24
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТАРИХЫ кафедрасы

Презинтация кафедра Казахской и Мировой Истории

Embed Size (px)

Citation preview

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТАРИХЫ кафедрасы

МАМАНДЫҚ БОЙЫНША БІЛІМ БАКАЛАВРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ

1. Бітірушінің кәсіби қызмет саласы 5В011400-«Тарих» мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады. 2. Бітірушінің кәсіби қызметінің нысандары негізгі және бейіндік мектептер; мамандандырылған мектептер; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары

болып табылады.

3. Бітірушінің кәсіби қызметінің түрлері  білімдік; эксперименттік-зерттеу; ұйымдастыру-басқару; әлеуметтік-педагогикалық; оқу-тәрбиелік; оқу-технологиялық болып табылады

4.Бітірушінің кәсіби қызметінің міндеттері  білімдік қызмет саласында: білім алушыларды оқыту мен дамыту, оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру; педагогикалық процесті жобалау және басқару; педагогикалық қызметттің нәтижелерін коррекциялау, жобалау, диагностика жасау; мектепте, орта арнайы оқу орындарында сабақ беру;

эксперименттік-зерттеу қызметі саласында: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білу; тарих бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорыту; педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу;

ұйымдастыру-басқару қызметі саласында: тарих бойынша білім беру мазмұнын әр түрлі деңгейде жоспарлау, оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтау;

әлеуметтік педагогикалық қызмет саласында: білім алушылардың өмір сүруіне, тәрбиеленуі мен дамуына қолайлы жағдай жасау және педагогикалық қолдау

көрсету;

оқу-тәрбиелік қызмет саласында: оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық процестің заңдары, заңдылықтары, принциптері, тәрбиелік

механизмдеріне сәйкес іске асыру; сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау; нақты тәрбиелік міндеттерді шешу, тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарда оқыту мен тәрбиенің әр түрлі формалары мен әдістерін таңдау

және қолдану; оқушылар ұжымымен, осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен, ата-аналармен байланыс орнату;

оқу-технологиялық қызмет саласында: оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.

КАФЕДРА ТАРИХЫ

  Оңтүстік Қазақстан өңірі үшін тарих мамандарын даярлап келе жатқан «Қазақстан және әлем тарихы» кафедрасының тарихы 1937 жылы құрылған институт тарихымен бірге басталады. Бұл ұжымда көптеген ұстаздар қызмет атқарып, республика халық ағарту саласына білікті мамандар дайындауда қомақты үлес қосып келеді. 1960 жылы «Марксизм-ленинизм пәндері» кафедрасынан «Азаматтық тарихы» кафедрасы өз алдына бөлініп шықты. Ең алғашқыда кафедраны ірі ғалым-медиевист доцент М.Ф.Фадина, Ұлы Отан соғысының ардагері доцент А.И.Исмаилов басқарды. Бұл кезеңде кафедрада білікті мамандар т.ғ.д. Т.Бақшылов, Ю.П.Гриневич, белгілі археолог Н.П.Подушкин, доцент Қ.Сәдуақасова жұмыс істеген. 1965 жылдан тарих кафедрасы «КСРО тарихы» мен «Жалпы тарих» кафедраларына бөлінді. 1965 жылдан «КСРО тарихы» кафедрасын 1974 жылға дейін т.ғ.к., доцент Қошқар Жүсіпұлы Оразов басқарды. Кафедрада тарих факультетінің алғашқы түлектерінің бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері, В.И.Ленин және А.Невский ордендерінің иегері, т.ғ.к., доцент Сардар Шакиров өмірінің соңына дейін ұстаздық етті. Сол жылдары кафедрада Ю.П.Гриневич, С. Наурызбаев, Ғ.Сатыбекова, М.Бижанов, А.Рүстемов, Ы.Қайсарбеков, Е.В.Жевако, Н.В.Кутнякова, А.А.Клименко, жұмыс істеді. Ю.П.Гриневич басқарған 1974-1985 жылдары кафедра С.Н.Қонақбаев, С.С.Әбубәкіров, А.Н.Подушкин, Р.А.Омарова, Ғ.А.Марина сияқты оқытушылармен толықтырылды. Ал Н.В.Кутнякова жетекшілік еткен 1985-1996 жылдар аясында кафедраға В.С.Цой, Я.Ф.Тиктопуло, А.Алмаханова, З.Қ.Исабеков сияқты жаңа буын жұмысқа келді.

«КСРО тарихы» кафедрасы 1992 жылы «Қазақстан тарихы» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі қызметін 1996-1998 жылдары т.ғ.к., доцент С.С.Әбубәкіров, 1998-1999 жылдары т.ғ.к. Д.М.Бекманова, 1999-2001 жылдары т.ғ.к. Б.Алтаев, 2001-2002 жылдары т.ғ.д. С. Жолдасов, 2002-2003 жылдары Б.Қ. Исабек, 2003-2004 жылдары С.С. Әбубәкіров, 2004-2006 жылдары т.ғ.к. Ж.Е. Мулдахметова, 2006-2007 жылдары т.ғ.к., доцент Ғ.Қ.Маймақов, 2007-2009 жылдары Ғ.А.Марина, 2009-2013 жылдары Д.А.Күмісбекова атқарды.

1965 жылдан «Жалпы тарих» кафедрасын 1974 жылға дейін доцент А.Алдабергенов басқарды, 1974-1986 жж. - доцент Қ.Сәдуақасова, 1986-1991 жж. – доцент Р.Бекназаров, 1991-1995 жж. доцент С.Жолдасов, 1995-1998 жж. – доцент М.Ауанасов, 1998-2002 жж. – доцент Қ.Ізтілеуов, 2002-2010 жж. – доцент Г.Д.Сүгірбаева. Бұл жылдары кафедрада білікті мамандар А.Әуелбаев, Б.Айдосов, Л.Дрейзес, М.Ермеков, А.Ибраев, И.И.Вахтель және т.б. жұмыс істеді.

Академиялық инновациялық университеті мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институнының біріккен Ғылыми кеңесінің 2010 жылдың 31 тамызында (№1 хаттама) қабылдаған шешіміне сәйкес “Қазақстан тарихы” кафедрасы мен “Бүкіләлем тарихы” кафедралары біріктіріліп, “Қазақстан және әлем тарихы” кафедрасы деп қайта құрылды. «Қазақстан және әлем тарихы» кафедрасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы №722 қаулысы негізінде құрылған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және педагогика факультетінің құрамына енді. 2012 жылы кафедра Тарих және кәсіби білім факультетіне қосылды. Ал жаңа 2013-2014 оқу жылынан бастап Тарих және педагогика факультетіне енді. 2014 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан және әлем тарихы кафедрасы Гуманитарлық және әлеуметтанудың ғылыми мектебі құрамына енді. Қазіргі таңда кафедра Тарих және педагогика факультетінің құрамында жұмыс атқарып келеді. Кафедрада 1 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты, 2 магистр-оқытушы еңбек етіп жатыр, ғылыми потенциалы жоғары-73% құрайды.

КАФЕДРА ЖЕТІСТІКТЕРІ

Кафедра доценті, т.ғ.к. Исабек Б.Қ. және т.ғ.к., доцент Сугирбаева Г.Д. «Dokuz Eylul» университетінде өткен халықаралық әйелдер конгресіне қатысушылар құрамында

(Түркия, Измир қаласы)

Тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Н.Подушкин Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен кездесу барысында

Кафедра оқытушы-профессорлар құрамы «Тұран» үйірмесі мүшелерімен бірге Оңтүстік өңірінің тарихи жерлеріне экскурсияда

Германияның Бохум университетінің профессоры Томас Штольнер5В011400 – Тарих мамандығы студенттерімен кездесуде

«Мәдениет – ұлттың асыл мұрасы» атты мектеп оқушыларының І дәстүрлі облыстық олимпиадасы (2012 ж.)

«Тұлға – тарихтың қозғаушы күші» атты мектеп оқушыларының ІІ дәстүрлі облыстық олимпидасы (2013 ж.)

«Новое поколение» атты мектеп оқушылары арасында “Қазақстан және әлем тарихы” кафедрасының ұйымдастырумен ОҚО-ның славян мәдени орталығының бастамасымен

өткен олимпиада (11 сәуір 2013 жылы)

Кафедраның аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Т.М. Руяткина «Ренессанская культура и общественные практики» атты халықаралық

конференцияда (профессор С.М.Стамның 100 жылдығына арналған)(Ресей Федерациясы, Саратов қаласы, 25-27 қыркүйек 2013 ж.)

Кафедраның аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Т.М. Руяткина «Собирательство, меценатство, коллекции в эпоху Возрождения»

атты халықаралық конференцияда (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, 22-24 қазан 2013 ж.)

Кафедраның тарих ғылымдарының кандидаты Т.М. Руяткина Польша Республикасының Краков қаласындағы Ягеллон университетінде өткен

«Русское детство» атты халықаралық конференцияға қатысты (25-26 қазан 2013 ж.)

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Аяшев Оңалбай

Аяшұлы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Подушкин Александр Николаевич

археологиялық көрме ашылуда

Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы - Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан

Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі және Ахметұлы Шадыман – “Шыңжан қоғамдық ғылымы” атты журналдың ғылыми редакторы,

Шыңжан қоғамдық ғылым Академиясының ғылыми қызметкері, кафедра ұжымы мен студенттері «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ - МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ: ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ МЕН ТАҒДЫРЫ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында

(2015 жылы наурыздың 17-18 жұлдызында)

2014 ж. 27-29 наурыз аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен VI Республикалық

студенттердің пәндік олимпиада қатысушылары

«Білім-ғылым-студент: жаңашылдық, ізденіс» атты студенттердің дәстүрлі ІІ ғылыми-тәжірибелік конференциясы

(8-10 сәуір аралығында 2013 жылы)

27 қараша 2013 ж. “Президент біздің өмірімізде...” атты №1 жатақханада өткен іс-шара

30 қараша 2013 ж. Президент күніне орай тәлімгер Б.С.Айтай 114-13 тобында өткізген іс-шара

Кафедраның профессоры, т.ғ.к. А.Н.Подушкиннің жетекішілігімен Күлтөбе қалашығында өткен археологиялық іс-тәжірибе

Күлтөбе қалашығында табылған тарихи жәдігерлер