400
Алматы 2014 АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ: ДІН МƏСЕЛЕСІ КӨПТОМДЫҚ 3 том Қайрат САҚ

АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

  • Upload
    others

  • View
    24

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

Алматы2014

АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ: ДІН МƏСЕЛЕСІ

КӨПТОМДЫҚ

3 том

Қайрат САҚ

Page 2: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

УДК 821.512.122.0ББК 83.3(5Қаз)С 17

ISBN 978-601-7472-73-3 – (Т. 3)ISBN 9965-883-98-5

УДК 821.512.122.0ББК 83.3(5Қаз)

© Сақ Қ., 2014 © «Қазақ энциклопедиясы», 2014

Жинақта ХІХ ғасыр аяғында жарық көрген «Түркістан уалаятының газетінен» бастап, ХХ ғасырдың 30 жылдары шетелде басылып шыққан «Жас Түркістан» журналы аралығындағы Алаш баспасөзінің дін мəселесіне қа-тысты құнды жарияланымдары топтастырылды.

Бодандықтың құрсауында болған қазақ халқының діни наным-сенімі ХХ ғасыр басында аса күрделі кезеңді бастан кешкен тұста Алаш зиялылары қол қусырып қарап отырымады. Олар ұлттың діни тұтастығы елдің жарқын болашағының кепілі екенін айрықша түсініп, сол жолда кездескен күрделі мəселелерді шешуде табандылық танытты, өздерінің құнды көсемсөздері арқылы қаймана қазақты тура жолға бастады.

Ендеше Алаш баспасөзінде жарияланған көсемсөз өткенімізді танып білу үшін ғана емес, бүгінгі діни ахуалымызды бағамдап, болашақта осы бағытта нақтылануға тиісті мемлекеттік саясатты бағдарлау үшін таптырмайтын бай тəжірибе екендігімен де құнды.

Жинақ дін саласындағы мамандарға, Алаш көсемсөзін зерттеп жүрген алаштанушы ғалымдарға, ата дінімізге бей-жай қарамайтын, осы бағытта білімін шыңдағысы келетін жалпы оқырманға арналады.

САҚ Қ.АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ: ДІН МƏСЕЛЕСІ. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014. ISBN 9965-883-98-5ISBN 978-601-7472-73-3 – Т. 3. – 400 бет.

С 17

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі

«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

Ғылыми жоба жетекшісі жəне жалпы редакциясын басқарған:

Қайрат Сақ – ф.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры

Құрастырушылар:Алтынтас Дəулетқызы – жобаның ғылыми қызметкері. Эльмира Ерікқызы – жобаның ғылыми қызметкері

Page 3: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

3

АЛҒЫ СӨЗ

Қазір əлемде діни жағдай күрделеніп барады. Халықтың тұтасты-ғы мен діннің тұтастығы жəне мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тəуелді байланыс бар. Осыны пайдаланып өздерінің жымыс-қы əрекеттерімен ел ішінде бүлік шығарып, қарапайым халықтың берекесін қашырып жүргендер жетерлік. Тіпті дін атын жамылып, бизнесін дөңгелетіп жүргендер көбеюде.

Кеңес империясының қысымынан шығып, 70 жыл құдайсыздықты дəріптеген жүйенің бұғауынан босаған Қазақ елі бүгінде атадан қалған асыл мұра – ислам дінімен қайта қауышты. Ел бұрынғыдай діни сауатсыз емес. Оң-солын танып, халқымыздың басым көпшілігі тыныштықтың, татулық пен дəстүрлі құндылықтардың дінін таңдап отыр. Талай қасі-ретті басынан кешірген қазақтың діни-нанымында «харе кришналап» əн айту, бəз біреуді мадақтап жар салу, өзгеше ойлағаны үшін өзгенің өмірін қиып джиһад жасау, болмаса зікір салып, есінен адасу болмаған.Тыныштықты сақтаудың бір тетігі – еліміздегі діни ахуал. Бұл туралы Қазақ елінің кіндігі – Ұлытауда «Хабар» телеарнасының тілшісіне берген тарихи сұхбатында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қарап отырсаң, қазақ ешқашан дінінен айрылып көрген емес. Ешқандай уақыт үзілісі болмағандай, дінімен қайта қауышты да, əрі қарай жалғастырып жүре берді. Бұрынғыдай қорықпай, жасқанбай, дінге бас иіп, Құдайға құлшы-лық етіп, мешіттер салып жатырмыз»,– деді. Сонымен бірге дінді дұрыс ұстанудың да қажеттілігіне айрықша назар аударып: «Біз абайлауымыз керек. Біздің дініміз керемет, басқа діндердің керегі жоқ демеген жөн. Біздің дініміз – өзіміздің дініміз. Бірақ, басқаны да білуіміз, сыйлауымыз, құрметтеуіміз қажет. Сонда мұсылманның діні де құрметтелетін болады»,–деп исламның даналыққа құрылған бейбітшіліктің діні екендігін ескертті.

Көзі қарақты оқырманға ұсынып отырған жинақты құрастыру барысында қол жеткізген материалдарға жүгінсек, Алаш көсемсөзінде дін мəселесінің алар орны айрықша екеніне көзіміз жетті.

ХХ ғасыр басында Қазақ елінің өркендеуі жолында діннің алатын орны туралы Алаш зиялыларының арасында екі жақты көзқарас қалып-тасты. «Айқап» журналында: «егер қазақ мемлекеті құрылатын болса, ислам дінінің заңдылықтарына, яғни «шариғатқа» негізделу керек» деген пікір басымдық танытса, «Қазақ» газетін шығарушылар қазақ мемлекетін европалық жүйемен басқару керек деген пікірде болды. Сөйте тұра олар ата дініміз исламды, салт-дəстүрді халықтың маңызды рухани құндылығы ретінде көздің қарашығындай сақтауды ұстанған. Осы екі идея халық

Page 4: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

4

арасында қоғамдық пікір тудырды. Бұл мəселе – бүгінгі күні де өте өзекті. Қазақстан тəуелсіздігін жариялағаннан кейін осы тақылеттес пікірлер бұқаралық ақпарат құралдарында орын алғаны зиялы қауым жадында болар.

Қазақ елінде мұсылмандықтың өркендеуіне үлес қосқан тұлғалар Алаш қозғалысының көрнекті өкілдерінің арасынан көптеп табылды. Ресей мемлекеттік думасының Мұсылман фракциясы, Мемлекеттік дума жанындағы Мұсылман бюросы, «Шура-Ислам» қоғамдық-саяси ұйымы, Мұсылман құрылтайлары жұмыстарына қатысқан Алаш қозғалысының көрнекті өкілдері «Алаш» партиясының бағдарламасына дін мəселесін жеке тарау ретінде енгізді.

Алаш баспасөзі көсемсөз жарияланымдары жинағын құрастыру барысында байқағанымыз, Алаш зиялыларының ешқайсысы дiнсiз болайық демейдi. Керісінше ата дiндi ұлттың сақталуымен байланыс-тырады.

Ұлт ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінде жариялан-ған «Бастауыш мектеп» деген мақаласында: «Хүкіметке керегі мем-лекеттегі жұрттың бəрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, əр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуы сақталу. Солай болған соң, бастауыш мектеп, əуелі, миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек. Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты басқа дінге аудара-мын деген құр əурешілік. Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс. Араб əрпі ислам дінімен бірге келіп, қазаққа орнаған. Дінмен байласқан жазу дін жоғалмай, жоғалмайды»,– деген құнды тұжырым жасайды. Оның айтылғанына жүз жылдан аса уақыт өтсе де күні бүгінге дейін маңызын жоймай отырғанына қарап, Алаш көсемсөзінің өміршеңдік мəнін ұғуға болады.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың» 1914 жылғы 46-санында жарияланған «Жер жұмысына дін жұмысын қыстырма-лау» деген мақаласында, аты айтып тұрғандай, «қазақтың тірі я өлі болу мəселесі» (А.Байтұрсынұлы) – жер мəселесіне дін жұмысының қыстырмалануы туралы пікір көтеріледі. Туындыда орыс миссионер-лерінің арбауымен «құрыққа» іліккен шоқынған қазақтар жайлы мəліметтер келтіріледі: «Алтай һəм қазақ миссионерлерінің 1893 жылғы отчетында айтады: 1893 жылы қазақтан шоқынған – еркек-əйелі бар 69 кісі. Христиан дінін оңай қабыл еткіштер – жарлылар, қалың қазақтың ішінен шығып, қалаларға келіп малайлыққа жалданғандар. Бұлар бірте-бірте орыс тілін біліп, орыстың ғұрпымен, дінімен танысады. Сонан соң христиан дініне икемдеп бұрмалаушы əуел бастан қожалары болады»,– деп, Ахмет Байтұрсынұлы халыққа іштен іріткен індетті ашып айтып, сақтық шараларын жасау керек екенін ескертеді. Патшалық Ресей

Page 5: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

өкіметінің «отқа май құйып» отырғанын нақты деректер негізінде былайша əшкерелейді: «Қазақты отырықшы қылғанда хриситан дінін түбінде қабыл етерлік жағы да көзделсін» деген Сенат жиылысы ұнатып, Жер министрі қабылдаған бір істі өткен нөмірде «Уақыт» газетасынан көшіріп бастық. Онда Сенат мақсұты табылу үшін, əуелі, қазақтар мен мұжықтарды біріктіре отырғызу керек. Екінші, қазақ саны орыс санының жартысынан аспасқа керек. Солай етсе, орыстардың қазақтардан саны басым болмақ. Саны басым болса, орыстардың сөзі де, тіршілік ісі де басым болып, қазақтар христиан дініне көшпек делінген».

Алаш көсемсөзіне жүгінсек, Алашорда үкіметінің алғашқы шешкен ұлттық мəселелердің бірі қазақтың төл мүфтиятын құру ісін қолға алғандығына көз жеткіземіз. Алаш ардақтысы Ғұмар Қараш алғашқы қазақ мүфтиі болып сайланды. Қазақтың өзінің төл мүфтияты болу керек деген мəселені көтеріп қана қоймай, оны шын мəнінде жүзеге асырған Ғұмар Қараштың Алаш қозғалысының белсенді мүшесі болғанына қарап, Алашорданың дінге теріс көзқараста емес, керісінше төл дініміздің сақталуына ұйытқы болғанын бағамдау қиын емес.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, дін хақындағы көзқарастарының алуандығына қарамастан Алаш зиялылары өз дəуірінде қол қусырып, қарап қалған жоқ. Олар ұлттың діни тұтастығы елдің жарқын болашағының кепілі екенін айрықша түсініп, осыған қатысты мəселерді шешуде аянбай тер төгіп, өздерінің қайтпас табандылығы мен ұлтжандылығын көрсетті. Ендеше Алаш баспасөзінде жарияланған көсемсөз өткенімізді білу үшін ғана емес, бүгінгі діни ақуалымызды бағалап, болашақ үшін таптырмайтын бай тəжірибе екендігімен де құнды.

Қайрат Өмірбайұлы СақЛ.Н.Гумилев атындағы

ЕҰУ профессоры

Page 6: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

«ТҮРКІСТАН УАЛАЯТЫНЫҢ ГАЗЕТІ»

(1870–1882)

«Түркістан уалаятының газеті» – қазақ журналистикасы тарихын-да көш бастаушы басылым. Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болған «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870-1882 жылдар аралығында Ташкентте шығып тұрды. Алғашында айына төрт рет – екі нөмірі өзбекше жəне екі нөмірі қазақ тілінде жарық көрді.

Газеттің алғашқы редакторы – орыс жəне шығыс халықтары-ның бірнеше тілдерінде еркін сөйлеген, башқұрт ұлтының азаматы Шаһмардан Мирасұлы Ибрагимов болды. Омбы кадет корпусында білім алған Ш.Ибрагимов Шоқан Уалихановпен жақсы таныс болған деген деректер де бар. Қазақ халқының ауыз əдебиет үлгілеріне қызығушы-лық танытып, оларды жинақтаумен де айналысқан ол басылымның биресми бөлімінде бірқатар зерттеу мақалаларын жариялаған.

Ш.Ибрагимовтан кейін «Түркістан уалаяты газетіне» Хасан Жанышев редактор болып бекітіледі.

Түркістан генерал-губернаторы Константин Кауфманның тікелей басшылығымен дүниеге келген «Түркістан уалаяты газетінің» негізгі мақсаты – патша үкіметінің бұйрық-жарлықтарын, жергілікті басқа-ру органдарының шешімдері мен үкімдерін қарапайым халыққа өз ана тілінде жеткізу еді. Бұл əрине патшалық Ресейдің отаршыл саясатын күшейту мақсатында іске асырылғаны сөзсіз. Дей тұрғанмен, Ресей қарамағындағы бүкіл түркі халықтары арасында ана тілінде шыққан алғашқы баспасөз болып саналатын «Түркістан уалаятының газетін» қазақ халқының мəдениеті мен əдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан басылым деп жоғары бағалауға болады.

Газеттің ресми емес бөлімінде қазақтың ауыз əдебиеті үлгілері, ғылыми жаңалықтар, шаруашылық жайы, мəдени хабарлар жəне əдеби туындылар басылды. Сондай-ақ, білім-ғылым мен өнердің пайдасы, оқу-ағарту ісі, орыс тілін үйренудің септігі жайындағы материалдарды да көптеп кездестіреміз. «Түркістан уалаяты газетінің» бейресми бөлімінде – жазба публицистика мен халықтың ауыз əдебиетін зерт-теп-зерделеу ісі қалыптаса бастады, бұл процесс – елдің қоғамдық-əлеуметтік көзқарасы мен əдеби-мəдени ой-пікірінің дамуына елеулі оң ықпалын тигізді.

Page 7: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

7

Орыс жұртына қараған мұсылмандарға меккеге баруға билет беру тақырыпты

1-ші

Меккеге барған адамдарға билет Ташкент пенен Алматыда беріледі. Онан басқа жерде берілмейді.

2-ші

Орысқа қараған Меккеге барамын деген мұсылмандарға əуелі уаеннай өкіміне өздерінің осындан қарап тұрған облыстарынан ешбір алық-салық жоқтығына жəне тергеуге түспегендігіне жəне араласпағандығына жəне ешкімнің қарызы мойнында жоқтығына куəлік хат алып келсе керек. Үш жақсы, сенімді адамдардан кепіл қағаз алып келер керек. Ол кепіл қағазда əлгі үш кепіл болған кісі жөнейтұғын адамның айлық салықтары уағында төленіп тұратындығынының, екінші, қалған бала-шағаларының ауқатының жеткендейінің жəне баратұғын адамның жол жүріп келуге ауқаты жететұғының жəне жолда қарыз қылмай қайтып келетіндігінің кепілін алса керек. Егер жолда қарыз қылса, ол қарызды өзі төлеймін деп кепіл болсалар керек.

3-ші

Оязнай өкімдер əлгі кепіл қағазды көрген соң Меккеге баратұғын адамдардың қолына барып келуге тоқтаушылық жоқ деп хат қылып береді. Сонан соң бұл хатты баратұғын кісі алып губернаторға келіп билет алады.

4-ші

Төрт ай болған сайын уаеннай губернатор Меккеге баруға билет берілген мұсылмандардың аттарын жазып, есебін генерал-губернаторға беріп тұрады.

* * *Бұрыңғы газетте арабтың ертегісін жазып, аяғын жазып бітіре

алғанымыз жоқ еді. Енді бұл сөз сол араб ертегісінің аяғы.Молда оқытып жүрген қалиф баласы молданың оқытып жүрген

сөзі бір құлағынан еніп, бір құлағынан шығып, есінде, ойында оқыған сөзінің бірі қалмайды. Бір күн қалиф əлгі молдадан сұрайды: “қалай, жақсы оқып, үйреніп жүр ме балам?” деп. Молда жауап береді: “оқытып жүрмін, бірақ ештеме болатындай көрінбейді” деп. “Неге бұлай дейсің, не үшін?” деп қалиф сұрайды. “Балаңның басында ештеме жоқ, бірақ болғанда биенің құлыны, содан басқа сөзге құлақ салмайды” деп, молда

Page 8: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

8

жауап береді. Қалиф үндемей ашуланып кетіп, сонан соң, көп күнге шейін молдадан сөз сұрамай жүреді. Баласы болса ер жетіп, ақымақ адам болады. Қалифтың өзі бір талай жасқа келген соң, істі балама тапсырып, өзім жай жатсам жақсы болар еді деп, ойға қалып, балам іс білмейді жəне іске көңілін қоймайды, енді қайтемін деп ойлап, сөйтсе де бір сынап көрейінші, молдасы өйтеуір бірдеме білдірген шығар деп, бір күн молдасының қасына келіп: “Қане, баламнан үйреткен сөзіңді менің алдымда сұрап көрші” деді. Сонда молдасы қалифтың баласынан сұрайды: “Аяғыңның астындағы не?” деп. “Аяғымның астында етігімнің ұлтаны” деп бала жауап береді. Сонда молда: “Етікті шешіп тастаса не қалады?” деп сұрайды. “Үйдің тақтайы қалады” деп жауап береді. “Ол үйдің тақтайын алып тастап, үйдің өзін орнынан алсақ не қалады? Үйдің өзі ненің үстінде тұрады, жұрт ненің үстіңде жүреді, ағаш ненің үстінде өседі?” дейді. “Ағаш тамырының үстінде өседі, тақтайдың үстінде жəне үйдің үстінде не барын мен қайдан білейін, мен онда енгенім жоқ” деп жауап береді. Сонда молдасы не қыларын білмей, ыза болып: “Ал жоғарыда, басымыздың үстінде не бар?” деп сұрайды. “Үйдің жоғарғы тақтайы, ағашы” деп жауап береді. “Ал енді үйден далаға шықсақ, онда басымыздың үстінде не болады?” деп сұрайды. “Басымызда қалпақ болса, қалпақ қалады. Қалпақ болмаса, ештеме қалмайды” деп жауап береді. “Аспан, ай, жұлдыз, қубас, бұлар бəрі саған ештеме еместей көрінеді ме?” деп молдасы сұрайды. “Ештеме емес” деп жауап береді. Сонда атасы қалиф молдаға қарап айтады: “Бұл сұраған сөз – үлкен қиын сөз, кішірек сөз сұрап көрші” дейді. Молдасы: “сен кімсің?” деп қалифтың баласынан сұрайды. Бұл сөзге күліп: “Мен жігітпін, мен менмін. Мұнда өзімнен басқа ешкім жоқ” деп жауап береді. Атасы ашуланып, орнынан тұрады. Молдасы əбден ыза болып: “Ешкімісің, қоймысың, құлынбысың, таймысың?” деп тағы сұрайды. “Мен құлынмын” деп жауап берді. “Апырмай, балам, осы қүнге шейін дəнеме білмегенің қалай? Ештеме білмепсің ғой?” деп атасы баласына айтады. Баласы: “Жоқ, ата, олай емес. Мен ас жеуді, ішуді, жоқтауды білемін” деді. “Тым-ақ көпті білер екенсің, тағы не білесің?” деп атасы сұрайды. “Менің білгенім тағы бұл” деп, орнына ырғып тұрып, үйдің ішінде жүгіріп жүріп, адамдарды тістеп, жұлып кетіп, бір кісінеп жібереді. Қорада тұрған жылқы мұның кісінегенін естіп, олар да кісінейді.

Ел бастап, атасы іші қатып күліп, онан соң жылап, жылап, ойға қалады. Балам мұнша ақылсыз емес шығар, мұны оқытқан молданың өзінің ақылы қалай екен, өзі анық қылып баламды түсіндіре алмаған шығар деп ойлап, “баламды жақсы қылып түсіндіріп оқытқанынды кім біледі” деп, молдадан сұрайды. “Нанбасаңыз, есік көзінде отырған қара бала, құлдан сұрасаңыз болады. Ол сіздің балаңызға үйреткен сөздің бəрін алыстан естіп, ұғып отырды” деп, молда жауап береді.

Page 9: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

9

Қалиф қара құлдан сөз сұрай бастайды. Сұраған сөзіне қара бала тоқтамастан, келістіріп жауап береді. Қара бала ақылды болған екен. Қалиф аң-таң қалып тұрып, ашулана бастайды. Сонан соң əлгі балаға қарап ашуланып: “Сен менің балама үйреткен сөздерді неге үйреніп алдың? Алтын алманы бір үйдің дастарханынан ұрлап алған сықылды болдың” деп, “ұрыға өлім” деп, баланы асуға бұйрық қылды. Сонда молдасы қалифтың аяғына жығылып, еңіреп жылап: “Оның орнына мені асып жібер, бұл бала осы күнде біз сықылды ақылды, өскен соң, бізден де ақылды, есті болар. Біз көптен бері жанып тұрған, енді сөніп баратын шырақ сықылдымыз. Бұл бала жаңа жаққан шырақ, көпке шейін жанып тұрар жəне көп жерді жарық қылар. Жұртың бағы үшін, бұл баланы сақтай көріңіз” деп, қалифтың аяғын сүйіп, аяғының астында жығылып жатады.

Қалиф ойлап тұрып, өзінің əділсіздігінен қайтып жəне молданың бұл баланы жақсы көргендігіне көңілі бұзылып, баланы аяй бастайды. Сонан соң молдаға қарап айтады: “Рас, молда, сенің сөзің рас, бала өлмей жарық беріп тұрса керек жəне жарқылы алысқа барсын деп, мен оны əлгі жоғалып кеткен баламның орнына өзіме бала қылып аламын” дейді. Молда жатқан жерінен ырғып тұрып: “Бұл бала – өзіңіздің жоғалып кеткен балаңыз. Мен оны ұрлап, құл қылып алып, үйретіп, енді ақылды болып үйреніп, жеткен соң, өзіңізге қайтып бергенім. Басы, етін жуып, оның қолындағы өзіңізге мəлім белгісін қараңыз, есіңізде бар шығар” деді. Қалиф қолындағы белгісін қарап, өз баласы екенін біліп, жұрт үшін бір үлкен той қылмаққа бұйрық шығарды. Той болып, жұрт жиылып келгенде, қалиф кім келсе де, бір жағына баласын, бір жағына молдасын алып отыратын болады. Жұрт қуанғанда кішкене ақылсыз баласын да қуантайын деп, қалиф оған бір талай жылқы үйірімен сыйлап береді. Жұрт бəрі көп қуаныштық қылады. Бəрінен де кішкене, ақылсыз қалифтің баласының қуаныштығы күшті болады.

Қожа тақырыпты

Алдыңғы газетте қожа тақырыпты сөйлеп, аяғын ендігі шығатын газетте жазып тұрамыз деп едік, бұл сол сөздің аяғы.

Қожаның сонымен қоймай молда болғысы келеді. Бұрын Сібір жағын-да үлкен молдаларды үлкен бастықтар орынға іріктеп қоюшы екен. Бұл қожа молда болғанда əлгідей бастықтар қоятын үлкен молда болғысы келеді. Қожаның өзі жазу-сызуды өрең біледі екен. Молданы жұрт сайлап, мұхыр тамға басып сайласа керек екен. Сөйтсе де қожа бұған да тоқталмайды. Ел-елде жүргенде, өзін молдалыққа сайлап, жазған қағазына жұрттың мұхыр тамғаларын бастыра бастайды. Бастырған

Page 10: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

10

мұхыр тамғасы көбейе бермеген соң, өзінің ойында бір үлкен жиын қылып, жұрттың жақсыларын, байларын шақырады. Сөйтіп, жиын болып, жұрт жылқы етіне əбден тойып, қымызды ішіп болып отырғанда, қожа қолына əлгі қағазды үстап келіп, “мұхыр тамғаларыңызды басып берсеңіз екен” дейді. Жиылған жұрт бұл істі бұйым демей, мұхыры бары мұхырын басып, мұхыры жоғы тамғасын сызып, сызып салып-ақ жібереді. Кейбірі бұл қандай қағаз деп сұрайды. Кейбірі сұрап отырғанымыз келіспес, жараспас деп, оны да сұрамайды. Сөйтіп, қожамыз бір округ жерге молдалыққа сайланып-ақ қалады. Онан соң қожа бұл мұхыр бастырған қағазды приказға мəлім қылып, мұхыр бастырып алып, Уфа деген қалаға барып, молда болуға жарайсың деген қағазды мүфтиден алып келуге бармақшы болып, жұрттан бірталай ақша жиып алады. Енді өзі дəнеме білмеген соң, қайтып молда болса керек. Молда болған адам тəуір, білімпаз болса керек. Қожа сонда да тоқтамайды. Сөйтіп, ақша жиып, қожа мүфтиге жəнейді. Қызылжар қаласын басып, жолда кетіп бара жатқанда, Қызылжар қаласынан Шəңгерей деген ноғайды өзімен Уфа қаласына алып кетеді. Уфа қаласына барған соң, мен болып, мүфтиге көрініп, мен үшін сұраған сөзіне жауап берсең, мен сұрағанынды беремін деп, Шəңгерей ноғайға жалынады. Жалынған соң, бұл ноғай қожа болып мүфтиге көрініп, мүфтидің сұраған сөзіне əбден жауап беріп, “Рас, қожа молда болуға жарайтын екен” деген қағазды мүфтиден алады. Қожа мүфтиден елге қайтып келген соң, жұртқа молда болып келдім деп жаяды. Өлген адамды көміп, неке болса қиып, əбден молда болып алады. Қазақтар рас сөзден көрі, өтірік сөзге ертерек сенеді. Қожаның сөзіне əбден сеніп алады. Жəне қожаның сөзі болған соң, тағы көбірек сенеді. Қожа қарап тұрмайды. Молдаға қараған істерді де бітіреді. Бидің бітіретін дау-жанжал істерді де бітіре бастайды. Сөйтіп, қожамыз бір жағынан молда, бір жағынан би болып кетеді.

Қожаны үлкен бастықтары молда орнына бекітіп қойған жоқ екен. Қожа дамолла алмақ арыз беріп, ол аз болса, өзі губернатор тұратын үлкен қалаға барып келіп тұрады. Сөйтсе де оны молда орнына қоймайды. Онан соң қожа əр жылы елге келетін уаеннай губернатордың əлгі өзі тұратын қалаға келуін күтеді. Қожаның бүйтіп мүфти алдына ноғайды алып барып, өзі үшін жауап бергізгенін бірталайға шейін, ешкім білген жоқ екен. Əлгі ноғай қожадан сұраған ақын бермей, əуре қылған соң, əлденеше жола сұрап, арыз болып, қағаз жазады. Сонан соң жұрт естиді.

Қожаның күткен уаеннай губернаторы кешікпей келеді. Келген соң жиылған жұрттың ішінде қожа да тұрады. Губернатордың ойы қандай екенін көрсем бетінен білемін деп, қарап тұрады. Көрген кісісінің бетінен ойында не барын білемін деп, жаңылыс ойлайтын ойы қазақтарда да бар. Губернатор келіп, арбасынан түскен соң, жұртты көріп амандасып, үйдің ішіне еніп кетеді. Қожа қанша көтеріліп-көтеріліп қараса да, оны

Page 11: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

11

губернатор көрмейді. Қожа неғыларын білмейді. Енді не болар екен деп күтеді. Бір күн уаеннай губернатор сөйлесемін дейді. Жұрт жиылады. Қожа да жұрттың қатарында, басына бір үлкен сəлде салып келіп тұрады. Губернатор бір үлкен сəлде салған адамды көріп, қасына келіп “бұл кім?” деп бетіне қараса, өзінің алдында неше жола ойнап, байып жүрген, өлең айтқан қожасы тұр. Қожаның үстінен түс-тұс жақтан арыз берген себепті, уаеннай губернатор қожаның жайын білген екен. Сонда уаеннай губернатор жұртты алдап жүргенін, жұрттан ақша жиғанын, жарлы-бейшараны ренжітіп жүргенін, зақонға тура келмейтін іс қылғанын, бəрін бастан-аяқ айта бастаған соң, қожа аң-таң болып, қорқып, жаны шығып кете жаздайды.

“Старшиндер менің үстімнен арыз есіткен жоқ” деп жауап береді. Сонда уаеннай губернатор айтады: “Сен шариғат білмейсің, сен молда болуға жарамайсың. Мен сені білмеймін” – дейді. Қожа жауап береді: “Қолда мүфтидің молда болуға жарайсың деген қағазы бар” десе де болмай, уаеннай губернатор “молдамын деп жүрме” деп бұйрық қылады. Сөйтіп, жұрттың алдында қожаның қадірі жоғалады. Жұрт қожаға баруын қояды. Қожаның үстінен арыз бітеді. Жəне қожаның өзі де жуасиды.

Бұлай болып көп тұрмайды. Бұрынғы уаеннай губернатордың орны-на басқа адам уаеннай губернатор болды деген хабар келеді жəне жаңа уаеннай губернатор қатты адам деседі. Қожа үлкен қалаға барып, арыз беріп, тағы сұрап көрейінші деп ойласа да, соңғы хабар келген соң, уаеннай губернатордың күйіне қарайды.

Қожа тұрған қалада қожаның бір үлкен жақсы үйі бар екен жəне байлығы тым-ақ жақсы екен. Қазақтың аға сұлтаны, билері, болыснайлары бəрі қалаға келгенде, қожаның үйіне тура келіп түседі екен. Аға сұлтан болса, қаладан елге, бір жаққа кеткенде мұхырын қожаға тастап кетеді екен. Қожаның сенімдігі қандай екенін сонан біліңіз.

Жұрт жаңағы уаеннай губернаторды келеді деп күтісіп тұрады. Қожа да жұрттың сайлау қағазын қолына алып, күтіп тұрады. Қожа күтіп тұрып-тұрып, уаеннай губернатордың алдына кетеді. Губернаторды келе жатқанын жолда көріп, алыстан басын иіп, қалаға жақындап келгенде, губернатордың арбасының қасында шауып келеді. Жұрт губернатордың арбасының қасында шауып келе жатқан қожаны көріп, бұл бəрімізден бұрын губернаторды көріпті деп айтысады. Губернатор келген соң, орыс-қазақ төрелері бəрі келіп көрінеді. Енді қожаның тым-ақ көрінгісі келеді. Аға сұлтан “мен көрсетейін” деп, қожаны бір күн губернаторға өзімен бірге ертіп алып келеді. Губернаторға енген соң, губернатор қожаның үстінен берген жұрттың арызын айтып, аға сұлтанды ұрыса бастайды. “Қожаны молдалыққа жұрт сайлаған болса, мен қайтейін”, – деп, аға сұлтан жауап береді. Губернатор аға сұлтан, қожаны екеуін де үйінен айдап шығарады. Далаға шыққан соң, орыстан босадық деп, терілерін сүртісіп, отырысып алыпты.

Page 12: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

12

Орыс газеттерінен алынған хабарлар

Осы жыл Мекке жəне Мəдине қалаларында кісілер кеп набыт болып өлетұғын тағұн деген ауат ауруы болған себепті улұғ бастықтар бұл адамдарды сақтамақ үшін қажыға бармаққа рұқсат болмасын деп бұйрық қылды.

* * *Мұсылмандардың өнер үйренуден жиренген тақырыпты біраз сөз

жазайық. Бір бозбала жігіт көпті көрген шалдан: “Ай, ата, бұл заман жақсы ма, жоқ, бұрынғы өткен заман жақсы ма?” – деп сұрапты. Бұған шал айтыпты: “Ойбай, шырағым, бұрынғы заманның несін сұрайсың. Ол заман енді қайтып келмейді ғой. Ол бір бөлек, тыныш, арзаншылық заман еді. Ендігі заманның өзі қу заман болған, əр нөрсе, қымбат болып, береке түк те қалмады. Бұрын заманда бір қозылы қой елу тиын болушы еді. Жəне бұрынғы заманда бір жүз сом ақшасы бар адамды тіпті қатты бай деуші еді. Енді бұл заманда бір мың сом ақшасы болса да бай деп адам айтпайды”, – деп, шал айтқан соң, манағы бозбала жігіт айтыпты: “Ата, бұл сөзің бəрі бекер сөз. Бұрынғы заман жақсы емес, ендігі осы заман жақсы, – депті. – Бұрын заманда бір үй жан жалғыз үйге сыйып тұрушы еді, енді бұл заманда бір кісі он үйде жалғыз өзі тұрады. Біздің бір үй дегеніміз – қазақ үйі емес, орыс үйі, біз бұрын заманда өзі көжеге жарымағандар осы күнде шай, қант болса да оған разы болмай, орыстың бір тəтті тамақтары бар дейді, соны жесем екен дейді. Енді осыны ұят деп көрсеңіз, адам баласы бір-бірінен көріп, қай ас жақсы болса, соны тəуір көріп, соны қылғысы келеді жəне ақыл арттырады, адам баласы бір-бірінен көріп, үйреніп алмаса, жабайы адамдай болып, ешнəрсенің мəнісін білмес еді.

Енді қарасаңыз, біздің қазақтың баласы орыстың тəтті тамағымен қоса, киімдерін, күміс-алтын сағаттарына бойын жылдам үйретіп тұр. Көрсе де, орыстан ақыл алып, өнер білуге, мал табуға жолағысы келмегендері де бар, неге бұл істі қылмайсың деп айтсаңыз, ата-бабамыз қылмаған кəсіпті неге қылайық дейді. Қынама киім мен сағатты ата-бабасы кимесе де, оны пəлен-түгілен демей-ақ киеді. Бұл қынама киімдер мен жақсы тамақтарды тəуір көрген соң, орысша оқумен өнер тапса, тым жарасар еді. Өнер білген адамға мал табуы оңай. Өнер білгенмен мұсылман дінінен шықпайды. “Өнермен дүние тапса, дүниеде тұруға асан мал-жан, дүние мен ақырет табылады” деген мақал бар. Өнері жоқ адам бір жылға малайлыққа, бір қозылы қойға жалданады. Өнері бар адамдар үйінде шалқайып отырып,он қозылы қойыңды айында табады. Кісінің өнері болмаған соң, алдындағы өзіне қараған бір пайдалы істі, екінші жұрттан бір бөлек адам келіп, пайдаланып байып кетеді. Өнері жоқ адам аузын

Page 13: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

13

ашып қалады. Өнерман адамдар дүниенің бір шетінде тұрып, дүниенің екінші шетінде қандай жер, қандай су, қандай жұрт барын, бұл жұрт немен күн көретінін біледі. Біздің қазақтың кейбіреулері отырған ауыл, үйінің неше екенін білмейтіні жоқ емес. Бір ауылдан екінші ауылға шейін қанша жер деп сұрасаңыз, анық қылып айта алмайды. Оқыған адамдар Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзде қанша адам бар десең де айтып береді.

Жəне қадім заманнан бұл заман артық болғанның себебін айталық. Осы заманда əр жерде мектеп көп. Оқу, өнерге үйренеді. Өнермен осы күнде от арбасы жүріп, от кемесі жиырма күншілік жерді бір күнде алады. Жəне сым темірмен бір жылшылық жерден хабарды бір күнде алады. Сіз бір жыл, жарым жыл тоқысаңыз да бітіре алмайтын бұйымыңызды машинамен бір сағатта тоқып бітіреді. Біздің қазақтың ұрғашысы бір жұма əуре болып тігіп отыратын киімдерін бір сағатта машинамен тігіп бітіреді. Жəне қадім заманда Меккеге барған адамдар бір-екі жыл жүріп келуші еді. Енді осы күнде өнерман адамдардың арқасында екі-үш айда Меккеге барып келетін болды. Біздің мұсылмандардың өнермандары тоқып шекпен қылады. Бұ шекпенді неше күн, неше жұма əуре болып тоқып бітірген соң сатып, алған ақшасы елу тиын. Орыстың өнерман адамдарының сол манағы шекпен қылған жүннен Қалған бұйымының кезі үш сом, төрт сом болады. Жəне сарттан мамық жəне бөлек бұйымдарды арзан алып, өнермен қылған машинаға салып, ситец қылып жəне өзімізге үш-төрт сом бəсін арттырып сатады.

Аяғында өзіміздің алдымыздағы шекпенімізді біздер алып, өз бұйымымызды өзіміз көп ақша беріп сатып аламыз”.

* * *Семей қаласынан Ташкентте газет бастырып шығарушыға дұғай

сөлем. Отыз бірінші июльде басып шығарған газетіңізде Ташкент қаласында ұрыларды үшкіріп бағатын молда мен бір балшының сөзін бастырып шығарған екенсіз. Сарттың ішінде ондай қу молдалардың бар екенін андасанда естуші едік. Сарттың ішінде ондай молдалар бар болса, қазақтың ішінде сіздің молдаларға ұқсаған біздің бақсы дегеніміз бар. Біздің бақсының қылған ісі молдалардан басымырақ. Сарттың қатыны молдаға жүгірсе, біздің қазақтың қатыны бақсы көрсе, жейтін асын тастап, бақсыға жүгіреді. Біздің бақсы қылған ісін əсемдеп қылады. Ел бастап ауылға келерде, ауылға барамын деп хабар жібереді. Өзі келерде анадай жерден қолына ұзын таяғын ұстап, боз атқа мініп, басына ақ сəлде салып, айғайлап жұрттың құтын алып, ауылды үш жола айналып шауып жүріп-жүріп, онан соң ауылға келіп түседі. Əне, онан соң біздің қазақтың жас келіншегі үйді шыр көбелек айналып отырып алып, тапқан, жасырғанын бақсының алдына əкеліп салып, бақсыны сөйлете бастайды. Бақсы онан соң аузына келгенін оттап-оттап, олжасын жиып алып,

Page 14: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

14

ауылдың қатыны көп боп, ақылы жоқ болса, ол ауылда бір-екі күн тоқтап, олжасын көбейтіп алады. Болмаса ауыл аралап, тоқтамай жəнеп кетеді. Бақсылардың өзімізге айтқаны бар: “Егерде ауылда қатын көп болый, ақылы жоқ болса, əне, сонда біздің жолымыздың болғаны” деп. Қазақтың ішінде қатынға ұқсап, бақсының қулығына иланып отырған еркек те жоқ емес. Ана жыл бір болыс болып тұрған жақсы адамымыз, қатты науқас болғанда, қос атымен бақсы алдырып қаратқан.

Сонда алдырып келген бақсы науқас боп жатқан адамның алдына еніп отырып, жынын шақырып, ішін жарып ауруын қараймын дегенде ауылдың еркегі-ұрғашысы бəрі жиылып алды. Сонда əлгі бақсы: “Ал енді, жындарым келді, ішін жарамын” деп, ішін жарған боп отырып, кенет орнынан айқай салып тұра келді. Қарап отырған жұрт шошып кетіп, “не болды?” десе, бақсы тəуір ұзын ине мен бір кішкене тасты жанында отырған отағасыға ұстатты. “Бұл не?” деп сұрағанда науқас адамның ішінен суырып алдым деп, орнынан ырғып тұрып, үйдің ішінде аунап жүгіріп, “жындарым енді қайтсын” деп, қолына домбырасын алып, таяғымен жерді төпелеп, біраз уақ өткен соң, “жындарым кетті” деп, тыншып отырып алды. Жиылып отырған жұрт: еркек, ұрғашы əлгі ине мен тасты көріп, “бұл не?” деп, бəрі таң қалып сұрағанда, “Науқас болып жатқан адамның тоқалы: “Ерім менің үстімнен тағы қатын алайын деп жүр, енді қатын алғызғанша ерімді дəрі беріп, біржолата өлтіріп қояйын” деп, ине мен тасты əлгі қатын дəрісіне малшып, еріне аспен қосып берген екен, менің жындарымның айтқан хабары осы, ішінен шығарғаным мынау” дейді. Жиылған жұрт бастан-аяқ бəрі бұл сөзге иланып отырып алады. Ертеңгісін науқас адам, бақсы олжасын жиып алып, ауылдан жөнеп кеткеннен соң, тоқалын алдына шақырып, қол-аяғын тастай байлатып алып, өзі ұра алмаған соң, біреуге сабатып, бейшара тоқалдың көрмегенін көрсетіп, енді айырып, төркініне айдатып жіберемін дегенде, өзге бір ауылдан жақсылар жиылып келіп, əлгі жөнеп кеткен бақсыға қуғыншы жіберіп алдырып, үсті-басын шешіндіріп тінтіп көрсе, бақсының тұла бойы ине мен тас екен. Сөйтіп, бейшара тоқал ұяттан əрең деп құтылып қалды.

Жазушы Байсалбай.

Біздің газетке хабар жазып тұратұғын бір кісі бізге хат жазып, газетке басып шығарсаңыз екен дейді. Жазған сөзін басып шығардық. Сөзі осы.

Адам баласы бір іске үйренсе, оны қоймайды. Апиын салатұғын адам, насыбай ататұғын адам үйренген соң оны тастамайды. Екінші, бұл жаман іс деп айтуға өзі де бармайды. Соған ұқсап біздің сарттың мектебінен көріп үйреніп кеткен соң, біздің мектептен артық мектеп дүниеде жоқ деп жүреді. Бала кіші күнінде балауыздай жұмсақ болады. Балауызды

Page 15: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

15

қандай қыламын десеңіз де, баланы да кіші күнінде сондай қыласыз. Кіші күнінде баланы іске үйретсеңіз, үйренген ісі өмірі барынша қалады. Сарттың мектебінде жас баланы мектепке түскен соң сарттың молдасы салған жерден таяққа үйретеді. Балалардың өкесі таяқ жемесе бала үйрене алмайды деп молдаға балаларын алып келіп береді де, молданың алдында үйреніп отырған бір үлкен балаға баласын тапсырып, баланы елден бөлекше үйретіп отырады. Екінші бірі баласын молдаға алып келіп берерде айтатұғын сөзі: “Баламды ұрыңыз, соғыңыз, адам болсын. Еті сіздікі, сүйегі менікі” дейді.

Үшінші бірі – молданың ұрған жері о дүниеде күймейді деп, “Баламды көбірек ұра көріңіз” деп өтініш қылады. Оқытқан молдалардың айтқан сөзі: “Бала таяқ жемесе, сабақ білмейді” дейді. Тағы бірі “Баланы жастан, қатынды бастан” деп, баланы ұра береді. Біздің мектепте молдалардың қылатұғын ісі осы. Молдалар балалардың əкесі “Баламды ұра көріңіз” деген себепті жалқау баланы да, жалқау емесін де үсті-үстіне бірдей ұра береді. Балаларды оқытуға отырғанда молданың алдында таяғы жатады. Молда оқытып отырғанда таяқсыз тіпті де отырмайды.

Енді біз өзімізден бір-екі ауыз сөз айтайық. Ғылым адамдардың сынап көруі бойынша баланы жас күнінде ұрып үйреткен соң баланың қадірі кетеді.

Екінші, баланы қорқақ болуға үйретіп, баланы жалғаншы, өтірікші, хайлашы қылып жібереді. Қолына таяқ алып, таяқсыз баланы үйретіп болмайды деп отырған молда өзге пайдалырақ істі қылғысы келмейді. Қолындағы таяғына сеніп, күшінің барлығын үйренген таяққа салып отырғанша, оқытып отырған балаларына жақын болып, балаларға сөз айтқанда балалардың сүйегіне жететұғын сөз айтып үйреткен тəуір болмас па еді?

Əрине, оқытып отырған молдасы балалардың бəріне тегіс болып отырса керек.

Баланың бірін кешіп, бірін кешпей отырса тағы болмайды. Бəріне бірдей болуының өзі қатты керек іс. Баланы кіші күнінен жақсылықты, жақсы көргендігінен қылуға үйретсе керек. Екінші, жалғыз таяқтан қорыққаннан жамандық қылмай, баланың өзі жамандықты жек көрген-нен қылмысқа үйретсе керек. Жас күнінде жақсылық қылуға, жаман іске көңіл қоймасқа, баланың ісіне таяқпенен зорлық қылмай, аз-аздап кіші күнінен үйреткендей болмайды деп ақылды адамдар айтады. Өзіңіз ойлап қараңыз, баланы кіші күнінен таяққа үйреткеннің пайдасы бар ма? Таяқ баланың амандығына да, ақылы көбеюіне де қатты залал болады.

* * *Ел бастап орыс жұрты қалайшасынан патша жұрты болғанын, екінші,

Киев князы, үшінші, князь Егор менен оның қатыны Ольга, төртінші,

Page 16: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

16

князь Суетислав тақырыпты басып шығарып едік. Енді князь Уладимир тақырыпты жаздық.

Бұрынғы өткен орыс княздарының ең белгілі, жақсы адамы князь Уладимир еді.

Сол князь Уладимирдің қылған істері осы күнге шейін де орыс жұртының арасында көп айтылады. Ел бастап Уладимирдің қылған жақсы ісі – осы орыс жұртын християн дінді қылды. Орыс жұрты сол уаққа шейін құдайдың бірлігін білмей, ағаштан, екінші – тастан пұт қылып, соған табынып жəне рахмет, жəрдем сұраушы екен. Əлгі пұттан жəрдемшілік аламыз деп, өздерінің ең жақсы, қымбат тұратұғын малдарын, жұмыстарын жəне өзге нəрселерін сол пұттың алдына алып барып тұрушы еді. Киев деген қаласында Уладимирдің ордасының жанында бір Перун деген пұты бар еді. Тұла бойы үлкен ағаштан, басы күмістен, мұрттары алтыннан жасалған еді. Бұттың қолында қылыш пенен найза тұрушы еді. Жұрттар бір жамандық көріп, қорыққан уақта одан қорынайын деп, əлгі Перун деген пұттың алдына еркек бала, екінші, қыз баланы балменен таңдап, бал кімге түссе соны алып барып, құрбан қылушы еді. Əлгі князь Уладимир осы пұтқа табынбақты шариғаттан тысқары көріп, өзге жұрттардың діндерін жақсы, екінші құдайға мақұл екенін біліп жүрді. Сол уақта ол өзі бір бөлек дінге кірмекке көңіл қы-лыпты. Бірақ қайсы діннің жақсы, рас екенін білмей жүруші еді. Уладимир бұл ойлап, қайсы діннің жақсы, рас екенін білмей жүргені барша жұрт-тарға мəлім болыпты. Əрбір жұрттар өзіміздің дінімізге кіргіземіз деп, əркім өзінің дінін мақтап, ақылды адамдарын Уладимирге жіберіпті.

Ел бастап болғар жұртынан адамдар келіпті. Ол жұрттар Уолга деген судың жағасында, осы күндегі орыстың Қазан деген қаласының жақынындағы жерлерде жүруші еді.

Болғар жұртының бəрі мұсылман еді. Олар Уладимирге мұсылман бол деп айтса, Уладимир оған көнбейді.

Бірнеше уақтан соң Киев деген қаласына хазар деген жұрттан елші келіпті. Олар да Уолга деген дарияны жағалап жүруші еді. Сол жерде осы күнде Россия жұртының Астрахань деген қаласы бар. Хазар жұрты жаһуд болмаса да, жаһудтың дінін тұтушы еді. Олар Уладимирге елші жібергенде ең жақсы, белгілі адамдарын жіберіпті. Əлгі келген елшілердің əбден сөзін тыңдап болған соң, олардан сұрапты: “Сіздердің туған, өскен қалаларыңыз қайда?”деп. Жаһуд бір жауап беріпті: “Туған, өскен жеріміз мұнан алыс, Стамбул деген қаланың жағынында, бірақ біз сол жерде тұрмаймыз. Оның үшін Құдай бізді қорғап, əр жаққа таратып жіберді”. Уладимир олардың сөзіне жауап беріпті: “Өздеріңізді Құдай қорғағанымен тұрмай, бөлек жұртты да азғырып, бізбенен діндес болыңыз деп үйретесіздер, жоғалыңыз менен, аулақ, біз сіздің дініңізге кіріп Құдайдың қарғысына ұшырамаймыз” деп. “Жəне сіздерге ұқсап

Page 17: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

туған, өскен жерімізден айрылмаймыз” деп, елшілерін қайтарып жіберіпті. Бірнеше уақтан соң грек жұртынан Киев қаласына елші болып бір белгілі, ақылды кісі келіп Уладимирге айтты: қалайшасынан дүниені жаратқан, қалайша адамдарды жаратқан жəне христиан дінін əбден ұқтырып айтыпты. Екінші, жақсы адамдар өлгеннен соң құдайдан қандай рахметшілік көреді. Жəне жаман адамдар дозақта қандай азап көреді. Онан соң əлгі елші Уладимирге бір сурет көрсетті. Əлгі суреттің үстінде жазылған еді: “Қалайшасына кінəсіз адамдар рахатшылық көреді, қалайшасына кінəлі адамдар азап көреді”. Уладимир əлгі суретке қарап ұғылар айтты: “Кінəсіз адамға жақсылық бар екен” деп. Елші жауап берді: “Егерім біздің дінімізге кірсең, пейіште əлгі кінəсіз адамдарменен бірге боларсың” деп. Сөйтсе де Уладимир екі ойлы болды.

(Бұл сөздің аяғын ендігі газетте тағы жазамыз).

Page 18: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

18

«ДАЛА УАЛАЯТЫНЫҢ ГАЗЕТІ»

(1888–1902)

«Дала уалаятының газеті» – «Түркістан уалаятының газетінен» кейін шыққан екінші қазақ тілді басылым болды. 1888 жылдың 1-қаң-тарынан бастап 1902 жылдың 12 сəуіріне дейін шығып тұрды. Дала генерал-губернаторлығының ресми органы ретінде Омбыда жарық көрген «Акмолинские областные ведомости» газетінің қосымшасы ретінде «Особое прибавление к Акмолинским ведомостям» деген атпен басылды. 1894 жылдан бастап «Дала уалаятының газеті» болып шыға бастады. Орысша нұсқасы – «Киргизская степная газета». Басылымға əр кезде редактор ретінде қол қойып отырғандар – И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абаза, А.Попов жəне Д.Лавров. Ал, қазақшасын тұрақты редакциялағандар – Е.Абылайханов пен Д.Сұлтанғазин. Р.Дүйсенбаев, Б.Чалымбеков жəне тағы басқалар газетте аудармашы əрі əдеби қызметкер болып еңбек етті. Газеттің таралымы туралы нақты бір ақпарат жоқ, дегенмен басылымның бір мəліметінде 1332 деген дерек кездеседі.

Газеттің тұрақты авторлары қатарынан О.Əлжанов, Ш.Айманов, Ж.Аппасов, Д.Иманқұлов, А.Қылышбаев, А.Нөгербеков, М.Ж.Көпеев, А.Шонаев, Б.Əбдіков, А.Құрманбаев жəне Қ.Жаңатаевтың есімдерін кездестіруге болады.

Сол кездегі өзге газеттер секілді бұл басылымның да ресми жəне ресми емес бөлімдері болды. Ресми бөлімінде патша үкіметінің үкім- жарлықтары, заң-закондары, жергілікті басқару əкімшілігінің бұйрық-тары мен шешімдері жарияланды. Оларды қарапайым халыққа түсін-діре отырып, отарлық жүйені күшейтуді көздеді.

Ресми емес бөлімі түрлі тақырыптарды кеңінен қамтыды. Оқу-білім саласындағы мəселелер, шаруашылық жайы, ғылыми зерттеулер, қазақтың халық ауыз əдебиеті үлгілерінен айтыс, мақал-мəтелдер, дастан-жырлар басылды, сонымен бірге əдеби аудармалар мен этно-графиялық мақалалар, қоғамдық-публицистикалық жазбаларды кездес-тіреміз.

«Дала уалаятының газеті» – өз кезеңінде Ресей патшалығының жергілікті басқару органдары тарапынан шығарылған басылым бола тұра, қазақ халқының мəдени-əдеби, қоғамдық-əлеуметтік дүниета-нымының жетіле түсуіне əсер еткені өз алдына, елдің саяси сауаты мен көзқарасына да зор ықпал еткен басылым болғаны сөзсіз.

Page 19: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

19

БаянауылданТұрмыс жайында болған хабарлар

Ілгері өткен қазақ халқының қалыбы. Ескі заманда бір адам мəртебе талап болып адамгершілік іздесе жас күнінен үлгілі би, орнықты хандарға қызмет етіп, неше жыл еріп, қасында жүріп (Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы) əр орынға керекті хакімдерден кəміл үйренеді екен. Мəзкөр жақсылар сол жанның талабының рəсімі халқына түгел арналғанын пайымдаған. Соның алдарында бірнеше істерге өкім қылдырын, үйренілміш ғаріптеріне муафих қылса, бəрекелді мұнан былай төре қылуға жарайтынын білдің деп бата беріп, билік айтуға рұхсат етеді екен. Рұхсат алған соң бұл жанға талабы ғадатлік, шешендік атағын жаюға жаһұд етіп һəм жақсы болса əр тараптан даугерлер келіп, алдында бата бастайды екен. Бағзы бір уақыттарда бір жағы разы болмайынша біте алмай, екінші бір биге барса, ол би сұрайды екен. Бұрын бұл дауларының тығырысында кісіге айтысқан ба едіңдер деп. Даушылар айтса керек: «Ілгеріде, пəленше еке, айтысқан едік осылайша хакім қылды» деп. Егер тұғыры тура болса, сөз сонікі деп бұзбай қоя береді екен. Сондықтан үшінші биге баруға орын қалмай бітіп кетеді екен. «Еріннің құны екі ауыз сөз» дегеннің мағынасы осы болса керек.

Бұл заманның рəсімі баяғы заманнан бұлаң болып, бұрынғы уақыт-тағыдай жақсыларға еріп үйренудің де керегі жоқ, үлгілі би, орнықты хан баласы болу да шарт емес. Дəулетті бай баласы болуға тырысады. Дəулетті бай болуын айбатамаймыз. Дəулет ешбір жерде құр керексіз еместігін, мырзалар мансап қылып, ғылым жолына жұмсамай, болыс нəпақ секілді орындарға жұмсалып кетеді.

Дəулетті айтылмыш орындарға бекер жібергенше Томскідегі ашыл-ған медреседе (университет) оқуға екі-үш жігітке қаражат шығарып, орын ашылса, Омскідегі гимназияда ғылым бітіргендерден барып оқып шығуға халыққа да, правительствоға да көмек, зор пайда тигізуге себепші болар еді. Біздер керек қылмасақ та замана керек қылғандай аңланады. Замананың мұнысына қарауға тиістіміз.

Мырзалар, ілгері айтылмыш медреселерде оқудың жөніне кел-мегендеріміз аз да болса шариғат низам. Ол рəсім халықтан білуге ғибрат ету лайық. Мəзкөр ларни фил жұмла білсек өзімізге һəм халқымызға да пайда тигізуге мына себепті болармыз. Болыснай ол билік не атақтан санасақ ғадатлі. Ғылым, білім дегенді қоссақ онан гөрі атақтырақ болармыз. Фаһимменен пікір айтып қарағанда білімді, ғылымды болғанымыз бек керек. Хусүсан қызмет иелерімізге аның шоң ғалым уа хакім, басшыларымыз өздері жол білмесе басқаларына нешік бастар.

Page 20: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

20

Ғылымның заманаға керек болып тұрғанына қарай, 24-інші январьда 1098-інші нөмерінен молланың ғылым білуі хақында циркулар хакім болған еді. Мұфты хазіреттің өтінуі мүжəбінше төмендегі мазмұн еді.

Бір орталы моллалық талап еткен адамдар оқып отырған медресе-лерінен яки ұстаздарынан куəлік хат алын, халқының приговорынан почта арқылы, я өз қолынан көрсетпесе, моллалық мəртебесіне лайық емес екеніне «Дала уалаяты газетінің» өткен 89 жылдың бір нөмерінде «Тəржіме» газетіне жазылғанынан алынып жазылған еді. Мұнан ілгері молла болған адамдарға дін, ғылымнан мағда Россия ғылымының тілін білмекті лəзім болғандығы хақында. Сондай адамдар болса дінге де, қызметке де пайда келтірмегін анықталды.

Мұндай пайдалы мына себептілі сөзді бек ұнатулымыз.

Құн турасында қазақтардың

Қазақтардың құн дегені бұлардың тұқымынан біреуді ұрып өлтір-се, бұл өлген кісі үшін алатұғын төлеуі-дүр. Қазақтардың əдет заңы бойынша құн төленеді, мүкаммалынан туғандарына һəм ағайындарына, егерде адамның денесінің бірер жеріне кемшілік келтірсе де. Бұл құнның мөлшері қазақтардың əдет заңын зерттеп байқап жазған адамдардың көрсеткені бойынша, əр қашан бір қалыпты емес. Бағзы біреулері тақақ-тап анықтап жазады, жай қара қазақтың құнына жүз ірі жылқы һəм 27 түйе қосымша төлеуменен деп. Бұл түйенің біреуі үстіне кілем жапқан қара нар болады деді (қыр даласында мұндай түйе бəлкім болмайды да). Қара қазақтың əйел адамына елу жылқы һəм қосымша төлеудің жартысы деді. Ақсүйек төренің құны жеті қара қазақтың құнына пара-пар болады-дүр деді, яғни 700 жылқы ақсүйек төренің əйел адамының құны, төренің жарты құнына пара-пар болады деді-дүр. Егерде кімде кім өлтірген кісінің сүйегін жасырса, онда өз алдына бөлекше құн төлейді. Қосымша төлеу еркек адамға 10-20 түйеге тейін һəм əйел адамға мұның жартысы деді. Екінші бір адамдар анықтап көрсетіп жазады, еркектің құны 1000 қойға яки 2000 теңгеге пара-пар болады деп. Əйел адамға мұның жарты-сы деп (Гродеков). Үшінші бір адамдар иландырып жазады кісі өлтірген адамның құны 2000 теңгеге шейін болады деп, қой; түйеменен бағаланып төлегенде дейді. Əйел адамға мұның жартысы дейді (Зеланд). Мұнан басқа өзге құнның мөлшері де бар əр түрлі қой, түйеменен жиналып, қосылып төленетұғын, қылған жазасының оңайлығына, қаттылығына қарай. Анықтап, əрқашанға бекітіп қойған құнның мөлшері жазылған жазуларда, оқылған оқуларда көрсетілген емес. Анықталған бір қалыпты мөлшері де жоқ шығар. Əр жайдағы құнның мөлшері де əр түрлі. Бұл жазғанымызды құнның не екен һəм қайдан шыққанын, зақон оқытатұғын

Page 21: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

21

жоғарғы медресенің жауабындай қылып жазбай-ақ, біз көрсетіп жазамыз, орта жүз қазақтарында құнның бұрын қайдан шыққан турасын һəм айтылған хикаяларын.

Адамдарды құрбандыққа шалатұғын замандарда мұсылман халқы-ның қадір тұтып иланатұғын Мұхамед пайғамбарының өлген əкесі аравия халқына құрметті Абдулмұталлиб жалбарынып тіленіп намаз оқыпты, үрім-бұтақ көбейтіп, күшейте көр деп һəм тілегімді қабыл алып, он балам болса, бір баламды қуаныш үшін құрбандыққа шалар едім депті. Бұл арада бірнеше жылдар өтеді. Дұғасы қабыл болып, мұраты хасыл болды. Абдулмұталлибтің он баласы болды. Өзінің уəдесін орнына келтірмек үшін жеребе тастады. Бұл жеребе ең жақсы көретұғын, сүйікті үлкен баласы Абдуллаға барып түсті (Мұхамедтің əкесіне). Абдулланы аяп, қимастан, Абдулмұталлиб құрбандықтың жауабын шешіп, жол тап деп ақылгөй, данышпан адамдарды шақырып, жинады. Бұл данышпан адамдар айтыпты, Абдулланы он түйемен араластырып қойып, жеребе таста деп, егерде жеребе түйелерге түссе, түйелерді құрбандыққа шал депті. Егерде Абдуллаға түссе түйені екі есе көбейтіп һəм он түйеден қосып, жеребені тастай бер, қашан түйеге түскенше депті. Айтқанынша қылыпты. Жеребе бұрынғысындай-ақ Абдуллаға түсе беріпті. Оныншы қабат тастағанда, түйенің есебі жүз болғанда, Абдулланың жолы оңға басталып, жеребе түйелерге түсіпті. Тағы да анығын білмек үшін үш қабат қайтадан тастапты һəм үшеуінде де бір қалыптан аумапты. Бұл себептен Абдулмұталлиб араб халықтарына айтыпты, мұнан былай құрбандық үшін жүз түйе шалынсын деп һəм бұған қарай кісі өлтірген адамның құны оның туысқанына яки ағайынына сонша түйе төлесін депті. Сөйтіп əдет болып кеткен екен. Мұнан кейін бұл əдет өзге мұсылмандарға да жайылған. Бұлардан қазақтарға да барған. Қазақтардың қыр даласындағы жай жөн аттардың бағасы түйеден екі есе арзан болады-дүр. Бұл себептен өлген кісі үшін 200 жылқы төлейді-дүр, яки мұның орнына араб халқынша жүз түйе төлейді. һəм əйел адам үшін мұның жартысын. Мұсылманның баршасына бірдей бұл хикаяның ақыры құнның анық қайдан шыққанын тəптіштеп білгізбейді. Не үшін десеңіз, құн əдеті қазақ арасында болған еді, қазақ арасына мұсылмандық кірместен бұрын һəм жоғарғы хиқая мағлұм болмастан бұрын. Қазақтардың құны деген əдеті өздерінің араларынан шыққан əдеті болса керек. Діннің жолынан шыққан əдет болмаса керек. Мұндай құн деген əдет бұрынғы заманда славян һəм германия халқында да болған екен. Бұлардың əдеттері бойынша, соңғы уақыттарда қазақтардың мəн-жайын байқап қарағандар айтады, қазақтың мінез-əдетінің бөлекшесін. Бұлардың халқының арасына сіңген бірер бөлекше əдетін де өздерінікі деп білмейді. Мұндай мінезінің себебінен қазақтар бөтен жұрттың мінезіне, əдетіне қызығып жақындай бергісі келе береді.

Page 22: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

22

Бақсылар, дуаналар

Бұрынғы өтіп кеткен шаман заманынан біздің қазақ халқының ой-лаған ойында, ғұмырында əр түрлі рəсім қалды. Кəріп болып жүрген уақытта біздің қазақтар көп құдайлар бар, бұлардың бастығы тəңір деген деп білуші еді. Осы уақытта Мұхамед пайғамбардың дінін күтіп тұрушы Түріктің тұқымынан шыққан мұсылмандар бір құдайды Тəңір деп атай-ды. Құдайдан басқа өзге дию, пері һəм шайтан-лағнет жын бар деп илану-шы еді. Сол уақытта құдайлардың таңдап алған адамдары бақсылар деп білуші еді һəм бұлар артқы адамдарға өз ықтиярын білдіртуші еді. Жəне сол уақытта төрелерден соңғы адамдар бақсы еді. Бақсылар тасаттық шалған малдарды бауыздап жүріп дəрігерлік қылушы еді. Бақсылардың сол күнгі қылатұғын нəрселері осы күнге шейін қалды.

Бұрынғы кəріп заманында қазақтар бақсыларға құрмет етіп сый беруші еді. Сол себептен көп адам дар бақсы болмақты ойлап тырысса да, өздерінің денесін суыққа һəм ыстыққа үйрете алмаған соң жайларына қалушы еді.

Бақсылық тұқым қуып, бірден-бірге келеді. Кейбір адамдар əуелі иесі науқасқа шалдығып, сонан соң бақсы болып кетеді. Кейбір адам халі болмаған соң күн көруге бақсы болады. Бүтін бір адамдардың үрім-бұтағы бақсылық құрады. Əкенің бақсылығы балаға, сонан əрі үрім-бұтағына жайылып кете береді. Кейбір əкенің бақсылығы екі я болмаса одан көбірек балаларға дариды. Мұндай нəрселер ілуде біреу-ақ болады. Бақсы болатұғын адамдар бұлтты күні ашу шақырып, құрыстап талып қалады. Жауынды шашынды күні осындай науқас пайда болған адамдар ашуланып, сөйлеспей томсырайып отырады. Болмас іске бұлар ызаланып сарнай бастайды. Сарнағанда бұлар əн салып, дамылсыз өлеңдер айтып құдайға һəм дию, пері жындарға жалбыранады: «Менің тынышымды алып, азаптандырма» деп. Көп сарнағаннан кейін науқастанған адамдар аузынан ақ көбік ағып, есі кетіп, ұғымсыз сөздер айта бастайды. Бұларға зекіп ақырып сөз сөйлесе, бұл ессіз адамдар қолына не түссе сонымен салып қалып, яки болмаса зекіп ақырған адамдарды тістеп алады. Бəрінен де бұларға пəлен қыл, түген қыл демейақ, ықтияр беру керек, сарнап жылап-сықтауға. Неше қайтара талғаннан соң бұлардың есі ұйып, жынға шалынып кетеді, Бұл адамдар жаман түс көріп төсектерінен атып тысқа шығын, көзі көрген жағына қарай жүре береді. Күндіз бұлар адамдарға жын-шайтандардың көріп тұрамыз, бұлар бізбен бірге жүріп тұр деп айтады. Бүйтіп науқастанған адамдар бір ауылдан бір ауылға тұрып жүреді. Əбден қыдырып болғаннан соң бұлар бір атақты бақсыға барып, мұның батасын сұрайды. Сый берсе, бақсы бұларға бата береді. Сап-сау адам бақсы болайын десе, бір белгілі бақсыға барып мені қасыңа ертіп жүр дейді. Егерде бақсы мақұл көрсе, қасына ертіп алады. Бақсыға

Page 23: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

23

ерген адам əуелі бақсыға бір жылдай шəкірт болады. Тағы бір жыл бұған қолқабыстық қылып, үшінші жылы бақсыға бір нəрсе сыйлап мұның батасын алады.

Жаңа бақсы «мен бақсы» деп мағлұм қылып, «жын-шайтандарым бар» деп жария еткенде, бұдан «бақсылығыңа көзімізді жеткіз» деп сұрайды. Өзінің бақсылығына сендіруге бақсы суық күні жалаң бас, жалаң аяқ жүрсе керек. Қыздырған темірді жалап. Мұндай қылған нəрселерде бақсы аман-есен күймей қалса, қазақтар мұны бақсы деп біледі. Бұрын біздер айтып едік, сау адамдар да бақсылардың істегенін істейді деп. Əр бақсының қобызы мен асасы болады. Егерде қобызы жоқ болса, домбырасыз болмайды. Асаны ағаштан істеп басына үшкір темір енгізіп, үкілеп тастайды. Қобызға тағатұғын шегі қойдың яки болмаса ешкінің шегінен һəм мұны тартатұғын жіңішке, қыл тағатұғын тобылғыны бақсылардың өздері істейді, қылға қарағайдың шайырын жағып тартқанда қобыздың дауысы жақсы болып шықпайды.

Мұндай қыл тағылған тобылғының дауысы сүйкімсіз жаман болады. Бақсының əрқайсысы қобыз ойнауды білсе жарайды. Егерде қобызы жоқ болса домбыра ойнайды. Бəрінен де бұрын, бақсы Қорқыттың күйін үйреніп алады. Бұл Қорқыт, бақсылардың заманында, бақсылардың сиынатұғын əулиесі еді. Таңқалса да болады, бақсылар Қорқыттың күйін есітіп орнында тыныш тауып отыра алмайды. Қорқыттың күйін тартқанда бақсылардың денесін құрыстырады. Қорқыттың күйін үйренген соң бақсылар өзге атақты бақсылардың жын шақыратұғын күйлерін үйрене бастайды. Көбінесе бақсылар түнде халық көп жиылғанда ойнайды. Қазақтар өздерінің үй-ішінен біреу науқастанса, сонда бақсыны шақырып ойнатады. Бақсылар əуелі науқас кісіні байқап қарайды, «қашан науқастандын, науқасыңның себебі неден болды» деп сұрайды. Бақсылар науқастан сөз сұрағанда жан-жағында тұрған адамдар сұраған һəм айтқан сөздерді есітпесін деп, сақтықпенен сұрайды. Мұнан соң қолына қобызын алып Қорқыттын күйін ойнайды. Қобызға жаман ұғымсыз сөздер айтып, сарнап əнін қосады. Бұлар сарнағанда өздерінің жынын шақырып, «науқастың жазылуына һəм жын-шайтанды үйден қуалап шығуға жəрдем бер» деп сиынады. Бақсы өлеңді шаршап демі құрығанша ғана айтады.

Мұнан соң қобызын тастап өзіне һəм науқасқа əр түрлі тамаша ойын-зықыр көрсетеді. Зықыр көрсеткен соң науқас адамның сырқатын қашан һəм не себептен жабысқанын, бұған қандай дəрі керек екенін айтады. Əрине, надан бақсылар дəрігерліктен ешнəрсе білмеген сон жаңылыс қылады. Бұл себептен өздерінің ойымен ойлап шығарған өтірік дəрілерімен емдейді. Мысалы, бақсылар қара қой яки ақсары қой сойғызып, өкпесімен науқасты қағады, терісімен орап қояды яки болмаса науқасты жалаңаштап шидің ішіне отырғызып қойып, 40 аяқ яки 40

Page 24: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

24

шелек қайнаған жылы су құяды, темір береді һəм ғайри өзге ем қылады. Қай шақта бақсылар не науқас екенін біліп, бұған қандай дəрі керек екенін білмекке жаһұт етеді. Бұл себептен қойдың 41 кебу құмалағын яки аттың алты қылын алып бал ашады. Ақ киіздің үстіне салып, құмалақты үшке бөледі. Оң қол жақтан бастап өлектен 4 құмалақтан шығара береді, қашан 4 құмалақтан аз болып қалғанға дейін. Əуелгі бөлінген құмалақтың артылып қалғанын оң қолдан солға қарай алдыңғы қатарға қояды. Екінші бөлінген құмалақтың 2-інші қатарға һəм 3-інші бөлінген құмалақтың қалғанын 3-інші қатарға қояды. Бақсылар осылайша қылып 3 қабат қылып болып 4-ден артылған құмалақтарға бірінің артынан бірін іркес-тіркес қоя береді. 6 қылмен бұлайша бал ашады. Қылды 2 қылдан алып, 2 түйінмен байлап қойнына салады. Жанжағындағы адамдарды үндетпей қояды. 10 минуттан кейін алған соң қылдың бəрі 6 түйінмен қосылып қалады. Мұның себебі қарап тұрған адамдарға мағлұмсыз болады. Осы уақытта бақсылар азайып бара жатыр. Қазақтар бұларға көп иланбайды. Бағзы жайларда бақсыларды жек көреді. Бұрын бақсы деген атақты жақсы көрер еді, қазірде мұндай атақты ұят көреді. Мысалы, жеңіл мінезді көп сөйлейтұғын тантық адамды əдепсіздігін көрсетпек үшін бақсы деп атайды. Халықтың аузында бақсылар турасынан айтылған сөздер болмаса, біраз уақытта ұмытылып кетсе де керек деп ойлаймыз.

Жай уақыттарда өзге жай қазақтан бақсылардың бөлекше артығырақ жері болмайды. Бірақ жоғарғы жазылған жұмыстарымен ғана бөлектігі болады. Бақсылар өзге қазақтардай-ақ болып мұсылманнан дінін күтіп жүреді. Опат болған бақсыларды көмгенде өзге жай қазақтай қылып көмеді. Бұларға өлгеннен кейін өзге жай қазақтай қылып құрмет қылады.

Бақсылардың қылған кəсібін дуанада қылады. Əуелгі уақыттарда дуаналар өздерінің жақындарына жақсылық жəрдем қылмақ үшін кəсіп қылар еді. Бұлар мұсылмандықтың жөнін айтып жүруші еді. Қаріп-қасір жетімдерге ақылды сөздер айтып һəм өзге жəрдемшіліқ қылар еді. Дуаналық əуелі Шайхы-Бұрқы дуанадан үлгі болып қалған еді. Осы уақыттағы дуаналар Шайқы-Бұрқы дуанаға сиынады. Дуаналар сиынғанда «Шайқы-Бұрқы дуана пірім қолдай көр» деп сиынады. Осы уақыттағы дуаналар Шайқы-Бұрқы дуанаға ұқсап жаяу жүрмей атқа мініп, пайда іздеп жүреді. Дуаналар басына аққудың терісінен бөрік киіп, колына аса алып жүреді. Асаның пішіні бақсылардың асасына ұқсас келеді һəм ақтағанда аузына түскен сөздерді айтың тантып жүреді һəм өлең айтып сарнағанда сөзін 2 ауыз өлеңмен бастайды. Дуана кірер есіктен, шайтан қашар тесіктен. Бір ауылға жақындарда сарнап тұрып, бұл ауылға қорқыныш кез келіп тұр, бұл бəледен құтылуға қиын деп айтады. Ондай-мұндайға иланатұғын, ырымшыл қазақтар біз үшін дұға қыла көр деп, бір нəрсе береді. Мұндайға иланбайтұғын қазақтар мазақ қылып күліседі.

Page 25: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

25

Қазақтар өздерінің балаларын қалайшаоқытатұғындарының баяны

Үшбу уақытта қыр даласында оқу білетұғын адамдар аз. Мұның баяны кейінгі сөздерден білінеді. Халықтарға өздерінің ұлықтарын сайлайтұғын ілгергі сайлаудың болатұғынына қарай қырдың ішінде қимылдай бастайды. Екі партия болып араздасып бірін-бірі шағыстырып, өтіріктен-өтірік арыз берісіп һəм жалған приговорлар жасасады. Бірақ мінеки бəле, біздің оқу біліп, хат жазатұғындарымыз аз. Мыңнан біреу ғана өйтіп-бүйтіп шатпақтап жазуды біледі. Орысша оқу білетұғындар соншалық аз, он мыңнан бір кісі де табыла қояр ма екен? Мұндай нашар адамдарға приговор, арыз һəм өтірік шағым қағаздарды жазуға табыс қылады. Мұндай жазулардың сөздері жатық, майда болмақ түгіл, харіптері де дұрыс жазылмайды. Мұндай жазушының қалайша оқу оқып шығатұғынын баян етейік. Бұл жазушы əрдайым байлардың баласынан болады. Бұлар оқу оқығанда медреседе қатты қинау көріп, адам өте алмайтұғын жыныс-тоғайлардай оқу мен жазудың өнерінің ішінде десе де болады. Жақсы ниетті ата-аналар мен молданың мұны не үшін үйреткенін айталық. Бұлар мұны кейін хат танып, жазу жаза білсе болғаны деп ойлайды. Бұларды əуелден бастап үйреткенде баяғы заманнан келе жатқан болымсыз, шатақ, ретсіз оқуларды оқытады. Мұндай оқулар ақыл бермек түгіл, балаларды мылқау қылып жібереді.

Балаларын оқытамын деген талапкер бай шала хат танитұғын бір балалау молданы ұстайды. Бұған жылына екі-үш қой ақы береді: Бай айтады: «Əй, молда, мінеки менің балаларым, сен бұларды ақылға үйрет, бұларға шалдуарлық қылдырма, ұялма, бұларды ұр, құлағынан жұлқьг. Балаларымның еті сенікі, сүйегі менікі, шəкірттеріңді көбірек ұрсаң сабағын пысықтап оқиды». Молда айтады:

– Əй, бай, сенің бұл айтқаның мақұл, - дейді. Бай айтады:– Сен қандай кітап оқыдын, молдам?– Мен «Құран қадыр», «Бадуам», «Ақыр заман» кітаптарын оқыдым.

Надан бай таң қалып:– Уа молдам, сен білімнің баршасын оқыған сияқты көрінесің. Менің

балаларым сенің білгеніңді білсе де болады.– Құп болады, сенің балаларыңды молла қылып жеткізудің амалын

қылармын, - дейді.– Бай оқудың əңгімесін бітірген соң шаруа турасын сөйлейді:– Молдам, қолың оқудан бос болғанда бекер қарап отырма, шаруаға

да қолқабыс қыла сал, ертеңді-кеш құдықтан жылқыларды суара салсаң ештемең кетпейді.

– Жарайды, бекер қарап отырмайын, шаруаңа да қолқабыс қылайын,- дейді.

Page 26: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

26

Молда балаларды оқыта бастайды. Балалар оқыған үйлерден бала-лардың у-шу болған дауыстары естіледі, əрбір шəкірт өзінің сабағын айғай салып оқиды. Молда жүгініп; отырып қолына таяғын алып айғай салып, дауыстап оқымаған балаларды дəлдеп тұрып салып қалады. Байғұс балалар қанша азап, қанша қорлық көреді. Бұлар оқымайды, азап тартады. Бұлайша қылып бұларды төрт жылдай оқытады. Осы уақыттың арасында шəкірттер оқуларын бітіреді. Бұлардың ата-аналары балалары оқу һəм жазу білген соң ғұлама болып шықты ғой деп ойлайды. Қашан балаларының дəнеме білмейтұғынын көрген соң, бұрынғысындай надан болып қалғанын көріп ата-аналары аңтаң болып қалады. Уа, сүйікті балаларым, мен сендерді оқыттым, сендер ақымақ күйлеріңше қалып-сыңдар, пəлен молдаға, пəлен қой беріп, түген молдаға түген қой беріп сендерді оқытсам да дəнеме болмай қалдыңдар деп мына болымсыз мақалды айтады: «асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бəрінен де қой бағып, көтен жеген озар». Бар балаларым, ата-бабаларыңның жолын қуып мал бағыңдар, дейді. Сорлы білімсіз бай өз қылығына өкпелемей, бала байғұсқа өкпелейді. Бұл себептен жадағай жайдақ болып; қала береді. О, дариға, дариға, өзіңнің мұндай туысқандарыңа қарап қайғырасың! Бұлар күннен күнге төмендеп надандыққа батып бара жатыр. Біздің туып-өскен даламызға ғылымның қуаныш жарық сəулесі қашан кірер екен. Қашан біздің қазақ оқудың пайдасын білер екен һəм қашан оқудың жемістерімен пайдаланар екен, қашан тəуір жетік молда (учитель) мен школ медресені қырдың ішінде көрер екенбіз. Елдегі ұлықтар екі партия болып араздасқанды тастап, бұл ең керекті жұмыс турасын ойласа тиісті болар еді.

Қырдағы рамазан айт

Қашан Мұхамет Ғалəйһиссаламға пайғамбарлық келгенде адамдарды мұсылман бол деп дұға қылғанда, өзі отыз күн ораза тұтыңдар деп кейінгі үмбеттеріне міндетті қылған екен. Əрбір мұсылман адамға бірер тоқтау қылатұғын құрметті себебі болмаса ораза ұстап, күніне бес қабат намаз оқып түнде мешітке барып өздерінің хал-ахуалдарына қарай мүсəпір кедей, жетім-жесір, кем-кетіктерге қайыр, садақа беріп жақсылық іске құдайы беріп һəм əрдайым көп сауап іс қылуға жаһұт етерге керек.

Ораза біткеннен кейін айт болады. Айт деген сөз арабша қуаныш деген сөз-дүр. Ораза айт яғни оразаңың қуанышы жыл сайын 11 я 12 күн ерте келіп тұрады. Бұл турада Құрбан айтта (яғни құрбан шалған-ның қуанышында) тағы да жазармыз. Құрбан айт жəне де мұсылманның жаңа жылы болады. Айт біресе қыстың күні, біресе жазғытұры, біресе жаздыгүні, біресе күздігүні болады.

Page 27: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

27

Айттың болғанын қазақтар өзге мұсылмандардан гөрі айтты құт-тықтап, əсіресе жаздыгүні болса, тамаша қылып, қызықпен өткізеді.

Айттан бірнеше күн бұрын баршалары қимылдап даярлана бастайды. Ауылдың қонатұғын орнын ыңғайлап, кедір-бұдыр, тоғай, ағаш жоқ жерді даярлайды. Өмірі бойынша күнін жұмыскерлікпен өткізген ұрғашылар айтқа бауырсақ, шелпек нан, қымыз, айран даярлайды.

Ақсақалдар һəм орта жасаған еркектер ауылдарды аралап жүріп айттың қашан болатұғынын сұрайды я өзі айтады. Бозбалалар һəм жігіттер жүйрік аттарын жаратып мініп, кербезденіп жүреді. Қыздар ертеден кешке шейін өздеріне, аға-іні, ата-аналарына жаңа киім тігеді. Мінеки, оразаңың соңғы күні қуанышты кеш бодады. Баршалары үйден шығып көздерін сүзіп күнбатысқа қарап, əрбіреулері айды мен көрсем екен деп жаһұт етеді. Мінеки, болар-болмас көрініп тұрған күнбатыстағы айды көреді. Айдың имиіп сəулеленіп көктің шетінде тұрған көлемі соншалық жіңішке екен. Мұны көзі қырағы қазақ қана көреді. «Ай, ай!» деп көрген бақытты кісі айқай салады. Бұл адам қолымен айды көрсетеді. Бұлардың баршасы кереметті таяқпен сілтегендей-ақ тізесімен жүгініп отыра қалып қуанғанынан дұға қылады. Бұл қуаныш хабар атқан оқтай болып ауылдың бəріне мағлұм болады. Қазақтар қуанғанынан сусын, тамақтарын ішіп қарнын тойғызады. Кеш болады. Ауылдың бəрі у-шу болады. Жігіттер өздерінің жүйрік аттарын ұстап алып, түнде жаратып қояды. Сопы шалдар жылқышыларға таң сəрісімен жақын арадағы мешітке баруға атымды алып келіп бер деп отырады. Адамдардың сөйлескені, аттарының кісінеп, дүрсілдегені, түйелердің бақырғаны, қойлардын маңырап, иттердің үргенінің бəрі қосылып таңғажайып болып күңіреніп кетеді. Бұл күңіренгені алыс жайларға естіліп қазақтардың бек шаттық, қуаныштарын білгізеді.

Түн. Ауыл жым-жырт болады, бір сақ иттердің үргені болмаса жəне анда-санда күзетшінің «əй, бұ қайсың» деп айғай салған дауысы болмаса? Жəне бір жерде үйдің жанында өзінің атын сылап-сипап, мақтап сөйлеп тұрған жігіттің сөздері естіледі. Мұның ұйқысы келмейді, бұл қашан таң атар екен деп шыдай алмай өзінің күшін, жылтыңдаған һəм атының шыдамды жүйрік күштілігін сынауға күтіп тұрады.

Мінеки, таңертең. Ауылда тағы да у-шу, таңғажайып күңіренген дауыс естіледі. Ауылдың жақын жанына тегіс жерге намаз оқуға жиылады. Молда созып тұрып азаң шақырады. Намазшылар қатарланып отырып молданың айтқан сөзіне құлақ қойып, қимылдағанына қарап отырады. Намаздан кейін бір-біріне барып құтты болсын айтысады. Құрбы-құрдастарымен бірігіп, топтанып ауыл-ауылды қыдырады. Шалдар шалдармен, бозбалалар бозбалалармен, жігіттер жігіттермен, қыздар қыздармен, жас келіншектермен жүріседі. Түс мезгілінде жиылыңдар деп айғай салып жігіттер құйғытып шауып бұрыннан жиылуға даярлап қойған

Page 28: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

28

жайға барады. Əуелі бұлар екі топқа бөлініп орталарынан басшы сайлап алады. Бұл бір өзіне болысатұғын кісіні алады. Қыз, келіншектерді ойын тамашаға шақырып, берілетұғын бəйгілерді даярлап үлестіріп, ойын тамашаларды реттеп ұрыс-жанжалды тоқтатып баршасының мəн-жайын жайғастырып тұрады. Басшы жігіттің бұйырғаны бойынша ауылға барып қыз-келіншекті шақырады, бұларға ойын тамашаға бармаймыз деп айта қоймайды.

Бəрінен де бұрын бəйге болады. Аттарға бəйге кесіп, аттарды 20-25 я 30 шақырымдай жерге айдайды. Бəйге аттарды шабатұғын орнына шейін үш-төрт жігіт айдап барады. Бəйге аттары келгенше жиылған адамдар басшының шақыртаны бойынша аттарынан түсіп топтанысып отырады. Бұлардың алдында қатарланып белсеніп күреске түсетұғын балуандар отырады. «Балуан, балуан» деп басшы айқай салғанда топтың ішінен маң-маң басып байпаңдап екеу шығады. Бұлар біріне-бірі қадалып қарап, өзді-өзінің қалай қимылдап жүргенін аңдып жүреді. Біраз тұрып бұлар ұстаса кетеді, шаңдатып күрес салады. Қай жыққандарына ат, қой көбінесе бір шаршы шүберек береді. Жығылғаны елдің бəріне күлкі болып орнына қайтып барады. Қашан балуандардың бəрі күресіп болған соң, бəрілері жиылып кім болса сонымен күрес салады. Ойын тамашаны қызықтырмақ үшін шалдарды һəм балалар түгілі қатындарды да күрестіреді. Сол мезгілде алыстан будақтаған шаң көрінеді. Біраздан соң бірінің артынан бірі аттар шауып келеді. Бұлардың алдынан қиқу салып шабысады. Шапқан аттардың сандарына қарай 3 аттан 10 атқа шейін бəйге беріледі. Бəйгеге қой, ақша, жылқы, сиыр һəм бір шаршы шүберек беріледі.

Бəйгені үлестіріп болған соң қыз қуысады, бір қорықпайтұғын қызды деген бір жүйрік атқа мінгізіп, қолына қамшы береді. Бұл қыз топтан 30 қадамдай жерге шығып барып қашады. Мұның артынан топтан шығып қызды қуып жетіп сүйсем екен деп өңмендеп жігіт қуады. Қыз бір шақырымнан екі шақырымға шейін қашады, қуған жігіттен қыз қамшымен ұрып құтылуға амал қылады. Байғұс жігітті қыз тарсылдатып ұра береді. Жігітке қыздың ұрғанынан қорғанып қамшысын тартып алуға рұхсат берілмейді. Егерде қамшысын тартып алса, онда кінəлі болса керек. Мұндай қылғаны үшін халықтың алдында ұятты болады. Қашан жігіт қызды қуып жетіп бетінен сүйіп алса, онда жігіт мəз болып қуанғанынан қайта қашады, мұның артынан батыр қыз қуады. Қыз мұны қуғанда сүйейін деп қумайды, басқа, көзге, арқасына ұрып жон терісін союға қуады.

Батыр қыздың жігіті топқа келіп жасырынып қойып кетеді. Мұнан кейін батыр қыз қорқақ жігітті қуаламайды. Мұнан соң жерден күміс теңгені алатұғын ойындар басталады. Күміс теңгені шүберекке байлап жерге тастайды. Жылпың жігіттер мықты атқа мініп топтан шығып, бірінің артынан бірі барып тұрады. Бастаңдар деп айқай салған мезгілде

Page 29: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

29

алдыңғы жігіт құйғытып шауып жөнеледі. Қашан шауып барып теңгенің қасына барғанда жылдам еңкейіп жерден теңгені көтеріп алады. Əлі жоқ нашар аттар үстіндегі жігіт салмағын салып еңкейгенде шаба алмай дірілдеп тоқтап қалады. Əуелгі жігіттің артынан екінші жігіт, мұның артынан үшінші жігіт іркес-тіркес шаба береді. Бұл ойынға қызыққаны-нан астындағы аттарына, қасындағы жолдастарына да қарамайды.

Мұнан басқа өзге ойындарды да ойлап шығарады. Көкпар тартқан-ды жақсы көреді. Көкпарды көбінесе кешкі салқын уақытта тартады. Бірнеше жігіт бір байға келіп күрестен, бəйгеден алған бір шаршы шүберекті сыйлап беріп, байдан қой я ешкі алады. Жігіттер малдарды бауыздап жерге көмеді, бір жігіт пəрменімен шауып келіп жерден қойды көтеріп алып қашады. Мұның артынан өзгелері қуады. Егер жігіт жыл-пың, мықты, астындағы аты жүйрік шыдамды болса, онда көпке шейін біресе оңға, біресе солға қарай бұлтарып шаба береді. Мұның соңынан бəрі жабылып жан-жақтан қуып жетіп, оның қолындағы көкпарын тартып алуға ойлайды. Бəрілері аттың үстінде опыр-топыр болып тартыс салады. Көбінесе нашар ат пен сөлекет жігіттер астында жығылып қалады. Бір қаншама адамдар қойға жабылып мұны борша-борша қылып бөліп алып кетеді. Мұнан жұлып алған боршаны алып тағы қашады, оны жабылып тағы қуысады. Əрбіреуі көкпардың етінен жұлып алуға жаһұт қылады. Мұны алып үйіне я халық арасындағы заңдарына қарай ақсақалдарына алып барысады. Ақсақал бай адам болса, жігітке қой я ешкі береді. Мұны тағы сойып, тағы да көкпар тартысады. Мұндай тамашалар үш күн я мұнан да көбірек болады.

«Бүгінгі күн қуанышты мереке күн. Ойнаңдар, күліңдер, көңіліңде-гіні қылыңдар. Уа, шырақтарым, айтта қылғандарыңды құдай кешіреді!» деп шал жас жігіттерге айтады.

Ақбеттау елінен

Бисмилла-рахман-рахим, сіздерге мен бір ақсақалдың жақсы ниетін баян қылайын. Бірақ өкінеміз, бұл ақсақал көп жылдан бері шайтанның қожасынан үлгі алып нашар адамдарды ешбір кінəсіз қалайша алдауды, қорлық-зорлықты үйреткен еді. Бұл адам кəріліктің жақындағанын, кінə-сінің көбейгенін біліп һəм бүгін болмаса ертең əзірейіл жанын алғанда есеп-қисап беремін ғой деп ойлаған еді. Əзірейілдің адам сияқтанып байлыққа қызықпайтұғынын да білген еді. Біздің бұл ақсақал мұнан қатты қорқып, əзірейілдің жан алғанынан құтылмаспын деп ойлаған еді. Біздің бұл құрметті ақсақалымыз кінəмнен тəу ба қылып жалбарынайын деп бұл дүниенің бейнетінен қашып, көз қылып Меккеге бармақшы болды. Біздің ақсақал бұл турасында қазақтар түгіл орыстарға да айтты, һəм ұлықтарға

Page 30: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

30

барып Меккеге баруға рұхсат бер деп көп сұранды. Біздің бұл жаңа ниетті қажымыз бүтіл қыстай үйінде тұрмай біресе елді аралап қазы-қарта, құйрықмай жеп жүрді, біресе ұлықтардан рұхсат сұрап Меккеге барамын деп тыныштық бермей қалаға барып жүрді. Бұл жаңа қажымыз атқа мінсе де, түссе де, жақсы кілемнің үстіне отырса да, ет жесе де, шай ішсе де, қалаға барса да бисмилла, о, Алла, құдай кешіре көр деп қақсап қоймас еді. Қазақтар бұған таң қалып өздеріне-өздері нанбай: «япырма-ау, осы көкжалдың құдайдан қорқып тəубе қылғаны рас па?!» деп аңыз қылар еді. Бұлар тынымсыз атқамінер ақсақал орнын тастап Меккеге кетеді екен деп қаттықуанған еді. Енді қазақтар не үшін қуанады деп жауап сұралады. Бұлардың қуанған себебі мынау еді: бұл қазақ жаман мінезі қатты, ұрыс-жанжалшыл еді, нашарларға зорлық қылар еді. Əсіресе Ақбеттау елінің қазақтары осы көкжалдың кесепатынан көп қарыздар болды. Қазақтардың қуанышы көпке жетпеген еді. Жаз болды мұнымен бірге мешкей тыю түспеген ақсақал да қайтып келіп өзінің қол астындағы қазақтардың бəрін қорқытып алды. Қазақтардың бəрі мұның мұндай тез айнығанына таң қалып, не үшін, не себептен Меккеге бармайды деп ойға жүріп, аңыз қылысты. Кейбіреу бұлайша деді: «Егерде біздің ақсақал шын көнілмен Меккеге барамын деп ойлаған болса, онда əуелі қорлық-зорлық, қысымшылық көрсеткен адамдарынан кешу сұраса керек еді. Енді бұл адам Меккеге барғысы келмей жай амал қылып біздің мұнан құтылуға ынтық болғанымызды білмек үшін қулық қылған еді» дейді. Енді бір-бірлеп аздан бəрімізге жаман болар.

Қазақтардың медресе ашқандары

Біздер жуырда естіп білдік Омбы оязының бес би-болысы ол ұлықтарға приговор беріп бұлардан рұхсат сұрапты, əрбір елден бір медресе ашуға. Қазақтар бұл ашылатын медреседе балаларын қазақша һəм орысша оқытамыз деп үміт қылып тұр. Бізге айтты үлкен ұлықтар қазақтардың бұл жақсы жаһұтын жақтырып, бұларға медресе ашуға рұхсат беріпті. Байқап қарасақ, бұл Омбы оязының қазақтарының бұл ісі бірінші, бек жақсы жаһұт көрінеді. Кім-кімге болса да осы заманда өнер, ғылымнан артық нəрсе болмас. Өнер, ғылым білген кісі азбайды да тозбайды. Қай жерде қай уақытта болса да өнерпаз, ғылымы бар адамдар күнін көреді. Сол себепті біздер қазақ халқымызға ақыл қылып айтамыз, медресе салып, балаларын оқуға беруге. Қарындастар, ақыл тоқтатып қараңыздар, оқу білгені жақсы ма, жоқ оқу білмей ақымақ болып жүрген жақсы ма?

Жуырда Омбы оязының қазақтары медресе салуға көңіл беріп қойыпты. Отын, шамынан басқа əр медресеге жыл сайын 120 теңге

Page 31: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

шығармақ болыпты. Жəне де əр медресенің ішінде балалар жатып-тұратын үй жасамақ болыпты. Бай қазақтар балаларды киіндіруге һəм бұларға даярлап тамақ беруге құдайы қылып ақша береміз депті деп естідік. Егерде жай адамдар уағдада тұрып медресеге құдайы: қылып əр нəрсе берсе əр адамдарға үлгі болар еді. Көп не айтайық, жалтыз-ақ айтатынымыз, уағда құдай аты деген сөз бар. Егер бұзып, өсек айтып, партия болып ұрысталас қылып қағаздасып жатқан адамдарды бұзақы, жаман, ақылсыз адам деп білеміз. Медресе салып, бала оқытамыз деген адамдарды жақсы, ақылды адамдар деп білеміз. Біздің көңіліміз бек жақсы болып қалды, Омбы қазақтарының арасында медресе ашып, бала оқытамыз деген адамдардың табылғанына. Бұл адамдар халық пайдасы үшін жаһұт қылып һəм өзгелерге ғылым, өнер үйрен деп ақыл айтып медресеге саламыз деп тырмысып жатыр. Істің басы жақсы болса, жартысы біткенімен бірдей. Омбы қазақтары, бұл жақсы істеріңді бастаған соң бос тастамай аяқтап тастаңыздар, ынтымақпен ақылдасып жүріп. Енді сіздерден өтініп тілейтініміз, айтқан сөздерің орындарында қалмасын. Рас көңіл қойып жаһұт еткендеріңізге көз жеткізіңіздер. Шығатын шығынына қарамаңдар. Мал, дəулет ғылыммен табылады. Балаларыңа жақсы өнеге беріп, ғылым, өнер үйретсең, бұлар сіздерге бек разы болар һəм ол дүниеде де сіздерді алла тағала жарылқар. Кім-кімге болса да балаларына тəрбие беріп, бұларды оқуға бермек сын. Егерде медресе салсаңдар бұл медресе сіздерге көп пайда келтірер. Медреселер адамға білім берер. Қалайша жақсы тұрмақ жайынан, дүние турасынан һəм шаруа турасынан.

Page 32: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ

(1911–1915)

1911 жылы 10 қаңтарда Тройцкіде қазақ халқының тарихында-ғы тұңғыш «Айқап» ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Ұйымдастырушы жəне редакторы – М.Сералин. «Айқап» журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін əуелгіде айына бір рет, 1912 жылдан соң айына екі рет, 12-24 бет көлемінде шығып тұрды. Барлығы 89 нөмірі жарық көрді, таралымы 1000 данаға дейін жетті.

Троицкіде шығаруға рұқсат беру туралы 1910 жылы 18 қаңтарда берілген куəлікте басылымды төмендегі бағдарламамен басу көрсе-тілген:

1.Бас мақала. 2. Шет ел хабарлары. 3. Мұсылман өмірінен мəселелер. 4. Хроника. 5. Фельетондар мен өлеңдер. 6. Библиография жəне ғылыми мақалалар. 7. Əртүрлі хабарлар мен редакцияға хат.

«Айқаптың» бірінші бетінде елдегі жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші жəне үшінші беттерінде «Ашық хат» деген айдармен оқырман хаттары басылып тұрды. Төртінші, бесінші, алтыншы беттерінде проблемалық мақалалар берілді. «Фельетон», «Хабарлар» айдарлары журналдың орта тұсынан, шетел хабарлары мен көңіл айту, басқарма ескертулері мен рецензиялар соңғы жағынан орын алды.

М.Сералинмен қатар Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров журналдың рухани жетекшілеріне айналды. 1911–1912 жылдары Ə.Ғалымов, 1913–1914 жылдары С.Торайғыров журналдың жауапты хатшысы болды. Басылым бетінде М.Жолдыбаев, Т.Жомартбаев, М.Кашимов, Қ.Кемеңгеров, М.Ж.Көпеев, А.Мұсағалиев, Б.Сыртанов, С.Лапин, Н.Манаев, С.Дөнентаев, С.Сейфуллин, С.Көбеев, Ж.Сейдалин, Б.Бекжанов сынды тұрақты авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.

32

Page 33: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

33

Государственная дума һəм қазақ

Россияға қараған халықтар ескі низамға қанағаттанбай əрқайсысы өзінің керегін сұрап əр түрлі партияға бөлініп мемлекеттің əр шетінен қозғала бастаған соң 1910-ыншы жылы он жетінші октябрьде патша ағызам хазіретлері манифест шығарып халыққа ағылан (жария) еткендігі мағұлым. Манифестің государственная дума ашуға ұрықсат болып, қай дінде, қай тілдегі халық болса да бірі қалмастан думаға депутат сайланатын болған. Сол себепті əуелгі екі думаға біздің қазақ халқынан депутат барып, ғұмырында түсіне кірмеген теңдікті өңінде көріп, патша халықтың низамын түзетуге ықтиярлы бола алған депутаттардан са-налып, патша дəрежесіне жеткен еді.

Жоқты бар етушінің барды да жоқ етуге шамасы келеді. Хүкімет əуелгі екі думаны таратып үшінші мəртебеде Сібірден, Түркістаннан уа ғайры жерлерден депутаттардың санын кемітіп, бағзы халықтардан депутат сайлауды тоқтатуға 1907 жыл үшінші июньде жаңа низам шығарды. Солардың арасында бақыты ашылмаған қазақ халқы да кетті. Күннің көзі жалқауға да, əскерге де (бейнетқор), байға да, пақырға да бірдей түскені секілді көпке бірдей болған жақсылықтан мақұрым қалу, оның үстіне қазақ халқы өзінің сыбағасын іздемей, сұрамай, тіпті наразылық көрсетпей жатуы да кемшілік.

«Туғанына қуанбаған, өлгеніне жыламайды» деген қазақта мақал бар. Халықтың нендей тілегі беріліп, хан мен қара, бай мен пақыр бір дəре-жеде болып, кеңшілік туып, халықтың өзіне пайдалы низам шығару үшін дума ашылып тұрған заманда біздің қазақ алланың қосуымен патша-ның еткен рахыметі екен деп пайдаланудың орнына бұрынғы пітінəлер иығына арттырды. Депутатты оқыған, өнерлі, білімді, халық үшін жанын пида етерлік, кісіден сайлау керек екенін білмей, білсе де выборчик һəм депутаттыққа бұрынғы болыстыққа таласқанындай, халықты бұзып, ақша шашып жұртқа қызмет ететұғын топтан озған шешен білгіштерді сайлаудың орнына өздерімен партиялас дүниеден хабары жоқ надан болыстардан мырзаларын сайламақшы болды. Заманымызда қазақ үшін ғұмырын, білімін жұмсап ауыр жазаларға кіріптар болып, жанын қиып жүрген күллі қазақ халқында бірінші дерлік жол басшымыз Ғалихан Бөкейханов. Бірінші Дума сайлауында Қарқаралы уезінің Тоқыраунск болысының управителі выборчик болуға таласып, Бөкейхановтың үстінен жамандап рапорттар бергендігі ғана күллі қазақтың депутат сайлауына нендей көзбен қарағандығын көрсетуге жетеді деп білемін.

Енді бұл уақытта думада қазақтан депутат жоқ, ноғайлардан бəрі он ғана кісі бар. Бұлар орны келгенде еш уақыт қазақ үшін сөйлемей қалғандары жоқ. Бірақ қазақтың тұрмысын, ғадет-ғұрпын, мұқтажын, нендей закон пайдалы һəм залалы екенін арасында болып көздері көрмеген соң бұлардың бізге пайда келтіре алулары қиын.

Page 34: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

34

Халық үшін нендей ғана закон түзелсе де дума арқылы өтеді. Біздің қазақ халқының ұғып тұрған бір ісі жоқ, солардың ішінде бірінші орын алып тұрғаны жер мəселесі аз да болса думада депутаттарымыз болса, сөздері ықтыбарға алынбаса да қазақ жері өз мүлкі екендігін селдей ағып келе жатқан хақолдар жерді тарылтып, жұртты пақырлыққа айналтатын, хүкіметтің де бұл харекеті бізге ғаділсіздігін дума мінбесінен сөйлеп, отчетында жазылып қалар еді. Ақырында сөйлеген хақиқат үстіге бір шықпай қалмас еді. Қазіргі депутаттар (керек мұсылман, керек орыс болсын) қазақ халқын қанша алып, қорғайын десе де қазақтың хал-жайын білмейді деп жоғарыда айттық. Думада өзімізден депутаттар болмаған себепті онда не болып жатқанынан да қазақ халқы бейхабар екендігін көрсету үшін мысал жазайын: Государственная думаның 1910 жылы, октябрьдегі жиылысында ғұмүм мемлекет үшін жаңа низам бойынша əбтеһи мектептер ашылу мəселесі қаралатұғын, мағұлым болып, ноғай-лар əр тараптан жиылып кеңесіп, өздерінің мақсұттарын тиісті орынға алдынала білдіріп қоймақшы болды. Бұл мəселе хақында көріп, біліп тұрған адамдар қарап жатарлықта емес еді. Себебі, бұл думада қаралу үшін күнілгері түзіліп қойған низамда мұсылмандарға зарарлы орындар көп еді. Бұл жаңа низам бойынша ашылатұғын əбтеһи мектептерде тағылым ғұмұмы һəм мəжбүрі болашақ еді. «Əбтеһи тағылым» деген сөз – бұрын бірде оқымаған балаларды əуел оқыту деген мағынада: (Ғұмымы – көпке бірдей, мəжбүрі – міндетті деген мағынада). Егер мұндай бол-ғанда патшалықтағы халықтардың əммесінің де балалары ұғыл-қыз демей сегіз жасына келген соң школға барып оқуға міндетті болып, балаларын апарып бермеген ата-ана штраф төлейді.

Халықта оқымаған адам қалмаған жақсы, бірақ қазіргі сөзімізше сол оқудың тəртібі хақында жаңа низам бойынша əлгі жас балалар орыс кітаптарыменен орысша оқып кетсе, тез уақытта тілін ұмытып, діннен де айырылып қалу қаупі бар. Соның үшін мұны білген адамдар қайғырып əбтеһи мектептерде 3-4 жылдай оқу баланың ана тілінде болып һəм діні де жақсы болса екен, онан кейін əркім сүйген ғылымын үйренуіне ешкім тоқтау етпес еді деп тіледі. Бұ мəселе хақында дума ашылудың алдында Россиядағы ноғайлар əр шəһəрдан тіпті ауылдардан халықтың тілегін білдіріп телеграммалар соғып, кісілер жіберіп, жаңа низамның залалы орындарына риза болмай: газеттерге жазып, кітаптар шығарып, дауыстарын жаңғырықтырғанда жалғыз біздің қазақ халқының бір жерден де үні шыққан жоқ, тіпті қазақ ішіндегі молдалар, атқа мінген ақсақалдар, ел билеген болыс-билердің бұл мəселеден хабарының барлығына да шүбə етемін.

Біздің қазақ бұл турада өздігінен біліп ешнəрсе шығармаса да думадағы мұсылман депутаттарының һəм басқа мұсылмандардың тіле-гіне қосылғандығын білдіруге керек еді. Мінеки, осы секілді керекті

Page 35: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

35

жұмысымыз хақында халқымыздың хабарсыздығы бір мəртебе болмай, мың мəртебе болуында шүбə жоқ. Қазақ халқына енді не қылуға керек? Жауап: думаға депутаттар əр бес жылда бір сайланады. Қазіргі үшінші думаның срогы бітіп, жаңа сайлауы алдымыздағы 1912 жылда болады. Осы сайлауға шын алаш ұранды қазақ бірі қалмастан байлары жəрдем етіп, білгіштері басшылық қылып, ортасынан делегаттар сайлап, алты миллион қазақ халқын оқытпай, қылыш тартпай Россияға жер, суыменен риза болып бағынғандығын, алым-шығын төлеп, еш уақытта нендей əмірінен бас тартпай қызмет етіп келе жатқандығын, басқа халықтар-дан депутаттар болғанда қазақ халқы өгей балаша шетке қағылып, депутаттықтан мақұрым қалып тұрғандығын, депутатсыз халықтың мұң-мұқтажын тиісті орынға жеткізе алмай Россияның жаңа законы түзілген заманда жəбір-қиянат боларын сөйлеп, халықтың арызын жеткізіп, келер думаға қазақ халқының да депутаттар сайлануын сұрау керек. Əлбетте бұл турада бірлі-жарым адамның тілегі тілек болмайды. Күллі жұрт болып сұрауға керек «Ойбай, ана жылда думаға пəленше-түгеншелер барған, олар да түк бітірген жоқ» – деген үмітсіздікті тастап халқымыздың қатарға қосылуын ойларға керек. Əрбір ақыл иесі адам «Қара қазан, сары баланың» қамын ойламай бұрынғыдай пайдасыз дүрмекпен кете берсе, құдай алдында мойындарынан үлкен борыштары түспей, кейінгі нəсілінен де қарғыс алуына шүбə жоқ.

Міржақып ДулатовПетропавл.

Қазақтың құдалықтарындағы кемшіліктер

Біздің қазақта бұрынғыдан қалған жолсыз ырымдар, қалмақтан алған жөнсіз заңдар бек көп. Солардың ішінде ең жаман ұнамайтұғын ғадеттеріміз құдалық турасындағы істейтұғын рəсімдеріміз. Бұны көзде перде болып, көңілде зерде жоқтықтан һəм оқыған адамдарымыз парық қылмағандығынан əншейін бір болмашы қаңбақтай жеңіл нəрсе деп қисаптайды. Сол себепті кейбір шолақ ғақылды байларымыз буыны қатып қырқынан шықпаған баласына да құда болып қояды. Тіпті мінезі жеңілдеу жаңа талғап жүрген қатынының құрсағындағы «суретке де» құда болып қояды. Сондағы бұл жаман ойлары біреу-міреу дауласа қалса, үндес-сырлас болсын, белгілі белді бір кісі ғой дейді һəм билік, болыстық базары қызыл жалау байлағанда жəрдем де болып, менің туымның астында тұрсын дейді. Екінші кедейлеріміз де құдай атып қызыл қарын жас балаларына құда болып «аллаһу акбар» қылып қояды. Мұның мақсаты олар өсіп ержеткенше қой-қозы, тайша-тойшалап ала тұрып, күн көрейін дейді. Яки бірді-жарым 13-14-ке келгенше берілмей

Page 36: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

36

отырған қызы болса, сол кезде бейшараның маңдайының сорына қарай бір байшыкештеу шалдың қатыны өле қалса, кедей мəз-мəйрам болып қуанып, əлгі бейбақ шалға малға сатып, жаңа піскен алмасын итке жегізіп, өсіп жетіліп келе жатқан бəйшешегіне зар қойып, солдырып суалтады.

Ал енді ойласақ, осынымыз таудай қате, кешірілмес күнə емес пе?! Осындай бұзық пиғылымызға қарай қайтып бізді құдай оңдасын. Не Алланың бұйрығы емес, не пайғамбар шариғаты емес, болмаса орыс законы емес. Əншейін көрінер көзге адасқан бір жүрісіміз. Əйтпесе хақтың бұйрығы, расұлымыз əмірі мынау емес пе: «Əуелі ғазиз перзенттерін жаз ыстыққа, қыста суыққа тигізбей, жасында шешек шығарып бет-пернелерін бұзбай, əдеп еркімен өсіріп, мұнан кейін үйлеріне инабатты төте оқуменен оқытатын молда ұстап оқытып, намаз сабақтарын білдіріп, хат танытып, кəмілетке келтіріп, балиғатқа толтырып, оң мен солын, алды мен артын байқаған соң өздерінің ықтияры бойынша дұғагөй ата-аналары құда болып, сонан соң осы күнгі көр-жер, оны-мұны ғұрыптарын істеп, қызықтарын көре берсе, игіліктің ерте-кеші болмайды. Екінші құдай да, пенде де риза болар еді. Һəм құда-құдағилар да жаз күні ыстық күнде ыстықтап, шөліркеп келе жатқан жолаушыға қарсы көктен түндіктей қара бұлт шығып, самал жел ессе, сол уақытта қызық, лəззəті қандай болса, бұлар да бір-біріне сондай болып, араларында дау-жанжал, ұрыс-керіс болмай, ұлықтардың да қаламы біраз демін алып, тынығып жал етер еді.

Қазір де ойлап тұрсаң, мұнан 50-60 жыл бұрын орта жүз момын-ның мүфтиден шығып кетуі – бұрынғы қазақ заманындағы ел құтыла алмайтын болған соң шоқынған қыз бен жігіттер һəм осы күндегі «екінің бірі, егіздің сыңарының» жесір даулары тірі болса жүз бəле, өлсе мың бəле – бəрі де осы жас күнінде құда болып қойған кесірінен, мырзалар! Ғақылды адамдар ойлап қараса, зайып деген сөз тілге бек оңай, болса да, мағынасы, тарауы көп нəрсе ғой. Оның үшін көзінің, ағы менен қарасындай көретұғын балаларының ғұмырлық жар жолдасы, бірі түзден табанын тасқа тигізіп, маңдайын күнге күйгізіп тапқан малын, бірі үйді жөндеп іске ұқсатып, дүние жиып баюлары, үй-ішін тап-тұйнақтай таза ұстап шүбəсіз дəм, кірсіз киім берулері, бір-бірін ынты көңіл, шын ықыласпен сүйіп, аз-көп ғұмырларын ойнап-күліп, дəурен сүрулері, тең құрбысының арты болмай, алды болуы һəм мұнан басқа да неше түрлі реттері бəрі де осы зайыптан таралады. Пайғамбарымыз Мекке кəпірлерінен қаншама жапа көріп, жаман ренжіп, қатты қайғыланып үйіне қайтқанда Хадиша анамыз ретін тауып көңілін жадыратады екен. Соның үшін Хазірет Ғалидан дүниенің қызығы неменен дегенде ізгі қатынменен деп жауап берген екен.

Шаһмардан Əлжанов

Page 37: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

37

Қазақ қыздарынының аталарына

Қымбатты аталар! Біздағы сіздердің ер балаларыңыз секілді бала-ларыңызбыз. Ер балаларыңыз қанша жақсы, білімді, үлгілі болса, сон-шама сіздерге абыйыр емес пе?! Сол сияқты біздер де білімді, үлгілі болып, надан болмай, тəрбиелі болсақ, сіздерге абыйырлы болмас па едік? Шариғат бұйрығынша ер бала мен қыз бала тең болуға тиісті. Ер баланы артық көріп тəрбие қылсын да, қыз баланы кем көріп тəрбие қылмасын деген шариғат бар ма? Қыз баланы кемге тұтыну жаһиттік белгісі емес пе? Осы белгілі сын аталарға нық орнап қалған секілде-неді. Неге десеңдер, сіз қыздарыңызды тəрбиелеуде кем тұтынасыз. Кем тұтынғандығыңыз ер балаларыңызды оқытасыз да, қыз балаларыңызды оқытпайсыз. Қыздарымыз оқыса бұзылады дейсіз де біздерді оқудан махұрым қалдырасыз. Бұрынғы ғаялдардың бұзылғандары оқығаннан бұзылған ба екен? Мұны ғақылыңызға салып неге қарамайсыз? Адамды оқу бұза ма екен? Біле білсеңіздер ең əуелі жақсылап қыз баланы оқыту тиіс. Тиіс екендігі мынау: Бұл қыздар түбінде балаларға болашақ ана, ана болған соң бала тəрбиелеу олардың жұмысы болады. Баланы тəрбиелеуші ана надан болса, балаға жақсы өнеге бере алмайды. «Алып анадан» деген ғой. Баланың əдепсіз жаман болып шығуы надан ананың дұрыстап баласын тəрбие қыла алмағандығынан болады. Болмаса бала іштен əдепсіз жаман болып тумайды. Біздер ғаял болған соң қала, далаға шығып оқи алмаймыз, соның үшін біздерді адам болсын деп қайғырсаңыздар біздерді ауылда оқытуға тырысыңыз. Тым болмаса, жеті-сегізден он бес жасымызға шейін оқытсаңыздар қайтеді? Ер бала бөтен жерге шығып кетіп оқуға мүмкін. Біз сорлыларға бөтен жерге барып оқу қайда? Біздер надан болсақ, түк те білмесек, дүниеден қор болып өтсек, мұның обалы қыз аталары сізге болмай кімге болады? Біздерді оқыту сіздердің мойындарыңызға борыш. Қиямет күнінде Алла тағаланың хұзырында біз қыз балалар барлығымыз бір ауыздан шулап, зарланамыз. Көз жасымызға қалмай оқытсаңыздар сіздерге алғыс береміз.

Екінші бір кемге тұтынатұғын орныңыз, қыздарыңызды мал секілді сатасыз. Бесікте жатқан шағымыздан-ақ біреуге қатындыққа сатып қоясыз. Соңғы уақытта екі жас біріне-бірі тең бола ма, болмай ма? Оған қарамайсыз. Тек тұз-дəмі жарасса жақсы, жараспаса қыз баланың бүкіл ғұмыры жəбір-жапада өтеді, тимесе дау-жанжал шығуға себеп болып кетеді. 13-14-тегі қыздарыңызды малға қызығып елуалпыстағы шалдарға шырылдатып, қолынан ұстап бересіз, көз жасына қарамай. Осыларыңыз жөн бе? Алпыстағы шал 13-14-тегі қызға тең бола ма? Тең болатұғын болса, 13-14-тегі ер балаларыңызға 50-60-тағы кемпірлерді неге алып бермейсіздер?

Page 38: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

38

Менің бұл сөзім бір өз басымның сөзі емес, бүкіл қазақ қыздары-ның сөзі осы. Бірақ бейшара қазақ қыздары надан болып ешнəрсе білмегендіктен мұң-мұқтажын айтып зарлана алмайды, болмаса қарап жатпас еді. Көп үшін ғайыпқа алсаңыз да мен айтып жатырмын, Өзім шəһəрде бірнеше жыл тұрып, оқығаннан жазарлық шамам болған соң мұң-мұқтажымызды жазып жатырмыз. Біз үшін сөз жазушы ешкім жоқ. Тіпті оқыған жастарымыз да біз турада бір ауыз сөз айтпайды. Бөтен жұрт ер бала, қыз баласын бірдей оқытады.

«Айқап» журналына əркім мұңын жазып жатқан соң мендағы басымыздағы кеңесті қозғап -жаздым, журналға басылар деп үміт етемін. Егер басылмаса, журнал ерлер үшін шығарылған екен де, ғаялдар үшін шығарылмаған екен деймін де, бақытымның жоқтығынан көріп қала беремін.

Сақыпжамал Тілеубайқызы

Қазақ халқы жайынан

Түркістан уалаятында қазақ ішінде орнығып жаңадан қала салып отырған қара шекпендер көбейді. Жақсы жерлер қара шекпенге кетті, қазаққа шөл, қыр дала қалды. Ойлап тұрсақ, қазаққа обал болды.

Амал жоқ, қазақтың жеріне тиме дегенмен жердің алынғаны алынған. Ұлықтар ойлайтын шығар, жерсіз жүрген қара шекпенді орналастыралық, патшалыққа пайда келтірерлік һəм қазақ халқын егінші қыламыз деп.

Бұдан не шығады, бұл кімнің пайдасы: кімнің залалы? Ойлап тұрсам, жер қазаққа да һəм патшалыққа да жақсы болып шығатын көрінбейді. Қазақ байғұс жері кеткен соң қалайша күн көріп, тамақ асырауға һəм былайғы елден қалыспай ретке кірмекке керек. Жерімізге тиме дегенмен патшалық пайдасына алынады, – деп тыңдамады. Бұл бір сөз. Жер. Жер тарылған соң, қазақтың шаруасы кемиді. Бұл екінші сөз. Біреулер айтады: «Көшпе! Қала сал, сен жақсы ел боласың» – деп. Қош! Мен қала сала-йын, ал енді қалада мен не істейін айтыңызшы? Бір адам қалада тамақ табады, бір жыл табады, екі жыл табады. Мен бір адам емеспін. Мен сансыз жүрген арғы шеті Қытай, бергі шеті Еділ-Жайық, аяғы Ақпанға (Ауған) шейін тарап, тарау-тарау болып жатқан қазақпын, мен қалаға сиып жүре алармын ба?

Мен базарға барсам, ноғай бір алдайды, сарт екі алдайды. Петерборда айтысады: «Қазақ егін салды, енді қала салуға қалды» – деп. Қазақты білмей айтады. Қазақ ішіне қара шекпендердің жақсысы келіп жатқан жоқ, көбірегі тынышсыздар, олардан қазақ не үлгі алады? Жалғыз-ақ қазақтың шаруасы тарылып, қала болуға үйрене алмай, халық жарлы болып бара жатыр. Өздері арасынан дұрыс старшина, болыс қоя алмаған

Page 39: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

39

обалы өздеріне ол былай тұрсын, бұрын Мəскеуге Қазақтан тері, жүн-жабағы алып тұратын еді, жайылыс кеміген соң, мал кеміді, бұл керегін патшалық қайдан толтырар екен? Жайылыс болмаған соң жылқы азаяды, ғаскерге ат керек, бұл керекті қайдан алар екен?

Бұл сөзім қазақ болып қалаға жуыма, дегенім емес, қазақ жерсіз қалып жатыр. Қазақтың қамын ойлаған адамдар не ойларың бар дегенім. Менің ойым бұдүр, айтып қалайын: Қазір құдай берген қазақта мал бар, малсыз қазақ күн көре алмайды, бірақ көп малға жер азайды. Малы көп болғанымен тұқымы нашар, бағасы арзан, сол себепті жер тарылғанға қарай малдың да санын кемітіп, саны аз болса да жақсы, қымбат тұ-қымнан өсіріп, бағасын арттыру қазаққа жақсы болар еді деймін. Өзге патшалықтарда өздері зор патшалық болғанмен баршаның мал шаруа-сын тастандырмай, ілгері жүргізуге, малдарының тұқымын тазарттыруға халыққа көп жəрдем береді. Сол малдың тұқымын тазарттыру қазаққа да керек ғой.

Бекимов (Жаркент)

Əулие-Ата хабарлары

Əулие-Ата халықтары арасында ғылым, оқу деген аз, тіпті жоққа есеп. Троицк, Қызылжар, Көкшетау тараптарына таралған мұғалімдер бұл тарапта жоқ. Дүниеде болып жатқан, əркімнің құлағында болған ғылым, оқу өнер деген сөздер үйір болмаған екен. Əулие-Ата шəһəрін сарт шəһəрі десекте жарайды, атырабының əр жағын қаптаған надандық болыпты. Ишандар, Бұхаралықтар нəтижесі. Ишандар, қожалардан аяқ алып жүргісіз. Əулие-Ата шəһəрінде бір ай тұрғанымда əр жерлерін, əсіресе мешіттерінде намазда болып, аралап көрдім. Мешіттер бек көп болса да мектеп, медресе жоқ. Ешбір жерде сабақ оқушы балалар жоқ. Жалғыз-ақ ноғай мешіті жанында мектеп... бар екен, онда ноғай балаларымен қосылып, қазақ, сарттан барлығы қырықтай бала бар. Иликин сорымызға қарай, жақсы мұғалім де кез келмеген секілді көрінеді.

Ишандардың көптігіне қарай мүридтер де аз емес, мүрид ағалар əр уақыт ишандардың аузына қарап, не əмір етсе де əзір екендігін көрсетіп тұр. Газет-журнал мұсылмандарды аздырады, аулақ жүріңіз деуші де жоқ емес. Бұл тарапта бағызы бір ашық пікірлі саудаменен яки бірер себеппенен келіп жүргендер болмаса, халықты надандықтан ашқандай зиялы мұғалім, шəкірттер көрінбейді. Сынауыма қарағанда, жақсы оқыған, мінезі онды (ақылды) шəкірт, мұғалім болса халқы қарсы тұрмас деп ойлаймын. Өйткені бөтен жерлерде болып жатқан «хадем; жəдит» мəселесі бұл жақта жоқ. Бірақ ұсұл Жəдитше оқытушы бар болса, тез хат танитұғын тəртіп бек хош қабыл ететұғын көрінеді.

Мұхамедсəлім Кəшімов

Page 40: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

40

Əулие-Ата бабамның зиратында шырақшылар

Əулие-Ата шəһəріне келген күндерімнің біреуінде нағыз ықыласы-менен Əулие-Ата бабамның зиратына бардым. Біз дарбазадан (қақпадан) кіруімізге қарай алдымыздан үлкен-үлкен сəлде ораған, ұзын-ұзын шапан киген, мұрттарын тап-тақыр қылып қырған бірнеше сарт-қожалар қарсы алып, бабамның зиратына алып келді. Біздердің бөтен жердің адам-дары екеніміз киімімізден белгілі болып, сыртқы шапандарымыз ишанға ықыласты қазақтардың порымында еді.

Бабамның қабыр-шарифы зор мығазин порымында болып, қызыл кірпіштен, төбесі биік жақсы зинеттеніп өрілген биік күмбезді зор там, көк бояуменен боялған, екі жағында екі есік. Бір есіктің түбінде үлкен мүйізді, қуарған қошқардың басы тұр. Үлкен шəһəрдің біреуінде музей жəне де сондай бір бас көрген едім. Біздерді бір Хұжыраға алып келіп, екі рəкəт намаз оқытып, біреуі зор дауыспенен құранды созып-созып оқып, ұзақ заман дұға қылды. Біз де шын ықыласпенен Хазірет бабама жалынып дұға қылдық. Дұғадан соң бір қараңғы бөлмеге алып кіріп:

Мына ағыткəпке отырыңыздар, қырық күн шықпастан отырсаңыз-дар, ұжмаққа шексіз барасыздар, – деді. Қабыр-Шəріптің əр тарабында кірпіштен қуыс бар, əр қуыста инсəрлардың үйінің бұшпағындағыдай жанып тұратұғын жіңішке балауыз шам бар.

Балауыз шамның біреуін бізге ұстатып жақтырды да: «Мінеки, қолдарыңыз мүбəрак болды, тамұққа күймейді», – деп біздерді шат-тандырып қойды. Содан соң екінші есіктің түбінде тұрған манағы басты алып келіп:

- Бұл бас көк қошқардың басы, садақа беріп, зират қылыңыздар, – деді.

Бұл жай бір жабайы бас, мұнда пайда да жоқ, залал да жоқ, басқа зират қылу бəлкім табынған болады, деп едім.

- Əй, надан қазақ – деп шырайы бұзылды. Екінші біреу қалтасынан екі зор табақтай шүберек алып, садақа беріп, бұл шүберекті зираттың бір ағашына байлаңыздар. Қиямет күні куə болып, бастарыңызға көлеңке болады, – деді.

- Қайыр, біз қуыршақ ойнай келмедік, – дедім.- Зират шəриф қаланың, бақшаның ішінде екен, Ағаш бұтақтары-

ның шүберек байланбаған бұтағы азға қисап еді. Зират тамам болған соң қайтайық деп едік, «ишанға» (пірге) қол беріп мүрид болыңыз-дар» – деп бізді əр түрлі сөздерменен азғырса да біздер шыға бастадық. Шығар жерде алды-артымызды жеті-сегіз қайыршы балалармен шырақ-шылар орап алып, жүргізбейтұғын болған соң, садақа беріп, құдай əр қайырларыңызға ынсап берсін деп шығып кетті.

М. Кəшимов

Page 41: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

41

Шортанды бойында

Шортанды бойында мен көп жылдардан бермен қарай қазақ саха-расына шыққаным жоқ еді, сол себептен қазақ қарындастарымыздың кейін қалғанын, ілгері кеткенін білмейтұғын едім. Биыл ғинуар ішінде жолым түсіп, Шортаңды өзенін жағалап келе жатып, Қостанай уезінің Жетіқара болысының 5 ауыл қазағы Нұрмұхамет Қажы Тасболатовтың үйінде қонақта болдым. Бұл кісі ашық пікірлі оқу, оқыту жолына жанын пида қылған бір кісі екен. Бек жақсы ағаштан мешіт салып, қасына бір кішкене мектеп ашып, мұғалім ұстап, отыз шамалы балаларды оқытып жатыр екен. Мұғалім жақсы мінезді һəм Құран жаттаған хари екен. Бұл 5 ауылда бөтен жердегідей жұтшылық та жоқ. Мешітке жақын жерден алтын табылып, бір мұсылман байы қаздырып, пақыр халыққа кəсіп табылып, мұқтаж шығып жатыр. Бұрын қалай болса, солай жүрген бозбалалар осы күнде сыбанып алтын кəсібіне кірісіп ақша табысып жатыр.

Бұрынырақ халық «бізге төте оқу керек емес, ескімен күн көрмей қалғанымыз жоқ» – деп қарсы болыңқыраса да имам Нұрмұхамет Тасболатов пен Ғабдалғани харидың түсіндіруі бойынша балаларын оқуға берген екен. Қазір де балаларын үш айдың ішінде оқуға һəм жазуға үйренгенін көрген соң халықтың көңілі біткен көрінеді. Онан жиырма бес шақырым жерде Бекмахамбет мырза Құлманов ауылында ауылнай школда 25 бала оқып жатыр. Осындай мектептері бар жерде төте оқуға һəм орысшаға мойын қойса, халық тез-ақ қатарға кіріп кететұғын. Мұнан жеті жыл бұрын қазақтың бір ауылында молда болып «əліп, би, ти, сый» менен бірнеше жыл ғұмыр өткерген едім. Қазір де қазақтың көзі ашылған көрінеді. «Төте оқу білмесең, ұстамаймыз» – дейді. Қанша сандалып жүрсем де молдалыққа орын таба алмадым. Қазақтың мұнша алға кеткенін көріп, қуанып əр жерге осы көрмегенім үлгі болсын деп жаздым.

Қапастағы ұрының мінəжаты

Уһ, Алла! Бітті қаным, шықты жаным,Шірір ме бұл қапаста ғазиз тəнім.Таусылып көздің майы, құты құрып,Сиқым бар жан танымас кетті мəнім.

Мінеки, жиырма бес ай мен жатқалы,Қапаста тұтқын болып дəм татқалы.Ұшырап жетім-жесір қарғысына,Ерік кетіп қол-аяқты байлатқалы.

Page 42: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

42

Бəле іздеп басқа тапқанымыз,Жазасын тартып қазір жатқанымыз.Пəленше пəлен атқа мəз боп деген,Аяғы неге соқты мақтанымыз.

Бит, бүрге, қандалалар қанды сорып,Қасынып түнде ұйқы жоқ жанды қорып.Білмейміз елдегілер не қылып жүр,Қазіргі осы боп түр біздің жорық.

Қара нан қыжылдатып, жүрек кесіп,Жатасың жанбасыңды тақтай тесіп.Осы екен «ұрлық түбі қорлық» деген,Япыр-ау, құтылармыз мұнан нешік?

Алмайтын мықты неме елдің сөзін,Тісіңді қайра да жат өзіңе өзің.Кілті есік, тас кереге, темірлі əйнек,Шыға алмай құр жалтырап екі көзің.

Найзалы, мылтық, қылыш қолына алып,Күні-түн күзетшілер тұрған бағып.Білінсе бір кəдітің бітті саудаң,Батырым, құтыларсың мұнан не ғып?

Астыңа жел жетпесті мініп алып,Күн бұрын мал өрісін біліп алып,Жабысып ат жарына ай жарықта.Кететін қолдар мынау алып, алып.

Жануар қысса тақым сезуші еді,Қайшылап құлақтарым безуші еді.Өзі тоқ, жетектегі семіз, шіркін,Қызылмай боп еруші еді.

Кідіріп аттың терін тек тұрмадық,Байлардан шама келсе, көпті ұрладық.Сүйекке əбден сіңіп алғаннан соң,Кедейдің көк шолағы деп тұрмадық.

Жолдастар қосылуышы ед əлде қайдан,Демеуші ек «мынау – арғын, мынау – найман»

Page 43: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

43

Шыққанда елден аулақ таң бозарып,Ендетіп етуші едік терең сайдан.

Деуші едік ұрлық малды «түнде туған»,Жігітті батыр деуші ек оны қуған.«Қой!» деген ақыл сөзді құлаққа ілмей,Көз жасы енді мынау бетті жуған.

Басымнан кінəм асып мұнда түстім,Ақыры не болғанын көрдім істіңБосатып бір ат берсең жіберетін.Көзімнен болыс, билер бір-бір ұштың.

Жаза гөр топырақты елден, Алла!Тілегін мүскіндердің берген Алла!Құлыңа екі жаза бере көрме»Кеше гөр, қылдым тəубə, тəубə, тəубə!

Азамат Алашұғылы

Туысқан бауырларға бір насихат

Əй, қазақ ағайындар! Жылдан жылға кедей болып, жоқ жерде малдарыңнан айырылып қалып, күн асқан сайын кеміп барамыз, мұны кімнен көресіз. Қыс алды боран алды дейсіз, қыс пен боран алатұғын болса, қоян неге өлмейді торғай неге өлмейді. Бораннан ығып, суықтап үсініп бір қоянның, бір торғайдың өлгенін көрген жан жоқ. Қазақта бір мақал бар «Жаман Құдайшыл келеді» дейді. Ол сөздің мағынасы құдай, құдайдың жазуымен болды десеңіз бұл сөздің тұрғаны теріс.

Өзі жаратқан мүлкін өзі бар қылған мақұлығын Құдай неге қырады. Кім болса ол болсын, өзі жасаған нəрсесін өзі бұзбайды. Құдай тəбəрəк оттағала мұнша жаратқан мақұлығын жоқ қылуға мқлшер қылған мезгілі бар. Ол мезгіл Ысырапыл періштенің сұрын ұрумен болмақ. Немесе осы болған борандарды Ысырапыл періште ұрды деп білесіздер ме?! Жоқ, жоқ! Ысырапыл періште ұрса дүниеден не қалмақ? Онда дəнеме қалмақшы емес!

Осыншама кемшілік, осынша қорлық қайдан келіп жатыр? Нығмет не екенін білмегендеріңнен. Ол Нығметтің қадірін біліп шүкірана қылмағандарыңнан болып жатыр. Құдайдың сендерге беріп жатқан сансыз, есепсіз Нығметінің қайсы бірін айтып шаршайын. Сонда да шүкіранасы өте тиісті болған зор нығметтерінің біреуін айтайын.

Page 44: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

44

Əй .... көзбен қарап, ынсапты құлақпен тыңдайтұғын, ағайындар! Бұл дүниеде үстіңнен қарап тұрған патша ағзам Хазіреттеріңнің барлығын, басында болған нығыметтерден артық нығмет деп білуге керек. Не үшін десеңіз, патша ағзам Хазіреттерінің тахт тасырыпында, сая дəулетінде болумен əркімнің басы, малы есендікте тұрады. Осы нығмет бір-біріне үстін қарап тұрған патшасына шын көңілмен тілеулес болу ең зор шүкіршіліктен саналады. Алыстан зілалл-сұлтан Алланың көлеңкесі деп айтылған. Құдай тағаланың көлеңкесі бар делінбейді, Кəгботалланы-Бəйталла деп атаған есепті. Бəйт деуменен ол Құдайға ой болып табылмайды. Тек, шарапатты, құрметті басқа ойлардан артығын білдіру үшін айтылады. Бұ да сол сықылды сұлтандардың шарапаты, құрметі басқалардан артық болғандығы үшін айтылады.

Сұлтан деген сөздің мағынасы не қыламын десе өзі ерікті, кісіден сұрап іс қылмайды, көңілі нені тілесе, соны қылуға шамасы келеді деген сөз. Ол сұлтан болушының кім болғанымен жұмысыңыз болмасын. Алла Тағала оттағала кəлəм хадимінде ... бұйырды мағынасы ... айтқыл, ей Мұхаммед, Мəліктердің мəлігі Алла тəбəрак оттағала кімді тілесе, өзінің мүлкіне соны ие қылады деп. Олай болса, құдіреті күшті Құдай өзі қалап бірсыпыра мүлкіне ие қылып қойған соң, біздер сол патша ағзам хазреттерінің қазған жолында, шашылған топырағында болып, кеше күндіз дəулеттерінің артылмағанына дұғада болса керек.

Біз осы күнде ел аралайтын жаудан, ірге аралайтын даудан, аузы қанды бөріден, қолы қанды ұрыдан, аман тыныш тұруымыз патша ағзам хазіреттерінің жəмиясында болғандықтан.

Кеше ХVІІІ ғасырдың ішінде Қазақ уалаятында «Қоқан заманы» деген заман болды. Сонда қазақта мақал боп қалды «Ақ жалау бар да малым бар деме, əзірейіл бар да жаным бар деме» деген сөз. Ол ақ жалау деген Қоқан хандарының ел шабатұғын қосыны екен. Ол ақжалау ат үстінде жүргенде қазақтың малында, басында, қатын-қыздарында ерік болмады. Қазақты шапқанда қандай шапты, атқа мінер, сойыл ұстарын тегіс қырып, бесіктегі балалардың ұят жерін қаратып, еркек кіндіктен дəнеме қалдырмай, мал-жан, үй-мүкəмалын қосындағыларға олжалы қылып, қатындарын апарып күң орнына жұмсады. Жалғыз жарым еркектерді ақжалаудың ат үстіндегілері хандарынан қол басыларынан жасырып, ұрлап өлтірмей, тірі алып кетіп Ташкентте Қоқанның аржағында Қанбағыс, Досбағыс деген қырғыздың еліне, жиырма бес ісек-тұсаққа сатады. Сонан өлмей тірі құтылып, келген шалдардың талайымен сөйлесіп, осы əңгімені өздерінен естідім. Сонда аса зорлық қылып шапқанда біздің арғынды, оның ішінде Қуандық Қаракесекті баса шапқан екен. Сол шабыншылықта жетім-жесір болып, Алатау, Қаратаудың Ташкентте қараған қазақтарының қолында жеті-сегіз жасында олжасында қалғандардың кемпір болған күніне талайын

Page 45: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

45

жолығып сөйлестім. Баяғы арғын ауғанда ақжалау шапқанда олжада қалғандарымыз деп сөйлесті.

Осы Қоқан заманы өтіп, император ағзам хазіреттеріне бағынған-нан бері жесір қатын, жетім бала малына ие болып, қазақ жұрты асын тыныштықпен ішті. Бізді осындай амандықта сақтап келген ұлық патшаға əркім шын көңілімен дұға қылса, өзі ақ ниетте болып, шын көз жасыменен заманның түзелмегін үміт қылып құдайдан сұраса, заманның түзелуіне əркімнің істеген ісі ілгері басуына мен кепіл. Құдай тəбарак оттағаланың сөзі Құранды қараңдар, пайғамбар сөзі хадисті қараңдар, сол екеуінде айтылған сөз хəлəп болса, не қылсандар, о қылыңдар, мен ризамын.

Бар білгендерің жұрт бұзылды дейсіңдер, жұрттың бəрін аралап жүріп, ішек-қарнын ақтарып көріп қойдың ба?! Өзің бұзылған үшін айтасың. Қазақ мақалында да айтады: «Өзі ұры жұрттың бəрін ұры дейді, өзі қары жұрттың бəрін қары дейді», –деп. Сенде өзіңді үйіңде отырып түзетші, ақ жүрек, ақ пейіл болып шын ықыласың көз жасыңмен халық-жұрттың пайдасына һəм жұрттың басқарушысы болып тұрған патша ағзам хазіреттеріне ғаділетті, мархабатты болуына тілектес болшы заман да түзеледі, адам да түзеледі.

Жұрт жиылған жерде патша ағызам үшін тілек тілеп, дұға қылудың нұсқасы мынау: «Ярып! Өзіңнің пақыр құлдарыңның дұғасын қабыл ет. Ярып! Осы күнде, осы сағатта бірнешё жұрттың бастығы болған патша ағзамның ғұмырын ұзын, өзін бақытты қылып, əр жерде керек соғыста, керек ояу, керек ұйқыда болсын көңіл тыныш қылсаң еді. Ярып! Саған ғана ғибадат қыламыз. Ғазиз патшамыз біз құлдарына əрдайын ғаділ, шапағатты болып өзінің ғақыл, нұрын бүтін мемлекеттің пайдасына сарып етсе еді. Ярып! Əумин.

IIБіреуден біреу көре қалған заман ғой. Біздің қазақ бейшара ораза

жоқ, намаз жоқ, құдай деген жан біз деп жүрген жайылулы мал сықылды, жосулы аң сықылды, союға, сатуға мал емес, атып алуға аң емес. Сарыарқаның иен шөбінің байлығыменен шаруа күтіп, мал бағып, ғылым-білімнен əр түрлі үлгіліғибратлы өнерлерден единиция болмай, нөл орнында қалған жұрт еді. Солдаттықтан қашқан құмына бөрікті, толағай басты ноғайлы келіп «Бəдəуім», «Қесікбас», «Ақыр Заман» деген кітаптарын оқытып, өзі құдайдың бұйрығынан, ақ патшаның құрығынан қашып жүрген қулап Россияның жұртын жамандап пат-шаның бізге қысымшылығы осындай, қаһары қаттылығы осындай» деп құдайды ұзынқұлақтан зорға естіп жүрген қазақты шөйтің басынан үріккен қойдай, ай жарықта көлеңкесінен қорыққан қояндай қылып.

Россияның бас хакімдері қазаққа қала сал, балаңды оқытуға бер десе, біздің ноғай да осыларды айтқан, осындай қиялап барып тозаққа түсірген

Page 46: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

46

деп қала салсаң, шіркеу сал дейді, балаларыңды орысша оқытуға берсең, солдаттық алады деп, көнектен шошыған биедей қылып шошытып, ғұмыр бойы өзіменен жерлес, сулас, оттас, ораздас болып тұрған Россия жұртыменен ынтымағын қосуға келтірмей, қазақтың ақылсыз надан қатындарды дуана келеді деп өз баласын өзі қорқақ қылып үйреткендей жаман қылып, көк милы қылып жіберді.

Ферғана заманынан ақ патшаға қарамай қашты, қуды, бірін-бірі иттей талап жүрген заманның кезінде өз басын өлімнен алып қашқан сарт-сауанның қулары олар да келіп, қазақ ішіне молдалық қылып, бала оқытып, ол кеше Батыр ханнан, Мəделі ханнан, Құдияр ханнан – солардан қорқып қашқандар. Қайда патша болса, халыққа қылатұғыны осындай зорлық-зомбылық деп ғылым-білімі жоқ надан жұрттың қылған патшалығын ғылым-білімді əдебиеттен камыл жұрттардың патшаларымен бір бəс қылып сөйлеп, қара қазақтың көңілін жақсы ниеттен, ізгі пиғылдан айыруға көп себеп болды. Қазақ мақалында бұрынғы əулие өткен ата-бабалары айтып кеткен «Қойды шартық бүлдіреді, елді қортық бүлді-реді» деп. Сол мақалдың хақиқатын міне, біздер көзімізбен көріп, қолы-мызбен ұстағандай болып нандық. Қазақ ішіне кім келеді? Онан қашқан, мұннан қашқан жамандықпен көзін ашқан келеді. Жəне соның бəрі де қазақты жер-көкке түсірмей мақтай келеді: «Дін де сенде, əулиелік те сенде, адамгершілік те сенде» деп.

Əсіресе бір əпендемін деген қулар араб жұртын жамандап, меке медине екі шəріптің адамдарын жамандап, ол жақта кісінің аузына өліп барамын десе, бір қасық су тамызар жан жоқ, Əулие онда емес, мұнда Шарапат онда емес, мұнда. Машайхта осында, дін де осында... өзге жұрт бəрі аштан өлейін деп, қырылайын деп тұр.

Сонан соң қайтсын бұл сорлы қазақ! Ноғайдан келді қазақтың өзін мақтады, өзгенің бəрін жаманға қойды. Сарттан келді, о да осыны айтты. Əпенді келді, ол бəрінен асырды. Сонан соң бұл қазақ ойлады: «Біз болған екенбіз, жетілген екенбіз, дүние де бізде екен, əулиелік те бізде екен. Дүниеде не жақсылық бəрі бізде екен деп. Дəнемені керек қылмайтын мұңсыз болды. Құдайдың бізден аяған дəнемесі жоқ екен. Осы келіп жүргеннің бəрі судырап тұрған молда ғой, əулиелікке жеткен ишандар ғой, дүние жаман болса, сонша жерден осындай жақсы жетілген кісілер неге келеді. Дүниеде төрт түлік малдан асылды құдай жаратқан жоқ екен, қазақтан асыл жұртты жасаған жоқ екен де, Сарыарқадай жер қайда барсаң да жоқ екен деп. Қыс болса, жылқының қазы-қартасындай тамақ қайда? Жаз болса, қымыздан артық шарап қайда деп, шалқасынан түсіп жатты да қалды. Наданшылық пенен ғапылдықты екі жағына екі қыз алып жатқан кісідей құшақтап қатты да қалды. Елді қортық Бүлдіргені осы. Айта берсем, ақыры жəне бар.

Мəшһүр Жүсіп Көпеев

Page 47: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

47

Жолсыз ғадетлеріміздің бірі

Біздің қазақ арасында жарамаған көп түрлі ғұрып-ғадетлеріміздің бірі бойжеткен қыз бір жігітті өзіне лайық көріп, көңілі қалайды. Бірақ бұл жігіттің, не қыздың билеушісінен малы кемірек болады да не жек көретұғын адамы болады не ғұрыпымызша «төмен атаның баласы» деген болады не билеуші билеп бермей, қыздың өзі таңдау ғұрып-ғадетімізше үлкен ұят, айып секілді көрінеді де əлгі бойжеткен қыз көңілі қалаған жігітіне қосыла алмай қалады. Ата-ананың уағдасынан қорқады яки ғұрып-ғадетке қалап деп халықтан ұялады.

«Бағызы бір бойжеткен қыздар шариғатқа, низамға теріс болмаған соң ғұрып-ғадет керек, əр адам өз пайдасын өзі жақсы біледі» деп көз жеткендіктен емес,туыстағы өткірлігінен кетіп те қояды. Бұл қыз ғұрыпымызша арсыз, ұятсыз, бұзылған деп айтылады. Билеушінің берген адамына барса, ол адам əйтеуір тұрпаты адам болса да, ақылды артық бала деп айтылады. «Батырды бəрекелді өлтіреді» дегендей бұл қайырсыз мақтауды малданушы да аз болмайды. Жақсы атақ та алсын, қанағат та қылсын көпсінбейміз, соңынан көңілі жаратпаса, жаман ат, жасырынбақ, жанжал болып жүрмесе?

Өлерін білерлік қызым ес білген, бой жеткен; обалын басқаға артпай, ғұмырлық жолдасын өзі ұнатып тапқаны жақсы деп айту, алла ағылым қазақ баласынан осы күнде табылмаса керек. Бəлки теңі болса да кғзық жарасқан адамменен қатты дұшпан болып, көп заман кегі бітпей жүреді, тіпті кезегі келсе қаруын қайтаруға да ойланады. Біздің пікірімізше қыз-ды да, жігітті де ғайыпты көрмейміз. Қыздың сүйген адамын сөгіп жүрген билеушілерді ғайыпты көреміз, неге десеңіз, себебін айталық, шариғатта жүз жылқысы бар кісінің қызына жүз жылқысы бар жігіт теңдес деген бе екен? үйіне алып келген соң киім, тамақ тауып беруге күші келетұғын болса, тең болып табылушы емес пе еді?! Малының санына қарағанша адамына қарау керек емес пе?! Шариғатымызда күйеу болатын адамды қыз билеушілердің ұнатуы шарт па еді? баратын қыздың өзі сүюі шарт емес пе еді? «Жеті атасынан бері мың бітпеген, тұқымы топқа кірмеген» дейтұғын бір ұстаған сөздер бар. Шариғатымызда мұсылман болған, өзі мейірім, ынтымаққа күші жеткен ғарып болмаған адам бір ғарыптың қызына теңдес болатын емес пе еді?! Тұқымы топқа кірген, мың біткен байдың кəрі-құртаң бəрі дəрі бола бере ме? Адамы тең болмаса, Малменен басы сатып алынғанмен қыздың көңілі сатып алынар ма екен? Өнердегі, кəсіптегі, тахуалықтағы теңдестік ең қымбат жері болса да ғұрпымыз ағытпарға алмаған.

Жаны ашымаған билеушінің ырзалығынан тысқары бойжеткен қыздың өзі таңдау, өзі қалау неге ғайып болады? Шариғатымызда есін білген, бойжеткен қызға баратын адамын өзі қалауға ықтияр берген жоқ

Page 48: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

48

па? Даңқына, дəулетіне қарап немесе өзінің бір мақсаты үшін, қыздың ырзалығына қарамай беру билеушілерге ғайып емес пе? Шариғат бұй-рығы теңдесі табылғанда бойжеткен қыз өзін-өзі некелендіру дұрыс, оған қыз билеушінің кірісуге жолы жоқ. Шариғатымыздың əйелге берілген бұл теңдігін аяғымызға басып өзіміз ұстамасқа заманымызда крестьян хакімдеріміз арзы жеткен əйелдер болса, билеушілерге тұқырады. Ең əдемісі өз шариғатымызды басқалардың бұйрығынан басқа өз ық-тиярымызбен өзіміз ұстау керек еді. Ғұрып-ғадетімізде қыз билеушінің күйеу болатын адамды қыздың өзіне көрсетіп «осыған тиемісің» деп сұрау жоқ. Қыз өзі «мені пəленге берсін де алатын малын сонан ала берсін» депайту үлкен ұят. Ұят болса да гұрып-ғадетті былай тастап, шариғат, низамды ескеріп, кейбір пысығырақ қыздардың сүйгеніменен қосылып, билеушіні «дəт» дегізіп жүре береді. Баратұғын адамы көңілсіз болғанда, билеушінің көңілі үшін айлық, жылдық емес, ғұмырлық жақсы жолдастан махрұм болып, өзінің кемерінен шыққан баласына жаны ашымаған, шариғатымыздың дегенін қылған ата-ананың батасын алып қалғанмен ақиретте қанша мұрат табар екен? Барарын барса да көңілі жараспай, жасырынбақ ойнап, күнəлі болып ақиретінен айрылып яки қашып, пысып əуре болып, манағы бар дегенде бара қойғаны үшін берген «бата» жолға жүрмей, дүние ісінен де махрұм болып жүрген аз ба?

Рас, əйел жынысы қысқа ақылдық яки балалық қылып, көрсеқызар-лықпенен өз пайдасын өзі əбден біліп жетпеу ықтималы болған үшін қыз билеушінің жаны ашығандықтан ықтиярды қыз баланың тамам өзіне беріп жібермей пайда, залалын толық түсіндіріп, кеңес беруі теріс емес! Иликин қыз билеуші есін білген қызды адам болса да мал қысабында, жар болса да күң қысабында бармаймын десе зорлап, ырзалығын сұрамай, қорлап берсе, берген адамы не кəрі, не жаман болып, берілген қыз (қыз ба, апасы ма, қарындасы ма) ғұмыры таусылғанша, арманы таусылмай сорлап жүрмесе жарар еді.

Қысқасы, шариғатымызға, низамға һəм бұрынғылардың «Теңі келсе, тегін бер» деген мақалына халап болған ғұрып-ғадетімізді қою парыз, қоймау харам болса керек. Қызымыз, апамыз яки қарындасымыз жақсы көрген адамды біз неге жек көреміз. Оныменен өлгенше неше дұшпан боламыз, күндейміз бе я барар елін, жерін білмейді дейміз бе я Бұған барса, мал аз тиеді дейміз бе, тағы не ойымыз бар. Бұларымыздың бəрі де қате. Неге десеңіз? Олар жақсы ерге, жақсы жерге барса, жақсы болып жүрсе алысымыз ба? Жақынымыз жақсы болып жүрсе жан семірмей ме?! Барар елін, барар жерін білмей адасады десек, ондай өз жөнін өзі білмейтұғындарға шариғатымыз бен низам неге ерік береді. Əлбетте, шариғат пен низам əрнəрсенің сырын біздің қазақтан гөрі жақсырақ біледі. Оған барса, мал аз тиеді десек, қалың мал қыздың өз хақы, біреудің хақына өзі доверенность бермей адвокат боламыз ба?! Мəһəрдің

Page 49: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

49

азы он дəрһəм көбі қанша болса бола берсін, күң болмаса, сəби бала бол-маса: жынды болмаса өзі аз алсын, көп алсын, алмасын өз ықтияры өзінде емес пе?

Мақыш Қалтайұғылы Қараөткел

Айт күні

Сəулесі күннің түскен бүгін өзге,Қуаныш шаттық кірген əрбір жүзге.Нəрселер дүниедегі жанды-жансыз,Бір түрлі түр беріп түр көрер көзге.

Балалар жүр шапқылап аттанысып,Əрқайсысы ашық жүзбен шаттанысып.Мінген ат, үске киген киімменен,Қояды бір-біріне мақтанысып.

Құрбанға байлар да жүр малын сайлап,Пышағын союшы жүр өткір қайрап.Үйлерге ет асылған қыдырысып,Жүн жіппен кемпірлер жүр белін байлап.

Майлаған сұлу қыздар шашын тарап,Жағынып беттеріне опа-далап.Ойлайды ауыл-ауыл қыдырсақ деп,Ат тисе қолдарына құдай қалап.

Жаулығын келіншек те жуған нəлдеп,Ораған күміс оқа оған сəндеп.Көңілі молданың да қуанышта,Тері алып бұрыннан-ақ жүрген дəндеп.

Қолына балалар жүр құлақ алып,Қашаннан келе жатқан бұ да қалып.Жолығып бір-біріне боз балалар,Шаттықпен сөйлеседі тұра қалып.

Əкірам Ғалимов

Page 50: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

50

Əулие-Ата

Əулие-Ата қаласының маңайында қазақ-қырғыз, қалада тұрушылар-дың көбірегі сарт болып, саудагер ноғайлар да бар. Бұрынғы жылдарға қарағанда осы уақытта орыстарда да көбейіп келеді. Əулие-Ата шəһəрінде ресми 2-3 махалла мешіт болса да Іликин ер һəм қыз балаларға арналған бір ғана мектеп болса да медресе жоқ. Медресе есімінде салынған болса да оқудан бос болып, қаңырап тұр. Мешіт, медресеге тиісті ишан, хазіреттер ішіп-жеп рахатанып жатыр. Ишандардан 5-6 қатынға қанағаттанбай 7 қатын алушылар да бар. Ноғай махалласындағы кошнойск болысында біреу ишандық қылып жүріп, бір мырзаның қарындасын айналдырып жүргені үлкендерге естіліп, бозбалаларға аңдытып, ұстап алып, ишаннан тиісті қалың малын алып, һəм 800 сом ақшасын алып, қызды беріпті. Бұл ишан бурында Қаракөлбек болысында бір кісінің қызын дөңгелетіп жүріп, ақырында атасын қорқытып сол қызды алған екен. Қайтерсің бұл надан халық сонда да ишаннан безер болмайды. Əулие-Атада оқу жалғыз-ақ бір ноғай махалласында бар. Жетпістеп бала оқытып жатыр, былтырғы терісмінезді мұғалімі қуылып, Уфадағы медресе Ғалиядағы Ысмағұл Юніси деген мұғалім «алдырылған... ойлы ноғайлар бесеу-алтау ғана болса да ашық пікірлілері бар. Бұл мешіт, мектепке арналған қаражат жоқ болса да өзара ынтымақпен жəрдемдесіп, тəрбиелеп тұр. Өте қарасушылары: Сыражалдин, Ахметжан, Ысмағұл, Шəріпалдин деген адамдар. Бұлардан басқалар да қолдарынан келгенше қарап тұрмайды. Медресе Хайсын Бигиев деген адам əр уақыт жамиғат жасап, медресенің кем-кетігін қарап тұрады, биыл бір хазірет махалла кісілерін азғырып, мұғалімдерді қумақшы болса да ол ойын жеріне жеткізе алмай қалыпты.

Əулие-Атада қазақ-қырғыз балаларына ... школдар бар. Əммə рас-ход қазақтардың өздерінен алынады Əулие-Атадан жиырма молда инс-пектордан орын сұрап арыз берген екен. Мүфти қазиларды шақырып Əммə молданы емтихан қылғанда біреуі ғана жарарлық болып шығып-ты. Бұл емтихан мəжілісінде мұғалім Хəлел əпенде де бар екен. Жақ-сы мұғалімдер алдырып берейін деп инспекторға айтса да не үшін шығарылатынын, қабыл етпепті. Қазақ-қырғыз ағайындар өздері өтініп школдарына жақсы дін мұғалімдерін алдырып қоюға себепші болмаса түземниде оқып шыққан шəкірттердін, дін ғылымында бұрынғысындай надан қалпында қалатынына ешкім шек етпесе керек.

Əулие-Ата уезіндегі қазақтар жер мəселесі туралы жаңа, жаңа қыш-лақ боламыз ба, жоқ па? – деп ойланысып жатыр. Қышлақ бола бастаған бірлі-жарымды қазақтар көрінеді. Ботамойнақ, Алмалинск болысының управителі дербес Қалабаев деген кісі бүкіл өз қоластын қышлақ қылып, қазірде таңдама жерден жер кестіріп алып жатыр. Кридитный товарищества ашуға рұқсат сұрап жатыр. Дербес мырза əр уақыт халық

Page 51: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

51

пайдасына қызмет етуге ұмтылған көңіл көзі ашық, дүниеден хабарлар төте оқуды сүюші адам. Былтырғы 1912-інші жыл өз қоластынан ақша жинап, Сыдық Абыланов деген бір баланы медресе Хасинеге жіберді, дербес мырзаның бұл қызметі əр болысқа үлгі боларлық бір қызмет һəм алла қасында да сауапты екенін ешбір мұсылман іңкəр етпес əр болыстарымыз осындай шетке бала жіберіп оқытса, көп сауатты жұмыс, мемлекетке зор қызмет қылған болар еді. Іликин ел болған соң, не жоқ, миллəт үшін мұндай қызмет етушілер əр жерден табылғандай-ақ. Шөп шауып, отын кесуді жақсы көрушілер де бар. Мінеки, біздің өзімізбенен ауылнайлас Юніс қажы Құттықожа деген адамның былтыр жазғытұры қора-қопсы, ағаш үйлері күйіп кетті. Сол уақытта қайырын берсін айтып һəм көзі көріп, қолмен ұстамаса да біраз адамға жармаспақшы болып план құрып отырғанда көп жылдан бері Көкшетауда, надан хазіретте оқып жүрген Ғалиаспар деген аулымыздың бір жігіті сабақтан қайтқан екен, сол жұрт жиылған үйге кіріп келіп, көптен көрмей сағынған ағаларының қолын алып амандасып отырды. Жиылған адамның ішінде фітінə, бұзықтық, өсекшілікпен болмаса да, халыққа аты шыққан Сүлеймен қажы Бананалыұлы деген бір тəуір адамымыз: – «Ей, молда Ғалиаспар! не бітіріп келдің? Əкең Айтқожа шөп таба алмай малын жұтатып алды, сен оқу оқимын деп құр қаңғырасың! Онан да біздің Ақанның екі баласы сияқты жақсыларға атқосшы болып жүрсең, əкең жұтамай, өзің кем-қор болмас едің» деп лепіре қайтқан шəкірттің жүрегін осындай мағыналы сөзбен қайтарып тастады.

Жұтамайтұғын, мал-қазына оқу екенін білмеген адамға не айтарсың! Сол мəжілісте мен де бар едім. Сүлеймен қажы белбеуін жуан буынып жүрген халқымыздың жақсы деген адамдарынан болып, оқуда жүріп тарықсақ, жəрдемі тие ме деп жүрген білімдар адамымыз. Білімдарлықпен айтқан сөзі болған соң не өкпе бар. Сондадағы ел болған соң, дербес мырза Қалабаев, Əлжан болыс, Жұманов сияқты миллəтке қызмет етушілер де шығар! Əлжан болыс төрт жылдан бері Сейітбəттəл Мұстафаұғылын Стамбулда оқытып жатыр. Бұларға рахметтен басқа сөз жоқ.

Құдай тағала осындай адамдарымызды көбейтсін.Мұхаметсəлім Көшімов

Қостанай уезі, Дамбар болысы

Халқымыздың надан кезінде арасында сіңісіп кеткен бұзық əдет-тері көп. Соларын айтып түсіндіріп, жол көрсетіп, жөн сілтеуге кейінгі оқыған жастарымыз міндеткер əм сол міндетті бастан қару үшін қарап жатпай халқы үшін де газет журнал шығарып, қаламға жүйрік білімді-леріміз сөз жазып, халыққа «оқу оқы, өнерлі бол, бұрынғы кеңшілік

Page 52: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

52

замандағы ғұрып-əдеттеріңнің келіспегенін кемітіп іс қылыңдар» деп һəм тіршілігіне не түрлі керекті нəрселерді айтып ғапыл жатқан қазақ арасына білім жазуын таратты. Жаман істерін азайтып, заманына қарай керекті нəрселерді айтып ғапыл жатқан қазақ арасына білім жазуын таратты. Жаман істерін азайтып, заманына қарай керекті нəрселерін қарастыруға һəм білімді, өнерлі елдердің халін ғибрат қылып көрсетіп, сондай өнерлі елдерден қорлық, жəбір көрмеуге оқудың керек екендігін айтып түсіндірді. Бірақ біздің қазақ халқының ежелден пайдасын біле тұра аяқ баспайтындығы бар емес пе? Бірсыпыра жарамсыз əдеттері-нен ата ғұрыпымыз деп айрыл-май бұл уақытқа шейін қолына ұстап келді. Ол жарамсыз əдеттерінің біреуі қыз алып, қыз беру турасында, онан соң біреуі өлік турасында.

Бұл өлік турасында біздің Қостанай уезіне қараған елде, əсіресе Дамбар болысының өлген өлікке той секілді етіп мүше беру ғадеті бар. Бұл мүше əркімнің өзінің халіне қарайды.

Егер өліктің иесі бай болса, бірнеше ел жиып мырзалық атын шығару үшін өліктің фідиясы деп 40-70 мал шығарады. Мұнша малды шығарған соң фідия қор надан молдалардың көздері күлімдеп қуаныштары қойнына сыймай, бар ой-пікірі «молда басына неден келер екен, бір қарадан тисе жақсы болар еді» деп дауыр айналдыруға келгенде баяғы қуанышты сопы, молдакелер кəдімгідей жүгіріп, орысшалау киінген бір шəкірт көрінсе, бұлар бұзық деп жағасын ұстап, қасап пышағын қолына алып, екі көзін жұмып өліктің кеудесіне мінбек те. Сонша өлермендік қылып ұмтылғанмен байғұс молда екем ойлаған ойы орнына келмейді. Себебі, қазекемнің мүше беру əдеті бар. Басын ат қылып, шұға шапан, батсайы секілді нəрселермен тоғыз қылып ата ұлына үлестіреді. Бере келгенде, иемденіп дауырға отырған.

Халқымыздың надан кезінде арасында сіңісіп кеткен бұзық əдеттері көп. Соларын айтып түсіндіріп, жол көрсетш, жөн сілтеуге кейінгі молдаларға 4-5 сомнан-ақ тидік мал қалады енді, мұны үлесуге келгенде тіпті таяқ деп білмейтұғын қара қазақтың көбі «Біздің ауылда молда жоқ, ауылға тиісті сыбағаны мен аламын деп тұра келеді, оған үрмеймін десе ертең-бүгін елінде бүлік бола қалса өзімізді құр тастар мен оймен амалсыз қипақтап ілестің ішіне оларды да алады. Мінеки қараңыз, сонша малды шығарып ата ұлы, ауыл, сыбаға, сый деп жоққа ысырап қып, надан молда, жалған сопылардың кəсіпсіз, ғылымсыз текке жатуына жол ашып, нəпіл садақалардың бəрін жиып, соларға беріп шайтанын семіртіп, құзғындай таластырғанша, мешіт-медресе, оқу оқыту жолына жұмсап, оқуға мұқтаж жарлы-жақыбайдың балаларына жəрдем беріп, соларды мұратына жеткізсе, бірінші – өлікке сауап, екінші – өздерінің халық арасында жақсы, атақты, құрметті адам болуына һəм ел ішіндегі мұндай бұзық əдеттердің бітуіне себеп болар еді деп ойлаймын.

Page 53: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

53

АУДАРМАЛАР

Пайғамбар

Қайғырдым, жан қинадым, шындық іздеп,Елсіз жер, жапан түзде, жүрдім еңіреп.Тұр едім тоғыз жылдың торабындаКөрінді Жабыраил алдыма кеп.

Көзімді қалды сипап қолымененТездігі ұйқы дағы түспенен тең.Бүркіттей қорқып қалған аңдаусызда,Жарқырап нұр төгілді екі көзден.

Жұғысты одан келіп құлағыма,Дүңгірлеп іші толды айғай-шуғаЕсіттім жер мен көктің сілкінгенін,Ұшқанын періштелер ой мен қырға.

Шуылдап бақа, шаян, құрт-құмырсқа,Жүргенін быж-быж қайнап терең суда.Сай-сайды өрлеп біткен бала қайың,Толықсып гүлденгенін күн-күн сайын,Жəне де кіріп кетіп аузымаТілімді жұлып алды Жабыраил.

Бос сөзге ерінбейтін ұзын тілім,Кінəлі қиянатшыл болған менің,Аузыма қатып қалған қанды қолмен,Жыланның əкеп қойды улы жерін.

Ішімді одан кейін тағы жарды,Орнықсыз қобалжыған жүректі алды,Кеуденің тесігінен орнықтырып,Қыздырып қатты жанған көмір салды.

Өткіздім жансыз болып неше күнді,Сол кезде жоғарыдан бір үн келді.– Көзіңді аш, тұр пайғамбар, құлағың сал,Орнына келтір менің бұйрығымды.

Жүреті Сөзбен жұрттың күйдір, –дейді.Аралап шөлді, сулы жерді.

А. С. Пушкин

Page 54: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

54

Шын сөзге жан пида

Қазақ газетінің 45 нөмірінде Р. М. Мырза газетке сөз жазушыларға деген кеңесінде «Қазақ» пенен «Айқапта» жазған сөздерін оқып өзге халықтың газетіменен салыстырып қарасақ, біздің артықшылығымыз-дың білінетін түрі бар көрінеді. Біздің сөз таластыруымыз газеттің бетіне ауатын есепті. «Айқап» арасындағы сияз хақында шыққан сөз айырымын жазады. «Айқап» бас қосу деп сөз бастады. Оған «Қазақ» өз ойын айтты. Пайдалы іс демеді, əліміз келмес, қой жиылыс қылмай баспа бетінде сөйлесек деп сақтық айтты. Бұл сақтық сөзді «Айқап» – «Аққу менен Шаянға» апарып, онан əрі барып «маймыл» шықты деді.

«Шын сөзге жан пида» деп қадірменді Шəкəрім мырза айтқандай қатемізді көрсетушіге біз Жан тəнімізбенен «Алла разы болсын» айтамыз. Бірақ қатемізді көрсетушілер «қатаң мынау» деп көрсетпес бұрын өздері əбден өлшеп, таразыға тартып, сонан соң барып көрсетулерін тілейміз. Өлшеуге салмай, асығыстықпен, яки болмаса жасырын бір жөнменен айтылған сөз болса, əлбетте пендеміз ғой, көңіліміз ауырады.

Р. М. Мырза «Айқапты» – «Аққу мен Шаянға» апарып соқты деп талас сөзді, кекесін-мұқасында бастап жіберуші «Айқап» болды дегендей қылады. Мырза, бұл турада жаңылмаспа екенсіз? .Бас қосуды «Айқап» бастады, оны дұрыс ақыл деп Райымжан Марсиков қостады. Сонан соң ортаға Жиһанша Сейдалин шықты. Ол «Айқап» арқылы жұрт мақұлдаса, мен үш айда ұрықсат аламын, сиязды болдырамын», – деді. Бұлардың бірінде де я кекесін, я мұқасын сөз жоқ еді. Сонан соң Əлихан Бөкейхановтың сөзі «Қазақта» басылып шықты.

Əлихан ол сөзінде Жиһанша Сейдалиннің үш айда ұрықсат аламын деген сөзін кекетіп «Сарышымшық» деген əңгімені бастап шығарды. «Аққу мен Шаян» содан соң шықты. Р. М-ның барлық кінəны «Айқап-қа» аударуы ауру бастан сау басқа аударған есепті болмай ма?! Кекесін-мұқасынмен айту секілді əңгімелер «Айқаптан» гөрі, «Қазақта» көбірек шыққан еді. Р.М. Ахмет мырзаның, Жиһаншаға жазған жауабын һəм бір қазақ баласының сөздерін оқып көрсе де оларды ауызға алмайды. Біздің сізбен сөз таластыруымыз қырдан көшіп газет бетіне ауатын есепті деп уайымдайды. Онысы дұрыс, бірақ қайтпек керек? Баспасөз «айна» дейді ғой. Кейіп жаман болса, айнаға өкпелеп болмайды. Бұзықтың басы буырылдан деп сол сөз таластыруды шығарушыларымыз қадірменді Əлихан менен Ж. Ш. Сейдалин емес пе? қазақта бір газет, бір журнал бар екен, сөз таласы туралы екеуі де айыпты.

Қадірменді Əлиханның қазаққа көрсеткен асып кеткен жақсылығы да белгілі, Жиһанша Сейдалиннің көрсеткен залалы да белгілі. Сөз таластыруды бастап жіберген үшін екеуі де «мақұл жігіттер» болып табылмайды. Сөзді екеуіне де бірдей айту тиіс емес пе?!

Page 55: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

55

Р.М. өзге халықтың газетіменен салыстырып қарасақ, біздің қазақ-шылығымыздың білінетін түрі бар көрінеді депті. Шыққалы үш жылға толмаған жас газет пен журналды бірден апарып зор аршынға, салған. Мұнысы да асығыстық емес пе?! Екі жүз жылдан бері қарай баспасөзге ие болып келе жатқан Россия жұртының газет-журналдары сондай тап-таза сөз жазып отыр ма?! Мінеки, Р. М. Мырза! Үзеңгіні тең шіремеген соң мұнша сөз жазылып отыр. Сіздің сөзіңізден де қазақшылығыңыз білініп тұр. Жазыңыздар сөз көр. Мүфти, би, земство мəселелері бар дейсіз. Мұныңызға əбден мақұл. Осыларды жазуға газет пен журнал тым-ақ ұмтылғысы келеді. Бірақ бұларды жазғанда да əркім өз пікірін айтуға бостандық болатын болса, бұлардан да сөз таласы шығады ғой.

Сияз мəселесінде «Қазақ пенен «Айқап» екі түрлі сөйлесе, əлі онша ма күшті дерт емес. Уақытша ғана болған нəрсе, өтті, кетті. «Қазақ» пен «Айқап» арасында сияздан гөрі зорырақ сөз айырымы бар. Мұнысы сөз таласынан шыққан айырым емес, осы күнгі қазақ халқының тұрмысы-ның екі түрлі болғандығынан шыққан айырым, нағыз зор мəселеде шығып тұр. «Айқап» көшпелі норманы қуаттайды. Мүфтілік пенен бірлік мəселесі біріне-бірі едəуір ықылас мəселелер. Мүфтілік болса қазақтың қалың мал, жесір, екінші даулары, шариғатта айырыларға тиісті қазақ əдеті оны көтермейді. Бір қазақ баласы айтқандай қалың мал алудан қазақты оқыту үшін бірлігіміз яғни народный сот ескіше қалатұғын болса, əлгі айтылған даулар да Сыйыса алмайды. Земство жақсы нəрсе. Бірақ ол земстводан пайдалану үшін жұрттың отырықшы болмағы керек. «Қазақ» көшпелі бол деп отыр. Бұл мəселелердің барлығында талас шығармай, қалай ашу керек. Бұларды ашамыз, жұртшылық қыламыз, ел боламыз десек, түбінде бір сияз жасамай реті келмейді ғой.

Сөз аяғында Р. М. Мырзаның «Айқапта да» «а» менен басталып «е» менен аяқталған сөзді көріпті. Онан соң ас ішіп отырған уақытта оқылса жүрек айнып құсарлық сөздер көрінеді дейді һəм біздің қадірменді мырзалар Əлихан, Ахмет, Міржақыптың үкімет жағынан тұтқынға алынғанын олардың бетіне басқандай қылады дейді. Біз бұл сөздерді «Айқаптан» іздесек те таба алмадық. Р. М. Мырзадан өтінеміз, сол сөздер қай нөмірде, қандай сөзден аңғарылады, бізге көрсетсе екен. Əлихан мен Ахмет туралы бірлі-жарымды сөз жазылды, бірақ тоңған бетке қар себілген жоқ еді, Міржақыпты қалайша əкеп тықпалады, оның хақында бірде сөз жазылған жоқ еді ғой.

* * *1915-інші жылғы 17-інші апрел соң да басқа діндегілердің дін жұ-

мысына кірісу үшін бес ми қазақтың тіршілік-шаруасын төмендетумен дініне қол салуға болады отырған сенат ісі мынау: 1914-і жылғы 12 декабрьден соң да сенаттың қолайлаған жолсыз ережесін қия баспай

Page 56: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

56

орнына келтір деген переселен мекемесінің ісі мынау «Үшінші июнь законы» қазақ жер жерік болған кіназдардың, графтардың тілегі қабыл болып, думада дауысымызды шығармайтын қыл үнімізді өшіріп қойды.

Құрметті дума депутаттары! Законды тас-талқан қылып, жолсыз іс ету деген осы. Бұған сіздер ілтифат дума положениясының 35-інші һəм 58-інші статьяларындағы айтылған жолға тиісті іс қылар деп үміт етемін. Бірінші думаның депутаты Əлихан Бөкейханов.

«Қазақ»

Кеңес Жиылысы

Жиылыстың төртіншісінде біздің қазақтан барған Қаратаев пенен Бөкейханов хүкіметтің (патшалықтың) қазақтарға жанасы турасында:

– Қазақтар хүкіметке неғұрлым тура, неғұрлым достана болса да хүкімет оларға соғұрлым нашар істер қылады. Мұнан бұрынғы кездерде қазақтар Россиядан бөлініп кетпесін, – деп оларға қазынадан тегін мешіттер салып беретін еді. Оларды бір орынға ұйыстыруға ұмтылатын еді, 1905 жылға дейін қазақ балаларын орта һəм жоғары мектептерге кіруге қызықтыратын еді. Осы жолмен олардың ұлттық тұрмыстарын сөндіруге һəм ептепептеп өзге дінге салу жағын қарастырды. Енді қазіргі кезде онан да нашарланды, бір жағынан, оларға өз діндеріменен тұруға ерік бермеді, екінші жағынан олардың хүкімет мектептерінде ғылым-білім, өнер алуларына да жол ашық емес. Мұндай істер қазақтардың орыстардан алыстауларына, ұлт намысының зораюына, Россияға деген наразылықтың өсуіне ғана себепкер болады ғой, дейді.

Қаратаев сөзінде:– Хүкімет қырғыз-қазақ балаларын мұсылмандықтан айыруға,

алыстатуға амал-айла жасап жүргендігі үшін олар зорланады, Бүкіл ұлысқа бір мешіт, бір мектеп қана ашу низамын ұнатпады. Осы низам арқылы қазақтардың көбірек жерінде астыртын «мешіт медреселер» салынуының əлегінен жұрт пенен хүкімет арасында жанжалдар шық-қандығын түсіндірді. Бұл сөз өте көңілге қонып, құлаққа жағып кетті. Ішкі іс министрі газет хабаршыларының жиылысқа кірулері турасындағы екінші қайтара берген талабына да рұқсат берілмеді.

«Уақыт»

Біздің жайлар

Біздің қазақтың жайы қай жұртқа да болса мағұлым. Біздің қандай жұрт екендігімізді бəрі біледі. Сонда да бізбен араласып жүрмеген соң, күнелту жайымызды анық білмейді.

Page 57: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

57

Сол еебепті ноғай бауырларымыз газеттерінде біздің халымызды, жайымызды анық білуге оқтын-оқтын сөз қозғап қояды. Мысалы «Уақыттың» осы арадағы шыққан нөмірлерінде қадірменді X.Д.М. деген бір зат «қырғыз, қазақ, түркілері» атты мақаласында «олардың арасынан кімдер шықты, қандай қызмет көрсете білді?» – деп бір өте керекті сауал берді. Бұл сауалға жауап беруді мүрихларға (замана түрін байқаушы) тапсырылса да өз сөзін өзі шешіп:

Бұл заманда қазақ балаларының хүкімет мектептеріне кіріп, хан баласынан бастап, қара баласына шейін оқып-білгіштердің, даналардың шыққандығын, бірақ бұлардың алғашында өз тілдерімен бастауыш мектепте оқып, діннің де жайын, тілінің жайын, ұлтынша күн көру жайын білмегендіктері. Ұлтына қызмет қылуға кемсін соғатындарын жазады.

Дұрыс емес пе?! Біліп, жеттім дегендері болмаса, орысша оқыған қай қазақтың баласынын барлыққан нəрсесін көрдің? Біліп, жеткендерінде ортаға халық пайдасы үшін қойылған іс хақында бірінің сөзіне бірі көнбей тарқасу əдеттері табылып жатыр. Бұл тарқаудан пайда шыға ма? Тарқасуда сол пайдалы деген ісіміз пайдалы ма? Жоқ болмаса, пайдасыз ба? Соған қаулы қылысып тарқау керек еді!

Мысалы, Жиһанша Сейдалин жиылыс жасау жайынан кеңес шығар-ды. Қадірменді Əлихан мырза елеулі «Қазақ» газетіне жазып, жиылыс болмайды деп кесіп жауап берді. Егерде жиылыс бола қалса, өзінің жиылыстан қалмайтынын білдірді. Асылында қадірменді Əлихан мырза-ның дұрыс болғанда «жаяудың шаңы шыға ма», бір кісінің қарнына бірақ аяқ ас сияды, бір кісінің қолынан не келеді деп, (түбінде Жиһанша Сейдалиннің іс істеп шығара алмайтынына көзі жетсе) көптеп-көмектеп ақыл иесі адамдармен ақылдасып, жиылыстың болатын болса, болғанын көріп, болмайтын болса қалғанын көріп қоюға керек еді. Бұл жиылыс деген жалғыз бір кісінің пайдасы емес, көптің пайдасы. Көптікі болған соң, кептеу керек еді. (Көптеген соң, болмай қалатын іс емес екен). Бұл жиылысқа қазақ білімділерінің қалай қарау турасында қадірменді X. Д. М. жəнаптары екінші мақаласында духовный собранияны ұлтшылдық шаруашылық жағынан қазақтың ең бірінші пайдалы мəселесі ғып көрсетедіде:

Мінеки, осы мəселе турасыңда мұң-мүддені сөйлеуге көпке бірдей пайдалы, өзара бір кеңес жиылыс жасаулары, өте тереңнен қозғап сөз қылулары тиісті болса да, бірақ қазірде Бұған құштарланып көңіл салғандары білінбейді. Тағы да X. Д. М. Мырза қазақтан шыққан ғалым-ғұламаларды ауызға алып, қазақта тіпті татарлар қатарында болған білікті-өткір ғалымдардың болғаны сияқты соңғы кездерде медреседе оқу бітіріп шыққан жас шəкірттердің де барлығын айтып келеді де «бұлардың да əлі жұрт арасына белсеніп кіріп кетіп, өте керекті қызметтердің басында көрінбегендігі, дін һəм шаруа жайынан ой мен қаламын жүргізгендігі

Page 58: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

58

көрінбегендіктен əзірге бір түпкілікті байлаулы сөз айта алмаймыз. Ол жағын келешек көрсетер»,– дейді.

Дұрыс-ақ біз қанша қимылдадық десек те арамызда іс білетін кісі-леріміз аз. Іс білетіндеріміз болса медресе бітірген жас шəкірттер ғой. «Айқап» пен «Қазақ» шыққан елде əзірде пікірлі, білгіш шəкірттеріміз де бар. Əр жерде Жүсіпұғылы, Нұралдин, Молдағазин Хабиболла Лекеров жəне басқалар сықылды шəкірт мұғалімдеріміз жазып жүрсе де білінбей бұл əзірде аттары көрінбей тұр. Қараңғыда қалсақ, біздің айымыз бен күніміз осылар. Үмітсіз болсақ, үмітіміз осылар. Күн көруіміз, жасауымыз осылармен еді. Газет-журналға сөз жазу қандай дəрежеде екендігі турасында X. Д. М. мырза:

Кішкене болса да, бұл күндегі газет-журналдарды алып барушы заттар əр жақтан тіл, күш жəрдеміне мұқтаж болғандарында шүбə жоқ. Əлбетте бұған бүкіл ұлт əр қатардағы ой иесі, қалам иесі молдалар, білімділер қатынасуға керек. Егерде қатынасқандай болса, əр жақтан алынған хаттардан жұрттың не мұң-мүддесі барлығы білінеді. Содан соң басқарушылар «жұрттың мұң мүддесі мынадай екен»,– деп орны келген жерде өздерінің жұрттығын білгізіп қалуға бірінші себепкер болады. Қазақ бауырлар осы арасын жақсы қараса екен» - дейді.

Жоқ демейміз, жөн білетін орысша жетіліп оқыған білімділеріміз бар. Əлінше елеулі «Қазақ» пен «Айқапқа» жазылып жатыр, оларға рах-меттен басқа айтарымыз жоқ. Бірақ бұлар ең қайдағы жұмысымыздың қаймағына келгенде адырасып кетеді. Адырағанмен қайда барады, зама-на біріктіреді ғой, замана көндіреді ғой деген үмітіміз бар. Бұл турада X. Д. М. жəнаптары:

– Ұжмақ сықылды кең даламыздан айрылуды бір зор өзгеріс қылып көрсеткен соң айтады, жақсы көрінген егінге-шөпке, шығымды жерлері күн-күн сайын мұжықтарға беріліп, өздері алғы шөлге, құмға барып тіреледі. Я болмаса əр хақолдың қаласының арасында қалып, өте таршылық, өте қиыншылықпен ғана күн көреді.

Ертерек уақыттарда əрбір ауылдың бойында болатын мыңнан жылқы, мыңнан сиыр, қой жылдан жыл азайып келеді. Өшпесе өсуіне үміт аз. Басқаша айтарлық өнерден кəсіптен, егіншіліктен хабары жоқ. Тағы да мұның үстіне жерді аламыз ба, алмаймыз ба, – деп бір ынтымаққа келе алмайды. Һəм бұлардан басқа да ұшы-қиыры жоқ шаруашылық, ұлтшылдық сықылды мəселелер де ешбірі бір ұйымға келген жоқ деп. Бұл бір ұйымға келмеген мəселелерді шешуге жəрдем беруді, басшылық етіп жөн сілтеуді татарлар матбұғаты үстіне тиесілі міндет деп есептейді. Қазақтың өзінде матбұғаты болса да өздерінен бұрын бас көтеріп түрлі ауырлық, жеңілдіктерге пісіп-қатқан ноғай бауырларының жəрдеміне, басшылығына мұқтаж екендігін білдіреді. Алты-жеті миллион қазақ-тардың айналдырған бір газет, бір журналдары халықтың мұң-мұқта-

Page 59: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

59

жын айтып үлгіре алмағанның үстіне екеуі қайдағы ең керекті мəселеге келгенде бір ұйымға келе алмайтынын айтады. Бұларды қай ретпенен болса да жақындастырмаққа Матбұғатымызға білімділеріміз сүйіс-пеншілік қылып бірсыпыра ойға келген пікірлерімді айтпақ болдым»,-дейді де жазуын тоқтатыпенді сөзін екінші мақалаға қалдырады.

Тағы бір көзге баданадай таңырқарлық болып көрініп тұрған нəрсе-міздің біреуі жер мəселесінің ретке салынбай былығып тұрғандығы болса, біреуі қадірменді қазақ көсемдерінен Қыр баласы жанаптарының жер мəселесін қазақтың өз ғұрпынша қалдыру керек деген топшысы болса керек. Қадірменді көсеміміздің бұл туралы пайдалы қызметтің пайдасын көрерміз деп қуаныш күтіп тұрғанда былайша сөз шығаруына таң қалдық.

Бұл жер мəселесі турасында басшымыздан татар қарындастарымыз-дың да күткен үміті бұлай еместігін айтып, X. Д. М, жəнаптары:

– Еркіншілігі əркімдердің аузында «Əліпбидей» ұғылып, жатталып жүрген осы жиырмасыншы ғасырда «біз қазақ рəсімін сақтаймыз» деп осы пікірге келіп, кісінің кісілігін білу сықылды зор бір мəселені баяғы замандардағы əдеттер бойынша шешу жағында болушы мырзаларға біз шынымызбен таңырқадық, – дейді. Мұнан соң хазіреттердің бір жиылысында:

– Ислам дінінде мұсылман болғандығымыз үшін собранияға қосы-ламыз, солай болған соң, бұл мəселелерде шариғатша хакім қылу бізге ауыр болады, – деп қалайша айырым қалдырамыз, шариғат хүкімінен қалайша бас тартамыз. Ол уақытта біздің мұсылманшылығымыз қайда қалады, біреулерге енді қашанға дейін зорлық қыла береміз деп сөз қылысты, тағы да бір-біріне талас сөздер айтысты.

Мұндай бір ұйымға келмеген талас сөздер уақытыңда жастардан, мұғалімдерден дауыс шығарып қалады ғой, деп үміт етіп еді, – бірақ дейді де сөзінің аяқ жағын айтпай манағы айтып өткен жас шəкірттерді, мұғалімдерді жоқтайды. Сонан соң білімділерден, ақсақалдардан осы жер турасында түпкілікті, табанды бір кеңесті бір ұйымға келтірулерін ақтара қарап, тереңнен ойлап іс қылуларын керексінеді. Оның үстіне теңдік мəселесін түпкілікті бір ретке қоймай былыққан рəсім-ғұрып бойынша тұруға тілеймін, немесе əділдіктің берген тəніменен белгіленген бір жөнге көнуге енді уақыт жеткендігіне мойындай ма? Міне, осындай өте керекті мəселелерді ақыл иелерінің тиісті орындарға жеткізуі, ең болмағанда «Айқап»пенен «Қазақтың» біріне жазуы тиімді болар дейді. Қадірменді X. Д. М. жəнаптары кейінгі сөздерінде де жер мəседесінің ғұрып-əдет бойынша қалуын ұнаттай қуатты дəлелдер жазады. Кей уақытта қазақ-тар өз рəсімінен тыс іс қылғандығын рəсімнің тəртіпсіздігінен көреді. Қазақтың қару қылып көрсететін қолында реттелген «Канун» (іс реті) жоқ. Бар, бар болғанмен оныменен іс істеуге жарамайды дейді.

Page 60: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

60

Осы ғұрып-əдетті сақтау керек деген басшыларымыздан Қырбаласы оның себебімен шариғатқа да тиіңкіреп кетті білем. Бұ турада X. Д. М. мырза ұзын қылып, түсінікті қылып айтарын айтып өтіпті. Шариғатты сынар сөз шығарушы Қырбаласының жалғыз өз басына ғана керекті болса, онда менің жұмысым жоқ, бірақ көпке бірдей керекті аз шығар-ау деймін. Жалғыз адам ұнатса да көптің ұнатпағаны қай жерде болса да сезіліп тұрғандай көрінеді. Көптің аты көп қой. Бірақ Қырбаласы мырзаның бұл ойы өзінің ойы болмай көпке салып:

– Көп ұнатса жарап кетер, ұнатпаса қалар, – деген ниетпен ортаға қойса, бас ауысты сөзімді қайырып аламын.

Не қылғанмен қазаққа «Канун» деген қару керек болса, ақылға анық-қа, шындыққа, шариғатқа тірелсін. Болмаса бізге ол «Канун» айбынсыз, қарусыз, дəлелсіз бір жарақ.

Қысқасы шариғат деген – шындық, ғұрып-əдет деген байлаусыздық, тапсыздық, хұқысыздық. Шариғатты тастап, ғұрыпты алсақ, шындықты тастаймыз. Ғұрыпты тастап шариғатты алсақ, шындықтан қашпаймыз. Қой, даналар, бас қосалық! Берекебірлік қылалық. Арамызға мынау керек деген мəселелерді салып, сөз болған соң, қайсысы мақұл болып шығады, соны алалық! Мақұл болмағанын тасталық, солай еткенде жасармыз, ілгері қарай айтармыз, – «қазақ жұрты» деген бір жұрт болармыз!!

Байбатыр Ержан

Кеңес жиылысында қазақ өкілдерінің өзара кеңесулері(Он бесінші июньнен жиырма бесінші июньге дейін)

Əлихан Бөкейханов қазақтың ғұрып-əдетін қуаттап һəм түркі істерін шариғаттан шығармақшы болды. Не үшін десеңіз, қазақ халқы мұсылман емес, көп болса, жартысы мұсылман. Ғұрып-əдет сақталса, қазаққа пайда, сақталмаса зиян. Шариғат қазаққа өте зиянды, - дейді. Бақытжан Мырза Қаратаев:

Қазақ халқы хақ мұсылман, бірақ қазақ халқы ғұрып-əдетті сақтаймыз, соныменен ғамал қыламыз деп қор болды. Ғұрып əдет дегеннің ертегі болып кетті. Əділдік дегенің дұрыстық, шындық дегенің жоқ болды. Қазақтың мұсылмандығына шүбə айту ылайық емес, қазақ мұсылман емес деп айтушылар орыстар еді. һəм ғұрып əдетпен хакім салуды мін-дет қылған хүкімет еді. Егерде ғұрып əдетті құптасақ, хүкіметпен жолдас болып, қазақты қор бола берсін һəм діннен айрылсын деген болып шығады, – дейді Сабыралы мырза, Досан молда, Аманшин, Жиһанша Сейдалин, Садуақас ақсақал Шорманов, Сəлімгерей мырза Жантөрин, бəрі де Қаратаевтың сөзін қабылдады. Сонымен Əлихан мырза:

Page 61: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

61

Мен бəрі бір мұсылман собраниясында (мұсылман жиылысында) қазақтың жартысы мұсылман екендігін департамент чиновнигі Таран-овскийдің алдында тұрғанда айтамын, – дейді. Сəлімгерей мырза Бөкейхановты үгіттеп:

– Мұндай сөздер сөйлеп қазаққа зиян қылғандай еш жол жоқ. Соның үшін бұлай сөйлемеңіз, -дейді. Жəне Сабыралы мырза, Досан молда, Жиһанша мырза Сəдуақас ақсақал бəрі де Əлихан мырзадан олай орынсыз сөйлемеуін өтінді. Тағы да Бақытжан мырза Қаратаев «қазаққа орынсыз сөздерді чиновник Тарановскийдің алдында сөйлеу, қазақ халқына зор қиянат, һəм қазақтың, шын бақытсыздығы», деді. Бұл турада қазақ өкілдерінің арасында бірсыпыра талас-керіс болды. Ақырында Əлихан мырза сөзін Тарановскийдің алдында айтудан қайтты. Бірақ мұсылман жиылысының комиссиясында Тарановский жоқ кезінде сөйлеуге көңілі бар көрінді. Сырдария облысынан келген Ғ.Нарымбаев мырза да Əлихан мырзаның сөзін жақтамады.

Досан молда Аманшин

Қазақ өкілдерінің қаулысы

Орал, Торғай, Семипалат, Ақмола облыстары Орынбор духовный собраниясына қарауға, Түркестанский край өз алдына мүфти болуға, мүфти болсын, қазы болсын бес жылға уақытша сайлануға, төменгі имам, молдалар сегіз жылға руханилардың бəрін де (мүфти қазы, имам һəм мол-даларды) халық сайлап қоюға. Уездный қазы болуға губерниялық жиы-лыс болуға. Мысалы, уездной сияз секілді губернский жиылыста член һəм секретарь болуға. Духовной мекемеде члендер, секретарьлар, қазылар болуға барлық руханиларға уəзипа берілуге, неке, талақ, мирас, мектеп, медресе, ғұшыр, зекет, фідия, туған балаларды жазу, өлген адамдарды жазу! Рухани басқармасына берілуге сөз бірікті. Біздің қазақтың жері хақында думаға қазақтан депутат алыну сөз болып жатыр. Бұл турада думада сөз болған екен. Ақыры не болып шығар алла білсін!

Кеңес жиылысында Қаратаевтың сөйлеген доклады

Мырзалар! Мен дала облыстарында духовный собранияны барлыққа шығару жағындағы болған қазақтардың тілектерінің ұзыншасын сөйлеп, сіздерді еріктіргім келмейді. Мен не бəрі бұл облыстардағы қазақтардың дінге қеректі болған орындары һəм дін оқылатын оқулары турасындағы жайды ғана қысқаша түсінікті ғана ғып айтпақшымын. Кішкентай қырғыз-қазақ ордасындағы қазақтар 1731 жылында Россияға қарауды қабылдады.

Page 62: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

62

Еш шүбəсіз ол кездерде олар шын иманды мұсылман еді. Соның үшін олар Россияға қарауларын мұсылман шариғаты бойынша құранды сүйіп бекітті. Оларменен бірге Россияның қарауына кірулерінің алдында болған кеңестер хақында сенім қағаздар сондай бұл, істерден соң, Россия менен қазақтардың арасында, олар Россияға қарамастан бұрын орналасқанын көрсетеді. Императрица екінші Екатеринаның заманында 1775 жылда Орынборға қараған мұсылмандар үшін мүфтидің қол астындағы Орын-бор духовный собраниясы ашылған кезде бұл жақтағы қырғыз-қазақтар да оған қарайтын болды. Бұл мезгілде императрицаның бұйрығыменен Орынбор мен Троицкіде мешіт салынды. Бұдан шығатын қорытынды (мақсұт) иемператрицаның Орынбор төресі Барон Игильстромға берілген бұйрықта көрсетілген:

– Осындай мешіттер ашу шекарамызға жақын көшіп жүрген басқа халықтардыңда бізге сүйіспеншілігін арттырар. Бұл жай келешекте оларды бұзақылықтан тыюға қаттылық (жаза қолдану) көрсетуімізден гөрі артығырақ болар. Түрлі-түрлі қазақ ордаларына молдалар жіберіп тұру тағы да біздің істерге үлкен пайдалар келтіріп тұрар. Сол себепті сіз сенімді Қазан ноғайларын үгіттеп қазақтарды Россияға достанағып көрсетуге, қазақ арасына жіберуге ұмтылыңыз. Бұлар қазақтарды біздің шекарада талауды, қастық қылуды тоқтатсын. Бұл молдаларды ең əуелі қазақ ішіне жібергенде оларға бір азғантай ақша беруге керек. Жақсы қызмет көрсетіп, міндетін атқарушыларға, «мақтау нəрсе» беруге де уағда қылыңыз. 1885 жылда 26 ноябрьде жазылды. Императрица Екатеринаның қазақтарды Орынбор духовный собраниясына қаратудағы мақсаты қазақ арасында ислам дінін тарату емес еді. Неге десеңіз, қазақтар онсыз да мұсылман еді. Ол жалғыз-ақ қазақ ордасы менен ішкі Россияның бір-бірімен жанасымды, жарасымды болуына ұмтылады, солай болғанға қазақтар өздерінің қарындасы болған татарлардың қызметін пайдаланатын еді. 1860 жылдар Орынбордың пограничный управлениясында, соңынан Қазанның бұратана школын басқарушы миссионер чиновник Ильминский деген шықты. Бұл адам: – Қазақтар мұсылман емес, «Шаманый» деген дінсіз халық. Оларды провославныйға айналдыру бек оңай, – деп хүкіметті осы сөзімен нандырғысы келді. 1867 жылда қазақтардың Орынбор мүфтилітінің қарауынан шығарылуына, міне, осы халдар себеп болды. Қазіргі закондар бойынша қазақтың бір болыс еліне бір мешіт пен бір молда ұстауға жарайды. Мұнан басқа дін оқылатын мектеп медресесінде тəрбиелеуге жарамайды. Молдалар үй ішінің істерін қарай бастаса, жаза кесетін канун (закон) судьяға беріліп, орнынан түсіп қалу һəм абақтыға жабуға жаза кесіледі. Молдалардың дін бойынша ешбір хұқ һəм міндеттері жоқ, барлық ден істері шариғат бойынша қаралмайды. Бəлки народный сотта ғұрып-əдет бойынша қаралады, құдайы беруге рұқсат жоқ. Татарлар қазақтарды мұсылман дініне жақындастырмау үшін өздері қазақ арасына кірмейді.

Page 63: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

63

Мінеки, хүкіметтің осындай тұтқан жолы қазақтардың арасын ты-нышсыздандырды. 1869 жылында хүкіметтің бұл ісіне наразылық шыға бастады. Өзі де көрініп тұр ғой, қазақтың болыс елі ішкі Россияның бір уезд халқындай болады. Бір болысында мың бес жүз, үш мыңдай халық тұрады. Шүбəсіз бір-бірінен өте алыс тарап кеткен қазақтар үшін бір болысқа бір мешіт жетіспейді. Мұсылманша бес уақыт намаз, жұма яки басқа намаздарды оқу үшін болыстың тұс-тұсынан қазақтардың мешітке жиналуларының реті жоқ. Сол себепті қазақтар жасырын начальстводан рұқсатсыз бір орынға оң мешіт салды, Молдалар да бір болыстың өзінде жүз шамалы боп кетті. Сол жөнімен начальстводан рұқсатсыз астыртын салған мектепмедресе, мешіттер көбейіп кетті. Əр облыста мыңнан да аса мешіт болды. Татарлар да қазақ ішіне бұрыннан да көбірек кірді, тіпті алыс кететіндері де бар. Өз жерлерінде дін ғылымын оқуға болмайтын болған соң, қазақ жігіттері қазірде, Бұқара, Хиуа, Орынбор, Бейрут, Медине, Стамбол, Қазан, Мысыр сықылды зор шəһəрлерге таралып кетіп оқи бастады. Оқып, оқу бітіріп қайтқан соң, жасырын мектеп-медресе-нің санын көбейте бастады. Осы қалпы əлі де күш алмақта.

Мінеки осындай халдар хүкіметтің 1860 жылдардан бастап қазақтар-ды орыстарға бейімдетудің себебінен болса керек. Бұл əншейін елеусіз хал емес. Бұл өте қорқынышты, өте мемлекет үшін зиянды хал. Соңғы уақыттарда мұны хүкімет өзі де аңғарды һəм он жетінші апрельдегі жарлық мұндай тынышсыз халді бітіруге себепші болады. Соныменен духовный собраниядан құр алақан болған мұсылмандарға рухани адаре ашуға қолайлы екендігі аңғарылады. Осы мұсылман рухани адаресі турасындағы кеңес жиылысын ашуға рұқсат беру хүкіметтің көзі ашыла бастауының себебі. Бірақ соңғы жылдарда хүкімет мұсылмандарды, əсіресе қазақтарды бүкіл ислам дініндегі мұсылман түріктері бірлеседі деп сезіктенеді.

Мен қазір елу екі жасқа келдім, сол ғұмырымның ішінде Россияның ішінде жиырма миллион мұсылманға сезіктену басталды. Қазірде мұн-дай халден құтылу керек. Кеңес жиылысы да патшалық үшін өте қолайлы мəселелерге айналсын. Оған туралықпен шығатын істі һəм Орынбор мүфтилігіне қосылуға тілейді. Не үшін десеңіз, ол мүфтилік биік импе-ратрица Екатеринаның əміріменен қазақтар бір рет қараған. Қазақтар жалғыз-ақ неке, мирас жүргізіп дін мектебінің ісіменен айналмай, оларды дін істерін қарайтын орынға беруменен қанағаттанбай ғұмыр, зекет, фідия сықылды есепсіз көп сомаларды ұстап тұрған садақалар мəселесінде қарауды өтінеді.

Бұл садақалардың көбі қазіргі уақытта орынсыз жерлерге жұмсала-ды. Рухани адареда қызмет етуші молдалардың уəзипасын һəм дін мек-тептерінің тəрбиесін өтеуге уақыт болғанда мұндай істерді тезге салу өте қолайлы-ақ. Жиылысқа бүкіл Россия мұсылмандары үшін Петербургте

Page 64: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

64

бір діни мəркез (орда) ашылу мəселесімен де айналысуға тиіс. Бұл мəркез мұсылмандарды біріктіріп, олардың əрбір жайларын хүкіметке білгізіп тұрар. Сондай бір қолайлы іс қарайтын орындар ашылса, хүкімет мұсылмандарды миссионердің айтуы бойынша түгел, бəлкім жақыннан өз халімізге жақсылап көз салар, біздің арамызда исламдардың бірігетін ойының жоқтығын да білер.

Докладты жіберуші Досан молда Аманшин

Көкшетауда көргендерім(Оқу турасында)

Көкшетау қаласында екі мешіт бар екен, біреуінің имамы Науан хазірет (қазақ) мұның медресесінде əліпбиден бастап жиырма-отыздай ескі-құсқы кітап бар. Қазақ шəкірттері жылы жерде тамақтарын асырап қана жатады екен, оларға барып амандастым.

Медресенің ішіндегі тəрбиесі болар-болмас болды, сыртындағы тəрбиесі шəкірттері тып-тыныш уақытта топ-топ болып құр көшеде кезіп жүреді екен. Шəкірттер медреседе несіне табан тоқтатып отырсын! Онда көңілге үнарлық дəрістің жайы манағы. Көшеде жүріп көзге түспей қайтсын, бір мезгіл заманадан хабардар болып, шаттықпенен бой жасап отырарлық ол шəһəрде кітапхана, қирағатхана дегендердің иісі де көрінбейді. Оның үстіне медресенің ішінде болсын, тысында болсын газет-журнал һəм жаңа шыққан жанды кітаптар алып оқу шəкірттер үшін жəне харам екен, мұны айтасыңдар ма? Көкшетаудың іші түгел, тіпті Бұған қараған он бір-он екі болыс Атығай, Қарауыл баласына газет-журнал оқуды һəм жарқыраған жаңа мұғалималар ұстап, жандай ғазиз балаларына тезірек жарық сəуле көрсетуді мүлде харам қылып қойса керек.

Өйткені мен үйден шығып Бейімбетск, Айыртауск, Шалқарск, Мез-гілск һəм Зерендинск Көкшетауға қараған қатар бес болыс елде не бір газет, журнал, не бір жаңа шыққан кітап оқыған һəм төте оқуменен балаларын төтелетіп, жарыстырып жатқан Атығай, Қарауыл баласынан бір адам, бір ауыл көре алмадым. Бұлардың осылайша қап-қараңғы болып тұруларына себеп Науан хазіреттің өлердегі сөзімен айтқан насихаты болса керек қой. Өйткені сентябрь жұлдызының ортасында Көкшетау шəһəрінде үлкен базар болады. Ол базарға Көкшетауға қараған Атығай, Қарауыл баласы түгел жиналады. Сонда Көкшетау елінің басты адамдарының хазіретке амандаса кететін дағдылары бар. Сондай өздері иіліп келген жұрт ағасы адамдарға хазірет мынаны айтуы керек еді. Мына заманның дін менен күндеріңізді бірдей тарылтып, сірə, жеміріп бара жатқан жайы бар-ау. Енді мұнан былай балаларыңызды орысша,

Page 65: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

65

мұсылманша бірдей оқытып, діні мен күндеріне бірдей ие болғандай қылып тəрбие беріп көріңіздер жəне құдайы қылып беретін садақалары-ңыз болса, оны бір қолменен жинатып, оған мектеп-медреселер салдырып, медреселерге мұғалім алдырып һəм пақырларыңыздың балаларын оқы-туға да осылай жəрдем бере көріңіздер. Мұнан былай партия қуып, құдайыңызға дұшпан болып, пақыр халқыңызға Бүліншілік салмаңыздар. Жау жақындап, минут, сағаттарыңды көріп, жағаларына түкіріп алақайлап тұрған заманда өзді-өзіңіз жұлына берсеңіздер сорларыңыздың тізеден қайнайтыны анық. Жəне жалған ант, өтірікке куə болып имандарыңыздан айрылып, ең түбінде құдайыңыздың дидарын көре алмай жүрмеңіздер, жаным деп өзі иіліп келген жұртқа хақ уағызды қақылдап тұрып жылай-жылай айтқан болса, қара халық ұқпай, сірə, қоймас еді-ау. Бірақ қазақтың ашылмайтын сорына не амал бар? Манағы арлы адамдарға хазіреттің өлердегі сөзі қылып айтатын насихаты қашанда мынау болады:

– Құдай сақтасын, газет-журнал һəм жаңа шыққан кітаптар болса, алып оқымақ түгіл, қолдарыңызға да ұстамаңыздар. Тіпті тілдеріңізді алатын адамдарға да алдырмаңыздар! Жəне құдай сақтасын, төте оқумен оқы-татын мұғалімдер ұстап балаларыңызды бұзып алып жүрмеңіздер, онан қайта надан қалпы артық деп. Бұл күндегі зор шаһарларда сүйріктей болып оқып келе жатқан шəкірттерді қара халыққа орыстың миссионерлері-нен де жаман көрсетіп олардан үркітеді. Шыныменен хазіреттің осы насихатынан кімдердің пайдасы табылып, мұндай насихаттар исламның шын дұшпаны болған миссионерлердің ғана ойлағаны табылып отыр-ау деймін. Өйткені олардың шындап тілеген тілегі біздің исламның өте надан һəм өте ынтымақсыз болушылығы. Осы айтылған үш нəрсе мұсылмандардың түгел табылған күні-ақ миссионерлердің атқаны тиіп, айтқаны келді деуге болады. Миссионерлердің неше миллион ақшаны бұрқыратып, боратып жүріп орнына жеткізе алмаған ауыр жұмысын қазақ майын аузынан ағызып тұрып оны надан молдалардың өзі дінме-нен бояп жеткіземін деп отырғанын сезіп, ішім түтінге толып бара жатқан соң, əшейін сыртқа шығарып отырмын. Көкшетаудың екінші мешітінің имамы ноғай Хамидолла молда екен. Бұл мешіттің мектебіне Хамидолла молда биыл шала-шарпы ғана оқу жөнін кіргізе бастаған екен.

Науаи хазіреттің мүриділері болған ноғай байларының бірсыпырасы хазіретке жағынам деп Хамидолла молдаға қасқиып тұрып қас болып алғандай көрінеді. Көшеде көрінгенге боқ атудан басқаға жарамайтын көргенсіз ноғай балаларыменен көрінгеннің атасының аузынан түк қой-майтын бетімен тиюсыз кеткен қазақтың надан балаларының бастарын қосып оқыттырып, қолдарын балшықты боқтан, өздерін боқ ауыздан тазалаймын деген кінəсы үшін болса керек-ау деймін. Хамидолла молданы имамдығынан түсіреміз деп бастығы Калимолла қажы болып Омбыға шауып кеткенін естідік. Қазақтың малыменен қапияда байыған

Page 66: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

66

Калимолла қажының қазақ хазіретінің тілін алмайтын не шарасы бар? Көкшетаудың молда, қарасы болып халыққа былайша қарсы келулері біз үшін тап жақсы ырым емес қой. Өйткені бұл уақиғаның түрі Көкшетау-ға қараған ноғай, қазақтың бақыт көздерінің əлі ашылмағанының белгісі-дағы. Болмаса осы төте оқу мектебі қазірінде онша көңілдегідей болмағанмен Көкшетау шаһарының күнбатыс жағындағы Қызылжар шаһарында бар. Күншығысындағы Омбы шаһарында бар, оңтүстігіндегі Атбасар, Қараөткелде де бар һəм Күнбатысындағы Қостанай. Тройцк шаһарларында дүрілдеп жатыр десе болғандай. Міне, шаһарлардың тап ортасындағы Көкшетаудың өзі һəм маңайындағы қазағыменен мұнша неге көмескіленіп қала бергенін басқалар қалай жорыса солай жорысын, мен өзім былай жоримын: Мынау бұлтарысы жоқ төте оқу, жұрт ортасына тегіс кіріп, түзу бір жол тартып алса, онда ескіше кейін тартып күн оздырғанша анау əлі бір жыл, екі жыл тағы Бақырған, Жүсіптер де бірсыпыра жылдар жүріп барып құдай оңлаған шəкірттердің ғана бұлдыр-бұлдыр қара танып, күбір-күбір ғана құран оқулары былай қалмақ. Бұл күндегі тіріліп тұрған мынау «төте оқу» үштөрт жылдың ішінде жаныңмен бірдей жас балаңды майыстырып тұрып жап-жақсы жаздырады, баспа-жазбаны бірдей танытады. Құран кəрімді тəжбитпенен көркемдеп тұрып оқытады. Ғылым хал (парыз, уажип, сүннəт һəм харам, мəкірук) ғамалдардың ғамалдарында жаттатып əбден білдіреді, Көргенді мұғалімдер шəкірттерінің қылықтарын да өте жақсы түзейді. Осыменен «төте оқу» мектебі қазақ арасындағы үмітті шəкірттердің, сүйріктей жас мұғалімдердің көбейе бастауына себепші болады. Білімділеріміз осын-дай жемісті жастардың көлеңкесіменен халқымыздың көздері, сірə, ашылмас па екен, – деген зор үмітте туады.

Бірақ ол замандарға келгенде бүгінгідей күллі Көкшетау халқы жалғыз Науан хазіреттің аузына қарап аңқиып, ыңғайына қарап иіліп тұрмас. Жай тек бойыменен сəлем беріп өте шығар, неге десеңіз, пендеге иілуді құдай тіпті қоспайды. Өйткені тағызым (иілу, бүгілу) жалғыз құдай хұзырына ғана жарасады. Адамға иілумен пенде кəпір болады, бұл анық мəселе.

Мұндай анық һəм өзі бүгіндері көрбілтеге айналып, бұлдырап жүрген мəселелердің бірсыпырасының түндігін алдыңғы буынның ақ пейіл шəкірттерінің ашатыны жəне анық.

Мынау еңбектер күндердің күнінде осындай істің болатынына көзі жеткен соң, аз да болса өз тамағының қамы үшін шамасы келгенше Көкшетау маңайына «төте оқудың» соқпағын жағалатпау əдісін құрып жатқанын көресіз. Бірақ байғұстың бұл əдісін қара халыққа дін сақтау деп түсіндіреді екен-ау.

Əй, тамағы құрғыр-ай! Пендеге не қылғызып, не айтқызамын десең де біраздан бері ықтияр сенде жүр-ау. Болмаса хазіреттің қара халықты

Page 67: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

67

дүлейлікке тығып қойып сақтаған мұндай дініне болса да, күніне болса да айуанның да тілектестік қылып жағасына түкіріп тұратыны анық емес пе?!

Өйткені ол күндегі ғылым қуатыменен иманы толған жас шəкірттер тұла бойы жезбен толған айуандарға иіліп, бөркін алмай жай «здрав-ствуйте» деп тік бойыменен өте шығады. Айуакеңнің тіпті қазақты өзіне теңгермейтіні анық көрініп тұрған соң, оған несіне иілсін?

Жəне əпендеміз Сəлиалла Ғалайссаламның ғылымды жалғыз əліп-биден бастап 20-30 жыл езіп барып молда жəлалдан мыж-мыж болып шығуы да ғибрат емес. Бəлки не түрлі білім болса да көпке пайда һəм үлгі берердей болса, соны ықыласпен ізденуді шамасы келген жұрттың бəріне бірдей тегіс қылып бұйырғаны емес пе еді? Мұны бір деп білу керек.

Екінші, білім иелеріне білімдерін қара халыққа жеңілдікпен жиір-кендірмей үйретулерін өтінгендігін пайғамбарымыздың артында қалған мирасқорымыз деп жүрген хазіреттер қалайша түсіне алмай тұрады екен? Не болмаса қара халықты «күл болмақ түгіл, бұл болсын» деп жұртты адастырар ма екен? Иə, бұл уақиғаның түбі осылай болып жүрмесін.

Неге десеңіз, жеңілдікпен баспа, жазбаны бірдей танытып жəне көркемдеп жаздыруды ең баста Құран кəрімді білдіріп, соңынан «Наху», «Сəрф» тексеріп барып астынбат (терең мағыналарын теріп шығару) жобасыменен калам Алланың тəпсірін білдіруді, сынды һəм рауыменен дұрыс-бұрыстығын тексеріп барып хадис ғылымын үйретуді осы Құран, хадистің қуатты дəлелдеріне сүйеніп ислам дінінің басқа діндерден асыл екенін шəкірттерінің сүйегіне сіңдіруді һəм тарих, қисап ғылымдарын білгізіп ғаламның əртүрлі терең хикметтерінен ғибраттар алып иман хақиқатына жеткізетұғын ғалымдарды хақиы ғалымдар демей не дейміз? Мұндай хақиы ғалымдарға қарсылық қылған молдалар аят қариғəнің мағынасын не деп береді екен?

Осындай құдай сүйген шын ғалымдарды хақиы ғалым емес деп қара халықты өтірікпенен бұрмалап алдаудың түбінде обалы кімге болар екен? Оңың обалы хақихатты біліп отырып өзінің нəпсісі үшін жасырып қой-ған молдекеңдерге боладыдағы.

А. Ж.

Қазақтардың діні, хұқық һəм жер хақындағы өзара кеңестерінің қорытындысы

(Вывод частного сообщения киргизовпо религиозноправовому и земельному вопросам)

Петрбордағы мұсылман сиязына барған қазақ мырзалары өзара бас қосып, кеңес мəжілісіне сөзді бір жерге қойып бару үшін кеңесілді. Əрлі-

Page 68: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

68

берлі сөйлесіп келгенде барлығының сөзді қорытып істеген қаулылары мынау болды:

Біз Орал, Торғай, Семипалат һəм Сырдария облысының қазақтары осы 1914 жыл, июньде Петрборда бас қосып өзара сөйлескен кеңесімізде мұң-мұқтажымызды һəм қазақ тұрмысының керекті жұмыстары хақында сөйлестік. Ынтымақтасып, бірыңғайласып Петрбордағы мұсылман сия-зында қаралатұғын мəселелерге қатынаспақ үшін (15-25 июнь, 1914 ж.) біздің бұл өзара кеңесіміз 14 йюньнен 25 июньге дейін созылды. Сондағы анықталған іс мынау болды. Бірінші, дала облыстарының (Орал, Торғай, Ақмола, Семипалат һəм Түркістанский край, Сырдария, Семиреченск, Самарқанск һəм Ферғана) қазақтар Орынбор, Закавказия һəм Таурчиск мүфтиліктерге қараған басқа мұсылмандар секілді бір ислам дінін ұстайтұғын халық тіршіліктің ыңғайына қарай һəм қазақтардың пайдасы үшін дала облыстарындағы қазақтарды Орынборск духовный собрание қарамағына, Түркістан крайындағы қазақтарды Түркістанск мұсылман-дар духовный собраниясының қарамағына тапсыру керек деп табылды.

Бұлайша тапсырылудың Керекудегі қазақ халқын діни хұқық тура-сындағы былықпашылықтан құтқарудың керек мезгілі əлде қашан бол-ғандықтан қазақ ішінде халық əдеті деп жүргізілген сот-закондарының əлдеқашан мезгілі өтіп кеткендіктен.

Бұл турадағы Əлихан Бөкейхановтың қазақ үшін қазақтың əдет-ғұрпын сақтау керек деген пікірін кеңес мəжілісі мынау себептер бойынша теріс деп тапты.

Əуелі Бөкейхановтың бұл пікірі Бөкейханов предоставить һəм олардың есімінен духовный управление керек деп арыз еткен қазақтар-дың тілегінен, пікірінен мүлдем басқа, өйткені шариғат бойынша діни хұқықтарды атқаратұғын тізгіні жоқ. Управлениені қазаққа жүргізу құрғақ лақап шығару һəм халық ішіне бұрынғысынан да түсінбеушілік, былықпашылық кіргізу болып табылады.

Екінші, бүкіл қазақ халқы əлдеқашаннан бермен қарай осы күнгі народный сотты ауырлап жүр. Ол сотта осы күнде нақ шынайы əдет жоқ. Əдет орны əлдеқашан зорлық һəм кейбір ықпалы жүрген адамдардың қалағанын істейді.

Үшінші, қазақ халқына осы қалыптан құтылу үшін жалғыз-ақ ша-риғат жолын ұстау керек болып түр һəм тіршілік ағыны сол жолды ұстатып та тұр.

Халықтың бұл табиғи тілегі низам болып жолға қойылу керек. Неге десеңіз, қазақ халқы общий гражданский закон бойынша жұрт түсінбейтұғын тілменен тіркелетұғын сот ісін онша сүйкімді көрмейді.

Төртінші, Əлихан Бөкейхановтың соттардан əлдеқашан жоғалған əдетті, қорғаштауы, ақырында барып қазақтарды басқа мұсылмандар-дан ажыратып, діндерінен айырып, орыстандыру политикасына муафық

Page 69: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

69

болып шығады. Хүкіметтің бұл политикасы 1886 жылғы Түркістанск, 1891 жылғы степной положениясында да жүргізіліп түр һəм мына соттар да əдетті қуаттау политикасы ішкі істер министрінің степной поло-жения орнына ипородчиский волостной соттар турасындағы министрлер кəдесіне кіргізген закон жобасында биігіректе жарқырап жүргізілген. Бұған қарағанда, Əлихан Бөкейханов бəлки байқамай, миссионерлер политикасына муафық болып табылған законды қорғаштап отыр. Яки біле, тұрса да басқа бір түрлі ойменен бұл модный пікірді бетіне шымылдық қылып тұр. Əр екі түрлі қалыпта да кеңес оның пікірін қазақ халқының тіршілік істеріне зарарлы деп табады.

Екінші, 1908 жылы Қостанай уезінің қазақтарының өтінулері бойынша сұлтан Бақытжан Қаратаев, Елжан Оразаев һəм Серəлі Лапин қазақтарды жерге орналастыру турасында закон жобасын жасап шығарып еді. Бұл закон жобасы бойынша əуелі қазақтарды мал һəм егін шаруашылығына қолайлы жерге орналастырып, содан соң артып қалатұғын жер болса, переселенді орналастыруға тиіс болмақ еді. Переселендер тоқтайтын болмаған соң, бұл жоба бойынша қазақтар-ды жылдамырақ жерге орналастыру үшін əр жерлерде уездный һəм областной земля устроиственный комиссия жасамақ, оған қазақтан да уполномоченный кіргізбек һəм землядела-земляустройствоның бас ме-кемесінің жанында қазақ жерін орналастыру үшін бір комитет ашпақ. Оған да қазақтан уполномоченный кіргізуге тиіс еді.

Бұл закон жобасына Ғ. думаның мұсылман, Октябрист, кадет һəм трудовик фракцияларының члендерінен алпыс адам қол қойып, үшінші Ғ. думаға кіргізіп еді.

Біз анық білеміз, бұл закон жобасына землядела һəм земля устрой-стваның бас мекемесі теріс қарады. һəм оған қарсы министрлер советінің 1909 жыл, 9 июньде бекітіп шығарған инструкциясын жүргізуге асықты. Бұл инструкция бойынша отырықшы боламын деген қазақтарды пере-селен нормасы бойынша орналастырады. Сондадағы переселен учаскесі саналатұғын болса, Ғ. дума жоғарыда көрсетілген қазақ закон жобасын қорғаштауды мұсылман фракциясына тапсырды. Мұсылман фракциясы Əлихан Бөкейхановтан бұл турада заключение сұрады. Ол бұл закон жобасын қорғаштауды қалап заключение берді. Яки бұл закон қазақтың жерін пайдалану интересіне қарсы болады деп. Бұл закон жобасыменен бірге Серəлі Лапин менен Елжан Оразаев мұсылман фракциясына материал хүкімінде толық етіп жазылған түсініктеме қағазына кіргізіп еді. Ол записканың бұл күнде фракция істерінің арасынан жоғалғандығы білінді.

Бөкейхановтың осы отзывы бойынша мұсылман фракциясы қазақ закон жобасын жақтаудан тартынды, сөйтіп ол уақытта қазақтың жер интересін қорғауға бар жалғыз ғана бір себеп өз өзінен бітірілді. Əуел мезгілдегі политиканың ыңғайына қарағанда жоғарыда айтылған закон

Page 70: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

70

жобасы закон болып шыққандай реті бар еді. Осындай қалыпта қазақ-тарды 1909-ыншы жылғы 9 июнь инструкциясы бойынша отырықшы-лыққа айналдыруға зорлады (мəжбүр ету).

Үшінші, қазіргі күнде переселендер үшін учаскеге алынайын деп жатқан жерлердегі қазақтардың ешбір тоқтаусыз переселен нормасы бойынша жер алулары керекті. Неге десеңіз, хүкімет переселениені ешбір тоқтататын емес һəм қазақ пайдасындағы ыңғайлы жерді алудың шегі-шеті көрінбейді. Сол себепті қазақ халқының егінге қолайлы бар-лық жерінен айырылып қалу хаупі бар.

Отырықшылыққа айналғанда көп болып айналу керек, бір болыс ел-ден кем болмасқа керек. Азғантай үйлерге һəм егін, һəм шаруашылы-ғын істеуге жеткілікті жер тие қоймайды. Көп болып отырықшылыққа айналғанда қала-қалаларға жан басына берілетұғын он бес десятина қолайлы жерлердің арасында егінге қолайсыз, мал-шаруашылығына қолайлы жерлер көп тиеді. Соның үшін кеңес мəжілісі көшпелі қазақ болыстары уезден яки мүлдем отырықшылыққа шығамын деушілер бол-са, бір тоқтаусыз приговорменен шығарып жіберулері, жартылай оты-рықшылардың приемный приговор алулары тиіс. Сөйтіп өздерінен қай қалыппенен болса да артылып қалатұғын жерлерге оларды ие қылу керек.

Əлихан Бөкейханов пенен «Қазақ» газетінің отырықшы нормадан көшпелі норманың, артықтығы турасындағы пікірлері қазаққа біле көре болса да яки аңғармағандықтан болса да, залал келтіріп тур. Неге десеңіз, көшпелі норма болған уақытта қазақ жері патшалыққа керек болғандай болса алына береді. Көшпелі норма қазаққа жерді уақытша пайдалануға ғана береді. Талассыз тыныш иеленуге жол бермейді.

Əлихан Бөкейханов пенен «Қазақ» газеті көшпелі норманы мақұлдады һəм көшпелі болғанда, қай жерге қонып, көшіп жүруді көрсетпеулері-менен бадырайып баттиып тұрған түпкілікті жер иесі қазақ халқының пайдасы да биігірек. Переселен пайдасын қорғаштағандай болып көрі-неді. Сол себепті қазақ халқының көп ұзамай бытырап қалу хаупі бар. Егерде олар Бөкейханов пенен «Қазақ» «газетінің сөздеріне еріп көшпелі қалыпта қала берсе, арты не болмақ?

Төртінші, қазақ халқы тап осы күнде жерге орналасу туралы болсын, дініне қауіп туралы болсын, екі талай жерде тұр. Осының барлығы һəм қазақ халқының отырықшы тұрмысқа үйір болып жетпегендігі. Кеңес мəжілісі осы айтылған жұмыстарды бір қалыпқа келтіріп, дұрыс қылып ашпақ үшін қазір-ақ хүкіметтен рұқсат алып жаңа ғана жабылған мұсылман сиязы секілді бір қазақ сиязын жасау керек екен деген пікірге келтіреді. Ол сияз бола қалса, бұрын сиязға қарсы болып жүрген Əлихан Бөкейхановтың болуы да керек.

Сұлтан Бақытжан Қаратаев, Ж. Ш. Сейдалин, С. Лапин, Досан Аманшин, А. Нарынбаев

Page 71: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

71

Тарих исламнан

Халифа хəзірет бір күн Ғұмыр,Аралап көше бойын елді сынар.Жоқ па екен аш-жалаңаш деп жүргенде,Будақтап бір шеткі үйден түтін шығар.

Жанына жалғыз өзі жақын барып,Жайнаған терезеден көрді жарық.Сол уақыт шуылдаған ащы дауыс,Естілді халифаға құлақ жарып.

Қараса бір топ бала жылап жатыр,Қарным аш, ас əкел деп сұрап жатыр,Жылаған балаларға ас таба алмай,Анасы қайғыланып сұлап жатыр.

Қазанға қатығы жоқ суды құйып,От жағып қайнатады отын жиып,Балалар жұбанбайды алдағанға,Қарны аш, ас ішпеген іші күйіп.

Халифа мұны көріп жүрді үйге,Жанында жолдасы жоқ жалғыз күйде.Қолына қазынаның салды кілт,Жаны ашып, жетім үшін əлгі үйге.

Көтерген иығында бір қап ұны,Ұстаған бір қолына майлы шыны.Арқалап шапшаң басып бара жатыр,Білдірмей еш адамға өзі мұны.

От жағып бара сала құйып құймақ,Жылаған балаларды алды жинап,Обалы қарамаған маған ғой деп,Тойғызды майлы нанға бəрін сыйлап.

Мен көрдім дейді балалар жылағанын,Қарны ашып, ас əкел деп сұрағанын.Бір кезек тоюларын көрейін деп,Көз салып тұрды шетте қарап бəрін.

Балалар жатты тыныш асқа тойып,Қайғының көңілдегі бəрін жойып.

Page 72: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

72

Күнде бір көше бойын аралауға,Үйіне қайтты Ғұмыр көңіл қойып.

Сахаба осы айтылған Ғұмырың-ай,Жазылған ертегі емес шығарып-ай.Бұрынғы мұсылмандар ахуалын,Көрсетіп шежіреден тұрамын-ай.

Ынтымақ болған бұрын мұсылманда,Қол берер бір-біріне қысылғанда.Бір болып жөнді жерде бай-патшасы,Құл болған шариғатқа ұсынғанда.

Ал енді бүгінгіні ойлап тұрсақ,Бір жерге таласамыз кеңес құрсақ.Халифа, патша түгіл, ауылнайлар,Ақырып қорқытады мойын бұрсақ.

Қабағын тəңірісіп түйіп тастай,Зорайып, ашуланып ауыз ашпай,Борсықтай жоқ-жұқаны сора беру,Дегенде ел пайдасы аяқ баспай.

Жоғарғы тауарихтан көрген сөзім,Шығарған өтіріктен емес өзім.Халыққа қандай басшы болу керек,Ойланып оқығандар көрсе көзің.

Ахмет Мамытов (Уфа)

Маржани

Осы январь жұлдызының тоғызында Россия мұсылмандарының арасында атағы шыққан Шəһəбулдин хазіреттің дүниеге келгеніне жүз жыл толып өтті. Европа жұрттарының рəсімдері бойынша жұрт адамы болған марқұм Шəһəбулдин хазіреттің туғанына жүз жыл толған күн – ноғай бауырларымыз юбилей жасамақ еді. Бірақ мынау болып жатқан зор соғыс мезтілінде ондай үй ішінің жұмыстарыменен айналысудың жөні келмейтұғын болған соң, екінші бір қолайлы мезгілге кешіктірілді.

Сөйтсе де марқұм Шəһəбулдин хазіреттің мекен етіп тұрған һəм дүниеден қайтқан шаһары Қазанда һəм басқа кейбір шаһарларда мар-құмның ғұмырнамасы, халқына еткен қызметі, өзінің даналығы, адам-шылығы баяндалып, рухына құран оқылып, бата қылысып, мəжіліс

Page 73: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

73

жасалды. Қазан мектептерінде шəкірт балаларға марқұмның ғұмыр-намасы оқылып, халыққа қадірі – қымбаты қандай екендігі түсіндірілді. Сол күні қабіріне қаншама халық жиылып, құран оқып рухына дұға қылған. Бұл жиылған халықтың арасында ноғай, қазақ, кавказ һəм Түркістаннан келген жолаушылар һəм ғалым іздеген жастар да көп болған. Шаш самайы ағарған кəрі шал, сəлдесі қазандай молдадан бастап, үстіне форма киген студентке щейін қабірге келгендердің арасында бар еді. Шəһəбулдин хазірет Бəһаулдин Хазіретұлы 1818 жылы 9 ғинуарда Қазан уезінде... дүниеге келген. Россияда біраз заман ғылым тахсил еткен соң, 1883 жылдарда Бұқараға барып ғылым алып, 1848 жылда Россияға қайтып, 1849 жылы Қазан шаһарындағы бірінші мұхалла мешітіне имам уа мүдіріс сайланған. 1880 жылда хаж сапарына барып қайтқан.

Бұл кісі мұсылман дүниесінің мүфтилігімен басы айналып жатқанда дүниеге шығып, ол заманда жұрттың мұрнына иісі де кірмеген тарих ғылымына көп зейін жұмсаған. Əр нəрсеге сақ көзіменен назар салған Ғараб жұртына барып тұрмай-ақ, Россия мен Бұқарада жүрсе де, ғараб тілін ғарабтың ең жүйрік шешендерінен кем білмеген бір адам еді...

Марқұм Ақмолда бұ кісі хақында шығарған өлеңінде:Қазанда бір фазыл шықты алмас болып,Көбейді хасыдылары ғам-хас болып.Мағыналы жауһарын қолына ілген,Хақиқат теңізінде хауас болып, – деп бұл кісінің дəрежесін түп-түгел

қылып баян еткен.Ноғай бауырларымыз өздерінің жұртқа бас болған адамдарының

қадірін біліп, тиісті құрмет ететіндігі осы жоғарыда айтылған сөздерден біраз білінсе керек.

Өзімізді сол ноғай бауырларымыздан кемге санамай жүрген біз Алаш ұранды қазақ жұрты біз не ғып жүрміз? Өткен 1914 жылы, он бесінші июльде алтыбас Ыбырай Алтынсариннің дүниеден қайтқанына жиырма бес жыл толып өтті. Қазақ жұрты үшін Алтынсариннің еткен қызметі көп еді. Соны есіне алған қазақ болды ма? Жоқ. Біз культурный жұрт қатарына кіруден алыс жатырмыз.

М. С.

Тағы да сияз хақында

Орысша һəм татарша тағылым алған жаңа өспірім жас шəкірт-теріміздің көтеріңкі көңілменен жазған сөздері, қазақтың тіршілігінің өсуіне, зораюына көп пайдасының тиюі рас. Олар қазақтың ішкі дініне, адамшылық рухын кіргізушілер, сондадағы қазақтың жұртшылығы, тіршілігі туралы олар əлі жас бала. Неге десеңіз, олардың көбірегі əуелі

Page 74: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

74

өздері қазақтың тіршілігінің қалай екендігін білмей жатып, қазаққа ақыл үйрете бастады. Өздері қазақ тіршілігіменен тұрмаған соң, қазақ жайын білмейді, қазақтың тіршілігінің волостный управительдің жұмырығын-да екендігін олар аңғармайды. Сахарада турған қазақтың арасындада жақсы һəм ақылды адамдар бар. Тəжірибелері көп болған соң олардың қазақтың пайдасы туралы көп оқыған интеллигенттерін жоғары көтеруге шамалары келеді.

Олардың Аллаға əділдік жасауға айналулары кеміген болса, айып оларда емес, қазіргі күндегі қазақтың қалыбында айып. Мен саха-рада тұрсам, бəлки жылқы ұрысы болып кетер едім. Неге десеңіз, əркім де сабалғанымнан сабағаным артық деп ойлайды деген екен. Қазақтар хақындағы шыққан закондарды жинап шығарған областной правленияның бұрынғы бір старший советнигі бұл сөз мысқыл секілді айтылған болса да, ішінде зəредей болса да растық бар. Əуелі қазақты адам қатары тіршілігі етерлік қылып тəртіптерді өзгертіңіз, сонан соң оны əр түрлі кінəлары үшін сөгерсіз. Қазақты сифилис ауруы жайылған, барлығы бұзықтыққа айналған, олардың арасында əр түрлі қотыр ауырулары таралған деп айыптасады. Е. Оларды кім емдейді? Балгерлері, бақсылары алдаушылар, школ жаман деп қайғырысады. Е, оларды кім оқытады? Басына сəлде орауға шəкіртпін деуге жанның бəрі оларды оқытады, қалай оқытады? Біреу орманға, біреу отынға дегендей. Белгілі программ жоқ, тексеру жоқ, қазақтың тіршілік интересіне қорған болып кім тұр? Қазақты бөтендердің жəбір-жапасынан кім қорғайды? Подпольный адвокаттар, народный сот хакімінен қазақ қа-лай құтыла алады? Ақталу үшін ант еткізуменен яки болмаса, волостной управительдің жəрдемімен закон бойынша барлығы да «брадяк» болып табылуға тиіс. Қазақта туған, өлгенді, неке қиылғанды жазатын метрке жоқ. Жер министрі ғылым бабына муафық қазақ жерінің əрбір шұңқы-рын, сайын өлшеген, сынаған, Іликин қазақтың өзі ескерусіз қалып қой-ған. Мен өзім оншама діндар адам емеспін, сондадағы əрбір жұрттың дін һəм діни мəселелері барлығын білемін. Қазақтың да діни мəселесі барлығы рас. Мұны Петербордағы жатқан хакімдер бек біледі. Іликин соңғы жылдарда қазақтың ондай мəселелері көлеңкеде қалып, ілгері айқын жерге орналастыру мəселесі шығарылған. Біз көңілді жұбату үшін қазақ сахарасының газет-журналдармен жаңарғанын көргіміз келеді. һəм бұл жаңаруға молдалар ұжмаққа айналғандай айналамыз. Біреудің айналғанын, қиялын бытырату жақсы емес. Алайда ащы расты көрмейміз деп көзімізді жұмуымыз қаншама жақсы? Бұл күнгі қалып-та халықтың тіршілігін қағаз бетіне ғана сыйғызып болмайды. Өткен үшін қайғырып, болуы мүмкін болмаған істі үміт етуден пайда жоқ. Жəне тағы жазушыларымыздың не көшпелі, не егін шаруашылығына таныс болмағандығы, олардың ғылымының шағындығы, өзара тату-

Page 75: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

75

шылығының бірін-бірі күндеуі, аңдуы. Жаңа «Ысырайылымыздың» қандай екендігін ап-анық көрсетпей ме? Мен өзіміздің қазақ халқын сүйемін, ақылды, бейнетқор, бірақ қорқамын осы күнгі Түркия секілді өз балаларының пышағынан жазым таппаса жарар еді! һəм бері-гіректе хауіптенемін олардың ерлік, жастық қызулығы ақыл жағын басып кетпесе жарар еді деп. Осы күнгі қазақтың жабырқауы – өлер алдындағы жабырқау, болжау жабырқауы емес пе екен деп қорқамын! Зілзала болардың алдында жан-жануарлар тынышсызданады дейді ғой. Біреулердің келешек есігін зорлап ашқысы келеді. Біреулер зорлық-пенен өткенді қолдан шығарғысы келмейді. біреулер саудагерлік еткісі келеді де, біреулер өткенді сағынады. Біз қазір де бір сазда тұрмыз. Сіздің болмас оныңыз, шүбəңіз, уайымыңызбен халықты жаңартып болар ма екен?! Мен бұларды жазғанда Сізбен ерегісейін деп жазбаймын, бəлки бұл турада білгенімді айтуымды міндет деп білгендіктен жазамын. Бағызы уақыттарда ақылды, шын ықыласты адамдар да шатасады. Өздері шатасқанын байқамай, сіздің жазған статьяңызды қандай ілти-фатпен оқып шыққандығымды һəм қазақтың жаңа туып келе жатқан матБұғатына (баспасына) қаншама құрмет көрсеткенімді білдіру үшін бұл сөздерді жазамын.

Жиһанша Сейдалин

Басқарма: бұл кеңес орысша жазылған еді, қазақшаға айналдыры басылды.

Қазақ қарындастарыма

Құрметті қазақ қарындастарым! Мен сіздердің тұңғыш балаңыз орнында үмітті ең бірінші журналыңызға құтты болсын айтып, бір-екі сөз жазамын. Сіздер Россия қоластында алты миллиондай халықсыз. Сіздерге əлдеқашан өз жайларыңызды жазып тұруға, өзіңізді басқа халыққа танытуға һəм халық арасына пікір, ой таратуға бір журнал керек еді. Оның керектігін оқыған адамдарыңыз, шығаруға талаптанса да түрлі себеппен болған жоқ еді. Мінеки, Серəлин Жəнаплəрі өзінің үміті һəм халқына болған махаббаты арқасында бұл «Айқапты» шығарды. Енді мұны алға жіберу Һəм оның пайдасын көру сіздердің мойныңызға борыш. Сіздер жаңа ғана оянып келе жатқан халық болғандықтан бəлки журналдың халық үшін қандай пайдасы барлығын жете ойламассыздар. Бірақ дүниеге көз салып қарасаңыз, дүниедегі халықтың барлығының сол газет-журнал арқасында ілгері кеткенін көресіз. Бұл заманда халықтың ғылым, өнер дəрежесі газет һəм кітаптардың көптігі-аздығыменен бай-қалады. Бағызы бір молдалар газет-журнал шариғатта жоқ, оны оқуға

Page 76: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

76

бодмайды деп айтады. Бұлар бұрын газет көрмегендіктен, оның не екенін біле алмай қапаланып айтады, болмаса газет шариғат қосуы бойынша пайдалы саналады. Мысалы, шариғат мұсылмандарға сіздер баршаңыз бір қарындассыз, əр уақыт бір-бірімізге жəрдем қылсаңыз дейді. Бұл турада «Құранда» һəм «Хадисте» дəлел көптігін əрбір молда білсе керек! Егерде арамызда газет-журнал болмаса, түрлі жерде тұрған мұсылман-дар бір-бірінің халін қайтып біледі? Бір-бірінің не халде екенін қалай білігі, жəрдем ете алады?

Əлбетте бұл істерді газет арқылы шариғаттың жоғарыда айтылған бұйрығын жеріне жеткеруге болады. Сөйтіп мұсылманшылық құт табады. Міне, соның үшін Мысыр, Стамболдағы мұсылмандар жүздеп, мыңдап газеттер таратады. Барша ғалымдары сол газеттерге сөз жазып, халықты жақсылыққа шақырады. Бұл «Айқап» журналы дүниеге туып түр, Іликин мұның жалғыз дүниеге шығуыменен ғана халыққа пайдасы болмайды. Ғұмыры ұзын болса пайдалы болады. Мұның дүниеде тұруы һəм халыққа пайда тигізуі үш түрлі адамдардың жəрдеміменен болмақ. Əуелі, байлар, мырзалар өздері тілін алатын жолдастарына көбірек алғызуменен. Екінші, оқыған адамдар қолынан келгенше елге пайдалы сөздер жазуменен. Үшінші, молдалар халыққа оқыттыру һəм журнал алуға қызықтыруменен болады.

Бұл «Айқап» қазірде кішкене болса да ілгері кете қалса, келер заманда қазақ тарихында бəлки ең бас жолға жазылар. Бəлки қазақ халқы келешекте «Айқаптың елу жылдық һəм жүз жылдық юбилей тойын да жасар. Сол тойдың арқасыңда əлдеқандай пайдалы істер де қылар. Сол уақытта ықтимал Сералин есімі де халық тілінде артық құрметпенен жат етілер. Сіздер осы күннен-ақ үмітті жігіттеріңіздің қадірін біліп, олардың бастаған ісіне қолыңыздан келгенше жəрдем етуге тиіс деп білемін.

Мұғалім Файсəлірахман Жиһандаров

Біздің қазақ баласына не қылғанда басқа жұрттарғатеңелуі хақында біраз кеңес

Біздің қазақ халқы Россияда болған инородец болған жұрттардың да ғылым жағынан төмен халқы болып та жер-судың арқасында күн көріп, ойнап-күлгенге мəз болып жүріп жатыр. Бұл күндерде бізден басқа халықтың бəрі де оянып, не нəрсе өзіне пайдалы жағын ұстап, залалы жағын қоя беріп жатыр. Біздің қазақ əлгі өзінің қызығында жүр. Орыстардың бағызы білгіш кісілері айтады: осы қалыпта болса енді бір ғасырдан кейін яғни жүз жылдан соң, «Қазақпын» деген адам, «қазақпын» деген жұрт болмаса керек дейді. Бұлар біздің жүз жылдан соң болмайтындығымызды ешқайсысы көріп білген жоқ, алайда болса,

Page 77: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

77

қазақтың жүрген жүрісінен, тұрған тұрысынан шамалайды. Қанеки, біздің қазақ жер-судан айырылып қалса не күн көрмекші? Соның үшін əркімге керекті, керексізді білуге тиіс екен, керекті, керексізді біле қоюға біздің жұртта құрал жоқ. Бізге əуелі сол құралға жармасу керек. Ол құрал ғылым білім. Пайдаға жабыстырып, залалдан қашыруға себеп болған сол ғылымды келетұғын заманда өзімізге құрал қылуға бір жол бар, ол мол шамамыз келгеніміз балаларымыздың қолын жеткізіп, оқыту керек. Сол оқу, білім құралымен құралданған соң, ешкім үйретпей-ақ қалай баратұғының біледі. Оқу-білім дегенмен мұсылманша оқи берумен іс бітпейді. Біреу мұсылманша оқып, «ахрауй» кісі болса, екінші біреу орысша оқып, «дүнияуй» кісі болса, сонда іс бітеді.

Болмаса, мен оқу оқимын дегеннің барлығы молда, мүдəріс бола беруі мүшкіл һəммəде хүкіметке хылап болып кетеді. Оқу хақында болған Расұлымыздың «хадисінде де», «Құранда да» дін, ғылымынан басқаны оқымаңыз деген сөз жоқ. Ғылым, білім деген сөз қай жерге болса да жүреді, біз өзімізге ғибрат үшін осы орыс ішінде жүрген еврей (жəйід) деген жұртты алайық. Осы жұртта өзімді деген бір сажын жері жоқ, білімменен күн көріп жүр. Солай болса да жері біздің қазақ халқынан басқара-ақ. Еврейдің балалары ойнап жүргенде үйінде отырып, өз тілін, жазуын, орыс тілін, жазуын біліп қояды. Сонан соң, гимназия тіпті университетке дейін оқиды. Еврейлерге орыс школдарында өз ақшасымен оқуға да орын аз. Біздің қазақ жанынан ақша салып оқу түгіл, қаза хисабына оқытатұғын «Киргизская стипендияда» оқымайды. Осы күнде Омскіде учительск семинарияда ветеринарный; медицинский, фельдшерский, курстарда һəм Қостанайда реальный училищеде, Тройц-кіде һəм Орынбордағы гимназияларда, Орынборда қазақ учитель-ский школасында қазақ үшін ашылған степендиялармен оқыған қазақ балалары ғұмұм қазақ халқына салыстырғанда он мың жанға бір оқушы келмесе керек. Бұл хисап оқушыларымыздың жоқ хисабында екендігін білдіреді. Біздің жұрттың əр жерде орынды жұмыстан құры қалып жүргені де осы қараңғылық арқасында. Жүмілəдан бері ең керекті болған мемлекеттік думаға сайлау правосынан құр қалуы да осы білімсіздіктің алып берген олжасы. Білімнен басқа бір адым жер аттау қиын. Бізге осы ғылымның керекшілігін өзімізге борыш деп біліп, ең соңғы нанымызды салу керек. Тағы да мұны айтайық, бізге дүнияуй ғылым үйренетұғын кісіміздің соңынан миллəтімізге пайдасы тиуіне көз салып, əуелі орысша оқитын кісінің болмаса өз тілінде болған Əбітай мектепте оқып, əр жерден хабардар болуы шарт. Жұртта бір ұнамаған мінез бар. «Орысша оқыса бұзылады» дейді. Жамандыққа орысша шарт емес, оқымай-ақ бұзылған кісі оқып бұзылғаннан көбірек.

Ғалалдин Мамиков

Page 78: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

78

Мұсылмандар тіршілігіне тиісті мəселелерҚазақ халқынан бір-екі сөз

Бұл дүниеде неше түрлі халық бар. Осылардың ең өнерсізі, ынты-мақсызы біздің қазақ халқы деп айтуға жарайды. Не үшін десеңіз, бізден басқа халықтар өздерінің дінін, миллəтін қуаттап, халін шамалап, аяқтың астында қалмаудың қамын ойлап өнерлі, ғылымды болып жатыр. Біздің ноғай қарындастарымыз да əр түрлі адамдарға ой беретұғын жақсы-жақсы əңгімелер, кітап жазып, өз тілінде баспахана (мəтбұғат) ашып, басып таратуда. Екінші, əртүрлі жердегілер, газеттер басып күнбе-күн алтын таудай пайдасына, күміс таудай хайласына қалып тұр.

Үшінші шаһар сайын ер балалар, қыз балалар үшін арнап тəртіпті мектептер жасап, оған ұсұл тағылымынан хабары барырақ мұғалім, мұғалималар əкеліп, жан-жақтан шəкірттер жиылып, оқып мұғалім, мұғалималары оқытып мағаріптің (ғылым-білім) бірінші басқышына шығуға ұмтылып жатыр. Мінеки, осындай мағаріптің (ғылым) заманында бейхабар қараңғ ыда (біздің халықтың – С. Д.) ұйықтап жатуы себепті біздің қазақта жоғарғы айтқандардың бірі де жоқ. Құры сахараның кеңдігіне қуанып, мал бағып, қыс күйлі, жаз жайлы болса, май айларында қымыз шығып «əй не қыласың» бірін-бірі шақырысып, қымыз ішіп, шекелері қызарып:

Бұл жылы бəленше болыстықтан түседі деген қауесет бар білем. Міне, біздің бəленше болыс боламын деп түр білем. Жаңа талаптың өнерін көрерміз, дейді. Тағы да кім жарлы, кім бай? Жер дауын даулап, осы бəленше жерді сіңіріп тұра ма? Əуелі жақсылықпенен жерді сұрау керек. Егерде жерді бермеймін десе, бөлемді содан соң көрерміз деп, арты үзілмейтін дау-жанжалға ұшырайды. Тағы да ел ішінде бір ауыл жеңіл шала-пұла оқыған надан молданы ұстап, «Құран» оқығанда мақамы бек жақсы болса, «уа шіркін, мына молдадай дүниеде оңды молда болмас, үні жеті қабат жер астындағы көк өгізге естіледі ғой. Үні қалай қадірлі» деп ауыл мен ауыл күмпілдей бастайды. Егерде өзі жеңіл оқыған, дауысы жоқ болса, ол мұғалімді тұрған ауыл өсек қылып, осы молданы білмеймін, сірə, қалпы, жүрісі тым жаман көрінген сықылды болып, өзі бір өнер тауып алса керек. Келген əзірде балаларды ерте тұрып оқытушы еді. Енді тапа-тал түсте тұрып, балаларды оқыта ма, оқытпай ма шығарып жібереді деп өсектей бастайды. Осындай өсектер ол ауылға таралып, əлгі бейшара мұғалімнің надандықпенен есімі шыға бастады. Мұғалімнің ұрған аулындағы бір кісі:

Осы молда өзі мұндай болып, менің балама дұрыстықпенен оқу оқытып, молда қыла алмас, осы оқыған оқуы да жетер, – деп мұғалім-нің алдынан оқып жүрген бейшара миллəт балаларын өзі надан, надан-дығының үстіне тағы бір надандық жаман:

Page 79: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

79

Баламды оқытпаймын, – деп шығарып алып кетеді. Бірден мұғалім-нің хақысын жеп, бірден баласын да надан қылып алып қалады. Қайтіп енді біздің қазақ өнерлі ғылымды, мағырпəтлі, ынтымақты болып кете алсын?! Қайтіп балалары əдепті, ғақылды болып, ғылым тауып, жазу жаза білсін? Міне, біздің артта қалғанымыз. Осы жаман тағылымызды тастасақ, біріміздің айтқанымыздан біріміз шықсақ, орынсыз жерге құтымызды сарп қылмасақ, халық пайдасын ойлап, ортаға мешіт-медресе салдырып, балаларды ұсұл тағылым жөнімен оқыттырсақ, кітаптар, газеттер, журналдар шығарсақ, мағаріптің бірінші баспалдағына басқан болар едік.

Қайтеміз, өз қылығымызды білмей битке өкпелеп тонымызды отқа саламыз ба? Əлде болса тырысып, əр істің оңына келуін бір Алладан тілеп, бас көтеру керек. Онан басқа қайрат жоқ. Байбатыр бин.

Ержан Кұлақбаев

Оқыту хақында Шариғат не айтады?

Біз шын көңілімізбен ойластырып, ақ шариғатымызда ешбір кем-шілік һəм қалдырардай бір нəрседе таба алмаймыз. Діні бізден басқа жұрттан ілгері болып, мағырфатлы болуға шақырады. Пайғамбарымыз ғалайссалам келтірген дін де қандай қанүн бас деп ойларға еш орын жоқ. Сол себепті басқа халықтан əр ісімізде төмен болуымызды шариғаттан көрмей, өзіміз шариғат қосақан жөнменен жүруіміз керек. Алланың һəм Расұлының көрсеткен жолыменен жүрген адам кем, қор болмай, тозбайтындығы күн сықылды əшкере болып тұр. Дініміздің түп негізі болған «хадиске» қарай жармасып, іске кіріскенмен-ақ, Иншалла аяқ астында қалмай адамдардан саналар едік. Шариғатымызда неменен бұйырған екен? Осыны білелік. Шариғат барлығымыздың ынтымақта болып, əрбір істе бірлікте болуымызға, барлық мұсылман бір-біріне өз туғаны секілді қарындас болуға, мынау қазақ, мынау татар, мынау башқұрт деп бөлінбеске бұйырған. Бір кісінің баласындай бір-біріңе жəрдемдес болуға, зорлық-зомбылық қылудан сақтануға бұйырған. Біріне пайда келсе, екіншісі өзіне пайда келгендей қуануға, залал келсе, қайғыруға, күнə, қастық қылмасқа, өзім ғана болсам екен, басқалар менен төмен болса екен демеске бұйырған! Миллəтке пайдалы істер болса, оған жəрдем қылуға, пайдасыз іске кіріспей алыс тұруға, пақыр, мүскін, нашарларға көз қырын сала жүруге бұйырған. Дүние, ақирет істеріміз ғылым, білімге барып тірелгендігін білімді болуға, надан қалмасқа бұйырған.

Білген адам менен білмеген адам арасында қандай айырма бар? Соларды көрсетіп, білген кісі менен білмеген кісі бола ала ма? Əлбетте,

Page 80: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

80

білген артық, – деп көтермелеп мақтап қойған. Бұл ғылым дегенге пайдалы ғалымдарымыздың барлығы да кіріссін деп. Бір ғана ғылымға қам қылып қойған, соның үшін пайдалы ғылымдардың қайсысы болса да біліп кетуге тиіс екендігі шығады. Бұлай болған соң балаларын орысша оқытуға қорқып жүрген крйбір адамдарымыз ешбір хəуіп қылмай, балаларын орысша оқыту жағын қарастырсын. Орысша оқудан адам бұзылып кетеді деп үркуге еш орын жоқ. Ғылым дегенің жақсы етіп тəрбиелеуден басқа залалы бар деп ойлауға болмайды. Ең əуел балаларға жақсы етіп өз дінін танытарға керек. Сонан соң орысша оқуға беруден қайшасқа керек. Ғылым хақында қызықтырып пайғамбарымыз да көп сөздер сөйлеп кеткен. Жүмілəдəн бері ғылым үйреніңіз, үйрену əр адамға парыз дұр. Мүмкін қадар білмегеніңіз болса, үйреніп, біліп қалуға тырысыңыз һəм білгендеріңіз білмегендерге білдіру жағын қарастырсын қандай жағ-дайда болса, ізденуге ойлаңыз, қартайдым деп қарап тұрмаңыз. Білмеген болсаңыз, жамбасыңыз жерге тигенше іздеңіз. һəм балаларыңызды келешек күнге ылайықты қылып үйретіңіз, оқыттырыңыз, ол балалар алдағы заманға қарсы туған балалар, өз заманына лайықты оқулар оқып, əзірленіп барсын, Жəне тағы басқа жұрттың тілін, оқуын білу тиіс екендігін аңғартып өзінің сахабаларының біреуіне еврей (жəйіт) тілін үйренуге бұйырған. Мынау бір сөзді айтқан: бір адам басқа бір жұрттың тілін, оқуын білсе, сол жұрттың хайла, залымдығынан сақтанар деген. Осындай хикметті сөздер қалдырып кеткен пайғамбарымыздың сөзін ағытбарға (керекке – С. Д.) алу керекті мəселенің бірі болса керек.

А. Жүсіпұғылы

Қазақ түркілерінде үйлену

Біз осы нөмірде жоғарыда көрсеткен есімменен биылғы жылғы «Шора» журналының төртінші нөмірінде басылып шыққан бір кеңесті ноғайшадан аударып бастық. Бұл кеңесте қозғалатын мəселе біздің жоғарыдағы ауыр мəселенің біреуі. Бұл мəселені жазғанымызды бəлкім ұнатпағандар да болар. Өйткені жұрттың ата-бабадан мирас болып қалып келе жатқан ғұрып-əдетті бірден тастай қоюы қиын. Сөйтсе де «ауруын жасырған өлер» деген ата-аналарымыздың бір сөзі бар ғой. Кемкемтігімізді өзіміз қарастырып, өзіміз емдемесек, біз үшін кімнің ғана жаны аши қояр екен. Ата-əдеті балалар үшін қымбат зат, қымбат болғанменен өзгерілгіш өмір. Əр заман өзгеретұғындықтан бұрын дұрыс көрінген ғұрып-əдет; келешек бір күнде бұрыс болып көрінуі бұрыннан келе жатқан іс. Мұндай өзгерулер əр заманда болып тұрады. Іликин ақырындықпен болғандықтан көзге түсе қоймайды. Тап осы күнде бұрынғы рəсімдердің бір қатары рəсім болып жұмсалудан қалып бара

Page 81: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

81

жатыр. Қалып бара жатқан себебі, екі түрлі: біреуі орыс законына теріс болғандықтан, мысалы барымта секілді, екіншісі шаруашылық бабына тура келмегендіктен мысалы, ас беруі секілді. Осы кезде қазақ ішінде өр жерде-ақ кедей жігіттердің һəм əйелі опат болғандардың үйленулері өте қиындыққа айналып барады. Себебі, қалың мал қымбат, кедейдің оны табарлық халы жоқ. Сондықтан кедей жігіттердің көбі отыз-қырыққа келгенше үйлене алмай жүреді. Қатыны өлген кедей сорлыға жаңадан қалың беріп, қатын алу тағы да керек. Əсіресе ол кісі ер ортасы болған адам болса елге басшы болған бірқатар білімділеріміз: Қазақ кедей болса, орысқа малай болады, орысқа малай болса шоқынады, деп уайымдайды һəм кедей болмас үшін жалғыз шара көшпелі мал бағу деседі. Кедейліктен қатын ала алмаған жігіттердің қатынды болуы үшін шоқынатұғындары да бар екен, мұны тоқтатуға қандай себеп керек?! Білімділеріміздің Бұған да көз салулары, ой жүргізулері тиіс шығар деп білеміз. Бұл туралы біз бұрын біраз ғана сөз қозғап жиып едік. «Айқап» əлі қыз ұзатып бола алмай жүрдеген сөзге ұшырадық... Сондадағы бұл мəселені жазудан өзіміз тыя алмадық. Мəселе өте керекті. Біздің түсінуімізше қазақтар осы мезгілде əйелдердің туысы кем, өлуі артық. Əйелдің туысы кемдігі құдірет ісі болса, өлуінің көптігі біздің тұрмысымыздың қолайсыздығынан болуға деп ойлаймын. Барлық ауыр жұмыс əйел мойнында, əйелдің тəрбиесі де кем. Өздерін жастай күйеуге беру де оларға залал. Соның үшін бұл қалпымызды өзгертпесек, келешек бір заманда нəсіл, несібеміз бітіп кетуге себеп болар деп қорқамыз. Біздің əйелдер мəселесін қозғай беретін себебіміз де осы. Ал енді қазақтың бұл қалпы туралы «Шора» журналы мынаны айтады:

Бұл соңғы жылдары қазақ түркілерінің қысылғандығы əркімге мағлұм. Бұрынғы кең қазақ даласы (сахарасы) хақолменен толып барады, жерлері тарылды. Сол себепті қазақтың малы да азайды. Бұрынғы мың жылқысы бар адамдар қазір бір-екі жүз жылқыға қарап қалды. Бұрын саба-саба қымыз сапырып отырған қазақ кемпірлері қазір кішкентай ғана местерге құйып қымыз сапырады. Оның жартысы сиыр немесе ешкі, қойдың сүті болады. Мінеки, мұныменен қатар бұлардың бұрыннан келген əдет уа рəсімдері (баласына кішкентайынан-ақ құда түсіп қоюлары) заманның тілегіне дұрыс болмай, теріс жөнге жұмсалып тұр.

Бұрынғы заманда қазақтар кішкентайынан құда түскенде малын төлеген. Жер кең, су мол болған. Соның үшін оларға қырық жеті қараны төлеу ауыр болмаған. Олардың бұл рəсімдері қазіргі заманның тілегіне тура келмей отыр. Бұрын бек жеңіл ғана қалың төлеген қазекем қазір тез ғана бере алмай тұр не үшін? Мал жоқ, мал табарға өнер жоқ! Егерде бір қазақ жігіті үйленбек болса, неше жыл хақолда жалшы болып тұрады. Онда қанша алады дейсің? Көп болса жылына отыз сом. Міне, сөйтіп қайын атасына ақырын-ақырын малын төлейді. Қазірде қазақ түріктерінде

Page 82: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

82

мінез өте бұзылған. Түркілік табиғатында болған уəдешілікті бек азбенен табарсың. Байғұс күйеу бала:

Төлеп біттім, енді қызды аламын дегенде ғана қайын атасы тағы пəлендей ақша, пəлендей қара салады, болмаса қыз жоқ дейді. амал қанша қатын керек. Я жалшы болады, яки борышқа кіреді. Сөйтіп қырық жеті қара елу-алпыс қараларға барып жетеді. Енді амалдап төлеп, алдыма ас бітті, аман ғана болсын, өзі өлсе де қатын жоғалмайды. Бəлки туысқандарына қалады, қатынның ықтияры болмайды. Біз: «пəленше қара төлеп алғанбыз» деседі. Байғұс қатын қай құшақтағанның қатыны болады да қалады. Қазақтарда бұл рəсім мұнша күшті. Əкесі өлген соң, өгей анасын алуға жүрген қазақ жігітін де көргенім бар. Қалайша сен шешеңді аласың, шариғатта жоқ десең. Əкем қара төлеген, ол қара бекерге күйе ме? Біздің қазақтың заңы сол, – дейді. Соңғы жылдары бұл рəсімдер бойынша үйлену соншама қиын болып кетті. Тіпті дін тастап болса да арзан қатын алуға тырысады. Жетісу облысында Алматы төңірегінде Есік есімді станцияда бір жыл ішінде он бес, он алты жан дін тастады. Хақолда жалшы болып жүріп-жүріп қатын ала алмаған жігіттер енді бір амал тапты. Біреудің қатынын азғырып, ертіп алады да келіп шоқынады. Онан соң қазақтар келіп қатынды даулай алмайды. Орыс болған енді, көңіліне шайтан кірген соң, амал қанша, дейді. Асылында анау жігіттің көңіліне бір шайтан кірмеген. Тек қана үйленгісі келген. Үйленейін десе қырық-елуге дейін хақолға жалшы болуға тиіс. Ол екі ортада ғұмырдың ең қызық уақыттары өтіп кетеді. Соның үшін біреудің қатынын алып болса да шоқынуға зорланады. Ей, қазақ, бұл пайдасыз рəсіміңді қой. Аз ғана мал ал да қызыңды бер, шариғатта солай десең:

«Біздің қазақ рəсімінде қыз арзан емес, бес-алты жүз сом алмаған соң не, құдай оны шыдағанға шығарған. Шыдамасаң алма, дейді де қойды. Ақыры мынау болады ғой. Енді оның көңіліне шайтан кірген, – дейді. Ойламайды бұрынғы жері жоқ, бұрынғы суы жоқ, бұрынғы малы жоқ, солардың барлығы бірге жиналып қысқандығын. Мінеки, бұл залалды рəсімдер тұра берсе, қазақ түріктерінде көңілсіз уақиғалар көбейер. Əлбетте, мұның бір шарасына кіріспек барлық түрік көзі ашықтарына парыз-дұр.

Сабыржан Алқормашы

Алаштың азаматтарына

Біз қырғыз, қазақ халқы бұл заманға шейін көшпелі болып келуіміз себепті арамызға оқу таралмады, надан қалып оқудың қадірін білмей келдік. Шала хат танудан артық оқуды еш керек қылмадық. Сол себепті дін кітаптарымызды жете оқып дінімізді сақтарлық болмадық.

Page 83: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

83

Дүние ғылымын жақсы оқып, низам жөнін біліп тіршілігімізді, қазақ-шылығымызды сақтарлық болмадық. Жеріміз кең, дүниеміз мол, төрт түлік малымыз сай болып тұрған уақытта жомарт болдық. Қонақшыл кең пейілді болдық, бірақ бұл жомарттығымызды орынды жерге – ғылым жолына жұмсай алмадық. Бізден басқа орнықты елдердің көзі ашық, ғақылы толық жомарт байлары əр жерге медресе, мектеп салдырып мұғалім, мүдəріс алдырып, өз халқының балаларын оқыттырып, көзін ашып, ғылым тараттырып жатқанда қайыр-садақаларын осындай діні-не, аулына пайдасы тиетұғын жерге жұмсап жатқанда біздің қайыр-садақаларымыз ел аралаған қызылбастардың, өтірік қожалардың, өтірік сейттердің тамақтарын асырауға жұмсалып жүрді. Медресе салдыралық, мүдəріс алдыралық, балаларымызды оқыталық, арамызға ғылым тарал-сын деген адам аз болып жүрді.

Дұрыстық арасында айырма бар ма, жоқ па?! Соны тексеру керек! Қысқа сөзбен мысал қылып айтқанда дін əттең барып жетсем-ау деп қаланған бір орын, шариғат соған барып жетудің жолы. Көзделген орынға барып жету үшін жолға шыққан адамға қанша аспап керек? Мысалы, ат, тон, азық-түлік басқаша түрлі нəрселер керек болғаны сықылды бұл дін жолында да неше түрлі аспа, неше түрлі тармақ жолдардан жүруге керек! Діннің тармақ жолдары:

Бірінші, адам балалары өздерін жоқтан бар қылған бір құдайға құлшылық қылу һəм кəпірліктен жандарын жазалау жолын бұл жан тазалау үшін Құдай тағаланың бұйырған істерін иман, намаз, ораза, басқа осындай парыз істер. Тəңірінің қосқан мұндай істерін қылуды біздің қазақтың көбі құлшылық деп жүргізеді. Арабша «ғибадат» деп айтылады. Құдай тағаланың жан тазалау үшін қосқан я тыйған істерін «ғибадат» жолы деп айтуға болады.

Екінші, жалғыз ғана жанды тазалап отырумен дүние, ақирет бақыты-на жетіп болмайды. Дүниеде жақсы тіршілік қылып жəне ақиретке керек нəрселерді даярлау үшін Құдай тағала бізге сендердің пайдалануларың үшін жерде болған нəрселердің бəрін де жоқтан бар қылдым дейді. Құдайдың жеуге жаратқан нəрселерінен пайдалану турасында адам балалары арасында бір-бірінен күндесу, озысу туады, бұдан тартыс-талас туып аяғында күштінің күшсізге, көптің азға қылатын зорлық-зомбы-лығы келіп туады. Осындай əділетсіздікті тыйып, дұрыстықпен төре қылу үшін діннің жаза, уа хүкім жолы бар. Арабша «Ғахобат» делінеді.

Үшінші, адам балаларын Құдай тағала даладағы аң сықылды бір-бірінен үркіп, қашып жүретұғын қылып жаратпаған. Бір-біріне ілесе-тұғын, араласып тіршілік ететұғын қылып жаратқан. Бұл араласудан туатұғын алыс-беріс осы сықылды көп істер турасында туралық, дұрыстықты көрсететұғын дін жолы «Мағамлат» деп айтылады. Мұнан басқа да үлкен-кіші жолдары болса да бұл орында сөзді ұзартпадық.

Page 84: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

84

Діннің мұнда сөйленген үш жолының бастапқы «ғибадат» жол өзгер-мейді. Тас сықылды қатып қалған деп айтуға сияды. Себебі, намазды парыздықтан шығарып, мысхатыптыққа түсіруге, екі жəне төрт бас парыз намаздардың бір басын кемітуге болмайды. «Ғахобат», «Мағамлат» жолына келсек, тастай қатқан яки шіріген ағаштай қуарған емес, бəлки жылды жапырақ шығарып, жасарып тұратұғын жас ағаш сықылды деп айтуға керек. Бұл екеуі заманның орнына, тіршіліктің ағымына қарай өзгеріп тұрады. Бұған дəлелдікке пайғамбарымыз Мұхаммед ғалайссаламның «хакімдер орнына, заманына қарай өзгереді» деген мағынада сөйлеген «хадисі» жетеді. Жəне бүтін мұсылман ғалымдары-ның қол қойысқан... статьялар да бар. Соның үшін тас сықылды қатып қалушылықты дін, шариғат үстіне аудару хақысыздық, дін, шариғаттан хабарсыздық. Болмаса заманасына қарай шариғатты жүргізбегендері үшін тас сықылды қатып қалу жазасы замана мұсылмандары һəм ғалым-дары үстіне аударылуға тиісті. Шариғат ол кемшіліктен таза.

Мұғалім Сəрсекеев.

Үлкен кісілерімізде кішкене мінез

Біздің қазақ жұрты нешеме жылдардан бері құдайдың кең даласында еркіншілікте өсіп, көктен жауып, жерден өскеніменен тіршілік қылып, төрт аяқты малының өсуіменен ішіп-жеп малданып жүргеннен басқа жұрттай күн көру қайғысы аз еді. Бұларда жұрттан қорқу, жаудан сақтану болса да өзге жұртқа қарағанда жан сақтау қайғысы, уайымы жоқ еді.

Бұлардың байлығы мехнатпенен табылғандықтан байлары кең пейілді, мол қолды, жомарт, ағайын-қарындасқа қайырымды, маңайындағыларға жəрдем жақсылық қылуды борыш біліп қарайласып, жаяуға ат, ашқа тамақ беретін еді. Бұл мінез басқа жұрттан қазақта артық еді. Осы кеңшілікте үйренген қазақ баласы алдыңғы күнде түзу тіршілік ету үшін ғылым, өнерге ұмтылады. Таршылық көрмеген қазаққа ғылым, өнер керекті нəрсе көрінбейді. Соңғы замандарда қалаға жақын жердің бəрі, алыс жерден ауып көшіп келген орыстарға берілетін болып, қазақтың қонысы тарылған соң, емін-еркін кең далада өскен қазақ малы шыдай алмай жұтай бастады. Əр қазақтың дəулеті азайып қолы қысқарған соң, баяғы тегін ат, еркін тамақ табылмайтын болды. Бұдан кейін ел ішіндегі кедейлер кəсіп қылып, жан сақтайтын кентті жерге кетті, басқаларды да өз ыңғайына аударған заман. Асау тайдай еркіндікке үйренген қазақ арасына келіп ардақты болған төрелер, қалаға жақын тұрған адамдар дəреже үшін болса да орысша оқуға кірісті. Қазақ балаларына қазынадан школ салған соң, байлар өз балаларын орыс мектебіне беруге қорқып, ел ішіндегі кəдірсіз жетім-жесірдің балаларын берді. Бұл оларға пайда болып, оқудан

Page 85: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

85

қорыққан байлардың балаларынан гөрі, адам болып кетті. Кешегі кəдірсіз көріп берген балаларды көрген соң, байлар өздері де балаларын оқытуға қызықты. Бұған заманның тараюы да себеп болды. Сөйтседе байлардан гөрі, кедей балалары көбірек оқыды. Осы күнгі оқыған мырзалардың жүзден тоқсаны кедей баласы. Бұрынырақ таз молдадан, жаман қожадан оқыған мұсылманның реті болмаса да, соңғы кезде ноғайлардың тəртіпті мектебі бола бастаған соң, көбі аш-жалаңаш болса да, қазақтың көндім бай талапты жігіттері ноғай мектептеріне кіріп, молдакелер, мұғалімдер шыға бастады. Мұсылманша оқыған жігіттеріміз қазақтың арасына кіріп, олардың балаларын оқытып, пікір таратып, оқудың от пен судай керегін ұғындыруға кірісті, бұлар қазақтың салқын қабағына көбірек ұшырады. Үйде отырып қақсай берген соң (еңбек қой) төте оқушылар қайда барса да өздеріне жолдас көбейтті. Бұлар жалғыз дінді ғана үйрен деп отырмады. Мүмкін болса, орысша оқуға, пəн үйренуге қызықтырды. Бұлар өздерінің аз біліміне қарай көп қызмет етті. Келесі заманда да бұлардан үміт көп. Қазақ тілі, қазақ мектебіне өз тілдерінде жазылған кітап кезекті, турасында олар дауыстарын өзгелерден бұрын шығарды. Сол ниетпен мектеп кітаптар жазып, аз да болса соларды бастырып таратты. Бұлардың жазғандары төрт аяғы түп-түгел болмаса да олардың мақсұттары, тілектері, үміттері жақсы еді. Жаңа құрылған, негізгі басталғаннан кім жазса да шаласыз болмайды.

Мұнан бірнеше жыл бұрын орысша оқыған жігіттеріміздің көбі қазақ оқуды керексінбейді, олар сөзді ұқпайды деп қазақтан алысырақ тұратын еді. Шынында да бұрынғылар дінді сыртқы формаға қарап өлшеген-діктен орысша оқитындарға салқын қарайтын еді. Осы күні айтқанына сүттей ұйып отырған жігіттеріміз бұдан алты-жеті жыл бұрын сүттен ақ, күннен анық сөздеріне құлақ салдыра алмаған еді. Олар айтса, орысқа сатайын деп жүр деп нанбаған еді. Жəне орысша оқығандар орыс қызметінде болғандықтан қазаққа артық иілмейтін еді. Дұрыс бұлардың арасында қазақ үшін қайғырып, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмегендері де бар болса да көпшілік солай еді. Бұлардың ішінен арымай, талмайтын бір-екі учитель шығып, бір-екеу болса да кітап жазып ақтады. Алты миллион алаштың мұң-мұқтажын қайғыратын «Айқап» туып қалды. Шыққанынан бері осы күнге дейін жұрттың қамын қайғырды, сөйледі, жазды əлі де сөйлемекші, қазақты ілгері бастырмақшы, былтырдан бері «Қазақ» газеті шығып, өзінің алашына айбарлық қылды. Тұңғыш ұлы «Айқапты» сүй-ген қазақ «Қазақты да» сүйе бастады. Бұларды сүю қазақтың баласына борыш, парыз, бұларды сүймеген, сүйемеген елде болмас.

Бұл газеттерді бастап кеткен бір-бір батырлар болғанда бүтін алты миллион қазақ олардың қаруы, жарағы, панасы, күші, көмегі, серігі, жолдасы болса, сонда бұл газеттер ілгері басады. Күш біріктірсе бүтін қазақ адам болады. Бір газет, бір журнал сонша қазақтың айналдырған

Page 86: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

екі баласы сияқты. Екі баланы тəрбие қылып кемшілік келтірмеу қиын ба? Екеуі түгіл, тағы да əлденеше газет, журнал керек. Дүниенің толқыны оны болдырмай қоймас. Европадағы əлде қашан озып кеткен жұртты қоя тұрып, өзімізбен діні, қаны бір ноғай қарындасымызды мысал қылайық! Олардың осы күнде жиырма-отыздай газеті, журналы, он мыңдай мектебі, мектепте оқытуға жетерлік мұғалім, мұғалимасы бар қала жерінде болғандықтан олардың балаларының көбі оқып жүр, бұған қарағанда бізге əлі сансыз көп нəрселер керек.

Ынтымақ.

Page 87: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

87

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ (1913–1918)

«Қазақ» газеті – отандық журналистика тарихында айрықша орны бар, халықтың «көзі, құлағы һəм тілі» болған жалпыұлттық тəуелсіз басылым. Газет 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қыркүйекке дейінгі аралықта Орынбор қаласында аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына 2 рет шығып тұрды. Таралымы – 3000 дана, жекелеген нөмірлері 8000 данамен таралды. Басылым басқармасы 1914 жылғы жаңа жылдық 45-нөмірінде газетті 10 облыстың қазақтары жаздырып алатынын хабарлаған. Бұған қоса «Қазақтың» Уфа, Қазан, Петербург, Мəскеу, Орынбор, Томск қалаларында, сондай-ақ Түркия мен Қытайда да өз оқырмандары болды.

«Қазақ» газетінің бірінші бас редакторы Ахмет Байтұрсынов, шығарушысы «Азамат» серіктігі болды. А.Байтұрсыновтан кейін «Қазаққа» алаш қайраткерлері Міржақып Дулатов пен Жанұзақ Жəнібеков басшылық жасады.

Орынбор губернаторы Ресей Жоғарғы баспасөз басқармасына га-зетті мына бағыттар бойынша шығаруға рұқсат бергенін мəлімдеді:

1.Үкіметтің бұйрық-жарлықтары. 2.Мемлекеттік Дума, мемлекет-тік Кеңес жұмысы. 3.Ішкі жəне сыртқы хабарлар. 4.Қазақтың тарихы мен тұрмыс жайы. 5.Этика, тарих, этнография жəне мəде-ниет мəселелері. 6.Экономика, сауда, кəсіп, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы. 7.Халық ағарту, мектеп, медресе, тіл жəне əдебиет мəселелері. 8.Тазалық, денсаулық жəне малдəрігерлігі жайы. 9.Фелье-тондар. 10.Корреспонденциялар мен жеделхаттар. 11. Жергілікті хро-ника. 12.Суреттер. 13.Почталар (хаттар). 14.Құлақтандырулар.

«Қазақ» газеті – ХХ ғасыр басындағы күрделі кезеңнің айнасы іспеттес. Сол кезеңде қазақ халқының ең маңызды өткір мəселелері-нің бəрі де газет беттерінде батыл жарияланып тұрды. Елдің зарына айналған жер мəселесі «Қазақта» үздіксіз көтерілді, оқу-ағарту ісі, дін жайы, өнер-білімнің құны хақындағы материалдар көптеп басылды. Алты жылға таяу ғұмырында қазақтың мұңын шағып, жоғын жоқтады. Əлеуметтік салада елді өрге сүйреді, қазақ халқының өзге елдермен тең болуын көкседі, өз билігі өзінде болуын мұрат тұтты. Мақсатқа жету үшін қазақты өнер-білім, ғылым жолында еңбектенуге шақырды.

«Қазақ» газетінің айналасына ұлттың озық ойлы зиялы азамат-тары шоғырланды. Сол тұста қаламды серік еткен Алаш азаматта-рының барлығы дерлік «Қазақ» газетінің тұрақты авторлары болып табылады.

Page 88: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

88

Дін таласы(Сурат кофеханасы)

Һиңд жерінде, Сурат қаласында кофехана бар еді. Сонда талай жерден, талай елден адамдар кез болып ұшырасатын еді. Бір күні сол кофеханаға Иранның бір ғалымы кірді. Бұл галым төңірінің тəңірлігін анық танып білемін деп көп əуре болған адам еді. Осы турасында көп оқып, өзі де көп жазған еді. Көп оқып, кеп жазып, көп ойлап, ақылы ауысып, ойы шатасып ақырында құдайға тіпті илануды қойған. Мұнысын Иран патшасы біліп, қол астында тұрғызбай, қуып жіберген. Сорлы ғалым тəңірліктің түбіне жетемін деп, ойлай-ойлай, өзінің миы ашығанын сезбей, барша ғалымды билеуші ұлықтың ұлығы, дананың данасы құдайды жоқ қылмақ болған. Бұл ғалымның соңында қайда барса, қалмай еріп жүрген бір қара құлы бар еді. Қожасы кофеханаға кіргенде құлы тыста қалды. Үйдің күн бетінде жатқан бір тасқа келіп, үстіне қонған шыбындарды қуғыштап отыр еді. Ғалым кофеханаға кіріп, диван үстіне жатып, бір шыны аяқ апиын сұрады. Апиынды ішіп салып еді, апиын миына тиіп, ойын қозғады. Сонда ғалым құлына дауыстап: «Ей, оңбаған құл! Сен қалай ойлайсың, құдай бар дейсің бе, жоқ дейсің бе», деді. Құл айтты: «Əрине, құдай бар деймін». Солай дейді де, беліне қыстырған ағаштан жасалған бір кішкентай нəрсені суырып алып: «Міне, құдай», дейді. «Жан болып жаратылғаннан бері мені сақтайтын осы. Біздің жұртымыз табынатын біздің жақта əулие ағаш бар, мынау нақ соның бұтағынан істелген»,-дейді.

Бұлардың сөйлескен сөзін кофеханада отырған адамдар естіп таңыр-қасты. Оларға қожасының сауалы да, құлының қайырған жауабы да таң көрінді.

Сонда отырған браһма дініндегі біреу сөзін естіп шыдап тұра алмады: «Ей, жарым ақыл бишара!», деді. Құдайды адам беліне қыстырып жүре ме? Құдай кісінің беліне қыстыруға сияды деп ойлауға мүмкін бе? Өзің не айтып отырсың? Құдай Браһма емес пе? Ол барша ғаламды жаратқан, барша ғаламнан ұлы, өзгеріліп, талайы аударылып үсті асқа түсіп жатса да бұл абыздардың қалпы Ғанғы дариясының бойында ғибадатханалар салынған, құдай сол, браһмалық абыздар құлшылық етіп жалбарынатын құдай да сол. Хақ құдайды таныған һəм анық білетін жалғыз-ақ осы абыздар, дүниядағы істердің қалпы өзгерілген жоқ. Оларды сақтап пана болушы жалғыз құдай, хақ құдай Браһма». Осыны айтқанда отырған жұрт ден қойып иланатындай-ақ браһмалық мұны айтып еді, сонда отырған алыпсатар яһуди оған қарсы сөйлеп тұра келді: «Жоқ, сен олай деме, хақ құдайды танитын жұрт браһмандар емес. Құдай пана болып сақтайтын қауымы да, браһман қауымы да емес. Шын құдай Ыбраһим, Ысхақ, Яғқуб пайғамбарлар таныған құдай. Ол құдай пана болады, жалғыз-ақ өзінің Ысырағыл жұртына. Дүния жаратылғаннан бері құдайдың

Page 89: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

89

қалаған, сүйген жұрты да жұрт. Қазірде бізді дүния жүзіне ыдыратып тоздырып жібергені. Сүйген жұртына əншейін бейнет беріп сынамақ үшін. Бізге берген құдайдың уағдасы бар: «Қадиске қайтадан жинап, қадис ғибадатханасын қайта орнатып, басқа жұрттан үстінен хүкіміңді жүргізіп қоямын»,- деген. Осылай деп яһуди жылап жібереді. Ол тағы да сөйлемекші еді, оның сөзін сонда отырған италияндық біреу бөліп, яһудиге айтады: «Дұрыс емес мұның? Сенің айтуыңша құдайға ғаділдік жоқ боларға керек?!» Бір жұрттан бір жұртты артық көру құдайдың ғаділдігіне лайық емес. Бастапқы кезде Ысырағыл жұртын құдай сүйсе де онан бері мың сегіз жүз жыл болды, сендерге тəңірінің қаһары жүріп, отансыз əр жерге тозып кеткендеріңе, сендердің осы күнде діндерің жойылып, қауымдарың көбейіп өспек түгіл, күннен күнге азайып, өшіп бара жатыр. Құдайда артық я кем көрушілік жоқ, бірақ сауап табатын жол жалғыз-ақ біздің римскі-католик дінінде, онан басқа сауап табу жоқ».

Италиялық былай деп еді сонда отырған протыстант тобы сұрланып италиялыққа айтты: «Қалайша сіз жалғыз сауап жол өздеріңізде дейсіздер? Жадыңызда болсын, сауап табатындар Ғайсаның дұрыс «Інжілімен» ғамал қылғандар». Сол жерде Суратта қызмет ететін бір түрік отырады. Шылымын тартып маңызбен екі нəрсені айтады: «Нағыз хақ дін біздікі деп бекер айтасыздар, алты жүз жыл болды «Інжіл» қалып, «Құран» келгеніне. Сауап ең ақырғы пайғамбар Мұхаммедтің жолында. Өздеріңіз айтып отырсыздар ғой, яһуди діні нашар деп, нашарлығының ыспаты жайылмай, қауымы азайып құрып бара жатқаны деп. Іслəм дінінің артықтығы емес пе?! Еуропа, Азия, Қытайда да жайылып бара жатыр, оны өздеріңіз көріп тұрған жоқсыздар ма? Сауап табады жалғыз-ақ ақырғы пайғамбар Мұхаммедке иланған адам. Онда да сүнні мəзһəбіндағылары, шиғып мəзһəбірлер да кəфір». Түріктің сөзіне қарсы ирандық біреу сөйлейін деп еді, сонда отырған əр түрлі діндегі адамдар керіске кіріп, шулап-дулап кепі. Олардың ішінде һəр діннің түрлі мəзһəбінан адамдар бар еді, дінсіздердің күнге табынатын, отқа табынатын, бұтқа табынатын қауымдарынан жоқ емес еді. Бəрі де құдай кім екендігіне һəм оған қылған құлшылықтың дұрыс болмақшы екендігіне таласты. Қысқасы һəр қайсысы хақ құдайды білетін һəм оған дұрыс құлшылық қылаған да біз деп таласты. Қысқасы һəр кім өз дінін қуаттап, ауыздары көпіріп, шулап-дулап таласып жатты. Жалғыз-ақ канфуци мəзһəбіндағы бір қытай таласқа кіріспей тыныш отырды. Өзгелердің сөзіне құлағын салып үндемей шайын ішіп, жай отыр еді, түріктің соған көзі түсіп айтты: «Қытай «əфендім, өзге болмаса да сенің мені қостайтан орның бар емес пе? Мен білемін, сіздің Қытай жерінде осы күнде əр түрлі дін барып жайылып жатыр. Бəрінен де біздің Мұхаммед дінін артық көреді һəм біздің дінге кіруге сіздің жұрт бек ықыласты деп, келген саудагерлердің талайының маған айтқаны бар. Менің сөзімді қуаттап, сенің қостайтын

Page 90: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

90

ретің бар. Əуелі Алла, екінші хақ пайғамбар турасында не ойлайсың? Айтсайшы».

Өзгелері де «Сен қалай ойлайсың, ойыңды айтшы»,-деп қытайға жабысты. Қытай асықпай көзін жұмыңқырап ойланды, сонан соң көзін ашты, кең жеңінен қолын шығарып көкірегіне қойды да, жай салмақпен сөзді былай бастады.

Мырзалар, менің байқауымша, адамдарды дін турасында бір ынты-маққа келтірмейтін жалғыз-ақ намыс. Мұны мен сіздерге мысал келтіріп ғибратпен баяндайын. Мен Қытайдан «Суратқа» ағылшынның дүниені айналған пароходына мініп шықтым. Жолда су алу үшін Сумагара ара-лында пароход кідірді. Пароходтан түсіп бірнеше адам судың жағасына шыққан қамыс ағаштың көлеңкесіне барып отырдық. Сонда отырған əр жердің, əр елдің адамдары едік. Аралдағы тұрғын елдің ұлдары да бізден қашық емес еді. Біз отырғанда қасымызға бір соқыр адам келді. Сұрап білсек, күнге көп қарағаннан соқыр болған екен. Күнге көп қарағаны, күн өзі не нəрсе деп, күннің затын білмек ниетпен екен. Білмек мақсұты күннің жарығын қолға түсіріп алып, нұрының бірер сəулесін шыныға салып, тығындап қамап қоймақ екен. Осыны істеймін деп түрлі ғылымды да, білімді де аянып қалмай, бəріне де бар күшін жұмсаған екен. Күнге көп қараса да, көп əуреленсе де ешнəрсе өнбепті. Бұл ісінен тапқаны сол, күнге қарай-қарай көзі ауырып, соқыр болыпты. Сонда ойын былай деп тиянақтап тоқтаған:

Күннің нұры сұйық зат емес, сұйық болса, қотаруға көнер еді. Я желден шайқалып толқыр еді. Күннің нұры от та емес, от болса, су ішінде сөнер еді. Күннің нұры қатты да зат емес, қатты болса, онымен өзге нəрсені қозғауға да болар еді. Күннің нұры рух та емес, рух болса, көрінбес еді. Күн нұры жарығы сұйық зат болмаса, қатты зат болмаса, от болмаса, рух болмаса, күн жарығы деген ешнəрсе де емес, тіпті жоқ нəрсе,-дейді.

Ойы осыған жеткенде көп қарағаннан көзі де кеткен, көп ойлағаннан ақылы да ауысқан. Көзден айрылған соң, күн жоқ дегенім рас екен деп нанды да қойды. Соқырмен бірге құлы да келіп еді. Қожасын ағаштың түбіне отырғызып, жерден хақос ағашының жаңғағын алып, білте шам істей бастады. Хақостың шудасынан білте істеп, жаңағының қабығын сауыт етіп, дəнінен сығып майын шығарып отырды. Бір мезгілде қожасы күрсінді де құлына айтты:

Күн жоқ дегенім рас емес пе?! «Күн-күн» деп айтылар күн деген ол не нəрсе өзі? Құлы айтты:

– Қайдан білейін, күн не нəрсе екенін. Күнмен жұмысым да жоқ. Міне, мен білге шам істеп алдым, менің білетінім осы жарық. Бұл жарықпен саған да қызмет қыламын. Үйдегі нəрселерді тауып аламын. Қол шамын қолына алып көтеріп: «менің күнім мынау»,-деді. Сол жерде балдақпен жүретін бір ақсақ отыр еді. Бұл сөздерді естіп, күлімсіреді де соқырға

Page 91: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

91

айтты: Күнді білмегенің іштен туған соқырсыз ғой, мен саған күн не нəрсе екенін айтын берейін. Күн оттан жасалған домалақ, Бұл домалақ күнде теңізден шығады да күнде барып кішкене біздің аралдың тауының арасына барып қонады. Мұны біз күнде көреміз. Көзің сау болса, сен де көрер едің. Мына сөзді естіп, сонда отырған бір балықшы ақсаққа айтты: Бұлай деп отырғаның аралыңнан шығып, алысырақ жүрмегенің ғой. Күн біздің аралдың тауына қонбайтұғынын ақсақ болмасаң, теңізбен жүріп көрер едің. Күннің қайдан шығып, қайдан бататұғынын мен айтап берейін. Күн теңізден шығады, теңізге батады. Менің мұным шүбəсіз дұрыс. Күн сайын күнді мен суда жүріп, көзімнен шығарып, көзімнен батырамын. Үнділік біреу естіп айтты: «Есті адам есі жоқтың сөзін сөйлегеніне қайранмын. Мұның айтуынша Күн оттан жасалған бола тұрып суға батады екен де, сөнбейді екен. Мұны да сөз деп есі дұрыс адам сөйлей ме?! Күн не екенін мен айтып берейін, Күн Дюа деген құдай. Арбасына мініп көктегі Аспырауа деген алтын тауды айналады да жүреді. Рағу һəм Киту деген екі жылан Күнді кейде жұтып жібереді. Сонда қараңғы болады. Бірақ біздің абыздарымыз (имамдарымыз) азан айтып, дұға қылып, құтылуына тілектес болады. Солардың дұғасымен жарық болады деп, сіздер сықылды өз аралынан басқа жерге шықпаған, көрген-білгені аз, қараңғы жөһіл адамдар айтады» дегенде, оның сөзін бөліп, кеме иесі мысырлық біреу сөйледі, ол айтты:

– Бұ да дұрыс емес, күн құдай емес, һəм жалғыз ғана үндінің алтын тауын айналып тұрмайды. Мен суда көп жүрдім, Қаратеңізде жүрдім, Ғарабстан жағасында жүрдім. Мадағасқарда да, Филиппабда да болдым. Күннің жарығы жалғыз Үндістанға емес, жердің бəріне де түседі. Күн Жапонияның арғы жағынан шығады. «Жапон» деген сөздің өзі – күнтуыс деген сөз. Сонан шығып ағылшын аралдарының ар жағына барып батады. Мен мұны өз көзіммен талай көрдім, атамнан да естідім. Атам теңіздің ең шетіне шейін барған адам. Сондықтан мен күннің жайын жақсы білемін. Оның сөзін біз мінген кемедегі ағылшын матрос (кеме қызметкері) бөліп айтты:

- Күннің қалай жүретін жайын біздің ағылшындардан артық ешкім білмейді. Біз ағылшын адамдары білеміз, күн еш уақытта тумайды да, еш жерде батып жатпайды да. Күн тоқтамай жерді айналады да жүреді. Біз осы жолы да жерді айналып келіп отырмыз. Күннің еш жерде қонып жатқанын көргеніміз жоқ. Жердің қай жағында да болса, Күн осындай тəңертең көрінеді, кешке таман тасаға түседі. Күннің жерді қалай айналып жүретін жайын баяндап түсіндірмек үшін таяқпен құмның бетін сызып шимайлап, қарап еді, түсіндіре алмады. Сонан соң, жанында отырған кеменің думаншысына қарап: мынау менен гөрі оқымысты еді, Бұл дұрыстап түсіндірер, деді. Думаншы есті адам екен. Енді жұрттың бəрі өтініп түсіндір деген соң сөйледі, ол айтты:

Page 92: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

92

- Баршаңыздар біріңді-бірің адастырмақсыңдар! һəм өздерің де ал-данудасыңдар! Күн жерден айналмайды, жер күннен айналады. Жер ұршықтай үйіріліп айналғанда жер үстінің бəрі де бірінен соң бірі күн жаққа қарайды. Жиырма төрт сағат ішінде жердің Күнге қарамайтын жағы жоқ. Жапонияда, Филифияда да, Бұл біз отырған Соматыра да күллі Африка да, Европа да, Азия да сөткесіне Күнге бір-бір қарап өтеді. Күн жарығы түсетін бір ғана тау емес, бір ғана арал емес, бір ғана теңіз емес, көп планеталарға да түсетін Күннің жарығы. Күн жалғыз маған ғана жарық болады деп я жалғыз менің отаныма ғана жарық болады деп, көзтарлық етіп, аяқтарың астына қарамай, жоғары Күнге қарасаңдар осы айтқанның бəріне де əрқайсысың оп-оңай-ақ түсінер едіңдер.

Көп жүрген, көп қарап, көп көрген данышпан думаншыдан естіген сөзім осы еді қытай сөзін былай аяқтады: «Солай мырзалар! Күн турасында қандай адасуалдану болса, құдай турасында да сондай адасу-алдану бар. Дін турасында адасу түбі намыстан, өзімшілдіктен. Əр адам құдай өзімдікі, я отанымдікі, я діндесімдікі болса екен дейді. Күллі дүниеге сыймайтын ұлығ тəңірін əр жұрт өзінің ғибадатханасына қамағысы келеді. Адамдар үшін құдайдың өзі жасаған ғибалдатханасы жиһан. Оған адам салған ғибадатханалар қандай болғанымен жетер ме? Ғибадатханалардың үлгісін адамдар құдай жасаған дүниеден алмай қайдан алды? Ғибадатханаларға қарасақ күмбездері бар, шамдары бар, су сауыттары бар, суреттері бар, жазылған мадақтары бар, шариғат кітаптары бар, шалатын құрбандары бар, құрбан шалатын орындары бар. Бірақ көктей салынған күнбез бар ма? Күндей, айдай, жұлдыздай шам бар ма? Теңіздей су сауыты бар ма? Жаны бар бір-біріне қарасқыш адамға жетерлік сурет бар ма? Тəңірінің ізгілігін сипаттайтын құдай өзі дүниеге шашқан нығыметіне жететін мадақ сөзі бар ма? Адам жүрегіне жазып қойған құдайдың өз кітабындай шариғат кітабы бар ма? Жақын үшін жанын пида ететін ерлікке жететін құрбандық бар ма? Құрбандық қабыл болуына ізгі адамның шын ықыласы көңілінен артық орын бар ма? Неғұрлым құдайды жоғары деп, биік деп, ұлық деп ұқса, соғұрлым жақсырақ танымақшы. Жақсырақ таныған сайын құдайға жақынырақ болмақшы. Жақын болудың мағынасы: Рахметін көріп, рақымды болмақ. Біреудің көзі соқыр, біреудің көңілі соқыр. Көзі соқыр жарықты көрмей, жарық жоқ дер, яки күнге көзі жетпей, көріп отырған шамын күн деп білер. Көңілі соқыр хақтықты айырып, құдайды танымай, құдай жоқ дер, яки қолына ұстап, көзімен көріп отырған ағашын құдай деп білер. Қай соқырлық та болса кемшілік. Бірақ соқырлығының бейнетін əркім өзі көреді. Көзің соқыр деп қорлау жөн болма ма? Көңілің соқыр деп қорлау да жөн емес».

Канфуци жолындағы қытай осылай деді. Дін артықшылығына тала-сып кофехананы басына көшіріп, дулап-шулап отырған жұрт таластарын

Page 93: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

93

тастап, жым-жырт болды. Бұл сөз адам баласының бəріне ағайыншылық көзбен қараған рустың ұлығ философы Толстой сөзінен алынды. Ол Бернарден Десан Пиер дегеннің сөзінен алған екен. Басқалар да Толстой көзімен қараса, осы күнгі Балқанда судай ағып, төгіліп жатқан қанға орын болмас еді.

Ə.Б.

Мұсылман фракциясының хаты

Біз мұсылман депутаттары ретті орында шамамыз келгенше үшінші Думада да қазақ қарындастарымыздың халдерін һəм қажеттерін баян қылып, құқықтарын қорғап сөз сөйлеп келдік. Біздің қолымыздан келгені сол ғана болды. Қазақтар өздері бізге жəрдем етерге керек еді, бірақ олар елдеріне зарланып жатса да араларынан тура бізге халдерін түсіндіріп жеткізгендері жоқ дерлік. Бірлі-жарымды бізбен хабарласқандары болса да, олар да тұрмыстарына, шаруаларына келген кемшіліктерін дəлелмен көрсете алмайды. Мысалы, айталық жер хақында. Түгел көрсетерге керек: алынған жер қай облыста, қай орында, кімнің жері, қанша жер, ол жерді қай ретпен һəм кім алды. Міне осылардың толық дəлелін айтпаса, Дума мінберіне шығып: «Қазақтардың қысып жатыр, жерлерін тартып алып жатыр...» деген бос сөзден пайда шықпайды. Қазақ халқының керегіне лайық біздің қолымызда мағлұмат жоқ. Ондай керекті нəрсені қазақтың басшылары өздері жиып жіберуге тиіс еді. Білмейміз не себептен екенін, мұндай іске артық мойын қоймайды, біз өзіміз қазақтың бағзы бір оқығандарынан қазақ хақында керекгі мағлұматтар сұрап қарадық, сонда да жөні келмеді. Енді бұл кезде қазақ жері хақында һəм қазақты билеу тəртібін өзгертіп крестъянский положениеге ауыстыру хақында министерство жағынан тəртіп қылып, даярланған екі закон проект бар. Тез арада бұл проектыларды Думаға тапсырар, сонда біз мұсылман депу-таттары зор қиындыққа қалатын түріміз бар. Бағзы низамдар қазақтың зарарына болып шықпасын деп ыждаһат ету өзіміздің борышымыз деп білген халде, соған қарсы тұрып дəлелдер келтіру үшін қолымызда қазақ жайынан аз да болса материал жоқ. Қазақтардың жер мəселелері, қазіргі оларды қалай билеп тұрғандығы, тұрмыстары һəм басқа қажеттері неден ғибрат екенін анық білмей тұрып біздің қолымыздан не келмекші. Жоғарыдағы жазылған жөнше ретті һəм дəлелді материал жіберушілер үшін біздің адресіміз мынау: С.Петербург, Товарическая ул. Д. 7. Кв. Мусульманская фракция гос. Думы.

Мұсылман фракциясының райысыМұхамед Тевкелев

Page 94: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

94

Оқшау сөзХазірет сұлтан

Қай жердің қазағы болса да Хазірет Сұлтанды естумен біледі. «Хазірет Сұлтанға барамыз...., пəленше хазірет Сұлтанға кетіпті...» деген сөзді қазақ арасында көп есітуге болады. Хазірет Сұлтанға барғыш тақуалар, софылар. Хазірет Сұлтанға барып қайтқандар қажыға барып қайтқаннан аз-ақ кем болады. Олар бастарына сəлде орап қайтып, жұрт Меккеден келгендей қолдарын алып құрмет етеді. Қазақ осылай құрметтесе де, Хазірет Сұлтанның бір жерде бар екенін естісе де, көбі ол хақында анық ешнəрсе білмейді. Осы майдың бірінде Ташкентке бара жатып, Түркістанға түсіп, Хазірет Сұлтанды мен де зиярат еттім. Хазірет Сұлтан Түркістанда болғандықтан əуелі Түркістан шаһары жайынан біраз жазу тиіс көрінді.

15 ғасырдың аяғына шейін Түркістанның аты «Иасы» екен. Кішкене ғана Иасы деген қыпшақ 12 ғасырда, сол жерге Қожа Ахмед Яассауи хазірет Сұлтан келген соң, даңқы шығып кетіпі. 1166 жылы Қожа Ахмед Яассауи опат болып, онан кейін оның бейітін түрік тұқымы, əсіресе қазақ халқы əр уақыт зиярат ететін болыпты. Зияратқа əр жерден халық көп келетін болған соң ол жерде сауда ашылып, кішкене қышлақ бірте-бірте зорайып шаһарға айналады.

Қожа Ахмед Яассауи хазіреті хақында сөйлеген һəм халыққа тараған неше түрлі кереметтер жалғыз қара халық пен саудагерлерді ғана емес, заманындағы қаһармандарды да өзіне тартқан. Мысалы, 1397 жылы күзді күні атақты ƏмірТемір Иасыға келіп, əулиенің басына зор мешіт салдырып, белгі орнатуға жарлық қылған. Осы күнгі мешіт белгі сол. Əмір-Темір нəсілінен ең соңғы хан Махмұд 1495 жылы Түркістан шаһарын Махмұд Шабаниға беріп, өзінің үлкен ағасы Ахмед сұлтан қойған Махмұд Тарқанды тұтқын қылыпты.

1582 жылы Түркістандағы Бұхараның ханы Ғабдулла келіп, халық оған бағынғандығын білдірген. Сонан былай қарай Түркістанды билеушілер Ғабдулла ханның əмірі бойынша сайланып һəм өзгеріліп тұрған.

17 ғасырдан бастап Түркістанды қазақ билеп, Түркістан шаһары – қазақ хандарының астанасы болған. Түркістанды қазақтан ең əуелі билеген Есім хан. Велияминовтың кітабында жазылған1. «Есім хан Сығай ханның баласы. Монғол һəм түрік тарихын жазған атақты Əбілғазы (Абуалғазы) Хиуаға хан болып тұрған ағасы Сфандияр ханнан кетіп 1625 жылы Түркістандағы Есім ханға барған. Əбілғазы жазады: «Мен Түркістандағы қазаққа кетіп, Есім ханда үш ай қонақ болдым. Ол кезде Ташкентті билеп тұрған Тұрсын хан еді.

1 В.В.Вельяминов-Зернов. Исследование о касимовских царях и царевичах. Частъ ТІ-я, С-Петербург. 1864. С. 372-373.

Page 95: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

95

Түркістанға о да келді. Есім хан Тұрсын ханға амандасуға жалғыз өзі барып, мені үйде тастап кетті. Қайтып келіп мені ертіп Тұрсын ханмен таныстырып отырып: «Мынау Əбілғазы белгілі Жəдігер ханның тұқымы. Бұл күнге шейін Бұлардан бізге қонаққа ешкім келген жоқ еді, бізден оларға барғандар көп болды, Əбілғазыны сіз алмассыз ба» деді. Сонан кейін мен Тұрсын ханның қолында тұратын болдым. Екі жылдан кейін Есім хан Тұрсын ханды əлтіріп, мал-мүлкін шауып алды. Сонда мен Есім ханға айттым: «Мен сен екеуіңнен бір пайда бола ма деген үмітпен келіп едім. Сендердің өз араларың мұндай болды: Енді маған Бұхарадағы Иманқұл ханға баруға рұхсат беріңіз». Есім хан: «Жарайды, бар» деді. Мен Иманқұл ханға кеттім.

Түркістанда Есім ханнан соң хан болған өзінің баласы Жиһангер, онан соңғы Батыр хан, Батыр ханнан соң Жиһангердің баласы Тəуке хан, онан кейін Қайып хан, Қайыптан соң Тəуке ханның балалары Болат һəм Самеке (Самеке 1735 жылы опат болған). Бұлардан кейінгі Ғабдул Самедхан 1764 жылы опат, ең соңғы хан Абылай 1781 жылы опат болған. Абылайдың баласы Уəли ханның Түркістанға дəуірі жүре алмаған. 1785 жылы Түркістанды қазақ хандарынан Бұхарадағы Ман-ғыт нəсілінен болған Мір Шаһмұрад алған. Алса да көп билей алмай 1799 жылы Ташкентте билеп тұрған Юнус қожа ажан. Юнус қожа өлген соң Түркістан тағы да Бұхараға қарап қалған.

1819 жылы жаз күні Түркістанды Қоқан ханы Омар алып, сонан 1864 жыл 12 июльге шейін Түркістанды Қоқан биледі. Омар хан əулиелерді зиярат етемін деп шығып, алдымен Түркістанға əскер жіберіпті. Сол кезде Бұхара үкіметінің сайлауы бойынша Түркістанды қазақ төресі Тоқай төре билеп тұр екен. Омар ханның əскері таң алдында ұйықтап жатқан күзетшілерді шетінен бауыздап, Түркістан қорғанының қақпасын ашып, соғыссыз шаһарды алған. Шаһарға жау кіріп, жұрт азан-қазан болып жатқанда Тоқай төре қатын-баласымен бір тесіктен шығып қашып Бұхараға барған. Мұнан кейін Омар хан қалған əскерімен Түркістанға кіріп, Түркістанды маңайындағы қазақтарымен өзіне бағындырыпты. Омар хан Түркістанда бірнеше күн тұрып, Қожа Ахмет Яссауидің меші-тінде болып, 70 қой құрбан шалып, Түркістанға һəм маңайындағы ха-лыққа хакім қылып Шихалбтал деген кісіні сайлап, көңілі өсіп Ташкент арқылы Қоқанға қайтыпты. Хан Қоқан шаһарына кіргенде күміс теңгеден шашу шашып, келер күні сарайына Қоқанның үлкен моллаларын жинап, өзін Əмір Əлмусилимин деп халыққа ескертіпті. Омар хан тəж киіп, Əмір Əлмусилимин деген сөзді ойдырып мөр жасатып, Шыңғыс хан мен Əмір-Темірді еліктеп маңызданыпты. Тоқай төре Бұхараға барып, бірнеше жүз құрама əскер алып Түркістанға қайта барса да, тағы да қашып құтылыпты. Ақырында Бұхара ханы Насыралла Тоқай төренің басын алыпты1.

1 Наливкин В. Краткая история Кокандского ханства. Казан. 1886. 110-113.

Page 96: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

96

1821 жылы қазақтан Тентек төре деген шығьш, Түркістанды Қоқан билеуінен құтқарамын деп 12 мың адаммен Сайрамға барып жиналған екен. Мұны Омар хан есітіп қалып, Əбулқасым Аталыпты басшы қылып əскер жіберіп, Тентек төрені жуасытып, Қоқанға бағындырыпты. Түркістан халқы 1864 жылы тағы да Қоқан хандығынан бөлінуге талаптанып қараса да ретін таба алмайды. Ақырында көптен бір ханның қол астында белгілеп орныға алмай тұрған Түркістанды 1864 жылы 12 июньде соғыспен орыс полковнигі Веровкин алыпты.

Сол жолы Түркістанды орысқа бермеске хан Абылайдың шөбересі, Кенесары ханның баласы Садық төре де соғысқан екен. Түркістанның мұнша атақты шаһар болып, заманындағы хандар көз тігіл, əрқайсысы өзіне қаратын алуға қан төгіп, тарих жүзінде белгілі орын алуына себепші болған Қожа Ахмед Яассауидың бейіті һəм оның үстіне орнатқан мешіт белгі екені мағлұм болды.

Əмір-Темір көрегеннің замандасы Шарифалдин Уəлизаданың «Са-парнама» деген кітабында Қожа Ахмед Яссауи хазіретінің үстіндегі мешіттің салынуы хақында былай жазған: «Самарқанда «Діл хошы» бағының миуаларын егіп болған соң Əмір-Темір əскерін Ташкентке қарай жəнелтіп, Сырдариядан өтіп Ташкентке 50 шақырым жерде Шыназ деген қышлақтың қасына келіп түсіпті. Бұл арада қыстамақшы болып, əскерге жылы үйлер салдырыпты. Мұнан Əмір-Темір өзі Қожа Ахмед Яассауиді зиярат етіп, басына белгі орнаттыруға Иасыға жөнеліпті. ƏмірТемір Иасыға келген соң өзінің планы бойынша мешіт-белгі салып бір жылдың ішінде тəмəм болыпты».

Мешіттің биіктігі 100 кез шамасында, 34 күмбезді, күмбездердің сырты глазормен қапталып, əр түрлі дұғалар жазылған. Мешіт күйдіріл-ген күмбезден салынған. Үлкен дарбазадан бір зор бөлмеге кіресің, Бұл бөлменің ортасында мыс (бронза) қазан бар, қазанның алабы бес қанат үйдің шаңырағындай, айналасында арабша сөздер жазылған һəм «ƏмірТемірдің жарлығы бойынша бұл қазанды құйған шебер Абдулғазиз Сроралдинұғлы, Термезден» деген жазу бар. Бұл үлкен бөлменің төріндегі есік хазіреттің өзі жатқан (қабірі) бөлмеге кіргізеді. Есігіндегі шығар ағашы ғажайып нақышталып, болат тұтқада жазылған шығарда «Ғазалдин Төжалдинұғлы» деген шебердің аты бар. Қазандағы һəм есіктегі жазудың екеуінен де көрінеді, мешіттің 1397 жылы салынғандығы. Мешітте Əмір-Темір сыйлаған ескі жазулы төрт Құран һəм есіктегі бронзадан құйылған алты шамдал бар, биіктігі бір кезден артық, ауырлығы 2-3 пұд шамасында, жазумен нақыштаған. Бұл мешітті салған бас шебер, 1387 жылы Əмір-Темір тұтқын қылып алған Шериаздық қожа Хусайын деген адам екен.

Қожа Ахмед Яссауи мешітінде бірнеше қазақ хандары қойылыпты: Мұндағы хандарға: Орта жүздің ханы Абылай, 1781 жылы опат, ұлы жүздің ханы Жолбарыс, 1740 жылы 5 апрельде Ташкентте мешіт ішінде

Page 97: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

97

сарттар өлтірген, Əбілхайыр хан – 1460 жыл шамасында опат болған һəм арғынның атақты Жəнібек батыры мен Кенесары сұлтанның əкесі Қасым хан да осында қойылған. Есім хан бұл мешіттің ішінде болмаса да маңайында қойылған екен, үстіне орнатқан белгісі бұл күнде жоғалып кетіпті. Бұлардан басқа Əмір-Темірдің шөбересі Бабыр хан һəм Оттан Сұлтан мұнда қойылған деседі. Тарих жүзінде біздің қазақ халқының һəм хандарының осындай қатынасы бар Хазірет Сұлтан мешітінің осы күні əр жері жарылып тозылуға бет алып тұрғандай түрі бар. Қожа Ахмед Яссауидың нəсіліміз деп неше жүз жылдан бері уақыт жерлерін пайдаланып, зиратқа келген аңқау қазақтарды жем қылып келген басындағы қожалар мешіттің мəңгіге қалуын тілеуден өз кеңірдектерін артығырақ қайғыратын секілді. 1910 жылы Түркістан шаихтары мешітті түзетеміз деп жұрттан есепсіз көп ақша жинапты. Көбін өзі қалталарында қалдырып, жиылған ақша осы ақ деп 12 мың сом көрсетіп, Козловский деген инженерді алдырып, мешіттің бағзы жерлерін түзеттіре бастаған екен, ісінің оннан бірі бітпей тұрғанда қожалар инженермен жанжал-дасып, іс тоқтапты да, жиналған ақшаның көбі қожаларда қалыпты. Бұлардан есеп алушы, тексеруші ешкім жоқ. Жиылған малдың – ақшаның бəрі қазақтікі деп айтарлық, қожалар əр облыстағы қазақтарға барып, Хазірет сұлтанның мешітін түзетуге деп мал жинапты. Ақмешіт уезінде Хан деген жердегі диуана қожалардан бұрын болыс болған Ғұламқадір деген қожа һəм Музафар деген би екеуі 1910 жылы Атбасар уезіне шығып Бағаналының Қайдауыл деген ауылынан көп ақша жинап алып өздері жеп қойыпты. 1909 жылы Əулиеата уезінің қазағы, ботбай руынан Нұрмамбет Бəки баласы деген бір бай Хазіреттің зиратына ақша жинай барған Шуһап қожа дегенге таңдамастан жылқысының бір шетінен 100 жылқы бөліп берген екен. Қожалар бұл жылқының қымбаттарын сатып, түстерін бояп, Түркістанға тек тұяқ санын түгел қылып ылғи арық-тұрақ, көтеремнен 100 жылқы əкеліп тапсырыпты...

Бишара момын қазақ əулиенің атын атап, мың түрлі тіленші қожаларға жем болып тұрған жайы бар. Түркістан қожаларының зиратты түзететін ойы жоқ. Зиратқа келгендерді ерікті-еріксіз талаудан басқа кəсібі жоқ. Түркістан хакімдері қол астындағы мұсылмандардың басқа істері туралы қырағы болса да, қожалардан жоғарыдағы айтылған қиянаттарын не себептен көрмей жүргенін біле алмадық. Қожа Ахмед Яссауидың бірнеше бөлмелері бұзылып құлағалы тұр деп, қауіп етіп, үкімет осы күні печаттап қойыпты. Абылай хан жатқан бөлме, ақ сарай деген бөлме, зиаратхана деген бөлме һəм мешіттің құдығы бəрі де жабулы. Бұл мешітке қожалар ие болып тұрғанда жұрттан жылында миллиондап ақша жиылса да пайда жоқ. Мешіттің тарихы бір белгі болып мəңгіге қалуын тілеушілер болса, оны түзетуді археологические обществолардың біріне тапсырып, қайдан болса да жиылған ақшаның жарты тиынына қиянат болмайтын жолмен

Page 98: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

98

жиылып инженерлерді сол общество өзі жалдап түзеттірсе ғана мақсұт орындалар еді. Болмаса, енді біраз жылдарда бес-алты жүз жыл ғұмыр сүрген Қожа Ахмед Яссауи мешітінің орнында үйулі бір оба томпайып қалу ғажап емес.

М.Д.

Төртінші дума һəм қазақ

19 нөмір «Қазақта» «Төртінші дума һəм қазақ» деген статъя басылды: «Степное положениенің 136 статьясында қазақ жүрген жерде бөтен патшаның адамы һəм христиан дінінде болмаған адам жер сатып алмасын» деген.

Бұлай болғанда «Степное положение» арқылы да қазақ баласы жер сатып ала алмайтын болды ғой. 19 нөмірдегі басылған 136 статьяның переводы жаңылыс. Бұл 136 статьяның дұрыс переводы мынау: «Қазақ жүрген жерде бөтен патшаның адамы һəм христиан мизаһбинде болмаған, қазақтан басқа адам жер сатып алмасын» деген. Сөйтіп күні бүгінге шейін қазақ баласының өзі жүрген жерде өзінікі қылып жер сатып алатын жолы бар еді, 136 статъяда жазылған. Жаңа шығатын закон осы қазақ баласының жолын правосын жоқ қылмақ.

18 июньде төртінші думада закон больш шықты, Самарқанд облысында қазына су шығарып, арық тартқан, бұрын шөл, енді егін, мақта салатын жақсы жер христиан дініндегі ғана адамға берілсін деп. Күні бүгінге шейін қазақтан артық, қазына жері деп мұжыққа һəм шаруасы мұжық шаруасы сияқты мещанға жер берілуші еді. Жəне переселенге жер алғанда кедей, бишара, сорлы мұжық қайда барып күн көрер деп алушы еді. Енді бұл бишара мұжық табағына орыс патшалығы панасындағы христиан ортақ болды. Өтірік-шынды араластырып бетке перде ұстап жүрген, бишара мұжыққа мұнша кісіні ортақ қылғаны қалай? Думаға кіргізген закон жобасында жерді бермек еді, орыс облысына, мұның ішінде православный діндегіге ғана. Қазына жері бишара мұжыққа берілуші еді бұрынғы закон арқылы. Енді бишара мұжықтан алған жерді православный ғана адамға беремін деген ғаділдікке дұрыс емес, дін белгісімен жер алатын кісі бөлінбесін деп Волков, Виноградов думада сөйлеп қарады. Бұл екі депутат сөзін демеген болып октябрист граф Капнист закон жобасын түзеткен болып православный орыс баласы христиан дініне айырбастады. Осыны дума көбі мақұлдады. Осылайша бишара мұжыққа күндес молайып қалды. Бірақ бұл жер алатын право бүгінгі жер иесі қазақта болмайды. Бұрынғы законда қазақ жерін бишара мұжыққа деген еді. Енді неге православный орыс баласы деп закон жобасына жазылған.

Page 99: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

99

Түркістанда көп қызметтен қалған чиновниктер бар екен. Бұлар қазақ жеріне ғашық екен. Закон жобасы осы бишараларды жұмбақтап «православный баласы» қылып жерге бишара мұжықпен ортақ қылмақ екен. Сөйтіп қазақ жері сияқты май көрінгенде Түркістан төрелері тонды айналдырып киіп бишара мұжық болған екен. Хохол жұртының жақсы мақалы бар, қай діндесің деп хохол жұртынан сұраса, бұл бишара жауап берген: «Май берген діндемін» деп. Закон жер христианға ғана беріледі деп шыққан соң, Түркістаннан басқа жерден де май жейтін хохол табылады ғой. Өткен жылы үшінші дума тарқады. Дума өз үйін түзетуге ақша бермек болып, закон жобасы қаралған еді. Сонда қазан депутаты Мақсұдов сөйледі: «Сіздер думаның үйінің төбесін түзетеміз деп отырсыздар, əуелі думаның өз төбесін түзетіңіздер. Түркістаннан қазақ жерінен думада бір депутат жоқ. Осы облыстарға депутат беріңдер» деп. Биыл Мəскеу депутаты Шешкин осы жоғарыда жазылған закон қаралғанда сөйледі:

«Бұл қалай, Түркістанның, қазақ жерінің сөзіне Забайкал, Харьков депутаты тұрып сөйледі, бұлардың өз депутаты қайда? «Үшінші июнь» ақсақ законын түзеу керек» деді.

Қыр баласы

Орысша оқушылар

Бесінші августа Орынбордағы киргизский учительский школаға кіремін деп келген талапкерлерге емтихан болды. Кіруге келген сексен кісі еді. Оның жартысы қазақ, жартысы орыс балалары. Жаңадан аларлық қазына һəм стипендия орны алтау-ақ екен. Келген сексен кісінің алтауынан басқалары ауқаты көтерсе өз жанынан оқымақшы. Өз жанынан оқитындар пəтерде тұрып, сонан келіп оқып жүреді я жылына жүз елу сом төлеп, мектептен тамақ ішіп, киім киіп, сонда жатып оқуға болады. Бай адамдарға жылына жүз елу сом көп ақша емес, кедейлерге күшінен келмейтін көп ақша. Солай болған соң, дұрысы былай істемек еді: бай балалары өз жанынан оқып, жарлы балаларына қазына орнын беру еді. Оны істейтін біздің Торғай мен Орал облысында байлар жоқ. Қазына орнына бай балалары жарлы балаларымен таласа кіреді. Қазақ байларының қалыбын істемей тұрған Мамановтар көрінеді. Медресесінде оқып жүрген балалардан зерек балаларды таңдап алып, жылына үш жүз сом ақша расход кесіп, орысша мұсылманша болсын оқу оқып қайтуға жібереді екен. Сондай жіберген балалардың бірі биыл киргизский учительский школаға кірді. Бұрын медресе «Ғалияда» оқып, былтырдан бері орысша мұғалімдік ғылымын білу ниетпен учительский школа я семинарға кіру үшін орысша оқыған екен. Талапкерлерге керекті

Page 100: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

100

ақшасын беріп, оқуға жіберіп жүрген байлар да, олардың ақшаларын адалдап орнына жұмсап жүрген бала да жарайды. Бір жыл орысша оқып, бірден соңғы болып школға емтихан беріп кірді. Жоғарыда айтылған алты бос орынның үшеуі қазаққа, үшеуі орысқа екен. Маманов талапкер қазынадан тиісті орнын емтиханнан бесінші больш келген бір жарлы баласына беріп, өзі Мамановтардан алатын ақшасының жүз елу сомын төлеп школада жатып оқиған болды. Сөйтіп биыл қазақтан келген қырық баланың төртеуі-ақ кірді. Басқалары өз күшімен оқуға ауқаты жоқ болған соң, қазына орны жетпеген соң еліне қайтты. Жылда учительский школаға қырық-елу бала келеді, төртеу-бесеуі яғни оннан бірі кіріп, басқалары оқуға қаржы таба алмай, еліне қайтады. Бұлар городской, губернский класты, сельский школа бітіргендер. Олар оқырлық орындар шамалы, учительский школа, семинария, адам фельдшері я мал фельдшерінің школалары. Торғай мен Орал облысында фельдшерлік школалар жоқ. Семинарияларда қазақ стипендиясы я тіпті жоқ, я бар болса аз, жоқ есебінде киргизский учительский школада қазына орны алпыс, оның жартысы қазаққа, жартысы орысқа деп ол жағынан да үлкен ауыл үлкендігін қылатын көрінеді. Торғай мен Орал облысының қазағы дендеп, көбірек оқитын орын киргизский школа, бұған кіре алмай қайтқаны оқи алмай қалғаны. Бұлардың бес-алты жыл оқып білгені шала-шарпы орыс тілі, шала-шарпы орыс жазуы. Білгендері шала-шарпы мұсылманша хат біледі, білмегендерінде ол да жоқ. Переводчик, хатшылық орын-морын табылса жарады, табылмаса елде тұрып тіл де, жазу да ұмтылып, оқымаған қалпына түседі. Сана-саңлау түскендей я мұсылманша, я орысша жете оқыған жоқ: «аз білімін көпсініп, көп қазаққа епсініп», переводчик я хатшы болса, пысықсып тікектейтіндер осылардан шығады.

Жоғары һəм орта окулықтарымыз аз болса да, шолақ оқушыларымыз тəуір бар. Ең аз болса əр болыстан шолақ оқумен қалаған қазақ баласы елу-алпыс болады. Бұлардың қызметке кіргендері қазаққа епсінумен болады. Үйінде тұрғанның оқығанынан жұрнақ қалмайды. «Асыл тастан, өнер жастан» деуші еді, шырақ ұстап, жұрт алдына түсіп, түзу жолға бастайтын адамдар шығар деп үміт ететін жастарымыздың жайы осы. Орысша оқығандарымыздан пайда жоқ деп, қазақ өкпелейді. Сондағы оқығандарымыз дейтіні шолақ оқулылар болса, оларға өкпе жүрер ме? Егерде оқығандарымыз деп жоғары я орта оқулыларды айтса, олар тіпті аз-ақ есепте емес пе? Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек, үлкен үй салуға да қанша жұмысшы керек, жеті облыс қазақтың жұмысы үй жұмысынан ұлығырақ емес пе? Жұмысшы аз болса, жұмыстың өнімі де аз, көп болса, көп болмақы. Егер де оқу іздеген талапкерлеріміздің қырықтан төртеуі ғана оқырлық орын тауып, басқалары қаңғырып далада қалып отырса, жұрт жұмысшысы көбейіп мандыр ма, жұмысшы көбеймесе, жұрт жұмысы ілгері басып өнер ма?

Page 101: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

101

Алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн ба? Бұл да сол сияқты емес пе? Сол қаңғырып қалып тұрған балалар ұлттың ұлы емес пе? «Балам» деген жұрт болмаса, «Жұртым» дейтін бала қайдан шықсын? «Балам» деп бағып оқытып, адам қылғаннан кейін «Жұртым» деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой. Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымын деп жүрген қазақ баласы жоқ. Баққан қазына, қазынаға борыштымыз деп жүр. Жастарды оқыту расходынан қашып, қазынаға борышты қылып қойса, жастарда не жазық бар? Баланы ұлша тəрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тəрбиелесең, құл болмақшы. Егерде осы күнгі орысша оқығандардың арасынан «Жұртым» деп шығып жатса, жұрттың өткізген төлеуі үшін емес, адамшылық борышты басынан атқару үшін. Мойындағы борышты білу-білім ісі, борышты төлеу адамшылық ісі. Білім мен адамшылық екі басқа нəрсе, бірақ борышын білушілер көбейсе, төлеушілер де көбеюі ықтимал.

Жоғарыда айтылған сөздердің ықтығы мынау: əуелі, қазақ, жұртшылық етіп оқимын деген жастарыңды бүйтіп қаңғыртып қоймас үшін, қам қылыңдар. Ол үшін əр жердегі оқитын орындарда көбірек стипендия ашу керек, оны ашу қиын да емес, қымбат та емес. Баланы оқыту ата-анасына ауыр болғанмен, жұртқа жеңіл. Екінші, стипендияларды түрлі школдарда ашу керек. Қандай школдарда қанша стипендия ашу һəм, қалай ашу жайын тағы да жазармыз.

Бас мақала А. Байтұрсынов

Қала болған қазақтар жайынан

Қапал уезінде арғын қазақтарының ерге мұрындық болып, қала болуды сұранып жүрген 64 үйі өздеріне «Қарамола» деген жерден жер кестіріп алған еді. Инженерлер келіп қаланың орнын, һəм оның ішінде мешіт-медресеге деп біраз жер пішіп кеткен еді. Бұл қазақтар сонда егін салып, тамдарын қалап, мұжықша Жаһудшыл тірі боламын деп қимылдап еді һəм мұжық тəртібінше старосталарын да сайлап қойған еді. Бірақ олар қамданғалы үш жыл өтіп барады. Жөндігіп кеткен бір істері көрінбейді. Қала болғаннан бері өз араларында дау-жанжал, араздасу көбейіп кетті. Көзге толық там да салғандары көрінбейді. Бұрынғы лас тұрмыстың иісі бұлардан əлі аңқиды. Мал қорасы, астық сарайы, қақпа секілді мəдени тұрмыстың мың нұсқадан бір нұсқасы жоқ. Егінді де тек немқұрайды қалыбында салып жүр. «Жер тарылды, малдың өрісі құрыды» сондықтан онды жерлерімізге өзіміз «қала болайық, үйтпесек қазақ жұрт бола алмайды...» деп жүрген қазақ жастары солардың халін тексеріп қарап тұрса, мəдени тұрмыстың жайын айтса, олардың қаласына барып бес-он күн жатып, ол бейшара бауырларына сөзбен болса да демеурін берсе, кім

Page 102: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

102

біледі, олар мəдени тұрмысқа үйреніп кетер еді. Ə дегенде ескі тұрмыстан жаңа һəм жат тұрмысқа жатырқамай үйрене қою оңай емес.

Енді үкімет кісілері бұларға өз беттеріңмен жеке қала болып отыра алмайтын көрінесіңдер, дау-жанжалдан бір арылмадыңдар. Сондықтан сіздерді құрдың боғындай бытыратып он үйден орыс қалаларына қосамыз, яки орыстарды сендердің қалаларыңа орналастырып, соларды басшы қыламыз. Сол уақытта сендер, олардан көріп дүниеде қалай тұру керек екендігін үйренерсіңдер деп жатыр.

Бұлар қала болса да жаз жайлауға шығып жүр еді. Енді «мұжық болған қазақтарға жайлаудың керегі жоқ, олардан жайлау алынады» деген сөз шыққаннан бері бұлардың салы суға кетіп сасып тұр. Кейбір шолақ ойлылары қайтадан қазақ қалпына шығамыз деп қопаңдап тұр. Қала болған қазақтардың жайы осы. Сондықтан бұл жақтағы қазақтарға қала болыңдар дейтін болсақ: «Қала болған арғындардың да шекесі қызарған жоқ!» деп жауап қайырады.

«Қыс»

Жер жұмысына дін жұмысын қыстырмалау

Қазақты отырықшы қылғанда, христиан діні түбінде қабыл етерлік жағы да көзделсін деген сенат жиылысы ұнатып, жер министрі қа-былдаған бір істі өткен нөмірде «Уақыт» газетасынан көшіріп бастық. Сенат мақсұты табылу үшін: Əуелі, қазақтарды мұжықтармен біріктіре отырғызу керек. Екінші, қазақ саны орыс санының жартысынан аспасқа керек. Солай етсе орыстардың қазақтардан саны басым болмақ. Саны басым болса, орыстардың сөзі де, тіршілік ісі де басым болып, қазақтар христиан дінін құл етпек.

«Уақыт» газетасы айтады: Қазақтың отырықшы болғаны үкіметке пайдалы, қазақтарға зарарсыз іс қой деп бұрын біздер, яғни ноғай газеталары, қазақтар қала болыңдар деп ақыл беруші едік һəм соңғы жылдарда: əуелі, переселен чиновниктерінің айтқан ақылы, екінші, ноғай газеталарының берген ақылы, үшінші, қазақ оқығандарының айтқан сөздері қамшы болып, қазақтардың көбі отырықшы болуға сұранып, бірсыпыралары отырықшы боламыз деп мұжық нормасыменен жер кес-тіріп те алып еді дейді. Мұнан былай біз ноғай газеталары қазақтың жер туралы ісіне тіл қатып, кіріспейміз, үйткені жер жұмысына тиіссіз басқа жұмыс кіріп тұр. Ол миссионерлік жұмыс деді. Өлексе табылса, қарғалар, қарақұстар табылатыны, ноғай бауырларымыздың газетасының есіне жаңа түскен көрінеді. Сенат айтуынша, қазақ христиан дінін мұжыққа қарап телміргенде қабыл етпек. Оны құр ойларымен бал ашып, айтып отырған жоқ, іс жүзінен көріп айтып отыр. Алтай һəм қазақ миссиасының

Page 103: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

103

1893 жылғы отчетында1 айтады: «1893 жылы қазақтан шоқынған еркек-əйелі бар 69 кісі. Христиан дінін оңай қабыл еткіштер жарлылар; Қалың қазақтың ішінен шығып, қалаларға келіп малайлыққа жалданғандар; Бұлар бірте-бірте орыс тілін біліп, орыстың ғұрпымен, дінімен танысады. Сонан соң христиан дініне икемдеп бұрмалаушы əуел бастап тұрған қожалары болады» деп. «Новое время» газетасының 7643 нөмірінде осы туралы жазды. Ол жазады: «Біздің миссионеріміздің шоқындыратындары қазақтың сорлылары, жарлылары. Өз жұртының ішінде теңдікке қолы жетпей, малайлыққа жүріп, жарық сəуле көрмегендер жаңа дінге кіріп, жаңа дін қарындас тауып, жақсылыққа толымсыз жетерме деп дəмелі болатындар» деп 1892 жылға Қоянның ашаршылығында Қостанай уезінде бір ауыл қазақ шоқынып кеткен жоқ па? Бай қазақта бір адам шоқынды деп миссионерлер де, газеталар да жазған емес. Сондықтан Алектров айтқан:2 миссионерлер пəлен етіп жатыр деп газеталар жыр қылады. Ондағы шоқындырдық деп мəз болатындары өңшең тамағын асырай алмай есікте жүрген малайлар; Жоқшылықтың зарынан неге де болса көнетін шарасыздар. Миссионерлер қазақтың ішіндегі қарны тоқ, қадірлі адамдарын шоқындырса екен. Оларды шоқындыру жарлыдан көрі қиынырақ болар, оның есесіне шоқындырдық деп мақтануға сыйымдырақ болар» деп.

Осылардың бəрі де жарлы қазақты шоқындыру оңай, бай қазақты шоқындыру қиын екендігін көрсетеді һəм сенаттың қазақ күні мұжыққа түссе, христиан дінін қабыл етеді деп топшылауы құр оймен бал ашу еместігін көрсетеді. Қазаққа мал бағуды тастап, 15 десятинадан жер алып, қала бол дегендер: Əуелі, переселен чиновниктері, екінші, ноғай бауырларымыздың газеталары, үшінші, қазақтың оқығандарының кейбіреулері. Переселен чиновниктері қазаққа қала бол дегенде, қала болып 15-тен жер алса, жер көбірек артылады; Көбірек артылса, жерді көбірек алып, жеген нанын ақтамақ үшін қазаққа қала болыңдар деп ақыл берді. Оларға қазақтың күл болғаны, Бұл болғаны бір есеп. Ноғай бауырларымыздың газеталары қазақ жерінің жайын білмегендіктен переселен чиновниктерінің сөзін қостап кетті. Олар ойлады: қазақ 15-тен жер алмаса, құрып жоқ болады да, 15-тен жер алса, мəдениет туын тіккен жұрттың бірі болады деп. Бұл қазақ жерінің жайын жақсы білмегендік. Қазақ жерінде мал бағумен күн көре алмайтын болса, 15-тен жер алып, егін салумен де күн көре алмайды. Жаманнан жақсыға түсуде мағына бар. Жаманнан жаманға түсуде не мағына? 15 десятанамен күн көреді деушілер я өздері қазақ жерін білмейтіндер, я біле тұра басқаларды адастыру ниетіндегілер. Туралығын айтатын адамдардың қазақ жерін білмейтіндері қазақ даласы малдың жері дейді. Шудалы түйе, жабағылы

1 Православный благовестник. 1894. N 7,8,92 Народ. 1897. N 237.

Page 104: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

104

қойдың жері деп профессор Вернер айтады. Көктің дымын жерге түсіру амалын тапқанша, қазақ даласы егін жері бола алмайды деп профессор Богданов айтады. Оның айтуынша, қазақты алақандай жерге арқандап отырғызамыз деген адасқандық. Қазақты егінші қылып жарытпас малынан айырып кедей кебін кигізер1 дейді. 1910 жылы Г. Думада Кавказ депутаты Хайдаров та, Петербург депутаты Миликов та қазақ жері турасында сөз болғанда екеуі бірдей айтқан: Қазақты қала қылып отырғызғандар бағып отырған малынан айырар, мал шаруасының төлеуіне тұрарлық ешнəрсе тауып бере алмас деп. Қазаққа 15-тен жер алып, қала бол деп ақыл беретіндер переселен чиновниктерінің сөзіне басқалардың да айтқанына құлақ салу тиіс еді. Қазақ жерінде малды тастап, жалғыз егінмен күн көруге болады, 15-тен жер алып, қала бол деп айтуға біздің аузымыз бармайды. Рас, қазақ жерінің жақсысы да бар екені. Бірақ ондай жерлер тіпті аз һəм ондай жерлердің көбін алып та қойды. Бұл күндегі жақсы деп жүрген жерлердің жақсылығы шамалы. Ол жерлерден 15 десятинадан жер алып, қала болып күн көру қиын, Бұл күнде қазақ жерінде қазағьт бар, орысы бар егін салып, байып отырса, оған қарап топшылап егінмен күн көруге болады деп айтуға болмайды. Жердің қазіргі молшылығында жүздеп, екі жүздеп егін салғандар, əрине байыр. Қазақтың да, мұжықтың да күні 15 десятинаға түскенде байымақ түгіл күн көретініне көзіміз жетсе, біз де қазақтарға қала бол деп ақыл берер едік. Оған көзіміз жетпейді, 15-тен жер алып, қала болса, кедей болатынына көз жетеді. Жердің молшылығында жан-жағындағы қазақтың жерін еркінше жалдап отырып, мұжықтар егіні шықпаған жылы қазынаға қарап, балапандай аузын ашып, асыра деп шулайды. Сол шулауға қазақ та түседі: Егін егу жайын қазақ мұжықтан артық білмейді.

Өз ауқатымен тамағын асырай алмай, басқаның қолына қарап телмірсе қазақ жұмысы біткені. Өлімтік аңдыған қарақұс пен қарғалар қазақ үстінде тойын сонда тойлайды.

Қала бол деушілердің көбі: қазақ көшуін қойса, қазақ даласына мəдениет туын тігіп орнар еді дейді. Мəдениет деген жақсы. Бірақ жақсы нəрселердің қолға түсуі оңай болмайды. Мəдениетке жетіскен жұрттар переселен чиновниктердің қала-қала қылып отырғызуымен жетіспеген, кеңінен толғанып бірте-бірте жылжумен жетіскен. Оны эволюция жолы дейді. Қазақ та мəдениетке сол жолмен жетіседі. Оған жалғыз тысқы қалыбын өзгерту шарт емес, іші-тысы бірдей өзгере барып жетіседі. Біз қазаққа 15-тен жер алғызып, малын сатқызып, қала салғызып отыртайық. Қазақтың білетіні мал бағу, шала-шарпы егін егу, сауда істеу, бұнан басқа білер өнер я кəсібі жоқ. 15 десятинаға мал жайып мəз бола алмайды, сауданы бəрі тегіс істей алмайды. Олай болса, азы саудагер, көбі егінші болмақ. Егін қазақ жерінде жылда шығып тұрмайды. Бір жыл шықса,

1 Россия Европейская и Азиатская допол. К 1 тому Элизе Реклю.

Page 105: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

105

бір жыл шықпайды. Тіпті екі жыл, үш жыл ұдайынен егін шықпайтыны бар. Сонда қазақ немен күн көрер? Малдан айырылса, кəсібінің зоры егін болса, ол егін қазақ жерінде бірде шығып, бірде шықпайтын болса, егін шықпағанда күн көрерлік басқа кəсіп һəм өнерді қазақ білмесе, қазақ кедей болмай, кім кедей болмақшы? Кедей болса малайлыққа жалданудан басқа не келер өнер тағы жоқ. Əркімнің есігінде қорлықта жүргенде онда не ұлт намысы, не дін намысы қалар? Миссионер отчеттарында айтылған христиан дінін қабыл еткіш кедейлер мен малайлар сонда көбейер.

Қазаққа қала болсаңдар мəдени жұрт боласыңдар деп ақыл берушілер, əуелі, қала адамына тиісгі кəсіпті үйреніп алып яки ғылым өнер үйреніп, жаман жерді жақсы жер орнына, аз жерді көп жер орнына тұтынарлық дəрежеге жетіп алып, қала бол десе, оған біз де қол қояр едік. Оны айтпай, переселен чиновниктері 15-тен жер кесіп беріп, қала-қала қылып отырғызса, мəдени жұрт болып дүрілдеп кетесіңдер деген сөз – қазақ қазір Европаша киініп ала қойса, Европа адамдарының істегенін істеп кетер еді деген сияқты сөз. Ешнəрсені үйретпей, Европаша киіндіріп, Лондон я Парижге қазақты апарып қоя берсе, тапса малай болар, таппаса аштан өліп қалар. Үкімет біздің 20 ғасырда көшіп жүргенімізден ұялса, бізге жаман жерді жақсы жер орнына тұтынарлық ғылымын үйретіп, білдіріп алып, қала бол десін. Сонда қала болмасақ, біз үшін ұялсын. Оны істемеген үкімет өзінің істемегенінен ұялмаса, қазақ көшіп жүруінен ұялатын жөні жоқ. Қазақ көшіп жүрсе, еріккеннен көшіп жүрген жоқ, мал баққаннан көшіп жүр. Жері малдың жері болған соң мал бақпасқа шарасы жоқ, жаман жерді жақсы жер орнына тұтынарлық амалын тапқанша. Қазақ жерінде жалғыз егін кəсібі күн көрерлік сенімді кəсіп деп айтуға болады. Олай болса, қазақ көшпелі болсын, отырьпцпы болсын малсыз күн көре алмайды. Мəдени боламын деп 15 десятина жерге қамалып, малдан айрылып, егінмен күн көре алмай, судың бір жиегінен алыс кетіп, екінші жиегіне жете алмай суға батқандардың күйіне түсіп, бітіретініміз аз болар. Мəдени болғың келсе, мал бағудың тоқтаушылығы жоқ. Қала боламын десең, мал бағудың тоқтаушылығы жоқ. Мал баққан Швейцарияның мəденилігі һəм қалалары ешкімнен кем емес. Переселен чиновниктерінен бата алып, 15 десятина жер алса, сонда ғана қала салып отыруға болады деген қате пікір.

Сенаттың айтып отырған бір қазаққа екі мұжық келсе дегені бір қазақты екі орыс ұстап отырып шоқындырады деген сөз емес. Тіршілік шаруасы жүзінен қазақ мұжықтан төмен болып əлсіреп барып, христиан дінін қабыл алады дейді. Олай болғанда қазақ жарлы болмас жағын көздеу керек. Қазақ телміріп басқалардың қолына қарайтын күйге жетпеске керек. Оған жетпес үшін оқу, өнер, кəсіп үйренуге керек. Мəдениетке бірте-бірте сол жолмен жетісерге керек. Оны істеуге мал бағу жағынан оралғы болатын ешнəрсе жоқ.

Page 106: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

106

Қысқасы, біздің қазақ жерінің жұмысына дін жұмысы қосылуы күтілмеген жұмыс еді. Қазақ ісіне миссионерлік қыстырылмайтын орны қашаннан-ақ аз болатын. Қазақ жарлыланып, жасымаса, миссионерлік еш нəрсе қыла алмас, жарлылыққа айналса, айналдырушы көбейетіні шексіз. Жұрттың тірлік күйде я өлімтік күйде өмір шегуі өзінің жігерінен болады. Сол жігердің өзінде барлығын білгенше, өзі істерлік істі өзгеден күтіп жұрт алаңдайды. Өзгелер де оны жұлып алып, ауызға сала қоятын жемістей көреді, біздің қазақ осы күнде сол күйде тұр. Өзі істейтін істі өзгеден күтеді. Өзгелер де ол күйін біліп, қазақ жұмысына əкеліп орынсыз нəрселерді қыстырмалай береді.

Ноғай бауырларымыздың газеталары бұрын қазақтың ол жайын білмей, енді ғана байқап, бұрынғы жөнінен бет бұрып, шықтық деп тұр. «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң».

Тағы да би һəм билік

Қазақтың би һəм билігін өзгертіп не керек, шірік жіп қанша жалғанғанмен не іске жарайды? Бұл биді, билікті жоғалтып, қазақты орыс судьясына қарату керек деп орыс айтады. Шариғатқа қарату керек деп біздің моллалар айтады. Біз мұның екеуіне де қол қоймаймыз. Себебі мынау: осы күнде қазақта ауыл басына жүз үй. Жүз үй басына бір би. Биді құдай қаңғыртқаны болмаса, би түзу болса, билік əділ болса, би үй қасында, желіп барып биге түсіп, дау біте қалатын жерде. Биге закон жол жасап беріп, осы соқпақпен жүр деп, жүргізсек биді кім болса сонан қорықпайтын қылсақ, біреудің бетіне, біреудің жақсы жағасына қарамайтын қылсақ, ауыл басына бір би жұртқа жақындығынан, жұрт ортасында болғандықтан, жұртқа пайдалы, жұртқа ыңғайлы. Қазақ дауы орыс судьясына қараса қол жетпесте болады. Ауыл басына бір судья қоярға зор қазына керек. Қазақтың закон бойынша бір болысы мың үйден бір ауыл жүз үйден кем емес. Қазақ биін орыс судьясына аударсақ бір болысқа он судья керек. Əрбір судья мекемесінің шығыны аз болса, үш мың сом жылына тұрады. Бұл бір болысқа 30 мың сом шығын болады. Бұл шығын мал бағып отырған біздің қазақтың қолынан келмейді. Болыс басына бір судья қылып, он есе биді халықтан ұзатсақ, онда да шығын үй басына үш сом, қазаққа о да қиын. Судья қол жетпеске кетіп, он есе осы күнгіден даугерге алыс жұртқа ыңғайсыз болады. Бұл судьяларға мекеме керек. Тұратын қыс-жазы үй керек. Бұлар өз алдына шыгын. Бұл шығындарға қазына, мемлекет кіріседі деп адасуға болмайды. Біздің орта санды болыс 10-15 ауыл, 1016 ауыл, 10-15 судья болса, мұндай біздің қазақ жеріне судья болатын керек оқуды бітірген көп адам табылмайды. Еуропада жүріп тамақ асырайтын өнерлі кісі біздің қазақ жеріне келмейді.

Page 107: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

107

Біздің қазақ уезний қаласында дəрігер, судья орындары бос болатын осы себептен осы күні қала басына 2-3 судьяның орны бос тұратын болса, сонда бұл орындарға əзірше ешкім келе қоймас. Демек қазақ-орыс сот жүйесіне аударар болса, онда баяғы қаңғырған жаман биіне зар болар. Біз орыстың судьясына қарасақ, Бұл рəсіммен билік айтар. Мұның бұл законы қандай? Қазаққа əкеліп мұжық қамытын кигізе салса бұл бір түске кірмеген қиыншылық. Мұнан қазақ безу керек. Не бұл судьяға қазақ рəсімін араластырып қазаққа ыңғайлы закон жасап берсе сонда орыс судьясын мойындау керек. Біз бұл орыс судьясына құл болсақ, судья біздің жұрттың тілін білмейді. Біздің өзімізден судья болатын қазақ жоқ есебінде. Переводчик пен биге түскен соң бұл дауда не қасиет қалады. Бірі бас десе бірі құлақ деп қарап тұрмай ма? Судья даугер мен жауапкердің сөзін өз құлағымен естімесе тəмам ортасынан не жақсы билік шықпақ.

Қазақ биін орыс судьясына аударамын дегеннің еш қисыны жоқ. Орыс судья қазақ биінің ісін орнына келтіріп, жұртқа пайдалы қылып атқармас деп жоғарыда жазылған дəлелдер қазақ биін һəм билігін шариғатқа аударамын дегендердің пікіріне қарсы қайта айтылады. Біздің қазақ мұнда бөтен кісі жоқ, мұсылманмын дегені болмаса шариғатқа малданып жүргені жоқ қой. Қазаққа шығарған законда ауылнай, старшин есебін алады деген. Осыны сылтау қылып қырда ауылнайлар неке қияды. Осыған жұрт мойын ұсынып құл. Жұрт шариғатты малданып отырса өліпті таяқ білмейтін ауылнай зорлығына құл болама? Жұрт шын мұсылманшылық жолына таза кірсе, өтірік құран алып жан береме? «Соқырмен жолдас болсаң, көзіңді қысып жүр» деген сөз мағынасы жақсы-жаман болсын кісі мінезі жұрт пікіріне сүйеніп атқарылады емес пе? Халық шариғат жолынан қисық жатса, шариғатпен айтамын деген билік құрып қалмай ма?

Жоғарыда жазып едім, керек орыс судья табылмас деп. Шариғат жолын білетін біздің молла да жоқ қой. Ғұмыр күнен-күнге өзгеріледі. Жұрт рəсімі бірте-бірте өзгерілген ғұмыр жүзіне өтіп жүріп өзге болады.

Қыр баласы

Бастауыш мектеп

Қазақ бастауыш мектебі қандай боларға керек? Бұл туралы ашылып пікір айтылған жоқ. Петерборда болатын мұсылман кеңесінде мектеп мəселелері қаралмақшы, оған қазақтан баратын адамдар қазаққа қандай мектеп керек екендігін біліп барарға тиіс. Сондықтан «Қазақ» өз пікірін айтып, жұрт құлағына салмақшы. Осы кезде қазақ балалары оқуды екі түрлі бастап жүр. Біреулері оқуды ауылдағы мектептен бастайды, екіншілері ел ішіндегі орыс школасынан бастайды, Солай болған соң,

Page 108: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

108

қазақтың қазіргі бастауыш мектептері осылар дейміз. Қазақ бастауыш мектебі қандай болу керек деген мəселені шешерден бұрын, осы күнгі тұтынып отырған бастауыш мектептердің жарамды, жарамсыздығын тексеріп, сонан соң керек мектебіне түрлі болу жайын сөйлеу тиіс.

Əуелі ауыл мектебінен басталық. Осы күнгі ауыл мектептерін мектеп деп айтарлық емес. Оқуға керек құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер аз. Сонда да қазақша қат білушілердің протсенті мұжықтардан жоғары. Осы күнгі тек қат жаза білетін қазақтардан бастап, газета, журнал, кітап шығарып жатқандарымыздың бəрі де сондай мектептен оқып, қат танып, жазу үйреніп шыққандар. Мұнан көрінеді: осы күнгі мектептер осыншама жайсыз, күйсіз қалыбында қалық арасына оқу, жазуды мұжықтар арасынан гөрі көбірек жайып атқаны, бұл мектептің қалыққа жақындығы, балалар білімді ана тілімен үйренгендігі.

Алайық енді орыс школаларын. Қазақ арасындағы орыс школалары ауылнай, болосной екі класты школалар. Бұлардан бітіргендер ілгері оқымаса, онда жоқ болып, шала оқумен қалады. Елде бір-екі жыл тұрса, оқығанның көбінен айырылып, оқымағандармен бірдей болып, оқыған еңбек бос кеткен есебінде қалады. Бұл күнде екі класты школа бітіргендерден ауылнай утшител, писарь болып жүргендері бар екені рас, бірақ бастауыш мектепте үйренетін білім жұрттың бəріне тегіс керек ғой. Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білімдер де сондай керек. Осы заманда қат білмеген адамның күйі тіл иə құлағы, иə қолы, жоқ адамның күйімен бірдей; мұнан былай қат білудің керектігі онан да аспақшы. Бастауыш мектептен оқығандар писар, утшител, фелдшер, адуокат, содиа, инженер, агроном болар демей, ең əуелі, қазақша толық қат білетін дəрежеде болуын көздеу керек. Екінші, бастауыш мектептен үйренген білім əрі оқимын дегендерге негіз боларлық жағын көздеу керек. Егерде бастауыш мектептен оқып шыққандар ілгері оқымай, үйінде қалса, ұлт əдебиеті мен мəтбуғатының мүлкін пайдаланарлық даражалы біліммен қалсын. Əр оқимын деген қалде: мұсылманша оқыса, бастауыш мектеп оқуы артқы оқудың негізі болуға жарасын; орысша оқыса, орысша үйренудің қиындығын жеңілтерлік демеу əм негіз болуға жарасын.

Жоғарыда айтылған қазақ ішіндегі осы күнгі екі түрлі бастауыш мектептің екеуі де көңілдегі мектептердің түрінен табылмайтын мектептер. Бірінде оқуға керек құрал жоқ, тəртіп жоқ, мөлшер жоқ, жоспар жоқ. Қалық оқуды керек қылғандықтан, жаман да болса, «жоғынан бары артық» дегенмен істеліп отырған іс. Екіншісінде, иағни, орысша школаларда тəртіп те бар, құралдар да сай, мөлшер, жоспар бəрі де бар. Бірақ, сонысына қарай пайдасы аз. Олардың пайдасын кемітіп отырған бір-ақ нəрсе: қазақты орысқа аударамыз деген пікір бəрін бүлдіріп отырған. Сол школалар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс

Page 109: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

109

тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб əрпін тастатып, орыс əрпін алдырамыз дейді. Сол үшін əуелі, балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілімен оқыса да, орыс əрпімен оқысын дейді. Соның үшін біреулері ана тілінде оқыған аты болу үшін қазақ тілінде орыс əрпі басылған кітаптардан бастап оқытып, əрірек барған соң, кілең орысшаға түспек керек дейді. Бұлар еппен қайырмалаушылардың жолы. Біреулері еп-септі қойып, бірден орысша оқыту керек дейді.

Өткен жыл 14-ші ийуінде патша жарлығы бойынша шыққан прави-лада Ресейдегі бөтен текті жұрттардың мектебінде бастапқы екі жыл ана тілінде оқылсын деген. Ол правилаға Оқу министрі қол қойған. Оның бер жағында Қазан округінде бір инспектр попетчителге жазған: учителдер чуваш балаларын чуваш əліппесімен оқытпай, бірден орыс əліппесімен оқытқанды оңай көреді деп. Оны попечител министрге жеткізген. Министр енді жазып отыр: чуваш мектебінде орыс əліппесінен бастап оқытқанды бек ұнаттым, бек келісті іс екен – деп. Сүйтіп, чуваш балаларын чуваш тілімен əм чуваш əліппесімен оқытпай, бірден орыс тілімен, орыс əліппесімен оқытуға министр батасын беріп отыр. Бастапқы екі жылда ана тілімен оқытуға тиіс деген правилаға қол қойушы да минстр, онан кейін ана тілімен оқытпай, бірден орыс тілімен оқытуды ұнатушы да министр. Бұл екі қағаздың қайсысы іске асып, қолдануда болмақшы? Қайсысы үкіметке жағымды болса, сонысы іске аспақшы. Үкіметке жағымдысы қол астындағы жұрттың жазу-сызуы, тілі, діні бір болу. Ресей қол астында түрлі тілді, түрлі дінді, түрлі жазу-сызуды тұтынып отырған жұрттар бар. Солардың бəрі тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық ұнамды іс болмас. Сондықтан он төртінші июньде министр қол қойған правиланы он алтыншы ноябрде министрдің жазған қағазы жеңбекші. Ондай правилалар іске аспай қалу үшін, бір миссионер инспектор жазса, болғаны: өз əліппесімен, ана тілімен оқытып отырсақ, қай уақытта жазу-сызу, тілі жоғалды? Тегі, бөтен жұрттар тілінен, жазу-сызуларынан айырылып, орыспен бірдей болып сіңісу үшін, бірден орыс тілімен оқыту керек – деп. Бастапқы кезде ана тілімен оқыту тиіс деген сөз 1906-нші жылғы 31-нші март правиласында бар еді. Осы күнге шейін ауылнай, болосной екі класты бастауыш мектептерде қазақ əліппесімен қазақша басталып оқылғаны еш жерде естілмейді. Себебі не? Правила бойынша қазақ тілі мен қазақ əрпінен бастап оқыт деген отырған балалардың ата-анасы жоқ. Қалықтық өз тілімен, өз əрпімен оқығанын əкімдер жақтырмайтын болған соң, утшителдер өз беттерімен ана тілмен, ұлт əрпінен бастап оқытамыз дей қоймайды. Сөйтіп правила қағаз жүзінде бар болса да, іс жүзінде жоқ. Бұл айтылғанның бəрі де үкімет өз пайдасын көздегендіктен істеліп тұрған істер. Бастауыш мектептер жалғыз үкімет пайдасы үшін болмай, қалық пайдасы үшін де боларға керек. Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бəрі бір тілде, бір дінде,

Page 110: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

110

бір жазуда болу, əр қалыққа керегі өз діні, тілі, жазуы сақталу. Солай болған соң, бастауыш мектеп, əуелі, миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, иағни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек. Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты басқа дінге аударамын деген құр əурешілік. Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс. Араб əрпі ислам дінімен бірге келіп, қазаққа орнаған. Дінмен байласқан жазу дін жоғалмай, жоғалмайды. Қазақта газета, журнал, кітаптар жоқ кезінде жоғалмаған тіл газета, журналы шығып, кітаптары басылып, жылдан-жылға ілгері басып келе жатқанда, қазақ тілі жоғалмас.

Олай болса, мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып, орысшаға аударамын деген пікірден үкімет безіп, тиісті бастауы мектеп екі жаққа да зиансыз, пайдалы болуын көздеу. Солай ойлағанда, көңілге ұнамды мектептің түрі, біздің ойымызша, мынау: Бастауыш мектептер оқуы қазақ үшін 5 жылдық боларға. Əуелгі үш жылда балалар кілең қазақша оқу. Соңғы екі жылда кілең орысша оқу. Мұжық жөнімен қала болған қазақтар бар, қазақ ретімен қала болатын қазақтар да болар. Қыстаулары жиын қазақтар да бар, қыстаулары сирек қазақтар да бар. Солардың бəріне бастауыш мектеп қолайлы болуға тиіс. Бəрінің де оқиын деген балалары, мектеп жағынан қолайсыздық болып, оқи алмай қалатын болмасқа тиіс. Сондықтан, əуелі, қазақ бастауыш мектебі екіге бөлінерге: Келіп оқитын, жатып оқитын мектептер. Келіп оқитын мектептер қала болған, иағни қыстауы жиын жерлерде болу, жатып оқитын мектептер əлі сирек отырған жерлерде болу.

Екінші, қыр мектебі əм қала мектебі болып бөлінерге. Қыр мектебі – ауыл мектебі, болос мектебі болып, о да екіге бөлінерге, ауыл мектебінде кілең қазақ тілінен оқылатын үш жыл оқу оқыларға, қалғаны кілең орысша оқылатын екі жыл болос мектебінде оқыларға (тиіс). Болос мектебіне ауыл мектебінде бітіргендер алынарға (тиіс). Қала мектебі қаланың үлкендігіне қарай үш жылдық, бес жылдық оқулы боларға (тиіс). Жатып оқитын ауыл мектебі мен болос мектептеріне келіп оқи алмайтын балаларды ғана жатып оқитын есепке алуға (тиіс). Бастауыш мектепте кілең қазақ тілінде үйретілетін нəрселер: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тариқы, есеп, жағырапия, шаруа-кəсіп, жаратылыс жайы. Бастауыш мектептің кілең орысша оқитын екі жылында үйретілетін білім гимназиясының иаки реалный мектептердің төменгі кластарына кірерлік болу тиіс. Бастауыш мектептер осындай болса, бұлардан əрі мұсылманша иə орысша оқыту үшін қазақ балаларының бастауыш мектепте үйренген білімі негіз болуға жарайды.

А. Байтұрсынов

Page 111: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

111

Мұсылман сиезі

Мұсылман сиезі қараған закон жобасында жазылған екен, рухани мекемелерде қағаз татарша тілмен жазылсын деп. Бұл біздің қазақ жұртына ыңғайсыз екені көзге көрініп тұр. Түрік затты халықта біздің қазақтай бір жерде тізе қосып қалың отырған іргелі ел жоқ. Біздің тілді біздің қазақ жерін араламаған мұсылман бауырларымыз қайдан білсін, біз кітап жазып, журнал-газет шығара бастағанымыз осы 3-4 жылдың ғана арасында. Анық түрік заты халық тілі біздің қазақта...

Абай, Шəкəрім, Міржақып, Мағжандай 1 ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады.(Бұл жоғарыда жазылған ақын сөздері сиезде сөйленген жоқ).

Біздің қазақ осы тілін тастап, татарға міңгескені адасқандық болар, біз, қазақ татар тіліне шорқақпыз, татар тілі деген тіл тағы біреу емес. Кавказ, Қырым ауылындағы татарды Қазан татарымен сөйлестірсе, бірін-бірі ұға ма, жұртқа ыңғайлы болу үшін рухани мекеме қағазы əр облыста əр жұрттың өз тілімен, жазылсын дедік Жиһанша екеуміз. Қағаз тілі бір болса, мұсылман бірігуіне жақсы, законда татар тілі болсын деп көріне, сөйлеген қазірет Хұсайын, өзге хазіреттер де Хұсайын пікірін қабыл-дайтын көрінеді. Бақытжан ағамыз қазақта тіл жоқ деді. Көп таластан кейін сиез рухани мекеме қағазы «татар-түрік» тілімен жазылсын деді. Біз қазақ тілі законға жазылсын деп қарыса алмадық, бүктемеде қалатын болған соң. Жығылатын болған соң «Түрік» дегеннің ішінде кірдік қой деп тоқтадық. Түбінде біздің қазақ тілі бізбен тіл тұқымы бір өзге мұсыл-манды байытпаса, біз біреуге қоңсы қонбаймыз ғой. Ғұмыр жүзінде біздің қазақ тілі өз бəйгесін алар. Абай, Ахмет, Міржақып, Шəкəрім, Тарғыннан һəм өзгелерден бұл көрініп тұр ғой. Закон жобасында жазылған екен, əйел 13 жасқа толса, некеге шарт болсын деп. Талғат, доктор Хұсайынбек Ағаев 13 жаста адам баласы өсіп жетілмейді, бала көтеруге жарамайды, 13 жасар қыздың күйеуге тиюі үлкен зиян, 13 жаста ақыл да толама, 13-тегі бала не шаруа басқарады, онда неке шарты 16 жас болсын деді. Талғат һəм Хұсайынбекпен ақсақал хазіреттер көп тартысты, 13 жас шариғатқа дұрыс, 16 болса шариғат бұзылады деп. Депутат Жағыпаров айтты: Кавказда əйел баланы бөрікпен ұрып, жыламаса, неке қиып алады, бұ да шариғат болғаны ма? Ақырында Ғұмыр құдіреті хазіреттерді бүктеп, законда неке шартына əйел жасы 16 ер жасы 18 болып жазылды.

Мүфтиге қандай өнерлі кісі лайық деп сөз болғанда, мүфти орнына сайлау шарты мынау болсын: дін туралы кітап жазып, кітабын сынға салып, бəйге алған ғана кісі сайлансын, мына Европа университеті Ғұламасының жолы сияқты деп едім. Маған жалғыз Мосы əпенді қосылды. Біз бүктемеде қалдық. Сералы Латин рухани кісілер атқаратын билік туралы сиез алдына закон жобасын тартқан еді, бұл жоба бүктемеде

Page 112: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

112

қалғандай болып, закон жобасын қарайтын кісілер қолына тапсырады. Сералы закон жобасын мұнда жазуға уақытша қалам мүжіліп тұр. Жиһанша біздің мұсылман рухани істері ішкі министрден тысқары, суд министрі икемінде болсын деп еді, бұ да бүктемеде қалды.

Əлихан

Бұл қалай?

Бақытжан Қаратаев қаласында төрт-бестей-ақ үй қалды, өзге қазақ көшіп кетті деген біз хат алдық. Қаратаевты тастап кеткен қазақ жері мұжыққа беріліп, енді Бақытжан хохолға ақсақал болды дейді. Жымпиты, Шілдертіге бас болып Бақытжан 1910 жылы 15-тен жер алғанда бұларға (Бақытжан қаласына) таңдама жақсы жер, өзгеден артық енші берді деп еді. Жер аяулы жақсы болса, Бақытжан қаласынан бар қазақ неге үрікті. Бұл хабар рас болса, Бақытжаннан ауған қазақ қайда кепі? Осыны біздің «Қазаққа» жазатын тілші табылар ма?

Мұсылман сиезі

Өткен 6–10 декабрьде Петроградта мұсылман сиезі болып тарқады.Бұл сиезді бастаған Петроград мешітінің комитеті, Нашир Мағараев

жамиғаты, жамиғат хайыр ие. Шақырғаны орыс қол астындағы мұсылман жамиғаттарының өкілдері, іздегені мұсылман болып көзге көрінерліктей қылып соғысқа көмек қылмақ. Осымен Петроградқа 35-тей өкіл жиналды. Біздің қазақтың мұнда екі өкілі болғанын өткен нөмірде жазып едік. Біздің қазақта көзге көрінерлік жамиғат жоқ. Жоғарыда айтылған Түркістаннан барған екі қазақ телеграмм арқылы біз баруға бола ма деп сұрап, рұхсат алғаннан кейін кешітіңкіреп барған.

Бұл сиезге қазақтан бірлі-жарым шақырылған кісі бар еді. Бірақ айтқан шартты іске айналдыру қиын болатын жағынан тартынып бармай қалып еді. Өткен мұсылман сиезі біздің қазақ тілегі орыс патшалығы қол астындағы басқа мұсылмандар тілегімен де бірге екендігін көрсетті. Саясат ісі бірлікпен орнына барады. Біздің қазақ өкілдері мұсылман болып бірге іс қылайық дескен. Мұны біздің жұрт та теріс демес. Бұлай болса, өзге мұсылмандар мұсылман атынан саясат жолымен іс бастап, талап қылғанда, бізге кіріспеске болмайды. Айтуға сөз оңай, сөзді іске айналдыру қиын жұмыс, мұны қиын деп бас тартса, қатардан қалып масқара болып қалды деген осы болады. Мына мұсылман сиезі мұсылман атынан істейміз деп байлау қылған іске қазақ болып бірігу тиіс.

Мұсылман сиезінің байлауы мынау: үкіметтен рұхсат алып, жұрт ортасынан комитет ашпақ. Осы комитет кісілері соғысқа көмек беруге

Page 113: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

113

тиісті жолмен жұрттан қазына жимақ. Қай жолмен қалай комитет сайлайтыны кезінде жазылар. Бұл үлгілі саясат жолында жұрт адамына білім, тағылым жол көрсететін іс, бұған қазақ жігіті кірсе, саясат жолынан тағылым алады, күндердің күнінде қазақ жұртына керек болатын іс атқарады. Жұртқа пайдалы іс қыламын деген қазақ бұған кірісіп іс қылу зор мақсұт!

Басқармадан: «Қазақ» басқармасы бұрынғы-соңғы шыққан қазақ тіліндегі я қазақ жайынан жазылған басқа тілдегі кітаптардың бəрін (əр қайсысынан бір данадан) жинап кітапхана құрамақшы. Соның үшін ардақты азаматтардан өтінеміз, кімдікімнің өзі шығарған, бастырған кітабы болса, я осы кітап солардың қолына түспеген шығар-ау дейтін бұрынырақ басылып, осы кезде көзге көп шалынбай жүрген сирек кітаптар болсын, «Қазақ» басқармасына бір-бірден жіберіп тұрса, тəңірі жарылқасын айтылып, қабыл етер едік. Бұл кітапханамыз келешекте қазақ əдебиеті тарихы үшін қымбат материал болып қалар еді, басқа да пайдасы аз болмас еді. Кітаптардың жақсы-жаман, үлкен-кіші, ескі-жаңа болуы шарт емес, не де болса қазақша яки қазақ жайынан жазылған болуы шарт.

Бала тəрбиесі

Адам баласы басқа мақұлықтардан қандай ақылды, өнерлі болса, сондай осал, төзімсіз. Басқа жəндіктер еш бір жəрдемсіз, қарусыз жортып жүретін ыстық я суықта адам баласы киім киіп, үй салып басын қорғайды. Тауықтың балапаны туысымен тамақ іздеп шауып кетсе, адам баласы берген тамақты əрең ішеді. Сондықтан адамның адам болуына көп күтім, көп тəрбие керек. Басқа жəндіктерге тəрбие бек аз һəм тəн тəрбиесі ғана керек. Адам балаларына, жаратушы Аллаға, ұлтына һəм өзінен кейін өсіп-өнетін ұрпақтарына міндеті көп болғандықтан, тəн тəрбиесі қанша керек болса, жан тəрбиесі сонша керек. Адамның аштан, отқа күйіп, суға түсіп өлмей адам болуына туған сағаттан бастап тəн тəрбиесін жасау керек болса, жан тəрбиесін де сол мезгілден бастау керек. «Баланы жастан, қатынды бастан» деген қазақ мақалы осы туралы айтылса керек. Бала тəрбиелеудің керектігін жұрт баяғыда білген. Бірақ əр халық əр уақытта əр түрлі себептермен түрлі-түрлі түсінген. Мəселе, Мысыр халқы баланың шаруаға шеберленуін мақсұт қылған. Спарта халқы бала тəрбиелеуден мақсұт баланы өжет, жауынгер қылу деп түсінген. Бірқатар халық бала тəрбиелеуді патшалыққа беретін сажырт орнына жүргізген. Біздің қазақ халқы да балаға тəрбиенің керектігін көп заманнан түсінулі. «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол» деген ескі мақал. Бірақ біздің халықтың бала тəрбиелеудің негізін анық түсінбегендігі даусыз. Түсініп, дұрыстап орындаған болса, біз мұндай болмас едік.

Біздің халықта бала тəрбиелеудің негізі «Бетегеден биік, жусаннан аласа бол» һəм «Көм бойыңды, жасыр ойыңды» болған. Дүниедегі

Page 114: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

114

адамнан басқа жəндіктер бір пайдаға асумен, қаруымен құрметтеледі (Ат мініс берумен, сиыр сүт берумен деген сияқты). Адам баласы тек адам болғаны үшін ғана құрметтеледі (Қазіргі біздің сауда-сату заманында олай болмаса да, түбінде бір адам болған жердің құны бірдей болар...), Құтырған жан басқа бір себеппен пайдасыздыққа шыққан мақұлықты атып өлтірсе, жұрт қуанады. Пайдасыздыққа шыққан кісіні атып өлтірсе, жұрт аяйды, өлтіруші одан азабын тартады. Мұның себебін тағы айтайын, адамның адамдығы. Яғни басқа нəрселер тек мақсұтқа жеткізетін құрал болғанда адамның өзінің мақсұт болғандығы əңгіме адамның жанында, рухында болғандығы. Олай болса, адамның тəрбиесі тек тəн тəрбиесі (көжеге тойғызу) болмай, жан тəрбиесі де болу керек. Жан тəрбиесі бір дүздеме болмай, нағыз екі бет болу.

Бұл бала тəрбиелеу хақында біз бүгін əңгіме қылып отырмыз. Грек халқы бұдан екі мың жылдай бұрын түсініп, педагогия дейтін ғылым шығарып, қолданып көрген. Бұл біздің көп кенже қалған ғылымдарымыздың бірі ғой. Бала ақыл тоқтатып, есеймей тұрып-ақ көргенін істей бастайды. Үйінде намаз оқушылар болса, намаз оқиды, насыбай атушы болса, қол насыбай қылып атады, шылым тартушы болса, шөпті шылым қылып тартады. Домбыра тартушы болса, қолына түскенін домбыра қылады. Жақсы істесе, жақсы, жаман істесе, жаман істейді. Бұлай болса, бала тəрбиелеудің негізі ата-анасында. Бірінші шарты ата-анасының балаға мүмкін қадір жақсы үлгі көрсетуге тырысуы. «Баланың жаны кірсіз тақтай, не жазсаң соны оқырсың» деп бұрынғы даналар жұлдыз қылып белгілеп кеткен. Сондықтан ата-анаға қолдан келгенше «ұлы, қызы жақсымен ауылдас болып, жаманнан жиркендіріп, жақсыға қызықтыру парыз. Екінші шарты мезгілі жеткен (7 жасар) баласын бай жалшылармен бірге мал бақтырмай, кедей 8 айға сомға жалдап, шай алып ішіп, ішін сипап үйде жатпай, өстіп құдайдан, баласынан, кейінгі ұрпағынан қарғыс алмай, баланы молдаға дін ғылымын үйренуге, ордаға дүние ғылымын үйренуге беру. Бастапқысынан құдайын танып, иманын біліп, соңғысынан құдайдың жаратқан заттарын танып, ыждақатын күшейтіп, шын мұсылман, шын адам, ұлттың шын баласы болсын. Молдалар мен мұғалімдерге де бұрынғыдай «аюды үйреткен таяқ» деп балаларды сабап, арқасын қанатып, сонан соң «молданың соққан жері отқа күймейді» деп жұбатуды қоюға керек. Таяқ аюды-айуанды үйретеді, ақыл иесі адам баласын ыза қылып, арландырып шамадан шығарады. Дін үйретуші пайғамбарлар ешкімді сабамаған көрінеді. Мұғалім «ғұн-насын» шығар деп таяқ жұмсаса, учитель «ударение» қайда деп құлағын бұраса, Бұл бала тəрбиелеу болмайды. Яғни баланың тауын қайыру, баланы бұзу, баланың кірсіз-ақ қағаздай жанын ыластау болады.

Адам баласы барлық білікті сыртқы 5 мүшесімен алады. Көзбен көріп, құлақпен естіп, мұрынмен иіскеп, тілмен татып, денемен сезіп.

Page 115: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

115

Сондықтан баланы оқытқан уақытта бұл 5 мүшелердің барлығын бірдей тəрбиелеу керек. Бір қатары тəрбиеленіп, бір қатары тəрбиеленбей қалса, ол балаға зор кемшілік келтіреді. Адам балалары бір нəрсені білуде түрлі-түрлі болады: Біреу есіткенін ұмытпайды, біреу көргенін ұмытпайды, біреу татқан дəмін ұмытпайды. Кейбіреу осылардың бəрін ұмытпайды. Бірақ ондай адам сирек болады. Бір медреседе, бір класта оқып жүрген балалардың біреуінің олай, біреуінің бұлай болуы осыдан. Сондықтан оқытушылардың бұл 5 мүшені бірдей тəрбиелеуге ыждаһат қылулары тиіс. Мəселе, кітаптың ішінде «қызғалдақ» деген сөз ұшырайды. Оқы-тушы қызғалдақ деген қызыл жапырақ деп өте шықса, ертеңге шейін тек есіткенін ұмытпайтын балалардың ғана қатарында қалады. Басқасы ұмытады. Егерде қызғалдақ деген мынадай жапырақ деп көрсетсе, өзі жеңіл һəм жұмсақ деп ұстатса, исі жақсы деп искетсе, дəмі ащы деп жалатса, балалардың біреуі де ұмытпайды.

Сонымен баланы оқытқанда жеңіл жолмен бар мүшелерін бірдей тəрбиелеп, əзір білімді баланың кішкентай басына тыға бермей, жетелеп өзіне іздетіп, ақылын кəмілдеп, ізгілікке жетелеп, жүрегін адалдап, жақсыға қызығатын, жаманнан жиіркенетін қылып, табиғатын жіңіш-кертіп шығару мақсұт.

Бұл газета бетіне жазылған қысқа ғана ой. Қалың кітаптар маңызды, тауыса сөйленетін бұл туралы сөздер ардақты ғылым иесі адамдардың жұмысы.

М. Жаңа Байбақты

Жаңа кітап«Пайғамбар заманы»

Жазушы Мəннəн Тұрғанбайұғлы. Бастырушы Қалжан Қоңыратбай-ұғлы. Бағасы 20 тиын.

«Пайғамбар заманы» деген атынан да көрініп тұр, бұл кітап Пай-ғамбарымыздың шежіресін сөйлейді. Арабстан, араб халқы исламнан бұрынғы арабтардың дін һəм əдеті, халықтың пайғамбарға мұқтаж заманы, Пайғамбарымыздың дүниеге келуі, тəрбиесі, өмірі, мінез қалпы туралы мағлұмат беріп келіп, Пайғамбарымызға оқы алһи келгеннен бастап, халықты дінге қалай үндегенін, бұл жолда қандай қиыншылық-тар көргенін, мақсұтқа қалай жеткенін һəм Пайғамбарымыз заманында болған жалпы уақиғаларды түгел баяндайды.

Бұл кітаптың тілі сұлу, түсінікті, айқын қазақша жазылып, бастауыш мектептің соңғы жылына арналған. Басылуы да көркем, емлесі «Қазақша». Мектеп кітаптарымыз жеткіліксіз болып тұрған кезде бұл мезгілді һəм орынды шыққан бір жақсы кітап болды. Бұл кітап жалғыз

Page 116: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

116

мектеп балаларына ғана емес, Пайғамбар заманының тарихынан хабарсыз əркім оқырлық кітап. «Пайғамбар заманының» соңғы бетінде бастырушы Қалжан мырза Қоңыратбайұғлы жазады: «Бір ұлттың алға басып ілгерілеуі сол ұлттағы кісілердің əр қайсысы өздерінің міндетті жұмыстарын атқаруға тырбанып, тегіс жұмылуымен болады. Біз, қазақ санымызда, жұрттығымызда, ата-бабамызда басқа елден кемдігіміз болмаса да, ұлт ісіне, ұлт намысына келгенде өте кемдік қылып, қатты ұйықтап кеткенбіз, осы 20 ғасырда бүтін дүние халқы оянып, ұлттарының ісіне келгенде малдары түгіл жандарын аямай жатқанда, біз ұлт деген сөздің не екенін де білмей жүргеніміз надандығымыз-ақ емес пе? Дұрыс, бізде де ұлт деушілер 6-7 жылдан бері шыға бастады, бірақ олар саны азғана оқығандарымыз болып тұр, басқаларымыз селт етпей жата беруге жалығар емеспіз. Ұлт жалғыз ғана оқығандардікі ме? Бəрімізге бірдей емес пе? Соны ойлайтын уақыт жетсе керек қой. Міне, мен өзім сол араға азғана ойымды жіберіп, шамам келгенше ұлтыма болған міндетімді атқару үшін Бұл кітапты таратуды үстіме алдым. Бұл кітап бастауыш мектептің ақырғы жылында түзу асылмен оқытылса, балаға жақсы рух береді деп білем. Бұрын балаларымыз ноғайша «ғасыр сағадат» оқығанда, көп сөзіне түсіне алмаушы еді. Сондықтан пайдасы да кем еді. Енді тəңірім өзімізден жазушы берсе, жазған кітаптарын біз ерленіп тарата бермейтін неміз бар? Түрік қауымдарының ішіндегі ең сап болып тұрған жалғыз қазақ əдебиеті екен. Осы алтындай таза, гауһардай қымбат қазақ əдебиетіне қылған қызметіміз бүтін түрік қауымдарына қылған қызмегіміз болып табылады ғой». Қалжан мырза бек дұрыс айтады. Бұл туралы бірер сөз айтып өту тиіс көрінді. Бұрынғы халық əдебиеті яғни ескі қазақша хиссаларды 30-40 жылдан бері тегін бастырып, жылына жүздеп, мыңдап пайда қылып келе жатқан Қазандағы Борадаран Кəримов һəм Хұсаинов уəрсалəрі болатын. Екі жүзден артық қазақ хиссалары күні бүгінге шейін солардың мүлкінде. Бұрын кітап бастыру жайын һəм кітап кімдікі болса, хақы да сонікі екенін қазақ білмеген шығар. Енді өткенге өкінбей, қалғанға береке тілесек, мұнан кейін де кенже қалмас едік.

Шаруадан басқа қазақ əуес еткен кəсіп жалғыз сауда, сауданың да əліппесі. Кəсіп түрлі болмаса, жұрттың бəрі саудагер болу да қиын. Саудаға да жұмыла кірісіп, көзін тауып іс жүргізіп жүргендер шамалы. Сол шамалылардың көбі көтермеге кірісіп, көтере алмай қайталап жүр. Қазақ байларында аяқты, малды саудаға айналдырған, біз білгенде, Қапалдағы Тұрысбек, Маман балалары. Өзге ірілі-уақты саудагерлердің көбі кедейліктің шəкірттері, жігер-талап арқасында сауда жүргізіп кеткендер, бірақ бұлар көргенінен жазбай жүр.

Байлық пен білім бірдей керек. Соңғы жылдарда қазақ əдебиеті өрбіп, газета журнал, кітаптар шыға бастады. Бірақ бұлардың жүрісі шабан. Шабан болуының көрінеу бірнеше себептері бар:

Page 117: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

117

Қазақта баспахана жоқ. Кітап, газета-журналдарымыз ноғай, орыс, еврей баспаханаларында басылады. Пайданың көбі солардың қалтасында қалады. Баспахана ісімен таныстығы жоқ кісілерден 1,5-2 есе қымбат хақы алады. Егер баспахана ашуды пайдалы кəсіп екенін аңғарған қазақ байлары, саудагерлері болса, Бұл істен қазаққа келер пайда көп болар еді.

Қазақта кітап бастырушы жоқ. Мұның зияны баспахана болмаудан да күшті. Бір талапкер кітап жазса, өзі бастыруға күші жетпейді. Ноғайға бастырайын десе, тегін алып дəндеп қалған, жазушының еңбегін төлемейді. Сонымен жазған кітабы басылмай қаларға керек я басылып шығуын ғана мақсұт көріп, баяғы Кəримов, Хұсаиновтарға жіберерге керек. Олай етсе, екі-үш айдан соң қазақтың өз еңбегі, өз мүлкі өзіне сатылып, еккенде жоқ, сепкенде жоқ «нашар əпенділер» қызығып көреді. Жазушы талапкерлердің көбі бай болмайды, бай болмаған соң бір орында қызметте боларға керек. Қызметтен қол үзуге кітаптан көрініп тұрған пайда жоқ, амалсыз тамақ асырап тұрған қызметіне жегіледі де, жігері сөніп, талабын тот басады. Су ақса тазарады, адам баласы талаптанса, ізденсе ысылады. Талаптануға мұқтаждық қолын байлаған соң, қойшы мінген жүйріктей бəйгеге қосылып сыналмай арманда жүргендер болады. Білімді жұрттарда бұлай емес. Оларда бір жазушыға он бастырушы табылады. Сондықтан жазушы басқа кəсіпке алаң болмай, бойындағы бар білімін сыртқа шығарады. Бастырушы да сату жолымен көздеген пайдасын алады. Халыққа кітап тарап, білім молаяды. Кітап бастыруды əрі өзіне, əрі халыққа пайда деп түсінген адам бізде жоқ.

Бұл күнге шейін кітап саудасын жүргізген бір қазақ жоқ. Қазақ ортасындағы қалаларда саудагерлерге мұны істеу қиын болмас еді. Бұған артық өнер, аса көп сома керек емес, өздерің секілді Ғайнелдин, Шəмсуддиндер істеп отырған іс. Маңайында қазақ көп қалалардың үшеу төртеуінде кітап саудасы ашылса, қазақ кітаптарының бəрі бір қолдан табылып елге жақсы тарар еді, пайдасы бойларына құт. Мұны ойлаған қазақ саудагері де естілмейді.

Қалжанның да айтын отырғаны осы. Болмаса, ол «Пайғамбар заманын» байлықпен бастырып отырған жоқ, бізге мағлұм, сырын жасырмайтын сыпайылардың біреуі. Жаңа аяқтанып келе жатқан əдебиетімізді осылай көтермелемесе болмайды. Біреуде дəрет бар, дəрмен жоқ. Мұсылманша оқып жүргендерді мінеушілер көп, неге өйтпейді, неге бүйтпейді» деп. «Пайғамбар заманын» жазушы мен Тұрғанбай баласы былтыр медресе Ғалияны бітіріп шыққан шəкірт. Осындай талапкерлердің қызметін, көтеретін Қалжандар көбейсе, біреу қанат, біреу құйрық сонда болады. Іс істеу қиын, от басында отырып сынау оңай. Қалжан айтқандай, ұлт жалғыз ғана оқығандардікі ме? Бəрімізге бірдей емес пе?

М.Д.

Page 118: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

118

Торғайда орысша оқу

Торғай уезіндегі школдар:4 класты городской школ – 1 2 класты орысша-қазақша школ – 1 Ремесленный школ – 1 Бір класты қыздар школы – 1 Болосной школ – 3 Медресе қасында орысша класс – 1 Ауылнай школ – 31 Торғай уезінің халқы 13 болыс1. Қазақ, Һəм Торғайдың қаласы. Қала

халқы қазақтың екі ауылнай елі шамасында. Бұл уездің жері егінге жарамсыздығын бұл күнге шейін мұжық аяқ басқан емес. Демек Торғай халқы тегіс қазақ. 914 жылғы есеп бойынша Торғай уезін 104 мың 312 адам бар. Бұлай болған орта есеппен бір болыс елге 3 школ яки 2 мың 700 адамға бір школ келген болады. 39 школда оқушы орта есеппен бір мыңға толмайды. Школдың көбі (31) ауылнай школ болғанға, мұнан шыққан балалар ілгері орындарға кіріп оқымай ауылда қалса, орысша оқығанға септігі жоқ, бірер жылдан соң үйренгенінен айырылады. Торғай уезінде орысша оқу жайы һəм халықты қанағаттандырарлық школ шамасы осыдан көрінсе керек.

Орысқа бағынғаннан бері Торғай қазағынан жоғары дəреже школ бітірген жалғыз-ақ жігіт. Бұл күнде Оренбургтағы орта дəрежелі школдарда оқушы 5-6 ғана Торғай балалары бар.

Торғай уезіндегі 39 школдың учительдерінің 25 шамалысы қазақ жігіттері. Торғай уезіндегі школдарды қараушы инспектор һəм қазақ, Əбдіғали мырза Балғымбайұғлы.

Қаладағы 3-4 школда дін мұғалімі – Мұхамедияр молла Балғымбай-ұғлы. Бұл кісі 20-30 жылдан бері қазақ балаларына дін сабағын үйретіп жақсы қызмет етіп тұр. Ал қырдағы болысной, ауылнай школдарда дін мұғалімі жоқ. Бұл бір ескеретін жұмыс. Бұл школдарда дін мұғаліміне қазына жарытып жаловние бермесе де, халық жағынан ретін келтіруге, ыждаһат етілсе, болмайтын іс емес. Бұл ыждаһатты инспектор Əбдіғали мырзадан күтуге болады. Екінші жоғарыда айттық, учительдердің көбі қазақ деп, солар өз бетінен ескеретін іс. 8-9-дағы қазақ баласын əкеліп орысшадан бастатқан соң, ол бала ауылнай, болысной школдарды бітіріп, мұсылманша оқымаған күйімен ілгергі школдарға кетсе, құр алақан қалған сол болады. Баяғыда біз ауылнай школда оқығанда да арнаулы дін мұғалімі жоқ болатын һəм ол кезде заман да қараңғылау еді. Сонда ешкім айтпай, бала иелері сұрамай, хақысыз-пұлсыз учителіміз Мұқан мырза Тоқтабайұғлы бізді бір мезгіл қазақша оқытып, жазу-сызу үйретіп жіберген еді. Ұстазымыз Мұқан ағайға Ғұмырымызша борыштымыз. Ал

Page 119: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

119

осы күні учительдер мұны істей ме, жоқ па? Істемесе, не үшін істемейді? Мұның жауабын өздері беруге тиіс. Бұлай ет деп оларға ешкім бұйыруға, міндет арқалауға хақы жоқ, өздері борыш деп білетін учитель болса, біздің де тілегіміз сол. Бірақ бұл тілек айдың жиырмасын ғана күткен учительге жүрмейді.

Мадияр

1.138 нөмерде 12 болыс деп қате басылған.

Мүфти сайлау

Ай жарымнан артық татар дүниесінде қайнаған мүфтилік мəселесі шешілді. Петроград Ахонды Сапа Баязидов үкімет тарапынан мүфти сайланған хабары білінді. Өткен іс сынауға оңай. Егер ноғай орныңда осы мүфтилік мəселесі біздің қазақ халқының басына келген болса, аузында тілі, қолында қаламы бар əр ноғай: «Қазақ халқы талас-тартысқа үйренген, бəсеке қанына сіңіп қалған, мүфти түгіл болыс сайлауында бір ынтымаққа келе алмайтын қазақ мүфтилік мəселесінде біріге алмас» дер еді. Бұған біз де мойындар едік. Мүфтилік мəселесін ноғай қолға алғанда, біз ойладық, ноғай халқы біздің қазақтай емес, ерте көзі ашылған мəдени халық қой, əлеумет пікірін бір жерден шығарып, салмақты хүкіметке артар деп. Бастапқы ойымыз дұрыс болса да, соңғымыз қате болып шықты. Мүфтилік мəселесінде ноғай халқы «қазақшылық» қылды. Алдымен руханилар мен зиялылар пікірі екіге айырылды. Бірі мүфти руханидан болсын, екіншісі зиялыдан болсын десті. Газеталары бірін-бірі қақты, мінеді, сынады. Хатты Қазан молдалары рұқсат алып ашқан мəжілісінен газета жазушыларын һəм зиялыларды қуып шығарғандай қылды. Ақырында «молла көп болса, қой арам өледі» деген қазақ мақалының кебі келді. Ноғайлар балық үлескендей бажылдасып жатқанда, мүфти қоймақ түгіл, жай имам болып тұрғанын көпсініп жүрген Сырат Алмустахимшы Сапа Баязидов ішкі Россия мұсылмандарының рухани бастығы болып, духовный собраниенің төріне шығып отырып алды.

Енді іс өнді, өкініштен пайда жоқ. Бірақ келешек үшін бұл бəрімізге бір жақсы сабақ болды. Соңы күндерде мүфтилікке Сапа Баязидов сайланады екен деген хабар естілген соң Уфа мұсылмандары Г.Дума члендері Құтлув Мұхамед Тепкелевке һəм атақты орыс депутаттары Гуднов, Ефремов, Шингаров, Керенскилерге мынадай телеграмм берген: «Уфа мұсылмандары арасында Петроград Ахонды Сапа Баязидов мүфтилікке тағайын етіледі екен деген хабар тарады. Баязидов əпендінің мұсылмандар арасында жексұрындығы белгілі болғандығынан, мүмкін қазір тезірек ішкі министрге оның мүфтилікке лайықсыз адам екендігін

Page 120: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

120

білдіруіңізді өтінеміз». Сапа Баязидов мүфтилікке сайланғаннан кейін Петроградған ноғай газеталарына мынадай телеграмм берілді: «Сапа Баязидовтың мүфти тағайын етілуіне астана мұсылмандары қатты күйінді».

М.Д.

Петроград хатыМұсылман фракциясына

Петроградқа барған мұсылмандардың һəм мұсылман депутаттар-дың фракцияда қаралған кеңесінде қазаққа керекті Мəселелер тура-сында сөз болды. Қазақ Мəселелерінің ішіндегі ең маңыздысы əскерлік пен жер мəселесі екендігі айтылды. Қазір соғысқа қатысы бар мəселеден басқалардың бəрін жауып қойып отырған соң, жер жайын сөз қылғанмен ешкім оған құлақ асып тыңдамайтын болған соң, жер мəселесі ауызға алынбайтын болды. Əскерлік мəселесі соғыс кезінде қозғалса, қолайлы болып табылмайтындығы айтылды. Соғыстан соң алғанда да түбінде қазақ жаяу жүруге жоқтығы, казарма тұрмысына шыдамайтындығы айтылды. Қазақ атты казак болудан басқаға жарамайтындығы айтыл-ды. Қазақ һəм басқа мұсылмандарға бірдей ортақ Мəселеден мұсыл-ман депутаттарының Думаның тарқы блогына қосылуы-қосылмауы кеңеске салынды. Блокқа қосылу-қосылмауы турасында кеңестегі-лердің пікірі екіге бөлінді. Екіге бөлінуінің себебі блокты керек қыл-ғанда өзі ізденіп барып қосылмаса, шақырып басқалардың қосылуын керек қылып отырған блок жоқ. Кімде кім блокқа қосыламын десе блоктың программасына мойын ұсынып, сонан басқа жаққа бұрыл-майтын болып қосылмақ. Блоктың программасында 13 пункт бар, онда бұратаналар үшін бір нəрсе істейміз деген сөз жоқ. Сондықтан бұратаналар қосылып, бұратаналарға керек Мəселелерді қозғаса, блок қай көзбен қарары белгісіз. Блоктың бұратаналар жағын ашып айтып программасына кіргізуге тілдері жетпей отырған жоқ, басқа мəнісі бар. Ол мəнісі мынау: блоктың бір басында Россия қол астындағы жұрттың бəрі бірдей құқық жүзінде тең болсын дейтін программасы бар кадет партиясы. Екінші басында орыс-орыс, бұратана-бұратана деп екеуіне екі түрлі қарайтын яғни басқалардың төбесі орыспен тең болуын жақтырмайтын, националист деген орыс ұлтшылдарының партиясы. Бұл екеуі программаларының жүзінде бір-біріне алыс партиялар. Екеуін қазір бір блокқа келтіріп отырған Европа соғысы. Бұл соғыс не істетпей, не көрсетпей отыр? Болмас дегенді болғызып, көрме дегенді көргізіп отырған жоқ па? Кадет пен националист партияларының бірігіп іс қылып отырғандары сол болмас деген істің бірі. Соғыс намыс қоздырды. Партия программалары басқа болғанмен намыстары бір. Намыстан туған

Page 121: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

121

бəрінің мақсаты немісті жеңу. Немісті жеңу үшін соғыс жұмысын жұрт болып істеу. Жұрт жұмысының басында сенімді үкімет болу. Осы күнгі үкімет соғыс жұмысын ұқсатып істей алмайтындығына көздері жеткен кезде істі түзету үшін сенімді үкімет қолына беру керек деп жасалған блок. Блоктың асыл мақсаты осы. Программасындағы істердің бəрі де соғысқа пайдасы тиер ме деген істер. Басқа жұмыстарды қатыстырудан блокшылар қашады. Əсіресе, бұратаналар мəселелері қатыса бастаса, националистерден ши шығуы ықтимал. Түсінікті түрмен айтқанда бұл блок еппен иіп, екі басын түйістіріп отырған шеңбер сияқты. Онан əрі иемін десе, сынып кетуі ықтимал. Блок мақсұты біткен жоқ. Сенімді үкіметке əлі жеткен жоқ. Соған жеткенше блок сынып бөлініп-бөлініп кетпесін деп блокшылар блогын қорғап отыр.

Блок жайы солай болған соң фракция кеңесінде былай етуге қол қойысты: мұсылмандарға керекті бірнеше мəселелерді алармыз. Сол мəселелерді алып барып блокшылармен сөйлесерге, ондай мəселелерді программаларына кіргізуге болады десе, кірерге, əйтпесе кірмеген күйде тұра берерге. Ол мұсылманға керекті деген мəселелер мынау:

1.Дін басқалық жағынан, бұратаналық жағынан қойылған бөгеттерді жоғалту;

1. Депутаттық правосынан айырылған жұрттардың правосын қайыру;

2. Бір діннен екінші дінге көшу рұқсаты қай дінге де болса бірдей болу;3. Мұхалеттерін түзету;4. Мүфтиліктердің мекемелерін түзету;5. Мұсылман мектептерінде оқыту ана тілінде болу.6. Бұларды қабыл етпесе, мынау мəселелерді қабыл етсе де кірерге:7. Əр жұрт өз мейрамында саудасын жауып, басқаның мейрамында

істей беру;8. Мұсылмандардың рухани мекемелерін жөндеу;9. Мұсылмандар жолындағы бөгеттер жоғалу.Бұлардың қайсысын да болса, неміз кетіп барады, қабылдаса қабылдар,

əйтпесе қалар деген оймен ғана блокшыларға айтып көрмекші. Əйтпесе, соғыс кезінде соғысқа пайдасы тиерлік істер болмаса, басқаға мойын бұрмаймыз деп отырғанда, мұндай кілең ғана мұсылмандарға керекті мəселелерді программаларына кіргізер деуге үміт аз. Қазаққа керекті мəселелердің кеңесі мұсылман фракциясына осымен бітті. Қазақтың жер турасындағы мəселесін де соңғы үш мəселенің төртіншісі етіп кіргізсе, қалай болар деушілер болып еді, ол мəселені бұл күнде қозғаудың қолайсыздығы баян етілді. Жер мəселесі манағылардан, болса болар, болмаса қалар дейтін мəселе емес. Екі жақтың арасында ұстаған мəселе. Қанын төгіп, қайрат қылып жатқан мұжықпен қатар отырып жүгініске түсіп, қазақ сөзін тыңдатып, ұтам дейтін шақ бұл емес.

Page 122: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

122

Ашық хат

Біздің қазақ жұртынан Г. Думада депутат жоқ. Үлкені қолдан келмесе, кішісі болсын деп бюроға жұрт кісі жібермек болып тұр.

Депутатты сайлағанда жұрт тілегін аныққа шығарып айтып, осы тілектегі жұмысты атқарасың деп жібереді. Жұрт тілегінен шыға жайы-латын кісіні жұрт депутат сайламайды. Пікірі жұрт тілегіне қосылма-ған адам, ол жұрттың депутаты болам деп сайланбайды. Мұны Европа саясат салты наказ дейді.

Маған Сырдария һəм Торғай қазағы бюроға бар деп отыр. Мен қабыл алып, бармақшы болдым. Бюрода қолға алынайын деп тұрған мəселенің бірі қазақ жұртына керек рухани құрылысының мəселесі, яғни мүфтилік мəселесі. Ақмола һəм Семей қазақтары1 Г. Дума сайлауынан бері һəм Орал, Торғай қазақтары 1914 жылғы мұсылман съезінен бері Орынбор мүфтилігіне қосыламыз дейді. Түркістаннан мұсылман съезінде болған кісілер біз өз алдымызға рухани дүкенін ашамыз деді. Құр қосыламыз я ашамыз деген ұзын-сарын бір жоспар. Орынбор мүфтилігіне кіргенде де я өз алдына бөлек ашқанда да қазақ тұрмыс салты жағынан болатын неше түрлі кедергі бар.

Мен бюроға баратын болған соң жұрт менің пікірімнен айырылатын болса, онысын айтуы тиіс. Бюрода жалғыз мен емес, басқа мұсылман-дардан да барған адамдар болмақ. Бюро кеңесіне мен өз пікірімді мынау өзімдікі деп, айырылатындардың пікірін мынау маған қосылмайтын пікір демекпін. Бюро қай пікірді де болса, қарастырып, кеңеске салып, дəлелді, жолдысын дұрыс дер.

Қазақ жұртының іргелі істері – жер мен жесір. Жер ісін мемлекет законы шариғатқа бермейді. Жесір ісі туралы қазақтардың арасында екі пікір бар: бірі жесір ісі түп-түгел шариғатқа салынсын дейді, екіншісі жесірді айыру жағы шариғатқа салынып, онан кейінгі мал дауы бұрынғы қалыпша халық рəсімінде қалсын дейді. Мен де осы соңғы пікірдегінің бірімін. Бұл пікірге қосылмайтындар шариғат десе жұрт атына жүгіреді ғой деп, құр шариғат-шариғат демей, жесір ісінің мал жағын ресімінен алып, шариғатқа бергенде, мынадай халыққа жағдайлы, жайлы жері бар деп көрсете айту керек. Істің бетін шариғат атымен жауып, соны жамылшылап жығамын демей, дəлелмен, жолымен жығуы тиіс. Мен əйелді айыру шартын шариғат ашып, мал жағы рəсімше қалсын дегенде, істің шариғатқа жанасатын жағы шариғатқа берілсін деймін. Жанаспайтын жағын жанастырамын дегенмен жанаспай, шариғат бір жақта қалып, тұрмыс дағдылы дабыл жолымен тартады деймін. Евро-пада халық түскен жақсы жол махаббат жолы. Неке шарты бірін-бірі

1 1914 жылы «Мұсылман съезі» деген мақалаларда мен бұл туралы өз пікірімді жазғанмын. «Қазақтың» 69, 70, 72, 85, 87, 88, 89 һəм 90 нөмерлерін қара.

Page 123: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

123

сүю. Шариғат жолы осыған жанасады. Жанасады дегенім, шариғат төрт қатынға шейін ал дейді, төртеуін де бірдей сүй дейді. Адам табиғаты бұл ауыр жүкгі көтермейді. Бұл құдірет ісіне қайшы. Шариғат 13-тегі жас баланы шал алса, неке қылады, мұнда қалайша махаббат болмақ? Шариғат болсын, закон болсын, заман тұрмысына құл. Шариғат айтқан молданы, закон жолын айтқан төрені тұрмыс жетектеп жүреді. Құраннан қай молда табар екен-жылқы етін жеп, қымызын іш деген аятты? Жылқы еті мен қымыздан Құранда жоқ екен деп қазақ безіп отыр ма? Тұрмыс жетегіне ермей, молда мұны шариғатқа салып қисық деп отыр ма?

Осы күні байын сүймесе, əйелді үкімет босатып отыр. Біз бұған көніп отырмыз. Осы жұрт көнген бірін-бірі сүймесе, ерден əйел айырылу жағы молдаға кетсе, шариғат жолына қолайлы жөнімен түскен осы болады. Айыру жолын молда ашып, əйел басын арашалаған соңғы мал дауы тұрмысқа қарай халық рəсіміне салынып отырса, жұртқа ыңғайлысы осы болады, қазақ қалың мал дауын молдаға бермес. Законда кісі өлімі жазамен тəмəм болмақ. Айыпкер кісі өлген жағының зиянын ғана төлемек. Қазақ рəсімінде айыпкерге жаза жоқ, құн төлейді. Үкімет законы қазақ тұрмысына қайшы. Осы күні кісі өлсе, қазақ дағдылы жолымен құн төлейді. Онан кейін партиялықпен үкіметке біреу білдіреді де закон жолыммен жаза тартады. Тұрмыс жолынан шыға алмай, құн төлеп қазақ бір əуре болады. Тұрмысына жанаспайтын закон жолына қамағандықтан жаза тартып қазақ екі əуре болады. Бұл екі арада қанша бүлік болады, екі жақ қанша шығындайды, қанша кісі өтірік жан береді. Шариғат-шариғат деп, қақсап отырған молдалар қып-қызыл даудың ортасында болады. Өтірік жан берген ол не шариғат жолы болады? Тəртіпсіз надан жұртқа шатағы көп қалың мал туралы шариғат билік айтса, оның арты бітпес дау, көп өтірік, ұрыс, подлог болады. Шариғатта қалың мал жоқ екен деп қазақ қалыңсыз бермейді. Қарқаралы уезінің қазақтары əскерлік мəселесін кеңесу туралы съез жасауға сұранғаны газетте жазылды. Рұқсат алынса, сондай съездер басқа уездерде де болар. Сол съездерде де халықтың кеңеске салатын мəселесінің бірі əлгі айтылған жесір турасындағы мəселе, екінші мирас мəселесі. Шариғат бойынша атадан қалған қазына үшке бөлініп, біреуі қызға, екеуі ұлға тиеді. Қай қазақ шариғат жолы деп малдың үштен бірің ұзатқан қарындасына беріп отыр һəм бере қояр? Мирас шариғатқа кетсе, анау қазақ жайына жанаспайтын кісі өлімі туралы шыққан законның аяғын құшады.

Мағына ой-күші жетіліп, мəдениеті көгеріп, гүлдеген Европа жұрты депутат шақырып, Г. Дума жасағандығы іздегені законды күнде жаңалап, халық тұрмысына ыңғайлап қалыптастырып отырмақ. Закон тұрмысқа жанасып, қатарласып өзгеріп отырмаса орнына келмейді. Далада қалады. Саясат талас-тартысы осыдан болады. Тартыншақ шабандар өзгерілген өмір-тұрмысты көрмей, я көрсе де соқыр, саңырау болып, өз пайдасын

Page 124: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

124

бағып, бұрынғы закон жақсы дейді. Осыны көрмей отырсыңдар ма, осыған да дəлел керек пе? Жұрт пайдасын ту орнына ұстаған ерлер жұртқа ыңғайлы тұрмысқа жетекшіл закон шығарамыз дейді. Адам баласының дүниеде іздегені құт-береке. Бұл екеуі де закон тұрмыс ыңғайынан шықпай, құл болса табылады. Тұрмыс қанша жынды келтірерлік шабан болса да, аяңдап, ілбіп, алға басып, тарқы етіп, өзгеріліп тұрады. Тұрмыс рəсім өзгерілгенде, закон да өзгеріліп жанасып қалмай отырса, халыққа құт-береке кіріп, ілгері басуына закон оралғы болмай қайта себепкер болмақ. Европа законының адам баласына тынышты, пайдалылығы күнде көшіп, жаңарып отырған жолымен.

Ұжмақ адамға неке, мираспен табылмайды, өзге жолдармен табы-лады. Мұсылманшылық жалғыз қалың мал мен мирасқа ғана ілініп тұрған жоқ. Халық тұрмысы біз зорлағанымызға көнбей, дегеніміздей бола қоймады деп асыққанымызға қарамай, өзінің аяңымен ілбіп алға қарай жылжыған жүрісінен танбайды. Сол жүрісімен барып жетпесе, бірден ырғытып шариғат жолына салып жіберем дегенге болмайды. Шариғат өзіне қарай əрі тартқанды, тұрмыс өзіне қарай бері тартып, екі ортада əлекке түсіп, қазақ сергелдең болады.

Əлихан

«Дін» үйреткенге

Қарманбай қарап жатып бақ күтуге,Ізденбай аласұрып тақ күтуге.Тағдырда, бір тақтайда жазулы деп,Əр іске кім үйретті шақ күтуге?

Шарқ ұрып ерікке ұмтылған ұшқыр жанды,Қайнаған тамырдағы ыстық Қанды,Тұтқын қып кім қамады, кім суытты?Кім алды қалың қайрат, күшті өлді?

Кешегі арыстанды айбыны зор,Жүректі жолбарысты қайраты мол,Айырып ар-намыстан, күштен, істен,Қылды шала жансар бір қорқақ құл?

Ақылға, жан-жүрекке кісен салды,Көрмейтін көзді қор қып артты алды.Үйретіп дін деп құлдық, қорқақтықты.Қай... бізге молла бола қалды?

Page 125: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

125

Ойламай қорқақ құлдың тіліне еріп,Жай жатып тəуекелге тізгін беріп,Мінекей айырылдың қой бақтан, тоқтан,Қайтейін, əсіресе есіл ерік.

Жоқ енді жату болмас бос еңбексіз,Жалбарынып жатасың деп жас төкпеспіз.Өзің де, сөзің де кет бізден аулақ,Жаны өлген, жүрегі өлген мұндар кексіз.

Біз жаңа көрдік таңның желі ескенін,Салқынмен сескендірмек боп ескенін.Салдырлап су, сыбдырлап жапырақтар,Есің жи енді, алаш, тұр дескенін.

Міне күн, сəулесі алтын жерді құшты,Жарыққа қуанысып құстар ұшты.Ізгі оймен ерік тілеп, жарық тілеп.Ұшамыз біз де жиып есті, күшті.

Мағжан

Рамазан айы жақындау тақырыпты

Жыл он екі айдың ішіндегі ең қадірлі, ең артық һəм ең құрметті айы болған Рамазан айы жақындау себепті əр кімнің аузына «Ораза болып қалды» деген сөздер кіре бастады. Бұл айдағы қылған құлшылық, істелген істердің «О дүниедегі сауабы сондай боладыны» қоя тұрып біз мұның артықшылыгын өзімізше һəм замана, адамшылық, ұлтшылық істері жағынан қарап біраз тексеріп өтейік. Ораза деген атынан-ақ басқа жақтары халықтың өздеріне де белгілі болар.

Біз бұл орында ол ретін жазбай-ақ өтуді лайық көрдік. Жалғыз-ақ, Рамазан айы əр жердегі халықтардың бастарын қосып, бір-бірінің халдерімен танысуға, пақырлардың халдерін ескертіп, оларға жəрдем беруге, жұртқа теңдік-құрдастық, ынтымақ-бірлік, саулық-тазалық һəм құлшылық-құдайшылық сияқты істерді үйретуде басқа айлардан көрі көп артық. Сондықтан халық қасында басқа айларға қарағанда мұның қадір, құрметі де зор. Тек біз бұл орында, біздің халық осындай қадірлі, қымбат айды немен өткізбек? Құдайшылық, құрдастық, істерінде нендей іс көрсетпек болғанда ондай көңілдің жіңішке жерінен шыққан қадірлі қызметтерін кімге көрсетпек һəм кімге бермек деген сауалды шешумен ғана тоқтаймыз. Мұны бізге баяндаудан мақсұт: Рамазан айы кіргенде

Page 126: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

126

бүтін ислам дініндеті халық, оның ішінде əсіресе біздің қазақ, бұл айды артықша шат көңілмен өткізуге тырысады.

Маңдайының терін сыпырып тапқан малдары зекетке толса, зекетке шығарған малдарын, пітір-уəжіп садақаларын молдаға беріп, жарық-тықтардың батасын алу, оларды басқа айлардағы істерінен гөрі артықша құрмет ету һəм өздерінше пақырлардың халдерін қайғырып олардың тұрмыстарына өздерінің садақаларымен жеңілдік беру бар. Оның үстіне опат болған жақынын, туғандарын осы айда ескеру бар. Бұлары қарындастық ретімен қарағанда өте қолайлы істерден. Бірақ түптеп тесе қарап тексеріп келсек зекет, пітір һəм басқа уəжіп садақалардың берілетін кісілері жалғыз молдалар ғана болмаса, тақыр, қойшы-қолаң көрші яки бірер шəкірт мұғалімдер ғана болып шықпайды. Пақыр, мұқтаж жалғыз бұлар ғана емес, өзіне-өзі жетпей, қысқа жіп күрмеуіне келмей мұң-мұқтажы көп, ұлттығын сақтау үшін тіршілік ретіндегі ғылымға сусаған халық пақыр, мұқтаж. Пақырлық, мұқтаждық деген нəрселер шаруа мінез, күн көру турасында адам баласының ділгерлікке түсіп дағдарып тұруынан ғибрат. Бұл дағдарыс бір кісінің, бұрып айтқанда бірер молда-ның басында ғана емес, бүтін халықтың ұлттың басында. Əсіресе біздің қазақ сияқты білім-өнерден құралақан, оны берерлік білім жұрттарынан да бос тұрған, оқушылары аз, болғандарының қалтасы жоқ болған халық нағыз мұқтаждықтағы пақыр халық болады. Мұндай пақыр халықтың оқу-білім жұрттарын көбейтуге тырысып, оқушыларын арттырып мұқ-таждығын шығаруға қызмет еткен кісілер, байлар құдайшылық, адам-шылық істерін екі дүниеде де өтеген зор сауапты болады.

Құран кəрімдегі баян етілген садақа орындары да осы негіздерге құрылып айтылған:

1. Құрандағы айтылған «пақыр» деген сөздің мағынасы бір кісінің, болмаса көптің мұқтаждығын шығару деген сөз. Бұған ұлт мұқтаждығы да кіреді. Мұны шығарам деген ұлтқа ие керек? Сол керегін жетілдіру үшін Алла тағала «садақаларында мұқтаж болған адамдарға беріңдер» деп көптің қамыт ойға салып айтқан.

2. «Ибн ассубилге» беріңдер деген. Бізше жол баласы. Бұған мұқ-таждық халдегі жолаушылар мен нақықсыз туған балалар (бұл бізде жоқ), шаһарлы жерлерде көп болады, анасы асыраушысы болмағандықтан тапқан баласын көшеге тастап кету реті кіреді. Бұлай туған балаларды да тəрбие етуді жұрт үстіне міндетті қылып артқан. Бұл ұлттың мұқтаждығын көздеуде ақылды негізбен құрылған бір жол. Сондықтан бұл реттен қарағанда да садақалардың ұлт мұқтаждығын шығару үшін қойылынған жұрттарға ұсталынатындығын көрсетеді.

3. «Фи субил-аллаға» беріңдер деген. Бұған оқу жолындағы барша шəкірттер мен ұлт мұқтаждығын өтейтін орындар кіреді. Бұл үшінші орында жоғарғы айтылған екі орыннан көрі садақаларды халық мұқтаждығына жұмсау да ашығырақ баян етілген.

Page 127: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

127

4. «Уа алғараминге» беріңдер деген. Бұл бұрыш басып сасып тұрған адам. Бұған садақа беріп көтеріп жіберуде де зор мағына бар. Қысқасы, қалай ойласақ та садақаларды Алла тағала адам баласын ділгерліктен шығару үшін беруге бұйырған. Халық та сол ділгерліктетінің бірі. Бесінші реттен көрсетіп, мұны да айтап өтейік. Алла тағала Құран кəрімде пайдалы орынға өздеріңнің сүйген нəрселерің мен малдарыңды шығармай тұрып ізгілік, жақсылық деген нəрсеге жетісе алмайсындар деп бүтін адам баласын шын көңілімен ұлт ісіне қызмет етуге қызықтырады. Егер ұлт ісінің керегі болмаса, ол ұлт ісіне мұндай уəжіп һəм зекет сияқты садақаларды ең сүйген малдарыңнан беріңдер деп қызықтырмас еді. Мұнан көрініп тұр, сүйген малдарынан садақа шығару бір кісіге ғана емес, бүтін ұлт ісі екендігі. Əр нешік мұндай парыз, уəжіп-садақалар бір кісінің пайдасына ғана емес, бүтін ұлт пайдасына беріледі. Ол ұлт пайдасы мектеп, медресе сияқты жұрттар салып, бала оқыту секілді істерде табылады.

Енді біздің халықтағы құдайы садақалардың көбі осы құрметті рамазан айында өтелінілуге ыждиһат етілінетін болғандықтан біз рамазан айы жақындау тақырыпты мұндай реттерді баяндап халқымызға ұсынуды өзімізге лайық көрдік. Міне, халық, садақа берілінетін орындар осы айтылған негізді жолмен болады. Ендігі іс өздеріңде. Əшірдікі де осы айтылған орындар. Менің бұл жазған сөздерім 176 нөмір «Қазақтағы» жазылған Жиенғали мырзаның өтінішіне де жауап болса керек.

Əлихан

Медресенің 10 жылдық тойы

Осы декабрьдің 26-ында Уфа шаһарында медресе «Ғалияның» ашыл-ғанына 10 жыл толған тойы болмақ. Бұл медресе 10 жасқа жеткеніне қуаныш етіп той істейтін қақы зор. Оңдай қақы барлығын халық көзіне көрсетуге азырақ артымызга айналып, кейінгі жағымызды шолып өтелік. 10 жылдан арғы кездегі Россия мұсылмандарының діни медреселері қандай еді? О күнгі медреселермен бүгінгі медресе «Ғалияға» қарасақ, арасының парқы сонда анық көзге түседі. Сартың болсын, ноғайың болсын бұрынғы діни медреселерінің жастарға беретін тағылым-тəрбиесі дін мен садақадан басқа жаққа мойын бұрмады. Араб пен парсы тілі болмаса, ана тілі дегенді адам тілінің есебінде алдырмады. Дүниеге керек ғылымнан түк нəрсе білдірмеді. Тіршілік ісіне керек өнерге қас болды. Халықтың ой жағын ол дүние жаққа аударып, бұл дүниелік істерге зейін салдырмады. Орысша оқу, шаш қою, шолақ киім киюшілік көпірлікке саналды. Қит еткен қылт етіп діннен шығып кететіндей болды. Халыққа анау да, мынау да кінə деп үйреткендіктен халықтың аяқ-қолы

Page 128: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

128

тұсаулы, аузы-мұрны тұмшалаулы сияқты болды. Жастардың көбі таза білім медреседе, басқа оқу ордаларындағы білімдер адамды аздыратын, діннен шығаратын білім деп ұқты. Дүние ісіне шорқақ болды. Қатарынан қалды. Бірен-саран орысша оқыған жастар мен мұсылманша оқығандар арасында жақындық деген болмады, араларында көпірсіз көлденең жат-қан дария бар сияқты болды. Біріне-бірі ит пен мысықша қарады. Халықта мұсылманша оқығандардың сөзіне еріп, орысша оқыған, шаш қойған, шылым тартқандарды шет көрді. Ел сырттап олардың жақындығына сенбеді, айтқанын құлаққа ілмеді. Орысша оқығандар халық арасында тұрып, халық ісін басқарып қызмет етуге болмады. Ондай қызмет етемін деп тілеушілер де аз болды. Аздың дауы көп ішінде жұрт құлағына анық естіле де қоймады. Жұрт түндігін бүркеп, есігін жауып, ұйқы да жатқан үйге ұқсады. Үкімет халықтың ұйқысы бүлінбегенін қолайлы көрді. Бірен-саран орысша һəм мұсылманша оқығандар арасынан халықты оятуға қам қылушылар болса, оларды үкімет халықтан аулағырақ ұстауға тырысты.

Сөйтіп тұрғанда жапон соғысы болды. Азаттық күндері туды. Айта-мын дегеннің аузына, жазамын дегеннің сөзіне, істеймін дегеннің жолына еркіншілік туды, халықты оятушылар көбейді. Үкімет берген азаттығын қайта күйсеп қайырып алды. Өйтсе де, оянған жұрттың көзі көп нəрсені азаттық күндерінде көріп қалды. Жастар ескі қалыпты тарсынды, ескі білімді азсынды. Заман түріне лайық тағылым бермесе медреселердің бұрынғы үйрететін нəрселеріне қанағат етпейтін болды. Көңілдегідей дүние, ой, ғылым үйретерлік жаңа түрде медресе ашуға үкімет тарапынан рұхсат болмады, ондай тағылым берерлік адамдар табу да оңай болмады. Солай болған соң жалғыз-ақ істерлік іс діни медреселерді заман керек қылған түрге түсіріп, өзгерту болды. Заман ауанына қарай жарығын жамап, кемтігін толтырып, діни білімнен басқа дүние ой, тағылым-тəрбие берерлік түрге айналдырған бауырларымыздың бас медреселерінің бірі жоғарыда атамыс медресе «Ғалия». Бұл медресе ашылғанына 10 жыл.

10 жыл ішінде медресе «Ғалия» Россиядағы бас медреселердің қайсысынан да болса, берген тағылым-тəрбиесі жағынан артық бол-маса, кем еместігін көрсетті. 10 жыл ішінде оқыған жастарды діни ғана емес, дүние, ой жағынан да көп нəрседен хабардар етіп шығара алатындығын білдірді. 10 жыл ішінде берген тағылым-тəрбиесімен оқыған жастарга ұлтын сүйетін рух кіргізіп, «милет, милет» деп қақсаған талай мұғалімдер, имамдар жұртқа таратты. «Ғалия» ашылғаннан бері оқып шыққан жастардың дəл саны бізге мағлұм емес, бірақ аз еместігі анық. Басқаларды қойып-ақ, жалғыз қазақтан оқығандарды алғанда да, «Ғалияда» ең аз деген жылында 30-40-тан қазақ балалары кем болған емес. Олардың қайсысы қалай оқып, қандай біліммен шыққанын түгел білсек те, бірақ бəрі де «ұлтым», «ұлтым» деп, жұртын аузынан тастамай

Page 129: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

129

шығатыны анық мағлұм. Жасасын «Ғалия»! Жасасын «Ғалияны» ашып, тəрбиелеп, рухты жастар шығарушылар!

Қазақ съезі

Кешегі келмеске кеткен кесірлі үкіметтің заманында тіл күрмеліп, аяқ-қол матаулы еді. Сол қаһарлы қара күндерде «бас қисалық, съез ашалық» деп толғағы толмаған қатынға бала таптырмақшылар да болып еді. Бірақ ол уақытта қойдан қоңыр, қояннан қорқақ едік. Сондықтан ол кездегі бас қосу пайдасыз қысыр сөз еді. Енді міне, бостандық таңы атты. Не қыламыз десек те ерікті болдық. Бас қосқыш болсаң, қос енді басыңды, аш съезіңді, тоқтату қылар ешкім жоқ. Бірақ бас қосудан мақсат не? Соны жұрт жақсы білу керек. Бас қосуды, съезге баруды жұрт қызылды-жасылды киініп, тана-моншақ тағынып, тойға барғандай, қызыққа жиналғандай көрсе, ондай съезден, өлі де болса пайда жоқ.

Съезд пайдалы болады, егер жиылған адамның əрқайсысы неге келгенін білсе, халыққа шын жаны ашитын таза ниетті болса, халықтың қалпына-салтына жетік болса, тіршілік-шаруа істеріне таныс болса, саясат істерінен мағлұмат болса. Осындай адамдар жиналып, мынау алынған бостандыққа ғұмырлық ие болу үшін, халықтың мұң-мұқтажын кеңесіп, мынау пайдалы дегенді іске айналдырып, мынау зиянды дегеннен халықты құтқаруға қам қылса, съезде жасалған қаулыларды елге қайтқанда əркім халыққа түсіндіріп іске айналдыруға ыждаһат етсе. Олай етпей, съезд қаулысы сөйлеген жерде құр сөз болып яки қағаз бетінде ғана жазылып қалып, елге қайтқан соң сары қымыз, салқын үйдің қызығында бəрі ұмыт болса, ондай съезден де халыққа келер пайда жоқ.

Енді біз өзімізге-өзіміз өкпелемесек, өзгеге өкпелей алмаймыз. Қолымызға берген бостандықты ұстай алмасақ, пайдалана алмасақ, келінді күң, жібекті жүн еткен мысалында боламыз. Олай болсақ, біз жұрт бола алмаймыз. Өз ісімізді өзіміз басқара алмасақ, бізді біреу келіп түзетер деу адасқандық. Əр жұрт бұл күнде өз қамын ойлап жатыр əркім өз аты бəйгеден келуіне, өзі шыққан тауы биік болуына жанталасып қызмет етіп жатыр. Біз де солардан қалмалық. Уақыт өткізбелік. Өкініп жүрмелік. Қазіргі бір күн бұрынғы жүз жылдан қымбат. Оян жұрт, талпын жұрт, қамдан жұрт! «Батырсыған жігітті жау келгенде көрерміз, шешенсіген жігітті дау келгенде көрерміз» деген мақал бар. Бұрын сылтау бар еді. Заман тар, халыққа амалсыздан қызмет ете алмай жүрміз, əйтпесе өйтер едік, бүйтер едік деуші еді. Енді тісін қайрап, жігері қайнап жүрген ерлер болса, жол ашылды. Көрсет өнеріңді, қыл қызметіңді, баста жұртыңды! Бос сөзден пайда жоқ, бұрынғыдай сылтау жоқ, жаңды ортаға салып, іске кіріс! Ер көңілді алаштың азаматына енді зор сын!

Page 130: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

130

Міне, қазақ уалаяттарының бəрінде де үздік-создық съездер болғалы тұр. Тұңғыш съез Торғай облысының съезі болды. Бұл сьездің толық отчеті орысша-қазақша жеке басылып шығады, қазіргі қысқаша қаулысын жазып отырмыз.

1. Комитеттер ашу

1. Ауылной комитеттер. а) ауылной гражданский комитеттерді бір ауылной елдің 21 жасқа толған еркек-əйелінің түгел жиылысы əр 10 адамнан бір ағзадан шығарып сайлайды. б) Бұл комитетке сол ауылдың ортасында болған басқа соңдай қауымдардан бір-бірден өкіл кіріседі. Ауылной комитеттер өз арасынан испольнительный комитет сайлап шығарады. Мұның кісілері: председатель, оған орынбасар, секретарь (хатшы), оған жолдас, қазынашы екі ағза.

Ауылной комитеттер сайланғаннан кейін бұрынғы ауылнойлардың лауазымы исполнительный комитеттерге тапсырынады.

Қажет орындарда ауылной комитеттер милиция сайлап қояды. Бір ауылной елге ортақ істерді ауылной гражданский комитеттің жалпы жиылысы тексереді. Оның жасаған қаулысын ауылной исполнительный комитет орнына келтіреді. Жалпы жиналыста комитет ағзаларының 3/2 (үштен екі бөлімі) болса, кеңес құруға болады.

2. Болосной комитеттер

Болосной гражданский комитеттерді ауылной комитеттер əр 10 ағзадан бір кісіден артық жібермеу шартымен өз араларынан сайлайды. Болосной комитетке де уақ-қарыз серіктігі һəм сондай қауымдар бір-бірден өкіл сайлайды. Болосной гражданский комитеттер өз арасынан исполнительный комитет сайлайды, кісілері: председатель, оған орын-басар, хатшы оған жолдас, қазынашы екі ағза һəм оларға екі кандидат.

Болосной исполнительный комитет ашылғаннан кейін бұрынғы болыстардың лауазымы осы комитетке тапсырылады. Қажет орында болосной комитеттер милиция сайлап қояды. Бір болыс елге ортақ ісіер, мысалы: жер мəселесі, алым-салық һəм басқа сондай істерді болосной комитет ағзаларының жалпы жиналысы тексереді. Жалпы жиылыста комитет ағзаларының 3/2 болса, кеңес құруға болады.

Уезный комитеттерА) уезный комитеттерді əр 10 ағзадан бір өкіл жіберіп болосной

комитеттер сайлайды. Б) Уақ-қарыз серіктері һəм сондай қауымдар өкілдері де мұнда бір-бірден болады.

В) Солдат һəм жұмысшылар советінен бір-бір өкілден кіреді. Г) Басқа мекемелерден де бір-бір өкілден кіреді.

Page 131: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

131

Д) Городской гражданский комитеттерден əр 1000 кісіден біреуден артық болмау шартымен өкілдер сайланады.

Уезный комитеттер өз арасынан исполнительный комитет сайлайды, кісілері: председатель, оған екі орынбасар, хатшы һəм оған екі жолдас, қазынашы һəм 4 ағза.

Түрлі халықтар аралас уездерде уезный комитеттер ортақ болады.

3. Облосной комитеттер

Бұл комитеті де уездный комитеттер жоғарғы тəртіппен сайлайды.Қосымша: Өзіне ағза болмаған кісілерді де уезный комитет, облосной

комитетке өкіл қылып жіберуге ерікті.Облосной комитет өз арасынан исполнительный комитет сайлап

шығарады. Қосымша: Сайлау біткеннің бəрінде (ел екі партия болса) аздан аз, көптен көп сайланады, əйел-еркек айырылмайды. Комитеттерді халық өзі сайлайды. Сайлаудың дұрыс-терісін бақылауға, талас болған жерлерде сайлау құруға участок сайын 3 кісіден қазақтың өзінен комиссия қойылады. Керекті орындарға бұл комиссия ағзаларын жіберіп тұрады, бірақ мұндай ағзалар өз елін сайлауға жібермейді.

4. Съездер

1. Бүкіл қазақ халқын біріктіруге, мұң-мұқтажын кеңесуге жалпы қазақ сьезін шақыруға қаулы қылынады. Сьезде қаралатын мəселелерді даярлауға, орнын Һəм уақытын лайықтап, жұртқа хабар беруге айырық-ша бюро құрылды. Бұл бюроның ағзалары: Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейітғазы Көдірбаев, Ғұмар Есенғұлов, Имам Əлімбеков, Есен Тұрмұхамедов, Керей Тұрымов.

2. Мəскеуде 1-8 майда болатын жалпы мұсылман съезіне Торғай облысынан 4 өкіл сайланды: Ораз Төтіғұлұғлы, Сейітғазы Кəдірбаев, Аққағаз Досжанқызы, Сұлтанғазы Асқақұғлы.

5. Учредительное собрание

1. Мемлекет тəртібі қандай болуын кеңесіп, съез мынадай қаулы шығарды: Россия мемлекеті демократическая, парламентарная, децен-тралистическая республика болсын.

2. Учредительное собраниеге əр халықтың санына қарай депутат сайлансын. Сайлауға əйелдер де кіріссін.

6. Дін мəселесі

1. Дін ісі мемлекет ісінен айырылсын.

Page 132: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

132

1. Торғай облысының қазағы уақытша Орынбор мүфтилігіне қарасын.2. Мүфти һəм қазыларды сайлауға əр ұлт өзінің санына қарай

қатыссын.3. Духовное собрание туралы жаңғыртып низам шығарғанда қазақ

өкілдері бірге болсын.4. Имам һəм мүфтиді халық сайлайды, ақындарды имамдар өз ара-

сынан сайлайды, қазыларды ақындар сайлайды. Имам, мүфти, ақындар-дың дəрежелеріне лайық шаһоднамасы болсын.

5. Мешіт саны халықтың тілегінше болсын.

7. Бастауыш оқу

Жалпы міндетті оқуды съез аса қажет көргеннен кейін қазіргі бастауыш мектептерді көбейтуге қаулы қылды, 100 үйге бір мектептен кем болмасын делінді. Оқу ана тілінде болсын һəм əйел-еркек балалар бірге оқысын. Мектептер земский һəм мемлекет ақшасына ашылсын.

8. Жер мəселесі

Мемлекет керегіне деп қазақтан жер алатын болса, əуелі қазақтың өзіне жеткілікті жер беріліп, артығы алынсын. Учредительное собраниеде жер мəселесі ашылғанша бұл күнге шейін мұжық орнамаған участкілер, мұжық жамансынып тастап кеткен жерлер, отробной, оброщной статья-лар мал бағуға деп һəм монострски учаска деп алған жерлердің бəрі бұрынғы иелеріне (қазаққа) қайтарылсын. Законсыз ұзын срокпен арен-даға берілген мал бағатын участкалар да иелеріне қайтарылсын. Қымыз ішуге ашылған ауруханаларға алынған жерлер иелеріне қайтарылсын. Жаңадан алуға жоба жасалған жерлерге енді мұжық жазу тоқталсын.

Жер алу дала уалаяттарында һəм Түркістанда тоқтатылсын. Алуға жоба жасалған жерлердегі қазақтардың қыстауы көшірілмесін. Айрықша қазына мүлкі санажан ағаш ішіне кеткен қазақтың егіндік, пішендік мүлкі һəм жайылымына жаңадан бөлік болып, бұрын жасалған шекара түзетіліп, қазақтан орынсыз алынған егіндік-пішендігі қайтсын. Бұл ағаштардың арасындағы шөбін қазақ тегін шапсын һəм қыс мал жаюға ерік берілсін. Қазақтың өзі қорыған ағашы өзіне қайтсын. Ағаш маңындағы кедей қазақтарға қора-қопсы салуға ағаш берілсін.

9. Суд

Жаңадан негізгі өзгеріс жасалғанша қазақ билері бұрынғыша қал-сын. Бірақ билер халыққа сенімді болмаса, қайта сайланып қойылсын. Билерді ауылной комитет сайласын. Ауылной гражданской комитеттер исполнительный комитет сайлаған кезде билікке екі кандидат белгілейді.

Page 133: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

133

Оның бірі таланмен би болады, біреуі кандидат болады. Талас шыққан орындарда екі кандидаттың бірі өз жағынан көрсетіледі, егер аз жақтың ауылной комитеттегі ағзалары барлық ағзалардың 4/1-інен артық болса, жеке билердің жазу-сызуларын ауылной комитеттердің хаштылары тегіс жазады, қаламхақы алынбайды.

Болосной съездің жазу-сызуларын да, қалам хақын алмай, болосной комитеттің хатшылары жазады. Чрезвычайный съездер елде комитеттер түзеліп біткенше ашылмайды. Онан кейін чрезвычайный съез ашу ық-тияры уездный комиссарға тапсырылады, Бұл комиссарларға крестъ-янский начальниктердің лауазымы тапсырылуға тиіс. Чрезвычайный съездің жазу-сызуын уезный комиссар жіберген кісі жазады, бұ да қалам хақы алмайды.

Дала уалаяттарында следственный (тергеу) істер мировой студиялар-дан алынып, судебный следовательге тапсырылады.

Торғай облысындағы жалпы судтарда пресяжный заседательдер болсын.

10. Земство

Торғай облысына земство берілсін.

11. Баспасөз

1. «Қазақ» газеті жиі шықсын һəм халыққа мағлұмат беретін кітап-шалар бастырылсын.

2. Газет, кітап, хат-хабарларды тез альш тұру үшін болосной һəм ауылной комитеттер жұма сайын екі рет почта алып һəм жүргізіп тұруға һəм қылсын.

12. Жұрт ақшалары

1. Ескі үкімет заманында орынсыз жиналған халық ақшалары бар. Сол ақшалардың қай орында екенін Торғайский облосной правлениеден һəм крестъянский начальник мекемелерінен біліп, Торғайский облосной комиссардан өтінеді, халық өзі ұйғарғанша жоғарғы ақшалардың жұм-салып кетпегендері сақталып тұрсын.

2. Азаттық жолында қызмет еткен саяси ерлердің мұқтаждарына «Қазақ» басқармасы арқылы көмек беруге қаулы қылынды.

13. Крестъянский начальниктер һəм халыққа залалды чиновниктер

1. Халыққа зияннан басқа түк пайдасы жоқ крестьянский начальник мекемелері жоқ болсын.

2. Торғай облысында халыққа зиянды чиновниктер (аттары аталады) орнынан түсіп, судқа берілсін һəм бірсыпыралары абақтыға жабылсын.

Page 134: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

134

14. Соғыс

Бостандықты нығайту үшін жауды жеңуге қазақ халқы қолынан келгенінше жəрдем етпек: мал, азық-түлік бермек (жұмысшылар туралы съез қаулысын жігіттер қайтатын болған соң, мұнда баспадық).

15. Торғай облысында болған уақиғалар

25 июнь жарлығы тақырыпты Торғай облысында болған қанды уақиғаны тексеруге айрықша тергеу комиссиясы құрылсын.

Жоғарғы мəселелерді қарап бітіргеннен кейін жаңа үкіметке құттықтау телеграмы һəм күнбатыс майданында бұратана бөліміндегі телеграм беріп, съез тарады.

Мадияр

Жалпы мұсылман съезі

Жалпы Россия мұсылмандарының съезі 1 майда басталып, 12 майда тарқады. Съездің программасындағы мəселелердің кейбіреулері бітеу күйінде шешілмей қалды. Себебі мемлекет түрі қандай болу мəселесі үлкен талас-тартыс болып, уақыттың көбін алғандық.

Съезге жиылған 800-ден артық өкілдерінің əрқайсысы жерлерінен шыққанда бұл мəселені өзінше шейтіп, мұсылман съезінің алдына салуға даярланып алып келген. Уақытша Петроградта болып тұрған Россия мұсылмандарының бюросы жағынан председателі Ахметбек Салықов бір доклад, Кавказ Əзірбайжан өкілі Аминбек Расолзаде бір доклад даярлап алып келіп кеңеске салды. Докладын қорғап съез бойынша Ахметбек үш рет мінбеге шығып сөйлесе, Расолзаде де соншама мінбеге шығып, қарысып өз докладын қорғады. Бастапқынікі мемлекет түрі демократическая децентралированная парламентарная унитарная республика яғни мемлекет билігі халықтың өз қолында болып, бүтін Россиядағы жұрт бөлінбей, тұтас тұру. Соңғынікі демократическая федеративная республика яғни жұрт өз тізгінін өзі алып, өз ісін өзі бітіріп бөлектеніп, жалғыз-ақ мемлекетке ортақ іске қатынасып тұру. Осы екі доклад съездегі өкілдерді бөліп, екі жақ қылды. Бір жағы – унитаристер, екінші жағы – федералистер Ахметбек Салықов, Ғаббас Асхатов – Бұлар унитаристер басшылары, үш шығып сөйлегенде сөзін үш түрлі негізге тіреп сөйледі. 1) Федерация аламыз деп тұрған халық – қазақ, сарт, Кавказ һəм басқалар тіпті надан. Оларда неше түрлі фабрика, завод жоқ. Оны шығарарлық оқымысты жұрт емес, ғылым, білім, өнерден бос құрала-қан. Осындай қараңғы халыққа федерация берсек байлар, хан тұқымы ақ сүйектер, бектер халық билігін қолына алып, баяғы Николайдың заманында істелген істерді өз тұқымына істейді.

Page 135: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

135

2) Мұсылман жұртында əйелдер ерлермен тең ұсталмайды. Билікті ерлер алған соң, орыс законы арқылы жаңа ғана құқық алып келе жатқан əйелдеріміз бұрынғыдай еріксіз болып қалады. Ғаббас мырза осы араға келгенде, қазақ жағын есіне алыңқырап, қазақ арасында мұсылманшылық аса зорайып кетпеуге қарсылық қылып жүрген орысша тəрбие алған қазақтар һəм солар татар ғылым, білім, өнеріне жақындатпай, орыс ғылым, білім, өнеріне үйір қылуға тырысады. Олар баяғы Алтынсарин секілді миссионер (елді басқа дінге аудырғыш) жолын қуаттайды. Əсіресе қазақ халқын бұл жоғарыда айтылған күйде тастамай, татар, түрік-мұсылман қылып, бір мұсылман туын жасап, сол тудың астына кіргізуді сөйлеп, қазақтарға бөлінеміз деудің жарамайтындығын айтты.

Екінші рет шығып сөйлегендерінде де жоғарыдағы айтқандарын қайталап, мына күйге басты. Россия мұсылмандарына бірлесу керек, Россия мұсылмандарына тарихтың міндетін орындайтын заман жетті, аяқтарын ислам мəдениетіне тіреп, ислам мəдениетін бұрынғы қалпына түсіріп, өсіріп, бастарына күнбатыс мəдениетін сіңіріп, екеуін біріне-бірін таныстырып қосатын реті келді. Орыстың закон шығаратын орындарында мұсылман болып бірігіп, бір тудың астында іс қылса, бүтін Россияның тізгіні мұсылмандардың қолында қалады. Себебі Россияның өз адамдары сансыз партияға бөлініп, бірлесіп іс қылу күйінен шығады. Осыларды көріп тұрып барша Россия мұсылмандары бұрынғыдан да жақындасып қосыларға керек. Соның үшін бар ұлт кеңесін (национальный мұсылманский совет) жасап, соған бүкіл мұсылмандікі деген жұмысты салып, соның салған бұйрығымен жарыққа шығару керек. Онда қазақ, сарт, Кавказдан да кісі болсын һəм олардың өзіне тиіс жұмыстары əуелі өз жерінде қаралып, сонан соң барып мұсылман ұлты Кеңесінің қарауына түсетін болсын дегенде, бірісі мұсылман біткен тұстасып кетуді, екіншісі түрік біткен тұтасуды қолға ала тура келді. Сөздерінің ақтығында тарихтың көрсетуі, ыңғайлауы бойынша Еділ бойындағы татарлар бүкіл Россия мұсылмандарына жол көрсетпекші, Еділ бойынан күн туғызып, сəулесін басқа мұсылмандарға түсірмекші екенін айаты.

3) Ең соңғы сөйлескендерінде федералистер жеңетін түрі көрінген соң, бұрынғы тəтті сөздерін қалдырып, нағыз шын ойларын айтыса бастады. Қазақ, сарт, Кавказдарға федерация болуға жібермеу керек. Олар бөлінсе, Россия қолында Еділ бойындағы татарлар қалмақшы. Жəне де қазақ пен Түркістан жақтарында бос жер көп. Олар бөлінсе, жерімен бөлінеді. Онда бізге пайда жоқ. Егерде бөлінбей тұрса, онда жері жоқ татарлар қазақ пен Түркістан жеріне көшіп барып, жер алады.

Міне, қазақ! Біздің мұсылман съезінде есітіп қайтқан татарлардың тарихи сөздері. Екінші жақтың сөздерін һəм бұл съезде қазақтардың қандай орында болғанын тағы жазармын.

Жұмағали Тілеулин

Page 136: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

136

Шорай ислам

Оқушыларға мағлұм, май басында Мəскеуде жалпы мұсылман съезі болып өтті. Бұл съезде де, мұнан басқа да жұрт жұмысын қарайтын орындарда да өкілдер əр ұлттан, əр таптан санына қарай болуға тиіс. Бірақ Мəскеу съезінде қазақ халқының саны барлық Россия мұсылмандары-ның 3-4-тен бірі бола тұрып, қазақ өкілдері 20-30-дан артпағаны мағлұм болды. Барлық өкілдер 800-900 болыпты. Аздан аз, көптен көп болғанда, қазақ өкілдері 200-ден артық болуға тиіс еді. Бұлай болмады. Оның себебі қазақ жерлері шалғайлығы һəм қазақ жерінде теміржолдың жоқтығынан жүріп-тұрудың қиындығы.

Съез тарапында бүкіл мұсылман істерін басқарып тұратын «Шорай ислам» болуға қаулы жасаған. «Шорай ислам» ағзасының бар саны 30. Оның 10-ы ноғайдан, 7-і Түркістандықтан, 5-уі Қазақстан, 2-і Қырымнан, қалғандары Кавказ һəм Литвадан, бірақ бұлар өкілдерін біржола елден сайламақ болған. 30 ағзамның ішінен 12 кісі басқарушы болып «Шорай ислам» жұмысын аткарып тұрмақ. «Шорай ислам» сияқты барша мұ-сылманға ортақ істерді басқаратын орын болуы дұрыс-ақ делік. Онан арғысын дұрыс дей алмаймыз. Əуелі «Шорай ислам» ағзаларының саны Россия мұсылмандарының əр халықтың табына қарай көптен көп, аздан азша болуы тиіс екені даусыз. Қай есеппен ноғайдан 10, Түркістаннан 7, Қазақстаннан 5, Кавказдан ... ұйғарылғаны белгісіз.

Екінші, съезге жұрттың көп-азша күйде бармай, бір елден көп барса, бір елден аз, тіпті бүтін бір облыстан бір адам бармаған да елдер бар екені съезге көрініп тұр. Солай болған соң съез «Шорай ислам» болуын қолайлаған қаулысын жасап қана, ағзалар санын əр жұрттан аз-көбіне қарай арнап қана, кімді сайлап жіберегін жағын халықтың өзіне қалдыруы тиіс еді. Халық өкілдерін жібергенде «Шорай исламға» деп емес, съезге де жіберген жоқ па? Съезге лайықталған адамдарынан «Шорай исламға» қолайлайтын адамдары тіпті басқа болуы ықтимал. Міне, сондықтан сьезге барған адамдардың съезден сайлануы негізінде дұрыс емес дейміз. Оның бер жағында съезде басқалар дұрыс-дұрыс емесіне қарамай сайлап жатса да, қазақтан барған 20-30 ғана өкілдер өзімізді өзіміз қалай сайлаймыз? Жұрт съезге ғана өкілдік берді, сайлау өкілдігін берген жоқ еді деп ойлауға тиіс еді һəм Кавказ өкілдерінің істегеніндей ағзалар елден сайлансын деу керек еді.

Съезге Ақмола облысынан барған Мағжан Жұмабаевтың өткен нөмерде жазған сөзі дұп-дұрыс. «Шорай исламға» ағза сайлау жағы-ның негізі де, былайғысы да дұрыс болмағандығын Мағжан да айтып келіп отыр.

Page 137: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

137

«Оны біліп отырып «Шорай исламға» сайланған қазақ ағзаларын халық тарапынан сайланған ағзалар дей алмаймыз һəм олардың қазақ атынан деп істеген істерін, сөйлеген сөздерін халықтікі демейміз.

Ахмет Байтұрсынұғлы, Əлихан Бөкейханов, Жанұзақ Жəнібеков, Міржақып Дулатов, Сейітəзім Қадірбаев, Елдес Ғұмыров,

Имам Əлімбеков, Нысанəлі Бегіметов

Жалпы қазақ съезінің қаулысы

Жалпы қазақ съезі 21 июльде Орынборда ашылып, 26 июльде жабылды. Съезде Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Фер-ғана облыстарының өкілдері болды.

Съез председателі Халел Досмұхамедов. Председательдің серіктері: Ахмет Байтұрсынов, А.Көтібаров. Секретары: Міржақып Дулатов, Ақылбек Сейітов.

Съездің программасы:1. Мемлекет билеу түрі;2. Қазақ облыстарында автономия;3. Жер мəселесі;4. Халық милициясы;5. Земство;6. Оқу мəселесі;7. Сот мəселесі;8. Дін мəселесі;9. Əйел мəселесі;10. Учредительное собрание сайлайлауына даярлану һəм қазақоблыстарынан депутаттар;11. Бүкіл Россия мұсылмандарының кеңесі (Шорай ислам);12. Қазақ саяси партиясы;13. Жетісу облысының уақиғасы;14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің съезіне

һəм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.

Қаулылар:І. Мемлекет билеу түрі

Россияда демократическая федеративная парламентарная республика болсын.

ІІ. Қазақ облыстарында автономия

Қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облосной автономия алуға тиіс.

Page 138: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

138

ІІІ. Жер мəселесі

1) Қазақ халқы өзіне еншілі жерге орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін.

2) Қазақ даласында жарамды жер аз болғандықтан қазақ пайдасынан алынып кеткен мынандай учаскалар қазақтың өзіне тоқтаусыз қай-тарылсын: «Дворянский скотоводческий промышлений курортный, монастрский переселен орнықпағандар, отрубтар, оброщный статьялар, жай адамдарға показательная поля» деп берген, бірақ расында жоқ нəрселер һəм гарнизондарға беріліп, бұл күнде олар кеткеннен кейін, яки саны азайғаннан кейін босаған жерлер.

3) Бос учаскелерге жазылу тез тоқтатылсын.4) Переселен орныққан учаскелерде олқы бос тұрған сыбаға жерлер

қазақтың өзіне тоқтаусыз қайтарылсын.5) Қазақтан алынған қыстаулар, егер қожалары өлі көшпеген болса,

қазақтың өзінде қалсын. Келген мұжықтарға, қайтадан бөліс қылып, өзге учаскелерден жер əперілсін.

6) Айрықша қазына мүлкіден деген тоғайлардағы қазақ шабындығы өзіне қайтарылсын. Қазақ малы қазына ағаштарының белгейіне жайы-луға рұқсат болсын.

7) Бүкіл мемлекетке дақылы болмаған айрықша қазына ағаштары земство қарауына берілсін.

8) Жер хақында қазақ өз алдына жер жобасын жасасын.9) Жер мəселесі туралы басқа саяси партаялармен келісу еркі учре-

дительное собраниеде қазақ депутаттарына берілсін.10) Қазаққа жер берілгенде негізгі өлшеуге қазақ облыстарына мал бағу

һəм егін салу үшін лайықтаған норма алынсын, əр жердің ретіне қарай.11) Бөкейлік қазақтары басқа көрші қазақ облыстарына лайықтаған

норма бойынша өздерінің отырған жерлерінен жер алсын.12) Түркістан қазақтарына жер берудің үстіне жеткілікті сауда берілсін.13) Қазақ халқы жермен ортақ пайдалансын (ру, ауыл, болыс болып)

яғни земельная община болсын. (Ферғанадан келген екі өкіл жерді ортақ пайдалануға қарсы болды, əркімнің жер еншісі бөлек болсын деді).

14) Земельная община яғни ортақ жердің ауданы, мүмкін қадір кішкене болсын, мұны шамалау жергілікті жер мекемелері (землеустроительное учреждение) еркінде болсын.

ІV. Халық милициясы

Осы күнгі дайын əскер орнына халық милициясы құрылсын.

V. Земство

Уақытша үкіметтің жаңа шығарған законы бойынша дала уалаят-тарында болосной земство отырықшы елдерде жəне ашылсын, көшпелі

Page 139: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

139

елдерге земство кіргізу еркі болашақ облосной земский собраниеде болсын деген. Съез бір уезден екінші уезге көшіп жүретін елдерді ғана «көшпелі болыстар» деп біледі.

1. Съездің қаулысы, көшпелі елдерде де отырықшылардікі секілді тоқтаусыз болосной земство ашылсын.

2. Болосной һəм уезной гласныйлардың сайлауы бір мезгілде құрылсын.3. Болосной земской управода бес ағзадан артық болмасын.4. Орыс пен қазақтың сайлануына уезной һəм облосной комитеттер

арнаулы инструкторлар шығарсын.

VІ. Оқу мəселесі

1. Жалпы міндетті бастауыш оқу аса қажет.2. Бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде болсын.3. Мектеп кітаптары болсын, өзге баспасөздер болсын, бəрі де «Қазақ»

емлесімен жазылсын.

VІІ. Суд мəселесі

1. Осы күнгі қазақтың народный суды жоғалсын.2. Өзгерілетін судтың орнына қазақ тұрмысына лайық айырықша суд

құрылсын.3. Мағлұматты адамдардан жаңа судтың жобасын жасауға əр облыста

суд комиссиясы болсын. Облосной комиссиялардың шығарған жобасы жалпы қазақтың суд комиссиясы қарауына тапсырылсын. Бұл жалпы қазақ комиссиясына облосной комиссиялардан бір-бір ағза кірсін. Жалпы қазақтың суд комиссиясы жұмысын 1918 жыл 1 февральда бітірсін. Қазақ судының жобасын қазақ депутаттарымен бірге тексерсін, сонан кейін закон шығаратын мекемеге тапсырсын.

4. Жаңа судтың законы шыққанша осы күнгі народный суд облосной съездердің өзгерткен күйінде тұра берсін.

5. Екі уез яки екі болыс қазағының арасындағы уголовной жазалы болатын істер уақиға болған орынның народный суды алдында тексеріл-сін. Гражданский хақы даулайтын істерді жауапкердің тұрған жеріндегі народный суд тексерсін.

VІІІ. Дін мəселесі

1. Ақмола, Семей, Жетісу, Торғай, Орал һəм Закаспий (Маңғышлақ уезі) облыстарының қазақтары уақытша Орынбор мүфтилігіне қарасын.

2. Духовный собраниянің қарауына тиісті мəселелерді жалпы қазақ-тың суд комиссиясы айырсын (VII бапты қара).

3. Суд жобасы түзелгенше Орынбор мекеме шарғиясына қарайтын қазақтың діни істері ноғайлардікіндей болсын.

Page 140: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

140

4. Мекеме шариғия құзырында қазақ бөлімі болсын һəм қазақ істерінің бəрін қазақ бөлімі муфимен бірге қарасын, ал ортақ істерді ноғай қазыларымен һəм мүфтимен бірге қарасын.

5. Əр облыстан (Маңғышлақ уезінен басқа) бір қазы сайлансын.6. Қазақ бөлімінің істері таза қазақ тілінде жазылсын.7. Мекеме шариғия құзырындағы қазақ бөлімінің кісілері һəм қызмет

қақы мынандай болсын: Бес қазыға жылына 4800 сомнан, бір секретарға 4800 сом, кеңсе расходы 10 мың сом.

8. Əр облыс қазыға төлесін 4800 сом, секретарға 1000 сом, кеңсе расходына 2000 сом, барлығы 7800 сом.

9. Секретарды қазақ қазылары өздері сайлап алсын.10. Қазыдан төменгі руханилардың қаржысы əр халықтың өзінен

болсын.11. Орал облысынан қазылыққа сайланған Қайырша Ахметжанұғлын

һəм бөкейліктен Ғұмар Қарашұғлын съез лайық көрді. Өзге қазыларды əр облыс өзі сайлауға қалдырды.

12. Мақалалардың қандай болуы əр облыстың съез қаулысынша болсын деді.

13. Бұл мəселелер хақында съез қаулысын орындау облосной комитеттерге тапсырылды.

ІХ.Əйел мəселесі

1. Əйелдер саяси құқықта ерлермен тең болсын.2. Күйеуге тию еркі əйелдің өзінде болсын.3. Қалың мал жоғалсын.4. 16-ға толмаған қызға құда түсу болмасын.5. 16-ға толмаған қызға һəм 18-ге толмаған жігітке молда неке оқымасын.6. Молда неке оқырда əйел мен еркекті қарама-қарсы қойып риза-

лықтарын біліп оқысын.7. Тұл қатын сүйгеніне тисін, əмеңгерім деп зорлық қылу болмасын.8. Екінші қатын аламын деген кісі бұрынғы қатынының ризалығы-

мен алсын. Егер бұрынғы қатыны риза болмай, кетемін десе, басқа байға тигенше

бұрынғы байы оны бағып-қақсын.9. Жеті атаға келмеген жерден қазақ қыз алмасын.

Х. Учредительное собрание сайлауына даярлану һəм қазақ облысынан сайланатын депутаттар

1) Съез əр облыстан сайланатын депутаттарды һəм олардың кандидаттарын лайықтады. Депутаттар тасқа түскенде спискеге жазы-латын ретін де төменде көрсетті. Əр облыстан депутаттыққа һəм оларға кандидатқа лайықтанған адамдар ретімен мыналар:

Page 141: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

141

Ақмола облысынан:1) Айдархан Тұрлыбаев; 2) Асылбек Сейітов; 3) Ережеп Айтбаев; 4)

Сейілбек Жанайдаров; 5) Жұмағали Тілеулин; 6) Рақымжан Дүйсенбаев; 7) Мағжан Жұмабаев; 8) Сұлтан-Махмұд Абылаев; 9) Садық Мешелбаев; 10) Салмақбай Күсемісов; 11) Хайыралдин Болғанбаев; 12) Сəдуақас Сейфуллин.

Семей облысынан:1) Григорий Николаевич Потанин; 2) Əлихан Бөкейханов; 3) Əлімхан

Ермеков; 4) Халел Ғаббасов; 5) Мұқыш Поштаев; 6) Яқұб Ақбаев; 7) Биахмет Сəрсенов; 8) Ахметжан Қозыбағаров.

Торғай облысынан:1) Ахмет Байтұрсынов; 2) Міржақып Дулатов; 3) Ахмет Бірімжанов;

4) Есенғали Тұрмағамбетов; 5) Əлжан Оразов; Тел Жаманмұрынов; 7) Сейітəзім Кəдірбаев.

Орал облысынан:1) Халел Досмұхамедов; 2) Жиһанше Досмұхамедов; 3) Нұрғали

Бимағамбетов; 4) Сəлімгерей Қаратілеуов; 5) Ғабдолла Əлімбеков; 6) Ғабидолла Бердібаев; 7) Ғұмар Есенғұлов.

Жетісу облысынан:1) Мұхамеджан Тынышбаев; 2) Ибраһим Жайнақов; 3) Ғабулкəрім

Сыдықов; 4) Отыншы Əлжанов; 5) Базарбай Мəметов; 6) Мырзахан Төлебаев; 7) Түбек Есенғұлов; 8) Садық Аманжолов; 9) Дүр Сауранбаев; 10) Сатарқұл Жанқорашев; 11) Сүлеймен Келгенбаев.

Сырдария облысынан:Мұстафа Шоқаев; 2) Санжар Аспандияров; 3) Əзімхан Кенесарин;

4) Садық Өтегенов; 5) Əлмұхамет Көтібаров; 6) Хұсаин Ибраһимов; 7) Дуалқарнин;

8) Сейдалин; 9) Ибраһим Қасымов; 10) Башабек Болатмұқанов; 11) Сегізбай Айзанов; 12) Аямберген Табынбаев; 13) Сұлтанбек Қожанов; 14) Ғабдолла Қожаев; 15) Ғұмар Жанғалинов.

Ферғана облысынан:Қыңырқожа Хашеков; 2) Ғабдулрахман Оразаев; 3) Жəмшид

Кəрібеков; 4) Ерғұлай Ағабаев; 5) Серікбай Ақаев; 6) Вадим Шабкин; 7) Ташболатбек Нарботабеков; 8) Əлімхан Төре; 9) Нəзір Төреқұлов; 10) Шəймерден Қапсаламов;

Заһиралдин Мырзақасымов; 12) Шəкір Дибаев; 13) Оразбай Кішкембаев; Құлнəзір Қалыбаев; 15) Жəнібек Сағымбаев.

Самарқанд облысы:1) Алдабек Мангилдин.Амудария бөлімінен:1) Мұстафа Шоқаев; 2) Ғабдулəсім Мəмбиев; 3 ) Ғайсы Қашқымбаев.Бөкейліктен:Бақыткерей Құлманов; 2) Уəлидхан Танашев; 3) Батырқайыр Ниязов.

Page 142: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

142

Ішкі орда (бөкейлік) һəм Амудария бөлімінен басқа қазақ облыс-тарында сайлау аздан аз, көптен көп ретінше болады. Бұл тəртіп бойынша, дауыс көп болған списоктен учредительное собраниеге сайланатын депутаттар да көп болағандықтан съез қаулы қылды: Тас салуға хақы бар қазақтың еркек-əйелі бірі қалмастан депутатқа тас салу керек. Қазақтан көбірек депутат сайлап шығару үшін съез тағы да мынандай қаулы қылды: Бір облыста бір списоктен артық болмасын. Ол список осы жалпы қазақ съезі көрсеткен список болсын.

Сайлау алдында басқа саяси партиялармен келісу, одақтасу еркі əр облыстың өзінде.

ХІ. Шорай ислам

1) Бүкіл Россия мұсылмандардың қазақ өкілдері болуы тиіс. 2) Шорай ислам ағзалары түрлі мұсылмандардың əр қайсысынан санына қарай болсын. 3) Қазақ халқының уақытша Шорай исламға жіберетін өкілдерінің жалпы саны мұсылман съезі лайықтағанша болсын. 4) Шорай исламға қазақтан съез сайлаған кісілер: 1) Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев; 2) Семейден Əбікей Сəтбаев; 3) Торғайдан Əлжан Байтурин; 4) Оралдан Жиһанша Досмағамбетов; 5) Бөкейліктен Уалихан Танашев; 6) Жетісудан Базарбай Мəметов; 7) Сырдариадан Мұстафа Шоқаев; 8) Ферғанадан Ғабулрахман Оразаев.

5) Бұл аталғандардан Шорайға бара алмайтындар болса, олардың орынбасарын облосной комитет сайлайды.

6) Шорайға сайланған кісілердің расходын қазақ ұйымдары комитет-тер көтереді. Мұнан басқа қазақ ұйымдары шораның іс басқаратын комитетіне пұл жəрдем беру керек.

7) Əр облыстың өкілдері Петроградқа қазірден бару керек һəм шорай ислам қызметіне кірісу керек.

8) Қазақ өкілдерінің жиылысы шораның іс басқаратын комитетіне қазақ ағзаларын өздері сайлайды.

9) Уақытша, басқа облыстардың өкілдері жиналғанша, шораның іс басқаратын комитетіне съез Жиһанша Досмағамбетовты һəм Уəлихан Танашевті лайықтады.

ХІІ. Қазақ саяси партиясы

Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съез Шорай исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократическая федеративная парламентарная республикаға құрылмақ. Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ облосной комитеттерінің қарауына жібереді, онан кейін учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді.

Page 143: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы съездің қаулылары учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ – аманат болады.

ХІІІ. Жетісу оқиғалары

Съез соғыс һəм ішкі істер министрлеріне суыт телеграмм берді, Жетісудағы қазақ-қырғызды атып-жаншып жатқан мұжықтардың һəм соғыстан қайтқан солдаттың қолынан қару-жарағын сыпырып алып, халықты тыныштандырсаңыз екен. Қазақ-қырғыз орысқа жəбір бермесіне біз кепілміз деп.

Жетісу облысындағы ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қыр-ғызға алаш баласы жəрдем беруін съез өтінеді.

ХІV. Федералистер съезіне һəм оқу комиссиясына өкіл жіберу

1) Киевте август ішінде болатын федералистер съезіне Əлихан Бөкейханов, Жиһанша Досмағанбетов һəм Уəлихан Танашев барсын деп съез қаулы қылды. Бұл үшеуінің бара алмайтындары болса, орнына Шорай ислам ағзаларының арасынан біреуді жіберсін.

2) Петроградтағы оқу комиссиясына съез Спандияр Кенже баласын жіберуге қаулы қылды.

Page 144: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

«САРЫАРҚА» ГАЗЕТІ

(1917–1919)

«Сарыарқа» газеті 1917–1918 жылдары Семей қаласында шыққан. Газетке Х.Ғаббасов басшылық жасады.

Жалпы, «Сарыарқа» газетінде жарық көрген материалдардан оның «Қазақ» газетімен үндес, сарындас бағытын аңғару қиын емес. Олай болатыны, «Сарыарқа» газеті де Алашорда үкіметін құруды, қазақ елінің өз алдына автономия болуын тіледі. Басылым беттерінде Алаш партиясының бағдарламасы, Алаштың гимні, алашорданың Семей тобының саяси бағдарламасы жарық көрді, сондай-ақ қазақ құрылтай съездерінің бағдарламалары мен қаулылары басылды.

Алаш қозғалысының ұйытқысы, жиырмасыншы ғасыр басында халқымыздың шын мəнінде «көзі, құлағы һəм тілі» «Қазақ» газетінің ұйымдастырушылары – А.Байтұрсынов, Ə.Бөкейханов, М.Дулатов-тың, «Алаш» қозғалысының көрнекті қайраткерлері – Р.Мəрсековтің, Х.Ғаббасовтың, Ə.Ермековтің, М.Малдыбаевтың, Ж.Ақбаевтың, М.Жұмабаевтың жəне тағы басқа алаш азаматтарының құнды материалдарын «Сарыарқадан» көптеп кездестіреміз.

Саяси бағыт ұстанған «Сарыарқа» газетінен халықты теңдікке жетелеген ой-пікір, тұжырымдар мен қазақ съездерін шақыру, ондағы қаралатын мəселелердің жоспарлары мен шешімдері жайлы, сайлау хақында, ұлттың ең өзекті жер, тіл, оқу-ісі, дін, басқа да шешімін күткен əлеуметтік мəселелері жайлы терең танысуға болады.

144

Page 145: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

145

Мемлекет құрлысы

Адам баласы өзінің тұрмысын түзеуге ерікті. Бір мемлекеттің ішінде неше алуан жұрт бар. Олар өзіне қолайлы тұрмысты өзі біліп жасамақ. Əмір патшаның қолында тұрғанда жұртқа бұл еркіндік болмады. Мемлекет құрлысы халыққа зиянды болса да, шыдады. Талай қысылтаяң жерде жұрттың еркі деген сөз патшаның ауызында болса да халықтан ерік сұрамады.

Енді патшаның пəрменінен халық құтылды. Қандай қолайлы тұрмыс жасаса ерік өзінде. Бірақ ұлан байтақ жерде шашылып жатқан жүз миллион халық қалай жиылып, қалай кеңеспек?

Міне, соның үшін мынандай тəртіп болуы керек. Əр гүбірне, əр облыстан халық екі-үш кісі өкіл сайлау керек. Бұл өкілдер көпке сенімді, пікірі, ойы жұртпен үйлесетін һəм басқа жұрттың өкілдерімен тізелесіп халыққа жайлы, ұнамды мемлекет негізін жасайтын кісілер болу керек. Сондай өкілдердің бас қосып кеңесетін жиылысын Учредительное собрание дейді.

Учредительное собрание халықтың өзі болмаса да көзі. Онан жо-ғары, онан күшті мемлекетте хəкімшілік иесі жоқ. Соның үшін халық учредительное собраниеге мойынсұнып, шығарған жарлығына көнуге міндетті.

Патша түскеннен кейін жаңа хүкімет халықтың тілегін орнына кел-тіру үшін Учредительное собрание ашпақ болып, сонан бері даярлану жұмысы қандай қиын болса да осы күз сентябрь-октябрь айында Учре-дительное собрание ашылады деп жұрт күтіп отыр.

Учредительное собраниеге қалай кісі сайлау керек? Кісі аз барса үлгере алмайды һəм жұрттардың көбі кірмей қалады. Егер көп сайланса көпшіліктің жұмысы баяу болмақ. Орташа шамалағанда бүтін Россия-дан мыңнан аса кісі жиылса жарар деседі.

Бұрынғыдай байлардан, атақтыдан, күштіден сайлайтын уақыт кетті. Енді еркек-əйел жиылып қалаған кісісін тура өздері сайлайды. Сайланатын өкілдер саяси, іс жүзінде қай партияның адамы екені білініп, халық əр партияның программасына (тұтынған жолына) таныс болу керек. Саяси партиялар: социал революционер, социал демократ һəм кадет партиясы. Кімнің программасы жайлы, əділ болса соған халық дауыс беру керек. Сайлау біткен соң өкілдер Петроградқа жиылып, Учредительное собраниені ашып, халықтың қалауынша жаңадан мемлекттің негізін құрмақ. Бұл оңай жұмыс емес. Өткен мемлекетті жалғыз патша билеп, күллі əмір соның қолында болып еді. Енді мемлекетті уақыт кесіп сайланған адам басқарып тұрмақ. Бірақ оның əмірі халықтың өкілдерінің əмірінен төмен болу керек. Сонда халықтың бостандық, теңдігіне қорқыныш болмайды. Осындай уақытша сайланған кісіні президент

Page 146: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

146

дейді һəм мұндай мемлекет түрін республика дейді. Учредительное собраниенің алғашқы жұмысы Россияны республика қылмақта.

Мемлекетте үш түрлі хəкімшілік бар: заң шығаратын, заңды орнына келтіретін һəм билік құратын. Заң шығару бүгінге шейін патшаның һəм думаның еркінде еді. Енді патша болмайды. Учредительное собрание негізгі закондарды жасап, тараған соң соларға тіреп қалған заңды Дума шығармақ. Бірақ Дума халықтың шын тілегін орнына келтіру үшін Думаны халық өзі сайлау керек.

Бұрын іс жүргізтін министрлер һəм олардың советі (кеңесі) болатын. Министрлер патшаның ауқымында жорып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдамайтын, думаны керек қылмайтын, законсыз жұмыс қылса да олар сотқа тартылмайтын. Енді министрлер халықтың өкілдеріне бағынатын болады һəм оларды өкілдер сайлайды. Министрлер өкілдерге сенімді болса, əмір жүргізіп қызмет қылмақ. Ыңғайсыз, бұрыс істеген ісіне өкілдер алдында жауапты болып, законсыз жұмысқа присяжныйлардың сотына тартылатын болмақ. Халық өкілдерінің жиылысын парламент дейді. Осындай министрлерді парламент сайлап, парламент түсіріп отыратын мемлекет түрін парламентарная республика дейді. Россияда қай түрлі республика болу керек? Бұл Учредительное собраниенің екінші қарайтын мəселесі.

Мұнан кейін билік (сот) мəселесі қаралмақ. Билікке хəкім қатынаспай би (судья) законмен іс қылатын болмақ. Рахымды би, қатал би, жаймашуақ би, омырау би керек емес. Би арын жастанған, законды қолданған əділ, тура би болу керек. Билерді хəкімге қол арттырмай, жақсы ақы беріп, азғындықтан сақтау керек. Билерге шын мақтау мақсат болмай, үлкен би, кіші би болмай бəрі біртегіс бірдей жұмыс бітіретін болу керек. Ешкім-нен қорықпаған би əділ болмақ. Ондай əділ биде туысқан жоқ. Бидің алдында айыпкер қандай бай, күшті болса да дірілдеп тұрмақ. Халыққа осындай билік жасау Учредительное собраниенің үшінші жұмысы.

Мемлекет негізі қандай жақсы болса да, адамның бостандығына бір қорғаншақтық болмай қоймақ емес. Бірақ қорғаншақтық мемлекеттің бүтіндігі, көптің пайдасы, тəртіп салу үшін керек нəрсе. Сондықтан бұған көну керек. Бірақ хүкімет қатысқанын қаламайтын кейбір орындар бар. Олар мынау сықылды: кім қай дінді қаласа, сол дінге кіруге ықтиярлы болу керек. Бұл хүкіметтің жұмысы емес, əркімнің жүрегінің ісі. Жиылып бас қосып, кеңесуге бөгет қылмасқа керек. Жиылыста керек мың кісі болсын, керек хүкіметті қараласын, оған хүкімет шамданбау керек. Əйтпесе жұртқа бостандық болмақ емес, баяғы құлдықтан құтыл-мағандық. Газета, кітап жүзінде ой-пікірін жазушыларға, я еркін ашық сөйлеушілерге тыю салынбау керек.

Мұның бəрі азат адамның адамдық хұқығы.

Page 147: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

147

Дінге бостандық; бас қосуға, ұйым жасауға бостандық; сөзге бостандық; баспаға бостандық мұның бəрін негізгі закон қылып бекіту Учредительное собраниенің қолында. Жəне мемлекет билігін жасап, ол билікке шек қояды.

Сонда Россия халқына береке кіріп, бақ қонып, еркіндік тиіп, жұрты кенелмек.

Байларға, ауқаттыларға Учредительное собраниенің бұл бостандығы жеткілікті. Бірақ қара халыққа, əсіресе, кедейлерге күнелту үшін бостан-дықтың үстіне азық-түлік жəне керек.

Мұжықтың күн көргені егін, қазақтікі мал. Бұларға жер керек. Міне, соның үшін жер еңбек сіңіріп пайда шығаратын егінші мен мал өсірушілерге берілу тиіс.

Бұл мəселені шешетін Учредительное собрание.Тіршілікте тамақтан басқа ғылым, өнер-білім керек. Олай болғанда

Россия жұртына тегін оқитын школды көбейтіп, халықты өнерлі қылмақ та Учредительное собраниенің қарайтын мəселесі.

Жүсіпбек Аймауытов

Оқшау сөз

СЕМЕЙ СИЕЗІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

Тексеру комиссиясы

Болысной распорядительный комитет өз арасынан үш кісі тексеру комиссиясын сайлады. Бұл комиссия болысной, ауылнай комитеттердің істеген істерін тексеріп, есеп алып, болысной распорядительный комитетке мəлімдеп тұрады.

Үйезный комитеттер

1. Болыстық распорядительный комитет он кісіден бір кісі сайламақ. Бұлар (онбасылар) үйезной распорядительный комитеттерді сайлайды.

2. Үйезной распорядительный комитеттің өз арасынан үйезной Испол-нительный Комитетке сайланатындар: председатель, екі серігі, хатшы, оның помощнигі, қазынашы, үш ағза һəм оларға төрт кандидат.

Қосымша: барша распорядительный комитеттерге бөгде кісіден сай-лауға болады. Бөгде кісілер мынадай: распорядительный комитеттің ағзасы емес кісілер, тегі басқа, діні басқа адамдар, қолы басқа жерлік адамдар, тек 20 жасқа толып, тергеуде болмаса жарай береді.

1. Комитеттер ашу тəртібі үшін тəптештеп жоба жасау обласной қа-зақ комитетінің еркінде.

Page 148: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

148

Оқу туралы

Бүгінге шейін халықтың қараңғылық, надандықта тұншығып келгені оқуға жол ашық болмағандықтан. Қараңғыдан жарыққа, надандықтан ғылымға сүйреп, халықтың көзін ашып, ілгері бастыратын оқу екені даусыз. Теңдік, бостандық алған жұртқа жалпы өнерлі болып ағару керек. Соның үшін оқу мəселесі ең бұрын қолға алынып, қаралатын мəселе деп сиез мынадай қаулы жасады:

1. Оқу жалпыға бірдей, міндетті һəм тегін болсын.2. Халық мектебінің қай түрлісі болса да оқу жұрттың өз тілінде

оқылсын.3. Мектеп-медіресе халықтың өз ішінде ашылсын.4. Мектеп-медіресе земский ақшалар мен мемлекет ақшаларына

ашылып, салынып жүргізілсін һəм жергілікті жұрт мекемелерінің қамқорлығында болсын.

5. 1917 жылдың күзінен бастап, Семейде екі жылдық мұғалімдер даярлайтын медіресе ашылсын.

6. Бұл ашылатын медіресеге ақшаны хүкімет берсін, хүкімет бермесе Қазақ Комитетіне елден жиып берілетін ақшадан берсін.

Дін туралы

1. Дін жұмысына хүкімет қатынаспасын.2. Қазақтың өз алдына ерекше мүфтилігі болсын.3. Бір болыстың һəм бір махалланың имам, мəзімдерін бір болыс елдің,

я махалланың адамдары төте сайлау жолымен үш жылға бір сайласын.4. Əр облыста 5 молладан сайланған бір ұйым болсын. Ұйым ағза-

ларын болыс һəм махалла моллалары 5 жылда бір сайлап отырсын.5. Мирас жұмысын шариғаттың бұйрығы бойынша моллалар бас-

қарсын.6. Зекет, һұсыр, пітір, федия, уақыф, құрбан сияқты садақалар уақытша

комитеттер қолына жиылсын.

Баспасөз һəм пошта

1. Қазіргі зор өзгеріспен таныстырып, халықтың мұң-мұқтажын, тілегін бір жағадан шығаруға осы күні халыққа баспасөз өте керек. Əсіресе, алдымыздағы мемлекет негізін құратын кеңеске халықты даяр-лауға үндейтін Семейде шықпақ «Сарыарқа» газетін тез шығару қамына кірісіп, кітапшалар бастырылсын.

2. Газет, кітап бастыратын серіктік ашылсын, серіктік жарнасы 25 сом болсын.

Page 149: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

149

3. Халыққа хат-хабар, газеттер тез тарап, жетіп тұру үшін болысной комитеттер жұмысына бір қабат қаладан пошта тасып тұрсын. Ауыл-ауылға таратып беру ауылнай комитеттердің мойнында болсын.

Қазақ ақшалары

1. Қазақтан жиылатын земский һəм частный ақшалар қай орынға ұсталатындығын; əр уақытта əр түрлі орынға деп жазылған көп ақшалар тиісті орнына ұсталып-ұсталмағандығын, осы ақшалардың бəрін іздеп, анығын тауып, өз қолына алу обласной қазақ комитетіне тапсырылсын. Егерде бұл ақшалардың ұсталмай қалғаны болса, бұдан былай халықтың рұқсатынсыз еш орынға ұсталмасын.

2. Қазақ ақшасына салынған үйлер, ссудный кассадағы ақшалар қазақ комитетінің билігіне берілсін.

3. Бұдан былай земский ақшалар жиылып, обласной қазақ комитеті-нің пайдасына берілсін.

4. Бастауыш мектептерде оқу қазақтың өз тілінде оқылатын бол-ғандықтан бастауыш школдарға хүкімет тарапынан берілетін ақша қазақ комитетінің билігінде болу тиіс.

5. Обласной қазақ комитетінің халықты ұйымдастыру жұмыстары үшін ұстауына болыс басы елдің байларынан, ауқаттыларынан алып, 1000 сомнан жиылып тез берілсін.

6. Бұл жиылатын ақшаның 10 мың сомы бостандық, теңдік əперу жолында құрбан болған саяси ерлердің жетім-жесір қатын-балаларының пайдасына берілсін.

(ақыры бар)

Оқытушылар шығаратын медіресе туралы

Оқымысты жұрттарда август пенен июнь айының арасындағы уақытты оқу жылы дейді. Оқу жылы басталарда оқуға жасы жеткен балаларын əке-шешесі мектеп-медіресеге бермекке қам қыла бастайды. Біздің қазақ қыс өтіп, жаз шыққанда күні-түні ас-ұйқыға қарамай, мал жайын ойлап, қандай əбігерленсе, оқу жылы басталардың алдында өзге жұрттар сондай əбігер болады. Мал қарастыру жайы мен жанындай жақсы көретін баланы оқуға беріп, екеуін қатар қойып салыстыруға келмейді. Мал асырау мен бала асырау бірдей емес екенін əркім біледі. Малды кім болса сол асырайды. Баланы кім болса сол асырап, анық адам қыла алмайды. Біздің қазақ баласын еш нəрсеге тарықтырмай, киімін көп, тамағын тоқ қып өсірсе, асырады деген сол емес пе деп ойлайды. Баласының мінезі, ақылы, ойы, намысы, жігері, қайраты жағына көбірек

Page 150: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

150

көз салып асырауды біздің қазақ білмейді. Осындай адамның адамдық сырларын күшейтіп, үлгілі, көргенді ету түзу жолға салынған мектеп-медіресе жұмысы.

Біздің қазақ бала оқытуды жеңіл-желпі жұмыстың бірі көреді. Мал асырауға салған көңілді бала асырауға салмайды. Оқу артық екенін өз-өзімен айтып отырса да, оқу жұмысына келгенде тым салақ. Оқу жұмысын көбейтіп, түзу жолға салуға қам қылып, ойланбайды. Оқу-оқыту жолын іздеу тап бірлі-жарым оқығандардың міндетіндей көріп, міз бағып тапжылмайды. Оқығандар міндетті. Бірақ басшылық қыламын деп талпынғанда, соңынан ерген көмекші табылмайды. Жұрт жұмысы дегенде жалғыз оқығандар борышты болып, оқымағандар тайып шықпасқа керек.

Саусаққа салып санарлықтай оқығандар бүкіл жұртқа жетпейді. Бірақ түгел жетерліктей əдіс табады. Ол əдіс оқытушылар шығаратын медіресе ашу.

Түнеугі Семей сиезінде «Оқытушылар шығаратын медіресе ашыл-сын, ашуға керек ақшасын хүкімет бермеген уақытта обласной комитет-ке болыс басы бір мың сомнан жиып берген ақшадан жұмсалсын, халық берсін» деп сиезге жиылған жұрт бірауыздан қаулы жасаған еді.

Одан бері үш ай өтті, əлі ешқайдан жиналып келген бір тиын ақша жоқ. «Ауызбен айтып, істерде қайтып» кебіне жұрт өкілдері ұшыраған секілді көрінеді.

Оқу жылы таянып қалған соң халық тапсырған істі орындамай қой-малық деп Семейдегі оқытушылар ұйымы мен обласной қазақ комитеті биыл оқытушылар шығаратын медіресе ашу қамына бел байлап кірісе бастады. Халыққа қарап кідіруге болмады. Бұны балуандықпен бастап отырған жоқ, тек халыққа сеніп істеп отыр. Бостандыққа мəз болып қуанған жұрт есін жиып, шаруасын ойлап, келешекке көз салып, ақша жинап бергенше құралақан отырмалық, аша берелік, уақытша хүкіметтен ақша сұралық деп қаулы жасалды һəм алғаш істі бастап жүргізіп кетерлік мөлшермен 25 мың сом ақша сұралды. Одан басқа обласной комиссариаттан Алаш қаласында бос тұрған, бұрын шаруашылық ғы-лымын үйреткен школ оқытушылар шығаратын медіресе ашуға берілсе екен деп тағы сұралды.

Екеуі де болар деген үміт жоқ емес. Егерде ақша да, үй де берілмесе, обласной қазақ комитеті өз күшімен ашпақ. Өз күші дегеніміз баяғы жұрт еткен уəде. Жұрт сөзіне жетсе, комитет іс басқаруға кісі жағынан уайым қылмайды. Ұсынатын кісілері дайын.

Сөйтіп оқығандар іске кіріскенде жұрт та «əуп» деп сүйеуі жөн. Оқытушы шығаратын медіресені оңдап жүргізе алмаса, оқығандарға серт; пұл жағынан ақсатып, орта жолда тоқтатсаңдар, қазағым, саған серт. Екі жағыңның да мерт бола көрмеулеріңе тілеулеспіз.

А. А.

Page 151: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

151

Ішкі хабарлар

Дін бостандығы

Ішкі іс министрінің «мемлекет негізі өзгеріп, жаңарғанда əр адам өз пікірін сөйлеп, жүрегі сенген жолға түсуге ерікті болсын» деп жасаған закон жобасын уақытша хүкімет 14-ші июльде қарастырып бекітті һəм дін туралы жасалған ескі закондарды толықтырып, өзгертіп, қалдырып, мына қаулыларды жасады:

1. Россия мемлекетінің əрбір адамы дін жолында нағыз қағусыз бос болсын. Адамдық һəм азаматтық хұқықтарымен пайдалану қай дінде екендігінен болмасын. Қай дінде де, не пікірде де болса да ешкім кемшілік, қысымшылық көрмесін.

2. 9-жасқа толмаған балалардың қай дінде болуын əке-шешесі айыр-сын. Баласы қай дінде болуға таласса, бала əкесінің дінінде болсын. Əке-шешесі айырылып кеткенде бала кімнің қолында қалса, соның дінінде болсын.

3. 9-жасқа толмаған баланың əке-шешесі өліп қалса, яки кім екендігі білінбесе һəм баланың қай дінде екені табылмаса, асырап бауырына басқан адамдардың яки қамқорлардың дініне кірсін.

4. 17-жасқа келгендер бір діннен екінші дінге шықпақшы болса, яки ешбір дінді сүймеуші болса, хəкімнен рұқсат сұрамай-ақ, арыз бермей-ақ қойсын. Ұстаған діннің салатын міндеттерін атқармауды жеріндегі судьяға ауызша яки жазуша мəлім қылып тоқтасын.

5. Əке-шешесі бір діннен екінші дінге ауғанда 9 жасқа толмаған болса, о да сол дінге аусын һəм əке-шешесінің қай тірі тұрғанының дінін тұтсын. Егерде əке-шешесінің бірі басқа дінге шықса һəм келіспесе 9 жасқа толмаған бала бұрынғы дінінде қалсын.

6. 9-жастан асқан бала еріксіз екінші дінге шығарылмасын.7. Ешбір дінді керек қылмайтын адамдар кім екенін айыратын қағаз

17-ші октябрьде 1906 жылғы жарлықтың 2-ші бөлімінде көрсетілген жолымен алсын.

Мұсылмандар, ынтымақтан айырылмаңыздар!

Шаһар думасының жұртқа керектігі, оның істейтін істері һəм думаға кісі сайлау туралы күн бұрын мұсылмандардың бірге ақылдасып ынты-мақпен іс қылуы тиісті екені 5-ші нөмер «Сарыарқада» жазылған еді.

2-ші айт күні Семейдің барлық мұсылмандары 6-ші мешітте де кеңе-сіп сайлау жабдығын басқаруға һəм халыққа пайда келтіретін адамдарды дума ағзасының списогіне кіргізуге 10 кісі комиссия сайлаған еді. Сол

Page 152: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

152

комиссия көпке, əсіресе, мұсылмандарға кешегі таршылық заманда шын көңілімен қызмет қылып, қорғаушы болған адамдарды салыстырып, салмақтап список жасады. Бұл списокті көптің алдына салғанды олар да ұнатты. Енді сол списоктегі адамдарды 6-шы август күні сайлап, шардан өткізу қалды.

Жүрегінде иманы, тамырында ата-бабасының адал қаны бар əр мұсылман ынтымақтан шықпас деп сенеміз. Семей мұсылмандарының əзірге арнаулы партиясы жоқ. Орыс партиясының қайсысы болса да мұсылмандардың мақсұтына дəл келмейді.

Шаһар халқының мектеп-медіресесі, діни жұмыстары, қысқасы, ха-лықтың бақыт тізгіні думаға сайланған кісілердің қолына тапсырылмақ. 6-шы август болғанша қапы қалмай, 20 жасқа толған əйел-еркек сайлау қағаздарын алып, мұсылман дауысын көбейту тиіс. Бала-шағасының қамын ойлап, қарғысына қалмайын деген мұсылман бұл сайлауға салақтық қылмас.

Мұсылмандар жағынан ынтымақпен көрсетілген 1-ші списоктегі адамдарды шардан оздырмай қоймас.

Мұстақым

Дін мəселесі

Ақмола, Жетісу, Семей, Орал, Торғай, Закаспий (Маңғышлақ үйезі) облыстары уақытша Орынбор мүфтилігіне қосылсын. Духовный собраниеге қандай мəселелерді беру тиістігін жалпы қазақ сотының комиссиясы айырсын. Духовный собраниеде қазақ бөлімі болсын. Қазаққа қатыс барша жұмыс мүфти алдында қазақ бөлімінде қаралсын. Ортақ мəселелерді мүфти алдында қазақ пен ноғай қазилары қосылып қарасын. Маңғышлақтан басқа əр облыстан бір қазидан сайлансын. Қазақ бөліміндегі жұмыстар таза қазақ тілінде жүрілсін. Қазақ бөлімінде 5 қази, 1 секретарь болсын. Бұлардың əр қайсысы жылына 4800 сом ақы алсын. Кеңсе расходына 10 мың сом берілсін. Əр облыстан жылына қазиға 4800 сом, секретарьға 1 мың сом, кеңсеге 2 мың сом, барлығы 7 мың сом жиылып берілсін. Секретарьды қазақ қазиларының жалпы жиылысы сайласын. Қазидан төменгі рухани адамдар тұрған жерінен ақы алсын. Ақы мөлшерін жергілікті обласной сиездер кессін. Дін туралы жалпы қазақ сиезінің жасаған қаулысын обласной комитеттер орындасын.

Мұғалім-молла сиезінің пəтуасы

Біздің қазақты ел есебіне қосып, адам ретіне санатпай, басқа атаның ұлына құл есебінде қалдырған кім ғылымсыздық, өнерсіздік. Əуелі,

Page 153: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

153

Алланы сипаттағанда ғылым деген сипатпен сипаттаймыз. Бұл ғылым барша камалат, толықтықтың басшысы екеніне дəлел.

Екінші, пайғамбар ғалайһсаламның хадисында айтады: «Ғылымды туғаннан өлгенше ізде, ғылымды кəпірдің кəпірі қытай халқында көрсең де ал», «Адамның ең жақсысы ғалым» деп.

Үшінші, бүгінгі дүниеден ғибраттанып қарасақ, дүниеге патша боп барша ғаламды таңырқатып тұрған ел де, адам да ғалым. Артта қалып құл есебінде қорлықта мысал боп жүрген ел де, адам да надан. Бұл дүниеде ғылымсыз ел ел болып жүре алмайды.

Енді біздің қазақ ел болайын, сағымша жоғалмайын деп үміт, тілеу қылса, мал түгіл, жаңды жолынан аямау керек.

Ғылымның бірінші мақсат екеніне ешкім дау қылмас. Бірақ жалпақ ел болып, оқуға жабдығы қалай табылмақ? Сол жағын қарастырып, біз Павлодар үйезінің молла-мұғалім сиезінде алғашқы халыққа пайдасыз орындарда тарап жүрген зекет, құсыр, пітір, нəзір, кіфарат, өсиет һəм федия сияқты уəжіп-садақаларды мектеп-медіресе сықылды ғылым жолына ұстамақтың шариғатта дұрыс екеніне бердік.

Бұл айтылмыш садақалардың шариғатта арналған орны екі түрлі: бірінші, күн көріп еңбек етуге жарамайтын кем-кетікке беру; екінші, жалпы жұрт пайдасы табыларлық орынға жарату.

Енді əуелі дін, екінші күн ғылымсыз болмайтынына илансаңыздар, мына Алланың уəжіп қылған садақаларын мағынасыз орындарға жоғалтпай, əр ел осы садақаларды реттеп жиятын кісі сайлап, бір жерге жиып, ғылым қазынасы қылып, ғылым жабдығына жарату тиіс. Мұның жөні 8-ші нөмер «Сарыарқада» басылды, сонан қаралсын.

Қол қоюшы атақты молла-мұғалімдер:Мұхаммед қажы Дүржанбайұлы, Ахметжан хазірет пен молла Қожан,

Мешітбай қажы Кенжекейұлы, Хабиболла Лекерұлы, Нығметолла Күзенбаев, Ғұмархан қажы Күзенбайұлы, Ғабдалрахман Сұлтанұлы, Сəдуақас Сатыбалдыұлы һəм басқалар.

Қамсыз ел

Өткен 8-ші августе Өскемен үйезі Нарын өлкесінде инструктор шығып, жан қисабынша сайлайсыңдар деп бұйрық беріп, 4 поселке казак, 6 мұжық қаласы, 5 болыс қазақ бір районға бірігіп, районный жер комитетіне һəм районный продовольственный комитетке делегат сайлады. Он қала орыстан, 5 болыс қазақтан делегат болды. Адам санына қарай болса, орыстан қазақ 5 есе көп еді, қисабына қарай сыбаға ала алмады. Жоғарғы алтыдан қорынып, жер комитетіне бір қазақ, продовольственный комитетке бір қазақ əрең кірді. Дауысы аз сөзде дауа

Page 154: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

154

жоқ екені жұртқа мəлім. Бұл екі комитет алтай елінің тіршілігінің жан комитеті десе болар. Жер туралы ата қонысынан айырылып, малдың өсімі жебір майына таусылып, қалған басы расходына ұсталып, жылдан жылға құрып бара жатқан ел осы. Азық-түлік комитеті туралы айтып та керек емес. Мына құдайдың ғадалат күні туған заманда теңдікке жетіп, ата қонысына енісіп, еңбек етіп қалалық деген бір адам жоқ. Болысной комитетте кім жеңіпті, кім болыпты деп көзі ежірейіп, құлағы ербейіп, жер-су түгіл, иманды, жиғанды ұмытып жүрген бір ел. Əттең, ата қоныс малдың қыдыры алтыбай өзгемен ісі жоқ, өзетіңде өзді-өзімен жауласып, жақ-жақ боп, қырқысып жатқандардан денең жиіркеніп, тітіреп, сілкініп, үстіне құлап кетер ме едің!

А. Ж.

Көңілді іс

Бұрын Көкпекті қаласындағы жұрт оқу уақыты жеткенде ғана бізге мұғалім керек, алты ай бала оқиды деп 300 сом шығын қылып, бала басы отын салып, ақша жинап оқытып жүруші еді. Мұның кемшілік екенін біліп, көріп жүрсек те бабы болмай, сүйретіліп, осы күнге шейін келіп едік. Енді қай жерде болса да, құдайға шүкір, мұсылмандар қарманып жатқанын көріп, медіресемізді жақсы жөнге саламыз деп Көкпектідегі мұсылман комитеті жəрдем жиып, қолға ала бастады. Қалаға үш кісі сайлап, 3 күнде бір мың сом жидырды. Жəне де біздің бұл медіресемізді басында ерлік, жомарттық қылып салған Садық қажы Ғұбайдоллин жетпеген жері болса қарасатындығын білдірді. Биыл үш мұғалім ұстап, оқуды бір өлшеулі жолменен оқытатын болып, медіресе тəрбиесіне ұсталатын ақшаны 4000 сом есептеп, комитет ақша табатын болып, іске кірісті.

Құдайдан сəтін тілеп, жаңа жасалған комитетіміз осы ынтымақтан айырылмасын дейміз.

Əсма Жанболова

«Көлбай»

Өткен июньнің орта кезінде Петроградтан Зайсанның бір қазағының атына «Көлбай Төгісов» деп қол қойған мынадай телеграм келген. «Менің қарысып айтуым бойынша Семейдің окружный сотының председателі мен прокуроры орнынан түсіріліп, прокурордың орнына адвокат Вайсер қойылатын болды».

Амалың болсашы, Зайсанның кейбір аңқау-алаңғасары осыған сеніпті де қойыпты. «Шіркін, Көлекеңді қойсаңшы, жанып тұрған бір өрт қой.

Page 155: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

155

Оның қолынан не де болса келеді. Олай-былай қуғыншылық көріп жүрсе де, шекесіне тас тиіп қажымайтын-ақ сабаз ғой арпалысып, алып қашысып жүрген. Өйдөйт дейсің, тысырлауы жаман екен, осылар оқыстан Зайсанның оң жағынан бір «ай» туғызып алмаса етті деп ішімнен недəуір қорқып жүрдім. Онша көп уақыт өте қойған жоқ, Өскеменнен шаң бұрық етті: «Көлекең Өскеменде сиезде болып, жұртқа өзінің Петроградтан кіл қазақ облыстары мен Түркістан жағына қарауылшы комиссар болып келгендігін» баяндаған соң Семейдегі обласной қазақ комитетінің орыс комитетіменен қосылып, жұмыс қылып отырған жайынан сөз қозғапты: «Қазақ комитеті қазақты орысқа ауыл үй қонғызды. Қолдағы билік кетті. Жұрт жұмысы қараң қалды, комитет басындағы кісілер жұрт пайдасына жағымсыз» деп оларды жамандап, қаһар атып келіп, аяғында комитетті қайтадан сайлау керек деп сөз тоқтатады.

Бұл сөзге Семейдегі суырша күндіз інде бұғып жататын, түнде жортып, ырзық теретін бір мырзаның Өскемен адамдарына жазған хаты қамшы болып тиіп, жұрттың аса сенгісі келмесе де, көңілі бірсыпыра қобалжыса керек. Бұл мұнымен тұрсын.

Өскеменнен Көлекең Зайсан келіп, Айт намазының үстінен түседі. Мешітте өткен-кеткен бастағы оқиғалардан сөз қозғап, жұрттың көңілін босатып, біраз жылап-сықтатқаннан кейін «орыс-қазақ арасыңда тату-шылық жоқ екен, бүгін сағат 2-де қызыл туларыңды алып, маған келің-дер, апарып татуластырайын» депті. «Ойбай, тақсыр, біздің ешкімменен араздығымыз жоқ. Ол үшін əуре болмаңыз» деп жұрт тарқапты.

Зайсандағы Жұмысшылар мен солдаттар советі һəм қазақ ұйымы «Теңдік заманы» ескі таныс Көлбайдың жұртжұмысына кірісуін жаратпайтынын білдірген соң, Көлекең Зайсаннан Шорға еліне шығып кетеді. Жол бойы, ел ішінде офицер формымен жүріп, Көлекең баяғы өзінің «Үлкен комиссар» екендігін һəм «Шура Исламның» ағзасы екендігін жұрттың құлағына сіңдіріп, шорға елінің комитеттерін сай-лайды. Мұнымен тағы қоймайды. Зайсан комиссариатының, «Теңдік заманының», обласной комиссариаттың адамдарын тегіс қаһар аттап, латтап, жоғарғы ұйымдарды қайтадан сайлау керек деп жұртты ерітеді. Екі-үш күннен соң Маңырақ елінің қазақтарының атынан Зайсан комиссариаты телеграм алады. Бұл телеграмда қазақтар «үйезный комиссар Пушкаров, обласной комиссар Лашкевич баяғы Столыпиннің Қанды күндерін туғызды, халықты қысымшылықта ұстады. Солар не қылса да орнын тастаса екен» деп Маңырақ елінің қазақтарының атынан бір-екі кісі қол қояды.

Мұның артынан Петроград, Мəскеу һəм басқа қалалардағы орыс, ноғай газеттерінде Ахметбек Əбділдəбек баласы Шаянбаев атынан мынадай телеграм беріледі: «Обласной комиссар Лашкевич, Зайсан комиссары Пушкарев һəм Зайсандағы «Теңдік заманының» басындағы

Page 156: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

156

Шегіров, Өскенбаев халықты қысымшылықпен қорқытып түрмеге салады. Босатқан адамдардан 3 мыңнан 15 мыңға дейін пара алады».

Телеграм сөздері тексеріліп, қазақтардың ондай телеграм бермегені мəлім болады. Ұзынқұлақ хабар осының бəрін істеп жүрген Көлбай деседі. Ол кезде комиссар Халел мырза Ғаббасов шорға елін қайтадан сайлап жатқан еді. Зайсандағы ұйымдардың қаулысы бойынша Халел мырзаға «Көлбайды» сонда жібер деп телеграм соғылады. Бірақ телеграм ол кісінің қолына тимейді. Бір-екі күннен соң Көлбай шорға елінен «Омбыға барып, бұл əкелемін» деп Əбділдəбек баласы Ахметбекті, бұрынғы тастаған қатынын жанына отырғызып алып, безіп кетеді. Сондықтан ойға келеді: Халел мырзаға жіберілген телеграм қолды болды ма деп.

Көлбайдың шашпауын көтеріп жүрген осы күнде Əбділдəбек Төгі-сов. Бұрын бұл кісі Көлбаймен араз болып, құлдан туғансың деп енші бермей, Көлбайдан құтылуға неше асық болған кісінің бірі еді.

Осы күнде інісінің үлкен дəрежеге жеткеніне əбден көзі жетіп, мына-дай аумалы-төкпелі заманда Көлбайды таяныш көріп, іні қылып енші беремін деп тастаған қатынын жанына қондырып алып отырған тағы өзі.

Көлбай осы күні Петроградта.10-шы августе Зайсанның коалиционный комитеті Көлбайдың лаңы-

на бір түнгі мəжілісін бөлді. Мəжліс қаулысы қысқаша мынау болды: Көлбайдың істеп жүрген жұмысынан əрекет іздеп, жұрт ұйымын, бере-кесін ірітіп, «бұзып-жарып бас болдың» исі шығады. Сондықтан, бі-рінші, Көлбайдың кім екенін бұрыннан білетінмізден, екінші, осындай төңкерілмелі заманда тыныштықтың, жұрт бірлігінің аса керектігінен Көлбай Төгісов Семей облысында тұрмасын. Осы мəжілісте жəне мəлім болды Көлбай Зайсандағы совдепті следовательге жолығып, тағы мына сөзді айтты: «Сот министрі Переверзовке жолыққан едім, баратын қалаларыңыздағы мекемелердің үстінен бақылап, законсыз жұмыстарын маған білдіріп тұрыңыз» деп маған тапсырды». Следователь айтыпты: «Апырай, сізге тапсырған аманат баяғы сенатор Гагаринның өкілдігінен кем емес екен, болса болар» деп сөз аяғын күлкімен тоқтатыпты.

Көлбайдың тастап кеткен қысқаша лаңы осы. Көлбай келе жатса, құйыннан қашқан адамдай тек «таздың үйіне бар, таздың үйіне бар!» деп қол сермегеннен басқа жұмыс қалмады.

Айнымас

* * *Семей қасындағы Плещеев отарында отырған мұсылмандар мешіт

салмақ ниетінде болып, жұрттан уəжіп садақа жия бастады. Құдай үйі, мешіт пайдасы деген жұмысқа мұсылман халқы уəжіп садақаларын бермей, іркіп тұрмас деп үміт қыламыз.

Page 157: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

157

Жəрдем жіберушілерге адрес: Семипалатинскъ, хуторъ Плещеева казначею по сбору пожертвовоний Мусе Дюйсембаеву.

Семей, 5 сентябрь

25 августе телеграф Петроградтан мынадай көңілсіз хабар əкеліп отыр: «26-ші августе Россияның жалпы əскерін билейтін бас командаға ие генерал Корнилов г. Дума ағзасы Владимир Львовты Уақытша Хүкіметке елші қылып жіберіп, министрлер тегіс орнынан түссін. Мемлекет жұмысына лайықты кісілерді министрлікке өзім сайлаймын. Егер еркіменен министрлер орнынан түспейтін болса, күшпен түсіремін» деп сөз салыпты. Елші сөзінің орасандығынан бой салып сене қоймай, бас министр Керенский Корниловпен телефонмен сөйлескен екен, Корнилов елшінің сөзінің растығын бекітіпті. Уақытша Хүкімет Корниловтың бұл қимылынан бостандық, жұрт билігінің негізгі жолына қарсы мінез тауып, Корниловты һəм оған ерген əскерді Россия бостандығына қас Бүлік басшысы деп жұртқа жария қылып отыр.

Петроградтан келіп жатқан хабарларға қарағанда Корниловтың соңынан ерген майдандағы əскердің біраз ғана бөлімі. Көп əскер Уақытша Хүкіметке сенім көрсетіп, көмектестігін білдіріп тұр.

«Бостандығымызды Корниловқа талатпаймыз, отан жұмысын жан салып қорғаймыз, Бүлік басшыларына қарсы тұрыңдар» деген теле-грамдар Уақытша Хүкімет атына тұс-тұстан күніне жаңбырша жауып тұрады. Хэтта Томскіден жіберген телеграмда «бостандығымызды қорға-масаңыздар, Бүлік басшыларына тиісті жаза тарттырмасаңыздар, біз Сібір жолынан ешкімді жүргізбейміз де жəне сіздерге азық-түлік бермейміз» делінген. Осы тілектерден көрінеді: Россия жұртының Петроград оқи-ғасына қалай қарайтындығы. Бірақ бұл оқиға жалғыз əскер ауданынан шықты деуге болмайды. Мұның тамыры Россияның əр пұшпағына барып, əр жерден тілектестер тапқан көрінеді. Өйткені үстіміздегі бостандық жалпы жұртқа қуаныш болып тараса да, кей-кейлерге қайғы болып отыр. Кеше жұртты сорған шенеуніктер араны ашылып, еңбек жеген капиталист-байлар, сиғанынша астына басып, симағанын алақанымен басқан жер қасқыры ақсүйек помещиктер бостандық күні туғаннан бері жүні жығылып, ежелгі ескі кəсібін аңсап, аш бөрідей қатып жүр. «Жау жоқ емес, жар астында; бөрі жоқ емес, бөрік астында» дегендей осылар бет ашып Корнилов жағына шықпаса да, «жүгенін ішінен буынып», іштен-сырттан жұрт ұйымын ірітіп, астыртын Корниловқа тілектестігін білдіретін көрінеді жəне де казак əскерінен шыққан бытырама бөлімдер Корниловқа жақтастау көрінеді. Корниловтың нəсілі казак, Қарқаралы дуанынан. Осы соғыста бақ қонып, атақ алып, əнеугі Мəскеу кеңесінде

Page 158: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

158

ауызға ілінген генералдың бірі. Өзіне ерген əскерді Уақытша Хүкіметті күштеп түсіру үшін Петроградқа жіберіп отыр. Майдандағы көп əскер-дің, қала-қаладағы əскердің, жұрт ұйымдарының ауқымына қарағанда қан төгіс болмай-ақ, Корнилов лаңы су сепкендей сөнер деп үміт етеміз.

Корнилов лаңына Россияның қара бұқара жұртының əскерінің қалай қарайтындығын жоғарыда қысқаша жазып өттік. Жə, біз қалай қараймыз бұған?

Біздің қазақтың Россия мемлекетіне бағынғанына, міні, екі жүз жылға таянды.

Осы екі жүз жылдан бері қазақтың жұрт ретіне кіріп, Россияның кең дастарқанына елмен бірдей орын алғаны үстіміздегі бостандықтың алғаш туған күні 27-ші февральдан бері. Мұнан бұрынғы күндерде қарлы боран, жаңбыр басып, жылау-сықтау, зармен сүйретіліп ғұмыр шеккен жұрт едік.

Россия мемлекетінде 30 миллионға жуық мұсылман бар. Соның ішінде алты миллион қазақ халқы бар. Мұсылман Россия жұртының 5 бөлігінің біріне жуық, бар қазақ 30 бөлігінің біріндей. Əділ көзбен қарағанда Россия мемлекетінің əрбір жақсылық-жаманшылығының пайда-за-лалының 5 бөлігінің біріне мұсылман болып иеміз; 30 бөлігінің біріне қазақ болып иеміз. Біз патшалық заманында мемлекеттен тиісті сыбаға, еншімізді үміт етпек түгіл, ұлт мүшесінің əр буынына ескі хүкімет пышақ салып, жұрт болып жүруімізден де үмітіміз кесілуге таяп еді. Қай жұрт болсын, бір дін, бір тілге ие. Ұлт діңгегі осы екеуі. Бірақ бұлардың таза сақталуы үшін жұрттың тізесі ашылмай, арасында кірмелер болмай, тобы жазылмауы керек. Бұған үлкен себепкер жер. Астында тұтас жері бар, бір нəсілдес жұрт оңайшылықпен жұрт белгісінен айырыла қоймайды. Міні, ұлт нысаны осы үш діңгекке патшалық замандарда біз ие бола алдық па? Жоқ. Кеше патшалық заманының дəуірі жүріп тұрған кезде қырда бала оқыттырмай моллаларымызды қуып, ойда Алаш қаласында медіресе-мешіттерімізді пешеттеп, құранымызды тас-талқан қылып, аяқ астына шашқанда кеудесінде мұсылман рухы бар адам жаны тентіреп, іші қазандай қайнап, қолдан келер дəрмені жоқ болып, зорлыққа амалсыз көніп тұрмап па еді?! Дінге ерік бермей, дінге қол сұққандық осы емес пе?! Кеше сорлы мұжықтың қу басын ғана құлдықтан азат қылып, еңбегі, тері сіңген жерін ақсүйек помещиктерге қалдырып, біздің қазақтың еңбегі, қаны сіңген ата мұра жерінен мұжықтарға еншіге жер тартып алып беріп, қалалы жерде «бір қазаққа екі орыс келсін» дегендегі Николай заманындағы ескі хүкіметтің мақсаты не еді? Дін нəсілімізге қол сұғып, жұрт қатарынан шығарып, қазақты бірте-бірте орысқа айналдыру еді. Қазақ жерінен айырылса, дəулеттен айырылып, ортасында кірмелер көбейсе, тізесі ашылып, бытырап, дін, тіл шаруа жүзінде бүктеліп, кəсіп іздеп, қала-қалаға сіңіп, ұлт билігінен айырылу дап-дайын еді.

Page 159: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

159

Кеше 1905 жылғы бостандықтың шырағы Столыпин тұсында сөніп, ескі заманның дəуірі қайталағанда біздің қазақтың ат жалын тартып мінген азамат ел басшыларының кейбірі түрмеде шіріп, кейбірі жер аударылып, қанша бейнет шеккендегі жазығы не еді «бостандық неге тілейін», «қазақты жұрт қатарына теңестіресің» еді.

Былтыр 25 июнь жарлығы тақырыпты елімізді жауша талап, қырып, көзден жас орнына қан ағызып, азаматтарымызды қойша көгендеп майданға айдағанда жүзі қара ескі хүкімет бізді жұрт есебінде көріп, осыны істеп пе еді? Əрине, жоқ. Ол кезде бізді мал есебінде көрді. Жер-суы түп-тұтас алты миллион қазақ жұрты қару-жарақ асынып, елмен бірдей майданға шықса, отан намысын қорғау жөнінде ешкімнен кем қайрат көрсетпес еді.

Осының бəрінде бізді жанға, малға ие жұрт есебінде көрген жоқ еді. Осының себебі не еді? Адамды адам деп санамағандықтан адамды өзінің басының бостандығына һəм бұған тиісті хұқықтарына (праволарына) ие деп білмегендіктен. Адамды адам деп біліп, басының бостандығына ие қылса, жалпы жұрт бостандығы осы жерден табылмақ. Себебі жұрттың өзі сондай адамдардан құралады. Басының бостандығына, теңдікке һəм бұларға тиісті хұқықтарға жұрттың қолы жетсе, жұрт билігі осы жерден тумақ. Жұрт билігі қолға келсе, мемлекетті бұрынғыдай оір кісі патша болып, еш уақытта билемекші емес. Сайлап қойған өкілдер арқылы жұрттың өзі ғана билемек. Үстіміздегі жаңа заман жұрт билігі қолға келген заман. Үш жүзден аса жыл Романовтардың бұғауында бейнет шеккен Россия жұртының еңірегенде етегі толып, шөлдеп іздегені осы жұрт билігі қолға келген заман.

Соғыстың лаңымен бостандық жөншілікпен тамырлана алмай жат-қанда генерал Корнилов біраз əскермен қара жүздерді ертіп алып, жұрт бостандығын жоғалтпақ, Россия мемлекетінің басына ескі заманды қайтадан көшірмек! Бостандық Россияға оңай түскен жоқ. Құлшылықта Ғұмыры шіріген мұжықтар, балға, төстің арасында жаны күйген жұмыскерлер, бостандық сөзін тұңғыш татқан солдаттар, босағада көзге түрткі болып, келімсек, өгей атанып, арқасы жауыр, құйрығы шо-лақ болған бұратаналар оңайлықпен Корниловқа бостандығын ұстата қоймас. Бостандықтың орыстан гөрі бізге қымбат екендігін жоғарыда жазылғаннан көрінеді. Сондықтан қазақ комитеті Уақытша Хүкіметке қазақ жұртының қолынан келер көмегін көрсететінін білдірді. Арысы мұсылман болып, берісі қазақ болып бостандығымызды қорғау үшін Уақытша Хүкіметке көмек көрсетуіміз келесі өсетін өркеніміз үшін еккен егінмен тең. Мемлекеттің қуанышына ортақ жұрт қайғысына да ортақ. Алаш азаматтары, Абайдың «жаман дос көлеңке; басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың» дегеніне ұшырап жүрмелік!

Page 160: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

160

* * *4-ші сентябрьде келген телеграм хабары: «Генерал Корнилов һəм

соны жақтаушы бірнеше генералдар тұтқынға алынды».

Діншілдерге

Өткен июль жұлдызының 21-26-сында болып өткен Орынбордағы жалпы қазақ сиезі туралы Түркістан жағының ишандарының халыққа бастырып таратқан бір иғланнамасын көрдім.

Ондағы сөздің түрі мынау: бас кезінде сиезді құттықтап, қазақ азаматтарын бірсыпыра мақтап келіп, дін турасына келгенде барлық қазақтың орысша оқыған зиялыларын бастығы Əлихан қылып, тозаққа апарып қамайды да, сыртынан мықтап бекітіп, кілтін қалтасына салып ап, қайқайып жүре береді. Онымен де қоймай, «олар кəпірдің кəпірі, дінсіздердің дінсізі. Жоламандар, мұсылмандар, айтқанын алмаңдар, артынан ермеңдер!» деп зарлап отыр.

«Иттің үргеніне аспандағы айдың нұры кетпес» десе дағы, мынау сөз ишан сөзі деген соң қара халық əлденелік көріп, өзінің шын қамқор-ларына көңілі суып, шүбəланып жүре ме деп əлгі Иғланнаманың маңы-зын жазамын.

Иғланнамада, əсіресе, дінсіз деп айтуларына себеп Əлиханның: «Ислам діні жас баланың байпағы секілді: бала күндегі байпақ өскен соң киюге келуші ме еді? Сол секілді ислам діні де өзінің заманындағы халық үшін ғана келген дін. Бізге ол діннің енді керегі жоқ» дейді-мыс.

Біз ойлаймыз: Əлихан олай деп айтпаса керек, əйтсе де ишекеңдер қате ұққан-ау деп.

Айтпапты дейтінім мынау: жаным-ау, Əлихан ол сөзді айтып, сиез «иə» деген болса, сиез: «Дін туралы қазақ Орынбор мүфтилігіне қарасын» деп неге қаулы жасайды? Қазаққа дін ислам керегі жоқ, өзіміз жаңа дін жасап береміз, соған қарасын» деп неге жасамайды, Бұл бір.

Екінші, қате ұқты дейтінім: біз құлшылық (ғибадат) турасындағы жұмысты дінге қойып, тіршілік (амалият) турасындағысын законге салып өлшегеніміз жөн. Өйткені закон тұрмыспен қатар өзгеріп отырады. Дін ислам ықтиқад пенен ғибадат жағын адамның өз ақылына тапсырған.

Құранда «Ұрының қолын кес» деген жарлық бар. Осы күнде ұрының қолы түгіл шынашағын кескен кісі естігенім жоқ. Солардың бəрі кəпір болса, ишекемдер де жасырып қала алмас-ау.

Байымбет

Page 161: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

161

Газеттерден

Ноғай бауырларымыздың екпіні

Өткен июль айы ішінде Қазан қаласында ноғай бауырларымыздың үш үлкен сиездері болып өтті. Бүкіл Ғұламалар сиезі, Россиядағы мұсылман əскерлер сиезі һəм екінші жалпы мұсылмандар сиезі. Бұл үш сиез 22-ші июльде бір жерге бас қосып, төмендегі қаулыларға бата қылысты:

Бірінші, Орталық Россияда тұрған һəм Сібірдегі мұсылмандардың ұлтшылық істері мен мəдени істері өз қолдарына қарасын. Бұл туралы учредительное собраниеге қарамай-ақ, осы күннен бастап əлгі істерді мұсылмандардың өз мекемелері қолға алып жүргізе берсін.

Екінші, осы күні орыс əскерімен аралас қызметте жүрген мұсылман əскерлері өз алдына жекеленіп шығып, бөлек полктер жасасын. Бұған хүкімет көнсе көнді, көнбесе де оның ыңғайына қарамай, ол іс орын-далсын.

Екінші жалпы мұсылмандар сиезі осы қаулыларды жарыққа шығарып, іске асырмақ үшін он екі кісілік бір комиссия сайлады. Онан бөтен оқу істерін ұлт қолына алу үшін жеті кісілік оқу бөлімі, қазына істері үшін үш кісілік қазына бөлімі жасады. Бұл комиссия мен бөлімдердің тұра-тын жері Уфа шаһары. Комиссияның бір міндеті мұсылмандардың ұлт кеңесін шақыру. Бұл комиссияны мұхтарият һиіти деп атап, оған уақытша төбеағасылыққа Садыри Мақсұдов, хатшылыққа Ғұбайдолла Шинаси белгіленген.

Бауырларымыздың бұл талаптарына шын көңілден тілектеспіз.«Бірлік туы»

«Қазақ» газетасына ашық хат

Апрель жұлдызынан бастап «Қазақ» газетінде Дүйсембай қажы деген адамды түрлі-түрлі есім беріп, қайта-қайта газетке жазып тұрады. Əлі де жазатын сөздері барлығы аңданады. Өткендегі жазғанына да оқушылар түсінікті болды. Не себеп бар? Басқарушыларының ғұмырлық дұшпаны ма (адам мен ібіліс дұшпандығындай)? Болмаса, ол қажы ұлтына қыз-меті лайық болып, тұсымызға келген бақытты алып қояды деген азамат серіктіктерінің іштарлығы ма?

Алаш баласына жақсылық таңы атты ма деп қуанып тұрған уақытта орын алатын азаматтарымыздың əйелше күндестік қылғандай бір-бірін айыптауларына «А, Құдай, өзің оңда» деп отырған инабатты ақсақалдың көңілдеріне келмей ме? Таласпасаң талайыңа жетер еді, əуелі бізге жолбасшылық көрсетіңіз демей ме?

Page 162: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

162

«Азамат» серіктері Дүйсембай қажының өткендегі жұмысын тап-қанындай ыждиһад қылып ұлтына қызмет етсе, иншалла, қазақ халқы да өзара партиясын қойып, бір басқыш болса да жоғары асар еді. Ұлты үшін жанын қиған азаматтарға ұлтының тұқым қуған сырқаты жұқты ма? Я,Алла өзің сақта!

Инабатты ақсақалдар айтады (Дүйсембайды көргені бар, көрмегені бар): Дүйсембай қажы анық Алланың сүйікті құлы екен, ұрлығы алдынан шықты. Болар жігіттің алғашқы ұрлығы шықсын деген еді деп һəм «ерден иман құтылмас» деген тар орында қызметте жүріп, 25-30 жыл Алланың бірлігін біліп, əрбір əміріне мойынсұнған екен деп.

Екінші, «Азамат» серіктерінің Дүйсембайдай қиянатшылдың қияна-тын білсе, бар ыждиһатын жұмсап, халқына көрсетіп тұруы лайық. Əрбір қиянатшылды айтуға бір жылдық ғұмырын сарып қылса, халқына пайдалы істерді айтуға жұмасында бір шығатын газетаның мағлұматы көп болмауына себеп болар. Мылжыңдардың мəселесінше «өлеңі жоқ мəселеге зорлайды» дегендей бұл сөзім «Азамат» серіктіктерін айыптап, сөгу емес, бір сөзді қайта-қайта сөйлегеніне ұялғаным. Дүйсембай дегеннің жақсы болғаны кім, жаман болғаны кім?

Ғайша Ғалиқызы (Ақмола)

«Сарыарқа»: Жабатын жала, тағатын кінə де парық болады. Мына ашықхатты жазушы Ғайша атты əйел ме, əйелді бетіне ұстап жасырынған келін бе, өзі біледі. Əйтеуір Дүйсембай қажыны «Азамат» серіктерінің жаласынан алып қала алмайды. Бірақ айта беріп қайтесің, баққа таласқандық осынша неге ізіне түстің деп кінə тағады.

Екінші, «Дүйсембайдың алғашқы ұрлығы шықты. Абыройлы жігіт екен» депті. Мұнысы мақтағаны ма, боқтағаны ма, біле алмадық.

Үшінші, Дүйсембай қажы орыста қызмет қып жүріп қажы болды. Құдайдың əмірін ұмытпаған деп мақтағысы келеді. Абай марқұм айтпап па еді: «Кейбірі қажыға барып жүр, болмаса да қажы парыз, мұсылмандық ол ойлап, өтеген қашан бір қарыз» деп.

Енді «Қазаққа» баққа таласты деп жапқан жаласы туралы қарасақ, Дүйсембай «Қазақ» азаматтарымен таласқа түсерлік аты шыққан ер ме еді? Екінші осынша неге қудың депті. «Қазақ» азаматтарының қиянатшылды білгенінше соңына түсіп қуғаны осы ма еді?

Кім де кім болса да, не нəрсені сүйсе, сол үшін өте күйетіні тағдырдың жолы емес пе?«Қазақтағы» Алаш азаматтарының ел сүюінде Һəм ел үшін күюінде кімнің таласы

болар екен!? Бұл Алаштың азаматына жапқан жала Крыловтың баспасындағы маймылдың айнадағы өз сүгіретіне күлгені сықылды-ау дейміз.

Мектеп

«Сарыарқа» шыққаннан бері əр нөмірде-ақ Алаш қаласында оқыту-шылар даярлайтын курс ашылмағы, Алаш қаласындағы «оқытушылар ұйымының» оқытушыларға орын, оқушыларға мұғалім тауып беруге ыждиһат ететіні жазылып келеді. Міне, оқу уақыты жетті. Ғылымға

Page 163: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

163

сусаған жұрттар мектебін, мұғалімін, керекті саймандарын даярлап оқуға белсеніп кірісті. Бұрынғы бар мектебін көркейтіп, жоғын ашпақ. Хүкімет те тұқым, дін айырмасына қарамай ғылым дүкенін молайтпақ.

Басқа жұрт ғылым үшін жанталасып жатқанда, біздің қазақ халқы қайтып жатыр? Мектеп ашу, мұғалім алдыру ойларында бар ма екен? Теңдік, тегістік заманы туғалы жарты жыл болды. Сонан бері қазақ комитеті қазақ жұмысына күндіз күлмей, түнде ұйықтамай қызмет етіп келеді.

Күн сайын «бөлек болыс болсақ екен», «бөлек ауылнай болсақ екен» деп келген арыз толып жатса да, «мектеп ашып беріңдер, балаларымыз оқусыз қалды» деген бір елден бір арыз, бір сөз жоқ.

Жақын арада земство ашылып, қазақтан жиналған ақша қазақтың өз игілігіне ұсталмақ. Сонда да ең алдымен қам қылатын ісіміз тағы мектеп болмақ.

Қырдағы елімізде оқу дүкені жоқ, болғаны дін аздырушы Ильмин-скийдің жолымен қазақты шоқындыру үшін ашылған школдар. Ол школдарды елдің өз тілегіне лайық халық мектебіне айналдыру керек.

Орыс учительдердің орнына қазақша оқытуға жарайтын мұғалімдер тауып қою керек. Қай жерде қандай мектеп бар, енді қай жерден мектеп ашуды тілейді мұны обласной қазақ комитетінен сұрау əр елдің өз міндеті. Комитет адамдары ауыл сайын «сендерге мектеп керек пе?» деп қыдырып жүре алмайды. Көктен тілегеніңді Құдай жерден берген уақытта сыбағадан құр қалған жұрт малынан да, жерінен де, дінінен де айырылмақ.

Былтыр еңірегенде етегі толған қазақ халқы биыл партиядан басқаны ойламауы үмітіңді кеседі.

М.М.

«Тұяқ-өлі кісі»

Түлкібек мырза көшеде келе жатқан Момынбай моллаға жолығып:– Ие, моллеке, жақсы кез келдің. Салаумаликум! Міне бір дəстебірнеге

қол қойып бере қойыңызшы!Молла:– О, ненің дəстебірнесі?Түлкібек:– Менің Тұяқ дейтін ағам қатты науқас еді, соған киім алуға

ауылнайдан алған дəстебірне ғой. Комитетке алып барып ем, указный молда қол қоймаса болмайды деп бермей шығарды. Сонымен сізді іздеп жүр едім.

Молла:

Page 164: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

164

– Ойпырмай, кеше де біреу, бағана да біреу қол қойғызып алып еді, сірə, біздің елде өлейін деп жатқан кісі тым көбейіп кетіп жүрмесе!

Түлкібек:– Көбеймейді, молдеке, болыңызшы, бірдеңе қып бере қойыңызшы!Молла:– Əй, білмейім, менің сыртымнан да қол қойып алған бірсыпыра киім

бар-ау деймін.Түлкібек:– Тақсыр-ау, сөйтіп айла-шарық қылмасаң болатын емес. Қағазсыз

бір шаршы бұл, бір ширек шай беруді қойған жоқ па? Тіпті, бүгін бірден артық дəстебірнесі бар кісіге шай де бермей шығарды.

Молла:– Оның мəнісі бар. Осында қолы қалам білетін кейбір епті жігіттер

елден келген «бейпілді» ауылнайлардың мөріменен арзан шай алып, қымбатқа сатып жүргендерін комитет біліп қойып, сонымен қағазды байқап беретін болып тұр деп естідім.

Түлкібек:– Бəсе, болса болар, түнеу күні олай емес еді. Енді мынаны бітіре

қойыңызшы!Молла:– Əй, Түке-ай, сөзіңіздің түрі осы кісінің сырқаты артық қатаң емес-ау.Түлкібек:– Ойбай, қатаң болмағанмен өлі кісі деймін. Өзі тіпті үйден шыға

алмайтын қарт адам.Молла:– Қарт болса да ажал келмесе сіз өлтірем дегенге Тұяқтың өзі риза

бола қояр ма екен?Түлкібек:– Оны шын өлтірейік деп тұрмыз ба, тəңір, əшейін мына бұлға

зəруліктен қылып тұрған далбасалық емес пе.Молла:– Жарайды, ендеше, бүгін өлмегенмен түбінде бір өлер. Өзінің де 10-

ақ кез ақ бəтестен артық несі қалды дейсің, əкел қағазыңды!» деп қол қойып берген соң екеуі амандасып айырылысады.

Байымбет

Ардақты басқарма, төмендегі сөзіме«Сарыарқадан» орын берсеңіз екен

Семейде шығатын «Халық сөзі» газетінің 7 нөмерінде Ғидалахалық Мүминов Аягөзи мен туралы адам баласы жиренерлік көп түрлі сөздер жазған.

Page 165: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

165

Газетке сөз жазушы кісі біреудің мінезін, сырын əбден біліп, бұзық-тығына шыдамай, жұртқа жариялап масқаралайды. Менің сырым-ды, қылған ісімді білерлік Ғ.Мүминов атты фамилиялы кісі не Аягөз қаласында не қыр елінде жоқ. Шеттен жаңада келген бір аяулы болса білмеймін. Көре алмаған күндес, бұзық мінезді адам Аягөз қаласынан жазып, өтірік қол қойған деп ойлаймын. Олай болғанда оны тексеру, анығына қанбай басып таратқан газет басқарушының борышы. Нақ бір мұсылманды ренжітіп, өтірікпен сөгу жөн болса, тексерілмес!

Анық қанық болмайды. Ақ пен қараны айыру адамның адамдық белгісі. Соның үшін мен кім екенімді жазамын:

1. 1909 жылы болыс сайландым. Одан бері неше сайлау болды. Нашалнік, елубасыларына «мені сайла» деп айтпағаным мен пара бермегенімді Құдай көріп тұр һəм сайлау басында болған адамдар да біледі.

2. Ғұмырымда ұрылармен сыбайлас болмағаным Ақшатау, Арқа жайлаған Семей, Қарқаралы, Лепсі үйездеріне, атымды білген елге мəлім. Баймен, ұрлықпен емес, жеті атамнан бермен мың жылқы, мың қой тұқымымыздан кетпегені жұртқа мəлім.

3. Өткен жылғы 5 үйден бір кісіні жұмысқа приговорлап бергенде кандидат Нұрахмет Отыншыұлы болыс орнында еді. Ол да, мен де таза едім. Ғұмырымда ренжіген үйден мал сойғызып жегенім жоқ. Менде Алла хақы бар шығар, адам баласының хақы жоқ.

4. Рас, хатты шала танитыным мүфти, указной молла, мұғалім болу ойымда жоқ. Жаназа шығарып, құран садақасын алғаным жоқ. «Уақыт», «Шура», «Қазақ» газеттерін оқимын. Мақтаншақтық, əуесқойлық емес, ол Аллаға мəлім. Газет оқиды деп қалыңсыз қыз берген қазақ көргенім жоқ.

5. Мал жиып, бір-екі жыл асырап, өсіріп сатамын. Ол саудам көптен бар. Өзім кішкентай уақытымда да Королов, Қуанышовтарға 200-300 деп өгіз, 1000 дап қой сататынбыз. Бұл бүтін жұртқа мəлім. Ол кезде де болыс емеспін ғой.

6. Биыл болысной комитет сайлағанда таласып болмадым: халық сайлаған соң қашпадым. Бұл Құдайға, жұртқа мəлім.

7. Өз пұлыма медіресе салдырғалы 10 жыл болды. Бір-екі жыл бала оқыды, осы күні аңырайып бос тұрғаны рас. Жұрт жайы белгілі ғой, өзімнің үлкен балам Семей гимназиясында оқиды, кейінгі балам жас. Жұрт балаларын жиып бермесе, балшықтан бала жасауға бола ма?! Күні-не неше қабат мұғалім алдыралық, медіресе жөнделік деп ағайынға жар-лай-жарлай жалықтым. Баласын оқытпаған жұртты мен зорлай алам ба?!

8. Моллаларға өз малымның міндетті зекетін жылына шақырып бе-ремін.

Біреудің малын ұрлап берген болсам, Аягөздегі имамдардан сұралсын.

Page 166: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

166

9. Бостандық таңы атқаннан бері қазақтарға ... ғой. Рас, ақысы болса менен ала берсін, екі қылып беремін. Сотқа да берсін, бірақ шындығын жұрт білсін.

Осындай бостандық таңы атқан қуанышты заманда біреу болып, өтірік қол қойып газетке жіберу, оны анықтығына көзі жетпей, яки тілшінің қолына таныс болмай, басып тарату жөн бе?! «Халық сөзі» айранын ұрттап, қойын құрттап отырған бір мұсылманды нахақ, өтірік-пен сөгу үшін шығарылған ба?! Шын болса, обалым жоқ, əйтпесе, өтірік жазушыны «Халық сөзі» шығарып берер; шығарып бермесе, əділ бидің алдында сөйлесермін!

Берікбол Малдыбаев

Түзету

Өткен 12 нөмер «Сарыарқаның» 4 бетінде «Діншілдерге» деген мақаланың аяқ жағында «Дін ислам иғтиқадат пенен ғибадат жағын адамның өз ақылына тапсырған» деген сөз қате басылған.

Дұрысы: «Дін ислам иғтиқадат (сенім) менен ғибадат (құлшылық) жағын ғана тексеріп, ғамалият (тіршілік) жағын адамның өз ақылына тапсырған» болса керек.

Түркістан өлкесі

Біздің Арқа қазақтарының Бұхара, Ташкент, Самарқанд шаһарларын білмейтіні аз шығар. Осы шаһарлар маңайындағы өлкенің барлығын Түркістан өлкесі дейді. Бұл өлкеде қырық рудан жиылған түрлі халық бар. Көбі сарт пен қырғыз-қазақ. Одан кейін өзбек, орыс, армян, еврей һəм басқалар.

Түркістан өлкесі бұрынырақ заманда мазари (зиярати) дін, ғылыммен Россиядағы түрік балаларына атағын шығарған бір өлке еді. Бертінірек келген соң мұнда ғылым деп жалғыз дін ғылымы ғана танылғандықтан һəм халыққа да тұрмыс, хаят, мəдени пікірі кіре бастағаннан кейін шеттен ағылып келушілер тоқталып, Түркістан бұрынғы иғтибарынан айырылыңқырап, біраз ұйқыға кеткен еді. Міне, сол ұйқысымен Түркістан 5-6 жылғы қозғалыс дəуірін өткізді. Сарт қорқорын тартып, қобызын шалып, хаят мəдениеттен хабарсыз жүргенде құдайын мына өзгеріс таңына келтірді. Бірақ не істемек, халықты қалай басқармақ керек? Заман өзгеріс ісінікі. Іс көп, кісі аз; шана үлкен, шапан зор. Кешегі үміт етіп медіресеге оқуға берген текешіктер бүгін халықты қырық руға бөліп, «Байлар мен ғұламалар» партиясын ашты. Хаят, мəдени шариғат

Page 167: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

167

тұрмысқа жанаспайтын істер хақында түрлі дағуатнама (воззвание) таратып, жұрттың шырқын бұзды.

Қысқасы, осы күнде Түркістанда екі түрлі партия адамдарының істері хүкім сүреді. Бірі «Байлар мен ғұламалар» партиясы. Көпшілік осылар қолында. Екіншісі тарақишылар, «Шура ислам» партиясы. Бұлар азшылық бүктемеде келеді.

Хəтта Ташкенттің городской думасына мұсылмандардан кірген 74 гласныйлардың 64-і «Ғұламалардан» болды.

«Миға көнген дін азбас, милыға ерген ел азбас» дейді. Қоныстас отырып, сарттан тағлым алған Түркістан қазақтары да сарт ишандардың етегіне намаз оқып келеді.

«Үкілер күндіз соқыр, түнде көргіш,Ишекең сыр мəнісін білмей ергіш.Жол тапқан қараңғыда басшысына,Ден қойып жарықта да жөн сілтегіш»

деп «Маса» айтқанындай, намаз оқытқан имамды жұрт саясат, тұрмыс ісіне де имам қылмақ болып жүр. Ташкентте болып өткен қазақ-қырғыз сиезінің һəм Орынборда болған жалпы қазақ сиезінің қаулысына риза болмаған қазақтардан Ташкент шаһарында бір партия шығып, «Тəрбие əл ислам» деген бір ұйым жамиғат ашты. Басында Серəлі Лапин мен Садық қожа тұрады. Бұлар халық арасына ардақты Бөкейхановты жамандап, бір воззвание таратты.

«Тəрбие əл исламның» тұтынған жолы: жалпы қазақ сиезіндегі билік ісіне наразылығын білдіру мен бұ күнгі қазақ зиялылары басы Əлихан мырза Бөкейханов болып Ислам дінін былай қойып, қазақ халқын орыстың жолына түсірейін деп жүр деген қара халық арасына пікір тарату; адасып жүрген халқын, тұрмыс тіршілігін дін, шариғат жолымен басқару. Ойға, ұлт намысына берілмеген халық қайдан білсін, лап ұрып осылардың соңында жүр. «Тəрбие əл исламның» 15-ші сентябрьде Ташкент шаһарында бір сиезі болмақ. Сиезге əр болыстан бірден өкіл шақырылды. Бұл сиезге басқа үйездің қалай қарары мағлұм емес. Ташкент үйезіне қараған болыстардан өкілдер болар.

Ойға, тұрмысқа қарап іске берілмеген, құр шариғат десе тұра қалатын қара халыққа сөз жоқ. Ал шариғатты жамылып, келін боп жүрген Серəлі Лапинның пікірі біраздан соң білінер. Неше жылдан бері аңсап сағынған ерік қолға тигенде де естиярлық көрсете алмай, партия шығарғандығымыз ұлт, дін, тұрмыс, саясат істерінде бала екендігімізді көрсетеді. Жұрттың дін десе тұра қалатыны жақсы-ақ. Бірақ діндегі қаяусыздықты кісіде де бар деп түсінеді. Қызметіне қарап кісісін алу бізде əлі жоқ. Түркістан-Ташкент Ғұламалары думаға сайланып алған соң халық арасына жасырын агитаторлар шығарып, төте оқуға қарысты. Ташкентте 18-ші августе босқын қырғыздардың аяныш халдерін ескеріп, мұсылман солдаттары

Page 168: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

168

тарапынан жасалған демонстрацияны (қыр көрсетуді) таратып жібермек болып солдаттар шығартты. Санаққа қарсы халық арасына кісі шығар-ып, қағаздар таратты. 8-ші сентябрьде ашылған Түркістан федерациясы хақындағы Ташкенттегі сиезге қарсы халықты құтыртып, өкіл жіберт-кізбей 15-ші сентябрьде нағыз мұсылмандардың сиезі етіп өздері бір сиез ашпақ. Ташкенттегі «Тəрбие əл ислам» тарапынан ашылатын қазақ сиезі де осылармен бірге болмақ.

Тарих жолына қарағанда оқығаннан басшы болса, халық арасына ғылым, бірлік, ынтымақ таралуды күтпек керек еді. Халықты түрлі партияға бөлгеннен басқа Түркістан маңайындағы Ғұламалар тарапы-нан ашылған тəртіпті бір медіресе, не бір мектеп жоқ.

Енді əр істі өзінің кісісінен күтуге бізге бұл бір үлгі да!Келдин

Керекудегі мұғалімдік курсы

Павлодарда «Ғылым ұйымы» 5-ші сентябрьде мұғалімдік курс ашты. Мұғалімдік курс деген аты құлаққа жақсы естілсе де, қазіргі жайында пайдасын зиян жағы басып кете ме деп қорқамын. Себебі, курс екі айлық. Одан оқыған кісіге мұғалім болуына куəлік қағаз беретін көрінеді. Бұл екі айдың 20 күнін оқушылардың жиылуына, орын, оны-мұнының жайғастырылуына өткізді. Қалған 40 күннің ішінде ел арасындағы ежелеп хат танитын соқырша дүмше «моллаларды» мұғалім қылып шығара қоймақ. Оқытушы біреу-ақ. Мұны тəжірибе ғылым жолы да, сезім жолы да қабылдамастық бір іс. Мұндайды «жылымжан сатам, ем болмайтын ауруы жоқ» деп ұғуға жарамаса, ғылым ұйымын басқаратын кісілердің тіпті балалығын көрсетеді. «Еңбегі аздан өнбек аз» деген мақал тегін айтылмаса керек. Аз болғанда (онда да қазіргі біздің мұғалім аса керектік халымызға қарап), курс екі жылдық болуға керек еді. Онан беріде елдің баласын оқытуға куəлік қағаз берілмесе керек еді. Жайшылықта өзін-өзі бояп, мұғалім қылып жүретіндер 40 күнде ... оларға құдайдың мұнан артық бергені не? Қысқасы, бұл курс бұл қалыпта халық пайдасынан гөрі «елді қортық, қойды шартық болып» бүлдіретіндердің пайдасына жақын. Тағы біреулердің пайдасына жақын демеуге де дəлел аз.

Сүйіндік баласы

Жəрдем

Көктеректе мұсылман комитетінің арнаған кісілері Құрбан айтта намазға жиылған жұрттан «Милли Шура» пайдасына 325 сом жиды.

Page 169: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

169

Онан соң Садық қажы 100 сом, Зайыр Меңдіқұлов 50 сом, Ғұбайдолла Ахметов 25 сом жəрдем жазып, барлығы 500 сомдай ақша жиылды.

Əсма Жанболова

Көкшетаудағы молла-мұғалім жиылысының қаулысы һəм ісі

1. Көкшетау қаласында оқығандар ұйымына əр болыстан бір мүше сайланды. Керек уақытында жиылып тұрмақ. Мүшелерден 5 кісі дайын тұрып, іс атқармақ. Бұл үйезный ұйымға жалғасып тұратын болысной һəм ауылнай ұйымдар ашылды. Елдегі садақаларды төменгі ұйымдар сатылап, жоғарғы ұйымға жеткізіп тұрады.

2. Ауылнай басына 4 жылдық қазақ тілінде оқылатын бастауыш мектеп салынбақ.

3. Мектепке мұғалімдер жетістіру үшін екі жылдық мұғалімдік курс ашылды.

4. Көкшетау қазақтарына оқу жолында қару болу үшін «Білім серіктігі» ашылды. Мүше салығы азы 15 сом.

Əбушаһме Бұқаев

Түркістан ғұламаларының сиезі

21 сентябрьге шейін Ташкентте Түркістанның қазақ, сарт ғұлама-ларының сиезі болып өтті. Сиезге Түркістан өлкесінен басқа Орал, Торғай облыстарынан да келген өкілдер болды. Келген өкілдердің екі жүзден аса болғандығы шамаланады. Сиезде Ғұламалардан басқа өзін ұлтшыл қылып көрсетуге тырысқан қазақ зиялылары да бар. Қысқасы, сиез программаға қойған мəселелерімен, түрлі таптан келген өкілдері ретінен жалпы бір ұлт сиезінің көрінісін берді.

Халық жиылып отырғаннан кейін өкілдерді сиез тəртібімен таныс-тыруға үндеп, председатель тарапынан қоңырау беріліп еді. Ғұламалар қоңыраудың шариғатта дұрыс еместігін айтқан соң, қоңырау орнына «Аллаһу акпар!» болсын десті. Мұның дауысы жетпеген соң, арабша «скатты» (тік отыр) айтуға қосты. Бұл да болмаған соң, қоңыраудың дұрыстығына ... табылып, ақырында қоңырау қолданылды.

Қаралған мəселелер:1. Дін ісі дүние ісінен ажырасын ба, жоқ па?2. Билік мəселесі;3. Əйелдер мəселесі;

Page 170: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

170

4. Хүкімет идаресі;5. Жер-су мəселесі;6. Земство мəселесі.

Қаулылар:1. Дін ісі, дүние ісі деп бөлінбей, шариғат қосқан жолмен болсын.2. Би деген болмай, əр болыстан бір-бір қазы сайлансын һəм қазірден

осы мəселені өмір жүзіне шығаруға тырысылсын. Оның үшін əр үйезден бір комиссия ашылып, барлығының үстінен қарарлық бір идархамие болсын.

3. Қазақ қатын-қыздары далалы жерде ғадет бойынша болсын. Шаһар, қышлақты жерлерде сарт рəсімінше қап кисін (Ғұламаларға ықылас білдіріп, бұл туралы бəзбір өкілдер: далалы жердің қатын-қыздарына да бетін жабатын бір шариғат табыңдар. Біздің де ғұрып-ғадет демей, шариғат құл болуымыз жөн деп еді, жөнін екінші рет қарауға қалды).

4. Қыздардың күйеуге шығуы шариғат көрсеткен жаспен болсын дегенді айтып, бұл туралы жалпы қазақ сиезінің қаулысына наразылық баян етілмекші болды.

5. Жер-су мəселесі шариғат бойынша шешілсін, яғни бұрынғы иесіне қайтарылсын (бұл орында базбір өкілдер: бұған мұжықтар көне ме, бұл қаулымен ондағы жерлер өзімізге қайтарылар ма, бəрінен бұрын мұжық шариғат дегенге түсіне ме деген сауалды берісті).

Енді сиездің тысқы көрінісіне келейін. Ғұламалар сиезі болады деп естілгеннен-ақ һəм сиезді ашудан мақсатта белгілі болғандықтан бұрын алды-артын ойлап, толғанып үйренбеген біздің қазақ халқына сиез үлкен бір дерт берді. Сиезде болсын, сиезден тысқары ел ішінде болсын «жəдид қадым» мəселесі күшейді. Мұғалім, учитель һəм басқа орысша оқығандарымызға жұрт «жəдид» көзімен қарады. Əсіресе, мұғалімдерді сықақ мысал қылатын болды. «Жəдид» деп печать басылған кісілерге сиезге кіруге, кіргендеріне бір пікір айтуға болмады. Сиездің ішіндегілер Ғұламаларды көріп: «құп, тақсыр, иə!» деп келін болып жүрді.

Бұл күнде Түркістанда амандықтан бұрын «жəдид қадым» мəселесі ауызға алынатын болды. Сиез Ғұламалар сиезі болғандықтан оқу мəселелері қойылуға керек еді, бұл болмады. Ықтимал земство мəселесінде сөйленер, бірақ тілшіңізге «қазақ ұжмаққа сығаласа, кірді ғой» деп сарт айтыпты-мыс дегендей сығалауға да орын болмай қалды.

Келдин

Басқарма: біздің жақта сартқа жүгініп, ақылынан адасқан қазақ жоқ. Орал, Торғай қазақтарына таңырқаймыз.

Page 171: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

171

Газеттерден

21 сентябрьде шыққан «Құрылтай» газетінің 17-ші нөмерінде бас мақаласында: «Башқұрт жұрты өз алдына жеке бір миллəт, соның үшін татар бола алмайды, татарлықтан гөрі қазақ болуға тиісіміз бар һəм соған разымыз» дегеніне күйініп жазады. Күйінерлік те жөні бар. Бұрын татар көшбасшылары қазақ пен сартты татар қылып ала қоюдың оңай екендігіне башқұрттарды мысал қылып көрсетіп жүрді. Неше жылғы бейнетіміздің жемісі деп сүйенген жалғыз қазақтың өзі бүгін қопары-лып кетіп отырған соң, башқұрттың басшыларын сөгеді: «Башқұртты бізден айырып алып, оларға «төре» болғыларың келіп жүр» деп.

«Ильминскийдің шəкірті орыс тəрбиесін алған сендерді де орыс қылғалы жүр» деп қазақты басшыларынан үркітіп, Зейнолла ишан дін атымен қазақ ортасына татарлық жаятын медіресе таратам деп еліктей алмай солқылдағандарынан өнген іс белгілі еді.

Башқұртты да басшыларынан солай қылып бездіре қоймаса игі еді. Осы заманда Николай тұсының сасық қулығы қалуға тиіс қой. Адамды болсын, халықты болсын біріктіретін «керетінің бірлігі». Бұл табылса, өзі де қосылмақ. Түрмеде жатқан бір жебірей, бір орыс, бір татар, бір қытай тағы əркімдер бір бірімен жүрегі қанша қас болса да тұтқындарды босату, босатпау мəселесінде бəрі де босату жағына дауыс беретіні сөзсіз.

Басқармадан жауап

Павлодар үйезі Ақсу болысы Дəржан Жапановаға:«Қазақтың қызын сатып, мал алатын рəсімін қазақ сиездерінде жасал-

ған қаулылар жоя алмайды. Оны жоюдың жалғыз шарасы пайғамбары-мыздың тілін алған христиандар жолына түсу һəм «совет Российской лиги-равноправия женщин» қауымына қазақтың бар əйелін кіргізу» дегеніңізді Түркістанның һəм Торғайдың «əйелдеріміз қап киіп жүрсін» һəм жалпы қазақтың тұңғыш тобы байлаған қаулыны «бұзамыз» деп мөңкіп жүрген ғұламалары естіп қойса, шамданып пəле қылар, онан да ептеп жоғарыда айтылған қауымға алды сіз болып, əйелдеріміз жазыла берер.

Сонымен жүріп «3 миллион күнді азат қылармыз» деп сөзіңізді баспай қалдырдық.

Алаш партиясы

Алаш партиясының Семейде уақытша обласной комитеті ашылды.Комитетке кірген кісілер:

Page 172: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

172

1. Əлімхан Ермеков;2. Райымжан Мəрсеков;3. Имам Əлімбеков;4. Ахметжан Қозыбағаров;5. Тұрағұл Қунанбаев;6. Халел Ғаббасов;7. Сыдық Дүйсембин;8. Əлихан Бөкейханов; 9. Мұстақым Малдыбаев;10. Əнияр Молдабаев;11. Биахмет Сəрсенов.Бұлардан басқа үйез басы бір кісі кіруге орын қалдырылды. Сөйтіп,

«Алаш» партиясының Семейдегі обласной комитетінің адамы 15 болмақ.Комитеттің председателі Халел Ғаббасов, жолдасы Ахметжан Қозы-

бағаров, қазынашы Əнияр Молдабаев, секретары Сыдық Дүйсембин болды. Құрметті председатель Əлихан Бөкейханов сайланды.

Алаш партиясының толық шартнамасы Орынборда жасалатын болды. Даяр болғанда жұртқа жария қылынады. Қазіргі шарты кіндік комитеттің, бұл жасалғанша уақытша обласной комитеттің айтқанын екі қылмайтын, бұйырғанын дəл орындайтын, «Алаш» партиясының программасын жақтырып, жөн көрген, программадағы мəселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі кіреді. «Алаш» программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шыннан қайтпайтын, жақындық туысқанына бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сатылмайтын, шыншыл, əділ, тура кісі кіреді. Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, сөзіне ісін үйлестірмейтін, алаш жолынан ауып, айтысып-тартысуға жарамайтын, ауырлық келсе бұлт беретін, қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі «Алаш» партиясына кірмейді. Алаш партиясына кіремін деген кісі осы айтылған шарттарды ойлап, толғап, жүрегі қалайтын болса ғана кіруге жөн.

Орыс жұртының саяси партиялары көп: «Кадеттер», «Социалист рево-люционер», «Социал демократ» һəм басқалар. Бұлардың əр қайсысының тұтынған жолы, жасаған программасы, қала сайын ұйымдары (комитет-тері), пікірін тарататын газеттері, кітаптары, шешендері бар. Əр партия-ның, тарау-тарау комитеттерінің басын қосып отыратын түп қазығы кіндік комитеті бар. Осы кіндік комитетінің бұйырғанын тапжылтпай, таймай орындау уақ комитеттердің міндеті.

Учредительное собрание сайлауында əр партия өзінен көп депутат шығару үшін, шығарғанда да басқа партиялардың депутаттарымен ай-тысып-тартысуға жарайтын білімді, шешен көсемдері болу үшін кіндік комитет уақ комитеттеріне пəленшені депутат сайлайсыңдар деп көрсетіп отыр. Кіндік комитеттің сөзін екі қылмай, өз ішінен жарарлық кісісі

Page 173: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

173

бар болса да, сайлайсыңдар деген кісілерді списокке кіргізіп, дауысты (тасты) көп алып, ұтпаққа қам қылып, топ жинап, сөз сөйлеп, пікірін таратып, жолын ұсынып, кісі тартуға кірісіп отыр. Бірінен болмаса бірінен сайланар деп бір кісіні 5 округтің списогіне кіргізіп, бес жерде сайланатын қылып отыр.

Алаш партиясы да осы жолды қолданып, Ақмола мен Семейден, Оралдан, Торғайдан депутаттыққа жарайтын адамдарды көрсетіп, ок-ружный комиссияларға депутаттарының списоктерін кіргізіп отыр.

Орыс партияларынікіндей біздің «Алаш» партиясында кіндік комитет жоқ болғанымен Орынборда жасалған жалпы қазақтың тұңғыш тобы ұнатып, бата қылған адамдар бірен-саран өзі қалған яки ризалықпен орын ауыстырған болмаса, түгелімен «Алаш» партиясының атынан кірген списоктерге жазылып отыр.

Еуропа үлгісімен жүретін заманга кездескен соң біздің тұңғыш тобымыз жалпы қазақ сиезі салған жол бүкіл алаш ұранды қазақ баласына таймайтын даңғыл жол болуы керек. Бұл жолдан шықтым деген кісі жасырынатын, бұғатын заман өткен, шын пікірін айтып тартысатын. Ұжмаққа бір күнде кіргіземін деген өтірігін жұмсамай, майданға шықсын. Біздің қазақ партиясы «Алаштың» тұтынатын жолының жоспары мынау:

Мемлекет билеу түрі.Россия жерінің қолайына, елінің кəсібіне, шаруасына қарай бөлініп,

əр бөлімнің (штаттың) билігі өзінде болып, ортақ іске одақтасқан, жалпы жұрт билейтін мемлекет болу (федеративная демократическая республика).

Қазақ облыстары Сібірмен қосылып, уақытша бір штат бола тұру.Шамам келді деген күні қазақ Сібірден бөлініп, өз алдына бір штат болу.

Жер мəселесі.Жерді мүлкі біліп, иелену қалып, жалпы жұрт меншіктеуге тапсыру.Жер үлеске түскенде əуелі тұрғын жұрттың керегін беріп, риза қылу.

Үлес жергілікті жер мекемелерінің шаруа түріне (малға, егінге) лайықтап шығарған мөлшерімен учредительное собрание құрған негізге тіреліп берілу.

Жер билігі жергілікті мекемелерде (обласной, үйезный, земство жер комитеттерінде) болу.

Қазақ осы күні қай жерде отырса, содан жер алу. Қазаққа жер беріл-генде əлеуметке (ру, ауыл, болысқа) деп беру. Əлеумет ішінде жерді тең пайдалану.

Солдаттық мəселесі.Дайын əскер ұстау, бірте-бірте бақылаушылыққа (жалпы жұрт

күзетшілігіне) айналу. Солдаттыққа алынған кісі елінен, жерінен аулаққа

Page 174: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

174

кетпей, шаруадан бос уақытта əскерлік өнерін үйреніп, тұрған жерінде бақылаушы болу.

Жергілікті мекемелер.Жергілікті мекеменің өрісі кең. Билік ауданы мол. Аздың ақысы

кетпейтін, санға қарай кісі енетін болу.

Сот мəселесі.Сот сайлаулы, түспейтін болу. Сот ісі əр жұрттың өз тілінде жүргізілу.

Сот законын əр штаттың шығаратын өз мекемелері жасау.

Дін мəселесі.Дін ісі мемлекет ісіне қатыспайтын болу. Діннің бəрі бірдей болу. Əр

жұрт дін ісін өз қолына алу.

Жұмысшы мəселесі.Бірте-бірте сегіз сағаттық жұмыскер күнін кіргізу. Кəсібі бір беткей

таптар ұйымдасуға бостандық болу. Жұмыскерді қорғайтын мемлекет заңы болу.

ОҚУ мəселесі.Жалпы міндетті оқу болу. Мемлекет қазынасынан жалпы жұрт оқуына

жұмсалатын ақша қай тілде оқытатын оқу ордасы болса да, алаламай бірдей берілу. Бастауыш пен ортаның, орта мен жоғарының арасында жалғау болу.

Бас бостандығы.Сотсыз ешкім тінтілмей, тұтқынға алынбай, жазалы болмай, бос

болу. Тұтқынға алынған кісіге бір сөткенің ішінде кінəсін мойнына қою. Əйтпесе, тұтқан кісі жауапты болу.

Жиылыс бостандығы.Хəкімнен рұқсат сұрамай, мейлі далада, мейлі үйде топ жинап, əр

түрлі мəселелер жайынан кеңесуге əрбір адам еркін болу.

Баспасөз бостандығы.Хəкімнен қысымшылық көрмей, рұқсат сұрамай, газет, кітап,

жарнамалар басып таратуға əрбір адам ерікті болу. Баспасөз бостандығы баслғанда цензура (сөз аңду) болмау. Ауызша яки баспасөзбен кірлеу, сөгу, өсектеу, кісі өлтіру секілді жұмысқа сот алдында жауапты болу.

Жүру-тұру бостандығы.Паспорт алу міндетті болмай, ешбір кедергі көрмей, əр адам бір

жерден екінші жерге баруға ерікті болу.

Page 175: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

175

Одақтасу бостандығы.Көпке бірдей мақсаттарына жету үшін қосылушылар еш рұқсат

сұрамай одақтаса беру.Осы көрсеткен жоспарды қазақ халқының алдына салып, «Алаш»

партиясынан сайланатын депутаттар топқа түсіп, тартысатынының қысқасы осы дейміз.

Ұйым азаматтары көбейіп келеді. Зорлық көрген қара бұқараға көзін тігіп, мұңын шағатын көрінеді. Соның қолын жеткізсең, біздің тиегіміз сол.

«Талап» ұйымының хатшысы Сəлімғазы

Қызылжардан

Октябрьдің 25-інде болысной имамдардың жиылысы болды. Жиы-лыстың бірінші мақсаты бір үйездің құқын сайлау еді. Бұл сиез бір үйездің Ғұламаларының сиезі болған соң толық болып, керекті нəрселерді қарап, шешу лайық табылып, мынадай нəрселер қойылып шешілді:

1. Мұғалім болған адам ауылный молласы болмасын һəм екі орынды ұстамасын.

2. Федиясының үштен бірі зекет, ғұсыр түгелімен жəмиғат қайыры-ның (игілік қауымының) пайдасына алынсын. Егер федияны түгел алуға қаулы жасаған жерлер болса, олардікі түгелімен алынсын.

3. Бұл садақаларды ауылнай моллалар жиып, болысной моллаға тапсырсын. Олардың қолында квитанционный книге болып, қанша бергені һəм алғаны жазылып отырсын. Сол ауылнай моллалар игілік қауымының мүшесі болып, кеңсесі болысной молланың тұрған жері болсын. Əр ауылнайдан бір кісі жылында екі рет есеп алатын тексеру комиссиясы болсын.

Болысной игілік қауымының үстінен үйезный тексеру комиссиясы болсын. Ол комиссияда үйезный ахун мен бір член болып есептелсін. Бұл комиссияның тұратын орны үйезный қала болсын жəне болыс ішіндегі комиссиядан бірер адам алынсын.

4. Болысной моллалардың ақысы айына 30 сомнан, ауылнай мол-лалардың жылы 120 сом болсын. Жəне игілік қауымына жиылған сомадан жүзден екісі болысной моллаларға, жүзден сегізі ауылный моллаларға берілсін.

(аяғы бар)

Page 176: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

176

Қазақ партиясы «Алаштың» тұтынатын жолының жоспары

Мемлекет билеу түрі.1. Россия жерінің қолайына, елінің кəсібіне, шаруасына қарай бөлініп,

əр бөлімнің (штаттың) билігі өзінде болып, ортақ іске одақтасқан, жалпы жұрт билейтін мемлекет болу (федеративная демократическая республика).

2. Қазақ облыстары Сібірмен қосылып, уақытша бір штат бола тұру.3. Шамам келді деген күні қазақ Сібірден бөлініп, өз алдына бір штат

болу.Жер мəселесі.4. Жерді мүлкі біліп иелену қалып, жалпы жұрт меншіктеуге тапсыру.5. Жер үлеске түскенде əуелі тұрғын жұрттың керегін беріп, риза

қылу. Үлес жергілікті жер мекемелерінің шаруа түріне (малға, егінге) лайықтап шығарған мөлшерімен учредительное собрание құрған негізге тіреліп берілу.

6. Жер билігі жергілікті мекемелерде (обласной, үйезный, земство жер комитеттерінде) болу.

7. Қазақ осы күні қай жерде отырса, содан жер алу. Қазаққа жер берілгенде əлеуметке (ру, ауыл, болысқа) деп беру. Əлеумет ішінде жерді тең пайдалану.

Солдаттык мəселесі.Дайын əскер ұстау бірте-бірте бақылаушылыққа (жалпы жұрт күзет-

шілігіне) айналу. Солдаттыққа алынған кісі елінен, жерінен аулаққа кетпей, шаруадан бос уақытта əскерлік өнерін үйреніп, тұрған жерінде бақылаушы болу.

Жергілікті мекемелер.Жергілікті мекеменің өрісі кең. Билік ауданы мол. Аздың ақысы

кетпейтін, санға қарай кісі енетін болу.Сот мəселесі.Сот сайлаулы, түспейтін болу. Сот ісі əр жұрттың өз тілінде жүргізілу.

Сот законын əр штаттың шығаратын өз мекемелері жасау.Дін мəселесі.Дін ісі мемлекет ісіне қатыспайтын болу. Діннің бəрі бірдей болу. Əр

жұрт дін ісін өз қолына алу.Жұмысшы мəселесі.Бірте-бірте сегіз сағаттық жұмыскер күнін кіргізу. Кəсібі бір беткей

таптар ұйымдасуға бостандық болу. Жұмыскерді қорғайтын мемлекет заңы болу.

Оқу мəселесі.Жалпы міндетті оқу болу. Мемлекет қазынасынан жалпы жұрт оқуы-

на жұмсалатын ақша қай тілде оқытатын оқу ордасы болса да, алаламай

Page 177: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

177

бірдей берілу. Бастауыш пен ортаның, орта мен жоғарының арасында жалғау болу.

Бас бостандығы.Сотсыз ешкім тінтілмей, тұтқынға алынбай, жазалы болмай, бос

болу. Тұтқынға алынған кісіге бір сөткенің ішінде кінəсін мойнына қою. Əйтпесе, тұтқан кісі жауапты болу.

Жиылыс бостандығы.Хəкімнен рұқсат сұрамай, мейлі далада, мейлі үйде топ жинап, əр

түрлі мəселелер жайынан кеңесуге əрбір адам еркін болу.Баспасөз бостандығы.Хəкімнен қысымшылық көрмей, рұқсат сұрамай, газет, кітап,

жарнамалар басып таратуға əрбір адам ерікті болу. Баспасөз бостандығы болғанда цензура (сөз аңду) болмау. Ауызша яки баспасөзбен кірлеу, сөгу, өсектеу, кісі өлтіру секілді жұмысқа сот алдында жауапты болу.

Жүру-тұру бостандығы.Паспорт алу міндетті болмай, ешбір кедергі көрмей, əр адам бір

жерден екінші жерге баруға ерікті болу.Одақтасу бостандығы.Көпке бірдей мақсаттарына жету үшін қосылушылар еш рұқсат

сұрамай одақтаса беру.Осы көрсеткен жоспарды қазақ халқының алдына салып, Алаш

партиясынан сайланатын депутаттар топқа түсіп, тартысатынының қыс-қасы осы дейміз.

Оқушы аздық

Уфадағы медіресе «Ғалияда» екі жүздей оқушы бар. Мұның отыздайы қазақ. Оқудың барысы жақсы, оқу-оқыту рухты. Бірақ көңілсіздеу бір жері құдай жарылқап, ақ түйенің қарны жарылып, аспаннан нұр жауып тұрған, жүріп-тұрсаң, оқысаң-оқытсаң еркіндік болып тұрғанда қазақтан оқушылар аз келгендігі. Мұның себебін біздің жұрт жақсылық дегенмен жүрегі əлі сенбейтіндігінен көруге болады. Партияны зерттегендей оқудың да соңына түссе, құдай біледі, «Ғалияда» отыз түгіл, үш жүз қазақ шəкірті болар еді. Қазақ балаларының аз келуіне қымбатшылық себеп болды деуге де орын жоқ. Қымбатшылық жалғыз қазақтың басына ғана келіп тұрған жоқ, басқа халыққа қарағанда қазақ шаруасы күйлі де. Өзге жұрттар қымбатшылыққа шыдап, елемей-ақ келіп жатыр.

Жə, бізге не қылды? Жаз бойы партия қуып, оқуға жастарымызды жіберуге қолымыз тимеді. Ойламадық, тəртіпті медіресе көруге ынтық зиялыларымыздың барын ағайыны, елі болсақ та көрмедік.

Мұхаммедсабыр Айтқожаұлы

Page 178: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

178

Тілшілерден

Мəуліт мейрамы

Рабиғалауəлдің 12-ші күні Алаш дуанының бірінші мешітінде Қазақ оқытушылар ұйымы мəуліт мейрамын жасады. Мейрам реті: 1) Құран оқылып, пайғамбарымыздың рухына бағышталды; 2) арабша салауат айтылды; 3) Пайғамбарымыздың туғаннан дүниеден көшкеніне дейін өмірі айтылып баяндалды; 4) жас балалар қазақша əнмен пайғамбары-мыздың мақтауын айтты; 5) Пайғамбарымыздың салауатын жас балалар қазақша əнмен айтты; 6) жалпы жұрттың ішінен сөз алып сөйлеушілер болды. Бұлар дін, мəдениет, оқу, оқытушы-оқушылар туралы маңызды, көңіл босатарлық түрлі сөздер айтты. Еңіреп, ботадай боздап, жіберген-дер болды. Мұқтаж шəкірттерімізге жəрдем берелік деп Жанғали қажы 10 сом салды. Сол арада біреу он, біреу бір сом беріп, 230 сом 21 тиын ақша жиналды. Ақым қажы Аңдамасов 100 сом, Яхи қажы Бейсекеев 100 сом берді. Барлығы 430 сом 21 тиын болды. Ең аяқта Ишан хазірет ұзын дұға оқыды. Халық тарады. Мұғалімдер мен шəкірттер іркіліп, кейінірек қалғанда Яхи қажы арасында отырып: «шырақтарым, оқытыңыздар, оқыңыздар. Үміт сіздерде. Құдай берген дəулетін сіздерден аямаспыз» деді. Өте разы болып, қажыға тəңір жарылқасын айттық.

Төлеген Ахметжанов

Газеттерден

Тентек кім?

Семейге телеграмды соға-соға түк өнбейтін болған соң, Қарқаралы Семейден тайып шығып, бетін Томға қарай сілтеді. Қарқаралының сырын білмейтін Том қайдан тексерсін, тепкі көрген сорлының өзі ғой деп аяп, газетке басатын болды. Жалт беріп, тыңнан тесік таппас па екем деп мүлəйім, момын сорлы болуды Көлбай барып ауыздарына түкірген бе қалай, Қарқаралыдағы орыс, қазақ арасына іріткі отын шашып, ала жаздай аты шыққан үш кеселдің бірін қылығы ішінен асып, бүлдіріп бара жатқаннан соң обласной комиссар бұйрық салған: мировой судья Лисенковты тұтып, Семейге жеткіз деп. Бұл бұйрық орындалды ма, жоқ па мына телеграмнан көрінеді.

«Қарқаралы (өз тілшімізден). Обласной комиссар Лашкевич судья Лисенковты ұстап, Семейге жібер деп бұйрық қылды. Себебі белгісіз. Мұны екінші судья Збокин законсыз тауып, босат десе де, милиция бастығы Лашкевичті жоғарғы хəкім деп босатпады. Тек казактардың қажыры һəм «Степной союдың» көнбегені арқасында босатылды.

Page 179: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

179

Лашкевичтің мұнысы судья Лисенковты жаппаққа қылған екінші рет дəмесі. Судья Уақытша Хүкіметке мойынсұнған, хүкімет ісі сот ісіне қатынаспауға қарсы тұратын белгілі жұрт адамы»

(С. Ж.)

«Судъялардың» Уақытша Хүкіметті жақтап, жолмен іс қылатындығы қалай, Хүкімет бекіткен, халық тілеп, сайлап қойған обласной комиссарға қарсы келгені қалай? Түсіне алмадық. Себепсіз зорлық болса, законмен іс қылып, басын неге босатпайды? Жолсыздыққа жүгенсіздік қылған судья законшыл-ақ екен. Үнемі қолқанаты «Степной союз» болып тұрса, жарайды-ау, жалт берген күні тепиіп қалып жүрмесең не қылсын. «Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады». Судъяларға шын бет алса, бірдеме болар.

Сірə, «айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылды» болмаса не қылсын.

Бастауыш мектептегі оқу программасы

Алаш дуанындағы оқытушылар ұйымына əр жерден хат келіп, бастауыш мектепте қандай сабақтар, қай тілмен оқылатынын сұрайды. Баршасына газет арқылы білдіруді борыш көрдік.

Бастауыш мектепте сабақ арнаулы қазақ тілінде оқылады. Орыс тілі төртінші бөлімнен бастап, кірме тіл есебінде оқытылады.

5 жылдық бастауыш мектеп программасы мынау:

I бөлімде:1. Ана тілі: əліппе, оқу, əдемі жазу;2. Есеп: алу, жию жүзге дейін; көбейту, бөлу жиырмаға дейін;3. Иман-иғтиһад;4. Дене тəрбиесі.

ІІ бөлімде:1. Ана тілі: оқу, тіл құралы, жатқа жазу (емле), əдемі жазу;2. Есеп: жүзге дейін;3. Дін сабақтары: иғтиһад, ғибадат, Құран кəрім;4. Қол істері;5. Əн;6. Дене тəрбиесі.

ІІІ бөлімде:1. Ана тілі: оқу, тіл құралы, жатқа жазу, əдемі жазу, үлгілі жазу;2. Есеп: төрт амал, керекті өлшеулер;3. Дін сабақтары: ғибадат, Құран кəрім тəжуидпен;4. Қол істері;5. Əн;6. Дене тəрбиесі.

Page 180: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

180

ІV бөлімде:1. Ана тілі: жатқа жазу, үлгілі жазу, ойдан жазу, оқу;2. Есеп: төрт амал, өлшеулер (уақтау, ірілеу, төрт амал);3. Дін сабақтары; ғибадат, құран тəжуидпен.4. Орыс тілі;5. Тарих ислам;6. Ұлт тарихы; 7. Жағырапия (жалпы);8. Жаратылыс;9. Əн-күй;10. Дене тəрбиесі;11. Қол істері.

V бөлімде:1. Ана тілі: жатқа жазу, үлгілі жазу, ойдан жазу, оқу;2. Есеп;3. Араб тілі; 4. Орыс тілі;5. Жағырапия (мемлекет);6. Əн-күй;7. Дене тəрбиесі;8. Қол істері;9. Жаратылыс;10. Ислам тарихы (қазіргі сұлтанға дейін);11. Ұлт тарихы.

Ұйым атынан мұғалім Хайролла Ибраһимов

Ішкі хабар

Жалпы қазақ-қырғыз сиезініңҚаулысы

Сиез Орынборда 5-13 декабрьде болып өтті. Бөкейліктен: Fұбайдолла Мұқашұлы, Мəуби Жұмалыұлы, Айжан

Көшекұлы, Ибраһим Мөлкешұлы һəм Сейітхан Əжікерейұлы. Орал облысынан: Дəулетшаһ Көсемғалиұлы, Нұрғали Ипмағамбет-

ұлы, Хасен Нұрмұхаммедұлы, Тағыберген Жамашұлы, Керей Есенқұл-ұлы, Ғұбайдолла Досжанұлы, Аспандияр Кенжеұлы, Нұрмұхаммед Кəлменұлы, Ғұбайдолла Əлібекұлы һəм Дəулетжар Айсарыұлы.

Page 181: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

181

Торғай облысынан: Сейдəзім Кəдірбайұлы, Ғұмар Алмасұлы, Намазбай Шəуменұлы, Сағынай Елшіұлы, Сұлтанғазы Ысқақұлы, Керім Бəтішұлы, Хасен Бекентайұлы һəм Əбубəкір Алдиярұлы.

Ақмола облысынан: Жаналы Мырзалыұлы, Жəнібек Исаұлы, Иса Малдыбайұлы, Балға Көрлеуітұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Сейітжан Жақанұлы, Есет Жанбайұлы, Камалалдин Ғұбайдоллаұлы һəм Құл Бəуенұлы.

Семей облысынан: Жүміке Оразалыұлы, Тұрағұл Ибраһимұлы, Əлімхан Ермекұлы, Халел Fаббасұлы, Ахмет Шегірұлы, Қабыш Бердалы-ұлы һəм Ахметолла Барлыбайұлы.

Жетісу облысынан: Өмірəлі Айдабосынұлы, Жарылғасын Отарбай-ұлы, Мəнке Смайылұлы, Иса Тергеусізұлы, Сатылған Сабатайұлы, Тəжип Хамит-ұлы һəм Нүсіпбек Жақыпбайұлы.

Сырдария облысынан: Əзімхан Кенесарыұлы, Имамбек Сарымсақ-ұлы, Имамберді Ержігітұлы, Серіқұл Алдабергенұлы һəм Мəуленқұл Байрақұлы.

Самарқант облысынан: Сағадат Шаһмарданұлы. Сиез шақырушылар: Əлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы,

Елдес Омарұлы, Сағындық Досжанұлы һəм Міржақып Дулатұлы. Түрлі ұйымдардан һəм газеттерден: Мəрзи Нұрсейітұлы, Ғабдал-

рахман Мəрзиұлы, Ғабдолғазиз Үлкешұлы, Бернияз Күлейұлы, Ғабдол-хамит Жүндібайұлы, Ғабдолғазиз Мосыұлы, Қошмұхаммед Кемеңгер-ұлы һəм Хайретдин Болғанбайұлы.

Арнап шақырылғандар: Бақыткерей Құлманұлы, Жиһаншаһ Дос-мұхаммедұлы, Ғұмар қазы Қарашұлы, Ғұбайдолла қазы Ешмұхаммед-ұлы, Маһди қазы Мақұлұлы, Хайыршаһқазы Ахметжанұлы, Халел Досмұхаммедұлы, Ишанғали Арабайұлы, Ахметкерей Қосуақұлы, Уəлитхан Танашев, Жанқожа Мергенұлы, Салих Қарпықұлы, Отарбай қажы Қондыбайұлы, Мұстафа Шоқайұлы һəм Ілияс Жанқараұлы.

Сиез бастығына сайланғандар: председатель – Бақыткерей Құлман-ұлы; серіктері: Əлихан Бөкейхан, Халел Досмұхаммедұлы, Əзімхан Кенесарин, Ғұмар Қарашұлы; секретарлар: Дəулетшаһ Көсемғалиұлы, Міржақып Дулатұлы, Сейдəзім Кəдірбайұлы.

Мəжіліс ашылар алдында Əлихан былтырдан бері шаршы топта сөйлеп, бəйге алған, осы сиезге де шақырылған ардақты шешен Ораз ақсақал Тəтіұлы опат болды, мəжілісті марқұм Оразға дұға қылып басталық дейді. Жиылған жұрт марқұм Ораздың рухына дұға қылып, кеңеске кірісті.

Мəжіліс ашылған соң, өкілдер елдерінде болып жатқан оқиғалар жайынан мағлұмат беріп, мұнан кейін түрлі жерден сиезді құттықтаған телеграмдар һəм Орынбор мүфтиі Fалымжан хазіреттің құттықтау хаты оқылды. Жер-жерде болып жатқан оқиғалардың түрі мынадай екендігі

Page 182: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

182

білінді: қазақ халқы земство һəм учредительное собрание сайлауына артықша көңіл қойып кірісіпті. Көп жерде үйезный земство сайлаулары біткен, көп үйездерде учредительное собрание сайлауы да біткен. Сырдария облысының қазақтары учредительное собрание сайлауы тақырыпты біріге алмапты. Партияға бөлініп, бірнеше список кіргізген. Сондықтан Сырдария облысынан қазақ депутаты біреу-ақ болатын түрі бар. Былтырғы 25-ші июнь жарлығы тақырыпты ескі хүкіметке қарсылық қыламын деп жанжал шығарып, босқан Жетісудің қазақ-қырғызының күйі нашар. Аштан қырлып, қатын-баласын сатып жатыр екен. Əулиеата һəм Пішпек үйездерінде ашаршылық (ұнның пұты 125 сом). Бұлар астықты Ақмола облысының жақын үйездерінен алады екен. Бірақ тасуға көлік жетпей, қиын болып тұрған көрінеді. Хиуа қоластындағы қазақтар да түрікмендерден шапқыншылық көріп, ашаршылықтан Темір һəм Ақтөбе үйездеріне ауып келіпті. Жəрдемге өте мұқтаж Жизақ үйезінде тəртіп жоқ: қазақтың өзі бір-біріне шауып, малдарын қуып алысып, бөлініп жатыр. Жергілікті хəкімдердің тоқтау салу қолынан келетін емес. Жизақ үйезіне қараған арғындар Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына қосылуды тілейтіндігі мағлұм болды. Башқұрт өкілі Ахметзəки Валиди, Орынбор мұсылман əскері шура өкілі прапорщик Бəшіров, «Жаңа уақыт» газетінің бас жазушысы Фатих Каримов, Орынбор əскери округінің өкілдері Тимофей, Сейделников, Ғабдалзақ Бағдатов һəм басқалар сиезді құттықтап, қазақ халқын бірлікке үндеді. Жер-жерде болған оқиғаларды тексергеннен кейін, сиез мынадай қаулылар шығарды:

IХалық арасындағы алалық, партиялықты жою үшін бірлікке үндеуге

сиез атынан жұртқа баспасөз таратылсын. Мұны жазуды сиез Міржақып пен Ахметке тапсырды.

ІІБүліншілікке, ашаршылыққа ұшыраған Жетісу қазақ-қырғызына һəм

түрікпеннен талан-тараж көрген қазақтарға бүкіл қазақ облыстары болып жан басы бір сомнан жəрдем берсін. Бұл ақша байға байша, жарлыға жарлыша əділдікпен бөлініп жиналсын. Бұл ақшаны тез жиып тапсыру жергілікті управаларға міндет.

IIIАқмола облысынан астық тасу үшін Пішпек һəм Əулиеата үйездерінің

қазақтарына көлігінің майын алып, Қарқаралы, Ақмола, Атбасар, Көкшетау һəм Қызылжар үйездерінің қазақтары түйе берсін.

IVЖизақ үйезіндегі бүліншілік, тəртіпсіздікті тоқтатсаңыз екен деп

Түркістан автономиясының хүкіметінен өтінуге.

Page 183: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

183

VУчредительное собрание сайлауында бір ғана списокке тас салуды

өтініп, Сырдария облысының халқына телеграм беруге.

VIЖизақ үйезіндегі арғындардың Алаш автономиясына қосыламыз де-

ген тілегін мақұлдап, бұл туралы Түркістан автономиясының хүкіметімен сөйлесуге қазақ-қырғыз істерін билейтін ұйымға тапсырылатын болды.

VIIТүркістан автономиясын құттықтауға һəм Орынбор мүфтиінің сиезді

құттықтаған хатына қарсы телеграм беруге. Сиезде қаралуға қойылған мəселелер: 1. Сібір, Түркістан автономиясы туралы һəм Юго-восточный союз

туралы. 2. Қазақ-қырғыз автономиясы. 3. Милиция. 4. Ұлт кеңесі. 5. Оқу мəселесі. 6. Ұлт қазынасы. 7. Мүфтилік мəселесі. 8. Народный сот. 9. Ауылный управление. 10. Азық-түлік мəселесі. Əлихан Бөкейхан Сібір, Түркістан автономиясы һəм Юго-восточный

союз туралы доклад қылды. Əлихан докладын тексеріп, һəм бұл туралы сөйлеушілерді тыңдағаннан кейін сиез қаулы қылды: Əлихан докладын, қазақ автономиясы, милиция һəм ұлт кеңесін құру мəселелерін қарауға 7 кісілік комиссияға беруге; бұл комиссия өзіне тағы да мағлұматты адамдар қосып алуға ерікті делінді.

Мұнан кейін оқу мəселесі қаралды. Бұл туралы Міржақып Дулатұлы доклад қылып, қазіргі уақытта қазақ-қырғыздың мектеп-медіресесі, оқытушы һəм əдебиет құралы аздығын айтып, ұлт мектебін көбейту һəм оқытатын құрал молайту керектігін көрсетті.

Сиез Міржақып докладын бап-бабымен тексеріп, ұлт мектебін көр-кейтуге ешкімнің таласы жоқ екенін еске алып, алдымен қазақ тілінде бастауыш һəм орта мектепте оқытатын оқу құралдарын жетістіру үшін білікті адамдардан айырықша оқу комиссиясын құруды мəслихат көріп, һəм бұл туралы сөйлеушілердің пікірін айтып, қаулы қылды: қазақ-қырғыз тілінде бастауыш һəм орта мектептер үшін оқу құралдарын шығаруға 5 кісіден комиссия құрылсын; шет кісіден комиссия өзіне жолдас қосып алуға ерікті болсын. Комиссия ұлт кеңесі қайда болса, сонда тұрсын. Оқу құралдарынан басқа комиссияның істейтін істері:

Page 184: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

184

1) Ұлт мектептеріне программа жасау. 2) Мұғалімдерге қалай оқыту тəртіптерін үйрететін жолбасшы кітап-

тар жазу. 3) Тəрбие жайынан кітап жазу. 4) Бүкіл қазақ-қырғызға оқу ісін қалай жүргізу туралы жоба шығару. 5) «Қазақ» емлесін тексеріп, түзету. 6) Қазақ-қырғыз тіліне пайдалы кітаптарды тəржіме ету. Комиссия 1918 жылдың басында іске кіріссін. Комиссия жиналысы

мен істейтін істеріне толық программа жасап, мəтбұғат арқылы жария қылсын. Комиссия іске кіріскен күнінен бастап, əрбір жарты жылда мəтбұғат арқылы не істегені туралы халыққа есеп беріп отырсын. Əрбір жазылып, даяр болған кітап тоқтаусыз басылып отырсын. Жазылған кітаптардың неше дана басылатынын һəм оларды бастыру үшін қанша ақша керек болатынын комиссия мөлшерлесін. Кітап басу үшін комиссия керек қылған мөлшердегі ақшаны обласной земстволар тоқтаусыз жинап тапсыруға міндетті болсын, яки бұл ақша халық қазынасынан алынатын болсын. Комиссия ағзаларынан басқа өзге кісілердің жазған оқу кітаптары комиссияның ұнатуымен ғана мектептерде қолданылсын. Шет кісілердің мұндай ұнамды кітаптарын жазушылардың ризалығымен комиссия алып бастырсын. Шет кісілердің кітаптарын комиссия ұнатпаса, не себептен ұнатпағандығын газет жүзінде жария қылсын. Шет кісілердің кітабын комиссия тексергенде мəжіліске жазушының өзі де ағза есебінде болып, кіріссін. Комиссия шығарған кітаптар алғашқы үш жылда неше рет басылса да халық мүлкі болсын. Үш жылдан кейін жазушылардың өз мүлкі болсын.

Комиссия программадағы міндетті қызметтерін бітіргеннен кейін халыққа есеп беріп, тарасын. Тарарда қолындағы кітаптарын һəм қалған ақшасын бүкіл қазақ-қырғыз істерін басқаратын мекеменің көрсеткен орнына тапсырсын.

Комиссияның 1918 жылғы шығыны мынадай: бес ағзаның əр қай-сысына айға 800 сомнан, бəріне бір жылға 48 мың сом, жылдық пəтеріне 1800 сом, материал үшін 6000 сом, кеңсе шығыны 2400 сом, барлығы – 58 мың 200 сом.

Автономия мəселесі. Түркістан автономиясының министрі Мұстафа Шоқайұлы Түркістан

автономиясы жайын баяндады. Мұстафаның сөзіне қарағанда Жетісу һəм Сырдария облысының қазақтары Түркістан автономиясына əлі қосылмағандығы байқалды. Түркістан уалаятының өкілдері қазақ-қырғыз баласының басы қосылатын кез осы екенін һəм Алаш автономиясы иғлан етілсе, өздерінің қосылатынын білдірді.

Орынбор қазақ əскерінің үшінші округ өкілі Меншилин сиезді құттықтап, қазіргі бүліншіліктен құтылу үшін Юго-восточный союзға

Page 185: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

185

қосылыңдар дейді. Комиссия атынан Халел Ғаббасұлы автономия, ми-лиция һəм ұлт кеңесі туралы доклад қылды. Автономия туралы Халел докладын тексеріп, октябрь аяғында Уақытша Хүкімет түскенін, Россия мемлекетінде халыққа сенімді һəм беделді хүкіметтің жоқтығын, хəкімшілік жоқ болған соң, халық арасы бұзылып, пышақтасып кете-тіндігі, бассыздық күшейіп, бүкіл мемлекет бүліншілікке ұшырап, күн-нен-күнге халықтың күйі нашарлауын һəм бұл бүліншілік біздің қазақ-қырғыздың басына да келу ықтималын ойлап, бүкіл қазақ-қырғызды билейтін хүкімет керектігін ескеріп, сиез бірауыздан қаулы қылды:

I Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыс-тары, Фергана, Самарқант облыстарындағы һəм Амудария бөліміндегі қазақ үйездері, Закаспий облысындағы һəм Алтай гүбірнесіндегі ірге-лес болыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұр-мысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық жерлі автономия құруға.

II Қазақ-қырғыз автономиясы Алаш деп аталсын. III Алаш автономиясының жері – үстіндегі түгі, суы, астындағы кені

алаш мүлкі болсын. IV Алаш автономиясының низамын бүкіл Россиялық учредительное

собрание бекітеді. V Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтардың құқықтары тең-

геріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бəрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады. Алаш автономиясының қоластында жерсіз халықтар болса, оларға ұлт һəм мəдени автономия беріледі.

VI Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақыт-ша Ұлт кеңесін құруға, мұның аты Алашорда болсын. Алашорданың ағза-сы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалды-рылды. Алашорданың уақытша тұратын орны Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алады.

VII Алашорда халық милициясын құруға ыһтиһадпен кірісуге міндетті. VIII Алашорда тез уақытта Алаш автономиясының учредительное

собраниесін (құрылтай) шақыруға міндетті болсын. Алаш құрылтайының сайлау тəртібі жалпы Россиялық құрылтай сайлауы ретінше болсын.

IX Алашордаға сиез тапсырады: 1) ұлт қазынасына қарыз ақша алуға; 2) өзге автономиялы көрші халықтармен одақтасу жайын сөйлесуге. Бірақ мұның шарттарын бекітуші алаш құрылтайы.

X Ұлт құрылтайына Алашорда автономия низамының жобасын даяр-лап кіргізеді.

Автономияны қашан иғлан ету тақырыпты сиез екі пікірге айырыл-ды. Бірсыпыра өкілдер автономияны қазір иғлан етелік дейді. Екінші жағы автономияны ресми иғлан етуді Алашордаға тапсыралық. Əуелі милициямызды құрып алалық, Түркістан қазағымен сөйлеселік һəм арамыздағы жат жұрттармен келіселік, мұнымыз саяси əдіс болар дейді.

Page 186: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

186

Бұл мəселені шешу үшін өкілдердің аттары аталып, тас салынды. Алаш автономиясы күні бүгін ресми иғлан етілсін деп тас салғандар:

1. Ғабдолғазиз Мосы, 2. Ғабдалхамит Жүндібайұлы, 3. Ғабдолғазиз Үлкешұлы, 4. Ғабдалрахман Мəрзиұлы, 5. Сейітхан Əжікерейұлы, 6. Ибраһим Мөлкешұлы, 7. Айжан Көшекұлы, 8. Мəуби Жұмалы, 9. Ғұбайдолла Мұқашұлы, 10. Мəуленқұл Байзақұлы, 11. Серіқұл Алдабергенұлы, 12. Имамберді Ержігітұлы, 13. Дəулетжар Айсарыұлы, 14. Нұрмұхаммед Кəлменұлы, 15. Аспандияр Кенжеұлы, 16. Ғұбайдолла Досжанұлы, 17. Керей Есенқұлұлы, 18. Тағыберген Жамашұлы, 19. Хасен Нұрмұхаммедұлы, 20. Нұрғали Ипмағамбетұлы, 21. Дəулетшаһ Көсеуғали, 22. Сағынай Елшіұлы, 23. Намазбай Шəуменұлы, 24. Жанқожа Мергенұлы, 25. Уəлитхан Танашев, 26. Ахметкерей Қосуақұлы, 27. Халел Досмұхаммедұлы, 28. Ғұбайдолла Əлібекұлы, 29. Ғұмар Қарашұлы, 30. Ғұбайдолла Ешмұхаммедұлы, 31. Жиһаншаһ Досмұхаммедұлы, 32. Бақыткерей Құлманұлы, 33. Сағындық Досжанұлы. Автономияны ресми иғлан етуді арамыздағы жат жұрттармен сөй-

лескенше һəм милициямызды құрып алғанша тоқтата тұруды лайық көріп тас салғандар:

1. Нүсіпбек Жақыпбайұлы, 2. Хайредин Болғанбайұлы, 3. Қошмұхаммед Кемеңгерұлы, 4. Мəрзи Нұрсейітұлы,

Page 187: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

187

5. Ахметолла Барлыбайұлы, 6. Қабыш Бердалыұлы, 7. Халел Fаббасұлы, 8. Əлімхан Ермекұлы, 9. Тұрағұл Ибраһимұлы, 10. Жүміке Оразалыұлы, 11. Сағадат Шаһмарданұлы, 12. Есеп Ақжолұлы, 13. Нəжип Хамитұлы, 14. Сатылған Сабатайұлы, 15. Иса Тергеусізұлы, 16. Мəнке Смайылұлы, 17. Жарылқасын Отарбайұлы, 18. Өмірəлі Айдабосынұлы, 19. Құл Бəуенұлы, 20. Камалалдин Ғұбайдоллаұлы, 21. Есет Жанбайұлы, 22. Сейітжан Жақанұлы, 23. Мағжан Жұмабайұлы, 24. Балға Көрлеуітұлы, 25. Иса Малдыбайұлы, 26. Жəнібек Исаұлы, 27. Жаналы Мырзалыұлы, 28. Əбубəкір Алдиярұлы, 29. Хасен Бикентайұлы, 30. Кəрім Бəтішұлы, 31. Сатанғазы Ысқақұлы, 32. Ғұмар Алмасұлы, 33. Сейдəзім Кəдірбайұлы, 34. Ілияс Жанқараұлы, 35. Отарбай Қондыбайұлы, 36. Салих Қарпықұлы, 37. Ишанғали Арабайұлы, 38. Маһди Мақұлұлы, 39. Міржақып Дулатұлы, 40. Елдес Омарұлы, 41. Ахмет Байтұрсынұлы, 42. Əлихан Бөкейхан. Екі жаққа да тас салудан тартынғандар: 1. Ахмет Шегірұлы, 2. Мұстафа Шоқайұлы һəм, 3. Əзімхан Кенесарин.

Page 188: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

188

Азшылықта қалған өкілдер көпшіліктің қабыл еткен қаулысына көн-бей, автономияны қазір ресми иғлан ет дейді. Егер қазір иғлан етілмесе, біз Түркістан автономиясына қосыламыз дейді. Сонан кейін сиезде алаш баласының бытырамауын абзал көріп, қазір бытыраса, түбінде қосыла алуы қиын болатынын ойлап, бірауыздан мынадай қаулы қылды:

1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл алашқа қосып алады. Қосып алса да, алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді.

2. Бір айда Түркістан қазағын алашқа қосып ала алмаса, өз алдына автономия ресми иғлан етуге ерікті.

3. Егер бір айдан кейін алаш баласы қосылмаса һəм қалған алашқа автономия иғлан етілмесе, əркім өз күнін өзі көреді.

4. Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін.

Милиция мəселесі. Бұл мəселе хақындағы докладты тексеріп қарап, һəм осы күні

мемлекет ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс, талас болып жат-қанын ескеріп, қазақ-қырғызды мұндай бүліншіліктен қорғау үшін сиез төмендегі қаулыны қабыл етті: ешбір тоқтаусыз милиция түзуге кірісу тиіс. Милиция түзудің уақытша тəртібі мынадай:

1. Милиция қызметіне алынады жасы 20 мен 35 арасындағы қызметке жарайтын азаматтар.

2. Милицияға азаматтар ақымен жалданып алынады. Егер жалдатушы шықпаса, талонмен алынады.

3. Милиция қызметіне алынған азаматтарға ақымен болсын, талонмен болсын ұлт қазынасынан тиісті жалованье беріледі. Онан соң ол жало-ваньенің шамасын əр жердегі милицияны түзеуші халық ұйымдары ретіне қарай өздері белгілейді.

4. Əрбір облысқа белгіленген милицияның санын үйез-үйезге ыды-рату – сол облыстардағы обласной ұйымдардың міндетінде. Əрбір үйезге түскен милицияның санын болыс һəм ауылнай басына ыдырату – үйез-дегі ұйымдардың міндетінде.

5. Əрбір үйезге түскен милицияның санын толтырып түзеу үйез қауымдарының міндетінде.

6. Талонмен милицияға алынған азаматтар өз орнына басқа біреуді жалдап жіберуге ерікті. Бірақ жалдаған адамның жасы 20 мен 35-тің арасында болу шарт.

7. Талонға бір үйден бірнеше кісі алынса, милиция қызметіне олар-дың біреуі ғана алынады. Милицияға талонмен алынған адамдарға толық үй шаруасына қарай, басқа себептермен мəулет беру жергілікті ұйымдардың міндетінде.

8. Алғашқы кезде һəм əрбір ауылнай өзінен милицияға алынған азаматтарға ат-тұрман, киім-кешек түзеп беруге міндетті.

Page 189: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

189

9. Милицияға керек болған қару-жарақты Алашорда ұлт қазынасы есебіне салып алып, тиісті орындарға таратады.

10. Милиция қызметін үйрету үшін 100 милиционерге бір офицер, 50 милиционерге бір инструктор шақырылады.

11. Бөкейлік, Орал, Торғай, Ақмола, Семей һəм Жетісу облыстарында милиция саны 13500 болуға тиіс. Əрбір облыста бұлардың саны мына-дай болуға тиіс:

Бөкейлікте 1000 Оралда 2000 Торғайда 3000 Ақмолада 4000 Семейде 1500 Жетісуда 2000 1. Милиция түзуге мынадай шығын керек: Қару-жарақ сатып алу үшін

80100, 000 сом, милиционердің бір жылғы жалованьесі, өзінің тамағы, пəтері, атының жемі – 33 миллион 2100 сом. Офицерлердің жалованьесі 324000 сом, инструкторлардың жалованьесі 982000 сом, милицияны басқарып тұратын мекемелердің расходы 180000 сом, офицерлік өнерін үйрететін азаматтар расходы 100000 сом. Барлығы – 42 миллион 886 мың сом. Бұған оқу комиссиясы мен Алашорданың өз һəм бөгде шығынын қосқанда жоғарыдағымен барлығы 44 миллион сом.

Осы айтылған 44 миллион сом əрбір облысқа халқының санына қа-рай бұлайша бөлінеді:

Бөкейлікке 3, 542, 050 Оралға 7, 556, 000 Торғайға 6, 601, 500 Ақмолаға 6, 705, 000 Семейге 9, 729, 500 Жетісуға 9, 867, 50 Бұл айтылған сомалар əрбір үйезге һəм болыстарға халқының санына

қарай бөлінеді. Əр болысқа түскен ақша байға байша, жарлыға жарлыша бөлінеді. Алашордаға сайланғандарға сиез кісі басына 800 сом айлық жалованье кесті.

Алашорданың пəтер, мекеме, жүріс-тұрыс һəм басқа расходтарын белгілеу Алашорданың өз міндетінде. Алашордаға сайланды:

1. Бөкейліктен Уəлитхан Танашев, 2. Оралдан Халел Досмұхаммедов, 3. Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, 4. Торғайдан Ахмет Бірімжанов, 5. Семейден Халел Ғаббасов, 6. Жетісудан Садық Аманжолов, 7. Сырдариядан Мұстафа Шоқаев,

Page 190: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

190

Облыстан тысқары: 1. Əлихан Бөкейхан, 2. Жиһаншаһ Досмұхаммедұлы, 3. Əлімхан Ермекұлы, 4. Мұхаметжан Тынышбайұлы, 5. Бақыткерей Құлманұлы, 6. Жақып Ақбайұлы, 7. Базарбай Мəметұлы, 8. Отыншы Əлжанұлы, Бұларға орынбасарлыққа сайланды: 1. Иса Қашқынбайұлы, 2. Нүсіпбек Жақыпбайұлы, 3. Ережеп Итбайұлы, 4. Сатылған Сабатайұлы, 5. Есенғали Қасаболатұлы, 6. Батыр Қайырниязұлы, 7. Мұқыш Поштайұлы, 8. Сейілбек Жанайдарұлы, 9. Сəлімгерей Нұралыханұлы, 10. Ғұмар Алмасұлы, 11. Сейдəзім Кəдірбайұлы, 12. Асфендияр Кенжеұлы, 13. Штабс капитан Бекшұлы, 14. Есен Тұрмұхаммедұлы, 15. Жəнек Сұлтанайұлы. Алашорда бастығына Əлихан Бөкейхан, Бақыткерей Құлманов һəм

Айдархан Тұрлыбаев тасқа салынды. Сөйтіп, Алашорданың бастығына Əлихан Бөкейхан сайланды. Оқу

комиссиясына сайланды: 1. Ахмет Байтұрсынұлы, 2. Мағжан Жұмабайұлы, 3. Елдес Омарұлы,

4. Биахмет Сəрсенұлы, 5. Телжан Шонанұлы. Халықтан милиция, оқу комиссиясы һəм Алашорданың расходына

жиылатын ақша əзірге ұлт қазынасы болып табылады. Түпкілікті ұлт қазынасын түзеу Алашорданың міндетінде. Азық-түлік мəселесін һəм өкілдердің бұл туралы берген мағлұматын тексеріп, сиез мынадай қаулы қылды:

1. Азық-түлік жұмысын сайланған земстволар ешбір тоқтаусыз өз қолына алады.

2. Алашорда əрбір облыстағы астықтың ұзын санын біліп, астығы жоқ жерге астығы мол облыстардан астық алып беруге міндеткер.

3. Қазақ-қырғызға сатып алынған астықты, азық-түлік комитеттері тоқтатпас үшін Алашорда қам қылады. Алаш автономиясы жақын арада

Page 191: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

191

иғлан етілетін болған соң, програмда көрсетілген мүфтилік, народный сот, ауылный управление мəселелері сиезде қаралмай кейінге қалды.

Уақытша автономия иғлан етіліп, алаш құрылтайы жиылғанша қазақ-қырғыз Орынбор мүфтилігі қарауында болады. Болашақ алаш құрылтайына Орынбор мүфтилігіне сайланған қазақ қазилары қазақ-қырғыз мекеме шарһиясын құру хақында жоба кіргізуге міндеткер. Ел ішіндегі народный сот ешбір іс бітіре алмайды һəм халыққа сенімді емес. Ел ішінде ұрлық күннен күнге күшейіп бара жатыр. Соның үшін ұрлықты тиятын уақытша сот құру һəм бұл соттың тəртібін түзеу Алашорданың міндетінде.

Сиез жабылды 13 декабрьде 1917 жылда. «Қазақ»

Мұғалімдік курстар туралы(басы 28-ші нөмерде)

Меніңше екі жылда үйретілуі ең керек сабақтар мынау: 1. Ұлт тілі: əдебиет тарихы, əдебиет бөлімдері. Соңғы екеуі оз

тілімізде жоқ болса да, басқалардан қазақ тіліне аударылып, мысалдары өз əдебиетімізден алынсын.

2. Жалпы тарих (адамды тарих білген уақыттан осы заманға дейін). Бұл турада қазақ тіліне аударылуға лайық тарих профессор Виппердікі.

3. Жағырапия (жердің бес бөлімі). Бұл турада қазақ тіліне аударылуға лайық кітап Крубердікі.

4. Жаратылыс: жер-су, ауа, өсімдік, адам, хайуанаттар (қазақ тіліне аударылатын кітап Трояновскийдікі). Соңғы үшеуінсіз дүниеге адам соқыр қарасынан құтыла бастамайды.

5. Оқыту əдісі (дидактика, методика, педагогика). 6. Есеп (түгел). 7. Денсаулық-тəрбие (қысқа мағлұмат). 8. Мемлекет құрлысы, уақ қарыз қауымдары, ұйым дүкендерін, игілік

қауымдарын ашу жайынан қысқа мағлұмат. Соңғы екеуі басқалардың уақытын алатын болса, міндетті болмасын.

9. Орыс тілі (күніне бір сағат). Міні, осы айтылғандарды түгелімен оқытып шығарса, мұғалімдік

курстары мұғалімдер шығарады, өз бетімен адам болуға жол ашып берді деп сонда ғана айтуға болады. Кейбіреулер, əсіресе, мұғалімдер программаға ең керек болып мына сабақтар кірсе екен дейді: араб тілі, ислам тарихы, ұлт тарихы, дін, өлшеу. Мен бұларды ең керек деп ұқпағандықтан жоғарғы ең керек деп көрсеткендердің екі жыл ішінде түгел оқылып шығылуына зиян етпесе ғана кіру керек деймін. Кейбірінің тіпті керегі аз деймін:

Page 192: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

192

1. Араб тілінің керегі аз дейтінім: баяғыдан бері қырда дін тілі деп 15 жыл оқып та араб тілін білген кісі жоқ. Тіл үйрену керек болса, бізге бəрінен бұрын орыс тілін үйрену мақсат.

2. Ислам тарихы мен ұлт тарихы жалпы тарихтың уақытын алады. Жалпы тарихты оқымай тұрып, аналарды оқығанмен тарих оқудағы мақсат табылмайды, түсінілмейді. Жалпы тарихты оқып болған соң, ұлт тарихы мен ислам тарихы тұрсын, Қытай мен Француз тарихына тереңдеймін десе де жол бос. Тегінде тарих оқудағы мақсат қай заманда қандай себеппен қандай өзгеріс адам баласының басынан кешіп келгенін ұқтырып, саяси, ижтимаий, мəдени, ықтысади жиылыстардың қалай алға басатын себептері турасында бастың өз бетімен тура ойлауына жол ашу деп ұғамын. Əйтпесе, өзімшіл, мақтаншақ, күншіл (фанатик) қылып, мысалы «баяғыда біздің түрік халқы жауынгер болған екен, орыстарды билеген екен, еуропаны дірілдеткен екен, бабамыз Атилла Верденді де қамап, еуропаны қылыштан өткізген екен. Шыңғыс, Темірлан һулагу Иран, Үндістан, Қытай, Мысырға дейін дүниені қанға толтырып барған екен. Біз олардың тұқымымыз. Еуропа бар ғылым, үлгіні мұсылмандардан үйренді. Біз мұсылмандар, мысалы, арабтар кіл еуропаның ұстазымыз, соңғы заманда ислам дінінің бұйрығын еуропалылар ұстап, осынша бақытқа, қожалыққа жеткен. Біз мұсылмандар ислам дінінен көз жазып қалып, мынадай қор болғанбыз. Қайтадан ана еуропадай болу үшін дініміздің тазасын тауып ұстау керек» деп желпіндіріп, үйрету тарихтың мақсаты болмасқа керек. Сондықтан осы күнгі қалыпта ұлт тарихы мен дін тарихының керегі шамалы деймін. Бізде анық ұлт тарихының беті əлі ашылған жоқ. Сондықтан жоқ нəрсе турасында керекті-керексіз деп сөйлемеймін. Менің мұндағы ұлт тарихы дегенім осы күнгі мұғалімдер ұлт тарихы орнына ұстап жүрген түрік-татар тарихы.

3. Дін сабағы. Мен əзір бұл турада себептермен бар ойлағанымды жаза алмасам да айтатыным мынау: курсқа келгендердің бəрі елде дін оқып келгендер. Елде діннен басқа ғылым жоқтығы мағлұм. Елде неше жыл өмірін дінге беріп, ғылым көрмей келген сорлылардың екі жылына тағы дінді қосып, ғылымға беретін уақыттарын курстардың алмағаны жөн. Елде беріп келген уақыттары да аз емес. Діннің тазасын тауып, пəлсафасына түсіндіріп оқытамын деушілер бар. Ол соқырлық. Себебі діннің ретке қойылып, тазаланып шықты деген пəлсафасы хақиқи əлі жоқ. Хақиқатының өзі бар нəрсе ме, жоқ нəрсе ме ол əлі философтар арасында таласта жүрген мəселе. Біреулер дін адам баласы жаратылыстың сырына таныс болмаған қараңғы уақытында жоққа нанып, үрейленуінен шыққан нəрсе. Сондықтан түбі шірік, хақиқаты жоқ дейді. Біреулер басы жоққа нанып, үрейленуден шықса да, бұрынғы будда, Иса, Мұхаммед секілді адамдар адамдық сезімін соған сүйеп айтқан. Адамшылық керек болса, адамдық сезімін халықты тулатпай-ақ сол қалпында өсіру керек дейді.

Page 193: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

193

Бұл университеттерде оқылатын үлкен пəлсафа дүниесі. Мұны біреуге түсіндіру тұрсын, əлі өзі түсінген бізде мұғалім жоқ, бұл бір. Мұғалім болсын-ақ, екі жыл ыңғай соны оқытса да тауыспайды, түсінілмейді, бұл екі. «Алла екеу болса, жер мен көк бұзылар еді» деп шəкірттерді əуре қылуда қандай мағына? Түсіндірмей, «пəлен соны айтты, нанасың» деп оқытудың шəкірттерге таңсығы жоқ. Мұны елде де естіп келген. Бірақ зияны көп. Бұл адам баласының ақылына, өз еркімен ойлап, сезуіне, арына жеңдіріп, жақсылық қылуына, арына жеңдіріп, жамандықтан тыйылуына құрсау, абақты. Ақыл мен арға сүйенбей, құр сенімге сүйенген оқу алға басуға бөгет деген ақиқат осыдан туады. Нанасың демей, түсіндіріп айту қазақ мұғалімдері, моллалары түгіл, бүкіл дүние əлі түсініп жете алмаған нəрсе. Түсіндірмей оқыту ақыл-миын байлау болса, түсіндіруге шама жоқ болса не қылмақ керек? Меніңше, үндемей қойып, адам баласының өмір тəжірибесімен анықталған ғылымдарды ғана оқыта беру керек. Оқушы жаратылыстың заңы, дүниенің ағысына сол ғылымдар арқылы түсіне бастаған соң, өзі де сезіп, бір жол ұстамақ. Анық ғылым болмаса, күңгірт нəрсеге жас буындардың бір минут өмірінің кетуі де кінə деп ұғамын. Курс та бұл кінəні істемегені мақұл.

4. Өлшеу талассыз керек ғылым болса да, екі жылда оқушылар іске асыра алмайды. Сондықтан мұндай ғылымдар тап курс шəкірттері халына ең керек деп ұғылмайды.

Жас Қазақ

Басқарма: бұл мақаладағы пікірге қосылмайтын жерлеріміз де бар. Өз пікірімізді кезегі келгенде жазбақпыз.

Мен кадет партиясынан неге шықтым?

Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді.

Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық.

Француз, орыс һəм өзге жұрттардың тарихынан көрінеді: молла хүкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқасты болады. Жалованье алған моллалар хүкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, хүкімет ісінен бөліп қойған оң болады. Оны орысша отделене церковой от государтсва дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды.

Осы үш жол айырылғаны биыл жазда ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа «Алаш» партиясын ашуға кірістім. Мұны мен июльдегі жалпы қазақ сиезінде айтқан едім.

Əлихан

Page 194: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

194

Мен неден қорқам?

Мың екі жүзінші жылдарда араб халқы ғылым-мəдениетте жоғары дəрежеге жетіп, осы күнгі Испания билеп тұрған жердегі Қаратөбе, Энделіс, Ғарафат деген қалалар дүниеге ғылым таратқан екен. Исламның атақты ибн Рашид, ибн Баже, Ғазали сияқты ғалымдары пəлсафада, ахлақға жəне басқа пəндерде көп кітаптар тəстих қылған екен. Ислам дүниесінің бақытсыздығына қарай ғылымға, пəлсафаға қарсы бірсыпыра діншіл ишандар əр нəрсеге дін көзілдірігі арқылы қарап, хəкім етіп, қара халықты ертіп, баяғы ұстаздарға қарсы шыққан екен. Ол замандағы Альсор деген Энделіс халифасына шағым жасап, ибн Рашидтерді абақтыға жаптырып, жазған кітаптарын түгел өртеген. Бір жанған кітапханада сексен мың кітап болғандығын айтысады. Сөйтіп, дүниеге жайылған ғылым нұры сөнерлік хəлге келіп, бірнеше жүз жылдар басылып, тоқталып қалған екен. Бұл сөздерді француздың атақты жүйрік философы Ринан «Аваризм» деген кітабында айтып отыр.

Кешегі XIX ғасыр аяғында шыққан Мысыр мүфтиі Мұхаммедғабде өлер шағында айтқан екен: «Бір-ақ нəрсе турасында арманда кетіп барамын. Қолыма алармын, түзу жолға салармын деген дін тентек шалаларға қалып бара жатыр» деп. Осы Ринан жазған моллалар, осы Мұхаммедғабде зарлап кеткен моллалар секілді əр нəрсеге дін деп түрегелетін моллалар біздің қазақтың да бір облысында недəуір көбейіп қалғанын мен кеше Орынбор сиезінде көрдім. Бұлар саясатқа да, шаруаға да дін көзілдірігін киіп қарайтын көрінеді. Бұлар сол діншілдіктің сылтауымен сиездің шығарған бір қаулысын қайтарып алғызды. Бұ қалай? Біз XII ғасырда емес, XX ғасырда отырғанымыз жоқ па?

Тарихымыз жаңа жолға басатын шекарада тұрғанда бұл шалмалы-ларға бір билігімізді берсек, біздің міндетіміз кейін кетпесе, ілгері жылжымас. Бұлардың бетіне қарай беретін ардақты зиялыларымыз тарих алдында жауапты екенін естеріне ала ма екен? Құдай тілекті беріп, ертең автономиямыз аяққа басып, қазақ жұртының оқу істері, соты жобаланып түзелгенде осы моллалар тірі турса, шариғатшыл, діншіл болып тағы шығар. Арабша жазылған сөздің бəрін дін деп ұғынатын, дін аяғын алған нəрседе қате болады деп үйіне кіргізбейтін, бетіне қарсы қараған кісіні тамұққа салатын молладан мен қорқам – тіршілігімізге, ел қатары күн көруімізге, ілгерілеп, мəдениет жолына түсуімізге кесір болмаса жарар еді.

Көруші

Page 195: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

195

Медіресе ашылу

Октябрь басында Баянауыл қаласында болған моллалар мен коми-теттер жиылысының қаулысы бойынша болыс сайын бір медіреседен ашылмақшы еді. Ақкелін елінде ноябрь басында медіресе ашылды, аты «Сұлтания» қойылды. Жылдың ауырлығына қарамай, 140-тап бала жиналып оқып жатыр. Əзірге оқытушы бір мұғалім, бір медіресе. Жұрт келесі жылы мұғалімді көбейтеміз деседі. Медіресеге жиылған ірі шəкірттер «Құт» атты ұйым ашты. Мақсаттары бір болыс елдің зекет, пітір, федия сияқты уəжіп садақалардан жиыстырып, біріктіріп бір жерден ғылым жолына ұстау. Ел ағалары бұл ұйымды күшейтер деп үміт етеміз.

Сəдуақас Шорманов

Ішкі хабарлар

Мұқтаж шəкірт

Ақмола облысы Ғабдалрашид Əлімбай баласы биыл «Ғалияға» түсіп еді. Мейрамында үйіне барып, Ақмола облысы Қазақ Комитетінің шəкірттерге арнаған стипендияларының біреуінің жартысын (225 сомды) алып, үйінің һəм ағайы ндарының жəрдемімен қосып, қысқа жеткендей азық-түлік, киім-кешек алып келе жатыр екен, Уфа вокзалына жақындағанда нəрселерін, ақшасын салған дорбасын жоғалтып, сып-сидай болып мұнда келді. Шəкірттер арамыздан азғантай жылу жинап бердік. Өздері қымбатшылықтың зəрін татып жатқан шəкірттерден көп қаржы жиналмайтыны белгілі ғой, бергеніміз жарытымды емес. Енді елдегі азаматтардан, игілік мақсатымен ашылған қауымдардан, əсіресе, Ақмола Комитетінен тезірек жəрдем қылуларын өтінеміз. Жолдасымыздың ақшадан тарығып, қыстың жартысында қайтып кетуіне өте қиналамыз.

«Ғалия» шəкірттері атынан Салахалдин

Басқарма: жəрдем берушілер мұқтаж шəкірттердің өзіне тура жібергені жөн болар еді. Мұқтаж шəкірттерге деген жəрдем болса, жинап, үлестіру, қашан болса да басқарманың міндетінде. Бірақ мынадай пошта жүруі дағдылы күйінен жаңылып, былықпайшылыққа айналып тұрғанда əуелі басқармаға, одан соң мұқтажға жіберуге көп уақыт кетіп, жəрдем мезгілінде тиетін көрінбейді. Сондықтан жаз шыққанша «Ғалиядағы» мұқтаж шəкірттерге төтесінен жібергенді жөн көреміз. Шəкірттердің ұйымы бар шығар, келген жəрдемдерді алып, бөліп беріп тұрар. Өздері жария қылып білдіргенше мына əдріспен жəрдемдеріңізді тоқтатпай жібере бергендеріңді мақұл көреміз.

Уфа, медресе «Галия» Габди-рашиду Алимбаеву

Page 196: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

196

Алаш азаматтарына ашық хат

Құрметті Алаш азаматтары! Заман түрі келіспей, жамандыққа айналып, қауіп-қатерлі, екіталай

күндер туды. Береке-бірлік қылып, адамшылық ойласаң, адам болатын шағың жетті. Алтыбақан алауыз болып бөлінсең, жоқ болатын уақытың жетті. Кейінгі үрім-бұтақ, қара қазан, сары баланың қамын ойлайтын да уақытың осы. Олардың көз жасына қалатын уақытың да осы.

Егер осы күнгі қош бастап жүрген, ақ жүрек азаматтардың соңына ерсеңіз, иншалла, ол уақытта қатын-баланың, кейінгі үрім-бұтақтың обалына қала қоймассыз. Дініңізден, күніңізден, жер-суыңыздан айырыла қоймассыз! Ол ақ жүрек азаматтарымыз осы күнгі газет шығарып, халықтың қамын ойлап жатқандар. Бастарыңа екіталай қиыншылық күндер туып сасқанда шын жаны ашып, бас-көз болып қызмет еткендер. Жақын арада Көлбай Төгісов «Үш жүз» деген партия ашып, халықты бөлмекші болып, қала берсе ақ жүрек, адал азаматтарымыздан бірнешесін (Əлихан, Халел, Міржақыптарды) жамандап, жала жауып, «олар дін бұзады» деп «Үш жүз» деген газет шығарып жатыр. Ондағы айтқандарының бəрі шала, бəрі қиянат. Көлбайдікі халықтың дінін, күнін сақтайын деген емес, арасына алалық салып, жұрттығын жойып, дінінен, күнінен айырамын дегендік. Бұрын да талай боқтықтарын білсек те ел ішінде бір тентек не қылар дейсің деп үндемей жүр едік. Енді мынаны көрген соң халыққа туралықты айтпай тұра алмадық.

Ал, Алаштың азаматтары, дені медіреседе мұсылманша оқып жатқан шəкірттер, туралықты айтамыз – Көлбайдың айтқанына нанып, соңына еріп, дініңізден, күніңізден айырылмаңыз, бүлінбеңіз. Алаш туының астына жиылыңыз!

Уфадағы медіресе «Ғалиядағы» оқушы қазақ шəкірттер:

Мұхаммедсабыр Айтқожаұлы, Қажи Моллабасымов, Жиенғали Тілепбергенұлы, Салахалдин Сарəліұлы,

Əмірғали Найзин, Ғабдалрахман Мұстафин, Сұлтан Шоқаев, Қамаралдин Қосаев, Тұраш Қосымов, Ғабдалрахман Қосайұлы,

Сапарғали Қосайұлы, Хасенғали Қосайұлы, Fабдолла Батырбайұлы, Əлмұхаммед Жандыбайұлы, Сайдыкрам Дауылбаев, Мағауия Таңатаров, Сəмен Бекмұхамедов, Ниязов,

Досқали Есентаев, Əбубəкір Қазықов, Зейнел Айжанов, Мұқан Досбаев, Меңдіғали Сақыпұлы, Ғұмаришанов,

Ғалиақын Ұшанбаев, Меһир Қалжанов, Ғабдыкерім Есенов, Мамыр Ізбасаров, Ілияс Мұхаммедов, Нұрахмет Ақылбеков,

Ғабдалрашид Əлімбаев.

Page 197: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

197

Большевик хүкіметінің жарлықтарыДін туралы жарлық

1. Дін ісі мемлекет ісінен айырылады. 2. Тұтқан дініне қарап, кісіге қасиет, яки артықшылық беретін; дін

бостандығын қысатын, яки тарылтатын заңдарды, қаулыларды шығару Республика (мемлекет) алабында тыйылады.

3. Əркім сүйген дінін тұтады. Дінсіз болуға да ерікті. Тұтқан дініне, яки дінсіздігіне қарай кісінің хұқығын бұзу жоғалады.

4. Мемлекеттік һəм əлеуметтік орындарға қызмет атқарғанда дін ғұрыптары қатыспайды.

5. Көптің тынышы кететіндігі һəм Совет Республикасы адамдары-ның еркіндіктеріне қайшы келмейтіндігі болса, дін бұйырған ғұрыптар орындалады. Орындалғанда көптің тынышы бұзылмай, қорқынышсыз болуы үшін хəкімдер керек деген тəдбірлерін қылуға ерікті.

6. Дініміз бұйырмайды деп ешкім гражданский міндеттерден бас тарта алмайды. Тек бір міндетті екіншіге айырбастау жұрт сотының рұқсатымен ғана болады.

7. Дін бұйыратын ант, яки жан беру жоғалады. 8. Адам жайы жазылатын қағаздарды гражданский хəкімдердің никах

һəм туғандарды тіркейтін бөлімдері жүргізеді. 9. Мешіттен мектеп айырылады. Ғылым үйретілетін мейлі мекеме, мейлі қауым, мейлі жай кісі мек-

тептерінің баршасында дін сабағы оқытылмай тыйылды. Дін оқытқысы, яки үйренгісі келген адамдар жайдан біледі.

1. Діншіл һəм мешітшіл қауымдар жай қауымдар мен союздар үшін арналып шыққан заңдарға мойынсұнады һəм не мемлекеттен, не оның жергілікті хəкімдерінен қасиет көріп, жəрдем алып пайдаланбайды.

2. Мешітшіл һəм діншіл қауымдар пайдасына зорлап салық салу, алым алу немесе алмақ үшін қыстау, яки жазаландыру тыйылады.

3. Ешбір мешітшіл һəм діншіл қауымдар мемлекетке ие болуға хұқы жоқ.

4. Россиядағы мешітшіл һəм діншіл қауымдардың барлық мүліктері жұрт қазынасы делінеді. Құдайға құлшылық қылатын үйлер һəм нəрселер жергілікті хəкімнің яки кіндік хүкіметтің айырықша қаулылары бойынша діншіл қауымдарға тегін пайдалануға беріледі.

Халық Комиссарлары Советінің председателі – Ульянов (Ленин); Комиссарлар: Рудницкий, Альфасов, Тартуский,

Шлихтер, Прошян, Михайловский, Плавников, Петровский;Хүкімет жұмыстарын билеуші – Бунч Бруевич;

Халық Комиссарлары Советінің секретары – Горбунов.

Page 198: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

198

«Қазақ» газеті туралы

Орынборды большевиктер алғаннан кейін «Қазақ» газеті бұрынғы дағдылы бағытымен жүре алмайтын болып, шығарушылары Орынбор-дан кетіп, уақытша тоқталғанын естіп тұр едік. Мəтбұғатымыз жаңа гүлденуге бет қойып, қараңғы, ауыр заманда дүниеге келген тұңғыш газетіміз «Қазақтың» бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ дегендей жазуға, пікірге бостандық деген заманда көлденең қара күштің себебі-мен тоқталғанына қабырғамыз қайысып тұр еді.

«Қазақтың» жабылуы туралы Ташкентте шығатын «Бірлік туы» газетінің 22 нөмерінде мынаны оқыдық:

«Бүгін күн Орынбордан «Қазақ» газеті жабылды деген телеграм алдық. Мұнан бұрын «Қазақ» басқармасындағы бір адамнан келген бір хатта мынадай сөз бар еді: Орынборға большевиктермен бірге Əлібек Жангелдин де келді. Ол Торғай облысына комиссар болып алып, «Қазақ» газетінің шығайын деп тұрған 260 нөмерін тоқтатып қойды. Жангелдин большевиктерді мақтап, оларға қарсы сөз жазғаны үшін «Қазақ» газетіне азуын басып отыр. Ол «Қазақты» жауып қойып, оның орнына большевик бағытымен жаңа газет ашпақ. Жангелдин «Қазақтың» баспаханасына келіп, «Азаматтың» есеп-қисабын сұрады. Ол уақытта Байтұрсыновтар Орынборда жоқ еді. Сол себепті оған есеп беретін ешкім болмады» деген.

Енді мынау бүгінгі келген жұмбақ телеграмның шешуі осы. Əлібек Жангелдин деген Торғай облысының қазағы. Бірақ оның

қазақтықтан шығып кеткеніне көп болған. Ол қазақ түгіл ислам дінінен де безіп, христиандыққа шоқынып, қайда болса сонда қаңғырып жүретін. Оның шоқынғаннан соңғы фамилиясы – Степнов.

Ол өзгерістен соң ислам дініне қайта кірдім деп, ел арасына шығып, жұртқа большевик пікірін таратпақ болып жүретін. Енді мына Орынбор-да большевиктер жеңген соң Торғайға комиссар болып, «Қазақ» газетін жауып отырғаны...

Жангелдин – Степновтың кім екенін осы жазғанымыздан жұрт өзі біле жатар. «Қазақ» газеті жабылды деген хабарды естігенде əрбір Алаш баласының жүрегі суытып, қабырғасы қайысар. Біз бұған сенеміз. «Қазақ» газеті Алаштың қараңғы заманында жол көрсетіп тұрған шамшырағы, сасқанда ақыл айтып тұрған көсемі. Ол қарасы өшкен залым хүкімет заманында да Алаштың көз жасымен талай пəледен қалған еді. Оның бер жағында мынадай игілік заман туған соң халық «əу» десіп демін алып, енді «Қазаққа» деген пəле-жалалар біржолата өшсе ғой деп тұрғанда мынау хабардың сып ете түсуі «мен Алашпын» дегеннің жанына қатты батар.

Бірақ «Қазақ» газетінің бұл жабылуын біржолата жоғалдыға санауға болмайды. Оның бүгін болмаса, ертең қайта ашылып, ілгергіден артық

Page 199: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

199

қайратпен халқына қызмет етуі шексіз. «Қазақтың» бұл жабылуы Рос-сияның осы күнгі уақытша кесапатты ауруының кесапаты. Петроград, Мəскеудегі орыстың ең жақсы газеттерін де шалып жатыр. Бұл ауру, Құдай қаласа, көпке бармас. Тасыған судың қайтар алдында бір лықсып толғаны сықылды осы күні бұл ауру да ең жоғарғы шегіне жетті. Енді оның жақын арада қайта бастауына да шек жоқ. «Қазақтың» жабылу-ындағы хақындағы біздің түпкілікті пікіріміз осы. Бірақ оның қазірге уақытша болса да тоқталуы һəм оны жапқан адамның жоғарғы айтқан Степнов болуы жүрекке жаман-ақ батады. Алаштың əлпештеп отырған бір қасиетті газетін бүгін келіп Жангелдин сықылды Степновтың кір қолымен жауып тастауы аз ғана аза емес...

Неше жылдай арымай, талмай Алашқа қызмет еткен, тар орын, тайғақ кешулерде Алашқа ақылын айтып, көз, құлақ болған, алты Алашты тегіс аралаған, қылышынан қан тамған Николай кезінде де Алаш ары үшін шыбын жанын аямаған «Қазақты» жауып, əзірге ойыңа келгеніңді істей тұр. Алаш азаматтары аман тұрса, түбінде бір жауап бересің!

Онымен «Қазақ» газеті тоқтап та қалмас, Орынборда шықпаса, басқа жерден шығар дейді. Бұрынғы естіп тұрған хабарымызға һəм «Бірлік туының» жазуына қарағанда «Қазақ» уақытша жабылды деп тұр едік, басқармамызға жаңа да «Қазақтың» 261 нөмері келді. Бұл нөмер 14 февральда шыққан. Шығарушы – Fабдалхамит Жүндібаев деген жігіт. Ғабдалхамит Жүндібаев «Қазақтың» бас мақаласында жазады:

«...осындай заманның аударылып тұрған шағында жұрт газет хабарына аса мұқтаж екендігін ойға алып, жан-жаққа хабар беріп, жөн сілтеп, нұсқа көрсетіп тұрған «Қазақ» газетінің басында тұрған азаматтардың Орынборда жоқ екенін көріп, жауын тілеген егін қалпындағы жұрттың үмітіне қарсы бару ниетімен Орынборға февраль басында келіп, бас қосқан Ақтөбе үйезінің азаматтарының өтініші бойынша «Қазақ» газетін шығаруды мен мойныма алдым. Заманның аударылып тұрған шағында дағдылы жолмен жүру, бір бағытта маңдай қою қиядағы қиын іс. Сондықтан газет оқушылар заманның құбылуымен есептесу керек. «Қазақтың» соңғы жүретін жолы халыққа болып жатқан өзгерістен хабар беру, заманына қарай амал қылуға жол көрсету, сасқанда алдынан шығып жəрдем берудің маңайында ғана болашақ» дейді. «Қазақты» енді шығарып отырған Fабдалхамит Жүндібаев жас учительдердің бірі болса керек. Ой-пікірі «Қазақтың» бұрынғы жолында жүрген жастың бірі болса керек. Ахмет, Міржақып Орынбордан кетерде басқа жолдастарын онда қалдырып, қолдарыңнан келсе «Қазақтың» дағдылы жолын, бағытын өзгертуге көнбеңдер деп кеткен екен. Жоғарғы сөзден көріп отырмыз, елден ақсақал-азаматтар келіп, ондағы көксоққан өтірік большевик-термен сөйлесіп, «Қазақты» тоқтатпай, уақытша шығара тұруды Ғабдал-хамитке тапсырған көрінеді.

Page 200: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

200

«Қазақ» бес жылдық ғұмырында қандай қиындық көрсе де халқын адастыруға жоқ; көздеген мақсұтты жолынан тайған жоқ. Енді 6-жылында аз күн тізгіні басқа шығарушының қолына беріліп отыр. «Қазақтың» осы соңғы келген 261 нөмерінде «Қазақтың» ескі қызметкерлерінен Жанұзақ

Жəнібекұлы жазады: «Қазақ» газеті 2 февральда бес жасқа толып, алтыға қарай аяқ басты. Осы бес жылдық өмірінің ішінде «Қазақ» Алаштың намысына тыртысып, жоғын жоқтап, ескі хүкімет заманында басынан талай қиын-қыстау істерді өткізді. Оның түрмесінен қорықпады, штрафынан тауы шағылмады.

Россияда бостандық болғаннан бері өрісі кеңіп, көңіліне алғанын айтты, істеді.

Осы күні өзін туғаннан бері бағып-қаққан иелері шетке кеткенге көңілі жабырқап, иығы түсіп тұрған жайы бар.

Жылдағы дағдысы бойынша «Қазақтың» алтыға аяқ басқанына қуанып, хат яки телеграм арқылы құтты болсын айтып, көңіл білдірген азаматтарға тəңірі жарылқасын айтамыз». «Қазақтың» басына жетімдік түсіп, жабырқап тұрған жайы болса да, 6 жасқа аяқ басқанына қуанамыз, құтты болсын айтамыз. Нəсіп болса кешікпей иелерің қолдарына алар, маңдайыңнан сипап, бұрынғыдан артық тəрбиелер. Алты жасар жас қазақ ержетіп, азамат болып, əлі-ақ алты Алашты аралар, Алаш аман болса, азамат жетім болмасын.

Сарыарқа

Мұстафа хаты

«Бірлік туының» 24 нөмерінде басылған төменгі «Мұстафа хаты» деген мақаланы біз де өз тұсымыздан жұртқа естіртуді лайық көрдік. Бұл хат туралы «Бірлік туы» мынаны жазады: «Аттың сыры шапқанда білінеді, жолдастың сыры сасқанда білінеді. Енді Алаш халқы мынау бір азаматының жолдасынан көрген «игіліктерін» өз хатынан оқып көріп сынасын. Бауыр қандай, жат қандай, Алаш қандай, сарт қандай екені осы хатты оқыған адамға ап-айқын-ақ көрінер. «Өз өлтірмейді, жат жарылқамайды» деген атамыздың терең мағыналы ескі мақалы осындайда амалсыздан еске түседі...»

Хат

31 январь күні күндізгі сағат 2-де Қоқан большевиктерінің бізге тапсырған ультиматумын сөз қылып отырғанымызда тасыр-тұсыр атылған мылтықтың дауысы шықты. Бақсақ, мылтық атысып, соғыс

Page 201: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

201

бастаған большевиктердің солдаттары екен. Большевиктердің бұл ісі өздерінің ультиматумында қойған шартнамасына қарсы келді. Олар ультиматумда мəміле шарттарын кеңесуге үш сағат срок қойған еді. Һəм ол сроктың уақыты сағат екіден 20 минут өткенде ғана бітетін еді. Сөйтіп большевиктер өз серттерін өздері бұзып, мəміле сөздің жолын бөгеді...

«Шура и исламия» үйінде жиналып отырған хүкімет адамдары бар һəм басқалар бар большевик солдаттары жақындап келе жатыр деген хабарды айтысып, жан-жаққа тарасып кетті. Сонан хүкімет адамдарына енді қайтып екінші бас қосуға ешбір түрлі жол қалмады. Себебі большевиктердің мылтық атқан дауысын естіген соң мұсылмандар қолдарында бар қару-жарақтарын алып, көшеге шығып қалды. Алдында хүкіметтің: «Большевиктерге қарсы қару-жарақ алып шықпаңдар, əлі де болса мəмілеге келерміз» деген сөзіне олар құлақ қоймады. Өйткені олар большевиктердің мəміле сөз бітірместен мылтық атуға бас салғанын көрген соң бұлар жалғыз хүкіметке емес, бəлки, бүкіл мұсылман халқына жау болды деп өз беттерімен қимыл қыла бастады. Сонан соң-ақ хүкіметтің ол арада істейтін қызметі қалмады.

Қоқанда болған бұл көңілсіз оқиғаның саяси себептерін бастан-аяқ түгел жазуға əзір замана көтермейді. Соның үшін мен бұл жерде бұл оқиға басталғаннан кейін өз басымнан өткен ахуалды ғана көптің алдына ұсынғым келеді. Аудара қарап, ақтара түсінген адамға бұл жазғандарым-нан да бірсыпыра саяси қыртыстар көрінер. Большевиктердің оғынан қашып, Қоқан қасындағы қышлақтардағы сарт ағайындардың ішінде 5-10 күн жүрдім. Сол азғана күннің ішінде көрген жəбір-жапамды дұшпан да болса Құдай большевиктерге көрсетпесін...

Ергеш қарақшы бас болып Қоқанда сарттар большевиктермен соғыс бастағанда оларда жеңілеміз деген ой тіпті болған жоқ. Соның үшін олар: «Енді сарт заманы болып қалды, Ергешті хан көтереміз, Ферғанада сарттардан басқа жан қалдырмаймыз, қазақ пен большевиктердің еш-бір парқы жоқ; ноғай болса, ол мұсылман емес. Себебі Қоқанда бір ноғай мұғалімнің аяғын құбылаға беріп ұйықтап жатқанын көрдік» деп қышлақ сарттары үрген местей көмпиіп, сарттан басқа жанның бəрін қырып жібермекке бел байлап, қолдарына пышақ, балта, шот, кетпен, орақ, арқан-жіп, қанжарларын алып, көшеге симай күмпілдесіп кетті. Большевиктен қашып паналап, мұсылман баласын дос көріп, заманасы тасыған сарттардың ішіне нағыз сол кезде мен де келіп қалып едім. Көрген-білгеннің бəрін бұл арада тегіс айтып болмайды. Оның бəрі жаза берсе, қағаз бетіне де сыймайды. Соның үшін бір жолы басымнан өткен оқиғалардың да ең орасан көзге түскендейлерін айтып өтемін.

20 (7) февраль сəрсенбі күні Гаухана деген қышлақтан бүкіл Ферға-наға белгілі Муймүбəрəк дейтін қышлақта тұратын Мұсажан қажы деген ишанның (ғалым) баласы Ғұмархан төремен бірге Илеш қышлағының

Page 202: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

202

үстін басып, Қомбасты қышлағына келдік. Жолдасым атты, мен жаяу. Сарттар жалдап мінуге көлік бермеді. Үстімдегі киген киімдерім сарт киімдері: аяқта кебіс мəсі, үстіде ала шапан, баста қазандай ақ сəлде. Барар жерім белгісіз болған соң Қоқандағы соғыс басылғанша өзіміздің сарттардың ішінде қауіп-қатерден жырақ жүре тұрармын деген ой ғой мені бір қышлақтан бір қышлаққа тентіретіп жүрген. Қомбастыға келген жерде шетінен қару-жарақ асынған 20 шақты сарттар келіп, мені шап беріп ұстай алды.

– Сəн кимсəн? – Мұсылманмын. – Қайсы мұсылмансың? – Қазақпын. – Қазақ қашаннан бұян мұсылман? – Əлімсақтан бері мұсылман. – Шу қазақтың мұсылманлығыға бізнің шекиміз бар? – Сендердің шектерің болса, біздің қазақтың шаһды бар. – Шаһды нимə? Қаны айтың? – Шаһды – шиш кəлиме диние. Ол шиш кəлима динəні маған бастан-

аяқ түгел айтқызып шықты. Құдай бақ беріп, жас күнімде жаттап алғандарымның ұмытылмағаны мұндай əбиур болар ма!

Осындай тергеу қылып болған соң менің мұсылман екендігіме сарттар анық сенгендей болса да, онымен қоймай тұс-тұстан анталап, ол жер бұл жерімді шұқылап, мұсылманшылықтың онан да гөрі көзге көрінетін «нышанын» іздей бастады. Сол уақытта қасымдағы менімен бір жетіден бері таныс жолдасым Ғұмархан төре ат үстінде маңқиып, тамаша қылып тұрғаннан басқа ешбір жəрдем көрсете алмай, ол бүкіл Ферғанаға атақты бір ишанның баласы болғандықтан маған жəрдем қылайын десе бір ауыз сөзі ем еді. Ақырында мынау сарттардың жуық арада мені жібермейті-ніне көзі жеткен соң атын борбайға бір салып, «шу» деп жүріп кетті. Сарттар менің мұсылмандық жағымнан ешбір кінə таба алмаған соң:

– Сен қазақ бұл жақта қайдан жүрсің? – деп сұрады. Мен өтірік қоспай, жайымды айттым һəм Мұсахан қажы ишанның үйінде бірнеше күн мейман болып жатқанымды сөйледім.

– Мұсахан қажы ишанның үйінде жатқаның рас болса, оның баласы сені неге тастап кетеді? – дейді сарттар. Мен олардың бұл сауалына не деп жауап берерімді білмедім. Жолдасым молла Ғұмархан көңіліне ғылым толып, онда жолдас хақылыққа да орын қалмаған екен. Енді сарттар мені осы жерден ұстады. «Бəрібір бұл кім болса, ол болсын; қайдан шықса, онан шықсын, əйтеуір, сарт емес екендігі ақиқат. Онан өзі де танбады. Мұны өлтіру керек. Енді заман – сарттікі. Бізге қазақ та бір, большевик те бір» деп қолымнан жетектеп, қышлақтың шетіне қарай көшеменен «қазақ ұстадық» деп айқайлап, тұс-тұстан адам шақырып, алып жөнелді.

Page 203: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

203

Мені өлтіруге жиналған адамның саны 70-80-дей болды. Бəрінің қолдарында қаруы бар: мылтық, айбалта, қанжар, пышақ, келтек, сота, шоқпар... Менде өлмеймін деген ойға орын қалған жоқ. Ақыры өлтіреміз ғой деп сарттар мені ұрып-соғып əуре де болған жоқ. Екі көшенің айырылатұғын жерінде үлкен бір ағаштың түбіне отырғызып, сарттар мені өлтірудің жабдығына кірісе бастады. Екі қолым артыма таңулы, екі көзім байлаулы. Мойнымда қара қайыстан тұзақ – ажалды күтіп мен отырдым. Сарттардың ниеті мені екі аяғымнан ағашқа асып қойып, атып өлтірмекші. Өзгелерден гөрі маған рақым қылған сарттар бытырамен атса, жаны қиналар деп мылтыққа жалғыз оқ салдырды. Құдайдың ғажап құдіретіне, əділдігіне күмəн келтіріп болмайды. Дəл осы тайғақ кешу, тар жолда Алла əділдігі алдымнан шықты. Енді асамыз деп даярланып отырғанда бір сарт келіп, «Сендер мұны қазақ дейсіңдер, қазақтың да неше түрлісі болады. Бұл өзі қандай қазақ екен, көрейік» деп көзімді шешкізді. Ол сарт көзімді шешкен соң, бетіме тура қарап жіберіп: «Ассаламуəлейкум, Мұстафа əфенді» деп жалма-жан байлаулы қолымды босата бастады. Екі көзі жасқа толып, мойнымдағы тұзақты пышақпен қиып жіберіп, отырған орнымнан тұрғызып, өзге сарттарға менің кім екенімді баян қылып, көп сөз сөйледі. Сонан соң есірген сарттар өздері өлтіруді қойып, мені Қоқанға Ергеш қарақшының алдына жібермекші болып, шаһарге бара жатқан адамдардың біреуінің артына мінгестіріп жөнелтіп салды. Енді əлгі мені өлімнен құтқарған сартқа келейін. Бұл сарт (атын білмеймін) былтыр мердікер болып, соғыс тарапына барған көп сарттың бірі екен. Ол былтыр жұмыс басында жəбір көріп, Ферғанаға қашып бара жатқанда Петерборда маған кез болып, менен жол қаражаттық пұл алып, қажеті шыққан екен. Һəм былтыр мен биыл менің Петерборда, Түркістанда қылып жүрген қызметтеріме де сырттан қанық екен. Қомбастыдан шығып, айдалған арыстанға ұқсап, кейін оралып, жоғарыдағы айтылған Илеш қышлағын басып, Гауханаға жөнелдік. Илеш һəм Гаухана қышлақлары арасында бір сай бар екен. Сол сайдың басында олай-бұлай өткен сарттан басқа жанның бəрін ұстап, тергеп тұрған мылтықты үш сарт кез болды. Менің бөтен екендігім һəм ықтиярсыз шаһарге айдалып бара жатқанымды білген соң олар сөзге келмей мені атып өлтірмекші болды. Аттан түсірді. Жар басына отырғызды. Мені бастапқы тозақтан шығарған сарт Қомбастыда қалған. Енді бұл оқыстан мені кім құтқарар? Əйтеуір, көп қиналмай, жылдамырақ өліп кетсем екен деп көзімді басып отыра бердім.

Сарт өзінің мергендігіне сеніп (менің жүрекке тигізе атсаң қиналмай бірден өліп кетемін дегеніме болмай), көздеді ме, көздемеді ме – тарс еткізіп атып салды. Құдай сақтады. Оқ тимей зу етіп жанап кетті. Сонан соң сарттар «Бəдбақыттың бақыты бар екен» деп қайтадан атқа мінгестіріп жөнелтіп жіберді.

Page 204: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

204

Гауханаға жеткен жерде əлгі қышлақтардың болысы (Қайнар болысы) Хазымқұл Мұхаммедқұлұлы кез бола кетті. Ол мені бұрыннан таниды екен, жайымды сұрап білген соң жанымдағы мені алып келе жатқан сарт-тарға келіп, өздеріңді атып өлтіремін деп ашу қылып, оларды қайырып жіберді. Хазымқұл болыс мені өз үйіне алып барып, қонақ қылған соң, өзімнің айтуым бойынша қасыма жігіт қосып, Құдаш болысына қарай шығарып салды. Куназар деген қышлақта Құдаш болысына жолығып, оның да мені пəлендей құтқара алмайтынына көз жетіп, қайтып айналып Гауханаға келіп, Қоқан соғысы бір жайлы болғанша сонда жатып алдым. Қоқан соғысы тоқтады. Ергеш қарақшы қашып кетіп, шаһар больше-виктер қолында қалды деген хабар келді. Сонан соң «сарт заманы» да жоғалғанын сезіп, сарттар ішінен желі шығып, солған қарындай жым болды.

Қышлақ сарттарының пейілін білген соң ертерек бұлардың арасынан шығып кетпекке қам қылдым. Бірақ көлік жоқ. Ақшаға я салт ат, я арба табылмай, жол бастауға жолдас шықпай жаман қиналдым. Заманасы көшкен сарттар тым болмаса жөн сілтеп, қышлақтарының атын айтпай, жаяу жүріп, шаршап келгенде таңдай жібітуге шай бермей, талай қорлықтарды көрсетті-ау! Алдында екі күн бұрын сарттан басқаның бəрін қырамын деп үрген местей кеуіп жүрген сарттар «қазақсың» деп өлтірмек болып бір қинап еді, енді большевиктер жеңген соң хан көте-ретін Ергештері қашып кетіп, солған сарттар жөн сілтеп, жол көрсетуге кежірлік көрсетіп тағы аза қылды. Екі күн жаяу жүріп, осындай бейнет-тер шегіп, Дағыстан деген қышлаққа келдім. Сонда тоғыз жүз тоқсан сомға жолдас жалдап, «қазақ-қырғыз қайдасың?» деп қарлы таулар асып, жөнеп кеттім һəм сарттарға сол арада «қош» айттым.

Көргендерім көп еді. Өзім осы күні көшпелі салтқа түсіп, атүсті болғандығымнан орнығып отырып, толықтырып жазуға уақытым жоқ, шырақтарым. Жеке жүрген бауырларыңның дос тұтқан халқынан дұш-пандық көріп, көңілі қапа болып тұр. Сөйтсе де Қомбастыдан басқа жер көрмеген, сарттан басқа ел көрмеген ғуамдардың маған қылған жаманшылығын бүкіл сарт халқына жапсырғым келмейді. «Бірлік туы» арқылы Алаш азаматтарына сəлем.

Құдай тірлікте күліп-ойнап жолықтырсын. Жатқан жерім белгісіз, жария қылып болмайды.

Мұстафа 24(11) февраль. Тау арасы.

Автономия

2-ші жалпы қазақ-қырғыз сиезінің жерлік, ұлттық автономия жария қылуға Алашордаға бір ай уақыт кесіп, тарқағаны оқушыларға белгілі

Page 205: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

205

еді. Январь жұлдызынан бері мемлекет алуан-алуан күйге ұшырап, автономияны алған жұрттар да, алу ниеттегілер де тар жол, тайғақ кешумен күнелтті. Алған жұрт автономиясынан айырылды. Алу ниеттегілер саясат ауасына атып, қолдағы күшін салмақтап, əдіс-тəсілге күл болды. Осы себеппен Алашорда саясат майданында көрініс бермеді. Сиез қаулысы іске аспай созылды. Саясат толқыны күшті болғанымен, жұрт иілмеді, тек жатпай қам қылды. Көшбасшылар жөн сілтеді, Алаш күші соңынан ерді.

Кеше сырт көзге үзілгендей, үміт өшкендей ұлт мақсаты бүтін қайта тірілді. Мəскеуден совет хүкіметі Алаш автономиясы туралы төте телеграфпен ауызба-ауыз сөз қозғап отыр.

Совет хүкіметінің ұсынған жобасын, бұған қарсы Алашорданың қайтарған жауабын газетіміздің өткен нөмерінде оқушылардың алдына салдық. Автономия мəселесін тудырып отырған өмір талқысы, жұрт ауқымы. Сондықтан автономия мəселесі газетімізде ақтара қаралып, аудара қағылса да асыл негізін қысқаша бұл мақаламызда тағы да айтып өтпекпіз.

Автономия – бас билік тізгін өзінде болып, жұрт өзін-өзі билеу деген сөз. Біздің іздегеніміз – жерге, ұлтқа байланған автономия. Мұндай автономиялы жұрттың иемденген астында ауданды тұтас жер, қолында билігі болмақ. Билік үш түрлі: 1) заң шығару билігі; 2) сот билігі; 3) əмір – іс атқару билігі (хүкімет). Осы үш дөңгелекке бүкіл мемлекет ісі құрылмақ. Заң – өмір киімі. Өміріне, ресіміне, табиғат-əдетіне үйлесетін заңды шығаруға əр жұрт өзі ғана шебер. Тұрмысына лайықты заңды жұрт өзі шығарса, ондай заң кең болып, жұртты бетімен жайылтып, табиғат нəфəсін аздырмақ емес; тар болып, кеудені қысып, бүрістіріп, жұртты қынжылтпақ емес; ып-ықшам тігілген киімдей өмір, тұрмысқа үйлесіп тұрмақ. Біреу үшін біреудің жасаған заңы сырттан пішкен тондай өмір, тұрмысқа қашан да болса қайшы келіп тұрмақ; өнер-білімнің ілгері басуына үлкен бөгет болмақ. Сот – адал-арамды айыратын таразы, мінезді түзейтін тез, заң қалпынан шығармайтын күзетші. Өзі жасаған заңға жұрт таңдап, ішінен өмір, тұрмысына, рəсім-ережелеріне таныс күзетші қойса таразының екі басы ғана тең түспек. Адал-арам сонда ғана айырылмақ.

Мұндай тезден қылмыстылар я алдап, я арбап құтылып кете алмайды; нахақтан зарламайды. Əмір – іс атқаратын хүкімет, жұрттың бақташысы. Бақташы түзелмей жұрт түзелмейді. Жылаған зарыңды шырмалған жүректегі шеріңді жасқанбай барып, ауызба-ауыз кімге айтпақшысың, кімге шақпақшысың? Əрине, сен сияқты суыққа тоңған, ыстыққа күйген, тұрмысыңмен сырлас, кең даламен мұңдас, жүректес, қандас кісіге айтасың. Сондай ғана адам шеріңді тарқатпақ, сол ғана зарыңды тыңдап, көңіліңді жұбатпақ. Солар ғана жұрттың қабағын шытқызбай, шаруасын күйзелтпей, бірлігін күйретпей бағып қақпақ. Мысалды алыстан іздемей,

Page 206: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

206

тек бастан кешкендерді ойға түсірсек, жоғарыда айтылғандар түп-түгел өз басымыздан табылады. Россияға бағынғанымызға екі жүз жылдай болды. Сонан-ақ осы үстіміздегі күнге шейін бізге шығарған заңы жұрттың тұрмысына үйлесерлік жайлы болды ма, таразының басын ұстаған соты əділдікке күзетші болып, жұрттың мінезін түзете алды ма, хүкіметі дінімізге, ұлтымызға қолын соқпай, əділдікпен батып қата алды ма – бұған қай қазақтан сұрасаң да бір-ақ жауап: өмірге үйлеспейтін заң шығарып, неше жүз жылдан бері тəжірибемен қаланған ресім-ғұрып ескі ережелерімізді қаусатты. Соныдан соқа жүргізгендей тұрмыс жолын адам танығысыздай бұзды, өзгертті. Өмір бетімен жайылды, заң қағаз бетінде қалды.

Жұртымыздың тұрмыс жайына, табиғат ресім-ғұрпына қанық емес-тіктен соты адал-арамын айыра алмай, тез орнына кеулеген дау шіп-шикі өтіріктің дүкені болды.

Жұрттың табиғат құлқы бұзылды. Хүкіметі жұрттың басын біріктіріп, бағып-қағудың орнына елімізді қырық пышақ қылып, партия туғызып, пара алып, бірімізді-бірімізбен атыстырды.

Орысты қазаққа, қазақты орысқа айтақтап, екі жұрт ортасына дұшпандық кіргізді. Нəсілің, тегің, дінің басқа «бұратанасың» деп кемсініп, дінімізге, ұлтымызға, жерімізге пышақ салып шыбарлап, өмір жүзінде қор тұтты. Ел ішін іріткі жайлады, пəле күн сайын өрбіді. Жұртымыз танығысыздай өзгерді. Міне, біздің көрген күніміз!!

Жоғарыда жазылған үш буынды билік (заң шығару, сот, əмір – іс атқару билігі) қолға тисе, біз сонда ғана автономия алдық дейміз. Бұл билікке қолы жеткен жұрттың өнер-білімі алға басып, көгермек, өспек; шаруасы алға басып, əдебиеті күшейіп, ұлт рухы көтеріліп, көркеймек. Жұрт қатарынан орын алып, тарих жүзінде өшпейтін із қалдырмақ. Ол биліктен бос қалған жұрт қанат-құйрығы қырқылған көгершіндей қора маңайынан дəн теріп күнелтпек.

Біздің жұрттың жұрт болып қалуы көбінесе жерге барып тіреледі. Біздің қазақ мал баққан жұрт. Жеріміздің түрі мал бағудан басқа кəсіпке əзір қолайлы емес. Мал бағушылықты жер түрі туғызып отыр. Мал жерге біткен түк. Жерімізден айырылсақ, қолдан мал кетіп, шаруамыз тас-талқан бұзылып, жұрт кедей болмақ. Жұрттың халы нашар тартып, кедей болса, кəсіп құрып, əр қалаға бытырап, тіземіз ашылып, тоз-тоз болып кетпекпіз; шаруа, өнер-білім жүзінде, саясат тартысында бүктелмекпіз; күшті жұрттың ауызына түспекпіз.

Дін, тіл, ұлт мүшелерінің жоғалатыны осыдан. Алаш ұранды қазақ баласы мұны естен еш уақытта шығармау керек. Автономия жерімізді сақтайды. Сондықтан бізге ол – керектің керегі. Автономия мəселесін жұрт ауқымы, өмір талқысы туғызып отыр. Автономиясыз көрген күніміз қараң. Жұрт билігі қолға келмей, бақыт есігі жұртқа ашылмақшы емес.

Page 207: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

207

Жат қандай, жақын қандай; жат қалай билеп отыр, жақын қалай билемек, жұртым-ау! Нақ осы күнде көріп отырған жоқ емеспісің?! Автономия еш жұртқа ешкім қолынан берген емес. Кім де болса мұны неше жылдар сая-си тартысқа түсіп, алысып-жұлысып, басынан неше сұрапыл заман өткізіп, михнат тартып, аяулы қыршын жастарын, ел басшысы көсемдерін құрбан қылып барып алған. Автономия мəселесіне біздің де терең қарауымыз керек. Бұл «көлденеңді көк аттының» іліп алып кететін нəрсесі емес. Жүрегімізбен, жанымызбен, тəнімізбен қимылдап, бар күшімізді сарып қылып барып алатын нəрсе. Автономия – ұлт мақсатымыз жұртымыздың бетіне ұстаған нысанасы. Бұл беттен еш уақытта шығармау керек! Совет хүкіметі автономия мəселесін қозғады. Автономияны аламыз деп сену керек. Осы сену жолында бар күшімізді салуымыз керек. 2-ші жалпы қазақ-қырғыз сиезінің қаулысын болыс, үйез, облыстардағы ұйымдар, елбасшы ақсақалдар, азаматтар, оқыған жаңа талап жастар, бірі қанат, бірі құйрық болып, түн ұйқыны, күн күлкіні тастап, тездікпен орындауға тырысу керек.

Іске сəт! Алаш көші байсалды болсын! Жасасын, Алаш! Жасасын, жалпы жұрт билігі!

Алашқа ашық хат(жылу жинайтын комитеттен)

Жетісу, Сырдария облысындағы аштықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызға жылу жинау үшін Алаш қаласында комитет ашылғандығы «Са-рыарқаның» 33-нөмерінде жазылды. Комитеттің ережесі 35 нөмерінде басылды.

Аштарға жұрттың беретін жылуы қандай, жылу жинау жолы қандай болмақ, бұл туралы комитетке қандай мағлұмат керек – осылар жайынан жазамыз.

1) Комитеттің ережесі бойынша ел ішінен жиналатын жылулар: көрнекті мүшелік жарнасы кемінен 500 сом, қалыпты мүшелік жарнасы кемінен 10 сом. Бұлардан басқа зекет, пітір, құрбан, федия, киім, тамақ һəм жай жылулар.

2) Əркімнің адамшылық, мұсылмандық, ағайындық борышын өтеу үшін жомарттық қылып берген жылуы өз алдына, бұлардан басқа жылуды өндіретін нəрсе – байлар мойнына міндетті болған бір жылдық зекетін беру. Зекет, федия секілді Алланың бұйырған садақаларын кімге беру керек екендігі, кімге бергеннің сауабы артық екенін, қандай надан адам болса да білетініне көзіміз жетеді.

Бұған талас болмаса керек. Өзі діндес, өзі қандас аштықтан қырылып, қатын-баласын сатып, бірінің етін бірі жеп жатқан рулы елден артық

Page 208: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

208

сорлы, онан артық нашар табылар ма?! Садақаны нашарға, сорлыға беру керектігін білетін адам осылардан басқаға бермес.

Ел ішіндегі моллалар халыққа мұның жайын ұғындырар, баяндар. Зекет, федия, пітір секілді садақаларды бұрыннан алып келе жатқан моллалар, қожалар бұл туралы өздері басшылық етіп, «біз өлгелі жатқанымыз жоқ, біздің бала-шағаларымыз, Құдайға шүкір, əзір саты-лудан, ашаршылықтан аман, бір жылғы зекеттеріңді, басқа садақа-ларыңды да бізге бермей-ақ қойыңдар, анау бейшараларға беріңдер» деп айтар деген үмітіміз зор. Екі облыс ел қырылып жатқанда молла болсын, қара болсын, бай болсын, жарлы болсын нəпсілерін тияр, аштың азығын аузына салып қоймас, Құдайды да ойлар, ұят-ұжданы оянар деп білеміз. Қандай адамға зекет, парыз екенін əркім өзі біледі. Бұл күнге шейін міндетті зекетін жұрттың бəрі беріп жүр ме, бермей жүр ме, оны білмейміз. Бермейтін кісіге зорлап бергізуге болмайды. Бұрыннан зекетін беріп жүрген елдердің бəрі жылдың мерзімді бір уақытында бермейді: бір ел жазғытұрым, бір ел күздігүні, бір ел қыстыгүні беретін əдеті бар. Сондықтан бұл туралы айтатынымыз: мынау аштарға зекетін бергісі келген елдер жаз, күз, қыс демей, қазір беру керек. Аллаға қылған құлшылықтың көптігі жоқ. Алланың бұйырған ісін орындаудың ертелігі жоқ. Біз зекетімізді пəлен уақытта беруші едік, сонда берерміз дегенге ашаршылық несиеге қарайтын емес, анау елдерді қолма-қол жалмап жатыр.

1) Комитет ережесінің 10-шы бабында айтылған: «Комитет басқа жерлерден бөлімдер ашады» деп. Үйезный, обласной һəм заштатный қалалардағы ұлтшыл оқыған азаматтарға тапсырармыз: жергілікті жылу жинайтын комитет ашыңыздар. Сіздердің ашқан комитеттеріңіз мұндағы кіндік комитетінің бөлімдері болады. Бөлімдер кіндік комитеттің ережесін қолданады. Комитет ашушылар таза, ұлтшыл, жұртқа беделді һəм сенімді адамдардан болсын. Бөлімдер ашылысымен кіндік комитетке тоқтаусыз білдірсін. Бөлімдер істеген ісі, жинаған жылулары туралы əр айдың аяғында кіндік комитетке есеп беріп тұруға міндетті. Бөлімдердің қолындағы жиналған жылу кімге тапсыру, қайда жіберілу еркі кіндік комитетте болады.

2) Орынборда болған соңғы қазақ-қырғыз сиезінің қаулысы бойын-ша бүкіл Алаштан жан басына бір сом есебімен (байға байша, кедейге кедейше бөліп) ақша жиналмақ. Осы ақшаның тез жиналуын һəм қай жерде қанша жиналды, жиналған ақша кімнің қолында соның жайын кіндік комитетке білдіруін өтінеміз.

3) Əр үйезге, облысқа жылу жинау үшін кіндік комитет кісі шығарады. Жылу жинау үшін ел аралаймын деген азаматтар кіндік комитетке білдірсін. Өзінің кім екенін, қай елдікі екенін айтсын. Жылу жинайтын кісі таза ұлтшыл, ерінбейтін болуы шарт. Кімді қай жерге шығару еркі кіндік комитетте. Жылу жинайтын азаматтар ақысыз, пұлсыз қызмет

Page 209: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

209

етеді. Олардың қолында квитанция дəптері һəм кіндік комитеттен алған (мөр басқан, қол қойған, штампы бар) куəлік қағазы болады. Жылу берген кісінің қолдарына квитанция беріледі. Қолында квитанция дəптері һəм куəлік қағазы болмаған кісіге ешкім жылу бермес. Жылу жинап жүрмін деп жұртты алдаушылар шығу ықтималы бар. Қолында квитанция һəм куəлік қағазы болмаса да елге кім екені анық белгілі, қиянат қылмасына көз жеткен сенімді, таза кісілер жылу жинамақ болса, сенуге болар. Бірақ квитанциясы һəм куəлік қағазы жоқ кісілердің қиянаты шықса, оның үшін кіндік комитет жауапты емес. Жылу жинауға арналып шыққан азаматтарға ел лау берсін, аштарға азық-түлік тасуға көлік берсін деген комитеттің куəлік қағазы болады. Қағазы жоқ кісіге ешкім лау-көлік бермесін. Елге кім шыққаны «Сарыарқада» басылып отырады.

4) Жетісу һəм Сырдария облыстарының қай үйездерінде, қай болыстарында ашаршылық күшті, жалпы халы қандай, өлім-жітім қандай дəрежеде болып тұр, жəрдемге мұқтаж қай елде қанша адам, көрші аман елдердің күйі қандай, қай жерде қандай жылу жинайтын ұйымдар бар – осылар туралы сол жақтың көзі ашық білетін азаматтары кіндік комитетке кешіктірмей толық мағлұмат, хабар беруін өтінеміз.

Ғұламалар қаулысы

Большевик хүкіметі мектеп-школдарда дін сабағы оқытылмасын деп шығарған пəрмені туралы Қазандағы ғұламалар қауымы кеңесіп, мынадай қаулы жасаған:

«Ислам дінінің бұйрығы бойынша əрбір мұсылман адамға дін үйрену һəм үйрету парыз. Жас балаға жеті жасқа жеткен соң дін үйрене бастау керек деп пақырымыз айтқан. Егер қазіргі пəрменмен іс қылып, мектептерде дін сабағы тоқталса, шариғаттың əмірін орнына келтіру мүмкін емес. Жəне дейді басқа түрлісін түсіндіріп оқыту халқымыздың сүреңін бұзады. Бұған шейін де талай таршылыққа шыдаған халық мұнан былай да шара тауып, əр түрлі мектеп-медреселерде дін сабағын тоқтатпай оқыта беруге тырысу керек. Дін сабағы тоқталса, бүкіл мұсылман һəм молла атаулы жауапты, күнəһар болмақ. Бұл туралы Қазан ғұламалары дайым бүкіл Россия ғұламаларының кіндік ұйым ережелері де қарсы тұрмақ жəһəтінде».

Ғұламалар қауымы («Ел», №35)

«ҚАП-ТҰР-ҚО»

«Моллаеке-ау! Пəленше екеңдікіне комитеттен мұғалім оқытушы келіпті. Бұ мұғалім дегеніңіз не оқытушы еді?» деп кей ақсақалдау

Page 210: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

210

мырзалар хазіреттеріміз бен қалпелерден сұрай барса: «Ойбай-ау, ота-ғасы! Не айтып отырсыз? Заман ақыр боларда жəдит деген оқу шығады деуші еді. Сол оқу – осы. Бұ кəпір біздің Басқарағай, Малыбай, Сейтенге келе қойған жоқ еді, келіп қалған екен той. Комитеті түскір дүниені де қымбаттатып бітіріп еді... Шамаларың келсе балаларыңды оқытпаңдар» деп насихат айтыпты.

Жарықтықтар құлқынға сатыла бергісі келмесе, елдің қамын ойлай-тын да мезгіл болып еді. Сірə, болатын емес: жадысы басым көрінеді. Өйткені талай зиялысымақ көзі ашықтарымыздың үйінде де «Қап-тұр-қолар» əлі құлдықтан құтылатын көрінбейді.

Тілші

«Ғалия» шəкірттерінің «Игілік» қауымы

Кəдімгі Николайдың қылышынан қан тамып тұрған кезде «Ғалия-дағы» қазақ шəкірттері өз араларындағы мұқтаж, кем-кетіктерін естеріне алып, стипендия есебінде басы бүтін беруге күші келмегенмен тарыққан уақытта уақытша қажетін өтеп жіберу үшін араларынан жасырын «Игілік» атты бір қауым ашқан еді (10-11 жылдарда басталса керек).

Бұл қауым сол уақыт өздерінің қолынан келгенше орынды қызмет-терінен тартынбай, бірсыпыра кітаптар да бастырып таратыпты («Бала тұлпар», «Тумч», шайыр Ғ.Қарашевтың һəм өздері тізген бір қазақша əліппе). Ол кезде «Игілікті» қанша ұлғайтайын десе де бірінші – хүкімет-тен, екінші, Уфа қаласы қазақ қонысынан шалғайырақ болғандықтан һəм ол уақыт «Ғалияда» оқушы қазақ шəкірттері аз болу себепті ұлғайтуға қолайлы болмаған. Осылайша əуре-сарсаң болып, тастайын десе ойлаған мақсаттары желге кеткендей, тастамайын десе істің реті келіңкіремей дал болып тұрған кезде «Қазақ» газетасы дүниеге келді. Сонан соң бұлар «біздің ойлағанымыз бəрі бір адал ниет қой, берген қолұшы жəрдеміміз болар» деп қолындағы «Игіліктің» бар сомасын «Қазақ» газетасына жəрдемге береді. Онан кейін бір-екі жыл тоқтап тұрады. 1915 жылы 2 апрельде «Ғалиядағы» қазақ шəкірттері өздерінің ең соңғы «амандасу» жиылыстарында өзара ақылдасып, бұрынғы «Игілікті» қайтадан бастауға қаулы қылысып, жазғытұры шəкірттердің бірсыпырасы тарап кеткен кезде мұнда қалған бірсыпыра бас шəкірттер алды 10 сом, арты 3-5 сом жарна салысып, сол арада 60-70 сомдай ақша жинап, бұл ақшаны орталарынан Нұғман Манаевті бастық сайлап, соның қолына береді.

Келер жылы шəкірттер əбден жиналған соң көптің қаулысы бойынша Манаевтың бастауыш мектептің екінші бөліміне арналып жазылған «Иман ислам» атты кітабын «Игіліктің» сомасымен, жетпегенін шəкірттерден қарыз алып, мұнда да хүкіметтен қаймыққаннан «Ғалиядағы» қазақ

Page 211: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

211

шəкірттері атынан бастырып таратылды. 1905-1917 жылдар «Игілік» қауымы өзінің көздеген нысаналарына жетуге талпынса да дүниенің ора-сан күйіп кетуінен іске кірісе алмады. Себебі қолда бар сома аз болған-дықтан оралымға келмеді. Келер жылы бір қалыпқа түсер, биыл асық-пайық деген ретпен 18 жылға аяқ басып еді. Биыл онан да сорақы болды. Соның үшін осы күнгі «Ғалиядағы» қазақ шəкірттері бұ қалыппен, жал-ғыз «Ғалия» шəкірттерімен тұрғанда күшінің артпайтындығын байқап, «Игілік» қауымын зорайтуға қам қылып, қауым атынан квитанциялар бастырып, агенттер сайлауға, «Игіліктің» жасырынып жатпай, дүниеге шығуына қаулы қылысты. Қазір «Игілік» қолында 600 сомдай сомасы бар (бұл ақшадан былтыр 4-5 шəкірт қарыз алса да, əлі тапсырған жоқ. Биыл да мұндағы тарыққандарға беріліп тұр).

«Игілік» қазақ жұртына мұғалімдердің аса қажет екендігін ойына алып, əлінен келгенше мұғалімдер əзірлеуге тырысады (биыл да өзара қазақ шəкірттері болып, ішіміздегі тəжірибелірегіміз бұрын бала оқыту жайына ысылмағандарымызға жұма сайын шамамыз келгенше үйретіп, мұғалімдікке əзірледік). Бұнымыз ең болмаса, бастауыш мектептің про-граммасымен болса да танысып шықсын дегендік. «Игіліктің» көздеген нысаналары мынау:

1) «Ғалиядағы» мұқтаж қазақ шəкірттеріне бас-көз болып, тарық-қандарына көмек ету;

2) «Ғалияға» келген қазақ шəкірттеріне бастауыш мектептің про-граммасы бойынша оқылатын пəндердің оқыту ретін көрсететін мұғалімдік курс ашу;

3) «Ғалиядағы» қазақ шəкірттерінің орысшасына көз салып, жалпы көп тілесе орысша оқытуды күшейту; Шəкірттердің өздері жазған, яки басқалар жазып, «Игілікке» сыйлаған кітаптарды жарамды көрсе, бастыру;

4) Бұрынғы ескі сөздердің ел арасына көбірек таралуына себепші болып, ақындардың, билердің сөздерін жинастырып, уақытында бас-тырып тұру.

«Игілік» атынан Fабдалрахман Мұстафаұлы

Жыр(Қожа һафиз сөзінен)

Кел, аяқшы! Қымыз құй,Көпке бер де, маған бер.Саһпіт салды ауыр күй,Жан қысылып ақты тер.

Page 212: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

212

Жаз таңының нұр жылы,Жар кекілін жайқалтып.Көңілге толып қан селі,Жүректі тұр жайқалтып.

Жардың қонақ үйінде,Тыныштық қайда, тын қайда?Қоңырауланып күн-түн де,Деп тұр «айда жүк байла!»

Қараңғы толқын қанды ұйқың,Қорқыныш қатты, жүк ауыр.Біздің жайды не білсін,Жағада жүксіз жат бауыр.

Пайда, мақтан, айла, күш,Жаман атқа ұшыратты.Сауық, думан көрінеу іс,Жасырын қашан тек жатты?

Жайнамазды арақпен,Боя десе монғол пір,Таза жүрек жол білген,Болса айтқанын істе жүр!

Рахат, саһпіт іздесең,Ақ жолыңнан айрылма.Ақ жүрекке кез келсең,Өзге түкке қайырылма!

Бұл жыр парсы жұртының баяғы өткен атақты білгіш ақыны Қожа һафиз сөзінен қазақ тіліне аударылған. Осы күнгі Алаш ұранды халықтың һəм басшыларының басына келіп тұрған ауыртпалыққа дəл келетұғын сөз болған соң насихат болар деп жаздым.

Оқушылар, естеріңізде болсын, Қожа һафиздың «арақ» деп жазғанын, көбінесе, мен «қымыз» деп жазамын. Оның арақ (қымыз) дегені ақыл, ғылым ақиқатта жар, дос дегені. Алла тағала һəм табиғаттың көркемдігі, мысалы, «жаз таңының нұр жылы» деген жырының мағынасы: бостандық келерде адамдардың əр түрлі партия толқыны табиғат тұрмысын шайқалтып, бізді қатты қайғыға салып тұрады дегенге келеді.

Шəкəрім

Page 213: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

«АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІ

(1920–1926)

«Ақ жол» газеті 1920 жылдың 7-желтоқсанынан бастап 1926 жыл-ға дейін Түркістан республикасының кіндік өкіметі атынан Ташкент-те аптасына үш рет тұрақты шығып тұрды. Газет бетіндегі ма-териалдар мазмұнына қарай төмендегі айдарларда жарияланған:

1. Басқармадан;2. Сыртқы хабарлар;3. Ішкі хабарлар;4. Бұйрық-жарлықтар;5. Əйел теңдігі;6. Жастар арасында; 7. Ресми бөлім;8. Елден;9. Басмашылар тарихы;«Ақ жолға» əр кезеңде С.Қожанов, Қ.Құлетов, С.Оспанов, И.Тоқты-

баев, Н.Төреқұлов, Т.Байқасқаұлы, М.Қайыпназар секілді Алаш азамат-тары басшылық жасайды. Газеттің 271–305 сандарын Түркістандағы жазушылар ұйымы шығарады. «Ақ жолдың» орташа тиражы – 1800 дана.

«Ақ жол» газеті мен эмиграциядағы М.Шоқайдың «Жас Түркістан» журналынан «ортақ байланыс» тапқан Сталин жорамалынан соң, РК/Б/П ҚЫРӨЛКЕКОМНЫҢ 1925 ж. 10 маусымдағы Бюро мəжілісінің №69 хаттамасы бойынша «Ақ жол» газеті қайта ұйымдастырылып, редакциясы Ташкент қаласынан Шымкентке көшіріледі.

1925–1926 жылдары «Ақ жол» газеті Сырдария атқару жəне пар-тия комитетінің органы ретінде Шымкент қаласында басылып тұрды.

213

Page 214: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

214

Ресми бөлім

Ортақшылдар партиясының кіндік комитеті мен Түрік бюросының жарлық хаты. Түркістанның ортақшыл партиясы, отаршыл-обырлардың қарсылығына қарамай-ақ, саяси мақсатына жете бастады. Партия мүше-сінің көбі Түркістанның жергілікті халқы қазақ, қырғыз, өзбек һəм түрікпен деп білгендіктен, партия ұйым һəм ұйыстыру, мұсылман жарлы-жақыбайларының ғұрпына лайық ұйымдармен қатынасып, қолайласуы тиіс. Ортақшыл партия күншығыстың езілген еңбекші халқының өз билігін, өзіне беруге ыждаһат етеді. Себебі, өз билігін өзі алса, жергілікті халықтар қанішер байлардың құлдығынан құтылуына билігі болады.

Басқа жерлерден гөрі, əсіресе, күншығыста, оқу, оқыту, жалпы халық ағарту істері, ұлт мəдениеті болсын, осы уақытқа шейін қанішер байлардың қолында болып келді. Бұған себеп те халықтың дін жағынан яки басқаша тұрмыс тіршілік жағынан болсын баспалдақтығы. Ескі араб емлесімен оқу, жазу үйренуге он жыл керек еді. Бұл еңбек үшін туған халықтардың қолына түспейтін уақыт: өйткені, орта ғасырдағы оқу тек дін кітабын ғана жаттатудан басқа түк білім бермеуші еді.

Ғылым жергілікті қазақ, қырғыз, өзбек һəм түрікпен тілімен болмады. Сондықтан, күншығыстағы езілген ұлттардың ұлт мəдениеті турасында ғылым əлгіндей болғаннан кейін, еркіндеп пайда бере алмады. Соның үшін де жаңа емле, жаңа ғылым, жаңа мектеп, ұлт тілін, мəдениетін жүргізу керек болды. Мұны керек қылып, халыққа басшылық еткен де жэдитшілер еді.

Езілген халықтардың халық ағарту жолындағы ұлт мəдениетіне, Кеңес хүкіметі қарсы тұрмайды. Қайта ондай езілген ұлттарға ұлт мəдениетін түзеу үшін керекті құралын тауып беруге, күшін көбейтуге ыждаһат етеді.

Ортақшыл интернационал партиялардың арасында орыстық, мұсыл-мандық жоқ. Бірақ, өз тілімен амал еткісі, сөйлегісі келетін ұлттар бар: француз, неміс, қазақ, өзбек, түрікпен деген сияқты барлығының да құқығы бірдей. Ортақшылдық барлық халыққа бірдей.Əркім өз ұлтын ілгері жүргізуге ықтиярлық. Бұл уақытқашейін ортақшыл партияның саяси, үгіт-уағыз жұмыстары езілген халық араларына əлі еркіндеп дұрыс жүргізілген жоқ. Партия Бұл күнде анық түсінді:

Аймақтағы халықтың көбі қазақ, өзбек, түрікпен екендігін, солай болған соң, жергілікті халықтар арасындағы жұмыстар да айрықша мұсылман бөлімінің істері ғана болмай, барлық партияның міндеті екендігінде.

Мұсылман дейтін бір ұлт жоқ. Мұсылманның тілі де жоқ, бар: қазақ, өзбек, түрікпен, парсы тілдері ғана. Егер, Түркістандағы ортақшылдар партиясының атынан «пантүркизмге» кіргісі келіп, һəм қазақ, өзбек, түрікпенге бөлінулерін өтірік бөліну деп жариялағысы келсе, ол уақыт

Page 215: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

215

мəдениет қуып, ел болуына қарсы шыққан қанішерлердің айласы болады. Ортақшыл партия ұлт кемшілігінде жүрген қазақ, өзбек һəм түрікпен-дерге байлардың жəрдемінсізақ ұлт мəдениетінің жолын табуға көмек қылуы міндет, тек қазақ, өзбек, түрікпен һəм басқа ортақшылдар. Өздері байлар халық ағарту істерін қолға алып, сол жолға басшылық етулері тиіс.

Мұны партияның саяси үгіт-насихат қылатын бөлімі арқылы жер-гілікті халықтардың тұрмыс-тіршіліктеріне үйлесімді қылу керек. Өз-бекті татар ағарта алмайды. Қазақты, өзбекті, түрікпенді һəм татарды ағарту үшін орыс тілімен оқыту да болмайды, партия ұйымдары езілген əр халықтың ұлт ісін жоюға тиіс емес.

Енді, жоғарғы айтылғандар туралы Россия һəм Түркістанның ортақ-шылдар партиясы кіндік комитетінің Түрік бюросы мынадай қаулылар шығарды:

1. Бір қалада, үйезде һəм облыста қазақ, өзбек, татар, тəжік яки жергілікті еврей аз болса, олар арасындағы жұмыс үшін үгіт бөлімінің жанынан тоқтаусыз аз ұлттың бөлімін (секциясы) ашу керек. Мəселен, Ташкентте халықтың көбі өзбек болғандықтан, Горком жанында қазақ үшін бөлім болуы керек. Самарқанд огорком жанынан жергілікті еврей, өзбек бөлімін ашу керек.

2. Бір облыста яки қалада халқтың көбі бір ұлттан болса, мəселен, Жетісуда қазақ, Ферғанада өзбек, Закаспийде түрікпен сияқты, Бұл жердегі үгіттеу-түсіндіру бөлімдері, өзінің айрықша міндетін біліп, сол ұлттың арасында қызмет етуі керек. Бұл үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын əр ұлттардың өз арасында жүргізу үшін Түркістанның Т.О.П.К.К.жанындағы халық үгіттеу-түсіндіру бөлімдері облыс жергілікті ұлттарға қарап, (қазақ, өзбек, түрікпендерге) үшке бөлінеді: бірі қазақ, бірі өзбек, бірі түрікпен болып.

Бұл Т.О.П.К.К. бөлімдерінің əрқайсысы түп бөлімдерге һəм жергілік-ті аз халықтың үгіттеу-түсіндіру бөлімдеріне жол көрсетіп, жөн сілтеп отырады.

Т.О.П.К.К. түп қазақ бөлімі Жетісу обкомының Ақмешіт, Түркістан, Əулиеата, Қазалы һəм Шымкент огоркомының түп үгіттеу, түсіндіру бөлімімен Ташкент горкомының аз ұлт бөліміне жөн сілтейді.

3. Бір облыста, үйезде яки қалада екі ұлт бірлескенде, басқа халықтан артық болса, бөлек алғанда басқасына бірдей болса, ондайлар түп ұлтқа есептеледі. Сонысына қарап, өзінің үгіттеу-түсіндіру бөлімімен пайдаланбақ.

Ортақшыл партияның қалада, үйезде тағы облыста аз ұлтқа қызмет етіп тұруы еш уақытта дұрыс емес. Əсіресе, ондай ұлттар бұрын қожалық қылып тұрған ұлт болса, ортақшыл партияны көптің партиясы деуге сонда ғана болады. Егер ол көппен пікірлес болып, көпті соңына ертіп жүре алса. Топ, ұлттың бөлімдері еш уақытта да өз алдына бөлек ұйым

Page 216: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

216

болып кете алмайды. Бұл үгіттеу-түсіндіру бөлімінің бір ғана бөлімшесі болады.

Ортақшылдар бұрын езілген халықтың ұлт мəдениеті жұмысын ілгері жүргізу үшін əр ұлттардың үгіт саяси партия жиылыстарында, сенбіліктерде басын қосып, пікір алысып, ұйымға кіргізіп, өзін шын еңбекшілер жолдасы етіп алуға тырысады.

Түркістан ортақшыл партиясының бірінші міндеті, отаршылықты жо-ғалту, жою, екінші міндеті қазақтың, өзбектің, түрікпеннің һəм басқаша кедейлердің ұлтшылдық, мəдениет жүзінде ортақшыл ел болуларына жəрдем ету.

«Барлық жер жүзінің еңбекшілеріһəм дүниедегі езілген халықтар, бірітіңдер!» деген бағыт ортақшыл интернационал ұраны болады.

Россия һəм Түркістан ортақшыл партиясының К.К. бюросы.

Түркістан ортақшыл партия кіндік комитетінің секретары Сольц.

Мұсылмандар курсы

Ескі қалада 15-ші январьдан бастап үш айлық саламатшылдар һəм жұқпалыны жойғыштар курсы ашылды. Бұл мұсылман курсына алудың шарты: мұсылманша хат тану керек, жасы 18-ден 48-ге дейін болуы керек. Оқушыларға айына 4900 сом ақша һəм тиісті мөлшерімен азық сыбағасы беріледі.

Халық-ағартушылардың құлағына алтын сырға

Түркістан Республикасында оқу жұмысын бұрын қандай һəм қазір не күйде екенін баяндауға, біздің қолымызда толық мағлұмат жоқ. Сөйтсе де, көп жұмыстың аты бар, заты жоқ екендігі кезі келгенде көрініп жүр.

Мысалы үшін «Ақ жолдың» осы санында басылып отырған, бір мұғалімнің хатын көрсетуден ұялмаймыз. Бұған қарағанда қазақ-қырғыз арасындағы бастауыш мектептердің оқытушылары қандай екені байқалса керек. Біздің қырдағымұғалім біткеннің көбі, осындай екені де шəк жоқ. Мұнан сорақы болғанда не болмақшы? Мұғалім Есболсын Бойымбай ұлының төмендегі хаты бір хəрпі өзгертілместен басылып отыр. Хаттың маңызын, мағынасын мұғалімдік дəрежесін, пікірін, оқушым санаң болса өзің-ақ аңғарарсың. Бұл мұғалім не жазады деңіз.

– Ноғай мешіттерінде хадимше оқыдым.– Онан кейін жадидтше оқыдым.– Харам халалды айырамын.– Жақсы, орташа білімім бар.

Page 217: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

217

– Сексеуіл станциясында мешіт салып берсеңіз екен.– Ол мешітке өзімді имам қылып сайласаңыз екен.Міне, жаңа заманның жаңаша оқытатын, жаңа пікірлі «жақсы, орташа

ғылымы бар» мұғалімнің түрі. Бұл мұғалімнің білімі, пікірі осындай болса, тілін, емлесін өздерің көріп отырсыңдар. Өз қолымен жазған хатының жазбасын көрсеңіздер, Бұл хатты оқығаннан «үш күн абақтыға отырып шыққаным оңай» деуші ержүректер табылар еді. Бірақ, біздің оны айтуға батылымыз бармағандықтан, үш кісі жабыла отырып, хатты əрең танып шығардық.

Мұндай мұғалімдердің ешнəрсе көрмеген, жас балаларға беретін білім, тəрбиесі, пікірі қандай болмақ керек? Бəлкім, халық-ағартушы мекемелер бұлар балаларға халал-харамды айыртар, жақсы, орташа білім берер, Сексеуіл мешітіне имам болса, дін тəрбиесінен де оқушыларды махрұм қалдырмас деп ойлайтын шығар. Я болмаса, бұрынғыларша «біздің балаға осы молданың оқуы да жетер дейтін шығар».

Бірақ, біз басқаша ойлаймыз. Біз мұндай мұғалімдердің болғанынан, болмағаны дұрыс дейміз. Пəлендей мектеп аштық, пəлендей мұғалім шығардық деп өзімізді толтырғаннан пайда жоқ деп білеміз. Біздің бар керегіміз аз уақыттың ішінде түгенделе қоймайды. Сондықтан ілгергі мақсат халық арасына жалпы міндет, тəуір мектеп ашып, шама келгенше заманына қарай тəуір мұғалімдер даярлаудың қамына кіру керек.

Балалар надан қалса қалсын, «ата-бабамыз оқымағандықтан өлген жоқты». Бірақ, жазықсыз жастарды аяу керек емес пе? Тал түсте Есболсын секілділердің қолына беріп, қызығына қарап тұрғандағы халық-ағартушы мекемелердің қазақтың шібетей балаларында қаншалық ұзыннан өші, қысқадан кегі бар еді?

Аяңдар, балаларды! Жазығы болса мойнына салып күйдіріңдер!Рахымсыз болмаңдар!

Мадияр.

Мұғалімнің хаты

Мұқатбаев Сілəм Есболсын Бойымбайұғлы Ассалаумалейкум оған молдекем ғазиз əлнас украмтбл хуəс хəрефиндан болған. Соқте байфке сілəм. Хажетте айтарлық сөзіміз үшподыр еді. Сіз əнді мешіт сілəміт болсаныңыз, біз мұнда құдайға шүкір миз станциясы Саксеулискіде балалар оқытып тұрмыз. Икырымы баламыз бар. Шоңың үшысы ноғай баласы, он иетысы қазақ баласы. Өзім Сырдариянскы обылыс Сəлнискы ояз ранім ескі болысынан. Мин бешінші айылдың қазағымин. Есболсын Бойымбайұғылымын. Озим бұрынғы уақытта Курторскыде һəм курт Орынборде ноғай мешітларына оқыған идім. Əуелі һадимше оқыдым. Андан кейін жадит білəн оқыдым. Орташа ғылымым бар. Харамхъалал

Page 218: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

218

айырғандай. Мин инда сыздан үш нəрсе сұраймын Агерде ол сұрауымды мүмкін болсе, станциясы Сакеулискіде елудей үй бар. Шоның һəммасы рабочик шол салған мшитке өзім имам боларға, үшінші жылға қарай Ташкенттің оқу тыртибаларин көруге мұсылманше болсын, кзак-орысше болсын сарқытбай апынде сызга айтар сөзіміз өзім орысше билмаймын. Орыше оқысам деген арадлым бар шол жыһаттан сызге отамин орыше оқуға болмақғңыз не дип язғошы мəн Есболсын Бойымбай оғлы деп білəсізлар. Бұл янде ала ботан ғажайып ммімкін болса үшбу салемім бар. Ғəш тздрким хыса саламатыңызна ража айтоп қалдым. Үшбу хат язылиды 1921 жыл бешинши иныварде ескінің 1339-не.

Əйел тендігі«Дамла ғбид алле əлхафса»

Ақтөбе үйезі Əлімбет болысындағы атақты ишан Ғұбайдұлла қари осы жыл январьдың 7-сі күні Темір үйезі, Темір-Орқаш болысы Қандыағаш деген жердегі Жаңабай Қазыреттердің аулына бұрынғы қайнына келеді. Бұрынғы қатыны қартайып, енді өзіне бір қыз керек болып келгендігін айтады. Бөтен кісілер қыстың көзі қырауда оның үстіне мына секілді ауыртпалық заманда қыз іздеп жүргенін жаратпаса да еш нəрсе дей алмай қасына еріп, əр үйге түстеніп, шашбауын көтерісіп жүре береді.

Бір үйде шай ішіп отырып, əркімнің: «қазір бостандық заман, саған қыз бара ма екен?» деген сөзіне мен өзім 45-ке келгенмен де ажарым мынау: күнге күйіп, суыққа тоңып тұрғаным жоқ. Мына, сақалымының шет жағын ағарған жерлерін қырып тастасам, одан соң бір мақаммен жаттай құран оқысам, мені қалай жаратпас екен? Көріп аламын. Жаратпаса, алмаймын. Сөйтсе де мені тыңдап қараңызшы деп шайды қоя сала, екі жағына екі ишаңды құранға қаратып қойып, ары-бері құранды зарлатып, мына мақаммен қалай жаратпайды? дейді.

Əр күн түннен тұрып құранның ішінен елді сүйіндіретін аяттарды оқып, қонған үйіне маза бермейді. Тағы мені қызы бар үйге алып бар, қыз көремін деп бөтен ишандарға да тыным бермейді. Бұл қоймаған соң өз жездесі болған соң «Бұл қайтер екен?» деп қызы бар біреуі үйіне алып барып, пештің тесігінен қызды көрсетеді. Ғұбайдұлла хазірет қызды көргенде қып-қызыл болып төмен қарап, «көрімдігім» деп жанынан 5 мың сом ақша алып береді.

Тап сол уақытта Темір үйезінің «Политбюро» совет бөлімшесінен сол жердегі Қандыағаш мектебінің жанында болған кружокты қарауға бір нұсқаушы келеді. Мұғалімдерімен қосылып əзірленеді де, сол күн театр ойнамақшы болып жатады. «Бүгін театр болады екен. Оған қыз-қатындардың бəрі де барады екен» деген сөзді естіп, Ғұбайдұлла «мен

Page 219: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

219

де театрға барамын қыз көремін мен, барғызар ма екен?» деп келіп, нұсқаушыға театрға барғысы келгенін, жаңаға қарсы емес екенін, көңіл ашуға театрдың жақсы екенін, көпті көргендігін, Мысырға, Стамбулға барғандығын, қажыға 3 рет барып келгенін бəрін де айтады. Театр ойнаушылар да, барамын деушілерге ерікті екендігін айтады.

Кешке театр болды.Ишандар, қари моллалардан басқалардың бəрі де барады. Біздің

Ғұбайдұлла қари театрға бару дұрыс еместігін, бəрін де былай қояды. «Мұндай қыз іздеп жүргенде, көру дұрыс бола береді» дегенді айтып та қояды. Театрда əйелдерді алдыңғы қатарға отырғызып қойған болса да, «мен қыздардың қасына отырамын» деп, 200-300 кісіні қақ жардырып келіп қыздардың қасына отырады. Басқарушылардан біреу мазақтап: «мына, қызды аласың ба? Бұл, саған жарай ма?» дейді. Ғұбайдұлла қари «Жарайды, аламын» дейді. Қыз да мазақтап, «барамын» дейді.

Театр өткен соң ертеңімен «ол қызға барамын», «мен аламын» дейді. «Мақұл болды, мен алмай қоймаймын» деп ол қызға хат жазады. Қызға хат жазушыларға керек болар деп хатты өзгертпей, өзінің жазуынша көшірдім. Керек болса, өзі де жіберіледі. Ол мынау:

Бисмилла тағалыАссалаумағаликум, түндегі сөзіңіз исымыздан киткан жоқ. Бізде

сүйган болсаңыз, раст көңіліңізна білдіріп қасыңа ятқыз. Біздің, көңіліміз сізде. Түндегі хордың қызы сияқты исымыздан китпайды.

Манхрк ғашық еріңіз.Дамла ғбид алле əлхафса.

Ертең Бұған Нағима қыз сөгіп-сөгіп, «қыздардан садаға кет, тарт қолыңды» деп хат жазады. Тағы бір қызға хат жазған. Оны көшірмедім.

Бұл ауылдың қыздарынан күдер үзген соң қасына бір молланы ертіп тағы бір ишанның аулына қыз іздеп кетеді.

Міне, қалай ишандардың көңілі!Талап зор, əрекет күшті!

Мыжат.

Руханилар туралыҚАУЛЫ

Россия халық комиссарларының кеңесі дін қызметкерлері (поптар), раввиндер (еврей молдасы), ксендіздер (католик молдасы), мұсылман молдалары, шамандар (мажуси) кеңес мекемелерінде жұмыс қылуы жайынан жаңа қарар шықты.

Біздің негізгі низамымызда байлар һəм дін басылар сайлануы һəм сайлау құқықтарын пайдаланбайды. Бірақ, кеңес мекемелеріне хатшы,

Page 220: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

220

жазушы есебінде қызметке кіріп алатын. Соны пайдаланып, ауылдарда олардың көбі исполкомдардың əрбір бөлімдеріне басқарушы, хатқа председатель болып (кооперативтерге) кіріп, бірте-бірте еңбекшілер залалына күллі істерді қолдарына ала бастаған.

Соның үшін қаулының бірінші бөлімінде, дін қызметкерлерін ауыл, болыс исполкомдарына һəм кішкене орыс қалаларындағы мемлекет мекемелеріне, ұйымдарына (мəселен, кооператив, шаруашылық кеңес-теріне) кіргізуге тыйым салып отыр. Оларды халқы ауыл халқынан түсініктірек һəм сенімді Кеңес қызметкерлерінің мол жерлері, үйездік, губерниялық қалаларда қызметке алуға болады.

Қалалардың өзінде 16-шы қатардан жоғары орындарға, яғни жауапты қызметке өз бетімен іс істейтін орынға кіре алмайды. Тек қана ең төменгі қызметтер беріледі. (Қаулының екінші бөлімі).

Айтылған қызметтерге, кеңес мекемелерінің бəріне бірдей рухани-лар тағы алынбайды. Мəселен, халық-ағарту бөлімдеріне олардың кіруі залалды; халықтың білім көзін ашуға ескі ертегілерін айтып, кедергі болмақшы. Заң, халық билер, жұмысшы крестьяндар бақылаушысы (инспекция) бөлімдеріне кіргізілмейді. Бұл мекемелерде хүкімет ни-замдары жүзеге қойылып һəм оның дұрыс орындалуына, бақылаушы болып отырылады. (Мəселен, мемлекеттен шіркеуді айыру, шіркеуден метрика (өлген, туған һəм неке жазып отыру) кітаптарын Кеңестер қолына шығару секілді низамдар).

Жер-су һəм азық-түлік бөлімдеріне, руханилардың (қай діндегі болса да) қатынасуы еңбекшілерге пайдалы емес. Күллі залал, жер-суды пайдалану жаңа низамын жүргізуде де, азық-түлік дайындау, үлестіру жұмыстарында да əлі байлар, помещиктер, жуан жұдырықтарға жағынуын қоймаған руханилардың залалынан басқа келтіретін пайдасы жоқ.

Кеңес хүкіметінің дұшмандары, Православие дінінің бастықтары-на тағы да қысымшылық көрсетіп жатыр; дінді қорлады деп өсекте-мей қалмаспыз-ай, бұл ретте, діннің еш қатысы жоқ. Жаңа тəртіп жалғыз ғана Православие дінінің бастықтары емес, барлық діннің қызметкерлеріне бірдей. Кеңес хүкіметі руханиларға тығыздық қылу ниетімен емес, жалпы халық жұмысы ілгері басуын ойлайды. Сол себепті дінбасылардың болуы залалды болған мекемелерге кіргізілсін. Пайдалы болатын орындарға алынсын деп отыр. (Почта, телеграмм, қатынас, қазына мекемелеріне кіруге жол ашық). Кеңес хүкіметінің бұл жаңа низамын өзінің пайдасына түсінген еңбекшілер ықыласпен қарсы алса керек.

«Байднута»

Page 221: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

221

Мұсылман курстары

Түркістан аймағында мұсылман халқының пошта, телеграмм қыз-меткерлерін дайындап шығару үшін қысқа уақытты курстар ашылып жатыр.

Əйел тендігіƏйелдер күні

8 март «Бүкіл дүние əйелдерінің күні» болу себепті Ташкенттің əйелдер істейтін мастерскойларында, ұйымдарында іс тоқтап əйелдер мейрам қылып өткерді. Ортақшыл партияның əйелдер бөлімі тарапынан кешкісін 78 жерде əйелдер үшін тегін сауық кештері жасалды.

Ташкенттің ойын көрсететін үйлерінің ең үлкені «Колизейде» сол күні кеш əйелдер үшін жиылыс һəм сауық кеші болды. Ойынға келген əйелдердің көбі қазақ, өзбек əйелдері еді. Сағат 6-да сауық басталды. Интернационал күнге лайықты қылынып жидырылған оң жақта жолдас А.Колонтай һəм Роза Люксембург (əйелдер арасында қызметімен танылған жол басшы, атақты ортақшыл əйелдер) суреттері жоғарыда, сол жақта «Жасасын, Күншығыс əйелдерінің азаттығы!» деп жазылған үрандар үстелді айналдыра, қазақ-қырғыз, өзбек, түрікпен киімдерінде Күншығыс əйелдері. Олармен аралас осы уақытқа шейін əйелдер теңдігі жолында қызмет етіп жүрген Европа əйелдері, ортақшыл əйелдер бөлімінің басшылары. Мəжілісті кіндік ортақшыл əйелдер бөлімі атынан жолдас Финклштейн ашып, 8 март мерекесі туралы сөйлеп, одан соң езілген Күншығыс əйелдері атынан екі-үш жолдас құттықтады.

Бəрінен де жүректе терең із қалдырған бүтін Россиялық əйелдер бөлімі атынан сөйлеген жолдас Шалорскияның құттықтау сөзі болды. Күншығыс қатын-қыздарының құлдық белгісі болған бетіндегі қара шашпанның (өзбек əйелдерінің бетін жауып жүретін қылдан тоқыған пердесі-пəренже) бұл күнгі жалпы əйелдер күнінде ашылып, көзге көрініп отырғандығын күншығыс əйелі езілгенде,

Күнбатыстың еңбекшіл əйелдерінің де əуелі езілгендігі, төңкерістен кейін өздерін жəбірлеген жауыздарға бой бермей, азаттыққа шығуын сөй-леп «Күншығыстың қатын-қыздары, тұрмысты түзейтін əйел, олар азат болмай тұрып, тұрмыс көркеймейді. Соның үшін сендердің жалмауыз-дарды басып, жаншып жарыққа шығуларың керек» деп сөзін аяқтады.

Бұдан соң Франциядан келген бір жолдас 2-ші ортақшылИнтернационал мүшесі жолдас Шутингард һəм басқалар сөйледі.Митингіден соң концерт һəм спектакль болып, сағат түнгі 12-де халық

тарқады.Сара Есова.

Page 222: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

222

Аймақтық əйелдер жиылысы

Кіндік əйелдер бөлімі осы марттың 18-не Ташкентте, мұсылман əйел-дерінің аймақтық конференциясына шақырып отыр. Бұл жиылысқа Бұ-хара, Хиуа Республикаларының еңбекшіл əйелдерінің уəкілдері келмек.

Былтыр жаздыкүні болған бірінші аймақтық əйелдер съезінде 200-дей уəкілдің ішінде 12 мұсылман əйелі болып, соның 5-і ноғай, 7-і өзбек, 1-і қазақ əйелі болды. Онан бұрын мұсылман əйелдері дұрыс ұйымдаспаған істерін жүргізбеген еді. Онан соң əр дуандық, үйездік жерлерде, əйелдер арасында істейтін бөлім жанында мұсылман əйелдері бөлімі ашылып, осы күні жақсы істегені туралы кіндік бөлімге хабар келіп отыр. Енді бұл жолы мұсылман əйелдерінің сандары да көп болып, істейтін істері де жемісті болар деп, ойлаймыз.

Жиылыста қаралатын мəселелер:1- Қазіргі хал -жай.2- Бүтін дүние əйелдерінің эуелгі һəм қазіргі халы. Олар келешекте

қалай болуға тиіс.3- Мұсылман əйелдерінің эуелгі һəм Кеңес хүкіметі уақытындағы

халы.4- Халық-ағарту істері һəм еңбекші əйелдер.5- Майда (кустарный) артельдер һəм мұсылман əйелдері.6- «іс жетілері» не үшін жасалады? Мұсылман əйелдері тағы басқалар.

Сара Есова.

Жаңа жыл құтты болсын!

Бүгін Күншығыс жұрттарының жаңа жылы Наурыз!Бүгін жадырап жаз шығып, күркіреп күн шығып, жанжануар қыстың

қысымынан құтылуға айналғандай нысаналы күн!Бүгін күн мен түн теңеліп, төрт түлік мал кенеліп, жер қарайып, қар

еріп, сай-салалар сарқырап, табиғатқа өзгеріс ендіруге белгі берген күн!Бүгін шаруаның күні жайланып, жазы келіп, айналып, шүкірлік айтып

мəз-мəйрам болатын күн!Бүгін алаш ұранды қазақ-қырғыз ата-салтын еске түсіріп, наурыз

көжесін пісіріп, бірін-бірі шақырып, құшақтасып көрісіп, қайғы мен шаттығын бөлісіп, гуілдесіп бас қосатын күн!

Бүгін мейрам!Бүгін ұлт мейрамы!Бірақ, «ораза, намаз тоқтықта» дегендей, мұндай күндерді шын

мейрам қылып өткізу сары уайым жоқтығында. Жұрттың көңілі жайлы, шаруасы күйлі, заманы бейбітшілікте болушы еді. Көздеген мақсатқа

Page 223: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

223

жету жолында мал-жаңды құрбан қылуға қаншама риза болсақ та, неше жылдай соғыстан соғысқа ұшырап, жұрттың шаруасы күйзеу көңілі жабырқау екенін ойлағанда, Наурыз секілді мейрамдар бұрынғыдай сауық-сайранмен өте алмайтыны белгілі. Сөйтсе де Наурыз ескерусіз өтпесе керек.

Ескі жыл не үшін өтті. Жаңа жыл тарихы жетті. Өткен жылдың ішін-де жұрттың басынан не жақсылық, не жамандықтар кешті. Тым болмаса бүгін соларды еске түсіріп, есепке алуымыз лайық.

Еңбекшілер азаттығы үшін соғысқан Кеңесшіл Россия төңкеріс жау-ларын жеңіп, шаруашылық түзету жолына түсуі өткен жылдың ішінде болғанын айтып өтіп, өткен жыл жалпы Күншығыс жұрттары оянып, жиһангерлерге қарсы тұрып һəм қылуға кіріскен жыл.

Өткен жылдың ішінде Күншығыста бірнеше кеңесшіл автономиялар дүниеге келді. Мəселен, Қазақстан, Əзірбайжан, Татарстан, Бұхара һəм басқалар.

Өткен жылдың ішінде Түркістан халықтары тұрмысында зор өзгеріс болды. Октябрь төңкерісінен бері толқып, күн сайын құбылып, ай сайын алмасып, тиянақты бір саясат қолданылмай келе жатқан хүкіметтер кетіп, 9-шы Кеңестер съезінен кейін, халық тізгіні қазіргі байсалды хүкімет қолына тапсырылды. 5-ші партия, 9-шы Кеңестер съезі түзу бағытқа түсіп, отаршьшық саясатымен орнаған жуан жұдырық, келгендердің зорлығынан қазақ-қырғыз еңбекшілерін қорғауға қаулы қалды. Жер заңының жобасын шығарды. Кешегі Əулиеатада болған Түркістан қазақ-қырғызының съезі алаш ұранында елдің төңкеріс жолында орыс еңбекшілерінен қалыспайтынын көрсетті.

Өткен жылдың ішінде Қазақстан мен Түркістанда қазақ-қырғыздан қызыл əскер жасалып, бұрынғыдай ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен жұрт емес, елдігін, теңдігін қорғау үшін қан майданда жауына қарсы тұруға даярлығын білдірді.

Бұл айтқандардың бəрі өткен жылдың ішінде Күншығыс жұрттары-ның басынан кешкен көңілді уақиғалар.

Енді айрықша өз тұрмысымызға көз жіберсек, Арқадағы қалың қазақ-қа өткен жылдың тырнағы қатты батты. Былтырғы жаз жаңбырсыз болып егін бітпей, шөп шықпай, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарында өткен қыс жұт болды. Малы қырылып, адамы ашықты. Қазақ халқы бұрын талай жұт қоян, ақ тышқан, доңыздарды көрсе де, 4-5 жылдан кейін қалпына түсіп елең қылмай кете беруші еді. Соғыс ылаңынан, төңкеріс себебінен жүдеп-жадап, киімкешек, керек-жарақтан тарылып, малын, астығын, терісін, жүнін мемлекет пайдасына жұмсап тұрған-ның үстіне мешін араласып күйлерін кетіргендей жайы бар. Сондықтан қазақ халқының дені мекен еткен Қазақстан бүгінгі Наурызды қуаныш-пен қарсы алып, мейрам қылып қарық болар деуге болмайды. Тек өткен

Page 224: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

224

жылды еске түсіріп жаңа жылда жаңа тілек тілеп, шаруа тұрмысын түзеудің қамын ойлар-ақ қана күйі болса керек.

Өткен жылдың жаңа жылға қалдырған ізгі мирасы баянды болып, ауыртпалықтан ендігəрі аман болғай едік деп тілейміз!

Жаңа жыл құтты болсын!Езілген елдерге бақ-береке орнасын!

Мадияр

8 миллионнан көбірек

Піспек-13. Піспектегі үйезін аштарға жəрдем беру комиссия мұсыл-мандардың құрбан байрамының күндерін де мешіттерде жүріп 1 миллион 2978 сом һəм сауық кештерінен 13-30 августқа дейін 8 миллион 422 мың 618 сом пұл жиналған.

Қышлақ шаруашылық кəсіпшілер курсы

Түркістан Республикасының əр жерінен əр түрлі ел шаруашылығын жөндеп алып жүру үшін соған нұсқаушы кəсіпшілер даярлауға курстар ашылады.

Сырдария өлкесінің əйелдер бөлімінің баскарушыларының өлкелік жиылысына бірер күндерде Сырдария өлкесінің əйелдер бөлімінің бастықтарынын жиылысы ашылады. Бұның ішінде мұсылман əйелдерін ұйымдастырып жүрген нұсқаушылар һəм дін тəрбиесін басқарушыларда кіріседі.

Бұл жиылыста көп пайдалы істер бітуі мүмкін. Өлке ішінде өлке əйелдер бөлімімен үйездегі əйелдер бөлімдері араларына тығыз байланыстар жасап, ортадағы жатқан керекті мəселелерді шешіп, жаңа шаруашылық саясатымен танысады.

Жиылыс таусылған соң бірнеше түрлі керекті істер белгіленген балалар бақшаларын, мектеп жасына толмаған балалардың ұйымдарын, жатақханаларын көру сияқты.

Бұл жерлерге үйездерден келген əйелдер уəкілдері іс жүзінде сабақ алғандай болып қалса керек.

Барғаннан кейін ауылдарда, қышлақтарда осы сияқты балалар ұйымдарын жасап əр түрлі балалар бақшаларын жасап, тəрбие жолын жақсылап қоюы мүмкін.Жиылысқа 25 адам уəкіл келуі тиіс. Солардың ішінен осы кезде 15-і келіп отыр.Мəжіліс ашылағанға дейін уəкілдер ортасында облыс əйел бөлімі, əр түрлі көңіл көтеру, пікір ашу сөздерін салып, əр уақыт сөйлесіп жатыр.

Page 225: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

225

Мұсылманша поштаханалар

Түркістан аймақтық халық пошта – телеграф комиссариатының осы жылы 2-ші октябрьде 71-ші санын шығарған. Низамына муафик Ташкент, Самарқанд, Алматы, Қоқанд, Чарджой, Марғұпан, Піспек, Ескі Ташкент, Ходжент, Шымкент, ескі Самарханд, Қарақол, Тоқмақ, Мерке һəм Қаны-Бадамдарда мұсылманша поштаханалар ашылды. Осы көрсетілген қалалардағы мұсылман поштаханаларында, мұсылман тілімен жазылған хаттар, əр түрлі жіберілетін нəрселер қабыл алынады. Көрсетілген осы қалалардағы кеңселер бір-біріне мұсылманша жазбалар жазып, хабарласып отыруы тиіс.

Отарба, темір жол бойындағы хат салатын жəшіктерге сыртына мұсылманша жазылған хаттар түскен болса, ол уақытта кісілер жақын жердегі мұсылманша істі атқаратын поштаханаларға тапсырулары керек. Егерде мұсылманша жазылған простой яки зақазной хаттар мұсылман поштаханасы жоқ жерге барылатын болса, ол уақытты сыртына жазыл-ған сөздер орысшаға аударылуы тиіс.

Халық поштателеграф комиссариаты.

Елден«Ақ-ишан»

18-ші һəм 19-ші жылғы Түркістан халқынын басына түскен ашаршылық барлық елді біраз есалаң қылып кеткен еді. Жұрт мал-мүлкінен, қара басты адамынан, туған-туысқан, бауыр-жекжатынан айырылды. Шаруасы күйзелді. Оның үстіне халық мынадай төңкеріс ағымына сеніп жетпей, тіршілік, тұрмыс жүзінде екінші рет күйзеліске түсті. Жығылған үстіне жұдырық биыл Қостанай, Ақтөбе, Орал, ішкі ордалық губернияларындағы бауырлары ашаршылықтан шұбырып, бір тілім нан, бір жұтым сусын, абұйырын жабарлық бір кез шүберекке зар болып, шұбырып, қырылып жатқандарын өз көзімен өзі көріп жатыр. Бұл арқа жақтағы киіз туырлықты, алаш ұранды бауырларыңның бастарына түсіп отырған бəле....

Бұл ашаршылық көрген бауырларына біздің елдің көрсетіп отырған жəрдем, қайырымын мен айтпай-ақ қояйын. Тек мына кейінгі хабардан ардақты газет оқыған ел ағасы азаматтардың өздері-ақ аңғарар.

– Ақмешіт үйезіне қараған шиелі деген жерде «ақ-ишан » деген бір жарықтық шығыпты. Бұл айтады:

– «Мен Мұхаммед пайғамбардын Фатима деген қызынан туған Асан-Үсеннің тұқымымын. Мекке-Мединеде неше жыл жатып, Мұхаммед пайғамбардың қабірін күзетіп һəм түзетіп келдім» дегенді. Сөйтіп, қара халыққа құдайдың жұмағын дүниеге сатып жүрген бір «шырақ!». Халық

Page 226: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

226

əбден сеніп алған. Шамасы барлары, ауқатты байлары аттарын, қой-ларын беріп, шамасы шағын, ауқаты кем кедейі колына түскен нəрсе-лерін тасып, ақ-ишанның соңында жүр. Шиелі маңындағы тек кез келіп, өтіп бара жатқан адамға ұшырап: қайда барасың? – Десең «ақ-ишанға барамын», – деп жауап береді.

Ақ-ишанның не керегі бар? – десең, – Ойбай, ишанға тіл тигізе көрме деп байбаламдап қоя береді.

Ақ-ишаның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс.Былтыр Шиелі аймағы Сорқұдық болысындағы наймандар арасынан

бір мектеп ашылатын болды. Мектепке лайықты үй табылмаған соң жұрт Ақ ишан тұрған мешітті лайықтады. Бірақ «мешітті мектепке берді аяқ асты қылмаймын» деп бергісі келмеді. Мынадай төңкеріс заманында да ауру қалса да əдет қалмай отыр. Бүйтіп жұрт болып жабылып, ел болып күйретіліп бір кісінің ғана дəрежесін асырып шашбауын көтергенше мына аштықтан қырылып жатқан бауырларына берген жəрдем бəрінен де артық болар еді...

Мұны ұғыну керек. Аштан қырылып, шұбап келе жатқан бауырла-рын ашаршылық бəлесінен құтқарып адамгершілік, елдік, туғандық қайырымын көрсетіп естиярлығыңды білдіру керек.

Баубек.

Басқарма – Ақ ишан туралы басқармамызға бірнеше хаттар келді. Барлығының да мазмұны бір. Сондықтан барлығын да басуға орын тар болғандықтан біреуін ғана басып отырмыз. Енді біздің айтатынымыз мынау:

Біздің естуімізше Ақ ишан адамгершілік, құдайшылық, қарындас-туысқандық қайырымын кісіңнен сұрап білетін адам емес. Сондықтан мына келіп жатқан аштарға жəрдем ретінде жұртты қақпай, қайта насихат үгіттесе керек.

Ақ ишан заманның түріне қарай елді түрлі бағытқа бастап үлгі көрсетер дейміз.Олжаны жалғыз өз тақымына ғана баспай аш, ғаріп, мүсəпірлерге бергеннің

сауабының артық екенін де жақсы білсе керек.

Бұйрық-жарлықтарТүркістан Республикасындағы халық комиссарлары кеңесінін

қаулысы 1921 жыл 21 ноябрьде сан 2622

Совет хүкіметінің заңын, сот жұмысының құрылысын білетін сот кісілерінің өте көп керектігін еске алып, Түркістан республикасындағы халық комиссарлар Кеңесі қаулы қылды. Мынадай:

1. Заң жұмысын басқаратын халық комиссариаты жанындағы сот қызметкерлерін дайындайтын курсты үздіксіз болып тұратын жаппы Түркістандық курске айналдырып Кеңесті Түркістан республикасының сот қызметкерлерін дайындайтын кіндік курстары деп атап бір жылдық оқуды 120 кісілік істеу керек.

Page 227: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

227

Ескерту: Еуропалықтарға жергілікті тілдерден, жергілікті халық-тардан оқушыларға орыс тілінен сабақ беруді міндетті етіп сот курсының программасын, мемлекет университетімен келісіп заң комиссариатына жасауға берілсін.

Ескерту: Кіндік курсы дайындалып оқуын бастағаннан кейін, ауыл-дардағы курс бөлімдері жабылуға тиіс. Бірақ жүріп жатқан соңғы оқуларын бітіріп шығару керек.

2. сот курсы жанында 20 кісіге деп, қала сыртынан келетіндерге интернат ашу керек Һəм алынатындардың діні жергілікті мұсылман халқынан болу керек.

3. Барлық курсанттарды интернат жайына кіргізіп, өздеріне белгілі стипендия (қазына жəрдемі) берудің өлшеуін, жалпы Россиялық кəсіп-шілер ұйымның келісуімен жасауға заң комиссариатына тапсырылсын.

Ішкі жұмыстарды басқаратын халық комиссариатына ұсынылады, сот курсына класс һəм интернат боларлық лайықты үй табысуға, керекті құрал саймандарымен.

Сот курсы оқытушыларының ақысы мемлекет университетіндегі оқытушылардың алатын ақысына теңгеріледі.

Басқа мекемедегі қызметкерлерге сот курсына түсуге хақы берілсін һəм сот курсына оқуға түскен қызметкерлерге алатын ақысын кемітпей тиісті уақытынан бір сағат ілгері босататын етіп мекемелеріне міндет-тендірілсін.

Ескерту: курсанттар үш ай оқыған соң, заң комиссариатына қызме-тіне көшуге ерік берілсін.

Оқу жүріп жатқанда, курсанттар соғыс ілімін үйренуден (учение) босансын. Оқу бітердегі емтиханды жақсы берген курсанттар заң комис-сариатының əміріне инструктор (нұсқаушы) аталып берілсін. Халық билерін зерттеушілерді, хақты жақтаушыларды (айыптаушылар, корғау-шылар, азаматтық тіркеу жолындағы уəкілдер) һəм сот жұмысын атқару-шыларды белгілегенде өз қандидаттардын алдында артықтық берілсін.

Жарнасы есебінде заң комиссариаты инструкторларының айлық ақы-сының мөлшеріндей ақы берілсін. Тіпті артықтарына кездеме, аяқ, дене киімдері де берілсін.

Сот курсының оқуын жургізу, оқуға алудың тəртібі туралы мемле-кет университетімен келісіп толық нұсқа жасау, заң комиссариатына тапсырылсын.

Түркістан Республикасындағы халық комиссарлар кеңесі бастығының орынбасары: Паскутцкий.

Халық комиссарлар кеңесінің жұмысын басқарушының орынбасары, хатшысы: Рудуви Миронов.

Шығарушы: С.Қожанов.Тираж: 5000

Page 228: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

228

ЕлденАқ Ишан

Күздің бас кезінде Түркістан аймағына «Ақ Ишан» деген əулие келіп-ті деп жер дүнк ете түсті. Көп жандар көруге ынтық болған екен. Сонан кейін ол Созаққа барыпты.

Созақтағы жұрттарға «батасын» беріп, алатынын алып жүрейін деп тұрғанында Созақ начальнигі Ақ Ишанға біреудін қызы некеленіп алды деп естиді де, қасындағы сопы, Мүриттерімен бірге шаһарға айдап жібереді. «Созақтан Ақ Ишан келді» деген даңқ жер жарып бара жатқан сон көруге мен де бардым. Барсам шаһар начальнигі сұрап жатыр екен. Артынан естідік хүкімет шаһардан шығармайтын болыпты дегенді.

Кейін жұрт шулап жүрісті. Ақ Ишанды қамаған тамның кілтін өзі алып кетіпті. Сонан соң большевиктер «бұл нағыз кереметті, əулие адам екен»,-деп қорыққанынан қоя берпті дегенді айтты.

Сол Ақ Ишан қазіргі уақытта жанына біткен сопыларды жиып алып, біздің Шиелі де біраз жүріп баласы жоқтарға, баланың дерегін айтып, аларын алып, дарияның ар жағына өтіп кетті.

Ақ Ишанның айтып жүрген сөздері мынау: ақыр заман жақындады, большевик соның хабаршысы, барларыңды құдай жолынан аямаңдар, құдайға жылаңдар, - деген сөз.

Ақ Ишан баласы жоқтарға бала бермекші де болды. Ол дүниенің азабынан көп сопыларды құтқармақшы да болып Пірге шықты. Бірақ бұл күнге дейін көзге көрінген нақты еш нəрсе жоқ. Бəрін де кейін «қарық» қылмақшы. Тіпті реті келсе, «нəзірге» берілген қыз болса да, өзі алудан да тайынбақшы емес. Сөйтіп Ақ Ишан əппақ болып сопылары қасына, елдің діншілдігін қоздырып, көп діншілерді оятты. Халықты надандық тырнағынан шығара алмай жүрген бір кездерде, бұл Ақ Ишанда жол нұсқаулық қылды. Мұның ақыры əрине, халықты надандыққа таман итеру болар. Соның үшін де бұл істерге хүкімет басындағы азаматтары-мыздың назарларын салып жүрулері қажет-ау деймін.

Əбілқайыр

Будан

Кəпір Николай-ай! Мұсылманнан орыс дініне шығушылар болса қабыл етіп, орыстан мұсылман дініне шығушылар болса рұқсат бермеуші едің-ау! Түбіңе жеттік пе!!

Бұл күнде бостаншылық, төңкеріс. Бірақ бұл төңкерісте ұттық па, ұтылдық па, ол арасын жазып отырмаймын. Өйткені тарихтың ісі. Оны келешек тексереді. Тек менің бұл орында айтайын дегенім, аз да болса төңкеріс пайдасының тигендігі.

Page 229: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

229

Кейбіреулер айтады, төңкерістен қазақ көп пайда көрді. Жер заңы өзгерді. Егістік жерлер суарылды. Мал тұқымын асылдандыру мəселесі көтерілді.

Əйел тендігі болды. Басқа бас қосылып шаруаның біреуі екеуге айналды деп.

Бұлардың малға мал қосылмаса да, басқа бас қосылды дегендеріне менде иландым. Өйткені біздің Бəймен шалдың баласы Жарлығас көп-тен үйлене алмай əне-мінемен жүруші еді.

Қазақ қыздары болса «оқымаған, Жарлығас оқымысты». Неше жылдай болысқа писер болып тілмаштық қылған. Ол уақыт үйленуге өзі «оқымысты» болғандықтан қазақ қызын менсінбеді. Орыстан алайын десе, Николай заманында орыс қызынан туған бала, анасының дініне ереді, шіркеуге апарылады, шоқындырылады дегеннен кейін қолы «жетпей» жүрді.

Төңкеріс болды. Бостандық берілді деп тіл айырмасына қаралмады. Бірақ сөйткенмен де қазақ «здраствуйтені» үйрене ала қоймады, далада болды. Сондықтан қаншама төңкеріс болса да қазақ қыздары шаһарға келіп орыс қыздарындай қолтықтасып жүре алмас дегенді бірлі-жарым-ды «оқығандар» айтысып жүрді. Сонан кейін Жарлығас барды да Степан-ның үйінде жүретін Анна дейтін қызға некеленді.

Анна қазақша білмейді, орыстың қызы. Жарлығас қазақшалап емес, шаһардағы өзімен бастастарды шақырып орысшалап той жасады. Тойға жиналғандар, қазаққа Анна деген ат ерсірек болар, əзірге «үйренбеген» халық қой десті де, Аннаның атын «Жамал» қойды.

Мұнан бұлай қарап-ақ бірте-бірте біздің ауылдағы «оқыған» жігіттер сол сияқты қыздарға үйлене бастады.

Əрине бұлар төңкерістің пайдасы. Екіншіден, қазақ қыздарының «оқымағандығы», орысша «білмейтіндігі», əрі мынау оқыған жұрттар-дың қыздарындай емес, шаһардың тұрмысына «қолайлы» келмейтіндігі.

Қуаныш жата ма, баласының үйленгендігін Бəймен шал естіді.Шығынсыз келінді болдық деп үй іштері қуанды. Атына шейін білді,

«Жамал» екендігін. Бəймен өлгенше малды кісі емес, құда боламын деп бірлі жарымды көңіл қылған жерлері малды көп сұрап, əбден ығыр қыл-ған. Енді шығынсыз келінді болғандығына қуанып, əрі баласының абы-рой, беделіне көңілі толған соң малды көп сұрап қыздарын бермеген-дерге иығын көтеріп көк шолағына міне сала шаһарға кетті.

Баласының пəтеріне түскеннен кейін тыстағы баладан «Жамал қайда?» дейді. - үйде. Бала апарып тыстағы келінін көрсетті. Баймен келініне келіп:

– Ия, келін шырағым, аман ба? Қадам жайың қайырлы болып, қойның құтты болсын!-дейді.

– Здраствуй, здраствуй!-деп басын изейді келіні.

Page 230: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

230

– Жарлығас қайда?– Вечером приходит!Бəймен орысша білмейді. Біраз тұрады да бапасы келгенше шешініп,

күпісін астына салып жатып ұйықтамақшы болады.Сөйтіп жата бергенде:– Старик, старик,- дейді келіні.Бəймен орысша түсінбесе де қол сілтегенінен біледі. „Шық!“ деп

тұрғанын. Күпісін қайта киіп, салы суға кеткен кісіше көк шолағына мінеді де, тұп-тура үйіне тартады.

Былтыр біздің ауыл Самалықтың келіні Криме ханымның сөйлеген сөздеріне күліп, тілін қызық көруші еді.

– Мен бит қазақ түгіл, қазақша аңламаймын, – деп, айтады деп.– Китр-китр дегені не дегені екен деп əр сөзін бір сұрап мұғалім

Есқараның басын ауыртатын, ауылдың қыз қатындары. Енді мына «Жамалды» көргендері, қайда, Криме! дейді.

Менің доқтырлығым да, сəуегейлігім де жоқ. Бірақ қазақ «будан» пысық келеді деуші еді. Будан болса, осындай басқа жұрттың қызын алып сол қыздан туған балаға айтылады.

Бұған қарағанда, мына азаматтарымыздың бұл талаптары жақсы. Қазақ келешекте қайратты, пысық, өткір болар.

Болмаса, қазақтың Фатимасын ал, Жамилясын ал тіпті қай қызын болса, сол қызын ал, бəтіңке, қынама көйлек, қынама бешбет кигізіп жі-бек орамалды басына бос салдырсаң, қандай Анна болса да кем болмай-тынын білем. Тек айырма сонда ғана, мұнан туған будан болмайды, əрі бұл қазақ көпке шейін здрастиды білмейді.

Асан.

Жауап хат

«Ақ жолдың» 145-санында «Сəлделі коммунист, енді тасбихқа ұм-тылды» делінген «жас мүшесінің» бір мақаласы басылды.

«Молдаекең амалға қызықты ма, жоқ заманның реті солай болды ма əлде, тіпті жұртқа қызмет еткісі келді ме, Кеңес хүкіметі орнағаннан кейін партияға жазылып неше түрлі қызметке кірді. «Молданы жықпас па, аузына тықпас па», деген сияқты «молданы коммунист қылып жүр-ген мақсат емес. Тіршілік екен, алғашқыдай қарқынды болмаған соң қай-тадан тасбихқа ұмтылды», – депті.

Сондағы Садық молда мен едім. Оқыған адамдар түрімді айтып бір күліп, ісімді көріп, ісімді айтып екі күліп: «Жер үстінде не түрлі жандар бар-ау» деп таңданған шығар. Рас Түркістан үйезі «қотыр молда» десін, мені біледі. Имамда болғаным рас, коммунист те болдым.

Page 231: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

231

Төңкерістен бері Кеңес хүкіметінде қызметте болдым. Кварталдық комитетте председатель, комтрод, рабком де жүрдім. Осы күні үйез милициясындамын. Коммунист болып партияға кіріп қызмет еткелі пара алғандығым яки басқаша бір қылмыстарым болса жұрт білетін шығар. Жасырмай айтуын өтінемін!

Атым шықса, даңқым жайылса мұны қызметім шығарып, қызметім жайып отыр, сірə мақтанған емеспін. Рабком, Комтрод қай шаһарде болса бар. Ат десе, адам десе таяқ жалғыз атты кедейдің, болмаса жəрдемшісіз сорлының басына келіп тиеді. Жұрт қорықса да, үрікседе атқа мінген сыпайыларымен болады. Бұл белгілі бір хақиқат. Менің жағымсыздығым болса, қылмыстылардан сезген ісімді жасырмастан, əшкерелеп əдемі беттерін даладай қылушылық еді. Бұған мысал үшін мынаны алайын: Шолаққорғандағы астық пункттің бастығы һəм сол қышлақта қашаннан мұғалім, əрі тəуір кісінің бірі болып жүрген жолдас Сұлтанбек Айдарбек баласының істерін рабкриден тексертіп, мынаны таптырдым: Пункттің азық-түлік салығынан түскен екі мың пұттан артығырақ астығынан екі жүз пұттан артығырақ астық пен еттің орны жоқ болды. Азығын, етін алып квитанция бермеген соң, астық ет берген кісілердін арыз бергендері көп болды; Астығымызды қайда жіберді деген қиялмен. Бұл бір. Екінші, мектептегі балаларға шыққан етік, мата һəм киімдерді сатып балаларға шыққан тамақты да бермеген. Атабай деген бай өлсе «социалды-обезпечениенің адамымын» дегенді айтып бір талай мал, алтын, күміс, ақша жиған жетім бала, жесір қатындарды жылатып, сонан кейін Сұлтанбек бірнеше күн абақтыда жатты. Бұл күнде бос. Сөйткенмен де азық-түлік мекемесі соңынан əлі де қалған жоқ шығар.Сұлтанбек жеген малдарын əлі де болса қайтара коюы қиын шығар. Өйткені қолы жүріп тұрған уақытта жиырма неше қара беріп екінші жеңіске алған. Мінеки менің бар жазығым, даңқымды шығарып жүргендігі қалған барлық ісім, жұмысым.

Имамдықтан шығып коммунист болсам, бұл айып емес. Өйткені бұл іс партияға жазылған жолдастардың екінің бірінен шығады. Молда болсын, имам болсын, тіпті болмасын жалпы қазақ-қырғыз балалары-ның марксизм жолына түсініп, қаншасының жазылғандығы белгілі шығар, мен де сол көптің бірі. Жастардың қылмысын айтып, беттеріне басып не қылайын, оны келешек тарих айтар.

Бостандықтың жемісінен пайдаланып қараңғыда жатқан жұрт-тарыңды жарыққа шығарып жіберсеңдер, біз кесір болмаспыз, тілек-теспіз! Бірақ айтатыным сол: жастардың өтірік, өсекте несі бар!?..

Садық Бахридденов

Page 232: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

232

ТүркістандаҚажыларға Меккеге баруларына ұлықсат

Орталық Азиядағы халық сыртқы іс комиссариаты өкімінің қаулысы бойынша, қажы болуды қалап Меккеге барушы барлық мұсылмандарға айрықша қажылар билетімен ұлықсат беріледі. Егерде қажыға бару-шылар еңбек қарызына міндетті болмаса, қажыға барушылар билетіне кол қойғызып, мөр бастыртқандарына 350 мыңнан ақша төлейді.

Бұлардың билеттеріне 16 жастағыға шейін кіреді. 16 жастан жоғары азаматтар өздері айрықша билет алулары керек. Билеттерінде билет иелерінің сүреттері болуы тиіс.

Молда мен поптың қимылы

Атбасар шаһарының христиан діндегілерінен қазақ молдасы имам Темірбеков ашыққандар һəм балалар үшін жəрдем жинаған. Жинаған нəрселері мынау: 28 пұт 38 қадақ бидай, 2 пұт 16 қадақ ұн, 2 пұт 29 қадақ нан, 14 пұт 17 қадақ ет һəм 30 қадақ балық. 4 миллиондай ақша.

Атбасар үйезінің ашарық комиссиясы жəрдем жинаған орыстың попына, қаз ақтың молдасына көп алғыс береді.

«Бостандық туы»

Ашыққандар үшінАштарға жəрдем беру

«Известия» газетінде шіркеулердің біразы ғана бастық сымақтары кеңес хүкіметіне қарсы болып жүргендерде қосылып, хүкіметтің жалпы қылған жарлық-бұйрықтарын орнына келтірмей қарсы тұрып, көлденең кесір шығарғысы келеді. Сөйткенмен де кеңес хүкімет бұларға кеңшілік қылады. Бұл шіркеудің бастықтары бірсыпыра жерлерін, ұры адамдар-ды өзіне қосып алып халық арасына əр түрлі өсек, суық сөз айтып өздерінің ойындағы жұмыстарын бітірген жайы да бар көрінеді. Қара халыққа сөз айтып халықты бұзушылардың ісін ақырлау керек. Кеңес хүкіметі мұндай жұмысқа бұрын тіпті жұмсақ қараушы еді.

Біз аштарға қылатын жəрдемді тоқтатпаймыз һəм тоқтатқызбаймыз да. Осы істі ақырламақ үшін аштарға жəрдем беруге қарсы болғандар-дың тас төбесіне ұрмақ керек. Көптің кеңес хүкіметінен тілейтін тілегі мынау: осы аштарға жəрдем беруге қарсы болған мырзаларға көрсету керек соны. Нені кеңес хүкіметі көрсетіп еді өзіне қарсы болған дұшпандарын достарына.

Page 233: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

233

Осы шыдағанымыз да болар, ақырлау керек аштарға жəрдем беруге қарсы болғандардың ісін. Бұл хабар шыққаннан кейін шіркеулердегі қымбатты бұйымдарды ұрлап сатса керек. Əрине, бұл асыл заттарды ұрлап жатқандар сол шіркеудің бастық адамдарының аштарға бермес үшін қылып жатқан ісі. Бұл ұрлықтарға ишандар да қосылды. Қосылған-дар біраз жерлерде қамалды да.

Олардың қамалғанының себебі шіркеудің асыл заттарын ұрлап алып бара жатқандығы.

Мəскеуде шіркеудегі поптардың қымбат киімдер сатып жүргенін көрген. Бұл қылған ұрлығы аштың жанын ұрлағанмен бірдей. Ондай болғанда аштардың тағы да тірі қалғаны болса өле берсін дегені. Аш-тарды осындай ретсіз іс қылып өлтіргендерді аяу керек емес. Бұлар қайткенде жаман болып табылып отыр.

Бұлар қанша адамның өліміне себепкер болып тұр. Өздері қойны-қонышын ұрлап алған асыл заттарға толтырып алып кеңес хүкіметінің өздерінің жəрдемшісі болуы тиісті. Алыстан келген адамдарға бала-шағасының қамы үшін қолындағы бар асыл нəрсесін нанға ауыстыруға хүкімет бұйырсын, шіркеулердің бастық адамдарына шіркеудің асыл заттарын сақтамаққа мəселен жойылса жауапкер болмаққа.

Шіркеуден жойылған асыл заттарға шіркеу бастықтары өлтірген қатарында жауап берсін.

Мұсылман мұғалімдер курсы

Ескі Марғұланда 50-ге жақын мұсылман мұғалімдері бар. Бұлардын бəрі кеңес хүкіметі уақытында қысқа срокты мұғалім дайындайтын курстен шыққандар. Мектеп һəм оқыту ісімен көп таныс емес.

Бұлардың ортасында жол көрсетерлік тəжірбиелі көсем алғандары тағы жоқ. Сондықтан халық ағарту жолында жүрген бұл азаматтардың көбі саудаға айналып, біразы қажы боламыз деп Меккеге жүрмекке даярланып жатыр. Халық ағарту һəм мəдени көтеру ұйымдарының өзі түгүл дерегі жоқ.

«Мектептерге жəрдем жетісі» деген сөз бұл жерде құр сөз есебінде болып, Марғұлан мектептерінің пайдасына түк нəрсе істелген жо қ. Бұлардың арасында апатшылықпен күресіп, саудагершілік байлық жо-лын қуу ісіне қарсы тұрып жүрген азаматтар да бар.

Халық пайдасы деген істен жалғыз-ақ жақын арада Ташкентте мұғалімдер курсында оқып жатқандардың пайдасына деп бір-ақ рет сауық кешін қой ды.

Page 234: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

234

Дін бастығы (патриарх) Тихонның сотқа берілуі

Мəскеу-6. Шіркеу байлығын алып пайдалану туралы төңкеріс трибуналында істің тексеріліп жатқанына бір жетіден асып кетті. Қауым айыптаушысы сұрауы бойынша ретінде дін бастығы Тихон һəм шіркеулер бастығы (епископ) сұрап жауап алған соң трибунал соты екеуін де шіркеу байлығын пайдалануға қарсылық көрсеткендіктері үшін сотқа беруге қаулы шығарды.

Түркістан Кеңестер Республикасының кіндік атқару комитетінің қаулысы

1922 жылғы 24 майдағы 26-сан

Түркістан Кеңестер Республикасының кіндік атқару комитеті қаулы етеді:

1822 жылы 22 майдағы 4-ші санды халық еңбек комиссариатының қаулысын қалдыруға.

27, 28 һəм 29-шы майда мұсылманның ораза айының күндерінде қара жұмыскерлер һəм қызметшілер мұсылман болсын, Еуропалық болсын, жұмыстан һəм қызметтен босайды, мемлекет мекемелеріндегі болсын, жұмыс орындағылар болсын жеке адамдардың қызметіндегілер болсын теп-тегіс.

Түркістан Республикасы кіндік атқару комитеті төбе ағасы: Рахымбаев.

Түркістан Кеңестер Республикасы кіндік атқару комитетінің хатшысы: М. Юмақаев.

Шығарушы: Нəзір Төреқұлов.Тираж 3500

Түркістан республикасы кіндік атқару комитеті пленумының 1922 жылдың 26 майдағы

ҚАУЛЫСЫ

Кеңес хүкіметі ұзақ уақыт жиһангерлер һəм ішкі соғыстардың лаңынан сұрапыл бүліншілікке ұшыраған республика байлығын қайта көркейту жолында. Бұл мақсат бір ғана еңбекшілер хүкіметінің міндеті емес, əрбір диханның, жұмыскердің һəм барлық Түркістанның еңбекшіл қара бұқарасының міндеті.

Кеңес үкіметінің мақсаты күншығыста ислам дінімен, шариғатымен һəм жергілікті əдет-ғұрыптармен күресу емес.

Page 235: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

235

Түркістан кіндік атқару комитеті бұл туралы барлық түркістанның қара бұқарасының есіне салып һəм бəрін шақырады еңбекшілер үкіметін нығайту үшін, байлықты қайтадан тудыру үшін, республиканың шаруа-шылығын гүлдендіру үшін, бір жерден күш шығарып, бір жеңнен қол шығарып күресуге.

Түркістан кіндік атқару комитеті, күншығыстың езілген, жаншылған халқының еркіншілігіне жол бөгеу болып жұртен еңбекшілер үкіметінің жауын, жан аямай бір жерден күш шығарып, жапыруға жұрттың бəрін шақырады.

Кіндік атқару комитеті Кеңес үкіметінің дұшмандарының таратып жүрген əр түрлі теріс ұғыныстарын жоғалту үшін һəм өзінің исламға, шариғатқа көзқарасын барлық Түркістанның еңбек қара бұқарасының алдында ап-айқын қылып көрсету үшін, Түркістан республикасы халық заң комиссары Досмағанбет Ұстабайұлына халық соттары, билері туралы бір айдың ішінде жоба жасап кіндік атқару комитетке бекітуге тапсырылсын деті тапсырған көрінеді. Бұл жобалар кеңестер заңын шариғат, əдетке жақындату негізінде болуға һəм барлық уақиф жұмыстары жергілікті қара бұқараның қолы астына қарауы тиіс.

Түркістан республикасы кіндік атқару комитеті төбе ағасы: Рахымбаев.

Түркістан республикасы кіндік атқару комитеті хатшысы: М.Юмақаев.

Мұсылман жазу машинасы

Башқұрияда қызыл əскер Тотанов һəм қызыл командир Мадияров мұсылман хəріптерін тізіп, жазу машинасын шығарды. Бұл машина Башқұртстан халық шаруа кеңесінде комиссияда қаралып табылмастай қымбат екендігін таныды, һəм жалпы россия іс атқару комитетінің қарауына жіберді. Башқұртстан кіндік іс атқару комитеті машинаны жанжағынан қарап пайдалы, һəм керек нəрсе екендігіне көздері жетіп қаулы шығарды, куəлік беру жағын жалпы Россия халық шаруашылық кеңесіне тапсырылсын деп. Араб əріптері 150 түрде, осы күнге дейін жазу машинасына жүргізуге ретке келген жоқ еді. Оның бер жағында еуропалықтардың жасаймыз деп еткен əрекеттері, əсіресе Германия фабриктерінің түкке аспаған еді. Олар шығарғанда əріптері көп болып жазуға мүмкін болмаған еді.

Тотанов һəм Мадияров жолдастарға сол 150 түрлі əріптердің белгілерін 60-қа дейін жетуі мүмкін, һəм жазу түрінде ешқандай өзгеріс келтірілмеген. Бұл машинамен жазған жазудың бұрынғы жазудан

Page 236: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

236

ешқ андай айырмасы жоқ һəм оқуға өте жеңіл. Ойлап шығару жағы бұл істің Мадияров жолдасқа қатысты, ал іс қызыл əскер Тотановке қарайды. Бұл машинаны шығарушылар машинасын білдіру үшін Мəскеуге халық шаруашылық кеңесіне алып келген дұрыс деп танып, куəлігін алып һəм ұлт комиссариаты басқа керекті жерлермен сөйлесіп, ел арасына көбейтіп тарату керек.

Бұл бір таңғаларлық іс. Екеуінің де алған көп білімі жоқ, мұжықтар. Бұл жағын еске алып қарағанда, бұлар өнерін əлі де үлкейтсе керек.

Басмашылар тау басына келіп жатыр

Қоқан-9. Əндіжан үйезінде Қорғантөбе ауданында 5-ші июньде Мамед Қажы құрбашы қару-жарағын тапсырып өзі біздің жаққа өтті, һəм Алим қышлағында Мұхиддинның бұзықтарының арасынан Базарбай құрбашы жиырма бес жігітімен, жиырма жеті мылтығымен, үш қылышымен һəм бір алты атарымен мойынұсынып біздің жаққа өтті. Бұлармен бір уақытта біздің жаққа майда құрбашылардан Арзықұл молда Көктібай һəм басқалары өтті. Базарқорған, Шалин аудандары Сүлеймен болысының біраз жері басмашылардан молда құтқарылды. Сол ауданның өзінде Сұлтанабад милициясы бірінші июньнен бері басмашылармен ұрысып, соғысып жиырма бір мылтығын һəм басмашылардың тау жаққа өтіп кетеміз деген ойларынан айыртқан.

Басмашылар бар жерде

Самарқан, 10 июнь. Самарқан үйезіндегі басмашылардың бастығы Бахрам өзін жеңуші, жеңді санап, əр күні құр қой мастан ескі қалада дуалға (қабырғаға) қағаздар жабыстырады. Ондағы ойы – мұсылман халықтарынан өзіне сенім орнатып, соларды өзіне қаратып алу. Облыстық саясат басқармасының бастығының сөзіне қарағанда, жұрт басмашыларға сенімсіз көзбен қарап, жаман жек көреді, Бахрамның сүйенетіні байлар табы болса керек. Басмашыларға қарсы жүргізген жауынгер қосындарымыздың өрісі əр уақыт нəтижелі болып тілегіндей болып шығады.

Заң жаңалықтары

Түркістанда қазы-билер соты қайта орнайтын болды, уақып жері қайтатын болды, бұл жұмыстардың негізі шариғатқа сүйенетін болды деп бұрын да, бұл мəселелердің негізі алғаш шешілген кезде, газетімізге жазған едік.

Page 237: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

237

Бірақ бұл кезге дейін мұсылман сотымен орыс соты бір бола ма, бөлек бола ма, ол соттардың қарайтын істері қандай, шариғат пен ортақшыл-дық жолының, аса қайшы келетін жерлерін қайтеміз, уақып жері тегіс қайта ма, жоқ жырмалап қайтама деген сауалдар жауапсыз қалып келіп еді. Енді бұл мəселелерге толық болмаса да жауап бере аламыз.

Екі-үш күннің ішінде өзбек ағайындардың ғұлама-қазылар сиезі болып өтті. Бұлармен Кеңесшіл хүкімет заңшыларының басы қосылып, жоғарыда айтылған мəселелер тақырыпты екі жағы да бітімге келгендей болып, бірін-бірі түсініп жалпы тіл табылды деуге болады. Шариғатты берсең бізге тұтас бер, шариғат бойынша біз жазалы қылмысты кісілер-дің қолын қырқып тастаймыз да тұрамыз деп ғұламалар айтқан жоқ. 18 жасқа келген азаматтың бəрі дауысын беріп сайлай да алады, дауыс алып сайлана да алады, 25 жас деген қазыға өте көп деп Кеңес заңшылары да қасқайып тұрып алған жоқ.

Сонымен, қазы болып 25-ке жетпеген кісі сайлана алмайтын болды, сайлау жалпы төте ашық дауыспен болатын болды.

Əзірше мұсылман сотымен орыс соты екі бөлек болатын болды. Мұсылман сотының қарайтын істері неке, талақ, һəм мирас жұмыстары. Сонымен мəселенің негізі шариғаттың түрлі риуаяттарын бір жерге жинап, тəртіптеп жалпы дұрыс ережелер шығаруға (мұны латынша һəм орыстар да солай айтып кеткен – кодификация дейді), қайшы келетін жерлерін тексеріп шариғат пен коммунизм жолын бір пəтуаға келтіруге қол қойылып, осы жұмыс үшін қазірден бөлек комиссия сайланды. Уақып жерін қайтарды. Тақырыпты ТурЦИК-тің шығарып қойған декреті (низамы) қаралып негізі қабыл алынды. Уақып жерін тегіс қайтару керек деген сияқты ұсақ жерлерін де түрліше түзетулер жасалды. Бұл декретті түзетулерін кірістіріп жақында толық қылып газетімізге баспақпыз.

Осының бəрінің үстіне мемлекет тарапынан сот жұмыстарының заң бойынша тура тергеліп, шебер шешіліп отыруын бақылап, һəм зор қыл-мысты істер тақырыпты айыпкерлерді қаралап тұру үшін прокуратура ашылды. Заң жұмыстарын нығайту ретінде бұл тəртіптің де мəні өте зор. Кеңес орындарының, бөлек хүкімет адамдарының заң шығарып тəртіп жүргізуін бақылап тұру, һəм халық заң комиссариатының өзінің жақын-да істейтін жұмыстарының өте жауаптылығын еске алғанда мемлекет прокуратурасының мəні өте зор, жұмысы екпінді.

Еңбекшілер жеке билігін заң жүзінде нығайту үшін бұл мекемені бұрынғы чикамен ғана салыстыруға болады.

Заң жұмысына басшылық қылудың міндеті, жауабы осы мекеменің үстінде. Заң жұмыстарының жаңа бағыттарын сенімді жолға салғандай сегіз қырлы бір сырлы заң дүкенін құру керек. Жаңа бағыттың ең мықтысы: октябрь төңкерісініңбірінші күндеріне қарағанда бұл кезде əр адам баласының құқықтарына өте назар салынатын болды.

Page 238: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

238

Ешкімге қарайламай, Мəскеуден де бұрын Түркістанның мемлекет прокуратурасын сайлап отырған осы.

Шын.

Шах мешітіндегі жиылыс

Еңбекшіл жұмыскерлер тобының ағымына наразышылықтарын көрсетіп қарсылық білдіру үшін шах мешітінде ақсүйектер жиылыс шақырды.

Бұл арада Сейіт-сага сөз сөйлейін деген уақытта өзімізден сөйлейді деп ақсүйек байлар қарсылық көрсетіп сөйлетпеді. Бұдан кейін жұмыскерлер де кесірлік көрсетіп олардың сөз сөйлеймін деген адамдарына сөз бермеген.

Ең ақырында құр керіспен екі жағы да сөз сөйлей алмастан бірін-бірі жеңе алмай босқа тарқаған.

«Ақиқат» газеті, 4 май.

Өзіне қарап басқаға тон пішеді

«Жаңа уақыт» газеті жазады: шіркеудің ала ауыздықтары ұлғайып барады. Украина діншілдер қауымы шығарған, Мəскеу патриархтарынан құтылайық һəм дінге мемлекет жақтайтын басқа жол іздейік деп. Украина поптарының жиылысында ескіге тартқан діншілер табына қарсылық көрсету жөн тапқан.

Шіркеу алаауыздығы да анық нəрсе. Оның бер жағына тұйық басты ақ жақтардың ойлаған ойлары қызық нəрсе.

Большевиктер планы анық – олар өзіне «меншікті шіркеу» жасамақшы өздеріне жəрдемдес боларлық.

Бұйрық-жарлықтарТүркістан кіндік атқару комитетінің уақыфтарды һəм медресе,

мешіттерге қайтару туралы жарлығы 1922 жыл 2-июнь, 75-сан

1) Түркістанда Самарқанд, Ферғана һəм Сырдария облыстарын-да уақыфтар медреселерге қайтарылып беріледі, берілетіндер үй-там, дүкен, монша, сарай, амбар һəм өзгеріске шейін медресеге берілген қала төңірегіндегі егістік жерлер һəм бақшалар.

2) Айтылған мүліктерді пайдаланудан өнетін мал. Ақша һəм сон-дайлардың бəрі де мешіт-медрес елер мен қасындағы мектептердің шығынына жұмсалады, мəселен үйлерді түзету медреселерге айлық,

Page 239: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

239

медресе оқушы мен медресе оқытушылардың айлығы, молдаларға һəм медресе қасындағы молдалар əзірлейтін мектептердің жоғарғы үш класындағы оқушылардың шығыны да һəм мемлекет салықтарына айтылған уақыфтардың өнім-түсімдеріне төленеді. Қосымша, медресе-лер қасындағы жергілікті халықтардың мектептері бұрынғыша медресе-лер колында қалады.

3) Шаруашылыққа керекті барлық уақыф жерлері диқандар пай-далануда саналып, олар туралы мəселе кеңес үкіметінің жермен пайда-лану туралы шыққан заңдарымен шешіледі. Барлық мешіт уақыфтары мешіт-тердің пайдалануына қалады.

Мешіттерді һəм уақыфтарды билеу низамы

1. Өзгерістен бұрын болған медреселерді уақыфтарды билеу һəм медереселердегі кемшіліктерді жеткізіп тұру үшін медресе һəм уақыф билеу бөлімдері, төмендегі көрсетілген жолмен ашылады.

Əр үйез, медресе һəм уақыфтарды билеу үшін 6 адамнан бір ұйым сайланып қойылады. Оның біреуі үкімет нұсқаушысы ұйымға мударистерден екі уəкіл, бір қазы, халық ағарту бөлімдерінің бастығы һəм мектептен оқытушы кіреді. Мұндай ұйымдар Қоқан, Əндіжан, Намангəн, Марғұлан, Самарқан һəм Ходжентте ашылады.

Айтылған уəкілдер мударис, қазы, һəм мұсылман мектептерінің оқы-тушыларының жиналыстарында сайланады. Жергілікті атқару коми-теттері тарапынан нақтыланады.

2. Медреселердің саны 40-тан көп болмаған облыстарда бірнеше үйездің, ұйымдардың орнына бір облыстық уақыф билеу ұйымы қойылады. Мұның есебіне Ташкентте кіреді. Медресенің саны 20-дан көп болмаған үйезде уақыф билеуі 3 адамнан, 1 мударис 1 қазы 1 мектеп оқытушысы һəм хүкімет, бір нұсқаушы құралады. Мұндай уақыф билеулері Ошта, Кəттəқорғанда, һəм Жиззақта ашылады. Үйездің медресе билеулері һəм үйездің қатарындағылар облыс медресе билеулерінің төмендегі айтылғандарды кіршіксіз тапсырып тұрады: 1) үйездегі барлық медреселерді есепке алу мүмкін болған жерде араларының қашық-жуығы көрсетіп пландарын жазып алу. Уақыттар-дан қанша түсім түскендігін көрсету. 2) облыс атқару комитетінің нығайтқан уақыф билеуінің қарары бойынша мударистер дайындау. 3) медреселерге мударистердін (ұстаздардың) санын белгілеу. 4) Нұсқаушыларға хабар айтып қызметке жарамайтын мударистерді һəм басқаларды медреседен шығару. 5) Медреседе қызмет етушілерге жалақы алуға рұқсат беру һəм оларға орынбасар дайындау. 6) Мударистерді медреседен медресеге алмастырып тұру.

Page 240: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

240

7) Медреседе оқудың қашан басталып, қашан тоқтайтынын дай-ындау. 8) Медреседе қандай ілімдер оқытылып қанша уақыт, қай жолмен оқытылатын ретін жасау һəм сабақтарды мударистерге бөліп беру. 9) Уақыфтан өнген нəрселерді халықтың ағарту істеріне дұрыс түгел жаратылуына бас-көз болып тексеріп тұру. Нұсқаушылар тексеріс жаса-ған уақытында медресенің не істегінін, не қойғанын қарап бір жылдық түсім шығындарын есептейді. Түсім-шығын есебі мударистердің бірінші декабрьге билеуге беретін есеп мағлұматына қарай жасалады. Түзелген һəм болады деп ұйғарылған түсім-шығын есебі нұсқаушы арқылы жергілікті атқару үйез комитетіне, облыс комитетіне нығайттыруға жібермек үшін тапсырылады.

Облыстағы барлық уақыф түсім-шығындарын қарап тұратын жоғарғы мекеме облыс атқару комитеті.

Үйездегі медресе нұсқаушыларының міндеттері

Нұсқаушылар уақф, медресе билеу мекемелерінің мəжілістерінде болады. Қаладағы һəм үйездегі медреселерді айында бір аралап қарап тексеріп тұрады. Медресінің тəлім-тəрбиесі туралы облыс атқару комитетіне мағлұмат береді. Нұсқаушылар жергілікті үйез атқару комитеттері тарапынан көрсетіліп, ТурЦИК тарапынан нығайтылады. Һəм оған жергілікті атқару комиттерден айлық алып тұрады.

Медресені билеу

Медресені билеу істері билеу мекемесінің көрсетуі бойынша облыс атқару комитеті нығайтқан мудариске тапсырылады. Ол медресенің тағылым-тəрбие істеріне жауапты болады. Медресе кеңесіне барлық мударистер, мутауалла, бастауыш мектеп бастығы һəм жоғарғы класстағы шəкірттерден екі шəкірт кіреді. Шаруашылық комиссияға жауапты. Мударист бір мутауалла һəм молда студент кіреді. Медресе Кеңесі барлық тағылым-тəрбие істерін һəм шаруашылық комиссияның жұмысын қарап отырады.

Медресе Кеңесінің қаулыларын үйез уақыф медресе билеуі нақтылайды. Оқушыларды медресеге алу, дəрістерге бөлу, медресенің оқу жобасын қарау медресе кеңесінің жұмысы. Ол молдаларды бір бөлімнен екінші бөлімге ш ығарады, яки сол бөлімде тағы қалдырады. Медреседен шығарып жібереді, оқу уақыттарын белгілейді, медресе тауысқандарға сынау қылады. Оқу үшін интернат һəм қызметкерлер үшін үйлер береді.

Page 241: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

241

Міндеттері:

Мутауаллалық орынға халыққа жасы 30-дан асқан адамды медресеге сайлап, уақыф билеуі арқылы үйез атқару комитетіне тапсырады.

Уақыфтары көп болған жерлерде мутауаллалыққа жəрдемші де сайланады. Мутауалланың қолында түсім-шығым кітабы болады, уақыф мүліктерін, ақшаларын жинап һəм сақтап тұрады. Ақша есептерін түзейді. Медресенің қабыл етілген спискесі бойынша үйлер түзетуге, мемлекет салықтарына һəм басқа түрлі шығындарға ақшаны расход етіп тұрады. Уақыф мүліктерінен өнген бұйымдарды жинап, медресе мұқтаждарына жаратады. Медресе мүліктерін медресе кеңесінің ықтиярынша жалдауға шартнамалар жасайды. Құжірелер салынса заң бойынша жазаланады. Уақыф мүліктерін жасырған мутауалла мен мударистер қазылар сотына беріледі. Медреседе қызмет қылушылар медресе ақшасынан айлық алып тұрады. Оқушылар таяр тамақ жейді. Шығарған ақша тамақ қаражатынан артылса қолдарына бөліп беріледі. Халық заң комиссариаты бір жетіден қалдырмай осы жарлықты қолдану туралы нұсқау шығарады. ТурЦИК төбе ағасы үшін Амутханов. Хатшысы – Юмақаев.

Тираж 2500. Шығарушы редактор көрсетілмеген

Мешіттерде һəм театрларда

Бұл жерден тарқаған халыққа мешіттерде минтигілер болады. Кешке ескі қаладағы барлық театрларда пұлсыз ойындар көрсетіледі. Жиналған жұрттарға райком тарапынан тағайындалған адамдар түріктердің дұш-мандарын жеңу туралы һəм бұған күншығыс халықтарының қай көзбен қарайтыны туралы сөздер сөйленді.

Қалалық советтерді сайлау туралы жұмыскерлер, диқандар һəм қызыл əскер советтерін сайлау низамы

1-ші бөлімі

1) Қалалық совет жұмыскерлердің, шаруа диқандардың һəм қызыл əскердің өкілдерінен сайланады. Сайлауға кіріп сайлануға һəм дауыс беруге бүгін РСФСР-дің сайлау күніне 18 жасқа жеткен граждандар ұлтқа, дін масхабқа, еркек-əйелге бөлінбестен бəрі ықтиярлы. Яғни: а) һəмма таза, адал еңбе гіменен күн көріп жүргендер һəм түрлі қызметкерлер, хүкіметтің жұмысында жүргендер, малай жалдамай өз еңбегіменен диқаншылық қылып жүргендер. б) Ісшілер ұйымында болса да, болмаса

Page 242: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

242

да үй қызметіне жүрген əйелдер. в) Адам жалдамай өз күшіменен майда ұстагершілікті кəсіп қылып жүргендер.

Бірінші ескерту: Сайлау фабрик-зауытқа ұқсаған кəсіпшілікте, ісшілер ұйымында һəм жайдан елдің жинау жерінде болады.

Екінші ескерту: Фабрик-зауыт һəм соған ұқсаған жұмыскерлер, қызметкерлер көп жер һəм əр түрлі артельдер һəм əскер бөлімдері өздерінің депутаттарын өздерініңжалпы жиылысында сайлау береді.

Үшінші ескерту: Өзінің үй қызметінде жүрген əйелдер, ісшілер ұйымына кірмеген һəм жалғыз жүрген ұста кəсіпшілер, біреуге жалдатып жүрген малайлар, жұмыс таба алмай бірақ биржа на воде (қызмет іздегендерге қызмет тауып беретін жер) жазылып қызметтен бос жүргендер депуттатарын басқа жайдан халықпенен бірге сайлай береді.

Төртінші ескерту: Əр түрлі кеңседе қызмет қылып жүргендер, оқушылар, ісшілер ұйымында жалпы жиылысында өздерінің депу-таттарын сайлап береді.

Бесінші ескерту: Хүкіметтен (совезден) асыратып күн көріп тұрған жарлы-жақыбайлар депутаттарын өздерінің жалпы жиылысында сайлап береді.

2-ші бөлім

Жоғарыда көрсетілген адамдардан болса да сайлауға дауыс беруге һəм сайлануға мынадай адамдар жарамайды.

а) Тек пайданы көбейту үшін адам жалдап, соның еңбегімен пайда-ланушылар.

ə) Өсімге мал, ақша һəм басқа зат беріп, соның өсімімен күн көрушілер.б) Саудагерлер.в) Дін жолында қызмет қылып жүргендер, яғни ғұламалар, ишандар,

имамдар һəм соған ұксағандар.г) Бұрынғы полицияда, жандармда қызмет қылғандар.ғ) Ісін білмейтін жындылар һəм мақаулар.д) Күнəсі мойнына қойылып, зақон бойынша я соттың постанавле-

ниясы срок кесіп, жазадар болғандар.Ескерту: Осы низамның екінші бөлімін бұзғандар һəм орнына

келтірмегендер уголовный кодекстің (зақонның) 104-статьясына муафиқ жауапты болса керек.

3-ші бөлім

Əр фабрик-зауыт, əрі ұстахана, қызыл əскер, кеңселер үй қызметін-дегі адамдар, ұста кəсіпшілер, мəйіптар қызмет таба алмай бос жүргендер һəм басқалар. Депутаттарын сайлағанда мына есеппенен сайлайды.

Page 243: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

243

а) Əр советтің членінің саны 25-тен аз болмайтын қылып, 25-тен көп болмайтын неше жаннан бір депутат сайлау мөлшерін тиісті исполком шығарады.

б) Əр фабрик-зауыт ұстахана һəм соған ұқсағандар (мейлі хүкіметтікі болса, мейлі басқа болсын), əрбір қызыл əскер я милиция исполкомның кескен мөлшерінен артық болмаса, я сол мөлшердің оннан бірінен кем болмаса жұмыскер. Диқан һəм қызыл əскер советіне бір депутат жібереді. Ол мөлшерден артық болса, əрі есесіне бір депутаттан жібереді. һəм мөлшерден артығы мөлшердің жартысынан көп болса, бүтін мөлшерге есеп болады.

1-ші ескерту: Фабрик-зауыт, ұстахана һəм соған ұқсағандардың һəм қызыл əскердің адамдарының саны жоғарыда айтылған мөлшердің оннан бірінен аз болса, мөлшердің оннан бірінен кем болмайтын қылып, бірнешеуі түзіліп жоғарғы есеппенен сайлайды.

2-ші ескерту: Осы бірінші ескертудегі қосылудың ретін табу тиісті ісшілер ұйымыменен сайлаушы комиссиясының міндетіне жүгініледі. Сайлау жиылысында жиылған адамның саны бүкіл сайлауға кіруге жарайтын адамның жартысынан аз болмаса керек. Сайлау ашық дауысқа салуменен болса керек. Сайлаудың реті мынау: а) сайлауға түсетін қандидаттардың спискасын əуелі кіндік сайлаушы комиссия нығайтып, сонан соң дауысқа салады. ə) Сайлаудан 7 күн бұрын сайлауға түсетін қандидаттардың спискалары жасалынған соң 3 күннен қалмай сайлаушы комиссияға нығайту үшін берілсе керек.

1-ші ескерту: Əртүрлі партиялар өз бетінше сайлауға түсіретін адам-дарының спискасын жасап беруге ықтияры бар. Кіндік сайлаушы комис-сия нықтағаннан соң түзілген спискаларды көпке көрінетін жерге, жұрт біліп қою үшін ерте бастан алып кою керек.

2-ші ескерту: Толық жасалмаған спискалар дұрыс деп есептелмейді.б) Жиылыста дауысқа əр қандидаттар бөлек-бөлек қойылмайды,

спискалар бүтініменен қойылады.в) һəмма спискалар дауысқа салынып болғаннан сол спискалардың

ішінде қай дауысты көп алған кандидаттар сайланған болып есептелінеді.г) Бір фабрик, я бір зауыт, я бір ісші ұйымы, я бір соған ұқсағандар, я

бір партияға бірдей екі списка көрсетуге болмайды, һəм бір адам екі рет көрсетілмейді.

1-ші ескерту: Һəмма сайлауда дауыс беруге жарайтын жанның санының жартысынан аса жиналса, жиылыс толық деп саналады.

2-ші ескерту: Əуелгі шақырғанда жиылыс толық болмаса, жиылыс екінші рет қайта шақырылады Һəм бұл екінші ретте қанша жиналса да толық деп есептелінеді.

3-ші ескерту: Сайланған адамдардың (депутаттардың) қолына төмен-де көрсетілген протоколдай қылып жасалған сайлаушы комиссия менен

Page 244: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

244

кіндік сайлаушы комиссиясының уəкілінің протоколы беріледі. Сол протокол депутатқа куəлік болып табылады.

4-ші ескерту: Кіндік сайлаушы комиссиясының уəкілі болмаған сайлау дұрыс емес деп саналады.

5-ші ескерту: Сайлауға салған қандидаттардың спискалары протоколға қоса тігілсе керек. Жиылыс екінші болса, əуелгі толықпаған жиылыстың да протоколы қоса тігілсе керек.

6-шы ескерту: Совет сайлауға жұртты даярлау үшін һəм сайлау уақытында басқарып тұру үшін кіндік сайлаушы комиссия сайланады.

7-ші ескерту: Советтің сайлауы 1922 жылғы сентябрьдің... ші күніменен ...ші күнінің арасында бітсе керек.

Оқшау сөз

Жаңа талап

Намазшам мезгілінде көшеден адам арылған кезі, əр жерге бір араласып, əбиүрі аспай, аяғына қан түсіп жүрген Күдербай тілмаш жалғыз өзі аласұрып жүгіре басып келе жатты.

Күндіз хүкімет басында аударыспақ болып, айтыс-тартыс, жақ-жақтық болады-мыс дегенді ест іп. Күдербайдың жойылған үміттері қайта қозып, апақ-сапақта астыртын барып, істің анығын біліп алайын деп Əбекеңе жүгіріп кетіп бара жатыр еді. Үміті оянып, талабы қозып, күнкілдеп: ия мені құдай жаратпап па, жұрт қатарлы тілмаш-ақ едім. Өзгерістің бас кезінде əжептеуір əспенсідім. Өз үйезімізде жұрттан бұрын түсінген мен едім. Енді «молдадан шəкірт озды» болып кетті ғой. Осы жолы қалай дəулет құсы қайта айланбас екен. Бүгінгі рас болса, құдайдың бергені. Бірақ, анығын білмей жатып, сыр берудің керегі жоқ. Мынау қайсы мектептен шығып келе жатқан?

- Күдекеңбісің-ау, кеш жарық! Иə, жол болсын. Апақ-сапақта қайда жортып барасыз, – дейді жолыққан жас жігіт Тəңкіш.

- Жайша... базарға шығып едім, – дейді қолға түскен немедей сасып қалып Күдербай.

- Ол не қылған базар, түн болғанда? Базар бұл бара жатқан бетіңде емес қой. Қой, шыныңды айт, Күдеке. Əбекеңе кетіп бара жатырсын ғой. Комиссар болмақшысың-ау, ə!

- Тоқташы, сен қу бала не білесің. Əркім əр нені бір айтады. Сен оқуда жүрсең де, білсең керек. Ағаң сөзге араласып жүреді ғой.

- Аға деген де сөз болыпты ма? Мен өзім де жас емеспін. Əзіргі хабарларды, жұрт ішіндегі əңгімелерді жаны бардың бəрі білетін шығар.

Page 245: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

245

- Сөздің қысқасы, көзге көрініп қал. Барлығыңды тиісті адамдардың есіне сал. Құр қалмасыңа мен кепіл, – дейді Тəңкіш қулана күліп.

- Болды, болды.... көше жүзінде басқа сөздің керегі жоқ түсіндім дейді Күдербай, өзің сол талаптының бірімісің, жоқ əлі оқи бересің бе?

- Оқудан көңілім қайтып тұр. Əркімнің бір қоқаңын көтергенше осы өзім хүкімет ісіне аралассам ба деген ойым бар. Мен кімнен кеммін? Əшейін бел байламай жүрмін ғой. Əйтпесе Тауасар құрлы исполкомға бастық бола алмас деймісің?

- Байқұс-ау, сені мен мені тілмаш деп, манап деп түрткілеп жуытпай-ды ғой. Айдалаға анталап жүрсің бе? Жоқ, біреуден сөз ұстаған жайың бар ма?

- Осы жұрттың барлығын қайтадан бір қарап өтеді. Білемін ғой сонда көзге түссем болғаны маған.

- Көзге қайтып түсесің. Біреу қарсы шықса қайтесің. Ел ішінде көмгенмен жасырынбайтын аты-жөнің бар... қайдам шырағым мен өзім жүрек шəйлі болып қалғанмын. Нақ мен бармын деп шығуға бата алмаймын. Мың өзгергенмен, заман Кеңес хүкіметі кедейлер үстемдігі заманы-ау. Байқа, жаным.

- Ол ақылыңды өзіңе сақта. Мен бастап қойдым. Енді жетпей қоймаймын.

- Осында бір екпін бар ғой, кіммен сөйлестің айтшы?- Ешкіммен де сөйлескенім жоқ, жаңа жиылыс болып еді. Кезекке

жазылып, хүкімет адамдарын жамандап, бір дүркін сөйлеп өттім. Өзіміздің үйездің жайын сол жақтан жаңа келген адамға айтып, үйез бастықтарын тұрмастай қылып жамандадым. Шыны да солай. Бірақ, көзін тауып айттым. Енді менен қалай еді, не болды деп шақырып алып сұраушылар болмай қалмас. Бұл істің басы деп саналуы керек. Апырмай, сен бала бəле екенсің, мұның рас. Мені айтсаңшы, жиылыста да бола алмадым. Қорғалақ болып кетіппін. Сенің ісің басталып қалыпты. Міне, заманның қу түйнектері!

- Жаңа талап деген осы. Бұрын көп көріп болдық десек те, бізден түк шықпайды. Қой, ойбай, мен де бара жатқан жеріме тез жетейін, қайыр. Міне, қызық жаңа талап... мақұл-ақ... апырмай жаңа талап... жаңа талап... Күдербай жүгіре басып жəнеп кетіп қараңғыда жоқ болып кетті. Тəңкіш көкірегін керіп, одырайып біраз тұрып, саспастан жөніне жүріп кетті.

«Жаңа талап, жаңа талап» деген Күдербайдың сөзі құлатына елегі-зіп, Тəңкіш өзі де «жаңа талап, жаңа шаруа саясаты» деп мəз болып, даусын шығарып күліп жіберді.

Қ.Қ

Page 246: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

246

ЕлденАлдамшы қожа

Түркістан үйезі, Ақтөбе болы сында, Қара жөн деген жерде 15-үйдің ортасында бір мешіт бар. Мешіт болып, күнде сүргін болмаса да, жылында үлкен айтта ғана намаз оқылып келе жатқан еді. Ел аулаған қожа, молдаларының бір белгілі орын қылып, қазақтың жолына қақпан қылып, сақтап келгені болмаса, жұрттың сопылығы қоймай, мешіт болып тұрғаны шамалы еді.

Өткен ораза айында жиылған жұрт мешітте намазшылық қылып тұратын Əліқожа Бабажан қожа баласына 60 серке, 10 лақ, барлығы 70 тұяқ жиып бермекші болды. Əліқожа ол малды мешітті бұзылғанын түзеп, жөндеуге қаражат қылмақ болды. Мұнан басқа да, біреуі анадай құдайы, біреуі мынадай құдайы деп, сол жиылыстың орнында осы жұмысқа арналып, көп асқа жұрт бата алды.

Айтылған сөз іске асып, бермекші болғанын толық берді. Енді екі ай өтіп, құрбан намазына жұрт жиналғанда қараса, Қожекең жұрттан жиып алған, мешітке түк қаражат қылмаған. Халық көңілі суыды да қойылды. „Бұл қалай, мал қайда?“ дегенге дəрмен жоқ: жұрттың ана бірі күнəһар болып қалады, Мұның үстіне тағы сол мешіттің жамауына деп, сойылған жүзден артық малдың терісі берілді, Көтерілген қырманнан аққұла деп беріліп жатыр. Онан бір зекет беріліп жатыр. Барлығы жалғыз бір мешіттің жамауына. Қожекең «ниет қабыл болсын, Аллаһу ақбар!». Басқа міндет бар деп ойламай, алып жатыр. Мешітті түзетемін дейді. Алғандарына қарағанда белгілі, бұрынғы мешітті түзеу былай тұрсын, ондай он мешітті жаңадан соғып аларлықтай қаражат болды. нысап қайда? Бұл недеген сұраусыз мал? Жұртқа не болды? Бұл шынымен надандық, діншілдік пе? Жоқ, сыпайыгершілік пе? Қашан Қожа қолдайды деп жүргенде, игілік істерге жарарлық дүние арам несібенің өзінде кетіп жатыр ғой. Алып барып бір ынсапсыз шайтанмен сабақтас Қожаның өзіне тыға бергенше, ашқа жəрдем берсе болмай ма? Жетім балаларға жəрдем қылса, болмай ма? Мектепке қаражат қылсақ, болмай ма? Жақсылыққа да бассақ неғылады? Құдайымызды тиісті жолға жұмсамадық-ау.

«Діншіл»

Индия мұсылмандарының наразылығыКүллі ислам дүниесі Анкара мəжілісі жағында

Науен 18 (Руста).

Индия мұсылмандарының комитеті Бонарлоға жіберген телеграм-мында: «Англия хүкіметінің түрік ісіне кірісуіне Индия мұсылмандары қарсы, ислам дүниесі Анқара мəжілісі жағында» дейді.

Page 247: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

247

Сұлтанның қашуы туралыАнна полис 20 (Руста).

Сұлтанның Стамбулды тастап, қашып кетуіне түрік газеттері өте ренжіп қалған көрінеді. Сұлтанның мұндай қашып барып, Англияны саялауы елін, жұртын ұмытқандық, қара басының қамы үшін жалпы жұртты сатқандық дейді.

Сұлтан мұсылман ұйымдарын өзіне қаратпақ, өзіне бағындырмақ.

Еске аларлық іс

Ел арасында 21-ші жылдан бергі жерде толып жүрген ноғай молда-ларды көреміз, олар екі түрлі:

1) Дым білмейтін, өздері хатты шала танитын адамдар. Бұлар «аңқау елге арамза молда болады» дегендей, кəсіп қылып күн көрмек үшін өзін алдаушы, өзгені ақымақ қылып, күн өткізіп жүр.

1) Жоғарғы медресселерден шыққан жақсы мағлұматы бар адамдар.Екіншілер қанша мағлұматты болса да, қазақ емілесімен таныс емес екені.

Қазақтың түк білмейтін баласына (мағұлым ауыл) (мағұлым таным) сияқты кітаптарды оқытпақшы болса да, қазақ елінің ақсақалдары, балалардың əкелері бұл кітаптарға риза болмай, «дін ғылымын үйрет» дегендей көңіл көрсетсе керек. Сонан кейін молда сорлының дін жолын үйретпеске лажы бар ма? Солардың қалауынша Əбəжəдан бастап, намаздық сүрелерден құранның емілесіне бір түсіп, тағы бір жағына хат жаздырмақшы болса, ноғай емілесіне түсіп, 6 айдан артық бір жыл оқыған балалар қазақтың жазған хатын танымайды.

Жоғарыдағы ноғай молдаларға кінə жоқ. Тамақ асырау үшін не қылмайды? Қазақтың ауылдағы дауға ұста ақсақалдары оқудың қай түрінен тез пайда алатынын өз кəсібіндей біле алмайды.

Сөйтіп жүргенде, қазақтың өндірдей жас балалары қазақ екенін, ия ноғай екенін, ия араб екенін білмей жүріп, шөре болып қалатын түрі бар. Осыны əрбір қазақ азаматы еске алуы керек.

Ақмешіш (Жыл-келді) Себепұлы.Газетті шығарушы: С.Оспанов

Құнытсыздықты қою керек

Қазақ-қырғыз зиялылары екі тапқа бөлінеді: 1) мұсыланша оқығандар, 2) орысша оқығандар болып. Қазақ зиялылары мұсылманша оқығандар табы, өз ұлтын басқа мəдени ұлттардан кем көрмейді. Қазақ-қырғыз зиялыларының орысша оқыған табын алсақ, олардың сөйлеп жүрген сөзі

Page 248: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

248

мен істеп жүрген ісі бір болып шыға бермейді. Олардың бір сөздерін шын ойы мен шын сыры болмай, əшейін «осы жақсы сөз ғой, жұрттың жақсы көретін сөздерін сөйлесек, зиян көрмеспіз» дегендіктен, айтьшып жүрген секілді болып шығады. Мəселен, орысша оқыған зиялыларымыздың көбі қазақтың тілі, қазақтың жазуы орыс тілінен, орыс жазуынан кем емес деп өзі айтса да, осы күнгі өздері қазақша дұрыс жаза алмайды. Қазақ емлесін білмейді, һəм білгісі де келмейді. Ол-ол ма? Əлі онан да жаман сорақысы бар. Орысша оқыған зиялыларымыздың көбі қазақша əліпті таяқ деп білмейді. Яғни, оларға қазақ жазуы қытай жазуымен бірдей, қытай жазуын сондай біледі. Бұл зиялыларымыз қазақ жазуын һəм қазақ емлесін білгісі келсе де, біле алмай жүр деп ешкім айта алмайды. Олар қазақ жазуын білгісі келмей, менсінбей жүр. Олардың түсінуінше кісілік дəреже жасына жету үшін орыс жазуын дұрыс білу керек, қазақ жазуын білсе де, онан келер пайда жоқ.

Сондықтан, олар орысша жаза бастаса, бірінен бірі асып түседі: ал енді, кейде атын шығарып, көзге көріну үшін газетке журналға бірдеме жазбақшы болса, бір жұмысты екі жұмыс қылып, əуелгі білген жазуымен өзі бір жазып, онан соң, ол жазғанын дұрыс білетін екінші біреуге қайтадан көшіртіп əуре болады. Зиялымын деп жүрген кісіге басқаға құл болып, басқаны үлгі көріп, өзін-өзі менсінбей, өз тілін, өз жазуын керек қылмай жүріп, кісілікке жеттім деп, көкірегін кере беру, үлкен ұят екенін білу керек: Ол ілгергі басқындықтың белгісі емес, кері кеткендіктің белгісі екенін білу керек. Үйренгісі келген кісіге қазақ емлесін үйрену қиын емес. Қазақ емлесін үйрену бес, он күндік-ақ жұмыс. Қазақ-қырғыз зиялыларының көбі шаһарлы жерлерде тұрады. Шаһарлы жерлердің қайсысы болса да, қазақ емлесін білетін кісі табылады. Емле білетін кісілердің біреуін алып, емле білмейтіндер күніне бірер сағаттан бес, он күн бастарын қосса, қазақ емлесін таза біліп алады, иəки Ахмет Байтұрсыновтың тіл құралын тауып алып, əркім өз бетімен оқыса да бес, алты күнде емле біліп алуға болады. Бірақ, осы секілді оңай тұрған білімді жұрт құнытсыздық қылады. Ол құнтсыздықты қою керек.

Б.А.

Бұйрық жарлықтар

Түркістан кеңес республикасы кіндік атқару комитетінің 1922 жыл 28 декабрьде шығарған 178 нөмірлі заңы (декрет)

1 - Уақфтар туралы.1) Төңкеріске шейін мешіт, қажыхана, қарихана, мазар сияқты нəр-

селер қарамағында, һəм садақадан тұрушы орындар, халық ағарту істері (медрессе, мектеп, жетімхана тағы басқалар) үшін қолданылған жерлер

Page 249: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

249

һəм басқа нəрселер осы орындардың өздеріне пайдалануға қайтарылып беріледі.

1) Қаладан шетте болып, қыстақтар орналасқан, яки бөлек адамдар орналасқан уақф жерлері, һəм ауыл шаруашылық үшін керекті болған жерлер, еңбек пен жер пайдалану хақындағы заңға лайық, осы күні пайдаланып отырған кісілер қолында қалады. Ескерту: екінші ережеде көрсетілген жерлерде хүкімет салығы һəм жергілікті салық алынып, бұл салық қыстақ адамдарын ағарту, оқыту жолына тұтынуға тиісті болады.

2) Уақф жерлерінде бөлек адамдар һəм мекемелер тарапынан жасалған тамдардан алынатын төлеулер (аренда ақшасы), уақфнама бойынша, уақф заттарына кірмегендіктен, уақф бөлімдері һəм халық ағарту бөлімдері арасында тегіс бөліп беріледі.

3) Уақф жерлерін һəм басқа нəрселерді мекемелерден сұрап алу үшін, 1924 жылдың бірінші январынан қалмай, уақфтың дұрыстығын көрсететін уақфнаманы, ол болмағанда жергілікті мекемелерден уақфтың дұрыстығы хақында берілген қағазды көрсетіп, арыз беру керек.

4) Жаңа уақф жасауға, халық ағарту, халықтың шаруасына жəрдем үшін болғанда ғана рұқсат беріледі. Жерден пайдалану хұқығын белгілейтін уақфтарды мұнан былай жасауға рұқсат берілмейді.

3. Уақфтарды атқару

5) Уақф істерін уақф ақшасына тұратын бас уақф мекемесі һəм уақф бөлімдері атқарады. Бұл мекеме һəм бөлімдердің қайраткерлері оның шығындарын бөлек қаулымен белгілейді. Ескерту: бас уақф мекемесі һəм оның бөлімдерінің мүшелері түпкі жергілікті халықтан ғана болуы мұмкін.

6) Бас уақф мекемесі халық ағарту комиссаряты жанында бір төбе ағасы, екі мүше болып отырады. Төбе ағасы болған кісі совнарком тарапынан дайындалып, халық ағарту комисарятының мұшесі болып кіреді. Екі мүшенің біреуі сот істері комиссариты тарапынан, біреуі ішкі істер халық комиссариаты тарапынан көрсетіледі.

7) Бас уақф мекемесінің қарамағына осы істер тапсырылады: а) уақф бөлімдерінің шамасын, орынын белгілеп, олардың қайраткерлерін бекітеді. б) уақыт бөлімдерінің істерін күзетіп, оларға жолбасшылық қылады. в) медреселердің жаңа жолмен һəм ескі жолмен оқытатындарын оқыту, тəрбие беру істеріне жолбасшылық қылады. г) уақф бөлімдерінің пайдалану хақындағы қараларын бекітеді һəм осы бөлімдерінің қарарына разы болмағандардың арыздарын қарайды. д) уақф бөлімдерінің көрсеткен сметаларына қарап дұрыстайды.

9) уақф бөлімдері үш кісілік исполком тарапынан түзеледі. Уақф бөлімінің төбе ағасы халық ағарту бөлімінен көрсетіледі, мұшелердің

Page 250: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

250

біреуі исполкомнан, біреуі модарис, моллалардың жалпы жиылысында сайланған медресе уəкілінен болады һəм исполком тарапынан дұрыс-талады.

10) Уақф бөлімдеріне тапсырылады: а) уақф турасында болған арыздарды осы заңның бесінші апрелінде көрсетілгеніндей, жаңа уақф жасау істері хақындағы арыздарды қарайды. ə) уақфтың нəрселерін, заттарын жазады. б) кіріс-шығыс статьяларын жасап, оларды жүзеге шығарады. в) мотеуеллилердің істерін күзетеді. г) оның ақшасын пайдалы орынға қолдануларын күзетіп, тексеріп тұрады. ғ) бас уақф мекемесіне өзінің істері хақында баяндама жасайды. д) мотеуеллилерді белгілеу, оны бекіту һəм керек болса, орнынан шығару. е) уақф ақшасында тұрған жергілікті халықтың мектептері уақф қарамағында ғана болуын күзетеді.

4. Орындарда уақф істерін жүргізу

9) Уақф байлығын қолдану, тұтыну істері мотеулілер қарамағында болады.

10) Жəрдем беруші халық ағартушы орындарға (медресе, мектеп, жетімхана һəм басқаларға) мотеулілер уақф бөлімдері тарапынан белгі-ленеді. Басқа орындарға жергілікті махалле халқының жалпы жиылысы тарапынан сайлап, уақф бөлімі тарапынан дұрыс делінеді.

11) Бас уақф мекемесі осы заң жарияланғаннан кейін, екі жұмалық срокта, бұл қаулыларды жүргізу хақында жолбасшылық шығаруға тиісті.

12) ТурЦИК-тің 1922 жыл 20 июльде шығарған 75 нөмірлі бұл туралы болған қаулысы бітіріледі.

Түркістан республикасы кіндік атқару комитетінің төбе ағасының орынбасары: С. Қожанов.

Хатшысы: Тополев.

Россия уəкілдерінің меморандумыЛузанна-5 (Руста).

Бүгін орыс уəкілдері одақтас үкіметтерге меморандум тапсырыпты. Меморандумда орыс уəкілдерін конференцияның барлық мəселелеріне тең қатынастырмауға қарсы протест көрсетіледі. Бұл меморандумда жуық күншығыста одақтас үкіметтер мұсылмандарға төмен көзбен қарауын қойғанда ғана тыныштық орындасатын екендігі көрсетіледі. Түркия өз жұртында ие болып, шаруа, ақша, сауда істерін өзі тілегенше атқаруға тиісті. Түріктерді құрал күшіңмен қорқытып көндіргенмен, ол істің бəрібір маңызы болмайды. Түркияның шекарасы ұлт келісуі бойынша сызылуға тиісті. Күнбатыс фрақияда кімге қосылуды жалпы жұрттың өз

Page 251: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

251

ықтиярына тапсыру керек. Шет ұлттар мəселесі уақ ұлттардан бөлек. Бұл бөлек бір конференциясында қаралуы тиісті, Балқанда тыныштық орнату үшін, бүкіл Балқан халқының өзіне айырым союз жасалуы болады. Россия уəкілдері бүл меморандумды тапсырумен, езілген зорлы-зом-былық көрген ұлттар қасында өзінің қарызын өтейді дейді. Россия уəкіл-дерінің бұл мемарандумы барлық түрік-мұсылман халқының көңіліне жақсы тиді.

КПТ-ның Сырдария облысында істейтін керекті жұмыстары

1. Кейінгі күндері кеңес ауданында барлық халықтың көңілі, ісі төңкерістің ағымына лайықтанып бара жатқандығы, партия ісінде бұл туралы ойланып, мақсатты жолдар түзеп, іске кірісуді ескертеді. Жаңа шаруашылық туған кезінде болған аз ғана осалдық, күшсіздік һəм Еуропа соғысы қалды. Төңкеріс дəуірінде болған, ауыл ара соғыста дəуіріндегі осалдықтар, күшсіздер нақ осы кезде артта қалды, ол күндерді кештік, қиындықты басымыздан кешірдік. Қəзіргі күнде барлық жерде партия ішкі істерін,тұрмыстарын күшейтуге кірісті. Жоғарғы партия ұйымның істелген жобаларын, нұсқауларын қолданып, іске кірісуге кірісті. Осы қатар партияда емес көпшілікпен өте байланыстар құрды.

2. Көпшіліктің төңкеріске тараптас, жақтас екендігі Түркістанда да білінді.

Бұларға дəлел, басмашылардың жойылуы, халық өз арасынан шыққан бұзықтарды құртудың əрекетіне өздерінің кірісуі. Ұйымда нашар болса да, салықтардың азды-көпті жиналуы, октябрь төңкерісінің 5 жылдық мейрамын барлық халық болып қарсы алуы.

Осындай жақсылық ниетті істі біле тұрып, біздер Түркістан партиясының күшеюінің əрекетінде болуға міндеттіміз.

Бірінші партияны нық ұйымдастыру, партияның ішкі жұмыстарын, саясат істерін алға қою, көпшілік алдында партия көшбасшысы болу. Қазіргі дəуір тыныштық дəуірі. Партия жоғарғы айтқан кезекті істеріне кірісе алады, жарыққа шығара алады.

3. КПТ-ның кейбір бөлек ұйымдары ілгері төңкеріс ісінен түк хабар-қатынасы болмады, бірақ, əйтеуір артта қалған халықтанбыз, қараңғыда қалған жұрттанбыз, партия арқылы құқықтануымыз мүмкін деп, партияға орта байлардан, колонизаторлардан, ұлтшылдардан кіріп кетуі мүмкін һəм кіріп те кеткен. Сондықтан, Түркістан партиясының өсімі РКП -дан көп кейін қалған. Кейін де қалғандығы партия мүшелерінің мағлұматы кем, жас саясатшылдық аз. Сырдария облысында, басқа облыстан күшті болуға тиіс еді. Сырдарияға Ташкент кіреді. Ташкентте еңбекшілдер көп. 26 процент қаладағы халықтардың 19,9 процент еңбекшілдер бар.

Page 252: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

252

Олардың 2,4 проценті партияда, 33 проценті хат білмейді, 36,5 проценті діншіл.

4. Тағы да болса, партияда əр ұлттан бар: Еуропалық 38,5 процент, қазақ 30,4 процент, өзбек 16,3 процент һəм басқалар 14,8 процент.

Бұлар алдындағы кезекті жұмыстар қашан олардың өзінде бірлік болса, тəртіп болса, ынтымақ болса сонда ғана жүзеге шығарады.

5. Жетінші партия конференциясы КПТ-ның істерінің осалдығын ойға алып, енді мұнан бұлай, тездікпен партия ұйымдарын бастан аяқ көріп өту керек, іске жегу керек. Жауапкер хатшыларды табу керек, партия ұйымдарының істерін басқаратын организаторлар табу керек деп айтып кеткен.

Сырдарияда бұлар əлі де жүзеге шыққан жоқ.Партия жұмыстың ішінде өте назарлайтұғын мəселелер партия құры-

лысы. Комячейка, үйезкомдарды тегіс тексеріп, олардың бастықтарын, нұсқаушыларын жаптықтырып тұрған істермен қол қылып қою керек.

6. Əсіресе жеті қарайтұғын комячейкалардың жақсы болуы Таш-кендегі сықылдандарып, төмендеу комячейкаларды мықтыларына қосып, біріктіріп, іс қылдыру қажет.

7. Партия жұмысының дұрыс жүруі үшін партия жұмыскерлері жақсы болсын, ол үшін партиядағылардың əсіресе орнықты халықтың жақсы жұмыскерлерін партия ісіне алып қалу керек. Жиі-жиі жиылыстар шақырып бастарын құрап, обком һəм үйезком алдарында баяндамалар істетіп, болмаса хат арқылы болса да түзеп, ячейкалардың хатшыларын жаттықтыру, партия жұмыстарымен толық таныстыру керек.

8. Партия құрылыстарын түзеумен бірге, партия члендерінің маңы-зына да көз салынсын. Қалалық жерлерде партия курстар, саяси талас, сөз жарыстармен партиядағылардың сезімі жоғарлаттырылса, қышлақ, ауылдарда кітап, газет оқытылсын.

8. Жетінші партия жиылысы «ұлтшылдануының» бай адамдарға партия тола бастаған деді. Сондықтан, партиядан ондайларды қуып шығып, тазартып тұру керек.

9. Партияда жоқтардың арасында соңғы кездерде жұмыс істелмей кетті. Сондықтан, ауыл, қышлақтарда партияға теріс көзбен қарауы мүмкін. Əрбір партия ұйымдары партияда жоқтардың да басын құрап (жиылыс жасап болсын, қызыл шайханалар ашып болсын), партияның бағытын һəм совет үкіметінің іс реттерін түсіндіріп тұрулары керек.

10. Партияда жоқтармен жақындасып, олардың сезімін оятқан соң, партияның міндеті бірте-бірте арасындағы жұмыскер һəм диқандардан таза, түсінікті нағыз табан ет маңдай терімен күн көретұғындардан ішке ала беру. Соңғы шыққан жаңа шаруашылық саясаты да жұртты табандандыра бастады. Осымен де пайдалану керек. Əсіресе жергілікті халықтарға партия көзін салсын.

Page 253: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

253

11. Партияның жетінші конференциясы жастар ұйымының мағы-насы зор екендігін ескеріп өтіп еді.

Ташкент партия ұйымдары жастар арқасында ғана ілгері басып, тəуір болмақшы. Партия ұйымдары жастар ұйымдарымен əр уақытта қатынасып, араласып тұруы керек. Партия ұйымдары жастарға қаражат беріп, көмектесіп тұрғанына мəз болмауы керек. Əсіресе жергілікті жастарға назар салу керек. Жергілікті жастарды діншілдіктен һəм басқа секілді ескінің салдарынан құтқару үшін, ол жастардың тəрбиесін қолға алу қажет. Тəрбие мектеп арқылы берілмекші, сондықтан, мектептерді ескерусіз қалдыру болмасын. Бұл іс туралы бізге жергілікті ұлтшыл жаңашыл зиялылар да жəрдем берсе керек. Сонымен түрлі мектептерде, институттарда оқып жүрген шəкірттерді ортақшылдардың ауанына қарай тəрбиелеп өсіру тиіс.

Партия мүшелері жастар ұйымдарының мүшелері көп мектептер арқылы басқа мектептерді де, ортақшылдардың əсеріне алуды жүргізу қарқынды əсердің бірі болсын. Əрбір комячейка бір мектепке қамқоршы болуға тырыссын. Халық ағарту ісі партияның алдымен қолға алатын, назар салатын ісі. 13. Ортақшылдар партиясы партиясыздар арасында инабатты, еті барлы болу керек. Партия ұйымдары кеңес ісіне қатыспай, тек басшылық етіп ғана бағытын сілтеп отыратын болсын. 11-ші Партия сиезінің көрсеткен жолы да осы. Партия ұйымдарының көңіл қойып, соған кірісетін екі ісі бар. Бұлар ақша комиссиясы һəм атқару комитеттерін сұрыптау, жуан жұдырық байларды тазарту, парашыл адамдардан құтқару. Бұл екі істі қарқынды істер есебінде партия ұйымдары басқарсын.

Жаңа шаруашылық саясаты арқасында байлар бас көтеріп, тіріліп келеді, əсіресе, ауылды жерлерде байлар еңбекшілдерден үстем болып қауіпке де қол соза бастады. Осы болып жатқан оқиғаларды еске алсақ, жоғарыда айтылған үш істі қолға алудың керек екендігі анық болып көрінеді. Жастарға əсер жүргізу, мектептерді жөңге салу, атқару комитеттерді сұрыптау. Осы істердің қайсысында болса жарыққа шығару үшін, байлармен арбасу керек болады. Байларды ноқталау, тұқырту керек болады.

М. Эинштейн.

ЕлденИшан

Үстіміздегі 23-ші жылдың қысқы демалыс (каникол) уақыты, оқудан қолым босаған соң, Шымкенттің оңтүстік жағында, Сырмен аралықтардағы шөлдерде отыратын ағайындарыма, бір түрлі шаруам болып, шығып едім.

Page 254: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

254

Күн кешірек, оның үстіне қар жауып, күн суық болған соң, орта жолда Ақтас болысының қазағы Пердебек дегеннің үйіне келіп қондық.

Үй иесі үйінде жоқ екен. Бала-шағалары тосырқаңқырап қалды. Сөйтседе, бұрыннан сүйегіне сіңіп қалған меймандостық кəдесін тас-тасын ба? Шайын қойып, қазанын аса бастады. Бірер сағат өтті мекен? Ойбай, далаға шық: «төре келіп қалды дейді» деп, қатындары саусылдап, əлекке түсіп, абыл-қабыл мейманхана тамына киіз салып, үстіне маңайындағы бар тəуір көрпешесін жайып, шала бүлінді де қалды.

Төрелері кім екен деп, таңырқап отырсам, баяғы жарықтық ишандар-дың тұқымы, əліпті таяқ деп білмейтін, шүлдірлеген біреу екен. Есендесіп отырыстық. Ас келді, жедік. Шай да болды, іштік. Қазақ байқұс бəрін берді. Басқалардан анақұрлым ишанды артық күтті. Шын ықыласын көрсетті.

Бірақ ишан рза болмады. Қазақтың тұрмысының жарақсыздығын, үй иесінің əр түрлі кемшіліктерін айтып, өткізгені бардай-ақ, сөгіп отырды. Қай ишансыз?-деп сұрап едім: «Шыназдағы Төре ишандардан боламыз» деп жауап берді.

Ертесіне мен өз жөніме жүріп кеттім. Ишандар сонда қалды. Өздері екеу, шылауында оралып жүрген екі қазақ, бір өзбек, Бессақал баласы бар.

Мақсаттары: үй иесінің келуін күтбек, ақысы бардай-ақ, киіп, ұрысып отырып, бір малын Нəзірге алмақ. Міне, Ишандарың қылықтары...

Біздің Түркістан аймағындағы бүтін Түрік тұқымын тұрмысқа жарамсыз етіп, қараңғыда қалдырған зиянды елементтердің бірі. Тіпті, ең үлкені де осы ишандар еді.

Түрік қауымы мұсылман болудан бұрынғы қалпынан мұсылман болған соң, мəдениет жүзінде жоғарылай алмады. Қайта төмендеді. Жалпақ, кең, таза, бай əдебиетін бұралқы сөздер қатыстырып, тұнық суды лайлағандай-ақ былғады.

Сенім күштерін нашарлатты, болмасқа нанғыш, сенгіш етті. Адамды əулие көрсетіп, табыншақ қылды. Ақыл-ойын, сезім күштерін де осал-датты, «түстік ғұмырың болса, кештік мал жи» деген аталарының аталы сөздерін ұмыттырды. Келешегін қайғырмайтын тағдыршыл қылды.

Бұл жарақсыздықтардың барлығы да Ишандардың, ғұламалардың кесірінен болды.

Мəдениет жүзінде, дүниеде жасаған адам балаларының ішінде де ең төменгі дəрежедегі жабайы арап халқын аз ғана уақыттың ішінде бүтін дүниеге танытқан, ардақты, үлгі еткен ислам ханундары бізге келгенде жарақсыз болмаса керек еді. Бұл ислам закондарын түкке аспайтын жарақсыз еткен де, сол ишандар, сол ғұламалар болды.

Ислам зақондарының тіршілікке керектілерін жасырды, бүкті, өз-дерінің басқан, хəлін, қамдарын, жан рахаттарын, ислам зақондарын сатты, айырбастады, жүзі қаралық қылды.

Page 255: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

255

Еңбекшіл кедей, жарлылар пайдасына, халық ағарту тұрмысын ауруханаларға һəм басқа да əртүрлі мемлекет шаруасына жұмсады; үшір, хираж, зекет сияқты бай һəм бар кісілерден алынатын əртүрлі алымдарды жинап алып өз қажеттеріне, өз керектілеріне жұмсай бастайды.

Бұл əркімдерді жинауы үшін болмас өтіріктерді айтып, бөжіп, бір қолына жəннəттің, бір қолына тозақтың ашқыштарын тұтып тұрған сияқты, тілегенін жұмаққа, тілегенін тозаққа түсіретін болып, сенімі əлсізденіп қалған түрік тұқымын, əсіресе, қазақ халқын қорқытты. Үрейін ұшырды. Сөйтіп, бұл ескі ғұлама-ишандар өздерінің соқырлығымен тұрмай, жұртты соқыр, көркөкірек қылды.

Жұртқа келген масыл, жұртқа келген салмақты ауру болды. Қысқасын айтқанда, ишандар бір бəле болды, халық алданғыш бала болды.

Халық ишанға соншалық табынған. Бірлі-жарымды оқыған жастары яки оқымаса да біртүрлі себептермен көңілдері оянған саналылары болмаса, ишан біліп айтса да, білмей айтса да, айтқанын жөн, дұрыс, ақ деп біледі. Ишанға тіл тигізсең, кəпір деп сөгіп отырады. Қолынан келсе, ұрып та алады.

Ілгергі Николай хүкметі өз ұлтынан басқаны дүниеде жасатпау мақсатымен, Түркістан аймағындағы майда ұлттарды да əртүрлі қулық-сұмдық арқасында езіп, ұлттығын, тілін, əдетін жойып, өздеріне даяр жеңіс, байлаулы құл етіп алмақшы еді. Бұл өлкедегі майда ұлттарға қай түрлі зиянды нəрсе келсе де, жəрдем бермесе, қарсы тұрмайтын еді. Ел ішіндегі түрлі жолсыздықтарға жол беріп, зорлық-зомбылық, тентектікке қайта күш беретін еді.

Сонда да бұл ишан-ғұламаларға тыю салмады, қайта үлкен кең жол берді.

Енді Кеңес хүкіметінің уағында мұндай алдамшыларға жол берілмеу керек еді.

Жұттан, зорлықтан бір жұтап шаруашылығы күйзелген қазақ хал-қына (амалсыздықтан) хүкімет салығы да салынып, оның үстіне қазақтың өзінің жалмауыз атқа мінерлері өз құлқындарының қанына бірін он қылып, ұлғайтып, діңкесіне тиіп, дендеп тұрған кезінде, жығылған үстіне жұдырық дегендей, бұл шүлдірлеген ишандардың тауанын тартқызу керек емес.

Бұлардың бəлесінен, жұқпалы ауруларынан елді қорғауға керек.Мұны хүкімет басындағы ортақшылдар, əсіресе жерлі халықтың өз

азаматтары айырықша ескеру керек. Мұнан былай ондайлардың ел ішін араламауын, бір түрлі шара жасау керек.

Бұлардың тауаны халықты жұтатып жіберуге əлі келмесе де, сүрінгенге итеру болатыны анық жəне аз да болса түсетін түсім, өнетін өнімдер өз орнына жұмсалуы керек.

Page 256: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

256

Бұлардың тауанынан артық халықтың рухына жұқтыратын жұқпалы дерттері болмақ.

Сол үшін бұларға тыю салу жұмысын екпінді жұмыстардың бірі деп санау керек.

Т.Отарбаев

Жарлық

Сырдария облысындағы барлық үйез, қалалық, райондық партия комитеттеріне һəм əскерлер араларындағы партия ячейкелеріне.

1923 жылы 5 мартқа Сырдария облыстық партия конференциясы шақырылады.

Күн тəртібі: 1) Облыстық һəм қалалық партия комитетінің істеген ісі туралы баяндамасы. 2) Контрольный. 3) Партия құрамалығы. 4) Партия ішінде партия мүшелеріне тəрбие беру. 5) Партия еместер араларында жұмыс істеу туралы. (Ихан, Кустар, Еңбекшілдер, Қосшылар, Кəсіпшілдер ұйымдары, саясат ағарту істері, діншілдерге қарсы істер. 6) Жастар араларында жұмыс істеу. (жастарға мектептер ашу) 7) Аймақтық партия сиезіне уəкілдер сайлау. 8) Облыстық партия комитетіне мүшелер сайлау. 9) Контрольный комиссия сайлау. 10) Ревизияны (тексеру) комиссия сайлауы.

Облыстық партия конференциясына һəм үйезі партия мүшелеріне 30-дан 1 уəкіл, Түркістан үйезі облыстық конферениясында 3 уəкіл жібереді. Облыстық партия конференциясына дейін үйездің һəм райондық партия конференциялары болып өтеді. Үйездің һəм райондық партия конференциялар 25 февральда болып өтуге тиіс.

Үйездің партия конференцияларына: Ташкент үйезі 20 дан 1 уəкіл, Түркістан үйезі 5-тен 1 уəкіл, басқалары 30-дан 1 уəкіл сайлайды. Райондық, үйездік конференцияда қаралатын мəселелердің қаралуы өтініледі.

Райондық һəм үйездік партия комитеттерін сайлағанда, жастарға һəм əйелдер бөліміне бір-бір орын берілуі керек. Əскерлер араларындағы партия ұйымдары облыстық конференцияға 50-ден 1 уəкіл һəм үйездік конференцияларға 10-нан 1 уəкіл жібереді.

Сыроблгорком партия комитеті.

Оқу жұмыстары жұртшылықтан туып, жұртшылыққа құрал болуы тиіс

Алдымыздағы осы феварльдің 15-де оқу жетісі басталмақ. Сол жетінің ішінде Түркістан мемлекетінде халық ағарту жұмысы қолға алынып һəм

Page 257: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

257

оның мұнан бұлай алаңсыз-уайымсыз ілгері басып кетуіне жол салсақ, бұл жеті хүкімет кеңселерінің, əлеумет ұйымдарының жəне жалпы жұрттың да назарын оқу жұмысына салып, халық ағарту майданына күш аударуға бас болмақ. Бұл жетілік жаңадан халық ағарту жөнін іздеп, мектептерді қандай қылып жасаймыз деп, кеңесу үшін істеліп отырған жоқ. Халық ағарту жұмысының қаражат жағынан кемшілігін жою үшін, бұрын салынған жолдардың ашылған мектептердің салық алдында ықтиярын күшейту үшін істеліп отыр. Бұл айтылғандар халық ағарту жұмысы бұрыннан бастаулы оқу үйлері, мектептері бар жұрттарға дұрыс келеді. Қырғыз-қазақ арасынан басқа һəм ауылда істелмесе, бұл айтылғандардың іске асатын, жұмсалатын өзі болмай қалатын, мектеп салу жөніндегі міндеттер көлденең тұр.

Екінші түрде айтқанда, қырғыз-қазақтың алдында тұрғандар бар. Мектептерге жəрдем ғана жыю емес, көбейтіп, керегіне мектеп ашып, мектептердің жол-жобасын дайындап, қырғыз-қазақ жұртында осындай бар деп айтарлық əрі орнаған бір мектеп жоқ деп, қоймай естіп келеміз. Ояздық жерлерде қалқайып, қырғыз-қазақ мектебі аталып тұрған оқу орындары көп болса да, дұрыс бір мектебі жоқ. Мектеп керек дегеннен тана алмаймыз.

Мектеп деген жалпы жұрттың керек қылуымен, көпшіліктің жалпы халіне керекті түрде, жұртшылықтың жалпы талабының екпіні болуы керек. Мектепте оқу жұмысы, тіршілік шарқы шаруа талабының қамына лайық болуы керек. Мектептің негізі бастауыш мектеп ана тілінде оқытылуы керек һəм тəрбие жолының түрлі əдістері ана тілінде түсінікті түрде іске асырылуы керек.

Һəм бұл айтылғандар іске асу үшін жарамды, міндетін білетін мұғалімдер керек, жеткілікті оқу құралдары, тəрбие аспаптары керек. Осы айтылғандар бар болғанда ғана, мектеп бар деуге болады. Қырғыз-қазақ арасында бұл айтылғандар түгел жоқ.

Сондықтан, мектеп деп жүргеніміз басқаларға еліктеп, бізде де бар деп көңіл жұбатуға ашылған құр орындар. Əлі жұрттың шаруа талабы анықталып, тұрмыс түрі орныққан жоқ. Жұртшылық жоқ, жұртшылық-тың қажеті айқындалған жоқ, мектеп жоқ һəм ауыл мектебі болуға жұрт жатыққан жоқ. Сондықтан, оқу жұмысында жүргендер де, жұрт атынан сөйлеуші жұрт адамымыз дегендер де, оқу туралы əркім ойына келгенін айтып жүр.

Біреулер ұлт мектебі керек дейді, біреулер орыс тілінде оқытатын мектеп керек дейді. Біреулер ешнəрсе деп үн шығармастан, сарт тілінде мектеп ашып, «шондақ» деп іс білдіріп жатыр. Барлығына көніп, барлығының тəртібіне төтеп беріп, жетегіне желе басып еріп, өз талабы жоқ болса да, онысын əлі анық сезіп жеткен жұрт жоқ.

Көбінесе оқу туралы ойлаушылардың, сөйлеушілердің осы күнде

Page 258: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

258

айнала айтып жоқтайтыны, ескі қалып болып бара жатыр. Орысша мұсылманша мектептерді қайта ашу, орыс тілінде оқытуға қайта түсу керек. Бұрынғымыздан айырылып қалдық деген сөзді екінің бірінен естиміз. Қырғыз-қазақта орысша оқығандар көбірек, орыс тілінде оқытатын орыс мектептері бір заманда жұрттың оқуы керек қылған талабының барып тұрғаны болған. Бір ай орысша оқығандар қанша көп болса да, жұрт емес һəм орыс тілін керек қылған заман сазы, ел билеу қажеті болған жалпы жұрттың талабы емес һəм осы күнге дейін анықталмаған. Ол күнде ұстағанның қолында, тістегеннің аузында жүрген қырғыз-қазақ жұрты тілмаштардың жетегінде сөз бұйда болып, əуреленген, патша хүкіметіне тілмаш керек болған. Ел билеу үшін тілмаштарға орысша білу керек. Шен алу үшін, мал табу үшін, басқа түк талап болмаған. Сондықтан, оқу жолында ескіні жоқтау иə аңғырт надандық, иə жұртты ұмытып, ескі қалыппен адасқандық, иə əдейі қара басымшылықты сақтағандық, қырғыз-қазақ арасына мектеп мəдениеті, кітап мəдениеті əлі орнаған жоқ. Орнаған жерлерде (əсіресе Сырдария облысында) иə сартша, иə орысша, қырғыз-қазақтың ұлттық бет аузы жоқ. Сондықтан қара сөзін қазақ иə қырғызша айтып отырып, көп мырзалар қолына қалам ұстаса болғаны, «шондақа» жыны ұстайды.

Ең əуелі жұртшылық жағынан, жалпы жұрттың көңілі ағарып, көзі ашылу жағына келсек, қырғыз-қазақ халқы бірден сарт, иə бірден орыс болып кете алмайды һəм болуының да ешкімге керегі жоқ. Қырғыз-қазақтың өзіне ұлтшылығын, жұртшылығын сақтау əр жағынан керек.

Сондықтан, жалпы оқу, жақсы тəрбие, жұрт мектебі жұртшылық талабы ұлт мектебі болу керек һəм ұлт тілінде, қырғыз-қазақтың ана тілінде болуы керек.

Екінші, тіл мəселесінің түп мəнісін тексерсек, жат тіл жолдан қалдырмақ. Тəрбие толық болу үшін бір тілде жөндеп ойлап, жөндеп сөйлей білу жекілікті. Тілді көп білу оқымыстылықтың, тəрбиеліліктің, ақылдылықтың белгісі емес. Тілді мəдениет құралы қыла алып, тіл арқылы тəрбие тауып, ойы тереңдеп, көңілі ағарып, көзі ашылған есепке алынады.

Ондай тəрбие тілі қырғыз-қазақтың жалпысына өз ана тілі. Ондай орын қырғыз-қазақ халқының ұлт мектептері.

Жат тілге құмарлық, жат жұрттың бастауыш мектебін өзіңдікі деп санай беру, бірінші, жұрттың көпшілігін оқудан, көңілі ағарудан қалдырмақ, екінші көп жұртшылықтың жойылуына һəм еш уақытта болмауына себеп болмақ, үшінші, тəрбие жолына оқуды жеңіл қылу ережелеріне қарсы. Сондықтан, кезектегі жұмыстың үлкені ұлт тілінде жұрт меткептерін жасау жұртшылыққа жол салу, жұртшылық талабына жарасты қылып оқу жұмысын жүргізу.

Тоқтыбаев.

Page 259: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

259

Еңбек - өлім, жан қанатын қиятын...

Еңбек – өлім, жан қанатын қиятын,Еңбек – өлім, жанды ашудан тиятын Еңбек деген еңбектеген мылқау дию, Жаншып жанның сұлу сынын жоятын.Ерді, еңбек, от жүректі жерлейді,Жанға аспанға ерлеуге ерік бермейді.Еңбек езіп, соқыр қоңызға айналып,Сорлы адамзат кекте күнді көрмейді.Еңбек қарғыс, адамға ашу алладан, Адамзатқа «еңбек қыл» деп қарғаған. Мəңгі байрам жұмағынан айрылып,Адам баста «дүние» деп зарлағанӨткен заман малғұн еңбек билеген,Адамзаттың ой-қиялын илеген,Сол еңбектен қарын тойып қампиған,«Тəңірің мен...» деп жерге, көрге сүйрегенМəңгі байрам, көктегі жұмақ ұмытылған,«Забур», «Тəурат», «Інжіл», «Құран» жыртылған.Қазақстанның ашық кітапханасы Идеал үлкен, Айса, Мұса келемеж,Жалғыз ғана қарын қалған қампиған.Құлдық сіңген адамзаттың бойына,Мəңгі байрам келмейді оның ойына.«Жаса, еңбек!» деп жазып алған туына, Даярлаған азаттықтың тойына. Еңбек осы ой-қиялды байлайтын,Еңбек осы, қартқа қол сап айдайтын.Сүйреп жүріп лағнаттың қамытын,Заман қайда мəңгі байрамды ойлайтын?!Адамзаттың тəні түгіл, жаны құл.Адамзаттың ой-иманы, ары құл.Азған адам қолын ұрмақ құлдыққа,Адамзаттың бəрі-еңбекшіл, бəрі құл.Келер ме күн еңбек малғұн өлетін,Ит қарынды қорылдатып көметін.Қиялдың ақ қанатына қонып ап,Мəңгі байрам дүниесіне кіретін?Келсе сол күн, мен күн болып күлер ем.Келсе сол күн, жүйрік желдей жүрер ем...Келсе сол күн, о дариға, жұртымаСудай сұлу жырлар жырлап берер ем.

Мағжан

Page 260: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

260

«ШОЛПАН» ЖУРНАЛЫ (1922–1923)

«Шолпан» журналы Түркістан Орталық партия комитетінің органы болып Ташкент қаласында басылды. «Шолпанның» 1-санының мұқабасында «саясат-шаруашылық, білім-əдебиет туралы айында бір шығатын қырғыз-қазақ журналы» деп жазылған. 1922 жылдың қазан айынан 1923 жылдың маусымына дейін барлығы 8 саны жарық көрді. Шығарушысы əрі бас редакторы – Иса Тоқтыбаев.

«Шолпан» журналының маңайына Нəзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Санжар Асфендияров, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Мағжан Жұмабаев, Шəкəрім Құдайбердиев, Мұхтар Əуезов, Міржақып Дулатов, доктор Халел Досмұхамедов, доктор Иса Қашқынбаев, этнограф Əбубəкір Диваев, Мырзағазы Есболов, Кəрім Жаленов, Аққағаз Досжанова, Əбдрахман Оразаев, Сара Есова жəне тағы басқа қайраткерлер мен алаш ардақтылары шоғырланып, əртүрлі тақырыптарға қалам тартқан.

«Шолпанның» алғашқы саны ғана жеке басылған, кейінгі сандары 2-3, 4-5, 6-7-8 болып бірге жарық көрген.

1-санының мазмұны:1. Саяси һəм жалпы бөлім;2. Шаруашылық;3. Партия тіршілігі;4. Білім бөлімі;5. Бұйрық-жарлықтарМақалалар осы айдарлары аясында жарық көреді. 1,3-сандарында

«Білім бөлімі», 4,5-сандарында оған қоса «Ағарту бөлімі», ал 6,7, 8-сандарында «Оқу бөлімі» жəне «Тарихи бөлім» атты жаңа айдарлар қосылған.

Журналдың тоқтап қалу себебі «Қазақстан ұлттық энциклопедия-сының» 4-томында: «... жеке мақалаларында буржуазияшыл-ұлт-шылдық қате тұжырымдарға жол берілген деп есептеліп, осыған байланысты журнал 8-саны шыққанан кейін 1923 жылдың мамыр айында жабылды» деп көрсетілген.

Page 261: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

261

Қадірлі жолдастар!

Партия конференциясында болған баяндама, шығарылған қарарларда айтылған бүкіл Россия коммунистер партиясының соңғы көрсеткен жолдарын тіршілік жүзінде жүргізу реттерін қарастыру біздің конфе-ренцияның мойнындағы ісі еді.

Партия конференциясында шығарылған қарарлар, Түркістан ком-мунистер партиясының керекті істерін белгіледі. Сондықтан, партия конференциясы һəм Түркістан коммунистер партиясы, Россия ком-мунистер партиясының көрсеткен жолдарын һəм соларға сүйеніп шығарған қарарларды, осы хат арқылы Түркістан коммунистер партия-сының барлық мүшелеріне білдіруді тапсырды.

Ұлт мəселесі – шешілетін зор мəселелердің ең үлкені саналады. Байлар һəм патшашыл хүкіметтің тұсында салынған жолға қарай келімсектер қожалығы жүруі бірте-бірте тоқталып, һəм бір ғана ұлттың пайдасын ойлаған ұлтшылдықтардан тартынып, бір жағынан Түркістанда бар барлық ұлттардың, рулардың еңбекшілері серіктесіп екінші жағынан бүкіл Россия еңбекшілеріменен бірлігі табылу жолын қолдайтын саясат бұрынғыдай жүре береді. Жəне де көзбенен қаралы іс негізі тіпті өзгерілмейді. Қай жағынан қарағанда да, тіпті жаңа шаруа саясаты болса да бұрын жүргізілген жер реформасы кедей дихандар көпшілігін азаттыққа бастау саясаты жаңармайды. Жəне де жергілікті еңбекшілірдің жаңа аяқталып келе жатқан жергілікті сауда капиталына қарсы тұруы, кейбір жерлерде биікшілдік дəуірін жаңарту істеріменен күресуі үшін жəрдем беру істер де жаңадан тағы өзгерілмейді.

Жаңа жол іздеп, жаңа саясат құрастыру құрғақ əңгіменің соңында жүргендікке келіп тоқтайды. Өйткені, түсінігімізге лайықтап һəм əдіс, программаға сиыстырылып жолымыз ілгеріде түзу белгіленген, Һəм бөтен көрсетілген тіпті жол жоқ.

Біздің шаруашылық туралы енді істейтін ісіміздің де жөні осындай. Қолдан суғарылатын жердің мөлшерін бұрынғы санға жеткізіп, тайымы егілетін егістіктің ауданын кеңейту. Мақта шаруасын жаңарту, ең əуелі қазіргі пайдаланып жүрген арықтарды жөндеп тағы жаңадан арық шы-ғару. Мал шаруасын молайту. Ақша мəселесі һəм азық-түлік ісін тəртіпке салу, қазіргі керекті істердің жөні мінекей. Осы негізді жаңартудың тіпті қажеті жоқ. Һəм керекті істер тіпті өзгерместен бұрынғы сияқты тіршілік жүзінде жүргізілудің ретін күтіп тұр.

Кеңес хүкіметінің құрылысы партия һəм ағарту ісі туралы керекті істері осы сияқты ілгері белгіленген. Енді, оған қосылатын нəрсе жоқ. Сөйтсе де, біздің кеңес һəм партия құрылысымыз туралы програм-мамыздың негізінде көрсетілген жол-жобаларымызды жүзеге шығару үшін, құрғақ əңгімелерден іске өтудің заманы туып отырғаны анық.

Page 262: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

262

Мұның өте керектігі əсіресе, біздің партия конференциясында сезіліп тұр.

Біздің Түркістан коммунистер партиясы, осы уақытқа шейін бұл ашық көрсетілген мақсаттарды іс жүзінде орындай алмаған. Түркістан коммунистер партиясы əсіресе, бастықтары партияның отаршылық һəм ұлтшылдық тақырыпты ашық айтқан сөздеріне қарамай, бұл мəселелер туралы құрғақ таласпен өткізген көп жерлерде, партия ұйымдары қызметке зиянды майда таптарға бөлініп, кейбір керекті еңбекшілерді үркітіп орынсыз майда саяси күреспенен өткізген. Мінекей, осылардың барлығы шаруашылық һəм ел билеу құрылыстарын түзетуге кесірі болып, жергілікті еңбекшілердің партия һəм кеңесшіл хүкіметіне жақындаспауына себеп. Бүкіл Россия коммунистер партиясының кіндік комитетінің көрсеткен жолдарын ауызбіршілікпен жүзеге шығаруға Түркістан коммунистер партиясының барлық мүшелеріне ұсынады.

Бірінші орында шаруашылық мəселелерін қоюды, һəм шет жерлерде ел билеу бөлімдерін тəртіпке салып түзетуді керек қылады.

Қайсы мемлекет һəм партия бөлімдерінің партия мүшелерінің істеген ісі болса да, осы жақтан сыналып қана қаралуы тиіс.

Кейін қалған Түркістанда ұйымдастыру істерін жолға салу, жергілікті еңбекшілердің шаруашылық мұқтаждарын жөндіктіру үшін һəм оларға кеңестер құрылысының пайдалы екенін байқату үшін іс-жүзінде ашық, һəм түсінікті қылу өте қажет.

Сондықтан істің ең зоры – сөздерде шығарылған қарарларда емес, жергілікті диханның шаруасын түзету үшін қылынған жұмыста. Мемлекет бөлімдері, партия ұйымшалары қыстақтарда дүние молай-тып, өнімді көбейтуінде. Жергілікті халықтар алдында үлгілі болуда, мемлекет бөлімдерінің, һəм партияның істейтін істерінің жергілікті тұрмыспен байланысы зор болуы қажет. Сондықтан барлық шығатын бұйрық-жарлықтар диханменен байланысуы өте керек. Бұл шаруа-шылық мақсаттарын жүзеге шығаруға зиян келтіретін себептердің бірі – басбашылық. Сондықтан басбашылықпен күресу партия һəм кеңес хүкіметінің орны болуы керек. Бұл мəселені орындау үшін барлық күш-қуатты сарп етіп, ауызбіршілік қылып қарсы тұруымыз керек.

Басбашылық құртылмаса Түркістанда шаруашылықты жөндіктіру мүмкін емес екендігін де жақсы білу керек. Уақыфтарды қайтып беріп, діни мектептер ашқызып, һəм қазыларға жол беріп баспашыларды саяси жағынан күшсіз һəм зиянсыз қыламыз деген пікір үлкен қата. Бұл сияқты еріктер егер баспашылықпен күресудегі жалпы тəртіптер қатарында берілген болса, бəлки пайдалы да болып табылар еді. Ең түпкі түйін – Кеңестер хүкіметі шаруашылық жағдайында пайдалы екеніне диханды сендіру. Сондықтан, диханға жəрдем үшін берілетін һəр бір пұт тұқым, əрбір аяқты мал, һəм диханшылыққа керекті аспап.

Page 263: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

263

Баспашылыққа құралдар мінекей осы. Бұны істемек түгіл өз арамыздағы хүкімет бөлімдері патшашыл шенеуніктер, халықты тонаушылардан хүкімет дүниесін ұрлайтындар сияқты кісілерден де əлі тазаланбаған. Мұндай хүкімет бөлімдерінде отырғандарды құрту үшін, барлық хүкімет бөлімдерін, ауыл іс атқару бөлімдерінен бастап облыстық мекемелерге шейін жаңадан көзден өткізу қажет.

Сондықтан, бұл істерді тегіс жүзеге шығару үшін партияның күшті болуы керек. Өйткені, партияның күшсіз болғандығынан, кеңес құрылысында түзелмегені Түркістан тəжірибесінен көрініп тұр. Бірақ бұдан былай оны құрту керек.

Партия бөлімдерін бастан аяғына дейін күшейтуге, партияның ішкі құрлысын һəм тəрбие ісін тəртіпке салуға кірісу қажет. Партияның кезекті мақсаттарының бірі жас буындар менен мектепті түзетіп қолға алу, һəм білімге талпынған жергілікті жастарды діни һəм ұлтшыл мектептерден сақтап қалу.

Партияның тағы да айрықша ескертетін кезекті істерінің бірі – партия ішіндегі кейбір бетіменен кеткен ұйымдардың, һəм мүшелердің майда таптарға бөлінуін еш нəрседен қайтпай құрту. Майда таптарға бөлінудің орнына Ферғана сияқты күйзелген аудандарды көтеруге, мал шаруашылығын түзетуге, мақта шаруасын тірілтуге, су сақтау істерін жөндеуге кірісу қажет. Байлықты молайтып, жергілікті еңбекшілердің тіршілігін түзету, ел билеу істерін һəм партияны күшейту үшін қойылған кезекті мақсаттардың төңірегінде барлық партия мүшелерінің болуын 7-ші аймақтық партия конференциясы ұсынады.

Біріне-бірі сеніп, бірін-бірі сыйлап дихандар менен жұмысшылардың мақсаттарын орындау үшін өзгеріс жолында қызмет етуге, барлық партия мүшелерін 7-ші аймақтық конференциясы шақырады.

Коммунист сəлемі мен 7-ші партия конференциясының тапсыруы бойынша 6-шы аймақтық конференциясының басқармасы.

Қазақ-қырғыз білім комиссиясы жайынан қысқаша баяндама

Қырғыз-қазақ білім комиссиясы 1921 жылдың басында Түркістан халық-ағарту Комиссариятының жанында ашылған. Комиссияның мақсаты – қазақ-қырғыз мектептері үшін оқу кітаптарын даярлау. Қазақ-қырғыздың халық əдебиетін жинау, білім əдебиетін көркейту. Сол секілді мəдениет жұмысын ұлғайту болды.

Түзелісімен комиссия мектептер үшін оқу кітаптарын даярлауға кіріскен Байтұрсыновтың, Дулатовтың оқу кітаптарын қайта бастыруға берген. Қазақ-қырғыз азаматтары жиылып, бірнеше рет мəжіліс жасап

Page 264: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

264

оқу кітаптарын жазамыз деп уəде берген. Жазушылардың тұрмысын түзетуге, тіршілікпенен жеңілтуге түрлі шарттар қойылып, қаулылар шығарылған. Бұл қаулылар орындалмаған. Жазамыз деген дерек жалғыз жарымы болмаса, көбінің уəдесі дерексіз кеткен. Жазылған кітап жарытып болмаған.

Диваевтан сатып алынған материалдар Жетісу, Сырдария облыс-тарындағы қазақ-қырғыздар арасынан жиылған. Материалдар комиссияға алынған.

1921 жылдың күзінде Компростың бір бас мекемесі болып білім кеңесі ашылды.

Қазақ-қырғыз білім комиссиясы осы кеңестің бір бөлімі болды. Комиссияның мүшелері қайта сайланды.

Білім кеңесі біраз уақытты шара жасап, жолын түзеуге жұмсады. Қазақ-қырғыз білім комиссиясында сондай жұмыспен əуре болды.

Комиссияның жүрісі түзеліп, жолы ақталды. Қазақ-қырғыздарға керек мəдени білім жұмысын қазақ-қырғыз білім комиссиясы қолдайтын болды. Оқу-білім, көркем əдебиет, тарих этнография, саясат-үндеу, библиография деген бес бөлімге бөлініп комиссияның жұмысы ұлғаятын болды. Əр бөлімнің басында бір мүше тұратын болып, комиссия бес мүшеден түзелді. Комиссияның кеңес жұмысшылары анықталды. Мамандар (специалистер) шақыруға ерікті болып, қаражат берілетін болды. Білім комиссиясы білім жұрты болып аталған аймақтық Қазақ-қырғыз институтымен байланысты. Қазақ-қырғыз институтындағы мұ-ғалімдер, білім комиссиясының білім жолындағы жұмысын істейтін болып міндеткер болды.

Осындай жобамен іске кірісе бастағанда, комиссияның төбесіне ескермеген бір нəрсе тап ете түсті. Бұл жаңа шаруашылық саясаты болды. Бүтін Республикада мекемелерді құру, жұмысшыларды азайту, мемлекет шығынын əбжету жұмысы басталады.

Білім кеңесіне де, білім комиссияларға да əбжу керек болды. Бұл əбжуден білім комиссиясы құйрық қанаттарынан айырылып шықты. Білім комиссиясында тек үш кісі ғана қалды: бірі төбе ағасы, бірі мүшесі, бірі білімді хатшы. Өңге жұмыскерлердің бəрі тарқатылды. Осы үшеуі ғана керекті жұмысты істейтін болды. Білім жұмысы қолдан келетін кісілер комиссияға белгіленіп байланбайтын болды. Комиссия мүшелерінің үлгере алмаған жұмыстарына мезгілді жұмысшылар шақырылатын болды. Білім жұмысының ақысы келісуімен берілетін болды. Мезгілді жұмысшыларға төлеуге бүтін керек жарақтарына жұмсауға, білім комиссиясына жүгірту(операция) ақша берілетін болды. Түзелген бағыт бұзылды. Ұйғарылған жұмыстардың бəрі қылынды. Бұрынғы ұлы жолды тастап, жұмысты ойға шақтап істеу керек болды. Жүгірту ақшаны компрос комиссияға тауып бере алмады. Комиссия қағазға, сияға, отынға,

Page 265: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

265

шамға, қалам-қарындашқа зар болды. Айлық маянасын дұрыстап ала алмайтын болды. Баспа үшін даярланған сөздерді, көшірген шəкірт балалардың жартымсыз ақысын төлей алмайтын күйге түсті. Хəл-жайын айтып қанша зарласа да білім кеңес комиссияға ақша тауып бере алмады. Білім комиссиясының мұндай жайын көріп, 1922 жылдың басында түр-түсінің біраз кеңсе саймандары мен ақша жəрдем берді. Осы жəрдем комиссияның едəуір белін көтерді. Біраз жұмыс істеп, қарыздарын өтеуге себеп болды.

Косириустан, білім кеңесінен қазақ-қырғыз білім комиссиясына жүгірту ақша осы күнге дейін берілген жоқ.

Осындай күйде болып білім комисссиясы осы күнге жетті. Алдымыздағы күндеріміз тəуірірек болар деген үмітіміз бар. Білім кеңесі жүгіртуге смета бойынша ақша алмақ. Бұл ақшадан қазақ-қырғыз комиссиясына да үлес бермек.

Осындай нашар халде болып тұрғанда білім комиссиясының қолынан айтарлық жұмыс келмеді. Ақы беріп білімділерге жұмысын істете алмады. Азды-көпті істеген жұмысына қазақ-қырғыз иниститутындағы бір қатар шəкірттер, бірлі-жарымды мұғалімдер жəрдемші болды. Бұлар азғана болған жұмыс ақына қарамай, жазылғандарды көшіруге, тексеріп шығуға, корректура ұстауға жəрдемші болды.

Алғашқы ұйғарған кең жолды қойып, комиссия қолынан келерлік қана жұмыстарға айналды. Ең керекті екпінді жұмыс деп комиссия бірінші, екінші басқыштарға оқу кітаптарын даярлауды тапты. Сонан соң комиссиядағы жиылып жатқан халық əдебиетін түстеп тізіп тергеп, тексеріп баспаға даярлауды ұйғарды. Осынша жұмысы баспаға берілген кітаптардың тез дұрысталып, басылып шығуын қарастыру болды.

Мектеп кітаптарын даярлауға, комиссия өте назарын салды: бірнеше жиылыс жасады, қазақ азаматтарын оқу кітаптарын жазуға шақырды. 1922 жылдың аяғында мына азаматтар мынадай оқу кітаптарын жазып бермекші болып уəде берді:

1) С. Қожанов «Арифметиканың» бірінші бөлімін.2) К. Жаленов «Арифметиканың» екінші бөлімін.3) А.Таныбаев «Педагогиканы».4) Ф. Ғалымжанов «Арифметикадан абсейттікті».5) Х. Досмұхамедов «Жануарлар жайынан».6) С.Оспанов «Қазақ-қырғыздың тіліндегі сөздерді түзеуді».Бұл кітаптардан жануарлардан басқа комиссияға кітап тапсырылған

жоқ.Естуімізде, Қожанов пен Жаленовтың кітаптары жуық арада қолға

тисе керек: Таныбаев пен Ғалымжанов іске кіріскен жоқ, Оспанов сөздерді тізіп жүрсе керек. «Кітап жаз!» деп тапсырылған азаматтарға еш қолайлы шарттар қоя алмадық. Бұларға ақша жағынан болсын, тұрмыс түзеу

Page 266: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

266

жағынан болсын жəрдем бере алмадық. Сондықтан неге кітап жазбайсың деп өкпе айтуға болмайды. Жəне де тезден жазып бер деп асықтыруға да ұят. Тамақ асырап тұрған жұмысыңды тастап, аш-жалаңаш болсаң да, көптің жұмысын қыл деп төрт-бес жігітті қамыттауға болмайды.

Комиссияда жиылып жатқан халық əдебиетінен алдымен, Диваев материалдары тізіліп, тіркеліп, түстелді. Көбі тіркеліп дұрысталып, қайта көшірілді. Жазбасы өте нашар, танылмайтын бір азғана бөлігі көшірілмей, тексерілмей тұр. Көшірілгендерінің көбі қаралып, баспаға даярланды. Жетісудан жиылған материалдар түстеліп, номерленіп тіркелді.

Бұлардың тізілген жинағы компростың жаңадан шыққан «Наука и просвещение» деген журналының бірінші нөмірінде басылды. Сырдариядан жиылған материалдар түстеліп, тіркеліп жатыр.

Комиссиядағы жиылып жатқан халық əдебиеті тым көп, жиылғанда бұлар ретсіз, жолсыз қалай болса солай жиылған. Көбінің жазбасы өте нашар. Бұларды тергеп, тексеріп анықтау өте қиын жұмыс. Сондықтан бұларды дұрыстап баспаға даярлауға, комиссияға бұл күйінде көп уақыт керек.

Білім комиссиясының сынынан өткен кітаптар басылуға мемлекет-тің баспасөз таратушы мекемесіне (Госиздатка) тапсырылады. Заң бой-ынша «Госиздат» өз ісіне өзі ерікті. Ешкімнің нұсқауын алмайды. Қолына келген кітаптардың қашан басылуы, қалай басылуы «Госиздаттың» толық еркінде.

Жаңа шаруашылықтың салдары 1921 жылы Госиздатқа да тиеді. «Госиздат» мемлекеттен ақша алмайтын, өз шығынын өзінің пайда-сымен толтыратын, өзін-өзі ақтайтын мекеме болды. «Госиздат» құрыла бастады. Шығындарын азайта бастады.

Басылуға қабыл алынған кітаптардың жазу ақысын (гонорарын) Госиздат беретін еді. Шығынын кеміту үшін «Госиздат» жазушылардың қалам ақысын екі бөліп төлейміз деп қаулы қылды. Ақының жартысы кітапты тапсырғанда берілетін, жартысы кітап басылып шыққанда берілетін болды. Бұл қаулы білім комиссиясына жығылғанның үстіне жұдырықтай болып тиді. Кітап жазушылар уақыты мен таксе бойынша ақысын ала алмайтын болдық деп жазудан тіпті безерге қалды.

Ташкендегі мұсылман баспаханаларының жайы бұрыннан да онша жақсы емес еді. Мұсылманша кітаптар өте шабан басылатын еді. Жаңа шаруашылық саясаты баспаханаларға да салқынын салды. Қағаз, харіфтер, баспаға керек саймандар, құралдар мезгілімен жетісіп тұрмады. Кітаптардың шабан басылуына мұның бəрі себеп болды.

Жазылған кітаптар тез басылып шығу керек. Жазылған сөз тез басы-лып шығып тұрса, арналғандарға тиетін төте пайдасынан басқа да көп əсер береді. Ішіндегі сөздері сыналып, əсіресе, ғылым атаулары (терминдері) көптің сынына өтіп, қолданып білім тілін байытып, ғылым тілінің бір

Page 267: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

267

жолмен жүруіне себеп болады. Бұл бір, екінші соңғы жазушыларға көп тəжірибе береді.

Үшінші, жазушының өзі көңілді болып тағы да жазуға тырысуға себеп болады. Төртінші, сөз жазғысы келіп жүректеніп жүргендерге еліктеуге себеп болады.

Өткен күн бос кетпейді. Келешек күнге тəжірибе болады. Қалай болғанда да, осы күндерде қазақ-қырғыздың білім əдебиеті күннен күнге аз да болса ілгері жорғалап келеді. Білім əдебиетінің негізі – ғылым атауларын дұрыстап тағу. Өзінің жақсы білетін пəнін қолға алып, бұны қалайша қазақша аударамын деп, алғы соңымен шатасқан кісі ғана ғылым атауларын дұрыстап таға алады. Бұндай кісілер кітап жазушылар. Бұлардың пікірі ұлғайып, тəжірибелері көбейіп, кешегі дұрыс деген ғылым атаулары бүгін қолайсыз болып қалуы мүмкін. Баспаға бір берілген кітапты қайта алып түзеуге болмайды.

Күнінде көріс болған кітап кешігіп шыққандығынан ғылым тілі жағынан ескіріп қалуы мүмкін. Сондықтан қазақша жазылған білім кітаптары тез басылып шығуы керек.

Білім кітаптары əсіресе, оқу кітаптары техника жағынан епсіз болып, дұрыстап басылып шығуы керек. Алғашқы уақытта қазақша басылып шыққан кітаптар техника жағынан өте нашар болды. Бұның себептері басқаларда саймандардың кемдігі, қазақ-қырғыздан харіф түзеушілердің жоқтығы. Қазақ-қырғыздан корректорлердің болмағандығы болды.

Білім кітаптарының дұрыстап басылуына қазақ-қырғыз білім комис-сиясы қам қылмаса болмайтын болды.

Жоғарғы айтылғандардың бəрін еске алып, білім комиссиясы «Госиздатпен» байланысуды, біргелесіп жұмыс қылуды міндет тапты. «Госиздаттың» басындағы адамдар да бірлесіп жұмыс қылуды, дұрыстап білім комиссиясының бұл пікірін хош көріп, қабыл алды.

Госиздаттың қаулысы бойынша, білім комиссиясының өкілі кол-легияның мəжілісіне кіретін болды. Бұл уəкіл мұсылман баспа істері туралы коллегияның мүшесіменен бірдей хұқықты болды. Госиздатта білім комиссиясының уəкілі болуы, баспаханалардың жай күйімен танысуға, қазақша кітаптардың жылдамырақ дұрысталып басылуына кедергі болған нəрселерді жоюға аз да болса себеп болды. Жаңа шаруашылықтың саясатына көндіккеннен соң, Госиздаттың өзі де мұсылман баспа сөздерінің гүлденуіне зейінін салды.

Жазушылардың қалам ақысын бірден беретін болды. Кітаптардың дұрысталып шапшаң басылуына ажтағат ететін болды. Біздің бір нашар жеріміз – қазақ-қырғыздан корректорлердің жоқтығы. Кітаптың корректурасын ұстау деген қиын нəрсе. Білім кітаптарының əсіресе, оқу кітаптарының корректурасы енді зейінді, орнықты болуды сүйеді. Көп уақыт алады. Корректорліктің ақысы көп болмайды.

Page 268: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

268

Сондықтан осы күнге дейін қазақтан корректорлікке маман болып шыққан кісі таба алмадық. Қазақша басылған кітаптардың қатарының корректурасын білім комиссиясының мүшелерінің өзі ұстайтын болды. Бірқатар корректураларды жалынып, жалбарынып шет кісілерге ұстаттырды. Білім коммиссиясының мүшелері уақытын корректура ұстап өткізеді деген ұнамайтын іс. Білім комиссиясының алдындағы бір жұмыс –қазақтан корректорлар табу.

Қазақ-қырғыз білім комиссиясы мекемесі мемлекеттің білім кеңесінің жұмысшы ұйымының бірі болып саналады. Сондықтан білім кеңесінің ұсыныстарын, нұсқауларын орындау, түрлі білім, əдебиет, мəдениет комиссияларда, жиылыстарда, мəжілістерде болу. Қазақ-қырғыз жайынан керекті мағлұматтар беру, пікірін айту, өз ақы жолы үшін таласу, қазақ-қырғыз білім комиссиясына əрі мұқтаж, əрі міндет өткен қыста бірнеше жиылыстар, мəжілістер болды. Үлгі үшін төменгілерді көрсетеміз.

1) Бірінші профессор Қалуевтың, Байтұрсыновтың «Тіл құрал» туралы баяндамасы.

2) Профессор Полиевтің «Түрік грамматикасын қалай түзеу керек?» деген баяндамасы.

3) «Өзбек халқының мəдениет һəм халық ағарту жолындағы жұмысшыларының сиезі».

4) Ұлт комиссариятының жанындағы қазақ-қырғыз бөлімінің құрған түрлі мəжілістері.

5) Білім комиссиясының өзінің түрлі жиналыстары. Мəселен: жаңа жазылған кітапты, терминдерді тексеру үшін.

Осындай жиылыстарға білім комиссиясының мүшелері не тұтасымен, не кезектеліп барып тұруға керек болды. Прессамен байланыспаған сөздердің бəрі басылу үшін білім кеңесінің сынынан өтпекші. Бұл білім кеңесінің жорасында бар, қазақ-қырғыз тіліндегі жоғарғы көрсетілген сөздер қазақ-қырғыз білім комиссиясының сынынан өтеді. Сондықтан қазақ-қырғыз білім комиссиясы хүкіметтің ресми сыншысы болып саналады.

Былтырғы күзден бері мынадай бас нəрселер сыналып өтті:1) Компростің қазақ тілінде шығаратын харитасының бірінші бөлімі.2) «Бекет батырдың» кинематограф суретіне қалай алынашақ жобасы.3) Успенский мен Мироновтың нотаға аударған он өлеңі.Бұл өлеңдер əндерінің қазақша сөздері білім комиссиясы тарапынан

жазылды.4) Білім кеңесіне «Госиздатқа» тасқа басу үшін берілген кітаптар,

кітапшалар, альбомдар тағы талайлар.Комиссия құрылғанынан бері қарата төменгі кітаптарды тасқа басуға берді:1) А. Байтұрсынов.«Əліппе», басылып шықты.2) А. Байтұрсынов. «Тіл құрал», бірінші бөлімі басылып шықты.

Page 269: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

269

3) А. Байтұрсынов. «Тіл құрал», екінші бөлімі басылып шықты.4) А. Байтұрсынов. «Баяншы», басылып шықты.5) М. Дулатов. «Есеп құрал», бірінші бөлімі басылып шықты.6) М. Дулатов. «Есеп құрал», екінші бөлімі басылып шықты.7) «Кеспе Əліппе» бір бөлігі басылып шықты. Бір бөлігі қалың қағаз

жоқтан басылмай тұр.8) И. Тоқтыбаев. «Жағырафия сөзі», басылып болды, хариталар

басылып жатыр.9) И. Тоқтыбаев. «Түркістан», тізіліп бітуге жақындады.10) Басығарин. «Күн күркіреу мен найзағайы не нəрсе?», тізілген жоқ.11) Х. Досмұхамедов. «Табиғат тану», сөзі басылып бітті. Суреттері

басылып жатыр.12) Х. Досмұхамедов. «Жануарлар», бірінші бөлім тізіліп бітті. Жуық

арада басылса керек.13) Х. Досмұхамедов. «Жануарлар», екінші бөлім тізіліп бітуге

жақындады.14) Ф. Ғалымжанов. «1922-нші жылдың қазақша календары» шықты.15) Ə. Диваев материалдарынан батырлар: 1) «Қарақыпшақ Қобыланды». 2) «Нароғлы Шора». 3) «Бекет батыр». 4) «Қамбар батыр». 5) «Шора батыр». 6) «Мырза Едіге» батыр. 7) «Алпамыс» батыр.Батырлар жеті кітап. Бəрі де басылып шықты.16) Диваев материалдарынан бір терме кітап жаңалықта берілді. Əлі

басуға алынған жоқ.17) Ыбырайдың, Абай Құнанбаевтың таңдама өлеңдері жуық арада

шапшаңдықпен басылса керек.Бұл кітаптардың жоғарыда он екісі 1921-нші жылы қаралып, баспаға

берілді. Қалғандары 1922-нші жылы баспаға берілді.Қазіргі күнде қазақ-қырғыз білім комиссиясында тек екі адам бар:

Төбеағасы Досмұхамедов, мүшесі Ə. Диваев. Білімді хатшысы: У. Омаров өткен майда шығып кеткен еді. Білімді хатшының орнына осы күнге дейін қолайлы кісі табылмай тұр. Осы күнгі ресми жұмыстардан басқа комиссияның мүшелері мынадай жұмысын істеп жатыр:

Х.Досмұхамедов екінші басқыш үшін «Адамның анатомиясы мен физиологиясын» жазып жатыр.

Диваев Сырдария қазақтарының арасынан жиылған материалдарды түстеп, тізіп жатыр. Алдымыздағы қыс білім комиссиясы мынадай жұмыстарды істеуге ұйғарады:

Page 270: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

270

1) Қолдан келгенінше оқу кітаптарын жазу ақшасы болса, бұрынғы жалыну жолды тастап, керекті адамдармен шарттасуды ылайық көреді.

2) Қолдағы этнография материалдарды баспаға да жариялай беру.Былтырғы күзден бері қарата еткен жұмысында қазақ-қырғыз білім

комиссиясы білім кеңесінің бөтен комиссарлары мен əсіресе, өзбек һəм білім, тəрбие комиссияларымен бірлесіп жұмыс қылды. Биылғы жаз, білім кеңесінің қарауына халық комиссиялары кеңесінің жанындағы білім кеңесі, білім тексеру комиссиясы атанып кірді жəне де жаңадан түрікпен білім комиссиясы, тəжік білім комиссиясы ашылды. Алдымызда да, білім кеңесінің бұрынғы жаңа комиссияларымен бірлесіп іс істерміз деген ойымыз бар.

Халел Досмұхамедов, 16 мизам 1922 жыл, Ташкент

Түркістанда халық-ағарту ісі

Өткен күндерде Түркістан халық-ағарту істері жаһангерлермен жүргізілген түрлі тəжрибелерді басынан өткізді. Əрине, ол жаһан-герлердің ұстаған түп мақсаты – ұсақ ұлттардың ұлттығын жойып, заң ресімін құртып, өз дініне кіргізбек еді. (Мəселен, осы күні Алжирдегі француз школдары, англия школдары). Түркістандағы жергілікті орыс школдарының да көздеген мақсаты да сол болды. Бұл жұмыстың сол бағытта екенін соңғы кездердегі шыққан жобалардан қарап, байқап тексермей-ақ, тарихи қимылынан һəм онан да гөрі солай екенін хүкімет тарапынан болған бұйрықтардан ап-анық білуге болады. Бұған Уфа ағарту министірінің 1870-нші жылда шығарған тəртіп құралдарын оқып көрмек керек. Соның 343-нші бабында, 835-нші бетінде мынадай дейді: «Əрине, бір жергілікті халықтың ортасына оқу халық ағарту ісінің жүргізіп отырғандағы мақсатымыз – ішімізде отырған бөтен халықтарды орыс қылып өзімізге қосып алмақ. Ұлттықты жойып, өзіне қосып алу деген жол мұнан артық қандай болады». Патша заманында Түркістанда жүргізілген халық ағарту істерінің тарихына көз салсақ, шірік саяси жолмен ғана білдірмей келе жатқан.

ІІ

Түркістанда əдептен қазақ-қырғыз үшін арналып ең əуелі Ақмешіт қазағы уездерінде орыс мектептері ашылды. Ол мектептердің жобасын төтенше жобаның даусы положениені негізіне алайық. 1862-нші Орынбор мен Самардың генерал-губернаторы Бизаков бекітті. Бұл мектептерде Отан тіл қоспастан орысша тілмен оқытылуы міндетті болды. Ілгері

Page 271: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

271

қарай қадам басқан сайын мектеп басшылары мүмкін қатар ептеп өз көрпесінің ішіне кіргізуге тырысты.

1868-нші жылы Түркістан генерал-губернаторы Кауфманның бекіт-кен жобасы: Балаларды орыстікі, қазақтікі демей барлығын бір даярлап келешекте ұлтқа бөлініп, мұсылман школдарды орыс школдарынан бөлектенбес үшін оқудың негізгі жолына орысша тілді мұсылмандікіне де қосып, барлығын орысша оқытуға керек деген.

Əрине, бұл жобалар шым-шымдап өзіне қарай тартуға себеп болса да, құрған мақсатын тегіс орындай алмай, мұсылманды түбінен қопарып өзіне қоса алмады. Енді не қылу керек? Тағы да бөтен шара қарастыру керек болды.

1870-нші жылы барлық аймақтық оқу ісін басқару үшін, төбеағасы Брутский қылып бір комиссия сайланды. Комиссия жасап шығарған жобасының ішінде мынадай дейді: Аймақтағы халық ағарту ісінің түп мақсаты, жалғыз орыстың керегін ғана түгендеу, бағыттау болу керек!.. Ол қай керегі екен? Ол керегі баяғы, 363-нші бапта айтылған керек.

Сөйтіп ағарту ісін қу қазыққа байлап, хүкіметтің ызғарлы қа-рауылдарына бақтырып қойған. Түркістан аймағындағы халық школ-дарының инспектор басшыларының қолдарына берілетін нұсқасының 21-ші бабында тағы мынандай дейді: Хүкімет ақшасымен яки, оның жəрдемімен ашылып тұрған басқа діндес халықтар, школдарының басқарушыларын инспекторлар қырағы көзімен бақылап, аңдып отыру керегін һəм оларға бөтен діндес халықтардың ұлттығын сақтауға себепші болатын школдың жобасына кіргізілген шарттарды шығарып тастап, сауысқаннан да сақ болсын.

Міне, сөйтіп, байқатпай ғана бір ұлттың ұлттығын жойып, мəдени жолынан шығарып өзіне қосып алуға жақындап қалған. Бұл хайуандар тарих заңының алдында кешірімсіз қылмысты болып, таудай күнə арқалап келе жатқанын сезбеген. Ол заңды өздері қарап мақсаттарын орындау үшін аяқтарымен таптады. Мұның жолын халық сезіп, мектеп істеріне дұшпан көздерімен қарап, балаларын оқытуға тартынып беретін болды. Тіпті бермейін десе де тіршілік оқу, өнерсіз жүрмейтін болды.

ІІІ

Октябрь төңкерісіне таянған кезде Түркістан халқы əсіресе, қазақтары ілім керектігін анық біліп, балаларын жаңа тəртіп жолына лайықтап құрылған мектептерде оқыту үшін Уфа, Қазанға жібере бастады. Октябрь төңкерісі болып, патша заманында қолданып келе жатқан саяси жолының бөгеті бұзылып, кім қайда оқыса ерікті болды. Жерлі жұрттардың тілі шет халықтың тілдерімен теңелді. Сөйтіп Октябрь төңкерісінен кейін кеңшілік болып, һəр ұлт өз туған тілінде өнер үйреніп, білім тауып, мəдениет жолында алдыңғы қатардағы жұрттарға жету қамына кірісті.

Page 272: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

272

Кеңес хүкіметінің оқу оқыту ісі туралы істеген жақсылығы ілгері тіршілікте яки, тарихта болмаған ісі еді. Сондықтан оны ұялғандай қылып орындау үшін көп қаражат, үлкен бейнет істеу қажет болды. Кеңес хүкіметі аянған жоқ. Бірақ кемістік, жоқтық күннен күнге асты. Һəм қайратын салып қарманғанменен, хүкіметтің қолынан халықтың мұң- мұқтажын орындау келетін емес. Бұған халықтың, өздерінің қарасулары керек. Мұны халық ұғынуы керек. Қалтасынан соқыр тиын сұрауға қиынсынбай, қалтырап ауырсынбай, игілік істен тартынбау керек. Сөйтіп, көптің көшімен ілім қорғанын тұрғызу қажет.

Енді бақыт жұлдызы туып, ілім таңы атып, тұрмысымызға жол ашылсын. Түзелсін, һəм қазақ халқы мұны қуанышты өлеңмен қарсы алуы тиіс.

Сұлу батыр

Ғылым не береді?

«Шолпан» журналында «Білім бөлімі» деген бөлім бар. Бұл бөлімде əр түрлі ғылыми нəрселер жазылып тұрмақшы. Қолдан келгенше əртүрлі пəндерден мағлұмат беріліп тұрмақшы. Мұны істегендегі мақсат не? Ғылым – адамзатқа не береді? Ғылымның керектігі қандай? Ғылым адамзатқа керек нəрселердің ішінде қандай орында, бірінші орында ма, болмаса екінші, үшінші орында ма? Бұл сұрауларға жауап беру үшін жеке алғанда, əрбір кісінің, жалпы алғанда, бүкіл адамзаттың тіршілікте іздейтіні не екенін айту керек.

Дені сау, есі дұрыс кісілердің бəрі де өмір бойы дамыл таппайды, əр қайсысы əр түрлі іс істеп жүреді. Қарап жүрген бір кісі де жоқ, жұрттың бəрі де əрекетте, жұрттың бəрі бір нəрсені іздеуде. Ол жұрттың іздейтіні немене? Жұрттың бəрінің де іздейтіні-тірлігін сақтау һəм ол тірліктегі тұрмысты жөндеу. Онан соң жұрттың бəрі демесек те, шын кісілік дəрежесіне жеткендердің тағы бір іздейтін екі нəрсесі – білім жəне əдемілік.

Тіршілік сақталу дегеніміз – көп жасау, мүмкін болса, тіпті өлмеу.Тұрмысты жөндеу дегеніміз – керек болған нəрселердің бəрі де

табылып тұру, əрі ол нəрселер мүмкін қадірінше аз уақытымызды алып, мүмкін қадірінше аз еңбекпен табылып тұру.

Кісінің өмір бойы дамыл таппай əрекет еткендегі мақсатының ең үлкені – тірлікті сақтау һəм ол тірліктегі тұрмысты жөндеу болса, бұл мақсатқа жету үшін не керек? Өнер-білім керек. Екінші түрлі айтқанда, мəдениет керек. Мəдениет адамзаттың керегінің бəрін тауып беріп, асырап, əлпештейтін, адамзатты əр түрлі жауынан, əр түрлі бəледен қорғайтын азаматы, қорғаны. Азамат əуелі жоқтан бар болады, яғни,

Page 273: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

273

туады, онан соң, күннен күнге өседі, ер жетеді. Сол секілді мəдениет те əуелі туады, онан соң күннен-күнге, жылдан-жылға өседі, ержетеді. Азаматты өсіретін əр түрлі тамақ, тамақсыз азамат өспейді, өледі. Мəдениетті өсіретін ғылым, ғылымсыз мəдениет өспейді, өшеді. Ғылымы, білімі көп жұрттың мəдениеті жоғары. Ғылымы, білімі аз жұрттың мəдениеті, еш ғылымы, білімі жоқ жұрттың мəдениеті де жоқ. Европадағы жұрттар əртүрлі ғылымды көп білетін жұрттар. Сондықтан олардың мəдениеті жоғары, Азиядағы жұрттардың көбі ғылымды аз біледі. Білімді аз. Сондықтан олардың мəдениеті де төмен. Африкадағы, Америкадағы жəне Австралиядағы бір сыпыра жұрттар ғылым дегеннің не екенін білмейді. Түк білімдері жоқ. Сондықтан олардың түк мəдениеті де жоқ.

Ал, енді дүниеде қандай жұрттың тұрмысы жақсы? Мəдениетсіз жұртқа қарағанда, мəдениетті жұрттың, мəдениеті төмен жұртқа қарағанда, мəдениеті жоғары жұрттың тұрмысы жақсы. Мəдениетсіз жұрт егін ексе, жерді таяқпен шұқып егеді. Оған көп уақыт, көп еңбек сарп етеді. Өндіріп көп іс істей алмайды. Һəм еккен азғантай егіні де жөнді шықпайды. Мəдениетті жұрт егін ексе, жерді көліксіз, табиғаттың күшімен жүретін машинамен жыртады. Аз уақытта жаны қиналмай, аз еңбекпен өте көп жұмыс бітіреді. Һəм еккен егіні де өте жемісті болады. Шығысы өте жақсы болады. Мəдениетісіз жұрт жақсы жерге ғана егін еге алады. Мəдениетсіз жұрт ашаршылықты, жұтты көп көреді. Мəдениетті жұрт мұндай нəрселерден тым онша қорықпайды. Мəдениетсіз жұрттың малы уақ, күшсіз, етсіз, сүтсіз һəм басқа пайдалары да кем болады. Мəдениетті жұрттың малы ірі, күшті, етті, сүтті əрі басқа пайдалары да мол болады. Мəдениетсіз жұрттардың қора секілді, аң жататын апан секілді, көр секілді үйлерінің жанында мəдениетті жұрттардың үйлері жұмақ секілді деп айтуға болады. Надан жұрттар əр түрлі ауруға шалы-нып, іріп-шіріп қырылып жатқанда, мəдениетті жұрттар ол аурулардың көбін білмейді. Олардың арасында ауру, өлім деген надан жұрттарға қарағанда өте кем болады. Кейбір аурулар мəдениетті жұрттарда тіпті болмайды. Мəселен, сүзек деген ауру Германияда еш уақытта болмайды. Бір жерден бір жерге бару керек болса, мəдениетіне қарай бір жұрттар жаяу жүреді. Бір жұрттар хайуанға мініп жүреді, бір жұрттар хайуанға арба жегіп жүреді. (арбалар да мəдениетіне қарай түрлі-түрлі болады). Бір жұрттар от-арба, автомобиль секілді көліксіз табиғаттың күшімен жылдам жүретін машиналарға мініп жүреді. Кейде құс секілді аспанмен ұшып кетеді. Яки, теңіздің бетімен де, астымен де балық секілді жүзеді. Мəдениеті жоғары жұрт мəдениеті төмен жұртты бағындырады. Құл қылады, мал орнына жұмсайды. Қанын сорады не болмаса, жұтып қояды. Яки, орнын тартып алады, елі көп болғандықтан емес, мəдениеті жоғары болғандықтан. Ағылшындар өзінен əлде неше есе көп, мəдениеті төмен

Page 274: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

274

жұрттарды бағындырып, қанын сорып отыр. Тарихтан білеміз, талай жұрт басқа жұрттардың ішіне кіріп, араласып жоқ болып кеткен. Яғни, өнерлі, мықты жұрттар нашар жұрттарды жұтып қойған.

Европадағы өнерлі жұрттар Америка, Австралия секілді жерлердегі жабайы жұрттарды ата-бабаларынан бері қарай мекен еткен. Өсіп-өнген қонысынан қуып шығып, жерлерін тартып алды. Жерлерінен айырылған соң, тұрмыстары өзгеріліп, ол сорлы халықтар қырылып, жылдан-жылға соңы кеміп бара жатыр. Сөйте-сөйте ол халықтар бір заманда мүлде жоқ болып кетуі де ықтимал. Мəдениет жолында артта қалған қазақ-қырғыз халқы да орыстың тырнағына іліккен жұрттардың бірі еді. Барлық жақсы жерін тартып алып, өзін жаман жерге айдап шығып, оның үстіне ол қылып, бұл қылып, қанын сора бастағанына қанағат қылмай, орыстар бұрынғы үкіметі, қазақ-қырғыз деген атын өшіріп орыс қылып жіберу жағын, жұтып қою жағын қарастыра бастап еді. Дүниедегі халықтар бір-бірімен аңдаспаған, арбаспаған реті келсе, бір-біріне зорлық қылмаған, бірін-бірі жеуге тырыспаған уақыт болған жоқ жəне болмайды. Осылай бір халық бір халықпен кездесе қалғанда, мəдениет керек. Мəдениеті төмен халық мəдениеті жоғары халықтардан өне бойы зорлық көрмек, қорлық көрмек, оларға құл болмақ, жем болмақ, кейде аты өшіп жоқ болмақ.

Мəдениетсіз халықтың тұрмысынан мəдениетті халықтың тұрмы-сының артықтығы, мəдениеттің адамзатқа керектігі толып жатыр. Оның қайсы бірін айтып бітіруге болады? Сол мəдениетті тудыратын əкесі де, сол мəдениетті өсіретін тамақ та – ғылым. Ғылымды мəдениет тудырмайды, мəдениетті ғылым тудырады. Мұны еш ұмытпау керек. Европа жұрттары ғылымды көп білгендіктен мəдениетті.

Жұрттың бəрі болмаса да, шын кісі деп айтуға сиятындардың тірлікті сақтаумен, тұрмысты жөндеуден басқа тағы бір іздейтін ескі нəрсесі – білім жəне əдемілік деп едік. Білім дегенде, тіршілік үшін, тұрмыс үшін керек болатын білімді айтамыз. Кісінің кісілік дəрежесін өсіретін білімді айтпаймыз. Жалғыз тірі жүруден басқаны ойламайтын адамды кісі деп айтуға да қиын. Ондай адамның сыртқы түрі кісіге ұқсағанмен, ішкі рухы кісіден гөрі хайуанға жақынырақ. Себебі, хайуан да тірі жүргісі келеді. Бұл жағына келгенде, ондай адамдардың хайуаннан артықпын деп көкірегін көтеретін де жөні жоқ. Хайуанның тірі жүруден басқа керек қылатыны, іздейтіні жоқ болса, мұндай адамның да тірі жүруден басқа керек қылатыны, іздейтіні жоқ. Мұндай адамдардың хайуандардан жалғыз ғана артық жері – хайуандардың тұрмысына қарағанда адамдардың тұрмысы жеңілірек, тынышырақ. Шын кісі деп айтуға сиярлық болу үшін адам бүкіл дүниедегі заттардың не екенін білуге, яғни бүкіл табиғатты тануға һəм ол табиғатта болатын əр түрлі өзгерістердің себептерін білу тиіс. Бұл қолынан келмеген кісі осыған құмар болуға тиіс. Сонда ғана адам хайуандық дəрежесінен жоғары көтеріледі.

Page 275: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

275

Хайуандықтан өтіп, кісілікке жеткен адам табиғатты тануы бір табан ілгері басқан сайын көңілі көтеріліп, олжа тапқандай болып қалады. Сондықтан ондай кісі табиғатты тануға, табиғаттың сырларын білуге құмар болады. Бұл құмарлық əркімнің кісілігіне қарай түрлі-түрлі болады. Кісілігі көп кісіде көп болады, кісілігі аз кісіде аз болады. Сүйінерлік бір нəрсе – хайуандық дəрежесінен аса алмай жүрген адам аз.

Сондықтан жұрттың көбі тіпті жабайы жұрттар да табиғатты тануға, табиғаттың сырларын білуге құмар. Мəселен, жұрттың көбі көктегі күн, ай, жұлдыз дегендер немене екенін, не себептен біресе күн, біресе түн, біресе жаз, біресе қыс болатынын, не себептен найзағай жалтылдап, күн күркірейтінін жəне басқа толып жатқан осы сияқты нəрселерді білуге құмар. Мұндай нəрселерді көзге көрсетіп, қолға ұстағандай анық қылып айтып беретін – ғылым.

Адамзаттың өмірінің бастапқы дəуірлерінде, ғылым жоқ кезде, болса да нашар болып жаңа туып келе жатқан кезде кісі көп табиғи нəрселерді не екенін анық білмегендіктен, яғни табиғатты жете танымағандықтан құдай деп білген. Һəм табиғатта болатын əр түрлі өзгерістердің, əр қайсының өз алдына құдайы бар деп ойлаған. Мəселен, ол кезде кісі табиғатты дұрыс тани алмағандықтан күнге де, айға да, жұлдыздарға да, отқа да, жыланға да, өгізге де əр басқа бірсыпыра мақұлықтарға да құдай деп табынған. Əуелгі кездегі кісілер табиғаттың сырын білмегендіктен күнді күркірететін бір құдай бар. Жаңбыр жаудыратын бір құдай бар, жылдың бір құдайы бар, күннің бір құдайы, түннің бір құдайы, жаздың бір құдайы, қыстың бір құдайы бар, ағаштың бір құдайы, судың бір құдайы бар, тағы басқа сол сияқты толып жатқан құдайлар бар деп ойлаған. Осылайша, табиғатты тани алмағандықтан һəм табиғаттың сырын білмегендіктен мажусилер, яғни, құдай көп деп білушілер діні туады. Мажусиліктің қалдығы осы күнге шейін бар. Мəселен, аққудың, судың орманның иесі, теміршінің, дүкеннің иесі деген һəм басқа осы сияқты сөздер бар. Бұл мажусиліктен қалған жұрнақ, сөйтіп, табиғатты танымаған кісі, яғни ғылым білмейтін надан кісі құдайын да жөнді танымаған.

Тірлікті сақтау, тұрмысты жөндеу һəм білімнен басқа кісінің тағы бір іздейтіні – əдемілік деп едік. Əдемілік дегеніміз – бояумен салған əртүрлі суреттер (əртүрлі кесте, ою сияқты нəрселерді де осыған қосуға болады). Балшықтан, тастан, шойыннан жəне басқа сол сияқты нəрселерден істеген əр түрлі суреттер. Үйді əдемілеп салу, əн, домбыра, қобыз, сырнай-керней, айтылған яки жазылған əдемі сөздер, поэзия тағы басқа көз арқылы яки, құлақ арқылы лəззат беретін əдеміліктер. Əдемілікке жету үшін де ғылым керек. Ғылымсыз əдемілік болмайды. Ғылым болмаса, мəдениет болмас еді. Мəдениет болмаса, кісінің тұрмысы қиын болар еді. Барлық уақыты тамақ іздеумен өтер еді. Əдемілік іздеуге уақыты болмас еді. Сондықтан əдемілік беретін əр түрлі өнерлер ілгері баспас еді.

Page 276: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

276

Ал енді сөздің қортындысына келсек, кісінің өмір бойы дамыл таппай əрекет қылғандағы іздейтіні – тірлікті сақтау, тұрмысты жөндеу, білім жəне əдемілік. Бұлардың бəрі де ғылым арқылы ғана табылады. Сөйтіп, ғылым не береді десек, ғылым кісінің іздегенінің бəрін беретін болып шығады. Олай болатын болса, əрбір жұртқа алдымен керек нəрсе – ғылым. Ғылымға əуес болу ілгері басатындықтың белгісі, ғылымды керексінбеу кері кеткендіктің белгісі.

Ғылым алатын жер – мектеп, медіресе, журнал арқылы мектеп, медресенің беретін ғылымын түгел беру қиын. «Шолпан» журналының білім бөлімінде қазақ-қырғыз тұрмысына керекті, оқушыларымыздың көбіне түсінікті Һəм қызықты ғылыми мəселелер ғана жазылып тұрмақшы. Оқушыларымыз өздерінің қандай ғылыми мəселелерді керек қылатынын «Шолпан» басқармасына білдіріп тұруларын өтінеміз. Алдымен қолдан келгенше оқушыларымыздың сол керек қылатынын жазып тұрмақпыз.

Ф.

Қазақ əдебиетінің қазіргі дəуірі

(басы 2-3 санында)

Бұл күнге шейін қазақтың жазба əдебиеті жайынан сөз жазушылар-дың көбі біздің жазба əдебиетіміздің басы Абайдан басталады деп есептейді. Бұл пікір суретті (худож.литература) ретінде қарағанда, дұрыс болса да, əдебиет тарихының ретімен қарасақ, үлкен адасқандық болады.

Қазақта жазба əдебиет Абайдан көп бұрын басталған. Бұл есепке көбінесе дін мақсатымен жазылған қиссаларды кіргізбесек те, айтыс өлеңдерін кіргізбеуге болмайды.

Наурызбай мен Тілеуқабақтың қызының айтысуы, Біржан мен Сараның айтысуы, бір жағынан ауызша əдебиетке кірсе, бір жағынан жартылап келіп жазба əдебиетке кіреді.

Тегінде, Қазақстандағы айтыс өлеңдер өзге жұрттың əдебиетінде кез келмейтін біздің əдебиеттің байлығына дəлел болған айрықша бір түрі.

Айтыс өлеңінің ерте күндегілері ауызша əдебиетке кіріседі, бергі замандағы айтыстың ішінен ұзақ əңгіме тудыратын Наурызбай мен Біржан-Сара сияқтылар жазба əдебиетке кіреді. Екі кісінің айтысуынан, болмаса екі кісінің хатынан туатын əңгімелер ертерек уақыттарында ағылшын əдебиетінде Грандисон Ричардсон, Достоевскийлердің уақы-тында болған. Орыстардың «Бедные люди» деген кітабында бар. Мұнда əңгімелерді «Эпистолярный роман» деп атаған. Біздің айтыстардың көбі сол Эпистолярный роман түріндегі өлеңдер.

Сондықтан жазба əдебиеттің əуелгі басында бұл өлеңдер кіруі тиіс.

Page 277: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

277

Одан бері де жазба əдебиеттің өз міндетін ұға бастап, қазақ тұрмы-сындағы кем-кетікті қолға ала бастағанда, Абайдан бұрын басталады. Бұл жағынан қарағанда, Абайдың алдындағы адамдар деп: Шортанбай, Алтынсарин, Мəшһүр Жүсіп һəм Нарманбеттерді алу керек.

Бұл адамдардың кейбірінің Абайдан жасы кем болғандығын есеп қылуға болмайды. Бəрінің жазған сөздеріндегі бетте белгілі сарынды еске алу керек. Осы соңғы екі сипатынан қарағанда əлгі төртеуі қазақ əдебиетінің көшпелі дəуірдің ақындары деп санауға тиіс.

Көшпелі деп ауызшадан жазбашаға қарай көшкенін айтамыз. Міне, сол замандағы ой ойлаған адамдардың ойында болған өзгерісті, сөзінен туған жаңа күйді айтамыз.

Əдебиеттегі бұл көшпелі дəуір қазақтың жалпы тұрмысындағы, тарихындағы көшпелі дəуірмен жалғасып келеді. Қол ұстасып қатар кетіп, егіз болып туды деуге болады.

Қазақты патша саясаты билеп алған, қол-аяғын байлап бағындырып алған. Жерін алып, өзінің төрелерін қазаққа ұлық қыла бастаған. Отаршылдық əрекетін күшейте бастаған, діннен айыра бастаған уақы-тына келді.

Сыртқы өмірдің осы сияқты себептерінен қазақтың ойына уайым араласқан, көңілі жабығып, қайғы басқан. Сөзінен, өлеңінен, əнінен, бұрынғы билік еркелік, еркіндік бəрі де арыла бастап, оның орнын арман, зар, шер, қайғы басқан.

Сондықтан, əдебиеттегі көшпелі дəуір де осындай мұңды күйден құралған. Осы ретпен қарағанда, Шортанбай жазған «Зар заман» –əдебиеттегі, тарихтағы көшпелі дəуірдің зор айнасы. Бұл өлеңнің ішінде қазақ тұрмысына жанасқан кемшіліктің айтылмағаны жоқ деуге болады. Орыстың ұлығынан бастап, қазақтың өз ішіндегі берекесіздігі, бұрынғы мінезден айырылып бара жатқандығы, дінін жоғалтып, жастарының арып бара жатқандығы – барлығы да зарлы сарынмен айтылып өтеді.

Заман қайтып оңалсын,Адам қайтып қуансын.Жандрал болды ұлығың,Майыр болды сыпайың.Айрылмайтын дерт болды,Кедейге қылған зорлығың.Тілмəшты көрдік білгендей,Дуанды көрдік үйіндей.Абақты тұр қасында,Қазылып тұрған көріңдей.Байлар ұрлық қылады,Мал көзіне көрінбей.Билер жейді параны,Сақтап қойған сүріңдей... деген жоғарғы сөздерге дəлел.

Page 278: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

278

Осы сияқты ел уайымының бір жыршысы Нарманбет бұл күнгі күннің қайғысы қажытқандықтан, өткен күннің еркіндік қызығын көксейді. Бұл да сол елдің əдеті болатын.

Сарыарқа, сарқыраған суық қайда?Түнде шық, күндіз мұнар буың қайда?Найзағай жарқ-жұрқ етіп, нөсер құйған,Көк жасыл, кемпірқосақ туың қайда?

Бұл күнгіге қанағаттанбаудың себебінен бұл күнгі табиғатқа та риза болмағандық сол көшпелі дəуірдің сүйегіне сіңген мінезінен туып отыр.

«Сандалтып Сарыарқаны алды мұжық,Қолынан келер де жоқ, өнер де жоқ.Баласы байқұс қазақ қалды мыжып»...

Айла құрғандықтан, ең болмаса, қазақты ұрсуда сол заманға қас мінез. Осы сияқты, қайғы уайымның сарыны Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінде көп кездеседі. Бірақ, мұнда алдыңғылар сияқты шексіз уайым болса, сонымен, араласқан жалпы дертке ем іздеудің талабы да бар. Аурудың емі мұнау деп ашып айтып, бір нəрсені шешіп бермесе де, бірде дінді, бірде оқуды, бірде, таза адамшылықты ем қылып ұсына бастаған Алтынсарин.

Көшпелі дəуірдегі ақындардың бəрінің жайынан айтатын сөз: Бұлар өз заманның бел баласы. Олардың заманы қараңғыда сипалап, сенделудің, қиналудың заманы. Ел дертіне не нəрсенің ем екенін білмей, бірі дінді, бірі ескілікті жоқтап, бірі орысты жамандап, бірі қазақты жамандап, түрлі дертті таба алмай жалпақ адасқан заман.

Сондықтан, ол дəуірде күншығыстың діни дерті (Религиозный мистицизм) де байқалады, ұлтшылдық та сезіледі, болымсыз өнершілдік те көрінеді.

Бірақ, осылардың ешбірі де жеңген емес, бір жерге тоқтаған тілек жоқ, бір қалыпқа түскен бет жоқ, əр жерде өз ауру мен қиналуда, ыңыранып зарлануда болған.

Мінеки, көшпелі дəуірдің айырықша мінезі осы. Сондықтан, ол мезгіл көшпелі дəуір деп аталады. Бірақ, ол дəуірдің ақындары жазба əдебиеттің басы екендігі даусыз. Себебі, бұлардың өлеңдерінде ел тұрмысының бұрынғы айтылып жүрген жалғыз қызығы мен желігінен басқа, тұрмыстағы негізгі дерт, негізгі себептер айтыла бастаған. Ел күндегі өмірі, күндегі сезімі, күндегі ойымен əдебиет шеңберінің ішінен бастаған Абайды əдебиеттің басшысы дегенде осыдан кейінгі дəуірді еске алып айтамыз. Қазақ əдебиетіне Абай кіргізген жаңалық қылып, Абай – қазақтағы суретті сұлу сөздің атасы. Терең сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген түрін көбейтіп, қалыбын молайтқан Абай. Ол қазақтың ішінен оқушы тапқан.

Page 279: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

279

Əдебиетке, өлең-жырға бұрыннан орнаған теріс пікір, теріс ұғымның бəрін жоғалтып, жұрттың ойын тəрбилеген.

Бұдан соңғы бір үлкен қызметі: қырдағы қалың қазаққа Европа мəдениетінің есігін ашқан. Орыстың Пушкин, Лермонтов, Крыловтарын қазаққа танытушы – Абай.

Мəдениетті жұрттың ысылған тілімен айтқан тəтті күй, нəзік сезімдерін Абай қазақтың дүкен көрмеген жалпақ тілімен өзіндей тəтті қылып, сезімді қылып айтып берген. Сондықтан, Абай қазақ оқушы-сының ойымен қатар, сезімін де тəрбиелеген. Қазақтың тіліне Абайдың сіңірген еңбегінің арқасында бұл тілдің барлық байлығы, орамдығы, өркениеттілігі табылған.

Абайдың барлық өлеңі қазақтың сол күштілігінің ішінен туған асыл құрыш. Қырдағы қалың қазақтың осы күнге дейін сөйлеп жүрген жалпақ тілінің жемісі. Соның сыры мен сымбатын көрсететін айнасы. Бұл Абайдың қазақ тіліне істеген қызметі.

Абайдың өлеңінің ішіндегі мағынасы мен беттеген бағыты жағынан қарағанда, көшпелі дəуірдің өлеңдерінен айрылатын жері: мұнда сөлдері құрыған зар да, əлі құрыған уайым да жоқ. Оның орнында қазақ өмірінің кем кетігін түсінген, көзі ашықтық бар, дəлдеп ауруын тауып, емін айтқан шырақтық бар.

Бұрынғыдай əр нəрсені уайым көрген далбасалықтың орнына Абай қазақтың жасына білім жарығына ұмтыл дейді. Кəрісіне, малыңды дұрыстап бақ дейді. Атқа мінген жақсыларына елді іріткіге салмай, адал еңбек қыл, қарызыңды атқар дейді. Қазақтың өміріндегі кемшіліктің қайсысына болса да Абай өз емін айтып кеткен.

Əдебиеттің зор міндетінің бірі – елдің мінезін түзеу деп білгендіктен, Абай ел ішіндегі көпшіліктің мінезін өлеңмен суреттеп, белгілі типтердей де көрсеткен «Мəз болады болысың», «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ», «Болыс болдым, мінеки!» деген өлеңдерінің бəрінде де қырдағы əрбір таптың адамдарының мінезі сипатталған.

Абай өлеңінде кездесетін мұң мен зар болса, ол бұрынғы зардың сарқыты емес, өз жүрегіндегі сырын айтқан сыршылдықтың сарыны. Бұл да Абай өлеңіндегі жаңа түрінің бірі.

Мінекей, бұл айтылған түрлердің бəріне қарағанда, Абай өлеңіндегі біткен бағыт, құлаққа естілген сарын ненің сарыны екені байқалды. Ол ашық тілек, айқын ұғымның (здоровый реализм) ның сарыны. Əдебиетте жұрттың тілегі айқын көрініп, беттеген беті ашық білінген соң көшпелі дəуір бітеді.

Абай ол дəуірдің ақыны емес екендігін өз өлеңінде айтып кеткен. Сондықтан, өлеңді бастағанда ескіліктің ақындарымен ұрсудан бас-тайды. Рас, олармен ұрсуы Абайдың қатесі шығар. Өзін тапқан енесін

Page 280: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

280

тепкенге ұқсайды, бірақ ол ұрсу ескіліктің бетіне қанағаттанбай, жаңаша бет іздеудің белгісі болатын. Сондықтан ол қатесі Абайға кешіріледі.

Абайдан басталған сол реализмның сарыны қазақ əдебиетіне осы күнге дейін жол болып келе жатыр. Рас, бұл жолда кейде бір ағым күшейіп, кейде жалпақ жарысқа ұқсап баратқандылық, күшейіп жүрген мезгілдер бар. Бірақ, негізгі сарынға келгенде, қазақ өміріне тез боламын деген əдісіне, айласына көп ұзап, өзгеріп кете қойған жоқ.

Жазба əдебиетте Абайдан соң аты аталатын – «Қазақ» газеті. «Қазақ» газетінің мезгілі Ахмет, Міржақыптың əдебиетте ұлтшылдық туын көтерген мезгілімен тұтас. Ол уақытта қазақ жұрты 1905 жылдың өзге-рісін өткізіп, ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып күшін бір жерге жиып, патша саясатына қарсылық ойлап құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп талап қыла бастаған уақы-тына келеді.

Сондықтан, бұл уақыттағы іс пен сөзде тығыз қамның, асығудың ретінде болады. Өзгенің бəрін қоя тұрып, бір саясат əңгімесіне жұмылудың, жалғыз соған ғана үңілудің қалпында өтті. Сол кезде шыққан «Қырық мысал», «Маса», «Оян, қазақ!» – бəрі де осы ұлтшыл-дық «Қазақ» газетінің бетіндегі бағытпенен тұтынған жолда, осы ретпен жүрді. Жазылған ұсақ өлеңдер, əңгімелер барлық мақалалардың бəрі де қазақты ұйқыдан ояту, сергіту, күшін біріктіру, оқығандарын түзу жолға салу. Соларға басшы болу қазақ ісіне көз-құлақ болуға арналған.

Бұл тұтынған жолында «Қазақ» газеті өз міндетін атқарды. Бірақ, таза əдебиет көзімен қарағанда «Қазақ» газетінің заманында қазақ əдебиеті бөлекше нұр шашып, өркендеп кетіп еді деп айтуға болмайды. Заманында тарихпен салыстырғанда, əдебиет, саясат жүзіндегі бір беткей жұмылудың заманында көп жаңа түр тауып кете алмайды. Жаңа түр өзге жұрттың ізіне қарағанда, тұрмыс жүзіндегі қиқы-жиқылықтың, брожениенің мезгілінде көп туады. Сондықтан, ол күндегі өте жас əдебиеттен жаңа түрлерді іздеуге болған жоқ.

Жұрттың бəрінің сөзіндегі бір сарын – жалғыз ұлтшылдық сарыны болатын. Бұл турада ескіден келген тарауы түрі көп. Ауызша əдебиетпен салыстырғанда ол күнгі əдебиет ауданы тарылып, түрі азайып солақай бірақ, бетімен кеткен сияқты. «Қазақ» газетінің мезгілінде соның айналасында болып, соның рухымен жазған жазушылар Ахмет, Міржақып, Шəһкəрім, Омар Қарашов, Мағжан, Сəбит, Сұлтанмахмұт, Майлин, Өтетілеуов, Маметовтер.

Бұлардың ішінде Міржақып, Ғ.Қарашев əуелгі өлеңдерінің кезінде жоғарғы көшпелі дəуірдің төрт ақынының сарабына салынған, Сұл-танмахмұт пен Мағжан соңғы өлеңдерінің кезінде айрықша екі жолға түскендей.

Бірақ, «Қазақ» газетінің кезінде бұл ақындардың бəрі де сол газеттің бетін өздеріне бет қылып, тұтынғаны даусыз. «Қазақ» газетінің басшылық

Page 281: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

281

дəуірі 1917 жылдың төңкерісіне шейін жүріп келді. Өзгерістің алғашқы жылдары қазақ əдебиетіне айрықша жаңалық кіргізген жоқ. Өзгеріске дейін жүріп келген «Қазақ» газетіндегі сарын бұл жылдарда қалпынан ауған жоқ. Бұрынғыдай білініп отырды.

Бірақ, бұл жылдардың жаңалығы – əдебиеттің беті өзгермесе де, түрі көбейе бастады. Қазақ тілінде пьесалар, əңгімелер жазыла бастады. Аз уақыт шығып тұрса да, ғылыми əдебиет журнал болып, «Абай» журналы азын-аулақ түр шығарды.

Өзгерістің алғашқы жылдарындағы əдебиет қалпы осы болды. Жазба əдебиеттің Абайдан бергі ұзақ дəуірін алғанда, жолын өзгертетін жа-ңалық соңғы жылдарда туып келеді.

Ол жаңалық – жаңа басталып келе жатқан сезімшілдік, сыршылдық (романтизм) дəуірі, бұрынғы ауызша əдебиеттен, одан бергі Абай заманынан бері қарай келе жатқан (реализм) сарыны, көбінесе құрғақ ой, жадағай сөз (рассуждение) күйі. Осы күнде ішкі терең сезім нəзік сыр күйіне айналып келеді.

Бұның белгісі Мағжан Жұмабаевтың соңғы «Ертегі», «Қорқыт» сияқты өлеңдерінде бар. Бұдан басқа сезім жағына көбірек көз салған бірен-саран пьесаларда, соңғы жылдардың кішілеу əңгімелерінде бар. Жаңа басталып келе жатқан əдебиет дəуірінің бұл сияқты жұрнақ-тарында көбінесе құлаққа ілінетін күй – сезім күйі. Бұлардың ішінде тіршіліктің суреті, əңгімесі аз болса да, ішкі өмірдің сыры көп, адамды өз ішіне үңілететін мұң мен жырдың сарыны бар. Сыршылдық дəуірі қай жұртта болса да əуелгі кезінде ескі ертегідегі жын, пері, жалмауыз, жезтырнақ сияқты жаратылысы тұманды қараңғы заттарды жыр қылу-мен басталған, қазақта да осының белгісі көрініп отыр.

Қазақ əдебиетінің бұл күнге дейін жүріп келген жолына қарағанда, жаңа дəуір, жаңа үлгінің тұтатын кезі жеткендей. Жазба əдебиеттің жаңадан түбір тауып, ауданын кеңейтіп, келесі өрнекті дəуірге қарай аяқ басуы осы белгілерден басталса керек.

Қазақ əдебиетінің бұл дəуірі буыны бекіп қатарға кірерлік əдебиет болғандығын көрсететін сыршылдық романтизм дəуірі болады.

Бұл арада біздің əдебиеттің өткен күні туралы айтылатын бір сөз: Абайдан бергі дəуірді орыстың реализм дəуіріндей толық реализм дəуірі деп айтпаймыз. Ол уақыт қазақ əдебиетінің аяғын апыл-тапыл басып келе жатқан кезі болғандықтан, толық реализм шартын көрсеткен жоқ.

Бұл мақалада ол дəуірде реализм болды деген сөз болса, ол өзге күйдің ішіндегі күштірек болған сарын сол деп айтылған. Əйтпесе, əр нəрсеге арналып айтқан ұсақ өлеңдерден белгілі дəуірді туғызатын ұзақ күй шығады деуге болмайды.

Қазақ əдебиетінің тарихы бағыты жайынан айтылған осы сияқты азынаулақ мағлұматқа қарап, барлық жазба əдебиеттің салмағын

Page 282: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

282

өлшегенде, қазіргі қалпын бағалағанда айтатын сөз: біздің əдебиет əлі жас, əлі бойы өсіп жеткен жоқ. Өткен күніне қарап, келешегі зор десек, біздің əдебиет келесі күнде шығатын талдай тұрғыларының біреуіне ғана жаңа-жаңа тырмысып келеді. Біздің ескі əдебиеттен қалған көп сарын, кең ауданның бəрі де жазба əдебиетке келіп, таралып азайып отыр. Жазба əдебиет бір беткейліктен арылса, жаңа арылайын деп, жаңа ғана қайтадан тарауланып, ауданын кеңейтейін деп отыр.

Болмаса, ауызша əдебиет жасаған күлдіргі тип: Қодарды, қайғылы трагический тип геройлардың типі: Қозы-Көрпеш, Баянды, Елдің Серіні жазба əдебиет жасады ма? Əлі жасаған жоқ. Бұларды ай ерекше жан деп, тип деп ұға білген қазақ кейінгіні де ұға алады, ұқпақ түгіл өміріне үлгі қылып еліктеуге де жарайды.

Ел ішіндегі бозбала Біржанның ақындығы мен салдығына, Ақанның серлігіне еліктесе, батагөй қария Асан Қайғының қайғысына еліктесе, далада еркін өскен ерке қыз Сараның салдығы мен айтыс құмарлығына еліктесе, бұл еліктеудің Чайльд-Гардьжге, Печоринге еліктеген орыс жастарының мінезінен қай жері кем? Əдебиеттің қазақ мінезін түзеп, басшы болуына мүмкін екендігі осы белгілерден білінбей ме? Олай болса, жазылатын пъесаларда, романдарда, əңгімелерде, поэмаларда қазақтың негізгі мінездерін айқын көрсететін типтер жасау керек. Қазақ əдебиетінің ішінде қазақ өмірін түгел суретімен алып кіру əдебиеттің ендігі міндеті. Бұл күнге дейін біз аяз сүзіп жүреміз. Қазақ əдебиеті, қазақ өмірінің бетіндегі қаймағын жалап жүр. Бұрынғы əдебиеттің ішіне Тазша бала мен Жалшы сақау қатын да кірген болса, бүгінгі əдебиетке қалпақ киген оқығаннан бастап, қой жайып жүрген қойшыға шейін кіруге тиіс, əдебиет сол күнде ғана өмір айнасы, өмір тезі болуға мүмкін.

Бұл мақала өткен санда білім бөліміне жаңылыс басылғандықтан, осы санда əуелгі арналған əдебиет бөліміне жібердік.

Қоңыр

Көшпелі қазақ халқын отырықшыландырукерек дегендер туралы

Соңғы жылдарда қазақты тегіс жерге отырғызу керек деген мəселелер туып жүр.

Əрине, дұрысына қарағанда, келесіні көздегенде, қазақ халқының қазірден бастап жер иеленуі қажет. Қысы – жазы дамылсыз салдырлап көшіп қонудан қолы тимей, тіршіліктің тізгінін табиғаттың таңдауына беріп жүргенше, бір жерге орнығып, шаруашылықтың өнімді жағымен алмасқаны жақсы. Шарушылықтың өнімді түрі табиғатты өзіне қаратып,

Page 283: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

283

бағындырып алса ғана болады. Сондықтан, табиғаттың күшімен пай-далану үшін мына істермен айналысу керек. Ол үшін жер иелену керек. Тіршілікті тұрақты күйге салып, боран соқпайтын, жүн жемейтұғын орнықты кəсіппен айналысуы керек.

Көшпелі қазақтардың көрген күндері күн дерлік емес, олар қол-дарындағы баққан малдарының игіліктерін өздері тегісімен көреді деуге болмайды. Малдың санына шағып, жиған жүні бар, малы сиярлық бір жерге қысқы малдың өмірі, тегімен табиғаттың қолында болады.

«Айдаса желдікі, соқса сайдікі» дегенді көшпендінің қонысы оң болып, малының аман шығуы, жүрген жердің отынан, қарынан, суығынан болады. Халық қар жауып, мұз болса, боран соқса, қазақтың күні қараң, малдан айырылғаны бұрынғы байлығында. Барлығы да көрген түстей болып, көзден бірақ өшеді. Көшпелілер малым бар деп жыл шыққан соң көктемде ғана айта алады. Қыстап қалған малды иеленеді.

Көшпендінің көрген күні құрысын. Оларға өмірінше тыныштық жоқ, салдырлап қысы-жазы көшумен жүргені.

Қысы қызылға кетеді. Бұқара, Үргеніштің қолтықтарына шейін барады. Одан қар кеткесін қайта кейін көшеді. Қарақұмды, Шу бойын жайлайды, алды Арқаға да барады. Ну-Қостанай, Троицкі қолтықтарына да баратұғындары да аз емес. Міне, осымен 12 айдың ұзын бойына жер-жердің сонысына 10 шақты күннен ғана отырмаса, кіл көшумен жүреді. Өмірін осымен өткізеді, сөйтіп, жүрумен бір жерде боранға ұшырап, суыққа шалдықса, малдан айрылады. Көше алмайтын жатақ болып қалады. Қазақтың осы күнгі отырықшыларының көбісі осындайдан отырған деуге болады. Онымен, олар дұрыстап мерзімді жер иеленіп, мəдени кəсіпке айналысып жерінің игілігін еміп отырған жоқ болса, бір жерде қозғалмай тұрған қыстауы бар, аздап пішен шабар егінмен де айналысуы аз өлместің күнін көріп отырады.

Міне, осының барлығы да қазақтың қазіргі кəсібінің күн көруі үшін керексіз екендігін көрсетеді. Тіршілікке төзбейтұғынын, рахатсыз екен-дігін аңғартады.

Ол онымен тұрсын, ендігі ескеретұғын мəселе – қазақ осы тұрмысты тілеп алды ма болмаса, оларды осындай болуға итеретұғын табиғи рет-тер бар ма? Енді осыған келейік, адам баласының өсіп өнген тарихына көз салсақ, біздің қазақ түгіл қай халықта əуелгі осылардай кездерінде көшпелі болған. Мал шаруашылығымен айналысқан. Осы күнгі кент болып отырғандардың қай қайсылары да жер айдау кəсібін үйреткен соң ғана барып жерге отырып қала болған. Ал мал шаруашылығынан олардың қол үзгендері кешегі жақында ғана. Олар білімін күшейтіп жерді, суды, тауды, тағы да сол сияқты табиғатқа тəндік заттарды адамның пайдасына жарата білген кезден бері қарай.

Page 284: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

284

Біздің қазақта ол өнерлердің ұрпағы да жоқ. Мал бағудан басқа кəсіп қазір де қазақтың қолынан келмейді. Содан соң мал өсіреді. Малдың жайын қылу үшін шөптің сонысы керек. Қоныс аударып тұру қажет. Өйткені, үнемі бір жерде отырса, шаруашылықтың жайы болмайды. Сондықтан, қазақ амалсыздан күн көрген малын сақтау үшін соның қамына көшеді. Осы айтылған аз əңгімелердің өзінен қазақтың көшпелілігінің кəсібі мал өсіру екен. Сол үшін де қазіргі һалде көшпелі тұрмыстың керектігі көрініп тұр.

Бірақ, қазақ қалпын өзгерткен жоқ екен. Кəсібі, күнкөрушілік əдеттері баяғы бойдан бұлжымай тұр екен деп қарап, ізінше тұрған бөтендер жоқ: күннен күнге заман өзгерілуде, алға басуда, тіршіліктің талабы да күн санап қиындап барады. Енді бұдан былай дəуірде сүру үшін мəдени талаптар керек. Былайша айтқанда олар білімнің көрсеткен қол кəсіп-терін табиғаттың кəріне қарсы жұмсап, күнелтпесе болмайтұғын болды. Жұттан қаншасы қалады деп көзін жұмып, қолды қуысырып отырудың реті жоқ. Онан да малды жұттан аман алып қалудың лажын істеу керек. Ол үшін малға шағып шөп шабу, жанға шағып егін салу қажет.

Көшпелілерге шөп шауып, егін салу үшін бір жерге орнығып жерге отыруы, жер кəсібіне айналуы керек. Қазақтың жерге отырғызу керек деген соңғы кездердегі сөздер осыдан шыққан. Бірақ ол үшін жерлігіп отыруға төзімді жер қазаққа табыла ма? Оған келсек, Түркістан Республикасында, көпшілігі көшетұғын Ақмешіт һəм Қазалы уездерінде, Қазақстанда Ырғыз, Торғай һəм Адай уездерінде, Ақмешіт пен Қазалы уездерінің көшпелілерінің қоныстары Қызылқұм, Қарақұм, Мойынқұм, Шу, Сарысу бойлары. Қызылқұм деген жеріне сексеуіл һəм ақшөптер шыққан сусыз шөл құм: Ел мұнда қысқа қарай қар түскеннен кейін қарап келеді. Болмаса, құдығы да сирек һəм терең 30-40 құлаштан болады. Қызылда жылқы, мал күнелте алмайды. Жері аз, оның үстіне жылқының шөбі жоқ. Қызыл көшетұғын елдің мал еткендері, қой мен түйе болады. Жердің сілесі бар ғана уақытта, қыстың 2-3 айында болмаса, қызылда жаздыгүні ел отыра алмайды. Өйткені, судың тапшылығынан жəне күннің ыссылығынан жаз бұл жерлерде мал ұстап, берекет қылып отыруға мүмкін емес.

Егіншілік қылуға екі бастан мұнда тіпті болмайды. Қарақұмды алсақ, бұл Арқаға тəндік жер қызылдан. Мұның күні салқын. Қай түлікке болса да шөбі дайын, құдығы таяз. Бірақ, бұл да қыстау мен егіншілікке кем. Шабын шығытын жері жоқ. Шығатұғын шөбі: томар жусан, ақ жусан, сілеу, айғыр үйірі қияқ һəм ой, ой баттауық, бұлар басыбайлы шабын болуға жарамайды.

Таңдап жүріп шұңқыр-шұңқырға бір пұт, жарым пұт сеппесе, Қарақұм егіншілікке де кеміс. Шуасары су бойларын алсақ, оларда жаз жайлауға болмаса, қыстауға, егіншілікке жарамайды. Қазақстанның да жалғыз өз

Page 285: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

285

алдына жүретұғын Адай уезі болмаса, көбінесе, көшпелілердің келіп кететұғын жерлері осы аралар. Адайлардың да жүретұғын жерлері тақыр, құм, тастақ болса керек.

Осы айтылған жерлердің қай-қайсысының да маңызын қарасақ, екі-үш айлық мазасы болмаса (онда да мезгілді уақытта), табан теуіп өне бойы отыруға қол бере алатұғын емес. Өйткені, жоғарғы айтылғандардан бұл жерлерде отырықшы болып, ылаж қылуға болмайтындығы көрініп тұр.

Мерзімдеп жер иеленіп отырса да, болмаса бұрынғы бойымен көшіп жүрсе де қазақтың күн көретұғыны – қолындағы бар жерлері табиғи түрде мал үйіруге болмаса, жер шаруашылығына қолайсыз жерлері жоғарыда айтылған Қызылқұм, Қарақұм сықылдылар. Сондықтан, ол сықылды жерлерде көшіп қана жүріп күнелтпесе, отырықшылықтың мүмкін еместігі көрініп тұр.

Біз көрген жерлердің қазақтарының жатақ дегендерін де тақадымы жоқ қара сирақ кедейі болмаса, жарты көшпелі деуге болады. Өйткені, қысы – жазы бір жерде қозғалмай олар да отыра алмайды – қырға шығып мал жайып қайтады. Қырды жерленгендер қысқа қарай малдарын ішке айдап, Сырды жерленгендер жаз қырға жіберіп отырады.

Бұл айтылғандардан көшуден қол үзсе, қазақтың күн көре алмайтындығы көрініп тұр.

Осының барлығынан аңғаратұғын көшпелілікті қайта жамандап қол көрмегенмен, қазақ жерінің табиғи əрекеттерінің өзінің керекті қыла тұғындығы. Қазақ бар жердің көбінде көшіп жүріп күнелтпесе болмайтындығы сондықтан. Қазақты тегіс жерге айналдырып, отырық-шыландырамыз деушіліктер қате. Біздің өмірімізге көшпелілік қойылмады.

Темірбек

Саясат бөлімі

Орта азия бірлігі

Март айының басында Ташкентте Орта Азиядағы Бұхара, Хорезм һəм Түркістан республикаларының конференциясы болып өтті. Конферен-цияға шақырғанда көздеген мақсат – үш республиканың шаруа жұмыс-тарын бір жолға салу, бірлестіру еді. Бұл жөнінен конференцияның жұмысы жақсы болып шықты. Жоғарыда айтқан республикаларда жүргі-зілетін шаруа саясатын қолға алу, бір жерден басқарып тұру үшін Орта Азия шаруа істерінің Кеңесі құрылды. Сөйтіп, Орта Азиядағы республикалар шаруа жөнінен бірлесіп бұдан былай Орта Азияда жүргізілетін шаруа істерінің тағдыры сол шаруа кеңесінің қолында болатын болды.

Page 286: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

286

Ескі заманда да, революциядан бері қарай да жоғарыда айтқан аймақ-тардың шаруасы бір жерден басқарылып келген емес. Сөйтсе де, қазір бір жерден басқару керек болып тұр. Өйткені, Ресейге қарайтын жерлерді шаруа ісінің ыңғайына қарай жаңадан аудан-ауданға бөлу мəселесі көптен бері Мəскеуде қаралып жататын, Мəскеудің ұйғаруына қарағанда Түркістан, Хорезм һəм Бұхара республикалары бір шаруа ауданы болып саналатын көрінеді.

Сондықтан, Орта Азияда шаруа жұмыстарын бірлестіру үшін жалпы Орта Азия шаруа кеңесі құрылып, Орта Азиядағы республикалар шаруа жөнінен Орта Азия шаруа кеңесі арқылы ішкі Ресеймен қатынасып тұратын болып отыр. Бірақ, шаруа менен саясаттың жөні бір болмай, тағы болмайды, шаруасыз саясат ілгері баса алмайды. Бұл революциядан бергі жердегі тəжірибеден де белгілі болды.

Қазан төңкерісінің əуелгі дəуірінде күнбатыста да төңкеріс бола-тынына дəмеленіп, саясат шаруа жұмысының алдына салынып келеді. Бұл ойдан күнбатыс жұмысшылары шыға алмады. Күнбатыс Европада байлар мен жұмысшылардың көздеген мақсаттары қайшы түсіп, күнде қырық пышақ болып отырса да, 4-5 жыл ұдайына үзілмей болған жаһангерлер соғысының тұсында жүдеп сіңірі шығып қалған жұмысшылар байларға қарсы бас көтере алмай келеді. Жақын арада күнбатыста төңкеріс болмайтынына біздің де көзіміз жеткендігі болды.

Күнбатыста төңкеріс шын болмайтын болса, Ресейде төңкеріс қаупі күшейе бастайды. Күнбатыстағы капиталға сүйенген мемлекеттер Ресей төңкерісінің тамырына балта шаба бастайды. Жаһангерлік соғысының кезінде күнбатыстың кеңесшіл Ресейге көз қарасы осы болып келеді. Ойлаған ойы кеңесшіл Ресейді жығу еді. Енді өз отбасының дау жанжалы болмай, өз аралары «тату» бола күнбатыстың кеңесшіл Ресейдің дұш-пандығы күннен күнге ұлғая береді.

Күнбатыста төңкеріс болмаса, капиталшылар күшейіп, кеңесшіл Ресейді ортаға алып, тұншықтыра бастайтыны да анық. Сондықтан күнбатыстың бет алысын көре-біле тұрып, кеңесшіл Ресей қандай жол тұтынуға тиіс еді?

«Күнбатыста төңкеріс болады» деп өтірік семіріп, дəмеленіп құрғақ саясат жүргізе берсе, күнбатыс жұтып қоятын болады. Кеңестер Ресей қол-аяғын байлап, өзін-өзі капиталшылар қолынан бере алмағандықтан, төңкерістің əуелгі жылдары Ресейде жас демей, кəрі демей жұрттың бəрі саясатшыл болып кетсе де, енді ол демінен түсіп саясатқа да, басқа жұмысқа да шаруаны күшейту көзімен қарап келеді. Саясат өз бетімен кете алмай, шаруаны аяқтандыру ұранына бағына бастады. Кеңестер республикалары бұрынғы құрған саясатты тастап, шаруа жөнінен бірлесе бастады. Кеңестер республикалары шаруа жөнінен бірлесулері арқасында күнбатыстың қара күшіне қарсы тұрып келеді.

Page 287: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

287

Саясатсыз шаруа ісі де жүрмейді, шаруа ісі саясатты тудырмай тағы тұрмайды.

Англия Орта Азияны өзіне қаратпақ болғанда, патшашыл Ресей де Қазақстан мен Түркістанды бағындырғанда жергілікті жұрттар надан, қараңғы болған соң білім берейін, ғылым үйретейін деп есіркегендік пе еді?

Ондай болса елу жылдан бері Ресей неден аянып қалды? Ағылшын-дар Үндістанды не себепті талап келді?

Біреу үшін біреу отқа түспейді Біреу үшін біреу жұмақтың есігін ашпайды. Əр кім өзі кіруге таласады. Əр кім өзі керегін іздейді. Сон-дықтан, Англияны Орта Азияға, орыстарды Қазақстан мен Түркістанға бастап келген бізді аяушылыққа алғандық емес. Дүние іздеу мақсаты, байлықты көбейту амалы еді. Шаруа қамы саясатты тудырмай тұра алмайды дегеніміз осы.

Сөйтіп, саясат пен шаруа жұмыстары бірінен-бірі тіпті айырыла алмайды. Сондықтан, Орта Азиядағы Түркістан, Бұхара, Хорезм республикаларының шаруа істері бірлескен соң, саяси істері де жақындаспай болмайды. Əдеби конференция шақырылып, Орта Азия республикаларын шаруа жөнінен ресми ретте бірлестірілмесе де, шаруа жөнінен бірлескен соң саяси ретінде бірлескен болады.

Орта Азия бірлігі құрылғанда ескеретін ісі – ұлт мəселесі, Орта Азияда тұратын нашар ұлттардың жұртшылығын сақтап қалу.

Екі ауыз сөздің бірі – ұлт мəселесі, екі рет түртілген қаламның бірі – ұлт мəселесі, ұлт мəселесі жұрттың жүрегіне тиген жоқ па? Ұлт мəселесі туралы сөз бітіп, əңгіме ашылған жоқ па деушілер де көп шығар. Коммунистер партиясы мемлекет ісін қолға алғаннан бастап ұлт мəселесін негізгі мəселе санап келеді. Ұлт мəселесін, ұлт теңдігін ұмытқан партия ұлт мəселесіне тұншығатынына сөз жоқ деп «келеді». Ұлт мəселесін дұрыс шешпей, тіпті күнбатыстың ісі де жөнделмейді. Əсіресе, Ресейде ішкі һəм сыртқы саясатты ұлт мəселесіне құрмай, бір ұлтқа екінші ұлттың істеп келген жауыздығын тыймай, ұлт теңдігін партияның негізгі істерінің алдына салмай, мемлекеттің ірі істерінен бастап майда кеңсе жұмыстарында да əр ұлттың мұң-мұқтажын тексеріп отырмай, төңкеріс орнықпайды деп коммунистер партиясында бастықтары ашық айтып келеді.

Коммунистер партиясы замана қалпын жақсы сезді. Төңкеріс өмірі ұлт мəселесін ұмытпағандықтан сақталып келе жатқандығына жақсы түсінеді. Сондықтан, ұлт мəселесін сөз қылмай тұра алмайды. Ұлт мəселесі туралы сөз ашылды деушілердің көбі ұлтшыл аты таңылады деп қорыққанынан ұлт мəселесін қозғаудан қашады. Бұрын тұщыға үйреніп қалғандықтан, ұлт теңдігін сүймегендер айтады.

Page 288: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

288

Əйтпесе, неғұрлым мемлекет ішінде тұратын ұлттардың саны көп болған сайын, солғұрлым ұлт мəселесі шиелене бермек. Ұлт мəселесі хақында сөз көбейе бермек.

Сондықтан, Орта Азия республикалары шаруа һəм саяси жөнінен бірлесетін болса, ұлт мəселесін тіпті ескерусіз тастауға болмайды.

Қай ұлттың болса да көздеген түпкі мақсаты – ең əуелі бостандық табу. Ол талабы орындай бастағаннан-ақ, буын жиып қуаттана бастағаннан-ақ, өзінен төмен əлсіз ұлттарды пайдалану ниетіне кірісетін ұлттар да болады екен. Ол сөзді ілгеріде естуші едік. Бір-екі жылдан бері қарай оны көзіміз де көріп келеді.

Орта Азияда майда сауда капиталы күшейіп, саудагер жұрттар аяқтанып келе жатқанда, əлсіз жұртты алды жұрттар ептеп пайдаланбай тұра алмайды. Аяқты мал шаруасын қолданып, мəз болып жүрген жұрт шаруасы ауыр мықты жұрттарға жем болуы ықтимал.

Ілгеріде де бұл екі шаруа, екі рулы елдей еді. Бұдан былай да сол бетімен кететіні анық, мақсаттары қайшы түседі де отырады.

Шаруасының жөніне қарай жүрмейтін, шаруасының айтқанына көнбейтін, тіпті жұрт болмайтындықтан, бір аймақта тұрса да түбі туысқан болса да, бір жұртты екінші жұрт пайдаланатыны анық. Шаруасы орнықты жұрт шаруасы мықты жұрттарға жем болмайтыны да шын.

Əсіресе, Орта Азия бірлігі құрылып, жаңа шаруа сақтығы күшейген сайын Орта Азияда тұрған ұлттар осы жолға түсіп, бір-біріне ала көздігі күшейе бастайды.

Орта Азиядағы жұрттардың ішінде аяқты мал шаруасын қолданып жүрген, оны тастай алмай яки, болмаса, ілгері бастырып гүлдендіре алмай келе жатқан түрікпен менен қырғыз-қазақ. Сондықтан, басқа жұрттардың аузына түсіп, тісіне жұмсақ тиетін түрікмендер мен қырғыз-қазақ болады.

Орта Азиядағы жергілікті жұрттардың арасы неғұрлым қашықтаған сайын, солғұрлым Орта Азияда колонизаторлық күшейіп, неғұрым жақындаған сайын, солғұрлым «түрікшілдік», «мұсылманшылдық» зорая бастайды.

«Мұсылманшылдық» болмаса, «түрікшілдік» жолына түссе, қырғыз-қазақ пен түрікмендер жұртшылығынан айырылады. Шаруасы нашар болғандықтан, мұсылман жұрттарына жем болады. Мұсылман жұрттары ең алдымен, түрікмендер менен қырғыз-қазақты талай бастайды. Содан мұсылмандық яки болмаса, түрікшілдік қолына түсу түрікмендер мен қырғыз-қазаққа қауіпті. Жергілікті жұрттардың арасы қашықтап, Орта Азияда колонизаторлық күшейсе, түркімен менен қырғыз-қазаққа тағы қауіпті.

Колонизаторлардың тісіне жұмсақ тиетін қырғыз-қазақтар менен түрікмендер болады. Колонизаторлар ең алдымен түрікмендер мен қырғыз-қазақты пайдаланады.

Page 289: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

289

Осы екі мəселені еске алып, Орта Азия бірлігін құрғанда, Орта Азиядағы шаруасы нашар жұрттардың жұртшылығы құрылмай, сақталып қалуын көздеу керек.

Балықшы

Білім бөлімі

«Диуани луғат ат-түрік»

Түрік тілі һəм əдебиеті туралы «Диуани лұғат-ат түрік» деген бір кітаптың Истамбулда табылғанын дүние соғысының алдында ғана (1914 ж) біреу бізге хатпен білдіріп еді. Бұл кітапты көруге құмарланып, толық мағлұмат сұрап, хат жазып едік, бірақ, соғыстар себебінен Туркия шекарасы жабылып қалып, ешбір жауап алуға болмады. Соғыс дəуірінде, 1914 жылдан 1918 жылға дейін Истамбулда Көпірлі Заде Махмуд эфендінің қарамағында түрік азаматтар тарапынан білім жолында бірталай өнімді қызметтер жүзеге шығарылған екен. «(Милли татбаъғлер мажмаусы» тағы сондай, «əдебиет факультеті» мажмуғесін, тағы сондай журналдар басылған екен. Түркия мариб назараты артықша қарап, өз қаражатымен əлгі айтылған «Диуани лұғат-ат түрік» кітабы 1918 жылы жақсы қағазға, 60 формада 3 том кітап (I-ші том 843 бет, ал II-ші том 320, III-ші 253 бет) қылып бастырған. Түріктің білімді ерлерінің бұл кітапқа артықша назар салғандықтары, қадірін білгендіктері кітапты түзетіп, қарап бастырған Ахмет Рифат эфендінің (III-ші кітап аяғында) жазған сөздерінен көрініп тұр.

Түрік ғалымдары бұл кітаптың жанып, болмаса өртеніп жоғалуынан қорқып, бастырып майданға шығаруға асықтырыпты. Түрік ұлты əрбір том (жылда) шыққан сайын пайдаланып, əдебиет тарихы туралы көп жаңа білімдерді, сөздерді майданға шығарыпты.

Түрік азаматтарының білімге, түрік ұлтының тілі һəм əдебиетіне мы-нандай назар салғандықтарына қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр.

Османлы түріктері бұл соңғы заманға дейін білім кітаптарын бастыруда Европадағы жол-жобаға (əсіресе Ди-коя сияқты ориенталист ғалымдар жолына) көз салмақшы еді. Бұрынғы Қазанда, Ташкентте басылған «Қисса Анбия» кітабындай қылып қалай болса солай баса салушы еді. Ғылыми кітаптарды баспаханалардың өзі түзетушілері корректорға қарап түзетеміз деп былықтырып қоюшы еді. Ахмет Рифат эфендінің де азын-аулақ сондай кемшілігі жоқ емес. Османлы жазушыларында артық таралған «жақша белгісін» орынды-орынсыз көп жұмсау, мəселен, 3-ші кітапта да 503 бетін «Шу» бап деп жазғаны сияқты. Бұл оқушыларды жаңылдырады. Ахмет Рифат эфендінің осындайы аз емес.

Page 290: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

290

Бірақ, сондадағы бұл кітаптың басылуы өзінің жақсылығымен осы күнге дейін Түркияда басылған бұрынғы кітаптардан айырылып тұр. Қатесін түзетуге артықша назар салғандық, жете қарап бастырғандық, қолдан келгенше түп (оригинал) кітаптың суретін сақтауға иждахат қылғандық кітаптан көрініп-ақ тұр. Қысқаша айтқанда, Османлы түріктерінде пəн кітаптарын басу туралы Европа жолы – жобасын жүзеге шығаруға бет қойғандық көрінді. Бұл туралы əсіресе «Милли татбағлер мажмауғесі» көп қызмет көрсетіп тұр. Бұл журнал түрік ғалымдардың өз бетімен (ғылыми кітаптарды бастыру жолында) жүрулерін, əр ғалымның өз ойынан шығарып пайдасыз білім жолында өнімі жоқ «Ақыл» сөйлеулерін қатты айып қылады (мəселен: жылда екі төрт сан, 171-190 бет). Бұл сөздер ғылым жолында жаңа үлкен бір адым деп білеміз. Түркияда кітап басуға осындай артық назар салуды көріп, біздің қуанышымыз екі есе болып отыр.

«Диуани лұғат ат-түріктің» шығарушысы – Махмуд бин Əл-Хусейн бин Мухаммад Əл-Қашқари деген бір түрік ғалымы. Бұл адамның аты бұрынғы ескі тарих кітаптарында көрінген жоқ еді. Тəржіме хəлі (биографиясы) туралы сөздер өз кітабынан ғана табылып отыр. Бұл адам 999-шы жылдан 1212 жылға дейін күнбатыс, күншығыс Түркістанды билеп тұрған «Қарахан» түрік хандарының ең күшті болып дəуірлері жүріп тұрған заманда болған адам. Атасы Хусейн, (Түрікше аты «Бахыркен» 521) осы қарахандардың атақты бектерінен болған. Саманилардан Маверенаһрды алып берген кісі болған. Бұл «Бахыркен» осы күнгі Ыстық көлдің күнбатысы мен оңтүстігі арасының жағасындағы «Барыс хан» шаһарында болған. Кітаптың шығарушысы Махмудтың туған кіндік кесіп, кір жуған жері, ата-қонысы Ыстықкөл жағасы «Барысхан» шаһары болады. Махмуд Қашқари өзі дағы түрік бектер мен əскерінен, ғалым, шайырларының (ақын) алдыңғы қатарынан болған. (31) Өзінің өмірін түрік қауымдары арасында түрлі түрік рулары ішінде өткізген. Өзін «Қашқари» (Қашқарлық) деп атағанынан қашқар хандарымен болған сұхбаттары (беседа) жазғанынан, оның Қашқарда өмірін өткізгендігі білінеді. Бірақ, қандай себептен екені белгісіз, бұл түрік ғалымы түрік қаһарман бегі Бағдат халифасының алдына барған. Кітабын халифа «Əл-қайым Биамери Аллаһ»-тың патшалығының соңғы жылында жазып, оның орынбасары «Ал-мухтади Би Эмриллаһ»-қа тарту қылған.

Əйтеуір кітап 1073-інші жылы (сиыр жылы) жазылған. 1) Махмуд Қашқаридің замандасы болған екінші бір Қарахан түрік жазушысы Баласағұн Жүсіп Хас Хажыб «Қудатғу білік» есімді кітабын 462 жылы тауық жылында (1069-1070 қыс күні) жазған. 2) Осылайша Махмуд Қашқари кітабымен Жүсіп Хас туралы Димашқи Хажыбтың кітабы жазылуының арасын екі-үш-ақ жыл уақыт бөледі.

Page 291: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

291

1. Махмуд Қашқари кітабын қай жылда жазғанын үш орында сөйлейді. Кітаптың аяғында (333) кітабы 464 жылдың жұмадал аууал айында (яғни 1072 жылдың февралында доңыз жылдың аяғында) жаза бастап, 466 жыл жұмадалахар айында (яғни 1074 жыл февраль жұлдызында сиыр жылы аяғында) таман қылғанын айтады. Бірақ, 3-ші жылдың февраль 116 бетте, «369 жыл нак (яғни ұлу) жылы жазылды» дейді. Бұл 1076-шы жыл август жұлдызы мен 1076-шы жылғы март арасында болды. Нак-ұлу жылы 1076-шы жыл март жұлдызына кіреді. 46-інші жыл 1076-ші жылдың 5-інші авгусына кіреді. 469-ші жылда ұлу жыл дегені 469-шы жылдың шағбан айынан бұрын деген сөз болады. Жылда 1 бет 290-да, 466-ші жыл мухаррам айында жазып отырмыз. Бұл уақытта жылан жылы кірді. 467-шы жылы кірсе енді, яғни, жылқы жылы кіреді, деп жазды. Бірақ, осында бір қате бар: 366-шы жылдың мухаррам басы 1073-ші жылдың сентябрь 6-сында болады. Жылан жылы 357-ші жыл 1065-ші жылдың мартында һəм 370-1077-ші жыл мартында кіреді. Енді 458-ші жылдың жылан жылы мухаррам айы 1088-ші жылдың 25 июлінде келеді. Қалай болса да, мұнда бір қате бар. Қалай болса да, Махмуд Қашқари кітабы 1072-ші жыл мен 1076-шы жылдар арасында жазған. Кітабын жазып тамам қылу 1076 жыл болған деп айтуымыз керек. Кітаптың жазылу жылын алдымыздағы Стамбул басшысы сыртында асыл нұсқа бойынша 466 қойылған. Шынымен, кітаптың жызылу жылын қысқаша қылып 1073 десек дұрыс болар.

2. 46-шы жылдың тауық жылы 1069-шы жыл март 9-да кіреді. 363-ші жыл март 9-нда кірсе, «Қудатғу білік» 462-ші жылдың жұмадала айының һəм 1070-ші жылдың мартынан бұрын аяғы 1069-шы жылдың ноябрь жұлдызы, 1070-ші жылдың март жұлдызы арасында қыс күнінде жазылған болады.

Бірақ, бұл кітаптың біреуі түп Түркістан орталығы Қашқарда, екіншісі Бағдатта жазылған М.Қашқари кітабының Ыстанбұлда табылған нұсқасы 664-шы хиджра 1266-шы жылда «Мухамед бин Абу Бакир бин Барал Фатих Ас-Сауй Əд-Димашқи» деген адамның қаламы мен шығарушының өз қолымен жазған кітаптан жазылған. Бұл туралы Димшқи өзі (111-222-323) жазады. М.Қашқари кітабының басында бұл кітапты сол замандағы мəдениет дүниесі мұсылмандарға түрік ұлтын таныту, білдіру үшін жазғанын айтады. Осы себеппен, ол өзінің түрік қауымы түрік əдебиеті туралы жазған кітабын араб тілімен жазған. Əрине, М.Қашқари араб тілін өте жақсы білген һəм кітабын зорланбай-ақ арабтың шешен сөздерін ашық тілмен жазған. М.Қашқари өз заманындағы ғалымдардан «Хусейн бин Халиф Аль-Қашқариды» атайды. (293). Бұл ғалым туралы Самқани «Кітабул ансаф» деген кітабында (Гип бастырған, 472) Қашқари туралы сөйлегенді баян қылады. Бұл кісі 484-1091 шамасында уафат болған бір Мухадис (пайғамбар сөздерін көшіруші) ғалым екен. Бірақ, бұл ғалымның сөйлеген хадистері көбінесе өтірік байлаусыз саналған. М.Қашқари бұл ғалымнан түріктер туралы бір хадис-худси көшіреді. Тағы сондай түріктер хақында хадистерді Бұхара, Нисабур ғалымдарынан алып жазады.

Мухаммед пайғамбар түрік патшалығының, Токио хандарының ең күшті, Византия, əрі Иранға қарсы ең, кең бір дəулет болып, күн көрген дəуірінде келген. Əрине, ол түріктерді білген. Ескендір патшаның «Садия жуж уама жуж» яғни, күн шығыста бастапқы түзілген соғыс қамалдары

Page 292: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

292

туралы сөйлеген. Бұл пайғамбардың заманында арабтар арасында, əрине, түрік қауымы туралы ұзын құлақ хабарлар болуы анық.

XII-XIII ғасырларда Исламға дұшпан болған Аһлу солиб (крестовые походы) Қарақытай горхандары һəм найман ханы Күшліктердің ислам елін бұзуы туралы көп эфсаналар (легенда) түзгені сияқты Сасани Иранға дұшпан болған арабтарда өз заманындағы Токио, түрік хағандары туралы көп хабарлар болған болса керек. Бірақ, түрік қауымын мақтап көтеріп айтқан хадистері, оғыз, селжук, сəбіктекін сұлтандарының мұғтасим (мухтасим) халифа уақтында-ақ, халифа қызметіне Бағдатқа барған түрік əскерлерінің һəм ерлерінің көңілдерін көтеру үшін қарсы (Иран) ғалымдары түзелген М.Қашқари һəм басқа түрік ерлері бұл хадистерге сеніп жүрген. Осыған қарағанда, М.Қашқари Құран мен араб əдебиетін жете білсе де, дін һəм хадис ғалымдарын өте білмеген. Бірақ ол араб тілін, əдебиетін жете білген һəм кітабын атақты араб филологы (тіл ғылымына жетік кісі) Халелдің «Китабул айн» деген классика (үлгі) кітабына ұқсатып жазғанын (51) айтады. Шынымен, ол тіл мəдениет майданында, арабтың ел алдыңғы қатарындағы ғалымдарымен қатар тұрып, түрік тілін сол замандағы ең жоғарғы финхусылуына салып жазған. Бірақ, дін жағынан ол жақсы мұсылман болғанымен, бірге шала шаман-(бақсы) болған. Һəм ол 14-15-шы ғасырлардағы ислам діні үшін тырысып жүрген Əмір-Темір һəм Əбілқайыр хандардай, өзінің шамани сенімдерін ашық жазады. Қалай болса да бұл адам дін ғалымы емес, бəлки, таза дүниауи (светский) ғалым болған. Бұл оның кітабынан ашық көрініп тұрады. Кітабында кезікпеген ұзын сөйлемдер, пайдасыз сөзбастар жоқ, кітабының басынан-ақ, Тоқтамыс хан сөзім деп тура өзінің мақсатын сөйлеп, жарлық жазған түрік хандарындай «Қал Абди Мухамуддин ал-Хусейн» деп, тура мақсатын сөйлеп алып кетеді. Ол кітабына өз заманындағы түрік қауымдарын жоғарғы орындарын өз заманындағы ұлттарға алыс-жуығын көрсету, кітабын түсінікті қылу үшін, ол уақытқа дейін мұсылман ғалымдарында көрінбеген бір жобамен, дөңгелек (ықтимал «жер дөңгелек» «Əл арду курату» мəселесін біліп) харита-(карта) жазған. Мұнда таулар, теңіздер, өзен, дариялар, құмдар шаһарларды санап көрсеткен. Бұлардың əрбірін басқа-басқа бояумен түсірген. Осылардың үстіне, ислам ғалымдарына қарсы мəдениет, шаруашылық, егіншілік, сауда-санағат терминдеріне артықша назар салған. Ислам дүниесінде Ыхтисади ғалымдарды Сырдария жағасына барған бір түрік ғалымы (Ғараби) бастап жазған болса, М.Қашқаридың да таза бір дүниауи (светский) ғылым, діниауи жағрафия һəм тіл ғалымы болып, кітабын мынадай бір жолға қоюы ислам тарихында мысалы болмаған бір қызмет.

Бұл мəселе түрік қауымының ислам дүниесіне келіп, қосылып қана кететін бір унсур (элемент) болмай, өз елінен жоғарғы бір мəдениетпен

Page 293: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

293

тəрбиеленіп келгенін һəм біздің бұл күнге дейін ойлағанымыздай жұлдыз қарап, бал ашып, құмалақ тартып, сонымен іс қылып үйренген көшпелі түріктердің ислам дүниесіне келуімен, рухани мəдениетті білуге шамасы келмеді. Бəлки, деректі істер (практический) жұлдыз, расадхана, риадиатпенен (математика) болды. Өйткені, рухани мəдениетке олардың ынтасы, салахиаты жоқ еді. Түріктердің ислам дүниесіне келіп, расад хана риадиатпен болулары, сол жолда қызмет қылулары, мəдениліктен емес, мəдениетсіз болып тіршіліктерінде рухани мағына (духовное содержание) болмағанын көрсетеді деген назарлардың (взгляд) дұрыс болмағанын ашты, мұсылман түрік сұлтандары болған селжуқылардың Бағдат пен Иранға келіп «Хилафат» яғни (теократизмға) қарсы дүниауи мемлекет (Светская власть) «Сұлтандық» кіргізулері, мұсылман қара-ханилардың Мауеренаһрды алған соң, Ислам руханилары мен (молда-лары) күресулері (бұл таптардың тартысуында хандардың бұқарашыл (демократия жағында) болуы ғана емес). М.Қашқари Фараби сияқты ғалымдардың дүниауи ғылым түзулері, түрік хандарының риадиат, расатпенен болулары сияқты фактілердің арасында бір-біріне байланыс болса керек. Бұл фактлер Орта Азияның түрік қауымы ішінде Сырдария, Тарым, Тянь-Шань аудандарында «дерексіз дүниеге (маффуқат табиат) рухани мəдениет пəлсапаға қарамай, мəдениет, мадиа, дүниеге ашық көзбен қарайтын Иран, Жуһуд мəдениетіне қарсы бір мəдениет болғанын көрсетеді.

Осыған қарағанда М.Қашқари, оның кітабын былай қоя тұрғанда, өзі мəдəни тарихы жағынан, мухым бір факт болады. Не үшін араб, яки парсы ғалымдарынан ешбіреуі өзінің қауымы, тілі туралы осындай бір кітап жазбаған, не үшін «Сиасатнаме», «Жамиат-Тауарих» сияқты кітаптары ислам тарихында тек фахат, селжуқ, Моғол хандарының қалағанына жазылған себептен ғана жалғыз-ақ əсерлер болып қалған?

Бұл уақиға яғни, М.Қашқаридің өзі «шахси» ислам һəм түрік тарихында үлкен бір уақиға болуында күдік жоқ. М.Қашқаридің кітабына келгенде, бұл кітап туралы əзірге біз Еуропаның түрік тілі мамандарының пікірін естігеніміз жоқ.

Бұл кітаптың бір нұсқасы академик Бартольдқа берілген екен. Бірақ Бартольдің бұл кітап туралы бір нəрсе жазып-жазбағанын білмедік. Қалай болса да, біздің мынаны айтуға шамамыз келеді. Түрік қауымының тіл, əдебиет һəм мəдениет тарихы үшін 1889 жыл Орхон жағалауында, Ядринцев тапқан Томсон, Радлов һəм басқа ғалымдар тарапынан үйреніліп нішір етілген. Барлық мəдениет, хан дүниесінің назарын өзіне қаратқан, хан ерлерінің пікірін алыстырған (өзгерткен). Ескі түрік-орхон «бітік тастар» қандай аһамиаты болса, М.Қашқари кітабында аһамиаты сондай. М.Қашқаридың түрік қауымына, өз ұлтына мына себепті Күлтегін, Білге

Page 294: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

294

хандардың мұнсабатындай һəм түрік руларын, түрік тілін білу əсіресе, білімі олардан артық болған.

Кітабының басында Махмуд Қашқари мына сөздерді жазады. «Махмуд Хусейн ұлы айтады: тəңірі дəулет күнінің көзін түріктің көгінде тудырды жер, Азияның дəрілерін олардың қолына берді. Оларға, түрік деп ат қойды. Дүниеде патшалық жұмысын оларға тапсырды. Оларды заманының иесі патшасы қылды, һəм дүниедегі ұлттардың тізгінін олардың қолына берді. Оларды туралыққе берік қылды. Түрікке сиынған кісі жоғары болды. Күшті болды Һəм қалағанына жетті. Пəлелерден пəле шығарушы бассыз, тиянақсыз адамдардың пəлесінен құтылды. Түріктің найзасынан құтыламын деген һəм бір ақылды кісі олардың етегіне жабыссын.

Бірақ, түріктерге жақын болу үшін олардың өз тілімен сөйлеуден бөлек амалы жоқ. (2.1) Олар өз тілімен айтқан сөзге ғана құлақ салады. Сонда ғана олардың көңілін, өзіне қаратып болады. Бұқара, Нисапур молдаларының айтуынша, Мұхаммед пайғамбар түрік тілін үйреніңіздер, өйткені, олар дүниеде ұзақ, көп заман патшалық қылады дейді. Мысалы, бұл хадис шын ба, өтірік пе оны сол молдалардың өздері біледі. Егер дұрыс болмаса да, ақыл соны тілейді. Мен, өзім түрік қауымдарының шахарларын, далаларын əр қилы бойына кезіп жүрдім. Түріктің тілі, һəм əдебиетін үйрендім. Түрік болсын, түрікпен, оғыз шекілі, яғма, қырғыз болсын бұлардың тіл əдебиеттерін білдім. Оның үстіне мен өзім түрік қауымының сөзге шешен, тілі тазаларынан бір кісімен Асылзаде, артық туған тұқымнанмын. Қылышпен шабуға, найзамен шаншуға ең ұсталарынанмын. Мінеки, руының үшін де, түрік қауымының əр табының тіл һəм лұғаттары менің миыма тамам тура кіріп отырды. Ол тіл, əдебиеті мен ең жақсы бір низамға тіздім. Бұл кітабымды жаздым. Сөйтіп, менің атым мəңгі қалсын, маған мəңгілік азық болсын, (2.1) кітабымды Халилдің «Китабул айн» деген кітабының формасына жақын қылып түздім. Сөйтіп, түрік тілі мен араб тілі жарысып барған, жүйрік аттай болып көрінсін (5.1) Арада түріктердің тіршілігінен айтатын өлеңдерді (шер) келтірдім (8.1). Түрік еліндегі тау, өзен, (дария) көлдерін жаздым. (26.1) Бірақ, түрік тіліне шеттен кірген сөздерді жазбадым жəне де Түріктердің руларын жаздым. Бұлар жиырма шамасында болады. Бірақ, ұсақ рулардың санын құдайдан бөлек ешкім білмейді. Бұл ұсақ рулардан мен түрікпен оғыз руын-ақ айттым, һəм олардың таңбаларын жаздым. Оның үшін бұл керек нəрсе, (28.1) түріктің ең шешен тілі (фасих тілі) түрік тілінен басқаны білмеген араб, парсыға мадани қауымдарға араласып жүрмегендерінен болады. (29.1). Əсіресе, елі Ертіс, Ямар, Еділ бойларында болады. Бəрінен фасих тіл хақандарында һəм оларға жақын жүргендерін де болады. (30.1). Түріктердің елі күнбатыста Рум, күн

Page 295: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

295

шығыста Қытайға дейін 8 мың парсах шамалы жерлерді алып отыр. Түрік елі сондай үлкен, адамдар мұны ашық түсінуі үшін мен жер дайрасын харита қылып жаздым.(31.1)

Түрік қауымы «Түрік бин Яфас бин Нухтың» балалары болды.(27.1). Құдай адам пайғамбарды «инсан» деп атаған. Əрі сол ат бүкіл адам балаларына сондай-ақ Түрік балаларына есім болып қалған һəм «түрік» деп есім берілген. Рум бин Айсуға қарап, барлық Рум қауымдары «Рум» деп аталғандай түріктерге һəм аталарының аты ат болып қалған. (293.1). Молдалар хабарынша Мұхаммед пайғамбарға құдай айтыпты-мыс: «Менің бір əскерім бар, оларға түрік деп ат бердім. Оларға күншығыс жағынан қоныс бердім. Егер де бір қауымға ашуым келсе, осы түріктерді жіберіп билетемін (маслат қыламын)» деп. Түрік қауымын құдайдың бүкіл дүниенің басқа ұлттарынан айырып, оларға түрік деген атты өзі беруі, түрікті басқа ұлттардан айырған бір фадилат (артықтық) болады. Құдай түрік қауымын дүниенің ең биік жерлеріне, (Тянь-шань тауларын айтады) һəм жер жүзінің ауасы ең таза орынға жайластырды. Оларды өзінің əскері деп атайды. Түрік халқы осының үстіне сұлу, жүзі күліп тұрған, өзі əдепті, сыпайы, жасы үлкен адамдарға құрмет қылған. Айтқан сөзінен қайтпайтын, уəдесіне берік, тəкəппəршілдікті, мақтануды білмейтін халық. Түрік қаһарман, батыр ұлт. Мұнан басқа да олардың мақтауға лайықты мінездері əрине көп. Соның ішінде өлең де айтылған.

Қышын кірсə, аны тірік едін, анға аның едші,Мінкір тікір алфалық, мында ніру кісілур.Яғни, біреуді мақтағанда «мұның жақсылығына, түрікте куə бо-

лады» деп айтылады. (294.1) Темір балаларының дəуірі жүріп тұрған замандарында киілген (шайыр) Науайының түрік қауымын мақтап айтқан өлеңдері (бұл туралы 1917 жылы Қоқанда шыққан «Юрт» журналы-ның үшінші номерінде жазылған) сияқты. Махмуд Қашқаридің түрік қауымын мақтауды да, Селжуқылардан Алып Арсылан бүлікшілердің бүкіл ислам дүниесін өзідеріне қаратып, ғазнеуйлердің Үндістанды алып, қараханилардың бүкіл Түркістанның əр екі жағына қожа болып тұрған түрік шеукеті (могушество) тəсіліменен болған. Біз болсақ бұл ислам мəдениетін һəм шеукеті дəуірінде Арабстан, парсы ортасына барған түрік ғалымының араб, ислам мəдениеті алдында сасқалақтап, таңырқап қалуын ойлар едік. Бұл кісі Дижле, Фрат жағасында тұрып, мұндай қылып құр көңілмен, өз ұлтын мақтауы һəм өз ұлтының тілін, əдебиетін, араб тілі Құран һəм араб əдебиетімен «қатар жарысып барған ат» деп жарыстыру. Əрине, өз елінде Қашқар һəм Түркістанда мəдени сүйеніш арқа таянышы болған себебінен болады. «Диуани лұғат ат түрік» шынымен осыны Лұғат кітабы сыйдырған шамада ашып берді. Бұл кітаптан біз ол замандағы түрік дəулеттерінің ішкі түзелісін түріктердің

Page 296: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

296

ыхтисади, ижтамай тіршіліктерін, дін ықтиқаттарын, түрлі тарих хикая ұғындыларын, нұрлы шаһар, қыстақтарын, жайлау, қыстауларын, мади һəм рухани мəдениетін үйренеміз. Мұнан да артық керекті болғаны əрине тіл һəм əдебиет жағы Махмуд Қашқари Тянь-Шань үстінде һəм оның екі жағында ұзын шекті, яғма, тухси қырғыз, ұйғыр, қыпшақ, имақ, басмал, татар, башқұрт, булгар, қарлұқ сияқты түрік қауымдарының тілдері тақырыпты осы соңғы заманда Радлов кітаптарында жазылғандай қылып татбиқи (сравнительная) фонеткасын берді. Түрік тіршілігінің əр жағынан алынған, һəр түрлі 238 шамалы таза түрік өлеңдері, һəр 270 шамалы мақалдар, өте көп сөйлемдер келтіреді. Əсіресе, М.Қашқаридің түрлі руларының (лəһжə) (наречие) туралы берген мағлұмат өте қымбатты. Түрік сөзін араб хəрфімен жазған адам əрине, Қашқари бірінші (тұңғыш) адам болған. Ол араб əрпін түрік əріпі демейді. Түрік сөзін тек арабтарға һəм басқаларға түсіндіру үшін ғана араб əрібін жазады. Ол «түрік əрібін» деп ұйғырша əріпті-ақ біледі. Ұйғыр əріптерімен жазудың жол-жобаларын һəм араб-хəрфімен жазылған сөздердің ұйғырша қалай жазылғанын көрсетті. Араб əрпімен жазғанын асты, үсті (харакат) сүкінмен жазған, əр түрлі əріптің махражын (дыбыс шығатын орны). Əр харакат, сүкіннің қалай жұмсалуы жағында ашық мағлұмат береді. Соның үстіне, араб сөздері бəрі де асты үстімен жазылған. Мінеки, соның үшін де əр сөздің қалай айтылуы, мағынасы туралы еш қатесіз, ашық (қатағи) мағлұмат алынады.

Осы күнге дейін Қойнелі Халил деген адам тарапынан көшіріліп қал-ған арабша «түрік, моғол, парсы таржіманы» (хутсма һəм милиузанский нішірі) һəм Ибнул Хайян Əл Фарнатидің «Китабул адрак» жəне Мысырда табылған кулістан тəржімəсі, Қутби деген адамның бір кітабы жəне Радлов, гизе бастырған «Қоман хижесі – Кадикс қоманикс» һəм басқалар бар еді. Бірақ, олардың бəрі де ХІІІ-ХV ғасыр яғни, Моғолдардан соңғы дəуірге жететін жəне де бек аз, шала, қатасы көп жазулары бұзылған кітаптар еді. Соның үстіне олар бəрі де, Түрікпен, қыпшақ тілдеріне жататын кітаптар еді.

Күншығыс лəһжелерге яғни, бұл күнге дейін бəріне де ұйғыр тілі деп аталып жүрген тілге жататын Түркістандағы Кішиғат (открытие) заманында табылған, ХІХ–ншы ғасыр басынан-ақ майданға шыққан Машһүр «Құдатғу білік» кітабы тарайды. Əрине, бұл əсəрлар да аса қымбатты (мухим) əсəрлəр. Бірақ, «Құдатғу біліктің» оқылуы, (чтения) өзі бұл күнге дейін, бұл тілдің мамандары Радлов, Томсон, Уамири, Моллирликов, Хартмандар арасында шешілмей жүрген бір талас мəселе еді. Соның үстіне, «Құдатғудың» нұсқаулары жаңарақ. Мысырда һəм Ферғанада жазылған. Араб харфімен жазылған нұсқаулары харекетсіз жазылған, тəржімесіз ибара (текст) ғана еді. Жəне де бұл ескі «ұйғыр»

Page 297: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

297

кітаптарының көбінің тілдері де анық халық тілі емес. Əдеби һəм бірталай шет (ислам яки будда) тəсіріне кірген тілдер еді. Махмуд Қашқаридің кітабы күншығыс, күнбатыс Токио хүкіметі бұзылғаннан, Моғолдар дəуіріне дейін келген. Түрік қауымдарының барлығының тірі (живой) халық тілі үстінде тексеру, һəм фини жолмен жазылған бір кітап болып, моғолдардан бұрынғы түрік қауымдарының охиғитлері. Түрік тілінің соңғы романда тəшкіл еткен тармақ, (Группа)-ларының асастары туралы ашық аян, қатъи мағлумат береді. Мұның арқасында, ескі ұйғыр əсерлерін əсіресе, «Құдатғу білікті» жаңадан қарап шығуға лəзім болады. Һəм түркі тілдердің түрік əдебиетінің тарихы үйрену бабында жаңа дəуір кіргізеді. Махмуд Қашқаридің айтуынша (241)-бұл Түрік ғылымы жəне де Түрік тілінің Наху Сарфи туралы «Кітап Жауаһирун-нахуи луғат түрік» есімімен арнап бір кітап жазған екен. Егер бұл кітап та табылса, өте жақсы болар еді. Сонда дағы осы табылған кітабы əрине, оның ең үлкен, асыл кітабы. Мұныменен де Мақсуд Хасыл болады. Түріктің өз арасынан шыққан бұл ғалымның мадани, ижтимаъи, тарихи ықтысади мағлұматтары, истилах (термин)-дары арқасында күн батыс Токио-Түрік хүкіметі бұзылғаннан татарлар дəуіріне дейін тұрған. Бұл күнге Шефқат Ибн Хрдатбе Қудама, Гурдізи, ауфи, уағайри сияқты араб, парсы жағрафия ғалымдарының ұзын құлақ хабарынша, жазған жарқым жұрты шанақ жазуларына һəм Қытай мағлұматына қарап үйретілген. Түріктердің ішкі тіршіліктері анық мəлім болды. Түрік ру һəм қабилаларының түзілісінде Түрік тілдерінде татарлар дəуірінде һəм онан соң хасыл болған төңкерістер. Луғат һəм лəһже мунасабаттары группаларға бөліну туралы бұл күнге дейін Фразия (гепотеза) болып қана жүрген Һəм түрлі ғалымдар (мəселен, Радлов, Бартолд, Аристов, Корш һəм басқалар) арасында таласты болып жүрген түйіндер шешілді. Филжумле (вообще) қазақ-қырғыз, сарт (шағатай), өзбек, түрікпен тілдерінің асылдары (түрі) мəлім болды. Бұл кітаптан алынған мағлұматтарды, біз ұзын қылып айрықша жаздық. Оны кітапханалары толық болған бір жерге барсақ, тəмамдап, түзетіп сəті түскенде бастырамыз. Əзірге, сонан алып əр бабтан біраз қысқаша мағлұмат жазамыз. Жазғанымызды мынадай төрт бабқа бөлеміз: 1) Махмұт Қашқариді (Түрік тарихына аъйд мағлұмат), 2) ХІ-нші ғасырдағы Түрік қабилалары туралы мағлұмат. 3) Түріктердің ықтысади, ижтимаъи тіршіліктеріне аъйд мағлұмат. 4) Тіл, уа əдебиет шер, мақалдар һəм түрлі лəһжелер арасындағы фарқ һəм мұның бұл күнгі лəһжелерге мунасабаты.

Х.

Page 298: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

298

Ыбырай Алтынсарин

(1841-1889 жыл, 48 жас)

Ыбырай Алтынсарыұлы орта жүз, қыпшақ руы, қазақтың жуан ауылы. Бес тамғалы қыпшақта аруақ қонып, нар шөккен шынжыр қатар руының бірі. Ыбырайдың атасы бүкіл орта жүзге белгілі, өткен замандағы қазақтың қара қылды қақ жарған, адал, дана, шешен ескі билерінен Балқожа деген кісі болған. Марқұм Ыбырайдың туған жері – Қазақстанда Торғай облысы, Қостанай уезі, Арақарағай болысы, Тобыл деген өзен. Осы күнгі Қостанай қаласы сол Тобыл өзенінің бойында Ыбырай марқұмның аталарының қасында орнаған.

1868 жылға шейін, яғни «Штат» шыққанша (Степное положение) патша хүкіметі осы күні Қазақстан Республикасы болып тұрған қазақ жерлерін екіге бөліп, екі орыннан басқаратын: 1. Күн батыстағы елдерді яғни, Орал, Торғай облыстарын «Күнбатыс қазақтары» болмаса, «Орынбор қазақтары» деп Орынбор қаласыннан басқаратын; 2. Күншығыстағы елдерді яғни, Ақмола, Семей облыстарындағы «Күншығыс қазақтар» болмаса, «Сібір қазақтары» деп Омбы қаласынан басқаратын еді. Орынборға қарайтын елді басқаратын комиссия болған. (Пограниченная комиссия по управлению западными (Оренбургскими) киргизами) Комиссия Орынбор аймағын басқаратын, генерал-губер-натор қарамағында болған.

Тарихтан белгілі, 1723 жыл «Ақтабан шұбырындыдан» (Х) кейін қазақ-қырғыз Атамекен қонысынан айырылып, ауғаны, сонда қалың кіші жүз ол кезде Əбілхайыр хан, орта жүздің бір сыпырасы Арқаға, яғни (Х) «Ақтабан шұбырынды» деген қазақ-қырғыз тіршілігінде үлкен тарихи оқиға. 1723 жыл қазақ-қырғыз бен қалмақ арасындағы соғыс шығып, қазақ-қырғыз қырғын тапқан.

Осы күнгі Орал, Торғай облыстардағы Жем, Сағыз, Жайық, Тобыл, Ойыл, Елек, Торғай, Ырғыз уездерінің маңына барады.

Сонан соң көп ұзамай 1731 жылдан бастап тек ауып барған елдер Россия патшалығына қарай бастады. Қазақ жұртының Россияға бағынған дəуірінің алғашқы кездеріне көз жіберсек, көп уақытқа шейін бағыну қағаз жүзінде ғана болып, тіршілік жүзінде болмағанын көреміз. Ел билеген хандар, билер Россияшыл болғанмен, қалың ел басын иіп, бойсынбады. Сарыарқаның даласында бұрынғы қалыппен жүре берді. Қағаз жүзінде Россияның бір баласы болып қарап та отырмады: қолдан келген дұшпандығын істей берді. Шет бұшбақтап орыстарды шабу, реті келіп қалған жерде өлтіру сияқты жұмыстар да бола берді. Жалғыз – жарым орыстар қазақ даласына аяқ баса алмады. Россия саудагерлері Орта Азия, Түркістан, Хиуа, Бұхара елдерімен сауда-саттық жүргізе алмай,

Page 299: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

299

арада қазақ даласынан өте алмады. Өтеміз деген ержүректі саудагерлер керуендері талан-таражға ұшырайтын болды. Керуендерді сақтаушы күш керек болды. Хүкіметтің тынышы кетті.

Сондықтан хүкімет қазақ даласын шын бағындыру, хүкіметті қуатқа кіргізу жұмысына кірісті. Көздеген мақсатқа жету үшін түрлі шаралар қолданды. Сол шаралардың бірі қазақтың елін бастайтын басшылары-ның балаларын орысша оқыту керек деп табылды. Басшылардың балаларын орысша оқытып, төре қылып, шен беріп, шекпен кигізіп, хүкімет адамы қылып ел арасына жіберіп, солар арқылы ел мен үкіметті жақындастырып, елді кіндігінен арқандамақшы болды.

Сондықтан 1844 жылы 14 июньда Орынбордағы комиссия жанында қазақ балалары оқитын школ ашуға, жақында патша Николай І-ші тіл жарлығы шықты. Бұл қазақ Россияға бағынғалы ашылмақшы болған бірінші школ еді.

Енді Ыбырай Алтынсары баласының оқуына келелік, школ ашу турасында патша жарлығы шыққан соң, қазақ даласын басқаратын комиссия ел ішіндегі басшыларға хабар жіберді. Ашылмақ школдың жайын білдіріп, елге мұрындық болу үшін ол школға алдымен өздерінің жақындарының, тілін алатын адамдарының балаларын кіргізу турасында.

Осы хабар қырға жетумен 1846 жылы Балқожа бидің 5 жасар немересін Ыбырайды сол ашылмақшы школға, кіргізбекші болып жаздырады.

Аталмыш школ 23-августа 1850 жылы Орынборда ашылғанда, школға кірген 30 баланың бірі – 9 жасар Ыбырай болды.

Ыбырай жасынан-ақ пысық, талапты болған. Школға келгенде қасына елден Жетібай Өтеміс баласы деген еріп келеді. Балалар школға кіріп орналасқан соң, балаларды əкелушілер елге қайтады. Солардың қатарында школды басқарушылар Жетібайға да елге қайт десе, Ыбырай Жетібайдан айырылғысы келмей, комиссияның бастығына айтып, Жетібайды қасында алып қалады. Біраз уақыт өтіп, балалар школ тұрмысына үйренген соң, Жетібайға тағы қайт деушілер болады. Ыбырай тағы да комиссияға айтып, алып қалады. Сонымен, сол Жетібай Ыбырайдың қасында школды бітіріп шыққанша болып, Ыбырай школдан шыққан соң, елге бірге келеді.

Ыбырай школды 1857 жылы бітіріп шықты. Бұл орында Ыбырай оқып шыққан школда оқуы, тұрмысы – тіршілігі турасында бір-екі сөз.

Тарихтан белгілі, осы күнгі Россия патшалығына қарайтын түрік балаларының ішінде алдымен Россияға бағынған – ноғайлар.

Россия патшалығы бірте-бірте Күншығысқа қарай аяқ салып, Күншығыстағы түрік балаларын (Башқұрт та, қазақ...сияқты) бағын-дырғанда, патша хүкіметі «дін қарындас», «бəріміз мұсылманның» баласы ноғайларды қару қылып жұмсады. Патша Николай I-нің заманында ашылған 1-школға қазақ жұрты балаларын бере қою түгіл,

Page 300: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

300

қазақ жұрты осы соңғы уақытқа шейін орыс школдарына сенімсіз көзбен қарап, школдағы балаларды шоқындырады деген ой халықтан шықпады.

Бірінші ашылған школға бала беріңдер дегенде ел арасына хабар таратады: орыс балаларды оқытам деп алдап алып, шоқындырмақшы екен деген. Сонымен школға бала бергендердің көбі «Əлде қандай болып кетеді?» деген сенімсіздік көзбен қарады. «Сынайық», «Көп болса, бір бала садақа болар» дегендей қылды. Мұны школды ашушылар білетін еді. Сондықтан, олар школ ашылғаннан бастап ел арасында жайылған «дақпыртын» сөзі орынсыз екендігін көрсету жағын өте қарастырады.

Школдағы балалардың тұрмысы мұсылманша болды. Ноғайша киім, баста тебетей, шаш алдыру, намаз оқыту, жұма сайын мешітке апару, школда дін сабағын оқыту, ноғайша жаздыру, тамақ ноғайша, оқытушы басында табақтай сəлдесі бар ноғай молда... балалардың бойы үйреніп, елдегі ата-аналары да балаларын «шоқындырмайды» екен деген пікір көбейген сайын ноғайшаны азайтып, оқуды, тұрмысты орысшаға қарай айналдыра берген. Сонда да, ол школда оқылатын дəріс мөлшері аз болған. Ол школмен біздің заманымыздағы школдың программасын салыстыруға болмайды. 7 жыл оқып, школды бітіріп шыққанда, балалар орысшаны шалажансар, орыс жазуын дұрыс білмей, шала дүмбілез болып шыққан.

Міне, абырой школда 7 жыл оқығандағы алып шыққан білімнің түрі осы болды.

Ыбырай школды 16 жасында бітіріп шығып, Жетібаймен елге келіп, ауылда екі жыл бос жүрді.

1859 жылы Ыбырайды Орынборға алдырып, қауақты басқаратын мекемеге бас басшылыққа орынбасар (младший помощник) қылып сайлайды. 1860 жыл Орынбор қамалында (Оренбургское укрепление) осы күнгі тұрған қаласы қазақ балалары үшін бастауыш школ ашылмақшы болып, оған Ыбырай оқытушылыққа тағайындалды. Торғайға келуімен ашыла қоймай, 4 жылдан кейін, 1864 жылы ашылды.

Торғайда Ыбырай бос қарап жүрген жоқ. Өз үйіне алып, 3-4 қазақ баласын оқытумен болды. Жəне Торғайда түрлі мемлекет қызметін атқарып жүрді: тілмаш болды. 1869 жылы Торғайдың уездік мекемесіне хатшылыққа тағайындалды. 1870, 1871, 1872, 1874 жылдарда бірнеше айдай жоғарғы хəкімдер тəртібімен Торғайдың уездік судиясының қызметін атқарып тұрады. Тағы да сол 1871-1872 жылдарда Торғайдың уездік начальник орынбасары қызметін атқарып тұрып, уез қызметімен қаладан шығып кеткен кездерде уақытша оның да қызметін атқарып тұрған күндері болған.

1-сентябрде 1879 жылы Торғай облысындағы қазақ школдарының үстінен қарайтын инспектор қызметін атқаруға сайланып, 20 октябрде 1888 жылы сол облысқа инспекторлыққа тағайындалады. Осы қызметте жүргенде, 17 июльде 1889 жылы 48 жасында Ыбырай жүрек ауруынан

Page 301: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

301

Тобыл бойындағы Қостанай қаласынан 6 шақырым жердегі өз үйінде дүниеден өтіп қайтыс болып, ағайын-туғаны ақ жауып, арулап қолдары-нан қойды. Марқұмның өзінен кейін бəйбішесі, екі ұлы, бір қызы қалды. Балаларының бəрін де уақытында оқытқан. Кіші баласы оқып жүріп өліп кетті, қызы күйеуге барған жерінде қайтты, осы күні жалғыз үлкен баласы бар. «Жақсыдан жаман туса, емі табылмас. Жаманнан жақсы туса, теңі табылмас» дегендей, қалған жалғыз тірі де оңбаған болып шықты. Атадан қалған дəулетті ішіп-жеп, далаға шашып бітіріп, 1921 жылғы сұрапыл ашаршылықта шешесін асырай алмай, аштан өлтіріп, өзі қайыр сұрап тентіреп кеткен түрі бар.

Ыбырай Алтынсары баласының өмірі осы. Біз жоғарыда Ыбырай қай жылы, қандай қызметте болды, қандай дəрежеге жетті, үкіметтен қандай шен алып, шекпенін кигенін қысқаша айттық. Ол Ыбырайдың өмірінің сыртқы жағы. Бұл күнде бізге ол жағы керек емес. Бірақ, сонда да жоғарыда, Ыбырайдың өмірін майдалап жазып жібердік. Мұндағы мақсатымыз оқушыларымызға Ыбырай қара қазақтан шыққан бірінші адам болып, өзінің зейіні, білімі, жігері, қайраты арқасында қалың қазақ жұрты надан кезде патша үкіметінің отаршылдық саясаты барлап келе жатқан дəуірінде өзіне сондай жол салғандығын көрсету. 2) Төменде оның істеген ісін жазбақшымыз. Оқушыларымыз Ыбырайдың ішкі (істеген ісін) сыртқы қалдерімен толық танысып, оның хақында белгілі бір пікірге келулері үшін.

Бізге Ыбырайдың тірі күніндегі жақсылығы өз басынан асып, өзінің туған елі қазаққа тиді ме? Халық үшін не істеді? Онан халық қандай пайда көрді? Бізге керегі осы жағы. Сондықтан енді сол жағына келейік. Жоғарыда Ыбырай жеті жыл школда оқығанда алып шыққан білімінің жəйін көрдік. Ыбырай марқұм өлгенше алып шыққан білімінің жеткіліксіз, шолақтығын еш уақыт есінен шығарған емес. Білім деген түпсіз дəрия, адам баласының оның ұшына шығу табиғатта өте қиын. Сонда да қарапайым адамға лайықты тіршілікте білім болады. Қолдан келсе, оны біліп, тіршілікте іске асыру болатын нəрсе. Мұны Ыбырай марқұм да жақсы білетін еді. Сондықтан, Ыбырай өз бетімен оқу білімін асыру, іздену жолында болған. Осы мақсаттың арқасында орыстың білгіштерімен, оқымыстыларымен жақындасу, жанасу жолында болған. Солар арқылы түрлі пайдалы кітаптар, гəзет, журналдар алдырып тұрған. Осы жолдың үстінде орыстың атақты қара жүрек сиқыршы Ильминский деген əріптесімен кездейсоқ болып, 1859-жылдан бастап таныс болған жəне Ыбырайдың өзгеше бір мінезі – өзі ғана біліп қою емес, алған білімін халық пайдасына асыру, халыққа жол жөн көрсету болған. Торғайға оқытушы болып келіп, школ жуық арада ашыла қоймай, маңайындағы адамдардың ішінде шын сырласып, сөйлесіп, мұның құлқын талабын түсінетін бір адам болмаған. Онда тұрғандар ел билейтін əскер адамдары

Page 302: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

302

Торғай секілді түкпірде тонын ашу, қарта ойнаумен өткізетін. Мұның бірі де Ыбырайға жолдастыққа жарамады. Сол кезде жазған хаттарында қатты қапаланғанын көреміз: «Мен жынданатын шығармын. Адам болып дүниеге келіп, азынаулақ білім алып, ең адамшылық сезімі бар, мұның да халық алдында өтейтін қара тастан ауыр борыш барын біліп, соны өтей алмайтындығы еске түскенде, бұл шолақ дүниеде тұруыңда мағына жоқ» деген сияқты Ыбырайдың көзін ашып, білімін асыруға жəрдемдес болған адамның бірі, қазақ елін басқаратын кəмиссия бастығы – Григорьев деген оқымысты күншығыспен таныс адам болады. Енді Ыбрайдың өмірінде алған азды көпті білімін пайдаланып істеген ісіне келейік.

Ыбырай марқұмның аз өмірінің ішінде істеп кеткен ісін тексеріп қарасақ, Ыбырай қазақ жұрты үшін үш түрлі ісімен белгілі. Сол істеріне қарай Ыбырайды үш түрлі жағынан қарауға керек. Олар мыналар:

1) Ыбырай – бірінші қалың қара қазақтан шыққан, ұлтшыл, əлеумет қызметкері.

2) Ыбырай – бірінші қазақтың ұлт мектебін ашып орнатушы, қазақ-тың ұлт мектебінің бабасы.

3) Ыбырай – қазақтың ұлт ақыны, қазақ-қырғыз халқының тарихи тағдырына көз жіберсек, қазақ-қырғыз халқы екі мəдениеттің түйіскен майданы болған:

1) Россия арқылы Европа мəдениеті; 2) Бұқара, Хиуа, Түркістан арқылы күн- шығыс мəдениеті. Қазақ-қырғыз осы екі мəдениеттің біріне тағдырын жабыла, мəдени алдына өзінше мəдениет табады деп айтуға еш орын жоқ.

Мұнан 50-60 жыл бұрын қазақ жұртының тіпті қараңғы надан кезінде, Ыбырайға осы екі мəдениетті салыстырып, қазақ халқы қай мəдениетке жабысу керек деген таңдау келді. Сонда Ыбырай тоқсан түрлі толғанып, қазақ мұсылман болғанымен, əлі бұзылмаған мұтағасып қармағына түспеген діні сау, болашағы зор жас. Халық бұған Европа мəдениеті лайық деген пікірге келді. Қазақ халқы дінін, тілін, елді сақтап, көзі ашылып, көкірегі ағарып, ел-жұрт қатарына кіру үшін тура жол – Европа мəдениеті деген ойға мінді.

Осы пікірді Ыбырай өзі де кəміл оймен қылып бекітіп алғаннан соң, сол уақытта өлгенше қызмет қылды.

Қазақ халқының сол қараңғы нəзік кезінде бірінші «қазақ елім, жұртым» деп ауызға алып, қолынан келгенше сол сүйген өзінің қазағының еліне қызмет қылумен өтті. Тірі күнінде əркімдерге жазған хаттарын қарап отырсаң, басынан аяғына шейін қазақ деген сөз, сол қазақтың қамы қалмаған. Істеген істе, сол қазақ халқының да қамы, пайдасы болған.

Ыбырай екі мəдениетті тексеріп, салыстырып қарап, қазақ жұртына Европа мəдениеті қолайлы, лайық деп тапты. Ол Ыбырайдың алыстан болжай алатындығын, саяси сезімнің дұрыстығын көрсетеді.

Page 303: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

303

Ыбырайдан соң шыққанда осы замандарда қазақ елін бастаушы қазақ-қырғыз азаматтары қазақ еліне Европа мəдениеті дұрыс. Елді сол мəдениетке қатынастырамыз деп қызмет қылып жүрген жоқ па? Бұл пікір бұл күнде Қазақстанда бекіген тұрақты пікір. Бұған ешкім бұл күнде талас шығаруды қойған. Сонымен, бұл жол мұнан 50-60 жыл бұрын Ыбырай салып кеткен жол еді. Бірақ, жұрттың көбі оны ескермей жүрсе керек.

Европа мен күншығыс мəдениетінің таласы осы күні Түркістандағы қазақ-қырғыз халқының басында бар. Мұнда қазақ-қырғыздан ақты, қараны айыратын азаматтар қазақ-қырғыз еліне Европа мəдениеті қол деп сол бағытта қызмет қылуда. Қазақстанға қарағанда, Түркістанда бұл екі мəдениет арасында күрес күшті болса керек. Өйткені, оған түрлі болып жатқан себептер бар. Сонда да Түркістан қазақ-қырғызы да Қазақстан-дағы туғанының ізімен кетуіне еш жоба жоқ. Ыбырай қазақ халқының күшінің жөнін белгілепті. Мəдениет жүзінде Европаға байластырмақшы. Пікірге келген соң, өзі сол қазақты сол Европа мəдениетіне теңеу, жақын-дастыру жолына кірді. Қайткенде, қазақ халқы мəдениетке жармасады? Əлбетте, оқу арқасында өнер-білім тауып жанаспақшы. Мұнан басқа, екінші жол жоқ. Мұны Ыбырай жақсы біліп, қызметті сонан бастады.

1860 жылы Ыбырай Торғайға бала оқытушы болып келгеннен бастап, қазақ балаларын оқыту жолын қараумен болды.

Ыбырай Торғайға бала оқытушы болып келгенде, осы күнгі Торғай облысының топырағында үш-төрт қазақ балалары үшін шала жансар бастауыш школдар ғана болған.

Торғайда бала оқытушы болып жүрген кезде өзінің оқытып жүрген қазақ балаларына орыстың тіл құралын лайықты ретімен қолдап жазып, оқытып жүрген. Соңғы кездерде ол қолжазбасын түзетіп, орысша оқитын қазақ балаларына арнап орыс тілінде орыс «тіл құралын» бастырып шығарады.

Сол Торғайда тұрғанда күнін босқа өткізбей Россияның оқушы азамат-тарын өзінің сүйікті қазақ елімен таныстыру үшін жалпы Россияның жағрафия қауымының Орынбордағы бөлімінің шығарып тұрған журна-лына қазақтың салт-ғұрпы əдеті (этнография) жайынан жазып тұрған.

1870 жылдардан бастап хүкімет қазақ жұртын оқыту керек деген пікірді майданға қойды. Бұл хақында қазақ елін басқаратын мекемелерде оқу ісін басқаратын жоғарғы, төменгі мекемелерде көп сөз, көп жобалар болды. Осы дəуірде оқу қазақ балалары үшін қазақша кітап жазу керек деген пікір болды. Оқу хəкімдері Ильминскийдің айтуымен кітап жазуды Ыбырайға тапсырды.

Ыбырай қазақ тілінде екі бөлімді қырағат кітабын жазады.1. Кітабы Қазанда 1879 жылы басылып шықты, орысша əріппен. Бұл

кітапта 4 бөлім бар: 1 – балалар тұрымысынан орыс кітаптарынан алған

Page 304: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

304

ұсақ əңгімелер, қазақ тіршілігінен түрлі əңгімелер, ертегілер, оқудағы балалардың туысқандарына хат, 2 – үлкендер тұрымысынан əңгімелер, 3 – қазақ ақындарының өлеңдері мен өз өлеңдері, 4 – қазақ мақалдары, тақпақтары.

Ыбырайдың бұл кітабын хат танитын қазақ балаларының білмейтіні жоқ болса керек. Кітап басында Ыбырайдың «Сөз басы» деген өлеңнен басталады. Ол өлең ойлап қарасақ, Ыбырай өзінен кейінгі қазақ халқының жасөспірім, жас ұланға салып кеткен азаны, ұраны. Бойы өспеген, бұғанасы қатпаған кітап боқшасын қолтықтап мектеп табалдырығын аттағаннан қазақтың жас ұрығы бисмилда орнына оқуды Ыбырайдың ұранынан бастап, жаттап алып мектептен кеткенде де ол өлең ешуақыт естен шықпаса керек.

Оқушыларымыздың алдына Ыбырайдың аталмыш өлеңін толық келтірейік. Оқып шығып, бағаны өздері бере берсін:

Сөз басы

Бір құдайға сыйынып,Кел, балалар, оқылық!Оқығанды көңілге,Ықыласпен тоқылық!Істің болар қайыры,Бастасаңыз Аллалап,Оқымаған жүреді.Қараңғыны қармалап,Кел, балалар, оқылық!Оқығанды көңілге,Ықыласпен тоқылық!Оқысаңыз, балалар,Шамнан шырақ жағыларТілегенің алдыңнан,Іздемей-ақ табылар.Кел, балалар, оқылық,Оқығанды көңілге,Ықыласпен тоқылық!Мал дəулеттің байлығы,Бір жұтасаң жоқ болар,Оқымыстың байлығы,Күннен-күнге көп болар.Еш жұтамақ жоқ болар.Кел, балалар оқылық,Оқығанды көңілге,Ықыласпен тоқылық!

Page 305: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

305

Сиса көйлек үстіңде,Оқуменен табылған,Сауысқанның тамағыШоқуменен табылған.Өнер-білім бəрі де,Оқуменен табылған.Кел, балалар, оқылық.Оқығанды көңілге,Ықыласпен тоқылық!Надандықтың белгісі,Еш ақылға жарамас,Жайылып жүрген айуандай,Ақ, қараны танымас.Жөн білмеген наданға,Қыдыр ата дарымас.Кел, балалар оқылық,Оқығанды көңілге,Ықыласпен тоқылық!Оқу деген шынында,Тұрған сайын шыныққан.Оқу білген адамдар,Май тамызған қылыштан.Есті бала тырысқан,Есер бала ұрысқан,Кел, балалар, оқылық.Оқығанды көңілге,Ықыласпен тоқылық!Əлпештеген ата-ана,Қартаятын күн болар.Қартайғанда жабығып,Мал таятын күн болар.Ата-анаң қартайса,Тіреу болар бұл оқу.Сүйеу болар бұл оқу,Кел, балалар, оқылық.Оқығанды көңілге,Ықыласпен тоқылық!Оқу білген таниды,Бір жаратқан құдайды.Танымаған құдайды,Танығанда ұнайды.Шырағым, адам болғай деп,

Page 306: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

306

Ата-анаң жылайды!Баладан қайыр болмаса,Баланы неге сұрайды.Қой, балалар оқылық,Оқығанды көңілге,Ықыласпен тоқылық!Өнер-білім бар жұрттар.Тастан сарай салғызды,Айшылық алыс жерлерден,Көзіңді ашып-жұмғанша,Жылдам хабар алғызды.Мың шақырым жерлерге,Аты жоқ құр арбаны,Күн жарымда барғызды.Адамды құстай ұшырды,Мал істейтін жұмысты.От пен суға түсірді,Отсыз тамақ пісірді.Сусыздан сусын ішірді,Теңізде жүзді балықтай,Дүниені кезді жалықпай.Білгендерге осылар,Бəрідағы анықты-ай.Білмегенге танықты-ай.Біз де бекер жатпалық,Осыларға таныспай.Ат өнері білінбесБəйгеге түсіп жарыспай.Желкілдеп шыққан көк шөптейЖаңа өспірім достарымҚатарың кетті-ау, алысқа-айҰмтылыңыз қалыспай!Біз надан боп өсірдік,Иектегі сақалды,Өнер-жігіт көркі деп,Ескермедік мақалды.Біз болмасақ, сіз барсыз,Үміт еткен достарым,Сіздерге бердім батамды.

Міне, Ыбырайдың бұл өлеңі аспанның астында, жердің үстінде бір қазақтың баласы болатын болса, есінен ешуақытта кетпесе керек. Бұл

Page 307: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

307

кітап қалың қазақтың қараңғы надан кезінде таза қазақтың жалпақ тілімен жазылған. Ыбырайдың кітабын оқып отырсаң, жазушы қазақтың тілін жақсы білетіндігі көрініп тұр. Бұл жұрттың көбінің қолынан келмейтін іс. Ыбырайдың бұл кітабы ұлт мектебіне бірінші салынған негіз. Ыбырай кітабын оқу құралы жағынан қарасақ, яғни педагогика жағынан кітаптың дұрыс жазылғанын көреміз. Ыбырай бала оқыту жолын білгендігі, жас баланың құлқын, мінезін, сырын, (психологиясын) жақсы білгендігі сезіледі. Ыбырайдың бұл кітабын біз шолақ көңілімізбен мақтап жеткізе алмаймыз. Бұл жерді қазақтың мəдениет тарихында бірінші оқымысты (ученый) адам қазақ-қырғыз халқының оқу жолын көп іздеп, осы жолда шашын ағартқан, көп оқу кітаптарын жазған. Осы күнгі қазақ-қырғыз ұлт мектебіне белгілі бағыт беріп, орнатушы киіз туырлықты қазақ ішінде белгілі, атақты, ардақты Ахмет ағай Байтұрсын баласының аузынан: «Ыбырайдың қырағат кітабын жасынан талай естігенім бар еді: бұл уақытқа шейін қазақ балалары үшін жазылған кітапта Ыбырай кітабынан артық кітап дүниеге əлі келген жоқ. Қазақ мектебінен кітап жазатын адам Ыбырай кітабын жақсы білуі тиіс. Ыбырай кітабына қарап жазуы керек» – деген. Ақаң орынсыз ешбір нəрсе айтпайтыны ол кісіні білетіндерге мағлұм. Ахаң өзінің «Оқу құралдарын» жазғанда жəне Міржақып қырағат кітабын жазғанда сол Ыбырай кітабын пайдаланған. Ыбырай қырағат кітабының 2-ші бөлімінде бөлімнің əр тарауына бөлек-бөлек мақалдар берген: Жағрафия, табиғат, физика, тарихтан бұл кітаптарын жазып Қазанға жіберген. Бірақ, сол кітап дүниеге басылып шықпай қалды. Оның себебі – бізге осы күнге дейін белгісіз. Бұл орында Ыбырайдың 1882 жылы жазған тағы бір кітабының жайын айтып кетелік. Ол кітабы дін жайынан (шариат ислам), бұл кітапты жазып, Қазандағы Ильминскийге бастыр деп жіберген. Хатында Ыбырай былай дейді: «қазақ халқы мұсылман, қазақ халқы тарихта жас халық, бұзылмаған, болашағы зор. Осы күнге шейін өзінің ана тілінде ислам діні жайынан бір кітабы жоқ. Қазаққа дін үйретуші ойдан, қырдан жиылған, қаңғырған дүмше молда дінбұзар, аңқау елге арам молда надандар ноғайдан, башқұрттан, сарттан тамақ іздеп шыққан семіздер қазақ жұртын бұзады. Мұтағасып қалады жəне олардың тілін қазақ білмейді. Олардың қолданып оқытатын кітаптары ноғай тілінде жазылған кітаптар. Оны қазақтың жас баласы түсінбейді. Көк ми болады. Дін жайын өз тілінде қазақ халқына, оның ішінде жас буынның жас күнінде оқығанда исламның 5 парызын білу өте қажет. Сондықтан, ислам дінімен танысып, осы кітапты жазып отырмын...» дейді.

«Шариат ислам» таза қазақ тілінде жазылған, қазақша басылып шыққан. Қазақтың бастауыш мектептерінде қолданған жəне отбасында отырып, үй-іші пайдалануға да өте қолайлы болып жазылған. Жоғарыда жазғанымнан көрінді. Ыбырай бірінші ұлтшыл əлеумет қызметкері,

Page 308: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

308

бірінші бала оқытушы, қазақтың ұлт мектебін орнатушылықтан басқа, қазақ тілінде бірінші кітап жазушы екендігі көрініп тұр.

Ертеде Ыбырайдан бұрын ХІХ ғасырдың орта кезінде қазақтан (Абылай тұқымынан) Уалихан баласы Шоқан деген көзі ашық, хатқа жүйрік адам болған. Ол да қазақ жайынан үлкен кітап жазып кеткен. Бірақ, ол кітабын орыс тілінде жазған. Уалихан қандай оймен кітабын орыс тілінде жазғаны белгісіз. Орысша жазып қазақ жұрты бағынып отырған орыс халқына таныстырайын деді ме? Болмаса, қазақ тілі кітап жазуға жарамайды деп менсінбеді ме? Ал, Ыбырай оның өкшесін басып шыққан. Жазған кітаптарын қазақ тілінде жазып отыр. Мұнан нендей қорытынды шығаруға мүмкін? Бірақ, ойымызша Ыбырай барып тұрған ұлтшыл болғандықтан өзінің сүйікті ана тілінде жазды. Екінші басқа ұлттарға əсіресе, билеп тұрған орыс жұртына қазақ тілі сахарада аң ұқсап, көшіп-қонып жүрген малшы қазақтың өз арасында қана сөйлесуге жарап ғана болмайды. Қазақ тілі бай, таза əдеби тіл. Қазақ тілі кітап жазуға да жарайтын толық тіл дегенді дос-дұшпанға айнадай қылып көрсетіп, ыспаттап кетеді демекшіміз. Жоғарыда 70-нші жылдардан бастап қазақ билеп тұрған хəкімдер арасында қазақ халқын оқыту керек деген пікір туды дедік. Ыбырайдың жарғақ құлағы жастыққа тимей, ойлап жүрген мықты мəселесі қазақ жұртын оқыту болғандықтан бұл пікірге белсеніп кірісті. Өзінің танысы Ильминский сияқтылар арқылы ол хақында түрлі пікір жобаларын білдірді. 1876 жылы Орынборға оқу министрі Граф Толстой келіп, ондағы жергілікті хəкімдер мен қазақтың оқу жайын əңгіме қылғанда, бұл мəжілісте Ыбырай да болды. Ыбырай бұл мəжіліске білімін, тəжірибесін арттыру үшін сол жылы Қазан, Петербур барып, сонан қайтқан бетінде аталмыш мəжіліске кез болды. Мəжілісте жұрттың тобы (орыстар) қазақ халқын оқыту үшін болыс басы бір бастауыш мектебін ашу керек деген пікірге Ыбырай қарсы болады. Сондағы себебі мынау: əңгіме школдың көбейтуінде емес, сапасында, болыс басы школ ашқанмен, бірінші қазақ, болмаса қазақша жақсы білетін оқытушылар жоқ. Екінші – кітап жоқ. Соның үшін ол өз тарапынан мынадай жұмыс ұсынды.

1. Торғай облыстық 4-ші уездік қаласында 4-2 класты школ ашылсын. Ол школдарды қырдан келген қазақ балалары үшін – елу балалық жатақ үйлер болсын.

2. Қырда болса да школдарда балалардың ана тілін білетін қазақ оқытушылары дайындалсын, оның үшін қазақ даласына жақын қалалардың бірінде оқытушылар шығаратын орта дəрежеде школ (учительская семинария) ашылсын.

3. Сол оқытушылар оқуды бітіріп шығу қаулысына, олардың санына қарай болыстарда бірте-бірте школ ашылсын. Бұл школдар елдің тіршілігіне лайықты қылып түзелсін, деген жобаны хүкімет қабыл алады.

Page 309: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

309

Осы жоба бойынша, 1881 жылға шейін Торғай облысының 4 уездік Торғай-Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уезінде, Бөрте болысында екі классты школ ашылады. 1881 жыл Жаманқалада (Орск Орынбор губернасында) Орал, Торғай облыстары үшін оқытушылар шығаратын школ ашылып, оған бірінші жыл ана екі класты школдарды бітіргеннен 30 бала кіреді. (1889 жылы бұл школдың үйі көбейіп кеткен соң, школды Орынбор қаласына көшіріп, ондағы ноғай оқытушылары шығаратын ноғай школын Уфаға көшіріп, оның үйіне қазақ школын орнатқан. Өзгерістен бұрын Орынбордағы орыс-қазақ оқытушыларын шығаратын сол школ болатын. Өзгерістен кейін ол школ осы күні «аймақтық қазақ институты» атанып, қазақ балалары оқып жатыр).

Школға кірген 30 баланың алды бітіріп шығуына қарсы болса да, школ ашуға сол кездердегі Торғайдың губернаторы Претсенко деген қарсы болған соң, Ыбырай болыс-болыста школға тиіс қазақ школдары жайынан арнап баяндама жазып, түсіріп, ақырында хəкімдер тағы мұның пікірін қолдап, аналардың бітіріп шығу қарсысында 4 болыста 4 школ ашылады. Сол баяндамасында Ыбырай қазақтың қыздарын жəне қазақ-тың тіршілігінің негізі – мал шаруасы болғандықтан, сол малдан шығатын заттарды қазақ өзінің тұрмысында пайдаға мəдени жолмен асыруы тиіс. Соның үшін қазақ балалары үшін өнер, шаруа мектептері ашылуы керек дегенді айтқан. Бұл да қабыл болады. Ыбырай қазақ балаларын оқыту жайында бастапқы жобасы қабыл болған соң, оның үстіне өзі Торғай облысында қазақ школдарының үстінен қарайтын инспектор болған соң, ел арасында үгіт-насихат жүргізеді. Ел баласын оқыту керек. Оқыту үшін өздері мал жандарын аямай оқу жолына салып, белсеніп кірісуі керек... деп. Ел Ыбырайдың тіліне еріп, Торғай облысының əр жерінде байлардан бір сомнан, нашарлардан 35-40 тиыннан өзі бас болып ақша жиналады. Ыбырайдың бастауымен ел школ ашу, бала оқыту жайында жиналыс жасап, қаулы қылып, хəкімдерге талай тілектер түсіреді. Ыбырай өзінің тірі күнінде пайдаланған жобасы бойынша, Ырғызда 20 қазақ қызы оқитын школ ашады. Жəне Торғайда 10 балаға өнер мектебін ашады. Қостанайда қаладан жақын жердегі Арақазған деген ағаш ішінде өнер мектебін салдыра бастап, бірақ, бұл школ Ыбырайдың тірі күнінде бітпей қалып, артынан жойылып кетеді.

Орынбор, Троиц гимназияларында 10 қазақ баласына орын, Красноуфимск дегі Реально училищеде 4 балаға, Казань университетінде 4 оқушыға орын ашты.

Осылардың көбі Ыбырайдың арқасында елден жиылған сомаға ашылды. Сонымен, Ыбырай өлетін кезде Торғай облысында 400-ге тарта қазақтан оқушылар болған. Сонымен, Ыбырай ардақты атасы Балғожа бидің оқуға бергендегі үмітін орнына келтірді деуге болады.

Page 310: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

310

Үміт еткен көзімнің нұры – балам,Жаныңа жəрдем берсін құдай тағалам!Атаң мұнда анаңмен есен аман,Сүйіп сəлем жазады, бүгін саған.Атаңды сағындым деп асығарсың,Сабаққа көңіл берсең басыларсың?Ата-анаңды өнер білсең асырарсың.Надан болып, білмей қалсаң аһ ұрарсың,Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің?Қолыңа құрық алып кетер едің.Тентіреп екі ауылдың арасында,Жүргенмен не мұратқа жетер едің?

Сонымен, оқушыларымыз жоғарғы жазғаннан Ыбырайдың бірінші қара қазақтан шыққан ұлтшыл-əлеумет қызметкері, бірінші қазақ тілінде кітап жазушы екендігін, бірінші қазақтың екі ұлт мектебінің іргесін қалаған бабасы екендігіне көздері жетсе керек.

Ыбырай аз өмірінің ішінде қазақ халқын оқыту жолында бар қайрат, жігерін сарып қылған. Бұл əлеумет қанының қайнап, сезімнің күштілігін көрсетеді.

Ыбырайдың романы түгіл, кешегі үлкен өзгеріс болардың алдында «Ел де жаңа пікірлі бір азамат», «жаңа жолмен оқытатын мектеп салып», «Ғалия», «Хұсайна», Россиядан шыққан мұғалімді ұстап, жаңа тəртіппен ауылдың балаларын оқытып жатыр дегенде» газетті оқығанда, адамның бойы шымырлап, разы болып, əлеумет қызметкері екен, шіркін, демейтін бе едің?

Ыбырайдың заманына қарай істегені, үлкен əлеумет іс, ол кезде онан артық ешкім еш нəрсе істей алмас еді.

Кеше патша өкіметінің заманында халыққа Ыбырайдай қызмет қылған қазақ азаматтары қолымызда емес пе?

Өзгерістен соң ғой «Əлеумет қызметкерлерінің көбейіп, қырдағы саясатшыл азаматтарымыздың балалап, бүгін ауыздарына алты құлаш тілдері шығып, аспанды алақанына алып отырғаны! Енді Ыбырайдың қазақтан шыққан шын қазақ ақыны екеніне келелік. Ыбырайдың жазған хаттарын бастан аяқ қарап отырсаң, қазақ елі жақсы, қазақ елі жұрт болады, қазақ жəйі, қамы, жақсысын асырып, жаманын жасыруда. Қазақтың ел жұрт болатынынан иман кəміл болғанын көреміз.

Енді Ыбырайдың ақындық жағына келелік. Біздің қолымызда Ыбырайдың жазып кеткен өлеңдері аз. Бар жазған

өлеңдерінің бəрі осы екенін, болмаса, біздің қолымызға түскендердің бары осы екенін біле алмадық. Қолымыздағы бар өлеңдерді аудара қарап, ақтара тексеріп қарасақ, өлеңдері аз да болса, мағыналы, дəмді, қазақ халқының тіршілігінен алынған. Болмаса, қазақтың тіршілігіне

Page 311: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

311

жанасқан, жыл мезгілі жайынан болса да (мысалы «Жаз»), табиғаттан болса да («Өзек»), ел тұрмысынан болса да, сол тұрмысқа лайықты үгіт, насихат, өсиет, болса да («Өсиет өлеңдері») Ыбырайдың қай өлеңін оқығанда, терең мағыналы, көз алдыңа қазақтың тіршілігі елестеп кетеді. Мəселен, «Жаз» деген өлеңінде жазғытұры кіруімен жер жүзіндегі жан–жануарлар, құрт-құрмысқа тірлік табиғаттың пейілі кеңіп, жер жүзі желпілдеген, оның ішінде қазақ жұртының тұрмысы да сілкініп, рахатқа кіргенін көреміз:

Сəуірде көтерілер рахмет туы,Көрінер күн жүзінде қаз бен қуы.Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,Жайылар, жер жүзіне қардың суы.Ұшпақтың бір сəулесі жерге түсіп,Өсірер жерден шөпті нұрдың буы.Сəуірдің əр бір күні дертке дəрмен,Құдайым, дəрмен бол деп етер пəрмен.Бір малы, шаруаның екеу болып,Қыстаудан ел шығады алуан-алуан:Күлісіп, құшақтасып əзіл етер,Əйелдер көш жөнелтіп кейін қалған.......................................................

«Адамзат сайран етер көңілі жай,Секіріп ойын салар құлын мен тай.Қой маңырап, cиыр мөңіреп, шат болады,Тасиды күркіреп өзен мен сай.Аяғын алшақ басып түйе шығар:Жаратқан мұнша таңсық Жаппар құдай».........................................................Аһ ұрып, шүкірлікпен құшақтасар,Рахат пен кеш уақытында неше асық. Боз үйден таң алдында күйеу шықса,Артынан қарар жары жүзін басып.

.........................................................

«Өзен» деген өлеңменен.Таулардан өзен ағар сарқыраған.Айнадай сəуле беріп, жарқыраған,Жел соқса, ыстық соқса бір қалыптаАралап тау мен тасты арқыраған.

Page 312: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

312

Ел қыстап, күн көреді жанабында,Дəм болар алуан-алуан балығында.Тас – таста, алтын таста сынамаққа,Сонда да, аққан өзен қалыбында!Құдіретін құдайымның көресің бе?Не жас тоқтар, өзен денесінде,Арыстан дем алуға, суға кірсе.Балықтар шымшып ойнап тізесінде.Өсиет, өлеңдерді дегені айна.

Мұнда, жалпы жаратылыстан адам баласы жайынан ертедегі ұлы адамдар тұрмысынан адамшылық сезімі, белгісін айтып қазақтың тіршілігіне соқтырады. Өлеңінде бай, кедей, жомарт, сараң, ұрлық-қарлық, еңбек қылсаң емерсің дегенді бағдаулет, əбүйір, үйі-іші тұрмысын ерлер, əйелдер, жалпы ата, ана əлпештеп өсірген баланың борышы, дос, дұшпан, туысқан... бəрін жайын көз алдына елестетіп келтірген.

«Қорлама кем адамды болсаң дана:Кəріпті, құдай сүйсе не шара!!!?»«Адал бол, кедей болсаң ұрлықпенен,Кете бер, кессе басың шындықпенен Қорек тап бейнеттенде, тəңірің жəрдем,Телміріп, бір адамға мұңдықпенен!»

Бұл өлеңде саңлаулы адамға алар үлгілі өнеге көп.

«Ей, достарым, жігіттерім,Болмасқа болушы болма:Қолыңнан келсе, қыл қайыр,Кісіден алушы болма».«Ей жігіттер, үлгі алмаңыз, Азған елдің ішінен:Алыс-алыс қашыңыздарЗияндасты кісіден,Жақсыдан қапыл қалмаңыздар. Өзі болған ерлердің,Аяғынан алмаңыздар.Бас ауырса, бақсыларды, Алып келіп, бақтырарсың;Жазықсыз, жануарды сойып,Өкпемен қақтырарсың;Азған елдің хандары, Тақ үстінде отырғандары,Жарыстан алып байларғаСиларын істер керекті

Page 313: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

313

Азған елдің қожасы:Қыдырып келер есікке,Бұл үйде кім бар екен деп,Көзін салар тесікке:Балаларын бастырып,Қатындарын састырып,Азған елдің молдасы!Үлкен келер сəлдесі...Аса бауыр қылмаңыз:Оның рас емес алдасы,Азған елдің билерінің,Барар болсаң алдына,Алым берсең тамағына,Қарар ма ол сенің əліңе?Азған елдің байлары:Ұлық тұтар басынай.Қайда дəулетті адам болса?Берер соған асын-ай,Көзін сүзіп бір кəріп,Тоңып келсе қасын-ай.Бермек түгіл, бишараны,Масқара қылса керекті...

Қазақ-қырғыз халқында əлеумет қозғалысы, саяси сезім кіре бастағанына 20 жылдай болып қалды.

Бір жұрттың тіршілігінде өткен өмір талқысын еске түсіріп, үстіндегі тұрмыстың ағымын аңдатып, келешекке көз жіберіп, жол жөн сілтейтін шырақшысы газет, журнал, түрлі əдеби, мəдени істер, талаптар.

Өзгерістен бұрын қазақ – қырғыз елінің газет, журналдары болды. Онан үлкен өзгеріске жетті. Осы бастан кешірген халықта осы уақытқа шейін «Еңбекшіл» газеттің бетінде Ыбырай Алтынсары баласы «шоқыншық» «поп» болыпты дегеннен басқа, Ыбырай жайында бір ауыз сөз баспа жүзінде басылып, жалпақ оқушылар алдына түскенін біз білмейміз.

Біздің ойымызша, бұл зор кемшілік дейміз. Өйткені, бұл күнде біздің заманымызда өтіп кеткен Ыбырай Алтынсары баласы тарихи адам: жақсы болса да, жаман болса да.

Ыбырай жайында осы күнге шейін тым–тырыс болып келе жатқанның себебі бар шығар, ол себеп: Ыбырай жайындағы ел арасындағы алып қашпа өсек. Ол өсек қысқасынан айтқанда мынау:

Ыбырай орысқа сатылды. Шен алып, шекпен киіп дəрежеге жету үшін Ильминский сияқты қара жүректермен жақын болды: ақысына қазақ жұртын шоқындырып бермекші болды. Тірі күнінде осы бағытта қызмет қылды, өлгенде үйінен бір сандық крест шықты. Өзі шоқынғаннан орысша аты Иван Алексеевич еді... деген.

Page 314: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

314

Ыбырайға жабатын жаланың түрі осы. Ыбырайдың тірі күнінде істеген ісін жоғарыда жазып оқушыларымыздың алдына салып отырмыз. Ол істеген істеріне қарап, оқушыларымыз өздері Ыбырайға баға берер.

Бұл жерде бір азырақ ана өсектің қайдан шыққан тамырын көрсетпекшіміз.

1) Жоғарыда жаздық: қазақ даласы Еуропа мен күншығыс мəдениеті-нің түйіскен майданы болды деп. Ыбырай қазаққа Еуропа мəдениеті жол деп, көшті солай қарай бастады.

2) Ыбырай бірінші қазақтан шыққан ұлтшыл əлеумет қызметкері дедік. Ноғай ағайындардан қашаннан бері «Россияға қарайтын түрік балалары», «Мұсылмандар» ноғай болу керек һəм, «ноғай қыламыз» деген пікір осы біздің заманымызға шейін болып келді. Ол пікір Ыбырай заманында өте күшті болды. Оған Ыбырай: Жоқ, қазақ өз алдына ел, тарихы, болашағы бар, аулақ жүр, қазақ ешуақыт ноғай болмайды, – деді.

3) «Ыбырай жазған кітаптарын орыс əріпімен басты» дейді. Бірінші Ыбырайға өкімет «кітабыңды орыс əрпімен басасың» деді. Екінші – Ыбырай орыс əрпімен баспаса, кітабы дүниежүзіне шықпай қалар еді. Үшінші кітабы орыс əрпімен басты деген маңызды сөз емес, үстіміздегі өзгеріс дəуірінде əр ұлттың тіліне, дініне ешкім сұқтанбай отырғанда, Кавказдағы мұсылман жұрттары (мысалы, азербайжан түріктері) латын əліппесін алып отыр. Сол латын əліппесіне көшеміз деген өзбек ағайындар арасында қазір пікір күшейіп бара жатыр. Сонымен, орыс əрпімен əріп басты, орыс болды деу таза надандық, болмаса демогоктік.

4) Ыбырай қара қазақтан ат арқасына мініп, дəрежеге жетіп қазақ жұртын бастаймын деген бірінші адам. Ол заманда орысша оқып, қанжығаласып ел билеу ісіне қатынасқандар төре тұқымдарынан болған. Бұлардың ішінде бақ күндестік туды. «Жуан қоныш сасық қазаққа не қылған адамшылық» дегендей, Ыбырайдың тұрған облысына дауысы күшті, ел оны əулие қылып ұстай бастады. Бұл бұрыннан қазақ елін билеп, меншіктеп қалған төрелерге ұнамайды.

5) Ыбырай қазақ арасындағы шеттен келген надан молдаларға қарсы болды. Міне, Ыбырайдың досы көп болса, дұшпаны да болған. Ыбырайдың ноғайдан, төреден, азған қазақтан шыққан дұшпандары ұрандасып, ел арасына аталмыш өсекті таратқан. Ол өсек орынсыз. Өйткені 1) Ыбырай арқылы Ильминский бір қазақ баласын шоқындыра алмады. Ильминский сияқтылармен жақын болғаны рас, бірақ, ол заманда Ыбырай қазақ жұртына пайда келтіру үшін осылармен жақын болып, істі бітірем деген ойы һəм ол азды–көпті жүзеге шығарды да. Ильминский «Ыбырайдың жазған хаттарында, істеген істерінде, орыстың иесі шығып тұр» дейді. Біздің ойымызша, Ильминскийдің

Page 315: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

315

онысы тіпті де дұрыс емес. Ыбырайдың əсерінен жазған хаттарынан «Қазақ исі аңқып», хаттарын да істерін де патша хүкіметіне жылы сөз, қолайлы іс болса, ол Ыбырайдың айла шарғысы. Ол Ильминскийді алдап, адастырған əдісі деп қараудан басқа орын жоқ.

Ыбырай өлгенде үйінен бір сандық крест шықты – мыс, оны орыстар алып кетті – мыс деген өсек Ыбырай өлген соң, Ыбырайдың бір сандық кітаптарын, қағаздарын үйіне алып кетіп, ол сандық Ильминскийлердің жолдасы Торғай облысында оқу ісінің басында жүрген Васильев дегеннің қолына түскен. Сонымен, Ыбырайдың өзінен кейін үйінде бір жапырақ қағаз қалған емес, не болса да, сол ана сандықта кетулі. Дұшпандардың бір сандық крест дегені осы бір сандық қағаз. Ыбырайдың аты орысша «Иван Алексеевич» еді дегені шоқынған «Поп» болғанының кетпес таңбасы деп қарау орынсыз сөз. Ол біздің сұм заманымызда құтсыз, құлаққа алғысыз сөз. Орыстардың ішінде жүрген басқа ұлттың азаматтарының қайсысына аттарының, əкелерінің бас хəріптерін алып ат қойып алмайтыны еді? Орыс ішінде жүрген азаматтарға айтуға жеңіл болсын деп орыс жолдастарының орысша ат қойғандарын «шоқынды» деп айтуға бола ма? Мақаламыздың аяғында айтатын қорытындымыз мынау: Ыбырай Алтынсары баласы өткен тарихи адам, оның істеген істері де тарихи істер.

Біз бұл мақалада Ыбырай жайында толық мағлұмат бердік, осымен тоқталып, Ыбырайдың қазақтан шыққан əулие демекші емеспіз. Біздің мақсатымыз: Ыбырайдың жайында сөз көтеріп, жұртқа талқы болу. Қазақтан шыққан білгіштер Ыбырайдың ісіне тарихи баға беріп, жабылып жүрген жаланың ақ-қарасын айырып, жалпақ жұртқа оны керек дейміз. Қазақ– қырғыздың мəдениеті Ыбырай сияқты адамдарды сөз қылмай, ескерусіз тастай алмайды. Бұл күнге шейін сөз болмай келген болса да, мұнан былай келешекте оның жайын майданға салады. Бұл тарихтың заңы. Соның үшін біздің ұсынысымыз: Ыбырайдың жайын тексеру; 1) Шоқынды деп білмеуіміз керек, ол жабылған орынсыз жала болса, Ыбырай қазақтан шыққан адал азамат болатын болса, ол қазақ–қырғыздың мəдениет тарихында тиісті орын алуы керек. 2) Ыбырайдың өмірін, ісін толық қылып жазып, жазған кітаптан хаттарын қазақша бастырып шығару керек.

Ташкент

Page 316: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

316

VI Қорытынды

Қазақ-кырғыздың аты, тегі һəм қашаннан бері өз алдына жұрт бол-ғаны туралы жоғарыда жазылғандарды қорытқанда шығарған нəтижеміз мынау: қырғыз – ежелден қырғыз атанып, Айсадан бұрын неше ғасыр өз алдына жұрт болған. Қазақпен туысы, діні, тілі, қонысы, тұрмысы, əдет-ғұрпы, салт-санасы бірдей жауынгер түркі қауымдарының бірі. Қазақ пен қырғыздың арасында тіліндегі болмашы айырма болмаса, еш бөтендік жоқ.

Қазақ X-ғасырдың ар жағында, көп заман бұрын өзінің хандары болып, өзін-өзі билеген. Ежелден қазақ атанған түрік жұртының бір тарауы. Қазақ XII- ғасырдың аяғында əр түрлі түркі руларымен қосылып, көбейіп, күшейіп тағы да бөлек жұрт болып, сыбайлас жұрттардың көбімен соғысып, бірде жеңе, бірде жеңіле келіп, XVІІІ-ХІХ ғасырларда Россияға бағынғаннан кейін еркінен айырылған жұрт.

Міржақып

Түркістанда жер алынудың қысқаша тарихы

1. Əскери отаршылдығы

Патша хүкіметі Түркістан топырағына аяқ басқаннан бастап Түркістаннан жер алу жұмысына кірісті. Мұның екі түрлі мəнісі бар еді.

Біріншісі, патша хүкіметі Түркістанды аттың күші, найзаның ұшымен қан төгіп, бағындырып алды. Түркістанның екі мұсылман жері Орта Азиядағы мұсылман мемлекеттері һəм күн шығыста Қытай мемлекетімен шектес. Сонымен, Түркістан кіндік Россияның оңтүстік-күншығыс жағындағы оқшау жатқан бір шет аймағы болды. Білектің жуандығымен бағындырған Түркістан жергілікті халықтарына сенбеді. Бұл сенбестік орынсыз да емес еді. Жердің шалғайлығы, күшпен төбелеп қаратып алғандық. Түркістан топырағында орыс бəлесінің аздығы. Сондықтан, хүкімет жергілікті халықтар хүкіметке қарсы бас көтереді деген ойдан шықпады. Егер де орыс хүкіметіне қарсы жергілікті халықтар жанжал шығара қалса, Азия бойын бермей, Россия уысынан шығып кетіп қалса, жоқ жерде əбігершілік шығарып, хүкіметті забитаға ұшырата ма деген қауіп еді жəне ол заманда Түркістанда темір жол жоқ. Жанжал шыға қалса, жуырда ішкі Россиядан əскер жеткізуі де оңай емес еді.

Сондықтан, патша хүкіметі Түркістанды уыстан шығармай, жергілікті халықтар қылық етіп, бас көтерсе төбесінен тоқпақтау үшін хүкіметке Түркістан топырағында сенімді əскер ұстауға тура келді.

Page 317: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

317

Мінекей, алдымен Түркістанға ала келген əскер солдаттарынан əр жерге қала қылып, орналастыра бастады. Бұлар жаңа қосынға алаңсыз түпкілікті орналасулары үшін хүкімет олардың қатын-балаларын да алдырды.

Осы ретпен Түркістан алынудан бастап, Түркістанның əр жерінде орыс (қазақ-орыс) қалалары пайда болды. Əскер бірте-бірте ілгері қарай жылжып, Түркістан жерін алған сайын сол келе жатқан жол бойында əскер тұратын орындар түзеліп отырды. Соңынан, Түркістан тегіс Россия қолына кіріп болғанда ғана басында əскери орны болған жерлердің бір парасы орыс қалаларына, қалғандары ауылдарына айналып кетті.

Осы күні Түркістанға қарайтын жерге орыс баласының бірінші аяқ басқаны 1831 жыл. Сол жылы Жетісу облысы Шұбар ағаш (Лепсі) уезі еді. 1831 жылы Семейден шыққан Аягөз өзенінің бойында тоқтап, сол жерге əскер тұратын орын салды. Ол орын осы күнгі Аягөз (Сергипополь) қаласы.

Орыс əскері ілгері жылжыған сайын жүрген жол бойына казак-орыс қызыл үйлерін (бекеттерін) түзеп отырды. Ондағы мақсат: алған жерлерді сақтау, артындағы жортуыл басшыларымен ат салысып тұру.

Осы күнгі Жетісу облысының Семей жақ шетінен бастап, 1853 жылға шейін Сырдария облысына келген жол бойына тізілдіріп əскер қызыл үйлерін түзеп отырды. 1846 жылы Талдықорған (бұрынғы Қапал) қаласы, 1854 жылы «Алматы қамалы» салынды. 1862-1864 жылдарда Пішпек, Тоқмақ қалалары да алынды. Сол жылдарда Əулие-ата, Шымкент қалалары да алынды.

1868 жылы Пішпек уезінің оңтүстік жағымен Қарақұл (бұрынғы Прежевал) уездері, қырғыздың Алатауы алынды.

1871 жылы Іле уезінің алабы алынды.Міне, сонымен осы күнгі Түркістандағы қазақ-қырғыз аудандарын

бірте-бірте алып, Орта Азияға аяқ салып орыс хүкіметі қамаулар салып, күшін жинап туын тігіп, орныға бастады.

Жоғарыда айтып өттік. Қан төгіп, қара күшпен Түркістан жерін орыс хүкіметі өзіне қарата бастаған. Бір жағынан іргелес Қытай мемлекеті орыстың жаңа қонысына көз алартпас, екінші жағынан жаңа ғана бағындырған жергілікті халықтарды айдап өргізіп, өріп-жусату, бұлар-дың арасында өзінің заң түрлі тəртіптерін жүргізуге орыс хүкіметіне Түркістан топырағында əскер ұстауға тура келді деп 1847 жылы Жетісуға Семей арқылы Сібірден келген «Сібір қазақ – орыстарына» «Жетісу қазақ-орыстары» деп азан шақырып ат қойды. Оларды Жетісу топырағына түпкілікті отырықшы қылып орналастырды.

1847 жылдан 1868 жылға шейін – 20 жылдың ішінде Жетісуда 14 қазақ-орыс қаласы, 5 мыңдай жаны бар пайда болды. Мұнан кейінгі жылдарда қазақ-орыс қалалары да, олардың жаны да, жерлері де көбейіп кетті.

Page 318: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

318

Россияда қазақ-орыс тобы патша хүкіметінің сүйеніші, тіреуі болған хүкімет оларға неше түрлі жеңілдіктер, басқа қаражатынан оларды өзгеше қылып ұстады. Бұрынғы жер-суың аз еді дегендей, 1914 жылы олар пайдасына тағы да қазақ-қырғыз халқының жерлерінен жер алып беру үшін заң шығарды. Бұл заң бойынша, қазақ-орыстардың пайдасындағы жер мөлшері мынадай болмақшы еді. Əр еркекке жақсы жер-судан 30 десятинадан, шіркеуі үшін 300 десятинадан. Егер де орта есеппен əрбір қазақ – орыстардың үй басына 3-тен 4-ке шейін еркек жаны бар десек, үй басы 90-нан 120 десятинаға шейін жері болмақшы. Осы есеппен Жетісу қазақ-орыстары пайдасына жаңадан 345 мың десятина жер алынбақшы еді.

Бұл заңды жүзеге шығармаққа жұмысқа да кірісе басталған еді. Сызық жүргізіп, шек тартудан басқа тиісті жұмыстары бейнетіне қалған еді. Енді сызық жүргізіп, жерді кеспекші болып жатқанда 1917 жылғы үлкен өзгеріс сап ете түсіп, жұмысы тоқтап қалып, ана 345 мың десятина жер алынбай қалды.

«Қайтсын, алса да байғұс, атын атап алды ғой» дегендей, қазақ-қырғыз жерлеріне алуға көне хүкімет жол-жөн таба берді. Əрбір қара орыстың үй басына 90-120 десятинадан жер беріп, жарылқаудан басқа да қазақ-қырғыз жеріне ие болушылар табыла берді.

Əскері һəм хүкімет қызметінен белгілі уақыты толып, қызметтен шығып, үйде жантайып жатып, ас ішетін əскербасы төрелерге хүкімет өлгенінше айлап, жылдап беріп тұратын жəрдемі (пенсия) дейтіні болатын.

Бұл жəрдемдер хүкімет тарапынан көбінесе ақшалай берілетін. Патша хүкіметі Жетісуда ондай жəрдемге «ақша шығын қылмай-ақ», баяғы «тегін жатқан» қазақ-қырғыз жерін беретін еді.

1915 жылғы санақ (статистика) мағлұматына қарағанда, қазақ-қырғыз жұртынан Жетісу қазақ-орыстар пайдасына 667.157 десятина жер алынған екен.

Басында əскер жүретін, жол бойына таяқ тастам қылып тізілдіріп салған қызыл үйлер, казак-орыс ауылдары бертін келген соң бір сыпырасы қалаларға айналып кетті. Бұл қалаларда тұрушылардың бір парасының (мещандар), қала халқы бола тұрып егістік, мал жайылымдық, шабындық жерлері болды. Жетісуда осындай қалалардың жерлерінің шамасы 36,947 десятинадай. Түркістан топырағындағы басқа орыс қалаларының Жетісудағыдай емес жерлері жоқ.

1. Келімсектер отаршылдығы

Жоғарыда қысқаша əскер отаршылдығын айттық. Яғни, патша хүкіметінің Түркістанда отаршылдық саясатының бірінші дəуірін, енді,

Page 319: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

319

келімсектер отаршылдығы, яғни, патша хүкіметінің Түркістандағы отаршылдық саясатының екінші дəуіріне келелік.

Түркістанға іштен қара шекпенділерді алып келіп, оларға қазақ-қырғыз халқының іске татар, тəуір жер-суын алып орналастырудың екі түрлі себебі бар:

1. Ішкі Россияда жерсіз, жері аз қарашекпенділер көп. Онда жердің көбі маңыздысы байлар, ақсүйектер қолында, жерсіз, жері аз қарашекпенділер ана байлар жеріне көз алартты, аламыз деп дəме қылды.

Соның үшін жерсіздерді Россияның Түркістан сияқты шет аймақтарына жіберіп, көзден таса қылу.

2. Хүкімет бұл ниетті, сырды жұртқа екінші түрде көрсетпекші болды. Шет аймақтарда жер көп. Ондағы жергілікті жұрттар еңбек сіңіріп, жерде жатқан тегін алтынды тауып, мемлекет байлығын асыра алмады. Ішкі Россиядағы қарашекпенділер жерді жыртып, жергілікті «жобасын» халықтарға үлгі, өнеге көрсетеді деп сылтау қылды.

Түркістан, Қазақстандағы тіршіліктің негізі – мал шаруа болған. Қазақ-қырғыз ертеде алапты қыстау, ойпаңды күзеу, төскейді жайлау қылып, «көшерімді жел, қонарымды сай білсін» деп жүрген дəуірлері бар еді. Неше ғасырлардан бері ата-бабасынан бері қарай өсіп-өніп, кір жуып, кіндік кескен, іркіп ішіп, шайқап төгіп жүрген, асқар тау, айдын шалқар көл, мөлдір сулы өзен, бетегелі биік бел, нулы тоғай, тамылжыған қонысында төрт түлік мал айдап, май шайқап жүрген қазақ-қырғыздың күні болған. Оның бер жағында, оянса өңінде, ұйықтаса түсінде көрмеген жаңа жұрт. Жаңа көрші пайда болды. Ит арқасы қияннан келіп 20-30 жылдың ішінде құдайдан соңғы қожа өзім деп жүрген қоныстың ортасынан ойып олар орын алды, қала салды. Жердің бетін айғыз-айғыз қылды. Тіршіліктің текпісінде, өмірдің соқпағында жаңа келген жұртпен тағдыры байланды.

Бұл жұрт қайдан қазақ-қырғыз ортасына қалай, неге келді? Мұны білетіндер де бар шығар. Сонда да жалпақ жұрттың барлығы тегіс біледі деп айтуға болмайды. Соның үшін қазақ-қырғыз даласына келген қарашекпенділердің жайынан олардың басынан кешірген түрлі ауыр халдеріндің жайынан, бұл жаққа келуінің себептерін қысқаша жазып отыруды ылайық көреміз.

Орыс патшалығының Европадағы, оның ішінде əсіресе, оңтүстік пен оңтүстік күн шығыс жағындағы жерлері жақсы егістік.

Россия мемлекетінің негізгі шаруасы ауыл шаруа яғни, диханшылық. Халқының көпшілігі де егінмен тіршілік қылатын қара шекпендер, сандары жүзден 85.

1861 жылға шейін ішкі Россияда жердің көбі, маңыздысы патша хүкіметінің тіреуі болған патшаның өзінен, тұқымынан бастап, ақсүйек, аруақ қонып, нар шөккен шынжар қатар жуан тұқым, төрелер,

Page 320: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

320

алпауыттар, байлар, жуан жұдырықтар қолдарында болатын. Россия халықының көпшілігі болған қара шекпендердің жастары байлаулы, аналардың құлақ кесті құлдары болатын. Қара шекпендердің басында ерік жоқ, қожаларының мүлкі болып саналып, сатса да, шапса да, өлтірсе де, тірілтсе де, итке, құсқа айырбастаса да ерікті еді.

Қара шекпендердің ері құл, қатыны күң болып, байлардың жерін айдап, жұмысын істеп, табан ақы, маңдай терімен табылған пайда байлардың кеңірдегіне түсетін. Қарашекпендер еңбегіне аштан өлмей, көштен қалмайтын азық-түлік ғана алатын.

Қарашекпендер байларға құл болып жүргенде, көрмеген қорлық, ұрлық, жемеген азап, тартпаған қасіреті жоқ. Орыс қара шекпендерінің құлдық заманы орыс жұртының тарихында ең қараңғы дəуір. Бұл турасында уақытында орыс халқының өз арасында жазылған қорлық кітаптар да көп.

Адам баласының адамшылық сезімін сыртқа теуіп шықпай, көрген қорлық, зорлығы елеусіз ешуақытта өнбекші емес. Бұл табиғаттың жалпы заңы.

Россия байлары қара шекпендерді тіске жұмсақ, тілге тəтті хайуан есебінде ұстаса да, өздерінің байлар сияқты бір басты, екі аяқты адам екендіктерін көрсетіп жүрген байларға қарсы талай бас көтерген. Жанжал шығарған, қан төккен. Жалпы жұрттың надандығы, əсіресе, əскер қызметінде жүрген сол қара шекпендердің балалары надандық арқасында патша хүкіметіне тілсіз құрал болып азаттыққа, бостандыққа, теңдікке ұмтылған қара шекпендерді қынадай қырған, қандарын селдей ағызған, күлін көкке ұшырып басатын.

ХVІІІ – ғасырдың аяғында ХІХ ғасырдың басында құлдықта жүрген қарашекпендердің ауыр халдері орыстың ақсүйек – адалниет, елін – жұртын сүйетін, ұлтшыл азаматтарын ойға қалдырады. Бұл кемшілікті, масқарашылықты жоғалту керек. Қара шекпенділерді «азат» қылу керек деген орыс майданға шығады. Оқыған зиялылар арасында пікір жүзінде үлкен қозғалыс басталады.

Бір жағынан заманның ағымы. Тіршіліктің тепкісі, жұрттың талқысы. Екінші жағынан қарашекпендер кескекті болса да, арсылдап хүкіметтің тақымынан алуды қоймай, шыдатпайды. Ақырында, патша Александр ІІ 19 февральда 1861 жылы «Россияда құлдық жоқ, қарашекпендер азат» деген Жарлық шығарды.

Бірақ, қарашекпендер «азат» болғанмен, төрт құбыласы сай болып, қой үстінде бозторғай жұмыртқалай қоймады. Дүниеге келген адам баласының тұрмысында тесік тамақ текпісі күшті. Тесік тамақты бітеу үшін түрлі қаражат, түрлі əрекет керек. Осылар арқылы адамдар баласы дүниеде тұрмыс үшін тіршілік майданына белсеніп түседі.

Александр қарашекпендерге «азатсың» деген құр қағаз бетіндегі қуар-ған қу сөзден басқа «азат» болған қарашекпендерге еш нəрсе бермеді.

Page 321: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

321

Азат болған қарашекпендерге өз бетімен тіршілік қылу үшін егістік жер, ол жерді жыртатын көлік, аспап, сайман керек. Азат қылғанда, қарашекпендердің бір парасына ғана аздап жер берілді. Көбіне жер де берілмеді. Аспап, сайман, көлік бұлай тұрсын.

Қарашекпендерді құл кезінде асырау қожаларының міндеті еді. «Азатсың» деген Жарлықтан кейін байлар енді бастарың бос, «біздің жұмысымыз жоқ» деген күйге түсті. Барар жер, басар тау жоқ, дəмдес, тұздас болып едік ғой, бізді өлтірмессің деп қарашекпенді жалынтты, жалбартты. «Сен маған басқа да керегің жоқ еді, қайтейін, сені тал түбіне аштан өлтірейін бе? Қайтадан бұрынғы орныңа бара ғой» деген болып, байлар бұрынғыдан жаман қарашекпеннің қанын соратын жолға түсті. Байлар енді, қарашекпендерді құл күнінде тамақ, киім беруге міндетті болса, енді ол міндеттен құтылып, өзінің мейірімділігімен ғана қарашекпендерді алып отырған болды. Қайтадан байларды паналаған қарашекпендердің күні бұрынғыдан да жаман болды. Өз алдына тіршілік қылмақшы болған талапты қарашекпендер байлардан жер, көлік, аспап жалдап алып бақытын сынады. Бірақ жалдап алған жер, аспаптың шарттары ауыр болып, талаптының таудай жігері құм болып, ілгері басқан аяқ кейін кетіп, шаруасы оңала алмады.

Уақытында байларға жалақыларын төлей алмай кешіккенге байлар өсімді жалғап сала берді. Сонымен, байлар малын балалап өсіруде, қарашекпендер борышқа белшеден батып шырмала берді.

Азат болған қарашекпенділердің екінші бір парасы құлақтары салбырап, қайтадан «мені қайтсін» деп байларына бармады. «Бадырақ көз, сенен мен, менен сен аулақ» дегенді сарғайтып келген «бостандық», «азаттық» екпіні қатты, толқыны күшті болды. Құлдық қорлық маңдайына тиген сорлылар кіндік кесіп, кір жуған, қайғы-қасірет тартқан жерді тастап, «бостандық», «ерік» іздеп балапан басына, тұрымтай тұсына жөнелді, жөңкілді.

Сондағы қарашекпендердің бет алып жөнелген жақтары Россия патшалығының «бұратаналар» тұратын шет аймақтары: Орал тауынан аса Сібір, Қазақстан, Кавказ тауы болды.

Сонымен, мұнан 60 жыл бұрын ішкі Россиядан шет аймақтарға қарай азат болған қарашекпендердің «бостаншылық», «кең орын», «кең қоныс» іздеген қозғалыс дəуірі басталды.

Бұл дəуірдің бастапқы 30-40 жылдарында іштен қарашекпенділердің көшуі аса күшті болмады.

Оның себебін жоғарыда айттық. Азатықтан бұрын қарашекпендер байлардың жұмысшысы ақысыз, пұлсыз бар шаруаларын істейтін еді деп қарашекпендер құлдықтан құтылған соң, өз алдарына түтін түтетіп, тіршілік қылу қамына кірісіп, «бостандық», «кең қоныс», «еркін тіршілік» іздеп əр жаққа көше бастады. Бұлар көтеріле кетсе, онда

Page 322: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

322

байларға тіске жұмсақ, тілге тəтті жалшылардың табылуы оңай емес. Сондықтан, байлар қарашекпендердің беріле ауып кетуіне қарсы болды.

Үкіметке қарашекпендердің көшуіне неше түрлі бөгет, заң тəртіптер шығартты.

Қанша заң, тəртіп шығарғанмен, іштен қарашекпендердің көшуі аз да болса үзілмеді. Хүкіметтің рұхсатымен, онан рұхсатсыз, өз беттерімен жалпы құлдықтан құтылған қарашекпендерді көшірмейтін заң тəртіптері болса, хүкіметке де рұхсат беріп, қарашекпендерді көшіруін үзбеді. Мұның мəнісі мынау: «Россия патшалығы орыс үшін ғана» деген патша Александр үшінші айтқандай, патша хүкіметі тұтынған саясаттың бір негізі «Россия мемлекетіне қарайтын түрлі бұратана халықтарды орыс қылу, орысқа айналдыру болатын. Олардың (бұратаналар) тілін, дінін, елдігін жойып, орыс «ұлығы Россия» біргелкі ғана жұрттан болуы тиіс деген пікір көне хүкімет заманында өшпеген. Оны жүзеге шығаруға керекті түрлі шаралар да істелген. Ішкі Россияда «бұратаналар» арасында, бұл мақсаттың жүзеге шыққан орындары да болды. Мысалы, шоқынған ноғайлар, мешерлер, мардуалар...

Сондағысы, көздеген мақсаты – шет аймақтарда жүзеге шығармаққа патша хүкіметінің қолданған «керекті шараларының» бірі іштен қарашекпендерді көшіріп, орналастыру еді.

1905-1906 жылдардағы халықтың хүкіметке қарсы қозғалысын басып, 1907 жылы 3 июнь заңы бойынша, іш министрі, аты шулы Столыпин таққа мініп, «Шолақ Дума» ашып, хүкімет шымылдық қылып, бетіне ұстап, халыққа «өксіген арманың» беріліп отыр деген қылып, хүкімет мемлекет тізгінін тағы жиып алды. Россияны тағы қара бұлт басты, 1910 жылдан кейін патша хүкіметі қол-аяғын бауырына алған соң, елді айдап, өргізіп, иіріп жусататын болды.

1912 жылы орыс хүкіметінің бас мекемесі (святейший Синод) Россияның шет аймақтарындағы бұратаналардың жерлерін алып, ол жерлерге қарашекпендерді көшіріп, орналастыратын бас мекемесіне (Переселенческой управлениеге) құпия хат жазды. Мұнан былай шет аймақтарға бұратаналар жерін алып, ол жерлерге қарашекпендерді орналастырғанда бұратаналардың арасына орыс балаларын араластырып отырғызу тиіс. Түбінде орыс қарашекпендер орналасып болғанда бір бұратанаға екі орыс келетін болсын. Осы жағын өте ескеру керек деп.(*)

Бұл құпия хатты қолға түсіріп, жұртқа жария қылушы киіз туырлықты қазақ-қырғыз халқына аты таныс, ісі қанық ардақты Əлихан Бөкейхан баласы. Бұл кісі жоғарыдағы хатты қолға түсіргеннен кейін Дума арқылы хүкіметке, бұл рас па, рас болса, мұның не деген сауал бергізіп, мезгілінде орыс газеттеріне, Орынборда шығатын «Қазақ» газетіне басқан. Əрине, сауал жауапсыз қалды.

Page 323: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

323

Түркістан топырағында қарашекпендердің бірінші аяқ басып кіруі 1868 жылдарда басталды.

Басында келген қарашекпендердің көбі «өз беттерімен жер іздеушілер» болды. Келімсектер ішінде қарама хүкімет рұхсатымен көшіп келгендер де болды.

Түркістанға келген қарашекпендер берсе қолынан, бермесе жолынан жергілікті халықтардың пайдаланып, тіршілік қылып отырған жерлерінің жақсысына орналаса бастады. Жерден айрылған ел хүкіметке келімсектердің істеп жатқан зорлық-зомбылғын айтты. Бірақ, тыңдаусыз болды.

Патша хүкіметі Түркістанды орыс баласы қан төгіп бағындырған соғыста түскен «олжа» деген пікірмен жергілікті жұрттың мұң-мұқтажына құлақ салмады.

«Азаттықтан» соң «бостандық», «кең қоныс» іздеп өз беттерімен шет аймақтарға қарай жөнелген қарашекпендер болмаса, іште ұлтарақтай жері, төбесінде күркесі бар қарашекпендер тұрған жерлерін тастап еш жаққа қаңғымады.

Сондықтан, хүкімет шет аймақтарға қарашекпендерді көшіргісі келгенде, оларды алдап-арбайтын орындары да болған. Көшуге қызықтыру үшін қарашекпендерге түрлі жəрдем, жеңілдіктер беретін еді. Мысалы, Жетісу облысына келген қарашекпендерге үй ішіндегі еркек жан басына 30 десятинадан қолайлы жер берді (соңынан қарашекпендер көбейіп кеткен соң, ер басына берілген 30 десятина жерді 10 десятинаға шейін кемітті). Əртүрлі мемлекеттің міндетті қызметтерінен, салықтарынан 15 жылға азат қылды, Түркістанның жергілікті халықтарының қатарында келімсектердің келгенде жасы 15-ке толмаған балаларынан бастап, келесі уақытқа əскер қызметінен азат қылды.

(*) Бұл шет аймақтардың қайсысында болса да қолданған саясат. Бірақ, соның ішінде əсіресе – ана хат ол күнгі Қазақстан турасында жазылған.

Түркістанға келген келімсектер егін шашатын сулы жерлерге орналасып, оның үстіне, хүкімет тарапынан түрлі жеңілдіктер көрсетілгендіктен тіршіліктері аз уақыттың ішінде оңала бастады. Бұл хабар іштегі қалған көршілес қарашекпендерге жетіп, басында орнын қимай көшуге самарқау болғандарды желіктірді. Іштен шет аймақтарға көшуші қарашекпендер көбейе бастады. Оның ішінде Түркістанға да.

Түркістанға келімсектер екі жолмен ағылды: 1) Сібірден Семей облысы арқылы Жетісу, Сырдария облыстарына, 2) Самар, Орынбор арқылы Сырдария, Самарқанд, Ферғана облыстарына.

Page 324: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

324

Келген келімсектердің хүкімет көшіргенінен өз беттерімен келу-шілері көп болды. Көшіп келіп қалғандардың көбі жергілікті жұрттардың жерлерінің жақсысына өз беттерімен орналасып орын тебе бастады. Шаң жермен оңай емес: жергілікті халықтар мен келімсектер арасы жаманға айналды. Ұрыс-төбелес, қан төгістер басталды. Ойламаған жерде хүкіметке жұмыс шығып қалды: қандай да болса келіп қалғандарды орналастырып, келімсектер мен жергілікті халықтардың арасын реттеу, уақытша болса да жаңадан келімсектер келтіруді тоқтату керек болды.

Келімсектердің төнігіп орнай бастаған орны – Жетісу облысы болды. Сондықтан, хүкімет жұмысын Жетісудан бастады. Соның үшін 1905 жылы Жетісуда келімсектерді орналастыратын жер өлшеушілер партиялары түзілді. 1906 жылы ол партиялар аудандық келімсектер орналастыратын мекемеге айналдырылды (районное переселенческое управление). Бұл мекеменің жұмысы келіп қалған келімсектерді орналастыру жергілікті жұрттан қанша жер – су алуға болады? Ол алынған жерлерге орын қанша қарашекпендер алып келіп орналастыруға болады?

Өз беттерімен келген келімсектер жалғыз Жетісу облысы емес, Сырдария, Ферғана облыстарына да аяқ салды.

1906-1907 жылдарда іштен шет аймақтарға қарай қарашекпендердің көшуінің екінші дəуірі басталды. Мұның себебі: 1905-1906 жылдарда Россияда патша хүкіметіне қарсы қозғалыс болды. Ол қозғалыста көбінесе қолға «Қызыл ту, ауызда жерлерін» деген ұранмен майданға іштегі жерсіз, жері аз қарашекпендер түсті.

Ол қозғалыста патша хүкіметі тəлтіректеп барып, аман қалып, есін жиып алуымен мына қызыл көзді пəлелерді: қарашекпендерді орналастыру, тынышыту керек екен деген пікірге мінді. Оларды разы қылу үшін алдымен тіршілік қылатын жер беру керек, іштегі байлардың жерлерін оларға алып, үлестіріп бере алмады. Оның орнына оларды ит арқасы қияндағы, шет аймақтарға айдады: Сібір, Қазақстан, Түркістан, Кавказдағы «Қазына жерлеріне».

Төрт жүз үй орналасты. Сонымен, 1910 жылдан бастап Түркістанда оның ішінде қазақ-қырғыздың ауданында (Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарында) келімсектер үшін жердің көбі алынып, отаршылдық саясатының ең күшті уақыты еді.

1913 жылдан кейін отаршылдық екпіні басылып, жер алыну саясаты алынғандай болды. Жер алынбағанмен, келімсектерді орналастыратын мекеме қарап отырмады. Келіп қалғандардың түпкілікті орналасып болмағандарын жайластырумен болды.

1913 жылдан соң Түркістанда жер алынудың себебі болғандығының екі түрлі мəнісі бар еді: 1) Түркістанда іске татар келімсектер тіршілік қылатын жерлердің алынып болғандығы. 2) 1914 жылы басталған сұрапылды Европа соғысы.

Page 325: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

Жаңадан келімсектер орналастыру үшін патша хүкіметі жаңадан жер, су ауыр жұмысын ойлап, хаттагей бір орындарда жұмысқа да кірісіп еді. Бірақ, соғыс ашылған соң, ондай жұмыс жүргізбек түгіл, байтал түгіл, бас қайғы деген күйге ұшырап, жұмысты тоқтатты.

(Қысқартылып басылды) М. Шағырша,Ташкент

Page 326: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

326

«САНА» ЖУРНАЛЫ (1923–1924)

«Сана» журналының 1923 жылдың қаңтар айынан 1924 жылдың қарашасына дейін небəрі 3 нөмірі жарық көреді. Түркістан қазақ білім комиссиясының «екі айда бір шығып тұратын тəрбие, білім, əдеби мақалалар жинағы» болған «Сана» Ташкент қаласында шығып тұрды. Бас редакторы – қазақ-қырғыз білім комиссиясының төрағасы Халел Досмұхамедов. «Сананың» бағыты мен мақсаты жайында: «Заманы-мыз мəдениет заманы, мəдениетке білім жеткізеді: Білім оңайлық-пен қолға түспейді. Білім алуға көп еңбек, асқан сабырлылық керек. «Сананы» шығарғандағы мақсатымыз аз да болса, кемшіліктерімізді жойып, елге, мұғалімдерге, жасөспірім шəкірттерге түсінікті сөз беру. Бұл өте ауыр жұмыс. Дегенмен, кіріспеске амал жоқ», – деп жазады журналдың алғашқы нөмерінде бас редактор.

Оқу-ағарту, білім беру саласына бағытталған журналды шығару-ға І.Жансүгіров, М.Əуезов, Ж.Аймауытов, Ə.Диваев, М.Тынышпаев, Қ.Кемеңгеров, М.Жұмабаев секілді алаштың азаматтары қатысты.

«Сана» журналының беттерінде халықты білім мен мəдениетке жетелейтін мақалалар, ғылымның түрлі салаларына арналған таным-дық дүниелер жарияланып тұрды. Жалпы білім беретін мектептерге енетін пəндер мен олардың жоспарлары басылды, арнайы оқу бағ-дарламалары мен ұрпақ тəрбиесі, білім берудің ұлттық сипаты сөз болды. Сондай-ақ, қазақ халқының тарихындағы хандар мен би-шешендер, сал-серілердің өмірінен сыр шертетін жазбалар мен халық ауыз əдебиетінің озық үлгілерін де көруге болады.

Қазақ халқын озық мəдениетке жетелеу жолында ізденген «Сана-ның» басты ұстанымы – елді оқу оқып, білім-ғылым мен өнер үйренуге шақыру. Білім беру саласын бір тəртіпке келтіріп, жүйелеуге ұмтылды.

Кеңестік билік тарапынан «Саясат» бөлімі болмағандықтан, сол күннің, сол таңның көкейкесті əлеуметтік, саяси мəселелерін көтеріп, жаңаны насихаттамағаны жəне ескіні, өткенді сөз еткені үшін» деген айып тағылып, журнал 1924 жылдың қараша айында жабылады.

Page 327: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

327

Қазақ-қырғыз білім комиссиясынан

Заманымыз мəдениет заманы. Мəдениетке білім жеткізеді. Білім оңайлықпен қолға түспейді. Білім алуға көп еңбек, аса сабыр керек. «Сарғайған жетер мұратқа» деп атамыз айтқан. Білім мысқалдап кіреді. Білімді болу үшін көп сарғаю керек. «Еңбек етсең емерсің». Еңбек қылмай білім жоқ. Еңбексіз ағартып, тезден елді мəдениетті қыламын деген ой - ауысқандық.

Мəдениетті боламыз десек, жолымызды дұрыстап түзеп алып, бетімізді бір бағытқа салып, азық-түлігімізді түгендеп, ұзақ сапарға шығу керек. Асықпаған арбамен қоянға жетеді. Анау бəлен болды, мынау түген болды деген күншілдікті де қою керек. Күншілдік мұрат емес. Тайлының аттыға еріп, таңы айырылады. «Аяз əліңді біл, құмырсқа жолыңды білді» естен шығармай, айқайламай, шуламай, білімді болып, мəдениетке жетудің жолына анық белді байлау керек.

Білім алудың жолы көп. Жолдың ішінде ең төтесі - жақсы мектеп, білімді мұғалім. Мұнан қалса, ел ішіне көпке түсінікті болып жазылған білім кітаптары. Мектеп жақсы болу үшін құралдары түгел, саймандары жеткілікті болуы шарт. Құралды-сайманды түгіл, құралсыз да бізде мектеп жоқ. Сондықтан мектеп түзеу – біздің бірінші жұмысымыз.

Білімді мұғалім бізде тағы жоқ. Мұғалімдеріміздің шала-шарпы білімі бар.

Бұлардың көбі ел ішінде бір-екі жыл тұрса осы шала-шарпысынан да айырылып қалады. Себебі, оқитын кітабы жоқ, қасында сөз айтатын білімді кісі жоқ, алыстан барып білімін толтыруға өзінің жəне халы жоқ.

Ауруын жасырған жазылмайды. Мектеп пен мұғаліміміздің нашар екендігін ашық айтып, анық түсіну керек. Нашарға жəрдем беріп, жоқты бар қылу бəріміздің міндетіміз. Мұны ұмытпасқа керек.

Жұртымыздың сөзге əуестігі бəрімізге мəлім. Біздің жұрт сөз айтпай, сөз тыңдамай отыра алмайды. Бұрынғы заманда жұрттың айтатыны, тыңдайтыны өзінің ата сөздері еді. Ертегі, жұмбақ, өлең, толғау, терме, жыр, тақпақ, айтыс, жылау, жоқтау, түрлі тарихи əңгімелерді бұрынғы уақытта екі кісінің бірі сөйлейтін. Елдің салты, тіршіліктің қалпы өзгерген сайын сөз айтушылардың саны азайып, сапасы кеміді.

Ел ішіне молдалар мен жерге жазу-сызу білетіндер пайда болды. Ел жазба сөзге мұқтаждана бастады. Бұл мұқтаждық дін кітабын оқу, ағайын түріктердің кітаптарын оқуды туғызды. Пайдакүнем саудагерлерге жұрттың өз сөзін түрлі шатастырып бастырып, кітап қылып сатуға жол берді. Қазанда басылған қиссалар шықты. Арабтың «Мың бір түн» секілді ми кептіретін ертегілерінен алынған сөздер жайыла бастады.

Елдің мұндай мұқтаждығы ескерілмеді. Ой жағынан, ел жағынан пайда беретін кітаптар тарату саналының қолынан келмеді. Санасыздың

Page 328: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

328

ойына келмеді. Сонымен төңкеріске жеттік. Бұл туралы төңкеріс те айтарлық ештеңе бермеді. Түрлі себептерден ауыз сөз айтушылар ел ішінде құрыды, дін кітаптары да, қазірде қиссалар да бітті. Бірақ бұлардың орнына лайықты нəрселер тумады.

Төңкерістің алғашқы кезінде баспасөздің төтенше екпінді жұмыстары болды, бұрылуға еркі болмады.

Осы күні жұмысты нықтап, негізді қылып істейтін заман туды. Халық ағарту жұмысы алға қойылды. Баспасөз надандықпен күреске салынды. Жайымыз бұлай болған соң баспасөзді елге жақындату, түсінікті қылу мəдениет жолындағы ауыр жұмыстың бірі болып шығып тұр.

«Сананы» шығарғандағы мақсатымыз – аз да болса жоғарғы айтылған кемшіліктерді жойып, аңсаған елге, алақтаған мұғалімдерге, жасөспірім шəкірттерге түсінікті сөз беру. Бұл өте ауыр жұмыс. Дегенмен де кіріспеске амал жоқ. Заман тоқтамайды, гулеп өтіп барады.

Журнал шығарғанда біздің ұстайтын жолымыз мынау: 1. Ең негізінен бастап əр пəндерден түсінікті қылып жалпы білім беру:

1) ғылым-қисап (математика); 2) физика, химия туралы түрлі мағлұмат-тар беру; 3) дүниенің жаралу түзілісімен, аспандағы жұлдыздармен, жердегі болатын жауын-шашын секілді өзгерістермен таныстыру; 4) жануарлармен, жер жүзіндегі ағаш-шөп секілді өсімдіктермен, тас-топырақпен таныстыру, жердің қалай жаралғанын, неден түзілгенін білдіру; 5) бұрынғы өткен халықтармен, олардың мəдениетімен, салтымен таныстыру.

Бұрынғыдан қалған тамтықтарды қалай іздеу жайында, қалай пайдалану туралы баяндама беру; 6) қай жұртта қандай шаруа бар, қандай заң бар, қандай тұрмыс-тіршілік бар – сонымен таныстыру; 7) жер жүзіндегі елдермен, жерлермен таныстыру, 8) санақ туралы баяндама беру, жер жүзіндегі елдердің түсінің, өлімінің, оқу үйінің, сауатсыздығының, түрлі қажетіне жұмсайтын бұйымдарының санағын беру; 9) адамның, малдың аурулары, саулық сақтау туралы мағлұмат беру; 10) қаріп тізу, баспахана түзу, кітап бастыру, сурет туралы мағлұмат беру.

2. Қазақ-қырғыз жұртының тарихымен, салт-əдетімен, тұрған жерімен таныстыру. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген мақал бар.

Өз еліміздің өткен-кеткені, басынан кешкен дəуірлері, бұрынғы осы күнгі мекендері туралы қолдан келгенінше толық мағлұмат беру. Ата-бабаларымыздың істерімен танысып, еткен жаңылыстарына күйініп, жақсылықтарына сүйініп, ғибрат алмақ адамға сана береді.

3. Қазақ-қырғыз жұртының тілімен, əдебиетімен жақсы таныстыру. Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды. Мəдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші, тілі бұзылмақшы. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт. Тамырды бұзбай ұстарту шарттарын

Page 329: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

329

қарастыру, жұрт əдебиетінен, көркем əдебиеттен үлгілер көрсетіп, өрнекті түрлерімен таныстыру.

4. Білім таратып, елдің қолын мəдениетке жеткізетін – мектеп. Сондықтан мектептің тарихы, түрлері, түзілісі, оқу-оқыту реттері, мұғалімдердің, шəкірттердің күй-жайы туралы, оқу құралдары, кітаптары туралы толық баяндама беріп тұру.

5. Адамның табиғатындағы бір мінезі – ойын-сауық қылып, қызықтар көру. Ойнамайтын адам жоқ, күлмеген адам – адам емес. Ойын-сауықтың пайдалысы да, зияндысы да көп. Салтымызға, тұрмысымызға қарай түзелген елімізде көп ойындар бар. Бұларды менсінбей ұмытып барамыз. Бұл жарамайды. Біздің кейбір ойындарымызға Еуропа таңданарлық.

«Сананың» бір міндеті – өз еліміздегі жəне бөтен елдердегі ойындармен оқушыларды таныстыру.

6. Бұл дүниеде адам баласы таңданатын іс қылып өткен адамдар бар. Бұл адамдардың аттары атадан балаға ұмытылмай келе жатыр. Түрлі данышпандар, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар, билер тағы басқалар көп өткен.

Осындай адамдар өзіміздің қазақ-қырғыз арасында аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу

елдіктің белгісі. Сондықтан ең алдымен өз жұртымызда болған, сонан соң шет елдерде болған адамдармен таныстыру.

7. «Санада» «Мəдениет майданы» деген бір бөлім бар. Бұл бөлімде елдің мəдениеті, бұл туралы істелінген істі, үлгілі мектеп-медреселердің күй-жайын, мəдениет, білім ұйымдарының тіршілігін, үкіметтің мəдениет, білім туралы бұйрық-жарлықтары, тағы сондай басқа нəрселер жазылып тұрмақшы.

8. Қазақ-қырғыз тілінде, я қазақ-қырғыз туралы бөтен тілде шыққан кітаптарды тізіп тұрмақшымыз. Жəне де бұлар туралы сын беріп тұрмақшымыз.

Жоғарғы көрсетілген жолмен «Сананың» əрбір санында сыйғанынша, қолдан келгенінше мағлұмат беріліп тұрмақшы. Көңіл шабады, жүрек талпынады. Бірақ қолда қуат кем, жəрдем беретін, көмек қылатын кісі аз. Қанат-құйрық болмай, сүйеуші біреу болмай жұмыс көркеймейді. Сондықтан білімі бар саналы азаматтарға, əсіресе, мұғалімдерге жəрдемші болып сүйеңдер деген өтініш айтамыз. Ақшамен болсын, жазумен болсын жəрдем беріңіз.

Жазушыларға ескертетін нəрсе мынау: əрі болса қара халық үшін, бері болса ауыл мектептеріндегі мұғалімдер түсінетін сөздер жазуға, жазған сөздерің қойыртпақ болмай, таза татымды болсын. Сырты бар, іші жоқ құр тізілген қаріптің керегі жоқ. Əрбір жазылған сөздің журналымызға лайық мағынасы болсын. Кем мағынаға оза жайылып, кең сөйлеудің керегі жоқ.

Page 330: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

330

«Сана» шындығында журнал емес, бөлек басылып шықпайтын уақ білім сөздерінің жиынтығы. Оқу кітабын жазу ұзаққа созылатын қиын жұмыс. Оны жиі шығарып тұру қолымыздан келмегендіктен білім беретін уақ сөздерді жиып, журнал ретінде шығарып тұруды ойладық. Журналымыз екі айда бір шығып, жылына алты кітап болып шығып тұрмақшы.

«Сананың» бірінші саны нағыз ойлағандай болмады. Біраз кемдіктері бар. Бұған бірінші себеп – істің жаңалығы, бұрынғыдан үлгі болмағандығы. Екінші себеп мынау болды – көп адам сөз жазбақшы болып уəде берсе де бірқатары уəдесінде тұрмады, бірқатары журналға лайықты сөз жаза алмады. Журналымызға сөз жазған кісілердің бірен-сараны болмаса ақы алғаны жоқ. Білім кеңесінің берген ақшасы журналдың техника жұмыстарынан артқан жоқ. Халық ағарту комиссарлығының жарлығын ойға алсақ болашақта ақша мол болады деген үміт аз. Бұл оқушы мен жазушының есінде болсын. Еңбегін сатпай, халық үшін бос қызмет қылған азаматтарға жарылқасын айтамыз.

Қазақ-қырғыз білім комиссиясының төбеағасы Халел Досмұхамедов

Қымбат намаз

Алланың атын біліп, намазын біле алмай қор болып жүрген Сəрсембай деген бір адамның үйіне молдамын деп бір сұм келеді.

Сəрсембай: - Молда-еке, маған намаз үйрет, ақысына не аласың? - дейді. Молда: - Жиырма қой, - дейді. - Жəне малыңды һəм асыңды тазала. Сонан

соң оқисың, - дейді. Сөйтіп, Сəрсембайдың жүз жиырма қойы бар екен. Онан зекет деп үш қой алыпты. Асыңның құшыры деп он қойдан бір қой - он екі қой алыпты. Барлығы отыз бес қойын алыпты. Жəне молдаға күн сайын бір қойдан сойып беріп отырып, Сəрсембай намаз үйренеді. Əуел дəрет алуды үйренеді. Дəрет алудың өзі бірталайға сөзылып, қатынына күн сайын су тасытып, екі иінін жауыр қылады. Онан соң өлдім-талдым дегенде «алда акбар» деп үйренеді. Онан соң «құлқұ алда ақат, самат, жым-жылат, жата- лаука мəсбет, күлді күпуден ақат» деп үйренеді. Жығыларда «ақ қойдың кəлдесі, қара қойдың кəлдесі, мен құдайдың пендесі» деп үйренеді. Осыларды бір айдың ішінде үйреніп те болыпты. Қойды тауысып та болыпты. Бір күні намаз оқымақ болып: «Аяғынан сана, аяғынан сана» деп тұрғанда қатыны кіріп келіп: «Дəрет, дəрет деп шалбардың ауын шіріттің, «алда акбар» деп азғана қойды құрттың.

Page 331: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

331

Енді «бір аяғынан сана» дегенді шығарған екенсің. Ол енді өз басыңа көрінсін», - деген екен.

Кəрімқұл Назарұлы

Мектеп бөлімі

Қазақ-қырғыз мектептері

Еркін далада көшіп жүріп, ерікшілікте, бостандықта өмір шеккен қазақ-қырғыз халқы орыс үкіметінің қарамағына мойын ұсынғаннан кейін бұрынғы мінезін, құлқын, батырлығын жоғалта бастады.

Тарих жүзіне қарасақ, халықтың бостандығын жоюға, əлсіреуіне себеп болған - билеген хандар көрінеді. Əділшілдікті, адамгершілікті ұмытып, тек қана бас пайдасын ойлап, еркін қазақ-қырғызды Россия үкіметіне құлдыққа байлап берген де хандар көрінеді. Қара бұқара бұлардың істеген ісіне, пікіріне қарсы болған. Бостандығын сақтау үшін жау болған. Соғысқан. Россия үкіметінің қолданған саясаты қазақ-қырғыз халқының ұлттығын, тілін, əдетін жоғалту болғандықтан бірнеше жылдар Россиямен де соғысқан. Осыған қарағанда еркіншілік, бостандық қазақ-қырғыз халқының сүйегіне сіңген деп білуге болады. Малын, жанын бостандық жолына құрбан қылғандығы - сол бостандықты сүйгендігі. Сүйген нəрсе ерлік, батырлық көсемдік тудырады. Бірақ өнер-білім жоқ жерде қара күштен пайда шықпайтындығы белгілі болды. Россия халқының мəдениеті артық болған соң қазақ-қырғызды жеңді. Өзіне көндірді.

Қазақ-қырғыз ішінде ескі заманда мектептер болған жоқ. Оның себебі көшпелі болып, орнығып отырған жоқ. Меншікті қаласы болмағандық.

Енді Россияға қосылғаннан соң мектеп, мешіт салу, оқу мəселесі қозғалды. Бұл мəселені көтерген Россия елшісі – Тевкелеев. XVIII ғасырдың орта шамасында Петерборға берген баяндамасында Тевкелеев қазақты Россияға көндіру үшін бірнеше жолдар көрсеткен: 1) қазақты отырықшы қылу; 2) мешіт салу; 3) мектеп салу һəм басқа жолдар. Үкімет Тевкелеевтің жобасын мақұл тауып, соның бəрін істемекші болғанымен де тарих сол уақытта мектептер ашылды деп айтпайды.

Əуелгі əзірде қазақ ішінде білім таратушы ноғайлар болған. Бұлар хандардың, билердің, байлардың балаларына жазу-сызу мен дін-шариғат үйретсе керек. Осыдан артық үйретуге сол ноғай молдаларының білімі болды деп айтуға да болмайды. 1747 жылы Əбілқайыр ханның Россия үкіметіне өз қолымен жазған арызын оқып айыра алмаған. Оның баласы туралы ханның Орынбор аймағының бастығына жазған хатын да тəржіме қылушы ноғай тани алмаған. Ел билеген хандар һəм олардың балалары

Page 332: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

332

дұрыстап жазу білмеген болса, əрине, қара бұқара арасында кім айтар? XIX ғасырдың 70-жылдарында қазақ-қырғыз халқы ұрыс-қағысты қойып, Россия үкіметіне тегісімен көнді.

Білімнің керек екендігін білді. Сондықтан өз араларында мектеп болмаған соң Бұхарға, Хиуаға, Қарғалыға һəм осылар сияқты мұсылман шаһарларына барып оқи бастады. Осы шеттен оқып шыққан бірді-екілі қазақтар ауыл ішінде мектеп салдырып, мүрит жинап молдалығын жүргізді һəм мешіт жанынан мектеп ашып, жастарды оқытты. Бұл мектептерде тек қана дін-шариғат жайынан оқытушы еді. Еуропа мектептеріндегідей əртүрлі пəннен мағлұмат бермейтін еді. Мешіт жоқ жерлерде ауыл болып бірігіп, балаларын молда жалдап оқытады екен. Қазақ-қырғыздың түсінігінде жазба һəм баспа кітап оқи білсе, азырақ жазу білсе молда болғаны. Осыдан артық оқу болмаса керек. Енді көшпелі ауылдарды алсақ, олардың ішінде оқу жолы жоғарыдағы айтылған түрде болған мешітте оқу қыс мезгілінде болса, көшпелі елде жаз мезгілінде болады екен. Мұсылман мектептері қазақ-қырғыз арасына таралған жоқ. Оған себеп болған Россия үкіметінің қолданған саясаты. Қазақ-қырғыз халқы басқа мұсылман халықтарының жетегінде кете ме деген қауіп көп. Соған қарсы түрліше жобалар жасады. Бір уақыт қазақ ішіне ноғайларды шығармасқа заң шығарды. Мұнан соң қазақ-қырғыз балалары үшін школдар ашуға қаулы қылды. Самар-Орынбор губерниясының губернаторы Катенин 1890 жылы үкіметке жіберген баяндамасында айтқан: «Қазақ халқы білімнің керек екендігін түсінді. Өз араларында мектеп болмаған соң балаларын Бұхарға һəм басқа мұсылман мектептеріне оқытады. Онда қазақ балалары 20-25 жасқа дейін оқиды. Сонда оқитыны - тек қана дін-шариғат. Басқа ғылым оқымайды. Бұл оқудан зиян болмаса, пайда жоқ. Қазақ халқы бұзылмаған халық. Соның үшін мұсылманша оқу бұлардың ішіне таралмай тұрғанда школдар ашу керек» деген осы Катениннің жобасы бойынша үкімет Ақмешіт, Қазалы һəм Орынбор жағынан бір школдан ашуға қаулы қылған. Мұнан да бұрынырақ қазақ балалары үшін 1844 жылы Орынборда 30 кісілік 6-7 жылдық жатақты школ ашылған. Ондағы оқу: 1) орыс тілі; 2) есеп; 3) ноғай тілі; 4) дін жайынан; 5) орыс тілінде дұрыстап жаза білу. Жəне де қазақ балалары сол Орынборда 1824 жылы ашылған кадет корпусына кіруге ықтиярлы болған. Балаларын оқытқан адамдарға қағаз берілетін болған. Қазақ-қырғыз халқын орыс дініне көндіру мақсұтымен бірқатар жерлерде дінге үндеуші (миссионерские) школдар да ашқан.

Қалай айналдырса да қазақ-қырғыз халқы ұлттығын жойған жоқ. Бұзған жоқ, əдетін ұмытқан жоқ. Осыған қарағанда ескі мектептер халықтың тұрмысына, тіліне, əдетіне лайық болмағандықтан ауыл ішіне таралған жоқ. Жəне де Россия үкіметінің салдырған школдары бұл мектептердің таралмасына үлкен себеп болды. Енді мұсылман мектептері

Page 333: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

333

мен Россия үкіметі саясатының қыспағында отырып, қазақ-қырғыз халқы əдетін шариғатқа айырбастамағандығына бас иіп, Россия саясатының алдауына еріп кетпегендігіне себеп болған ақындар, өлеңшілер болған. Осылар арқылы ескі өлеңдер, мақалдар, батырлар жайынан жырлар һəм басқалары осы күнге дейін ұмытылмай келді.

Оқу жұмысы осы күйде тұрғанда Россия 1905 жыл Қозғалысы болып өтті. Бұл Қозғалыс түрік халықтарының көзін ашып, алға басуына себеп болды. Жұрт оқудың керек екендігін білді. Əсіресе, өнер-білімге бел шешіп кіріскен ноғай халқы болды. Пайдасыз ескіше оқуды жоғалта бастады. Мектеп-медресе тұрмыстары жаңа бағытпен, жаңа жолмен жүре бастады. Аз жылдың ішінде медресе «Құсаиния» мен «Ғалия», «Расулия», «Мухамедия» һəм басқалары ашылды. Қазақ жастары ауыл ішінде жаңа мектеп болмаған соң жоғарыдағы айтылған ноғай медреселеріне кіре бастады. Осы медреселерде оқыған шəкірттер жаз мезгілінде ауыл ішіне шығып, ұсул-жəдит жолымен оқытып, ауылды жаңа мектеппен таныс қыла бастады. 3-4 айдың ішінде жазу үйреніп, есептің 4 амалы (қосу, алу, көбейту һəм бөлу) біліп қалушы еді. Жаңа оқудың ескіден артық екендігін халық түсінді.

Бірақ ескі үкімет қазақ-қырғыз ішінен ана тілінде оқитын мектепті ашуға қарсы болды. Бұл үкіметтің саясатына ауылдағы надан молдалар да қосылып, жаңа мектепке дұшпан болып шықты. Сонымен халық ағарту ісі осы күйде шешілмей тұрғанда Россия да октябрь төңкерісі болды.

Октябрь төңкерісінен кейін өнер-білімге кең жол ашылды. Мектеп ашуға, мектепте əр халық өз тілінде оқу-оқытуға ықтияр болды.

Бұрынғы ескі школдар, мектептерді жауып, жаңа жолмен, бағытпен оқытпақшы болды.

Мектеп ашу туралы, оқу-оқыту туралы талай сөйленді. Талай жобалар жасалды. Талай қағаз жазылды. Бірақ пайдалы, керекті деген жобалардың бəрі де тек қана қағаз жүзінде қала берді. Жүзеге шықпады. Мектептер туралы шыққан жақсы жобалар Мəскеуге лайықты болса да көшпелі ауылдың тұрмысы оны көтере алмады. Бірақ үкімет көшпелі ауылдың тұрмысымен əуелде санасқан жоқ. Мəскеудің шығарған жобасын елге таратпақшы болды, жүзеге шығармақшы болды. Оқу-оқыту құралдарының бар-жоғына қараған жоқ. Сондықтан кеңес мектептері де халықтың сенімді көзбен қарайтын білім ошағы болып шыға алмады. Екінші жағынан, мектептерді дұрыстап алып жүретін, толық мағлұматы бар мұғалімдер де болмады. 2-3 айлық мұғалімдік курсынан оқып шыққандарға халық теріс көзбен қарады. Балаларын оқытуға бермеді. Осымен октябрь төңкерісі өнер-білімге кең жол салғанымен қазақ-қырғыз халқы бұған даяр болмағандықтан ешбір пайдалана алмады.

Енді үкіметтің бір үлкен жұмысы - қазақ-қырғыз халқының тұрмысына, əдетіне лайықты қылып мектептердің түрін, оқу-оқыту жобаларын түзеу.

Page 334: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

Осы мəселені шешіп алмай, шиеленіскен түйіншек жазылады деп ойлауға мүмкін емес.

Ауыл ішінде мектеп халы нашар күйде болған болса да, шаһарлы жерлерде сондай болды деуге болмайды. Төңкерістен кейін бірқатар қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер ашыла бастады. Осындай мектептер Ташкентте, Алма-Атада, Шымкентте ашылды. Ташкенттегі мұғалімдер даярлайтын мектепті 20-жылы 4 жылдық институт қылды. Болашақта институттың шаруалық, денсаулық һəм басқа бөлімдері болуы тиіс. Əзір тек мұғалім даярлайтын бөлімі бар. Əрине, жақын арада институтта оқу жобасы Еуропа мектептеріндегідей бола алмайтыны белгілі. Бірақ, осы институт қазақ-қырғыз балалары үшін ашылған түңғыш мектеп. Сондықтан кем-кетігі əуелгі əзірде болуы мүмкін.

Ауыл ішіндегі мектептерден оқып шыққан шəкірттердің институтқа жарамайтындығы осы екі жылда белгілі болды. Солай болған соң институтқа оқушылар даярлау үшін институт жанында 3 жылдық курс ашылып отыр. Осы 3 жылдық курсты бітіргендер институттың бірінші негізгі класына кіреді. Институттың ашылғанына 2 жыл өтіп 3 жылға айналып бара жатыр. Алдымыздағы 24 жылда оқушылардың алды бітіріп шығады. Бұлар қазақ-қырғыз ішінде ана тілінде білім алып шығатын тұңғыш мұғалімдер. Болашақта қазақ-қырғыз халқының мектептерін тұрмысына лайықты қылып, оқуын өрнекті қылып түзеуші осы институттың шəкірттері болуға тиіс.

К.Ж.

Page 335: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

335

«ТАҢ» ЖУРНАЛЫ (1925)

«Таң» журналы 1925 жылдың наурыз айынан бастап Семей қаласында шықты. Шығарушылары – Ш.Тоқжігітов, А.Сайдалин, Ш.Жантілеуов, сондай-ақ «Таңның» шығарушыларының бірі ретінде Мұхтар Əуезов те көрсетілген.

«Таң» журналында авторлардың материалдары мазмұнына қарай төмендегі бөлімдерде жарияланды:

«Жалпы саяси бөлім», «Ресми бөлім», «Шаруа бөлімі», «Білім-тəр-бие бөлімі», «Əдебиет бөлімі», «Отантану бөлімі».

Журналдың «Ресми бөлімінде» үкіметтің қаулылары мен бұйрық-жарлықтары, заңдар мен ережелер басылды. Басқа бөлімдер аясында ел ішіндегі оқу-ағарту ісі, білім беру, тəлім-тəрбие, тіл мəселесі, саяси-əлеуметтік мəселелер, шаруашылық жайы сөз болды, ғылыми мақала-лар жəне əдеби-мəдени туындылар жарық көрді.

Журналдың негізгі бөлімі – əдебиет бөлімі еді. Бұл бөлімде əсіресе М.Əуезовтің қолтаңбасы айқын байқалады. Абайдың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың жарық көрмеген өлеңдері, Абайдың ұлы Тұрағұлдың Горькийден аудармалары, Сəбит Дөнентаевтың өлеңдері жарияланды. Қазақтың халық ауыз əдебиеті де көрініс тапты.

1925 жылдың маусым айына дейін 4 саны ғана жарық көрген «Таң» журналы қаражат тапшылығына байланысты шығуын тоқтатады.

Page 336: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

336

Саяси-ағарту жұмысы

Саяси-ағарту жұмысы ауыл жастары арасындағы жұмыста үлкен орын алады. Коммунист жастардың саяси хат білмейтіндігі былай тұрсын, көпшілігі хат танымайды. Сондықтан бірінші ретте қолға алатын жұмыс хат танымаушылықты жою болсын. Хат танымаушылықты жою үшін əрбір ұялардың жанынан үйірмелер ашып, ол үйірмелердің жұмысына мұғалімдерді пайдалану керек. Ағарту жұмысының алға басуына мұғалімдер мен жастардың байланысы өте қажет.

Саяси сауатсыздықты жою жолында əрбір ұя белгілі жоба бойынша кітап, газет-журналдар оқу əдісіне түсінуі тиіс. Сонымен алған білімдерін байланыстыра білу жастардың міндеті, саяси оқудың негізі, интернационалдық тəрбиесінің жолы болу керек.

Ағарту жұмысының кіндігі ауылдағы оқу үйлері (қирағатхана) болады. Өздерінің жұмысын жүргізумен бірге əрбір ұялар оқу үйіне үлкендерді де, ұйымнан тыс жастарды да тартып, оқу үйінің жұмысы ілгерлеуіне себепші болсын. Ұялар ағарту жұмысын жергілікті ағарту орындарымен келісе отырып істейді. Егерде ауылдарда оқу үйлері жоқ болса, комсомол ұясы басшылық етіп, оқу үйін ел ортасына ашудың қамына кіріседі. Тіпті, оқу үйін ашуға мүмкіндігі болмаса ұялардың ағарту жұмысы мектеп іші болу тиіс.

Дінге қарсы үгіт-насихат тарату жұмысы аса сақтықпен болу керек. Тиісті əдіспен істемесе халықты шошытып алуға мүмкін. Сондықтан жастар ұясының бұл туралы қолданатын жолы жаратылыс пəн ғылымдарын халыққа түсіндірумен ғана болады. Одан басқа ешбір жол болмасқа керек.

Комсомол ұясының партияның бірінші көмекшісі екенін ақтау жолында істейтін күнбе-күнгі ісінде партияға болысу болады. Мəселен, жалпы саясат жұмысы, мұғалімдер жұмысы, денсаулық жұмысы, тағы басқалар. Міне, солардың қайсысы болса да партияның қойып отырған міндеттерін өтеу жолында комсомол ұясы қолынан келген ісін аямайды. Жоғарыда айтылып кеткен жұмыстарды күшейту ретінде партия ұясы жоқ болса, комсомол ұясы өз міндетіне алады.

Жаңа тұрмыс орнатуға ауыл ұялары осы бастан тиісті шарасына кіріседі. Ескілікті жаман əдеттердің (боқтау, қыздарға, жалпы, əйелге еркектің көзқарасы, ішкілікпен əурелену, тағы сол сияқты жұмыстар) бітуіне тырысып, ел ішіне аз да болса жаңа тұрмыстың негізін орнату мақсатында болады. Міне, жоғарыда айтылған істердің қайсысы болса да ұйымның жұмысының күшеюіне байланысты.

Page 337: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

337

Баспасөз һəм оған жастардың қатынасы

Барлық ауыл ұяларында қабырға газеті болу тиіс. Егерде өз беттерімен газет шығаруға күштері жетпесе, партия ұясымен бірлесіп шығарады. Қабырға газетіне сезімі күшті, пікірі дұрыс мұғалімдерді пайдалануға болады. Жəне де гүбірнеде шығып тұрған барлық баспа газеттерді жастар ортасына һəм қалың ел арасына таратудың шарасын істеп, сол газеттерге тілшілер белгілеп қою керек. Əсіресе, ауыл ұясы жергілікті тілшілер жұмысына өзінің көмегін көрсетіп тұруы тиіс.

Жас пионерлер арасындағы жұмыс

Ленин атағындағы жас пионерлер ұйымы; төңкерістің жас гүлі; адам баласының асыл шағы, арамдығы жоқ адал шағы, денесі таза, уыздай жасұлан балалық дəуір. Балалар пионер ұйымында ұйымдасса, еңбекші елдің ортасында олар ерте бастан түзу негізбен тəрбиеленіп, коммунист партиясы мен комсомол ұйымының жұмысына көшжеміс береді. Сондықтан балаларды пионер қатарына ұйымдастыру өте пайдалы іс. Олар жалпы саясат жұмысына қатынасады. Елді ағарту жолында мектеп тұрмысына, оқу үйлерінің жұмысына араласып һəм үй ішіндегі жұмысқа кірісіп, партияға, комсомол ұйымына іс жүзінде көмек бере алады.

Əрбір комсомол ұясы бар жерде пионер ұйымы ашылуы керек. Балаларды пионер қатарына ұйымдастырарда жұмысқа сақтықпен кірісуге тиіс. Дайындық жұмысын жақсы жүргізіп, оларды көпшілік жұмысына қатыстыра отырып, ел көзіне сенімін арттыру тиіс. Жəне де партия мен комсомол ұялары жас ұландар жұмысына іс жүзінде көмегін беру керек. Комсомол мен партия көмек көрсетпесе балалар арасындағы жұмыс жемісті болмақ емес. Олардың да арасында ағарту жұмысына, тəрбие жұмысына мұғалімдерді, дəрігерлерді, агрономдарды пайдалану керек.

Қаражат жағынан партия ұясы арқылы болатком, қолғабыс комитеті, кооперация ұйымдарынан көмек алып, балаларды мұңсыздаңдыруға болады. Жұмыс жүргізетін орны оқу үйлерінің іші, мектеп іші болу тиіс.

Партия ұясы һəм коммунист жастар

Ауылда коммунист жастар ұйымының қандайлық маңызы барлығын əрбір лениншіл жас, əрбір партия мүшесі түсінетін уақыт жетті. Комсомол ұйымы партияның бірінші көмекшісі. Сондықтан коммунист жастар ұйымының жұмысына партия ұясының нұсқауы күшеюі керек. Комсомол

Page 338: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

338

ұйымда қандай жұмысы болса да партияның басшылығымен, партияның нұсқауымен жүргізуі керек. Коммунист жастардың саяси тəрбиеге жетіліп, ысылғандарын əр уақыт партияның қатарына беріп отыруы тиіс комсомол ұясының хатшысы партияның мүшесі, яки тілектесі болуына назар салынсын.

Дүйсенұлы

Жаңа мектепте отантану сабағының орны қандай?

Əрбір мектептің тұтынған жолы мен көздеген мақсатына қарай соның ішінде істелетін істің əдісі мен тəртібі белгіленеді.

Бұл хал бұрынғы құр ғана оқытуды мақсұт қылған ескі мектеп пен еңбек негізіне құрылған жаңа мектептің екеуіне бірдей хал болады.

Қазіргі біздің мектептің алдында тұрған мақсұт пен міндеттің жайын сөйлегенде Крупская жолдас мынаны айтады: «Жаңа мектеп оқып жүрген баланың көңілінде маңайдағы табиғат жағдайы мен əлеумет тіршілігінің əрбір хəлдерін ғылым жолымен зерттерлік талап жігерді туғызатын болу керек» дейді. Бүгінгі күнде барлық əлеумет мүшесінің үлкен ықылас бөліп, көз тігетін мəселесі бүгінгі əлеуметтің шаруа құрлысын тексеріп білу керек. Бұл мəселе барлық кеңес құрлысының жайын білуді қандай керек қылса, əрбір ұсақ ауданда сол аудан жайын жақсы білерлік білімді де сондай керек етеді. Шаруа мəселесіне көз тігудің қажеттігін бүгінгі тіршіліктің өзі еріксіз ұғындырып, миландырып отыр.

Олай болса барлық əлеуметтің көзін қадап отырған мəселесін мектеп ескерусіз тастай алмайды. Тастамайтын себебі тəрбие ғылымының (педагогика) негізінің өзі де сол істі мектептің үлкен бір міндеті деп есептейді.

Жаңа мектептің алдында осы сияқты даусыз міндеті айқын тұрған соң сол міндетке қарай біздің мектептің өзінше қолданатын əдісі де болуға керек. Өмір жүзінде сол мақсұтты қайтып іске асыратынын айқындап белгілеп алу керек.

Сол мақсұт жолында қолданатын əдістің бірі бүгінгі мектепте тəртіпке кіріп отырған экскурсия (серуендеме) əдісімен əр жерден мағлұмат, белгілер жинау болады.

Экскурсия осының дəл өз басын алсақ, ол бүгін ғана шыққан жаңа нəрсе емес. Күнбатыстың бай балаларына арналған меқтептерінде бұл əдіс көп заманнан бері іске асып келеді. Əсіресе Англияда жастардың скаут деген ұйымдары экскурсияны көптен дағды қылып келеді.

Экскурсия осы Руссияның да кейбір тəуір мектептерінде болған. Бірақ оларда экскурсия ылғи ғана табиғатпен танысуға арналатын. Бүгінгі біздің мектебімізде алдыңғы мақсұт сол экскурсияның керектігін айтып үгіт

Page 339: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

339

жүргізу емес. Ең бірінші мақсұт маңайдағы тіршілік пен толып жатқан өзгерістерді қалай оқып, қалай тексеріп білу керек деген мəселеге тіреледі. Барлық дүние өзгерістеріне еңбекшіл адамның көзімен қарай білуге байланады. Біздің əдістің айырмасы осында. Сондықтан экскурсияның жаңа əдісімен ауылға келсек, біз сол ауылдағы үйлердің суреті мен мүсіні қандай екенін, табиғатының қаншалық сүйкімді сұлулығын сөйлеудің орнына сол ауылдың шаруа салты, əдет салты, мəдениет қалпы қандай екенін тексеріп зерттеуімізге керек.

Əрбір мұғалім ауылдың тіршілігін көп баланың біріккен ойымен оқып білгізбек болса, алдымен сол ауылдың барлық жайын, күйін өзі жақсылап тексеріп, біліп алуға керек. Сол уақытта ғана мұғалім экскурсияны дұрыстап бастап, дұрыс мақсұтқа жеткізе алатын болады. Мұғалімнің білімі қаншалық саяз болса да, ауыл тіршілігінің жай-жапсарын жақсы білуі қиын емес. Өйткені ауыл тіршілігінің ішінде оның өз тіршілігі де бар болады. Өз тіршілігінің жай-жапсарын білмейтін адам кем де кем болады. Олай болса барлық мəселе мұғалімнің сол жұмысқа ынтамен кірісуінде. Өз ынтасын бастап жүрген шəкірттерге жұқтыра білуінде.

Ғылым жолымен зерттеп, керекті белгі жиюда шын барлық экскурсияға арнаулы тəртіп керек. Сондай тəртіп бұрынғы ескі заманда жасалып жүрген. Бірақ олар ескі ауылдың тіршілігіне арналған тəртіптер еді. Ол уақыттан бері тіршілік көп ілгері басып кетті. Сондықтан бүгінгі біздің тəртібіміз түгелімен бүгінгі жаңа ауылдың қазіргі тіршілігін білдірерлік болуға керек.

Жаңа əдіспен зерттеуге арналған жоба қазірде үш буынға бөлінеді. Бірінші шаруа; екінші қауым тіршілігінің ортасындағы қатынас араластан туатын жай күйі; үшінші дін нанымы мен əдет-салт қалпы.

Осы жоба мұғалімнің өзіне де, шəкірттердің ізденуіне де жас балалардың кішкене ұйымдар жасап зерттеуіне де жарайтын жоба болады. Үш буынды жекелеп қарап, шаруа салты мен тарихы хəлдерін қосып, ұлттық белгісі мен қауым тіршілігін қосып алғанда алғашқы бір буынға арналған жоба мынадай болады:

1. Ауыл кім ауылы деп аталады? Қашаннан бері бөлек ауыл болып тіршілік етеді? Бөлек ауыл болғалы басынан қандай хəлдер кешірген? Сол жайдағы əңгімелері. Ауылда неше үй бар, жанының саны қанша?

2. Ауылдың халқы: а) қай рулардан; б) ескі уақытта əрбір үйдің шаруа жайы қандайлық болған? Қандай тұрмыстары бар еді?

3. Ауыл халқының дене бітімі: бой, кеудесінің жуан-жіңішкелігі. Бас сүйегінің бітімі. Мінез қалпы: көтеріңкі сергек пе, болмаса жабырқаңқы баяу ма, пысық ширақ па не болмаса салбыр, еріншек пе?

4. Жерінің бітімі: тоғайлы ма, қыр ма, көлді сулы ма, шөл жер ме? Топырақ бітімі қандай, ауылдың үстін басып не болмаса жанынан басып өтетін қара жол, өзен жолдары бар ма?

Page 340: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

340

5. Ауылдың жалпы сыртқы пішіні. Отырған тəртібі. Көптің қамы үшін салынған үйлер. Мектеп үйі. Үлкендерге арналған кітапхана сияқты оқу үйі, пелшер тұратын орын тағы сол сияқтылар. Ауылдың сыртқы қалпы мен ауданында 1905 жыл мен 1917 жылдың арасында, 1917 жыл мен 1925 жылдың арасында қандай өзгерістер болды? Қосылған жаңа нəрселер бар ма?

6. Ауылда өнім кəсібі; ұстаның дүкені, тері зауыты, май шайқайтын зауыт, тиірмен сияқтылар бар ма, бар болса жасалуы қандай? Ішіндегі саймандары қандайлық? Дүкенде істейтін, үйде отырып істейтін кəсіптердің қандай тұрлері бар?

7. Егіндік жерлері бар ма? Егіндікті ауыл халқы қалай бөліскен? Қай түрлі астық салады? Жерді қалай жыртып, қандай əдіс қолданады? Мал жайылатын ақтықпен қалай пайдаланады? Шыққан астықты қайтып жинап алады? Егін салу мен мал бағуда жаңа əдіс, жаңа жолды қолданайын дегеннің белгісі бар ма? Ірі-қара мен ұсақ малдарының саны қанша, құс асырайтын болса, олардың саны қанша?

8. Ауылдағы кəсіптен басқа шеттен істейтін қандай кəсіптері бар? Мал табу үшін жалдамаға беретін жерлері бар ма? Істеп жүрген кəсіптеріне қарай туатын сол жердің өзінде ғана болатын ерекше науқастары бар ма? Сондай науқастардың ауыл халқының дене бітіміне əсер бергені бар ма?

9. Аңшылық жерінде қандай андар бар? Қандай əдіспен аң ұстайды? Құс салу, ит жүгірту, мылтық ату, балық аулау. Бұл аңшылық кəсіп үшін, мал табу үшін, сыртқа сату үшін істеле ме, болмаса өзінің ғана үй ішінің керегіне жұмсала ма?

10. Ауылдағы үйлердің мүсіні қандай? кигіз үй болса кеңдігі, биіктігі. Ішіндегі бау-шумен, шиі, есігі, қора болса ұзыны, көлденеңі, биіктігі.

11. Үйдің іші. Кілем, кигіз, текемет, сырмақ, түскигіз, биік төсек, алаша, көрпе-жастық. Ожау-тегене, қазан-ошақ сияқты ыдысаяқ. Кебеже, саңдық, шыныаяқ, қап, кереге қап, тұлып сияқты, үрген қарын сияқты нəрселер. Үй ішіндегі бұйымның қандайы ең керектісі болады?

12. Үске киетін киім, бас киім. Аяққа киетін киімдер. Еркек пен əйел киетін киімдерді айырып жазып алу керек. Ескі үлгімен тігілген киімдер, жайылып келе жатқан жаңа үлгінің киімдері.

13. Ішетін ас. Бұрынғы уақыт пен осы уақыттарда елдің ұдайы жақсы көріп ішетін тамақтары. Əр тамақты қалай дайындайды? Тамақты қай ретпен отырып жейді? Шайды қалай ішеді? Тамақ ішуде дін мен салттың қандай шарттарын орындайды?

Соңғы жылдарда ішетін тамағының өзгергені бар ма?14. Ауылдың шаруа жолындағы қалпы қандай? Көшпелі ме, жарты

көшпелі ме, отырықшы ма, мал баққыш па, егінші ме, қолөнерін кəсіп қылатын ауыл ма, болмаса маңайдағы жалдама қызметті кəсіп қыла ма?

Page 341: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

341

15. Ауылдың шаруа жағдайына өзгерістен бері болған жаңалық, басқашалық бар ма, əлгі айтылған кəсіптердің не ілгері басып, не төмендеген белгілері бар ма?

Қауым тіршілігінің құрлысы

1. Ауылдық сəбет. Оның құрылған тəртібі. Болыстық комитетпен екі арасы. Халықтың сайлауға араласқандығы қандай?

2. Сайлауға партия мүшелері мен партиясыздардың қатынасы қандайлық болды. Ортақшылдық ұйымы мен басқа соған ұқсас ел ішіндегі ұйымның қауым тіршілігіне əсері қандай?

3. Алым-салық алудың реті қалай өтеді? Разбеске заманында қай ретпен мал берді? Продналог заманында қалай өтті, ауылдық сəбет пен болыстық үйездің əкімшілік орындарының үй басына алым салу бөлігі қандай болды?

4. Ескі заманда ауыл мен елді билеудің реті қалай болып еді? Сол жайда көргеннің əңгімелері. Патша төрелері мен бай-жуанның əмірі жүрген заманда қандай тəртіп болып еді? Сайлауда бұрынғы заман мен осы заманда елге берілген ықтияр қандайлық болды?

5. Ауылда əйел халқы қандай? Бұрынғы заманда əлеумет тіршілігіне əйел қатынасушы ма еді? Бір туысқан еркек пен əйелдің бұрынғы заман мен осы заманда ата мұрасына ортақтығы қандай?

6. Бұрынғы заман мен осы заманда ауылдағы жастардың халы қандай?7. Жас əйел мен жас жігіттердің ортасындағы хəлдер қандай? Қыз

алып қашу, қалың мал төлеу, күйеушілеу əдеттері.8. Ауыл халқының ескі дін оқуын оқытатын молда мен бүгінгі

дүнияуи ғылым оқытатын мектепке көзқарасы қандай? Бүгінгі мектепті керекті деп санай ма, керек десе қандай көмек көрсетеді? Мектепте əйел балаларды оқытуға қалай қарайды? Дін сабағын оқытпағанга қалай қарайды? Мұғалімге көзқарас қандай? Мектептің қандай болғанын ұнатады?

9. Ауыл халқының жалпы əлеуметтік тіршілігіне жаңғырған жаңалық бар ма? Əйел мен жастардың қауым ісіне қатынасы қандай? Оқу, өнерге талпынуы қандай? Кооперацияға қалай қарайды?

10. Бір ауылда отырған бір-ақ атаның баласы ма? Əр рудан құралған-дар ма? Үй ішіндегі əкімшілік кімге тиісті? Ерлі-қатынды кісілердің бір-біріне істейтін мінездері қандай? Ата-ананың балаға көзқарасы қандай? Ержетіп қалған жастар кəрі əке-шешеге қалай қарайды?

11. Үй ішінің тіршілігіне өзгерістен бері кірген бұрын болмайтын жаңалық бар ма?

12. Ерлі-қатынды кісінің айырылысуы көп пе? Əке-шеше айыры-лысқанда балалары қандай күйде қалады?

Page 342: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

342

13. Бұрынғы уақыт пен осы уақытта бала тəрбиелеуде айырмасы бар ма? Еркек бала мен əйел балаларды алдымен не нəрсеге үйретеді? Қай жастан үйрете бастайды? Балаларды əке-шеше жазалай ма, қалай жазалайды?

14. Əр үйдің өз адамдарынан басқа малшы, қосшы, қатын-қалаш сияқты бөтен адамдар тұра ма? Оларға үй иелері не мінез істейді?

Дін нанымы мен əдет-салты

1. Елдің діндарлығы қандай? Мешіт пен молдаға көзқарасы қандай?2. Мейрам күнін əрбір үйдің іші қалай өткізеді? Қай мейрамды

көбірек қадірлейді? Мейрам күнінде шаруаны тастап, демалыс жасауды шарт деп есептей ме?

3. Қазіргі төңкеріс мейрамын мейрам қылатын ел бар ма?4. Бақсы-балгер, құшынаштың сарынымен үшкіруде айтатын сөздері.

Елдің соларға сенуі қаншалық? Жұмбақ, мақал-мəтел, арыздасу, қоштасу, танысудағы айтылатын сөздер мен істелетін əдеттегі істер, құшақтасып көрісу, қол беру сияқты.

5. Елдің дін нанымын білдіретін, əдет-салтын білдіретін өлеңдер, наурыз өлеңдер, жарапазан өлеңдері сияқтылар. Жаңада шыққан саяси өлеңдер.

6. Елдің көңіл көтеріп, білім үлгі алатын орындары бар ма? Театр, клуб, кітапхана сияқтылар.

7. Ауруларды қалай емдейді? Елдің өз емі, шөп-шарды ем қылудың əдістері. Бақсы-бəлгерге бұл күндегі сенім қандай?

8. Дін нанымы мен əдетте соңғы уақытта байқалған өзгеріс: бар ма?9. Жастар ұйымдары елдің қараңғы нанымына қарсы іс істей ме?

Дінге қарсы үлгілі көріністер жасай ма? Дінге қарсы шыққан істердің арты қандай болды?

Мұғалім осы жоба бойынша ауыл тіршілігін тексеріп байқап біліп, керекті мағлұмат жиып алған соң шəкірттер тобын бастауы оңай болады.

Шəкірттермен істейтін іс тобымен жүріп серуендеме ретімен істелетін болады. Бұл турада алдымен зерттеу жұмысын адамның өз басымен, соның тіршілігіне керекті заттарды қарастырудан бастайды (тамақ, киім тұратын орын сияқтылар). Оқудың алғашқы жылында жоғарыда айтылған керекті нəрселердің өзін ғана санап тексеретін болады. Екінші жылы сол нəрселерді қайдан алып, қалайша табатынын тексереді. Үшінші жылы сол нəрселердің қаншасы қала мен даланың айырбасынан келеді? Қала қырға не береді, қыр қалаға не беретінін тексеріп айырып білетін болады.

Page 343: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

343

Осы сияқты белгілерді тексеріп қарастырып шыққан соң, келесі басқышта мұғалімнің өзі зерттейтін ирек-ирек істерге ауысуға болады.

Енді экскурсияның барлық ісін қалай жүргізуге болады, соның ұсақ тəртібі туралы біраз сөз айтайық. Əрбір экскурсия үш бөлімге бөлінеді.

1) Экскурсияға дайындалу; 2) экскурсияның өзі; 3) алып қайтқан мағлұмат пен белгіні тексеріп, қорытынды шығару.

Экскурсияға барудан бұрын əуелі сол күнгі экскурсияда шəкірттердің істейтін ісі не болатынын анық қылып белгілеп алу керек. Шəкірттердің ынтасы мен көңілін алдында болғалы тұрған қызметке жақсылап дайындап алу керек.

Экскурсияның дəл өзі бір сағаттан артық уақытқа созылмауға керек. Шəкірттер ойларына келген сауалдарын жазатын, əр нəрсенің суретін салып алатын, көрген нəрсенің көңіліне берген əсерін жазып алатын қолдарында қағаз-қарындаштары болуға керек. Экскурсияда шəкірттердің ойына келетін сұраудың барлығы да қайтып класқа келген соң сөйленгені дұрыс болады. Экскурсия уақытында ұғымсыз болып, ілгері қарай экскурсия жұмысын жүргізбейтіндей сауалдар келгенде ғана сол арада шешуін айтуға болады. Əйтпесе, бар қалған сұрау мен сөздер кластың өз ішінде сөйленеді.

Жиып алған мағлұматты тексеріп, қорытынды жасауды кейінге қалдырмай, кешіктірмей істеуге керек. Кешігіп кетсе, алған мағлұматтың пайдасы болмайды. Мағлұматты қорыту əуелі ұғылмаған мəселелерді шешуден басталады. Сонан соң экскурсия туралы не жалғыз шəкірттің, не бір топ шəкірттің жасаған баяндамасы тыңдалады. Əрбір экскурсияның қорытындысы сияқты болып выставка (көрініс) жасалуға керек. Выставка шəкірттер жинап қайтқан мағлұматтар бойынша бір нəрсенің жайынан неше тараулы жөн көрсететіндей толық білім берерлік болуға керек.

Əрбір экскурсия көңілдегідей болып құрылып, арналған мақсұтын дұрыс жолмен шешуі үшін осы шарттарды түгелімен қолданатын болуға керек.

Левитан

Page 344: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

344

«ЖАС ТҮРКІСТАН» ЖУРНАЛЫ(1929–1939)

«Жас Түркістан» журналы Парижде, Берлинде 1929–1939 жылда-ры жарық көрді. Басылым: «Біз, Түркістан тəуелсіздігін ту етушілер, еліміздің еркі жəне жұртымыз Түркістанның бостандығы үшін күре-семіз!» деп өзінің күрескерлік бағытын жариялады.

Журналдың бас редакторы – тұлабойы өз елінің азаттығы үшін күрескерлік рухқа толы алаштың азаматы Мұстафа Шоқай. Саяси қуғын-сүргінде жүріп шығарған «Жас Түркістан» журналы халықара-лық деңгейдегі басылым болды деуге толық негіз бар. Бұл сөзімізді жур-налдың 1931 жылғы 25-санындағы: «Жас Түркістанның» тек Еуропа мен Түркияның белгілі жерлерінде ғана емес, соған қоса Иран, Ауғаныстан, Қытай, Жапония, Сирия, Арабстанда да оқырмандары бар. Жақында ғана біз Хижазда тұрушы жерлестерімізден де хат алдық. Ол хатта Еуропада өз ана тілімізде Түркістан ұлттық тəуелсіздігі міндеттеріне сай келген бір журналдың шығып тұрғандығына сүйініштерін жасыра алмаған. ... Москва, Тблиси сияқты үлкен совет орталықтары да «Жас Түркістан» абоненттері» – деген жазбалар айғақтайды.

«Жас Түркістанда» Мұстафа Шоқай советтер еліндегі ұлт істері мен оларға қатысты идеология жұмыстарындағы кемшіліктерді батыл сынады. Өзінің отаршылдыққа қарсы антибольшевиктік күрескерлік мақалаларын жариялады.

Халықаралық «Жас Түркістанда» шетел хабарлары мен олардың қоғамдық-саяси хəлдері кеңінен жазылды, совет режимінің отаршыл-дық ұстанымы мен халықаралық қатынасы талданды. Түркістан хабар-лары да тұрақты беріліп тұрды.

Жалпы, журнал мақалалары «Саяси бөлім», «Əдеби бөлім», «Хабарлар бөлімі», «Шет өлкелерде», «Кітабият» деген бөлімдерге топтастырылды.

Page 345: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

345

Үндістанда

Бұл өлкеде үлкен тарихи маңызға ие оқиғалар жүруде.Өткен жылдың соңғы күндерінде өткен Үндістан Ұлттық Конгресінің

44-сессиясында Үндістан тəуелсіздігін тезден жария ету қарары шығарылды.

1885 жылдан бері жалғасып келе жатқан Үндістан Ұлттық Конгресі өз талаптарын бірнеше мəрте өзгертті. 1927 жылы Мадрас қаласында өткен 42 сессиясында Конгресс алғаш рет Үндістан тəуелсіздігін жария етуді талап етіп еді. Одан кейінгі 1928 жылғы декабрьде шақырылған Конгресс бұл талаптан бас тартып, оның орнына Үндістанға да Қанада, Австралия, Оңтүстік Африка, Жаңа Зелландия мен Ирландиядағыдай «автономиялы доминионды» талап етумен қанағаттанды. Осы жолы тəуелсіздік талабымен бірге Үндістанның əр уалаятындағы заң шығарушы мəжілістерді тарату; үндістандық басшылардан орындарын босатуды талап ету; салықтарды төлемеу мен Англия Үкіметі жағынан шақырылатын Англия-үнді конференциясына қатысудан бас тарту сынды маңызға ие қарарлар да берілген еді. Соңында 26 январь «тəуелсіздік күні» деп жария етілді. 26 январьда барлық өлкелерде жиындар болды. Ұлттық байрақ көтерілді. Көсемдер халықты Үндістан тəуелсіздігі үшін ақтық деміне дейін күресуге дайын болуға шақырды. Үндістан тəуелсіздігі үшін күрес соңғы басқышқа кірген еді..

Бірақ...Жер көлемі Батыс Еуропамен барабар болған, əрі халқы 350 миллионға

жеткен бұл өлкеде еш бірлік жоқ еді. Үндістан халқының шамамен 200-ге жақын тілі мен көп жағдайда бірбіріне қатты жауласқан ондаған діни мəсқаптары бар. Мұнда мұсылмандар мен мұсылман емес һиндилер арсындағы қарым-қатынасқа қысқаша тоқталамыз. Һиндилерше киелі жануар саналған сиырдың мұсылмандар тарапынан бауыздалуы Үндістан халқының бұл екі үлкен тобы арасында жиі жанжал басталуына себеп болады... Біздің пікірімізше бұл өлкенің ұлттық тəуелсіздік əрекеті үшін ең қорқынышты болған тағы бір себеп бар: жеке таптарға (дəрежеге) бөліну мəселесі.

Һиндилердің қарауынша, олардың ұлттық бейнелерінің кір келтірмес киелі бөлігі саналған ғұрыптан тек мұсылмандар ғана құтыла алған...

Тапқа түзілісі негізінде Үндістанда 60 миллионға жуық халық кісілік құқынан мақұрым етілген. Тапқа да енбей қалған һиндилердің жоғары таптың көрсеткен қысымы салдарынан қалаға аяқ басуға да қақылары болмады. Өлкеде ұлттық бірлік жоқтығынан жүзеге шыққан бұл қиындықтар Үндістан қауым өкілдерін тəуелсіздік мəселесінде көп екіленуге мəжбүр етті.

Page 346: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

346

Үндістан Англиядан бостандық алғаннан кейін өз ұлттық бірлігін жүзеге асыра аларлық хəлде ме?

Егер Үндістан Англиядан азаттық алған күннің ертесінде мұсылман-дар мен һиндилер арасында дұшпандық басталса, ол 60 миллионға жуық құқықсыздар бас көтерсе, Үндістан бұларды айыпты санай ма? Ішкі алауыздық Англия қол астындағы бодандықтан да жаман салдарға алып бармай ма? Міне, осы сұрақтар Үндістан қауым өкілдерінің бастарын көп ауыртқан мəселелер еді.

Керісінше, бізге де Үндістандағы сияқты ұлттық конференция шақыруға жол қойылса, бүкіл дауыстардың тəуелсіздік үшін берілетініне шүбəланатын ешбір кісі болмасын.

44- Үндістан Ұлттық Конгресінде болса өкілдердің шоғырлы бір тобы тəуелсіздікке қарсы дауыс берген...

26 январьда болған ыдырауда Үндістанның бірнеше жерлерінде үнділер мен мұсылмандар ортасында қақтығыстар болған...

Мұсылмандар бірқанша қала ортандарында тəуелсіздік байрағын көтеруге қарсы болған. Мысалы, Калькуттада...

Москва агенттері жағынан айтақталған сол элементтер ұлттық байрақты жыртып тастап, орнына қызыл байрақ көтерді.

Тəуелсіздік күресінің ең күшті құралы болған салықтарды төлемеу үгітінің де белгісіз мерзімге кешіктірілгеніне назарымызды аударуымыз керек.

Лондонда шақырылған Англия-үнді конференциясы Үндістан Ұлттық Конгресі тарапынан байкот етілген болса да, Ганди жағынан бірқанша талаптар қойылып, бұл талаптарды Англия үкіметі қабылдаса Үндістан өкілдерінің конференцияға тезден жетулері қиын емес сияқты көрінеді.

Үндістан тəуелсіздігі жолындағы қиындықтар бұлармен ғана бітпейді. Аты дүниеге таныс философ, қаламгер Тагорды да ішіне алған бірқанша атақты Үндістан қауым өкілдері тəуелсіздікке қарсы шығып, Үндістанның Британияның «автономиялы доминионы» болуын ғана талап етті. Біздің түркістандық «қызыл» тəжіктердің əр жылы керуендермен сауғалар жіберуде болғандары жəне Смайыл мəзқабты Үндістан мұсылмандарының бастығы Ағахан «Таймс» газетасы беттерінде Үндістанды автономиялы доминионға айналдырған тағдырда да бүкіл өлкені үш бөлікке бөлуін ұсынады. Ағаханның бұл жобасы бойынша мұсылмандардың Үндістанның һиндилер бөлігінен ажыратылып, өздеріне арнайы бір «доминион» бөлулері керек.

Жүз миллион шамалы халыққа ие болған жартылай отар үнді үкіметі де Үндістан тəуелсіздігіне қарсы... Үндістан ұлттық əрекетінің ең қайшылықты əлсіз тұсы, міне, осы ішкі алауыздығы еді... Гандиды, соңғы Ұлттық Конгресте төраға сайлаған Лале Неруды əрі басқа Үндістан ұлттық

Page 347: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

347

əрекетінің жетекшілерін большевиктер Үндістан тəуелсіздігінің жаулары деп жариялады. Комитерннің 6 конгресінде (1928 жылы) Үндістан коммунист партиясын құру əрі бұл партия арқылы ұлттық сапты «таптық бөліс» ретімен бұзуға қарар шығарылды. 26 январьда ұлттық байрақты жыртып, орнына қызыл байрақ тіккен кісілер Москваның шəкірттері болатын.

Москваның шын көңілден тілеп жүргені Үндістанның еркін əрі ұлттық, азат бір өлке болуы емес. Москваның маңыз бергені шығыста дүние төңкерісіне сай құрылу үшін англиялықтардың Үндістанды босатуы ғана. Азаттық əрекетінің ұлттық негізі неғұрлым берік əрі неғұрлым күшті болса, Москва мүдделері үшін солғұрлым жағымсыз. Үндістан ұлттық əрекетін шашыратуға, тықсыртуға Москваны итермелеген себеп те осы.

Қытайды еске түсірсеңіз, Москва алғашында Қытай «Гоминдан» партиясын əрі Сон-Ятцен шəкірттерін қалай басынан сипамады...

«Гоминданның» күшейе бастауы жəне Сон-Ятцен шəкірттерінің Қытай ұлттық əрекетінің ұлттық негізін бекемдей түсуімен Москва дереу «Гоминданнан» безінуге, ыдыратуға, сондайақ Сон-Ятцен бағдарламасын ең жаман сөздермен балағаттауға кірісті.

Шығыста қызыл байрақ тасасына бой жасырып, ескі Россия империализмінің сайқал саясатын жүргізіп жатқан Москваның империалистік мақсаттарына, ұлттық тұрғыдан біріккен күшті Қытай қорқынышты болғандығынан совет үкіметі Қытай ұлтшылдарына қарсы соғыс əрекетіне ұрына бастады.

Большевиктер жағынан шығыс Қытай темір жолының қолға алынуы тарихи, сыры терең жатқан бір оқиға. Үндістанның да келешегі үшін ең қорқынышты жау - Москва.

Москва Большевиктері үндістандықтарға созған қолдарымен ұлттық еркін ала бастаған Қытайды буындыруда... Москваның бұл төңкерістік қолдары қызыл Россия езгісінде болған халықтардың теңдік үшін ағызып жатқан қандарымен боялған.

Түркістан тəуелсізшісі

Құттықтау

Рамазан мейрамы байланысымен барша отандастарымызды шын жүректен құттықтаймыз. Тəңірі келешек мерекені тəуелсіз Түркістанда ұлттық байрағымыз астында сүйіншілермен қарсы алуды нəсіп еткей.

«Жас Түркістан»

Page 348: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

348

Сағидолла Қасым соты

Апта бойына Самарқантта бірқанша «Совет үкіметі жауларының» соты жүріп жатыр. Бұл шетелге сатылған айыпкерлер кімдер?

1. Өзбекстан Жоғары Сотының бұрынғы төрағасы Сағидолла Қасым;1. Сол мекеменің бұрынғы прокуроры Бəдірəлдин Шəріп;2. Ташкент Халық Сотының төрағасы Мирсағат Зəкір;3. Мырзашөл халық əкімі Ибраһим Қожа;4. Ташкенттік бір бай Нəсірəлдин Ғалым;5. Ташкенттік саудагерлерден Əкбар Сəминжандар.Басындағы ел басқарған төрт əкім-қаралардың жазығы «жалпы

партия жолынан» тайған болса, қалған екеуінікі жеңісті дұшпан табының пайдасына бұрып жіберген.

Совет соттарында арандатушылықты кеңінен қолданатын сұрқия тəсіл бар.

Самарқант сотында да мұндай арандатушылық болмай қалған жоқ. Осындай қаралаушы жендеттердің бірі «бас айыпкер» Сағидолла Қасымның барлық «қылмыстарын» жария жасаған қазіргі Ташкент сотының төрағасы Иса Махмұдұлы. Əрине, оның бүгінгі отырған орны да «жендеттігі» үшін алған сыйлығынан бөлек бір нəрсе емес. Осы қатарда сатқын, арандатушылардан тағы Қабыл, Ысқақ Қари, Шəмси, Ғабдысағит сияқтыларды атауға болады. Бұлар ынсаптарын сатып, тағдырларды талқандау арқылы қожаларынан қатарласып сыйлық күтуде. Сот жайлы Самарқант, Ташкент газеталарының берген мəліметтеріне қарағанда жоғарыдағы сатқындар 1918-1922 жылдардағы «пантүркист», «панисламист» ұйымдарын əшкерелеуде де ат терлетіп айырықша қызмет көрсеткен.

Сағидолла Қасымның «пантүркисттікпен» мойнына артылған қылмыстың саяси дəрежесін оған қатысты айтылған төмендегі сөзден жақсы аңғарамыз: «Сағидолла көне Ташкентте Түркістан Автономиялық Үкіметі ағзасы əрі шетелдегі Мұстафа Шоқайұлының пікірлесі болған Ғұбайдолла Қожа қатысқан бір жиналыста төбе көрсеткен» (орысша «Правда Востока» газеті, 3. IV. 30).

Жендеттердің соттағы қолшоқпарлары «Шоқай жəне басқалардың рухани басшылығында жүзеге асқан басмашылықтың экономикалық əрі саяси құқықтан мақұрым етілген Түркістан буржуазиясының кері төңкерістік əрекеті болғандығын» қайтадан қаузай бастады. («Қызыл Өзбекстан», 29. IV. 30).

Мен бұл арада басмашылық əрекетінің шығуы əрі оның əлеуметтік негіздері жайлы сөз таластырып отыруды құп көрмеймін. Себебі бұл əрекеттің жалпы Түркістан халқының совет езгісінде болуды

Page 349: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

349

қаламағандығынан туғанын советтік баспасөздің өзі де мойындап отыр. Мұнда біздің назарымызды аударатыны өз кезінде бір дəуірдің алға жылжытушы қозғаушы күшінен саналған «пантүркист», «панисламистердің» бүгін совет сотының алдында қалай ғана əлдебіреулердің айыбына айналғаны. Сот тергеулерінде Əнуар, Жамал паша жəне түрік есімдері көбірек аталады. Сондай-ақ «пантүркизм», «панисламизмды» жалпылай шығыста, анығы Россия қамытындағы түрік өлкелерінде совет үкіметіне қарсы құрылған бір жоспар етіп көрсетпекші болады.

Бұл неткен екіжүзділік?!!Алдымен Түркістанда Совет бодандығында болған түркілер

арасында шыққан «пантүркизм» жайлы бір түсінік жасай кетейік. Аталған «пантүркизм» тек Россия аймағындағы жəне Каспий теңізінің арғы бетіндегі түріктердің басын қосу пікірінен ғана туған. 1919 жылы жазда Ташкентте шақырылған «Мұсылман коммунист ұйымдары» конгресінде күн тəртібіне қойылған еді. Қызыл Москва агенттерінің əсерімен болған бүл конгресс «түрік нəсілінің татар, башқүрт, қырғыз, қазақ, өзбек, түркімен тағы басқалар болып бөлінуін тоқтатып, барлығын тарихи ортақ «түрік» атауымен советтік Россияның қолдауындағы Түркістан Социалистік Совет Республикасы байрағы астына біріктіру» қарарын шығарған. Біраз күш-қуат топтағаннан кейін Большевиктер бұл «пантүркизм» ойынының қаупін сезді де, тіптен ұлттық əрі экономикалық жағынан біртұтас болған Түркістанның өзін бірқанша «тəуелсіз» бөлшек Республикаларға жіктей бастады. Əрине, бұл соңғы əрекет ешбір негізбен большевиктердің ілгерідегі «қаһарман» жылдарында айтқан «ойындарының» жауапкершілігін азайта алмайды.

Енді «панисламизмге» келейік. Бұл мəселеде Советтердің жауапкершілігі одан да үлкен. Осы бастан-ақ бірқанша маңызды есімдерді атап өтуге тиіспін. Совет Орталығының Түркістандағы бірінші өкілі, өзін «панисламист» санайтын Ғарф Қалевлеев Түркістанда жүрген кезінде Ленин, Сталин сөздеріне сүйеніп, Советтік Россиядағы тұтас мұсылмандарды Англия империализміне қарсы күресуге шақырды əрі мұсылмандардың өзара бірігуіне Совет саясатының көмек ететіндігінен үгіт жасады.

Үндістан «панисламисы» Молой Махмұд Барақаталла Москва Комиссарлар Кеңесіне «жалпы мұсылман халықтарының мүддесі» хақында жоба ұсынбап па еді? Молой жағынан қол қойылып, Ташкенттегі «Иштракион» газетасында шыққан сол мəлімдеме «панисламизм» болмай не болады? Большевик төңкерісіне дейін Кайзер Вилхелиннің Ауғанстандағы «панисламизм» өкілі болған Молойды коммунист интернационалының өкілі сайлау анық сол панисламист атағы үшін емес пе? 1919 жылы Москвадан Түркістанға бет бұрған «Қызыл шығыс»

Page 350: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

350

вагоны ішіндегі айт «панисламистік» үгітін жүргізбеді ме? Сағидолла Қасым сотындағы есімі аталатын кісі есімі сол вагондағы айттың ең маңызды бір тұлғасы емес пе?

Əнуар, Жамал пашалар жəне басқа түрік офицерлері Россияға жəне оның Түркістан бөлігіне қалай келді? Оларды шақырған Совет Үкіметінің өзі емес пе еді? 1920 жылы Бақуде шақырылған «Шығыс халықтары» құрылтайындағы Əнуар пашаның «Марокко, Алжир, Тунис, Мысыр, Арабстан жəне Үндістан төңкерісші ұйымдары атынан» болған мандатты Зиновьев пен Сталиннен басқа кім берген еді? Москва ақшасымен ол жерде ұйымдасқан жоғарыда айтылған «Мұсылман өлкелері төңкерістік ұйымдары» «панисламизмнан» басқа алдарына тағы қандай бір мақсат қойып еді? Əнуар паша бұларды «панисламизмнан» басқа қандай бір мақсат байрағы астында жинай алар еді?

Совет мемлекеттік баспасы жағынан шығарылған «Жаңа Түркия жолы» атты кітаптың Ғазы Мұстафа Камал естеліктерінің алғысөзінде Большевик профессорларынан Г. Қаразин «панисламизм» əрекетін жүргізу үшін 1918-1919 жылдары Түркістанда көп үгіт «əдебиетінің» таратқанын айтады (Алғысөздің 36-бетіне қараңыз).

Ауғанстан армиясының үйлестірушісі қызметіндегі Жамал Паша Ауғанстанға қалай жетті? Оған Ташкенттен аттанарда арнайы вагон əзірлеп берген совет үкіметінің өзі емес пе еді? Мен 1922 жылы Еуропада Жамал Пашамен көріскенімді бүгінгідей анық білемін. Ол кісі сол кезде де совет үкіметінің «алдамшы» сөздеріне елітіп, орыс Большевиктері мен мұсылман дүниесінің бірлескен күштері Үндістанда Англия империализмін құлатады деген үміттерде жүр еді.

Мінеки, уақытында сол жерлік «пантүркизм» мен əлемдік «панисламизм» жоспарларының авторы болған Москва насихатшылары ойын жасап, керекті адамдарын өз тұзақтарына түсіріп алды да, енді міне, сол айыптарымен сот ашып отыр.

Бір кезде Москваның өз уəдесі əрі жол көрсетуі бойынша Жамал, Əнуар пашалардың байрағы астына жиналған «қуыршақтар» «бүгін совет үкіметінің жаулары» болып қалғандарындай орыс Большевиктерінің сөздеріне ақымақтықпен иланғандықтары себебінен бүгін өздері өлім жазасына кесілуде.

Сағидолла Қасымның «шеттегі Мұстафа Шоқайдың» бір пікірлесімен жиналыста отырып қалуы кешірілмес қылмысқа айналған. Міне, менің қолымда жолдас Чичерин, Қарахан мен Қарахан ханым сияқты жауапты «бастықтардың» Əнуармен біргетүскен фотосуреттері!!! Қасымдар совет үкіметінің ақшасымен құрылған əрі оның қарамағында болған «панисламизм» мен Совет агенттерінің жаулары майданға шығарған жерлік «түрікшілдік» əрекеттеріне қатысып (егерде олар ақиқатта бұл ұйымдарға қатысқан болса), «Совет үкіметіне таптық жау» болып

Page 351: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

351

қалғанын білмейді. Мұны тек Москва Большевиктері жəне олардың жалданған насихатшы агенттері ғана біледі.

Түркістанда ұлттық саясаттың таптық теңдігін бұзғанынан сөйлейік. Егер сіз Совет Орталығы Атқару Комитетінің 4 сессиясындағы жағдайды көзден кешірген болсаңыз дереу Түркістанда пролетар диктатурасының орыс пролетар диктаторлығы екендігі қорытындысына келесіз. Түркістан баспасөзіне көз жіберсеңіз, «Бұхара жұмысшылар коммунасы сияқты жерлерде орыс жұмысшыларының жерлік жұмысшыларды ұрып» жүргенін («Правда Востока»), «Қызылтөбе» тас көмір ошақтарында орыс жұмысшыларының жатқан үйлерінің есіктерінде «тазалықты сақтамаған ортақшылар тəжік жұмысшылары тұратын орынға жіберіледі» деген жазуды көресіз. Түркістан газеталарын жайлап парақтасаңыз Түркістан Сібір темір жолының 137 километрлік солтүстік бөлігінде, Ташкент темір жолының Арыс станциясында, Ақтөбе мен Семей іс бекеттерінде орын алғанындай «тұрғылықты жұмысшылардың таяқталып жүргенін емес» тағы да ілгері кетіп, партия басшылығында тұрғылықты халық үшін қырғын орнап жатқандығына куə боласыз.

Түркістанда қашан жəне қай уақытта «ұлт саясатына» көңіл бөлінеді?Совет үкіметі «ұлт саясатының» өзі ұлтты езу саясаты емес

пе? Түркістандағы «ұлттық Республикалар» деген ұғымдар Совет баспасөзінің өз пайымында да «сырты жалтырақ, іші қалтырақ» бос мағынасыз сөздерден ғана тұрады. «Отарлаушы» орыс пролетарлары Түркістан халқын қалағанынша ұрып-соғып, айдап жібереді.

Бүгінгі айыпкелер орнында қаншалықты қылмысты болса да Сағидолла Қасым, Бəдірəлдин Шəріп жəне басқалар емес, «пантүркизм», «панисламизм» сияқты жоспарларды ойын жасап, шындығында əлемді ойранымен арандатқан жендетуер отырулары керек еді.

Самарқанттағы сот, коллективтендіру саясаты салдарынан толқыған халық қарсылығын басқа бір арнаға бұру үшін шығарылған бір комедия ғана.

Екі жыл бұрын суғару қожалығы басшыларының үлкен тобында ұрлық жəне қате жобалар жасау ісінен сот болған еді. Бұл жобалардың бірі Каспий теңізіндегі «Хасан қолы корфазы суының тұзын жоғалтып, тұщы суға айналдырмақ» хақында еді. Бұл жолда миллиондаған ақша шығын болды.

Самарқант сотында Большевиктер Совет Орталығының Өзбекстан заң орындарын кезекті бір тазалап алуды ғана міндет етіп қойған. Демек, бұл мəселе большевиктердің ұлт саясаты жеке тазалау əрекеттерімен тазаланарлық дəрежеде емес, керісінше оның түбегейлі шешім табуы үшін бүкіл совет теңізінің суын құрғататындай хəлде екенін көрсетеді. Міне, түйткілдегі ең маңызды мəселе осы.

Мыш

Page 352: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

352

Алман қаламгерін Түркістан əсерлеріБерлин, август

«Түрксиб» жолының ашылуы салтанатына тілшілердің қатысуына мүмкіндік берілуі бұған дейін Москвадан шетке, нақтысы, Түркістанға бара алмайтын алман тілшілері үшін үлкен бір орай еді. Бұл қымбатты мүмкіндікті қашырып алмауға тырысқан тілшілер тез жиылып, үкіметтің «жеке поезімен» Кремль өкілдері, партия қайраткерлері, жұмысшы жəне орыс журналистерімен бірлікте апрель соңында Москвадан Айнабұлаққа қарай жəнеп кетті. Алман тілшілерінің Москва серіктерімен бірге жасаған Түркістан саяхатында көрген-білгендері мен сезінгендерінің біз үшін маңызы жоғары. Бұл сапарларындағы елімізден алған əсерлерін тілшілер Алманияның үлкен газета мен журнал беттерінде жариялап жатты. Қаламгерлердің өз көзімен көріп түйсінгендерін алман жергілікті газеталарында жариялауы алман халық бұқарасының Түркістан өміріне деген қызығушылықтарын көрсетеді.

Еліміз бен жеріміз жайында Алмания газеталарында жазылған бұл мақала жəне басылған суреттердің кейбіреулерімен «Жас Түркістан» оқырмандарын біраз таныстырып қоймақшымын. Оқырмандарымызды көп шаршатпау үшін мақалалардың жағырапиялық, этнографиялық жəне тарихи мағлұматтарын алып тастап, тек Түркістанның қазіргі ахуалын аңдататын жерлерін ғана сөз етумен шектелмекшімін.

«Vossische Zeitung» тілшісі апрель соңында Айнабұлақтан жазған мақаласында «...Москвадан ұзағаннан-ақ азық-түлік мəселесі қиындады. Станцияларда қазы, нан, жұмыртқа, сигарет көрмейсіз. Буфеттер бос. Бірақ ескіден қалған «бір нəрсеге тапсырыс бермесеңіз, бос орындарда отыруға болмайды» деген сөйлем көзіңізге көп ұшырайды. Ал тапсырыс берейін десеңіз, буфеттерде ештеңе жоқ. Станцияларда тек қызмет етушілер ғана «карточкамен» кейбір нəрселерді ала алады. Басқаларға ол да жоқ.

«Түрксиб» жолына жақындаған сайын «үкімет поезының» «насихат поезына» айналып бара жатқанын ашық байқайсыз. Үкімет пен партияның ресми насихатшылары вагон терезесінен шабытты рухта жалынды сөздер айтып, станцияға топталған жарлы-жақыбайлардың көңілін аулауға тырысады... Əр жерде де көңіл-күйсіздік... диқандар ақшасыздықтарына, жұмысшылар баспанасыздықтарына шағынады. Үкіметтің айыпшыл насихатшылары бас айналдыратын статистиқалармен бұл жуас халықты уатуға жəне «жақында бақытты күндер басталадымен» қандыруға тырысады. Жаурап шаршаған насихатшылар айналасына үлкен əріптермен «Рим папасы мен капитализм дүниесіне жауап ретінде «Түрксибті» ашамыз» деп жазылған «үкімет поезына» кіріп, бой жылытады. Насихатшылар азықтүлік вагонында отырып, асқа бас

Page 353: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

353

қойғанда перделерді түсіріп, оның сыртынан көрінбеуі үшін шаралар қолдануды да еш ұмытқан емес».

«Россиядағыдай Түркістанда да «жоғарыда отырғандарға жақсы атану» табылады. Мұнда биыл болмаса, келесі жылы ахуал, бəлкім, түзелер деген қиялмен жүргендер де жоқ емес» сияқты сөйлемдерді оқимыз.

Оңтүстік Алманияның ең үлкен газеталарынан саналған «Кolnische Zetung-тың» июнь соңындағы номерлерінде тілшінің Ташкентте отырып жазған көлемді үш мақаласы жарияланды. Бұл мақалаларда патшалық жəне совет үкіметінің Түркістандағы суғару жəне мақта саясатына қатысты көп нəрселер жазылған. Автор Совет Үкіметінің Түркістандағы жер реформасы, суғару, мақта, астық жəне темір жол саясаттары жайлы қымбатты мағлұматтар бергеннен кейін, мақаласының бір жерінде əрбір түркістандықтың назарын еріксіз аударатын төмендегі сөйлемдерді де жазбай қоя алмаған: «Енді ғана аяқтаған Түркістан Сібір темір жолының басты міндеті солтүстік аймақтарда астық дамуын жеңілдету. Москва экономикалық саясаты тұрғысынан бұл жолдың салынуы, əрине, дұрыс болған. Бірақ Түркістандағы бүгінгі суғару, астық, мақта жəне темір жол саясаттарына өңірлік тəуелсіз Республикалардың мүдделері тұрғысынан қаралса, онда бұл саясаттар өлкені Москваға тəуелді еткен кенептің үш қабат буылатынын əрі жылдан-жылға түйіншектеле беретінін көрсетеді» дейді (1).

Осы мақалада басмашылық əрекетінен де ойлар айтылған. Бұл автордың қорытуынша, «Совет режимі мен қызыл орыс əскерлеріне қарсы бүгінге дейін тоқтамай күшті тосқауыл танытып келген Түркістандағы басмашылық əрекетін марксистердің жазуы бойынша əлеуметтік негізге байлау дұрыс емес. Бұл əрекет орыс қызыл колонизаторлары мен түркістандықтар арасындағы ұлттық қайшылықтардан туындаған».

Мақалада басмашылардың Ауғанстандағы Бұхара əмірі мен Түркістан мəселесімен жақыннан танысқысы келетін Европа мемлекеттерінен көмек алдырғандары баяндалған. Біздіңше, бұл пікір дұрыс болмаса керек.

«Кolnische Zetung» тілшісінің майда Ташкенттен жазған үшінші мақаласы осы газетаның 30. VIII. 30 санында басылған. Оқу-ағарту, мəдениет салаларында арнайы жазылған бұл көлемді мақала былай басталады: «Бұхарада ХУ-ғасырдан қалған байырғы медресенің тəрбиешілерінің бірі «ғылым іздеу əр мұсылманға уəжіп» деген сөзіне қарағанда, большевиктердің қараңғылық пен надандылықтан құтылу пікірін бұл өлкеге тек коммунизм əкелді деп айтулары жаңсақ». Осы мақалада: «қаладағы мектептердің жүзден елуі совет мектептері. Мектеп жасындағы балалардың орта есептен жүзден отыз бесі осы совет мектептерінде оқиды. Мешіттер мектеп, клуб жəне шайханаларға

Page 354: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

354

айналдырылған. Мешіт қабырғаларына Ленин суреті ілінген. Ташкентте көне қаладағы тарихи бір мешіттің ауласына Лениннің мүсіні қойылған» делінген.

Патшалық үкіметтің мұсылман баспасөзіне көзқарасы айқындалған-нан кейін «төңкерістен бұрын Түркістанда түрікше тек екі газета шыққан. Бұл екі газетада 1905 жылдан ояна бастаған Түркістан жастарының пікір таратушысы еді» делінеді. Бүгін жеріміздің əр қиырындағы шығып жатқан сансыз «топтық» газеталарды көрген қаламгер төңкерістен соң Түркістанда «ұлттық» газеташылықтың өріс алғанын баян етеді. «Кolnische Zetung» тілшісінің өзіне де белгілі, Түркістан төңкерістен бұрын тек қана уəли жағынан əрі Ташкенттен ғана басқарылып келді. Ол кездегі орыс уəлиі де үкімет бұйрықтарын, Петербургтің тілектерін халыққа тарату үшін «Түркістан уалаяты газеті» деген жалғыз газетамен шектелген еді. Керісінше, бүгінгі орыс билігінің жүйесі мен ел билеу түрі бүтіндей басқа. Түркістан көп өңірлерге бөлінген. «Тəуелсіз ұлттық республика» аталған бұл əр уалаяттың өзіне жеке Москвадан белгіленген бір-бір қызыл уəлилері бар. Əр қызыл уəлидің бұйрықтарын, орталық комитеттің тапсырмаларын басатын жеке газеталары бар. Біздіңше, Түркістанда төңкерістен кейін түрікше газеталардың сан жағынан көбеюінің мəнін, міне, орыс билігінің бүгінгі формасынан іздеу қажет. (2) Түркістан ақ уəлидің түрікше «Түркістан уалаяты» газетасын ешқашан «ұлттық газета» деп танымайды əрі бүгінгі газеташылықты «ұлттық баспасөздің өркендеуі» деп атауы оның «ұлттық мəселені» білмегенінен емес, əрқашанда түркістандықтардың тілі мен «ұлттық тілектерін» анық тани алмағанынан болса керек. Біз баспасөздің жалғыз түрі жағынан емес, мазмұны тұрғысынан да ұлттық болғанын қалаймыз. Аталған мақалада орыстардың Түркістанда жүргізген төңкерістік реформалары мына сөйлемдермен берілген: «Совет үкіметі байлар мен саудагерлерді үй жəне қонақүйлерден қуып шығып, олардың орнына орыс жұмысшыларын орналастырған... Түркістан сияқты мəдениет ошағында қымбатты тарихи мұралар құртылуда... Бірнеше ғасырлық тарихы бар бір ғимарат қиратылып, орнына Ленин мүсіні бой көтерді»

Бұл жерде алман қаламгерінің елімізде көрген-білгендерінен тағы бірін жазбай қоя алмаймын. Бұл қаламгердің өзбек балаларының орысшадан аударылған төңкерістік өлеңдерді оқығанынан алған əсері

«Өзбек пионерлері ана тілінде орыс төңкерісі марштарын оқиды. Бұл балаларда осы əуенді орындауға дауыс та, құлақ та жаратылған-ақ дерсіз...Тыңдасаңыз мүрит балалардың бұтхана əндерін орындағанына ұқсатасыз» дейді. Бұл алман қаламгерінің осы алған əсерінің өте дұрыс екенін айта аламыз. Түркістан балаларының құлақтары орыстың «төңкерістік марштарына» өлшеніп жаратылған. Орыстардың бұл əуезі

Page 355: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

355

бізге бүтіндей жат. Біздің дауыстарымыз орыстың бұл əуездеріне бүгінге дейін үйірлеспеген əрі бүгіннен кейін де үйірлеспейді...

Елінде ұлттық пролетары болмаған түркістандықтарға Москваның «пролетар тəрбие» дегені соншалықты жат нəрсе.

Біз бұл жат тəрбиемен ұрынып жатсақ, дүниеге құлақсыз əрі дауыс-сыз қалғанымызбен бірдей. Бізше халқымызды көрсоқырлық пен сақау-лықтан сақтайтын сау бір жол бар. Ол «ұлттық тəрбие».

1) «Кolnische Zetung»-нің 28. VIII. 30 санын қараңыз.2) Осы нөмердегі «Түркістан хабарлары» ішінде жазылған «ұлттық баспа жəне

баспасөзге» қараңыз

Түркістан партия құрылтайларында

XVI Совет Одағы партия құрылтайы алдында совет топырағындағы барша «ұлттық» коммунист партияларының да конференциялары болып өтті. Біздің Түркістанда 7 қырғыз, 6 қазақ, 5 өзбек, 5 түркімен жəне 1 тəжік партия конференциялары өткізілді. Бұл жиналыстардың барлығында мемлекет билігінің түрлі тармақтарындағы партия табыстары, социализм құру істерінің кескін жеңісі, сондай-ақ келешектегі табыстар турасында сөйленді.

Большевик тер табиғи əрбір нəрседен үлкен. Олар бұл күнге дейінгі қол жеткізген табыстарына масаттана отыра, келешек жоспарларының да жеңістермен аяқталатынына иланады.

Барлық конференцияда айтылған сөздер бір-біріне айнымай ұқсайды. Мейлі Белоруссияның орталығы Минискіде болсын, мейлі Сибириядағы Якутскіде болсын немесе Кавказияның Тибилисиі мен Түркістанның Душанбесі т.б. барлық партия конференцияларын ашушы партия бас хатшысының сөйлеген сөздері бір қалыптан шыққандай. Тіпті, сөз арасында көпшілік ортасынан шығатын дауыстар мен қол шапалақтау да əр жерде бірдей қайталанады. Соған қарамастан бұл партия конференцияларында біз үшін шешуші көптеген нəрселер айтылады. Дұрысы, кейбір ақиқаттар тек осындай конференция кезінде ғана ашылып, жүзеге шығып қалады.

Өкініштісі сол, Түркістанда ашылған барлық партия құрылтайларының нəтижесі хақында қолымызда толық мағлұмат жоқ. Енді келіп бізде жалғыз Қазақстан мен Өзбекстан партия құрылтайлары хақында толық мағлұмат бар. Осының өзі де бүкіл Түркістандағы жағдайдың барысын анықтау үшін жетерлік деңгейде.

Құрылтайлар табиғи əр жерде қайталанатын үлгісіндей Сталинді мақтаумен басталды. Соңынан Лениннің айтып кеткен барлық жаңалы-

Page 356: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

356

ғының туралығы бекітіліп, құпталды. Бұл ұзақ сонар барыстарды өткер-геннен кейін партия қарарын Большевиктендіруде жалғасты айту керек-тігі əрі өзін-өзі сөгу жолымен болса да партияның кемшіліктері жайлы сөз больйі өтті. Табиғи түрде Большевик əрекеттеріне кедергі болып тұрған тап жауларын сынау да ұмыт қалған жоқ.

Журналымызда орын аздығы бұл құрылтайларда сөйленген мəселелердің барлығына ұзақ тоқталуға мүмкіндік жаратпайды. Сол себепті де кейбір түйіндерді тарқатумен ғана шектелуге мəжбүрміз.

Өзбекстан партия бас хатшысы Камал Акрамұлы 4-июньдегі бастапқы кіріспе сөзінде «Өзбекстанның Советтер Одағының бөлінбес бір бөлшегі» екенін айырықша атап өтті.

Сол сөзде кісінің ойына еріксіз «Камал мырзаңың мұны айтып, Москвадағы қожайындарын иландыруға итермелеген себеп не екен?» деген сұрақ келеді. Камал мырза мен оның Москвадағы ағалары Өзбекстанды (демек бүтін Түркістан) Москва диктатурасына байлаған жіптің тиісті дəрежеде бекемдігіне өздері шүбəланып қалған болмағай!

Өзбекстан коммунистерінің қатары сау көрінбейді. Бұл жайында Камал мырза Өзбекстан партия конференциясында емес, соңынан Москвада XVI жалпы партия конференциясында сөйледі. Бұл өзбек коммунистері ішіндегі қорқынышты ағымдардан Камал мырзаңың Самарқантта емес, Москвада сөйлегенінің себебін біз жақсы білеміз. Шүбəсіз ол жалпы Советтер одағы конференциясында əсер қалдырмақшы болған. Өзбекстан коммунистерінің еш болмағанда төрттен үшінің Москва диктатурасына қарсылығын Өзбекстанда əркім біледі. Алайда мұны Советтер Одағының басқа бөлімдері біле ме? Міне, Камал мырза өзбек коммунистерінің Москвалық қожайындарымен қандай дəрежеде «дос» екенін «дүниенің алтыдан біріне» білдіріп қоймақшы болған.

Міне, біздің мақсатымыз болған орыс империалистеріне қарсы күресу пікірінің Түркістан коммунистерінің басым бөлігіне əсер еткенін барлық Советтер Одағына жəне де дұрысырақ айтсақ, барша дүние жүзіне үгіт айтып берген Камал мырзаға көп алғыстар айтамыз.

Камал мырза Москвадағы XVI партия құрылтайының 1-реткі отырысында былай дейді: «ұлы орыс шовинизмі жерлік шовинизмнің күшеюіне мұрындық болуда. Жерлі буржуазия идеясының жерлік партия қатарларында да адамдары бар».

«Ұлтшыл элементтер біздің Россия партиясы мен жалпы одақ пролетариаты басшылығында жұмыс атқарып жатқанымызды құлдану-шылық деп бағалайды. Ұлттық Республикаларды Советтер Одағы пролетариаты басшылығынан айырмақшы болады. Міне, қазірде де біздің партия ішінде жүрген ұлтшылдардың бірі: «үстем ұлт қайраткерлері орыс пролетариаты отаршылдық ауруымен ауырғандар» дейді.

Page 357: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

357

Камал мырза бұлай айтуға құқылы. Оның өзі тектес бірнеше коммунистерден басқа барлық түркістандықтар бүгінгі Түркістанды Москваның қызыл колониясынан басқа түк те емес деп таниды.

Біз Камал Акрам мырзаға бұл ақиқатты жалпы советтер партия құрылтайы мінберінен сөйлеп бергені үшін қарыздармыз.

Түркістан коммунистері арасындағы ағымдар туралы Камал мырзадан бір күн бұрын 30-июнь күндізгі мəжілісте Орта Азия Бюросы бастығы Зеленский де сөйлеген еді. Міне, оның айтқандары:

«Ұлттық мəселені шешуде тең істеп келген элементтердің көбі бұл мəселені социализм құру саясатымен байланыстырған соң қашып кетті. Бай элементтер мен буржуазия біздің ұлттық саясатымызды əрі социализм күру жолындағы істерімізді бұзып жібермекші болады. Ортақшылар! Мұның жалғыз мемлекет ішіндегі буржуйлардың ғана ой мен əрекеті емес екенін де қоса атап өту керек. Бұл мəселеде батыс Қытай мен Ауғанстан сияқты көрші мемлекеттер жағынан бізді «қоршап» алған ұлтшыл эмигранттар да зор рөл ойнайды. Тысқары эмигранттар биылдың көктемінде басмашы топтарды жəне қарулы күштер жіберу жолымен біздің социализм құру істерімізді бұзып көруге ұрынды. Амударияның бір сағасында, солтүстік Ауғанстанда шекаралы аумақта Англия агенті жағынан қаруландырылған Ибраһим бектің (1) 5 мың, Ишан қалпенің мың бес жүз кісілік жасағы тұр. Батыс Қытайда да Жəнібек тобы жатыр. Бұл топтардың барлығы да дүркін-дүркін біздің шекарамызға сұғыну тəжірибелерін жасап тұрады».

Демек, бізге қарсы мынандай бір суретті көреміз:Ұлттық коммунистердің бір бөлігі Москваның ұлттық саясатына

қарсы күреседі. Москваның ең аз дегенде жылына он мəрте жерлеп, фатиха оқитын ұлттық буржуазия керісінше өмір сүруде. Əуелі өз көр қазушыларына қарсы шұғыл күрес жүргізе білу қабілетіне ие.

Зеленский советтерге қарсы болған əрекеттерінің Англия жағынан қаруландыруда екенін айтады. Камал мырза болса Түркістандағы Мос-кваға дұшпандық əрекеттердің ұлы орыс мемлекетшілдігі шовинизмінен күш алып жатқанын аңғартады.

Ендеше, бұл екеуінің қайсысынікі дұрыс? деген сұрақ өз-өзінен туындамақ. Біздіңше, əлбетте, Камал мырза қақылы.

Егерде Түркістан ұлттық əрекеті Зеленскийдің ойлағаны сияқты Англия əрі басқа бір агенттік тарапынан Қытай, Үндістан жəне Иран коммунистерінің совет үкіметінен қабылдаған жəрдемдерінің жүзден, тіпті мыңнан бір жəрдемін алған болса, Зеленский, Голощекин, Аронштам жəне өзге бұларға ұқсас адамдар көптен біздің жұртымыз сыртында отырған болар еді. Камал мен оның жерлік партия ортақшылары да өз халқын езіп, қанын ішіп жатқан жат бір қанаушыларға агенттік ету сынды бүгінгі міндеттерінен босап, өз халықы мен жұрт мүддесі жолында лайықты бір жұмыс таба алар еді.

Page 358: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

358

IIТүркістандағы партия құрылтайларына қайтып келеміз.Түркістанның қазақ бөлігінде Қазақстан комиссарлар кеңесі

төрағасы Исаұлы Ораз бен партия Орталық Комитетінің бас хатшысы Ізмұхан Құрамысұлы жұртымыздағы орыс пролетариаты үкімдігінің ең адал қызметкерлері. Міне, сол Исаұлы Ораз да қазақ коммунистері арасында күннен-күнге Москваға дұшпандық əрі ұлтшылдық пікірдің өршіп бара жатқанын айтып шағынады. Қызыл Москва, саясатының Түркістанның қазақ бөліктеріндегі жеңістерінен «Жас Түркістанның» өткен санында советтік Қазақстанның он жылдық мерекелік күніне арналған мақаламызда да толық баян еттік. Бұл жерде тек Исаұлының сөзінен біздің көптен жазып келе жатқан ақиқатымызды растайтын кейбір мəтіндеріне ғана сөз етпекпіз.

Исаұлы Ораз былай дейді:«Ұлтшылдар жайлы ауыз ашқанда бір топ «алашордашыларды» ғана

талғажау етіп отырмыз. Партия ұйымдарындағы ұлттық ағымдар туралы жалғыз Смағұл Сəдуақасұлына қыр көрсетеміз. Меніңше, біз осы арқылы ең үлкен жаңсақтық жасаған болар едік. Жаңа жетісіп келе жатқан ұлтшылдар «алашордашылардан» да қауіпті. Бұл жаңа ұлтшылдар жоғары мектептерде, қала мен ауылдарда жетілуде». («Советская степь», 12. 6. 30)

Москва қызыл жандармы Голощекин де қазақ коммунистері арасында ұлтшылдық пікірдің күн сайын кең етек алып келе жатқанымен шағым жасайды. Ол «Ерназарұлы Елтай мен (Қазақстан Орталық Атқару Комитеті төрағасы) Исаұлы аттарына əрі «Еңбекші қазақ» газетасы ұжымына түсіп жатқан сансыз авторсыз хаттардан сөз қозғайды (Сол газетаның 9 июнь нөмері).

Кейбіреулері бізге де мəлім болған бұл авторсыз хаттарда қазақ жарлыларының ауыр хəлдерінен, орыс коммунистерінің отаршылдық əрекеттерінен сыр тарқатады. Бұл хаттардан кейбірінің авторы коммунист Елтай, Ораз жəне Ізмұхандарды жеке басы үшін өз халқының мүддесін орыс колонизаторларына сатушы сатқын деп атайды.

Енді өзбек коммунистерінің жоғарыдағы «орыс пролетариатының отаршылдық ауруы» жайлы сөзі мен бұл «алашордадан» да қауіптірек болып, қала, ауыл жəне жоғары мектептерде жетіліп жатқан ұлтшылдарды рет-ретіне қойыңыз. Тағы бір жақтан сол Камал мен Ораздардың Түркістанды Москваға матап берді деген айыбының растығы хақындағы сөздерді ойлап көріңіз. Сол кезде іс өзінен-өзі аныққа шыққан болар еді.

Жоқ, Камал, Ораз, Жолдасбай, Елтай ортақшылар мен «Гос-подағы» Зеленский, Голощекин əрі басқа Москва агенттері, сіздер өздеріңізді де, басқаларды да алдамақшы боласыздар. Түркістан мен Москва арасында ешқашан ішкі байланыс болмаған жəне бола алмайды. Тек қанды орыс

Page 359: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

359

басқыншыларының күші мен дүние тарихында мысалы болмаған зұлымдық саясында орыс Большевиктері жұртымыз Түркістанды Россияға матап ұстап отыр.

IIIКамал мен Зеленский Самарқантта, Ораз бен Голощекин Алма-Атада,

Колков Пішпекте, Аронштам Ашхабатта жəне білмеймін тағы қайсы бірі Душанбеде бір ауыздан партия дəстүрінің дұрыстығын мақұлдап бекітті.

Түркістандықтардан шыққан əрі Түркістанда жүрген қызыл Россия агенттері бір ауыздан біз «советтер мемлекетінде қол жеткізген қоғамның барлық саласындағы жеңістерімізді партияның тура жолбасшылығына арнаймыз» деп кеуде соқты. Тағы сол газеталарда (Мысалы, «Правда Востоканың» 6-июнь нөмері) Орта Азия Бюросы өз қателері мен айыптарын да мойнына алды.

Мұдан кейін Камал мырза да жаңылыстарынан базына айтты.Камал мырза: «Өзбекстанда елеулі қателер орын алды. Біз Лениннің

негізгі принциптерін ұмыттық. Жерлік шарт-жағдай мен ерекшеліктерді тексеруді де ойламадық. Колхоздарға кірудің ерікті болатынын, анығырақ айтсақ, коллективтендіру ісінде ең бастапқы формадан кұрделі үлгіге секіріп өту мүмкін болмайтындығын ұмытып қалдық» дейді.

Ұқсас қателер жайлы Алма-Атада Голощекин, Ашхабатта Аронштам сайрады. Осы адамдардың өздері мұнан сегіз ай, жарты жыл бұрын ешбір кісіге көзі шалған қателер жайлы жақ -ашуға рұхсат етпеген тұлғалар еді. Айталық, «Москвалық түркімен» Аронштамның кейбір түркімен коммунистерді коллективизация саясатында ұстанған бағыттың Түркіменстандағы шарт-жағдаймен үйлеспейді деген пікірлері үшін «жау»айыбымен сөгіс айтып жүргенін «Жас Түркістанның» өткен сандарында жазған едік.

Енді партия конференциясы өткеннен соң «Еңбекші қазақ» газетасы көп қазақ коммунистерінің жалпы партия бағытының Қазақстан шарт-жағдайымен үйлеспейтіндігін біле тұра, айтуға қорқақтайтындықтарын жазады. Газетаның бас редакциясы күштеп коллективтендіру ісінің жаман əсері жайындағы ауылдардан келген хабарларды жариялауға да қорыққанын жеткізеді.

Түркістанның түрлі өңірлерінде текетірес белгілерінің байқала бастауымен бүл жаңылысулар жайлы сөз бола бастады. Бүгін жаңы-лыстары мойындалып жатқан партия бағыты істе қандай нəтижелер берді?

Қазақстанда мал сандары жалпы мал санының үштен біріне кеміді. Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстанда да мал сандары едəуір дəрежеде азайған. Бұл туралы Исаұлы Ораз Алма-Атада, өзбек коммунистері Самарқантта ашық айтты. Исаұлы шаруашылықтың жалғыз жалпылай

Page 360: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

360

коллективтендіру саясаты арқасында ғана гүлденетіні жайлы шүбə келтірмес еді. Бұл Ленин теориясының нақты нəтижесін істе көрген соң жəне сол Исаұлы өте шыншыл бір пікірді ортаға салды. Біз журналымыз бетінде мұны жария етпей тұра алмаймыз.

Исаұлы «жалпы коллективтендіру үшін қажет болған шарт-жағдай біздің шаруашылық қожалығынан табылмайды» дейді.

Бұдан байқайтыныңыз, қызыл Москва диктаторлығының ең сенімді агенттерінен болған Исаұлының өзі Смағұл Сəдуақасұлы пікіріне қосылып отыр. Смағұл Сəдуақасұлы да ленинизмнің сөз жауһарын қабылдайды. Тек ол ленинизмді іске асыруға керек болған шарт-жағдай біздің Қазақстанда əзірленбеген дейді. Бұл үшін Смағұл буржуазия агенті болып қараланған еді. Демек, Ораздың да бір аяғы «дала буржуазиясы» айыбында тұр.

IVБарлық партия құрылтайларында ұлттық Республикаларда жерлік

кадрлар дайындау хақындағы партия бұйрығына жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбей отырғанына шағым айтылды. Бұл мəселе туралы біз «Жас Түркістанның» дерлік əр санында жазып отырмыз. Өйткені бұл біздің ұлттық күресіміздің ең маңызды бөліктерінің бірі. «Правда Востока» газетасы 11 июнь нөмерінде «Тап жаулары жастарға үміт артады» деген тақырыппен материал жариялаған. Бұл өте дұрыс. Біз бұл хақындағы пікірімізді журналымыздың өткен сандарының бірінде бас мақалада апашық көрсеттік.

Ұлттық Республикалардағы кадрлар мəселесі жайлы егжейжейлі кіріспейміз (бұл туралы «Жас Түркістанның» 7-8 санындағы «Ұлттық кадрлар жетілдіру саясаты» атты мақала қаралсын). Ережепұлы есімді бір құрылтай ағзасы «бес жыл соңында маман жұмысшыларға болған қажетсіну мен мемлекетіміздің дайындап шығару мүмкіндіктері арасында үлкен парықтар болады» дейді.

Ережепұлы Орта Азия оқу ордаларындағы оқушылардың ұлттық құрамының ешқандай қанағаттанарлық еместігін айрықша айтады: «оқу орындарындағы 4-5 мың студенттің тек жүзден жеті жарымы ғана, яғни 300-375-ы ғана тұрғылықты халық өкілі. 3 жылдық сынақ курстарында еуропалылар жүзде 81-ді құрайды. Сынақ техникумдарда 1928 жылы еуропалықтар жүзде 65 еді, биыл болса жүзде 71-ге шығып алған» дейді.

Түркістанның қазақ қоныстанған өңірлерінде жағдай бұдан да нашар. Əр жерде берілген ақшаның жетіспеушілігі айтылады. «Жас Түркістанның» оқырмандары жəбір мен зұлымдық арқылы жиналған халық ақшасы қайда кетеді? деген бір сұрақ береді. Осыншалықты ақшаның нақты қай жерлерге жұмсалып жатқаны бізге анық емес. Тек мұнан кейбір жағдайларды ғана айта аламыз. Міне, «Советская степь»

Page 361: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

361

газетасы 3-августағы нөмерінде қазақ жарлылары ақшасымен жасалған бес аэропланның қызыл армияға тапсыру рəсімін əрі алтыншысының да советтік Қазақстанның он жылдық мерекесіне əзірленіп жатқандығын жазады. Шелигманов, Мальчиков, Прохоров деген кісілермен бірге Ізмұхан Құрамысұлы Қазақстан жарлықтарына, жүйеден Қазақстанды мың айлалы байлар шабуылынан қорғап тұрушы совет əуе флотына бұл жомарттығы мен ашық қолдылығы үшін алғыс жаудырды.

Прохоров деген біреу «біз төбемізден шабуыл жасамақшы болғандарға қарсы қырандай шүйіліп, жауымыздың быт-шытын шығарамыз» дейді.

Дүние жүзіне ұзын сыналар қаққан Патшалық Россия зұлымдығынан кейін, он үш жыл бойы жұрт пен халқымызды езіп-жаныштап жатқан-дарға ұқсас тағы қанқор, құзғындар бар ма?

Қала, ауыл жəне жоғары мектептерде өсіп жатқан, орыс про-летариатының отаршылдық ауруымен ауырғанын көздері көрген, жас ұлттық күштер дүние жүзінде жұртымызды қанап, халқымызды езіп жатқан қанқор Москва құзғындарынан да жаман бізде дұшпан жоқтығын ұмытпаңыз.

(1) Ибраһим бектің Кабулда Ауған үкіметі жағынан қамауға алынғанын «Жас Түркістанның» өткен санында білдірген едік. Басқарма.

М.Ш.

Алман қаламгерінің түркістан əсері

Берлин, сентябрь

Алман қаламгерлері жұртымыздың түрлі қалаларынан Алманиядағы газеталарға жіберген хат-хабарларында Түркістанды баян етеді. «Паранжаға» қарсы күрес Түркістанның барлық қалаларында қызу жалғасуда-мыс. Əйтсе де, Түркістан далалары мен қыстақтарында паранжа күресі қажет емес. Өйткені Түркістанның көшпенді халық əйелдері Алманияның Саксония жəне Бадин өңірлеріндегі қыстақ əйелдері сияқты үлкен əрі ауыр бір жаулық салады. Түркістанның көп қыстақтарында əйелдер көшелерде шапан сияқты жеңіл ғана бір нəрсе жамылады əрі жүздерін көбінесе бүркемейді. Чечуан мен паранжаға бастан бастап тобыққа дейін оранып жүру Түркістанның тек қала əйелдеріне тиесілі бір əдет. Бұл ғұрып-əдет тұрғылықты яһудилерде бар. Осы қысқа ғана түсіндірмеден кейін алмандардың паранжа тастау жайында жазғанын төменде өзгеріссіз басамыз: «Мектептерде тəлім алған бүкіл қыздар паранжа алып тастаса, мектеп бетін көрмегендері əліге паранжамен оранып жүр. Себебі, паранжа күресі бұл оқымаған

Page 362: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

362

қыздар арасында мысқалдайда əсер ете алмаған... Паранжа мəселесінде Түркістанда Түркиямен теңестіру жарамайды. Бұл арадағы түркілер пəренжі тастауға қатты қарсылық көрсетіп бағуда, т.с.с.» дейді.

Түркістанның жапақеш халық қызметкерлері болған жəдитшілер əйелдер мəселесін көтергенде, ең əуелі, əйелдер ағартуын, əйелдің отбасындағы өмір сүру ортасын жақсартуды жəне аналық құқық сияқты мəселелерді түсінер еді. Сондықтан жəдитшілдеріміз əйелдер ағартуына қолдарынан келгенше жанқиярлықпен қызметтер жасады. Совет үкіметі өзінің ішкі сыртқы саяси əурелерімен басы қатып жүргенде жəдитшілдер мен олардың жас күштері ұлттық оқу-ағарту саласына жайылып, нəтижелі көп шаруалар атқарып тастады. Алман қаламгерлерінің бірін Алмания газеталарына да жазылғанындай, мектеп көрген оқымысты қыздар осы жəдитшілердің төккен терінің жемісі.

Біз бұдан 15-20 жыл бұрын Түркияда османлы киімінің қандай хəлде болғандығын əрі Түркиядан бауырларымыздың оны тастауға қаншалықты қарсы болғандарын да жақсы білеміз. Бірақ бүгінгі жағдайда Түркияда бұл мəселе оң шешімін тапқан. Өйткені Республикалық Түркияда османлы киімінен бас тартқызбас бұрын ұзақ жылдар халық ағартуына, дəлірегі, əйелдер ағартуына артық дəрежеде маңыз берілген еді. Алман қаламгерлерінің «Паранжа мəселесінде Түркістанды Түркиямен салыстыру жарамайды. Түркістан түркілері паранжа тастауға қатты қарсылық көрсетіп тұр...» деп жазуларын себебін біздегі əйелдер оқу-ағартуының түркістандықтар қалауынша жүрілмегенінен іздеу керек. Егер москвалықтар еш болмағанда əйелдер ағарту мəселесінде еңбектеніп жүрген жерлік ағарту қызметкерлеріне қарсы қанды күрес ашпаса, Түркістанда паранжа мəселесінде бүгінгі Түркиямен теңестіру мүмкін болмаса да қазір жас қыздарымыз қатарында паранжа жамылғандардың саны саусақпен санарлық дəрежеде азайған болар еді. Түркістанның сапаланып киінуінен сескенген орыстар «төңкерісі» мен «табы» күштерімен əрекеттерімізге қарсы шығуда.

Жергілікті ағарту қызметкерлерінің əсері аз болған совет мектептерінен, қыздар мектебінен шəкірттердің қашып кетіп жатқанын газеталары көп жазады. Түркістандық ұлдар қатыспаған ғылыми, əдеби ұйымдарға оқымысты жас қыздарымыздың бүтіндей жүз аударғандықтарын əркім, тіпті коммунисттердің өздері де мүлде ойламаған еді. Жас Түркістан қыздарының орыстардың бүгінгі ғылыми, əдеби ұйымдарынан қашуларының табиғи себептері бар.

Бұл себептерді жаратып отыру баршама уақыт алатын болса да, бірін мысал үшін келтіруге мəжбүрлі жағдайдамын.

Өткен жылдарда Москвада қызыл орыс қаламгерлерінің бір əдеби кеші болған еді. Бұл кешке Москвадағы барлық əдебиет əуескерлері шақырылған. Қонақтар ішінде түркістандық бір жас ханым да болған.

Page 363: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

363

Алман авторларының Москвадан Берлин газеталарына жіберген мақалаларын оқығаннан кейін бұя түркістандық жас ханым дүниенің «алтыдан біріндей» болған совет үкіметінің ең жоғары ғылым ошағы саналған Москваға Самарқандтан білімін арттыру ниетімен келген екен. Қызыл əдебиетшілердің əдеби кешінен ой түймек мақсатында келген бұл жас ханым сол кеште ешбір түрік қызының рухы мен тəрбиесі көтере алмайтын ауыр соққы алады: бірнеше қызыл орыс əдебилері бұл бейбақ қызды ішкізіп-шеккізіп, ұйықтатқаннан соң намысына тиеді. Қыз оянғаннан кейін басынан өткендерін сезеді де, шыдай алмай өзін буындырып өлтіреді. Москвадағы алман қаламгерлері жағынан бұл қайғылы оқиға Берлин газеталарында бүге-шігесіне дейін жазылса, Түркістандағы түрік газеттері бақытсыз түркістандық жас ханымның қаралы қазасын қысқа хабар түрінде «оңбағандарға тиісті жаза берілді» деп қана қоя салған. Керісінше, бұл іс ауыздан ауызға тарап, халық арасында кең тараған. Осы сияқты оңбағандықтар совет мемлекеттерінің орнын тым төмен түсіріп жіберген. Əсіресе, түркістандықтар назарында совет мектептерінің ешқандай да сүйкімділігі қалмады. Ұмытпауымыз керек, халқымыздың рухын жақсы түсінетін жерлік мұғалімдердің совет үкіметі жағынан «ұлтшыл əрі төңкеріске жат идеяда» деп қысым көрсетіліп, шетқақпайлауы да Түркістан қыздарының совет мектептерінен қашуларына, сөйтіп қараңғылыққа қалып қоюларына себеп болуда. Сөздің қысқасы, Түркістан əйелдерінің Түркиядан апа-сіңлілерінен артта қалуының себептері совет үкіметінің Түркістанда жүргізіліп жатқан оңбаған кесірлі саясатында, отбасы ұрдісін танымайтын, анығы, түркістандықтардың ұлттық рухына бүкілдей жат болған совет режимінен іздеу керек.

Түркістанның соңғы жағдайын біршама тексерген əрі алман газеталарында қымбатты мақалалар жариялаған Вильм Штайнның «Vossische Zeitung» газетінің 14. VI. 30 санында көлемді мақаласы басылып шыққан. Май айында Самарқантта жазылып, газеттің тұтастай бетін алған бұл мақала төмендегідей аяқталады:

«Түркістанда өзекті мəселе ұлтшылдық. Бұл өлкені бір-неше «ұлттық» Республикаларға тіктеп, саясатта жаңаша шара болған пролетариат идеясымен тəрбиелеу арқасында түркістандықтардың ата-бабаларынан мирас болып, терең сіңірілген ұлттық намыс, ерікке ұмтылу сынды қасиеттеріне қашанға дейін қарсы тұра алар екен, бұл өзі бір үлкен мəселе. Қазір билік жəне индустрияландыру саясаты арқасында Түркістанда ықпалды пролетар тобы жаратылған. Алайда бұған қарсы халықтың əдетін, қаһармандарға арналып оқылатын дастандарға түркістандықтардың жүрегінен берілетін, барша зұлымдар мен жат күштерге қарсы дұшпандық түйсігін оятатын саналы əрекеттерге халықтың ден қойғандығын да ұмытпау керек.

Page 364: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

364

«Біраз бұрын Москвада əркімді бей-жай қалдырмайтын бір оқиға болып өтті».

«Совет үкімет «қол жеткіздік» деп ойлаған өзбек жастарын (қыз-ұлы аралас) оқыту үшін Москва оқу орнына жібереді. Көп уақыт өткеннен кейін бұл өзбек жастарының қолынан «əдеби кітапшалар» табылады. Тексере келе бұл «əдеби кітапшаның» Түркістандағы совет үкіметіне қарсы үлкен дұшпандық ниет танытушы бір «ұлттық бүлікші» екендігін ашыққа шығару, əрине, Москвалық мұғалімдердің бұл «қол жеткізгені» жастарға жасамақшы болған идеялық эсерлерінің бүкілдей босқа кеткенін көрсетеді. Ұлтшыл шайыр Шолпанның өлендері: зор көлемде елден-елге тарап, барлық қауым тарапынан оқылады. Шолпан өлеңдерінде орыс түркістандықтардың ең үлкен жауы ретінде көрсетіледі. Шолпан өлендері: барша түркістандықтарға советтік Россия қамытынан құтылуды үгіттейді. «Қасқырлардан тек ақымақтар ғана рахым күтеді» деген сөздер сол шайыр Шолпан өлеңдерінің бірінде айтылған» деп жазған соң, бұл автор көлемді мақаласын төмендегі екі сөйлем жəне бүгінгі Түркістан жастарының рухына шынайы тұғыр боларлық қымбатты бір өлеңмен аяқтайды.

Москва тəрбиесінің Түркістан жастары жолындағы сəтсіздіктері 16 жасар Мəтлубе Махмуд есімді бір оқушы жағынан жазылған өлеңде көрініс табады.

Вильм Штайн жағынан алманшаға мазмұндалып аударылған ұлтшыл, тəуелсіздік сүйгіш Түркістан қызының бұл өлмес, қымбатты өлеңінің төл нұсқасын елде айту мүмкіндігі жоқ еді. Сол себепті, бұл намысты жырды алманшадан аударма жасаумен сүйікті «Жас Түркістан» оқырмандарына жалпылай ғана таныстырмақ мəжбүрлігінде қалдым. Менің аударма үстіне аударма жасауым өлеңнің əдеби қымбаты мен əсершілігін көп əлсіретуі мүмкін. Тек жағдайдың қиындығын ескеріп, ғазиз отандасымыз сүйікті Мəтлубе ханымның түсінікпен кешіре білуін үміт етемін. Өлеңнің қысқаша мазмұны төмендегіше:

«Халқым!»«Озбыр əкімдер жағынан езілген халқым, өз еркіне қол жеткізу

үшін бастаған қанды күресінде зұлымдарды жеңген еді. Тек ол малғұн əкімдердің орнына басқа зұлымдардың келуімен еріктері қайтадан жат қолына өтті. Халқым не үшін бұларға қарсы қозғалмасың? Жатпа! Оян! Қозғал! Бұл қараниеттердің илеуінде қалма! Қанды аяма жəне қайтадан қозғал да, өзіңді бүгінгі залымдардан құтқар! Сүйікті халқым! Айтшы, сол Россия сыпырындысы орыстар сені қашанға дейін езіп жатпақ?!

Міне, алман қаламгерлерінің Түркістанның жүрегі Самарқанттың Берлин газетеларына жазған ақиқаттары. Бүгін мəжбүрлікпен көкірегіне комсомол дəптершелерін асынған Түркістан қыздарының елдік дауыстары... һəм Москва үшін «сенімді» деп танылған жүректерден

Page 365: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

365

шыққан дауыстар... Барлық үміт жастарда. Бүгінгі совет мектептеріндегі санақсыз Мəтлубəлар Тəуелсіз Түркістанымыздың ең сүйікті жəне үмітті болашағы.

1) Басы «Жас Түркістанның» 9-10 сандарында.2)«Жас Түркістанның» 2 санындаты «Орыс бодандығындағы түркістандық-тардың

ұлттық əрекеттерінен» деген мақала қаралсын.

Жас Түркістандық

Имансыз қажы

«Жаңа ұлттық жолдағы» əріптесіміз бірінші февральдағы санында «Коммунист қажы» деген бас мақаласында Арабстандағы совет өкілі, түркістандық Нəзір Төреқұловтың Ислам өлкелерінен келген қажылар-мен бірге өткен жылы Мекке Мүкəррəмға қажылыққа барғандығын жазады.

«Жаңа ұлттық жолдағы» əріптесіміздің бұл мақаласы Арабстан-нан редакцияға келген мəліметтерге сүйене отырып жазылған. Совет үкіметінің дінге қарсылығы «Дін - халықтар үшін апиын» деген ұраны-нан тұрады.

Совет мемлекетінде құрылған «Құдайсыздар қоғамы» сияқты ұйымдардың міндеті мешіттер мен ғибадатханаларды «Құдайсыздар клубына» айналдарған. Совет үкіметі руханиятын əртүрлі құқықтан мақұрым қылғанымен қатар, əзірет Мұхаммед пайғамбарды алдаушы, араб ақсүйектерінің мүддесін қорғаушы кедейлер дұшпаны деп түсіндіреді. Бір кездері Ташкенттегі «Қызыл Өзбекстан» газетінің беттерінде шынайы пайғамбар Мұхаммед емес, Ленин деп ұзын-ұзын мақалалар жазылған болатын. Совет үкіметінің осындай дінге жəне ислам пайғамбары Мұхаммед ғалайһиссаламға қарсы жазылған лас істерге араласып жүргендердің алдыңғы сапында сол Нəзір Төреқұлов тұрған. Енді осы мұсылман қанына боялған орыс Большевиктерінің қызыл байрағын «жасыл» етіп көрсету үшін жалған «Қажы» сипатын алмақ болған. Нəзірдің осы міндетін орындауға бұрынғы қазылардың бірі Абдуррашид мырза Ибраһим жəрдем берген.

V 1875-1876 жылғы «Қоқан ұлттық қозғалысы»

Қоқан хандығы 1868 жылы Россиямен бір келісімге отырған болатын. Бұл келісім хандықты бейне бір Россияның бір уəлаяты халіне айналдырған еді. Осы келісімнен кейін орыстар Ферғанада өздері үшін

Page 366: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

366

күшті бір таяныш құрылғандығын түсініп, соған қарай əрекет жасай бастады. Сол кездегі хан мен орыс билігінің арасындағы байланысты көрген орыс журналисі «Хан шынымен де біздің ықпалымызда болатын» (1) дейді.

Əрине, барлық ойы мен сөзі тəжі мен тағынан тұратын ханның пайдасы мен елдің шынайы иесі халық мүддесі үндес емес еді. Қайырымсыз хан өз тағын сақтап қалу үшін елдің абыройы мен халықтың пайдасын пида қылуға қашан да əзір болатын. 1868-жылғы келісімінде орыстарға берілген құқық халықтың намысына тиді. Осы келісімнен кейін күннен-күнге күшейген наразылық 1871-жылы төңкеріс қозғалысының белгі-лерін көрсете бастады. Бірақ нағыз қозғалыс 1875-жылы басталды.

Орыстың ықпалымен халықтың пайдасын құрбан қылған ханға қарсы басталған бұл қозғалыстың басында «Аптабасы» Абдуррахман бек тұрған еді. Шыңғыс ханның ұрпағы екендігі айтылатын бұл асыл адамның барлық Түркістан түрік тайпаларының ішінде күшті бір беделі бар болатын. Өзі де халықтың осыншама қүрметі мен сеніміне татырлық тұлға еді. Ол барынша ақылды əрі қабілетті ұйымдастырушы, елдің ері болатын. Ташкент тұрғындарына арнап шығарған бір баяндамасында Аптабасы Абдуррахман бек мынадай пікірлерді айтады:

«Қоқан, Ташкент, Самарқанд, Өретөбе сияқты ислам шаһарларының орыстар тарапынан басып алынып, осы жерлердегі ислам шырағаның сөндірілгендігіне жəне қасиетті дініміздің зардап шеккендігіне 12 жыл толды. Мұсылмандар жиналып кəпірлерге қарсы жихад (қасиетті соғыс) жариялауға шешім қабылдадық. Жолынан адасқан ханымыз болса мұсылмандардан бөлініп, кəпірлермен достық қатынас орнатады жəне орыстар тарапынан берілген «зиялы хан» атағына мастанып отырады. Орыстарға сыйлық жіберіп, оларға жақсы көрінбек болады. Ол исламды қорғау үшін жасалған барлық ұсыныстарды қабылдамай, өзін орыстардың қамқорлығы мен билігіне беріп қойды. Ол ислам үкіміне қайшы əрекетімен бізден, ислам жамағатынан бөлінді.

Ханның осы əрекетінен толқыған барлық мұсылмандар бір тəн, бір жан болып діндерін қорғауға шешім шығарды. Халық ханның үлкен ұлы Сейіт Мұхаммед Насруддинді хан деп жариялады. Мұсылмандар Құдай мен дін жолында қасиетті соғыс жариялауға шешім қабылдады. Жүз мыңдаған кісі бірігіп осы жолда ақтық деміміз біткенше күресуге уəделестік. Ұлы тəңірдің мархаматының арқасында, шүбəсіз, ақиқат жеңетін болады» (2).

Жоғарыда Бұхара оқиғаларынан көргеніміздей, бұл жерде де халық өз ханының орыстармен достық қатынас орнатуына разы болмайды. Халықтың, өз пайдасы мен қалауы бойынша əрекет етпеген патшасын орнынан алып, басқасын отырғызуға барғандығын көреміз. Бұл Түркістан халқының орыс билігін қалай қабылдағандығының көрінісі.

Page 367: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

367

Аптабасы Абдуррахманбек сияқты бір адам басқарған осы қозғалыс-тың басқа қозғалыстарға қарағанда күрделі əрі табанды болғандығында шүбə жоқ. Бұл қозғалыстың жоспары мен бағдарламасы нақты белгі-ленген, жан-жақты əзірлік жасалған. Тұрғындардың барлық топтары осы қозғалыстың артынан ерген болатын. Тек тағынан қуылған Худаяр хан мен оның бірнеше мəнсапқой достары қарсы болған еді. Тағына жаңа отырғызылған хан болса, қарапайым, момын, тəуелсіз санадан мақұрым, қолынан ештеңе келмейтін адам болатын. Негізгі жұмыс Аптабасы партиясының қолында еді. Өйткені барлық жұмыстарын қалаған бағытта жүргізе алатын.

1875 жылдың 6 авгусінде хандықтың шығыс жағынан басталған қозғалыс аз уақыт ішінде барлық жаққа таралып, Ош, Əндіжан, Наманган сияқты шаһарлар көтерілісшілерінің қолына өтті.

Көтерілісті өз күшімен басу мүмкіндігі болмаған Худаяр хан Ташкенттегі орыс аймақтық əкіміне жүгініп, көмек сұрады. Ол аймақтық əкім фон Кауфманға жазған хатында құлдығын көрсететіндей мынадай сөздер қолданылған:

«Қоқан хандығын да, өзімді де Ұлы ақ патшаның қамқорлығына табыстап, сізден тез арада Қоқанға əскери күш жіберуіңізді сұраймын. Осы өтінішімді қабылдап, тез арада əскер жəне қару жіберерсіз деп үміттенемін» дейді.

Худаяр хан орыс əскері мен қарулары келгенше Қоқанда қала алмай 22 июльде 500 кісілік нөкерімен орыстардың қамқорлығына қашуға мəж-бүр болған. Худаяр хан қашып кеткеннен кейін жаңа хан Сейіт Насруд-дин «Россиямен достықты сақтап қалу» жайында фон Кауфманға хат жіберді. Фон Кауфман болса бұған екі шартты ультиматуммен жауап қайтарды. Фон Кауфман Сейіт Насруддин ханнан əкесі Худаяр ханмен жасаған келісімін қайтадан пысықтауын жəне соғыс өтемақысын төлеуін талап етті.

Аптабасы партиясы үшін осы шарттарды қабылдау мүмкін емес еді. Фон Кауфманның талаптарын қабыл ету Худаяр ханның рөлін ойнау деген сөз еді... Соғыстан басқа жол қалмады, көп кешікпей соғыс басталды.

22 августа Мухаррам қаласының маңында болған соғыста Насруддин ханның күштері жеңілді. 29 августа фон Кауфман өз күштерімен Қоқанға кірді. 29 августа Кауфманның барлық ұсыныстарын қабылдады. Сөйтіп ол да əкесінің рөлін ойнай бастап, ұлтшылдармен арасы ажырады.

Азғана үзілістен кейін Аптабасы партиясы Əндіжанда жиналып, «Полат хан» деген біреуді хан деп жариялады. Ұлтшылдар енді орыс күштерімен бірге өз халқына қайырымсыздық қылған Насруддин ханға қарсы күресуге мəжбүр болған еді.

Орыс күштері Əндіжанды ойрандап, ұлтшылдардың орталығы Маргиланға көшті. Бірінші қақтығыста Насруддин хан күштері

Page 368: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

368

ұлтшылдарға қосылды. Осы оқиғадан қорқып кеткен Насруддин хан астананы тастап Хожандқа, орыстардың қол астына қашты. Орыс күштері барлық істерін өз қолдарына алып, ұлтшылдармен шынайы түрде күресе бастады. Бұл күрестер Ферғананың шығысы жағында болады. Осы жақтарда орыс əскерлері тарапынан өртелмеген шаһар, ауыл, аудан қалмады. Əндіжан жəне Наманган шаһарларында орыс əскерлерінің жасаған арсыздықтарын айтып жеткізу өте қиын... Бұл күрестердің нəтижесінде Қоқан хандығы толықтай бітіп, «Ферғана уəлаяты» құрылды.

Қоқан хандары мемлекеттеріндегі қоғамдық, саяси жағдай əсерінен Бұхара Əмірлерінің орыс империализміндегі еркін рөлдеріндей өз орындарын таба алмады. Мəселенің осы жағын көре алмаған Гурхан мен ханзадалар Əмірдің орыс билігінен көрген қамқорлығынан өздеріне де үлес алудан үміттенді. Бірақ олардың бұл үміттері мен қиялдары ақталмады. Ферғана басып алынды. Хандық тарихы да бітті. Хандардың есімі де Түркістан тарихында елінің сəтсіз, санасыз ұлдары болып жазылды...

1) Алексей Боголюбов – «Очерки войны в Средней Азии»«Военный Сборник», т.31.2) А.И.Бряновтың «На памятъ О Фергане» деген кітабынан аударылды.

Тимурұлы

Өткен күндеріміз

Басқармадан:біз төменде жерлесіміз Ғазимзаде бектің бір мақаласын баспақшымыз. Журнал көлемінің кішілігі мақаланы қысқартуга мəжбүр етті, ол үшін кешірім өтінеміз.

Ғазимзаде бек мақаласын Ғұбайдолла Қадыр (Жұлқынбай), Əмір Темір жəне Батулар хақында мысал келтіре жазған. Мақала авторы өткен күндеріміздегі өндіріс, мұралар жайында баян еткенде большевиктер қызметінде болған бірнеше түркістандықтар хақында ашылып сөйлеген. Əрине, олай айтуга хақысы бар. Бірақ бүгін алдымызда тұрған мəселе Ғұбайдолла Қадыр жəне Батулармен салыстырма жасау, олардың большевиктер қатарында жүріп, неге олай немесе былай істемеді дегенді талқылау емес.

Ғұбайдолла Қадыр мен Батуга ұқсатандар Ғазимзаде бек жоруынша большевиктерге сатылғандар. Бүгін олар большевиктер жатынан ұлтшылдық күнəсімен айыпталып қалғандар. «Қызыл қалам» қоғамы да «Түркістан ұлттық тəуелсіздігі жолындағы қызмет еткені үшін жабылып, оның төңірегіне топталған жазушылар «тар қапасқа» қамалды («Қызыл Өзбекстан» газетасының 13. IV. 31 нөмері қаралсын). Бұл жайлы біз журналдың келешек санында айырықша мақала жазбақшымыз.

Бүгін алдымызга қойылған тарихи мəселе – өткен күндерден қалған із, өндіріс мұраларымызга (олардың көбін идеялымыз етпесек те) тиісті баға беріп, құрметтеумен бірге сол Ғүбайдолла Қадыр, Батулар сияқты кісілерді де ұлтшыл деп айыптап жүрген қанқор дұшпаннан қастерлі жəне ғазиз жұртымызды құтқару. Сондықтан біз большевиктер қатарынан айдалмаған, қаламдары опырылып, тілдері буылмаған кісілер хақында қалам сілтеуді қоя тұрып, Түркістан ұлттық тəуелсіздігі үшін дұрыс қызмет жасай алатын күштерді топтау жолын іздеудеміз.

Əрбір «Жас Түркістан» оқырмандарының назарын аударарлық өте маңызды мақаласы үшін Ғазимзаде жерлесімізге алғыс білдіреміз.

Page 369: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

369

«Білдіру» газетасының 26 санында «Түркістанда ұлттық күрес» тақырыбымен «Жаңа Түркістаннан» көшіріліп басылған хабарда Ғұбайдолла Қадар, Əмір Темір мен Батулардың ұлтшыл жəне бостан-дықшыл ұйымдарға қатысқандары үшін бірнеше айдан бері ГПУ түрмесінде жатқаны жазылады. Ғұбайдолла Қадырдың «Махрабдан Чаян» атты ұлттық роман жазғаны, Əмір Темірдің 1929 жылы «Зафр» атты өлең кітабын шығарғаны үшін қамалғандары айтылады. Əрі екі шығарма да Гүржістан жастарының рухын оятуға əсер еткендіктен орыс большевиктері бұл екі кітаптың сатылуын шектеген жəне барлығын тəркілеген еді...

Бұл хабар ходженттік Ғалижан аузынан жазылған. Ғалижан 1929 жылдың сентябрь айы соңдарында Иранға өткендіктен 30-жыл оқиғаларын нақты білмес болар. Ал, мен 1930 жылдың июль айында Гүржістанда едім жəне Ғұбайдолла Қадырлармен де сөйлескен болатынмын. Меніңше, жоғарыда жазылған хабар шындыққа сəйкес келмейді. Сол себепті бірнеше ауыз сөзбен ақиқатты атап өткім келеді: Темір жас пролетар шайыры. Өзі «Қызыл қалам» қауымынан болып, Большевиктер мүддесі үшін өлеңдер жазады. Өлеңдерінде зəредей ұлтшылдық нышаны жоқ жəне болмас. Өзі Большевик қолшоқпары. Бұл сіңбені қамауға алған жоқ əрі мұндай қолшоқпарларды қамауға алмайды да.

Ғұбайдолла Қадыр Большевиктер үшін қызмет істеп келеді. Оның «Махрабдан чаян» деген кітабы ұлттық роман емес. Бұл туындыда бұрынғы хандардың айыптары қияли өтірікке құрылып, ұлт пен оның сезімі хақындағы роман Большевик мүддесі үшін жарық көрді. Мұндай романды Большевиктер еш уақыт шектемейді, тəркілемейді жəне тəркі-легені де өтірік. Мұндай жазушыларды қамауға алмаған жəне алмайды да. Ғұбайдолла Қадырдың «Махрабдан Чаян» сияқты тағы «Өткен күндер» деген романы бар. Бұл туындылар да Большевиктерге «құнды» саналады.

Бату Большевиктердің сенімді бір қызметкері еді. Бірақ большевик-терге сатылған ұлт опасызы Ғабид Қожа атты арызшының кенеттен өлуі Бату жəне бірнеше жолдастарының қамалуына себеп болды. Өйткені бұлар большевиктер көзінде Ғабит Қожаны улағандар деп есептелді. Ортада ұлтшылдық себебі жоқ.

Қағазды кітаптарды кездестірген болар еді. Бұл қағаздардың Қоқанда жасалғанын көріп, өткен күндерінен аз да болса айнасына сəуле құйылар еді. Мырза Ғабдаллирмин қолымен көшірілген Науаи өлендері, Низами қиссалары, Фирдоуси «Шаһнамасын» Ғұбайдолла мырза көрмеген не естімеген сияқты. Əр беті Еуропа кітапханаларында қымбат бағалармен өлшенетін бұл кітаптар өткен күндеріміздің рухани мұралары емес пе?

Қағаз өндірісі Қоқанда кейінгі уақытқа дейін сақталды. Бірақ Түркістанның бұл өндірісі де орыстар жағынан көзі жойылды. Осы тұста есіме бір нəрсе оралып отыр. Жазылса жаман болмас:

Page 370: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

370

Бір рет Бұхараға қондым. Бір мəжілістен мынадай оқиға естідім:Сейд Мирғалым хан 1919 жылдың басында қағаз ақша шығаруды

ойлады. Жəне осы үшін бірнеше армяндарға өтініш жасалады. Ал армяндар болса қызмет ақысы үшін шығарылатын қағаз ақшаның тең жартысын сұрайды.

Мен бұл оқиғаны естіп: «хазіреттер, хал-жағдайларыңыз тым мүшкіл. Осыдан 50 жыл бұрынғы Қоқан үкіметінің қағаз өндірісін бүгінге шейін тани алмағансыз. Қоқаннан бірнеше маман шақырыңыз. Бəлкім олар сізге тегін-ақ шығарып берер...» (3)

Ғұбайдолла Қадыр асқазан, түйе қазан, құрман, беркеш, т.б. тəрізді Түркістанның жеңіл өндірісінен, орақ, кетпен сияқты теміршілік өндірісінен, тоқымашылық, қыз-келіншектердің қол еңбегінен біреуін де ауызға алмайды.

Ғұбайдолла мырза «Өткен күндер» романында əрбір нəрсені атасынан естіп, түйгенін жазады. Меніңше, оған əңгімелеген атасы Имангузар-ліктегі (Ташкент Бесағаш сағасында. Басқарма) Қадыр ака емес, басқа бір адам. Бұл кісі 1919 жылы Ташкентте бұрынғы семинария ғимаратында діни лекциялар беру үшін тағайындалған профессор Ламакин болмаса еді (4). Сол профессор Ламакин август айындағы діни лекцияларының бірінде былай деп ой сабақтады: «Інжіл мен сіздің Құран да Тəураттан алынған. Əуелі, дін керек емес, егер қажет болса діндердің анасы Тəурат дінін қабыл алу керек...»

Бұл сөздерді естіген шəкірттер ашуға булығып, əр жақтан «давай, давай» деп айқайлап-шуласып, оны дəріс салонынан шегінуге мəжбүр етеді.

Сол сəттер жаныма келген бір шəкірттің айтқандарын əрдайым еске аламын. Ол жас: «Коммунистік программаның анық бейнесін көрдік. Мырзаларымыздың мақсаты бəрінен бұрын дінсіз етпек, бір немесе жарты ғасыр өткеннен кейін жаңылысқан екенбіз, дінсіз жасау мүмкін емес екен. Енді бір дін қабылдайық деген ұранды ортаға салып, бүкіл жастарға діндердің анасы болған яһуди дінін қарсы қоймақшы екен» деп алаңдаған еді.

Менің сондағы жас шəкірттен естіген сөздерім бүгінгі Ламакин сияқты профессорлардан сақтанып, жазушылардың ұлт қасында жауапты болатындықтарын ортаға шығарды. Ұлтымыз болса ондай нəрселерге құлақ аспастан өз тəуелсіздігіне қол жеткізудің орайын күтуде.

1)1902 жылы Түркістан уəлиі жағынан Түркістанда түрік тақиясын кимеу жөнінде бұйрық шығарылған.

Басқарма

Бұл адам да Түркістан уəлиі болған.Басқарма

Page 371: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

371

1) Ғазимзаде бектің қагаз туралы айтқандары шындық. 1918 жылдың басында Қоқан автономиялық Түркістан үкіметі қагаз ацша шығармақшы болғанда Қоқандағы ескі қағаз өндірісін қайтадан тірілтпекші болған еді.

Басқарма

1) Бұл Ламакин Түркістанда пристав жəне аудан физигі болған орыс отаршылдарының өкілі.

Басқарма

Мəшһад Ғазимзаде

Орта Азия бюросы

Бізге Түркістаннан Орта Азия бюросының ең үлкен басқарушылары шеттетіліп, орындарына жаңа кісілердің белгілендігі хақында хабар келді.

Орта Азия бюросын қалай ұғынуымыз керек? Ол Түркістанда қандай рөл ойнайды? «Төңкерістік міндетін» қалай өтеді жəне не себептен тазартуға тура келді? Міне, бұл арада осы мəселелерді түсіндіру пайдадан қалыс емес деп ойлаймыз...

Орта Азия бюросы орыс пролетары диктатурасының Түркістандағы ең жоғары басқару органы болып, жалпы Россия коммунист партиясының Орталық Комитеті тарапынан «Тəуелсіз Кеңес Республикаларының» ұлттық коммунисттік партиялары Орталық комитеттерінің жəне үкіметтің іс-қимылдарына бақылау жасамақ əрі саясаттарын басқармақ үшін құрылған. Совет Одағының ешбір бөлігінде, мысалы, Украина, Белоруссия жəне Кавказда мұндай бір ерекше өкілдік (бюро) жоқ.

Түркістанның өзбек, түркімен жəне тəжік бөліктері де Украина, Белоруссия, Кавказ федерациясы сияқты Советтер Одағының толық құқықты мүшелері саналады. Бірақ аталған Түркістан бөліктерінің Орта Азия бюросы арқылы Москва большевиктерінің арнайы бақылауына алынуы Зиновьевтің Коминтерін атқару комитетінде төраға болып тұрғандағы айтқан «совет орталығының Түркістанда жергілікті партия күштеріне сенімсіздігін» көрсетеді.

Бюроның барлық лауазымдылары Москва жағынан белгіленеді. Оның барлық жауапты орындары., мысалы, бірінші жəне екінші хатшылары, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, Түркістанда ең басты газетаның бас редакторы, экономикалық саланың маңызды орындары Түркістанмен ешбір қатысы болмаған əрі тағайындалудан бұрын Түркістанға мүлде аяқ баспаған кісілермен толтырылды. Десе де сырт көз үшін осы адамдар қатарына Москваға ең берілген бірнелпе түркістандықты да қосып қояды. Осы жолы сондай бір «мəртебеге» Камал Акрамұлы лайық табылып, Орта Азия бюросының үшінші хатшылық орнын иеленген. Бюроның осы құрылымда жасақталуы Москваның бүкіл пəрмендерін, жергілікті шарт-

Page 372: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

372

жағдаймен санаспай-ақ өз қалауынша жəне қарсылықсыз атқара алуын қамтамасыз етеді. Мысалы, жер реформасының орындалуы (1925-26), коллективизация істері əрі өзге де істердің жүзеге асуында бұл жол өте пайдалы болды.

Алайда Орта Азия бюросының жергілікті шарт-жағдаймен санаспауы, керісінше оның өзін төңкерістік идеология тұрғысынан көбінше күлкілі жағдаяттарға апарып соқты. Бюро басшылығының топастығы (бюроның бірінші хатшысы, яғни бас нұсқаушысы кезінде Москва қалалық партия комитетінің хатшылығы орнынан «ақымақтығы» үшін қуылған Зеленский екені ұмытылмасын) мен ақылсыз əрекеттері Түркістан жастары арасында төңкерістік идеяның кең қанат жаюына кері ықпал жасағанын аңғара алмады. Бірнеше мысал келтіремін:

Ленин пікірінше, Россияның шығыс тараптарында (əрі жалпы отар шығыс өкілдерінде) төңкерістің негізі жер төңкерісі еді. Ленин бұл пікірін Коминтерннің (1920 жыл, 19 июль 6 август) екінші конгресінде айтқан болатын. Большевиктер бұл пікірге бүкіл қайғы-мұңдарынан арылтатын бір дұға тұмары деп қарады. Алайда, лениншілдер Түркістандағы жер жағдайымен, онда да Түркістан диқандарының ахуады, көңіл-күйлерімен танысқаннан кейін бұл Ленин «тұмарының» да басқа төңкерістік «тұмарлардай» Түркістанда іске жарамайтындығын түсінді. Москва большевиктері де дəл сол сəтте «жер төңкерісін» «жер реформасымен» ауыстырды. Большевиктер кернейлетіп-сырнайлатып «жер реформасын» іске асыруға кірісті. Алайда, мұны да мұсылман дінбасылардың көмегі, шариғаттың қолдауынсыз іске асыра алмайтынын жақсы білді.

Мінеки, осы тұрғыдан «дінді апиын» деп санайтын Москва дінсіздері мұсылман дінбасыларын «жер реформасының» пайдасын уағыздауға мəжбүр етті. Дінбасылары өз шешендігі арқылы арнайы совет үкіметі тарапынан қолға алынған жер реформасының шариғат қағидаларына жəне имам ағзам көрсеткен жолға қайшы келмейтіні туралы насихат бəтуа-ларын береді. «Бəтуə кітабы», т.б. кітаптардан өз дегендеріне дəлелдер келтірді. Басқаша айтқанда, Ленинді Түркістан диқандарына қабылдатқызу үшін оның «төңкерістік жүзін» имам ағзамның «түкі-рігімен» жумақ жəне оның «төңкерістік теорияларын» мұсылман дін-басыларына ұшықтатқызбақ лазым саналды.

Алайда бұл да азшылық етті. «Қызыл Өзбекстан» беттерінде (бұл газета Орта Азия бюросының қазіргі үшінші хатшысы жетекшілік рөлін атқарар еді) Ленин мен Мұхаммед пайғамбардың рухани бір-бірлеріне өте жақын екендіктерін көрсету мақсатымен көлдей-көлдей мақалалар жазыла бастады. Ташкент газетасы мақалаларын Мұхаммед «əлеуметтік пайғамбар», ал Ленинді «нағыз пайғамбар» деп қорытындылаған еді.

Орта Азия бюросының басқа дүмшелігі жайлы айтпасақ та, орыс прорлетариаты диктатурасының Түркістандағы ең жоғары төңкерістік

Page 373: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

373

ортаны ақымақтықтарының қандай дəрежеге барғанын көрсетуге осы да жеткілікті деп ойлаймын.

Москва лениншілдерінің жоғарыдағыдай «төңкерістік айлакерлігі» мен «төңкерістік əпербақандығы» түркістандықтардың орыс большевик төңкерісіне болған сенімсіздігін күшейтті. Орта Азия бюросының дəл осындай шайтани əрекеттерінен түрлі-түсті «топтар» мен «ағымдар» туындай бастады: «18-дер тобы», «Анғамшылартобы», «Қожантобы», «Қадырғалишылар», «Ядгаршылар», ең соңында «Манан Рамыз Бату топтары» осылардың барлығы Орта Азия бюросындағылар мен Москва-дағы қызыл поптардың «бəрəкалларымен» дайындаған «төңкерістік бұзақылық» ортасында жетілді.

Біз Москваның колонизат орлық төңкерістік пікірінің түркістандық-тар назарынан қалыс қалғанына қуанбасақ, еш ренжімейміз. Керісінше, біз Москва диктатурасының қарсыластары болған «ағымшылдар-дың» күннен-күнге көбейіп жатқандығына сүйіншілеп қуанамыз. Бұл «ағымшылардың» бізге пайдалы болуына, əрине, Москва большевик-терінің өздері жауапкершілік арқалайды.

Біз үшін ашынарлық əрі қорқарлық бір нəрсе ол Москва төңкерісі жағынан жас ұрпақ санасына ұяланған үмітсіздіктің келешекте төл ұлттық төңкерісіміздің рухына да əсер етерлік дəрежеде терең болуы ықтимал. Келешектегі шынайы ұлттық төңкеріс бізге өте маңызды əрі онсыз толыққанды ұлттық мемлекет құра алмаймыз.

Орта Азия бюросы Москва бұйрықтарын еш қарсылықсыз орындайтын Түркістанның төңкерістік ортасын жасады. Ал Москва болса, Түркістанда колонизаторлық мақсаттарына жеткізіп тұрған бұл қолшоқпарларын Түркістанның «төңкерістік қақпасы» ретінде қабылдады.

Орта Азия бюросында отырғандар Сталиннің мəтіндеріне қарсы біраз өзбілемдік жасау ниетінде болды. Ташкентте «Правда Востока» мен Ашхабатта «Туркменская искра» газеталарында «Түркістанда ұлт саясаты туралы» мəселеде Орта Азия бюросының басшылары Сталиннің сөздерін біраз өзгертіп жіберген. Оның салдарынан Зеленский, Письменный, Кахияни жəне басқа қызыл мырзалар дереу орындарынан босатылды» деп жазылды.

Алайда Зеленский мен Письменныйлардың орындарынан тайды-руынан Түркістанда жалпы саяси ахуал түзелер ме? Ол жерде «ұлттық саясаттың» дұрыс жүргізілуі үшін оңтайлырақ шарт-жағдай жасалар ма?

Əрине, бұл мүмкін емес. Түркістандағы жалпы саяси ахуал Зелен-ский мен Орта Азия бюросы жағынан емес, жалпы Москва диктатурасы тарапынан бұзылған.

Түркістанда табиғи ұлттық шарт-жағдай Орта Азия бюросының ауыс-тырылуымен ғана емес, Түркістанның Москва диктатурасының əрбір əсерінен, бастысы, шет күштің «ағалығынан» құтылғанда ғана орнайды.

Page 374: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

374

Зеленскийді тайдырды оның орнына Бауман деген біреуді əкелді. Писменныйды босатты, бірақ оның креслосына Гейлер келіп жайғасты.

Большевиктер ескі сарынын жалғастыруда.Қоқандық

Шет өлкелерде

Жапонияда тұрушы мұсылмандар жəне Токиода ислам шағын ауданы

(Токиода шығатын түрікше «Жапон тілшісі» журналының бірінші саны-1931 жылғы апрель нұсқасынан алып басып отырмыз.

Басқарма)

Жапонияда тұрушы мұсылмандардың саны 500 шамалы болып, бұлардың барлығы Россия отарлығынан кейін Манжурияға эмиграцияға кетіп, одан əрі Жапонияға өткен Россиядан келген түркілер.

Бұлар қазір Жапонияның түрлі қалаларында тұрады: Токиода 150, Кобеде 100, Нагояда 40 жəне Кореядағы Кижу қаласында 70-80 кісі бар. Бұл қалаларда діни бірлестік пен шағын аудандар бар. Токио, Кобе жəне Ки жудағы ислам балаларына бастауыштық білім де беріледі. Жапония-ның оңтүстігіндегі Кюсюда, солтүстігіндегі Хоккайдо мен Сахалинде, сондай-ақ Жапонияның түрлі қалаларында біршама мұсылмандар бар.

1928 жылы 3, 4 жəне 5 октябрьде Токиода Жапонияда тұрушы бүкіл мұсылмандардың құрылтайы болды. Онда тұрушы мұсылмандардың «Жапониядағы мұсылмандар одағы» атында бір қауымдастығы бар. Бұл одақтың мақсаты ұлттық жəне діни мəселелерде Жапонияда тұрушы мұсылмандарға жолбасшылық жасау.

Одақ орталығы Токиода болып, төрағасы Токио имамы Мұхаммед Ғабаллахи Құрбанғали, төрағаның бірінші орынбасары Коби имамы Мадияр Шамғони, екінші орынбасары Мұхаммед мырза, бас хатшы Ахмет Зақир Шақир, бас хатшының бірінші орынбасары Хусейін мырза жəне екінші орынбасары Қожа Ахмет Уаһап.

Жапонияда тұрушы мұсылмандардың ең үлкен бірлестігі Жапония орталығындағы «Токиода ислам ауданы». Бұл ислам ауданында 1927 жылы Жапония үкіметінің ресми рұқсаты мен шешімі арқылы ашқан «Токиода ислам мектебі» атында мұсылман балаларын оқыту үшін бір бастауыш мектебі бар. Алты сыныптық бес мұғалімі бар бұл мектеп Жапониядағы ресми мектептермен бір құқықта, оқу-ағарту басқармасының қарамағында. Дін мен ана тілі дəрістері тұрақты түрде оқытылады. Оған қоса 3-сыныптан бастап орысша жəне 4-сыныптан

Page 375: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

375

ағылшынша үйретіледі. Бұл мектепті бітірушілер орыс гимназиясының 4-сыныбына жəне Жапониядағы Америка, Француз колледждерінің 6 сыныбына емтихансыз кіре алады.

Мектеп жанында Қиыр Шығыстағы мұсылмандар үшін араб қаріптерімен мектеп кітаптары əрі басқа да ұлттық хикая, романдар мен өлеңдер басып таратып жатқан «Токиода ислам баспасы» атты шағын баспа да бар. Журналымыз «Жапон тілшісі» де сонда басылады. Бұл баспа Токиодағы ислам шағын ауданында жəне Жапонияның басқа жерлерінде тұрушы мұсылмандардың атсалысуымен 1929 жылы Түркиядан алдырылған қаріптермен ашылған еді.

Бұдан басқа Токиода тұрушы мұсылмандарға қала əкімшілігі жағынан жеке берілген көркем бір орында мұсылман қабірстаны бар.

Əндіжан қозғалысы хақында(33 жыл толу орайымен) (1)

Түркістан тарихының Россия отарлығына енген дəуіріне тəн бет-терін көзбен шолғанда ап-айқын көзге шалынаты халқымыз рухындағы қорғаныс түйсігінің отарлық əрекетімен теңдей толыса түскендігі. Қай жерге отарлаушы орыс күштері еніп, қанды тырнағын батыра бастаса, ол өңірдегі халықтың «мендік» сана-сезімі де өсе бастайды. Ферғанада осындай жағдайдың болып өткенін өткен жазулардан аңдадық. Өткен 1875-1876 жьшдарда болып өткен Аптабашы Ғабдалрахман мырза мен Болатхан көтерілістері Россия бұғауына кіруге қарсы алғашқы көтеріліс еді. Бұл көтерілістің ізін жалғаған 1878, 1882,1884,1891 жылдардағы топалаңдар Ферғанада Россия жаулап алушылығының қалай қарсы алынғандығын əрі бұл отарлықтың халқымыз рухында қандай əсер қалдырғанын ашық көрсететін жанды бір дəлел. Ілгерінді-кейінді үзілмей жалғасып келе жатқан Ферғана қозғалыстарының бірі Əндіжан Мыңтөбе қыстағындағы «докшы Иман» лақабымен танылған Мұхаммед Ғали (Мадалы) қалпе ұйытқысымен басталған қарсылық.

Докшы Иман қозғалысына түрлі адамдар əртүрлі түс пен айдарлар беріп жүр. Біздіңше, ол бəрінен бұрын езілген халық өкілінің сыртқы зұлымдық пен қаһарға қарсы көтерілісі. Бас көтерудің себебін сарала-ғандар ішінде Иманның «Халифа өкілі» болып əрекет еткенін қымбат көріп, иланушылар да бар. Кейбір зерттеушілер Ишанның үгітнамасы-нан кейбір пікірлерді келтіріп, бұл бас көтерудің «панисламистік» əрекет-тің бір түрлі көрінісі, мұсылмандық сезімнің кəпірлер билігіне қарсы-лығы деп ойлайды. Тағы басқа бір топ орыс отаршылдарының енгізген саяси жəне экономикалық жүйесінде өз шаруасын жолға қоя алмай зəбір көрген жерлік ишан, байлардың қарсылығы деп санайды.

Page 376: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

376

Біздіңше, қозғалыстың түп себебі жат əміршілдердің рухани жəне тікелей соққы мен зиянын көріп жатқан халық рухында тууы міндетті ұлттық түйсік, ұлттық мендік, ұлттық мүдде мəселесі. Əрине, əрбір əлеуметтік, саяси оқиғада болатынындай мұндай істің орын алып, дамуы үшін нақты амалдарға мұқтаждық бар еді. Иман мəселесі де, міне, сол арнада халық рухында əзірленген ашу-ызаңың сыртқа шығуы үшін лазым болған түрткі ғана. Асылында орыс империализм күші мен езіліп-жаншылуды қаламаған Түркістан халқының рухы шарпыса береді.

Докшы Иман əрекетінің шығу себептерін саралағанда оның дайындалу барысын көзден таса ұстамау керек. Оқиға Иманның жылдар бойына түрлі жерлерде ұйым құру əрекеттері, оның шын ба, өтірік пе (бізше қып-қызыл өтірік) «Халифа өкілі» мен деп халықты өзіне баурағаны жəне басқа бірнеше дəлелдер Иманның көптен бері əр жерде əр түрлі пікір таратқандығын көрсетеді. Біз анық жақсы білетеніміз Иманның дақпырты Ферғана, Жетісу мен Сырдария уəлаяттарын құрайтын аумақта жасаған қырғыздар ішінде кең таралған еді. Əр жылы Иманға сапарлай келген мүриттері өз тұрмыстарындағы күннен-күнге ауырлап бара жатқан хал-жағдайларынан мұң шағып, одан көмек сұрайтын еді. Мүриттердің көбі ауыр жағдай астында қалған қиынқыстаулы күйге түсті. Мұны ашық көзді иман мүриттерінен де жақсы сезінер еді. Ал нақты шешілу жолдарын таба алмаған мүриттер иманның «кереметіне» ғана арқа сүйеді.

Мəселенің ішкі себебі халықтың қанын сорып, күшін əлсіретуге əрекет еткен орыс империализмі мен Түркістан халқының рухы əрі мүддесі арасындағы қайшылық болса, сыртқы себептен ортаға келіп шыққан экономикалық жəне əлеуметтік ауырлық еді.

Мүриттерінің итермелеуімен бе, жоқ əлде өз əзірлігін жетерлік дəрежеде болғаннан ба Иман 1898 жыл орталарында қимылға көшуге бұйрық берді. Əрекет ететін күн 30 май кеші еді. Ең əуелі əр тараптағы мүриттерге, жақтастарға белгілеген уақытта жиналып, көрсетілген жерлерде əрекет етуге бұйрық беріледі. Жоспар бойынша əрекет үш бағытпен басталмақ болды. 30 май кешінде əскерлер ұйқыда жатқан тұста Əндіжан, Марғұлан жəне Ош гарнизондарында шабуыл жасалып, құралдары алынбақ еді. Бір жағынан мүриттердің барлығы белгіленген уақытта межелі жерлерге келіп топтана алмады, екінші жақтан түрлі себептерден Марғұлан мен Ош əрекеттері іске асырылмады. Демек, жалтыз Иманның жеке басшылығындағы Əндіжан əрекеті іске асырылды. 30 майда жаңа қыстақтағы Иман үйінде жиналған жамағат мүриттер иман тұмарларын тағынып алғаннан кейін, фатиха алып жолға шықты. Түн жарымынан кейін сағат 3-терде əскерлер ұйқыдағы кезінде жамағат қыстақ алдында еді. Тəртіпсіз жамағат ең əуелі бір қыстаққа шабуылдап, істі аяқтаған соң екінші қыстаққа шабуылдамақшы болды. Бірақ бірінші қыстақта топалаң болғанында, екіншісіндегі əскерлер оянып, мəселеден

Page 377: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

377

хабар алған əрі бар дайындықтарын көріп қойған еді. Жамағат бірінші қыстақтан шығып, екіншісіне бет алғанда қарсыларынан от атылды. Енді иман «кереметі» мен «тұмарларынан» пайда келместігі белгілі болып, көтерілісші жамағат сапы бұзыла бастады. Иманның өзі де қашқан, жамағат шашыраған, көтеріліс те басылған. Өстіп-ақ жеңіске жете білген орыстар адам аулауға кірісті. 3 июньде қолға түскен иман мен 775 шамалы кісі қамауға алынып, соңынан бұлардан 360 кісі азат етілді. Қалған 715 адам сотқа тартылып, 18-і асылды, 334 кісі түрлі мерзімдерге сүргін етілді. 18 кісі Сібірге айдалды. Отыз екі ғана кісі ақталды(1).

Мəселенің ізі суыған соң орыс үкіметі бүкіл өкілде əскери, саяси шараларды күшейтуді қолға алды. Олардың бастылары төмендегідей болған еді:

Ферғанаға бұрынғыға қарағанда артығырақ əскери күш орнық-тырылды. Бүкіл Түркістанға тағы да көп əскер күші жіберілмек еді. Жалпы уəли жəне уəлаяттардағы əскери уəлилердің қару-жарағы толық-тырылды. Бүкіл өлкеде полиция мен жандарм күштері күшейтілді.

1886 жылдан бері жергілікті халық жағынан сайланда келген мың-басы, ақсақал сияқты уақ жергілікті басшылар жоғары билік тарапынан тағайындалатын болды.

Түркістанда ауқымды түрде орыс қыстақ эмигранттарының санын арттыру үшін шүғыл шаралар жүзеге асырылды. Екінші тараптан Еділ бойы түрік-татарлары мен арнайы рұқсаты болмағандардың Түркістанға келуі шектелді.

«Орыс жергілікті мектептерінің» санын арттырып, Түркістан бала-ларын орыс рухында тəрбиелеу үшін бұл іске орыс руханиларын тарту қарастырылды.

Міне, бір халықтың өз үстіне түскен ауырлықтардан жасаған шағымына орыс үкіметінің берген жауабы. Көтеріліс мəселесінде сот ашылып жазаланғандар ғана емес, бүкіл Ферғана, дəлірегі, Əндіжан халқы күнəһар танылуда жəне барша «күнəһар» халық сотқа берілмек еді. Нəтижеде Иманның қыстағы (Мыңтөбе) тұтастай жермен жексен етілді. Ол атыраптағы кең бір ауданның жергілікті тұрғыны өз мүлкі, жеріне иелік ету құқығынан мақұрым етіліп, бұл мекенге орыс эмигранттары орналастырылды.

Осылардың барлығы аздық еткендей, көтерілістен соң Əндіжанға келген уəли генерал Дохауский алдына барып кешірім сұраған халықтың барлығын тізерлетіп, орыс патшалығының мəртебесіне сəжде қылдырды. Бір халықтың ұлттық намысына кір келтіргеннен басқа мағынасы болмаған бұл əрекет XX ғасыр басында «мəдениетті» саналған орыстар тарапынан жасалды. Орыс генералдары тарапынан орыс патшалық мəртебесіне сəжде еткен халықты қызыл орыс пайғамбары Лениннің рухына да сəжде еткізді (1).

Page 378: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

378

Түркістандықтарға ақ, қара, қызыл бүкіл орыс билігі реңіне қарамас-тан бəрі бір дəрежеде дұшпан. Сондықтан бұл түс айырмасына қарамас-тан тынбай күресіп келеді. Түркістан бұл күресін өз билігіне өзі ие болғанша шаршамастан жалғастырады.

Түркістан дұшпандарына бұл күрес ұшқынын сөндіру барлық əрекеттерге барса да нəтижесіз бір іс. Ұлттық күрес жұртымыздағы жаттар, зұлымдар үкіметін аударып, Түркістанда ұлттық тəуелсіздік туын желбіреткенше əсте тоқтамақ емес.

(1) Техникалық себептерден бұл мақаланы өткен санга кіргізе алмадық.Басқарма

(2) Бұл қозгалыста орыстардан 22 кісі өліп, 20 адам жараланды.Басқарма

Тимурұлы

Жапонияда

«Жас Түркістанның» өткен санында басылған «Жапонияда тұрушы мұсылмандар жəне Токиода ислам ауданы» тақырыпты мақала бізге ұлттар зынданынан қашып Жапонияға өткен эмигрант түріктердің ол жақта жылы шыраймен қабылданғанын көрсетеді. Бұл бір. Екіншіден, «Жапониядағы мұсылмандар одағы», «Токиодағы ислам ауданы», «Токиода ислам мектебі» жəне «Токиода ислам баспасөзі» сияқты мəдени саладағы атқарылған істері түрік халқының ұлт ретінде өмір сүретендігін, ана тілге жан жүрегімен берілгендігін, советтік Россия қысымы кесірінен елінен жырақта жүру мəжбүрлігінде қалған эмигрант бауырларымыздың өз атажұртына жүрегінің терең түкпірінен байланғандығын көрсетеді.

Жақын келешекте өз жұрттарына ерікті түрде оралатындықтары анық болған Жапониядағы эмигрант бауырларымыздың мəдениетті Жапониядан ұмытылмас əрі жақсы естеліктермен оралатынын айтуға болады.

Босқын туғандарымыз өз балаларына ана тілін үйрету əрі ұлттығы мен діни ерекшелігін ұмыттырмау үшін Жапония орталығында алты сыныптық бес мұғалімді бастауыш мектеп ашулары, өзара жылу жинап Түркиядан араб қаріптерін алдырып, Токиода бір баспа ашқандары ондағы бауырластарымыздың эмиграциялық жағдайдағы атқарылуы керек болған міндеттерін өте жақсы ұғынғандықтарын көрсетеді.

Жапониядағы босқын бауырларымыз осы жылдың апрель айынан бастап тағы бір үлкен міндетті мойындарына алды: жапон халқы мен Жапонияны түрік-ислам дүниесіне жақынырақ таныстыру үшін Токиода «Жапон тілшісі» (1) атты түрікше айлық журнал шығаруға кірісті. Бұл

Page 379: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

379

журналдың басқармамызға келген бірінші жəне екінші сандарында Жапонияның белгілі тұлғалары, Жапония мəдениеті, Жапон халқының моралі, Жапонияның ұлттық ерекшелігі, табиғаты мен діні хақында қысқа қысқа, алайда айта қалса нұсқа боларлықтай мағлұматтар берілген.

Шүбəсіз, біз түркілер күншығыс еліндегі жапон ұлтын жақыннан тануды қалаймыз. Жапон халқын, жұртын олардың өздерінен үйрен-геніміз абзал болар. «Жапон тілшісінің» бірінші санындағы профессор Нинакова Чен мақаласының төмендегі сөйлемдері жерлестерімізді көп қызықтырса керек:

«Жапония тарихында 2500 жылдан бұрынғы оқиғалар жазылған. Жапон халқы өз бетінше жеке-дара өмір сүргендіктен олар мен басқа ұлттар арасында соғыстар аз болған.

Осыдан 1731 жыл ілгері жапон императоры Зинго қазіргі Корей жерінде болған Сираги мемлекетіне əскер жіберіп, басып алды. Оның əскерге берген бұйрығы «бас иген адамның ешбірін өлтірмеңдер» болатын. Демек, жапон ұлты сол ескі дəуірдің өзінде қайырымды-лығымен ерекшеленген мəдени бір мемлекет еді. Сол кездерде Рим патшаларынан император Цезарь Гор мемлекетін жаулап алып, оның қаһарман басшысын зынданға тастаған əрі ұзақ мерзім сонда қинаған-нан кейін оны жабайылықпен өлтірді.

Америка мен басқа мемлекеттердің талабы бойынша Жапония 1852 жылы ресми түрде шет өлкеліктерге алынды əрі Еуропа мəдениеті кіре бастады. Еуропа мəдениетін қабылдаған Жапония 1890 жылы заң негіздерін де қайта қарап, əскерлерін Еуропа үлгісімен жасақтады. Жапон халқы 70 жылдан бері Еуропа мəдениетінің жақсы жақтарын қабылдап, оны жапондастырды. Жапондардың ең қымбат санаған дүниесі өздері-нің елдігі мен тəуелсіздігі. Сол себептен олар өз жұртын сақтау жолында соғыстан да бас тартпайды...»

Токио оқу ордаларынан Иноий Цитқозиронның «Жапония жəне жапондарға арнайы жеке мəртебе» тақырыпты мақаласынан теріліп алынған төмендегі сөйлемдердің маңызы айрықша:

«Жапония мемлекеті құрылғаннан бері бүгінге дейін император жалғастығы өзгермеген. Бірінші император Зимму Тиннодан басталған бұл үрдістің жалғасып келе жатқанына биыл 2591 жыл толды.

Жапонияның көнеден келе жатқан терең тарихы бар. Жапония 2591 жылдық тарихында ешқашан дұшпан қоластында болған емес. Қазіргі күнде өздерін дүниенің ұлы мемлекеттерінен санайтын Еуропа ірі үкіметтерінің əрбірінің соғыста жеңіліп, бірнеше мəрте жау қоластында болғаны тарихи əрі белгілі бір жайт. Ал Жапония ешқашан жеңілмеген...»

Біз бұдан кейін де жапон халқының дұшпандарға жеңілместен өз жерінде əрдайым бақытты өмір сүргенін тілейміз. 1905 жылдағы Жапон жеңісін тек орыс боданында болған түркілер ғана емес, Түркиядағы

Page 380: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

380

туғандарымыз да жан жүрегімен мерекеледі. Орыс кемелерін батырып, 1905 жылғы жеңіске қол жеткізген жапон генералдары бірнеше жыл бұрын Түркия республикасында да үлкен салтанатпен қарсы алынып, көп марапат мадақтауларға ие болған. Əр реттен Жапония мен түрік өкілдері жəне жапон халқы мен түрік халқын бір-бірімен жалғайтын жіптер бар. Бұл жіптердің тұйықталмауына тырысу екі ұлт мүдделері үшін қажет.

Ұлттарды тұрпайылықпен жаныштап жатқан империалист Россия-ның шығыс шекарасындағы ұлы Жапонияны жақыннан тану, анығы, Москва қамытындағы түрік өкілдері үшін маңызды. Дұшпанымыздың күштілігі, халқымыз бен жеріміздің қорғанысы баршамыздан қыра-ғылықты талап етеді.

(1) Аdresi: «Үароп Миһbiri» Jimbocho Bldg. Imagowakoji Kanada Ku7 Tokyo-Japan.

Тоқтамысұлы

1920-жылы сентябрь айының басындаБұхара мемлекетінің құрылуына байланысты

Түркістанның өзегіндегі Бұхара өлкесінің тарихи құндылығы жəне аталмыш өлке Түркістан мəдениетінің ең маңызды бөлшегін құрай-тындықтан Бұхара Əмірлігінің 1920 жылы сентябрь айының басында республикаға айналуы, Түркістанның саяси əрі қоғамдық бөлігінде маңызды бір өзгерісті сүйіншілеседі. Бұхара жастары халықтың үстіне жабылған қара түнекті жойып, мың жылдан бері үкім орта ғасыр негіздеріне сүйенген Əмірлік пен басқару түрін өзгертіп, оның орнына заманауи халықтық негіздерге сүйенген зайырлы республика құруы Түркістан тарихында маңызды бір бетбұрыс болатын. Ол бойынша журналымыздың сентябрьдегі санында Бұхара төңкерісінің жырын қыс-қаша баяндап ұзақ жəне жақыннан айтылған төңкеріске түрткі болған тұлғалардың да аттарын айтып өтуді борыш санаймыз.

Ислам дінінде қатал ұстау саябырлап қалған ислам əлемінде XIX ғасырдың орталарынан бастап Еуропа мəдениетінің əсерімен Ислам рухының оянуы жəне барлық Ислам территориясының арнайы Ислам мəдениеті шеңберінде бірігу қозғалысының нышаны байқала бастады.

Осы жаңа ағымның ошағы жас Түріктер отаны болған Түркия еді. Жас түріктер ислам əлемінде азат еркін (либералды) пікірінің басталуына себепші болды. Олар Түркияда үстемдік құрған мемлекеттік ұйымға қарсы пропаганда, сонымен қатар ескілік, сауатсыздықпен қатар мұсылмандардың дамуы мен гүлденуіне кедергі болған бөлінушілікке де қарсы күресті. Бұл қозғалыс Ресей мұсылмандарының арасында да

Page 381: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

381

тез таралды. Ресей мұсылмандарының арасында заманауи мəдениет тұрғысынан үстемдік жекелеген жəне тарихи шарттарға байланысты солтүстік, Қырым жəне Кавказия түріктерінде де болды. Ислам əлемінде ортаға шыққан осы рухани қозғалыстарының ағымына қосылған Ресей мұсылмандары, əсіресе солтүстік түріктері, тек мұсылмандардың жаң-ғыру пікірімен шектелмей түрік мемлекетінің даңқы мен ұлылығын тірілту қиялында болды.

Зиялы солтүстік түріктерінің бастаған істері, жаңа пікірлерін түрік халықтарның ішіне енгізу үшін жақсы бір шарт əрі сəтке ие болғандық-тан Еуропалық Русі, Сибирия, дала уəлаяттары, тіпті Түркістанның зиялы адамдарына да əсер етті. Россияның өте кең аумағына таралған Түріктердің оянуына мұсылман мектептерінің жағдайы да едəуір көмектесті. Бірнеше ғасырдан бері үкімет тарапынан мұсылмандарға жасалған сенімсіздік жəне қауіптену саны жағынан көп болып саналатын мұсылман мектептерінің болғандығын заңдастыруға мүмкіншілік туғызған болатын. Осы мектептер мен медреселер дербес болып, ғұламалар тек іс жүзінде ғана тəуелді болатын. Солтүстік, Қырым жəне Кавказ түріктерінің арасындағы белсенді адамдар бастапқы күштерін осы мектептердің жағдайына қаратып, осы салада аздаған жетістіктерге қол жеткізді. Ақырында жаңа бағыттағы мектептерді көбейтеді. Орыс заңдарында діни мектеп болып танылған мектептер мен медреселерді жалпы білім беретін мектептерге айналдырды. Бұл салада бастапқы болмаса да, біраз ақыт маңызды рөлді ойнау абыройы танымал Ислам жəне рухат қызметкері Исмайл бек Гаспринскийге тиесілі. Бұл адам Бақшасарайда (Қырым) 1883-жылы «Тəржіман» (аудармашы) газетінің негізін қалап, газет беттерінде Түрік жəне мұсылманға заманауи ғылым мен білімнің əрі халықтың ағартушылығын арттырып, бүгінгі жағдайынан да көбірек көтерілуі қадет екендігін дəлелдеуге тырысқан. Россия түріктері жаңа бағыттағы қозғалыс үшін 1884-жылы алғашқы Бақшасарайда діни бағыттағы мектепті ашқан Исмайлбек Гаспринскийге қарыздар.

Россия түріктерін бағыныштылық пен тыныштықтан құтқарған бас-ты себепкер оқиға Россия-Жапон соғысы болды. Осы соғыстан соң Рос-сияның ішінде ортаға шыққан оқиғалар Түрік əлемінде үлкен бір өзгеріс тудырды. Міне, сол уақыттан бастап діни жəне ұлттық бөлінушілік (сепаратизм) əрекеттері басталды. 1908-жылы Түркияда шыққан Рес-публикалық төңкерісі барлық оқымысты Түріктердің назарын Стамбулға бұрып, Россияның ішіне, əсіресе Түркістанға көп түріктердің келуіне себеп болды. Түріктер орналасқан жерлерде жалпы білім беру мектептері типінде жəне жеке бағдарламалар бойынша мектептер ашылды, жаңаша Ислам рухында тəрбиені, жоғары білімді Түркияда алуы үшін жастарға көмек беретін ұйымдар құрылады. Россиядағы түрік баспасы Түркияға

Page 382: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

382

жақындау жəне басқа нəрселерге кеңес беретін. Еркіндік пен білімге тарту ақырын ақырын шығысқа жəне оңтүстікке таралды.

Түркістанның басқа жерлерінде болғаны сияқты, Бұхара өлкесінде де темір жолдар, телеграф, телефон жəне электр станциялары, Америка мақтасының жəне мақта фабрикаларының мақта егумен бəсекелес түрде артуы, əсіресе Қарақөл терісі жəне қалы кілем өнерінің дамуы, жалпы-лама сауда саттықтың кеңеюі Бұхара халқының бұрынғы қоғамдық əрі экономикалық байланысын түбірінен өзгертті.

Əмір Абдул Ахмет (1885-1910) дəуірінен бастап өлкеде ояну жəне саяси жаңаруға ұмтылыс белгілері байқала бастады. Осының алдында Əмір Музаффарадин (1860-1885 ) кезінде үкіметті сынау кейбір кісілерге ғана тəн болған еді.

Мəселен, Бұхараның қараңғы түнегінде атқан таңғы жұлдыздар, міне, мыналар болатын: «Кəллə» лақабындағы Ахмет Махдум. Бұл адам сол кездегі Бұхараны аямай сынап «Нəуадир Уақайғ» (сирек оқиғалар) деген бір кітап жазған еді. Осы қолжазба кітап отбасы мен үкімет құрылымдарының көлеңке жақтарын көрсетіп, кемшіліктерін толтыру үшін үлкен пайдасын тигізген. Ахмет Махдумның замандас əрі пікірлестерінен мына бір адамдар да танымал болған еді: Шəриф, Ғайни жəне Қинаят Махдумдар. Бұлар Əмір Музаффар кезінде Стамбулға қашқан, Əмір Абдулахат таққа отырғанға дейін қашып жүрген болатын. Яхия Қожа, Абдулмəжит Зүфнүн жынды кейпінде жүріп өз замандарына сын айтқан.

Россия үшін тиімсіз аяқталған Жапон соғысы орыстардың əскери əлсіздігін көрсетіп, Түркістан түріктерінің санасында маңызды бір қозғалыс себепшісі болды. Бұхараға кездейсоқ кірген «Тəржіман» газеті орыс-жапон соғысы кезінде өте көп тарала бастады. Түркістандықтар арасында соғыс мəселелеріне, оқиғаларына қызғушылық оянып, «Тəр-жіман» газетімен бірге Үндістан мен Мысыр газеттері де оқылатын.

1905-жылғы орыс көтерілісі орыс үкіметінің əлсіздігін, орыс халқы-ның идеологиясының бытыраңқы əрі əртүрлі екендігін ашық көрсетіп, Россия түріктеріне өз жоспарларындағы мақсаттарына қатысты іс-əрекеттерін ресми түрде жарыққа шығаруға мүмкіндік туғызды. Бұха-раға əртүрлі түрікше газеттер мен басқа басылымдар кіріп, оқырмандар тек саяси оқиғалар жайлы ғана емес, бүгінге дейін белгісіз болған жаңа пікірлерді біле бастады жəне мұны ұнатып оқитын. Солай болса да, бұл оқырмандар ортасы өте тар шеңберде болды. Надан ғалымдар болса, осы газет оқырмандарын «Баби» деп атап, газеттерін «Баби кітабы» дейтін. Түркия жəне Иран төңкерісшілерінің жеңіске жетуі, бодандағы үкіметтердің құлауы, Бұхара түріктеріне өте белсенді түрде əсер етті. Бұхара жастары арасында бір қозғалыс, Əмірге қарсы наразылық, жалпылама басқару жəне хандықтағы тəртіп жəне жүйеге қарсылық

Page 383: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

383

сияқты нəрселер байқала бастады. Бұхарадағы шарттар осы қозғалыс үшін өте қолайлы еді. Өйткені тұрғындар алым салықтағы міндеттерінен, жергілікті қызметкерлердің заңсыз əрекеттерінен безіп, міндеттемелер мен салықтарды халықтың экономикалық тұрғыдан төлеу шамасы да əлсіреп қалған болатын.

Бұхарадағы жүргізген басқару тəсіліне қанағаттанбаушылық, дамыған Түркия мен Иран елдеріндегі еркіндік пен бостандық (либерализм) қозғалыстары, азаттық жақтасы болған газет пен басылымдардың таралуы Бұхарада дамуды жақтайтындардан құралған бір ұйымның құрылуына себеп болды. Осы ұйымға кіргендер даму мен орта ғасыр негіздеріне сүйенетін мемлекет билігінің өзгертілуі қажеттілігін сезген кісілер еді. Бұларға берілген «жаңа» атауынан да түсінікті болғанындай, олар алдымен Бұхараның бұрынғы мектеп пен медреселерінің орнына жаңа «дауыс мəнерін» енгізуді мақсат тұтқан еді. 1900 жылы «Пирмаст» тұманынан Молла Шорабай деген біреу Россияның жаңа бағыттағы мектептеріне құштар болып, Бұхараның «Пустин дузаң» ауданында бір жаңа бағыттағы мектепті ашып, 3, 4 ай ішінде əр адамның оқып жаза алатындай халге жеткендігін жариялады. Сондай болса да, барлық пропагандаларға қарамастан, бұл мектеп табысқа жете алмай өзінен өзі жабылды. Біраз уақыт өткеннен кейін 1902 жылы ескі мектеп мұғалімі болған Қаюұлы деген бір татар ескі тəсілдің орнына жаңа тəсілді қолданбақ болады. Оның тарапынан «Жаңа Бұхарада» ашылған мектеп те көп уақыт өтпестен жабылды. Солай бола тұра Ресейге бағынған татарлар арасында «Жаңа тəсіл» өзіне көптеген жақтас тапты. Бұларға 1907 жылы өз балаларын Бұхара мектептерінде отырудан құтқару үшін бірлескен күштерімен бір жеке мектеп ашты. Бұл мектептерде «Жаңа тəсілмен» татар тілі жəне жаңа жалпы танымал кітаптармен мұсылмандықтың алғашқы əліппесі оқытылатын. Сəбитов, Бурнашов жəне басқалары ескі Бұхарада да бір мектеп ашып, сол жерге тек орысқа бағынатын татар балаларын алумен шектеліп, Бұхаралықтарды қабылдамады. 1908-жылы «Тəржіман» газетін таратушы Исмаил Гаспринский Бұхараға келіп, мектеп мəселесін жөнге келтіруді ортаға салды. Сəбитов татар мектебін Бұхаралықтар мен татарлар үшін ресми мектепке айналдырып, Бұхара үкіметінен патшалық ғимаратын сұрауға, атын «Исмаилия» деп қоюға шешім шығарды. Исмаил бек бұл есімді қабылдамады. Мектепті қайтыс болған Əмір Музаффарадиннің құрметіне «Музаффария» деп атауды ұсынды. Исмаил бек Гаспринскийдің Əмір Абдулахат жəне басқа да Бұхараның үлкен қызметкерлерінің араласуына қарамастан бұл мектеп ашылмады. Өйткені ғұламалар қарсылық көрсетіп, бас уəзірге (садыр ағзам) бұл тəсілдің залалы жайында дəлелдер келтіріп, мектептің ашылуына кедергі болды.

Page 384: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

384

Бұхара дамуына ұмтылған ұйым тарапынан 1908-жылы октябрь айында Бұхаралықтар үшін жаңаша «Жаңа бағыт» мектебі ашылды. Бас мұғалім əрі басшы болып Мырза Абдулахид тағайындалды. Үлкендер үшін кешкі дəрістер де ашылған болатын. «Бүхара төңкерісі тарихын» жазған Садрəдин Айни үш мектеп оқулығын жазған еді.

Тəлім-тəрбиеге (педагогика) қатысты «Тəһзибус Сибиян» (балаларды тəрбиелеу) деген кітабы сол кездегі мұғалімдер мен оқушылар арасында өте оқылымды болатын. 1909-жылдың күзінде аталмыш Əбдулахид бас-шылығындағы мектепте жалпы емтихан өткізілді. Осы сынақта үкімет тарапынан өкілдер де бар болатын. Ғұламалардан тек Əкрам молла да бар еді, бұл адам ашықтан-ашық жаңа бағытты жақтайтын. Бірінші рет газет оқыған сексен жастағы Бөрібай да сол жерде болатын. Емтиханнан кейін мектеп жайындағы пікірлер екіге жарылды. Бір жағы мектептің жұмысын дамыту керектігін талап етсе, басқалары мектепті жабу қажет деп шіренді. Біраз пікірталастан соң ең белсенді топтың көзқарасы басым түсіп, Əбдулуахид мектебі Əмір тарапынан жабылды.

«Жаңа бағыт» мектебі өзіне жарасатын ауқымды бағдарламамен қысқа уақыт ішінде оқып-жазуды үйретіп, өзінің қолданбалы (прақтик) болғандығын ашық түрде көрсетті. «Жаңа бағыт» мектебінің танымал болуы, оның кең қолдауға ие болу арқылы ескі медреселерді үрейлендіруі орынды болатын. Өйткені солардың кесірінен медресе шəкірттерінің саны азайып, кірісінен шығысы басым түсе бастап еді. Бұл жағдай барлық ғұламалардың бірлесіп, бірнеше біржақты пікірлердің пайда болуына, бейне бір шариғатқа қарсы келетін бұл мектептердің жабылуын талап етуге себеп болды.

Медресе шəкірттерінің «Жаңа бағыт» мектебімен байланысын айт-пай кетуге болмайды. Бұлар толықтай өз медреселері мен басшылары-ның ықпалында болып, солардың пікіріне қосылатын. Сонымен қатар əр медреседе осыншама шəкірт «Жаңа бағытқа» дұрыс көзқараспен қарайтын. Бірақ олар аз болғандықтан жəне өз жақтарында тек мүфти Əкрам молладан басқа ешкім болмағандықтан «Жаңа бағытқа» еш пайдасын тигізе алмайды. Солай бола тұра, сол кезде əр медреседе жаңа бағыттағы мектепке жақтасатын бір топтың табылуы айтуға тұрарлық жағдай. Бұл жағдайда жаңа бағыт тек тұрғындар ішінде ғана емес, тіпті медреселердегі шəкірттер арасында да өзіне жақтас тауып, көпшіліктің ықыласына бөленген еді. Жаңа бағытта жасалған осы жақсы бетбұрысқа бір жағынан Қазан, Бақшасарай жəне Бакуде басылған дəріс кітаптары, екінші жағынан үйренуге осы тəсілдің жеңілдігі көмек болды. «Жаңа бағыт» мектебінің жабылғандығына қарамастан жеке үйлерде жасырын түрде мектептер құрылды. Қожаұлы Осман жəне Мүкəмəлəдин бектер-дің мектептері жасырын түрде жұмыс істегендер қатарында болды. Қожаұлы Ғұсман бек мектебінің басқалармен салыстырғанда мынадай

Page 385: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

385

ерекшеліктері бар болатын: ол жерде балаларға қарағанда қабілеті бар медресе шəкірттеріне дене шынықтыру, зайырлы пəндер мен тəлім тəрбие тəсілдері (педагогика) оқытылып, мүмкіндігінше бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындау мақсатын алға тартатын. Сонымен бірге классикалық əдебиет жəне өлеңмен айналысатын медресе шəкірттерін өз жағына тартып, романтиқалық əдебиетпен айналысуға əзірледі. Бүгін Түркістанда беделді кітаптарымен танылған Абдуррауф Фəтрат, қазіргі кезде Кабулде Ауған ғылымына қызмет ететін Хашим Шайық жəне басқалар сол топқа жататын.

Бұхарадағы жаңаша дамуды жақтайтындардың əрекеттері тек «Жаңа бағытқа» деген қызғушылықты ояту мен назар аудартумен шектелген жоқ. Тұрғындардың пікірі мен санасында да үлкен бір өзгеріс тудырды. Жаңа мектептің мəдениет жүйесі жəне нақты түрде тұрғындарды жаңа пікірлермен тəрбиелеген баспасөздің Бұхарада таралуы үлкен рөл атқарды. Міне, осы көрсетілген себептер нəтижесінде жиырмасыншы ғасыр басында пайда болған жəне азшылықты құраған осы өзгертушілер (реформаторлар) тобы ақырында көбейе бастады. Дамуды жақтау қозға-лыстары жоғарыда айтылғандай, болашақта тек мектептерді дұрыс жол-ға қою жəне жаңа бағытты қабылдау түрінде көрінген еді. Бұхарада жаңа пікір жолында күресушілерге қарсы ғұламалардың жоспарлары; Əмір қызметкерлерінің қыспағы мен заңсыз əрекеттері, шыдам жетпейтін ауыр салық жəне жүктемелер, басқа да осыған ұқсас істер Əмірдің ұстанымы менбилігіне қарсы сыншыл позицияны ұстанған барлық мүшелердің бірігуіне себеп болды. «Жаңа» деп аталған дамуды жақтайтын топтар бірлесіп жеке қауымға айналды. Бұлардың бекітілген бағдарламалары да бар еді. Қалаулары төменде келтірілген баптардан тұратын:

1. Тұрғындар ішінде надандықты (сауатсыздықты) жою үшін бас-тауыш мектептер бағытында жұмыс жасау, тұғындар ішіндегі жаңа əдебиеттер мен мерзімді басылымдарды тарату.

2. Ғұламалардың теріс ниеттерімен күресу. Ол үшін де ғұламалар-дың теріс қылықтарын, нашар жағдайын тұрғындардың көзіне көрсету, медресе шəкірттеріне, əсіресе білімді балаларға көмектесу жəне мед-реселерді жөнге келтіру мəселесін күн тəртібіне енгізу.

3. Үкімет адамдарының қыспағы мен заңсыз əрекеттеріне қарсы тұр-ғындардың көзін ашу. Əкімдер мен қазылардың тұрғындармен қарым қатынасына мұқият болу жəне əсіресе олардың қыстақтарға деген ұстанымдарын назарда ұстау, мүмкіндік болса кедейлер мен қыстақ-тағылардың құқын қорғау.

4. Əмірдің жəне жақтастарының ысырапшыл өміріне тұрғындар-дың назарын аудару, қазына Əмірдің жеке мүлкі емес, халыққа тиесілі екендігін, оның халық қазынасын өз қалауынша жұмсауға хақылы еместігін тұрғындарға түсіндіру.

Page 386: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

386

5. Тұрғындардың надандық ұстанымдарын, діни жанжалды, ысырап-шылдығын, ырымшылдығын, бақталастығын, еліктеушілігін тоқтату жəне тұрғындарды жоғарыдағы пікірлерді жүзеге асыруға əзірлеу.

Осы саяси өкіл («политический агент») тарапынан қолдау көрсетіл-ген Бұхара үкіметінің қыспағы мен алдын алу шараларына қарамастан, ағартушылық қозғалысы жəне саяси серпілуге талпыну Əмір Абдулахад билігінің соңына қарай алға жылжығандай болды. Еркіндік түсінігінің кеңеюі, Еуропалық мағынасындағы ағартудың қажеттілігіне барлық басылымдардың бірлесіп пропаганда жасауы Бұхарада реформаның қажетті екендігін сезгендердің аз уақытта көбейіп кетуіне себеп болды. Ол Сейіт Ғалым ханның реформа жайлы қаулысының шығуынан басталды. Абдуррауф Фитрат Əмір Сейіт Ғалым ханның реформа жай-лы қаулысына байланысты аталмыш Əмірдің таққа отыруына арнап мына шумақтарды айтқан еді:

Салтанат тарихы жаңарып,Бұхараның серпіліс кезеңі туды.Аз уақыт өтер-өтпестен Сейіт Ғалым хан реформа жайлы берген

қаулысын іс жүзінде жоққа шығарды. Сейіт Ғалым ханның реформа жайлы берген уəдесінде тұрмауы «Жаңа бағыт» жақтастарының күрт көбейіп кетуіне себеп болды; бұған 1912-жылғы бірнеше ай бойы жалғасқан «Бұхара Шəриф» жəне «Тұран» газеттерінің біраз көмегі тиді. Болашақта өз пікірлерін айтудан тартынған елуден астам адам газет оқудың арқасында өзгерді. Тек өте арнайы əрі оңаша ортада айтылған мəселелер ашықтан-ашық қарастырыла бастады. Əмір билігіне қарсы сыни көзқарастар сөз етілуге жəне патриархалды отбасы өмірінің, құрылымының кемшіліктері сезіле бастады. 1913-жылы Бұхарада «Қаукшан» ауданында Қожа ұлы Осман бек жария түрде бір мектеп ашты. Əмір тарапынан өлтірілген марқұм Хамит қожа да Бұхарада «Базар нода» бір мектеп ашты. Мүкэммэл қызметкер де мектебін «Кəзəр Кəшф алаңда» жарыққа шығарды. Тағы Əмір тарапынан өлтірілген марқұм Исламқұл Шəхарсабаздағы өз үйінде «Жаңа бағыт» мектебін ашты. Қарақөл, Керкіде де жаңа тəсілмен ашық бір мектеп жəне кітапха-налар ашылды. Қарақөл жəне Шаһарсабазда ашылған мектептерге Қожа ұлы Осман бектің əкесі Қожа ұлы Ата (Конья мұғалім мектебін бітірген болатын) басшылық жасады. Жаңа əдебиет қыстақтарға дейін тарал-ған еді.

1914-жылы жасырын ұйым тарапынан үлескер болған екі компания құрылды. Бұлардың бірі «Мағрифат» деген кітап жəне басылым компаниясы болатын. Оның қолында көптеген түрік жəне татар əдебиеті, газет жəне журналдары бар, жан-жаққа таратылатын. Екінші компания «Берекет» атында манифактура компаниясы болатын жəне мақсаты халықты өзіне тартып, саяси пропаганда жасау еді. Компанияның істері

Page 387: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

387

сайланған ұжым тарапынан басқарылатын. Əрі екі компания да тұрғын-дар арасында өте танымал болған.

1914-жылы Əмір тарапынан Қожа ұлы Осман, Хамит Қожа жəне Мүкəммəл Махдумдардың мектептері тоқтатылды. «Жаңа бағыт» мектептерінің екінші рет жабылуы жəне сырттай қарағанда жаңа бағытты қолдаушылардың толықтай қолдау табуы, Бұхарада тамыр жаюға қол жеткізген ағартушы, еркіндік жолындағы Ахрар қозғалысын толықтай жойып жібере алмас еді. Ашық жұмыс істейтін «Жаңа бағыт» мектептері қалмады. Бірақ келешекте жартылай ресми түрде жұмыс істеген бірнеше мектептің орнына енді жүздеген мектеп орнады. Сабақ үйлерде өткізіліп, балалар кішкене топтар түрінде біріккеннен кейін мектептердегі сабақтарын жалғастыра беретін. Осындай жағдайда тұрғындардың үлкен бір бөлігі тарапынан жаңа бағыттағы тəлім тəрбиенің пайдалы болғандығы түсінікті болған кезде үкіметтің мұнымен күресуге шамасы қалмаған болатын.

Россияда диктатор патшаның құлауы жəне жаңа биліктің құрылуы Бұхараға да ықпал етуі қажетті бір оқиға еді. Осының нəтижесінде Бұхара билігінің жергілікті өмірге бейімделген түрде өзгеруі керек болатын. Бұхарада да реформа жасала бастады. Бұл реформада шариғат жəне халықтың ескі тіршілігі назарға алынған. Реформа құжаттарын басу үшін Бұхара үкіметі тұрғындардың арасынан жергілікті сарапшылар тағайындады. Бұл мəселеде тек Россия өкілдерінің пікірлерімен жұмыс істеуі үлкен саяси қателік болды. Бұл саяси қателік өлке үшін есепсіз пəлекеттерге айналып кетті.

1917-жылы 7-апрельде Бұхарада Əмір Сейіт Ғалым ханның рефор-маға қатысты қаулысы жарияланды. Осыдан кейін дамуды жақтаушы-лардың осы оқиғаға байланысты жасаған баяндамаларының нəтижесінде Бұхарада шыққан қақтығыстар қорқынышты жағдай туғызғаны сон-шалық, Бұхараға Самарқаннан орыс əскерін шақыруға қажеттілік туды. Көтерілістер күшпен басылды. Құлағандар тұрғызылды. Ең соңында Россияда шыққан Октябрь революциясы Бұхарада кертартпалардың қайтадан күшеюіне мүмкіндік берді. Октябрь революциясынан кейін жас Бұхаралықтардың жағдайы мүлде нашарлады. Бұхара үкіметі оларды əр жерде қудалап, террор тəсілінің ең қатал жүйесін жас Бұхаралықтарға қолданды. Жас Бұхаралықтардың бір бөлігі Əмір үкіметінің қудалауы мен азаптауынан қашып, Ташкент, Самарқанд, Хожанд жəне Ферғанаға көшкен еді. Осыдан кейін жас Бұхаралықтар жұмыстарын Ташкентке ауыстырды. Бұл жерде «Орталық комитет» құрды. Біраз уақыт өткеннен кейін олар Түркістанның түрлі шаһарларында жəне Бұхара хандығының түрлі жерлерінде бөлімшелерін ашты. Бұхара Əмірі жас Бұхаралықтарды қатал түрде жоюға кіріскен болатын. Əмірдің жасаған ең қатал жазаларына қарамастан жас Бұхаралықтар Бұхара төңкерісіне əзірленуде болды.

Page 388: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

388

1920-жылы Бұхара Əмірі мен Түркістан совет үкіметінің арасында қақтығыс болды. Осы мүмкіндікті пайдаланып жастар Бұхараға шабуыл жасап, сентябрьдің алғашқы күні (1920) Бұхараны басып алды. Мирғалым хан орталықтан Шығыс Бұхараға, одан əрі Ауғанстанға қашты. Бұхарада республика жарияланды. 1920-жылғы көтеріліс нəтижесі түбегейлі өзгерістерге жол ашты. Бұл оқиға Бұхара жастарына жəне көшіп кеткендерге кері қайтуға, орта ғасыр негіздеріне сүйенген жəне уақыты өткен басқару тəсілін өзгертуге, Бұхараның бір мың жылдық тарихында жаңа бір парақ ашуға мүмкіндік берді.

Палестина мəселесі(Арабшадан аударылды)

Біраз уақыт бұрын Швецияның Базел қаласында «Палестина мəселесін» қарастыру үшін дүниежүзілік Яһудей сионистері ұлтшылдары конгресі болып өтті. Палестина мəселесі, əсіресе 1929-жылы арабтар мен яһудейлер (еврей) арасында болған қанды қақтығыстан кейін «Уалтер Шау» (Walter Shaw) басшылығы жіберген ағылшын үкіметінің сарапшы тобының осы қанды қақтығыстың себептері жайлы шығарған қорытындысынан соң күрделене бастады. Осы комиссия қорытындысы «Отқа май құйғандай» қылып яһудей наразылығын толықтай өршітіп жіберді.

«Палестина мəселесінің» шығуы қысқаша айтқанда төмендегідей болды: Дүниежүзілік соғыс кезінде Түркияға қарсы соғысқан елдер, əсіресе Англия Түркияның билігінде болған араб мемлекеттерінің федерациялық тəуелсіз үкіметін құру жоспарын ортаға салды. Осы жоспарды назарда ұстап картаға қарасаңыз, Арабстан, Палестина, Сирия, Ирак сияқты өлкелерді қамтитын осы «Арабстан федерациясы» шекарасының Мысыр, Тораблус, Киренайха, Тунис, Мароккаға барып тірілгендігін көреміз. Соғыс жағдайында берілген осы «федерация» уəдесінің 4 миллион шаршы шақырым үлкендігінде жер алған 40 миллионнан астам тұрғыны бар «Үлкен Арабстан» іргетасын құрауы ықтимал болды. Осы «Үлкен Арабстанның» қашанда үлкен мемлекеттер, яғни Англия мен Францияның пайдасына қызмет ететін құрал ретінде болмау мəселесі де Еуропа саяси басшылары үшін күмəнді көрінді.

Уəде беріп, ойлап қалғандардың бақытына орай, бұл мұсылман араб шығысының дəл ортасында, Суеиш каналының жанында Палестина өлкесінің орналасқандығы. Палестина да араб отаны болып саналғанымен, яһудей сионистері бұл өлкені өздерінің «тарихи отаны» деп таниды (1). Сионистер «дүниежүзі иелерінің» назарын өздеріне аудара алмас еді. Бірақ «Үлкен Арабстан» мəселесінің қорқынышты

Page 389: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

389

жақтары көріне бастағалы бұл «сионистер» ең қолайлы, ең қажетті бір себепшісі болып шықты. Осы себептерге сүйеніп «Үлкен Арабстан» қозғалысының қауіпінің алдын алмақ болды.

1917 жылы ағылшын генералы Алленбай (General Allenby) Иеру-салимді басып алды. Сол жылдың 2 ноябрінде ағылшын өкілі Валфордың (Lord Balfour) «Яһудей ұлттық орталығын» (Foyer National juif) құру жайындағы баяндамасы жарияланды. Міне, «Палестина мəселесінің» басталуы осы кезге сəйкес келеді.

Бұл жерде назар аударарлық бірнеше көрсеткіштер келтірер болсақ:Дүние жүзілік соғысқа дейін Палестинада 57 мың яһудей бар болатын.

Жоғарыда айтылған Уалтер Шаудың басшылығындағы сарапшы комиссиясының мəліметтеріне қарағанда қазір ол жерде 162069 яһудей бар (2). Палестинаның барлық тұрғындары төмендегідей көрсетілген: Мұсылман тұрғындар 692195; яһудейлер 162069; христиандар 82506, басқалар 9221. Барлығы 945991 адам, яғни бір миллионға жақын.

Палестина өлкесінің аумағы 26330 шаршы шақырым.Біз жоғарыда яһудей тұрғындарының қалай тез өсіп жатқандығын

көрдік. Енді яһудей келімсектерінің өлкенің экономикалық жағдайына ықпалын көрейік.

Барлық Палестинаның егінге жарайтын жері 12/2 миллион айналым (3) (əр айналым гектардың оннан біріне тең) деп көрсетіледі. Соғыстан бұрын осы жерлердің 448 айналымы яһудейлерге тиесілі болатын. 1922-жылы яһудейлердің үлесі 649 мың айналым, 1927 жылы бір миллион екі мың айналым, 1929 жылы бір миллион екі жүз мың айналымға шығып кеткен.

«Палестина мəселесінің» күн өткен сайын күрделенуі үкіметтік осы арабтарға тиесілі жерлердің яһудей келімсектерінің қолына өтіп кеткендігі.

1929-жылы араб-яһудей оқиғасының себептерін зерттеу үшін жібе-рілген Ағылшын үкіметі комиссиясы былай дейді: 1) Яһудей келімсектері жергілікті егіншілердің иелігі мен тыныштығы үшін өте үлкен қауіп туғызып отыр. 2) болашақта яһудей келімсектері тек жергілікті араб тұрғындарының экономикалық тыныштығын бұзумен шектелмей, араб-тардың яһудей келімсектерінің қол астына өту қауіпі де бар. Осы комис-сия қбрытындысы нəтижесінде ағылшын үкіметі Палестинадағы яһудей келімсектерін азайту жəне арабтардың құқықтарын қорғау үшін алдын алу шараларын қарастыруға шешім шығарды. Міне, бұл шешім яһудей сионистерін ашуландырды. Дүниенің əр шетіндегі сионистер ағылшын жұмысшы үкіметінің «қиянаты» жайында қарсылық телеграммаларын жаңбырдай жаудырды. Яһудей байларының қыспағымен ағылшын үкіметі өз ұстанымын өзгертуге мəжбүр болды. Бірақ бұл да яһудейлерді қанағаттандырмады.

Page 390: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

390

Арабтардың да ағылшын үкіметіне разы болмағандығын айту мүм-кін болмаса да, ағылшын үкіметінің келімсектерді тоқтату жайындағы шешімі арабтарды уақытша аздап тыныштандырған еді.

Сионистердің Жапутинскийдің қоластындағы «Ревизионистік» деген сол қанаты барынша белсеніп орталық басқару комитетінің əрекеттерін қатты сынады. Тіпті оны ағылшын үкіметінің саясатына разы болу қиянаты деп айыптады. Осы «Ревизионисті сионистер» Палестинада «Яһудей ұлттық орталығын» құрумен шектелмеді. Олар Палестинада яһудей қауымы мен тəуелсіз яһудей мемлекетін құру мəселесін алға тартады.

Шындығында басқалары да осы саясатты ұстанады, бірақ олар өз саясаттарын айғайламай, жергілікті араб тұрғындарының наразылығын оятпастан іске асырмақ болады. «Ревизонистер» ағылшын үкіметінің ашықтан ашық тəуелсіз яһудей мемлекетін құру мəселесін алға тартуын талап етеді.

Базел конгресі қалың көпшіліктің басымдылығымен аяқталды. Ради-калдар (Ревизионисті) конгрестен шығып кетті. Олардың басшысы Жапутинский қарсылық белгісі болуы үшін мінбеге шығып өз мандатын жыртып тастады.

Бұл қарапайым көпшіліктің жеңісі Палестина мəселесінің арабтар-дың пайдасына сай шешілгендігін көрсетпейді. Ағылшын сияқты күшті бір мемлекеттің қамқорлығындағы аз халыққа «Ұлттық орталық» құруды, əрине, сол жердің нағыз иелерінің пайдасына сай деп ойлауға болмайтындығын ұмытпаған жөн. Палестинаның нағыз иелері, əрине, арабтар.

1) Арабтар бұл өлкені 634-636 жылдары алған болатын. Бұл Россия мемлекетінің құрылуынан 230 жыл бұрын деген сөз!

Басқарма.

1) Яһудейлер тарапынан 1930-1931-жылы шығарылған «Əл-манах» бойынша Палестинадаты яһудей келімсектердің саны -165 мың.

Басқарма.

1) Осының 7 миллион гектарына өнім егілуде.Басқарма.Иер усалим . 5. ІІІҮ

Бинали.

Page 391: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

391

Орыс диктаторлығы мерекесі біз үшін ұлттық қасірет күні

7 ноябрьде орыс Большевиктері өз биліктерінің 14 жылдығын мере-келеді. Бұл күннің біз, түркістандықтар үшін ұлттық қасірет күні екендігі жайлы басы артық сөздің қажеті жоқ.

Халқымызға зəрін шашқан қанды диктатураның өткен он үш жыл-дық дəуірін көз алдыңыздан өткерсеңіз, оның қандай қайғы қасірет əкел-генін айтып жатудың өзі қиын.

Орыс Большевиктері алғашында нелерді уəде етпеді!Олар халықтардың өзін-өзі билеу құқықтарын, тіпті, Россиядан

бөлініп, тəуелсіз мемлекет құра алатындықтарын қабыл етті жəне оған уəде берді. Алайда, Түркістандағы билікті өз қолдарына алар-алмастан оларды Орталық өлке билігіне қатыстырғысы келмейтіндіктерін білдірді (III Түркістан кеңесі құрылтайының қарарларынан).

Орыс большевиктері патшалық заманда зорлықпен тартып алынып, орыс эмигранттарына үлестірілген жерлерімізді қайтарып беруге уəде еткен. Бірақ іс жүзінде өздері патшалық замандағыдан да көп эмигранттар əкеліп, жер-жердің бəріне толтырып тастады.

Олар дін мен ұлттық қүндылықтарға құрметпен қарап, мойындай-тындықтарын уəде еткен. Бірақ билік басына жайғасқаннан кейін «құ-дайсыздықты» шығарды. «Дін апиын» деп халықты діндарлық рухтан ажыратты, мешіттерді талқандады. Мешіт жəне бүкіл ұлттық құнды-лыққа қарсы істемеген жауыздықтары қалмады. Ұлттық саналған əрбір нəрсені шектеді.

Халықтардың бауырластығын тудыруды уəде еткенсіп ұлыстар ара-сында əлемде мысалы көрілмеген дұшпандықты дүниеге əкелді.

«Дүние жаннатын» құруды уəде етіп, нағыз жаһаннамды орнатты. Бұл тозақтың азабын тартушы қылмыстылар да біздің бейкүнə халқымыз.

Қызыл Москваның 14 жылдық диктатурасы Түркістанымызды жарты ғасырлық патшалық кезеңнен де қатты, мығым етіп Россияға ноқталады.

Біз патшалық Россияға қарсы күресіп жүріп, тағы сол Россияның қанды большевиктері шеңгеліне түсіп қалдық. Демек, оттан құтылып селге, қардан қашып, жаңбырға кездестік.

Москва большевиктерінің қанды диктатурасы 14 жылға қадам басты. Бұл қысқа ғана мерзім ішінде қанды орыс большевиктерінің залым-дығы мен хайуани іс-əрекеттері астында жоғалған түркістандықтардың саны бүкіл советтер одағы коммунистік партия мүшелерінен екі-үш мəрте артық.

Егер бұл зұлым Москва большевиктері тарапынан қырылған түр-кістандықтардың қанын бір арнаға толтыру мүмкін болса, Ленин өз

Page 392: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

392

мүсіні үстінен қарап, бейкүнə халық қанынан тойғанша сіміру үшін денесін июге де мəжбүр болмас еді.

Егерде Түркістандағы ауыр апатта ата-аналардың жанайқайы мен мұң-зарын топтайтын бір амал табылса, шүбəсіз, қанды «Кремльдің» (1) қалың қабырғалары қаусап, сарай ішіндегі комиссар мен чекистерді көмер еді.

Түркістандық ана, əйелдердің көз жасы, шүбəсіз, Сталин басында болған Москваның бүкіл қанқор комиссарларын тұншықтырарлық бір сел-топан құраған болар еді.

Бізді бұл қанды орыс диктатурасының тегеуірінен құтқаратын бір күш бар ма? Болса, ол қайда? Бізді не өршіл дауыспен сөйлеген сөздер, не басылым мақалалары құтқара алады. Біз үшін əр нəрседен бұрын бірінші ұлттық бірлігімізді сақтау, оны күшейту жəне ұлттық рухымызды қуаттандыру керек.

Оған қоса өзіміз сияқты Москва диктатурасына қарсы күресіп жатқан Кавказ халықтары, Украина, Еділ-Орал мен Қырым ұлттық күрескерлерімен бірлесіп шепті күшейту керек.

Бұл халықтармен шынайы бірлікке келіп, жалпы дұшпанға қарсы қуатты шеп жасай алсақ не оларға, не біздерге бостандықпен қауышу мүмкіндігі бар. Тек сол Кавказ, Украина, Еділ-Орал жəне Қырым Ұлттық күштерімен бірлесу əрекетіміз бізді бостандық шуағына шығара алатынын жұрттағы һəм шеттегі бүкіл түркістандықтардың айқын білулері керек.

Сондықтан қанды орыс большевизм диктатурасы мерекесі жəне біздің жалпы ұлттық қасірет күніміз себебімен «Жасасын Түркістан, Кавказ, Украина, Еділ-Орал жəне Қырым ұлттық күштерінің бірлескен шебі» деген ұранды бір қайтара пысықтап кетпекші боламыз.

(1) Кремль Совет үкіметінің Москвадағы ресми сарайы.

Совет мектептері жəне Түркістан жастары

Большевиктердің көп жұрттастарымызды алдаған жəне адастырған мəшһүр декларацияларының бір тармағы совет топырағанда жасайтын орыс емес ұлттардың дамуы мен зораюына қалағандарынша кең жол беру еді. Бұл ұранның да өзгелеріндей қағаз жүзінде ғана қалып қойғанына бүкіл түркістандықтар қанық болған. Ұлттық жəне діни мектептеріміз бен мұғалім оқушылардың бастарына əкелген апаттарды жазып ұғындыру мүмкін емес.

Большевиктер ұлттық аталған «жəдид» мектептерімізді жоғалтып, оның совет мектептерін құрды. Шет өкілдер, мысалы, Түркия мен Батыс

Page 393: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

393

Еуропа мемлекеттеріне барып оқушы жас түркістандықтар ағынын үлкен тоғанмен бітеп тастады. Əрине, ағысы қатты бұл арна енді мəжбүрлі совет оқу орындарына бұрыла бастады. Осы жағдай большевиктерді көп қайғыртқан сияқты. Олар түркістандықтардың білімінен, жалпы алғанда, совет мектептерінде тəлім алуын өз келешектері үшін қауіпті деп санайды. Мұны Түркістанда жүргізіліп жатқан оқу-ағарту саясаты ашық көрсетіп тұр. Мəселенің түп-төркінін түсіну үшін бүкіл Түркістанның мəдени мұқтажын өтеу ниетімен ашылған Ташкент оқу ордасы істеріне бір сəт көз жіберу жеткілікті (1). Бүкіл Түркістанды мəдениетке қарқ қылатыны айтылған сол Ташкент оқу ордасы өзінің он жылдық ғұмырында түркістандықтардан тек жалғыз маман ғана шығарған (Ғабдал Тəжінің 1928 жылы Самарқантта басылған «Мəдени құрылыс мəселелері» деген еңбектің 41-беті қаралсын).

Совет деректерінің берген мəліметіне қарағанда, 1928 жылы Ташкент оқу ордасының 3121 студентінен тек 131-і (3 пайызы) түркістандық еді. Бұл кемшіліктің себептері Түркістан оқу-ағарту жұмысшылары мен коммунистердің түсіндіруінше түркістандықтардың оқу ордаларына қабылданбағандығына емес, үкімет орындарының қамдау мəселелерінде шикілік көрсеткендігінде. Сонымен қатар түркістандықтардан студент қабылдауға келгенде оқу орындарының немқұрайлы көзқарас пен салқын қарым-қатынас танытқандығында. Бұл жағдайлардың бүгінде жойылмағандығы тағы да совет газеталарынан белгілі. «Қызыл Өзбекстан» газетасының осы сентябрь басында шыққан нұсқаларында жарияланған мағлұматтарға қарағанда, биыл Ташкент оқу орнына 1235 түркістандық студенттің қабылдануы керек еді. Алайда екі айға созылу кесірінен тек 113 қана студент алынған. Бұған да басты себеп газетаның жазғанына сенсек, үкімет басшылары мен мекемелердің бұл мəселеге шұғыл қарамағандығы. Кейбір түркістандықтардың бұған айтар қынжылыстары мен шағымдарында шəкірт қабылдау мерзімін ұзарту керек десе де мұнан еш нəтиже шықпайтыны анық. Шынымен де совет үкіметі түркістандықтарды жоғары білім жұрттарына тарту мəселесіне маңыз берген болса, мекеме басындағылар бұған аз ғана көңіл бөліп, еш болмағанда, мақта саясатын жүргізудегі көрсетілген жігер-күштің жүзден бірін уəлаяттардан Ташкентке келіп оқу орнына қабылданбақшы болған шəкірттерге сарп еткен болар еді...

Осы себептен Ташкент оқу орнының ашылу тарихы хақында да бірнеше сөз айтып өту артық болмаса керек. Бұл оқу орнының ашылу тарихы расымен де Россия тарихының ашынышты хəлінен дерек береді. Орыс төңкерісі мен ішкі тартыстар салдарынан ішкі Россияны жайлаған аштық бүкіл дүниежүзінде есте қаларлықтай оқиға. Ішкі Россия халқы сол аты шулы аштық кезінде «тоқ қала» (2) атанған Ташкентке қарай сел тəрізді аға бастаған еді. Осы аштық жылдары ішкі Россиядағы

Page 394: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

394

мектеп, мұғалім жəне медреселердің басынан өткерген қиындықтары бəрімізге мəлім. Сол тұста Россиядағы мектеп-медреселерге Еуропа һəм Америкадағы түрлі қоғамдар жағынан жіберілген азық-түліктерден тыс қалған бақытсыз білім ошақтарының бірі Саратов оқу ордасы болатын. Міне, осындай бір қиын-қыстау жағдайда қалған Саратов оқу ордасы медреселері, қызметкерлері мен студенттері барлық мекеме-институт керек жарақтарын жиыстырып, топталып Түркістанға жөнеп берген, сондай-ақ Түркістан оқу-ағарту комиссарлығы жəрдемімен Ташкентте орналасқан еді. Алпыс жылдан астам Россия билігі шылауында болған Түркістанда бір орыс оқу ордасының ашылуы ақиқатында Россия басына төнген лажсыздықтан болса да, орыстар Түркістанның мəдени сұранысын қанағаттандыру үшін Ташкентке бір оқу орнын сыйлағандықтарын мақтанып даурыққанынан баршамызды керең ете жаздады. Алайда, халқымыз бен жұртымыздың мəдени сұранысына қызмет етуді өз мойнына алған бұл оқу ордасы өзінің алғашқы сəтінен-ақ жас түркістандықтарға жау көзбен қарай бастады. Əрине, бұл жағдай оқу-ағарту комиссарлығындағы Түркістандық ағарту қызметкерлері мен жас түркістандықтарға теріс əсерін қалдырды. Оқу орнының тұрғылықты халыққа танытып жатқан бұл нашар көзқарастарына қарап жасалған шағымдар мен наразылықтар барлығы нəтижесіз қалуда еді. Түркістан жастары тарапынан ұсыныстар айтыла бастады. Кейбір ағарту қызметкерлеріміз бен жас күштер орыс жастарымен толтырылған Ташкент оқу ордасына жұмсалатын қаржыға батыс Еуропада 500-550 Түркістан студентін дайындау мүмкіндігі барлығы хақында пікірлер мен нақты ұсыныстар айтты. Ақиқатында да «көмекшілердің» сондағы ұсыныстары қабылданып, іске асса, бүгін Батыс Еуропада жоғары мектептерді бітірген түркістандықтардың саны бірнеше жүзден асып жəне Түркістан халқының қаржысы Түркістан мүддесіне жұмсалған болар еді.

Қалай болғанда да жоғары білім ошағы саналған Ташкент оқу орда-сы түркістандықтарға қарсы дұшпандығы ешбір түркістандықтың сабы-рына сыймайтын дəрежеде əшкереленіп, көбінше төзім шекарасынан да шығып кетті. Оқу орны жанындағы медицина қоғамының баспасөз органы болған «Медициналық пікір» деген журнал.

«Түркістан балаларының ақыл қабілет жағынан орыс балаларына қарағанда 2-5 дəреже төмен болғандарын» аударма арқылы жасалған бір «психологиялық сынаумен» дəлелдеуге ұрынып көрді...

Біз ұзақ уақыт отаршылдықпен жүрген еуропалықтардың отар халықтарға, анығы, қарсы өткен ғасырдың орталарына дейін қандай нақұрыс теориялар тасып жүргендерін тарих кітаптарынан білеміз. Көптен ұмытылып, тарихқа сіңіп кеткен негізсіз жəне іске алғыссыз теориялардың орыс пролетары үкімет бойтұмары болған бүгінгі совет өлкесінде ғана аталар себебін де жақсы түсінеміз.

Page 395: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

Бір халықтың қабілетсіздігін дəлелдеуге ұрыну сынды көптен тарихқа сіңіріп кеткен орта ғасыр менталитеті жəне осы саладағы «ғылыми тексерістер» бүгін тек совет мемлекетінде əрі бүкіл тармағында таратпақшы болғандығы айтылған совет менталитетінде ғана бой көрсетуде.

Совет үкіметі біз, түркістандықтарды ұлттық оқу ошақтарынан мақұрым етумен шектелмеді. Ол біздің Батыс Еуропа мен Түркияға болған білім іздеушілер ағынын да тойтарып тастады. Тіпті, мұны да азсынып, қазірге жəне болашағына өте қауіпті деп білетін біз, түркістандықтарды өзінің совет мектептеріне кіруімізге де көп тосқауыл жасауда.

(1) Ташкентте екі түрлі оқу ордасы бар. Бірі: «Орта Азия мемлекет оқу ордасы». Бұлардан алғашқысын совет баспасөзінде «SAGU» (орысша Орта Азия мемлекет оқу ордасы сөздерінің бас əріптерінен құралған). Екіншісі: «SAКU» (бұл да солай Орта Азия коммунист оқу ордасы сөздерінің бас əріптерінен қысқартылып алынған) деп айтады. Бұл мақаладағы Ташкент оқу ордасы Ташкенттегі «Орта Азия мемлекет оқу ордасы».

(2) Осы аттас орысша «Ташкент город хлебный» деген орыс əдебиетшілерінен Александр Неверовтың да бір туындысы бар еді. Бұл шығарма алманшаға да аударылған болатын.

Жас Түркістандық

Page 396: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз ......................................................................................................... 3

«Түркістан уалаятының газеті» .................................................................... 7«Дала уалаятының газеті» ........................................................................... 18 «Айқап» журналы ....................................................................................... 32«Қазақ» газеті ............................................................................................... 87«Сарыарқа» газеті ...................................................................................... 144«Ақ жол» газеті .......................................................................................... 213«Шолпан» журналы ................................................................................... 260«Сана» журналы ......................................................................................... 326«Таң» журналы ........................................................................................... 335«Жас Түркістан» журналы ........................................................................ 344

Page 397: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

АЛАШ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ КӨПТОМДЫҒЫНЫҢ

ІІІ-ТОМЫ

Ғылыми жоба жетекшісі жəне жалпы редакциясын басқарған:

Қайрат Сақ – ф.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры

Құрастырушылар:Алтынтас Дəулетқызы – жобаның ғылыми қызметкері. Эльмира Ерікқызы – жобаның ғылыми қызметкері

Page 398: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

Редакторы МАУЫТОВ Н.К.Корректоры ƏЛМҰХАМЕТОВА М.Қ.

Тех. редакторы АҚЫЛОВ С.Т.

«Қазақ энциклопедиясының» Бас директоры ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі,

филология ғылымдарының докторы, профессорБ.Ө.ЖАҚЫП

Қайрат САҚ

АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ: ДІН МƏСЕЛЕСІ

КӨПТОМДЫҚ

ІІІ том

Page 399: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының

Басуға 19.11.2014 ж. қол қойылды. Пішімі 60х90 1/16. Офсеттік баспа. Шартты б.т. 25,0.

Таралымы 2000+300 дана. Тапсырыс №

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС

050035, Алматы қаласы, 8-ықшамаудан, 19a-үй.

Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды.

050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.

Page 400: АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7182.pdf · 2016-10-03 · Ғылыми жоба жетекшісі ... орны туралы Алаш зиялыларының