12
№9 (28990) 16 ҚАҢТАР, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: EUR/KZT 353.44 USD/KZT 332.06 RUB/KZT 5.58 CNY/KZT 48.15 9-бет ӘЛЕУМЕТ РУХАНИЯТ ЗЕРДЕ 5-бет АНТ «ҚАРА ҚҰРЛЫҚ» ҚАСІРЕТІ ТҮСІНІКСІЗ ТІЛ, «ЖАЛАҢАШ» ЖАРНАМА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕШІ, ТЕАТР... 3-бет 7-бет 8-бет Ғалым ОМАРХАН Назерке ЖҰМАБАЙ лисұлтан ҚҰЛАНБАЙ 7-бет ТЕРМИНОЛОГИЯ МА, ӘЛДЕ ТЕРМИН- ЛОГИЯ МА?.. 8-бет ЭКОНОМИКА Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылған Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында кілеттіктерді қайта блу мәселелері жніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы болып тті, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы, профессор Қазақстан ширек ғасыр ішінде əлемге танымал мемлекетке ай- нала алды. Бұл – зор жетістік. Əлемдік қоғамдастық елімізді бейбітсүйгіш саясаты арқылы та- ныды. Тəуелсіздігімізді əлемдік қоғамдастық алдында толыққанды баянды ете алдық. 2017 жылдың 3 қаңтарында Қазақстан əлемдегі ең беделді халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің бірінші жиналысына тұрақты емес мүше ретінде қатысты. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 15 мемлекет қана мүше болады. Олардың бесеуі – АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция тұрақты мүшелері болса, 10 мемле- кет 2 жылға тұрақты емес мүшесі болып кіреді. Қазақстан – Орталық Азия мемлекеттерінің арасынан бұл ұйымға алғашқы мүше болған ел. Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу үшін БҰҰ Бас Ассамблеясында əлем мемлекеттері дауыс береді. Əлемдегі 193 тəуелсіз мемлекеттің үштен екісі, яғни ең кем дегенде 129 ел өз дауы- сын берген үміткер ғана Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі бо- лып сайлана алады. Бұл – Қазақстанның әлемдік беделі артқанының нәтижесі ОҚИҒАҒА ОРАЙЛАС ОЙ Жұмыс тобы мүшелері ұйым- дастыру мəселелерін талқылады. Билік өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды əзірлеу ба- рысында жинақталған отандық жəне шетелдік тəжірибе, қолданыстағы заңнаманың жəне Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын қолдану практикасы зерделеніп, талдау жасалады. Жұмыс тобының қызметіне заңгер, ғылыми-сараптамалық қа- уымдастығы, сондай-ақ қалың жұрт- шылық белсене тартылатын болады. Мемлекеттік биліктің тармақ- тары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мəселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшелері. 1. ЖАҚСЫБЕКОВ Əділбек Рыс- келдіұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы, Жұмыс тобының жетекшісі. 2. АСАНОВ Жақып Қажманұлы – Қазақстан Республикасының Бас прокуроры. 3. БЕКЕТАЕВ Марат Бақытжан- ұлы – Қазақстан Республикасының Əділет министрі. 4. ГРОМОВ Сергей Николаевич – Қазақстан Республикасы Парла- менті Сенаты Төрағасының орын- басары. 5. ДОНАҚОВ Талғат Совет- бекұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары. 6. ЖАЛАИРИ Өмірəлі Шақа- рапұлы – Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры. 7. ИСИМБАЕВА Гүлмира Истай- бекқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының орынбасары. 8. ҚАУДЫРОВ Төлеш Ерден- ұлы – Қазақ гуманитарлық заң уни- верситеті Азаматтық-құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу инсти- тутының директоры. 9. МƏМИ Қайрат Əбдіразақұлы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Төрағасы. 10. МҰҚАШЕВ Рақмет Жел- дібайұлы – «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 11. РОГОВ Игорь Иванович – Қазақстан Республикасы Конститу- циялық Кеңесінің Төрағасы. 12. ФЕДОТОВА Зинаида Леон- тьевна – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мем- лекеттік басқару академиясының профессоры. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан» – бу-Дабиден (БА) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы Əбу-Даби қалас- ына 15 қаңтарда Астана уақытымен 14:00-ден сəл өте қонды. Қазақстан мен Біріккен Араб Əмірліктері арасындағы қатынастардың жоғары деңгейде дамуы- на зор үлес қосып жүрген Елбасын БАƏ тарапы, дəлірегі, мұндағы діндес бауырлар салтанатты жағдайда қарсы алып, шынайы ықыластарымен ілтипат көрсетті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Əмірліктеріне жасаған бұл ресми сапарын Əбу-Даби əмірлігінің тақ мұрагері, БАƏ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Əл Наһаянмен кездесуден бастады. БАƏ Үкіметінің «Əл-Мушриф» ре- зиденциясында өткен кездесу бары- сында Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Əл Наһаян екі елдің инвестициялық, энергетикалық, сауда- экономикалық, мəдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ күн тəртібіндегі халықаралық өзекті мəселелерді кеңінен қозғады. Бұл кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің соңында бірқатар құжатқа қол қойылды. Олар: – Қазақстан Республикасының Үкі- меті мен Біріккен Араб Əмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Респуб- ликасының Біріккен Араб Əмір- ліктеріндегі елшілігінің жəне Біріккен Араб Əмірліктерінің Қазақстан Респуб- ликасындағы елшілігінің қажеттіліктері үшін Астана қаласында жəне Əбу-Даби қаласында жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісім; - Қазақстан Республикасының Үкі- меті мен Біріккен Араб Əмірліктерінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық паспорттарды иеленуші азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы ке- лісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама; - Қазақстан Республикасы Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігі мен Біріккен Араб Əмірліктері Ислам істері жəне уақыфтар бас агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; - «Астана ЭКСПО-2017» жəне «ЭКСПО Дубай-2020» бюросы ара- сындағы өзара түсіністік пен ынтымақ- тастық туралы меморандум; - Маңғыстау облысы əкімдігі мен DP World FZE компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Біріккен Араб Əмірліктері Сыртқы істер министрлігі арасындағы Консулдық мəселелері бой- ынша бірлескен комиссия құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; - Қазақстан Республикасы Инвес- тициялар жəне даму министрлігі мен Біріккен Араб Əмірліктері Эко- номика министрлігі арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы ме- морандум; - Қазақстан Республикасы Инвес- тициялар жəне даму министрлігі мен Біріккен Араб Əмірліктері Құрлықтағы жəне су көлігі федералдық агенттігі ара- сындағы Жолаушылар мен жүктердің автокөлік арқылы халықаралық тасы- малы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. Бұдан кейін Елбасы «Emirate palace» cарайында «Calatrava Grace Corporation» компаниясының атқарушы директоры Майкл Калатравамен кездесті. Кезде- су барысында компанияның біздің елі- мізбен арадағы ұзақ мерзімге арналған ынтымақтастығының перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысына Астанада іске асыру жос- парланып отырған жобалар танысты- рылды. Айта кетейік, «Calatrava Grace Corporation» компаниясы жылжы- майтын мүлік саласындағы жаһандық жобаларға өз клиенттерімен бірге əр транзакция үшін 100 млн долларға дейін қаржы бөле алатын мүмкіндігі бар инвестор болып табылады. Бүгінде компания портфолиосы 32 елдегі жалпы көлемі 1,9 млн шаршы метр болатын 340 жобаны қамтиды. Одан əрі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен екі елдің іскер топ өкілдерінің форумы өтті. Форумда екіжақты ынтымақтастықтың тұрақты дамып келе жатқаны, түрлі са- лалар бойынша əріптестіктің болашағы мол екені, бүгінгі жиынның екі елдің үкіметаралық комиссиясының 6-оты- рысының аяқталуымен тұспа-тұс келгені атап өтілді. Сондай-ақ, жиында екі жақтың биз- нес өкілдерінің өзара тəжірибе алма- суының, түрлі бағыттар бойынша келісіп жұмыс істеудің маңыздылығы Қазақстан мен БАƏ-нің мұнай өндіру, шағын жəне орта бизнес, ғарыш салалары бойын- ша серіктестіктің екі жақ үшін де аса қажет екені, БАƏ тарапының Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне белсе- не қатысатыны, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сапары тараптардың өзара байланыстарына тың серпін беретіні ерекше аталды. Қазақстан-Біріккен Араб Әмірліктері: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЕГІЗІ – ӨЗАРА СЕНІМ ҚОЛДАН ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН «БАРС» (Соңы 3-бетте) –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб мірліктеріне (БА) ресми сапармен келіп, бу-Даби әмірлігінің тақ мұрагері, БА Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид л Наһаянмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелері кеңінен талқыланды әрі бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Ал бүгін Елбасы бу-Дабиде тіп жатқан Х Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммитінің жұмысына қатысатын болады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– (Соңы 2-бетте) БАЙҚАУ БАР, БАЛЕТ ҚАЙДА?

ЫНТЫМА˝ТАСТЫ˝ НЕГІЗІ – ЗАРА СЕНІМ - Egemenсаладағы әлемдік жетекші компаниялар қатысатынын, бұл ауқымды

  • Upload
    others

  • View
    45

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

  • №9 (28990) 16 ҚАҢТАР, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

    1919 жылғы 17 желтоқсаннан

    шыға бастады

    ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

    ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: EUR/KZT 353.44 USD/KZT 332.06 RUB/KZT 5.58 CNY/KZT 48.15

    9-бет

    ӘЛЕУМЕТ

    РУХАНИЯТ

    ЗЕРДЕ

    5-бет

    АНТ

    «ҚАРА ҚҰРЛЫҚ» ҚАСІРЕТІ

    ТҮСІНІКСІЗ ТІЛ,«ЖАЛАҢАШ» ЖАРНАМА

    ҚАЗАҚША СӨЙЛЕШІ, ТЕАТР...

    3-бет 7-бет 8-бет

    ҒалымОМАРХАН

    Назерке ЖҰМАБАЙ

    лисұлтан ҚҰЛАНБАЙ

    7-бет

    ТЕРМИНОЛОГИЯ МА, ӘЛДЕ ТЕРМИН-ЛОГИЯ МА?..

    8-бет

    ЭКОНОМИКА

    Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылған Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында кілеттіктерді қайта блу мәселелері жніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы болып тті, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы, профессор

    Қазақстан ширек ғасыр ішінде əлемге танымал мемлекетке ай-нала алды. Бұл – зор жетістік. Əлемдік қоғамдастық елімізді бейбітсүйгіш саясаты арқылы та-ныды. Тəуелсіздігімізді əлемдік қоғамдастық алдында толыққанды баянды ете алдық. 2017 жылдың 3 қаңтарында Қазақстан əлемдегі ең беделді халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің бірінші жиналысына тұрақты емес мүше ретінде қатысты.

    БҰҰ Қауіпсізд ік Кеңесіне

    15 мемлекет қана мүше болады. Олардың бесеуі – АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция тұрақты мүшелері болса, 10 мемле-кет 2 жылға тұрақты емес мүшесі болып кіреді. Қазақстан – Орталық Азия мемлекеттерінің арасынан бұл ұйымға алғашқы мүше болған ел. Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу үшін БҰҰ Бас Ассамблеясында əлем мемлекеттері дауыс береді. Əлемдегі 193 тəуелсіз мемлекеттің үштен екісі, яғни ең кем дегенде 129 ел өз дауы-сын берген үміткер ғана Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі бо-лып сайлана алады.

    Бұл – Қазақстанның әлемдік беделі артқанының нәтижесі

    ОҚИҒАҒА ОРАЙЛАС ОЙ

    Жұмыс тобы мүшелері ұйым-дастыру мəселелерін талқылады. Билік өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды əзірлеу ба-рысында жинақталған отандық жəне шетелдік тəжірибе, қолданыстағы заңнаманың жəне Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын қолдану практикасы зерделеніп, талдау жасалады.

    Жұмыс тобының қызметіне заңгер, ғылыми-сараптамалық қа-уым дастығы, сондай-ақ қалың жұрт -шылық белсене тартылатын болады.

    Мемлекеттік биліктің тармақ-тары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мəселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшелері.

    1. ЖАҚСЫБЕКОВ Əділбек Рыс-кел діұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы, Жұмыс тобының жетекшісі.

    2. АСАНОВ Жақып Қажманұлы – Қа зақстан Республикасының Бас прокуроры.

    3. БЕКЕТАЕВ Марат Бақыт жан-ұлы – Қазақстан Республикасының Əділет министрі.

    4. ГРОМОВ Сергей Николаевич – Қазақстан Республикасы Пар ла-менті Сенаты Төрағасының орын-басары.

    5. ДОНАҚОВ Талғат Совет-бек ұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары.

    6. ЖАЛАИРИ Өмірəлі Шақа-рап ұлы – Д.А. Қонаев атындағы Еура зиялық заң академиясының ректоры.

    7. ИСИМБАЕВА Гүлмира Истай-бек қызы – Қазақстан Республи ка сы Парламенті Мəжілісі Төра ғасының орынбасары.

    8. ҚАУДЫРОВ Төлеш Ерден-ұлы – Қазақ гуманитарлық заң уни-верситеті Азаматтық-құқықтық зерт теулер ғылыми-зерттеу инсти-ту тының директоры.

    9. МƏМИ Қайрат Əбдіразақұлы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Төрағасы.

    10. МҰҚАШЕВ Рақмет Жел-ді байұлы – «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

    11. РОГОВ Игорь Иванович – Қа зақстан Республикасы Консти ту-циялық Кеңесінің Төрағасы.

    12. ФЕДОТОВА Зинаида Леон-тьевна – Қазақстан Респуб ли касы Президентінің жанын дағы Мем-лекеттік басқару акаде ми я сының профессоры.

    Жолдыбай БАЗАР,«Егемен Қазақстан» – бу-Дабиден (БА)

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы Əбу-Даби қа лас-ы на 15 қаңтарда Астана уақытымен 14:00-ден сəл өте қонды. Қазақстан мен Бірік кен Араб Əмірліктері арасындағы қаты нас тардың жоғары деңгейде дамуы-на зор үлес қосып жүрген Елбасын БАƏ та рапы, дəлірегі, мұндағы діндес бау ыр лар салтанатты жағдайда қарсы алып, шынайы ықыластарымен ілтипат көрсетті.

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Əмірліктеріне жасаған бұл ресми сапарын Əбу-Даби əмірлігінің тақ мұрагері, БАƏ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының

    орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Əл Наһаянмен кездесуден бастады.

    БАƏ Үкіметінің «Əл-Мушриф» ре-зиденциясында өткен кездесу бары-сында Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Əл Наһаян екі елдің инвестициялық, энергетикалық, сауда-экономикалық, мəдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ күн тəртібіндегі халықаралық өзекті мəселелерді кеңінен қозғады. Бұл кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің соңында бірқатар құжатқа қол қойылды. Олар:

    – Қазақстан Республикасының Үкі-меті мен Біріккен Араб Əмірліктерінің Үкі меті арасындағы Қазақстан Респуб-ликасының Біріккен Араб Əмір-ліктеріндегі елшілігінің жəне Бірік кен Араб Əмірліктерінің Қазақстан Респуб-ликасындағы елшілігінің қажетті лік тері

    үшін Астана қаласында жəне Əбу-Даби қаласында жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісім;

    - Қазақстан Республикасының Үкі-меті мен Біріккен Араб Əмір лік терінің Үкі меті арасындағы Дипло ма тия лық паспорттарды иеленуші азамат тар дың өзара визасыз сапарлары туралы ке-лісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;

    - Қазақстан Республикасы Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігі мен Біріккен Араб Əмірліктері Ислам істері жəне уақыфтар бас агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

    - «Астана ЭКСПО-2017» жəне «ЭКСПО Дубай-2020» бюросы ара-сындағы өзара түсіністік пен ынтымақ-тастық туралы меморандум;

    - Маңғыстау облысы əкімдігі мен DP World FZE компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

    - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Біріккен Араб Əмірліктері Сыртқы істер министрлігі арасындағы Консулдық мəселелері бой-ынша бірлескен комиссия құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

    - Қазақстан Республикасы Инвес-ти циялар жəне даму министрлігі

    мен Біріккен Араб Əмірліктері Эко-номика министрліг і арасындағы Туризм сала сындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы ме-морандум;

    - Қазақстан Республикасы Инвес-тициялар жəне даму министрлігі мен Бі ріккен Араб Əмірліктері Құрлықтағы жəне су көлігі федералдық агенттігі ара-сындағы Жолаушылар мен жүктердің авто көлік арқылы халықаралық тасы-малы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

    Бұдан кейін Елбасы «Emirate palace» cарайында «Calatrava Grace Corporation» компаниясының атқарушы директоры Майкл Калатравамен кездесті. Кезде-су барысында компанияның біздің елі-мізбен арадағы ұзақ мерзімге арналған ын тымақтастығының перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысына Астанада іске асыру жос-парланып отырған жобалар танысты-рылды. Айта кетейік, «Calatrava Grace Corporation» компаниясы жылжы-майтын мүлік саласындағы жаһандық жобаларға өз клиенттерімен бірге əр транзакция үшін 100 млн долларға дейін қаржы бөле алатын мүмкіндігі

    бар инвестор болып табылады. Бүгінде компания портфолиосы 32 елдегі жалпы көлемі 1,9 млн шаршы метр болатын 340 жобаны қамтиды.

    Одан əрі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен екі елдің іскер топ өкілдерінің форумы өтті. Форумда екіжақты ынтымақтастықтың тұрақты дамып келе жатқаны, түрлі са-лалар бойынша əріптестіктің болашағы мол екені, бүгінгі жиынның екі ел дің үкіметаралық комиссиясының 6-оты-рысының аяқталуымен тұспа-тұс келгені атап өтілді.

    Сондай-ақ, жиында екі жақтың биз-нес өкілдерінің өзара тəжірибе алма-суының, түрлі бағыттар бойынша келісіп жұмыс істеудің маңыздылығы Қазақстан мен БАƏ-нің мұнай өндіру, шағын жəне орта бизнес, ғарыш салалары бойын-ша серіктестіктің екі жақ үшін де аса қажет екені, БАƏ тарапының Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне белсе-не қатысатыны, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сапары тараптардың өзара байланыстарына тың серпін беретіні ерекше аталды.

    Қазақстан-Біріккен Араб Әмірліктері:

    ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЕГІЗІ – ӨЗАРА СЕНІМ

    ҚОЛДАН ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН «БАРС»

    (Соңы 3-бетте)

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб мірліктеріне (БА) ресми сапармен келіп, бу-Даби әмірлігінің тақ мұрагері, БА Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид л Наһаянмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелері кеңінен талқыланды әрі бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Ал бүгін Елбасы бу-Дабиде тіп жатқан Х Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммитінің жұмысына қатысатын болады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    (Соңы 2-бетте)

    РУХАНИЯТ

    БАЙҚАУ БАР, БАЛЕТ ҚАЙДА?

  • 2 16 қаңтар 2017 жыл

    (Соңы. Басы 1-бетте)

    СаяСат

    Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев бұл кездесудің маңызы өте зор екенін айта келіп, Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның Таяу Шығыстағы ең сенімді әріптесі болып табылаты-нына тоқталды. Сондай-ақ, Елбасы Қазақстан-БАӘ қатынасының ұдайы дамып келе жатқанын, оның достыққа және өзара сенімге негізделгенін атап өтті. Одан әрі Мемлекет басшысы өзінің Әбу-Даби әмірлігінің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен бүгінгі кездесуі бұған дейін орнатылған әріптестікті жаңғыртуға оң ықпалын тигізетініне назар аударды.

    – Біріккен Араб Әмірліктері араб елдері арасында тауар айналымы бо-йынша Қазақстан үшін 1-орынды иеленіп отыр. Елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты өзгелерге үлгі ретінде ұсы нуға әбден болады. Бұл – өте жоғары деңгейдегі қарым-қатынас. Соң ғы 25 жыл ішінде Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға салын-ған тікелей инвестиция көлемі 2 млрд АҚШ долларынан асты. Қазақ станда Әмірліктер капиталының қаты суы мен 200-ден астам бірлескен кәсіп орын жұмыс істеуде. Олар ауыл шаруа-шылығы, металлургия, энергетика са-лаларын қамтиды, – деді Елбасы.

    Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы екі елдің ядролық энергетика саласы бо йынша қатынастары дамып келе жат қанын сөз ете отырып, Қазақстан-ның уран шығарудан әлем бойынша екінші орында тұрғанына екпін берді. Пре зи дент тің айтуынша, бұл сала бой-ынша Қа зақстан-БАӘ әріптестігінің әлеуеті зор.

    Одан әрі Президент екі ел ара-сын дағы ірі инвестициялық жобалар тұрғысында сөз қозғады.

    – Астана қаласында салынып жатқан, жалпы құны 1,6 млрд доллар болатын көп функциялы «Әбу-Даби плаза» ғимараты екіжақты инвестициялық жобалардың ерекше көрінісі деп айтуға болады. Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңес жұмыс істейді. Біріккен Араб Әмірліктері ірі мұнай экспорттаушы мемлекет болса да, экономикасын әртараптандыруға ерекше көңіл бөліп отырғанын білеміз. Мұнай мен газға бай Қазақстан да 2010 жылдан бастап индустриялық бағдарлама жасап, экономикамыздың мұнай мен газға тәуелді болмауын қарастырып жатырмыз. Осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу нәтижесінде, ин-дус трияландырудың бірінші бесжыл-дығында 1000-ға жуық өндіріс іске қо сылды. Екінші бесжылдықты да одан әрі жүзеге асырудамыз, – деді Н.Назарбаев.

    Сонымен қатар, Елбасы Қазақ стан-ның алдында әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына ену міндеті тұрғанын сөз ете келіп, бұл межеге жету үшін Қазақ-станда бизнеске қолайлы жағдай жаса-лып отырғанын, елдің инвестициялық тартымдылығы арта түскенін атады.

    – Біз еліміздің келбетін айтарлықтай өзгертетін ауқымды реформаларды бастадық. Осы реформаларды іске асы-ру үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспа-рын қабылдадық. Реформалар экономи-ка мен мемлекеттік басқарудың негізгі салалары бойынша әлемдегі дамыған мемлекеттердің стандарттарына қол жеткізуге мүдделі. Қазақстанда жылдан жылға инвестициялық ахуал жақсарып келеді. Тәуелсіз елімізге тартылған шетелдік инвестицияның көлемі 265 млрд долларға жетті. Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу бойынша рейтингінде Қазақстан 35-орынға ие болды, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

    Сонымен қатар, Елбасы әлемнің 56 мемлекетінің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алатынын атап көрсете келіп, олардың арасында БАӘ-нің де бар екенін, бұл өз кезегінде тараптардың өзара ынтымақтастығының беріктігін білдіретінін жеткізді.

    Бұдан бөлек, Президент шетелдік инвесторларға жасалып отырған ыңғайлы жағдайларды, жеңілдіктерді атай келіп, 19 жылдан бері Қазақстанда Президент жанында Шет ел инвестор-лары кеңесі жұмыс істеп келе жатқанын

    әңгімеледі. Инвесторлар корпоративті табыс салығы мен жер салығынан 10 жылға, мүлік салығынан 8 жылға боса-тылатынын атап көрсетті. Бұған қоса, Елбасы БАӘ кәсіпкерлерін Қазақстанда жүргізіліп жатқан жекешелендіру ісіне қатысуға шақырды.

    Қазақстан Президенті ЕАЭО ая сын-дағы іс-қимылға назар аударып, оның мүмкіндіктерін пайдаланудың маңыз -дылығын атады. Сондай-ақ, Елба сы Қазақстанда 10 арнайы және 20 индус-триялық аймақ жұмыс іс тей тінін, олар үшін тиісті жеңілдіктер жа сал ғанын, оның аясында жұмыс істеу үшін рұқсат алу рәсімі оңтайландырылғанын айтты.

    Президент биыл Астанада «Бола-шақ тың энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 көрмесі өтет інін , оған қа тысуға 110-нан астам ел, 18 халықаралық ұйым, сондай-ақ осы саладағы әлемдік жетекші компаниялар қатысатынын, бұл ауқымды шараның Қазақстанда өткі зілуіне БАӘ-нің араб елдері арасында бірінші болып қолдау білдіргенін атап өтті.

    Соңында Нұрсұлтан Назарбаев фо-румға қатысушыларға екі елдің ынты-мақтастығын нығайтуға атсалыса бере-тіндеріне сенім білдірді.

    Сонымен қатар, форумға БАӘ та-рапынан қатысушылар Қазақстанның бүгінгі жетістіктерін сөз ете отырып, екі ел арасындағы қатынастардың дамуы-на ықпал ететін жағдаяттарды атап, өз пікірлерін ортаға салды.

    Екіжақты қатынастың табысты 25 жылы

    Биыл, дәлірегі, алдағы қазан айын-да Қазақстан мен Біріккен Араб Әмір-лік терінің дербес мемлекеттер ретінде өзара барыс-келіс жасап, екіжақты қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл то-лады. Сондықтан, бүгін біз осы мерей-тойлық жылдың Елбасының БАӘ-ге жасаған ресми сапарымен басталғанын жақсылыққа жори отырып, Әбу-Да-биден жолданған бұл мақаламызға екі ел ынтымақтастығының тарихын азды-көпті арқау етсек, артық болмас.

    Нақтылай айтқанда, Қазақстан мен БАӘ арасындағы дипломатиялық қаты-настар 1992 жылдың 1 қазанынан бас-тау алады. Ал БАӘ-нің Қазақстандағы ел шілігі 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істесе, еліміздің БАӘ-дегі елшілігі 2006 жылдың қыркүйек айында ашылды.

    Тараптардың бұған дейінгі мәмілелі, мән-маңызы жоғары қатынастары өзара әріптестіктің өзіндік тарихын қа лып-тастырды, саяси, мәдени және эконо-микалық байланыстардың қарқынды дамуына кеңінен жол ашып берді. Бұл үдеріс өз кезегінде еліміздің өркен-деуіне, өрісін кеңейтуіне оң ықпалын тигізгені анық.

    Жалпы, мемлекеттер арасындағы тұрақты, өзара сенімге құралған байла-ныс тардың орнауына ел басшыларының жоғары деңгейдегі кездесулері тікелей әсер ететіні, шешуші рөл атқаратыны белгілі. Қазақстан-БАӘ екіжақты қатынас тарының бүгінгідей деңгейге көтері луінің негізі мемлекеттер басшы-ларының жиі кездесіп, саяси және экономикалық ынтымақтастыққа қатыс ты маңызды шешімдер қабылда-ғандығында. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың БАӘ Прези-дентімен өзекті мәселелер бойынша

    көптеген маңызды келіссөздер жүр-гізгенін, соның нәтижесінде екіжақты әріптестіктің әлеуеті арта түскенін атап көрсеткеніміз абзал.

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейін БАӘ-ге ресми және жұмыс сапарларымен 12 рет ба-рыпты. Сондай-ақ, БАӘ-нің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянның елімізге жеке сапарлары 8 мәрте жүзеге асыпты. Бұл барыс-келістер екіжақты қатынастарды дамыта түсті. Бұдан бөлек, тараптардың халықаралық ұйымдар аясындағы кездесулері де Қазақстан-Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықтың жанда-нуына өз ықпалын тигізе білді.

    Негіз інде, Мемлекет басшы -сы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың мамырында БАӘ-ге жасаған алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынастардың дамуына серпін берді деп айта аламыз. Бұл сапар ба-рысында Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ-нің сол кездегі Президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянмен, сондай-ақ елдің іскер топ өкілдерімен келіссөздер өткізді. Осы сапар шеңберінде Әбу-Даби қаласында Қазақстан Үкіметі мен БАӘ Үкіметі арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімде «та-раптар екі ел арасында ұзақ мерзімді әрі тұрақты сауда-экономикалық қаты-настарды дамыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, осы мақсаттарда тиісті жағдайлар жасайтын болады», деп атап көрсетілген болатын. Бұдан кейін өткен мемлекеттер басшылары деңгейіндегі кездесулер де өз жүйесін тауып, тараптардың кең ауқымдағы байланыстарын нығайта білді. Енді солардың бірқатарына тоқтала кетейік.

    2002 жылғы 8 қазанда Мемлекет бас-шысы Қазақстанға ресми сапармен кел-ген Әбу-Даби Әмірлігінің Тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянмен кездесіп, Қазақстан экономикасының мұнай және газ салаларын дамытуға инвестицияларды ұлғайту перспекти-валары, сондай-ақ сауда-экономикалық және агроөнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. 2004 жылғы 18-22 қаңтар аралығында Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, БАӘ-нің Президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянмен және Әбу-Даби Әмірлігінің Тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбас-шысының орынбасары шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянмен жүздесті. Кез-десулерде басты назар екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мәселелеріне аударылды.

    Сапар кезінде Қазақстан Прези-денті «Қазақстанның іскерлік және инвес тициялық мүмкіндіктері» атты бизнес-форумның жұмысына қатысты. Елбасы келешегі зор ретінде мұнай-газ саласын, құрылыс индустрия-сын, автожол, жоғары технология-лар салаларын атай келе, БАӘ-нің кәсіпкерлерін Қазақстан экономикасын инвестициялауға белсенді қатысуға шақырды. Өз кезегінде Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан кең мөлшерде БАӘ-ге астық экспортын қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді. Сапар нәтижесі бойынша екі мемлекет

    басшылары келіссөздердің сындарлы сипатын және тараптардың достық және өзара түсіністік рухында әрекет жасауға ниеттерін атап өткен Бірлескен коммюникеге қол қойды.

    Сол сияқты, 2006 жылғы 16 ақпанда Пре зидент Н.Ә.Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмыс сапары-мен болып, Әбу-Дабидің Тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде «Қазақ стан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Іс-әрекет жоспары» атты маңызды құжатқа қол қойылды. Бұл құжат екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда зор маңызға ие.

    Ал 2007 жылғы 7-11 қараша аралығында Мемлекет басшысы Әбу-Дабиде БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянмен кездесті. Келіс сөздер барысында тараптар экономиканың өнеркәсіп, көлік және коммуникация, құрылыс, фармацевтика және медицина сияқты салаларындағы экономикалық ынтымақтастықты бел сенділендіруді қарастыратын 2006 жылы қол қойылған «Қазақстан Рес публикасы және Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Іс-әрекет жос-парының» маңыздылығын атап өтті. Сол жолы Президент Н.Ә.Назарбаев сауда-өнеркәсіп палаталары қамқор лығымен Қазақстан-Әмірліктер Іскерлік кеңесін құруды ұсынды.

    2008 жылғы 15 шілдеде Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянмен, оның Қазақстанға рес-ми сапары аясында кездесіп, шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гума-нитарлық салалардағы екіжақты ынты-мақтастықтың деңгейі мен бола шағы сөз болды. Айта кетейік, осы жылы тамызда БАӘ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес-тің (АӨСШК) толық мүшесі болды.

    Сонымен қатар, Елбасының 2009 жылғы 16-17 наурыздағы Біріккен Араб Әмір ліктеріне жасаған ресми сапарында БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянмен кез-десіп, саяси, экономикалық және гума-ни тарлық салалардағы Қазақстан-Әмірліктер өзара қарым-қатынасын дамыту мәселелерін қарастырды. Кездесу соңында БАӘ Президенті Н.Ә.Назарбаевты Біріккен Араб Әмірлік терінің жоғары мемлекеттік наградасы – Заид орденімен марапатта-ды. Қазақ стан Президенті өз кезегінде, БАӘ бас шысына екіжақты қарым-қатынастарды нығайту ісіне қосқан үлесі үшін «Алтын Қыран» орденін тапсырды.

    2012 жылғы 9-13 ақпан аралығында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктерінде болды. Мемлекет бас-шысы БАӘ-нің Президенті, шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянмен кез-десті. Оның барысында тараптар сая-си, сауда-экономикалық және инвес-тициялық салалардағы екіжақты ынты-мақ тастықтың өзекті мәселелерін талқы лады. Сол сәтте тараптар бұрынғы кеңестік өңірде тұңғыш ислам банкі «Әл-Хилял» банктің Қазақстандағы жемісті қызметіне қанағаттанушылық танытты. Астана және Алматы қала-ларынан кейін Шымкентте үшінші филиа лының ашылуы Қазақстанда 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келе жат-қан банктің жұмысы белсенді жүріп жат қан дығының айқын дәлелі бола алады.

    2014 жылғы 30 қазанда Президент Н.Ә.Назарбаев Әбу-Дабидің Тақ мұ-рагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғар-ғы Бас қолбасшысының орынбаса-ры шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті. Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық басымдығы бар мәселелері қарастырылды.

    Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің даму қарқыны жоғары екеніне назар аудара отырып, елдеріміздің арасындағы өзара іс-қимыл соңғы жылдары барлық негізгі ба ғыттар бойынша нығайғанын атап өтті.

    Жалпы, екіжақты қатынастардың сапасы тек белсенді саяси үнқа ты сулар-мен ғана шектелмейді. Қазақстан-БАӘ қатынастарын нығайтуда сауда-эконо-микалық ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Отын-энергетика сала сын-дағы ынтымақтастық белсенді жалға-сып келеді.

    2010 жылғы қаңтарда Әбу-Даби үкіметінің Қазақстанда қаржылық әлеуеті 500 млн АҚШ долларынан кем емес «AlHilal Bank» алғашқы ислам банкін ашу жөніндегі шешімі, сон дай-ақ қысқа мерзім ішінде Қазақ стан да тікелей инвестиялардың алдың ғы қа-тарлы қорларының бірі бол ған бір-лескен инвестициялық «Фа лах» қоры-ның құрылуы екіжақты байла ныс-тар дың қарқынды дамуының дәлелі болады.

    Қазақстан Республикасының сыртқы саудасында Біріккен Араб Әмірліктері әлемнің 205 елі арасында 52-орында, оның ішінде 42 Азия елдері арасында – 16-орынды, ал араб елдері арасында 1-орынды алады.

    Қазіргі таңда Біріккен Араб Әмір-ліктері – біз үшін маңызды әрі сенімді әріптес ел. Қос тараптың бір-біріне осылайша құрметпен қарап, ортақ мүдде орайында орнықты, байыпты қадамдар жасаулары, әрине, өзара бай-ланыстарды тереңдете түсуде. Осы ынтымақтастықтың бір ғана көрсеткіші ретінде БАӘ-нің еліміз үшін ірі инвес-тор болып отырғанын атап өткен жөн. Мәселен, соңғы мәліметтерге қарағанда, 2005-2016 жылдар аралығында бұл мем-лекеттен Қазақстанға тікелей 2 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынған. Сондай-ақ, Қазақстандағы әлеуметтік нысандардың құрылысына БАӘ тарапынан өтеусіз негізде 100 млн АҚШ долларынан астам қаржы қаралған.

    Ортақ ұстанымдар байланыс аясын

    кеңейтедіНегізінде, Қазақстан мен Бірік кен

    Араб Әмірліктерінің саяси ұс таным-дарында да алшақтық жоқ. Бірқатар өзекті халықаралық және аймақтық мәсе ле лерге қатысты ұстанымдары бірдей. Бұл жайт екі елдің саяси саладағы өзара іс-қимылдарын тереңдете беруге мүм кіндік береді. Мәселен, БАӘ Қазақ-станның бастамашы болуымен ша қы-рылған Азиядағы өзара іс-қимыл жә-не сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) 2008 жылдың шілдесін де толық құқылы мүше болды. Пар сы шығанағы аймағындағы жетекші мем-лекеттің бірі – БАӘ-нің осы халық ара-лық ұйымға мүше болуы АӨСШК-нің бе де лі мен салмағын арттыратыны анық.

    Ислам әлеміндегі лайықты орнына байланысты БАӘ басшылығы өздерінің елі ішінде және халықаралық арена-да конфессияаралық үнқатысудың орнық қанын қолдап келеді. Бұған Астанада дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас шылары съездерінің жұмысына БАӘ өкіл дерінің белсенді қатысып жүргені дәлел болады.

    Екіжақты мәдени-гуманитарлық қатынастар ұдайы даму үстінде және оның аясының кеңейе түскені байқалады. 2009 жылы наурызда Ел басының БАӘ-ге ресми сапары шеңберінде Қазақстанның БАӘ-дегі Мәдениет күндері өтті. 2010 жылы мамырда Астанада БАӘ-нің Мәдениет күндері өткізілді. БАӘ Қазақстанды Орта лық Азия өңіріндегі бейбітшілік пен тұ рақ-тылықтың қорғаны, этносаралық және конфессияаралық келісімнің үлгісі деп қарастырады. Әбу-Даби Тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян 2011 жылғы 30 қаңтарда Астана қаласында 7-ші қысқы Азия ойындарының салта-натты ашылу рәсіміне қатысты.

    2014 жылғы 30 сәуірде Әбу-Дабиде Халықаралық кітап көрмесі шеңберінде алғаш рет араб тілінде басылған «Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірбаяны» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды.

    Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

    Қазақстан-Біріккен Араб Әмірліктері:

    ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЕГІЗІ – ӨЗАРА СЕНІМ

  • 16 қаңтар 2017 жыл 3

    «Қара құрлық» қасіреті

    Мемлекет басшысының Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе сінің тұрақты емес мүшесі ретінде өкілеттігінің басталуына орай, Ұйым ның Қауіпсіздік Кеңесіне Саяси үндеуінде аталған жеті басым бағыттың бірі – Африка құрлы ғында бейбітшілікті қалпына келтіру мәселесі көтеріліп отыр.

    «Қара құрлық» атанған Африкада тұратын халықтың саны 700 миллионнан асады. Ондағы халықтың нәсілдік, тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі болып келеді. Кейбір деректерге қарағанда, құрлықтағы 55 мемлекетте 700-ге жуық жергілікті тіл бар екен. Табиғаты қаталдау болғанымен, онда жерасты қазба байлықтары мол. Бірақ, құрлықтағы елдер халықтарының көпшілігі кедей тұрады. Азық-түлік тапшылығын көріп отырғандар да аз емес. Оның ең басты себебі, түрлі жағдайларға байланысты бірқатар елдер арасында, сондай-ақ, кейбір мемлекеттердің өздерінің ішіндегі алауыздық салдарынан туындаған қарулы қақтығыстарда жатыр.

    Осы қақтығыстардың кесірі бейбіт тұрғындарға тиюде, зардап шегіп жатқандар да солар. Бір мысал кел-тірейік, өткен жылдың шілдесінде Оң-түстік Судан астанасы – Джуба қала-сын да үкімет жасағы мен елдің вице-пре зидентінің жақтастары арасында болған текетірестен 300-ге жуық адам қаза тапты. Олардың көпшілігі – бейбіт тұрғындар. Адам өліміне соқтырған жан-жалдар өршіп бара жатқандықтан, бұл елдің аумағына БҰҰ бітімгершілік мис-сиясының 12 мың жауынгері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін кіргізілді.

    Елбасымыз өзінің Саяси үндеуінде Африкада толық бейбітшілік пен қауіпсіздікті іске асырмайынша, орнықты жаһандық бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін еместігін атап өтті. Рас, ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдары мен ХХІ ғасырдың басында Африка құрлығында ұзақ жылдарды қамтыған бірқатар қарулы қақтығыстар реттел-ген де еді. Бұл мәселеде Мысырдың сол кез дегі басшылығы белсенді дипло-ма тиялық жұмыстар жүргізгенін атап өткен жөн. Содан бергі уақытта Африка мүйізі аталатын Эфиопия, Эритрея, Джи-бути және Сомали аймағындағы қару лы қақтығыстарды реттеу ерекше ма ңызды мәселелердің бірі болып келеді.

    Біздің еліміз Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі барысында Ауғанстан мәсе ле лері, ДАИШ және «Әл-Қаида» террор лық ұйымдарына қарсы күресті үйлес тіру комитеттерімен қатар, Сомали/Эритрея жөніндегі комитетке де жетек шілік етеді. Осы үш комитет те Ұйым дағы ең маңызды құрылымдар са-налады. Аталған құрылымдардың атау-лары көрсетіп тұрғандай, бүгінде Ауған-стан да ғы саяси-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, әлемдік қоғамдастықты алаң датып отырған халықаралық тер-рорлық ұйымдармен күрес және Африка құрлығында бейбітшілікті орнықтыру ең өзекті әрі аса өткір мәселелер болып отыр. «Қазақстан Африка одағының байқаушы елі және Қауіпсіздік Кеңесінің Сомали/Эритрея жөніндегі комитетінің төрағасы ретінде, – деп атап өткен Мемлекет бас-шысы осыған байланысты өзінің Саяси үн деуінде, – Африка мүйізі өңірі мен бү кіл континентте ұлттық татуласу әрі бей бітшілікті қалпына келтіру бойынша ха лықаралық күш-жігерге үлес қосатын болады».

    Жалпы, «Қара құрлық» елдері өздерінде және әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің салтанат құруына мүдделілік танытып-ақ келеді. Өкінішке қарай, оған кейбір сыртқы күштер мен елішілік алауыздық, жекелеген елдер арасындағы жерге қатысты даулар, сондай-ақ ұлтқа, дінге бөлінушілік кедергі келтіруде. Еліміз аталған осы проблемалардың шешілуіне ықпал ететіні күмән тудырмаса керек. Өйткені, Қазақстанның бұл мәселелерде өзіндік тәжірибесі жеткілікті, саяси ұстанымы айқын, дипломатиялық әлеуеті жоғары.

    Африкадағы мемлекеттер құрлықты ядролық қарудан азат аймаққа айналдырудағы өміршең ісімен де ерекшеленеді. Мысырдың бастамасымен 1996 жылдың сәуірінде құрлықтың 49 елі Африка құрлығын ядролық қарудан азат аймаққа айналдыру туралы шартқа қол қойған еді. Бұл құжатта ядролық қаруды өндіруге, сақтауға, сынауға және ядролық қалдықтарды жерге көмуге ты-йым салу жағы да қарастырылған.

    Еліміздің Африка одағы елдерімен қатынастарды кеңейту мәселесі Қазақ-стан Республикасының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында да көрсетілген. Онда Қазақстанның Африка құрлығы елдерімен қатынастар-дың географиясын кеңейтуге, оның ішінде Африка одағы қызметінің шең-берінде олармен саяси және эконо-микалық ынтымақтастықты дамытуға басым көңіл бөлінетіндігі аталған.

    Бүгінде бұл құрлықта «Африка одағы-2063» стратегиясы жүзеге асыры-лып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, осы стратегия мен «Қазақстан-2050» Стратегиясы арасында ұқсастықтар бар. Ал Африка елдері үшін қазіргі кездегі ең бастысы – әлеуметтік-экономикалық даму, дау-жанжалдарды аймақтық деңгейде шеше білу және өзге құрлық елдерімен қатынастар орнату.

    Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

    «Егемен Қазақстан»

    –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісін оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Қытай елшісімен кездесті

    2016 жылдың 28 маусымында Бас Ассамблея өткізген құпия дауыс беруде Қазақстан 193 дауыстың 138-іне ие бо-лып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Азия-Тынық мұхиты мемлекеттері тобынан сайланған Қазақстанның өкілеттілігі 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады. Тұрақты емес мүше мем-лекеттер әлемнің бес аймағынан ірік-теледі. Аймақтар қатарына Аф рика, Азия-Тынық мұхиты, Латын Аме ри-касы, Шығыс Еуропа, Батыс Еуропа мем лекеттерінің топтары кіреді.

    БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне кірген 10 тұрақты емес мүше мемлекеттер ұйымның тұрақты 5 мүшесімен бір-лесе отырып, әлемдік өзекжарды мәсе-лелерді талқылауға және шешімдер қа был дауға қатысады. Ең басты мәселе – халықаралық бейбітшілік пен қауіп-сіздікті сақтау болса, сонымен қатар, жаһандық қауіптер мен қатерлерге қарсы әлемдік қоғамдастықты жұ-мылдыру мәселесі де күн тәртібінде тұрады.

    Қазақстан БҰҰ-ның тұрақты емес мүшесі бола салысымен әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға бағытталған өз тұжырымдамасын ұсынды. Бұл құжат – Елбасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты Саяси үндеуі.

    Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде халық-аралық шиеленісті мәселелерге байла-нысты «вето жасау» құқығына ие емес. Бұл құқық тек тұрақты мүшелерге ғана тән. Соған қарамастан, Қазақстан

    БҰҰ-ның ең басты органы болып та былатын Қауіпсіздік Кеңесінің мінберін өзінің әлемдік мәселелерге көзқарасын ашық білдіру үшін пайда-лана алады. Жаһандық мәселелердің шешу түйіндерін көрсете отырып, өзін Жер жаһанға таныстыра түседі.

    Қазақстан өзінің сыртқы сая са-тындағы әлемдік қатынастарда әді-леттілік қағидаттары сақталуын қа лай-ды. Бұл дегеніміз, әлемдік басым дер-жавалар өздерінің мүдделерін орындау жолында әлсіз, дамушы мемлекеттердің мүдделерін аяққа таптамауы. Өкінішке қарай, әділеттілік пен теңдік ХХІ ға-сыр да өте көп бұзылуда. Ирак, Ливия, Сирия, Ауғанстан, Иемен мемле кет тері әлемдік державалардың зорлық шыл саясатының құрбаны болуда. Неоим-периалистік саясат әлі де жалғасуда.

    Тіптен, АҚШ-Ресей, АҚШ-Қытай теке тірестері әлемді шошытарлық дәре-жеге келді. Қауіпті шеңберден шықсақ, әлемдік соғыс қаупі де күшейе түспек. Қазақстан басшысы БҰҰ Қауіп сіздік Кеңесіне жолдаған Саяси үндеу інде осы мәселелерге байланысты алаң-даушылық білдірді. Қауіпсіздік Кеңе-сінің мүшелерін әлемдік бейбітшілік жолындағы белсенді күресті күшейте түсуге шақырды.

    «Біз ғаламшарды ядролық қару-дан құтқару бойынша әлем қоғамда с-тығының күш-жігерін жұмылдыруды ядролық қаруды таратпау режимін жүйелі түрде бекемдеу мен нығайту, сондай-ақ, Қауіпсіздік Кеңестің 1540қа рарын мүлтіксіз орындау арқылы жалғастыруға ниеттіміз.

    Иран ядролық бағдарламасы бойынша келісімнің жетістіктерін және олардың іске асуын құптай отырып, Қазақстан бүкіл ұқсас жағдайлар мен дағдарыстарда оларды үлгі ретінде

    қолдануды жақтайтын болады. Бұл үшін біз Кеңестің 2231-қарары бойын-ша үйлестірушісімен белсенді жұмыс істеуге дайынбыз.

    Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасы Корей түбегіндегі ядролық қару проблемасы бойынша көп жақты келіссөздер процесін кідірт-пей қайта бастауға шақыра отырып, оны шұғыл және сындарлы түрде шешуді бас-ты мақсаттардың бірі ретінде қарайды.

    Задында, Қазақстан БҰҰ барлық мүше мемлекеттерін, әсіресе Қауіпсіздік Кеңестің тұрақты мүше лерін, 2045 жылы БҰҰның 100 жылдығы қарсаңында әлемді ядролық қарудан құтқаруға шақырады», делінген Елбасының Саяси үндеуінде.

    БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшы-сы Пан Ги Мун мырза Қазақстанға 4 рет келді. Аз мерзімде әлемдік бас ұйым басшысының елімізге осынша-ма рет ат басын бұруы Қазақстанның әлемдік ядролық қарусыздануға қосқан зор еңбегінің белгісі бола-тын. Елбасы БҰҰ-ның жаңа Бас хат-шысы Антониу Гутерреш мырзамен де белсенді, бірлескен қызметтер атқарудың маңызын, ол шаралардың әлемдік бейбітшілік үшін іске асыры-латынына сенетіндігін жеткізді.

    Қазақстан әлемдік қайшылықтардың зорлықпен, күшпен емес, шыдам-ды бәтуаластық, ортақ мәмілеге келу арқылы шешілгенін қалайды. Өзара санкциялар жасау, қаржылық, экономикалық қысымдар көрсету бейбітшілікті нығайтпайды. Қарсылас елдер ең алдымен өз халқының және адамзаттың тағдырын ойлауға міндетті. Қақтығыстар, соғыстар, қысым көрсетулер мен санкциялар қарапайым халыққа жаманшылық әкеледі.

    Ә л е м д і к м и г р а ц и я л а р д ы ң ,

    жұмыссыздықтың, кедейшілік пен қайыршылықтың негізгі себебі дұрыс жүргізілмеген саясатқа және әлемдік әділетсіздіктерге байланысты. Елбасы, міне, осы себепті де ХХІ ғасырдағы әлемдік шындықтарға сәйкес келетін мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың жаңа моделін құрудың маңыздылығын атап көрсетті.

    Ол үшін ядролық державалар ядролық қаруды таратпау жолындағы шараларды күшейтуі керек. Атом қуаты тек бейбіт мақсаттарға – экономикалық өрлеуге, адамзаттың жасампаз қыз меті-не, ғылымға, ғарышты игеруге жұм-салуға тиісті. Ядролық қауіпсіздік тура-лы БҰҰ-ның қарарлары мүлтіксіз орын-далса, әлемдік бейбітшілік күшеймек. Қа зақстан өзінің өнегесімен әлем халық тарын осы ұлы іске тартуда.

    1991 жылғы 31 тамызда Қазақстан Президенті «Семей ядролық сынақ по-лигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Елден 1200-ден астам ядролық оқтұмсық шығарылды. Орталық Азия ядролық қарудан азат аймаққа айнал-ды. Қазақстан бейбіт атоммен ғана дос болды.

    «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіндегі қағидаттық ұсыныстарды тереңдете отыра, Елбасы әлемдік қауіптерді әкелетін нақты нүктелермен жұмыс істеуді ұсынды. Олар: Иранның ядролық бағдарламасы, Солтүстік Кореяның ұстанымы, Ауғанстан қайшылығы, әлемдік терроризмге қарсы, әсіресе, ИЛИМ (ДАИШ) әре-кетін ауыздықтау мәселелері. Қазақстан әлемдік экономикалық мәселелерді шешуді «Болашақтың энергиясын» жасаумен байланыстыруда. Еліміздің әлемдік қоғамдастыққа ұсынған осындай жасампаздық, бейбітшілік тұғырнамасын әлем халықтары қолдайтындығы сөзсіз.

    Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Орталық Азия мемлекеттерінің ортақ мәселелерін бірінші кезекке қояды. Аймақтық қауіпсіздікті әлемдік қауіпсіздіктің тірегі деп біледі.

    Бұл – Қазақстанның әлемдік беделі артқанының нәтижесі

    Жоғарғы палатаның Төраға сы таяу күндері Қ а з а қ с т а н м е н Қ ы т а й арасындағы дипло ма тиялық қатынастардың орна ғанына 25 жыл толғанын атап өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР бас шысы ширек ғасырда екі көр ші мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиялық

    әріптес ті гінің сенімді негізін жасады. Мемлекеттік ше-кара дели митацияланды және демаркацияланды, Қазақстан мен Қытайдың белсенді қатысуымен ШЫҰ және АӨСШК негізінде аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа қағидаттық тұрғыдағы жүйесі құрылды. Аймақтық

    экономика үшін «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының үйлесім табуының маңызы зор.

    Қ.Тоқаев екі елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі өзара тығыз іс-қимылына сенім артатынын жеткізді.

    Сенат Төрағасы өзі нің таяудағы Қытайға сапа-рының нәтижелі болға нын, оның екіжақты ынты мақ-тастықтың маңызды мәсе-лелері жөніндегі парла-ментаралық үнқатысуды үдете түсуге ықпал еткенін атап өтті.

    Қазақстандық министр өзінің Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарының соңғы күні Нью-Йорк қаласында Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдерімен кезде-су өткізді.

    Қазақстан сыртқы саясат ведомство-сының басшысы аталған басқосу бары-сында еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Ұйым тари-хында алғаш рет Орталық Азия өңірінен өкілдік етіп отырғанын атап көрсетті. Сондай-ақ, ол Қазақстанның Орталық Азияның барлық елдерінің ортақ мүддесі үшін күш-жігер жұмсайтынын көлденең тартты. Атап айтқанда, Қ.Әбдірахманов Ауғанстанның шетін проблемаларын түбегейлі шешпей тұрып, өңірде ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес екеніне на-зар аударды.

    Өз кезегінде, өңір мемлекеттерінің дипломаттары Қазақстанның Орталық Азия елдерінің мүдделерін БҰҰ Қа-уіп сіздік Кеңесіндегі мүшелігі арқылы ілгерілету жөніндегі жоспарларына қолдау білдіретіндіктерін мәлімдеп, сая-си және сарапшылық деңгейлерде тиісті конструктивті өзара іс-әрекеттерді жал-ғастыруға дайын екендіктерін қуаттады. Бұдан бөлек, кездесуде Қазақстан Рес-публикасының Президенті Нұрсұлтан

    Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Саяси үндеуі оң бағаланды.

    Сапары барысында, сондай-ақ, Қ.Әб дірахмановтың Италия, Швеция, Эфиопия, Польша және Латвия сыртқы саясат ведомстволары басшыларымен, Ұлы британия Сыртқы істер министрінің орын басарымен екіжақты жұмыс кезде-сулері өтіп, оларда екіжақты қарым-қаты-нас мәселелері бойынша және БҰҰ-ның күн тәртібі жөнінде жемісті пікір алма-сулар болды.

    Тұтастай алғанда, қайта тағайын-дал ған Қазақстан Сыртқы істер ми нистрі нің алғашқы халықаралық сапа-ры табыс ты аяқталды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, сапар барысында Астана ның, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жауап кер шілікті мүшесі ретінде, осы аса маңызды саяси органның қызметіне бейбітшілікті сақтау мен жаһандық ауқымда тұрақтылықты қамтамасыз ету істері бойынша сапалы үлес қосуға да-йын екені атап көрсетіліп, бұл жайт жан-жақты қолдау тапты.

    Бұл қатарда, сондай-ақ, БҰҰ Хатшы-лы ғының жаңа басшылығымен, мүше елдер сыртқы саясат ведомстволары және делегацияларымен, оның ішінде Қауіп сіздік Кеңесіне енетін елдер де бар, байла ныстарды нығайту сияқты маңызды мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.

    Мақсат орындалған сапар

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірах мановтың Нью-Йоркке жұмыс сапары мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Мұның бастауын біз сонау Тәуелсіздіктің алғашқы жылда-ры Ел ба сының батыл қабылдаған шешім дерінен көреміз. Әрине, бұл жаһанды тітіреткен Кеңес одағы құлағаннан кейінгі жаңа мемлекеттің қуатты ядролық арсе-налдан бас тартуы мен Семей сынақ полигонын түбегейлі жабуы туралы толғақты шешімі болатын.

    Биылғы елімізге жүктелген абы-ройлы міндет осы сабақтастықтан тамыр тартады. Өйткені, осы оқиғадан бері біз жаһан жұртын ядролық қарудан бас тартуға шақырып келеміз. Оның нақты әрі нәтижелі қадамдары жасал-ды. Атом қуатын ғылыми және бейбіт мақсатта пайдалану, әлемнің басқа елдеріндегі ядролық полигон ошақтарын жабу, ядролық қаруға қарсы іс-қимыл күнін бекіту секілді және басқа да саяси мәмілегерлік жобалардың бас тамашысына айналдық.

    Сонымен бірге, Қазақ елінің БҰҰ сияқты әлемдік ұйымдағы өте зор жауапкершілікті арқалауы мен еліміздің аталған ұйымға мүшелігіне 25 жыл толуының қатар келуі де кездейсоқтық емес. Бұл Қазақстанның ширек ғасырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен ішкі және сыртқы саясатта қол жеткізген тиімді жетістіктерінің бағасы іспеттес әсер қалдырады.

    Елбасының Біріккен Ұлттар Ұйы мы ның Қауіпсіздік Кеңесіне жол даған Саяси үндеуі Қазақстан-ның тұжырымдамалық көзқарасын тағы да айшықтай түсті. Бұл Үн-деу де Елбасы еліміздің БҰҰ Қауіп-сіздік Кеңесі тұрақты емес мүшесі ретіндегі өкілеттіліктерінің баста-луына орай қауіпсіз, әділ және өр-кендеген әлем құру үшін жаһан-дық әріптестікті күшейтуге күш салатынын жеткізе келіп, нақты іс-қимыл бағыттарын жүзеге асы-руға ұмтылатынын атап көрсетіп отыр.

    Мәселен, жоғарыда айтқа ны-мыздай, Қазақстан Жер планета-сында ядролық жойқын қару дан бас тартқан алғашқы ел ретін де аталған қаруды таратпау туралы ұстанымын бекемдей түспек. Бұл ретте Иран мен Корей түбегі елдерінің ядролық бағдарламалары бойынша және әлемнің отты ошақтарындағы қақтығыстарды тоқтату бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін бола-ды. Сондай-ақ, Орталық Азиядағы бейбітшілікті нығайтуға, Ауған-стан дағы жағдайды оңалтуға атса-лысып, терроризм мен экстремизм-ге қарсы күрес сияқты өте өзекті мақсат-міндеттерді жүзеге асырмақ.

    Ең бастысы, биыл елімізде бүкіл әлем көз тігіп отырған ЭКСПО көрмесі өтеді. Бұл Қазақстанның әлемге даму тұрақтылығын қалып-тастыру бағытындағы нақты іс-әре кетінің бір көрінісі болмақ. Міне, Қазақ елі ғасырлар бойы қалып тасқан дәстүр-салты мен ұлттық болмысы сынды ХХІ ғасыр-дағы жаңа мақсат-мұраттарын да ізгілікпен ұштастырып отыр. Өйт-кені, тұрақтылық – қай уақытта да даму кепілі.

    Айта кеткен абзал, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемле кеттік университетінің оқы-тушы-профессорлар құрамы мен студенттер қауымы еліміздің жаңа саяси мақсат-міндеттерін әр-дайым сергектікпен қабыл алып, түрлі іс-шаралардың арқауы етіп келеді. Бұл ретте университет жанындағы Назарбаевтану орта-лығында алқалы басқосулар, келелі мәжілістер мен ғылыми-тә-жі рибелік конференция лар, тақы-рыптық семинарлар мен дәріс тер жиі өткізіліп тұрады.

    Әлібек ҚУАНДЫҚОВ, С.Аманжолов атындағы Шығыс

    Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры,

    экономика ғылымдарының докторы

    ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Босағадан енген Жаңа жылмен бірге еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі жұмысын баста-ды. Қазақстанның халықаралық деңгейдегі саяси миссиясы бүгінде әбден айқындалған, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың көңілінен шығып отырғаны белгілі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Сабақтастық соқпағы

    (Соңы. Басы 1бетте)

    Әлем жӘне ҚазаҚстан

    Кеңес кезекті мәрте бас қосты–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

    Отырыс барысында банк жүйесі және экономиканың ма-ң ызды секторларының бәсе ке ге қабілеттілігін қалпына кел ті-ру дің өзекті мәселелері талқы-лан ды.

    Сарапшылар алдын ала ағым дағы жағдайға талдау жасап, аталған бағыттар бо-йынша бірқатар ұсыныстар берген.

    Премьер-Министр тиісті

    мем лекеттік органдарға са-рапшылармен бірлесіп алға қойылған мәселелерді тереңінен зерттеп, келесі отырыста соған байланысты өз ұсыныстарын беру туралы тапсырма берді.

    Еске сала кетейік, Экономика жөніндегі сараптама кеңесі Премьер-Министрдің өкімімен құрылған және оның алғашқы отырысы 2016 жылғы 9 жел тоқ-санда өткізілді.

  • 4 16 қаңтар 2017 жылсаясат

    парламент

    Өңірлердегі жұртшылықпен кездесулер

    ____________________________________________________________

    Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуге облыстық, аудандық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдар мен мекемелер басшылары және округ әкімдері қатысты. ____________________________________________________________

    _____________________________________________________________

    Ақтөбе облысында жұмыс бабындағы сапармен жүрген Парламент Сенатының депутаты Елеусін Сағындықов жергілікті тұрғындармен кездесті және аймақтағы бірқатар кәсіпорындарды аралады. _____________________________________________________________

    ______________________________________________________________

    Парламент Мәжілісінің депутаттары Петропавл ауыр машина жасау зауытының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде мәжілісмендер Мәулен Әшімбаев, Қуаныш Сұлтанов, Сергей Звольский, Петр Шарапаев және Мұрат Теміржанов еңбекшілермен бірқатар мәселелерді талқылады және заң шығару қызметі туралы әңгімеледі. ______________________________________________________________

    Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан»

    Еліміздегі азаматтарды уақытша тіркеу туралы жаңа заң ережелеріне қатысты жағдайларға ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар қабылданған заң ережелерінің бүгінгі ахуалға бейімделуі жөнінде оңтайлы шешім іздестіру үшін егжей-тегжейлі талдау жасауға арналған бірлескен жұмыс қажет екені туралы шешім қабылдады. Бұл мақсатқа Алматы қаласының Қоғамдық кеңес құрамында жұмыс тобы құрылатын болды.

    Т.Мұқашев Қазақстан Кәсіпкерлер фо-румы кеңесінің және Алматы Кәсіпкерлер

    ассоциациясының мүшелерімен де кездесті. Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері монополистер жұмысын ретке келтіру, квазимемлекеттік сектордың, эко-логия, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу салаларындағы жұмыстардың ашықтығын арттыруға қатысты сауалдар қойды.

    Кездесуге қатысушылар күндізгі уақытта автомобильдердің жақынға түсетін жарығын қалаларда жағып жүру туралы талаптың қажеттігіне күмән келтірді. Кәсіпкерлердің пікірінше, бұл ереженің Алматы қаласына қатысты экологиялық зардаптарына толықтай сараптама жүргізілуі тиіс.

    АЛМАТЫ

    Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан»

    Сенаторлар Шиелі ауданындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй салуға бөлінген 2,8 миллиард теңгенің игерілуі және аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. Жергілікті халықпен кездесулер барысын-да аудан орталығындағы инфрақұрылымды дамытудың келешегі сөз болды.

    Депутаттар Ақмая ауылындағы күрішшілермен, Арал ауданындағы шабақ өсіретін «Қосжар» питомнигіндегі жұмысшылармен жүздесіп, еңбек

    өнімділігін арттыру мәселелерін талқылады. Қазіргі кезде балық за-уытында жеке әріптестік негізіндегі экономикалық қатынастар нығайып келеді. Балықшылар қауымы қазіргі кез-де 4 мың тонна балық өнімдерін шетелге экспортқа шығарып отыр.

    Сенаторлар сапары Қазалы және Қармақшы аудандарында жалғасты. Олар бірқатар әлеуметтік нысандар-ды аралап, мектептер мен ауруханалар және басқа да ұйымдарда болды, еңбек ұжымдарымен кездесті.

    Қызылорда облысы

    Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

    Аудандық мәслихат депутаттары-мен кездесу барысында сенаторлар Парламенттің заң шығару қызметі мен Сенаттағы «Өңір» тобының жұмысы туралы әңгімеледі, сондай-ақ аймақтың өзекті мәселелерін талқылады.

    М.Бортник пен Б.Шелпеков аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында да болды. Депутаттар кезектің жоқтығын және тұратын жері бойынша уақытша міндетті тіркелу ережелерінің күшіне

    енуіне байланысты Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің са-палы жұмысын атап өтті.

    Парламентшілер Маңғыстау облысын-дағы құрғақтағы негізгі қақпа болып табы-латын Маңғыстау темір жол вокзалында да болды. Жолаушылар тасымалының ұлғаюына байланысты 2016 жылы вокзал маңы аумағын жаңғыртуға жергілікті бюд-жеттен 71 миллион теңге бөлінген екен.

    М.Бортник пен Б.Шелпеков, сондай-ақ Жаңаөзен қаласында да болды.

    Маңғыстау облысы

    Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,«Егемен Қазақстан»

    З .Балиеваның айтуынша , әр отбасының кемінде бір мүшесі кәсіппен айналысуы тиіс. Ол үшін жыл басынан бері �