16
№145 (28873) 30 ШІЛДЕ СЕНБІ 2016 ЖЫЛ 5-6 ЖАҢҒЫРЫҚ ЖЫР ЖАҺАНЫ ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА ƏҢГІМЕ ƏЛЕМІ 7 9 10 Германия канцлері Ан- гела Меркель өз елінде болған террорлық шабуылдарды қатаң айыптағанымен, бос- қындарға қатысты саясат- ты өзгерту туралы ұсы- ныстарды қабылдамай тас- тады. Канцлер журналистер алдында сөйлеген сөзінде террористер Германияның «мұқтаж жандарды қабыл- дау» əзірлігіне ықпал еткісі келетінін атап өтті. Алдағы қыркүйек айында Ресей мен Қытай даулы жер – Оңтүстік Қытай теңізінде əскери-теңіз күштерінің жат- тығуын өткізбек. Бұл жаттығу Оңтүстік Қытай теңізі айма- ғының аумақтық мəртебесіне қатысты дау күшейген тұста өтейін деп отыр. Түркия билігі жүзден астам жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жабылатынын жариялады. Олардың үшеуі ақпарат агенттігі, он алтысы телеар- на, отызы баспахана, қырық- тан астамы басылымдар. Ауғанстан кеше Дү- ниежүзілік сауда ұйымына ресми түрде мүшелікке кіріп, ұйымның 164-інші мүшесі атанды. Ережелерге сəйкес, Ауғанстанның ДСҰ-ға кіруі туралы шешім жұма күні автоматты түрде күшіне енді. Рим папасы Франциск Польшада месса өткізетін мінбеге бара жатқан кез- де кенеттен құлап қалды. Діни қызметкерлер дереу көмек көрсеткеннен кейін ол жиналғандар алдында сөз сөйледі. Нигериядағы «Боко харам» террористік тобының содырлары соңғы жарты жылда 50 жасөспірімді тер- роршы-жанкештіге «тəрбие- леп» шығарған. БҰҰ Бас хат- шысының қоғамдық мəселелер бойынша орынбасары С.О’Бра- йеннің мəлімдеуінше, осы жасөспірімдер Африканың төрт елінде террорлық актілер жасаған. Сирия армиясы көтері- лісшілердің бақылауындағы Алеппо қаласына басып кіруге дайындалуда. Осы- ған байланысты олар тұр- ғындарға қаладан қалай шығудың тəртібі көрсетілген парақшаларды əуеден тастап жатыр. АҚШ президенті Барак Обама Демократиялық пар- тияның съезінде сөйлеген сөзінде Хиллари Клинтон Құрама Штаттар тарихында ең жақсы президент болады деп мəлімдеді. Непалда тау ішіндегі жолмен келе жатқан жолау- шылар автобусы 100 метрлік құзға құлады. Салдарынан 15 адам мерт болып, 35 жолау- шы түрлі жарақатпен ауру- ханаға жеткізілді. Интернет материалдары негізінде əзірленді 24 саєат «Статистика бойынша балық өнімдерін тұтыну көлемі Қазақстан- ның əрбір тұрғынына шаққанда 4,5 келі шамасында ғана. Ал еліміздегі тағамтанушылардың оны тұтыну көлеміне ұсынылған нормасы 14,2 пайызды құрайды. Өкінішке орай, өз елімізде ауланатын балық сапасы өте жоғары болғанына қарамастан басым бөлігі экспортқа кетіп жатыр. Қазақстанға сырттан əкелінетіні түгелдей дерлік бізде өндірілмейтін мұхит балықтары», дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы жəне жануар- лар дүниесі комитетінің Балық шаруашылығы жөніндегі басқарма басшысы Аян Бахиянов. Балық шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтының бас дирек- торы Қуаныш Исабековтің сөзіне қарағанда, балық аулау көлемінің ең жоғары көрсеткіші елімізде 1975 жылы тіркелген. Онда 100 мың тонна балық ауланған. Өкінішке орай, одан кейін оның көлемі жыл өткен сайын кеміп, 1980 жылы 85,7 мың, 1990 жылы 68,6 мың, 2000 жылы 36,7 мың, 2010 жылы 51,7 мың, ал 2015 жылы 45,1 мың тонна көлемінде ғана болған. Мамандар балық шаруашылы- ғының мұншалықты кері кетуінің материалдық базаның ескіруі, дай- ындалып жатқан жаңа мамандардың заман талабына ілесе алмауы жəне мемлекеттік қолдаудың мақсатты түрде жүйелі жүргізілмеуі сияқты басты себептерін атап көрсетті. Ал құзырлы мекеменің жауапты уəкілі Аян Бахияновтың айтуынша, балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаудың аздығына ең алдымен бұл саланың жалпы ішкі өніміндегі үлесінің 0,01 пайыз- ды ғана құрауы түрткі болып отыр. БҰҰ-ның Азық-түлік жəне ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) ба- лық өнімдерін тұтынуда кіріс деңгейі төмен елдеріне ұсынған мөлшерінің өзі 14,6 келіні құрайтын көрінеді. Сондықтан Қазақстанның əлемдік орташа көрсеткішті айтпағанда, отандық тағамтанушылар ұсынып отырған 14,2 келіге жетуі əзірге ал- дағы бірер жылда қол жеткізер меже болмай тұрғанын аңғаруға болады. Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, журналист АЛМАТЫ Ќазаќстанда терроризм мəселесі бар ма? Ерлан ҚАРИН, саясаттанушы 2016 жылдың маусым жəне шілде айында Ақтөбе мен Алматыда орын алған жағдай – Қазақ елі тарихында, өкінішке орай, өзіндік бір межелі кезең ретінде қалатын болды. Əрине, бұған дейін де ел тарихында экстремизм мен терроризммен бетпе-бет келген сəттер болды. Алайда, дəл осы Ақтөбе мен Алматы оқиғасы ел ішін дүрліктіріп қана қоймай, шет елдің де назарын өзіне аударды. Өзінің тұрақты əрі бейбіт жағдайы арқылы танылған Қазақстан үшін бұл оқиғалар қалай болғанда да күтпеген жағдай болған еді. Сондықтан болар, көпшілік қауымның біразының назарын тапа-тал түсте əскери бөлім мен полицияға шабуыл жасаған радикалдардың əрекеті қайран қалдырса, енді біразы осындай шабуылдардың жиілеп кеткеніне алаңдаулы. Осы мəселелерге байла- нысты көптеген сұрақтар туындап отыр. Азаматтардың басым бөлігі «Бұл қалай болды? Терактінің артында кім тұр? Террористердің көздеген мақсаты не?» деген сұраққа алаңдаушылық танытуда. (Соңы 2-бетте) Халыќ балыќты неліктен аз тўтынады? Балық өнімдерін тұтынудың əлемдік орташа көрсеткіші жан басына шаққанда 20 келіні құрап тұрған кезде Қазақстанда бұл көрсеткіш əлі күнге дейін 5 пайызға жетпепті. Бұл мəселе 28-29 шілде күндері Алматыда өткен ІІ Қазақстан Республикасының балық өсірушілер форумында жан-жақты талқыланды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан» Біз күткен жолаушы №3 ва- гонда екен. Тоқтауға дайындалып жай сырғып келе жатқан əсем вагондардың жақтауы еріксіз көз тартады. Бұл желмен жарысқан жүрдек пойыз вагондарының бəрі «Қазақстанда жасалған» деп таң- баланған. Ширек ғасырлық тəуел- сіздік жылдарындағы жетістігіміз жөнінде əлдекім сұрай қалса, ұял- май көрсетуге болатын отандық өнімнің бірі – осы «Тұлпар-Тальго» вагондары екені даусыз. Миллионыншы жолаушының үш немересіне арнайы бағалы сыйлықтар берілді. Ал əжейдің өзіне ел аумағындағы кез келген бағытқа «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызымен жылдың аяғына дейін 10 рет тегін жүру сертификаты табысталды. Отағасымен бес бала тəрбиелеп өсірген ана бүгінде тоғыз немере- сінің арасында жол жалғап жүр екен. «Бес баламның екеуі осы Астанада тұрады. Көз дəрігері бо- лып жұмыс істейтін Жанар атты келінім алып берген билет мені мил- лионыншы жолаушы атандырды. Отағасының ортамыздан кеткеніне төрт жылдың жүзі болды. Ал өзім жетпіс жастың желкенін көтерудің қарсаңында тұрмын. Бүкіл саналы ғұмырымды балдырған балаларға арнадым. Яғни, бастауыш сынып оқытушысы болып еңбек еттім» деді бақытты жолаушы. Жыл басынан бері еліміздің теміржол көліктері 10 миллион адам тасымалдапты. Соның ішінде «Тұлпар-Тальго» пойыздарын пайдаланған жолаушылар биыл айтарлықтай өсіп, 1 миллионнан асыпты. Бұл 2015 жылғымен салыс- тырғанда 2,1 есе артық көрсет- кіш. Қазір «Тұлпар-Тальго» по- йыздарында көп балалы аналарға, соғыс ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға жəне студент жастарға жеңілдік беретін дисконт- тық карталар бар. Демек жүрдек пойыздар əртүрлі əлеуметтік топтар үшін қолжетімді болып отыр. Бүгінде елімізде осындай жүй- рік пойыздар 12 бағытта қаты- найды. 2020 жылға дейін тағы да 8 бағыт қосылады деп жоспарланған. –––––––––––––– Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан» МИЛЛИОНЫНШЫ жыл аяєына дейін тиісті жеѕілдікті пайдаланады Астанада бір қауым жұрт теміржол вокзалында «Тұлпар- Тальго» пойыздарының 2016 жылғы миллионыншы жолаушысын күтіп алды. Ол Ақтөбе қаласынан үш бірдей немересімен елордаға жол шеккен зейнеткер, ұстаз Қанымай Бекбауова еді. Өзінің «бақыт» билетімен келе жатқанынан мүлде бейхабар əжей гүл шоқтарын ұсынып, құттықтап жүрген қауымға қайта-қайта алғыс айтумен болды... Бағдарламаны «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы жүзеге асыратын болады. Сол үшін биылғы жылдың маусы- мында палата арнайы агро- құзыреттер орталығын құрды. Осы орталық директоры Төлеу- тай Рахымбековтің айтуынша фермерлердің негізгі мəселесі ақпараттың жетіспеушілігі бо- лып табылады. «Біз барлық Қазақстан бойын- ша 600 семинар өткізуді жоспар- лап отырмыз жəне он мыңнан астам фермерді қамтамасыз етеміз. Семинар Ауыл шаруашылық министрлігі анықтаған негізгі 25 бағыт бойынша өткізіледі. 13-сі мал шаруашылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо- йынша. Негізгі мəселелердің бірі – ақпаратпен жеткілікті қамтамасыз етпеу. Барлық фермерлер ауыл шаруашылығының мамандары емес. Сондай-ақ, мамандардың өзі білімді үнемі жетілдіріп оты- ру керектігін айтады. Біздің фер- мерлер барлық инновациялық өңдеуді білулері тиіс» – деді Т.Рахымбеков. Сонымен қатар, бағдарламаға шетелдік 25 маман атсалысуда. Қазақстандық дəріс оқушыларды олар семинардың əдісімен таны- стыратын болады. «Қараша айына дейін Қазақ- станның барлық облыстарын қамтуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз 10 мың фермерді оқытып қана қой- май, оларды семинар барысын- да қазіргі заманға сай шешім- дер қабылдауға үйрету. Осын- дай ауқымды бағдарламаға мемлекет миллиард теңгеден астам қаражат бөлді» – деді Т.Рахымбеков. Үкіметтің веб-сайтының ха- барлауынша, тұрақты негізде ауыл шаруашылығы тауарла- рын шығаратын өндірушілерді қолдау жəне дəріс беру үшін «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы www.fermers.kz интер- нет порталын əзірлеуге кіріскен. Барлық оқыту бағдарламаларын онлайн түрде осы сайттан алуға болады. «Егемен-ақпарат» Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның барлық облыстарындағы фермерлерге тегін оқыту семи- нарларын ұйымдастырады. Осы бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекет шамамен бір миллиард теңге көлемінде қаражат бөліп отыр. Бұл туралы Үкіметтің рес- ми сайты хабарлады. Фермерлер тегін оќиды Сүйінші! ҚАҺАРМАНДАР ГАЛЕРЕЯСЫ немесе таќырып ќалай туады? Ќўланаян Ќўлмамбет Айжарыќ – Турандот ханшайымныѕ прототипі ҚАНҚЫЗЫЛ ЖАЛҚЫН…

24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

  • Upload
    others

  • View
    24

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

№145 (28873)30 ШІЛДЕ

СЕНБІ2016 ЖЫЛ

5-6

ЖАҢҒЫРЫҚ ЖЫР ЖАҺАНЫ ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА ƏҢГІМЕ ƏЛЕМІ

7 9 10

Германия канцлері Ан-гела Меркель өз елінде бол ған террорлық шабуыл дарды қатаң айыптағанымен, бос-қындарға қатысты сая сат-ты өзгерту туралы ұсы-ныс тарды қабылдамай тас-тады. Канцлер журна листер ал дында сөйлеген сөзінде террористер Германияның «мұқ таж жандарды қабыл-дау» əзірлігіне ықпал еткісі келетінін атап өтті.

Алдағы қыркүйек айында Ресей мен Қытай даулы жер – Оңтүстік Қытай теңізінде əскери-теңіз күштерінің жат-тығуын өткізбек. Бұл жат тығу Оңтүстік Қытай теңізі айма-ғының аумақтық мəртебесіне қатыс ты дау күшейген тұста өтейін деп отыр.

Түркия билігі жүзден астам жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының жабылатынын жариялады. Олардың үшеуі ақпарат агент тігі, он алтысы телеар-на, отызы баспахана, қырық-тан астамы басылымдар.

А у ғ а н с т а н к е ш е Д ү -ние жүзілік сауда ұйымына ресми түрде мүшелікке кіріп, ұйымның 164-інші мүшесі атанды. Ережелерге сəйкес, Ауғанстанның ДСҰ-ға кіруі туралы шешім жұма күні автоматты түрде күшіне енді.

Рим папасы Фран циск Польшада месса өткі зе тін мінбеге бара жатқан кез-де кенеттен құлап қалды. Діни қызметкерлер дереу көмек көрсеткеннен кейін ол жи нал ғандар алдында сөз сөйледі.

Н и г е р и я д а ғ ы « Б о к о харам» террористік тобының содырлары соңғы жарты жыл да 50 жасөспірімді тер-рор шы-жанкештіге «тəр бие -леп» шығарған. БҰҰ Бас хат-шысының қоғамдық мəселелер бойынша орынбасары С.О’Бра-йен нің мəлімдеуінше, осы жас өс пірімдер Африканың төрт елін де террорлық актілер жасаған.

Сирия армиясы көтері -ліс шілердің бақы лауын дағы Алеппо қаласына басып кіруге дайындалуда. Осы-ған байланысты олар тұр-ғын дарға қаладан қалай шығу дың тəртібі көрсетілген парақ шаларды əуеден тастап жатыр.

АҚШ президенті Барак Обама Демократиялық пар-тия ның съезінде сөйлеген сөзінде Хиллари Клинтон Құрама Штаттар тарихында ең жақсы президент болады деп мəлімдеді.

Непалда тау ішіндегі жол мен келе жатқан жолау-шылар автобусы 100 метрлік құзға құлады. Салдарынан 15 адам мерт болып, 35 жолау -шы түрлі жарақатпен ауру -ха наға жеткізілді.

Интернет материалдары негізінде əзірленді

24саєат

«Статистика бойынша балық өнімдерін тұтыну көлемі Қазақ стан-ның əрбір тұрғынына шаққанда 4,5 келі шамасында ғана. Ал еліміз дегі тағамтанушылардың оны тұты ну көлеміне ұсынылған нормасы 14,2 пайызды құрайды. Өкі ніш ке орай, өз елімізде ауланатын балық сапасы өте жоғары бол ға нына қарамастан басым бөлігі экспортқа кетіп жатыр. Қазақ стан ға сырттан əкелінетіні түгел дей дерлік бізде өндірілмейтін мұхит балықтары», дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы жəне жануар-лар дүниесі комитетінің Балық шаруашылығы жөніндегі басқарма басшысы Аян Бахиянов.

Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас дирек-торы Қуаныш Исабековтің сөзіне қарағанда, балық аулау көлемінің ең жоғары көрсеткіші елімізде 1975 жылы тіркелген. Онда 100 мың тонна балық ауланған. Өкінішке орай, одан кейін оның көлемі жыл өткен сайын кеміп, 1980 жылы 85,7 мың, 1990 жылы 68,6 мың, 2000 жылы 36,7 мың, 2010 жылы 51,7 мың, ал 2015 жылы 45,1 мың тонна көлемінде ғана болған.

Мамандар балық шаруашы лы-ғының мұншалықты кері кетуінің материалдық базаның ескіруі, дай-ындалып жатқан жаңа мамандардың заман талабына ілесе алмауы жəне

мемлекеттік қолдаудың мақсатты түрде жүйелі жүргізілмеуі сияқты басты себептерін атап көрсетті. Ал құзырлы мекеменің жауапты уəкілі Аян Бахияновтың айтуынша, балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаудың аздығына ең алдымен бұл саланың жалпы ішкі өніміндегі үлесінің 0,01 пайыз-ды ғана құрауы түрткі болып отыр.

БҰҰ-ның Азық-түлік жəне ауыл шаруа шылығы ұйымының (FAO) ба-лық өнімдерін тұтынуда кіріс дең гейі төмен елдеріне ұсын ған мөл шерінің өзі 14,6 келіні құрай тын көрінеді. Сондықтан Қазақ стан ның əлемдік орташа көрсет кішті айтпағанда, отан дық тағам тану шылар ұсынып отыр ған 14,2 келіге жетуі əзірге ал-да ғы бірер жыл да қол жеткізер меже болмай тұр ғанын аңғаруға болады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, журналист

АЛМАТЫ

Ќазаќстанда терроризм мəселесі бар ма?

Ерлан ҚАРИН, саясаттанушы

2016 жылдың маусым жəне шілде айында Ақтөбе мен Алматыда орын алған жағдай – Қазақ елі тарихында, өкінішке орай, өзіндік бір межелі кезең ретінде қалатын болды. Əрине, бұған дейін де ел тарихында экстремизм мен терроризммен бетпе-бет келген сəттер болды. Алайда, дəл осы Ақтөбе мен Алматы оқиғасы ел ішін дүрліктіріп қана қоймай, шет елдің де назарын өзіне аударды. Өзінің тұрақты əрі бейбіт жағдайы арқылы танылған Қазақстан үшін бұл оқиғалар қалай болғанда да күтпеген жағдай болған еді. Сондықтан болар, көпшілік қауымның біразының назарын тапа-тал түсте əскери бөлім мен полицияға шабуыл жасаған радикалдардың əрекеті қайран қалдырса, енді біразы осындай шабуылдардың жиілеп кеткеніне алаңдаулы. Осы мəселелерге байла-нысты көптеген сұрақтар туындап отыр. Азаматтардың басым бөлігі «Бұл қалай болды? Терактінің артында кім тұр? Террористердің көздеген мақсаты не?» деген сұраққа алаңдаушылық танытуда.

(Соңы 2-бетте)

Халыќ балыќты неліктен аз тўтынады?

Балық өнімдерін тұтынудың əлемдік орташа көрсеткіші жан басына шаққанда 20 келіні құрап тұрған кезде Қазақстанда бұл көрсеткіш əлі күнге дейін 5 пайызға жетпепті. Бұл мəселе 28-29 шілде күндері Алматыда өткен ІІ Қазақстан Республикасының балық өсірушілер форумында жан-жақты талқыланды.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,«Егемен Қазақстан»

Біз күткен жолаушы №3 ва-гонда екен. Тоқтауға дайындалып жай сырғып келе жатқан əсем вагондардың жақтауы еріксіз көз тартады. Бұл желмен жарысқан жүрдек пойыз вагондарының бəрі «Қазақстанда жасалған» деп таң-баланған. Ширек ғасыр лық тəуел-сіздік жылдарындағы жетіс тігі міз

жөнінде əлдекім сұрай қалса, ұял-май көрсетуге бола тын отандық өнім нің бірі – осы «Тұлпар-Тальго» вагондары екені даусыз.

Миллионыншы жолаушының үш немересіне арнайы бағалы сыйлықтар берілді. Ал əжейдің өзіне ел аумағындағы кез келген бағытқа «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызымен жылдың аяғына дейін 10 рет тегін жүру сертификаты табысталды.

Отағасымен бес бала тəрбиелеп өсірген ана бүгінде тоғыз немере-сінің арасында жол жалғап жүр екен. «Бес баламның екеуі осы Аста нада тұрады. Көз дəрігері бо-лып жұмыс істейтін Жанар атты келінім алып берген билет мені мил-лионыншы жолаушы атандырды. Отағасының ортамыздан кеткеніне төрт жылдың жүзі болды. Ал өзім жетпіс жастың желкенін көтерудің қарсаңында тұрмын. Бүкіл саналы ғұмырымды балдырған балаларға арнадым. Яғни, бастауыш сынып оқытушысы болып еңбек еттім» деді бақытты жолаушы.

Жыл басынан бері еліміздің теміржол көліктері 10 миллион адам тасымалдапты. Соның ішінде «Тұлпар-Тальго» пойыздарын

пайдаланған жолаушылар биыл ай та рлықтай өсіп, 1 миллион нан асыпты. Бұл 2015 жылғымен салыс-тырғанда 2,1 есе артық көр сет-кіш. Қазір «Тұлпар-Тальго» по-йыз дарында көп балалы ана лар ға, соғыс ардагерлеріне, мүм кін дігі шектеулі жандарға жəне сту дент жас тарға жеңілдік бере тін дис конт -тық карталар бар. Демек жүр дек пойыздар əртүрлі əлеу мет тік топтар үшін қолжетімді болып отыр.

Бүгінде елімізде осындай жүй-рік пойыздар 12 бағытта қаты-найды. 2020 жылға дейін тағы да 8 бағыт қосылады деп жос парланған. ––––––––––––––

Суретті түсіргенЕрлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан»

МИЛЛИОНЫНШЫжыл аяєына дейін тиісті жеѕілдікті пайдаланады

Астанада бір қауым жұрт теміржол вокзалында «Тұлпар-Тальго» пойыздарының 2016 жылғы миллионыншы жолаушысын күтіп алды. Ол Ақтөбе қаласынан үш бірдей немересімен елордаға жол шеккен зейнеткер, ұстаз Қанымай Бекбауова еді. Өзінің «бақыт» билетімен келе жатқанынан мүлде бейхабар əжей гүл шоқтарын ұсынып, құттықтап жүрген қауымға қайта-қайта алғыс айтумен болды...

Бағдарламаны «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы жүзеге асыратын болады. Сол үшін биылғы жылдың мау сы-мын да палата арнайы агро-құзы реттер орталығын құрды. Осы орталық директоры Төлеу-тай Рахымбековтің айтуын ша фер мерлердің негізгі мəселесі ақпарат т ың жетіспеушілігі бо-лып табылады.

«Біз барлық Қазақстан бойын-ша 600 семинар өткізуді жоспар-лап отырмыз жəне он мыңнан астам фермерді қам тамасыз етеміз. Семинар Ауыл шаруашылық министрлігі анық таған негізгі 25 бағыт бойын ша өткізіледі. 13-сі мал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі – ақ паратпен жеткілікті қамта масыз етпеу. Барлық фермерлер ауыл шаруашылығының мамандары емес. Сондай-ақ, мамандардың өзі білімді үнемі жетілдіріп оты-ру керектігін айтады. Біздің фер-мерлер барлық инновациялық өңдеуді білулері тиіс» – деді Т.Рахымбеков.

Сонымен қатар, бағдарламаға шетелдік 25 маман атсалысуда. Қазақстандық дəріс оқушыларды олар семинардың əдісімен таны-стыратын болады.

«Қараша айына дейін Қазақ-станның барлық облыс тарын қамтуды жоспарлап отыр мыз. Біздің мақсатымыз 10 мың фермерді оқытып қана қой-май, оларды семинар бары сын -да қазіргі заманға сай шешім -дер қабылдауға үйрету. Осын-дай ауқымды бағдарламаға мем ле кет миллиард теңгеден астам қаражат бөлді» – деді Т.Рахымбеков.

Үкіметтің веб-сайтының ха-барлауынша, тұрақты негізде ауыл шаруашылығы тауарла-рын шығаратын өндірушілерді қолдау жəне дəріс беру үшін «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы www.fermers.kz интер-нет порталын əзірлеуге кіріскен. Барлық оқыту бағдарламаларын онлайн түрде осы сайттан алуға болады.

«Егемен-ақпарат»

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның барлық облыстарындағы фермерлерге тегін оқыту семи-нарларын ұйымдастырады. Осы бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекет шамамен бір миллиард теңге көлемінде қаражат бөліп отыр. Бұл туралы Үкіметтің рес-ми сайты хабарлады.

Фермерлер тегін оќиды

Қазақстан

Сүйінші!

ҚАҺАРМАНДАР ГАЛЕРЕЯСЫ

немесе таќырып ќалай туады?

Ќўланаян Ќўлмамбет

Айжарыќ – Турандот ханшайымныѕ

прототипі

ҚАНҚЫЗЫЛ ЖАЛҚЫН…

Page 2: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

30 шілде 2016 жыл

www.egemen.kz2

Өңірлерде құрылған жергілікті по-лиция қызметінің алғашқы аяқ алы-сы қандай? Жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқарып келе ме? Өйткені, уақыт пен бүгінгі күн талабы мұндай сауалдарға жан-жақты əрі толыққанды жауап қайтарылуын қажет ететіні анық. Сондықтан да, бұған біз Орал өңіріндегі жергілікті полиция қызметі мысалында, əрі оның биылғы жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары негізінде жа-уап қайтарғанды жөн көрдік. Бұл ара-да, ең алдымен, жергілікті полицияның бас ты атқаратын қызметі жөнінде оқыр-мандарға қысқаша ақпарат бере кеткен жөн демекпіз.

Бұл ел-жұртпен қоян-қолтық байла-ныс ұстай отырып қылмыс пен құқық бұзушылық көріністерінің алдын алу, осы тұрғыда жүргізілетін профилактикалық шаралардың өрісін кеңейту болмақ. Қоғамдық орындар мен көшелерде тəртіптің сақталуын бақылау, бұзақылықты болдырмау жəне жол қауіпсіздігі жөніндегі мəселелер де осы бағыттан тамыр тарта-ды. Жергілікті полицияның арқасүйейтін басты көмекшілері – учаскелік поли-ция мен кəмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар əрі олармен бір -лескен іс-қимыл десек шындықтан ал-шақ кетпейміз. Айталық, облыста бұл тұрғыда аталған уақыт аралығында ашыл-ған қылмыстардың саны пайыздық көр-сеткішке шаққанда арта түсіпті. Əсіресе, жергілікті полиция азаматтардан түскен өтініштер мен арыздарға бұрынғыдан да байыптырақ көзбен əрі сергек сезіммен қарай бастағандары сүйсіндіреді.

Осы арада мұндай жағымды жайттың екі бірдей пайдасын атап көрсету

қажеттігі көрінеді. Мұның біріншісі – халықтың жергілікті полиция өкілдері жөнінде қалыптаса бастаған зор сенімі болса, екіншісі – азаматтардың арыз-шағымдарын аяқсыз қалдырмай, оны аяғына дейін жеткізу жөніндегі аталған құрылым өкілдерінің жауапкершілігі. Мұнда осы өтініштердің қаралу мөлшері өсіп отырғаны да осындай жағымды жайттардың əсері деп ой түюге болады.

Арыз-шағымдар көп қаралғанымен, оның тиісті нəтижесі болмаса бұдан не пайда?! Бұл жөніндегі деректер де оң тұрғыда екеніне көзіміз жетіп отыр. Оның нəтижесі, əкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдарға салынған айып-пұл дың басым бөлігі өндіріліп алын ған-дығынан көрінеді. Биылғы жарты жыл-дық та өңірде ұзын-ырғасы 7252 қыл мыс-тық іс тіркеліпті. Бұл өткен жыл ғы осы кезеңмен салыстырғанда он екі па йыз ға көп. Əрине, қол соғатындай көр сет кіш емес. Керісінше, қынжыларлық көрініс.

Дегенмен, облыста осы аты өшкір қыл-мыс деген кесапаттың ауыр жəне аса ауыр түрлерінің азайғаны əрі оның ашылу дең-гейінің өскені көңілге əжептəуір медеу.

Сондай-ақ, соңғы алты айда жергілікті полицияның тұрғындардың шұғыл шақыртуларына байланысты көрсеткен көмегі арқасында көшеде жасалатын қылмыстар деңгейі төмендеген. Бұған оң əсер еткен жайттың бірі – «Қауіпсіз аула» жүйесі бойынша орнатылған бейнекаме-ралар. Өңірдегі аулалар мен автокөлік жолдарына жəне ірі жол қиылыстарына бейнебақылау камераларын орнату ісі одан əрі жалғасып келеді. Бұл үшін жер-гі лікті бюджеттен қаржылай қолдау көрсету шаралары да қарастырылған.

Дегенмен, жол-көлік қауіпсіздігін сақтау мəселесінде жергілікті полиция қызметкерлерінің жеделірек іс-қимыл танытуы қажеттігі де айқын аңғарылады. Яғни өңірде биыл жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алғандардың саны төмендегенімен, ажал құшқан адам-дардың саны артып отырғаны өкіндірмей қоймайды. Соның ішінде, жеті баланың мерт болғаны орны толмас қасірет. Бүгінгі материалымыздың атауын «Жай-күйің қалай, жергілікті полиция?» деп қойып отырғандықтан да бұдан кейінгі əңгіменің арнасын тікелей осы құры-лымдық жүйеде шешімін тауып үлгер-меген мəселелерге аударған орынды деп санаймыз.

Бұл бірінші кезекте – жергілікті полицияның материалдық-техникалық базасын жақсарту болып отыр. Бұл істе оларға жергілікті атқарушы органдар-дың тигізген қолдауы мен көмегін жоқ қа шығаруға болмайды. Оның кейбір мысалдарын жоғарыда айтып өткен едік. Бұл мəселе Батыс Қазақстан облыстық мəслихатының кезектен тыс сессиясының күн тəртібіне арнайы мəсе-ле етіп қойылғаны да алдыңғы пікірі -міздің бір дəлелі. Дегенмен, осыған қара мастан шешімін таппаған мəселелер мен атқарылатын істер əлі де аз еместігі байқалады.

Осы сессия үстінде Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Манарбек Ғабдуллин елімізде учаскелік полиция инспекторларын əлеуметтік тұрғыдан қолдау деңгейі əлі де бол-са төмен екендігін атап көрсетті. Сөз жоқ, мұндай жағдай олардың алаңсыз əрі толыққанды жұмыс істеулеріне салқынын тигізеді. Сессияда көтерілген мəселелердің бірі – өңірдегі учаскелік полиция қосындарының жеткіліксіздігі. Рас, қазір Орал қаласы бойынша екі участкелік полиция қосынын ашу күн тəртібінде тұр. Дегенмен, бұл аздық

етеді. Облыс аумағындағы 185 учаскелік қосынның 99-на жай жəне күрделі жөндеулер қажет.

Бүгінгі күні облыс ауылдарындағы 98 учаскелік полиция қосыны интернет жүйесімен жəне қажетті компьютер лік қондырғылармен қамтылмаған. Мұн да қызмет автокөліктері жетіспейді. Сон-дай-ақ, жергілікті полиция өкілдерінің қызметтік баспанамен қамтылу жайы да көңіл көншіте бермейді. Оның жет-кіліксіздігі -28,7 пайыз төңірегінде. Əрине, бұл мəселе ұзақ уақыт пен ырға-лып-жырғалуды көтермейді. Өйткені, үйі жоқтың күйі бола қоя ма? Ал əзір тұрған бос баспана жоқ болса не істеу керек? Жергілікті полиция қызметі бастығының айтуы бойынша, осы орайда

Ішкі істер министрлігі жергілікті поли-ция қызметкерлерін жалдамалы тұрғын үй төлемімен қамту жүйесін ойластырып жатқанға ұқсайды. Оның қаншалықты тиімді екенін уақыт көрсетеді.

Сондай-ақ, сессияда сөйлеген сөзінде Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов өңірдегі учаскелік полиция инс-пекторларына елу автокөлік алу үшін қажетті қаражат бөлінетінін мəлімдеді. Əрине, осымен жергілікті полицияның барлық кем-кетігі түгенделеді деу қиын-ақ. Дегенмен, осындай оң көзқарас үстем түсе беретін болса, оның материалдық-техникалық базасы одан əрі нығая түсері кəміл.

Батыс Қазақстан облысы

Ойласу

Жай-кїйіѕ ќалай, жергілікті полиция?

(Соңы. Басы 1-бетте)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚРАДИКАЛДАР ДЕГЕН КІМДЕР?

Ұзақ жылдардан бері тер-роризммен күресіп, ұйымдас-қан радикалдық күштер мен террорлық топтарға (Мəселен, Аль-Каида, Өзбекстан ислам қозғалысы, Түркістан ислам пар-тиясы – барлығына Қазақстан аумағында тыйым салынған) қар-сы күресіп жатқан басқа елдермен салыстырғанда, біз əзірге шағын жəне өзара байланыспаған ра-дикалдық топтармен бетпе-бет келіп отырмыз.

Кезінде біз 2003-2013 жылдар аралы ғын дағы терроризм бабы бойынша барлық қылмыстық істерге талдау жасаған едік. Тал-дау барысында экстремистік іс-əре кет ке қатысы бар деген əртүрлі 19 топ тың 227 радикалының өмір-баянымен таныстық. Сараптама нəтижесі бо йынша, бұл топтарды шартты түрде 3 түрге бөлуге бо-лады: «Диверсиялық» (Сырт тан арнайы жос пар мен мақсатпен дайын далған адам дар), «Жама-ғат» (Діни экстремистік негіз де жиналған радикалдар тобы), «Бан-ды» (Көшбасшының немесе басқа бір факті лердің əсерінен ради-калданған қарапайым қылмыстық топ). Қазақстанда көбіне аталған топтарды діни жəне қыл мыс тық негіз бойынша біріккен адамдар құрайды.

Ақтөбеде əрекет еткен ради-калдар осындай топтардың бір көрінісі болып отыр. Шабуыл жасағандардың жетеуі ұрлық, адам өлтіру, зорлау, ұрып соғу бойын-ша бұрын сотталса, екеуі бұрын экстремистік əрекеті үшін жауапқа тартылған болатын. Алматыдағы шабуылға қатысушы да бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты.

Белгілі бір дəрежеде діни топтар мен қыл мыстық топтардың ара-ласуына, қыл мыс керлердің түзеу колонияларын да экстремистік иделогияның шырмауы на түсіп қалуынан болып жатыр. Əри не, қазіргі таңда түзеу колонияла-рында айып талғандармен тиісті жұмыс жүргізілу де. Алайда, ондағы жағдай құзырлы орган ның қатаң бақылауында болғанымен жағдай бəрібір де күрделі.

РАДИКАЛДАР ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА НЕГЕ ШАБУЫЛДАЙДЫ?

«Радикал топтар тек қана құқық қорғау органдарына ша-буыл жасайды» деген пікір қате. Талдау барысында анықталғандай, бейбіт тұрғындар да радикалдық топтардың құрбанына айналып отыр. Мысалы, радикалдардың қолынан көбінесе кəсіпкерлер, автокөлік пен такси жүргізуші-лері, сауда орталықтарының қызметкерлері мен көшедегі

кездейсоқ адамдар құрбан болуда. Ал радикалдардың құқық қорғау ор-гандары мен полиция учаскелеріне, ҰҚК департа менті мен əскери бөлімдерге шабуыл жасауы – қару иемденіп алу мақсатында жаса-лып отыр. Немесе радикалдық топтардың шабуылы құқық қорғау органдарына өздерінше көрсеткен сесі мен өзіндік кек қайтаруы бо-луы мүмкін. Мысалы, құқық қорғау органдары Ауғанстан немесе Сирия елдеріндегі радикалдық топтарға қосылғысы келетін азаматтарға кедергі келтіріп, соңына түскенде олар өшігіп, қарсы əрекет ұйым-дастыруы ықтимал. Жəне де, олардың көп жағдайда арнайы дайындалған жоспары мен так-тикалық іс-əрекеттері жоқ. Көп жағдайда радикалдық топтар шын мəнісінде бұрын болған белгілі бір оқиғаларды қайталап жасауға тырысатыны белгілі. Бірақ та, радикалдардың бұл іс-əрекеттері бəрібір де жиі террорлық акт бо-лып есептеледі, себебі олардың мұндай əрекеттері түптің-түбінде қоғам ішінде үрей таратып, жағдайды тұрақсыз дандыруға бағытталған. Мысалы, менің ой-ымша, Алматыдағы соңғы оқиға, қылмыскердің негізгі мотивін қалай атасақ та, негізі теракті бо-лып баға лануы керек. Себебі, оның іс-əре кетінде террорлық акцияның кейбір элементтері бар. Мысалы, қылмыскер мем лекеттік биліктің ғи мараты мен ны сан дарына ша-буыл жасау арқылы қоғамдық тұрақ тылықты бұзып, азаматтарды қорқынышта ұстауға тырысты.

ДАИШ ПЕН ƏЛ-КАИДАНЫҢ ШАБУЫЛДАРҒА ҚАТЫСЫ БАР МА?

Ақтөбе мен Алматыдағы терактіге ешқандай да ұйымның қатысы жоқ деп нық сеніммен айта аламыз. Бұған дейін де айтылғандай, бұл жергілікті радикалдық топтың ұйымдастырған бір əрекеті. Мұндай топтарды са-рапшылар өзара «Ұйқыдағы топ-тар» деп айтады, себебі, олар нақты бір жоспары жоқ, белгілі бір ұйымның бөлшегі емес, өз бетімен құрылып, бұрын аса бір əрекеттерді жасамаған жəне белгілі бір ради-калды идеологияның жақтаушысы. Бұл топтарға əлеуметтік желідегі шет елдің пропагандалық бейне-ро ликтері мен фото суреттері əсер етуі мүмкін. Мəселен, 2013-2016 жыл дардың аралығында ДАИШ тарапынан қазақ стан дық содыр-лар дың қатысуымен 5 ресми виде-осы таратылған. Одан басқа, Орта-лық Азия елдерінен Сирияға кетіп, соғы сып жүр гендердің əлеу мет тік желілердегі көпте ген ак каунт тарын есеп те ме ген де жүздеген түрлі əуес-қой деңгейде түсі ріл ген фото-видео материалдары жүр. Өкі ніш ке қарай, радикалдар осындай роликтерді əсіресе «Вконтакте» əлеуметтік желісінде емін-еркін таратып отыр.

Ақтөбе оқиғасына қатысқан радикалдық топ ДАИШ немесе əл-Каиданың ешқан дай мүшесі

немесе бөлшегі емес. Бірақ та, олардың тосын əрекетке баруына интер неттегі жанама үндеу əсер етуі мүмкін. Мысалы, Ақтөбе оқиғасынан 2 апта бұрын бірқатар əлеуметтік желілерде ДАИШ тобының бір көсемдері теракті жасауға шақырған аудиоүндеуі таратылған бола-тын. Осы үндеуде бірнеше елдер аталған болатын, сондықтан, мұндай оқиғалар кез келген елде орын алуы ықтимал. Мəсе лен, Бангладеш, АҚШ, Фран ция елдерінде орын алған соңғы терро рлық актілер осымен бай ланыс ты болуы мүмкін. Содан болар, мамыр айының соңында АҚШ Мемлекеттік департаменті өз азамат-тарына Еуропа елдерінде жаздың үш айында орын алуы мүм кін теракті-лер туралы алдын ала хабарлаған болатын. Бұл кездейсоқ ескерту емес. Біріккен Ұлттар Ұйымы ның соңғы мəлі мет тері бойын ша, əрбір мұсылман үшін қа сиет ті болып есеп телетін Рамазан айы кезін-де ДАИШ жақ тастары əлем нің 16 түрлі елінде 393 тер рорис тік шабуыл ұйымдастырған екен.

«ҰЙҚЫДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ТОПТАРДЫҢ» МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ?

Бұған дейінгі терроризм қаупі жайын дағы пікір-таластарда негізінен сырттан келетін қауіпке көп назар аударылды. Мысалы, көбіне-көп Ауғанстаннан келетін содыр лар Орталық Азия аймағының белгілі бір бөлігіне еніп, жағдайды бұзуы мүмкін екені айтылып келді. Сондай-ақ, терроризм проблемасы Сирия мен Ирак жеріне əртүрлі елдерден барып соғысып жатқан радикалдар бойын ша бағамдалатын. Көптеген сарап шылардың ай туын ша, ДАИШ құра мы н да соғысып жат қан азамат-тар отаны на орал ған соң өз ел дерін-де терак тілер ұйым дас тыр уы мүм-кін бо ла тын. Алай да, біз сырт тан ке ле тін тер ро рис тік ұйым дар дың ша буылына ба са назар ауда рып, ай-мақтың ішіндегі «ұй қы дағы топтар-дан» келетін қауіп дең ге йін болжай алмай қалдық.

Кез келген елде жəне кез кел-ген қо ғам да ради кал дық идеяны ұс тан ған адамдар тобы бо ла ды. Олар өз ішін де əр түрлі жос пар құруы мүмкін. Атал ған топтар ха-лық ара лық те ррор лық ұйымның мүшесі немесе филиалы бо лмай-ақ, тіпті шетелдік ешқандай топ-тар мен бай ланыспай-ақ өз еліне қауіп төндіре алады. Осындай адамдардан келетін қауіп – жүйе-ленген үлкен топтардан келетін қауіп тен аспаса, кем емес. Өйткені, олардың іс əрекетін алдын ала бол-жап білу оңай емес. Сол себепті, біз бұрыннан айтып келе жатқандай, сырттан келетін шабуылмен қатар ішкі радикалдық топтардан келетін қауіпті ескеруіміз керек. Біздің бұл сөзімізге соңғы уақыттары Фран-ция, Германия, Бангладеш, АҚШ ел дері бет пе-бет келген қанды қырғындар дəлел бола алады. Ал біз əзірге кішкене ради кал дық топ тармен немесе бір адамның іс

əре кетіне бетпе-бет келіп отырмыз. Олар қоғ ам да болып жатқан белгілі бір жағдайдың əсерін ен осындай белсенді іс əрекетке барады. Сон-дық тан, Ақтөбе мен Алматыда орын алған жағ дай лар арнайы жоспар-мақсатсыз орын алған радикалдық акция болып табылады.

БІЗДІ БОЛАШАҚТА ҚАНДАЙ ҚАУІП КҮТІП ТҰР ЖƏНЕ БІЗГЕ НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?

Соңғы жағдайға қатысқан радикалдық топтардың ешқандай дайындығының болмауы, əрине, біздер үшін ұтымды жақ. Қазақ-станда орын алып жатқан террор-лық актілердің қандай да бір нақты институцио налдық жəне идеологиялық негізі жоқ. Біз əзірге жүйесіз, өзара ұйымдаспаған, өз əрекет терін нақты жоспарламаған радикал дық топтармен бетпе-бет келіп отырмыз. Ендігі біздің мақсатымыз олардың орнына ар-найы оқытылып жəне дайындалған террорис тердің келуіне жол бермеу.

2011-2012 жылдардағы оқиға-лардан кейін біз басқа мəселелерге көңіл аударып, орын алған жағ-дайды бір реттік радикалдық белгі ретінде қабылдадық. Енді болса, бұл қауіп қатерге қарсы нақты жəне тиімді шара қолданар үшін, біз, ең алдымен, экстремизм мен терро-ризм қаупі ұзақ уақыттық тренд екенін түсінуіміз керек.

Біз толқын іспетті радикалдық белгілер мен бетпе-бет келіп отыруымыз ықтимал. Бұл жер-де радикалдануға əсер етіп отыр-ған мəселенің себеп-салдарына назар ауда ру қажет. Ең бірінші – əлеуметтік эко но ми калық мəселелер болып отыр. Жа сыра тыны жоқ, елімізде жұмыссыздық, жала қы ның төмендігі, криминалдық жағдай, жем қор лық, жастардың қоғамға бейімделе (Мар гинализация) алмауы сынды əртүрлі мəселелер жастарға қиындық тудырып отыр. Айналып келгенде, мұның бəрі əлеуметтік теңсіздік əсерін күшейтіп, радикалды идеоло гияларды уағыздаушыларға қолайлы жағ дай жасауда. Бірақ, осы мəселелерді объек тив ті жəне дұрыс бағамдау арқылы ғана біз көптеген қауіп-қатерлерді дəл анық-тап қоймай, болашақтағы дамудың жаңа басым дық тарын да айқындай аламыз. Бір сөзбен айтқанда, мем-лекет пен қоғам бұл қауіппен ұзақ мерзімді күреске дайын болуы қажет.

Əрине, соңғы оқиғалар біз үшін жаңа үл кен сынақ болып отыр. Алайда, осы жағ дай ке зін де біз отандастарымыздың жауап кер ші-лі гі мен ауызбіршілігін де көр дік. Мəсе лен, кей бір азаматтар жара-лан ғандарға дереу кө мек көр сетіп жатса, басқалары ме ди цина орта-лықтарында қан өткізу үшін ке зек ке тұрып жатты. Бұл бізге бір ұлт, бір ха лық ретінде ұйысуда ауыр бол-са да, үл кен сабақ, тəжірибе. Тек қана бір-бірімізге қол ұшын беріп, қолдау көрсетіп, көмектесу ар қы лы ғана біз бұл қауіп-қатерге тойтарыс бере аламыз.

– « S t a r t u p B o l a s h a k » бизнес байқауының екінші маусымындағы жүлде қоры 30 миллион теңгені құрап отыр. Байқауға қатысу үшін өтініштер 2016 жылдың 23 қыркүйегіне дейін «Даму» қорының барлық өңірлерде ашылған кəсіпкер лерге қызмет көрсету орталық тарында қабылданады. Жоба 8 бағытты қамтиды. Олар – бизнес ортасын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, білім беру, денсаулық сақ тау, қайырымдылық, дене шынық тыру мен спортты дамыту,

мəдени жəне патриоттық іс-шаралар. Қатысу шыларға қойылатын негізгі талап – тың, əрі «Қазақстанда жасалған» деген идеяны қалыптастыру», – деді, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі, «Даму» қорының басқарма төрағасы Қуаныш Тілеушин.

«Айта кетейік, өткен жылы «Startup Bolashak» бай қауы-ның бірінші маусымы қоры тын-дыланып, жеңімпаздар көлемді қаржыға ие болып, өз істерін бас тап кеткен болатын. Олардың

қатарындағы 1-орынды жеңіп алып, 10 млн. тең гені қанжы-ғаға байлаған Əділет Елеусов «Нейтрон» ғылыми-сауық зерт-ханасын ашса, екінші орынды еншілеген Елдос Баялышбаев 8 млн. теңгеге ие болып, дертке шипа Алакөлде мұқтаж жандарға арналған «Асар» пансионатын ашқан болатын. Ал 3-орын алып, 5 млн. теңгені еншілеген Бақтыгүл Қасымова «Алау» шыны бұйымдарын өңдеу жəне өндіру шеберханасын қолға алған. Осы жобалардың мақсаты жас буынның зияткерлік əлеуетін арттыру, идеяларын халық ара-сында насихаттауды жүзеге асы-ру», – деді ол.

Жеңімпаздардың есімдері қара ша ның 26-сы күні өтетін биз нес-жос пар лар марафонында белгі лі болады.

Айман МҰҚЫШЕВА

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан»

Депутат жұмыс сапарын облыс орталығында жаңадан бой көтеріп жатқан көпқабатты тұр ғын үй кешенін көруден бас-тады. Аталған ғимарат негізінен «Қолжетімді бас пана-2020» бағдарламасы бойынша салы-нып жатыр. Көппəтерлі үйдің жалпы құны 661,902 миллион

теңгені құрайды. Қазіргі таңда құры лыстың 90 пайызы аяқ-тал ған. Мер дігер мекеменің бас инже нері Исмаил Алиевтің айтуынша, жұмыс тəртібі кес-теге сəйкес орын далып келе ді. «Бүгінгі күні бір ауы сыммен жұ мыс атқарсақ, келе сі аптада ны сан ды белгіленген уақытында пай да лануға беру мақсатында үш ауы сым мен жұмыс істейтін боламыз», – деді ол.

Жоспар бойынша, ны-сан тамыз айының ортасында тапсы рылуы тиіс. П.Казанцев «Қазақстан жиһаз жəне ағаш өңдеу өндіріс кəсіпорындарының қауым дас тығы» өкілдерімен де кез десу өткізді. Басқосу бары-сында Мəжіліс депутаты «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары, Елбасы ның халы ққа Жолдауы жəне «Мəңгі лік Ел» ұлт тық идеясында берілген бағыт тар бойынша əңгімелеп, көтеріл ген мəселелерді бақылауына ала-тын дығын айтты.

ӨСКЕМЕН

«Нўрлы Жол» нысандарымен танысты

Парламент Мəжілісінің депутаты, Мəжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Павел Казанцев Өскемен қаласындағы «Нұрлы Жол» бағдарламасы бо-йынша салынған құрылыс нысандарымен танысты.

Бизнес идеялар ќаржыландырылады

Ќазаќстанда терроризм мəселесі бар ма?

Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан»

Елімізде жастардың кəсіп ашуына, өзіндік идеяла-рын жүзеге асыруына жаңа мүмкіндік пайда болды. Ол былтырғы жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан – «Startup Bolashak» жобасы. Аталған байқауға Қазақстанның 18-29 жас аралығындағы жас буын өкілдері, сонымен бірге, жобалық топтар қатыса алады. Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында жобаның биылғы жоспары талқыланып, талап-ережелері түсіндірілді.

Page 3: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

30 шілде

2016 жылwww.egemen.kz 3ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

Заман дамуы, қоғамдағы өзгерістер кешегі тамсандырған жақсы жаңалықты бүгін қатарға түсіріп, қарабайыр етуде. Əсіресе, білім саласындағы эксперименттер естен тандырарлықтай болып бара жатқанын несін жасырамыз. Əлемнің жылт еткені Қазақ еліне жетіп келетінді шығарды. Одан ұрпақ не алып, не қойды, ұтты ма, ұтылды ма – сөз жүзінде ұттық дегенмен, біліктілік мəселесінде олай дей алмасақ керек. Бір кездері жегі құрттай жемқорлықтың тамырына балта шабады деген Ұлттық бірыңғай тестілеудің де ақауы айтыла бастады. Осы бір емтихан түрі іске қосылғанда бүкіл өмірін білім саласына арнаған ұлт жақсылары, əсіресе, айбыны мықты, абыройлы ұстаздар – бұл буыны бекімеген, қабырғасы қатпаған ұл мен қызды ойлау жүйесінен айырып, тілден залал шегеді, бірте-бірте роботқа айналып кетуі мүмкін деген күмəндарын ортаға салған. Бірақ ҰБТ-ны насихаттаушы-лар оларды уақыт үдерісінен артта қалған, ескі көзқарастағы адамдар деген бір деммен. Енді, міне, сол олқылықты жойсақ деген ниетте белгілі ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алтынбек Шəріпбай мен біраз жылдан бері білім са-ласында зерделі зерттеулер жүргізіп жүрген Болат Кенішбаев «Білім беру мен білімді бағалаудың интеллектуалдық жүйесі» атты технологияның жобасын жасаған екен. Ұлттық менталитетті жоғалтып алмау, білімді тиянақты бағалау жолындағы ізденістері жайлы оларды əңгімеге тартқан едік.

– Болат Рақымұлы, Алтынбек Əмір-ұлы, қазақта «Ел құлағы елу» деген сөз бар, Сіздер жасанды интеллектің негі-зінде «Білім беру мен білімді баға лаудың интел лектуалдық жүйесі» атты техно-логия түзіпсіздер, сол туралы айтып берсеңіздер.

Болат Кенішбаев: – Осыдан он жыл бұрын елімізде білімді бағалаудың тестік жүйесі жаппай енгізіліп жатқан кезде мен көптеген информатика саласындағы ма-мандармен кездесіп емтихандарды ком-пьютермен алуды ұсындым. Оны Алекең суырылып шығып қолдады. Жобаны іске асыруға болатынын айтты. Бұл жобаның басты ерекшелігі кез келген адам білімінің деңгейін компьютерге тест тапсыру арқылы емес, электрондық билет алып, оған жау-ап беру ар қылы анықтау болып табылады. Компьютер жауаптың мағынасын түсініп баға береді. Яғни, компьютерге толыққанды емтихан тапсырылады да білім бірден бағаланады. Емтиханды ауызша да, жазба-ша да жүргізуге болады.

– Тестік жүйе əлемнің көптеген елде-рінде қолданылады. Білім жəне ғылым министрлігі ҰБТ-ны дамытудамыз дейді. Кеңес заманында білім сапасын емтихан арқылы анықтаған еді. Сонда сіздердің тех нологияларыңыз артқа шегіну бол-май ма?

Болат Кенішбаев: – Жоқ. Ұлттық бірың-ғай тестілеу өтпелі кезеңде мемлекетіміздің дамуына өз деңгейінде пайдасын тигізді. Біздің пайымдауымыз бойынша, бұл жүйе жуық болашақта еліміздің, тіпті бүкіл адамзаттың өркендеуіне кедергі бола бас-тайтыны анық. Өйткені, қазіргі ұрпақ тест тапсыруға үйреніп алды. Келесі ұрпақ тест-ке ыңғайланып алады. Үшінші ұрпақ кез келген сұрақты тест арқылы шешу прин-циптерін жүзеге асырды. Сөйтіп, тесті пай-даланып өмір сүру адам болмысына сіңіп, тұқым қуалау белгілеріне ауысып, адам баласының келесі ұрпағы өзіндік ойлау қабілеті төмендеп, олар алдында тұрған мəселенің шешімін тест арқылы шешпе-се, яғни сұрақтың жауабы көрініп тұрмаса өздігінен таба алмайтын халге жетеді. Тестік жүйе білімнің олқы екенін, тіпті жоқ тығын ғана дəлелдейді. Егер сұраққа дұрыс жауап берілмесе бітті дей беріңіз. Міне, ойсыздық деген осы. Иə, сұраққа дұрыс жауап берілді дейік. Бірақ ол білімнің толықтығын дəлелдей ме? Жоқ. Өйткені, дұрыс жауап «тисе терекке, тимесе бұтаққа» əдісімен табылуы да мүмкін ғой. Ендеше бұл тəсіл адам баласының ойлау қабілетін біртіндеп жоюға апармай қоймайды.

– Сіздер айтқандай, бұл проб лема болып қана қоймай, жұрт ты, қоғамды қатты ойландыра баста ғаны да ақиқат.

Алтынбек Шəріпбай: – Өмір кеш-кен қоғамның мүшелері ретінде аталмыш мəселелер бізді де қатты толғандырды. Сондықтан ғылым мен техниканың жетіс-тіктерін пайдалана отырып, компьютер арқылы оқыту, білім алу мен білім берудің жəне осы процестерді бақылаудың, білім-нің деңгейін бағалаудың əдіс-тəсілін жасап шығаруды қолға алып едік. Мақсатқа жет-кен секілдіміз.

Бұл үлгі компьютер арқылы кез келген уақытта, кез келген жер де, кез келген адам-ды оқыта алады. Оқу шының білімін бірден баға лайды.

Осы технологияны қолданып заңды тұлғалардың базасында білімді бірден баға лайтын жəне жауаптың қатесін бірден көрсететін алғашқыда жазбаша, кейі-нірек ауызша электрондық емтихандар ұйымдастыруға болады. Кез келген жеке тұлға осы арқылы өзінің білім деңгейін біле алады. Жіберген қатесін тайға таңба бас қандай көреді. Осы арада тағы бір айта кететін жəйт бар. Егер бұл жоба қоғамның барлық салаларына жаппай енгізілсе, елі-міздегі кез келген ата-ана біздің бағдар арқы лы балаларының білімін үйіндегі компью термен тексеріп отыруына да мүмкіндік туады.

Бұл модел сараптамадан өткі зілген интеллектуалдық-элек трон дық оқулықтар жəне элек трон дық сұрақтармен толты-рып, бар лық са лаларға кезең-кезеңімен, тіпті бір ден енгізуге біздің елдің ғы лы ми-техникалық əлеуеті жетеді деп ойлаймыз.

– Қазір Отанымызда, шетелдерде неше түрлі реформалар, жобалар ойлап табылып, іске асырылып жатыр. Өкінішке қарай, олардың көбісі кейде пайда əкелмей жата-ды. Бұл жоба да солай болып қалмай ма?

Болат Кенішбаев: – Егер осы жүйе енгізілсе, біздің қоғамның, тіпті бүкіл адам-заттың дамуына тө мендегі ойластырылған тұжы рым дар оң өзгерістер əкеледі деген сенімдеміз.

Біріншіден, жалпы адам бала сының алғырлығы мен зеректігін арттыруға, əр кісінің ойлау қасие тін, ойлану ерекшелігін дамытуға, жеке тұлғаның мəселені өздігінен жылдам жəне тиімді шешуге мүм кіндіктер ашылады; екінші, білім беру жүйесінде коррупция мүлде жоғалады, үшінші, қазіргі кезде білімнің баға арқылы анықталатын деңгейіне байланысты қалыптасқан əлеуметтік теңсіздік жойылып, əр адам тең құқыққа ие болады; тө ртінші, электрондық емтихан білім ді объективті бағалайды, сон-дықтан білім саласында жақсы немесе жа-ман баға деген ұғым болмайды, бесінші, əр адам өзінің білім деңгейін біліп отырады, бұл арқылы əркім өзін нақты танытатын қоғамдық сана қалыптасады; алтыншы, баға білімнің ағымдағы көрсеткіші болып қалады. Егер білім деңгейін өзгерткісі кел-гендер осы жүйенің мүмкіндігін пайдала-на отырып дайындалады. Сөйтіп, көздеген

межесіне көтеріле алады; жетінші, əр адам осы жүйе арқылы өзіне қажет білімді керек уақытында алып, заман сұранысына сай ма-ман болып шыға алады; сегізінші, қашықтан электрондық жүйені пайдаланып өзін-өзі дайындайды, алған білімін бақылайды, оның деңгейіне көз жеткізеді, т.б.

– Бұл жүйе іске қосылса, мұға лім беде-лін тағы да төмен детіп алмаймыз ба? Компьютерге емтихан тапсыру кезінде білместің орнына білетін кіріп, тағы бір тантық іс орын алып жүрмей ме?

Алтынбек Шəріпбай: – Адами фак-тор ешқашан жоғалмайды, тек мұғалімнің, емтихан алушының атқаратын міндеттері өзгереді. Қазір дің өзінде тестілеуді, емти-хан дық жəне басқа да кез келген про-цестерді бақылап отыратын тех нологиялар жеткілікті. Алда айтылды, бұл жоба корруп-циясыз қоғамдық сананы қалыптастырады, яғни адамның сана-сезімі жоға рылаған сай-ын теріс қылыққа бармайтын болады.

– Құптарлық екен делік, осы техно-логияны енгізу жолдарын ойлас тыр-дыңыздар ма?

Алтынбек Шəріпбай: – Біздің жос-пар бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар ен гізілу қажет. Білім жəне ғылым ми нистрлігінің тапсырма-сы бойынша мемлекеттік сатып алу кон-курстары арқылы түрлі сараптамалар мен сынақтардан өткен, электрондық оқулықтар мен сұрақтар дайындалып біздің электрондық про граммаларға енгізілу ке-рек. Аталған жұмыстардың мөлшері өте

үлкен жəне күрделі. Оны орындау үшін қазір бізде заңды құқық құзырет жəне материалдық мүмкіндік жоқ. Сондықтан жобаны атқару кезінде жоба негізінде арнайы мемлекеттік құрылым ашыл-са, ол қоғамымыздың барлық саласына енгізілсе, мемлекеттік бағдарлама аясын-да жүзеге асса, қане. Осы бағдарламаның нəтижесінде жоба «Электрондық Үкімет» порталы арқылы ақысыз мемлекеттік қызмет қатарлы пайдалануға берілсе нұр үстіне нұр. Сонда ол автоматты жəне дер-бес жағдайда, адамның қатысуынсыз əр тұтынушысына ресми емес электрондық емтихан алушы ретінде жүйелі қызмет көрсетеді. Ал, заңды тұлғалар бұл тех-нология қорытындысы бойынша аттес-тат, диплом, басқа да куəліктер беретін мемлекеттік немесе мемлекеттік емес, яғни ресми емтихандар өткізу үшін қолдана алады. Аталған құрылым өмірдің ағымына қарай жинақталған білімді, пайда болған жаңа мамандықтар мен технологияларға сай жұмыс істеуі керек деп білеміз.

– Материалдық мүмкіндік деген бар, бұл технологияны енгізу үшін қыруар қаржы керек болар?

Болат Кенішбаев: – Əрине, қаражатсыз ештеңе шешілмейді. Дегенмен, жобаның бір пайдалы тұсы бюджеттен қосымша қаражат бөлуді қажет етпейді. Өйткені,

біз дің жоба ҰБТ жүйесінің орнын баса-ды. Кітаптар жазуға жəне басуға кететін шығындар электрондық оқулықтарға жұмсалады. Кітап басуға кететін ақша, қағаз үнем деледі. Талапкер оқулық іздеп сабылмайды. Репетитор – консультант мұғалімдер қажетсіз болып қалады. ҰБТ өткізу орталықтары жойылады. Жоба автор-лары бұл жүйеге коммерциялық сипат беру-ге қарсы. Осы технологияны енгі зетін жəне дамытатын мекемеде заңда белгіленгендей жалақы алып қызмет істеуге əзір. Ал ше-телдерге технологияны мемлекеттік-жеке-меншіктік əріптестік жоба түрінде сатуға болады деп пайымдаймыз. Түскен пайданы жүйені дамытуға жұмсамақ ниеттеміз.

– Осындай технология қолда нысқа неге енгізілмей жатыр деген орынды сұрақ туары анық. Бұ ған берер жауап-тарыңыз қандай?

Болат Кенішбаев: – Біз осы техно-логияның мəні мен маңы зы жəне қысқаша сипаттамасы туралы тиісті орындарға хат жол дағанбыз. Ол хатымыз Білім жəне ғылым министрлігіне қарауға жі берілген еді. Сол уақыттан бері министрліктің тап-сырмасы бойынша мемлекеттік қыз мет-керлердің, мұғалімдердің, информатика саласы мамандарының алдында бір неше рет жоба тұсаукесерін өткіздік. Бізге көмектеседі-ау деген депутаттарға, лау-азым иелеріне, мамандарға жоба туралы ақпараттар жіберіп жатырмыз. Тұсаукесерге қатысқандар да, бізден мəлімет алғандар да: «Бəре келді!», деп таң қалады. Ауызша түрде

қолдайды, бірақ өкінішке қарай, ресми түр-де əлі ешқандай шешім қабылданбай отыр.

– Соншалықты күрделі мəселе емес секілді...

Алтынбек Шəріпбай: – Иə, бұл техно-логиядан қазір дүниежүзінің оқымыстылары хабардар. Түркі тілдес елдерден сұраныс көп болып тұр. Себебі, түркі тілдерінің негізі қазақ тілі болып есептеледі емес пе? Құлшыныс со-дан туындап жатқан секілді. Осы технологияға арналып əуелі қазақша жасалған электрондық оқулықтар мен элек трондық сұрақтарды орыс, ағыл шын жəне басқа да тілдерге ауда-рып пайдалануға болатынына біраз жұрттың көзі жетті. Қызы ғушылықтың бір ұшы осында жатыр. Бұл да отандық өнім ғой. Біз бірінші өз Отанымызға пайда келтірсек деп есептейміз. Мысалы, Жапония ашылған жаңа лықтарының қызығын алдымен өздері көреді. Оны хакерлерден үкімет қорғап оты-рады. Бізде де солай болу керек. Өйткені, біз бұл технологияның негізін қазақы қалып пен жасап шықтық.

– Сонда, жоба қолданысқа дайын тұр ма?

Алтынбек Шəріпбай: – Əрине. Мəселен, министрлік қызметкерлері мен мамандарынан біздің жобаны пайдаланып емтихан алған кезде компьютер жауаптың мағынасын түсініп, оған дұрыс баға бере алатынын бірнеше рет дəлелдедік. Бұған сенімсіздік танытсаңыздар шетелдерден сарапшылар шақырсаңыздар қарсы емеспіз деген ұсыныс та жасадық.

Егер министрлік қолдаса бұл тех-нологияны шартты түрде айт қанда 10 кезең-мен енгізуге болады.

Қолданыстағы оқулықтар негі зінде электрондық жазбаша емти хан тапсырудың электрондық базасы бірінші кезеңде мек-тептерде, екінші кезеңде колледждерде, үшінші кезеңде жоғары оқу орындарында, төртінші кезеңде басқа да оқу орындары үшін жасалып, пайдалануға болар еді.

Қолданыстағы оқулықтар негі зін де электрондық ауызша емтихан тапсырудың электрондық базасы бесінші кезеңде мек-тептерде, алтыншы кезеңде колледждерде, жетінші кезеңде жоғары оқу орындарында,

сегізінші кезеңде басқа да оқу мекемелерінде жүзеге асыруға болады. Тоғызыншы кезеңде жаңа ғылыми теориялар, тəжірибелік мате-риалдар негізінде мектептер, колледждер, жоғары жəне басқа да оқу орындары үшін жаңадан электрондық оқулықтарды жасауға мүмкіндік туады. Оныншы кезеңде жаңадан жасалған электрондық оқулықтар негізінде электрондық жазбаша жəне ауызша емтихан тапсырудың электрондық базасы жасалып, оны пайдалану іске асырылады. Бұған біздің еліміздің ғылыми-техникалық əлеуеті, əлеу-меттік-экономикалық жағдайы жетеді деп ойлаймын.

– Болашағы туралы байлам дарыңыз қандай?

Болат Кенішбаев: – Бұл тех но логия ның болашағы өте зор. Қоғамның кез келген сала-сында пайдалануға болады. Өмірдің ағымына қарай өзін өзі дамытып отырады. Соңғы ақпараттарға қарағанда министрлік мек теп-тердегі тестке тың тұжырымдар ойластырып жатқан көрінеді. Білімді емтихан арқылы бағалау ниеті бар болса керек. Байқасаңыз біздің технологияның негізгі функциясы ем-тиханды компьютермен өткізу. Мұны тек қана мектептерде емес, университеттерде, басқа да кез келген оқу орнында ұйымдастыруға бола-ды. Тек көңіл аударса болғаны.

ƏңгімелескенСүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан»

АСТАНА

Жаңаның жаңалығы қандай?

Жазєы дизель ќымбаттауы

мїмкінЭнергетика министрлігі тамыздың басында

жазғы дизель отыны шекті бағасына шектеуді алып тастауды жоспарлап отыр. Ал қысқы ди-зельге шектеу болған жоқ. Бұған дейін оның бағасы нарық арқылы қалай реттелсе, əрі қарай да солай реттеле береді. Энергетика вице-министрі Əсет Мағауовтың айтуынша, жазғы дизельдің шекті бағасын алып тастағаннан кейін «солярканың» бір литрі 15-16 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Одан жоғары көтерілмеуі тиіс.

Жазғы дизель отынының шекті бағасын алып тастаудың бас-ты себебі – көрші елдермен баға айырмашылығы. Қазақстанда дизельдің шекті бағасы – бір литрі үшін 99 теңге болса, Қырғызстанда – 150, ал Ресейде 180 теңгеге дейін жетіп отыр. Шекара маңында тұратын ресейліктер мен қырғызстандықтар осыны пайдаланып, арзан қазақстандық дизельді тонналап та-сып жүр. Транзитпен өтетін жүк машиналарының бактарын тол-тырып кететіні былай тұрсын, шекаралас аймақта тұратындар Қазақстанға бірнеше рет келіп, дизель отынын құйып əкетеді. «Біз ондай əрекеттерге шектеу қоя алмаймыз. Себебі, Қырғызстан да, Ресей де Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып саналады», – дейді вице-министр Ə.Мағауов. Ал көрші елдерге арзанға кетіп жатқан дизель отынына шектеу болмағаннан кейін оңтүстік пен солтүстік аймақтарда жанар-жағармайдың осы түріне тапшылық сезіле бастады.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде осы мəселеге қатысты талқылаулар жүріп жатыр. Дегенмен, қазірдің өзінде құзыретті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар аталған бастамаға қарсы емес. Жанар-жағармай құю бекеттері де оны толығымен қолдап отыр. Алайда, Мағауов мырза тиісті шешім қабылданбай тұрып, спекуляцияға жол беруге бол-майтынын ескертті. «Бізде осындай жаңалықтар жарияланған кезде біреулер бағамен ойнай бастайды, енді біреулер жанар-жағармайды ұстап қалып, бағаның көтерілгенін күтеді. Ондай спекуляцияға жол берілмейді. Жаңағыдай əрекеттер анықталса, тиісті жазалау шаралары қолданылады», – дейді вице-министр. Оның сөзіне қарағанда, министрлік дизельді отын саудасында спекуляцияға жол бермеу мақсатымен шекті бағаны тездетіп алып тастауды көздейді. Тамыздың басында ресми шешім шығарылуы тиіс. Осыдан кейін дизель отынының бағасы 115 теңгеге дейін қымбаттайды деген болжам бар. Алайда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін жеңілдік баға (79 теңге) сақтала береді.

Арман АСҚАРОВ

АСТАНА

Электронды астыќ ќолхатыныѕ тиімді тўстары

Арнұр АСҚАРОВ,«Егемен Қазақстан»

Əуезхан Дарынов жаңа жүйенің артықшылықтарын бізге төмендегіше түсіндіріп берді.

– Бұрын фермерлер əкел-ген астықтарының қол хатын алу үшін элеваторға барып, сол жерде тапжылмай күтіп отыратын. Астық түсірген əрбір көлікті есептеп, күн сайын элеваторға баруға мəж бүр болатын. Қазіргі элек тронды астық қолхатын үйде отырып-ақ алуға бола-ды. Ол үшін керегі интернет пен компьютер, смартфон да жарайды. Бұл – біріншіден. Екіншіден, жұмыс барын-ша ашық жүргізіледі. Бұрын астық қолхатын қыркүйектен бас тап өткізетінбіз. Сосын, оны сату үшін қараша,

жел тоқсан айына дейін кү-тетінбіз. Қазір қанша ас-тық тапсырдық, ол қалай сақталып жатыр деген сынды керек мəліметтің бəрін үш күн сайын біліп отырамыз.

Яғни, электронды астық қолхатының арқасында астық өсірушілердің қаншалықты еңбек етсе, соншалықты зей-нетін көруге деген мүмкіндігі арта түскен.

Тағы бір айта кетерлігі, астық қолхаттарының «құнды қағаз» деген мəртебесі бар, ол астық иесі қаншалықты астық тапсырса, сонша мүлік-тік құқығын растайды. Ал ол фермерлер банктен не-сие алғысы келген жағдайда кепілдік ретінде қолдануға да жарамды.

Биылғы жылы 23 шілдеден бастап астық қолхаттары электронды түрге өткен бо-латын. «Қазақстанның фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Əуезхан Дариновтың айтуынша, жаңа тəртіп астық өсірушілердің жұмысын анағұрлым жеңілдетеді жəне табысын молайтуға да ықпал етеді. Бұл туралы ол кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

Page 4: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

30 шілде

2016 жылwww.egemen.kz4 Кредит саясаты

ҰЛТТЫҚ БАНК ХАБАРЛАЙДЫ, ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРЕДІ, ТҮСІНДІРЕДІ

Олег СМОЛЯКОВ, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары

Бірінші кезекте депозиттердің дол-ларлану деңгейінің төмендегенін атап өтеміз. Мысалы, шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 2016 жылғы қаңтар-дағы ең жоғары 70% деңгейінен 2016 жылғы маусымның қорытындылары бо-йын ша 58%-ға дейін төмендеді.

Тўраќтандыруєа бет бўру Халықтың салымдары бойынша дол-

ларлану деңгейі қаңтардағы 80,4%-дан 2016 жылғы маусымның соңындағы жағдай бойынша 67,8%-ға дейін төмендеді. Заңды тұлғалардың депозиттері бойынша теңгелік жəне валюталық бөліктер ара-сында теңдікке қол жеткізілді. Теңгемен салымдардың үлесі одан əрі ұлғаяды деп болжанады. Бұл банктердің экономиканы кредиттеуді жандандыруы үшін қажетті теңгемен қорландыруды қамтамасыз етеді.

Бұл үрдіс жыл басынан бері ұлттық валютаның айырбастау бағамы 0,4%-ға ны-ғаюы (2016 жылғы маусымның соңында) жəне банктер теңгемен депозит тер бойынша ұсынатын сыйақы мөл шерлемесінің артуы салдарынан бел гіленді. Экономикадағы оң өзгерістерге бағалардың жалпы деңгейінің өсу қарқынының бəсеңдегенін жəне Қазақ-станның ақша нарығында пайыздық мөлшерлемелердің тұрақтануын да жатқы-зуға болады.

Жалпы алғанда, экономиканың тұрақ тануына банк жүйесінің орнық-тылығын сақтап қалуға мүмкіндік бер-ген реттеушінің барынша қатаң саясаты маңызды рөл атқаратынын атап өтуге бо-лады. Нарықтық тəртіп пен дəйекті ақпарат тұрақты жəне сенімді банк ортасының негізі болып табылатыны сөзсіз. Бұл ретте ол реттеушінің талаптарын жай ғана орын-дау емес, банктің топ-менеджментінің жете түсінген таңдауы болуы тиіс.

Ұлттық Банктің бұл бағыттағы жұмысы кредиттік тəуекелді басқару үшін ынталан-дыруды постфактум құру үшін ғана емес жəне қаржы ұйымдары үшін қарыз алу-шылармен тиімді жұмыстың мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін де жүргізіледі.

Банк жүйесін сауықтыру жəне оған деген сенімді арттыру үшін банктер актив терінің сапасын бағалау барын-ша орынды болып табылады. Бұл жерде базалық коэффициенттер капиталдан-дыру көрсеткіштері мен NPL (қызмет көрсетілмейтін кредиттер) деңгейі бола-ды. «Жұмыс істемейтін кредиттер» ұғымы негізгі борыш жəне (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды білдіретінін еске саламын.

Ќаржылыќ тўраќтылыќ индикаторлары

Ұлттық Банк халықаралық стандарт-тарға сəйкес келетін банк секторын ке-шенді бағалаудың түрлі əдістері мен құрал дарын қолданады, оның ішінде қаржылық орнықтылық индикаторларын ХВҚ əдіснамасына сəйкес есептейді. Банк капиталының NPL (іске

асырылған кредиттік тəуекел) бойынша

шығындарды өтеу мүмкіндігінің маңызды көрсеткіші ретінде капиталға құрылған резервтерді шегергенде олардың қатынасы болады (2016 жылғы 1-тоқсанның қоры-тындылары бойынша – 19,2%). Бұл көрсеткіш банктер қарыз сапасының про-блемасын шешуді кейінге қалдыратын жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді, ол уақыт өте келе елеулі түрде маңызды проблемаларға əкеп соқтыруы мүмкін еді. Банк жүйесін бағалаудың маңызды

көрсеткіштерінің бірі пайыздық спрэд бо-лып табылады (бүгінгі күні ол 2008-2009 жж. деңгейге дейін ұлғайды). Көрсеткіш жалпы алғанда сектордың рентабельділігін жəне оның мөлшерлемелерді белгілеу саласындағы іс-қимылын көрсетеді. Жоғары шама банктердің кредит тəуекелін барабар бағалауға мүмкіндігі болмаған не аса тəуекелді қарыздар берген не эконо-микадағы құлдырау жағдайында тəуе-кел үшін сыйлықақыны көтере отырып, тəуекелдерді қарыз алушыларға жүкте-ген кезде орын алып отырған жүйелік сипаттағы тəуекелдерді білдіруі мүмкін. Жаңа NPL-дың алдыңғы кезеңінің

соңындағы NPL-ды шегере отырып несие портфеліне арақатысы – портфельдегі өсіп отырған проблемалардың болуын бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіш (2015 жылғы 4-тоқсанның қорытындылары бойынша – 1,5%). Мысалы, NPL-дың математикалық үлесі төмендейді, бірақ коэффициенттің өсуі қарыз сапасының нашарлауына əсер ететін факторлардың болуын жəне кредит тəуекелінің ықтимал өсуін де білдіреді. Банк секторындағы əлеуетті пробле-

маларды бағалау көрсеткіштерінің бірі не-сие портфеліндегі қайта құрылымдалған қарыздардың үлесі болып табылады (2015 жылдың қорытындысы бойынша – 36%). Бір жағынан алғанда, қайта құрылымдау қарыз алушының өз міндеттемелерін орындау ықтималдылығын арттыру жəне, тиісінше, қарыздар бойынша күті летін кірістерді арт-тыру мақсатында банктің өз клиенттеріне түсіністікпен қарауының дəлелі болып та-былады. Басқа жағынан алғанда, жоғары коэффициент банк секторының кредит тəуекелінің өскендігін білдіреді. Сонымен қатар, қайта құрылымдалған қарыздардың жоғары үлесі банктердің өз қызметінің нəтижелерін номиналдық жақсартуының нəтижесі болуы мүмкін. 2015 жылы NPL үлесі айтарлықтай төмендеді. Қаржы нарығындағы өткен жылғы резонанс ты оқиғаларды ескерсек, бұл ахуалды жақ-сартуға не себепші болғанын түсіндіру қажет деп ойлаймын. NPL үле сінің төмен-деуі, ең алдымен, ҚҚБ мен БТА арасындағы мəміленің аяқталуы жəне БТА-ның ли-цензияны ерікті түрде қайтаруы есебінен болды. NPL-дың осы төмендеу үрдісі жалпы алғанда басқа банктер бойынша да байқалды: 2015 жылы 10,1%-дан 7,6%-ға дейін.

Қазір Қазақстанның қаржы жүйесі жақсы уақытты басынан кешіріп отыр-мағандықтан, осының бəрі ұлттық валютаның еркін өзгермелі бағамына өтуге байланысты болды деп айтуға бол-майды. Теңге құнының төмендеуінің NPL өсуіне əсер етуі 2015 жылғы желтоқсаннан бастап лагпен пайда бола бастады. Бұл рет-те жұмыс істемейтін жаңа қарыздардың өсуі арқылы көрініс тапқан қарыздар

сапасының нашарлауы девальвацияға дейін байқалды.

Яғни, қарыз алушылар кірістерінің құлдырауы жəне банктер алдындағы міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетінің төмендеуі 2014 жылдың соңындағы – 2015 жылдың басындағы макроэкономикалық күйзелістермен бай-ланысты болды. Теңге құнының төмендеуі қарыз алушылардың қаржылық жағдайына қосымша қысым көрсетті, алайда біз сол кезеңде еркін өзгермелі бағамға өтуден бас тартудың банк секторында, сол сияқты жалпы алғанда экономикада неғұрлым теріс салдарларға алып келуі мүмкін екенін мойындауға тиіспіз.

Кґрсеткіштер жəне баєдарлар

2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойын-ша банк жүйесінде жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі 7,9%-ды құрады (несие портфелі – 15 315,5 млрд. теңге, жұмыс істемейтін қарыздар – 1 209,4 млрд. теңге).

NPL төмендеуі 2014 жылғы мамырдағы ең жоғары көрсеткішпен (33,7% немесе 4,9 трлн. теңге) салыстырғанда абсолюттік көрсеткішпен 3,6 трлн. теңгеден асты. Ұлттық Банк ЕДБ активтері сапасының төмен болуы проблемаларын шешу үшін шаралар кешенін іске асырды. Оның ішінде: банктердің сапасыз активтерін сатып алу жəне оларды басқару бойын-ша екі деңгейлі жүйені құру. Бірінші кезекте əңгіме ҰБ Проблемалық кре-диттер қоры жəне ЕДБ күмəнді жəне үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдары – КАБҰ туралы болып отыр. Басқа қадам – салықтық ынталандыру ша-раларын енгізу. Олар жұмыс істемейтін активтермен операциялар бойынша салықтық кедергілерді алуға, банктерді баланстарын NPL-дан тазарту бойынша неғұрлым белсенді іс-əрекеттер жасауға тежейтін кедергілерді алып тастауға, үмітсіз берешекті кешіру критерийлерін оңтайландыруға бағытталған.

Бұл ретте 2014-2015 жылдары банк жүйесі бойынша жұмыс істемейтін қарыз дар көлемінің нысаналы 10%-дық көрсеткіштен төмен деңгейге дейін айтарлықтай төмендеуі банктердің есеп-тен шығару/кешіру құралдарын белсенді түрде қолдануы есебінен қамтамасыз етілді, бұл қарыз алушылардың борыштық жүктемесін азайтты. Сондай-ақ дəстүрлі құралдарды: қайта құрылымдауды, өндіріп алуды жəне басқаларын пайдала-ну есебінен орын алды.

Қазіргі кезде Салық кодексінде банк-тердің балансынан үмітсіз қарыздарды жүйе ден тыс есепке есептен шығару

бойынша салықтық жеңілдіктер көздел-генін де айтып өткім келеді. Сондай-ақ, Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде жəне тек шектеулі мерзімдегі сыйақы мен тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекке ғана қатысты жеке тұлғалардың берешектерін кешіру кезінде жеке тұлғалардың кірістерін салынатын салықтан босату көзделген.

Қалған жағдайлар үшін қарыздар (кре-диттер) бойынша берешекті кешіру кезінде салықтық жеңілдіктер берілмейді. Бұл рет-те, ҰБ уытты активтерді белсенді түрде есептен шығару (кешіру) мақсатында банктер үшін салықтық жеңілдіктер енгізу қажеттілігін қолдайды. Сонымен қоса, салықтық жеңілдіктерді белгілеу жəне ұзарту мəселелерін Үкіметпен, атап айтқанда Қаржы жəне Ұлттық экономика министрліктерімен талқылау қажет.

Ұлттық Банк үшін NPL үлесі – көрсеткіш коэффициенті, алайда ол банк секторы қарыздарының сапасын бағалау кезінде негізгі бағдар болып табыл-майды. Негізінен, банктер бұл коэф-фициентті жақсарта алады. Мысалы, олар шын мəнінде болашақ төлемдерді күтпейтін проблемалық қарыздарды қайта құрылымдауды немесе ішкі қайта қаржыландыруды жүргізе отырып не проблемалық активтер бойынша одан əрі жұмыс жүргізбестен, оларды өзінің КАБҰ-ға беріп жақсарта алады.

Алайда, бұл тетіктерді қолдану мақсаты өзгеше жəне банктер осыны түсінуге тиіс. Балансты NPL-дан жасанды түрде тазарту қысқа мерзімді кезеңдегі көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді, бірақ банк тің орын алған проблемаларын шеше алмайды. Бұл мəселедегі біздің міндетіміз – банктердің несие портфелінің көрсеткіштеріне айла-шарғы жасауын тоқтату, өйткені тұрақты қаржы жүйесі дəйексіз ақпараттан қалыптаспайды. Банк тер дің міндеті – тəуекел-менеджмент жүйе сін жетілдіру, өзінің ұзақ мерзімді даму стратегиясын түсіну жəне соған сəйкес келу.

Егер уытты активтердің ағымдағы жағдайы туралы айтар болсақ, онда бірнеше цифрды келтіре кеткен жөн. Ағым дағы жылдың басындағы жағ дай бойын ша КАБҰ балансындағы проб-лемалық активтердің көлемі 211,8 млрд. теңге немесе банктердің несие портфелінің 2,2% болды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 610,3 млрд. теңгені құрады. Қабылданған шаралардың есебінен КАБҰ-ның бұдан былайғы қызметі қабылданған күмəнді жəне үмітсіз активтер бойынша бас банк-тер алдындағы міндеттемелерді уақ ты-лы жəне толық көлемде орындау үшін баланс тарды жұмыс істемейтін кредит-терден тазарту жəне ақша ағындарын жинақтау бойын ша белсенді іс-əрекеттерді қабылдауға бағытталатын болады.

Ипотекалыќ NРLИпотекалық кредиттеу тақырыбы

– бөлек бір əңгіме. Бұл проблеманың өзектілігі, бірінші кезекте, кепілзаты ретінде қарыз алушының тұрғын үйі алынатындығында. Бұл қарыз алушы қарыз мерзімін өткізе бастаған кезде мəселенің аса сараланған, жеке тəсілдері мен шешімдерін талап етеді. Осының салдарынан соңғы уақытта банктердің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын алу-шылардың берешегін коллекторлық агенттіктерге беруіне шектеу қойыла бас-тады. Бұл проблемалық ипотекалық қарыз алушыларға байланысты мəселелердің

шешілуі бойынша мемлекеттің жүйелі сая-саты шеңберінде орын алуда.

Бұл мақсатқа Ипотекалық тұрғын үй қа рыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламаларын іске асыру да бағытталды. Бағдарлама шеңберінде 14 760 ипотекалық қарыз алушының 88,5 млрд. теңге сомаға өтініші мақұлданды жəне 11 730 өтініш бойын-ша жалпы сомасы 60,7 млрд. теңге қарыз қайта қаржыландырылды. Проблемалық ипотекалық қарыз алушылардың мəсе-лелерін шешу бойынша Ұлттық Банк ЕДБ-мен жəне қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып проблемалық борышты қайта құрылымдаудың өзара тиімді шарттарын іздеуге, қарыз алушыларға құқықтық көмек көрсетуге, банктік қарыз шарты бойын-ша міндеттемелерді орындау бойынша консультациялар жəне түсіндірме беруге бағытталған іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Жылжымайтын мүлік ипотекасы тура-лы заң шеңберінде қарыз алушыда өндіріп алуға болатын басқа мүлкі немесе кірісі болмаған кезде кепілге қойылған жыл-жымайтын мүлік соттан тыс немесе сот тəртібімен сатылған жағдайда, қарыз алу-шы жеке тұлғаның негізгі міндеттемесін тоқтату бойынша тетіктер қазірдің өзінде регламенттелді.

Өз кезегінде, қазіргі уақытта банктердің жиынтық несие портфелі 15 315,5 млрд. теңгені құрады, онда ипотекалық тұрғын үй қарыздарының деңгейі 6,6% немесе 1 006,9 млрд. теңгені құрайды. Порт фельде ипотекалық тұрғын үй қарыз дарының үлесі ең төмен болғандықтан, көрсетілген шектеу портфельде осындай кредиттер көлемінің күрт өзгеруіне ықпал етпейді.

Тўрмыстыќ ќажеттіліктер їшін

Кредиттеудің тағы бір секторы – тұтынушылық қарыздар – соңғы уақытта жандана бастады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылық қарыздардың жыл сайынғы өсуін шектеу бойынша банктер-ге қойылған талаптың күші жойылғаны белгілі. Жылдың басындағы жағдай бойын ша тұтынушылық қарыздар несие портфелінің 16,9%-дық үлесімен 2 622 млрд. теңгеге өсті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 2,63 трлн. теңгеден астам не-месе несие портфелінің 18,6%-ы болған. 2015 жылы төмендеу 17,2 млрд. теңгеге 0,65% деп бағаланады.

Ағымдағы жылдың басынан бері ЕДБ несие портфеліндегі тұтынушылық кре-диттер үлесінің төмендеу үрдісі сақталды. 2016 жылғы көктемнің басында олардың үлесі 2 531 млрд. теңгені құрады. Бұл – несие портфелінің 16,2%-ы. Жылдың ба-сынан бері төмендеу – 91,7 млрд. теңгені немесе 3,5%-ды құрады.

1 сəуірдегі жағдай бойынша жылдың басынан бері екінші деңгейдегі банктердің қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыз дарының көлемінде 6,2%-ға төмен-деу байқалады. Егер соңғы екі жыл ішіндегі серпінді қарасақ, онда көлеміне қатысты 2014 жылғы 1 сəуірде жүйедегі тұтыну-шылық қарыз көлемі шамамен 40%-ға ай-тарлықтай төмендегенін байқауға болады.

Банктердің халықты кредиттеуге қайта оралуы осы сегменттегі үрдісті өзгер теді деп сенеміз. Бұл ретте, бізді бұрынғыдай, тұтынушылық кредиттеудегі тəуекелдердің өсуін шектеу мəселелері толғандырады. Сондықтан тұтынушылық қамтамасыз етілмеген қарыздар бойынша жоғары тəуекел деңгейі енгізілді. Тұтынушылық қамтамасыз етілмеген қарыз берудің міндетті шарты

нақты кірісті жəне қарыз алушының кредит тарихын тексеру болып табылады. Егер қарыз алушыда қарыз бойынша қарызды өтеу бойынша ай сайынғы шығыстары оның жиынтық кірісінен 35%-дан асса не қарызды өтеу бойынша мер зімін кешіктіру болған кезде, осындай қарыздар бойынша қосымша капитал қоры қалыптастырылатын болады. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қарыздарға жоғарыда көрсетілген критерий-лерге сəйкестігі тұрғысынан ай сайынғы мо-ниторинг жүргізу тұтынушылық қамтамасыз етілмеген қарыз берудің міндетті шарты бо-лып табылады.

Базель бойынша алдын алу Жалпы алғанда, Ұлттық Банк əлеу-

меттік-экономикалық даму шеңберінде бірқатар шаралар іске асыруды бас-тап кетті. Атап айтсақ, бұл банктерде жаңа көпіршіктердің пайда болуын ал-дын алуға, өтімділікті қолдауға, банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету-ге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар.

Орта мерзімді перспективада реттеуші меншікті капитал мен өтімділік бойынша Базель II/III стандарттарын кезең-кезеңмен іске асыруды көздеп отыр. Қарсы циклдық реттеу шеңберінде банктердің меншікті капиталын 10-нан 100 млрд. теңгеге дейін ұлғайту бойынша талаптың күші жойыл-ды. Меншікті капитал жеткіліктігінің ең төмен деңгейін 2016 жəне 2017 жыл-дары ағымдағы деңгейде сақтап қалу қарастырылуда.

2016 жылдан бастап Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің халықаралық өтімділік стандарттары – өтімділікті өтеу коэффициенттері жəне тұрақты қор лан-дыру неттосы кезең-кезеңмен ен гізі-луде. Өтімділікті өтеу коэффициенті бо-йын ша халықаралық талаптарға толық сəйкес келтіру 2021 жылға жоспарланып отыр. Тұрақты таза қорландыру коэф-фициенті 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ, меншікті капиталдың ең төмен жеткіліктігін толықтыру үшін қадағалау үстемеақысы енгізілген. Атап айтқанда, қадағалау үстемеақысы NPL-ді 10%-дан кем деңгейге дейін төмендету бойынша іс-шаралардың жеке жоспарын бұзған банк үшін 2 пайыздық тармақты құрайтын болады.

Қадағалау үстемақысының екінші ком-поненті жеке тұлғалардың депозиттеріне қатысты банктің нақты меншікті капита-лынан капитал тапшылығын шегеру тү рінде көзделіп отыр жəне де қорлан-дыру көздерін əртараптандыруды ынта-ландыруға бағытталған.

Бұл жерде, Базель III стандартта-рын енгізбес бұрын, банк секторының қызметіне жаңа талаптардың əсерін тал-дау жəне бағалауды қамтыған жүйелі ал-дын алу жұмыстары, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы алаңында банк қауымдастығымен жан-жақты талқылау жұмыстары жүргізілетінін атап өту қажет.

ШОБ субъектілерін кредиттеу жəне тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ипотекалық қарыздар, ШОБ субъектілерінің қарыздары, сондай-ақ Қаржылық есептіліктің халықаралық стан-дарттары бойынша резервтермен өтелген қарыздар бойынша меншік капиталының жеткіліктігіне талаптар төмендетілген. Сондай-ақ, теңге бағамының шетел валю таларына құбылмалылығымен бай ланысты тəуекелдердің алдын алу мақсатында тиісті валюталық түсімі жоқ қарыз алушылардың шетел валютасымен қарыздары бойынша меншікті капиталға жоғары талаптар белгіленген.

Реттеушінің тəуекелдерді барын-ша азайту, сондай-ақ банк секторының орнықтылығын сақтау мəселелерінде жүргізіп отырған саясатын қорыта келе, жалпы алғанда экономиканың дағда-рыстан шығу жылдамдығы көптеген құрауыштарға, соның ішінде Ұлттық Банк пен Үкіметтің үйлескен іс-қимылдарына байланысты болатынын айтуға болады.

«Егер қарыз алушыда 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бір банкте негізгі борышының жалпы сомасы 36 470 000 теңгеден асатын екі жəне одан да көп қарызы болған жағдайда, қарыздарды қайта қаржыландыруға бола ма?»

– Қарыз алушы қарызы (қа-рыздары) бағдарлама талапта-рына сəйкес келген жағдайда қайта қаржыландырылуға тиіс. Бұл ретте негізгі борышының жалпы сомасы 36 470 000 теңгеден аспайтын қарыздар қайта қаржыландыруға жата-ды. Өз кезегінде, егер бір қарыз басқа қарыздармен қосылғанда 36 470 000 теңгеден асса, онда қосылғанда көрсетілген сома-дан аспайтын қарыздар қайта қаржыландырылады.

«Қарыз алушыны бағ-дарлама бойынша қайта қар жыландыру кезінде банк үшінші тұлғаның қосымша кепілзатын талап етуге құқылы ма?»

– Бағдарламаның əлеуметтік бағытын ескерсек, банк қарыз бойынша қосымша кепілзатын талап етуге құқылы емес.

«Төртінші баласы 2015 жы лы туылған қарыз алушы-ның кредиті «халықтың əлеу меттік тұрғыдан осал тобы» санаты бойынша қайта қар жыландырыла ма?»

– Бағдарламаның əлеу-меттік бағытын ескерсек, мұн дай қарыздар бағдарлама шең берінде осы санат бойын-ша қайта қаржыландырылуға тиіс.

Александр ТЕРЕНТЬЕВ, Ұлттық Банктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жəне сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы

Олар банктердің төлем жасауға қабілетсіз қарыз алушылармен өзара іс-əрекеттерінің проблемаларын кешенді шешу, банктік қызметтердің ашықтығын, тұтастай алғанда елдің қаржы секторының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында əзір-ленген.

Түзетулер 2015 жылғы қара шада қабылданды жəне 2016 жылғы қаң-тардан бастап күшіне енді. Жекелеген нормалар осы жазда қолданыла бас-тады. Мəселен, қаржылық қызмет-терді тұтынушылардан алынатын ко-миссиялар мен өзге төлемдер тізбесі айтарлықтай – 4 есе дерлік қыс-қарды. Сонымен қатар, банктер қарыз шартының талаптарын біржақты тəртіппен өзгерте алмайды.

Заңнаманың жаңа нормалары

шартты түрде екі блокқа бөлінген. Біріншісі – борыштық жүктемені төмендету шаралары, екіншісі – банктік қызметтердің ашықтығын көтеру шаралары. Атап айтқанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке тұлға өтініш жа-саған күннің алдында қатарынан алты ай бойы шетел валютасында кірісі жоқ жеке тұлғаға ипотекалық қарыз беру-ге тыйым қолданылады. Норма қарыз алушыларда валюталық тəуекелді бол-дырмау мақсатында енгізілген.

Шілденің басынан бастап қарыз алушының міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз төлемді бөлудің ерек-ше кезектілігі белгіленді. Мə селен, егер мерзімі өте бастаса, бірін ші ке-зекте мерзімі өткен негізгі борыш пен сыйақы, содан соң тұ рақсыздық айы-бы жəне ағымдағы кезеңдегі төлемдер, ең соңында банктің шығасылары өтеледі. Бере шекті төлеу мерзімі 180 күннен асып кетсе, алдымен мерзімі өткен жəне ағымдағы кезеңдегі негізгі борыш пен сыйақы бойынша бере-шек өтеледі, содан кейін – ағымдағы кезеңдегі төлемдер, тұрақсыздық

айыбы (айыппұл, өсімпұл) жəне кре-дитордың орындауды алу жөніндегі шығасылары өтеледі.

Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап өтеу мерзімі 90 күнге дейінгі тұрақсыздық айыбының мөлшеріне шектеу – күніне мерзімі өткен төлем сомасының 0,5%-ы мөлшерінде шек-теу енгізілді. Өтеу мерзімі 90 күннен кейін – күніне мерзімі өткен төлем сомасының 0,03%-ынан аспайтын мөлшерде шектеу енгізілді. Бұл ретте тұтастай алғанда тұрақсыздық айыбы əрбір мерзімі өткен жыл үшін берілген қарыз сомасының 10%-на аспауға тиіс.

2016 жылғы 1 қаңтардан бас тап банктің қарыз бойынша өтеу мер-зімі қатарынан 180 күннен кейін есеп телген, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақыны жəне тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуіне тыйым енгізілді.

Ұсынылып отырған шаралар субъективті немесе объективті себеп-термен алынған қарыздары бойын-ша міндеттемелерін уақтылы орын-дауда уақытша қиындықты бастан кешіріп отырған Қазақстан азаматта-ры үшін қажетті қорғаныш деңгейін қамтамасыз етіп қана қой май, еліміздің қаржы секторын неғұрлым əлеуметтік тұрғыдан жауапты етеді.

Заңнамалық бастамалардың екінші блогына алдын алу (ескерту) сипатындағы нормалар енгізілген. Қазақстандық қарыз алушылар кре диттеудің қолайлы мына-дай тəсілдері мен берешекті өтеу кестелерін көптен бері өздері таң-дайды – тең үлестермен немесе кредиттеу мерзімі ішінде азаятын аннуитеттік төлемдермен. Ағым-дағы жылғы 1 шілдеден бастап банк тік қарыз шарттарының талап-тарын біржақты тəртіппен өз гертуге тыйы м енгізілді. Ерекше жағ дайлар – заңда жəне шартта көзделген, қарыз алушыға хабарлай отырып ол үшін шартты жақсарту жағдайлары.

Талаптарды жақсарту деп азай-ту жағына қарай өзгерту немесе қарызға қызмет көрсетумен байла-нысты көрсетілген қызметтер үшін комиссиялардың немесе өзге төлем-дердің күшін толық жою, сон дай-ақ тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұлды) азайту немесе толық күшін жою, банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету немесе банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді кейінге қалдыру (мерзімін ұзарту) түсініледі.

Бұл ретте қарыз алушыға банк ұсынған жақсарту талаптарынан

14 күн ішінде бас тарту құқығы бекі тілген. Бұл жаңалықтар қарыз алушының кредиттеу талаптарын бағалауына жəне берілген толық əрі түсінікті ақпарат негізінде дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік жа-сайды, бұл өз кезегінде болашақта қарыз бойынша міндеттемелерді орындамау тəуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.

Ұлттық Банк жұмыс істемейтін кредиттер жөніндегі заң шеңберінде банк қарызын, микрокредитті беру жəне қызмет көрсету кезіндегі ко-миссиялар мен өзге төлемдердің толық қамтылған тізбесін бекітті. Бұл шара жеке тұлғаларға банк қарыздарын (микрокредиттерді) беру жəне қызмет көрсету кезінде ЕДБ мен МҚҰ қызметтерінің құны жөнінде қарыз алушылардың ха-бардар болу деңгейін арттыруға да бағытталған.

Комиссиялар мен төлемдер тізбесін банктер мен МҚҰ ағым дағы жылғы 1 шілдеден бастап ескерулері жəне ол кредит құнында көрсетілуі тиіс. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаларға берілген қарыздар мен микрокредит-тер құны жалпы саны 11-ден аспай-тын, Ұлттық Банк белгілеген комис-сиялар мен төлемдер тізбесімен шек-телуге тиіс. Айта кететін жайт, бұған дейін, реттеушінің деректерінше, бан-ктер 40-тан аса комиссиялар мен өзге төлемдер алатын болған.

Қазақстанның қаржы нары ғында жағдай тұрақтанғаны байқалады. Оны бірқатар факторлар көрсетіп отыр. Оның ішінде, екінші деңгейдегі банктердің кредиттеуді қалпына келтіруі, ол бизнестің экономикалық белсенділігі артуына да, тұтынушылық сұраныстың өсуіне де əсер етуде.

Даєдарыстыѕ сабаќтарын ескере отырып

Кері байланыс Сіздің қаржы кеңесшіңіз

Əлеуметтік тўрєыдан маѕызды баєдарлама

Газет редакциясына жəне Ұлттық Банкке Қарыздарды қайта қаржыландыру бағдар ламасына қатысты көптеген сұрақтар келіп түседі. ҚР ҰБ қаржылық қыз меттерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мамандары солардың ішінде ең көп қойылатын сұрақтарға жауап дайындады.

Борыштыќ жїктеме ґспейді Ұлттық Банк жұмыс істемейтін кредиттер жөніндегі заң шеңберінде қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін бірқатар түзетулер əзірледі.

басқармасының басшысы

Бетті дайындағандар Марат АҚҚҰЛ, «Егемен Қазақстан» жəне Алевтина ДОНСКИХ

Page 5: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

30 шілде 2016 жыл

www.egemen.kz 5ЖАҢҒЫРЫҚ

1.Берілмеген бекініс туралы кітап

Брест қамалы туралы қалам тербе-ген журналист Сергей Смирнов əу ба-сында түртінектеп бекініс туралы жазып жүргенімен, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген шығарманы дүниеге əкелемін деп ойлады дейсіз бе? Қарапайым қызығушылықтан басталған тақырып арқылы бертін ге дейін беймəлім болып келген ерлік ке толы тарих-тың жаңа бет терін қопарып, журналист қамалды қор ғаған жауынгерлердің ерлік шежі ресін хронологиялық тұрғыдан бүге-шіге сіне дейін баяндап, соғыс тың ақтаңдақ тұстарын жеріне жеткізе жазды.

Əуелі Брест қамалын қорғаушы лардың ерлігі жайында аңыз майдан шебін аралап кеткен-ді. Аңыз жауынгерлерге қуат беріп, «біз де бекіністі қорғаған батырлар сияқты қасық қанымыз қалғанша жауға қарсы күресеміз» деп, олардың бойындағы сенім шоғын үрлей түсті.

1944 жылдың жазында Брест жаудан азат етілді де, қамал қабырғалары сайрап қоя берді, қабырғадағы тас тарға да тіл бітті. Ерен ерліктің ізі жа йын да бекіністің əрбір бөлшегі мұң лы са-рынмен «менмұндалап» тұрушы еді...

Мəскеулік мұражайдың бір қызметкері 1950 жылы қамалдағы батыс казармаларының бірінен қа быр ғаға жазылған: «Я умираю, но не сдаюсь. Прощай, Родина!» деген жа зу-ға көзі түсті. Жазған кісінің есімі бей мəлім, бірақ жазылған күні айқын – «1941 жылдың 20-сыншы шілдесі». Осылайша, қамалдың жауға қарсы жан кештілікпен соғысқандығы туралы нақты дəлел табылды. Бекініс со ғыс-тың 29-ыншы күнінде де қарсы лық ты жал ғас-тырғаны анықталды.

Журналист Сергей Смирнов: «1954 жылы Брест қамалы туралы кітап жазу туралы ой келді. Бұл тақы рыпқа баруыма заңдылық пен бел гілі бір кездейсоқтық та себепші бол ған еді, – деп жазады естелігінде. – Заң ды лық дегенім, Ұлы Отан соғысын да ғы оқиғалар туралы үзбей жазып келемін.

Батыр қалалар Одесса мен Севас тополь жайында қалам тербесем бе деп ойлай бас-тап едім, кездейсоқ əңгіме жоспарларымды түбегейлі өзгертіп жіберді».

Сөйтіп, атын төрткүл дүниеге таныт-қан шығарманың жазылуына түрт кі болған кездейсоқ жағдайға тоқталады.

«Бір күні жолдасым, жазушы Герман Нагаев келді. Ол алдағы уақытта немен айналы-сатынымды сұрастыра келіп, кенет былай деді:

Брест қорғанысы туралы кітап жазғаның дұрыс болар еді. Бұл дегенің соғыстың мүл-дем бір бөлек ерлікке толы шежіресі ғой!»

Есіме бір-екі жыл бұрын оқыған жазу-шы М.Златогоровтың Брест қамалы туралы жазған очеркі түсті. Ол «Огонек» журна-лында жарияланып, содан кейін Қорғаныс министрлігінің əскери баспасы шығарған жинаққа кірген-ді. Нагаевпен əңгімеден соң, əл гі жинақты тауып алдым да, Злато горов тың очеркін қайта парақтадым.

Брест қамалы туралы тақырып бірден баурап алды. Онда əлі ашыл маған қалың құпия жатқан тəріз ді көрінді, ұлан-ғайыр зерттеу жұмыс тарының күтіп тұрғанын да іш тей сездім. Аталған тақырып ерлік ке толы екендігін, онда біздің халқы мыз дың, біздің армияның қандайда бір батырлық рухы барын байқадым. Сөй тіп, жұмысты бастап кеттім».

Соғыстың басталғанына да тоғыз ай өткен. 1942 жылы ақпанда Кеңес əскері Орел ауданында немістің 45-інші жаяу əскер ди-визиясын тал қандап, дивизия штабының архивін қолға түсіреді. Кеңес офицерлері сондағы бір қызықты дерекке назар ауда-рады. Онда «Брест-Литовскіні алу туралы əскери ақпар» деп аталған құжатта Брест қорғанысы үшін соғыс барысы баяндалып-ты. «...батыл қорғаушылар бекінген қамал үшін шайқас күшті шабуылға қарамастан қан төгіске ұласты, – деп жазады неміс штабының офицерлері. – Брест-Литовскідегі орыстар жан ая май соғысты, олар жаяу əскердің асқан ерлігін жəне қарсыласуға де-ген ерік-жігерінің мықтылығын дəлелдеді».

Құжат орыс тіліне тəржімаланып, оның үзіндісі 1942 жылы «Красная звезда» газетінде жарияланды. Осы лай ша, аңыз ақиқатқа айна-ла бастады.

Журналист Сергей Смирновтың Брест бекінісі туралы шығармасының жазылуына дəнекер болған алғашқы ақпарат осы еді. Ерлікпен өрілген аңыздың Смирновты ар-бап алғаны соншалық, ол қамал тақырыбын зерттеуге біржолата кірісті. Əу басында Смирнов қамалдың қорғаушы ларымен бірге

бір үстел басында отырып тарихи эпо пея-ның жылнамасын – күнін, сағатына дейін қалпына келтіреміз деп ойлады дейсің бе?! Жур налистік қызығушылық, табан дылық Смирновтың Брест тақыры бын он жылға жуық зерттеп, оны қорғау шылар туралы толыққанды туын ды жазуына əкелді.

Бресті қорғаған 42-інші атқыштар диви-зия сының құрамында 44-інші атқыштар полкінің командирі майор Петр Гавриловтың ерлігі Сергей Смирновтың арқасында бар-шаға мəлім болды. Ол 1941 жылдың 23 шіл де сінде ғана ауыр жарақаттан соң, жау тұт қынына түседі. Оған дейін бір ай бойы неміс терге қарсы ерлік пен шайқасады. Гав-рилов 1945 жылдың жазында жау тұтқы-ны нан босатылды. 44-інші полк тің бұрын-ғы командирі неміс тұтқы нын да қаншама қиындықты бастан өткізіп, елге оралғаннан кейін қауіпсіздік ор ган дарының тексерісінен мінсіз өтіп, майор атағы қалпына келтіріліп, 1945 жылы жаңа қызметке тағайындалады.

1957 жылдың қаңтарында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Петр Михайлович Гавриловқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Алтын Жұлдызбен қоса, екі бірдей Ленин ордені тапсырылды. Екінші Ленин орденімен Кеңес армиясы қатарындағы ұзақ жылдар бойы қалтқысыз қызметі үшін ма-рапатталды. Осылайша, Сергей Смирновтың арқасында əділеттілік қалпына келтірілді.

Əділеттілік демекші, жазушының ұлы Кон с тантин Смирнов өз естелі гінде: «Əкем Брест қамалы үшін жан аямай соғысқан дар дың əділеттілікке деген сенімін оятты. Бұл дегеніңіз өмірдің өзіне деген сенім-тұғын» деп жазады.

Амалдың жоқтығынан жау тұт қы нына түскендердің, қамалды қор ғаған ерлердің тағдырына Смирнов ендігі жерде өзі араша-шы бола жүріп, бүкіл құжаттарды жинап Бас про куратураның құзырына ұсын ды. Ұзақ-сонар тексерістен кейін Алек сандр Филь ақталып, 1957 жылы Брест қорғанысындағы көрсет кен ерлігі үшін ІІ дəрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталды.

Айтпақшы, «Брест қамалы» кітабында қазақ оғыланы Нұрым Сыдықов туралы да жазылған. «Тап осы кезде Шиканов өзіне бағы ныш ты адамдардың бірі, соғысқа дейін өзінің пулемет ротасында бол ған Нұрым Садықовпен ерекше қадірмен дос болып кетті. Бой біті мі шағын, дөңгелек бет, қолды-аяқ қа тұрмайтын, ептейлі қазақ жігі ті Нұрым Садықовтың басынан солдатқа тəн ең жақсы деген қасиет терді түгел табуға болатын еді – ержүректілік пен табандылық, шаршаудың не екенін білмейтін төзім ділік, мою дегенді білмейтін жай дарылылық, оның дөңгелене біткен бет əлпеті ылғи күліп тұра тын, тек ұрыс кезінде, Нұрым винтов ка ның немесе пулеметтің дүмін иығына қыса түскенде бет жүзі сұстанып, ыза кернеп, ен даланың мер-ген ұлы на біткен қысықтау көздері гитлер шіл солдаттардың жасыл киімін ны санаға алып дəл тіге ататын. Қал ған уақыттың бəрінде де ол əр дайым көңілді жүретін, жұртты күл-ді ріп, тіпті жеңіліс тапқан күн дер дің өзінде де жолдастарының көңі лін көтеріп, бойын сергітіп тастау ға шебер еді...».

Смирновтың шығармасында қазақ баты-ры ның аты-жөні Нұрым Садықов деп жүр, бірақ кейін гі зерттеулерде Сыдықов тегі мен əй гілі. Сол себепті біз қазақ баспа сөзін де жазыл ған нұсқаға сүйендік. Нұрым Сыдықов соғыстағы ерлігі үшін «Қызыл Ту», ІІ дəре-желі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ор-ден дері жəне бірнеше медальмен мара пат тал-ған. Кейін Брест қа ма лының батыры кітап ав-торы Сергей Смирновтың өзімен де кездесті.

«Рахымжан бұл кездесуге «Брест қама-лы ның» Қазақстандағы бір кейіпкері Нұрым Сыдықовты əйелімен, қанды көйлек досы Жанша Жанасовты əйелімен шақырыпты.

– Бұл күнді көре аламыз дедік пе? – Нұрым көзіне жас алып, қайта-қайта Сергей Сергеевичті құшақтай берді». Кəкімжан Қазыбаев «Найзағайдай жарқылдап...» атты шығармасында батырлардың басқосуын осы-лайша суреттейді. 1973 жылы Алматыға кел ген сапарында Сергей Смирнов өзі нің кейіпкерімен Рахымжанның шаңы рағында бас қосыпты.

Ұйқысыз түндерді, ұзақ күнді жол үстін-де өткізіп, жүздеген жанмен жүздесіп, қамал-

дың беймəлім қаһармандарын тауып, олар дың ерлігі жайында жазылған шығарма жур на-листің ерлікке пара-пар еңбегіне айналды. Ең бек мемлекеттік марапат тарапынан да кен де қалған жоқ. 1957 жəне 1965 жылдары (екін ші басылымы мейлінше толықтырылған жəне кеңей тілген) – екі мəрте жарық көрген «Брест қамалы» кітабы үшін С.Смирнов 1965 жы лы Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды.

2. Кездейсоќ кездесуден туєан шыєарма

«Нағыз адам туралы аңыз» шығармасы есіңізде ме? Борис Полевойдың ше? Бір кез-дері күллі əлемге адам рухының асқақ тығын əйгілеген шығарма. Оның дүниеге келу тари-хы да қызық.

Борис Полевой майданға «Правда» газетінің тілшісі ретінде арала сады. Ол «нағыз адам» – Алек сей Маресьевпен 1943 жылы ұшқыш-гвардияшылар жайында мақала əзірлеуге барғанда танысқан. Брянск майданының гвардиялық ұшқыштар полкі Орел қаласы үшін жан аямай соғысып, тоғыз күнде фашистердің 47 ұшағын атып түсірген. Бұл дегені ңіз үлкен жеңіс болатын сол сəтте.

Маресьев майдан шебіне келген журна-листі өзінің жертөлесіне шақырады. Əскери тілші мен ұшқыш түн ауғанша əңгіме тиегін ағытады. Полевойдың əскери күнделігіне төмен дегіше жазба түскен екен: «Менің жаңа танысым өзінің жертө ле сіне қонуға шақы р-ды. Оның қасын дағы ұшқыш сол күні аэро-дромнан орал мапты. Мен соның төсегі не жату-ға келістім, өйткені, қараңғылық қою ла нып, қайта ұшып кетуге кеш боп қал ған еді. Орман жидегін жей отырып, ұзақ əңгімелестік...

Енді қалғи бастағаным сол еді, еденге салмақты бірдеңенің тарс етіп құлаған ды-бысынан оянып кеттім. Жертөле қараңғы, алайда айдың жарығы түсіп тұр. Танысым жатқан төсектің астынан тап-таза офицер еті-гінен біреудің аяқтары қылтияды. Қолым ды жастықтың астына қалай сүңгітіп жібер генімді өзім де байқа май қалдым. Кенет көңіл ді, ақжарқын күлкі естілді. Өзімді қояр ға жер тап-падым. Жертөле қожайы ны ның күлкісі. – Бұл протездер ғой, менің про тез дерім, – деді ол».

«Аяқсыз ұшқыш. Ұшқыш-ист ребитель! Бүгін ғана 7 мəрте көк ке көтеріліп, жаудың 2 ұшағын жой ған ұшқыш!..» Журналистің таң ға лысына қарап тұрып Маресьев: «...аяқ-тары ма қатысты оқиғаны сізге ай тып берейін бе?» дегені...

Осы бір кездейсоқ кездесу Борис Полевой-ды ерекше толқытты. Ол ұшқыш туралы əңгіме де, очерк те жазды. Бірақ сол күйінде жарияланбай қалған-ды. Кеңес идеология-сы мүгедек батырды насихаттауға қарсы болып, «Қызыл армия мүгедектеріне дейін соғысқа жегіпті» деген жаудың пікірінен қаш қақ тады. Соғыс аяқталған соң, Нюрнберг процесі кезінде қаһарман ұшқыштың образы журналистің алдынан тағы шықты.

Нюрнберг процесін жазуға тір кел ген əрбір журналиске аме ри ка лық оккупация лық билік қызмет көлігін бөлген еді. Жүргізу-шілер дің бəрі де жалдамалы немістер бо-латын. Полевойға жас шамасы отыз бес-тер дегі бетінде тыртығы бар ұзын бойлы жігітті жіберіпті. Орыс полковнигіне жігіт өзінің бұрынғы ұшқыш-истребитель екенін, орыстарға қарсы Солтүстік майданда со-ғыс қанын, екі ұшақты атып түсіргенін, өзі де отқа оранғанын, алай да ұшақты өз аумағына қондыр ғанын таныстық бары-сында ежіктей баяндап берді. Өзінің өткен өмірі Кеңес офицеріне ұнамайды деп ойлады

жүргізуші. «Біз сіз екеуміз солдаттармыз», – деді Полевой неміске. Сөйтіп, Куртты өзіне жүргізушілікке бекітуді сұрады.

«Люфтваффе»-нің бұрынғы ұшқышы бір кездері өзі əңгімелескен аяқсыз ұшқыш Маресьевті қайта есіне түсіргені. Ол да Курт сияқты аға лейтенант еді-ау...

Трибунал кеңсесінен бір бума қағазды əкеліп, көп кештің бірінде ол бір жапырақ қағазға «Повесть о настоящем человеке» деп жазды. Бірақ əрі қарай қаламы жүрмей қойғаны. Құдды бірдеңе жетіспейтін секілді...

Журналисті шығарманы жазуға жазу үстеліне біржола отырғызған халықаралық трибуналдың кезекті мəжілісінде нөмірі екінші нацист рейхсмаршал Герман Геринг тен алынған жауап еді. Ол «Герма нияның Кеңес Одағына жасаған шабуы лы қылмыс емес, Қызыл Армия əскерінің, танкілер мен ұшақ-тардың санын, кеңес əскери зауыттарының қуатын білгенімен, кеңес халқының қандай қуатты екен дігінен бейхабарлығы нацис-тік бас шы лықтың басты қателігі еді деп мəлімдегені» болатын.

«Осындай амалсыз мойындаудан кейін менің есіме тағы да аяқсыз ұшқыш түсті! – деп жазды Борис Полевой. – Бүкіл оғын шығын даған оның ұшағын жаудың төрт истребителі қыспаққа алып, өз аэродромына қондырмақшы болады. Алексей күтпеген ма-невр арқылы əлгі қыспақтан құтылмақшы еді, алайда жау пулеметінің оғы двигательге дөп тиіпті. Маресьев биіктен құлдилап бара жатқан ұшақты бар күшімен əйтеуір бір ашық алаңға қондыру үшін жанталасты. Ұшақ ағаштардың ұшар басына келіп соғылды... Сосын 18 тəулік бойы аш-жалаңаш, үсік шалған қалпында партизандардың балалары тауып алғанға дейін жер бауырлап жылжыды да отырды... Госпитальдан кейін мүгедек болса да əуеге, соғысқа ұмтылды жəне жеңді де».

1942 жылдың қысында ұшағымен құлаған Алексей майдан шебінен 35 шақырым жер-ге түсіп, қалың орманның ортасынан бір-ақ шықты. Бұрын санитарлық рота орналасқан жерден неміс пышағын тауып алды. Ол та-лай мəрте қажетке жарады. Бұқтырылған ет банкасы да ашыққан жанға талғажу болды. Көретін жары ғы бар кісі қанша қиындық бол-са да, оны еңсере біледі екен. Бəлкім, ердің ерінің ғана қолынан келетін шығар бұл? Əлде рухы күштілер ғана ма? Жаратушыдан бұйрық келмесе, адам байғұс арпалысумен, өмір үшін жанталасумен тірлік кешетін сияқты ғой. Маресьевтің де өмір үшін арпа-лысы соның бір айғағы. Күн сайын кездесетін оны-мұны нəрсені аузына тықпалап, жан-таласа алға жылжыды. Алексей əрбір мың қадам нан кейін сəл демалып алып, күніне жиыр ма мың қадам жасауға бел байлады. Əй-теуір ілгері қарай жылжи берді, жылжи берді.

Сегізінші күні ол тіпті жүруден қалды. «Табанын кеміріп бара жат қан» аурудың асқын ғаны ма, əлде əлсіздік пе, əйтеуір қос аяқ пен қозғалу мүмкін емес. Амал жоқ, төрт аяқ тылар тəрізді төрттағандап, сүй ре тілу ге ой-ысты. Тірі өлікке айналды ұш қыш. Есі кіресілі-шығасылы бүктетіліп алға қарай ұмтыла берді, ұмтыла берді. Парти зандардың балалары оны тауып алғанда, кеудесінде өмірдің болар-бол-мас нышаны ғана бар-тұғын. Одан кейін пар-тизан ұшағы госпитальға жеткізді. Дəрігер-лердің үкімі бəрінен қатал болды – ұшқыштың аяғын кесу керек. Ауыр жарақатқа инфекция қосы лып, гангрена пайда болған...

Одан арғы тіршілік госпитальдағы тəн мен жанды қатар мазалаған күн дер мен түндерге ұласты.

Кездейсоқ ештеңе болмайды ғой өмірде. Егер де бір палатада жат қан комиссар Семен Воробьев бол маса, ол Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде аяқсыз-ақ штурвалға отыр-ған поручик Валериан Карпович тура-лы мақаланы көрсетпегенде, Маресьевтің тағдыры əрі қарай қа лай боларын кім білсін?! Сенім шоғын ауруханадағы көршісінің үр лей білгенінің арқасында Алек сейдің бойында құштарлық оты оянды. Оятқан Карповичтің жанкештілігі. Оятуға дəнекер болған комиссар Воробьев. Көп уақыт өтпей ауыр жарақаттан палатада жатқан жоғарыдағы əңгімеші көз жұмды. Оның ажалы Маресьевтің қабылдаған шешіміне деген ерік-жігерін күшейте түсті.

«Мені атып түсірген қырық екінші жыл-дың қысына дейін есебімде төрт фашист ұшағы болды, – дейді ұшқыш өз естелігінде. – Қырық үшінші жылы қатарға қайта қосылғаннан кейін, протезбен жүріп тағы екі «Мессершмитті» о дүниеге аттандырдым, ал Курск шайқасы кезінде бір күнде үш «Фокке-вульфті» құлаттым. Батыр атағын Орелді азат еткеннен кейін алдым. Соғыс кезінде барлығы жаудың 11 ұшағын атып түсірдім».

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Борис Полевой əлемдегі ең танымал қалам-гер дің біріне айналды. Ол Мəскеуде дүниеге келгенімен, бес жасынан бастап Тверьде тұрған-ды. Сол себепті де оның осы шаһарға деген ықыласы ерекше-тұғын. Ақын Андрей Дементьев өзінің естелігінде біз бүгін əңгіме етіп отырған шығар маға қатысты қызықты бір деректің шетін шығарады.

«– Соғыс аяқталған соң əлі жас жазушы, алайда танымал журналист жерлестерімен кездесуге Калининге (Тверь қаласы 1931-1990 жылдары осылай аталған. – автор) келді, – деп жазады ақын Дементьев. – Кезде-су қаланың ең əсем залдарының бірі – Офи-цер лер үйінде өтті. Əлем халық тары атынан фашизмді сот таған Нюрнбергтен енді ғана орал ған адамның əңгімесін тыңдауға кали -нин діктердің кəрі-жасы түгел дерлік жинал-ды. Залда өлі тыныштық орна ған. Отыр-ғандардың əрқайсысы кеше гі соғыстың қасі ре тін қайта бас тан кешкендей күйге енді.

Ұзақ-сонар əңгімеден кейін Борис Нико лае-вич сахнадан төмен түсті де, шығар есікке қа-рай беттеді. Сол сəтте оны таныс бірнеше жур-налист қоршап алып, тағы да сұрақ қою бас-талды. Бір сауал тікелей жазушының шығар -ма шы лығына қатысты болды. «Қазір не жазып жатыр сыз?» Борис Полевой сонда тұң ғыш рет бірнеше айдан кейін адамдардың жүрегі мен тағдырына ерекше əсер ететін кітабы ның ата-уын айтты. «Нағыз адам туралы аңыз»...

Иə, оқушысын ерекше əсерге бөлеген шы-ға р ма адамдардың тағдырына да, өмірлік көз-қа расына да, ерік-жігеріне де елеулі ықпал ет -кені анық. Тіпті, шығармадан шы ғар ма дү ниеге келіп, өнердің басқа сала ларында да «на ғыз адам» тура лы айшықты туындылар жазылды.

(Соңы 6-бетте)

ҚАҺАРМАНДАР ГАЛЕРЕЯСЫ

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы бүгінде ала-құла пікір болғанымен, сол соғысқа қатысқан Кеңес жауынгерлерінің ерлігіне ешкім шүбә келтіре алмасы хақ. Тіпті, соғыстың аяқталғанына 70 жылдан астам уақыт өтсе де аға буынның қаһармандық қасиеті кім-кімді де бейжай қалдырмасы тағы белгілі. Біз бұл жолы сол соғыста жанқиярлық ерлік көрсеткен батырлар болмысын суреттейтін тақырыпқа өз әріптестеріміздің қалай қалам тартқаны жөнінде әңгімелемекпіз.

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

немесе таќырып ќалай туады?

Жолдыбай БАЗАР,«Егемен Қазақстан»

Осыдан біраз бұрын бір та-нысым көшеде ұшыраса кетіп, ол асығыс екенімді айтқаныма қарамай, «Түскі ас ішетін уақыт болып қалды, үйге кіресіз» деп, қояр да қоймай шаңырағына бас-тады. Менің о йда жоқта қонақ бо-лып келетінімнен хабарсыз таны-сымның əйелі дастарқан мəзі рін жасай жүріп, «Қалтаңда теле фоның бар. Үйге қонақ ертіп келе жат-қаның ды алдын ала ескерте салсаң нең кетеді? Дүкеннен оны-мұны əкелу ге бала-шағаны жүгіртіп жібе-ретін едім ғой», – деп күйеуіне өкпе-назын білдіргенсіп қояды.

Дастарқан басына жайғастық. Алдымызға аппақ нан, сары май, қант, халуа, кешегіден қалған бо-лар, тəбетіңді ашар иісі бұрқыраған, еті мол бір леген макарон қойылды. Бəріміз ас ішуге кірісе бергенімізде танысымның 11 жасар баласы дастарқанға біршама үңіліп отыр-ды да, «Ту-у, дастарқанда сүйсініп жейтін ештеңе жоқ», деп орнынан тұрып кетті. Басқамыз үнсіз қалдық. Баласына сынай қараған үй иесі: «Е, е-е, тоқшылық не дегізбейді» деп жеңіл күрсінді. Мен де оны қостадым.

Бірде аялдама маңында 13-14 жасар ұл баланың аяқасты болып жатқан нан бөліктерін теріп алып, қолындағы пакетке салып алғанын байқап қалдым. Ішім жылып, оны сөзге тарттым.

– Өзің тəрбиелі, əдепті бала екенсің. Нанды қадірлеу керектігін кім үйретті?

Ол ересек адамдарша салмақпен: – Маған көкем мен апам нанның

қадірін үнемі айтып отырады. Көкемнің айтуынша, біздің көптеген туысқандарымыз кезінде бір түйір дəнге зар болып, аштан қырылып қалған екен. Бір тілім нан таппай өзегі талып өмірден озудан артық азап жоқ шығар. Сондықтан, нанды барынша қастерлеуіміз керек», – деді.

Қазіргі таңда қалалардағы қоқыс жəшіктерінің іші, айналасы қалтаға салынған, тіпті, ашық түрде шашы-лып жатқан наннан аяғыңызды алып жүре алмайсыз. Ішің ашиды, жаның ауырады. Осындайда əлемнің басқа өңірлерінде өзек жалғарлық бір түйір нан таппай, аштықтың азабын тартып отырған халықтардың бар екені жадыңда жаңғырып, əрі-сəрі күй кешесің. Ал біз нанды таңдап жеп, сəл қатыңқырағанын қоқысқа лақтырып, шіренеміз.

Ауылдық жерлерде жуындыны малына азық етіп, əжетке жаратады. Ал қалалардағы көпқабатты үйлердің тұр ғындары нан жəне өзге де тағам қал дықтарын амалсыздан қоқыс жəшік теріне тастауға мəжбүр. Осы орай да, басқасын былай қойғанда, ұн өнім дерінің қалдықтарын тастайтын арнайы жəшіктер орнатылса дұрыс бо-лар еді. Сонда обал-сауапты ойлайтын тұрғындар ас атасын өзге қоқыстарға қоспай, бөлек жинап, əлгіндей ар-найы жəшікке салып кетер еді. Бұдан кейін, əлгі жəшікке салынған нан қалдықтарын қала маңындағы мал шаруашылықтарына пайдалану

ұсынылар болса, қанеки. Егер осындай жұмыстар бір жүйеге

келтірілсе, нанның обалына қалмас едік. Жалпы, обал ұғымы пайдалы заттың қадірін білмесең, түбінде соның зардабын тартасың деген мағынаны білдіретінін айта кетейік.

Жалпы, мамандардың сөзіне қарағанда, «обал» ұғымы Ислам шариғатында кездеседі екен. Дəлірегі, шариғат бойынша «обал» деген сөз «артында өте ауыр азабы бар іс-əрекет, күнə, қылмыс, азғындық» деп түсіндіріледі. Құранның «Хашыр» сүресіндегі 15-аятта: «Олар жасаған істерінің обалын тартады», делінген. Ислам ғалымдары мұны «Адамдар жасаған күнəлі істерінің жазасын бұл дүниеде де, ақиретте де тартады» деп ескертеді. Сондықтан да, баба-ларымыз ұрпақтарына «обал» ұғымының мəн-маңызын барын-ша жеткізген. Мəселен, нанның қоқы мын шашу, көк шөпті жұлу, мал ды ұрып-соғу жəне басқа да көптеген жат қылықтар жасау обал болатынын əркез еске салып отырған. Сол сияқты сауаптың да Ислам дінінде маңызды ұғымдар қатарына жататыны белгілі. Бұл шариғатта «жасалған жақсылық үшін Алла тарапынан берілетін қарымта сый» деген мағынада қолданылады екен. Яғни, Алла разылығы үшін жасалған əрбір жақсы іс сауап саналады.

Тағы бір айта кетер жайт, ұрпақ тəрбиелеуде обал мен сауаптың не екенін ұғындыратын шараларға басымдық беру қажет секілді. Бұл орайда əдебиетіміздің көрнекті тұлғаларының шығармаларына иек артсақ та жетіп жатыр. Мəселен, Бейімбет Майлин, Шерхан Мұр-таза, Смағұл Елубай жəне басқа да көптеген жазушылардың бір үзім нанның қадірін тереңнен қоз ғар еңбектері жас ұрпақтың жан дүние-сіне, санасына оңтайлы əсер етер еді. Мұны да ойлайық.

Иə, нанның да киесі бар. Бүгінде əлемде апаттар көбейіп, кедейшіліктің азабын тартқан адамдар саны артып келе жатқанын статистикалық деректер жоққа шығармайды. Ислам дінінің білгірлері мұны адамзаттың даңғазалыққа, ысырапшылдыққа кеңінен бой алдырып, обал мен сауапқа көз жұма қараудың кесірі деп түсіндіріп жүр. Келіспеске лажың жоқ. Мəселен, Құран Кəрім-де: «Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырап қыл маңдар, шындығында Алла таға ла ысырап қылушыларды сүй-мейді» («Ағраф» сүресі, 31-аят) делінген. Сондай-ақ, Құранда: «Ысы-рап етпе, сөзсіз ысырап етушілер шайтанға бауыр болмақ. Ал шайтан болса, Раббысына тым күпірлік етуші» («Исра» сүресінің 27-аятында) – деп айтылған екен. Ендеше, Алланың осынау асыл сөздерін қапері мізден шығармайық, ағайын.

Айтайын дегенім...

ОБАЛ мен САУАП

Ашаршылық жайлаған жылдарды басынан өткеріп, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі таршылықты көру маңдайына жазылған аға буын өкілдерінің қатары тым селдіреп кеткендіктен бе, ас-судың қадірін түсіндіріп, қоғамға ой салар жамағаттың қарасы бүгінде аз. Атам қазақтың «Бір тоқтықтың – бір аштығы, бір аштықтың – бір тоқтығы болады» деген ескертпесін көпшілігіміз білгенімізбен, оның ішкі мəніне тереңдеп бойлай бермейтіндейміз. Жарықтық тоқшылық тоңмойынымызды жан-жаққа бұрдырар түрі жоқ. Мелдектеп тойған қарнымызды баппен си-пап, аяғымыздың астындағы нанды шіміркпестен мы-жып өте шығу үйреншікті жайтқа айналғандай.

«Егемен Қазақстан» газетінің 18.06.2016 жылғы санында «Егеменге» елден келді» айдарымен «Тентіреткен тергеу ісі» атты мақала жарияланған еді. Онда кез інде өзі де тергеуші болып жұмыс істеген А.Сəтмұханбетовтің баласының өліміне қатысты құқық қорғау органдарын айыптаған шағы-мын дағы келеңсіздік, яғни қызмет ба-бында жүріп көлік апатына ұшыраған поли ция офицерінің бірнеше сағат бойы өліммен арпалысқан халі, оны құт қарып қалуға болатындығы жайын-дағы дəрігерлердің өзекті өртер тұжы-рымы, дəрменсіз жанның жеке мүл-кінің тоналуына жол берген поли-ция қызметкерлерінің селқостық танытуы туралы жан-жақты ашы-лып көрсетілді. Осыған орай Шығыс Қазақстан облыстық прокурорының бірінші орынбасары Р.Əпековтің аты-нан редакциямызға хат келіп түсті.

Облыс прокурорының бірін-ші орынбасары мəлім еткендей, 17.11.2014 жылы Аягөз ауданының про ку ра турасы тарапынан ҚК-нің 316-бабымен қылмыстық іс қозғалып,

алдын ала тергеуді жалғастыру үшін іс тергеу реттілігімен тиісті органға жолданыпты. Алайда қылмыстық іс бірнеше рет өндірістен тоқтатылып (қысқартылып), сотқа дейінгі тергеп-тексеру толық көлемде жүргізілмеуіне байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулылар бұзылған. Соңғы рет, яғни 20.04.2016 жылы Шы ғыс Қазақстан облысы бойынша Сы бай-лас жемқорлықтың алдын алу жөнін-дегі ұлттық бюро департаментінің басшысы Б.Байниязов ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарған. Алайда қылмыстық іс құжаттарымен танысу барысында істі тоқтату туралы қаулы істің мəн-жайы оъективті түр де жан-жақты жəне толық тексеріл мей, негізсіз шы-ғарыл ғандығы анық тал ды. Сөйтіп, қазіргі күні газетте келті ріл ген факті-лер расталып, енді қыл мыс тық істің тергелуі Аягөз аудандық про куро ры-ның қадағалауына алыныпты.

«Егемен-ақпарат»

Жазылған жайдың жаңғырығы

Тергеу ісіќадаєалауєа алынды

Page 6: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

30 шілде 2016 жыл

www.egemen.kz6 ЖАҢҒЫРЫҚ

Жазылған жайдың жалғасы

Сұрапыл соғыс жылдарында Сыр бойына жер ауып келгендерге құшақ аштық. Өзің тоқ отырып, көршің аш отырса сен мұсылман емессің деген Пайғамбар хадистеріндегі сөз қандай тауып айтылған. Бір оқиға есіме оралып тұр. Ардагер Ержігіт Бозғұлов дүниеден өткенде Чешенстаннан келген бір азаматтың көз жасына ие бола алмай төгіле жылағаны есімнен кетпейді. Сырлас болған, сыйлас болған, көрші отырған чешен жігітінің көз жасын тоқтату мүмкін болмағанына куəгер болып едік. Курганның атақты хирургі И.Иллизаров бір əңгімесінде 1943 жылы Қызылорда қаласындағы Базарная көшесінде жалда тұрған қазақ азаматының қам қор құшағын жыр етіп айтқаны бар. Шіркін, Қызыл ор-даның тəтті қауынының дəмі ауыздан кетпейді деп тебіренді.

Əдетте жақсы көрші – төрің, əрі қуатың. Сыр ақтарар базарың мен ажарың, ой бөлісер алаңың, ал жаман көрші есік-терезесіз молаң деген бұрынғылар. Бір күн тіршілікте көршіңмен сыйласқанның аты азбайды, тоны тозбайды. Бүкіл жақсылығыңды көрші естид і , той-думан жасасаң кем-кетігіңді көршіңмен толтырасың. Есігін ашып, жақсы көрші қуанышыңды əркез бірге бөліседі. Менің бір көршім ағаш ұстасы, екінші көршім көлік жөндеуші еді. Мен болсам қағаз бен қалам ұстаған жанмын ғой. Балтаның сабын қатайтып берші деп барсам, қолымнан келмейді деп ажырая қарады, екінші көршіме бір болтты босатып бересің бе, десем: – Маған өткізіп қойғаның бар ма деп қарап тұр. Есігін тарс жауып кетіп қалдым. Ал, бұған қалай ренжімессің? Екеуі де қателігін кейін сезді ме мені көрсе теріс айналатын болды.

* * * Бір азамат ұл-қызы ержетіп,

Алматыда жұмысқа тұрды. Содан əлгі азамат қоныс аударып, көшетін болды. «Шіркейлі» атты ауылдан вокзалға дейін егіліп, көз жасын төгіп отырды. Неге жыладыңыз, аға? – Ей, шырағым-ай, ауылдан амалсыздан қоныс аударып барамын. Туған жерім ыстық. Бəрінен де көршілерім бөлек еді. Енді Алматыдан ондай көрші табылмайды ғой, – деп жасын тағы да төкті. Біздің де көңіліміз боса-ды. Ел болған соң не болмайды. Бір көрші көршісімен соттасып жүр, ал екі көрші бір-бірінің үйіне кірмейді, көрсе теріс айналады.

Тіршілікте адамның бір-бірінен артылдыра тыны сыйластық, оның ішінде, көршімен сыйластықтың орны бөлек. Бір ағайын қалада тұрушы еді, үйімен дуалдас көршісі болды. Бір күні əлгі кісі көршісімен дуалдас үйін əктеу үшін дарбаза жағынан кіріп, үйін əктеуге шықты. Көршісі дереу полиция шақырып, менің рұқсатымсыз дуалын жөндеді деп əлек-шəлегін шығарды. Көршісі түсініктеме жазып, үйін жөндеуді кейінгі қалдырды. Тағы бір мысал. Бір көрші екінші бір көршісінен қарызға ақша сұрап келді. Бес мың теңге бере тұршы деп өтінді. Көршісі берді. Бірер ай əлгі ақшасын қайтармады. Содан ақшасын сұрап, көршісінің есігін қақты.

– Қарағым, қарызға алған ақшаңды бер. Бірер ай болды ғой. Маған да қажет боп тұр. Зейнеткер екенімді білесің. Қол қысқа.

– Соған күнің қарап қалды ма? – деп көрші мінез көрсетті.

– Өзің оңбаған екенсің. Мен, қарыз сұраған соң бердім ғой. Ой, оңбаған! – деп көрші есігін тарс жапты. Көрші полицияға шағымданды. «Мені сөкті, оңбаған» деді. Содан полиция ақша берген азаматты сөктің деп 800 теңге айыппұл салды. Көрдіңіз бе, көрші қарыз беріп, ақырында айыппұл төлеп отыр. Осы əділдік пе? Екі көрші осылайша сыйластыққа сызат түсірді.

* * * Қала іргесіндегі қазіргі Махамбет

ауылында Остай дейтін ақсақал болды. Жылда қымыз мұрындыққа шақыратын. Шақыратындары алды-мен көрші-қолаңы, құда-жекжат, күйеу балалары. Бəрінің басын қосып, бір-бірінің сəл-пəл ренжісіп қалғандары болса татуластырып, ажырасқандарды қосатын-ды жарықтық. Остай ата бір-бірімізді күнде терезеден көріп отырайық деп көршісі Нұрсейіт ақсақалмен терезесін қаратып, бір көшеден үй салғаны қандай өнеге десеңізші?!

* * * Көп қабатты үйде той-томалақ,

келеңсіз жайларды өткізу кейде қиынға соғатыны ақиқат. Бір қадірменді ағамыз ертеректе дүние салды. Содан

көрші-қолаңның үйіне келушілерге шəй беру рəсімі басталатын болды. Сонда екінші бір үйдің əйелі «үйімді бүлдіреді, жиһазым сынады» деп үйін құлыптап, ерлі-зайыпты екеуі кетіп қалғанына қайран қалғанбыз.

Əр адам пəни дүниеден өткенде ол адамның қадір-қасиетін көршісінен сұрайды деген бар. Көрші ақысы де-ген жəне бар. Сондықтан ең алдымен «көршім тəуір адам еді, пейіште нұры шалқысын» деген жауап айтылса, ол адамның жатқан жері жайлы болатын көрінеді.

* * * Біз тұратын қаланың Астана

даңғылымен көршілес келесі бір көшеде Орынбек Өткелбаев деген азамат тұрды. Алғашында олай-бұлай көшеден өткенде бас изеп, аманда-сып жүрдік. Кейін таныса келе бауыр бастық. Сол Орекең алпыс жылдығын Қызылордадағы «Жігер» мейрам-ханасында өткізгенде шақырды. Тойды дүркіреп өткізді. Өзі баяғы «Қармақшы» кеңшарының тұрғыны екен. Ел басқарған, құймақұлақ аза-мат болатын. Кітап пен басылымдар-ды көп оқитын, ақын-жазушылардың өмірінен əңгіме қозғағанда ұйып тыңдап қалатынбыз. Ұлы жа-зушы Мұхтар Əуезовтің «Абай» романынан үзінді келтіріп, ақын Сырбай, Мұхтар Шаханов, Əзілхан Нұршайықов, Бауыржан Момышұлы, Шəмші, Нұрғиса жайында əңгімені тізбектегенде шыбын ызыңы естілмей қалушы еді-ау?!

Сол ардагер Орынбек Өткелбаев биыл қас-қағым сəтте бар-жоғы екі-үш күн ішінде ажалға тап болып, пəни дүниеден аттанып жүре берді. Бүкіл көрші-қолаң осы бір сəтте қоғадай жа-пырылып, қайғысын бөлісті, отбасын сабырға шақырды. Азаматтың сүйікті жары Гүлнəрі – көршілеріме ризамын! – деп əлсін-əлсін жиі айтумен жүр.

* * * Біз де сексеннен астық. Адам бір-

біріне қонақ. Болмашыға ренжісіп, тіпті бір-бірінің үстінен арыз жазып, маза бермейтіндердің талайын көрдік. Тұз-дəмдес бола жүріп, суыт іргесін аулақ салып, орынсыз кикілжіңге бой ұрып көрместей болып кеткен менің ізбасарларым əлі қатарымызда жүр. Баяғы жүрек жаралағаны есінде жоқтай, кездескенде дым білмегендей күй кешіп жүргеніне кейде аң-таң қаламын.Сонымен, Сіз көршіңіз бен қалайсыз, ағайын? Тату-тəтті көрші-мен сыйласып, ғұмыр кешкен ол да бір үлкен байлық. Ақын Əбдікəрім Ахметов бір өлеңінде «Адамның көңілі шар айна, сындырып алма абайла, абайла бауырым, абайла!» деп тебіреніп еді-ау. Сол сияқты бүгінгі əңгіме көрші жайында біраз əңгі-менің басын шалғандай болдым. Сіз не дейсіз?

* * * Мемлекет жəне қоғам қайраткері

Өмірбек Байгелді «Егемен Қазақ-станға» берген бір сұхбатында: «Мен əлемнің 65 елінде болыппын. Үйіне бір адам кірмейтін, бір кесе шəй бермейтін, дəм татқызбайтын елдер бар. Сонысымен қоймай, бізге ақыл айтады. Ал, қазақ келген адамға жайы лып төсек, иіліп жастық болып, төрге шығарады» дегені бар. Міне, бұл сөзге бас имей көр. Билік деген Алланың пендеге берген сынағы. Бастағы бақ та, байлық та сынақ. Шымкенттік бір байшыкеш Шерхан Мұртазаны тойға шақырып, Тараздан алдырды. Шераға «тойда не дейсіз?» деді отырғандар. Алла аузыма не салса, соны айтам – деді Шерағаның қабағы түйіліп. Той басталды. Сөйледі Шераға: «Адамдық пен надандық арпалысқан заманда Алла сендерді надандықтан сақтасын. Тектілік пен тексіздік текетірескен қоғамда Тəңір сендерді тексіздіктен сақтасын. –Аға, тамаша шықты. Ғажап болды. Біз неге өстіп айта алмаймыз, – деді отырғандар. Шерағаң мырс етіп, мұртынан күліп: – Алла ауыз таң-дамайды деп кім айтты саған?» – деді. Той иесі байшыкештен – Шетелден келген екі əншіге қанша бересіз?–деп сұрадық. 20 мың доллар. Алматыдан алдырған алты əншіге ше? Алты мың доллар. Ал, Шерағаңа ше? Немене ол кісіге де ақша беру керек пе? Шапан жаптық,– деп теріс айналды байшыкеш. «Құдайы көр-ші» мақаласында журналистер көтер-ген мəселе мені үнсіз қалдырма-ды. Ойландым. Ойларымды қағазға түсірдім.

Қайырбек МЫРЗАХМЕТҰЛЫ

ҚЫЗЫЛОРДА

Мəнді мəселеБіз Алланың пендеге берген ақыл-ой сыйына рахмет айтуымыз керек. Жер басып, көп қызық көруің нағыз бақыт. Біз бен сіз екі өмір барын есте ұстағанымыз аб-зал. Бірі – қысқа, алдамшы өмір, екіншісі – о дүниелік мəңгі өмір. Осынау дүниеде өмір сүре жүріп, ана дүниені естен шығарсақ, кінəліміз. Мен ертең сол жаққа барамын-ау, құдірет алдында жа-уап беремін-ау деп соны да ойлау керек. О дүние мұндағыдай пара беріп құтылып кететін, əйтпесе шетелге қашып кететін жер емес. Ешкім де жазадан құтыла алмай-тыны хақ. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Жалған дүниені жалпағынан басатындар бір күнгі мансабына мəз. Ал, жоқ-жұқа жандар тек Алладан рақым күтеді.Біздің бабаларымыз сыйлас бол, көрші елмен, қабырғалас көршіңмен тату бол деп үйретті. Мың досым бар деп қуанасың, ал бір дұшпаныңның өзі сенің күліңді көкке ұшыра жаздай-ды», – депті Арон Рашид.

(Соңы. Басы 5-бетте)

Борис Полевойдың «Нағыз адам тура-лы аңыз» шығармасы 1948 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Одан кейін фильм экранға жол тартып, ондаған театрда аяқсыз ұшқыш жайында пьеса сах-наланды. Тіпті, Сергей Прокофьев опера да жазып шықты.

Аталған шығарманың толағай табысы тура-лы Борис Полевойдың биографы, белгілі сын-шы жəне əдебиеттанушы Надежда Железнова кітаптың кезекті басылымына жазған алғысөзінде өз ойын төмендегіше жеткізеді:

«...Біздің əдебиетімізге соғыстан кейінгі жыл-дары келген кейіпкер Алексей Мересьев шын мəнінде мыңдаған соғыс мүгедегінің өмірге қайта оралуына, өздерін қо ғам ның толыққанды мүшесі ретін де сезінуіне орасан зор көмегін тигіз ді. Сол жылдары адамдардың тағ дыры на осыншалықты əсер еткен бас қ а кітапты айту қиын. Мересьевтің тағдыры халық тағдырының бір бөл шегіне айналды...»

Əдебиеттанушының жоғарыдағы айтқа-нын деректер де шегелей түседі. Бүкілодақ тық кітап палатасының 1990 жылдың 1 қаңтарына дейін Борис Полевойдың «Нағыз адам ту-ралы аңыз» кітабы əлем халық тары ның 52 тілінде 229 мəрте басылып, жалпы тиражы 36 миллионнан асты. Қысқасы, қаламгер Борис Полевойдың ұшқыш Алексей Маресьевтің нақты өмірбаяндық дерек теріне негізделген повесі көпте ген адам үшін шынында да «өмір кітабына» айналды.

3. Роман-диалогќаайналєан сўхбат

Кейде тақырып кездейсоқ туады. Аяқ асты басқа арнаға бұрылып, əу басын дағыдан əлдеқайда ауқым ды шығармаға айналып шыға келе тін сəттер де аз емес. Əйтпесе, Əзіл хан Нұршайықов Бауыржан Момыш ұлына арнайы роман-диалог жазамын деп барды дейсіз бе? «Жұл дыз» журналының тапсырмасына орай мерейтойлық мақала əзірлеу үшін барған ғой. Алайда, Əзекең журналистік ізденісінің арқасында жеке шығармашылығында үлкен жетістікке жетіп қана қоймай, оқыр ман дарына да қомақты олжа сыйлады.

Əзағаңның Баукеңмен алғашқы кездесу сəтіндегі көріністі журналис тің өзі жазған қалпында қайтадан көз алдымызға елестетіп көрелік.

«Ал «Жұлдыз» саған не жаз деп отыр? – Оларға сіздің алпысқа толуы ңызға орай бір нəрсе керек сияқты. Атап айтқанда, жазушының мүшел мерекесіне байланысты жазылатын дəстүрлі мақала қажет көрінеді, – дедім мен. – Ондай мақала жазуға мен əдебиет зерттеушісі, сыншы емеспін. Ал сіздің творчествоңызды талдауға жай сыншы емес, əскер психологиясын білетін өзгеше сыншы керек. Сіз туралы очерк жазу да қиын. Өйткені, сіздің ерліктеріңіз жайында Александр Бектің, Бауыржан Момышұлының кітаптарында толық баяндалған. Сол қалың кітаптар арқылы халықтың сүйікті кейіпкеріне айналған адам жайында он беттік очеркте мен не айта аламын, Бауке? Олар не айтсаң да сен айт, сен де соғыста болған адамсың ғой деп менің түп етегімнен ұстап отыр. Мен оларға өзімнің əскери, əдеби атағым сізден əлдеқайда кіші болғандықтан сізбен тілдеспей, сізден рұқсат алмай ештеңе жаза алмайтынымды ай-тып, өзіңіздің елден келуіңізді тостым. Міне, бүгін қалың оқушы қауымға сіз туралы не айтуға болады деп ақылдасуға келдім.

Бауыржан біраз үнсіз отырды, дəлірек айтқанда төсекте үнсіз шалқалап жатты. Содан соң қаһар шақырғандай қабағын түйіп алды. Бірақ жауабын жай бастады. – Мен туралы менен рұқсатсыз ештеңе жазбаймын дегенің дұрыс, – деп бастады сөзін. – Бірақ, қарағым, сен өкпелемегін, мен өзім туралы ешкімге мақала диктовать етпеймін!».

Осы аралықта батырдың қарсы алдында отырған журналист таңда ған «тактикасына» сай, мойнын төмен салып отыратын тұсы бар. Бұл да Əзе кең нің өзіндік тапқырлығы. Одан əрі қарай батыр мен журналист ара сын дағы көрініс төмендегіше өрбиді.

«Баукең сабасына түссін деп біраз үнсіз отырдым да, содан соң барып басымды көтердім. – Онда қалай болады? Менің не істеуім керек? – дедім мен əдейі абыр жыған болып, Бауыржан не дер екен деп. – Осы той-ғаныңмен қайта бергін, қарағым. Бауыр жан сенімен сөз бітті дегендей, мойнын есік жаққа бұрып əкетті».

Журналистің табандылығы да кейде үлкен рөл атқарады ғой. Оның үстіне Момышұлы тəрізді батырмен бетпе-бет жүздесуге мүмкіндік туып, орайы келсе сұхбат тасуға сəті түсіп тұрса ше. Айрықша табан дылық керек-ақ. Баукеңнің «осы той ғаның мен қайта бергін, қарағым» деп айт қа ны нан кейін қарымта сұрақ қоюға қай жур нал истің тəуекелі бара қояр дейсің. Ал Əзекең болса ойын дағы сын ақтарып қалуға ұмтылады.

«Тойып қайтсам арманым не, тоймай тұрмын ғой, Бауке, – дедім мен күліп, – онда сізге біраз сұрақ қойсам қайтеді?

– Ал сұрағың болса, сұрағын, – деді ол енді мойнын бері бұрып маған тура қарап.

– Оған жауап беруге болады. Əрі қарай екеуара əңгіменің өзегі

тарқатылып, үйлесімін тауып жүре береді...Əзілхан Нұршайықовтың журна лис -

тік ізденімпаздығы, ұтқыр лы ғы жөнінде əңгіменің жөні бөлек. Ізденімпаздығы емей

немене, он күн бойы Момышұлының барлық шығармаларын қайталап оқып шықса. Батыр жайындағы ел арасындағы аңыз біткеннің бəрін саралап, қайта сүзгіден өткізсе. Кездесуге дейін-ақ өмірі ақиқат пен аңызға толы адам туралы əңгіме-интервью жазамын деген байлам жасайды. Сөйтіп, үш күн бойы толғанып жүріп Момышұлына қоятын сұрақтарды іріктеп алады. Ізденісінің арқасында іріктелген сауалдар арқылы Баукеңнің жүрегіне жол табады журналист.

Бұл туралы Əзілхан Нұршайықов «Мен журналиспін» атты кітабында төмендегіше жазады. «Өзімнің интервьюді ұнататынымды

мына мысалмен де дəлелдеуіме болады. 1970 жылы «Жұлдыз» журналы ма ған Бауыржан Момышұлының ал пыс жасқа толуына байла-нысты алты беттік мақала жазып беруді сұрады. Алғашында мен бұл ма қа ланы Баукеңмен ин-тервью ретін де жазуды ұйғардым. Осы лай етсем оқушыға қызық болады деп есептедім. Оған оншақты күн əзір леніп, Баукеңнің барлық кітаптарын қайталап оқып шықтым. Оқып шықтым да, оның өмірінің өз кітаптарына да, Бек кітаптарына да ілінбеген, əлі оқырман қауымға мəлімсіз деген тұстарын қағазға тіздім. Сонда менің Баукеңе қоятын сұрақтарымның жалпы саны отыздан асып кетті. Сол тізімді ма шин каға басып, қалтама салдым да, Баукеңе бардым».

Нөмірі бірінші Бауыржанның шаңырағына ойындағы жоспары орындалар-орындалмас күйде барған Əзілхан Нұршайықов өзі нің журналистік біліктілігінің, табан ды лығының арқасында батырдың өнегеге толы өмірінен сыр ақтарып, алғашқы күні он екі сағат əңгіме-ле сіп, үйіне олжалы оралған еді. Əу басында «Жұлдыз» редакция сы мерейтойлық мақала ретінде жос пар лаған дүние іс жүзінде роман-диа логқа ұласып, онда да жартысы жур нал дың желтоқсандағы санында емес, келер жылдың ақпанында жарияланды.

Сұхбат жанрында өрбіген роман-диа-лог оқырманның көңілінен шыққандығы соншалық, шығарма туралы пікір жоғары болды. Журналист бұл жөнінде үлкен толқыныспен еске алады. «Осы интервью жай-ында мен оқырмандардан бірсыпыра хат ал-дым. Сол хаттарға қарап жұрт шы лық тың бұл туындыны қызығып, құптап қабыл дағанын аңғардым. Бұл туындының оқыр манға ұнаған-ды ғының бір себебі, оның интервью түрінде жазылғандығы деп білемін».

Басқаларды қайдам, мен Əзілхан Нұр-шайықовтың жазушылығынан гөрі журна-лис тігін жоғары қоямын. Қаламынан туған деректі дүниелер ғой Əзекеңнің қаламгерлік қуатын жан-жақты ашып берген. Нағыз жур-налиске тəн тактика мен психо логиялық пай-ым болмаса, алғырлық пен ізденіс болмаса, «Ақиқат пен аңыз» романының дүниеге келуі де неғайбыл еді-ау.

Кезінде өзі де: «Бойыңыздағы журналис-тік, жазушылық қасиет тердің қайсысы ба-сым?» деген сұраққа: «Ең алдымен өзімді журна лиспін деп есептеймін. Оның үстіне жақсы журналист жазушы ғой», деп жа-уап берген екен. Журналист мəртебесін асқақтатып тұрған да осы байлам.

Қаламгерді шырқау биікке көтерген шығармасы оқырман тарапынан ғана емес, мемлекет тарапынан да жоғары бағаланды. Роман-диалог үшін Əзілхан Нұршайықовқа 1980 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Сондай-ақ, «Ақиқат пен аңыз» кітабы орыс (1980, 1982), украин (1984) жəне чех (1985) тілдеріне ауда-рылып, жарияланды.

«Александр Бек Баукеңнің соғыстағы бейнесін жасаса, Əзілхан Нұршайықов соғыстан кейінгі, бейбіт уақыттағы бейнесін жасады. Бұл екі кітаптың арасында тұтас тық бар. Ол Бауыржан Момыш ұлы ның тұтастығы. Бұл тұлға жөні н де қан көргендердің, қанды көйлек май дандастардың алдымен жаз ғаны дұрыс. Олардың қабылдауы, түйсіну сезімі біздікінен өткірірек, тереңірек. Бау кең жайын-да жайдақ жазуға болмайды. Уақыт ол кісінің сом тұлғасын əлі ажарлай түседі. Емен ағашты өңдеуге де емендей берік шебер керек», – деп жазғаны бар Кəкімжан Қазыбаевтың өзінің «Най зағайдай жарқылдап...» атты шығармасында.

...«Ақиқат пен аңыз» кітабы авторының «емендей берік шебер» екендігіне кітапты қайта оқи отырып, тағы да бір мəрте көз жеткіздік.

4. Нїктесі 40 жылдан кейін ќойылєан туынды

Бүгінде Рахымжан Қошқарбаевты білмейтін қазақ кемде-кем шығар. Бірақ, оның есімі бертінге дейін, 50-ші жылдардың аяғына шейін қалың қазаққа беймəлім болып келген-ді. Батырдың ерлігін батыр ғана баға-лай білсе керек-ті. Рахымжанның хал қы мен

батыр ретінде қауышуына Бау кең нің түрткі болғандығы мəлім.

Рахымжан 1958 жылдың басында батыр ағасының үйіне сəлем бере барады. Екеуі ұзақ əңгімелесіп, Бау кең інісінің майдандағы мəн-жайы на толықтай қанығады, ерлі гіне сүйсінеді бір жағынан. Екін ші жағынан Рахымжанның қаһар мандығынан былайғы жұрттың бейхабар екендігіне əбден күйінеді. Сөйтеді де, іле-шала Кəкімжан Қазы баев қа хабарласып: «Тез жет!» дейді қатаң түрде. Кəкімжан Қазыбаев ол кезде «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш» газеті») газетінде еңбек ететін.

Кəкімжан келген соң Баукең:– Журналиспін дейсің! Дипломым бар деп

мақтанасың. Журналиске, ең алдымен, сезгір жүрек, көреген көз керек. Соғыс біткелі бері он үш жыл өтті, Рахымжандай тарихи адамды күні бүгінге дейін көрмей жүрген неғылған журналиссіңдер?! Адам ерлік жасауды жос-парламайды. Ерлікті туғызатын сəт болады. Рахымжан – сондай қиын-қыстау сəтте асыл қырынан көрінген азамат. Ол қыры – жасаған ерлігі. Тағ дыр оның өмірбаянын сол сəтте жазды. Оның өмірбаяны – отпен жазыл ған өмірбаян. Мен де соғыстың не бір қияметін көрген жанмын. Бірақ, фашизмнің соңғы бекінісіне ай нал ған Берлинді алғандағы соғыс, Рейхстагқа ту тігердегі сұра пыл соғыс – ол нағыз жойқын қыр ғын! Рахым жан Жеңіс жа-лауын жел бірет іп, Рейхстагқа ту тіккен ба-тыр. Осы дан артық сендерге – журналистер ге атаңның басы керек пе?! – деп тағы сын тағы «тұзды» сөздерді ай тып, «қара баласын» қара терге түсі реді. Бұл туралы жазушы Зей неп Ахметованың «Бабалар аманаты» кітабында нақты жазылған (283-284-беттер).

Баукеңнің тапсырмасынан кейін Кəкім-жан Қазыбаевтың көп ұзамай, 1958 жылы 21 ақпанда «Лениншіл жас» газетінде «Рейхс таг-қа ту тіккен қазақ» деген очеркі жарияланды. Оқырман батырдың өмірбаянымен алғаш рет осылай, журналист Қазы баевтың мақаласы арқылы танысты. Қай жағынан да бұлтартпас дəлел-дəйектер арқылы бекемделген, Рейхстаг қабырғасына Жеңіс туын тұңғыш желбіреткен басқалар емес, қазақтың 21 жастағы өр оғы-ланы Рахымжан Қошқарбаев пен 18 жастағы Григорий Булатов екендігі əйгілі болды. Тари-хи шындықтың бұрмаланғанын көзі қа рақ ты жұрт кеңінен пайымдады.

Кəкімжан Қазыбаев Жеңістің нүктесін қойған батыр ағасы туралы деректерді үзбей іздестіре жүріп, мақалалар сериясын жалғастыра берді. Рахымжан кейіпкеріне айнал ған «Кернеген кек», «Найзағай дай жар-қылдап...» атты деректі шығар малар дүниеге келді журналис тің қаламынан. Алайда, Жеңіс туын тіккен батырдың нағыз жеңіске жетуіне, яғни, батырдың ерлігіне лайықты баға беретін күнге дейін əлі біраз жыл бар еді...

Қазыбаевтың қолтаңбасы арқы лы халық-қа таныстырылып, Қошқар баевтың ерлігі паш етілгенімен, батырдың ресми түрде мой-ындалуы 41 жылға созылды. Тіпті, екі арада бұл тақырып аға ұрпақтан ізбасар ініге та-бысталды. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы болған Жанболат Аупбаевтың «Солай болған» атты жинаққа енгізілген «Аманат» атты мақаласында жан-жақты баяндалған.

Сөйтсе, Кəкімжан ағамыз Рахым жан туралы тақырыптың тағды рын тереңнен

ойластырып жүрген екен. 1989 жылдың науры-зында Талдықорған облысының Ақсу ауданын-да өтетін «Қазақстан коммунисі» журналының «дөңгелек үстеліне» бөлім меңгерушісі Жанболат Ауп баевты жолсерік етіп ала шығады. Ұзақ жол үстінде Кəкең əңгіме тиегін біртіндеп тарқата отырып, Ақсуға жетем де-генше Рахымжан туралы тақырыптың қилы тағдырын баяндап береді. Өзіне Баукеңнің Рахымжан туралы жазуға тапсырма бергенінен бастап, кейінгі Қошқарбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жеңістің 15 жылдығы қарсаңында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Төрағасы Жұма бек Тəшеновтің маршал И.Конев пен тарты-сы, Жеңістің 20 жылдығы қарсаңында осы мəселеге қатысты Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, И.Шухов, Ə.Тəжібаевтың Мəскеуге жолдаған хаты, Жеңістің 25 жылдығы қарсаңында Бауыржан Момышұлы өзі бастап, екі мəрте Кеңес Одағының Батыры Сергей Луганский мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депута-ты, ақын Жұбан Молдағалиев қостап, 12 адам қол қойған қазақстандық қайраткерлердің Мəскеуге жазған хаттарының тағдыр-талайы туралы кеңінен əңгімелейді. Кəкең ақыр аяғында 1980 жылы тамызда Қазақ КСР-нің 60 жылдығына орай салтанатты жиын қарсаңында республиканың билік иелері та-рапынан Бас хатшы Л.Брежневке алдымен Рахымжан Қошқарбаев, содан соң Бауыржан Момышұлы туралы мəселені құлақ қағыс ет-кенде, оған Леонид Ильич: «Тарихты қайта қарап қайтеміз», деп жауап бергендігін де ай-тады. Қысқасы, өз əңгімесінде Кəкең Жанболат інісіне мəселенің əлі нүктесі қойылмағанын меңзейді.

«Біз қартайдық. Бір жылдан соң Баукең айтқандай «дерпен», яғни дербес пенсионер боламыз. Сөйтіп, қоғамның қыз-қыз қайнап жатқан өмірінен алыстаймыз. Ал бұл деген тіліңді біреу алып, біреуі алмай, пұшайман күй кешесің деген сөз. Сонда Рейхстаг қаһарманы тура лы жиып-терген дүние не болады? Жеңістің 15, 20, 25, 30 жылды ғын-дағы бастамалар жағдайы қай да қалмақ? Оны келешекте кім жал ға стырады? Осыны ойлай келе мен мынадай шешім қабылдадым. Ол – қалаға оралған соң Рахаң туралы 30 жыл бойы жинаған архив деректерімнің көшірмесін саған беру... Алда Жеңістің 45 жылдығы келе жатыр. Одан кейін 50 жылдық та бой көрсетпек. Сондай кезде үнсіз қалмасаңдар болғаны да», – деп əңгіменің түйінін қайырады Кəкең.

Кəкімжан Қазыбаев Рахымжан туралы деректерді, архив құжаттарының көшірмесін қайтыс боларынан жеті ай бұрын осылайша журналист Жан болат Аупбаевқа аманаттаған еді. Аға өсиетіне адалдық танытқан жур-налистің қаламынан Қошқарбаев туралы талай мақала жазылды да. Олардың бəрі Жеңіс туын тіккен батыр туралы мəселенің жеңісіне бастайтын жарияланымдар еді. Жеңіске бас тайтын демекші, Жанболат Ауп баевтың «Халық ала алмаған қамал» атты мақаласы 1999 жылдың 1 қаңтарында «Егемен Қазақстанда» жарық көрді. Аталған мақаланың соңғы жолдары кім-кімді де бей-жай қалдырмайды. «Халық алмайтын қамал жоқ», дейді қазақ даналығы. Əді лет тілік қалпына келсін десек, ел екені мізді білдіргіміз келсе, Рахаң туралы 60-70-жылдардағы қоғамдық пікір негізінде бір дүмпіп басылған ұмтылысты тағы бір қайталап көрсек қайтеді? Сөйтейік, жарандар! Пікір білдірейік. Ұсыныс айтайық. Халық ала алмай келе жатқан қамалға тағы бір рет шабуыл жасап көрейік. Нəтижесі болып қалар...»

Шынында да мақала жарияланысымен редакцияға қолдау білдірген хаттар легі қаптайды. Батыр партизан Қасым Қайсенов, Социалистік Еңбек Ері Михаил Яровой бас-тап, қалың оқырмандар қостаған хаттар Рахымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру туралы мəселені шешудің кезі келгенін жеткізеді. «Халқы қаласа, хан түйесін сояды» демекші, халық тың пікірін билік те қалыс қалдыр маған болу керек, көп ұзамай Ақорда жақтан сүйінші хабар да жетті.

Рахымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһар-маны» атағының берілгендігі туралы Елбасы Жарлығы жарияланысымен, журналист ел-жұрттан сүйінші сұраған мақаласын, яғни, батырдың немере інісі Кəртай Мұса беков пен əпкесі Гүлшен Жұмағо жи на мен болған сұхбатты 1999 жылы 11 мамыр күні «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде «Халық алған қамал» атты тақырыппен жариялады. Сөйтіп, қаламгер Жанболат Аупбаев бір жа ғынан Кəкімжан ағасының аманатын орын дап, екінші жағынан 40 жылдан астам уақыт-қа созылған мəселенің түйінін тар қатып, Рахымжан Қош қарбаевқа батыр ата ғын беру жөнін дегі тақырыптың нүктесін қойды.

Соѕєы сґз орнына Бір қызығы, біз жоғарыда əңгіме етіп

отырған авторлардың бəрі дерлік жур-налистер, журналистиканың көрігінде шыңдалғандар. Əрбір журналистің еңбегін асқақтататын бірегей туындылар болады өзі. Сергей Смирновтың қаламынан қаншама туынды дүниеге келгенімен, он жыл өмірін сарп еткен «Брест қамалы» шығармасының шоқтығы биік. Борис Полевой да «Нағыз адам туралы аңызға» дейін де, одан кейін де талай-талай тақырыпқа қалам сілтеді. Əйтсе де, «Нағыз адамның» орны оқшау, дара. Əзілхан Нұршайықов еңбекқор қаламгер екені белгілі. Соның дəлеліндей, 2005 жылы 10 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Махаббат жайында жұртшылықтың жүрегін баураған əңгімелері тағы бар. Бəрібір оның есімі қазақ руханиятында ең алдымен «Ақиқат пен аңыздың» авторы ретінде ауызға алынаты-ны анық. Ал ағаның аманатын жеріне жеткізе жазып, қашан нүктесін қойғанша тыным таппаған журналист Жанболат Аупбаевтың қаламынан да талай кесек-кесек тұлғалар ту-ралы тамаша жарияланымдар дүниеге келді. Əйтсе де, алдыңғы буын ағалардың ерлігіне деген, аманатына деген адалдықты ту еткен осы Рахымжан Қошқарбаев туралы жазған туындысы қазақ журналистикасына қосылған қомақты үлес деп айтар едік.

ҚАҺАРМАНДАР ГАЛЕРЕЯСЫ

немесе таќырып ќалай туады?

P.S. Əңгімеміздің əлқиссасын тақырып қалай дүниеге келеді дегеннен бастап едік қой. Біле-білгенге журналистикада тақырып та, тағылым алатын қаламгерлер де жетіп артылады-ау. Ең бастысы, сол ізгі дəстүр ұрпақ сабақтастығы арқылы жалғаса берсін делік.

АСТАНА

Page 7: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

30 шілде

2016 жылwww.egemen.kz 7ЖЫР ЖАҺАНЫ

(Поэма)

ІДаңқымен қашықты да жақын еткен,Өмірден не бір жүйрік ақын өткен.Жыр төгіп көмейінен бұлбұл құстай,Шарлаған шартарапты аты жеткен.Сыя алмай бұл жалғанның шеңберіне,Ақыры орын тепкен ақыреттен.Құлмамбет Құланаян соның бірі – Үзіліп орта жолда қапы кеткен.

Еске алып артта қалған баяғы істі,Шолады көз жіберсек ой алысты.Тəңірі жақ бергенмен бақ бермеген,Тағдыры Құлмамбеттің аянышты.

Баураған топты жерде тілмен көпті,Бар қазақ танып-білген Құлмамбетті.Əсеттей аласұрып өлерінде,Айтарын түгел айтып үлгермепті.Жалғыз қыз кіндігінен – Арзыханы,Байқұстың маңдайына ұл бермепті.Кегенге Шымкенттен келе жатып,Кенеттен көкірегін мұң кернепті.

Түс көріп Қастекке кеп қонған күні,Жалғанның айқын бопты жалғандығы.Əкесі аян беріп, білініптіҮш күндік ғұмырының қалғандығы.

Тағдыры тасқын судай үйіріпті,Құлмамбет қатты шошып күйініпті.Нышаны көрген түстің аумай келіп,Түргеннен топырағы бұйырыпты.Қоштасып өтерінде ел-жұртымен,Көзінен қанды жасы құйылыпты.Жете алмай туған жерге, жалғыз қызға,Еріксіз көрге басы иіліпті.Хабарын естігендер ТүргендегіҮйіне Əлібектің1 жиылыпты.

Қоя ма алды-артыңды ойланғанша,Сұм ажал қуып жетер қайдан болса.Бір жүрген жақсыларға сəлем айтып,Сайрапты қызыл тілі байланғанша.Не күтіп тұрғандығын кім біліпті,Дүние артына бір айналғанша.Дариға, болжаған ғой шын ақындар,Барлығын күні бұрын пайғамбарша.

Марқұмды топырақ тартып елге келген,Ел-жұрты жылап-сықтап жерге берген.Үзілген алтын жібін ғұмырының,Өлеңмен қайран ақын жалғап өлген.

Өмірдің айдынында еркін жүзіп,Көріпті Құлмамбет те сансыз қызық.Киілген сол қолының саусағына,Көмілген бірге өзімен алтын жүзік.

Сыйлаған Құлмамбетке жүзікті кім,Айтайын тереңдегі сүзіп түбін.Бас қосып ас пен тойда қазақ-қырғыз,Өткізген талай-талай қызық күнін.

Ежелден қазақ көрші қырғызбенен,Туыстай бірін-бірі күнде іздеген.Құлмамбет Ыстықкөлде айтысыпты,Қаламқас деген ақын бір қызбенен.

Айтыста өлең шалқып төгіліпті,Қолтығы саңлақтардың сөгіліпті.Болса да сонша жүйрік, сөзге шебер,Қаламқас Құлмамбеттен жеңіліпті.

Шірімес алтын жүзік жалғанда енді –Əйгілі сол айтыстан қалған белгі.Жақсының басқан ізі жоғалмайды,Асса да өмір көші белден-белді.

Қара жер бүтін тұрса, аспан аман,Адамды құдай қайда бастамаған.Көзіндей Қаламқастың сол жүзіктіӨлгенше саусағынан тастамаған.

Жастықта көңіл көлдей тасып-толды,Құлмамбет талай жерге көшіп-қонды.Əркімнің ішкі сыры өзіне аян,Кім білсін Қаламқасқа ғашық болды.

Ұстара бірдей болмас бəкіменен,Əр нəрсе келеді өзі сəтіменен.Сол жолы танысыпты деп айтады,Қосағы қырғыз қызы – Бəпіменен.

Сабылып сан жылдардың сарсаңында,Ел батты содан бері қанша мұңға.Қабірі белгісіз боп қалар ма еді,Болмаса алтын жүзік саусағында.

Тереңге үңілмеген не біледі,Өлеңдей өмір, шіркін, өріледі.Қайта ашып, жатқан жерін анықтаған,Жігітек2 деген кісі көрінеді.

Жақсылық кеткен емес түбі текке,Алланың нұры жаусын Жігітекке.Болмаса арт жағыңда бір жоқтаушы,Көп нəрсе келешектен үміт етпе.

Пендені салған талай азабына,Таң қалам бұл тағдырдың ғажабына.Қорғайды сол жүзігі Құлмамбетті,Түсірмей қияметтің тозағына...

Ашпаған құпиясын елге бірден,Жүрегін ғашықтардың шер кемірген.Кейінде Естай ақын дəл осылай,Хорланның жүзігімен көрге кірген.

Өткеннің сайрап жатар ізі, міне,Татымсыз тіршіліктің қызығы не?Аруағы ақындардың мəңгі разы,Хорлан мен Қаламқастың жүзігіне!..

ІІБаяғы жұтқан уақыт Құлмамбетті,Жүгіріп біздерге де жылдам жетті.Бүгінгі көрген адам ертең елес,Кезекпен кімдер кетіп, кім келмепті.

Ақылы дариядай данаға тең,Жан екен жаратылған алабөтен.Қой көзі қысыңқылау, сарғыш келген,Жалтыр бас, сида бойлы адам екен.

Тұра ма төске өрлемей асқан дарын,Қондырған зердесіне жастан бəрін.Ай бойы тапжылмастан жырлайды екен,«Мың бір түн», «Көрұғлы» дастандарын.

Тіл бітіп домбырасы қағып қалса,Сайрапты əн мен күйді төгіп қанша.Сыртылдап саусақтары перне бойлап,Тартыпты бақайымен шабыттанса.

Құлмамбет қара өлеңнің ақтаңгері – Құйғытып оңды-солды соққан желі.Иманын мəңгі-бақи жолдас қылып,Марқұмның жарық болсын жатқан жері.

Өшпестей ізін артқа қалдыратын,Жақсылар шығарады елдің атын.«Дастанын «Көрұғлы» ҚұлмамбеттенҮйрендім» деп кетіпті Жамбыл ақын.

Жамбылға жалаң болса құт қона ма,Қадірлеп, Құлмамбетті тұтқан аға.Жүйрікке қашқан да бір, қуған да бір,Тұлпарлар бірін-бірі құтқара ма?!

Ақындар дархан көңіл, кең жүректі,Байрағын парасаттың желбіретті.Жаздырмай құлашын кең, бауырын еркін,Амал не, тағдыр дəйім тарлық етті.

Айналған бірде көлге, бірде шөлге,Заманның мінезіне мүлде сенбе.Үміттің оты жанбас қырсыққанда,Ышқынып қызыл шоғын үрлесең де.

Халқының арман-мұңы тербеткенде,Ақынның көкейінен зар кеткен бе?Құлмамбет айтысыпты Жамбылменен,Тұсында Қапшағайдың – Арбаөткелде.

«Құлмамбет – менің атым, Құланаян,Менің Құлан екенім тəңірге аян.Албан, Дулат жиналып бата берсе,Кеңес айтып жырлайын етіп баян».

Айтыстың қызығына шөлдеген ел, Жамбылды алдырыпты сонда жедел.Ұйтқыпты екіленіп соққан желдей,Құлмамбет ойға жүйрік, сөзге кемел.

Шалғынды жапырғандай шалғыменен,Құлмамбет соқтықты өзі алдыменен.Байлықты, батырлықты салыстырып,Жалдыны жарыстырды жалдыменен.

Айтыстың алды – жарыс, арты – намыс,Шығаннан шығу керек шалқып алыс.Опырып, ойып түсер, орып түсер,Азуы Жамбылдың да алты қарыс.

Жамбыл да қарсы шапты салған жерден,Көкжалдай өзі теңдес арлан көрген.Селдетіп, сарқыратып төкті өлеңді,Тасқындай нөсерден соң таудан келген.

Бұтарлап, бөлшектемей сөз бүтінін,Жамбыл да Құлмамбеттің қазды түбін.Екеуі екі жақтан жарқылдады,Найзағай ойнағандай жазғытұрым.

Біреулер жақтырмаған ыңыранды,Жымыңдап біреулердің қыбы қанды.Ешнəрсе айтылмаған қалмаған соң,Əйтеуір сөз атасы тірі қалды.

Маңайын қызыл өрттей шарпып өткен,Алысқа осы айтыстың даңқы жеткен.Тəңірі Құлмамбетке қырын қарап,Жамбылға абыройды тарту еткен.

Қос жүйрік сүрінбеген сан күдірден,Жері жоқ бір-бірінен кем жүгірген.Тиегі домбыраның тайып кетіп,Құлмамбет кібіртіктеп сəл кідірген.

Тарихтың тереңіне барып шөккен,Бұл жайды жыр қылады халық көптен.Тиектің тайғандығын сылтау етіп,Жамбылды көтермелеп алып кеткен.

Айтыста талас-тартыс, болған егес,Көңілге оны ақындар алмаған еш.Құлмамбет шындығында жеңілмеген,«Жеңдім!» деп Жамбыл да айтып көрген емес.

Ақынды сөйлететін ел намысы,Бұлбұлдың сайрай алмас тордағысы.Кім білсін Құлмамбетке елестеді,Жамбылдың қызыл шұбар жолбарысы.

Тілегі баспаған соң тегіс оңға,Батыпты жайсаңдардың көбі сорға.Көп сөзі Құлмамбеттің жиналмаған,Ең қиын, өкінішті жері сонда.

Қырандай қатты серпіп қанатын кең,Құлмамбет айтысыпты сан ақынмен.Сүйінбай, Түбек, Тезек, Жамбыл, Майкөт,Тілдері тиген жерін сара тілген.

Бұл жалған мəңгі тұрақ таптырмаған,Басында бағландардың бақ тұрмаған.Кешірсін Абай атам аруағы,Ежелгі ескі ақынды жақтырмаған...

Көзбенен көрмесек те тірі қалпын,Ескінің елес болған сынығы – алтын.Маржандай асыл сөзін жіпке тізіп,Жеткізген мына бізге ұлы халқым.

Заманның бұзылғанда сыйқы мына,Сиреттік күлкіні де, ұйқыны да.Жаңаның бəрі жақсы дей алмаймын,Көненің зар болдық қой қиқымына...

ІІІӨлшеніп қас-қағым сəт мезетпенен,Дүние алмасады кезекпенен.

Ақындар қырғыз бенен қазақтағы,Сыйласып, жақын жүрген Тезекпенен.

Жалт етіп өте шығар жалғандағы,Таусылмас айтса адамның армандары.Аузымен құс тістеген өнерпаздың,Тезектің маңайында болған бəрі.

Иіріп бір шыбықпен бай-манапты,Көк мұзда заман кеше тайғанатты.Тезекті атқа теріс мінгізгендер,Тезектей бола білсе қайда қапты?

Болған соң қолда билік кере құлаш,Батырған көпке тізе Тезек рас.Тірілсе зəбір көрген замандасы,Еңіреп, жанарынан төгеді жас.

Түскенде ел басына қысым жаман,Жаладан жақсы бар ма ұшынбаған?Сүйінбай, Түбек, Жамбыл, Құлмамбеттің,Хан Тезек үстінен құс ұшырмаған.

Жан тартар болмаса да жекжаттығы,Жақсының жайсаңдарға жоқ жаттығы.Төре де керек жерде тізгін тартқан,Білінген осыдан-ақ бекзаттығы.

Жығылып əділдіктің ыңғайына,Көтерген батқан сөзді шымбайына.Өзі де əжептəуір ақын болған,Тоқыған жас күнінен жырды ойына.

Ғасырға қарап тұрсақ алыстаған,Күшті жоқ алыспаған, шалыспаған.Бай болсын, батыр болсын, төре болсын,Солар ғой, түптеп келсек, ел ұстаған.

Қылыштай өткір тілі қышығанда,Ақындар арындаған түсіп алға.Шамданбай, шамырқанбай осы күні,Тезектей сөз тыңдайтын кісі бар ма?

Түрленіп тілдің майын тамызғаннан,Артқыға алдыңғыдан негіз қалған.Кезінде Түбек деген ақын өткен,Арқа мен Жетісуға аңыз болған.

Білетін алыс-жақын түгел атын,Түсірген сөздің түбін Түбек ақын.Сексенде Жетісуға сапар шеккен,Іштегі елең қылмай кінəратын.

Түбектің жүрген жері жырға мекен,Қынадай айтысқанын қырған екен.Жалайыр Асан тəуіп емдеп жазып,Шемен боп, үш жыл жатып тұрған екен.

Аралап қалың елді жол-жөнекей,Ат басын Тезекке де бұрған екен.Сұраншы бір жыл бұрын опат болған,Орнына барып, бата қылмақ екен.

Ақбақай астындағы ойнап желмен,Сұраншы не бір сұмдық ойран көрген.Қоқанды түре қуып Алатаудан,Қапыда қоршауда қап, Сайрамда өлген.

Айналар есті қазақ батыр ұлдан,Өшпейтін өмір-бақи аты жырдан.Асына сексендегі Түбек келген,Арнайы болмаса да шақырылған.

Жылыстап өте шығар бұл бір заман,Жақсыңды жаныңдағы күнде ұрлаған.Ерлігін Сұраншыдай сұрапылдың,Жамбыл мен Сүйінбайдай кім жырлаған?

Біз бүгін қаптап өскен ормандаймыз,Біріміз-бірімізге қорғандаймыз.Бірақ та кешегі өткен Сұраншыны,Шығарып жадымыздан алғандаймыз.

Сұраншы батыр ма еді ұмытылар?Білемін, оның да бір күні туар.

Алдында аруағының қарыздармыз,Қазақтың өлісі бар, тірісі бар...Түбекті қадір тұтып соншалықты,Тезек те түстік жерден қарсы алыпты.«Алтайдың ақиығы келеді!» деп,Айнала ат шаптырып, жар салыпты.

Абырой, несібесін алдан тілеп,Үстінде көкжайлаудың келген Түбек.Ат соғып алыс жолдан айлап жүрген,Ақсақал қалған екен шөлдеңкіреп.Арнайы үй тіктіріп күткен дейді,Жақсыға Тезек төре болған тірек.

Балуандай айтысқанын атып ұрған,Түбекті көріп халық жапырылған.Көк қасқа тай сойылып құрметіне,Сары қымыз саба-саба сапырылған.Түбекке түгел келіп сəлем берген,Ақындар үлкен-кіші шақырылған.

Тезекке əр сөзіне құн төлеткен,Сүйінбай келе алмапты бір себеппен.Сүйінбай жүйрік ақын депті Түбек, Шапса озған қатарынан, қуса жеткен!

Тезектің ел жиналып ордасына,Аламан айтыс болған сонда, сірə.Кездескен Құлмамбеттей хас жүйрігің,Түбектей қара өлеңнің жорғасына.

Айтыста қарсыласын кім аяған,Бермесе өзі жəрдем құдай оған?Құлмамбет Түбекпенен сілкілескен,Сыйынып атасына Құланаян.

Атаудың Құланаян баяғыдан,Ақсап тұр мағынасы аяғынан.Дегендей бөкен желіс, түлкі бұлаң,Құланның шыққан болар аяңынан.

Белгілі сөз төркіні енді ұққанға,Дұрысы – Құланаяң сондықтан да.Жапанда желдей есіп аяңдаса,Құланның шашасына шаң жұққан ба?!

Жүйріктер көтеріліп шабыс алған,Қиынға ары салған, бері салған.Төгіпті кер дөненнің ащы терін,Келтірмей қапталына кəрі тарлан.

Шайнасқан секілді екі кекті құлан,Алыпты бірін-бірі шоқтығынан.Төбе би өзі бопты Тезек төре,Куə ғып қарақұрым көпті бұған.

Алған соң көзден көшіп тыным бүгін,Өзінде өз қызығы бұрынғының.Айтыстың алыптарын тыңдапты жұрт,Орданың түріп тастап туырлығын.

Өлеңге машық болған бала жастан,Тезек те бұл айтысқа араласқан.Айтысты Түбек бастап былай депті,Төренің бет-жүзіне қарамастан:

«...Қылмай ма төре тəубе бір құдайға,Жаратты ие қылып ақыл-ойға.Сыртыңнан сені халық ұры дейді,Осы сөз лайық па Абылайға?».

Ұстайтын жерін білер əрқашанда,Кірісті Құлмамбет те сөзге сонда.Түбекті алқымынан ала түсті,Дегендей Тезекті көп тезге салма:

«Міндет қып неменеңді келдің, Түбек,Көтерем секілденіп қотыр үлек.Дау іздеп, қайыр сұрап жүруменен,Қалыпсың сұқсырдай боп мұнша жүдеп».

Жарқылдап шапқан аттай, атқан оқтай,Айқасты, қызды шайқас бет қаратпай.

Шын ақын арқаланып арындаса,Тұра ма көмейінен от боратпай?!Шарпысты əлмек-сəлмек кезек бере,Шоқ түсті жүрекке де, өзекке де.Су сеуіп қызыл өртке лапылдаған,Тежеді Құлмамбетті Тезек төре.

Ақындар тізгін тартты барып-барып,Сүйсінді жүйріктерді халық танып.Тезек те біраз жерге жорғалады,Қомданып, қанаттанып, шабыттанып.Сөз соңын Түбек өзі түйіндеді,Қалақтай домбырасын қағып-қағып:«Қош енді, Абақ, Тарақ, Албан, Суан,Абылай қай қазаққа болмады ұран.Матай мен Алтынемел, Шаған анау,Жошы хан мекендеген, ақсақ құлан.

...Хан болсаң, ғаділдік қыл қарашыға,Аударма табаныңды таласыңа.Қақ жарған қара қылды əкім болып,Тең қара атасы мен баласына.Хан Тезек, сен де аман, ел де аман бол,Қонақпын бұл үш жүздің арасына!».

Бес күндік тіршілікте базарлаған,Осылай Түбек көпке сөз арнаған.Қол жайып Құлмамбетке бата берген,Ізінен ұшқан шаңы тозаңдаған.Тарасқан игі жақсы мəз болысып,Дүниеге жалт-жұлт етіп көз алдаған.Арман жоқ ақындарда бір есептен,Өлеңмен өмір көркін ажарлаған.Самсаған самырсындай сол ерлерді,Жым-жылас жұтып қойды-ау тажал заман.Кең пішіп, кесек турар мінезімен,Қалайша бола қалмақ Тезек жаман?Құлмамбет қырық бестер шамасында,Кезі екен сақал-мұрты бозармаған.Түбекті күндік жерге ұзатып сап,Қарасы үзілгенше көз алмаған...

IVƏн-күймен, өлең-жырмен шаттандырған,Ақынын қазақ қашан шет қалдырған.Түбекке разы боп Тезек төре,Үш тоғыз, бір қыз беріп аттандырған.Айтыстың жайып Түбек даңқын көпке,Жол бойы талай жерге ат шалдырған.Аузының суы құрып естігендер,Тезектің жомарттығын мақтан қылған.Абайдан басқа ақындар сол заманда,Несібе, нəпақасын тапқан жырдан.

Жаманға жорып қалма жетесі жоқ,Ағайын, бұл сөзімнің қатесі жоқ.Алаңсыз өлең жазып жататұғын,Олардың Құнанбайдай əкесі жоқ.

Жаманды Тезек төре тең қылмаған,Қасынан Құлмамбетті қалдырмаған.Жығылып сөзге тоқтар мəрттігіне,Сүйсінген Сүйінбай да, Жамбыл да оған.

Қол созған қиянаттың құрығына,Налисың құдай сүймес қылығына.Айыбын ақын біткен бетке басып,Айылын жинаттырған ұлығына.Алайда арпалысқан сұм жалғанда,Жан бар ма кір жұқпаған жұлығына?Тезектен суынасың сыйлай тұрып,Ұстаған қарақшыны, ұрыны да.Тазарып шыға келер бір қарасаң,Өлеңнің шомылғанда тұнығына.Сүттен ақ, судан таза хан болмаған,Үңілсең ғасырлардың құдығына.Жемқоры ол заманның жалғыз сол ма,Жұтқаны жұқ болмаған жұмырына.Біржақты баға беру қиын шығар,Қым-қиғаш, көпке жұмбақ ғұмырына...Көп жайға қазірде де көзің жетер,Халықтың құлақ түрсең сыбырына.Тезекті қондыратын мезгіл жетті,Өзінің тарихтағы тұғырына.Кешегі болған жемқор бүгін де бар,Түрі жоқ қой дегенге тіліңді алар.Борсықтай ұрған сайын семіретін,Жонданып, жеген сайын күлім қағар.Айранды солар ішіп шелектегі,

Қашанғы қара халық түбін жалар?Сүйінбай, Құлмамбетін қазіргінің,Көрсе де көрмегендей қырын қарар.Түседі осындайда Тезек еске,Өнерге орда тігіп, туын қадар.Тажалдың тойымы жоқ, уайымы жоқ,Күн бар ма кеңірдегі тығындалар?

Түбекке, Құлмамбетке, Сүйінбайға,Тезектей төр беретін жиын қайда?Топырлап көк аспаннан тері жауса,Пақырға қатқан пұшпақ бұйырмай ма?

Тірлікте Құлмамбет те жарымаған,Бірақ та жасымаған, арымаған.Аяғын тарта басқан оны көрсе,Құдайын кейбіреулер танымаған.Өлеңмен ырыздығын ол да тапқан,Қақтығып, тасқа пышақ жанымаған.Тəңірі үйіп берген, жиып берген,Байлықтан басқасының бəрін оған.

Жасы үлкен болса-дағы ірісінбей,Жамбылды көрген туған інісіндей.Ақ көйлек, аңқылдаған көңіліне,Өтіпті пенделіктің кірі сіңбей.

Шын ақын төмендер ме, мəйпектер ме,Қағысқан Бақтыбаймен, Майкөтпен де.Құлмамбет отырғанда топ ішінде,Өзгелер шығады екен байқап төрге.

Бағынған басқаға емес, тек құдайға,Дариға, сол ақындар кетті қайда?Құлмамбет Сүйінбайды ұстаз тұтып,Ілтипат білдіріпті Бақтыбайға.

Шіркін-ай, сол сыйластық бар ма бүгін,Қашанда қадірі жоқ қолдағының.Жатады үйдей пəле біреулердің,Астында бүгіп жүрген бармағының.

Көрмеген жарасымды жұбын жазып,Үлгісі бұрынғының бүгінге азық.Қазақтың бетке ұстары барлығы да,Қайтеміз жақсылардың түбін қазып...

VАқынды Алла бекер жаратпаған,Ол кезде өлең-жырсыз таң атпаған.Ер туып, ел тізгінін ұстағандар,Қыранды құзғындарға талатпаған.Сыйлапты Құлмамбетті қырғыздар да,Айтыссыз ас пен тойын таратпаған.

Тау асып, тасты басып жер шалғанда,Қадірсіз болсаң қырғыз қарсы алған ба?!Құлмамбет əдейі арнап шақырған соң,Барыпты Жамбылды ертіп ер Шабданға.

Құлмамбет жырлағанда таңнан-таңға,Тыңдапты талықпастан Шабдан сонда.Ай бойы айтқан екен «Мың бір түнді»,Өзің біл, сенбей бұған шамдансаң да.

Жырауды тірі көрген бұл жалғанда,Шабданда арман жоқ қой білген жанға.«Аяғы мұның қашан бітеді?» деп,Сұрапты он жетінші күн болғанда.

«Тақсыр-ау, саусағымның əлі кетті,Жырлаймын он алты күн əлі!»депті.Шабданның жалғыз өзі отыр дейді,Құлмамбет көзбен шолса төңіректі.

«Тыңдаса жырды Шабдан тыңдасын!» деп, «Жырласа Құлмамбеттей жырласын!» деп, Айтады қазақ-қырғыз əлі күнге,Кетсе де содан бері бір ғасыр боп.

Таңдайға тəңір берсе несібені,Ақынның мəртебесін өсіреді.«Мың бір түн», «Көрұғлы» дастандарын,Үйреніп қайтқан Жамбыл осы жолы.

Сақтаймыз жыр болмаса немізді ойға,Жас толқын тілдің майын тамызбай ма?Айдыны ақ көбік боп шалқып жатқан,Дариға, Құлмамбеттей теңіз қайда?

VIТаяқ жеп тар кезеңде тағдырдан көп,Халқымның төккен жасы жаңбырдан көп.Сырқырап құмға сіңген судай болып,Сұраусыз кетті емес пе сан Құлмамбет.

Қызылдың желі соғып азынаған,Айырылдық қаншама асыл қазынадан.Меңіреу, мылқау тарих мелшиеді,Өтпейді айтқанменен сөзім оған.

Қым-қуыт басымыздан күндер өткен,Қызығы қысқа өмірдің кімге жеткен?Қазына Құлмамбетпен кетті қанша,Жүзіктей саусағында бірге кеткен.

Келмеске кеткен дүние қанша бізде,Іздесең соны, халқым, шаршап ізде!Сары аяз сақылдаған қыстың қамын,Жасаған ата-бабаң ерте күзде.

Тоналған тарихымыз, тіліміз де,Түгендеу парыз оны тірімізге.Жоғалтқан алтын киген аруақтарын,Қорымдар ескертеді мұны бізге.

Өзгеше тұрқы бөлек, үні дара,Жоқтайды арыстарын ұлы дала.Құлаған ата қыстау – ескі жұрттыңОрнында жатыр төккен күлі ғана.

Бұл күнде Тезек қайда, Шабдан қайда,Үзілген ұлы дəстүр жалғанбай ма?Адасқан соқыр болсаң өз ұлтыңнан,Қаңғырған тас тиеді сор маңдайға.

Сөгетін тар қолтығын кең құлашы,Қайда екен Құлмамбеттің домбырасы?Қамқорсыз қариядай күрсінеді,Қазақтың күй мұрасы, əн мұрасы...

Азаттық алтын нұрын таңдай құйып,Тұрғанда төмендесең қандай күйік?Еңсесі туған елдің биіктемес,Тұғыры төл өнердің болмай биік.

Халықтың жаны – ұлттық өнерінде,Құлмамбет айтып кеткен өлерінде.Жұртының керегіне жарамаса,Құны жоқ қараның да, төренің де.

Алдыда күдік қанша, үміт қанша,Өткенді өмір өтер ұмытқанша.Түбінде Көк байрақтың түзу тұрсын,Халқының қамын ойлар жігіт болса!Жын-шайтан баса-көктеп кіре алмайды,Есігі періштенің құлыпталса.Құдайым, ұлтпен көрсет не көрсетсең,Күшіктей көштен қалған ұлытқанша.

Ызадан, өкініштен ішім жанар,Айтар сөз өткір тілдің ұшында бар.Қазақ боп қала алмасаң жібі түзу,Шайнаған бармағыңда тісің қалар...––––––––––––––––––

1. Əлібек – Құлмамбет Түргенде қайтыс болған үйдің иесі.

2. Жігітек – Құлмамбеттің мұрасына жанашыр ағайыны, ақынның қабірін тапқан кісі.

Ќўланаян ЌўлмамбетНесіпбек АЙТҰЛЫ,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Page 8: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

30 шілде

2016 жылwww.egemen.kz8 ТОЛҒАУЫ ТОҚСАН

ТІРШІЛІК

Арнұр АСҚАРОВ, «Егемен Қазақстан»

Фотосуреттер кəдімгідей өткен жыл-дардан сыр шертеді, жетпісінші-сек-сенінші жылдардың атынан сөйлейді. Сол жылдары жарқырап көрінген, бүгінде та-рихи тұлғаға айналған алыптардың бол-мысын танытады. Ойшыл ақын Олжас Сүлейменов, жезтаңдай əншілер Жəнібек Кəрменов, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Қайрат Байбосынов, ком-позитор Ілия Жақановтың осы өңірде болуы... Тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Əубəкіровтің қылшылдаған жас кезі... Қалың елдің құшағында жүрген қоғам мен саясаттың қайраткерлері, өнер мен мəдениет майталмандары... Көне сурет көрсек бір қызық дерек тауып қаламыз ба деп арбалып қалатынымыз бар, сəлден кейін ғана фотосуреттерден бас көтеріп, ақсақалды əңгімеге тарттық.

Өзі туып-өскен Қарқаралы өңірінің фотошежіресін жасауға бір адамдай атсалысқан, бүгінде жасы сексеннің сеңгіріне аяқ басқан ақсақалдың есімі Сейітқұл Махметұлы Түсіпбеков екен. Қария өмірінің ширек ғасырын мектеп-те ұстаздық қызметке арнап, 20 жыл Қарқаралы ауданының мəдениет сала-сында еңбек етіпті. Кəсіби фотограф болмаса да, қасиеті мол туған жерінің тіршілігін қалт жібермей, кадрға қаттап отыруды алдына мақсат етіп қойған.

– Фотоаппаратымды арқалап жү-ріп, қазақтың елге танымал тұлғаларын түсірдім, таныстым, дəмдес болдым. Кімдерді қашан, қандай жағдайда тү-сіргенім əлі күнге санамда сайрап тұр, – дейді ол.

Жақсы фото да жақсы мақала сияқты мақалаға жан бітіріп, құлпыртып жіберетіні бар. Сейітқұл Махметұлының фотосуреттері республикалық һəм аймақтық басылымдарға талай жылдар азық болыпты. Ақсақалдың еңбек де-малысына кеткеніне ширек ғасыр бол-са да, жергілікті басылымдар ол кісінің қоржынына құда түсіп, сурет сұратып жатады. Бірнеше жыл бұрын Қарқаралы қаласының 190 жылдық мерейтойы өткен еді. Облыстық «Орталық Қазақстанның» мерекелік нөмірін шолсақ, жарияланған фотолардың басым бөлігі Сейітқұл Махметұлына тиесілі екенін байқадық. Себебі, біздің кейіпкеріміз ұзақ жылдар сенімді серігі болған «Зенитін», кейі-нірек алған «Nikon» аппаратын иы ғына асып алып, өңірдің өміріндегі өзекті оқиғалардың бел ортасынан табылу-ды əдетке айналдырған. Қарқаралыға келген қадірлі меймандардың ішінде объективіне ілінбегені кемде-кем. Қартайғанша тау-тасты кезіп жүріп, өңірдің төлқұжаты деуге болатын Шоқпартас пен Шайтанкөлдей көрікті жерлерді түсірді, Құнанбай қажы ме шіті сынды тарихи нысандардың ескі көріністерінің негативтері де мұ-рағатында сақтаулы.

Құнанбай қажы мешіті демек-ші, бұл ғимараттың өткен ғасырдың

80-90-жылдарында қараусыз қалып, атқораға айналған кезін де ақсақалдың архивінен тауып алдық.

– Құнанбай қажы салдырған мешіттің қараусыз қалғаны жаныма қатты батты. Содан фотоға түсіріп алдым да, Алматыға «Қазақ əдебиетіне» салып жіберіп едім, көп ұзамай газетте жарқ ете түсті. Тарихи нысанның қаңырап қалғанын айтып, фотоның авторы ретінде мені көрсетіпті. Оны, əрине, біздің жергілікті мəдениет саласының тізгінін ұстаған адамдар да көреді. Көп ұзамай мені шақырып алып, осы музейге директор етіп тағайындады, – дейді өзі бұл оқиға туралы.

Сейітқұл ақсақал содан соң Алматы-дағы «Қазреставрацияға» өз қаражатымен барып жүріп, тиісті министрлікке өтініш жазу арқылы музейді қалпына келтіруге қаражат бөлгізгенін айтады. Бір айта кетерлігі, музей қазіргі біз көріп жүрген қалпына келтірілгеннен кейін көп ұзамай ақсақал директорлық қызметінен кетуге мəжбүр болған.

Ақын Серік Ақсұңқарұлының: «Қар-қаралы – қазақтың автопортреті» дегені бар. Тегін айтылған теңеу емес. Тарихты

білетіндердің пайымынша, əлмисақ-тан Қарқаралы жері – қазақтың тарихы таразыға тартылған талай оқиғалардың куəгері іспеттес. Қарқаралы – қазақтың автопортреті болса, Қар қаралының фо-то шежіресін жасауға еңбек сіңірген жандардың бірі – Сейітқұл Түсіпбеков. Туған жерінің тіршілігін қас қағым сəттік кадрда сақтауға тырысқан ақсақалдың бай мұрағатындағы дүниелер алдағы уақытта албом болып жарық көріп жатса, қандай ғанибет!

Қайрат ƏБІЛДИНОВ,«Егемен Қазақстан»

– Жарты ғасырдан астам жат-тықтырушылық қызметіңізде ең қуанышты сəтіңіз бен қатты өкін ген кезіңізді еске түсіріп көріңізші.

– Жаттықтырушы болғаннан кейін табысқа қол жеткізгенде марқаясың, сəтсіздік алдыңнан шыққанда салың суға кететін сəттер де болады. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Жаңаарқада «Жас сұңқар» спорт мектебі ашылғанда, агрономдық жұмысты тастап, осы мектептің іргетасын қаласқан-ның бірі едім. Самбо жəне қазақ күресінің жаттықтырушысы бол-дым. Спорттағы жетістіктерінің ар қасында «Жас сұңқардың» аты Қазақстаннан асып, бүкіл КСРО-ға əйгілі болды. Самбо күресінен КСРО, Азия, əлем чемпионаттарының, Əлем кубогы-ның жеңімпаздары шықты. Ең өкініштісі сол, Кеңес өкіметі құлағанда, сол мектеп жабылып қалды.

Осыдан кейін облыс орталығына қоныс аудардым. Мақсат қазақ күресін көтеру болды. Əлі есімде, мен қалаға көшіп келген 2002 жы лы Оңтүстік Қазақстандағы Темірлан елді мекенінде Қазақстан спартакиа дасы өтіп, Қарағанды облысы қазақ күресінен 11-орын алды. Ал арада бес жыл өткеннен кейін Сəтбаев қаласында өткен Азия чемпионатында облыс ба-луандары 2 алтын, бір күміс жəне 4 қола медальға ие болған еді. Міне, əр нəрсенің парқы осылай салыстырғанда білінеді.

Кеншілер қаласына келген соң, «самбодан əлем чемпионын дайын-дадым, енді қазақ күресінен дүние-жүзілік додада топ жаратын балуан баптауым керек» дегенді алдыма мақсат етіп қойдым. Бұған да қол жеткіздім: 2013 жылы шəкіртім Ерсін Мұхаметжанов Минск қала-сында өткен əлем чемпионатында 82

кило салмақ дəрежесінде топ жа-рып, алтын медальға ие болды.

– Сіздің ұлыңыз Жеңіс Бит-көзов – қазір қазақ күресінен ұлт тық құраманың бас жат-тық тырушысы. «Əке – балаға сын шы» дейді. Ұлыңыздың бо-йынан бапкер ретіндегі қандай кемшіліктер мен жетістіктерді көресіз?

– Менің үш ұл, екі қызым бар. Үш ұлым ның үшеуі де қа-зақ күресінен спорт шебері. Осы-лардың ішіндегі дəрежесі биік болғаны – осы Жеңіс. Самбо күресінен Қазақстан чемпионатын бірнеше рет ұтты, қазақ күресінен ел біріншілігінің жеңімпазы бол-ды. Қазір менің жолымды қуып, осы салада жүр. Еңбек жолын жаттықтырушы болып бастады. Қарағандыда спорт мектебінің директоры болды. «Ел Қайраты» спорт қоғамы құрылғанда сон-да спорт түрлері бойынша мем-лекет тік жаттықтырушы қыз-ме тін де атқарды. Осыдан бір ай бұрын Республикалық қазақ күресі федерациясының мүшесі болып сайланды. Жалпы алғанда, жұмысының нəтижесі жаман емес, құрама команданың балуандары əлем, Азия чемпионаттарында, «Əлем Барысы», «Азия Барысы» сынды жарыстарда толайым табыстарға жетіп жүр.

– Қазіргі таңда қазақ кү-ресін жетілдіру жəне дамыту

төңі регінде небір тың жаңа лықтар өмірге келіп жатыр. Осы үдеріс-ке жəне қазақ күресінің атауын халықаралық тілдердің қо лайына қарай өзгерту туралы əң гі мелерге деген көзқарасыңыз қандай?

– Бұрын қазақ күресінің бір ғана федерациясы болды. Қазір бұл ұйым республикалық, азиялық жəне дүниежүзілік болып үшке бөлінді де, осылардың арасында түсінбеушілік пайда болды. Бұл, əрине, қазақ күресін əлемдік аренаға шығарамыз деген ниетке өзінің нұқсанын тигізеді. Мəселен, Арман Шораев басқаратын «Қазақстан ба-рысы» қазақ күресін дамыту қоры» өте жақсы жұмыс істеп келеді. Деген мен, алдымызға қойған бас-ты мақсат – қазақ күресін Азия, одан əрі Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу. Осы жолда тізе қосып, күш біріктірмейінше діттеген жерден шыға алмаймыз. Мен жақында мынадай ұсыныс айт-тым: қазақ күресінің республикалық федерациясын қалдырып, Азия жəне дүниежүзі федерацияларын жауып, бір ғана ұйым – Қазақ күресінің халықаралық федерация-сын құрайық дедім. Бұдан бөлек, республикалық федерациямыздың басшысы Арман Шораев FILA-ның құрамынан шығу туралы мəселе көтерді. Мен мұны қолдадым. Өйт-кені, бұл ұйымның бар ойы – бізден ақша алу. Содан кейін олар қазақ күресін «Белбеу күресінің» ішіне кіргізіп жібермекші. Бұлай болған жағдайда қазақ күресі өзінің атауы-нан айырылып қалуы əбден мүмкін.

Бүгінгі күнде алдымызда тұр-ған зор міндет – қазақ күресінің ха-лықаралық федерациясын құрып, Лозаннадағы Дүниежүзілік спорт қо ғамына тіркелу керек. Ал енді төл күресіміздің «Қазақ күресі» атауы қалуы керек. Өзге тілде айтылуы, жа зылуы қиын деген жəй əншейін сылтау ғана қадағаласа, талап етсе, орнына келмейтін дүние жоқ.

ҚАРАҒАНДЫ

Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Оның ұстыны – ата-ана дүниеге келген сəбиді ақыл-ес, өмірге талпыныс жағынан дамыту-ды қамтамасыз етіп, рухани жағынан жетілдіреді. Сөйтіп, оны азамат ретінде қалыптастырады. Отбасы тəрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. А.С.Макаренко «Ата-аналарға арналған кітабында»: «Бала тəрбиесінде сіздің іс-қимы-лыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Сіз тəрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асыра-мын деп ойламаңыз. Тəрбие өмірдің əр сəтінде жүзеге асады. Ол сіздің қалай киінетініңіз, сөйлейтініңіз, қалай күлгеніңіз, осының барлығы бала үшін өте маңызды. Ал от-басында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жəбірлесеңіз мұндай ісіңізбен сіз балаға жаман тəрбие бересіз», – дейді.

Иə, тəрбие отбасынан бас та-лады. Сондықтан ата-ана бала-ларының бойынан жат қылық көр-се, мұғалімдерді, жолдастарын, қо ғамды кінəлай бермей, «баламды тəрбиелеуде қай жерінен ағаттық кет ті, баламның бойына жақсы əдет сіңіруде, жақсы тəрбие беруде қай жерден жаңылдым» деп ой түйгені абзал. Күнделікті «беті-қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқсатсыз алма» деген сияқты

сөздерді айтуға жеңіл болғанмен, олардың тəрбиелік мəні зор екенін естен шығармау керек. Осыдан бала тазалыққа, шыншылдыққа, ұқып-тылыққа үйренеді. «Тəрбие басы – талбесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөздер тек-ке айтылмаса керек.

Өркениет жолында алға ұмтыл-ған ұлт, қоғам ең алдымен жас ұрпаққа оқу-білім беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Сондықтан да Елбасымыз XXI ғасырды білім жарысы ғасыры деп атап отыр. Тəрбиенің мақсаты пəнді керемет меңгерген оқушы тəрбиелеумен қатар, ең бастысы адамды тəрбиелеу. Бүгінгі күні біз, бүкіл əлем халқы, бір кісідей жаңа дəуір, жаңа ғасыр – жаңа мыңжылдыққа аяқ басып отырмыз. Шəкəрімнің: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады. Олар барлығы нан ба сым болатын адал еңбек, мін-сіз ақыл, таза жүрек. Бұл саналар адам ды дүниеге келген күннен бастап тəрбиелейді», – деген сөзі бар. Адамгершілікке тəрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді. Бұл баланың сезіміне əсер ету ар-қылы ішкі дүниесін оятудың нə-тижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.

Ата-ана – бала тəрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан əке

де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен əңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орын-ды. Өз ұл-қызымен ашық сөйлесе ал-май, сырласа білмейтін ата-аналар: «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, бала-мен сөйлесуге уақыт жоқ», – дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Бала-мен сөйлесуге, тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Əке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ əңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Перзентін мектепке апарып, алып қайтар жолда сырла-сып əңгімелесуге болатынын естен шығармаған жөн. Бүлдіршін мек-тепте болған жайды əңгімелеп, дос-тары жайлы ой пікірімен бөліскісі келеді. Оған уақытым жоқ деп тиып тастамай, сұрақтарына жа-уап беріп, өз пікіріңізді ортаға сал саңыз ол баланың ойында дұ-рыс пікір қалыптастырады. Бала дегеніміз – болашақ. Оларды қалай тəрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы – ұл-қыздарымызды білімді де мəдениетті, тəрбиелі де əдепті, кіші-пейіл де қарапайым етіп тəр биелеу өз қолымызда.

«Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие берілуі керек, тəрбиесіз бе-рілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат əкеледі», – дейді Əбунасыр əл-Фараби. Сонымен, қорыта келе, жас ұрпаққа тəлім-тəрбие беруді қоғам, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата-аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата-баба салт-дəстүрін құрметтейтін ұрпақ тəрбиелеу баршаға бір-дей міндет. Бұл – бүгінгі күндегі мəселенің мəселесі.

Майрагүл ТӨЛЕГЕН, №56 мектеп-лицейінің бастауыш

сынып мұғалімі

АСТАНА

Сəті түскен сұхбат Өмір өрімдері

Көкейкесті

«Өмірім күреспен өрілді»

Қас қағым сәт: фотообъективте қалған бейнелер

Қазақ үшін күрес əлеміндегі құбылыс кім десе, Диқанбай Биткөзовтей дүр-бапкердің есімін атаған жөн шығар. Жапандағы Жаңаарқада жүріп-ақ, ол жаққан жұлдыздар күрес əлемінің көгінде көз қарықтырар сəулемен жарқырады емес пе?! Жарты ғасырлық жаттықтырушылық қызметінде самбо жəне қазақ күресінен Қазақстанды былай қойғанда, КСРО, Азия, Еуропа, əлем чемпиондарын тəрбиелеп, түлеткен ұлағатты ұстаз, ұлық бапкердің алдында бас игеніміз көргенді елдің баласына тəн қасиет болар еді-ау!

Жақында редакциямызға ескі фотоаппаратын мойнына асып, сөмке арқалаған, бурыл шашты, егде кісі келді. Ақсақалдың сөмкесінен қопсытып шығарып, бізге көрсете бастаған фотосуреттері ә дегеннен көзімізге жылыұшырап сала бергені. Жұмыс үстеліміздің үстінде жатқан фотосурет-тер әр қазаққа таныс тұлғаларымыздың ескі бейнелерін көз алдымызға әкелді.

Тәрбиесіз білім – қатер

Редакцияға хат

Ресей Федерациясының Омбы қаласынан оңтүстікке қарай Қазақстанның Көкшетау бағытына бет алғанда, 16 шақырым жер жүрген соң үлкен зират кездеседі. Ол Бибатыр ауылының қорымы. Тас жолдың зиратқа қарама-қарсы жағында кезінде үлкен ауыл бар еді.

Бибатыр кезінде аты əйгілі би болған адам. Ба-ла сы Мəден болыс бо-лып, 1937 жылы атылған. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің де-путаты қызметін атқарған Ромин Ризаұлы Мадинов сол Бибатырдың ұрпағы, Мəденнің шөбересі.

Менің іздеу салып отыр-ғаным – Бибатырдың бел ба-ласы Қызыр. Ол кісі 1937 жы лы Қызылжарда прокурор болып істеген. Ұсталасың де-ген ескертумен қашып Омбыға келіп, туған бөлесі Өтемісов Əміржанмен кездеседі. Құ-жаттарын ауыстырып алып, басқа фамилиямен Қытайға өтпекші екенін айтады. Со-дан хат-хабар үзілген. 1947 жылы Əміржан Омбы об-лысының Горьков ауданын-да КГБ қызметкері болып істеп жүргенде, бір жігіт ар-найы іздеп келіп, Əміржанға жолығады. Қызырдан сəлем айтады. Бірақ фамилиясы, аты-жөні басқа дейді. Соғыс

кезінде Қызыр əскери проку-рор болды, мен оның адъютан-ты қызметін атқардым, депті. Қанша жалынса да, қайда, қандай фамилияда екенін айтпай кетіп қалыпты. Бұл əңгімені арада 31 жыл өткен соң 1978 жылы Əміржан маған айтқан.

Тағы бір дерек мынадай. 1963 жылы Омбы өңірінде тұратын Қызырдың туған немере інісі Фазылға алыс-тан бір хат келген. Онда аты-жөнін жазбай, открыт-ка сыртына бармын, тірімін, аман-есен жүрмін деген сөз айтылған да қойған. 1985 жы лы Фазылдың ауырып, беті ары қараған шағында

Омбыдағы КГБ адамдары Қызыр туралы сұрап келіпті. Сонда ол кісі ешқандай жақыным жоқ деп ренжіп, кел-гендерге ауыр сөз айтып қуып жіберіпті. Тегінде КГБ адам-дары бекер іздемеген болар. Мүмкін Қызыр өлер шағында балаларына шын аты-жөнін айтқан соң, олар Омбыға сұрау жіберуі мүмкін.

Осы туралы білгім келеді. Қызыр бізге туған жиен еді. Қазақстанда оны білетіндер бар ма екен? Осы мақаланы оқы са балалары хабарласып қа лар деген үмітім де жоқ емес.

Аманкелді қажы ТОҚСАНБАЕВ

Ресей Федерациясы, Омбы қаласы, Мельничная көшесі 87/4. 15-пəтер.

Күтеміз әлі бір хабар

Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, Диқанбай БИТКӨЗОВ:

Page 9: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

30 шілде 2016 жыл

www.egemen.kz 9ТАРИХ

ТОЛҚЫНЫНДА

Соның ұлы дəлеліне бір тəмсіл келтірейін. Жол түсіп, Түркияны көлік пен аралауға тура келді. Жібек жолы бойындағы түрік тектестердің «ана жұрты» атанған Анкара аңғары мен Кайсары жотасын жалғастырған «Кірқаланың» (Каппадокидің) тұм-сығынан оратыла бергенде аспанмен тілдескен, басын бұлт ораған, қарлы шоқы жарқ ете қалады. Күре жол үш сағат айналып өтетін бұл шоқы – Асан тау деп аталады екен. Недия университетінің тарихшы профессорынан Асан таудың жөнін сұрастырғанымызда олар: «Ежелгі заманда түріктерге жақсы жер іздеген Асан абыздың ақ маясы бұлтпен араласып келіп осы таудың басына шөгіпті. Түріктерге жердің жұмағын тапқанына көзі жетіп, арманы орындалған Асан абыз да сол шоқыда дүниеден қайтыпты-мыс. Біздің түріктер де сол Асан əулиеге ілесіп атбасын Кіші Азияға тіреген екен» – деп түсіндірді. Демек, Жиделібайсынды ұлы қорғанның түбі – Бағылық тауларынан бастап іздеп шыққан Асан бабамыз көк бөрілердің киелі мекені – Қайсары жотасына кеп желмаясын шөгеріпті» (Жұртбай Т. Жолы болған жолаушы. А. Орхон, 2014, 448 б.)

Арада он ғасыр өтсе де Жібек жолы-ның бойымен көшіп барған сол аңыз қазір де ұмытылмағанына таңғалдым.

Соның алдында, тура осы аңызды 2006 жылы Қытайдағы Хохот қала-сына барғанымда: белгілі қытай түркі-танушысы Гай шань лидің «Иньшань оңғұттары» (阴山汪古盖山林 (Иншань оңғыттары. Гайшанлин). Ішкі Монғол халық баспасы. Хоххот, 1991. 78 Б.) атты зерттеуіндегі: «Кеше Асан ата абыз ақ желмаясына мініп, Ордаға сəлем бере келді. Бес жүз ісек сыйға тартты», – деген (Гай шаньлин. Иншань оңғұттары. Монография. Қытай тілінен аударған Қ.Ынтыханұлы. Астана. Фолиант. 2010. -136 б.) тастағы жа-зуды оқып бір таңғалып едім. Қалай таңғалмайсың. Сонау қиыр шығыс-та тасқа жазылып қалған сол аңыз аралығына Тəңір тауынан, Памир тауынан, ұлы қазақ даласынан, Гин-дукуш тан, Қап тауынан асып өтіп Қайсары жотасына барып қонақ тауып отырса. Ал территориясы жағынан əлемдегі тоғызыншы мемлекет болып табылатын Қазақстанда Асан қайғы – Асан абыз болмаған, оның есімімен байланыспаған, ол атын қоймаған жер аты жоқ. Міне, менің ойымша, осыншама ұлан-ғайыр кеңістікті жалғастырған Асан абыз туралы бұл аңыз этнограф үшін де, тарихшылар үшін де, фольклортанушылар үшін де, ең аяғында бүгін ерекше назарға ие болып отырған Жібек жолының тарихын зерттеушілер үшін де маңызы бар əфсана деп есептеймін.

Асан қайғы – Асан абыз туралы əфсана түркі текті қауымның рухани өмірін баурап алса, ал Айжарық – Құтұлун қыз туралы тарихи əфсана мұқым Еуразия құрлығын қамтып, дүниежүзіндегі ең танымал көшпелі туындыларға арқау болды. Венециялық тақуа Марко Поло: «Хайду патшаның (бұдан кейін хан деп қолданамыз – Т.Ж.) бір қызы бар еді: оның түркіше (түпнұсқада – татарша ) аты Ай-жарық (түпнұсқада – Ангиам), француз тіліне аударғанда, ол – жарық ай деген мағынаны білдіреді. Ол өте қай-ратты қыз еді, бүкіл патшалықта оған тең келетін жəне оны жеңе алатын жас жігіт те, батыр да табылмады, ол өзін қалыңдық етуден дəметкеннің бəрін де жеңіп шыққан болатын. Əкесі оны ұзатқысы келді, бірақ та ол күйеуге шығудан бойын аулақ салып, əкесіне: қашан өзін жеңетін батыр адам табылғанша күйеуге шықпаймын деп мəлімдеді. Əкесі оған өзінің таңдаған жігітіне күйеуге шығуға рұқст берді, бұған қатты риза болған патшайым (бұдан кейін ханшайым деп қолданамыз – Т.Ж.) айдай əлемге: кімде кім менімен күресуге келісімін беріп, жеңіске жетсе, соған күйеуге шығамын деп жар салды. Бұл хабарды көптеген ел мен аяқ жететін жердің бəрі де естиді, сөйтіп əр тараптағы текті ел дер дің бозбалалары өзінің бақытын сынау ға осында атбасын тірейді. Сынақ былай-ша өтеді: хан өзінің бас сарайының алды на барша нөкерлерін, еркектер мен əйелдерді жинайды, содан кейін бар күшін бойына жиған, аса қымбат торқа шапан жамылған ханшайым мен барқыт шапан киген бозбала ортаға шыға ды; шарт бойынша бозбала ханшайым-ның жауырынын жерге тигізсе, қызды қалыңдық етіп алады, егерде батыр жігіт-ті қыз жеңіп кетсе, онда жігіт қызға жүз жылқы береді.

Міне, осындай бəсекенің бары-сында ханшайым он мың жыл қыны

олжалапты, өйткені, оны жеңген батыр да, бағылан да болмапты.

Айтса айтқандай, ханша йым ның дене бітімі сондай келісті, бойы сұңғақ та сымбатты əрі ажары ашық екен.

Бір жолы, Иса пайғамбардың дүниеге келуімен есептегенде, 1280 жылы аса мəртебелі əрі бай патшаның ұлы оны іздеп келіпті, өзі жас əрі көрікті екен. Ол өзімен қоса аса айбыны асқан нөкерлерін де ерте келіпті, сонымен қатар, өзінің мақсатына жету үшін мың жылқыны да қосақтап айдап əкеліпті. Патшаның ұлы сарайға жетісімен ханшайыммен күш сынасамын деп жар салыпты. Хайду хан бұған қатты қуаныпты, қызының осы бозбалаға күйеуге шыққанын ықыласы ауа қалапты, өйткені, бұл бозбала аса күшті əрі бай патшаның баласы екен...

Орайы келгенде айта кетейін, Хайду хан қызына құпия түрде осы бозбаладан жеңілуді өтініпті, ал қыз болса: ешқашанда ондай жасанды əрекетке бармаймын деп, үзілді-кесілді бас тартыпты. Бұған не деуге болады? Аумақты сарай майданына хан да, ханым да, еркек пен қатын атаулының барлығы да, ханның өзге қыздары мен ұлдары да жиналып, мына екеуінің сондай бір жарасымды сымбатына таң-ғалысыпты. Бозбала күшті, əрі келісті, шымыр екен, өз елінде күш жағынан оған тең келетін адам болмапты.

Екеуі ортаға шығады, оны көріп тұрған адам санында есеп болмайды, олар мынадай деп сөз байласыпты: егерде жігіт жеңе алмаса, онда айдап əкелген мың жылқысын беріп кететін болыпты. Содан кейін барып қыз бен жігіт белдесе кетеді, олардың күре сін қызықтап отырғандардың бар лығы да бозбаланың жеңіске жетіп, хан қызының күйеуі атанғанын қалап ты, хан да, ханым да соны тілепті. Қыс қаша айтқанда екеуі де шекіспей беріс пепті, біресе – бірі, біресе – екіншісі еңсе реді, ақырында хан қызы жеңіске жетіп, бозбаланың жауырынын жер қаптырады.

Сөйтіп, ханзада жеңіліс тауыпты, бұған өкінбеген адам қалмапты.

Тағы да айта кетейін, патшаның ұлын жеңген Хайду ханның қызы көптеген шайқастарға қатысыпты, сол шайқастардағы жекпе-жектерде оған тең келетін не жеңген батыр болмапты. Тіпті бірнеше рет жауға қарсы жалғыз өзі аттанып, олардың батырларын күшпен байлап-матап өз еліне алып келіпті. Мұндай жайлар өте жиі кездесіпті. Хайдудың қызы ту-ралы баянымды осымен аяқтай келе, енді басқаға көшемін» (Книга Марко Поло о разнообразии мира, запи сан-ная Пизанцем Рустикано в 1298 г. от Р.Х.Перевод старофранцузского текста И.Минаева. Вступительная статья И.Магидовича. Комментарии -И.Минаева, В.Бартольда, И.Маги-довича. Алматы. Мектеп. 2007. -614 с.).

Венециялық тақуа Марко Поло тамсана суреттеп отырған Айжарық (моңғолша есімі – Құтұлын) хан-шайым – Мөңке қағанның тұсын-да Шағатай ұлысын сағалап, «шық-па жаным, шықпалап» күнін кеш-кен, Үгедейдің тақтан дəмегөй неме-ресі Хайдудың қызы болатын. Əкесі Қашын мен атасы Үгедейдің түбі не маскүнемдік жеткендіктен де Хайду ішімдік атаулыға жеркеніп өсті. Тəңіртауды паналап жүргенде Мөң-кенің «мейіріміне бөленіп», 1251-1260 жылдардың аралығында ішкі Қытай дағы Хэнань өлкесіне билік те жүр гізді. Алайда ағайынды Құбылай

мен Арық-Бұға қағандыққа таласып, қағанат қақ жарылған тұста, Хайду Арық-Бұғаны қолдады. Өйткені, Құбылайдың тас қорғанның ішінде қамалып, қытайланып бара жатқаны оған ұнамады. Көңілі ен даладағы еркін өмірді, көшпелі тіршілікті қалады.

1260-1269 жылдардың аралығында Хайду қазіргі Тəңіртау (Іле, Күнгей Алатауы мен қырғыз Алатауы) мен Моңғол Алтайы аймағы арасындағы ауқымды кеңістікті дəргейіне қаратты. Ордасының туы Талас, Шу бойына тігілді. Айжарық (Құтұлын) ханшайым осы Талас-Шу өңірінде 1260 жылдардың мөлшерінде дүниеге келеді. Содан

бастап 45 жыл бойы (1301 жылға дейін) Құбылаймен жəне оның мұрагерлерімен алма-кезек майдандасып өтеді. Тумысы-нан кесек бітімді Айжарық, Марко Полоның бейнелегеніндей, «дене бітімі келісті, бойы сұңғақ та сымбатты əрі ажары ашық» жаугер боп бойжетеді. Бойжеткен кезінен бастап əкесінің əскерінің құрамында түрлі шайқастарға қатысады, өзі де жеке жорыққа шы-ғып, тұтқын да түсіреді (Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Т.ІІ. /Пер. С перс. Ю.П.Верховского, примеч. Ю.П.Вер ховского и Б.И.Панкратова, ред. И.П.Петру шевский. М.;Л., 1960. .15-16 С.).

Қыздарын ерекше ықыласпен баулып өсірген Хайду ханның қиыла өтінгеніне қарамастан, тұрмысқа шығудан үзіл ді-кесілді бас тартады. Əкесінің жоры ғынан қалмайтын жəне оны ерекше күтімге алып жүрген Айжарықтың бұл мінезі түрлі жорамалға да жол береді (Почекаев Р.Ю., И.Н.Почекаева. Властительницы Евразии: история и мифы о правительницах тюрко-монгольских государств ХІІІ-ХІХ вв. СПб., Евразия, 2012, -384 с.). Ғалым Т.Сұлтанов əке мен қызының ара сындағы бұл сыйласымдықты: жақсы көрген адамы үшін жанын беретін платондық сүйіспеншілік деп те баға-лайды (Султанов Т.И. Любовь и трон (печальные повестовавания старинных анналов о любви двух чингизидов и одного тимурида) Altaica VI. M. 2002 C.152-159.). Рашид ад-Дин: Айжарық пен парсының Ғазан ильханының арасында некелік уағдаластық та болды. Айжарық Ғазанға: «Мен сенің ғана қатының боламын, басқаға күйеуге шықпаймын», – деген де хат жазды-мыс деп көрсетеді. Алайда бұл жай ғана алдарқату болып шығады. Əке мен қызының арасындағы мұндай татулық көпе-көрінеу ғайбатқа ұласып, олардың қандары араласып кетіпті-мыс дегенге дейін барады. Сондықтан да Хайду Айжарықты қалайда тезірек ұзатуға ұмтылады.

Міне, осы арада Хайду ханның сарайында тосын да оқыс оқиға өтеді. Бұл туралы жəдігертанушылардың пікірі екіұдай. Жаугер қыздың тағдырына ең лайықты нұсқа мынау: аса құпия тапсырма алған қорлас тайпасынан шыққан, «өзі пысық, ұзын бойлы, келісті бауыршы» (хан мəзірінің əміршісі) Абтақұл (Атақұл -?) Хайдуды өлтіруге жасырын сарайға жіберіледі (кей деректерде Абтақұл қиыр шығыстан жіберілген жансыз деп те көрсетіледі). Бірақ та қастандық пиғылы ашылып қалады. Қылмысы əшкереленген Абтақұл өзінің Хайдуды өлтіруге əдейі жіберілгенін ашық мойындайды. Хайду хан оны дарға асуға бұйырады. Сол кезде Абтақұлдың шешесі келіп, ұлының орнына өзін жазалауды өтінеді. Мұндай құрбандықтан Абтақұл үзілді-кесілді бас тартады. Оның намысты ер мінезіне сүйінген Хайду оған өзінің кінəсін өтеуге мүнəфық етіп, Абтақұлды соғысқа жібереді. Майданда ерекше ерлік жасап, батылдығымен, тапқырлығымен дараланады. Ерлікке құмар ер мінезді өжет Айжарық та Абтақұлды ұнатып қалады. Хайду хан да қызының қалауын қабыл көреді. Сөйтіп, тосын оқиға тағдырын қосқан ерлі-зайыптылар Іле мен Шу өзенінің арасындағы иеліктерінде біраз жыл беймарал тұрмыс кешіп, балпанақтай екі бірдей ұл сүйеді.

Көңіл қалауы орындалған Айжарық ханшайым сол бір тыныш тіршіліктің қызығына малынып, қағанағы – қарық, сағанағы – сарық өмір сүрсе керек еді. Бірақ оған кеудесін кернеген бұла

күш, əкеге деген ұлы жанашырлық, жаугершілік атой дес бермепті. Хайду мен Құбылайдың арасындағы қидаласу басталысымен отбасы, ошақ қасын тəрк етіп, мемлекеттік іске араласып кетеді, шекара жасағына жасауылдық етеді, өз ұлысына емінген жауға той тарыс береді. 1301 жылы Хайду Құбы лай-дың немересі Темірге қарсы жорыққа аттанады, Айжарық та қара шаңы рақ Қарақорым үшін қан майданға ара-ласады. Алмағайып айқаста Хайду жара-ланып, 1301 жылы ақпан айында 70-ке қараған шағында қаза табады. Батыр қызы Айжарыққа жəне артында қалған 24 ұлына: Шағатай ұлысының ханы,

жағаттасы Добының айтқанын тыңдауды өсиет етеді. Алайда əр қатыннан туған 24 бақталастың өзара тақ таласы басталады. Жəдігер танушылардың бір парасының жорамалы бойынша: тақ мұрагерлігіне Хайду хан Айжарықтың өзін ұсыныпты-мыс. Сондықтан да ол əрекетке белсене араласты десе (Weatherford J. The Wrestler Prncess//: «lapham’s Quateriy»: http:// www. Iaphamsquarteriy.org/ roundta-bie/ the/-werstier-princess.php. 2010 a p. 148; 153-155; Караев О.К. Чагатайский улус. Государство Хайду. Могулистан. Образованиие кыргызского народа. Бишкек. 1995. 34 С.), екінші парасы: Айжарық өзімен бір шешеден туған Орысты таққа отырғызуға тырысты дейді. 1303 жылы Хайдудың үлкен ұлы Шапар мұрагерлікке қол жеткізеді. Айжарық оған мойынсынбай ашық қарсы шығады. Сонда батыр қыз Шапардың: «Сенің сыбағаң қайшы мен жіп емес пе, мемлекет пен ұлыстың ісінен не білемін дейсің, билік сенің қай теңің?» – деген қатқыл сөзінен тосылып қалып, еріксіз мойынсал болады (Бартольд В. Очерк истории Семиречье. М.1943. С.56; 57; 58-59.). Шапар Орыс ханзаданы қытаймен шайқасуға аттандырады. Ал Айжарық өзінің иелік мекеніне – Іле мен Шудың бойына аттанып, əкесінің мүрдесін сонда жерлетіп, соған шырақшылық етеді. Əкесі аманаттап кеткен Шағатай ұлысы ның ханы Добы ақыры Хайдудың тұқы мын тұздай құртып, жеке билік етуді ниет қылады. Шапарды шағын иелік пен шектейді, ал Айжарықты əке аруа ғын құрметтеп, мазарын күзеткені үшін тақсыретті үкім күтіп тұрды. Добы Хай дудың моласын жермен жексен етіп, Ай жарық ты өлтіріп тынды. Бір деректе Айжарық əке зиратын қорлатпас үшін ашық соғысқа шығып, майданда қаза тап ты, деп көрсетеді. Аса зор бедел мен күш ке ие Айжарық Добы үшін оның қал ған 24 аға-бауырынан қауіпті көрінсе керек.

Шығыс пен батыстың арасына өшпейтін аңыз бен əфсана қалдырған, қилы хикаялар мен əңгіме-дастандарға,

пьеса мен операға, ондаған арнайы зерттеулерге арқау болған Айжарық-Құтұлұн ханшайымның Жібек жолы бойындағы көркем бейнесі де, аты да заман ауысқан сайын бірге түлеп, құбы лып отырды. Жоғарыдағы тақуа Марко Полоның жазбасын атақ ты араб тарихшысы Ибн Батута толық-тырды. Ол өзінің 1320-1340 жылдары ар алығында Шыңғыс қағанатына жаса-ған саяхатында əкесі үшін майданға аттанған, күйеуге тиюден бас тартқан хан шайым туралы аңызды ерекше атап өтеді. Ерлі-зайыпты зерттеушілер Р.Ю.Почекаев пен. И.Н.Почекаеваның «Властительницы Евразии: история

и мифы о правительницах тюрко-монгольских государств ХІІІ-ХІХ вв» атты түбегейлі зерттеуінде: «ХV ғасырда Мин императорының сарайында тура осындай оқиғаға (сюжетке) құрылған хикая (новелла) пайда болды» – деп жазды.

Бұл – қытайдың көркем əдебиет тарихындағы төрт батыр əйелдің бірі Мұ гүйиңнің таңғажайып ерліктерін баяндайтын əфсана (.http://www.baike.com/wiki/ «乐府诗集·木兰诗».). Даң кан жианьнің «Мұ гүй иң» атты «Батыс солтүстік зерттеуіне» жүгінсек, батырдың қыздың тегін таңғұттарға апарып телиді. Əлгі төрт батыр қыздың ең даңқтысы – қызын майданға аттан-дырып салып, оны қарсы алған əке туралы қытай тілінде жазылған «Мулан қыз» туралы жыр да Айжарық пен əкесі Хайдудың арасындағы өмірлік оқиғаны еске салатыны сөзсіз.

«Мулан жырының» шығу тегі, дүниеге келген уақыты, оқиға желісі, қай текке тиесілі, қандай эпостық сипатқа ие екендігі туралы жарияланған қытай ғалымдарының (соның ішінде қазақ, монғол, мəнжу ғалымдары да бар) пікірімен мəлім мөлшерде таныспыз. Əңгіме, «Жібек жолы» бойында туған көшпелі сюжет ту-ралы болып отырғандықтан да, оны жан-жақты қазбалап жатуға бұл ретте ұмтылмаймыз. Ол өте зерделі əрі тия-нақ ты дəлелді қажет ететін ғылыми мəселе. Алайда, əдеби көркем қиял мен болжамға шек қойылмайды. Сондықтан да «Мулан жырының» шығу тегі мен жазылған уақыты жөніндегі айтылып жүрген болжамдарды қайта дəйектей екшеуге деген талпыныс пен ізденіске тосқауыл қоюға да негіз жоқ. «Мулан жырындағы» эпостық сарын мен құрылым, мəтінде кездесетін əке мен қыздың арасындағы сыйластық, көшпелі халыққа тəн жауынгерлік мінез соған негіз қалайды. Осы жырдағы – қаған (可汗), ер-тұрман, ат əбзелдері – (鞍鞯,辔头,长鞭,鞍马) деген терминдік атаулар сондай пайымдауға жетелейді.

Мұндай атаулар жалпы көшпелі халыққа, соның ішінде қазақ халқына ерекше тəн. Бұл ретте белгілі түркітанушы Г.Н.Пота ниннің түркітектес халық тардан шыққан батыр қыз-келіншектер туралы жырларды топтастыра қарастырған зерттеуі ерекше назар аударады (Потанин Г.Н. Восточные мотивы в средневековом европейском эпосе. М.1899/ Сссыл. из кн. Почекаев Р.Ю., И.Н.Почекаева. Властительницы Евра зии: история и мифы о правитель ницах тюрко-монгольских государств ХІІІ-ХІХ вв. СПб., Евразия, 2012, -384 с.).

Мулан қыз – Айжарықтың (Құтұлұн-ның) тікелей тарихи прото типі болмай-ақ қойсын. Бірақ та осыдан 15-20 жыл бұрын «Шыңжаң қоғамдық ғылымы» журналында пікір алысу ретінде жарық көрген жарияланымдардағы текстологиялық, терминдік, пейзаждық, дəстүрлік нышандар туралы пікірлер орынды, ғылыми негізділігі басым сияқты көрінеді де тұрады бізге. Сон дық-тан да бұл алдағы уақытта да терең пай-ыммен зерделеуді күтіп тұрған мүдделі тақырыптың бірі болмақ деп есептеймін.

Оған Еуропа ғалымдарының батыл зерттеулері мен болжамдары толық негіз қалайды. Солардың ішінде, осыдан біраз уақыт бұрын Д.Уэзерфордтың Айжарық – Құтұлұн ханшайым туралы деректер мен əфсаналардың басын қосып, салыстыра талдаған зерттеуі жарық көрді. Оның бұл зерттеулеріндегі деректер Еуразия кеңістігіндегі ортағасырлық тарих пен тарихатқа қатысты байсалды еңбектердің авторы ерлі-зайыпты зерттеушілер Р.Ю.Почекаев пен. И.Н.Почекаеваның «Властительницы Евразии: история и мифы о правительницах тюрко-монгольских государств ХІІІ-ХІХ вв» атты монографиясында өзге де Батыс Еуропа, орыс, араб, парсы, түрік, өзбек, қазақ, татар ғалымдарының еңбектерімен барынша салыстырыла талданды. Соның барысында Ай-жарық-Құтұлұн ханшайымның өмірі бүкіл Еуропаға, Жапония мен Қытайға танымал болды. Ресей мен Қазақ-станның сахнасында ұзақ жылдар бойы табыспен жүрген К.Гоцидің 1762 жылы жазған «Турандот ханшайым» пьесасына Айжарық-Құтұлұн хан-шайымның хикаясының арқау болғаны белгілі. Оған француз шығыс танушысы М.Пети де ла Круаның Шыңғыс хан мен оның əулеттері туралы зерттеуіне қосымша ретінде берліген шығыс аңыз-дары мен əңгімелеріндегі: жұмбағын шешкен жігітке тиетіндігі туралы аңыз негіз қалағандығын (онда Қалауф атты жігіт жұмбақты шешіп қана қоймайды, ханшайымның сезімін де оятады) əдебиеттанушылар, негіздей дəлелдейді. Ал белгілі қытайтанушы Бақыт Еженхан мəнжу империясы өзінің батысындағы елдердің этникалық-географиялық жағдайларына қатысты мəліметтерді жинап отырғандығын, соның ішінде 1713 жылы 2 наурыз күні Канси патша өзінің ордасындағы уəзірлерімен кеңесте: «Қазақ дегеніміз ‒ ежелгі Янгуань жері... Олардың əйел заты өзге біреудің барымталауына түссе, онда сол əйел сөзсіз əлгі тонаушы адамды өз қолымен өлтіріп, сонан соң өз еліне оралады», – деп айтқаны туралы деректер келтіреді («Шэнзу жэнхуанди шилу», 253-цзюань, 10b–12a-бб., Канси жылнамасының 52-жылы айының «Цзя инь» күнгі (яғни 1713 жылы 2 науырыз күнгі) естелік («圣祖仁皇帝实录», 卷253,页10下 – 页12上,康熙五十二年四月甲寅).

Бұл – көшпелілер елінің батыр қыздарының есімі Қытай империясына таныс болғандығын да танытады.

Немістің ұлы драматургі Ф.Шиллер де «Қытайдың Турандот ханшайымы» атты пьеса жазды, ол өз заманының даныш паны В.Гетенің демеуімен сах-нада қойылды. 1917 жылы итальян ком позиторы Д.Пуччини «Турандот» операсын өмірге əкелді. Р.Ю.Почекаев пен И.Н.Почекаева: «Либреттосы К.Гоци дің пьесасының негізінде жазыл-ған осы шығарма арқылы Құтұлұн ның (Айжарықтың) басынан кешкен оқиға-лары (өте бұрмаланып берілгеніне қара мас тан) театрды сүйетін көрермен қауымға кеңінен танымал болды. Соны-мен, Құтұлұн (Айжарық) өзінің хан тұқы мынан шыққанына қарамастан, жеке басының қасиетімен асқан бедел мен құрметке ие болды. Алайда мұндай мүмкіндікке əйелдер тек қана далалық дəстүр-заңға жəне Шыңғысханның Ясасына сүйенген мемлекеттерде ғана ие болды» – деп жазды.

Міне, Бейжіңнен бастап Париж-ге дейінгі аралықтағы ұлан-ғайыр кеңіс тікті қамтыған, Жібек жолының бойындағы елдерде тараған Айжарық ханшайым туралы көркемөнердегі өрнек осындай. Бұл арада біз, осы Айжарық-Құтұлұнның оқиғасы тікелей арқау болды деп толық сеніммен айтуға болатын «Қобыланды» жырындағы Қарлыға бейнесі туралы пікірді суырт-пақтамай отырмыз. «Қобыланды» эпосының өзекті бір тарауын қамтитын бұл оқиға өзінің өтуі мерзімімен де, қыздың батырлық болмысымен де, жау ретінде есептелген батырды сүйіп қалатын интригасымен де Айжарықтың – Құтұлұнның бейнесін еске түсіретінін ескерте кетумен шектелеміз.

АСТАНА

Айжарыќ

Өркениеттің ұлы дәнекері және айқын дәлелі – көркем сөздегі көшпелі сюжет, қазақы мәнердегі

«қыдырма сюжет» (А.Байтұрсынов) болып табылады. Ол – Шығыстағы жапон мен күнбатыстағы Румның арасындағы ұлан кеңістіктің арасын ғана жалғастырып, бір-бірін көрмек түгілі атын естімеген ұлт пен ұлыстың рухани құндылықтарынан бір біріне мағлұмдар етті. Руханияттар үндестігінің сенімді әрі тұрақты желісі – Ұлы Жібек жолы, бүгінгі күнгі интернеттің міндетін атқарды. Екі мың жыл бойы адамзаттың рух арқауы болған бұл тіршілік тынысы, жанды іздің ұзына сорабында маң-маң басқан ойсылқараның қос өркешінде жібек маталар ғана емес, аңыздар мен әфсаналар да көшіп жүрді.

Тұрсын ЖҰРТБАЙ,жазушы

Джузеппе Пуччинидің «Турандот» операсынан

– Турандот ханшайымныѕ

прототипі

Джузеппе Пуччинидің «Турандот» операсынан

www.belcanto.ru

Page 10: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

30 шілде

2016 жылwww.egemen.kz10 ƏҢГІМЕ ƏЛЕМІ

Несіпбек ДƏУТАЙҰЛЫ

Ќанќызыл жалќын…

Нарқызылдың бұйрат қырқалары кезінде арғы-бергідегі колхоз-совхоздың бірлі-жарым бойдақ қойлары қыстап

шығатын түкпірдегі мал қыстауы еді. Соның бір қиырындағы «Сəттің шоқысы» дейтін биігіне аң аулап барған, не болмаса жоқ қарап жүрген біреу болмаса шыға қоймайтын. Қазір міне, ұшар басындағы кісі бойындай тас обаның түбінде Ерсуан жатыр жамбастап. Көктөбел ат сəл төменде қаңтарулы. Сарыала тайған иесінің то-нына тығылып, мүлгіген. Таң сібірлеп енді атып келеді. Дүние тып-тыныш. Тып-тыныш дүниенің бетін шыңылтыр аяз жалап тұр. Қожалықтың қыстауынан түн жарымы ауа шығып, мұнда жаңа əзірде жеткен Ерсуанның қанша қалың киінгенімен бойында жеңіл тоңазу бар. Əрі аздап ат-соқты да болып қалған. Соңғы оншақты күннің ішінде мұнда үшінші рет келіп отыр. Сондағы көкейді тескен, тұрқы бөлек, терісі ерекше

қанқызыл түлкі… Соңғы жылдары пайда болды, сол. Сарыала тайғанды əр келгенінде самғатып қосады, бірақ өзге түлкіні өзек-өзекке қуып тығып, өр-ылдимен өкпесін өшіріп, ақыр соңында өкпе тұсынан тарпа бас салып қарап тұратын қайран тайған мынаған келгенде сандалып қалып жүр.

Қанқызыл түлкіге тазы қосып жүрген жалғыз бұл емес. Осы Нарқызылдың құйқалы жайылы-мын бөліп-бөліп жекешелендіріп, оның ықтасын-ықтасынына қыстау салып іріқара, жылқы, қой өсіріп отырған азды-көпті қожалықтардың қорықшылары аңдулы оны. Сонда ғой, қанқызыл түлкіні алмай қоймаймыз деп дігерлеп жүрген қорықшылар емес, қожалық иелері. Өткен қыста қайсыбір күні солар бұлардың қыстауында қосылып қалды ғой. Ал кеп ішті сол жерде қымбат бір ішімдікті. Содан қызылкеңірдек. Кеңірдектерін кетпендей қылған қанқызыл түлкі. Қайсысы айт-са да, түлкі сөзсіз тек соған бұйырады. Əсіресе, мұның қожасы Өжденбай қатты күпінген: Сарыала тайған тұрғанда сендерге түлкі қайда?.. «Сарыала деп сандала бермегін, ей. Біздің тазы-лар не, ай қарай ма?» «Оны білмеймін, сарыала тұрғанда, əйтеуір құдай мен жақта…» «Құдай сенің сарыалаңа қарап қалып па, общым бар ғой, құдайды кез келген əңгімеге киліктірмеңдер». «Қазір солай ету модно», деп шықты біреуі. «Сендер бүйтіп жыныма тие берсеңдер, түлкіні мен автоматпен…» деп келесісі екіленді. Қайсысы екенін, танкке арналған минасы бар екенін айт-ты. «Əй, иттер-ау, сөйтсеңдер оның елде жоқ көз жауын алған қанқызыл ұлпа терісінен не қалады – деген, Өжденбай. – Қалмаса оның керегі не?».

Айтыса-айтыса мына мəмілеге келген: қан-қызыл түлкіні кім бұрын ұстаса, соған əрқайсысы бір-бір жылқы сыйақы береді. Алысқан қол, берген сертпен əңкілдеп-əңкілдеп əзір тараған. Ертесіне түс əлетінде басын зорға көтерген Өжденбай: «Гулетіп жібердік-ау, кеше. Артық кеткен жоқ-пын ба, көке?» деген көзі кіртиіп. «Түлкіге қатты таластыңдар ғой». «Жекешелендіріп алған жерімізде жүрсе, бір-бірімізбен итше ырылда-сып неміз бар. «Сəттің шоқысы» айналасымен ешкімдікі емес, иесіз». «Неге иесіз?..» «Ешкім жекешелендірген жоқ, оны». «Бəрібір иесіз емес қой». Өжденбай басын көтеріп, таңдана қарады. «Иесі… иесі кім, сонда?» «Жаратқан емес пе». «Бəрі де сонікі емес пе». Жер-əлемді жаратса жаратқан шығар, оның біз сатып алған пұшпағы енді оныкі емес. Өртейміз бе, суға батырамыз ба, ендігі жерде оны өзіміз білеміз. Жəне тағы қай жерді алғымыз келсе, Жаратқан келіп біздің қолды қақпайды. Мысалы, «Сəттің шоқысын» керек етсем, ертең-ақ жекешелендіріп аламын. Сонда құдай бір жерден басын қылтитып, «Əй қой, өйтпе» дей ме» деп бұған ренжігені ме, əлде түндегі арақтан ауырып тұр ма, қатты күйініп сыртқа шығып кеткен. Өжденбай сұмдық тіксініп қалса да, күні құрғыр түсіп тұрған соң, еш уəж айта алмады. Орталыққа қайтарында «Жаңа жылдың қарсаңында келемін, оған дейін «Сəттің шоқысында» күндіз-түні жатып алсаңыз да, түлкіні ұстаңыз. Алдымызды аналар орап кетпесін. Көзің көріп, көкейіңді тесіп тұрғанды біреудің іліп əкеткен күйігі өте жаман болады. Бұл жерде бір ауылдан едік, аталас едік, ағайын едік деу жоқ, қазір туған əке, туған балаң да бəлен-түгенің емес, бəсекелесің. Заман сондай, көке» деп құдайдың зарын қылып кеткен.

Ерсуан осы жігіттің пейіліне біраздан бері іш тартып жүретін. Қолды бір сілтеп кетіп қалайын десе, барар жері – əкенің қара шаңырағы бар-ау, бірақ қалай, немен тіршілік етеді. Ауған соғысында бір аяғыңды түбінен беріп келіп едің деп алтынмен аптап, күміспен күптеп отыратын кім. Үкіметтен алатын мүгедектік тиынымен өлмес күнін көрер. Бірақ, өлмелі шешенің, жас келіннің асатын тамағына, құятын шайына қалай телміріп оты-рады. Оңаша отау құрып кетуге оң аяғы түбінен жоқ. Бұған бүгін-ертең кім тие қояды. Олар түгілі, сегізінші кластан өзіне өбектеген, өліп-өшкен, əскеріне кетеріне екі күн қалғанда бұл еркінен айырылып қалып: «Аздап, кішкенесін ғана…» деп емініп-ентіккенде, «Өйтпей-ақ қояйықшы» деп алып, енді бұл есін жиып тұра бергенде ет-петтеп жатқан жерінен шалқасынан түсіп, етегін өзі көтерген, өлсең, өзіңмен бірге өлемін…»-ін айтқан ғашығы ауылға жалғыз аяқпен балдағын тақылдатып келгенде не опа берді. Тіпті, кездесу-ге келмей қойды ғой. Содан қанша күн күңіренді. Ішті. Үш-төрт жылғы өмірі осылай береке таппай өтті. Одан мектепке қарауыл қылып алып еді, мұның өзі ұрлық-қарлық үдеген кезге тап келді де, жалғыз аяқпен үлкен ғимараттың ана басы мен мына басына жетуі мүмкін болмай, онысынан бо-сап қалды. Қайсыбір күні осы Өжденбай келді ғой, бұған əдейілеп. Əкелері көп жыл колхоздың қойын қатар баққан еді. Ағайындықтары жəне бар. Бұдан жасы біраз кіші. Оқу жағы онша қонбаған, басқа

жағы да шикілі-пісілі бірдеңе еді, ненің құдіреті екенін бір құдай біледі, шаруа қожалығын құрып, жер жекешелендіріп, байып алыпты. «Көсе аяқ са-тып əпере алмаймын, басқасы оңай, соның ішінде ең арзаны қазір қатын, өзіме қорықшы болыңыз» деп асты-үстіне түскен.

Тауда туып, тай үйретіп, аламанда атқа шауып өскен Ерсуанға бұдан асқан қолайлы ештеңе жоқ еді. Шынын айтқанда, ауылдан қайда, қалай безіп кетуді білмей жүрген…

Бар обалы не керек, Өжденбай малын бағып отырғандар мен бұған жалпы жақсы қарайды. Ауыздарынан сорпа-су үзбейді. Он күнде бір келгенінде азық-түліктің не түрін үйіп-төгіп əкеліп тастайды. Айғай-ұйғайы жоқ. Бір ғана пəлекет мінезі бар. Онысы көз құртын жегенді қалай да алу. Жолы жеңілді өз қолымен, жолы ауыр, не қауіптіні өзгенің қолымен. Осы күзде ғой. Қарашаның бас кезі. Қар түспеген, бірақ қара суық. Өжденбай егіс

суаруға деп тоған байлатқан. Аумағы əжептəуір. Жылы ж а қ қ а қ а й т қ а н қаз-үйректердің соған бір қонақтап, ұ ш а т ы н ы б а р . Соны атуға ауыл-дан арнайылап кел-ген Өжденбай таң азанда тоғанға кет-кен. Күннің төбесі енді қылтиғанда бос

қайтып келіп тұр. «Не үйрек, не құс қонбады. Таң қараңғысында жағаға таяу тұстан əлдене жүзе жөнелгені. Басып қалсам, тура сол жүзіп бара жатқан жерінде қатып қалды. Жоны қап-қара. Не екенін білмедім. Көке, көресіз бе, барып» деп тұр. Машинаға жол алыс па, зу деп жетті. Иə, жоны қап-қара əлдене жағадан қырық қадамдай жерде жатыр. «Көке, – деген сонда Өжденбай. – Менің тамағымның ангинасы бар еді, сіз енді… Иə, сіз соғыста шынығып дегендей… Көрсеңіз қайтеді». Ерсуан дəл мұндай мұздай суға ешқашан түсіп көрмеген болатын еді. Жағаға қайта оралғанда денесі мүлде жансызданып қалып еді… Ал əлгі ондатр екен. Ерсуанға содан бері бір тық-тық жөтел біткен.

Қара жерден қараңғылық қара аспанға қарай жайлап қашып бара жатқандай етек-жеңі мүлде түріліп, əлемнің жүзі жаңа түскен əдемі келіннің бетіндей ашылып, алыс пен жақын айдан анық көрініп-ақ қалды. Қызыл түлкі кез келген сəтте қылт ете қалуы əбден мүмкін. Сөйтуін сөйтер-ау, бірақ алдыра қойса де. Құдды жанып-өшіп ағып бара жатқан от секілді əр жерден жарқ етіп бір көрініп, жалп етіп, жоқ болып діңкелетеді. Əне жетеді, міне жетеді деп бара жатқан тайған со кезде бағытынан айырылып, айналақтап қалады.

Əшейінде неге де елеңдей қоймайтын Ерсуан осы қанқызыл түлкіні көрген сəтте еліріп кететін өзіне беймəлім бір

күй кешетінін сезген. Мұнысы несі? Желіктіріп, жеңсік бермей кететін ненің күші? Білсе, қане. Білетіні, қанқызыл түлкіге тап берген сарыа-ла тайғанның соңына түсті бітті, жалғыз аяғын үзеңгіге тіреп, аяғы жоқ жақтағы білегінің қарына іліп алған балдағы əрі де бері де салақтап, көктөбелді борбайлағанда мынау тау-тас екен, оның үсті қар, мұз екен, ат сүрініп кетер, тайып жығылар, ер үстінен ұшып кетіп, құладүзде жай-рап қалып жүрмейін-ай демейді. Ауған соғысында кез келген сəтте мүрдем кетуім əбден мүмкін деген секем, үрей кез келген сəтте қылаң беріп, қиғылық салатын, ал мынаған келгенде ондай сезімнің бірі де жоқ, өлсін-тірілсін, əйтеуір, ана қанқызыл түлкіні алып, терісін іреп-сойып, ғажайып қызыл ұлпасын сылап-сипап, бөктергісінде салақтатып бара жатса, бар мұратына жететін секілді. Тіпті, оны Өжденбайға апарып беретіні, ешқашан өзінікі болмайтыны есінен шығып кетеді.

Япыр-ай, сонда əйтеуір, осы өңірде бұрын-соңды кездеспеген демесең, бəрібір заты түлкі, онда тұрған не бар. Көрген мезетіңде есіңді екеу, түсіңді төртеу қылып қоятын сиқыры қай жағында. Мəселе, соның сөйтіп қоятынында ма, жоқ сондайға миы айналып, араны ашылып, ал-басты басып қалатын пенделік шіркінде ме. Осы ойлармен қанқызыл түлкінің соңына түскелі тербеліп, теңселіп қала беретін Ерсуанды өзі де елеңдеп жатқан сарыала тайғанның дүр сілкініп тұра келгені, бəрін сол сəт ұмыттырып, едірең еткізді. Содан сүрініп-қабынып көктөбелге мініп, тебініп тас обаның қалқасынан шыға келген-де көргені, қапталдың етегіне таман қанқызыл түлкінің соңында самғап кетіп барады екен. «Бас, сарыала, бас!» деп даурығып, айғайлап жіберген. Сөйтіп, қана қойған жоқ, аяқ басар жер қилы тас, қатқан қар үстімен көктөбелге аямай қамшы ұрып құйындамаса да, орағытып, секіртіп ба-рады. Көктөбел қандай жерде де, соның ішінде көкпар қолға тигенде шың-құзға салып кетсе де, тау текедей тұяғы ашық жерді тауып шабуға үйренген текті жылқы еді, əйтеуір сүрінбей, таймай-ақ келеді. Десе де мынадай жағдайда төрт тұяқ иесінің де кеудесіне сыймай, алпыс екі тамыры терісін теңдей тепкілеп тұратын дірілін

иесі сезбеді. Жалғыз аяғы өкпесін тепкілеп, қамшысы бауырын осып, алай-түлей. Бірақ, не керек, шоқыны түгел айналмай жатып, ар жақ тұмсығында сарыала тайған сандалып тұрды. Түлкі жоқ. Тайған қыңсылады. Алдындағысынан айырылып қапы қалғанына долдана ма, екі көзі қып-қызыл, езуінен сілекейі тамып тұрған. Ылғи осы. Ерсуанды да ашу қысты. «Өй, əкеңнің ау-зын…» деп жіберді. Тайған тұрған жерге тебініп барып, қарға үңіліп еді, осы жерге дейін жеткен түлкінің ізі зым-зия. Тек соның ізі біткен жерде əрі-бері қар осқылаған тайғанның шиыры. Сол өткен жылғыдай бір жұмбақ. Онда рас, таңғалған. Ал қазір біртүрлі іш жиып қалды. Өйтпей ше. Көзіңе жаңа ғана көрінген нəрсе көкке ұша ма, жерге кіре ме. Бұл не, өң бе, түс пе? Əңірейіп ай-наласына қараған. Айнала да, аспан да, аяғының астындағы да орнында.

Ініне кірген шығар дейін десе, тап мына тұста,

тінте қарайды, атпен жүріп үңіледі, үңірейген ештеңе жоқ. Иə, деп қойды іштей, оп-оңай тап-тыра қоятын, сол сəтінде ұстата беретін не бар, дүниеде. Кім өйте алған жалғанда. Тас қопарып, жер қазып алақандары күлдіреп, маңдайларын тер жуып іздегеніне жете салған қайсысы? Сонда рəсуа болғандардың санын кім айтып бере ала-ды. Ешкім де. Əйтеуір, ел есінде қалғаны еміс-еміс… Осы сəтте қайдан сап еткенін, кенет ойы-на бала кезінде иə əкесінен, əлде басқа қариядан естіген бір əңгіме орала кеткені: Баяғыда бір байдың жалғыз ұлы болады ғой. Өседі ол. Əке қазынасындағыларды қарап, санап көріп осын-да не жетпейтінін сұрайды. Жетпейтіні алтын. Оны қайдан табуға болады, деп сұрайды. Оны іздеп қажеті не, дейді əкесі, осы дүниенің өзі аз емес. Ұлы тыңдамайды. Бар нəрсенің бəрі түгел болу керек қазынада, əке. Балам-ау, алтынға қол жеткізудің жолы қиын. Сіз маған қайда барып, кімнен сұрауды айтыңыз. Айтсам, қайтып орал-май қаласың, ұмыт мұныңды, ұлым…

Бала көнер болмайды. Күн сайын қылқылдап құдайдың зарын қылады. Əке бəрібір тіс жармай-ды. Əкесінің жалғыз бауыры бар еді. Ол қайткен күнде ағасының қазынасына мұрагер болуды ар-мандайтын. Амал не, құдай ағасына ұл берді де, мұның арманы адыра қалғандай болған. Қарашы енді, аяқасты өлген арман тірілетін сəт келіп тұр. Келгенде былай: ол алтын үшін қайда барып, кімнен сұрауды білетін. Сондай-ақ, əлгі жақтан аман оралудың неғайбыл екені де оған аян еді. Інісі оралмайды екен, жасы жеткен ағасының демі таусылар күні де таяу, сонда қазына бұған қалмай, кімге қалады. Не керек, інісіне сырды ашып, жасырын жолға салды. Жігіт ұзақ күндер жол жүріп, арып-ашып ағасы айтқан өзенге жетеді. Өзенге қарап, төне біткен биіктеу жарлауытта жа-ман үйшік тұр. Сақалы белуардан, қасы мен кірпігі де қудай қария қарсы алды оны. Жөн сұрады. Анау айтты. «Алтын бар. Бірақ, оны алудың шар-ты қатал, – деді қарт. – Бел буа қояр ма екенсің оған?» «Қандай да шартқа дайынмын» деді боз-бала. Қарт мұның қатер екенін олай айтты, бы-лай айтты, бірақ жігіт дегенінен қайтпады. Оның бар ақыл-ойы, дені алтынға мүлде ауып кетіп еді. «Онда шарт мынау» деді қарт. Қол басындай алтын шандып байланған ұзындығы жарты адым жалпақ тақтайды бұрқырап ағып жатқан өзенге тастап жіберді. «Ұстап ал, – деді сосын жігітке. – Ұстай алмайтыныңа көзің жетсе, жағаға қайт, өйтпейді екенсің, өзіңе өкпеле»...

Жігіттің көзі өзенге тастаған алтында. Ғажабы, ол асау ағысты қуалап кетпей, көз жауын алып, бір орнында қалықтап, тербеліп тұр. Сүңгиді де, алады. Сүңгіді. Алтын тербеліп тұрған тұстан дəл шығамын деп еді. Сөйтті де. Басы судан сопаң етіп, көзін ашса, жаңа əзірде бір орнын-да қалқып тұрған дүние ағыс бойлап, жылжып барады екен. Жаны қалмай ұмтылды. Анау жеткізбейді. Сүңгіп те, малтып та бар өнерін сал-ды. Бетіне қолбасындай алтын буылған тақтайша не мүлде ұзап кетпей, не созған қолына ілікпей əбден діңкелетеді. Осылай қанша уақыт өтті, боз-бала қанша азап шекті, не деп аңырады, нені ай-тып опынды, кім білсін. Белгілісі, алтын қуалап, ағыс бойлап аласұрған оны бұдан кейін ешкім көрмепті…

Ерсуан мен сарыала тайған аумағы үлкен шоқының жыра-жылғасын біраз тінтті. Түлкі жоқ. Оның соңына өзі секілді өле

түсіп жүрген өзге қожалықтың қорықшылары да бұлардың қыстауына жөн білмек оймен шығар, ат-тарын қансорпа қылып, алма-кезек келгендерінде қанқызыл пəлекеттің өстетінін айтқан. Жылт етіп көрінеді, жым-жылас жоғалады. «Осы біздің ау-лап жүргеніміз түлкі ме, өзі? – десіп те бастарын шайқаған. – Түсіп жүргеніміз ненің соңы?»

Бірақ бірде-бірі үміттерін түбегейлі үзбеді. Үзіп те кетер ме еді, сірə, қожаларынан именеді. Күндері қарап тұрған соң, амал қане. Басып жүрген жерлері де, мініп жүрген қылқұйрықтары да солардың жекешесі. Солардың жекешесі арқылы бала-шағаларын асырап жүр. Бұлардың не деп, не қояры, тіпті, не ойлап, нені ойламауы да солардың еркінде… Өжденбай бірде жасы ондағы баласын алып келген қыстауға. Ұлына бəрін көрсетіп жатыр. Осының барлығы сенің жекешең

деді. «Қой, сиыр, жылқы бəрі ме?» «Бəрі, мына үй, қыстау, жер бəрі» «Малшылар ше?» «Олар да». Осыны анадайда тұрып естіп қалған Ерсуан селк ете түскен.

Əрі-бері ойқастап келе жатқан сарыала тайған кенет алға қарай орғып-орғып кетті. О, Құдай, қанқызыл түлкі тас обаның түбінде секіріп ой-нап тұр. Бұларды мүлде елейтін емес. Алдыңғы екі аяғын кезек-кезек көтеріп, секең-секең етеді. «Хайт!» деп жіберді Ерсуанның жан дауы-сы шығып. Сарыала тайған бүктеліп, созылып жұлдыздай ақты. Тіп-тік өрге көктөбел тікіректеп шыққанша тайған мен тазы тас обаның тасасына түсіп кеткен. Дем арада дегбірінен айырылып, əбден еліріп алған Ерсуанның көзі шоқының ұшар басына шыққанда «қайда-лаған» көңілмен көпке дейін ештеңе көрмей қалған. Барып-барып байқады, қанқызыл түлкі тік салмай қапталдап қашып, тұмсық айналып басады екен. Тайған

құйрық тістесіп-ақ қалған. Ерсуан шоқының қыр үстін қуалап, төтелеп шапты. Бұл өкпе тұстан қосыламын дегенше түлкі мен тайған астынан самғап өте шыққан. Ат кез келген қилы-қилы жерден самғап өтетін түлкі емес, тайған емес, қанша қамшы ұрғанмен қалыңқырап қалды. Сосын да соңына түсе берудің керексіз екенін біліп, шоқының ұшар биігіне қарай бұрған ат ба-сын. Ентіктіріп шықса, шоқының төмен еңкейіп етегіне түсер тұсындағы көлемі киіз үймен бірдей түйетабан тасты тайған шыр айналып шыжбалақтап жүр екен. Түлкі зым-зия. «Əй, түлкі қайда?» – деп бақырды долылық қысқан Ерсуан. – Қайда о пəле?» Тайған адам емес, не дейді. Салақтаған ұшы шашақты құлақтарының түбі дүрдиіп, тұмсығы жерде, үйтасты айнала береді. «Іні осында ма екен, соған кіріп кетті ме?» – деп Ерсуан соңына ілесіп еді, тайған бір тұста ырыл-қыңсыл үн шығарып алдына үңілді. Сосын əрі қарай кеуде тұсына дейін кіріп кеткен, бірақ дереу артқа ытқып шықты. Ерсуан дəл сол жерде тақалып келіп атынан түсті. Тізерлеп жетіп үңілсе – ін. Ауыз жағы ағараңдап көрінгенімен, ар жағы тас қараңғы. Балдағын бойлатып байқаса, едəуір бөлегі еніп кетті. Қалтасына қол салып шырпысын

іздеп еді, таппады. Далақтап шауып жүргенде түсіп қалды ма, жоқ түлкінің қызығына түскенде ауырлап, ат үстінен шешіп алып, қайсыбір тұста лақтырып кеткен тонының жанқалтасында кетті ме, əйтеуір жоқ. Мейлі, деді. Тас қараңғыда аңның көзі оттай жанып тұрады.

Дəл қазір Ерсуанды сыртынан біреу көрсе аң-таң болар еді. Тас түбінде жалғыздан жалғыз алақ-жұлақ етіп,

өзін өзі жұлып жеп, аласұрып отыр. Қанқызыл түлкі енді қол созым-ақ жерде, қазір-ақ бу-ындырып алып шығады. Естісін, білсін жұрт, жоқ, əуелі «сол шіркін түлкі ме, өзі?..» десіп күмəнданып жүрген өзге қорықшылар көрсін, Ерсуанның оны інінен суырып алғанын. Өжденбайдың төбесі көкке тисін. Көз жауын алған, ешкімде болмаған жəне болмайтын бір ғажап қызыл ұлпаны ең алғаш осы сипайды алақанымен. Қане, енді отырма. Түс ауғалы қашан. Қияндағы қыстауға сен жеткенше түн түсіп кетеді. Бол батыр, кіріс шаруаңа. Ерсуан інге еңбектеп ене бастады. Жəйлап сұғынып келеді. Алға жығылған сайын ін аздап тарыла түскен. Бірақ, денесі мүлдем кептеліп қалған жоқ. Аңның шоқтай жанып тұрған көзін іздейді. Іннің тұйықталып бітер жерінде артын тіреп бұғып отырған шығар. Кенет алдына созып ұстап келе жатқан қолы əлденеге тіреліп қалды. Сипап байқаса, жалпақ тас. Жағалата сипады. Мəссаған, алдын тұтас жауып тұр. Ін осы жер-ден тік төмен түсіп кетіпті. Қолын соған бойлат-са, түбі жоқ. Ышқынып, тағы да алға жылжып үңіліп еді, ар жағы көрдей қараңғы. Мұздай суық лебі бетін қарып жіберді. Селк етті. Бұ несі?! Бұлың-бұлың болды ғой, іні. Түтін салып қана алуға болады, енді. Иə, сөйтіп қана. Онда сыртқа шығып, іннің аузына тас үйіп бекітіп, қыстаудан отын, шырпы алып ертеңгісін келу керек. Інге шонданайына дейін кіріп кетіп еді, артқа қарай əзер жылжыды. Жылжыған сайын байқайды, сыртынан киген киімдері қолтығына қарай жи-ылып келеді. Сөйте-сөйте дəл іннің шығар ау-зына келгенде кептелді де қалды. Жанталасып алға жылжыған. Түріліп кеткен киімдері орнына келді. Артқа етегін бір қолымен ұстап жылжып көрейін десе, онысы жанына қарай сыймады. Амал жоқ, бастапқысынша шегіншектеген. Тағы жаңағы: киімдері қолтығына қарай сыры-лып келеді де, шығар ауызда тағы кептеледі. Қанша рет сөйтті, білмейді. Мұздай суық іннің ішінде қара терге түсті. Мұндай шарасы жоқ азапты ол ешқашан, тіпті, Ауған соғысында да көрген жоқ. Есін енді жиды. Қанқызыл түлкінің соңына түскен күннен сол көзіне көрінгенде, жаңа əзірге дейін ақылынан адастырып, дегбірін алған жеңсік, желіктен əп-сəтте дым қалмады. Оның орнын енді сұмдық үрей кеуледі. Бұл үрей соғыстағы жаңбырдай жауған оқтан да, бір аяғын түбінен кесіп алып жатқаннан да суық еді. Кездейсоқ болмаса адам аяғы баспайтын қу медиен, көрдей қараңғы інге шыға алмастай болып кептеліп қалу… Бақырып-шақырып, өкіріп жіберді. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан. Кімді боқтамады. Қанқызыл түлкіні де, Өжденбайды да, өзін де. Неге керек еді, осы. Нені бүтіндеп, нені өзгертіп, кімнің алды-на шығарар еді. Ана қызылдың, мына көктің соңына өліп-өшіп түспей-ақ, кісі тып-тыныш өмір сүрсе қайтеді. Есі кіріп, етегін жапқаннан нені армандады өзі. Ержетсем, отау құрып, от жақсам, ұл-қыз өсірсем, бірін қияға, бірін ұяға ұшырсам, немере, шөбере сүйсем, е сосын ата-бабамның, ата-анамның, өзімнің, ұрпағымның кіндік қаны тамған туған өлкенің топырағында көзің тіріде алтыннан үй, күмістен қора соғып алсаң да, өлгенде бұйырар ені екі, ұзындығы төрт метр кебініме оранып жер томпайтып жатсам болғаны демеді ме. Десе, мынасы не. Не үшін, кім үшін. Өжденбайдың көке, менің жанымда жүрсең ештеңеден қам жемейсің. Айтқанын істеп, аянбай жүрсеңіз үйің де, жайың да болады. Қатынды да сатып əперемін. Керек десеңіз, қыздайын. Тіпті, тоқалды да, тек анауыңыз аман болсын» дегені есін алып жібермеді ме. Енді келіп ит болғанын көрмейсің бе? Көзі көріп тұрып, көрге өзі кіріп.

Мұның не, байғұс-ау? Бүйтіп қор болып өлгенше, Ауған соғысында мүрдем кетпедің бе? Ол өлім ел-жұрттың намысы үшін болар еді ғой. Ел-жұрттың намысы үшін есіл ер еңіреп кетті дер еді.

Ақ тер-көк тері баяғыда қатып қалған. Тұла бойы мұздап дірдектей бастады. Сарыала-ау, көктөбел-ау, деп өкіреді. Құлындаған даусы шығып, Құдайды алды аузына. Құтқара гөр, Жаратқан, деп жалынды, жалбарынды. Кешірім сұрады, кеңшілік дəметті. Кенет көзіне əлдененің сұлбасы ағараңдап көрінгендей де болды. «Пенде ненің соңына астамшылықпен түссе, соның қасіретін тартады» деген сөзді ап-анық естіді. Есі ауып кеткен. Өзіне-өзі əзер келгенде: «Өжденбай ғой, айдап салған» деп күбірледі. «Өз ақылың, өз иманың, өз еркің қайда?». «Қанқызыл түлкіні көргенде соның барлығын жоғалтып алдым ғой». «Демек, сендер ашкөздіктеріңнен өздеріңді өздерің тоқтата алмайсыңдар. Өйтуге өздеріңе өздеріңнің əлдерің келмейді. Өздеріңе жау – өздерің…»

Еміс-еміс есі бар Ерсуан біреумен сөйлесті ме, жоқ əлде өзімен өзі сөйтті ме, ол арасын аңғармады. Өйткені, санасы шатаса бастаған. Əйтсе де, бір өкініш өшіп-жанып мүлде сөне ал-май тұр. Ол жаңағы иə біреумен, иə өзімен болған əңгімені ешімге айтып кете алмайтындығы еді. Сонымен бірге, Өжденбайдың баласына айтқаны рас екені, бұлардың өз еркі өздерінде емесі, яғни қожайынының өл десе өлетін, тіріл десе тірілетін меншігіне айналғанына оңбай опынып, мойындап та үлгерген.

Көзін зорға ашты. Қозғалудан қалған тұла бойы кенет жылынғандай. Сөйтсе, іннің тік төмен түсіп кететін ойығының түбі қып-қызыл алаңқай екен дейді. О ғажап… Дөңгелене лаулап жатқан оттың ортасындағы биік тұғырда қанқызыл түлкі отыр. Отты шыр айнала жүгіріп, анталап түлкіге қарай ұмтылған адамдарда есеп жоқ. Бəрінің ар-маны қанқызыл түлкіні бас салып ұстап алмақ. Сөйтеміз деп, шеттерінен дөңгелене лаулаған отқа түсіп, өртеніп-жанып, күлге айналып кетіп жатыр…

Ерсуанның қыстауға оралмай қалғаны туралы хабар айналаға екі-үш күннен соң естілді. Жабыла іздеген. Бірақ оны ешкім таба алмады…

Page 11: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

30 шілде

2016 жылwww.egemen.kz 11

Оқырман ойы

Асқар КЕНЖЕҒАЛИЕВ,Дина Нүрпейісова атындағы№1 балалар саз мектебінің оқытушысы, домбырашы-ұстаз

Күйші Құрманғазы бабамыздың туып-өскен жері туралы кейбір басылым беттерінде шындыққа сəйкес келмейтін мəліметтер жазылып жүргені жасырын емес. Атыраулық жазушы-журналист Өтепберген Əлімгереев бабамыздың 190 жылдығына арнап жазған еңбегінде: «Құрманғазының күйшілік қыры бір-шама зерттелсе де өмірбаяндық жолы əлі бір ізге түскен жоқ. Соның сал-дарынан ол бір əдебиеттерде Атырау облысының қазіргі Құрманғазы ауда-нында туған делінсе, енді бірінде Батыс Қазақстанның Жаңақала ауданында дүниеге келген. Олардың қай-қайсысы да академик Ахмет Жұбанов пен та-рихшы ғалым Исатай Кенжалиевтің нұсқалары. Шындығында күйші қазіргі Құрманғазы ауданының Жиделі құмында туған», деп жазыпты.

Күй атасы Құрманғазы Сағыр-баевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы жете зерттеп, оны оқырман қауымға ұсынған қазақ музыка өнерінің дүлдүлі академик Ахмет Жұбановтың еңбегі де одан кейін ол туралы тарихи деректерге зерттеу жүргізген бірден-бір жалғыз тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Исатай Кенжалиевтің де еңбектері баршаға белгілі. Сөз етіп отырған бабамыздың туған жері туралы талай жарияланып, нақтыланған сияқты еді. Əйтсе де басқа мəлімет беріп отырған бұл жазу-шы ағамыздың нақты қандай дерекке сүйеніп жазғанын түсіне алмадық.

Оның «бір əдебиеттерде Атырау облысының Құрманғазы ауданын-да туған делінсе, енді бірінде Батыс Қазақстанның Жаңақала ауданын-да дүниеге келген деп жазылады», деген сөзіне тоқталып, «Қазақстан мəдениеті», «Қазақстан ұлттық эн-циклопедиясы», «Əн-күй сапары», «Батыс Қазақстан облысы энцикло-педиясы» сияқты кітаптармен қатар,

тарих ғылымдарының докторы, та-рихшы-этнограф Ж.Артықбаев пен тарих ғылымдарының кандидаты Ə.Пірмановтың, академик А.Жұ-бановтың, тарих ғылымдарының кан-дидаты И.Кенжалиевтің еңбектерін де қарап шықтым. Жоғарыда аталған əдебиеттердің барлығында да күйшінің туған жері «Батыс Қазақстан облы-сы, Жаңақала ауданы, Жиделі неме-се Жаңақала ауданы, Новая Казанка ауылы нан оңтүстікке қарай 60-70 шақырым қашықтықта» деп жазылған. Орыс тіліндегі «Казахская музыкальная литература» əдебиетінде: «Курмангазы родился в 1823 году в урочище Жидели Букеевской орды (ныне Жангалинский район Уральской области) в семье ба-трака Сагырбая», делінген.

Осы əңгіме төңірегінде көптеген мақалалар да жарық көрді. Орал педагогикалық институтының аға оқытушысы М.Қадірбергеновтің еңбегінде: «Біреулер оны Гурьев облысының Теңіз ауданында туған десе, екіншілері Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданында өмірге келген деседі. Осыны дəлелдеу, анықтау мақсатымен біз бірнеше қариялармен кездесіп сөйлескенімізде, олар Жиделі деген жер атының шатас-тырылып жүргенін, қайшы пікір со-дан туғанын айтты. Өйткені, Бекетай құмында Жиделі деген жер болса, Сасықтау, Тайбұрат жақта Жиделі ауыл советі бар. Жиделі (№28-ауыл) советінің жері революциядан бұрын Екінші Приморский округіне қараған. Оның Бесшоқы, Жиделі деген жерлері 1923-1925 жылдары аудан шекарала-рын тəртіптеуде Жиделі советі деген атпен Жаңақала ауданына қарады, ал Қосшолақ деген жер Теңіз ауданына өтті. Жиделі ауылдық Советінің жерінде 1930-1952 жылдары Чкалов атындағы, партияның ХVІІІ съезі атындағы колхоз-дар болды. 1952 жылы партияның ХVІІІ съезі атындағы колхоздың Хамза пункті Жаңақала ауданынан Гурьев облысының Теңіз ауданына берілді. Ол жерде қазір колхоз орналасқан.

Бекетайдағы Алғабас колхозының территориясында Жиделі деген жер бар. Құрманғазы осы Бекетай Жиделісінде туған. Аталмыш кол-хоз жеріндегі Бекқали, Балтабай (Балтабай – Құрманғазының төртінші атасы) деген атаулар картада кездеседі. ...Бұл үзінділерден Құрманғазының қай Жиделіде туғанын анық білуге болады. Күй атасының туған жері Бекетай Жиделісі екендігін халық əлі есінен шығармаған», деп жазады. Ал тарих ғылымдарының кандидаты Исатай Кенжалиев өз мақаласында: «1979 жылы Жаңақала ауданында Құрманғазыға арналған слетке Гурьев облысының Теңіз ауданынан келгендер: «Құрманғазы – Бесшоқы Керей ашық аралығындағы Жиделіде туды. Сол жерден топырақ алып келдік, осында қоямыз», деген əңгіме айтты. Осындай ұлы тұлғаның өмірбаянына қағаз бетіне азғантай болса да өзгеріс кіргізу үшін, əрине, көз сенерлік, көңіл толарлық дəлел керек. Ондай дəлел қолдарында болмай, теңіздіктер құр сөзбен ғана күйшіге арналған жиынға келушілерді сендірмек болды», деп жазған.

Ұлы күйші Атырауда туған деп жазған күйші-домбырашы, Қазақ стан-ның халық əртісі Қ.Ахмедияровтың, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қай-раткері К.Сахарбаева мен жазушы-жур-налист Ө.Əлімгереевтің еңбектерінде жəне Ұ.Шүленбаеваның мақаласында да А.Жұбановтың: «Ұлы күйші, дарынды композитор – Құрманғазы Атырау об-лысы, Теңіз ауданы, Жиделі деген жер-де туған» деген 1962 жылғы алғашқы «Құрманғазы» кітабындағы деректерге сүйеніп жазған. Ал ол еңбектерді кейін қайта басып шығарған сəтте ондағы сол бөлім алынып тасталған.

Бұндай жағдай тек əдеби зерттеу-лерде ғана кездеспейді. Сонымен бірге, Қазақ радиосының «Өлкетану» бағдарламасы бұрынғы теріс түсінік жетегінде кетіп, қате айтып жатқанын да құлағымыз шалды. Теледидардағы «Көзқарас» бағдарламасының қонағы да күйшінің туған жері туралы шындыққа сəйкеспейтін ақпарат беріп жатқанын көріп қалдық.

Қазақтың маңдайына біткен ұлы күйші-композитордың туған жерін əлі күнге олай тартып, былай тартып жүргеніміздің өзі бізге ұят. Келешекте жас ұрпақ нақты қандай мəлімет алмақ? Бұл сұрақ ҰБТ-да кездескен жағдайда не дейміз?! Сол кезде бұдан да үлкен даудың туары анық. Бабамыздың өмірге келген жері туралы тарихта жазылған деректерге қарсы пікірлер жа-зуды қойып, алдағы уақытта күйшінің өмірдерегі туралы «Қазақстан тарихы», «Қазақстан энциклопедиясы» секілді ірі еңбектерде қате мəліметтердің та-ралуына жол берілмей, ұлы күйші Құрманғазының туған жері туралы ақпарат мақалаларда, зерттеулерде, телеарнада, деректі фильмдерде айты-лып, халыққа көбірек жарияланса екен дейміз.

Тағы айта кету керек, осындай жағ дайда «Атырау энциклопедиясы», «Атырау əн-күй мұхиты» еңбектерінде жерлесіміз, қазақтың жезтаңдай, күміс көмей əншісі Ғарифолла Құрман-ғалиевті де Атырауда дүниеге келген деп жазған. Оған не себеп болды екен? Əншінің туған жері Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында екені барша қазаққа мəлім.

Алдағы уақытта жоғарыда айтылған жайттар қайталанбаса дейміз. Күйші туралы оқырман халық дұрыс тарихи мəлімет алса екен деген ниеттен туған ойлар ғой біздікі.

Батыс Қазақстан облысы

ӨМІР-ӨЗЕН

Құрманғазы қай жерде дүниеге келген?

Өз басым өмірдің мəнін түсінуді газет-ке үңілуден бастаған жанмын. Өйткені, со-нау кеңестік кезеңнен б е р і « С о ц и а л и с т і к Қ а з а қ с т а н » , қ а з і р г і «Егемен Қазақстан» газеті біздің Өмірбаевтар отбасының асыға күтетін басылымының бірі болып саналатын. Марқұм əкем Сламбек Өмірбаев Киров аудандық комсомол комитетінің екінші хат-шысы, аудандық атқару комитетінің жо-спарлау бөлімінің басшысы, халықтық бақылау комитетінің бас инспекторы қызметтерін атқарған еді, 1959 жыл-дан 1994 жылдарға дейін аудандық «Коммунистік еңбек», «Шұғыла», облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан» газеттерінің штаттан тыс тілшісі қызметін қоса атқарғаны біз үшін үлкен мерей болып табылады, əрине. Сол себепті де жыл сайын Баспасөз күніне орай əкеме осы газеттердің бас редакторлары мен Киров аудандық партия комитеті хатшылары-нан ағылып Алғыс хаттар келіп жата-тын. Анам Өзипа Керімбекқызы 25 жыл баспаханада əріп теруші болып жұмыс істеді, аудандық «Коммунистік еңбек» газетін қолмен теріп, газеттің уақтылы əрі сапалы басылып шығуына барын-ша атсалысқан жан. Сондықтан, біздің

отбасымыз үшін газеттің орны бөлек. Газетсіз əлі де өмір сүре алмайтын сияқтымын. Əкем ғұмыр бойы «Егемен Қазақстан» газетін үйге жаздыр-тып оқыды, ол келген-ше алаңдап жолға көз тігуден шаршамайтын-быз. Отбасымен осылай газетті қосыла күткен үйді кездестірдіңіздер ме? Қазіргі «Егемен Қазақстан», онда «Социа-листік Қазақстан» деп

аталатын. Иə, бұл – тарих. Ал мен мектепте оқып жүрген кез-

де республикамыздағы «Пионер» жур-налы мен «Дружные ребята» басылы-мын оқушылар арасында насихаттап, оқырмандарды баспасөзге жазылуға жұмылдыратынмын. Өзімнің де осы-ларда мақалаларым жарық көрді. 9-сы-ныпта оқып жүргенімде 1975 жылы 23 мамырда Алматы қаласында өткен І жас тілшілер слетіне қатысқан бола-тынмын, редакция ұжымымен жəне көптеген жазушылармен кездестім. Осы слетте маған сыйланған кітаптарды баға жетпес қазына ретінде сақтап жүрмін. Өйткені, мұнда танымал қазақ қаламгерлерінің, атап айтқанда Олжас Сүлейменов, Фариза Оңғарсынова, Дəуітəлі Стамбеков сияқты ақиық ақындардың қолтаңбалары бар. Осылардың ішінен, əсіресе Олжас

Сүлейменовтің: «Үлкен өмір жолын-да – жарқын жүріп өт!» деген қып-қысқа ғана тілегінің орны бөлек. Бұл мені өмірде үнемі алға тал-пынтып, күресуіме жігерлендірген қанатты сөз. Көп жылдардан кейін осы кітабымды ашып, тілектерді қайта оқып жатқан шағымда мен мынаған таңғалдым: Олжас Сүлейменовті көбіне орысша сөйлейді дейміз, ал енді маған мына тілек неге қазақша жазылған? Тамаша естелік емес пе? Кейде адамның бүкіл болмыс-бітімін қолтаңбадағы бір тамшы лебінің өзі айқындап беретіні содан... Мен де орыс сыныбын бітіргенмін. Бірақ өз тілімді ешуақытта ұмытқан емеспін. Жоғары оқу орнын бітіріп, ұстаздық қызмет атқардым. Кейін мемлекеттік қызметке ауысқаннан кейін де «Егемен Қазақстан» газетінің тұрақты жазылу-шысына, оқырманына айналдым.

Көп жылдардан бергі түйген тұжы-рымым – «Егемен Қазақстан» еліміздің жарқын жеңістерін өндірте жаза-тын, отансүйгіштікті, патриотизмді ұлықтайтын, ұлтымыздың салт-дəстүрін қанына сіңіре біліп, оқырман жүрегінен ойып тұрып орын алған бас басылым. Мұндағы жаңалықтардан бастап, тарих, экономика, мəдениет пен саясат туралы кең көлемді ма-териалдармен танысып, жанымыз марқаяды, жүзіміз нұрланады. «Егемен Қазақстан» газетін қолтығына қысып тастамай оқып жүретін ауылдағы көзі ашық жанашырлар көбейсін !

Камира ӨМІРБАЙ,Оңтүстік Қазақстан облысы,

Мақтарал ауданы əкімі аппаратының бас инспекторы

–––––––––––––––––Суретте: К.СЛАМБЕКҚЫЗЫ

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ,Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Саңлақ Сағат ақын туралы ой өру қиын. Қиындығы сол, сөз қиынын келтірер тапқырлығын тап басу, ұйқас пен үндестігін келтірер кере-мет көрегендігін көруге де жай көз емес, өткір көз керек. Өлең ой өрмейді, ой өлең өреді. Ой да, өлең де бір кеудені мекендегенде ғана тұтастық, турашылдық кеңдікте қанат жаяды. Міне, Сағат та, өлең де, ой да бір жол-да табылып, бірлесіп өнер туын көтеріп келді. Оған Сағат өлсе де өлмейтін өлеңдерін куə етемін.

Ақынға өнерге деген сыншы, өлеңге деген пайғамбарлықтың қажеттігі айдан анық. Ол осыны бойында өсіре білді. Көрер көзі, көркем көсемдігі, пайым-патшалығы мол болатын. Сөйтіп, Сағатты да, Сағаттың өлеңдерін де жай сезініп қана қоймау керек, сілкініп оқу керек, сағынып оқу керек. Осындай бір сағыныш билеген шағымда, 2013 жылы «Қазақ əдебиеті» газетінің №52 санын-да бір топ ақын: Əбдікəрім Ахметов, Аманжол Шамкенов, Ізтай Мəмбетов, Зейнолла Шүкіров, Еркеш Ибраһим, т.б. танымал тарландардың өлеңдері қатарында өзіміздің Сағат ақынның да төрт шумақ жыры көзіме оттай ба-сылды.

О, тағдыр, тірлігімде өлең өпкіз,Адамдар гүлге ұмтылған көбелекпіз.Ақынның ақ жүрегін алаң қылғанЖаһанда жоқ-ау сенен керемет қыз.Ешкімнен емес еді күлкісі кем,Параққа жүрегімнен жыр түсірем.Жоғалтып алғандайын мені іздейсің,Жайқалған жапырақтай жұрт ішінен,

– деген жыр шумақтары түсінген кісіге бір ғана ғашықтық мəселесімен көзге қиықты көрік салып тұрған жоқ. Сөз бен сурет салып тұр. Осындағы «адамдардың көбелекке айналуы», «жапырақтай жұрттың болуы», «жүрек-тен жазу түсіруі» сияқты оқыс сурет-теу мен мүсіндеу оқырманды ойсыз қалдырмайды. Мазмұн мен мағына, келбет пен көрік, кесте мен түр та-уып, түндігіңді түрткілеп тұрғандай. «Сағынышқа саяхат» өлеңінде:

Түндерде құбылғанда түсім қырық,Болады сыртым – бүтін, ішім – бүлік.Жүректің жанталасқан жалқы

даусын,Айтамын қай пендеге түсіндіріп, –

деген ақын шумағы біраз сөз құдіретін арқаланып тұрғаны ақиқат. Көркем сөз – ойдың жемісі. Ал ақын ойы əлемдік əдемілікпен астасып жатады. Жоғарыдағы «қырық құбылған түс», «іштегі бүлік», «жүректің жалқы дауы-сы» сияқты сөз тіркестері де ойдан олжа тапқан жанның қалам сілтеуі. Тілдің төрелігін салмақтаған, киесін келбет еткен жанның сөзі.

1976 жылы Сағат ақынмен кездейсоқ таныстым. Жаздың кезі болатын. Калмыковтан Оралға жүргелі тұрған автобусқа ентелей мінген, менен 3-4 жас үлкен ақсары, қағылез жігітпен тығылысып қалаға дейін бардық. Басқа да таныс жігіттер болды. Сол кезде Тайпақ аудандық «Ленин жолы» газетінде өлеңдері жиі басылып жүрген ақын Сағатпен сөйтіп жарастығымыз жалғасып жүре берді. Мен ол кез-де Харькин сегізжылдық мектебінде мұғалім едім. Сол аудандық газетке менің де өлеңдерім шығатын. Сөйтіп, Сағат ақынның өзімен де, өлеңімен де жақын болып кеттім. Сағаттай өлең жаза алмайтынымды біліп, оның алдында көп сөйлемейтінмін. Əрі жасы да менен үлкен еді. Көбіне оның тыңдаушысы болдым. Өлеңдерін оқиды. Төгілдіріп, төндіріп оқиды. «Өлеңің жақсы екен» деген бір ауыз сөзден əріге бармай-мын. Сақтанамын. Ақынның жолына, өлеңге деген төтендігіне төрелік айтар жай қайда? Оның «Есімде тұр Есенсай» өлеңінде:

Таңертеңнен тұңғиық түнге шейін,Жүрегімнен жекенсал жырды есейін.Жалғыз итің үрмеді маған қарап,Мылқау жатқан таспен де тілдесейін,

– деп маған қарап: «Тілес, тас емессің ғой, бірдеңе деші», дейді əзілдеп. Құдіретті өлең мысымды басып, тек бас изеймін. Ақындығын, өлеңге қойылар талап, тармақ, бунақ, ұйқас үйлесім та-уып, мазмұн мен өлең арқаланар тұсты шабыт шаңырағында шайқап тұрған

ақынның бейнесі əлі де көз алдымда.Марқұм өлеңнен өмір іздеуші еді.

Оны қорған етуші еді. Ол кезде өлең оқушылар сиректеу ме деймін. Əлде, Сағаттың салқамдығынан сақтана ма, əйтеуір, оған деген құрметтің бол-мағаны ақиқат. Бетің бар, жүзің бар де-мей айтып тастайтындығы, дұрыс бол-сын, бұрыс болсын ешкімнен кешірім сұрамайтындығы бір бүйірден тартып жатқандай болатын. Ол өз бағасын өзі білетін.

Сағаттың жекелеген аудан басшы-ларына арнаған, ауыздан-ауызға тараған əзіл өлеңдерін сан-саққа жүгіртушілер де болмай қалған жоқ. Бұл бір. Екіншіден, ол кезде ақын-жазушы атау лы ауылда жүрмейді ғой. Олардың бағасын танып, бағын ашу-шылар да ауылда жоқ. Сөйтіп, Сағат жалғыз еді. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деген бар. Осы сөз төріне Сағаттың бар өмірі сыйып тұрғандай. Оны төмендегі «Идиллия» өлеңіндегі төрт шумақ төркіні аңғартады.

Тепсінетін табанда темірді үзіп,Шындықты мойындар небір бұзық.Ірі қылып жаратып əлдекімді,Ірілікті сүймейтін өмір қызық!

Құдайшылар күткенде көктен шырақ,Өмір деген – ағызып өткен сұр ат.Қасық қаны қазақтың болса мендеШенділерден жүрмеспін

шекпен сұрап.

Қасиетін танытқан қаспақ беттің,Балалықтан басталар бастапқы екпін.Қулықтар мен сұмдыққа кіжінгенде,Тіршілікті келеді тастап кеткім.

Төзімдердің тоздырып көк тағасын,Жөнсіздіктен айтамыз жоққа да сын.Адам да бір мəжнүн көбелек қой,Өзі тығып жүреді отқа басын! –

дейді. Осында ақын өзінің туа біткен ірілігін «мойындайды». Бірақ, оны өзге-лер мойындағысы келмейді. Турасын айтсақ, талантты көргісі келмейді. Шенді-шекпенділерден не күтсін. Тек өзіне ғана сенеді. Қулықтар мен сұмдықтарға қарсы өлеңді ождан етеді. Жөнсіздіктер көп, оған сын айтсаң жа-ратпайды. Сөйтіп, төзімі төртке бөлініп, шыдамы шытынайды. Ақыры, азап оты-на көбелектей жанып түсті.

Ақын ғұмырының қысқа болуын да мен осы бір ақындық келбетті танымаған уақыт, мезгіл төрінен көремін. Ақын деген аяулы есімді аялай алмаған заман көшіне кінə артпағанмен, күдігім мол. Сағаттай сезім сілкілеген, талант табына таңдайын күйдірген жан адамдардың арасынан араша-шы таппаған соң, сөйтіп тыншып тынды. Билікке жағынудың жолын білсе де, қайсарлығы, бірбеткейлігі ақындығымен астасып, осы бір көбелектей күйген күнге жетеледі. Оған «Жанымның жалғыз бұлбұлы» кітабындағы «менменшіл» жырлары куə.

Азаматқа арман, жігер – қос арна,Жігітсің бе, төзіміңді тос алға.Мансабына сеніп жүрсе біреулер,Өз-өзіне сенген адам осал ма? – немесе,Баршаңызға бармақтайын бақ тілеп,Жүрегімнен жыр самалы қақты леп.Таразының екі басын теңгерсем,Қиындықтың қиқым наны тəттірек,

– деп келетін ақын төреліктері осы бір өз басындағы ойдың жалаң, жадағай көрінісі емес, өткір кестесі, қиындыққа төзген, өзіне-өзі сенген жанның сезімтал серілігі деп қарау төте болар еді.

Сорлымыз ба ана сүтін мүлт емген,Үміт өзі жолаушыға үлкен дем.Жүректегі көп жараның қотырын,Бəрің үшін өлеңменен сүртем мен,

– деп өлеңнен араша сұраған түрін қара. Өлеңнен пана тапқан жайын көр. Өміршең өлең сөйтіп ақынға өршіл ес те, мұқалмас мұрат та сыйлап тұрғандай.

Иə, өлеңнен ақынды бөлектеп қарай алмайсың. Өлеңсіз ақын, өлеңсіз Сағат, Сағат болудан қалады. Оның азаматтығы да, адамдығы да айдала-дан тумайды. Өлең ішінде туып, өлең ішінде өледі. Талантқа «тек» деу қиын. Тосқауылға тұра алмайсың. Себебі, ол өлеңге сүйенеді, өлеңнен күш алады.

Оның Махамбет ақынға арналған өлеңіне көңіл қойып, көз сүріндірелікші. Өз басына бір ұқсастық тапқан ақын дəлдігі де діттеген жерден шығады. Махамбет те өз тұсында шектен асқан қуғындық көрген жан. Шектен шыққан қысымшылыққа қарсы найза сілтегені, отты өлең өргені таптаурын тарихта қалды. Ерлігі ел есінде. «Қараойдағы толғаныс» атты өлеңін оқып көрелік:

Аяулы анаң – ақиқат та,Атаң – кек!Төрелердің тəтті нанын татам деп.Бөрілермен бөрілерше белдескен,Сен менен де бақыттысың,Махамбет!Заман дегенЗаман емес – қари түн.Бытырадай бөлініпті жан ұйқың.Басың кетті,Мынау мылқау даланыңАдамдыққа жеткізем деп «əр итін»,

– дейді. Міне, Махамбет өмірінің түйір дəн берер ең өнегелі елдік мұраты екі шумақ жырға сыйып тұр. Махамбеттің бағын асырған да, патшалы Ресейдің құтын қашырған да от тілді, орақ ауыз ды, қылыш қасиетті өлеңдерін ел жатқа айтты, жолына ту етті. Ал ол ел билеушілеріне тікенектей қадалды.

Қайран, Сағат! Тірі кезіңде тілек-тестер жоқ, тірсекке тіс салғандар көп еді. Бүгінде сені жоқтаймыз! Бүгінде баршамыз сені ауыздан таста-маймыз. Абайға да қамшы көтердік, мұқалмас Мұқағалиді да мұқаттық. Саңлақ Сағаттың да сағын сындырып, мойындағымыз келген жоқ. Бірақ осы тұлғалардың бəрі де кейіннен Алты алаш қазаққа қадірін танытты. Қасиетін биіктетті.

Кемеңгер – қашанда кемеңгер. Олар келешекке сенді. Келешек оларды ақтап алды. Себебі, үлкен əріппен айтсақ, олардың өлеңдегі жолы, өмірдегі жолы жаратылыспен жапсарлас келетін. Табиғатпен тағдырлас, өмірмен өзектес өрілетін. Күнмен бірге шығып, күнмен бірге бататын. Айды аялайтын, жұлдызды бағалайтын. Сондықтан да олар тірліктен туған қиындықтарға түкірген де жоқ. Бас имей өмірге келді, бас имей өмірден өтті. Оның «Дауыс туралы дискотека» өлеңінде:

Шабады шабдар ой мыңға,Сырлардан тартсам суыртпақ.Тірлікте балға тойдың ба,Ушықтың неге у ұрттап...Жалғанда кімдер бас ұрған,Күлліні көрді көз мынау.Қарғалар сайрап қасыңнан,Жарығым, кейде тоздың-ау.Ұласып түндер таңға аман,Жондардан соқты майда леп.Жоқтайды екен жан далам,Сағаттың даусы қайда деп?, –деген өз өмірінің бар қырын жайып

салған ақын жыры əулие дерсің.Кезінде Қадыр Мырзалиев «Сағат

Əбдуғалиевке қызмет ету – түбінде əдебиетке қызмет ету болып шығады», деген ойлы пікірі біздің де айтар сөзіміздің мазмұн шаңырағын көтеріп тұрғаны белгілі. Мен оны жақсы білемін. Сондықтан да сөзіме куə іздемеймін. Ақынның өзін көрдім, өлеңін оқыдым. Өлеңінің түрін, түсін таныдым. Тыңдарман болса, осы-лай бағасын беріп келемін. Сағаттың арқалаған азабы аз болған жоқ. Темір торлы түрмеде өмір кешті. Қарқылдаған қарғалармен бірге жүрді. Сөйтіп, у ішті. У ішпес еді, егер бағын бағалай білсек... Енді, міне, өзі айтқандай сол Сағатты жоқтап отырмыз. Сағаттың сүйегі жер астында жатса да өлеңі бізбен бірге.

Батыс Қазақстан облысы,Ақжайық ауданы

«...Өмір жолында – жарқын жүріп өт»

ЖАСЫН

Ақын Сағат Әбдуғалиев Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданын-да 1948 жылы дүниеге келген. 1967 жылы Алматыда С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазМУ) журналистика факультетінде оқыды. «Құлыншақ көктем», «Көзайым ке-лешек», «Жүрегіме жүгі түсті жаһанның», «Жанымның жалғыз бұлбұлы» атты жыр кітаптарын кезінде оқырмандар жылы қабылдады. Бетке ай-тып салатындығы, партократтардың «уысына» сыя бермейтіні, өжеттігінің «кесірі» тиіп, ол Орал, Ақтөбе, Жаңаөзен қалаларында түрме дәмін татты. 1984 жылы қыста қатты боранда адасып кетіп, сүйегі 1985 жылы көктемде Калмыков ауылының шетінен табылды.

Тағдыр Көзқарас

Боранда жоғалып кеткен ақын туралы не білеміз?

Page 12: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

30 шілде

2016 жылwww.egemen.kz12

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected]

«ӨТМК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына шақыру туралы хабарлама

«Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамы (бұдан əрі – «ӨТМК» АҚ, Қоғам) (атқарушы органның мекенжайы: 070017, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Жаңа Согра кенті) 2016 жылдың 31 тамызында сағат 15.00-де, 070017, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Жаңа Согра кенті, «ӨТМК» АҚ оқу комбинаты ғимаратының 307-дəрісханасы мекенжайы бойынша акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы «ӨТМК» АҚ акционерлерін хабардар етеді (бұдан əрі – Акционерлердің жалпы жиналысы).

Акционерлердің жалпы жиналысына шақыруға бастамашы болып отырған «ӨТМК» АҚ Директорлар кеңесі.

«ӨТМК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қатысушыларын тіркеу 2016 жылдың 31 тамызында сағат 14.00-де ба-сталады.

Жалпы жиналыстың күн тəртібіндегі сұрақтары бойынша мəліметтермен акционерлер Қоғамның мекенжайы бойынша Акционерлердің жалпы жина-лысынан 10 күн бұрын таныса алады.

Бірінші жиналыста кворумның болмауы жағдайында Жалпы жиналысты қайталап өткізу күні – 2016 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 15.00-де келесі мекенжай бойынша өткізіледі: 070017, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Жаңа Согра кенті, «ӨТМК» АҚ оқу комби-наты ғимаратының 307-дəрісханасы.

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акци-онерлер тізімін құру күні – 2016 жылдың 8 тамызы.

КҮН ТƏРТІБІ1. Қоғамның 2015 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту.2. 2015 жылғы Қоғамның таза кірісін бөлу.3. 2015 жыл қорытындысы бойынша дивидендтер туралы.4. Акционерлердің қоғам іс-əрекетіне жəне оның лауазымды тұлғаларына

өтініштері туралы сұрақтардың қарастырылуы жəне олардың қорытындыларын қарастыру.

5. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімін ұзарту туралы.Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тəртібі Қоғам Жарғысы жəне

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 48-бабына сəйкес айқындалады жəне қамтамасыз етеді:

1) Акционерлерді тіркеу жəне тіркеу қорытындыларын алу2) Жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлау3) Жиналыстың жұмыс ережесін анықтау4) Жиналыстың есеп комиссиясының құрамын бекіту5) Жиналыстың күн тəртібін бекіту6) Күн тəртібі мəселесін қарап талқылау жəне дауыс беру. Күн тəртібінің

барлық сұрақтары бойынша жиналыста шешім қабылдаудың формасы – іштей, ашық дауыс беру. Сырттай дауыс беру көзделмеген

7) Дауыс беру қорытындысын шығару жəне қабылданған шешімді жа-риялау.

БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНАДЫҚазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі

«Мəңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының логотипін жасауға арналған байқау жариялайды.

Байқауға барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Жұмыс 2016 жылғы 1 тамыздан бастап 1 қыркүйек аралығында қабылданады.

Ережемен Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің www.mks.gov.kz сайтында танысуға немесе байқау ұйымдастырушыларымен 8 (7172) 74-01-28, 74-01-04 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Өтінімі бар байқау материалдарын [email protected] электронды пошта-сына жолдау қажет.

Байқауға қатысуға шақырамыз.Ұйымдастырушылармен байланыс:Астана қаласы, Орынбор к-сі, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты,

№ 15 кіреберіс, 505-кабинет. Телефон: 8 (7172) 74-01-28, 74-01-04.

Тоқтасын Жұлдыз Жандосқызының атына берілген ТЖК 716002008, W3014364 ҰБТ сертификаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

31.01.2016 жылы Ахмуханов Нурлан Кумисовичтің қайтыс болуына байланысты мұралық құқықтарды рəсімдеу жүруде. Заңда көрсетілген басқа да мұрагерлері болса жеке нотариус Акбалаева Шахизада Орынбаевнаға хабарласуын сұраймын. Мекенжайы: Алматы қ., Сəтбаев к-сі, 79-үй, тел: +8 (727) 379-98-50; +8 (727) 379-99-16.

«Қазтелерадио» АҚ «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясының толық арналар топтамасын көру үшін абоненттік төлемді 2016 ж. 1 қыркүйектен бастап көтеру туралы хабарлайды

2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясының «Толық» арналар топтамасын көру үшін абоненттік төлем айына 2000-нан 2500 теңгеге дейін көтеріледі, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл шара шетелдік телеарналарды ретрансляциялау бойынша құқықтарды алуға шығындардың айтарлықтай өсуімен байланысты. Бір жарым жылдың ішінде ұлттық валюта – теңгенің бірнеше рет құлдырауын есепке ала отырып, компания абоненттік төлем сақтау үшін резервті қарастырды. Осы абоненттік төлемнің көбеюі қызметтің құрамында рейтингтік қымбат тұратын шетелдік арналарды сақтау мақсаттарында шығындарды өтеу үшін мəжбүрлі шара болып табылады. Компанияда түсіндіргендей: шетелдік жəне отандық арналарды ретрансляциялау-мен байланысты шығындар тұрақты түрде өсуде, бұл ретте «OTAU TV» жерсеріктік телевизиясының қызметтері үшін қалыптасу күнінен бастап құны ешбір көтерілмеді. Ретрансляция үшін төлемді, соның ішінде атақты бағдарламаларға контент пен франшизаны шетелде алғандықтан таяу шетелдік елдердің құқық иелері де шетелдік валютада төлейді. Осыған байланысты, долларға деген теңге бағамының екі есеге өсуіне байланыс-ты түсіп жатқан табыстар шетелдік телеарналарды таратуға құқықтарды сатып алу бойынша шығындарды өтемейді.

– «Қазтелерадио» АҚ ұсынып отырған қызметтердің сапасын артты-ру, контентті кеңейту бойынша жұмыстарды тұрақты түрде өткізуде. Осылайша, «Толық» арналар топтамасының құрамына 115 телерадиоар-на кіреді, оның ішінде 60-тан астамы – бұл əйгілі шетелдік телеарналар. «OTAU TV» жерсеріктік телевизияны іске қосу кезінен бастап 5 жыл өтті, ақылы арналардың саны тұрақты түрде өсті, соның өзінде абоненттік төлем бастапқы деңгейде қалып отырды, сондай-ақ біз оны бірнеше рет төмендеттік. Экономикалық жағдай өзінің шарттарына мəжбүрлеген кезде біз абоненттік төлемді арттырмадық. Біздің тұтынушыларымыз осы жағдайға түсінушілікпен қарайды деп үміттенеміз, – деп атап өтті «Қазтелерадио» АҚ Телерадиокомпаниялармен өзара əрекеттестік жөніндегі департаменттің директоры Гүлмира Балтабаева.

28 шілде күні кешкі сағат 19.30-дар шамасында Жезқазған байы-ту фабрикасы аумағынан «Maker (Мэйкер) Мехстройсервис» ЖШС мердігерлік ұйымы жұ-мыс шысының мəйіті табыл-ды. Қаза болған адам 1985

жылы туған электрмен жəне газбен дəнекерлеуші. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаны зерттеу үшін арнайы комис-сия құрылды, деп хабарлады «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі.

Оқиға

Жўмысшы ќаза болды

Əкесі Əлтікейұлы Түсіпбек ескіше сауатын ашқан, еті тірі қабілетті адам болған көрінеді. 1930 жылдары Арқа өңірінде Боқты, Шұбартау, Тоқырауын көтері ліс-терінің белең алуы Түсіпбек сияқ-ты атпал азаматтарды өз қатары-на тартқаны белгілі. Соның сал-дарынан Түсіпбекке де «көтеріліс-ші болдың», деген нақақ айып тағылып, басқа да жалған жаламен жазықсыз сотталып кете барған.Бұл тауқымет алапат ашаршылыққа ұласып қазақ даласын жайлаған нəубеттің бұғалығы апалы-інілі Мəрияш пен Сахидың мойындарына да түскен. Көкше теңізге бет алған ауылдастарымен бірге Балқашқа жетіп, қамыс төселген жерке-педе жатып, көлдің балығымен өзек жалғап, өлместің күнін кешіп жүргенде ересек апасынан ажырап қалып, панасыз балаларды ұстап алып детдомдарға жіберетіндердің қолына түсіп, орыннан орын ауыс-тырумен жүріп, Орынбордың Сарық таш ауданынан бір-ақ шық-қан. Одан арғы 11 жылы жетім балалар үйлері мен интернатында əкенің мейірімін көрмей, ананың аялы алақанын сезбей, жапанда қалғандай жалғыздықпен, елесті күндерді есіне түсіре алмай, торығу мен күйзелісте өткен. Алайда, бойына біткен қайсар мінезі мен қажыр-қайраты, өмірге деген құш-тарлығы, ақыл-санасына білімнің саңылауын түсіріп оқуға жетелеген. Орынбордың кəсіптік училищесін оқып бітіргенде тұла бойын дағы талант бұлағының көзі ашы ла бастағандығын сезіп, Куйбы шев қаласындағы зауытқа жұ мыс қа тұрып, кешкілікте сондағы көр-кем сурет студиясында оқыған. Осы лайша өмірлік мамандығының қақ па сы ашылып, суретшіліктің сара жолын таңдаған Сахи аға 1955 жылы ВГИК-ті бітіріп, Романов Александр Иванович деген атпен институттың дипломын алған.

Романов болып жазылуының нендей құпия-сыры бар екендігін, ал атының Сахи емес, араб тілінен енген жомарт дегенді білдіретін Сағи болуын ұлы жазушы М.Əуезовтің есіне салғандығын, қалайша қызыл-ордалық болып келгендігін жур-налист Г.Жұмабайқызына 2001 жыл ғы сұхбатында өз аузынан баян дап берген. Жетімдік етектен

тар тып, кедейшілік аяқтан шалып, өгей ортада тайғақ кешумен өткен тия на қсыз тағдыры 20 жасқа жет-кен ше Сахиды ана тілінде сөйлеу мүм кін дігінен айырған. Мəскеуде оқып жүргенде, алғаш рет қазақ аза-ма тымен кездескеннен кейін, тіпті, жазушы С.Мұқановты Қазақ стан-ның тұрақты өкілдігінде тоқ таған жеріне іздеп барып орысшалап ақша сұрап алғандағы сəттен бастап, қазақи тілінің кемістігіне намыстанғаннан жатпай-тұрмай ана тілін үйренуді мақсат тұтқан. Кейін ауылға келгенде өз ұлты-ның ана тілінде шұбарламай еркін кө сіліп шешен сөйлеуі, сол арман-мұратына жеткендігінің айғағы еді. Қылқаламның құпия сырларын меңгеру үшін он екі жыл оқығандағы алған суретшілік маман дығы мен ұшталып келе жатқан талантын өз халқының игілігіне жарату Сахидың басты нысанасына ай-налған-ды. Сол үшін де Мəскеуде қалмай, алғашқы еңбек жолын «Қазақфильм» киностудиясында қоюшы-суретші болып бастағанда, қазақ өнерінің майталман, дарынды тұлғалары Ш.Аймановпен, М.Бега-лин мен, Ə.Мəмбетовпен бірге шы-ғармашылық бірлестік құрамында кино түсіруге қатысуы Сахи ағаның қанатының қатайып, қабілетінің шыңдала түсуіне, ұлтымыздың бай мұраларына терең бойлап, танып-білуіне жол ашып берді. Сахи аға кино декорацияларын салумен ғана шектелмей, М.Əуезовтің, С.Мұқановтың, А.Жұбановтың

көркем шығармаларын, қазақ ер те-гілері мен фольклорларын безен-діру мен де шұғылданып, алғашқы қазақ кітап суретшісі де атанған.1958 жылы салған ең алғашқы көркем суреті – «Жайлаудағы кеш» атты туын дысының «Огонёк» журна-лын да жариялануы əр жанрды бояу тілімен сөйлете білетін, сан қыр лы талантының жемісі болса керек. Ал киностудияда жүргенде Ш.Ай-мановтың: «Сахи, сенің келбетің мен тұлғаң киноактерлікке сұранып тұр ғой», деген ұсынысын қабыл алып, «Алдар Көсе», «Найзатас бөк терінде» фильмдеріне түс кен-дігін сегіз қырлылығының шү бəсіз айғағы деуге тұрарлық.

Ұрпақтардың ұлттық санасын рухани байытуға арнап, бейнелеу өнерінде қылқаламмен мол мұра жазып қалдырған, өмірбаяны жұм-бақ жан, кемел ойдың иесі Сахи Романов біздің ақтоғайлықтар үшін жоғалып табылған тұлға. 1979 жылы «Жұлдыз» журналында жа-рия ланған Сахидың өмірбаянын оқып, суретін көрген Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, «Қаратал» совхозының тұрғыны Түсіпбекқызы Мəрияш: «Мынау менің жоғалған бауырым ғой, мені тез Алматыға апарып жолықтыр», деп ақсақалы Сағидоллаға өтініш жасай береді. Мазалап болмаған соң ақырында жол жағдайын жетік білетін ауылдасы Мақсұтов Мəжкенді ертіп, үшеуі сапарға шығады. «Жерлесімсің, туыс-бауырымсың», дегендерден əбден мезі болған Сахи Ақтоғайдан

келген жоқ іздеу шілерді салқын қабыл дайды. Айтқан уəждеріне сенім сіздік таны тып, реніш те біл діре ді. Амалы тау сылуға тая-ған Мəрияш: «Сахи қарағым, жас кезің де сенің басыңа жара шық қан болатын, сол жараның орны қара-йып қалып қойғаны да есімде. Көр-сетші басыңды, егер сол белгі жоқ болса сен бөтенсің, ал бар болса бауырымсың», деп жалынады.

Осы сəтте Сахидың көз алдына сағымданған елестер келіп, есіне еміс-еміс оқиғалар тізбектеліп түсе бастайды да, толқып отырып басын игенін өзі де сезбей қалады. Адасып жүрген апалы-інілі туған бауырлар аңырап көрісіп, айқара құшақтасып табысады. Осымен көкейдегі дүдəмал тыйылады.

Мыңнан астам сурет салған, жүз ден аса көрме өткізген, туын-ды лары Отанымыздың қалалары мен шетелдерде, Канадада, Вен-грия да, Швецияда, Финляндия мен Мек сикада көрермендердің көз-айы мы на айналған, КСРО сурет-ші лер одағының, КСРО кине мато-гра фис тер одағының мүшесі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері Сахи Романов өзін абыройға бөлеп Қазақ КСР-нің халық сурет шісі атағы берілген 1981 жылы ата-баба ларының құт мекені, кіндік қа ны тамған туған жері Ақтоғай ау да нына 49 жыл өткеннен соң төл пер зенті болып қайтып оралады. Осы лай ша тағдыры алмағайыптың тала сында жүрген дарынды сурет-шінің өмірбаяны жаңарып, жаң-ғырып жазыла бастады, өшкені жанып, өлгені тірілді.

Туған əкесі Түсіпбектің Қызыл-арай өңіріндегі, 1965 жылы қайтыс болғанда тұрғызылған зираты-на барып құран оқытып, рухына тағзым етіп, Беғазы тауларын ара-лап табиғатты тамашалап жүріп, көркіне көз тоймас Ақсораң баурай-ында отырып осы жерлерде сурет салар ма еді шіркін деген тілегін жергілікті биліктегі азаматтар құп көріп, құз-қиялы тау шатқалынан арнап тұрып шеберхана салғызып береді.

«Туған жерімде менің көзім қалсын десеңдер салған суреттерім-нің біразын сыйға тарту етейін, кейін мұражай ашылғанда көрмеге қойсаңдар бір арманымның іске ас қаны болар еді», деген ақ тіле гін орындау үшін 1983 жылы Алматы-дағы шеберханасына ауданнан Алтай, Қабдырахым үшеуміз барған едік. Таң-тамаша болғанымыз соншалық, сүйекпен зерленген ағаш кереует, оюлы сырмақ пен тұскиіз, сан түрлі ер-тұрмандар мен өрімдерді, қолөнер туындыларын көргенде шеберханаға емес, тап бір музейдің этнография залына кіргендей болғанбыз сонда. Бір қабырғадағы сөреде қапталып жиналған темекі тұтатудан босаған сіріңкенің қораптарына қарап одан бетер таңдандық. Бұл əуестіктен туған əдеті екен. Беттестіріліп, ұқыптылықпен оралып буылып-түйілген 40-қа тарта туындыларын тебіреніс үстінде, қимас көңілмен тапсырып тұрып, бөлменің шығысқа қараған терезесіне ертіп барып: «Мен нəубеттің талай сынағын бастан өткердім, сондықтан болар,

күн сайын таңмен таласып оянып, жаңа шығып келе жатқан күнмен: «Ассалаумағалейкүм алтын күн!» деп амандасамын, ал сендер менің мына мұраларымды тасада ұмыт қалдырмай, көпшілікке көрсетіп жүрсеңдер, менімен амандасып тұрғандарың деп сүйсініп, жаным жай табар», деген ықыласын жеткізіп, шығарып салғаны естен кетер ме?!

«Көк шалғынына бауырымды төсеп аунап-қунап, құз-қия тас-тарында секіріп ойнай алмасам да, санамда саңылау болып сақ-талып, түсімде аян беріп тұра тын-дай елестейтін туған жеріме, са-ғындырған еліме менен ескерткіш болсын» деп Сахи ағаның ама н -аттап қалдырған, түпнұсқалық су реттерінен аудандық мұражай ұжымы содан 31 жыл өткенде, 2014 жылы Астана қаласындағы республикалық оқушылар сарайы-ның көркемөнер галереясында өткізген көшпелі көрмені тамаша-лау ға келген ғылым докторы, профессор Д.Қамзабекұлының: «Ақ тоғ ай ауданы Астанаға рухы биік сал т анатпен көшіп келгендей əсер алып тұрмын. Сахи ағамыз көр кем сурет өнерінің классигі ғой», деген бағасын естігенде жерлес аға ның алдындағы бір парызымыз өтел гендей сезінгеніміз жəне бар-ды.

Ақтоғай жұртшылығы 1997 жылдың басында аудан əкімі С.Дүйсебековтің бастамасымен Сахи ағаның 70 жасқа толуын аудан орталығында сазгер, зерттеуші И.Жақановтың, ғалым, жазушы А.Сейдімбековтің, жерлес ақын Ж.Қаш қыновтың, заңгер, ғалым Қ.Əбішев тің жəне облыстық мəде-ниет басқармасының бастығы, зер-делі зерттеуші Қ.Сəдуақасовтың қаты суы мен мерекелік кездесу кеші дəрежесінде өткізген еді. Сол шараның үстінде аудан дық мəсли хаттың хатшысы М.Қалияқ-паров Сахи Романовқа Ақтоғай ауданының құрметті азаматы атағының беріл гендігін жариялап, куəлігін тапсырған болатын. Осы жолы есімін ел есінде қалдыру ниетімен туған жері Қызыл арай округінде бір қыстақтың атын беру жəне аудан орталығында сурет-терінен жеке көрме залын ашу туралы да ұсыныстар жасалған еді.

Асыл аға бұл өзінің соңғы са п а-ры екенін сезді ме, қайдам, Беғазы баурайындағы бір шөкім жер ді менің мəңгілік тыныстайтын меке-нім сол жерде болсыншы деп мең-зеп кеткен еді. 2002 жылдың жел-то қ санында Ораза айтының үстінде алып тұлғаның жүрегі соғуын тоқ-тат ты. Сахи ағаның жетісіне жетпей ауылдағы апасы Мəрияш та соңын ала дүние салды. «Бір кем дүние», деп Шерағаң айтқандай, өмір бойы «Бармысың, бауырым?», деп бірін-бірі іздеумен, аңсаумен жүріп əрең табысқан қос бауырға топырақ бір жерден бұйырмады.

Тұңғышбай МҰҚАН,«Қазақ тілі» қоғамы Ақтоғай

аудандық бөлімшесінің төрағасы

Қарағанды облысы

САХИ-САЄЫНЫШ

Дүние есігін ашқанда бақталайына жазылған тағдырының тауқыметті тар жолдарын күресу арқылы кешіп өткен, өз өмірі өзіне де жұмбақ болған, жетімдіктің зардабын тартып, сағыныштың запыранын жұтқан, аумалы-төкпелі алмағайып за-манда ата-ана, бауырдан адасып қалып, аты-жөнін де ұмытқан, балалық шақ пен жастық дəуренін жападан жалғыз жырақта өткізген, ерік-жігерін намыспен қайрап, өзін-өзі жұбатып шира-тумен ержетіп. əлемге танымал əйгілі қылқалам шебері атанған Сахи Түсіпбекұлы Романов Орталық Қазақстандағы ең биік те көрікті тау Ақсораң төңірегінде дүниеге келген екен. Елге келгендегі өзінің бір кездесуінде үйдің жанында жақпар тастар бо-латын, іргеден өзен ағып жататын деп, туған жерін есіне түсіріп, дөп басып Қызыларай тауларына ұқсатқаны бар еді.

Бауырлардың Алматыдағы алғашқы кездесуі

Вирустық гепатит – бауырдың қабынбалы ауруы. Гепатитті ту-дыратын вирустың A, B, C, D жəне E гепатиттері əлемнің мыңдаған адамдары жіті жəне созылмалы бауыр ауруынан зардап шегуде, əсіресе, В жəне С гепатитінен жылына 1,4 миллион адам өлім-жітімге ұшырайды.

Əдетте, А жəне Е гепатитіне шалдығудың себебі таза емес тағам мен суды тұтынудың салда-рынан болады. В, С жəне D гепатиті ауру адамнан парентералдық байланыс нəтижесінде жұғады. Осы вирустардың берілуінің кең тараған тəсілдерінің қатарына вирус жұққан қан немесе қан өні-мін құю, В гепатитіне қатысты лас құрал-жабдықтарды қолдану арқылы инвазиялық медициналық шаралар, босану кезінде ана-дан балаға, отбасы мүшесінен балаға, сонымен қатар, жыныстық қатынас кезінде аурудың берілуі жатады.

Дүниежүзілік вирустық гепа-титке қарсы күрес күнін өткізу қоғамның назарын аудару жəне мүдделі тараптардың нақты əрекеттері арқылы аурудың алдын

алуды күшейтуге, аурулардың байланысуы жəне вирустық гепа-титпен күресу үшін скринингтен өту болып табылады.

Денсаулыққа деген ортақ жауапкершілігі үлкен рөл атқа-рады. Осыған байланысты жеке басты қорғау шараларын сақтау маңызды. Олар: қауіпсіз тағам мен суды пайдалану; инъекция алу үшін бір реттік инелер мен шприцтерді пайдалану; қауіпсіз жыныстық қатынасты насихат-тау; косметикалық шараларды (татуировка, пирсинг жəне т.б.) жүргізу үшін лицензиясы бар ар-найы мекемелерге бару; Ұлттық егу кестесіне сəйкес балаларды В гепатитіне қарсы вакцинацияны өз уақытында алу.

Айлық шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде вирустық гепатиттің алдын алу мақсатында медицина қызметкерлері үшін – се-минар-тренингтер, халық арасын-да ақпараттық жұмыстар жүргізу жоспарлануда, сонымен қатар бейінді мамандардың қатысуымен ашық есік күндері өткізіледі.

«Егемен-ақпарат»

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Алматыдағы көкейкесті тақы-рыптың бірі – экология мен таза-лық. Алматы қаласын дамыту бағ дарламасындағы басым бағыт та – «Таза қоршаған орта» бо-лып тұр. Осы мəселені шешуге қалалық əкімдіктен бастап қоғам-дық ұйымдар, əлеуметтік жауап-кершілікті компаниялар да кірісіп жүр. Бірақ əлі де нəтижесі көңіл көншітерліктей емес. Аса маңызды істің кешенділігі кемшін.

Ендігі жерде «Тұрақты өндіріс жəне тұтыну орталығы» КҚ «Алматы қаласының аумағында тазалықты сақтауды насихаттау іс-шараларын жүргізу» жобасын жа-рия етіп отыр. Бұл бастама Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының

мемлекеттік тапсырысымен 2016 жылғы əлеуметтік маңызы бар жо-баларды іске асыру аясында жүзеге асырылады.

Қысқасы, алға қойылған мақ-саттарға жетудің ең қысқа жолы – тұрмыс қалдықтарын жинау жəне шығару тəртіптерін жетілдіру, соның ішінде жинау орындарына қатысты талаптарды жолға қою (қоқыс салатын сауыттар, контей-нерлер), қоқысты бөлектеп жинауға жəне сұрыптауға кезең-кезеңмен ауысу тұжырымдамасын жасақтау, қаланың ластануының алдын алу бойынша іс-шараларға еріктілердің қатысуы (экокүзеттер). Осы іске ұйытқы болып отырғандар қала тұрғындарының да осы мақсатқа мүдделі болуын ерекше ескерген.

Сонымен, жобаны ұйымдас-тырушылар тірлікті алға жылжыту

үшін тұрғындарды да осы іске тартып, жауапкершілікті болуын қалайды. Алайда, ол үшін нақты шаралар ке-рек. Яғни, қа лалықтарды жобаның іске қосыл ғаны, заңнаманың қалалық ортаны ластандыру үшін жеке жəне заңды тұлғаларға жауапкершілікті белгілейтін қолданыстағы нормалар туралы хабардар ету үшін баспасөз-мəслихаттарын ұйымдастырмақ. Сол сияқты көпе-көрінеу тазалық бұзатындарды жауапкершілікке тартатын рейдтер жүретіндігін БАҚ арқылы жариялап, ақпараттар беру ойластырылған.

Мəселен, нақты шаралар қата-рында «Қала қоқысқа қарсы» тақы-рыбында «Футболка мен бейсболкаға арналған ұранды ойлап тап» байқауы, қаланың екі ауданын тазарту бойынша науқан, тəртіп бұзушыларды анықтау бойынша демалыс орындары мен саябақтарда, аялдама кешендерінде рейдтер өткізу бар.

Оның ішінде қуаты таусылған, істен шыққан батареяларды бөлек жинау бастамасы да аса маңызды.

АЛМАТЫ

Басты байлық Солай ма?

Вирустыќ гепатитке жол жоќ

Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблема-лары ұлттық орталығының хабарламасына орай, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау са-ласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күніне орайластырылған айлық өткізілмек.

Алматы ќоќысты бґлшектеп жинамаќ

Зерде

Page 13: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

30 шілде

2016 жылwww.egemen.kz 13

Туғанда дүние есігін ашады өлең,Өлеңмен жер қойнына кірер денең.Өмірдегі қызығың бəрі өлеңмен,Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең.

Ұлы ақынның осы өлеңін жатқа біліп, сан мəрте қайталап жүрсек те, ондағы ұлық мағынаның – туғаннан өлгенге дейінгі бар харекеті өлеңмен өрілетін қазақи болмыс-тан бастау алып тұрғанын түсінсек те, бəрібір – əлгі шумақтың ұғындырарын түгел игермегенімізді алып Алатаудың белор тасында созылып жатқан Кеңсай-төбеге көтерілгенімізде байқадық.

Қазақтың небір қасқалары мен жайсаң-дарының рухына мəңгілік мекен болған осынау төбеге көтеріліп, аумағы əжептəуір

үлкен қорымның арасынан өтетін жол-мен жоғары өрлегеніңде – өзің тірісінде дидарласпасаң да атын біліп, затын тани-тын талай тұлғалы азаматтардың жамба-сы тиген жерге қойылған белгілерге көзің түсіп, олардың пəни мен бақи арасындағы жүріп өткен жолдарын он шақты цифрмен тұ жыра салған қысқа мəліметтерге көзің түскенде:

Дүние – қарап тұрсам шолақ екен,Адамдар бір-біріне қонақ екен, –деп, аты бізге беймəлім данышпан

қазақ тың аузынан түсе салған сары ал-тындай салмақты сөз есіңе түсіп, жалған дүние нің бүкіл сипатын екі-ақ жол өлеңге сыйғыза салған қандасыңның ұшқыр ойына тəнті болады екенсің.

Иə, шыны сол.Бала күніңнен сені əнімен əлдилеп,

жырымен тербеген сазгерің де, ақының да осы Кеңсайдың кіре берісінен үнсіз қарсы алғанда (рухы, əрине) бір сəт өз көзіңе өзің сенбегендей күй кешесің:

«Тəжібаев Бəкір Төлеуұлы. 13.05.1926 – 08.11.1994.

Не тындырдым өз жұртымның алдында,Əнім айтар,Жырым айтар мен жоқпын ба, бармын

ба?Б.Т.Тəжібаев».Бұл – бүкіл қазаққа белгілі «Ақбұлақ»,

«Гүлсің-ау», «Туған жер өзің дегенде» секілді тамаша əндерді шығарған, елге əйгілі Ескендір Хасанғалиевтің «Əдемі-ау», Сейдолла Бəйтерековтің «Əлия» атты əндерінің сөздерін жазған танымал ақын-сазгердің құлпытасына жазылған жазу. Цифрлар мəнін таратсақ, биыл көзі тірі болса тоқсан жасын тойлайды екен. Бірақ жетпіске толмай өмірден өтіпті.

Мен оның есімін алғаш оқушы ке-зімде естіген едім, домбыра үйренгенде «Ақ бұлақтың» əуенін тартқанмын. Ол əнді біздің балалық шағымыз өткен өт кен ғасырдың 80-жылдарында шыр-қамайтын қазақ жоқ еді...

Бəкірмен іргелес Ақтөбе топырағы тудырған тағы бір талант – Сағи Жиенбаев жатыр.

«1934 (15.V.) – 1994(15.V.)Есімің кетер жыраққа,Еске алар талай далаң да.Ойсырап қалған бірақ та,Орныңды толтыра алар ма?!Сағи Жиенбаев».Мұнда да ішіне талай сырды

бүк кен цифрлар... Ақын дүниеге қай күні келсе, сол күні дүниеден өтіпті. Тура алпысқа толған күні. Мерейлі мерекеге айналар күні. Бірақ тағдырға не шара, қуаныш пен қасіреттің қатар жүретін сəті аз емес...

Мамырдың 15-і – Махамбеттей ұлы ақынның да дүние есігін ашқан күні. Бірақ оның өмірі аласапыран дəуірге тап келіп, қиянаттан қапыда көз жұмды. Ал

ТЫЛСЫМ

Сағи тыныш заманда өмір сүріп, дəм-тұзы таусылған күні бақиға аттанды. Алайда, шын ақындарға ортақ бір өмір бар, олар аз күн тірлік кешсе де, ұзақтау өмір сүрсе де бақастықтың ызғарын сезіп, аяқтан шалар қызғаныштың зəбірін көрмей кетпейді. Сағи да ондайдан аман қалды дей алмай-мыз, бірақ оның:

Көктемнің балғын кезі еді,Əнші құс көкте ағылған.Жемнің де жасыл өзегі,Көгілдір мұнар жамылған, –деп, жібектей есілген майда қоңыр

сазы құлаққа келгенде, өлеңдегі тама-ша сəт ақынның дүниеге келген кезінің бейнесі екенін жүрегімізбен сеземіз. Ол дүниеге келе сала өзінің туған күніне жыр

арнағандай. Жəне... арада тура алпыс жыл өткенде сол бір ғажайып сəтте мəңгілікке бет алғандай...

Зират аралау – тіршіліктің қыз-қыз қайнаған қан базарда түрлі-түсті дүниенің қызыл-жасылына көз құмарын суару емес, əлгіндей жаныңа етене жақын, рухы сезіміңді сілкіп ойға батыратын ұлылармен іштей үнсіз тілдесу секілді бір жұмбақ əлем. Сондықтан, ойға шомып бара жатқанда көзің жазудың суретінен зиратта кім жатқанын танып ішіңнен күбірлеп дұғаңды оқығаныңмен, кез келген тұсқа іркілмей, ілгері кете беретініңді өзге түгіл өзің де түсіне алмай қаласың. Содан болса керек, Бəкір мен Сағидың зиратына дұға оқып, бет сипап болған соң, Кеңсайдың қақ ор-тасынан өтетін жеңіл көлікке арналған жолмен едəуір ілгері кеткен соң ғана есімі елге белгілі біраз кісінің тұсында аялдамай кеткенімізді байқадық. Əрине, əуиелі жерді аралағанның ойында алалық болмаса ке-рек, дегенмен, ол жерден де жаныңа жақын бірдеңені іздейтінің анық...

Жаңағы жолмен жоғары бара жатып төбенің бір жалпақтау тұсына іркіліп, жоға-рыдан төмен қарай көз салып тұрғанбыз. Ке нет дəл қасымыздағы қызыл гранит-пен көм керілген бейітке көзіміздің түсіп кеткені:

«Қазақстан Республикасының Халық əртісі, Қарақалпақстан Республикасының халық əртісі Жұмабай Медетбайұлы.

08.03.1935 – 11.05.2005 ж.Ақын жанды асылым,Шабытың толқып тасыдың.Ұмытпас сені мəңгіге,Немерең мен ұл-қызың.Жары Перида».Шынын айтқанда, халқымызға таны-

мал Жұмабай ағамыздың бейітін дəл осы Кеңсайдан кезіктірем деп ойламаған екенмін. Ол кісіні мен студент кезімде теа-тр сахнасынан, жақын жерден көргенмін. Салған əнін де естігем. Атақ алғанын газет-тен оқығанмын. Бірақ қол алысып аманда-сып, танысқан емеспін. Бəлкім, үлкен кісіге «мен осындай едім, сізді білетін едім» деп суырылып шығып, тіл безейтін пысықтыққа жібермеген шығар алған тəрбиеміз. Бірақ Жұмабай Медетбаевтың қандай ірі өнерпаз екенін тірі кезінде тани алғанның бірімін деп сеніммен айта аламын.

Ұзақ жыл М.Əуезов атындағы үлкен теа трда еңбек етіп, сан қырлы дарыны үшін əріптес апалары «Ақан сері» атандырған Жұмекең пьесада ойнап, драмалық образ-дар сомдап қана қоймай домбырамен əн салған, əн шығарған. Өзі жазып, өзі орын-дап – моноспектакль де қойған.

Мына жерде құлпытасына қарап тұрып, Жұмекеңнің рухы алдында өзімді сəл ыңғайсыз сезінгендей болдым. Неге? Өткен жылы бір ағамыз осындай дархан дарынды еске алу керектігін айтып, бір мақала жазу-ды өтінген. Сол арада Жұмабай аға туралы шыққан «Ақынжанды актер» деген кітап қолыма түсіп, ондағы актер өмірбаянына қарасам 1938 жылы туғандығы жазылған екен. Сосын əлі мерейтойына уақыт бар

екен, тұсында жазармын деп қоя салғам. Ал мына жердегі датаға қарасам – өткен жылы 80 жылдығы екен ғой! Ешбір газет-журналда ол кісі туралы жазылмады. Бірақ менің жазуға мүмкіндігім бар еді ғой. Ал оған менің мойным жар бермей... Біреудің өтінішіне жеңіл-желпі қараудың соңы осын дай болмағанда не болушы еді? Бұл да Кеңсай берер тағылымның бірі.

Жасыратыны жоқ, Кеңсайға келгендегі мақсатымыздың бірі – Мұқағалидың мəң-гілік тыным тапқан жеріне барып, ақын рухына дұға бағыштау болатын. Əлгі Жұ-мабай Медетбаев қабіріне бара жатқан бұ-

рылыста жол шетінде «Мұқағали Ма қа-таев» деген көрсеткіш тақтаны көргенбіз, бірақ ақын басына апарар соқпақ сол арадан тіке көтеріледі деп ойламай, алда шығар дегенбіз. Енді ізімізбен қайтып, жаңағы көрсеткіш тақтаның сілтеген жа-ғына қарасақ, зираттар арасымен жоғары қарай салынған тепкішек жол бар екен. Сол бізді тура Мұқаңның басына апарды. Ақынның кеуде мүсіні орнатылған тұғыр-дың төменіне:

1931(9.ІІ) – 1976 (27.ІІІ).Əрине, суық қайғы, суық қайғы,Көңілін халқың бірақ суытпайды.Егерде халқың өзін ұмытпаса,Бақыл бол, халқың сені ұмытпайды. –деп жазылып, өлеңнің астына ақынның

қолы қойылған. Ақын бейітін жапқан қызыл граниттің

бетіне түскен қар мұзға айналып қатып қалған екен. Мұзды алып тастап, тастың бетін тазалап: «Қазақтың дауылды дарын-ды ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевқа бұл ескерткішті 1977 жылы августа семья сы мен Қарасаз ауылы қойды» деген жазу-ды оқыдық. Мұқағали мүсінінің екі жа-ғында жылдың қай мезгілінде де көктеп тұратын арша ағашының бұтақтары тиіп тұр. Ақынның биік төбенің үстінде қолын жағына таянып қалаға қарап тұрған бейнесі əсерлі. Мүсінге сүйкене өскен аршаның қыс ортасында көктеп тұруы да мəңгілік поэзия символындай.

Мұқағали поэзиясымен алғаш өткен ғасырдың 80-жылдарында танысқанбыз. Сол кезде газет-журналдарда дүркін-дүркін басылып жататын ақын өлеңдерін оқып, оны тірі кісі шығар дейтінбіз. Мына жерде де ақынның бейітін қарап, таныс бір ада-мым жуырда ғана өмірден өткендей, өзім соның басына келіп тұрғандай сезімде бол-дым. Тіпті, бейіт басында тұрып, бұл жерге, бүгінде өмірде жоқ Өмірзақ Қожамұратов, Жұмекен, Жұматай келгенін, олар да дəл өзімдей Мұқағали қабіріне үнсіз қарап тұрғаны көзіме елестеді.

Бүгін ақпанның төрті. Бес күннен соң Мұқағалидың туғанына 85 жыл толады. Студент кезімде ақынның туған күнінде оны еске алып:

Жасағанымен ойымыз еркін – көгенсіз,Ащылау біздің татар тұзымыз – бөтен

тұз....Ұлы Ақиқаттың жалғыз минуттық

демініңҚұрбандығы үшін жаралған жан-

дар екенбіз! – деп өлең жазғанмын. Сол қазір есіме түскенде Мұқағалидың маған əлдеқашан рухани сырласыма айналып кеткенін, сондықтан, мына бейіт маған бұрыннан таныс, бұл жерге бұрын да кел-гендей күйде тұрдым...

Жоғарыға өрлеп бара жатқанда бай-қамаған екенмін, төмен түсіп келе жатып ұлттық сурет өнерінің негізін салушы Əбілхан ағамыздың бейітіне көзіміз түсіп, тұсына аялдадық. «Народный художник Казахской ССР Кастеев Абилхан. 1904-1975 г.г.» деген жазуды оқып, қарапайым да ұлы суретшінің 110 жылдығына орай туған жерінде өткен мерейтойлық шараға қатыс қаным есіме түсті. Ұлт өнеріне олжа

салған ұлы перзентінің рухын Жəркент хал қы керемет əспеттеді. Сол мерейтойлық жиынның бір тұсында бір зиялы кісі Қастеев туралы айта келіп: «Əбілхан ағамызбен дос əрі түйдей құрдас тағы бір халқымыздың талантты ұлы бар еді, Орал Таңсықбаев де-ген. Ол ағамыз да аты əлемге əйгілі суретші еді. Осындай жиында бір ұлыны ұлықтағанда екіншісін де еске алу парыз» деп еді. Қастеев зиратына қарап тұрып əлгі сөз есіме түскенде қазақтың небір да-рынды ұлдарының сүйегі жат жер-де қалғанын ойладым. Адамның бейітінің Отанында жатқанының өзі де бақыт екен ғой...

Тірлігінде елі үшін еңбек етіп, өлген соң əртүрлі себептермен есімі елдің жадынан шығыңқырап кететін тұлғалар да жоқ емес. Мысалы, ақын Ғали Орманов. Кейінгі кезде əде би ортада аты өте сирек аталатын ақын-дардың бірі. Ал мына жерде алдыңнан шыға келгенде селк ете қаласың.

Əбілхан Қастеев зиратының жа-нында басына мүсіні қойылған Ғали Ормановтың тұғыртасына:

Қалса өлеңім көңілге жаққан шамдай,

Ойлар мені ел-жұртым естен салмай.Көкейінде көп жылдар сақталармын,Жолаушылап бір жаққа кеткен жан-

дай, – деген бір шумақ өлең жазылып, астына қолы қойылған екен. Басқадай сөз жоқ. Біз мүсін мен өлеңге қарап бұл жерде Ғали ақын жатқанын шамаладық. Өлең жолдарында да қателік бар сияқты...

Иə, жыры хатқа түскен ақын елдің есінен жоғала қоймас. Бірақ...

Қазір кітаптың қадірі кетіңкіреген заман ғой. Осыдан екі жыл бұрын Алматыдағы əйгілі ЦУМ дүкенінің алдынан өтіп бара жатқам. Кенет тепкішекте жатқан кітапқа көзім түсті. Мұқабасы сарғыш бумвинил-ден жасалған қалың кітап. Көтеріп алдым. 1967 жылы шыққан Ғали Ормановтың бір томдығы. Еш жері бүлінбеген. Жан-жағыма қарадым, жоғалтқанын іздеп жүрген бір адамды көрмедім. Кітапты үйіме алып келдім. Менде ол ақынның кітабы жоқ еді...

Адамның жалғандағы арманының бірі – өзіне лайықты жар таңдап, сонымен өмір сүру ғой. Қазақтың «қосағыңмен қоса ағар» дейтін тілегінің де мəні сол. Сондықтан, шынайы жұбайлық ғұмыр кешкендер мəңгілік мекенде де қатар жатқанды құп көретін сияқты. Мұның да бір мысалын Кеңсайдан таба аласыз.

«Ғаббас Сəдуұлы. 1908(15.ІХ) – 1997(1.Х).

Қырық шырақтың бірі едің,Менің үшін маздаған.Сөндірмеспін жүректен,Өлгенімше жан Ғабам!Жантайың (Тұрсынхан)».Төменге түсіп бара жатып тоқтаған бір

тұсымызда қатар тұрған екі бейіттің сол жағындағысына жазылған осы бір шумақ өлеңнің соңындағы «Тұрсынхан» деген жазуға көзіміз түскенде секундтың он-нан біріндей уақытта-ақ бұл есімнің нені аңдататыны ойымызға келген. Иə, сол. Тұрсынхан ақын.

«Тұрсынхан Əбдірахманқызы.1921(5.ХІ) – 2003 (11.Х)Қимайтын кім де болса өмір гүлбақ,Жоқ қой тек сол гүлбақта мəңгі тұрмақ.Ғылымға қосқанымды, əн-жырымды,Аманат еттім саған кейінгі ұрпақ.Тұрсынхан Əбдірахманқызы».Өмірлік серігі фəниден қайтқан

соң алты жылдай ғұмыр кешкен, жан жарының жанынан топырақ бұйырған Тұрсынхан апайдың бейітіндегі осы-нау аманат жырды оқығанда – өмірін ұлтының көркемсөзіне арнап өткен ақын боп өлең жазып, ғалым боп кітап жазған ғазиз жанның берекелі ғұмыр кешкенін түйсігіңізбен сезінесіз...

Кеңсай – қазаққа даңқты перзенттері жатқандықтан қастерлі. Бізге де солай. Жұмекен, Жұматай секілді ақындардың да бейіті басына барып жыр-дұғамызды оқы ғымыз келген, бірақ менімен бірге барған Күнқожа інім де бұл қорымды жете білмейтін болып шықты. Дегенмен, төменге түсіп бара жатып қазақтың қыр-шын кеткен тағы бір талантты ақыны Меңдекеш Сатыбалдиевтің жатқан жеріне кезігіп, бейітінің басына аз-кем іркілдік.

Азырақ болдым ортаңда –Көңіліңде жүрсем көбірек.Сатыбалдиев Меңдекеш.1937(3.ІХ) – 1973(3.VII) деген екі жол

өлең мен ақынның қысқа ғұмыры қашалып жазылған қызыл граниттің жоғары жағында оның қолынан қауырсын қаламы түсіп бара жатқанын бейнелейтін символикалық суреті қашалыпты. Бір түрлі, ауыр да мұңлы ойды беретін тың шешім...

...Кеңсайды аралағанда қара жер-дей ұлылықты да көресің, төбесі көкке шаншылған парықсыздықты да көресің. «Еш кім ешкімнен артық емес» деп кейінгілерге өзінің мəңгілік мекенінің қа-рапайым болуын аманаттап кеткен ұлттың ұлы тұлғаларының бейітін көріп құрметің оянса, кейбір аты-жөнін ешкім білмейтін кісілердің бақуат ұрпақтары алтынмен аптап, күміспен күптеген «кесенелеріне» көзің түскенде қазақы дарақылықта шек жоқтығына көзің жетіп, көңіліңе кірбің ұялайды. Қала салып жарысуға болар, бірақ мола салып бəсекелесу – қай атамыздан қалған үлгі екенін білмей дал боласың. Қалай десек те, Кеңсай берер тағылымы бар, тек соны дұрыс түсіну лəзім.

Ахмет ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ

АЛМАТЫ

Кеѕсай:ќўлпытастаєы жазулар

Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 70 жыл-дан аса уақыт өтсе де осы соғыста 600 мыңдай боздақтарынан айырылған қазақтың жан жарасы əлі күнге жазылған жоқ. Қазақтар бұл соғыста көрсеткен ерліктерін ерлік деп емес, Отан алдындағы парызым деп санады. Көбісі осы сеніммен өмірден өтті.Жақында Ресей Феде-

рациясы Қорғаныс министрлігі Орталық архивінен Қызылорда облысы Шиелі ауданына хат келді. Ол хатта соғыста əскери дəрігер болған Тоқтыбаев Əділбек Жетібайұлы 1947 жы-лы «Ерлігі үшін» медалі жəне «ІІ дəрежелі Отан соғысы» орденіне ұсынылғаны, алай-да, жауынгердің өз қолына тапсырылмағаны жазылған екен. Енді Əділбек Тоқтыбаев деген кім? Қай жердің тумасы? Осыған кеңірек тоқталайық.

Əділбек Тоқтыбаев 1914 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында дүниеге келген. Жастайынан еті тірі, ізденімпаз бала сол кездегі тіршіліктің қиыншылығына қарамастан, Қызылордадағы қазақ-орыс мектебін үздік оқиды. Одан соң 1940 жылы Алматыдағы медициналық институтты бі-тіріп, осы қаладағы емдеу мекемелерінің бірінде дəрігер болып еңбек жолын бастайды. 1941 жылы соғыс басталғанда Алматы қаласының Сталин атындағы əскери комиссариаты арқылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, майдан шебіндегі 422-атқыштар дивизиясының 106 артиллериялық полкіне кіші дəрігер болып бекітіледі.

Ердің ерлігі сыналар май-дан шебінде емдеу ісіндегі шеберлігі мен адал қызметінің арқасында аз уақытта полкте үлкен абыройға ие болады. Орта Азиядан барған мұсылман сол-даттар Əділбекті пана тұтып «Біздің доктор» атандыра-ды. 1942 жылы жазғытұрым үшінші рангалы əскери дəрігер дəрежесіне көтерілген ол меди-цина қызметінің майоры шеніне де ие болады. 1942 жылы басқа əскери бөлімге ауыстырыла-ды. Сталинград үшін шайқаста көрсеткен ерлігі мен батылдығы, жаралы жауынгерлерді ем-деу мен сауықтырудағы ерен еңбегі үшін əскери хирургтың жанқиярлық еңбегі жайлы бірнеше газеттерде мақалалар жа рияланып, Əділбек Тоқ тыбаев «Сталинградты қор ғағаны үшін» медалімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады. Сол жылдың жаз айында Сталинград үшін болған алапат шайқаста жау ұшағының кезекті бом-балауы кезінде оң аяғының тізеден жоғары тұсынан жарақат алып, 1943 жылдың 24-мамы-рына дейін Мəскеудің орталық госпиталінде ем қабылдап, оң аяғынан айырылған Əділбек соғысқа жарамсыз болып, ағаш аяқпен туған ауылына оралады.

Соғыс жылдары қолда барын майданға аттандырып, тыр бана еңбек еткен қазақ ауылдарының жағдайы да мəз емес еді. Өз ісінің мамандары да тапшы бо-латын. Əділбек Тоқтыбаевты майданнан келе сала Қызылорда облыстық ден саулық сақтау бөлімінің бұйрығымен Шиелі аудандық ауруханасына бас дəрігер етіп тағайындайды. Осы жерде баса назар аудара кететін бір жағдай, Əділбек Тоқтыбаев Шиелі ауданында бас дəрігер болып жұмыс істеген тұңғыш қазақ азаматы екен.

Иық сүйер ер-азаматтарынан айырылып қана қоймай, асыра орындалатын еңбек сағаты мен ашқұрсақ өмір ауыл тұр-ғындарын да титықтатып тұрған жылдар. Жерлестерінің тəні мен жанын сауықтыруда Əділбек Тоқтыбаев тағы да аянбай еңбек етеді. Əділбектің көзін көрген Сыр өңіріндегі қариялар оның

еңбекқорлығын, адамгершілігін əлі күнге аңыз қылып айтады.

Медицина майоры Əділбек Тоқтыбаев 1945 жылдың қаңтар айында Қызыл Армия қатарына қайта шақыртылады да, Ақмола облыстық əскери гарнизонына дəрігер етіп жіберіледі. Əскери гарнизонда атақты дəрігер Розен бергтің қарамағында орди наторлық қызметпен бірге Ақ мола тубдиспансерінде фти-зиатр-рентгенолог қызметін қоса атқарады.

1946 жылдың шілде ай-ында əскери қызметтен боса-тылысымен Шиелі аудандық ауруханасының бас дəрігері бо-лып қайта тағайындалады. Кадр жетіспеушілігі себепті ол əрі хи-рург, əрі рентгенолог міндеттерін де қоса атқарады. Көптеген науқастарды қа тарға қосып, жабырқаған жан дардың жаны-на жалау болам деп жүріп өз денсаулығына қарауға мұршасы да келмейді. Оған дүние-мүлік, даңғаза-дақпырт қажет емес еді, тек өзі сүйген кəсібі – дəрігерлік қызметін адал атқару болатын. ІІ дəрежелі Ұлы Отан соғысының мүгедегі деп танылса да Əділбек Тоқтыбаев бұл қызметін ағаш аяғын сүйрете жүріп елінің ал-дында адал атқарған. Қиындыққа мойымай қажырлы еңбегін сіңірді.

Соғыс салған жара, ауыр тіршілік, тынымсыз еңбек, шала ұйқы кім-кімді де болса жықпай қоймас. Елінің сүйікті перзенті, қадірменді Əділбек Тоқтыбаев 1948 жылдың қыркүйек айында небəрі 35 жасында көз жұмады. Қаншама мүгедек, жарымжан адамдарды ажалдан арашалап қалғанмен абзал азаматтың өзінің ауруын жазып, ажалдан аман алып қалатын жан та-былмайды. Аудан тұрғындары қиын кезеңде қаншама кісінің өміріне себепші болған аяу-лы азаматын, білікті дəрігерін үрмелі аспаптар оркестрімен соңғы сапарға шығарып салады.

Шиелі жұрты да жанкешті ардагерінің рухының алдын-да қарыздар болып қалмай, жақында ардагердің атына көше берген екен. Əрине, қуаныштымыз. Шиелі аудандық əкімшіліг і мен аудандық ономастикалық комиссияға алғысымыз шексіз. Алайда, көше атымен ғана шектеліп қалмай, өзі еңбек еткен, бас дəрігерлік қызмет атқарған Шиелі аудандық аурухана-сынан Əділбек Тоқтыбаев атындағы бір кабинет берілсе, қабырғасына суретті-тақта қойылып, өмірбаяны жазу-лы тұрса дəрігерлермен қа-тар емделушілер де аудан көлеміндегі алғашқы дəрі-герінің есімін еске ала жүрер еді. Аудан, облыс көлемінде Əділбек Тоқтыбаев атындағы спорттық шаралар өткізілсе де ардагердің аты мен қызметі олқылық жасай қоймас.

1947 жылы марапатталған «Ерлігі үшін» медалі мен «ІІ дəрежелі Отан соғысы» ор-дені де жақында Əділбек Тоқ-тыбаевтың ұрпағының қолына табыс етілмек. Алайда, қанша жерден орден-медальдармен марапатталса да, қанша жер-ден батыр болса да кісі өмірден өткен соң оның атын өшірмей ұрпа қтарға жеткізу тірілер – біздің борыш.

Гүлзат ШОЙБЕКОВА,журналист

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

Медицина майорыƏділбек Тоќты баевтыѕ мемлекеттік мара паттары ўрпаќтарын 69 жыл дан кейін іздеп келіп тапты

Page 14: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

30 шілде

2016 жылwww.egemen.kz14 ƏДЕБИЕТТІҢ

ƏҢГІМЕСІ

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

Бір күні əкем үйге жұмысынан көңілсіз орал-ды. Əшейінде көзі күлімдеп, ақша бұлттай жарқырап жүретін əкемнің жүзі тұнжырап, қабағы түсіп кетіпті. Жүрегінде көңіл-күйін құлазытқан бір түйткілдің бар екенін үйге кірген бетте сездім. Інім Мағжан ойнап кеткен, ше-шем əлі жұмыстан келе қоймаған еді. Екеуміз ас бөлмеге кіріп, үнсіз отырып шəйімізді іштік. Сүт пісірім уақыттан соң көңіл-күйінің неге алғаржақтанып тұрғанын сездіргісі келгендей əкем екеумізге де ұнамаған үнсіздікті өзі бұзды:

– Олжастың жағдайы қиын. Дінмұхамед Қонаев туралы фильм түсірген соң, соның сүйікті адамдарының бірі болғансың деп, əркім бір тиісіп жатыр, – деді көңілінің неліктен құлазып қалғанын білдіріп.

– Олжас кім көрінгенге жалынан ұстата қояр ма екен? – дедім мен.

– Жалғыз ғой, – деді əкем əңгімесін əрі қарай жалғастырып. – Мұқағали айтпақшы – ұлы ақындардың бəрі жалғыз. Абай, Мағжан, Олжас, Мұқағали, Төлеген, Жұмекен – бəрі-бəрі...

– Мағжан деген кім? – дедім, бұрын-соңды əдебиеттен мұндай есімді кездестірмеген мен аң-таң қалып.

– Амангелді, сенің ақылың бар ғой. Ешкімге айтып қойма, Мағжан Жұмабаев деген қазақтың ұлы ақыны болған. Ұлым Мағжанның атын сол ақынның есімінен еншілеп қойғанмын. Кезінде досым Жарасқан Əбдірашевқа көптеген лирикалық өлеңдеріне бола «Мағжанның құйыршығы» деген айдар тағылып, оның басын дау-дамайдан əзер құтқарып қалғанбыз.

Мен сол күні шығармаларын оқуға тыйым салынған ақындардың да болатынын өмірімде бірінші рет естіп, таңғалдым....

Əкем Алаш арыстары, қазақ əдебиетінің сом діңгектері Ахмет, Міржақып, Жүсіпбектердің, əсіресе, поэзия патшасы – Мағжан Жұмабаев-тың ақталуын аңсап күтті. Əскерде жүрген маған жазған соңғы хатында: «Биылғы жылдың ең үлкен жаңалығы – Шəкəрім Құдайбердиев деген үлкен ақын ақталды. Абайдың шəкірті, Абай ауылында туған. Мен Семейдегі тойы-на барып қайттым. Алдағы үлкен үміт – Мағ -жан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов (тор-ғайлық, «Ақкөл» совхозынан шыққан, отец мировой тюркологии болған), Жүсіпбек Ай-мауытов – драматург, осы үшеуі ақтала ма де-ген үміттеміз. Правительственная комиссия құрылып, мəселелері қаралып жатыр», – де-ген қуанышты хабарды жүрегі жарыла жаздап жеткізген еді.

Өкінішке қарай, əкем Мағжанның ресми түрде ақталғанын көре алмай кетті. Алайда, ол үкімет қаулысын күтпей-ақ Мағжан, Ахмет, Жүсіпбектер туралы «Олар халқына қайтып оралды» деген мақала жазып, оны өзі жұмыс істейтін «Парасат» журналына жариялап жіберді.

ӨЛІМНІҢ БӘРІ БІРДЕЙ МЕ? Мағжан мен Кеңшілік ақынның тағдыры мен

өнердегі мінезінде ұқсастықтар мен үндестіктер жетіп артылады. Кеңшілік те өлең өлкесіне Мағжан секілді салғаннан өз қолтаңбасын танытып келген ақын. Мағжанның өлеңдері қазақ халқының əйгілі қамқоршысы, жазушы Ғалымжан Ибрагимовті қатты толғантады. Əйгілі жазушы 1911 жылы шыққан «Қазақ қызы» романының бірінші бетіне 16 жасар Мағжанның «Айға» деген өлеңінің бір шумағын эпиграф етіп келтіреді:

«Кең дала көресің ғой мынау жатқан, Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.Асқар тау, балдан тəтті сулары бар, Əне сол анам еді мені тапқан. Кеңшілік Мырзабеков те қазақ поэзиясына

құбылыс болып келді. Жазушы Болат Бодаубаев 1971 жылы шыққан кітабына Кеңшіліктің 16 жасында жазған бір өлеңінің сегіз шумағын эпиграф етіп алған еді.

Өліара мезгіл… он алты жаста едік біз, Өліара өтсе өруге жүрген елікпіз. Сансыз табандар сарсылған дүние, сені біз, Тауыса алмаспыз, армансыз кезсек дедік біз.

Жалғыз да жарым жорытпай жайық жапанға, Тұяғы барлар туған соң тыныш жатар ма? Қырық құбылып Құралай ертең өткен соң, Құлындай ойнап шығамыз біз де сапарға. Бұл екі ақынның тағдырындағы ұқсастық. Ал

Мағжан мен Кеңшіліктің өнердегі мінездерінде де бірін-бірі толықтыратын үндестіктер мол. Соның бірі өлеңдегі мінез. Мағжан – ауыз-дығымен алысқан асау ақын. Ол көктегі Тəңір-ден басқа ешкімді мойындамайды, дүние-жалғанға асқақ қарайды.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген, Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар? Мағжан ақынның табиғатындағы осы мінезді

Кеңшіліктен де көреміз. Дүние-сарайының кең екеніне кəміл сенген оның бойында да жұрттың бəрі секілді болуға көнгісі келмейтін тарпаңдық бар.

Табаным талай шоқ басып, Қып-қызыл отқа күйді ерін. Тарпаң ем тағдыр ноқтасын. Салғызбай басқа сүйредім. Кеңшіліктің жыр кестесіндегі ою-өрнектерге

назар аударыңыз. Мағжанның интимдік ли-рикасындағы өлімді мойындағысы келмейтін тəкəппар мінез Кеңшілік поэзиясына да тəн. Егер де жыр шайыры Мағжан:

Мен өлмеймін, менікі де өлмейді, Надан адам өлім жоғын білмейді. Өзім – патша, өзім – қазы, өзім – би, Қандай ессіз не қылдың деп тергейді, – деп

жырласа, Кеңшілік ақын: Өлімнің бəрі бірдей ме?Жо-жо-жоқ, оған қарсымын.Мен өлсем ертең гүлдейді Тамырым мен менің талшығым – деп, тəн

өлгенмен, жан өлмейтінін айтып, бұл ойды толықтырып, одан əрі тереңдете түседі.

СҮЙЕ БЕРЕМІНЕкі ақынның махаббат тақырыбын жырлауын-

да да, əйел затына жан-тəнімен ғашық болатын жастыққа тəн албырт мінездерінде де ғажайып үндестік бар. Мағжан да, Кеңшілік те бұл нəзік сезімді енесін аңсаған құлындай соншалықты беріліп, бар жан-тəнімен шынайы жырлайды. Мағжан əйелмен сүйіскен сəтінің бір минутына дүниенің бүкіл малын айырбастағысы келмей, ғашығының балдай тəтті құшағында тұншығып өлгісі келеді.

Əйел сүйем, бірақ емес сендерше, Мен сүйемін жан-денесін бергенше, Жан-денесін бірдей алам, улаймын, Қысып сүйем құшағымда өлгенше. Кеңшіліктегі махаббат тақырыбын жырлау-

дағы қысылып-қымтырылуды білмейтін, бірақ əдепсіздікке бой алдырмайтын еркіндік те – Мағжан поэзиясынан жұққан қасиет. Оның сүйегі қурап қалғанша əйел затын сүюден тан-байтынын жырлап, махаббатына маңдайын сүйеп өлгенді қош көретіні де сондықтан. Кеңшіліктің махаббат майданындағы күйге-лектігі де Мағжаннан аумайды: …

Сондықтан сүйем, сол үшін сүйем сонша көп, Мұңнан да рахат, удан да уыз тамса деп. Сүйе алмай, налып болғаным да бар

сонша əлек,Сүйіп те қалып, күйіп те қалдым қанша рет.

ОРТАҚ ҚАСІРЕТ Екі түрлі заманда өмір сүрсе де Мағжан

мен Кеңшіліктің жүректерін жаншып, азап шеккізген ортақ қасірет болды. Ол – құлдық сана мен отаршылдықтың бұғауы. Мағжанның түбіне жеткен бір қауым бар. Ол – құлдық

санадан арыла алмаған қара тобыр. Мағжан жұрттың бəрін бір шыбықпен айдап, бір ғана жолмен жүргізгісі келген мысықтілеулес қара тобырдың айтқанына көнгісі келмеді. Өйткені, Мағжан – елінің азаттығын аңсап айға атылған арыстан. 1923 жылдан бастап шайырға қарсы шабуыл қатты үдеп, шарықтау шегіне жетті. Пролетар сыншылары тарапынан оған қарсы жүргізілген күрес те қатал болды. Белгілі жа-зушы Жүсіпбек Аймауытовтың ұлы ақынды ақтап алғысы келіп жасаған баяндамасы да аш қасқырдай алақтаған қара тобырдың екпінін баса алмады. Түйсіксіз надан қара тобыр қай кезде кімді тыңдап еді? Дəл Мағжандай бол-маса да, Кеңшілік ақынға да құлдық санадан арыла алмаған қара тобырдың көрсеткен азабы мен шеккізген шері шаш етектен. Көзі тірісінде «Қыз», «Ерте келген күз», «Қара тақыр», «Қашардың өлімі», «Жапырақ» секілді толып жатқан төрт құбыласы түгел өлеңдерін жария-лата алмаған Кеңшілік ақынның нəзік жанын нала кемірді. Ақынды рухани мүгедек қылудың бұдан артық қандай амалы бар еді?

«Бүгіндері азды көпті творчестволық өмір-баянымызға көз тастасақ, əдебиетке тоқырау кезеңінде келген сол кездің сызы мен салқыны бойымыздан енді-енді біліне бастағандай. Сол кезеңде талай-талай өлең, балла даларымның кездейсоқ баспа редак торларының қолымен өңделіп-жөнделіп, қысқарып-ұстарып шық-қанын айтпағанда осыдан жиырма жыл бұрын жазған кішігірім бір кітаптық өлеңдерім жи-нақтан-жинаққа енбей, жолы болмай келеді», – деп шынайы поэзияның не екенін түсінбейтін қара тобырдың мəңгүрттігінен қапаланған Кеңшілік ақын амалы таусылып, өлерінің ал-дында ақ қағазға мұңын шақты.

БОЗ БИЕҚазақтың мойнындағы отаршылдықтың

қамыты Мағжанның сорын қайнатып, жүрегін қан жылатты. Кеңес өкіметінің «жетістіктерін» жырлаудың орнына ақын тəуелсіздік таңының атпағанына қапаланды. «Мұңдылармен мұң-дасып, адасса ел деп адасқан» Мағжан ақын-ның жаны қазақтың қамын ойлап ышқына шыңғырды.

– Қанды жас жалау кімдікі? – Кімнің ұлы құл болса, Тұлымдысы тұл болса, Қанды жас жалау соныкі, Ендеше, қазақ сенікі! Мағжан поэзиясынан сусындаған Кеңшілік

ақында да отансүйгіштік рухтың айбыны басым. Отанын шексіз сүйетін ақын отаршылдықтың зардабынан Қазақстанның көделі ойы мен жу-санды қырының ту-талақайы шығып, жырты-лып тасталғанына қапаланып, боз бие болып боздады.

Нағашы ауылымның арасы бізден бір-ақ қыр, Қозы-лағымыз қосылған шүйгін қырат бұл. Тың көтерген жыл төбенің түбіт көдесін Тарап əкетті тарақ табанды трактор. Тың игеру науқанының қазақ даласына алып

келген қайғы-қасіретін жырлаған ақын «Боз бие» балладасын он сегіз жыл бойы жария-лата алмады. Бұл туралы Кеңшілік ақынның өмірінің соңғы сəтінде жазылған естелігінде мынандай жолдар бар: «Мен бесіктен белім жаңа ғана шығып, əдебиетке əлі толық келіп үлгермеген кезімде «Тың жыртқан жыл не-месе боз бие» деген дүние жаздым. Осы өлең ді он сегіз жыл жариялата алмай жүріп-жүріп 1985 жылы ақын Иранбек Оразбаев «Жазушы» баспасында менің жинағыма ре-дактор болған кезде əрең шығардым. Ал қазір тыңның экологиясы туралы айтып жатырмыз. Мəселе көтеріп жатырмыз. Шыбын жанымыз шырқырауда. Ал мен, мақтанғаным емес, сол проблеманы жиыр ма жыл бұрын, бала ақын кезімде жазыппын. Бірақ, дер кезінде басты-ра алмадым».

Мағжанды тұңғыш тануым

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан соң Қазақстанда ерекше бір дүрбелең басталды. Азаттықты аңсап алаңға шығып ұсталып қалған жастардың бәрі аяусыз жазаланып, азаматтар қара тізімге ілігіп, жауапқа тартылып, қызметтерінен алынып, жұмыстарынан босатылып жатты.

1966 жылы Өзбекстан Республикасы-ның Сырдария облысында Ғафур Ғұлам атындағы өзбек-қазақ педагогикалық инсти-туты қала типтес Сырдария поселкесінде, мектеп-интернаттан босатылған ғимарат орнында ашылды. Тамыз айының басын-да өзбек, қазақ, ағылшын жəне математи-ка факультеттеріне студенттер қабылдау жұ мысына ректор, мен жəне бухгалтер үшеуіміз қызу кірісіп кеттік. Төрт факуль-тетке əрқайсысына 50 шəкірттен 200 студент алу жəне оларды оқытушы профессорлармен қамтамасыз ету жұмысы алдымызға қат-қабат қойылды. Ректорымыз Абдулла Əбдeнəбиев мені төрт факультеттің деканы етіп бекітті. Оқытушы профессорларды қабылдау билігін маған қоса жүктеді. Олай болатыны, əрі ректордың қолы ұйымдастыру жұмысынан босай бермейтін. Екеуміз ақылдаса отырып мамандар қабылдай бастадық. Ағылшын тілі факультетінде өзбек, қазақ жəне орыс топ-тары құрылды. Ағылшын тілін білетін жас мамандарды іздестіре бастадым. «Іздегенге сұраған», демекші, ағылшын тілін қазақ тілі арқылы оқытатын ерлі-зайыпты Əбдіғани мен келіншегі Тəжігүл келе қалғаны бар емес пе! Келіншегін бірден таныдым. Мен Ташкент облысы, Жоғарғы Шыршық ауданындағы Жаңабазар селосындағы №26 қазақ орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарып жүргенімде сол мектепте оқыған шəкіртім болып шықты. Əбдіғани екеуі Ташкенттегі шетел тілі институтының ағыл-шын тілі факультетінде оқып жүргенде та-нысып, үйленген екен. Екеуін үй-жаймен қамтамасыз етіп, қоғамдық жұмысқа жектім. Ол домбыра тарту, əн салу, би билеу үйірмесін басқаруға кірісіп кетті. Əбдіғани кез келген музыкалық аспапта ойнай беретін əрі əр ұлттың тілінде əн салатын бесаспап, өнерлі жігіттің өзі болып шықты. Келіншегі де сы-зылтып əн салатын, ерке ару еді. Екеуі де институттағы қазақ жастарын өнер жолына баулып, ерекше еңбек сіңірді. Үйге мейман келсе, Əбдіғаниды шақырып, əн салдыратын едім. Тұла бойы өнерге толып тұрған жігітке Алматыдан келген құрметті қонақтарым да шексіз риза болып, рахметтерін жаудырып жататын.

1960 жылы Алматыдан менің ғылыми жетекшім, академик Қажым Жұмалиев ұстазым Төкен Абдрахманов екеуі ойламаған жерден мейман болып келе қалыпты. Дереу студенттермен кездестіріп, шəкірттерімнің өнерлерін көрсеттім. Сəл ертеректе сол кездегі Жамбыл қаласына барып, қазақтың музыкалық аспаптарын түгелдей алып келген едім. Студенттер осы аспаптармен өнерлерін аянбай көрсетті. Ол кезде мен институттың проректоры болатынмын. Кездесу кезінде Қажекең студенттердің өнерлеріне разылығын білдіріп:

– Əй, Бекемтас, (мені солай атайтын) өңшей сұлу, өнерлі қыздар мен сері жігіттерді қайдан тауып алғансың? – деп қатты риза болғаны бар. Содан кейін жанындағы доцент Төкен ағайға қарата:

– Əй, Төкен, Бекемтастың шəкірттеріне қара, бой десе – бойы бар, өнер десе – бірінен бірі асып тұратын, өздері кербез сұлу, шетінен өнерпаз, көз қуантар жастар екен. Ал сенің ҚазПИ-іңнің студенттеріне қара, бұлардың жібін есе алмайтын «қарақтарым» ғой, – деп ренжігені бар.

Бірде əңгіме үстінде Əбдіғаниға: «Сенің бұл ортаң, Сырдарияң саған тарлық етеді, түбінде сен Алматыға барып, нағыз танымал əншіге айналуың керек», деп тілек білдірдім. Осы ой Əбдіғаниға əсер етті ме білмеймін, ол Алматыға көшіп кетті де, тез арада танылып, тыңдаушы қауымның мақтанышына айналды. Ағылшын тіліне де əбден жетілді. Ғылыми жұмыспен де айналысып, күн өткен сайын толысып, өсу үстінде болды. Айдалада жүріп онысына мен де қуандым. Соңғы жылдары: «Еуропадағы «Азаттық» радиосына жұмысқа баратын болдым, сіз қалай қарайсыз?» деп, менің пікірімді күтті. Мен: «Бұл жұмысыңда – қала, қалама, саясат пен идеологиялық талас-тартыстың қып-қызыл майданы-на араласпай тұра алмайсың. Олар сені өз мүддесіне қарай пайдаланбай тұра алмайды. Сол себепті, сенің іштей белсенді бағдарың берік болуы, халқыңа, яғни ұлтыңа пайда бар ма, əлде сені алдаусыратып, беймағлұм бағытқа бұрып жіберуі де мүмкін бе, соны ойлан. Алданбаймын десең, өзіңе сенсең – бар, ерік өзіңде, тəуекел ет те қызметіңе кірісе бер», дедім. Ол үлкен сеніммен кетті. Алыста қызметте жүріп, үнемі хабарласып тұрды. Елге оралғанда арнайы сəлем бере келіп, сырласып, əңгімелесіп, онда болып жатқан əртүрлі оқиғалардың мəніне өзінше баға беріп, мəселеге сын көзбен қарайтын қабілетін байқатты. Соған сырттай ризалық оймен қарап жүрдім. Бірақ, ақиқатын ай-тайын, «Азаттық» радиосындағы аз ғана қазақтардың тоғышарлық психологиясына, шетте жүріп рушылдық дертіне ұшыраған, пенделік əрекетіне іштей ызаланып, күйініп жүрді...

Зейнеткерлікке жасы жетіп, елге орал-ды. Содан кейін жиі ұшырасып, сырла-сып жүрдік. Бір күні көңілсіздеу күйде ұшырастық. Көңілдендіру үшін өткен-кеткенді еске түсіріп, Ташкентте болған қы зықты өмірімізді еске алып, мəз бо-лысып қалдық. Өзінің үйленуі жайлы, ондағы дəстүрлі қазақы ырымдарды білмей, жатырқап, кейде күлкіге айналғанын айтып, жаны жадырап отырды.

Бірде келіншегі екеуі қалаға келе жа-тып, көлік үстінде көп адамдар арасында ағылшын тілінде акцентсіз əңгімелесіпті. Олар бұрын да ағылшын тілінде сөйлесуді əдетке айналдырған екен.

– Ташкентке келе жатырмыз. Уақытты босқа өткізбеу үшін, ағылшынша сөйлесіп келе жатыр едік, – дейді ол. – Мойны жуан, өгіздей күшті бір қазақ: «Əй, шибор-бай шіңкілдектер, енді орыс тілін қойып, қазақшаны ұмытып, қайдағы біз білмейтін тілмен шүлдірлеп не Құдай ұрды сендерді?» деп, бізге тиісе сөйледі. Үн қатпай жұдырық ала жүгіретін түрі бар. Кейпі бұзылып кет-кен. Көзі аларып бізге жақындай түсті. Себебін айтып, түсіндірейік десек тыңдар емес. Машинадағы жолаушылардың на-зары бірден бізге ауды. «Бұлар өз тілінде сөйлемей, бөтен тілде шүлдірлеген оңбаған жастар екен, бұларға сол керек!» деген дауыс-тары да шығып қалды. Кешірім сұрап, енді бұлай етпейміз деп, жалпақтап-ақ жатырмыз. Сол сəт машина аялдамаға тоқтай қалды да, жаңағы дөңмінез жігіт жұдырығын түйіп, түсіп бара жатты. Сонда да құр кетпей:

– Əй, желөкпелер, ендігəрі өзге тілде шүлдірлесеңдер, əкелеріңді көздеріңе көрсетемін! – деп, жұдырығын көрсетіп, ашуланып түсіп кетті. Жолаушылар «сау-ап болды, осындай шүлдірлектер көбейіп барады» деп, үн қатумен болды. «Осындай бір келеңсіз жағдайлар басымыздан өткен еді» деп, оның Сырдария пединститутына қызметке аларда бір сырласқаны бар еді. Мен Əбдіғаниға: «Сен бұған қапаланба, ақылыңа салып, қуан», – дедім. «Не үшін қуанамын, аға? Көлік ішінде, əр ұлт адамдарының көзінше, мені мұқатып кетті емес пе?» деді ол. «Əлгі жұдырығы жуан, тоңмойын жігіттің дөрекі қылығының өзінен жақсы қорытынды жасауға болады, – дедім мен. – Ол жігіт қазақ тілінің күнделікті қоғамдық тұрмыста сирек қолданылуы əрі жастардың орысшаланып бара жатқан қалпына ыза бо-лып, олардың ауыл балалары мен қыздарын келеке етуіне жан дүниесі күйіп, ызаланған, іштей қарсылығын сыртқа шығарған түрі бо-луы керек. Бұл жақсылық емей, немене?..».

Қарап отырсам, 1986 жылғы Алматыдағы қазақ жастарының көшеге шығуы, билікке қарсылық көрсетуінің соңы көтеріліске ай-налып, Кеңес билігінің жеміріліп, КСРО та-рап кету оқиғасының бір себебі осында жа-тыр емес пе? Жаңағы жігіттің ашуы осының салдары екенін кейін Əбдіғанидың өзі де түсінген шығар...

...Əбдіғанидың көп тілді меңгеруі – өнерде өзі шапқан тайталасының жемісі ретінде қалыптасты. Халқы сол үшін де оны жақсы көріп, алақанына салды. Ал өзі болса шеттілдерін жан құмары ретінде игерді. Осы себепті, дүниеде не болып жатқанын білуге құштарлығы оның асқақ бір ерекшелігі бол-ды. Əйткенмен, өмір өтті! Заман өзгерді! Бірақ, бəрібір, халықтың жадында əнімен асқақтаған Əбдіғани құбылысқа айналды. Біз Əбдіғани Жиенбаевты солай қабылдаймыз...

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, профессор

АЛМАТЫ

Дидарғайып

Мазасыз жїрек иесіӘбдіғани Жиенбаев туралы сөз

Екі аќын. Екі таєдыр. ОРТАЌ ЌАСІРЕТ

Page 15: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

30 шілде

2016 жылwww.egemen.kz 15

ДҮБІРОлимпиаданың басталуына

6 күн қалдыЕнді аптадан да аз уақыттың ішінде Рио-де-Жанейродағы атақты «Маракана» стадионында кезекті жазғы Олимпиялық ойындардың алауы жарқ етіп жанып, бұрқ етіп көтеріледі. Бұл – айтулы аламан басталды де-ген сөз. Бұдан əрі Бразилия жеріндегі жан алып, жан берісетін жаһандық жарыстың көрігі қызып жүре береді. Қазір біздің спортшылардың алды мұхиттың арғы бетіне жетіп үлгерді. Қазақстан спортшылары жеке команда ретінде 1996 жылы Атланта

Олимпиадасына қатысқалы бергі уақыттардың бəрінде жүлдесіз қалған жоқ. Ал Лондонда, тіпті, 7 алтын медаль алып, айды аспаннан бір-ақ шығарды. Əлбетте, осы жолы тап осындай толағай табысқа жетудің өте-мөте қиын екенін білеміз. Оның объективті де, субъективті де себептері бар. Дегенмен, біздің ел намысы үшін жанып түсетін саңлақтарымыз тəуелсіздік жылдарынан бері қалыптасқан ежелгі дəстүрді бұзбай, оның үрдісін жалғастыра түсетініне сенгіміз келеді.

Байдаркада ескек есу спортында Дəулет Сұлтанбеков есімді жалғыз қазақ жігіті бар еді. Сол былтыр Рио Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алса да төрт жылда бір рет өтетін дүбірлі дода таяғанда ұлттық құрама сапынан шеттетіліпті. Осыған орай біз спортшымен кездесіп, сөзге тартқан едік.– Дəулет, Рио Олимпиадасы лицензия-

сына қашан қол жеткіздіңдер?– 2015 жылы 20-23 тамыз аралығында

Миланда өткен əлем чемпионатында төртеуміз 1000 метрлік қашықтықта 11-орынға ие болдық. Негізі, Олимпиада ойындарына 10 елдің төрттігі іріктелініп алынады. Əрі əр құрлықтың үздіктері баруы керек. Біз Азияның ең үздік құрамасы ретінде Рио лицензиясына қол жеткіздік.

– Бірақ, сен Олимпиадаға баратын төрт-тік құрамынан шығып қалыпсың? Неге?

– Қазақстан құрамасының бас жаттық-тыру шысы, Беларусь маманы Андрей Шантаровичтің шешімі осылай болды. Маған «көп ауыра бересің» дейді. Cозылмалы анги-надан қорлық көріп жүргенім рас, оны жасыр-маймын. Керек десеңіз, осы ауруды 10 жыл су кешіп жүріп, асқындырып алдым. Бірақ, қыста емделіп, жазда төрт кісілік байдаркадағы серіктерімен ел намысын абыроймен қорғап келдім.

Бас бапкер былтыр маған ерекше шарт қойды. «Егер Қазақстан кубогындағы

жа рыстарда 1-4-орындарға ие болсаң, сонда ғана құрама сапына аламын», деді. Мен ел Кубогы жолындағы жарыстарда жекелей сын-да бəйгеге түстім. 200 метрлік қашықтықта 2-орынға, 500 метрлік жəне 1000 метрлік қашықтықтарда 3-орынға, ал 5000 метрлікте 1-орынға шықтым. Сөйтіп, өзімнің құрама сапына лайық екенімді іс жүзінде дəлелдедім.

Биыл ақпан айында емделдім. Бас бап-кер «толық айығып шық» деп уақыт берді. Бір жарым айға жуық уақыт ем қабылдадым. Көктемде құрама сапына қосылып, Беларусь еліндегі екі апталық оқу-жатығу жиынына қатыстым. Осы жиында жаттықтырушының

тіпті елемеуге тырысатынын сездім. Содан соң өзім де оны көп мазалаған жоқпын. Ал ол басшыларға «жаттығу жұмыстарына сел-қос қарап, енжарлық танытты», деп шағым-даныпты.

– Ал сенің орныңа кімді отырғызбақ?– 2014 жылы Украинадан келген Сергей

Токарницкий деген жігіт барады.– Ашық айтылмайтын бір сылтау бар

сияқты ғой. Бар кінə сенің қыста ауырып қала беретініңде емес шығар. Мəселен, сенің ағзаңнан допинг табылып қалуы мүмкін болар? Шынымды айтсам, кейбір журна-листер солай деп жүр...

– Жоқ, мен тазамын. Ешқандай допинг қолданған емеспін. Өзгелермен шатастыра-тын шығар. Мысалы, менің орныма Риоға ба-ратын легионер осындай күдіктің себебінен Əлем кубогына қатысқан жоқ. Ал мен барлық халықаралық жарыстарға қатыстым.

– Онда тəртібің нашар емес пе? Бас бапкер ге қандай қылығыңмен ұнамай қалуың мүмкін?

– Тəртібім нашар емес. Бірақ намысқоймын. Əрі олардың мені ұлтшыл деп ойлайтындарын сеземін. Əу баста біздің құрамаға Андрей Шан тарович келіп, жиналыс өткізгенде, оның əкесі Владимир Шантарович те қатысты. Сонда оның: «Сендер, қазақтар, еріншек, жалқаусыңдар», деген сөзіне шыдай алмай, өз ойымды айтып салғанмын.

Содан кейін құрама сапында бір қазақ жігіті болды. Өзбекстаннан келген еді. Соны құрамадағы жігіттер, өзге ұлт өкілдері «өзбек» деп келемеждеп, тəлкек қылғанда, арасы-на түсіп, шекісіп қалғанмын. Бірақ, ол үшін жазаға тартылдым. Бес ай жалақысыз қалдым.

Білемін, ол жағынан өзімнен де бар. Бірақ, былтыр да емес, келесі жылы да емес, тура биыл, Олимпиада қарсаңында ұлттық құрамадан шеттетіліп, төрт кісілік қайықтағы орнымнан қуылғаным жаныма батады. Байыз тауып отыра алмаймын. 10 жылғы төккен терімнің зая кеткені ішімде шер-запыран бо-лып қайнап жатыр.

– Спорт басшыларына бармадың ба, соларға бəрін түсіндіріп айтпадың ба?

– Бардым. Айттым. Олар бас бапкердің айтқаны болады деді. Содан соң: «Не істейсің енді, спорттан кетпе, онсыз да бізде қазақтар аз, жассың ғой, алда Азия ойындары бар», дейді. Таңғалдым, айтарға сөзім жоқ.

Əңгімелескен Нұрғазы САСАЕВ

Бақтияр ТАЙЖАН,«Егемен Қазақстан»

Лондон. 2012 жыл. Қазір Біржан Жақыпов шаршы алаңға шығады. Қасымдағы сыралғы дос, сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облыстық спорт жəне дене тəрбиесі басқармасының басшысы Болат Қырықбаев қайта-қайта терең дем алып, жеңіл күрсініп қояды. Түсініп тұрмын. Басу айта алмаймын.

Зоу Ши Минг жеңісті қолдан бе-ре тін боксшы емес. Сонау Бейжің Олим пиадасынан бергі əлем, Азия чемпионаттарының да, Азия Ойындарының да сапалы металдан жасалған медальдары үйінің қақ төрінде ілулі тұр.

Алса ала берсін-ау, бірақ сол Бейжіңнен бері біздің Біржанның несібесін жырып келе жатқандығы көңілге қаяу түсіреді. Мінезі көркем біздің жігіттің осал жері жоқ.

Зоу Ши Мингтан аянып қалған жері жəне жоқ. Бірақ шаршы алаңда ойнақ салатын Зоу тепе-тең ұрыста да жеңіске жетіп кетеді. Оның үстіне Лондонда Қытай бокс құрамасынан Зоудан басқасы жарыс жолынан шығып қалған. Ендеше, бокс əлеміндегі бар атақ-даңқты бір бойы на жиып алған Зоу шіркініңіз, Қытайдың үкілеген үміті бұл жолы да біздің жігітке есе беруі қиын-ау.

Болат екеуіміздің қабағымыз салыңқы тартып, күрсініп отырғаны-мыз осы.

– Зоудың бір жері сынып қалса екен.

Досым тым алысқа кетіпті. Оңтүс тіктің медаль алады деген спортшыларының барлығы орта жолда барлығып қалған. Жеңіспен бірге абырой да керек елге арқырап барғанға. Бəрін бүлдіріп тұрған мы-нау. Тым құрмаса жартылай финалда жолыққанда ғой.

Əне, екі қолын ербеңдетіп, бота-дай ойнақтаған Зоу тұсымыздан өтіп барады.

Артынша Біржан көрінді. Келісті жігіт. Соңында – жеке бапкері жəне Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Айқайладық. Көзі жарқ ете қалған Біржан бізге қол бұлғады.

Алапат айқас басталып кетті. Екеуі де бір-бірін өте жақсы біледі. Екеуі-нің де ұрыс машығы жүректерінде жатталып қалған. Екеуі де осы айқас «алтынға» бастайтын баспалдақ екенін жақсы біледі. Біздің жігіт тым ширығулы. Əшейіндегі сынық мінезін бойынан сыпырып тастап, жолбарыстай шабынып жүр. Екеуінің қолдары да алмас қылыштай жарқ-жұрқ. Талмау тұс ашылып қалса нар-кескендей сұғып алуға бар. Аңдысу жоқ, қойғыласу бар.

Зоу Біржанның таудан құла-ған селдей екпініне шыдай ал-май, тайғанақтап ұрыс салып жүр. Жырынды қу шабуыл кезінде

ашылған сəттерде есесін жібермейді.Бірінші раунд та, екінші раунд

та Зоудың еншісіне жазылды. Онсыз да қарасұр Болат қаны қарайып сұп-сұр болып отыр. Өзіміздің жігіттер шаршы алаңға шыққанда сарайды мойнымызға іліп кетердей екіленетін біздің түріміз де оңып тұрған жоқ-ау. Бес төрешінің үшеуі ұпайды пианино тілін басқандай қытайға беріп жатыр.

Соңғы раунд. Ақылды жігіт емес пе, Біржан бəрін түсініп жүр. Зоуды ұрып құлатпаса, енді жеңіс жоқ. Қос қолы найзағайдай жарқылдап қытай боксшысының төбесінде ой-найды. Бокс – өте қатал өнер түрі. Талай ауыр соққылардан талай боксшы қайтпайтын жаққа атта-нып кеткендіктен бокс қолғабының ішіне салынатын қыл-қыбырды қалындатқан. Жеңіл тию үшін. Жеңіл салмақтағы боксшыға жеңіл тиетін қолғаппен ұрып құлату қиын. Бірақ, намысы тұла бойын буырқантқан Біржан атойлауын тоқтатар емес. Болмады. Ертеңінде тағы келдік. Жарыс басталуға əлі бірталай уақыт бар еді.

– Бақтияр аға!Шаршы алаң түбіндегі басқышта

Біржан тұр. Барып батырымыздың маңдайынан сүйдім. Іштей ширығып жүрген еркебұланның көзінен бырт-бырт етіп жас үзілді.

– Аға, барымды салдым. Зоу тағы да алдырмай кетті. Өз түйсігімде жеңілген жоқ сияқты едім. Төреші қолыңды көтермегеннен кейін бəрі бекер. Халқымыздың үмітін ақтасам деп едім. Əкем Жақыпты жақсы білесіз, мен үшін жанын беруге бар. Созақбай аға да ақ тілеу айтып қалып еді. Елдің үмітін ақтау үшін аянғаным жоқ.

Жайшылықта сөзге жоқ бауырым қыстыға ақтарылады. Өз басымызда Біржан жеңілді деген ойда жоқпыз. Теңбе-тең айқас. Жеңісті Біржанға бер се де, Зоу «оу, бұл қалай болды?» демес еді.

Содан бері талай жыл өтті, тарих парағы сан ашылып жабылды.

Зоу Лондоннан соң кəсіпқой бокс-қа ауысты. Ал үлкен спорттағы үлкен жеңісінен үміті бар біздің Біржан əлем биігін бағындырды.

Рио Олимпиадасының жолдама-сын AIBA-ның APB жобасы бойын-ша жеңіп, осы жүйеде топ бастап тұр.

– Асылық айтпайын, бірақ Риода жолым оңғарыларына сенемін, – дейді Біржанның өзі. – Дүниежүзінде азулы қарсыластарым көп. Ішінде шаршы алаңда кездеспегендерім де жетеді. Бапкерім екеуіміз əрқайсының ұрыс машығын талдап, қарсы амал-дарды пысықтадық. Мен үшін əрбір кездесу аса маңызды. Алаш жұртына қуаныш сыйлағым келеді. Осы жолда ештеңеден аянбаймын.

Əлем чемпионы сөзінің тоқетері осы.

Оңтүстік Қазақстан облысы

– Чемпионатта біз өзіміздің мықты жақтарымызды да, əлсіз тұстарымызды да байқап көрдік. Енді байқалған олқылықтардың орнын толтыруға күш саламыз. Командамыз қазір төрт аяғын тең басып тұр. Барлық салмақтарда да өз лидерлері өсіп келеді. Ал чемпионатта төрт бірдей алтын медаль жеңіп алу оңай тірлік бол-маса керек. Осының өзі құрама негізінің мықты екенін көрсетеді.

– Мұндай төтен табыстың сыры неде?

– Оның аса бір құпиялай тұра тын сыры жоқ. Бар негізі – тыңғылықты дайындықта. Осы кезге дейін бізде

ұйымшыл, тату ұжым қалыптасып үлгерді. Үлкен жетістіктерге же-туде мұ ның атқаратын рөлі де аз емес. Боксшыларымыз бір-бірлеріне қатты қолдау көрсетіп, барлық уақытта көмектесіп тұр-ды. Сосын өз үйіміздің төрінде өнер көрсетуіміздің де əсері көп бол ғанын айтуымыз керек. Жанкүйерлер біздің қыздарға ұдайы қолдау көрсетіп отыр-ды. Соның арқасында ойлаған нəрсеміздің бəрі орындалды деп есептеймін.

– Астана турнирінде кім сіз-ді риза етті, кімнен көңіліңіз қалды?

– Назым Қызайбайдың өте жақсы өнер көрсеткенінде кү-мəн жоқ. Бұдан басқа, Дина Жо ламанның өнеріне ризамыз. Сондай-ақ, жасы бəрінен кіші Валентина Хальзованың мұндай ірі жарысқа бірінші рет қатысып отырғанына қарамастан, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріле білгені жақсы жаңа лық болды. Дəл сондай үлкен додаға алғаш рет түскен Ай ман Қо-жабекованың қола медаль алуын да жетістік санаймыз. Ең бас-тысы, қыздар мұндай ірі табыс-тардан кейін масайрап кетпеуі керек. Керісінше, жаттығуға

барынша көңіл бөліп, өздерінің өсе түсулерін қамтамасыз етулері тиіс. Ал көңіл қалдырған ешкім болған жоқ. Спортшыларымыз барлығы да қолдарынан келгендерін жаса-ды. Дəл қазіргі сəтте кім күшті – жүлдені де солар алды.

– Расында да төрт бірдей ал-тын медаль алу – үлкен жетістік. Енді басқа елдерде өтетін келесі əлем чемпионаттарында осы көрсеткішті қайталау мүмкін бе?

– Меніңше, ендігі жерде бəрі біздің өз қолымызда. Біз мұны жасауға болатынын дəлелде-дік. Енді оның кездейсоқ нəрсе емес екенін дəлелдеуімізге тура келеді. Бұл үшін ынты-шынты-мызбен еңбек етіп, тапжылмай жаттығуымыз керек. Оның кезінде кімнің соған дейін қандай медаль алғаны ұмытылуы тиіс. Астанада өткен əлем чемпионаты қазір тарихтың еншісінде қалды. Ал біз алдағы күн үшін күресуіміз қажет. Əрбір жарыстың алдында белгілі бір мақсат қойып, соны орындауға жұмыла білсек, табыс бізді айна-лып өте алмайды.

– Чемпионаттың басты жаңа лығы, сөз жоқ, Валентина Хальзова болды. Жарыс ал-дында одан мұндай жетістік күтілді ме?

– Шынын айтқанда, жоқ. Күткен жоқпыз. Ол жетістік со-нысымен де қымбат. Жалпы, Валяның турнирде медаль алуға қабілетті екені ескерілді, алай-да, оның алтын жүлде болып шы ғатыны жайында ойлана қоймаппыз. Бірақ, біріншілікте барынша ашыла білді, ұрыстан ұрысқа өсе түсті. Ақырында фи-налда да қарсыласынан басым түсті. Осылайша астаналық қыз өзінің туған қаласында жарқырап көрінді. Бұған дейін жастар ара-сын дағы əлем чемпионатының жүлдегері, Қазақстан чемпио ны болған жас қыздың бұл жеңісі қалған жас буынды да жігер-лендіре түсуі тиіс. Дегенмен, Валяның ересектер арасындағы орнын нықтап алуы үшін əлі де көп тер төгуі керек. Осы қарқынынан таймаса, оның болашағы зор бола-тынына ешбір күмəн жоқ.

– Жайна Шекербекованың өнері туралы не айтар едіңіз?

– Жайна алдына қойыл-ған минимум бағдарламаны – Олимпиадаға жолдама жеңіп

алуды орындады. Сондықтан, мен оны жақсы өнер көрсетті деп есептеймін. Оған жартылай фи-налда Лондон Олимпиадасының чемпионы, британиялық Никола Адамс тұлғасындағы күшті бокс-шы кездесіп қалды. Ал Риоға барар алдындағы жаттығулар кезінде біз Жайнаның күшті жақтарымен қоса, қандай кез-дерде қателіктерге ұрынатынын да көрдік. Енді соларды қалпына келтіруге күш салып жатырмыз. Біз оның Олимпиадада медаль алуға əбден қабілетті екенін де біліп отырмыз. Мұндай қабілет Ойындарға бара жатқан екінші боксшымыз – Дариға Шəкімовада да бар. Бірақ кімнің қандай жүлде үшін күресетінін айтпаймын. Əйткенмен, оған жетуге толық мүмкіндіктері бар екені анық.

– Назым Қызайбай өзінің деңгейін көрсетті ғой?

– Иə. Ол өзінің негізгі сал-мағында өнер көрсетті . Өз салмағына қайта келгесін жанып түсті. Оны жаттықтырушысы қайтадан 51 килоға көтергісі келді. Бірақ ол кезде біз бұл салмақта Олимпиада жолдама-сын ала алмаған болар едік деп ойлаймын.

– Қазір Назымның кəсіпқой боксқа ауысатыны туралы да айтылып қалып жүр?

– Мен осыған байланыс-ты өзімен сөйлесіп көргенмін. Оған əлдекім Мəскеуден хабар-ласып, осындай ұсыныс біл-дірген екен. Бірақ, Назым бұл мəселені бір өзі шеше алмайты-нын айтады. Бұл үшін алды мен федерацияның келісімі керек. Со-сын жаттықтырушысы не айтады, оны да тыңдайды. Сондықтан, əзірге ешкімге келісім бермеген. Шамасы, промоутерлер дайын спортшыны ала салғысы келген сияқты. Ал оны тəрбиелеген, оған осы жолда қыруар ақша жұм-саған – біздің мемлекет. Осының арқасында Назым Қызай бай əлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Ол мұның бəрін өзі біліп отыр. Сол себепті де алдымен өзін дайындаған адамдармен ақылдасып алғанды жөн көреді.

ƏңгімелескенСерік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан»

Біржан белін буды

Вадим ПРИСЯЖНЮК:

Риоға жеңіс үшін бара жатырмыз

Қазақстанның бокстан əйелдер арасындағы құрамасының аға жаттықтырушысы Вадим ПРИСЯЖНЮК өз шəкірттерінің Олимпиадаға дайындығы туралы айтып берді. Ол алдымен бұдан бір ай бұрын Астанада болып өткен əлем чемпионатының нəтижелеріне тоқталды.

Үш телеарна Олимпиаданы көрсетеді

Биылғы Олимпиаданы «Хабар», «Қазақстан», Kazsport арналары көрсететін болады.Дастан КЕНЖАЛИН«Егемен Қазақстан»

«Хабар» арнасы жарыстарды 100 сағаттан астам уақыт көрсетуді жоспарлап отыр. Оның ішінде шараның ашылу жəне жабылу салтанаты бар. Телеарна негізінен бокс, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, велоспорт, дзюдо, таэквондо, гимнастика, суға жүзу, баскетбол, волейбол сияқты спорт түрлерінен өтетін жа-рыстарды көрсетеді. Ол үшін Рио-де-Жанейроға жарыстардан жедел ақпарат таратып, көрсету үшін екі бірдей түсіру тобы аттанады.

«Хабардың» директоры Ринат Кертаевтың айтуынша, телеарнаға Олимпиаданы жүргізуге тəжірибелі комментаторлар шақырылып отыр. Олар: Жандос Айтбай, Ержан Көшкінбаев, Ермұxаммед Мəулен, Айбек Қабылша, Андрей Неклюдов, Дмитрий Мостовой. Сонымен бірге, ол «Хабар» арнасына спорт түрлеріне байланысты сарапшылардың шақырылатынын айтты.

– Бразилияға Қанат Базылxан, Асxат Ниязов, Марат Тоқмағамбет жəне екі оператордан құралған түсіру тобы бара жатыр, – дейді ол.

Kazsport телеарнасында биыл алғаш рет тікелей студиялық бағдарлама жасалады. Телеарнаның басшысы Павел Цыбулиннің айтуынша, студияға еліміздің спортшылары, жаттықтырушылары, Мəдениет жəне спорт министрлігі жəне Ұлттық Олимпиада комитетінің жетекшілері шақырылады. Ал Олимпия ойындары аяқталған соң арна деректі фильм түсіреді.

Аталған арнадан Олимпиадаға журналистер Индира Бектенова, Ермек Төрениязов, Телжан Күдеров, Бағдат Сүлейменов, Руслан Дəулетов жəне операторлар бара жатыр. Kazsport арнасында Асxат Сағынаев, Сергей Райлян жəне басқа да жас комментаторлар жұмыс істейді.

Дәулет неге шет қалды?

СПОРТ

Page 16: 24саєатмал шаруа шылығы бойынша жəне 12-сі өсімдік шаруашылығы бо-йынша. Негізгі мəселелердің бірі –

30 шілде

2016 жылwww.egemen.kz16

Сөйле сурет Жəдігер

Бəрекелді! Дерек

Міне, қызық!

www.egemen.kzwww.egemen.kz

ХАБАР-ОШАР

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

Басқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІ

Басқарма төрағасының орынбасары – бас редактор

Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87 Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected]Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (777) 949-64-77;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 16 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Таралымы210 932 дана.

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Алматы қаласы, Мұқанов к-сі, 223 В, «Алматы-Болашақ» АҚ,070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №145 ek

Нөмірдің кезекші редакторларыАлександр ТАСБОЛАТОВ,

Рауан ҚАЙДАР

Отбасына он тоєызыншы перзент келді

Ұлыбритания ғана емес, əлемнің кез келген еліндегі отбасы үшін 19 бала туып, тəрбиелеу – өте си-рек кездесетін құбылыс. Сондай оқиға Англияда тұратын ерлі-зайыптылар Ноэль жəне Сью

Рэдфордтардың отбасында болды.Жасы қазір 41-дегі Сью ең алғашқы баласын 14 жасында дүниеге

əкелген екен. Оның тұңғышы бүгінде 27-ге толған. Ал үлкен қыздары Софи 22 жасында үш балалы болып үлгеріп отыр. Олар қазір жиыр-масыншы перзенттің болу мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

Иранда велосипед мінген əйел ќамалады

Иранда рұқсат етілмеген жерде велосипед айдап жүрген қыз-келіншектер бірден қамауға алынатын болды. Парсы елі Меривана қаласының солтүстік-батыс жағында осылайша

бірнеше нəзік жынысты темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты. Полиция өкілінің мəлімдеуінше, үкімет əйелдердің қоғамдық орындарда велоси-пед тебулеріне үзілді-кесілді тыйым салған. Енді парсы ханымдары тек өздері үшін белгіленген жерлерде ғана «шайтан арбаны» зырлата алады.

Ўлына «Ќасќыр» деген ат беру ќиындыќќа айналды

Испанияның Фуэнлабрада қаласында тұратын ерлі-зайыпты Игнасио мен Мария бұдан бірнеше ай бұрын туған ұлдарына əлі өздері ойлаған есімді бере алмай отыр.

Бұған олардың балаға испан тілінен аударғанда, «қасқыр» деген мағына беретін «Лобо» атауын бергісі келгендері себеп болған. Жергілікті билік бұған рұқсат бермей қойған. Енді алған беттерінен қайтпаған жұбайлар қол жинауға кірісіпті. Егер олар өздерін қолдаған дауыс жинай алса, осы есімді ұлдарына бере алады екен.

Єалымдар лас судан ауыз су дайындайды

АҚШ-тың Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетінде қызмет ететін үнді ғалымдары өте қатты ластанып кеткен судың өзін таза ауыз суға айналдырудың тəсілін ойлап тапты. Оқымыстылар жамағатының анықтаулары бойынша бұған күн, ауа

жəне графен оксиді тəрізді үш фактор ғана керек. Олар графеннің негізінде күн сəулесінің көмегімен əрекет ететін ерекше сүзгі жасап шығарған. Ал көміртегінің, сутегі мен оттегінің қоспасы болып табылатын графеннен алынған сүзгінің əсерінен судың құрамы тез өзгере бастайтын көрінеді.

Смартфон арќылы некелестіИталияның Жоғарғы соты алғаш рет смартфонның көмегімен скайп арқылы үйленген пəкістандық жігіт пен италиялық қалыңдықтың некелерін заңды деп танып отыр. Қалыңдық пен жігіт өз елдерінде

бірін-бірі тек скайп арқылы көріп тұрып, барлық рəсімдерді онлайн-режімде орындаған.Алайда, көп кешікпей Италияның ішкі істер министрлігі сотқа

аталған некені заңсыз деп тану жөнінде шағым жолдаған. Судья екі жастың бір-бірімен ерікті түрде үйленгенін ескеру керек екенін алға тартып некені бұзудан бас тартқан. Сонымен қатар, сот тиісті заңнамалар шаңырақ көтеруші жастардың бір-бірімен бетпе-бет кездесуін талап етпейтінін ескерген.

Англияда аралардыѕ да ґз отелі бар

Ұлыбританияда селолық елді мекендерде жүріп жатқан өзгерістер салдарынан құрып кетудің алдын-да тұрған араларды сақтап қалу үшін оларға арналған отельдер дайындалды.Мұның архитектурасын жергілікті компанияның тапсырысы бой-

ынша Тейлор Харрогейт есімді маман жасады. Ол дайындаған отельді дала ғана емес, қалаға да орнатып қоюға болады. Сонымен бірге, қазір араның қалалық жерлердегі үлес салмағы көп екені де анықталды.

Барселонада иттер їшін жаєажай салынды

Испанияның Барселона қаласының билігі бірнеше жылғы жоспарлау мен құрылыс жұмыстарынан кейін

ақыры иттерге арналған жағажай са-лып берді.

Қаланың жергілікті құмдауытты жаға-жайының алыс түкпірінде пайда болған мекен арнайы қабырғамен қоршалған. Онда жұрт иттерін алып келіп қыдыртып, суға шомылды-ра алады. Мемлекеттік құрылымдардың бұл

үшін бөлген аумағы 1 250 шаршы метр жерді құрайды. Территория, сондай-ақ, қазіргі заманғы иттер писсуарларымен, субұрқақтармен жəне душтармен жабдықталған.

Ақпарат агенттіктерінің материалдары бойынша дайындалды

ƏР АЛУАН ƏЛЕМ

Дастан КЕНЖАЛИН«Егемен Қазақстан»

«Зерттеудің бас кезінде Қытайдағы ерлердің бойы шамамен 160 см, ал əйел-дердің бойы 150 см болған екен. Ал қазір ерлердің бойы 171,8 см, əйелдердің бойы 160 сантиметрге жетіпті», деп хабарлайды China Daily газеті.

Ғалымдар пікірінше, басқа халық-тарда қытайлар сияқты бойының өсіп, салмағының артуы байқалмаған. Ал хан-зулардың дене тұрпатының өзгеруінің себебі, ас мəзіріне сүт жəне сүт өнімдерін

пайдалануға байланысты, дейді ғалымдар. Өйткені, бұл өнімдер сүйектің өсуі мен қатаюына əсер етеді екен. Сонымен бірге, олар қытай халқының толысуына соңғы бір ғасырда газдалған сусындар мен фастфудтың əсері болуы мүмкін дегенді айтады. «Қытайлардың жер жүзіндегі барлық жеміс-жидек, жан-жануарлар мен жəндіктерді жейтінін білеміз. Олар ал-дына не келсе, соның бəрін жей береді. Ханзулардың бойының өсіп, салмағының артуын осымен байланыстыруға бола-ды», дейді ғалымдар. Ал жылқы мінезді, тамақты талғаммен жейтін қазақтар туралы

мұндай зерттеулер жүргізілмеген. Не болса да халқымыздың денсаулығына қоршаған ортаның əсері көп болатыны белгілі.

Қазір дүние жүзінде қытайлардың саны да жыл өткен сайын көбейіп келе жатыр. Бұл – бұрыннан бері келе жатқан үрдіс. Олар ерте заманнан бері көбейіп келеді. Оған ең алдымен Янцзы мен Хуанхэ өзендерінің əсері болған. Янцзы – Еуразиядағы, Хуанхэ Азия құрлығындағы ең ірі өзен. Бұл өзендер бұрыннан бері жылына екі рет егін береді. Сол себепті оның айналасында ауыл шаруашылығы ерте кезден игеріле бастаған. Басқа ел-дерде жаугершілік заман болып жатқанда, еті тірі, шаруақор қытай халқы осы өзендердің арқасында көбейе берген. Қолда бар деректерге қарағанда, қазір Қытай халқы 1 339 450 000 адамға жеткен.

Жаңа аялдаманың жоғары жағына жарық-диодты дисплей орнатылды. Тағы бір ерекшелігі – аялдама бағанасына usb-кабельге арналған үш көзі бар порттың орнатылуы. Егер кенеттен теле фоныңыздың қуаты түгесіліп жатса, өзіңізбен бірге енді usb-кабель алып жүрсеңіз жеткілікті. Алайда, қуат көзін жауын-шашынды күнде қолдануға қолайсыздау дейді жергілікті тұрғындар. Ол жағы жіті ойластырылмаған сияқты.

Дегенмен, Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық ша руашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жол-дары бөлімінің берген мəліметіне жү гінсек, Есет батыр көшесі, Ə.Молдағұлова жəне Əбілқайыр хан даңғылдары секілді 6 ор талық көшеге қойылатын usb-порты бар 12 аялдама пункті үшін жергілікті бюджеттен 19 мил лион теңге бөлініпті.

«Мұндай павильондар не гізінен адам көп жүретін жерлерге қойылады. «Қалтасы бар» аялдамалардың құны – шамамен 1 миллион 600 мың теңге. Ал «қалтасыз» аял-дамалар миллион теңгеге жуықтайды», – дейді аталған бөлімнің маманы. Айтпақшы, бұдан басқа, Ақ төбеде демеушілердің қар жысы есебінен зарядтауға арнал ған порты жоқ 20 жаңа аялдама бой көтереді екен.

«Егемен-ақпарат»

Ўстараныѕ жїзімен...

Суретті салған Айдарбек ҒАЗИЗ

Қытайлардың бойы 10 жылда бір сантиметрге өседі екен. China Daily газетінің хабарлауынша, соңғы бір ғасырда оларда 10 санти-метрге өсім болған. Мұндай деректі басылым 1896 жəне 1996 жыл-дар аралығында жүргізілген статистикалық есептен алыпты.

Ќытайлардыѕ саны да, бойы да ґсіп келеді

Жуырда Ақтөбедегі 5-шағын ауданның аялдамаларындағы ескі павильондар сүрілген еді. Осы аптада «Мəңгілік алау» жанындағы аялдама өзгеше кейіпке еніп, жаңартылды. Бұл туралы жергілікті басылымдар жарыса жазуда.

Аялдамада – ќуат кґзі

Арнұр АСҚАРОВ,«Егемен Қазақстан»

– Реставратор болудың қиын-дығы да, қызығы да көп. Бұл жұмыспен айналысу үшін көп нəрсені білу керек, үйрену ке-рек. Мысалы, жай ғана жүннің қандай киімде немесе бұйымда қолданылатынын, кестенің түр-түсін, тігістің неше түрін білу керек. Тарихтан хабарың болу керек. Этнографияны біл-месең тағы болмайды. Бізде əр рудың бас киімінің, киме-шегінің ерекшеліктері бар. Жасына қарай, келіншек пен қария лардың кимешектері əртүр-лі болған. Соның бəрін білме сең, зерттемесең, оны қалай жасай-сың?! – дейді Тұрсынкүл апай.

Оның айтуынша, ХХ ға-сырдан əріде тұтынылған киім-дердің материалын қазіргі дүние лермен салыстыруға мүлде келмейді. Реставрацияға қажетті табиғи заттарды табу қиынның-қиыны. Мəселен, Тұрсынкүл апай Қазыбек би бабамыздың шапанын қалпына келтіру үшін қажетті зерлі жіпті іздеп Бұқараға дейін барып-ты. Тұрсынкүл апай Қазыбек бидің шапанына дейін де талай мұраларымыздың қайта тірілуіне

атсалысқан. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» реконструкциясын жасаған бір-неше маманның бірі. Абылай ханның қамқа шапанында да, Мұрақ ханның бас киімінде де қолының табы қалған. «Пазырық қызының киімі», «Алтай көсе-мінің киімі» сынды біраз жұ-мыстары Қазақстанның ғана емес, Францияның, Ресейдің, Чехияның көрмелеріне қойылған.

Шапанды Қарқаралы өңірінің Едіге деген ауылынан Қазыбек бидің ұрпағы Алтын деген аза-мат əкеліпті. Əбден тозығы жет-кен, шамамен 20 пайыздай жері ғана бүтін болыпты. Алғашқы фотосуретіне қарап, оған біз де көз жеткіздік. Ал қазір музей қорындағы бұл дүниенің бағасы «60 миллион теңге» деп көр-сетілген. Яғни, өте құнды дүние.

– Бізде реставраторларды танымақ түгілі, реставрация де-ген ұғымның өзін түсінбейтіндер бар. Кейбіреулер мені «жамау-шы» дейді. Жарайды, жамаушы болсам болайын деп жұмысымды істей беремін. «Алтын адам» да, Қазыбек бидің шапаны да – біздің құнды жəдігеріміз. «Бұл біздің да Винчиміз» деп көзіміздің қара-шығындай сақтауымыз керек, – дейді Т.Жайлаубаева.

60 млн. тўратын шапан

Еңбегі көбіне-көп жұрт назарынан тыс қалатын мамандық иелері бар. Тарих үшін құнды жəдігерлерді бастапқы қалпына келтірумен, оны консервациялау-мен шұғылданады. Көрнекті мемлекет қайраткері Өзбекəлі Жəнібековтің кезінде Алматыдағы «Қазреставрация» мекемесін құруға мұрындық болға-нының өзі осы мамандықтың қан шалықты маңыз ды екендігін аңғартса ке-рек. Бүгінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде еңбек ететін Тұрсынкүл Жайлаубаева осындай сирек кездесетін қадірлі іспен шұғылданады.

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

«Күні бойы қозғалмастан бір орын-да отырып, жұмыс атқаратын жандар шамамен 60-75 минуттай бірқалыпты физикалық жаттығумен шұғылдануы керек». Норвегия мен Австралияның, сондай-ақ, АҚШ-тың медицина сала-сының мамандары, міне, осындай қоры-тындыға келді. Олардың зерттеу қоры-тындысы Lancet журналында жариялан-ды. Оқырмандар бұл туралы Кембридж университетінің сайтынан да көре алады.

Мамандар «Бірқалыпты физикалық жаттығумен шұғылдану» дегенде, «сағатына 4,8 шақырымнан кем бол-майтындай жаяу жүру немесе сағатына 16 шақырымнан кем болмайтындай

велосипедпен жүру» секілді бірқатар ережелерді сақтау қажеттігін меңзеген.

Ғалымдар бұл жөнінде: «60-75 ми-нут бойы жаттығу жасау, əсіресе, əр күн сайын үстел басында 8 сағаттай оты рып, тапжылмастан жұмыс істей тін

азаматтар үшін пайдалы болар еді» дегенді айтады. Олар де нені шы нық-тыру мақсатындағы мұн дай жат ты-ғулар тиімдірек болу үшін шы нығу уақытын уақыт бойынша белгілеу де артық етпейтініне тоқталған.

Сонымен қатар, медицина маманда-ры офис қызметкерлерінің денсаулығына əсер ететін формуланы да əзірлеп шы-ғарған. Оған сəйкес, əр адам əрбір 20 минут сайын шамамен 8 минутқа орны-нан тұрып, одан кейін 2 минут бойы жаяу жүру керек екен.

Швед ғалымдары жүргізген зерт-теу нəтижелері де осы қорытындының дұрыстығын дəлелдей түседі. Олардың ойынша, өмірден ерте өтудің негізгі себебі, темекі жəне төмен деңгейдегі физикалық белсенділік екен.

Єалымдар ґзгеше талдау жїргізді

«Егемен Қазақстан»

«Егемен Қазақстан»

«Егемен Қазақстан»