Ісмет Кеңесбаевтың туғанына 110 жыл · 2018-11-18 · жылы 15...

Preview:

Citation preview

Ісмет Кеңесбаевтың туғанына 110 жыл

• Кеңесбаев Ісмет Кеңесбайұлы 1907

жылы 15 ақпанда Оңтүстік Қазақстан

облысы Созақ ауданындағы Жанысата

ауылында дүниеге келген.

• Алдымен ауылда мұсылманша хат

танып, онан кейін Түркістан

қаласындағы орта мектепте, 1922-1926

жылдары Ташкент қаласындағы Қазақ

ағарту институтында оқыған.

Ісмет Кеңесбаевтың ғылымисапарындағы болашақ тағдыр-бағытын айқындаған жылдар осыинститутта білім алған жылдарыболды. Мұнда ол А.Н.Самойлович,В.В.Бартольд, С.Е.Малов,И.И.Мещаницов, Л.В.Щерба тағыбасқа профессорлардың дәрісінтыңдап, жалпы лингвистикалық,түркологиялық терең білім алды.

ІІ Бүкілодақтық түркологтардың конференциясының

делегаттары. Алматы 1976 жыл

• 1931-1934 жылдары Қазақ

автономиялық кеңестік социалистік

республикасының Халық ағарту

комиссариатында әдіскер, 1933-1936

жылдары Алматы дәрігерлік институты

тілдер кафедрасының меңгерушісі, 1936-

1939 жылдары Кеңестік социалистік

республикалар одағы Қазақ Ғылым

Академиясының Тіл және әдебиет

секторының аға ғылыми қызметкері,

1943-1951 жылдары Қазақ КСР Ғылым

Академиясының вице-президенті,

• 1951-1961 жылдары Тіл және әдебиет

институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім

меңгерушісі, ал 1947-1951 және 1957-1961

жылдары осы институттың директоры, 1961-

1978 жылдары Тіл білімі институтының

директоры, 1970-1976 жылдары Қазақ КСР

Ғылым Академиясының қоғамдық ғылымдар

бөлімінің академик-хатшысы, 1985-1987

жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясының

Президиум мүшесі, 1988-1994 жылдары

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым

Академиясының Президиум кеңесшісі болды.

• Ісмет Кеңесбаевтың өмір жолы,

еңбекке араласуы, ғылымдағы бағыт

бағдары да негізінен алғанда ХХ

ғасырдың 30-шы жылдарында

басталды. Осы жылдары жарық

көрген сауат ашу әліппесі, бастауыш

сыныптарға арналған қазақ тілі

оқулықтары соңғы жылдарға дейін

бірнеше рет басылып шықты.

• Ісмет Кеңесбаев – қазақ тілінің

фонетикасы мен лексикологиясына,

лексикографиясы мен

этимологиясына, тіл тарихы мен туыс

тілдердің бір-бірімен қарым-

қатынасына арналған көптеген іргелі

еңбектердің авторы. Қазақ тілінің

фонетикасы мен фразеологиясының

зерттелуі Ісмет Кеңесбаев есімімен

байланысты.

І.Кеңесбаевтың

көп жылғы

зерттеулерінің

нәтижесінде

1977 жылы

«Қазақ тілінің

фразеологиялық

сөздігі» жарық

көрді.

Ісмет Кеңесбаевтың басшылығымен 1959, 1961 жылдары екі

томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» жарық көрді

• 1961 жылы «Қазақ тілінің

орфографиялық сөздігі»,

• 1978, 1981 жылдары екі томдық

«Орысша-қазақша сөздік» жарыққа

шықты.

• Академик Ісмет Кеңесбаев өзінің өмір жолындағы ғылым мен ұстаздықты қатар ұстаған ғалым

• 150-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы,

бірнеше ғылыми еңбектердің редакторы Ісмет

Кеңесбаевтың осындай жан-жақты ғылыми-

педагогикалық, қоғамдық қызметін үкіметіміз

жоғары бағалап, оны «Ленин орденімен», «Қызыл

Жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен,

бірнеше медальдармен, Қазақ Кеңестік

социалистік республикасы Жоғары Кеңесінің

«Құрмет Грамотасымен» марапаттады. 1978

жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығын алды.

• І.Кеңесбаев «Қазақ кеңестік

социалистік республикасының

еңбек сіңірген қайраткері» атағын

алған алғашқы ғалымдардың бірі.

Ісмет Кеңесбаев есімін есте қалдыру мақсатында Алматы қаласының

Таусамалы ауданында көше аты берілді және Оңтүстік Қазақстан

облысының Қаратау қаласының № 36 Таукент қазақ орта мектебіне Ісмет

Кеңесбаев аты берілді.

Қазақ тіл ғылымының өркендеу

жолында академик Ісмет

Кеңесбаевтың еңбегі зор, оның

қаламынан мән–маңызы үлкен

көптеген ғылыми еңбектер туды

М. Серғалиев

1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері = Вопросы казахского языкознания /І. Кеңесбаев. - Алматы: Арыс баспасы, 2008. - 608 б + 8б. суретті жапсырма.

2. Қазақ лингвистикасының көшбасы: І.Кеңесбаев туралы //Омарбекұлы С. Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері /С. Омарбекұлы. – Алматы, 2007. -220-231 б.

3. Кеңесбаевтың кең өрісі //Серғалиев М. Тілім менің – тінім менің / М. Серғалиев. - Алматы, 2013. - 287-289 б.

4. Керімұлы Ә. Кеңесбаев Ісмет Кеңесбайұлы (15.02.1907-16.01.1995) /Ә. Керімұлы //Қазақ тілі: энциклопедия. - Алматы, 1998. – 169 б.

5. Керімұлы Ә. Кеңесбаев Ісмет (15.02.1907-16.01.1995) /Ә. Керімұлы //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия /бас. ред. Ә.Нысанбаев. - Т. 4. –Алматы, 2002. – 516 б.

6. Қазақ академиялық тіл білімін қалыптастырушы //Айтбайұлы Ө. Тілғұмырлар /Ө. Айтбайұлы. - Алматы, 2014. - 74-81 б.

7. Ісмет Кеңесбаев (1907-1995 жж.) //Қазақтар = Казахи: көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. – ІІ том. – Алматы, 1998. - 222-224 б.

8. Әбуова Қ. Академик Ісмет Кеңесбаев - қазақ тіл білімін қалыптастырушы және дамытушы әдіскер /Қ.Әбуова //Ұлағат. - 2015. - № 6. – 19-34 б.

9. kk.wikipedia.org/wiki/Ісмет_Кеңесбаев 10. http://kazorta.org/ismet-ke-esbaj-ly-ke-esbaev/ 11. http://tilalemi.kz/tartu

Пайдаланылған әдебиеттер

Recommended