15
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ Бастауыш сынып мұғалімі Отарова Айнұр Жалгаспаевна Сабақтың тақырыбы: Интернат қоймасы. Шерхан Мұртаза Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды Тұрар Рысқұловтың балалық шағының бір көрінісімен таныстыру. Мәтіннің идеялық мазмұнын ашып көрсетіп, ұғындыру. 2.Оқушының мәтінге мағыналық талдау жүргізу машығын, сын тұрғысынан қисынды ойлау білігін дамыту. 3.Жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызбалар, автор және Тұрар Рысқұлов суреті, . Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Сыныпты топқа бөлу - Оқушылар, бүгінгі ана тілі сабағымызды топпен жұмыс түрінде өткіземіз. 2.Психологиялық дайындық Мұғалім: - Екі көзің не үшін керек ? Оқушы: - Жақсыларды көру үшін.

bilimnur.files.wordpress.com€¦  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ. Бастауыш сынып мұғалімі

  • Upload
    others

  • View
    9

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: bilimnur.files.wordpress.com€¦  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ. Бастауыш сынып мұғалімі

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

«№ 3 орта мектебі» ММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Отарова Айнұр Жалгаспаевна

Сабақтың тақырыбы: Интернат қоймасы. Шерхан Мұртаза

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды Тұрар Рысқұловтың балалық шағының бір көрінісімен

таныстыру. Мәтіннің идеялық мазмұнын ашып көрсетіп, ұғындыру.

2.Оқушының мәтінге мағыналық талдау жүргізу машығын, сын тұрғысынан

қисынды ойлау білігін дамыту.

3.Жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызбалар, автор және Тұрар Рысқұлов суреті,

.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сыныпты топқа бөлу

- Оқушылар, бүгінгі ана тілі сабағымызды топпен жұмыс түрінде өткіземіз.

2.Психологиялық дайындық

Мұғалім: - Екі көзің не үшін керек ?

Оқушы: - Жақсыларды көру үшін.

Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек ?

Оқушы: - Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім: - Екі қолың не үшін керек ?

Оқушы: - Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: - Екі аяғың не үшін керек ?

Page 2: bilimnur.files.wordpress.com€¦  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ. Бастауыш сынып мұғалімі

Оқушы: - Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.

-Олай болса, мен сіздердің дендеріңізге саулық тілеймін!(тілек)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге берілген С.Торайғыровтың «Кедей» өлеңін сұрау.

Топпен жұмыс. Әр топ өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.

1-қатар 2-қатар

Қазір кедей адам жоқ. Қазіргі кезде де кедей адамдар бар.

ІY.Жаңа сабақ.

1) Қызығушылықты ояту.

-Оқып отырған тарауымыз қалай аталады?

-«Ата-бабам тарихы –менің тарихым»

-Ие,Біз ата-бабамыздың тарихы ,бастарынан өткен қиын кезеңдері,ел басына күн туғанда өздерінің батырлықтары,ерліктері,еңбектерін аямаған,елі үшін туған бір туар азаматтар туралы осы тараудан оқып жатырмыз . Осындай тарихта ізін қалдырған дана, ұлы адамдарды бүкіл әлем біледі. Мысалы, батырлар, ұлы ақындар, жазушылар, халқын ойлаған жақсылықты жақындатқан халық сүйіктілері.

-Ендеше, бүгінгі сабақта осы жақсы адамдардың бірінің балалық шағының көрінісінен сыр шертеміз.

2) Болжау.

-Ол кім ? Бұл сұраққа жауап беру үшін мына бір сөйлемдерге назар аударайық, еске түсірейік.

Тақтада: «Иван Владимирович» «Аспара. Қызыл жебе. Көке»

«Жоқ, шынтақ жеңінен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды»

- Бұл шығарма кім туралы еді?- Тұрар Рысқұлов.- Шығарма қалай аталады?- Шығарма «Бала Тұрар» деп аталады.

Page 3: bilimnur.files.wordpress.com€¦  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ. Бастауыш сынып мұғалімі

- Тұрар Рысқұлов туралы не білеміз топтастырайық.

1894

Талғар обл. Қоғам қайраткері, азаттық

Бесағаш ауылы. Тұрар Рысқұлов үшін күрескер.

3) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.

- Бүгінгі сабағымызда Шерхан Мұртазаның «Интернат қоймасы» әңгімесімен танысамыз.

4) Дәптермен жұмыс.

1.Күннің жады

2.Тақтада тақырып «Интернат қоймасы»

3.Топтастыру автор өмірін

1932

Жамбыл обл. жазушы, драматург,

Жуалы ауд. Шерхан Мұртаза журналист

Мыңбұлақ

Шығармалары

«Қызыл жебе» «Қара маржан»

5) Мағынаны тану.

а) Сөздік жұмыс.

ә) Мұғалімнің оқуы

б) Түртіп алу жүйесі

в) Алғашқы сұрақтар

- Мәтін ұнады ма?

- Қандай кейіпкерлер естеріңде қалды? - Олар қандай іс-әрекеттерімен қызықтырды?

Page 4: bilimnur.files.wordpress.com€¦  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ. Бастауыш сынып мұғалімі

г)Оқыту жұмыстары

6) Ойын «Жұлдызды сәт»

Шарты:Ұпай сандары жазылған жұлдыздарды таңдайды. Қаланған сан сұрақтарына жауап беріледі. Соңында ұпай есептеліп, нәтиже айтылады.

10 10 10

20 20 20

30 30 30

10- Әңгіме кім туралы?

10- Атамырза мен Серік не істегілері келді?

10- Балалардың қайсысы қолға түсті?

20- Серік Тұрарға не айтты?

20- Тұрар мен Қабылбек Серікті неге аяды?

20- Балалар қандай шешім қабылдады?

30- Әңгімеден Серіктің сөзін тауып оқы.

30- Мәтінен ең соңғы үш сөйлемді оқып, мәнін түсіндір.

30-Әңгімеге басқаша ат қояр едің? Неге?

7) Сергіту.

Бір-біріне адамдық қасиеттерге байланысты мақалдар айтып,жақсылық тілей отырып,жүрекше сыйлау.

8) Шығармашылық тапсырма.

Әр топ әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме береді.

І топ – Тұрарға мінездеме

Page 5: bilimnur.files.wordpress.com€¦  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ. Бастауыш сынып мұғалімі

ІІ топ – Атамырзаға мінездеме

V.Сабақты қорытындылау

-Сабағымызды мына сызбаны түсіндіре отырып аяқтаймыз.

Күрес(шайқас)

Жұдырықтасу, Зымиян соққы

соғысу (ұрмай жаралайтын)

-Осы күрестердің жақсысы бар ма ?

-Жоқ.

-Дұрыс,демек әрқашан бейбітшілікпен,адалдықпен өмір сүруге тырысайық!

VІ. Бағалау.

VII Үйге тапсырма.

Әңгімені түсініп оқып, түсінгенін айтуға дайындалу.

Кедей.  Сұлтанмахмұт Торайғыров.

        Тақырыбы: Кедей.  Сұлтанмахмұт Торайғыров

         Мақсаты:

    Білімділігі: Оқушыларға  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірінен мәлім бере отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге    аса көңіл бөлуге үйрету.

    Дамытушылығы: Сабақ барысында  оқушыларды   өз ойын еркін айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

    Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке,ізденімпаздыққа, имадылыққа, асыл қасиеттерге  тәрбиелеу.                                                                                                                                            

                                                                                                    Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Page 6: bilimnur.files.wordpress.com€¦  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ. Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап,талдау, іздену.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, суреттер.                Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық

-  Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Ендеше бәріміз шаттық шеңберіне тұрып топқа бөлінейік.Енді бір бірімізге жүректен жүрекке жылу сыйлайық.

          Күн жарығын алақанға саламын,

          Жүрегіме басып ұстай қаламын.

          Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

          Болып кетер сонда дереу жан жағым .

  

ІІ. Өткенді пысықтау:

          Тауда туған құлынның

          Екі көзі таста болар.

          Ашаршылықта туған баланың,

          Екі көзі аста болар.

Осы мақалға ұқсас , сәйкес келетін қандай әңгіме өттік?

-Б.Майлиннің «Күлпаш» әңгімесі.

1 топ Бірінші бөлімнің мазмұнын айту.

2 топ Екінші бөлімді сурет бойынша әңгімелеу

3 топ Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?туралы әңгімелеу.

ІІІ.Жаңа сабақ:1.Суреттер топтамасын пайдаланып Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен танысу.

 С.Торайғыров 1893жылы 28 қазан күні Көкшетау обылысының Қызылту

ауданында дүниеге келген. Жастық шағы, балалық шағы Баянауылда өтеді. Ол 27 жасында 1920 жылы 21мамырда ауыр науқастан қаза болады. Топтастыру:

     Жазушы                                             Ақын

Page 7: bilimnur.files.wordpress.com€¦  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ. Бастауыш сынып мұғалімі

                      С.Торайғыров

    Ағартушы                                          Шыншыл

 

                   Ел қамқоршысы

 

С.Торайғыровтың шығармалары

 

Өлеңдері Поэмалары Прозасы

«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы», «Бір адамға», «Жарлау», «Бұлар кім»

«Адасқан өмір»,            «Кедей», «Айтыс», «Қайғы» 

 

«Қамар сұлу», «Кім жазықты?», «Ауырмай есімнен жаңылғаным»

 

Ендеше бүгінгі сабақта С.Торайғыровтың  Кедей поэмасынан үзінді өтеміз.

1. Кедей поэмасымен таныстыру.2. Оқулықпен жұмыс 

 

     1топ. Өлеңді мәнерлеп оқу.

     2топ. Мағынасын ашу.

     3топ. Әңгімелеу

3. Ой қозғау.

1 топ. Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?

2 топ. Кедей деп кімдерді атаған?

3 топ. Кедейдің ауыр тұрмысын қалай бейнелеген?

 

4. Ой толғау.

Page 8: bilimnur.files.wordpress.com€¦  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ. Бастауыш сынып мұғалімі

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы кестеге толтырады.

 

1 ТОП 2 ТОП 3 ТОП

 

Қазір кедей адам жоқ.

 

Қазіргі кезде кедей адамдар бар.

 

Аштық,кедейлік болмас үшін не істеуге болады?

 

5. Ойтұжырым.

Венн диаграммасы арқылы екі мәтіннің ортақ қасиетін табу.

Б.Майлин «Күлпаш» Ұқсастығы С.Торайғыров «Кедей»

     

6.  Эссе жазу.  Шығармашылық жұмыс.

     Жалпы  өмірде кедейлер бар ма? 

7.Сабақты қорыту.

   Кедейлікке жол бермей, сабақты  дұрыс оқып, адал еңбек етуге жұмыстану

8. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу.

9. Бағалау. Мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі Оқу-іс әрекетінің мақсаты: Балаларға Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге,сөзге дыбыстық талдау жасауға,сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Дамытушылығы: балалардың ойлау, есте сақтауқабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін,шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту. Тәрбиелігі: Балаларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, достыққа тәрбиелеу. Оқу іс-әрекетінің түрі: Ойын оқу іс-әрекеті.Оқу іс-әрекетінің әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық , сурет арқылы сөйлем құрауОқу іс-әрекетінің көрнекілігі: Суреттер,буындар, ребустар, жұмбақ.

Page 9: bilimnur.files.wordpress.com€¦  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ. Бастауыш сынып мұғалімі

Оқу іс-әрекетінің барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Өткенді қайталау: О дыбысы мен әрпі"Кім тапқыр? " ойынымен бастаймыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мына буындарды дұрыс оқындарЖо на лоАу жу доСөздерді буынға бөліп, алғашқы дыбысын атаЖолбарыс Жылқы ЖастықТіл ұстарту жаттығуы Жа-жа-жаМенің атым ЖанарЖа-жа-жаЖаға жаға жаға

Әліппе дәптермен жұмыс: Әже, жолбарыс, морж сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,

Page 10: bilimnur.files.wordpress.com€¦  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ. Бастауыш сынып мұғалімі

ондағы с дыбысының орнын ажыратқызу Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқыту.

Дәптермен жұмыс:

"Біз зерекпіз" ойыны.Мысалы:

1. п,б,с,ж,л,ж,қ,о, т.б. (Дыбыс).2. На,са,жа,ла,за,жу,т.б.(Буын)3. Таға, саға,жаға,алға,жылға,т.б.(Сөз)

а) ж дыбысынан келетін сөздер айту:ә) ж дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлу.

Жа – ға жас - тық жу – ан жү - зім

Page 11: bilimnur.files.wordpress.com€¦  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ. Бастауыш сынып мұғалімі

жаң – ғақ жұл - дыз жыл – дам же - міс Жас – тар жұм - бақ жаң – быр жи - һаз жы – лан.

“Ойлан тап” ойыны:

Күндіз бәрі қашады,Түнде аспанды басады. (Жұлдыз) Ішіне тамақ салынған,Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа)

Балаларларды мадақтау Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау

Page 12: bilimnur.files.wordpress.com€¦  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ. Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Н н дыбысы мен әріп таңбасы.

Мақсаты:   Н н дыбысы мен әріп таңбасымен  таныстыру. Кеспе әріптермен сөз құратып, жаздыру. Н н  дыбысы   бар сөздерге   дыбыстық  талдау  жасату,  дұрыс жазуға, есте сақтауға  үйрету.Буын туралы түсінігін кеңейту.Логикалық ойындар арқылы балалардың ақыл-ойын, тілдік қорын дамыту.     Баланың дүниетанымын  кеңейту. Ұқыптылыққа, таза, әдемі  жазуға,  дұрыс оқуға  тәрбиелеу.

 Сабақтың  түрі:  аралас Сабақтың  барысы :І. Ұйымдастыру  кезеңі.                                      Шаттық  шеңберіне  тұру.    ( Балалар  бір-біріне  жылы сөздер айтып ,  тілектер  тілейді.)                                    ІІ. Үй тапсырмасы:- Балалар, өткен сабақта қандай дыбыс пен әріп таңбасымен  таныстық?- П дыбысы    дауысты ма, әлде дауыссыз ба? - Қандай  текшемен  белгілейміз?- П  дыбысынан келетін  сөздер айтып  жіберейікші.      -    Буыннан сөздер құрап жіберейік.

- ПАР- ТА,   ПЕР –ДЕ,  ПИ –МА,  ПА-  ПА,   А-ПА, ДӘП-ТЕР, КІ-ТАП                                

                                                             ІІІ.  Жаңа  сабақ                                           Жұмбақ:                    Екі баған ортасында таған,                    Ұқсайды  оған  қай әріп?    (Н әрпі)

                   Әліппе  дәптермен  жұмыс.- Балалар, дәптердегі суреттерді атап жіберейікші.        САНДЫҚ,  НАР,    КҮН        Сандық  сөзінде   н  дыбысы  қай жерде келіп тұр?        Нар сөзінде  ше?        Күн    сөзінде ше?    Дұрыс айтасыңдар,    Н дыбысы  сөздің басында,    ортасында, соңында  кездеседі.     Н   дыбысына дауысты дыбыстар қосып  буындар құрау.    Н-- А     НА ,    Н-- О   НО,   Н—У   НУ                                                                                      ІҮ. Сергіту  сәті.                       Ақ қоян тұршы                       Бетіңді жушы.                       Айнаға қарашы,                       Шашыңды тарашы.                                                                   Дәптермен  жұмыс:   *  Н    дыбысын  дәптерге  таңбалап жазу *  Тақтаға  жазу. *  Кеспе  әріптермен  тақтаға  сөздер  жазу.                 Сурет бойынша жұмыс- Балапан.     Қоян.         Арыстан.

Page 13: bilimnur.files.wordpress.com€¦  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар қаласы «№ 3 орта мектебі» ММ. Бастауыш сынып мұғалімі

-  Айна.        Шана.           Нан.     Сөздерге   дыбыстық талдау жасау                                          

                       Ү.  Қорытынды:-  Балалар,  бүгін біз қандай әріп таңбасымен  таныстық?-  Н н дыбыс дауысты ма, әлде  дауыссыз ба?- Кім н  дыбысынан  келетін  сөздер айтады?- Н н  дыбысы  сөздердің  қай жерлерінде  кездеседі?    -   Сабағымыз  аяқталды.