4
2016-2017 оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясында көктемгі демалыс уақытында жүргізілген іс-шаралар Көктем-ең тамаша жыл мезгілдерінің бірі, себебі оқушылардың сағына күткен көктемгі демалыстары басталады. Көктем- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жеке қызығушылықтарын дамытатын, денсаулықтарын нығайтатын уақыт. Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында арнайы «Көктемгі демалыс» іс - шара жоспары жасалып, бекітілді. 24 наурыз күні Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту, Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру, Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу мақсатында «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Сайысқа білім алушылар жоғарғы деңгейде ат салысты. Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, естелік сыйлықтар мен гимназия директорының мадақтамасымен марапатталды. 25 наурыз күні үйірмелер мен клубтар күні болып аталғандықтан «Үйірменің үйретері көп» атты шығармашылық күн болып белгіленді. Қолөнерге деген қасиет – оқушының бойындағы дамыған сана белсенділігі, туа біткен қабілеті. Осы қабілет мектептегі үйірмелер арқылы сан алуан ғылыми салалардан білім алу және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады «Сымбат» қолөнер үйірмесіне қатысушылар үйірмеде үйренген жұмыстарын көрсете отырып, өзара ой бөлісті.

2016-2017 оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясында ... · қатысушылар логикалық сұрақтарға , жұмбақ, мақал

  • Upload
    others

  • View
    6

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 2016-2017 оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясында ... · қатысушылар логикалық сұрақтарға , жұмбақ, мақал

2016-2017 оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясында көктемгі демалыс

уақытында жүргізілген іс-шаралар

Көктем-ең тамаша жыл мезгілдерінің бірі, себебі оқушылардың сағына күткен

көктемгі демалыстары басталады.

Көктем- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жеке қызығушылықтарын

дамытатын, денсаулықтарын нығайтатын уақыт.

Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында

арнайы «Көктемгі демалыс» іс - шара жоспары жасалып, бекітілді.

24 наурыз күні Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып,

біліктілігі мен білімділігін дамыту, Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,

дүниетанымын, қызығушылығын арттыру, Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули

отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу

мақсатында «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» сайыс ұйымдастырылып өткізілді.

Сайысқа білім алушылар жоғарғы деңгейде ат салысты. Сайыстың қорытындысы бойынша

жеңімпаздар анықталып, естелік сыйлықтар мен гимназия директорының мадақтамасымен

марапатталды.

25 наурыз күні үйірмелер мен клубтар күні болып аталғандықтан «Үйірменің үйретері көп»

атты шығармашылық күн болып белгіленді. Қолөнерге деген қасиет – оқушының бойындағы

дамыған сана белсенділігі, туа біткен қабілеті. Осы қабілет мектептегі үйірмелер арқылы сан

алуан ғылыми салалардан білім алу және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады

«Сымбат» қолөнер үйірмесіне қатысушылар үйірмеде үйренген жұмыстарын көрсете отырып,

өзара ой бөлісті.

Page 2: 2016-2017 оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясында ... · қатысушылар логикалық сұрақтарға , жұмбақ, мақал

Білім алушыларды өнерге, мәдениетке құштарлығын дамыту мен тәрбиелеу,

өнерлерін шыңдау арқылы тек ән айтуға ғана емес бос уақытын тиімді пайдалануды

ұйымдастыру мақсатында «Көркемөнерпаздар» үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда.

Осы күні отбасы тәрбие бағыты бойынша «Ынтымағы жарасқан отбасы» атты презентациялық

сайыс өткізілді. Презентациялық сайысқа жоғарғы сынып білім алушылары қатысып, өздерінің

отбасындағы жақсы дәстүрлерін айтып, тәнті етті.

27 наурыз күні Ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету, олардың әңгімесінің мәнін ұғына

білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді

үйрету мақсатында «Мерейдің мәңгі мұзарты» тақырыбында еңбек ардагері Измұратов

Бақберген ата шақырылды. Кеш барысында Бақберген атаның өмір жолдары туралы мағлұматтар

слайд бойынша көрсетіліп, ардагерге бірнеше сұрақтар қойылып, ашық әңгіме айтылды. Кеш

соңында Бақберген атаға білім алушылар алғыстарын айтып, естелік сыйлық табыс етілді.

28 наурыз күні білім алушылардың әдептілік туралы түсініктерін арттыру, әдептілік дағдыларын

қалыптастыруға ықпал ететін қасиеттерін дамытуға бағыт бағдар беру мақсатында «Әдептілік

әдемілік» атты тренинг өткізілді. Тренинг барысында бірнеше жаттығулар жасалынып,

Page 3: 2016-2017 оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясында ... · қатысушылар логикалық сұрақтарға , жұмбақ, мақал

психологиялық кеңес айдарында білім алушыларға өмірге қуанышпен қарау керек екендігі

туралы кеңес беріліп, тренинг ашық микрофон айдарымен аяқталды.

29 наурыз күні оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау

қабілеттерін шыңдау ,өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында білім алушылармен

«Тапқыр болсаң озып көр» интеллектуалды ойын өткізілді. Ойын шарты бойынша ойынға

қатысушылар логикалық сұрақтарға , жұмбақ, мақал мәтел жалғасын табу сияқты

тапсырмаларды орындады. Озық білімді оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

30 наурыз білім алушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін,

шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау, спортқа деген сүйіспеншілігін

арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында білім алушылар арасында спорттық

ойындар жүргізілді.

31 наурыз күні 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне арналған «Бүкіл әлем- кітапхана »

тақырыбындағы бенифис оқырман думаны ұйымдастырылып өткізілді. Шара барысында көптеген

білім алушылар өздерінің оқыған кітаптарынан қысқаша айтып, әр түрлі /қол, алма/т.б.

көрнекіліктермен кітапты байланыстырып суреттеп өз ойларын ортаға салды. Шара өте жоғарғы

деңгейде өткізілді. Нәтижесінде гимназия кітапханасының «Ең үздік оқырман класы» кубогін 3а

сыныбы жеңіп алды. 1а,2а,3а,3б,4ә,5а сыныптарына да мадақтама грамоталары табысталды.

Page 4: 2016-2017 оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясында ... · қатысушылар логикалық сұрақтарға , жұмбақ, мақал

Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау, Ойын шарттарын түсініп ойнауға тәрбиелеу,

Ептілікке шапшаңдыққа тәрбиелеу мақсатында 1сәуір күлкі күніне байланысты «Көңілді

тапқыштар клубы» ойыны өткізілді. Ойынның нәтижесі бойынша 6ә сыныбы жеңімпаз атанды.

Орындаған: ұйымдастырушы педагог Дощанова А