70
А.Т. Таутанова, А.Т. Бүрлібаева Аппликация Әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас ) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған Алматыкітап баспасы – 2018

А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

  • Upload
    others

  • View
    17

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

А.Т. Таутанова, А.Т. Бүрлібаева

Аппликация

Әдістемелік нұсқау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу

бағдарламасы бойынша ересектер тобы

(5-6 жас) педагогтеріне арналған

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі ұсынған

Алматыкітап баспасы – 2018

Page 2: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

Таутанова А.Т., Бүрлібаева А.Т.

Аппликация. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша

ересектер тобы (5-6жас) педагогтеріне арналған. А.Т. Таутанова, А.Т. Бүрлібаева.–Алматы: Алматыкітап баспасы

– 2018. – 70 бет.

© Таутанова А.Т., Бүрлібаева А.Т., 2018

© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018

Page 3: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

3

ТҮСІНІКТЕМЕ

«Аппликация»» оқу-әдістемелік кешен жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарына сәйкес дайындалды.

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды.

2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен

оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім

және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен

бекітілген).

3.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

(Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12

тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген).

Бағдарлама келесі мақсаттар мен міндеттерді анықтайды.

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды эстетикалық

талғамға, жапсырма бейнелерін мәнерлі құру іскерліктеріне тәрбиелеу; ою-

өрнек безендіруді және қию әдіс-тәсілдерін меңгеруді дамыту.

Міндеттері:

қиюдың түрлі тәсілдерін қолданып, бірнеше бөліктерден заттар

құрастыру және түрлі пішіндегі геометриялық және өсімдік

элементтерінен құралған өрнектерді құрастыру іскерліктерін дамыту;

көз алдына елестету арқылы бейнелерді құра білуді жалғастыру, затқа

қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру;

көркем қолөнер туралы түсініктерін қалыптастыру, шеберлердің

қандай материалдармен және құралдарды қолданатыны туралы түсінік

беру;

жапсыру барысында түсті мәнерлілік құралы ретінде қолдану

іскерліктеріне тәрбиелеу, қағаздың түсі мен оның реңктерін жеке

таңдау үдерісінде түстерді сезе білуін жетілдіру;

ұлттық сәндік қолданбалы өнердің салдарын жапсыру барысында

қолдануға үйрету, балаларды қазақтың ұлттық өнерімен, оның

түрлерімен, ерекшеліктерімен, түс және композициялық құрылымымен

таныстыру.

Ұсынылған әдістемелік нұсқаудың өзектілігі ұйымдастырылған оқу

қызметінің кешенділігі және ұйымдастырылған оқу қызметі барысында

Page 4: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

4

жобалау және әртүрлі ойын әдіс-тәсілдерін қолдана отырып қазіргі

әлеуметтік ортаға сай шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқау төмендегі бөлімдерден тұрады:

Перспективалық жоспар;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспарлары.

Әдістемелік нұсқау мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың

эстетикалық талғамдарын, жапсырма бейнелерінің мәнерлілігін құру

іскерліктеріне тәрбиелейді. Сондай-ақ балаларды безендіру және ою-өрнек

қызметіне дайындайды, қию тәсілдерін меңгеру барысында көру қимыл

үйлестірулерін дамытады. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі қалыптасады.

Баланың көркемдік талғамы, шығармашылық қабілеті артады.

Жыл соңында жапсыру бойынша бағдарламалық материалдарды

меңгеру нәтижесінде балалар:

үлгілермен, дайын киім үлгісімен жұмыс істеуді;

өзінің жұмысын композиция, перспектива ережелеріне сәйкес құруды;

жұмыс тәсілдерін таңдауды және дәлелдеуді;

қайшыны дұрыс қолдануды;

жұмыс материалдарын тиімді қолдануды;

екі бүктелген қағаздан симметриялық пішіндер қиюды;

ұлттық өнердің желісімен түрлі пішіндегі қағазда геометриялық

элементтерден (шеңберлер, шаршылар, сопақ­шарлар) өрнектер, көз

алдына елестету арқылы бірнеше бөліктерден заттарды құрастыруды;

заттарды қазақ өрнектерімен әшекейлеуді;

ұлттық бұйымдарды ою-өрнек элементтермен бейнелеуді;

жырту тәсілімен жапсыруды орындауды;

Қазақстан табиғатын, адамдардың еңбектерін бейнелей отырып,

ұжымдық композицияларды орындауды;

еске түсіру бойынша, затқа қарап, пішініне, пропорциясына, көлеміне,

перспективасына назар аудара отырып заттарды бейнелеуді (қию,

жапсыру және т.б.);

өзінің жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, жұмыс кезінде тәртіп

сақтауды;

еңбек қауіпсіздігі және жеке гигиена ережелерін сақтауды білуі тиіс.

Оқу-әдістемелік нұсқауға қосымша ретінде балаларға арналған

үлестірмелі материалдар берілген.

Page 5: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

5

Қадірлі әріптестер! Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау– мектепке

дейінгі тәрбие мекемелерінің педагогтеріне, жас мамандарға арналған бірден-

бір көмекші құрал.

Сіздерге құрмет көрсетіп, серіктестік

қарым-қатынаста болатындығымызға сенім артамыз.

Авторлар

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН

ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ

№ Тақырыбы ҰОҚ-нің мақсаты мен міндеттері

Са-

ғат

саны

1. Көшедегі үйлер Мақсаты:көп қабатты және бір қабатты

үйлерге арналған бөлшектерді ретімен

жапсыра білуге үйрету.

Міндеттері:архитектуралық бөлшектер

туралы түсініктерін кеңейте отырып, әр

бөлікті өз орнына ұқыптылықпен

жапсыру қабілеттерін дамыту;

балалардың үй туралы, оның түрлері

туралы ой-қиялдарын жетілдіру,

шығармашылыққа тәрбиелеу.

1

2. Біздің үй Мақсаты:кіші бөліктерді үлкен бөліктің

үстіне кескіндеп жапсыруға үйрету.

Міндеттері:геометриялық пішіндерді

үйлестіре отырып, үйдің бөліктерін

сюжетті жапсыруға үйрету; ойлау, есте

сақтау, қағазбен жұмыс жасау

қабілеттерін дамыту; еңбекқорлыққа

тәрбиелеу; шығармашылыққа жетелеу.

1

3. Кемпірқосақ Мақсаты:доғал сызық бойымен қиюды 1

Page 6: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

6

және кеңістікте түстерді сәйкестендіре

жапсыруды үйрету.

Міндеттері:қайшыны дұрыс қолдана білу,

желімді ұқыпты пайдалану дағдысын

бекіту; саусақ моторикасын дамыту;

логикалық ойлау, есте сақтау,

сөйлеу қабілеттерін дамыту, жазғы

табиғат құбылыстары туралы түсініктерін

жетілдіру; табиғатты сүюуге,

ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

4. Саңырауқұлақтар Мақсаты: балаларға геометриялық

пішіндерді (дөңгелек, шаршы,

тіктөртбұрыш, сопақша) қию әдістерін

меңгерту.

Міндеттері:кеңістікте орналастыра білуге

үйрету; баланың ой-қиялын дамыту; қол,

саусақ қимылдарын жетілдіру; табиғат

әсемдігін көре білуге тәрбиелеу.

1

5. Күзгі жапырақтар Мақсаты:қағазды қатпарлап бүктеу

арқылы жапырақтың жиектерін иректеп

қиюды үйрету.

Міндеттері:қол, саусақ қимылдарын

арттыру; көркем сөйлеу тілін дамыту;

табиғатты сүюге, еңбекке тәрбиелеу.

1

6. Бұлттар Мақсаты: балаларға қағазды жырту

әдісін қолданып, бұлттың бейнесін

жасауға үйрету.

Міндеттері:қағаз бетіне бейнені дұрыс

орналастыра білу машығына баулу;

шығармашылық қабілеттерін дамыту;

табиғатты сүюге, әсемдікке тәрбиелеу.

1

7. Айдарлы әтеш Мақсаты: әтештің жасалу жолын ретімен

үйлестіре білуге үйрету.

Міндеттері:үй құстарына деген

қамқорлық сезімдерін ояту; ойлау

1

Page 7: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

7

қабілеттерін , қиялын дамыту;

ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

8. Түлкі Мақсаты:түлкінің бейнесін қию арқылы

пішіндер туралы түсініктерін нығайту.

Міндеттері:бұрынғы үйренген әдіс-

тәсілдерді өз еріктерімен қолдана білу

дағдыларын қалыптастыру; ұсақ қол

қимылдарын, ойлау қабілетін дамыту ,

ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

1

9. Теңіз асты

патшалығы

Мақсаты:ірі бөлшектерді өзіне тән ұсақ

бөлшектермен толықтыра отырып балық

бейнесін жапсыруға үйрету.

Міндеттері:пішіндердің шеттерін қию,

іскерліктерін жетілдіру; шығармашылық

қабілеттерін, қол бұлшық еттерін дамыту;

қамқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

1

10. Құмырадағы гүл Мақсаты: қағазды бірнеше бүктеу

арқылы қию әдісіне үйретуді жалғастыру.

Міндеттері: затқа қарап жапсыру

дағдыларын қалыптастыру; қол бұлшық

еттерін дамыту; математикалық

ұғымдарын бекіту; сұлулықты сезіне

білуге, әсемдікке тәрбиелеу.

1

11. Бөлме

өсімдіктері

Мақсаты: екіге бүктелген қағазды

симметриялы сызықпен кесуге, бүктеу

арқылы қиюға үйрету.

Міндеттері:қайшыны дұрыс ұстау,

пішінді ұқыпты қиюын жетілдіру, қағазды

бүктеу, жазу арқылы саусақтарды әртүрлі

ұсақ қимылдар жасауға үйрету,

балалардың бөлмеде өсірілетін гүлдер

жайлы түсініктерін кеңейту, бөлме

гүлдерін күтіп-баптауға тәрбиелеу.

1

Page 8: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

8

12. Тауыс Мақсаты: бірнеше бөліктерден тұтас

бейне құрастырып жапсыруға үйрету.

Міндеттері:қаттап қию арқылы бірден

бірнеше бөліктерді қиюға үйретуді

жалғастыру; түстерді үйлесімді қолдана

білуін жетілдіру; қол, саусақ қимылдарын

дамыту; өз жұмыстарын бағалай білуге,

шыдамдылыққа тәрбиелеу.

1

13. Тікұшақ Мақсаты:түрлі формадағы бөлшектерді

қиып, үлгі бойынша тұтас бейне құрауға

үйрету.

Міндеттері:тікұшақ туралы білімдерін

кеңейту; балалардың ой-өрісін,

шығармашылық қабілеттерін дамыту;

шыдамдылыққа , таза жұмыс істей білуге

тәрбиелеу.

1

14. Қуыршаққа

арналған көйлек

Мақсаты:қағазды бүктеу әдісі арқылы

көйлек пішінін қиюға үйрету.

Міндеттері: қию әдістерін үйретуді

жалғастыру, қолдың қимыл әрекеттерінің

қозғалғыштығын дамыту;

талғампаздыққа, өнерлі болуға ұмтылуға

тәрбиелеу.

1

15. Көлік Мақсаты:симетриялық бүктеу арқылы

бірдей екі пішінді қиюға, салыстырмалы

орналастыра білуге үйрету.

Міндеттері:заттың өзгешелігін түсіндіру;

таныс әдіс-тәсілдерді қолдану;

геометриялық түрлі пішіндерді қиюға

ептілік, шығармашылық, есте сақтау,

қабілеттерін дамыту; жолда жүру

ережелерін сақтап, абай болуға тәрбиелеу.

1

Page 9: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

9

16. Домбыра Мақсаты: ұлттық ою-өрнек элементтерін

қию әдісіне және үйлесімді сәндеуге

үйрету.

Міндеттері: бүктелген қағаздан

симметриялы пішінді қия білуді

жалғастыру; шығармашылық қасиеттерін

дамыту; қол қимылдарын жаттықтыру;

өнерді бағалай білуге, өнерлі болуға

талпынуға ықпал ету.

1

17. Қысқы орман Мақсаты:жырту әдісі арқылы бейнелер-

мен сюжетті толықтыруға үйрету.

Міндеттері: қыс мезгілінің ерекшеліктері

туралы түсініктерін кеңейту; суретке

қарап шағын әңгіме құрастыру

дағдыларын қалыптастыру; саусақ

қимылдарын жетілдіру; әсемдікке

тәрбиелеу.

1

18. Қысқы түн Мақсаты:үлкен және кіші геометриялық

пішіндерді салыстыра отырып жапсыруға

үйрету.

Міндеттері:жапсырудың әдіс-тәсілдерін

үйрету; өз беттерімен жұмыс істеу

дағдыларын дамыту; қайшымен жұмыс

істей білу қабілеттерін арттыру; табиғатты

сүюге, қорғауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1

19. Менің сүйікті

ойыншығым

Мақсаты:үлгі сызық бойынша бейнені

қия білуін бекіте отырып, өз бетінше

безендіруге үйрету.

Міндеттері:балаларды өздерінің сүйікті

ойыншықтарының аттарын атай отырып

сипаттауға және оларға ұқыпты қарай

білуге баулу; балаларға қиюдың түрлі

тәсілдерін меңгерту; таңдау жасай білуге,

ұқыптылыққа үйрету; саусақ қимылдарын

арттыру, қағазды қию қабілеттерін

1

Page 10: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

10

дамыту; төзімділікке тәрбиелеу.

20. Мысық Мақсаты:үлгі сызық бойынша бейнені

қия білуін бекіте отырып, өз бетінше

безендіруге үйрету.

Міндеттері: мысықты жапсыру

барысында төзімділікпен ұқыпты жұмыс

жасау дағдыларын жетілдіру; әңгіме

барысында танымдық белсенділігін

арттыру, ойлауын, қиялын дамыту; жан-

жануарларға қамқор бола білуге

тәрбиелеу.

1

21. Орамалды

әшекейле

Мақсаты: түстерді сәйкестендіріп сәндеу

техникасы бойынша түрлі өлшемдегі

үшбұрыштарды қиюға, бұйымды

әшекейлеуге үйрету.

Міндеттері:балалардың геометриялық

пішіндер туралы білімдерін пысықтау;

ұқыпты жапсыруға үйрету; саусақ

моторикасын дамыта отырып, өнерге

баулу; сенсорикалық тәрбиені дамыту;

достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.

1

22. Әжеме арналған

қамзол

Мақсаты:қиюдың түрлі тәсілдерін сәндік

қолданбалы өнер элементтерін жапсыруда

қолдана білуді үйрету.

Міндеттері: сәндік қолданбалы өнер

түрлерімен таныстыру; саусақ

қимылдарын дамыту, қағазды қатпарлап,

бүктеп қию әдістерін жалғастыру; ою

атауларын еске түсіру;ұлттық өнерді

қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

1

Page 11: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

11

23. Алдаркөсенің

шапаны

Мақсаты:қағазды әртүрлі формада

жырту және умаждау әдісін қолдануды

үйрету.

Міндеттері:түрлі сызықтар арқылы

жұмысты толықтыруға үйрету, саусақ

бұлшық еттерін жетілдіру;жапсыру оқу

қызметіне деген

қызығушылықтарынарттыру. Балалардың

шығармашылық қиялын, ойлау қабілетін

дамыту; ертегінің жағымды

кейіпкерлерінен үлгі алуға тәрбиелеу.

1

24. Қайыңдағы

қараторғай ұясы

Мақсаты:құстың ұясын және оның жеке

бөліктерін қиып, жапсыру әдістерін

үйрету.

Міндеттері:балалардың құстар және

олардың тіршілігі туралы білімдерін

кеңейту; қию, жапсыру тәсілдерін

жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін

арттыру; құстарға қамқорлық жасауға

тәрбиелеу.

1

25. Желкенді қайық Мақсаты:түрлі геометриялық

пішіндерден зат құрап жапсыруға үйрету.

Міндеттері:қию тәсілдерін жетілдіре

отырып жолдасымен бірге жоспарлап,

пікірлесіп жұмыс істеуге дағдыландыру;

балалардың ой-өрісін кеңейту; дербес іс-

әрекетін дамыту; адамгершілікке

тәрбиелеу.

1

26. Гүл салынған

ыдыс

Мақсаты:бүктеу әдісін қолданып, жаңа

жапсыру тәсіліне үйрету.

Міндеттері:ұсақ қол қимылдарын дамыта

отырып, қию, жапсыру дағдыларын

қалыптастыру;табиғатты аялай білуге,

жақсы тілектер айтуға, ұқыпты болуға

тәрбиелеу.

1

Page 12: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

12

27. Көлшікте Мақсаты:балаларды қағазды бүгу,

бүктеу, қаттау әдістерін қолдануға үйрету.

Міндеттері: ұсақ бөлшектерді қию және

дұрыс желімдеу дағдыларына үйрету; қол,

саусақ моторикасын және ойлау қабілетін

дамыту; табиғатты сүюге тәрбиелеу.

1

28. Жайылып жүрген

балапандар

Мақсаты:бүктеу әдісі арқылы бірнеше

кескінді бірден қию әдісін меңгерту.

Міндеттері:ойын арқылы қол, саусақ

қимылдары мен көркемдік талғамдарын

дамыту; үй құстарына қамқорлық

көрсетуге тәрбиелеу.

1

29. Үйрек

балапандарымен

Мақсаты:балаларды геометриялық

пішіндерді салыстыра отырып үйректер

жасауға, жасаған жұмысы бойынша

әңгімелей білуге үйрету.

Міндеттері:түстерді сәйкестендіріп

жапсыру дағдыларын

жетілдіру,қызығушылығын, танымдық

белсенділігін арттыру, ұсақ қол қимылын,

көркемдік талғамдарын

дамыту;табиғаттың әсемдігін көре білуге,

аялауға тәрбиелеу.

1

30. Зымыран Мақсаты:зымыран пішінін қиып,

жапсыруды үйрету.

Міндеттері:саусақ қимылдарын дамыту,

жапсыру дағдыларын қалыптастыру,

қол еңбегіне, ғарыш әлеміне

қызығушылығын ояту; білімділікке

тәрбиелеу.

1

31. Ұшақтар шеруі Мақсаты:бүктеу әдісі арқылы жіңішке

қиықтарды қию жолдарын үйрету.

Міндеттері:кеңістікте түзу сызық

бойымен әдемі орналастыруға үйрету;

ұсақ қол қимылдарын дамыту; қуанышты

1

Page 13: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

13

көңіл-күй қалыптастыра отырып есте

сақтау қабілетін дамыту; Отанын, елін

сүюге тәрбиелеу.

32. Көбелектер Мақсаты:ирек пішіндерді қия білуге

үйрету.

Міндеттері:қағаз бетіндегі кеңістікті

дұрыс пайдаланып, түстерді бір-бірімен

жүйелі сәйкестікпен желімдеуге үйретуді

жалғастыру; ұжым болып жапсыру

жұмысын дұрыс ұйымдастыруға

дағдыландыру; әсемдікке, табиғатты

сүюге, оны аялауға тәрбиелеу.

1

33. Достық мерекесі Мақсаты:түрлі пішіндерді қиып үлгі

бойынша сәндеп жапсыруға үйрету.

Міндеттері:жапсыру құралдарын ұқыпты

қолдануға, жұмысты аяғына дейін

шыдамдылықпен орындауға үйрету; ұсақ

қол қимылдарын дамыту; татулыққа,

достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

1

34. Мерекелік

жалаушалар

Мақсаты:түрлі-түсті қағазды қабаттап

қою арқылы екі немесе үш кескін қиып

шығаруға үйрету.

Міндеттері:қағаздарды түр-түсіне қарай

іріктеп алу, пішіндерді қағаз бетіне дұрыс

орналастыра білу дағдыларын

қалыптастыру; саусақ қозғалыстарын

жетілдіру; қайшымен жұмыс істеу

кемділігін арттыру; қуана білуге,

достарына, айналасындағыларға қуаныш

сыйлай білуге тәрбиелеу.

1

35. Күнбағыс Мақсаты:бүктеу әдісімен тұтас бейне

қиюға үйрету.

Міндеттері:жапсыру дағдыларын

жетілдіру, қиялын дамытып, қабілеттерін

шыңдау, қию іскерліктерін арттыру;

1

Page 14: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

14

тапсырма орындауда төзімділікке

тәрбиелеу.

36. Жайлауда Мақсаты:ұлттық нақышта сәндік

жапсыруға үйрету.

Міндеттері:жіңішке бөліктердің қиюдың

жолдарын меңгерте отырып қию

шеберліктерін шыңдау; шығармашылық

қабілеттерін дамыту, бірлесіп еңбек етуге,

қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

1

Ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспарлары

№1 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Көшедегі үйлер.

Мақсаты:көп қабатты және бір қабатты үйлерге арналған бөлшектерді

ретімен жапсыра білуге үйрету.

Міндеттері: архитектуралық бөлшектер туралы түсініктерін кеңейте отырып,

әр бөлікті өз орнына ұқыптылықпен жапсыру қабілеттерін дамыту;

балалардың үй туралы, оның түрлері туралы ой-қиялдарын жетілдіру,

шығармашылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: көп қабатты және бір қабатты үйлерді;

түсінеді: екі топқа бөлініп жұмыс істеуді;

қолданады: геометриялық пішіндерді қиып жапсыруды.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі

материал, қайшы, желім, сулық, ТОҚ (№1, 2 слайд).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: екі үлкен ақ қағазға көшені

бейнелеу.

Сөздік жұмыс: шатыр, қабырға, көрші.

Көптілділік компонент: үй – дом–house, көше – улица – street.

ҰОҚ-нің барысы

Page 15: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

15

1.Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балалармен өздері тұратын ауыл, қала, көше және өз балабақшалары

орналасқан көше туралы қысқаша сұрақ-жауапқа құрылған кіріспе әңгіме

өткізеді.

– Біз қай республикада тұрамыз?

– Біздің ауылымыз (қаламыз) қалай аталады?

– Өздерің тұратын көшені атаңдар?

– Ал біздің балабақшамыз орналасқан көше қалай аталады?

№1 слайдтан көше және көп қабатты, бір қабатты үйлер көрсетіледі.

Көше (аты, орналасуы, нелер бар екені т.б. ) туралы сұрақтар қою.

Көптілділік компонент: үй – дом–house, көше – улица – street.

2.Негізгі кезең

–Педагог:

–Балалар, үйлерді кімдер салады?

Көше бейнесі бейнеленген екі ақ қағазды көрсетіп, көшелерге ат қойдырады.

Балаларды екі топқа бөліп отырғызады.

– Қазір біз құрылысшы болып әдемі үйлер тұрғызамыз. Келісесіңдер ме?

Сергіту сәті.

Балақан-ау, балақан,

Кәне, қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат!

№2 слайдтан көп қабатты және бір қабатты үйдің жасалу жолы көрсетіледі.

Педагог қауіпсіздік ережелерін және тазалық шараларын ескертеді.

I топ көп қабатты үйлер бойынша, ал II топ бір қабатты үйлер бойынша

жұмыс жасаулары тиіс.

1. Үлкен тіктөртбұрышты қиямыз (үйдің қабырғасы).

2. Үшбұрышты қиямыз (үйдің шатыры).

3. Шаршыларды қиямыз (үйдің терезесі).

Педагог жұмыс барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөледі.

Үйлердің қиып алған бөліктерін үлестірмелі материалдың 2-бетіндегі үлгіге

жапсырамыз. Жұмыс толық аяқталғанда «Ұшқыштар» және «Батырлар»

көшесі бойына өз үйлерін жапсыру тапсырылады.

3.Рефлексия.

Педагог қорытындылап,балаларды мадақтайды.

-Міне, балалар, көшемізде сәнді үйлер бой көтерді. Қандай шебер

құрылысшысыңдар!

№2 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Page 16: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

16

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Біздің үй.

Мақсаты:кіші бөліктерді үлкен бөліктің үстіне кескіндеп жапсыруға үйрету.

Міндеттері:геометриялық пішіндерді үйлестіре отырып, үйдің бөліктерін

сюжетті жапсыруға үйрету; ойлау, есте сақтау, қағазбен жұмыс жасау

қабілеттерін дамыту; еңбекқорлыққа тәрбиелеу; шығармашылыққа жетелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: дайын үлгіні қиып, ретімен жапсырады;

түсінеді: геометриялық пішіндерді сәйкестендіріп қолдана білу ретін;

қолданады: сюжетті толықтыруда қиюдың түрлі әдіс-тәсілдерін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

қайшы, желім, үй макеті, ТОҚ, үнтаспа.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: құрылыс алаңына саяхат.

Сөздік жұмыс: отбасы, баспана, мұржа.

Көптілділік компонент: менің үйім – мой дом – my house, үлкен үй –

большой дом – big house.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық релаксация: педагог пен психолог «Біздің үй тақырыбына

музыка әуенімен психологиялық жаттығу жасатады.

Әдемі, үлкен үйдің макетін көрсете отырып педагог:

– Үй адамға не үшін керек? – сауалымен әңгіме жүргізеді.

Дұрыс айтасыңдар. Әр адамның үйі, баспанасы болуы керек. Үйді

құрылысшылар салады. Үй салу өте үлкен еңбекпен келеді. Бейнетаспадан

сәулетті ғимараттарды, үйлерді көрсетіп және олардың құрылысы туралы

әңгімелеп түсінік беру.

Көптілділік компонент: менің үйім – мой дом – my house, үлкен үй –

большой дом – big house.

2.Негізгі кезең

Балалардың назарын 4-беттегі сюжетті суретке аудару. Педагог кейбір бір

қабатты үйлерде қыста от жағатын пеш болатынын, ал ол пештің түтіні

мұржадан шығатынын айтып түсіндіреді.

– Мына үй қандай геометриялық пішіндерден құралған?

– Бүгін біз осындай үйді геометриялық пішіндерден құрастырып

жапсырамыз.

Педагог жұмыс барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөледі.

Қауіпсіздік ережелерін және тазалық шараларын ескертеді.

1. Үйдің геометриялық пішіндерден тұратын бөліктерін жеке-жеке қиып

аламыз.

Сергіту сәті. Педагогтің қалауыбойынша бір ақынның өлеңі оқылады.

– Жұмысымызды жалғастырайық.

– Балалар, үйді қандай геометриялық пішіндерден жасадық?

Page 17: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

17

3.Рефлексия.

Педагог қорытындылап, балаларды мадақтайды. Үйдің түтін шығатын

бөлшегін қалай атайды ? Балаларға бір-бірінің жұмысын талдатып,

бағалату.

– Мінеки, біз де еңбекқорлығымыздың арқасында әдемі үй жасадық.

Жарайсыңдар!

Тапсырма: «Үйшік» ертегісін естеріңе түсіріп келіңдер. Серуен кезінде

кішкене топ бүлдіршіндеріне сахналық қойылым көрсетеміз.

№3 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Кемпірқосақ.

Мақсаты:доғал сызық бойымен қиюды және кеңістікте түстерді

сәйкестендіре жапсыруды үйрету.

Міндеттері:қайшыны дұрыс қолдана білу, желімді ұқыпты пайдалану

дағдысын бекіту; саусақ моторикасын дамыту; логикалық ойлау, есте сақтау,

сөйлеу қабілеттерін дамыту, жазғы табиғат құбылыстар туралы түсініктерін

жетілдіру; табиғатты сүюуге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: жеті түсті қиып кемпірқосақты жапсырады;

түсінеді: доғал сызықты жолақшалар кесуді;

қолданады: түстерді үйлестіре отырып ретімен жапсыруды.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: мольберт, түрлі түсті

маркер, кемпірқосақ суреттерінен бүктеме, үлестірмелі материалдар, қайшы,

желім.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: М.Әлімбаевтың «Кемпірқосақ» өлеңін оқу.

Сөздік жұмыс: кемпірқосақ.

Көптілділік компонент: кемпірқосақ – радуга.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберін құру.

Педагог М.Әлімбаевтың «Кемпірқосақ» өлеңіне шаттық шеңберін құруларын

сұрайды.

– Иә, балалар, өлең жолдары жаңбырдан кейін пайда болатын кемпірқосақ

туралы екен.

Сөздік жұмыс:кемпірқосақ.

Көптілділік компонент:кемпірқосақ – радуга – rainbow.

Сурет салатын бір ұл, бір қызды ортаға шығарып, оларға түрлі түсті

маркермен кемпірқосақтың суретін салғызады.

– Тамаша! Қандай керемет жұмыс, жарайсыңдар!

Page 18: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

18

Педагог балалардың суреттерімен қоса үлестірмелі материал бойынша

кемпірқосақ туралы жан-жақты әңгіме жүргізеді.

– Балалар, кемпірқосақ қалай пайда болатынын білесіңдер ме?

– Қайда болады?

– Неше түсті болады?

– Түстерін атаңдар?

2.Негізгі кезең

Педагог үлестірмелі материалдағы 7-беттегі сюжетті суретке назарларын

аудартады.

Кемпірқосақ жолақтарының доғал болып келетіндігін, қиюдың әдіс-

тәсілдерін іс жүзінде көрсетіп, түсіндіреді. Сақтық, тазалық шараларын еске

түсіреді.

– Балалар, қиып жапсыру арқылы кемпірқосақты жасап көрейік.

Педагог жұмыс барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөледі.

1. Алдымен 4 жолағын бөлек-бөлек қиып алу.

Сергіту сәті.

Қуырмаш

Қуыр-қуыр, қуырмаш!

Тауықтарға бидай шаш!

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

2. Қалған 3 жолақты бөлек-бөлек қиып алу.

– Осы қиып алған жолақтарыңды 8-беттегі 3.1-сюжетті суретті толықтырып

жапсырыңдар.

3.Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды. Балалармен

жұмысты талдайды.

Кәне, әркім өз жұмыстарыңа қараңдар.

– Әдемі ме?

– Енді, осы сюжетті суретке қарап, шағын әңгіме құрастырыңдар.

– Бүгін өте жақсы жұмыс істедіңдер,– деп мақтап, балаларға жұлдызшаларды

таратады.

№4 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар.

Мақсаты: балаларға геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы,

тіктөртбұрыш, сопақша) қию әдістерін меңгерту.

Page 19: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

19

Міндеттері:кеңістікте орналастыра білуге үйрету; баланың ой-қиялын

дамыту; қол, саусақ қимылдарын жетілдіру; табиғат әсемдігін көре білуге

тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: түрлі пішіндерден саңырауқұлақ құрастыруды;

түсінеді: саңырауқұлақтардың улы түрі де болатынын;

қолданады: кеңістікте заттарды дұрыс орналастыруды.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: желім, қайшы, үлестірмелі

материалдар, ТОҚ (№1, 2, 3 слайд) екі себет, муляждар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: «Саңырауқұлақ саясында» шағын ертегісін

4 баланы қатыстырып дайындау.

Сөздік жұмыс: қозықұйрық, ақ саңырауқұлақ, жерқұлақ, қалпақшалы

саңырауқұлақ.

Көптілділік компонент: саңырауқұлақтар – грибы–sairala, себет – корзина –

basket.

ҰОҚ-нің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог оқу қызметін В.Сутеевтің «Саңырауқұлақ саясында» шағын

ертегісін рөлдік еске түсіру бойынша бастайды.

– Балалар, ертегіден білгеніміздей, саңырауқұлақтар жаңбырдан соң

қаулап шығады екен.

2.Негізгі кезең

№ 1,2 слайд арқылы саңырауқұлақ түрлерімен таныстыру, атаулары

бойынша сөздік жұмысын жүргізу (қозықұйрық, ақ саңырауқұлақ, жерқұлақ,

қалпақшалы саңырауқұлақ). Сондай-ақ саңырауқұлақтардың әдемі

болғанымен улылары да болатындығын естеріне түсіру.

Педагог жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектеседі.

Педагог балалардың назарын 11-беттегі сюжетті суретке аударып, сюжетті

немен толықтыруға болатынын сұрайды.

– Онда саңырауқұлақтар жасауға кірісейік.

12-беттегі саңырауқұлақтардың қалпақтары мен сабақтарын қиюды

тапсырады.

Сергіту сәті. «Саңырауқұлақ» саусақ ойыны.

Көптілділік компонент: саңырауқұлақтар – грибы – sairala, себет – корзина

– basket.

– Балалар, 11-беттегі сюжетті суретке қиып алған саңырауқұлақтардың екі

бөлшегін үлгіге қарап, бір-біріне қосып, әдемілеп жапсырамыз. Педагог

балалардың желімді дұрыс пайдалануын қадағалайды.

– Міне, балалар, бүгінгі іс-әрекетімізде көлемі әртүрлі саңырауқұлақтарды

жапсырдық. Енді, қанша саңырауқұлақ жапсырғанымызды санап көрейік.

2–3 баланың жапсырған жұмысын тақтаға ілгізіп санату. 2 себет пен

саңырауқұлақтардың муляжын пайдалана отырып, «Кім себетке көп

Page 20: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

20

саңырауқұлақ жинайды?» дидактикалық ойынын ойнатып санату, «көп», «аз»

ұғымын бекіту.

3.Рефлексия.

Педагог балалардың жұмысын мадақтап, қорытындылайды.

№5 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Күзгі жапырақтар.

Мақсаты:қағазды қатпарлап бүктеу арқылы жапырақтың жиектерін иректеп

қиюды үйрету.

Міндеттері:қол, саусақ қимылдарын арттыру; көркем сөйлеу тілін дамыту;

табиғатты сүюге, еңбекке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: жапырақтарды қатпарлап бүктейді;

түсінеді: күзді неге «алтын күз», «жомарт күз» деп атайтынын;

қолданады: жапырақтарды бүктеп қию тәсілін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

қайшы, желім, жапырақ суреттерінен бүктеме, ТОҚ.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: бала санына қарай түрлі жапырақтарды

жұптап даярлау.

Сөздік жұмыс: жомарт күз, емен.

Көптілділік компонент: жапырақ – лист – leaves.

ҰОҚ-нің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балаларға әртүрлі жапырақтарды таратып береді.

Жұмбақ

Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(Күз)

2.Негізгі кезең

Педагогт №1, 2 слайд бойынша күз мезгілінің ерекшелігі мен ағаш

жапырақтарының түрлерін әңгімелейді.

– Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

– Күзді неге «жомарт күз», «алтын күз» деп атаймыз?

Балалардың назарын 13-беттегі сюжетті суретке аудару. Жұптық жұмыс

барысында емен және тал ағаштарын күзгі жапырақтармен әсемдейміз.

Педагог бүктеп қию әдісін көрсетеді. Ол жұмыс барысында жекелеген

Page 21: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

21

балаларға көмектеседі, сондай-ақ сақтық шараларын еске салып, бірлесе

жұмыс істеуде тату болуды ескертеді.

Сергіту сәті. Педагог өлең оқиды.

Балалық

Балалық-ау, балалық!

Кел, бір ойнап тарайық!

Бірім, бірім, бірім деп,

Саусақты да санайық!

Көзді тас қып жұмайық,

Кім түрткенін табайық!

Кел, жарыса шабайық!

Көптілділік компонент: жапырақ – лист– leaves.

Қиып алған жапырақтарын 14-беттегі 5.1-үлгіге желіммен жапсырту.

3.Рефлексия.

Педагог қорытындылап, балаларды мадақтайды. Әр жұпқа өз жұмыстары

бойынша әңгіме құрастыру тапсырылады. Аяқталған жұмыстарды бағалап,

мадақтайды.

№6 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Бұлттар.

Мақсаты: балаларға қолмен жырту әдісі арқылы бұлттың бейнесін құрап

жасауға үйрету.

Міндеттері:қағаз бетіне бейнені дұрыс орналастыра білу машығына баулу;

шығармашылық қабілеттерін дамыту; табиғатты сүюге, әсемдікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: қағазды ұсақтап жыртып ;

түсінеді: жаңбырдың жаууына бұлттардың әсер ететінін;

қолданады: бұлттарды жасау үшін жырту тәсілін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

қайшы, желім, жұмсақ ақ қағаз, қалпақтар(бұлт, тамшы).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: серуен кезінде аспандағы бұлттарды

бақылату.

Сөздік жұмыс: ақ бұлт, сұр бұлт, қара бұлт.

Көптілділік компонент: бұлт – облако –cloud, қара бұлт – туча –black cloud.

ҰОҚ-нің барысы

2. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Жұмбақ

Көзі жасты-жылауық,

Page 22: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

22

Келе жатыр бір алып.

Жабырқаса жылайды,

Жадыраса тарайды.

(Бұлт)

–Ол не?

– Балалар, естеріңде болса, серуен кезінде бұлттарды бақыладық.

– Бұлттар қайда болады?

– Бұлттардың түсі қандай?

– Бұлттар қозғала ма?

2.Негізгі кезең

Көптілділік компонент:бұлт – облако – cloud, қара бұлт – туча – black

cloud.

– Балалар, сендер бұлт туралы жақсы жауап бердіңдер. Ал жаңбырдың

жаууына бұлттардың әсер ететінін білесіңдер ме? Бүгін біз бұлттарды

жапсырамыз.

Педагог жырту әдісін түсіндіріп, жапсыру техникасын көрсетеді.

Үлестірмелі материалдың 16-бетіндегі сюжетті суретке назар аудартады.

Педагог жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектеседі. Ақ қағазды

ұсақтап жыртқызады.

Сергіту сәті. « Біз тамшылармыз» қимылды ойыны.

Педагог бұлт кейпіндегі тәжді киеді. Балаларға да тамшы бейнеленген

қағаздан тәж кигізеді. Өзі бұлт-ана, ал балалар – оның тамшылары болады.

Бұлт-ана тамшыларды жер бетіне қыдыруға жібереді, өсімдіктерді суғару,

жер бетін жуу туралы кеңес береді.

– Ұсақтап жыртылған қағаздарды қиыстырып 17-беттегі 6.1-сюжетті суретке

жапсырамыз.

3.Рефлексия.

Педагог қорытындылап,балаларды мадақтайды. Балалармен жұмысты

талдайды.

Педагог Ә.Табылдиевтің «Бұлт» өлеңін мәнерлеп оқи отырып, оқу қызметін

қорытындылайды. Өлең мәтінін жаттауға таратып береді.

– Балалар, әдемі бұлттар жасадыңдар, жарайсыңдар!

№7 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Айдарлы әтеш.

Мақсаты: әтештің жасалу жолын ретімен үйлестіре білуге үйрету.

Міндеттері:үй құстарына деген қамқорлық сезімдерін ояту; ойлау

қабілеттерін , қиялын дамыту; ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Page 23: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

23

жасайды: әтешті бірнеше бөліктерден жапсырады;

түсінеді: әтештің таңертең шақыратынын;

қолданады: үйлестіре отырып жапсыруды.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

ТОҚ, қайшы, желім.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: үй құстары туралы мульттоптама көрсету.

Сөздік жұмыс: айдар, қауырсын.

Көптілділік компонент: тауық – курица – chicken, әтеш – петух, айдар –

гребешок– rooster.

ҰОҚ-нің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберін жасату.

– Балалар, үй құстары – қаз, тауық, әтеш, үйрек бір-бірімен қалай

амандасатынын білесіңдер ме? Құстар сөйлесе білмесе де өздеріне тән

дыбыс шығарып, өзара бір- бірімен амандасады. Адамдар сияқты қарым-

қатынаста болып, бір-бірін жақсы түсініседі.

Мысалы: әтеш шақырады, тауық қыт-қыттайды, қаз қаңқылдайды т.с.с.

2.Негізгі кезең

Педагог:

–Кәне, бір-бірімізбен әтеш, тауық, қаз сияқты амандасайық.

№1, 2, 3, 4 слайдтан үй құстарын көрсете отырып, әңгімелеу (тауық, әтеш,

қаз, үйрек).

– Үй құстарын қалай күтіп-баптау керек?

– Өте дұрыс айтасыңдар. Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сол жұмбақты

шешсеңдер, бүгінгі оқу қызметінде қиып жапсыратын қандай үй құсы екені

белгілі болады.

Жұмбақ

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.

(Әтеш)

– Ол не?

Жұмысымызды бастамас бұрын18-беттегі сюжетті суретте бейнеленген

әтешке назар аударайық.

– Әтештің басында несі бар?

– Қанатын қалай атауға болады?

Көптілділік компонент: тауық – курица – chicken, әтеш – петух – rooster.

Әтештің айдары, сақалы, қауырсыны бар екен. Енді үлестірмелі материалдың

20-бетіндегі әтештің бөліктерін қалай қию жолдарын түсіндірейін.

Педагог жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектеседі. Алдымен

дөңгелектеп басын қиямыз. Одан кейін бұрыштарын шығара отырып,

кеудесін қиып аламыз.

Сергіту сәті. «Балапандар» ойыны. Бәрі бірігіп топ болып ойнайды.

Ойынды сүйемелдеу үшін көңілді музыка қоюға болады.

Page 24: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

24

Қалған бөліктерін асықпай қию керек, өйткені ойық тұстарын абайлап

қимасаң, дұрыс болмай қалады немесе басқа жері қиылып кетуі мүмкін. Енді

осы қиып алған бөліктерді 19-беттегі 7.1-үлгіге жапсырамыз.

3.Рефлексия.

Педагог қорытындылап, балаларды мадақтайды. Балалармен жұмысты

талдайды.

№8 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Түлкі.

Мақсаты:түлкінің бейнесін қию арқылы пішіндер туралы түсініктерін

нығайту.

Міндеттері:бұрынғы үйренген әдіс-тәсілдерді өз еріктерімен қолдана білу

дағдыларын қалыптастыру; ұсақ қол қимылдарын, ойлау қабілетін дамыту,

ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: үшбұрыштарды құрастырады;

түсінеді: түлкінің баласын «жәутік» деп атайтынын;

қолданады: жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

аңдардың суреттері, орман көріністері, ойыншық түлкі, қайшы, желім,

қолорамал.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: «Бауырсақ» ертегісінен үзінді даярлау.

Сөздік жұмыс: жәутік, үлпілдек.

Көптілділік компонент: түлкі – лиса – fox, орман – лес – forest.

ҰОҚ-нің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу қызметі «Бауырсақ» ертегісінен басталады.

– Балалар, бұл қай ертегі?

Педагог жабайы аңдардың суреттерін (аю, түлкі, қоян, қасқыр т.б.) көрсетіп,

балалармен олардың тіршілігі, мекені, қорегі туралы әңгімелейді. Ойыншық

түлкіні балаларға көрсетіп:

– Қараңдаршы, мынау – түлкі. Ал түлкінің баласын «жәутік» деп атайды.

Оны естеріңде сақтаңдар.

– Түлкінің түсі қандай?

– Құйрығы қандай?

– Жақсы, балалар, ертегідегі түлкі мен бауырсақтың кездесуін еске түсірейік.

Ешкімге алданбаған бауырсақ түлкіге қалай алданды?

Page 25: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

25

Иә, түлкі әрі қу, әрі айлакер. Ол осы айлакерлігінің арқасында ешкімге

алданбайды, керісінше алдайды.

Көптілділік компонент:түлкі – лиса – fox, орман – лес – forest.

Бүгін біз осы түлкінің бейнесін қиып жапсыруды үйренеміз. Қайшымен

жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіруін сұрайды.

2.Негізгі кезең

№1 слайдтан түлкінің дене бөліктерін, жасалу жолын көрсету.

Педагог жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектеседі. Шаршыны кесу

сызығы арқылы екі бөлікке бөлеміз. Үлкен үшбұрыш –денесі. Кішкентай

үшбұрыштардың біреуі – басы, жоғарыдағы екеуі –құлағы.Сопақша –

құйрығы.

Сергіту сәті.«Көлеңке» қимылды ойыны.

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Түлкі қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

– Ал, балалар, біраз сергіп алдық, енді жұмысымызд жалғастырайық.

Түлкінің қалған бөліктерін қиып алайық. Қиып дайындаған бөліктерді

22-беттегі 8.1-үлгіге жапсыру тапсырылады.

3.Рефлексия.

Педагог балалардың жұмысын мадақтап, оқу қызметін қорытындылай келе,

Е.Өтетілеуұлының «Түлкі» өлеңінің мәтінін таратып береді.

№9 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Теңіз асты патшалығы.

Мақсаты: ірі бөлшектерді өзіне тән ұсақ бөлшектермен толықтыра отырып

балық бейнесін жапсыруға үйрету.

Міндеттері: пішіндердің шеттерін қию, іскерліктерін жетілдіру;

шығармашылық қабілеттерін, қол бұлшық еттерін дамыту; қамқорлыққа,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: балықтарды, ұлуды, шаянды;

түсінеді: сюжетті суретті ұжым болып жасауды;

қолданады: қиюдың таныс әдіс-тәсілдерін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

ватман қағаз, қайшы, желім, бала санына қарай 2-ден көк түсті қағаз,

балықтар туралы СD диск.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: екі ватман қағазды біріктіріп аквариум

суретін салу.

Сөздік жұмыс: сазан, бекіре, мөңке, жайын.

Көптілділік компонент: су – вода– water, балық – рыба – fish.

Page 26: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

26

ҰОҚ-нің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Жылулық шеңбері ( психологиялық минут).

Педагог жайлы дауыспен, көздерін жұмып ұйқыға кететіндерін, бәрі

бірдей түс көретіндерін айтады.

– Мөлдір, тұнық су...

– Сендер су астында жүзіп жүрсіңдер...

– Жан-жақтарыңда керемет түрлі балықтар... т.б.

Педагог: «1, 2, 3», – деп санайды. СD диск қолдана отырып балықтардың

тіршілігімен, сан алуан түрімен таныстырады: сазан, бекіре, мөңке, жайын

т.б.

2.Негізгі кезең

Педагог балалар назарын үлестірмелі материалдағы «Теңіз асты патшалығы»

сюжетті суретке аударуларын сұрайды.

– Мына суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?

– Ал 25-беттегі теңіз астында ешнәрсе жоқ екен. Кәне, су асты бос болмас

үшін ішіне балықтарды, ұлуды, шаянды жасап жіберейік.

Көптілділік компонент: су – вода– water, балық – рыба – fish.

Педагог жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектеседі. Педагог 25а-

беттегі 9.2-ші үлгілерді қиюдың жолдарын түсіндіреді.

Сергіту сәті.

«Өзін-өзі тану» әдістемелік құралынан. Педагог балалармен әңгіме

жүргізеді.

Теңіз астында біз көрмеген көптеген тіршілік иелері мекендейді, олардың

тіршілігі біз үшін беймәлім және қызық. Біз оларды көбінесе теледидардан

көріп, журналдардан оқимыз. Балықты өзіміздің ауылдағы өзен суларынан да

кездестіреміз.

– Суда жүзіп жүрген балықтарды көргендерің бар ма?

– Хайуанаттар бағында болдыңдар ма?

Хайуанаттар бағында жан-жануарлар, құстар, аңдардың және жәндіктердің

түр-түрі бар. Адамдар барып оларды тамашалайды. Міне,сол жерде

аквариумдарда неше түрлі балықтар бар. Онда неше түрлі балықтар мен теңіз

жәндіктерін күтіп баптайды.

Үйде кішігірім балықтары бар аквариумдар болады.

– Балалар, кімнің үйінде аквариумбар?

Ұжымдық жұмыс:

– Ендеше, 25-беттегі теңіз асты патшалығына балықтарымызды, ұлуды,

шаянды орналастырайық. Осы кезде үнтаспадан сылдырлап аққан судың

даусы естіледі.

3.Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды. Балалармен

жұмысты талдайды.

– Жасаған жұмыстарың ұнады ма?

Page 27: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

27

Қоштасу шеңбері:

Күніміз ашық болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!

№10 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Құмырадағы гүл.

Мақсаты: қағазды бірнеше бүктеу арқылы қию әдісіне үйретуді

жалғастыру.

Міндеттері:затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру; қол бұлшық

еттерін дамыту; математикалық ұғымдарын бекіту; сұлулықты сезіне білуге,

әсемдікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: гүлді үлгі бойынша жапсырады;

түсінеді: туған күніне сыйлық жасау керектігін;

қолданады: затқа қарап жапсыру дағдысын.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

желім, қайшы, құмырадағы гүл, әже (қуыршақ).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: серуенге шыққанда бақшадағы гүлдерді

бақылау.

Сөздік жұмыс: күлте.

Көптілділік компонент: гүл – цветок – flowers, құмыра – ваза –pitcher.

ҰОҚ-нің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

«Тілек шоғы» жылулық шеңбері. Педагог әр баланың қолына бір-бір гүлден

таратады. Педагог өз қолындағы гүлді тілек айтып, жанындағы балаға

ұсынады. Жылы сөз айту жалғасады. Гүлдер көбейіп, «Тілек шоғы» болып,

педагогтің өзіне оралады.

Кімде-кім жақсы тілек айтса, жақсы тілек ойласа, сол үлкен жақсылыққа

айналып өзіңе қайтады.

2.Негізгі кезең

Педагог балалардың гүл туралы түсініктерін суреттер көрсету арқылы

кеңейте түседі.

Тосын сәт: Кенет есік қағылады.

Педагог:

– Балалар, біреу есік қағып тұр, кім келді екен? Қолында гүлі бар әже кіреді.

Әжей:

– Бүгін менің немерем Әселдің туған күні, – дейді.

Педагог әжей әкелген гүлшоқты құмыраға салып қояды.

– Енді сіз біздің балалардың өнерін көріңіз.

Page 28: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

28

– Балалар, Әселге арнап осындай құмырадағы гүлді жапсырып дайындайық.

Көптілділік компонент:гүл – цветок– flowers, құмыра – ваза– pitcher.

26-бет, 10-шы үлгіге қарау. Құмырадағы гүл туралы әңгімелеу. Алдымен

педагог балаларға қағаздан гүл бөлшектерін қиюды, содан соң гүлдерді

жапсыру техникасын көрсетіп, түсіндіреді.

– Бірінші үш гүл күлтесін қиып аламыз, содан кейін қалған бөліктерін

қиямыз.

Сергіту сәті.

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Педагог қарайды,

Аяққа бір, қолға бір.

– Міне, балалар, гүліміздің бөліктерін қиып алдық, енді оларды жапсыруға

кірісейік.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Балалардың жапсырған гүлдерін,

күлтелерін,сабағын, жапырағын санату.

– Құмырада неше гүл бар?

– Күлтелерін санап көрейік?

– Сабағын санайық?

– Жапырағы нешеу екен?

3.Рефлексия.

Педагог қорытындылап, балаларды мадақтайды.

–Балалар, осы дайындаған гүлімізді Әселге сыйлаймыз ба?

– Әже, қараңызшы, біздің балалар қандай әдемі гүлдер жасады.

Әже педагогпен бірге балаларды мадақтайды. Әже балалармен қоштасады.

№11 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері.

Мақсаты:екіге бүктелген қағазды симметриялы сызықпен кесуге, бүктеу

арқылы қиюға үйрету.

Міндеттері:қайшыны дұрыс ұстау, пішінді ұқыпты қиюын жетілдіру,

қағазды бүктеу, жазу арқылы саусақтарды әртүрлі ұсақ қимылдар жасауға

үйрету, балалардың бөлмеде өсірілетін гүлдер жайлы түсініктерін кеңейту,

бөлме гүлдерін күтіп-баптауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: құмырадағы бөлме гүлін бүктеп қию әдісімен;

түсінеді: бөлме гүлдеріне үлкен қамқорлықтың қажет екендігін;

қолданады:қағазды екіге бүктей отырып симметриялы қиюдың жолдарын.

Page 29: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

29

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

бөлме гүлдерінің суреттер топтамасы, қайшы, желім.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: топ бөлмелеріндегі және дәліздегі бөлме

гүлдерін бақылау және күтіп баптау жұмыстарын жүргізу.

Сөздік жұмыс: қазтамақ, сиягүл, шырмауық.

Көптілділік компонент: құмыра – горшок–pitcher, гүл – цветок–flowers.

ҰОҚ-нің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

«Гүл дүкені» дидактикалық ойыны. Педагог алдын ала әртүрлі бөлме

гүлдерінің суреттерін тақтаға іледі. Бір баланы дүкеннің сатушысы етіп

сайлайды.

Балалар кезекпен дүкенге келеді.

– Алыңыз, бұл – қазтамақ гүлі.

– Алыңыз, бұл – сиягүл деп аталатын бөлме гүлі.

– Сіз өте әдемі гүлді таңдадыңыз, мінеки, алыңыз.

– Балалар, дүкеннен қандай гүлдер сатып алдыңдар?

Педагог балалардан бөлме гүлдері жайлы, оның түрлері, пайдасы жайлы

сұрайды.

Топтың ішіндегі терезенің алдында тұрған гүлдерге назар аудартады.

Педагог әр гүлдің атауын, оның қасиеттерін, гүлдерге күтім керек екенін,

оның күнді, жарықты сүйетінін, үйге көрік беріп тұратынын әңгімелейді.

– Неліктен бөлме гүлдерін бөлмеде өсіреміз, оның қандай пайдасы бар?

– Гүлді қалай күтіп-баптау керек?

2.Негізгі кезең

Көптілділік компонент:құмыра – горшок– pitcher , гүл – цветок– flowers.

– Балалар, бөлме гүлдерінің де басқа өсімдіктер сияқты тамыры,сабағы,

күлтелері болады. Гүлдер суғаруды, түбін қопсытуды, жапырағының шаңын

сүрту сияқты үлкен қамқорлықты қажет етеді. Бүгін біз сендермен бірге

бөлме гүлін жапсырамыз.

Балалардың назарын 29-беттегі 11-ші сюжетті сурет үлгісіне аудартады.

Педагог балаларға жапсырудың жолдары мен техникасын көрсетеді.

1. 39-шы беттегі 11.2- тапсырмадағы құмыраның суреті салынған бөлігін

қиып алып, оны ортасында көрсетілген сызық бойынша екіге бүктеп қию

керек.

2. Жасыл түсті гүлді де дәл осылай қиямыз.

Сергіту сәті. «Шебер және батыл» саусақ жаттығуы.

– Балалар, саусақтарыңды бүгіп, алақандарыңды бір-біріне үйкелеп, ашып-

жұмыңдар, жаттығуды қайталаңдар.

3. Дайындаған бөліктерді 30-беттегі 11.1-үлгіге орналастырамыз.

4. Құмыраның сыртына сары гүлді қиып алып жапсырамыз.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

3.Рефлексия.

Page 30: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

30

Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды. Балалармен

жұмысты талдайды.

– Балалар, қандай әдемі бөлме гүлін жасадыңдар.

Күніміз ашық болсын, Елімізде тыныштық болсын,

Гүлдей жайнаған балаларымыз аман болсын! – деп, балаларды мадақтайды.

№12 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Тауыс.

Мақсаты: бірнеше бөліктерден тұтас бейне құрастырып жапсыруға үйрету.

Міндеттері:қаттап қию арқылы бірден бірнеше бөліктерді қиюға үйретуді

жалғастыру; түстерді үйлесімді қолдана білуін жетілдіру; қол, саусақ

қимылдарын дамыту; өз жұмыстарын бағалай білуге, шыдамдылыққа

тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: даланың тауыс құсын;

түсінеді: тауыс құсы Қызыл кітапқа енгізілгенін;

қолданады: бірден бірнеше бөліктерді қиюды.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: құстардың даусы жазылған

үнтаспа, үлестірмелі материалдар, қайшы, желім.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: тауыс құсының суреттері, Қызыл кітапқа

енгізілген құстар туралы әңгімелеу, құстардың муляждарынан көрме

ұйымдастыру.

Сөздік жұмыс: тауыс, Қызыл кітап.

Көптілділік компонент: тауыс – павлин –peacock.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Күтпеген сәт. Қабылдау бөлмесінен үнтаспадан әртүрлі құстардың

дауыстары естіледі.

Педагог:

–Балалар, бұл ненің дауысы?

– Жүріңдер, көрейік! Педагог балаларды құстардың муляжы қойылған

бөлмеге апарады. Олардың көңілін тауыс құсына аударады.

2.Негізгі кезең

Педагог:

– Ал мына құсты тауыс деп атаймыз. Тауыс құсы ыстық жақты мекендейді.

Бұл – Қызыл кітапқа енгізілген, өте сирек кездесетін құс. Бұл құстың бір

ерекшелігі, қанаттары мен құйрықтары түрлі түсті, өте әдемі болады.

– Сендер мұндай құсты көрдіңдер ме?

– Құстың басқа құстардан қандай ерекшеліктерін көріп тұрсыңдар?

– Тағы бір ерекшелігі – ол құйрығын жазады. Сонда ол тіпті әдемі болады.

Page 31: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

31

Хайуанаттар бағында оларды арнайы күтушілер қарайды. Оларға су, жем

береді.

Көптілділік компонент:тауыс – павлин –peacock.

Педагог балалардың назарын 32-беттегі 12-суретке аударуларын сұрайды.

– Енді осындай тауысты өзіміз жасап көрейік. Балаларға бүктеп қию және

жапсыру әдістерін түсіндіреді. Алдымен денесін қиып, 33-беттегі 12.1-үлгіге

жапсырамыз.

Басы мен мойнын қиып үлгіге орналастырамыз.

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бесті беске қосқанда ,

Болып шықты он саусақ.

Құйрық қанаттарын үш түрлі көлемдегі дөңгелектерді бүктеу әдісімен қияды.

Педагог тақтада жаңа әдіспен жұмыс істеуді түсіндіреді.Үлкен дөңгелектен

бастап,төменгі жиегін дәлдеп бүктеп кезекпен орташа, кіші дөңгелектерді

қияды.

Қиып алған бөліктерді 33-беттегі үлгіге рет-ретімен орналастыру қажеттігін

түсіндіреді. Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

– Балалар, сендер шыдамдылықпен еңбектеніп әдемі тауыс құсын

жасадыңдар.

-Кәне, жүріңдер «Құстар бағын» өз тауыс құсымызбен толықтырайық.

(Құстардың даусы естіледі.)

Сергіту жаттығуы.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз. (Өзін-өзі тану. Әдістемелік құрал, 2010 ж.)

Балалардың өздері жасаған тауыс құстың дене бөліктерімен таныстыру.

Құстың дене бөліктерінен қандай геометриялық пішіндерді көріп

отырғандарын сұрау.

3.Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

– Балалар, біз қандай құсты жапсырдық?

– Тауыс қандай құс?

– Енді, осы тауыстарды ұшырып апарып, «орманға» қондырайық.

Балаларды мадақтап, оқу қызметін аяқтайды

№12 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Page 32: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

32

Бөлімі:аппликация.

Тақырыбы: Тікұшақ.

Мақсаты:түрлі формадағы бөлшектерді қиып, үлгі бойынша тұтас бейне

құрауға үйрету.

Міндеттері:тікұшақ туралы білімдерін кеңейту; балалардың ой-өрісін,

шығармашылық қабілеттерін дамыту; шыдамдылыққа , таза жұмыс істей

білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: тікұшақтың әр бөлігін ретімен жапсырады;

түсінеді: көлік түрлері және олардың қызметі туралы;

қолданады: қиюдың түрлі әдіс-тәсілдерін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

әртүрлі көліктердің суреттері, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, қол

сүлгілер.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: аспанда ұшатын тікұшақ, самолет түрлері

туралы әңгіме өткізу.

Сөздік жұмыс: қалақ, ғаламшар.

Көптілділік компонент: тікұшақ – вертолет–helicopter, ұшақ – самолет –the

plane.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберін құрып, жұмбақ шешуді тапсыру.

Педагог:

–Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін ойланып, тауып

көріңдер.

Басып озып құсты,

Қанатын қақпай ұшты.

–Ол не?

Аспанда жүзеді,

Қанатын қақпайды.

Жерде де жүреді,

Бауырлап жатпайды.

– Ол не?

2.Негізгі кезең

Көптілділік компонент:тікұшақ – вертолет– helicopter, ұшақ – самолет– the

plane.

Көліктердің түрлері туралы әңгімелеу.

Педагог балаларға сұрақ қояды:

– Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

– Суда жүзетін көліктерді атаңдар.

– Қандай көліктер жерде жүреді?

– Аспанда қандай көліктер ұшады?

Page 33: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

33

– Балалар, бүгін біз тікұшақты қиып жапсырамыз.

– Алдымен барлық бөліктерін сызба бойынша қиып аламыз. Қоңыр түсті

үлкен дөңгелек –тікұшақтың негізгі бөлігі. Қалған бөліктерін де дәл осылай

жеке-жеке қиып аламыз.

Сергіту жаттығуы.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Педагог қарайды,

Аяққа бір, қолға бір.

Міне, «вагон» , кіреміз,

«Пойызбен» жол жүреміз.

«Кемеге» де мінеміз,

Толқындарды тілеміз.

Е.Өтетілеуұлы.

Педагог: Қиып алған бөліктерді 35-беттегі үлгіге қарап отырып, 36-бетке

ретімен орын-орнына орналастырамыз.

Бірінші – негізгі бөлігі.

Екінші – құйрығы.

Үшінші – қалақтары.

Төртінші – терезелері.

Бесінші – дөңгелегі.

Педагог:

–Балалар, тікұшағымыз дайын болды. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

3.Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды. Бүгінгі оқу

қызметіне белсенді қатысқандарың үшін рақмет айтамын. «Ұшты-ұшты»

қимылды ойынымен оқу қызметін қорытындылау.

№14 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Қуыршаққа арналған көйлек.

Мақсаты:қағазды бүктеу әдісі арқылы көйлек пішінін қиюға үйрету;

Міндеттері:қию әдістерін үйретуді жалғастыру, қол-қимыл әрекеттерінің

қозғалғыштығын дамыту; талғампаздыққа, өнерлі болуға ұмтылуға

тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: киімді үлгі бойынша қияды;

түсінеді: театрға, киноға, қонаққа сәнді киініп бару керектігін;

қолданады: кеңістікте орналастыруды, салыстыруды.

Page 34: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

34

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

қуыршақтардың суреттері, балалардың санына қарай ойыншықтар, желім,

қайшы, үнтаспа.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: киім түрлері, жыл мезгіліне байланысты

киім кию туралы әңгіме өткізу; киімді үйлестіріп кию жайлы әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: қуыршақ, театр.

Көптілділік компонент: киім – одежда–clothing, қызыл – красный–red,

көгілдір (көк) – голубой–blue.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері.

– Қуыр-қуыр, қуыршақ,

Құмды бірге суырсақ.

Балшықты да илесек,

Қалыпты да сүйресек.

Отырғызсақ жемісті,

Бітірер ек көп істі,–дейді

Гүлсім күлімдеп,

Қуыршаққа күнім деп.

Қуыршағы кекілді,

Келісетін секілді.

Б. Айтмұхаева.

Балаларға компьютерден әртүрлі ойыншықтар мен қуыршақтардың түрлерін

көрсетіп, шағын әңгіме жүргізу.

Педагог:

–Балалар, бізге ойыншықтар не үшін қажет?

– Дұрыс айтасыңдар. Ойнау үшін, әдемілікті сезіну үшін, бір-бірімізге

сыйлау үшін қажет.Сондай әдемі ойыншықтарымыздың бірі – қуыршақ.

2.Негізгі кезең

Көптілділік компонент: киім – одежда–clothing, қызыл – красный–red,

көгілдір (көк) – голубой–blue.

Педагог:

–Балалар, бәріміздің қолымызда қуыршағымыз бар.

Бүгін сол қуыршақтарымызды театрға, (концертке, «Балапан» тобына

қонаққа) алып баруымыз керек. Ол үшін қуыршақтарды қалай киіндіреміз?

– Ендеше, қуыршақтарымызға киінуге көмектесейік.

– Ол үшін бізге не қажет?

Балаларға 40-беттегі киімнің дайын сызбасы ұсынылады.

Педагог балаларға қағазды екіге бүктеу арқылы симметриялы пішінді қию

әдісін көрсетеді. Педагог балалардың әрқайсысының қасына барып, аралап

көріп, жекелеген балаларға көмектеседі.

Page 35: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

35

– Алдымыздағы үлгіге қарап отырып, алдымен көгілдір түсті бөлікті қиып

аламыз. Қағазды ортасындағы белгі бойынша бүктеп, сызықтың бір шетінен

бастап аяғына дейін қиямыз. Қуыршақтың киімінің кеуде бөлігі дайын

болды.

Сергіту сәті.

Әдептілік әлемі.

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ-табақты.

Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Салдыр-салақ болмағын.

Е.Өтетілеуұлы.

– Балалар, сергіп алсақ жұмысымызды әрі қарай жалғастырайық.

– Енді, қуыршағымыздың белдемшесі (юбкасы) қалды.

Қызыл түсті қағазды белгі бойынша бүктеп, сызықтың бір шетінен әдемілеп,

ұқыптылықпен қиямыз. Белдемшеміз дайын болды.

– Балалар, бүгінгі қиған киімдеріміз қандай математикалық пішіндерге

ұқсайды?

– Енді, қуыршағымызды киіндірейік.

Желімді жағып, орын-орнына жапсырайық.

– Міне, қуыршақтарымыз театрға, киноға немесе «Балапан» тобына қонаққа

баруға дайын. Үнтаспадан Ә. Дүйсенбиевтің сөзіне жазылған «Қуыршақ»

әні орындалады.

3.Рефлексия.

Педагог қортындылап, балаларды мадақтайды. Балалармен жұмысты

талдайды. Жасалған жұмыстары көрмеге қойылады.

№15 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Көлік.

Мақсаты:симметриялық бүктеу арқылы бірдей екі пішінді қиюға,

салыстырмалы орналастыра білуге үйрету.

Міндеттері: заттың өзгешелігін түсіндіру; таныс әдіс-тәсілдерді қолдану;

геометриялық түрлі пішіндерді қиюға ептілік, шығармашылық, есте сақтау

қабілеттерін дамыту; жолда жүру ережелерін сақтап, абай болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: көліктің бір түрі – автобусты қиып жапсырады;

Page 36: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

36

түсінеді: көлік әртүрлі болатынын, оның қатынас құралы екендігін;

қолданады: үлгі бойынша қиюдың таныс әдіс-тәсілдерін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

ТОҚ, (№1 слайд), қайшы, желім.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көліктер туралы мульттоптама көрсету.

Сөздік жұмыс: өрт сөндіру көлігі, жедел жәрдем көлігі, жүк таситын көлік,

жолаушыларды таситын көліктер (автобус, троллейбус, трамвай, метро).

Көптілділік компонент: көлік– транспорт–transport, бағдаршам –светофор–

traffic light.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Н.Айтовтың «Жолың болсын» өлеңіне шаттық шеңберін құру.

Педагог адамдар көлікпен алыс сапарға жолға шыққанда бір-біріне «жолың

болсын! » деп жақсы тілек айтатынын естеріне түсіреді.

Атам шықса сапарға,

– Жолың болсын! – дейді апам.

Апам шықса сапарға,

– Жолың болсын! – дейді атам.

– Жолың болсын! – дейді олар.

Үлкенге де кішіге.

– Жолың болсын! – дейді олар,

Ұшырасқан кісіге.

Осы сөзде байқадым,

Қуат барын, күш барын.

– Жолың болсын! – айтам мен,

Алыс жолға шықса кім.

2.Негізгі кезең

Педагог №1 слайдтан балаларға әртүрлі көлік түрлерін көрсетіп, олардың

адам өмірінде әртүрлі қызметте қолданылатынын айтады. Балаларға көлікке

байланысты бірнеше сұрақ қояды.

– Балалар, жеңіл көліктер не үші керек?

– Автобус, троллейбус, трамвай, не үшін керек?

– Жедел жәрдем көлігі не үшін керек?

– Өрт сөндіру көлігі не үшін керек?

– Пойыздар мен ұшақтар не үшін керек?

– Жарайсыңдар, сендер көліктертуралы көп біледі екенсіңдер.

№2 слайдтан автобустың құрылысына, түріне, түсіне қандай болатынына

назар аударту.

– Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Бір көзім «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді,

Page 37: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

37

«Қарап ал маңайға» дейді.

(Бағдаршам)

– Ол не?

– Бағдаршам қандай қызмет атқарады?

Көптілділік компонент: көлік– транспорт–transport, бағдаршам –светофор–

traffic light.

–Бүгін біз көліктің бір түрі – автобусты жапсырамыз.

Автобустың негізгі бөлігін шығару үшін тіктөрбұрыштың жоғарғы екі

бұрышын доғалдап қиямыз.Қағазды екі бүктеу арқылы дөңгелек пішіндерді

қию. Автобустың терезелерін бүктеу әдісін қолдана отырып, бірден бірнеше

төртбұрышты қию әдісін көрсетеді. Шеткі екі терезенің жоғарғы

бұрыштарын доғалдап қияды.

Педагог жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектеседі.

Сергіту сәті.

Бала, бала, балақан,

Кәне, қайсы алақан?

Саусақтарың әйбәт,

Былай-былай ойнат.

Топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса, алтын күн,

Жаса-жаса, жарқын күн!

Дайын үлгілерді 42-беттегі үлгіге кеңістікті дұрыс пайдалана отырып,

(алдына, ортасына қатарлап,төменгі жағына) желімді ұқыпты жағып

жапсырамыз.

3. Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қортындылап, балаларды мадақтайды. Балалармен

жұмысты талдайды.

– Міне, көлігіміз де дайын болды. Балаларды мадақтай отырып,

«Қандай көлік екенін тап?» дидактикалық ойынын ойнату.

№16 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Домбыра.

Мақсаты: ұлттық ою-өрнек элементтерін қию әдісіне және үйлесімді

сәндеуге үйрету.

Міндеттері:бүктелген қағаздан симметриялы пішінді қия білуді жалғастыру;

шығармашылық қасиеттерін дамыту; қол қимылдарын жаттықтыру; өнерді

бағалай білуге, өнерлі болуға талпынуға ықпал ету.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: ұлттық ою-өрнек салынған музыкалық аспапты;

түсінеді: күй тек домбырада орындалатынын;

қолданады: бүктеп, симметриялы қиюды.

Page 38: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

38

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

желім, қайшы, ТОҚ, үнтаспа, домбыра.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балаларға домбыра туралы әңгімелеу,

үнтаспадан күй тыңдату.

Сөздік жұмыс: музыкалық аспап, шанағы, перне, тиек.

Көптілділік компонент: музыкалық аспап – музыкальный инструмент–

musical instrument.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу қызметін үнтаспадан түрлі музыка аспаптарының дыбыстарын

тыңдатудан бастаймыз.

Педагог:

–Бұл қай аспаптың дыбысы?

Музыка жетекшісі бірнеше шығармалардан үзінді орындайды.

– Музыкалық аспаптардың ішінде қазақ халқының негізгі ұлттық аспабы қай

аспап?

Көптілділік компонент: музыкалық аспап – музыкальный инструмент–

musical instrument.

2.Негізгі кезең

Педагог домбыраны көрсетіп, №1,2 слайдтан атақты күйшілерді және

домбыраның түрлерін көрсете отырып, домбыра ата-бабамыздан келе

жатқан мұра екендігін, негізінен күй шертуге арналғанын, ағаштан

жасалатынын, оны күтіп, қастерлеп ұстау керектігін айтады.

№3 слайд. Музыка жетекшісі домбыра құрылысымен таныстырады:

– шанағы;

– мойны, құлағы;

– пернелері;

– тиегі;

– ішегі.

Балалардың назарын үлестірмелі материалдың 44-бетіндегі домбыраның

суретіне аудару.

– Әдемі ме? Қалай, немен безендіріліп сәнделген?

– Ою қалай аталады?

– Балалар, домбыра туралы көп нәрсе білдік. Енді осы домбыраны жапсырып

көрейік. Педагог жұмыс барысында оюды қиғанда жекелеген балаларға

көмектеседі. Жұмыс барысында күй ойнап тұрады.

– Алдымен домбыраның бөліктерін қиып дайындап аламыз.

1.46-беттегі домбыраның шанағын және басқа да ұсақ бөліктерін қиямыз.

Сергіту сәті.

Музыка жетекшісінің сүйемелдеуімен «Қаражорға» биін билеу.

– Енді, балалар, оюларды қиямыз.

2. 46-беттегі 16.2-үлгі бойынша «Қошқармүйіз» оюын үлгідегі бүктеу сызығы

арқылы тігінен симметрия бойынша қию.

Page 39: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

39

3. Қиылған оюды домбыра шанағының үстіңгі және төменгі жағына

жапсырамыз.

– Міне, домбырамыз да дайын болды.

3. Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қортындылап, балаларды мадақтайды. Балалармен

жұмысты талдайды. Балаларды мадақтап, жұмыстарын ұлттық көрме

бұрышына қоюды ұсынады. Домбырада күй ойналады.

№17 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Қысқы орман.

Мақсаты:жырту әдісі арқылы бейнелер мен сюжетті толықтыруға үйрету.

Міндеттері:қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту;

суретке қарап шағын әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру; саусақ

қимылдарын жетілдіру; әсемдікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: қарды қағазды жырту әдісімен;

түсінеді: жыл мезгілдерінің өзіндік ерекшеліктерін;

қолданады: қағазды жырту әдісін және ағаштардың бөлшектерін қиып,

жапсыруды.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

табиғат бейнеленген суреттер, қысқы ағаш бұтағы, желім, қайшы.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: жыл мезгілдері туралы әңгіме өткізу;

орман туралы түсінік беру.

Сөздік жұмыс: қыс, орман, қар.

Көптілділік компонент: орман – лес –forest, қыс – зима –winter, қар – снег –

snow.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберін құру.

Педагог Е. Өтетілеуұлының қыс туралы бір өлеңін оқиды.

Қыс қызығы

Аппақ көше, бар дала, аппақ ой мен қыраттар,

Ақ шатырлы қар қала, ақ жамылып тұр бақтар.

Аулада ойнап шулайды, қар лақтырып балалар,

Сырғанақта зулайды, шаңғышылар, шаналар.

– Балалар, тақпақ ұнады ма?

– Қазір жылдың қай мезгілі?

– Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

Жыл мезгілінің бәрі де жақсы. Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Page 40: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

40

2.Негізгі кезең

Педагог балалардың назарын үлестірмелі материалдың47-бетіндегі «Қысқы

орман» сюжетті суретіне аударуларын сұрайды.

– Балалар мына суреттен не көріп тұрсыңдар?

– Дұрыс айтасыңдар, бұл қысқы орман көрінісі.

– Айнала қандай, балалар?

– Ағаштар қандай?

– Неге жапырақтары жоқ деп ойлайсыңдар?

Көптілділік компонент:орман – лес –forest, қыс – зима–winter, қар –снег–

snow.

–Бүгін осы қысқы ормандағы ағаштарды қиып жапсырамыз. Балаларға

дайын үлгілер таратылады. Педагог жұмыс барысында жекелеген

балаларға көмектеседі.

Бірінші 49-беттегі қоңыр түсті қағаздан ағашты қиып аламыз.

– Балалар, ағаштың нелері бар?

– Дұрыс, енді үлгідегі сызық бойымен бұтақтарын абайлап қиямыз. Ақ

қағазды ұсақтап жыртып қар жасаймыз.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Бетіме жел соғады.

Кіп-кішкентай балалар,

Ержетеді, өседі.

«Өзін-өзі тану» кітабынан.

– Ал, балалар, жұмысымызды жалғастырайық. Қиып алған бөлшектерді 48-

беттегі орнына жапсырайық.

3. Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қортындылап, балаларды мадақтайды.

– Міне, қысқы ормандағы ағашымыз да дайын болды. Енді, балалар, оқу

қызметін жұмбақпен аяқтайық, мұқият тыңдаңдар.

Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте.

– Дұрыс. Балалар, «қандай әдемі, қандай тамаша» сөздерін бәріміз қосылып

қайталайық. Бүгін жақсы жұмыс істедіңдер. Жұмыстарыңды көрмеге қоямыз.

№18 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Қысқы түн.

Мақсаты:үлкен және кіші геометриялық пішіндерді салыстыра отырып

жапсыруға үйрету.

Міндеттері:жапсырудың әдіс-тәсілдерін үйрету;өз беттерімен жұмыс істеу

дағдыларын дамыту; қайшымен жұмыс істей білу қабілеттерін арттыру;

табиғатты сүюге, қорғауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Page 41: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

41

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: тұрғын үйлерді жапсырады;

түсінеді: қысқы табиғат ерекшеліктерін, адамдардың тіршілігін;

қолданады: үйдің бөлшектерін қиюды және жапсыруды.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

тақырыпқа байланысты түрлі суреттер, үнтаспа, ақ қағаз, желім, қайшы,

ойыншықтар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: уақыт мезгілі туралы түсінік беру.

Сөздік жұмыс: қысқы түн, суық түн, айлы түн.

Көптілділік компонент: қыс – зима –winter, түн – ночь–night.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберін құру.

Педагог Е. Өтетілеуұлының өлеңін оқиды:

Алақай, алақай!

Қуанды балақай:

Күз ауды,

Қар жауды.

Құс кетті,

Қыс кепті.

Айдала, бақшалар –

Айнала ақша қар.

Шығамыз топ бала,

Соғамыз аққала!

– Балалар, қазір қыс мезгілі. Қыс айларын атаңдаршы?

– Қыс мезгілі қандай болады?

2.Негізгі кезең

Педагог балалардың назарын үлестірмелі материалдағы «Қысқы түн»

сюжетті суретіне аударады.

– Мына суреттен не көріп тұрсыңдар?

– Дұрыс айтасыңдар, балалар, суретте қысқы түн бейнеленген.

Көптілділік компонент:қыс – зима – winter, түн – ночь–night.

Педагог «Қысқы түн» тақырыбы бойынша әңгіме өткізеді.

– Қар жауып тұр. Үйлердің мұржаларынан будақтап түтін шығып жатыр.

Аулада балалардың ойнайтын шанасы тұр. Бүгінгі оқу қызметіндегі

тапсырма бойынша осы суретке қарап, қысқы айлы түндегі үйлерді қиып

жапсырамыз.Балалар үш топқа бөлінеді. Бірінші топ үлкен үйді, екінші топ

орташа үйді, үшінші топ кішкене үйдің бөліктерін қиып дайындайды.

1-үлгіден қоңыр түсті қағазды қиып аламыз.

2. Үйдің шатырын қиямыз.

3. Үйдің мұржасын, одан шығып жатқан түтінді қиып аламыз.Үйіміздің

бөлшектері дайын болып қалды, енді несі жетпейді?

Page 42: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

42

– Дұрыс, енді сары түсті қағаздан үйдің терезелерін қиямыз. Педагог

балалардың жұмыстарын аралап жүріп көреді, көмектеседі.

Сергіту жаттығуы.

Қайда екен қолымыз,

Оңымыз бен солымыз.

Білеміз бе оны біз?

Міне, оң мен солымыз.

Міне, алақай, қолымыз,

Қол созайық бір, екі.

«Өзін-өзі тану» кітабынан.

– Ал, балалар, сергіп алдық. Енді жұмысымызды аяқтайық. Дайындаған

бөлшектерімізді үлгіге қарап отырып, рет-ретімен жапсырайық.

3. Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қортындылап, балаларды мадақтайды.

– Міне, үйіміз де дайын болды. Педагог балалардың жұмыстарын

мадақтап, оқу қызметін аяқтайды.

№19 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.

Мақсаты:үлгі сызық бойынша бейнені қия білуін бекіте отырып, өз бетінше

безендіруге үйрету.

Міндеттері:балаларды өздерінің сүйікті ойыншықтарының аттарын атай

отырып сипаттауға және оларға ұқыпты қарай білуге баулу; балаларға

қиюдың түрлі тәсілдерін меңгерту; таңдау жасай білуге, ұқыптылыққа

үйрету; саусақ қимылдарын арттыру, қағазды қию қабілеттерін дамыту;

төзімділікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: өздеріне ұнаған ойыншықтарды жапсырады;

түсінеді: ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстау керектігін;

қолданады: өз ойыншықтары туралы әңгімелеуді.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

үнтаспа, қайшы, желім, желім жаққыш, балалардың сүйікті

ойыншықтарымен түскен суреттері, түрлі ойыншықтар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балаларды сүйікті ойыншығымен суретке

түсіру, слайдқа енгізу, ойыншықтар көрмесін әзірлеу.

Сөздік жұмыс: сүйікті ойыншық, жұмсақ, қатты, резеңке.

Көптілділік компонент: ойыншықтар – игрушки– toys, сүйікті ойыншықтар

– любимые игрушки – favorite toys.

ҰОҚ-нің барысы

Page 43: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

43

1.Ұйымдастыру кезеңі

Педагог шаттық шеңберін ұйымдастырады.

Е.Өтетілеуұлының «Менің сүйікті ойыншығым» өлеңін оқиды.

Балғын бөбек – қуыршақ,

Бота, қозы, құлыншақ,

Ойыншықтар, кітаптар,

Орман, көлдер, қыраттар,– деп,

«Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбына әңгімелеседі.

– Ең сүйікті ойыншығың не?

– Неге ең сүйікті? Сипаттап бер?

– Ойыншықты қалай ұстайсыңдар?

Педагогтер балаларға тосын сый ретінде сүйікті ойыншықтарын слайдтан

көрсетеді.

2.Негізгі кезең

Көптілділік компонент: ойыншықтар – игрушки– toys, сүйікті ойыншықтар

– любимые игрушки – favorite toys.

–Енді үлгі дәптерге сүйене отырып, жапсыру жұмысын бастаймыз. Бірінші,

өзімізге ұнаған ойыншықты таңдап аламыз. Аю, доп, мәшине – кім нені

ұнатады.

Балаларды 3 топқа бөледі. Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған

балаларға педагог көңіл бөледі.

Сергіту сәті.

Саусаққа арналған жаттығу.

Қуыр- қуыр, қуырмаш,

Бидай салам, қолыңды аш.

Төгіп алма, күлем деп,

Балапанға барып шаш.

Педагог осы қиып алған бөліктерді 54-беттегі орындарына рет-ретімен қалай

орналастыру керектігін көрсетеді.

3. Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қортындылап, балаларды мадақтайды. Балалардың

жұмыстары әр топта көрсетіліп бағаланады.

№20 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Мысық.

Мақсаты:үлгі сызық бойынша бейнені қия білуін бекіте отырып, өз бетінше

безендіруге үйрету.

Міндеттері:мысықты жапсыру барысында төзімділікпен ұқыпты жұмыс

жасау дағдыларын жетілдіру;әңгіме барысында танымдық белсенділігін

арттыру, ойлауын, қиялын дамыту; жан-жануарларға қамқор бола білуге

тәрбиелеу.

Page 44: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

44

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: мысықтың бөліктерін рет-ретімен жапсырады;

түсінеді: үй жануарларына қамқорлық жасауды;

қолданады: үлгіге қарап ұқыпты қиюды.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

қайшы, желім, желім жаққыш, әртүрлі ойыншық мысықтар, мысық туралы

өлең мәтіні.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: үй жануарлары туралы мульттоптама

көрсету.

Сөздік жұмыс: марғау – мысықтың баласы.

Көптілділік компонент: мысық – кошка – cat, марғау – котенок – stunning,

үй жануарлары – домашние животные – рets.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балаларды шаттық шеңберін құрып тұруға шақырады.

Педагог «Не қалай дыбыстайды?» дидактикалық ойынын ұйымдастырады.

– Балалар, мысықтың баласын марғау деп атайды. Оны естеріңде сақтаңдар!

2.Негізгі кезең

Үлгі дәптер бойынша және ойыншық мысықтарды пайдалана отырып, оның

тіршілігі, қоректенуі, ерекшелігі туралы шағын әңгіме жүргізіледі.

– Бүгін біз сүтті төгіп алған мысықтың бейнесін жапсырамыз.

– Кәне, онда бастайық!

1. Жұмыс жасау үшін алдымен 58-беттегі мысықтың дене мүшелерін қиып

аламыз.

Сергіту сәті.

Педагог «Мысық» өлеңін оқиды. Балалардың оны қимыл-қозғалыс жасап,

қайталауларын сұрайды.

Тікірейіп құлағы,

Менен ерте тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады.

Қасымнан бір қалмайды,

Көзін қысып алдайды.

Ойнатсам да күнімен,

Ойыны бір қанбайды.

2. Енді, 57-беттегі сүтті төгіп алған мысықты мынадай ретпен жапсырайық:

– денесін;

– басын;

– құйрығын;

– құлағын, көзін;

– мұртын, мұрнын;

– аяғын.

Page 45: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

45

– Балалар, егер біз осындай ретпен жапсырмасақ, онда мысықтың бейнесі

шықпайды. Мысалы, алдымен көзін, мұртын жапсырып, содан кейін басын

жапсырсақ, онда көзін, мұртын басы жауып қалады.

Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға педагог көңіл бөледі.

Көптілділік компонент: мысық – кошка – cat, марғау – котенок – stunning,

үй жануарлары – домашние животные – рets.

3. Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды. Балалардың

жұмыстары көрсетіліп бағаланады. «Мысығым» өлеңін оқып, мәтінін

таратып береді.

№21 ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Орамалды әшекейле.

Мақсаты: түстерді сәйкестендіріп сәндеу техникасы бойынша түрлі

өлшемдегі үшбұрыштарды қиюға, бұйымды әшекейлеуге үйрету.

Міндеттері:балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін

пысықтау; ұқыпты жапсыруға үйрету; саусақ моторикасын дамыта отырып,

өнерге баулу; сенсорикалық тәрбиені дамыту; достарына көмектесе білуге

тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: геометриялық пішіндерді қиып жасайды;

түсінеді: орамалдың тұрмыста қажеттігін; 8 Наурыз аналар мерекесіне

сыйлық жасау керектігін;

қолданады: түстерді сәйкестендіріп отырып ұқыпты жұмыс істеуді.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

қайшы, желім, желім жаққыш, түрлі орамалдардан жасалған көрме.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: неше түрлі орамалдардың суреттерін

көрсетіп, олар туралы әңгіме өткізу.

Сөздік жұмыс: әшекей, үшбұрыш, пішін.

Көптілділік компонент: орамал – платок–towel, көрме – выставка–

exhibition.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Педагог шаттық шеңберін ұйымдастыруларын айтады.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Page 46: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

46

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

2.Негізгі кезең

Педагог балаларды орамалдан жасалған көрмеге алып барып, көрмедегі

заттардың атауы, пішіні, өрнегі, түсі, қолданылуы жайлы сұрайды.

Педагог:

– Балалар, нені тамашалап тұрсыңдар? Наурыз айында болатын қандай

мерекелерді білесіңдер? 8 Наурыз қандай мереке?

– Ал сендер аналарыңа сыйлық жасағыларың келе ме? Олай болса, аналарға

арналған орамалды әшекейлейік.

Үлестірмелі материалдың 70-бетіндегі орамалдың суретіне назар саламыз.

– Орамалдың пішіні неге ұқсайды?

– Түсі қандай?

– Өрнектері қандай пішінді?

Көптілділік компонент: орамал – платок–towel, көрме – выставка–

exhibition.

1. Үлестірмелі материалдың 72-бетіндегі сары түсті үшбұрыштарды қиып

алайық.

Сергіту сәті.

Педагог мәнерлеп өлең жолдарын оқиды:

Тербеледі ағаштар,

Бетіме жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Биік болып өседі.

2. Үлгі сызық бойымен үшбұрыштарды қиып, оларды бәріміз бірге қосылып

санаймыз.

– Балалар, неше үшбұрыш қидық?

– Неше үлкен үшбұрыш бар?

– Дұрыс айтасыңдар, қалған17-сі кішкене үшбұрыштар. Жұмыс жасау

барысында көмек қажет болған балаларға педагог көмектеседі. Қиып алған

үшбұрыштарымызбен 71-беттегі үлгі орамалды әшекейлеп жапсырайық.

1. Сол жағына 7 үшбұрыш жапсырамыз.

2. Оң жағына да 7 үшбұрыш жапсырамыз.

3. Бір үшбұрышты орамалдың ұшына жапсырамыз.

4. Үлкен үшбұрышты және екі кішкене үшбұрышты ортасына жапсырамыз.

Саусаққа арналған жаттығу.

«Қуырмаш». Халық ауыз әдебиетінен.

3. Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды. Балалармен

жұмысты талдайды. Балаларға бір-бірінің жұмыстарын көрсетіп бағалатады.

№22 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Page 47: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

47

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Әжеме арналған қамзол.

Мақсаты:қиюдың түрлі тәсілдерін сәндік қолданбалы өнер элементтерін

жапсыруда қолдана білуді үйрету.

Міндеттері: сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру; саусақ

қимылдарын дамыту, қағазды қатпарлап, бүктеп қию әдістерін жалғастыру;

ою атауларын еске түсіру; ұлттық өнерді қадірлеуге, еңбексүйгіштікке

тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды:ұлттық киімді, ою-өрнек түрлерімен әшекейлейді;

түсінеді: ұлттық киімдерді сәндеуде оюларды қолданатынын;

қолданады: түстерді сәйкестендіре отырып сәндік жапсыруды.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

ТОҚ, үнтаспа, қайшы, желім, желім жаққыш, ұлттық киімдердің суреттері.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: ұлттық киімдер туралы, олардың

суреттерін көрсетіп, балалардың қатысуымен әңгіме өткізу.

Сөздік жұмыс: ою-өрнек, тұмар, қамзол.

Көптілділік компонент: ою-өрнек – орнамент– ornament, әже – бабушка–

grandma, қамзол – камзол– camisole.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері ретінде үнтаспадан «Ақ әжем» әні орындалады.

Әні: К. Қуатбаевтікі.

Сөзі: О. Әубәкіровтікі.

Педагог экраннан ұлттық киім үлгілерін көрсетіп, балаларға сұрақтар қояды.

– Бұл қандай киімдер?

– Қалай аталады?

– Сендерге ұнай ма?

– Әжелеріңнің, өздеріңнің ұлттық киімдерің бар ма?

– Осы киімдердің қандай ерекшелігін байқадыңдар?

2.Негізгі кезең

Педагог сұрақ-жауап арқылы «Оюлар» бүктемесінен «Тұмар»,

«Қошқармүйіз», «Ботакөз», «Қызғалдақ» ою түрлерін еске түсіріп өтеді.

Балалардың назарын үлестірмелі материалдың 62-бетіндегі «Әженің

қамзолы» суретіне аудару.

– Балалар, мына әженің қамзолы әдемі болу үшін не істеу керек?

Көптілділік компонент: ою-өрнек – орнамент– ornament, әже – бабушка–

grandma, қамзол – камзол– camisole.

–Ендеше,іске кірісейік!

Балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтауын және бүгінгі жұмыс бүктеп

қию әдісімен орындалатынын естеріне салады.

1.64-беттегі қызыл, жасыл жолақтарды бүктеу әдісімен қиюды түсіндіреді.

Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға педагог көңіл бөледі.

Сергіту сәті.

Page 48: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

48

– Балалар, тақпақты айта отырып, қимыл-қозғалыстар жасаңдар.

2. Қызыл түсті қағаздан 4 қиықшаны бүктеу әдісімен қию.

3. Жасыл түсті қағазды бүктеп, «Қошқармүйіз» оюын қию.

Саусаққа, қолға арналған жаттығулар ұйымдастырылады.

Бүктеу әдісімен қиып алған бөліктерді 63-беттегі әжеміздің қамзолындағы

белгіленген орынға жапсырамыз:

– жағасына;

– беліне;

– етегіне.

Педагог балалармен сұрақ-жауап арқылы оюдың аттарын қайталап өтеді.

Бірнеше оюдың суретін көрсетеді.

– Балалар, мына оюлар қалай аталады?

3. Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Үнтаспадан «Ақ әжем» әні баяу естіліп тұрады.

Педагог балалардың жұмыстарын мадақтап, әрқайсысына ризашылығын

білдіреді.

№23 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Алдаркөсенің шапаны.

Мақсаты:қағазды әртүрлі формада жырту және умаждау әдісін

қолдануды үйрету.

Міндеттері:түрлі сызықтар арқылы жұмысты толықтыруға үйрету, саусақ

бұлшық еттерін жетілдіру; жапсыру оқу қызметіне деген

қызығушылықтарын арттыру. Балалардың шығармашылық қиялын, ойлау

қабілетін дамыту; ертегінің жағымды кейіпкерлерінен үлгі алуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: ертегі кейіпкерінің шапанын жамайды;

түсінеді: умаждап жапсырудың әдіс-тәсілдерін;

қолданады: ертегі мазмұнын әңгімелеп айтып беруді.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

«Алдаркөсе» ертегілерінен бүктеме, қайшы, желім, желім жаққыш, үнтаспа,

фломастер.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балалармен бірге «Алдаркөсе»

мультфильмін көру. Ертегі оқу.

Сөздік жұмыс: жамаулар, умаждау.

Көптілділік компонент: шапан – чапан–bathrobe.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

А.Меңжанованың «Болайықшы осындай!» өлеңін оқиды.

Page 49: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

49

– Балалар, қазір біз «Алдаркөсе мен бай» туралы ертегіні оқимыз.

Педагог ертегіні оқып болғаннан кейін балаларға ертегі бойынша сұрақ

қояды:

– Байдың шапаны қандай?

– Ал, Алдаркөсенің шапаны ше?

– Қазір мультфильмдерден, бүктемеден көрген Алдаркөсені көз алдымызға

елестетіп көрейік. – Кім айтады, ол қандай?

– Дұрыс айтасыңдар. Біз бүгін сол Алдаркөсенің шапанын жасаймыз.

2.Негізгі кезең

– Кәнеки, зейін салып, ұқыпты жұмыс жасауға тырысайық.

Үнтаспадан «Алдаркөсе»мультфильмінен музыка ойнап тұрады.

1. Үлестірмелі материалдың 66а-бетіндегі түрлі түсті үлкен, кіші қиықтарды

қиып алу керек.

Сергіту сәті.

Н. Жанаевтың «Еңбек» атты өлеңін оқиды.

2.Қиып алған түрлі түсті қиықтарды:

– алақан арасына салып умаждау;

– қолмен бүктеу;

– умаждалған қағазды жайып, тегістеу;

– санау.

3.66-беттегі үлгі шапанға өз қалауларыңмен «жамауларды» жапсырыңдар,

фломастермен бірнешеуіне тігіс салуға болады.

Көптілділік компонент: шапан – чапан – bathrobe.

Саусаққа арналған жаттығу.Ұ. Есдәулетов.«Мөлдір тамшылар».

3. Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды. Балалармен

жұмысты талдайды.

№24 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Қайыңдағы қараторғай ұясы.

Мақсаты:құстың ұясын және оның жеке бөліктерін қиып, жапсыру әдістерін

үйрету.

Міндеттері:балалардың құстар және олардың тіршілігі туралы білімдерін

кеңейту; қию, жапсыру тәсілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін

арттыру; құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: құстарға ұя жасайды;

түсінеді: құстарға қамқорлық жасау керектігін;

қолданады: қиюдың түрлі әдіс-тәсілдерін.

Page 50: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

50

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

бүктеме, қайшы, желім, желім жаққыш, құстың ұясы.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: құстарға қамқорлық жасау туралы әңгіме

өткізу, қыста жылы жаққа ұшып кетпейтін, қыстап қалатын құстар туралы

айту.

Сөздік жұмыс: қайың, ұя, шатыр.

Көптілділік компонент: құстар – птицы–birds, торғай – воробей–sparrow,

қайың – береза–birch.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері.

Педагог құстар туралы Сұлтан Қалиұлының «Жыл құстары келгенде»

өлеңінен үзінді оқиды.

Жыл құстары көктемде

Шаршап бізге жеткенде,

Құшақ жая қарсы асақ,

Ұя жасап, ән салсақ,

Бір ғанибет емес пе?

Педагог бүктемелерден құстардың суретін көрсете отырып сұрақтар қояды:

– Көктемде құстар қай жақтан ұшып келеді?

– Ұшып келген құстарға қандай қамқорлық көрсетеміз?

– Қандай құстарды білеміз?

– Дұрыс, бүгін сендермен бірге осы құстарға ұя жасап жапсырамыз.

Көптілдік компонент: құстар – птицы–birds, торғай – воробей–sparrow,

қайың – береза–birch.

2.Негізгі кезең

Педагог: Ұяны мынадай ретпен жасаймыз:

1. Үлестірмелі материалдың 67-бетіндегі сюжетті суретке мұқият қарап, 69-

беттегі қоңыр түсті ұя бөліктерін қиямыз.

2. Қиюды төменгі жағынан бастаймыз.

Сергіту сәті.

Педагогтің айтуы бойынша балалар қимыл-қозғалыстар жасайды.

– Құстар дем алуда.

– Құстар ұшады.

– Құстар жем шоқиды,

– Құстар ұясына қонады.

Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға педагог көмектеседі.

3.68-беттегі үлгіге дайын болған ұяны мынадай ретпен жапсырамыз:

– ұяны жапсыру;

– шатырын жапсыру;

– есігін жапсыру;

– еденін жапсыру.

3. Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Page 51: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

51

Ата-аналарымен бірге «Құстар – біздің досымыз» тақырыбына әңгіме

құрастыруларын тапсырады.

№25 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы:шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Желкенді қайық.

Мақсаты:түрлі геометриялық пішіндерден зат құрап жапсыруға үйрету.

Міндеттері:қию тәсілдерін жетілдіре отырып жолдасымен бірге жоспарлап,

пікірлесіп жұмыс істеуге дағдыландыру; балалардың ой-өрісін кеңейту;

дербес іс-әрекетін дамыту; адамгершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: суда жүзетін қайықты;

түсінеді: қайық, кеме, катер – су көлік түрлеріне жататынын;

қолданады: түрлі қию, жапсыру тәсілдерін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

су көлігінің суреттері, қайшы, желім, желім жаққыш.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балалармен бірге кеме, қайық суреттерін

қарау; теңіз, су көліктері туралы әңгіме, ертегілер оқу; ойын алаңындағы

қайықта ойнау.

Сөздік жұмыс: желкен, теңіз, желкенді қайық.

Көптілділік компонент: қайық – лодка–boat, кеме – корабль – theship, теңіз

– море – sea.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог шаттық шеңберін ұйымдастырады.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы таң, балақай!

Күліп шықты күн бүгін! – деп бір-біріне күлімсірейді. («Өзін-өзі тану» пәні.)

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Үтікке міндім,

Теңізде жүздім.

(Қайық.)

Ақ шатырлы бір қала,

Суда жүзіп жүр дара.

(Кеме.)

–Шешуін дұрыс таптыңдар, балалар!

2.Негізгі кезең

Тақтаға әртүрлі су көліктерінің суреті ілінеді (қайық, кеме, катер). Қайық,

кеме, катер суда жүретін көліктер. Олармен жолаушыларды, жүкті тасиды.

– Балалар, суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Көптілділік компонент: қайық – лодка – boat, кеме – корабль – theship,

теңіз – море – sea.

Page 52: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

52

Педагог 59-беттегі «Желкенді қайық» сюжетті суретіне балалардың назарын

аударады. Сурет бойынша балаларға сұрақ қояды. Қайықтың бөліктерін

геометриялық пішіндермен салыстыру жұмысын жүргізеді.

– Қайық қандай геометриялық пішіндерден тұрады?

– Желкені неге ұқсайды?

– Балалар, мына теңізші досымызға ат қояйық.

– Мақсатқа теңізге саяхатқа шығу үшін (61-беттегі суретке назар аударту)

қайық жасауға көмектесеміз.

1. Үлгі дәптердің 61-бетіндегі қайықтың бөліктерін қиып аламыз.

Сергіту сәті.

Е.Өтетілеуұлының «Бала,бала, баламыз» тақпағын оқып, сергіту жаттығуын

жасату. 2.Қиып алған бөліктерді 60-беттегі үлгіге желімдеп жапсырамыз.

Педагог жапсыру ретін көрсетеді. 60-беттегі сюжетті суретті қайықпен

толықтырып, Мақсатты қуанттық.

– Балалар, Мақсаттың қалай қуанып тұрғанына қараңдаршы.

Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға педагог көңіл бөледі.

3.Рефлексия

Педагог ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылап балаларды

мадақтайды.Балалардың жұмыстары талданады. Педагог балаларды

мадақтайды, Мақсаттың атынан ризашылық білдіріп, рақмет айтады.

№26 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Гүл салынған ыдыс.

Мақсаты:бүктеу әдісін қолданып, жаңа жапсыру тәсіліне үйрету.

Міндеттері:ұсақ қол қимылдарын дамыта отырып, қию, жапсыру

дағдыларын қалыптастыру; табиғатты аялай білуге, жақсы тілектер айтуға,

ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: ыдысқа салатын гүлді;

түсінеді: гүлдердің пайдасын және оны күтіп-баптауды;

қолданады: екі бүктеп, бір жағына желім жағу әдісін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: №1,2 слайд (бөлме гүлдері),

№3,4 слайд бақша гүлдері), №5 слайд ( дала гүлдері), үлестірмелі

материалдар, желім, қайшы, сулық орамал, үнтаспа, ТОҚ

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Гүлдер туралы әңгіме өткізу; слайдтар

көрсету; балалардан қандай гүлдердің атауын білетіндерін сұрау.

Сөздік жұмыс: гүлдер, гүлдің сабағы, күлте.

Көптілділік компонент: гүлдер – цветы –flowers, дала гүлдері –полевые

цветы–wild flowers, бөлме гүлдері – комнатные цветы– potted plants.

Page 53: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

53

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Жылулық шеңберін құру. Балалардың қолдарына гүлдер беріледі. Баяу

музыка қойылады. Оқу қыметінің алдында 1–2 күн бұрын гүл туралы өлең

жолдарын жаттайды, топ бөлмесіндегі, дәліздегі, залдағы гүлдер және оны

күту туралы, кітап, бүктеме арқылы бақша, дала гүлдері туралы күннің

екінші жартысында қосымша жұмыстар жүргізіледі.

– Балалар, гүлдер қайда өседі?

Көптілділік компонент: гүлдер – цветы –flowers, дала гүлдері –полевые

цветы–wild flowers, бөлме гүлдері – комнатные цветы– potted plants.

– Гүлді не үшін өсіреміз? №1, 2, 3, 4, 5 слайдтан неше түрлі гүлдер

көрсетіліп, әңгімеленеді.

Ойын сәті.

Көмекші педагог хат алып кіреді, хатты бірігіп ашады. Хат «Балдырған»

балабақшасынан келіпті. Ондағы балалар өте шебер екен, бізге сыйлыққа гүл

салыпты. Қараңдаршы, қандай әдемі!

2.Негізгі кезең

Педагог бұл гүлдің ерекше жасалғанын көрсетіп, жаңа әдісті өз балаларына

бүгінгі оқу қызметінде үйрететінін айтады. 73-беттегі үлгідегі суретпен

таныстыру. Педагог гүлдің сабағы мен күлтелері, олардың орналасуы туралы

түсіндіреді.

1. Гүл жасайтын бөліктерді қиып дайындау (75-бет).

Сергіту сәті.

Педагог өз қалауынша жаттығу жасатады.

2-үлгіге қарап, гүлді 74-бетке жапсырады. Жапсырудың мынадай ретімен

әдісі бар:

– гүл сауытын әшекейлеу;

– гүлдің сабағын жапсыру(дөңгелек қағазды екіге бүктеп, астыңғы бөлігіне

желім жағып жапсырамыз).

– гүл күлтелерін де сол әдіспен жапсырамыз. Жапсыру барысында реттілікті

сақтау керек, өйткені бір-бірін басып қалады.

Жұмыс жасау барысында көмек қажет балаларға педагог көңіл бөледі. Саусақ

жаттығуларын жасау.

3.Рефлексия

Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

– Балалар, оқу қызметінде жақсы еңбектендіңдер, сендерге рақмет.

Балалармен жұмысты талдайды.

№27 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Page 54: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

54

Тақырыбы: Көлшікте.

Мақсаты:балаларды қағазды бүгу, бүктеу, қаттау әдістерін қолдануға

үйрету.

Міндеттері: ұсақ бөлшектерді қию және дұрыс желімдеу дағдыларына

үйрету; қол, саусақ моторикасын, ойлау қабілетін дамыту; табиғатты сүюге

тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: суда мекен ететін үйрек пен бақаны;

түсінеді:қоршаған ортаға, табиғатқа қамқор болуды;

қолданады: ұсақ кескіндерді қиюды, ұқыпты жапсыруды.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: №1, №2слайд, бақа, балық,

құстар, үйрек бейнеленген суреттер,қайшы, желім, желім жаққыш.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:балалармен бірге бақа туралы

мульттоптама көру.

Сөздік жұмыс: көлшік, құрлық, сулы жер.

Көптілділік компонент: су – вода–water, бақа – лягушка –frog,балық –

рыба–fish, үйрек – утка–duck.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог бақа туралы жұмбақ жасырады:

Сулы жердi мекендеп,

Құрлықта да секеңдеп,

Шыбын-шiркей аңдиды,

«Жемге қашан жетем» деп. (Бақа.)

– Бақа қайда өмір сүреді?

– Дұрыс айтасыңдар! Суды немесе көлшіктерді мекен етеді.Сондай-ақ

мультфильмдерден көргеніміздей, көлшіктерде тағы нелер мекендейді?

2.Негізгі кезең

Бүгінгі оқу қызметінде бақа мен үйрекке біздің көмегіміз керек екен. Өйткені

олар өз көлшіктерінен адасып қалыпты. Міне, қараңдаршы!

№1 слайд. Экраннан ағаш басында отырған бақа мен таудың үстінде жүрген

үйрек көрсетіледі. №2 слайд. Үлестірмелі материалдың 76-бетіндегі

сюжетті сурет көрсетіледі.

– Кәнеки, оларды әдемілеп қиып жапсырып, өз көлшіктеріне

орналастырайық.

1. Үлестірмелі материалдың 78-бетіндегі үйректің бөліктерін қиып аламыз:

– денесін;

– басын;

– қанатын;

– тұмсығын;

– көзін.

Жұмыс жасау барысында көмек қажет балаларға педагог көңіл бөледі.

Көптілділік компонент: су – вода– water, бақа – лягушка– frog, балық –

рыба–fish, үйрек – утка – duck.

Page 55: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

55

Сергіту сәті.

Педагог өлең жолдарын оқиды:

Бойды сергек тік ұста,

Емін-еркін тыныста.

Деміңді ішке тез ал да,

Оң қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада.

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын.

(«Өзін-өзі тану» пәні.)

Балалар өлең жолдарына сәйкес сергіту жаттығуларын орындайды.

Қиып алынған үйректің бөліктерін бір шетке қою керек. Әйтпесе ол бақаның

бөліктеріне араласып кетеді.

2. 78-беттегі үлгіден бақаның бөліктерін қиып, үшбұрыштарды санап,

салыстырады. Бақа мынадай бөліктерден тұрады:

– үлкен үшбұрыш – денесі;

– сопақша – басы;

– кіші үшбұрыш – аяғы;

– ұзын, ұсақ үшбұрыштар –қолы;

– дөңгелектер – көзі;

– қызыл жарты дөңгелек – аузы.

Балалар педагогтің айтып көрсетуі бойынша ілесе отырып жұмыс жасайды.

Қанша дөңгелек, қанша үшбұрыш, сопақша барынсанайды. Үлкен, кіші

үшбұрыштарды салыстырады.

84-беттегі үйректің бөліктерін жапсыру керек. Педагог желімді қалай дұрыс

жағу керектігін көрсетеді.

3.Рефлексия

Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Педагог адасып жүрген үйрек пен бақаға көмектескендері үшін балаларға

рақмет айтады. Балаларды мадақтайды. Балалармен жұмысты талдайды.

№28 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Жайылып жүрген балапандар.

Мақсаты:бүктеу әдісі арқылы бірнеше кескінді бірден қию әдісін меңгерту.

Міндеттері:ойын арқылы қол, саусақ қимылдары мен көркемдік талғамдарын

дамыту; үй құстарына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: үш балапанды бүктеу әдісі бойынша жасайды;

түсінеді: балапандарға қамқорлық қажет екенін;

Page 56: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

56

қолданады: бүктеу әдісінің жолдарын.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

себет, балапан, бүктеме, қайшы, желім.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: үй құстары туралы әңгіме өткізу; үй

құстарының жабайы түрі болатыны жайлы айту; олардың суреттерін көрсету

Сөздік жұмыс: балапан.

Көптілділік компонент: балапандар – цыплята – chickens, құстар – птицы–

birds.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог балаларға шаттық шеңберіне тұруды ұсынады. Н.Аманжолов.

«Жайылып жүрген балапандар» әні. «Үй құстары» бүктемесі бойынша

жұмыс жүргізу.

– Балалар, мынау не?

– Олар қалай дыбыстайды?

– Олардың түрі қандай?

«Ғажайып себет» ойыны.

Педагог балалардың назарын беті жабық тұрған себетке аударады.

– Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі себет. Ішінде не бар екенін жақындап

көрейік.

Көңілді әуен ойнап тұрады. – Мынау не, балалар ?

– Ненің балапаны?

– Балапан қандай екен?

– Балалар, сондықтан біз оларға қамқорлық көрсетуіміз керек.

Көптілділік компонент: балапандар – цыплята – chickens, құстар – птицы–

birds.

2.Негізгі кезең

Үлестірмелі материалдың 79-бетіндегі сюжетті суретке назар аударту.

81-беттегі үлгі бойынша сары және қызыл жолақтарды сызық бойынша біз

білетін бүктеу әдісімен қиып аламыз.

Педагог қауіпсіздік ережесін естеріне салады.

Сергіту сәті.

Педагог өз қалауынша сергіту жаттығуларын жасатады: балапандардың

жүргенін, су ішкенін, қанаттарын сермеп жүгіргендерін.

80-беттегі үлгі параққа үш балапанды мынадай ретпен жапсырайық:

– денесін;

– басын;

– аяғын;

– құйрығын;

– көзін.

Жұмыс жасау барысында көмек қажет балаларға педагог көңіл бөледі.

– Ал, енді жайылып жүрген балапандар нешеу екенін санап жіберейік.

3.Рефлексия Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Page 57: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

57

Балалардың жұмыстары тақтаға ілінеді, жұмыстар мадақталып,

қорытындыланады.

№29 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Үйрек балапандарымен.

Мақсаты:балаларды геометриялық пішіндерді салыстыра отырып үйректер

жасауға, жасаған жұмысы бойынша әңгімелей білуге үйрету.

Міндеттері:түстерді сәйкестендіріп жапсыру дағдыларын жетілдіру,

қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыру, ұсақ қол қимылын,

көркемдік талғамдарын дамыту; табиғаттың әсемдігін көре білуге, аялауға

тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: үйректі балапандарымен көлшікке орналастырады;

түсінеді: үй және жабайы үйректер болатынын;

қолданады:құстардың бөлшектерін қию және жапсыру тәсілдерін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

көлде жүзіп жүрген үйректердің макеті, қайшы, желім, желім жаққыш.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: үйрек туралы ертегі айту.

Сөздік жұмыс: үй құстары, жабайы құстар.

Көптілділік компонент: үйрек – утка – duck, үй құстары – домашние

птицы–poultry, жабайы үйрек – дикая утка–wild ducks.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

«Не артық?» дидактикалық ойынын өткізеді.

– Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар?

– Қандай айырмашылық байқадыңдар?

– Неге артық?

– Суреттегі үй құстарын ата.

– Ал үйректердің табиғатта тіршілік ететін түрлері бар. Оны жабайы үйрек

деп атайды.

– Әрбір құстың өзіне тән даусы болатынын білесіңдер. Ал үйрек қандай

дыбыс шығарады?

– Олар қайда тіршілік етеді?

Көптілділік компонент: үйрек – утка – duck, үй құстары – домашние

птицы–poultry, жабайы үйрек – дикая утка–wild ducks.

2.Негізгі кезең

Педагог:

Page 58: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

58

–Дұрыс айтасыңдар! 83-беттегі көлге қараңдаршы, ол бос қалыпты. Қазір оқу

қызметінде көлге үйректер жасап жіберсек сондай әдемі болмай ма?

Үнтаспадан И. Шұғаевтың «Үйрек» әні тыңдалады.

Үйрегім-ау, үйрегім,

Келіп жүр ме билегің.

Үйге кірмек боласың,

Бар дегендей үйде кім?

Кінәлап та не керек,

Жүзгіштігің керемет.

Суда жарыс болса егер,

Бас бәйгені берер ек.

1. Үлестірмелі материалдың 84-бетіндегі үйректің бөліктерін қиып алады:

– денесін;

– басын;

– қанатын;

– тұмсығын;

– көзін.

Сергіту сәті.

Балалар өлең жолына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасауы керек.

2. Балапандардың бөліктерін қияды:

– денесін;

– басын;

– қанатын;

– тұмсығын;

– көзін.

3. Қиып алған бөліктерді бос тұрған көлдегі өз орындарына жапсыру керек.

Алдымен ана-үйректі жапсырамыз, содан кейін балапандарды

орналастырамыз. Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға

педагог көңіл бөледі.

3.Рефлексия Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Педагог балалардың жұмыстарын ата-аналарына көрсетіп, оларды

қуантуларына болатынын айтады.

№30 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Зымыран.

Мақсаты:зымыранды қиып, жапсыруды үйрету.

Міндеттері:саусақ қимылдарын дамыту, жапсыру дағдыларын қалыптастыру,

қол еңбегіне, ғарыш әлеміне қызығушылығын ояту; білімділікке тәрбиелеу.

Page 59: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

59

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: ғарыш әлеміне ұшатын зымыранды;

түсінеді: ғарышқа зымыранмен ұшатындығын;

қолданады: жапсырудың түрлі әдіс-тәсілдерін, қауіпсіздік ережелерін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі

материалдар, бүктеме, ТОҚ, қайшы, желім, желім жаққыш.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: зымыран туралы түсінік беру; Байқоңыр

ғарыш айлағы туралы әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: зымыран, ғарыш әлемі.

Көптілділік компонент: зымыран – ракета –missiles, ғарыш –космос – space,

ғарышкер – космонавт – astronaut, ұшқыш – летчик–pilot.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Баяу әуен ойнап тұрады.

«Ұшақ» ойыны ойналады.

– Балалар, ұшаққа отырып ұшып көрейікші:

– «моторды қосайық» дегенде:

– «ұштық» дегенде:

– әуен тоқтағанда:

– Біз немен аспанға ұшып көтерілдік?

– Ұшақтар қай жерден ұшады?

– Ғарышкерлер немен ұшады?

Педагог ТОҚ-ты пайдаланып, аспанға ұшатын тікұшақтардың, ұшақтардың,

зымырандардың түрлерін көрсетіп, әңгімелейді.

Жұмбақ жасыру.

Аспанда бір алып құс,

Ызғып ұшып барады.

Қарап тұрсаң ғажайып,

Соңында із қалады.

–Бұл не ?

– 2.Негізгі кезең

Көптілділік компонент: зымыран – ракета –missiles, ғарыш –космос – space,

ғарышкер – космонавт – astronaut, ұшқыш – летчик–pilot.

–Балалар, кімнің ұшқыш болғысы келеді?

– Жақсы, онда біз бүгін зымыран жасап үйренейік.

Педагог Үлестірмелі материалдың 85-бетіндегі самсаған жұлдыздардың

арасында ұшып бара жатқан зымыранға көңілдерін аударады.

2. Алдымен 87-беттегі зымыранның жоғарғы бөліктерін қиып аламыз.

– Қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды.

Сергіту сәті.

Б. Тобаяқов. «Ұшқыш болам».

3. Сары және қызыл түсті зымыранның астыңғы бөліктерін қиямыз. Педагог

зымыранның бұл бөліктерін қиғанда балалардың асықпай, ұқыпты

болуларын ескертеді.

Page 60: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

60

4. 86-беттегі дайын үлгіге зымыранның пішіндерін жапсырамыз:

– алдымен тіктөртбұрышты (корпусын);

– үшбұрышты (тұмсығын);

– тік бұрышты үшбұрыштарды (қанаттары);

– сары, қызыл бөліктерді (түтіні, оты), мұнда алдымен

сары бөлікті жапсыру керек, содан соң оның үстіне қызыл бөлік

жапсырылады;

– дөңгелек (терезесі).

Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға педагог көңіл бөледі.

3.Рефлексия Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Балалардың жасаған жұмыстарынан «Ғажайып аспан әлемі» көрмесі

ұйымдастырылады.

№31 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Ұшақтар шеруі.

Мақсаты:бүктеу әдісі арқылы жіңішке қиықтарды қию жолдарын үйрету.

Міндеттері:кеңістікте түзу сызық бойымен әдемі орналастыруға үйрету; ұсақ

қол қимылдарын дамыту; қуанышты көңіл-күй қалыптастыра отырып есте

сақтау қабілетін дамыту; Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: ұшақты бүктеп қию әдісін пайдаланып;

түсінеді: ұшақтар шеруі айтулы мереке кезінде болатынын;

қолданады: бүктеп қию әдісін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі

материалдар, бүктеме, қайшы, желім, желім жаққыш.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: үлкен мерекелерде ұшақтар шеруі

болатыны жайлы әңгімелеу; неше түрлі ұшақтар шеруінің суреттерін

көрсету.

Сөздік жұмыс: шеру, ұшақтар шеруі, достық шеруі.

Көптілділік компонент: ұшақ – самолет, шеру – парад, мерекелік шеру –

праздничный парад, достық шеруі – парад дружбы.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог шаттық шеңберін ұйымдастырады.

2.Негізгі кезең

Педагог үлгі дәптердің 82-бетіндегі көріністегі еліміздің Астанасы, үлкен

қалалары, сәнді үйлері туралы әңгімелейді.

Page 61: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

61

– Балалар, әуедегі ұшақтар неге тізіліп ұшып барады?

Бүктемедегі түрлі суреттерді көрсете отырып, балаларға шеру, ұшақтар

шеруі, достық шеруі туралы салыстыра отырып түсіндіреді.

Көптілділік компонент: ұшақ – самолет, шеру – парад, мерекелік шеру –

праздничный парад, достық шеруі – парад дружбы.

– Балалар, шеру қай кезде болады?

– Ұшақтар шеруі қайда болады?

Педагог:

– Бүгінгі жапсыру оқу қызметінде көп ұшақтар қиып, біз де ұшақтар шеруін

жасайық. Мына үлгі қағазға бәріміз бір-бір ұшақтан жапсырып үлкен шеру

жасаймыз.

– Кәне, онда бастайық!

1.Үлгі дәптердің 90-бетіндегі көк жолақтағы ұшақтарды үш бөлікке қиып

алады, әр қиындыны бүктеу сызығы арқылы екіге бүктейді. Педагог

қауіпсіздік ережелерін ескертеді.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Ұшақ болып ұшайық.

Қыранға ұқсап биікте,

Қанат қағып самғайық.

1. Үлгі сызық бойымен ұшақтың сызбасын екіге бүктеп, қиямыз.

Педагог жіңішке қиындыларды кесуде өте ұқыпты, сондай-ақ абай болу

керектігін ескертіп, бір үлгіні кесіп көрсетеді.

Саусаққа арналған жаттығу.

«Музыкалық аспаптар».

– домбыра тартылады;

– баян ойналады;

– күйсандық ойналады;

– сыбызғы ойналады т.с.с.

3. 89-беттегі сюжетті суретті ұшақтар шеруімен толықтырып жапсырады.

Жұмыс жасау барысында көмек қажет балаларға педагог көңіл бөледі.

3.Рефлексия Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Балалардың жұмыстары көрсетіліп бағаланады.

№32 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Көбелектер.

Мақсаты: ирек пішіндерді қия білуге үйрету.

Міндеттері:қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдаланып, түстерді бір-бірімен

жүйелі сәйкестікпен желімдеуге үйретуді жалғастыру; ұжым болып жапсыру

Page 62: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

62

жұмысын дұрыс ұйымдастыруға дағдыландыру; әсемдікке, табиғатты сүюге,

оны аялауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: қызыл, сары, көк түсті көбелектерді;

түсінеді: көбелектердің неше түрлі болатынын;

қолданады: сәндік жапсыру тәсілдерін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі

материалдар, ТОҚ № 1, 2 слайд, қайшы, желім, желім жаққыш, қара

фломастер.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көбелектер туралы жалпы түсінік беру,

олардың келтіретін пайдасы жайлы әңгімелеу, көбелектердің суретін көрсету.

Сөздік жұмыс: көбелек, мұрт, көбелектің қанаты.

Көптілділік компонент: көбелек – бабочка – butterfly, мұрт – усы–

moustache, қанат – крылья– rope.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог шаттық шеңберін ұйымдастырады. Слайдтан түрлі көбелектердің

суреттері көрсетіледі.

Педагог:

– Балалар, серуен кезінде қандай көбелектерді көріп едіңдер, еске

түсіріңдерші?

2.Негізгі кезең

– Бүгінгі оқу қызметінде барлығымыз бірігіп көбелектер әлемін жасауға

келісесіңдер ме?

1. Үлгі дәптердің 91-бетіндегі әдемі сюжетті суретке балалардың назарын

аудару.

2. Енді 93-беттегі қызыл, сары, қызғылт сары түсті көбелектерді көрсетілген

сызық бойымен, екіге бүктеу тәсілін пайдаланып қиямыз.

Ол үшін 3 топқа бөлінеміз.

1-топ қызыл көбелекті, 2-топ сары көбелекті, 3-топ қызғылт сары көбелекті

қияды.

Сергіту сәті

А. Сәрсеков. «Көбелек» өлеңі.

3. Енді әртүрлі түстегі дөңгелектерді қиып алып, санаймыз.

– Балалар, қанша үлкен дөңгелек бар, қанша кішкене дөңгелек бар?

4. 92-беттегі үлгі сюжетті суретке қиып алған көбелектерді жапсырамыз,

түрлі түсті дөңгелектермен қанаттарын әсемдейміз.

Көбелектің мұртын қара түсті фломастермен сызып бояймыз.

Көптілділік компонент: көбелек – бабочка – butterfly, мұрт – усы–

moustache, қанат – крылья– rope.

Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға педагог көңіл бөледі.

3.Рефлексия Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Page 63: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

63

Педагог балалардың жұмысын қорытындылап, ұжымдасып істеген

жұмыстарына алғыс айтады.

№33 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Достық мерекесі.

Мақсаты:түрлі пішіндерді қиып үлгі бойынша сәндеп жапсыруға үйрету.

Міндеттері:жапсыру құралдарын ұқыпты қолдануға, жұмысты аяғына дейін

шыдамдылықпен орындауға үйрету; ұсақ қол қимылдарын дамыту;

татулыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: дөңгелектерді, қиықшаларды қиып;

түсінеді: еліміздің көпұлтты мемлекет екенін;

қолданады: жапсырудың түрлі әдіс-тәсілдерін, қауіпсіздік ережелерін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,

қайшы, желім, түрлі түсті қарындаштар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: 1 Мамыр мерекесінің тарихы туралы

әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: ұлттар, халықтар достығы.

Көптілділік компонент: ұлт – нация – nation, халық – народ –people, достық

– дружба–friendship.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып «Ағайынбыз бәріміз» өлеңін

айтқызады.

Педагог:

–Балалар, біздің кең байтақ Қазақстанымызда әртүрлі ұлттың өкілдері өмір

сүреді. Олардың барлығы бір-бірімен тату, дос, ынтымақты өздерің қандай

ұлт өкілдерін білесіңдер?

– Біздің тобымызда, балабақшамызда басқа ұлт өкілдері де бар.

– Біздің тобымыздағы балалар да бір-бірімен дос, тату ма?

Көптілділік компонент: ұлт – нация – nation, халық – народ –people, достық

– дружба–friendship.

2.Негізгі кезең

– Педагог:

–Қазір барлығымыз достық мерекесінің құрметіне әртүрлі пішіндерден

мерекелік көңіл күйімізді қағаз бетіне жапсырамыз.

Қайшымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақтауды ұмытпаңдар.

1. 96-беттегі 1 санын қиып аламыз.

2. Түрлі түсті шарларды, дөңгелектерді, қиықшаларды қиып алып, санаймыз.

– Балалар, қанша шар бар?

– Қанша ақ дөңгелк бар?

Page 64: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

64

– Қанша қиықша бар

Сергіту сәті. Ойын. «Достық көпірі».

Педагог балаларды екі қатарға, бір-біріне қарама-қарсы тұрғызады. Педагог

сол «көпірмен» допты дөңгелетеді.

Балалардың достықтарының, ауызбірліктерінің арқасында допты «көпірдің»

басынан аяғына дейін жерге түсірмей домалатады.

3. 95-беттегі сюжетті үлгіге 1 саны мен шарларды жапсырамыз.

Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға педагог көңіл бөледі.

3.Рефлексия Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

«Бүгінгі мерекелік жапсыруда жақсы еңбек еттіңдер!»– деп мадақтайды,

достыққа шақырады.

№34 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы:шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы:Мерекелік жалаушалар.

Мақсаты: түрлі-түсті қағазды қабаттап қою арқылы екі немесе үш кескін

қиып шығаруға үйрету.

Міндеттері:қағаздарды түр-түсіне қарай іріктеп алу, пішіндерді қағаз бетіне

дұрыс орналастыра білу дағдыларын қалыптастыру; саусақ қозғалыстарын

жетілдіру; қайшымен жұмыс істеу икемділігін арттыру; қуана білуге,

достарына, айналасындағыларға қуаныш сыйлай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: мерекеге арнап неше түрлі жалаушалар;

түсінеді: мерекелердің ерекшеліктері жайлы;

қолданады: жалаушаларды қиюдың тәсілдерін, санауды, әннің мәтінін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: бүктемелер, түрлі

жалаушалар, үлестірмелі материалдар, қайшы, желім.

Сөздік жұмыс: жалауша, мереке.

Көптілділік компонент: мереке – праздник–holiday, жалауша –флажок–the

box.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог шаттық шеңберін музыка жетекшісінің сүйемелдеуіндегі «Достық»

әнімен ұйымдастырады.

Сөзі: Е. Елубаевтікі.

Әні: И.Нүсіпбаевтікі.

– Балалар, көңіл күйлерің қалай?

– Балалар, бақшамызда ән айтып, би билеп қандай мерекелер өткіздік? Еске

түсіріп айтайықшы.

2.Негізгі кезең

Page 65: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

65

– Ал осы мерекелерде ауланы, залды, бөлмені қалай және немен безендірдік?

Балалар, бүгін біздің топта мереке! Сондықтан қазіргі оқу қызметінде

жалаушаларды қиып, жапсырамыз.

Көптілділік компонент: мереке – праздник–holiday, жалауша –флажок–the

box.

1. 99-беттегі түрлі түсті үшбұрыш жалаушаларды қиып, санайық, білетін

түстерімізді атайық.

– Неше үшбұрыш қидыңдар?

– Сендер білетін қандай түстер бар?

– Енді үшбұрыштарды теңдей екіге бөліп қоямыз.

Сергіту сәті. Педагог өлең жолдарын оқиды:

Бойымызды тік ұстап,

Жоғары-төмен қарайық.

Кәне, сапты түзейік,

Тіземізді бүгейік.

Ыршып алға түсейік:

Бір, екі, үш,

Ал, кәнеки, ұш (секіреді).

Төрт, бес, алты, жеті,

Мынау – жолдың шеті.

2. 98-беттегі үлгі жіпке жалаушаларды ілу, яғни жапсыру.

– Балалар, неше қатар жіп ілініп тұр?

– 5 жалаушаны бір қатарға, қалған бесеуін екінші қатарға жапсырамыз.

Педагог балалардың көңіл күйлерін сергіту үшін

Е.Өтетілеуұлының «Жалауша» өлеңін оқып береді:

Жалауымыз жас туған,

Біз қарамай өтпейміз.

Көк жалаудың астында,

Көгереміз, көктейміз.

Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға педагог көңіл бөледі.

3.Рефлексия Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

– Міне, мерекелік жалаушаларымыз дайын болды. Бүгін барлықтарың өте

жақсы жұмыс жасадыңдар.Үлкен рақмет.

№35 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: Күнбағыс.

Мақсаты: бүктеу әдісімен тұтас бейне қиюға үйрету.

Page 66: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

66

Міндеттері: жапсыру дағдыларын жетілдіру, қиялын дамытып, қабілеттерін

шыңдау, қию іскерліктерін арттыру; тапсырма орындауда төзімділікке

тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: күнбағысты қиып жапсыру жұмысын;

түсінеді: жапсыру жұмысында реттілікті сақтау қажеттігін;

қолданады: ҰОҚ-де бүктеп қию әдісіне тәрбиелеу; өз ойын еркін айтуға

жетелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: Үлестірмелі материалдар,

бүктеме, қайшы, желім, желім жаққыш, қарындаш, күнбағыстың өсірілуі

және одан алынатын өнім туралы әртүрлі әдемі суреттер.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: күнбағыс туралы өлең жаттау, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: күлте, күнбағыс, өнім.

Көптілділік компонент: күнбағыс – подсолнух –sunflower.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог жұмбақ жасырады.

Күннен көзін алмайды,

Өзгемен ісі болмайды.

(Күнбағыс)

Күнбағысты өсіру және одан алынатын өнім туралы әртүрлі әдемі суреттер

көрсетіле отырып, балалардың білімдері анықталады.

– Балалар, асүйімізді осындай әдемі күнбағыстармен безендіріп қойсақ әдемі

болар еді. Сендер қалай ойлайсыңдар?

2.Негізгі кезең

Педагог:

– Ендеше, асүйді безендіруге арнап күнбағыс жапсыруды бастайық!

Бұл оқу қызметінде бүктеп қию тәсілін қолданамыз.

Көптілділік компонент: күнбағыс – подсолнух –sunflower.

1. Үлестірмелі материалдың 102-бетіндегі жасыл жолақты үшке бүктеп

жапырақты қиып аламыз.

– Балалар, қанша жапырақ болды?

Сергіту сәті.

Н. Жанаев «Күнбағыс».

Таңертең де күнге қарап тұрасың,

Түсте тағы күнге қарап тұрасың.

Кеш болса да күнге бетті бұрасың,

Сонда өзің айтшы кім боп шығасың?

Таптым, таптым,

Күнді баққан,

Үкі таққан,

Күнбағыс боп шығасың.

2. 102-беттегі сары шаршыны бүктеп, күлте бойынша қию керек.

Page 67: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

67

Саусаққа арналған жаттығу.

Педагог:

– жаңбыр жауды;

– найзағай шатырлады;

– жел соқты;

– қар жауды;

– құмырсқалар қашты, – деп құбылыстарды айтады.

3. 102-беттегі күнбағыстың қалған бөлігін қиып аламыз.

4. 101-беттегі үлгіге қиып алғандарымызды рет-ретімен жапсырамыз.

Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға педагог көңіл бөледі

3.Рефлексия Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Балалардың жұмыстары көрсетіліп бағаланады.

№36 ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі:аппликация.

Тақырыбы: Жайлауда.

Мақсаты:ұлттық нақышта сәндік жапсыруға үйрету.

Міндеттері:жіңішке бөліктердің қиюдың жолдарын меңгерте отырып қию

шеберліктерін шыңдау; шығармашылық қабілеттерін дамыту, бірлесіп еңбек

етуге, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: жапсыру әдісімен жайлаудағы киіз үйді;

түсінеді: киіз үй және оның құрылысы туралы;

қолданады: киіз үйді қиып, жапсырудың түрлі әдіс-тәсілдерін.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: №1, 2, 3,4 слайд, жайлау

көрінісінің түрлі суреттері, ТОҚ, желім, үлестірмелі материал, қайшы, түрлі

түсті жолақтар.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балаларға жайлаудың қандай жер екені

туралы түсінік беру. Жазушының шығармасынан жайлау туралы әңгіме оқу.

Сөздік жұмыс: жайлау, қарақат, қойбүлдірген.

Көптілділік компонент: киіз үй – юрта–yurt, жайлау –пастбище –

pasture,қарақат – смородина –black currant, қойбүлдірген – земляника–

strawberries.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Жылулық шеңбері ұйымдастырылады.

– Балалар, жылулық шеңберінде бір-бірімізге өзіміздің жылы, жақсы

сөздерімізді шын көңілмен, мейіріммен жеткізейік.

Педагог балаларға жайлау бейнеленген №1, 2, 3, 4 слайдты көрсетіп,

жайлаудың табиғаты, киіз үйлер, оның айналасындағы адамдар, балалар,

Page 68: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

68

жан-жануарлар, тау, өзен, су, ағаш, шөп пен гүлдер, жемістер жайында

әңгіме айтады.

– Балалар, жайлауда болғандарың бар ма?

Ойын.

«Түстері бойынша жыл мезгілдерін ажырат».

Сендердің алдарыңда түрлі-түсті жолақтар жатыр, сол жолақтар арқылы

түсіне қарап жыл мезгілдерін ажыратып айтыңдар.

– Жаз мезгілін қандай түс білдіреді?

– Күз мезгілін қандай түс білдіреді?

-Қыс мезгілін қандай түс білдіреді?

– Көктем мезгілін қандай түс білдіреді?

– Міне, балалар, осы төрт мезгілдің ішінде жаз мезгілінде адамдар жайлауға

көшеді.

– Жайлауда адамдар қандай үйлерде тұрады?

Оны біз жаңа әдемі көріністерден көрдік. Жайлауда малшылар тойы өтеді.

Балалар қарақат, қойбүлдірген тереді.

Көптілділік компонент: киіз үй – юрта–yurt, жайлау –пастбище –

pasture,қарақат – смородина –black currant, қойбүлдірген – земляника–

strawberries.

2.Негізгі кезең

Педагог:

–Ал, енді, 103-беттегі жайлаудағы киіз үй сюжетті суретіне мұқият қарап,

жапсыру жұмысын орындайық.

1. 105-беттегі ақ түсті киіз үйдің сұлбасын қиямыз.

– Қиып алған пішініміз қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

– Ал төбесі ше?

2. Енді бөлек-бөлек бөліктерін қиямыз:

– есігін;

– бау-басқұрларын;

– түндігін;

– оюларын.

Сергіту сәті.

Балалық-ау, балалық!

Кел, бір ойнап тарайық!

Бірім, бірім, бірім деп,

Саусақты да санайық!

Көзді тас қып жұмайық,

Кім түрткенін табайық!

Кел, жарыса шабайық!

3. Киіз үйдің бөліктерін рет-ретімен 104-беттегі сюжетке жапсырамыз.

Алдымен киіз үйдің негізгі бөлігін, содан кейін бау-басқұрларын, одан кейін

есігі мен оюын жапсырамыз.

Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға педагог көңіл бөледі.

Page 69: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

69

– Міне, біздің киіз үйіміз дайын болды.

3.Рефлексия Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Педагог балаларды жұмыстарын ата-аналарына көрсетіп,оларды

қуантуларына болатынын айтады. «Жайлау» туралы шағын әңгіме құрастыру

тапсырылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

Астана, 2016.

2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Астана, 2016.

3. Нүсіпбекова М.И.Бейнелеу өнері. Әдістемелік нұсқау. Алматы, Аруна баспасы, 2009.

4. Губанова Л.П., Бахарева Л.Н.Бейнелеу өнері. Әдістемелік құрал, Алматы,

Алматыкітап, 2011.

Мазмұны Түсініктеме..................................................................................................3

Ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективалық жоспары.............5

Ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспарлары............................14

Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................69

Page 70: А.Т. Таутанова А.Т. Бүрлібаева

70