14

сталин және қазақстан

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: сталин және қазақстан
Page 2: сталин және қазақстан

Мазмұны:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

ІІ.1 Голощекин саясаты- Сталинизмнің

Қазақстандағы айқын көрінісі.

ІІ.2 Сталин – тым күрделі тарихи тұлға

ІІ.3 Сталиндік тозақтың қылбұрауы.

ІІ.4 Сталин және Алаш қайраткерлерінің

тағдыры.

ІІІ. Қорытынды.

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер

Page 3: сталин және қазақстан

30-шы жылдардың екінші

жартысында елімізде, дәлірек айтсақ,

Қазақстанда орын алған сталиндік

саяси террор, қуғын-сүргін кезіндегі

тарихымыздың әлі де толық

зерттелмеген тұстарын ашып көрету.

Тың мәліметтер жинақтау арқылы

Отандық тарихымызды толықтыру

Page 4: сталин және қазақстан

Кеңес дәуірінде бұрмаланып

келген ұлттық тарихымызға

оң баға беру және жазылмай

қалған ақтаңдақтарды

анықтау.

Page 5: сталин және қазақстан

Кіріспе

Ұлт, халық қамын ойлағандардың «саясатқа қайшы» пікірлері мұқият қадағаланып, сталиндік «ерекше папкаға» түсіп отырды. Тоталитарлық езгі машинасы үздіксіз жұмыс істеп келеді.

В.И.Сталиннің тұсында 46,6 миллион жан құрбан болған. Бір ғажабы «Ұлы Қазан» төңкерісінің авторы, кешегіге дейін «Күн көсем» деп жырлап келген Лениннің тұсында да 4 миллион адам құрбан болған еді.

Сталин- тоталитарлық теорияны шын мәнінде жүзеге асырған қанқұйлы практик, сонымен бірге оны ілгері дамытушы да. Әрине, ол тоталитарлық мемлекетті қалыптастыруда өзінің ұстаздарынан асып түсті.

Page 6: сталин және қазақстан

Голощекин саясаты-Сталинизмнің

Қазақстандағы айқын көшірмесі

Голощекин патша отаршылдығын кеңестік тәсілмен

пәрменді түрде жүргізген Қазастандағы кіші Сталин еді.

Ресейдің екі ғасыр бойы іске асыра алмағанын коммунистік

жүйе сегіз-ақ жыл ішінде жүзеге асырды.

Ел жадында «Қужақ» деп сақталған ғасырлар бойында

«Қужақ» аталып кете баратын кәдімгі Филипп Исаевич

Голощекин (Шая Ицкович) еді. Саясатта Сталиннің шәкірті

бола тұра Голощекин қатыгездік жағынан ұстазынан асып

түсер басбұзардың өзі болды.

Голощекиннің әміршілдік-әкімшілдік жұмыс әдісі етек алып,

өрістей бастаған кезде республикалық партия, совет активі

оған қарсылық та көрсете бастады. Қарсы шыққандарға

неше түрлі жала жабылды. Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов,

С.Сейфуллин, О.Жандосов, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов,

С.Қожанов, С.Меңдешев, М.Мырзағалиев, Ә.Әйтиев сиқты

партия, совет қызметкерлерінің атына ғайбат сөз

айтушылар, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев,

Ж.Аймауытов және басқалардың соңына шам алып

түсушілер көбейді. Міне, осы тұста әккі әкімшіл, өктем

Ф.Голощекин оппозицияың қанатын бірден қырқу үшін,

жаңа саяси бағытты дәлелдеп, Сталинге хат жолдады.

Page 7: сталин және қазақстан

Сталинге

хат

Көп ұзамай оның

арандатушылық саясатына

тоқтаусыз жол ашқан:

«Тов.Голощекин. Я думаю, что

политика, намеченная в

настоящей записке, является в

основном единственно

правильной политикой.

И.Сталин.» деген жауап та келіп

жетті. Ал Сталиннің бұл жауап-

хатына дейін Голощекин оның

атына Қазақстанда «Кіші

Октябрь төңкерісін» жасау

керек екендігін негіздеп, осы

шараны жүзеге асыруына

«келісім» сұраған болатын.

Page 8: сталин және қазақстан

Алаш ардақтыларын алғашқы

айыптау. 1928 жылдың соңында

«буржуазиялық ұлтшылдар» деген

жалған айыптаумен «Алашорда»

ұйымының бұрынғы 44 қайраткері

тұтқындалды. Олардың ішінде

А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов.

М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,

Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев,

Ә.Мұңайтпасов, Қ.Кемеңгеров,

М.Бұралқиев, Н.Қожамқұлов,

Ә,Ақпаев, С.Қадырбаев,

Ж.Тілеуменов, М.Мұртазин,

А.Үмбетбаев, Ә.Омаров,

Ә.Ермеков, М.Әуезов, У.Омаров,

Б.Сүлеев, Д.Ысқақов және

басқалары бар. Көп кешікпей

Ж.Аймауытов, А.Байділдин,

Г.Бірімжанов және Д.Әділов

атылды. Басқалары әртүрлі

мерзімдерге сотталды. М.Дулатов

лагерьде өлді.

Page 9: сталин және қазақстан

Тәркілеу науқаны

(конфискация).

Қазақ халқының қолындағы бар байлығы-

малын тартып алу Кңес өкіметі жүзеге

асырған тәркілеу науқанынан басталады.

Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен

Халық Комиссарлары Кеңесінің 1928

жылы тамызда «Ірі бай шаруашылықтары

және жартылай феодалдарды тәркілеу

және жер аудару туралы» заңы

қабылданды.

Page 10: сталин және қазақстан

Святослав Рыбас,

орыс жазушысы

«Бұл адамның тағдыры

аянышты: өмірде бақытсыз

болды, әйелі өзіне қол

салды, балаларының өмірі

де оңалмады. Ол құрған

мемлекет енді жоқ. Атқарған

істері тарих тозаңынан

көрінбей қалды. Тек бір ғана

ісі – коммунистік Қытай

гүлденіп барады».

Сталин – тым күрделі тарихи тұлға

Page 11: сталин және қазақстан

Сталиндік тозақтың қылбұрауы Бірінші кезең - 1917 -1920 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезде кеңес

өкіметінің орнауы мен Азамат соғысының орын алуына байланысты өлке

тұрғындары «ақ» пен «қызылға» бөлініп қырылысты.

Екінші кезең - 20-жылдарды, әсіресе оның екінші жартысын қамтиды. Осы

кездегі саяси қуғын-сүргін Сталиннің сенімді қолшоқпары болған Ф.Голощекиннің

Қазақстандағы ойранымен айқындалады. Голощекиндік геноцид, Алаш

ардақтыларына қарсы қуғын-сүргіннің басталуы, ұлтшылдыққа қарсы күрестің

кеңінен етек жаюы, қазаққа ауыр соққы болып тиді.

Үшінші кезең – 30-жылдардың басын қамтиды. Бұл кезеңде Алаш

қозғалысының жетекшілері мен қатардағы мүшелерін жаппай жазалау жүзеге

асырылды. Ауыл шаруашылығын зорлап ұжымдастыру, көшпелі және жартылай

көшпелі қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландыру да осы кезде жүзеге асты.

Төртінші кезең - 1937 жылдан Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейінгі уақытты

қамтиды. «Социалдық құрылым алға жылжыған сайын ел ішіндегі тап күресі

күшейе түседі» деген Сталиндік «қағида» негізінде жаппай саяси қуғын-сүргін

басталды.

Бесінші кезең - 40-жылдардың екінші жартысы мен 50-жылдарды қамтиды.

Бұл кездекгі Сталиндік қуғын-сүргіннің тоқпағы алдымен тағы да

интеллигенцияға қарсы бағытталып, елдің изиялы қауымын қудалау мен

жәбірлеу «буржуазияшыл ұлтшылдар мен тексіз (отансыз) космополиттермен

күрес» ұранымен жүргізілді.

Page 12: сталин және қазақстан

Сталин және Алаш

қайраткерлеріПрезидент Н.Ә.Назарбаев: «ХХ

ғасырдың алғашқы ширегіндегі

Қазақстанның қоғамдық-саяси

өміріндегі Алаш партиясының

алатын орны мен қызметін

зерттеу – Отандық

тарихымыздың ең өзекті

мәселелерінің бірі. Өйткені

кезінде «Алаш» партиясының

жетекшілері ұсынған қағидалары

күні бүгінге дейін өз маңызын

сақтап отыр», - деп әділ бағасын

берді.

Page 13: сталин және қазақстан

Қорытынды

Тарихымыздың тағылымдық мәнін айқындайтын және сол арқылы

өскелең ұрпақты парықсыздықтан сақтандыратын, аяғын жаңсақ

басудан қорғайтын киелі күш – ақиқат, тек қана ақиқат.

Қазақстандағы 1928-1933 жылдардағы голощекиндік геноцидті,

1937-1938 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінді ұйымдастырушы

Сталин, орындаушылары «қужақ» Голощекин мен «қатыгез» Ежов

болғаны тарихтың ащы шындығы.

Page 14: сталин және қазақстан