9
Күні: 24.11.2015 ж Сыныбы: 7 «Ә» Пәні: Қазақ тілі Пән мұғалімі: Арленкеева Бакиткуль Каттабековна Сабақтың аты Морфология. Зат есімнің түрленуі, көптелуі Сілтеме Жоспар Жалпы мақсаты 1 Морфология және зат есімнің түрленуі туралы білу 2. Зат есімнің түрленуін талдау арқылы түсіну; 3.Жаттығу жұмыстары арқылы зат есімнің грамматикалық айырмашылығын үйрену. Күтілетін нәтиже 1. Морфология және зат есімнің түрленуі туралы білетін болады. 2. Зат есімнің түрленуін талдау арқылы түсінеді. 3.Жаттығу жұмыстары арқылы зат есімнің грамматикалық айырмашылығын үйренеді. Негізгі идеялар Оқушыларға тіл білімінің саласы морфология, оның ішінде зат есімнің түрлері, грамматикалық түрленулері, яғни басқа сөз таптарының ішіндегі барлық жалғауда түрлене алатын сөз табы екенін ұғынады. Тапсырмалар 1.Ой –қозғау «Миға шабуыл» әдәсі арқылы сұрақ –жауап 2.Топтық жұмыс (зат есімнің түрленуі туралы постер қорғалады)

bilimgylym.files.wordpress.com  · Web view2016-01-16 · Оқушыларға тіл білімінің саласы морфология, оның ішінде зат есімнің

  • Upload
    others

  • View
    7

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: bilimgylym.files.wordpress.com  · Web view2016-01-16 · Оқушыларға тіл білімінің саласы морфология, оның ішінде зат есімнің

Күні: 24.11.2015 жСыныбы: 7 «Ә»Пәні: Қазақ тіліПән мұғалімі: Арленкеева Бакиткуль Каттабековна

Сабақтың аты Морфология. Зат есімнің түрленуі, көптелуі

Сілтеме ЖоспарЖалпы мақсаты 1 Морфология және зат есімнің түрленуі туралы

білу

2. Зат есімнің түрленуін талдау арқылы түсіну;

3.Жаттығу жұмыстары арқылы зат есімнің грамматикалық айырмашылығын үйрену.

Күтілетін нәтиже 1. Морфология және зат есімнің түрленуі туралы білетін болады.

2. Зат есімнің түрленуін талдау арқылы түсінеді.

3.Жаттығу жұмыстары арқылы зат есімнің грамматикалық айырмашылығын үйренеді.

Негізгі идеялар Оқушыларға тіл білімінің саласы морфология, оның ішінде зат есімнің түрлері, грамматикалық түрленулері, яғни басқа сөз таптарының ішіндегі барлық жалғауда түрлене алатын сөз табы екенін ұғынады.

Тапсырмалар 1.Ой –қозғау «Миға шабуыл» әдәсі арқылы сұрақ –жауап

2.Топтық жұмыс (зат есімнің түрленуі туралы постер қорғалады) Тұжырымдамалық карта, Фишбоун әдісі

3. Жұптық жұмыс (1-2 – топ - 23 жаттығу

3 -4-топ – 24 -жаттығу)

4. Жеке жұмыс (тест)

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (5 минут) 1. Психологиялық тренинг .Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу мақсатында «Орнын тап» ойыны. Интербелсенді тақтадан кесте көрсетіледі.

Page 2: bilimgylym.files.wordpress.com  · Web view2016-01-16 · Оқушыларға тіл білімінің саласы морфология, оның ішінде зат есімнің

Соны толтыруымыз қажет.

Кесте толтыру

Заттар, нәрселер

Өсімдіктер, жемістер

Жануарлар Адам Табиғат құбылыстары

Парта, терезе,

орындық, дәптер

Жусан, қарақат,

өрік, бүлдірген

Қоян, түлкі,

барыс, арыстан

Дәрігер, мұғалім, зергер, тігінші

Найзағай, жел,

дауыл, жаңбыр

- Балалар, осы кестенің әрбір бөлігіндегі сөздерге сұрақ қойып көрейік.- Не байқадыңдар?- Қандай қорытынды жасауға болады?

2. Топқа бөлу (Мақал-мәтелдер беру арқылы оқушыларды 4 топқа бөлемін. Мақал-мәтелдердің мағынасын ашқызу).

1.     Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. 

2.     Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

3.     Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді.  4.     Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. 

Проблемалық сұрақ: -Қалай ойлайсыздар, неге тіл туралы мақал –мәтел айтылып отыр?

Сабақтың табыс критерий:

1. Морфология және зат есімнің түрленуі туралы білетін боламын.

2. Зат есімнің түрленуін талдау арқылы түсінемін.

3.Жаттығу жұмыстары арқылы зат есімнің грамматикалық айырмашылығын үйренемін. 

1-қадам. 1. Ой –қозғау «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ –жауап

Өткенді пысықтау (2 минут)

1. Морфология дегеніміз не?2. Сөз таптары қалай түрленеді?Морфология (грек. «түр») - тілдегі сөздердің формаларын, сөзге қатысты гарамматикалық мағыналарды тексеретін сала; тілдегі сөздердің өзгеруі, түрленуі туралы тіл білімінің саласы.

Page 3: bilimgylym.files.wordpress.com  · Web view2016-01-16 · Оқушыларға тіл білімінің саласы морфология, оның ішінде зат есімнің

4 топ бір –біріне өткен тақырып жөнінде сұрақтар береді?

Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады.

2-қадам. Топтық жұмыс (зат есімнің түрленуі туралы әр топқа бөліп беріп, оқып талқылайды, постер қорғалады) Тұжырымдамалық карта, «Фишбоун» әдісі

(10 минут)

Топтарға мәтінді бөліп беріледі, оқып талқылайды. Топтарда 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы.1-топ – Зат есімнің көптелуі2-топ – Зат есімнің тәуелденуі («Тұжырымдамалық карта» әдісі)3-топ – Зат есімнің септелуі4-топ – Зат есімнің жіктелуі («Фишбоун» әдісі)

Әр топтың баяндамашылары постерлерін қорғайды.

Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

№ Бағалау өлшемдері Көшбасшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы

1 Тапсырманың орындалуы

2 Өз міндетін атқаруы

3 Құнды идеяның айтылуы

« Екі жұлдыз бір ұсыныс» формативті әдіс арқылы бағалайды.

Жұптық жұмыс 2 -қадам (1-2 – топ - 23- жаттығу

3 -4-топ – 24 –жаттығу жұмыстарын орындап, бір сөйлемге морфологиялық талдау жасау) (7 минут)

«Мадақтау сэндвичі» арқылы бір - бірін бағалайды

Дидактикалық тренинг «Жеті жұрттың тілін біл!»

Page 4: bilimgylym.files.wordpress.com  · Web view2016-01-16 · Оқушыларға тіл білімінің саласы морфология, оның ішінде зат есімнің

1. Төрт аяқсыз жүйрігім,

Бұлғар саған құйрығын

Балық

Рыба

Fish

2. Құмалақтай денесіТаудай бірақ дәмесіӨзіне тән өз үніТау қопарар төзімі

Page 5: bilimgylym.files.wordpress.com  · Web view2016-01-16 · Оқушыларға тіл білімінің саласы морфология, оның ішінде зат есімнің

Тышқан

Мышь

Mouse

3. Жазда әрине саспайды.Қыста көзін ашпайды.Жазда сондай бал құмарҚыста сондай шалдуар

Аю

Медведь

Bear

4. Табаны – пүліш,Тырнағы – қылышТуғаннан мұртты,Мұрттыны құртты

Page 6: bilimgylym.files.wordpress.com  · Web view2016-01-16 · Оқушыларға тіл білімінің саласы морфология, оның ішінде зат есімнің

3- қадам. 3. Жеке жұмыс (тест) (5 минут)1.Заттың атын білдіретін сөз табы... А)есімдік В)сын есім С)сан есім Д)үстеу Е)Зат есім

2. Зат есімді көрсетіңіз. A) Көмектесу. B) Басшы. C) Қалың. D) Нешінші. E) Қарсы алу. 3.Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз. A) Дәріхана. B) Жақсылық. C) Қапшық. D) Бөлме. E) Достық. 4.Заттың көптік мағынасын беретін жалғау түрін көрсетіңіз. A) Көптік. B) Жіктік. C) Тәуелдік.  D) Септік. E) Қосымша. 5.Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз. A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.   6. Жіктік жалғауын белгілеңіз. A) -сың,-сің. B) -ға,-ге. C) -дың,-дің. D) -нікі, -дікі. E) -да, -де. 7. Тәуелдік жалғау жалғанған сөзді белгілеңіз. A) Шайға. B) Шайларыңыз. C) Шайдың. D) Шайнек. E) Шайдан. 8. Жатыс септіктің жалғауын белгілеңіз. A) -ба, -бе. B)  -а, -е. C)  -нан, -нен. D)  -ты, -ті. E)  -нда,-нде. 9. Барыс септік жалғауындағы сөзді табыңыз.

Мысық

Кошка

Cat

Page 7: bilimgylym.files.wordpress.com  · Web view2016-01-16 · Оқушыларға тіл білімінің саласы морфология, оның ішінде зат есімнің

A) Әкелер. B) Әкетай. C) Әкесіне. D) Әкежан. E) Әкесінікі. 10. Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз. A) Өздік. B)  Бесінші. C)  Басқар. D)  Сызғышты. E)  Қызғылт.

  Шеберліктің қол жеткізген тесті «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады Жасыл түс -10 ұпайСары түс -8 ұпайҚызыл түс – 7ұпайКері байланыс. Сабақ рефлексиясы

Ұнады Қиын болды Тілегім

Кейінгі тапсырмалар Сынақ тапсырмасы:көптелген, тәуелденген, септелген, жіктелген зат есімдерді қатыстырып «Қазақ жері» тақырыбында эссе жазу.

Кейінгі оқу Ережелер жаттау, 25 –жаттығу.

Page 8: bilimgylym.files.wordpress.com  · Web view2016-01-16 · Оқушыларға тіл білімінің саласы морфология, оның ішінде зат есімнің