32
Îòòû¢ Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды

Ertegi ottik

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Ertegi ottik

Îòòû¢

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту»

бағдарламасы бойынша шығарылды

Page 2: Ertegi ottik

2

Бір солдат жолда батыл адымдап келе жатты. Арқасында қапшығы, бүйірінде асынған қылышы бар. Ол соғысқа

қатысып, жеңіспен еліне оралып келе жатқан. Кенеттен алдынан кәрі мыстан кемпір шыға келеді. Оның түрі сондай

қорқынышты, сүйкімсіз.– Қайырлы күн, солдат! – деп амандасады мыстан. – Қайырлы күн, кәрі мыстан! – дейді солдат.

Мыстан оған жақын маңдағы ағашты көрсетіп, былай деп тіл қатады:

Page 3: Ertegi ottik

3

– Егер сен мына биік ағаштың ұшар басына өрме леп шықсаң, үңірейген қуысты көресің. Қуыстан қараған-да ағаштың іші үлкен үңгір екенін байқайсың. Ол үңгір-де үш бөлме бар. Әр бөлмеде бір-бір алып сандық және оны күзететін иттер бар. Мен саған өз алжапқышымды беремін, иттерді соған отырғызып, сандықтағы ақша-ны қалтаң толғанша ал. Ал маған сол жерде қалған

оттығымды әкеп бер.Солдат беліне жіп байлап, жіптің екінші ұшын

кемпірге ұстатып, талдың басына өрмелеп шы-ғады. Қуыс арқылы ішке кіріп,

төмен қарай сырғанап үңгірге түседі.

Page 4: Ertegi ottik

4

Үңгірдің ішінде, расында да, үш бөлме бар екен. Мыстан кемпір айтқандай, үш бөлмедегі алып сандықтарды үш ит күзетіп отыр.

Солдат бірінші бөлмеге кіреді. Ондағы иттің көзі алақандай үлкен екен. Солдат оны мыстанның алжапқышына отырғызып, қалтасын сандықтағы мыс тиындарға нығыздап толтырады.

Екінші бөлмеге кіреді. Ондағы иттің көзі бірінші иттікінен де үлкен. Солдат оны да алжапқышқа салып, сандықты ашады. Қараса, іші толған күміс тиындар екен. Солдат қалтасындағы мыс тиындарды күміспен ауыстырады.

Page 5: Ertegi ottik

5

Солдат үшінші бөлмеге енгенде, көзі алғашқы екеуінікінен де үлкен итті көріп, таң қалады. Ол бадырақ көз үшінші итті де алжапқышқа отырғызып, сандықты ашады. Сандық толы алтындарды көріп, есі шығады. Бұрынғы мыс, күміс тиындарды лақтырып жіберіп, қалтасы, қапшығы, бас киімі мен аяқ киімі толғанша алтын салып алады. Осы кезде ол өзін дәулетті адамдардың қатарында сезінеді, бойын даңққұмарлық билейді. Сөйтіп ол мыстан тапсырған оттықты алып, шығар ауызға беттейді.

Page 6: Ertegi ottik

6

Солдат жіпті қозғап, «мені шығарып ал» деп кемпірге белгі береді.Мыстан жіпті тартып, шығарып алады да, солдаттан:– Оттықты алдың ба? – деп сұрайды.– Әрине, алдым. Ол саған не үшін керек? Соның жауабын білгім келеді, –

дейді солдат.– Онда сенің шаруаң болмасын! – деп дөрекі жауап қайтарады мыстан,

– Қалтаң толы алтын, байлыққа белшеңнен батырдым. Оттығымды өзіме қайтар!

Page 7: Ertegi ottik

7

Мұны естіген солдат ашуланып, қылышын суырып алады. Қорқып кеткен мыстан көзден ғайып болады. Солдат қайтадан жолға түседі.

Сәлден кейін солдат салтанаты асқан, дәулеті тасқан тамаша қалаға келіп жетеді. Осы көркем қаладағы ең беделді қонақүйге тоқтап, жайлы бөлме мен сүйікті асына тапсырыс береді. Өйткені ол қазір ауқатты адамдар-дың қатарына қосылды ғой. Дегенмен, қонақүй қызметкерлері әлі жаңа киім сатып алуға үлгермеген солдатқа қарап: «Осынша бай адамның сырт киімі мен етігі неге көнетоз?» деп бас қатыру-мен болады. Келесі күні солдат қонақүйге сықырлаған су жаңа

етік пен қонымды көйлек киіп оралады.

Page 8: Ertegi ottik

8

Осылайша кедей солдат ойламаған жерден бай-батшаға айналады. Қала тұрғындары ауқатты мыр-заға құрметпен қарап, оған қала патшасы мен оның сұлу қызы туралы әңгімелеп береді. Олардың айту-ынша, ханшайым елден асқан ажарлы екен. Бірақ әкесі оны биік мұнаралы, мыстан соғылған үл кен қор-ғанда ешкімге көрсетпей, жасырын ұстайтын көріне-ді. Ата-анасынан басқа ешкім ол сарайға аттап кіре алмайды екен. «Мен ондай аруды көруге тиіспін», – деп ойлайды солдат. Бірақ ханшайымның сарайына енуге рұқсат жоқ еді.

Page 9: Ertegi ottik

9

Өмірінде қарны тойып ас ішпеген солдатымыз енді алтынның буына маста-нып, көңілді өмір сүріп жатады. Сауық-сайран құрып, кедейлерге жәрдемде-се ді. Себебі ол қалтасында көк тиыны жоқ адамның өмірі қандай болатынын жақсы түсінетін. Сөйтіп, күн өткен сайын достары да көбейеді. Олар мұның

байлығын, мырзалығын жыр етіп, мақтаумен болады. Алай-да ысырапшылдықтың соңы жақсылыққа апармайтыны белгілі. Бір күні солдаттың алтынының қоры таусылып, оны байқаған пайдакүнем достары ізін суытады.

Page 10: Ertegi ottik

10

Бірде кешкісін шырақ сатып алуға да ақшасы жетпеген солдаттың есіне мыстанның оттығы түседі. Ол оттықты алып тұтатқан еді, о ғажап, кенет үңгірдің бірінші бөлмесіндегі бадырақ көз ит есіктен кіріп келіп: «Не бұйырасыз, мәртебелі мырзам?» деп сұрайды.

Солдат оттықтың құнын сол кезде ғана түсінеді. «Маған ақша әкел!» деп бұйырады итке. Сәлден кейін ит ақша толы қапты солдаттың алдына тастайды.

Page 11: Ertegi ottik

11

Солдат жайлап сиқырлы оттықтың құпиясын біліп алады. Оны бір рет ұрғанда, мыс сандықты күзететін ит пайда болып, екі рет соққанда, күміс сандықтың иесі шығады. Ал үшіншісінде алтын сандықты қорыған ит алдына келіп тұрады. Осылайша солдат қайтадан мырза қалпына енеді, әдемі бөлмеде тұрып, қымбат киімдер киетін болады. Жоғалып кеткен достары да қасынан табылып, сый-құрметтерін аямайды.

Page 12: Ertegi ottik

12

Бір күні солдат оттығын тұтатып, бірінші бөлмедегі итті алдына келтіреді.

– Қазір түн ортасы екенін білемін, – дейді солдат оған, – бірақ ханшайымды бір көруге ынтықпын. Өтінемін, оны осында алып келші.

Ит көзден ғайып болады, сәлден соң ханшайымды арқалап же-тіп келеді. Иттің арқасында маужырап ұйықтап жатқан патша қызын көргенде солдат оның асқан сұлулығына тәнті болып, бетінен сүйіп алады.

Page 13: Ertegi ottik

13

Солдат көркем ханшайымды тағы да ұстай тұрғысы келеді, бірақ оның соңы жақсылыққа апармайты-нын түсініп, итке: «Ханшайымды апарып таста!» деп бұй рық береді. Ит патша қызын арқалап, өз төсегіне апарып жатқызады.

Ертеңгісін патша мен патшайым таңғы астарын ішіп отырғанда, ханшайым түнде қызық түс көргенін айтады.

– Мені көзі бадырайған бір ит арқалап, солдаттың үйіне апарды. Солдат мені бетімнен сүйді, – дейді ол.

– Өте қызық түс көріпсің, – деп күледі патшайым.

Page 14: Ertegi ottik

14

Бірақ ханшайымның бұл түсі ата-анасына маза бермейді. Көңілдерін-де: «Шынында да біреу, мүмкін, қызы мызды ұрлап әкетіп жүрген болар», – деген күдік ұялайды. Келе-сі түні олар шын-өтірігін білу үшін қыздың қасына бір күтуші әйелді отырғызады. Түн ор тасында екінші бөлмедегі ит келіп, хан шайымды көтеріп кетеді. Күтуші әйел ұрының

Page 15: Ertegi ottik

15

ізін байқап, соңына түседі. Ит кірген үлкен үйдің қақпасына бормен ай қыштап сызып, белгі салып кетеді.

Күтуші әйел сарайға қайта оралып, төсегіне жатқаны сол еді, қызды арқалап ит те жетеді. Бірақ ит қақпадағы айқыш сызықты байқап қалады. Сөйтіп ол амалын асырып, бормен қаладағы барлық үйлердің қақпасын сызып шығады. Мұнысы асқан тапқырлық болды, енді қай қақпаны сызғанын тауып көрсін!

Page 16: Ertegi ottik

16

Таңертең қызын ұрлап әкетіп жүрген ұрыны ұстап алып, жазалау үшін патша мен патшайым күзетшілерін ертіп, күтуші әйелдің соңы-нан жүріп отырады. Олар белгісі бар қақпаны іздейді. Бірақ қаладағы барлық қақпаларға белгі салынғанын көріп, қатты таң қалады. Сөйтіп, патша мен патшайым сарайға бос қайтады. Енді патшайым қулығын асырмақ болып шешеді. Ол жібек матадан дорба тігіп, оның түбін сөгіп қояды. Дорбаға сұлы дәндерін салып, оны ұйқыға жатар кезде ханшайымның мойнына асады. «Дорбаның тесігінен төгілген дәндер арқылы ханшайымның қайда барғанын біліп аламыз» деп ойлайды.

Page 17: Ertegi ottik

17

Түн ортасында үшінші бөлмедегі ит келіп, сұлу қызды дегбірсіздене күтіп отырған солдатқа арқалап ала жөнеледі. Солдат ханшайымға ессіз ғашық болып, оған үйлену үшін ханза-да болуды армандап жүрген еді. Бұл жолы бадырақ көз ит ханшайымды солдаттың үйіне әкелгенде дорбадан төгілген дәндерді байқамайды.

Page 18: Ertegi ottik

18

Келесі күні таңертең патша мен патшайым шашыл-ған дәннің ізіне түсіп, қыздарының барған үйін жаңы-лыспай тауып алады. Байғұс солдат түрмеге қамалады. Түрменің іші қараңғы әрі суық болатын. Оған:

– Сені ертең дарға асамыз! – деп ескертеді.Мұны естіген солдаттың ұнжырғасы түсіп кетеді. Өкі-

ніштісі, оның оттығы қонақүйде қалып қойған еді.

Page 19: Ertegi ottik

19

Таң атады. Солдат түрменің темір тормен бекітілген терезесінен қала адамдарының өзін қалай дарға асқа-нын көруге асығып, жиналып жатқанын байқайды. Міне, патша жауынгерлері де барабан соғып, адымдап келе жатыр. «Өмірмен қоштасатын сәттің келгені ме? – деп ойлайды солдат. – Ойпыр-ай, дардан құтылудың ешқандай жолының болмағаны ма?! Оттығымды қалай алдырсам екен?»

Page 20: Ertegi ottik

20

Сәлден соң терезеден қолтығына етік қыстырып, жанталаса жүгіріп бара жатқан етікшінің көмекшісі көрінеді. Асығып келе жатқан оның аяғындағы тері шәркейінің бірі шешіліп қалып, ұшып кетеді. Шәркей солдат отырған түрме терезесінің алды на кеп топ ете түседі. Бала солдатқа:

– Шәркейімді беріп жіберіңізші, – деп өтінеді.– Әй, етікшінің шәкірті! Егер менің үйіме барып, оттығымды

алып келсең, мен саған шәркейіңді қайтарамын, әрі төрт алтын тиын беремін, – дейді солдат балаға. – Бірақ уақыт тым аз, екі өкпеңді қолыңа алып жүгіргенің дұрыс!

Етікші бала жанұшыра жүгіріп барып, оттықты солдатқа әкеп береді. Оны көрген солдаттың қуанышы қойнына сыймайды. Ол

балаға алғысын білдіріп, шәркейінің ішіне төрт емес, бес алтын тиын салып қайтарып береді.

Page 21: Ertegi ottik

21

Page 22: Ertegi ottik

22

Үлкен дар ағашы қаланың сыртына құрылыпты. Сол жерге қара құ-рым халық жиналған. Топырлаған жұртты солдаттар бері жібермей тұр. Патша мен патшайым төрешілер мен патша көмекшілерінің алдындағы тақта отыр екен.

Қылмыскерді дарға асатын уақыт таяп қалады. Солдатты жендеттер дар ағашының қасына әкеледі. Патша мен патшайым оның мойнына ар-қан ілінердің алдында:

– Қылмыскерді жазалардың алдында оның соңғы сөзін орындау – бұзылмас дәстүр! Тілегіңді айт! – дейді.

Page 23: Ertegi ottik

23

Солдат:– Менің өлер алдындағы ақырғы тілегім – шылым шегу, – дейді. Патша оның тілегін қабыл алады. Солдат оттығын алып, үш рет ұрып қал ған-

да алдына үш ит қатарласа тұра қалады.– Айтқанымды орындаңдар! Патша мен патшайым берген жарлығын ұмыт-

сын! Қызын маған үйлендірсін! Осы жерде үлкен той болсын! – деп бұйырады.Бірінші ит құрылып тұрған дарға көзін қадайды, сол кезде дар жоқ болып ке-

теді. Екінші ит назарын дәл осы сәтте не үшін жиналғандарын ұмытып тұрған патша мен патшайымға аударады. Сол-ақ екен патша мен патшайым:

– Балам, біздің қызымызды ал, бізге күйеу бала бол! – деген ұсынысын жа-сайды.

Енді үшінші ит таң-тамаша болып тұрған нөпір халықты, оларды қоршап тұрған солдаттарды шолып шығады.

Сонда көпшілік:– Мәртебелі солдат, сен бізге патша бол, ханшайымға

үйлен! – деп өтінеді.

Page 24: Ertegi ottik

24

Сөйтіп, жиналған қауым солдатты қолпаштап, патша ның күймесіне отырғызады, ал үш ит күйменің алдына түсіп, алақайлап жүгіреді. Балалар ысқырып, солдаттар құрмет көрсетеді. Ханша йым мыс мұнарадан шығып, солдаттың жарына айналады.

Үйлену тойы сегіз күн, сегіз түнге ұласады. Бадырақ көз ит тер де үстелге отырып, адамдармен бірге ас ішеді. Олар-дың да бақыт тан бастары айналып, адамдарға еркелеумен болады. Тойға жи налғандар тоғызыншы күн дегенде барып тарқайды.

Page 25: Ertegi ottik

25

Солдат а�аша апаратын жолды таба алмай т�р, көмектесіп жібер.

Шытырман жолШытырман жол

Page 26: Ertegi ottik

26

СанамақСанамақСары және ызыл

айналарды� саны нешеу?

Жауабы: 7 сары айна жəне 6 қызыл айна.

Page 27: Ertegi ottik

27

Айырмашылығын тап

Айырмашылығын тап

Page 28: Ertegi ottik

28

Ғажайып нүктелерҒажайып нүктелер

Н�ктелерді санына �арай бір-біріне сызы� ар�ылы �ос. Шы��ан суретті боя.

Page 29: Ertegi ottik

29

Жас суретші

Жас суретшіСолдатты суретін өз бетіше салып �йрен.

Page 30: Ertegi ottik

30

Odd One OutOdd One OutOdd One OutOdd One Out

Ертегіге �атысы жо� кейіпкерлерді тап. �ал�аны нешеу?

Тақ санТақ сан

Page 31: Ertegi ottik

Ойлан , тапОйлан , тап

Әріптерден сөз �ра.

О

Н

Т

С

Ш

Т

П

Ш

Ш

Т

Л

І

А

А

А

М

Т

А

Е

Т

Т

Ж

Й Ы

Х

Т

А

Ы

А

А

І

Ш

П

А

И

Қ

Ш

Ы

Й

Қ

ЫШ

О

М

Ғ

К

А

А

П Ы

Н

М А

Д Т А Л С1.

5.

3.

7.

9.

2.

6.

4.

8.

10.

Жауабы: 1. Солдат; 2. Ханшайым; 3. Оттық; 4. Мыстан; 5. Ағаш; 6. Етікші; 7. Патша; 8. Патшайым; 9. Алжапқыш; 10. Ит.

31

Page 32: Ertegi ottik

32

СәйкестендірСәйкестендір

Сәйкес көлекелерді тап.

1 2 3 4 5

a ə б в г

Жауабы: 1 – ə, 2 – б, 3 – г, 4 – а, 5 – в.