GeoGebraСабақ 15
Бірлік шеңбер мен синусоида
Дайындаған: Байназаров Талғат
Пайдаланған ресурс: http://mathandmultimedia.com/2010/02/10/geogebratutorial8/
geogebra.org
Бұл сабақта бірлік шеңбер мен синусоида графигінің арасындағы байланысты көрнекі түрде көрсетуді үйренеміз
ГеоГебра бағдарламасын ашыңыз, алгебралық көріністі алып тастаңыз.
Баптауларға кіріп, Графиктер-хОсі мәзіріне кіріп, Арақашықтықты п/2 етіп өзгертіңіз. Жабуды басыңыз.
Кіріс алаңында А нүктесін енгізіңіз. (суреттегідей)
А нүктесіне тінтуірдің оң батырмасымен басыңыз.Объект баптауларына басыңыз.
Объектіні бекіту мәзірінің қасындағы бос шаршыға басыңыз
Жабуды басқаннан кейін А нүктесі бекітілген болып саналады, яғни тұрған орнынан қозғалтуға болмайды енді
Екінші нүктені салыңыз. (суреттегідей)
Enter басқаннан кейін, бұл нүкте Графиктер алаңында бейнеленеді. Бұл нүктені де бекітіп қойыңыз. (Тінтуірдің оң батырмасымен шерту арқылы қосымша мәзірді ашыңыз, объектіні бекітуді таңдаңыз, жабуды басыңыз)
Құралдардан Нүкте және центр арқылы салынған шеңбер құралын таңдаңыз. А, кейін В нүктесін шертіңіз.
Жаңа нүкте құралын таңдап, шеңбер бойындағы жаңа нүкте салыңыз
Суреттегідей кіріс алаңында жазу жазып, Ентер басыңыз
Арақашықтық немесе ұзындық құралын таңдап, d әрпін шертіңіз
d әрпін тінтуірдің оң батырмасымен басып,Объект баптауларына кіріп, түсін қызыл етіп өзгертіңіз
Тағы да бір нүктені саламыз. Оның координаталары суреттегідей болуы тиіс. Ентер басыңыз.
S нүктесіне тінтуірдің оң батырмасымен басып, Із бар дегенді таңдаңыз
С нүктесін жылжытып көріңіз
Сақтауға басып, интерактивті сызбаңызды сақтап қойыңыз