15
ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК «Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайдың дамуына гомоцистеиннің әсері» тақырыбындағы диссертациялық жұмыстың АННОТАЦИЯСЫ Тусупкалиев А.Б., м.ғ.к., доцент, М.Оспанов атындағы БҚММУ №2 акушерия және гинекология кафедрасының жетекшісі Бермагамбетова С.К., м.ғ.к., доцент, М.Оспанов атындағы БҚММУ ЖОО-нан кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі. R.Aniuliene, PhD, акушерия және гинекология кафедрасының профессоры, Литвалық денсаулық ғылымдары университеті, Каунас, Литва. Орындау мерзімі: 2015-2018жж. Ақтөбе, 2019 ж.

ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

  • Upload
    others

  • View
    11

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

«Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайдың дамуына гомоцистеиннің

әсері» тақырыбындағы диссертациялық жұмыстың

АННОТАЦИЯСЫ

Тусупкалиев А.Б., м.ғ.к., доцент, М.Оспанов атындағы БҚММУ №2

акушерия және гинекология кафедрасының жетекшісі

Бермагамбетова С.К., м.ғ.к., доцент, М.Оспанов атындағы БҚММУ ЖОО-нан

кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі.

R.Aniuliene, PhD, акушерия және гинекология кафедрасының профессоры,

Литвалық денсаулық ғылымдары университеті, Каунас, Литва.

Орындау мерзімі: 2015-2018жж.

Ақтөбе, 2019 ж.

Page 2: ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

2

6D110100«Медицина» мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

дәрежесін алуға ұсынылған «Жүктілік кезіндегі гипертензивті

жағдайдың дамуына гомоцистеиннің әсері» тақырыбындағы Гайдай

Андрей Николаевичтің диссертациялық жұмысының

АННОТАЦИЯСЫ

Өзектілігі: ана мен нәрестенің ұзақ мүгедектігіне және летальды

ақырына әкелетін, қауіпті ауруларды тудыратын басты себептердің бірі,

жүктілік кезіндегі гипертензиялық бұзылыстар болып табылады. Шамамен

жүктіліктердің 9% гипертензиялық жағдайлармен асқынады (Report of the

National High Blood Pressure Education Program Working Group on High Blood

Pressure in Pregnancy, 2000), ал ана өлімі себептері арасында оның кездесу

жиілігі 18% құрайды, ол дүние жүзі бойынша жылына 62000-77000 өлімді

құрайды (Abalos E et al, 2014). Жүктілік кезінде гипертензиялық жағдайда

болған әр жиырмасыншы әйел бауыр мен бүйрек қызметінің ұзақ және ауыр

бұзылысымен, созылмалы артериалды гипертензиямен, орталық жүйке

жүйесі жұмысының бұзылысымен зардап шегеді (Payne B et al, 2013; Mol

BWJ et al, 2016).

Жүйелік шолулар жүктілік кезіндегі гипертензия түсінігін систолалық

артериальды қысым (САҚ) ≥140 мм.с.б.б. және/ немесе диастолалық

артериальды қысым (ДАҚ) ≥90 мм. с.б.б.түрінде көрсетеді (Redman CWG et

al, 2010; Tranquilli AL et al, 2014)

Жүктілік кезінде гипертензиялық жағдайлардың дамуының негізгі

клиникалық қауіп факторына келесі көрсеткіштер жатады: жүкті әйелдің 40

жастан асқан жасы (Saftlas A et al,1990; Catov JM et al, 2007; Zhang J et al,

1996; Jim B, 2017), қант диабеті (Brown MA et al, 2001; Catov JM et al, 2007;

Sibai BM et al, 1995; Garner PR et al, 1990; Jim B et al, 2017), жүктіліктің

бірінші триместрінде дене салмағы индексі көрсеткішінің (ДСИ) 30 кг/м2

жоғары болуы (Catov JM et al, 2007; Canto-Cetina T et al, 2018; Macdonald-

Wallis C et al, 2013; Mostello D et al, 2008; Jim B et al, 2017), отбасы

анамнезіндегі преэклампсия (ПЭ) (Ness R et al, 2003; Skjaerven R et al, 2005;

Jim B et al, 2017; Duckitt K et al, 2005), созылмалы артериалды гипертензия

(Zetterstrom K et al, 2005; Bellamy L et al, 2007; Krotz S et al, 2002; Lisonkova S

et al, 2014), көпұрықты жүктілік (Duckitt K et al, 2005; Krotz S et al, 2002;

Lisonkova S et al, 2014), аутоиммунды аурулар (Lisonkova S et al, 2014;

Clowse MЕ et al, 2008), жүрек-қантамыр жүйесі (ЖҚЖ) және бүйректің

созылмалы аурулары (Duckitt K et al, 2005; Lisonkova S et al, 2014; Veerbeek

JH et al, 2015).

Кейбір заманауи зерттеулер жүктілік кезіндегі гипертензиялық

жағдайларды плацентарлы өсу факторы (PLFG) (Tan MY et al, 2018; Genoux

A et al, 2018; Yusuf AM et al, 2018) жүктілікпен ұштасқан сарысулық

протеин-А (РАРР-А) (Charkiewicza K et al, 2018; Myatt L et al, 2013) қантамыр

эндотелиінің өсу факторы (VEGF) (Tan MY et al, 2018; Genoux A et al, 2018;

Page 3: ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

3

Yusuf AM et al, 2018), интерлейкин-6 (IL-6) (Charkiewicza K et al, 2018),

ерігіш фмс-тәрізді тирозинкиназа-1(sFlt-1) (Genoux A et al, 2018; Yusuf AM et

al, 2018), азот тотығы (NO), азот-синтаза (NO-синтазы), гомоцистеин (ГЦ)

және эндотелин (Tussupkauyev AB et al, 2016; Acilmis YG et al, 2013; Bukan N

et al, 2011; Laskowska M et al, 2012) көрсеткіштері негізінде болжау

мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ соңғы жүйелік шолулардың нәтижесі (Cerdeira

AS, 2017) көрсеткендей, жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлардың

көрсетілген маркерлерін тексерген зерттеулер мәліметтердің бірегей

еместігін және қажетті ақпараттардың жеткіліксіздігін көрсетеді, бұл

клиникалық тәжірибеге енгізуді ұсынуға мүмкіндік бермейді.

Жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайларды, сонымен қатар

эндотелиальды дисфункциямен біріккен асқынуларды заманауи анықтау

принциптері, аталған асқынудың клиникалық пайда болу кезінде даму фактін

анықтайды, ал бұл жағдайларды ерте анықтаудың заманауи әдістері

азақпаратты немесе үлкен экономикалық шығынды талап етеді.

Зерттеу мақсаты.

Жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайға, сонымен қатар

эндотелиальды дисфункциямен біріккен асқынулардың дамуына ГЦ әсерін

бағалау.

Зерттеу міндеттері:

1) жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлардың жиілігін анықтау.

2) жүкті әйелдерде жүктіліктің үш триместріндегі ГЦ деңгейі мен оның

өзгеруін анықтау;

3) гипертензиялық асқынуы бар және гипертензиялық асқынуы жоқ

жүкті әйелдерде ГЦ деңгейін анықтау және салыстыру;

4) ГЦ деңгейі мен гипертензиялық жағдай ауырлығы арасындағы

байланысты анықтау;

5) гипертензиялық жағдайлардың ерте диагностикасы үшін

гомоцистеиннің болжам деңгейлерін анықтау;

6) эндотелиальды дисфункциямен біріккен жүктіліктің асқынуының

ГЦ деңгейімен байланысын анықтау және оның болжам деңгейін анықтау.

Зерттеу нысаналары Ақтөбе облысы аумағында тұратын, бір ұрықты

жүктілікпен, 18-40 жас аралығындағы, ДСИ 30-дан төмен, қант диабеті,

аутоиммунды аурулары, созылмалы бүйрек аурулары, созылмалы

компенсирленбеген ішкі ағзалардың аурулары, ісіктік аурулар, ішкі және

жыныс мүшелері ақаулары, ИЦЖ жоқ; темекі шекпейтін және ішімдік пен

наркотикалық заттар қолданбайтын, сондай-ақ анамнезінде созылмалы

артериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде гипертензиялық

жағдай болмаған жүкті әйелдер, сонымен қатар зерттеудегі аналардан

туылған балалар болып табылады.

Зерттеу тақырыбы жүктіліктің үш триместріндегі ГЗ деңгейінің

зертханалық көрсеткіштері мен гипертензиялық жағдайлардың, жүктіліктің

бірінші жартысында үзілуі, ұрықтың құрсақішілік дамуының кідірісі,

Page 4: ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

4

мерзімінен бұрын босанудың, ҚОПУБА, ұрықтың антенатальды өлімі,

суаздық клиникалық көріністері мен жаңа туған нәрестелер жағдайының

клиникалық сипаттамасы болып табылады.

Диссертация тақырыбының теориялық және тәжірибелік маңызы:

1. Жүктілік кезінде гипертензиялық жағдайлардың белгілі бір жиілігі

Қазақстан Республикасы бойынша деректерге үлес қосады.

2. ГЦ-нің белгілі бір деңгейі оның жүкті әйелдер сарысуындағы сандық

құрамын көрсетеді, бұл Қазақстан Республикасы бойынша деректерге үлес

қосады.

3. Жүктіліктің үш триместріндегі ГЦ талдауы жүктілік мерзіміне

сәйкес оның сандық өзгерістерін түсінуге көмектеседі.

4. Жүктілік кезінде гипертензиялық жағдайлар мен ГЦ арасындағы

белгілі бір байланыс гипертензиялық жағдайлар кезіндегі эндотелиалды

дисфункцияның патогенетикалық аспектілерін түсінуге теориялық үлес

қосады, сонымен қатар гипертензиялық жағдайларды ерте анықтау әдістерін

әзірлеуге мүмкіндік береді.

5. ГЦ деңгейі мен гипертензиялық жағдайлар арасындағы анықталған

өзара байланыс гипертензиялық жағдайдың ауырлығын анықтау

критерийлерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

6. Алынған зерттеу нәтижелері ГЦ мен жүктілердегі басқа да жүктілік

асқынулары және ерте неонатальды кезеңдегі асқынулар арасындағы

байланысты анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы:

1. Алғаш рет Қазақстан Республикасының әйелдері үшін жүктіліктің

үш триместрінде ГЦ деңгейлері зерттелді және үш триместрге арналған

қалыпты орташа мәні табылды.

2. Алғаш рет жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлар үшін ГЦ

болжамды маңызды көрсеткіштері анықталды және ГЦ деңгейі негізінде

жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлардың ауырлығын анықтау

әдістері әзірленді.

3. Алғаш рет ГЦ жоғары деңгейінің эндотелиалды дисфункциямен

біріккен жүктілік асқынуларының дамуына әсері бағаланды.

Қорғауға ұсынылатын диссертациялық зерттеудің негізгі

ережелері:

- жүктілік кезінде гипертензиялық жағдайлардың жиілігі 11,6%

құрайды, оның ішінде гестациялық артериялық гипертензия 4,1%, жеңіл

преэклампсия 3,14%, ауыр преэклампсия 4,5%, эклампсия 0,6%;

- жүктілік кезінде бірінші триместрде ГЦ орташа деңгейі 9,62

мкмоль/л, екінші триместрде 8,52 мкмоль/л, үшінші триместрде 7,19

мкмоль/л құрайды.;

- жүктілік кезінде ГЦ деңгейі жүктіліктің бірінші триместрінен үшінші

триместріне дейінгі кезеңде 25,2% төмендей отырып, өзінің орташа мәнін

өзгертеді;

Page 5: ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

5

- гипертензиялық жағдайы бар жүкті әйелдерде жүктіліктің бірінші

триместріндегі ГЦ деңгейі гипертензиялық жағдайы жоқ жүкті әйелдерге

қарағанда 1,9 есе жоғары. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде ГЗ

деңгейі гипертензивті жағдайлары бар жүкті әйелдерде сәйкесінше 2,4 есе

және 4 есе жоғары;

- БАҚ, ДАД және протеинурия деңгейлері жүктіліктің үшінші

триместрінде ғана ГЦ деңгейімен әлсіз оң корреляциялық байланысы бар.

Жүктіліктің екінші триместріндегі гомоцистеин деңгейі 12,56 мкмоль/л

жоғары болса ауыр преэклампсияның белгісін, ал гомоцистеин деңгейі 24,87

мкмоль/л жоғары болса эклампсияның дамуын болжайды. Жүктіліктің

үшінші триместрінде гомоцистеин деңгейі 15,4 мкмоль/л жоғары болса ауыр

преэклампсияның сенімді белгісі болып табылады, ал гомоцистеин деңгейі

23,59 мкмоль/л жоғары болған жағдайда эклампсияның дамуын болжайды;

- Жүктіліктің гипертензиялық жағдайымен жүктілерде, жүктілік

мерзімінің ұлғаюымен ГЗ деңгейі төмендейтін қалыпты жүкті әйелдерге

қарағанда, ГЦ деңгейі жүктіліктің үш триместрінде өз көрсеткіштерін

өзгертпейді;

- гипертензиялық жағдайлар үшін жүктіліктің бірінші триместрінде

анықталған ГЦ болжамды деңгейі 9,55 мкмоль/л құрайды және

салыстырмалы қауіп 8,3 есе артады, сонымен қатар жеңіл преэклампсия үшін

10,58 мкмоль/л дейін, ал қауіптің 4,8 есе өсуімен, ал ауыр преэклампсия

үшін 11,93 мкмоль/л, асқынудың даму қаупі 14,9 есе жоғарылайды.;

- жүктіліктің өздігінен үзілуі кезінде ГЦ деңгейі сақталған жүктілікпен

салыстырғанда 35,5% жоғары, сонымен бірге диагностикалық маңызды

деңгей 11,06 мкмоль/л құрайды, бұл жерде салыстырмалы асқынудың даму

қаупі 8,14 есе жоғарылаған. Жүктіліктің үшінші триместрінде ГЦ 11,39

мкмоль/л деңгейі ҚҰДК анықтаудың қосымша әдісі ретінде пайдаланылуы

мүмкін;

- Жүктіліктің үш триместрінде анықталған ГЦ ҚОПУБА, мерзімінен

бұрын босану, суаздық, суегіздік және ұрықтың антенатальды өлімі үшін

болжамды және диагностикалық құндылығы жоқ.

Жұмыс апробациясы. Диссертацияның негізгі ережелері Марат

Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің

педиатриялық пәндер бойынша ғылыми мәселелер комиссиясының

отырысында баяндалды.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері ғылыми-тәжірибелік

конференцияларда баяндалды:

1) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай

"Балалар денсаулығын және репродуктивті денсаулықты қорғаудың

инновациялық технологиялары" Халықаралық ғылыми-тәжірибелік

конференциясы (Ақтөбе, 2016 - 9 қыркүйек);

2) Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина

университетінің 60 жылдығына орай "Медициналық білім және ғылымдағы

Page 6: ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

6

интеграция, әріптестік, инновациялар" халықаралық ғылыми- тәжірибелік

конференциясы (Ақтөбе, 2016 - 5-6 қазан);

3) "Ұлт денсаулығы – XXI ғасыр" XX Халықаралық ғылыми

конференциясы (Пермь, 1-7 мамыр 2016);

4) "XXI ғасырдағы студенттік медициналық ғылым" студенттер мен

жас ғалымдардың ХVIII халықаралық конференциясы (Витебск, 2018 - 14-15

қараша).

Басылымдар туралы мәліметтер.

Диссертация тақырыбы бойынша 7 ғылыми жұмыс жарияланды, оның

ішінде 3 жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда, 1

жұмыс Ресей Ғылым академиясының Бүкілресейлік ғылыми және

техникалық ақпарат Институтында индекстелетін журналда, 1 жұмыс Web of

Science деректер базасында индекстелетін журналда жарық көріп, Қазақстан

Республикасы Әділет министрлігінің 1 инновациялық патенті, Еуразиялық

патенттік ведомствосының 1 өнертабыс патенті алынды.

Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Жұмыс ГОСТ 7.32-2017,

ГОСТ 7.12-93, ГОСТ 15.101-98, ГОСТ 8.417-2002 сәйкес компьютерлік

мәтіннің 99 бетінде ұсынылған. Диссертация кіріспеден, әдебиеттерді

аналитикалық шолудан, зерттеу материалдары мен зерттеу әдістерінен,

зерттеулер нәтижелерінен, қорытынды, тұжырымдар мен тәжірибелік

ұсыныстардан тұрады.

Мәтін 23 кесте және 43 суретпен әшекейленген. Қолданылған

әдебиеттер тізімінде 190 дерек көзі бар, олардың 9-ы орыс тілінде және 181-і

ағылшын тілінде.

Жұмыс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

қаржыландыратын мемлекеттік тіркеу нөмірі 0107РК00477, «Репродуктивті

денсаулықты қорғаудың жаңа технологияларын құрастыру және ғылыми

негіздеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының «Жүктілік кезіндегі

гипертензивті жағдайлардың патогенезінің тромбоцитарлы-эндотелиальды

дисфункция» фрагменті аясында орындалды. Мүдделер қақтығысы жоқ.

Зерттеу материалдары мен әдістері:

Зерттеу дизайны ашық бірорталықты проспективті когортты

зерттеумен ұсынылады. Зерттелушілер рандомизациясы кездейсоқ сандарды

генерациялау арқылы қарапайым кездейсоқ таңдау әдісімен жүзеге

асырылды.

Кірістіру критерийлері: зерттеуге қатысуға ақпараттандырылған

келісім; жасы 18-ден 40 жасқа дейін болуы; бірұрықты жүктілік; 14 аптаға

дейінгі жүктілік мерзімі.

Шығару критерийлері: зерттеуге қатысудан бас тартуы; көпұрықты

жүктілік; жасының 18 жасқа дейінгі және 40 жастан асқан болуы; қант

диабеті; созылмалы артериалды гипертензия немесе анамнезінде

преэклампсия болуы; дене салмағы индексі (ДСИ) 30-дан жоғары;

Page 7: ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

7

аутоиммунды аурулардың болуы; созылмалы бүйрек аурулары; ішкі

мүшелердің созылмалы компенсирленбеген аурулары; ісіктік аурулар; ішкі

және жыныстық мүшелердің ақаулары; ИЦЖ; шылым шегу; алкоголь немесе

есірткі қолдану.

Жүктіліктің келесі асқынулары бақылауға алынды: гипертензивті

жағдайлар: гестациялық артериялық гипертензия, преэклампсия, эклампсия,

HELLP-синдромы; өздігінен жүктіліктің үзілуі: жүктіліктің 22-апталық

мерзіміне дейін өздігінен толық немесе толық емес түсігі – жүктіліктің 22

аптаға дейін өздігінен үзілуі (эмбрион/ұрықтың толық немесе толық емес

экспульсиясы) және аяқталмаған түсік (дамымаған жүктілік) -

эмбрион/ұрықтың дамуының тоқтауы; ұрықтың құрсақішілік дамуының

кідірісі; мерзімінен бұрын босану; қалыпты орналасқан плацентаның

мерзімінен бұрын ажырауы; суаздық/суегіздік; ұрықтың құрсақішілік өлімі;

нәресте жағынан асқынулар: жансақтау және қарқынды емдеу бөліміне

аудару, ауыр неонатальды асфиксия, туылған кезінде гестациялық жасы үшін

аз салмақ.

Зерттеуде келесі әдістер қолданылды:

1) Сауалнама. Өмір анамнезін нақтылау: тұқымқуалаушылық, басынан

өткізген жедел аурулар, созылмалы аурулардың болуы, репродуктивті

қызметі - менархе, етеккірдің ұзақтығы мен тұрақтылығы, жыныстық өмірдің

басталуы, гинекологиялық аурулардың болуы немесе бастан кешіруі,

жүктіліктің өздігінен үзілуі, жасанды түсіктер, босану саны, алдыңғы

жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңнің ағымы.

Шағымдарды нақтылау: қатты бас ауыруы, көздің қарауытуы түрінде

көрудің нашарлауы, эпигастрий аймағындағы және/немесе оң жақ қабырға

астындағы ауырсыну, жатыр аймағында ауырсыну, жүрек айну, құсу, жыныс

жолдарынан қан кету, диурездің азаюы, іштің төменгі жағында немесе бел

аймағында толғақтәрізді, кезеңді немесе тұрақты ауырсынудың болуы.

Физикалық тексеру: бой ұзындығы (см) және дене салмағын (кг)

өлшеу, Кетле формуласына сәйкес ДСИ: салмақ (кг)/бой (м)2, жүктіліктің 14

аптасына дейін бір рет өткізілген; CAҚ және ДАҚ стандартты әдіспен

өлшенді, сфигмоманометрмен, мм.с.б.бойынша, отырған кезде немесе

жартылай отырған қалпында, әйел демалғаннан кейін кемінде 5 минуттан

кейін жүргізілді. Артериялық қан қысымын өлшеу жүктіліктің 14 аптасына

дейін,14- 20 аптада, 20-24 аптада, 24-30 аптада, 34-38 аптада, 40-42 аптада

жүргізілді; ісінуді бағалау - сүйекке басу арқылы жұмсақ тіннің ісінуін

саусақпен бағалау немесе Ісінуді бақылау зерттеушінің өзімен 14 аптада, 14-

20 апта, 20-24 апта, 24-30 апта, 34-38 апта, 40-42 апта аралығында немесе

зерттелушімен өзін-өзі бақылау арқылы жүзеге асырылды; ЖТБ өлшеу -

өлшеуіш сантиметрлі таспамен (см) жүргізіледі және 20 аптадан бастап әрбір

клиникалық тексеру барысында гравиограммаға тіркелді. Гравидограмманың

10 перцентилден төмен болуы немесе 4 апта ішінде ЖТБ өсу динамикасының

болмауы клиникалық маңызды болды; жүктілік мерзімі (апта + күндер)

Page 8: ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

8

соңғы етеккір күні бойынша анықталды: соңғы етеккірдің алғашқы күнінен

үш ай алынып, 7 күн қосылды. Алынған нәтиже жүктіліктің 40-аптасына

сәйкес келді. Ұрықтың ультрадыбыстық зерттеуі (фетометрия) бойынша:

жүктіліктің алғашқы триместрінде ҚТӨ (КТР) анықталды, жүктіліктің екінші

триместрінде БПӨ, ІА, сан сүйегінің ұзындығы өлшенді; толғақты бағалау:

тұрақты босану қызметінің критерийлері ұзақтығы 20 секундтан артық 10

минуттағы 2 немесе 20 минут ішіндегі 4 толғақ болды; жатыр мойнының

құрылымдық өзгерістерін қынаптық тексеру арқылы бағалау, босану

басталуының критерийі жатыр мойынының тегістелуі және ашылуы болды;

туылған кезде нәрестені бағалау: туылғаннан кейін 1- және 5-минутта Апгар

шкаласы бойынша бағалау жүргізілді; жаңа туған нәрестенің

антропометриясы: нәрестенің салмағы (г), дене ұзындығы (см).

Зертханалық және инструменталдық зерттеу әдістері: протеинурия

деңгейі г/л (литрдегі грамм) өлшемінде Uriscan Optima (YD Diagnostics,

Оңтүстік Корея) анализаторында жүргізілді. Клиникалық маңызды

протеинурия 0,3 г/л немесе 0,3 г/л тәулігіне деп есептелді. Протеинурия

деңгейін бақылау 10-14 аптада, 14-20 аптада, 20-24 аптада, 24-30 аптада, 34-

38 аптада, 40-42 аптада жүргізілді; AЛT және AСT анықтау: AЛT және AСT

сандық анықтау (ХБ / l) AЛT және AСT реактивтерімен (Randox Reagents,

Ұлыбритания) RX Imola автоматты биохимиялық анализаторында (Randox

Reagents, Ұлыбритания) орындалды. 70 ХБ/л жоғары көрсеткіштер ауыр

преэклампсия және/немесе HELLP-синдромын анықтау үшін клиникалық

маңызды деп саналды. AЛT және AСT деңгейлері артериялық

гипертензияның клиникалық көрінісі кезінде ауыр преэклампсия

және/немесе HELLP-синдромының диагностикасы /дифференциалды

диагностикасы үшін анықталды; тромбоциттер деңгейін анықтау: шеткі

қанда тромбоциттер деңгейін сандық талдау x109/л өлшем бірлікте 5 DIFF

MEK-7222 (NihonKoden, Жапония) автоматты анализаторында жүргізілді.

Тромбоцит деңгейі <100x109/л болатын көрсеткіші ауыр преэклампсия

немесе HELLP-синдромын анықтау үшін клиникалық маңызды деп саналды.

Тромбоциттер деңгейі гипертониялық жағдайдың басталуымен ауыр

преэклампсия және/немесе HELLP-синдромының

диагностикасы/дифференциалды диагностикасы үшін анықталды; ГЦ

деңгейін анықтау: қан түнгі ашығудан кейін, венепункция әдісімен және

AVATUBE активатор гельмен вакуумдық контейнеріне 5,0 мл үлгіні жинау

арқылы жүргізілді; зерттеу алдында 14 күнге дейін фолаттарды, құрамында

S-аденозил-L-метионин бар биоқосындылар, темекі шегу немесе алкогольді

шектеу; 24 сағат ішінде томат, ет тағамдары және ақуызға бай тағамдарға

тыйым салынды. Үлгілер центрифугаланды және қан үлгісінен қанның

формалы элементтерінің бөлінуі 30 минуттан кешіктірілмей жүргізілді. Қан

сарысуы -20°C температурада 8 аптадан артық сақталмайды. ГЦ деңгейін

анықтау мкмоль/л өлшем бірлігінде Dialab ELX808IU автоматтандырылған

анализаторында (Dialab, Австрия) Homocysteine EIA microtitre plate ELISA

Page 9: ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

9

(Axis-Shield Diagnostics Ltd, Ұлыбритания) моноклоналды антиденелер

реактивтерімен иммуноферментті талдау әдісімен жүзеге асырылды. Ұрықты

ультрадыбыстық зерттеу: 2,5/3,1 МГц орталық жиілікті диапазонымен C5-Z

конвексті датчигімен Mindray DC N6 құрылғысында трансабдоминальды

сканерлеу жүргізілді, фетометрия параметрлері анықталды: бипариетальды

өлшем, іш айналымы және сантиметрмен өлшенген сан сүйегінің ұзындығы

(см) және қағанақ суының индексі ҚСИ (см). Деректер ҚСИ және ұрық

фетометриясының кестелік мәндерімен салыстырылды. Ұрықтың

құрсақішілік дамуының кідіруін анықтаудың клиникалық маңызды

көрсеткіштері болып ұрық салмағының 10 перцентилден төмен және ҚСИ-

нің 5,0 см-ден төмен болуы суаздық (олигидрамнион) деп түсіндірілген, 20

см-ден жоғары суегіздік (полигидрамнион) ретінде қарастырылған.

Ультрадыбыстық зерттеу 10-14, 20-24, 30-34 аптада, сонымен қатар жүктілік

мерзіміне ұрықтың салмағының аз болуына күмән туғанда жүргізілді.

Статистикалық өңдеу. Таңдау көлемі Epilnfo (7.2.0.1 (СДС USA)

статистикалық өңдеу бағдарламасымен Sample sire Calculation әдісімен

есептелді, алынған мәліметтер негізгі әдебиеттік дерек көздерінен алынған

ГЦ жоғарғы деңгейі мен қалыпты ГЦ кездесу жиілігі параметрлері бойынша

бастапқы көрсеткіштер есебінен алынды, ол СИ 95% кезінде Statistica 12.0

(Stat soft Inc) бағдарламасымен Power Calculation-мен тексерілді. Сандық

мәліметтер үшін бөлу түрі Shapiz-Wilk тестімен анықталды. Қалыпты

бөлумен мәліметтер үшін стандартты ауытқумен орташа көрсеткіштер

анықталды, 95% сенімді интервалдар, қалыптыдан ерекшеленіп бөлінген

мәліметтер үшін 25 тен 75 аралығындағы интерквартилді тербеліспен

медиана шегі анықталды. Қалыпты бөлумен жұп тәуелсіз ауыспалылар үшін

статистикалық құндылығын бағалау үшін Student t-тестімен жүргізілді,

қалыпты емес мәліметтер үшін Mann-Whitney U-тестпен жүргізілді, бірнеше

топтардың тәуелді ауыспалылары үшін ANOVO тест жүргізілді. Сандық

ауыспалылардың қалыпты бөлумен байланысын бағалау Pearson сызықтық

корреляция әдісімен анықталды, қалыпты емес бөлумен Sperman рангты

корреляция әдісімен есептелді. Сапалық мәліметтер үшін % үлесі анықталды,

сенім интервалы Уилсон әдісімен, х2 критерийлері Йейтс түзетуімен, аз

топтар үшін екі жақты Fisher нақты тесті жүргізілді, салыстырмалы қауіп

(RR) анықталды.

Аурудың диагностикалық маңыздылығын және болжамын анықтау үшін

AUC есептеумен ROC-қиғашы құрылды, кесу деңгейлері (cut-off), Se

(сезімталдық) және Sp (арнайылық) анықталды.

Зерттеу нәтижелері.

Жүктілік кезіндегі гомоцистеин деңгейі. Зерттеуге 14 аптаға дейінгі

жүктілікпен 334 жүкті әйел қосылды. Барлық зерттелушілердің ГЦ орташа

деңгейі бірінші триместрде 9,62±6,55 (6,08-7,11) мкмоль/л, екінші триместрде

8,52±6,28 (5,83-6,81) мкмоль/л, үшінші триместрде 7,19±6,48 (6,01-7,03)

Page 10: ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

10

мкмоль/л құрайды. Жүктілік кезінде ГЦ деңгейі 25,2% төмендеуі анықталды,

көрсеткіштердің статистикалық сенімді айырмашылығы (p<0,05).

Жүктіліктің бірінші жартысында 4,8% (16) зерттеушілерде өздігінен

жүктіліктің үзілуі болуы, оның нәтижесінде нақты талдауға 318 зерттеуші

қатысты. Жүктіліктің үзілуі орташа есеппен жүктіліктің 14,3±3,28 аптасында

болды. Өздігінен түсік болған жүктілерде, ГЦ деңгейі 9,62±6,55 мкмоль/л

болған жүктілігі жалғасқан зерттелушілермен салыстырғанда, ГЦ деңгейі 1,5

есеге жоғары болды және 14,92±6,91 мкмоль/л құрады р < 0,05.

Гипертензиялық жағдайлар және жүктілік кезіндегі гомоцистеин

деңгейі. Зерттелушілер 2 топқа бөлінді: I топ – гипертензиялық

жағдайлармен жүктілер, n – 37, II топ – гипертензиялық жағдайлар жоқ

жүктілер, n – 281. Топтар салыстырылмалы болды және статистикалық жасы,

артериальды гипертензия бойынша отбасылық анамнезі, әлеуметтік статусы,

менархе жасы және етеккір қызметінің сипаты, созылмалы экстрагенитальды

және гинекологиялық аурулары, босану паритеті, түсік және өздігінен үзілген

жүктіліктер, ДСИ және босану мерзімі бойынша ерекшеленбеді р < 0,05. I

топтағы зерттелушілерде САҚ деңгейі II топпен салыстырғанда, жүктіліктің I

триместрінен гипертензиялық жағдайдың манифестациясына дейін жоғары

көрсеткіштерге ие болды. I топта жүктіліктің дамуымен САҚ деңгейінде

жоғарылауға тенденция болды және статистикалық ажыратылды (р < 0,05 ).

САҚ жоғары деңгейінің клиникалық көрінісі (>140 мм.с.б.б.) жиі жүктіліктің

34 аптасынан анықталды. Бұл жерде, жүктіліктің 30 аптасына дейін, САҚ

деңгейінің жүктіліктің бірінші және екінші триместрлерінде анықталған ГЦ-

мен корреляциялық байланысы болмады. (r<0,2). Дегенмен, 30 аптадан кейін

САҚ деңгейінің жүктіліктің үш триместрінде анықталған ГЦ деңгейімен

әлсіз оң мәнді корреляциясы болды. ДАҚ деңгейлері I және II топ

зерттелушілерінде жүктіліктің бірінші триместрінде статистикалық

ажыратылмады p>0,05, дегенмен жүктілік үдеген сайын I топта ДАҚ

деңгейінде жоғарылауға тенденция болып, ІІ топтан стистикалық

ажыратылды (p<0,05). ДАҚ жоғары (≥ 90 мм.с.б.) деңгейінің клиникалық

көріністері жиі жүктіліктің 34 аптасынан бастап анықталды. САҚ

деңгейіндей, жүктіліктің 30 аптасына дейін бірінші және екінші

триместрлерінде анықталған ГЦ-мен корреляциялық тәуелділігі болмады.

Жүктіліктің 30 аптасынан кейін ДАҚ деңгейі мен жүктіліктің үш

триместрінде анықталған ГЦ деңгейімен әлсіз оң мәнді корреляциялық

байланыс байқалды. Протеинурия деңгейі, тек жүктіліктің 24 аптасынан

бастап І топта, ІІ топпен салыстырғанда, жоғарырақ көрсеткіштер болды,

дегенмен аталған көрсеткіш жүктіліктің 34 аптасына дейін клиникалық

маңызды көрсеткіштерден төмен болып қала берді (<0,3 г/л). Жүктіліктің 30

аптасынан кейін ғана протеинурия деңгейі мен жүктіліктің үш триместрінде

анықталған ГЦ деңгейі арасында әлсіз оң мәнді корреляцияны анықтауға

болады.

Page 11: ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

11

Топтар жүктіліктің келесі асқынулары бойынша келесі статистикалық

салыстырмалы болды: зәр шығару және жыныс жолдары инфекциялары,

суаздық, мерзімінен бұрын босану p>0,05. І топта жиі ҚОПУБА, ҚҰДК

кездесті (p<0,05). ГГЦ үшін бейарнамалы асқынулардан І топта тыныс

жолдары инфекциялары жиірек байқалды. II топта жиірек қағанақ

көпіршігінің босануға дейін жарылуы (ҚКБДЖ), суегіздік, плацентаның

жолда орналасуы мен ұрықтың антенаталды өлімі анықталды.

Гипертензиялық жағдайлардың жиілігі 11,6% (8,56-15,63%) құрады,

оның ішінде гестациялық артериялық гипертензия 4,1% (2,41-6,87%), жеңіл

преэклампсия 3,1% (1,71-5,69%), ауыр преэклампсия 4,4% (2,64-7,25%),

эклампсия 0,6% (0,17-2,27%) құрады. Жүктіліктің бірінші триместріндегі ГЦ

деңгейі І топта - 14,29 (10,69-21,59) мкмоль/л құрады және ІІ топтан 1,9 есе

жоғары болды - 7,19 мкмоль/л (4,63-11,58) p<0,05. Жүктіліктің екінші және

үшінші триместрінде бұл көрсеткіш I топта 14,62 (9,27-23,10) және 15,86

(8,13-22,84) мкмоль/л құрады және сәйкесінше II топтан 2,4 есе және 4 есе

жоғары болды, бұл көрсеткіштер ІІ топта 5,88 (3,86-9,05) және 3,84 (2,71-

7,25) мкмоль/л құрады p<0,05. Салыстырмалы талдау кезінде,

гипертензиялық жағдайлардың түріне байланысты жүктіліктің I триместрінде

анықталған ГЦ бастапқы деңгейі ГАГ-да 2,1 есе (15,34 қарсы 7,19 мкмоль/л-

ге p<0,05), жеңіл преэклампсияда 2 есе (14,85 қарсы 7,19 мкмоль/л-ге

p<0,05), ауыр преэклампсияда 2,4 есе (17,47 қарсы 7,19 мкмоль/л-ге p<0,05),

сондай-ақ эклампсияда 3,8 есе (27,66 қарсы 7,19 мкмоль / л-ге p < 0,05)

жоғары болды, ІІ топқа қарағанда жоғары. Жүктіліктің екінші триместрінде

анықталған ГЦ деңгейіде статистикалық тұрғыдан алып қарағанда ГАГ

кезінде 2,2 есе (13,01 қарсы 5,88 мкмоль/л-ге p<0,05), жеңіл преэклампсияда

2 есе (12,28 қарсы 5,88 мкмоль/л-ге p<0,05), ауыр преэклампсияда 3,2 есе

(18,53 қарсы 5,88 мкмоль/л-ге p<0,05) және эклампсияда 4,4 есе (25,9 қарсы

5,88 мкмоль/л-ге р<0,05) жоғары болды. Алайда, үшінші триместрде І топта

зерттелінетіндердің ішінде ГЦ жоғары деңгейінің статистикалық тұрғыдағы

маңызды айырмашылықтары тек ГАГ, ауыр преэклампсия және эклампсияда

(p<0,05) болды. Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде І топта

зерттелген ГЦ деңгейі жүктіліктің бірінші триместрінде анықталған ГЦ

бастапқы деңгейінен статистикалық маңызды айырмашылықтары болмағаны

анықталды және зерттелетіндердің II тобымен салыстырғанда (ГЦ деңгейі

жүктіліктің дамуымен бірге (p<0,05) статистикалық тұрғыда анық

төмендеген) гипертензиялық жағдайлардың түрлеріне қарамастан (ГАГ,

жеңіл преэклампсия, ауыр преэклампсия, эклампсия кезінде), жүктіліктің

барлық ағымында неғұрлым жоғары деңгейде қалды p>0,05.

Диагностикалық критерий сапасын талдау үшін арналған ROC-талдау

кезінде бірінші триместрде анықталған ГЦ үшін кесу деңгейінде (cut-off)

мынадай деректер алынды: барлық гипертензиялық жағдайлар үшін 9,55

мкмоль/л, AUC 0,821 (0,756-0,886 ДИ 95%) p<0,05 Se 83,8% Sp71,7%, ГАГ

9,74 мкмоль/л AUC 0,72,3 (0,583-0,864 ДИ 95%) p>0,05 Se 69,2%, Sp 67,4%,

Page 12: ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

12

жеңіл преэклампсия үшін 10,58 мкмоль/лauc 0,79 (0,702-0,878 ди 95%) p<0,05

Sp 70,0% Se 68,1%, ауыр преэклампсия үшін 11,53 мкмоль/л AUC 0,867 (0,8-

0,933 ДИ 95%) p<0,05 Sp 85,7% Se 73,2%, эклампсия үшін 23,86 мкмоль/л,

жүктіліктің екінші триместрінде: барлық гипертензиялық жағдайлар үшін

11,97 мкмоль/л AUC 0,792 (0,707-0,877 ДИ 95% p<0,05 Sp 70,3%, Se 82,2%,

ГАГ 8,98 мкмоль/л AUC 0,693 (0,521-0,864 ДИ 95%) p>0,05 Sp 76,9% se

68,9%, жеңіл преэклампсия үшін 12,36 мкмоль/л AUC 0,693 (0,545-0,841 ДИ

95%) p>0,05 sp 60,0% se 78,9%, ауыр преэклампсия үшін 12,56 мкмоль/л AUC

0,894 (0,823-0,965 ДИ 95%) p<0,05) Sp 85,7% Se 81,9%, эклампсия үшін 24,87

мкмоль/л құрады, жүктіліктің үшінші триместрінде: барлық гипертензиялық

жағдайлар үшін 12,1 мкмоль/л AUC 0,841 (0,772-0,91 ДИ 95%) p<0,05 Se

64,9%, Sp 87,9%,ГАГ 5,14 мкмоль/л, AUC 0,802 (0,715-0,889 ДИ 95%) p<0,05

Se 92,3%, se 92,3% Sp 59,6%, p < 0,05 se 92,3% Sp%, жеңіл преэклампсия

үшін 13,55 мкмоль/л AUC 0,674 (0,467-0,851 ДИ 95%) p>0,05 Se 50,0% Sp

84,9%, ауыр преэклампсия үшін 15,4 мкмоль/л AUC 0,926 (0,868-0,984 ДИ

95%) p<0,05 Se 78,6% Sp 90,7% , эклампсия үшін 23,59 мкмоль/л құрады.

І триместрде анықталған ГЦ белгілі бір ең аз болжамдық мәнді деңгейі

гипертензиялық жағдайлардың әрқайсысы үшін қалыптының жоғарғы шегі

болып алынды. Зерттелушілер ГЦ деңгейінің жоғары (> шектік мән - ГГЦ)

және гомоцистеиннің қалыпты деңгейі (<шектік мән - НГЦ) деп 2 топқа

бөлінді. Жүкті әйелдерде ГЦ деңгейі 9,55 мкмоль/л-ден жоғары болса,

жүктіліктің асқыну қаупін, яғни, гипертензиялық жағдайлардың бірін 8,3

есеге арттыратыны анықталды. ГАГ үшін ГЦ 9,74 мкмоль/л шекті мәні

кезінде осы асқынудың салыстырмалы даму қаупі 4,5 есе жоғары, жеңіл ПЭ

үшін ГЦ 10,58 мкмоль/л шекті мәні кезінде салыстырмалы қаупі 4,87

құрайды, ауыр преэклампсия үшін салыстырмалы қаупі ГЦ 11,93 мкмоль/л

шекті мәні кезінде 14,96 құрайды.

І топтағы зерттелуші аналардың жаңа туған нәрестелері статистикалық

тұрғыдан елеулі неғұрлым төмен салмақ және ұзындықпен туылған p<0,05,

алайда, орташа мәні гестациялық жас үшін 10 перцентилден төмен болған

жоқ. I топта Апгар шкаласы бойынша нәрестенің жай-күйін бағалау II топпен

салыстырғанда статистикалық төмен көрсеткіштер болды p<0,05, алайда

орташа мәндері өмірдің бірінші және бесінші минутында 4 ұпайдан төмен

болған жоқ. Топтарда ауыр неонатальды асфиксияның дамуы бойынша

айырмашылық болған жоқ, дегенмен, ауыр неонатальды асфиксия жиілігі

0,4% (1), ТДА 1,1% (3), туа біткен пневмония 1,1%(3), тыныс алу

бұзылыстары синдромы 2,2% болатын (6) екінші топпен салыстырғанда, І

топтағы жаңа туған нәрестелер реанимациялық көмекке жиі мұқтаж болды

және жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінде мына себептер

бойынша жатқызылды: ауыр неонатальды асфиксия 2,7%(1), неонаталды

сепсис 2,7%(1), туа біткен пневмония 2,7%(1), тыныс алу бұзылыстары

синдромы 8,1%(3).

Page 13: ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

13

Эндотелий дисфункциясымен біріккен жүктіліктің асқынуы

кезіндегі гомоцистеин деңгейі. Зерттеушілер екі топқа бөлінді: I топ -

жүктілік ағымы асқынған жүктілер (n=40), II топ – жүктілік асқынуы жоқ

жүктілер (n=278). Топтар салыстырылмалы болды және статистикалық жасы,

артериальды гипертензия бойынша отбасылық анамнезі, әлеуметтік статусы

(жұмыс жасайтын, жұмыс жасамайтын, студенттер), менархе жасы және

етеккір қызметінің сипаты, созылмалы экстрагенитальды және

гинекологиялық аурулары, босану паритеті, түсік және өздігінен үзілген

жүктіліктер, ДСИ бойынша ерекшеленбеді р < 0,05, алайда 1-топта

медициналық түсікті басынан кешіргендер статистикалық тұрғыда жиі

(p<0,05), ал осы топтағы босану мерзімі статистикалық тұрғыда аз болды.

ҚОПУБА жиілігі 0,6% құрады, бұл жерде бірінші триместрдегі ГЦ орташа

деңгейі 10,9±3,42 (1,53-12,94) мкмоль/л, екінші триместрде 13,85±6,67 (2,97-

21,3) мкмоль/л, үшінші триместрде 13,99±12,42 (5,54-39,6) мкмоль/л құрады,

барлық үш триместрдегі ГЦ деңгейі ҚОПУБА жоқ зерттеушілерден

айырмашылығы болмады (p>0,05). Мерзімінен бұрын босану жиілігі 5,7%

болды, бұл жерде жүктіліктің I триместрінде ГЦ деңгейі 16,35±7,25 (5,44-

10,78) мкмоль/л, екінші триместрде 16,14±7,69 (5,7-11,53) мкмоль/л, үшінші

триместрде 16,01±8,77 (6,42-13,84) мкмоль/л құрады. Жүктілік кезінде ГЦ

деңгейінде айырмашылық болмаған (p=0,105) және жүктілік барысында ГЦ

деңгейі керісінше елеулі төмендеген (p<0,05), гестация мерзімі 37 және одан

да жоғары аптада босанған жүкті әйелдер тобымен салыстырғанда, әрбір

триместрде статистикалық мәні жоғары (p<0,05) болды. ҚҰДК жиілігі 3,5%

құрады, бұл жерде жүктіліктің осы асқынуы кезінде ГЦ деңгейі бірінші

триместрде 18,36±7,94 (5,5-13,94) мкмоль/л, екінші триместрде 16,91±9,96

(6,96-17,49) мкмоль/л, үшінші триместрде 19,98 (6,13-15,4) мкмоль/л құрады

және бүкіл жүктілік бойы статистикалық айырмашылығы болған жоқ. ҚҰДК

(p<0,05) тобында ГЦ деңгейі 10 перцентилден астам дене салмағы бар

ұрықтарға қарағанда статистикалық тұрғыда жоғары болды. Суаздық 3,1%

жиілікпен кездесті, бұл жерде ГЦ деңгейі топтан статистикалық

айырмашылықтары жоқ және қалыпты қағанақ суы деңгейі (p>0,05) тобымен

салыстырғанда.бірінші триместрде 9,54±5,36 (3,68-9,78) мкмоль/л, екінші

триместрде 7,65±5,76 (3,96-10,51) мкмоль/л, үшінші триместрде 7,97±5,44

(3,74-9,93) мкмоль/л құрады. Жүктілік дамыған сайын ГЦ деңгейінің

төмендеуімен көрініс беретін қағанақ суының қалыпты көлемімен жүктілер

тобына қарағанда, жүктіліктің 3 триместрі бойы (p=0,06) суаздық тобындағы

жүктілерде ГЦ деңгейі статистикалық тұрғыдан айырмашылық болды.

Суегіздік 1,3% жағдайда анықталды, бұл жерде ГЦ орташа деңгейі І

триместрде 7,46±1,68 (0,95-6,26) мкмоль/л, II триместрде 6,26±2,87 (1,63-

10,73) мкмоль/л, жүктіліктің III триместрінде 4,32±1,55(0,88-5,79) мкмоль/л

құрады және ұрық маңы суларының қалыпты көлемімен (p>0,05) топтан

аталған көрсеткіштер бойынша ерекшеленбеген (p>0,05). Екі топта да

Page 14: ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

14

жүктілік үдеуімен ГЦ деңгейінің статистикалық тұрғыдан төмендеуі

байқалды (p<0,05). Антенатальды ұрық өлім 0,6% жиілікте кездесті.

Жүктіліктің бірінші триместрінде ГЦ деңгейі 16,89±6,63 (2,96-21,18)

мкмоль/л, жүктіліктің екінші триместрінде 17,4±13,2 (5,89-42,14) мкмоль/л,

жүктіліктің үшінші триместрінде 19,88±7,74 (3,45-24,73) мкмоль/л құрады,

бұл жерде үш триместрде де ГЦ деңгейінде статистикалық айырмашылық

болған жоқ. Өлі туылу болмаған жүктілер тобымен салыстырғанда, ГЦ

деңгейі жүктіліктің 3-триместрінде статистикалық тұрғыдан жоғары болды

(p<0,05). Жүктіліктің бірінші триместрінде тексерілген ГЦ-нің анықталған

кесу деңгейі (cut-off) жүктіліктің бірінші жартысында оны жоғалтуды болжау

үшін 11,06 мкмоль/л, AUC 0,701 (0,562-0,841 95% ДИ) p<0,05 Se 81,8% Sp

67,9% құрады. Мерзімінен бұрын босану үшін ГЦ кесу деңгейі (cut-off)

бірінші триместрде 6,56 мкмоль/л AUC 0,669 (0,453-0,885 95ДИ) p>0,05

Se100%, Sp 38,7%, екінші триместрде 6,8 мкмоль/л, AUC 0,657 (0,436-0,878

95% ДИ) p>0,05 Se 83,3% Sp 52,2%, үшінші триместрде 18,36, AUC 0,643

(0,377-0,910 95%ДИ) p>0,05 Se 33,3% Sp 92,6% құрады. ҚҰДК кезінде ГЦ

кесу деңгейі 1-триместрде 13,9 мкмоль/л, AUC 0,812 (0,665-0,959) р>0,05 Se

81,8%, Sp 83,4%, 2-ші триместрде 17,62 мкмоль/л, 3-ші триместрде 11,39

мкмоль/л, AUC 0,826 (0,688-0,963) р<0,05 Se 81,8%, Sp 79,9% құрады.

Ұрықтың антенатальды өлімі үшін ГЦ кесу (cut-off) деңгейі жүктіліктің 1-

триместрінде 12,1 мкмоль/л, AUC 0,828 (0,676-0,981) р=0,105, Se 100,0%, Sp

68,7%, екінші триместрде 17,62 мкмоль/л, AUC 0,799 (0,1-1,0) р=0,145 Se

100,0%, Sp 61,1%, 3-ші триместрде 11,39 мкмоль/л, AUC 0,920 (0,819-1,0)

р=0,041 Se 100,0%, Sp 81,2% құрады.

Тұжырым

1) жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлардың жиілігі 11,6%

құрады, ол жалпыдүниежүзілік статистикалық мәліметтермен салыстырғанда

2,6% жоғары. Гипертензиялық асқынулардың түрі кесіндісінде гестациялық

артериалды гипертензияның жиілігі 4,1%, жеңіл преэклампсия 3,1%, ауыр

преэклампсия 4,4% және эклампсия 0,6% құрады;

2) жүктілік кезінде бірінші триместрде популяцияда гомоцистеиннің

орташа деңгейі 9,62 мкмоль/л, екінші триместрде 8,52 мкмоль/л, үшінші

триместрде 7,19 мкмоль/л құрады, бұл жерде гомоцистеиннің деңгейі өзінің

орташа шамасын жүктілік үдеуімен 25,2% төмендей отырып, өзгертеді;

3) гомоцистеина орташа деңгейі гипертензиялық жағдайлары жоқ

жүктілермен салыстырғанда, гипертензиялық жағдайлары бар жүкті

әйелдерде бірінші триместрде 1,9 есе, екінші және үшінші триместрлерде

сәйкесінше 2,4 есе және 4 есе жоғары. Гипертензиялық жағдайлары бар

жүктілерде гомоцистеин өз көрсеткішін жүктіліктің үш триместрінде

өзгертпейді;

4) гомоцистеин деңгейі жүктіліктің екінші және үшінші

триместрлерінде гестациялық артериалды гипертензия мен жеңіл

Page 15: ҚР ДСМ «МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ «БАТЫС … gaidai a.n_kaz.pdfартериалды гипертензия немесе алдыңғы жүктіліктерінде

15

преэклампсияны анықтауға және ажыратуға мүмкіндік бермейді. Екінші

триместрде гомоцистеин деңгейі 12,56 мкмоль/л жоғары және ауыр

преэклампсия белгісі болып табылады, ал гомоцистеин деңгейінің 24,87

мкмоль/л жоғары болуы эклампсияның дамуын болжауы мүмкін. Жүктіліктің

үшінші триместрінде гомоцистеин деңгейінің 15,4 мкмоль/л жоғары болуы

ауыр преэклампсияның сенімді белгісі болып табылады, ал гомоцистеин

деңгейі 23,59 мкмоль/л жоғары болса, эклампсияның дамуын болжауы

мүмкін;

5) жүктіліктің бірінші триместрінде гомоцистеин деңгейінің 9,55

мкмоль/л артық болуы гипертензиялық асқынулар қаупін 8,3 есе

жоғарылатады. Бірінші триместрде гомоцистеин деңгейі 10,58 мкмоль/л

астам болса жеңіл преэклампсияның және 11,93 мкмоль/л жоғары болса ауыр

преэклампсияның дамуын күтуге болады;

6) гомоцистеин деңгейі 11,06 мкмоль/л жоғары болса, жүктіліктің

өздігінен үзілу қаупі 8,1 есе артады. Жүктіліктің үшінші триместрінде

гомоцистеин деңгейі 11,39 мкмоль/л болуын құрсақішілік ұрықтың

дамуының кідіруін анықтадың қосымша әдісі түрінде қолдануға болады.

Жүктіліктің үш триместрінде анықталған гомоцистеиннің қалыпты

орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы, мерзімінен бұрын

босану, суаздық, суегіздік пен ұрықтың антенаталды өлімі үшін болжамдық

және диагностикалық құндылығы жоқ.

Тәжірибелік ұсыныстар

1. Жүктіліктің бірінші триместрінде анықталған 11,06 мкмоль/л жоғары

гомоцистеин деңгейін жүктіліктің бірінші жартысында өздігінен үзілуі үшін

қолайсыз болжам белгі ретінде қолдануға болады.

2. Жүктіліктің бірінші триместрінде анықталған 9,55 мкмоль/л жоғары

гомоцистеин деңгейін жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайларды

болжау әдісі ретінде қолдануға болады.

3. Гипертензиялық жағдайлардың ауырлығын жүктіліктің бірінші

триместріндегі гомоцистеин деңгейі бойынша болжауға болады:

гомоцистеин деңгейі 10,58 мкмоль/л жоғары болса жеңіл преэклампсияның,

11,93 мкмоль/л жоғары болса ауыр преэклампсияның дамуын күтуге болады.

4. Жүктіліктің екінші триместрінде гомоцистеин деңгейінің 12,56

мкмоль/л астам болуын ауыр преэклампсияны, ал гомоцистеин деңгейінің

24,87 мкмоль/л артық болуын эклампсияны анықтау үшін қолдануға болады.

Жүктіліктің үшінші триместрінде гомоцистеин деңгейінің 15,4 мкмоль/л

жоғары болуын ауыр преэклампсияны, ал гомоцистеин деңгейінің 23,59

мкмоль/л артық болуын эклампсияны анықтау үшін қолдануға болады.

5. Жүктіліктің үшінші триместрінде гомоцистеин деңгейін анықтау

құрсақішілік ұрықтың дамуының кідіруін анықтаудың қосымша әдісі ретінде

қолдануға болады, мұнда гомоцистеиннің диагностикалық маңызды деңгейі

11,39 мкмоль/л жоғары болуы.