9
ОРЫНДАҒАН: САРЫБАСОВА АЛТЫНАЙ. Тақырыбы: Ньюкасл ауруы Шымкент 2016ж.

ньюкасл ауруы ғылыми жумыс

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ньюкасл ауруы ғылыми жумыс

ОРЫНДАҒАН: САРЫБАСОВА АЛТЫНАЙ.

Тақырыбы: Ньюкасл ауруы

Шымкент 2016ж.

Page 2: ньюкасл ауруы ғылыми жумыс

* НЬЮКАСЛ АУРУЫ (MORBUS NEWCASTLE, НЬЮКАСЛСКАЯ БОЛЕЗНЬ ПСЕВДОЧУМА) - ТАУЫҚ ТҰҚЫМДАСЫНА ЖАТАТЫН ҚҰСТАРДЫҢ БӘРІНЕ ТӘН ТЫНЫС ЖОЛДАРЫ, АС ҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІ МЕН ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІН ЗАҚЫМДАЙТЫН АСА ЖҰҒЫМТАЛ АУРУ.

Page 3: ньюкасл ауруы ғылыми жумыс

Қоздырушысы – Newcastle disease paramyxovirus, парамиксті вирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирус. Оның көгершін, тауық, күрке тауық және теңіз тышқанының

эритроциттерін атглютинациялайтын қабілеті бар. Вирустың табиғи штамдарының зардаптылық қабілеті әр алуан болғандықтан аурудың сыртқы нышандары мен таралуы

да әртүрлі болады. Биологиялық ерекшеліктеріне қарай Ньюкасл ауруын қоздырушысының штамдары лентогенді, мезогенді және велогенді деп бөлінеді.

Лентогенді түрі - табиғи әлсіреген, қай жастағы балапандарға болса да зиян келтіре алмайтын штаммдар. Дегенмен дүние жүзінің бір қатар елдерінде, сондай-ақ біздің еліміздің құс көп шоғырландырылған өлкелерінде бұл вирус штаммдары Ньюкасл

ауруына қарсы табиғи, спонтанды өздігінен туындайтын иммунитеттің пайда болуын камтамасыз етеді.

Мезогенді түрі - табиғи немесе қолдан әлсіретілген штаммдар. Бұлар жұмыртқа ішіндегі ұрықты өлтіреді, сонымен бірге 25-30 күндік нәзік балапандарды зақымдай

алады. Велогенді түрі - індет таратқыш аса уытты штаммдар. Бұл барлық жастағы құстарды

зақымдай алады. Ньюкасл ауруы вирусының велогенді штаммдары құс ағзаларына бейімделуіне және енуіне қарай екіге бөлінеді. Оның бірі (висцералъдық түрі) ішкі

ағзаларда өсіп-жетіледі, өте қауіпті, оның азиялық түрі құстың 99-100%-ін қырып кетуі мүмкін. Екіншісі - тыныс жолындық, біріншіден сәл әлсіздеу (американдық) түрі дегенмен

ол да құстың 80-90%-ін қырып кете алады.

Қоздырушысы

Page 4: ньюкасл ауруы ғылыми жумыс

O Вирус тауықтың 9-12 күңцік эмбрионында немесе ұлпа өсіндерінде өсіп-өнеді.O Ньюкасл ауруының вирусы сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді. Салқын ауада

жақсы сақталады. Мәселен 2-4°С суықта вирус жұмыртқа ішінде немесе дертке шалдыққан әр түрлі ағзаларда бір жылдан астам уақыт сақталады.

O Тоңазытылған құс етінде бұл вирус алты айдан астам өлмейді. Егер температура 65-75 градусқа жеткізілсе вирус 30 минутта, ал 100 градуста санаулы секундтар ішінде өледі. Құс саңғырығындағы вирус КУН сәулесі тура тгскен жағдайда 48-72 сағатқа ғана шыдайды.Балапан шығару кезінде жұмыртқа қабығының сыртына жабысқан вирус алғашқы күндердің өзінде-ақ зардаптылығын жоятын болса, жұмыртқа ішінде балапан шыққанға дейін жандана түседі.

O Органикалық заттарға бай (көң, коқыс) ортада вирус 18-21° С ауаның ылғалдылығы 64-70% болған жағдайда 15 күннен 50 күнге дейін сақталады.

O Жұмыртқа қабығының сыртындағы вирус формалин буының әсерінен 1 сағатта, ал 0,5 %-тік натрий сілтісінен 20 минутта, 1% белсенді хлоры бар әк ертіндісінен 1 минутта өледі.

O Ньюкасл ауруының вирусымен зарарланған құсханаларды 1 %-ті натрий сілтісімен немесе 3%-тік формалин ерітіндісімен 24 сағатта, ал 2%-ті формалинмен немесе 3% хлорлы әк ертіндісімен 18 сағат ішінде толық зарарсыздандыруға болады.

Індеттік ерекшеліктері

Page 5: ньюкасл ауруы ғылыми жумыс

Құс табиғи жолмен қағынғанда вирустың енген жолына, оның

уыттылығына, құстың жасы мен күтіміне байланысты аурудың

жасырын кезеңінің ұзақтығы 2-15 күн. Ауру өте жіті, жіті және

созылмалы түрде өтеді.Құстың күтімі нашар, ауру жиі

шығып тұратын шаруашылықтарда денесіне вирус түскен әлсіз

балапандар мен ауруға карсы егілген сақа құстарда ауру белгілері бірден

анық байқалмайды.

Балапандар вакцина егілгеннен кейінгі иммунитет толық қалыптаса

қоймаған алғашқы 24-38 күндік кезінде жиі ауырады. Ауырған

балапан селсоқ тартып, тынысы тарылып, тұмсығын ашып, мойнын

созып, әлсіз шиқылдап, құсқа жат үн шығарады. Алғашқы 4-5 күн ішінде өлім-жітім өте көп болады, ал 8-10 күнге аяқ басқанда ауру тоқталады

немесе барынша саябырлайды. Ньюкасл ауруы өзге вирустардың-қабаттасуы салдарынан асқынып кетсе, балапандар арасында өлім-

жітім көбеюі мүмкін.

Өтуі мен симптомдары

Page 6: ньюкасл ауруы ғылыми жумыс

Балау Сақа тауықтардың ауруы кештеу (2-3 аптадан кейін) байқалып, жұмыртқалауы

кеміп кетеді. Ауру құстар самарқау тартып, ұйқышыл келеді, жемге қарамайды.

Жоғарыда қарастырылған кәдімгідей түрімен қатар аурудың кәдімгідей емес түрлері ұшырасады. Әсіресе бұл балапандарда жиірек кездеседі. Мұндай жағдайда олардың мойындары бұратылып, аяқтары тартылады, мойындары дірілдейді. Жүйке жүйесінің зақымдануы көбінесе күрке тауық балапандарынан айқын аңғарылады. Сақа құстарда ауру жеңіл өтеді, кейде ауырғаны мүлде байқалмауы мүмкін. Ол негізінде тауық ағзасына енген вирустың уыттылығының әлсіз болуынан, иммунитеттік қорғаныс қабілетінің күштілігінен немесе биологиялық дәрі-дәрмектердің әсерінен болады.

Ауру өзіне тән, кәдімгідей өткенде оны анықтау онша қиын емес. Ауырған тауықтарды мұқият қарап, бірнеше өлексені сойып, тексеріп көрсе болғаны.

Ал Ньюкасл ауруы туа біткен иммунитеті әлсіз немесе кейіннен пайда болған иммунитет бар тауықтарда және бұрыннан бұл ауру шығып жүрген шаруашылықтарда кездессе, онда оны дәл анықтау біршама қиындықтар тудырады. Енесінен ауысқан иммунитеті әлі таусылмаған балапандарда Ньюкасл ауруын балау өте күрделі. Жануарлардыц жиі кездесетін жүцпалы ауруларыныц аныцтамасы

Page 7: ньюкасл ауруы ғылыми жумыс

• Бұл аурудың емдеу жүйесі жасалмаған. Індетті таратып алу қаупін болдырмау үшін, ауру құстарды емдеп жатудың қажеті де жоқ.

• Ауырып жазылған және вакцина егілген құстардың бойында осы ауруға қарсы иммунитет пайда болады. Құстың жасына және вакцина егудің мерзімі мен неше рет егілуіне және егу тәсілдеріне қарай құстың қанында антиденелер жинақталады. Құсқа мұндай иммунитет беру үшін В1, Ла-Сота, Бор-74, Н штамдарынан даярланған вакциналар пайдаланылады.Аурудан сау шаруашылықтарда құстардың күйі жақсы болса, алғашқы рет вакцина олардың 15-20 күңдік жасында, екінші рет -45-60, үшінші рет - 140-150 күндік жастарында, ал одан әрі әрбір 6 ай сайын жаппай егіліп отырады. Күйі нашар болғанда алғашқы рет вакцина 10-15 күндік, екінші рет - 35-40 күндік, үшінші рет - 120-140 күңдік құстарға егіледі де одан әрі әрбір 6 ай сайын егіліп отырады.

• Құстарға вакцина егуден 5 күн бұрын және егілгеннен кейін 7 күн аралығында сульфаниламинді және биологиялық дәрмектерді қолданыстан алып тастайды. Вакцина егілген құстарда иммунитет 7-8 күн өткенде пайда болады да 6 ай бойы сақталады.

• Аурудан сау шаруашылықтарға ауырған құс, ауру жұққан жұмыртқа, сондай-ақ зарарсызданбаған жем мен құрал-саймандардың ауысып кетпеуін мұқият қадағалау керек.Мұңдай шаруашылықтарға ет өңдеу орындарынан құс, ет немесе зарарсыздандырылмаған ыдыс пен құрал-саймандар әкелуге тыйым салынады.

Емі

Page 8: ньюкасл ауруы ғылыми жумыс

Ет кәсіпорындарына тірі құс, құс етін және жем таситын көліктер құс шаруашылықтарының өндірістік бөлімдеріне кірмеуі керек.

Ньюкасл ауыруының алдын алу үшін жалпы ветеринариялық-санитариялық тазалық ережелерді ғана сақтау жеткіліксіз. Сондықтан құстарды жоспарлы түрде В1, Ла-Сота және Н вакциналарымен жүйелі түрде егіп тұрған жөн.

Вакцинамен егу ережелері мен тәсілдері белгілі бір шаруашылықтың өндірістік бағытына, өндірілетін құс өнімдерінің көлеміне, түрлі жұқпалы аурулардың болуына және сол сияқты басқа да көптеген себептерге байланысты жүргізіледі. Ауырған құс тұрған тауық қораларынан індет тарамас үшін желдеткіштерді шүберекпен жауып, зарарсыздандыратын ертіндімен әлсін-әлсін дымқылдап тұрады. Ауру белгісі біліне бастағанда ондай құс қораларында жұмыс істейтін адамдардың басқа құс қораларға қатынасуына тыйым салынады. Ауру шыққан қоралардағы құстарды қан шығармай өлтіреді, не өртеп жібереді. Мұндай қораның айналасындағы жолдарға тиісті ерітінділер шашылып отырылады.

Уақытша тыйым шаруашылықты ауру құстардан тұгел арылтып, қора мен аула толық зарарсыздандырылғаннан кейін 30 КУН өткен соң алынып тасталады.

Page 9: ньюкасл ауруы ғылыми жумыс

• 1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары.• Оқулық. – Алматы, 518 бет.•  • 2. « Қой аурулары» Н. Жанұзақов Алматы, • «Қайнар», 1977 288 бет• 3. Абуладзе К.И. Паразитология и инвазионные болезни

сельскохозяйственных животных. – М, ВО Агропром. издат, 1990•  • 4. Мал аурулары (жалпы редакциясын басқарған Көжебеков З.К)-

Алматы, Қайнар, 1989•  • 5. Жануарлар ішкі аурулары: М.А. Молдағұлов, Ө.К. Есқожаев, Н.А.

Заманбеков Оқулық. – Алматы 2009

Пайдаланған әдебиеттер тізімі