27
АҚПАРАТТЫҚ ДАЙДЖЕСТ № 10

дайджест 10 каз

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: дайджест 10 каз

АҚПАРАТТЫҚ ДАЙДЖЕСТ № 10

Page 2: дайджест 10 каз

Мазмұны

WorldSkills Kazakhstan жобасын дамыту...................................................................3

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның қатысуымен өткізілген іс-шаралар

ТжКОБ-нің 8 мамандығы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу .....17

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның «Interna�onal TVET Conference Pakistan - 2016» халықаралық конференциясына қатысуы..............................................................19

«Voca�onal Educa�on and Skills» арнайы интернет-журналы жобасы..................20

Еуропа Білім Қоры сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел-семинар.....................................................................................................................21

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның қатысуымен өткізілетін іс-шаралар Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен ИПҚ біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу ....................................22

«Ғаламтор заттары» пилоттық жобасы ..................................................................23

АРЕС PetroTechnic Дәнекерлеушілер мектебінің ашылуы....................................24

АРЕС PetroTechnic-тің оқытушы-тәлімгерлер қызметіне кандидаттарды серіктестікке шақырады.........................................................................................25

2

Page 3: дайджест 10 каз

WorldSkills Kazakhstan жобасын дамыту

WORLDSKILLS INTERNATIONAL (WSI) – дүниежүзі бойынша кəсіби даярлау

стандарттарын арттыру, жұмысшы жəне техникалық кəсіптерді дəріптеу

мақсатында құрылған халықаралық ассоциация.

Қазіргі таңда Ассоциация құрамына 75 астам мемлекет кіреді.

Ассоциация 1946 жылы құрылған, секретариат штаб-квартирасы Амстердамда

(Нидерланды) орналасқан.

WSI қызметіне ассоциация мүшесі болатын мемлекеттерде екі жылда бір

рет болатын кəсіптік шеберлік байқауларын ұйымдастыру жатады. Əр

мемлекеттің Ұлттық құрамына – 18 жəне 22 жас аралығындағы жастар жатады.

Оған колледждердің, ЖОО-ның студенттері жəне кəсіпорындардың жас

жұмыскерлері кіреді. Байқауда дəнекерлеу ісі, токарь ісі, кірпіш қалау жəне т.б.

сияқты 50 құзыреттіліктер бойынша қатысушылардың кəсіби дайындық деңгейі

бағаланады.

Халықаралық байқау нəтижесі – бұл əр мемлекеттің жəне оның техникалық

мамандарды даярлау жүйесінің визит карточкасы.

3

Page 4: дайджест 10 каз

Қатысушылардың негізгі ерекшеліктері:

- Қазақстанда еңбек нарығы мен салалардың дамудың əлемдік тенденциясын

уақытында бағалау, олардың ары қарай дамуы;

- кəсіптік құзыреттіліктің кең түрі бойынша кəсіптік стандарттары саласында

қазақстандық мамандардың халықаралық мəліметтер базасына қолжетімділікті

ұсыну;

- үздік əлемдік тəжірибелерді анықтау жəне оны Қазақстан білім жүйесіне енгізу;

- халықаралық талаптарға сай ұлттық кəсіптік стандарттарды, білім стандарттары

мен бағдарламаларды жетілдіру;

- Қазақстанның сараптамалық қауымдастығын дамыту жəне білім беру

жүйесінің басшы жəне инженер-педагог қызметкерлерінің потенциалын

күшейту;

- жұмысшы жəне техникалық мамандықтардың дəрежесі мен мəртебесін

арттыру;

- білім беру жүйесіне жаңа оқыту технологияларын енгізу жəне инновациялық

процестерді ынталандыру;

- кəсіптік бағдарлау жұмыстарын сапалық арттыру.

4

Page 5: дайджест 10 каз

2014 жылы Қазақстан WorldSkills Ассоциациясының 70-ші қатысушы

мемлекеті болып тіркелді. 2016 жылдың 12-15 қыркүйек аралығында WorldSkills Kazakhstan 2016 екінші Ұлттық чемпионаты болды. Аталған іс-шара Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберіндегі жұмысшы мамандығын арттыру жəне жалпы еңбек қоғамын құру бойынша тапсырмаларды орындау үшін өткізілді. Байқауға қатысушылардың саны ТжКБ беру ұйымдарынан 700 астам студенттер мен білім мен бизнес жүйесінен 300 астам сарапшылардан тұрды. Сонымен бірге, чемпионатты ұйымдастыруға ұйымдастырушы комитеттерінен 200 астам өкілдер қатысты. Чемпионатқа орта білім мектептерінің оқушылары, колледждердің əлеуметтік серіктестері, ата-аналар қатысты, яғни қатысушылардың жалпы саны 2000 астам адамды құрады. Ағымдағы жылдың 12-15 қыркүйек аралығында Астана қаласында WSK Ұлттық чемпионаты өткізілді, оған еліміздің əр өң ірінен келген 140 астам қатысушылар, 200 астам сарапшылар мен өндірістік оқыту шеберлері, өнеркəсіп орындарының өкілдері, қонақтар, волонтерлар мен басқа да қызығушылық артқан адамдар қатысты. WorldSkills Kazakhstan 2016 Ұлттық чемпионаты 2016 жылдың 12-15 қыркүйек аралығында өткізілді. Чемпионат 15 құзыреттілік: мейрамхана ісі (аспазшы), мейрамхана сервисі (даяшы), кондитер ісі, шаштараз ісі, желілік жəне жүйелік басқару, веб-құрастыру, мехатроника, құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары, кірпіш қалау, дəнекерлеу жұмыстары, сырлау жəне декоративтік жұмыстар, плиткамен қаптау, мектепке дейінгі тəрбие, киім дизайны, электр монтаждау жұмыстары бойынша жүргізілді.

5

Page 6: дайджест 10 каз

BI Group құрылыс компаниясының оқу-тренинг орталығы базасында кірпіш

қалау, сырлау жəне декоративт ік жұмыстар жəне плиткамен қаптау

құзыреттіліктері бойынша сайыстар өтті. «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша

сайысқа 8 колледж студенттері мен 9 адам сарапшы ретінде қатысты. Сырлау

жəне декоративтік жұмыстар құзыреттілігі бойынша 6 қатысушы тұсқағазды

жабыстыру алдында қабырғаларды дайындады, декоративті сырлау жəне акрил

бояуымен жұмыс жасады, қабырғаларға тұсқазғаздарды жабыстырды. 4 күн

бойы қатысушылардың жұмыстарын 6 сарапшы бағалады. Құрылыстың

маңызды кезеңдерінің бірі – плиткамен қаптау. 3 қатысушы алдына 4 модульден

тұратын тапсырма қойылды: қабырғаны грунттау, материалдарды дайындау,

плиткамен қаптау, жіктерді тегістеу. 4 сарапшы əр модульді жеке-жеке

бағалады жəне қатысушыларға балл қойды.

Заманауи əлемде, туризм саласы жылдам дамып келе жатқан кезеңде

мейрамхана ісі жастар арасында сұранысқа ие жəне табысты кəсіпке

айналуда. Сондықтан мейрамхана ісі, чемпионат құзыреттіліктері тізімінің

алдыңғы қатарына ілікті. 14 болашақ аспазшылар тапсырма жəне жеке

рецепттер бойынша таңдаулы тамақтар мен тəттілерді дайындады, олар

т а ға м д а р д ы əр л е у м е н д а й ы н д а у д а к р е а т и в т і л і к т і көр с е т е б і л д і .

Қатысушылардың дағдыларын 15 кəсіби сарапшылар бағалады.

№ 6 кəсіптік лицей базасында мейрамхана ісі (аспазшы), веб-құрастыру,

құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары жəне дəнекерлеу жұмыстары

құзыреттіліктері бойынша байқаулар өтті.

«Құр ғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары» ат ты құ зыретт іл і к т ің 9

қатысушысын, яғни болашақ құрылысшыларды – қабырғаны өңдеу, болттар мен

есік орындарының дұрыс орналастыру мен тағы да басқа критерилер бойынша

6

Page 7: дайджест 10 каз

Өңіраралық байқаулардың үздік сайт құрастырушылары байқаудың –

сайтқа дизайн жасау, анимациялық ойындар құрастыру, сайттың ІР адресін құру

атты басты кезеңдерінен өтті. Веб-құрастыру байқауына 9 студент жəне веб-

құрастыру саласының 11 маманы сарапшы ретінде қатысты.

Еліміздің жан-жағынан келген 14 болашақ дəнекерлеушілер өз күштерін

ортаға салу мақсатында елордаға жиналды. Ең үздік дəнекерлеушіні анықтау

мақсатында, күн сайын 16 сарапшы қатысушылардың дəнекерлеген жігінің

сызбаға сəйкестілігін жəне орындалу сапасын бағалады.

7

Page 8: дайджест 10 каз

7 жас кондитерлер тəттілерді əрлеудегі креативтілікті, қоспаларды

үйлестірудегі өнерін, сонымен қатар дəмдік параметрлер бойынша өнімді

анықтау шеберлігін көрсетті. Кондитер болу – ажарлы жəне қызықты (десерттер

кадрларлы жəне т.б.). Байқау Астана қаласындағы Gourmet кулинарлық

мектебінде өтті.

«Тошкент» мейрамханасында 6 даяшы қонақтарға деген құрмет пен

жақсы қызмет көрсету шеңберінде бақ сынасты. 4 күн бойы қатысушылар өте

жақсы нəтижелер көрсетті.

8

Page 9: дайджест 10 каз

Ең үздік шаштаразшы атағына Қазақстаннның өңір-өңірінен келген 12

қатысушы сайысқа түсті. Байқауды өткізу үшін алаңды Сергей Бычковтың сəн

салоны ұсынды. Байқау тапсырмаларына: жаңа технологияларды қолдану

арқылы əйел адамның шаш үлгісін, үйлену жəне сəнді шаш үлгілерін жасау, ер

адамның шаш үлгілерін жəне оларды бояу жəне тағы басқа тапсырмалар енді.

Нəтижесінде 14 сарапшы ең үздік шаштаразшыны анықтады.

«Электрмонтаждау жұмыстары» құзыреттілігі бойынша өң іраралық

байқаудың 11 жеңімпазы «Спецэлектра» ЖШС базасында заманауи жəне

дəстүрлі технологияларды қолдану арқылы ғимаратты электр құралдарын

монтаждау бойынша тапсырмаларды орындады. 12 сарапшы байқаудың

барлық талаптарының орындалуын қатаң қадағалады.

9

Page 10: дайджест 10 каз

Компьютер жəне мехатроника мамандары, үздік екендерін дəлдеу

мақсатында Астана қаласының Политехникалық колледжіне жиналды.

Электрондық адреске шифрланған хабарламаны жолдау, бағдарламаны

қолданушыларды авторизациялау жəне оларды желіге қосу, домен аттарын

жасау тапсырмаларын 9 болашақ жүйе администраторлары орындады. 14

сарапшы ең үздік жүйе администраторын анықтады.

Мехатроника - ғылым мен техника облысындағы жаңа сала болып

табылады. «Болашақтың мамандары» компьютерлермен, электрондық

құралдармен жұмыс жасады. Астана қаласының Политехникалық колледжінде

мехатроника бойынша 6 маман өз жұмыстарын 4 сарапшыға ұсынды.

10

Page 11: дайджест 10 каз

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ерекшелігін жəне тəрбиелеушінің

кəсіби сапасын сипаттау, көркем шығармаларды балаларға эмоциямен жəне

екпіндерді қою арқылы дұрыс жеткізу, мектепке дейінгі жастағы балалармен

жұмыс жасау шеберліг ін – «Мектепке дейінг і тəрбие» құзыретт іл іг ін ің

қатысушылары ұсынды. Байқау Астана қаласының №65 бала-бақша базасында

өтті. 13 қатысушы мен 13 сарапшы үздік болашақ тəрбиелеушіні анықтау

мақсатында жұмыс жасады.

«Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компания базасында киім дизайны

байқаулары өтті. 6 қатысушының алдында, өздерінің эскиздері бойынша киімдер

тігу, дизайнерлік идеяларды көрсету, манекен көмегімен пішінді жасау жəне

бүрмелеу тапсырмалары тұрды. 8 сарапшы дизайнерлік идеялардың

кретивтілігін бағалады жəне халықаралық чемпионатқа баратындарды

анықтады.

11

Page 12: дайджест 10 каз

Ұлттық чемпионат келесі алаңдарда өткізілді: «BychkovHair Industry» сəн

салоны; «Спецэлектра» ЖШС, Кəсіптік-техникалық колледжі (№6 КЛ), Астана қ.

Білім басқармасының «Политехникалық колледжі» МКҚК, «BI Group» оқыту

орталығы, «Ютария Ltd.» ЖШС, №65 «Бал-бала» балабақшасы, «Gourment»

кулинарлық мектебі, «Тошкент» мейрамханасы.

WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаттың ашылу салтанаты 2016 жылдың

12 қыркүйегінде Оқушылар сарайының концерт залында, ал ресми жабылу

салтанаты «Қазақконцерт» ОКЗ-ң концерт залында өткізілді.

WSK Ұлттық чемпионат қорытындысы бойынша 45 жеңімпаз анықталды.

Бірінші орынды Ақмола облысы алды, олардың қоржынында 1 алтын, 1

күміс жəне 5 қола медальдары бар. Ал екінші орында Астана жəне Алматы

қалаларының өкілдері, олардың қоржынында 6 медаль. Одан кейін Қарағанды

облысы - 5, Шығыс Қазақстан облысы - 4, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан

жəне Маңғыстау облыстары – 3 медальдан, Алматы, Қостанай жəне Павлодар

облыстары – 2 медальдан, Атырау жəне Батыс Қазақстан облыстары – 1

медальдан.

2016 жылы Қазақстан Республикасы EuroSkills Халықаралық ұйымның

мүшелігіне енді жəне Швецияның Гетеборг қаласында өтетін чемпионатқа

жолдама алды. Чемпионат 2016 жылдың 30 қараша жəне 5 желтоқсан

аралығында өтеді. Чемпионатқа WorldSkills Kazakhstan Ұлттық Құрамының қатысуы

жоспарлануда. Ұлттық чемпионаты қазақстан жастарының халықаралық деңгейде баға жетпес тəжірибе алу мен өз мемлекетін жақсы деңгейде көрсету мүмкіндігін беретін, ТжКБ жүйесіндегі жыл сайын өткізілетін іс-шара болды.

12

Page 13: дайджест 10 каз

WorldSkills kazakhstan 2016 Ұлттық чемпионаты

жеңімпаздарының тізімі

Мейрамхана ісі (аспазшы)

1-орын - Есмуратов Жасұлан (Алматы облысы, "Айкул" ЖШС, "Khama-Park"

мейрамханасы)

2-орын - Лисневский Виталий ("Қарағанды коммерциялық колледжі" ЖҰ,

Қараганды облысы)

3-орын - Инкербаев Алмаз (Қонақжайлылық жəне туризм индустриясы колледжі,

Алматы қ.)

Мейрамхана сервисі (даяшы)

1-орын - Жүсіпназар Олжас ("Қоғамдық тамақтану жəне сервиз колледжі" КМҚК

Астана қ.)

2-орын - Кривошеев Вадим (Қонақжайлылық жəне туризм индустриясы колледжі,

Алматы облысы)

3-орын - Мамавка Елена (Туризм индустриясы жəне сервиз колледжі, Щучинск қ.,

Акмола облысы)

Кондитер ісі

1-орын - Кулбаева Мөлдір («Маңғыстау туризм колледжі» МКҚК, Маңғыстау

облысы)

2-орын - Жүсіп Ержан (№ 6 колледж, Шымкент қ., ОҚО)

3-орын - Парфенович Алексей (Көкшетау қ. №1құрылыс-техникалық колледжі»

ҚМУ, Акмола облысы)

Шаштараз ісі

1-орын -Абдраимов Қанат (Алматы сервиз жəне технология мемлекеттік

колледжі, Алматы қ.)

2-орын - Лисовская Анна ("Өскемен қызмет көрсету колледжі" ҚМҰ, ШҚО)

3-орын - Тоқсамбаева Мадина ("Павлодарқызмет көрсету колледжі" КМҚК,

Павлодар облысы)

Желілік жəне жүйелік басқару

1-орын - Шлагерь Владислав ("Политехнический колледж" КМҚК, Астана қ.)

2-орын - Лапытько Артём (Костанайский колледж автомобильного транспорта,

Костанайская облысы)

3-орын - Назарьев Никита (Жоғары колледж, Щучинск қ., Акмола облысы)

13

Page 14: дайджест 10 каз

Веб-құрастыру

1-орын - Давыдов Александр (Қостанай политехникалық колледжі, Қостанай

облысы)

2-орын - Жуков Константин ("Карагандинский политехнический колледж КМҚК,

Қараганды облысы)

3-орын - Апретов Юрий ("Политехникалық колледжі" КМҚК, Астана қ.)

Мехатроника

1-орын - Бажиров Тимур (Көкшетау қ. Жоғары колледжі, Ақмола облысы)

2-орын - Түзелбек Дəулет (Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі,

Алматы қ.)

3-орын - Лиманский Вильгельм ("Электротехникалық колледжі" КМҚК, Семей қ.,

ШҚО)

Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары

1-орын - Смирнов Евгений (Солтүстік Қазақстан кəсіптік-педагогикалық колледжі,

СҚО)

2-орын - Таубай Жанарыс (№ 16 колледж, Шардара қ., ОҚО)

3-орын - Желтоног Шамиль ("Теміртау политехникалық колледжі" КМҚК,

Қарағанды облысы)

Кірпішті қалау

1-орын - Хабатай Айбек ("Құрылыс колледжі" КМҚК, ШҚО)

2-орын - Шишкин Роман (СҚО)

3-орын - Тұрғанбек Қасымжан ("Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі" ҚМУ,

Қарағанды облысы)

Дəнекерлеу жұмыстары

1-орын -Матаев Алмас ("Туран-Профи" қалалық шаруашылық колледжі, Астана

қ.)

2-орын - Сумкин Максим ("Орал политехникалық колледжі" МКҚК , Астана қ.)

3-орын - Сильванович Владислав ("Ақсу қара металлургия колледжі" КМҚК,

Павлодар облысы)

14

WorldSkills kazakhstan 2016 Ұлттық чемпионаты

жеңімпаздарының тізімі

Page 15: дайджест 10 каз

Сырлау жəне декоративтік жұмыстар

1-орын -Тастан Айгерим (Алматы құрылыс жəне халық өнері колледжі, Алматы қ.)

2-орын - Елеусинов Азамат (Атырау индустриалды колледж, Атырау облысы)

3-орын -Селиверстов Владимир (Менеджмент жəне бизнес колледжі, Астана)

Плиткамен қаптау

1-орын -Үшкемпіров Жақсылық ("Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі" ҚМК,

Қарағанды облысы)

2-орын - Арықбай Дəурен (М.Тынышпаев атында ғы Қазақ көл ік жəне

коммуникация академиясының Ақтау транспорт колледжі, Маңғыстау облысы)

3-орын -Рахым Асхат («Көкшетау қаласының №1 құрылыс-технический колледжі»

ҚМК, Ақмола облысы)

Мектепке дейінгі тəрбие

1-орын -Төлен Мадина (№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-

педагогикалық колледжі, Алматы қ.)

2-орын - Бисимбаева Аида (М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық

колледжі, СҚО)

3-орын -Қажғалиева Дайана (Орал гуманитарлық-техникалық колледжі, Орал қ.,

БҚО)

Киім дизайны

1-орын -Мурзахметова Юлдуз (№5 колледжі, Шымкент қ., ОҚО)

2-орын -Рогожкина Наталья (Педагогикалық колледжі, Щучинск қ., Ақмола

облысы)

3-орын -Көмекбаева Қазына (Жаңаөзен политехникалық колледжі, Маңғыстау

облысы)

Электрмонтаждау жұмыстары

1-орын -Орынбай Саламат («Алматы энергетика жəне электрондық технология

мемлекеттік колледжі» МКҚК, Алматы қ.)

2-орын -Кондратьев Александр (КМҚК "Өскемен политехникалық колледжі",

ШҚО)

3-орын -Ефимович Владислав (Жоғары колледж, Щучинск қ., Ақмола облысы)

15

WorldSkills kazakhstan 2016 Ұлттық чемпионаты

жеңімпаздарының тізімі

Page 16: дайджест 10 каз

Worldskills Kazakhstan 2016 жобасының

ресми серіктестері

«Microsoft» ЖШС

Астана қ.

политехникалық

колледжі

BI-Group құрылыс компаниясы «КНАУФ Гипс Қапшағай» ЖШС

«ШАГ» Компьютер

Академиясы

№6 кəсіптік-техникалық

лицей

«Спецэлектра»

ЖШС

Астана қ. №65

«Бал-бала»

балабақшасы

«Ютария Ltd.»

компаниясы Gourmet кулинарлық

мектебі

Сергей Бычковтың

сəн салоны

«Festo»

компаниясы

«Mas Design Studio»

ЖШС

Түрік Республикасы Үкіметі жанындағы

Серіктестік жəне координация бойынша түрік

агенттігі

16

Page 17: дайджест 10 каз

«КƏСІПҚОР» ХОЛДИНГІ» КЕАҚ-НЫҢ ҚАТЫСУЫМЕНӨТКІЗІЛЕТІН ІС-ШАРАЛАР

Холдингт ің ТжКОБ оқу-əдістемелік қамтамасыз ету басқармасы

мемлекеттік тапсырмаға сай ТжКБ саласында білім беру бағдарламаларын

əзірлеуде тəжірибесі бар, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі

жəне/немесе жоғары оқу орындарының қазақстандық жəне шетелдің үздік

ұйымдары тартылған, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің

(ТжКОБ) сегіз мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын əзірлеу жəне

енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде:

- 2016 жылдың 19-21 қыркүйек аралығында «0601000 - Стандарттау,

метрология жəне сертификаттау», «0502000 – Телекоммуникация құралдары

жəне тұрмыстық техникаға қызмет көрсету жəне жөндеу (сала бойынша)»,

«1413000 – Темір бетон жəне металл өн імдерін өнд іру» , «1302000 –

Автоматтандыру жəне басқару (бейін бойынша)» мамандықтары бойынша

білім беру бағдарламаларын құрастырушы авторлардың қатысуымен дөңгелек

үстел жүргізілді. Дөңгелек үстел білім беру бағдарламаларын əзірлеу

барысында талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Құрастырушы авторлар

білім беру бағдарламаларының жобаларын ұсынды. Дөңгелек үстел жұмысы

нəтижесі бойынша барлық қызығушылық артқан қатысушылардың қатысуымен

дөңгелек үстел ұсыныстары əзірленді;

26 қыркүйек жəне 3 қазан аралығында қазақстандық құрастырушы

авторлармен Dudley college (Ұлыбритания) өкілі Сноудона Рид – шетелдік

құрастырушы-сарапшымен кездесу өткізілді. Іс-сапар мақсаты: шетелдік білім

беру бағдарламаларын құрастырушы-сарапшының қазақстандық құрастыру

авторлардың бірге жұмысын ұйымдастыру:

ТжКОБ-нің 8 мамандығы білім беру бағдарламаларын əзірлеу жəне енгізу

17

Page 18: дайджест 10 каз

- 26 қыркүйекте Ақтөбе қ. «Стройдеталь» ЖШС кəсіпорны базасында

«1413000 – Темір бетон жəне металл өнімдерін өндіру» мамандығы бойынша

əзірлеушілерімен кездесу өткізді;

- 28-29 қыркүйек аралығында Қостанай қаласының политехникалыұ

колледжі жəне тұрмыстық сервис колледжін ің базасында «0601000 -

Стандарттау, метрология жəне сертификаттау», «0502000 - Телекоммуникация

құралдары жəне тұрмыстық техникаға қызмет көрсету жəне жөндеу (сала

бойынша)» мамандықтары бойынша құрастырушылармен жұмыс кездесулері

өткізілді;

- 3 қазанда Өскемен қаласында политехникалық колледж базасында

«1302000 - Автоматтандыру жəне басқару (бейін бойынша)» мамандығы

бойынша құрастырушылармен кездесу өткізілді;

29 қыркүйек жəне 7 қазан аралығында қазақстандық құрастырушы

авторлармен «Dreberis» (Германия) өкілі Ян Бах – шетелдік құрастырушы-

сарапшымен кездесу өткізілді. Іс-сапар мақсаты: шетелдік білім беру

бағдарламаларын құрастырушы-сарапшының қазақстандық құрастыру

авторлардың бірге жұмысын ұйымдастыру:

- 29 қыркүйекте Холдинг базасында «1225000 – Ет жəне ет өнімдерін өндіру

(түрлері бойынша)» мамандығы бойынша жұмыс тобы жұмыс жасады;

- 30 қыркүйекте Қостанай қаласының политехникалық колледжі базасында

«1518000 Электрификация жəне ауыл шаруашылығын автоматтандыру»

мамандығы бойынша жұмыс тобы жұмыс жасады;

- 7 қазанда Алматы қаласының Алматы құрылыс-техникалық колледжі

базасында «141400 –Жиһаз өндірісі» мамандығы бойынша құрастырушылармен

жұмыс кездесуі болды;

- 8 қазанда Холдинг базасында «1504000 – Фермер шаруашылығы»

мамандығы бойынша жұмыс тобы жұмыс жасады.

18

Page 19: дайджест 10 каз

2016 жылдың 3-4 қазан аралығында Пəкістан Ислам Республикасының

астанасы Исламабад қаласында «International TVET Conference Pakistan - 2016»

халықаралық конференциясы өтт. Конференцияны NAVTTC – Пəкістанның

техникалық жəне кəсіптік білім бойынша ұлттық комиссия ұйымдастырды.N AVTTC

Қазақстан өкілдерінің Пəкістан Ислам Республикасындағы баспана жəне көлік

шығындарын жəне визалық құжаттарды рəсімдеу шығындарын өз мойынларына

алды.

Конференцияға 15 мемлекеттің 2 өкілдерінен қатысты, олар Австралия,

Германия, Ұлыбритания, Қытай, Малайзия, Оңтүстік Корея, Филиппин, Шри-

Ланка жəне т.б., сонымен қатар Пəкістанның ТжКБ беру жүйесінің жетекшілері.

Жұмыс шеңберінде Пəкістандағы ТжКБ жүйесін дамыту үшін халықаралық

жəе өңірлік жағдайлар шеңберінде үздік практика, тəжірибе жəне біліммен

алмасу үшін платформа құрылды. Қазақстандық өкілдердің мүшелері

дүниежүзінің əр жерінен келген қатысушылар тəжірибе жəне идеялармен

алмаса отырып, конференцияға белсенді қатысты.

«Кəсіпқор» холдингі» КЕАҚ қызметкерлері «International TVET Conference Pakistan - 2016»

халықаралық конференциясына қатысуы

19

Page 20: дайджест 10 каз

2016 жылдың 4 қазанында «Кəсіпқор» холдингі» қызметкерлерінің British

Council Қазақстандағы өкілдері арасында кездесу өткізді. Британ білім беру

жүйесіне жəне мəдениетіне жол ашатын British Council үздік халықаралық ұйымы

Қазақстан үшін “Vocational Education and Skills” арнайы интернет-журналы

жобасын əзірлеуде.

Əлемге таныл ған журнал кəс іпт і к - техникалық б іл ім жүйес ін ің

менеджерлері, оқытушылары жəне басқа да қатысушыларының жинаған

тəжірибесімен жəне үздік практикаларымен бөлісуге мүмкіндік береді. Қазіргі

кезде интернет-журналдың бірінші нөмірін шығару бойынша жұмыстар

жүргізілуде, 2016 жылдың қазан айының соңында алғашқы нөмері жарияланады.

Сонымен қатар кездесу барысында «Кəсіпқор» жəне British Council

серіктестіг і аясында қазақстандық колледждердің менеджерлері мен

оқытушыларының жəне студенттерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға

бағытталған мəселелер талқыланды. Қазақстандық жəне Ұлыбритания

колледждері арасында серіктестікті орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Холдинг Қазақстанның кəсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының

өкілдерін жəне қызығушылық артқан басқа да адамдарды интернет-журнал

материалдарын дайындауға шақырады. Бұл ТжКБ беру ұйымдарына жақсы

мүмкіндік, яғни олардың басқа мемлекеттердегі əріптестерімен қарым-

қатынасты күшейтуге жəне халықаралық аренада өзін көрсетуге мүмкіндік

береді.

Журналдың болжамды баспасымен:

http://www.britishcouncil.rs/en/programmes/education/vocational/magazine-ve

сілтемесі арқылы таныса аласыз, қызығушылық артқандар материалдарды

[email protected] электрондық поштаға жібере алады.

Қазақстандағы “Vocational Education and Skills” интернет-журналы

20

Page 21: дайджест 10 каз

2016 жылдың 7 қазанында «Кəсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ы Еуропа Білім

Қорының сарапшылары Дидье Жэнибер жəне Кристин Хемшемайер

қатысуымен дөңгелек үстел-семинар өткізді.

Семинарда «Біліктіліктермен жұмыс: дəстүрліден заманауи біліктілікке

дейін. Оқу процесіне кредиттік-модульдік оқыту технологиясын енгізу» тақырыбы

талқыланды.

Дөңгелек үстелге ҚР Білім жəне ғылым министірінің ТжКБ мəселелері

бойынша кеңесшісі Насымжан Жамбекқызы Оспанова; ҚР Денсаулық жəне

əлеуметтік даму министрлігінің медициналық білім жəне ғылым басқармасының

басшысы Ульмира Əуезханқызы Нуралива; ҚР Спорт жəне мəдениет

министрлігінің дін бөлімінің басшысы Бахтыбай Қыдыртайұлы Бейсенбаев;

«Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасының Адами капитал департаментінің

сарапшысы Марат Ұланұлы Исабеков; Дүниежүзілік банк жобаларды басқару

тобының өкілдері; «Кредиттік технологиялар бойынща оқу процесін ұйымдастыру

ережелері» жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Семинар барысында Кристин Хемшемайер «ЕБҚ Қазақстандағы

жұмысы: Турин процесінен тəжірибемен алмасуға дейін», Дидье Женибер

«Біліктіліктің ұлттық жүйесі. Ағымдағы ахуал, тəсілдер, принциптер», Дүниежүзілік

банк жобаларының басшылары тобының өкілдері «Қазақстандағы біліктілік

жүйесі: жетістіктері мен проблемалары» атты баяндамалар оқыды.

Дөңгелек үстел жоғарыда аталған тақырыптар топтарда талқыланды, одан

əрі жұмыс қорытындылары бойынша презентациялар жасалды. Дөңгелек

үстелдің екінші бөлімі Дидье Жэнибердің «Кредитт ік-модульдік оқыту

технологиясын енгізу принциптері» тақырыбындағы баяндамасымен басталды.

Секция нəтижесінде жұмыс қорытындысы презентацияланды.

Еуропа Білім Қоры сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел-семинар

21

Page 22: дайджест 10 каз

Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен ИПҚ біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру жəне өткізу

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің халықаралық

талаптар бойынша техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының

басшылары мен инженер-педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

курстарын ұйымдастыру жəне жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырмасын

орындау шеңберінде Холдинг «Техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесінің

жаңа формациядағы педагогі» бағдарламасы бойынша техникалық жəне

кəсіптік білім беру ұйымдарының 2600 қызметкерлерін курстық оқытудың 1 кезеңін

өткізді.

2016 жылдың қазан мен қараша аралығында Холдинг «Техникалық жəне

кəсіптік білім беру ұйымдарында кредиттік оқыту технологиясына өтудің

ұйымдастыру-əдістемелік аспектілері», «Ағылшын тілінде арнайы пəндерді

оқытуды енгізу əдістемесі жəне ерекшелігі» бағдарламалары бойынша

біліктілікті арттыру курстарының 2-ші кезеңін өткізу жоспарлануда.

Біліктілікті арттыру курстарын өткізудің 2-ші кезеңін ұйымдастыру жəне

жүргізу үшін Кəсіптік білім орталығының қызметкерлерінің шығыс кездесулері

ұйымдастырылады.

22

Page 23: дайджест 10 каз

«Ғаламтор заттары (Internet оf Things) — кеңістік концепциясы, мұнда

аналог жəне цифрлы əлемнің барлығы араласады – бұл объектілермен

қатынасымызды анықтайды, сонымен қатар объектілердің қасиеті мен мəнін

анықтайды». © Роб Ван Краненбург.

Ғаламтор заттары — бұл дербес кішігірім əлем құру үшін объектілердің

өзара қарым-қатынас құруға мүмкіндік береді. Яғни, Ғаламтор заттары – бұл

ғаламтор жүйесіне қосылған жəне өзара желі мен желісіз каналдардың

байланысқан, көптеген құрылғылар мен тетіктер.

Холдинг Intel Corporation бірге Алматы энергетика жəне электрондық

технологиялар мемлекеттік колледжінде «Ғаламтор заттары» жобасын

ендіруде.

Пилоттық жобаны бірінші серіктес колледжге ендіргеннен кейін, Холдинг 10

серіктес колледжге ендіре бастайды. Осыдан келе, Intel Corporation

серіктестіктің 2-ші кезеңі басталады.

10 серіктес колледж шеңберінде алынған тəжірибе негізінде Ғаламтор

заттары Бизнес-инкубаторы құрылады, мақсаты Ғаламтор заттары бойынша

жобаларының стартапын жүзеге асыруға көмек пен ары қарай ілгерілету болып

табылады.

Үшінші кезең жұмысы сəтт і болған жағдайда, барлық Қазақстан

колледждері таратылады.

Болашақта «заттар» ақпараттық жəне əлеуметтік процестер бизнесінің

белсенді атысушылары болады, мұнда олар адамның қатысуынсыз, қоршаған

əлемде болып жатқан, процестерге əсер ететін, қоршаған орта туралы

ақпаратпен өзара байланыса жəне сөйлесе алады.

Роб Ван Краненбург пікірі бойынша Ғаламтор заттары «төрт қабатты

пирогты» білдіреді.

1 деңгей əр объектінің идентификациясымен байланысты.

2 деңгей тұтынушылардың сұранысына қызмет көрсетуін көрсетеді («заттар»

дербес желілер ретінде қарастырады, дербес мысал – «ақылды үй»).

3 деңгей қалалық өмірді убандаумен байланысты. Яғни бұл «ақылды қала»

концепциясы қала тұрғындарына қатысты барлық ақпарат нақты тұрғын квартал

мен үйге бекітілген.

4 деңгей – сенсорлы ғаламшар.

«Ғаламтор заттары» пилоттық жобасы

23

Page 24: дайджест 10 каз

APEC PetroTechniс BI Group жəне SemArco компанияларымен бірге

«Алғашқы жұмыс біліктілігін алу – дəнекерлеу ісі мамандарын даярлау» жобасын

іске қоспақ.

Ағымдағы жылдың 21 қазанында APEC PetroTechnic-те Дəнекерлеушілер

мектебінің ашылу салтанаты өтті. Əлеуметтік жағдайы төмен отбасынан жəне

жұмыссыз жастар арасыннан шыққан 40 бала тегін білім алып, жұмысқа

орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Дəнекерлеу мамандығы өте қиын жəне белігілі бір білім болмаса өте

қауіпті. Əлеуметтк маңызды жобаның қатысушылары «Дəнекерлеу» мамандығы

бойынша жұмыс біліктілігі бойынша оқу мерзімі 4 айға созылады жəне оқу

нəтижесінде жұмыс орнына рұқсат алады.

Жоба шеңберінде жұмыс берушілермен түлектерді жұмысқа

орналастыру туралы меморандумға қол қойылады.

АРЕС PetroTechnic Дəнекерлеушілер мектебінің ашылуы

24

Page 25: дайджест 10 каз

Егер Сізде педагогикалық білім, оқытушылық тəжірибе, орасан зор

біліміңізбен біздің студенттермен бөлісуге дайын болсаңыз, ағылшын тілін

меңгеру деңгейіңіз UpperIntermediate деңгейінде болса – онда Сізді АРЕС

PETROTECHNIC-КЕ ОҚЫТУШЫ-ТƏЛІМГЕР РЕТІНДЕ ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАМЫЗ!

Біз ағылшын тілі, физика жəне математика пəндері бойынша, сонымен қатар

төмендегі техникалық бағдарламалар:

- электрмен жабдықтау

- кен орындарын пайдалану

- бұрғылау технологиясы

- мұнай жəне газды өндіру технологиясы

- бақылау-өлшеу құралдары жəне автоматика бойынша оқытушы-тəлімгерлерді

шақырамыз.

БІЗДІҢ ТАЛАПТАР:

Білімі:

• жоғары педагогикалық білім, ағылшын тілі бойынша оқытушы-тəлімгерлерге

арналған CELTA халықаралық сертификаты;

• бағдары бойынша жоғары кəсіптік білім (магистр дəрежесі, ғылым кандидаты,

ғылым докторы/PhD дəрежелері);

• колледж студенттеріне тағайындалатын біліктілік деңгейінен төмен емес

біліктілік деңгейінің болуын растау (арнайы пəндер оқытушылары үшін);

• C E F R ж үй е с і н ің В 2 д ең г е й і н е н төм е н е м е с а ғы л ш ы н т і л і б і л і м і

(UpperIntermediate);

• Пəн саласында қолдану үшін АКТ-құзыреттіліг ін ің деңгейі (Windows,

MicrosoftWord, MicrosoftExcel, InternetExplorer, графикалық редактордың негізгі

инструменттері, PowerPoint, Prezi жəне т.б. электрондық презентацияларды

жасау, компьютерлік телекоммуникациялар).

АРЕС PetroTechnic-тің оқытушы-тəлімгерлер қызметінекандидаттарды серіктестікке шақырады

25

Page 26: дайджест 10 каз

БІЗ ІЗДЕГЕН ОҚЫТУШЫ-ТƏЛІМГЕР:

- БІЛУІ ТИІС: оқу жоспарларын əз ірлеу тəртібін, оқу жұмысы бойынша

құжаттаманы жүргізу ережелерін, педагогика, психология жəне кəсіптік білім

əдістемесінің негізін, студенттерді оқыту мен тəрбиелеудің заманауи үлгілері

мен əдістемелерін, педагогикалық диагностиканың құралдары мен

əдістемелерін.

- МЕҢГЕРУІ ТИІС: байланысқан пəндер бойынша білімді, оқытатын пəн

мазмұнының базалық компоненттерін.

- ЖАСАЙ АЛУЫ ТИІС: студенттердің даму, икемілік, дағды деңгейіне жəне

денсаулығына қатысты тапсырмаларды шеше алуы.

- ЖҰМЫС ӨТІЛІ: бағыты бойынша жұмыс өтілі немесе 3 жылдан кем емес

өндірістік тəжірибесі.

- ПРАКТИКАЛЫҚ ТƏЖІРИБЕСІ: қойылған талапқа сай ағылшын тілі деңгейін

меңгерген, бағыт бойынша магистр дəрежесі бар жоғары оқу орындарының

жəне «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін жұмыс өтіліне талаптар

қойылмайды.

БІЗДІҢ ҰСЫНЫСТАР:

- карьера бойынша өсу мүмкіндігі (барлығы Сіздің тəжірибеңізге, білу жəне даму

ынтаңызға байланысты)

- лайықты еңбек ақысы

- медициналық сақтандыру

- біліктілікті арттыру

- шетел оқытушысымен жұмыс жасау бойынша халықаралық тəжірибе алу

- сырттан келген оқытушы-тəлімгерге қонақ үйден орын

- сегіз сағаттық жұмыс уақыты.

Қызығушылығыңыз бар ма? Жазыңыз, хабарласыңыз! Біз Сізді күтеміз!

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:

Қала: Атырау

Телефон: +7 7122 760475 (Бисембаева Г.)

Факс: +7 7122 760456

Еmail: [email protected]

[email protected]

Web – сайт: http://apec-atyrau.kz/

http://apec.edu.kz/

26

Page 27: дайджест 10 каз

«Кəсіпқор» холдингі» КЕАҚАстана қ., Түркістан көшесі, 2тел. 8 (7172) 79 45 00e-mail: [email protected]

https://www.facebook.com/Kasipkor

https://www.instagram.com/kasipkor/

https://vk.com/h.kasipkor

27