16
№53 (28781) 21 НАУРЫЗ ДҮЙСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерация- сының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жеделхатта Дондағы Ростов əуежайында Boeing жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған- туыстарына Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан қайғырып көңіл айтты. Бүгін Астанадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында «Қазақстан халқы Ассамблеясы сай- лайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы» күн тəртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс ХХІІІ сессиясы өтеді. Сессия жұмысына елдің барлық өңірінен, республикалық жəне аймақтық этномəдени бірлестіктер өкілдерінің қатарынан құралған ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми жəне шығармашыл зиялы қауымнан тұратын де- легациялар, Қазақстанда тіркелген халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдері қатысады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау ту- ралы» Конституциялық заңның 91-1-бабына сəйкес Ассамблея мүшелері Ассамблея сайлайтын Парламент Мəжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған кандидаттар үшін дауыс беруді жүзеге асырады. –––––––––––––––––– (Қазақстан халқының Ассамблея туы астында достық пен бірлікте өмір сүріп жатқанын айғақтайтын материалдар 15-бетте жарияланып отыр). Кеше Мемлекет басшы- сы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мəжілісі жəне мəслихаттар депутаттарының сайлауларында халықпен бірге дауыс берді. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан». Қазақстан Президенті елор- дадағы Оқушылар сарайында орналасқан № 81 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Елбасы дауыс беріп болған соң, отандық жəне шетелдік БАҚ өкілдерінің алдында өз пікірін білдірді. Өз сөзінде Мемлекет бас- шысы сайлауға қатысу арқылы миллиондаған қазақстандықтар сияқты өзінің конституциялық құқығы мен азаматтық борышын жүзеге асырғанын атап өтті. – Мəжіліс жəне жергілікті өкіл- ді билік органдарының бүгінгі сай- лауы – Қазақстанның қазіргі заман тарихындағы өте маңызды кезең. Қазақстанда жəне əлем бойынша елдің 9 миллионнан астам азаматы 9900-дей сайлау учаскесінде дауыс береді. Кезектен тыс сайлау қазір өміріміздің барлық саласында жаңару жүріп жатқанын сезінген ел Парламентінің бастамасы- мен өткізіліп отыр. Біз дағдарыс үрдістерін еңсереміз, бұл үшін дайындығы бар жəне істі білетін жаңа депутаттар қажет, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев ел азамат- тарының сайлаудағы белсенділігін де өз сөзіне арқау етті. – Бүгін ертемен қазақстан- дықтар отбасыларымен, балала- рымен учаскелерге келіп, дауыс беруге белсене қатысуда. Бұл азаматтарымыздың билікке, соның ішінде заң шығарушы билікке деген сенімін білдіреді. Біз бүгін елімізге қажетті Парламентті сайлайтынымызға сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті отандық жəне шетелдік БАҚ-тарға арналған брифингте бірқатар сауалдарға жауап берді. Мəселен, Мемлекет басшысы атқарушы органдардың өкілді билік алдындағы есептілігін жүзеге асыру тетіктері туралы айтты. Телефон арќылы сґйлесті Елбасы халыќпен бірге дауыс берді (Арнаулы шығарылым) ҐРКЕНДЕУДІЅ ҐНЕГЕЛІ ЇЛГІСІ Біз – қазақстандықтармыз! Бїгін Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ кезектен тыс сессиясында осы ќоєамдыќ институт мїшелері ґз їміткерлері їшін дауыс береді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Телефон арқылы əңгімелесуге ауған жағы бастамашы болды. М.А.Ғани əңгіме барысында Мем- лекет басшысын Наурыз мере- кесімен құттықтап, Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, Ауғанстан басшысы Қазақстан Президентін Парламент Мəжілісінің кезектен тыс сай- лауының табысты өтуімен құттық- тады. Мемлекеттер басшылары Ау- ғанстан Президентінің Қазақстанға 2015 жылы қарашадағы алғашқы ресми сапарында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар, тараптар өңірлік қауіпсіздікті қамтама- сыз ету мəселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Ауғанстанды қалпына келтіру үшін күш-жігер жұмсауын жалғастыра беретінін айтты. Бұл ретте, тарап- тар көпжақты құрылымдардың, соның ішінде ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылдың деңгейіне қанағаттанушылық білдірді. Наурыз – ўлттарды бірлікке ўйыстыратын тґл мерекеміз Құрметті бауырлар, отандастар! Баршаларыңызды күн мен түннің теңескен, Шығыс халықтарының мерекесі болған, ежелгі заманнан қалыптасқан жылбасы – Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Бұл күні халқымыз дастарқан жайып, қонақ күтіп, қарияларымыз бата береді. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» – деген тілек-дұғалар айтылатын Наурыз – бірліктің, ынтымақтың, береке мен татулықтың мерекесі. Бұл күні араздасқандар – адамгершілік, ренжіскендер – рақымдылық жолын ұстанады. Осынау ізгілік мерекесінде адамдар кешірімділікке, татулыққа ұйысады. Ұлыстың ұлы күні біздің еліміз үшін əрқашан киелі саналған. Халқымыз Наурыз мейрамын ата-бабамыздан жалғасын тауып келе жатқан ұлттық мереке, салт-дəстүріміздің жалғасы деп тойлайды. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін. Алла Тағала ризық-несібемізді молайтып, бірлік-берекемізді арттырғай. Наурыз мерекесі құтты болсын! Жаратушы Иеміз Тəуелсіздігімізді баянды етіп, халқымыздың тілегін қабыл еткей! Əмин! Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти. ● Оймақтай ой Ақиқаттың мекені – жүрек. Əбіш КЕКІЛБАЕВ. Еxit-poll-дың қорытындылары мынадай: «Нұр Отан» партиясы – 82%, «Қазақстанның Коммунистік халық партиясы» – 7,17%, «Ақ жол» партиясы – 7,22%, «Бірлік» партиясы – 0,35% , Жалпыұлттық социалистік-демократиялық пар- тия – 1,21%, «Ауыл» партиясы – 2,05%. Зерттеу еліміздің барлық 14 облысында жəне Астана мен Алматы қалаларында жүргізіліп, оған 75 мың сайлаушы қатысты. Сауалдамамен жалпы 750 сай- лау учаскелері, оның ішінде 513 қалалық, 237 ауылдық сайлау учаскелері қамтылды. Зерттеу КТК телеарнасының тапсырысы бойынша жүргізілді. * * * Парламент Мəжілісінің депутаттарын сайлау күні «Қоғамдық пікір» зерттеу инс- титуты Закон.кз ақпараттық порталының тапсырмасымен Exit-polle-стандартты əдістемесі бойынша дауыс беріп, сайлау учаскесінен шыққан сайлаушы- лар арасында сауалдама жүргізді. Сайлау учаскелеріне келушілерге «Сіз қай партияға дауыс бердіңіз?» деген сұрақ қойылған. Сауалдама еліміз бо- йынша 110 сайлау учаскесінде жүргізілген. Сайлау учаскесінен шыққан əрбір бесінші сайлау- шыдан жауап алынған. Аталған сауалдамаға барлығы 30 мың адам қатысыпты. Іріктеме қателігі +/- 0,8%. Сауалдамаға еліміздің барлық аймақтарынан 200-ге жуық респондент тартылған. «Нұр Отан» партиясының көр- сеткіші – 82,15%, Қазақстанның Коммунистік халық партиясыныкі – 7,15%, «Ақ жол» демократиялық партиясыныкі – 7,17%, «Бірлік» партиясыныкі – 0,31%, Жалпы- ұлттық социал-демократиялық партиясыныкі – 1,19% жəне «Ауыл» партиясыныкі – 2,03%. Сауалдама Сўрау салу нəтижелері жарияланды «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциация- сы Еxit-poll технологиясы бойынша сайлау учаскелерінен шыққан сəтте сайлаушылар арасында республикалық сауалдама жүргiздi. Кеше Мемлекет басшысы – «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның республикалық сайлауалды штабын- да болып, нұротандықтармен бірге сағат 00:00-де жалпыұлттық Еxit-poll нəтижелері баяндалған жаңалықтар шығарылымын тыңдады. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты партияның сайлауалды штабына молынан жиналған жас- тар, сенімді өкілдер, республикалық жəне өңірлік штабтардың белсенділері құрметпен қарсы алды. Көпшіліктің «Қазақстан!», «Нұрсұлтан!», «Нұр Отан!» деген үні еңселі де əсем ғимараттың ішін жаңғыртып жіберді. Шараның алғашқы сəтінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Елбасына жəне жиналған қауымға қарата Орталық сайлау комиссиясы- мен байланысқа шығып, Еxit-poll нəтижелерін тыңдауға мүмкіндік бар екенін жеткізді. Іле бейнекөрсетілім арқылы «Демократия инсти- туты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы жобасы бойынша директоры Юлия Кучинская Еxit- poll нəтижелерін хабарлады. Сол сəтте осыған дейін «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 82 пайыз дауысын жинағаны белгілі бол- ды. Мемлекетіміздің дамуына, халқымызды бірлік пен ынтымаққа ұйыстыру жолында табысты қызмет етіп келе жатқан партияның бұл жеңісін естіген көпшілік қошеметпен қол соғып, кең ғимарат қуанышты дауыстармен жаңғырықты. (Соңы 2-бетте). (Соңы 2-бетте). (Соңы 3-бетте). Ќуатты ќолдау «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы Еxit-poll технологиясы бойынша сайлау учаскелерінен шыққан сəтте сайлаушылар арасында республикалық сауалдама жүргiздi. Еxit- poll-дың қорытындылары мынадай: «Нұр Отан» партиясы – 82%, «Қазақ- станның Коммунистік халық партиясы» – 7,17%, «Ақ жол» партиясы – 7,22%, «Бірлік» партиясы – 0,35%, Жалпыұлттық социалистік- демократиялық партия – 1,21%, «Ауыл» партиясы – 2,05%.

Елбасы халыќпен Ќуатты ќолдау · пар тиясы, «Ауыл» халықтық-демо кра-тиялық патриоттық партиясы, Қазақ

  • Upload
    others

  • View
    45

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

№53 (28781)21 НАУРЫЗДҮЙСЕНБІ

2016 ЖЫЛ

Кґѕіл айту жеделхатын жолдадыМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федера ция-

сының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Дондағы Ростов əуежайында Boeing жолаушылар ұша ғының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан қайғырып көңіл айтты.

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында «Қазақстан халқы Ассамблеясы сай-лайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы» күн тəртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс ХХІІІ сессиясы өтеді.

Сессия жұмысына елдің барлық өңірінен, республикалық жəне аймақтық этномəдени бірлестіктер өкілдерінің қатарынан құралған ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми жəне шығармашыл зиялы қауымнан тұратын де-легациялар, Қазақстанда тіркелген халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдері қатысады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау ту-ралы» Конституциялық заңның 91-1-бабына сəйкес Ассамблея мүшелері Ассамблея сайлайтын Парламент Мəжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған кандидаттар үшін дауыс беруді жүзеге асырады. ––––––––––––––––––(Қазақстан халқының Ассамблея туы астында достық пен бірлікте өмір сүріп жатқанын айғақтайтын материалдар 15-бетте жарияланып отыр).

Кеше Мемлекет басшы-сы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мəжілісі жəне мəслихаттар депутаттарының сайлауларында халықпен бірге дауыс берді.

Жолдыбай БАЗАР,«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Президенті елор-дадағы Оқушылар сарайында орналасқан № 81 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Елбасы дауыс беріп болған соң, отандық жəне шетелдік БАҚ өкілдерінің алдында өз пікірін білдірді.

Өз сөзінде Мемлекет бас-шысы сайлауға қатысу арқылы миллиондаған қазақстандықтар сияқты өзінің конституциялық құқығы мен азаматтық борышын жүзеге асырғанын атап өтті.

– Мəжіліс жəне жергілікті өкіл-ді билік органдарының бүгінгі сай-лауы – Қазақстанның қазіргі заман тарихындағы өте маңызды кезең. Қазақстанда жəне əлем бойынша елдің 9 миллионнан астам азаматы 9900-дей сайлау учаскесінде дауыс береді. Кезектен тыс сайлау қазір өміріміздің барлық саласында жаңару жүріп жатқанын сезінген ел Парламентінің бастамасы-мен өткізіліп отыр. Біз дағдарыс үрдістерін еңсереміз, бұл үшін дайындығы бар жəне істі білетін жаңа депутаттар қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев ел аза мат-тарының сайлаудағы белсенділігін де өз сөзіне арқау етті.

– Бүгін ертемен қазақ стан-дық тар отбасыларымен, балала-рымен учаскелерге келіп, дауыс беруге белсене қатысуда. Бұл азамат тарымыздың билікке, соның ішінде заң шығарушы билікке деген сенімін білдіреді. Біз бүгін еліміз ге қажетті Парламентті сайлай ты нымызға сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті отандық жəне шетелдік БАҚ-тарға арналған брифингте бірқатар сауалдарға жауап берді. Мəселен, Мемлекет басшысы атқарушы органдардың өкілді билік алдындағы есептілігін жүзеге асыру тетіктері туралы айтты.

Телефон арќылы сґйлесті

Елбасы халыќпен бірге дауыс берді

(Арнаулы шығарылым)

ҐРКЕНДЕУДІЅ ҐНЕГЕЛІ ЇЛГІСІ● Біз – қазақстандықтармыз!

Бїгін Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ кезектен тыс сессиясында осы ќоєамдыќ институт мїшелері ґз їміткерлері їшін дауыс береді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Телефон арқылы əңгімелесуге ауған жағы бастамашы болды. М.А.Ғани əңгіме барысында Мем-лекет басшысын Наурыз мере-кесімен құттықтап, Қазақстан хал қының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ, Ауғанстан бас шысы

Қазақстан Президентін Пар ламент Мəжілісінің кезектен тыс сай-лауының табысты өтуімен құттық-тады.

Мемлекеттер басшылары Ау-ғанстан Президентінің Қазақстанға 2015 жылы қарашадағы алғашқы рес ми сапарында қол жеткен

уағдаластықтарды жүзеге асыру қажеттігіне тоқталды.

Сонымен қатар, тараптар өңірлік қауіпсіздікті қамта ма-сыз ету мəселелерін талқыла ды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ стан ның Ауғанстанды қалпына кел тіру үшін күш-жігер жұм сауын жалғастыра беретінін айтты. Бұл ретте, тарап-тар көпжақ ты құрылымдардың, соның ішінде ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылдың деңгейіне қанағаттанушылық білдірді.

Наурыз – ўлттарды бірлікке ўйыстыратын тґл мерекеміз

Құрметті бауырлар, отандастар!Баршаларыңызды күн мен түннің теңескен, Шығыс халықтарының

мерекесі болған, ежелгі заманнан қалыптасқан жылбасы – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Бұл күні халқымыз дастарқан жайып, қонақ күтіп, қарияларымыз бата береді. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» – деген тілек-дұғалар айтылатын Наурыз – бірліктің, ынтымақтың, береке мен татулықтың мерекесі.

Бұл күні араздасқандар – адамгершілік, ренжіскендер – рақымдылық жолын ұстанады. Осынау ізгілік мерекесінде адамдар кешірімділікке, татулыққа ұйысады.

Ұлыстың ұлы күні біздің еліміз үшін əрқашан киелі саналған. Халқымыз Наурыз мейрамын ата-бабамыздан жалғасын тауып келе жатқан ұлттық мереке, салт-дəстүріміздің жалғасы деп тойлайды.

Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін.

Алла Тағала ризық-несібемізді молайтып, бірлік-берекемізді арттырғай. Наурыз мерекесі құтты болсын!

Жаратушы Иеміз Тəуелсіздігімізді баянды етіп, халқымыздың тілегін қабыл еткей! Əмин!

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

● Оймақтай ой

Ақиқаттың мекені – жүрек.

Əбіш КЕКІЛБАЕВ.

Еxit-poll-дың қорытындылары мынадай:

«Нұр Отан» партиясы – 82%, «Қазақ стан ның Коммунистік халық партиясы» – 7,17%, «Ақ жол» партиясы – 7,22%, «Бірлік» партиясы – 0,35% , Жалпыұлттық социалистік-демо кра тиялық пар-тия – 1,21%, «Ауыл» партиясы – 2,05%.

Зерттеу еліміздің барлық 14

облысында жəне Астана мен Алматы қалаларында жүр гі зіліп, оған 75 мың сайлаушы қатысты. Сауал да мамен жалпы 750 сай-лау учаскелері, оның ішінде 513 қалалық, 237 ауылдық сай лау учас келері қамтылды. Зерттеу КТК телеарнасының тапсырысы бойынша жүргізілді.

* * *Парламент Мəжіл іс ін ің

депутаттарын сайлау күні «Қоғамдық пікір» зерттеу инс-титуты Закон.кз ақпараттық порталының тапсырмасымен Exit-polle-стандартты əдістемесі бойынша дауыс беріп, сайлау учаскесінен шыққан сайлаушы-лар арасында сауалдама жүргізді.

С а й л а у у ч а с к е л е р і н е келушілерге «Сіз қай партияға дауыс бердіңіз?» деген сұрақ қойылған. Сауалдама еліміз бо-йынша 110 сайлау учаскесінде жүргізілген. Сайлау учас кесінен шыққан əрбір бесінші сайлау-шыдан жауап алынған. Аталған

сауалдамаға барлығы 30 мың адам қатысыпты. Іріктеме қателігі +/- 0,8%. Сауалдамаға еліміздің барлық аймақтарынан 200-ге жуық респондент тартылған.

«Нұр Отан» партиясының көр-сеткіші – 82,15%, Қазақстанның Ком му нистік ха лық партиясыныкі – 7,15%, «Ақ жол» демо кра тия лық партиясыныкі – 7,17%, «Бір лік» пар тиясыныкі – 0,31%, Жалпы-ұлттық социал-де мократиялық партиясыныкі – 1,19% жəне «Ауыл» партиясыныкі – 2,03%.

● Сауалдама

Сўрау салу нəтижелері жарияланды«Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциация-

сы Еxit-poll технологиясы бойынша сайлау учаскелерінен шыққан сəтте сайлаушылар арасында республикалық сауал дама жүргiздi.

Кеше Мемлекет басшысы – «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның республикалық сайлауалды штабын-да болып, нұротандықтармен бірге сағат 00:00-де жалпыұлттық Еxit-poll нəтижелері баяндалған жаңалықтар шығарылымын тыңдады.

Жолдыбай БАЗАР,«Егемен Қазақстан».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты партияның сайлауалды штабына молынан жиналған жас-тар, сенімді өкілдер, республикалық жəне өңірлік штабтардың белсенділері құрметпен қарсы алды. Көпшіліктің «Қазақстан!», «Нұрсұлтан!», «Нұр Отан!» деген үні еңселі де əсем ғимараттың ішін жаңғыртып жіберді.

Шараның алғашқы сəтінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Елбасына жəне жиналған қауымға қарата Орталық сайлау комиссиясы-мен байланысқа шығып, Еxit-poll нəтижелерін тыңдауға мүмкіндік бар екенін жеткізді. Іле бейнекөрсетілім арқылы «Демократия инсти-туты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы жобасы бойынша директоры Юлия Кучинская Еxit-poll нəтижелерін хабарлады. Сол сəтте осыған

дейін «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 82 пайыз дауысын жинағаны белгілі бол-ды. Мемлекетіміздің дамуына, халқымызды бірлік пен ынтымаққа ұйыстыру жолында табысты қызмет етіп келе жатқан партияның

бұл жеңісін естіген көпшілік қошеметпен қол соғып, кең ғимарат қуанышты дауыстармен жаңғырықты.

(Соңы 2-бетте).

(Соңы 2-бетте).

(Соңы 3-бетте).

Ќуатты ќолдау

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу

ассоциациясы Еxit-poll технологиясы бойынша

сайлау учаскелерінен шыққан сəтте сайлаушылар

арасында республикалық сауал дама жүргiздi. Еxit-

poll-дың қорытындылары мынадай: «Нұр Отан»

партиясы – 82%, «Қазақ-стан ның Коммунистік

халық партиясы» – 7,17%, «Ақ жол» партиясы – 7,22%, «Бірлік» партиясы – 0,35%, Жалпыұлттық социалистік-

демо кра тиялық партия – 1,21%, «Ауыл»

партиясы – 2,05%.

www.egemen.kz2 21 наурыз 2016 жыл

Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».

Саєат 09.00ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов

өткізген алғашқы брифинг қысқа да нұсқа болды. Онда ол: «Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті. Дауыс беру транспарентті, əділ, ашық, заң бұзушылықсыз, қалыпты, іскер жағдайда жəне Сайлау заңнамасының нор маларына сəйкес өтіп жатыр. Байқаушыларға сайлау үдерісінің барлық кезең дерінде кедергісіз мониторинг жүргізу үшін толықтай жағдай жасалған», деп сайлау барысына байқаушылық жасап жатқан шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың санын да жария етті.

Саяси маңызы бар осы жұмысқа 817 байқаушы араласып жатқанын еске са-лып: «Оның ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның – 286, ТМД миссиясының – 301, Шан хай ынтымақтастық ұйымының – 9, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының – 76, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассам-блея сының – 14, Түркітілдес елдер ынты-мақ тастығы кеңесінің – 17, Ислам Ынты-мақтастығы Ұйымының – 3, Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының – 8 жəне 32 шет мемлекеттен 103 байқаушы бар. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі шетелдік БАҚ-тың 147 өкілін аккредиттеді. Жалпы, 964 халықаралық байқаушы мен шетелдік БАҚ өкілдері бар», деді Б.Мелдешов.

Сонымен қатар, ол сайлау учас ке-леріндегі дауыс беру барысын кандидаттар мен саяси партиялардың сенім білдірілген адамдары, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қадағалайтындығын айтып, кешкі сағат 22.30-да Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сайлау-шылардың дауыс беруге келуі жөніндегі алдын ала деректерді жария ететінінен хабардар етіп: «Күні бойы сіздердің назарларыңызға жалпы республика мен өңірлер бойынша сайлаушылардың белсенділігі мен келуі туралы жедел деректерді ұсынып отыратын боламыз. Сондай-ақ, біздің баспасөз орталығымызда Сыртқы істер министрлігінің өкілі мен халықаралық байқаушылардың брифингі өтеді», деді Б.Мелдешов.

Айта кетейік, саяси додаға барлығы алты партия – «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық пар тиясы, «Ауыл» халықтық-демо кра-тиялық патриоттық партиясы, Қазақ стан Коммунистік халық партиясы, Жалпы-ұлттық социал-демократиялық партиясы жəне «Бірлік» саяси партиясы қатысып жатыр.

Партиялық тізімдер бойынша сайлана-тын Парламент Мəжілісінің 98 депутаты, сондай-ақ, облыстық, Астана, Алматы қалалық мəслихаттарының 550 депутаты, қалалық мəслихаттардың 625 депутаты жəне аудандық мəслихаттардың 2160 де-путаты сайланады.

Саєат 09.30 Қазақстан азаматтарының өздерінің

сая си көзқарастарына толық жауап беретін партияға дауыс беріп жатқанын РФ Федералды жиналысы Федерация кеңесі

комитетінің мүшесі Игорь Морозов ОСК төрағасы Қ.Тұрғанқұловпен кездесуден соң өткізген брифингте журналистер ге мəлім етті. «Біз бүгін Қазақстан азамат-тары ның сайлау учаскелеріне келіп, өз-дері нің азаматтық парыздарын қалай жүзе ге асырып, сайлауға белсенді қатысып жатқа нын байқаудамыз.

Ақпараттық ортаның қаншалықты дайындалғаны да біздер үшін өте маңызды, ҚР Парламентінің ашық əрі əділ сайлауын өткізу үшін қажетті шаралардың барлығы да халықаралық стандарттарға сай ұйым-дас тырылған жəне оны толыққанды орын далып жатыр деп сенімді түрде айта аламыз. Осы жайттарға көз жеткізгеннен кейін ҚР ОСК төрағасымен кездесейік деп шештік жəне сайлау үдерісін талқыладық. Біздің арамызда ортақ түсіністік болды жəне дауыс берушілердің белсенділігін атап өттік», деді шетелдік байқаушы.

Саєат 10.00Осы уақытта Қазақстан азаматтарының

қанша пайызының өз жүрек қалауларын білдіргені мəлім болды. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Лəззат Сүлеймен брифингте: «Орталық сайлау комиссиясы бүгін өтіп жатқан Парламент Мəжілісі мен барлық деңгейдегі мəслихаттар депу-тат тарын сайлауда сағат 10-дағы сайлау-шылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы мəліметтерді жария етуге дай-ын. Облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының сайлау учаскелері ұсынған мəліметтерге сəйкес, 2016 жылғы 20 на-урыз күнгі сағат 10-дағы жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 17,57 пайызы бюллетеньдерін алды», деді.

ОСК мүшесінің деректеріне сəйкес, еліміздегі облыстар бойынша Алматы об лысы – 23,22, Ақмола облысы – 20,89, Ақ төбе облысы – 14,31, Атырау облысы – 11,88, Батыс Қазақстан облысы – 10,75, Жам был облысы – 9,3, Қарағанды об-лысы – 18,78, Қостанай облысы – 24,85, Қы зыл орда облысы – 19,83, Маңғыстау облы сы – 15,23, Оңтүстік Қазақстан облы-сы – 12,86, Павлодар облысы – 18,97, Сол-түстік Қазақстан облысы – 23,85, Шығыс Қазақ стан облысы – 24,31, Астана қаласы – 20,65, ал Алматы қаласы – 6,94 пайызы дауыс берген. «Дауыс беру барлығы 9840 сай лау учаскесінде жүргізілуде», деді Лəз-зат Сүлеймен.

Саєат 12.00Орталық сайлау комиссиясындағы

бри фингке бұл жолы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко келді. Жиналғандардың барлығын Наурыз мерекесімен құттықтап өткен сыртқы сая-сат ведомствосының өкілі шетелдердегі Қазақстан азаматтарының сайлауға қа-тысуы жөнінен ақпарат берді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта елімізден сырт мемлекеттердегі шетелдік мекемелер жанынан 65 сайлау учаскесі ашы лып, Қазақстанның шетелдік меке-мелері жанында құрылған сайлау учас-келері туралы ақпараттар мен байланыс мəліметтері көрсетілген ақпарат министр-ліктің сайтында жəне басқа да дерек көз-дерінде алдын ала орналастырған. Осылай деген Р.Василенко əрі қарай: «Ше тел мемлекеттеріне қызметтік, іскер лік не-месе туристік сапармен барған Қазақ-стан азаматтары сайлау кезінде сай лау

учаскелеріне келіп, азаматтығын дə-лелдейтін төлқұжаттарын көрсеткенде сайлаушылар тізіміне енгізіледі. Сайлау алдындағы күнгі мəліметке сəйкес, шетел-дердегі сайлаушылардың тізіміне ша-мамен 14 мың азаматымыз тіркелген. Өт кен жылғы президенттік сайлаумен салыс тырғанда сайлаушылардың саны 6 мың адамға кеміп отыр. Бұлай болуына, біріншіден, алдағы мерекенің ұзақты-ғына байланысты, екіншіден, біздің отан дас тарымыздың осы мүмкіншілікті пайда ланып Наурыз мейрамын туған-туыс тарының ортасында өткізулері үшін Қазақ станға келуі себеп. Шетелдегі сайлау учаске лері де жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Уақыт айырмашылығына байланысты біздің азаматтарымыз ең бірінші Токио мен Сеулде ашылған сайлау учаскелерінде Астана уақыты бойынша таңғы сағат 4-те дауыс бере бастады. Шетелдерде жүрген азаматтарымыз сайлауда белсенділік та-нытуда. Астана уақыты бойынша сағат 12.00-дегі жағдайға сəйкес, шетелдердегі 61 сайлау учаскесінде осы кезеңге дейін 2 мыңнан астам отандасымыз дауыс берді. Ал планетаның Батыс жарты шарында Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Бразилияда, ал одан кейін сағат 17.00-де Вашингтонда, Нью-Йоркте жəне Оттавада дауыс беру басталады, деген Р.Василенко шетелдердегі сайлау учаскелеріндегі да-уыс беру құжаттары 48 сағатта елордаға жеткізілетінінен хабардар етті.

«Шетелдерде сайлауды ұйымдастыру мақсатында еліміз Сыртқы істер министр-лігі тарапынан сəйкесінше штаб құрылған. Бұл күндері ол күндіз-түні жұмыс істеуде. Штаб пен Сыртқы істер министрлігі қарайтын Есіл аудандық сайлау комисси-ясы арасында жұмыс бабындағы байла-ныс орнатылған жəне шетелдегі сайлау учаскелерінің дауыс беру құжаттары сол учаскеге жеткізіледі. Ал сайлау учаскесі ашылмаған елдерде жүрген Қазақстан азаматтары көрші мемлекеттердегі сай-лау учаскелеріне келіп дауыс бере ала-ды. Сайлау учаскелерінде қорытынды шығарылғаннан кейін СІМ қызметкерлері бюллетеньдерді жəшігімен жəне басқа да сайлауға қатысты өнімдерді алып, 48 сағаттың ішінде оны Есіл аудандық сайлау комиссиясына табыстау үшін ҚР Сыртқы істер министрлігіне жеткізуі тиіс», деді Р.Василенко.

Саєат 13.00Орталық сайлау комиссиясының

мүшесі Марат Сəрсембаевтың мəлім етуін ше облыстардың, Астана жəне Алма-ты қалаларының сайлау комиссияла-ры ұсынған мəліметтерге сəйкес, 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлау-шылардың 40,21 пайызы сайлау бюлле-теньдерін алып, өз дауыстарын берген. М.Сəрсембаевтың деректеріне сəйкес, Алматы облысында – 57,67, Ақмола облы сында – 48,45, Ақтөбе облысында – 34,3, Атырау облысында – 45,2, Батыс Қазақ стан облысында – 38,67, Жамбыл облы сында – 47,41, Қарағанды облысын-да – 41,57, Қостанай облысында – 54,31, Қызыл орда облысында – 43,28, Маңғыстау облы сында – 31,41, Оңтүстік Қазақстан облы сында – 33,02, Павлодар облысында – 40,47, Сол түстік Қазақстан облысын-да – 48,1, Шы ғыс Қазақстан облысын-да – 45,83, Ас тана қаласында – 32,33, ал Алма ты қа ласы бойынша 15,45 пайызы дауыс берген.

Дауыс берудегі белсенділіктің басын-да, ОСК мүшесі айтқандай, Алматы облы-сы, Қостанай облыстары тұрды.

Саєат 14.00 Осы сағатта ТМД елдері байқаушылары

атынан Қырғыз Республикасы Орталық

сайлау жəне референдумдар өткізу комис-сиясының мүшесі Рашид Бекбасаров бри-финг өткізді. Өз байқауларымен бөлі сіп, ой толғаған ол былай деді: «Бүгін біз бір неше сайлау учаскесінде болып, өте жақсы əсерде қалдық. Мені таңғы сағат 7-де сайлау учаскелері ашылған сəттен бас тап дауыс берушілердің легі көп бол-ғандығы таңдандырды. Мəселен, «Назар-баев Университеттегі» сайлау учаскесінде небəрі 50 минуттың ішінде 400 адам келіп өз дауысын берді. Сайлаушылар өте белсенді, сайлау штаттық режімде өтіп жатыр. Барлық учаскелер жақсы дайын-далған, ақпараттық қолдау да сəйкесінше орналастырылған. Сайлау үдерісіне қатысушыларға арналған əдістемелер мен жадынамалар да өте жоғары сапа-да дайындалған. Сайлауға дайындық шараларының өте байыпты жүргізілгендігі көрініп тұр. Біздің тарапымыздан дауыс беру барысына еш сын-ескертпе жоқ.

ТМД байқаушыларының Қазақ-стандағы сайлауға байқаушылық қызметін атқаруы бірінші рет емес, сондықтан қазақстандықтар үшін бүгінгі мерекелік көңіл-күйдің болуын заңды деп есептейміз. Дауыс беру үдерісі кінəратсыз өтуде, пар-тиялар бəсекелестікпен сайлауға келді», деді ТМД-лық байқаушы.

Саєат 15.05Сағат тілі дəл осы уақытты көрсеткенде,

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мінберге көтеріліп, сағат 14.00-ге дейін сайлаушылардың келуі туралы мəліметпен таныстырды. ОСК хатшысының хабардар етуінше, облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мəліметтеріне сəйкес, 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 60,22 пайызы сайлау бюллетеньдерін алған.

Мысалы, Алматы облысында сай лау-шылардың – 77,16%, Ақмола облысы – 69,97%, Ақтөбе облысы – 57,01%, Атырау об лысы – 65,87%, Батыс Қазақстан облы-сы – 56,37%, Жамбыл облысы – 63,06%, Қарағанды облысы – 59,2%, Қостанай облысы – 68,17%, Қызылорда облысы – 65,69%, Маңғыстау облысы – 51,76%, Оң түстік Қазақстан облысы – 68,86%, Пав лодар облысы – 61,77%, Солтүстік Қазақ стан облысы – 61,2%, Шығыс Қазақ-стан облысы – 66,7%, Астана қаласы – 54,71% жəне Алматы қаласы бойынша сай лаушылардың 21,45%-ы дауыс берген.

Бұл мəліметтерден Алматы, Ақмо-ла, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыс-тарының сайлаушылары белсенділік та-нытып отырғанын байқауға болады, ал Алматы қаласының сайлаушыларына белсенділік жетіспей тұрған сияқты.

Саєат 15.30Орталық сайлау комиссиясының

мүше лері брифингте əр екі сағат сайын сай лау шылардың келуі туралы мəлімет-терден хабардар етіп отырды. Екі аралықта Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығында шетелдік байқаушылар да брифингтер өткізіп, сайлаушылардың дауыс беру үдерістерінен алған əсерлері-мен бөлісті. Солардың бірі – Үндістаннан келген Салина Сингх. «Қазақстандағы сайлау өте жақсы өтіп жатыр. Əсіресе, сай-лау шылардың дауыс беруге көптеп келуі қуантады. Барлығы да өте жоғары деңгей-де өтуде. Біздің көңілімізден шықты жəне əзірше біздің тараптан ешқандай ескерту жоқ», – деді ол,

Сондай-ақ, С.Сингх Қазақстан мен Үндістанның сайлау үдерісінде айтар-лықтай айырмашылық бар екендігін де атап өтті. «Бізде арнайы технология қолданылады əрі барлығы да электронды түрде жүргізіледі. Əрбір дауыс берушінің өзінің белгілі бір нөмірі бар, яғни,

барлығы автоматтандырылған. Дауыс та электронды мəліметтер базасының көмегімен саналады. Өйткені, біздің хал-қымыздың саны өте көп. Ал Қазақстанда халық санының аздау болуына байла-нысты бюллетеньмен дауыс беру барын-ша ыңғайлы деп санаймын», – деді үндістандық байқаушы.

Ал эстониялық байқаушылар Қазақ-станның сайлау комиссиясы мүшелерінің кəсібилігіне ризашылық білдірді. Эстония Республикасы Ұлттық сайлау комитетінің мүшесі Айвар Рахно: «Бүгін таңертең біз Ақмола облысына қарасты бірқатар сайлау учаскесіне бардық. Таңертеңнен сайлаушылардың дауыс беруге келуі өте жоғары болды. Сайлаушылардың көңілі көтеріңкі екенін байқадық. Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің достық пейіліне тəнті болдық жəне олар кəсіби тұрғыда жұмыс істеуде», – деді ол.

Сонымен бірге, байқаушы дауыс беру үдерісі ұйымшылдықпен жүргізіліп жатқандығына тоқталды. «Түстен кейін біз елорданың бірқатар учаскесінде де болдық. Бұл уақытта дауыс беруге келушілер легінің біршама бəсеңдегені байқалды. Дегенмен, əлі де адамдар сайлау учаскесіне келу үстінде. Мен сайлау комиссиясы мүшелерінің кəсібилігін айрықша атап өткім келеді. Жалпы, Қазақстандағы сайлау барынша белсенді жəне табысты өтетіндігіне сенімдімін», – деді А.Рахно.

Татарстан Орталық сайлау комис сия-сының төрағасы Экзам Губайдуллин де сайлау үдерісінен алған əсерін, сайлау-дың заңнама талаптарына сай өтіп жат-қанын атады. «Таңертеңнен бері біз 10-нан астам сайлау учаскесінде болдық. Астана қаласында сайлау ұйымшыл-дықпен өтіп жатыр. Біз болған учаске-лердің барлығында да сайлау үдерісі Қазақ станның сайлау заңнамасына сай өтуде, – деді Э.Губайдуллин. – Біздерге Астана қаласы қатты ұнады. Мен бұл қа-лаға алғаш рет келіп отырмын. Меніңше, Астана əлемдегі ең əдемі қалалар дың бірі. Біз өз байқауымызды одан ары жал ғас-тырамыз. Əзірше жалпы сайлау үдерісін ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескер-туіміз жоқ. Қазақстан халқына сайлауды ұйымшылдықпен өткізуге тілектеспін».

Саєат 17.05Сағат 16.00-ге дейінгі сайлаушылардың

келу көрсеткіштерімен Орталық сай лау комиссиясының мүшесі Марат Сəрсем-баев таныстырды. «Облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының сайлау комис-сиялары ұсынған мəліметтерге сəйкес 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 16-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сай лаушылардың 71,78 пайызы сайлау бюл летеньдерін алды», – деді ОСК мүшесі.

М.Сəрсембаевтың келтірген мəлімет-тері бойынша басқа өңірлерге қарағанда, бұл жолы да Алматы мен Атырау облыс-тарының сайлаушылары белсенділік таныт қан. Сайлаушылардың келуі тиісін-ше 89,88 жəне 80,41 пайызды құрап отыр. «Естеріңізге сала кетейін, дауыс беру барлығы 9840 сайлау учаскесінде жүр-гізілуде», – деді М.Сəрсембаев.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі өткізген брифингтен соң, Корея Республикасы Ұлттық сайлау комис сия-сының бөлім басшысы Лим Чай Мэн бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл-деріне сұхбат берді. «Сіздерді Наурыз мей рамымен құттықтаймын. Ал сайлау үдерісіне келер болсақ, ол Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сай, мерекелік көңіл-күйде өтіп жатыр. Мен бұл сайлаулардың нəтижесінде Қазақстан өзінің ішкі ұлттық интеграциясын нығайта түседі деп сенемін», – деді ол.

Сонымен қатар, корейлік байқаушы Қазақстан мен Корея сайлауды байқау саласындағы ынтымақтастығын нығайту

арқылы өзара байланыстарын күшейте түсе тіндігін атап өтті. «Қазақстан шынайы демократия құру жолында ілгері леп келеді. Айта кетерлігі, Корея сайлау барысында заманауи электрон ды технологияларды қолдануда мол тəжіри-беге ие. Сайлау үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану бойынша тəжірибе бөлісу ойымызда бар. Сондай-ақ, елдеріміздің арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың да кеңейе түскеніне мүдделіміз», – деді Лим Чай Мэн.

Саєат 19.05«Облыстардың, Астана жəне Алматы

қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мəліметтеріне сəйкес 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 75,16%-ы сайлау бюллетеньдерін алды, – деді брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сəрсембаев. – Бұл біздің елде бұрын болған парламенттік сайлаулар үшін рекордтық келу екенін атап өту қажет. Сайлаушылардың дауыс беруі əлі де жалғасуда». Бұдан кейін ол сайлау-шылардың өңірлер бойынша келу жайы-на тоқталды. Осы уақыт аралығында 92,67% нəтижемен Алматы облысы ның сайлаушылары алда келеді. Одан кейін Атырау (82,91%), Қостанай (82,57%) облыстарының сайлаушыларын атауға болады. Ал Алматы қаласы ның сай-лаушылары аталған уақыт ішінде тізімге енгізілгендердің небəрі 32,23 пайызының келуі кəдімгідей-ақ ойландырып тастады.

Саєат 22.30Қазақстан Республикасы Орталық

сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттарын жəне мəслихаттарының депутаттарын сайлауда сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындыларын жария етті. «Қазақ стан Республикасы Парламенті Мəжілі сінің депутаттарын жəне мəслихат-тарының депутаттарын сайлауда дауыс беру аяқталды. ОСК шетелдерде Қазақстан өкілдіктерінің жанында құрылған 65 сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың келуі туралы жедел мəліметтерді ұсынды. Олардан мəліметтер кешірек түседі, – деді Қ.Тұрғанқұлов. – Облыстық, Астана жəне Алматы қалаларының сайлау комиссияларынан келіп түскен хабарлар бойынша тізімдерге енгізілген 9 млн. 810 мың 920 сайлаушының 7 млн. 564 мың 281-і сайлау бюллетеньдерін алды. Сайлаушылардың келуі жалпы республика бойынша 77,1 %-ды құрады».

Өңірлер бойынша алғанда, Ақмола облысы – 79,68%, Ақтөбе облысы – 80,26%, Алматы облысы – 94,06%, Атырау облысы – 85,37%, Батыс Қазақстан облысы – 73,68%, Жамбыл облысы – 82,66%, Қарағанды облысы – 78,83%, Қостанай облысы – 84,85%, Қызылорда облысы – 81,75%, Маңғыстау облысы – 75,91%, Оңтүстік Қазақстан облысы – 85,06%, Павлодар облысы – 72,85%, Сол түстік Қазақстан облысы – 81,57%, Шығыс Қазақстан облысы – 82,44%, Астана қа ласы – 74,65%, Алматы қаласы – 34,1%-ды құрады.

«Бүгінгі дауыс беру барысында сайлаушылар белсенділігінің деңгейі өте жоғары болғанын атап көрсетеміз. Бұл Парла мент Мəжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі соңғы сайлау науқан-дарының ішіндегі рекордтық көрсеткіш» – деп атап өтті Ортсайлауком басшысы.

Төрағаның айтуынша, қазіргі уақытта сайлау учаскелерінің барлығында сай лау-шылардың дауыстарын санау жүргізілуде. Сайлау заңнамасына сəйкес, сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екі сағаттан аспауы тиіс.

– Заңнамаға сəйкес, Үкіметтің жұмысын, соның ішінде бюд-жет қаражатының шығыстарын бақылау үшін Парламенттің барлық өкілеттігі бар. Сондай-ақ, заң қабылданғаннан кейін Парламент сол нормалардың іске асырылуын қадағалауы тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қ а з а қ с т а н П р е з и д е н т і

саяси жүйенің ықтимал өзгерісі ел Конституциясымен тікелей байланысты болатынын айтты.

– Негізгі заңды референдумда халық қабылдады, қажет жағдайда өзгерісті де халық қабылдайды. Əңгіме билікті Президент, Парламент жəне Үкімет арасын-да бөлуге байланысты болуы мүмкін. Бұл өзгерістер əлемдегі жəне елдегі ахуалға байланысты болады. Халық қаласа, біз мұны

жақсылап ойланатын боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы атқарушы билікте болуы мүмкін өзгеріс ту-ралы да ойын білдірді.

– Үкіметтің былтыр Пре зи-дент сайлауынан кейін өзгер генін еске салғым келеді. Оның қазір гі құрамы дағдарысқа қарсы бағ дар-ламаларды жəне бес институттық реформаны жүзеге асыру жө-нін дегі заңдарды əзірледі, қазір

сол бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Үкіметтің құрамы сау-атты іріктелген деп санаймын. Онда білімді, жас, шетел тілдерін меңгерген өз ісінің білгірлері жұмыс істейді. Бастаған жұмысын оларға соңына дейін жеткізуге мүмкіндік беру керек деп ойлай-мын, – деді Қазақстан Президенті. –––––––––––––

Суреттерді түсіргендерС.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Елбасы халыќпен бірге дауыс берді

БЕЛСЕНДІЛІКТІЅ БИІК БЕЛЕСІ2016. 20 НАУРЫЗ. ОРТАЛЫЌ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығы қызған жұмыс үстінде. Журналистерге қажетті барлық мүмкіндік жасалған арнайы бөліктің алғашқы бөлмесіне компьютерлер қойылып, электронды ақпарат құралдарының тікелей эфирге шығуына қажетті жабдықтар да орналасқан. Ал келесі үлкен зал баспасөз мəслихаттарына арналыпты.

Осы арада ерекше атап көрсететін тағы бір жайт – биыл еліміздегі барлық парламенттік сайлаулар тарихында дауыс беруге келгендер саны тұңғыш рет рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл сайлаушылардың жоғары ұйымдасқандығының нəтижесі болып табылады. Мұны халықаралық байқаушылар да атап көрсетіп жатты.

Бұдан кейін жиналғандарға сөз арнаған Қазақстан Президенті бар лығын тарихи жеңіспен құт-тықтады.

– Алдын ала мəліметтер бойын-ша, сайлаушылардың басым көп-ші лігі «Нұр Отан» партиясына сенім білдірді, бұл – бүкіл халық-тың жеңісі. Қазақстандықтар ел-де жүргізіліп отырған саясат ты, партия жариялаған бағдар ла-малар мен реформаларды тағы да қолдап шықты. Бүгін мен бар-лық дауыс берушілерге ризашы-лығымды білдіремін. Біздің пар-тиямыздың əрбір мүшесі осы бір күрделі кезеңде көрсетілген сенімді бағалауы тиіс. Бұл жеңіс – көпжылдық жұмыстың нəти-жесі. Соған орай өңірлік штаб-тарға, белсенділер мен партия ерік-тілеріне алғыс айтамын. Сайлауды 800 шетелдік жəне 10 мыңға тарта жергілікті байқаушылар бақылады, олар сайлау үдерісі

заңнамаға сəйкес өткенін атап өтті. Біз əлемдік қоғамдастық алдында ашық əрі əділ сайлау өткіздік, – деді Мемлекет басшысы.

Одан əрі Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға қатысқан өзге партияларға да алғыс білдірді.

– Олар белсенділік танытты, «Нұр Отан» партиясы олар дың айтқан ұсыныстары мен ескер-тулерін назарға алады жəне атал-ған мəселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастырады, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы баршаны партияның жеңісімен құттықтап, партия мүшелеріне алдағы уақытта қажырлы еңбек етіп, табысқа жетуге тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, жиын барысын-да партияның сайлауда ең жо ға-ры нəтижеге қол жеткізген өңір лік филиалдары өкілдері өз аймақ-тарында сайлаушылардың белсен-ділікпен дауыс бергенін айта келе, Елбасын, барша нұротандықтарды

ж е ң і с т е р і м е н қ ұ т т ы қ т а д ы .Сондай-ақ, шарада жұртшылық

Елбасымен бірге «Атамекен» жəне «Весна на Заречной улице» фильмінде айтылатын əнді қо сы-ла шырқады. Бұдан бөлек, əнін А.Мұхамедиұлы, сөзін М.Қа сым-беков жазған жаңа «Мақтанышым – Елбасым» əні де сəтімен орын-далды. Əсіресе, осы əнді айту ба-рысында: «Қиындықты жеңген, Қалың елі сенген. Ғасырлардан озған нар тұлға. Ел бастаған көсем, Болсын аман-есен, Халық үшін туған боз тұлпар!» деген тұсы ша-быттана шырқалды.

«Нұр Отан» партиясының осы-нау жеңісті сəтін əуезді əнмен, көтеріңкі көңіл-күймен атап өту əбден орынды. Өйткені, ұлты-мызды ұйыстырып, кемел келе-шекке бастап келе жатқан Елбасы басқаруындағы бұл саяси ұйымның жеңісі барша қазақстандықтар үшін дəл қазіргі уақытта аса қажет. Ал бұл қажеттіліктегі мақсат-мүддені халық жақсы түсінеді.

(Соңы. Басы 1-бетте).

(Соңы. Басы 1-бетте).

Ќуатты ќолдау

www.egemen.kz 321 наурыз 2016 жыл

Қазақстан Рес пуб ликасының Премьер-Министрі Кəрім Мəсімов сағат таңғы 9:05-те Астанадағы М. Горький атындағы орыс драма театры ғи маратында орналасқан № 99 сайлау учас кесіне келді. Үкімет басшысы мұнда Парламент Мəжілісімен бірге қалалық мəслихат депутаттығына кандидатқа да өзінің дауысын берді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы «Конгресс-холл» сарай-ына орналасқан № 100 сайлау учаскесіне келді. Ол Парламент Мəжілісі мен қалалық мəслихат депутаттығына дауыс беріп шыққаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті.

«Əлемдегі тұрақсыздық жағдайында Қазақстан өзінің сайлауын өткізе оты-рып, тағы бір тарихи оқиғаның куəсі бо-лып отыр, – деді спикер өзінің сөзінде. – Елімізде ұс тан ған сарабдал саясаттың арқасында бəрі міз де тұрақтылық пен болашаққа деген нық сенім бар. Сондықтан, менің ойым ша, осы сайлау арқылы Қазақстан бүкіл əлемге бай сал дылығын танытады. Ендеше, бүгінгі сайлау дың əділ де ашық өтетініне күмəн жоқ».

Қазақстан Республикасының Мем ле-кеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова сайлауда дауыс беру үшін Астанадағы №89 сайлау учаскесіне келді.

«Бүгін бізде өте маңызды саяси оқиға болып жатыр. Өйткені, еліміздің жоғарғы заң шы ға рушы органы – Парламент пен мəс лихат депутаттарының сайла-уы жүруде. Сонымен қатар, алдымыз-да жаңару ме рекесі – Наурыз мейрамы келеді. Сондық тан да көңіл-күйіміз ке-ремет. Біз сайлауда дауыс беру арқылы, түптеп келгенде, өз болашағымыз бен тұрақтылығымыз үшін дауыс беріп отыр-мыз», – деді Г.Əбді қалықова.

Парламент Мəжілісі мен барлық дең-гей дегі мəслихатқа сайлау көпшілік облыс-та Астана уақыты бойынша сағат 07:00-де басталды. Батыстағы Ақтөбе, Аты рау, Маңғыстау жəне Батыс Қазақстан облыс-тары бөлек сағаттық белдеулерде орна-лас қан дықтан, мұндағы сайлау учаскелері басқа об лыстардан бір сағат кейінге, Ас тана уа қытымен сағат 08:00-де сөреден шықты.

Парламент сайлауына 10 миллионға жуық, мəслихат сайлауына 18 миллионнан астам бюллетень таратылған. Сайлаушылар саны 9,7 миллион адамнан асып отыр.

«Егемен-ақпарат».

САЙЛАУ-2016

Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».

«Конституцияға жəне Мем лекет басшысының тап-сырмасына сай, Бас про-куратура ағым дағы сай-лау процесінің заң дылығын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шара ларды қабылдады. Электо рат тық кезеңде азаматтардың конс ти-туциялық құқықтарының жə не сайлау заңнамасының сақта-лу мəселелері прокурор лар үшін жұмыстың негіз гі ба сым-дылығы болып бел гі ленді», деді Бас прокуратураның рес-ми өкілі.

Тек сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарының жекелеген бұзушылықтары орын алған. Нақты айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының З ы р я н а у д а н ы н д а п р о -куратура учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы А.У.Жүнісоваға қатысты мəсли хат депутаттығына к а н д и д а т т а р д ы ң б і р і н қолдаумен сайлау алдындағы үгіт жүргізгені үшін əкімшілік іс қозғаған. Жүнісова комис-сия төрағасының мін деттерін

атқарудан босатылып, сондай-ақ, оны сот 30 АЕК мөл-шеріндегі айыппұл түрінде əкім шілік жауапкершілікке тартқан.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының Қаратау ауданын да қалалық мəслихаттың депутат-тығына кандидаттың үгіттеу материалдарын бүлдіргені үшін қала тұрғыны Ж.К.Бубеев əкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Сондай-ақ, сай-лау алдындағы үгітті жүргізу ережелерін бұзу фактілері бой-ынша прокуратура елорданың үш тұрғынына заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы ал-дын ала ескерту жариялаған.

«Прокуратура органда-ры сайлау заңнамасының бұ-зылу фактілері бойынша өзге қадағалау актілерін енгізген жоқ. Дауыс берiлетiн күннің алдындағы кезеңде Парламент Мəжілісіне сайлау бойын-ша прокуратура органдарына үш өтініш қана келіп түсті. Мысалы, Валентина Безрукова П а р л а м е н т М ə ж і л і с і н і ң депутаттығына өзін өзі ұсынған кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан сайлау комисси-яларына шағымданған. Оған

кандидаттарды ұсыну саяси партиялармен ғана жүзе ге асырылатындығы түсін ді-рілді. Жалпы, сайлау заңнама-сының қандай да бір елеулі бұзу шылықтарының бол-мауы, біздің пікірімізше, ағымдағы сайлау процесінің барынша ашық жəне заңды екендігін куəландырады», деді Н.Сүйіндіков.

Ол, сондай-ақ, сайлау күні, яғ ни кешегі күнге қатысты да ақпараттармен бөлісті. «Қазақ-стан Республикасындағы сай-лау туралы» Конституциялық заңға сəйкес, сайлау күні проку-ратура органдары үшін жұмыс күні болып табылады жəне сол күні түскен өтініштер дереу шешілетін болады. Орталық дең гейде де, жергілікті жер-лерде де сайлау комиссиялары-мен жəне мүдделі мемлекеттік органдармен біздің үздіксіз бай ланысымыз орнатылған. С а й л а у у ч а с к е л е р і н д е қоғамдық қауіп сіздікті поли-ция органдары қамта масыз етті. Электораттық нау қан сияқты сайлау күні де бай-салды жағдайда өтті. Аза мат-тардың сайлау құқықтарының бұзылуы немесе өзге елеулі құқыққа қайшы іс-əрекеттер тір келген жоқ», деп мəлімдеді Бас прокуратураның ресми өкілі.

Кешегі күнгі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша проку-ратура органдарына 8 өтініш түс кен. Мəселен, Астанада проку ра тураға партиялардың бірінің өкілі Рахымжановтан

жəшiк тердің байқалуына жағ-дай жасауды қамтамасыз етпе-гені үшін №78 учаскенің сай-лау комис сиясының төраға-сы на шара қолдану туралы екі ұқсас өтініш түскен. Оңтүс тік Қазақстан облысында Со зақ ауданының прокуратура сына Г.Жақайқызы (аудандық мəс-лихатқа кандидат У.Шүкеева-ның сенім білдірілген ада-мы) кан ди даттардың бірінің жақтас тары дауыс беру үшін келген адамдардың фото/бейнетүсірілімін жүргізгендігіне шағымданған. Аталған өтініштер құзыреті бойынша сайлау комиссияла-рына жолданған.

Н.Сүйіндіковтің айтуын-ша, Шығыс Қазақстан облы сы Аягөз ауданының прокура ту-расына аудандық мəслихат қа кандидаттардың бірінің сенім білдірілген адамы А.Сү лей-менова басқа кандидаттың сенім бiлдiрілген адамы оның ар-намысы мен қадiр-қасиетін қорлағаны туралы арызбен жүгінген. Өтініш қарау үшін полицияға жолданған. Осы облыста А.А.Кузнецов емдеу мекемелерінің бірінің пациент-терін сайлаушылар тізіміне енгізі луінің негізділігіне қ а т ы с т ы п р о к у р а т у р а ғ а арызбен жүгінген. Аталған өтінішті арызданушы дереу қайтарып алған, осыған бай-ланысты қараусыз қалды-рылыпты. Қалған өтініш тер бойынша оларда көрсетілген бұзушылықтардың белгілері туралы ақпараттар тексерілуде.

Токио. Қа зақ-стан депутатта-рын сайлауға ар-налған науқан Жа пония астана-сында басталды. Осы қаладағы Қа-зақстан елшілігі ғимаратында қа-нат жайған №211 сайлау учаскесі б ір інші болып

ашылды. Күншығыс елінде біздің бұл науқанға 116 Қазақстан азама-ты қатысты. Олардың қатарын жа-пон еліндегі жоғары оқу орында-рында білім алып жатқан студенттер мен мұнда жергілікті компания-ларда тəжірибеден өтуге келген жұмысшылар құрады.

Жалпы, уақыт айырмашылығына байланысты біздің азаматтарымыз ең бірінші болып Токио мен Сеулде ашылған сайлау учаскелерінде дауыс бере бастаған. Олар учаскеге келіп жатқан кезде Астана уақыты таңғы 4:00-ді көрсетіп тұрған.

Бейжің. Қытайда біздің сай-лау учаскелеріміз бірден 4 қалада жұмыс жасады. Ондай мекендер елдің байтағы – Бейжіңнен басқа, Шанхай, Гонконг жəне Үрімші қалаларында болды. Оларда Аспанасты елінде оқып жатқан студенттер, сондай-ақ Қазақстаннан барған туристер мен кəсіпкерлер айрықша белсенділік та-нытты. Айталық, Бейжіңде Қазақстан елшілігі ғимаратында ашылған №207 сайлау учаскесіндегі сайлау-ды дипломатиялық өкілдік басшысы Шахрат Нұрышев пен оның зайыбы бастап берді. Олар Қазақстан гимні ойналып біткен бойда бюллетеньдерін алып, арнайы кабинаға беттеді. Бұлардың соңын ала Қытай елінде жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мен осы ведомствоның қызметкерлері, дипломаттар, олардың отбасы мүшелері, ұлттық компания өкілдері өздерінің конституциялық құқықтарын орындап шықты. Осы алғашқылардың қатарынан Бейжің тіл жəне мəдениет университетінің тіл курсында оқитын 18 жасар студент Кə ми лə Атиева да табылды. Сайлауда бірін ші рет дауыс беріп тұрғандықтан, оған сайлау комиссиясы тарапынан есте лікке арнайы кəдесый тапсырыл-ды.

Бұдан əрі Қытай жеріне қызметтік мəселелермен келген Жұлдызбек Се-ралиев те аталмыш учаскеде дауыс беру мүмкіндігін пайдалана білді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының орынбасары Сабыр Имандосовтың зайыбы Мəнсия Имандосова да естелікке сыйлық алды. Ол сайлау учаскесінің жұмысының ұйымдастырылуы жоғары деңгейде екенін атап өтті. Бейжіңде алғашқы болып дауыс берушілер қатарында мұнда бұдан бір күн бұрын жұмыс са-парымен келген «Егемен Қазақстан» газеті интернет-редакциясының қызметкерлері Серікқазы Кəкібаланов пен Өркен Мұсабек те болды.

Улан-Батор. Қазақстанның Моң-ғолиядағы елшілігі ішінен ту тіккен № 231 сайлау учаскесі де келу-шілер легінен босаған жоқ. Мұнда да біздің отандастарымыз үлкен ұйым-шылдық танытты. Соның ішінде өткен жылы маусым айында ғана Қа зақстан азаматтығын алып, біздің республикамыздың құрама командасы

атынан əлемдік деңгейдегі жарыс тарға қатыса бастаған дзюдошы моңғол қызы Отгонцэцэг Галбад рахты көру кім-кімге де өте жақсы əсер етті. Спортшы бойжеткен мұнда жəне Қазақстан құрамасының спорттық киімін киіп келді. Дауыс беріп шыққаннан кейін қазақстандық моңғол қызы журналис-терге қазір ғана Рио-де-Жанейродағы Олимпиялық ойындарға баратын ко-манда құрамына бекітілгенін қуана жеткізді. Қазақстанда Шымкент қаласының тұрғыны болып табы-латын ол биылғы ақпан айының басында Парижде өткен «Үлкен дулыға» турнирінде 48 килоға дейінгі салмақта сенсациялық жеңіске жет-кен еді. Сосын ақпанның ортасында Германияның Дюссельдорф қаласында Əлем Гран-приі жарысында күміс ме-дальды мойнына тақты.

Моңғолияның бас қаласында сайлау учаскесіне бірінші болып қазақстандық кəсіпкер Игорь Моисеев жетті. Ал ең жас сайлаушы ретінде 18 жастағы Залина Котиева атап өтілді. Мұнда барлығы тізімдегі 112 адам уақытында дауыс беріп болды.

Мəскеу. Ресей астанасында тұратын немесе осында іссапармен келіп қалған Қазақстан азаматтары еліміз елшілігі жанына орналасқан № 215 сайлау учаскесінде дауыс беруге атсалысты. Ресей Федерациясының алуан түрлі БАҚ-тары жазып отыр ған-дай, мұнда дауыс беруге келген отан-дастарымыздың барлығының көңіл-күйлері көтеріңкі болған. Солардың арасындағы кəсіпкер Еркебұлан

Баяхметов бұл сайлаудың еліміз азаматтарының жауапты азаматтық ұстанымдарын байқатқанын ерекше атап өтті. Оның пайымынша, сайлау учаскесіне келгендердің барлығы өздерінің елдің дамуына үлес қосып жатқандарын сезіне білген. «Біз де Қазақстаннан келдік. Мəскеуде іссапардамыз. Соған қарамастан ерте тұрып, өз таңдаумызды жасау үшін сайлау учаскесіне бардық. Бұл – ел үшін маңызды, қажетті мəселе», – деді «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қорының» Ақмола облысындағы филиалының директоры.

Ташкент. Өзбекстандағы Қа-зақ стан елшілігі үйінде орналасқан № 217 сайлау учаскесі 200-ден ас-там сайлаушының дауыс бергенін айғақ тады. Мұнда науқан жергілікті уақыт бойынша 6:00-де ашылған. Ал дауыс беру 7:00-де басталған. Сай-лау учаскесі комиссиясының төр-ағасы Наурыз Айдаровтың айтуынша, елшілікте консулдық есептегі Қазақ-стан азаматтары белсенді түрде дауыс беруге кіріскен. «Сайлауға үлкен дай-ындық жүрді. Қызметкерлер өңірлерге шығып, азаматтармен кездесті, сайлауға қатысуға шақырды», – деп мəлімдеді дипломат. Бұған қоса, тап-сырыс хаттармен өңірдегі Қазақстан азаматтарына шақырту жіберілген.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының материалдары, бюлле-тень толтыру тəртібі, ақпараттар тиісті үлгіде қабырғаға ілінген. «Дауыстарды есептеу 20.00-де дауыс беру рəсімі аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады, заңға сəйкес хаттама елшілік стендіне ілінеді», – деп сөзін түйіндеді комис-сия төрағасы.

Анкара. Түркияда Қазақстан Пар-ла менті Мəжілісі мен барлық дең-гей дегі депутаттарының сайлауы үш қалада өріс алған. Олар ел дің орталығы – Анкарадан басқа, Ыс там бұл жəне

Ан талья шаһарларында жұмысқа кіріскен. Сөйтіп, Анадолы жеріндегі № 205, № 236 жəне № 246 сайлау учас келеріне дауыс берушілер жер-гілікті уақыт бойынша 7:00 сағатта келе бастаған. Тура сол мезгілде бірін ші болып келген Қазақстан азаматтарының қатысуымен сайлау учаскелерінің ашылу рəсімі ұйым-дастырылған. Түркияда өз дауысын бірін ші болып Қазақстанның осы елде гі Төтенше жəне өкілетті елшісі Жан сейіт Түймебаев берген.

«Қазақстан азаматтары Түркия елін дегі күрделі ішкі жағдайға қара-мас тан, Парламент Мəжілісінің кезек-тен тыс сайлауында өздерінің дауыс беру конституциялық құқығын пайда-лану үшін сайлау учаскелеріне келіп жатыр», – делінген хабарламада.

Түркиядағы қазақстандық сай лау-шылардың басым бөлігін осы елде білім алып жатқан жастар құрайды. Олардың арасында əскери мамандықтар бойын-ша оқып жатқан курсанттар да жүр. Сайлау учаскелеріне Түркияның түрлі қалаларындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен доктор-анттары да келген. Елде мұндай 1500-ден астам өкіл бар.

Дауыс бергендер қатарында Түр-киядағы белгілі тұлға, отандасымыз Марат Ахмет те болған. Ол – Түркия Президентінің қолынан жоғары ғылыми марапат алған математик-ғалым. Түркияда 1998 жылдан бері ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді. Математика ғылымдарының докторы, профессор, Түркияда жəне көптеген шетелдерге танымал тұлға. Мұндай дауыс берушілер легін сондай-ақ осы елде жұмыс істеп жүрген ғалымдар, журналистер, оқытушылар, дəрігерлер толтырған.

Баку. Əзербайжандағы Қазақстан Парламенті Мəжілісіне депутаттар сайлау елдің бас қаласында жүр гі-зілді. Ол да Қазақстанның осы елдегі елшілігінен ашылды. № 212 сай-лау учаскесінің басшысы Бауыржан Дос ман бетовтің мəліметінше, біздің еліміздің сайлаушылар тізіміне кір ген азаматтары түгел өздерінің консти-туциялық құқықтарын орындаған.

Əбу-Даби. Біріккен Араб Əмір-ліктерінде де сайлау учаскесі қызу жұмыс жасады. Партиялық тізім бойынша Қазақстан Парламенті Мəжілісіне депутаттарды кезектен тыс сайлау өткізуіне байланысты Дубайдағы жəне Солтүстік Əмірліктегі Қазақстанның бас консулдығы ғима-ратында № 224 сайлау учаскесі ашыл-ған. Учаскеде БАƏ-де тұрақты тұратын жəне түрлі себептермен араб елінде жүрген 600-ге жуық қазақстандық азамат конституциялық құқықтарын жүзеге асырған.

Учаске таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де ашылды. Ал бұл елде жексенбі жұмыс күні сана-

лады. Ашылу салтанаты барысында Қазақстан Республикасының гимні орындалған. Бұдан кейін Дубайда білім алып жатқан қазақстандық сту-денттер мен туристер осында қарай ағылған. Жалпы, Əмірлікке жылына 300 мыңнан астам қазақстандық турис-тер келіп, тынығады екен.

Жоғарыда айтқанымыздай, əлемнің бұдан да басқа көптеген қалаларында бұл күні Қазақстан Парламенті Мəжілісінің сайлауы өткізілді.

Шетелдік БАҚ-тар мəліметтері бойынша

материалды дайындаған Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Шетелдердегі отандастарымыз да таѕдауларын жасады

Кеше, жексенбі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі мен барлық деңгейдегі мəслихаттар депутаттарының сай-лауы тек біздің елімізді ғана емес, сонымен қатар əлемнің 65 елін қамтыды. Дəлірек айтқанда, планетаның осыншама мемлекетінде сайлау учаскелері ашылып, олардағы қазақстандық азаматтардың саяси науқанға үн қосуларына мүмкіндік жасалды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мəліметі бойынша, осы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізіміне 14 мыңға жуық азаматтарымыз енгізілген.

Билік ґкілдері де биіктен табылдыКеше миллиондаған қазақстандық азаматтардың қатарында ел

билігінің жоғарғы сатысында қызмет етіп жүрген тұлғалар да Парламент Мəжілісі мен мəслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына бір кісідей қатысып, өздерінің дауыстарын берді. Олар өздері дауыс беруге тиісті сайлау учаскелеріне ерте келушілер қатарынан табылды.

Їгіт жўмыстары заѕєа сəйкес жїргізілдіҮгітті қоса алғанда, дауыс берілетін күннің алдындағы

барлық іс-шаралар «Қазақстан Республикасындағы сай-лау туралы» Конституциялық заңға сəйкес жүргізілді. Мемлекеттік органдар тарапынан қандай да бір заң бұзу-шылықтар тіркелген жоқ. Бұл туралы кеше Пре зидент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдəулет Сүйіндіков мəлім етті.

Қай партияның аты озады деп келген сай лау науқаны да кеше өз мəресіне жетті. Осы ған орай кеше Қазақстан Республикасы Парла менті Мəжілісі депутаттарын сайлау күні «Медиа Консул» агенттігі Еxit-poll əдістемесі бойынша əлеуметтік сауалдама жүргізді.

Аталған əлеуметтік сауал-дама «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің тап-сырысы бойынша жүргізілді. Сұрау салынғандар кездейсоқ іріктеліп, əрбір бесінші сай-лаушы сауалдамаға қатысқан. Зерттеу еліміздің барлық өңірлерінің, қала мен ауыл тұрғындарының саны тең бола-тындай 225 сайлау учаскесінде жүрг і з і л ген . Сауалдама жүргізуге 267 сұхбат алушы

тартылса, олардың жұмысын 16 өңірлік менеджер үйлестіріп отырған. Оған еліміздің барлық өңірінен 40 050 адам қатысқан. Сайлаушыларға

«Сіз қандай саяси партия үшін дауыс бердіңіз?» деген сұрақ қойылған.

«Нұр Отан» партиясы-на сайлаушылардың 81,95

пайызы өз дауыстарын беріпті. Ал Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы-на сайлаушылардың 7,24 пайызы жəне Қазақстанның Коммунистік халық партиясы-на 7,22 пайызы өз таңдауларын жасапты. Бұдан кейінгі орынға 2 пайыздық нəтижемен «Ауыл» халықтық-демократиялық пар-тиясы жайғасқан.

Бұл жолғы сайлауда Жалпы-ұлттық социал-демо кратиялық партиясы сайлаушылардың 1,20 пайыздық дауысын иелен-ген. Жаңадан құрылымдалған «Бірлік» саяси партиясы үшін сайлаушылардың 0,39 пайызы ғана өз сенімдерін білдірген. Іріктеудегі орташа қателік 0,69 пайыз.––––––––––––

Суретті түсіргенЕрлан ОМАРОВ.

Сўрау салу нəтижелері жарияланды(Соңы. Басы 1-бетте).

21 наурыз 2016 жылwww.egemen.kz4

ҐЗІМІЗ ЇШІН МАЅЫЗДЫ,

Бақберген АМАЛБЕК,«Егемен Қазақстан».

Сайлау белгіленген 20 наурыз күні тура таңғы сағат алтыда Көкшетаудағы №1 мектепте орналасқан №6 сайлау учаскесінің есігі айқара ашылды. Қазақ-стан Республикасының Əнұраны орын-далған соң алғашқы дауыс беру құрметі 88 жастағы еңбек ардагері Айдархан Темірбаевқа берілді. Одан кейінгі кезек сервистік-техникалық лицейдің оқушысы Батырхан Жылқайдаровқа тиді. Ол елі-міз үшін аса маңызды саяси науқанға тұңғыш рет қатысып отыр. Қос ұрпақтың өкілі «Мəңгілік Ел» мұраттарына сапар бастаған Тəуелсіз Қазақстанымыздың жарқын болашағы үшін дауыс бергендерін айтты. Бұл екі азаматқа арнайы сыйлықтар тап сырылды.

Аталған учаскелік сайлау комис-сиясының төрайымы Ирина Голов-ченконың айтуынша, сайлау учаскесінде 3907 сайлаушы тіркелген. Алғашқы екі сағатта олардың 17 пайызы азаматтық

парызын өтеуі жоғары белсенділікті айқындайды. Мұн да бүгін 19 қыз-жігіт бірінші рет дауыс берсе, 30 адамның үйіне жыл жымалы жəшік жеткізіледі.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Əділхан Шаяхметов бізбен əңгімесінде өңірдегі 785 учаскеде сайлау белсенділікпен өтіп жатқанын мəлімдеді. Мұнда сайлауды өткізуге қатысты жағ дайлардың бəрі жасалып, дауыс берудің заңдық талаптары қамта-масыз етілген.

Жалпы, осынау айтулы күні 470 мыңнан астам адам дауыс берсе, олардың 18-інің жасы 100-ден, ал Көкшетау қаласының 600 тұрғыны 90 жастан асқан қариялар екен. Сондай-ақ, 3 мыңнан астам жас бірінші рет сайлау учаскелеріне келіп отыр. Сайлаудың əділ де таза өтуіне 6 мыңнан астам бай қаушы септік жасайтын болады. Олар дың қатарында Франция мен Финлян диядан келген екі ұзақ мерзімді байқаушы жəне ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 3 мүшесі бар.

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Қабанбай батыр көшесінде жайласқан Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 мек теп-гимназияның ауласына бас сұ-ғып келіп жатқан дауыс берушілердің ара сы нан ең алдымен көзімізге түскені Тəуел сіз Қазақстан Үкіметінің алғашқы басшыларының бірі Сергей Терещенко еді. Алматының құрметті азаматы. Экс-премьер-министр сайлау учаскесінде көп аял даған жоқ. Бұл кезде №372 сай-лау учаскесінде халықтың қарасы көбейе бастаған. Мына ақсақал – Сұлтан Сүлей-мен ұлы Жиенбаев. Жас ұрпақтың көбісі Сұлтан ағамыздың Ұлы Отан соғысының ардагері, еліміздің партия жəне мемлекет қайраткері екенін біле бермеуі де мүмкін.

Дəл осындай құрмет пен ілтипат Медеу ауданының №371 сайлау учас-ке сінде де қайталанды. Бір қауым жұрт сай лау учаскесінің есігінен асықпай ен-ген əлемге танымал ақын Олжас Сүлей-ме новті келбетінен бірден таныды. Өз мис сиясын тез арада орындаған Олжас аға н ы журналистер қауымы бірден орта-ға алды. Ақыл-ойдың таусылмас кені – ға жа йып ақын журналистердің барлық сұра ғы на ықыласпен жауап қайтарып

жатты. «Жаңа дан жасақталатын Парла-менті міз өзі мізге ежелден етене жақын ба йырғы «бір лік, ынтымақтастық, рес-пуб ликаның қар қынды дамуы», деген ұста нымда бо ла ды деген сенімдемін» деді Олжас Сүлейменов.

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төле-генова да осы учаскеден – Достық даңғы-лының бойына орналасқан №35 линг-вистикалық гимназияда дауыс берді...

Күннің көзі көктен жадырап, жер-дүние жаймашуақ күйге енгенде Алматы қаласы сайлаушыларының 30 пайызы дауыс беріп үлгерген. Кеш жатып, ерте тұратын Ал-ма ты жастарының алғашқы легі бұл кезде ат тың басын сайлау учаскелеріне бұрған.

Астанадағы Орталық сайлау комис-сия сы кешкі 18.00-де Қазақстан хал-қының 75,16 пайызы сайлауға дауыс беріп үлгерді деген мəлімет таратты.

Бұл кезде Алматыдағы сайлау учас ке-леріне бас сұғып дауыс беруші лер дің саны да əлі де үзілмеген Байқаушылар дың дені қым-қуыт қызметтің ешбір қиын дық-сыз аяқ талып келе жатқанын байқаған-дай, жең дерін сілкіп, сағаттарына қарай бастады...–––––––––––––––

Суретті түсіргенЮрий БЕККЕР.

Қайрат ƏБІЛДИНОВ,«Егемен Қазақстан».

Қарағанды қаласындағы Нұркен Əб діров атындағы спорт сарайында ор на ласқан №58 сайлау учаскесінде «Шахтер» футбол клубының ойыншы-лары Евгений Горячий мен Сергей Ветров өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

– Мен бүгін дауысымды өзім таңдаған партия мен үміткерге бердім. Жалпы, демо кратиялық бағыт ұстанған қоғамда өмір сүріп отырғандықтан, сайлау учас-кесіне барып, дауыс беру əрбір қазақ-стандықтың азаматтық борышы деп білем. Ендігі тілегім мен дауыс берген үміткер сайлауда жеңіп шығып, елімізде саламатты өмір салтын қалыптастыру ісін ілгері жылжытуға өз үлесін қосса деймін, – деді «Шахтердің» қорғаушысы Евгений Горячий.

Дауыс берген футболшыларды қол-дап, сайлау учаскесіне «Шахтердің» ойын шылары, команда капитаны Андрей

Финонченко мен Қазақстан құрама командасының мүшесі Мақсат Байжанов келді.

Аталған сайлау учаскесінде болған байқаушылармен тілдескенімізде, олар-дың бəрі де бұл жерде ешқандай заң бұзу шылықтың болмағанын, сайлаудың демо кратиялық талаптарға сай өткенін айтты.

«№58 сайлау учаскесі таңғы 7.00-ден бастап жұмыс істеді. Таңдаушылардың белсенділігі түске дейін де, түстен кейін де бір сəт саябырсымады. Тұрғындар сайлауға көтеріңкі көңіл-күймен, көбісі бала-шағасымен келді. Сайлау үлкен ұйым шылдықпен, демократиялық талап-тардың бəрі орындалып, өте дұрыс өтті. Техникалық тұрғыдан ұйымдастырылуы да өте жақсы болды. Сайлау барысында Қазақстан заңдары мен нормаларының барлық талаптары орындалды. Бұл орай-да біздің ешқандай ескертуіміз болған жоқ», – деген пікір білдірді тəуелсіз байқаушы Мұрат Сембаев.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ.«Егемен Қазақстан».

Атырау облыстық аумақтық сай-лау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашевтың мəлім етуінше, өңірде бұған дейін 9 аумақтық сайлау комиссиясы жұмысына кіріскен еді. Сонымен бірге, 134 округтік сайлау комиссиясы мен 234 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы да жасақталыпты. Сайлау басталғанға дейін мұнайлы өңірде тұратын 302 186

сайлаушының дауыс беретіндігі белгілі болды. Дегенмен, Атырауға өзге өңірлер-ден вахталық ауысыммен жұмыс жасауға келетін мұнайшылардың бар екендігі ескерілді. Олардың саны – 3000-нан астам адам. Мəселен: «Туған жерімнен жырақта жүрсем де сайлауда өз таңдауымды біл-діруге мүмкіндік алғаныма қуаныш-тымын. Мен еліміздің болашағы үшін дауыс бердім. Бұл – əр азаматтың па-рызы» деген Данагүл Елеуова Атырау қаласының іргесіндегі Талғайраң ауылдық округіндегі №77 сайлау учаскесінде да-уыс беруге келді. Онымен бірге Атырау қаласынан 30 шақырымнан астам қашық-тық тағы «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысында бірге еңбек ететін 2300 адам арнайы автобус -

тар мен сайлау учаскесіне жеткізілді. Сол секілді Атырауға өзге өңірлерден

келгендер «Қашаған» кенішінде де жұмыс жасайды. Мұнда ауысымдық жұ-мысқа тартылған 700-ден аса отандас-тары мыздың өз таңдауын жасауы үшін сайлау бюллетеньдері арнайы тікұшақпен жеткізілді. Осы кезеңде Атырауда су-дан маржан сүзетін балық шылардың көктемгі балық аулау науқаны да бас-тау алды. Дегенмен, олар да өздерінің таңдауын білдіруіне мүмкіндік алып,

Дамбы ауылындағы №83 сайлау учас-кесіне ұйымшылдықпен келді.

Бұл күні Атыраудағы тағы бір сай-лау учаскесі – №83 сайлау учаскесінде Нұртай Өтеғұловтың мұнайшылар əулеті дауыс берді. Оның өзі отыз жылдан бері мұнай-газ өнеркəсібі саласында абы-ройлы еңбек етіп келеді. «Біз сайлауда дауыс беру арқылы еліміздің дамуына, өсіп-өркендеуіне атсалысамыз», дейді өз ісінің білгір маманы Нұртай Жанарұлы.

Сайлау учаскелеріндегі сайлау үде-рісін халықаралық 12 байқаушы бақы ла-ды. Оның ішінде ЕҚЫҰ-дан – 10, ТМД байқаушылар тобынан 2 байқаушы бар.––––––––––––––––

Суретті түсіргенРахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан Парламенті Мəжілісі жəне барлық деңгейдегі мəслихаттар сайлауы күні болатын таңда аспаннан жауған ақ ұлпа қар түс ауа ғана ашылды. Мұның өзі сайлау науқанына деген ақтөбеліктердің ақ ниетіндей əсерге бөледі. Сайлаушылар облыс орталығындағы №61сайлау учас-ке сіне өздерінің азаматтық парызын өтеуге тым ерте жиналды десе де болған-дай. Сайлау учаскесі ашылмай тұрып-ақ мұнда жиналған адам қарасы көп көрінді.

Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері ерте қамданған сайлаушыларға ыстық шай ұсынып, өзара əңгіме-дүкен құруларына жағдай жасады. Сайлау учаскесі ашылысымен сексеннің сең гіріне қадам басқан Юрий Малышкин бастаған қарттар бюллетеньдерін алып, азаматтық парыздарын өтеді. №61 сайлау учаскесінің төрайымы Роза Аман баева қашаннан қалыптасқан ұста нымдарынан айнымаған қарттарға өзіндік сый-сия патын жасады. Қарт сайлаушылардың мұн дай ықыласқа көңілдері көтеріліп, мəз-мейрам болды. Олардың қай-қайсысының да айтары елдегі тыныштық пен бірлік, бақуатты тұрмыс жайы, сол үшін Елбасына деген ризашылығы дер едік.

Бұл сайлау учаскесінде 1620 сайлаушы дауыс беруі тиіс екен. Отыз тоғыз сайлау-шының үйлеріне барып, дауыс бергізудің шарасы алынған. Учаскеде сайлаушылар тізімі көрнекі жерге ілінген. Учаскелік сайлау комиссиясының мүше лері келген сайлаушыларды тізімнен тез тауып берді. Бірінше рет сайлауға қатысып отырған Камал Ерғазиев бұл күн өз өміріндегі ең бақытты сəт екенін жет кізді. Ал, ұзақ жыл мұғалім болған Аруза Үргенішбаева апайды жердің тайғақ тығынан сақтанып, ұлы Азат ертіп келіпті.

№61 учаскелік сайлау комиссия-сының төрайымы Роза Аманбаева сайлаушылдардың тізімі нақытыланып, оларға шақыру қағаздары ертерек жет кізілгенінің нəтижесінде сайлау-шылардың белсенділігі жақсы екенін айтты. Осы учаскеде 17.30 сағатқа дейін 1920 сайлаушының 1790-ы дауыс беріп үлгерді.

«Қазақстан Республикасында сай-лауды байқау жөніндегі респуб ли-ка лық қоғамдық комиссия» рес пуб-ликалық қоғамдық бірлестігі облыс-тық орталығының жетекшісі Халел Құсайыновтың айтуынша, жалпы облыста тіркелген 475447 сайлаушының 16.00 сағатқа дейін 72 пайызы дауыс берген.

Алматы

Ќазаќстандыќтар Отанымыздыѕ баянды болашаєы, Ақтөбе

Көкшетау

Қостанай

Қарағанды

Атырау

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан».

Кеше Қостанайда таң атқаннан жапалақтап жауған наурыздың ақша қары кешке дейін тыйылған жоқ. Сайлаудың жауапкершілігін аса сезінген қостанайлықтар өліараның мінезін елер емес. Əдетте, демалыс күні таңертең көшеде кісі қарасы аз болатын. Ал сайлау күні борап тұрған қарға қарамай, жасы да, кəрісі де сайлау учаскелеріне ағылды.

Қостанай қаласындағы №62 сайлау учаскесі орналасқан облыстық «Мирас» мəдениет үйінің алды сағат 10.00-ден кейін халықтық мерекеге айналғандай болды. Қаладағы «Ақ дариға» əжелер ансамблі əнді бастап жіберген екен. Дауыс беріп шыққан сайлаушылар жапалақтап жауған ақша қардың астын-да əжелер əніне дөңгелене вальс би-лей жөнелді. «Еліміз аман болсын, жұртымыз аман болсын! Еліміздің ертеңі үшін дауыс бердік», дейді олар.

Барлық сайлау учаскелеріне сайлау-шылар таңертеңгі 8.00-ден келе баста-ды. Əсіресе, сағат 10.00-ға қарай дауыс беретіндер кезекке тұрды.

– Сайлаушылар белсенділігі өте жоғары, түске дейін олар бірнеше рет кезекке тұрды. Бұрын əдетте, таңертеңгі

мезгілде негізінен құсұйқы аға ұрпақ өкілдері келуші еді, бұл жолы жастардың белсенділігі риза етті, – дейді №62 сайлау учаскесінің төрайымы Ольга Малых. Республикалық орталық сай-лау комиссиясының мəліметінше, сайлаушылардың дауыс беруі жөнінен күндізгі сағат 10.00-де Қостанай облысы топ бастады.

Облыс əкімі Архимед Мұхамбетов №21 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

– Облыстың жергілікті атқару орган-дары сайлау алдында үлкен ұйымдастыру жұмысын жүргізді. 357 ірі сайлау учаске-лерінде сайлаушылардың мекенжай мəлі-метін алатын бекеттер құрылды. Бар лық аудандар мен қалаларда колл-ор та лық-тар сайлаушыларға қолайлылық ту ғыз-ды. Бүгін барлық сайлау учаске лерін де тұрғындардың дауыс беруі үшін ком-муналдық жəне жол қызметі үзіліссіз жұмыс істейді, – деді Архимед Бегежанұлы.

Қостанайлықтардың дауыс беру белсен ділігі қалалармен қатар, аудан-дарда, шалғай ауылдарда жоғары бол-ды. Сайлау күні 818 сайлау учаскесі облыстағы 550 мың сайлаушыларына есігін айқара ашты. Облыстық сайлау ко-миссиясы түстен кейін, сағат 16.00 шама-сында облыс бойынша сайлаушылардың 68 пайызы өз таңдауын жасағанын айтты.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».

Еліміздің Парламент Мəжілісі мен түрлі деңгейдегі мəслихаттарға депу-таттарды сайлау Маңғыстау облысында жер гілікті уақытпен таңертеңгі сағат 7.00-де басталды. Өңірде 199 сайлау учаскесі ашылған болса, ол бұрынғы сайлаулардан 22 учаскеге артық жəне биыл аталмыш учаскелерге 300 мыңнан астам сайлаушы тіркелген, сондай-ақ, барлық деңгейдегі мəслихаттарға 281 кандидат тіркелген. Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген сайлауды Маңғыстау облысында арасында 13 халықаралық байқаушы бар 300 байқаушы қада-ғалауда.

Ақтау қаласындағы 29 шағын ау-дан дағы орта мектеп ғимаратына бір-неше сайлау учаскесі шоғырланған.

Пат риот тық əндер шырқалып, кең аула да жəрмеңке ұйымдастырылған.

– Біздің учаскеге 2436 сайлаушы тір келген. Сағат таңертеңгі 9.00-ге де-йін 300-ден астамы дауыс берді. Еш -қан дай құқықбұзушылық орын ал-ған жоқ. Арасында сайлауды байқау жөнін дегі рес пуб ликалық қоғамдық коми с сия мүшесі де бар байқаушылар келді. Ең қарт сайлаушымыз – Екінші дүние жүзілік соғыстың ардагері, 1920 жылы туған, яғни 96 жастағы Айберген Жүзбаев ақсақал, – дейді №23 сайлау учаскесінің төрайымы Рима Бекназарова.

Р.Аяшқызының айтуынша, учаскеге ал дыңғы лекте мүгедек ұлын ертіп кел -ген қарт анаға арнайы сый-сияпат ұсы ны-лыпты. Учаскеде М.Өскенбаев атын дағы Маңғыстау облыстық филар мониясының өнерпаздары келушілерді əн-жырмен қарсы алып жатты.

Ақтау

«Егемен Қазақстан».

«Егемен Қазақстан».

21 наурыз 2016 жыл www.egemen.kz 5

ЕЛІМІЗ ЇШІН МАЅЫЗДЫ!

Оралхан ДƏУІТ,«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысының сайлау шы -лары өткен науқанда асқан бел сен ділік танытты. Облыстық сайлау комис-сиясының берген мəліметіне қара ғанда, түс ауғанша-ақ жамбылдық сай лау-шылардың жартысынан астамы, нақ-тырақ айтсақ, 400767 дауыс беруші өз таңдауларын жасап үлгерді. Бұл жал-пы сайлаушылардың 76,3 пайызын құрайды. Учаскелерде сайлаушыларға барлық жағдай жасалған. Аулада əсем əн қалықтап, жас өрендер келушілерге өз өнерлерін паш етуде.

Тараз қаласындағы №50 сайлау округіне дауыс беруге алғаш болып келген 18 жастағы Қуаныш Алтынбек пен Ботагөз Əлібаеваның қуаныштан жүздері бал-бұл жанады. Екі жас ел тағдыры шешілетін жауапты сəтке бей-жай қарай алмайтындарын айтады. «Бұл сайлау учаскесі орналасқан №53 орта

мектеп менің білім алған шаңырағым. Сондықтан, бұл ғимарат мен үшін өте ыстық. Таңертең ерте тұрып, сайлау учаскесіне жеткенше асық болдым, бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Біз елдің ынтымағы, татулығы, тұрақтылығы үшін дауыс бердік. Себебі, ел келешегі – бұл біздің де келешегіміз. Оны жақсы түсінеміз. Біз бейбітшілік пен келісімде, тұрақтылықта өмір сүргіміз келеді. Ол үшін келешек ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін сенімді болуымыз ке-рек», дейді Қуаныш Алтынбек ағынан жарылып.

Əрине, əр сайлау елді бірлікке шақы-рып, жұртты еңбекке ұйытуы қажет. Бұл күні өз таңдауларын жасауға асыққан көп жұрттың шат-шадыман көңіл-күйлерін байқап, ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел екеніміздің тағы да бір ны-шанын көргендей қуанып қалдық.–––––––––––––––––

Суретті түсіргенАқəділ РЫСМАХАН.

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,«Егемен Қазақстан».

Бұл күні Жетісу жерінде күн шайдай ашық болды. Жадырай əрі əдемі киімдерін жарастыра киінген ауылдар мен қалалардың тұрғындары сайлау учаскелеріне қарай ағылды. Əр учаскеге кірер есікте сыпайы ғана сəлем бере жол нұсқаған жандарға алғыстарын ағытқан қариялар мен əжелер жеке куəліктерін көрсетіп, тиісті бюллетеньдерін алған соң, перде ішіне еніп өз таңдауларын жасап, шығып жатты. Бейбіт өмір мен жарасты тірлікке тəубе еткен қариялардың бірі – 111 жастағы Қанияхан Тұқаева Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы №931 сайлау учаскесінде конституциялық құқығына сай азаматтық міндетін əрі парызын өтесе, ең жас сайлаушы Маржан Сейтқожа Райымбек ауданы № 627 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Негізі Алматы облысы бойынша

990021 сайлаушы дауыс беруі керек болса, бұл күні сағат 16.00-ге дейін 889877 сайлаушы, яғни 89,88 пайызы өз таңдауларын жасап үлгерді. Тағы ерекше айта кетер жайт Жетісу жерінде 103 этнос өкілдерінің бірде-бірі саяси науқаннан шет қалмады. Адамдардың жадыраған жүзі, асықпай-аптықпай сайлау учаскелеріне келіп-кетулері де елдегі тыныштықтың берік орын алғандығын айқын көрсетеді. Бұл көрі-ністерге Талдықорғанға қысқа мер-зім ге байқаушы болып Германиядан кел ген Бриджет Дайбер жəне Ресейлік Александр Шалах куə болғанын да айта кеткен дұрыс. Бір кісідей азаматтық парызын өтеушілер қатарында Алматы облысының əкімі Амандық Баталовта Талдықорғандағы №866 сайлау учас-кесінде өз таңдауын жасады. Сөйтіп, ел бірлігінде өзіндік орын алатын бұл сайлау да ашықтық пен жариялылықты айқын көрсетті.

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан».

Облыс орталығындағы №59 сайлау учаскесі Суворов көшесі 3, №1 мектеп-те орналасқан. Өз елінің болашағы үшін таңдауын жасауға келген əрбір тұрғын кезегі келгенде кабинаға қарай өтіп, дауыс берді. Осы учаскеде алғашқылардың бірі болып дауыс берген зейнеткер Валентина Соколова деген қарт сайлаушы осындай қарттық жасымда дауыс беремін деп ойлаған да жоқпын. Жақсы өмір адамға ұзақ ғұмыр сыйлайды екен. Дауыс беру – қазақстандықтар үшін маңызды күн. Болашақ қазақстандықтар – немерелеріміз жақсы уақытта тыныштықта өмір сүрсін. Сол үшін дауыс беріп таңдау жасадым, – дейді əжей.

Ал біз бұдан əрі қарай барып көрген №28 сайлау учаскесінде Лермонтов, Кутузов жəне Павлов көшелері бойында тұратын тұрғындар дауыс берді. №28 аумаққа тиесілі тұрғындардың жалпы саны 1816 адам. Ертеңгілік алғашқы болып дауыс беруге зейнеткер Дəуіт ата мен апамыз, яғни Рақымғалиевтер отбасы келді. Сайлау учаскесінің төрайымы

Тілеулес Қалиеваның айтуынша, ашыл-ған уақыттан бастап алғашқы сағатта 50-ден аса сайлаушы келіп дауыс берді. Жақ сы белсенділік көрсетті дейді. Сайлау бөлімшесінде 7 байқаушы жұмыс жасады. Облыстық мəслихаттың №14 аумақ бо-й ын ша сенімді өкілі Сəуле Иксатованың айтуын ша, байқаушылардың негізгі міндеті сайлаушылар құқықтарының сақталуын жəне сайлаудың ашық өтуін қадағалау. Осы бөлімшеге тіркеулі 1816 тұрғынның 32-сі денсаулықтарына байланысты өз үйлерінде дауыс берді. Олардың мекен-жайына комиссия мүшелері сағат 12-ден бастап бюллетеньдерді жеткізді. Сондай-ақ, кəмелет жасына толып, алғаш рет дауыс беретін 11 жас тіркелді.

Облыста 569 сайлау учаскесі жұмыс жасады. Облыстық сайлау комис-сия сының төрайымы Əлия Сабыр-ханова ның айтуынша, жалпы, облысқа ТМД-дан 16 байқаушы келген. ЕҚЫҰ-дан келген бақылаушылар қатарында АҚШ, Австрия, Ирландия, Гер мания, Польша елдерінің өкілдері Ақсу, Екі-бас тұз, Қашыр, Баянауыл аудан дарында өздерінің байқаушылық мін деттерін атқарды.

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан».

Наурыз айы туғалы тұнжырап тұрған Ақжайық аспаны кешегі Парламент Мəжілісі мен барлық деңгейдегі мəс-лихат тар депутаттары сайлауы күні жа -ды рап сала берді. Шəйдай ашық күн. Көгілдір көктемнің саф ауасы сай лау-шылар белсенділігін одан əрі көтере түс кендей əсер қалдырды. Облыс та құ-рылған 520 сайлау учаскесінің бəрін-де де қызу қарбалас байқалды. Та ңер-теңгі жəне түске дейінгі уақытта пай да болған сайлаушылар кезегі мың да ған батысқазақстандықтардың өз дауыс-тарын ертерек беріп үлгеруге асық қан-дарын айқын аңғартқандай.

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов, өңірде түрлі деңгейдегі мəслихаттар депу таттығына 580 үміткер тіркелгенін мəлім деді. Бұл дерек бір орынға үш үміт-кер бақ сынағанын, сайлаудың мейлінше тартымды да тартысты бол ға нын көр-се теді. Өңірге Еуропадағы қауіп сізік жəне ынтымақтастық ұйымы мен ТМД-дан келген байқаушылар облыстағы сайлау үдерістері халықаралық норма-лармен бекітілген тəртіпке сай өткенін айтып берді. Солардың бірі Ресей Феде-рациясы Саратов облыстық сайлау комис сиясы төрағасының орынбасары Юрий Бризгалин Қазақстандағы Пар-ламент Мəжілісі мен барлық деңгей-дегі мəслихаттар депутаттары сайлауын өткізу мен ұйымдастыру ісінде үйренуге тұратындай жайттар бар екеніне тоқ-талды. Сонымен бірге, ол өңірдегі

жас сайлаушылардың белсенділігіне көңілі толғанын жеткізді. Бұл фактор Қазақстанда жастардың өз мемлекетінің болашағына салғырт, немқұрайлы қарай алмайтынын көрсетеді, деді байқаушы одан əрі.

Біз кеше Орал қаласының алтыншы шағын ауданындағы №502 сайлау учас-ке сінен дауыс беріп шығып келе жат-қан жас сайлаушының бірін əңгімеге тарт қан едік. Ол өзін Диана Əбуова деп таныстырды. Облыс орталығында орналасқан «КазТрубПром» ЖШС-да техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер болып қызмет жасайды екен. Биылғы Парламент сайлауына алты бірдей саяси партияның қатысуы еліміздің демо кра-тиялық тұрпаттағы бет-бейнесін терең-дете түседі. Партиялар бəсекелестігі ел-дің дамуы ның бір тұтқасы бола алады деген ойдамын. Сондықтан да, мен бағ-дар ламасы айқын, іс-қимылы нақты пар-тияның біріне дауыс беріп шығып келе-мін, деді ол газет тілшісіне.

Ал «Егемен Қазақстанның» Орал қала сындағы тілші қосынына шалғайдағы Жаңақала ауданынан телефон шалған Ұлы Отан соғысының ардагері, жасы 93-ке келген қарт майдангер Мəжит Жаданов бұған дейін қалыптасқан əдетінше сайлау учаскесіне ерте келгенін хабарлап, сай-лау дың уақытынан бұрын өткізілгені дағ-дарысты еңсерудің таптырмас бір тетігі бола алғанын айтып берді.

Орал өңіріндегі сайлау серпілісі жөніндегі кейбір ой-үзіктері осындай.–––––––––––––––

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ.

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан».

Облыстық сайлау комиссиясы берген мəлімет бойынша 390 мыңнан астам сайлаушы тіркеуге алынып, басым бөлігі өз таңдауларын жасады.

Таңғы сағат тілі 7-ні көрсетісімен облыс орталығынан шеткері орналасқан Борки кентіндегі №693 сайлау учаскесі өз есігін айқара ашты. Учаске табалды-рығын бірінші болып Астанадағы ме ди-ци налық университетте оқитын сту дент қыз аттады. Сұрастыра келе аты-жөні Фатима Əлжанова екенін, ата-анасы тұ-рып жатқан қалаға келгенін білдік. Оқу озаты алғаш рет дауыс бергенін мақ-та ныш пен жеткізді. Осындағы сайлау учас кесінің төрайымы Жанна Бережная 1436 сайлаушының тіркелгенін, екі байқаушының қадағалауымен айналысып отырғанын мəлімдеді. №692 сайлау учаскесіне келгенімізде адам қарасының молдығын аңғардық. 1652 сайлаушы үшін 6 кабина жұмыс істейді. Мұнда да пар тиялар мен жергілікті мəслихат депу-таттығына үміткерлердің сенімді өкілдері өз істеріне қарқынды қимылмен кіріскен.

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов облыстық балалар мен жасөспірімдер

шығармашылық орталығында орналас-қан №644 сайлау учаскесінде өз таң-дауын жасағаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұх бат берді. Ол өз сөзінде сайлаудың ма ңыз дылығын, Мемлекет басшысы ел-дің тұрақты дамуы үшін ауқымды мін-деттер қойғанын атап өтті.

Сағат 10-да Сайлау барысын білу мақ сатымен облыстық сайлау комис сия -сы мен хабарласқанымызда өңір тұр ғын-дарының 23,85 пайызы бюлле тень а лға-нын, Ғ.Мүсірепов, Уəлиханов, Есіл аудан -дарында саяси белсенділік бұдан да жо -ға ры екенін білдік. Осы кез де бұрын нан көз таныс Амангелді деген азамат телефон соғып, №640 сай лау учаскесінде тұрғанын, тізімнен аты-жөнін таппағандықтан, таңдау жа сай алмай отырғанын ренішті үн мен айтты. Мұндай оқиғаны біз №635 сайлау учаскесінде де кезіктірдік. Алайда, кінə кейуананың өзінен екенін сайлау учаскесінің төрайымы Галина Митрофанова байыппен түсіндіріп, мəселені тез-ақ шешіп берді. Арагідік кез дескен мұндай кем-кетіктер сайлауға көлеңке түсіре алмасы анық.

Сағат тілі 12-ні нұсқағанда солтүс тік-қазақстандықтардың – 48,1, сағат 14.00-де 61,2, сағат 18.00-де 76,48 пайызы өз таң дауларын жасағандары белгілі болды.

баќытты ґмірі їшін бір кісідей дауыс берді

Орал

Павлодар

Тараз

Шымкент

Талдықорған

Петропавл

Қызылорда Өскемен

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан».

Сыр еліндегі сайлау қарқынды өтті. Облыстық, қалалық, аудандық мəслихат депутаттығына ұсынылған 362 кандидат белгіленген 147 орыннан үміткер. Былай айтқанда, депутаттық 1 мандатқа 2,5 кан-дидаттан бəсекелес келіп тұр.

Мəслихат депутаттығына тіркелген кандидаттардың орташа жасына тоқтала кетейік. Облыстық мəслихатта – 49 жас, аудандық мəслихаттарда – 45 жас, ал қалалық мəслихатта 41 жас айырмасымен тұр. Сондай-ақ, 30 жасқа толмаған аза-мат тардың саны 16 пайызды құраса, 30-60 жас арасындағы кандидаттар 80 пайызды, 60-тан асқан кандидаттар қалған 4 пайызды құрайды. Үміткерлер ішінде ер адамдар саны – 295, нəзік жандылардың 67-сі депутаттық орынға үмітті.

Кандидаттардың басым бөлігі жо-ғары білімді, олардың ішінде мұ ғалім, инженер, экономист, заңгер, дəрігер, ауыл шаруашылығы саласының ма-мандары мен өзге саланың өкілдері бар.

Қалған үміткерлер де арнаулы орта жəне кəсіптік орта біліммен қаруланған.

Барлық тіркелген кандидаттардың 217-і өзін өзі ұсыну жолымен, 143-і «Нұр Отан» партиясымен, 1-і «Ауыл» ХДПП, 1-і – «Ақжол» ҚДП-дан ұсынылған. 144 үміткер «Нұр Отан» партиясының мүшесі, 2-еуі «Ауыл» ХДПП, 1-еуі «Ақжол» ҚДП мүшесі болса, қалған 222 кан ди дат партиялар қатарында жоқ.

Қызылорда облысында сайлау барысын 19 халықаралық байқаушы қадағалады. Олардың 10-ы Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымынан болса, 7-еуі Түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің жəне 2-еуі ТМД мемлекеттерінен келген халықаралық байқаушылар. Сонымен қатар, саяси партиялар өкілдері, кандидаттардың сенім білдірген адамдары мен қоғам дық ұйымдардың 5000-ға жуық байқау шылары жұмыс жасады.

Облыстық сайлау комиссиясына сай-лау заңнамаларының бұзылуы жөнінде арыз-шағым түскен жоқ. Халық Мəжі ліс-тің кезектен тыс, жергілікті мəс ли хат тар-дың кезекті сайлауына белсенді қатысты.

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан».

Шығыс өңірі Мəжіліс пен мəслихат сайлауларына бір кісідей белсене қатыс ты. Сағат 7.00-де өңірдегі 1075 сайлау учаскесі дауыс берушілерге есігін айқара ашты. Барлық учаскеде концерттік бағдарлама мен жəрмеңке ұйымдастырылып, жергі-лікті өнерпаздар саяси маңызы зор шара-ны шат-шадыман мерекеге айналдырды.

Облыс орталығында соңғы жылда-ры бой көтерген №19 шағын ауданның тұрғындары таңмен таласа тұрып, биыл пайдалануға берілген №46 мектепте орналасқан №95 сайлау учаскесіне дау-ыс беруге ағылғанының куəсі болдық. Сондай-ақ, Назарбаев зияткерлік мек-тебінде орын тепкен №2 жəне №1136 сайлау учаскелеріндегі ұзын-сонар ке-зек те шығысқазақстандықтардың сая-си белсенділігінің айғағындай əсер қал дырды. Сəуір Дəнебаев есімді ақ-сақал ды сөзге тартқанымызда, зерлі шапан киген қазақы қалыптағы қария Ұлыстың ұлы күнімен қатар кел-ген сайлаудың халықтық мерекеге

ай налғанын айтты. Таңдау жасауға отба-сы мен келушілер қатарының көбеюі де шығысқазақстандықтардың шынайы ықыласы іспетті. Мəселен, ата-əжесі, немерелерімен бірге келген өскемендік Кенешбаевтар отбасы №18 сайлау учас-кесінде дауыс берді. «Бізден 4 жасар Исмаил есімді немереміз де қалған жоқ. Олар осы кезден бастап, өздерінің сая-си құқығы туралы білгені абзал», деді əулеттің əжесі Париха Байдурахманқызы.

Өңірдің барлық қалалары мен ау-дандарында да сайлауға қатысушылар деңгейі жоғары. Мəселен, Курчатов қаласында 7664 сайлаушы болса, олар-дың 42 пайызы таңғы сағат 11.00-ге дейін өз таңдауларын жасап үлгерді.

Сайлау күнінде өңір жастары əлеу-меттік желі арқылы халықты дауыс бе-руге шақырған ерекше эстафетаны бас-тады. Ағылшынның «follow me», яғни, «соңымнан ер» мағынасын беретін сөзімен сайлау учаскелерінен күрделі селфи жа-сап, фотосуреттерін əлеуметтік желіге ор наластырған шығысқазақстандық жас-тардың бастамасын басқа аймақтар да қолдап, жалғастырды.

Бақтияр ТАЙЖАН,«Егемен Қазақстан».

Сайлауда дұрыс таңдау жасау елдің ертеңін еңселі етеді. Жасы жүзден асса да, екі ғасырдың дəмін татса да тəтті өмірге құлшынысын жоғалтпаған, болашақ үшін алаңдайтын қазығұрттық кейуана Жазира апайды сайлау учаскесіне жете-леген осы күш. Бірінші болып таңдауын жасап, саяси науқанның дұрыс өтіп, азаматтардың ел пайдасына жұмыс жа-сауына батасын берді.

Күндізгі сағат 14.00-ге дейін облыс-тағы сайлаушы лардың 68,70 пайызы өз таңдауларын жасап қойды. Ал қай аудандар белсенді десек, осы мезгілге дейін Шардара ауданының сайлаушыла-ры 72,20 пайыз дауыс берді. Одан кейін

Сайрам жəне Отырар аудандары келеді. Он сегізінші наурызға дейінгі мəлімет бойынша, 812 үміткер тіркелген болатын. Оны жіктер болсақ, облыстық мəслихатқа 127 азамат, аудандық мəслихатқа 488 азамат, қалалық мəслихатқа 197 азамат сайлауға түсті. Бір орынға 2,6 үміткер бағын сынауда.

Сайлаудың дұрыс өтіп жатқанына өзіміз де көз жеткіздік. Өз учаскемізде отбасымызбен таңдау жасадық. Байқау-шы лар қай-қайсында да көп. Тəртіп сақ-шылары, жедел жəрдем машинасы сияқ-ты керектің бəрі бар. Шетелден арнайы келген сайлауды байқаушылар да кезек-кезегімен сайлау учаскелерінде жүр.

Күндізгі сағат 16:00-ге дейін оң түс-тік те 80,92 пайыз сайлаушы өз таң дау-ларын жасап үлгерді.

«Егемен Қазақстан».

«Егемен Қазақстан».

21 наурыз 2016 жылwww.egemen.kz6

ХАЛЫЌАРАЛЫЌ БАЙЌАУШЫЛАР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ,«Егемен Қазақстан».

Парламент Мəжілісінің жəне мəслихаттардың сайлауларына қазақ қауымы ғана емес, Қазақ-стан ынтымақтастық орнатқан халықаралық ұйымдар мен шетелдердің де ықыласы ба-сым. Ықыласы басым болғаны сол, Орталық сайлау комиссия-сы Қазақстан Республикасы Сырт қы істер министрлігінің ұсы нуы бойынша халықаралық ұйым дар мен шет мемлекеттер-ден барлығы 964 байқаушыны аккредиттеді. Олардың əрі қа-рай тарататын болсақ, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-дан, ТМД миссиясы-нан, Шанхай ынтымақтастық ұйымының миссиясынан, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясынан, Түркітілдес ел-дер ынтымақтастығы кеңесінен, Ислам Ынтымақтастығы Ұйы-мынан, Түркітілдес елдердің Пар-ламенттік Ассамблеясынан, шет мемлекеттерден келген бай қау-шылар еліміздегі өткен сайлау ба-рысын бақылауға мүмкіндік алды.

Жалпы, халықаралық байқау-шылардың қатары елімізде өт кі-зілген сайлау сайын артып келе жатқаны байқалады. Соңғы кез-дері өткен парламенттік сайлау-ларға көз жіберетін болсақ, ха-лықаралық байқаушының саны 900-1000 адам аралығын қамтиды. Халықаралық байқаушылардың

кейбірі екі адамнан құралған топтың құрамында жұмыс істеуге дағдыланса, ал енді біреулері – сайлау учаскелеріне қыс қа уақыт-қа келіп, жеке жұмыс істейді.

Халықаралық байқаушы лар-дың сайлау барысына қатысып, өз дерінің бағасын беруі елдегі де мо кратиялық үрдістердің ор-ны ғуына берілген баға болып та-былады. Сол себепті, жаһандық деңгейде өзіндік орны бар іргелі ұйымдардан, əлемдік саясатта ық-палы жо ғары мемлекеттерден кел-ген байқаушылардың көзбен көріп, көңілге түйіп, берген ба ға сының жөні бөлек. Сыртқы əлеммен аралас-құралас, қатар өмір сүріп отырған жаһандану заманында демократиялық құндылықтарға басымдық беру басқалар тарапы-нан қызығушылықпен қоса, сый ластық тудыратыны сөзсіз.

Елі мізде кешегі өткен сайлау да ха лықаралық байқаушылар тара-пынан осындай ізгі тілектестікті аң ғартқандай.

Астана қаласының төріндегі Ұлттық академиялық кітапхана-да орналасқан №89 сайлау учас-кесінде болған халықаралық бай-қау шылардың пікірінен сайлаудың жоғары деңгейде өткендігін аң-ғардық.

Игі тілек, ізгі ниет

Сайлау – демократия нышаны. Адамзат баласының арғы-бергі кезеңдегі өз еркін білдіретін, таңдауын жа-сайтын, сол арқылы билік ісіне араласатын ең тиімді жолы бұл. Өркениетті əлемнің сайлауға айрықша мəн беретіні де, үлкен үміт артатыны да сондықтан.

Бірі мұхиттың арғы жағынан, енді бірі Қарт құрлықтан кел-ген байқаушылар Қазақстанда өткен парламенттік сайлауға бай-ланысты өз ойларын осылайша түйіндеді. АҚШ пен Германия демократиялық үрдістерді орнықтыруда төрткіл дүниеге танылған, өз жолы бар елдер екендігі даусыз. Ендеше, сол елдерден келген байқаушылар байыпты бағасын білдіріп жатса, еліміздегі сайлаудың демократиялық деңгейде өткендігін айғақтағаны емес пе.

АСТАНА.

– Франко мырза, біздің елге қош келіпсіз дей оты-рып, бүгінгі сайлау барысы-на байланысты өзіңіздің са-рапшы ретіндегі пікіріңізді білсек дейміз?

– Мен Қазақстанға кел-геніме қуанып отырмын. Ра сында, Италия мен Қа-зақстан арасында достық қарым-қатынас орнатылған. Біз жас мемлекет ретіндегі Қазақстанның əлемдік сая-саттағы орнының уақыт са-нап артып келе жатқандығын мойындаймыз. Ал сайлау ба-рысына келер болсақ, дауыс беруге келушілердің санының көптігі бірінші кезекте наза-рыма ілікті, яғни азаматтардың белсенділігі таңғалдырды. Со-нымен қатар, айта кету керек, өз болашағына алаңдайтын жастардың сайлауға көптеп келуі қуантты.

Десек те, ел тағдырына тол ғанатын егде жастағы аза-мат тардың да қатары қалың болды. Оған себеп, жастар-мен бірдей үлкендер де сайлау учаскелеріне таң атпай келіп, дауыс берудің жауапкерші-лігін сезінетіндігін аңғартты. Жəне де мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жағымды да қолайлы жағдайлар жа-салғандығы көңіл қуантты. Айта кетейік, ел депутатта-рын сайлау үшін шетелдегі қазақстандықтарға да сол ел-дерден учаскелер ашылып, дауыс беруге мүмкіндіктер қарастырылған.

– Өзге мемлекеттердегі сайлау барысын бақылай отырып, өмірлік тəжіри-беңізде біздің елдегі нендей ерекшеліктерді атап айтар едіңіз?

– Жоғарыда айтып өт ке-німдей, жұртшылықтың жап-пай белсенділігін бірінші ай-тар едім. Жəне де дайындық жағ дайы, ұйымдастырушылық жұмыстары, техникалық жа-рақтар сақадай сай, азаматтар өз ісіне жауапты болғанын байқадым. Сонымен қатар, сайлау кезінде ешқандай олқылықтарды кездестіргенім жоқ, яғни заң нормалары сақ талған, барлық талаптар-ға сай өтуде. Бір қызығы – сай лау күні туған нəрес те-лерге əдемі сыйлықтар та-ғайындалғаны таңғалдырды. Бұл дегеніңіз – жұртшылықтың қызығушылығы мен құрметін арттыру дегенді білдіреді. Бір ғана сайлау учаскесінде түске дейін-ақ 700-ге жуық адам дау-ыс беріп үлгергенін көрдік. Бұл да ауыз толтырып айтарлықтай үлкен көрсеткіш, жоғары бағаға лайық жағдай. Менімен бірге келген италиялық ма-мандар да жастардың жаппай белсенділігін айтып жатыр. Менің де байқағаным осы жағдайлар болды. Алдағы уақытта Қазақстан мемлекетіне мол табыстар тілеймін!

– Рахмет.Əңгімелескен

Эльмира МƏТІБАЕВА,«Егемен Қазақстан».

Жастар жауапкершілігі жоєары екен

Еліміздегі Парламент Мəжілісінің депутатта-рын сайлау барысын қадағалауға шекара асып 800-ден астам халықаралық сарапшы жəне 150-ге жуық шетелдік БАҚ өкілдері келген бола-тын. Қазақстандағы сайлау үдерісін қадағалау жұмыстары бойынша арнайы келген шетелдік сарапшы, сенатор жəне НАТО ПА-дағы Италия делегациясының мүшесі Франко ПАНИЦЦАДАН бірер сауалға жауап алған едік.

Алан СПЕНС, (Ұлыбритания):– Сайлау барысында заң бұзушылықтар

орын алған жоқ. Біз осы үдерісті толықтай бақылауға алған болатынбыз. Айтар-лықтай кемшіліктерді көрмедік. Біздегі ба-сты мақсат – сайлаудың Конс титуциялық заңға сəйкес болуын, оның шынайы əрі ашық өт уін қадағалау. Бұл ретте, Қазақстан Пар ламенті Мəжілісінің депу-таттарын сайлау барысына оң баға беруге болады.

Бірнеше сайлау учаскесінде болып, да-уыс беру үдерісіне қатыстық. Халық сай лауға таңнан бері ағылып жатты. Олардың барлығының да аса белсенді, өз ісіне жауапты əрі болашаққа сеніммен қарайтын азаматтар екендігі байқалды.

Халық бұл сайлаудың маңызын түсінетін болғандықтан, осындай белсенділік танытып отыр. Көңіл қуантатын жағдай. Таңертеңнен бастап өз жұмысымызға кірісіп кеттік. Бізге де позитивті көңіл-күй сыйлаған қазақстандықтарға алдағы уақытта тек қана мол табыс пен жақсылықтар тілеймін. Өсіп, өркендей берулеріңізге тілектеспін!АСТАНА.

Альберт ХАБИБУЛЛИН, (ТМД): Қазақстан Республикасындағы Пар-

ламент Мəжілісі жəне мəслихаттар сайла-уы əлем елдерінің назарын аударып отыр. Өйткені, Қазақстандағы демократиялық даму үрдісінде қазіргі ТМД елдеріне қарағанда əлдеқайда алға жылжушылық бар. Бұған дейін, яғни өткен жылы Қазақ-стан Республикасының Президенті сай-лауы да арнайы заңдылық талабына сай өткенін білеміз. Бүгінгі Парламент Мəжілісі мен мəслихаттардың сайлауы да

осы елдің арнайы заңдылығына сай өткеніне куə болдым. Қазақ еліндегі саяси науқанды шетелдік байқаушылармен

бірге жіті назарда ұстадық. Себебі, біз бір-бірімізбен алыс-беріс, барыс-келіс қатынасын тығыз орнатқан елдер арасында үйренетін, көңілге түйетін, кейін өзіміздің елімізді саяси тұрғыдан жаңғырту тұрғысында ақылдасатын, сонымен бірге, бір-бірімізбен тəжірибе алмасатын тұстарымыз барына көзім жетті.

Кеше сайлау үдерісі басталғалы бері біз бірнеше сайлау учаскесін аралап, сайлаушыларға, сонымен бірге, отандық жəне халықаралық байқаушылар үшін барлық жағдай жасалғанына куə болдық. Біз Қазақстан халқының бұл сайлауға белсенділікпен қатысып, өздерінің таңдауын жасауға бір кісідей атсалысқанын көрдік. Демек, Қазақстан халқы елдегі демократиялық дамудың үрдісін сезінді, соған сай өздерінің таңдауын білдіруге құлшыныс танытқаны бізді – халықаралық байқаушыларды таңдандырды.

Біз куə болған барлық сайлау учаскелеріндегі дауыс беру үдерісі Қазақстан Республикасындағы сайлау заңнамаларына сəйкес өткізілді. Оған мен өзім куəмін. Соның дəлелі ретінде күні бойы ондаған сайлау учаскелерін аралап шықтық. Бірақ ешбір сайлау учаскесінде бірде-бір заң бұзушылықты байқамадық. Бір аңғарғаным – Қазақстан тұрғындары осы саяси науқанға асқан белсенділікпен қатысты. Сондықтан мен өз сөзіме кепілдік бере аламын.

Атырау облысы.

Борис ЛАРИН, (ТМД):– Шығыс Қазақстанда дауыс берушілер

қатарының қалың екенін байқадық. Өңір тұрғындары таңмен таласа тұрып, таңдауларын жасап жатты. Мəселен, сағат 7.30-да халықтың 3,5 пайызы дауыс беріп үлгерді. Бұл – үлкен саяси белсенділік!

Біздің байқаушылар делегациясы об-лыс орталығы – Өскемен қаласындағы сайлау учаскелерінде ғана емес, соны-мен бірге, өңірдің Семей, Риддер қа-лалары мен Зырян, Глубокое жəне Ұлан аудандарындағы сайлау учаскелерін

де аралап шықты. Ол учаскелерде заңбұзушылықтар, ескер-тулер мен шағымдар болған жоқ. Сайлау үдерісінің барлығы дұрыс ұйымдастырылғанына куə болдық. Айталық, сайлау учаскелері уақытымен ашылды, бəрі қажетті деңгейде жақсы жарақтандырылған. Керек ақпаратты табуға болады.

Сайлау комиссиясының мүшелері алғаш рет дауыс берушілерге немесе қарт адамдарға қолғабыс етіп жатқанының өзі жарасымды əсер қалдырды. Учаскеге өз аяғымен келе алмаған тұрғындарға сай лау комиссиясының өкілдері, олардың қатарында тəуелсіз байқаушылар да бар, дауыс беру жəшігін арқалап, үйлерді аралап жүргенін, осылайша азаматтардың дауыс беруге қатысуына жағдай жасалғанын да көрдік. Бұл – Қазақстанның демократиялық дамуды қалайтынын, азаматтардың саяси құқығы сақталатынын, еш бұра тартушылыққа жол берілмейтінін байқатады.

Шығыс Қазақстан облысы.

Сырт көз – сыншы

Дональд БОНКЕР, экс-конгресмен (АҚШ):

– Сайлау учаскесіндегі кө рі ніске қарап іс жүзінде демо кратиялық үрдістің жүзеге а сып жатқанына əбден көзің жетеді. Азаматтар өздерінің конс ти ту циялық құқы ғы на орай пар-ламенттік сайлауда сая си ер кі мен таң да уын жасап жатыр. Сайлау жоғары деңгейде ұйым-дастырылған, ол өте тиімді дең гейде өтуде.

Демократиялық жағдайда саяси жүйе бəсекеге қабілетті болуы тиіс. Сондай-ақ, жекелеген үміткерлердің жеке пікірі кейде партияның ұстанымымен сəйкес келмеуі де

мүмкін. Қа зақ стан дықтар партияның бағ дарламасына дауыс береді екен. Бұл да демократияға бастайтын дұрыс қадам ғой. Мен ұзақ жылдар бойы сайлау процесімен шұғылданамын. Қазақстандық сай-лау жүйесі нен жан-жақты хабардар болғандықтан, бүгінгі сайлау ба-рысында қандай да бір кемшілік кездесті деп айта алмаймын. Сайлау учаскесіндегі қызу жұмыспен танысу маған тек жақсы əсер қалдырды.

Кристлиб Андреас ЯН, Германияның Христиан-демо кратиялық партиясының Бун дес тагтағы парламент хатшысы:

– Мен Германиядан қазақ же ріне алғашқы рет атбасын бұ рып тұрмын. Қазақстан Парламенті Мəжілісі депутаттығына 6 партия өз үміткерлерін ұсынып, өз бағ дарламаларын сайлаушы лар назарына ұсынып жатыр екен. Ашығын айтсам, сай лау дың соншалықты жақсы ұйымдастырылғанына таңға лып тұрған жайым бар. Сай лау шылардың да топ-тобы-мен ұйымдасқан түрде ке ліп, дауыс беріп

жатқанына куə бол дық. Асыра айтқандық емес, Қа зақстандағы Парламент сайлауы басқа елдерге үлгі боларлықтай. Мен қазақстандық сайлаудың өту барысына қатысқаным үшін қуаныштымын.

– Қазақстандағы сайлау ба-рысына қандай баға бересіз?

– Парламент Мəжілісінің ке-зектен тыс, жергілікті мəсли-хаттардың кезекті сайлауы өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Біз осы жұмыс барысында екі топқа бөлініп бақыладық. Екі топ азаннан бері отыздан аса сайлау учаскесін аралап шықты. Сайлау учаскелерінің төрағалары бізге қажетті ақпараттардың барлығын берді. Тұрғындарға дауыс беру үшін жақсы жағдай жасалған. Азаматтардың аты-жөні толық жазылған тақта ілулі тұр. Егер белгілі себептермен тізімге ен-бей қалған сайлаушы болса, онда сайлау учаскесіндегі мамандар Халыққа қызмет ету орталығымен дереу хабарласып, əлгі кісіні тізімге қосып жатты. Оның өзі əрі кеткенде жарты сағаттық қа-на уақыт алды. Сонымен қатар, денсаулығы нашар, жасы кел-ген кісілерге арнайы барып дау-ыс беру тəсілі де ұнады. Сайлау барысында ешқандай кемшілік байқамадық. Сонымен қатар, əр учаскеде сайлауға түсіп жатқан алты партияның бақылаушылары да көптеп отыр. Бұдан бөлек, х а л ы қ а р а л ы қ ұ й ы м д а р д ы ң

өкіл дері де саяси доданың бары-сын жіті қадағалап жүр. Мұндай жағдай сайлаудың демократиялық қағидаттарға сай, ешқандай заң бұзушылыққа жол бермей өтуіне тікелей ықпал ететіні сөзсіз.

– Халықтың сайлаудағы бел-сенділігін қалай бағалайсыз?

– Түске дейін сайлаушылардың елу пайызы дауыс беріп үлгерді. Бұл дегеніңіз халықтың сайлауға үлкен ықыласпен қатысып жатқанын көрсетеді. Қазақстандықтар өз мемлекетінің болашағына бей-жай қарамайтынын осыдан-ақ байқауға болады. Елдің кемел келешегі де осы сайлауға тікелей байланысты болмақ. Сондықтан да сайлаушылардың басым бөлігі науқанға қатысып, өз таңдауларын жасады деген ойдамын.

– Сайлаушылардың көңіл-күйін байқай алдыңыздар ма?

– Ең алдымен, сіздерді барша түркі халқына ортақ – Наурыз мерекесімен құттықтағым келеді. Бұл – жер-дүниенің барлығы жаңарып, жасарып, ерекше бей-неге енетін мезеті ғой. Қыстан аман шығып, көктемге жеткен халықтың да көңіл-күйі ерекше бо-лады. Ал сайлаудың осы қастерлі мерекеге тұспа-тұс келгені саяси

додаға мерекелік көңіл-күй сыйлап жатыр. Қай жерге бармасақ та, ең бірінші бізді Наурыз мерекесімен құттықтап, қарсы алып жатты. Қысқасы, сайлау мерекелік көңіл-күймен өтті.

– Қазақстандағы сайлаудың өзге елдерден ерекшелігі бар ма екен?

– Бұл менің Қазақстанға ал-ғашқы сапарым емес. Бұған дейін Президент сайлауын ба-қы лауға да келген едім. Сол кезде қазақстандықтардың Ел-басы Нұрсұлтан Назарбаевты қаншалықты қолдайтынын, халықтың басшысына деген ри-ясыз ықыласын көрдім. Ол кез-де халықтың 90 пайызы сай лауға қатысты. Одан бөлек, Қырғыз-стан дағы сайлаудың да барысын ба қыладым. Жалпы, қазақ елінің сайлауға деген ынтасы басылмаған. Бұл бізді шын мəнінде қуантады.

ƏңгімелескенЕржан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.

«Мерекелік кґѕіл-кїйде ґтті»Қазақстандағы сайлауды бақылауға түркітілдес мемлекеттердің байқаушылары да белсенді қатысты. Атап айтқанда, Түркітілдес мемлекет-тер ынтымақтастығы кеңесінің мүшелері Алматы жəне Қызылорда қалаларындағы саяси доданың рай-ын байқады. Осы ретте біз Əзербайжан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Фарид ДЕМЕРЛИДЕН сайлау ба-рысы туралы сұрадық.

21 наурыз 2016 жыл www.egemen.kz 7

БЕРГЕН БАЄА, АЙТЌАН ОЙХендрик ФРАНКЕН, (Нидерланд):

– Біз Қазақстандағы сайлау тура-лы бұған дейін де естіген едік. Қай жағынан десеңіз, əрине, жалпы азаматтық тұрақтылық тұр ғысынан. Шынын айту керек, сіздердің мемлекеттеріңізде нағыз демократиялық сайлау бар. Бұған дейін біздің басқа да байқаушыларымыз келіп көз жеткізгеніндей, қазірде біз сіздердің Парламент Мəжілісі мен жергілікті мəс лихаттардың депутаттарының ке-зектен тыс сайлауының қалай өткізіліп жатқанына куə болдық. Шынтуайтында, таза да ашық азаматтық қоғамның сайлау үдерісі осы мəнерде өткізіледі.

Сырт елден келген байқаушы ретінде ғана емес, жалпы, Қазақ-станға бұрын да келіп жүрген қонақ ретінде бізді аса таңғалдырғаны – сіздердің мемлекеттеріңіздің ширек ғасыр аумағында же-дел дамуға бет алуларыңыз екенін де тілге тиек еткім келеді. Қазақстанның қалай Тəуелсіздік алғаны, алғашқы халықаралық басқосуларды қалай өткізе бастағаны, бəрі-бəрі біздің көз алды-мызда. Осы ретте біз бұл елдің əрбір қадамы мен өсуін үнемі на-зарда ұстап отырған тілекшілері секілдіміз.Айтпағым, біз бұл сайлау турасында күні ертең халықаралық тұрғыдан есеп береміз, сонда біз өзіміз көзбен көрген сайлаудың өткізілу барысын шынайы суреттей аламыз. Біздің топ біршама сайлау учаскелерінде болып, таза, азаматтық жəне демократиялық дауыс беру əрекетін өз көзімен көрді. Бұл – дамуға бет алған Қазақстан елі үшін үлкен жетістік, үлкен қадам. Қашанда сіздердің алға басқандарыңызға тек оң сапар тілеуде боламыз деп ойлаймын.

АЛМАТЫ.

Месут ГИДЕР, (Түркия):– Біз бұрыннан халықаралық де-

легация ретінде президенттік жəне парламенттік сайлауларға қатысып келеміз. Таңертеңнен бері халықаралық байқаушылар ретінде жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бізге тұрғындардың сайлауға кəрі-жасына қарамай бір кісідей атса-лысып жатқаны ұнады. Азаматтардың қатысуы жоғары деңгейде болды. Өзіміз куə болдық. Əсіресе, қарт кісілер мен балалы ерлі-зайыптылар, жүкті келіншектер сайлау құқығын терең түсініп, жауапкершілік жүгін арқалағандарына разы болдық. Біз 15 сайлау учаскесін араладық. Сайлау комиссияларынан немесе партиялық байқаушылардан ешқандай арыз-шағым естігеніміз жоқ. Халықтың көңіл-күйі, сайлаудың атмосфе-расы жақсы. Қалаған учаскелерімізді аралап келеміз. Сайлау үдерісі бекітілген заңға сəйкес өтіп жатыр. Сайлау алдында партиялардың өкілдерімен кездесіп, олардың пікірлерін тыңдадық, дайындықтары туралы мəліметтерін алдық, оларды толғандырған сұрақтарына жауап бердік. Бұл біз үшін маңызды мəселе. Қазақ елі бізге бауырлас ел болғандықтан біз Қазақстан Республикасымен өз тəжірибелерімізді бірге бөлісіп, ұсыныстарымызды бірлесіп орындап жатырмыз.

Сайлаудың сапалы өтуі Қазақстанның мықты мемлекет екенін көрсетті. Демократиялық жолмен əділ өтуі Қазақстанның тұрақты əрі табысты дамуына өз үлесін қосады деп сенемін. Сайлаудың жақсы, нəтижелі болуына тілектестігімізді білдіреміз.

ҚЫЗЫЛОРДА.

Десислава ТЕРЗИЕВА, (Болгария):– Қазақстандағы Парламент Мəжі-

лісінің депутаттарын сайлау жоғары стандарт тар бойынша өтті. Сайлауда заң бұзу шылық əрекеттері орын алған жоқ. Мен дауыс берушілердің белсенділігіне таң данысымды жасыра алмаймын. Сай-лау учаскелеріне келіп, дауыс беріп жатқан дардың қатарында жасы да, кəрісі де жетерлік. Олардың барлығы өздерінің аза маттық ұстанымдарын негізге ала отырып, болашаққа нық қадам басып келе жатқан мемлекеттің азаматтары екендігін аңғартты. Бұл маған жағымды əсер етті. Бізде, Болгарияда мұндай белсенділік байқалмайды.

Сайлау ашық əрі жоғары деңгейде болды. Мен осы уақытқа дейін бірде-бір шағым көрген емеспін. Бірнеше сайлау учаскесінде болдым, атап өтер болсам №84, №87, №89 сайлау учаскелеріндегі халық белсенділігін байқадым. Жəне де онда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың келіп жатқандығы қатты қуантты. Бұл жоғары демократиялыққа жатады. Мен сарапшы ретінде сайлаудың бейбіт түрде əрі əділ өткендігін сеніммен айта аламын. Кəсіптік деңгейде барлық нормаға сай. Мен өзім заңгер болғандықтан, сіздердің Конституциямен таныстым. Сонымен қатар, Сайлау туралы заңнаманы да көріп шықтым. Осыған сай, ешқандай олқылықтар мен заң бұзушылықтардың болмағанын айта аламын.

АСТАНА.

Сырт көз – сыншы

Ойбек ЖҰМАЕВ,Шанхай ынтымақтық ұйы-

мының өкілі.Өзбекстан мен Қазақстан

тарихи сабақтастықтағы бауыр-лас көршілер. Сондықтан, біз тəуелсіз Қазақстанның қарышты қадамдарына əрдайым тілектестік ниетте жүреміз. Маған ШЫҰ миссиясының өкілі əрі Өзбекстан Олий Мəжілісі халықаралық істер жəне парламентаралық байланыстар комитетінің мүшесі ретінде Қазақстандағы сайлауға байқаушы болып қатысу ұсы-нылғанда қуана қабылдадым.

Өзбекстан 2014 жылдың жел-тоқсанында Парламент сайлауын өткізді. Бізге де көптеген елдер-ден халықаралық байқаушылар келді. Бұл менің де сайлау жүйесінде біршама тəжірибе жинақтауыма септігін тигізді. Яғни, Қазақстандағы сайлауды салыстырмалы түрде байқауыма мүмкіндік туғанын айтқым келеді.

Астанадан шыққан біздер Қазақстанның көркем өңірі – Бурабайдан жұмысымызды бастадық. Аудан орталығындағы қазақ орта мектебіндегі сайлау учаскесі дер кезінде сайлау-шыларды салтанатты жағдайда қарсы алды. Республиканың Əнұранын тыңдадық. Оның əуезінде рухтандырушы қуат бар. Кеше ғана бұлыңғыр кө-рінген ауа райы да жайнап, келушілердің көңілін шуаққа бөлеп тұрды.

Одан кейін Бурабай кентінде, Зеленый бор поселкесінде бол ғанымызда да б ір інші

болып дауыс берген кісіге, саяси науқанға тұңғыш рет қатысушы жастарға сый-сияпат көрсету дəстүрі барлығына тəнті болдық. Сайлау учаскелері мемлекеттік рəміздермен безендіріліп, та-лап деңгейінде жабдықталған. Шағын дəмханалар ұйым дас-тырылып, концерттер қойы-лып жатты. Жұрт шылық емен-жарқын көңілмен амандасып, өзінің азаматтық парызын көңіл серпілісі үстінде орындаумен болды. Оқшау көрініс, олқы дүние байқалмады.

Облыс орталығы Көк ше-т ауға келгенімізде де осын-дай жарқын көңіл ауанында болдық. «Көкшетау» мəдениет сарайының қос қабатында екі сайлау учаскесі орналасып-ты. Сайлауды өткізуге жа-уапты адамдармен, де путат-тықтан үміткерлердің сенімді өкілдерімен, жергілікті қо-ғ а м д ы қ б а й қ а у ш ы л а р м е н пікірлесіп, дауыс беру бары-сымен таныстық. Белсенділік жоғары екен. Дауыс беру ашық, еркін жəне демократиялық сипатта өтіп жатты. Мұның

барлығы республиканың сайлау туралы заңына, халықаралық нормаларға сай келеді.

Тəжікстаннан келген əріптесім екеуміз түс ауа Көкшетаудағы №1 орта мектептегі жəне «Достар» мəдениет сарайындағы сай-лау учаскесінде болғанымызда сай лаушылардың 60 пайызға жуығы дауыс беріп үлгергенін білдік. Ақпараттық стенд те ұйымдастырылған екен. Ха-лықтың қоғам өміріндегі ма-ңызды оқиғаға белсене қаты-сатындығы олардың өз елі-нің саяси өмірінен бейтарап тұрмайтынын байқатады. Қа-зақстанның тəуелсіздік жыл-дарындағы жарқын табыста-рын осымен байланыстыруға болады. Сайлау ертеңгі бо-ла шақ тың сенімді кірпішін қалаумен бірдей оқиға. Бұл сезім қазақстандықтардың жүрегін тербетіп тұратыны жақсылықтың белгісі.

Республика Парламенті Мəжілісі мен жергілікті мəс-ли хат тардың сайлауы Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келуінің өзіндік терең мəні бар деп ой-лаймын. Өйткені, ел қуанышы еселеніп тұрғандай көрінді. Жылдың жаңаруымен елдің жаңаруы да қатар жүретіні анық. Жалпы, Наурыз баршамызға ортақ мереке. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Жазып алғанБақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.

Ашыќ, демократиялыќ сайлаудыѕ куəсі болдыќ

ҚАЗАҚСТАН ҮНЕМІ БІРТҰТАСТЫҚ КӨРСЕТЕДІ

Баспасөз орталығына түстен кейін келген байқаушылардың ішінде Ресейдің белгілі саясат-тану шысы, Ұлттық стратегия инс титутының халықаралық жоба лар жөніндегі директоры Юрий Солозобов болды. Ол өзінің бүгінгі байқаушылық қызметінің барысы туралы былай деді: «Мен Қазақстанға келген сайын мұндағы достық пейілге əрқашан риза болып, жоғары көңіл-күйде жүремін. Бұл саяси науқандарға да байланысты.

Осы жолы мен ТМД байқау-шылары құрамында кел іп , сайлаудың заң талаптарына сай өтіп жатқандығын көрдім. Бізге барлығы 8 сайлау учаскесіне бару керек еді, мен əзірге бесеуіне ба-рып қайттым. Сайлау процесі аяқталғанша тағы да үшеуіне барып, дауыс беру үдерісін бақылайтын боламын. Мен барған барлық сайлау учаскелерінде ешқандай заңбұзушылық, келең-сіз жағдайлар болған емес. Бə-рінде де халық тəртіппен, асқан ұйымшылдықпен келіп, бір кісідей дауыс беріп жатты.

Дегенмен, бұл сайлаудағы белсенділік өткен Президент

сайлауына қарағанда төмендеу екенін айта кетуге тиіспін. Онда халық кезекке тұрып дау ыс бергенін көрген едік. Бұл қа-зақстандықтардың өз лидеріне деген шексіз құрметінің, зор сенімінің белгісі екені анық. Халықтың мызғымас бірлігі, бір көшбасшының соңына ерген тұтастығы осындайда көрінеді», деді Ю.Солозобов өзінің сөзінде.

БОЛАШАҒЫ ЗОР ЕЛБаспасөз орталығының мін-

беріне литвалық тəуелсіз бай-қаушылар Гедиманис Янавонис пен Йонас Ягминас көтерілгенде біршама серпіліс болды. Өйткені, Литва парламентінің депутаттары болып табылатын бұлар ЕКПА байқаушылары делегациясының құрамында келген еді. Үнемі өткір пікір, тосын ой айтып жү-ретін бұлардың сөздері бізге үнемі келетін қонақтарға қараған да ерек-ше болуы мүмкін ғой. Сондықтан да, журналистер олардың пікір-леріне құлақ түрді.

Өзінің сөзін Астананың ғажа-йып қала екенін айтудан бастаған Г.Янавонис кең далада осын-дай қаланың өсіп шыққанына таңданысын жасырмады. Маған бұрын Қазақстанда қызмет

іс теген америкалық досым осы-ны айтқанда сене қоймаған едім, сөйтсем, Астана шынында да, əлемнің айтақаларлық бір қала-сындай болған екен. Алып-қосары жоқ, бұл – фантастика, деді ол.

Сайлау туралы айтқанда, ол біздің биліктің болашағы зор екендігін, стратегиялық өзіндік бағдары бар екендігін қанағатпен атады. Өзіміз болған сайлау учаскелерінің бəрінде адамдар өздерінің болашаққа сеніммен баратынын сездіріп, ешқандай абыржымай, алаңдамай өз дауыс-тарын қалаған партиясына беріп жатты. Ешқандай заңбұзушылық, талас болғанын көрген жоқпыз.

Сөзінің соңында, ол Қазақ-станның ешкімге алаңдамай, тəуелсіз саясат жүргізіп отыр ға-нына тəнті екенін тағы бер рет атап өтті.

Оның сөзін толықтырған Йо нас Ягминас та Астананың сəулетіне қатты таңырқайтынын білдіріп өтті. Мен əлемнің талай елдерінде болдым, Астананың сəні солардың ең алдыңғы қатарында деп айта аламын. Мен бұрынғы өндірісші ретінде Астананың жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын көріп тұрмын, деді ол.

Ал сайлау процесінің бары-сы туралы ол: «Меніңше, ең тіміскі деген адамның өзі бұл сайлаудан кемістік таба ал-майтын шығар. Бəрі де жоғары дəрежеде ұйымдастырылған. Барлық сайлаушылардың құқы толығымен жүзеге асып жатыр. Ешқандай заңбұзушылық жоқ», деді Й.Ягминас.

ДУМАДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ҚАЗАҚ

Б а с п а с ө з о р т а л ы ғ ы н ы ң мін беріне келесі болып Ре сей Мемлекеттік Думасы төр аға-сының орынбасары, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы байқаушылар делегациясының құрамында келген Владимир Васильев шықты. Ол өз сөзінде Қазақстан өзіне ерекше жақын екенін, əкесі Əбдуəлидің де осын-да жерленгенін айтты.

Меніңше, жалпы жағдайды барлық байқаушылар біртекті бағалайтын шығар. Өйткені, сайлау үдерісі өте үлкен ұйым-шылдықпен өтіп жатыр. Барлық сайлау учаскелерінде халықтың сайлау құқын жүзеге асыруға тиісті жағдайлар жасалған. Мен жеті учаскеде болып, ешқандай жерде заңбұзушылық көрген жоқпын. Ресей Мемлекеттік Думасынан барлығы – 13, ал Федерация Кеңесінен 5 де-путат келген едік, өзара пікір алысқанда олардың бəрі де сай-лаудың ұйымшылдықпен өтіп жатқанын ауызға алды. Бəріміз де сайлаушылардың саяси ұста-нымдарының жоғары екенін көрдік. Көптеген учаскелерде олар кезекке тұрып дауыс беріп жатты, деді В.Васильев.

Əкесінің қазақ екенін өзі ауызға алған соң біз журналистік əуестікпен одан «Ресей Дума сын-дағы жалғыз қазақ» деп жа зуы-мызға бола ма деп сұрағанымызда ол: «Оған сіздің құқыңыз бар, бірақ мен паспортта орыс деп жазылғанмын», деді.

Оның сөзін Мəскеудің Саяси зерттеулер институтының бас директоры Сергей Марков жал ғастырды. Ол өзінің сөзін қазақстандықтарды ұйым шыл-дықпен өтіп жатқан сайлау процесімен жəне Наурыз ме-рекесімен құттықтайтынын айту-дан бастады.

Мен – Ресейдегі Қоғамдық палатаның азаматтық мис-сия сының атынан келген бай-қаушымын. Біз əріптес терімізбен бірге алты сайлау учаскесін ара-лап шықтық. Ешқандай заң-бұзушылық, талас-тартыс дегенді көрген жоқпыз, барлық жерде де дауыс беру процесі қолданыстағы заңның шеңберінде іске асырылып жатты. Сонымен бірге, халықтың басқару институттарын қолдауға деген азаматтық белсенділіктерін көріп тəнті болдық. Жалғыз-ақ ай-татын нəрсе, сайлаушылар тізімін жасауда ғана аздаған осалдық бары байқалды. Учаскеге келген кейбір сайлаушылар тізімнен өздерін таба алмай жатты. Алайда, компьютерлік-ақпараттық орта-лықтар ұйымдастырылған екен, адамдар содан өздерінің қай

учаскеге бару керектігін тау-ып ала қойды. Əрине, мұн дай олқылықтар сайлаудың нəти-жесіне əсер ете алмайды. Мен байқаушы болып қатысқан барлық елдерде де осындай олқылықтар болып жатты, деді ол.

Сөзінің соңында ол кезектен тыс сайлау өткізілгенін дұрыс деп санайтынын айтып өтті. Өйткені, жаңа Ұлт Жоспарын іске асыру үшін жаңа адамдардың қажеттілігі айқын. Мен мұны өте дұрыс жəне ақылды қадам деп санаймын, ол саяси тұрақтылықты сақтаудың амалы екені даусыз, деді саясат-танушы.

АШЫҚ ТА, ƏДІЛ ҮДЕРІСБаспасөз орталығындағы

соңғы брифингті Грекия-Еуразия іскерлік кеңесінің президенті, Грекия сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Спиридон Кувелис берді. Барлық шешен-дер сияқты ол да өзінің сөзін Астананың құрылысына, əсем сəулетіне таңғалыстан бастады. Осындай əсем қаланы тұрғызған адамның есімі тарихта сөзсіз қалары даусыз, деді ол. Сонымен қатар, ол Еуразиялық іскерлік кеңестің жандана бастағанына да тоқталып өтті. Бұл іскерлік қадамның болашағы зор болаты-нынан үміттіміз, деді шешен.

Сайлау үдеріс ін байқау жұмыстары туралы айтқанда, шешен оның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Оған қоғамдағы барлық бағыттағы саяси күштер қатыстырылыпты. Соның ішінде атқарушы билік партиясы, əлеуметтік бағдар тұтынған коммунистік халық партия, либералдық «Ақ жол» партиясы, батысқа бағдар ұстан-ған оппозициялық социал-де-мократиялық партия, сондай-ақ, ауыл тұрғындарының мүддесін көздейтін «Ауыл» партиясы қатысып, саяси бəсекелестікке еркін жол ашылыпты, дей келіп, шешен:«Біз кеше сайлауалды дайындықты пысықтадық. Дауыс беру үдерісі басталмай тұрып, сайлау учаскелерінің дайындығын қарап шықтық. Бүгін де 5-6 сай-лау учаскесін араладық. Сайлау барлық учаскелерде жоғары дең-гейде ұйымдастырылған. Жеке өзім ешқандай заңбұзушылықты көрген жоқпын. Барлығы ашық жəне əділ өтіп жатты», деп атап өтті Спиридон Кувелис.

Сөзінің соңында ол Грекия мен Қазақстан арасындағы бай-ланыстарға да тоқталып, соңғы жылдары біздің мемлекеттер ара-сында қарым-қатынастар жақсара бастады. Біздің осы елге келуіміз бұл байланыстарды тереңдете түседі деп сенемін, деді.

Жақсыбай САМРАТ.«Егемен Қазақстан».

Тўтастыќ тўєыры берікҚазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі мен Астана қаласының мəслихаты депутаттарын сайлау барысын «Гранд парк Есіл» қонақүйінде орналасқан халықаралық баспасөз орталығына əлемдік ұйымдар мен шетелдік тəуелсіз байқаушылар мен сарапшылар кезекпен келіп, өз жұмыстарының алғашқы нəтижелері туралы журналистерге брифинг беріп отырды.

– Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі мен бар лық деңгейдегі мəслихаттар депу-таттарының кезектен тыс сайла-уы Қарағанды облысы бойынша жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық халықаралық жəне демо-кратиялық талаптарға сай өтті деу ге берік негіз бар. Ең алдымен, өңір халқының саяси тұрғыдағы белсенділігін атап өткім келеді. Өз басым таңертеңгі уақыттың өзінде кейбір сайлау учаскелерінің алдындағы кезекті көріп қатты таң қалдым. Таңдаушылардың бұл күнді шын мəнісінде ха-лықтық мере кеге балауы да

құп тауға тұрарлық үдеріс. Мен бұдан Қазақстан халқының өз елінің болашағына немқұрайды қарамайтын, сайлау барысында өз дауыстарының үлкен маңызға ие екеніне терең мəн беретін аса жау-апты нышанды байқадым.

Облыс орталығындағы сай-лау учаскелерін аралай жүріп мен түрлі деңгейдегі байқау-шылардың, сайлауға түсіп жат-қан партиялардың өкілдерін көп кездестірдім. Солардың біразымен пікір алмасқанымда, олар дауыс беру үдерісінің, заң ережелерін бұлжытпай сақтап, бүкпесіз, əділетті түрде өтіп

жатқанын бірауыздан айтты.Осы сайлауда Қазақстан мем-

лекеті демократиялық қоғам орна-туда ілгері қадам басқанын тағы бір мəрте дəлелдеді. Сайлауға билік партиясы «Нұр Отанмен» бірге «Ақ жол», «Ауыл», ЖСДП, «Бірлік» жəне басқа партиялардың тең жағдайда түсіп, саяси нау-қанның көрігін қыздыруы елдің

экономикалық жағынан ғана емес, саяси сауаттылық тұрғысынан да дамып келе жатқанын көрсетеді.

Мен Қазақстанда өткен бір-неше сайлауға халықаралық бай-қаушы болып қатыстым. Сырт көз қашанда сыншы, сонда көңілге түйгенім: Ресейдің сенімді көршісі Қазақстан өркениет заңымен жан-жақты өсіп-өркендеп келе жатқан жас мемлекет. Өзінің болашағына бей-жай қарай алмайтын халқы бар мемлекет уақыт өткен сайын күш алып, дами түседі деп ойлаймын. Бұған мен Қарағанды облысы бо-йынша өткен осы сайлауда тағы бір мəрте көз жеткіздім.

Жазып алғанҚайрат ƏБІЛДИНОВ,

«Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.

Сананыѕ дамыєанын кґрсеттіХалықаралық байқаушы, Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының бас директоры Валерий ФЕДОРОВ Қарағанды қаласындағы №17 сайлау учаскесінде облыс бойынша саяси шараның қандай деңгейде өткені туралы өзінің пікірін білдірді:

21 наурыз 2016 жылwww.egemen.kz8

ХАЛЫЌАРАЛЫЌ БАЙЌАУШЫЛАР

Елена ОРЛОВСКАЯ, Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының өкілі:

– Елена Викторовна, қазақта «Сырт көз – сыншы» деген сөз бар. Көрші елден келген мейман ретінде еліміздегі Парламент Мəжілісі мен мəслихаттар сайла-уы қандай деңгейде өтіп жатыр деп ойлайсыз?

– Ең алдымен, Шығыс Қазақ-стан өңірінде дауыс берудің өз уақытында басталғанын айтқым келеді. Міне, қазір таңғы уақыт болса да барлық жерде дауыс беру барысының қызу жүріп жатқанын байқауға болады. Біз таңертеңнен бері бірқатар сайлау учаскелерінде болдық. Ондағы сайлау үдерісін қадағаладық. Бір қуантарлығы, еш жерден заңбұзушылықтар, оғаш іс-əрекеттер байқалған жоқ, заңға қайшы өрескелдіктер бірде-бір сайлау учаскелерінде тіркелмеген. Дауыс беру үдерісі Қазақстан

Республикасының заңнамасы ая-сында жүргізіліп жатыр. Өңірдегі сайлау комиссиясының жұмысы жинақы. Əр сайлау учаскесі заңнама аясында қажетті құрал-жабдықтармен, ақпараттармен қамтамасыз етілген. Сон дай-ақ, шығысқазақстандық сай лау-шылардың өте белсенді екенін көруге болады. Жергілікті жұрт-тың саяси науқанға қатысу деңгейі өте жоғары. Таң ер тең нен ба-стап халықтың өз учас келеріне ағылуы өңір тұрғындарының өз құқығына бейжай қарамайтынын, ішкі сая си мəдениеті жоғары екенін көрсетеді.

– Қазақстандағы сайлау үдерісінің қандай да бір ерек-шеліктерін байқай ал дыңыз ба?

– Əрине, қай учаскеге барсақ та, алдымыздан əуелеген əн мен күй қарсы алды. Осы тарапта орталық жəне өңірлік сайлау комиссиясының жақсы жұмыс

істегеніне куə болдық. Бұл – халықтың көңіл-күйін көтереді. Іс-шараға мерекелік рең береді. Сіздердегі Парламент Мəжілісі мен мəслихаттар сайлауы – шын мəнінде халықтық мерекеге айналғанын айта аламын.

– Ресейдің Орталық сай-лау комиссиясының белді қыз меткері ретінде екі ел арасындағы сайлау заң нама-ларының айыр машы лықтары туралы айта аласыз ба?

– Мен сайлау үдерісімен 1995 жылдан бері айналысып келемін. Ресей Федерациясының түрлі аймақтары мен елді мекен деріндегі сайлау үдеріс теріне түрлі деңгейдегі сайлау комиссиясының мүшесі ретінде қатыстым. Соңғы 9 жылда Орталық сайлау комиссиясының аппаратында жұмыс істеймін. Ресей Федерациясындағы ре-ферендум жəне сайлау тура-лы заңнамалар мен Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасының ерекшеліктерін қазақстандық əріптестерімізбен бірге салыстыра қарадық. Екі елдің заңнамасы арасында аса өзгешелік жоқ. Бұл біздің Қазақстандағы сай-лау барысын байқау жұмыстарына да жеңілдік берді.

– Əңгімеңізге рахмет.

ƏңгімелескенДуман АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.

Шын мəніндегі халыќтыќ мерекеге айналды

Кенді Алтай өңіріне алыс-жақын шет мемлекеттерден 50-ден астам байқаушы келді. Солардың бірі – Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының өкілі Елена ОРЛОВСКАЯ. Жиырма жыл бойы сайлау үдерістеріне үздіксіз қатысып келе жатқан кəнігі маман шығысқазақстандық сайлаушылардың белсенділігіне тəнті болғанын жасырмады. Өскемен қаласындағы сай-лау учаскелерінің бірінде ресейлік мейманмен аз-кем сөйлескен едік.

Юрий ДЕМЬЯНЕНКО,Ресей Федерациясы Орталық сай-

лау комиссиясының өкілі.Сайлау барысында біз қаладағы

бірнеше сайлау учаскесінде болдық. Бұл біздің миссиямыздың аясында атқарылған жауапты ісіміз. Ресейден келген барлық əріптестеріміз өздеріне бекітілген учаске-лердің барлығында дерлік болып қайтты. Біздің бақылауымызша, сайлау барысы заң аясында өтуде. Сайлау үдерісіне қатысты ешқандай заңбұзушылықтар анықталмады. Сонымен қатар, халықтың

жоғары белсенділігін атап өткім келеді. Олардың мемлекеттік институтқа өздерінің дауыстары арқылы қолдау көрсетуге ниетті екендіктері көрініп тұрды.

Біз бұған дейін Қазақстанда өткізілген сайлауларда елдің өзге де аймақтарын жіті зерттеген едік. 2001 жылы қабылданған «Сайлау туралы» заңға азаматтық қоғамға лайық толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, соңғы 2011 жылдан бері заңдық күшінде жақсы қызмет етіп келеді. Яғни, бұл заңдық құжат ретінде ең нақты əрі саяси сауатты жасалған заң екендігін халықаралық бақылаушылар алдында толықтай дəлелдеп отыр. Биыл біз Қазақстанда өткен сайлау үдерісін тереңірек зерттеп, халықаралық саяси бақылау құжатының қоржынын толықтыратын боламыз. Біз өз тобымыздың атынан Қазақстан заңнамасының мейлінше жан-жақты, демократиялық тұрғыдан сауатты жазылғанын, елде ашық та азаматтық қоғам қалыптасқанын айтқымыз келеді.

АЛМАТЫ.

Галина ЛОПАТИНСКАЯ, (ТМД):Мен Қазақстандағы Парламент

Мəжілісі жəне барлық деңгейдегі мəслихаттар сайлауларына көрші Челябі облысынан ТМД миссиясының тапсыру-ымен келдім. Өткен жылы да кезектен тыс Президент сайлауына осы халықаралық ұйымнан байқаушы болып қатысқан едім. Мені қатарынан екі жыл өткен сайлауда қостанайлық сайлаушылардың белсенділігі таң қалдырды. ТМД миссия-сы бойынша Челябіден 12 байқаушы келіп, Қостанай, Рудный, Лисаков

қала лары мен Таран ауданындағы сайлау учаскелеріндегі дау-ыс беруді байқадық. Таңертең сайлау учаскесінің ашылуына да қатыстық. Онда аға ұрпақ өкілдерінің, жастардың жалынды сөздері сайлаушылардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсері хақ. Олардың сөзі сырт көз – бізді де толқытты. Бірлік, қиындыққа төзімділік, кісілік пен кішілік қазақ халқының қанына біткен қасиет екеніне осындағы сайлауға келген сайын көзім жете түскендей.

Таңертеңнен кешке дейін бірнеше сайлау учаскесінде бо-лып, дауыс беруді байқадық. Менің байқауымша, кейбір сай-лау учаскелерінде түске дейін, кейбіреуінде түстен кейін дауыс берушілер легі артып отырды. Барлығы да заң шеңберінен шығып жатқан жоқ, мəдениетті, таңертеңнен жапалақтап, тынбай жауған қар, лайсаң ауа райы олардың көңіл-күйіне де əсер ете алмағандай. Біз тілге тартқан сайлаушылар наурызда жауған қарды жақсылыққа балайтындығын айтты. Сайлауға Наурыз мейрамы мен саяси науқанның қатар келуі біз секілді сырттан келгендерге жақсы жа-расым болып көрінді.

Өткен жылы Президент сайлауына келгенімде «қостанайлық сайлаушылардың белсенділігі заңды, Назарбаевтай көреген Президентке неге дауыс бермеске?» деген ой түйіп кеткен едім. Бұл жолы қазақстандық сайлаушылар саяси науқанға жауапкершілікпен қарайтындығына, өздерінің конституциялық құқын орынды пайдаланатындығына куə болдым. Сырт көз – сыншы болса да, менің таң қалысым одан басымырақ екенін жа-сырмаймын.

ҚОСТАНАЙ.

– Омер мырза, сайлау ба-рысында нені байқадыңыздар жəне жалпы сайлау науқанында жиі кездесетін қателіктер бізде тіркелді ме?

– Біздің байқаушыларымыз Қызылорда облысы мен Алматы қаласы бойынша сайлаудың өткізілу барысын жіті қадағалап, сараптама жасауды өзімізге міндет етіп алған болатын-быз. Сайлау үдерісінің белсенді уақыты – түске дейінгі мезгілде қала бойынша ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Негізінен, көбіне мұндай нау-қан да кездесетін жəйт, ол – сай-лаушылардың білместікпен сай-лау бюллетеньдерін бүлдіріп алуы. Мұндай жағдай бар елде, бар жерде кездесетін құбылыс.

Түркітілдес мемлекеттер

əріп тестігі кеңесінің бақы лау-шылар тобына жетекшілік ете отырып, сіздерде өткізілген Пар ламент Мəжілісі мен жер-гілікті мəслихаттардың депу-таттарын сайлау үдерісі заң ая-сында жəне халықаралық та-лаптарға сай жүргізілгенін мə-лімдеймін. Халықаралық бай-қаушылар жинақтаған зерттеу-лерге сəйкес, сайлауалды үгіт-насихат пен үміткерлердің өз бағдарламаларын кеңінен жа-рия етуі, сайлаушылармен кез-десу, теле-радио жəне баспасөз беттерінде үгіт-насихаттық жо-баларын ұсынып, сайлауалды бағдарламаларын жариялауда ешқандай заң бұзушылықтар мен олқылықтар байқалмаған. Жəне де халықаралық байқаушы ретінде барлық үміткерлердің сайлауалды штабтарында сенімді өкілдермен кездесу барысында тараптардан ешбір арыз-шағым түспегенін, мемлекеттік құқықтық жəне заң орындарында да бұл саяси үдеріс негізінде заңбұзушылық деректері тіркелмегендігіне көз жеткіздік.

Демократиялық таңдау ба-рысында жасалған көптеген же-ңіл діктер мен мүмкіндіктердің нəтижесінде бұл сайлауды бақылау жəне зерттеу жұмыстарының өте жемісті болғанын, Қазақстанда

өткізілетін саяси науқандарының мейлінше заң аясында əрі ашық түрде жүргізілетінін тілге тиек ете аламын.

– Сайлау үдерісінің жал-пы көрінісінен өзге, дауыс берушілердің белсенділігі мен ынтасы туралы мониторинг жа-сайсыздар ма?

– Əрине. Əлемде жүріп жатқан барша саяси үдерістерге тəуелсіз байқаушы ретінде қатысатын белді ұйымның өкілі ретінде Қазақстанда өткен бұл сайлаудың аяқалысы заңдық тұрғыдан бар-лық тараптар үшін жемісті де тыңғылықты жүргізілгенін, қазіргі таңда Қазақстанда демократиялық талаптардың нақты сақталатыны мен азаматтық қоғамның бекігені жөнінде ерекше тоқталғым келеді.

Тəулік бойына жұмыс істеп,

өзімізге бекітілген аумақтың барлық деректерін тіркей келе Алматы қаласы бойынша ешбір заңбұзушылықтар мен теріс əре-кеттердің болмағаны жөнінде қорытынды жасадық. Бізге келіп түскен мəліметтерге сай, Алматы қаласы мен облыс аймағында да-уыс берушілер түске дейін өте белсенді сайлау ісіне қатысқан. Сондай-ақ, түскі үзілістен кейінгі уақытта да дауыс берушілер өзінің азаматтық міндетіне белсенділігін танытқан.

Елдегі сайлаушылардың жас мөлшеріне ерекше көңіл ау дарған біздің байқаушылар халықтың барлық өкілдері мен жас мөлшерлеріне қарамастан бұл сайлауға бір кісідей қатысқаны ту-ралы деректерді де тіркеді. Яғни, бұл сайлауға халықтың басым

көпшілігі қызығушылығын та-нытып, өз міндетіне адалдығын көрсете білген.

Қазақстан халқы өз таңдауын жасаумен қатар, мемлекет ретінде алға қойған биік мақсаттарына нық қадам жасап отыр жəне сайлау шылар өз ынталылығы мен демократиялық құқықтарын толықтай пайдалана алу мүмкін-дігіне ие екендігіне көз жеткіздім.

– Əңгімеңізге рахмет.

Əңгімелескен Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.––––––––––––––––

Суретті түс ірген Айтжан МУРЗАНОВ.

– Леонид Эдуардович, Қазақстандағы сайлау барысын көрші мемлекеттен кел-ген маман ретінде қалай бағалайсыз?

– Сұрағыңызға нақты əрі тиянақты жауап берер болсам, бірінші кезекте Қазақстандағы сайлауды біз сырттағы сайлаулармен емес, осы елдің өзінде, бұрын болып кеткен сайлау кезімен салыстыратынымызға назар аударған жөн. Мысалы, бір жыл бұрынғы Президент сайлауын атап өтуге болады. Қазақстан уақыт санап сайлау жүйесін конструктивті түрде жетілдіріп келеді. Ал бүгінгі сайлау барысын көтеріңкі көңіл-күй мен позитивті бетбұрысқа бағытталған жағдайда өтті деу-ге негіз бар. Дауыс беру барысы, яғни сай-лау үдерісі адамдар үшін барынша ыңғайлы болды.

Сайлау учаскелерінің ыңғайлы орналасуы тіпті бөлек əңгіме. Халықтың дауыс беруге деген жоғары деңгейдегі ынтасы, олардың ұмтылысы таңғалдырды. Жұртшылық жап-пай таңғы сағат 7-ден бастап кішкентей балаларымен, немерелерімен келіп жат-ты. Барлығының көзінде қуаныш, бойында жауапкершілік жүгі аңғарылады. Мерекелік көңіл-күйдің лебі еседі. Халық Қазақстандағы Парламент сайлауын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың реформаларының маңызды элементі ретінде қабылдайды. Қазақстан xалқының сайлауға деген қызығушылығы біз ойлағаннан да жоғары болды.

– Өзіңіз айтып отырғандай, халық жаппай дауыс беруге ынта білдірді. Яғни, барлығы жоғары деңгейде өтті.

Дегенмен, сайлау үдерісі көпшіліктің келуінен тұратындықтан, қандай да бір олқылықтар, заңбұзушылықтар мен түсініспеушіліктер байқалды ма?

– Мен ешқандай да заңбұзушылық əрекеттерін байқаған жоқпын. Барлығы сайлау нормаларына сай болды. Сайлау барысында бірде-бір олқылық орын алма-ды деуге толық негіз бар. Бізді құшақ жая қарсы алған қазақстандықтарға ризашы-лығымды білдіремін. Барлығы жоғары дəрежеде ұйымдастырылған. Біз тек қана оң нəтижелерді көріп отырмыз. Бірнеше сайлау учаскесінде болдық, азаматтардың сайлау барысындағы əрекеттері заң бойынша жүзеге асты. Жоғарыда айтқанымдай, кедергілер мен кемшіліктер байқалмады. Қазақстан халқына алдағы уақытта тек өсіп-өркендей беріңіздер дегім келеді!

– Рахмет.Əңгімелескен

Эльмира МƏТІБАЕВА,«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі мен бар-лық деңгейдегі мəслихаттар де пут аттарының кезектен тыс сайлауы күні Қарағанды облы-сы бойынша 788 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Қайрат ƏБІЛДИНОВ,«Егемен Қазақстан».

Облыс бойынша өз таңдауын жасап, дауыс берген тұрғындардың белсенділігін айта кеткен жөн. Сайлау болған күні сағат 16.00-ге дейін облыстағы таңдау құқы бар тұрғындардың 70,9 пайызы өздері қалаған үміткерлерге дауыс беріп үлгерді. Ал кіріп-шығуы шектеулі 39 сайлау учаскесі бұл уақытта өз жұмысын толығымен аяқтады. «Бұл біздің өңір үшін өте жоғары көрсеткіш», деді облыстық сайлау комиссиясының мүшелері.

Сайлау барысында түрлі деңгейдегі байқаушылар өз м і н д е т т е р і н ү л к е н ж а у а п -кершілікпен атқарды. Халық-аралық байқаушылар облыстағы сайлау учаскелерінің бұл ма-ңызды шараға тыңғылықты дайындалғанын атап өтті. «Біз бірнеше сайлау учаскесінде болдық. Байқағанымыздай, қа-ра ғандылықтар сайлауға бел-сенді қатысты. Барлық сай-лау учаскелері талаптарға сай жабдықталған. Сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін жағдайлар толық қарастырылған. Дауыс беру науқаны ашық əрі əділ өтіп жатыр деп ойлаймын», деді Мəскеуден келген халықаралық байқаушы, Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының бас дирек-торы Валерий Федоров.

Бұл күні Қарағанды облысының əкімі де өз таңдауын білдірді. Өңір басшысы облыс орталығындағы №53 сайлау учаскесіне зайыбы-мен келіп дауыс берді. «Бүгін əрбір азамат өзінің конституциялық таңдау құқын жүзеге асырып, өздері таңдаған үміткерлерге да-уыс берді. Бұл сайлаумен біздің еліміздің болашақтағы дамуы тығыз байланысты. Мəжілісте азаматтардың мүддесін қорғайтын үміткерлердің сенімді ақтап, көкейкесті мəселелерді көтере білуі біз үшін өте маңызды. Соны-мен қатар, барлық деңгейдегі мəслихаттарға жауапты, сауатты адамдардың сайлануы да дəл осын-дай маңызды», деді облыс əкімі.

Қарағанды облысы бойын-ша өз міндеттерін атқарған түрлі деңгейдегі байқаушылар өңірде сайлаудың барлық жағынан жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Қарағанды облысы.

Ќанаєаттанєандыќ сезіммен ќайттыќ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі мен жергілікті мəслихаттардың депутаттары сайлауының өту барысын қадағалаған халықаралық Түркітілдес мемлекеттер əріптестігі Кеңесі Бас хатшысының орын-басары Омер КОЖАМАН мырзаны əңгімеге тарттық.

Сырт көз – сыншы

Аттила ТИЛКИ,ЕҚЫҰ Страсбург консулдігінің өкілі, Венгрия парламентінің мүшесі.

– Аттила мырза, келгендеріңізге біраз болды. Талай сайлау учас-кесінде болдыңыз. Сайлау учас-кесіне келіп, жағдаймен таны-сып жатырсыз. Өз еліңізбен салыстырғанда қандай ерекшелік байқалады?

– Шынымды айтсам, Венгрияда жастар сайлауға сіздердегідей мəн бермейді екен. Келеді. Таңдауын асықпай жа-сайды. Мұнда жастар таңғы сағат жетіден ба-стап келе бастады. Бір сағат аралығында келген сайлаушылардың 70-80 пайызға жуығы жастар екендігі сүйсіндіреді. Венгриямен салыстырғанда өте белсенді. Біздің жастар сағат күндізгі оннан кейін келе бастайды. Екінші бір ерекшелік, бізде электронды жүйемен дауыс беріледі.

– Сырт көз – сыншы. Елімізде жүрсіздер, көңілге не түйдіңіздер?

– Қазақстан туралы пікіріміз жоғары. Үлкен мүмкіндіктердің алдында тұрсыздар. Қазақстан – ЕҚЫҰ мүшесі. Дүниежүзіндегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылуға талпынып жатқан елдің мақсатына жетуге тілектеспіз.

Ал, сайлаудың барысына келсек əділ əрі таза өтті.

Шетелдік байқаушылардың пікірі осыған саяды. Қорыта айтсақ, Парламент Мəжілісі

депутаттарының кезектен тыс сай-лауына жəне облыс мəслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1074 сайлау учаскесінде 1 317 225 сайлаушының өз үміткерін таңдауға жағдай жасалынды. Бұл күні облыс орталығы – Шымкентте 236 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Барлық деңгейдегі жергілікті мəслихаттардың мəслихат де путат-тығына үміткер ретінде оңтүстік-қазақстандық 815 кандидат 315 сайлау

округі бойынша сайлауға түссе, аталған науқанда құрамы 7 адамнан тұратын 1405 комиссия жұмыс істеді.

Сайлаудың əділ өтуін қамтамасыз етуде халықаралық 13 жəне жергілікті 7978 байқаушы қатысты. Саяси науқан кезінде шетелдік 7 байқаушы ТМД-дан, 2 байқаушы ЕҚЫҰ-дан жəне 4 азамат тəуелсіз байқаушы ретінде жұмыс істесе, 4632 адам депутаттыққа үміткерлерінің, 3346 байқаушы саяси партиялардың сенімді өкілі ретінде сайлауды қадағалады.

Сайлау науқанына арнайы келген шетелдік бақылаушылардың сайлау барысына бағасы жоғары.

Бақтияр ТАЙЖАН,«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.

«Оѕтїстік жастары ґте белсенді екен»

Елдіѕ белсенділігі таѕєалдырды«Сырт көз – сыншы» дейді, бұл ретте кеше болып өткен сайлау барысын халықаралық сарапшылар көзімен бағамдап көрелік. Олар не дейді екен? Осы орайда, 20 наурыздағы Парламент Мəжілісі депутаттарының кезек-тен тыс сайлауын қадағалауға көршілес Ресейден келген сарапшы Леонид СЛУЦКИЙДІ əңгімеге тартқан болатынбыз.

Таң бозарып атқаннан кейін-ақ сайлаушылар өздерінің сайлау учаскелеріне ағыла бастады. М.Əуезов атындағы №94 сайлау комиссиясының төрағасы Тлеуов Эрнст Жолдыбайұлы бақылаушылардың қатарында шетелдік қонақтардың ба-рын айтқан.Көк түріктің ұзын найзасын ұмсына шауып, Еуропаның байтақ дала-сына мəңгілік ізін қалдырған Еділ батыр – Аттиланың ныспысын алған Аттила Тилки мажар халқының ұлы, ер түріктің жұрнағы, өте ақжарқын азамат екен. Аудармашы арқылы сұрақ қойдық.

Дайындыќ тыѕєылыќты болды

«Егемен Қазақстан».

21 наурыз 2016 жыл www.egemen.kz 9

БЕРГЕН БАЄА, АЙТЌАН ОЙАбдурахим УЛЬФАТОВ,

ШЫҰ миссиясының байқаушысы.Қазақстан өзінің саяси өміріндегі

маңызды оқиғаға айрықша жауап кер-шілікпен келіп, сайлауды белсен ділікпен өткізгені қуанышты. Өйткені, халық өз болашағы, ұрпағының жарқын келешегі, мемлекетінің гүлденіп көркеюі үшін да-уыс беретінін біледі. Мен Қазақ станға, оның елордасы Астанаға бірінші рет келіп отырмын. Алған əсерлерім өте көп. Тəжікстанда да осындай игі өзгерістер баршылық.

Ақмола облысының Бурабай ауданы мен Көкшетау қаласындағы он сайлау учаскесінде болғанда байқағаным, халықтың саяси науқанға мерекелік көңіл-күймен келіп, өз парызын жауапкершілікпен атқаруға тырысатындығы. Көкшетау қаласындағы №1 орта мек-тепте Болат Жанəділов деген қария біріншілер қатарында дауыс берді. Үлкендігіне қарамастан, жаныма келіп, сəлемдесті. Бұл кісі Қазақстан тəуелсіздігінің жылнамасындай құрметке лайықты жан екен. Ел Парламентінің алғашқы шақырылымының депутаты бо-лыпты. Мұның өзі Болат Сүлейменұлының қайраткерлік қызметін де көрсетеді. «Мен сайлауға тағдыршешті оқиға ретінде маңыз беремін» деген сөздері əркімнің көкейіне ой салатыны анық.

Бурабайда да, Көкшетауда да немерелерін ертіп жүрген кісілерді, алғашқы дауыс беруге үлкен толғаныспен келген жастарды көп көрдім. Бұл елдің мемлекеттік саясатқа берік сенетінін айғақтайды. Ал сайлаудың өту барысына келсек, республика заңына, белгіленген халықаралық нормаларға қайшы келетін жайлар байқалмады. Сайлау учаскелеріндегі жұмыстан ешқандай кемшілік көрген жоқпын. Біздің, яғни жергілікті байқаушы əріптестерімнің жұмысына да ризамыз.

Жазып алған Бақберген АМАЛБЕК,«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.

Валерий СИМОНОВ, «Труд» газетінің бас редакторы (Ресей).

Қазақстан Республикасы Парламент Мəжілісі мен барлық деңгейдегі мəсли-хаттар депутаттарының кезектен тыс сай-лауына халықаралық байқаушы ретінде қатысуға ұсынысты қуана қабыл алдым. Өйткені, мен осы Қарағанды облысының тумасымын. Туған жерге барып, ескі та-ныстарыммен қауышудың сəті келгені де көңіл-күйімді көтере түскен еді.

Жалпы, өзім бақылаушы болған Темір таудағы №168 сайлау учаскесінің ел дегі маңызы зор бұл шараға үлкен дайындықпен келгеніне тəнті болдым. Жəне де мені қазақстандықтардың сайлау сынды саяси шараға терең мəн беріп, аса белсенділік танытқаны ерекше таңғалдырды. Менің жерлестерімнің өз елінің болашағына бейжай қарамайтыны, саяси тұрғыда сауатты екені қуантты.

Мен өзіме артылған миссияға өте жауапкершілікпен қара-дым. Əріптестеріммен бірге «Сайлау туралы» Қазақстан Респуб-ликасының Заңымен алдын ала танысып шықтым. Сайлау бары-сының Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өткенін байқадым. Ешқандай заңбұзушылықтың тіркелмегенін айтқым келеді. Сайлаушылардың ешқайсысы дауыс беруден тысқары қалған жоқ. Сайлау үдерісі ашық жəне барлық демократиялық талаптарға сай өтті деуге болады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздердің Тұңғыш Пре-зиденттеріңіз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев негізін қалаған тəуел-сіз Қазақстанды алда жарқын болашақ күтіп тұрғанын айтқым келеді. Санасы сергек, саяси белсенділігі жоғары, еңбексүйгіш, бейбітшіл халқы бар Қазақстанды басқаша көз алдыңа елестетудің өзі мүмкін емес.

Сырт көз – сыншы

– Игорь Николаевич, Қазақ-стандағы сайлау науқандарына ресейліктер үнемі үлкен қы-зығушылық танытады. Оның сыры неде деп ойлайсыз?

– Еске сала кетейін, былтыр

Қазақстан Президентінің ке-зектен тыс сайлауын қадаға-лауға Түмен жағынан жиырмадан астам байқаушы келіп, дайындық жұмыстарына, дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рəсіміне

жоғары баға берген болатын. Ешқандай заңбұзушылықтардың орын алмағанын т іркеген . Бұл жолы да осы үрдістен ауытқымағанына, барған сайын

демократиялық құндылықтардың орныға түскеніне анық көз жеткізіп отырмыз. Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы сай-лау органдары арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықтан ұтарымыз көп. Осында келер ал-дында сайлауға əзірлік жүргізу туралы ақпараттармен таныстым. Бəсекелі додада бағын сынауды ұйғарған барлық партияларға тең құқықтар мен мүмкіндіктердің берілуі, ақпараттық үгіт-насихат шаралары шеңберінде бірдей қолжетімділіктің болуы түрлі саяси ұйымдар арасында өзара түсіністікке, бірлікке, ортақ мақсат жолындағы күш-жігерді бір арнаға толықтыруға жол аша-тыны, ауқымды реформалар мен бағдарламаларды іске асыруға жетелері сөзсіз.

Бұл жағынан Қазақстаннан үйренеріміз көп. Мен 2004 жыл-дан бері саяси науқандарды қадағалауға үзбей қатысып келемін. Тəжірибемнен анық білет інім, жыл өткен сай-ын сіздерде сайлау жүйесі жетілдіріліп, заңнама аясында өтіп келеді. Сайлаушылардың белсенділігі де аса жоғары. Əсіресе, мұндай қасиеттерді жас-тар арасынан жиі кездестіруге бо-лады. Демократиялық үрдістерді дамытып, қалыптастыру жағынан Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы арасында алға шығатындарыңыз талас тудырмайды.

– Оған жергілікті жерлер-ден нақты мысалдар келтіре аласыз ба?

– Əрине. Облыс орталығы мен аудандардағы сайлау учаскелеріне атбасын тірегенімізде сайлауға əзірліктің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сайлаушы-лар қарасының молдығын, оларды өз Отанының болашағы, өскін

ұрпақтың ертеңгі өмірі бейжай қалдырмайтынын аңғарғанымды атап өткім келеді. Түске дейін 17 сайлау учаскесіне барып, үлкенмен де, кішімен де емен-жарқын тілдестік. Қай-қайсысының бол-сын көңіл-күйі ерекше. Мəселен, Петропавл қаласындағы теміржол колледжінде орналасқан № 705 сайлау учаскесінде таңғы сағат 10-ға дейін барлық сайлаушылардың үштен бірі өз таңдауларын жа-сап үлгіргеніне куə болдық. Кабиналар жеткілікті. Кезекте іркіліс жоқ.

Біздің миссиямызда алға қойған ұстаным– кемшілік-олқы лықтарды термелеу емес, керісінше, сайлауды ұйымдастыру жұмыстарын жіті бақылау, үлгі алар жаңалықтар мен бас-тамаларды бойымызға сіңіру, ойға тоқу, тəжірибеге айналды-ру. Осы тұрғыдан баға беретін болсақ, Парламент Мəжілісі мен облыстық, аудандық, қалалық мəслихаттар сайлауы əділетті, халықаралық талаптарға сəйкес өтіп жатты деп батыл айта ала-мын.

Ең бастысы, Қазақстанда əлеуметтік ахуал, экономикалық өсім орнықты. Мұның бəрі адам-дардың көңіл-күйі мен өмір сүру сапасына айтарлықтай əсер етеді. Бүгінгідей қайшылықты, күрделі геосаяси жағдайда ел тұтастығы үшін таңдау жасаудың маңызы зор.

ƏңгімелескенӨмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.––––––––––––––––

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Валерий САМОКРУТОВ, (Ресей).

Халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ-тар тарапы-нан Қазақстандағы пар ламенттік сайлаудың қалай өтетініне ерек-ше мəн берілуі тектен-тек емес. Олардың арасында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам блеясы, ТМД миссия-сы, ШЫҰ, Түркітілдес елдер ынтымақтастығының кеңесі секілді беделді ұйымдар бар. Өйткені, Парламент Мəжілісі партиялық тізім бо йынша жасақталғалы тұр. Оның үстіне алты саяси ұйым өз үміткерлерін үкілеп қосып, аламан доданы тіпті қыздырып жібергені анық. Сол себепті жеке жəне заңды тұлғалардан өтініштердің көптеп түсуі заң шығарушылық қызметін

ойдағыдай жалғастырып келе жатқан органға деген құрмет пен сенімнің бір көрінісі дер едік. Бір жағынан, зор пар-ламенттік өкілеттікке ие тө-менгі палатаның заңдардың сапалы қабылдануына мүдделі рөлі мен қоғамдағы орны да қызықтырған болуы керек.

Біз Қазақстандағы саяси науқандарды қадағалауға үзбей қатысып келеміз. Бұл жолы Қорған облысынан 12 адам-

нан құралған арнайы делегация Солтүстік Қазақстан аумағында өтіп жатқан сайлау-ды жіті қадағалау мүмкіндігіне ие болды. Жұмыс сапарын Петропавл қаласындағы № 5 сайлау учаскесінен бастап, дауыс беру үдерісінің ашылуынан дауыс санауға дейін қатыстық. Əдемі киінген, жүздерінен

қуаныш төгілген сайлаушылар қарасының мол болғанына қарамастан, ешқандай қарбаласты аңғармадық. Соған қарағанда, сайлау комиссияларының дауыс беруді өткізуге материалдық, ақпараттық, тех ника-лық жағынан өте тыңғылықты əзірленгені білініп тұрды. М.Жұмабаев, Есіл, Мамлют, Аққайың аудандарына ат ізін салып, дау-ыс беру үдерісіне бастан-аяқ жүріп, регла-ментке сай іріктелген саяси партиялардың сенім білдірген адамдарымен, мəслихат депутаттығына кандидаттардың сенімді өкілдерімен кездесіп, партиялық тізімдер бойынша сайланатын сайлаудың өзіндік ерекшеліктері, ұйымдастырылу деңгейі, дауыс беру үрдісі, қадағалау тəртібінің жолдары, сайлау заңнамасын қатаң сақтау жайлы пікірлер алмасылды. Заң бұзылған жағдайда қайда жүгіну, болдырмау, алдын алу шараларын қарастыру секілді мəселелер

төңірегінде салиқалы ойлар айтылды. Мұ-ның бəрі сайлау туралы ережелер толық сақталса, ешқандай бұрмалаушылық та, бұра тарту да тіркелмейді деген ұғымға жетелейді.

Өзге өңірлер секілді Солтүстік Қазақстан облысында да сайлаудың кəсіби деңгейде ұйымдастырылғанын Қызылжар ауданы-на қарасты Большая Малышка, Ташкентка, Березовка тағы басқа елді мекендерде де ерекше сезіліп тұрды. Тұрғындардың жо-ғары саяси белсенділігі тəнті етті. Сайлау халықаралық өлшемдер негізінде ашық жүр гізіліп, заң нормалары қатаң сақталды. Демек, сайлау үдерістерін одан əрі дамыту, жетілдіру, демократиялық құндылықтарға ыңғайластыру, халықаралық стандарттарға бейімдеу бағытында үлгі алар тұстар көп деген сөз.

Солтүстік Қазақстан облысы.––––––––––––––––––

С у р е т т і т ү с і р г е н А м а н г е л д і БЕКМҰРАТОВ.

– Александр Юрьевич, бұған дейін сіз біздің елдегі сайлауларға байқаушы ретінде қатыстыңыз ба?

– Біз көршілес жатқан ше-каралас өңірлерміз. Сондықтан қай жағынан да аралас-құралас-тығымыз мықты. Бұдан бұрынғы президенттік жəне парламенттік сайлауларға да қатысып жүр-генмін. Бұл жолы Орынбор об-лысынан 10 байқаушы келдік. Олардың бірқатары аудандарға аттанып кетті, сол жерлерде өз міндеттерін атқарды. Жалпы, жергілікті биліктің сайлау ко-мис сияларының жұмысын ұйым-дастыруға қолдау көрсетуі аң-ғарылады. Сайлау учаскелерінде көшпелі сауда ұйымдастырылып, мектеп оқушыларының күшімен концерттік бағдарлама ұсыну саяси науқанның салтанатын арттырып, сайлаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Халықтың сайлауға қатысуға деген белсенділігі жо-ғары екенін аңғардым. Ешқандай мəжбүрлемей-ақ, халық өз еркін білдіруге асығулы. Бұл дегенің адамдардың елдің дамуына өзінің де қатысуы қажеттігін түсінгендік деп ойлай мын. Сайлаушылардың дауыс беруге деген ықылас-ниетінің өзі неге тұрады. Ақтөбеліктердің саяси белсенділігі мерекеге келгендей

əсерге бөлейді. Бұл елдегі татулық пен бірліктен, бақуатты тұрмыстан арна тартып жатса керек.

– Сөзіңізді бөлгеніме айып етпеңіз, сіз қанша сайлау учас-кесінде болдыңыз, қандай кем-шілікті аңғардыңыз?

– Менің өзім сегіз сайлау учаскесінде болдым. Шақыру бар-май қалғаны сияқты ұсақ-түйек болмаса, ешқандай ағаттықтарды аңғармадым. Ал шақыру қағазы есікке қыстырылып, түсіп қалуы да мүмкін ғой. Тағы да қайталап айтамын ешқандай Қазақстан заңнамаларын бұзушылықты көргенім жоқ. Мен бұған дейін талай сайлауларға келіп жүрмін. Сайлау учаскелерінің техникалық жарақтандырылуы, олардағы ақпараттық қамту мəселесі үлгі боларлық дегім келеді. Сайлаушылар тізімі, үміткерлер туралы ақпарат көзге түсетін жерлерге орналастырылған. Сайлаушылар сайлау болатын күнді, сайлаудың қай деңгейде өтіп жатқанынан толық хабар-дар екені тəнті етті. Урналардың орналастырылуы, кабиналардың жасақталуында мін жоқ. Бір учас-кеде бес кабина орнатылған. Бұл сайлаушылардың дауыс беруге кезек күтіп қалмауына ыңғайлы. Сондай-ақ, дауыс берудің құ-п и я л ы л ы ғ ы н с а қ т а у ғ а , ө з

еркін қы сылмай білдіруіне қо-лайлы.

– Бұл сайлаудан нендей ой түйдіңіз?

– Мен Қазақстанның əлемдегі дамыған отыз елдің қатарынан көрінетініне бек сенімдімін. Оның айқын алғышарттарын осы сайлаудың өтуі барысында да аңғардым. Халықтың бірлігі мен татулығы, алдағы күнге де-ген сенімі мықты, ең бастысы сол дер едім. Біздің елдердегі сайлау үдерістерін өткізуде ұқсастық бар. Дегенмен, қазақстандықтардың саяси белсенділігі жоғары екенін айту керек. Сайлау комиссиялары мүшелерінің өз жұмыстарын жетік білетіні, өз міндеттеріне асқан жауапкершілікпен қарайтыны көрініп тұрды. Қазақстандағы сайлаулардың демократиялық қағидаттарға негізделіп, ха лық-аралық талаптарға сай өткізі-летініне бұл жолы да көзіміз жетті. Сайлау салтанатының салмағы оның нəтижесінен айқын көрінеді деп ойлаймын.

Əңгімелескен Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

– Елена Викторовна! «Сырт көз – сыншы» деген. Сай лау-шылардың белсенділігі қалай?

– Ашығын айту керек, Қа-зақстанда сайлаушылардың жо ғары белсенділігі бірден байқалды. Жəне сайлаушылардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Тағы бір ұнағаны – бүкіл отбасымен келіп дауыс беріп жатқандарды жиі көрдім. Жəне бəрінің осынау науқанға атсалысқандарына қуанышты екендіктері бал-бұл жанған жүз дерінен байқалып тұр. Бұл əрине, қазақстандықтардың саяси науқанға өте жауапкершілікпен қарағандарын білдіреді. Шы-нында, елдің болашағы, дамуы, өркендеуі отбасының берекесі,

бірлігіне тікелей байланысты емес пе?!. Аспанында бейбіт күні жарқыраған дамыған елдің тірегі – бақытты отбасы.

Сондай-ақ, ғаламтордағы ақ-параттар арқылы Қазақстанның қай азаматы болмасын, сыртта жүрсе де, жарқын болашақ үшін дауыс беріп, елдің дамуына атса-лысып жатқанын байқадым. Бұл – өте қуанышты жағдай. Менің-ше, бұл елдің бірлік-ынтымағы, ұйым шылдығының мол екенін білдірсе керек. Тіпті, дауыс бе-руге кезекке тұрған жандардың арасында жастардың көп болуы бізге де, келушілерге де мерекелік көңіл-күй сыйлап, күш-қуат, серпіліс бергендей.

– Ə р и н е , с а й л а у д ы

бай қау шылармен əңгімелесе қалсақ, «Қандай да бір заң бұзу-шылық байқадыңыз ба?» деген са уал дың тіліміздің ұшын да тұратыны анық...

– Сауалыңыздың төркінін түсіндім. Біздің басты міндетіміз – сайлаудың демократиялық талаптарға сай ашық та əділ өтуін бақылау. Осы мақсатта қаншама шетелдік бақылаушылар сай-лау науқанын бақылады. Біз, Ленинград облысынан 4 адам келдік. Оның екеуі осы Тараз

қаласына түстік. Күні бойы бірне-ше сайлау учаскелерінде бо-лып, тіпті, алыстау ауылдардағы сайлау учаскелеріне де соғып, нау қанның əділ өткеніне көз жеткіздік. Ешқандай заңбұзушы-лық орын алған жоқ.

– Қазақстанда бұрын болған ба едіңіз?

– Бұрын-соңды Қазақстанда болған емеспін. Менің осынау ұлан-ғайыр жері бар, тəуелсіз елге алғашқы сапарым. Əрине, біздің Ленинград облысында осы елден қоныс аударған орыс ұлттары бар. Олар үнемі Қазақ станды са-ғынышпен еске алып отырады. Шынында, біз қазақ ұлтын ын-тымағы жарасқан, бірлігі мықты, еңбекқор халық ретінде білеміз. Бұл сайлау Наурыз мерекесімен қатар келіп жатыр екен. Ертең осы ұлық мерекеге қатысып, Қазақ-станды жəне осы елді мекендеп жатқан түрлі ұлттардың тыныс-тіршілігін жақынырақ біле түсеміз деген ойдамын.

– Əңгімеңізге рахмет.

Əңгімелескен Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.

Ел болашаєы їшін маѕызы зор

Парламент Мəжілісі жəне барлық деңгейдегі мəслихаттар сайлауын қадағалауға бір мыңға жуық халықаралық байқаушы тіркелсе, олардың бір легі Қызылжар өңірінде жүр. Біз Ресейдің Түмен облысы сайлау комиссиясының төрағасы Игорь ХАЛИНДЫ С.Мұқанов атындағы əмбебап кітапханада орналасқан №635 сайлау учаскесінде жолықтырып, өтіп жатқан сая си науқан барысы жайлы ой бөліскен едік.

Салтанат салмаєы басымҚазақстан Республикасы Парламент Мəжілісінің де-путаттары сайлауын байқау үшін біздің облысқа ЕҚЫҰ миссиясынан – 14, ТМД миссия сынан – 10 шетелдік байқаушы келді. Біз Ресейдің Орынбор облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, ТМД мисссиясының халықаралық байқаушысы Александр НАЛЬВАДОВПЕН кездесіп, өңірде сайлау науқанының қалай өтіп жатқаны туралы пікірін білмек болып, сөзге тартқан едік.

Теѕ ќўќыќтыќ ќамтамасыз етілді

Бірлігі мен тірлігі жарасќан ел екенсіздер

Əрине, елімізде өтіп жатқан сайлауды қадағалау үшін шетелден көптеген байқаушылар келді. Солардың бірі – Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушылар миссиясы ұйымының өкілі, Ресейдің Ленинград облысынан келген Елена ЛЮБУШКИНАМЕН аз-кем тілдесудің сəті түсті.

21 наурыз 2016 жылwww.egemen.kz10

САЙЛАУ. ЌОЄАМДЫЌЕлімізде ґткен ќоєамдыќ маѕызы зор шараны байќау жґніндегі

– Вера Кузми нич на, сай-лауға тəу елсіз байқаушы ре-тінде тартылған адам ға қан-дай талаптар қойылды? Осы жө нінде толығырақ айтып берсеңіз.

– Сауалыңыз орын ды. «Сайлау туралы» ҚР Заңының 20-1-бабына сəйкес, тəуелсіз байқаушыға қойылатын та-лаптар бар. Оны өзіңіз бі-лесіз. Заңға сəйкес, мем ле-кеттік қыз меткерлер, бел-гілі бір пар тияның штабын-да жұмыс істейтіндер, депу-таттыққа канди даттардың үгіт-насихатын жүр гізетін во лонтерлер тəуелсіз сарап-шы бола алмайды. Ал заңда көрсетілген талаптар мен шектеулерден ада, қоғамдағы түрлі құбылыстарға сергек қарап, азаматтық ұстанымын еркін біл діретін кез келген бел сенді азамат тəуелсіз бай-қаушы бо ла алады. Біз де осы бағытта жұмыс іс тедік. Сайлау

күні байқаушыларымыз ти істі учаскелеріне барды. Арнайы бел гі ленген орында отырып, сайлаудың өту барысын қа-дағалап, бюллетеньдерді санауға, хаттаманы толтыруға қатысты. Соңынан хаттаманың бір данасын біздің орталыққа əкеліп тапсырды.

– Жалпы, сонда облыста қанша тəуелсіз байқаушы жұ мыс істеді?

– Батыс Қазақстан облы-сы бойынша сайлаудың өту

барысын 520 тəуелсіз бай-қаушы қадағалады. Оның 117-сі Орал қаласының сай-лау учаскелерінде болды. Бір айта кетерлігі, би ылғы бай қаушылардың негізгі құ-рамы өткен Президент сай-лауына қатысып, үлкен тə-жірибе жинақтаған азамат-тардан тұр ды. Сайлау ал-дында бай қаушылар үшін арнайы семинар-тренингтер өткізілді, мақсат-міндеттері түсіндірілді. Қолдарына бай-қаушы куəлігі, электронды жəне қағаз нұсқада байқаушы күнделігі берілді. Сайлау қоры тындысында біздің бай-қаушылардың жұмысына қатысты ешқандай шағым-ескерт пе түскен жоқ.

Жазып алған Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».–––––––––––––––

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ.

Жұпаркүл ЖҰМАШЕВА,Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Жамбыл облысы бойынша өңірлік орталығының мүшесі.

Дауыс беру таңғы сағат жетіде əдеттегідей əнұранмен басталды. Мен бақылап отырған №50 учас-кеде ең алғаш болып 18 жастағы бір жігіт пен бір қыздың қатар келіп дауыс бергені бəрімізді сүй-сінтті. Одан кейін де келушілердің арасынан жастарды көп көрдім. Бұл əрине, жас ұр пақтың елдің болашағына, тағдырына бейжай қарай алмайтынын байқатса керек. Бір жағы күннің ерекше жарқырап тұрғаны,

бір жағы ертеңгі Ұлыстың ұлы күні тұрғындарға керемет мерекелік көңіл-күй сыйлағаны анық. Əй-теуір дауыс беруге келген елдің қарасы да мол əрі бəрінің көңілдері көтеріңкі.

Бұған дейін де бірнеше сайлауға байқаушы ретінде қатыстым. Сайлауда байқаушы болу мен үшін зор мəртебе екенін айта кеткім келеді. Бұл сайлауда халық елдің тұрақтылығы үшін дау-ыс бергеніне сенімдімін. Сайлау

учаскелерінде ешқандай заң бұзушылық орын алған жоқ.

Жамбыл облысы.

Ашыќтыќ – ардыѕ ісіАнтон ХАТЕНОВСКИЙ,Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Алматы облысы бойынша өңірлік орталығының мүшесі.

Парламент Мəжілісі мен мəслихаттар депутаттарын сайлау Алматы облы сының барлық елді мекендерінде заң нама та-лабына сай өтті. Тыныштық. Ертелете Талдықорғандағы №869 сайлау учаскесіне келгенімде екі сағаттай сирек келген ел күн көтеріле таңғы сағат 8-10 аралығында ағылып берді. Халықтың белсенділігі өте жоғары болды. Жастар да, қарт адамдар да толассыз келіп өз таңдауларын жасады. Оның бір себебі ешкімге ешқандай шектеу қойылмай, сайлаудың ашық та жариялы түрде өткізілгендігі болар деп ойлаймын. Жалпы, біздің тарапымыздан ешқандай ескертпе жасалған жоқ. Адамдар қай партияға, кімге дауыс беретіндіктері анық аңғарылып тұрды. Сөйтіп, жетісулықтар да конституциялық құқықтарына сай аза-маттық борыштарын мəдениетті түрде өтеді.

ТАЛДЫҚОРҒАН.

Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның төрағасы:

– Парламент Мə жілісі мен барлық дең-гей лердегі мəс ли хаттар сайлауы – ол əрбір қазақстандыққа қатысы бар маңызды саяси оқиға.

Біздің азамат тық қоғам ның элек то рат тық үдеріске бел сенді қатысуы өте м а ңызды.

Сайлауды байқау жөніндегі республи калық қоғам дық комиссия нон-стоп режі мінде жұмыс істей отырып, сайлау науқа ны ның барлық са-тыларына мұқият байқау жасады.

Біздің негізгі мақсатымыз сайлауға қатысу шы барлық саяси пар-тиялар мен кандидаттар үшін тең жағдайлардың қамтамасыз етілуіне байқау жасау болды. Ол үшін біз барлығымен де – саяси партиялардың сайлауалды штабтарымен, сайлау комиссияларымен, БАҚ-тармен, халықаралық байқаушылар миссияларымен үнқатысу жүргіздік. Барлық өңір лердегі 6 саяси партия өкіл дерімен, ТМД, ЕКПА, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 4 байқаушылар миссиясымен, сондай-ақ, АҚШ-тан келген тəуелсіз байқаушылармен, əлемнің 18 елінен келген шетелдік БАҚ-тар өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Біз ақпараттық бағдарла маларға, теледидар хабарларына, интернет-жарияланымдарға, БАҚ-тарға мониторинг жүргіздік, сондай-ақ, үгіт ма-териалдарына талдау жасадық.

Бүтіндей алғанда СБРҚК байқаушылар үшін ұйымдастырылған 35 бри-фингті, 28 семи нар мен дөңгелек үстелдерді қоса ал ған да 85 іс-шара өт кізді.

Барлық өңірлерде біздің сайлауды байқауға ықпал ету орталық тарымыз жұмыс істеді. Жергілікті жерлердегі сайлау үдерісінің барысына оның барлық сатыларында мұқият байқау жасаған да солар болды.

Құзырлы мониторингті жəне білікті байқаушыларды дайындауды қамтамасыз ету үшін жүйелі негізде оқулар ұйымдастырылды. Олар – байқаушыларға құқықтық сипаттағы барлық жайттар, сондай-ақ, байқау жəне ықтимал деген бұрмалауларды жою үдерісінің алгоритмі түсіндірілген семинар-тренингтер.

Тікелей дауыс беру күні 10 мыңдай байқаушы таңертеңнен дау-ыстар түпкілікті саналып, қорытынды хаттама жасалғанға дейін осы процедураларға байқау жасады.

Азаматтардың барлық өтініштері бойынша комиссия шұғыл іс-əрекет жасап отырды. Тиісті шаралар қабылданды. Сонымен бірге, біз айтарлықтай бұрмалаушылықтарды тіркеген жоқпыз.

Сайлаудың мөлдір, ашық жəне бəсекелестік негізде өткенін жауап-кершілікті түрде мəлімдеймін. Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия миссиясы да табысты орындалды.

Əділ АХМЕТОВ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі:

– Соңғы айда мен Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия құрамында жұмыс істедім. Біз тыңғылықты жəне уақытқа қарамастан жұмыс жүргіздік. Мен комиссия да жұ мыс істеген кезде біз сайлау туралы заңна-малардың сақталуын қадағаладық, бар лық кандидаттардың саяси үгіт үшін тең мүмкіндіктер алуын қарастырдық, сондай-ақ, байқаушыларды дауыс беру күні білікті жұмыс істей білуге оқыттық. Біз еліміздің өңірлеріне барып, жергілікті жерлерде байқаушыларды дайындау үдерісін ұйымдастыруды қадағаладық. Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия мүшесі ретінде біздің бұл сайлаудың əділ жəне ашық болуы үшін бəрін де жасағанымызды айта аламын.

Дауыс беру күнінен кейін өзіміз баға бергендей, біздің сайлау шынымен де əділ, бəсекелесті жəне ашық болды. Кеше біз таяудағы электораттық цикл-да Мəжілісте жəне өңірлік мəслихаттарда біздің мүдделерімізді қорғайтын адамдарға дауыс бердік. Өткен сайлау Қазақстанның тұрғындарының саяси мəдениетінің даму деңгейі жоғары демократиялық ел болып табылатынын тағы да дəлелдеді. Мен біздің сайлауға белсенді атсалысқан комиссиядағы барлық əріптестеріме, байқаушыларға жəне барлық сайлаушыларға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Камал БҰРХАНОВ,Сайлауды байқау жөніндегі республи ка лық қоғамдық комиссияның мүшесі:

– 2016 жылдың 20 наурызында біз еліміз-дегі мейлінше маңызды үдерістің куə герлері жəне белсенді қатысушылары болдық. Қазақ-стан халқы жоғары заң шығарушы орган – Пар -ламент Мəжілісі мен жергілікті өкілетті ор ган-дар – мəслихаттарға өз өкілдерін сайлады.

Өткен сайлау бүкіл қоғам мен елдің сая-си күштерінің топтасқандығын жəне оң да сындарлы көңіл-күйін айғақтайды. Осының бəрі Тəуелсіздіктің 25 жылы бойына біздің

саяси дəстүрімізде өз ықтиярыңды еркін білдіру жəне толеранттылық қағидаттарының нығайғанының арқасында мүмкін болып отыр.

Егер біздің еліміз жүріп өткен тарихи жолға көз салар болсақ, ел халқы өз Президентін сайлай отырып, 1991 жылдың желтоқсанында өзінің алғашқы таңдауын жасады. Сол сəттен бастап біздің қоғамымыз демократиялық даму векторына ие болды жəне осы бағытта қарқынды дамыды. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда қа-былданған елдің жаңа Конституциясы елде парламентаризм институтын бекітті. Осының бəрі сайлау жүйесінің дамуына бұлжымас сипат берді.

Елдің саяси жүйесі дамуының табысты моделі халықтың еркін таңдау жасауына кепілдік береді. Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі ретінде сайлау үдерісіне белсенді қаты-сушы бола отырып, өткен сайлау əділ жəне ашық болды деп айта аламын.

Өңірлерге жасалған сапарлар жəне жеке байқауларым облыстық жəне аудандық сайлау комиссиялары сайлауды қазіргі заңнамаларға сəйкес жəне барынша ашық өткізді деп айтуға мүмкіндік береді. Оның өзі комиссия мүшелерінің кəсіби даярлығының жоғары деңгейде екенін айғақ тайды. Елде демократиялық сайлау үдерісінің моделі қалыптасты дегенді тағы да атап өтуге болады. Мен 2016 жылғы сайлау үдерісіне қаты су шылардың бəріне жауапты жұмыстары үшін айрықша ризашылық білдіремін.

Любовь НИ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі:

– Қазақстан Республикасы – ол татулық пен келісім орнаған менің Отаным, елім. Мен біздің еліміздегі сайлаудың жоғары демократиялық деңгейде өткенін өте қаладым, сондықтан да сайлауға тек сайлаушы ретін де ғана емес, сонымен бірге, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі ретінде де сайлауға қатысу жөнінде шешім қабылдадым.

Комиссия құрамында мен елді аралап, адамдармен кездестім, Қазақстанда жүріп жатқан реформалар туралы жəне қазақстандықтар өз дауыстарын беретін қоғамымыздың үздік өкілдері – депутаттар туралы əңгімелестім. Қазір, 20 наурызда өткен сайлаудан кейін үдерісті ішінен бақылаған СБРҚК мүшесі ретінде мен өз отандастарым үшін қуаныштымын – қазақстандықтар біздің баршамыз үшін өте маңызды үдеріске белсенді атсалысты, үздіктер үшін əділ жəне ашық дауыстарын берді, сол арқылы біздің еліміздің бақытты болашағына таңдау жасады.

20 наурызға белгіленген Парламент Мəжілісі жəне барлық деңгейдегі мəсли-хаттар сайлауына тəуелсіз бақылау жүргізу мақсатымен республикалық қоғам-дық комиссия құрылған болатын. Осы комиссияның жергілікті жерлердегі құзі-ретін атқару міндеті əр облыстағы арнайы орталықтарға жүктелгені белгілі. Маңызды саяси науқанға тəуелсіз байқаушы ретінде қатысқан тұлға лар кімдер болуы тиіс? Қанша адам байқаушы ретінде қатысты деген сауалдарымызды Сай-лауды байқау жөніндегі республикалық комиссияның Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік орталығының төрайымы Вера ШОХИНАҒА жолдаған едік.

Шаєым-ескертпелер тїскен жоќ

Ешќандай ескерту жоќАлматыда барлығы 532 байқаушы сайлау науқанының лайықты өтуі үшін атсалысты. Жауапты науқанға бірнеше семинар-тренингтен дəріс алып, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сайлау тура-лы» Заңды қайталай жадына салып, байқаушының міндеті мен қызметін тиянақтаған бұл топтың Алматыдағы жетекшісі, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия төрағасының орынбасары, Президент жанындағы құқықтық саясат кеңесінің мүшесі, профессор Өмірəлі ЖАЛАИРИДІ əңгімеге тарттық.

Дауыс берушілер ќатары мол болды

Шынаргүл ҚАЙЫРОВА,Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Атырау облысы бойынша өңірлік орталығының төрайымы.

Елдің келешек мүддесі үшін маңызды шара Парламент Мəжілісі мен мəслихаттар сайлауына Атырау облысында 244 байқаушы тіркеліп, олар əдістемелік се-минар-тренингтерден өтті. Байқаушы өткілеттігі берілген азаматтар Парламент жəне жергілікті мəслихаттар сайлаулары науқанына тыңғылықты дайындалып, сайлау заңнамалар мен халықаралық талаптардың сақталуын қадағалауға бейімделді. Осыған

орай Атырауда «Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқау жөніндегі республикалық комиссия» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Сұлтан Қалиевтың қатысуымен Атырау қаласында жəне аудан-дарда «Байқаушының сайлау үдерісіндегі рөлі» тақырыбында арнайы семинар өткізілді.

Бұл семинардың басты мақсаты – байқаушы өкілеттігі берілген азаматтарды алдағы жауапты іске дайындау, қолданыстағы сайлау заңдылықтары мен халықаралық нормалардың сақталуын қадағалауға

бейімдеу болатын. Өйткені, еліміздегі сайлау барысын байқаушы ең алдымен «Сайлау туралы» конституциялық з а ң д ы ж е т е б і л у і ш а р т . Олардың басты міндеті –сайлау үдерісінің заңдылық талаптарға сай жəне əділ өтуін қадағалау. Осы мақсатта қала-аудан аумақтарындағы байқаушылар өз өкілеттілігіне сəйкес сайлау үдерісін бақылау жұмыстарын жүргізді. Біздің

байқаушылар бəрі семинар-тренингтен өтті. Сонымен қатар, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясында жəне

сайлау учаскелерінде болып, сайлауалды дайындық жұмыстарымен танысты.

Сайлау комиссиясының жұмыстары талапқа сай, өткен жылдарға қарағанда партиялар арасында сайлау мəдениетінің өскендігі, партиялардың өзара қарым-қатынасы жоғары деңгейде екені байқалды. Кеше б і зд ің байқаушылар сайлау учаскелерінің ашылуына қатысты. Соның ішінде №43 сайлау учаскесінен Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнына сай-лау бюллетеньдерін тікұшақпен жөнелту үдерісіне куə болдық.

Жалпы, Атыраудағы сайлау үдерісі заң талаптарына сай өтті.

АТЫРАУ.–––––––––––––––––––––

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Міндеттерін ойдаєыдай атќарды

– Өмірəлі Шакарапұлы, талай сайлауды бастан өткерген білікті заңгер ретінде айтыңызшы, бұл сайлаудың ерекшелігі неде?

– Ерекшелік деп айтуға болмайтын да шығар. Барлық сайлау науқанының бағыты мен қызметі бір. Бүгінгі сайлаудың бір ғана артықшылығы – Парламент Мəжілісі мен жергілікті мəслихаттарға депутаттар сайлау қатар жүргізіліп жатқандығында ғана.

– Байқаушылар дайындығына көңіліңіз толады ғой?

– Əрине толады. Байқаушыларға біздің академияның танымал про-фессорлары мен оқытушылар құрамы сабақ берді. Менің өз басым былтырғы Президент сайлауында да аумақтық осы комиссияның төрағасы болғанмын. Сайлауға байқаушыларды қамтамасыз етуден тəжірибеміз баршылық. Сол тəжірибемен бөлістім.

– Елімізде өтетін əрбір сайлау науқанының алғы шебінде жүретін «Заңгерлер əділ сайлау үшін!»

республикалық қоғамның қызметі туралы не айтар едіңіз?

– Иə, дұрыс байқағансыз, Алматыда 2005 жылы құрылған «Заңгерлер əділ қоғам үшін!» қоғамына да мен төрағалық етемін. Бұл қоғам бүгін республикалық комиссиямен үзеңгі қағыстырып қатар келеді, қатар тұрып қауырт жұмыс істеп жатыр.

– Байқаушылар жұмысына азамат, заңгер ретінде өзіңіздің көңіліңіз тола ма?

– Əрине, толады. Науқанға Алма-тыдағы барлық жоғары оқу орын-дары атсалысты. Барлығы да білікті заңгерлер, техникалық-гуманитарлық саланың білгір мамандары. Мəдениет те, тəртіп те, тəжірибе де бар.

– Əңгімеңізге рахмет.

ƏңгімелескенТалғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

21 наурыз 2016 жыл www.egemen.kz 11

КОМИССИЯ. БАЙЌАУреспубликалыќ ќоєамдыќ комиссияныѕ жўмыстары

– Біздің міндетіміз Қарағанды об-лысында Сайлауды байқау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын кешенді түрде қамтамасыз ету болды. Біз сайлау үдерісінің барлық кезеңіне мони-торинг жасап, сайлаудың əділ, ашық түрде өтуіне жəне де заңдылықтың сақталуына ықпал етуге күш салдық. Сонымен қатар, біз үміткерлердің конституциялық

құқықтарының бұзылмауын, олардың тең жағдайда болып, əділ түрде күресулерін байқастадық, – деп бастады бізбен əңгімесін Наталья Вшивцева.

– Наталья Николаевна, Қарағанды об-лысында қанша сайлау учаскесі жұмыс істеді жəне сіз басқаратын филиалдың байқаушылары осы жауапты науқанға қандай дайындықпен келді?

– Қарағанды облысында 788 сай-лау учаскесі жұмыс істеді. Оның ішінде 38-і кіріп-шығуы шектеулі мекемелер-де орналасқан. Осы сайлау учаскелерінің барлығында біздің байқаушылар өздеріне жүктелген міндеттерді тиянақты жəне толыққанды түрде атқарып шықты.

Жалпы, біздің байқаушыларымыз тəуелсіз, біз сайлау үдерісі кезінде қандай да бір басы бөтен шаруаларға араласқан жоқпыз. Бар күшімізді заңдылықтың сақталуын байқастауға жұмсадық. Соңғы он жыл ішінде ұйым даярлап шығарған байқаушылар президенттік, сондай-ақ Парламент сайлауларына қатысып, мол тəжірибе жинаған болатын. Сол себепті сайлау науқаны кезінде байқаушылар тара-пынан кемшіліктер мен іркіліс байқалмады.

– Сайлауды байқау жөніндегі респуб-ликалық қоғамдық комиссияның өңір-лік филиалы байқаушылары тара пынан науқан барысында заңның бұзыл ған-дығы жөнінде қандай да бір ескертулер болды ма?

– Біздің жұмыстағы басты бағыттың бірі байқаушыларды тиянақты түрде даярлау

болды. Бұл бағытта біз арнайы семинарлар мен тренингтер ұйымдастырдық. Сонан кейін байқаушылардың «Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жетік білуіне ерекше мəн бердік. Сайлау алдын-да біз сайлау комиссияларының, саяси партиялардың сайлауалды штабтарының өкілдерімен кездесіп, электораттық үдеріс субъектілерінің барлығымен сын дарлы түрде əріптестік негіздегі өз ара қарым-қатынас орнаттық. Мұның өзі сайлау бары-сында кемшіліктердің, түр лі мəселелердің орын алмауына зор ықпалын тигізді.

Қолдағы бар мəліметтерге сүйене оты-рып, біздің Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі мен барлық деңгейдегі мəслихаттар депутат-тарының кезектен тыс сайлауы ашық, əділ жəне барлық демократиялық талаптарға сай өтті деп толық сеніммен айта аламын.

– Əңгімеңізге рахмет.Əңгімелескен

Қайрат ƏБІЛДИНОВ,«Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.

– Бүгінгі сайлаудағы қызыл-ордалықтардың белсенділігі қандай?

–Қызылорда қаласы жəне жеті аудан бойынша сайлау учаскелері таңғы сағат 7-де өз жұмыстарын бастап кетті. Аймақтағы 325 сай лау учаскесінде сайлау-ды бақылайтын қоғамдық ко-мис сиясының өкілдері өз куə-ліктерімен, əдістемелік нұс қау-ларымен жұмыстарына кірісті. Айта кетейін, байқаушылар қа-тарына ең белсенді, жауапты азаматтар мен жастар тартылды. Барлық сайлау учаскелерінде байқаушылар үшін алдын ала

семинар-тренингтер өткіз ілді . Жалпы, жү йелі жұмыстың нəтижесінде өткен сайлауды толық на-зарда ұстай білдік. Жексенбі күн бол-ғандықтан ба, таңғы сағат 9-ға дейін сай-лау учаскелеріне да-уыс берушілер ағы-лып келді. Содан соң бір жарым са ғаттай адам аяғы аз-маз басыл ды. Ал сағат он жарымнан кейін дауы с берушілердің саны қайтадан көбейді. Сай лау учаскелерінде

байқаушыларға бар-лық жағдай жа салған. Б і р қ у а н т а р л ы ғ ы , біздің елімізде сай-лау мерекеге ай нал-ған десек, артық айт-қандық емес. Осы жолғы сай лау да ме-р е к е л і к к ө т е р і ң к і кө ңіл-күймен өтті. Осы ған қарап, ха-лық тың сайлауға қа-тысу белсенділігін

байқауға болады. Облыс бойын-ша 400 мыңнан астам сайлау-ш ы т і р к е л г е н . С а й л а у д ы ң қорытындысы бойынша біздің

өңір белсенділігі жағынан респуб-ликада алдыңғы қатарда көрінеді деп ойлаймын. Келешектің ке-мел болуы – елдің таңдауы мен бірлігіне байланысты. Осы рет-те, сырбойылықтар елдік пен бірліктің үлгісін көрсетуде.

– Сайлаудың Наурыз мере-кесімен тұспа-тұс келуі де жақ -сылықтың нышаны емес пе?

– Əлбетте, мерекеге мереке қосылып жатыр. Бұл күн «Қос тойың қабат болсын, екі дүниең абат болсын» деп тілек қылған халқымыздың ақ пейілін еске түсірді. Бір жағынан, сайлау мерекелік көңіл-күймен өтіп жат-са, екінші жағынан, Ұлыстың ұлы күні де тойлануда. Салт-дəстүр ұлықталып, ұлттық ойындар ой-налып жатыр. Əн-жыр шырқалуда. Оның үстіне, ауа райы да жадырап тұр. Ал шетелдік байқаушылар осының бəрін көріп «Сіздерде əр сайлау осылай өте ме?» деп таңдай қаға таңғалуда.

– Сайлау кезінде қандай да бір келеңсіздік немесе заң-бұзушылық кездесті ме?

– Облыс бойынша сайлау учаскелерінің картасы жасақтал-ған. Бақылау штабының мүшелері учаскелерді таңертеңнен бас-тап тынбай аралады. Бұған қоса, біздің штабқа қарасты барлық бақылаушымен Whatsap желісі арқылы онлайн байланыс та болдық. Олар бізге сайлау учас-келеріндегі ахуалды сəт сайын ха-барлап тұрды. Туындаған мəселе немесе сұрақ болса, сурет арқылы немесе мəтін арқылы жолдайды. Жалпы, сайлау айқай-шусыз өтті, заңбұзушылық жəне ерсі қылық байқалған жоқ.

– Рахмет.

ƏңгімелескенЕржан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.

– Людмила Эвальдовна, елі-міз үшін маңызы зор сайлау ба-рысын қалай бағалар едіңіз?

– Біз – Сайлауды байқау жөнін-дегі республикалық қоғамдық комиссияның өңірлік филиа-лымыз. Биыл біздің орталықта Шығыс өңірі бойынша 1004 тəуелсіз байқаушы жұмыс істеді. Бұл байқаушылар ешбір сая-си партия мен кандидаттардың мүддесін қорғамайды. Олар Қазақстанның əр азаматының құқығын қамтамасыз етуге, сай-лау науқанының заңнамаға сəйкес өтуіне қызмет етеді. Мəжіліс пен мəслихат сайлауында өте

ауқымды жұмыс атқарылды. Өңірлік орталық байқаушылары өз жұмыстарын таңғы сағат 6.00-де бастады. Өйткені, дауы с беру басталғанға дейін бюл-летеньдерді есептеуге жəне сай-лау учаскелерінің ашылуына қатысуымыз керек болды. Ал сағат 7.00-де дауыс беру басталғанда біз бақылауға көштік. Тəуелсіз байқаушылардың мəліметі бойын-ша айтар болсақ, биылғы сай-лау өңірімізде өте ұйымдасқан деңгейде өтті. Шығыс өңірінің халқы демократиялық үдеріске ба-рынша жарқын түрде қатысқанын аңдауға болады.

– Шығысқазақ-стандықтар дауыс беруге қаншалықты атсалысты? Қан-дай да бір заң бұзу-шылықтар бай қал-ды ма?

– Тəуелсіз бай-қау шыла рымыздың 17.00-дегі мəліметіне сүйенсек, облыс сай-лаушыларының 78-80 пайызға жуығы дауыс берді. Өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Дегенмен, байқау-шыларымыз кейбір учаскелерде құқық бұзу шылықтардың ал-дын алды. Яғни, жеке куəлік құжатынсыз келген дауыс беруші байқаушы мен сайлау комиссия-сы төрағасының қатысуымен тоқтатылып, құжатын алып келуге

жіберілді. Жəне ар-найы хаттама толты-рылып, азаматтың құжат арқылы дауыс беруі қадағаланды. Б із осындай жағ-дайларға кездескен байқаушыларға дер кез інде кеңес бе-ріп отырдық. Бай-қаушылардың сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі аяқ талғанға

дейін отырып, дауыс нəтижесін санауға куə болуы міндеттелген. Сондай-ақ, сайлау учаскесінің да-уыс беру қорытындысы туралы хаттамасының көшірмесін алуы тиіс. Яғни, сайлау учаскесінің жұмысы аяқталғанға дейін толығымен қатысады.

Б и ы л ғ ы с а й л а у д а

халық тың орасан белсенділігін байқадық. Тəуелсіз байқаушы жоғары деңгейдегі азаматтық ұстанымдарды анықтауымен ерекшеленеді. Бұл ретте саяси немесе азаматтық тұрғыдан бол-сын, қазақстандық қоғамның айтарлықтай алға жылжығанын айтар едім. Өйткені, көптеген аза-маттар біздің өңірлік орталыққа келіп, тəуелсіз байқаушы болуға ынта білдірді. Осылайша, кон с -титуциялық құқыққа қайшы əре-кеттерге тосқауыл болғысы ке-летінін көрсетті. Сондай-ақ, діт-теген үдеден табыла білді.

ƏңгімелескенДуман АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.

Егор КАППЕЛЬ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі:

– Парламент Мəжілісі мен мəслихаттар сайлауы болып өтті. Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық ко-миссияның мүшесі ретінде ол мөлдір жə-не əділ өтті деп сеніммен айта аламын. Барлық депутаттыққа кандидаттарға тең құқықтар мен үгіт жүргізу мүмкіндіктері берілді, сайлауға дайындық кезе ңінде жəне сайлаудың өзі өткен кезде ешқандай бұрмалаушылықтар болған жоқ, қазақ стандықтар ең лайықтыларға таңдау жасады.

Бүгінде Парламенттің жаңа құрамына елдің жетекші саяси партияларының үздік өкілдері, елдің озық адамдары өтті деп сеніммен жəне мақтанышпен мəлімдеймін. Олар Президент Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында белгілеген міндеттерді неғұрлым табысты жүзеге асыруға жағдай жасайтын болады.

Қазақстандықтар отандық жаңғыртудың келесі қадамы үшін дəл қазір уақыттың туғанын түсінуі тиіс. Сол үшін де жаңа күштер мен жарқын ой иелері сайланып отыр. Институттық реформалар бойынша негізгі мəселелер шешілгеннен кейін біртіндеп саяси реформаларды жүргізуге кірісетін боламыз, деген еді Президент. Парламенттің жаңа шақырылымына осы үдерістің шешуші қатысушыларының бірі болуға тура келеді.

Лаки КЕСОГЛУ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі:

– Қазақстанда Мəжіліс пен мəслихаттар сайлауы болып өтті. Ол біздің еліміздің əрбір тұрғынына өздерінің патриоттығын іс жүзінде көрсетуге жəне Қазақстан үшін маңызды осынау үдеріске тікелей қатысуға мүмкіндік берді.

Сайлауды байқау жөніндегі респуб-ликалық қоғамдық комиссияның мүшесі ретінде бүкіл сайлау үдерісінің жоғары

деңгейде өткенін айтқым келеді. Кез келген деңгейдегі депутаттыққа кандидаттардың əрқайсысы тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие бол-ды, біздер – Комиссия мүшелері мен байқаушылар орталықтағы жəне өңірлердегі сайлаулар əділ жəне барынша ашық болуы үшін бəрін де жасадық. Қазақстандықтар дауыс берген кандидаттар тізімінде сая-саткерлер, экономистер, бизнесмендер ғана емес, сонымен бірге, өнер əлемінің өкілдері мен жастардың болғаны мен үшін өте қуанышты бол-ды. Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі ретінде мен үшін осы үдеріске қатысу үлкен құрмет жəне жауапкершілік болды. Комиссия жұмысы нақты белгіленген жоспар бойынша ұйымдастырылды, сайлаушылармен кездесу, Орталық сайлау комиссиясымен, кандидаттардың сайлауалды штабтарымен, баспасөзбен жəне халықаралық байқаушылармен ынтымақтастық осы жұмыстың маңызды бөлігіне айналды. Мен ол жұмыстың табысты болғанына қуаныштымын.

Аманқұл СЕРІКБАЕВ,Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі:

– Мен Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия құрамына екінші рет еніп отырмын. Осыған дейінгі сайлаулардағы сияқты біздер, СБРҚК мүшелері барлық сатылардағы сайлау үдерісі барысына байқау жасадық, елдің барлық өңірлерінде барлық саяси пар-тиялардан депутаттыққа кандидаттар мен сайлаушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын қадағаладық. Ол үшін біз 10 мыңға жуық байқаушыны оқыттық, олар үшін үйретушілік материалдар кешенін шығардық. Оның сыртында бүкіл сайлау үдерісі бойына Комиссия ақпараттық бағдарламаларға, телехабарларға, интернет-жарияланымдарға, баспа БАҚ-тар материалда-рына мониторингті жүзеге асырды. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстандағы осы жолғы сайлаудың барынша транспарентті жəне ашық, бүкіл заңнама нормаларын сақтай отырып өтуіне барлық күш-жігерімізді жұмсадық.

Сайлау өтті. Сайлаушылардың қатысуы өте жоғары болды. Оған себеп те бар: сайлаушы дауыс беруге сайлау учаскесінде заңдылықтың сақталуын қадағалайтын тəуелсіз құрылымның бар екеніне деген сеніммен келеді. Бұл жағдай біздің Комиссия жұмысының тиімділігі туралы айтуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, біз айтарлықтай заң бұзушылықтарды көрген жоқпыз. Бұл да жақсы көрсеткіш. Тиімділік тіркелген бұрмалаулар санымен өлшенбейді. Одан да гөрі бұрмалаудың болмауы немесе мейлінше аз көрініс табуы Комиссияның жақсы жұмысын көрсетеді.

Болып өткен Парламент Мəжілісі сайлауы қысқа мерзім ішінде сая-си элитаға, топ-менеджерлерге ротация жүргізуге, сол арқылы терең экономикалық реформаларды бастауға жағдай жасайды деп ойлаймын. Ел алдына индустриялық-инновациялық жүйеге көшу міндеті қойылып отыр. Оны шешу үшін жаңа креативті басқарушылар, Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға бағытталған терең құрылымдық реформаларды жасауға қабілетті топ-менеджерлер қажет.

Юлия ЯКУПБАЕВА,Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі:

– 20 наурызда Қазақстанда Парламент Мəжілісі мен мəслихаттар сайлауы өтті. Қазақстандықтар заң шығарушы орган мен жергілікті мəслихаттарға өз өкілдерін сай-лады.

Сайлауды байқау жөніндегі респуб-ликалық қоғамдық комиссияның мүшесі бола отырып, мен сайлауалды бəсеке шеңберінде жəне тікелей сайлау барысында заңдылықтың

сақталуын қадағалау мүмкіндігіне ие болдым. Өз жұмысымның негізінде, сондай-ақ, өз əріптестерімнің байқауларын ескере отырып, сайлау əділ жəне ашық өтті деп мəлімдеймін.

Комиссия мүшелерінің жұмысы бүкіл сайлау үдерісіне мониторинг жүргізуді қарастырды. Іске барынша жауапкершілікпен келе отырып, біз елдің бүкіл аумағында Конституция нормаларының жəне сайлау заңнамаларының сақталуын қадағаладық. Атап айтқанда, біз аумақтық сайлау комиссияларымен кездестік, кейбір сайлау учаскелерінде болып сайлаушылар тізімін тексердік, партиялар штабтарымен кездестік, БАҚ-тарға тұрақты мониторинг жүргіздік. Осы іс-қимылдардың бəрі бүкіл сайлау үдерісінің барынша ашық əрі əділ болуына бағытталды. Ал 20 наурыздағы сайлау ең жоғары демократиялық деңгейде өтті.

Сөзімнің қорытындысында 2016 жылғы сайлау үдерісінің барлық қатысушыларына жауапты жəне сапалы жұмыстары үшін шынайы алғыс сезімін білдіргім келеді.

Бірліктіѕ їлгісін кґрсеттіЖылдың басты саяси науқаны өз мəресіне де жетті. Сайлау барысы қалай өтті? Оған қызылордалықтар қалай атсалысты? Осы тектес сұрақтарды Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Қызылорда облысы бойынша өңірлік орталығының төрағасы Мақсұт ДОСЖАНОВҚА қойдық.

Əділ ґткеніне сенімдімінҚарағанды облысында Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Қарағанды облысы бойын-ша өңірлік орталығы биылғы жылдың ақпан айы нан бері жұмыс істей бастады. Еліміздегі аса маңызды науқанның Ата Заңның аясын-да ашық та əділ өтуіне мүдделі бұл филиалға «Қарағанды облысының Азаматтық альянсы» қауымдастығының президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының мүшесі Наталья ВШИВЦЕВА басшылық жасайды.

Талап деѕгейінде ґткізілдіЖанмұрат ЖАНАЙДАРОВ,Сайлауды байқау жөніндегі рес пуб ликалық қо ғамдық комис сияның Ақмола облысы бойынша өңірлік орталығының мүшесі.

Мен облыс-тық комиссия бекіткен Ақкөл ауданы мен Степногор қаласындағы сайлау учаскелеріндегі жұмыс барысын байқауға қатыстым. Сайлау учаскелерінде бізбен бірге саяси партия өкілдері, үміткерлердің сенімді өкілдері, БАҚ қызметкерлері күні бойы жұмыс істеді. Учаскелерде ақпараттық ашықтық, біздің міндетімізге түсіністікпен қарау қамтамасыз етілді.

Осынау маңызды науқанға мерекелік сипат берілгенін атап өтуге болады. Дауыс беруге келгендер өзінің азаматтық парызын кідіріссіз орындап жатты. Сайлау бюллетеньдері мұқият саналып, учаске мүшелерінің үстелдеріне ал-фавит бойынша үлестіріп берілді. Халық өзінің конституциялық құқығын толық пайдаланды. Келеңсіздіктер көрініс берген жоқ.

Дауыстарды санау, тиісті құжаттарды тол тыру, қаулы алу қатаң тəртіп негізінде жүргізіл геніне күмəнім жоқ.Ақмола облысы.

Азаматтыќ белсенділік айтарлыќтай арттыСайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Шығыс Қазақстан облысы бойын-ша өңірлік орталығының жетекшісі Людмила ГЕЙЦМАНМЕН əңгіме.

21 наурыз 2016 жылwww.egemen.kz12

САЙЛАУ. ЌОЄАМДЫЌЕлімізде ґткен ќоєамдыќ маѕызы зор шараны байќау жґніндегі

Жанара БАЙЖОЛДИНОВА, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі:

– Бірінші кезекте СБРҚК жұмысына қатысу мен үшін үлкен жəне қызықты тəжі-рибе болғанын атап өткім келеді. СБРҚК-нің Қазақстандағы сайлауды байқауда ондаған жылдан астам тəжірибесі бар.

СБРҚК барлық сайлау науқандарына қатысты, оның жұмысы мен ұсынымдамалары сайлау үдерісінің жақсаруына жағдай жаса-ды.

Болып өткен Мəжіліс жəне мəслихаттар сайлауы Президенттің Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың жаңа сатысы алдында кезекті белесті тиянақтады. Жаңа сайланған депутаттар корпусы алдында үлкен міндеттер тұр.

Бүтіндей алғанда, сайлауға ұйымдастыру, ырғақтылық, бəсекелестік тұрғыда баға бере отырып, ол жоғары деңгейде өтті дегенді берік сеніммен айта аламын. Ол депутаттыққа кандидаттардың да, сайлаушылардың да жоғары саяси мəдениетімен ерекшеленеді. Біздің комиссия елеулі бұрмалаушылықтарды тіркеген жоқ, саяси партиялар мен мəслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіт науқаны елдің сайлау заңнамаларына сəйкес өтті.

Сұлтан ҚАЛИЕВ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі:

– Болып өткен сайлау, менің пайым-дауымша, Қазақстанның саяси жəне азаматтық институттарының жетілгендігі мен тұрақтылығының дəлелі болып табы-лады. Біздің бəріміз де Мəжілістегі жəне республика мəслихаттарындағы орын үшін саяси партиялардың қандай да бір «лас» технологияларсыз, қара пиарсыз мөлдір, бəсекелестікте өткен күресінің куəсі болдық. Сайлау науқаны ырғақты өтті. Біздің комиссия сая-си партиялардың үгіт науқанын мұқият қадағалады, сондықтан мен кандидаттар үшін БАҚ-қа тең қолжетімділік қамтамасыз етілді деп сеніммен айта аламын.

Сонымен бірге, СБРҚК байқаушыларды дайындауда жəне оқытуда үлкен жұмыстар жүргізді. СБРҚК байқаушылары дауыс беру күні елдің барлық сайлау учаскелерінде болып, заңнаманың барлық нормаларына жəне халықаралық стандарттарға сəйкес келген бүкіл сайлау проце-дураларына қадағалау жасадық.

Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының сайлау үдерісінің барлық сатыларында орасан зор жұмыстар жүргізгенін атап көрсету қажет.

Бүтіндей алғанда ҚР Парламенті Мəжілісі мен мəслихаттар сайлауы науқаны барысында азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалды.

Ғұмар ГАЛЕЕВ,Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Ақтөбе облысы бойынша өңірлік орталығының мүшесі:

Парламент Мəжілісі жəне мəслихаттар сайлауының заңды жəне əділ, жариялылық жағдайында ашық өтуі басты назарда ұсталғаны көрініп тұр. Мен «Оқшаулық соғыс қимылдарына қатысушылардың жауынгерлік бауырластығы» облыстық қорының құрылтайшысы ретінде көптеген қоғамдық жұмыстарға атсалысып келемін.

Осымен бесінші рет сайлау науқанына байқаушы болып отырмын. Шындығында, біздің елде сайлау өткізудің өзіндік демократиялық үрдісі қалыптасты деп нық сеніммен айта аламын. Қазақстан Республикасында сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық орталығының байқаушыларының дені бұрынғы өткен сайлауларға байқаушы ретінде қатысқан тəжірибелі адамдар – қоғамдық ұйымдар өкілдері, ғалымдар, оқытушылар болып келеді. Біздерге алдын ала əдістемелік құралдар, жадынамалар таратылып, сайлауды байқаудың ереже-талаптарын тағы бір еске түсірдік. Бұл осы сайлауға жаңадан қатысып отырған жас байқаушыларға кəдімгідей көмек болды, біз де ақыл-кеңестерімізді айтудамыз.

Мен №46 сайлау учаскесіне таңғы 6 сағат 30 минутта келдім. Соның өзінде біраз сайлаушы жиналып қалған екен. Олардың барлығының да көңілдері көтеріңкі, жүздері жарқын.

Сайлау учаскесіндегі ахуалдың өзі адамды қанаттандырады. Сайлауға қатысты құжаттар көрнекі жерге ілінген. Сайлау учаскесі əдемі безендірілген, кең де жарық. Асқақтаған патриоттық əндер, əдемі ұйымдастырылған сауда сайлаушылардың көңілінен шығуда.

Ең бастысы, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері өз міндеттерін жетік меңгерген деу орынды. Сайлаушы көрінгеннен олар-ды тізімнен тауып, сайлау бюллетеньдерін тез табыстап, ыждағатты қызмет көрсетуде. Сайлаушылар арасынан ренішті пікірлер болған жоқ. Байқаушыларға арнайы орын бөлініп, орындықтар қойылған. Қысылып-қымтырылып жатқандарды көрмедім. Сайлаудың мерекелік салтанаты көзге ұрып тұрды. Сондықтан болар сайлаушылар балала-рымен, немерелерімен келуде.

Өзім байқаушы болған учаскеде ешқандай абыржушылық, заң бұзушылық көріністері байқалмады. Барлығы «Сайлау туралы» ҚР Заңы аясында жүйелі жүргізіліп жатты. Əр партияның жəне халықаралық байқаушылар, сондай-ақ, үміткерлердің сенімді өкілдері сайлаудың ашық та əділ өтіп жатқандарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Біздің республикалық қоғамдық бірлестік бойынша облыста сайлаудың əділ де шынайы өтуін 530 байқаушы қадағалады. Облыстық штабпен байланыста болып, өзіміз болған сайлау учсакелеріндегі жағдайды ұдайы хабарлап отырдық.

Шыны керек, біз өз деңгейімізде сайлаушылардың өздерінің азаматтық парыздарын адал атқаруларына қолдау көрсеттік. Сондай-ақ, сайлау учаскесіндегі саяси науқанның ұйымшылдықпен өтуіне өзіндік үлесімізді қосуға тырыстық. Бір байқағаным, тұрғындардың Парламент Мəжілісі жəне мəслихаттарға депутаттарды сайлауға қатысуға деген үлкен қызығушылығы байқалды. Мұның өзі біздің сайлаушыларымыздың саяси сауаттылығы мен демократиялық үрдістерді игергенін көрсетеді.

Мені қуантатыны, сайлаушылардың соның ішінде, жастардың белсенділігі дер едім. Сондай-ақ, сайлау науқанының ешқандай дау-дамайсыз сабырлы өтіп жатқанына риза болдым. Шыны керек, біздің халқымыз өз елінің ертеңіне енжар қарамайтынын айқын аңғартты. Тіпті, бала-шағасымен келіп дауыс беріп жатқандарды көргенде адамдардың сайлауды үлкен мереке ретінде түсінетініне көз жеткіздім.

Ақтөбе облысы.

Ойдаєыдай ґттіҒосман ТӨЛЕҒҰЛ,Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Ақмола облысы бойынша орталығының төрағасы.

Сайлауды бай қау жө-ніндегі рес пуб ликалық қо-ғамдық ко миссияның об-лыстық филиалы кезекті саяси науқанның жауапты сынынан ойдағыдай өтті деп ойлаймын. Өңірде əділ сай-лау мен сайлау науқанының ашықтығы қамтамасыз етіл-гені ай қын көрініс берді. Бұл – бізге жүктелген басты мақсат. Сондай-ақ, бұл ко-миссия мүшелерінің, өңір-лердегі 758 қоғамдық көмекшілеріміздің тия нақты ісінің нəтижесі деуге де болады.

Биылғы сайлау, əдеттегідей, облыс тұрғын дарының саяси сарабдалдығының өскендігін дəлелдеді. Біз де өз тарапымыздан ортақ істің оралымды болуына үлес қосуға тырыстық. Алдымен байқаушыларымыздың басын қосқан семинарға республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі Тамара Ширмер қатысып, комиссияның сайлауалды науқанының демократиялық қағидалар талаптарына сай ұйымдастырылуына, азаматтардың еркін пікір ұстанымын қамтамасыз етуге септесетіндігін атап көрсетті.

Облыстық филиал мүшелері жоспарлы кесте бойын ша облыстың барлық аудандарында семинар-тренингтер өткізді. Біз онда сайлау барысында саяси бей-тараптық, ашықтық жəне əділдік қағидаттары қатаң сақталуына, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұрмалануына жол берілмеуіне көңіл бөлдік. Сайлау барысында да облысымыздағы барлық учаскелерде комиссия мүшелері белсенділік танытты.

Мен жұмысты Красный яр кентіндегі кəсіптік-техникалық лицейден бастадым. Сайлау учаскесі таңғы 7-ден дауыс берушілерді қабылдай бастады. Мұн дағы ұйымдық мəселелерде ешқандай кемшілік орын алған жоқ. Азаматтар жабық дауыс құқығын пайда ланып, таңдау еркіндігіне ие болды. Одан кейін де біршама сайлау учаскелерінде болдық. Заңдық та-лаптар, халықаралық нормалардың бұрмалану көрінісі тіркелмеді.

Біз сайлау барысына тікелей араласпа ғанымызбен бюллетеньдер салынған жəшіктерді ашу, оны санау, дауыс беру барысы мен оның қорытындысын шығару ісін жіті байқауда ұстадық. Біз маңызды науқанның ойдағыдай өткендігін кепілдендіре аламыз.

Ақмола облысы.

– Жамбыл облысында 439 байқаушы жұмыс жасауда, – дейді бізбен əңгімесінде Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Жамбыл облысы бойынша өңірлік орта-лығының төрайымы Парида Ма-медова. Өңірде 465 сайлау учаскесі бар. Түске дейін өз басым облыс орталығындағы 23 учаскеге барып келдім. Таңғы сағат 10-00-ге дейін сайлаушылардың 22 пайызы дауы с беріп үлгерді. Ал түске дейін 43 пайызы дауыс берді. Жамбыл облысындағы сайлаушылардың саны 525 мыңның үстінде. Осы уақытқа дейін тəртіп бұзушылық тіркелген жоқ. Өйткені, біз бақы лаушылармен телефон ар-қылы байланысқа шығып, бар-лық жағдайды тұрақты бақы-лап отырдық. Тіпті, облыс ор-та лығынан шалғай жатқан е л д і м е к е н д е р д е г і с а й л а у

учаскелеріне де те-лефондар қойылған. Салыстырмалы түр-де айтатын бол сақ, өт кен жылғы сай-лау да Қордай жə не Мо йынқұм ау дан да-рындағы кейбір шал-ғай ауылдарына теле-фон байланысы бол-май, кедергілер туын-дап еді. Биыл ондай ке-дергілер жоқтың қасы.

– Байқаушыларды қалай жасақтадыңыздар?

– Біздегі СОLL-орталығында жас еріктілер жұмыс жасауда. Ал, жалпы біздің комиссияның құрамы жастар ғылыми-зерт-теу орталығының аясында жа-сақталды. Оның 4-еуі штаттық бірлік бойынша жұмыс атқарса, қалғандары еріктілер. Сондықтан, учаскелердегі əр түр лі жастағы 439

бай қау шының 70-і жас-тар. Еріктілер ақылы түрде жұмыс жасау-да. Жұмыс сайлауға дейін жүргізілді, қи-ындықтар да бол-ды. Құжаттарды жи-нау, ақпараттық-на-сихаттық жұ мыс-тар дегендей. Дайд-жест бойынша ақ-параттардың заң ды-лығы, дұрыстығы рет-

теліп отырды.Байқағаным, жыл сайын аза-

маттардың саяси сауаты мен мə-дениеті көтеріліп келеді. Мұ ның қатарында бірқатар зерттеу лер де жүргіздік. Соңғы екі жыл-дың ішінде жүргізген сауална-маларымызда негізінен сай лауға келушілердің 41-43 пайы з ы өз еркімізбен, ал 13 пайызы ба с-шылардың немесе жұмыстан

мəжбүрлеп жіберетіндігін айтқан-ды. Ал соңғы жүргізген сауална-мада соңғы көрсеткіш 8 пайызға дейін төмендеген. Бұл дегеніңіз сайлаушылардың азаматтық позицияның нақтылығын көр-сетеді. Өз еркімен келіп дауыс бе-ретіндердің көрсеткіші 80 пайыз ға дейін артты.

– Сайлау жұмысын қадағалау үшін басқа мемлекеттерден қанша бақылаушы келді?

– Ұзақ мерз імге келген халықаралық байқаушылардың саны екеу. Олар Австрия мен Финляндия мемлекетінің өкілдері. Ал қысқа мерзімге келгендер Қырғызстан мемлекетінен екеу, Ресейден екеу жəне Жапония мемлекетінен екеу. Сондай-ақ, сайлау учаскелерінде Дания мен Ұлыбритания мемлекетінен кел-ген байқаушылар да жүр. ЕҚЫҰ өкілдері де бар. Өткен жылы

Президент сайлауына Германия мен Швеция мемлекетінен кел-ген халықаралық байқаушылар біздің комиссияның жұмысына өте жоғары баға берген еді. Шындығында, кейбір шетелдік байқаушылар Қазақстанда осын-дай үлкен қоғамдық бақылау комиссиясының жұмыс жасайты-нын да білмейтін болып шықты. Ал біздегі комиссияның жұмыс жасап жатқанына биыл он жыл толады. Соның ішінде, соңғы екі жылдың көлемінде сайлау учаскелерінде қоғамдық байқаушыларды ақылы түрде тартып, 100 пайыз жұмыс жүргізіліп келеді.

– Əңгімеңізге рахмет.

Əңгімелескен Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.

– Оның ешқандай құпиясы жоқ, – деп баста-ды сөзін Сергей Героль-дович. – «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған əйелдің бір ісі артық» демекші, Пар-ламент Мəжіліс і мен жер гілікті мəслихаттар сай лауының еліміздің жар қын келешегі үшін маңыз дылығын се зін-ген қоғамдық қада ға лау-шылар тас-түйін əзірлікпен келіп, құрамына білікті де білімді, сая си, құқықтық жағынан сауатты 600-ге жуық адам тартылды. Араларында жастар көп. Семи нарларда қосымша білім беру міндеттері жүктеліп, нə-тижесінде саяси науқанды бастан-аяқ білгірлікпен атқара білетін кəсіби мамандар шоғыры дайындалды. Ол үшін облыстық, аудандық, қалалық мəслихаттарға – 615, саяси партиялар атынан – 214 , өзін-өзі ұсыну жолымен 401 үміткердің тіркелгені, олардың арасынан 217 адамның ғана електен өткендей депутаттық мандат алаты-ны, тартыс аса күшті болатыны алдын ала болжанып, сайлау, заң нормала-рын жетік білулері, ара-жігі айырып түсіндірілді.

15 аумақтық, 217 округтік, 697

учаскелік сайлау комиссия-лары шеңберінде 391320 сайлаушы, оның ішінде 146 мыңнан астамы Петропавл қаласында шоғырланғаны ескеріліп, негізгі күш-ж і гер облыс орталығына жұ -мылдырылды. 929 сай-лау комиссиялары құ-рамындағы 6,5 мыңға жуық белсен ділермен, сондай-ақ, сая си партиялардың се-нім ді өкілдерімен, жас-

тар ұйымдарымен, қоғамдық бірлес-тіктермен тығыз қарым-қатынас ор-ната отырып, бар назар демократия құндылықтарын сақтауға аударылды. Бұдан тысқары, əр учаскеде 50-ден 2500-ге дейін, ал орта есеппен алғанда 560 сайлаушыдан келетіні де ескеріліп, əркімнің өз міндетіне жауапкершілігі барынша арттырылды.

Тəуелсіз Мемлекеттер Достас-тығы атынан ат ізін салған (Ресей) 17 жə не Даниядан /ЕҚЫҰ/ келген 1 байқау шымен іскерлік байланыс ор-натылып, барлық деңгейдегі сайлау учаскелеріне өкілдеріміз жіберілді. Осылайша, Қазақстанның сайлау жүйесін жетілдіруге барынша күш са-лынып, саяси науқанға əзірлік қай наған қызу іс үстінде сыналып, таң даудан қателеспегенімізді көр сетті.

Сайлау учаскелерінде орын алған олқылықтар тиісті орындарға іле ха-барланып, олардың тізе қосуымен алдын алу шаралары қолданылды. Арыз-шағымдар көбіне бір жер-де тұрақты тіркеуде алынып, бірақ басқа мекенжайда тұратын аза-маттар тарапынан туындағанын айтқан жөн. Бұл олқылықтар же ке тұлғалар кінəсінен болса да, олар дереу түзетілді. Сөйтіп, адамдардың алаңсыз таңдау жасауларына то-лық мүмкіншілік берілді . Ден-саулығы дімкəс, жүріп-тұруы қиын жандардың үйлерінде дауыс беру жайы да қадағаланып, олармен бірге өкілдеріміз ілесіп жүрді. Өрескел заң бұзушылық фактілері орын алған жоқ. Өркениетке бет ал ған мемле-кетте заң үстемдік құрады.

Сайлауды байқау жөніндегі респуб-ликалық қоғамдық комиссиясы жер-гілікті филиалының сайлаудың əділ де жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқаны тиісті орындар тарапынан лайықты бағасын алғаны қуантады. Ең бас-тысы, сайлауға қатысқан барлық пар-тияларға тең мүмкіндік берілді. Парла-ментке іскер, кəсіби біліктілігі жоға ры адамдардың келуіне бəріміз де тілек-теспіз.

Жазып алған Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.––––––––––––––––

Суретті түсіргенАмангелді БЕКМҰРАТОВ.

Меруерт АМАНЖОЛОВА,Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік орталығының мүшесі.

Мен №6 сайлау округіне қарасты Жолдас-беков атындағы №9 орта мектептегі №89 сайлау учаскесіне сағат таңғы 7-де келдім. Жастар орталығының қызметкерімін. Осында

сайлауға түсіп жатқан партия жəне үміткердің, қоғамдық ұйымдардың байқаушылары сайлау барысын толық бақылап отыр.

ЕҚЫҰ жəне халықаралық ұйымнан жа-сақталған бай қау шылар да келіп, сай лау учаскесіндегі жағдаймен танысып жатыр. Таңертеңгілік жұрт өте көп келді. Түстен кейін саябырсыды. Бізді сайлауға жастардың мол келгені сүйсіндіруде. Олар ел ертеңіне алаңдайтынын осындай белсенділігімен байқатып жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Шетелдіктер біздегі жаѕа жўмыс формасын білмейді екен

Заѕ бўзушылыќ тіркелген жоќСайлау учаскелерін аралау кезінде жауапты науқанды қадағалаушылар қатарынан Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның жергілікті өкілдерін жиі ұшыраттық. Оның себебін білу мақсатымен құрылымның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша орталығының төрағасы Сергей ХУДЯКОВТЫ сөзге тартқан едік.

Жастар белсенділігі

21 наурыз 2016 жыл www.egemen.kz 13

КОМИССИЯ. БАЙЌАУреспубликалыќ ќоєамдыќ комиссияныѕ ґѕірлердегі жўмыстары

– Жансерік Маратұлы, өзіңіз байқаушы болып қатысқан бұл сайлаудан не байқадыңыз?

– Сайлаушылардың жоғары белсенділігі алдымен көзге түсті. Бұл осы сайлауалды жұмыстардың жақсы нəтижесі ғана емес, еліміз-дегі демократияның дамуы дер едім. Демократияның өзі қандай да заңның, əділдіктің салтанат құруы ғой. Осы тұрғыдан алғанда сайлаудың өзі де əділдік, демо-кратия үшін өткізіледі. Адамдарға ертең еліміздің экономикалық-əлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін білікті заң, халықтың қамын ойлайтын, адал қызмет жасай-тын депутаттар керек. Сол үшін əркім өзінің азаматтық даусын білдіріп, əділдікке, демократияға үн қосуға келіп жатыр деп ойлай-мын. Мен Арқалық қаласындағы №80 сайлау учаскесінде отыр-дым. Түске дейін адамдар өте көп келді, сайлаушылардың шамамен 60-70 пайызы келіп үлгерді деп

есептеуге болады. Біз-дің міндетіміз, олар-дың аз-көп екенін емес, сайлаудың заң шең-берінде өтуін қа да ғалау ғой. Мен еш қандай өрескелдік бай қаған жоқпын, барлығы да заң аясында өтті. Со нымен қатар, сайлаушылар та-рапынан да, учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері тарапынан да сырт қызығарлықтай мəдениетті, кішіпейілдікті бақылаудың өзі бір ғанибет деуге болады.

– Сайлаудың заң шеңберінде өтуі, бұрмалаушылықтардың болмауы біздің сайлаушылардың саяси сауаттылығына да таразы секілді ғой?

– Əлбетте, солай. Келген сайлау шы лардың көпшілігі алды-мен қабырғада тұрған плакаттың тұсына барады. Онда қандай партияға, қандай мəслихаттың

қай деңгейінің депу-таттығына ұсынылған кандидатқа дауыс беретіндігі жазылған. Соны оқып алғаннан кейін бюллетень алу-ғ а ж а қ ы н д а й д ы . Бюл летен ін алған соң, ка бинаға кіріп, белгілеп, жəшікке са-лып жатты. Олардың қимылынан, қабағынан ө з і н і ң а з а м а т т ы қ ,

кон ституциялық құқын жүзеге асырғанына жəне өз таңдауына деген сенімділікті байқағандай болдым.

– Бұл жолы əр сайлаушы үш бюллетень алды ғой? Кейде сайлаушылар заң шеңберіндегі сайлаудың, дауыс берудің ереже-лерін əдейі емес, білмеушіліктен бұрмалап алуы мүмкін ғой?

– Иə, бұдан бұрынғы Президент сайлауында əр сайлаушы кабинаға бір бюллетеньмен кірді ғой. Ал

бұл жолы үш бюллетень ал-ды, үш рет дауыс береді де-ген сөз. Мен сайлаушылардың оған бола кідіргенін, аңтарылып қалғанын, сол үшін даурығу жағдайын байқамадым. Біздің сайлаушылардың саяси білімі, білігі артқан, оларға сайлау науқанында үгіт, түсіндіру жұмыстары өзінің нəтижесін берген деп білемін. Қарт əжелер мен аталар келгенде учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері ұшып тұрып, оларды жетелеп келіп, бюллетеньдерін беріп, бағыттап жіберді. Кейбір сайлаушылар бюллетеньдерін алып тұрып, сауал берсе, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері оларға дереу қабырғада ілулі тұрған ақпараттарды көрсетіп, оны оқып алып, содан кейін кабинаға кіруін өтінді. Бірақ насихаттау, артық сөз айту болған жоқ.

Сайлаудың əділ өтуі заңды тек мұқият сақтағанда ғана мүмкін болады. Мұндайда қоғамдық

байқаушылардың ұсақ-түйек деп қарауға келмейтін көптеген мəселелерге жіті көзбен қарауына тура келеді. Сайлауды байқау жөніндегі өңірлік орталық қоғам-дық байқаушылар үшін семи-нарлар өткізіп, оларды осы саяси науқанға дайындады. Еліміздегі саяси тұрақтылық, экономикалық, əлеуметтік даму осы сайлау қорытындысымен тығыз байла-нысты. Ертеңгі белсенді, білімді, патриот депутаттар халыққа адал қызмет еткенде ғана жұдырықтай жұмылған бірлігіміз күшейеді, мемлекет дамиды. Сондықтан оның əділ өтуіне сайлаушылар да, байқаушылар да үлкен үлес қосты. Бұл сайлауда да қоғамдық байқаушылар өте жауапты міндетті қырағылықпен атқарды.

ƏңгімелескенНəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».АРҚАЛЫҚ.

Өмірсерік БƏКІРОВ,Сайлауды байқау жөніндегірес пуб ликалық қоғамдық комиссияның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша орталығының мүшесі.

Ел өмір індег і сая-си ма ңызы зор науқанға бай қаушы ретінде ал-ғ а ш қ а т ы с қ а н д ы қ т а н ба, ал ған əсерім шексіз. Сай лауды бай қау жөніндегі ре спубликалық қоғамдық ком ис сиясы облыстық мүш-елігіне іріктеліп алғанымда əрі-сəрі толқыныстың болғаны рас. Мұндай додалы бəсекелерде тəжірибемнің аздығын байқаған кей жанашыр ағайындар, албырт жастықтың қы-зуымен бір нəрсеге ұрынып қалады деп ойласа керек, ұсыныстан бас тартуым-ды өтінгендерін де жасырмаймын.

Керісінше, елі міздегі сай лау дың мен үшін үйрену, тəжірибе алмасу мектебі болғанын қазір мəртебе көремін.

Мені қоғамдық комиссия құрамына енгізіп, облыс орталығындағы №644 сай-лау учаскесіне жібергенде қазақстандық сайлаудың демократиялық негізде ұйым дастырылғанына ку ə болдым. Сайлау заң-ға жəне халықаралық нормаларға сəйкес өтіп, ашықтық қам тамасыз етіл-ді. Мұның өзі дауыс беру қолжетімділігін артты-

рып, ел ертеңіне деген биік сенімді қанаттандырды. Күні бойы дауыс беру учаскесінде болып, саяси партияларға бірдей жағдай жасалғанына көзім анық жетті. Ресейлік байқаушылар да Қазақстандағы сайлау үдерісінің өз дəрежесінде ұйымдастырылғанын, заң бұрмалаушылықтардың орын алмағанын, тараптардан шағымдар түспегенін, ұйымдастырушылық, іскерлік жағынан алғанда, көп елдер-ден алда тұрғанын қанағаттанғандық сезіммен атап көрсетті.

Қазақстан – шынайы де мократиялық

қоғам құруды басты мақсат еткен ел. Ұзақ мерзімді бағдарламалар мен стратегиялар алдымен халықтың өмір сапасын көтеруді басты ныса-на етіп, демократиялық өзгерістерге жол ашып келеді Сайлаудың əділ өтуі жоғары жауапкершілік үлгісімен қоса сайлаушылардың азаматтық ұста-нымының берік екендігін де танытты.

Бұл сайлаудан алар тəліміміз мол. Əз-Наурыздай ғажайып мереке мен тұспа-тұс келген сайлау шын мəніндегі мерекелік көңіл-күйге ұласты. Ең бас-тысы, жаңадан сайланған Парламент игі істердің ұйытқысы, бастаушысы болатынына сенемін. Сайлау өткізудің түпкі миссиясында əлеуметтік, эко-номикалық өрелі өзгерістердің жатқаны күмəнсіз. Олай болса, бұл салада халықаралық талаптарға негізделген сайлау əзірлеу мен өткізу тəжірибеміз де арта түсетін болады.

Солтүстік Қазақстан облысы.–––––––––––––––––––––

Суретті түсіргенТалғат ТƏНІБАЕВ.

Досыбай ШЕРІМҚҰЛОВ,Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік орталығының төрағасы.

Парламент Мəжілісі мен жергілікті мəс-лихаттар депутаттарын сайлау күні бүкіл елімізде сияқты біздің Оңтүстік Қазақстан облысының сайлаушылары да өздерінің конституциялық құқықтарын пайдалана оты-рып өз еркімен таңдау жасады.

Сайлауды байқау жөніндегі респуб ликалық қоғамдық комиссияның ОҚО бойынша өңірлік орталығы сайлаудың заң аясында таза, ашық жəне əділ өтуіне барлық жерде бақылау жасап, байқаушыларды осыған жұмылдыра білді. Облысымызда 1074 сайлау учаскесінің 1029-да байқаушылар алдын-ала белгіленіп, олар-мен семинар-тренингтер өткізілді. Орталықтағы штаб мүшелері 5 ауданда «Байқаушылардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Ал, қалған жерлерде байқаушылар жергілікті жастар орталықтары басшыларының күшімен оқытылды. Штаб əр байқаушыға «Байқаушының күнделігі» мен «Əдістемелік құрал» жəне «Жадынама» кітапшаларын дайындап, барлығына таратып берді.

Штаб сонымен бірге, сайлауға қатысатын саяси партиялардың өңірлік штабтарында болып, 75 сайлау учаскелерін аралап шықты. 18 сайлаушының ауызша жəне жазбаша арыз-шағымдарына жауап берілді жəне түскен арыздарды тиісті органдарға, сайлау комиссияларына жіберіліп, оның заңды шешімдерін табуына ықпал жасалынды.

Облысымызда жалпы 315 депутаттық орынға 812 үміткер түсіп, 546 үміткер жіберген кемшіліктеріне орай жарыс жолынан шығып қалды.

Сайлау күні барлық жерде қоғамдық тəртіп сақталып, халықаралық ұйым дардан келген сайлаушылар еліміздегі саяси науқанға оң бағасын берді.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Ерғали ОСМАНОВ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Қызылорда облысы бойынша өңірлік орталығының мүшесі:

Осы жолғы сайлау барысын бақылап жүріп, халықтың, əсіресе, Сыр өңірі тұрғындарының болашағына бей-жай қарамайтынына көзім жетті. Олай деуге себеп бар. Мəселен, таңғы сағат жетіден бастап түске дейін Қызылорда қаласына қарасты бірнеше сайлау учаскесін жəне Тасбөгет, Белікөл кенттеріндегі учас-келерді араладым. Барлығында дауыс беруге

келгендердің қарасы өте көп. Тіпті халық кезекте тұрды. Өкпелеп, не ренжіп жүрген ешкім жоқ, көңілдері көтеріңкі, жүздері жарқын.

Сонымен бірге, сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық штабтың мүшесі ретінде маған Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандарындағы сайлау учаскелерін қадағалау жүктелген болатын. Ол жақтағы өкілдерімізбен сағат сайын хабарласып, жағдайды бақылап, ақпарат алып отырдық. Аудандар тарапынан айтылып жатқан сын-ескертпе немесе əлдебір заң бұзушылық жоқ. Мемлекеттің болашағына немқұрайлы қарамайтын азаматтардың барлығы сайлау учаскелеріне келіп, өз жүрек қалауларымен таңдауларын жасап, дауыс берді.

Жалпы, сайлауға дейін аудандарды аралап, байқаушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Барлығы сайлаудың заңдылығына қанықты. Енді сол талап өз дəрежесінде орындалып отыр. Жұмысымызда ешбір кедергі кездескен жоқ.

ҚЫЗЫЛОРДА.

Əділғазы ЕСМҰРЗАНОВ,Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Алматы облысы бойынша өңірлік орталығының төрағасы.

Жетісу жерінде де Парламент Мəжілісі мен мəслихаттар депутаттарының сайлауы ашық əрі жариялы түрде өтті. Азаматтар конституциялық құқығына сай өз таңдауларын жасады. Заңдылықты бақылау барысында Алматы об-лысында 931 сайлау учаскесінің əрқайсысында жеке байқаушымыз төл міндеттерін атқарды. Еліміздегідей сайлаудың біздің облысымызда да жүйелі түрде жүргізілуіне қоғамдық негізде құрылған комиссиялардың да қосқан үлесі зор. Мысалға, біздің филиал тарапынан атқарылған жұмысқа тоқталсақ, əуелгі кезекте Талдықорған қаласындағы 51 байқаушының басын қосқан семинар өткіздік. Сонымен қатар, облыс орталығына жақын орналасқан Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары мен Текелі қаласынан құралған 124 байқаушылармен көшпелі се-минар өткізгеніміз тағы бар. Сондай-ақ, облыстық əкімдіктің кіші залында он-лайн режіміндегі бейнесеминарда 881 байқаушының басын қосып, сайлау заңдылықтарын тəптіштей түсіндіргенбіз. Қоғамдық негізде жұмыс істейтін əр байқаушыға 20 наурыз күні таңертеңнен кешке дейін сайлау учаскесінде болғаны үшін бір күнге 4 мың теңгеден ақы төленді. Сайлау заңнамасы бой-ынша əр сайлаушының жеке куəлігінің түпнұсқасын көрген соң ғана бір дана бюллетень берілді. Белгіленген уақытта əр сайлау учаскесінің төрағасымен телефон арқылы хабарласып, жағдайды қадағалап отырдық. Тұтастай алғанда, алдын ала тынбай істеген жұмысымыз бұл күні мəресіне жетті. Тыныштық болды. Ең бастысы, азаматтардың құқықтық мəдениеті жақсы дамығандығын, яғни заңды білу, сыйлау, құрметтеу секілді құндылықтардың сақталғанына көзіміз жетті. Сөйтіп, ел бірлігі нығая түсті деуге негіз бар.

Мунира АБУЛОВА, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік орталығының мүшесі:

Ең алдымен, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның аймақ-тағы ұйымы ретінде тəуелсіз байқаушыларды дайындадық. Сайлау кезеңінде сүйенетін заңнамалар, байқаушылар құқығы, орын алуы мүмкін заңбұзушылық пен құжаттардың тол-тырылуы сынды көптеген сауалдарға əзір болуы үшін байқаушылар арнайы семинар-

ларда оқытылды. Бұл барлық қалалар мен аудандарды қамтыды. Соның нəтижесінде облыстағы əр сайлау учаскесінде тəуелсіз байқаушылар жұмыс істеді. Мəжіліс пен мəслихат сайлаулары барысында байқаушылармен тұрақты хабарласып отырдық. Олар мұндай жұмысты күнде атқарып жүрмегендіктен, заңнамалық тұрғыда дүдəмал болып қалуы мүмкін мəселелерді штабқа жеткізіп, тиісті кеңестерін алып отырды. Өңірде заң бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған жоқ.

Бұрынғы сайлау науқандарында үкіметтік емес ұйымдар атынан байқаушы болып жұмыс істегендіктен, биылғы сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап айтуға болады. Өйткені, түрлі сая-си партиялар мен өзін-өзі ұсынушылардың сенімді өкілдері, көптеген ұйымдардан келген байқаушылар арасында өзара түсіністік, сенім орнады. Ағымдағы сайлау үдерісінің əділеттілігі де осында жатыр.

ӨСКЕМЕН.

Бауыржан ТӨЛЕГЕНОВ, «Sayasat.org» интернет басылымының шеф-редакторы:

– Саяси партиялардың əрқайсысы өздерінің сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарында түрлі əдістерді қолданды. Енді бүгін, қорыта айтатын болсақ, ең алдымен əлеуметтік желілер белсенді пайдаланылды. Сондай-ақ, əрбір партия тек қана орталықта ғана емес, аймақтарда да жұмыс істеп, ел азаматтарына өз бағдарламаларын түсіндіруге барынша тырысты.

Ерлан САИРОВ, Мəдени даму институтының директоры:

– Сайлау науқанын сараптау арқылы біраз нəтижеге көз жеткізуге болады. Біріншіден, партиялардың барлығы өзінің сайлауалды бағдарламасын электоратқа жеткізе білді. Екіншіден, партиялардың барлығы сайлау құқығы аясында жұмыс істеді. Үшіншіден, сайлауалды науқаны біткен күні бүкіл партия сайттарын өшірді. Осының барлығы сайлауда партиялардың белсенділігін артты-рып, олардың саяси мəдениетінің өсіп келе жатқандығын көрсетеді.

Ботагөз РАҚЫШЕВА, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры:

– Саяси партиялар тұрғындарды əрдайым ақпаратпен қамтамасыз етіп отырды. Барлығының мүмкіндіктері тең болғандығын атап өту керек. Партиялар тарапынан құқық бұзушылық болмады.

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ, саясаттанушы:

– Барлық саяси партиялар сайлаушылармен дəстүрлі кездесулерден бөлек, халықтың электоратты белсенділігін арттыру мақсатында бірнеше іс-шара өткізді. Олардың ішінде сайлау технологиясы бойынша ең танымал болған суреттер байқауы мен постерлер конкурсын айтуға бола-ды. Сондай-ақ, біздегі саяси партиялардың барлығы ин-тернет ресурстарды белсенді пайдаланды.

Белсенділікпен ќатар сауаттылыќ та жоєары– дейді Сайлауды байќау жґніндегі республикалыќ ќоєамдыќ комис сияныѕ Ќостанай облысы бойынша ґѕірлік орталыєыныѕ мїшесі Жансерік БƏЙДЕНОВ

Жауапкершілік їлгісі

Исламбек ДАСТАНҰЛЫ,байқаушы.

Біз «Қазақстан Респуб-л и к а с ы н д а ғ ы с а й л а у -ды байқау жөніндегі рес-публикалық қоғамдық ко-миссия» РҚБ-мен бірлесе отырып «Жамбыл облы-сы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жам-был облысы Жастар мəс-лихаты» жастар қоғамдық б і р л е с т і г і н і ң « Ж а с

депутаттар» корпусы мү-шелері мен белсенділері Тараз қаласындағы сайлау учаскелерінде байқаушы ретінде қатыстық. Басты мақсатымыз – Мəжіліс пен мəслихаттарға сай-лау кезінде азаматтардың, партиялардың, мəсли-хат тарға үміткерлердің конституциялық құқық-тарының сақталуын ба-қылау болды. Яғни, бұл сайлауды бақылауда жастар да шет қалмады деген сөз.

Жамбыл жері ежелден

Мəңгілік Ел идеясынан туындап отырған ұлттық бірлікті санада сақтаған,

татулықтың ордасы болған өңір ғой. Содан болар əулиеаталықтар сайлау кезінде асқан белсенділік танытты. Дауыс беруге кел-ген жандардың қуанышты жүздерінен бұл саяси науқанның жауапкершілігін сезініп, оған тың дайын-дықпен келгенін бай-қадық. Жамбылдық сай-лаушылардың өз таң-дауларын жасауда бел-сенділік танытуы, əрине, олардың бұл жауапты сəтке асқан жауапкершілікпен қарайтынын білдірсе ке-рек. Бірлігі, ынтымағы жа-расқан елдің халқы осындай ұйымшыл болады.

Жамбыл облысы.

Жастар ел таєдырына бей-жай ќарамайды

21 наурыз 2016 жылwww.egemen.kz14

Тоңғандар тұрмай төсектен,Қарытқан сыртта қар-мұзың.Көгілдір көрпе төсеткен,Көктемнің басы – Наурызым!«Ибалы қолдай епті» деп,Үй басы тойлап айттайды.«Иттігін жасап кетті» деп,Ит жылын халық айтпайды.«Қараша қаздар келді», – деп,Ызғары қыстың қайтпайды.«Жыландай суық болды», – деп,Жыланды халық айтпайды.«Жылдарға сенген елі», – деп,Көлденең сөзден ақтайды.«Доңыздай долы еді», – деп,Доңызды халық айтпайды.Көз салып көркем шетіне,Көгілжім көктем көгін ұқ.

Көк майса кілем бетіне,Көгілдір моншақ төгіліп.

Жыл басы солай деген ед,Жылынған тағдыр əр қилы.Жібектей самал себелеп,Жерімнен жұпар аңқиды.

Шапағын төгіп жерге күн,Тып-тыныш майда нұр шуақ.Ұрпақтың жайып жөргегін,Келінім сыртта жүрді ұзақ.

Самалын саумал ұққызып,Жарылқап сумен жар-құзын.Қырмызы ауа жұтқызып,Қызғалдақ көктем – Наурызым!

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ.

Батыс Қазақстан облысы.

Таудан төменге қарай құлдилай аққан бір арық су тура біздің үйдің і ргесінен өтетін. Наурыз, сəуір ай-ларында тау суы осы арықтан əжеп-тəуір ағып, мамырдың орта тұсында су тапшылығы сезіле бастайды. Отыз-қырықшақты үйден тұратын бұл ауылдың тұрғындары су болса үй іргесін көгертіп отырғанды қалайды. Сол себепті, ауыл ішіне арық-арық су келгенін, бау-бақшалық жерлері мейірі қанғанша су ішкенін тілейді. Əйтсе де, үлкенмін деп белден басу, кеуделімін деп кеудемсоқтық жасау бұл ауылдың тұрғындарына жат əдет болатын. Ауылдың бас жағында бір қа рия, ортан белінде бір қария, аяқ-қы жағында бір қарияны əдейілеп орналастырғандай, үшеуі омыртқаға орныққан қабырғадай ауылдың ауыз бір шілігі мен ынтымағына қалт-қы сыз, қапы жібермей, қас қақ пай қа райды. Тентек-торылар өз қорасы-нан шықпайды. Не де болса ішінде.

Орысы жоқ, орманы жоқ алақан-дай ауыл болған соң ба, біздің ауыл -да Нау рыз тойы тойланбаса да жыл са йын наурыз көже ішілетін. Күн екін ші, үшінші пердесін ашып, сəу-ле сін аямай төге түскен уақыт та қыр

асып, ауылға Наурыз да же те тін. Көк пең бек көк шалғын түсті жі бек ша пан киінген, жігерлі, мейі рім ді бо-лып бейнесі көзге елес тей т ін Нау рыз, алайда, жалғыз өзі кел мей тін. Ол өзі-мен бірге əн мен кү йін, ду ман то йын, жастық отын, қа жыр-қай ра тын, ын-тымақ-бірлігін, тату лығы мен сабы-рын қоса ертіп жү ре тін. Міне, осы Наурыз қыр ба сы нан ауыл ға аяң дай түскенде, оның үні мен бо йын дағы тазалығын паш етіп сүйін ші сұра ған-дай сыл ды рай күліп, тау дан сың қыл-дай құлай ағып бұлақ суы да жететін.

– Алдымен Байғон атаның үйі су-ғар сын, одан кейін Қуандық көкем-нің үйінің кезегі, – дейді су мұрап Нұрлыбай көке.

Ол уақытта жауаптылық пен өзі не деген құрметті ішкі түйсігімен сезі не білген ата-көкелер суы бау-бақша-лығын аяқтар-аяқтамастан «болдым, кезегіне бере бер» дейтін. Бірлі-жарым үйінде жұмсары жоқ, жалғыз-жарым үйлердің түнімен жүріп ке-зек ті суын суарысып, ертеңіне сол үйдің сəкісінде маңдайынан тері моншақтап қызыл күрең шайын со-раптап отыратын ағалардың бейнесі əлі есінде. Ұлыс есіктен енген 22

нау рызда шағын ауылдың іші мұн-таздай таза, бау-бақшасы күзгі жа пы рақтан, мал қиынан, күл-қо-қыс тан адаланып, көктемнің жұ-пар иісіне молыққандай. Бау ішін аралап жүрген көкем өткен жы лы отырғызылған шыбықтардың со-райған, қураған бұтақтарын бұтар-лап ретке келтіріп жүр еді. Есіктің алдындағы ошақтағы қазанда апта ішінде бұзаулаған ала сиырдың сүтінен əзірленіп жатқан уыз көже-нің исі мұрын жарады. Түскі мез-гілге ауыл айнала көршілерді уыз көжеге шақырады. Əншейінде үйін-дегі көк сандықтың алдын босат-пайтын жалқау Оңалбай да бүгін қайта-қайта тысқа шығып, əлденені істеген болып, уыз көженің иісі шық қан үйге көзін жиі салады. Сірə, уыз көженің иісі мұрнын қы-тық таса керек. Ала сиырдың уыз кө же с інен кейін «Ақ мол болсын!», «Өріс кеңейсін!», «Қораң төлге тол-сын!» деген ақжарма тілектерін ай-тып тарасады. Осы тарасу кезінде əр кім өзді-өзі «Наурыз көжеге ай-нала ауылды шақыру керек» деп ой түйіп қайтады. Əрине, Наурыз көже дегенде ас ішіп, аяқ босату

емес. Мұнда алдымен Наурыз дəмі ақ дастарқанға келгенше үл кен дер жағы жұмбақ жасыру, жаңылт паш айтып бастаса, жас балалар жат-таған өлең-тақпақтарын айтады. Ақ кимешекті əжелер, апалар «той-бастар» салтымен əуелете əн қайы-ра ды. Үй иесінің жомарттығын, ақ пейілін əнге қосады. Ауыл іші нің ынтымағын, бірлігін, бес күн жал-ғанда араздаспай сыйласып, бірін-бірі құрметтеп өтуді насихаттайды.

Дүние қарап тұрсаң шолақ екен,Адамдар бір-біріне қонақ екен.Барында оралыңның ойна да күл,Қызығы бұл жалғанның

сол-ақ екен, – деген əсем əуенді əн осы күні тек біздің ауылда емес, біз дің ауыл сияқты ынтымағы жарас қан қазақ елінің бар ауылында шыр қалады. Пайғамбар хадисінде ай тыл ған: «Ер адам – отбасының бақ та шысы. Əйел – ерінің шаңырағы мен ба-лаларының бақташысы. Қыс қасы, əрбірің бақташысыңдар жəне жауап-тысыңдар» дегендей, осы қа дірлі аманат сөз еш жерде жазылып ілінбесе де, ешкім күніне ойларына салып тұрмаса да, салтымен сіңіс кен.

Таңғы шақта торғай үні мен оянған көкем мен апам біз ұйық тасын деп екеуі күбірлей сөй ле сіп қора ішінде жүреді. Ала сиыр ды сауып, ауылда қалатын арық-тұрық малды оқшаулап, жемдеп, шөптеп, өріске малды, падаға сиыр ды айдап қайта келгенде біздер, ба ла-ша ға лар да ояна бастаймыз. Кө кем нің тап-сырмасымен бүгінгі жұ мыс бөлі сі басталады. Əрине, ең алды мен қора іші айнадай жарқырап тазаланады.

Наурыз айы еңбектің айы. Ауыл-дағы ынтымақтың, бірліктің, мейі рім-нің айы. Үлкеннің жолын кес пеген инабатты келін мен ибалы жастарды көрген сайын жыл айна лып соғатын ұлық мерекенің сəн-салтанаты арта түскендей болады. Үлкенін кішісі тыңдап, қыбыр еткен көршісіне көмекке ұм тылу ға дайын. Тауық сойса сор па сын ағайын-туыс, көршісіз іше ал май тын ақ көңілділігіміз бен дархан дығымыздан құдай ажырат-пасын. Діттеген ақабасына асыға жететін бұлақ суындай əрбір жанның кеудесіне игілік шарапатын ала келетін əз Наурыз сені асыға күтеміз. Берекелі мерекені жақсылыққа толы сəттермен өткізейік, ағайын!

Мақсат ҚАРҒАБАЙ.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы.

Ол алпыс деген асқаралы жасы на жетпей дүниеден озды. Бірақ оның əні əрдайым халық-пен бірге. Əсіресе, күміс көмей белгілі əнші Роза Рымбаева желпіндіре салатын «Наурыз-думан» əнінің жөні бөлек. Ақын Мұқағали сөзін жазған жырға жарасар əн де осындай екпінмен, осындай көтеріңкі леппен шыр-қалса керек қой.

Халқының рухани қазынасы үшін ғажайып əнді дүниеге əкелген Талғаттың əкесі Болат та көне музыкалық аспаптарды халқымен қайта қауыштырған бірегей тұлғалардың бірі болған. «Əке көрген оқ жонар». Қолына ұстауға екінің бірінің жүрегі дауалай бермейтін шаңқобыз, жетіген сияқты сирек музыкалық аспаптарда ойнауға тəуекел еткен алғашқылардың бірі де Талғат болатын. Əке тəрбиесі, əке тəлімі, əке өсиеті, əке ғибраты шығар, алаштың атын асқақтатқан «Арай», «Жетіген», «Гүлдер» вокалды-ас пап тық ансамбльдерінің құ-рылуына себепші болған, міне, осы Талғат атты талант еді.

Соның арқасында, ескіліктің сар қыншағы ретінде қазақ эст-радасы репертуарларынан əлде-қа шан «сызылып» тасталған «Маусымжан», «Бір бала», «Керімай», «Арман-ай» сияқты халық əндерін заманауи бояумен əрлеп, уақытпен үндестіре, жаңа-ша көркемдеген еңбегі де елеуге тұрарлық болатын. Əрі-беріден соң, бүгінде сахна саңлағына айналған талай дарын ның тұсауын кесіп, көрермен дердің көзайымына айналдырған да Талғат қой. Өнер өрінің əр қия сына құлаш сермеп, «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу», «Человек-олень» фильмдерін өз жүрегінен туған музыкамен əрлеп айшықтаған еді.

Сахналар мен радиолардан саң қылдай естіліп жататын «Өт-кен күндер», «Қоштасу», «Все для тебя», «Біз бірге боламыз», «Менің досым», «Отандастар», «Сенімен біргемін», «Старый телефон», «Гавань моей любви» деген əндерімен бірге жұртты бір серпілтіп, бір желпіндіріп тас-тайтын «Наурыз-думан» əнінің ав-торы да Талғат екенін бұдан бы лай біліп жүрсеңіздер екен дейміз де.

Жезтаңдай əншілігіне жез-киіктей еркелігі жарасқан Роза Рымбаеваның əуелете салған «Наурыз-думан» атты əнінсіз, мысалы, Наурыз мерекесінің сəні келмейтіні белгілі. Бүгінде бұл

əнді ыңылдамайтын қазақ жоқ десе де болады.

Наурыз айы туғанда, Той болушы еді бұл маңда.Сақталушы еді сыбаға,Сапарға кеткен ұлдарға,Наурыз айы туғанда.Наурыз, наурыз, күн игі!Күні игі жердің – түрі игі.Бауыры жылып науат-қар, Бабымен ғана жібиді.Шашылып ырыс шанақтан,Шақырып бір үй бір үйді,Шаттанушы еді бір игі.Осынау игі кең жерге,Наурыз айы келгенде,Наурыз тойын бергенде,Көрмегендер де – арманда, Арманда – оны көрген де.Келіп ем өмір – орманға,Наурыз айы келгенде.Міне, ширек ғасыр болды, осы

əнді де, əннің сөзін де «ескірді» деп айтатын мықты əлі шыққан жоқ. Арада тағы жиырма бес, елу, жүз жыл өтер, бірақ əсем əнді жоққа шығаратын ондай мықты ол кезде де дүниеге келмесі бел-гілі. Өйткені, «Наурыз-думан» – ақы нын да, композиторын да, əн шісін де тапқан тамаша туын-ды. Ал, ондай туынды қай ға сыр, қай заманда да халықтың төл шы-ғармасына айналып кете барады. Елімен бірге мəңгі жасай береді.

Кейде «Осындай аса талантты адамдар өмірден неге ерте өтеді екен?» деп өкіне ойлайсың. Əлде, жан досының қазасы жанына батты ма? Оған арнап əн де жазып еді ғой. Бəлкім, бейкүнə қызы Əй герім нен айырылу жүрегіне сал мақ түсірген шығар? Əйтеуір, жазылмас дертке шалдығуы те гін емес дейсің ыза-күйіктен ер нің нің қанын шығара тістелеп тұрып.

Қалай десек те, Талғат нағыз өнер адамы еді. Өзі таңдаған кəсіп-ті де шексіз сүйе білді. Сон дық тан да болар, оның əрбір шы ғар масы «Наурыз-думан» сияқты мəңгілік.

Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ,жазушы.

ТАРАЗ.

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан».

Үйде дастарқан басында отыр ған-да да Шөптібайдың қайықтай з уыл-даған ақ қайшысы жанында тұрады. Арнайы алып қойған қағазы зəуде бір таусылып қалса, жеңгеміз стол үстіне қойған қол сүрткіш қағаз қай-тып сүрекке қосылмайды, ол Шө-кең нің қайшысынан өтіп кетеді. Бұл Байділдиндер отбасындағы күн де лік-ті көрініс, оған ешкім таң ғал май ды да. Шөкеңнің қолына қайшы ілік кен-де оның ойын ешқайсысы бұзбайды.

– Ою ойдан туады десем сенесіз бе? Бұл өнерде атамекеннің бүкіл таби ғаты, халқымыздың өткені, жан дүниесі, ішкі əлемі жатыр. Мен сол əлемді армансыз аралап жүрген жандай сезінемін, – дейді қазір тек Торғай-Қостанай өңіріне ғана емес, Қазақстанға аты мəшһүр болып қалған оюшы Шөптібай Байділдин.

Қазақтың өзімен бірге жасап ке ле жатқан байырғы өнерін пір тұт қан осы жанкешті жан еңбегі-нің, із деністерінің арқасында ою да жаң ғы рып, түрлене, түлей түскен-дей се зіледі. Расында, солай болса ке рек-ті. Уақытпен бірге барлығы да өз гереді, дамиды. Шөкең оюды қазақ оюының атасы «Қошқар мүйіз-ді» негізге ала отырып ояды. Мы са-лы, ою өзге халықтарда да жоқ емес. Оларды қазақ оюымен са лыс тыруға да, араластыруға да бол м ай ды. Ұлт тың уы зына жарыған кісі олай істемейді де.

– Ою халықтың өзі өмір сүрген ор таны, табиғатты, сезімін, тұрмыс-тіршілігін салған алғашқы карти-насы, салған суреті. Қазақтың өзі жөнінде берген алғашқы ақпараты деп білемін. «Қошқар мүйіз», «шын жыр бау», «қаз табан», «ат бас», «аша тұяқ», «ала құрт» секілді оюлардың аты айтып тұрған жоқ па? Мен оюмен ой айтқым келеді де тұрады, – дейді Шөкең.

Торғай өңіріне кеш келсе де, көк тем нің көркі бөлек қой, шіркін. Жер көгеріп, гүлдер шешек ата

бастағанда-ақ Шөкеңнің даланы аңсаған көңілі үйде дамыл таптыр-майды. Қармен жағаласып гүлдейтін бəйшешек, бақ-бақ, мамырдағы жа-сыл кілем үстіне шашқандай қыз-ғал дақ, сарғалдақтың өзі, кез келген шөптің жапырағы оюды көркемдеп көз алдыңа жайып салғандай əсер береді. Жаз айларында тобылғы, жу сан, шайыр, жүзген гүлдегендегі та би ғаттың ғажап көрінісін Шөкең еш қан дай тілмен жеткізе алмай ды. Ол үшін даланы кезген бөкеннің желісі, аспанда ұшқан құстың қана-ты, көлде жүзген аққу-қаздың мо-йы ны – барлығы да ою тілімен сөй-леп тұрғандай болады. Өнер мен табиғаттың арасында көзге көрін-бес, тек көңілмен ғана тоқитын бай-ла ныстың барлығын Шөкең қазір мойындайды. Ол бала кезінен отыра қалып ою оятын, ойнап жүріп жерге сызып ою салатын. Қазір ойлап отыр-са, бұл қанмен, текпен келген өнердің бала бойында бұлқынуы екен ғой.

– Əкем де, аталарым да он сау са-ғынан өнері тамған ұста, шебер, аң-шы жандар болған. Олар ат əб зелін, сандық жасаған, үй көтерген, сырт киім, аяқ киім тіккен. Тұрмысқа қажеттінің барлығын өз қолдарынан

шығарған. Анамның шеберлігі өз алдына. Осының барлығын көріп өстік, – дейді оюшы əңгімесін тұздықтай отырып.

Шөкең оюдың соңына 90-шы жылдары біржола түседі. Оған да аталары секілді өмір мəжбүрлеген. Амангелді ауданындағы Құмкешу деген жерде тұрғанда ауылдан, жұ-мыс тан да береке кетті. Партия ұйы-мын басқарып жүрген кісі жұ мы с -сыз қалды. Ол өзгелер секіл ді көш-педі, бір бөлмесін дайындап, сонда сандық, жиһаз, басқа да тұр мы с қа қажетті заттар жасауға кіріс ті. Ою-ды да сол жылдары жинай бастады.

– Оған дейін оюды ойғым келіп тұрса да, оны сақтауды, жинау-ды білмеппін. Ол менің кəсіби білім ала ал мағанымнан шығар деп ой лай мын. Аталарым төре бол ғаны үшін 20-30-шы жылдары əб ден қу ғындалып, аштықта қы-ры лып, содан əкем бізді алпысқа жақын дағанында зорға көрген. Мен ержет кенде əкем Байділда алысқа оқуға жіберуге қорықты. «Көз алдым да жүр, оқымай-ақ қой, тірі жүрсең жетеді» деп оқуға рұқсат бермеді. Əлихан Бөкейханов секілді оқыған төрелерден кейін əкем оқуды

басқаша түсініп кетті, сенбейтін, желдің үп еткенінен қорқатын кісі еді. Солай ауыл арасында қалдық, оқуды балалар өскенде ғана оқыған болдық, – деп шертеді Шөкең əңгі-мені. Айтпақшы, Шөптібай Байділ-дин нің шежірелігі өз алдына бір төбе. Кейкі батыр жөнінде жазған кітабы уақыттың дауылын көрген ата ларының аузынан шыққанды қағып алатын құймақұлақтығының, шежірелігінің тамаша нəтижесі деп айтқан лəзім.

Тəуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздегі рухани сілкініс Шөптібай ағаға қатты əсер етті. Ойған ою-ларын сақтап, оларды кітап етіп, жас ұрпақтың пайдасына асырсам деген ой оған сол кезде келген еді. Алайда, осы уақытқа дейін оюшы өнерінің аса қолдау көрмей келе жатқанына тарынады. Алғашқы 350 оюдың басын қосқан «Қазақтың ою-өрнектері» атты алғашқы кіта-бы белгілі қоғам қайраткері мар құм Орал Мұхаметжановтың қам қор-лығымен жарық көріп қалды.

– 2005 жылы Астанадағы темір-терсек сататын базарға барсам, Орал Мұхаметжанов жүр. Сəлем беріп, жөн сұрастық. «Ертең менің жұмысыма кел» деді. Ол кісінің менің оюшылығымнан хабары бар еді. «Оюды сен ойғанмен, бұл халықтың мұрасы ғой» деп, тиісті орындардағы кісілерге менің оюларымды қарап, көмек беруді тапсырды. Міне, сол кітапты бүгінде ою іздегендер қолына алады, – дейді Шөкең.

Мұнан кейін əупіріммен «Ою ой, өрнек сал» деген кітабы шықты. Шөптібай Байділдаұлының айтуын-ша, қазақтың ою-өрнегі аса зерт-телмеген, назардан тыс келе жатқан сала. Қазір оның қолында өзінің ав-тор лығы бекітілген 2000-нан аса ою бар. Ол өзі ойған оюларды киім ге, жиһазға, аспаптарға дегендей, қайда пайдалануға болатынын жіктеп көрсетті жəне оларға «ақ зер», «ай мүйіз», «құс құйрық», «шашбау», «өңіржиек» секілді толып жатқан аттар қойды. Шөкеңнің 1200 оюды

паш ететін «Оюмен ой айтатын елміз» деген тағы бір кітабының баспада жатқанына да 2 жылдың жүзе болды. Дизайнерлер, кейбір кəсіпкерлер ара-тұра оюшыға хал-қы мыздың оюы жөнінде хабарла-сып, сұрап тұрады екен. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай республиканың əр шалғайында өткен жəне Қытай қазақтары ұйым-дас тырған конференцияларда, бас-қа да шараларға арқаланып барып жүріп, ою-өрнегінен үлкенді-кішілі көрме өткізіпті. Əсіресе, Ақ төбе «Ұлы дала нақыштары» атты көрмеге қойған Шөптібайдың ою-өрнегін Моңғолиядан, Тывадан, Ресей дің басқа да облыстарынан келген ғалым-дар тамашалады. Қазақтың байырғы өнерінің байлығына таңғалысты.

Бүгінде Шөптібай Байділдиннің арманы аспанмен таласады. Келер жылы өтетін ЭКСПО-ға баспа-да жат қан кітабымен, көрмесімен қаты су ды ойлайды.

– Сырттан келгендерді қазақ хал қының осындай ежелгі өнері барлығынан хабардар етсем деймін. Осылай ырғатылып жүргенде асы-лы мыздың бірі – оюды да өзге-лер өңгеріп кетпесіне кім кепіл? Қытайға барғанымда Құлжадағы қазақтар Іленің бойына қатар-қатар киіз үй тігіп тастаған. Аппақ киіз үйдің ішінің барлығы ою-өрнек, көз тұнады. Қазақ өнерін дүйім дүниеге насихаттау үшін ЭКСПО таптыр-майтын мүмкіндік емес пе? – дейді Шөкең. Бірақ оның бұл талпыны-сы жергілікті атқарушы биліктен де, қолында қаржысы бар азамат-тар тарапынан да əлі түсіністік тап-пай жатқанға ұқсайды. Қазақ оюын өндіріске енгізуді де ол шаршамай насихаттап келеді.

Жылда Наурыз келген сайын Шөп ті бай дың рухы көтерілгендей бо ла ды. Қалада, далада өткізіліп жат қан шараларда айналаның барлы ғы ою-өрнекпен безендіріледі. Жас тар, қыз-келіншектер киген ша-пан мен камзол ою-өрнексіз болмай-ды. Олардан өзінің ойған оюларын да танып қалады. Осындайда Шөп-ті байды іздейтіндер де табылып жа-тады. «Халқым аман болса, ою да өл мес» деген бір үміт ұшқыны жү-ре гін жылытқандай болады. Оның ою ойған қайшысының ұшы үміт отын ұшқындатады.

АРҚАЛЫҚ.

ЎЛЫС ОЅ БОЛСЫН!НАУРЫЗ

ОюшыШґптібай Байділдин ќазаќтыѕ хас ґнерін ЭКСПО-да кґрсетуді армандайды

Наурыз нақыштары

Ынтымақшыл ырысты ауыл

Хит хикаясы

«Наурыз-думан» шырќалмай, тойдыѕ сəні келер ме?

Қазақ қазынасы

Ќазаќстан Республикасыныѕ мəдениет ќайраткері, белгілі сазгер Талєат Сарыбаев туралы мґлтек сыр

www.egemen.kz 521 наурыз 2016 жыл 15

ӨРКЕНДЕУДІҢ ӨНЕГЕЛІ ҮЛГІСІ● Біз – қазақстандықтармыз!

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан».

– Иə, солай ғой, біз енді қазақ бо-лып кеткен орыстармыз ғой, – дейді Таисияның өзі де. – Тау баурайын-да өскен ауыл болғанда да біздің ауыл Сұлтанмахмұт Торайғыров туған жер, өзіңіз білесіз, табиғатының өзі қандай десеңізші. Өнерге, əдебиетке жақын болғанымызға жердің сұлулығы, ақынның өлеңдері əсер етпеді дейсіз бе? Əрине, осы қос сезім бізді еркелетіп, айналаға қызықтырып өсірді ғой.

– Ұмытпасам, маусым айында Татьяна Бурмистрова апайымыз да Баянауылға келіп кетті ғой деймін. Өзің сияқты қазақтың əнін шырқап, салт-дəстүрі, өскен елі жайлы тамаша əңгімелер айта білетін əпкеңе жолыға алдың ба?

– Əрине. Айтпақшы, ол кісі кел-генде қызық болды. Менің жұбайым

Александр Татьяна əпкеміз əн шырқап болған соң, сахнаға шығып гүл ұсынды. Сөйтсе, ол жұбайымды көріп: «Ой, Баянауылда да орыс бар екен ғой!» деп жұртты бір күлдіріп тастады.

Сол Таня əпкеміз айтқандай, мен өскен Торайғыр ауылында 3 орыс от-басы болдық. Мещеряковтар əлі күнге дейін сонда тұрады, ал Кокаревтер от-басы көшіп кетті. Үлкендер кезінде Саратов жақтан көшіп келсе ке-рек. Ауыл балаларымен бірге ой-нап өстік қой. Қазақ тілінде білім алдық. Алғашқы мұғалімдерім Жайнат Білəлова, Мейізгүл Қожамжарова, марқұм Шайзат Қалиеваға алғысым шексіз. Орыс, қазақ деп бөлмей, бізді өз балаларындай көріп, оқытты, білім берді. Өмір деген кейде қатал. Ауылда бірге өскен жақын құрбым Құралайдың да қайтыс болғаны ауыр тиді. Мектептегі сыныптасым Асыл Жанғозинамен кішкентай кезімізден

бірге өстік, əлі күнге дейін араласып тұрамыз.

– Таисия Викторовна, жоғарыда жазып кеткендей, көптеген бай қау-ларға қатысып жүлдегер атанған екенсің. Құтты болсын!

– Рахмет сізге. Өйткені, мемлекеттік тіл – менің тілім. Яғни, қазақ тілі ана тіліме айналды. Екіншіден, мен Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы қазақ мектебінде білім алғанымды мақтан етемін. Кейде, тіпті, осы өзіміздің Баянауылдың өзінде орыс-шалап сөйлейтін қазақ жастары, тіпті, үлкендер де кездесіп қалады. Біртүрлі, жараспайды-ақ. Ана тілдің, қасиетті туған жердің қадіріне жетпей жүргендей. Торайғыр ауылында мек-теп бітірген соң, Ақсудағы Жаяу Мұса атындағы өнер колледжіне оқуға түстім. Өнерім – өмірім деп жүріп, сол жердегі мəдениет үйінде біраз жылдар қызмет атқардым. Қазір Баянға қайта оралдым. Мен үшін Баянауыл, Торайғыр ауылы, қазақ жері, атамекен деген ғұмырлық байлығымдай. Бұл асыл ұғымдарды еш жерге, еш атауларға айырбастамаймын деп ойлаймын.

– Сахнаға шығып, Бурмистроваға

гүл берген жұбайың да қазақша біле ме?

– Біз – қазақстандықтармыз! Біздің жүрегімізде осы сөз, осы ұғым мəңгілікке қалды. Енді балаларымыз да осы ұғыммен өседі. Олар да біз сияқты «Баянауылдың қазақтарындай»

деген құрметті, мақтан етер атаумен ержетеріне, өмірден өз орындарын та-барына сенеміз. Александр екеуміздің Əнуар деген 6 жаста ұлымыз, 4-ке келіп қалған Виктория есімді қызымыз бар, ал Арина жақында 1-ге толады. Жұбайым көп балалы Шлыктовтар от-басынан. Балаларының бəрі Баянауылда туғандар. Əке-шешелері тың игеру кезінде келген. Жұбайым екеуміз де президенттік сайлау кезінде белсенділік көрсеткеніміз үшін Президенттің Алғыс хатымен марапатталдық. Александр мектеп директорының орынбасары, аралас мектепте қызмет жасайды. Құжаттарды екі тілде еркін дайындай алады. Менің əкем марқұм Виктор Страдаев қазақша жақсы түсінгенімен, сөйлей алмайтын. Бірақ болашаққа деген көзқарасы терең болған ол мені қазақ сыныбына берді.

– Рахмет əңгімеңе, Таисия сің лім. Саған отбасылық бақыт, шығар ма-шы лық табыс тілеймін!

Міне, біздің мақаламызға арқау болған орыс қызы Таисия Страдаева қазір аудандық мəдениет үйінде қызмет жасайды. Ауданның əдеби-мəдени өміріне белсенді араласады. Концерттік бағдарламалардың сценарийін жазады, қазақ, орыс тілдерінде концерттер, түрлі мəдени-саяси-əлеуметтік, патриоттық бағыттағы шараларды жүргізеді.

Павлодар облысы,Баянауыл ауданы.

Қазақстан – ортақ үйіміз!

Тəуелсіздіктің 25 жылдығын ту етіп, шалғайдағы елді мекендерді бір айдан астам жүріп өткен «Мəңгілік Ел» пой-ызы наурыздың 18-і күні Алматының 2-ші теміржол бекетіне келіп тоқтағанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Жалпыұлттық «Мəңгілік Ел» əлеуметтік бастамасы жаршыларының қатарындағы ең үздік дəрігерлерден жасақталған топ пойыздан түсе салысымен Алматының Алғабас шағын ауданында орналасқан №29 емханаға жол тартты. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшы-сы Уəлихан Ахметов еліміздің медицина саласының ең үздік дəрігерлерін қарсы алып, олардың жұмысына сəттілік тіледі.

Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».

Əріптестерімізді «Мəңгілік Ел» пойызымен үлкен қайырымдылық шарасын атқарып келген қызметімен құттықтаймыз, деді шаһардың бас дəрігері. Денсаулық сақтау басқармасы қалаға Алматы облысынан жаңадан қосылған аудан дарда мекендейтін тұрғын дардың денсаулығын əрдайым назарда ұстайды. Біз бұл жолы кəсіби мамандар үшін Алғабас шағын ауданындағы былтыр пайдалануға берілген №29 емхананы арнайы таңдадық. Бүгін біздің тұрғындарға əлеуметтік пойыздың маман-дары мен қаланың өзге медициналық ұйымдары жəне республикалық ғылыми-зерттеу институтта-ры, Ұлттық орталықтардың тəжірибелі мамандары медициналық көмек көрсетеді. Дəрігерлеріміз 9-10 шақты емхананың науқастарына алдын ала зерттеу жүргізіп, олар білікті кəсіби мамандардан кеңес алуға келді. Осылайша, «Мəңгілік Ел» əлеуметтік пойызының дəрігерлерінен 70-тен астам алматылық медициналық кеңес алды. Əсіресе, кардиолог, оф-тальмолог, эндокринолог жəне нефролог қызметіне жүгінгендер көп болды.

– Бұл игі шара Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің бастамасы-мен елімізге енгізілген жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмектерді тек үлкен қалаларда ғана емес, шоғырланған шалғай елді мекендердегі қазақстандықтарға қолжетімділігін арттыру мақсатында жүргізілді, – деді Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің стационарлық көмекті ұйымдастыру басқармасының басшысы Н.Қыдырбаев . – Шара барысында мамандар көмек сұрап келген науқастардың барлығын көріп, олардың арасынан жедел медициналық көмекті қажет ететін 400-ден астам науқасқа Астана жəне Алматыдағы ғылыми орталықтарында емделуге жолдама берді. Бұл істе əрі қарай бекітілген дəрігерлер науқастарға жол-дама беруді жалғастырады. Сөйтіп, олар жоғары мамандандырылған ғылыми орталықтарда ем-делуге мүмкіндік алмақ. 2011-2015 жылдары «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің денсаулық сақтау нысандарына көптеген технологиялар келді. Бұдан 10-11 жыл бұрын жүрек трансплантациясы сирек болса, осын-дай бағдарламалар мен мемлекеттік саясаттың арқасында біз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Бүгінде барлық облыс орталықтарында жүрек, бауыр, бүйрекке операция жасалады. Бұл «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылады. Алдыңғы бағдарламада жоғары технологиялар енгізілсе, келесі бағдарлама сақтандыру медицинасы, алғашқы медициналық көмекті дамыту, аурудың алдын алуға баулу, əркімнің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйретеді.

АЛМАТЫ.

Қ а з а қ с т а н х а л қ ы А с -самблеясы – еліміздегі мəңгі достықтың кепілі. Біз ата-ба-баларымыз басынан кешірген қасіретті ұмытқан жоқпыз. Сталиндік репрессия, басқа да қуғынға ұшыраған халықтар сияқты корей халқына да оңай тиген жоқ. Қабырғалары шұрық-тесік ажал вагондарымен Қиыр Шығыстан Қазақстанға жеткен-ше аштықтан, суықтан жүздеген бауырла-рымыз жарық дүниемен қоштасып жатты. Оларды ешкім жерлеген де жоқ, өлі денелері вагоннан лақтырылып, ит пен құсқа жем болды.

Біз мұншалық қасіретті ата-аналарымыз-дан естіп өстік. Ол кезде олар ойын баласы болса да осының бəрін жүрегінен өткізді, ерте есейді. Атап көрсететін жайт, арып-ашқан, аштық пен аурудан ісініп кепкен бабаларымыз бен шешелеріміз таянышты қазақ халқынан тапты. Тумысынан ақкөңіл, бауырмал қазақ «бөтенсің» деп іргесін бөлектеген жоқ. Өз үйінен жай берді, жеп отырған тамағының жартысымен бөлісті.

Қазақ халқының бауырмалдығын ата-бабаларымыз осылай ризалықпен айтып

отыратын. Біздің бүгінгі тірі жүргенімізге себепкер қазақ жұрты болғандықтан, қалай алғыс айтпассың?! Бұл – Қазақстанға зорлап көшірілген барша ұлттар мен ұлыстар əулетінің басынан өткен тағдыр.

Жақында оңтүстіктегі түрлі этномəдени бірлестіктердің жетекшілері, өкілдері бас қосып, жиын өткіздік. Мəжіліске ОҚО

аппараты басшысының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратəлі Қалмұратов қатысып, ой-жоспарымен бөлісті. Бəріміз кеңесіп, «Қазақ халқына мың алғыс» монументін орнатуға шешім қабылдадық. Біз – Қазақстанның бір бөлшегіміз. Басқа Отанымыз жоқ. Елбасымыздың сара саясатын жүзеге асыру жолында болашағымыз біртұтас Мəңгілік Елге айналуға күш-қуатымыз жетеді. Өйткені, бізді қатал тағдыр Қазақ елімен ағайын етіп табыстырған.

Роза ПАК,корей этномəдени бірлестігінің төрайымы.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Бөтенсің деп бөлектемейтін ел

Тағдырдың жазуымен ту-ған елінен ажырап қалған та-лай этносты далада қалдырмай, ашыққанда асын, тоңғанда бас-панасын берген ағадан халыққа «бөтенсің» деп кеудеден итер-мей, құшағына қысқаны үшін алғысымыз шексіз. Түріне, тіліне қарамай, тілегіміздің бір екенін ойға оралтты. Өткен ғасырдың қуғын-сүргін кезінде тарихи қонысынан, атамекенінен қуылған түрлі ұлыс өкілдері қазақтың тірлігімен біте қайнасып, салт-дəстүрін ұштастырды. Бауырына басқан батыр халық қайсыбір ұлттың болмасын салт-дəстүріне құрметпен қарап, ізгі ниетін білдірді. Тіпті, «ұлтың кім?» деп сұрамады. Бір үйдің баласындай өмір сүрді. Мұндай ерекше ықылас білдіру кез келгеннің қолынан келе бермейді. Бұл – тек текті жұрттың қанында бар қасиет. Бүгінге дейін ескікөз есті қариялар алаш жұртының кең пейілі мен шексіз қамқорлығын тілге тиек етеді.

Қазіргі кезде еліміздегі барлық этнос өкілдері ел дамуына барын салып, түрлі са-лада жемісті еңбек етуде. Құшағы кім-кімге де айқара ашық, бауырмал да қонақжай Қазақ еліне алғысымыз шексіз. Миллиондаған

халықтың ықыласына бөленген жұрттың «кең болсаң, кем болмайсың» деген даналық сөзі бейбіт күннің шамшырағына айналды. Оған дəлел Алматы облысы, Қаратал ауданындағы Бастөбе тауының етегінде Алғыс монументінің ашылғаны. Мұның барлығы Елбасының сарабдал саясатының арқасы деп білемін. Мемлекет басшысы ұлтаралық

татулықтың арқасында этностардың басын қосып, мемлекет құраушы ұлт, тəуелсіз ел бола алатынын көрсетті.

Ұлттық құрамы, діни ұстанымдарының əртүрлілігіне қарамастан, барлық аза мат-тардың тең құқылығы мен еркін дам уын негізге алған саясатты жүргізіп отырған Елбасына, қарапайым халықты бауырына басып, өз баласындай жатсынбаған қазақ халқына мың алғыс! Тəуелсіз Қазақстан жер тұрғанша тұрсын, күн сөнгенше сөнбесін!

Ашур ХАМИДОВ,өзбек этномəдени бірлестігінің

жетекшісі.

Қызылорда облысы.

Текті жұрттың қанында бар қасиет

Қазақстан, міне, ұлтаралық түсі-ністік пен дінаралық келісім салта-нат құрған мерейлі мемлекет. Бұған, яғни қазақ ұлысына талай ұлттың өкілдерін ұйыстыру қасиетінің бұйыруы құдіретті Жаратушының қа лауымен болған дүние деп қара-масқа тағы болмайды. Елбасы айт-қандай, «көпұлттылық біздің кем-ші лігіміз емес, қайта алға озар ба-сым дығымыз».

Осылай, ұлы тұрпатты Тұран елін де ықылым заманнан ұрпақтан ұрпағы кіндік қанын тамдырып, ата жұрттың басында отырған мұрагерлерінің жанына алыс-жа-қын нан ауған талай ұлыс келіп, пана тапты. Бауырласып, елдіктің ірге сін бірге қалауға серттесті. Қазақ стандықтар атанды. Бүгінде қастер лі Қазақ елі – баршамыздың ортақ үйіміз. «Орыс, қазақ, түрік, баш құрт, неміс» болып бөлінбей, тату лықтың туын жоғары көтеріп, əлем ге өнеге болып отырған жайы-мыз бар. Бұл, əрине, өзінен өзі бола қал ған дүние емес. Ең əуелгісі, қазақ халқының бойына сіңіп, қан-мен атадан балаға беріліп келе жат-қан толеранттылық, кеңдік деген сияқты асыл қасиеттердің бойға жиналғандығы болса керек. Əрі, ел бастаған көсеміміздің ұлттар арасын жарастыра білген сұңғыла саясаты деп оған тəж етіп, қадірін түсіне білген абзал.

Ендігі əскери азамат ретінде айтпағым, сол тағдыр табыстырып, тоғыстырған ұлыс өкілдері қазақ-тың ел иесімен бірге ең қастері – Отанын қорғауда жүр. Осы орай-да, Отан үшін ысқырған оққа кеу-де керіп, сұқтанған жау мылтығы дүмінің алдында жүріп ел қорғаушы – жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір өзге этнос азаматтарының елдік жайлы ойларын білгім келді. Əрине, адам алдымен Отан қорғауға сол елдің ұланы, сол халықтың бір алынбас бөлшегі, мүшесі екенін сезі ніп барып қана жаппай көзсіз ер лік жасауға, қолға қару алуға

ба ра ды. Əйтпесе, көңіл қаламаған жер де, ниеті түспеген елге қызмет ет пей ті ні айтпаса да түсінікті емес пе?!

Жақында осы мақсатпен Астана іргесіндегі Ұлттық ұлан-ның 5573 əскери бөліміне барып, жауынгерлік жолдағы өзге ұлт өкілдерімен жо лық тым. Алды-мен 3-батальон ның 9-ро тасының взвод командирі лейтенант Мұх-риддин Шукуровпен əңгі меміз жарасты. М.Шукуровтың ұлты өзбек екен. 1994 жылы Шым кент қаласында туған. «Менің атала-рым тəжік еліндегі Қорғантөбе қаласының тумалары екен. 1972 жыл ы Қазақстанға көшіп келіпті. Содан бері тамырлас Қазақ елінде қазан көтеріп, ошағымызды түте-тіп отырған жайы мыз бар. Сол кезде атам жалғыз келіпті. Қазір бір қауым ел болып, өркен жай-дық. Тағдырымызға ризамыз. Мен Петро павлдағы Əскери институтты тəмамдап, өмір жолымды əскер-мен байланыстырдым. Еліміз көп-ұлтты мемлекет болғандықтан, əскерімізде барлық ұлттың өкілі бар. Бірақ алауыздық, керітар ту-шылық деген мүлдем жоқ. Ор тақ Отанымызды жан аямай, қан ая-май қорғауды ең асыл парыз деп түсінеміз. Өзім жауынгерлермен тəрбие сабақтарын жүргізген уақы-тымда қазақстандық патриотизмге барынша бойлауға ұмтыламын. Ал жақында алғаш аталып өткен Алғыс айту күнін мəні бөлек ерекше мереке деп білемін. Бұл – адамдық белгісі танылатын күн. Өйткені, жақсылық жасаған, жүдеп-жадап, қам көңілмен келген талай ұлысты паналатып, өркенін өсірген Қазақ еліне деген шынайы ілтипаттың күні. Ризашылық та-ныту – татулық пен бірліктің ұйытқысы», – деді жас сардар.

М.Шукуровтың айтуы бойын-ша, оның отыз адамнан тұратын взводының өзінде он екі ұлт өкілі бар екен. Башқұрт, орыс,

украин, белорус, ұйғыр, неміс, та-тар, тағысын тағылар.

Солардың қатарында ұлты орыс павлодарлық Сергей Михайлов пен қарағандылық татар Наиль Жан-туликов мектепті жақсыға тəмам-дапты. Олар туған елдің тамыры терең тарихынан да жақсы хабардар болып шықты. «Қазақстан Кеңес өкіметінің, одан əргі патшалық Ресейдің солақай саясатын жүзеге асыратын орынға айналды. Өткен ғасырдың 30-40-жылдарынан бас-тап Кеңес өкіметі көптеген ұлттар мен ұлыстарды түрлі себептермен ұлан-ғайыр қазақ жеріне жаппай көшірді. Мəселен, 1936 жылы Украина мен Польша шекарасы-нан бір ғана Қарағанды облысына мыңдаған неміс пен поляк жер ау-дарылды. Ал 1937 жылы елімізге корейлерді əкеліп қоныстандырды. Жаппай жер аудару соғыс жыл-дары да тоқтаған жоқ. 1943-1944 жылдары Қырымда тұратын татар-ларды құтты мекенінен айырып, қазақ жеріне күштеп көшірді. Бір сөзбен айтқанда, «сатқын», «халық жау лары» саналған көптеген ұлт өкілдері кең байтақ қазақ жерінен пана тапты. Менің атам Ришат та Қырымнан ауып осында келіпті. Қазір мəуелі бəйтеректей үлкен от-басына айналдық. Мен Қазақстанды жұмыр жердегі ең ыстық, ең қымбат мекенім, атамекенім деп санаймын. Татулық біздің туымыз, деп Елбасы айтқанындай əрқашан бірлікті, ұлтаралық татулықты елдік мақсат тұрғысынан ұстана білейік. Мен ата-бабаларымның атынан қазақ халқына шексіз ризашылығымды білдіремін», – деді жауынгер Н.Жантуликов.

Ал С.Михайлов болса: «Менің бабаларым қазақ жеріне анау алыс-тағы Киевтен қоныс аударыпты. Сол аталарымның айтуын ша, бір-екі түйіншегімен келген аталарым-ды қазақ ұлты далада қалдырған жоқ. Керісінше, ашаршылық, со-ғыс тан азып-тозып отырса да, бір үзім нанын бөліп берді. Əрбір қазақ тың отбасы осылайша жер аударыл ғандарды қаңғыртып жібер мей, жүрегінің кеңдігіне, көңілі нің дарқандығына сыйғыза білді. Кейін көпшілігі қазақ жерін жерсі ніп, халқымызға сіңісіп кетті. Менің əкем орыс, шешем украин бол са да өзімді қазақ санаймын. Тек түрім өзге, жаным, жүрегім қазақ», – деді.

Қорыта айтқанда, татулық, бір-лік – біздің туымыз. Қазақстан ұлт аралық достықты құдірет тұта отырып, сан ұлттың құтты меке-ніне, əлем мойындаған татулық пен тыныштықтың ордасына айнал ды. Лайым осы бағытымыздан, бағы-мыздан жаңылмайық.

Арман ƏУБƏКІРОВ,майор.

АСТАНА.

«Түрім өзге, жаным, жүрегім қазақ»– дейді Отан үшін отқа түсер азаматтарымыз, тәуелсіз Қазақ елінің қатардағы жауынгерлері

Ұлы Дала елі бүгінде көп ұлтты мемлекет. Бұл – біздің маң-дайымызға жазған тағдыр сыйы. Айналадағы талай жұртқа көз салсақ, көп этносты елдің аз емесін байқауға болар. Бірақ, ортақ Отанның астына 130-дан астам ұлт өкілінің жиналып, тату-тəтті өмір сүруі ерекше құбылыс болса керек.

Біз Баянауылдың қазақтарындаймыз – дейді республикалық «Абай оқулары» байқауының 2009 жылғы бас жүлдегері, «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Қазақшаңыз қалай?» байқауларының жеңімпазы Таисия СТРАДАЕВА

Таисия жайлы бұрыннан-ақ естіп, біліп жүрдік. Осы жолы сəті түсіп, Баянауылға іссапарда болған кезі мізде жолығып, əңгімелескен едік. Алғаш көргенде бия зы лығы, жүріс-тұрысынан-ақ кəдімгі қазақтың қызындай болмыс-бітімді, мінезді байқайсыз. Баянауылдың тау баурайында өскен қазақы қалыпты орыс қызына бір көргенде таңғала қарайтыныңыз да рас.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс сессиясында осы қоғамдық институт мүшелері өз үміткерлері үшін дауыс береді

21 наурыз 2016 жылwww.egemen.kz16

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

ПрезидентСауытбек АБДРАХМАНОВ

Вице-президент – бас редакторЖанболат АУПБАЕВ

Вице-президентЕркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87 Электронды пошта: egemenkz@maіl.ru. Интернет-редакция: [email protected]Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (777) 949-64-77;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Таралымы210 932 дана.

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Алматы қаласы, Мұқанов к-сі, 223 В, «Алматы-Болашақ» АҚ,070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Нөмірдің кезекші редакторы

Эльмира МƏТІБАЕВА.

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №53 ek

САЙЛАУДЫЅ САН ТЇРЛІ СƏТТЕРІ

Сур

етт

ерді

түс

ірге

ндер

Оры

нбай

БАЛ

МҰР

АТ, Е

рлан

ОМ

АРО

В.

www.egemen.kz16

«Егемен Қазақстан» газетінің келесі нөмірі 22 наурыз, сейсенбі күні шығады.