6
1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды. Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған. ♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті ♦ СЕЙСЕНБІ, 5 НАУРЫЗ, 2019 жыл №25 (22 621) Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық www.ortalyq.kz Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады» дегенін ескерсек, ерте темір дәуірінен бастап әлемдік тарихтан ойып тұрып орын алатын төл тарихымыз бар. Жібек жолынан бұрын біздің Ұлы Дала арқылы мыс жолдары өткенін бағамдауға болады. Орталық Қазақстан аумағы ежелгі металлургия ошағына айналғанын отандық тарихшылар ғана емес, шетелдік профессорлар да мойындап отырған көрінеді. Бұл жөнінде облыстағы 250-ге жуық тарих пәнінің оқытушылары қатысқан тарихшылар форумында сөз болды. – Тарихшылардың форумы жиі өте бермейді. Бүгінгі форумға негіз қалап берген Елбасының бастама- лары. Оның ішінде «Рухани жаңғы- ру» мақаласынан бірнеше бағытты ерекше атап өтуге болады. Бірінші – ұлттық код, екінші – сакральді гео графия. Аталған түсініктер арқылы қазіргі таңда тарихымызды қалпына келтіріп жатырмыз. Ал, үшінші – ұлт- тық тарихқа ұлттық көзқарас болуы керек. Біз түркі әлемінің бесігі атанған елміз. Қазақты төрт жағынан түркі халқы қоршап отыр. Тек, дамыған 30 елдің қатарына ұлттық тарихымызды құрметтеу арқылы қазақы қалпымыз бен ғана бара аламыз, – деді Ұлттық ғылым академиясының академигі Ханкелді Әбжанов. Сөз алған педагогикалық білім берудегі Халықаралық ғылым акаде- миясының корреспондентмүшесі Әли Бейсенбаев: «Соңғы екі айда Ресейдің Қазан қаласы, Финляндияның Хель- синки, Үндістанның Дели қалаларын- да, Эстонияда болып, білім саласын- Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» дағы тәжірибемен таныстым. Сонда байқағаным, аталған елдер тарихты инновациялық әдіспен оқытуға айрық- ша мән беріп отыр. Біз де осы мәселеге назар аударуымыз қажет» – деді. Сондайақ, форумда Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры Азамат Едрисов ұлттық руханиятқа қатысты университет аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Университет оқытушылары биыл 7 оқу құралы, 16 монография, 129 ғылыми мақала және халықаралық ғылыми журнал- дарда 22 мақала жариялаған. «Руха- ни жаңғыру» аясында 4 халықаралық, 4 республикалық конференция өтіпті. Осы ретте ҚарМУдегі «Тұлғата- ну» ғылымизерттеу орталығының директоры Нұрсахан Бейсенбекова облыс ұстаздарының басын біріктіріп, «Рухани жаңғыру» аясында «Өлкета- ну» оқулығын шығарғанын айта кет- кен жөн. Форумда тарихшы ұстаздар оқу шылары әзірлеген жұмыстарды ұсын- ды. Пікірталас алаңында «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны», «Алтын адам», «Ұлы Жібек жолы», «Ұлы Даланың көне темір өндірісі», «Түрік әлемінің бесігі» көрмелері ұйымдастырылды. Сондайақ, та- рихшылар өздерінің әдістемесі негі зінде шеберлік сабақтарын өткізді. Медет ОМАРБЕКОВ, №102 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі: – Облыстық білім басқармасы ұйытқы болған екі күндік тарихшы- лар форумы Елбасының «Ұлы Да- ланың жеті қыры» мақаласын әле- уметке насихаттау мақсатында жүргізілді. Тарихшыларға тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік жасалды. Форумда «Тарих пәнін үздік оқы- тушысы – 2019» облыстық байқауы- ның жеңімпаздары марапатталды. Бас жүлдені Жамбыл атындағы мек- тептің тарих пәнінің мұғалімі Бақыт Баймұхатова жеңіп алды. Тарихшы «Атқа міну мәдениетін насихаттау» жобасы мен авторлық «Жаңа білім мазмұны аясында бағалауға ар- налған тапсырмаларды дайындау» үлгісін ұсынған. Сөйтіп, екі күндік форумға қаты- сушылар жаңа отандық брендтік жо- балар құрып, карталар жасап, метал- лургия негіздерімен танысты. 2016 2019 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамыту бағдарламасы- ның аясында ұлттың рухани жаңаруы мәселесін талқылады. 2-бет 3-бет 6-бет Шағын және орта бизнес – ел экономикасының тірегі. Қарқаралы ауданында аталмыш саланы дамыту адамдардың әл-ауқатының өсуіне себеп болып отыр. Кейінгі жылдары ауданда өндірілетін өнім көлемі көбейіп, жаңа нысандар іске қосылды. Сағыныш ӘБІЛОВА, «Орталық Қазақстан» Бүгінде аудан көлемінде 2299 шағын бизнес субъектілері жұмыс жасап, барлығы 3438 адам еңбек етеді. Өткен жылы, жаңадан 341 шағын кәсіпкерлік субъектісі тір- келіп, 381 жұмыс орыны ашылды. Нәтижесінде, бөлшек тауар ай- налымының көлемі 2 914,1 млн. теңгені құрады. Президенттің 5 әлеуметтік бастамасындағы шағын несие берудің төртінші тапсырмасы бо йынша барлық қаржыландыру ин- ституттары арқылы 143 кәсіпкерге 740 млн. теңге несие берілді. Сондайақ, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы- ның субсидиялау бағыты бойын- ша «Байбатыр» кәсіпорны «Техно лизинг» жауапкершілігі шектеу лі серіктістігі арқылы 191,5 млн. теңгеге 10 ауыр жүк тасымалдау техникасымен жабдықталды. Гранттық қаржыландыру ба ғытында 2 жоба қаржыланды- рылды. Атап айтқанда, «Пейнт- бол клубын ашу» жобасын іске асыруда, жеке кәсіпкер Н.Оңғар- баевқа – 315 мың теңге, «Тігін цехын ашу» жобасы бойынша жеке кәсіпкер Ш.Рысбековаға – 914 мың теңге қаражат берілді. Сонымен қатар, жас кәсіпкер- лерді қолдауға бағытталған ау- дан әкімінің 5 млн. теңге көлемін- дегі грантын 3 жас кәсіпкер жеңіп алды. ҚАРҚАРАЛЫ ауданы. Жансая ОМАРБЕКОВА, «Орталық Қазақстан» Алдағы уақытта денсаулығына байланысты уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы анықтаманың ақ-қарасы тексерілетін болады. Бұл жалған анықтама алатын «науқастың» да, берген медицина қызметкерінің де жолын кесуге бағытталған. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтамаларға QRкод қойылады. «DamuMed» ұялы қосымшасы арқылы анықтаманың қай емханадан алынғаны туралы деректерді білуге болады. Дана БАЙКЕНОВА, облыстық денсаулық сақтау басқар- масы амбулаториялық-емханалық көмекті дамыту және үй- лестіру бөлімінің басшысы: – Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы облыс бойын- ша «DamuMed» ұялы қосымшасын пайдаланушылар қатары 363 мыңнан асты. Біздің облыс денсаулық сақтау саласын цифрлан- дыру бойынша республикада бірінші орында тұр. Осы орайда, облыстың 126 медициналық ұйымы электрондық форматта жұмыс жасайтындығын айта кеткен жөн. Аймақтың мил- лионнан астам тұрғынының электронды амбулаториялық картасы бар. Биыл аймақта оқушыларға арналған 14 технопарк ашылмақ. Алғашқылары Қарағанды, Балқаш, Шахтинск қалалары мен Абай ауданында қолданысқа берілді. Былтыр бұл бағытта қы- руар шаруа атқарылды. Жыл ішінде облыс көлемінде 209 роботты техника зертханасы мен 73 ІТ сынып іске қосыл- ды. Яғни, қаладағы оқушы мен ауылдағы жеткіншектің тең деңгейде білім алуына мүмкіндік туды. Абай ауданы Топар ауы лындағы балалар технопаркі бұрынғы ауыл шаруашылығы колледжі базасында жұмыс істеп тұр. Мұнда күн сайын үш жүзге жуық бала қатынап, білімін тәжірибемен ұштасты- руда. Бір айтып өтері, орта лыққа, тек, топарлық жасөс пірімдер ғана емес, жақын маңдағы ауылдардың бала- лары арнайы келіп, білімін же тілдіруде. Технопаркке келген бала көңілі қалаған үйірмеге қатыса алады. Арнайы жасақталған зертханаларда техникалық құрастыру мен модельдеу, бағдарламалау тәсілдері мен түрлі ғылымдарды меңгеруге жол ашылған. Темір ұстасы кәсібінің қырсырын үйренеді. Жас техниктер заманауи ста- ноктар мен жабдықтармен жете танысып, жұмыс бары сында пайдаланады. Ұстаздар да, тиісінше, оқыту бағдарламасын жаңар- тып, теорияны тәжірибемен байланыстыруға күш салуда. Яғни, бүгінде ғылымдарды бі ріктіруге бағытталған STEM білім технологиясы енгізілуде. Технопарктегі барлық зертханалар өзара тығыз байланыста. Бұл өз кезегінде тиімді нәтиже беріп отыр. Қа зір топарлық оқушылар энер- гия үнемдеу және оның бала- ма көздерін табу бағыттарын- да жоба дайындап жатыр. Технопарк саны артады Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» Биылғы ауа райы қысқа күнде қырық құбылып, тосын мінез танытып тұр. Қыс аяғындағы жылымық күнді кенет алмастырып келген бұрқасын жолды жауып, көлік байланысын тоқтатып тастады. Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Қазір облыстағы төтенше жағдайлар басқармасының қыз- меткерлері өзендердің тасуына қарсы алдын алу шараларын жол полициясымен бірлесіп жүргізу- де. Облыстағы күре жолдарды қардан аршу жұмыстарын атқа- руда. Арқадағы алты ай қыстың салдары бірқатар елді мекендер- ге көктемгі қызыл судың астына қалу қаупін төндіріп тұр. Бүгінде су басу қаупінің алдын алу жұ мыстары жандануда. Жуырда Қарқаралы ауданын- дағы Нұрмақов селолық округін- де ЕгіндібұлақАқтасты жолын су басты. Дер уақытында көмек- ке барған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қыз- меткерлері жолдағы көлік қозға- лысын қалпына келтірді. Облыстың төтенше жағдай- лар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұлақ суының деңгейі көтеріліп, су- дың жолды басып қалғандығы анықталды. Төтенше жағдайлар қызметі бұлақты мұздан таза- лап, арнасын кеңейткен. Жолдың астынан су өтетін құбырлар ар- шылды. Сондайақ, жол үстінде қатып қалған мұз қабаты тазалан- ды. Қазір бұлақ суы өз арнасына түсті. Су құбырмен ағып өтуде. Жақын маңдағы елді мекенге қа- уіп төніп тұрған жоқ. Сонымен қатар, өткен тәулік- те облыста қар құрсауынан 42 адам құтқарылды. – 3 наурызда сағат 15:52де облыстық маңызы бар «Нұра кентіОсакаровка кенті» тасжо- лында, Осакаров ауданының Осакаровка кентінен 11 шақы- рым жерде қалған көлікке төтен- ше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жедел көмекке барды. Урожайное ауылы Қа- рағанды бағытында жолдан шығып кеткен «Мерседес» мар- калы автобустан 41 адам Осака ровка кентіне эвакуацияланды. Оның ішінде, 6 бала болды. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Сондайақ, жолдың тазартылған учаскесіне 1 жеңіл автокөлік шығарылды. Көлікте бір адам болды, – деп хабарлайды об- лыстың төтенше жағдайлар де- партаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

«Орталық Қазақстан» - ortalyq.kzortalyq.kz/wp-content/uploads/2019/03/ilovepdf_merged-9.pdf · 16 монография, 129 ғылыми мақала және халықаралық

  • Upload
    others

  • View
    17

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: «Орталық Қазақстан» - ortalyq.kzortalyq.kz/wp-content/uploads/2019/03/ilovepdf_merged-9.pdf · 16 монография, 129 ғылыми мақала және халықаралық

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен

марапатталды.

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті ♦ СЕЙСЕНБІ, 5 НАУРЫЗ, 2019 жыл №25 (22 621) ♦

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

www.ortalyq.kz

Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады» дегенін ескерсек, ерте темір дәуірінен бастап әлемдік тарихтан ойып тұрып орын алатын төл тарихымыз бар. Жібек жолынан бұрын біздің Ұлы Дала арқылы мыс жолдары өткенін бағамдауға болады. Орталық Қазақстан аумағы ежелгі металлургия ошағына айналғанын отандық тарихшылар ғана емес, шетелдік профессорлар да мойындап отырған көрінеді. Бұл жөнінде облыстағы 250-ге жуық тарих пәнінің оқытушылары қатысқан тарихшылар форумында сөз болды.

– Тарихшылардың форумы жиі өте бермейді. Бүгінгі форумға негіз қалап берген Елбасының бастама-лары. Оның ішінде «Рухани жаңғы-ру» мақаласынан бірнеше бағытты ерекше атап өтуге болады. Бірінші – ұлттық код, екінші – сакральді гео­графия. Аталған түсініктер арқылы қазіргі таңда тарихымызды қалпына келтіріп жатырмыз. Ал, үшінші – ұлт-тық тарихқа ұлттық көзқарас болуы керек.

Біз түркі әлемінің бесігі атанған елміз. Қазақты төрт жағынан түркі халқы қоршап отыр. Тек, дамыған 30 елдің қатарына ұлттық тарихымызды құрметтеу арқылы қазақы қалпымыз­бен ғана бара аламыз, – деді Ұлттық ғылым академиясының академигі Ханкелді Әбжанов.

Сөз алған педагогикалық білім берудегі Халықаралық ғылым акаде-миясының корреспондент­мүшесі Әли Бейсенбаев: «Соңғы екі айда Ресейдің Қазан қаласы, Финляндияның Хель-синки, Үндістанның Дели қалаларын-да, Эстонияда болып, білім саласын-

Аяулым СОВЕТ,«Орталық Қазақстан»

дағы тәжірибемен таныстым. Сонда байқағаным, аталған елдер тарихты инновациялық әдіспен оқытуға айрық-ша мән беріп отыр. Біз де осы мәселеге назар аударуымыз қажет» – деді.

Сондай­ақ, форумда Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры Азамат Едрисов ұлттық руханиятқа қатысты университет аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Университет оқытушылары биыл 7 оқу құралы, 16 монография, 129 ғылыми мақала және халықаралық ғылыми журнал-дарда 22 мақала жариялаған. «Руха-ни жаңғыру» аясында 4 халықаралық, 4 республикалық конференция өтіпті.

Осы ретте ҚарМУ­дегі «Тұлғата-ну» ғылыми­зерттеу орталығының директоры Нұрсахан Бейсенбекова облыс ұстаздарының басын біріктіріп,

«Рухани жаңғыру» аясында «Өлкета-ну» оқулығын шығарғанын айта кет-кен жөн.

Форумда тарихшы ұстаздар оқу­шылары әзірлеген жұмыстарды ұсын-ды. Пікірталас алаңында «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны», «Алтын адам», «Ұлы Жібек жолы», «Ұлы Даланың көне темір өндірісі», «Түрік әлемінің бесігі» көрмелері ұйымдастырылды. Сондай­ақ, та-рихшылар өздерінің әдістемесі негі­зінде шеберлік сабақтарын өткізді.

Медет ОМАРБЕКОВ, №102 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі:

– Облыстық білім басқармасы ұйытқы болған екі күндік тарихшы-лар форумы Елбасының «Ұлы Да-ланың жеті қыры» мақаласын әле-уметке насихаттау мақсатында

жүргізілді. Тарихшыларға тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік жасалды.

Форумда «Тарих пәнін үздік оқы-тушысы – 2019» облыстық байқауы-ның жеңімпаздары марапатталды. Бас жүлдені Жамбыл атындағы мек-тептің тарих пәнінің мұғалімі Бақыт Баймұхатова жеңіп алды. Тарихшы «Атқа міну мәдениетін насихаттау» жобасы мен авторлық «Жаңа білім мазмұны аясында бағалауға ар-налған тапсырмаларды дайындау» үлгісін ұсынған.

Сөйтіп, екі күндік форумға қаты-сушылар жаңа отандық брендтік жо-балар құрып, карталар жасап, метал-лургия негіздерімен танысты. 2016­2019 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамыту бағдарламасы-ның аясында ұлттың рухани жаңаруы мәселесін талқылады.

2-бет 3-бет 6-бет

Шағын және орта бизнес – ел экономикасының тірегі. Қарқаралы ауданында аталмыш саланы дамыту адамдардың әл-ауқатының өсуіне себеп болып отыр. Кейінгі жылдары ауданда өндірілетін өнім көлемі көбейіп, жаңа нысандар іске қосылды.

Сағыныш ӘБІЛОВА,«Орталық Қазақстан»

Бүгінде аудан көлемінде 2299 шағын бизнес субъектілері жұмыс жасап, барлығы 3438 адам еңбек етеді. Өткен жылы, жаңадан 341 шағын кәсіпкерлік субъек тісі тір-келіп, 381 жұмыс орыны ашылды. Нәтижесінде, бөлшек тауар ай-налымының көлемі 2 914,1 млн. теңгені құрады.

Президенттің 5 әлеу меттік бас тамасындағы шағын несие бе рудің төртінші тапсырмасы бо­йынша барлық қаржыландыру ин-ституттары арқылы 143 кәсіпкерге 740 млн. теңге несие берілді.

Сондай­ақ, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы-ның субсидиялау бағыты бойын-ша «Байбатыр» кәсіпорны «Техно

лизинг» жауапкершілігі шектеу­лі серіктістігі арқылы 191,5 млн. теңгеге 10 ауыр жүк тасымалдау техникасымен жабдықталды.

Гранттық қаржыландыру ба­ғытында 2 жоба қаржыланды-рылды. Атап айтқанда, «Пейнт-бол клубын ашу» жобасын іске асыруда, жеке кәсіпкер Н.Оңғар-баевқа – 315 мың теңге, «Тігін цехын ашу» жобасы бойынша жеке кәсіпкер Ш.Рысбековаға – 914 мың теңге қаражат берілді.

Сонымен қатар, жас кәсіпкер-лерді қолдауға бағытталған ау-дан әкімінің 5 млн. теңге көлемін-дегі грантын 3 жас кәсіпкер жеңіп алды.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Жансая ОМАРБЕКОВА,«Орталық Қазақстан»

Алдағы уақытта денсаулығына байланысты уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы анықтаманың ақ-қарасы тексерілетін болады. Бұл жалған анықтама алатын «науқастың» да, берген медицина қызметкерінің де жолын кесуге бағытталған.

Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтамаларға QR­код қойылады. «DamuMed» ұялы қосымшасы арқылы анықтаманың қай емханадан алынғаны туралы деректерді білуге болады.

Дана БАЙКЕНОВА, облыстық денсаулық сақтау басқар-масы амбулаториялық-емханалық көмекті дамыту және үй-лестіру бөлімінің басшысы:

– Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы облыс бойын-ша «DamuMed» ұялы қосымшасын пайдаланушылар қатары 363 мыңнан асты. Біздің облыс денсаулық сақтау саласын цифрлан-дыру бойынша республикада бірінші орында тұр.

Осы орайда, облыстың 126 медициналық ұйымы электрондық форматта жұмыс жасайтындығын айта кеткен жөн. Аймақтың мил-лионнан астам тұрғынының электронды амбулаториялық картасы бар.

Биыл аймақта оқушыларға арналған 14 технопарк ашылмақ. Алғашқылары Қарағанды, Балқаш, Шахтинск қалалары мен Абай ауданында қолданысқа берілді.

Былтыр бұл бағытта қы-руар шаруа атқарылды. Жыл ішінде облыс көлемінде 209 роботты техника зертханасы мен 73 ІТ сынып іске қосыл-ды. Яғни, қаладағы оқушы мен ауылдағы жеткіншектің тең деңгейде білім алуына мүмкіндік туды.

Абай ауданы Топар ауы­лындағы балалар технопаркі бұрынғы ауыл шаруашылығы колледжі базасында жұмыс істеп тұр. Мұнда күн сайын үш жүзге жуық бала қатынап, білімін тәжірибемен ұштасты-руда.

Бір айтып өтері, орта­лыққа, тек, топарлық жасөс­пірімдер ғана емес, жақын маң дағы ауылдардың бала-лары арнайы келіп, білімін же­тілдіруде.

Технопаркке келген бала көңілі қалаған үйірмеге қатыса алады. Арнайы жасақталған зертханаларда техникалық құ растыру мен модельдеу, бағ дарламалау тәсілдері мен түрлі ғылымдарды меңгеруге жол ашылған. Темір ұстасы кәсібінің қыр­сырын үйренеді. Жас техниктер заманауи ста-ноктар мен жабдықтармен жете танысып, жұмыс ба ры­сын да пайдаланады.

Ұстаздар да, тиісінше, оқыту бағдарламасын жаңар-тып, теорияны тәжірибемен байланыстыруға күш салуда. Яғни, бүгінде ғылымдарды бі­рік тіруге бағытталған STEM білім технологиясы енгізілуде.

Технопарктегі барлық зерт ханалар өзара тығыз бай ланыста. Бұл өз кезегінде тиімді нәтиже беріп отыр. Қа­зір топарлық оқушылар энер-гия үнемдеу және оның бала-ма көздерін табу бағыттарын-да жоба дайындап жатыр.

Технопарк саны артады

Нұрқанат ҚАНАФИН,«Орталық Қазақстан»

Биылғы ауа райы қысқа күнде қырық құбылып, тосын мінез танытып тұр. Қыс аяғындағы жылымық күнді кенет алмастырып келген бұрқасын жолды жауып, көлік байланысын тоқтатып тастады.

Нұрдос КӘРІМ,«Орталық Қазақстан»

Қазір облыстағы төтенше жағдайлар басқармасының қыз-меткерлері өзендердің тасуына қарсы алдын алу шараларын жол полициясымен бірлесіп жүргізу-де. Облыстағы күре жолдарды қардан аршу жұмыстарын атқа-руда. Арқадағы алты ай қыстың салдары бірқатар елді мекендер-ге көктемгі қызыл судың астына қалу қаупін төндіріп тұр. Бүгінде су басу қаупінің алдын алу жұ­мыс тары жандануда.

Жуырда Қарқаралы ауданын-дағы Нұрмақов селолық округін-де Егіндібұлақ­Ақтасты жолын су басты. Дер уақытында көмек-ке барған облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қыз-меткерлері жолдағы көлік қозға-лысын қалпына келтірді.

Облыстың төтенше жағдай-лар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұлақ суының деңгейі көтеріліп, су-дың жолды басып қалғандығы анықталды. Төтенше жағдайлар қызметі бұлақты мұздан таза-лап, арнасын кеңейткен. Жолдың астынан су өтетін құбырлар ар-шылды. Сондай­ақ, жол үстінде

қатып қалған мұз қабаты тазалан-ды. Қазір бұлақ суы өз арнасына түсті. Су құбырмен ағып өтуде. Жақын маңдағы елді мекенге қа-уіп төніп тұрған жоқ.

Сонымен қатар, өткен тәулік-те облыста қар құрсауынан 42 адам құтқарылды.

– 3 наурызда сағат 15:52­де облыстық маңызы бар «Нұра кенті­Осакаровка кенті» тасжо-лында, Осакаров ауданының Осакаровка кентінен 11 шақы-рым жерде қалған көлікке төтен-ше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жедел көмекке барды. Урожайное ауылы ­ Қа-рағанды бағытында жолдан шығып кеткен «Мерседес» мар-калы автобустан 41 адам Осака­ровка кентіне эвакуацияланды. Оның ішінде, 6 бала болды. Құт қарылғандар медициналық кө мекке мұқтаж болған жоқ. Сондай­ақ, жолдың тазартылған учаскесіне 1 жеңіл автокөлік шығарылды. Көлікте бір адам болды, – деп хабарлайды об-лыстың төтенше жағдайлар де-партаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Page 2: «Орталық Қазақстан» - ortalyq.kzortalyq.kz/wp-content/uploads/2019/03/ilovepdf_merged-9.pdf · 16 монография, 129 ғылыми мақала және халықаралық

www.ortalyq.kzСейсенбі,

5 наурыз, 2019 жыл2

Былтыр 27 желтоқсанда Жезқазған байыту фабрикасының кәсіподақ комитетінен телефон шалып, Жаңа жылмен құттықтауға «Қазақмыстан» қонақ баратынын айтқанда, №2 бас корпустың конвейер машинисі Гүлбану НҰРМАҒАНБЕТОВА қарсылық танытқан-ды. Оның да өзіндік себебі бар болатын.

Тамақ табылар-ау, жеті баласы-мен тұратын, жұртшылық «полутор-ка» атап кеткен, бесінші қабаттағы қуықтай екі бөлмелі пәтерге қонақты қалай қабылдайды? Оның өзі апасы-на тиесілі. Алайда, құр қол қарсы алу ырымға жаман екенін ойлап, бала-шағасымен қонақ күту қамына кірісіп кеткен.

Айтылған уақытта мерекеде көп-балалы отбасының көңілін аулаған қонақ та есік қақты. Бір қауым ел екен. «Бұған дейін менің қиналғанымды қойшы, корпорация басқару кеңесінің бас директоры Бахтияр Қрықпышевтің өзі келеді деп таза ойламаппын», – дейді, әлі таңданыстан арыла алмай жүрген Гүлбану.

Сыйлыққа қарық болған балалар мәз-мәйрам. Тек, тоғызыншы класта оқитын ересегі, болашақта ІТ-маман болуды армандап жүрген Дамир көне компьютері таяуда бұзылып қалғанын айтып үлгерді. «Ол ойда болмаған

Радиожиілікті абляция әдісі – жіңішке ине көмегі арқылы ауырсыну пайда болатын жүйкені «күйдіру». Бұл – азинвазивті оталар қатарына жата-ды. Олар үлкен тілуді және қалыпқа келуді талап етпейді. Егер, процедура сәтті өтсе, емделушіні 2-3 сағат өткен соң үйіне жіберуге болады. Бірақ, хи-рургиялық араласу әсері үш-төрт жыл бойы сақталады. Кейін ауру қайта ма-заласа, отаны қайта жасауға болады.

Мақажанов клиникасының үш ма-маны шетелде оқып, бұл техниканы

толығымен меңгеріп келді. Сонымен қатар, мұнда радиожиілік абляциясы үшін барлық құрылғы бар.

– Біз мамандарымызды оқытуды жалғастыра береміз. Бұдан бөлек, біздің клиникамызға шетелдік маман-дар да келіп, дәріс оқиды, шеберлік сыныптарын өткізіп тұрады. Алдағы уақытта біздің кейбір дәрігерлеріміз, тек, ауру синдромы еміне мамандан-дырылады деген болжам бар. Бұл өте маңызды, себебі, созылмалы дерті бар адамдар әлеуметтік өмірге арала-

са алмайды, яғни, жұмысқа бара ал-майды. Серуендеу қиындау болады, бір сөзбен толық өмір сүруге кедергі келтіреді, – дейді Мақажанов атын-дағы клиника директоры Еркін-Дәуір Құрманғалиев.

Қарағандыға дәріс оқуға кел-ген мәскеулік реаниматолог дәрігер созылмалы дерт жанын қинайтын адамдарды емдеу кез келген мемле-кетке оларды емдеу кезінде қамта-масыз ету, мүгедектік рәсімдеу және тиісті жәрдемақы төлеу тиімсіз, әрі

Алғыс айту күнін қарқаралылықтар ерекше ауқыммен атап өтті.

Аудандық Мәдениет үйіне жи-налған халықты алдымен аудан әкімі Халел Мақсұтов құттықтады. «Елге ел қосылса, құт» дейтін қазақ халқы-ның қонақжай мінезі мен дархан көңілі сынды асыл қасиеттерін тізбелеген өзге ұлт өкілдері – Татьяна Ибрае-ва мен Нина Сарьян өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Жер аударылып келгенде адал асын бөліскен, кең пейілді қазақ халқының алдында ба-сын иді. Жатсынбай, бауырына тарт-қан қазақ халқына деген шынайы ал-ғыстарын жеткізді.

Сонымен қатар, жиын барысын-да ауданның әлеуметтік-экономика-лық дамуына үлес қосқан медицина саласының майталманы, ардагер дәрігер Мағира Райымбекова, ауыл

Кездесу барысында мемле-кеттік қызметшілерге қойыла-тын талаптар туралы түсіндірме беріліп, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін анықтау үшін сауалнама жүргізілді.

Сонымен қатар, Зина Сапуан-қызы облыстағы мемлекеттік ор-гандардың әдеп жөніндегі уәкіл-дерімен кездесті. Жиында уәкіл-дердің қызметтерін жақсарту ба-ғытындағы мәселелер талқыла-нып, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру бойын-ша ұсыныстар қарастырылды.

Сондай-ақ, әдеп жөніндегі уәкіл Сыбайлас жемқорлыққа қар-сы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

қызметі) Қарағанды облысы бо-йынша департаментінің жеке құрамымен және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұжымымен кез-десті.

Жұмыс сапары соңында Зина Сапуанқызы облыстағы әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметтері-не оң баға берді. Қызмет сапасын көтеруге қатысты кеңес беріп, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағ-дарламасының негізгі бағыттары-ның бірі – «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы аясын-да мемлекеттік қызметшілердің санасын өзгерту бағытындағы жұ-мыстарды күшейтуді ұсынды.

Өз тілшімізден.

Қайырымдылық

Алғыс айту күнінің бекітілу тарихы қазақ жерін мекен ететін халықтардың нәубетті жылдарымен тығыз байланысты. Бұл мереке биыл елімізде төртінші рет аталып өтуде. Жаңаарқа ауданының жұрты аталған мерекені ойдағыдай өткерді.

Аудандық мәдени-сауық орта-лығында ұйымдастырылған шараға аудандық мәслихат депутаттары, ме-кеме басшылары, ұстаздар қауымы, жастар ұйымдарының өкілдері, әр-түрлі ұлт өкілдері қатысты. Мәдениет үйінің фойесіне жайылған дастархан-дағы әр ұлттың ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдары аудан тұр-ғындарының бір үйдің баласындай

Әлібек ӘБДІРАШ,«Орталық Қазақстан»

Медицинаның халықаралық негіздері – International Foundations of Medicine (IFOM) бойынша тестілеуге еліміздегі 7 медициналық жоғары оқу орнының 650 студенті қатысты. Оның ішінде Қарағанды медицина университетінің 200 студенті де білімдерін таразыға салды. Оның бағасын АҚШ Медициналық емтихан алушылар ұлттық кеңесі шығарады.

Жақында өткен бұл шара негізгі және клиникалық пәндер бойынша өткізілді. Оның үйлестірушілері – тәуелсіз тестілеудің ұлттық орталы-ғы. Аталмыш орталықтың тестілері медициналық мектептер мен басқа да мекемелердің білімін бағалап, оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін анықтайды. Студент-тердің анатомия, биохимия, гистоло-гия және жасуша биологиясы, микро-биология, ағзалар жүйесі, патология, фармакология, физиология сынды ғылымдар бойынша білімдері тек-серіледі.

Тестілеуге қатысушылар емде-лушілерге қауіпсіз және тиімді күтім жасауды қамтамасыз етуге қажетті клиникалық ғылымдар жөніндегі білім-дері мен түсініктерін ортаға салды.

екен, міндетті түрде ескереміз. Күт!», – деді, қонақтың бірі сенімді түрде. Сол күні, санаулы сағаттан соң жүзі бал-бұл жанған баланың қолында план-шет тұрды. Кейін компания компьютер сыйлады.

Кейпінен көрінбегенімен, іштей көңілі астан-кестен болған Гүлбану ғана. Тұрмыс құрғанда көпбалалы болуды армандаған. Алла Тағала оған жеткізді. Тіршілік түйткіліне төтеп бере алмаған – Құдай қосқан қосағы. Екеуі ажырасқаннан кейін басыбай-лы баспана сағымға айналған. Қазір айтпаса, кеш қалатындай корпорация басшысына бар сырын жайып салды. «Өтінішіңізді міндетті түрде қараймыз, жауабын береміз», – деді Бахтияр Қрықпышев.

Қаңтардың басында корпорация-

дан телефон шалып, көпбалалы ана ретінде пәтер бөлуге өтініш жазуын сұрағанда, сенер-сенбесін білмеген. «Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді» деген осы шығар, сәтін салғанда қа-ланың қақ ортасындағы үйдің үшінші қабатынан төрт бөлмелі пәтердің кілті қолына тиді. Бос емес, жаңа жиһазбен және түрлі тұрмыстық затпен жабдық-талған.

Әттең, қызының қуанышқа кенел-генін анасы көре алмай кетті. Бұдан бірнеше ай бұрын ғана бақилық бол-ған еді. Күләйдан Мұқашева да Жез-қазған байыту фабрикасында конве-йер машинисі болып істеген. Ананың кәсібін қызы жалғастырды. Бала-шаға-сы қасында, басында баспанасы бар. Өмір оң арнасына түскендей!

— Енді ІТ-маман болмауға қа-

қым жоқ. Таңдаулы жоғары оқу ор-нының біріне грантқа түсемін. Оған мүмкіндігім мол, әртүрлі олимпиада-дан қалған емеспін. Бұрын шетелде оқып, қызмет атқарғанды армандай-тын едім. Ол көзқарасымды «Қазақ-мыс» өзгертті. Келешекте компания-ның өркендеуіне өз үлесімді қосамын. «Қазақмыстай» компаниясы бар Қа-зақстан әлемді әлі-ақ аузына қарата-ды, – дейді Гүлбанудың ұлы Дамир.

P.S. Қазір «Қазақмыс» корпора-циясында 1665 көпбалалы отбасы жұмыс істейді. Олардың мұң-мұқ-тажы екшеліп, кезең-кезеңмен нақ-ты көмек көрсету қолға алынды. Біз соның біреуін мақалаға арқау еттік.

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Мемлекеттік қызмет

Жұма күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әдеп жөніндегі уәкілі Зина БАЙҒАСКИНА Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келіп, агенттіктің облыстық департаментінің қызметкерлерімен кездесті.

Мереке шуағы

Сағыныш ӘБІлОвА,«Орталық Қазақстан»

шаруашылығы саласының білгір ма-маны, «Ерлан» шаруа қожалығының жетекшісі Қанат Мұса «Нұр Отан» пар-тиясының 20 жылдық мерейтойына орай мерекелік Алғыс хаттармен ма-

рапатталды. Салтанатты кешті аудан өнер-

паздары әр ұлттың әдемі әндерімен, әсем билерімен өрнектеп отырды.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

бірлікте өмір сүріп жатқандығын меңзегендей болды.

Салтанатты жиын барысында сөз алған аудан әкімі Юржан Бек-қожин ізгі құттықтауын жеткізді. Келесі кезекте сөз кезегі тиген аудан тұрғындары, еңбек арда-герлері – Лидия Посохина мен Якубжан Раззаков өзгені жатсын-баған, құшағы кең қазақ халқына алғысын білдіріп, жастарды ұлта-ралық татулық пен бірлікті жоғары бағалауға шақырды. Қуғын-сүргін жылдары бір нанды бөлісіп жеп, әр ұлт өкілдерін осынау бақытты өмірге жеткізген қазақ халқына ай-тар алғыстарының шексіз екендігін айтып, жиналған қауымға игі тілек-терін жеткізді.

Салтанатты мереке түрлі ұлт өкілдерінің ән-биімен, патриоттық әндермен жалғасын тапты.

Индира РАХЫМБАЕвА, аудан әкімінің

баспасөз хатшысы.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Жағымды жаңалық

Қарағандыдағы Мақажанов атындағы клиникада радиожиілікті абляциялар әдісін қолдану арқылы инновациялық оталар жасалады. Мұндай технология арқа мен буындардағы ауруды ұзақ уақытқа жоюға мүмкіндік береді.

10 есе қымбатқа түсетінін айтады. – АҚШ елінде қазір арнайы ауру кли-никалары өте жақсы дамыған. Олар ауру синдромы бар ем қабылдаушы-ларды емдеумен айналысады. Үлкен тәжірибе жинақталған. Бұл біз үшін де тиімді. Өйткені, әріптестеріміздің жұмысында қателіктері мен ұтымды жақтарын да көріп, одан үйренеміз. Демек, бұл саланы тезірек дамыта аламыз. Қазақстанда осы бағытта үлкен мүмкіндік бар деп санаймын, – деді Иван Портягин.

Қазір Мақажанов атындағы кли-никада радиожиілік абляция әдісі бойынша аптасына екі емделушіге ота жасайды. Алайда, буындарында ауруы бар адамдардың барлығы бұл процедураға сенім арта алмайды. Се-бебі, ол кез келген адамға келе бер-мейді. Емделушіге ол қаншалықты жағатынын білу үшін дәрігерлер тест-блокада жасайды. Яғни, ауру нүктесі-не аз мөлшерде ауруды сездірмейтін препарат енгізеді. Егер, сырқатты сезбесе, онда адамға инновациялық ота жасалады. Ауру сезімі басылма-са, онда мамандар ауру көзін іздеуді жалғастырады да, ең тиімді емделу жолын ұсынады. Қарағанды облысын-да радиожиілік абляция әдісі арқылы ота тегін жасалады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Берекелі бастаманың тұсауын кескен Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Қайыр Болғанбаев, ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің бас-шысы Нұрланбек Жаңабергенов кәсіп иелерін құттықтап, сәттілік ті-леді.

«Алаш» АӨК төрағасы Асхат Зейнелғабдин нысанды аралатып, таныстырды.

– Біз бұл нысанның құрылысы үшін «Ауыл шаруашылығын қар-жылай қолдау қоры» АҚ арқылы 11 млн. теңге несие алдық. Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында үкімет тарапынан 11 млн. теңге суб-сидия берілді. Жаңадан пайдалануға беріліп отырған модульді мал сою орнының құрылысы 2018-2019 жылға

Кәсібің – нәсібің

Жуырда Ақтоғай ауданы орталығында «Ынтымақ» несиелік бағдарламасы аясында модульді мал сою орны пайдалануға берілді. Айта кетейік, бұл аудандағы іске қосылған алғашқы модульді пункттердің бірі болып отыр. Жаңа нысан «Алаш» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жанынан ашылды.

Думан ҚАБЫл, «Орталық Қазақстан»

жоспарланған болатын. Қасапха-на тәулігіне 10 ірі қара, 20 ұсақ малды союға қауқарлы. Пункт қызметінің құнын жалпы халық үшін қалтаға салмақ салмай-тындай етіп бекітетін боламыз, – дейді Асхат Зейнелғабдин.

Іс тетігін тапқан ақтоғайлық-тар бүгінгі таңда тек төрт түліктің басын арттырумен ғана шектеліп қалмай, «Береке» бағдарламасы арқылы мал бордақылау ісін де дамытуға ден қойған. Ендігі жер-де түлігін өргізген ауылдағы аға-йын жаңа нысан арқылы мал сою мен өнімін сақтаудың сапалы қызметін тұтына алады. Сани-тарлық талапқа сай. Қазір малды үй жағдайында, қора-қопсының маңында союға рұқсат жоқ.

Жаңа нысанның ең басты артықшылығы – тазалығы. Бұл жерде мал етінің сапасы арнайы

аттестациядан өткен ветеринар маманның қадағалауында бола-ды. Тұрғындар модульді мал сою пункті арқылы малдың сойыл-ғаны жөнінде құжатты да еш ке-дергісіз рәсімдейді. Яғни, мұнда сойылған мал өнімінің сапасын тексеретін арнайы ветеринарлық зертхана арқылы өнімнің таза-лығы жөнінде анықтама бері-леді. Бұған дейін сойылған мал еттеріне аудан тұрғындары вете-ринарлық зертхана анықтамасын Балқаш, Қарағанды қалалары-нан алатын. Енді ат арытып, та-бан тоздырмай барлық жұмысын аудан орталығынан тындырады. Ветеринар маманнан бөлек, коо-перативте арнайы қасапшылар қызмет көрсетеді.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Жансая ОМАРБЕКОвА,«Орталық Қазақстан»

Page 3: «Орталық Қазақстан» - ortalyq.kzortalyq.kz/wp-content/uploads/2019/03/ilovepdf_merged-9.pdf · 16 монография, 129 ғылыми мақала және халықаралық

www.ortalyq.kz 3 Сейсенбі, 5 наурыз, 2019 жыл

Қасиетті мекен – түркістанға сапар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев-тың «Болашаққа бағдар: рухани жаң-ғыру» бағдарламалық мақаласы ға-сырлар бойы тапталған еңсені тіктеп, Тәуелсіздік алғаннан бері жүріп өткен жолды одан әрі тиянақтап, ұлттық рухымызды жаңғыртуға қатысты ой салды. Осы орайда, ұлт тәуелсіздігі үшін аттың жалында, түйенің қомын-да жүріп, елін, жерін қорғаған ерлер, бүкіл өмірін қазақ елінің бостандығы мен азаттығына арнап, үш жүздің батыр-билерін жиып, елдің маңыз-ды мәселелерін шешкен хандар мен Қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күрескен батырлардың ерліктерін келер ұрпаққа жеткізу – бүгінгі күннің міндеті.

Сондай тарихи тұлғалардың бірі – халыққа Сармантай атымен таны-мал Шындәулет батыр. ХVІ ғасырда өмір сүрген Мейрамсопы бабаның бір баласы – Қуандық. Қуандықтан – Ал-тай, одан Мойын, одан Рахманқұл, одан Әлібек, Әлібектен – Сармантай. Сармантайдың азан шақырып қойған аты – Шындәулет. Әкесі еркелетіп «Сартайым – Сармантайым» дейді екен. Содан Сармантай аталып кет-кен. Кешегі Кеңес үкіметінің тотали-тарлық саясаты кезеңінде көптеген жағдайлар бұрмаланып, Сармантай ұрпақтары көп теперіш көрген, қуғын- сүргінге ұшырап, шетел асқандары да баршылық.

Енді еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген шақта осы олқылықтардың орнын толтыру міндетіміз деп ұққан ұрпақтары – Қуаныш Сәрсембаев бастаған бір топ азамат 2018 жылдың қазан айында өткеніміз бен бүгінімізді жалғап тұрған, кешегіміз бен келе-шегіміздің арасындағы алтын көпір іспетті қасиетті мекен Түркістанға ат-танды. Мақсат – Әзірет Сұлтан кесе-несінде жатқан баба рухын тербетіп, кейінгі ұрпаққа насихаттау. Олар ба-баларына тағзым етіп, құран бағыш-тады. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында болып, көптеген мұрағат материал-дарымен танысып, зерделеді. Бұл сапар жайында «Яссауи мұрасы» республикалық мәдени-танымдық газетінің 2018 жылғы №9 санында мәдениеттанушы Кәрім Әбдісадық-тегінің «Қазақта Шындәулеттей ба-тыр өткен» атты мақаласы жария-ланған болатын.

Сармантай баласы Жұман ер жетіп, балалы-шағалы болғанда жылқы саны он жеті мыңға жетеді. Сол кезде Жұман Әзірет Сұлтан ке-сенесінен екі жүз ат беріп, бес кісіге орын сатып алады. Осы бес орынға Ерназар, Алда, Жұман, Қорамның әйелі Болған бәйбіше және Қошқар-бай жерленген. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайынан 8 қаңтар, 2018 жылы берілген №03-05/07 ресми анықтамада: «Жұман Сармантайұ-лы, Ерназар Сармантайұлы, Алда Сармантайұлы, Қошқарбай Жұманұ-лы, Болған бәйбіше Жұман келіні Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленгенін растаймыз және Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген тұлғалардың тізіміне енгізілгенін ха-барлаймыз» делінген.

тарихи тұлғаШындәулет батыр ХVІІ ғасыр

соңында дүниеге келіп, ХVІІІ ғасыр-дың аяғында дүние салған. Тарихи деректерде Шындәулет тек батыр ғана емес, би де атанған. Шындәу-лет батырдың өмір сүру кезеңі Жоң-ғар шапқыншылығымен тұспа-тұс келеді. Ол осы қақтығыстарда асқан табандылық пен қаһармандық көр-сетіп, қантөгіс шайқастарға қатысқан. Шындәулет батыр мемлекетаралық келісім-шарт мәселелеріне де бел-сене араласып, ел мен жер мүддесін қорғауға атсалысқан. Осындай мақ-сатпен 1742 жылы Орск қаласында Әбілқайыр ханның басшылығымен келісім-шарт қайта қаралып, үш жүздің өкілдерінің қатысуымен ант қабылданды. Ханның ақылгөй ке-ңесшісі ретінде Шындәулеттің мем-лекетаралық келісім-шарттардағы ролі өте зор болды. Батыр бабаның балалары да сол кездің заманына сай тәрбие алды. Шындәулет ұрпақ-тары арасында ел билеген көсем де,

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Білім және ғы-лым министрлігі жыл сайын ба-калавриат бойынша 30 мыңнан астам мемлекеттік білім грантын бөледі (2014-2015 оқу жылы – 34 мыңнан астам, 2015-2016 оқу жылы – 32 мыңнан астам, 2016-2017 оқу жылы – 31 мыңнан астам, 2017-2018 оқу жылы 37 мыңнан астам грант). Егер, бір мемлекеттік грантқа өтініш білдірген түлек-тердің санын қарастырсақ, онда келесідей көрініс пайда болады: 2016 жылы 1 грантқа – 2,6 адам, 2017 жылы 2,8 адам таласқан. Елбасының тапсырмасымен жыл сайын бөлінетін жалпы саны 54 мың грантқа қосымша биылғы оқу жылында тағы 20 мың грант бөлі-неді. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалавр дәрежесіне тиесілі болмақ. «Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономика-да зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді». Сондай-ақ Пре-зидент бұл құжатта техникалық және ауыл шаруашылығы маман-дықтары бойынша барлық жоғары оқу орындары гранттарының құ-нын ұлттық жоғары оқу орындары-ның гранттары деңгейіне дейін кө-теру туралы тапсырма берді. Бұл осы мамандықтарға деген қызығу-шылықты арттырады, әрі қосымша гранттар ЖОО-ға қосымша табыс та түсірмек. Осы арқылы оқу орын-дарының бәсекеге қабілеттілігі ар-тады. Ал, бәсекеден сапа туады.

Жалпы алғанда, бастаманың жан-жақты ойластырылғанын бай-қаймыз. Себебі, студент санының артуы білім беру инфрақұрылы-мына салмақ түсіреді. Қосымша жатақхана салуға түрткі болады. Осы орайда, Мемлекет басшысы 2022 жылға дейін 75 мың орын-дық студенттік жатақхана салуды тапсырған болатын. Статистика комитетінің мәліметінше, қазірдің өзінде Қазақстанда 496209 сту-дент бар. Оның 131292-сі Алматы

қаласында білім алып жүр. Мұн-да 30 мың орынды 94 жатақхана жұмыс істейді. Жуырда 9 қабат-ты студенттер үйі пайдалануға берілді. Ол С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне тиесілі. Алдағы уа-қытта қалада 22 мың орындық 37 жатақхана салынатын болады.

Елбасы көтерген бес бастама-ның аясында өңірлерде де мем-лекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жатақхана тұрғызу жұ-мысы басталып кетті. Мәселен, Өскемендегі С.Аманжолов атын-дағы Шығыс Қазақстан мемле-кеттік университетіне «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алуға келген студенттерге арнал-ған 11 жатақхана салынады. Қазір бұл оқу орнында 5 мыңға жуық жас оқып жатыр. Олардың 1700-ден астамы жатақханада тұрады. Батыс Қазақстан облысында да төрт студенттер жатақханасы бой көтермек. Бұл туралы өңір басшы-сы Алтай Көлгінов облыстық мәс-лихаттың ХVІ сессиясында мәлім етті. Қостанай мемлекеттік педа-гогикалық университеті жанынан 2022 жылға дейін 344 орындық төрт жатақхана салынады. Ақтау-да 3 мың орындық үш жатақхана, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты аумағынан да «Сту-денттер үйі» және 200 орындық жатақхана тұрғызу жоспарланған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қа-зақстан мемлекеттік университеті де 500 студентке арналған жа-тақхана салуды жоспарлап отыр. Тізе берсек, бұндай жұмыстар әр аймақта да қолға алынып жатыр. Бұл да болса, білім алуға құштар жастардың жағдайын жасап, ел ертеңіне қызмет етер азамат тәр-биелеп шығаруда жасалған үлкен қадам болса керек. Ал, білімге құ-йылған инвестиция – ең жақсы ин-вестиция екенін тарих дәлелдеген.

Әсел сарҚЫт.(«Ана тілі» газетінен).

«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, Бола-шақтың дидарын көзге елестету үшін де ке-шегі кезеңге көз жіБеруіміз керек».

нұрсұлтан назарБаеВ.

ел қорғаған батыр да аз болмапты. Қазақ халқының мүддесін қорғап, әр-түрлі дәрежеде ерлік жасаған үлкен ұлы Өмірзақ Абылайханның қасына еріп жүрген батырлардың бірі болды. Екінші баласы Ерназар батыр да хал-қы үшін жан аямай ерлік көрсеткен, Ерназардан – Алшағыр батыр, одан туған Бижан батыр кешегі Кенесары-Наурызбайдың ұлт-азаттық қозғалы-сына қатысып, ерлік істерімен таны-мал болған. Байдәулеттің төртінші баласы – Тайтақ батыр, үшінші бала-сы – Елші батыр, Елшіұлы Мақатай батыр, Байдәулет ұлдары Әлімбайұ-лы Доскей ақын, Ерназардан Байқа-ра – Дайрабай күйші, Қарағандының көмірін ашқан Апақ Байжанов та Сармантай ұрпағы. Ерназардан: Тоқ-тамыс – Байжан – Апақ, Қошқарбай бидің баласы Байхан батыр, оның ұлы Ешмағамбет қажы, Ғалымшайқы қажы және тағы басқалары.

Жұман би туралЫ аҚиҚат

Ал, Сармантайдың баласы Жұ-ман би сол кезде Алтай-Мойын бо-лысының басқарушысы болып, ресми түрде сайланады. Жұман – патша әкімшілігінің ықыласына әлденеше рет ие болған тұлға. 1828 жылы оған құрметті шекпен жабылады, ал 1833 жылы старшина Жұман Сармантаев капитан дәрежесіне көтеріледі. Бі-

рақ, бұл шенді қабылдап алуға үл-гермей, 1834 жылы қайтыс болады. Жұман бабамыз бірнеше әйел алған. Бәсентин руынан – Мапаштан төрт ұл: Қошқарбай, Сәттібай, Тәті, Сәти. Тәті «жақсы Тәті» атанған Қуандық, Сүйіндікті бір ауыл, бір бауыр қылып билеген. Әкесі Жұман қайтыс болған соң Тәті 1834 жылы Мойын-Алтай бо-лысының басқарушысы болып сайла-нады. 1835 жылы оған поручик шені берілген.

Жұманның тетелес інісі Алда да өз заманында елге сыйлы, белгілі тұлғалардың бірі болған адам. Алда ұрпақтарының бірі – елге танымал Ұлы Отан соғысының ардагері, кезін-де облыс басшыларының бірі болған Тиышбек Аханұлы ағамыз.

Бірақ, «Оянған өлке» романын-да жазушы Ғабит Мүсірепов Жұман байды өте жағымсыз кейіпкер ретін-де суреттеп, қатты боранда жылқы соңында оппаға құлатып, қырылған жылқымен бірге айдалада қатырып өлтіреді. Ал, шындығында, Жұман – аруақ қонған, Қызыр жебеген, адал-дан өскен байлығы мол, кісілікті, ұлағаты мол ұрпақ өсірген адам. Жұ-ман бабаның дүниеге келуінің өзі бір хикая. Сармантайдың тоқалы Тотия анамыз ауылы күзекте отырғанда қат-ты боран соғып, үдере қозғалып бара жатқан отарды қайырам деп жүргенде қоймен бірге ығып кетеді. Сонда аяғы ауыр екен. Хабар тиген соң Сарман-тайдың үлкен баласы Өмірзақ қалың-жал айғырды жетекке алып, жалдың астына піскен қазы мен сары май байлап, үш кісі ертіп іздеуге шығады. Қойдың сүрлеу ізімен бесінші күні та-бады. Күн ашылған, отар жайылып жатыр. Қойдың ығында еңбектеп, тұ-рып-жығылып, «Үлкен балам, үлкен балам» деп сандалып жүрген өгей шешесін көрген Өмірзақ аттан ұшып түсіп, «Қайран, анам!» деп еңіреп қоя беріпті. Тотия шешесі Өмірзақ-ты атын атамай «Үлкен бала» дейді екен. Ізгілік пен сыйласым – осындай-ақ болған да. Шешесінің аузына май мен қазы салып, біраз уақыт есін жи-ғызып, айғырға мінгізеді. Атқа отыра алмайтын болған соң артына кісі мін-гестіріп, орап-байлап тастап, қонаға елге жетеді. Қарашаның қары кетіп, күн қайта жылынған соң жайлаудағы

ел тарамай тұрып, Сармантай үлкен той жасайды. Тойға Шөже ақын да келеді, ол былай деп құтты болсын айтады:

«Сармантай, ұлы тойың құтты болсын, Қыдыр дарып, басыңа бақыт қонсын. Оттың басы алтын тақ, төрің жұмақ болып, Шаңырақ асты жарқырап нұрға толсын. Айтайын саған ойымды, Аянбай жаса тойыңды. Алланың саған бергені – Қыдыр бақты қойыңды». Шөжені құрметтеп, ат мінгізіп, ша-

пан жабады. Шөженің бұлай деп отырған се-

бебі: Тотия келген соң ақсақалдар жиналып: «Қарағым, қойға қалай ие болдың, өзің қалай аман қалдың?!» – деп сұраса керек. Ол болған жағ-дайды былайша баяндаған екен: «Адасқаннан кейінгі екінші тәулікте түнге қарай заулап жүріп келе жатқан қойдың алды тоқтап, ұйлығып қалды. Мен қой арасына кіріп, шықпай тығы-ла бердім. Үшінші күні таңға жақын ұйықтап кетіппін. Көк есекті бір ақ-сақал келіп: «Қарағым, күн ашылды. Аман-есен боласың, нәрестең жазым бола ма деп қойыңды бақтым. Нәрес-теңнің атын Жұман қой, қош! – деп ға-йып болды». Ақсақалдар: «Ой, қара-ғым-ай, ол Қыдыр ғой, сені де, қойды да аман сақтаған. Нәрестең бақытты, киелі болып, қыдыр дариды екен», – деп баталарын береді.

Той тараған соң кешікпей Тотия босанып, ер бала туып, атын Жұ-ман қояды. Жұманда бес ұл болған. Үлкені Қорам, бәйбішеден – жалғыз Қорам. Тоқалдан – Сәттібай, Сәти, Қошқарбай, Тәті. Жұман қайтыс бо-ларында: «Мал үшін түс шайысып қалар, көзім тіріде еншілеріңді бөліп беріп кетейін», – депті. Балалары риза болып: «Мал үшін ренжіспейміз, батаңызды берсеңіз болды, әке», – деп ризаласыпты. Тәтиді шақырып алып, бетінен сүйіп, оң қолын ұстап отырып, бес саусағын санапты да (ақылды әке «Сендер бес саусақ, яғни, бір қолсыңдар, бірлікті, ұжымды болыңдар» дегені шығар) көз жұмып-ты. Мінеки, Жұман елі ардақтаған, балалары қадірлеген адам. Мәйітін Қорам деген үлкен баласы Түркістан-ға Хазірет Сұлтан жанынан өздері са-тып алып қойған бес орынның біріне апарып жерлеген. Тәті ақылға бай, ойға терең, сөзге шешен, ақылымен елді аузына қаратқан адам болыпты. Халық оны «Жақсы Тәті» деп атаған. Тәті мал жайылымын ретке келтіру үшін қысы жылы Жетісу – Әулие ата жақтан қоныс алмақ болып, сол кез-дегі билеушісі Қоқан ханына бармақ болады. Қасына жүз кісі алып, көп заттай сыйлық, екі жүз меңсіз қара ат алып, жүріп кетеді.

Онда барған соң Құдияр хан Тәтінің сыйлықтарын қабылдап, қан-дай жомарт адам деп қатты риза бо-лады. Құрметтеп, өз үйіне де қонақ қылып күтеді. «Тәті мырза, сіздерде мынандай үлкен кілем бола ма?» – деп төселген кілемді көрсетеді. Сонда Тәті: «Алдияр, Арқаның кілемі сіздің кілемнен үлкен болады», – дейді. «Бұдан үлкен кілемді қалай жинап жүреді?». «Жиналмайды, сол көшкен жұртта қалады», – дейді. Хан Тәті-ге сұраған жерін бермек болып уәде етеді. Бірақ, төңірегіндегі ақылшыла-

ры: «Мынау ақыл-айласы мол адам, алған соң бұл жерді бізге қайтарып бермейді», – деп ханды азғырады. Сөйтіп, қоқандықтар қайтарында Тәті-ге у беріп, Тәтекең жолда қайтыс бо-лады. Тәтінің өлер алдындағы айтқан қоштасуы:

«Жұманның баласы едім Тәті атым, Шықпаған аймағыма жаман атым. Құрбан боп елім үшін кетіп барам, Орта жүзде Сармантай бергі затым.

Іздегенім еркіндік қой елім үшін, Үш арысқа шалқып көшер жерім үшін. Аңғал басым айла сөзге алданып, Осымен бітті менің барлық ісім». Он жеті мың жылқы біткен Тәті

атамыз жер үшін Қоқан ханының қо-лынан қаза тапты. Тәті өзінің сұрауы бойынша Ташкент қаласының маңа-йында Майқалпе ишанның жанына жерленген.

Бұлар – тарихта болған адамдар. Халық оларды кешегі озбыр байдың ұрпағы демейтін, қайта құт қонған, елге ас пен ат болған қара шаңы-рақ деп құрмет тұтып, сыйлайтын. Кезінде бұл ұрпақ түгел тәркіленіп, жер аударылып, қуғын көрген. Енді Тәтінің ұрпақтары туралы. Тәті дү-ниеден озғанда артында ұлы Азына

он төрт жаста, қызы Әйімкүл сегіз жаста, әйелі Бәтима отыздың жо-басында қалады. Бұларды Сәттібай ағасы қолына алып, тәрбиелеп баға-ды. Әйімкүл ержете бастаған кезде алыс-жақын елдің атақты адамдары құда түсуге келе бастайды. Сәттібай: «Әйімкүл әлі жас, жасы он үшке тол-ғанда таңдау өзінен болады», – деп қайтарады. Оның ішінде Дәулетбике елінің (Жаңаарқа) биі Жанкелдінің де жіберген кісілері бар. Қараөткел-де Приходская школада оқып жүрген шөбересі Шоңға атастыру үшін бір жыл өткен соң Жанкелді би Сарман-тай еліне екінші рет адамдар жібереді де, осы жолы олар келісіп, Әйімкүлді Шоңға айттырып қайтады. Кейін то-йын жасап, ұзатып салады.

бабалар салған сара Жолмен

Сармантай баба ұрпақтары да қол қусырып отырған жоқ. Тектілігін білдіріп, 2015 жылы Қарағанды об-лысы, Бұқар жырау ауданы, Доскей ауылында Шындәулет батырдың 328 жылдығына арнап ас беріп, басына ескерткіш орнатылды. Ағайынның бір шеті Дубайдан атбасын бұрса, бір шеті Қытайдан – Пекин универ-ситетінің профессоры Талип Абд-рахманұлы ұрпақтары келді. Бұл игі істердің бастаушысы Тілеуғабыл Тәуішұлы Мұқашев 1999 және 2015 жылдары «Шежіренің көне бөлігі» атты Сармантай ұрпақтарының шежіресін екі тілде жазып жарыққа шығарды. Екінші ағамыз Зейнитдин Әлімшайқыұлы Есмағамбетов 2002 жылы «Атадан қалған алтын тамыр», 2012 жылы «Бабалардың тарихи шежіресі», 2015 жылы «Шындәу-лет – тарихи тұлға» атты Сарман-тай руының шежіресін толықтырып шығарды. Зейнитдин ағамызды ел ішінде «Бопаш аға» дейтін. Ол кісі Сармантай бабамыздың жерленген орнын анықтап қайтты көзі тірісінде. Бабамыз Ақтоғай ауданының Сары-терек ауылынан 15 шақырым жердегі Сармантай қорымы деген жерде жер-ленген екен. Сармантайдың немересі Алшағыр батыр Ерназарұлы да 1730-1780 жылдар аралығында өмір сүріп, қазаққа танымал батыр болған. 2017 жылы қыркүйек айында Алшағыр ба-тырдың Сарепта ауылының маңында жатқан жері анықталып, басына тас белгі орнатылды.

Бұл күнде Сармантай ұрпақта-ры өсіп-өніп, рулы елге айналған, балалары еліміздің түпкір-түпкірінде әртүрлі салада қызмет етуде. Елба-сының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында тағылымы терең тарихымызды зерделеп, санамызда қайта жаңғырту жайы атап көрсетілді. Ұлт Тәуелсіздігі үшін елі мен жерін жаудан ерлікпен қорғаған Шындәулет батырдың да талай жылдар дағдар-ған сана мен езілген рух, тоқыраған ой түзеліп, қайта жаңғырған тұста ел тарихынан алар орны айқын.

(Материал әртүрлі тарихи дереккөздерге сүйене отырып жа-зылды).

бикен ахметоВа, Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі.

Президенттің бес әлеуметтік бастамасында жоғары білімнің қолжетімді болуына ерекше мән берілген. Себебі, біріншіден, ол – адами капиталдың сапасын көтеретін – бірден-бір фак-тор. Ал, адами капитал – Қазақстанның жан-жақты дамуы-ның негізгі іргетасы. Екіншіден, білімді ұрпақ тәрбиелеудің жолы. Себебі, жыл өткен сайын елімізде мектеп түлектерінің саны өсіп келеді. 2016 жылы 121 мың оқушы мектеп бітірсе, 2017 жылы олардың саны – 136 мың, 2018 жылы 147 мың болды. Бұл сан әлі де арта түседі. Себебі, ендігі түлектер туу көрсеткіші өсе бастаған 2000 жылдары өмірге келген. Енді, олар үшін грант санын көбейту қолға алынды.

Шет ауданының жастары «Ардагерім – ардағым» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсеткендей, тәрбие ұлттық болмыстан өрбуі керек. Ұлттық тәрбиенің ең асылы – қарттарымызға сый-құрмет көрсету.

Үлкенге құрмет көрсету – қазақ-тың қанына сіңген қасиет.

Күні кеше аталмыш акция аясында Шет аудандық жастар ресурстық орталығының баста-масымен Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Мұ-қажан Ақажановтың үйіне арнайы бас сұқты.

Оқушылар ардагердің соғыс майданында басынан өткерген оқиғалары, болашаққа деген сенімі мен арман-тілектері жайында сали-қалы сұхбат құрып, үй шаруасына қолқабыс тигізді. «Батаменен ер көгерер» демекші, жастар ақсақал-

дың ақ батасын алып, кездесуден келелі ой түйді. Сондай-ақ, ерікті топ Шет ауылының тұрғыны, зей-неткер Ромакер Гельмудтің үйінің ауласын қардан тазалады.

Қарттарын ардақтап, құрмет-теп, өнегелерін ұлықтайтын елдің рухы – үстем, шаңырағы – шаттық-қа толы болмақ.

«Дүниеге келер бір рет, Дария – кеуде, тау – мүсін. Құрыштан құй-ған құдірет, Қарттарым, аман-сау жүрші» деген ақынның жырын Шет жастары осылайша қарияларға қамқорлық көрсету арқылы өмірлік ұстанымдарына айналдырған.

ШЕТ ауданы.

Думан ҚабЫл,«орталық Қазақстан»

Page 4: «Орталық Қазақстан» - ortalyq.kzortalyq.kz/wp-content/uploads/2019/03/ilovepdf_merged-9.pdf · 16 монография, 129 ғылыми мақала және халықаралық

www.ortalyq.kzСейсенбі,

5 наурыз, 2019 жыл4

Қайырбек Сәдуақасов. Белгілі есім. Арқа жұртының ардақты ұлы. Ұлт руханиятының көрнекті өкілі. Мәдениет майталманы. Қа-бырғалы қаламгер. Парасатты публицист. Сыршыл ақын. Композитор. Суретші. Та-рихшы. Ең бастысы, елжанды азамат. Бас-қаны қайдам, өзіме Қайырбек аға шынайы кісіліктің төлқұжатындай көрінеді. Бойында-ғы сырбаздығы, аса жоғары мәдениеттілігі, шешендігі, тындырымдылығы, кірпияздығы, мөлдірлігі... Осынша асыл қасиетті бойына сіңіру – өз алдына, арқалап жүруді айтыңыз. Мұнтаздай арына дақ түсірмей, кәусардай мөлдір қалыпта ғұмыр кешіп келеді.

Өз басым Қайрекеңді 16 жасымда таны-ғанмын. Мектеп оқушысымын. Ол кезде бұ-рынғы Жезқазған облысының тұрғынымыз. Ара-тұра айтысқа, басқа да өнер мереке-леріне барамыз. Сол сәттерде Қайырбек аға бізді баласынбай, бауырына тартып, өзімен тең дәрежеде сөйлесуге даяр тұратын-ды. Ақыл-кеңесін беріп, көп оқуға, іркіліссіз із-денуге үндейтін-ді. Кейін білдім, бұл кісі адамтанудың академигі екен ғой. Маңайын-да үнемі жақсылар жүреді. Адам жатырқап, кісі алалауды білмейтін кеңқолтық ағаның бойындағы дара қасиеттерді сол кезеңде бағалай алмаған шығармыз. Өйткені, өзіміз – баламыз. Кісі тану, оны бағалау қайда? Әй-теуір, жарыққа үймелеген көбелектей болып Қайрекеңді төңіректейміз. Кейін ғой өзіміз сөз ұстап, оң-солымызды таныған соң Аға бойындағы сұңғылалыққа тамсанып жүр-геніміз.

***Екі-үш күн болды, Ақтоғай атырабында

– Тоқырауынды жағалай қозғалып, Қызы-ларай тауларының қойын-қонышын сүзіп, әйгілі Бөкейхан әулетінің өрен-жаранының мәңгілік бесігі Талдыбейітті шолып бір көлік жүр. Көзі шалғандар әртүрлі болжам айтып әлек. Біреулері:

– Саяхатшылар шығар, – десе, енді бі-реулері:

– Археологтар болуы мүмкін, – дейді.– Қазақстан география қоғамының жи-

һангерлері келгіштеп жүр еді ғой. Солар бо-луы мүмкін, –деп топшылады енді бірі.

– Ешқандай саяхатшылар да, жиһангер-лер де емес, өзіміздің Қайрекең ғой. Сәдуа-қасов Қайырбекті айтамын. Бала-шағасын алып келіп, туған жердің тау-тасын аралай-тын жылдағы дағдысы емес пе, – деді енді бірі.

Дәл солай еді. Қайрекең бала-шаға, немерелерін алып келіп, алтын бесік Ақ-тоғайын аралап жүрген. Мақсаты – жалқы. Қалада туып, асфальтта өскен ұрпағының атамекеннен қол үзіп кетпеуін ғана қалайды. Әйтпесе, осы өңір тау-тасының қыр-сырын әбден меңгеріп алған Қайрекеңе дала кезу керек пе еді? Жоқ, керек. Оның бойындағы сезімталдық мына бір қара тастың былтырғы күйі мен биылғы күйінің арасындағы өзгерісті бағамдайды. Балалық шағына саяхаттап, бозбала күндерімен сырласады. Мөп-мөлдір Тоқырауынның қамыс-қоғасы өзін шексіз сү-йетін перзенті келгенін сезіп, Қайрекеңе ар-нап ән салып, күй шертеді. Онысын сіз бен біз сезбеуіміз мүмкін. Ал, Қайырбек ағаның түйсігі қабылдайды. Қызыларайдың тал-құ-рағы, Тоқырауынның қамыс-қоғасы санасы-на сіңірген сиқырлы саз Астанаға барған соң, ерке Есілдің жағасында сұлу әнге айналады. Бірде жадырайды Қайрекең. Бірде жабыр-қайды. Ақсораңның асқақтығын аңсайды. Сондай биіктікті рухани ергежейліге айнал-ған замандастарының бойынан іздейді. То-қырауынның тұнықтығы өз бойына дарыған. Өзгелер де өзіндей болса екен деп ойлайды. Ол қайдан болсын...

Қайырбек аға Тоқырауынның жағасында тұр. Туған жер төсінде тебіреніп, өзен жа-ғасындағы сіз бен бізге байқала бермейтін дала оркестрінің әуеніне құлағын түрді. Көңіл шіркін көк дөнендей жүйткіп, сонау алыс жылдарға алып кетті асау қиялын. Мы-нау Ақтоғай мен анау Қараталдың ортасын-дағы «Ахметжан» қыстағында туғанын ай-татын марқұм әкесі мен анасы. 1944 жылы 6 наурызда. Сол күні үйге атырапқа аты мәлім Иісбек молда қонып жатқан. Сұрапыл соғыс жылдары ғой. Дегенмен, жаудың беті қайтып, жасампаз жеңіс күнінің жақын қалға-нын сезеді жұрт. Осы бір қиын күндер мен ел басындағы талайлы тағдырдың қайыры бол-сын деген ырыммен дүниеге келген ұлдың есімін Иісбек молда «Қайырбек» деп қойып-ты. Екі жасында әкесі Қарағандыға қоныс ау-дарған. Кеншілер қаласының даңқы аспан-дап, көркі ажарланып келе жатыр. Бірақ, ол Изатбек әкесі үшін Ақтоғай бола ма?! Алыс күндердің сағымға айналған бейнесі жаңғы-рып сала берді Қайрекеңнің санасында. Есі-не түсті. Әкесі мұны да жыл сайын Ақтоғайға алып келуші еді ғой. Алты жасында алғаш көрген – Тоқырауынды. Оған дейін де көрген

шығар. Бірақ, жадында қалмапты. Ескі Қара-ғандының маңайындағы көлшік-шалшықты жалдап жүрген бала Қайырбек судың тұнық болатынын, өзеннің ағатынын сонда бірінші рет көріп еді. Сол күні мөлдірлікке ықыласы ауып, тазалыққа ынтық болған. Тұнықтыққа тамсанған. Содан бері шынайылыққа ынты-зар. Тоқырауындай тұнықтық символының адам бейнелі көшірмесіне айналсам деген мақсат қойды алдына.

Мен де Ақтоғайға жолым түссе, Тоқы-рауынға жүзімді шайып, тұнықтыққа тамсан-бай қайтпаймын. Барған сайын Тоқырауын толқынынан Қайырбек ағамның тағдырын көремін.

– Әкеме ризамын! Ұрпағын алтын бесік-тен алысқа ұзатпай, елден саяқ кетпесін деген ниетпен Ақтоғайға қайта көшіп кел-гені үшін. Егер, мен сол күйі Қарағанды-да өскенімде, әрі кетсе кенші болар едім. Оқыдым дегенде, инженер болармын. Ал, мына елден жырақ кетіп, туған жерден қол үзу деген қасірет қой. Мені, бауырларымды сол қасіреттен аман сақтап қалған – менің Әкем! Елде өстім, ескі әңгімеге құлақ түрдім. Қасиетті топырақтағы асқақ рухты сезіндім. Мұның барлығы – менің бақытым! – деді То-қырауын тұнығында еркін жүзген балықтар-ды тамашалап, мәз-мейрам болып жүрген балаларының назарын өзіне аудартып.

Иә, менің Қайырбек ағам – Ақсораңдай асқақ, Тоқырауындай мөлдір жан.

***Дәл осы жазбамның көлемін Қайырбек

Изатбекұлының ресми өмірдерегімен көм-керіп, атқарған лауазымды қызметтерімен-ақ алып шығуға болар еді. Алайда, Қайрекең тағдыры – дәл олай қасаң баяндауға бағын-

байтын дастан.Сол жылдары Ақтоғайда жалғыз орыс

мектебі болды. Кешегі Алашорда көсем-дерінің бесігі болғандықтан шығар, им-периялық жүйе ұлы мұрат мұрагерлерін мәңгүрттендіруді ойласа керек, Ақтоғайдан орыс мектебін ашыпты. Әйтпесе, жер ауып келген немісінің өзі мақалдап сөйлеп, қазақ-ты жаңылыстырып отырған Ақтоғайға орыс мектебі керек пе еді?! Қойшы, әйтеуір, біздің Қайрекең сол мектепті бітірген. «Алтын ме-дальмен». Орыс мектебінде оқығандығының олжасы сол – осы өңірге жер аударылған орысы бар, еврейі бар, кілең профессор, ғұламалар осы мектепте сабақ берді. Ұс-таздар ықпалымен әлем әдебиетінің жау-һарларын оқыды, ізденді. Әсіресе, жараты-лыстану пәндеріне деген ынтасы ерекше болып қалыптасты. Мектеп бітірген жылы Мәскеу энергетикалық институтына құжат

тапсырған. Мектепті медальмен бітіргеніңе қарамайды екен Мәскеуіңіз. Барлық сабақ-тан емтихан тапсыртып, конкурстық негізде қабылдайды. 24 балл жинаған талапкер Қа-йырбек бір балы жетпей, оқуға түсе алмады. Намыстанып, ауылға да қайтпай, Қараған-дыда қалды. «Гипроуглегормаш» ғылыми-зерттеу институтына лаборант болып жұ-мысқа орналасты. Талаптанғанның мұратқа жетпегені жоқ, келер жылы Алматыға барды. Сол кездегі С.Киров атындағы Қазақ мемле-кеттік университетінің физика факультетіне оқуға түсті. Оны үздік бітіріп, елге оралды. Университет бітіре салып бірден мектеп ди-ректорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орын-басары болып еңбек жолын бастаған екеу болса, бірі – Қайрекең, біреу болса, соның нақ өзі – Қайырбек аға. Ақтоғайда жаңадан ашылған М.Горький атындағы орта мектепте директордың орынбасары бола жүріп, ғы-лыммен шұғылдануға бел байлады. Универ-ситетте оқып жүрген шағында-ақ кандидат-тық диссертациясының тақырыбын бекіттіріп алған. Студент бола жүріп, университеттің оптика және спектроскопия, қатты денелер физикасы кафедраларында лаборант бо-лып, теория мен практиканы ұштастырғаны бар. Жетекшісі академик М.Корсунскийдің қолқалауына қарамай, ауылға келген жас маманның іскерлігі көп ұзамай сол кездегі аупарткомның бірінші хатшысы Жаманқұл Шайдаровтың назарына ілігеді. Қарамағын-дағыларға «партияға қабылдаңдар» деген нұсқау да беріп үлгеріпті Жәкең. Осылайша, Қайрекеңнің өрлеу жолы басталды. Ғылым жайына қалды. Бірақ, жатса-тұрса ойынан физика шықпайды. Аудандық партия коми-тетіне нұсқаушы болып ауысты. Жеті айдан кейін аупарткомның үгіт-насихат бөліміне

меңгеруші болып бекітілді. Жезқазған обко-мына екі рет шақырту алды. Сонау Алматы-дағы мүмкіндіктің барлығынан бас тартып, әке мен шеше алдындағы перзенттік парыз-ды ғана ойлап келген ұл обкомыңды не қыл-сын?! Бірақ, әкесі Изатбек барынша парасат-ты, өрелі адам еді. Бір күні шақырып алып:

– Балам, үлкен мүмкіндіктердің барлығы-нан біз үшін бас тартып жүргеніңді білемін. Баланың ата-ана алдындағы парызын өте-гені сол – жаманатын естіртпей, түзу жүр-гені. Азамат болып қалыптасып, ел алдында жүзің жарқын жүрсе, біз де марқайып отыра-мыз. Ел ішіндеміз ғой, бізге алаңдама. Енді шақырту алсаң, бірден бар. Келешегің – өз қолыңда, – деп батасын берді.

Содан Жезқазған тағы шақырды. Барды. Обкомның лекторлар тобына қабылданды. Жезді аудандық партия комитетінің хатшы-сы, облыстық атқару комитеті ұйымдастыру

бөлімінің меңгерушісі, облыстың мәдениет басқармасының бастығы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыс-тық тарихи-өлкетану музейінің директоры, облыстық тілдер басқармасының бастығы, «Байқоңыр» қаржы-өнеркәсіптік инвестиция компаниясының бірінші вице-президенті қызметтерін абыроймен атқарды. Әсіресе, мысты өлке мәдениетінің екі тізгін, бір шыл-бырын ұстаған жылдарында Қайрекең өңір руханиятына серпіліс әкелген талай жоба-ларды жүзеге асырды. Ұлытауды ұлықтау тұжырымдамасын жасап, Алашахан, Жошы хан мазарларын жаңғырту жұмысының ба-сы-қасында өзі жүрді. Аудандық музейлердің жұмысын жандандырды. Кезінде Арқа төсін дүбірге бөлеген «Ұлытау үні», «Байқоңыр даусы» атты өнер мерекелері – тікелей Қай-рекеңнің төл перзенттері. Ақын Сайлаухан Нәкенов марқұм екеуі кеңесе жүріп, осы дүбірлі додалардың тұсауын кескендеріне куәміз. Сайлаухан ағаның ақындығын да, кісілік парасатын да керемет қастерлеген бір жан болса, ол – осы Қайырбек Сәдуақа-сов. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Жезқазған облыстық бөлімшесін құрып, өзі мәртебелі ұйымның тұңғыш төрағасы бол-ды. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, шалажансар тіліміздің мәртебесін көтеруге өлшеусіз жігер жұмсады. Бір топ жас ай-тыскерлерді Жезқазған пединститутына емтихансыз қабылдатуға ықпал етіп, қазақ-тың төл өнерінің төрге озуына елеулі еңбек сіңірді. Сол жылдары «Қазақ тілі» қоғамының шәкіртақысын алып, қалтасы қалың жүрген-дердің бірі – менмін. 1997 жылы Жезқазған облысы таратылып, Қайрекең Қарағанды об-лыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары-мәдениет және өнер бөлімінің

бастығы болып тағайындалды. Мұның бар-лығы – Қайырбек ағаның ресми өмірдерегі. Ал, адами қалпын, тағылымды тағдырын өзінің «Серт» атты өлеңі арқылы тануға бо-лады.

Азаттық басты тілеуде,Қажетсіз қорған, тіреу де,Жазала мені, Жаратқан,Тәуелді болсам біреуге.

Жаманмен өтем белдесе,Дайынмын тағдыр жерлесе,Егер де бір күн қолымнанЖақсылық жасау келмесе, – дейді бұл

өлеңінде. Өмірлік кредосы да, адами келбеті де осы өлеңінде тұр. Мен бұл өлеңді Қайыр-бек ағаның поэтикалық автобиографиясы деп қабылдадым. Осы өлеңдегі сертінен тайған болса, ағам 75-ке жетпес еді.

Жезқазғанда оқыған, қызмет еткен жыл-дарымда ақтоғайлық ақсақал Қалкен Мә-кенбаев пен осы абыз қарияның рухани інісі Қайырбек Сәдуақасовтың шапағатын көп көрдім. Тентектігіміз тезге көнбей, албырт-тығымыз ауыздық салдыртпай жүрген ша-ғымызда Қайырбек аға өз әкесінің перзент парызы туралы әпсанасын байыппен айтып, екпінімізді басып отырушы еді. Аман тә-темнің қолынан талай мәрте дәм татып, ұла-ғат ұясындай болған шаңырақтың өлшеусіз өнегесіне сүйсініп жүрдік. Жаман болған жоқпыз. Ағаны жарылқап тастаған кезіміз де жоқ. Бере алмай келеміз. Әлі күнге дейін аға-дан алып жүрміз. Өзі айтқанындай, өзі емес, әкесі айтқандай: түзу жүріп, жаманатымыз-ды шығармасақ, болғаны да...

***Қайырбек ағаны алғашқы алаштанушы

десем, қазіргі алаштанушылар шамданып қалар. Шынтуайтында солай. Сонау, сек-сенінші жылдардың соңында Алаш көсем-дері ақталып, Әлихан, Жақып, Әлімхан есім-дері атала бастағанын білесіздер. Сонда да, ешкім батылы барып, олар туралы шешіле сөйлеп, көсіле жаза алмады. Жетпіс жыл-ға созылған рухани езгі санамызды шектен тыс сақтыққа әбден бейімдеп тастаған. Сол тұста намыстың наркескеніндей жарқылдап шығып, жергілікті басылымдарға Алаш кө-семдерінің мұралары туралы алғаш мақала жазған да осы Қайрекең болатын. Әрине, тарих ғылымының тарланбоздары Мәмбет Қойгелдиевпен, Манаш Қозыбаевпен кеңесе отырып жазды. Алаш арыстары еңбектерінің алғашқы басылымдарының жарық көруіне де өзі мұрындық болды. Көп мақаласы ел-дегі көнекөз қариялардың кезінде сыбырлап айтқан әңгімелерінің желісімен жазылды. Бөкейхан әулетінің тарыдай шашылған ұр-пақтарын тауып алып, олардың қолында бар деректерді жинастырған, оны жарыққа шы-ғарған, өзге тілде жазылғандарын тәржіма-лаған кім? Ол да – Сәдуақасов.

Қайырбек ағаның қаламы Алаш арыс-тарының мұрасын зерттеумен ғана қаңта-рылып қалған жоқ. Дала дүлдүлі Әсет Най-манбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттауда бір өзі бір ғылыми институттың жұмысын атқарып жүр.

Қайрекең Сәкен Сейфуллинді сүйеді. Пір тұтады. Сұңқар ақынның 100 жылдық ме-рейтойын ұйымдастырып, Жезқазған төріне ескерткішін орнатуға да ғажап еңбек жаса-ды. Тіпті, Сәкен ақталған бетте де «Сәкенге төрден орын бұйыра ма?» деп дабыл қаққан да осы Қайрекең болатын. Сонау алпысын-шы жылдардың басында Қарағанды қала-сындағы Сталин даңғылының (қазіргі Бұқар жырау) атын өзгерту мәселесі күн тәртібіне шыққан кезде осы даңғылға және драма театрына Сәкен есімін сұрап жоғарыға хат, газетке мақала жолдапты. Қайрекеңнің пікірі қоғамды селт еткізіп, даңғыл Советская ата-лып кеткенімен, театрға 1964 жылы Сәкен есімі берілді.

Иә, ол – жоқшы. Жоқ іздеп жолға шық-қанына – 75 жыл. Дүниенің боғын емес, ұл-тының жоғын іздеп келеді. Мұраты – асыл, арқалағаны – аманат.

Мұраты – ұнжырғасы еңкіш тартқан ұлт рухын төрге оздыру. Босағада қалып, бопса-ға түскен ұлт тілінің мұңы. Қазақтың қасиетті өнері, мәйекті мәдениеті... Жалпы, бүгінгі жаһандануға жат болып, өгейлік көрген дала өркениеті. Қазақтың құдіретті күйі, асқақта-ған әні... Осының бәрі Қайырбек ағамның ұй-қысын ұрлап, күлкісін қашырған. Бойына ас батырмай келеді.

Ал, арқалағаны – Алаш көсемдерінің аманаты. Осы тұрғыдан алғанда, Қайырбек ағаны ұлы мұратпен тамырлас тағдыр иесі деп айтуға толық құқылымыз.

...Ағам әлі күнге аттан түскен жоқ. ҚР Инудстрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ақпараттық қамтамасыз ету де-партаментінің баспасөзге мониторинг жасау жөніндегі кеңесші болып қызмет атқарып жүр.

Мерейтой құтты, мерейіңіз үстем бол-сын, Аға!

Ерсін МҰСАБЕК,«Орталық Қазақстан»

Жақында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Талант МЕДЕТ және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Әсел БЕЛЯЛОВА Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің соңғы курс студенттерімен мемлекеттік қызметке өту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Аталмыш шараның мақсаты – облыс студенттерінің арасында мемлекеттік қызметтің беделін кө-теру.

Шара спикерлері айтып өт-кендей, мемлекеттік қызметке өту үшін бірнеше тізбекті іріктеу кезең-дерінен өту қажет. Егер, мемле-кеттік органдарда бос лауазымдар пайда болса, онда кандидаттар-дан конкурстық іріктеу жүргізіледі.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметтер позициялықтан құзыреттілік пен конкурстық іріктеуге негіздел-ген мансаптық модельге көшті. Яғни, мемлекеттік қызметке өту төмен лауазымдардан басталып, біртіндеп мансаптық жылжу ар-қылы жүзеге асырылады. Конкурс өтетіндігі туралы хабарландыру бос лауазымдары бар мемле-кеттік органдардың сайттарында және ҚР Мемлекеттік қызмет іс-тері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сай-тында жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін құжат-тарды хабарландыру соңғы жа-рияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсыру қажет.

Конкурстық іріктеудің алғашқы кезеңі – ҚР заңнамасын білуге ба-ғытталған тестілеу. Бұл тестілеуді азаматтар алдын ала тапсырады.

Тестілеуден сәтті өткен жағ-дайда сертификат бір жылға жа-рамды. Аталған сертификаттың санаты бойынша кез келген жал-пы конкурсқа қатысуға болады.

Заңдар тізбесі, тестілеу ұзақ-тығы және сұрақтар саны канди-дат таңдаған тестілеу бағдарла-масымен анықталады. Тестілеуге жазылу үшін электронды үкімет веб-порталы (egov.kz) арқылы, Мемлекеттік корпорацияға (Ха-лыққа қызмет көрсету орталығы-на) немесе студенттерге қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш беру, тестілеу бағдарламасын, тест тапсыру күні мен уақытын таңдау жеткілікті. ХҚКО-ға және СҚКО-ға жүгінген кезде жеке ба-сын куәландыратын құжаты болу керек.

Тестілеудің келесі кезеңі – жеке қасиеттерін бағалау. Ағым-дағы жылдан мемлекеттік қыз-меттер саласындағы заңнамаға бірқатар түзетулер енгізілгенін, құзыреттерді бағалау жүйесінің жетілдірілгенін айта кету керек.

– Кандидаттардың өздері жайлы жалған мәліметтер ұсы-ну фактілерін болдырмау үшін, бағалауға шынайылық деңгейін анықтауға арналған сұрақтар енгізілген. Шынайылық деңгейі төмен болса (50%-дан аз), тесті-леуден өтпеген деп есептеледі. ҚР заңнамасын білуге арналған тестілеудің, жеке құзыреттерді анықтауға арналған тестілеудің белгіленген шегінен өте алмаған азаматтар 1 айдан кейін тестілеу-ден қайтадан өте алады. Жоғарғы оқу орындарының түлектері үшін мемлекеттік органдарда жұмыс істеу – жақсы бастама әрі қарай мансап құрудың негізі болып та-былады. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында практикалық қызмет ететін биліктің атқарушы органдары. Бұл – тек жайлы кең-селер мен тұрақты жалақы ғана емес, бұл – күнделікті қарбалас, тынымсыз еңбек, – деп атап өтті өз сөзінде Әсел Нұрланқызы.

Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салып, тиісті жауаптарын алды.

Өз тілшімізден.

Жиырма сегіз жылда еліміз Орта Азия өңірінде ғана емес, бүкіл әлемде достық пен бірлік салтанат құрған бірден-бір мекенге айналды. Бүгінгі Қазақстан – мәдениеттің, ұлттардың және ұлыстардың үлкен шаңырағы. Мұның барлығы жаңғырған Ұлы Дала елінің негізіне айналды.

Еліміздің басты байлығы – халқы. Олардың арасындағы достық пен сыйлас-тық арқылы мемлекетіміз жоғары жетістік-терге жетпек, әрі алдымызда жарқын бо-

лашақ күтіп тұр. Кейінгі буын жастар репрессия мен жер

аудару сияқты қорқынышты нәубетті бастан өткерген жоқ. Біз тәуелсіз елде тудық, табыс-ты дамуға, жаңа жетістіктерге жетуге және сүйікті ісімізбен айналысуға мүмкіндігіміз бар.

Біз, Қазақстан жастары, осы жерге еріксіз жер аударылған бабаларымыздың өнегесін көрдік. Қиын кезеңді бастарынан өткергенде қазақ елінің жақсылығын көріп, осы елге, жерге шын жүректерімен бауыр

басып, туған отанындай болды. Олардың бастарынан өткергендерін біз ешқашан ұмытпаймыз. Содан да болар, қайырым-дылық, мейірімділік, рақымшылық түсінік-теріне ерекше жылулықпен, құрметпен қараймыз.

Біз – Ұлы Қазақстанның, Мәңгілік елдің ұрпағымыз. Қазақстанның, жеріміздің, еліміздің игілігі жолында еңбек етуге әрқа-шан дайынбыз.

Александр УРМАШОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясының

«Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік

штабының басшысы, Қарағанды облысының ҚХА жастарды үйлестіру

кеңесінің төрағасы, «Дакия» румын мәдени қоғамы» ҚБ мүшесі.

Page 5: «Орталық Қазақстан» - ortalyq.kzortalyq.kz/wp-content/uploads/2019/03/ilovepdf_merged-9.pdf · 16 монография, 129 ғылыми мақала және халықаралық

www.ortalyq.kz 5Сейсенбі, 5 наурыз, 2019 жыл

Электрондық пошта: [email protected]

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте»

облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

1. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік қызмет көр-сету саласындағы ұйымдар арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» облыстық байқауын 2019 жылғы 26 сәуірде өткізеді.

2. Байқауға облыстық деңгейдегі мемлекеттік мекемелер мен мем-лекеттік қызмет көрсету саласындағы ұйымдардан 4 адамнан құралған команда қатысады.

3. Байқау тапсырмалары мемлекеттік тілде беріледі және байқау келесі кезеңдерден тұрады:

І кезең: «Сәлемдесу».Әр команда өзін «Біз мемлекеттік тілді да-мытуға қандай үлес қосудамыз?» тақырыбында таныстырады. 2 минут.

ІІ кезең: «Сыр сандық». Әр команда Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен шығармашылығына қатысты экранда берілген 20 сұрақтың дұрыс жауабын белгілеуі тиіс.

ІІІ кезең: «Қазақша оқы, latynsha jaz». Жауап парағында берілген қанатты сөздерді, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді латын графика-сына негізделген жаңа қазақ әліпбиінде жазуы тиіс.

ІV кезең: «Ісқағаздар сөйлейді». Белгілі бір жағдаятқа қатысты ресми ісқағаздың мемлекеттік тілде рәсімделген үлгісін ұсынуы тиіс. 2 минут.

4. Байқаудың жүлде қоры:Бас жүлде (біреу) – 200 000 (екі жүз мың) теңге;І орын (біреу) – 150 000 (жүз елу мың) теңге;ІІ орын (екеу) – 100х2 = 200 000 (екі жүз мың) теңге;ІІІ орын (үшеу) – 50 000х3=150 000 (жүз елу мың) теңге;Ынталандыру сыйлығы (үшеу) – 20 000х3=60 000 (алпыс мың)

теңге.5. Байқауға қатысу үшін өтінімдер (қосымшадағы кестеге сәйкес)

2019 жылғы 10 сәуірге дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында (Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй) қа-былданады тел. 567476, 569348–(тел/факс).

Положение областного конкурса «Государственный

язык на государственной службе», посвященного125-летию Сакена Сейфуллина

1. Управление по развитию языков Карагандинской области (далее – Управление) 26 апреля 2019 года среди государственных учреждений и организаций в сфере оказания государственных услуг проводит об-ластной конкурс «Государственный язык на государственной службе», посвященный 125-летию со дня рождения основателя казахской лите-ратуры, поэта и писателя, общественного и государственного деятеля Сакена Сейфуллина.

2. В конкурсе принимают участие команды из 4 человек представ-ляющиего сударственные учреждения и организаций в сфере оказания государственных услуг областного уровня.

3. Конкурсные задания предоставляются на государственном языке-состоит из следующих этапов:

I этап: "Приветствие". Каждая команда знакомит себя на тему «Ка-кой вклад мы вносим в развитие государственного языка?". 2 минут.

II этап: "Сыр сандық". Каждая команда должна предоставить пра-вильные ответы на 20 отображенных на экране вопросов, касательно жизни и творчества Сакена Сейфуллина.

ІІІ этап: "Қазақша оқы, latynsha jaz". Каждая команда должна на-писать на латинской графике предоставленные крылатые слова, посло-вицы и поговорки.

ІV этап: "Ісқағаздар сөйлейді". Каждая команда должна предоста-вить оформленный образец официального документа по определенной ситуациина государственном языке. 2 минуты.

4. Призовой фонд конкурса:Главный приз (один) – 200 000 (двести тысяч) тенге;І место (один) – 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;ІІ место (два) – 100х2 = 200 000 (двести тысяч) тенге;ІІІ место (три) – 50 000х3=150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;Поощрительный приз (три) – 20 000х3=60 000 (шестьдесят ты-

сяч) тенге.5. Заявки на участие в конкурсе (согласно приложения) принимают-

ся до 10 апреля 2019 года по нижеуказанной форме Управлением по развитию языков Карагандинской области (г.Караганда, ул.Гоголя, 34) тел. 567476, 569348-(тел/факс).

ХаБаРландЫРу«География», «Математика» пәндерін таңдаған түлектер 19 ма-

мандық бойынша оқуға түсе алады. ҚР ЖОО-ларында жаңадан 17 инновациялық мамандықтар ашылуы жоспарланып отыр. «Иннова-циялық менеджмент», «Аналитика және консалтинг», «Жобаларды басқару», «Маркетинг және бизнес», «Қаржы және несие», «Мем-лекеттік менеджмент», «НR: экономика және еңбек қауіпсіздігі», «ІТ-кәсіпкерлік», «Цифрлық экономика», «Логистика және жеткізу желілерін басқару», «Мемлекеттік аудит», «Ұйымдағы менеджмент», «Бағалау және сметалық іс», «Менеджмент және кәсіпкерлік», «Қар-жылық және банктік менеджмент», «Тасымалдауды ұйымдастыру», «Кәсіпорындағы логистика», «Социология», «География» және т.б. Таныстырылым 16 наурыз сағат 10.00-де Қарағанды қаласының Оң-түстік-Шығысындағы ҚарМУ-дің Бас ғимаратында өтеді. Толығырақ: WWW.KSU.KZ. т: 8721-277-03-85; 8721-277-04-27. Мем.лицензия: № 0137349; 3 ақпан, 2010 ж.

№67

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында мемлекетіміздің одан әрі дамуына, әлемнің үздік 30 елінің қатарынан жеделдетіп көрінуіне әсер ететін жаңа мақсаттар мен міндеттерге аса мән беріліп, еліміздің дамуын тежейтін кедергілерді жою сұрақтары қарастырылып отыр.

Мемлекет дамуындағы кедергі-лердің бірі – сыбайлас жемқорлық.

Жолдауда осы індеттің алдын алуға бағытталған күрестің жал-ғастырылатыны атап көрсетілді. Мұны тек мемлекеттік органдарға ғана емес, еліміздің әр азаматына берілген тапсырма деп түсінгеніміз жөн. Себебі, еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне барлығымыз бірдей жауаптымыз.

Елбасымыздың өзі айтқандай, бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2014 жылдың соңын-да Елбасы 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлық-қа қарсы стратегияны бекітті. Ал, 2015 жылы «Сыбайлас жемқор-лыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Сол уақыттан бастап, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түбегейлі жаңа үлгісі жүзеге асырылуда.

Нақтырақ айтсақ, негізгі ба-сымдық алдын алу шараларына берілуде. Оның ішінде, жемқорлық көріністерін жасауға ықпал ететін

себептер мен жағдайларды анық-тау және оны жоюға күш салынуда. Екіншіден, сауаттандыру шарала-рына, халықтың барлық әлеуметтік топтарына арналған оқыту, түсінді-ру жұмыстарына, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға көңіл бөлінуде. Яғни, жемқорлық-тың салдарымен емес, оның бас-тапқы себептерімен күреске аса назар аударылуда.

Сондай-ақ, экономикалық тер-геу қызметінің қызметкерлері үнемі басшылыққа алып жұмыс істейтін құжаттарға сай, сыбайлас жемқор-лыққа қарсы техникалық оқытулар, хаттамалар жүргізіледі. Экономи-калық тергеу қызметі жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстарды алдағы уақытта да қарқынмен жал-ғастыра беретін болады.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер

департаментінің экономикалық тергеу қызметі.

Шет ауданында ерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан жарыс өтті. Спорттық шараға өтуіне ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйытқы болды.

Жарысқа ауданға қарасты кент, ауылдық округтерден жалпы саны 11 команда қаты-сып, кіл мықтыдан шын мық-тыны анықтады.

Турнирді аудан әкімінің орынбасары Азамат Әбілдин ашып, жарысқа қатысушы-ларды спорт мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, ауданның спорт саласында-ғы жеткен жетістіктеріне тоқ-талды. Одан кейін Қазақстан Республикасының құрметті спорт ардагері, білім беру са-ласының үздігі, президенттік көпсайыстан спорт шеберлігі-не үміткер А.Қызылов, ауған

соғысының ардагері С.Қордабаев спортшыларға сәттілік тіледі.

Дода барысында ала допты алақанда ойнатқан ойыншылар төрт топқа бөлініп, аудан орталы-ғындағы балалар мен жасөспірім-дер спорт мектебі, Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясы, Шет агротех-никалық колледжінің спорт залда-рында біріншілік кубогін сарапқа салды.

Бабы мен бағы келіскен, теңбіл допты тайдай тулатып жеңіске де-ген құштарлық танытқан команда-

лар ойыны жанкүйерлердің деле-бесін қоздырды. Сөре бар жерде мәре бар. 11 команданың ішінде дара шыққан Нұраталды ауылы-ның командасы I орынды енші-леді. II орынды Сәкен Сейфуллин кентінің командасы қанжығаласа, III орынды Ақсу-Аюлы ауылының командасы иеленді. Жарыс жеңім-паздары ауданның дене шынық-тыру және спорт бөлімінің арнайы медаль, грамота және кубоктары-мен марапатталды.

ШЕТ ауданы.

думан ҚаБЫл,«Орталық Қазақстан»

Балалардың құқықтық мәрте-бесін дамытудың Қазақстанда да өз тарихы бар. Тарихқа үңіл-сек, жесірлер мен жетімдердің мүліктік және жеке құқықтарын, сондай-ақ, оларға қатысты қауымның және қайтыс болған-дардың туыстарының міндетте-мелерін регламенттейтін дала заңдарының жинағы «Жеті Жарғының» өзінде (XVII ғасыр) жесірлер туралы заң болғанын білеміз. Отбасы-неке қатынас-тары саласында ата-ананың бала өміріне құқықтары бекітілді. Бірақ, әйелдің некесіз дүниеге келген баланы өлтіруі өлім жаза-сымен жазаланды.

Бала құқықтарының қазіргі тарихы 1994 жылы Қазақстанда Балалар құқықтары туралы кон-

венцияны ратификациялаудан басталады. Бүгінге дейін адам құқығына қатысты 60-қа жуық ха-лықаралық құжат, оның ішінде, бала құқықтарын қорғауға қатыс-ты 15 құжат ратификацияланды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 45-тен астам ұлттық заңнамалық құ-жат бар. Олар баланың құқықта-рын қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік береді. Негізгі құжаттар-ға Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Неке және от-басы туралы» Кодекстері, «Бала-ның құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мүгедектігі бар бала-ларды әлеуметтік және меди-циналық-педагогикалық түзеуді қолдау туралы», «Отбасылық типті ауылдар мен жасөспірімдер үйлері туралы», «Кәмелетке тол-

2016 жылғы 10 ақпанда Президент Жарлығымен Балалар құқықтары жөніндегі уəкіл институты құрылды. Институттың негізгі міндеттері – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету. Cондай-ақ, мемлекеттік жəне қоғамдық институттармен ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру.

маған дардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадалағаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Бала-лары бар отбасыларға мем-лекеттік жәрдемақылар туралы» және сол сияқты Заңдар жатады.

Көрсетілген заңнама-лық құжаттарда кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің жан-жақты сақталуы және оларды кемсітушілікке жол бермеу, балалардың мүд-делерін қорғайтын мемле-кеттік саясатты іске асы-ратын барлық мемлекеттік мекемелердің, жергілікті атқарушы органдардың қызметінің басым саласы ретінде анықталған.

Осылайша тегіне, нәсілі-не, ұлтына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жыны-сына, тіліне, біліміне, діни көзқарасына, тұрғылықты жеріне, денсаулық жағда-йына, ата-анасына немесе басқа да заңды өкілдеріне қатысты өзге мән-жайларға қарамастан барлық бала тең құқыққа ие.

Облысымызда да бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Ал, Ақтоғай ау-дандық сотында былтыр 9 алимент өндіру және 7 неке бұзу дерегі бойынша аза-маттық істер қаралды.

Самат РЫСЖанОВ,ақтоғай аудандық

сотының судьясы.

Биыл Қарағанды қаласының құрылғанына 85 жыл толды. Осы уақыт ішінде көмірлі қала талай қиын жолдан өтіп, қазір еліміздегі әсем шаһарлардың біріне айналды.

Біз шәкірттерімізді өз қа-ласын сүйе білуге үйрету мақсатында кітапханада қы-зықты жұмыстарды жиі өткі-земіз. Сондай шаралардың бірі ретінде жуырда кітапхана-мызда ұйымдастырылған кітап көрмесін атап айтуға болады.

Кітап көрмесіне Қарағанды қаласында еңбек еткен ақын-жазушылардың еңбектері мен Қарағанды қаласы туралы жа-зылған шығармалар қойылды. Қаланың тарихымен таныс-тыруды, ақын-жазушылардың ерен еңбектерін насихаттауды мақсат еткен көрмеде Сәттар Ерубаевтың «Менің құрдас-тарым», Ғабит Мүсірепов-тың «Оянған өлке», Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» романдарынан бастап, бүгінгі қарағандылық жазушылардың еңбектері орын алды.

Көрме жұмысы барысында 11«ә» сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өткізілді. Қарағанды қаласының тари-хы туралы әңгіме өрбіді. Сон-дай-ақ, кітапханаға бас сұққан басқа да оқушылар да көрме жұмысымен қамтылып, кітап-тармен таныстырылды.

Бибігүл аСанОВа,№86 орта мектептің

кітапханашысы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25 жылдығы, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы және Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған Жаңаарқа аудандық мәслихат депутаттары мен аппараты, аудандық мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметшілері арасында спартакиада өтті.

Аталмыш шараның ашылу сал-танаты «Модуль» спорт кешенінде өтті. Шарада аудан әкімі Юржан Бекқожин, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Хамзе Сәтжанов, еңбек ар-дагері, «Мешіт» шаруа қожалығының басшысы Мағауия Әбілжанов және V

76 келі салмақта өнер көрсеткен Эльмира Сыздықова әйелдер күресі-нен 3 орынды иеленсе, 87 келі салмақ дәрежесі бойынша Хусейн Муцольгов грек-рим күресінен ел қоржынына тағы бір қола жүлде салды.

Жалпы, Қазақстан құрамасы бұл

турнирде 9 жүлде жеңіп алды. Оның біреуі – алтын, екеуі – күміс, қалғаны – қола. Алда байрақты бәсеке – Жапон елінде өтетін Олимпиада ойындары. Бі-лекті қос балуанға зор үміт артамыз.

Өз тілшімізден.

28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Болгария елінің Русе қаласында өткен Дан Колов – Никола Петров атындағы дәстүрлі турнирде жерлестеріміз қола медальға қол жеткізді. шақырылымдағы аудандық мәслихаттың

хатшысы қызметін атқарған Марат Әбді-шев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың бас төрешісі, аудандық спорт бөлімінің басшысы – Алдан Қара-байұлы.

Додада барлығы 12 команда бағын сынады. Спартакиада бағдарламасына волейбол, шахмат, дойбы, кір тасы, үстел

теннисі, арқан тартыс топтастырылды.Жарыс қорытындысы бойынша

жалпыкомандалық есепте І орынды ау-дандық мәслихат депутаттары мен аппа-ратының командасы иеленсе, ІІ орынды аудан әкімдігінің жастар командасы ол-жалады. ІІІ орынға Жаңаарқа ауданының ветеринариялық станциясы табан тіреді.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Қасымхан ҒалЫМ,«Орталық Қазақстан»

Page 6: «Орталық Қазақстан» - ortalyq.kzortalyq.kz/wp-content/uploads/2019/03/ilovepdf_merged-9.pdf · 16 монография, 129 ғылыми мақала және халықаралық

www.ortalyq.kzСейсенбі,

5 наурыз, 2019 жыл6

Құрылтайшысы: облыс әкімдігіМЕНШІК ИЕСІ:

«Облыстық «Орталық Қа зақстан» газетінің ре дакциясы»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

№25 тапсырыс.Индекс 65484

Офсеттік басылым. Көлемі 3 баспа табақ.

«АТФ банк» АҚ ҚФЕсеп-шот:

KZ50826M0KZTD2003131,БИК ALMNKZKA

БИН 000940001367

Біздің сайт: www.ortalyq.kz

Бағасы келісім бойынша«Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды.

Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15.Газеттің компьютерлік

орталығында теріліп, беттелген.

Кезекші редакторҚызғалдақ АЙТЖАНОВА

КОРРЕКТОРЛАР2,3,6-беттер О.ТӨЛЕУБЕКОВА

1,4,5-беттер С.ӘЛІХАН

Редакция 3 компьютерлік бет тен асатын көлемдегі қолжаз баларды қа ра майды. Жарияланған мақала ав тор ларының

пікірлері ре дакция көзқарасын біл дір мейді. Жарнамалар мен

хабар лан дырулардың маз мұнына жарнама беруші жауап береді.

Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа риялану

ақысы төленген.Қолжазба мен фотосуреттер

қай тарыл майды.

Таралымы 14 200 дана

«Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС

Директоры – Бас редакторҚамбар Жұмағалиұлы

АХМЕТОВБас редактордың бірінші орынбасары

Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК

Бас редактордың орынбасары Ахат Құрмансейітұлы

ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

Жауапты хатшы Нұрқанат Нұрмұхамбетұлы

ҚАНАФИН

Электрондық пошта: [email protected]@mail.ru

Жарнама бөлімі:[email protected]

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар

министрлігінің Ақпарат комитетінде қайта тіркеуден өтіп,

2018 жылғы 30 қарашада №17386-Г куәлігі берілді.

Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығадыМекен-жайымыз:

100009, Қарағанды қ.,Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Телефондар: Директор – Бас редактордың

қабылдау бөл месі: 43-57-78.

Бас редак тордың бірінші орынбасары: 43-38-53.

Бас редак тордың орынбасары: 43-38-33.

Жауапты хатшы43-57-76

Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі

43-35-37Экономика, саясат және

өнеркәсіп бөлімі – 43-49-73Ақпарат, құқық және бұқарамен

жұмыс бөлімі – 43-30-88Білім, ғылым және патриоттық тәрбие

бөлімі – 43-22-92Денсаулық және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі – 43-49-72Мәдениет, руханият, әдебиет және жастар саясаты бөлімі – 43-22-92

Жарнама, факс: 43-21-55; бух галтерия: 43-49-74; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08.

Меншікті тілшілер: Ақтоғай, Шет: 8-747-794-39-09;

Балқаш, Приозерск: 8-776-008-10-87;Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев,

Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-573-01-58;Қарқаралы: 8-702-638-56-85.

Га зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те лефондарына ха бар ла сыңыздар.

Спортшыларымыз әлемдік деңгейдегі жарыстарда оза шауып, мерейіміз өсуде. Осы қатарға болгариялық «Левски» футбол клубы құрамына қабылданған Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан СЕЙДАХМЕТТІ жатқызуға болады.

«Левски» командасында шабуылшы жыл соңына дейін жалға алу құқығымен ойнайды. Еркебұлан Болгар клубының футболшысы ретінде алғашқы сұхбатын беріп те үлгерді. Бұл сұхбат желіде кең та-

Халқымызда қалыптасқан дәстүр бойын-ша, ас адал болуы үшін оны дайындайтын, дастарханға қоятын, шай құйып беретін әй-елдің саусағында міндетті түрде күмістен жасалған сақина болуға тиіс. Қазақтар ара-сында «Сақинаны сәнге салмайды, ол – та-залыққа таразы» деген нақыл сөз бар. Бұл сөздің төркіні сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық та қызмет атқаратынын аңғартады. Дана халқымыз сақина соғыла-тын күміс таттануға ұшырамайтынын, олар судың, тамақтың тез бұзылмауына септі-гін тигізетінін, денсаулыққа жағымды әсер ететінін тым ерте байқап, білген. Заманында жас келіншектер нәрестесін шомылдырарда, жаялығын жуарда, тамақ дайындарда ауыл-дағы қарт әжелер: «Қолыңа күміс сақинаңды салып ал, ол тазалыққа, адалдыққа жақ-сы», — деп ескерткен. Нәрестені қырқынан шығарарда оны шомылдыратын суға күміс теңгелерді немесе күміс сақинаны, білезікті салған. Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыды-стан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жа-саған.

Құстұмсық жүзік пен құдағи жүзік деген-дер бар қазақта. Құстұмсық жүзікті бойжет-кен қыздар таққан, бұл жүзік — бақыттың, тәуелсіздіктің, құс тәрізді еркіндіктің белгісі. Дәстүр бойынша ұзатылып бара жатқан қы-зының қолындағы құстұмсық жүзікті анасы шешіп алып, қыз жасауымен бірге орамалға түйіп, сандығына салып жіберетін болған. Бұл жүзік қыз жағдайының хабаршысы ретін-де кейін қайтып келуі керек. Сондықтан, қыздың төркін жағынан оның қал-жағдайын білуге барған інілері осы құстұмсық жүзікті қайтып әкелсе, қыздың анасы қатты қуанып, құдағиым қызыма өз қызындай қарайды екен деп, ауыл арасына кішігірім той жасаған. Яғни, біздің түсінігімізде сәндік бұйым болып есептелетін жүзіктердің мағыналы мақсаты болатындығын ата-бабаларымыз ұстанған осы салттан көруге болады.

Құдағи жүзік — үлкен сый-құрметтің белгісі. Басқа жүзіктерге ұқсамайды. Екі са-усаққа қатар киілетін екі шеңберден тұратын жүзік – үстіңгі беті біртұтас болып келетін ұлт өнеріндегі бірегей дүние. Жас жұбайлардың жұбы жазылмасын, екеуі бірігіп тату отба-сы болсын дегенді меңзейді. Қалыңдықтың шешесі құдағиына өзінің қызына мейірім-мен қарауы үшін және құдандалы екі рудың бір-біріне ынтымағы арту үшін сыйға тар-тады. Құдағи жүзік – адамдар арасындағы сыйластықтың, адамдарға көрсетілген ілти-паттың, құрметтің белгісі. Қолында құдағи жүзігі бар егде адамды көріп, оның үй-ішіне, жақын-жұрағатына сыйлы, қадірлі кісі екенін бірден білетін болған.

ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басы-на тән бұл күміс жүзіктер мен сақиналар об-лыстық бейнелеу өнері музейінде тұр қазір. Жасаған авторлары белгісіз, яғни, халық ше-

Жәлел ШАЛҚАР,«Орталық Қазақстан»

рап, ел қуанышты хабармен бөлісуде.– Барлығы тамаша. Мен «Левски»

құрамына өткеніме қуаныштымын. Бұл – Болгариядағы ең танымал клуб екенінен де хабарым бар. Негізінен шабуылшы-мын, бірақ, екі жақ қанатта да, шабуылда да еркін ойнауға қабілетім жетеді. Жат-тықтырушы қай жерде ойна десе, сонда ойнай беремін. «Балуанға оңы не, солы не бәрібір» деген сөз бар ғой қазақта. Тіпті, қорғаушы позициясында ойнауға дайын-мын. Біз жаттықтырушымен кездестік. «Левски» командасының жанкүйерлерінің көп екенін және өте белсенді екенін білемін. Нанымды адал жеп, клубтың атақ-даңқын асқақтатуға бар күшімді сала-

мын. Әдемі голдар соғып, жанкүйерлеріме қуаныш сыйлағым келеді. Командамыз-дың жалғыз мақсаты – чемпиондықты иемдену, – деді ол.

19 жасар шабуылшы 2000 жылдың 4 ақпанында туған. Қазақстанның ең талант-ты, болашағынан үлкен үміт күттіретін жас ойыншыларының бірі. 2017 жылы ол «Тараз» командасы сапында ойнаса, кей-ін ресейлік премьер-лигадағы «Уфаға» ауысқан-ды.

Болгарияның ең беделді, тарихы терең клубтарының бірінде өнер көрсететін жер-лесімізге толағай табыс тілейміз. Қазақ футболының тасы өрге домалайтын күн алыс еместігіне сенеміз!

Білім және ғылым министрлігінің марапатын Амангелді Нөкербайұлына облыстың білім басқармасы басшы-сының орынбасары Бақтыгүл Әдеке-нова тапсырды.

– Амангелді ағамыз рухани мұра-мызды жаңғыртуда зор еңбек сіңіріп келеді. Бабадан мирас болып қалған асыл қазынамызды жарыққа шығару арқылы жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге үлкен үлес қосты.

Келешекте де көпшілік біле бермейтін соны дүниелер жарияланатынына бек сенімдімін, – деді өз сөзінде Бақтыгүл Науқанбайқызы.

А.Туғанбай – саналы ғұмырын ұлт руханиятын зерделеу ісіне арнаған жан. Талай жылы мұрағаттардағы тынымсыз еңбекпен өтті. Әсіресе, қа-зақтың қос ақыны – Нарманбет пен Кенішбайдың мұрасын айшықтаудағы қызметі ұшан-теңіз.

Арқаға аты мәлім зерттеуші, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Амангелді ТУҒАНБАЙ «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

берлерінің қолынан шыққан.Мәселен, кезінде музейге П.Имашева

тапсырған мына сақина (1 сурет) ХХ ғасыр-ға тән. Әйел адамдарға арналған. Бізбен безеу әдісі арқылы өсімдік бейнелі ою-өрнек салған қарапайым сақина.

Келесі сақиналар да (ХХ ғасыр) әйел адамдарға арналған. Бізбен безеу және ша-пқымен шеку әдістері арқылы өсімдік бей-нелі ою-өрнек салған қарапайым сақина (2 сурет).

Ал, ер адамдарға арналған мына екі жүзік Әлмағанбетованың жеке қорынан келген (3 сурет). Көз есебінде орнатылған сопақ қызғылт шыныға күмістен жүргізілген жиектер арқылы дәнекерленіп орнатылған. Орнатылған тастың түсіп қалмауы мақса-тында көмкерген жиегінің әсемдігі де мұқият ескерілген. Жалпы, жүзіктерге геометриялық фигура тектес ою-өрнекті қолданған.

Көз орнына күмістің өзін қолданған сақи-на құю немесе қақтау әдісі арқылы жасалған. Бұйымның бетіне «бура» деп аталатын ақ үгіндіні себу арқылы үстіне ою-өрнек салған. Оны отқа қыздырғанда себілген орнында дәнекерленіп, бұйым бетіне біте қайнасып, жабысып қалған.

Зергерлік бұйымдар көбінесе тастармен безендірілетін болған. Қазақ әшекейлерінде олар «тас» немесе «көз» деп аталады. Мұн-дай салыстырулар кездейсоқтық емес, орна-тылған тастар бәрін байқайтын, қорғайтын көз ретінде қабылданып, онда сиқырлы күш бар деп саналған. Барлық Шығыс халықта-рында тастарға ғажап қасиеттер таңылған. Мысалы, бирюза жүректі күшейтеді, үрейден арылтады, жауларды жеңуге көмектеседі деп есептелген. Інжу көздің шелін кетіреді, янтарь зобты емдейді деген пікір қалыпта-сқан. Қазақ қолөнерінде ақық ерекше кең тараған, ол игілік пен қуаныш тасы саналған.

Бұл тас әшекей үшін ғана емес, сондай-ақ, көз тиюден қорғайтын тұмар ретінде де қол-данылған.

Назерке ЖАРТЫНҚЫЗЫ,облыстық бейнелеу өнері музейінің

ғылыми қызметкері.

СУРЕТТЕРДЕ: 1. Сақиналар. Күміс. Ха-лық шебері. 2. Әйел адамға арналған ақық көзі бар жүзік. 3. Ерлерге арналған жүзік. Күміс. Қызғылт шыны. Халық шебері.

Сақина, жүзіктер – қазақ зергерлерінің өте көп жасайтын әшекейлерінің бірі. Сақинаны, көбінесе күмістен немесе алтыннан жасатады. Сақинаның жасалуы жүзікке қарағанда оңай. Оның сыртына шапқымен шеку, бізбен безеу әдісімен орнатылатын қарапайым ою-өрнектерден басқа ештеңе жүргізілмейді. Кейде, тіпті, ешбір ою-өрнектерсіз жасалатындары да аз емес. Ал, жүзік жасау анағұрлым күрделі. Және оның сан алуан түрлері болады. Жүзіктің үстіңгі бетіне әртүрлі асыл тастардан, түсті шынылардан немесе күмістің өзінен көз, балдақ, отау, құстұмсық орнатқан.

Сағыныш ӘБІЛОВА,«Орталық Қазақстан»

Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжі сырттай оқу бөлімінің түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсырылды.

Заманауи инновациялық тәсілдерді қолдануды жолға қойған, материал-дық-техникалық базасы жан-жақты оқу орны жылына жүздеген ауыл шару-ашылығы мамандарын дайындауда.

Салтанатты шараны құттықтау сөзімен ашқан колледж директоры Саят Оспанов 34 түлекке диплом табыстады.

Бір айта кетері, биылғы түлектер арасында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы, жақында қызмет барысында браконьерлер қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевпен бірге ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған Петр Ницык бар. Бейбіт күннің батырына колледж басшысы аудан әкімінің Алғыс хатын тапсырып, колледж ұжымы атынан иығына шапан жапты. Өз кезегінде, Петр Ницык та шынайы риза-шылығын білдірді.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

«Сарыарқа» плей-офф кезеңіндегі екінші матчта да жеңіске жетті. 1:2. Ханты-Мансының «Югра» командасына қарсылас атанған жерлестеріміз алғашқы матчта 2:3 есебімен басым түскен-ді.

Есепті «Югра» ойыншысы Павел Валентенко ашты. Ресейлік 55-ші ми-нутта «Сарыарқа» қақпасын дәл көздеді. 1:0.

Бұдан кейін қарқынды күшейткен қарағандылықтар араға екі минут сала таразы басын теңестірді. Леонид Метальников бұл шайбаны өз еншісіне жазды. 1:1.

Осылайша, қосымша таймда жалғасқан кездесудің нүктесін Айрат Зиа-зов қойды. 1:2.

Енді, қарсыластар 4 наурыз күні Қарағандыда кездеседі.

Өз тілшімізден.

Нұрқанат ҚАНАФИН,«Орталық Қазақстан»