физика мен жаратылыстанудағы жаңа революциялық алғашқы кезең болды. Ол материя мен оның қүрылысы, қасиеттері, қозғалыс формалары, кеңістік, уақыт туралы бурынғы көзқарастардың күйреуіне себеп болды. Екінші кезең XX ғасырдың 20-шы жылдарынан басталды, ол кванттық механиканың пайда болуымен және оның салыстырмалық теориясымен уштасуымен байланысты болды.

Революцияның үшінші кезеңі XX ғасырдың 40-шы жылдарында атом энергиясын игерумен, электронды-есептегіш машина мен кибер-нетиканың пайда болуымен байланысты. Сонымен қатар, бул кезде физикамен бірге хймия, биология және жер туралы ғылымдар басым дамыды.

XX ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техника тутасымен бірігіп қазіргі ғылыми — техникалық революцияға әкелді.

3. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттарыҚазіргі ғылым XX ғасырмен XXI ғасыр аралығын қамтиды. Барлық сипаттары

бойынша ол классикалық ғылымнан өзгеше, сондықтан кейде оны классикалық емес ғылым деп атауға болады. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары төмендегідей:

Классикалық механиканы негізгі ғылым деп санаудан бас тарту, оны кванттық-релятивистік теориямен алмастыру. Муның өзі әлемді алып механизм түрғысынан қарауды жоққа шығарды. Оның орнына байланыстар, өзгерістер, даму идеяларына негізделген ойлау әлемінің моделі келді.

1. Классикалық ғылымдағы механистикалық, метафизикалық көзқарастарды диалектикалық көзқарас ауыстырды;

2. Классикалық ғылымдағы дәрменсіз бақылау жүргізу белсенді, жаңа тәжірибемен алмасты, буған жаңа кұрал-жабдықтар мен ғылыми әдістемелердің пайда болуы көп әсерін тигізді:

3. Дүниенің ең алғашқы негізін табу мумкін еместігі сияқты материя шексіз екендігі түсіндірілді.

4. Ғылыми білім бурынғыдай  абсолютті шындық  ретінде қарастырылмайды, тек қана көп гипотезалар мен теориялар ішінде салыстырмалы түрде шындық бар.

5. Классикалық ғылымға тэн табиғаттағы заттарды қоршаған ортадан бөліп алып қарауды теріске шығару;

6. Заттың қасиеттерінің оны қоршаған нақты жағдайларға тәуелді екендігі.Биосфералық класқа жататын ғылымдардың дамуы, ғаламдағы өмір  мен ақыл

ойдың пайда болуының кездейсоқ еместігіндәлелдейтін концепциялардың шығуы.Ғылым мен діннің қарама-қарсылығы логикалық шегіне жетті, яғни ғылым XX

ғасырда басымдылыққа ие болды.Ғылым мен өндірістің бірігуі, ғылыми-техникалық революция қоғамдағы

ғылымның рөлін анықтап берді.Сонымен қатар, ғылым жетістіктеріне гуманистік сын (философтар, мәдениет

танушылар, әдебиет пен өнер қайраткерлері) айтыла бастады.XX ғасыр аяғында дүние ғылымға деген абсолюттік сенімін жоғалта бастады. Бүл

үшін посмодернизациялық көзқарас қажет болды. «Постмодерн» — жаңа сипаттағы ғылыми көзқарастарға тең келетін ғылыми көзқарастар.

Көптеген отандық ғылым зерттеушілердің болжамы бойынша бо-лашақта ғылымның жаңаша сипаттары төмендегідей болуы керек:

Page 7: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

Ең алдымен, ғылым адамзат мәдениеті   мен  дүниетанымы жүйесіндегі өз орнын табуы қажет. Постмодернизм адам қызметінің кез келген   түрінің   дүниетанымдық жүйеде ерекше  бөлініп шығуын қаламайды.

XX ғасырдағы өз алдына бірқалыпты дүниенің жаңа образын жасауды, яғни ешбір езгеріске жатпайтын, жүйелі, тәртіпті, бір өзіне мақсат етіп қойды. Ал, посмодерндік  ғылым дүниенің өзгермелі екендігін, олай болса әрбір алынған нәтиженің ең соңғы өзгеріссіз нәрсе еместігін ашып көрсетті.

Бұрынғы ғылым мен жаратылыстану — білімнің монологтық формасын қолданады., яғни, интеллект затты түсініп білген соң өз пікірін айтады, ал постмодерндік ғылымда бақылаушы — ғалым зерттейтін дүниенің бір бөлігі  саналады,  яғни диалогтік дүниетаным қалыптасады.

Постмодерндік ғылымның негізі болып  глобалдық экологияесептеледі. Дүниедегі құбылыстар мен өзгерістер әр түрлі жүріп жатқанпроцестердің қосындысы болып табылады.

Постмодерндік ғылымның бір қасиеті — оның комплексті турдедамуы, яғни бурынғыдай жаратылыстану, техникалық, қоғамдықғылымдарды жеке-жеке бөліп қарамау

Бұлар тек біздің көз алдымыздағы қазіргі кезде қалыптасып жатқан болашақ ғылымның негізгі жақтары.

ҚОСЫМША МАЕТРИАЛДАР

4.Ғылымының даму тарихы туралы Ғылым қашан және қалай пайда болды? Бул сураққа байланысты екі түрлі көзқарас

бар. Бір көзқарас иелерінің пайымдауынша ғылым өте ертеде, яғни адамдар алғаш еңбек

қаруын жасап, табиғат туралы абстрактылы білімі болған кезде дамыған деп айтады. Ал екіншілері ғылымның пайда болуы тәжірибелік жаратылыстану пайда болған кезде (ХУ-ХУІІ ғғ.) деп айтады.

Жоспар:1. Ғылымның басталу мәселелері2. Араб ғалымдарының жаратылыстану дамуындағы рөлі және отырарлық

ғалымдар3. Антикалық ғылымҒылымның басталу мәселелеріҚазіргі ғылымтану бұған нақты жауап бермейді, өйткені ғылымның өзін бірнеше

аспектіде қарастырады. Негізгі көзқарас бойынша — ғылым — білім жиынтығы: ңоәамдық сананың формасы; әлеуметтік институт; қоғамның негізгі қозғаушы күші; кәсіптік мамандарды дайындау жүйвсі тағы басқа.

Осы аспектілер бойынша ғылым:1. XIX ғасырдың  ортасынан  бастап  —  мамандар дайындаудың жүйесі;2. XX ғасырдың екінші жартысынан — қоғамның негізгі қозғаушы күші;3. Жаңа уақытта — әлеуметтік институт4. Ежелгі Грецияда — қоғамдық сананың формасы;5. Адам   мәдениетінің   бастауында   —  білім   жиынтығы   ретінде

қарастырылады.Әр уақыт бойында әр ғылымның қилы салалары пайда болды. Антикалық ғылым

қазіргі әлемге математиканы берді, Жаңа уақытта -механика пайда болды, ал XIX ғасырда қоғамтану келді.

Бұл процестерді дұрыс түсіну үшін біз тарихқа жүгінуіміз қажет.Ғылым сан қырлы қоғамдық құбылыс, қоғамнан тыс ғылымның пайда болуы,

дамуы мүмкін емес. Ал ғылымның өзі объективті жағдайлар туған кезде:1. объективті білімге әлеуметтік қажеттілік;

Page 8: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

2. осы қажеттілікті қамтамасыз етуге қоғамнан ерекше бір дарынды адамдардың бөлініп шығуы;

3. білімнің жинақталуы, ғылыми жаңалықты символикалық турде кескіндеу немесе хабарлау (жазудың болуы) тағы басца болуы керек. Осындай жағдайлар б.э.д. VII-VI ғасырларда Ежелгі Грецияда пайда болды.

Ғылымның критерийлері:1. теориялық;2. ғылыммен  айналысатын  ерекше адамдар  тобының  болуы, қажетті

материалдар мен технологияның болуы;3. рационалдық (тиімділік);4. жүйелілік.Егер біз ғылымды 1 критерий бойынша қарастырсақ, сол кездегі Египет, Шумер

цивилизациясында, жаңа білім алуға қажетті жағдайлар онша болған жоқ. Бул кезде математика, астрономия сияқты ғылым салалары бойынша аздаған білімнің алғашқы бастаулары болды.

Индия мен Кытайдағы білімнің дамуы күнделікті өмірге қажетті жэне діни ритуалдарды жүзеге асыру үшін ғана керек болды.

Ежелгі шығыс цивилизациясындағы білімнің негізі және теориялығы болмады. Шығыстағы дамыған астрономия әлемнің құрылысы мен аспан денелерінің қозғалысын зерттеу үшін емес, өзендердің тасу мен қайту уақытын анықтау үшін, гороскоп немесе жулдызнама қурастыру үшін қажет болды. Вавилондықтардың пайымдауынша аспандағы жулдыздар қудайлардың бет-бейнесі есебінде карастырылды, яғни олар жер бетіндегі өмірді бақылаумен болады деп есептеді.

Араб ғалымдарының жаратылыстану дамуындағы рөлі және отырарлық ғалымдар

Араб ғылымы ескі грек және үнді ғылымынан нәр алумен қатар, мәдениетті жоғары басца елдердің Мысырдың, Шамның, парсылық, әсіресе Орта Азия елдерінің үздік ғылыми дәстүрлеріне негізделді.

Ғылымның қадір-касиетін дұрыс түсіне білген бағдат халифалары Әл-Мансур, Һарун ар-рашид, әл-Мамундар (VІІІ-ІХ ғасырлар) ғылымды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлді. Бағдатта және басқа қалаларда обсерваториялар салдырылады. һарун ар Рашид Даналық үйі («Вайт әл-хикма») деп аталатын, жолында жақсы жабдықталған кітапханасы бар, арнаулы аудармашылар орталығын құрады.

Аздаған уақыттың ішінде Үндістан астрономдарының және Гиппократ, Платон, Аристотель, Евклид, Архимед, Менелей, Аполоний, Птолемей сияқты грек ғылымының көрнекті өкілдерінің еңбектері араб тіліне аударылып, шұғыл зерттеле бастайды.

Осындай ғылым тарихында үлкен мәні болған Бағдат мектебі құрылады. Бағдатқа жан-жақтан асқан білімпаз оқымыстылар шақыртылып топтастырылады.

Ғылым дамуына, оның ішінде математика ғылымының дамуына арабтардың қосқан үлестері өте көп. Арабтар үнді математикасын меңгерді, .қазіргі кезде көп қолданылып жүрген сандарды жазу мен оқу тәсілдерін үнділіктер өте ертеде ойлап тапқан болатын, қазіргі математикада қолданып жүрген араб цифрлары — үнді математиктерінің жетістігі.

Бағдат обсерваториясы мен Даналық үйінің ғылыми жүмыстарының басты ұйытқысы Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан ғалымдар болғанын мақтанышпен айтамыз. Олардың ішінде әйгілі Мухаммед әл-Хорезми, Ахмед Ферғани, Ғаббас жауһари, Ахмад Мәруази және басқалары бар.

Бүлардың ішінен теңдесі жоқ улы ойшылдардың бірі, шоқтығы биік улы ғулама Әбу Нәсір әл Фарабидің есімі ерекше жарқырап көрінеді. Ол — «Шығыстың Аристотелі» атанған улы ғулама.

Әбу Нәсір өздігінек оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе улы устазы Аристотель еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Холликанның айтуына қарағанда Әбу Нәсір Аристотельдің «Метафизикасын» қырық,

Page 9: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

«Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан. Әбу Нәсір Аристотельдің «Категория», «Бірінші және екінші Аналитика» сияқты фәлсафалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.

Өзі де «Кемеңгерлік меруерті», Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселенің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы» тағы басқа трактаттар жазған.

Әл-фараби шығармаларының басым көпшілігі әлі де араб тілінен аударылмай, зерттелмей жатыр. Астрономия, логика, әуез жайлы еңбектері күні бүгінге дейін толық зерттеле қойған жоқ.

Америкадағы Питтсбург университетенің профессоры Николас Решер көптен бері Әл-Фараби және оның шәкірттерінің еңбектерін зерттеумен айналысып келеді.

Француз ғалымы Рудольф Эрланже 1930-1935 жылдары Әл-Фарабидің аса үлкен, әрі терең мағыналы «Әуездің үлкен кітабы» атты трактатын француз тіліне аударған.

IX ғасырда Хорезм қаласында математика Мүхаммед бин Муса Әл-Хорезми өмір сүрді. Ол арифметикалық есептер мен теңеулерді шешудің жалпы ережелері туралы кітап жазды. Ол кітап «Китаб әл-Джебр» деп аталып, қазіргі алгебра ғылымының атына негіз болды.

973-1048 жылдары улы астроном, тарихшы, географ Бируни өмір сүрді. Әл Хорезми ғаламшарлардың қозғалу кестелерін жасап, аспан шарларының түрған орындарын анықтауға көмектесетін астролябия аспабын жасады. Бируни жердің шар тәрізділігін қолдап, оның шеңберінің узындығының шамасын анықтады.

Сонымен, араб ғылымының жаратылыстану ғылымдары тарихындағы алатын орыны ерекше, олар ғылым эстафетасын ежелгі гректерден алып, оны бірнеше ғасырлардан кейін Европаға берді.

5.Антикалық ғылымСонымен нағыз ғылымның бастауы ежелгі Грецияда б.э.д.. VIІ-VI ғасырлардан

басталды делінеді.Яғни б.э.д. VII ғ. Шығыс Азиядағы грек колонияларында жер өңдеу экономиканың

басты саласы болудан қала бастайды. Кәсіпшілік, теңізде жүру, сауда, ақша қатынастары жылдам дами бастады, қул иеленушілік құрылыс негізгі болып саналды, партиялар арсында күрес, заң күш ала бастады, жазба заң түрлері шықты. Билік басына жаңа әлеуметтік топ келді.

Қул иеленудің дамуы гректерді барлық еңбек құралдарымен, шаруашылық бағытындағы нәрселермен байланысты жағдайлардан аулақтатты, өйткені азат еркін адамның айналысар істері саясат, соғыс, өнер деп есептелінді.

Ғылым кәсіпшіліктен аулақ болды, бұл бір жағынан танымның бір әдістемесі эксперимент, тәжірибе екендігін жоққа шығарды.

Дегенмен, бұл өз пәні, өзінің танымдық және зерттеу әдістемелері, өзіндік дәлелдемелері бар ғылым болып дами бастады.

Алғашқы ғылыми программа Пифагор ұсынған, кейіннен Платон дамытқан математикалық программа болды. Бұл программа басқа да антикалық ғылыми программалар сияқты, Космосты алғашқы заттар дүниесінің белгілі бір тәртіппен орналасқан қатары деп қарастырды. Пифагор оны сандармен салыстырды, және оны дүниенің ең алғашқы негізі деп санады. Пифагоршылар теориясы бойынша әлемнің картинасы өз үндестігімен таңдандырды, денелер геометриялық заңдылықпен, аспан денелері қозғалысы математикалық заңдылықпен, ал адам денесінің жеке органдарының бір-бірімен тамаша байланысы Поликлет каноны бойынша белгілі бір математикалық заңдылыққа бағынды.

Математикалық программа Платон философиясымен аяқталады. Онда ол әлемнің үлкен картинасын береді, яғни біз өмір сүрген әлем өлі материядан жаратушы туғызған белгілі бір заңдылық арқылы да-миды, оның өзі математикалық заңдылықтар арқылы жүреді. Заттар-дың өздерінің сыртқы пішіндері геометриялық фигураларды береді деп

Page 10: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

есептеді (от — өткір әрі қозғалмалы, яғни пирамида, ауа — сегіз жақты көпбурыш тағы басқалар).

Антикалык дәуірдегі екінші ғылыми программа атомизм программасы болады. Ол грек философиясы ғурыптарының қорытындысы болды, элеаттар философиясына кетеді. Оның негізін салушылар Левкипп пен Демокрит болды.

Бір қарағанда атомизм ілімі аса күрделі де емес. Табиғаттағы мүмкін барлық өзгерістердің механикалық себебі — атомдар қозғалысымен түсіндіріледі. Табиғи қүбылыстардың себебі, табиғаты физикалық жағдайлар, оны жер бетінен іздеу керек деп қарастырды.

Бұл ойлау тарихында бүтін нәрсенің жағдайын жеке бөлшектер қасиеті арқылы тусіндіретін ғылыми программа болды. Яғни барлық өзгерістер себебі атомдар қозғалысы делінді. Жаңа уақыттағы барлық әлеуметтік, психологиялық, физикалық теориялар осылай түсіндірілді.

Аристотельдің континуалдық деп аталатын программасы үшінші ғылыми программа болды. Ол дәуір аяғына таяу пайда болды. Ол Демокриттің де, Н.Пифагордың да, Платонның да көзқарастарын жақтамады.

Ол заттарға математикалық идеялардың қатысын да, заттардың атомдардан қуралатынын да қуаттаған жоқ. Аристотель дүниенің 4 түрлі себебін үсынады: олар формалды, материалдық, қазіргі кездегі және мақсаттық. Аристотельдің атақты «Органон» трактаты логика бойынша жазылған оның үлкен еңбегі болып табылады.

Антикалық дүниенің негізгі үш ғылыми программасы осындай. Ғылымның әрі қарай өзгеруі мен дамуы осы үш программамен байланысты болды. Бул программада табиғи заңдардың математиканы қолдануы болмады, олар жеке-жеке дамыды, табиғи қубылыстарды қайталап көрсете алатын тәжірибе жетілмеді.

Гректердің жаратылыстануы абстрактылы — түсіндірмелі ғана болды, жасаушы, әсер етуші компоненттер болмады.

6.Ғылыми теория. Теорияның құрылысы мен негіздері туралы Ғылымды қоғамдық сананың формасы ретінде түсіну және ақиқат туралы нақты білім беретін мәдениет сферасы ретінде қарастыру — толық емес және аяқталмаған жағдай. Ғылыми білімнің пайда болуының формалары туралы мәселелер толығымен шешілген жоқ. Ғалымдар ғылыми білімнің негізгі формасы ғылыми теориялар деп санайды.

Жоспар1. Теория — ғылыми білімнің формасы. Теория және ғылыми бағдарламалар2. Ғылыми теорияның құрылымы3. Ғылыми теориялардың классификациясы4. Ғылыми түсініктер және олардың пайда болу жағдайлары5. Ғылыми-танымдық әдістемелер.6. Ғылым заңдары.7. Ғылыми революциялардың ерекшеліктеріТеория — ғылыми білімнің формасы. Теория және ғылыми бағдарламалар.Теория-ғылыми білімнің ең күрделі және дамыған формасы. Генетикалык,

жағынан, классификациялау секілді оның қалыптасуына негіз болған формалардан соң пайда болды. Сондықтан, теориялар программалар мен гтарадигмалардың негізінде пайда болады. Парадигма дегеніміз — нақты бір ғылыми зерттеуді анықтайтын және ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде танылған алғы шарттардың жиынтығы. Осы парадигмалар шеңберінде теорияларда қолданылатын ең маңызды базистік жағдайлар анықталады, ғылыми түсінік беру мен ғылыми білімді уйымдастырудың, оған баға берудің үлгілері қарастырылады. Ал бул базистік жағдайлардың ортақтастығы ғылыми программалар негізіне жататын философиялық принциптермен анықталады.

Қоғам мәдениетінің әркелкілігіне байланысты бір мәдени-тарихи біртұтастықтың шеңберінде бірнеше ғылыми программалар қалыптасады. Сонымен бірге бір ғылыми теориялар   тудырады.

Page 11: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

Ғылым мен мәдениеттің байланысын жете түсінбеу — ғылым дамуы мен ғылыми парадигмалардың ауысуын көрсететін себептерді анықтаудың мүмкін еместігіне әкеліп соғады.

Ғылыми теорияның құрылымыҒылыми теорияның құрылымын зерттеуге кірісерде оның мазмүндық жэне

формальдық жақтарын да ескеру қажет.Мазмүны жағынан теория — ең алдымен, эмпирикалық базистен, атап айтқанда,

тәжірибелер барысында анықталған және теориялық түрде қорытындылауды қажет ететін білім фактілерінің жиынтығынан; теорияның логикалық аппаратынан, яғни теория шеңберінде қарастырылатын қорытындылар мен дәлелдемелерден; теорияның өзінен, яғни дәлелдерімен қоса алынған тужырымдамалардан түрады.

Дегенмен, теорияны талдаудың формальды жағы да қызықты. Бүл жағдайда теория объектіге постулаттар, аксиомалар, жалпы заңдар түрінде анықтама береді. Олар көбінде басқа теориялардың терминдері арқылы анықталып, дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде болады.

Теорияның өзіндік негіздеріне логикалық түрғыдан оның қалған терминдерімен сөйлемдерді толықтырып туратын негізгі термин сөздер мен сөйлемдер жатады.

Сонымен қатар, теорияның қосымша негіздері де бар. Олар бірнеше топқа белінде:1) Семиотикалық негіздер — теорияның тілін қалыптастыру ережелері. Көптеген

ғылыми теориялар табиғи тілді (біз өзіміз қолданып жүрген) қолданады, ал кейбір теориялар үшін формальды тілді (мысалы  компьютерлік бағдарламалардың тілдері)  қолдану  қолайлырақболады.

2) Методологиялық негіздер — сол ғылым пайдаланатын әдістемелер. Олар басқа теориялардан, ғылымдардан алынуы мүмкін.

3) Логикалық негіздер — бұл теория терминдерін сөйлемдерін логикалық түрде жүйелеу.

Қазіргі теориялар көпке әйгілі «аристотельдік» логиканы ғана пайдаланып қоймайды, сонымен қатар көптеген классификациялық емес логикаларды да қолданады.

Прототеориялық логикалар — булар белгілі бір теорияның негізі болып саналатын теориялар. Мысалы, физика үшін математика, ал жалпы жаратылыстану философиясы үшін — барлық жеке жаратылыс ғылымдары тағы басқа.

Философиялық негіз — теорияны негіздеуге, оның мәселелерін шешуге арналған философиялық принциптер мен категориялар. Фило-софиялық негіздер белгілі бір ғылымның жаңалануына және негізгі мәселелерін шешуге көмектесуі тиіс.

Ғылыми теориялардың классификациясыҒылыми теориялардың мәні жэне пайда болуы туралы зерттеген кезде оларды

классификациялауға да мән берілуі тиіс. Ғылым зертте-ушілер әдетте ғылыми теорияларды үш түрге бөледі.

Бірінші түрге жататындар — сипаттамалық (эмпирикалық) теория-лар жатады. Мысалы: Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы, И.Павловтың физиологиялық теориясы тағы басқа. Көптеген тәжірибелік (эмпирикалық) мәліметтердің негізінде бул теориялар белгілі бір объектілер мен процестерді сипаттайды.

Ғылыми теориялардың екінші түрі математикаландырылған ғылыми теорияларды құрайды. Теориялардың бүл түріне теориялық физика саласындағы теориялар жатады. Көп жағдайда бул теориялар аксиомалар түрінде беріледі.

Үшінші түрге жататындар — дедуктивтік ғылыми теориялардың жүйесі.Алғашқы дедуктивтік теория Евклидтің «Бастамалары». Бүл теориялардың негізгі

мазмуны ең басында беріледі де, ал бүдан шығатын қорытындылар теорияға соңынан енгізіледі. Дедуктивті теориялар әдетте ерекше бір шартты тілмен беріледі.

Аталған әрбір ғылыми теориялардың мазмүны мен ерекшеліктері — олардың пайда болуы — ғылыми түсініктердің қалыптасуымен тығыз байланысты.

Page 12: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

Ғылыми түсініктер және олардың пайда болу жағдайларыТүсінік дегеніміз — заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қатынастары

бойынша берілетін санадағы бейнесі, сонымен қатар, заттарды жалпы белгілері бойынша жіктейтін немесе біріктіретін ойлау формасы.

Оларды эмпирикалық және теориялық түсініктер деп бөлуге бола-ды. Олардың арасында абсолюттік шекара жоқ.

Әдетте эмпирикалық түсініктерге реальды шындық жағдайындағы қубылыстар мен заттарға байланысты түсініктер жатады, ал теория-льщ түсініктер де объективті өмірдегі заттар мен құбылыстарға байла-нысты, бірақ олардың негізгі қасиеттеріне бірден байқала бермейтін гипотетикалық қасиеттері алынады.

Мысалы, «температура» деген түсінікке біз эмпирикалық және тео-риялық тұрғыдан анықтама берелік. Эмпирикалық деңгейде буған сы-нап бағанының биіктігі арқылы анықтама беруге болады, ал теория-лық деңгейге келетін болсақ, температураны дене молекулаларының орташа кинетикалық энергиясына пропорционал шама ретінде қарастыруға болады. Бұл жерде еске ала кететін бір жағдай: кез келген идеалдық объектіні сипаттау үшін реальды қасиеттер мен қатынастарды пайдалану шарт емес, гипотетикалық тұрғыдан қарастыру да жеткілікті.

Ғылымның мақсаты — әр түрлі заттар мен қубылыстардың қайталанып отыратын маңызды қасиеттері мен қатынастарын көрсететін жалпы заңдарды анықтау.

1. Ал бүл мақсат ғылыми абстракция арқылы жүзеге асады.2. Абстракция ғылыми теорияға сәйкес келуі керек.

7.Ғылыми-танымдық әдістемелерӘдістеме дегеніміз — қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер жиынтығы.Әдістеменің маңызын Жаңа уақытта ең алғаш рет француз математигі әрі

философы Р.Декарт өзінің «Әдістеме туралы талдау» атты еңбегінде атап көрсетті.Әдістеме адамдардың қабілеттерін теңестіріп қоймай, олардың қызметін де

біркелкі жүйеге түсіреді, ал буның өзі барлық зерттеу-шілердің бірдей нәтижелер алуына көмектеседі.

Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен ңатар, өзіне тән зерттеу әдістемелері бар. Пән мен танымдық әдістеменің бірлігін негіздеген неміс философы Гегель.

Ғылыми әдістеме зерттеудің әр деңгейінде қолданылатын жеке-жеке әдістемелерден түрады. Сондықтан, олар теориялық және эмпи-рикалық әдістемелер болып бөлінеді.

Теориялық деңгейдегі ғылыми зерттеулер әдістемелеріне мына-ларды жатқызуға болады: 1) формальды — зерттелетін процестердің мәнін ашатын абстрактылы-математикалық жобалар жасау; 2) аксиомалық теорияларды дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде құру; 3) гипотетикалық дедуктивті әдістеме — бір-бірімен дедуктивті түрде байланысқан гипотезалардың жүйесін жасау.

Ал эмпирикалық әдістемелерге жататындар: бақылау — объективті жағдайдың қубылыстарын мақсатты түрде қабылдау, сезіну; сипаттау — объектілер туралы мәліметтерді тіл қуралдары арқылы жеткізу; өлшеу — объектілерді ұцсас қасиеттері мен жақтары бойынша салы-стыру; эксперимент (тәжірибе) — қубылыстарды қайталау мақсатымен арнаулы жасалған және бақыланған жағдайларға зерттеулер жүргізу.

Сонымен қатар, жалпы әдістемелерді де бөліп қарауға болады, олар:1. анализ  — тұтас  заттарды  толық зерттеу жүргізу  үшін  жеке құрамдас

бөліктерге бөлу;2. синтез — заттың бурыннан жіктелген жеке қүрамдас бөліктерін біртұтас

жүйеге біріктіру;3. абстракциялау  —  зерттелетін құбылыс үшін маңызы жоқ қасиеттер мен 

қатынастар арасынан қажетті қасиеттер мен қатынастарды бөліп алып қарастыру;

Page 13: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

4. қорытындылау — нәтижесінде объектінің жалпы қасиеттері мен белгілері анықталатын ойлау тәсілі;

5. индукция — жалпы қорытынды жекелеген жағдайлардан жасалатын зерттеу әдістемесі;

6. дедукция — жалпы қорытындыдан жекелеген пікірлер тудыратын талдау тәсілі;

7. аналогия — объектілердің бір белгілерінің уқсастығы бойынша, келесі бір белгілерінің де уқсастығын анықтауға арналған ғылыми тәсіл;

8. жобалау — объектіні оның көшірмесін жасап, зерттеу;9. классификациялау — барлық зерттелетін заттарды маңызды бір белгілері

арқылы жеке топтарға бөлу.Қазіргі ғылымда сонымен қатар статистикалық әдістемелердің маңызы зор, олар

зерттелетін заттардың барлығын сипаттайтын ор-таша мәндерді анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кездегі жаратылыстанудың бір ерекшелігі зерттеу әдістемелері алынатын соңғы нәтижеге үлкен әсерін тигізеді.

Ғылыми революциялардың ерекшеліктеріҒылыми танымның мақсаты — шындықты айқын бейнелейтін ғылым заңдарын

КҮРУ- Табиғатта заттар мен қүбылыстар арасында тұрақты түрде қайталанып түратын байланыстар, яғни объективті заңдылықтар бар. Осы объективті заңдылықтардың бейнелері заңдарды туғызады. Заңдар үнемі объективті сипатта болады, яғни объективті дүниенің қүбылыстарын байланыстыратын реальды процестерді білдіреді. Заңдар танымның сатылары іспеттес. Оларды ортақтық дәрежелеріне байланысты бірнеше түрге бөлуге болады: жеке заңдар (ғылымның шектеулі салаларына ғана қолданылатын), ортақ заңдар (бірнеше ғылыми салаларда қолданылатын заңдар), жалпы заңдар (болмыстың іргелі заңдары).

Заңның негізгі белгісі — әмбебаптық және шындықты айқын көрсету.Ғылыми революция дегеніміз — ғылым дамуының белгілі бір ке-зеңінде пайда

болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмүнын өзгертетін ерекше қүбылыстар.Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп

қарастыруға болады:1. жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,2. табиғат туралы бүрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;3. тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теорияларды талқандап,

шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы түрде қайта құру.Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми револиэцуялардың

түрлерін бөлігін қарастыруға болады.1. Жеке — білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция2. Кешендік — білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;3. Әлемдік — ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске

алу қажет:1. ғылыми революциялардың аумағы;2. ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру реңдігі;3. жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыспгггтгү теориялар

ашу;4. әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;5. ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;6. ғылым дамуының тарихи кезеңі,7. ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономика қайта құрулар.

Page 14: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы техникалық революция мен XX ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.

8.Ғылым және оның қоғам өміріндегі рөлі Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және

игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады.

Ғылым — қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.

Жоспар:1. Ғылым анықтамасының мәселелері2. Ғылымның, философияның және діннің арацатынасы3. Ғылым қурылымы, атқаратын функциялары4. Ғылымға қойылатын критерийлерҒылым анықтамасының мәселелеріАдам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған

күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.

Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі — латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім — адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым — тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.

Ғылымның, философияның және діннің арацатынасыТарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе оты-рып ерекше

бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бул орта ғасыр мен Жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі. Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, мәдениетіндебасымдылыққа ие болды.

Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету қүқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сүрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін. XX ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мундай көзқарас бұқара халық тұрмақ саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар, суретшілер) түсініксіз боп қала берді. XX ғасырдың басында фило-софтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бүл жолдың апатқа бас-тайтынын

Page 15: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

ашық айтты. Бұл XX ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды.

Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары — ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену — осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бундай көзқарас XX ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы — мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.

Сөз жоқ, ғылым — адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады.

Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол — тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады.

Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз ғылымға нақты анықтама бере аламыз.

Ғылым — жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бул түсініктің мазмунына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механизмдері кіреді.

Ғылым қурылымы, атқаратын функцияларыОбъективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамзатты

қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.

Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану — қоғамдық емірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.

Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның қүрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан.

Мұнда заттар мен олардың қүрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі, химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және Космос туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы объектілерінен іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады

Денелер, олардың қозғалысы, олардың әр түрлі деңгейлердегі пайда болу формалары мен айналымдары физикалық ғылыми білімнің зерттеу объектілері болып табылады. Іргелі сипаты бойынша олар жаратылыстанудың негізіне жатады және басқа да білім салала-рын қамтиды.

Химиялық элементтер, олардың қасиеттері, айналымдары мен қосылыстары химиялық білім жүйесінде көрініс табады. Физикалық білім жүйесімен көбірек байланысты болғандықтан, аралық пәндердің тобы — физикалық химия, химиялык, физика т.б. пайда болды.

Биологиялық білімдер тіршілік туралы білім тобын қамтиды, олардың зерттеу объектілері клетка мен клеткадан пайда болған бар-лық ағзалар. Биологиялық білімнің

Page 16: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

негізіне зат, химиялық элементтер туралы білім жатады. Жоғарыда айтылғандай мунда да аралық пәндер, атап айтқанда, биофизика, биохимия т.б. дамиды.

Жер Күн жүйесіне енетін бір планета есебінде геологиялық білімдердің зерттеу пәні болып табылады. Олар біздің планетамыздың қурылысы мен дамуын зерттейді. Басқа ғылымдар тобымен бірлесу арқылы геохимия, геофизика, палеонтология сияқты жаңа салалар пайда болды.

Өте ертеден бері дамыған, сонымен қатар ғылымдағы жаңа бағыттардың да қатарына жататын білім жүйелелерінің бір тобы-космологиялық білімдер, олардың зерттеу пэні — Бүкіл әлем. Космоло-гия — космостық объектілердегі жағдайлар мен өзгерістерді зерттейді.

Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты — қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім бе-реді.

Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты.

Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы   туралы   ғылыми   жүйе   құрайды.   Адамзат   жан-жақты   аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына — гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика жатады.

Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зер-ттейтін ғылыми салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары XX ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады.

Ғылым, білімнің қурылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз — арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.

Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:

1)  түсіндіру — табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;

2)  жүйелеу — жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу;3)  суреттеу — қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап

көрсету;4)  болжам жасау — дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін

есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;5)  қорытынды жасау — табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және

болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;6)  жаңалық ашу — табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар

шығару;7)  өндірістік-тәжірибелік  бағыт  беру — алған  білімді  өндірісте, әлеуметтік

басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;8)  дүниетанымдық — алған білімді әлемнің обьективті картинасымен

байланыстыру.

Page 17: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жи-нақтады, ғылыми білім — сол білімдердің тек бір түрлі ғана болып са-налады. Сондықтан ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет.

Ғылымға қойылатын критерийлерҒылымилықтың ең басты критерийі — жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан белгілі

бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, экспери-менттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.

Ғылымға қойылатын тағы бір критерий — онымен айналысатын (қоғамда) бір дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.

Ғылымилықтың үшінші критерийі — ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адам-зат игілігіне айналуы шарт.

Тағы бір төртінші критерий — рационалдылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі (әдістемелерін) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.

Ғылымға қойылатын бесінші критерий — зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар әкелді.

Ғылым анықтамасының мәселелеріҒылымның, философияның және діннің арацатынасыҒылым қурылымы, атқаратын функцияларыҒылымға қойылатын критерийлер

ҒЫЛЫМ АНЫҚТАМАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІАдамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және

игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым — қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.

Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.

Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі — латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім — адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым — тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.

 ҒЫЛЫМНЫҢ, ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЖӘНЕ ДІННІҢ АРАҚАТЫНАСЫТарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе оты-рып ерекше

бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бул орта ғасыр мен Жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға

Page 18: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі. Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, мәдениетіндебасымдылыққа ие болды.

Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету қүқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сүрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін. XX ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мундай көзқарас бұқара халық тұрмақ саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар, суретшілер) түсініксіз боп қала берді. XX ғасырдың басында фило-софтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бүл жолдың апатқа бас-тайтынын ашық айтты. Бұл XX ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды.

Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары — ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену — осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бундай көзқарас XX ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы — мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.

Сөз жоқ, ғылым — адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады.

Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол — тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады.

Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз ғылымға нақты анықтама бере аламыз.

Ғылым — жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бул түсініктің мазмунына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механизмдері кіреді.

 ҒЫЛЫМНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫОбъективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамзатты

қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.

Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану — қоғамдық емірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.

Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның қүрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан.

Мұнда заттар мен олардың қүрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі, химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және Космос

Page 19: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы объектілерінен іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады

Денелер, олардың қозғалысы, олардың әр түрлі деңгейлердегі пайда болу формалары мен айналымдары физикалық ғылыми білімнің зерттеу объектілері болып табылады. Іргелі сипаты бойынша олар жаратылыстанудың негізіне жатады және басқа да білім салала-рын қамтиды.

Химиялық элементтер, олардың қасиеттері, айналымдары мен қосылыстары химиялық білім жүйесінде көрініс табады. Физикалық білім жүйесімен көбірек байланысты болғандықтан, аралық пәндердің тобы — физикалық химия, химиялык, физика т.б. пайда болды.

Биологиялық білімдер тіршілік туралы білім тобын қамтиды, олардың зерттеу объектілері клетка мен клеткадан пайда болған бар-лық ағзалар. Биологиялық білімнің негізіне зат, химиялық элементтер туралы білім жатады. Жоғарыда айтылғандай мунда да аралық пәндер, атап айтқанда, биофизика, биохимия т.б. дамиды.

Жер Күн жүйесіне енетін бір планета есебінде геологиялық білімдердің зерттеу пәні болып табылады. Олар біздің планетамыздың қурылысы мен дамуын зерттейді. Басқа ғылымдар тобымен бірлесу арқылы геохимия, геофизика, палеонтология сияқты жаңа салалар пайда болды.

Өте ертеден бері дамыған, сонымен қатар ғылымдағы жаңа бағыттардың да қатарына жататын білім жүйелелерінің бір тобы-космологиялық білімдер, олардың зерттеу пэні — Бүкіл әлем. Космоло-гия — космостық объектілердегі жағдайлар мен өзгерістерді зерттейді.

Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты — қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім бе-реді.

Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты.

Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы   туралы   ғылыми   жүйе   құрайды.   Адамзат   жан-жақты   аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына — гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика жатады.

Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зер-ттейтін ғылыми салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары XX ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады.

Ғылым, білімнің қурылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз — арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.

Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:

1)  түсіндіру — табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;

2)  жүйелеу — жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу;3)  суреттеу — қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап

көрсету;

Page 20: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

4)  болжам жасау — дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;

5)  қорытынды жасау — табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;

6)  жаңалық ашу — табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;

7)  өндірістік-тәжірибелік  бағыт  беру — алған  білімді  өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;

8)  дүниетанымдық — алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру.

Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жи-нақтады, ғылыми білім — сол білімдердің тек бір түрлі ғана болып са-налады. Сондықтан ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет. 

ҒЫЛЫМҒА ҚОЙЫЛАТЫН КРИТЕРИЙЛЕРҒылымилықтың ең басты критерийі — жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан белгілі

бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, экспери-менттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.

Ғылымға қойылатын тағы бір критерий — онымен айналысатын (қоғамда) бір дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.

Ғылымилықтың үшінші критерийі — ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адам-зат игілігіне айналуы шарт.

Тағы бір төртінші критерий — рационалдылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі (әдістемелерін) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.

Ғылымға қойылатын бесінші критерий — зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар әкелді.

9.Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі      1. Осы Ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) берудің тәртібін анықтайды.      2. Қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) Ғылыми кеңестерінің (бұдан әрі – Ғылыми кеңестер) кандидатуралар ұсынуы негізінде аталған ұйымдардың қызметкерлеріне береді.      3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.      4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар және ғылыми атақ беруге қолдау хат ұсынған ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін тұлғаларға мынадай жағдайларда беріледі:      1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 3 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкер лауазымында, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, жоғары оқу орны басшысының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі.      Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар

Page 21: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

үміткерлер үшін жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымдағы өтілі талап етілмейді;      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 10 ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 ғылыми мақаласы.       Осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарға Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасында нөлдік емес импакт-факторы бар журналдар жатады. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Скопус немесе Jstore базаларына кіретін журналдар да жатады.      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар келесі шарттар орындалған жағдайда ескеріледі:       1) мақалалар Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасында импакт-факторы болған немесе Скопус не Jstore базаларында (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында) индекстелген мерзімде шыққан ағымдағы нөмірлерде (конференция материалдары емес) жарияланған;      2) мақалалар журналдың Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасында немесе Скопус не Jstore базаларында (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында) көрсетілген тематикалық бағытына сәйкес келген жағдайда.       Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, олар уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы мақалалар ретінде саналады.      Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының деректер базасына енгізілген патенттер халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады;      3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 баспа табағы тиесілі), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 жылда басылған, көлемі 6 баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар тұлғасы.      Осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша тиісті саладағы жарияланымдары жарияланған сәтінде 1,0-ден жоғары импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған кемінде 3 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы ереженің 4-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.      5. Профессор ғылыми атағы ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы бар және ғылыми атақ беруге қолдау хат ұсынған ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін тұлғаларға мынадай жағдайларда беріледі:      1) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында профессордан төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда тиісті лауазымда, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, жоғары оқу орны

Page 22: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

басшысының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі;      2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша 28 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 ғылыми мақала және осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасының талаптарын қанағаттандыратын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 3 ғылыми мақала;      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 баспа табақты құрайтын), не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 жылда басылған, жалпы көлемі 6 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар 3 тұлғасы.

Дәріс №2. Тақырыпты ақпараттық анықтау. Ақпараттың негізгі көздері. 2 сағ

Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.

Мазмұны 1 Ақпараттың тарихы, анықтамалары 2 Ақпарат хат ретінде 3 Ақпарат энтропиясын өлшеу

Ақпараттың тарихы, анықтамаларыАқпарат - адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал, жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа бай. Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан бастап-ақ ақпарат беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздеуде және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, "Жазбалар ғибадатханасындағы" Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің абак тастары мен жасырын хабарларды жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады."Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "informatio" сөзінен шыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастан, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде ақпарат түсінігінің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.Ақпараттың анықтамаларының көп болуы - бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен, ерекшелігімен және көп түрлілігімен байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігін айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.Бірінші теория (К. Шенон) сандық-ақпараттық тұрғыдан тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропияның) өлшемі ретінде айқындайды. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмасын, оны алу ықтималдылығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпараты соғұрлым аз болады. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш техникасында өте пайдалы

Page 23: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

болып шықты. Бұдан басқа, ол ақпараттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үші өте қолайлы Ақпаратты осы тұрғыдан түсінгенде - бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан таңдап алу нәтижесі. [2]

Ақпарат хат ретіндеАқпарат – қарастырылатын жүйе қалпы. Хабар – заттанған ақпарат. Ақпарат жіберушіден қабылдаушыға бағытталған хабардың сапасы болып табылады. Ақпарат әрқашан бірнәрсе (параметр өлшемі, оқиғаның болғаны, т.б.) туралы. Осылай қарастырылған ақпарат мағынасы ұқыпты болуы шарт емес. Ол ақиқат немесе жалған, тіпті сүюдің дауысы болуы мүмкін. Тіпті үзілісті шудың байланыс арнасын толтыруы, түсініспеушілік әкелу мүмкіндігі осы мағынасы бойынша ақпарат болып есептеледі. Дегенмен, жалпы айтсақ, ақпарат мөлшері көбейген сайын хабар дәлірек болады. Бұл модель белгілі жіберуші және кем дегенде бір қабылдаушы бар деп есептейді. Осы модельдың көптеген толықтырмаларында жіберуші мен кем дегенде бір қабылдаушының ортақ тілі барын жорамалдайды. Ақпараттың өзгеше маңызды анықтамасы оны қабылдаушы түсінетіндей жіберушіден шыққан хабар деп анықтайды. Бірақ, белгілi жіберуші болуын талап ететін “ақпарат - хат” моделі ақпараттың қоршаған ортадан, байқау, өлшеу, т.б. арқылы, алынатын нәрсе болуы мүмкіндігіне мән бермейді. Ақпарат ұғым ретінде контекстіне байланысты көптеген мағына білдіреді, дегенмен ол әдетте мағына, білім, тапсырма, байланыс, бейнелеу, сезіну дегендермен тығыз байланысты. Қысқа қайырғанда, қабылданған және түснікті хабар. Дерек хақында айтылса, ақпарат деп әлдебір түйін жасауға болатындай ақиқаттар жиынтығын қарастыруға болады. Оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы ақпарат алынатындықтан, оның т.б. түсініктемелері болуы мүмкін. Қалай болғанда да ақпарат деректерді өңдеу, реттеу және оларды қабылдаушыға жаңа білім болатындай ұйымдастыру нәтижесі болып табылады. Байланыс теориясы нәтиженің (шығыстың) анықсыздығының сандық өлшемі болып табылады. Мысалға, “мыңдаған биттерден тұратын ақпарат” деп айта аламыз. Байланыс теориясында жиі Клод Шеннонның есімімен байланысты ақпарат энтропиясы деген ұғым пайдаланылады (төменде қара). Ақпараттың келесі бір түрі Фишер (R.A. Fisher) енгізген ұғым – Фишер ақпараты. Бұл статистиканы бағалау теориясында және жалпы ғылымдарда пайдаланылады. Байқалмайтын параметр (unobserved) жайлы хабардың алып жүретін ақпарат мөлшері Фишер ақпараты болып табылады. Оны жүйені сипаттайтын ықтималдық функциясы ілімінен есептеп шығуға болады. Мысалы, қалыпты (normal) ықтималдық функциясы бойынша Фишер ақпараты заң variance керісі болып табылады. Ықтималдық заңы туралы ілімсіз Фишер ақпараты қалыпты (normal) ықтималдықпен тарайтын деректің екінші моментіне керісінен есептеуге болады. Тіпті ақпарат пен деректер бір-бірімен алмастырылып жиі қолданылатынына қарамастан, олар екі түрлі ұғым. Деректер байланысы жоқ ақпараттар жинағы болып табылады және сәйкесінше өңделмейінше, пайдасыз болып табылады. Өңделу барысында өзара жетерліктей байланыс табылса, және олардың маңызы бар болса ғана ол ақпарат санатына ауысады. Сондықтан жәй деректер түрлі мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін. Яғни деректер әлдебір ақпарат қамтылмайынша, жарамсыз болады.

Ақпарат энтропиясын өлшеуАқпаратқа хабар ретінде қарау 1948 жылғы Клод Шеннонның әйгілі "Байланыстың Математикалық Теориясы" атты мақаласынан кейін қалыптасты. Мақала Байланыс теориясының негізін қалады және ақпарат ұғымына техникалық мағына беріп қана қоймай оған мөлшерін анықтады. Егер құрылғы бірдей ықтималдықпен N хабардың бірін жіберсе, онда “жиыннан хабар таңдалған кездегі ақпарат мөлшері” екі негіздегі логарифм N-ге тең (Бұл мөлшер өздік-ақпарат деп аталады). Сол мақалада Шеннон былай жалғастырады: Логарифм негізін таңдау ақпаратты өлшеу өлшем бірлігіне сәйкес келеді. Егер негізі 2 болса нәтижесінде ақпарат бірлiктері бинарлық сандар, немесе қысқаша Тюки (J. W.

Page 24: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

Tukey) енгізген биттер болар еді. Екі бірқалыпты дәрежесі бар құрылым, мысалы – реле, бір бит ақпарат сақтай алады. Осындай N құрылым N бит сақтай алады…[1] Алгоритмдік байланыс теориясы ақпаратты өлшеудің қосымша жолын береді. Қысқаша қайырғанда, бұл тәсіл ақпарат мазмұнын белгілер тізімінің болжамдығына негіздеп өлшейді, немесе басқаша айтқанда бағдарлама арқылы тізімді есептеу қаншалықты оңай: тізімнің ақпарат мазмұны ең қысқа осы тізімді есептейтін бағдарламаның биттер саны болып табылады. Төмендегі тізімнің алгоритмдік өлшемі өте аз болар еді, өйткені ол - оңай болжауға болатын құрылым, және құрылым ретінде жалғасқанымен өлшемі өзгермейді. Шеннон ақпараты тізімнің әр белгісі үшін, олар статистикалық кездейсоқ болғандықтан, дәл осындай ақпарат өлшемін берер еді, ал әр жаңа белгі өлшемін үлкейтер еді. 123456789101112131415161718192021 Адамдық көзқараспен қарағанда дәстүрлі ақпарат теориясы мен алгоритмдік ақпарат теорияларының шектеулері бар. Мысалға, хабар мазмұны дегенде Шеннон “Жиі хабарлардың мәні бар… бұл байланыстың семантикалық жағы инженерлік мәселелерге маңызды емес. Маңызды жағы – нақтылы хабардың ықтимал хабарлар жиынының таңдалып алынған бірі болғандығында” (екпін түпнұсқадан сақталған). Ақпарат теориясында сигналдар процесстердің бөлігі болып табылады, субстанция емес; олар бірнәрсе істейді, олардың арнайы мәні жоқ. Алгоритмдік ақпарат теориясы мен ақпарат теориясын бірге пайдалана отырып ең кездейсоқ сигнал қалай тәржімеленсе де ең ауқымды ақпаратты қамтиды, әрі сығыла да алмайды деген тұжырымға келуге болады. Майкл Редди (Micheal Reddy) "математикалық теория 'сигналдары' 'алмаса алатын құрылымдар' деп байқаған. Сигналда еш хабар жоқ, онда тек мүмкін болатын хабарлар жиынынан бір хабарды таңдау қабілеті бар." Ақпарат теориясында "жүйе әр ықтимал болатын таңдаумен жұмыс істей алатындай жобалану керек, тек таңдалғанмен емес, себебі жобалану кезеңінде ол хабар беймәлім болған ".[3]

Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7 Ермеков Н.Т., Стифутина Н.Ф. Информатика. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: "Мектеп" баспасы, 2004. - 224 б.ISBN 9965-33-206-1 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3Ғылыми ақпараттың негізгі көздері  �

Дәріс № 3.Ақпараттық іздеу: түрлері ж/е жүргізу әдістемесі. 2 сағ

Информатиканың жоғары оқу орындарындағы жаңа курстарын құру мен дамыту объект және оқу құралы ретінде қатысатын түрлі компьютерлік құралдарды қолданумен тығыз байланысты. Ақпараттандыру құралдарының сапасынан информатиканы оқытудың тиімділігі тәуелді болады.

Информатиканы оқытудың құралы ретінде білім беру электрондық ресурстарын қолданумен жүзеге асырылатын оқыту әдістемесі ерекше рөл атқарады. Зерттелетін тақырыпқа зерттеу жүргізгенде, электрондық ресурстардың қалыптасу және құрылу тәсілдерін игеру керек.

Ақпараттық материалдардың, оларды жүзеге асыруда қажетті техникалық құралдармен байланысты екендігін түсіну керек. Магнитофон мен кассета, проектор мен слайдтар жиыны білім беруде бұрыннан қолданылып келе жатыр. Өткен ғасырдың соңында әрбір оқытушы техникалық оқыту құралдары жайлы кішкене болса да, хабардар болатын.

Бірақ, бұл құралдар студенттерге информатиканы оқытуда толық қолданылмаған.Бүгінгі күні жүргізу үшін компьютерді қажет ететін электрондық ресурстар

қолданылады. Электрондық ресурстар немесе басылымдар деп материалдық тасымалдағыштарда: дискетада, оптикалық компакт-дискілерде (CD-ROM, DVD)

Page 25: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

орналасқан өнімді айтады. Оларды кітаптар сияқты қолда ұстауға да болады, ол өнімдерді тарату үшін физикалық тираждау керек.

Жазудың магнитті әдісі ретінде қолданылатын дискеталар бірте-бірте қолданыстан кетіп қалды. Оларда сақталатын жаңа ақпараттардың көлеміне дискетаның сақтау қасиеті (1,4 Мбайт) аз. Оларды оптикалық компакт-дискілерде CD-ROM (Compact Disk-Read Only Memory – 700 Мбайт) және DVD (Digital Versatile Disk – 3 – 9 Гбайт) тасымалдайды.

Республиканың жоғары оқу орындарында бүгінгі күні оқу материалдарының үш тобы қолданылады – баспа, аудиовизуалды (техникалық оқыту құралдары тобы) және компьютерде жүргізілетін электрондық ресурстар. Осымен байланысты, кітаптың қолданылып келе жатқанына 500 жыл, техникалық оқыту құралдарына шамамен 50 жыл, ал электрондық ресурстарға – 7-8 жыл (Қазақстанда).

Кітап барлық ұрпақтарға белгілі, жұмыста, білім алуда қолдануға ыңғайлы. Оның қасиеті қолдану қарапайымдылығында болып отыр. Ал  кемшілігі – ақпараттың мәтіндік түрі. Онда көптеген жағдайларды мысалы, өнер туындыларын немесе қозғалыстың жүйелілігін толық түсіндіру мүмкін емес.

Техникалық оқыту құралдары білім алушыға аудиовизуалды ақпаратты ұсынады. Бұл маңызды қасиет. Бірақ үш кемшілігі бар. Біріншіден,  техникалық оқыту құралдары интерактивті емес. Ортасынан немесе басынан бастап қайта көру немесе есту ғана мүмкін. Екіншіден, бұндай құралдарда аудиодиск қолданылады, ал оларды плеерсіз тыңдау мүмкін емес. Үшінші кемшілігі – құрылғыны жүргізу әртекті. Тағы бір аспект – кітапты оқығанда ойлау және елестету дамиды, кітап аз да болса интерактивті – берілген беттері арқылы қажетті бөлімді оңай табуға болады. Сондықтан да, техникалық оқыту құралдары жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолданыс таппай отыр.

Электрондық ресурстар да аппараттық қолдауды, яғни компьютерді қажет етеді. Бұл кітаппен салыстырғанда олардың кемшілігі болып табылады. Өткен ғасырдың 80–жылдары компьютер тек символдық (әріптер, сандар) ақпаратты ғана емес, аудиовизуалды ақпаратпен жұмыс істеуді үйретті. Видеоқатар мен дыбыстық қатарларды сандық түрде кодтауды үйретті. Нәтижесінде, бүгінгі күні белгілі кез-келген ақпаратты: мәтін және сандық кесте, сурет және фотографиялар, анимация және видео, музыка және

сөздерді физикалық деңгейде бірыңғай сандық кодта сақтау мүмкін болды.Ақпаратты көрсетудің барлық түрлері қосылған, бір тасымалдағышта ақпараттық

өнімнің болуын білдіретін, «мультимедиа» деген термин пайда болды. Сәйкесінше, бұл өнім барлығына бірдей құрылғы – компьютерде көрсетілді.

Электрондық ресурстарды қолданып оқыту жаңа педагогикалық технологияның бір түрі болып табылады, ол педагогиканың негізгі заңдарына бағынады және білім берудің дәстүрлі дидактикалық ерекшеліктерін ұстанады, бірақ оқу ортасының жаңа шарттары мен критерийлерімен толықтырылады.

Оқыту тәжірибесі және психологиялық-педагогикалық зерттеулер оқытудың тиімділігі барлық мүшелер сезімдерінің белсенділік дәрежесімен тікелей байланысты екендігін көрсетті: оқу материалын қабылдау сезімі барынша әртекті болса, онда ол соншалықты нақты игеріледі .

Сонымен, информатиканы оқытуда жетістікті оқу құралы электрондық ресурстар болып табылады. Бұндай құралдар бірден бірнеше ақпараттық технологияларды қолдану негізінде іске асады. Соңғыуақытта Интернет әлемдік желілік құрылымына қолданушылардың белсенді қосылуы жүріп жатыр. Әлемдік инфрақұрылымды өзгерткен техникалық жаңалық гипермәтіннің жасалуы болды. Гипермәтін немесе гипермәтіндік құжат басқа

құжаттарға сілтеме бола алады, таңдалған жүйелілік ізімен мәтін элементін қолдана отырып, басқа құжатқа өте алады. Гипермәтін ойының әрі қарай дамуы гипермедиа болып табылады, яғни гипермәтін мен мультимедианың қосылысы, мәтінге график, дыбыстық қосылыс, видеофрагменттер қосылған орта. Осы орталарда беттер арасында бір-біріне өту мәтіндер арқылы емес, бейнелер арқылы жүргізілуі мүмкін.

Page 26: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

Гипермәтін мен гипермедианың мүмкіндіктері электрондық ресурстар жасауда тиімді қолданылып келеді. Гипермәтіндік басылымдардың көптеген түрлері бар. Олардың бір бөлігі – білім беру мақсатында қолданылатын кәдімгі қағаз басылымдар дубликаты. World Wide Web (WWW) –Интернет желісі арқылы ақпаратты қабылдауды жеңілдететін мәтін, графикалық иллюстрация, дыбыстық фрагменттер және анимациялар біріктірілген құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін технологиялар. Жалпы алғанда, WWW Интернет желісі қызмет ететін коммуникациялық негіз, ауқымды гипермәтіндік орта деп айтуға болады.

Жаңа компьютерлік коммуникациялардың жоғары білім беру саласында оларды жемісті қолдануды қамтамасыз ететін сипаттамалары бар.

Олардың көмегімен, барынша үлкен қашықтыққа ақпараттың кез-келген көлемін жедел беруге, үлкен көлемді ақпараттарды компьютердің жадында оларды кез-келген уақытта қағазға шығарып алу мүмкіндігімен, ұзақ уақытқа сақтауға, интерактивтік байланыс көмегімен жедел кері байланыс орнатуға, Интернет желісінің арқасында түрлі ақпарат көздеріне еркін қол жеткізуге болады.

Білім беруде Интернет желісінің электрондық пошта, телеконференция, жіберу тізімдері (Mailing lists), электрондық оқулықтар, электрондық кітапханалар, WWW де ақпарат іздеу сияқты мүмкіндіктері кең қолданылып жүр.

Электрондық пошта жаңа телекоммуникациялық құралдардың негізігі компоненті болып табылады. Электрондық пошта көмегімен берілген кез-келген қашықтықтағы адреске ақпараттың барлық түрлерін жіберуге болады.

Оны жүзеге асыру үшін локальды компьютерлік желілерді немесе дәстүрлі телефон желісін қолдануға болады. Білім беру саласында электрондық пошта көмегімен бір мақсатта білім алатын түрлі топтардың өзара байланысы жүзеге асырылады. Олар республиканың әртүрлі аймағында немесе әлемнің түрлі елдерінде отырып, оқу, іздеу немесе зерттеу сипатындағы өзіндік жұмыстарын жүргізе алады.

елекоммуникациялық қатынастың тағы бір түрі телеконференция болып табылады. Телеконференциялар екі түрлі әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін. Бірінші әдісі электрондық поштаға негізделген және offline режимінде жұмыс істейді. Екінші әдіс Web серверге негізделген және online режимінде жұмыс істейді. Web серверде хабарландырудың электронды тақтасы деп аталатын арнайы орын болады. Бұл тақтаға қатысушылардың ойын тыңдайтын және мәселені талқылауға өздері де қатысатын қосылушылардың кез-келген саны бір мезгілде қосыла алады.

Әлемдік гипермәтіндік орта (WWW) көмегімен білім беру мекемелері өз қызметтері жайлы ақпараттарды жариялай алатын, WEB-беттер құру арқылы практикалық, ғылыми, әлеуметтік потенциалдарын жариялау мүмкіндіктеріне ие болады. WEB-беттер көмегімен қажетті ақпаратты іздестіруді жүргізуге болады. WEB-технологиялар Интернет желісінің кез-келген ресурстарына жеңіл қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Сірә да қазір, интернет ауқымды желісінде табу мүмкін емес ақпарат жоқ шығар. Интернет өзінің көлемдері мен мүмкіндіктері жөнінен бірегей мәліметтер қоймасы болып табылады. Мұнда әлемдегі бар нәрсе туралы ақпараттың өте көп түрі сақталады. Сол сияқты, желіде білім беруде пайдалануға болатын интернет ресурстардың үлкен көлемі бар. Бұл сайттар интернетте үлкен сұранысқа ие.

Білім беруде интернет ресурстары өте жиі қолданылады. Тіпті интернетті ақпарат көзі ретінде оқушылар мен студенттер де қолданады.

Интернет ресурстардың көп бөлігі тек қана мектеп бағдарламасына арналған.Әдетте бұл, әртүрлі шешімдер жинақтары, шпаргалкалар, дайын рефераттар, оқу

әдебиеті. Алайда онда шынымен де қызықты ақпараттық ресурстар да кездеседі. Тіпті оларға емін-еркін қол жеткізуге де болады, яғни тегін алуға болады. Айтып кеткеніміздей, білім берудегі ақпараттық ресурстарды жоғары оқу орындарының студенттері де

Page 27: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

пайдаланып жүр. Себебі интернет кітапханадан іздеп табу қиын немесе кейде табу мүмкін емес ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Алайда білім берудегі интернет ресурстары – не туралы болмасын ақпаратты сақтайтын немесе дайын жұмыстарға арналған сайттар ғана емес.

Жыл санап интернетте әртүрлі оқу орындарының білім беру ресурстарының көптеген саны шыға бастады. Бұл дегеніміз әртүрлі оқу пәндері бойынша кеңейтілген ақпаратты сақтайтын білім беру сайттары болуы мүмкін. Бірақ, сондай-ақ интернетте қашықтан білім беру жүйелері де берілген. Осындай интернет ресурстарының арқасында көптеген адамдар оқу орнына бармай-ақ, қашықтан оқу мүмкіндігін алды. Олар басқа қалаларда, тіпті басқа мемлекетте өмір сүрсе де осындай интернет ресурстар көмегімен білім ала алады, өйткені ауқымды компьютерлік желінің мүмкіндіктері шексіз.

Бертінге дейін біздің елімізде интернет шын мәнінде қол жеткізу қиын байлық қатарында болды, оны кез-келген адам өзіне қолдана алмайтын еді.

Және бұл жерде мәселе қаржы жағында ғана емес, әрине қаржының дамаңызы жоқ деуге болмайды, бірақ таза техникалық жағынан алғанда адамдар

интернетке барлық жерде қосыла алмайтын. Ауқымды желі жұмысы тек қана ірі қалаларда ғана іске татырлық болатын. Алайда соңғы кездерде жағдай түп-тамырымен өзгерді. Сөйтіп, қазір интернет әрбір үйде бар деуге болады және өте көптеген адамдар интернет ресурстарды өздерінің білім алуына пайдалана алады.

Интернет мектептегі білім беру мен жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін бірегей мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім беру ақпаратының таусылмайтын массиві ғана емес, сонымен бірге оны іздеу, өңдеу, қою құралы қызметін де атқарады. Интернет оқушының шығармашылық жағынан өзін-өзі шыңдауын, оның екпінді интеллектуалды және коммуникативті еңбегінің керемет көзі болып табылады, соның нәтижесінде оқушыда қажетті білімдер, біліктілікпен дағдыға ие болу мүмкіндігі пайда болады. Қазіргі уақытта Интернетте мектептегі білім беру мақсаттарындағы ресурстарды жасау және бір жүйеге келтіру үрдісі қызу жүріп жатыр. Білім беру веб-сайттары жаңа білім беру ақпараттық технологияларының маңызды элементі бола бастағандықтан, пән мұғалімдері мен әдіскерлерді Желінің дидактикалық потенциалымен, мұндай сайттардың оқушыларды тәрбиелеу мен білім беру мақсаттарында бере алатын мүмкіндіктерімен таныстыру маңызды. Білім беру ресурстарының әртүрлі классификациясы бар. Мектеп бағдарламасының әртүрлі пәндері бойынша оқу процесінде пайдаланылуы мүмкін Қазақстандық білім беру ресурстарының кейбірін атап өтсек, мысалға:

   Аталған тақырыпты қарастыруда электронды білім беру ресурстарын олардың білім беру үрдісінде қолданылу белгілері бойынша классификациялау (әрине, бұл классификация интернет-ресурстарына да тиесілі) неғұрлым ұтымды.

Оқушылардың өздік жұмыстары ресурсы. Бұл категория ресурстарына қойылатын талаптар: контингенттің жас ерекшеліктерін есепке алатын мазмұндау қарапайымдылығы, жоғары көрнекілік, оқыту бағдарламасына сәйкестік, оқушыға оқыту нәтижесін дұрыс бағалауға және ары қарайғы сабақтарды ұйымдастыру жөнінде ұсыныс алуға мүмкіндік беретін, білімін бақылау жүйесінің болуы.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуына арналған ресурстар. Бұл категорияны тағы да екі категорияға бөлуге болады: көрнекі материалдарды іріктеуге арналған және әдістемелік ресурстар. Ресурстардың бұл түріне қойылатын негізгі талаптар ондағы бар ақпараттың шынайы және мол болуы болып табылады.

Мұғалімнің өз білімін көтеру ресурсы. Ресурстардың бұл категориясына әртүрлі қашықтан оқыту сайттарын, сондай-ақ институттар мен қоғамдар т.б. сайттарын жатқызуға болады. Сабақта практикалық жұмысты ұйымдастыруға арналған ресурс.

Мұнда виртуалды эксперименттерді, лабораториялық жұмыстарды т.с.с. өткізу үшін мультимедиалық технологиялар мен интернетті қолдануға мүмкіндік беретін ресурстар жатады.

Page 28: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

Пән бойынша сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру ресурсы. Бұл әртүрлі интерактивті викториналар, конкурстары бар, сондай-ақ қызықты

тәжірибелерді ұйымдастыру бойынша материалдар т.б. орналастырылған сайттар.Қазіргі уақытта интернет-ресурстарды оқу процесінде пайдаланудыңәдістері мен формалары жасалу үстінде. Әртүрлі пәндер бойынша оқу процесінде

интернет ресурстарды қолдану бойынша «Интернет-білім беру сұрақтары (http://center.fio.ru/vio)» электронды журналынан табуға болады.

Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі бойынша интернет-ресурстар мен әдебиеттерге көптеген сілтемелерді «Ашық колледж (http://www.college.ru/)» сайтынан және басқа да интернет-ресурстарының білім беру каталогтарынан көруге болады.

Мұндай электронды журналдар мен қашықтан оқыту курстарында интернет-ресурстарды қолдану арқылы өткізілетін презентация-сабақтар, зерттеу сабақтары, виртуалды эксперимент, лабораториялық сабақ, тақырыптық жоба, электронды викторина, білім бақылау, факультатив, желілік жоба, жекелеп оқыту, қосымша сабақ сияқты сабақтар түрлері ұсынылады.

Әрине басқа да формалар болуы мүмкін, мысалы, «виртуалды экскурсия», желілік ойын, пресс-конференция, шығармашылық есеп-сабақ, қашықтық олимпиадалар, телекоммуникациялық жобалар және басқалар.

Интернет ресурстары мұғалімдер үшін өзінің квалификациясын көтеру мақсатында қолданылуы мүмкін(желілік әдістемелік бірлестіктер, виртуалды педагогикалық кеңестер, қашықтан оқыту, желілік жобаларға қатысу т.б.) Қашықтан оқыту курстарында білім беру интернет-ресурстарын келесі түрде пайдалануға кеңес береді:

— сабақтарға дайындық жүргізуде, яғни, қажетті дидактикалық материалдарды ары қарай offline режиміндегі сабақтарда пайдалана алатындай жинақтау;

— желіден компьютерлік оқыту және модельдеуші бағдарламаларды ары қарай сабақта қолдану үшін көшіріп алу;

— желі ресурстарын пайдалану арқылы online режимінде сабақ өткізу, мысалға анимациялар, апплеттер немесе интерактивті виртуалды лабораториялар пайдалану арқылы сабақ өткізу;

— оқыту мен білім деңгейін тексеруді қашықтан оқыту сабақтары мен тесттері арқылы ұйымдастыру;

— оқушыларды үй тапсырмасын орындау үшін желінің білім беру ресурстарына бағыттау;

— оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарда интернет-ресурстарды пайдалану, мысалы, жоба құруда; оқушылардың қашықтық олимпиадалар мен викториналарға қатысуын ұйымдастыру;

— ауқымды желінің ресурстарын әртүрлі телеконференциялар мен виртуалды педагогикалық кеңестерге қатысу арқылы немесе чаттарда және электрондық почта арқылы әріптестермен пікір алмасып, сондай-ақ әдістемелік бірлестіктер сайттарында орналасқан көптеген материалды оқып- үйрену арқылы өзіндік кәсіптік деңгейді көтеру үшін пайдалану.

Жалпы ақпараттық білім беру мен интернет-ресурстарды оқу үрдісінде қолданудан күтілетін нәтижелер:

Білім беру ортасынының қоғамның ағымдағы сұранысына бейімделуі;Түрлі әлеуметтік топтар мен түрлі аймақ өкілдеріне білім алу мүмкіндігінің тең

дәрежеде болуы;Үздіксіз білім беру жүйесін қолдау;Білім беру процесінің тиімділігін арттыру;Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі үшін компьютерлік технологияны қолдану

арқылы ақпаратты сақтау және өңдеу жұмысының тиімділігінің артуы;

Page 29: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

Оқыту сапасының артуы, мұғалімнің өз пәні саласында білімнің жинақталуы, оқытудың қазіргі әдістерін меңгеруі мен педагогикалық процесті компьютерлік технология көмегімен ұйымдастыруы;

Педагогтар мен оқушылардың 21 ғасырдың ақпараттық технологиясына инновациялық және базалық дайын болуы.

Оқушылардың оқу материалын көрнекі мультимедиялық құралдарды қолдану арқылы жақсы меңгеруі;

Ақпарат ресурстарына локальді желі немесе Интернет арқылы шығуы 21 ғасырдың медиасауаттылық, сын және жүйелі ойлау, шығармашылық міндеттерді шешуге қабілеттілігі, командада жұмыс жасай білу, дербестік, терең ойлай білу, азаматтық сананың болуы сияқты қасиеттерден тұратын сапасы мен білігінің даму деңгейі;

Әлемдік білім беру кеңістігінде кіріктірілу;Халықтың оқу мекемелері ұсынған білім беру қызметінің кешенімен қамтамасыз

етілуі;Педагогтер мен оқушылардың оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының, оқу

әдістемелік кешенмен және т.б. еркін таңдауының қамтамасыз етілуі;Оқытушылар мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет мотивациясының, қарым-

қатынас мотивациясының, қол жеткізу мотивациясының жоғары деңгейі.

II Модуль. Ғылыми зерттеулер туралы есеп беруді даярлау және рәсімдеу.

Дәріс №4. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс. 2 сағДәріс№ 5. Ғылыми мәтіндерді рәсімдеуге қойылатын талаптар.2 сағ

1.Ғылыми мақалалар жазу және жариялау бойынша нұсқаулар.

Мақалаларды рәсімдеу үшін: ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу), мақаланың тақырыбы (барлығы бас әріптермен), авторлар туралы мәлімет, қысқа аннотация және түйін сөздер (курсив), мақаланың мәтіні, әдебиеттер тізімі, түйіндемелер болуы қажет.

Мақалаларды жазу мен рәсімдеу тәртібін сақтау үшін журнал редакциясы авторлардың төмендегі ережелерді сақтауын сұрайды.

Мақала материалдары баспадан шығу үшін Microsoft Word редакторында терілген 4-7 беттік мақаланың қолжазбасы А4 форматты қағазға 1 дана шығарылып, қазақ немесе орыс тілінде тапсырылады. Мақала материалының электронды нұсқасы міндетті түрде болуы қажет. Баспаға ұсынылатын мәтінді рәсімдеу тәртібі: қазақ және орыс тілдерінде жазылған мәтіндер үшін – Times New Roman, шрифті – 12, жоларалық интервал – 1. Параметрлері барлық жағынан – 2см.

Редакцияға келіп түскен материалдардың сол саланың жетекші мамандары берген сынпікірі болуы керек. Пікір беруші мақалалардың сапалылығына жауап береді. Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар үшін ғылым докторларының немесе ғылым кандидаттарының пікірі болуы тиіс. Мақалаларды жариялау үшін пікір берушілердің ұсынысы жеткіліксіз. Соңғы шешімді редакция ұжымы қабылдайды. Қазақ тіліндегі мәтін үшін – орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме, орыс тіліндегі мәтін үшін – қазақ және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме, автордың түйіндемесі: тегі, аты, әкесінің аты, қызметі, жұмыс орны, үй және жұмыс телефондары, e-mail берілуі керек. Түйіндеме кемінде 100 сөзден кем болмау керек. Жазылған мақала көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда басылымға жіберілмейді. Авторлар өз еңбектерінде берілген негізгі мәліметтер мен дәйексөздерге, нақты дәлелдерге жауап береді, қолжазбалар авторларға қайтарылмайды.

Журналға жазылған автор өз еңбектерін кезексіз шығарып отыруға мүмкіндік алады. Мақаланы жазғанда сізге көмектесетін бірқатар негізгі мәселелер бар:1. Сізді қызықтыратын және ауқымды тақырыпты таңдау;

Page 30: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

2 Сізді қызықтыратын мәселе бойынша әдебиеттерді таңдау (сіз жақсы жұмыс жазғыңыз келсе жақсы әдебиеттерді оқыңыз);3. Жоспар жасаңыз және оны сақтаңыз;4. Мақалаңыз жарияланатын журналды таңдаңыз (оның талаптарымен таныс болыңыз, жұмысыңызды жариялауда көптеген кедергілерді еңсересіз) Мақала жоспары қамтиды:1. Кіріспе.2. Әдістері. Бұл бөлім негізгі сұраққа жауап керек: Сіз мақсаты мен зерттеу барысын анықтап бере алдыңыз ба? Ұсынылатын деректерге тиісті талдау жүргізілді ма?3. Нәтижелері. Кестелер мен диаграммалар деректерді жеңілдетуге көмектесетін болады. Олардың мәтінді қайталамауы маңызды болып таьылады. Олардың аттары және жазбалары болуы тиіс. Барлық суреттер түсіндіруді қамтуы тиіс.4. Талқылау. Бұл бөлімде ең маңызды аспектілері: Келесі қадамдар қандай? Алынған деректерді тәжірибеде қалай қолдануға болады? 5. Қорытынды. авторы ретінде сіз сауалнама алу арқылы, неге қол жеткіздіңіз? қорытындылау қажет. Әдебиеттер тізімі. әдебиеттер тізімі ережеге сай болмаса, көптеген журналдар сіздің мақалаңыз қабылдамайды. Мұның себебі түсінікті: егер сіз әдебиеттерді меңгере алмасаңыз, мақалаңызды сұраудың мәніде жоқ. 2.Реферат жазудың әдістемелік нұсқаулығы

Реферат - студенттердің ЖОО өздігінен жасайтын жұмысының бір түрі. «Реферат» термині ек жұмыстың біріктірілген түрі. Реферат кітаптың немесе мақаланың проблемалық мазмұнының қысқаша түрі деп аталады. Олардың мақсаты қысқартылған түрінде маңызды мақаланы ұсыну болып табылады. Олар реферат журналдарында жарияланады. Мұндай жұмыстар, әдетте, студенттерге берілмейді. Рефераттың екінші түрі тақырыптың негізгі мәселелері ғылыми әдебиеттерде, журналдарда жарияланған. Бұл реферат бұл түрі студенттерге беріледі. Курстық және дипломдық жұмыстан айырмашылығы мамандық пәні бойынша ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беретін пәндер бойынша жазылған рефераттар. Әдетте реферат тапсыру нақты тақырып бойынша бақылау нысаны болып табылады. Рефератты тексеру барысында ұстаз студентке сұрақтар қоюға және қажет болған жағдайда одан әрі жазбаша түрде оны нақтылауға ұсына алады. Реферат - тәуелсіз студенттік жұмыстың түрлерінің бірі. Ол студент білімін оқу-ғылыми формасында бақылау, сондықтан оған аздаған талаптар қойылады. Ғылыми жұмыс екеніне қарамастан рефератта ешқандай жаңалықтар болмауы керек. Тақырып бойынша негізгі ойларды логикалық түрде біріктіріп, әр түрлі дерек көздерін өз көз қарасы бойынша топтастырып жазу керек. Рефератқа дайындық ол-тақырып бойынша әдебиеттерді жан жақты қарастыру және оны тереңдете оқу, кітаптарды қарау арқылы жинақталған өзіндік әдістерді кешенді түрді қолдану, өзіндік ойлау қабілеті, ғылыми негізде талдау жүргізу және тәжірибеде қолдану жайлы қорытынды шығару керек.

Студенттің рефератына қойылатын негізгі талаптар:* ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу мүмкіндігі * реферат жазу үшін оқулықтар мен оқу құралдары зерттеудің жалғыз көзі ретінде ғана пайдаланылмайды * керекті материалды монографиялардан, ғылыми мақала журналдарынан, хрестоматиялардан іріктеп ала алукерек* контекстен проблемаларды анықтау мүмкіндігі

Page 31: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

* логикалық ойлау дағдыларын пайдалану* жазбаша тіл мәдениетін сақтау * ғылыми мәтін, сілтемелер, библиографияны жобалай білу

Осылайша, реферат - студенттің оқу-зерттеу жұмысы, тақырып негізі (өзектілігі, әдебиет талдау, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері), мазмұны, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Реферат курстық және дипломдық жұмыспен салыстырғанда қысқаша схемалық, барынша азайтылады. Ол жазбаша және ауызша баяндама түрінде болады. Реферат орындау мынадай кезеңдерден өтуі ұсынады:* іріктеу және жұмыс тақырыбын таңдау * Әдебиеттерді оқу* реферат жоспарын жасау * жұмысты жазу * түзетулер енгізу және рефератты қорғау

Реферат тіркеу үшін жалпы талаптарЖұмыс қолмен қара немесе көк сия А4 парақтарда жасауға болады және қысқартылған сөздер жоқ, анық, мұқият жазылған болуы керек. Жұмыс тыныс қатесіз дұрыс орындалуы тиіс. Алайда баспа жұмыстарының түрлері үшін барлық талаптарға сәйкес типтендіру керек.Шрифт Times New Roman 14, MS Word бағдарламасында А4 форматында жүзеге асады, жиегі: сол жағы - 30 мм, оң - 10 мм, жоғары- 20 мм, төменгі жағы - 20 мм, мәтінді туралау - беттің ені бойынша, қызыл сызық - 0,75 см, жоларалық интервал - 1,5 аударымдар автоматты түрде жасалады. Реферат көлемі 17-20 беттер болып нөмірленген болуы тиіс. Әрбір жаңа тарау жаңа бетте басталады, сондай-ақ басқа да жұмыс негізгі құрылымдық элементтері тиіс. Материалдың үздіксіз мәтінмен жазылуына жол берілмейді. Әрбір бетте кем дегенде екі-қызыл жол болуы тиіс. Әрбір жаңа тармақ қызыл жолдан басталады. Сөздерді қысқартуға тиым салынады, сөздері төмендету, өрнектерді, аттарды, сондай-ақ қысқартуларды жол берiлмейдi. Реферат мынадай құрылымы бар: атау беті, жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер, қосымшалар.

3.Баяндаманы дайындау нұсқаулығы

Баяндама - кез келген саладағы берілген тақырыптың жай күйін сипаттайтын ресми ақпарат; жағдайды немесе мәселені талдау және проблеманы шешу мүмкіндіктері авторлық көзқарасы. Баяндама жазбаша және ауызша болуы мүмкін.  Рефератты туралы баяндама дереу ауызша түрінде жоспарланған және белгілі бір қосымша өлшемдерге сай болуы тиіс. Жазбаша мәтін дұрыс жазылып, безендірілген болса, сондай-ақ тиісті түрде тақырып мазмұнын ашып көрсеткен болса, ауызша қарым-қатынас үшін бұл жеткілікті емес. Ауызша баяндама құлаққа жағымды, яғни тыңдаушыны қызықтыратындай болу керек. Ауызша баяндаманы ұсыну үшін түйін сөздер қажет (өзектілігі, жұмыстың сипаттамасы, қорытындылар және шешімдер) және логикалық түрде жуйелі түрде рет ретімен ұсынған дұрыс. Тақырыпты ашу мақсатында қосымша материалдарға сүйенуге болады (слайд, кесте ж/е т.б.) Бұл сіздің баяндаманы анық және түсінікті етіп қорғауызға көмектесіп қоймай, тыңдаушығада айтылып жатқан мәселені елестетіп оны ұғуға көмектеседі.Әдетте баяндаманың құрылымы төмендегідей:1. Кіріспе:- Баяндама тақырыбын және мақсатын көрсетіледі;2. Баяндаманың негізгі мазмұны:- Баяндаманың дәйекті тақырып бөлімдері ашылады.

Page 32: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

3. Қорытынды:-Негізгі қорытынды және қаралған мәселені шешу жөнінде автордың жеке тұжырымы ұсыныс ретінде беріледі. Баяндама мәтіні берілген регламеньке сай болу керек: 7 минуттан көп емес. Сол себепті баяндамашы өз жұмысын уақытқа сай етіп қойғаны жөн, себебі сізді баяндаманың ортасынан тоқтатып тастаса, сіз өз жұмысыңыздағы ең маңызды шешімдеріңізді қорытындылай алмай қаласыз. Бұл сіздің баяндамаңызға кері әсер етіп жұмысыңыз төмен бағаланады.

4.Мазмұндама туралы

Оқушылардың тілін дамытуға, олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс әрі тартымды баяндай білуге үйрететін шығармашылық жазба жұмыстың бірі – мазмұндама. Жаңа бағдарламаның талаптарына сәйкес мазмұндама түрлері оларды қалай жаздыру керектігі мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларда көрсетіліп отырылады. Мұндай тапсырмалар кейбір мәтіндерге үлгі ретінде ғана беріледі. Өйткені тіл дамыту жұмысы тіл сабақтарының тақырыптарымен ұштастыра, байланыстыра жүргізілуі керек. Сондықтан да мұғалімдер мазмұндама жинағымен жұмыс істегенде тіл тапсырмаларының қалай берілгендігі туралы үлгіні басшылыққа алып, басқа мәтіндердің материалдарын да пайдаланғаны жөн

5.Эссе жазу үлгісі

Бүгінде ЖОО-да берілген біліміді бағалау үшін ЭССЕ көп жазылады. Ал батыс елдерінде оқуға құжат тапсырылғанда ерекше көңіл тағы да ЭССЕге бөлінеді.

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.

Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеруЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:

• Жеке көзқарастың көрінісі;• Фактілі дәлелдер (аргументтер);• Теоретикалық негіздеме;• Терминдерді қолдану;• Цитаталарды келтіру;• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;• Сауаттылық (пункт., орфогр.);• Юмор, сарказм;• Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

Эссенің жазылу құрылымы:1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).

Page 33: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

Мыс. 1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер;3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.

Жиі кездесетін қателіктер:1. Проблема ашылмайды;2. Автордың жеке позициясы көрінбейді;3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;9. Логиканың болмауы.

Бағалау талаптары. Бірінші әдіс:1. Тақырып, проблеманы ашуда жеке көзқарас, позиция, қарым-қатынас көрініс табуы. 2-1-0.5-02. Проблема теоретикалық деңгейде негізделіп терминдер дұрыс қолданылуы. 1-1-0.5-03. Қоғамдық өмір немесе жеке тәжірбиесіне сүйенген фактілі дәлелдер. 1-1-0-0

Екінші әдіс:Жалпы білімі-knowledgeable max 30Сөздік қор-Vocabulary max 20Тілді қолдану деңгейі (сан есім, сын есім, етістіктер, т.б.) max 25Сауаттылық-Mechanics max 5

6.Курстық жұмыс жазу нұсқаулығы

Курстық жұмыс оқытушылық және ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Ең алдымен курстық жұмыс тақырыбының мағынасын тереңірек, ұқыпты түсініп алыңыз. Сіздің тақырыбыңыз дәл болуы керек. Себебі егер тақырыпты дұрыс түсінбесеңіз сіздің курстық жұмысыңыз нақты шықпайды. Курстық жұмысты жазуда сізге кеңестерін айтатын жетекшіңізбен арнайы бір күнді белгілеп кездесіп тақырыпқа қатысты сұрақтарыңызды қойып алыңыз. Жетекшіңізге қоятын сұрақтарыңызды алдымен дәптерге жазып дайындап алыңыз. Курстық жұмысты безендіруге көп көңіл бөліңіз. Курстық жұмыстың жоспарын жазуда арнайы бір реттілікті сақтаңыз. Алдымен жобамен курстық жұмыс жоспарын жазып алыңыз. Артынан өз қажетіңізге қарай өзгертуіңізге болады.

КІРІСПЕКурстық жұмыс қандай да бір арнайы пәннің мәселелерін жазбаша түрдегі

студенттердің өз бетінше жасалған жұмысы. Шығармашылық өрісін және тәжірибелік қабілеттілігін жүйелі, теориялық, тәжірибелік  ақпараттарды терең игеру сәйкесінше оқу жоспары бойынша студент курстық жұмысты орындайды.

Курстық жұмыстың жазылуының негізгі мақсаты таңдалған тақырыпты зерттеудегі мақсаттылығы мен тереңділігі болып табылады. Курстық жұмыстың орындауының міндеттері келесідей:

Мамандық бойынша теориялық білімнің ауқымдылылығы, қорытындылылығы және жүйелілігі;

Әдеби көздер мен методикалық, инструктивтік, анықтама – нормативтік және басқа материалдармен жұмыс жасауын терең игеру;

Жалпы материалды дұрыс жүйеленген ғылыми негізгі нәтижелер және нақты экономикалық көрсеткіштердің ұсынысы бойынша іс-әрекеттерін байланыстыра білу;

Page 34: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

Студенттің курстық жұмыспен шұғылдануы жеке этаптардан тұрады олардың маңыздылығы мыналар:

1. Тақырып таңдау;2. Қажетті әдебиетті таңдап оқу;3. Жұмыстың жоспарын жасау;4. Жұмыстың қағаз түрінде дайындалуы;Студент курстық жұмыстың тақырыбын оқытушы  ұсынған тақырыптар ішінен

таңдайды. Сонымен қатар келесі факторлар ескерілуі қажет: Бір мәселеге қызығушылығының болуы; Мәселенің болуы; Жүйелі ақпараттардың басқа да объективтік және субъетивті кезеңдерді

қабылдауына байланысты.Курстық жұмыс тақырыбына сай әдебиет оқытушылардың, кітапхананың

көмегімен алынады.Студенттердің өзі курстық жұмыстың жоспарын жасап безендіреді. Дұрыс

құрастырылған жұмыстың жоспары бланкілі деңгейде студенттерге түсінік тақырыптарға жалпы алғанда және ішкі қарым – қатынасты байланыстыра білу. Оқытушыдан кеңес алуға мүмкіндік береді. Курстық жұмысты дайындаған кезде және жазған кезде студенттер арнайы және периодтық деректерді терең зерттейді, статистикалық ақпараттарды теоретикалық ақпараттарды шығармашылық жағынан қабылдауды үйренеді және оның негізінде ғылыми негізделген қорытынды жасауды үйренеді. Бұның барлығы студенттерге ғылыми зерттеу және практикалық негіздерді алуға мүмкіндік береді және мазмұнын белгілі тақырыпқа жазуды үйренеді.

Жоспарға сәйкес тақырыптың мазмұнын міндетті түрде логикалық ашу керек. Бұл жағдайда ақпаратты үстіртін құрастырудан аулақ болу керек, яғни кітап сөзімен, Пайдаланылған  деректерді дәл көшірмеу керек. Өйткені курстық жұмысты орындау кезіндегі шығармашылық қасиеті жоғалады. Мәтіннің жұмысын құрастыра отырып, бөлек қаулыларды декларациялаумен шектелуге болмайлы, олардың әрқайсысын дәлелдеу және нақты фактылық ақпаратпен бекіту.

Курстық жұмыстың құрылымыКурстық жұмыстың көлемі 20 – 25 беттен компьютерлік текстен аспау керек.Курстық жұмыстың элементтерінің құрылымы мыналар болады: Бастапқы бет (титулды парақ) Курстық жұмыстың жоспары Кіріспе Негізгі бөлім Қорытынды Пайдалынылган деректердің тізіміКурстық жұмыстың, элементтердің құрылымына талаптар:Титулды бетТитулды бет курстық жұмыстың бірінші парағы болып табылады және ақпарат

жүйесіне қызмет етеді, қайта қарау және ізденіс құжаттарымен қамтамасыз етеді және А қосымшамен сәйкесінше безендіреді.

Титулды бет курстық жұмыстың жалпы беттерінің нөмірлерін көрсетеді. Беттің нөмірі титулды параққа қойылмайды. [ А қосымша «Титулдық парақ »]

Курстық жұмыстың мазмұны.Курстық жұмыстың жоспарын кіріспе, нөмірлердің тәртібі және барлық

бөлімдердің және параграфтардың аты, қорытынды, Пайдаланылған деректердің тізімі, беттердің нөмірлері мен көрсету және бұдан жұмыстық элементтердің құрылымы басталады. [Ә қосымша «Кестедегі мазмұны »], [В қосымша «Мазмұны »]

Кіріспе (1-2 бет)

Page 35: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

Кіріспеде таңдалған тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу есебі, зерттеудің пәні және объектісі, курстық жұмыстың құрылымы көрсетіледі. Кіріспенің көлемі 3-5 бетті құрайды.

Негізгі бөлім (17-20 бет)Негізгі бөлім мәселенің мазмұнын, орындалған жұмыстың қорытындысын және

әдістерін көрсету қажет. Әрбір параграфта ақпараттың қорытындысы болуы тиіс.Қорытынды (2-3 бет)Қорытынды зерттеген мәселені жалпы сұраған және мәселесін қорытындылау тиіс.Пайдаланылған  деректер тізімі. Тізім курстық жұмысты жазу барысында

алынған ақпараттардың тізімін қамту керек. Деректер тізімі алфавит бойынша, фамилиясы, автордың аты-жөні, шығарылған

жылы, орны көрсетіледі.2.Курстық жұмысты безендіру ережесіКурстық жұмыстың беті, тексті, кестесі, иллюстрациясы А4 форматына сәйкес

келуі керек. Терілген мәліметтер ЭВМ-нің (Microsoft Word редакторы, шрифті «Times New Roman» , кегль №14) бірлік интревалда болуы керек.

Курстық жұмысты шығарғанда келесі размерге сүйену керек: сол жақ – 30мм. кем емес, оң жақ – 15 мм. кем емес, төменгі жақ – 20 мм. кем емес, жоғарғы жақ – 20 мм. кем емес. [Б қосымша «Құжат кодының шифрін ашу»]

Курстық жұмыс жазғанда нақтылық, біркелкілік болуы керек.Курстық жұмыстың құрылымдық  элементтерінің аттары: “Мазмұны”,

“Кіріспе”,”Қорытынды”,”Пайдаланылған деректер тізімі” жұмыстың құрылымдық элементтері.

Курстық жұмыста негізгі бөлімге және параграфқа бөлу керек. Осы бөлімдердің аттары нақты және қысқа мазмұнын қамту керек.

Негізгі бөлімді және параграфты жаңа жолдан бас әріппен, асты сызылмай жазылуы тиіс.

Егер бөлімдердің атаулары бірнеше сөйлемнен тұрса, олар нүкте арқылы жазылады. Әрбір бөлім жаңа беттен бастауы керек.

Курстық жұмыстың беттері араб цифрларымен нөмірленеді, оны барлық бетке бірдей қолдануы керек. Беттің нөмірі төменгі оң жақ  бөлімді нүктесіз жазылуы керек. Кіріспе және қорытынды нөмірленбейді.

Иллюстрацияларды ( сызбалар, графиктер, схемалар, диаграммалар) жазылған мәтіннің соңына түсіруі керек.

Иллюстрациялар әртүрлі түсте, компьютердің болуы мүмкін. Әрбір иллюстрациялар жұмыста ссылка берілуі тиіс. Қажетті болған жағдайда иллюстрацияларға арнайы атаулар берілуі мүмкін.

Иллюстрациялар араб цифрымен нөмірленеді және барлық жұмысқа бірдей қолданылады.

Кесте. Цифрлы ақпарат кесте түрінде көркемделеді. Кесте міндетті түрде айтылған мәтіннің соңына немесе келесі бетке түсіріледі. Кестелерді араб цифрларымен нөмірлеп, бүкіл жұмысқа қолдану керек. Кесте атауын жоғары сол жаққа, абзацзыз сызықша арқылы жазу керек. Кесте атауы оның мазмұнын нақты, дәл көрсету керек. Жұмыстың барлық кестесіне ссылка берілуі керек. Ссылкада оның нөмірі және Кесте деген жазу көрсетілуі керек.

Кестенің бағаналары мен жолдарының тақырыптары бірінші жақта жазылуы керек, ал тақырыпшалары кіші әріппен жазылуы керек, егер олар бір сөйлемнен тұрса немесе бас әріппен егер ол өз мағынасына ие болса. Тақырып және тақырыпшалар соңында нүкте қойылмайды.

Формула. Мәтіннің формулаларын жаңа жолға жазуы керек. Формуланың жоғары және төменгі бөлігінде бір жол қалдыруы керек. Мәтіннің формуласын нөмірлеген

Page 36: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

уақытты, араб цифрымен нөмірлеп, дөңгелек жақшаға ала отырып, шеткі оң жаққа орналастыру керек.

Ссылка. Ссылканы реттілік нөмірмен, екі тырнақшаға ала отырып жазу керек.Курстық жұмыстың ең соңғы бетінде студенттік қол және жұмыстың орындалған

уақыты жазылуы керек.3. Курстық жұмысты қорғауКурстық жұмыс мұғалімге арнайы журналға тіркелу үшін және мұғаліммен

рецензиялану (сын пікір жазу) үшін тапсырылады. [Д қосымша «Курстық жұмысты орындалғаны бойынша сын пікір»]

Рецензия кезінде болжамды баға студентке курстық жұмысты қорғауға рұқсат беріледі. Егер курстық жұмыста ескертпелер берілсе, студент оған түзетулер енгізеді.

Қорғауға жіберілмеген жұмыс қайта қаралып, талқыланады. Қорытынды баға ауызша қорғаудан кейін қойылады.

Курстық жұмысты қорғау күні және уақыты емтихандық сессияның уақытымен бекітіледі. Студент курстық жұмысты сессияның уақытымен бекітіледі. Студент курстық жұмысты қорғағаннан соң, қорытынды емтиханға жіберіледі. Курстық жұмысты орындау барысында және ескертпелер алған жағдайда да студент консультация алуға құқылы.

Дипломдық жұмыс жазу нұсқаулығыДиплом жұмысы – жоғарғы оқу орнындағы соңғы әрі қорытынды жұмысыңыз,

сіздің жылдар бойында алған біліміңіздің нәтижесі. Сол себептен де, бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты іздеу жұмыстарын жүргізу керек. Ал біз өз тарапымыздан диплом жұмысының жазылу ережесін шама-шарқымызша түсіндіріп өтпекшіміз. Жаңа оқу жылы басталғаннан кейін (4 курс басында) 1-2 айдың ішінде жетекшіңіз бен диплом тақырыбыңызды таңдап, жетекшіңіздің кафедрасына өтініш беруіңіз керек. Диплом тақырыбы үш тілде бекітіледі. Соңғы айда үлгермей қалып, көрінген жерден ақпарат көшірмес үшін, осы сәттен бастап жұмысты бастай беріңіз. Сіздің басты көмекшіңіз – жетекші мен кітапхана. Тақырыбыңызға қатысты мәліметтерді қарастырып болғаннан кейін жетекшіңізге барыңыз. Бірге отырып жоспар құрасыздар. Немесе жетекші жоспар құруды өзіңізге тапсырып, соңында бекітетін болады.

Жоспардың тәртібі мынадай болмақ:І. Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі (2-3 абзац).Жұмыстың мақсат-міндеттері (3-4 сөйлем).Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері (1-2 сөйлем). Мұнда қандай

еңбектерді бастамаға алғаныңызды жазасыз.Зерттеудің әдістері (жүйелеу, баяндау, салыстыру т.б.)Жұмыстың теориялық-практикалық маңызы. (Яғни, нәтижелерді, жаңалықтарды

қай жерде пайдалануға болатындығы жазылады).Кіріспенің жалпы көлемі 3 беттей болуы керек.ІІ. Негізгі бөлімТақырыбыңызды бір жүйеге келтіріңіз. Мәселен, тақырып – "Алма Қыраубаева –

әдебиет тарихын зерттеуші" болсын делік. Жұмысты мынадай тарауларға бөлесіз:1-тарау: Ежелгі дәуір әдеби мұраларын зерттеуші.2-тарау: Орта ғасыр әдебиетін және шығыстық қисса-дастандарды зерттеуші.3-тарау. Қазақ әдебиетін зерттеуші.Төрт тараудан асырмағаныңыз дұрыс. Бұл әрине, гуманитарлық мамандықтардың

жазу үлгісі. Дипломдық жұмыстардың үлгілері әртүрлі болады. Мысалы, сәулетшілер сызбалар мен кестелер пайдаланады, педагогтар презентация көрсетеді.

ІІІ. ҚорытындыҚорытындыға аты айтып тұрғандай диплом жұмысының тобықтай түйінін жазасыз.

Ашқан жаңалығыңызды, нәтижелерді барынша қысқа әрі түсінікті етіп жазып шығу

Page 37: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

қажет. Жұмыстың жалпы көлемін кафедра бекітеді. Соңында жазған жұмысыңыз белгіленген межеге жетпей қалмас үшін, жазу ретін жақсылап сұрап біліңіз. Диплом жұмысы тәмәмдалғанда жетекшіңізге көрсетесіз. Ол сізге артық тұстарын қысқартып, толықтыру керек мәселелерді көрсетіп береді. Сондықтан, жұмысты барынша ерте көрсетуге тырысыңыз. Соңында жетекші толықтай бекітісімен, диплом қорғау жиынына арналған сөзіңізді дайындайсыз. Және жетекшіңіз ұсынған маманнан жұмыс туралы пікір аласыз.

Дәріс №6. Биометрия негіздері 4 сағ Биометрия (био және грек. metreo — өлшеу, есептеу) — жүргізілетін биологиялық тәжірибелердің санын анықтайтын және оларға математикалық, статистикалық әдіспен дәл, дұрыс қорытынды беретін биология ғылымының бір саласы. Биометрияның негізін XIX ғасырдың аяғында ағылшын ғалымдары Ф. Гальтон мен К. Пирсон қалады. Биологияда математикалық, статистикалық әдістер белгілі бір статистикалық үлгі жасау арқылы қолданылады. Биометрияны – белгілердің өзгергіштігін арнаулы математикалық әдістерді қолдана отырып зерттейтін ғылым деп атаса болады.(bios-өмір, metrein- өлшеу). Биометрия – биологиядағы топталған қасиеттерге математикалық талдау жасайтын ғылым. Тірі ағзалардың даму үрдістері өте күрделі, олардың тіршілік ететін орта жағдайлары мен нәсілдік қабілеттіліктері де әр түрлі болуы себепті, ең алдымен сол обьектілердің сапалық және сандық көрсеткіштерін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Тек сонан соң ғана алынған мәліметтер жүйеге келтіріліп, математикалық талдаулар жасалынады. Тіршілік иелерінің (адамдар,жабайы аң – құс популяция өкілдері, а.ш. малдары, мәдени өсімдіктер және т.б.) арасында байқалатын өзгергіштікке сипаттама беру үшін зерттеудің арнаулы әдісі қажет болады. Себебі, топтағы жеке өкілдердің өзгергіштігін зерттеу, олардың көрсеткіштерінің әр түрлілігі салдарынан дұрыс нәтиже бермейді. Сондықтан бұлардың нәтижелерін қорытып, белгілі бір ортақ көрсеткіштер (популяция құрлымы, тірілей салмағы, сүт, ет өнімділік көрсеткіштері және т.б.) беру қажеттілігі туындайды. Адамдар мен малдардың дене құрлымын сандық көрсеткіштер арқылы сипаттаудың қажет болуы, олардың дене бітімі мен сыртқы формаларының ағзаның психологиялық және физикалық қасиеттерімен байланыстылығынан туындаған болатын. Сондықтан бұл байланысты дәлірек көрсету мақсатында, адамдар мен малдарды сыртқы фенотиптік көрністері бойынша бағалау жұмыстары, нақты дене өлшемдері көреткіштерімен толықтыра бастады. Ал, дене өлшемдері көрсеткіштерінің әр түрлі болуы себепті,зерттелетін белгі жөнінде белгілі бір пікір жасау өте қиын еді. Сондықтан осындай әр түрлі мәндерді математикалық-статистикалық әдістер қолдана отырып өңдеп, ортақ көрсеткіш алу қажет болады.Осындай қажеттіліктен туындаған және оның орындалуын қамтамасыз ете алатын ғылым ретінде – биометрия пәні қалыптасты.

Биометриядағы бұдан кейінгі жүргізілген басты зерттеулерді, биометриктердің белгілі мектептерін ұйымдастырып, негізгі биометрикалық қондырғыны жасаушы ағылшын ғалымдары Фрэнсис Гальтон (1822-1911) және Карл Пирсон (1857-1936) еңбектерімен байланыстырылады. Ағылшын биометрия мектебі 19 ғасырдың екінші жартысында экспериментальді биологияның қарқынды дамуы және биология ғылымында төңкеріс жасаған Ч. Дарвиннің (1809-1882) эволюциялық теориясы әсерлерінен қалыптасты. Табиғаттағы кездесетін биологиялық түрлерді өзгермейтін бірліктер деп

Page 38: edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/817b5b39-e5a7-11e5-8b7a...  · Web viewРентген — қысқа ... Мақала материалдары баспадан шығу үшін

қарастыратын қалыптасып қалған ескі – метафизикалық көзқарасқа (К. Линней, Ж. Кювье) қарсы, Дарвин, алғаш рет органикалық дүниенің эволюциясы жөніндегі тұжырымды жасайды. Тірі дүниедегі болып тұратын өзгерістердің себеп-шарттарының статистикалық сипатына байланысты жүретін табиғи іріктеу принципіне сүйене отырып, Дарвин, Гегелдік кездейсоқтық пен қажеттілік, себеп пен салдар және бөлшек пен бүтін араларындағы ішкі бірліктің бар екендігі жөніндегі концепциясының дұрыс екендігін қуаттайды.Дарвиннің биология ғылымына қосқан табиғи сұрыптау теориясының негізгі жаңалығы да осы болатын. Ф. Гальтон мен К. Пирсон биометрия ғылымының негізін қалаушылар деп есептеледі. Олардың ойлап тапқан статистикалық әдістемелері уақыт таразысы сынынан мүдірмей өтіп, биометрия мен математикалық статистиканың алтын қорына енді. Биометрия ғылымына көп еңбек сіңірген одан кейінгі ғалымдар легі ішінде Фишердің шәкірттері Ф. Иетс, Ч. Блисс және Пирсонның шәкірті болып табылатын Дж. Юлл (1871-1951) айтуға болады. Бұлардан басқа ағылшын биометриктері мектебінің ғалымдары Н. Бейли, М. Кендэл, Д. Снедекор, С. Уилкс де өздерінің сүбелі үлестерін қосқан. Сонымен, биометрия қолданбалы ғылымдар қатарына жатады. Биометрияның негізгі заңдылықтары Гаус-Лаплас, Ньютон биномы, ықтимал теорияларына сүйенеді.

Дәріс №7. Дәрістерге шолу. 2 сағ