21

Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі – заман талабы (Баяндама)

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі – заман талабы (Баяндама)

Citation preview

Page 1: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)
Page 2: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)
Page 3: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)
Page 4: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

2011-2020 жылдары ҚР-да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республикада электрондық оқыту жүйесін (e-learning) енгізу міндеті анықталған. 2015 жылға электрондық оқытумен білім беру ұйымдарының 50% қамту, 2020 жылға көрсеткішті 90 пайызға дейін жеткізу межеленген. Электрондық оқыту жүйесі өзі білімдік процесті технологияландыруды қамтамасыз етуге, жалпы орта білім беру жүйесін автоматтандыруға, мектеп оқушылары мен мұғалімдердің ақпарқатынастық мәдениетін дамытуға бейімдейтін бағдарламалық-аппараттық кешен болып табылады.

Page 5: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

E-learning термині білім беру үрдісінің электронды формасын Интернет немесе Интранеттің көмегімен оқытуды басқару жүйесі дегенді білдіреді. Е-learning ұғымы (ағылшын тілінен қысқартылған Electronic Learning) —электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту,  қашықтықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқу,  виртуальды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту терминінің синонимі.   ЮНЕСКО мамандарының берген анықтамасын бойынша:  «e-Learning — Интернет және мультимедиа көмегімен оқыту».                               Е-learning – бұл оқу және оқыту форматы,  бiлiм беру контенттерінің  электрондық формасын электрондық құралдармен қолданып, компьютер, ұялы телефон, коммуникатор, білімді басқару жүйесi (LMS)  және интерактивті оқыту  платформасына негiзделген сабақ берулер.

Page 6: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

педагог ұжымына – тақырыптық жоспарлауды, 

электрондық сынып журналдарын және  күнделiктер жүргізу,

білім беру үрдісінде сандық бiлiм беру контентін қолдануға мүмкiндiк

бередi;

ата-аналарға – өз баласының бағаларын, сабақ кестесiн, үйге берген тапсырмаларын, сабаққа қатысу және дайындық сапасын бақылайды, баласының    мектептегі оқу үлгерімін және оның қоғамдық қызметiндегi табыстары жайлы біліп отырады; сонымен бiрге баласының бағалары туралы мәлiметтi ата-аналардың тiлегiмен sms-тің түрiнде де жолдана алады – немесе e-mail бойынша хабарлама алады.

оқушыларға – әр түрлi пәндер бойынша өз үлгерiм

рейтингiсінiң өзгерiстерiн қадағалайды, сабақ кестесiндегi өзгерiстерді,

үйге берген тапсырманы; уақытында біледі;

Электрондық оқыту жүйесінің мүмкіндіктері

Page 7: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

Бағдарламаның негізі - ХХІ ғасырдағы біліктіліктер және жеке тұлғаға бағдарланған оқытуды, сынай ойлауды дамытуды, ынтымақтастықта оқыту мен мұғалімнің фасилитатор ретіндегі іс-әрекетін қамтитын жобалау тәсілдері туралы терең түсінік береді. Модуль материалдарын меңгеруде жаңашыл педагогикалық әрекеттерді, компьютерлік сауаттылық саласын, Интернетті, мультимедианы пайдалану, мәтіндер мен электрондық кестелерді редакциялау дағдыларын практикада игеріп, қолдануды үйрену.

Бағдарламаға түсінікБағдарламаға түсінік

Page 8: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

Оқыту мақсаты - Білім беру үдерісін ұйымдастыруда оқытудың тиімділігін арттыратын ақпараттық технологияларды пайдалану біліктіліктерін қалыптастыру және педагогикалық шеберліктерін жетілдіру.

Page 9: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

Ұлттық Білімдік

мәліметтер қоры

Мектептерді басқарудың ішкі жүйесі (мектеп іс Қағаздарын

жүргізу, т.с.с)

 Оқыту үрдісін

басқару ішкі жүйесі - LMS;

Оқу Мазмұнын басқару

ішкі жүйесі - LCMS;

Тестіні басқарудың ішкі жүйесі

- TMS;

Page 10: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

оқытуды басқару жүйесі (LMS) – бұл – оқу контентін дайындауды автоматтандыруға және оқу процесінің барлық қатысушыларына on- мен off-line режімдерінде оқытуға қатынас құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама;

ақпарқатынастық білімдік орта – ақпараттық технологияларды білімдік процеске кіріктіруді, сондай-ақ пән ортасын мультимедиалық мазмұнмен – электрондық оқу контентімен толықтыру жағдайы кезінде оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін мақсаттан нәтижеге дейін оқыту процесін бейнелейтін білімдік процесс объектілері мен субъектілерінің ақпарқатынастық өзара әрекеттестігінің педагогикалық жүйесі;

оқу контенті – оқыту мазмұнын қамтамасыз ететін ақпараттық толықтыру (қолданбалы бағдарламалық өнімдер және цифрлық білімдік ресурстар);

мультимедиа – өзіне типтері әр түрлі дәстүрлі статикалық көрінерлік ақпаратты да (мәтін, графика), динамикалық ақпаратты да (сөз, әуен, бейне үзінділер, анимация және т.б.) ерекше жинақтайтын ақпараттың түрі;

Оқытуды басқару жүйесіндегі негізгі анықтамалар

Page 11: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

Желілік технология – оқу-әдістемелік материалдар жасақтамасын, білім алушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивтік өзара әрекеттестік формаларын, сондай-ақ телеқатынастық желілерді пайдалану негізінде оқу процесіне басшылықты қамтитын технология;

Цифрлық білімдік ресурстар (бұдан әрі ЦБР) – бұл білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарқатынастық білімдік ортасының жиынтығын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар.

Электрондық оқытудың құлшыныстық-мақсаттық құрамдас бөлігін қамтамасыз ететін ЦБР – оқушылардың оқыту мақсаттарын жете түсінуі мен рефлекциясына және оқып білетін материалға немесе сабақ тақырыбына олардың қызушылығын қалыптастыруға бағытталған ресурстар.

Электрондық оқытудың мазмұндық құрамдас бөлігін қамтамасыз ететін ЦБР – жаңа материалды түсіндіруге, оқыту мазмұнын жүзеге асыруға бағытталған ресурстар.

Оқытуды басқару жүйесіндегі негізгі анықтамалар

Page 12: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

Электрондық оқытудың операциялық іс-әрекеттік құрамды бөліктерін қамтамасыз ететін ЦБР – білімдерді бекіту, пән саласындағы білімдерді, біліктер мен машықтарды қалыптастыру бойынша оқушылардың практикалық іс-әрекеттерін ұйымдастыруға бағытталған ресурстар.

Электрондық оқытудың бағалау-нәтижелік құрамдас бөлігін қамтамасыз ететін ЦБР – оқушылар олардың көмегімен өздерінің оқу жетістіктерін тексере алатын тестілеуші бағдарламалар.

Оқытуды басқару жүйесіндегі негізгі анықтамалар

Page 13: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

Оқыту жүйесін пайдаланушылар

Оқыту жүйесін пайдаланушылар

МұғалімМұғалім

ОқушыОқушыLMS басшысы.

LMS басшысы.

ҚонақҚонақ

Page 14: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

Оқытуды басқару жүйесін (LMS-ті) құрудың

педагогикалық қағидалары

Ғылымилық қағидасы – оқу материалының

мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығы;

пайдаланылатын терминологиялардың

қазіргі заманғы түсіндірмелерге

сәйкестігі.

Көрнекілік қағидасы – оқу материалын

қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін

мақсатқа лайықты қатыстыру; оқу

материалын барынша көрінерлік ету.

Жүйелілік қағидасы – ЦБР-дың оқу процесінің белгілі бір құрылымдық құрамдас бөлігіне сәйкестігі: құлшыныстық-мақсаттық;

мағналы мазмұндық; операциялық іс әрекеттік немесе бағалаушылық нәтижелік.

Теорияның практикамен байланыс қағидасы – оқу кортентінің

практикалық бағдарланғыштығы; контенттің қоғам мен экономиканың

қазіргі заманғы даму процесіне бағдарлануы.

Түсініктілік қағидасы – оқу материалын

оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне бейімді түрде ұсыну;

оқушыларда парасаттық, адамгершілік,

физикалық артық жүктемелердің

болмауы.

Page 15: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

Оқу бағдарламалары модуліне қойылатын талаптар Оқу бағдарламаларының модулі білімдік процесс қатысушыларының

білімдік процесті реттейтін нормативтік құжаттарға: Білім берудің мемлекеттік жалпы білімдік стандартына, оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламаларына, авторлық оқу бағдарламаларына қатынас құруын қамтамасыз етеді.

Хабарландырулар модуліне қойылатын талаптар Модуль мұғалімге белгілі бір сынып немесе пайдаланушы үшін

тағайындалған хабарландыруларды беруге мүмкіндік береді. Хабарландырулар оқып білу үшін белгілі бір ЦБР-ды, белгілі бір

тақырыптармен жұмыс істеу датасын тағайындау, белгілі бір мерзім ішінде тапсырманы аяқтаудың қажеттілігі туралы еске салу және т.б. болып табылатын хабарлар.

Электронды оқыту жүйесіне қойылатын талап

Электронды оқыту жүйесіне қойылатын талап

Page 16: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

Оқу контентін дайындау модуліне қойылатын талаптар Оқу контентін тағайындау модулі мұғалімге оқыту мазмұнын

дайындау, басқару және жүргізу, өзінің дидактикалық материалдарын, авторлық бағдарламалық өнімдерін, викториналарын, бақылау жұмыстарын және т.б. дайындау немесе жариялау үшін құрал-жабдықтар болып табылады.

Мұғалім әр түрлі форматтағы файлдарды (графикалық, дыбыстық, бейне, мәтіндік) жүйеге жүктей алады.

Мұғалім дайындайтын немесе жүктейтін оқу контенді жүйенің бөлігіне айналады және сабақтар өткізу немесе оқушылардың өзіндік жұмысы үшін әлденеше рет пайдаланылатын бола алады. Ол үшін дайындалынатын немесе жүктелінетін файылға оқушыға түсінікті және оның мазмұны айқын бейнеленетін болуы тиіс атау телінеді.

Оқу контентін тек мұғалім ғана дайындай алады, ал оқушылар мұғалім дайындаған ресурстармен тек қана жұмыс істей алады, тапсырмаларды орындай алады және мұғалімге жауаптарды жөнелте алады.

Page 17: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

 Электрондық оқыту технологиясын

мектепте қолдану:

 1.Денсаулығының мүмкiндiк Шектеулерi бар балалар үшiн

арнайы бiлiм берудің түрi.

2. Оқушылардың бiлiмдерiн қашықтықтан бақылауды

ұйымдастыру.

Қосымша элективтік курстарын ұйымдастыру.

Page 18: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

                       2020 жылы әрбір оқушы мен мұғалімде дербес

компьютер болады деп көрсетілсе, кең жолақты Интернет желісіне қосылу қазіргі кезде 36%, Бағдарлама

аясында ол көрсеткіш 100%-ға жетеді деп жоспарлануда.

  Алдағы уақытта да қомақты жұмыстар атқарылады, яғни алдағы он жыл да түбегейлі

өзгерістерге толы болмақ. Ол өзгерістерді сапалы орындауға қажетті құрал-жабдық базасы бар,

Елбасының биылғы Жолдауында айтылғандай, елді, білім беруді жаңғыртуға атсалысуға біз де ниеттіміз.

Page 19: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

                      Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Оқушы автоматтандырылған

жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары

бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы

оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу)

толтыратын болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады»  – деп

көрсетілген.

Page 20: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)

                      Электрондық оқыту жүйесін білім беру

ұйымдарына енгізу міндеттерінің бірі – оқу-тәрбие үдерісін автоматтандыру болып табылады.        

Болашақта бiлiм беру компьютер технологияларының дамуымен тығыз байланыста болатыны анық. Сондықтан да электрондық оқыту технологиясын мектептерде оқу үрдісіне  қолдану қазiргi білім берудің көкейкестi мәселесі болып саналады.

Page 21: Электрондық оқыту (e-learning)  жүйесі – заман талабы (Баяндама)