15
«Балық құйрығынан бастап шіриді» немесе «ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР - БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ»

Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

  • Upload
    -

  • View
    132

  • Download
    7

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

«Балық құйрығынан

бастап шіриді»

немесе

«ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ

БОЛСАҢДАР -

БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ»

Page 2: Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

2

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

«Балық құйрығынан бастап шіриді»

немесе

«ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ»

Бірінші бөлімі

Бүкіл мақтау әлемдердің Раббысы Аллаһқа лайық! Пайғамбарымыз

Мұхаммедке, оның жанұясы мен сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын!

Тақырыпты бұлай деп атауымызға қазіргі біздің қоғамда «Балық басынан

шіриді» деп, қандай да бір кемшіліктер мен олқылықтарға басшыларды кінәлау,

олардың аттарына күйе жағып, кінәнің барлығын басшыларға арта салу

құбылысы арқау болып отыр. Дегенмен, мәселенің негізі халықта, елдің

басшысына лайықты түрде бағынуында, айтқанына құлақ асып, бұйрықтарын іске

асыруында жатқанын көбіміз біле бермейміз, білсек те, кінәні өзгеден іздеп, өзін

сүттен ақ, судан таза қылуға құмар пенделік пиғылдан арыла алмай, таудай

ақиқатқа көз жұмып, тырнақтың астынан кір іздейтініміз жасырын емес.

Ал шындығында балық басынан шіриді ме? Осы олқылықтар орны

басшыларымызға қарсы шығып, беделдеріне нұқсан келтіріп, ел арасында

олардың шамына тиер әңгіме айтумен толады ма? (Егер толатын болса қанша

ғасырдан бері үрдіс алған құбылыс қой бұл, алайда түзеліп кеткен билік көрмедік)

Ендеше дерттің дауасы не екен? Бұл сұраққа әзиз дініміз Ислам қалай жауап

береді? Осыған орай «Әл-ханифия» сайтының редакциясы назарларыңызға

дерттің меңдеуінің басты себебі халқымыздың басшымызға лайықты түрде

бағынбауында екендігін көрсетуге, елімізге, ұлтымызға, мұсылман жамағатына ой

салу мақсатында жазылған «Балық құйрығынан бастап шіриді» атты мақаласын

ұсынады. Мақаламен танысу барысында аталмыш мәселенің шешімі мен

балықтың неге басынан емес, құйрығынан бастап шіритініне көз жеткізе

аласыздар. Аллаһ сіздерге береке берсін!

Одан кейін:

Қазіргі күні мұсылман үмметі өте ауыр жағдайда екені ешкімге жасырын емес,

әрі бұған бәрі бірауызды келіскен. Яғни дағуат етуші адамдар үмметтің жағдайы

өте ауыр екенін біледі және бұл жағдай ешкімді бейжай қалдырмасы анық.

Үмметтегі бақытсыздықтардың барлығы, ақидадағы болсын, мұсылмандардың

құлшылығындағы болсын, немесе олардың мінез-құлығындағы болсын, немесе

Page 3: Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

3

үмметте таралып кеткен қайтарылған нәрселер (мункәрат) болсын, немесе Аллаһ

елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дағуат ету жолына сәйкес

келмейтін түрлі дағуат ету жолдары болсын, немесе неше түрлі жиіркенішті

нәрселердің таралуы – мұның барлығы ешкімге құпия емес. Тіпті ақиқатты

ұстанушы адамдар осы үлкен өтірікшілер тасқынына төтеп бере алмайтын бөтен

адамдар сияқты болып қалды.

Қазір біз қозғайын деп отырған әңгімеміз бүкіл мұсылмандарға өте маңызды,

әсіресе Исламға шақырумен айналысатындарға. Неге? Өйткені, бүгінгі күні

дағуатпен айналысатын көптеген уағыздаушылар, уағыздаушы топтар пайда бола

бастады. Олар саясатты, мұсылмандардың жағдайын дұрыстау үшін әскери

жолды, мәжіліс залына (парламент) жету үшін парламенттік күрестер жүргізуді

өз уағыздарының басты тақырыбы етіп алды. Тіпті олар мәжіліс депутаттары

кездесетін алқалы жиындарға қатысу үшін өзара жарысқа түсе бастады, сондай-ақ

олар әрбір бұрышта тығылып, немесе реті келсе мінберге шығып басшылардың

кемшілік-қателіктерін айтады, барлық нәрсені дұрыс жасамайды деп шектен

шығады. Олардың ойынша, билік жасырған қауіптің алдын алу үшін халықтың

санасын ояту қажет. Олар өздері таңдаған жол – мүмкін болған жалғыз ғана жол,

әрбір уағыздаушы халықты оятып, олардың басшылары қаншалықты зұлым

екендігін түсіндірумен айналысу қажет деп санайды. Олар өйтіп не үшін істейді?

Басшыларға қарсы “оянған” осы халықтың көмегі арқылы революция, төңкеріс

жасау үшін істейді. Өздері тақуалықтың шыңына шығып, Жәннатқа апарар жолға

еріп жүрген адам сияқты және тек ана басшыларды өзгертіп, оларды орнынан

алып тастап, орнына жақсыларды қою ғана қалған сияқты, сонымен бәрі жақсы

бола қалатын тәрізді. Бұл айтқанымыз уағыздаушыларға қатысты, яки қозғайын

деп жатқан тақырыбымыз оларға да аса маңызды болмақ, инша-Аллаһ. Сонымен

қатар, қозғамақшы болған тақыбырымыз өз өмірін дағуат жасау үшін толықтай

арнауды мақсат етпеген қарапайым адамдарға да маңызды. Бұл олар үшін

пайдалы болады, себебі осы тақырыптан адам алдымен өзін жөндеу керек екенін,

кейін барып Аллаһ Тағала өзін басқарып отырғандарды өзгертетінін есіне

түсіреді.

Дағуатқа байланысты немесе дағуат жүргізудің қате әдістеріне қатысты

мынадай сұрақ туындайды: "егер адамдар саяси билікке қол жеткізсе, осы биліктің

өзін мақсатқа қол жеткіздік деп есептесек бола ма?" Тағы бір сұрақ: "Билікті

немесе белгілі бір саяси режимді құлату, оны басқару қоғамды түзегісі келетін

уағыздаушылардың басты мақсаты ма?" Қазіргі таңда мінберлерден шыққан

уағыздар саясатқа толы екені адамды таң қалдырады. Мінберлерден айтылған

уағыздар тек саясатқа қатысты сөздер болып кетті. Исламға шақыруға бағытталған

діни сабақтардың көбісі жұрттың санасын оятып, осы басшылар жасап жатқан

жамандықты көрсету үшін саясаткерлердің, басшылардың қателерін әшкерелеуге

арналған. Тағы басқа сұрақ: "уағыздаушы осымен айналысу керек пе және осы

басты мақсат болып есептеледі ме?" Осы сұраққа қатысты сауал қоялық, әрі ол

Page 4: Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

4

тақырыпты қозғау қажет: "аурудың негізі қайда?", "Аурудың негізі астындағы

іргетаста ма әлде төбеде ме?". Егер біз осы соңғы сұраққа жауап берсек, онда сөзсіз

үмметті өзгертудің дұрыс жолы қайсысы екенін түсінеміз. Мұсылман үмметінің

жағдайы нашар екенін жоғарыда атап өттік. Бұнымен барлық адам келіседі. Егер

біз алдымен аурудың тамырын емдесек, кейіннен жоғары жағына шипа жіберсек,

сұрақтың жауабы түсінікті болады. Егер біз осы соңғы сауалдың жауабын дұрыс

түсінсек, онда жоғарыдағы бүкіл сұрақтың жауабы ап-айқын болады.

Алдымен «имәра» деген нәрсені талдайық. Ол басқару, басшылық деген

мағынаны білдіреді. Ғалымдардың айтуынша, мұсылмандарда басшылық болуы

міндетті (уәджиб) болып табылады, себебі адамдар басшылыққа мұқтаж. Яғни

мұсылман үмметі, мемлекеттер, халықтар бұған мұқтаж және олар мұны қатты

қажетсінеді. Мұсылман халықтарын біреу басқару қажет (уәджиб) екеніне Құран

мен Сүннетте көптеген аяттар мен хадистер бар, бірақ біз бұған дәлел ретінде бір

аят және бір хадис қана келтіреміз. Аллаһ Тағала «әл-Бақара» сүресінде былай

дейді:

«Сол уақытта Раббың періштелерге: “Мен жерде бір орынбасар

жаратамын!” - деген еді» (Бақара сүресі, 30-аят). Ғалымдар, оның ішінде әл-

Қуртуби «Жәми’ әхкәм әл-Қуран» кітабында немесе Мухаммад Әмин әл-Шәнқити

осы аятты мұсылмандарда басшылық болу қажет екеніне дәлел болып табылады

деп тәпсірлеген.

Енді хадисті айтар болсақ, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) былай деген: «Кімде-кім басшыға ант бермей қайтыс болса, надандық

дәуірінің (жәһилия) өлімімен өлді». (Қараңыз: Муслим 1848). Яғни адам басшыға

бағынуға міндетті емеспін деген сенімде өледі және анархистердің

бағынбаушылық деген сенімінде о дүниелік болады. Бұл жәһилиет дәуірінен және

надандық кезеңінің бір белгісі, себебі надандық дәуіріндегі арабтарда ешкімді

тыңдамау, ешкімге бағынбау, өзіне-өзі ие, өзіне-өзі қожайын болу мақтаулы нәрсе

болған. Сондықтан басшы, басқарушыға бағынбау анархиясы – бұл надандық

дәуірінің белгісі.

Ибн Хәжәр өзінің «Фәтх әл-Бәри» кітабында: «Хадистегі: “Ондай адам надандық

дәуірінің өлімімен өлді” деген сөз – ондай адам жәһилия кезеңіндегі адамдар сияқты

адасушылықта өледі дегенді білдіреді. Ол өзімнің бағынатын басшым жоқ деп сенеді,

өйткені жәһилия кезеңіндегі адамдар сондай болған, олар мұндайды мойындамаған», -

деген.

Ғалымдар мұндай хадистерді айтқан кезде мұсылман халықтарының өз

басшылары болу керек екенін айтады. Халқының қамын жейтін, адамдардың

құқықтарын сақтайтын басшылар. Осы хадистің түсіндірмесінде Сауд

Арабиясының тұрақты комитеті «Ләжнәту-дәимәның» фәтуәсы бар. Ол фәтуәда

шейх Ибн Баз, шейх ‘Абдур-Раззақ ‘Афифи, ‘Абдуллаһ ибн Қу’уд, ‘Абдуллаһ ибн

Ғудаянның қолдары қойылған.

Page 5: Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

5

Сонымен, біз мұсылмандардың басшылығы болу қажет дедік. Неге? Өйткені

бұда үлкен даналық бар. Өйткені адамдар қауымы басшысыз ұйымдаса алмайды,

қарапайым өмір де сүре алмайды, өмір сүруі мүмкін емес те. Мысалы, отбасы.

Отбасын басқаратын біреу болу керек. Кез-келген министрліктің, кез-келген

фирманың, кез-келген ғимараттың басшысы болу қажет, мұндай жағдайда

олардың ішінде тәртіп болады. Дәл сол сияқты мемлекет те. Мемлекеттің міндетті

түрде басшысы болу қажет. Ибн Әбу Шәйбә сенімді иснадпен ‘Али ибн Әбу

Талибтің (оған Аллаһ разы болсын) келесі сөздерін жеткізеді: “Міндетті түрде

адамдардың басшысы болу керек – ізгі болсын, болмасын”. (Қараңыз: Ибн Әбу Шәйбә

«Мусаннәф» 39062). Ізгі болса да, болмаса да, бәрібір басшы болуға тиісті. Неге?

Себебі ол адамдарды ұйымдастырады, жинайды және кемсітілгендер мен

шеттетілгендерді қорғайды. Ол жәбірлеуші мен қылмыскерге басқалардың

құқығын таптауға рұқсат бермейді. Ол ислам мемлекетін сырттан келетін

шабуылдан, дұшпандардың шапқыншылығынан қорғайды. Ол адамдар жолдарда

аман-есен тыныш жүріп, қарақшылар оларды тонамайтындай етіп мемлекетте

қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Яғни адамдардың дүниелік пайда мен дүниелік

тұрғыдан жақсы жағдайда өмір сүруі және адамдардың тыныштықта өмір сүруі

мемлекет басшысы арқылы шешіледі. Дін мәселесі тіптен маңыздырақ және

мұнда мұсылман басшылардың рөлі айрықша, ал дін мәселесі дүние мәселесінен

артық тұратыны белгілі ғой, себебі дін мәселесі дұрыс шешілген болса

адамдардың екі дүниеде де – бұ дүниеде мен о дүниеде бақытты болуын

қамтамасыз етеді.

Басшы мешіт құрылысын салу, оның ішінде имам, азаншыларды

тағайындаумен айналысатын адам. Ораза ұстау үшін үмметті біріктіру, зекетті

жинап оны тарату, қажылық ұйымдастыру, жақсылыққа шақырып, жамандықтан

қайтару мәселелерін ұйымдастыру – мұның барлығы басшының құзыретіне

кіреді, одан кейін оның тағайындауымен құрылған органдардың құзыретінде. Егер

әрбір мұсылман қалайтын осы нәрсе болмаса, онда мұсылман мемлекетінің

территориясында қауіпсіздік (әл-әмн) жоқ деген сөз. Жақсы өмір сүру және

қауіпсіздік – бұл Аллаһтың берген ұлы нығметтерінің бірі, әрі оны сақтау аса

маңызды. Және оны сақтайтын мемлекетте басшы болмаса жүзеге асыру мүмкін

емес. Мемлекеттегі қауіпсіздік деген Аллаһтың ұлы нығметінің маңыздылығын тек

қауіпсіздіктен айрылып, қорқыныштың ащы дәмін сезген адам ғана толықтай

сезіне алады. Осындай нәрсемен жолыққан адам ғана Аллаһтың нығметінің

бағасын түсіне алады. Мәселен, кейбір мұсылман мемлекеттерінде бірнеше апта

басшы болмап еді, осындай қысқа уақыттың ішінде адамдар бір-бірін тонап, бір-

бірінің құқығын таптап, әйелдердің ар-намысына тиіп үлгерді. Алайда олардың

басшылары да алып бара жатқан ізгі де емес еді, бірақ бассыздық пен анархия

басталған шақта адамдар қауіпсіздік деген нығметті түсіне бастады. Сондықтан

біздің ата-бабаларымыз мынадай дана сөздер айтқан еді: «Патшасыз өткізген бір

түннен, әділетсіз патшаның басқарған алпыс жылы артық». Сонымен, біз бұл

Page 6: Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

6

тармақта мұсылмандардың басшылығы, билігі болуы қажет екені туралы сөз

қозғадық.

Келесі мәселе әділетті басқару жөнінде әңгіме өрбіту керек. Әділетті басқару

немесе әділеттілік тек Аллаһ Тағаланың шариғатына негізделгенде ғана әділетті

бола алады. Аллаһ Тағала адамдарды жаратты және Ол Өзі жаратқан нәрсесін

басқалардан жақсы біледі, әрі Ол адамдарға не сәйкес келеді, не сәйкес

келмейтінін басқалардан жақсы біледі.

Аллаһ Тағала «әл-Мулк» сүресінде былай дейді: «Сендерді Жаратқан білмей

ме?» (әл-Мулк сүресі, 14-аят). Немесе басқа бір аятта: «Ол жаратқан нәрселерді

біледі, өйткені Ол барлық нәрсені Білуші». Аллаһ адамдарды бостан-бос

жаратып, оларды қараусыз, басшылықсыз қалдырған жоқ екен. Тағы Аллаһ

Тағаланың бізге көрсеткен мейірімінің бірі – бізді өзімізге-өзімізге қалдыра

салмай, басшылық орнатқаны. Жаратушы Хақ Тағала бізге лайықты, әрі ыңғайлы

заңдар жинағы шариғатты орнатты, өйткені Ол – Білуші, Дана. Аллаһ Тағала осы

шариғатты адамзатқа қай кезде де, қай жерде де қолайлы етіп бекіткен, бұдан

басқа ешбір заң адамзатқа қалыпты түрде жұмыс істеп тұра алмайды. Аллаһ

Тағала шариғаттан өзге кез-келген заң – жәй қарапайым адамның көңіл-қалауына

негізделіп, бәрі-бір адамзатқа мүлтіксіз қызмет ете алмайтынын жақсы біледі, ол

заңдар мен қаулыларды кім шығарса да – тіпті түрлі жоғарғы оқу орнын бітіріп,

қызыл диплом иемденсе де, саясатта, мемлекеттік мекемде жұмыс істеп талай

жылдар бойы жинаған тәжірибесі болса да. Мұндай заңдардың кемел емес екеніне

дәлел – бұл олардың бір заңды ойлап тауып, кейін бір ай өтпей жатып дәл сол

заңды қайтадан күшін жойып немесе толықтырулар мен өзгертулер енгізгенінен-

ақ байқауға болады.

Аллаһ Тағала былай дейді: «(Әй, Мұхаммед) Біз сені шариғат ісіне қойдық.

Енді сонымен жүр. Білмегендердің ойларына ілеспе» (Жәсия сүресі, 18-аят).

Аллаһ Тағала пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы

шариғатқа еруге бұйырып, басқа бір аятта одан өзге жолдарға біреу ілестіріп

алып кетпесін деп ескертеді.

Аллаһ Тағала былай дейді: «Олардың араларына Аллаһтың түсіргенімен

үкім ет! Өзіңе келген шындықтан айрылып, олардың ойларына еріп

кетпе» (әл-Мәида сүресі, 48-аят). Тіпті Аллаһ Тағала пайғамбарымызға (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уахи етілген нәрседен ауытқуға тыйым

салды, тіпті ол пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

шариғатқа сай келмейтін пікірі болса да.

Аллаһ Тағала былай дейді: «Шын мәнінде, саған Кітапты Аллаһтың өзіңе

көрсетуі бойынша адамдардың арасына үкім қылуың үшін шындықпен

түсірдік» (Ниса сүресі, 105-аят). Яғни, өзің дұрыс деп шешкенің бойынша емес,

керісінше Аллаһтың өзіңе көрсетуі бойынша. Егер пайғамбарымыздың өзіне (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ разы болмайтын шешім шығаруына

Page 7: Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

7

тыйым салынса, онда басқа кімге бұл рұқсат етілуі мүмкін?! Сонымен қатар,

Аллаһ пен Оның елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір шешім

шығарып, оны бекітсе, ол мәселеде мүміннің еш таңдауы жоқ.

Нағыз кемел мүмін – өз таңдауын Аллаһ пен Оның елшісінің (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) таңдауының алдына қоймайтын кісі. Ол туралы Аллаһ

Тағала былай дейді:

«Аллаһ Тағала және Елшісі қашан бір іске үкім берсе, мүмін ер және мүмін

әйел үшін олардың істерінде таңдау жоқ. Сондай-ақ кім Аллаһқа, Елшісіне

қарсы келсе, сонда рас ашық адасқан болады» (әл-Ахзаб сүресі, 36-аят).

Біз жұрттың айтатын: «Саясат діннен» - деген сөзімен жай жауып қоя

салмаймыз. Біз мұндай сөздер ғана шектелмейміз, оның өрісін кеңейтіп: «Аллаһ

Тағаланың шариғатына сәйкес келмейтін шынайы саясат жоқ. Тек осы дін алып

келген нәрсе ғана. Егер қандай да бір саясат осы діннің шариғати шеңберінен

шыға бастаса, қарсы келе бастаса, ондай саясатты әрірек ысырып тастау керек» -

дейміз. «Анық сенген ел үшін Аллаһтан басқа кім жақсы үкім беруші?» (әл-

Мәида сүресі, 50-аят)». Екінші бөлімге қатысты айтарымыз осы.

Үшінші бөлімде басшының ізгілігі туралы сөз қозғаймыз. Басшының ізгілігі еш

маңызы жоқ десек оңбай қателескен боламыз, керісінше, басшының ізгі болуы –

бұл Аллаһтың берген ұлы нығметі, бұған қатты мән беруіміз қажет, себебі, егер

басшы ізгі болатын болса, оған бағынған халықтың да ізгі болу ықтималдығы

артады. Әл-Бухари Қайс ибн Әбу Хазимнен хабар жеткізген. Сол хабарда Әбу

Бәкр ешкіммен сөйлеспейтін, Ахмас руынан шыққан Зайнаб есімді бір әйелді

көргені жеткізілген. Әбу Бәкр одан: «Ол неге сөйлеспейді?» - деп адамдардан

сұрады. Адамдар:«Ол бір сөз айтпастан қажылық жасауға бел буды» - деп жауап

қатты. Әбу Бәкр әлгі әйелге: «Адамдармен сөйлес, өйткені бұлай тыйым салынған

(харам). Бұл надандық дәуірінің (жәһилия) ісі», - деді. Сонда әлгі әйел сөйлей бастады

да: «Сіз кімсіз?» - деп сұрады. «Муһәжирлерден боламын» - деді Әбу Бәкр. Ол тағы:

«Нақты қай муһәжирлерденсіз?» - деді. Әбу Бәкр: «Құрайыштықтардан» - деп жауап

берді. Әлгі әйел тағы да: «Қай құрайыштансыз?» - деп сауал қойды. Әбу Бәкр: «Сіз

өте көп сұрақ қояды екенсіз! Мен Әбу Бәкрмін» - деді. Әйел: «Біз жәһилиядан кейін

болған Аллаһтың берген осы игі кезінде қанша уақыт боламыз?» - деді. Ол: «Бұл

басшыларыңыз (имамдарыңыз) түзу болғанша жалғасады» - деді. Әлгі әйел: «Ал

имамдар деген кімдер?» - деп сұрады. Әбу Бәкр: «Сіздің халықта адамдарға бұйырып,

жұрт оған бағынатын атақты жетекшілер болмады ма?» - деген де әйел: «Иә, болды»

- деді. Сонда Әбу Бәкр: «Міне осылар басшылар (имамдар)» - деді. (Қараңыз: «Сахих

әл-Бухари» 3834).

Осы хабар екі түйін шығаруға болады. Біріншісі (бұл мәнһәжға байланысты өте

маңызды түйін): Әбу Бәкр «Имам дегеніміз кім?» деп сұраған әйелдің сауалына

имам дегеніміз – бұл шынымен билігі бар, егер ол бұйырса жұрт оған бағынып

тыңдайтын кісі деп жауап берді. Яғни, әлсіз де, күшті де оны тыңдайтын, егер ол

Page 8: Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

8

мемлекетте бір нәрсені тыйым салса, халық оған бағынатын кісі. Яки, барлық адам

немесе адамдардың көпшілігі ондай жетекшіге бағынады, егер ол әмір етсе, жұрт

оны тыңдауы керек. Міне, басшы деген осы. Бұл имам дегеніміз кім, әмір дегеніміз

кім, басшы дегеніміз кім дегенге байланысты өте маңызды анықтама. Әмір

дегеніміз белгілі бір топ, қауымдастық, бірнеше адам құрған ұйым оны өздеріне

әмір деп белгілеп алып, міне нағыз әмір осы деп, бұйрық не тыйым мәселесінде

осыған бағыну қажет деп шешкені емес. Көбінесе әлгі ұйымдардың әмір деп

тапқандары тіпті ашықтан-ашық өмір сүре алмайды, үнемі бір жерлерде,

үңгірлерде тығылып жүруге мәжбүр. Ондай кісі тіпті ашық бір ауыз сөз айта

алмайды. Ондай кісі өз сөздерін тек ғаламтор арқылы, сайттар арқылы тарата

алады, бітті, басқа түк мүмкіндігі жоқ! Демек, осы хабардан біз әмір дегеніміз кім,

имам дегеніміз кім дегенге анықтама алдық. Бұл - әлсіз де, күшті де қорқатын

нағыз билігі бар адам. Екіншісі: Әбу Бәкр осы жерде игі уақыт пайғамбарымыздың

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінен бастау алып, мұра етіп

қалдырылғанын, әрі бұл игілік имамның (басшының) ізгілігі, түзулігі деген

қасиетпен жалғасын табады деп түсіндірді. Яғни, игі уақыт пен басшының түзулігі

біртұтас, бірге жүреді. Әлгі әйел осы игі уақыт қашанға дейін жалғасады, оның

шегі қайда деп сұрап жатыр, ал Әбу Бәкр осы уақыттың соңы басшылардың

түзулігі соңына келген кезде орын алады деп жауап беріп жатыр.

Пайғамбарымыздан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұра болып

қалған ізгілік жағдайының тәмәмдалғанының белгісі – басшылардың түзуліктен

ауытқыған кезі. Яки, басшының ізгі болуы үмметке зор ықпал ететіні сөзсіз.

Сондықтан, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһтың

көлеңкесінен басқа ешқандай көлеңке болмайтын Қиямет Күні Өзі жаратқан

көлеңкенің астында болатын адамдардың санатына ізгі, әділ басшыны1 кіргізгені

кездейсоқ емес. Бұл жөнінде әл-Бухари мен Муслим Әбу Һурайрадан риуаят етіп

жеткізген хадисінде айтылған. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Аллаһ Тағала Өзінің көлеңкесінен басқа ешқандай көлеңке болмайтын

Күні жеті адамды өз панасына алады», - деп сол жетеудің бірі әділетті басшы деп

баяндаған (Қараңыз: әл-Бухари 660 және Муслим 1031).

Ізгі басшы дегеніміз кім? Ол көптеген жақсы қасиеттерге ие кісі. Сол

қасиеттердің ішінен біз екеуін ғана атап өтейік. Біріншісі, ондай басшы өз халқына

жақсылық қалап адал болып, ең алдымен дін мәселесінде адалдық танытады. Ол

өз қарамағындағылардың ізгі болғанын, Аллаһтың шариғатын үйренгенін

қалайды. Ол өз қызметшілерінің Аллаһ Тағаланың бұйырғандарын оқып

үйренгенін, соған сәйкес амал еткенін қалайды. Ол өз қол астындағылардың

Жаратушы Раббымыз тыйым салған нәрселерін оқып үйренгенін, оған жоламай,

одан аулақ болғанын қалайды. Өйткені, шын мәнінде, дін – әрбір үмметтің, әрбір

1 Әділ басшы дегеніміз адамдардың пікірі бойынша әділ деп танылған нәрсемен шешім шығаратын кісі

емес, әділ басшы дегеніміз – бұл Аллаһтың шариғатымен шешім шығаратын кісі.

Page 9: Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

9

ұлттың, әрбір елдің, әрбір халықтың осы дүниеде де, о дүниеде де бақытты ғұмыр

кешуін қамтамасыз етеді. Егер басшы осыны түсінсе және өз

қарамағындағылардың ізгі болғанын қаласа, ендеше бұл ең алғашқы әрі ең

маңызды ізгі басшының белгісі болғаны, дәл ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз тәрізді. ‘Умар

ибн ‘Абдул-‘Азиз өз орынбасарларына, жан-жақтағы аймақтағы өкілдеріне

мынадай насихат жазып жіберетін: «‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз өз орынбасарларының

бірі ‘Ади ибн ‘Адиге былай деп жазып жіберді: “Иманның өз парыздары, шектері мен өз

сүннеттері бар. Кім осыны толық сақтаса, ол кәміл иманның иесі. Ал кім осыны

толық сақтай алмаса, ол кәміл иманның иесі емес. Егер біршама уақыт өмір сүрсем,

сендер осыны ұстанып ғұмыр кешулерің үшін жақсылап түсіндіріп берермін. Ал егер

мен о дүниелік бола қалсам, сендермен бірге болуға онша құмартып тұрған

жоқпын”» (Қараңыз: «Сахих әл-Бухари», Иман туралы тарау). Міне, ‘Умар ибн

‘Абдул-‘Азиз осындай хатты өз орынбасарларының бірі ‘Ади ибн ‘Адиге жіберген.

Яғни, ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз билікке келген шақта мойнына қандай үлкен

жауапкершілік артылғанын түсінді. Ол осыны бірден түсінді де, басқаларға соны

түсіндіруге тырысты. Биліктің қол астындағылар Аллаһтың дінін үйреніп, соған

сәйкес өмір сүріп, соған сай амал ету қажет екенін түсіндіру – басшының ең басты

міндеті. Егер қол астындағылар дінді үйреніп, соған сай ғұмыр кешер болса,

олардың арасынан көптеген ізгілер, әулиелер пайда болар еді. Ал егер ізгі, тақуа

кісілер көп болса, демек сол қоғам Аллаһ Тағаладан бірталай игіліктерге қол

жеткізер еді. Аллаһ мұндай қоғамды көптеген нығметтерге бөлер еді. Міне, сонда

мұсылман қоғамы Аллаһ Тағаланың қорғауында ғұмыр кешер еді. Кімде-кім

оларға қарсы бас салып шабуыл жасағысы келсе, зиян келтіргісі келсе, тіпті жер

бетіндегі бүкіл адамзат осы үшін жиналса, олар бәрі-бір Аллаһ Тағаланың

қорғауында ғой. Міне, осыны ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз жақсы түсінген. Мемлекет

басшысы, әмірі, имамы болу – бұл үлкен жауапкершілік, атақ-абырой емес.

Сондықтан жұрт бұған аса қызықпаған. Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеті де билікке жетуге тырыспауға шақырады. Міне

осыны түсінген ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз: «... Ал егер мен о дүниелік бола қалсам,

сендермен бірге болуға онша құмартып тұрған жоқпын» - деді. Яки, мен мемлекет

басшысы болудың қаншалықты қауіпті екенін білемін, сондықтан мен бұған онша

құмартпаймын деп жатыр. Әбу Бәкр әл-Мәруәзи «Әхбәру шуйух уә әхләқиһим»

кітабында Фудәйл ибн ‘Ийад (Аллаһтың оған мейірімі жаусын) былай дегенін

жеткізеді: «Қадилерге (сот) қызықпай-ақ қойыңдар және бағыныштыларға мейірімділік

көрсетіңдер! Кім қади болса – ол пышақсыз сойылған. Қадилікке тағайындалған кісі бір

күнін сот ісіне қатысумен өткізеді, ал екінші күнін жылаумен өткізеді, себебі ол ертең

Аллаһ Тағаланың алдында тұратынын біледі».

Сонымен, біз ізгі басшының бірінші белгісі: ол өзінің ең басты мақсаты – ел-жұрт

Аллаһтың дінімен өмір сүрсін деп оларға дінді үйрету қажет екенін түсінеді.

Ізгі басшының екінші қасиеті (белгісі) – ол өзінің орынбасарлары етіп немесе басқа

құзырлы орындарға ең жақсы ізгі адамдарды таңдайды. Яғни ол біреуді бір

Page 10: Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

10

орынға тағайындаған кезде ең әуелі оның діндарлығына қарайды. Сонымен қатар,

ол сол тағайындамақшы болған кісінің әлгі лауазымға қабілеті мен алғырлығы

жететін-жетпейтініне қарайды. Біреуді бір лауазымға қойған кезде екі нәрсеге

қарау керек екенін біз бұрындары айтқанбыз. Біріншіден – ізгілігіне,

діндарлығына, тақуалығына қарау керек, екіншіден – сол лауазымға қабілеттілігі,

алғырлығына қарау қажет. Сондықтан, «Қасас» сүресінде Мұса пайғамбар

малдарына қарап берген әлгі кісінің екі қызының бірі әкесіне: «Әкетайым! Оны

жалдап ал! Рас ол жалдаған адамдардың хайырлысы да, күшті, сенімдісі» -

деді (Қасас сүресі, 26-аят). «Күшті» - яғни, бұл істі істеуге қабілеті

жетеді. «Сенімдісі (әл-әмин)» - яғни тақуа, діндар кісі. Лауазымдарға ақымақтар

немесе діндар емес, төмен кісілер, Аллаһтан қорықпайтын адамдар тағайындалса,

мемлекет қирай бастайды. Яки, ұсақ, бейшара біреулерге маңызды шаруалар

тапсырылады, міне осы жерден бастап түрлі-түрлі проблемалар басталады. Әл-

Фәсауи «әл-Мә’рифә уә-т-Тарих» кітабында, Әбу Ну’айм «әл-Хилья» кітабында,

Ибн ‘Асакир «Тарих Димашқ» кітабында ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз халифалыққа

келген кезде, дереу Халид ибн Райан деген кісіні лауазымынан босатқаны туралы

хабар келтіреді. Халид ибн Райан күзет басқармасының бастығы болған еді. Не

себепті ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз оны лауазымынан босатты? Өйткені, ол кісі

халифтің бүкіл бұйрығын орындайтын болған. Ол Аллаһтың дініне анық қайшы

келетін бұйрықтарды да орындайтын болған. Ал біз білеміз: Жаратушының

әміріне қарсы жаратылғанның әміріне бағынбаймыз. Халид ибн Райанның екінші

жаман қасиеті – ол кісі қанын төгіп, аямай адамдарды жер жастандыратын болған.

Халид ибн Райан мен ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиздің арасында туысқандық байланыс

болса, оны ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз лауазымынан босатып, орнына тақуа, діндар

кісіні тағайындаған және Аллаһқа былай деп дұға еткен: «Уа, Аллаһ! Мен Сен үшін

Халид ибн Райанды орнынан босаттым. Уа, Аллаһ! Оны енді ешқашан

көтермелеме!» Өйстіп дұға тілегеннен кейін ол күзетшілерге қарап, ‘Амр ибн

Муһаджир әл-Ансари деген кісіні шақырды да: «Әй, ‘Амр! Аллаһпен ант етемін,

арамызда ислам бауырмашылдығынан басқа ешқандай туыстық байланысымыз жоқ.

Бірақ мен сенің Құранды көп оқитыныңды естідім, ешкім көрмейтін жерлерде көптеп

намаз оқитыныңды және намазыңды ең көркем түрді орындайтыныңды көрдім. Сен

ансарлардың руынансың, мына қылышты ал, мен сені күзет басқармасының басшысы

етіп тағайындадым» - деді. Нәуәфил ибн Фәхд былай дегені жеткізіледі: «Мен

атақты адамдардың ішінде Халидтің атағы секілді соншалықты төмен түсіп

кеткендерін көрмеппін. Тіпті, адамдар оны еске алып: “Баяғы Халид қайды осы, өлі ме

екен, тірі ме екен?” - дейтін дәрежеге жетті».

Ибн Джарир өзінің «Тарих» кітабында ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз өз

орынбасарларына айтқан кейбір насихаттарын келтіреді: «Мүмінді де, му’ахадты

да (мұсылмандармен келісім-шарты бар кәпір) ұрмаңдар. Оларды қамшымен

ұрмаңдар, тек өзі соған лайық бір іс жасап қоймаса. Жазадан қорқыңдар, себебі тыйым

салынған нәрсеге жасырын көз салғандарды және жүректерде жасырынған нәрсені білетін

Page 11: Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

11

Аллаһтың алдында тұратын боласыңдар. Кішісі де, үлкені де – бүкіл әрекетің жазылған

кітап алдарыңа беріледі, ал сендер оны оқитын боласыңдар!»

Аллаһтан қорқатын, Аллаһтың әмірлерін орындайтын, Аллаһтың

бұйырғанымен өмір сүретін ізгі басшының қолына билік тиген кездегі сондай

керемет жемістерді көріп отырмыз. Мұсылмандар аббасилерден болған екі

халифтің - Му’тасым мен Ма’мунның тұсында аса ауыр сынақтарға тап болып,

көптеген қиыншылықтарға жолықты. Олардың қолына билік тиген кезде олар

Құран жаратылған деген бидғатқа ұрынып, адасушылардың қатарынан болып

қалды. Сол кезеңдер өтіп, таққа Мутауәккил келгеннен кейін Аллаһ Тағала оның

жүрегін Сүннетке бұрып, ақидасын дұрыстап, оны мұсылмандар үшін пайдалы

етті. Міне, осы үшінші бөлімдегі ізгі басшыдан келетін көптеген пайдалар туралы

қатысты айтарымыз.

Төртінші бөлім күнәлар жазаға ұшырауға себеп болатыны туралы. Осы күллі

әлемде болып жатқан бүкіл құбылыс Аллаһтың қалауымен болады, өйткені осы

әлем және оның ішіндегілердің барлығы Аллаһтың иелегіндегі нәрсе болып

табылады. Және адамдардың басына келіп жатқан нәубеттер – бұл өз

әрекеттерінің жемісі. Аллаһ Тағала әділетті үкім Етуші, егер адамдар жақсылық

қылса – Аллаһтың мейіріміне бөленеді, ал жамандық қылса – Аллаһ оларды

істеген күнәсіне сай бастарына қиыншылық береді. Кімнің басында

ауыртпашылық болса – демек ол күнәсіна сәйкес жазасын алып жатқаны. Біз

осыны жақсылап түсініп алуымыз керек. Адам Аллаһтың шариғатында

қаншалықты нық тұрса, соншалық оның өмірі жақсарады және оған қоса о

дүниедегі сыйын алады. Яғни Аллаһ Тағала ондай кісіге, ондай қоғамға бүкіл

қиыншылықтарын жеңілдетеді әрі олар алыстағылар да, жақындағылар да қызмет

ете бастайды. Мұндай қоғамға әртүрлі жақсы нәрселер таралып, өздері нешетүрлі

нығметтерге бөленеді. Аллаһ Тағала былай дейді:

«Егер ол өлкелердің елі иман келтіріп, Аллаһтан қорықса еді, әрине оларға

көк пен жердің берекеттерін ашып жіберер едік. Бірақ олар бұны жалған

деп санады. Сондықтан қылмыстары себепті оларды қолға алдық» (А’раф

сүресі, 96-аят).

Аллаһ Тағала Кітап иелері туралы былай дейді: «Ал егер олар Тәурат, Інжілді

және Раббылары тарапынан өздеріне түсірілгенді (Құранды) тура ұстанса

еді, әрине олар үстіңгі жақтарынан (ағаштардың жемістерінен) және

аяқтарының астынан (жердің өсімдіктерінен) жейтін еді» (Мәида сүресі, 66-

аят). Яғни Аллаһ Тағала оларға өмір сүруін және барлық ауыртпашылықтарын

жеңілдетер еді. Яғни біз қандай жағдайда қайға душар боламыз? Қай кезде

нығметтен айрыламыз? Мұның бәріне себеп – біз жасап жатқан күнәлар.

Аллаһ Тағала былай дейді: «Күнәларының кесірінен олардың ... бәрін қолға

Page 12: Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

12

алдық» (‘Анкәбут сүресі, 40-аят).

Аллаһ Тағала тағы былай дейді: «Бастарыңа келген ауыртшылық

қолдарыңмен істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Аллаһ көбін

кешіп жібереді» (Шура сүресі, 30-аят).

Аллаһ Тағала тағы былай дейді: «Сендер оларға екі есе қайғыға келтіріп,

кейін өздеріңе қайғы келген кезде: «Бұл қайдан келді?» - дедіңдер. Оларға:

«Ол өздеріңнің кесірлеріңнен» деп айт» (Әли ‘Имран сүресі, 165-аят).

Аллаһ Тағала тағы да былай дейді: «Саған нендей бір жақсылық келсе – ол

Аллаһтан. Ал және бір жамандық келсе – өзіңнен» (Ниса сүресі, 79-аят).

Аллаһ Тағала тағы былай дейді: «Қолдарымен істегендерінің салдарынан

бастарына бір жамандық келсе, сонда сөз жоқ, адам баласы шүкірсіз» (Шура

сүресі, 48-аят).

‘Абдуллаһ ибн ‘Умар пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) оларға бұрылып былай дегенін жеткізеді: «Әй, муһаджирлер! Бес нәрсе

бастарыңа түссе, Аллаһ оны бастарыңа түсірмесін деп сұраймын». Содан кейін

ол: «Егер қандай да бір халық арсыздықтар істей бастаса, олардың арасынан

оба ауруы немесе өткен қауымдарда болмаған бір ауру міндетті түрде

таралады» - деді. Одан соң:«Егер адамдар таразыдан жей бастаса, олардың

басына міндетті түрде құрғақшылық, ашаршылық жылдары мен басшылардың

әділетсіздігі түседі. Ал егер олар өз дүние-мүлкінен зекет бермесе, олар міндетті

түрде аспаннан түсетін жаңбырдан мақрұм қалады. Жануарлар болмағанда,

ешқашан оларға жаңбыр берілмеген болар еді. Егер олар Аллаһ пен Оның

елшісінің өсиетін бұза бастаса, Аллаһ Тағала оларға міндетті түрде сырттан

жау жібереді және өздеріне тиесілінің бір бөлігін әлгі дұшпан тартып алып

қояды. Егер басшылар Аллаһтан түсірген нәрсесінен басқа нәрселермен үкім ете

бастаса, Аллаһ Тағала олардың арасына міндетті түрде дұшпандық

туғызады» (Ибн Мәджәһ 4019 мен әл-Хәким 4/582. Шейх әл-Әлбәни хадисті сахих

деген. Қараңыз: «Сахих әл-Джәми’ әс-Сағир» 7978). Күнәлардың кесірі, нәтижесі

осындай болады. Егер бір жерге күнә келсе, бұл кез-келген дұшпаннан да жаман.

Алдына келгеннің бәрін жойы келе жатқан дұшпанды елестетіп көрші! Егінді,

жұрттың рызығын құртып, адамдар қасиетті санайтын нәрселерін қиратып, елді

егемендігінен айыратын дұшпанды елестетіп көрші! Міне, күнә дәл осындай.

Күнәнің ауырлығына қарай нәтижесі де сондай. Күнә үлкен болған сайын оның

кесірлі салдары да арта түседі. Адамдар Аллаһтың әмірін орындамаған сайын,

яғни Оған бойұсынбаған сайын Аллаһтың жеңілдігінен біртіндеп айрыла береді.

Біз Аллаһ әділетті үкім Шығарушы деп айтқанбыз.

Page 13: Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

13

Жазаның қандай түрлері болады? Жазаның екі түрі болады. Бірінші – бұл

«қадарийя» жазасы, яғни тұрмыстық жаза. Екінші – бұл «уқубат диния», яғни діни

жаза.

«Уқубат қадарийя» – тұрмыстық жаза. Бұл адамдарға кедейшілік,

құрғақшылық, бағаның өсуі, басшылардың әділетсіздігі, сыртқы жаулардың

шабуылы, дүние-мүліктің бұзылуы немесе балалардың бұзылуы, жер сілкінісі,

дауыл тұруы, жердің ойылып түсуі, су тасқыны және сондай сықылды нәрселер

арқылы келетін жаза. Кедейшілік, құрғақшылық және жемістер ала алмай қалу

арқылы болатын жаза туралы Аллаһ Тағала былай дейді:

«Шынында, Перғауын тобын үгіт алулары үшін жылдар бойы құрғақшылық

пен жемістерін кемітіп қолға алдық» (әл-А’раф сүресі, 130-аят).

Дүние-мүліктерінен айрылу немесе байлығы мен балалары бұзылу арқылы

келетін жаза туралы Аллаһ Тағала былай дейді:

«Олардың дүние-мүліктері, балалары сені таңырқатпасын. Шынында, Аллаһ

сол арқылы оларды дүние тіршілігінде азаптауды және кәпір болған күйінде

жандарының шығуын қалайды» (Тәуба сүресі, 55-аят).

Дауыл тұру, су тасқыны, жердің ойылып түсуі және сол сияқты жазалар туралы

Аллаһ Тағала былай дейді:

«Олардың күнәларының кесірінен кейбіреулерінің үстіне тас жаудырып,

кейбіреулеріне ащы дауыспен, кейбірлеріне жерге жұттырып және

кейбіреулерін суға батырып, бәрін қолға алдық. Аллаһ оларға зұлымдық

етпеді. Бірақ олар өздеріне-өздері зұлымдық етті»(‘Анкәбут сүресі, 40-аят).

Біз айтқан нәрсеге тағы көптеген дәлелдер бар.

Осы тұрмыстық жазаның ішіндегі ең қатерлісі, одан Аллаһ сақтасын, бұл –

адамның иманынан айрылуы. Ондай адам істеген күнәсі үшін алған білімінен еш

пайда алмауы мүмкін. Аллаһ Тағала былай дейді: «”Жүректеріміз перделенген”

- деулері себепті Аллаһ әрине олардың қарсылықтары салдарынан

жүректерін мөрлеген. Сондықтан өте азы ғана иман келтіреді» (Ниса сүресі,

155-аят).

Аллаһ Тағала тағы былай дейді: «Олардың жүректерін, көздерін теріс

айналдырамыз. Өйткені олар алғашында сенбеген еді, оларды

сергелдеңдікте қойып қоямыз. Олар қаңғырып жүреді» (Ән‘ам сүресі, 110-аят).

Аллаһ Тағала тағы былай дейді: «Сонда олар жолдан тайған кезде, Аллаһ

олардың жүректерін тайдырған еді. Аллаһ бұзақыларды тура жолға

салмайды» (Саф сүресі, 5-аят).

Page 14: Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

14

Ибн әл-Қаййим өзінің «Задул-мә’ад» кітабында былай деп жазады: «Осы

әлемнің өмір сүру қағидаларын білген кісі ауа-райы, өсімдіктер, хайуанаттар әлемі,

жұрттың жағдайына қатысты барлық бақытсыздықтар мен тәртіпсіздіктер тек сол

қиыншылықтардың болуына себеп жасалғаннан кейін ғана орын алатынын біледі.

Барлық уақытта осылайша болып келе жатыр. Пайғамбарларға (оларға Аллаһтың

сәлемі болсын) қатысты Адам ұрпақтарының істегендері, бойұсынбаулары себепті осы

бүкіл ғаламдық немесе жекелей бақытсыздықтар болып жатыр. Адамдар

пайғамбарларға бағынбағандықтан ауыртпашылық пен қайғы-қасіретке, дерттер мен

жұқпалы ауруларға, жеміс-жидектен, өсімдіктер мен топырақтан береке кетіп

қуаңшылыққа тап болады және мұның барлығы бірінен кейін бірі жалғасып келеді. Егер

сен осыны білсең, ендеше Аллаһ Тағаланың «әр-Рум» сүресіндегі мына сөзін оқысаң

жеткілікті болар: «Адамдардың қолдарымен істегендерінің кейбірінің

сазайын татыру үшін құрлықта және теңізде бұзықтық шықты» (әр-Рум сүресі,

41-аят), яғни адамдардың күнәлары себепті құрлық пен теңізде ауыртпашылықтар,

қиыншылықтар, бақытсыздар пайда болды. Бұған мұқият назар аудар, осы

айтқанымызды бүгінгі күнмен салыстыр! Қазіргі күні болып жатырған табиғи

апаттар, жер бетіне тарап жатқан түрлі аурулар, тәртіпсіздіктер, жемістердің

жетіспеушілігі, егістік пен мал тапшылығы – мұның бәрі бір-бірімен тығыз

байланысты және бұлар бірінен кейін бірі болады, яғни біреуі басталса келесісі өз кезегін

көп күтіп қалмайды. Адамдар әрбір зұлымдық қылғанда, әрбір бұзақылық істеген кезде

Аллаһ Тәбәраку уә Тағала олардың азығын, жемісін, суын, олардың денелер, олардың

мінез-құлқын, олардың бет-әлпетін кемсітіп, ауа-райын өзгертіп оларға

ауыртпашылық жібереді. Және мұның бәрі адамдардың өздерінен – зұлымдықтары мен

арсыздықтарының кесірінен. Кезіндегі бидай дәні бүгінгі күндікінен үлкен болатын.

Имам Ахмад келтірген бір хабарда, бану Умайя халифаларының бірінің билік құрған

тұсында қоймадан бір қап бидай табылыпты және сол қаптағы бидайдың дәндері

құрманың сүйегіндей үлкен екен. Және сол қаптың сыртына: «Мұндай бидай әділдік

кезінде өскен» деп жазылған екен. Адамдардың істеген зұлымдықтары ауыртпашылық,

қиыншылық, мал-мүлік пен жемістің азаюы болып өздеріне кері қайтады. Сондай-ақ,

осы аурулардың, қиыншылықтар мен бақытсыздықтардың көбісі кезінде кейбір

қауымдардың істеген күнәларына жаза ретінде түсірілген Аллаһтың қаһары.

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оба ауруы туралы былай

деген: «Бұл оба – Исраил ұрпақтарына жіберілген жазаның бір қалдығы». Яғни,

бүгінгі күндегі бақытсыздықтардың көбісі – әртүрлі қауымдардың жасаған күнәларына

сай жіберілген жазаның қалдықтары. ‘Ад қауымына жаза ретінде жіберілген жеті түн,

сегіз күн соққан желдің бүгінгі күні бір бөлшегі қалды, бұл адамдарға ғибрат болсын деп

қалдырылған. Аллаһ Тағала адамдардың ізгі немесе бұзақы істерінің нәтижесін осы

дүниеде-ақ көруге мүмкіндік берген, өзі істегенін көріп одан өнеге алсын деп солай

еткен. Егер кісі басқаларға жақсылық жасамаса, зекет, садақа бермесе, Аллаһ Тағала сол

әрекетін аспаннан жаңбыр жаумай қалуына, құрғақшылық пен егіннің шықпай қалуына

Page 15: Балық құйрығынан бастап шіриді немесе ӨЗДЕРІҢ ҚАНДАЙ БОЛСАҢДАР – БАСШЫЛАРЫҢ ДА СОНДАЙ

15

себеп етіп қояды. Кедейлерлі қыспаққа алынса, таразыдан желінсе, күшті әлсізге

озбырлық көрсетсе, Аллаһ Тағала мұны басшыны қол астындағыларға да дәл сондай

қатынаста болатындай етіп қояды. Ондай кезде басшыдан бір нәрсе сұрасаң – бермейді,

аяушылық білдірші десең – аямайды. Шын мәнінде, бұл басшылар – қол

астындағылардың амалының нәтижесі яғни халықтың амалының нәтижесі.

Халықтың істеген жаман әрекеттері басшының бейнесінде оларға қайта айналып

келеді. Кейде Аллаһ Тағала адамдарды жаппай аурумен немесе қайғы-қасіретпен, азаппен

жазалайды. Кейде берекеден айыру арқылы жазалайды. Кейде Аллаһ Тағала жаза ретінде

шайтанға адамдарды азғыруға мүмкіндік беріп қояды, сонда шайтан адамда қалаған

жағына қарай тартуға мүмкіндік алады. Сондықтан, есті кісі айналасында болып

жатқан құбылыстарға қарап, барлық жерден Аллаһ Тағаланың даналығын, әділдігін

көреді. Әсіресе пайғамбардың ізбасарлары мұның барлығын көріп құтылу жолына

түседі. Ал пайғамбардың ізінен ермейтін соқырлар опатқа ұшырау жолын таңдап,

соған бет алады».

«Уқубат қадарийя» - тұрмыстық жазаға қатысты айтарымыз осы

Дерек көзі: Ханифия форумы

«Какими будете вы, такими будут ваши правители» атты мақаланың орыс

тіліндегі текст нұсқасын оқу немесе аудионұсқасын тыңдау