15
«Қызыққа толы кітаптар әлемі»

аб виртуальды көрме

  • Upload
    -

  • View
    129

  • Download
    3

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: аб виртуальды көрме

«Қызыққа толы кітаптар әлемі»

Page 2: аб виртуальды көрме

Құрметті оқырмандар! Халқымызда «Іздеген - жетер мұратқа» деген дана сөз

бар, яғни әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау – адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады.

Сіздерді әр саладағы қызықты деректермен және неше түрлі ақпараттармен таныстыру үшін кітапханамыздың қорында бар кереметтей танымдық, пайдасы зор кітаптарды алып оқуға шақырамыз. Бұл кітаптар арқылы сіздер өз білімдеріңізді одан әрі кеңейте аласыздар.

Page 3: аб виртуальды көрме

«Ежелгі дүние» , «Дүние жүзі тарихы»Бұл кітаптар жасөспірімдер үшін өте қызықты және танымдық тұрғыда пайдалы басылымдардың бірі. Мұнда ежелгі дүние тарихынан сыр шертетін Ежелгі Мысыр, Месопотамия, Грекия, Азия, Рим т.б. елдер туралы түрлі мағлұматтар мен қызықты деректер қамтылған. Суреттермен көркем безендірілген басылым әр тарау сайын оқырманын өзіне баурай түсері сөзсіз.

Page 4: аб виртуальды көрме

«Жануарлар», «Улы жәндіктер», «Таулар мен жанартаулар», «Адам анатомиясы», «Акулалар, дельфиндер және киттер»

Білуге ұмтылу – қоршаған ортаны, әлемдегі бізге беймәлім құбылыстардың құпия сырларын ашуға талпыну деген сөз. Жан-жақты болуға деген құштарлық әрбір адамның бойынан табылады. Әсіресе, балалардың көп нәрсені білмекке ынта-жігері шексіз.

Осы орайда өзіміз өмір сүріп отырған әлемді танып білгісі келетін білімқұмар балалардың құштарлығын қанағаттандыру мақсатында «Аруна» баспасы «1100 қызықты дерек» атты топтаманы ұсынып отыр. Сан саланы қамтитын бұл топтама жеткіншектердің көкейіндегі сұрақтарға жауап береді деген үміттеміз.

Page 5: аб виртуальды көрме

«Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен». Омыртқалы жануарлар

Бұл кітап – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, бүгінгі таңда жоғалып бара жатқан омыртқалы жануарлар жайлы мәліметтер мен олардың таралу картасхемасы берілген бірден-бір құнды басылым.

Басылым мектеп жасындағы балалар мен көпшілік қауымға арналған.

Page 6: аб виртуальды көрме

Роберт Уинстон «Бұл өте оңай!» Қызықты химия

Химиялық элементтер – барлық заттардың ең түпкі негізі. Олар көптеген өмірлік маңызды сұрақтарымызға жауап береді: біз неден жасалдық? Бойымызда өмірімізге арқау болатын не? деген сияқты. Ал енді осы зеріктірмейтін кітаптың беттерінен сіздер осы және басқа да көптеген сұрақтардың жауабын таба аласыздар.

Page 7: аб виртуальды көрме

«Заманауи жетістіктер», «Жер-жаһанға саяхат», «Географиялық аймақтар», «Ойыншықтардан

роботтарға дейін»Балаларға бағыт бағдар сілтейтін түрлі танымдық әдебиеттердің

көмегі аса зор екендігін ескере келе, кішкентай оқырмандардың білуге деген құштарлығын қанғаттандыру үшін «Аруна» баспасы «Балаларға арналған танымдық энциклопедия» топтамасын ұсынып отыр. Сан алуан тақырыпты қамтитын энциклопедиялар балалардың жан-жақты кемелденіп, білімін тереңдете түсуіне, өзі өмір сүріп отырған ортаның қыр-сырын тануға, алыс-алыс өлкелерге қиялында саяхаттауға көп көмегін тигізеді деп сенеміз.

Page 8: аб виртуальды көрме

«Континенттер»Бұл кітапта әр құрлықтың

географиялық ерекшеліктері, тарихы, тағамы, адамдары, түрлі халықтардың әдет-ғұрыптары мен ұстанымдары, көркемөнер туындылары, өмір сүру дағдылары мен тілдік ерекшеліктері туралы баяндалады. Қызықты суреттермен безендірілген энциклопедия оқырманның көңілінен шығады деген үміттеміз.

Page 9: аб виртуальды көрме

Сәтімбеков Р., Әлімқұлова Р. «Қызықты биология»

Бұл қосымша оқу құралында жануарлар дүниесінің бір тобы – омыртқасыздар туралы мектептегі биология оқулығына қосымша қызықты мәліметтер жеңіл тілде жазылған. Оқу құралында омыртқасыздардың жеке жүйелік топтары, құрлысының және тіршілік әрекеттерінің күрделену ерекшеліктері жайлы қызықты деректер әрі қысқа, әрі тартымды түрде берілген. Кітапта оқушылардың мектепте алған білімдерін тереңдете түсетін сөзжұмбақтар, жұмбақтар, басқатырғылар және өз білімдерін сынауға арналған сұрақтар да қоса берілген.

Page 10: аб виртуальды көрме

«Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан»

Бұған дейін алғаш рет 2009 жылы жарық көрген балаларға арналған аталмыш энциклопедиялық басылым тың деректермен толықтырылып, құрлымы мен мазмұнына жаңа өзгертулер енгізіліп, жүйеленіп, қайта ұсынылып отыр.

Әмбебап кітап іздеген, білуге құштар жасөспірімдерді туған елі – тәуелсіз Қазақстанның күрделі тарихы, эканомикасы, тамаша табиғаты, жасампаз адамдарымен жан-жақты таныстырады.

Жеткіншектердің өз Отанын шексіз сүюге, оның өнегелі, парасатты, зиялы азаматы болып өсуіне баулиды.

Page 11: аб виртуальды көрме

«Бабадан қалған асыл сөз»Ұлтымыздың бірегей де ұлы

тұлғаларының даналық ойлары, қанатты сөздері – елдігіміздің,бірлігіміздің, рухани болмысымыздың ерекше бір көрнісі, теңеусіз бай қазынасы. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойына орайластырылған осынау жинақта Ұлы даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын-жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен әскери қолбасшылардың, данышпан тұлғалардың ел ішін ауызбіршілікке, татулыққа шақырған салиқалы ой-толғаныстары, келер ұрпаққа арналған өнеге-өсиеттері, қанатты сөздері, сондай-ақ отан туралы, тіл туралы жыр толғаулары мен өлең, дастандарынан алынған үзінділер уақыт елегіне сай, хронологиялық тұрғыдан топтастырылған.

Page 12: аб виртуальды көрме

«Қыздарға арналған энциклопедия»

Гүлдей құлпырып, жаңа жетіліп келе жатқан қыз баланың өмірде білгенінен білмейтіні көп-ақ. Бұл энциклопедия – жас бойжеткеннің өмірдегі талай сұраққа жауап іздеген уақытында сырласып, ақылын тыңдар құрбысы бола алады.

Page 13: аб виртуальды көрме

«Қазақ жаңылтпаштары», «Қазақ жұмбақтары»

Жаңылтпаштар баланың тіл байлығын дамытып, күрделі сөздерді қиналмай айтуға дағдыландырады, есте сақтау қабілетін шыңдай түседі.

Келесі кітапқа әр түрлі тақырыптарды қамтитын алты жүзден аса жұмбақтар енгізілген.

Page 14: аб виртуальды көрме

«Қазақ өтірік өлеңдері», «Қазақ лиро-эпостық

жырлар»Жинаққа ауыз әдебиетіміздің ең көне үлгілерінің бірі – қазақ өтірік өлеңдерінің балаларға лайықты бір топ нұсқалары енгізілген. Ғасырлар бойы ел игілігін көріп келе жатқан бұл туындылар бүгінгі балалардың да қиялын қанағаттандырып, ой-өрісін кеңейтуге, тапқырлыққа баулуға мол септігін тигізері анық.

Page 15: аб виртуальды көрме

Назарларыңызға рахмет!