13
Математика 5 сынып №9 орта мектебі Математика пәнінің мұғалімі Абенова Ардақ Әуелбекқызы Статистикал ық сипаттамалар Сабақ тақырыбы:

Математика 5 сынып

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Математика 5 сынып. Сабақ тақырыбы:. Статистикалық сипаттамалар. №9 орта мектебі Математика пәнінің мұғалімі Абенова Ардақ Әуелбекқызы. 1. Статистикалық сипаттамалар түрлерін анықтаймын; 2. Бірнеше санның арифметикалық ортасын, модасын, өзгерім ауқымын және медианасын табуды үйренемін. - PowerPoint PPT Presentation

Citation preview

Page 1: Математика 5 сынып

Математика 5 сынып

№9 орта мектебі Математика пәнінің мұғаліміАбенова Ардақ Әуелбекқызы

Статистикалық сипаттамалар

Сабақ тақырыбы:

Page 2: Математика 5 сынып

Сабақтың табыс критериі

1. Статистикалық сипаттамалар түрлерін анықтаймын;

2. Бірнеше санның арифметикалық ортасын,

модасын, өзгерім ауқымын және медианасын табуды

үйренемін

Page 3: Математика 5 сынып

1 топ: «Арифмеикалық орта»2 топ: «өзгеріс ауқымы»3 топ: «мода»4 топ: «медиана»

Page 4: Математика 5 сынып

«Ой шақыру»

Өмірмен

байланыс

«Сергіту сәті»

Page 5: Математика 5 сынып

Халық шаруашылығындағы қайсыбір шамалардың: егін өнімнің, заттың бағасының, қозғалыс жылдамдығының және т. с. с. сан

мәндері әр түрлі болады. Оларды есептеу статистикалық сипаттамалар бойынша жүргізіледі.

Статистикалық сипаттамалардың жиі қолданылатын түрлері: арифметикалық орта өзгеріс ауқымы, мода. Бірнеше санның

арифметикалық ортасын табуды қарастырайық.1 - есеп: Наурыз айында тоғызқұмалақ ойынынан сіздер, 5 -

сынып оқушылары: 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 ұпай аласыздар. Енді осы ұпайлардың арифметикалық ортасын табайық.

Шешуі: Оқушылардың алған барлық ұпайларының қосындысын тауып, оны ұпайлар санына бөлеміз:

(13+13+12+13+10+13+12+10): 8=12 немесе13+13+12+13+10+13+12+10

= 128

Жауабы: оқушылардың алған ұпайларының арифметикалық ортасы - 12ұпай.

Есептей нәтижесінде алынған 12 саны - берілген 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 сандарының арифметикалық ортасы.

Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні

айтады.

Page 6: Математика 5 сынып

2 - есеп:Наурыз айының бірінші аптасындағы ауаның тәуліктік орташа температурасы: 3 º, 4º, 5º, 8º, 6º, 4º, 7º болды. Осы аптадағы ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымын табайық.Шешуі: апта ішіндегі ауаның тәуліктік орташа температурасының ең көп мәні 8º, ал ең аз мәні 3º. Онда апта ішіндегі ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымы 8º - 3º=5º.Жауабы: апта ішіндегі тәуліктік температураның өзгеріс ауқымы 5º.Өзгеріс ауқымы дегеніміз – берілген сандар қатарындағы ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы.Статистикалық сипаттамалардың ең көп қолданылатын түрі – мода.Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан сол сандардың модасы болады.3 - есеп:Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағалары 5, 5, 5, 4, 3, 4, 5, 4, 5, 5. Оқушылардың осы алған бағаларының модасы қай баға?Шешуі: жиелігі ең көп баға бестік баға. Демек оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағаларының модасы бестік баға.Жауабы: математикадан алған бағаларының модасы «5 - тік» баға. Кейбір жағдайларда сандардың модасы болмайтын жағдайда болады немесе артықта болады. Мысалы: Егер оқушының тарих пәнінен алған бағалары: 3, 4, 5 болса, мұндай жағдайда оқушының алған бағаларының модасы жоқ. 

Page 7: Математика 5 сынып

Есеп: Оқушының апта ішінде математикадан алған бағаларының медианасын табайық. Егер

берілген сандарымыз тақ сан болса, онда берілген санды өсу немесе кему ретімен

жазғанан кейін тура ортасындағы сан сол сандардың медианасы болады.

Егер берілген санымыз жұп сан болса, онда берілген сандарды өсу немесе кему ретімен жазғанан кейін тура ортасындағы екі санды

қосып, екіге бөлеміз. Мысалы: математикадан алған бағалар:

5,4,5,3,4,5,5Шешуі: бағаларды өсу ретімен жазамыз:

3,4,4,5,5,5,5. Бағалар тақ саннан болғандықтан тура ортасындағы сан медиана болады: ол 5

Ал, бағалар 3,4,4,5,5,5. Жұп саннан болса тура ортасындағы екі сан (4+5):2=4,5 медиана

болады.

Page 8: Математика 5 сынып

№ Оқушылардың аты Жүгірген уақыты (секунд есебімен)

1 Назерке 14,12 Рашид 153 Естай 154 Сабина 12,35 Жақсылық 156 Алида 16,37 Аида 108 Камилла 11,59 Меруерт 12,510 Камилла 10

б) «Ойлайық кім ойшыл?» /Шығармашылық жұмыс/5 – сынып оқушыларының 100 м қашықтықты жүгірген уақыт кестесі берілген. Сол кесте бойынша сұрақ құрып, есепті шеш. Топпен жұмыс

Page 9: Математика 5 сынып

1 топ

6’’’ ‘’1 ‘20’’’’ Ф 1000’’ ‘7’ И ‘’80’’’ 60’’’ ‘’’40

10’ ‘’4 ‘’’’90’

2 топ

80’’’’’ 6’’’ ’10 D ‘’’9’ ‘’’=’’ ‘4’’ ‘’1000 ‘’8’’ 50’ 2’ ‘’’. Y

3 топ‘0’ ’’100 ‘’8’’ 2K=P ‘’’80’’ 6’’’ ‘’50

40’’’ 1000’‘’’’20’ 10’ ‘’’=’’ ‘’’’90’

Page 10: Математика 5 сынып

Ашық журнал5 А сынып

Тақырыбы: «Статистикалық сипаттамалар»11 – 12 балл «5» 8-10 балл «4» 5-7

балл «3»р/с

Оқушының аты - жөні

1 деңгей «5» балл

2 деңгей «4» балл

3 деңгей«3»

балл

Сыныпта жинаған

балы

Үйде Барлық балл

Баға 

1 2 3 4 1 2 3 1 2        

1 Назерке                          2 Рашид                          3 Естай                          4 Сабина                          5 Жақсылық                          6 Алида                          7 Аида                          8 Камилла                          9 Меруерт                          10 Камилла                          11 Әлішер                          

12 Диас                          13 Данияр                          14 Әлішер                          15 Диас                          16 Аяулым                          17 Азиз                          18 Мадияр                          19 Мұхамедәли                          20 Алина                          21 Гүлжаз                          22 Сайлаубек                          23 Темірлан                          24 Жандос                          

Page 11: Математика 5 сынып

АІ топ. 7,381; 5,004; 6,118; 8,019; 7,815; 5,863. ІІ топ. 42,165; 0,61; 3,42; 22,165; 8,36; 17,84. ІІІ топ. 23,65; 18,21; 62,75; 1,25; 7,83; 5,35.

ВІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 4,6-ға тең.

Бірінші сан 5,4. Екіншісін тап.ІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 3,1-ге тең.

Бірінші сан 3,8. Екіншісін тап.ІІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 4,9-ға тең

Бірінші сан 5,2. Екіншісін тап. С

І топ. Екі санның арифметикалық ортасы 22,49-ға тең. Екінші сан біріншісінен 1,6 есе артық. Осы сандарды тап.

 ІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 4,4-ке тең.

Екі санның біреуі екіншісінен 1,4-і артық. Осы сандарды тап.

 ІІІ топ. Екі санның арифметикалық ортасы 30-ға тең. Бір сан екіншісінен 1,5 есе артық. Осы сандарды тап.

Page 12: Математика 5 сынып

Үйге тапсырма:А тобы: №1214,В тобы: № 1222С тобы: № 1230 есептерді шығарып келу, ережелерді жаттау

Page 13: Математика 5 сынып

Назарларыңызға рахмет!