4
30 may’sym, 2018 jyl №12 (39) Республикалық қоғамдық газет Тіл мерейі - ел мерейі ТІЛ МЕРЕЙІ ТІЛ МЕРЕЙІ E-mail: [email protected] сайт: til-mereii.webpress.kz Gazet 2016 jyldyn’ qarashasynan bastap shyg’ady Н.НАЗАРБАЕВ Егемендікке қол жеткізген 27 жылдың ішінде Тәуелсіз Қазақстан нарықтық экономика қағидаларына негізделген іргелі мемлекет ретінде дамудың даңғыл жолына түсті. Міндетті жоспарлар артығымен орындалып, халықтың экономикалық әл-ауқаты жақсарды. Ірі кәсіпорындар бой көтеріп, шағын және орта кәсіпкерлік жандана түсті. Елбасының бастамасымен қолға алынған жасампаз жұмыстар Сыр өңірінде, оның ішінде Сырдария ауданында да жүйелі жүргізілуде. Осы орайда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде де көптеген жұмыстар атқарылды деп айтуға толық негіз бар. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына ел тұрғындарының ықылас-пейілі ерекше болды. Бұл бағдарламалық мақала өркениетті елдер қатарына қосылуға ұмтылып отырған елімізді жаңа белеске көтерді. Рухани жаңғырудың жарқын жолына айналған маңызды мақала жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылды. Осы орайда ауданымызда бағдарламаның басым бағыттарын ілгерілету, насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімінің өкімімен ақпараттық-насихаттық топ құрылып, іс-шара жоспары бекітілді және желілік кесте арқылы тиісті жұмыстар жүргізілді. «Ұлт тарихы өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтарды ұлттық құндылықтар құрайтын болса, өлке тарихы сол құндылықтардың бастау бұлағы», деген Елбасының ұлағатты сөзі бізге бағдаршам болуы тиіс. Сондықтан да «Туған жер» бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру Жобалық кеңсесі құрылып, арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сай түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді. Елбасы мақаласы жарияланғалы бері аудан тұрғындарының қатысуымен мекемелер мен кәсіпорындарда, шаруашылық және ұжымдық ұйымдарда талқылаулар өткізілді. Бұдан бөлек аға буын өкілдері және жастардың ұйымдастыруымен түрлі шаралар халықтық сипатқа ие болды. Кездесулерде мақаладан туындайтын міндеттер түсіндіріліп, бірлікті, тұрақтылықты сақтауға атсалысуға шақырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау насихатталды. Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының төрт кіші бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру бойынша аудандық жұмысшы және сарапшылар тобы құрылды. Сондай-ақ, «100 жаңа есім» жобасы аясында әр салада қызмет атқарып, ел Тәуелсіздігінің тұсында жетістікке жеткен тұлғаларды айқындау жөніндегі жұмысшы топ құрылып, жобаға нақты есімдер ұсынылды. 2017 жылдың 17 сәуір күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының бағдарламалық мақаласын түсіндіру, мақаладан туындаған міндеттердің орындалу барысын саралау мақсатында аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлердің, зиялы қауым өкілдерінің, қоғамдық кеңес мүшелерінің, бөлім, мекеме басшылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен идеологиялық актив жиыны өтті. Сонымен қатар, тамыз айында аудандық қоғамдық кеңесте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Мақаланы ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары бойынша арнайы спикерлер топтары жасақталып, аудандық «Тіршілік тынысы» газеті арқылы қолдау шаралары және әлеуметтік желілерде оң пікірлер жарияланды. Халықты бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақыратын және ұлттық құндылықтарды, салт- дәстүрлерімізді дәріптейтін түрлі мәдени шаралар, бағдарламалар әзірленіп, өткізілді. ТІЛ МЕРЕЙІ ТІЛ МЕРЕЙІ ГАЗЕТІНЕ жазылыңыз! 2018 ЖЫЛДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛЫНА ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР! Тел.: +7 701 351 93 29, +7 702 722 16 25 Жазылуға қатысты қандай да бір сұрақ, мәселе болса, мына телефондарға хабарласыңыз: E-mail: [email protected] Жеке тұлғаларға жазылу бағасы -1000 теңге, мекемелер үшін-1800 теңге. Жазылу индексі: 65017. Аудандарға: 68017. СЫРДАРИЯ АУДАНЫ – ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА СЫРДАРия АуДАНЫНА 90 ЖЫЛ Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи еңбегі елімізде үлкен рухани серпіліс туғызды. Ұлт Көшбасшысының идея- сы ұлтымыздың тұтастығы мен мемлекетіміздің жарқын болашағына бағытталған құнды құжатқа айналып, барша қоғамға тың серпіліс әкеліп, үлкен деңгейде оң қоғамдық пікір қалыптастырды. Аталған мақалада тағылымы мол тарихымызды зерделеуге, төлтума мәдениетімізді қолдауға қатысты нақты міндеттер атап көрсетілді. 4 бет 3 бет 2 бет Шын мәнінде қазіргі қоғамымызда орын алып отырған мәселеге көз жүгіртер болсақ, мемлекеттік тілге деген сұранысты ең алдымен өзіміз тудыруымыз қажет. «Үкімет жиналыстары неге ресми тілде өтеді» деп жоғары билікті, Үкіметті, Мәжілісті кінәлаудың еш қажеті жоқ. Бірақ, өзіміз терең түсінетін бір нәрсе бар: мемлекеттік тілдің қоғамдағы қажеттілігін өзімізден бастауымыз керек. Өзгеріс пен талаптың жоғарыдан емес, көп жағдайда төменнен басталғаны санаға терең серпін беретінін ұмытпауымыз қажет. Бұл орайда, Ұлт көшбасшысы, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың былай деп, айтқаны бар: «Елімізде 100 ұлт пен ұлыс отыр, солардың барлығы президенттің сөзін түсінбесе қалай болады?!. Сондықтан мен екі есе көп жұмыс істейтін адаммын. Орысша да, қазақша да. Ресейдің президенті тек қана өз тілінде, Американікі де, Түркиянікі де өз тілінде сөйлейді, мен амалсыз екі тілде бірдей сөйлеймін. Бұл жағдай мәңгі солай бола бермейді, қазірдің өзінде қазақтың саны 70 пайызға жақындап келе жатыр. Мен айтқандай, 2025 жылға дейін дайындалып, біз қазақтың тілін барлық салада енгізуге жұмыс жасаймыз. Өз ішімізде, елімізде, мемлекеттік басқару органдары мен басқа салаларда, барлығы да өз тілімізде жүретін болады, құдай бұйыртса...». Президенттің көтеріп отырған мәселесі дұрыс, бірақ бар кілтипан – өзімізде. Мемлекет бізге мемлекеттік тілге қатысты барлық қажеттілікті заңнамалық тұрғыдан жасап берді. Ал оның тетігін жүзеге асыру – қазақтарда. Бірақ мемлекеттік тілдің мерейін қалай асырамыз, тіліміз қалай мемлекеттік қызметтің барлық саласында орыс тілімен тең дәрежеде қолданылады? Бұл үлкен мәселе. Рас, Президент болашақта латын ғарпіне көшудің қажеттілігін айтты. Бірақ ол кейінірек жүзеге асатын нәрсе. Мәселені бүгінгі күнгі тұрғыдан қарайтын болсақ, қазіргі кезде бізге мемлекеттік тілдің мәртебесінің өскені керек. Әрине, тіл мәселесі Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және тағы басқа қазақы облыстар үшін проблема емес. Бұл өңірлерде мемлекеттік тілдің мерейі үстем. Қалай айтқанда да, қай мәселеде болсын, халықтың талабы жоғары болуы керек. Дегенмен, «мемлекеттік тілдің мәртебесін қайтсек, арттыруға болады?» деген сауалға бас қатырып, оны жүзеге асырудың тетігін көрсетіп жүрген қазақтың қайраткер азаматтары бар. Ол ұлтқа есімі белгілі қоғам қайраткері – Дос Көшім. Демек, оның озық ойларын оқып, ұсыныстарына бір сәт құлақ түргеннің артығы жоқ. «Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, тілге қажеттілік екі жолмен ғана жасалады – дейді ол. «Біріншісі – құқықтық, заңдық жолмен тілге деген қажеттіліктің жасалуы. Мемлекет белгілі бір заңдар арқылы мемлекеттік тілге қажеттілікті тудырады. Ол заңдарда мемлекеттік тілді меңгермеген жандарды белгілі бір қызмет түріне қабылдамау сияқты талаптардан бастап, мемлекеттік тілді қате жазған жарнама берушіге қомақты айып салуға дейінгі баптар болады. Мемлекеттік тілді білмеген адамдардың тіршілік ауқымын тарылтады, оларды мемлекеттік тілді білуге мәжбүрлейді. Мұндай талаптар өркениетті елдердің «Мемлекеттік тіл туралы» заңдарының барлығында бар (заңның басты міндеті де азаматтарды мәжбүрлеу болып табылады). 90-жылдардың басында Прибалтика елдері де осы бағыттағы баптарды өздерінің заңдарына енгізіп, мемлекеттің аумағында бір ғана мемлекеттік тілдің жұмыс істеуін жүзеге асырды. Ол заңдарда әрбір мамандық иелеріне мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі де көрсетілді. Мемлекеттік тілді білуді талап ететін мамандықтардың ішінде мемлекеттік қызметкерлерді былай қойғанда, сауыншылар мен сылақшылар, құрылысшылар мен жүргізушілер де бар... Ал басшы орындар (министрліктер) өздеріне бағынышты төмендегі құрылымдарға өзге тілде (мысалы, орыс тілінде) жазылған қағаз жіберсе, заңның аясында айыппұлдың астында қалады. Қазақ еліндегі тілдердің қолданылуын реттейтін «ҚР Тілдер туралы» заңының – қос тілділікті сақтау, дамыту заңының – бұл талапты жүзеге асыра алмайтыны бәрімізге белгілі, сондықтан ұлтшыл азаматтар бірнеше жыл бойы «ҚР Мемлекеттік тілі» туралы заңының қажеттілігін айтып келеді. Айтып қана қоймай, осындай заң жобасын дайындап, жұртшылыққа, Парламентке ұсынып та көрді. Алайда, орыстанған, орыс тілді билік, өздерінің орыс тілді балаларының болашағын ойлап, жұмған ауыздарын ашар емес. Демек, бұл жол – заң арқылы тілге қажеттілік жасау жолы – жақын арада жүзеге аспайтын мақсат. Енді екінші жолға, екінші тәсілге келейік. Кейде мен бұл тәсілді – «Прибалтика тәсілі» деп те атаймын. «Прибалтика тәсілі» бойынша қазақ тіліне деген қажеттілікті қазақ тілді азаматтардың өздері жасайды. 90-жылдардың басында Латвия, Литва және Эстония мемлекеттеріндегі орыстілді тұрғындар жергілікті халықтың тілін – мемлекеттік статус алған тілді – мойындамай, Кеңес өкіметі кезіндегідей, басқалардың орыс тілінде сөйлеуін талап етуін тоқтатпады. Мемлекеттік тілді білуді, үйренуді керек етпеді. Бұл елдерде де біздердегі сияқты, алғашқы кезеңде «бұл – сенің мемлекетіңнің МеМЛеКеттІК тІЛ МӘРтебеСІ – еЛ МӘРтебеСІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ жалғасы 3 бетте жалғасы 2 бетте МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗЕГІ - ОНЫҢ БІРЕГЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ ЖАҢА ӘЛІПбИ - ЛИНГВИСтИКАЛЫҚ еГеМеНДІГІМІЗДІҢ беЛГІСІ тІЛ – ӘРбІР ҰЛттЫҢ МАҚтАНЫШЫ «ЯПУРАЙ» ЖҮЛДеМеН ОРАЛДЫ ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СеН, ДОМбЫРА Айтулы шараға Алматыдан арнайы Ахмет Жұбанов және Күләш Бәйсейітова атындағы мамандандырылған мектептерден 500 дарынды оқушы домбырашылар келе жатыр. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің халықаралық, республикалық байқауларының лауреаттары 90 домбырашы және Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінен 70 адамы арнайы келіп концертке қатыспақ. Сонымен қатар домбырашылардың айтулы шарасына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 200 ұстазы мен студенттері және Қазақ ұлттық өнер университетінен 500 жас өнерпазы қатысады. Сонымен 1 шілде күні «Қазақ елі» монументінің алаңында мерекелік концерт және «Домбыра – асыл мұра» көпшілік серуені өтпек. Расында да домбыра – қазақтың жаны. Президенттің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалынып отырған бұл шараның шындығында да маңызы үлкен. Өйткені Елбасының қол қойып бекіткен мұндай Жарлығы қазақ халқы үшін өте қуанарлық жаңалық болды. Президенттің ең басты алға қойған мақсаттарының бірі – ұлттық кодты сақтап қалу. Сондықтан домбыра күнін белгілеу де рухани жаңғыруға қосылған үлкен үлестің бірі. Қазақтың домбыра-күй өнерін шыңырау шегіне жеткізген Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Абыл, Есір, Дина, Сүгір сынды тағы да басқа күйшілердің салып кеткен сара жолын жас ұрпақ қаймағын бұлжытпай сақтап, келер ұрпаққа жеткізу жолында қазіргі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде үлкен жұмыстар жүргізілуде. Елбасының елдік идеясын Қазақстан Халқы Ассамблеясы да мақұлдап, игі шараларын жасауды бастап кетті. Алматыда өткен журналистер мен сарапшылар клубының кеңейтілген отырысы барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко 1 шілдеде тұңғыш дүниеге келген сәбилерге домбыра сыйлауға уәде берді. Бұл жақсы үрдіс. Қазақтың ғасырлардан келе жатқан ұлттық құндылығын осылай қастерлесек, келешек ұрпақ үшін игі іс болады. Бұл орайда Ассамблеяның ұлттың құндылықты қадірлеу тұрғысындағы ісі құптарлық. Жақында ғана Сыр елінің аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы «Ана мен бала» орталығында жаңа туған 20 сәбиге есімдері жазылған домбыра сыйлады. Жалпы дүние есігін ашқан сәбиге домбыра сыйлау дәстүрін бұдан былай тұрақты үрдіске айналдыру керек. Мұның символикалық мәні бар. Осыдан біраз уақыт бұрын Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында «Мен сыйға тартқан домбыра» атты акция жүрді. Аталған шара аясында мектептерге домбыра сыйлау шарасы өтті. Бір апталық акцияның алғашқы үш күнінде 27 мектепке ата-аналар мен демеушілер 143 домбыраны сыйға тартқан көрінеді. Шыр етіп дүниеге келген сәби домбыраның қоңыр үніне елтіп, елеңдеп жатса, оған тек қуануымыз керек. Ұлттық код санада жаңғырып, келешегімізге рухани нәр берсе, бұл болашағамыздың сенімді кепілі болмақ. Расында да домбыра – қазақтың үні. Домбыраның шанағы мен екі пернесінде ұлттың тарихы, мол қазынасы, қасіреті мен қуанышы жатыр. Ал қазақтың жанын түсініп, ұлтының құндылығына мойын бұрған өзге диаспоралардың өкілдері Қазақстанда жетерлік. Солардың бірі – әлеуметтік желіде Акын деген атпен танымал болған орыс баласы Андрей Фендриков. Ол Президенттің «Ұлттық домбыра күнін бекіту туралы» Жарлығын ерекше қуанышпен қарсы алғандардың бірі екенін айта кеткен жөн. Оның ойынша «осы күні ғана емес, барлық уақытта да домбыраны насихаттаған дұрыс. Ол үшін арнайы шараларда домбырашылардың флеш-мобын жиі өткізіп тұру керек. Сонда ғана домбыра халыққа жақын бола түседі». Андрейдің домбыра үйренуге құштарлығы оны ақыры үлкен өнер саласына алып келді. Күйші Айгүл Үлкенбаеваның класынан дәріс алып, қазір өзі де қайырымдылық шараларына қатысып жүр. Жақында ол бір байқаудан миллион теңге ұтып алып, 5 домбыра жасатып, оны Островский атындағы зағип балаларға арналған интернаттың ансамбліне сыйға тартты. Андрейдің айтуынша, домбыра тартқан адамға қазақ халқы ерекше ықыласпен, мейіріммен қарайды. Сондықтан қазақ әндерін құйқылжыта шырқап, сахнада тебірене күй тартатын орыс жігіті Андрей Фендриков «Президенттің ұлттық домбыра күнін белгілеуі халықтың көкейінен шыққан қуанарлық іс болды», деп санайды. Орыс ұлтының өкілдері ғана емес, домбыраның құлағында ойнайтын шетелдіктер де бар. Құрманғазының «Алатау» күйін естіп, Нигерияның тумасы Даниэль Джеймс Данлади-Бвайдың күй өнеріне деген құштарлығы оянған. – Жүргенов атындағы өнер академиясында фортепиано класында 1 курста оқып жүргенмін. Сабақтан қайтып бара жатқанда ғажап бір әуенді естідім. Шынымды айтсам, «оркестр ойнап жатқан болар» деп ойладым. Әуен аятқалғанша тапжылмай тыңдадым. Барып көрсем, бір ғана домбыра аспабында ойнап отыр екен. Екі ішекпен-ақ, қандай ғажап дыбыс шығып жатқанына таң қалдым. Мен де оны үйренгім келді, – дейді Даниэль. Ақыры ол белгілі күйші Әнуар Бекжановтан тәлім алып, 15 күйді еркін меңгеріп алады. Қазір оның репертуарында Нұрғиса Тiлендиевтің «Әлқисса», «Жекпе- жек», «Ата толғауы», Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Алатау», «Сарыарқа», «Ерке сылқым», Асылбек Еңсеповтың «Балалық шақ», Дина Нұрпейісованың «Әсем қоңыр», Секен Тұрысбековтың «Көңiл толқыны» және тағы басқа танымал азаматтардың күйлері бар. Расында домбырасын сыйлаған ел бар мәдени мұрасын бір шанаққа жинаған ел. Сондықтан шанағынан күй төгілген ұлттық қазынамыздың Президент Жарлығымен арнайы бекітілуі рухани жаңғырудың бір парасы. – Біздің дәуірімізге дейінгі замандарда пайда болған домбыра – қазақтың жаны іспеттес. Әсілі, бұл аспап иісі түркі баласына ортақ: башқұрт домыра, тәжік домбурак десе, буряттар домбро, моңғолдар домбор деп атайды. Алтайдан Анадолыға дейінгі аралықта домбыра кең таралған. Хорезм маңынан табылған балбал тастағы суретте бір баланың қолына домбыра ұстап отырғаны бейнеленген. Балбал тастың тарихы б.з.д. 5 мыңыншы жылдың дерегін айғақтайды. Өлкетанушы Мұрат Ақмырзаевтың дерегі бойынша, Египет пирамидаларының жерасты бөлігіндегі мәтінде екі ішекті, тиекті қазақтың қара домбырасының суреті салынғандығы мәлім, – дейді «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп. Сондықтан ықылым заманнан қазаққа мұра болып келген, бар тарихты шанағына сыйдырған ұлттық аспабымызды ұлықтаудың реті келді... Батыр ЖАСҰЛАН ҚҰРМЕТТІ шЫғАРМАшЫЛ ҚАуЫМ ӨКІЛдЕРІ Баршаңызды 28 маусым – Бай- ланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл бұл күнді атап өту Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің бас қаласы – Астана қаласының 20 жылдығы, мемлекетіміздің алғашқы астаналарының бірі, Алаштың анасы – Сыр өңірінің бас шаһары - Қызылорда қаласының 200 жылдығымен тұспа тұс келіп тұр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген журналистердің кәсіби мерекесі де биыл 20-шы рет аталып өтуде. Сыр өңірінің баспасөз тарихы та- мырын тереңнен алады. 1925-1929 жылдары Қызылорда Қазақстанның астанасы болған кезде Сыр өңірінің мерзімді ұлттық басылымдарының қалыптасу және шыңдалу кезі бол- ды. Ұлттық журналистикамыздың дамуы мен қалыптасу жолына көз жүгіртсек, сөз өнерінің майталман- дары Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқановтар осы өңірде журналистік қызметтерін атқарғанына тарих куә. Олардың ісін жалғастырушы қазіргі ұрпақ та облыстың жаңалықтарын же- дел ақпараттандырса, Сыр өңірінің көптеген түлектері республикалық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында табысты еңбек етуде. Бұл мереке – халықтың көзі әрі тілі санала- тын бұқаралық ақпарат құралдарына, оның өкілдеріне замана сырын, уақыт шежіресін көркем сөзбен кестелеп, кәсіби шеберлікпен жеткізудегі ұшан- теңіз еңбекке берілген баға деп білеміз. Бүгінгі күн тек қаламгерлер қауымының еңбектеріне сый-құрмет көрсетілетін, ұшқыр қиялдарының жемісін ұлықтайтын күн. Сіздерге және отбасыларыңызға табыс, бақыт тілеймін. Әр бастамаларыңыз сәттілікке толы бол- сын! Қызылорда облысының әкімі Қырымбек КӨшЕРБАЕВ

ТІЛ МЕРЕЙІТіл мерейі - ел мерейі ТІЛ МЕРЕЙІtil-mereii.webpress.kz/storage/13/13ef19f3fe2058460450498380e1d… · іс-шара жоспары бекітілді

  • Upload
    others

  • View
    18

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ТІЛ МЕРЕЙІТіл мерейі - ел мерейі ТІЛ МЕРЕЙІtil-mereii.webpress.kz/storage/13/13ef19f3fe2058460450498380e1d… · іс-шара жоспары бекітілді

30 may’sym, 2018 jyl1ТІЛ МЕРЕЙІТІЛ МЕРЕЙІ

30 may’sym, 2018 jyl №12 (39)

Республикалық қоғамдық газет

Тіл мерейі - ел мерейі

ТІЛ МЕРЕЙІТІЛ МЕРЕЙІE-mail: [email protected] сайт: til-mereii.webpress.kz

Gazet 2016 jyldyn’qarashasynan bastap shyg’ady

Н.НАЗАРБАЕВ

Егемендікке қол жеткізген 27 жылдың ішінде Тәуелсіз Қазақстан нарықтық экономика қағидаларына негізделген іргелі мемлекет ретінде дамудың даңғыл жолына түсті. Міндетті жоспарлар артығымен орындалып, халықтың экономикалық әл-ауқаты жақсарды. Ірі кәсіпорындар бой көтеріп, шағын және орта кәсіпкерлік жандана түсті. Елбасының бастамасымен қолға алынған жасампаз жұмыстар Сыр өңірінде, оның ішінде Сырдария ауданында да жүйелі жүргізілуде. Осы орайда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде де көптеген жұмыстар атқарылды деп айтуға толық негіз бар.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына ел тұрғындарының ықылас-пейілі ерекше болды. Бұл бағдарламалық

мақала өркениетті елдер қатарына қосылуға ұмтылып отырған елімізді жаңа белеске көтерді. Рухани жаңғырудың жарқын жолына айналған маңызды мақала жан-жақты талданып, таяу жылдарға ауқымды міндеттер қойылды. Осы орайда ауданымызда бағдарламаның басым бағыттарын ілгерілету, насихаттау және түсіндіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімінің өкімімен ақпараттық-насихаттық топ құрылып, іс-шара жоспары бекітілді және желілік кесте арқылы тиісті жұмыстар жүргізілді.

«Ұлт тарихы өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтарды ұлттық құндылықтар құрайтын болса, өлке тарихы сол құндылықтардың бастау бұлағы», деген Елбасының ұлағатты сөзі бізге бағдаршам болуы тиіс. Сондықтан да «Туған жер» бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру Жобалық кеңсесі құрылып, арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сай түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.

Елбасы мақаласы жарияланғалы бері аудан тұрғындарының қатысуымен мекемелер мен кәсіпорындарда, шаруашылық және ұжымдық ұйымдарда талқылаулар өткізілді. Бұдан бөлек аға буын өкілдері және жастардың ұйымдастыруымен түрлі шаралар халықтық сипатқа ие болды. Кездесулерде мақаладан туындайтын міндеттер түсіндіріліп, бірлікті, тұрақтылықты сақтауға атсалысуға шақырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау насихатталды.

Ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының төрт кіші

бағдарламасын ілгерілету және үйлестіру бойынша аудандық жұмысшы және сарапшылар тобы құрылды. Сондай-ақ, «100 жаңа есім» жобасы аясында әр салада қызмет атқарып, ел Тәуелсіздігінің тұсында жетістікке жеткен тұлғаларды айқындау жөніндегі жұмысшы топ құрылып, жобаға нақты есімдер ұсынылды.

2017 жылдың 17 сәуір күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының бағдарламалық мақаласын түсіндіру, мақаладан туындаған міндеттердің орындалу барысын саралау мақсатында аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлердің, зиялы қауым өкілдерінің, қоғамдық кеңес мүшелерінің, бөлім, мекеме басшылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен идеологиялық актив жиыны өтті. Сонымен қатар, тамыз айында аудандық қоғамдық кеңесте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Мақаланы ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары бойынша арнайы спикерлер топтары жасақталып, аудандық «Тіршілік тынысы» газеті арқылы қолдау шаралары және әлеуметтік желілерде оң пікірлер жарияланды. Халықты бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақыратын және ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін түрлі мәдени шаралар, бағдарламалар әзірленіп, өткізілді.

ТІЛ МЕРЕЙІТІЛ МЕРЕЙІГАЗЕТІНЕ

жазылыңыз!2018 ЖЫЛДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫ ЖЫЛЫНА ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР!

Тел.: +7 701 351 93 29, +7 702 722 16 25

Жаз

ылу

ға қ

аты

сты

қан

дай

дабі

р сұ

рақ,

мәс

еле

болс

а, м

ына

теле

фонд

арға

хаб

арла

сыңы

з:

E-m

ail:

tilm

erei

-201

6@m

ail.r

u

Жекетұлғаларға

жазылу бағасы-1000 теңге, мекемелер

үшін-1800 теңге. Жазылуиндексі: 65017.

Аудандарға: 68017.

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ –ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА

СЫРДАРия АуДАНЫНА 90 ЖЫЛ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи еңбегі елімізде үлкен рухани серпіліс туғызды. Ұлт Көшбасшысының идея-сы ұлтымыздың тұтастығы мен мемлекетіміздің жарқын болашағына бағытталған құнды құжатқа айналып, барша қоғамға тың серпіліс әкеліп, үлкен деңгейде оң қоғамдық пікір қалыптастырды. Аталған мақалада тағылымы мол тарихымызды зерделеуге, төлтума мәдениетімізді қолдауға қатысты нақты міндеттер атап көрсетілді.

4 бет3 бет2 бет

Шын мәнінде қазіргі қоғамымызда орын алып отырған мәселеге көз жүгіртер болсақ, мемлекеттік тілге деген сұранысты ең алдымен өзіміз тудыруымыз қажет.

«Үкімет жиналыстары неге ресми тілде өтеді» деп жоғары билікті, Үкіметті, Мәжілісті кінәлаудың еш қажеті жоқ. Бірақ, өзіміз терең түсінетін бір нәрсе бар: мемлекеттік тілдің қоғамдағы қажеттілігін өзімізден бастауымыз керек. Өзгеріс пен талаптың жоғарыдан емес, көп жағдайда төменнен басталғаны санаға терең серпін беретінін ұмытпауымыз қажет. Бұл орайда, Ұлт көшбасшысы, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың былай деп, айтқаны бар: «Елімізде 100 ұлт пен ұлыс отыр, солардың барлығы президенттің сөзін түсінбесе қалай болады?!. Сондықтан мен екі есе көп жұмыс істейтін адаммын. Орысша да, қазақша да. Ресейдің президенті тек қана өз тілінде, Американікі де, Түркиянікі де өз тілінде сөйлейді, мен амалсыз екі тілде бірдей сөйлеймін. Бұл жағдай мәңгі солай бола бермейді, қазірдің өзінде қазақтың саны 70 пайызға жақындап келе жатыр. Мен айтқандай, 2025 жылға дейін дайындалып, біз қазақтың тілін барлық салада енгізуге жұмыс жасаймыз. Өз ішімізде, елімізде, мемлекеттік басқару органдары мен басқа

салаларда, барлығы да өз тілімізде жүретін болады, құдай бұйыртса...».

Президенттің көтеріп отырған мәселесі дұрыс, бірақ бар кілтипан – өзімізде. Мемлекет бізге мемлекеттік тілге қатысты барлық қажеттілікті заңнамалық тұрғыдан жасап берді. Ал оның тетігін жүзеге асыру – қазақтарда. Бірақ мемлекеттік тілдің мерейін қалай асырамыз, тіліміз қалай мемлекеттік қызметтің барлық саласында орыс тілімен тең дәрежеде қолданылады? Бұл үлкен мәселе. Рас, Президент болашақта латын ғарпіне көшудің қажеттілігін айтты. Бірақ ол кейінірек жүзеге асатын нәрсе. Мәселені бүгінгі күнгі тұрғыдан қарайтын болсақ, қазіргі кезде бізге мемлекеттік тілдің мәртебесінің өскені керек. Әрине, тіл мәселесі Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және тағы басқа қазақы облыстар үшін проблема емес. Бұл өңірлерде мемлекеттік тілдің мерейі үстем. Қалай айтқанда да, қай мәселеде болсын, халықтың талабы жоғары болуы керек.

Дегенмен, «мемлекеттік тілдің мәртебесін қайтсек, арттыруға болады?» деген сауалға бас қатырып, оны жүзеге асырудың тетігін көрсетіп жүрген қазақтың қайраткер азаматтары бар. Ол ұлтқа есімі белгілі қоғам қайраткері – Дос Көшім. Демек, оның озық ойларын оқып, ұсыныстарына бір сәт құлақ түргеннің артығы жоқ.

«Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, тілге қажеттілік екі жолмен ғана жасалады – дейді ол. «Біріншісі – құқықтық, заңдық жолмен тілге деген қажеттіліктің жасалуы. Мемлекет белгілі бір заңдар арқылы мемлекеттік тілге қажеттілікті тудырады. Ол заңдарда мемлекеттік тілді меңгермеген жандарды белгілі бір қызмет түріне қабылдамау сияқты талаптардан бастап, мемлекеттік тілді қате жазған жарнама берушіге қомақты айып салуға дейінгі баптар болады. Мемлекеттік тілді білмеген адамдардың тіршілік ауқымын тарылтады, оларды мемлекеттік тілді білуге мәжбүрлейді. Мұндай талаптар өркениетті елдердің «Мемлекеттік тіл туралы» заңдарының барлығында бар (заңның басты

міндеті де азаматтарды мәжбүрлеу болып табылады). 90-жылдардың басында Прибалтика елдері де осы бағыттағы баптарды өздерінің заңдарына енгізіп, мемлекеттің аумағында бір ғана мемлекеттік тілдің жұмыс істеуін жүзеге асырды. Ол заңдарда әрбір мамандық иелеріне мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі де көрсетілді. Мемлекеттік тілді білуді талап ететін мамандықтардың ішінде мемлекеттік қызметкерлерді былай қойғанда, сауыншылар мен сылақшылар, құрылысшылар мен жүргізушілер де бар... Ал басшы орындар (министрліктер) өздеріне бағынышты төмендегі құрылымдарға өзге тілде (мысалы, орыс тілінде) жазылған қағаз жіберсе, заңның аясында айыппұлдың астында қалады. Қазақ еліндегі тілдердің қолданылуын реттейтін «ҚР Тілдер туралы» заңының – қос тілділікті сақтау, дамыту заңының – бұл талапты жүзеге асыра алмайтыны бәрімізге белгілі, сондықтан ұлтшыл азаматтар бірнеше жыл бойы «ҚР Мемлекеттік тілі» туралы заңының қажеттілігін айтып келеді. Айтып қана қоймай, осындай заң жобасын дайындап, жұртшылыққа, Парламентке ұсынып та көрді. Алайда, орыстанған, орыс тілді билік, өздерінің орыс тілді балаларының болашағын ойлап, жұмған ауыздарын ашар емес. Демек, бұл жол – заң арқылы тілге қажеттілік жасау жолы – жақын арада жүзеге аспайтын мақсат.

Енді екінші жолға, екінші тәсілге келейік. Кейде мен бұл тәсілді – «Прибалтика тәсілі» деп те атаймын. «Прибалтика тәсілі» бойынша қазақ тіліне деген қажеттілікті қазақ тілді азаматтардың өздері жасайды. 90-жылдардың басында Латвия, Литва және Эстония мемлекеттеріндегі орыстілді тұрғындар жергілікті халықтың тілін – мемлекеттік статус алған тілді – мойындамай, Кеңес өкіметі кезіндегідей, басқалардың орыс тілінде сөйлеуін талап етуін тоқтатпады. Мемлекеттік тілді білуді, үйренуді керек етпеді. Бұл елдерде де біздердегі сияқты, алғашқы кезеңде «бұл – сенің мемлекетіңнің

МеМЛеКеттІК тІЛ МӘРтебеСІ – еЛ МӘРтебеСІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ

жалғасы 3 бетте

жалғасы 2 бетте

МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗЕГІ - ОНЫҢ БІРЕГЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ

ЖАҢА ӘЛІПбИ - ЛИНГВИСтИКАЛЫҚ

еГеМеНДІГІМІЗДІҢ беЛГІСІ

тІЛ –ӘРбІР ҰЛттЫҢ МАҚтАНЫШЫ

«ЯПУРАЙ» ЖҮЛДеМеН

ОРАЛДЫ

ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СеН, ДОМбЫРА

Айтулы шараға Алматыдан арнайы Ахмет Жұбанов және Күләш Бәйсейітова атындағы мамандандырылған мектептерден 500 дарынды оқушы домбырашылар келе жатыр. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің халықаралық, республикалық байқауларының лауреаттары 90 домбырашы және Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінен 70 адамы арнайы келіп концертке қатыспақ. Сонымен қатар домбырашылардың айтулы шарасына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 200 ұстазы мен студенттері және Қазақ ұлттық өнер университетінен 500 жас өнерпазы қатысады.

Сонымен 1 шілде күні «Қазақ елі» монументінің алаңында мерекелік концерт және «Домбыра – асыл мұра» көпшілік серуені өтпек.

Расында да домбыра – қазақтың жаны. Президенттің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалынып отырған бұл шараның шындығында да маңызы үлкен. Өйткені Елбасының қол қойып бекіткен мұндай Жарлығы қазақ халқы үшін өте қуанарлық жаңалық болды. Президенттің ең басты алға қойған мақсаттарының бірі – ұлттық кодты сақтап қалу. Сондықтан домбыра күнін белгілеу де рухани жаңғыруға қосылған үлкен үлестің бірі. Қазақтың домбыра-күй өнерін шыңырау шегіне жеткізген Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Абыл, Есір, Дина, Сүгір сынды тағы да басқа күйшілердің салып кеткен сара жолын жас ұрпақ қаймағын бұлжытпай сақтап, келер ұрпаққа жеткізу жолында қазіргі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде үлкен жұмыстар жүргізілуде.

Елбасының елдік идеясын Қазақстан Халқы Ассамблеясы да мақұлдап, игі шараларын жасауды бастап кетті. Алматыда өткен журналистер мен сарапшылар клубының кеңейтілген отырысы барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко 1 шілдеде тұңғыш дүниеге келген сәбилерге домбыра сыйлауға уәде берді.

Бұл жақсы үрдіс. Қазақтың ғасырлардан келе жатқан ұлттық құндылығын осылай қастерлесек, келешек ұрпақ үшін игі іс болады. Бұл орайда Ассамблеяның ұлттың құндылықты қадірлеу тұрғысындағы ісі құптарлық. Жақында ғана Сыр елінің аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы «Ана мен бала» орталығында жаңа туған 20 сәбиге есімдері жазылған домбыра сыйлады. Жалпы дүние есігін ашқан сәбиге домбыра сыйлау дәстүрін бұдан былай тұрақты үрдіске айналдыру керек. Мұның символикалық мәні бар. Осыдан біраз уақыт бұрын Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында «Мен сыйға тартқан домбыра» атты акция жүрді. Аталған шара аясында мектептерге домбыра сыйлау шарасы өтті. Бір апталық акцияның алғашқы үш күнінде 27 мектепке ата-аналар мен демеушілер 143 домбыраны сыйға тартқан көрінеді. Шыр етіп дүниеге келген сәби домбыраның қоңыр үніне елтіп, елеңдеп жатса, оған тек қуануымыз керек. Ұлттық код санада жаңғырып, келешегімізге рухани нәр берсе, бұл болашағамыздың сенімді кепілі болмақ.

Расында да домбыра – қазақтың үні. Домбыраның шанағы мен екі пернесінде ұлттың тарихы, мол қазынасы, қасіреті мен қуанышы жатыр. Ал қазақтың жанын түсініп, ұлтының құндылығына мойын бұрған өзге диаспоралардың өкілдері Қазақстанда жетерлік.

Солардың бірі – әлеуметтік желіде Акын деген атпен танымал болған орыс баласы Андрей Фендриков. Ол Президенттің «Ұлттық домбыра күнін бекіту туралы» Жарлығын ерекше қуанышпен қарсы алғандардың бірі екенін айта кеткен жөн.

Оның ойынша «осы күні ғана емес, барлық уақытта да домбыраны насихаттаған дұрыс. Ол үшін арнайы шараларда домбырашылардың флеш-мобын жиі өткізіп тұру керек. Сонда ғана домбыра халыққа жақын бола түседі». Андрейдің домбыра үйренуге құштарлығы оны ақыры үлкен өнер саласына алып келді. Күйші Айгүл Үлкенбаеваның класынан дәріс алып, қазір өзі де қайырымдылық шараларына қатысып жүр. Жақында ол бір байқаудан миллион теңге ұтып алып, 5 домбыра жасатып, оны Островский атындағы зағип балаларға арналған интернаттың ансамбліне сыйға тартты.Андрейдің айтуынша, домбыра тартқан адамға қазақ халқы ерекше ықыласпен, мейіріммен қарайды. Сондықтан қазақ әндерін құйқылжыта шырқап, сахнада тебірене күй тартатын орыс жігіті Андрей Фендриков «Президенттің ұлттық домбыра күнін белгілеуі халықтың көкейінен шыққан қуанарлық іс болды», деп санайды.

Орыс ұлтының өкілдері ғана емес, домбыраның құлағында ойнайтын шетелдіктер де бар. Құрманғазының «Алатау» күйін естіп, Нигерияның тумасы Даниэль Джеймс Данлади-Бвайдың күй өнеріне деген құштарлығы оянған.

– Жүргенов атындағы өнер академиясында фортепиано класында 1 курста оқып жүргенмін. Сабақтан қайтып бара жатқанда ғажап бір әуенді естідім. Шынымды айтсам, «оркестр ойнап жатқан болар» деп ойладым. Әуен аятқалғанша тапжылмай тыңдадым. Барып көрсем, бір ғана домбыра аспабында ойнап отыр екен. Екі ішекпен-ақ, қандай ғажап дыбыс шығып жатқанына таң қалдым. Мен де оны үйренгім келді, – дейді Даниэль.

Ақыры ол белгілі күйші Әнуар Бекжановтан тәлім алып, 15 күйді еркін меңгеріп алады. Қазір оның репертуарында Нұрғиса Тiлендиевтің «Әлқисса», «Жекпе-жек», «Ата толғауы», Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Алатау», «Сарыарқа», «Ерке сылқым», Асылбек Еңсеповтың «Балалық шақ», Дина Нұрпейісованың «Әсем қоңыр», Секен Тұрысбековтың «Көңiл толқыны» және тағы басқа танымал азаматтардың күйлері бар.

Расында домбырасын сыйлаған ел бар мәдени мұрасын бір шанаққа жинаған ел. Сондықтан шанағынан күй төгілген ұлттық қазынамыздың Президент Жарлығымен арнайы бекітілуі рухани жаңғырудың бір парасы.

– Біздің дәуірімізге дейінгі замандарда пайда болған домбыра – қазақтың жаны іспеттес. Әсілі, бұл аспап иісі түркі баласына ортақ: башқұрт домыра, тәжік домбурак десе, буряттар домбро, моңғолдар домбор деп атайды. Алтайдан Анадолыға дейінгі аралықта домбыра кең таралған. Хорезм маңынан табылған балбал тастағы суретте бір баланың қолына домбыра ұстап отырғаны бейнеленген. Балбал тастың тарихы б.з.д. 5 мыңыншы жылдың дерегін айғақтайды. Өлкетанушы Мұрат Ақмырзаевтың дерегі бойынша, Египет пирамидаларының жерасты бөлігіндегі мәтінде екі ішекті, тиекті қазақтың қара домбырасының суреті салынғандығы мәлім, – дейді «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп. Сондықтан ықылым заманнан қазаққа мұра болып келген, бар тарихты шанағына сыйдырған ұлттық аспабымызды ұлықтаудың реті келді...

Батыр ЖАСҰЛАН

ҚҰРМЕТТІ шЫғАРМАшЫЛ ҚАуЫМ ӨКІЛдЕРІ

Баршаңызды 28 маусым – Бай-ланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл бұл күнді атап өту – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің бас қаласы – Астана қаласының 20 жылдығы, мемлекетіміздің алғашқы астаналарының бірі, Алаштың анасы – Сыр өңірінің бас шаһары - Қызылорда қаласының 200 жылдығымен тұспа тұс келіп тұр.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген журналистердің кәсіби мерекесі де биыл 20-шы рет аталып өтуде.

Сыр өңірінің баспасөз тарихы та-мырын тереңнен алады. 1925-1929 жылдары Қызылорда Қазақстанның астанасы болған кезде Сыр өңірінің мерзімді ұлттық басылымдарының қалыптасу және шыңдалу кезі бол-ды. Ұлттық журналистикамыздың дамуы мен қалыптасу жолына көз жүгіртсек, сөз өнерінің майталман-дары Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқановтар осы өңірде журналистік қызметтерін атқарғанына тарих куә. Олардың ісін жалғастырушы қазіргі ұрпақ та облыстың жаңалықтарын же-дел ақпараттандырса, Сыр өңірінің көптеген түлектері республикалық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында табысты еңбек етуде. Бұл мереке – халықтың көзі әрі тілі санала-тын бұқаралық ақпарат құралдарына, оның өкілдеріне замана сырын, уақыт шежіресін көркем сөзбен кестелеп, кәсіби шеберлікпен жеткізудегі ұшан-теңіз еңбекке берілген баға деп білеміз.

Бүгінгі күн – тек қаламгерлер қауымының еңбектеріне сый-құрмет көрсетілетін, ұшқыр қиялдарының жемісін ұлықтайтын күн.

Сіздерге және отбасыларыңызға табыс, бақыт тілеймін. Әр бастамаларыңыз сәттілікке толы бол-сын!

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек КӨшЕРБАЕВ

Page 2: ТІЛ МЕРЕЙІТіл мерейі - ел мерейі ТІЛ МЕРЕЙІtil-mereii.webpress.kz/storage/13/13ef19f3fe2058460450498380e1d… · іс-шара жоспары бекітілді

30 may’sym, 2018 jyl2ТІЛ МЕРЕЙІТІЛ МЕРЕЙІ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек! Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деген болатын. Осынау саяси-әлеуметтік мәні бар Жолдау мазмұны бұқаралық ақпарат құралдарында, түрлі салалық құрылымдарда, қалың бұқара арасында кеңінен талқыланды. Жолдаудың тақырыбы айтып тұрғандай, оның мазмұнында бүкіл әлемнің төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқан кезеңіндегі біздің еліміздің әлеуетін, мүмкіндіктерімізді қалай пайдалана алатынымызды сөз ете отырып, жаңа кезеңге бейімделу үшін қандай қарекет жасайтынымызды да нақтылайды. Себебі, жаһандағы технологиялық қарқынды өзгерістер баршамыздың өмір салтымызды, ұрпақтарымыздың болашағын жылдам өзгертеді. Сол өзгерістерге қарай бейімделуімізді талап етеді.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес», – деген болатын.

Жаңа Жолдауында Елбасы осы ойын нақты пысықтап, өркениеттен қалмай, көшбасшы елдер қатарынан көріну үшін алда орындалатын негізгі он міндетті және оны шешу жолдарын ұсынады. Осы тұста бір айта кететін мәселе – соңғы кезде маңыздылығы басым Елбасының төл туындылары – «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бір-бірімен етене байланысты және бірін-бірі толықтырып тұрғандығы. Жолдау мәтінін түгел оқып шыққан адам мұны жақсы түсінеді және бүгінгі күн тұрғысынан өзектілігін байқайды.

Президент саясатын басты бағдар етіп алған Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі – жаһандану ғасырындағы қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге сай бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті маман даярлауды басты межесіне айналдырған, республикадағы көш басында тұрған іргелі оқу орындарының бірі. Осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстардың бірсыпырасына тоқталып кететін болсақ, білім ордасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелері қарсаңында колледж ұжымының бастамасымен, облыстық білім басқармасы, ішкі саясат және жастар мәселелері басқармасы, қалалық әкімшіліктің қолдауымен «Жастық жалыным – Мәңгілік Еліме!» тақырыбында студент қыздардың дәстүрлі «Мәншүк маршы» патриоттық шеруі ұйымдастырылды. Аталған шараның Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ерен ерлігін, Отан үшін от кешкен ержүрек жауынгерлеріміздің батырлығын дәріптеу арқылы жастарды патриотизмге, елжандылыққа, Мәншүк ізбасарлары ретінде «Мәңгілік Елдің» айбынды азаматы болуға тәрбиелеудегі маңызы зор.

Мәншүктің ерлігін елге ұран етіп, есімін ардақтап жүрген ұрпақтарының атынан батырдың айбынды ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым жасауды оқу

орнының әрбір мүшесі өзінің азаматтық парызы деп санайды.

Дәстүрлі «Мәншүк маршы» патриоттық шеруі Қызылорда педагогикалық жоғары колледжіндегі Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішінен бастау алып, қасиетті орын – Тағзым алаңы аралығында жалғасты. Ерлік пен елдікті насихаттап, аға ұрпақтың жеңісті жолы мен жасампаз дәстүрін жалғастырып келе жатқан жалынды жастарымызға үлкен ризашылығымды білдіремін. Олардың патриоттық шарадағы белсенділіктері – өзге де мыңдаған жастарға өшпес өнеге, рухани сабақ болары анық.

Біз Елбасымыздың көреген саясатының арқасында ұлттық рухы берік, саяси жүйесі тұрақты, экономикалық әлеуеті мықты, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор қуатты мемлекетке айналдық. Біз тәуелсіздікпен бірге тілімізді түлетіп, дінімізді өркендеттік, тамырымызды жалғап, салт-дәстүрімізді жаңғырттық. Бүгінгі ұрпақ аға буынның салып берген сара жолымен еңселі егемендігімізді көзінің қарашығындай сақтап, қадірлеуі тиіс!

Колледж саясатының басым бағыттарының бірі – ағылшын тілін меңгерген жаңа формация мұғалімдерін даярлау. Осы мақсатта 2015 жылдан бастап оқу орны өркениет көшінен қалмай, заманауи сұранысқа ие сапалы маман даярлау мақсатында ағылшын тілін меңгерген математика, физика, бастауыш білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мамандықтары бойынша мамандар даярлауда.

Биылғы оқу жылында алғаш рет «Негізгі орта білім беру» мамандығының «Ағылшынша білімі бар математика пәні мұғалімі» және «Ағылшынша білімі бар физика пәні мұғалімі» біліктілігі бойынша түлектер бітіруде. Олар облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейлерінде тәжірибеден өтіп, ағылшын тілінде сабақтар мен тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралар бойынша түсірілген бейне материалдар облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында көрсетілді.

Қазіргі балалар мектепте ағылшын тілін біршама меңгерген, сондықтан бұл жаңалық оларға тосын болмасы анық. Олар интернет тілін еркін игеріп, ақпараттарды түпнұсқада алып, ағылшын тілін қазіргіден де терең білетін болады. Елбасы Жолдауында «Біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады. Сонда ғана азаматтық қоғам құрылады», деген ойлары осыны меңзейді.

Аймақтың индустриялық-экономикалық стратегиясына сәйкес, жаңа 2018-2019 оқу жылынан бастап колледжде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша» мамандығының «Есептеу техникасы бойынша бағдарламашы қолданбалы бакалавр» біліктілігі және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша мамандар даярлау жоспарлануда. Сол сияқты, жаңадан «Кескіндеу, мүсіндеу және графика» мамандығының «Суретші-безендіруші» біліктілігі бойынша талапкерлерді қабылдау жүргізіледі.

Сайып келгенде, бәрі де болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан дүние, әрі еліміздің рухани жаңғыруы жолындағы бастамалар аясында атқарылған істер лайықты жалғасы іспеттес. Елбасының жаңа Жолдауында 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау тапсырылды. Енді аз уақыттан кейін мектептегі алғаш латын графикасымен оқыту алдымен мектепалды даярлық

тобында 2019 жылы пилоттық жоба ретінде басталады. Сондықтан, мектепке мұғалімдер дайындайтын оқу орны болған соң бізге артылар жауапкершілік жүгі екі есе ауыр, демек, бар мүмкіндіктерді оңтайлы пайдалануымыз керек.

Осыған орай үстіміздегі жылдың 22 мамыр күні оқу орнында Қызылорда облысы әкімдігінің Қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстырудың негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылатын жоспарына сәйкес облыстық «Латын графикасы: маңыздылығы, үйренудің тиімді жолдары мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараның мақсаты – латын графикасының маңыздылығын, тиімділігін жастарға түсіндіре отырып, жаңа әліпбиге көшу кезеңдері мен халықтың меңгеруде туындайтын мәселелер, кирилл әліпбиімен жарық көрген әдеби мұраларымыздың жай-күйі туралы пайымды пікірлерді ортаға салу, ой тоғыстыру, жан-жақты зерделеу.

Дөңгелек үстелге университет ғалымдары Жеңіс Сәдуақасұлы, Шанжархан Бекмағанбетов және тіл саласының ардагер-ұстаздары Сәнімкүл Желдербаева, Ділдахан Торғаева, мектеп және колледждердің латын графикасына қызығушылық танытып жүрген беделді оқытушылары, қоғамдық ұйым өкілдері, облыстық ішкі саясат басқармасының мамандары мен студент жастар қатысып, латын әліпбиіне қатысты тың пікірлерін ортаға салды, ақпарат алмасып, ой бөлісті.

Бұл тарихи сәт – елдігіміз бен бірлігіміз, жарқын болашаққа бағдарланған рухани жаңғырған санамыз сыналатын кезең, ұлт болып, ұйыса шешетін дүние. Ел мүддесі жолындағы осы сәтте Елбасы ұйғарымы жолында берік топтаса біліп, сындарлы шешімді қолдап, дәуір сынағынан мүдірмей өту – баршамызға ортақ парыз, абыройлы міндет.

Қазіргі уақытта еліміз Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне аяқ басты. Дәл осы уақытта жарияланған әлеуметтік бастамалар Елбасы айтқандай, есеп-қисабы мұқият жасалған, «әлеуметтік мемлекет» жолында жігерімізді жанып, нақты іске жұмылдыратын елдің игілігіне арналған ұтымды әрі оптимистік жоба. Бес әлеуметтік бастаманың әрқайсысы халқымыз үшін үлкен берекенің бастауы.

Бұдан шығатын қорытынды, ең аз қамтылған әлеуметтік топтың әлеуетінің тұрақталуы үшін Елбасы жастардың келешегіне алаңдайтындығын жеткізді. Олардың дұрыс, қалыпты әлеуметтік дамуына, баспанамен, жатақханамен, лайықты еңбекақымен, қолжетімді кәсіпкерлікпен, инфрақұрылымдық газбен қамтылуына ерекше көңіл аударып отырғаны жас жүректерге үміт отын лаулатады. Жас мемлекеттің болашағы бәрібір жастардың қолында екенін және бүгінгі биліктің әрекеті мен бүйрегі жастарға бұрылып тұрғанын көрсетіп тұрғандай әсер қалдырады.

Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдаулары, биылғы үндеуі – бүкіл халықтың көңілінен шығатын, өмір-салтымызды жақсы жағына қарай өзгертетін, қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне қуатты серпін беретін тың бастамалар. Сондықтан да баршамыз қолдап, игі бастамалардың жүзеге асатынына сеніммен қараймыз.

Бақытжан САЙЛЫБАЕВ, М.Мәметова атындағы

Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры, педагогика

ғылымдарының докторы,профессор

Елбасы мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігінің қолдауымен аудан орталығында «Рухани жаңғыру және діни сана» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері», филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығының» директоры Айнұр Әбдірәсілқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, абайтанушы-ғалым Омар Жәлелұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Қазбай Құдайбергенов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» директорының ғылыми іс жөніндегі орынбасары Тұрар Әбуов, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, аудан ардагерлері, бөлім басшылары, ауыл әкімдері, ауылдық қоғамдық кеңес төрағалары, мектеп директорлары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Алқалы басқосуда аудан басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде кең көлемді баяндама жасады.

«Туған жер» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» акциясы аясында сырдариялық кәсіпкерлердің қолдауымен бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Атап айтсақ, Тереңөзек кенті орталығындағы саябақта орналасқан ескі мешіт ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аудандық тарихи-өлкетану музейінің қосымша ғимараты ретінде берілді. «Құрметті азаматтар» аллеясы мен «Еңбек даңқы» музейіне аудандық бюджеттен 24 млн теңге демеушілерден 8,5 млн теңге жұмсалды.

«Еңбек даңқы» мұражайында Сырдария ауданының Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері, ауданнан шыққан қоғам қайраткерлері мен ардагерлердің, түрлі салада жетістікке жеткен үздік қызметкерлердің өмірбаяндары бейнеленген. Ал, ауданның «Құрметті азаматтарының» аллея тақтасына, саналы ғұмырын ауданның дамуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, Кеңес Одағының Батырлары, Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының, Тыл және еңбек ардагерлерінің, Еңбек ерлерінің, Батыр аналарымыздың, өнер қайраткерлері мен сұлу сөзден күмбез қалаған ақын-жазушыларымыздың есімдері жазылды. Аудан бойынша тақтаға 99 «Құрметті азаматтың» тізімі жазылып, «Сырдария ауданының құрметті азаматы төсбелгісінің» белгісі қойылды.

Жергілікті кәсіпкер, «Ақжарма және К» шаруа қожалығының төрағасы Қайрат Нұрсейітов «Туған жерге тағзым» жобасы аясында Ақжарма ауылдық округіндегі ауылдық пошта бөлімшесінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 13 млн теңге қаржы бөлді. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Елбасы мақаласынан туындаған міндеттер аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағытында үнемі қаржылай қолдау білдіріп, меценаттықпен тұрақты түрде айналысып жүрген сырдариялық азаматтар «Қызылдихан» шаруа қожалығының төрағасы Алдаберген Құлбаев «Жомарт жүрек» номинациясымен және «Ақжарма-2» шаруа қожалығының төрағасы Марат Бисенов «Сыр жанашыры» номинациясымен марапатталды. Жалпы, Елбасы мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру бойынша аталған жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – табысты ел болуымыздың кепілі. Мемлекет басшысы бағдарламалық мақаласында Туған жердің қадірін біліп, ондағы алып та заңғар тұлғаларды жастарға үлгі етуді, олардың ерен еңбектерін насихаттауды жүктеді. Сондықтан да ұлттық рухымызды жаңғырту мақсатында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында ауданда ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру бағытында аудан мектептерінің барлығында тиісті жұмыстар атқарылды. Оқушылар арасында шығармалар байқауы, мүшәйралар және білім бәсекелері өтті. Мектеп оқушыларының қатысуымен «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы», «Рухани жаңғыру – Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізі», «Рухани жаңғыру – біздің дамуымыздың басты қағидасы», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жүз есім – жүз жарқын ғұмырнама», «Сырға жаңа серпін берген жобалар», «Туған жерім – құт мекенім», «Сыр елі – рухани жаңғыру бастауы», «Тарихы терең Сыр елі», «Тарихымен түлеген өңір», «Өлке тарихы – ұрпақ мұрасы», «Мен өскен өлке тарихы», «Жастар оқитын 100 кітап» тақырыптарында кеңкөлемді кітап көрмелері жасалып, кездесулер өткізіліп, жастар арасында ұлттық құндылықтар насихатталды. Аудан орталығындағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде ардақты ақын, Сыр елінің мақтанышы Әбділдә Тәжібаевтың шығармашылығына арналған оқушылар арасында аудандық байқау өтті. «Сыр мақтанышы – Әбділдә Тәжібаев» тақырыбында өрбіген байқауға мектеп оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша сынға түсті. Байқау барысында мектеп-лицей ұстаздары Елбасы мақаласының маңыздылығын айтып, ақынның Туған жер, Отан және Сыр өңірі туралы жазған шығармаларына талдау жасады. Өскелең ұрпақты елжандылыққа баулитын өлеңдерін мысалға келтірді. Тағылымы мол шара соңында ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыған оқушыларға Алғыс хаттар берілді.

Сонымен бірге, «Жаңа музейге – жаңа жәдігер!» атты жоба ұйымдастырылды. Жобаны жүзеге асыру барысында аудан

мамандары облыстық және қалалық мұрағатқа, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және ауылдық округтерге іс-сапарға шығып, аудан тарихы мен оның құрылған уақытынан бастап елге қызмет еткен еңбеккерлердің, өңір тарихында аты қалған тұлғалардың фотосуреттері, тарихи құнды құжаттары мен жеке қолданыстағы тұтынған заттары және Тәуелсіздік жылдары түрлі сала бойынша атқарылған игі істер жайлы ақпараттар жинақталды. Аудандық тарихи-өлкетану мұражайының қорында қазіргі күні 9305 жәдігер бар. Оның 5647-і негізгі қорға (құнды), 3658-і көмекші қорға тіркелді. Алдағы уақытта осы жоба арқылы жинақталған материалдар негізінде аудандық музей жанынан «Еңбек даңқы» залы ашылып, аудан тұрғындарына мен қонақтарына ел игілігі үшін қызмет жасаған еңбек адамдарын танытатын болады.

Аудан кітапханалары бойынша «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы», «Рухани жаңғыру – Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізі», «Рухани жаңғыру – біздің дамуымыздың басты қағидасы», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жүз есім – жүз жарқын ғұмырнамасы», «Сырға жаңа серпін берген – жобалар», «Туған жерім – құт мекенім», «Сыр елі – рухани жаңғыру бастауы», «Тарихы терең Сыр елі», «Тарихымен түлеген өңір», «Өлке тарихы – ұрпақ мұрасы», «Мен өскен өлке тарихы», «Жастар оқитын – 100 кітап» тақырыбында кең көлемді кітап көрмелері жасалып, насихатталуда. Қазіргі таңда Сырдария ауданы кітапханалары бойынша «Цифрлы Қазақстан», «Электронды кітапхана» бағдарламасы аясында РАБиС бағдарламасының 5 модулі бойынша аудандық кітапхана, ал филиал кітапханалары 3 модулімен жұмыс жасап келеді. Бағдарламаның «Каталогизатор» модуліне 298 487 мың дана кітап электронды каталогке енгізіліп отыр. Кітап қорындағы құнды, мәнді-мағыналы 758 кітап сандық форматқа енгізілді.

2017 жылдың жылдың шілде айында ұлттық құндылықтарды сақтау, дәріптеу, өскелең ұрпаққа насихаттау бағыты бойынша және аудандық ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай 80 жастағы 13 ардагерге Ақжарма ауылдық клубында «Еңбектері ерен, өмірлері өнеге» атты кеш өткізілді. Шара барысында сый-құрмет көрсетіліп, жиналған көпшілік спорттық сайыстар, мерекелік концерттік бағдарлама мен аудандық музей қорындағы құнды экспонаттар және этноауыл көрмесін тамашалады.

Елбасы мақаласы аясында Жетікөл ауылдық клубында облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы мамандарының қатысуымен дәстүрлі халық әндерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Жырдан шашу шашайын» атты аудандық дәстүрлі әнші-термешілер байқауында ұмыт бола бастаған халық әндері орындалып, көпшілік көңілінен шықты. Сонымен қатар, Қалжан ахун ауылдық клубында Қалжан ахун Бөлекбайұлының 155 жылдығы аясында «Ізгіліктің нұрын сепкен – Ахун баба» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды.

Елбасы: «Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен анықталады», – деген болатын. Ғасырлар бойы жиналған құнды қазынамыз бен ұлттық мұрамызды зерттеп, бағыт-бағдарларын саралап, оны еліміз бен халықаралық деңгейде насихаттап, таныту бағытында мақаланың «тарихи мәдени мұра» кіші бағдарламасы біршама жұмыстар атқарылды.

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңын және одан туындайтын Ережелерді басшылыққа ала отырып, тарихи-мәдени мұра нысандарының зерттелу, анықтал, оларды есепке алу, сақтау, насихаттау және қалпына келтіру шаралары жүзеге асырылды. Сырдария ауданы бойынша 48 ескерткіштің 4-і республикалық маңызы бар. Олар Мүлкалан мазары (ХҮІ ғ.), Сырлытам кесенесі (ХІІІ ғ.), Асанас қалашығы (ҮІІІ–ХІХ ғ.ғ.), Қожан қожа мазары (ХҮІІІ ғ.), жергілікті маңызы бар 15 және 29 алдын-ала тізімге алынған тарихи – мәдени мұралар. 48 ескерткіштің 15-і археологиялық ескерткіш, 33-і қала құрылысы және сәулет болып бөлінеді.

Былтырғы жылы Сырдария ауданынан Қалжан ахун мешіт медресесі, Іңкәрдария ауылында орналасқан Мүлкәлан мазарын «ҚР Президентінің телерадиокешені» КЕАҚ «Туған жер» ғылыми – көпшілік деректі фильмдер топтамасы бойынша түсірілім жұмыстарын жүргізді. «Киелі жерлердің географиясы» жобасына Айдарлы ауылында орналасқан Асанас қалашығы, Қожан қожа мазары, Асанас мазары, Сүнбейбі кесенесі, Іңкәрдария ауылындағы Мүлкәлан кесенесі, Қалжан ахун ауылындағы Қалжан ахун мешіт-медресесі, Қоғалыкөл ауылында орналасқан Құлболды ишан кесенесі ұсынылды.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгілікке қалуға тиіс. Осы орайда кейінгі ұрпақ бабалар тарихын жадына тоқып өссе, біз ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпаймыз. Рухани жаңғырудың басты мақсаты да осы. Жаңа жағдайға қарай бейімделу, жаңғыру – уақыт талабы. Бастысы, табиғи болмысымыз бен ұлттық кодымызды сақтай білсек, болғаны. Ұлт Көшбасшысының бұл игі бастамасын қолдап-қорғау барша азаматтардың басты борышы деп білеміз. Жалпы, серпілістерге толы Сырдария ауданында халықты бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақыратын және ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрді дәріптейтін түрлі мәдени шаралар кезең-кезеңімен ұйымдастырыла береді. Басты мақсат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуына лайықты үлес қосу.

ғанибек ҚАЗАНТАЕВ.Сырдария ауданының әкімі

ЖАРҚЫН ІСтеРбАСтАУЫ

ЖОЛДАу ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ –ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА

СЫРДАРия АуДАНЫНА 90 ЖЫЛ

басы 1 бетте

Негізі үндестік заңынан тұратын тіліміздің жағдайын қалпына келтіру ісі алдымен оның дыбыстық жүйесінен, оны белгілеп таңбалайтын әліпбиді таңдаудан басталғаны дұрыс болды. Өйткені қазіргі кирилл жазуындағы әліпбиіміздегі басы артық жат дыбыстар тіліміздің үндестік заңын бұзғаны былай тұрсын, лексикалық қоры мен грамматикасына да нұқсан келтіре бастады. Айтқанымыз жазғанымызға сәйкес келмей, қателіктерге бой алдыру әдетке айналды, өзге тілден сөз ауысу тоқтады, аудармамен күн көруге тура келді, оның өзі орыс тіліндегі түпнұсқасы болмаса ұғына алмайтын мәтіндерге тап болдық. Осыдан қазақ тілі даму мүмкіндігі бар жалғыз отанынында екінші сортты тілдің күйін кешіп келеді. Бұған одан әрі жол беруге болмайды. Қазіргі қазақ тілін дамытудың бір жолы - оның төл табиғатына сай келетін әліпби таңдау.Тіліміздің заңдылықтарына сай әліпби таңдауымыз өзге елдің құқығына қол сұғу емес, бұл қазақ тілінің өзінің ішкі мәселесі, еліміздің өзіндік тіл саясатының бағыты болып табылады. Осы орайда ана тіліміздің дамуы мен өркендеуіне, өзге әлем тілдерімен терезесінің тең болуына байланысты

Елбасының көрегендігі мен ұстанымының мықтылығына өз ризалығымды білдіремін.

Әліпби ауыстыру - өз тілімізді ұмытып басқа тілге (латын тіліне) көшу емес, ана тілімізді түлетіп, қоғам сұранысы сай ету, қолданыс аясын арттырып, осы заманғы ғылыми-техникалық прогреске икемді тіл ету. Жаңа әліпбиді игеру бүгін басталып, ертең аяқталатын мәселе емес. Ол арнайы бекітілгеннен кейін өзіндік емле ережелері жасалып, кезең-кезеңмен жүзеге асатын кешенді үдеріс. Жаңа әліпбиді игере алмаймыз деп қорқудың, дабыра қылудың еш қисыны жоқ. Қайта ана тілімізді әлемнің дамыған тілдерінің қатарына қосатын жақсы жаңалыққа үн қосып, қолдау білдірейік.

Енді латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жобасына байланысты өз ойымды ортаға салайын. Елбасы назарына ұсынылған, «Ақорда кз» сайтында жарияланған жаңа әліпби біздің графикалық санамызға сай «бір әріп – бір дыбыс» ыңғайында жасалған. Бұл үйренуге де үйретуге де ыңғайлы. Тілдің заңдылығына да сай келіп тұр. Латын графикасындағы 26 таңба толық игерілген. Қазақ тілінің өзіне ғана тән «Ә», «Ө», «Ү», «Ғ», «Ң» дыбыстары апострофтармен берілген. Бұл бірнеше тілдерде (неміс, түрік, әзербейжан, өзбек т.б.) бар үлгі. Одан қорқудың қажеті жоқ. Жаңа әліпбиде кірме дыбыстар ретінде 4 дыбыстың таңбасы (Х, Х. В, Ч) алынған. Бұл да қажет. Өйткені бұл дыбыстармен көптеген сөздер (мыңнан аса) енген, оларды қайта таңбалап шатасушылық тудырудың қажеті жоқ. Тек «Ч» дыбысын түркі халықтарында және өзіміздің оңтүстік говорларда бар деп

алудың қисыны жоқ сияқты. Бұл дыбысты «Ш» дыбысымен айтуға әбден болады.

Тілімізде «Ы» және «І» дыбыстары жуан және жіңішке пар дыбыстар ретінде қатар жүреді. Сондықтан осы дыбыстарды «А» және «Ә», «О» және «Ө» дыбыстары сияқты бір таңбамен «І» -ы, «І’»-і деп берілсе дұрыс болар еді. Ал «Й» дыбысын «Ү’» таңбасымен, апострофсыз «Ү» таңбасымен у дыбысын берілгені жөн.

Жазу – аса жауапты іс, өйткені жазу дұрыс қабылданбаса, ол тұтастай тілді өзгертіп жібереді Бізде әуелі тілдік заңдылықты қолдан жасап алып, сонан соң тілді сол заңдылыққа бейімдеуге тырысушылық кездеседі. Мұндайға жол беруге болмайды. Тіл мамандары бас қосып бір шешімге келгені жөн. Нақты байлам жасалған соң қазақ жазуын латын әліпбиіне ауыстыру бойынша құрылған ұлттық комиссия «Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиіне өтудің Тұжырымдамасын» жасап, халыққа ұсыну қажет. Ол одан әрі талқылауға жатпайтын, халықты осы іске барынша сендіре алатын, орындауға жұмылдыра алатын құжат болуға тиіс.

Жалпы жаңа әліпби ешқандай дау туғызбауы керек. Абайша айтсақ, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін, Һам айналасы теп-тегіс жұмыр болғаны дұрыс. Жан-жақты ойланып жасалған осындай мүлтіксіз әліпби ғана қазақ тілін дамытып, қолданыс аясын кеңейтіп, әлем тілдерінің қатарына қосады.

Аман МӘдЕЛХАНҰЛЫ,Қорқыт ата атындағы ҚМу-дың қауымдастырылған профессоры,

филология ғылымдарының кандидаты

ЖАҢА ӘЛІПбИ - ЛИНГВИСтИКАЛЫҚ еГеМеНДІГІМІЗДІҢ беЛГІСІ

ЗАМАН ТАЛАБЫ

Page 3: ТІЛ МЕРЕЙІТіл мерейі - ел мерейі ТІЛ МЕРЕЙІtil-mereii.webpress.kz/storage/13/13ef19f3fe2058460450498380e1d… · іс-шара жоспары бекітілді

30 may’sym, 2018 jyl3ТІЛ МЕРЕЙІТІЛ МЕРЕЙІ

МеМЛеКеттІК тІЛ МӘРтебеСІ –еЛ МӘРтебеСІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ

тілі, оны білу, қолдану – сенің парызың» деген сияқты ақыл-кеңестер, жұмсақтап айтулар болды. Алайда орыстілді азаматтар «өзгелермен түсінісу үшін мен олардың тілін білуге тиісті емеспін, менімен түсінісу үшін басқалар менің тілімді білсін!» деген шовинистік ұстанымнан айрығылары келмеді. Мемлекеттік тілді міндеттеу басталғанда орыс тілділер «біздің тілімізді кемсітіп жатыр!» деп айқай-шу көтеріп, жаһанға жар салды. Мұндайды күтпеген Прибалтика елдерінің мемлекеттік органдары алғашқыда тосылып та қалды. Алайда, осы жағдайда, жергілікті ұлт өкілдері жаңа тәсілді – мәдениетті, адам құқығын бұзбайтын жаңа әдісті ойлап тапты. Бұл тәсілдің негізінде «Сенің қандай тілде сөйлейтініңде менің жұмысым жоқ, ал мен өзімнің тілімде сөйлеймін» деген ұстаным жатты. Жоғарыдағы елдердің дүкендері мен кассаларында, транспорттары мен тұрмыстық қажетті өтеу орындарында, т.т. орыс тілінде сөйлеген адамдарға мемлекеттік тілде, сол мемлекетті құрған ұлттың тілінде жауап беріле (немесе мүлдем жауапсыз қалдыру да орын алды) бастады. Алғашқы кезеңде орыс тілділер

аңтарылып қалды да, кейіннен «орыс тілін кемсітушілік (дискриминация) жүріп жатыр!» деп сан түрлі орындарға, адам құқығын қорғайтын, бақылайтын Еуропа ұйымдары мен құрылымдарына арыз жазып, көмек сұрады. Алайда бұл мәселені тексеруге келген сан түрлі комиссиялар адам құқығының бұзылуының ешқандай да дерегін таба алмады. Прибалтиканың жергілікті тұрғындары: «Маған орыс, ағылшын, неміс, тағы басқа тілдерде сөйлеген адамға ешқандай ренішім жоқ. Себебі, әр адамның өзінің сөйлеу тілін таңдау құқығын толық мойындаймыз, құрметтейміз. Сондықтан басқа тілде сөйлеген адамға «Аузыңды жап, біздің мемлекеттің тілі – латыш тілі. Сен сол тілмен сөйлеуге тиіссің» деген сөзді айтпаймыз. Бірақ олар да біздің қай тілде сөйлеуді таңдау құқығымызды сыйласын. Біз өз тілімізде сөйлеуді таңдаймыз. Оған ренжімейтін шығар» деп жауап берді. Орыс тілділердің: «Олар орыс тілін біледі, ал мен латыш тілін білмеймін. Сондықтан олар бізге орыс тілінде жауап берулері керек» деген сөздерін естіген еуропалық адам құқығын қорғаушылар талып қала жаздапты.

Естерін жинаған комиссия мүшелері: «Кешіріңдер, олардың іс-әрекетінде адам құқығын бұзатын ешқандай белгі жоқ. Олар сендердің ауыздарыңды жауып, латыш тілінде сөйлеуге мәжбүрлеген жоқ. Үнсіз тыңдап, түсінбегендері жауап бере алмай, ал түсінгендері өз тілдерінде жауап берді. Бұл жерде ешқандай тілдік дискриминацияны көріп тұрған жоқпыз. Егер сендерге орыс тілінде сөйлеуге тыйым салса, тілдік дискриминация деп соны айтуға болады. Жергілікті ұлттың өз тілінде сөйлеуі – мәдениеттілік пен өздерінің ана тілдерін, мемлекеттің тілін құрметтеуі ғана. Бұл – олардың таңдауы. Ал сіздердің «менің түсінетін тілімде жауап беріңдер», деп талап етулерің – адам құқығын сыйламаушылық», деген тұжырым айтыпты. Ұзын сөздің түйіні, «Прибалтика тәсілімен» жергілікті ұлт өкілдері аз уақыттың ішінде ұлттық тілін – мемлекеттік тілді тірілтіп алды. Көпшілігі жергілікті тілді білмейінше өмір сүре алмайтынын жақсы түсініп, өз қалталарынан ақша төлеп мемлекеттік тілді оқып, балаларын латыш, эстон тіліндегі мектептерге бере бастады.

Мен қазақ тілді азаматтарға осы

тәсілді ұсынамын. Қазақ тілін сақтаудың, дамытудың, қоғамда тілдік қажеттілікті тудырудың жалғыз жолы – мәдениетті, адам құқығын толық сақтайтын жолы да осы деп білемін. Бұл тәсілді жүзеге асыруда ешкімге жалтақтаудың да қажеті жоқ. Біле-білсеңіздер, бұл тәсіл – қазақ жеріндегі орыс тілді азаматтарға нақты көмек. Барлық жерде қазақ тіліндегі сөздерді естіп, жазуларды көрген адам ғана қазақ тілін үйрену қажеттігін түсіне бастайды.

«Прибалтика тәсілін» жүзеге асыруда ерекше көңіл қоятын бірнеше мәселе бар. Оның бастысы және бұл тәсілдің тиімділігін жоққа шығаратын қадам – «қазақ тілі – мемлекеттік тіл, сен оны білуге тиістісің!» деген арандатушы, анайы, Батыраштық ұрандар. Осыдан аса сақ болғанымыз абзал. Кімнің қай тілде сөз сөйлеуін сол адамның таңдауына қалдырайық та, өзіміз қазақтың жалпақ тілімен жауап берейік, ойымызды білдірейік. Дұрыс жолы осы ғана. Біз – көппіз. Біз – қостілді халықпыз. Біз осы екі артықшылығымызды пайдалана білуіміз керек. Екіншіден, «Прибалтика тәсілі» – халықтық деңгейде жүргізілетін

әрекет. Барлығымыз немесе көпшілігіміз бір кісідей осы тәсілді жүзеге асырмасақ, тиімді нәтиже бермеуі мүмкін. Өкінішке қарай, қазақтілділер, оның ішінде қазақ азаматтарының өздері осы әрекетке қарсы шығып (біреулері – біліп, енді біреулері – ақымақтықтан), аяқтан тартуы ғажап емес. Бірақ, тағы да қайталаймын, көпшілігіміздің іс-әрекетіміз бір жерден шықса, қазақ тіліне қажеттілік табиғи түрде өмірге келетіндігінде талас жоқ. Сондықтан да, ешкімге жалтақтамай-ақ, қазақ тіліне қажеттілікті өзіміз жасайық».

Мемлекеттік тілге жанашыр болып жүрген қайраткер Дос Көшімнің айтқанында шындық бар. Толық қосылуға болады. Сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру өзіміздің ғана қолымызда екенін ұмытпайық. Бірақ талап ету әдеп пен заң аясында жүргізілгені абзал.

Абзал МҰХИМОВ,ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігінің Қызылорда

облысы бойынша департаментінің басшысы

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған ел егемендігіне қол жеткізіп, өз алдына дербес, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргетасы қалана бастағанына биыл жиырма бес жыл толып отыр. Бұл тарихи өлшем таразысында қас-қағым сәт көрінгенімен де, адам өмірімен салыстырғанда едәуір уақыт. Осы уақыт халқымыздың ой санасында да үлкен өзгерістер болуда. Ең бастысы бірнеше ғасырларға созылған отаршылдық езгі салдарынан қанымызға сіңе бастаған құлдық психологиядан арыла бастаудың өзі үлкен жетістік. Елдің ертеңі бүгіннен басталады десек, ол дау жоқ, кешегінің жалғасы. Алаш азаматтарының елдік, ұлттық мүддені бірінші орынға қойып, ел үшін ең қажеттіліктерді жазып рухтандыра білгендері – бүгінгі егеменді елдің жастарына үлгі-өнеге. Халқымыздың санасына ой сала, ел болашағының жарқын болуын көксеген тақырыптардың бірі – тіл тағдыры еді. Адамзат тарихының ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі болып табылады. Тіл – ұлттың негізгі белгісі ретінде болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөль атқарып, рухани мәдениетінің бір бөлігі екені белгілі. Сондықтан да Тіл өзіне деген құрметті қашан да талап етеді. «Тіл тағдыры –ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ата-бабаларымыз ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді.

Тіл мәселесі – өз ана тілінде қарым-қатынас жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын халықтың мәңгілік мәселесі. Елдіктің негізгі белгілері мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді. Тіл арқылы адамзат баласының рухы аспандап тұрады. Бір ғана мемлекеттік әнұран ана тіліңде орындалып жатқанда қандай күйде, сезімде болатыны елестетіп көріңізші! Әнұран сөздерінен елдік, ерлік рухымыз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз байқалмай ма?! Тіл адамды жігерлендіреді, рухтандырады. Ата-бабамыз мұраға қалдырған ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілу жолын сөз еткенде, тарихты айналып өтуге болмайды. Сан түрлі қилы кезеңдерді, зұлматтарды бастан кешірсек те, тіліміз өшкен жоқ. Себебі, оның жолында өлшеусіз үлес қосқан ұлт зиялылары тұрды.

Қазіргі жахандану үрдісіндегі ұлттық рухани құндылықтарымызды сақтай отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің келешегін айқындайтын мәдениет пен парасатқа, имандылық пен ізгілікке негізделген өркениетті қоғам құруда жастардың санасына ұлттық рухани даналық пен зерделілікті сіңіру, ұлттық рухты ояту, әлемге танымал болуымызға талпынар құлшыныстан туған қажеттілік екені даусыз. Ал рухани құндылықтардың бірі болып есептелетін тіл тағдыры, Алаш қайраткерлерінің мақсат-мүддесінен, арман-тілегінен, ізгі ойларынан, талап-тілегінен пайда болған ұлттық мәселе. Ел тағдыры таразыға түскен сын сағатта Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Садуақасов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Ермеков бастаған ұлт зиялылары болашақ үшін шешуші қадамдар жасап, ұлы мұраты жолында күш-жігер көрсетті. Қазіргі ғылым тілі, көркем әдебиет тілі, баспасөз тілі, ресми іс-қағаздар тілі бір күнде қалыптасқан жоқ. Қазақтың тарих көшінің бағыт-бағдарын белгілеп, ел мен жер, тіл мен діл тағдыры, дін мен дәстүр тұтастығын сақтау үшін бар жауапкершіліктің жүгін көтеріп, ел тәуелсіздігі жолында басын бәйгеге тіккен тарихи тұлғалардың ұлтымыздың оянуына, өркендеуіне сіңірген еңбегі зор. Солардың қайсар мінез, табанды қайраткерлік болмысымен, саяси күрескерлік рухының биіктігімен және жан-жақты білімділігімен бүтін бір елдің тағдыры мен оның алдыңғы қатарлы зиялы қауымы қалыптасты.

Азаттық үшін бірігіп күресу жолында көшбасшылық қасиетімен ерекшеленіп, дараланып тұрған көрнекті тұлға Әлихан Бөкейханұлы болатын. «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын», деген Ә.Бөкейханұлы озық ойлы ұлт зиялысы ретінде тілдің рөлін терең сезінді. Тіл қадірін, қазақ тілінің қасиетін білмейтін адам «Анық түрік заты халық тілі – біздің қазақ тілі» деген сөзді айта алар ма еді? ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларына қазақ тілінде газет шығарып, оқулықтар мен оқу құралдарын, көркем шығармалар мен ғылыми көпшілік еңбектер жазуды тапсырды. Алаш ардақтысының өмір жолымен, соңында қалдырған мұрасымен танысқан кез келген көзі қарақты жан оның ұлттық тұрмыс-салтты, әдебиеті мен мәдениетін жақсы білетін, рухани құндылықтардың қадір-қасиетін,

халық өмірінде алатын орнын пайымдай алған өресі биік, зияткер мемлекет қайраткері екеніне көз жеткізеді. Мемлекет тізгінін ұстаған, ұлт көшін бастаған көшбасшылар мен сол қоғамға, халықтың тағдырына ықпалы да зор болатынына адамзат тарихынан мыңдаған мысалдар табылады.

Түркі жұртының белгілі ғұламалары әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Йугінеки, А.Йассауи, С.Бақырғанилар өздері өмір сүріп отырған қоғам қайраткерлері, белсенді ақын ретінде ұлы еңбектерін Орта Азия мен Қыпшақ даласының түркілеріне түсінікті шағатай тілінде не мақсатпен жазғанын ұмытпауымыз керек. Қазіргі дәуіріміздің абызы, әулиесі боп танылған Ә.Кекілбаев: «Тіл тағдырын ақша шешпейді. Тек билік шешпейді. Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлық таныту адамгершілікке жатпайтын өрескелдік. Бұл отаншылдықпен тікелей байланысты. Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам тілінің кемелденуінен қолғабысын аямауға тиіс». Шығыстың ежелгі бір данышпаны: «Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел, сонан соң балаң мен достарыңды түзе», деген екен. Егер ана тілімізге шын жанымыз ашитын болса, оны әуелі өзіміз үйреніп, сонан

соң балаларымыз бен достарымызға үйреткеніміз абзал», дегендей тілге деген сүйіспеншілік, құрмет болашақ өміріңнің беташар баспалдағы.

Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының мықтысы. Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтады, халық болудан қалады. Тіл – ана тілі болып мәңгілік қалуы үшін, күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.

Әлемдік сахнада өзінің бет-бейнесін танытып үлгерген Қазақстан Республикасы қазіргі таңда өзгелермен иық тірестіретін дәрежеге жетті. Осындай жетістікке жетудің алғышарттарын іздегенде ең алдымен өткен тарихымызға табан тіреп, ұлт жолында қызмет еткен тұлғаларымызды дәріптегеніміз жөн. Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлттық мүддені көтерудегі орны туралы Елбасы Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде «Алаш мұрасы және осы заман» атты таруындағы: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани, зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды», деген сөзін естен шығармауға тиістіміз.

Тәуелсіз елі бар, мемлекеті барда қазақ тілі ешқашан жойылмайды, жоғалмайды. Қазақстанда тілді дамыту үшін барлық жағдай жасалынған. «Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады», – деп Ғ.Мүсірепов айтқандай, елдің болашағын, тілдің болашағын сақтау баршаның міндеті.

Берікбол БАЙҚОЖАЕВ,ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

АНЫҚ тҮРІК ЗАтЫНЫҢ ХАЛЫҚ тІЛІ – ҚАЗАҚ тІЛІ

Тіл – әрбір ұлттың мақтанышы, жан дүниесінің айнасы. Қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Міне сондықтан да ұлттың болашағы – оның ана тілінде. Елбасы халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы», деп атап көрсеткені білгілі.

Тіл – адамдардың қарым-қатынас құралы. Ұлт пен ұлысты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз», деп бағыт-бағдарымызды айқындап берді.

Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының бір сәт назарынан тыс қалған емес. Тәуелсіздік алған алғашқы күндерден

бастап-ақ қазақ тілінің мәртебесі мен мерейін көтеру, қолданылу аясын кеңейту тұрғысында Елбасы үнемі қамқорлық жасап келеді. Осы жылдар ішінде мемлекеттік тілдің анағұрлым жаңа белеске көтерілуіне үлкен мүмкіндік жасады. Өйткені мемлекеттік тіл – біздің мәртебеміз. Өйткені ол – Абайдың, Әуезовтың тілі. Қазақ тілінің құнарлылығына өзіміз ғана емес, әлемнің мықтылары да таңдай қаққан.

–Мен қазақтар жайлы бұрын ешнәрсе естіп-білген емес едім. Ал қазір мен оларды білемін, тіпті, өте жақсы білемін, өйткені жуырда ағылшын тілінде М.Әуезовтің керемет кітабын, «Абай жолын» оқыдым. Мен, қазақ халқының ақыны Абаймен таныстым, оның сүйген қыздары Тоғжанмен, Әйгеріммен, оның абзал достарын таныдым. Мен оларды жақсы көрдім, бейнебір ұзақ жылдар бірге тұрып, қайғы-қуанышын бірге бөліскен адамдай жақсы көрдім. Солармен бірге, тіпті, Сіздің дархан даланың тұнық ауасымен тыныстаған секілдімін. Шынында да, қазақ дегеніңіз тілі құнарлы, шешен, ғаламат сұлу халық екен ғой!». Бұл Камерун жазушысы Бенжамин Матиптің пікірі.

Ал қазақ рухуниятының қамқоры Нұрсұлтан Назарбаев «Осы шығарманы қолыңа алған сайын, оның әрбір жолын оқыған сайын көкірегіңе өз елің үшін, халқың үшін мақтаныш сезімі оянады. Мұхтардың кемеңгерлігіне де, көрегендігіне де тәнті боласың, өзіміздің алуан қырлы төлтума мәдениетімізді әлемдік өркениеттің ажырамас бөлігіне балап, “жоқ, менің халқым ешкімнен де кем емес, менің халқым ұлы халық», деген жүрекжарды сөзіне тебіренесің. Ұлы ақын жайлы эпопеяның өн бойына өрілген ұлағат қазақтың мынау зеңгір аспан астында өмір сүріп жатқан еш пендеден кем емес екенің шүбәсіз иландырады. Сөйтіп, өткенімізге мұқият зер сала қарауға ұмсындырады, тындырған ісіңді ұлы бабаларымыз ісінің таразысына тартуға ұмтылдырады, туа бітті табиғатыңды пайымдатпай қоймайды. Ендеше, Әуезов – қазақ

әдебиетінің классигі, Абай жолы – біздің әдеби шығармаларымыздың шынары», деп атап көрсетті.

Расында, сөз құдіретін білген қазақ «Абай жолы», Әуезов арқылы мақтана алады. Қазақтың тілі арқылы көркем сөзді кестелеуде Әуезовтен асқан ешкім жоқ. Демек тілдік қорын байытқысы келген адам алдымен «Абай жолын» оқуы керек. Өйткен қазіргі кезде мемлекеттік тілдің мәртебесі барған сайын артып келеді. Демек қазақ тілін білу Қазақстан азаматтарының міндеті әрі азаматтық борышы. Кез келген ұлттың жанды жері – тілі. яғни мемлекеттің саясаты мемлекет құраушы ұлттың тарихына, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарына сай түзіледі. Тілдің мемлекеттік мәртебесі мінберлерден айқын көрінгенде ғана ұлттың айбыны асқақтай бермек. Осы орайда, Елбасы халыққа Жолдауында: «Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпағымызға бабаларымыздың тәжірибесінен өтіп, үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», – деді.

Расында тілге қатысты тұлғалардан сөз қалмаған. «Адамға екі нәрсе керек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», деген Жүсіп Баласағұн. «Тілім өшсе, мен де бірге өшемін, тілім өссе, мен де бірге өсемін». Бұл Сыр бойынан шыққан қазақтың классик ақындарының бірі Әбділдә Тәжібаевтың кеңестік империя тұсында тайсалмай айқан пікірі.

Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! Бұл Қадыр Мырза Әлидің өмір бойғы ұстанымы.

Демек, мемлекеттік тіл, тәуелсіздігіміздің атрибуты. Тіл – баршамыздың Конституция секілді төлқұжатымыз, мінберіміз. Сондықтан біз ғана емес, Қазақстанда тұратын барлық диаспоралар мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюіне жұмыс істеуі қажет. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерін кеңейту ел саясатының басты стратегиялық басымдығы болып қала береді. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатта Қазақстан халқы Ассамблеясы да өзінің стратегиясында мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің басты рөлі азаматтық және рухани мәдениеттің ортақтығы негізінде барлық этностарының бірігуі жолында қазақстандық сәйкестіктің қалыптасуының басты міндеттерінің бірі болып табылатынын жариялады. Бүгінгі таңда қандай этникалық топқа жататындығына қарамастан, өзге ұлт өкілдері қазақ тілі мен мәдениетіне, оның мемлекеттік қызметінің сақталуы мен нығаюына көңіл бөлуде. Бұған дәлел ретінде соңғы жылдары қазақ тілінде еркін сөйлейтін адамдардың біртіндеп көбейіп келе жатқандығы.

«Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт. Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықты ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз. Ал, Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн. Осы заманғы ғылыми терминологияның негізін латын тілінен енген сөздер құраса, ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек. Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай, бай терминологиялық қорын жасаған соң оны рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық өмірдің бар саласына батыл енгізуіміз керек. Мемлекеттік тілмен қатар, Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз», деп атап көрсетті президент Н.Назарбаев.

Демек, Елбасы айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» екенін өмірдің өзі айқындап беріп тұр.

Толқын ПІРІМОВА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің

басқарма басшысы

тІЛ – ӘРбІР ҰЛттЫҢ МАҚтАНЫШЫ

басы 1 бетте

Page 4: ТІЛ МЕРЕЙІТіл мерейі - ел мерейі ТІЛ МЕРЕЙІtil-mereii.webpress.kz/storage/13/13ef19f3fe2058460450498380e1d… · іс-шара жоспары бекітілді

30 may’sym, 2018 jyl4ТІЛ МЕРЕЙІТІЛ МЕРЕЙІ

Меншік иесі:

ТІЛ МЕРЕЙІТІЛ МЕРЕЙІдиректор - Бас редактордың

міндетін атқарушыГүлназия ҚАСЫМОВА

Қабылдау бөлмесі: 8 (7242) 21-50-29Ұялы тел.: +7 701 351 93 29, +7 702 722 16 25

Редакция мекен-жайы:Қызылорда қаласы,Тасбөгет кенті, М.шоқай к-сі, 19/1

Жазылу индексі: 65017Аудандарға: 68017

Газет ҚР Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы 27.10.2016 жылы тіркеліп, №16187-Г Куәлігі берілді.Айына 2 рет шығады.

Жарияланған материалдардағы пікірлер редакция көзқарасын білдірмейді. деректер мен мәліметтердің нақтылығына автордың жауапты екендігі ескертіледі.

Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп, беттелді. “Принт” баспаханасында басылды. Шығу сапасына баспахана жауапты.Қызылорда қаласы, Байтұрсынов көшесі 49.

Таралымы 8000 дана

«Елбасының саясаты мен бағытын ұстана отырып ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалымен оның бөлімшелерінде ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылуда. яғни Біріңғай Кедендік одаққа, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты және халықаралық стандарт бойынша жұмыс жасау үшін соңғы жылдары біршама күрделі жұмыстар атқарылып келеді», – дейді Ұлттық сараптама орталығының облыс бойынша филиал директоры Фарида Қалиева.

«Ұлттық сараптама орталығы» филиалы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді, рұқсат беру құжаттарын қарау тәртібі «Кеңсе арқылы» жүргізіледі. Кеңсенің жұмыстарын жүргізуге және ғимараттың кіреберісіне өткізу үшін арнайы күзет мекемесімен келісім-шарт жасалған. Сонымен қатар, сараптама орталығында жеке және заңды тұлғаларға консультация жүргізуге арналған кабинет бөлініп, бейне бақылаумен қамтамасыз етілді. Мекеме мамандарының өтініш берушілермен байланысын болдырмау мақсатында рұқсат ету құжаттарын тіркеуге және беруге жауапты мамандар бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Мекеменің көрнекті жеріне Комитет төрағасының, төраға орынбасарларының және облыстық, аудандық филиалдарының «Сенім телефондары», электрондық пошталары мен арыз-шағым жәшігі орнатылған. Филиал директорының бұйрығымен орталықта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында зертханаларға әкелінген сынамалар «бір терезе» арқылы қабылданады.

Бекітілген кестеге сәйкес директор мен орынбасары «Азаматтарды жеке қабылдау кестесі» арқылы қала, аудандар кәсіпкерлерімен және тұрғындармен кездесу ұйымдастыруда. 2017-2018 жыл аралығында «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар тіркелмеген. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықты уақтылы анықтау, болдырмау және алдын алу шараларын іске асыру мақсатында әрбір қызметкер өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы мекеме басшысына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлау – негізгі міндеттері болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптарының орындалуы қазіргі уақыттың өзекті мәселесі ретінде, еліміздегі әлеуметтік және саяси тұрақтылықты одан әрі нығайту, азаматтық қоғамның мемлекеттік билікке сенімін арттыруын, қоғам мен билік арасындағы қатынасты нығайту, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында алқалы дөңгелек үстел

отырысының күн тәртібіне енгізіліп отыр.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

мәселесі ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында айтылады. Онда барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нақты көрсетеді. Сондай-ақ, оның деңгейін төмендетудің маңызды факторы барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың сапалы және тиімді жұмыс істеуі болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіліктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында, «Барлық мемлекеттік мекемелер мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінің басшылары өз құзіреті шегінде осы Заңның талаптарын орындауды және онда көзделген тәртіптік шараларды қолдануды, бақылауды, заң қызметтері мен басқа да қызметтерді осыған тарта отырып, қамтамасыз етеді» – деп көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші органга басқа мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері жөнінде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған қызметкерлерге, құқық қорғау органының қызметкері

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші органның ұсынуы бойынша тәртіптік ретпен қызметінен босатуға немесе тиісті міндеттерді атқарудан өзгедей түрде босатуға дейін жазаланады. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген қызметкерлер қылмыстық жазаға тартылады. Сала бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарау тәртібін қадағалау, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң талаптарын қатаң сақтау, орындаушылық тәртіпті нығайту жұмыстарына қазіргі таңда қатаң бақылау орнатылған.

Бүгінгі күні «Ұлттық сараптама орталығы» Ресей, Германия, Литва, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерландия, индия, Франция, Австрия, Австралия мен Жапониядан алынған заманға лайықты медициналық құрал жабдықтармен жұмыс жүргізілуде. Бұл біздің мүмкіншілігімізді кеңейтті. улы химикаттарды, ауыр металдарды, радиокүштілік элементтерді, түрлі зиянды химиялық заттарды, ГМО-ны және иФА, ПЦР, атомды абсорбциялық спектрометр, газды және сұйықты хромотограф аппараттарында жұқпалы ауруларды басқа да сынамаларды бактериологиялық,

вирусологиялық, паразитологиялық зертханалармен анықтау диапазоны кеңейді. Сынамалар нәтижелерін дәлдікпен, сапалы жүргізуге, мерзімін кысқартуға, жаңа аппаратурада анықталатын зерттеулердің үлес салмағының 30-дан 80-ге, кейбір зертханаларда 100 пайызға дейін көтерілуіне қол жеткізілді. Ал соңғы жылдары алынған жылжымалы автолабораториямен облыстың қай жерінде, болмасын кез-келген уақытта зерттеу мүмкіншілігі туды.

Осы саладағы метрология және стандарттау бөлімінің басты бағыты - зертханаларда жүргізілетін зерттеулердің сапалы жүргізілуін, олардың нормативтік құжаттармен, реактивтермен, бакпрепараттармен, шыны ыдыстармен, медициналық құрал-жабдықтар және өлшем құралдарымен қажеттілігін анықтау, уақытылы қамтамасыз етілуін қадағалау. Екіншіден жыл сайынғы алынатын барлық медициналық құралдарды жұмысқа толығымен пайдалануын қадағалау, жүргізілетін зерттеулердің сапасын жақсарту, құралдармен жасалатын зерттеулердің үлес салмағын арттыру бойынша жұмыс жүргізу. Кедендік аймақта мемлекеттік тіркеуден өтетін тауарларға сараптама жасауды ұйымдастыру, ол үшін зертханалдарда мемлекетаралық стандарттар мен зерттеулердің жаңа әдістерін игеруге жұмыстар жүргізу, құрал жабдықтарды жыл сайын мемлекеттік тексеруден өткізуді жатқызамыз.

2011 жылдан бастап Біріңғай Кедендік Одақ комитетінің шешімімен бекітілген сырттан әкелінетін заттарға токсикологиялық бақылау орнату және азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін қабылданған техникалық регламенттер бойынша Ұлттық сараптама орталығының бактериологиялық,

паразитологиялық, санитарлық - химиялық және радиологиялық зертханалары ЖШС «Ұлттық Аккредиттеу орталығынан» 5 жыл мерзімге аккредиттациядан өткен.

2017 жылы 001/2011, 002/2011, 003/2011, 010/2011, 011/2011, 016/2011, 005/2011, 007/2011, 008/2011, 009/2011, 017/2011, 019/2011, 025/2012, 015/2011, 021/2011, 023/2011, 024/2011, 027/2012, 029/2012, 033/2013, 034/2013, 035/2014 техникалық регламенттер көрсеткіштері енгізілді. Қалған техникалық регламенттер көрсеткіштері аккредитация аумағын кеңейту жұмыстарына қосылды. Бұдан біздің зертханаларымыздың кез-келген зерттеулерді сапалы жүргізе алатынын көруге болады. Оған қоса бұл жұмыстарды жүргізу үшін мамандардың алыс және жақын шетелдерде және өз елімізде бір емес бірнеше рет білімділік деңгейін көтергенін, еліміздің басты мекемелерінің шетел ғалымдарының қатысуымен өткізген семинарларына қатысу, олардың жоғары деңгейде жұмыс жүргізе алатындығын көрсетеді.

Фарида ҚАЛИЕВА,Ұлттық сараптама орталығының

Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры

Қызылордада аяттары шөппен жазылған Құран кәрім кітабының түпнұсқасы сақтаулы. 1740 жылы Мысырдағы «Фарухи» баспасында қатталған жинақ облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ең құнды жәдігері саналады. Араб тілінде жазылған Құран түсініктемесінің мұқабасы арнайы иленген қоңыр түсті мал терісімен қапталған. 446 беттен тұратын туындыны кітапхананың ғылыми қызметкерлері өңірлік экспедиция барысында тапқан. Арнайы зерделеген ғалымдар хижра жылы бойынша 1293 жылы шыққан кітап аяттары мен сүрелері көмескілене қоймағанына таңданыс білдірді. Рухани құндылықтың қайнар көзі саналатын кітап қолжетімді болу үшін электронды нұсқасы әзірленді. Енді кез келген оқырман рухани ордадағы құнды жазбалардың бірегейін оқып тани алады.

Жалпы 410 мың дана кітап қоры бар кітапханада көнеден сыр шертетін осындай 606 сирек туындының барлығы электронды форматқа

көшірілген. – Облыс бойынша 4590 кітапты цифрлы

форматқа көшіріп болдық. Оның 2390-ы кітаптар болса, қалғаны газет-журналдар. Өлкетануға қатысты араб, парсы, түрік, шағатай, қазақ, өзбек, орыс тіліндегі әдебиеттерден құралған, – дейді Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратова.

ШӨПтеН ЖАСАЛҒАН СИЯМеН ЖАЗЫЛҒАН

ҚАСИеттІ КІтАП

ТАҢҒАЖАЙЫП ЖАҢАЛЫҚТАР

Шиелі ауданының орталығында көне заманнан сыр шертетін қылыш табылған.

Аудан орталығы тұрғынының бірі өз ауласына құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы техника шақырып, жер қаздырады. Қазу барысында үш метрдей жерден қылыш үлгісіндегі жәдігер табылады. Қылыш жартылай шіріген күйде екен.

Тарихи құндылықты бағалай білген азамат дереу аудандық өлкетану музейінің директоры Өсербек Төребайды шақыртады. Мамандардың айтуынша, бұл жайында әзірге толық жорамал жасауға ертерек.

«Мұндай жәдігерлер толық тексеруден өтеді. Содан кейін ғана нақты шешім қабылдай аламыз. Әзірге бұл бағытта сараптама жұмысын жүргізетін боламыз», – дейді Ө.Төребай.

Қылыштың тарихы, жасалу мерзімі 2-3 ғасырға созылуы мүмкін. Одан да арғы кезеңді қамтуы да ғажап емес.

Тарихи жәдігерлерді зерделеп жүретін жергілікті журналист Нұрболат Пірімбеттің айтуынша, қылыш қазақтың ескі соғыс қаруының бірі болуы ықтимал. Зерттеушілер оны мексикалық мачетеге өте ұқсас екенін айтады.

ШИеЛІДеГІ тҰРҒЫН ҮЙДеН КӨНе ҚЫЛЫШ

тАбЫЛДЫ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астананың 20 жылдық мерейтойына орай «Ән мен әнші Ұлы Дала Астаналарында» жобасы аясында эстрада жұлдыздары еліміздің көне астаналарын аралап, концерттік бағдарламаларын ұсынуда.

Қазақ сахнасының жауһарлары Р.Рымбаева, М.Жүнісова, Ұ.Жолдасов, Г.Оразымбетова, Д.Таңатаров, А.иманбаева, Жазира мен Жанболат, «Қоңыр тобы», М.Әуелбекова, Ж.Жексенұлы, Е.Есмахан және басқа да өнерпаздар Сыр еліндегі сапарды тарихи орындарды аралаудан бастады. Б.Шөкенов атындағы саябаққа барды. Осы күні сахна саңлақтары орталық алаңда жиналған Сыр жұртшылығына әсем ән мен көңілді кеш сыйлады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл иманбаева: «Қазақ елінің қай өңірі болсын рухани қазынаға бай. Десе де, Қызылорданың орны ерекше. Еліміздің алғашқы астанасы болған, жырдың елі қашанда алдыңғы шепте тұратыны анық. Бұл аймақ – жыршы-жыраулар мен сүлейлер отаны. Тіпті, театр өнері де бастауын Сырдан алған», – деді.

СЫР АСПАНЫН ӘН теРбеДІ

Қызылорда қаласында магнит адам тұрады. 59 жастағы Нартай Тұрсановтың кеудесіне темір біткеннің барлығы жабысады. Сырдың толағай тұрғынының жеке рекорды әзірге 110 келі.

Нартай Тұрсановтың айтуынша, бұл салмақты бағындыру тұла бойындағы күштің шегі емес көрінеді. Өз салмағы 95 келі, ал кеудесімен көтеретін жүгі одан ауыр. Зіл батпан темірді қолмен ұстамай төске жабыстыру қасиеті оның бойынан 20 жыл бұрын байқалған екен. Алғашында 40 келі шамасында салмақ бағындырған Нартай қабілетін бірте-бірте жетілдіріп, қазір 110 келіге міз бақпайды.

«Циркші, спортшы емеспін. Магнит адам ғаламтордан көрсеңіздер бұны ғалымдар ешқандай дәлелдей алмайды. Бұл ғылымда тіркелмеген әлі, зерттеліп жатыр. Бұны олар да айтады, құдайдың берген қасиеті, дейді де қояды. Бірақ олар толық мойындайды неғұрлым биотогы күшті адамдардың соғұрлым емші екенін мойындайды», – деді магнит адам.

Балта, балға біткеннің барлығын өзіне тартатын апайтөсті көруге ұмтылған сырбойылықтар қатары күн санап көбейіп жатыр. Арнайы жаттығусыз зіл батпан жүкті төске ұратын магнит адамның ерекше қасиеті

талайды таңқалдырған. «Ол жалғыз темірді ғана тартпайды.

Оған қоса әйнек-шынылар да тартыла береді. Пластмасса да тартылады. Қазақ баласының осындай қабілеті бар екенін бүкіл әлем көрсе екен, әлем таныса екен деп жатырмыз», – дейді қала тұрғыны Кенжебай Тоғызбаев.

«Биомагнетикалық күш күнделікті тұрмыста еш қиындық туғызбайды» дейді Нартайдың өзі. Енді ол жеке көрсеткіштерін арттыруды көздеп отыр.

«Тіл мерейі» ақпарат

«МАГНИт АДАМ» 100 КеЛІЛІК теМІРДІ

КӨтеРеДІ

«ӘН МЕН ӘНШІ – ҰЛЫ ДАЛА АСТАНАЛАРЫНДА»

ЖАҢА бАҒЫтҚА ДАЙЫНДЫҚЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

Жоғары деңгейдегі кәсіби хор ұжымдары арасындағы халықаралық байқауда Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «япурай» хор ұжымы жүлделі орын иеленді.

Ақтөбеде өткен «Жұбановтар әуені – 2018» фестивалі халықаралық өнер байқауы бәсі жоғары бәсекенің бірі. Осы байқауда бірнеше халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты атанған «япурай» хоры кәсіби шеберліктерін тағы да дәлелдеді. Аймақ абыройын асқақтатқан өнерпаздар марапат биігінен көрінді.

Үш күнге созылған халықаралық өнер додасына еліміздің бірқатар қалаларымен қатар Ресейдің Санкт-Петербург, Орынбор және Саратов қаласынан барлығы жеті хор ұжымы қатысты. Өнерпаздар байқау шарты бойынша Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбановалардың шығармаларын орындады. Үміткерлердің өнерін еліміздің және және Ресей мен Латвияның белгілі композиторлары мен дирижерлары бағалады.

–Қазақстанда өнерді ерекше құрметтейді. Әрі мамандар да кәсіби, өз істерінің шебері. Мұндай ауқымды шараға шақырғандарыңызға алғысымды білдіремін. Өнерде шекара жоқ. Қызылордалық өнерпаздарға тәнті болдық. Мұндай қарқынмен үлкен белестерді бағындырады деп ойлаймын, – деді қазылар алқасының мүшесі, Даугавпилс музыкалық театрының директоры Евгений устинсков.

–Елдердің арасында мәдени достық болуы тиіс. Қазақтың көрнекті

композиторлары Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың туындыларын әлемге

танытқан Сырдың өнерлі қыз-жігіттері бұл байқауда жүлделі үшінші орынға ие болды. Бұл әрине, кәсіби шеберлік пен үздіксіз дайындықтың жемісі, – дейді ұжым

жетекшісі Сәуле Күздібаева.Халықаралық деңгейдегі өнер фестивалі

алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

«Тіл мерейі» ақпарат

«ЯПУРАЙ» ЖҮЛДеМеН ОРАЛДЫБАЙҚАу