8
Қоғамдық қайырымдылық қоры

Аксулу Арзыкулова қасиетті жол

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Презентации спикеров АСТАНА PR-КҮНІ

Citation preview

Page 1: Аксулу Арзыкулова қасиетті жол

Қоғамдық қайырымдылық қоры

Page 2: Аксулу Арзыкулова қасиетті жол

«Қасиетті жол» – ауыр науқасқа шалдыққан көмекке зәру балалардың

Қазақстан Республикасы және шетелдердегі ем-шараларына қажетті

қаражат жинаушы әрі оны ұйымдастырушы қоғамдық

қайырымдылық қоры.

Page 3: Аксулу Арзыкулова қасиетті жол

Әрбіріміз қайырымдылық жасауға ниеттіміз. Бірақ, көп жағдайда күнделікті күйбең тіршіліктің, не ақпараттың аздығынан, не қайдан, қалай бастарымызды білмегендіктен мүмкіндігіміздің шектеулі болып жататындығы ақиқат. Қасиетті Рамазан айында көмекке зәру науқас балаларға қол ұшын созатын тілектестер қорын құру идеясы туындаған болатын.

Page 4: Аксулу Арзыкулова қасиетті жол

«Сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндерге біз өз елімізде көмектесе аламыз"

Бүгінгі таңдағы ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда сал аурына шалдыққан бүлдіршіндер саны 10 000 асады. Олар жылына кем дегенде 2-4 мәрте оңалтудан өтуі қажет.

Page 5: Аксулу Арзыкулова қасиетті жол

«Сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндерге біз өз елімізде көмектесе аламыз"

Қордың «Самұрық Қазына» әл ауқат қоры, «Нұр Отан» партиясы, «Қазақ Гуманитарлық Заң университеті», «Kcell», «Beeline» сынды компаниялар және т.б. серіктестері бар. Әдетте, әрбір балаға көрсетілетін көлеміне қарай жеке кәсіпкерлер мен ірі бизнес өкілдері тартылады.

Page 6: Аксулу Арзыкулова қасиетті жол

Қазіргі таңда қордың жүргізіп жатқан бірнеше жобалары бар. Солардың бірі – «Ұлт болашағы – дені сау ұрпақ» жобасы.

Нәтижесінде Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Орал, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Щучинск қалаларындағы арнайы балаларүйінде сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу мен оңалтуға арналған қажетті жабдықтар орнатылды.

Page 7: Аксулу Арзыкулова қасиетті жол

«Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының қолдауымен 2014 жылдың наурыз

айынан бастап «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының Оңалту

орталығы өз жұмысын бастады. Биыл 250 бүлдіршін оңалту шараларын тегін

ала алады. 3

Page 8: Аксулу Арзыкулова қасиетті жол

Оңалту орталығы барлық заманауи құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қызметкерлерінің барлығын арнайы шетелдік дәрігерлер оқытқан. Онда бассейн, батпақпен емдеу, уқалау, тренажерларда, локоматта жұмыс жасау, терра костюмдерімен жаттығулар істеу т.б. шаралар қарастырылған.

Кезең сайын әлемдік деңгейлі мамандар шақыртылып, тегін емдік медициналық консультациялар беріледі.