12
Б.Ламарк Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Ақши жалпы орта білім беру мектебі Биология пәні мұғалімі Рахимбаева Сандуғаш Қазалиқызы

Ламарк Жан Батист

Embed Size (px)

Citation preview

Б.ЛамаркПавлодар облысы, Баянауыл ауданы

Ақши жалпы орта білім беру мектебі

Биология пәні мұғалімі

Рахимбаева Сандуғаш Қазалиқызы

Биология – жер бетіндегі тірі ағзаларды зерттейтін ғылым

Биология міндеті-тірі ағзалардың қасиеттерін,құрылысын зерттейді

Б.Ломарк

ЛАМАРК Жан Батист Пьер Антуан де Моне Шевалье (1.8.1744 — 18.12. 1829, Париж) — француз жаратылыстанушысы, ең алғаш эволюциялық теорияның (Ламаркизм) негізін қалаған ғалым

Өмір жолдары

Париж ғылым академиясының мүшесі (1783). Зоопсихологияның негізін салып “Биология” терминін енгізген (1802). 1778 ж. 3 томдық “Франция флорасы” еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде ол бірінші рет өсімдіктерді анықтаудың дихотомиялық принципін ұсынды. Ламарк алғаш рет (1794) жануарларды омыртқасыздар мен омыртқалылар деп бөліп, ғылымға “омыртқасыздар” ұғымын енгізді.

“Омыртқасыз жануарлардың табиғи даму тарихы” (1815 — 1822) деген еңбектері омыртқасыздар зоологиясының дамуына үлкен ықпал етті. “Зоология философиясы” (2 томдық, 1809 ж.) еңбегінде Ламарк жануарлар әлемін 14 класқа және 6 “сатыға” бөлуді ұсынды.

Ол бірінші болып буылтық (сақиналы) құрттар, моллюскілер мен буынаяқтылардың бір-біріне жақындығын көрсетті. Осы еңбегінде алғаш рет біртұтас эволюция теориясын жариялады. Ол түр тұрақтылығы ілімін жоққа шығарды, оның пікірінше жануарлар мен өсімдіктер әлемінің көп түрлілігінің барлығы дерлік алуан түрлі сыртқы факторлар әсерінің нәтижесінде түрлердің өзгеруінен пайда болады

Ламарк ботаникалық және зоологиялық еңбектерден басқа геология, гидрология және метеорология бойынша да еңбектер жариялады. 1799 — 1810 ж. “Метеорологиялық жылнамалар” журналының 11 томын шығарды. 1802 ж. шыққан “Гидрогеология” деген еңбегінде сол кезеңде үстемдік еткен апат теориясына қарсы шығып, жер бетінің сыртқы факторлардың әсерлерінен біртіндеп өзгеру теориясын ұсынды.

.

Өзгеде еңбектері

Ламарк тірі затты өлі заттан Ламарк тірі затты өлі заттан ажыратуға мүмкіндік беретін 10 ажыратуға мүмкіндік беретін 10 белгіні ұсынды. Соның нәтижесінде белгіні ұсынды. Соның нәтижесінде жасушалық теорияның ашылуынан жасушалық теорияның ашылуынан 20 жыл бұрын Ламарк тірі заттың 20 жыл бұрын Ламарк тірі заттың жасуша құрылысының жалпыға жасуша құрылысының жалпыға бірдей болатынын сипаттап берді. бірдей болатынын сипаттап берді. Сондай-ақ, адамның шығу тегі Сондай-ақ, адамның шығу тегі жайында да өз пікірін айтып, жайында да өз пікірін айтып, адамның дене құрылысы маймылға адамның дене құрылысы маймылға жақын деп көрсетті. жақын деп көрсетті.

Ламарктың эволюциялық ілімі Ч.Дарвинге үлкен әсерін тигізді. Ламарк палеонтология саласында да зерттеулер жүргізіп, 8 томдық “Париж аймағынан табылған қазба заттар туралы мемуарлар” (1802 — 1806) деген еңбегін жариялады. Өз заманында Ламарктың эволюциялық көзқарастары қатаң сыналып, толық мәнінде дәлелденбегендіктен кең тарала алмады.

кері

• Ламарк тұжырымдамасында да кемшіліктер бар.Оның бірі-табиғи эволюция себебін идеалистік көзқарасымен түсіндіруге тырысуы.Ж.Б.Ламарк өте діншіл адам болған.Ламарктың теориясы қатаң ғылыми айтыс тудырды.Оған қоса шіркеу қызметкерлеріне ол құдайға тіл тигізу болып көрінеді.Соның нәтижесінде Ламарк өмірінің соңында зейнетақы алуға құқықсыз болып босатылды да қайыршылықта өмірден озды.

кері

Назаларыңызға рахмет

кері