47
Информатика 9 сынып Тақырыптық күнтізбелік жоспар Аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат Тақырып аттары Өтілетін күні 1 Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi мен еңбек тәртібі. Электр тогы зақымдаған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы. 1-тарау. Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы 2 Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері. 3 Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі. Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі. 4 Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы. Компьютерде есеп шығару есептері 2-тарау. Паскаль -программалау тілі 5 Паскаль-программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Паскаль ортасымен жұмыс. Программа мәтінін теру. Анықтама жүйесі. Программаның орындалуы. 6 7 Паскаль программалау тілінің алфавиті. Тілдің қарапайым объектілері. Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Өрнектер және олардың жазылуы. 3-тарау. Паскаль тілінде программа дайындау жолдары 8 9 Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі. Енгізу, шығару операторлары. Сызықтық алгоритмдерге программа құру 10 Бақылау жүмысы. 11 12 Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары. 13 Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін қайталау операторы-WHILE 14 Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы-REPEAT 15 Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы FOR 16 Бақылау жұмысы 4-тарау. Символдардан және сөз тіркестерінен тұратын шамалар 17 18 Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері. Символдық мәліметтерді енгізу. Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу 5-тарау. Мәліметтердің айнымалы және күрделі типтері 19 20 Айнымалы типтері. Мәліметтердің шектеулі типтері. Жиымдар. Бір өлшемді жиым элементтерімен жұмыс. 21 22 Көпөлшемді жиымдар. Екіөлшемді жиым элементтерімен жұмыс. 23 Бірөлшемді және екіөлшемді жиым элементтерімен жұмыс 6-тарау. Көмекші программалар 24 25 Көмекші программалар туралы жалпы түсінік. Стандартты кітапханалық модульдер. Бейстандарт функциялар мен процедуралар 26 Бақылау жұмысы 7-тарау. Графика 27 Графикалық режимге көшу адаптерлері. CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері. 28 29 Графикалық процедуралар мен функциялар. Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары 8-тарау. Компьютерлік желілер 30 Компьютерлік желінің негізгі түрлері. Жергілікті желілер.

9-сынып Информатика.docx

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 9-сынып Информатика.docx

Информатика 9 сынып Тақырыптық күнтізбелік жоспар

Аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат

№Тақырып аттары

Өтілетін күні

1Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi мен еңбек тәртібі. Электр тогы зақымдаған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы.

1-тарау. Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы2 Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері.3 Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі. Алгоритмдік тіл және

программалау тілі ұғымы. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі.4 Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы. Компьютерде есеп шығару есептері

2-тарау. Паскаль -программалау тілі5 Паскаль-программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Паскаль ортасымен жұмыс.

Программа мәтінін теру. Анықтама жүйесі. Программаның орындалуы.67

Паскаль программалау тілінің алфавиті. Тілдің қарапайым объектілері. Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Өрнектер және олардың жазылуы.3-тарау. Паскаль тілінде программа дайындау жолдары

89

Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі. Енгізу, шығару операторлары. Сызықтық алгоритмдерге программа құру

10 Бақылау жүмысы.1112

Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары.

13 Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін қайталау операторы-WHILE14 Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы-REPEAT15 Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы FOR16 Бақылау жұмысы

4-тарау. Символдардан және сөз тіркестерінен тұратын шамалар1718

Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері. Символдық мәліметтерді енгізу. Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу5-тарау. Мәліметтердің айнымалы және күрделі типтері

1920

Айнымалы типтері. Мәліметтердің шектеулі типтері. Жиымдар. Бір өлшемді жиым элементтерімен жұмыс.

2122

Көпөлшемді жиымдар. Екіөлшемді жиым элементтерімен жұмыс.

23 Бірөлшемді және екіөлшемді жиым элементтерімен жұмыс6-тарау. Көмекші программалар

2425

Көмекші программалар туралы жалпы түсінік. Стандартты кітапханалық модульдер. Бейстандарт функциялар мен процедуралар

26 Бақылау жұмысы

7-тарау. Графика27 Графикалық режимге көшу адаптерлері. CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік

мүмкіндіктері.2829

Графикалық процедуралар мен функциялар. Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары8-тарау. Компьютерлік желілер

30 Компьютерлік желінің негізгі түрлері. Жергілікті желілер. Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар

31 Ауқымды компьютерлік желі. Электронды пошта9-тарау. Модельдер және модельдеу түсінігі

32 Модельдің түрлері: таңбалық және вербальдық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер. Моделдеудің негізгі кезеңдері.

33 Сынақ жұмысы34 Қорытынды, қайталау

Жалпы сағат саны

Page 2: 9-сынып Информатика.docx

№1 сабақ Сыныбы:_________ Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру;Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері Сабақтың өту барысы:1. Оқушыларды ұйымдастыру2. Жаңа тақырыпты түсіндіру3. Сабақты бекіту4. Үйге тапсырма

1.НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРҚазССР халыққа білім беру министрлігінің 08.02.90 жылғы бұйрығына сәйкес, барлық оқушылар оқу процесінде есептеу техникасын қолдану алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер ережелерімен, электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын жаттығулармен танысулары қажет. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау берілгеннен кейін оқушылар сынақ тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес үлгідегі журналға тіркеу керек.ЕТ кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек қауіпсіздігін сақтау талаптарына қауіпсіздік техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртіп ережелері, электр тогымен зақымданғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек тәсілдері, жалпы шаршағанда және көз талғанда колданылатын жаттығулар жатады.

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІҚауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:1. Жалпы2. ДК-де жұмысты бастау алдында3. Жұмыс істеу кезінде4. Авариялық жағдайларда5. Жұмысты аяқтағандаЖалпы қауіпсіздік талаптары:1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.3. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.4. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.5. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.6. Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.7. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын кауіпсіздік талаптары:1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігінжәне айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігінекөз жеткізу керек.2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі кою керек.

ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:1. ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең колайлы кашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

Page 3: 9-сынып Информатика.docx

3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсетуәдістерін, өрт сөндіргіпшен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.3. Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмдынемесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауғаболмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдардыпайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету: 1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру);2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмеккөрсету; 4. Дәрігер шақыру {мектептің меддунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесежакын жердегі емдеу мекемесінен).

Күйгенде көмек керсету:1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);2. Күйген жеріне май жағу (винилин);3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесежақын жердегі емдеу мекемесінен).

Талып қалғанда көмек көрсету:1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Демі тоқтағанда көмек көрсету:1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру;2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру(ауыздан-ауызға) керек.

КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР1-жаттығу - Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.- Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.

Page 4: 9-сынып Информатика.docx

Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.

2-жаттығу- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.- Көздерінді талдырмаңдар.- Алысқа қадалып қарандар.

3-жаттығу- Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.- Алысқа қадалып қарандар.

4-жаттығу- Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.- Алысқа қадалып қарандар.

5-жаттығу- Бастарыңды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.- Алысқа қадалып қараңдар

6-жаттығу- Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.- Алысқа қадалып қараңдар.

7-жаттығу- Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.

Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау. Жұмыс дәптеріндегі беттердегі тапсырмаларды орындау.

Page 5: 9-сынып Информатика.docx

№2 сабақ Сыныбы:_________ Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері. Алгоритм ұсыну тәсілдері.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың алгоритм түсінігі және қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру;Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу; Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, практикум.Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.4. Тапсырмаларды орындау.5. Сабақты бекіту.6. Үйге тапсырма.

Өткен материалды қайталау сұрақтары: Санау жүйесі дегеніміз не?

(Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын- санау жүйесі деп атайды.) Логика дегеніміз не?(Логика - бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын

пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.) Пікір дегеніміз не?(Пікір дегеніміз - жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау.) Компъютердің логикалық элементтері дегеніміз не?

(Компъютердің логикалық элементтері дегеніміз - ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС злектрондық схемалары жэне (вентиль деп аталатын) басқалары, сондай-ақ триггер.)

Операциялық жүйе дегеніміз не?(Операциялық жүйе- бұл комдьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық

құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.

Жаңа түсініктер:Алгоритм

Қазіргі заманда адам көп істі компьютерді пайдалану арқылы атқарады. Кез келген міндетті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылып қоюын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде программа түзіледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу процесінің мәні алгоритмді құру екені көрінеді. Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады. Қазіргі қоғам өміріндегі алгоритмдеудің рөлі оны пайдаланудың техникалық аспектілерімен ғана айқындалмайды. Алгоритмдік қатынас адамдардың күнделікті өмірінен, олардың әдеттегі жұмысынан айырғысыз. Басым көп жағдайларда адам қызметінің нәтижесі оның өз әрекеттерінің алгоритмдік мәнін қаншалықты дәл білетіндігіне тәуелді: әр мезетте, қандай ретте не істеу керек; әрекеттер қорытындысы қандай болу керек. Бұл белгілі дәрежеде алгоритмдерді құрастыру мен падалана білуге қатысты.

“Алгоритм” сөзі ІХ ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезми атының латынша жазылу – algorithmi – қалпынан шыққан.

Алгоритм және оның қасиеттеріКез келген адам күнделікті көптеген жұмысқа кезігеді, ал оларды атқарудың жолдарын

көрсететін белгілі ережелер (нұсқаулықтар, ұйғарымдар) болады. Бұл арада компьютерді өшіру жөніндегі ретті әрекеттерден тұратын сізге таныс нұсқаулық үлгі бола алады:1. Барлық ашық тұрған қосымша терезелерін жабу.2. “Пуск” батырмасын шерту.3. Басты менюден “Выключить компьютер” пунктін таңдау.4. Диалог терезесінде “Компьютерді өшіру” пунктін таңдау.5. “Да” батырмасын шерту.

Page 6: 9-сынып Информатика.docx

Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым алгоритм деп аталады.

Алгоритм орындаушысы дегеніміз – құрастырылған алгоритммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект.

Алгоритмдерді құрастырғанда келесі талаптар ескерілуі керек:1. Алгоритм айқын аяқталған әрекеттер болып табылатын жеке қадамдарға бөлінуі керек. Орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғысын аяқтағаннан кейін ғана мүмкін. Алгоритмнің жеке қадамдардан құрыла алатын қасиеті дискреттігі деп аталады.2. Алгоритмнің әр ұйғарымы немесе командасы орындаушыға түсінікті болуға тиіс, яғни олар бір мағынада түсініліп, қайталанатын алғашқы деректер бойынша бірыңғай нәтижелерге әкелуге тиіс. Алгоритмнің бұл қасиеті анықтығы деп аталады.3. Алгоритмнің нақты бір мәселені ғана емес, бүкіл біртипті мәселелерді шеше алатын мүмкіндігі бар. Мысалы, квадрат теңдеуін шешетін алгоритм оның түбірін кез келген коэффициент мәндерінде табуға мүмкіндік береді, ал жол жүру ережелері баршаға ортақ. Алгоритмнің бұл қасиеті көпшілікке бірдейлігі деп аталады.4. Нәтижелілігі. Айқын белгіленген әрекеттер тізімінің әрқайсысы нәтижеге жеткізе бермейді. Орындаушы үшін ол орындап отырған әрекеттер тізімі, егер олар мәселені қолайлы мерзімде шешуге жеткізсе, алгоритм болып есептеледі.

Осылайша алгоритм мынадай қасиеттерге ие: дискреттік, анықтық, көпшілікке бірдейлік, нәтижелілік.

Егер алгоритмдердің жасалу құрылымын қарасақ, олардың жасалуының үш негізгі түрін атап көрсетуге болады: сызықты, тармақталған, циклдік.

Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін ілесу тәртібімен орындайтын болса, алгоритм сызықты деп аталады.

Орындаушының әрекеттері кейбір шарттарды тексеру нәтижелерімен белгіленетін болса, ол алгоритм тармақталған болып саналады.

Жеке командалар немесе команда топтары көп рет қайталанатын болса, алгоритм циклдік деп саналады.

Сабақты бекіту сұрақтары:1. Алгоритм дегеніміз не? Алгоритмдердің мысалдарын келтіріңіз.2. Алгоритмдердің орындаушыларын атаңыз?3. Алгоритм командасы дегеніміз не?4. Орындаушы командаларының жүйесі дегенеміз не?5. Алгоритм қандай қасиеттерге ие болу керек?6. Алгоритмді графика түрінде қалай көрсетуге болады? Көрсетудің осы әдісінің

артықшылықтары.Үйге тапсырма:Оқулықтан 1.1, 1.2,-бөлімді оқу, тапсырмаларды орындау.

Page 7: 9-сынып Информатика.docx

№3 сабақ Сыныбы:_________ Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Атқарушы ұғымы, атқарушы командалар жүйесі. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың орындаушы түсінігі және орындаушы командалар жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру; Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу; Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнгедеген

қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі2. Үйге берілген тапсырманы тексеру3. Жаңа тақырыпты түсіндіру4. Тапсырмаларды орындау5. Сабақты бекіту6. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары:1. "Алгоритм” дегеніміз не?2. Алгоритм қай ғалымның атына берілген?3. Алгоритмнің қасиеттері қандай?4. Алгоритм құрылымына қарай қалай бөлінеді?5. Алгоритмнің бейнелеу әдістері қандай?6. Блок-схема дегеніміз не?7. Блок-схеманың кескіндерін сызып қызметтерін айтыңыз?

Жаңа сабақАлгоритм тілі - бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына

арналған белгілер мен ережелер жүйесі.Алгоритм тілі, бір жағынан, кәдімгі тілге жақын, сондықтан әдеттегі мәтін ретінде

оқылады және жазылады. Екінші жағынан, алгоритм тілі пішіні жөнінен программалау тіліне жақындайды, бұл ЭЕМ үшін программалау тілін тез үйренуге мүмкіндік береді.

Алгоритм тілінің өз сөздігі бар. Оның негізін осы тілдің командасын жеткізетін сөздер құрайды. Алгоритм тілінде сондай-ақ мағынасы мен қолдану әдісі өзгермейтін сөздер пайдаланылады. Олар қызмет етуші сөздер деп аталады.

Алгоритм тілінің қызмет етуші сөздері әдетте қысқартылған нұсқада ерекшеленеді және жазылады да, алгоритмді безендіру үшін пайдаланылады.

Алгоритмнің аты қызмет етуші алг (алгоритм) сөзінен кейін жазылады және мүмкіндігінше ол осы алгоритммен сипатталатын есептің шешуін көрсетуі керек.

Алгоритм атынан соң командалар келеді, олар алгоритмнің басталуы мен аяқталуын көрсететін қызмет етуші басы және соңы сөздерінің арасында тұрады:

Алгоритмнің жалпы көрінісі мынадай болады:Алг алгоритмнің аты басы алгоритм командалары (серия); соңыАлгоритм командалары рет-ретімен жазылады. Бір жолда бірнеше команда жазылуы мүмкін.

Мұндай жағдайда олар нүктелі үтірмен “;” бөлінеді.Бірінен кейін бірі орындалатын бірнеше команданың жиынтығы серия деп аталады. Серияның

бір командадан тұруы да мүмкін. Алгоритм тілінде ұсынылған алгоритмдердің орындаушысы адам екенін ескере отырып, біз қажетіне қарай жаңа командаларды айқындаймыз және енгіземіз, олардың әрекеттері біздің орындаушыға түсінікті.

Алгоритмдерді алгоритм тілінде сипаттау бізге алгоритмдерді программалау тілінде тиімді ұсынуға қосымша қызмет етеді. Сондықтан біз қолданылатын алгоритм тілі командаларының пішіні алдағы кезде біз пайдаланатын программалу тілі командаларының пішіндеріне мейлінше жақындатылған.

Алгоритм командасы “:=” белгісінің көмегімен жазылса, меншіктеу командасы деп, ал “:=”

Page 8: 9-сынып Информатика.docx

белгісі меншіктеу белгісі деп аталады.Мысал1. Ү мәнін Y=(AX-B)*(CX+D) формуласы бойынша Х-тің кез келген мәні үшін есептеп

шығару.Бұл есепті шешу үшін төмендегі алгоритмде тұжырымдалған әрекеттерді ретімен орындау

жеткілікті:Алг есептеу басы A*X көбейту; нәтижені R1 белгілеу

R1-B азайту; нәтижені R2 белгілеу C*X көбейту; нәтижені R3 белгілеу R3+D қосу; нәтижені R4 белгілеу R2*R4 нәтижені Ү мәні деп есептеу

соңыЕнгізілген меншіктеу командасын ескеріп, осы алгоритмді былай жазуға болады:Алг есептеп шығару басы

R1:=A* X; R2:-R1-B; R3:=C*X; R4:=R3+D; Y:=R2*R4;

соңы Алгоритмдер көрсетімінің әдістері

Алгоритмдер сипаттамасының, көрсетімінің әдістері көп. Біз төртеуіне тоқталамыз: табиғи тіл, графикалық тіл, алгоритмдік тіл және программалау тілі. Табиғи тіл (орындаушы - адам) – орыс, қазақ, ағылшын тілдерінің сөздері; Графикалық тіл (орындаушы - адам) – әрекеттер сипаттамасы бар графикалық схемалар

(блок схемалар); Алгоритмдік тіл (орындаушы - адам) – әрекет немесе орындаушыға арналған командалар

мағынасы берілетін табиғи тілдің белгілі сөздері; Программалау тілі (орындаушы - компьютер) – программалау тілінің командалары.

Блок-схемаларАлгоритм көрсетімінің ең көрнекі әдісі болып блок-схемалар түріндегі графикалық

көрсетім саналады. Алгоритм бұл жерде блоктар бірізділігі түрінде бейнеленеді. Олар ішіне орындалып жатқан әрекеттерді түсіндіретін ақпарат орналасқан. Блоктардағы сызықтар блоктар арасындағы байланыс функцияларын орындайды.

Негізгі блоктар мен олардың кескіндерін қарайық:Блоктар кескіндемесі Блоктар қызметі

Алгоритм басы

Алгоритм соңы

Есептеуіш әрекет

Деректер енгізу, деректер шығару

Шартты тексеру

Циклдің басы

Көмекші алгоритмді шақыру

Page 9: 9-сынып Информатика.docx

Сызықтық құрылым алгоритмінің блок-схемасы мынадай түрде болады:

Практикум арқылы орындайтын тапсырмалар. 1.2 тапсырмалар

Практикум:Y=(2x+3)*(7x-5) Yмәнін есептеп шығару алгоритмін құрыңыз.

Үйге тапсырмаТапсырма.Y=(5-(x-3)2)/((x-3)2+4) Yмәнін есептеп шығару алгоритмін құрыңыз.Оқулық: 1.3-ТАҚЫРЫПТЫ ОҚУ. 13,14,15 БЕТТЕРДЕГІ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ.

басы

ектер енгізу

Page 10: 9-сынып Информатика.docx

№4 сабақ Сыныбы:_________ Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға алгоритм типтерін түсіндіру.Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу; Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, проект, документ камера, оқулық, практикум.Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.4. Тапсырмаларды орындау.5. Сабақты бекіту.6. Үйге тапсырма.

Жаңа сабақ.Түйінді сөздер – алдын ала мағынасы анықталған,тілдің құрамының бір бөлігі болып

табылатын сөздер.Идентификатор дегеніміз – программалау процесінде қолданылатын арнайы таңбалар мен

белгілеулер. Идентификатор міндетті түрде әріптен басталып, сегіз символдан аспауы керек, Идентификатор ретінде тек латын әріптері мен сандар алынады.

Стандартты идентификатор тілдің құрамына кіретін тұрақтылар мен айнымалылардың типтерін, тұрақты және айнымалы шамаларды, процедуралар мен функцияларды белгілеу үшін тағайындалады.

Қолданушының идентификаторы белгілі бір ереже бойынша, программа жазу барысында құрастырылады. Паскаль тілінің алфавитіне кіретін символдарды үш топқа бөлуге болады: әріптер, цифрлар және символдар.

Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады, олар:

Атау ретінде (идентификатор) пайдаланылатын символдар; Цифрлар; Айыру белгілері; Арнайы символдар;Атау символдары рөлін латын алфавитінің 26 әрпі және цифрлар атқарады.а) Әріп ретінде латын алфавитінің бас әріптері және кіші әріптері

қолданылады, олар:A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Zа b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z

және астын сызу таңбасы (_).Бас әріптер мен кіші әріптер бірдей болып есептеледі, Мысалы: Х пен х бір айнымалының

атауы, дәл сол сияқты ALFA1, aLfA1 және alfa1 де бір атаудың жазылу түрлері болып саналады. Атауларда әріптер цифрлар мен араласып жазыла береді, бірақ атаудың алғашқы символы міндетті түрде әріп болуы тиіс, мысалы, VES1, SALMAK2,Baga5, cena7, T7S25 т.с.с.

Ұлттық алфавит әріптері (қазақ, орыс, араб т.с.с.) атау ретінде қолданылмайды, олар екі жағынан апострофпен (жоғарғы үтірге (‘’)) оқшауланған тұрақты сөз тіркестері немесе жақшаға алынған түсініктеме ретінде ғана кездеседі.ә) ондық цифрлар: (0..9)сан таңбалары.Оналтылық цифрлар ондық цифрлардан және A-дан F-қа (немесе a-дан f-қа) дейінгі латын әріптерінен тұрады.

Арнайы символдарға пунктуациялық және операция (амалдар) белгілері жатады.б) Арифметикалық амалдардың белгілері:+ (қосу); * (көбейту);- (азайту); / (бөлу);DIV – бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөліндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 амалының нәтижесі 3;

Page 11: 9-сынып Информатика.docx

MOD – қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3-нәтижесі 1; Логикалық амалдардың белгілері:AND – және (логикалық көбейту ) операциасы;OR – немесе (логикалық қосу ) операциасы;NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару ) операйиасы;Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.

Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау Үй тапсырмасын беру: Программалау тілі. Тілдің алфавиті.

Бағалау

Page 12: 9-сынып Информатика.docx

Пән: информатика Сыныбы:_________ Күні: ___________

5-6. Сабақ: Тақырып. Есептер шығару кезеңдері.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру.

1. Білімділік: Оқушылар Паскаль программалау тілінің алфавитін және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін білуі тиіс.

2. Дамытушылық: Оқушылар Программалау тілін іске қосуын терезе элементтерімен таныстыру

3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.

Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:

Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру2. Үй жұмысын сұрау

Алгоритм мен программаның қандай ұқсастықтары және айырмашылықтары бар?Компьютерде орындалатын алгоритмдердің қандай қасиеттері болады?Алгоритмдерді өрнектеу жолдары қандай?

Жаңа сабақАнықтама. Берілген реті бойынша алдын ала бекітілген командалар жүйесіне кіретін

командалар тізбегін автоматты түрде орындайтын адамды немесе техниканы орындаушы деп атаймыз.Мысалы, компьютер орындаушы болып табылады. Компьютерде машина кодтарынан тұратын командалар жүйесі жазылған. Программа арнайы құрылған адамға түсінікті командалар тізбегінен тұрады, сол программа компьютер жадына енгізіледі. Транслятор (арнайы программа ) енгізілген программаны машина кодына аударады. Компьютер сол арқылы программаны автоматты түрде орындайды. Яғни компьютер тек орындаушы қызметін атқарады, программаны адам жазады. Егер оқушы есепті түсінбей, мұғалімнің алдын ала берген формуласы бойынша шығаратын болса, ол да тек орындаушы қызметін атқарған болып табылады. Сонымен орындаушыдеп, алдын ала бекітілген әрекеттер тізбегін түсінбей автоматты түрде орындайтын механизмді айтуға болады. ЭЕМ көмегімен есептерді шешуге дайындау процесінде бірнеше кезеңді ерекшелеуге болады:1. Математикалық модель құруды қамтитын есептің қойылуы.2. Есепті шешуді алгоритмін жазу.3. Программаны құрастыру.4. Программаны жөндеу.5. ЭЕМ-де есепті шешу және нәтижелерді талдау.

1. Есептің қойылуыАлғашқы деректердің, есеп шарттарының және оны шешу мақсаттарының дәл сипатталуы

есептің математикалық қойылуы деп аталады. Есеп қойылғанда алғашқы және қажетті деректерді анықтап, атап өту керек, қандай нәтижелер және қандай жағдайда алу қажет екенін айқын түсіну керек. Зерттеу объекті математикалық терминдерде сипатталады, алғашқы деректер мен қажетті нәтижелер арасындағы байланыс белгіленеді, бұл нақты объектіні зерттеу математикалық зерттеуге түйістіреді.

Page 13: 9-сынып Информатика.docx

2. Есеп шығару алгоритмін жазу.Есепті шешу әдісі шын мәнісінде есептің қойылуында көрсетілген. Бірақ егертәсілдер

сипаттамасында формулалар кез келген тәртіпте жазылуы мүмкін болса, алгоритмдерде айнымалылардың әрқайсысы өз мәнін оны басқа операцияларда қолданғанша иемденуі керек.Алг есептеу S басы зат S1, S2 енгізу R1, R2 е гер R1<R2 немесе R1<0 немесе R2<0 онда шығару “шешуі жоқ” әйтпесе S1:=p*R12; S2:=p*R22; S:=S1-S2; шығару S болдысоңы

3. Программаны құрастыруӘрбір ЭЕМ-нің машиналық командаларының өз тілі болады және тек сонымен жазылған

программаларды орындай алады. Сандар тілі бола тұра, машиналық тіл программалауға жарай бермейді, өйткені программистен программаны жазу және жөндеу үшін көп уақыт талап етеді. Осы себептен QBasic, Паскаль және т.б. программалау тілдері кеңінен тараған. Алгоритмді программалу тілінде жазу операциясы кодтау деп аталады.

4. Программаны жөндеуЖөндеу кезеңінің негізгі мақсаты – программадағы қателерді табу және түзету. Қазіргі бағалар

бойынша, программаны жөндеу програмист оны өңдеуге арналған уақыттың 20-дан 40%-на дейін жұмсайды. Сондықтан программа жөндеудің тәсілдері мен құралдарын меңгеру өте маңызды.

5. Есептерді ЭЕМ-де шығару және нәтижелерді талдау.Тест есебімен айқындалған қателерді жойғаннан кейін, берілген есептің шешуі нәтижелерін алуға

болады. Есептің алғашқы деректері дайындалып, ЭЕМ-ге енгізіледі. Шешу нәтижесінде алынған шығыстық деректер есепті қоюшымен талданады, өңделеді. Талдау негізінде тиісті шешімдер, кепілдемелер жасалады.

Сабақты бекіту сұрақтары:1. ЭЕМ-де есептер шығару программаларын құрастырудағы негізгі кезеңдерді атап шығыңыз?2. Есептің қойылуы не үшін керек?3. Программаны жөндеу кезеңінде қандай қателер пайда болуы мүмкін?4. Программаны ЭЕМ-де іске асыру барысында қандай жөндеу құралдары пайдаланылады?5. ЭЕМ-де есептерді шығарыңыз?

Үйге тапсырма:Оқулықтан 1.9-бөлімді оқу, тапсырмаларды орындау.

Пән: информатика Сыныбы:_________ Күні: ___________

Page 14: 9-сынып Информатика.docx

7. Сабақ: Тақырып. Қадамдап бөлу әдісі.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль программалау тілінің құрылымымен және орындалу ретімен таныстырып, программа бөліктерінде қолданылатын міндетті түрдегі түйінді сөздердің орналасу ретін қатаң сақтауды үйрету.

1. Білімділік: Оқушылар программаның құрылымымен, оның орындалу ретін және программада қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын білуі қажет.

2. Дамытушылық: Оқушыларға Паскал тіліндегі программаның құрылымы. Пакаль тілінің программасының жазылу ережесінің ерекшеліктерін түсіндіру.

3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.

Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:

Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары. Оқулық және дәптерлері.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Лекция сабақ

Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру2. Үй жұмысын сұрауТілдің алфавиті не үшін қажет?Паскаль тілінің алфавитіне қандай символдар кіреді?Тілдің ерекшеліктеріне қарай символдар қандай топтарға жіктеледі?Паскаль тілінде қандай символдар қолданылмайды?

Жаңа сабақ

Әріп ретінде латын алфавитінің бас әріптері және кіші әріптері қолданылады, олар:

A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Zа b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z

және астын сызу таңбасы (_).Тіл объектілерін , яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен

үйымдастырылуын алдын ала аңықтайтын сөйлемдер жиыны программаның сипаттамасы болып табылады.

Компьютер орындай алатын программа жазуы үшін программалау тілінің синтаксисі (оның әлементтерін жазу ережелері) мен семантикасын (оларды пайдаланудың мағыналық ережелері) болуы қажет.

Паскаль тіліндегі программа жеке жолдармен тұрады. Оларды теру , түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программа қатарларының алдыңдағы азат жол немесе бос орындар саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарға бірнеше команда немесе операторларды бір-бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратып жазуға болады. Бір жолға жазылатын символдар саны 256 –дан аспауы керек.

Түзетуге жеңіл, оқуға ыңғайлы болуы үшін бір жолға бір оператор жазған дұрыс. Кез-келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан,

яғни атынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі орналасады.

Page 15: 9-сынып Информатика.docx

Бұл бөлім програмадағы айнымалылар, тұрақтылар сияқты объектілердің қасиеттерін алдын-ала бекітіп анықтап алуға көмек теседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады. Программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.Ороындалатын іс-әрекеттер, командалар, операторлар бөлімінде орналасады. Ол begin түйінді

сөзінен басталып, барлық атқаратын операторлар (командалар) тізбегі жазылып біткен соң, end түйінді сөзінен аяқталып, соңына нүкте қойылады.Программа құрылымын суретте көрсетілгендей етіп бейнелеуге болады.

Операторлар бөлімінде командалар реттеліп орналасады, олардың кейбірі шарттқа байланысты атқарылса, ал кейбірі қайталанып цикл немесе қосымша программа түрінде де орындалу мүмкін.

Тұрақтылар ____ мәндері белгілі және программаның орындалу барысында өзгермейтін шамалар. Айнымалылар ____ программаның орындалу барысында мәндерін өзгертуге болатын шамалар. Тип ____ обьектілердің қабылдай алатын мәндерінің жиынын және оларға қолданылатын амалдардың түрлері мен орындалу жолдарын анықтайды. Бүтін тип ____ мәндері – 32768 бен + 32767 аралығындағы бүтін сандар болатын айнымалылар және integer стандартты идентификаторымен сипатталады. Байттық тип -

Нақты тип ___ 10-33- ден 10+33- ге дейінгі аралықта жататын оң, теріс және 0 сандарын қабылдай алатын айнымалылар және real стандартты идентификаторымен сипатталады. Логикалық тип ___ тек қана True және False логикалық мәндерінің бірін ғана қабылдай алатын айнымалылар және boolean стандартты идентификаторымен сипатталады. Символдық тип ____ мәндері бір ғана символ бола алатын айнымалылар және char стандартты идентификаторымен сипатталады. Стандартты жай типтерге бүтін, байттық, нақты, символдық және логикалық типтер жатады. Программадағы мәліметтердің, шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне жатуы тиіс. Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын айтады, яғни тип деген шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама. Мәліметтердің әрбір типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады. Кез келген тұрақты, айнымалы, функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады. Паскаль тілі үшін шамалардың типін көрсету міндетті. Сондықтан программаның сипаттау бөлімінде қолданылатын барлық шама атаулары және оның типтері көрсетілуі қажет. Тілде пайдалынатын типтер скалярлық және құрылымдық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Ал скалярлық қарапайым типтер алдын ала анықталған стандартты және жасанды тип болуы мүмкін.

Бүтін-INTEGER,BYTE,SHORTINT,WORD,LONGINT; Нақты – REAL,SINGLE,DOUBLE,EXTENDED,COMP; Логикалық – BOOLEAN; Символдық – CHAR; Тіркестік – (STRING); ASCII – жолдық(PCHAR), Мәтіндік файл(TEXT), Көрсеткіштік (POINTER)тәрізді типтер жатады.

Құрылымдық (структуралық) тип: жиымдар – ARRAI, жахбалар – REKORD, жиындар – SET және

Program BASTAU;

Сипаттау бөлімі

Begin

Операторлар бөліміEnd.

Page 16: 9-сынып Информатика.docx

файлдар – FILE түріне бөлінеді. Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар,

атаулар функциялар, жиымдар, т, б. мағынасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады. Программалау тілінің белгілі бір іс - әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар

ең қарапайым сөйлем оператор деп аталады. 1. Екі амал қатар жазылмайды (А+-В өрнегі дұрыс жазылмаған, өрнек А+(-В) түрінде жазылуы

керек). 2. Басымдығы жоғары амалдар алдымен орындалады (мына өрнекте x*y-d/4 алдымен көбейту

мен бөлу амалдары, сонан соң азайту амалы орындалады).3. Егер барлық амалдардың орындалу басымдығы бірдей болса, олар солдан оңға қарай орналасу

ретімен біртіндеп орындалады (2/һ*і өрнегінде алдымен 2 саны һ бөлініп, сонан соң нәтижесі і –ға көбейтіледі).

4. Жақшаның ішіндегі амалдар алдымен орындалады ((а+b)*(c+b)) өрнегінде көбейту амалы ең соңынан орындалады.

5. Математикалық мағынасы жоқ өрнек жазуға болмайды, мысалы: нөлге бөлу, нөлді логарифмдеу, теріс саннан түбір, т. с. с.

6. Паскальда өрнек бір жолда тізбектеліп жазылады.Математикалық түрі: Паскаль тілінде жазылуы:

1) ах3 – bx+c a*sqr(x)*x-b*x+c

2) √|In(cos x+sin x )| sqrt (abs(соs(x)+sin(x))))

3) sin 2x-cosx2 sgr(sin(х))-cos(sqr(х))

4)

a2+eх2

a2+e−х2

(sgr(а)-ехр(sqr(х)))//(sqr(а)+ехр(-sgr(х)))

5)

a2+b2

absin3

x

(sgr(а)+(sgr(b)))/ (а*b*sqr (sin (х) )*sin (x ))

6) xyinx Exp ( y*ln( x ) )

7) e3√ x+ y Exp ( 1/3*ln ( x+y ))

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау Үй тапсырмасын беру: Программа және оның құрылымы.Бағалау

Page 17: 9-сынып Информатика.docx

Пән: информатика Сыныбы:_________ Күні: ___________

8. Сабақ: Тақырып. Программалау тілі. Программа және оның құрылымы.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде программаның құрылымын программасының жазылу ерекшеліктерін көрсету.

1. Білімділік: Оқушылар Паскаль тілінде тіл объектілерін, программада пайдаланатын операторлардың тізбегін көрсету.

2. Дамытушылық: Оқушылар программалау тілдерінде «өрнек», «оператор»,«тіл синтаксисі» мен «семантикасы» түсіндіру көрсету.

3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.

Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламаларыСабақ түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: Лекция сабақ

Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру2. Үй жұмысын сұрау

Мәліметтер дегеніміз не? Мәлімет енгізу дегеніміз не?Нәтиже алу дегеніміз не?

Жаңа сабақПаскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. Қандай да бір блок ішінде басқа да

кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олрадың алғашқысы – мәліметтерді сипаттау бөлімі ал екнішісі- сол мәліметтреді пайдаланып, әр түрлі іс-әрекеттерді атқару бөлімі.

Мәліметтер - сан мәндерін , мәтін ретіндегі сөз тіркестерінде мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар , айнымалылар, т.б. осылар тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері.

Мәлімет енгізу – бастапқы мәндерді пернетақтадан , дискілерден немесе енгізу – шығару порттарынан оқу арқылы жүзеге асырылады.

Операциялар немесе амал әрекеттер – берілген , есептелген мәндерін меншіктеу, оларды өндеу, салыстыру істерін орындайды.

Нәтиже алу (шығару) – аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға, дискіге немесе енгізу – шығару порттарына жазу.

Шартты атқарылу – белгілі бір көрсетілген шарт қанағаттандырылса, онда командалар жайлы жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе командалар жиыны жүзеге асырылады.

Цикл – белгілі бір шарт орындалса көрсетілген командалар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады немесе шарт көрсетілмейақ алдын-ала олардын неше рет қайталанатыны бүтін санмен беріледі.

Қосымша программа – алдын-ала ат қойған командалар тобы программаның кез-келген бөлігінде оның атын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.

Түсініктеме – программа жолдары соныңда немесе оның түйінді сөздер бар арасында жүйелі жақшаға алынып жазылған қазақша(орысша) түсінік беретін сөз тіркестері. Олар программа жолдарының орындалуына ешқандай әсер етпейді.

Сонымен Паскаль тіліндегі кез- келген программаның тақырыбы, одан кейін сипаттау бөлімін және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады. Олар: 1) программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (ол uses түйінді сөзінен басталады);

2) белгілерді (label) сипаттау;

Page 18: 9-сынып Информатика.docx

3) тұрақтыларды (const) сипаттау;4) мәліметтер типтерін (type) анықтау;5) айнымалыларды (var) сипаттау;6) процедураларды (procedure) сипаттау;7) функцияларды (function) сипаттау;

Программалық блок диаграммасыОсы айтылғандарға байланысты программа құрылымы мынадай болуы қажет.Program <программа аты> (Iput, Output);Uses <1-атау, 2-атау, 3- атау, ….>;Label …;Const….;Type…..;Var …;

Procedure < процедура аты > <процедура тұлғасы >

Function <функция аты > <функция тұлғасы > Begin < 1- оператор >; < 2- оператор >; ... ; < n-оператор > EndЕкі бүтін санды пернетақтадан енгізіп, олардың көбейтіндісін табу программасын құрайық. Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау Үй тапсырмасын беру: Программа және оның құрылымы туралы түсінік.Бағалау

Белгіні сипаттау Beginоператор end

Тұрақтыны анықтау

Типтерді анықтау

Айнымалыларды сипаттау

Процедураны сипаттау

Функцияларды сипаттау

;

Page 19: 9-сынып Информатика.docx

айнымалы

Функция атауы

: = өрнек

Пән: информатика Сыныбы:_________ Күні: ___________ 9. Сабақ Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер типі, өрнек, айнымалы ұғымы.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін бақылау;Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;Дамышушылык : Оқушылардың есте сақтау жэне зейіндік кабілеттерін дамыту,

пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: Бақылау.Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум. Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі2. Үйге берілген тапсырманы тексеру3. Тест сұрақтарына жауап беру4. Тест сұрақтарын талдау5. Үйге тапсырма беру

Жаңа сабақБұл оператор екі міндет атқарады:1. Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектің сандық мәнін есептейді. 2. Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі (телініп жазылады), яғни анықталған мән сол айнымалыға сәйкес компьютер жады ұяшығына орналасады. Мұнда әдеттегі теңдік«=» белгісі мен программалау тіліндегі меншікте «:=» белгісін шатастырмау қажет.Олар ұқсас болғанымен, мағынасы жағынан өзгеше. Мысалы, х=5 өрнегі х-тің мәні 5-ке тең дегенді білдіреді де, х:=х+3 өрнегінің дұрыс мағынасы жоқ. Ал х:=5 өрнегі х айнымалысына арналған ұяшыққа 5 санын жазамыз дегенді білдіреді. Ал енді х:=х+3 өрнегі де дұрыс, өйткені бұл бұрынғы х

Ұяшығында тұрған санға 3 санын қосып х ұяшығына қайта орналастыру дегенді білдіреді. 3.4- суретте меншіктеу

операторының синтаксистік диаграммасы келтірілген.Мысалдар: і:=і+1;

Х:=5.35; Х1:=(-b + SQR T (b*b-4*a*c)) \ (2 *a )a[2,3] : = m –n ; fun : = false ; {fan айнымалысының тйпі –boolean } c:=2 * pi* r ;R: = 19.36 ;M : = завод ;Y : = sqrt (sqr ( x ) + 1 ) ;Y1 : = 3.5 + sin ( х ) ;Жалпы арифметикалық өрнек :

тұрақты Е : = айнымалы

Функция түрлерінің бірінде берілуі мүмкін.

Таңдау операторлары CASE-OF тармақталу операторы IF операторының жалпыланған түріне жатады. Бұл оператор бірнеше мүмкін жағдайдың біреуін таңдап алады. Оператор көрсеткіштен және әрқайсысы бір немесе бірнеше таңдау тұрақтыларымен таңбаланған операторлар тізбегінен тұрады. Жазылуы: Case <көрсеткіш> Of <тұрақтылар тізімі>:<оператор 1>; <тұрақтылар тізімі 2>:<оператор 2>; ... <тұрақтылар тізімі N>:<оператор N> Else <оператор> End.

Page 20: 9-сынып Информатика.docx

Мұндағы көрсеткіш – нәтижесі нақты типпен басқа кез келген тип болатын өрнек. Таңдау операторы орындалғанда алдымен көрсеткіштің мәні табылып, сол мәнге

сәйкес таңбалы оператор орындалады. Егер де көрсеткіштің мәні бірде-бір таңбаға сәйкес келмесе, онда Еlse қызметші сөзінен кейінгі оператор орындалады. Әрбір тізімдегі таңдау тұрақтыларының саны әр қалай болуы мүмкін, олар бірі бірінен үтір арқылы ажыратылады немесе аралықпен көрсетіледі. Таңдау тұрақтыларының типі көрсеткіштің типімен міндетті түрде сәйкес келуі тиіс.

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.Үй тапсырмасын беру: Таңдауды ұйымдастыру және шартты операторлар. Бағалау:

Бақылау жұмысы1. Алгоритм дегеніміз не?2. Алгоритм түрлері3. Алгоритмдік тіл4. ЭЕМ-нің есеп шығару кезеңдері5. Программалық тіл

Үйге тапсырма беру. Өтілген материалдарды қайталау.

Пән: информатика Сыныбы:_________ Күні: ___________

Page 21: 9-сынып Информатика.docx

айнымалы: = өрнек

10. Сабақ: Тақырып: Меншіктеу операторы. Сандық функциялар.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Мақсаты: Оқушыларды таңдау және шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру. Тармақталған алгоритмдерді программалауды түсіндіру

1. Білімділік: Оқушылар таңдау және шартты операторлардың жазылу тіртібін білуі керек.

2. Дамытушылық: Оқушылар тармақталған алгоритмдерге программа құруды компьютерде көрсету. Тармақталу операторы, Таңдау операторы, Өту операторларымен практикада көрсету.

3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.

Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары. Турбо Паскаль оқулығы.Сабақ түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: Лекция сабақ

Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру2. Үй жұмысын сұрау

Оператор дегеніміз не? олар қандай топтарға жіктеледі?Меншіктеу операторы қандай қызымет атқарады?Бос оператор дегеніміз не?

Жаңа сабақҚарапайым операторлар құрамына (ішіне) басқа бір оператор енбейді. Ал күрделі операторлар

ішіне бірнеше қарапайым операторлар еніп тұруы тиіс. Программалау тілдерінің қарапайым операторларына.: меншіктеу, шартсыз көшу, енгізу –

шығару операторлары мен бос оператор және процедураларды орындау (шақыру) операторлары жатады.

Ал күрделі немесе құрама операторларға: шартты көшу, қайталау (цикл), таңдау, жалғастыру (тіркестіру) т. б операторлар жатады

Меншіктеу операторы. Меншіктеу операторы барлық тілде пайдаланылатын негізгі оператор болып табылады. Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалыларға сандық (символдық та болуы мүмкін) мән беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады.Меншіктеу операторы жазылған өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне міндетті түрде сәйкес келуі тиіс. Кейде нақты түрдегі айнымалыға бүтін сан мәнін меншіктеуге болады, ондайда бүтін сан нақты санға айналып кетеді. Меншіктеу операторының жазылу ережесі ( пішімі) төмендегідей болады: < айнымалы атауы>:=<өрнек>; мұндағы<айнымалы атауы>- айнымалы идентификаторы, :=- меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәнін қабылдайды;<өрнек> - арифметикалық өрнек немесе сан. Бұл оператор екі міндет атқарады:1. Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектің сандық мәнін есептейді. 2. Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі (телініп жазылады), яғни анықталған мән сол айнымалыға сәйкес компьютер жады ұяшығына орналасады. Мұнда әдеттегі теңдік«=» белгісі мен программалау тіліндегі меншікте «:=» белгісін шатастырмау қажет. Олар ұқсас болғанымен, мағынасы жағынан өзгеше. Мысалы, х=5 өрнегі х-тің мәні 5-ке тең дегенді білдіреді де, х:=х+3 өрнегінің дұрыс мағынасы жоқ. Ал х:=5 өрнегі х айнымалысына арналған ұяшыққа 5 санын жазамыз дегенді білдіреді. Ал енді х:=х+3 өрнегі де дұрыс, өйткені бұл бұрынғы х

Page 22: 9-сынып Информатика.docx

Ұяшығында тұрған санға 3 санын қосып х ұяшығына қайта орналастыру дегенді білдіреді. 3.4- суретте меншіктеу операторының синтаксистік диаграммасы келтірілген.

Мысалдар: і:=і+1; Х:=5.35;

Х1:=(-b + SQR T (b*b-4*a*c)) \ (2 *a )a[2,3] : = m –n ; fun : = false ; {fan айнымалысының тйпі –boolean } c:=2 * pi* r ;R: = 19.36 ;M : = завод ;Y : = sqrt (sqr ( x ) + 1 ) ;Y1 : = 3.5 + sin ( х ) ;Жалпы арифметикалық өрнек :

тұрақты Е : = айнымалы

Функция түрлерінің бірінде берілуі мүмкін.

Таңдау операторлары CASE-OF тармақталу операторы IF операторының жалпыланған түріне жатады. Бұл оператор бірнеше мүмкін жағдайдың біреуін таңдап алады. Оператор көрсеткіштен және әрқайсысы бір немесе бірнеше таңдау тұрақтыларымен таңбаланған операторлар тізбегінен тұрады. Жазылуы: Case <көрсеткіш> Of <тұрақтылар тізімі>:<оператор 1>; <тұрақтылар тізімі 2>:<оператор 2>; ... <тұрақтылар тізімі N>:<оператор N> Else <оператор> End.

Мұндағы көрсеткіш – нәтижесі нақты типпен басқа кез келген тип болатын өрнек. Таңдау операторы орындалғанда алдымен көрсеткіштің мәні табылып, сол мәнге сәйкес таңбалы оператор орындалады. Егер де көрсеткіштің мәні бірде-бір таңбаға сәйкес келмесе, онда Еlse қызметші сөзінен кейінгі оператор орындалады. Әрбір тізімдегі таңдау тұрақтыларының саны әр қалай болуы мүмкін, олар бірі бірінен үтір арқылы ажыратылады немесе аралықпен көрсетіледі. Таңдау тұрақтыларының типі көрсеткіштің типімен міндетті түрде сәйкес келуі тиіс. Төменде оператордың жазылу түрлеріне мысал келтіреміз.

Таңдау тұрақтылары аралық типпен берілген:Case N Of1..10: Writeln (N:4, саны 1-10 аралығында жатады);11..20: Writeln (N:4, саны 11-20 аралығында жатады);21..30: Writeln (N:4, саны 21-30 аралығында жатады);Else Writeln ( N:4, саны бақылау аралығында жатпайды);End;Көрсеткіштің бүтін типі:Саse N Of 1:Z:=N+10; 2: Z:=N+100; 3:Z:=N+1000;End.Көрсеткіштің аталу типі:Var season:(winter. Spring. Summer. Autumn);Вegin....Case season OfWinter:Writeln (winter ); spring: Writeln (spring );EndМысал: Берілген айдың рет нөміріне байланысты сол айда неше күн барын анықтайтын

программа құру керек.Program M6;Var n.m: integer;

Page 23: 9-сынып Информатика.docx

BeginReadln (n.m ):Case n of1.3.5.7.8.10.12: writeln (31 күн бар ):4,6,9,11: writeln (30 күн бар );2:if (m mod 4=0) and not (( m mod 100=0 )and (ь ьщв 400<>0 ))Then writeln (29 күн бар ) else writeln (28 күн бар )End;End.Мұндағы m ___ берілген жыл, n ____ сол жылда5ы айды4 реті.

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.Үй тапсырмасын беру: Таңдауды ұйымдастыру және шартты операторлар. Бағалау:

Пән: информатика Сыныбы:_________ Күні: ___________

11. Сабақ: Тақырып: Мәліметтерді енгізу және шығару.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Page 24: 9-сынып Информатика.docx

Циклге кірушерты

Цикл денесіЦикл денесі

c<b

Мақсаты: Оқушыларды циклдің түрімен таныстырып, оларды ұйымдастыруға қолданылатын операторлардың жазылу ережесін түсіндіріп, циклдік алгоритмдерді программалауды үйрету.

1. Білімділік: Оқушылар берілген есептің шартына қарай цикл ұйымдастырудың қандай операторын қолданған тиімді екенін анықтап, оны программалай алуы керек.

2. Дамытушылық: Оқушылар циклдік алгоритмде программада құруды және алгоритм түрінде анықтамасын түсіндіру және блок схемасын арқылы көрсету

3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.

Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары. Турбо Паскаль оқулығы.Сабақ түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: Лекция сабақСабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.Сабаққа дайындықтарын тексеру

2. Үй жұмысын сұрауШартты оператор дегеніміз не?Шартты операторларды қандай кезеңдерде пайдаланады?Шартты және шартсыз оператор дегеніміз не?

Жаңа сабақ

While операторы қызметші сөздерден басқа циклге кіру шартынан және цикл денесінен тұрады.

Жазылуы:While <шарт> do<циклдің денесі>:Цикл денесін әрбір қайталау алдында шарт тексеріледі.

Шарт ақиқат болған жағдайда, цикл денесі орындалады,әйтпесе программа келесі операторға көшеді.Егер шарт алғаш тексерілгенде, жалған болса, цикл денесі бір рет те орындалмастан программа цикл соңына шығады.

Енді While-Do операторының жұмысын схеме түрінде көрсетейік.Мысал: a.b (а>1) сандары берілген.Экранда а1, а2, а3,... шексіз тізбегінің берілген b санынан

кіші мүшелерін азайту керек.Program M7Var a.b.c.real.

Анықтама. Қайталау (цикл) операторлары белгілі бір операторды немесе операторлар тобын бірнеше рет орындау мүмкіндігін ұйымдастыруға қолданылады.Қайталанатын операторлар тобы циклдің денесін құрайды.Паскальда цикл ұйымдастырудың үш түрі бар:While. repeat операторлары қайталау саны белгісіз, бірақ циклге кіру немесе циклден шығу шарттары белгілі жағдайда қолданылады. Егер қайталау саны белгілі жағдайда белгілі болса, онда параметрлі циклді пайдаланған жөн.

Page 25: 9-сынып Информатика.docx

Abs(y)>e

ц. соңы s : s+yi : i + iy: = +x/

BeginRead (a.b.),Writeln ( ),c.= aWhile c<b doBeginWriteln (с:6:1);С;= c*a; write ( , с );End;

Еnd.Бұл программаның орындалу барысында с айнымалысы а,а2,а3,... мәндерін біртіндеп

қабылдайды,с-ның мәні b-ге тең не артық болғанша өзгеріп отырады да, соған сәйкес мәндері әр қайталауда экранға шығады. Егер әуелден а>=b болса,экранға еш нәтиже шықпайды. Мұнда цикл денесі құрмалас оператор болғандықтан операторлық жақша begin.end қолданылады.

Программада цикл ұйымдастырғанда оның әр қадамында алдыңғы қадамының нәтижесі толық пайдаланытындай етуге ұмтылу керек, сондықтан бұл мысалда х-тың дәрежелерін және факториалды жеке есептемей,(i-1) қадамда табылған хi-1/(i-1) қосылғышты х/i-ге көбейтіп, есептеген тиімді.Есептің шарты бойынша қосылғыштар саны белгісіз.

Мұндағы циклге кіру шарты – керекті қосылғыш берілген е-ден үлкен болуы. Цикл денесі шарт жалған болғанша қайталанады. Program M8:Var x.eps.i.y.s.real. Begin read )х,eps);S:= 0. Y.=1.I.=0.While abs (у) >=eps doBegins.=s+y.i.=i+1.y.=y*x/i.End.Write (s,6,2,): End.Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.Үй тапсырмасын беру: Циклдік алгоритмді программалауБағалау:

Пән: информатика Сыныбы:_________ Күні: ___________

12. Сабақ: Тақырып: Сызықтық алгоритмдерді программалау.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Page 26: 9-сынып Информатика.docx

Мақсаты: Оқушылар циклдік алгоритмдерді құруды, циклдердің командасын орындалуын және құрылымын көрсету

1. Білімділік: Оқушылар алгоритмдердің циклдік орындалу процесі арқылы программада көрсету. 2. Дамытушылық: оқушыларға алгоритмдік құрылымды программа тіліне көрсету және түсіндіру.3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу.

Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары. Турбо Паскаль оқулығы.Сабақ түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: Лекция сабақСабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.Сабаққа дайындықтарын тексеру

2. Үй жұмысын сұрауҚандай алгоритмдер циклдіктер деп аталады?Қайталану командасы қалай орындалады?Параметрлі қайталау командасы қалай жазылады?

Жаңа сабақ

Сызықтық программа дегеніміз – операторлары бірінен соң бірі ретпен жазылған атқарылатын программалар.Есеп1: Берілген екі бүтін санның қосындысын табатын программа құрастырайық.program esep1;var x, y, z: integer;beginwrite(‘екі бүтін санды енгіз’);read(x, y);z:=x+y;write(‘қосынды’ =, z);end. Есеп2: Берілген бүтін x, y, z үш санның көбейтіндісін экранға кәдімгі жазуға ұқсас етіп шығаратын программа жазамыз.

program esep2;var x, y, z, P: integer;beginwrite(‘үш бүтін сан енгіз’);read(x, y, z);P:=x*y*z;write(x, ‘*’ , y, ‘*’ , z, ‘*’ , P);end.Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.Үй тапсырмасын беру: оқулықтағы 49 беттегі практикалық жұмыс №11, 1 тапсырмасы. Бағалау.

Оператор цикл басынан (Repeat), денесін және циклден шығу шартынан (Until) тұрады.Жазылуы: Repeat<циклдің денесі > Until<шарт >; Оператор жұмысын 15 суреттен

көреміз. Repeat – Until; және While – do операторларының арасында негізінен үш айырмашылық бар.

1. Repeat операторында циклден шығу шарты соңында ақиқат болғанда қанағаттандырылады,сондықтанда цикл денесі, шартқа тәуелсіз, ең аз дегенде бір рет орындалады.

2. Repeat операторында циклден шығу шарты шарт ақиқат болғанда қанағаттандырылады, While операторында, керісінше, шарт жалған болғанда цикл соңына шығады;

Page 27: 9-сынып Информатика.docx

3. Repeat. Until қызметші сөздерінің арсында бір немесе бірнеше оператор орналасуы мүмкін, ал While операторында цикл денесі бір ғана жәй немесе құрмалас оператордан тұрады. Мысал: Енді 0 мен 10-ның арасындағы жұп сандардың қосындысын есептейтін программаны

Repeat операторының көмегімен көрсетейік:

Program M9 Var i.sun.integer.BeginI;=0: sum .=0: жалған ақиқатRepeatSum.=sum+1.i.=i+2Until (i>10):Writeln (2+4+8+10=.sumEnd.

Мұндағы цикл денесі i>10 шарты орындалмаса, қайталана береді. Программадағы Repeat Until операторының жұмысы 16 суретте анық көрсетілген.

Цикл денесіне Goto оның операторы арқылы шығуға болады.Мысалы. Repeat s.=100/a. d.=a/5. ifS<0.5 then Goto metka;а:=а+1

Until (а<=100) and (d<>0): metka:...Мысал: Берілген n натурал саны неше цифрдан тұратынын анықтайтын программа құру керек.

While және Repeat операторларын пайдаланып,программаны екі түрде жазайық. Берілген санды 10-ға бүтіндей бөліп, табылған санды тағы да онға бөліп, т.с.с. осы процесті бөлінді нөлге тең болғанша қайталаймыз.

For-Do циклдік операторы қайталау саны алдын ала белгілі жағдайда қолданылады. Бұл оператор екі түрлі беріледі.

Жазылуы:1. For<циклдік параметр>:=<соңғы мән > downto<алғашқы мән>do <циклдің денесі>.2. For <циклдік параметр>:= <соңғы мән> downto <алғашқы мән>do<циклдің денесі>.Мұндағы циклдік параметр кейде басқару айнымалысы деп аталады. Алғашқы және соңғы мәндер нәтижесі- нақты типтен басқа стандартты жай тип болатын өрнектер. Басқару айнымалысының типі, алғашқы және соңғы мәндердің типтері бірдей болуы керек. Олардың нақтыдан басқа кез келген жай типті болуы мүмкін. Цикл денесі жай немесе құрмалас оператор болуы мүмкін бола алады.

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.Үй тапсырмасын беру: Циклдік алгоритмді программалауБағалау.

Пән: информатика Сыныбы:_________ Күні: ___________

13. Сабақ: Тақырып: Файлдармен жұмыс.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:Мақсаты: Оқушылар цикілдік алгоритмдерді программалардың түрлерін және құру параметірлерін

Цикл денесі

Циклден шығушарты

Цикл соңы

Sum: = sum + ii: i + 2

I > 10

Циклдің соңы

Page 28: 9-сынып Информатика.docx

және басқада нұсқаларын көрсету

1. Білімділік: Оқушыларды программаларды құру кезінде түсінбеген амалдарды алгоритмдік түрде көрсетіп білімін көтеру

2. Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту компьютерлік сауаттылығын ашу Оқушыларды білім мен біліктілікке тәрбиелеу. Оқушылар техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып еңбекке баулу

3. Тәрбиелік: Оқушылар информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау және еңбекке баулу

Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары. Турбо Паскаль оқулығы.Сабақ түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: Лекция сабақСабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.Сабаққа дайындықтарын тексеру

2. Үй жұмысын сұрауFor-Do операторы қандай амалда қолданылады?Қайталау циклі дегеніміз не?Қайталау циклі дегеніміз не?

Жаңа сабақКүрделі циклдар. Егер бір цикл тұлғасында басқа циклдік құрылым бар болса, онда олар

қабатталған циклдар деп аталады. Құрамына басқа цикл кіретін цикл сыртқы болып саналады да, сыртқы цикл тұлғасына кіретін цикл ішкі болып есептеледі.

Көптеген есептерді шығару үшін бірінің ішіне бірі қабаттасқан осындай күрделі циклдерді пайдалануға тура келеді. Мұндай программаларда ішкі цикл толығымен сыртқы циклдің орналасуы қажет. Ішкі цикл құрамында басқа да ішкі циклдер болуы мүмкін.

Күрделі циклдер қарапайым while. repeat.for циклдері сияқты құрыла береді, бірақ қабатталған циклдер құру кезінде мына ережені есте ұстау қажет: ішкі циклдің барлық операторлары сыртқы циклдің ішінде орналасуы тиіс.

Күрделі циклдің құрылымын төмендегі көбейту кестесін жасау мысалынан көруге болады. Бұл мысалда for операторы пайдаланылады да,2-ден 9-ға дейінгі көбейту кестесі бір бағанаға шығарылады.

Program kobejtu kestesi 1. Var i. j ; byte;

Begin For i: = 2 to 9 do Begin For j: = 1 to 10 do

Writeln End End.1-мысал N = 1.2.3 және К = 2.4.6.8 болған кездерде Y = 2K + N мәндерін есептеуге арналған программа құру керек.

PROGRAM FUNKCIA 1; VAR N.K.Y: INTEGER;BEGIN

WRITELN (N K Y ) ; WRITELN ( ); FOR N : = 1=TO 3 DO BEGIN K: = 2 WHILE K< = 8 do BEGIN Y : = 2* K+N

Page 29: 9-сынып Информатика.docx

WRITELN (:3, N:4, :3, K:4, :3, Y: 4 ); K:= K+2 END END.

Пунктуациялық ережелер.Операторларды жазу кезінде жазу ережесі сақталуы тиіс:1.Uses, label, type, const, var түйінді сөздерінен кейін нүктелі үтір қойылмайды, ол сол

сөздерден кейінгі сипаттау символдары біткен соң қойылады.2. Нүктелі үтір таңбасы begin сөзінен кейін және end сөзінің алдында қойылмайды, өйткені

бұл сөздер оператор емес, тек операторлық жақшалар болып саналады.3. Нүктелі үтір таңбасы операторларды бір бірінен ажырату үшін қажет, ол оператордан соң

қойылмаса, компилятор қате деп саналады.4. Цикл операторларында while, repeat, do түйінді сөздерінен кейін және until сөзінің алдында

нүктелі үтір қойылмайды.5. Шартты операторларда then сөзі мен else сөзінің алды, артына нүктелі үтір қойылмайды. Есеп: 1202 ж. Итальян математигі Леонард Пизанский мынадай есеп ұсынған болатын: екі

қоян (бір жұп) ай сайын екі көжек туады (бірі – еркек, бірі - ұрғашы), сол көжектердің өзі екі айдан соң көжектейді. Егер жыл басында бір жұп қоян асырасақ, жыл аяғында олар нешеу болады? Есептің шарты бойынша қояндардың ай сайынғы көбею саны мынадай тізбекпен өрнектеледі: 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21, 34, ... Берілген N санына дейінгі барлық Фибоначи сандарын анықтайтын программа құрындар.Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.Үй тапсырмасын беру: Циклдік алгоритмді программалауБағалау.

Пән: информатика Сыныбы:_________ Күні: ___________

14-15. СабақСабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмдерін программалау.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін бақылау;

Page 30: 9-сынып Информатика.docx

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;Дамышушылык : Оқушылардың есте сақтау жэне зейіндік кабілеттерін дамыту,

пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: Бақылау.Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум.Сабақтың өту барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру3. Тест сұрақтарына жауап беру4. Тест сұрақтарын талдау5. Үйге тапсырма беру

Сұрақтары: 1. Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады? (3: программаның тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар

бөлімі)2. Div және Mod функцияларын не үшін қолданылады? (Div бүтін, Mod бүтін қалдық)3. Var операторының қызметі қандай? (айнымалыларды сипаттау)4. Const операторының қызметі қандай? (Тұрақтыларды сипаттау)5. Read операторының қызметі қандай? (Берілгендерді енгізу)6. Write операторының қызметі қандай? (Нәтижені шығару)

Есеп. Екі бүтін сан енгізіп,экранға олардың үлкенін шығару.Шығару амалы: бірінші сан екінші саннан үлкен болса, біріншісін, ал егер кіші болса екіншісін экранға шығару.Ерекшелігі: атқарушының әрекеті кейбір шарттардың орындалуына байланысты болады (егер … онда… әйтпесе …)Қадамдардың тізбектеп орындалуы кейбір шарттарға байланысты болатын алгоритмдерді тармақталған алгоритмдер деп атайды. Тармақталу командасыЕгер <шарт> онда <1-серия> әйтпесе <2-серия>Бітті

IF <шарт> THEN <1-серия> ELSE <2-серия>

if <шарт> then begin {егер шарт орындалса, не істеу керек} end else begin {егер шарт орындалмаса, не істеу керек} end;

Page 31: 9-сынып Информатика.docx

Ерекшеліктері:• else-тің алдында нүктелі үтір болмауы керек• екінші бөліктің (else …) болмауы да мүмкін (толымсыз түрі)• егер блокта бір ғана оператор болса, begin мен end сөздерін жазбауға да болады

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.Сабақты қорытындылау:

Үй тапсырмасын беру: Графикттік объектіні программалау Бағалау: : Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру.

Пән: информатика Сыныбы:_________ Күні: ___________

16. СабақСабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмдерін программалау.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін бақылау;

Page 32: 9-сынып Информатика.docx

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;Дамышушылык : Оқушылардың есте сақтау жэне зейіндік кабілеттерін дамыту,

пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: Бақылау.Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум.Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі2. Үйге берілген тапсырманы тексеру3. Тест сұрақтарына жауап беру4. Тест сұрақтарын талдау5. Үйге тапсырма беру

Жаңа сабақ

Қадамдар саны белгісіз циклМысал: Бөренеден ағаштың бұтағын кесіп алу керек. Қолараны әрі-бері неше рет қозғалтуымыз керек,. ?Есеп: (<2000000) бүтін сан енгізіп, ондағы цифрлардың санын анықтау.Шығару амалы: Ең соңғы орналасқан цифрларды кезекпен алып тастай отырып, санаушыны арттырамыз.

Мәселе: неше қадам жасау керектігі белгісіз.Шығарылуы: n = 0 болғанда тоқтау керек, яғни "n <> 0" болғанша орындай беру керек.

Шартты циклwhile <шарт> do begin {цикл денесі} end;Ерекшеліктері:

• күрделі шарттарды қолдануға болады:

Page 33: 9-сынып Информатика.docx

while (a<b) and (b<c) do begin {цикл денесі}end;

• егер цикл денесінде бір ғана оператор болса, begin мен end сөздерін жазбай кетуге болады:

while a < b do a := a + 1;

Ерекшеліктері:• циклге кірген сайын шарт есептеліп отырады• егер шарт циклге кіруде жалған болса, цикл бірде-бір рет орындалмайды

a := 4; b := 6;while a > b do a := a – b;

егер шарт түбінде жалған болмайтын болса, программаның жұмысы дағдарысқа ұшырайды (тоқтаусыз орындала береді

a := 4; b := 6;while a < b do d := a + b;

Соңғы шартты циклЕсеп: Бүтін оң сан енгізіп(<2000000), ондағы цифрлардың санын анықтау. Мәселе: Теріс санның немесе нөлдің енгізілмеуін қалай қадағалауға болады?Шығарылуы: Егер бұрыс сан енгізілсе,берілгендерді енгізу үшін кері оралу (цикл!).Ерекшелігі: Цикл денесі кемінде бір рет орындалады. => шартын тексеруді циклдың соңында орындау керек. (соңғышартты цикл).

Page 34: 9-сынып Информатика.docx

Соңғышартты цикл – шарттың тексерілуі циклдың соңында орындалатын цикл түрін айтады.

Соңғы шартты цикл: алгоритм

Ерекшеліктері: • цикл денесі кемінде бір рет орындалады• until ("…болмайынша") сөзінен кейін циклдан ШЫҒУДЫҢ шарты қойылады

Тапсырмалар1: Тізбектегі элементтердің қосындысын 0,001 дәлдікпен табу : Жауап:

S = 1.1572: Тізбектегі элементтердің қосындысын 0,001 дәлдікпен табу :

Жауап:S = 1.220

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.Үй тапсырмасын беру: Графикттік объектіні программалау Бағалау: : Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру.

Пән: информатика Сыныбы:_________ Күні: ___________

17. СабақСабақтың тақырыбы: Жартыжылдық бақылау жұмысы.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін бақылау;

Page 35: 9-сынып Информатика.docx

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;Дамышушылык : Оқушылардың есте сақтау жэне зейіндік кабілеттерін дамыту,

пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: Бақылау.Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум.Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі2. Үйге берілген тапсырманы тексеру3. Тест сұрақтарына жауап беру4. Тест сұрақтарын талдау5. Үйге тапсырма беру

1. Алгоритм - бұл:

а) алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында орындаушыға біртіндеп қандай әрекет жасау керек екендігін түсіндіретін нұсқау

б) алгоритмдерді сипаттаудың адам-орындаушығабағдарланған құралы

в) алгоритмдерді сипаттаудың ЭЕМ-орындаушығабағдарланған құралы

с) Программалау тілі

д) Қолданбалы программа

2. Алгоритмнің түрлері:

а) сызықтық, тармақтық, циклдық

б) программалық, қабықтық, циклдық

в) операциялық, программалық, тармақтық

с) сызықтық, программалық, тармақтық

д) циклдық, қолданбалы, программалық

3. Тармақтық алгоритм - бұл:

а) шарттарды тексергеннен кейін алгоритмнің орындалуы өзгеруін айтамыз

б) шарттар сақталып тұрғанда орындала беретін жекелеген әрекеттерді бірнеше рет қайталау нәтижесінде орындалуын айтамыз

в) жай командалар сериясынан құрылуын айтамыз

с) сөз жиынтығынан құрылған және жол ретінде жазылатын орындалатын нұсқауды айтамыз

4. Циклдық алгоритм - бұл:

а) шарттарды тексергеннен кейін алгоритмнің орындалуы өзгеруін айтамыз

б) шарттар сақталып тұрғанда орындала беретін жекелеген әрекеттерді бірнеше рет қайталау нәтижесінде орындалуын айтамыз

в) жай командалар сериясынан құрылуын айтамыз

с) сөз жиынтығынан құрылған және жол ретінде жазылатын орындалатын нұсқауды айтамыз

5. Сызықтық алгоритм - бұл:

а) шарттарды тексергеннен кейін алгоритмнің орындалуы өзгеруін айтамыз

б) шарттар сақталып тұрғанда орындала беретін жекелеген әрекеттерді бірнеше рет қайталау нәтижесінде орындалуын айтамыз

в) жай командалар сериясынан құрылуын айтамыз

с) сөз жиынтығынан құрылған және жол ретінде жазылатын орындалатын нұсқауды айтамыз

6. Оператор - бұл:

а) шарттарды тексергеннен кейін алгоритмнің орындалуы өзгеруін айтамыз

б) шарттар сақталып тұрғанда орындала беретін жекелеген әрекеттерді бірнеше рет қайталау нәтижесінде орындалуын айтамыз

в) жай командалар сериясынан құрылуын айтамыз

с) сөз жиынтығынан құрылған және жол ретінде жазылатын орындалатын нұсқау

7. Айнымалы шама деп:

Page 36: 9-сынып Информатика.docx

а) шарттарды тексергеннен кейін алгоритмнің орындалуы өзгеруін айтамыз

б) шарттар сақталып тұрғанда орындала беретін жекелеген әрекеттерді бірнеше рет қайталау нәтижесінде орындалуын айтамыз

в) жол немесе объектілеріне сілтеу үшін программада орындалатын нұсқау

с) сөз жиынтығынан құрылған және жол ретінде жазылатын орындалатын нұсқауды айтамыз

8. Сызықтық программа құрастыру үшін қандай операторды қолданамыз:

а) For … Next б) If … Then … Else в) Read … Data

с) оператор қолданбаймыз д) If -Next

9. Тармақтық программа құрастыру үшін қандай операторды қолданамыз:

а) For … Next б) If … Then … Else в) Read … Data

с) оператор қолданбаймыз д) If -Next

10. Циклдық программа құрастыру үшін қандай операторды қолданамыз:

а) For … Next б) If … Then … Else в) Read … Data

с) оператор қолданбаймыз д) If -Next

11. Сөз жиынтығынан құрылған және жол ретінде жазылатын орындалатын нұсқау:

а) оператор б) шама в) айнымалы шама

с) алгоритм д) команда

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11А А А А Б В С В В Б А

Бекіту: Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қортындылау.Сабақты қорытындылау: Жаңа сабақты түсіндіріп, оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.Үй тапсырмасын беру: Графикттік объектіні программалау Бағалау: : Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру.