12
№6 (29237) 10 ҚАҢТАР, СРСЕНБІ 2018 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ EUR/KZT 394.26 USD/KZT 330.26 RUB/KZT 5.79 CNY/KZT 50.65 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына Жолдауы Қымбатты отандастар! Қазақстан əлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асы- рылуда. Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Құрметті қазақстандықтар! Бүгін адамзат жаңа өнеркəсіптік рево- люция дəуіріне аяқ басып отыр. Заманауи технологиялар дүниені өзгеріске ұшыратуда. Жаһандық технологиялық ілгерілеу- шіліктер өзімен бірге сын-қатерлерді де, сондай-ақ өсімнің жаңа мүмкіндіктерін де алып келуде. Бұл – біздің əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына жедел ену үшін тарихи мүмкіндігіміз. Менің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауым жарияланды. Ол елімізді Төртінші өнеркəсіптік ре- волюция жағдайында дамытуға арналған. Мен алдымызда жүзеге асыратын 10 негізгі міндетті көріп тұрмын. Енді олардың мəнін қысқаша мазмұндап берсем деймін. Бірінші. Қазақстан индустриясы жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. Біздің өнеркəсібімізге еңбек өнім- ділігінің деңгейін өндірістік процестерді цифрландыру жəне заманауи бизнес- модельдерді меңгеру арқылы арттыру керек. Екінші. Ресурстық əлеуетті пайда- ланудың тиімділігін айтарлықтай жақ- сартқан жөн. Ақпараттық-технологиялық шешім- дерді енгізу талап етіледі. Олар алынатын ресурстардың үлесін, оларды қайта өңдеудің ауқымын ұл- ғайтуға, сондай-ақ өндірістің энергия тиімділігі мен экологиялылығын арттыруға мүмкіндік береді. Үшінші. Агроөнеркəсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру керек. Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға тиіс. Төртінші. Транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан əрі дамыта беру. Цифрлық технологияларды енгізу мен Интеллектуалды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға жəне транзиттен түсетін табыстарды есе- леуге мүмкіндік береді. Бесінші. Құрылыс пен тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығында заманауи технологияларды қолдану. Құрылыстың жаңа тəсілдері, ғима- раттардың энергия тиімділігіне талап- тардың арттырылуы, инфрақұры- лымдарды басқарудың интеллектуалдық жүйелері қазақстандықтардың өмір сапа- сын жақсартуға мүмкіндік береді. Алтыншы. Қаржы секторын «қайта жаңғырту». Банк жүйесін сауықтыру шаралары бақылауды күшейтумен қоса жүруі жəне қарапайым азаматтардың мүддесін ескеруі тиіс. Банк иелері мен оларды басқара- тындардың жауапкершілігін айтарлықтай арттыру қажет. Несиелендіруді кеңейту жəне қор нарықтарын дамытуды қамтамасыз ету талап етіледі. Жетінші. Адами капиталдың жаңа сапасы. Білім беру жүйесінің барлық дең- гейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс. Бұл арада мұғалім мамандығының беделін арттыру керек. Денсаулық сақтау саласында жаңа тех- нологияларды қолдану аурулардың алдын алу мен емдеуді айтарлықтай жақсартып, медициналық қызмет көрсетулердің сапа- сын жоғарылатуы тиіс. 2016-2017 жылдары əлеуметтік төлемдер үш рет арттырылды. Оның ішінде базалық зейнетақылар 29%-ке, ынтымақты зейнетақылар 32%-ке, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақылары 28%-ке дейін, білім беру саласы қызметкерлерінің еңбекақылары 29%-ке дейін, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақылары 30%-ке ұлғайтылды. Бұл үрдіс жалғастырылатын болады. Үстіміздегі жылы əлеуметтік салаға деген бюджет шығындары 12%-ке арт- тырылып, 4 триллион теңгеден асып түседі. Базалық зейнетақы жұмыс өтілі ескеріле отырып орташа есеппен 1,8 есе көбейеді. Оқу бағдарламаларының жаңар- тылған мазмұны аясында оқудан өткен мұғалімдердің лауазымдық жалақысы біліктілігін дəлелдеуіне байланысты 30- дан 50%-ке дейін өсетін болады. Сегізінші. Бұл – тиімді мемлекеттік басқару. Цифрлық технологиялар бизнесті реттеуге қатысуды əрі қарай азайту- ды жалғастыруға, мемлекеттік қызмет көрсетулер мен мемлекеттік қолдау са- пасын жақсартуға, азаматтар сұранысын толығырақ ескеруге мүмкіндік береді. Өңірлердің экономикалық еркіндігі мен жергілікті өзін-өзі басқаруы кеңейтілетін болады. Тоғызыншы. Заң үстемдігі мен жем- қорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып қала береді. Оныншы. «Смарт Сити» техно- логияларын енгізу өсіп келе жатқан қалалардың проблемаларын тиімді шешу- ге мүмкіндік беріп, олардың инвесторлар үшін тартымдылығын арттырады. Бүгінде баршамызға осы он міндетті шешу жолында жұдырықтай жұмылу қажет. Олар Жолдаудың толық мəтінінде егжей-тегжейлі мазмұндалған. Құрметті қазақстандықтар! Аталған міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек. Ол үшін Үкімет пен əкімдер кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Отанымыздың көркеюі əркімнің жаңа «цифрлық дəуір» талаптарына сай болуына байланысты. Осыны əрбір қазақстандық терең түсінуі керек. Қазақстанның жарқын болашағы жо- лында барлық мақсаттарға қол жеткізе- тінімізге кəміл сенемін! Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты МӘЛІМДЕМЕСІ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Джордж Кролдың Қазақстан Республика- сы мен АҚШ арасындағы екі- жақты қарым-қатынасты дамы- туда ерекше рөл атқаратынын айтып, бүгінгі кездесу Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапары қар- саңында өтіп жатқанын атап өтті. – 26 жыл ішінде біздің елдеріміз арасында өзара достық қарым- қатынас орнап, 70-тен астам мемлекетаралық, үкіметаралық жəне ведомствоаралық келісімге қол қойылды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесу барысында Мем- лекет басшысы АҚШ Президенті Д.Трамппен бірге стратегиялық серіктестіктің басым бағыт- тарында, соның ішінде терро- ризмге қарсы күрес жүргізу, ядролық қаруды таратпау режі- мін нығайту саласында, сондай- ақ сауда-экономикалық жəне ин- вестициялық ынтымақтастық ая- сын одан əрі кеңейту бағытында қол жеткізілген уағдаластық- тардың маңыздылығын айтты. – Қазақстанда Америка ка- питалының қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді, солардың 140-тан астамы – бірлескен кəсіпорындар. Олар тауар өндіріп, өнімдерін басқа елдерге экспорттаумен ай- налысады, – деді Қазақстан Президенті. Джордж Крол Қазақстан Рес- публикасындағы дипломатиялық қызметіне жоғары баға бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Қазақстан Прези- дентінің алдағы сапары екі мем- лекет арасындағы байланысты одан əрі нығайта түсетініне сенім білдірді. Суреттер Президенттің баспасз қызметінен алынды Сапар қарсаңындағы қабылдау –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Ттенше және кілетті елшісі Джордж Кролмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде əлем Төртінші өнеркə- сіптік революция дəуіріне, техно- логиялық, экономикалық жəне əлеу- меттік салалардағы терең жəне қар- қынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қа- лып біздің қалай жұмыс істей- тінімізді, азаматтық құқықтары- мызды қалай іске асыратынымыз- ды, балаларымызды қалай тəрбие- лейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қа- жеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қой- дық. 100 нақты қадам – Ұлт жос- пары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған жəне жоспарлы түрде іске асырылуда. Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды. Индустрияландыру бағдарла- масы табысты іске асуда. «Цифрлық Қазақстан» ке- шенді бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды. Біздің ұзақ мерзімді мақсатта- рымыз өзгеріссіз қала береді. Қажетті бағдарламалардың бар- лығы бар. Бұл Жолдау жаңа əлемге, яғни Төртінші өнеркəсіптік революция əлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қа- жеттігін айқындайды. Құрметті отандастар! Біз əлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке ай- налған тəуелсіз Қазақстанды құр- дық. 2017 жылы біздің ел БҰҰ Қа- уіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. 2018 жылдың қаңтар айында оған төрағалық етудеміз. Біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін əлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД жəне Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық. Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық эко- номика моделі қалыптасты. 2017 жылы еліміз əлемдік дағ- дарыстың қолайсыз салдарын еңсе- ріп, сенімді өсу жолына қайта түсті. Жыл қорытындысы бо- йынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 процент болып, ал өнеркəсіптік өнімнің өсуі 7 проценттен асты. Бұл орайда, өнеркəсіптің жал- пы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 проценттен асып түсті. Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүм- кіндік берді. Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұ- мыссыздық деңгейі 4,9 процентке дейін төмендеді. Еліміздің əлеуметтік-экономи- калық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітші- лік, ұлтаралық жəне конфессия- аралық келісім. Дегенмен, Қазақстанның же- тістіктері сенімді тірек саналады, бірақ ол ертеңгі табыстарымыздың кепілі емес екенін жақсы сезінуіміз керек. «Көл-көсір мұнайдың» дəуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет. Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркəсіптік револю- ция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс. Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкіндіктері де бар. Жаңа əлем көшбасшыла- рының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нəрсенің бəрі бар екеніне сенімдімін. Бұл үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек. БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. Оның нəтижелері мұнай бағасы күрт төмендеген 2014-2015 жылдар- дағы дағдарыста негізгі тұрақтан- дырушы факторлардың бірі бол- ды. Сол себепті жоғары еңбек өнім- ділігі бар қайта өңдеу секторына деген бағдарымыз өзгерген жоқ. Сонымен қатар индустрия- ландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндік- терін пайдалана отырып, мей- лінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс. Кəсіпорындарымызды жаңғыр- туға жəне цифрландыруға бағыттал- ған, өнімнің экспортқа шығуын көз- дейтін жаңа құралдарды əзірлеп, сыннан өткізу қажет. Бұлар, бірінші кезекте, техноло- гиялардың трансфертін ынталан- дыруға тиіс. Еліміздің бірнеше өнеркəсіптік кəсіпорнын цифрландыру жөнін- дегі пилоттық жобаны іске асы- рып, бұл тəжірибені кеңінен тара- ту керек. Цифрлық жəне басқа да инно- вациялық шешімдерді əзірлеуші- лердің өз экожүйесін дамытуы аса маңызды мəселеге айналып келеді. Ол біздің Назарбаев Универ- ситеті, «Астана» халықаралық қар- жы орталығы, IT-стартаптардың халықаралық технопаркі сияқты инновациялық орталықтардың төңірегінде қалыптасуға тиіс. «Алатау» инновациялық техно- логиялар паркінің қызметін ұйым- дастыруды түбегейлі қайта қарау қажет. Нақты сектордың жаңа техно- логияларға деген сұранысты ынталандыруы жəне венчурлық қаржыландырудың жеке нары- ғының қызметі инновациялық экожүйе жетістіктерінің негізгі фак- торлары болып саналады. (Соңы 2-3-беттерде)

Мемлекет басшысыны •аза“стан хал“ына Жолдауына …Крол дың Қазақстан Респуб лика-сы мен АҚШ арасындағы

  • Upload
    others

  • View
    20

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Мемлекет басшысыны •аза“стан хал“ына Жолдауына …Крол дың Қазақстан Респуб лика-сы мен АҚШ арасындағы

№6 (29237) 10 ҚАҢТАР, С�РСЕНБІ 2018 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

EUR/KZT 394.26 USD/KZT 330.26 RUB/KZT 5.79 CNY/KZT 50.65ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

Төртінші өнеркәсіптік революцияжағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріҚазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына Жолдауы

Қымбатты отандастар!Қазақстан əлемдегі түрлі сынақтарға

төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды.

Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асы-рылуда.

Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз.

Индустрияландыру саласын өр кен дету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық.

Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабыл данды.

Құрметті қазақстандықтар! Бүгін адамзат жаңа өнеркəсіптік рево-

люция дəуіріне аяқ басып отыр. Заманауи технологиялар дүниені

өзгеріске ұшыратуда. Жаһандық технологиялық ілгері леу-

шіліктер өзімен бірге сын-қатерлерді де, сондай-ақ өсімнің жаңа мүмкіндіктерін де алып келуде.

Бұл – біздің əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына жедел ену үшін тарихи мүмкіндігіміз.

Менің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауым жарияланды.

Ол елімізді Төртінші өнеркəсіптік ре-волюция жағдайында дамытуға арналған.

Мен алдымызда жүзеге асыратын 10 негізгі міндетті көріп тұрмын.

Енді олардың мəнін қысқаша мазмұндап берсем деймін.

Бірінші. Қазақстан индустриясы жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

Біздің өнеркəсібімізге еңбек өнім-ділігінің деңгейін өндірістік процестерді цифрландыру жəне заманауи бизнес-модельдерді меңгеру арқылы арттыру керек.

Екінші. Ресурстық əлеуетті пай да-ланудың тиімділігін айтар лықтай жақ-сарт қан жөн.

Ақпараттық-технологиялық ше шім-дерді енгізу талап етіледі.

Олар алынатын ресурстардың үлесін, оларды қайта өңдеудің ауқы мын ұл-ғай туға, сондай-ақ өнді ріс тің энергия

тиімділігі мен эколо гия лы лығын арттыруға мүмкіндік береді.

Үшінші. Агроөнеркəсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру керек.

Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға тиіс.

Төртінші. Транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан əрі дамыта беру.

Цифрлық технологияларды енгізу мен Интел лектуалды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға жəне транзиттен түсетін табыстарды есе-леуге мүмкіндік береді.

Бесінші. Құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында заманауи технологияларды қолдану.

Құрылыстың жаңа тəсілдері, ғима-рат тардың энергия тиім ділігіне талап-тардың арттырылуы, инфрақұры-лымдарды басқарудың интеллектуалдық жүйелері қазақстандықтардың өмір сапа-сын жақсартуға мүмкіндік береді.

Алтыншы. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

Банк жүйесін сауықтыру шаралары бақылауды күшейтумен қоса жүруі жəне қарапайым азаматтардың мүддесін ескеруі тиіс.

Банк иелері мен оларды бас қа ра-тындардың жауапкершілігін айтарлықтай арттыру қажет.

Несиелендіруді кеңейту жəне қор нарықтарын дамытуды қамтамасыз ету талап етіледі.

Жетінші. Адами капиталдың жаңа сапасы.

Білім беру жүйесінің барлық дең-гейі заман шындығы мен экономика сұраныстарына жауап беруі тиіс.

Бұл арада мұғалім мамандығының беделін арттыру керек.

Денсаулық сақтау саласында жаңа тех-нологияларды қолдану аурулардың алдын алу мен емдеуді айтарлықтай жақ сар тып, медициналық қызмет көр се тулердің сапа-сын жоғарылатуы тиіс.

2016-2017 жылдары əлеуметтік төлемдер үш рет арттырылды.

Оның ішінде базалық зейнет ақылар 29%-ке, ынтымақты зейнет ақылар 32%-ке, денсау лық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбек ақы лары 28%-ке дейін, білім беру саласы қыз мет кер лерінің еңбекақылары 29%-ке дейін, мемлекеттік

қызмет шілердің еңбек ақы лары 30%-ке ұлғайтылды.

Бұл үрдіс жалғастырылатын болады. Үстіміздегі жылы əлеуметтік салаға

деген бюджет шығындары 12%-ке арт-тырылып, 4 триллион теңгеден асып түседі.

Базалық зейнетақы жұмыс өтілі ескеріле отырып орташа есеппен 1,8 есе көбейеді.

Оқу бағдарламаларының жаңар-тылған мазмұны аясында оқудан өткен мұғалімдердің лауазымдық жалақысы біліктілігін дəлелдеуіне байланысты 30-дан 50%-ке дейін өсетін болады.

Сегізінші. Бұл – тиімді мем лекеттік басқару.

Цифрлық технологиялар бизнесті реттеуге қатысуды əрі қарай азайту-ды жалғастыруға, мемлекеттік қызмет көрсетулер мен мемлекеттік қолдау са-пасын жақсартуға, азаматтар сұранысын толығырақ ескеруге мүмкіндік береді.

Өңірлердің экономикалық еркіндігі мен жергілікті өзін-өзі басқаруы кеңейтілетін болады.

Тоғызыншы. Заң үстемдігі мен жем-қорлықпен күрес мемлекеттік сая саттың басым бағыттары болып қала береді.

Оныншы. «Смарт Сити» техно-логияларын енгізу өсіп келе жатқан қалалардың проблемаларын тиімді шешу-ге мүмкіндік беріп, олардың инвесторлар үшін тартымдылығын арттырады.

Бүгінде баршамызға осы он міндетті шешу жолында жұдырықтай жұмылу қажет.

Олар Жолдаудың толық мəтінінде егжей-тегжейлі мазмұндалған.

Құрметті қазақстандықтар!Аталған міндеттерді орындау үшін

бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек.

Ол үшін Үкімет пен əкімдер кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.

Отанымыздың көркеюі əркімнің жаңа «цифр лық дəуір» талаптарына сай болуына байланысты.

Осыны əрбір қазақстандық терең түсінуі керек.

Қазақстанның жарқын болашағы жо-лында барлық мақсаттарға қол жеткізе-тінімізге кəміл сенемін!

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты

МӘЛІМДЕМЕСІ

М е м л е к е т б а с ш ы с ы Нұрсұлтан Назарбаев Джордж Крол дың Қазақстан Респуб лика-сы мен АҚШ арасындағы екі-жақты қа рым-қатынасты дамы-ту да ерекше рөл атқаратынын айтып, бүгінгі кездесу Қазақстан Пре зи дентінің Америка Құрама Штат тарына ресми сапары қар-саң ында өтіп жатқанын атап өтті.

– 26 жыл ішінде біздің елдеріміз арасында өзара достық қарым-қатынас орнап, 70-тен астам мемлекетаралық, үкіметаралық жəне ведомствоаралық келісімге

қол қойылды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу барысында Мем-лекет басшысы АҚШ Пре зи денті Д.Трамппен бірге стра те гиялық серіктестіктің басым бағыт-тарында, соның ішінде терро-ризмге қарсы күрес жүргізу, ядролық қаруды таратпау режі-мін нығайту саласында, сондай-ақ сауда-экономикалық жəне ин-вестициялық ынты мақ тастық ая-сын одан əрі кеңейту бағытында қол жеткі зілген уағдаластық-тардың маңыздылығын айтты.

– Қазақстанда Америка ка-пи талының қатысуымен 500-ге жуық компания жұмыс істейді, солардың 140-тан астамы – бір лескен кəсіпорындар. Олар тауар өндіріп, өнімдерін басқа елдерге экспорттаумен ай-налысады, – деді Қазақстан Президенті.

Джордж Крол Қазақстан Рес-пуб ликасындағы дипломатиялық қызметіне жоғары баға бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Қазақстан Прези-дентінің алдағы сапары екі мем-лекет арасындағы байланысты одан əрі нығайта түсетініне сенім білдірді.

Суреттер Президенттің баспас�з қызметінен алынды

Сапар қарсаңындағы қабылдау––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Т�тенше және �кілетті елшісі Джордж Кролмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспас�з қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Құрметті қазақстандықтар!Бүгінде əлем Төртінші өнер кə-

сіп тік революция дəуіріне, техно-ло гиялық, экономикалық жəне əлеу-мет тік салалардағы те рең жəне қар-қынды өз ге ріс тер кезеңіне қадам басып келеді.

Жаңа технологиялық қа-лып біз дің қалай жұмыс іс тей -тінімізді, аза маттық құқық тары-мыз ды қалай іске асыратынымыз-ды, балаларымыз ды қалай тəрбие-лейтінімізді түбегейлі өзгертуде.

Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қа-жеттігін ескеріп, «Қазақ стан-2050» даму стратегиясын қа былдадық.

Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақ са тын қой-дық.

100 нақты қадам – Ұлт жос -пары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалған дары, негізінен, ұзақ мерзімге ар налған жəне жоспарлы түрде іске асырылуда.

Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды.

Индустрияландыру бағдар ла-масы табысты іске асуда.

«Цифрлық Қазақстан» ке-шенді бағдарламасы қабыл данды.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стра те гиялық жоспары жасалды.

Біздің ұзақ мерзімді мақсат та -ры мыз өзгеріссіз қала бе ре ді.

Қажетті бағдарламалардың бар-лығы бар.

Бұл Жолдау жаңа əлемге, яғни Төр тінші өнеркəсіптік ре во люция əле міне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қа-жет тігін ай қындайды.

Құрметті отандастар!Біз əлем елдерінің сенімі мен

құр метіне бөленіп, брендке ай-налған тəуелсіз Қазақстанды құр-дық.

2017 жылы біздің ел БҰҰ Қа-уіп сіз дік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды.

2018 жылдың қаңтар айында оған төрағалық етудеміз.

Біз дүниежүзілік ЭКСПО маман дан дырылған көр ме сін өткізу үшін əлемдік қоғам дас тық таңдап ал ған ТМД жəне Шығыс Еуропа ел дері ара сын дағы бірінші мемлекет болдық.

Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық эко-номика моделі қалыптасты.

2017 жылы еліміз əлемдік дағ-дарыс тың қолайсыз салдарын еңсе-ріп, сенімді өсу жолына қайта түсті.

Ж ы л қ о р ы т ы н д ы с ы б о -йынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 про цент болып, ал өнер кə сіптік өнімнің өсуі 7 проценттен асты.

Бұл орайда, өнеркəсіптің жал-пы көлемінде өңдеуші сек тордың үлесі 40 проценттен асып түсті.

Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүм-кін дік берді.

Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұ-мыс сыздық деңгейі 4,9 процентке дейін төмендеді.

Еліміздің əлеуметтік-эко но ми -ка лық табыстарының негізі – біздің басты құнды лық тары мыз ретін де қала бере тін аза маттық бейбіт ші-лік, ұлт ара лық жəне конфес сия-ара лық келісім.

Дегенмен, Қазақстанның же-тіс тік тері сенімді тірек сана ла ды, бірақ ол ертеңгі табыс тары мыздың кепілі емес екенін жақ сы сезінуіміз керек.

«Көл-көсір мұнайдың» дə уірі аяқталып келеді. Елімізге да мудың жаңа сапасы қажет.

Жаһандық трендтер көрсетіп отыр ғандай, ол, бірінші кезекте, Төр тін ші өнеркəсіптік револю-ция эле мент терін кеңінен ен гізуге негізделуі тиіс.

Мұның өзіндік сын-қа тер лері де, мүмкіндіктері де бар.

Жаңа əлем көшбас шыла-ры ның қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нəрсенің бəрі бар екеніне сенімдімін.

Бұл үшін мынадай мін дет тер ді шешуге жұмы луымыз керек.

БІРІНШІ. Индус трия лан дыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

Оның нəтижелері мұнай баға сы күрт төмендеген 2014-2015 жыл дар-дағы дағдарыста не гізгі тұрақтан-ды рушы фак тор лардың бірі бол-ды.

Сол себепті жоғары еңбек өнім -ді лігі бар қайта өңдеу сек тор ына деген бағдарымыз өз гер ген жоқ.

Сонымен қатар индустрия-ландыру 4.0 жаңа техно ло гия лық қа лып тың барлық мүм кін дік-терін пай да лана отырып, мей-лін ше иннова ция лық сипатқа ие болуға тиіс.

Кəсіпорындарымызды жаңғыр-туға жəне цифрландыруға бағыт тал-ған, өнімнің экспортқа шығуын көз-дейтін жаңа құралдарды əзірлеп, сын нан өткізу қажет.

Бұлар, бірінші кезекте, техноло-гия лардың трансфертін ынталан-ды ру ға тиіс.

Еліміздің бірнеше өнеркəсіптік кəсіпорнын цифрландыру жө нін-дегі пилоттық жобаны іске асы-рып, бұл тəжірибені кеңінен тара-ту керек.

Цифрлық жəне басқа да инно -ва циялық шешімдерді əзірлеу ші-лердің өз экожүйесін дамытуы аса ма ңыз ды мəселеге айналып келеді.

Ол біздің Назарбаев Универ-ситеті, «Астана» халықаралық қар-жы орталығы, IT-стартаптардың халықаралық технопаркі сияқты инно вациялық орталықтардың төңі ре гінде қалыптасуға тиіс.

«Алатау» инновациялық тех но-ло гия лар паркінің қызметін ұйым-дас т ы руды түбегейлі қайта қарау қажет.

Нақты сектордың жаңа техно-ло гияларға деген сұранысты ынталан дыруы жəне венчурлық қар жы лан дырудың жеке нары-ғының қыз меті инновациялық экожүйе жетіс тік терінің негізгі фак-торлары болып саналады.

(Соңы 2-3-беттерде)

Page 2: Мемлекет басшысыны •аза“стан хал“ына Жолдауына …Крол дың Қазақстан Респуб лика-сы мен АҚШ арасындағы

2 10 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛЖОЛДАУ

(Соңы. Басы 1-бетте)

Бұл үшін тиісті заңнама қажет.Бұдан бөлек, IT және инжи­ни­ринг­

тік­қызмет­көрсетуді­дамыту ерекше маңызға ие болып отыр.

Экономиканы цифрландыру табыс әкелгенімен, жұмыс­күшінің­көптеп­босап­қалу­қаупін де тудырады.

Босайтын жұмыс күшін еңбекпен­қамту­үшін­келісілген­саясатты­ал­дын­ала­тиянақтау керек.

Білім­ беру­жүйесін,­ коммуни­кация­мен­стандарттау­салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет болады.

2018 жылы «цифрлық­ дәуір»­өнер кәсібін қалыптастыруға ар нал ған индустрияландырудың­үшінші­бес­жылдығын әзірлеуге кірісу керек.

ЕКІНШІ.­Ресурстық­әлеуетті­одан­әрі­дамыту.­

ХХІ ғасырда әлемнің табиғи­рес­урс­тарға­ деген­мұқтаждығы­жал­ғасуда. Олар болашақта жаһан дық эко номиканы және еліміздің эко номи­касын дамыту барысында ерек­ше­маңызға ие болады.

Бірақ шикізат индустрияларын ұйым дастыру ісін, табиғи ресурстар­ды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни­ тұрғыдан­ қайта­ пысықтау­керек.

Кешенді ақпараттық­техно­ло­гия­лық­платформаларды­бел сенді түрде енгізу қажет.

Кәсіпорындардың­ энергия­тиімділігі­мен­ энергия­ үнемдеуге, сондай­ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық­та­­за­лығы­мен тиімділігіне қойы ла тын та­лаптарды арттыру керек.

Астанада өткен­ЭКСПО­2017­көр­­месі­ баламалы,­ «таза»­ энергия­ са­ла­сындағы­ дамудың қанша лық ты қарқынды екенін көрсетті.

Бүгінде әлем бойынша өндірі летін электр энергиясының төрттен­ бірі­жаңартылатын­ энергия­көз­деріне­тиесілі.

Болжам бойынша, 2050­ жылға­қарай­бұл көрсеткіш 80­процентке­жетеді.

Біз 2030­жылға­қарай­Қазақ стан ­дағы баламалы­энергия үлесін 30­про­центке жеткізу міндетін қой дық.

Қазір бізде жалпы қуаттылығы 336­МВт болатын жаңартылатын­энер­гия­ көздерінің­ 55­ нысаны­жұмыс істейді. Соларда 2017 жылы 1,1­мил­лиард­киловатт­сағат «жасыл» энер­гия өндірілді.

«Жасыл» технологияларға инвес­тиция салу үшін бизнесті ынталандыру маңызды.

Өңірлердің әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін кеңі нен тартып, тұрмыстық­қатты­қалдық­тарды­заман талабына сай утилизация­лау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керек.

Осы және басқа да шаралар заң­намаға, соның ішінде Экологиялық­ко­дек­ске өзгерістер енгізуді талап етеді.

ҮШІНШІ. «Ақылды­ техноло­гиялар»­ –­ агроөнеркәсіп­ кешенін­қарқынды­дамыту­мүмкіндігі.

Аграрлық саясат еңбек­ өнім­ді­лігін түбегейлі арттыруға және өң­дел­ген­өнімнің­экспортын ұлғай туға бағытталуы керек.

Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсі­руді үйрендік.

Оны мақтан тұтамыз. Алайда, қазір ол жеткіліксіз.

Шикізатты қайта өңдеуді қам­тамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жо­ғары сапалы дайын өніммен шығуы­мыз қажет.

Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды.

Аграрлық­ ғылымды­ дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс.

Ол ең алдымен жаңа­ техноло­гияларды­ трансферттеумен жә не оларды отандық жағдайға бе йімдеумен айналысуы қажет.

Осыған орай­аграрлық­уни­вер­си­теттердің рөлін қайта қарау керек.

Олар диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақ ты жұмыс істейтін немесе ғылым мен айна­лысатын мамандарды дайын дауға тиіс.

Бұл жоғары оқу орындарынан оқу­бағдарламаларын жаңартып, агро­өнеркәсіп кешеніндегі озық­ білім­мен үздік­тәжірибені­тарататын­ор­талықтарға­айналу талап етіледі.

Мысалы, егін егу мен астық жи наудың оңтайлы уақытын бол­жамдаудың, «ақылды суарудың»,­минералды тыңайтқыш себудің,

зиян кес термен және арамшөппен күресудің интеллектуалды­жүйе­лері­арқылы өнімділікті­бірнеше­есе­арттыруға болады.

Жүргізушісі­ жоқ­ техника ада­ми факторды азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай төмен­детуге мүмкіндік береді.

Жаңа технологиялар мен бизнес­модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп­кешенінің ғылымға­негізделуін­арт­тыру шаруашылықтарды кооперация­лау­қажеттігін күшейтеді.

Ауыл шаруашылығы субъек ті­лерінің кооператив түрінде жұмыс іс­теуіне жан­жақты­қолдау­көр­сету керек.

Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық­ на­рыққа­шығарудың­ стратегиялық­жолын­тауып,­ілгерілетуге тиіс.

Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы­ мен­ эко­логиялық­тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет.

Бұл бүкіл әлемге­ танылатын «Қазақстанда­ жасалған»­ таби­ғи­азық­түлік­брендін қалыптас ты рып, ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жерді барынша тиімді игеретіндерді ынталандырып, ал дұрыс пайдалана алмайтындарға шара қолдану керек.

Тиімсіз­субсидияларды ауыл ша­руашылығы кешені субъек тілеріне арналған банк­несиелерін­арзан­датуға­қайта­бағыттау қа жет.

5­ жыл­ ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек­өнімділігін және өңделген­ауыл­шаруашылығы­өні­мінің­экспортын, тиісінше, кем деген­де 2,5­есеге­арттыруды­тапсырамын.

ТӨРТІНШІ.­ Көлік­логистика­инфрақұрылымының­ тиімділігін­арттыру.­

Бүгінде Қазақстан арқылы бір­неше­трансконтиненталды­коридор­өтеді.

Бұл туралы көп айтылды. Жалпы, Қазақстан арқылы өткен

жүк транзиті 2017 жылы 17­процентке­өсіп, 17­миллион­тоннаға жуықтады.­

Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5­ миллиард­долларға жеткізу міндеті тұр.

Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді.

Жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардың кедер­гісіз­ тасы­малдануы­үшін­және кедендік опе­рацияларды жеңілдету мақ сатымен блокчейн сияқты цифр­лық­ тех­нологиялардың ау қым ды түрде енгі­зілуін қамта масыз ету қажет.

Заманауи шешімдер логисти ка ның барлық буынының өзара байла ны сын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Үлкен­деректерді» (Big data) пай­далану сапалы талдауды қам тамасыз етуге,­өсімнің­резервін анықтауға және артық­шығынды­ азайтуға жағдай туғызады.

Осы мақсаттар үшін Интеллек­туал­ды­көлік­жүйесін­енгізу қажет.

Бұл жүйе көлік ағынын тиімді бас ­қаруға және инфрақұрылымды­одан­әрі­дамыту қажеттігін анық тауға жол ашады.

Ішкі өңірлік қатынастарды жақ­сарту үшін автожолдардың­жер­гілікті­желісін­жөндеу­мен­ қай­­та­ салуға­арналған­қаржы көле мін кө бейту ке­рек.

Осыған жыл сайын бөлінетін бюд­жет қаражатының жалпы кө ле мін орта­ша мерзімдегі кезеңде 150­мил­лиард­теңгеге жеткізу қажет.

Бұл жұмысқа өңірлердегі­бар­лық­әкімдіктердің­ белсенді­ қа­ты­суын қамтамасыз ету керек.

БЕСІНШІ.­ Құрылысқа­ және­коммуналдық­ секторға­ заманауи­технологияларды­енгізу.

Жүзеге асырылып жатқан бағ дар­ламалар арқасында Қазақстанда пай­далануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына­10­миллион­шаршы­метрден асты.

Тұрғын үйді көпшілікке­қолже­тімді еткен тұрғын­үй­жинақтау­жү­йе­сі­тиімді жұмыс істеуде.

Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шақ қанда 30­процентке­өсіп, бү гінде 21,6­шаршы­метрді­құрады.

Бұл көрсеткішті 2030­жылы­ 30­шаршы­метрге­дейін жеткізу керек.

Осы міндетті орындау барысында құ рылыс салудың жаңа­әдіс­терін,­за­­ман­ауи­материалдарды, сон дай­ақ ғи ма раттардың жобасы мен қала құ ры­лысының жоспарын жаса ғанда мүл­де­басқа­тәсілдерді қол дану керек.

Ғимараттардың сапасына,­ эко­ло­гиялық­тазалығына­және­ энер­гиялық­ тиімділігіне­жоғары талап қою қажет.

Салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысан­дарды интеллектуалды­ басқару­жүйелерімен жабдықтау керек.

Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, электр энергиясын, жылу мен суды тұтынуды қысқартып, та би ғи монополистерді тиімді жұ мысқа ын­таландырады.

Заңнамаға, соның ішінде табиғи мо нополиялар саласын реттейтін заң­дар ға тиісті­өзгерістер енгізу қажет.

Әкімдер тұрғын­ үй­ком­му­нал­дық­инфрақұрылымын­жетілдіру мә селесін мемлекет­жекеменшік се рік­тестігі негізінде белсенді шешуі керек.

Ауылдық­ елді мекендерді сапа­лы­ауызсумен­қамтамасыз ету үшін Үкімет бұл іске барлық қаражат көз­дерінен жыл сайын кем дегенде 100­миллиард­теңге қарастыруы қажет.

АЛТЫНШЫ.­Қаржы­секторын­«қайта­жаңғырту».

Банктік­портфельдерді­«нашар» несиеден арылту ісін аяқтау қажет.

Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық­жауапкершілік алуға тиіс.

Акционерлердің аффилирленген компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналуға тиіс.

Ұлттық Банк мұндай істерге нем­құрайлы қарамау керек.

Әйтпесе, мұндай мемлекеттік ор­ганның не керегі бар?

Ұлттық Банк тарапынан қаржы

инс титуттарының қызметін қадаға лау қатаң,­уақтылы­әрі­нәтижелі бо луға тиіс.

Мемлекет қарапайым­азамат­тар­дың­мүдделерін­қорғауға одан әрі кепілдік береді.

Жеке­тұлғалардың­бан­крот­тығы­туралы­заң қабылдауды тездету қажет.

Сонымен қатар 2016­ жылдың­­1­қаңтарына­дейін­халыққа бе ріл ген валюталық­ ипотекалық­ займ­дар­жөніндегі­мәселені Ұлттық Банкке толығымен шешуді­тапсырамын.­

Сол күннен бастап аталған ва лю­талық займдарды жеке тұлғаларға беруге заң жүзінде тыйым салынған болатын.

Ұлттық Банк пен Үкімет экономика салаларындағы нақты тиімділікті есеп­ке алатын ставкалармен бизнеске ұзақ­мерзімді­не­сие­лендіруді­қамтамасыз ету мәсе лесін бірлесіп шешуге тиіс.

Инвестициялық ахуалдың одан әрі жақсаруы және қор­нарығының­да­муы­маңызды болып саналады.

Бұл – жұмысын бастаған «Ас­та­на»­халықаралық­қаржы­орта­лы­­ғының­негізгі міндеттерінің бірі.

Ол халықаралық озық тәжірибені пайдаланып, ағылшын құқығы мен заманауи қаржы технологияларын қолданатын өңірлік­ хабқа айналуға тиіс.

«Самұрық­Қазына» ұлттық әл­ау­қат қоры» ұлттық компанияларының ак цияларын IPO­ға табысты түрде шы ғару қор нарығын дамытуға сеп­тігін тигізеді.

ЖЕТІНШІ.­ Адами­ капитал­ –­жаңғыру­негізі.

Білім берудің жаңа сапасы.Барлық жастағы азаматтарды

қамтитын білім­беру­ ісінде­өзі­міздің­озық­жүйемізді құруды жеделдету қажет.

Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге­үнемі­бейім­болу­және жаңа­білімді­мең­геру­қабілетін дамыту болуға тиіс.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке­ дейінгі­ білім­ беру­ ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың­бірыңғай­ стандарттарын енгізу қажет.

Орта­білім­беру­саласында­жа­ңар­­тылған­мазмұнға­көшу бас тал ды, ол 2021­жылы аяқталатын бо лады.

Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадр лар.

Педагогтарды­оқыту­және­олар­дың­біліктілігін­арттыру­жол­­дарын қайта қарау керек болады.

Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет.

Білім берудің барлық деңгейінде математика­және­жаратылыста­ну­ ғылымдарын­ оқыту­ сапасын­күшейту­керек.

Бұл – жастарды жаңа техно ло гия­лық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты.

Білім беру мекемелерінің ара­сын дағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мек­теп терінде жан­ басына­ қатысты­

қаржыландыру енгізілетін болады.Біздегі оқушылардың­жүк­те­месі­

ТМД елдерінің ішінде ең жоғары бо­лып отырғанын және Эконо микалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қараған да орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету­керек.

Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компью­тер лерді, лабораторияларды және 3Д­принтерлерді қоса алғанда, бар лық қажетті инфрақұрылымдары бар ба­лалар­технопарктері­мен­бизнес­ин­кубаторларының­же­лісін­құру ке рек.

Бұл жас ұрпақты ғылыми­зерт­теу­саласына­және­өндірістік­тех­но­­ло­гиялық­ортаға­ұтымды түрде кіріс ті­руге көмектеседі.

Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін­меңгеруінде.

Орыс тілді мектептер үшін­қазақ­тілін оқытудың жаңа­ әдістемесі әзірленіп, енгізілуде.

Егер біз қазақ тілі ғұмырлы бол­сын десек, оны жөнсіз терминоло­гиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет.

Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7­ мың­ термин қазақ тіліне аударылған.

Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді.

Мысалы, «ғаламтор» (Ин тер­нет), «қолтырауын» (крокодил), «күй­сан­дық» (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр.

Осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, тер­минология тұрғысынан қазақ­ тілін­халықаралық­деңгейге­жа­қындату керек.

Латын­әліпбиіне көшу бұл мәсе­лені реттеуге мүмкіндік береді.

2025 жылға дейін білім берудің бар­лық деңгейінде латын әліпбиіне к ө шу­дің нақты­кестесін жасау қа жет.

Орыс­тілін­білу маңызды­болып қала береді.

2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1­сыныптан бастап оқытылып келеді.

2019 жылдан 10­11­сынып­тар­да­ғы­жаратылыстану ғылымының же ке леген пәндерін оқытуды ағыл­шын­тіліне көшіру басталатын болады.

Нәтижесінде, біздің барлық тү лек­теріміз елімізде және жаһандық әлем де өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш­тілді­меңгеретін­болады.

Сонда ғана нағыз­азаматтық­қоғам­құрылады.

Кез келген этникалық топтың өкі­лі кез келген жұмысты таңдай ала ды, тіпті Президент­болып­сай­ла­нуға­да мүмкіндігі болады.

Қазақстандықтар біртұтас­ ұлтқа­айналады.

Оқытудың мазмұндылығы зама­науи техникалық­тұрғыдан­қолдау­көрсету арқылы үйлесімді түр де толықтырылуға тиіс.

Цифрлық­білім­беру­ресурс­тарын­дамыту, кең жолақ ты Ин тернетке қосу және мектеп тері мізді видео құ рыл­ғылармен жаб дықтау жұмыс тарын жалғастыру қажет.

Төртінші өнеркәсіптік революцияҚазақстан Республикасының Президенті

Page 3: Мемлекет басшысыны •аза“стан хал“ына Жолдауына …Крол дың Қазақстан Респуб лика-сы мен АҚШ арасындағы

10 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 3ЖОЛДАУ

Жұмыс берушілерді тарту арқы­лы және халықаралық талаптар мен цифр лық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек.

«Баршаға тегін кәсіптік-тех ни-калық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет.

Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді.

Үкімет бұл міндетті орындауға тиіс.

Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видео са бақ тары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыру керек.

Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзы-рет тілікке қол жеткізуге жол ашады.

Жоғары білім беру ісінде жасан­ды интеллектпен және «үлкен де рек­термен» жұмыс істеу үшін ақ па рат тық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек.

Осыған орай металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін жо ға-ры оқу орны ғы лымын дамыту керек.

Қолданбалы ғылыми­зерттеу лерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру талап етіледі.

Жоғары оқу орындары шетел­дердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіп­орын дарымен және трансұлттық кор по­рацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруы қажет.

Жеке сектордың бірлескен қар -жы лан дыруға атсалысуы бар лық қол­данбалы ғылыми­зерттеу әзірлемелері үшін міндетті талап болуға тиіс.

Жас ғалымдарымызға ғылыми грант тар аясында квота бөліп, оларды қол даудың жүйелі саясатын жүргі­зуіміз керек.

Білім беру саласына өзінің инвес­ти циялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке сала-сы ретінде қарайтын кез келді.

Жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жа сау ға көбірек құқық беріп, олардың ака де миялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан бекіту керек.

Оқытушылардың қайта даяр лық тан өтуіне күш салып, жоғары оқу орында­рына шетелдік менед жерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампуста­рын ашу қажет.

Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек.

«Рухани жаңғырудың» мән­маңызы да нақ осында.

Өзінің тарихын, тілін, мәде ниетін білетін, сондай­ақ заманы на лайық, шет тілдерін меңгер ген, озық әрі жа-һан дық көзқа расы бар қазақстандық біз дің қоға мы мыздың идеалына ай­налуға тиіс.

Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт.

Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық техно ло­гия лардың дамуына байланысты ме-ди циналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады.

Қазіргі денсаулық сақтау ісі қым­батқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға ба-ғытталуға тиіс.

Саламатты өмір салтын насихат­тай отырып, қоғамдық денсау лықты басқару ісін күшейту керек.

Жастардың репродуктивті ден-саулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек.

Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қол да­нудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай­ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет.

Бұл тәжірибе әлемде бұрыннан бар. Оны батыл әрі белсенді түрде енгізу

керек.Онкологиялық аурулармен кү-

ре су үшін кешенді жоспар қабыл дап, ғылыми онкологиялық орта лық құру қажет.

Халықаралық озық тәжіри бе не гі­зінде ауруды ерте диагнос тика лау-дың және қатерлі ісікті ем деудің жо -ға ры тиімділігі қамта масыз еті лу ге тиіс.

Біз кардиология, босандыру жә не өкпе ауруымен күресу кезінде ат қар­ған істеріміз сияқты жұмыстарды да жүргізуіміз керек.

Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негіз делген

Міндетті әлеуметтік меди циналық сақтандыру жүйесі не кезең­кезеңімен көшетін болады.

Оны енгізудің қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайды.

А л а й д а Д е н с а у л ы қ с а қ т а у министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырмаған дайындық жұ мыс тарын тыңғылықты жүргізу талап етіледі.

Мемлекеттің міндеттерін нақ ты белгілей отырып, Тегін меди ци на лық көмектің кепілдік берілген кө ле мінің жаңа моделін әзірлеу қажет.

Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде не­месе ерікті медициналық сақтандыру, сондай­ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады.

Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық пас портын енгізу, «қағаз қол дан бай­тын ауруханаға» көшу арқылы меди­циналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет.

Медицинада ауруларды диагнос­тикалау мен емдеудің тиімділігін айтар­лықтай арттыратын генети ка лық тал-дау мен жасанды интеллект техноло­гияларын енгізуге кі рісуіміз керек.

Медициналық кадрлармен қам та ­ма сыз ету және оларды сапалы даяр лау маңызды мәселе болып сана лады.

Бүгінде бізде Назарбаев Универ-си тетінің бірегей Медицина мек тебі бар. Онда біріктірілген университет клиникасы жұмыс істейді.

Бұл тәжірибе барлық меди ци на лық жоғары оқу орындарына тара ты луға тиіс.

Осы және басқа да шараларды іске асыру үшін «Халық ден саулығы және денсаулық сақ тау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясын әзірлеу қажет.

Сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі.

Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағ дай жасаудың маңызы зор.

Барлық негізгі мамандық бойынша заманауи стандарттар әзірлеу қа жет.

Бұл стандарттарда жұмыс беру ші -лер мен бизнесмендер еңбеккер лер дің білімі, қабілеті мен құзыреті нің қан дай болуы қажеттігін нақты белгі лейді.

Кәсіби стандарттардың талап-тарын ескеріп, білім берудің жаңа бағ дар ламаларын әзірлеу қажет не­ме се қазіргі бағдарламаларды жаңар­ту керек.

Өзін-өзі жұмыспен қамты ғандар мен жұмыссыздар эконо микалық өсімнің резерві саналады.

Мен өзін­өзі жұмыспен қам ты­ғандар мәселесін қарастыру жөнінде бірнеше рет талап қойғанмын.

Еңбек және халықты әлеуметтік қор ғау министрлігі бұл іске жауап сыз­дық танытып, атүсті қарап отырды.

Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орнала­суына жағдай жасау керек.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жө нін дегі жұмыстары қолдауға тұрарлық.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамы ту бағдарламасы аясында оның құрал­дарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет.

Өзін-өзі жұмыспен қамты ған-дарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңіл детіп, оларға мемлекет алдын­дағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет.

Қазақстандықтардың жаңа жұмыс орнын салыстырмалы түрде тезірек иеленуге, соның ішінде еліміздің басқа да елді ме кен дерінен жұмыс табуға мүмкіндігі болуға тиіс.

Бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу қажет. Онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы бар лық ақпарат жинақталуға тиіс.

Азаматтар үйлерінен шықпай­ақ кәсіби бағдарлы тест тапсырып, оқу курс тары мен мемлекеттік қолдау шара­лары туралы біліп, өзін қызықтыратын жұмыс таба алатын болады.

Еңбек кітапшаларын да элек трон­дық форматқа көшірген жөн.

Электрондық еңбек биржасы туралы заңды 2018 жылғы 1 сәуірге дейін қабылдау қажет.

Әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге

тарту арқылы жүзеге асырылатын бо­лады.

Қазір зейнетақы жүйесі толықтай еңбек өтіліне байланыстырылған.

Кім көп жұмыс істесе, сол көп зей­нетақы алатын болады.

Осыған орай, барша қазақ стан дық­тар өздерінің атқаратын жұ мыс -тарын заңдастыруға зор мән бе руі керек.

Әлеуметтік сақтандыру жүйе­сінде де еңбек өтілі мен өтемақы мөл шері арасындағы өзара байланыс күшейтілетін болады.

Біз 2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібіне көштік.

Оның шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 процентінен 50 про-центіне дейін көтерілді.

Еңбекке қабілетті әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтар үшін берілетін қаржылай көмек олар жұ-мыспен қамту шараларына қа тысқан жағдайда ғана қолжетімді болады.

Еңбекке қабілетсіз азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету шара-лары күшейтіледі.

Қымбатты қазақстандықтар!Мемлекет өзінің әлеуметтік мін­

дет темелерінің барлығын толықтай орындайды.

2016­2017 жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейгенін еске салғым келеді.

Базалық зейнетақы, жалпы ал ған­да, 29 процентке, ынтымақты зейнет­ақы 32 процентке, бала тууға байла­ныс ты жәрдемақы 37 процентке, ал мү гедектер мен асыраушысынан айы­рылғандарға төленетін жәрдемақының әрқайсысы 43 процентке өсті.

Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің жалақысы 28 про-центке дейін, білім беру саласы қыз­меткерлерінің жалақысы 29 про-центке дейін, әлеуметтік қорғау са­ласы қызметкерлерінің жала қы-сы 40 процентке дейін, «Б» кор пу­сындағы мемлекеттік қызметші лердің жалақысы 30 процентке, стипен­диялар 25 процентке өсті.

Дағдарыс заманы. Әйтсе де, әлемнің санаулы ғана елдері әлеу меттік салаға жұмсайтын шығын дарын осылай арттыра алды.

Республикалық бюджеттің әлеу-меттік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 процентке өсіп, 4,1 трил лион теңгеден асты.

Әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 мил-лионнан астам қазақстандықтың та­быстарын көбейтеді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бас тап ынтымақты зейнетақы 8 процентке артты.

Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына арналған жәрдемақылар 16 процент-ке дейін өсті.

2018 жылдың 1 шілдесінен бас тап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетін болады.

Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топ тағы мүге дек-терді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемле кет тік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын.

Бір ең төменгі күнкөріс дең гейінен кем емес мұндай жәрдем ақыны шама­мен 14 мың отбасы ай сайын алады.

2018 жылы осы мақсатқа 3 милли-ард теңгеге дейін қаржы қажет болады.

Мұғалім мәртебесін арттыру мақ­сатымен білім берудің жаңар тылған мазмұнына көшкен ұстаз дардың лауазымдық жалақысын 2018 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап 30 про центке көбейтуді тапсырамын.

Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен за-манауи оқу бағдарламалары.

Бұлар біздің балаларымызға қа­жетті функционалдық сауат тылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.

Сонымен қатар 2018 жылы кате­гориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін білік тілік деңгейін ескеретін категория лардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын.

Категорияларды бүкіл әлемде қол­данылып жүрген ұлттық білік тілік тест арқылы беру керек.

Бұл педагогтарды өздерін ұдайы же тілдіруге ынталандыратын болады.

Нәтижесінде, мұғалімдердің жа-ла қысы біліктілігінің расталуы на

бай ланысты тұтастай алғанда 30 про-центтен 50 процентке дейін өседі.

Бұл үшін биыл қосымша 67 милли-ард теңге бөлу қажет.

СЕГІЗІНШІ. Тиімді мем ле кет тік басқару.

Мемлекеттік әкімшілендіру ке­зін де кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланыс-ты жұмыстарды жалғастыру қажет.

Осыған орай бизнесті реттеуге қа -ты суды әрі қарай азайтуға ба ғыт тал­ған заң қабылдауды жылдам дату керек.

«Бір терезе» қағидаты бойын­ша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыру-ды қамтамасыз ету қажет.

М е м л е к е т т і к о р г а н д а р д ы ң ақпараттық жүйелерінің интеграция­сы «бір өтініш» қағидаты бойынша же­келеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар табиғи монопо лия субъектілері көрсететін қыз мет терінің сапасын арттыру жө ніндегі жұмысты жалғастыру керек.

Олар үшін және энергия өнді ру­шілер үшін инвестициялық бағдар ла­маларын ескеріп, негізделген тариф­терді белгілеу маңызды.

Бизнес-климатты жақсарту үшін батыл іс­қимыл талап етіледі, әсіресе, өңірлік деңгейде.

Үкімет бизнесті көлеңкеден шығарып, оны қолдауға бағытталған жүйелі шаралардың жаңа пакетін дайындауға тиіс.

Мемлекеттік органдарға бағы-ныш ты ұйымдардың санын қыс қар­ту есебінен жекешелендіру жос парын кеңейте отырып, оны іске асыруды же­делдету қажет.

Әкімшілік шығындарды азайту үшін ведомствоға бағынышты нақты қажетті ұйымдарды мүм кін дігінше біріктіру керек.

Босаған қаражатты мемлекеттік қыз метшілердің факторлық-бал дық шкалаға негізделген жаңа ең бек ақы жүйесін енгізуге бағыттау қажет.

Бұл орталықтағы және өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер жала қы-сы ның диспропорциясын қысқар-тады, сондай­ақ жұмыстың сипаты мен тиімділігі ескерілетін болады.

Үкіметке Мемлекеттік қызмет іс­тері агенттігімен бірлесіп, 2018 жы­лы орталық және жергілікті мемле­кеттік органдарда осы жүйені енгізу дің пилоттық жобаларын іске асыруды тапсырамын.

Өңірлердегі мемлекеттік қыз­меттің тиімділік әлеуетін олардың экономикалық дербестігі мен жауап­кершілігін арттыру арқылы мей лінше толық ашу керек.

Жалпы алғанда, өңірлік саясат өңірлердің шығындарын теңесті­руден жеке табыстарының өсімін ынталандыруға бағытталуға тиіс.

Атап айтқанда, бүгінде әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналады.

Үкімет виза мәселелерін жеңіл­детуді, инфрақұрылымды дамытуды және туризм саласындағы кедер гілерді алып тастауды қамтитын кешенді ша-ралар қабылдауы керек.

Фискальды орталық сыз дан дыру аясында шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын өңірлік бюджеттерге беру мәселесін шешу керек.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап 2 мыңнан астам адам тұ ра тын аудандық маңызы бар қала лар, ауыл-дар мен ауылдық округ тер де жергілікті өзін­өзі басқа рудың дербес бюджеті мен ком му налдық мен шігін енгізу заң жүзінде белгіленген.

2020 жылдан бастап бұл нормалар барлық елді мекендерде күшіне енеді.

Салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдердің 7 түрі, сондай­ақ шығындардың 19 бағыты ауыл бюджетіне берілді.

Бұл жергілікті маңызы бар мәсе ле­лерді шешу үшін халықты тар туға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мемлекеттік ор­гандар нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық техноло-гияларды қолдануға тиіс.

Мемлекет пен компаниялар жаңа технологияларды енгізе отырып, өз ақпараттық жүйелері мен құрыл-ғыларының берік қор ғалуын қамтамасыз етуі керек.

Бүгінде киберқауіпсіздік ұғы мы тек ақпаратты ғана емес, соны мен қатар өндірістік және инфра құ ры лымдық нысандарды басқару те ті гін қорғау дегенді де білдіреді.

Осы және өзге де шаралар Қазақ­стан ның Ұлттық қауіпсіздік страте-гиясында көрініс табуға тиіс.

ТОҒЫЗЫНШЫ. Жем қор лық пен күрес және заңның үстемдігі.

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді.

Көп жұмыс істеліп жатыр.Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауа­

зымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды.

Осы уақыт ішінде олардың 17 мил-лиард теңге көлемінде кел тір ген зала­лы өтелді.

Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым­қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады.

Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс.

Сот және құқық қорғау жүйелерін инс титуционалды тұрғыдан өз гер ту жүзеге асырылуда.

Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қор ғау ісін күшейтуді, оның әсіре қа таң-дығын бәсеңдетуді көздейтін нор ­малар енгізілді.

Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот ба қы-лауы ның аясы кеңейді.

Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды.

Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек.

ОНЫНШЫ. «Ақылды қа ла лар» «ақылды ұлт» үшін.

2018 жыл – елордамыз Астана ның 20 жылдығын атап өтетін мерейтой-лы жыл.

Бас қаламыздың қалыптасуы және Еу разияның маңызды даму орта лық­тарының қатарына қосы луы – бар ша-мыздың ортақ мақта нышымыз.

Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің пробле­маларын тиімді шешуге жол ашады.

«Смарт Сити» тұжы рым да масы мен қалаға қоныс аударатын адам дар­дың құзыреттерін дамы ту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет.

Әлемде инвесторлар үшін қа-лалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты.

Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды.

Сондықтан Астананың тәжі­рибесі негізінде «Смарт Си ти» «эта-лонды» стандартын қалып тас тырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек.

«Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында т ұ р м ы с с а п а с ы н а р т т ы р у д ы ң локомотивтеріне айналады.

Міне, алдымызда тұрған 10 мін-дет осы. Бұлар – түсінікті әрі айқын.

Қымбатты қазақстандықтар!Біз саяси тұрақтылық пен қоғам дық

келісімнің арқасында экономикамыз-ды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік.

Технологиялық және инфра құ­рылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне тың серпін берілді.

Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты нақтылай түсті.

Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық.

Бұл базалық үш бағыт Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры бо­лып саналады.

Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бас-тауында тұрған біртұтас ұлт бо-луымыз керек.

Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына Жолдауы жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

Page 4: Мемлекет басшысыны •аза“стан хал“ына Жолдауына …Крол дың Қазақстан Респуб лика-сы мен АҚШ арасындағы

4 10 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ

Кітапхананың кітапхана процес­терін автоматтандыру бөлі мі нің меңгерушісі Бақты гүл Бақыт жанқызы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуел сіз дік дәуірі» кітабының электрон ды нұс қасы жарық көрге­нін, бұл тура лы Ақорданың фейсбук­тағы рес ми парақшасы мен туын ­ды ның элек т ронды үлгісі akorda.kz сай тын дағы Мемлекет басшы сының дер бес парақшасына орна лас ты­рылғандығынан хабардар етті.

Кітапта «қазақстандық даму

үлгісінің» табиғаты мен оның эво­люциясы, басты ұстаным дары мен қозғаушы күштері сара лан­ған. Қазақстанды жаңғырту дың үш толқыны кеңінен ашып көрсе­тілген. Бірінші және екінші жаңғыр­ту аясында тоталитарлық жүйе ден түбегейлі ажырап, нарық тық эко­номиканы құру және бәсе кеге ба­рынша қабілетті елу ел дің қатарына қосылу міндеті мерзі мінен бұрын орындалды. Үшінші жаңғыртудың мақсаты – елімізді қалыптасқан

жаңа жа һан дық ах уал жағдайында жаң ғыр та оты рып, әлемдегі ең озық 30 мем ле кет тің қатарына қосу», деп кітап тың тарихындағы маз мұнын өз оқыр мандарына жеткізді.

Ақтөбе облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті Айгүл Егізбайқызы ту­ындыда тәуелсіздік кезеңіндегі тарихтың барлық саласы, өмірдің барлық саласы қамтылғандығын айтып өтті. Ал облыстық ішкі іс­тер департаментінің мемле кет тік тіл және баспасөз бөлімінің қыз ­меткері Нұргүл Қонақбаева, Пре­зи дентіміздің бұл еңбегі бұ рын ғы еңбектерінен өзгеше. Себе бі бар лық салаларды үлкен үш кезеңге бөліп қарағандығын құптап және кітапхана қызмет керлері Ақтөбе облысы бо­йынша бірінші болып таныс тырды деп алғысын жеткізді.

С.Жиенбаев атындағы об лыс ­тық жасөспірімдер кітап хана сы ның директоры Гүлжайнар Нәрен қызы бұл тарихи туындыны әлі де кең көлемде насихаттау керек екенін және ол қалың көпшілік оқырманның көңілінен шығады деген сенімде екенін айтты.

Үржан ҚҰРМАНҚЫЗЫ, С.Жиенбаев атындағы облыстық

жасөспірімдер кітапханасыдиректорының орынбасары

АҚТӨБЕ

Тарихи туындыға арналған көрме

САЯСАТ

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

«Н.Назарбаев: дәуір, тұл ға, қо ғам» көрмесі «Көш басшы жолы», «Көш­бас шы феномені», «Елбасы мәрте бе­сі – ел мәрте бесі» және «Әлем та ны ­ған көш басшы» та қы рыптық ар найы бөлім дер ден тұрады. Ел наза рына Қа­зақстан Республикасының Тұң ғыш Президенті – Елбасы кітапханасы қоры ның архив тік құжаттары, кітаптар мен жәді герлерінің топтама­сы ұсы нылып отыр. Көрменің әрбір экспозициясына қойылған Тә уел сіз Қазақстанның тарихи дерек тік хро­никасы Елбасының қызметі арқылы интерактивті ауқымды ақпараттық ресурстар арқылы көрсетіледі.

Ел ықыласын оятқан бұл көр менің мақ саты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре зиденті – Елбасының әлем ге танылған, экономикасы қар­қынды да мыған, ірі эконо ми калық, өндірістік, ғы лыми, мә де ни, заманауи

мемлекет қа лыптастырудағы рөлін жүйелі түр де көрсету болып табы­лады. Кітап ха на жинағының мате­риалдары Н.Назарбаевтың мектеп жасындағы, жас тық шақ, комсомол, партия және мем лекеттік қызметтегі кезең дерін сипаттайды. Қа зақ стан Республикасының Тұң ғыш Прези­денті – Елбасы кітапханасы ның қорындағы кі тап тардың арасынан әр жыл дарда Н.Ә.Назарбаевқа сый ға беріл ген қазақстандық автор лардың қол таң басы қойылған кітаптар ерек­ше орын ала ды. Мемлекет басшы­сының тұл ғасына байланысты, әр­бір қолтаңбасы бар кітапта сый­лаушының тағдыры мен кітап тың қайталанбас тарихы жатыр.

«Әлем таныған көшбасшы» бөлі ­мінде шетелдік мемлекет және Үкімет басшыларынан тапсы­ры л ған дипломатиялық сый лық­тар ұсы ныл ған. Бұл сыйлықтар Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саясаттағы сая си бас та ма ларының нәтижесі

болып табылады. Қазақстанның қа­зір гі заманғы тарихының өзекті мәселелері Мем лекет бас шысының көп теген ғылыми жә не ғылыми­таным дық ең бек терінде қарас тыры­лады. Н.Ә.Назарбаев дүние жү зінің 34 тіліне аударылған жиырмадан ар­тық кітаптардың және ғылыми мақа­лалардың авторы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа шетел­дің 30­дан аса мем леке тінен беріл ген ең жо ғары мара паттары кітапхана­ның музей қорының ең басты құн­дылықтары әрі мақтанышы болып есептеледі. Бұл ма рапаттар мемлекет­тер ара сын дағы дип ломатиялық қа ты­нас тар орнатудағы Н.Ә.Назарбаев тың қосқан зор үле сі үшін, ядро лық қауіп­ті жою және Қа зақ стандағы ұлт ара­лық, дін ара лық татулық пен келісімді қамтамасыз етудегі толайым бастама­лары үшін берілгені белгілі.

Іс­шараға еліміздің таны мал тарих­шы ғалымдары Ш.Уәли ханов атын­дағы Тарих және этнология инс титу­тының директоры, профессор Зиябек Қабыл динов пен профессор Мұрат Әбдіров қатысып, көрмеге келген жастарға қызғылықты әңгіме өткізді. АЛМАТЫ

Елбасы еңбектеріме н танысты––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекеттік орталық музей де Қазақстан Рес пуб ликасының Тұң ­ғыш Президенті – Ел ба сы кітапханасы қо ры ның негізінде ұйым ­дастырылған «Н.Назарбаев: дәуір, тұл ға, қоғам» көрмесі ая сында дәрістер мен ше берлік сабақтары өт кізілді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Президентіміздің есімімен бай­ланысты әрбір жаңа кітапты көз тоқтата оқып, керек­ау деген тұстарын белгілеп қоятын ғадетім бар. Ал мына еңбектің жөні мүлдем бөлек екен. Еліміздің соңғы 26 жылда өткен тұтас дәуірге жүк боларлық шежіресін, құбылыстар мен оқиғаларды аға ұрпақ жақсы сезінеді. Әрбір шындық салыстырудан көрінеді. Біз ши­рек ғасыр бұрын ғана, кеңестік деп аталған қоғамдық формация дәуірінде туып­өскендерміз. Қазіргі ұрпақ өтіп жатқан уақытқа енжар қарамайды, бағасын біледі. Келешек жоспар­ларын кешегі күннің безбенімен өл шейді. Тарихи еңбек өткеніміз, бүгі німіз, келешегіміз жайлы терең ойларға жетелейді.

Адам үмітпен алға қарайды. Өмір болған соң үнемі даңғыл болмайты­ны, «әттеген­ай» дегізетін қиын асу­белдері кездесетіні заңдылық. Елбасы шерткен жылнама отандастарымды байсалды ойға бастап, өткен өмірдің сабақтарын зерделеуге ұмтылды­рады. Осы арада мына бір ақиқатқа назар аударғым келеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айтқандай: «Тарих дегеніміз тек өткеннің ғана сабағы емес. Ол едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі» («Тарих толқынында», 126­бет). Демек біздің тарихымыз қолымыздан не келетінін, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене алатын сергек, айқын мақсат жолында табан тірей алатын жігерлі қауым екенімізді дәлелдеп берді.

Кітаптың «Бірінші кезең» деп аталатын тарауындағы «Қазақстан ядролық сынақ алаңын жапқан әлем­дегі бірінші ел болды. Сол арқылы ұлт генофондына төнген қауіпке тосқауыл қойды» деген жолдар мені ерекше толқытты. Себебі... Осыдан 68 жыл бұрын Қарағанды, Павлодар және Семей облыстары тоғысқан Дегелеңге ұрымтал тұста орналасқан «Қызыл ту» колхозы қырманының басында мектеп үшін уақытша тігілген қоңырша киіз үйге, бірінші класқа барғаным есім де. Күздің салқыны мен сібірлеген жауы­ны араласқан жүдеу күн еді. Күзек тегі жабырқаңқы ауылдың иті үрмейді, бұзауы мөңіремейді. Халық қаралы. Бір жұма бұрын болашақ оқушы ретінде бізді жинап алып, «бірінші қыркүйек күні келесіңдер, мынау дәптер, кітаптарың» деп жарқылдап

тұрған Мұғиын мұғалім көңілсіз. Кеше ғана итті ұлытып, сиырды мөңіреткен, түйені боздатып, жылқыны кісінетіп, шығысқа қарап, жер тарпытқан, гүр­сілі мен гуілі аралас дыбыс беріп, аспан нан көрінген қап­қара құбыжық түнере төніп барып, тараған не екенін ол да білмейді, басқалар да білмейді. Біз, балалар жағы, болса, болмаса... Сол күні оқуға кіргендердің арасы­нан қазір тірі қалғаны – мен және қарағандылық атақты дәрігер Отан Мақышұлы екеуміз ғана. Басқалары бақилық болған. Көбі жастай кеткен. Айтпағым, сол 1949 жылғы 29 тамызда жарылған алғашқы атом бомбасының дауысын естіп, «саңырауқұлағын» көргенім. Полигонның дәл іргесіндегі біздің Арқалық, Едірей, Айрық атала­тын ауылдардың бұдан кейін бір кемі жоқ 40 жыл бойғы ядролық сынақтан көрген қасірет­қайғысын, дәл бүгінге дейін жалғасып келе жатқан кеселдерді айтпай­ақ қояйын. Беймәлім дерттен қырылған кәрі­жас, жарымжан туған ұрпақ, айдың аманында өзіне­өзі қол салған жеткіншек... бәрін көзімізбен көріп, басымыздан кештік.

Сондықтан мен Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы бірінші және басты жеңісі деп ядролық қару­ларды сынаудың тоқтағанын айта­мын. Қалғаны – ертелі­кеш, ілгері­кейінді, бүгін болмаса, ертең орында­ла беретін шаруалар. Міне, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осы ерлігін

халқым ұмытып бара жатқандай еді, «Тәуелсіздік дәуірінен» кездестіріп отыр мын. Және Елбасымыз атом қаруын жою туралы ұстанған бағытын дәйек ті лікпен жалғастырып келеді. 2015 жыл дың 7 желтоқсанында БҰҰ Бас Ас самблеясында Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев «Ядро­лық қарудан азат әлем құру туралы жал пыға ортақ декларация» ұсынып, қабыл датты. 2016 жылғы 31 наурызда яд ро лық қауіпсіздік саммитінде «ХХІ ғасыр соғыссыз әлем болсын!» деп биік мінберден мәлімдеді. «Менің «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесім ХХІ ғасырда өмір сүретін және жұмыс істей­тін өскелең ұрпақтың тағдырына шы­найы алаңдаушылықтан туындап отыр, деді ол. – Біздер, мемлекет басшы лары мен саясаткерлер, адамзаттың бола­шағы үшін зор жауапкершілік арқа лап отырмыз. Көптеген тар жол, тайғақ ке­шуден өткен адам, саясаткер ретінде, Семей ядролық полигонын жабу ту­ралы күрделі шешім қабылдаған мем­лекет қайраткері ретінде мен әлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл­парасатқа жүгініңдер деген табанды талаппен қайырылып отырмын. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ». Мемлекет басшысының салиқалы ұсыныс­пікірлері еш дау туғызбайды.

Менің елім – Қазақстан Респуб­ликасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіп сіздік Кеңесін басқарып отыр­ғанын мақтан етсем артық па?! Ер­тең жаппай қырып­жоятын қару­жарақты шек теу туралы пікірсайысқа Президентім қаты сып, адамзатты атом ажалынан құтқару тура лы қазақ­стан дықтардың берік байламын жет­кізетініне бек сенімдімін. Осының бәрі – «Тәуелсіздік дәуірі» деп аталған Қазақстанның жаңа тарихы бетінен орын алған айшықты бедерлер.

Зарқын ТАЙШЫБАЙ, М.Қозыбаев атындағы

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген

қайраткері

ПЕТРОПАВЛ

Жаңа дәуірдің айшықты беттері

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жақында С.Жиенбаев атын дағы облыстық жас өс пірімдер кітап­ханасында «Тәуелсіздік дәуірі» кі та бы – егеменді елдің ше жі ре сі атты» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тә уел сіздік дәуірі» атты кіта бын насихаттауға бай ла нысты кітап көрмесі өтті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

«Қауіпсіздік Кеңесі Либерия халқын және үкіметін, саяси басшыларын, азаматтық қоғам ұйымдары мен медиа өкілдерін 2017 жылғы 26 желтоқсандағы президенттік сай­лауды бейбіт түрде өткізуімен құттықтайды. Сонымен қатар Кеңес Либерия ұлттық сай­лау комис сиясын, бұ рынғы президент Элен Джонсон­Серлифтің және ел үкі метінің пре­зиденттік сайлауды өз дең гейін де өткізуін және 2017 жыл ғы 10 қазанда туындаған заң дық және президенттік сайлау мәсе ле­лерін шешудегі еңбегін жоға ры бағалайды», делінген мәлімдемеде.

Бұдан бөлек, Қ.Омаров Либе рия дағы сайлаудың ашық өтіп, уақы тылы бағаланғаны үшін Батыс Африка мемлекеттерінің эконо­микалық қауымдастығына, Аф р и ка ұйымына және халықара лық, өңірлік және жергілікті бай­қау шыларға құрметін білдір ді. Қазақстандық

дипломат БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Фарид Зарифке, Либериядағы БҰҰ миссиясына сайлау науқаны кезінде көрсеткен көмегі мен атқарған қызметіне алғыс білдірді.

Бұрынғы футболшы, «Алтын доптың» иегері Джордж Веа 2017 жылғы 26 желтоқсанда прези денттікке сайланды. Қауіпсіз дік Кеңесінің мәлімдемесінде Ли бе рия дағы саяси ауыс­түйістің, би лік тің бейбіт жолмен келесі қолға өтуі нің маңыздылығы аталды.

«Кеңес жаңа тағайындалған Либерия билігі мен БҰҰ­ны, Либерия дағы БҰҰ миссиясын алда ғы уақытта жауапкершілік бөлу мәсе­лесінде тізе қосып жұмыс іс теуге шақырады. ҚК­нің 2333 (2016) қарарында ай тыл ғандай, Либериядағы БҰҰ мис сия сы алдағы 30 наурыз­да аяқта ла ды. Кеңес халықаралық қоғам дастық пен донорларды Либе рияға көмек көрсету мен тұрақ ты бейбітшілікке қол жеткізу шарасын одан әрі жалғастырып, елде бейбітшілік орнату жоспарын қолдауға шақырады», деп айтылған мәлімдемеде.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстанның БҰҰ­дағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде Либериядағы президенттік сайлауға қатысты мәлімдеме жасады. Онда демократиялық жолмен жүргізілген сайлаудың маңызы аталды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Либерияға қатысты мәлімдеме жасады

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,«Егемен Қазақстан»

Изоляторлар дайын түрде Ресей ден әкелінеді де, осында құ рас тырылады. Зауыттың жұ­мы сын бастағанына бес жыл енді толады. Соған қарамастан, осы жылы өндіріске жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Зауыт директорының орынбасары Татьяна Рыбалконың айту­ынша, өндіріс цехы екі есе ұлғаятын болады. Өнімділік 4 есе артады, тағы да 20 жұмыс орны ашылады.

Қазір изолятор құрастыру не гі з і нен қол жұмысымен атқары ла ды. Зауыт цехы з а м а н а у и қ ұ р а л д а р м е н жабдықталып, құрастыру жұмыстары жартылай автомат­ты станоктарда атқарылатын

болады. Жаңғырту жұмыстары үшін шетелдерден 170 милли­он теңге инвестиция тарты­лып отыр.

– Арматура­изоляторларға дүние жүзінде сұраныс өте үл­кен. Соны мен қатар біздің за­уыт осыларды өндіріп отырған ірі зауыттарға бәсеке бола­ды. Қазір өндірген өнімнің 70 па йы зы Қазақ станды қамтамасыз ете ді. Экспортқа әзірге Әзербайжан мен Ресейге шығарыла бастады. Алдағы жылдары Ислам және Азия даму банктері қаржылан ды­ратын халықаралық нарыққа да шығатын боламыз, ол үшін аттес таттаудан сәтті өттік. Қазір жылына 500 мың ар­матура­изолятор өндіреміз, цехты кеңейткеннен кейін оның санын 2 миллион данаға

жеткізетін боламыз, – дейді Татьяна Александровна.

Владимир Божко зауыт жұмы сы мен жете танысты. Өнді ріс орнының ешқандай не­сие ал май, инвестиция арқылы жаңғыр ту жұмыстарын қолға алғалы отыр ғанына ризашылық білдірді.

– Қызылордада заманауи шы ны зауыты жұмыс істейтін бо лады. Шыны изоляторды өзі міз де шы ға ратын болсақ, өнім нің өзін дік құны кеміп, зауыт тың та бы сы артады, – деді Влади мир Карпович.

Мұнан кейін Парламент Мәжі лі сінің депутаттары Влади мир Божко, Василий Олейник, Александр Суслов «Нұр Отан» партиясы Рудный қалалық филиалында пар­тия мүше лерімен кездесті. Онда депутат тар өткен жылы Мәжіліс депутат тары ның жасаған жұмысына шолу жаса­ды, шығарылған заңдардың маңы зына тоқталды. Кездесуге қатысу шы лардың сұрақтарына жауап берді.

Қостанай облысы,Рудный қаласы

Кеншілермен кездесті–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбаса­ры Владимир Божко Рудный қаласындағы Қазақ арматура­изоляторлық зауытында болды. Бұл – баламасы елімізде ғана емес, Тәуелсіз Елдер Достастығы кеңістігінде жоқ бірден­бір зауыт. Мұнда электр энергиясын тасымалдауға арналған арматура­изоляторлар құрастырылады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Парламентшілер сапары жалғасуда–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сенат депутаттары Дәурен Әділбеков пен Рашит Әкімов Ақмола облысының Зеренді ауданында болып, аудан активімен кездесті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Жалпы, жұмыс сапары барысында сенатор­лар аудан ор та лығында орналасқан қазақ тілін­де білім беретін мектептегі жа ңарту жұмыс­тарымен танысты.

Бұдан кейін Сенат депутаттары аудан активімен кездесу өткізді. Жиын барысында Парламенттің өткен жылғы заң шығару жұмысы барысынан және қорытындыларынан жан­жақты хабардар етті.

Жақында бекі тілген 2018­2020 жылдарға арнал ған республикалық бюд жет тің негізгі шығыстары ту­ралы сөз қозғаған сенатор Дәурен Әділ бе ков оның әлеуметтік сала ға ба ғыт талғанын ерекше атады.

Қатысушылар тарапынан да сенаторларға көптеген сауалдар қойылып, оған тиісті жауап­тар алынды. Кездесуде көтерілген мәселелер заң шығару жұмыстары барысында назарға алына­тынына екпін берілді.

Ақмола облысы

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Павлодар облысында жұмыс сапарымен жүрген сенаторлар Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов құқық қорғау органдарының басшылығымен және қызметкерлерімен кездесті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

Депутаттар облыстық сот, про куратура, ҰҚК департаменті, ішкі істер департаменті және шекара қызметінің әскери бөлімінде болды.

Парламент жоғарғы палатасы ның өткен жылғы заң шығару қызметінің қорытындысы кез десу дегі әңгіменің басты тақы ры бы болды. М.Көбенов пен Н.Нұр сипатов Президенттің

бірқатар өкілеттіктерін заң шығару және атқарушы билік тармақтарына беруді көздейтін конституциялық реформалар туралы әңгімеледі.

Сенаторлар кездесуге қатысу шыларды бірқа­тар құқық тық актілерге енгізілген әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгі лен діруге бағытталған өзге ріс тер туралы хабардар етті. Соңын да жинал­ғандардың сауалдарына жауап берді.

ПАВЛОДАР

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев, Бақытбек Смағұл, Бақытгүл Хаменова, Ирина Унжакова Атырау ға келіп, жұртшылықпен, жергілікті мәслихат де­путаттарымен кездесті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

«Парламентте атқарған жұ мыс тары мызбен таныстырып, жер гілікті азаматтардың мәселе сі­не заңдық тұрғыда көмек көр сету, Елбасының «Болашаққа бағ дар: рухани жаңғыру» мақала сын кеңінен насихаттау – осы ісса пар дың мақсаты», деді Бақытгүл Хаменова.

Қоғамдық қабылдау өткіз ген депутаттар тұрғындарды тол ған дырып жүрген мәселелерді тыңдады. Болат Дәулетияров есімді азамат

Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардагер­лерге жәр демақы тағайындау туралы мәселе көтерді.

Басқа да азаматтардың тілек­өтініштерін тыңдаған Мәжіліс депутаттары мен тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері түсінік жұмыстарын жүргізді. Сапар барысында де­путаттар өңірдегі мекемелер мен білім беру ұйымдарын, аудандарды аралап, сайлаушылармен кездесулер өткізіп жатыр.

АТЫРАУ

* * *

* * *

* * *–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан «Тараз­Су» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, жұмысшылармен жүздесті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

Мекеменің бас инженері Шүкір Ахымов депутатқа мұн дағы жұмыс барысын мәлімдеп, шешімін табуы тиіс бірқатар мәсе лелерді де айтып өтті. Депу тат мәселелерді Парламент оты ры сында көтеріп, тиісті министр ліктерге жеткізетінін айтты.

Қ.Ержан Жамбыл өңірі не сапары барысын­да «ТаразЭнер гоОр талық» акцио нер лік қоға­мы ның ұжымымен де кездесіп, он дағы жұмыс барысымен танысты.

Парламентшілердің өңірлерге жұ мыс са­пары аясында Мәжіліс депу таты Бекболат Тілеухан Жам был ауданындағы «Айша бибі» емдеу­сауықтыру орталы ғына бар ды. Емдік қасиеті бар кіші Ақ көл көлінен шығатын бал шық ты емд елушілерді сауық тыру мақ ­сатында қолданып отыр ған ши па жайда соңғы төрт айда 80 ар да гер емделіпті. Депу­тат өз сөз ін де осын дай ғажа йып шипа жай ­дың Жамбыл өңірінде ашылуы қуан тарлық жағдай екенін жеткізді.

Жамбыл облысы

Page 5: Мемлекет басшысыны •аза“стан хал“ына Жолдауына …Крол дың Қазақстан Респуб лика-сы мен АҚШ арасындағы

10 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 5

Ем-шара алдында әрбір до-нор қан тобын анықтау бойынша алдын ала зертханалық тексе-руден, сондай-ақ ықтимал теріс әсерлерді түсіндіру үшін дәрі-герлермен әңгімелесуден өтті.

«Адамдар көмекке мұқтаж барша жандарға қол ұшын со-зуы тиіс. Статистика бойынша әрбір үшінші адам өмірінде қан ауыстыруға зәру болады. Біз бүгін әрқайсымыз 450 милли-литр қанымызды бердік және қанымыз көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалады деген

үміттеміз», дейді әскери бөлім командирінің орынбасары, под-полковник Серік Сарабозов.

Қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қыз-метшілері осындай іс-шара-ларға белсене атсалысып, Қазақ-стандағы донорлықты дамыту ісіне өз үлестерін қосып келеді. Жыл сайын Қарулы Күштердің 7000-ға жуық әскери қызметшісі ерікті түрде ақысыз негізде қан тапсырады.

«Егемен-ақпарат»

––––––––––––––––––––––Дүние жүзіне әртүсті құ­была жарқыраған жұлдыз­дай танымал болып, қазақ­тың киелі топырағынан түлеп ұшып, халқымыз дың ән құдіретін шырқау биік­ке қалықтатқан жас ән­шіміз Димаш Құдайбер ген ­ге деген ыстық ықыласы­мыз айрықша. Ол сөзсіз Қазақ станның айтулы «бренді»: еліміздің атағы мен ән өнерінің даңқын тағы да көз жетпес шыңы­рау биікке еңсеріп тас тады. Енді танымал «Димаш» есі мін патенттеп, әнші міз сол атпен ғана өнер мен бизнес кеңістігінде қадам басуы орынды болар деген ұсыныс жасаймын. Соны­мен, туған жер – киелі ата мекеніміздің Димаш­тай дарынды перзентін үлкенді­кішіміз тіл­көзден сақтасын деген тілеудеміз. ––––––––––––––––––––––

Тың тақырыптың ойын қозғаудың бір тәсілі ретінде әуелі Димаштың тағы да та-лантына тәнті болған бірнеше ғана шетелдіктердің әсерін еске алайық. Бельгиялық Агнес де Бос: «Қандай күшті дауыс… Құдайдың берген сыйы ғой… Жылап отырмын, көзімнің жа-сын тыя алар емеспін… кере-мет… керемет… керемет…»; Солтүстікамерикалық Кристина Дельмендо: «Күлсеңіздер күле беріңіздер, бірақ мен әннің бір сөзін де түсінген жоқпын, есесіне, дауысы қандай тамаша! Тыңдап отырып, көзімді жұмып едім, көңілім босап кетті. Көз жа-сым бетімнен тарам-тарам боп ағып жатыр. Тілдік кедергі бар болса да, музыка жүректерді біріктіріп, оларды мейірім мен бейбітшілікке үндей алады!»; Франциялық Изабель Шоффетон: «Мен бұл видеоны төрт рет көріп шықтым. ...Мына әнші, сөз жоқ, гений. Нағыз гений!»; Швециялық Эса Сейтту: «Менің бұл әнді тыңдап отырғаныма

бірнеше сағат болды, тіпті тоқтай алар емеспін. Әннің не туралы екенін де білмеймін. Мынау – адамның емес, періштенің дау-сы. Музыка арқылы соғысты тоқтатуға бола ма? Иә, мына жігіт тоқтата алады. Мен әлемнің жеті кереметі туралы естігем, бірақ, мына әншінің ғажайыбы бәрінен асып түсетін сияқты. Мынадай дауысты жаратқан Құдайға енді сенбесіме амал жоқ!».

Осыларды оқып жүрегіміз жарысқа қосылатын ақбоз аттай тулап, жанартаудан атқылаған оттай жанып, шынайы шексіз қуанышқа бөленді. Димаштың әлі де алдағы жарқын да табы-сты келешегі мол екендігіне үл-кен үміттеміз.

Бәрімізге белгілі анық бір жайт, ол жүздеген әлемдік эстра-да жұлдыздарына көзі тойып, құлағы қанық шет мемлекет тер-дің тыңдар мандарын «таңдай қақтыру» оңай емес, бірақ Димаш оларды аса әсерлі сезімге бөлегені жүрекжарды сөздерінен есіп тұр ғой. Осының бәрін айта келе,

ұлтжанды қазақтың қабыр ғасын қайыстырып жүрген өзекті де айдай анық тақырыпқа ойы-сайық. Менің күнделікті көзім көріп, пайымым нық болып жүрген болжамым бойынша қазақ жастарының көпшілігі ана тілінде сөйлеп, ана тілінде кітап оқымайды. Ынтасы жоқ. Қайда барсаң да, қазақша сұрағыңа орысша жауап береді. Осы жағ-дайдың түрлі себептері бар. Олардың бетін ашып, анықтау басқа тақырыптардың үлесінде. Ал бұл орайда ана тілі мәселесін «Димаштың феноменімен» ұштастырудың айқын негізі бар. Енді сол туралы сөз қозғайық. Димаштың әлемді таңдандырған сиқыры мол дауысы, оның бір басына Тәңірдің берген «көздің жауын алатын» жарқын жүзі, сырт көзге ұшырайтын ізет пен әдептілігі, бойына ойы сай кел-ген сұңғақ денесі – бәрі де әр адамның асқақ арманындағы болмыс-бітім. Сонымен Димаш қалың өрімтал жасөспірімдердің, жалпы жастардың алып-ұшты

жалындаған көкейлеріне қонатын қиялдарындағы бейне. Ол орын-ды да. Димаш әркімнің де қиял қанатына қондыратын жан-жақты дарынды жан. Осыған орай, оның қасиеттерінің тағы бір жарқын қырын көрсете кету, үлгі етуге ләзім екенін айту үлкен адами парыз. Ол Димаштың табиғи таза қазақылығы. Ол ана тілін – қазақ тілін мейлінше ардақтайтын ұлан екенін терең де тыңғылықты түсінген, бойына терең сіңдірген. Ол домбыра не-месе оркестрдің сүйемелдеуімен қазақша мүдірмей және табиғи ырғақты айтатын әндерін былай қойғанда, сөйлеген сөздерінен ешқандай жасанды қымсынбай, ой-пайымдарын ана тілінде өте жетік жеткізеді. Адам баласына ауа қандай қажет болса, Димашқа өзінің ана тілі сондай қажет. Осы ақиқатты да Димаш өзінің өнерімен, күнделікті болмысымен айқындап тұр.

Нақыпбек СӘДУАҚАСОВ, заңгер

ОҚЫРМАН

...мәселе көтереді

Қоғамдық көлікке зәрумізТараз қаласымен жапсарлас жатқан «Қазақ» деген ауыл бар.

Аталған елді мекен тұрғындары ауыл ішінде оқушылар тасымалдай-тын автобустың жоқтығынан қиындықты әлі де көріп келеді. Осы ауылда оқушылардың оқитын білім ошағы болмағандықтан ауыл балалары қалаға қарайтын №14 Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектепке қатынап оқуға мәжбүр. Сондықтан біздің ауылдың балала-ры екінші ауысымда білім алады.

Осыдан бірер жыл бұрын ауыл тұрғындары қозғау салып, бұл аумаққа автобус жүргізгенбіз. Ол автобус та елдің жанайқайы басылған соң қатынауын тоқтатып, қарасын көрсетуді қойды. Қазір жүзден астам оқушы жаяу сабылады. Бұл аумаққа қаладан №29, №32 шағын автобустар қатынайды. Бірақ аталған екі қоғамдық көлік те ауылдың сыртымен өтіп кетеді. Қаладағы мектептен шыққан балалар №32 шағын автобусқа үлгерсе үлгереді, үлгермесе жаяу келеді. Осы мәселенің оң шешімі табылса дейміз.

Жұлдыз ТӨЛЕБЕКОВА,қарт ана

Жамбыл облысы

...жаңалығын жеткізеді

Жаңа мешіт ашылдыАқмола облысының Бурабай ауданында жаңа мешіт ашылды.

Кенесары ауылында ашылған мешіттің имамы Жасұлан Ертехалықтың айтуынша, ғимарат он бес айда салынып бітіпті. 1700-дей тұрғыны бар ауылдық округтің аумағында тұратын мыңға тарта исі мұсылман қауым мешіт құрылысына қолдан келген көмектерін көрсетіпті. Жаңа мешіт түгелдей халықтың өз қалтасынан шығарған қаржысына салынған. Үш бөліктен тұратын мешіттің ерлер намаз оқитын негізгі үлкен залына жүзге тарта адам сиятын болса, әйелдер бөлмесі отыз адамға шақталған. Айта кетерлігі, Кенесары ауылында мешіт жаны-нан таяу болашақта мұсылман дәмханасы да салынбақшы.

Аслан ОСПАНОВ

Ақмола облысы

...ой бөліседі

Қыз – елдің намысы Қазіргі заманда кейбіреулердің әке-шешесі қыздарының

тәрбиесімен айналыспайтындай көрінеді. Қазақ қыздарының намысы тапталып, тіпті ақшалы адам – шетелдік болса, өзін шетелдікке са-тып жіберетіндігі қынжылтады. Талай қара көзіміз қытайыңа, түркіңе тұрмысқа шығып жатыр... Сол түріктердің қыздарын Қазақстанда қазақ жігітімен жүргенін бір көрдіңіз бе? Әлде сол қытайдың бір қызын Қазақстанда қазақ жігітімен жүргенін көрдіңіз бе?

Шетелдегі қандастарымыз «Мен өзім қазақпын, шетелде туып өстім, отбасымызда қыздарымызды тек қазаққа тұрмысқа бердік, не істесең соны істе, тіпті әйнектен секір, бірақ қазақтан басқаға тұрмысқа бермейміз», дейді екен.

Бала кезімнен есімде, кешке анам бәрімізге аңыз, ертегі, батыр-лар жырын оқитын. Әйелдің бала тәрбиесіндегі ықпалы өте зор, дана ақынымыз Абайдың ақындығына Зере әжеміз игі әсерін тигізгені тарихтан мәлім. Бұл заманда әрқайсысымыз өзімізге: «Мен кімді тәрбиелеп жатырмын?» деген сұрақ қойғанымыз жөн сияқты...

Қымбат КЕРЕЙБАЙ

АСТАНА

...пікір білдіреді

Сүйінші хабарға бәріміз қуандық «Егемен Қазақстан» газетінің әр нөмірін асыға күтіп отырамыз,

өйткені барлық саланы қамтып ақпарат беріп отырасыздар. Елімізде болып жатқан оң өзгерістер, орын алып жатқан кейбір келеңсіз жайт-тар, дүние жүзіндегі ақуалдар туралы бас басылымнан оқимыз.

Өңірдегі меншікті тілшілердің өзекті мәселелерді қозғап, сарап-тама жасап жазған мақалалары қызықтырады. Сіздер шекарадағы ауыл, аудандардың ахуалдары жөнінде мәселе көтеріп, газет бетінде үнемі мақала беріп тұрдыңыздар. Үкімет пен жергілікті билік сіздер көтерген мәселеге мән беріп, жақында бұрын жабылып қалған Нарынқол ауданын ашуға шешім шығарыпты, бұл сүйінші хабарға бәріміз қуандық.

Қазір қоғамымыздағы ең өткір де өзекті мәселе – білім сала-сы, мұғалімдердің беделі мен тәжірибе алмасуларын орынды деп санаймыз. Мектептің, мұғалімдердің беделін көтермей барлық саланың болашақта тоқырауға ұшырайтыны бәрімізге белгілі. Білім берумен қатар тәрбие мәселесіне де көп көңіл бөлу қажет. Мектеп басшылығына білімді, жігерлі, тәрбиелі ер-азаматтарды көптеп тартса оқушылар арасында білім алумен қатар тәртіп те дұрысталар еді.

Сүлеймен Мәмет пен Думан Анаштың білім саласы, мұғалімдер мәртебесі туралы жазған мақалаларын сүйсіне оқыдық. Айнаш Есали қарындасымыздың ізденісі, әсіресе қызылордалық фотографтың осыдан 30-40 жыл бұрын түсірген танымал тұлғаларымыздың фотосуреттерін сұрап алып « Егемен Қазақстан» газетіне бастыруы өте әсерлі шықты.

Қабыланбек МЕЙІРБЕКОВ

ТАРАЗ

...ұсыныс жасайды

Әлмерек есімі әспеттелсеАтақты әз Тәуке ханның уәзір дәрежесіндегі билерінің бірі болған

әз Әлмерек жөнінде көп айтылды, жазылды және зерттелді. Міне, сондықтан 2001 жылы оның ескі қорған бейітінің үстіне жаңа кесене салынды. Қазір бұл жер адамдар келіп зиярат етіп, Алла тағаладан жақсылық тілейтін қасиетті орынға айналған.

Хандық дәуірдегі атақты «Жеті жарғыны» қабылдаған әз Тәуке ханның «Хан кеңесіне», «Билер кеңесіне» және «Молда-ишандар мәслихатына» қатысып, сол заманның мемлекеттік маңызы бар мәселелері жөнінде әз Әлмерек өз ойын ашық айтып отырған. Ал Түркістандағы екінің бірі бас сұға алмайтын «Хан мешітіне» Әлмеректің кіріп, намаз оқып, халқы үшін Құдайдан тілек тілеп, мінәжат етуі – оның «Әулие би» дәрежесіне көтерілгенін дәлелдейді.

Албан еліндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің көсемдері Ұзақ, Әубәкір, тағы да басқалар Әлмеректің батыр ұрпақтары еді. Әлмерек тарихи тұлға, жоңғар шапқыншылығына қарсы қол бастаған батыр, аты ел ұранына айналған қасиетті кісі ретінде ұлттық энциклопедияға кірген. Міне, сондықтан осыдан біраз жыл бұрын Әлмерекке Алматы облысындағы бір ауданның атын беріп, оған ескерткіш орнату жөнінде бастама көтерілді. Олай болса осындағы тау бөктерлері Әлмеректің жаз жайлауы болған Еңбекшіқазақ ауданының атын Әлмерек деп өзгертсе құба-құп болар еді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белгілі тұлға, әулие абызға аудан аты беріліп, оған ескерткіш орнатылып жатса бұл бір айтары жоқ игілікті іс болар еді.

Ораз ҚАУҒАБАЙ,жазушы

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Әскери қызметшілер қан тапсырды––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Талдықорған гарнизонында 100­ге жуық әскери қызметші «Мен – донормын!» акциясы шеңберінде Алматы облысының қан құю орталығының тұрақты донорлары атанды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ІЗГІЛІК ИІРІМДЕРІ

ЖҰЛДЫЗДАР ЖАРЫҒЫ

Өнері – өнеге, болмысы – үлгі

ҚОҒАМ

Елдігіміздің ең басты бақыты – тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін 26 күннен соң 1992 жылдың 10 қаңтарында ІІМ Ішкі әскері құ рыл ған болатын. Сол уақыттан бері әскеріміз еліміздің айбыны-на айналып, елмен қатар дамып, жетіліп келеді.

Кеңес Одағы ыдыраған қысыл таяң уақыттың кері әсері қорғаныс саласына да тиді. Алайда осындай қиындық тарға қарамастан, құқық тық тәртіп әскері өзіне жүктел ген маңызды міндеттерді табан дылықпен атқара білді. Мысалы, 1992 жылы елдегі қылмыстық ахуал -ға қарамастан, қоғамдық тәр -тіп ті бұзған тоғыз мың аза-мат ішкі істер органдарына жет кізіл ді. Айдауыл бөлімдері 55 түзеу мекемесін, арнайы әскери бөлімдердің әскери қызметшілері өмірлік маңызы зор мемлекеттік нысандарды, оның ішінде Маң ғыс тау энер-гокомбинатын, Үлбі метал-лургиялық зауытын, Семей ядролық полигоны және басқа-ларын өз күзетіне алды.

«Біздің үйіміз Кеңес Одағы» деп ән салған талайлар өз тари-хи отан дарына қайта бастады.

Олар дың қатарында тұрақты-лық тың негізі болған Ішкі әскер офицер лері де бар еді. Тек қана 1992 жыл дың 8 айында 396 офи-цер өз ел деріне көш ті. 1993 жылы 210 офи цер ал дың ғы лардың соңынан ерді. Біз оларды кінә-лаудан аулақ пыз. Өзіміздің де сар дарларымыз елімізге оралып жат ты. Туындаған қиын жағдай жауын герлердің табандылық та-нытып, Отанға деген қызметтің озық үлгісін көрсетуіне кедергі болған жоқ.

Былтырғы жылдың ақпа-нын да Алматыда өткен 28-ші Бүкіләлем дік қысқы Уни вер-сиада ойындарында, ал мау сым айынан бас тап елорда төрінде өткен ЭКСПО-2017 халық ара-лық көрмесі кезінде қауіп сіз-дікті қамтамасыз етуге Ұлт тық ұлан жауынгерлері өз үлестерін қосты. Ха лық аралық шараға 2 610 ұлан дық әск ери қызметші қатысты. Ұлт тық ұлан ның «Оңтүстік», «Шығыс», «Ба-тыс», «Орталық» өңір лік қол-бас шы лық тарынан жауынгер-лер келіп, Астана көше лерінің тыныштығын қамтамасыз етті. Соның нәтижесінде 142 патруль-дік қызмет атқарылды, 137

бұқара лық, мәдени-көпшілік ш а р а л а р д ы ң қ а у і п с і з д і г і қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, қылмыс жаса ған 42 күдікті қолға түсіп, 2 991 азамат әкім шілік құқық бұзғаны үшін ішкі істер органдарына жеткізілді.

Жалпы, 2017 жылы Ұлттық ұлан жауын герлері 121 түрлі бағыт тағы оқу-жаттығуға қатыс-ты. Оның ішінде 10 халық ара-лық, 7 респуб ликалық деңгей-дегі шаралар бар. Өткен жылы Ұлттық ұлан әскери бөлімдері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бо йынша 3 361 патрульдік тапсырма, қара уыл-дық қызмет бойынша 5 892 тап-сырма, маңызды мемлекет тік нысандарды күзету бойынша 5 911 тапсырма орындады.

М е м л е к е т б а с ш ы с ы Н.Назарбаев т ың «Болашаққа бағ-дар: рухани жаңғыру» бағдарла-малық мақаласының еліміздің болашағы үшін маңызы зор деп білемін. Кеше мен бүгініміз тоғыс қан аталған мақалада бола-шаққа бағдар беретін дүниелер көп. «Пат риотизм, Отанды сүю туған отба сы мен туып-өс кен өңіріңнен бас та лады. Біз кіші Отанымыз ар қылы бү кіл Қазақ-станды сүйе міз», дейді Мем-лекет бас шысы. Отан ал дын да-ғы боры шын атқа рып жүрген жанғ а бұдан артық түсін діру дің қа же ті жоқ. Өйткені Ұлт тық ұлан жауын герлері патриотизм мен ел жан ды лықтың үлгісін көрсетіп келеді.

2009 жылдан бері Ұлттық ұлан ел аумағындағы әскери бө-лім дер дің барлығында «Менің елім – Қазақ стан», «Ата заң-ға адалмыз», «Офицер – ерлік маман дығы», «Біз – Ұлы Жеңіс-тің мұрагерлеріміз», «Құ қық -тық тәртіп күзетінде» тақы рып -тарында ақпараттық-наси хат тық топтардың жұмы сын қайта жан -дан дырып келеді. Оның аясын-да өңір лерде Ұлт тық ұланның ән-би ан самбл і нің ұйыт қы бо-луымен 300-ден аса кон церттік бағдарлама көрсетілді.

Сондай-ақ Ұлттық ұланда «Елбасы саба қ тары» деген атау-мен жаңа жо ба, пат риоттық бағыт тағы жаңа іс-шара қолға алынып отыр. Бүгін де бұл сабақ-ты құқық тық тәртіп әскер лері н-ің бар лық құры лымдық әскери бө лім дерінде өткізу дәстүрге айналуда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегия-лық бағдарламасында елімізді дамы ған 30 елдің қатарына қосу бағыт ын дағы биік меже, үлкен мақсат қойды. Маңызды миссия ны орындау барысын-да Ұлттық ұлан – мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігінің ажы-рамас бөлігі, тәуелсіздіктің мәңгі қорғаушысы бола бермек.

Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ,Қазақстан Республикасы

Ұлттық ұланыбас қолбасшысы,

генерал-лейтенант

Тәуелсіз елдің ішкі қуаты – Ұлттық ұлан––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Биылғы жыл құқықтық тәртіп әскері үшін үлкен қуанышты оқиға мен бастау алды. Ел Үкіметі нің Қау лы сы мен 10 қаңтар – Қазақстан Респуб ли ка сының Ұлттық ұланы құрылған күні мерекелік даталар тізіміне енді. Дәл осы күні құқық тық тәртіп әскері өзінің 26 жыл дығын қалыптасқан дәстүр бойынша атап өтуде. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 6: Мемлекет басшысыны •аза“стан хал“ына Жолдауына …Крол дың Қазақстан Респуб лика-сы мен АҚШ арасындағы

6 10 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛТӘЛІМ

АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ...

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан»

Бүгінгі мектеп қабырғасында тұлымы мен айдары желбіреп, білім алуға құштар болып құлды­раң дап жүрген ұрпақ – еркін елдің ер теңі. Олардың білімі мен тәлім­тәр биесіне қоғам да, аға буын да жау апты. Осы орайда таяуда білім бе ру ұйымдарының қатысуымен «Бі лім беру мазмұнын жаңартудың маңыздылығы» атты семинар­кон­ференция өтті.

Конференцияға ұйытқы болған «Қазақстанның білім және ғы­лым әлемі» республикалық жур­налының бас редакторы Дина Орын бекқызы Елбасы Нұрсұлтан Назар баевтың Қазақстан халқына Жол дауы және «Болашаққа бағ дар: ру хани жаңғыру» атты мақа ла сы­ның аясында атқарылып жатқан іс­шаралардың ішінде білім беру саласындағы мәселелердің де алар орны бар екенін, заманға сай білім беру мазмұнын жаңарту тиімділігі туралы әңгімеледі.

Атырау қаласының мектеп ди­ректоры Айнагүл Бөлекова мен­ед жменттегі іс­тәжірибесімен бө­ліссе, Астана қаласы мектеп­ли­цейі директорының ғылыми­әдіс­темелік жұмыс бойынша орын­басары Зәмзәгүл Кенжеахметова бі лім мен тәрбиені қатар өрбі те ­тін ұлттық педагогиканың ма­ңыз дылығын, оның ұлттық құн­ды лықтарды дәріптеудегі орны мен ұлттық кодты танудағы

қай та ланбас рөлі туралы айта ке­ліп, нақтылығы мен тиімділігі жоқ көптеген бағдарламаларға қа рағанда «Жеті қазына» сияқ­ты мектеп оқушыларының жас ерек шеліктеріне қарай тү зі лг ен бағдарламаларды ұсы ну дың өзек ­тілігін жеткізді. «Бү гін гі ұлт тық пе­дагогика «ша қы рыл ма ған қо нақтың сы пы рыл ма ған жер ге отыр ғаны» сия қты күн кешу де. Өзі міз оны төрге шы ғар ма сақ, сы рт тан ешкім оны дә ріп темейді», де ді ол.

Сондай­ақ белгілі қоғам қай­рат кері Оразгүл Асанғазы да осы та қырыпты жалғастырып, елін, же рін, тілін, ділін мақтан тұта­тын ұрпақты оқытатын да, қа лып­тастыратын да жауап ты тұл ға мұ­ғалім екендігіне назар аударды. Мәң гілік ел болуға апаратын бірден­ бір жол – қазақтың төл мәдениетін тану мен оның бай ана тілінде білім алу, содан кейін өзге тілді меңгеру екендігін айтты. Жиында Қазақстанның әр түкпірінен кел­ген білім беру ұйымдарының өкі л дері Астана қаласының №70 мек теп­лицейінде ашық сабақ өт­кі зіп, өткізген сабақтарға талдау жа сады. Осылайша, мұғалімдер өзара тәжірибе мен пікір алмасты. Семинар­конференцияда сонымен қа тар қазақ тілін біртіндеп латын әліп биіне көшіру жұмыстары және оның ыңғайлы жолын қарастыру жайы қозғалды. Алматы қаласынан ар найы келген филология ғы­лым дарының кандидаты Анар Фа зылжанова аталған мәселені

ғы лы ми тұрғыдан қарастырудың қа жеттілігіне тоқталды. Осы ретте ла тын әліпбиіне көшуге байланыс­ты Қуантқан Ванов өзіндік зерттеу жұмыстарымен таныстырды.

Мазмұнды басқосуда білім беру ұйымдарының бірқатар қыз­мет кері «Үздік автор» және «Білім көш басшысы» төсбелгілерімен, басқа да марапаттармен марапат­талды.

Жиырмасыншы ғасырдың ба сын дағы ұлт зиялыла­ры сияқты бүгінге дейін та­лай өкінумен келдік. Олар «Ай,қап!» деп қынжы луы­мыз дың соңы болсыншы де­ген оймен «Айқап» журналын шы ғарған еді. Бірақ арада бір ға сыр өтсе де, өткеннен са бақ алмай келеміз. Қайда да біт­пейтін қателік. Соның ішін де сыннан арылмайтын бі лім са­ласы да бар.

Бір жыл бұрын оқушы лар­дың пән олимпиадасы елімізде бір күнде болмай, өңірлерде екі күнге бөлініп өтті. Сөйтіп, бі­рінші турдың материалдарын білім сайысы ертесіне өте­тін жерлер интернеттен бі ліп отырды. Биыл сол қателік тү­зетіліп, республиканың бар лық жерінде дерлік бір уа қытта бол ғанына қуандым. Де ген­мен, ең дұрысы, олимпиада тап сырмаларының үш­төрт нұс қасын дайындау. Нағыз шы найылық сонда ғана бола­ды. Яғни, пән олимпиадасы объек тивті себептермен бұрын, не кейін өткен облыстардың материалдары бір­біріне ықпал ете алмайды.

2016 жылы біздің аудан­да оқу шы ларды олимпиадаға алып ке ле жатқан көлік жол­дан тайып, әйтеуір, арты жақсы болған еді. Былтыр білім бөлімі содан сақ танып, олимпиаданың екі кезеңін де бір күнде өткізді. Бірақ, олимпиаданы бір күн кеш бастағандықтан оқушылар ға­ламтордан І турдың жауабын біліп алыпты. Бүйтетін бол­ғасын кешіктірмей, бүкіл ел­дегідей бір мезгілде бастау ке­рек емес пе?! Екі кезеңді бірдей өт кізу оқушыларға салмақ тү­сіреді. Бір күнде екі турдың тап сырмаларын тексеріп шы­ғу да қиын. Әсіресе, І тур­ды таразы лау үлкен жау ап ­

кершілікті қажет етеді. Кей бір деңгейлес жұмыстарды мұ ­қият талдай түсу қажет. Ко­мис сия төрағасының барлық жұ мыстарды бір қарап өтуіне тағы уақыт керек. Қалай деген­мен де асығыстық жақсылыққа апармайды. Қысқасы, екі тур­ды екі күнде өткізу жоғарыдан дұрыс ойластырылған.

Өткен жылдан бері құқық негіздері пәнінен аудандық оли м пиадада комиссия төра ға­сы болып келемін. Сонда бай­қа ғаным, биылғы материал дар бұрынғыдан біраз жеңіл кө­рін ді. Әрине, олимпиаданың тап сырмалары аса жеңіл бол­сын деп отырған жоқпын. Қа­зіргі кезде мектепте «Құ қық негіздері» пәні жеке оқы тыл­майды. «Адам. Қоғам. Құ­қық» деген пән 9­10­сынып­тарда 9 сағат, 11­сыныпта 5 сағат қана оқытылады. Сол та қырыптардың өзі аз өз ге­рістермен қайталанып бе рі­леді. Сондықтан бірінші тур­дың тапсырмалары күрделі бол маса деймін.

«Қазақстан тарихы» пәні­нен 11­сыныпта б ір інші кезең де «Қала мәдениеті, археология мен өнер» деген тақырып бол ды. Негізі ар­хеология емес, арх итектура болуы керек еді. Оқу шылар солай деп, дұрысын жаз­ды да. 9­сыныптың екінші кезеңнің басқатырғышында шым­шытырық араласып кет кен әріптердің ішінен бір ар тық әріпті алып тастап, тари хи тұлғалардың атын, не те гін табу керек болатын. Оқу шылардың дені біле тұра қа те лесіпті. Өйткені, орында­лу шарты қазақша болғанмен, тап сырманың өзі орысша нұс­қа сымен беріліпті. Құзыретті кі с ілердің жауапкершілігі қай да сонда? Басқатырғышты қ ұ р а с т ы р у ш ы л а р м ұ н ы

не ге ойламайды? Әлде әдейі оқушылардың «басын қа­тырғысы» келген бе?! Неге ай налып келгенде оқушылар залал көруі тиіс?!

Олимпиада – нағыз білім ді­лер дің сайысы. Демек, қазылар өзіне артылар сенімді сезінуі тиіс. Соны кейбіріміз толық тү сініп жүрмеген сияқтымыз. Бір де өзімнен кіші бір інім мы­наны айтты. Оқушы кезінде ау дан дық олимпиадаға қа­ты с қанында комиссия құра­мын дағы жетекшісі «сәлден кей ін сыртқа сұран», дейді екен. Сосын жауап жазылған па рақты беретін болса керек. Оқу шылар былтырғы аудан­дық олимпиадада да бір ма­те матиктің оқушысына «кө­ме гінің» байқалып қалғанын әң гімеледі. Бұлай етсек, жас ұр пақты жолдан тайдырып, өті рікке үйретеміз. Шынайы бі л імді жастың тауын шағып, талабын қайтарамыз. Сонда не үшін? Кем күнгі мақтан үшін бе? Арзан атақ үшін бе?

Жарықтық шәкірттеріне «не істесеңіздер де таза қолмен іс теңіздер», деп әр сабағы­ның алдында қолын жуатын Ыбырай атамыз еріксіз есі ме түседі. Ы. Алтынсарин 1864 жылы мектеп ашты. Сол жа ­ңа лықты орыс достарына қуа­на хабарлаған хатында жас ұр пақтың парақор, өті рі к ші бо лып өспеуі үшін ал ғаш қы күн нен имандылық пен адам­гер шілік тәрбиесіне баса кө ңіл бөліп отырғанын жазған. Бұл кезде Ыбырай 23 жаста ғана болған. Ал, біз не істеп жүрміз? Ойланайық...

Серік ЗИЯТОВ,Бұлан орта мектебі

тарих пәнінің мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы

Бүгінгі жаңартылған білім беру жүйесінің талабы баланың ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, за­ман талабына сай ойлау жүйесін жүйрік етіп тәрбиелеу екені белгілі. Осы ретте баланы да­мытуда ойынның, кәдуілгі балалар ойынының әсері мол екенін айтқым келеді.

Бұл жобада ойын балалық шақтың таби­ғи серігі, қуаныш сезімінің қайнар көзі бол­ған дықтан жаңа технологияларды негізге ала отырып, қазіргі заман талабына сай өзекті мә се лелер қарастырылып отыр. Яғни, бала айналаны бақылағанда көрген, таныған және қабылдаған дүниелерін ойын арқылы бейне­леп көрсетеді. Сондықтан күндегі көзқарас бойынша бала ойынын әшейін бір ермек деп ұғынбаған жөн. Ойын – бала үшін толай­ым еңбек әрі үздіксіз оқу. Өйткені сыртқы дүниеден қабылдаған білімдік ұғымдар ойын нәтижесімен тиянақталып, тұрақты әдетке ай­налады. Балаға ойын арқылы берілген білім мен тәлім­тәрбие дамытушылық мәнге ие бо­лып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпал етеді.

Ойынмен берілген білімнің маңызын жоғары бағалаған көрнекті педагог Антон Макаренко «Ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың және қызметтің маңызы қандай болса, бала өмірінде ойынның маңызы сондай зор» дейді. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеуді ең алдымен ой­ыннан бастаған ләзім. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыруға, осылайша,

жеке тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады. Ойын барысында балалардың білімі тереңдей түседі, жаңа әдіс­тәсілді, жаңа білімді игереді. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есінде сақтайды. Балалар ойын үстінде алға қойған мақсатына тез жетеді. Сондықтан ойын арқылы берілген білімнен бала түсінігіне, жеке бастың дамуына және баланың психикалық дамуына ойынның әсерін және әлеуметтік қарым­қатынас мектебі екенін бағамдауға болады.

Ойын арқылы баланың сөздік қорын да­мытуда ауызша сөйлеу машығы өзгереді, та­ным белсенділігі қалыптасып, ақыл­ой процесі жетіледі, түрлі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Әртүрлі ойындарды ұйымдастыра оты­рып, балаларды бір­біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, достық, бауырмалдық, орта­ны сыйлау сезімдеріне тәрбиелеуге болады. Сондай­ақ кімде­кім баланың тілдік қабілетін да мытқысы келсе, ең алдымен оның ойлау қа­білетін дамытуы тиіс. Бұдан түйеріміз ойын ға талпынып тұрған баланы тыя берудің қа жеті жоқ. Керісінше, бала ойынын мазмұнды ұйым­дас тыру жақтарын ойластырған абзал.

Сәуле СМАШОВА,№1 Затобол орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі

Қостанай облысы,Қостанай ауданы

Білім беру мазмұнын жаңартуды талқылады

«Үйрене алмаған ұстазынан көреді»Халық мақалы

ОЙЛАСУ

«Қазақ жаманы орыс болмас» деуші еді әжем бала кезімде. Сонда ба лалықпен осы сөздің мағы на сы на мән бермеуші едім. Жай, ән шейін айта салған сөз шығар деп ойлайтын­мын. Содан бері елу жыл дай уақыт өтіп, әжем өмірден оз ғалы көп болса да, кейбір сөздері жа дымда сақталып қалыпты. Ен ді өзім де сол әжемнің жасына жеттім. Бір кезде түсінбеген сөз дің мағынасын енді ғана біліп жүр мін. Хәкім Абай «Жиырма бе­сін ші қара сөзінде»: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. ...Сен оның тілін білсең, көкірек кө зің ашы­лады. Әрбіреудің тілін, өне рін білген кісі оныменен бір дей лік дағуасына кіреді...», деген екен. Олай бол­са, әжемнің де «орыс болу» дегені орыстың ті лін, мәдениетін білген адамның озық ойлы, мәдениетті саналатынын білдіреді екен. Ал «қазақтың жа маны» ондай дәрежеге жете ал маса керек. Сонда шығатын қо рытынды: өзгелерден озық бо­лу ың үшін қазақтың жақсысы бо­лу ың керек. Ал «қазақтың жақ­сы сы» кім? Ол өз ұлтының ті лін, мә дениетін жақсы білетін, сал ты мен дәстүрін қадірлейтін қа зақ бол­с а керек. Демек, әуелі өз ұл ты ң ­ ның төл құндылықтарын игеріп ал­ғаннан кейін ғана «орыс болуды», яғни өзгеден озық болуды ой ластыру керек екен.

Бұл жерде менің айтайын деге­нім, әжемнің – қарапайым қазақ әйе лінің көрегендігі. Ол осыдан жарты ғасыр бұрын­ақ кейін кей­бір қазақтардың орысша оқып, бі лім алып, өзінің ана тілінде сөй­лемей, тек қана орыс тілінде сөй­лейтінін білгендей болып кө рі неді. Олар өз ойын ана тілінде жет кізуге қиналады. Себебі, сөздік қо ры кедей, қазақша ойлауға бей ім­делмеген. Ең өкініштісі, туған ті лін білмегеніне намыстанбайды, қайта өзге ұлттың тілінде сөй легенді үлкен дәреже көреді.

Біздің бала кезімізде еліміздегі бар лық ұлттың өкілдері өз балала­рын жаппай орыс мектебіне берді. Қазақ тілінің өрісі тарылуына байла нысты ғасырлар бойы қа­лып тасып, орнығып қалған ұлт тық

са лт­дәстүріміз бен әдет­ғұ рып та­рымыз бірте­бірте ұмыт бола бас­ тады. Оған көптеген нақты мы­сал келтіруге болады. Мен оның біреуін ғана айтпақпын. Біздің жас кезімізде жеңгелеріміз бізге ат қоюшы еді. Ол ағайын­туыстар арасындағы ерекше сыйлық пен бауырға тартудың үлгісі болатын. Қазір өкінішке қарай, осындай тама­ша салтымызды көре алмай жүрмін.

Ал, жаһандану заманында ана тіліміз – қазақ тілі мен орыс ті лі­нен басқа, ағылшын тілін білу дің қа жеттілігі туып отыр. Бұл заман та лабы және оған ешкімнің де қар­сылығы жоқ деп ойлаймын. Алай­да мектеп оқушыларына ағыл шын тілін меңгертуде мен мүл де тү­сінбейтін, тіпті мүлде ке ліс пей тін істердің жүзеге асып жат қаны қат­ты ойлантады. Мен қа зір зейнет де малысында мын. Бұ рын жиырма жылға жуық мектеп директоры бо­лып қызмет істедім. Шет тілін, менің ойымша, мектепте 5­сыныптан бас­ тап оқытқан дұрыс. Ал бірінші сы­ныптан бастап оқы ту мүлде қате. Физика, инфор ма тика, биология және химия пән дерін ағылшын тілінде оқыту де ген бос әурешілік. Назарбаев зият керлік мектептерінде және қа зақ­түрік лицейлерінде шет ті лін оқыту көздеген нәтижені бе­реді. Себебі, оларда оқу база сы мен білікті мамандар бар. Оның үстіне ол оқу орындарына тү се­тіндер – іріктелген дарынды бала­лар. Ал жаппай барлық мек тепте жекелеген пәндерді ағыл шын тілінде оқытудан ешқандай пай да таппай­мыз. Әуелі сол пән дерді оқушының ана тілінде мең геру нәтижесі қандай екен, бағ дар ламалық талаптар толық орындалып жатыр ма екен? Осыларды нақты зерделеуіміз ке­рек. Оқушының білімі мен дағ­дысы стандартқа сай келмеуі де мүм кін. Өйткені бағдарламалық та лап деңгейінде білім беру үшін мұ ғалімнің тиісті білімінен басқа, оның осы мақсаттағы табанды да қа жырлы еңбегі қажет. Ал пән мұғалімі шет тілінде оқытумен әлек болып жүргенде жоғарыда атал ған бағдарламалық талаптар­ды қамтамасыз ете алмауы әбден

мүм кін. Бұл оңайлықпен бола қалатын нәрсе емес. Оның үстіне алдағы уақытта оқушылардың ки­риллицадан латын әліпбиіне көшуі қосылып, оқушы еңбегін мүлде қиындатып жібереді. Осы орай­да, салыстырмалы түрде мы на жағдайды алып қарайық. Орыс сы ныптарында қазақ тілі оқы­тылады. Қазақы орта бар. Ма ман­дар жеткілікті. Бірақ соған қара­мас тан, қазақ тілі мемлекеттік тіл болса да, күткен нәтижеге ондаған жылдар бойы қол жеткізе алмай келеді. Осыдан он бес жыл бұрын орыс мектептеріне арналған қазақ әде биеті оқулықтары тек қана қазақ тілінде басылып шықты, мек тептерге таратылды. Бірақ мек­тептер оны балалардың білімі мен қабілетінің төмендігінен пайда лан­бады. Кітаптарды шығаруға қан­шама қаражат босқа жұмсалды. Қа­зіргі уақытта да мұғалімдерді ағыл­шын тілін үйретуге бірнеше ай лап курстар өткізілуде. Ол ку рс тардан өткен мұғалімдер ба ла ға үйретпек түгіл, өзі де үй ре ніп шықпайды. Сондықтан оған жұм салған мол қаржы да жел ге ұш қанмен бірдей болады. Өйт ке ні жекелеген пәнді ағылшын ті лінде оқытатын бір­екі мұғалім оқу шыларға ағылшын тілінде талап деңгейінде білім беріп шығуы мүм кін емес.

Бұрын өмір тәжірибесінен «Қазақ жаманы орыс болмас» де­ген мәтел пайда болғанын айтып өттім. Енді бірнеше жылдан кейін «Алаш жаманы ағылшын болмас» деген мәтел де тілдік қорға еніп кете ме деп алаңдаушы едім. Алайда он­дай ұғым қалыптаса қой мас. Себебі ағылшын тілін же келеген адамдар меңгергенмен, ха л ықтың жаппай, орыс тілін біл ге ніндей, үйреніп кетуі мүмкін емес. Ал таңдаулы кітаптарды қа зақ тіліне аударып, көптің игі лі гі не ұсыну әрине, тиімді әрі толық қол дауға тұратын дүние.

Серік САТЫБАЛДИН,Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі, Лебяжі ауданының құрметті азаматы

ПАВЛОДАР

Оқытуда олқылық болмауы тиіс

Адалдық жолынан айнымайық

Ойнатып отырып ойланту

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

Page 7: Мемлекет басшысыны •аза“стан хал“ына Жолдауына …Крол дың Қазақстан Респуб лика-сы мен АҚШ арасындағы

10 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 7КӨКЕЙКЕСТІ

ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЖАРШЫСЫ БІРІНШІ БАЙЛЫҚ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елімізде адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ) жұқтырғандар саны азаймай тұр. Бұл аху ал дың басты себептері мен ат қарылып жатқан ша ра ларға қатысты респуб ли калық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас ди ректоры Бауыржан БАЙСЕРКИНМЕН әңгіме өрбіткен едік. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ДЕНСАУЛЫҚ

– Бауыржан Сәтжанұлы, қазір неге елде ВИЧ инфекция­сы дендеп тұр? Бұл вирус көбі­не се қандай жолдармен жұғуда?

– ВИЧ инфекцияның өсуі – бүкіл әлем дік жағдай. Жалпы, жаһанда ВИЧ-тің таралуы азай-ға нымен, ол Шығыс Еу ропа мен Ор талық Азияда өршіп ба р а ды. Ал дағы он жылда бұл ахуал өзгере қой майды. Көптеген елдер ВИЧ эпи де мия сын тұрақтандыру үшін бел сен ді шаралар қабылдады. Оның ішінде ВИЧ-тің алдын алу, анықтау, емдеу, зи ян дылығын төмен дету мәселелері бар. Қазақ-стан да ВИЧ жұқтырған 20556 адам тіркеуде тұр. Соңғы бес жылда бұл сан 1,5 есеге көбейді. Со ның ішінде жы ныстық жолмен жұқ-тыру тұрақты үрдісі бай қалады. Бү гінде ВИЧ жұқтырып алу қаупі жо ғары топқа инъекциялық есір-ткі қолданатындардың жыныс тық се рік тес тері ғана емес, жы ныстық қыз мет көр се тетін әйел дердің клиент тері, яғни ер-аза маттар, сол еркек термен жы ныстық қа ты насқа тү сетін ер кек тердің серігі мен әйел дері, ком мерциялық жыныс қа ты на сы мен айналысатындардың кли ент те рінің жұп тары немесе кез-де йсоқ жыныстық қа ты насқа тү-сетіндер және түрмеде отыр ған дар жатады. Қысқасы, ВИЧ жұқ ты рып алу тәуекелі жоғары топтың тізімі мұнымен шектелмейді. Демек, оған абайсызда кез келген адамның шалдығу қаупі бар.

Сондықтан да СПИД қызметі қоғамның ВИЧ-ке осал топта-рын белсенді түрде тестілеуден өткізіп отыруға тырысады. Бұл, әрине ауру ды асқынбай тұрғанда анықтап, антиретровирустық те-рапияны (АРТ) ертерек бастауға мүмкіндік береді. Бұл ВИЧ-ин-фек циясы бар науқасқа оның бел-гілерін көпке дейін басып, ұзағы рақ өмір сүруіне септеседі. Дегенмен, ел де гі ВИЧ эпидемия сын тежеу үшін оны жұқтырып алғандардың 90 пайызы анық та луы қажет. Және бұл адамдар АРТ те ра п иясын қабылдауы тиіс. Осындай жағ -дайда ғана адам қанындағы вирус өте тө мен деңгейде болады және басқаларға жұқ пайды.

Мәселен, жуырда біздің ма-м а н д а р В И Ч ж ұ қ т ы р у д ы ң

ық ти малды мерзімін анық тауды үй ренді. СПИД орталығының зер т ханасында сынақтан өткен әдіс тің ал дын ала нәтижелері ай-тар лықтай. Мы салы, ВИЧ-ті қай кез де және қандай жол мен жұқ-тыр ғаны анықталмаған 61 науқас тек серілгенде, оның 90 пайызы бір жыл және одан да көп уақыт бұ рын (1 жылдан 5 жылға дейін) жұқ тыр-ған болып шық ты. Тек 10 пайы-зы соңғы 9 ай ішінде жұқ тырған. Мұның өзі тұрғындарды тексе-руден өткізуді барынша белсенді жүргізу қажет дегенді білдіреді.

– Елді ВИЧ инфекциясының бар екен дігінен барынша сақ­тан дырып, қауіп ті қалайша ұда йы қаперіне салып отыруға бо лады? Бізде ол тек бел гілі бір топ тардың ғана ауруы деген тү­сі нік қа лып тасқан... Өздігінше ке ліп тек се рі ліп отыратындар ма?

– Адамдар өзінің ВИЧ-статусы-нан ада екенін біліп жүруі үшін кемі жылына бір рет тест тапсырып отыруы тиіс. Тест сараптама ла-ры көрсеткендей, жаңа дан анық -тал ған оқиғалардың жарты сы бұ рын ешқашан ВИЧ-ке тек се-ріл мегендер. Бұл көбінесе ер-аза-мат тарға қатысты. Олар әйел-дерге қа рағанда дәрігерлерге аз қа ралады. Біз осы қауіпке бей ім деп есептелетін 25-35 жас ара лы-ғындағы барлық ер-аза мат тар -ды тек серуден өткі зу ді ұсын ған -быз. Бұл ВИЧ-инфек ция сын ер те бас тан анықтап, де мо гра фия лық жағдайды сауықтыруға ай тар -лықтай ықпал етеді. Және тестілеу жөніндегі мұндай науқан үш жыл сайын жүргізілуі керек. Сонда ВИЧ-статусын білмейтін нау қас кемде-кем болушы еді. Қа зір әр-б ір бесінші отандасымыз ғана өз денсаулығының жайы нан ха бар-дар. Біздер қалған «төртеуін» тес-ті леуден өткізу үшін кез келген қа лада барлық мүм кіндікті ұсынып отырмыз. Бұл үшін қолдағы барлық тәсілдерді – мемлекеттік емхана-лар, МӘЖ немесе аутсорсинг арқылы пайдалануымыз қажет.

Дегенмен дәрігерлердің мін-дет ті түрде ВИЧ-ке тексеріліп оты-ру ға тиісті осал топ тарға аяғы жете бер мейді. Экспресс-тес тілерді үкі-мет тік емес ұйымдарда өткі зуге,

со лардың көмегі ар қы лы инъек-ция лық есірткі қа был дайтындарды ме дицина меке мелеріне жетелеуге бол ады. ВИЧ-ке экспресс-тес тілеу бойын ша ҮЕҰ базасын да екі об-лыс орталығында қанатқақты жоба жұмыс істеп жатыр.

– Салыстырмалы түрде ал­ған да Солтүс тік Қазақстан об­лы сында ВИЧ­тің өсу статисти­касы белсенді сипатқа ие екен. Бұл немен байланысты?

– ВИЧ инфекциясы бұл өңірде парентеральдық, яғни есірткіні тамырға егу арқылы таралуда. Бұған анықталған жағдайлардың 77 пайызы тиесілі болса, салыстыр-малы түрде алғанда қалған 29 пай-ызы бүкіл Қазақстанның үлесінде. Бүкіл елімізде парен теральдық жолмен ВИЧ жұқтыру төмендеп отыр ған кезде, тек Солтүстік Қазақстан облысында мұндай 98 оқиға тіркелді.

Солтүстікте ВИЧ инфек ция-сы ның бе лең алуына есірткі тү-рі нің өзгеруі кесі рін ти гізуде. Соңғы уақытта бұл аймақта ге-рои н мен бірге синтетикалық есір-ткі нің жа ңа түрі немесе «тұз» («соль») пайда болды. Өкі нішке қарай, есірткінің бұл түрі тыйым са лынған заттардың тізіміне кір-мей ді. Со н дықтан да интернет пен элек тронды әмия ндар арқылы, бас-қа жолдармен де сатылып жатыр.

Бірінші кезекте «тұзға» тәуел-ді лік ке жас тар ұшырауда. «Тұз» есір ткісі – химик тер жуырда жа-са ған, жастардың психи ка сына, ден саулығына орасан зор кесі рін ти гізіп жатқан зауал. Оны қа был -да ған дар дың барлық ағзасы за қым-да нады. Мета мфе та миндер сияқты мұндай синтетикалық ка тиондарды

қолданатындар адам ретінде тез азып-тоза бас тайды. Және біліп, болжап бол майтын психогендік дертке шалдығады. Оның әсер ету у ақыты 2 са ғатқа дейін ғана қысқа бол ғандықтан, тәу лігіне 10-15 рет пай даланылады. Есірткі қол данатындар жал ғыз «тұзбен» шек теліп отырған жоқ. Олар оны басқа есірткілік заттармен, кө бі-не се героинмен қоса пайдалана-ды. Нашақорлардың денсаулығы үшін оның зияны әлдеқайда жо-ғ а ры. Егер осы аймақта есірткіге тәу елді адамдар үшін алмастыру терапиясын жүргізетін бекет тер жұ мыс істесе, айтылған жағ дай-лар орын ал мас еді. Бұл жерде ВИЧ инфекциясын жұқ тыру оқи-ға ларының алдын алуды бы лай қой ғанда, есірткіні алмастыру те -ра пиясының экономикалық жа ғы-нан ар тық шылықтары бар. Бірақ ме тадондық те ра пияға қарсылар мұндай жағдайлар ту ралы жақ аш-пай отыр. Ал жастар есірткінің жа-ңа түрлеріне тәуелді болып, ессіз жағ дайда ВИЧ инфекциясының та ралуына үлес қоса бастады.

Біз өз тарапымыздан эпи де-мия лық жағ дайды тұрақ тан дыру үшін мемлекеттік ор га н дардың жұ-мыстарын үйлестіру мақ сатында Сол түстік Қазақстан облысын да өңір лік ведомствоаралық штаб құ-руға бастама жасадық. ВИЧ ин фек-циясының алдын алу шараларын күшейту бойынша жоспар жасал-ды. Облыста профилактикалық жұ мыс тар белсенді атқарылып отыр. Дә рі герлер мен волонтерлер мек теп оқу шы лары мен студент-тер арасында ақпа рат тық-ағарту жұмыстарын жүргізуде.

– Ал енді ВИЧ жұқтырып

алған дар дың жағдайы қалай болмақ?

– Қазақстан Орталық Азияда 2009 жылдан бері мемлекет есебінен науқастарды антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етеді. Біздің науқастар оны тегін ала-ды. Осының арқасында соңғы он жылда ВИЧ-пен өмір сүріп жат-қан дардың өлім-жітімі 2,5 есе азайды. Бұл АРТ терапия сы мен ВИЧ-тің алдын алу жұ мы сы ның нә тижесі. Негізі ВИЧ-пен өмір сү ріп жат қан дардың 80 пайызы СПИД-тен емес, қо сымша басқа инфек циялардың сал да ры нан, мы-салы туберкулезден қайтыс бол -ған. СПИД орталығының тағы бір қол жет кізгені соңғы он жылда ВИЧ-тің анадан балаға берілуі 4 есе төмендеді. ВИЧ-пен өмір сү-ріп жатқан әйелдердің 98 пайызы дені сау бала туады. Бұл әйел-дердің кей біреуінің екінші, үшін ші рет сәбилі болаты ны сирек жағ-дай емес. Мұндай жоғары нә ти же халықаралық ұйымдар тара пынан көзге түсіп, Қазақстан ДСҰ тара-пынан ВИЧ-тің анадан балаға бе-рілуінен ада елдердің қатарына қо-сылу куәлігін алуға дайындалу да.

ВИЧ жұқтырған балалар біздің на за рымызда. Аяғы ауыр әйел дер екі рет ВИЧ-ке тек се рі ле ді. ВИЧ-пен өмір сү ріп жат қан әйелдердің балаларына те гін сүт ті қоспалар беріледі (ба ла лар та ма ғы). Бірақ, мұндай нау қас тардың өздері нәрестелерін қау іпке байлайтын кездері аз емес. Ем ханаларға есеп-ке тір кел мейді, АРТ дәрмектерін ішпейді, есір ткі қа был дайды. Өз басым егер ВИЧ жұқ тыр ған әйел дә рігерлердің нұс қау ын бұл жыт -пай орында са, онда де ні сау сәби

та ба алатынына 100 пай ыз кепілдік бере ала мын.

– В И Ч ж ұ қ т ы р ы п , о л асқынып СПИД­ке айналғанға дейінгі айыр ма шы лықты көп адам түсіне бермейді. Ал дын алу, емдеу жұмыстары тиімді жүр­гізілуі үшін не жетпей жатыр?

– Өз басым «СПИД – ХХІ ға-сыр індеті» деген сөзбен келіспей -мін. Қазіргі таңда иммун тап шы -лығы вирусы анықталған, АРТ қа был дайтын адамның кәдімгі сау адамнан еш айырмашылығы жоқ. Вирустың концентрациясы ол нау-қас та болар-болмас жағдайда бол-са, ешкімге жұқтырмайды. Соңғы 10 жылда медицина көп жұмыс ат қа рды. ВИЧ инфекциясы да қа нт диабеті сия қты созылмалы ауру-лар дың қатарына кір ді. ВИЧ-пен өмір сүріп жатқандар да ел дің, демографиясы мен экономикалық да муы на үлес қосып, жұрт қатарлы от ба сылық өмірін сүреді.

Адамдар бұл аурудан толық ха-бардар болмағандықтан қорқады. Бұл жағдайда білім мен дұрыс жү ріс-тұрыс, мемлекет тарапынан сау атты профилактикалық ша ра-лар жүргізіп отыру эпидемияның ал дын алады.

ВИЧ-тің алдын алудағы тағы бір үл кен кедергі білім беру ме ке-ме лерінде то лық қанды адам гер ші -ліктік-жыныстық тәрбие жолға қой-ылмаған. Арнаулы сабақтар, әдіс -темелер мен нұсқаулар жоқ. Ал от-басында жыныстық қарым-қа тынас та қырыбы жабық. Ұл-қыз дарымыз әке-ше шесінен есті ме генді көшеден естиді, интернеттен табады. Содан барып жастар ара сында түсік жа-сату неге көп, ту ып алып баласын далаға тас тап ке тетіндер қайдан шықты, мек теп жасында жүкті бо-лып жат қан дарды кім тәрбиелеген деп жаға ұстап отырғанымыз.

Ал ВИЧ-ке тексерілу халыққа қо л же тім ді болуы үшін біз аймақ-тық СПИД орта лықтардағы экс-пре сс-тестілерді үкі мет тік емес сек тор ға біртіндеп беруді қол ға ал дық.

Бұл ортақ жұмысты тиімді ат-қа рудағы сенімнің бір бөлшегі. Бұл үшін аймақтарда беделге ие, грант, бө лінетін қаражат үшін та-ласып-тармаспайтын, өте нәтижелі жұ мыс іс теп отырған ұйымдарды іріктеп оты ру қажет.

ӘңгімелескенАйнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Жаһанды шарпыған қауіпті дерт

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

№3 Отбасы денсаулық орталығы мемлекет-жекеменшік серіктестігі ая-сында бой көтерген нысан. Құры лыс жұ мыстарын жүргізу мен меди ци налық жаб дықпен жабдықтау үшін жеке кәс-іпкер Д.Мырзағалиев 400 млн теңге кө лемінде қаражат жұм саған. Жалпы ауданы 1 140 шар шы метрден тұратын ғи маратта дәрі гер лер бір ауысымда 150 адамды қа был дауға қауқарлы. Тұр-ғын дар көп ор наласқан ауданда бой көтерген От басы орталығы бастапқы ме ди ци налық-санитарлық көмектің қол же тімділігін арттыратын болады.

– Орталықта барлық жағдай жа-сал ған. Аталған өңір тұрғындары үшін көр се тілетін көмек сапалы бо ла ды де-ген үміттеміз. Бұл жерде жал пы прак -тикадағы дәрігерлер, те ра пев , п е диатр, акушер-ги не ко логтар жұ мыс істейді, функция лы ди аг ностика ка бинеттері бар. Рентген апп а раты қой ылады. Сонымен қатар бо лашақта салалық мамандар да қыз мет көрсетеді деп жоспарлаудамыз, – дей ді орталық директоры Роза Ра зи ева.

Отбасы орталығы – Қарағанды қа ласындағы №1 емхананың бесін ші филиалы. Бұл жерде 20 мың адам ға дейін қызмет көрсетіледі. Қыз мет-кер лерге және келушілерге қо лай лы болуы үшін ғимаратта бас қа ем ха на-ларда қарастырылмаған жел де ту жүйесі орнатылған.

Облыстық денсаулық сақтау бас-қар масының басшысы Ерлан Нұрлы-ба ев тың айтуынша, облыс бойынша бір дә рігерге орташа есеппен 2 мың адам бе кітілген. Филиалдарды ірілендіру бұл көрсеткішті 1500 адамға дейін азай туға мүмкіндік береді екен.

– Міне, тағы да бір медицина

ор талығы ашылды. Жаңа жылдағы бұл жаңалық тұрғындар үшін қуа-нышты жағдай. Нысан мемлекет-же-ке меншік серіктестігі аясында са лын-ған. Ал, облыс бойынша жалпы 21 әлеуметтік мемлекеттік нысан бой кө-терді. Бұл республика бойынша өте жақсы көрсеткіш. Осы арқылы бір-неше жылдар бойы шешімін таппай келген әлеуметтік мәселелерді ше шуге мүмкіндік алдық, – дейді ай мақ басшы-сы Е. Қошанов.

Жағдаяттық орталықтың басты мін д еті – облыста инсульт ауруына шал дыққандарға көмек көрсетуді ұй-ым дастыру. Яғни дәрігер науқасқа ба -ратын жедел жәрдем жолға шық қан сәттен бастап, ауруханаға жет кі зі л генге дейінгі жағдайды бақылап отырады. Қарағанды облысы бойын ша ақпаратты жинауға мүмкіндік бе ретін арнайы сызба арқылы онлайн ре жімде жұмыс жасайтын орталықта инсульт типтері бойынша ақпаратты қа дағалап, әр күнге мониторинг жүр гі зіліп отырады.

Ал, 2017 жылдың 1 наурызында 215 орынға арналған Нейрохирургия және неврология орталығы ашыл ған бо латын. Қазір орталықта ан гио гра-фия лық қондырғымен опе ра ция лық блок жұмыс жасауда. «Philips» фир-ма сының «Allura Centron» ангиограф аппа ратымен тамырішілік, шағын ин ва зиялық әдістер арқылы инсульт, анев ризм, мальформация, стеноз си яқ-ты ауруларға ота эндоваскулярлы түр-де жасалады.

Осыдан біраз уақыт бұрын ғана ми дағы аневризманы кесіп алып тас-тап, үш күн өткен соң науқасты ауру-ханадан шығару деген қиял секілді бо латын. Алайда біздің нейрохируг-тер үшін мұндай ота жасау «Philips» фир масының «Allura Centron» жаңа

ан гиографының арқасында мүмкін бо лып отыр. Бұл құрылғының көме гі-мен күрделі қан тамыры ішінде жаса-латын операцияларды шағын ғана тілік арқылы жа сауға болады. Ол өз кезегінде ана ғұрлым тезірек сауығуға септігін ти гізеді. Сонымен қатар бұл аппарат қан тамырлары ауруларын барын ша дәлірек диагностикалауға кө мек теседі.

Айта кету керек, медицина орта-лы ғында айында инсульт бөлімі мен ней рохирургия және неврология ор-та лығы ашылғалы инсульттің сал да-ры нан қаза болу жайттары азай ған. Науқастарды дерттің ал ғаш қы 40 ми-нутында ауруханаға жеткізу көр сет-кіштері де 2016 жылғы 35%-бен са-лыстырғанда 2017 жылы 85%-ға дей-ін жоғарылаған. Дәрігерлердің айту-ынша инсульт кезінде науқасты аяқ-қол тартылудан сақтап қалуға немесе өмірін арашалап қалуда бірінші сағат – ең маңызды мерзім. – Бұл аппарат бізге 3D режімде болып жатқан барлық жайтты кө руге, анағұрлым нақты диа-гноз қоюға, шұ ғыл түрде науқасқа қа жет ті отаны жасауға мүмкіндік береді. Жаңа анги ографпен жұмыс істеу үшін біздің ма мандар Астанада тә жірибеден өтіп қайтты. Қазірдің өзін де біз жоғары технологиялық от-аларды жасап жатырмыз. Айта кету керек, шетелдерде мұндай оталар өте қымбат. Себебі, олар шын мә нісінде адамдардың өмірін сақтап қа лады. Бұл болашаққа қадам, – деді об лыстың бас нейрохирургі Ғабит Махамбаев.

Қарағандылық нейрохирургтер науқастардың өмірін бұрынғыдан да көбірек арашалап қалуға мүмкіндік алып отыр.

ҚАРАҒАНДЫ

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Қан қысымының үнемі жоғары болуы ин-су льтқа апаратын жолдың бірі. Мамандар арте-ри алдық гипертонияның жастар арасында өріс-теу іне қатты алаңдаушылық білдіруде. «Арте-ри алдық гипертонияның өсуіне темекі шегу, ал когольді шамадан артық тұтыну, дененің ар-тық сал мағы, аз қимылдау, күйзелістер тәрізді фак тор лар едәуір әсер етеді» – дейді дәрігерлер.

Астана қаласындағы саламатты өмір сал-тын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі Шың ғыс Байкөбенов жыл сайын елімізде Дүние-жү зілік инсультпен күрес күнінің шеңберінде бірқатар шаралар өткізілетінін, негізінде қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу үшін күш біріктіруде жұмыс берушілер, бизнес құрылымдары, жергілікті атқарушы орган дар, ҮЕҰ және басқа да мүдделі ұйымдар мен же-келеген адамдардың өз денсаулығына жүр дім-бардым қарамауының маңыздылығын ал ға тар-тады. Адамдардың денсаулығына зиян ти гі зетін әдеттерден арылуы, сонымен қатар ин сульттің алғашқы белгілері білінгенде дұрыс жә не дер уақытында алғашқы көмек көрсетудің ма ңызы туралы жұртшылықтың хабардар болуына бас- ты мән береді . Шы нымен біз жазатай-ы м ә р і п т е с і м і з д е н е м е с е т у ы с ы м ы з -да инсу льт бел г і с і б іл інсе не і с теу і - міз керек? Ин су льт тiң бастапқы негiзгi бел гi лерi қандай, ол тура лы нақ ты не білеміз?

Инсульттiң бас тап қы негiзгi белгi ле рi қол, аяқ бұл шық еттері жансыз да нып, сөз бұзылып, бас ауырып, жүрiс бұ зы лып, адамның есі нен та нуы мүмкін. Егер жа қы ныңызда осы бел гi-лер байқалса оны еле меу ге болмайды, дереу дә-рiгерге жү гінген аб з ал. Дер ке зінде көр се тіл ген шұғыл ме д и ци на лық көмектің әр са ға тының аса маңызды мәні болғандықтан инсульттiң пайда болуынан кейiн уақтылы емдеуін бастап және диагнозы дұрыс қойылған жағдайда инсульттің зардабын мейлінше азайтуға болады.

Ал бұзылған функцияларды қалпына келтiру үшін инсульттiң емдеуi кешендi болу қажет. Бұл бойынша дәрі-дәрмекпен қоса оперативті емдеу, әлеуметтік және физикалық оңалту атқарылып, емдеу барысында түрлi мамандар, невролог, ней-рохирург, терапевт, кардиолог, хирург сонымен бiрге басқа мамандар, ЕДШК инструкторы, лого-пед, психолог, әлеуметтiк қызметкер қатысады.

Ал ең негізгі мән берілуі тиіс дүние – адамдардың саламатты өмір салтын ұстануы.

Шынында, аурудың алдын алған әлдеқайда тиімді, әрі қалтаға түсетін салмақ та азая түседі. Осы ретте елімізде Денсаулық сақтау министрлігі патологиядан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету мақсатында бірталай жұмыс атқаруда. Мәселен, жасы 40-тан асқан тұрғындарды скри-ни нгтік зерттеулерден өткізудің маңызына тұр-ғындар жете мән бере бермейді. Ал соның ар-қа сында өздері білмей жүрген қаншама артери-ал ды гипертония ауруына шалдыққан пациент-тер анықталған. Соның нәтижесінде азамат-тар қан қысымын бір қалыпта ұстайтын тегін дәрілермен қамтамасыз етілуде. Оған қоса осы аурудың диагностикасы мен емделуінде жоғары технологиялық әдістерді қолдану оң тай лы нә ти-желерін бе руде. Мы салы, Ас танадағы Ұлт тық ней ро хирургия ор та лы ғында ми аневриз ма сына шалдыққан па ци енттерді емдеуде жа ңа техноло-гия ке ңі нен қолданылады, оның нә ти желері көңіл қу ан тар лық дәрежеде. Со ны мен қатар еліміздің бар лық өңірінде кар ди о логиялық ор талықтар, инс ультқа шалдыққан нау қастарға кешенді ем-деу шараларын ұй ым дас тыру үшін 40 инсульт орталығы ашылды.

Денсаулық сақтау саласында даму бар

––––––––––––––––––––––Бұл күндері Қарағандыда қан тамырларына жоғары тех но логиялы оталар жаса-лып жа тыр. Ол үшін ОМО ней ро х ирургия және нев ро-ло гия орталығында ан ги ог-ра фиялық жабдығы бар опе-рациялық блок ашылды. ––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кейде адамның кәріп болмағы бір-ақ сәтте. Күні кеше жүзінде қаны ойнап, құлшынып жүрген адам аяқ астынан инсультке ұрынып, кенеттен көз жұмып, қайсыбірі қол арбаға қарап қалса, ішінара ауру құрығынан сытылып шығатындары да бар. Әрбір жазылып шыққан адам қоғамның олжасы, үй-іші, туған-туыстың қуанышы. Осы бір дерт неге қанат жая түсуде деген сауал мазалайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала зерттеулері бойынша, 2030 жылға қарай әлемде шамамен 23,6 миллион адамның жүрек-қан тамыры жүйесіндегі дерттерден, оның ішінде басым бөлігі жүрек аурулары мен ин-сульттен қайтыс болуы мүмкін екен. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Инсультке иілмеудің жолдары

Page 8: Мемлекет басшысыны •аза“стан хал“ына Жолдауына …Крол дың Қазақстан Респуб лика-сы мен АҚШ арасындағы

8 10 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филосо­фия ғылымдарының докторы, профессор Ұлықпан СЫ ДЫҚ ОВ ТЫҢ есімі Қазақ еліне жақсы таныс. Ол елі міздің жоғары мектебінің кемелденуіне, жоғары тех­ни калық білім жүйесінің заман талабына сай өркен деу іне білімпаздығымен, іскерлігімен және шебер ұйым дас ты­рушылық қабілетімен үлес қосып келе жатқан азамат. Қо ғам өміріне де белсене араласып, әйгілі «Дос­Мұқасан» ан сам б­ лінің іргетасын қалаушылардың қатарында болды. Қа зақ эстрадасының алтын қорына енген «Той жыры», «Қуа нышым менің», «Бойжеткен», «Әсем жұлдыз», «Ға шық пын» сияқты талай әндердің сөзін жазған сыршыл ақын. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ҒЫЛЫМ

Таяу болашақтың кәсібі

« H e a d H u n t e r » к о м п а н и я -сы Ресейдің еңбек нарығының қозғалысына зерттеулер жүргізе келе таяудағы жылдары осы нарықта қажеттілігі артатын 15 кәсіп түрін атаған. Олардың қатарына биоинженер, қайта жаңғыртылатын қуат көздерінің инженері, нейропсихолог, биоин-форматик, бағдарлама әзірлеуші, инженер-жобалаушы, 3D баспа инженері, гендік инженерия мама-ны, виртуалды шындық дизайнері, виртуалды шындық сәулетшісі, био-фармаколог секілді мамандықтар енгізіліпті.

«Antal Kazakhstan» рекрутингтік компаниясы бұл зерттеудің Қазақстан үшін де маңызды екендігін айтады.

«Қазіргі технологиялардың да-муы барлық елдерде жаңа ұқсас мамандықтардың пайда болуына алып келеді. Дегенмен, аталған болашақ кәсіп түрлерінің барлығы бірдей он жыл өте салысымен бірден пайда бола кетпеуі де мүмкін. Мәселен, виртуалды шындық дизайнері ерте-рек пайда болуы, ал басқалары сәл кейінірек туындауы мүмкін», дейді «Antal Kazakhstan» басшысы Анна Ковинская.

Оның айтуынша, бизнес-талдау- шы, қаржыгер мамандықтарына он жыл өткеннен кейін де еңбек нарығындағы сұраныс бұрынғысынша сақталынып қала беруі тиіс. Өйткені компаниялар өздерінің қаржысын қайда салғандары дұрыс екендігін және бұл қаржының оларға қаншалықты табыс әкелетіндіктерін білуге осы мамандықтар арқылы қол жеткізеді. Фрилансерлер, жоба менеджерлері неғұрлым көбірек қажет етілетін бола-ды. Қазіргі ІТ-мамандар да жұмыссыз қалмайтындығы анық.

«HeadHunter» Казахстан компа-ниясы мамандарының айтуынша, қазіргі бұқаралық сипат алған сату менеджері, әкімшілік қызметкер, бух-галтер және ақпараттық технология-лар мамандары секілді мамандықтар да болашақта маңызын жоймақ емес. Бірақ сонымен бірге осылардың орта-сынан мүлдем жаңа мамандық түрлері де пайда болуы әбден мүмкін.

«Ақпараттық технологиялар бар-ған сайын қарқын алып, адам өмірі мен қызметінің барлық салаларына тереңдей енуде. Міне, осы үдерістің екпінімен өндіріс пен қызметтің әртүрлі салаларының ұштасқан жерін-де жаңа мамандықтар мен кәсіп түрлері пайда болатындығы анық. Мәселен, ІТ-дәрігер, «ақылды» жол-дар құрылысшылары, медициналық роботтарды жобалаушылар, цифрлы тілші мамандар, генетикалық кеңес берушілер, ойын тәжірибешілері секілді мамандықтар көп өтпей-ақ өмір ге келуі мүмкін», дейді аталған ком панияның болашақ маман дық-тар ды зерттеу ісіне қатысып жүрген ма мандары.

Иә, өмір қазіргі технологиялық жаңалықтардың ықпалымен жылдан-жылға қарыштап алға басып бара-ды. Осыдан 20-30 жыл бұрынғы өмір мен қазіргі өмірдің арасында айырмашылық көп. Мұны сезінетін, бастан кешіретін шаққа да жетіп отыр-мыз. Мәселен, алғашқы интернеттік технологиялардың бірін өмірге әкелген Майкрософт компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осыдан 15 жылдай уақыт бұрын «интернеттің сыртында қалған адамдар болашақта өмірдің де сыртында қалады» деген болатын. Қазір осы сөз расқа айналып отыр. Сол интернеттің арқасында біз виртуалды өмірмен бетпе-бет келдік. Виртуалды өмірдің арқасында бір- біріне жақын, тіпті көрші тұратын адамдардың арасы алшақтады да, бір-бірінен алыс, тіпті екі мемлекетте өмір сүріп жатқан адамдардың ара-сы жақындады. Адамдар виртуалды өмірдің мүмкіндіктері арқасында қашықта отырып-ақ жұмыс істей беретін болды.

Мәселен, фрилансер қызметінің мәнін алайық. Ол белгілі бір ұжымның тұрақты штатында тұрмайтын еркін қызметкер. Соған сәйкес өз жұмыс тәртібін өзі белгілейді. Фрилансер тіпті басқа елде жұмыс істейтін компаниялардың да тапсырыста-рын орындай береді. Тек қызметіне сұраныс болсын деңіз.

«Тengrinews.kz» таратқан хабарға қарағанда, Қазақстанда мұндай қызметкерлер саны артып, 2016 жылы 215 мыңға жеткен. Ал осындай кәсіп түрі осыдан 10-15 жыл бұрын бізде мүлде тіркелмеген еді.

Осыған қарағанда бүгінгі болжам – ертеңгі ақиқат. Алдағы уақытта жаңа мамандықтар мен кәсіп түрлерінің арта беретіндігіне дау болмаса керек.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,«Егемен Қазақстан»

– Ұлықпан аға, кезінде ауыл түгіл, қала қазағының баласы да есігінен сығалай ал май, сырт айналып жү ре-тін политехникалық инс ти -тут тың тамырына студент болып жүріп-ақ қазақы қан-ның жүгіруіне септігіңізді ти гізгеніңізді естеліктердің бі рі нен оқып қалған едік. Сол тарихты қайыра бір еске алсаңыз...

– Жастық шіркін, адамға не істетпейді? Тауды да, тасты да қопартады. Қалың қазақ жай ла-ған қияндағы ауылдан мектеп бітіріп, политехникалық инс-титутқа оқуға түскен мен, ау-диториядағы дәріс аяқ талып, ұзын дәлізге үзіліске шық қан-нан кейін мойнымды созып, көзім жетер жерге дейін еле-гізіп әлдекімді іздейтінмін. «Сон да кімді іздейсің?» дейсің ғой – қазақ іздеймін. Бірақ қай жағыма қарасам да, өзім се кіл ді күнге әбден қақталған қа ра торы тумаластарымның сон шалықты аздығын көріп, еңсем кәдімгідей жаншылып қалатын. Бірде әрі-бері жөңкілген адамдар ішінен басында ақ тақиясы бар ғұлама ғалым Ақжан Машановтың ке-тіп бара жатқанын көріп, жү-регім жарылуға шақ қалды. Ұн жырғасы түскен еңсемді, қа зақ таба алмай құлазитын кө ңілімдегі мұңды төбесіндегі шө кімдей тақияның құдіреті тас-талқан етті. Ол кісіні бәрі та нитын еді. Математикадан рес публикалық олимпиадада бі рінші орын алып, Қазақ КСР- нің грамотасы мен жолдама-сы бойынша оқуға қиналмай қа былданғаныммен, әдебиетті алабөтен сүйетін едім. Өзім өлең жазамын. Көп ұзамай-ақ тау-кен факультетінде оқитын ақын Иранбек Оразбаевты тауып алып, екеуміз дос бо-лып кеттік. Басқа да әдебиетті сүйетін балаларды іздестіріп, тау ып алдық. Тыныш жүрмей «Бәй шешек» деп аталатын әде би ұйым құрдым. Бірақ қуа нышым көпке созылма-ды. Қау іпсіздік орнының ада-мы ұс тап алды. Екі көзімді тос та ғандай қылып «Мәс кеу-дегі «Жас тұлпармен» бай ла -ны сың жоқ па? Басқа қан дай ұлтшыл ұйымдармен ара ла-сасың?» деп сұрақтың ас тына алып, мекемелеріне сүй реп апарып түсініктеме жаз дыр -ды. Назарға іліккен соң амал-сыз Ақжан атаға барып сә лем бердім. Таныстық. Менің жағ-дайымды естіген соң әбден ра хат танып күлді. «Әй, бала, ақылымды алсаң, сен алды-мен қабырға газетін шығар. Басқа факультеттерде оқитын балалардың өлеңін, әңгімелерін топтастыр. Газетіңнің ең ба-сына менің суретімді іліп қой. Ертең кел, өз қолыммен ба-талы сөзімді әзірлеп қоямын, соны суретімнің жанына жап-сырып қой. Осында Болат Жармағамбетов деген профес-сор бар, менің атымнан барсаң, ол да саған қолдау білдіреді», деді. Өлең, әңгіме жазатын жі-гіттердің жазғандарын жаяу жү ріп жинап алып, ұзындығы 3-4 метр болатын газет шығар-дым. Сөйтсем «қазақ жоқ, еш-кім оқымайды» деген сөз бекер екен, әлгі қабырға газетінің ал-ды на үймелеп келетін қазақ тар-дың саны күннен-күнге көбейе берді.

– Ақжан Машановтың ал-ғы сын, жазушы Сәбит Мұ-қа новтың батасын алатын ке зіңіз осы уақыт па еді? Ол кі сінің ризалығын алуы ңыз-ға не себеп болды?

– Қабырға газетін шығарып, өзім ді бас редактордан бір мыс-қал кем сезінбей, масатта нып жүр сем, деканаттағы қыз дар-дың бірі келіп: «Сені партком ша қырып жатыр» деді. Барсам, орыс тілді бейтаныс бір қазақ шы ғарған газетімнің парша-пар шасын шығарып жыртып, қо лымен уыстап ұстап тұр екен. «Құртамын, жоямын!» деді ол. «Жоя алмайсыз. Бұл жерде басы артық ешнәрсе жоқ. Жас-тардың ғашықтық, сезім ту ра лы шығармалары. Қандай саясатты айтасыз?» деп едім, әлгі кісінің ашуы аздап басылды. Бірақ

соңымнан «националист» деп қалды. Шыға сала Ақжан атаға бардым. Тағы да мәз болып күлді. «Неге күле ді?» деп ішімнен еп-теп рен жіп қоямын. Сөйтсем, ол кісі мұн дай құқайдың неше атасын көріп, еті өліп кеткен-нен кей ін еріксіз, болдырғаннан күледі екен ғой. Ол кісі менің Жазушылар одағына баруым-ды, онда өзінің бірге оқыған жолдасы Ілияс Есенберлиннің екінші хатшы болып отыр ға-нын, жастардың талабын ес-ке русіз қалдырмайтынын айт-ты. Бұл 1968 жыл еді. «Қа һар-дың» жарыққа шығып, бас-пасөзде Есенберлиннің тү гін қалдырмай талқандап жат-қан уағы. Айтқанымды мұ-қият тыңдаған ол «шамаң кел-се, сен институтыңда кезде су ұйым дастыр», деді. Ақжан ата -мызды алдыға салып жүріп, өті нішімізді ректорға жеткізіп, ақыры рұқсат алдық. Содан кейін де І.Есенберлинмен алты рет кез-десу жасадық. «Политехта кезде-су болады екен» деген хабарды естіген студенттер жан-жақтан лек-легімен ағылып келетін. Кейін бәрібір «Бәйшешек» бой бермей, бүр жарып шықты. Әдеби бірлестік болып құрылды. Ал матыдағы оқу орындары ара сын дағы беделі күшті бол-ды. Де генмен, политехта сі-рес кен сеңнің ақырын қоз ға ла бас тағаны байқалды. Таза әд е - би орталық екеніне көзі жет-кен соң, қарсылық білдіріп ті-рес кендердің аузына құм құй-ыл ды. Кездесуге студенттер ғана емес, ұстаздарымыз да келіп отыратын болды. Ұлттық рухтың иісі шықты. Енді маған тосқауыл болмады. Бұл кезде Ілияс ағама еркінсіп, еркелей бастағам, енді ол кісіден кезде-суге Сәбит Мұқановты ша қырып беруді сұрадым. «Сә бит келеді» дегенді естіп, Қа зақ телевизиясы «тікелей эфир жүргіземіз» деп асай-мү сейлерін арқалап, біздің инс титутқа үш күн бұрын көшіп ке лді. Сәбең кездесуге өзімен бірге атағы жер жарған 12 ақын-жазушыны ертіп келді. Келген қонақтар әңгіме айтып, студент-тер өлең оқып, аға буын мен жас буынның іштей ұғынысқан, ұлағаты тілмен айтып жеткізгісіз әсерлі кеш өтті. Мен де «Аяқтар» деген өлеңімді оқыдым. Сәбит ағамыздың риза болғаны сондай, шалқып тұрып тамам жұрттың алдында бата берді.

– Сіз техникалық оқу ор-нын тәмамдап, инженер ма-ман дығын алып шыққа ны-ңызбен, философия ғы лым-ын серік етіп келесіз. Та би-ғаты бөлек екі саланың бір-бірімен қандай байланысы болуы мүмкін?

– Біз мектеп бітірген кезде Гагарин ғарышқа ұшты, «ком-мунизмге қарыштап қадам ба-сып бара жатырмыз» дегенге имандай сенетін уақыт, Кеңес Одағы жабық ел болса да, дү-ниедегі ең соңғы мамандық ав-то матиканың енді пайда болып жат қан шағы. «Электронды есеп теу техникасы», «электро-ника» дегенді ел енді ғана ес тіп жатты. Республикалық олим-пиаданың жеңімпазы ретінде ҚазМУ-дің мехматына оқуға түсіп тұрсам да, жаңа ғылымға әуестіктің бойымды билегені сондай, ойымнан дереу айны-дым да, политехті таңдадым. «Автоматика және есептеу техникасы» деген факультет – бүкіл Қазақстан жоғары оқу орындарындағы жалғыз фа-культет. Бәрінен артық ең-бек теніп, күн сайын 3-4 са ғат кем ұйықтап жүрсем де, өзі-ме күліп, мазақтап қарауға жол бермедім. Сөйтіп жүріп қо ғам дық жұмыстардың да ор та сынан табылатынмын. 2-курс та оқып жүргенімде сту-дент тердің ғылыми конферен-ция сында «Ойлау жүйесін мо-дель деу» деген тақырыпта фи лософиядан баяндама жа-са ған едім. Сол жұмысым республикалық бәйгеден бірін-ші жүлде алыпты. Сыйға менің атым арнайы жазылған жазуы бар сағат берді. Осы баянда-мам араға аз уақыт салып Мәс -кеуде өткен Бүкілодақтық бәй-геден де жүлде алып келді. Екі

бірдей үлкен бәйгеден же ңіс сыйлаған осы баяндама ме нің болашақ тағдырымның бағ ы- тын анықтады. Философия ка-федрасының меңгерушісі, фи-лософия ғылымының докто ры, профессор Д.Кішібеков аға-мыз мені аспирантураға ша-қырды. «Неге?» дедім. «Сен ма т ематиканы да, физиканы да, әдебиетті де, тарихты да, дәс түрді де, салтты да, бәрін де білетін жігіт екенсің. Бұл өте керемет. Екіншіден, сен тех никаны оқыған мамансың. Та за философияны оқығандар шең берден шыға алмай қалады. Бас қа салаға тісі батпайды. Әлем де даңқы жер жарған атақ ты философтардың бәрі бас қа мамандықты игергендер. Техниканың аты озып ба ра жатқан заманда, техника мен руханилықтың арасын зерт-тейтін маман жоқ, ақы лым-ды тыңдасаң, сен осы салада ізденіп, жұмыс істе», деді.

Міне, елу жылға аяқ бас- ты, руханият пен техниканың арасындағы проблемаларды күні бүгінге дейін зерттеп келе жатырмын.

– Жеке адамның негізгі сапалық көрсеткішін анық-тай тын руханилықты кең ауқымда қарастырсақ, ұлт-тық идеяға дейін ұласады. Ал оны технократиямен қабыс-ты ру тіпті де мүмкін еместей, сонда бұл мәселенің маңызы неде?

– Маңызының өзі қызық. Адам да, техника да – табиғат-тың туындысы. Ал табиғат қисын мен заңдылыққа толып тұр. Симметрия және гармо-ния – сұлулық. Объективті заң дылық адамның санасынан тысқары. Қардың жауып, аяз-дың болуын ешкім басқара ал майды, тек көріп, сезінген

соң ғана жылырақ киініп қам-да намыз. Адам, соның ішінде қазақ – табиғаттың төл баласы. Біз кейінгі ғасырларға дейін табиғаттың бір бұтағы сияқты өмір сүріп келдік. Біздің ке-ремет рухани дамығанымыз, шешен сөйлеуіміз, сөзге тұ-руымыз, ұлттық қадір-қа си е- тіміздің бәрінің арғы жа ғын да табиғатпен етене жақын ды-ғымыз тұр. Техникаға келсек, оны жасайтын адам. Ал тех-ника тек қана заңдылыққа ба-ғынады. Руханилық та бел гілі бір дәрежеден кейін таби ғат-тан қол үзеді де, өзінің же ке заңдылығына бағынып ке-теді. Руханилық техникамен ұштасқан кезде арасынан ке-лісім де шығады, қайшылық та шы ғады. Мәселе – дұрыс бағыт ұстануда.

– Бірақ адам мен таби-ғат тың үйлесімі әбден бұ-зыл ды ғой. Табиғатты бы-лай қойғанда, адамның өз ішін дегі пропорция мен үй-лесімнің парша-паршасы шық ты. Шектен асып кеткен қатігездік пен қасиетсіздік не-месе мөлшерінен тым азайып кеткен мейірім. Бұл апаттан адам өзін қалай қорғайды, немен қорғана алады?

– Бүгінгі біздің сорымыз табиғатты таптап, құдіретін мойындамай, санаспағанның, қадір-қасиетін түсінбегеннің зар дабынан ту ып отыр. Та-биғаттан қалай ал шақ та-дық, адамдар солай фи зи о- ло гиялық, биологиялық, ру ха-ни деградацияға ұшырай бас-тады. Озған елдің бәрі мұ ның

опындыратын іс екенін бі-ліп, табиғатқа оралып жатыр. Бас қасына бармай-ақ, Араб Әмір ліктерін алайық. Қызыл құм ның ішінде жатыр. Заид әл-Нахаян деген көсемдерінің да нышпандығына қайран қала-мын. «Жиырма жылда еліме жұ мақ орнатамын» деді, он екі жылда ол ойын жүзеге асырды. Технологиясын тү гел зерттедім. Ол «мұнайға тәуел-ді ліктен құтылу керек» деген саясат жүргізген. Қазір ел эко-номикасындағы мұнайдан тү-сетін пайда 8-ақ пайыз екен. Құмның ішін жасыл баққа ай-налдырды.

– «Ғылыми таным» де-ген нәрсе бар. Жоғары дәл-ді гімен ерекшеленетін осы танымның кейінгі жас ға-лым дардың бойында тым тө мен д егенін, тіпті көрініс тап пайтынын байқаймыз. Жас ғалымдар мәселені қо-рыту, сараптау, түсіндіру, иде ал дандыруға келгенде қа ра байыр, қарадүрсінділік та ны тып, қарын ашырады...

– Ғылым – өте киелі, қадірлі сала. Руханилықтың бір саласы. Ескі замандарда ғылымның тек бір-ақ саласы болды. Ол – фило-софия. Кейіннен астрономия, математика, медицина пай-да болды, ал бүгінде 4,5 мың ғылым бар екен. Екі ғылымның ортасынан үшінші ғылым өсіп шықты немесе бір ғылымның ішінен сан тарау ғылым бөлініп шықты. Бір кибернетиканың өзі бірталай ғылымның ба-сын қосқан атасына айналып кетті. Қанша тарауға бөлінсе де, шын ғылымға ортақ бір нәрсе бар: мейлі математи-ка, мейлі филология болсын, ғылымның негізгі міндеті өзі зерт теп отырған объектінің құ-бы лыстық, ішкі құпиясын, та-

биғатын, заңдылығын ашып, соның өмір сүру, қызмет атқару, даму заңдылықтарын көр сетуі керек. Өз объектісінен ғылымды тауып бере алмаса, ол ғылым емес. Бірде маған «қа зақта ғылым болған ба?» де ген сұрақ қойылды. Мен кү-ліп «қазақта «аш бала тоқ ба-ламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды», «бай байға, сай сайға құяды» де-ген мақал бар. Бұл мақал осы күнгі қоғамдық әлеуметтік процесті бір-ақ ауыз сөзбен түйіндейді. Ал енді осы ма-қалдың қауызына сыйған мә-селені бәленбай институт, тү-генбай маман зерттеп отыр. Бұл өз заманында мақал болып ту са туған шығар, бірақ бұл шы нында да айналысуды қажет ететін әлеуметтік мәселе», де -дім. Ғылымның ұсақталып ке туіне көптеген фактор әсер етіп отыр. Оған экономикалық да му деңгейі, мемлекеттік сая-сат, ғылымның алдындағы мақ сат, ғалымға жасалған қам-қор л ық, ең бастысы, ғылымға деген адалдық сөзсіз өз әсерін ти гізеді. Шынайы ғалымды құ лын күнінен тану, қабілетін ұш тау, бағалай білу кемшін. Ал осылардың бәрінің басы қо-сылғанда ғылымның нәти же сі шығады.

– Ғылым сарқылмас дү-ние ғой, дегенмен, ғалым ре-тінде қарымыңыз бен бі лі-міңізді толықтай игілікке жа-раттым деп айта аласыз ба?

– Бір қызығы, жетпіске келдім деп жүргем жоқ, әлі көп дүние тындыратын адам сияқты

шиыршық атып жүремін. Д.Кішібеков екеуміз қазақ фи-лософия ғылымындағы тұңғыш оқулықтың авторы болдық. Сол оқулық он рет қайта ба-сылып шықты. Қазақстандағы жоғары оқу орындары әлі осы оқулықты пайдаланып келеді. Онда саясат та, идеология да жоқ. Қай кезде қолыңа алып оқысаң да, ескірмейтін өзекті. Ең алдымен халыққа ти гізген пайдам деп осы ең бек ті атай-мын. Қазақстанға «Ин же нерлік еңбектің социологиясы» де-ген тың тақырыпты әкелдім. Орысша-қазақша оқулық жазып, ол барлық оқу орындарының кәдесіне жарады. Көп жылдық ізденістің нәтижесінде «саясат-тану» дейтін іргелі ғылымның негізі қаланып, қазақстандық үлгісі қалыптасты.

– Сіздің есіміңіз «Дос-Мұ-қа сан» ансамблімен тығыз бай ланысты. Реперту арын-дағы таңдаулы, танымал әндер сіздің қаламыңыздан туды. Ән айтпайсыз, гитара мен барабанда ойнамайсыз, сонда сіздің ансамбльдегі рөліңіз қандай еді?

– Рас, елдің алдына шығып, сахнада тұрып ән айтқан адам емеспін. Менің рөлім басқаша. «Дос-Мұқасандағы» жігіттердің бәрі политехта оқығанымен, факультетіміз басқа болды, бірақ жатақханада бірге тұрдық. Ол кезде «Битлз-дың» даңқы жер жарып, дүние жүзін дүркіретіп тұрды. Орыс эстрадасының да әсері одан кем емес еді. Әрине, алғашында «Дос-Мұқасан» да соларға еліктеді. Бірақ өз бет-бейнесін қалыптастырмаса, біреулердің сорабына түсіп алып, өнерін қайталай берсе, әуесқойлық деңгейінен аса алмай қалар еді. Қазақтың жүрегін тербейтін, әкенің қаны, ананың сүтімен келіп сіңген ұлттың төлтума ән-күйінің, інжу-маржанының табиғатын бұзбай, бұтарламай электронды аспаптың көмейіне қондыра алса, заманауи му-зыка құралының тілімен өр-нектей алса ғана өзіндік ажа-рын қалыптастырып, қара үзіп, дараланып шыға алатын мүм кіндігі бар екенін айттым. «Репертуарға ұлттық ән-жыры-мыз ды кіргізсек қана ұтамыз де ген ұстаным біздің ұранымыз бо лу керек» деген ойымды жі-гіттер де құп алды. Кез келген жеке әншінің де, музыкалық ұжым ның да тағдырын репер-туар шешеді. «Дос-Мұқа сан-ның» қолға іліккен әнді орын-дап қарабайырлыққа ұрынбай, талғаммен өнер көрсетуіне өзімше үлес қостым. Ең алғашқы әндерін жаздым.

– «Ұлт», «ұлтжанды», «ұлт шыл» деген ұғым бүгінде еш кімді таңырқатпайды. Ал мұндай сөз дауыстап айтыл мақ түгілі ойлаудың өзі қорқыныш тудырған ке-ңе стік кезеңде бұл ұғымды «Дос-Мұқасан» бір өзі ар қа-лады десек, талас тудыра-тын дар табыла қоймас. «Дос-Мұ қасан» феноменінің сыры неде?

– Тап солай, ұлттың иісі бұрқырап шығып тұрған туын- дылар «Дос-Мұқасанның» репертуарынан бірінен соң бірі орындалып жатты. Сәтсіз шыққан бірді-екілі ән болса, өзіміз де сезе қоямыз, дереу репертуардан алып тастаймыз. Тарихта тағы бір заңдылық бар. Грек философиясының нег ізін қалаған атақты ғалым-дар ды алып қарайық, бәрі де шоқ жұлдыз секілді бір дәу ір-де дүниеге келді. Сол се кіл-ді қазақтың музыка өнеріне құб ылыс болып келген қайта-ланбас әнші мен композитор-лар туған ХІХ ғасыр да алтын ғасыр болып тарихта қалды немесе аналарының бәрі бір мезгілде толғатып, қазақтың бағы үшін туған ХХ ғасырдың басындағы Алаш арыстарын алайық. Міне, өнерлі, талант-ты, жан-жақты, еңбекқор жі-гіттердің бір мезгілде келіп тех никалық оқу орнына түсе қа луы, олардың ұйымдаса ке-ліп «Дос-Мұқасанды» қ ұ руы, намысшыл жігіттердің ел дің атын би ік тету үшін бір мақ сат-та еңбек тенуі сол мысалды еске тү сіреді және оның бар лық сы-ры да осында – жеке-да ра ай-тылмайтын, еленбейтін Қазақ-стан деген алып елдің кі ші гі-рім бейнесі айналдырған бес жігіт тің өнерімен өзге жұртқа кеңінен танылды.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

ӨНЕГЕ ӨРНЕКТЕРІ

Ғылым биігіндегі беделді із

РЕПЕРТУАРҒА ҰЛТТЫҚ ӘН-ЖЫРЫ МЫЗ ДЫ КІРГІЗ-СЕК ҚАНА ҰТАМЫЗ ДЕ ГЕН ҰСТАНЫМ БІЗДІҢ ҰРА-НЫ МЫЗ БО ЛУ КЕРЕК» ДЕГЕН ОЙЫМДЫ ЖІ ГІТТЕР ДЕ ҚҰ П АЛДЫ. КЕЗ КЕЛГЕН ЖЕКЕ ӘНШІНІҢ ДЕ, МУ-ЗЫКАЛЫҚ ҰЖЫМ НЫҢ ДА ТАҒДЫРЫН РЕПЕРТУАР ШЕШЕДІ. «ДОС-МҰҚА САН НЫҢ» ҚОЛҒА ІЛІККЕН ӘНДІ ОРЫНДАП ҚАРАБАЙЫРЛЫҚҚА ҰРЫНБАЙ, ТАЛҒАММЕН ӨНЕР КӨРСЕТУІНЕ ӨЗІМШЕ ҮЛЕС ҚОСТЫМ. ЕҢ АЛҒАШҚЫ ӘНДЕРІН ЖАЗДЫМ.

Page 9: Мемлекет басшысыны •аза“стан хал“ына Жолдауына …Крол дың Қазақстан Респуб лика-сы мен АҚШ арасындағы

10 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 9ЗЕРДЕ

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Газетімізде әдебиетші, сын-шы Құлбек Ергөбектің «Әуезов ғашық болған Ғайыпжамал» атты мақаласы (№82, 2017 жыл, 28 сәуір) шыққаннан кейін көп уақыт өт пей Семейден бір кісі хабар-ласып, «Әміртай Жанахметов» деп таныстырды. Бұл кісі әйгілі қалам герді өзіне тәнті еткен қа­зақ қы зының өмірлік серігі бол­ған Дә лел Сәрсеновтің туған аға сы Жа нах меттің немересі бо-лып шық ты. Жұрты үшін істеген жақ сылығы көп болса да, бүгінде есі мі ел жадынан өше бастаған Алаш тың ардақты ұлдарының бірі Дәлел Сәрсенов пен оның жан жары Ғайыпжамал туралы сәл кейінірек тоқталамыз. Әуе­лі біз көп біле бермейтін Сәр­сеновтер әулеті жайында аз­кем сөз етуді жөн көріп отырмыз. Өйт кені жоғарыда есімдері атал ­ған ағайынды Жанахмет пен Дә­лел Алашорда үкіметінің көр­некті қайраткері болған Биахмет Сәрсеновтің ту ған інілері. Не ба ры 36 жасында өмірден өт кен Биахмет әуел де Семейде об лыстық қа­зақ комитетінде, «Алаш» қала­лық думасында еңбек ет кені, облыстық земствоның де путат­тығына сайланғаны, кейін Орын­борға шақырылып, ұлт ұс тазы Ахмет Байтұрсынов 1919­1921 жылдары халық ағарту комиссары қызметін атқарған кезде бір жыл-дан астам уақыт оның орынбасары болып, аталған комиссариаттың әлеу меттік тәрбие секторы мен қазақ мектептері бөлімін бас­қар ғаны белгілі. «Төңкеріс за­манға душар болып, әлеумет ісіне оқы ғаны аздықтан қазақтың ана жұ мысы да, мына жұмысы да Бия шты керек қылды, сүйреді. Оның араласпаған қызметі бол-мады. Қандай жұмысқа кіріссе де, тереңнен біліп, тез бітіретін Бияш болатын. Оқу комиссариа­тында қандай іс болсын бір өзі басқарып бара жатыр еді. Хә кім­шілік жұмыста арқасы бо са ған­дай болып, Ахаң Бияшқа сеніп отырушы еді» деп жазған еді Жүсіпбек Аймауытов «Бияш» атты мақаласында замандасының кенеттен келген қазасына қатты қайғырып. Осы Биахметтің ту­ған інілері Жанахмет, Дәлел, Ха­лел жайында не білеміз? Алаш ар дақтысының ұрпағы Әміртай Жанахметовпен кездесіп, уақыт табы сарғайтқан құжаттарға көз салғанымызда маңдайға басар марғасқаларымызды мансұқтаған кер заманның ызғары бойымыз-ды қарып өткендей болды. Бір қуанып, бір мұңайдық. Қуан­ғанымыз – бір әулеттен шыққан төрт азаматтың ұлт мүд десі жо­лын да қалтқысыз қызмет ет ке ні. Мұңайғанымыз – олар көр ген, олардың ұрпағы, үрім­бұ тағы тартқан азап, шеккен қор лық­зорлық, қуғын­сүргін. Рет­ретімен баяндайық.

ЖанахметҚұжаттарынан аңғарғанымыз,

Жанахмет Сәрсенов саналы ғұ­мы рын ұстаздыққа, ұрпақ тәр­биелеуге арнаған секілді. 1927 жы лы 29 қарашада өз қолымен тол тырған жеке ісқағазында 1886 жылы Зайсан уезінің Нарын бо-лысында (қазіргі Тарбағатай ауда­ны, Ақсуат ауылының ма ңы) дү­ниеге келгенін, Нарын ауыл дық мектебінде 3 жыл, Се мей дегі 4 жылдық қалалық училищеде 4 жыл және осындағы мұ ға лімдер семинариясында (қа зіргі М.Әуезов атындағы пе да гогикалық колледж) білім ал ғанын, педагогикалық жоғары оқу орнына түскенін, 1912­1913 жыл дары Өскеменде, 1913­1917 жылдары Зайсанның Қа ра бұлақ ауылында мұғалімдік қыз мет атқарғандығын жазып-ты. Ерекше атап өткіміз келе тіні, Ж.Сәрсеновтің 20 өзге ұлт өкілінің ара сынан шолпан жұл дыз дай жар­қырап жалғыз қазақ болып се­минарияны бітір гені. Бұдан әрі өзінің 1924­1926 жылдары Семей уездік ат қару комитетінің халыққа бі лім беру бөлімінде инспектор,

1926 жылдан осы қала дағы тұ­ты нушылар одағында мә дени нұс қаушы болып еңбек ет кенін көрсетіп, 1917 мен 1924 жыл­дар аралығындағы атқарған қыз­меттерін айналып өтіп, «Сіздің революциялық және қоғамдық жұмысқа қатысуыңыз?» деген сұраққа: «17­ге дейін мұғалім, 17­ші жылдан кейін әртүрлі ме­кемеде қызмет істедім» деп қыс ­қа ғана қайырыпты. 1917 мен 1924 жылдардағы қызметін айт­қысы келмегені түсінікті се кіл­ді. «Алашордашы» деп айып тағып, қу ғын­сүргінге сала ма деп қауіптенген. Қауіптенетін жөні де бар. Өйткені Ж.Сәрсенов Алаш­орда үкіметі шындап жұмысқа кіріс кен 1918­1919 жылдары Алаш қайраткері Ахметжан Қо­зы ба ғаров жетекшілік еткен, Се мейде құрылған уездік зем ­ство басқармасының халыққа бі­лім беру бөлімі меңгерушісінің кө мекшісі қызметін атқарғаны белгілі.

«Тар заманда таудай қайрат көр сеткен» (М.Дулатов) Әли хан Бөкейхан бастаған Алаш қайрат­керлерімен тізе қосып, ұлт мүддесі үшін жан аямай қызмет қылған тұлға 1928­1931 жылдары (1931 жылдан кейін де жұмыс істеуі мүмкін) Семей кооперативтік тех-никумында орыстілді студенттер ге қазақ тілі нен сабақ беріпті. Қа зақ ті лінен бөлек, арасында арифмети­кадан да дәріс оқыған секілді. Пе дагогтің 1928­1929 және 1930­1931 оқу жылдарында өз қолымен жаз ған есебін (есептің орыс ті­лінде жазылғанын ескертеміз) оқы ғанымызда ана тілімізге деген алғаусыз құрметін, өзге ұлт өкіл­деріне тілімізді үйретуге де ген өзгеше ынта­ықыласын аң ғар ­ғандай болдық. «Біз Шо нановтың қазақ тілі оқулығы бо йынша әр сабақта 10 сөзден үй реніп, 23 сабақ өткіздік. Яғни біз дің сөздік қорымыз 230 сөзді құ райды. Қазақ тілі сабағы басқа пән дерден әлдеқайда кешігіп басталды. Бағдарламамызда да олқы тұстар көп. Әйтпесе, сабақ санын 25­30­ға дейін жеткізуге болар еді. Сабақ беру барысында оқушылардың білім деңгейінің әртүрлілігі мен дайындығы бір шама қиындық ту-дырды. Топта қазақ тілінде сөйлей ала тын 2 адам болды, 5­6 адам түсінетін, сөйлей алмайтындар да болды. Мұның бәрі жұмысқа әсер етті. Сабақты өткізу барысында мынадай әдістерді қолдандым: оқу, хат жазу, сөздерді жаттау жә не әңгімелесу. Үй тапсырмасы на сөз­дерді жаттауға бердім. Бі рақ үй тап­сырмасы жөнді орын дал мады, бос уақыт жоқ деп түсін діреді. Әуел ­де араб қар пімен жаз дық, сабақ аяқталуға бір ай қалғанда жаңа әліпбиге – латын қарпіне көш тік. Бұл әліп би көп қиындық ту дырған жоқ. Тез арада меңгеріп ал дық», – деп жазыпты 1929 жылы 9 мау­сымда жазған есебінде. Соңына «G.Sәrsen» деп қол қо йып ты.

Әлімхан Жанахметұлы өз қолы мен толтырған автобио гра­фия сында әкесінің 1934 жылы көз жұм ғанын, соңғы жұмыс орны Се мейдегі коммунистік жоғары оқу орны болғанын жазыпты. Ж.Сәрсеновтің немересі Әміртай атасының дүниеден өтерден біраз уақыт бұрын абақтыға қамалып, сырқатқа шалдығып, сол бойы оңалмай 48 жасында өмірден озғанын айтады. Содан тура екі жыл уақыт өткенде, яғни 1936 жылы бір күні оның үйіне үш әріптің өкілдері баса­көктеп кіріп келіп:

«Жанахмет Сәрсенов қайда?», деп сұрапты дейді. Жесірі Зылиха екі жыл бұрын қайтыс болғанын айғақтайтын құжаттарын көрсетіп, әрең дегенде құтылса керек.

ӘлімханБиахмет те, Жанахмет те ста ­

лин дік зұлматтың тырна ғына ілігіп үлгермей өмірден өткенімен, қуғын­сүргін олар дың ұрпақтары мен туған­туыс тарын айналып өтпеді. Мә селен, Жанахмет Сәрсеновтің 1919 жылы дүниеге келген, кейін Жезқазғандағы кен бас қармасында, Қазақ КСР Ғы­лым академиясында қызмет іс­теген ұлы Әлімхан 1943 жылы 30 шілдеде тұтқындалып, РСФСР ҚК­нің 58­10 бабы бойынша 10 жыл ға сотталып, Қарағандыдағы До линка лагерінде жазасын өтеп, 1950 жылы күзетпен босатыла-ды. 1950­1952 жылдары Шар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде жер құрылысшысы, 1952­1963 жылдары Шұбартау аудандық атқару комитетінде аға жер құрылысшысы қызметін атқарған ол 1958 жылы саяси ай-ыптаудан ақталып, 1976 жылы өмірден өтіпті. «Әкем, бәлкім, сотталмас та еді. Жақын араласа-тын бір орыс жолдасы үйленіп, кейін өзінің анасына соқ тығып, үй ден қуып шық пақ бол ғанда ара ша тү с кен әкемнің сыр тынан «Алаш орданың тұ қымы» деп арыз жазыпты. Әкем марқұм көп ашы лып сөйлемейтін. Қор ­қыныш, үрей бойын әбден жай ­лап алған ғой. Ағайын, жа қын­жуықтары үй ге келгенде есік ті жауып алып, сыбырлап сөй­лесетін. Та лай дүние, талай құ­пия ішінде, өзі мен бірге кетті деп ойлаймын. «Түрме авто ри­тетінің арқа сында аман қал дым. Оның әке сі ақ гвар дия шы болып­ты. Түрмеден шы ғарда «артымда ұлым қалды, соны тапшы» деп аманаттап еді», деп отыратын әкем жарықтық. Бірақ таба алма-ды. Соған өкініп отыратын. Зиялы отбасынан шық қан ол кісі әкемді ерекше жақ сы көріпті. Өзінің ка-мерасына шақырып, әңгімелесіп, шер тарқатады екен. Әкем са-уатты кісі болған. Түрмедегі адам дардың кешірім хаттарын өз дерінің атынан жазып беріп отырыпты. Қаныш Сәтбаевтың қол астында Ғылым академия-сында қызмет істеген кезінде өзі құралпы студенттермен бірге күн сәулесін пайдалануға қатысты жоба әзірлеген екен. Со дан көп өтпей өзі де қудалауға ұшырап, жобасы жайына қалған секілді. Әлімхан Жанахметұлы әйгілі геолог ғалым, тау­кен инженері Ақжан әл­Машанимен бірге Жезқазғанда геологиялық экс-педиция құрамында да болып-ты. Біздің үйде «Ә.Сәрсенов КСРО Ғылымдар академиясы Қа зақ филиалының геологиялық отрядының қызметкері екендігін куәландырамын» деп ғалымның өз қолымен толтырылып, соңына «отряд бастығы Машанов» деп қолы қойылған құжат сақталған. Әкем осы экспедицияда жүріп тұтқындалған секілді. Кейде ой-лаймын, сталиндік тоталитарлық режімнің зардабын тартпағанда ұстазы Машановтың ізін басқан үлкен ғалым болар ма еді», дейді Әміртай Әлімханұлы.

«Сәрсенов» деген тегі үшін осы әулеттің бір емес, бірнеше ада мы қуғын­сүргін көріп, жұ­мыстан, оқудан шығарылып,

абақ тыға қамалыпты. Тіпті, жа­зық сыздан жазықсыз атылғаны да бар. Мәселен, Мәскеудегі түсті өндіріс бас басқармасында ин­женер болып жұмыс істеген Би ­ах мет пен Жанахметтің ту ған інісі Ха лел Сәрсенов тегін Тонин деп әйелінің фамилиясына ауыстырса да, әпербақан, әміршіл жүйенің құрығынан құтылмай, 1937 жылы КСРО әскери коллегиясының үкімімен ату жазасына кесіліпті. КСРО Жоғарғы сотының әскери кол ле гиясының 1958 жылы 16 жел тоқсанда Х.Сәрсеновтің ақ­талуына байланысты берген тіл­дей анықтамасының үш жерін де Тонин деген сөздің жанына /он же Сарсенов/ деп жазылыпты. Ал Халел Сәрсеновтің жұбайы Е.Н.Тонина­Николаева 1959 жылы Мәскеуден Шұбартауда тұра тын Әлімхан қайнысына хат жол дапты. Хатта не жазылғанын еш кім білмейді. Бүгінде сол хат ­тың шеттері жыртылған, сырт­қы беті ғана сақталған. Жа н­ахметтің тағы бір інісі Ша р­ахмет тің Сейілжан деген ұлы да түр меге қамалыпты. Бұрынғы Қаз ПИ, бүгінгі Абай атындағы қа зақ ұлттық педагогикалық уни­вер ситетінде оқыған, кейін оқу ағарту министрлігінде қызмет істеген Әлімханның туған әпкесі Нағима да «Алашорда тұқымы» деп оқудан шығарылмақ болғанда аудандық партия комитетінің хатшысы араша түсіп, кейін ол кісінің өзі де қуғынға ұшырапты. «Ол заманда Сәрсенов деген нің бәрін жау көріп, қолы жеткен­дерін ұстай берген ғой. Содан да болар, әкеміз Әлімхан біздің отбасындағы бала лардың фа-милиясын әртүрлі етіп жаздыр­ған секілді. Үлкен апайым және мен Жанахметов, та ғы бір апа­йым Әлімханова, қал ғандары Сәрсенов. Әйтеуір біреуі аман қалар деген оймен осылай істе­ген болуы керек», деген тек ті нің тұяғы, атасы Жанахметке қатыс­ты құжаттарды мұрағаттан 2012 жылы тауып алғанын айтты.

ДәлелАл енді ұлы Мұхаң ғашық

болған Ғайыпжамал Құтымованы өзіне тәнті етіп, кейін жұп жарас­тырып, аз уақыт бақытты ғұмыр кешкен Дәлел Сәрсенов кім? Ең әуелі оның Алаш қайраткері Биахмет Сәрсеновтің туған інісі екенін баса айтқымыз келеді. Екінші, Д.Сәрсенов те ағасы секілді Алашорда үкіметінің құ­ры луына, Алаш идеясының на ­сихатталуына біршама еңбек сіңірген адам. Құлбек Ергөбек жоғарыда аталған мақаласында Дәлел Сәрсеновтің Том универ­ситетінің заң факультетін бітір­генін, сонда М.Әуезовпен, Қ.Сәт­баевпен бірге оқығанын, кейін Ғ.Құтымовамен қол ұстасып Таш кентке келіп, Орта Азия уни ­верситетіне оқуға түскенін, осы қалада ашылған тұңғыш Қазақ ағарту институтының директоры болғанын, кейін Орта Азия мал шаруашылығы ғылыми­ зерт­теу институтында жұмыс іс­теп жүріп, 1932 жылы сүзектен қай тыс болғанын жазады. Ал Ғайыпжамалдың (туыстары Ға лия деп атаған екен) Орта Азия университетінің медици-на факультетін үздік бітіріп, аға оқы тушы, доцент, кейін Таш­кенттегі Ана мен баланы сақтау басқармасын басқарып, 1938 жылы Денсаулық сақтау халық комиссарының орынбасары, Өзбек КСР­і Жоғарғы Советінің де путаты болып сайланып, 1947 жылы докторлық диссерта-ция қорғағалы тұрған жерінде жүрек талмасынан көз жұмғанын атап өтеді. Бүгінде есімдері көп айтылмайтын қазақтың қос

зиялысы – ерлі­зайыпты Дәлел мен Ғайыпжамалдың Ташкенттегі өмірі мен қызметіне қатысты бас­қа қандай мәліметтер бар? Тым көп болмаса да там­тұмдап бар екен. Оған да шүкір дедік.

Тарбағатай ауданының Ақ­суат ауылының тұрғыны Төлеу­ғазы Нұрғалиұлы Сәрсеновтер әулеті жайындағы «Бияхмет Сәр сенұлы хақында» атты мақа­ласында Д.Сәрсеновтің 1932 жылы 4 жел тоқсанда дүние са-лып, 6 жел тоқсанда Ташкент қаласында жер ленгенін тілге тиек етеді. «Дә лелдің мезгілсіз қазасына жоғары оқу орнының студенттері, институттың оқы­тушылары мен профессор, док-торлары, алыстағы ел­жұрты, туған­туысқандары, дос­жаран­дары қатты қайғырып, аза тұ тады. Қатысқандар қосағы Ғалия ның аза тұтуы ерекше көзге түс кен еді деседі. Лек­легі мен қош тасқан елдің қарасы толас тамағандығы қазақ халқы үшін орны толмай-тын қаза екендігінің көрінісі еді дейді көзкөргендер», деп жаза-ды автор.

Семейдегі қазіргі заман та­рихын құжаттандыру ор та ­лы ғындағы архивтік деректер Д.Сәрсеновтің ағасы Жан ах мет­пен бірге уездік земство бас­қар масының жер бөлі мінде іс жүр гізуші, ал үлкен ағасы Би­ахметпен бірге облыстық қазақ комитетінің мүшесі болып әрі осында хатшы қызметін атқар­ғанын айғақтайды. «Список ор-ганизаторов Алашского конного партизанского полка, участников организации против Советской власти 1918 года Правительства Восточной Алаш­Орды» атты рес-ми құжатта Б.Сәрсеновпен қоса Дәлелдің де есімі аталады. Сонда ағайынды үш жігіттің бір мезетте бір қалада Алашорда үкіметінің құрылымдарында ұлт үшін аян-бай қызмет еткенін аңғарамыз. Бір өкініштісі, Дәлел Сәрсеновтің соңында ізін жалғар ұрпағының қалмағаны. Ташкенттің қай жерін­де жер лен генін де нақты ешкім біл мейді. Тұлғаның жан жары Ғайыпжамалдың осы қаладағы «Минор» қабірханасында жер­лен гені белгілі. Алайда ол жер жермен­жексен болып, үстінен үйлер салынып кетіпті. Бізге осыны айтқан Әміртай Жа­нахметов Дәлел Сәрсеновтің бұрын ешқайда жарияланбаған екі фотосуретін көрсетті. Түй­меленген пиджак киген суреті жас кезінде, ал екін ші оң жақ бөлігі қиылған, кәс төм шалбар-мен отырған, зиялы болмысын танытатын суреті Таш кентте қызметте жүрген кезінде түсі­рілген секілді.

Әміртай Әлімханұлының әң ­гі ме сінен естіп, білгеніміз, Ше­ге дектің кіндігінен Биахмет, Жан­ахмет, Халел мен Дәлелден бө лек Шарахмет, Бірахмет, Қо жахмет, Салық деген ұлдары мен төрт қыз тараған екен. Әулеттің кенжесі Салық ағалары секілді ел басқару, оқу­ағарту ісіне араласпаса да, семинарлық білім алған, ел ішінде беделді, көзі ашық жан болғанға ұқсайды.

Ал 1937 жылы Мәскеуде атыл ған Халел Сәрсеновтен Ар­ка дий деген ұл туып, одан Миша (шамасы Михайл болуы керек) өмірге келіпті. Мишадан ұрпақ бар ма, жоқ па, ол да белгісіз. Сәрсеновтер әулетінде тек Халелдің немересі Мишаның бала кезінде күлімдеп түскен жалғыз суреті ғана сақ талған.

ТүйінӨкініштісі сол, Алаш үшін

аян бай қызмет еткен ағайынды Сәр сеновтерді бүгінде жұрттың көп шілігі білмейді. Біздің біле­тініміз, Тарбағатай ауданының Жән тікей ауылында Биахмет Сәр­сеновке көше беріліп, осы ауыл да ұрпақтарының күшімен ескерт кіш сынтас қойылғандығы, Семейдегі М.Әуезов атындағы педа гоги­калық колледжде Б.Сәрсенов есі­мі мен бір кабинеттің аталғаны. Алаш ардақтысының туған жері Тарбағатай ауданының орта­лығында қызмет еткен шаһары Семей мен Өскеменде бірде­бір көшеге, білім ошақтарына, өзге де нысандарға тұлға есімі берілмеген. Алдағы уақытта бұл олқылықтың орны толар, тұлғаға лайықты құрмет көрсетілер деп үміт етеміз.

Шығыс Қазақстан облысы

ЗАМАНА ЗАПЫРАНЫ

Ағайынды Сәрсеновтер:бір әулеттің тағдыр-талайы

СУРЕТТЕРДЕ: 1-сурет: Жанахмет Сәрсенов, жұбайы Зылиха. 2-сурет: Жанахмет Сәрсенов (екінші қатарда оң жақтан бірінші) Семей кооперативтік техникумының студенттерімен бірге. 1932 жыл, 1 қаңтар. 3-сурет: 10 жыл Қарағандыда айдауда болған Әлімхан Жанахметұлы. 4-сурет: Ғайыпжамал Құтымованың өмірлік серігі Дәлел Сәрсенов.

(Суреттер Әміртай Жанахметовтің жеке мұрағатынан алынды)

–––––––––––––––––––«Шынына келсек, көк­темде Кремний жазық­ты ғына аттанатын қазақ­стандықтардың біреуі – корей баласы. Ал қа зақ балаларының ақпараттық технологияларға ерекше бейім ділігі бұрыннан да ай тылып жүрсе, ол негізсіз емес. Қаңтар айының ба­сында елімізде «АҚШ­тың ІТ­стар таптарында өтіл жинау» байқауы қоры тындыланды. –––––––––––––––––––

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Биыл бұл жарыс та ақ па­раттық технологиялар саласын-да қызмет етіп жүрген Олжас Айтбек, Ислам Мәдениет, Дәурен Малаев, Арай Сабыр­жан мен Сергей Тянның жолы болды. Енді олар жарты жыл ға Кремний жазықтығына тәжі­ри бе жинақ тау үшін жолға шы ғады.

Бұл байқауға қатысуға 43 адам нан өтінім келіп түс кен. Оның ішінде 19 автор ке лесі тур ға өтті. Екінші тур ға өт ­кендер екі тараптың, яғни қазақ стандықтар мен осы іс­ке мүдделілік танытып отыр­ған америкалықтардың бір­лесуімен өткен әңгімелесуге қа тысты. Нәтижесінде, жоға­рыда аты аталған бес адам ірік теліп, білім гранттарына ие болды. Бұл грант тәжірибе жинақтаушылардың барлық шығындарын өтейді.

Айтқандай, бұл байқау биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Оның жеңімпаздарының бағдарламалау, мәліметтер база сын жоспарлау машықтары өте жоғары.

Отандастарымыздың әрбі­реуіне екі америкалық стар-таптан таласып отыр десек те бо лады. Олардың ішінде Amplifylive, Hexa, Vimchat, 11sight, Powr сынды алпауыт-тар да бар.

– Жеңімпаздардың кейбі­рімен жұмыс істеп үлгердік. Біз стартаптарды таңдап біткен соң виза мәселесін шешумен ай-налысамыз. Біз үшін олардың тәжірибесін өз елінде пайда-ланып, америкалықтармен де әріптестікті үзбей, Қазақстанға қайтып оралғаны аса маңызды, – дейді осы байқауды ұйым дас­тырған академик Шах мардан Есенов атындағы ғы лыми­білім беру қорының бағ дарламалар менеджері Ильзира Алдағарова.

Өз кезегінде алғашқы бай­қау дағы жеңімпаздардың жоға­ры біліктілігіне көздері жеткен америкалық тарап та жақсы пікір білдіріп отыр.

– Біз Қазақстанмен 2016 жыл дан бастап жұмыс іс тей бас тадық. Сол кезде же ңім паз­дар арасынан Абай Нүсіп бе­ковті таңдап, ол бізбен бірне­ше ай жұмыс істеді. Оның кә сі би деңгейі өскені сон ша­лықты, нәтижесінде Абай ды то лық жұмыс күніне қыз мет­ке жал дадық. Ол қазір Қазақ ­станда отырып, біздің ин же­нерлік бөлімді басқарады. Биыл екінші рет аталмыш Қор мен әріптестік аясында же ңім паздардың ай рық ша қабілетіне қайран қалып отыр-мыз. Мүмкіндік болса, бәрін де қызметке шақырар едік. Іс жүзінде әрқайсысы кез келген компанияда жұмыс істей ала-ды, – дейді AmplifyLive негізін қалаушылардың бірі әрі бас ди-ректоры Брайан Кэнти.

Қазіргі таңда алғашқы бай ­қау дың үш жеңімпазы Қазақ ­станнан жырақтағы стар тап­тарда жұмыстарын жал ғас­тыруда. Ал Айгүл Има дил дае ва тікелей Жа зықтықтың өзінде қызмет ету де.

Осы арада америка лық тар­дың келесі байқауды өткізуге Ай гүлдің тікелей ықпал ет­кенін айта кеткен жөн. Сан­Фран цискодан бір­ақ шыққан жерлесіміз өзінің командада мықты бағдарлама әзірлеуші екенін дәлелдеген. Осындай табысты әріптестіктен кейін POWr стартапының HR маманы МакКензи Ринг Қазақ станмен жұмыс жасауды жалғастыруға шешім қабыл дағандарын ай-тады.

АЛМАТЫ

«ЕГЕМЕН» АШҚАН ЕСІМДЕР

Қазақстандық жастарАҚШ-тағы Кремний жазықтығына аттанады

Page 10: Мемлекет басшысыны •аза“стан хал“ына Жолдауына …Крол дың Қазақстан Респуб лика-сы мен АҚШ арасындағы

10 10 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛАТАМЕКЕН

ҚорғанбекАМАНЖОЛ,«Егемен Қазақстан»

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Қара шал оюлы есiктен iшке ендi де қалт тұра қалды. Сосын күбiрлеген күйi ұзақ аялдады. Күбiр-күбiр әуездi әуен кiмдi де болса елiте түсетiндей. Әл-ден уақыттан кейiн қарсы ал-дын дағы жоғарыға көтерiлер бас палдақтың ең алғашқы бас-қышына алақанын тигiзiп бiр сипалап өттi. Бұны бiзде қай-таладық. Баспалдақтар қайда ба рады деген сауал көкейдi кер нейдi.

Сұрауға дәтiм жетпедi. Қа-ра шал осыны сездi ме, ала-қа нымдағы аппақ шаңды қақ-пыштап жатқан маған зер са-ла қарады да, оң аяғымен жол бастаған. Iлесе берген ен дiгi сәтте, «Жарықтық бұл бас-палдақпен кiмдер жоғары көте-рiлмедi дейсiң», деп бiр қой-ды. Айналма баспалдақ аса ұқыптылықпен, тастарды кiрiк-тiре әдемi өрiлiп қа лан ған. Iсмер шебердiң кетiк қалдырмай, өнерiн төге қию ластырғанын аңғарасыз. Бас пал дақтың әрбiр басқышына қа дам басқан са-йын көне тарих күмбiр-күмбiр үн қатқандай екен.

Бiзге Шауһар болып көнеден жет кен шаһар тарихы өзiне ынтықтыра түсер. Сұлу Сыр мен қарт Қаратаудың арасын-да жауһардай көз жауын алған қа лалар бiрiнiң сән-салтанатын бiрi еңселендiре түстi. Шарта-рапты Шауһар деп тамсанды-рып таңдай қақтырған сәт те көңiлден көмескiлене бергенi Яссының керiм келбетiнiң әс-петтi көркi ерiксiз өзiне тар тып, сан жанардың қимас қа расын ырықсыз ұрлағаны шы ғар да. Бұл өңiрдiң киелi топырағында дүниеге келген ғұлама ұлдары да Яссының атын жер-жаһанға жария етсе керек.

Әзiрет Сұлтан… Шауһар мен Яссының атауын көңiлде жаттатып, тарихтың қалың қойнауынан бүгiнге жеткiзген осы ғажайып сағана болар. Сағананың салынуы жөнiнде Шереф ед-диннiң «Зафар-на-месiнде» жазған дерегiн ғалым-дар алдыңызға тартады. 1397 жылы Темiр өзiнiң болашақ жары, шығыстүркiстандық Қы-зыр қожа ханның қызы Ту кел-ханыммен жүздесуге бара жат-қанда Самарқаннан Шашқа бағыт алған жолда төтелей Яс-сыға бұрылады.

Ондағы ойы Ахмет Ясауидің мазарына зиярат ету болатын. Пайғамбар жасына жеткенде жер баспай, күн мен ай көрмей жер астындағы қылуетте он жыл ғұмыр кешiп, 1167 жыл-дар шамасында 73 жасқа кел-генде дүниеден қайтқан Қожа Ахметтiң рухына тағзым жасап, қастерлеген Яссы тұрғындары оны бүкiл ел-жұрт қасиеттi қы-луетiнiң жанына жерлеген бо-латын. Әмiр зияраттан кейiн сол маңда тұратын адамдарға сый лық, садақасын берiп, бұл жерге – Қожа Ахметтiң сегiз қыр лы қара тасты белгiсi бар мазары басына үлкен сағана салуға бұйрық бередi.

Дерек осыны айтады, ал, көрнектi жазушы Сәуiрбек Бақ-бергенов ел аузындағы аңызды былай жеткiзедi: «Темiрдiң ту ған шешесi Сақыпжамал осы баласына жүктi кезiнде түс көрiптi. Түсiнде ол бала емес, жылан туыпты. Сол жы-лан көз алдында үлкейiп, ар-тынша сол кездегi Сырдария (бұл өзеннiң түрiкше атауы, ал македондықтар «Яксарт», арабтар «Сейхун» деп атаған) билеушiсi Тоқалақты жұтыпты. Бұл түсiн жүктi келiншек үйiне кездейсоқ қонақ болған жолау-шы кемпiрге жорытыпты.

Кемпiр сатқындық жасап, бұл түстi Тоқалаққа айтып

қой ған. Қатал хан жүктi әйелдi алдыртып, өз қолымен iшiн жа-рып, мазардың iшiне көмусiз тастатқан. Сақыпжамалдың туған сiңлiсi Теккене жетi ай-лық, тiрi жатқан баланың кiн-дiгiн тiсiмен қиып, баланы алып кет кен. Әлi бетi ашылмаған, бейкүнә он алты жасар қыздың емшегiнен сүт шыққан. Баланы өсiрген. Ақсақ Темiр өмiр бақи шешем, анам Теккене деп кеттi. Бiрақ шын тарихын өскесiн естiген.

Демек Яссы қаласында, Қо жа Ахметтiң шикi кесек-тен тұрғызылған мазарының қасында Ақсақ Темiрдiң өз шешесiнiң сүйегi жатты, бұл жер ге оның өзiнiң кiндiк қаны там ған едi. Шындығы аз, жай аңыз бола бермейдi. Демек Қожа Ахмет басына сағана-ғимарат салуды ойлағанда, ол бұл жайды да еске алды. Өзiнiң дүниеге келген, кiндiк қаны тамған жерге сағана-ғимарат ор-натыпты дегеннен гөрi, қасиеттi Қожа Ахмет басына орнатып-ты дегеннiң дәрежесi халыққа басқадан көбiрек ұнайтынын бiлмей қалған жоқ…».

Қара шал баспалдақпен жо-ғары көтерiлiп бара жатыр. Нешiншi айналмада екенi есiмде жоқ, ол кiсi оң тiзесiне қол тiрей сәл аялдады да соңындағы маған бұрыла қараған. Аздап тыныс алайын дедi ме, басқыштың бiрiне ыңғайлана жайғасты. Мен де аяқ жағына келiп тiзе бүккем.

Деректерге зер салсақ, Түр-кiс тан шаһары XVII ғасырдың басынан қазақ хандығының астанасы болған.

Хиуадан арнайы үш рет ке лiп, мол дерек қалдырған Абыл ғазы ханның жазбаларын-да сол кезде билiк жүргiзген Есiм ханның ташкенттiк би-леушi Тұрсынмен кек ұстасып, оны өлтiргенi баяндалды. Түр-кiстанды ел есiнде «Есiм салған ескi жол» болып жаңғырған Есiм ханнан соң Жәңгiр хан билiк жүргiзедi. Одан кейiн Батыр хан таққа отырады. Өз кезiнде «Жетi жарғы» атал-ған өте маңызды заңдарды қа был даттырған Тәуке хан билiк құрды. Ал шаһарда аста-на ретiнде соңғы рет Алаш туын жел бiреткен Абылай хан едi.

Мына қызықты қараңыз, Таш кенттен Уфаға барған сауда-гер Нұрмұхамед дегеннiң елiнен шыққанда атпен бiр жарым күндiк жерде Түркiстан атты шаһардың барын мәлiмдеген. Оған ерекше ынта аударған орыс зерттеушiлерiне, сонымен қатар, Сыр өзенiнiң жағасында Аққорған, Сауран, Сунақата, Созақ, Қарнақ, Ихан, Отырар, Қарашық сияқты шаһарлар қалмақ шапқыншылығы кезiнде көбiнiң қирап қалғанын баян-дайды. Және де саудагердiң әң гi месi бойынша олар сол Түр кiстанның маңындағы Қа ра таудың қойнауындағы Суындықта қазақтардың қор-ғасын қорытатыны жөнiн дегi мәлiметтi қағазға түсiрiп алады.

Ол кезде бұл деректердi қа-ғазға түсiрiп отырған ғалым дар бұдан бiр миллион жыл бұрынғы алғашқы аңшылар қауымы пайдаланған тас құралдардың Қаратаудан табылатынын, ал, 50-45 мың жыл iлгерi саналы адамды қалыптастырған жо-ғары палеолит аңшыларының тас құралдарын жасайтын мекен де сол маңдағы Ащы-сайдан кездесетiнiн, бiздiң зама-нымызға дейiнгi ХII-Х мен III мыңжылдықтардағы мезолит пен неолит дәуiрiнде жасал ған садақ пен тасбалта, шот, келi және келсаптың Бүркiттi, Үшбұлақ, Қараүңгiр деген жерлерден шығатынын бiлген жоқ едi.

Жылдар әлетiнде Түркiстан қолдан-қолға өттi. Жоңғар шап-қыншылығы кезiнде ширек

ғасыр жау қолында қалды. Әйт -се де аспан тепкен көк күм бездi кесене алыстан көз жауын алып, сағынышқа айнал ды. «Елiм-айлаған» елдi бiрлiкке, ын-тымаққа үндегендей жұбатып, айбат берiп тұрды. Ол ол ма, 1864 жылы 22 мамырда Пе-ровск қаласынан полковник Н.Веревкин бастаған Орынбор қарауындағы әскерден алған ауқымды жасақ Түркiстанды бағытқа алды. Жер қайыстырған бес рота жаяу әскер, екi жүз атты әскер және сүйреткен 10 зеңбiрегi, 5 мортирi, екi ра-кеталық станогi бар патша қосынындағы 44 офицер мен 1593 солдат келе жатты.

Оған қоса Сырдариямен кеме де iлесе шықты. Негiзгi бағыты Созақты алу едi, ондағы гарнизонның кетiп қалғанын бiлгеннен кейiн Түркiстанға тiкелей тартты. Мынадай ба-сым күшке ешкiм де шыдас бермес едi. Барлық жағынан үш метрлiк дуалмен қоршалған шаһарды айрықша қауiп күтiп тұрды. Патша әскерiнiң зеңбiрек оқтары дуалдарды шұрқ тесiк еттi. Қаланың ортасын өрт жал-мады. Веревкиннiң бұйрығымен атылған зеңбiрек оқтары кесенеге тура бағытталды. Сол оқтардан Қожа Ахмет Ясауи кесенесi де зақымдалды. Төтен нен келген соққыға тырс етпей шыдас бердi.

Жарықтық, бұл алып сағана-ғимараттың жобасын жасауға Ақсақ Темiрдiң өзi тiкелей

қа тыс қан деген де дерек бар. Күм бездiң диаметрiн 41 кез, ал, айналасын 130 кез етiп алу-ды тапсырған дейдi. Бүгiнде 35 бөлменiң басын бiрiктiрiп, талайды тамсандырған ес керт-кiш кешеннiң енi 46,5 метр, ұзындығы 65,5 метр. Қабыр-ғалары 18,2 метрден бiрдей етiп алынған қазандық бөлмесiнiң үстiн көмкерген ғажайып күм-без дiң диаметрi 24 метр болуы оны нақтылай түссе керек.

Сонымен қатар, көне тарих қатпарынан сағананы салу-да ерекше еңбегi бар ұсталар Үбайдулла Садыр, Хасан Әзиз, Шемс Әбдi-әл-Вахаб есiмдерiн алдымызға тартады. Оның сыр-тында күн астында маңдайы терге малшынған мыңдаған ше-берлер мен құрылысшылардың аяусыз еңбегiн айтыңыз. Түр-кiс таннан отыз бес шақы рым жердегi Саураннан қыш қа то-пырақ алынғанын, күйдi рiлген қышты қаз-қатар тұрып Яссыға қолма-қол жеткiзген мың сан енбеккердi көз алды ңызға әкелiңiзшi. Сағананы әр леу ге

пайдаланған сонау Қо тыр бұлақ құмы мен Түйетас топы рағын қосыңыз. Қара шал бiр әңгiме бастады:

– Мына баспалдақтарды Қаратаудың жартастарынан түйемен тас алдырып, бас шебер Хасан Әзиздiң өзi қалаған деседi. Өйткенi, сағана құрылысының жай-күйiн ауық-ауық көрiп тұ-руға Ақсақ Темiрдiң төртiншi әйелi Таңшолпан ханшайым нөкерлерiмен келедi екен. Соған ыңғайлы болсын деп, әспеттей қалаған дейдi. Бұның растығын мына аңыз растайтындай.

Сағана бiтер сәтте бас ше-бер ең соңғы қышты қалау ұс-та лар ұстанған дәстүр екен. Сол дәстүрдi сақтаған шеберлер салтанатты кез жақындаған тұс-та кеу-кеулеп осы өңiрдегi ең алып ғимараттың бас ұстасы болып, әрбiр өрнек, нақышын алақанының табымен аялай бiлген Хасан Әзизге жол бе-редi. Бас шебер әспетi сән-сал танатымен көгiлдiр аспан ас тында күнге шағылыса көз қарықтырған сағананың ұшар басына жанарын бiр тастап, көңiлдегi арманның шындыққа айналатынына үлкен сенiммен марқайып, екi қышты қолына алады да мың баспалдаққа қарай жақындап жоғары өрлейдi.

Бүгiн бақытты күн болғалы тұр деп iштей күбiрлеген бас ше-бер көңiлiндегi шаттық қиялын шарықтата түседi. Шiркiн, қуа-нышты кездiң куәгерлерi қа-

тарында Таңшолпан ханшайым көрсе ғой деген ой тербетедi. Құ рылыстың iргетасына тас қалап жатқандағы қылаң бер-ген ой, ендi әдемi қайырыммен тербетiп келедi. Бұл ойды Хасан Әзиз iргетастың алғашқы та-сын нығырлай қойып жатқанда, ханшайымның жылт еткен жа-нарынан да оқығандай едi.

Күн-түн демей қайнаған ең-бек пен өткен қанша жыл, әйтсе де өн бойын селт еткiзе тер-ге малшындырған жалт ет кен жанардың қарасы мен жұм бақ жымиыс осы мәурiттiң қуа-нышын сездiргендей болған. Ше бер атаулының жанын сала кiрiскенi, олардың әрбiр iстi ыж дағаттылықпен әрi жылдам ат қаруға себiн тигiзгенi де содан шы ғар. Асқан сұлулықтың бiр сәт тiк үзiк суретi бас шебердi тол қыта, ерекше дем берген. Батылдықпен еркiн жоғары көтерiлген ол күмбез басындағы екi қыштың орнын асықпай тазалаған деседi.

Бәлкiм, төмендегi қуаныш-тан естерi шыға улап-шулаған

нөпiр халықтың арасынан хан-шайым көрiнбеген соң да асық-паған шығар. Қолына кос қыш-ты алып, ендi қалай бергенде бағанадан құлақ етiн жеген у-шу су сепкендей басылады, бас шебер көз қырын салса, қақ жарылған елдiң ортасында хан-шайымның көзiн көлегейлей қа-рап тұрғанын көредi.

Денесi дiр еткендей болған Хасан Әзиздiң қолындағы қыш жерге сусып түсiп кеткен екен дейдi. Сұлу ханшайымның көз алмай қараған жанарынан тай-салды ма, жоқ әлде қос қышты қолынан түсiрiп, сындырып алғанына намыстанды ма – сол күйi үлкен күмбездiң қос қышы қаланбай қалған деседi.Қара шал орнынан қозғалып, iлгерi жүрдi. Баспалдақпен биiктеп келемiз.

Тастан өрiлген мың баспал-дақ… Баспалдақтар бiздi саға-наның төбесiне көтердi. Көк күмбездi ғимараттың жай-пақ төбесiнен айналаның бә рi алақандағыдай көрiнедi. Қа-ратау жақтан ескен самалға кеу-де кере тыныстадық. Қара шал толқып тұр. Сосын бас күм безге қарай аяңдады.

– Сағананың құрылысы бiтке нiне ризашылық бiлдiрген хан шайым бас шебердi бiр неше көмекшiсiмен қонаққа шақы-рады. Қонақасы үстiн де Хасан ұстадан үй-жайын сұрайды. Адал да ақ көңiл ұста алыстағы елiн де жұбайының қалғанын жа-сырмайды. Артынша ханшайым дастарқанға екi жұмыртқа ал-дыртып, Хасан ұстаның алдына қояды. Бiрi боялған екен.

Екеуiнен де ауыз тиюiн өтi не-дi. Екi жұмыртқаны асық пай ар-шып дәмiн көрген ұстаға «қалай екен?», деп ханшайым сауал тас тайды. Дәмiнiң бiрдей екенiн бiлдiрген сәтте, осы жауапты күткен ол, «көрдiңiз бе, өзiңiздiң сүйiктi жарыңыздан артық ешкiм жоқ», дейдi. Астар лы әңгiменi бiрден ұққан хас шебер Ақсақ Темiрдiң қа һа рынан қаймығып, сол түнi кө мекшiлерiмен елiне қашып кеткен деседi…

Қара шал үнсiз ойға шом-ды. Бұның бәрiне – төбемiзден шақырайған күйi дөңгеленген күн куә, күн астында көз жауын алған көгiлдiр күмбез куә, ал, алғашқы iргетасты қалаған да сұлулыққа ынтыққан бас шебер-дiң көңiлiндегi сезiмдi ғажайып ғимараттың әрбiр қаланған қыш, айшықталған өрнегiмен жеткiзудi армандаған Хасан ұстаның тас-тан өрген баспалдағы мың бiрге жет пегенi несi?

Бәлкiм, кесене тұрғызған алғаш қы күннен өзi берiлiп тың-даған «Мың бiр түннiң» әсерлi ырғағын көз алдына әкелiп, жүректi тербеткен толқынды күйдiң жетегiмен ойындағы арманын қолға қондыра алмай кеттi, кiм бiлген?!

Мың баспалдақ – ерекше сырды iшiне бүккендей сазара шаң басқан тас өрiм баспалдақ.

ТҮРКІСТАН

КӨНЕ ТАРИХ КӨМБЕСІ

Тастан өрiлген мың баспалдақ…‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑–––––––––––––––––––Тастан өрiлген мың баспалдақ… алғашқы iргетасты қалағанда сұлулыққа ынтыққан бас шебердiң көңiлiндегi сезiмдi ғажайып ғимараттың әрбiр қаланған қыш, айшықталған өрнегiмен жеткiзудi армандаған Хасан ұстаның тастан өрген баспалдағы мың бiрге жетпегенi несi?–––––––––––––––––––––––––––‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑‑

СҰЛУ ХАНШАЙЫМНЫҢ КӨЗ АЛМАЙ ҚАРАҒАН ЖАНАРЫНАН ТАЙСАЛДЫ МА, ЖОҚ ӘЛДЕ ҚОС ҚЫШТЫ ҚОЛЫНАН ТҮСIРIП, СЫНДЫРЫП АЛҒАНЫНА НАМЫСТАНДЫ МА – СОЛ КҮЙI ҮЛКЕН КҮМБЕЗДIҢ ҚОС ҚЫШЫ ҚАЛАНБАЙ ҚАЛҒАН ДЕСЕДI.

Ой жүгіртіп, көңіл көзін кеңірек ашып қарасаңыз, бұл дүниеде уақыт­тан құдіретті не бар?! Адам затының өзін қартайтып, қаусатып тоздыра­тын да, өлгеннен кейін ізгілікті іс­әре кеттеріне орай екінші өмір сый­лап, ұрпақ жадында қалдыратын да уақыт. Адам үшін уақыт – ұстаз, уақыт – тәрбиеші де болады. Сонымен қатар уақыт жан жарасын емдеп жа­затын емші де дейміз.

Әрине, уақыттың қиратқыш, жойым-паздық қуаты жайқын да жойқын. Со-нау антикалық ежелгі заманның Троя-сынан бастан өзіміздің қазақ дала сын-дағы жер астына шөккен қаншама қа-ла ларымыз соның айғағы. Дей тұрсақ та, осы уақыттан асқан жасампаз да жоқ. Өткен ғасырларда нешеме түрлі шапқыншылықтар мен ашаршылық нәубеттерінде қырғынға ұшырап, бодан-дық пен құлдық қамытына жегіліп, қара жерден де ауыр қисапсыз қасірет ар қалаған қазақ ұлты қазірде сол сан сыз жаралардан айықты, еңсесін тіктеді, әлемнің алдыңғы қатарлы озық мемлекеттерімен терезесі тең ел қата-рына қосылды. Осының бәрі соңғы ши рек ғасырда ғана мүмкін болған ға-жайып! Осынау ширек ғасырдың әр жылы жүз жылға татитындай толағай салмақ арқалаған бір-бір сайыпқыран жеке батырдай елестейді көзге. Уақыт-тың ұлылығы мен жасампаздығы осы емес пе.

Қара жамылып қапылған қайғыларды да ұмыттыратын уақыт. Осы күнге жет-кенге, әлбетте, шүкір, тәубә дейді қаза-ғым. Замана, дәуір, кезеңдер мен жыл-дар Уақыт дейтін ұлы әміршінің үрім-бұтақ әулетінен саналады. Адамзат қоға мының басынан талай-талай кер замандар, кердең кезеңдер, қанқасап жылдар да өткен, өте де бермек. Ол – толайым тіршілік заңы. Бірақ кезі кел-генде уа қыт бәрін орын-орнына қояды, әді летті қалпына келтіреді, өмірді қайта көктетеді.

Бұрынырақтағы бір өлеңімізде біз де: «Әлди, әлди жас балақан жаңа жыл, Уақыт деген ұлы патша ұрпағы», деп жырлаған екенбіз. Сол айтқандай, міне-кей, биыл ит жылына кіріп, уақыт тың тоқтаусыз көшінде тағы да тыным-сыз ілгері жылжып барамыз. Итті ата қазақтың жорасымен жеті қазынаның бірі, бақ-берекелі, ырысты да құтты жыл болады деп те ырымдап та жатырмыз. Иә, алғашқы апталары ақжарылқап пейіл-тілекпен өткен бұл жылымыздың да құтжол, майлыаяқ болғанына не жетсін. Ылайым солай боларына сенім діміз.

Ит жылынан әрқашан осылай үміт-ті боларымыздың, дәйім жақсылық күте ті німіздің өзіндік себебі де жоқ емес. Аса әріге бармай-ақ, жүз жыл бері ден қайырсақ, 1921 жылы Қазақ-станда ауқымды ашаршылық болып, жүздеген мың өмірді жалмағаны белгілі. Ал осыдан кейін келген 1922 – ит жылы алапаттың беті қайтып, халық үзілген арқауды қайта жалғап, ит тіршіліктің итеңбай арбасына қайта жегіліп, итырғылжың өмірге қайтадан бет бұрып еді. Сол сияқты, 1931-1933 жылдар аралығындағы қазақтың тең жарымына жуығын опат еткен ғаламат нәубеттен кейін келген 1934 – ит жылы апатты тоқтатып, үміт сәулесін өшірмей қайта жандырған еді. Тағы бір мысалға жүгінсек, Германиямен соғыста жеңіске жетсек те, қансырап жығылған халқымыз үшін одан кейінгі, яғни келесі 1946 – ит жылы да жаңа тыныс ашқанын, бүлінген шаруаны қалпына келтіруді қолға алып, бейбіт өмірге, жарқын болашаққа бет түзегенін де әсте жоққа шығара алмай-мыз. Осынау қиыншылықтар мен тау-қымет, қасіреттердің бәрінен кейін дәйім ит жылы ақжолтай болып келіп, алдағы жақсылықтарға бастап отыруы тегін емес. Уақыт емші дейтініміз сол.

Иә, уақытпен санасқан абзал, уа-қыттың қадірін білген жөн. Ит – адамның досы, шаңырақтың, от басы, ошақ қасы, мешітті ғалам үйіңнің күзетшісі, бақ-берекеңнің, ырыс-құтыңның шырақ-шысы. Демек, ит жылының ырым-қа-сие ті ордалы Отанның, ел іргесінің бе рік болуын қалайды. Осы арада арғы төркіні Шумерде жатқан, белгілі әдебиеттанушы ғалым Серік Негимов айтатын нұсқадағы: «Есігің берік болма-са, еліңде ерік болмайды» деген мақалын да ит жылындағы уақыттың бір үлкен талабы ретінде қабылдау ләзім дер едік.

Бүгінгі уақыт Ақан серінің Құла-герінен де жүйрік. Қазақтың ақиық ақын дары жырлап, әншілері әнге қос қан айдай сұлу перизаттардан да кір пияз. Оған ілесе алмағандар замана күре-сінінде қалып қояды. Демек, қашса – құ-тылар, қуса – құтқармас әбжілдік керек-ақ. Жылға аты берілген құмай-тазының қасиеті осындай, ұраны – ұшқырлық. Олай болса, Мұқағали ақын айтқандай: «Асығу керек, асығу керек қалайда! Уақыт саған қарай ма!».

Тағы да Мұқағали айтады:– Асығу керек,Тындыру керек барлығын,Ешкімнің күтпей жарлығын!Апармай кешке асығу керек, асығу,Түстегі ісіңнің қалдығын.Ит жылында ұлы Уақыт падишаның

үдесінен шығуға асығайық, ағайын!.. Уақыт толғағы күтпейді. Уақыт толғамы осындай!..

Уақыт толғамы

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Бағзыдан жеткен тағы бір баяғы ән – «Гүл-гүл жайна» әні. «Түзетуге» ұшыраған көп әндердің қатарында оның мәтіні әртүрлі айтылып жүр. Қайырмадағы:

«Қыздарда да қыздар бар, Жарылмаған қауыздай, Жігітте де жігіт бар,Тонның ішкі бауындай»,

дейтін шумағы: «Қыздарда да қыздар бар,

Жарылмаған қауындай, Жігітте де жігіт бар, Базар тонның (кейде, қамар тонның)

бауындай» делініп айтылып жүр.Бұл жерде қайырманың бірінші тар-

мағы қазақтың қызға байланысты ай-татын «он екіде бір гүлі ашылмаған» дейтін сөзін еске түсіріп тұрған жоқ па?! Жарылмаған қауыздай қыз деп осы не гізде айтып отыр. Оны енді әрі қарай талдап жатпайық. Ал жігіттің жігітіне байланысты арнайы айтуға базар тонның немесе қамар тонның бауының қандай кереметі бар? Айта алмаймыз. Ендеше,

мәтіндегі тонның ішкі бауы туралы айталық.

Қатал табиғатта мал бағып ат үстінде жүрген қазақтың тонының ішкі бауының раха тын көрмегені кемде-кем шығар. Тон ның ішкі бауы – тонның ішінен, қол-тықтың астынан сүйем, иә, қарыс төмен тағылатын бау. Қарын тұстан сәл жоғары байланып тонды арқаға жабыстырып тұрады. Оны басқаша да тағуға болады. Тонның ішкі бауы байланғаннан кейін желбегей салып та жүре беруге болады. Қазіргі күнде де жедел жәрдем және өзге де осындай қызметтердегі киімдердің барлығы ішкі баумен байланады. Ал, «қамқа тонның бауындай» делініп айтылып кетуінің бір себебін «ішкі

бау көбінесе қамқа тонға тағылады» делінетін деректермен ұштастыруға бо-латын шығар. Енді мәні туралы айталық.

Істеген игі ісі көзден гөрі, көңілге көбірек білініп тұратын жігіттер болады. Сырт көзге көбірек дос секілді көрініп, жаныңа жылу қажет сәтте жақындамай жоғалатын жалтақтықтан аулақ, ішкі тілеулестігі орасан. Жасаған қызметі де арзан атақ немесе бақай есеп үшін емес, қайырымын Құдайдан күткен ізгі тілекті, үлкен жүректі ерлер олар. Міне, жаныңа жақын, нағыз тонның ішкі бауын дай достықта болатын жігіт деп осылар-ды айтса болады. Бұл әннің мәтіні бо-лып бізге жеткен нағыз жігіттің сыны, достықтың сипаты болатын.

СӨЗ ТӨРКІНІ

Жігітте де жігіт бар...

Page 11: Мемлекет басшысыны •аза“стан хал“ына Жолдауына …Крол дың Қазақстан Респуб лика-сы мен АҚШ арасындағы

10 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 11АЙМАҚ

––––––––––––––––––––––––––––Алматыда қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжыма-лы құрамды жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүріп жатыр. ––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Таяуда көмір саласының ардагері, Қарағанды облысы, Қарағанды, Саран және Шахтинск қалаларының құрметті азаматы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессоры Николай Александрович Дрижд 90 жасқа толды. Мерейтой иесіне ҚарМТУ Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысында құрмет көрсетілді. Қарағанды көмір бассейнінің патриархын облыс әкімі Ерлан Қошанов, әріптестері, аймақтың өнеркәсіп кәсіпорындарының жетекшілері, облыс пен қала жұртшылығының өкілдері құттықтады. Мерейтой құрметіне Николай Дрижд Президенттің Алғыс хатын алды. Елбасы құттықтауын аймақ басшысы оқып берді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Әдетте үлкен зауыттар мен фабрикалар қалалар мен об-лыс орталықтарында бой көтеретіні белгілі. Бұл жолы бұған керісінше көрініс орын алды. Мұғалжар ауданына қарасты аты-на заты сай Алтынды елді мекенінде алтын шикізатын өңдейтін үлкен фабриканың құрылысы басталып кетті. Мұндағы басты мақсат – Мұғалжар өңірінде өндірілетін шикізат өнімдерін жергілікті жерде өңдеу. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Үкімет қаулысымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты университет дәрежесін алды. Жақсы жаңалықты оқу орнының ректоры Алтынбек Нұхұлы хабарлады. Алдағы уақытта университет өңірден шыққан ақын Сәбит Дөнентаев, қайраткер Мұса Шорманов, Қаныш Сәтбаевтың ағасы Әбікей Сәтбаев сияқты ғұламалардың бірінің есімімен аталуы мүмкін. Университет алдында қазақ жерінің ағартушылары Мұса Шорманов пен Әбікей Сәтбаевқа бюст орнатылған. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Конкурс өткізу туралы хабарландыруҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті осы комитетке қарасты «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік

және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық

мемлекеттік кәсіпорыны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Конкурстың өткізілетін орны: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік ел көшесі 8, Министрліктер үйі, анықтама үшін телефон: (7172) 74-18-04.

Кәсіпорынның орналасқан жері: 050054, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Капальская көшесі, 14-үй. телефоны: 8 (7272) 23-38-21.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бо-лып табылады.

Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

1) «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші (жоғары) біліктілік санаты бар жоғары медициналық білім (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейіні бойын ша) немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» мамандығы бойын-ша магистратураның болуы (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін) және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілі немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» мамандығы бойынша магистратурасы бар жоғары экономикалық білім (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магис-тратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін) және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілі;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Респуб-ликасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республи-касындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статисти-касын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемшарттар мен көрсеткіштерді, медициналық көрсетілетін қызметтер нарығының конъ-юнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың және денсаулық сақтаудағы басқару жүйесінің теориялық негіздерін, халықты санитариялық сауаттандыру-ды, гигиеналық тәрбиелеуді және саламатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін, қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі.

3) бұрын жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың бол-мауы.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабыл-данбайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;5) еңбек кітапшасының (бар болған кезде) немесе еңбек шартының

көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмелері;

6) денсаулық жағдайы туралы анықтама (086/е н.).Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық

деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыным-дары және т.б.) ұсына алады.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік ел көшесі 8, Министрліктер үйі, анықтама үшін теле-фон: (7172) 74-18-04.

Конкурсқа жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде әңгімелесуден өтеді.

«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың үшінші облигациялық бағдарламасы аясындағы облигациялардың

үшінші шығарылымы туралы мәліметАлматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы инвесторлардың назарына «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың үшінші облигациялық бағдарламасы аясындағы облигациялардың үшінші шығарылымының мемлекеттік тіркелгені туралы ха-барлайды (Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы 30.11.2017 жылғы №E99-3 куәлік, ҰСН KZP03Y10E992, ISIN KZ2C00004158, CFI DBFSFR).

Облигациялар туралы мәлімет облигациялардың түрі Атаулы, купондық, қамсыздандырылған (ипотекалық)облигациялардың саны 100 000 000 (бір жүз миллион) данаорналастыру құны облигацияларды орналастыру құны мәміле жасай-

тын сәтте орын алған үздік нарықтық талаптармен белгіленеді

облигацияларды төлеу тәртібі

төлем сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі ережелеріне сәйкес жүргізіледі

Шығарылым проспектісімен Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекен-жайы бойынша танысуға болады, Қазынашылық департаменті, осы бөлімшені бағыттайтын директор – Т.Р.Габасов, тел. 2-598-598, ішкі 12100, 12191.

Товарищество с ограниченной ответственностью «Asia Legal Force» (БИН 070540001513) сообщает о своей ликвидации.

Сведения о третьем выпуске облигацийв пределах третьей облигационной программы

АО «Банк ЦентрКредит»Акционерное общество «Банк ЦентрКредит», находящееся по адресу:

г. Алматы, пр. Аль-Фараби, 38 доводит до сведения инвесторов о государ-ственной регистрации третьего выпуска облигаций в пределах третьей обли-гационной программы АО «Банк ЦентрКредит» (Свидетельство о государ-ственной регистрации выпуска ценных бумаг № E99-3 от 30.11.2017г., НИН KZP03Y10E992, ISIN KZ2C00004158, CFI DBFSFR).

Сведения об облигациях.вид облигации Именные купонные c обеспечением (ипотечные)количество облигаций 100 000 000 (сто миллионов) штук.цена размещения цена размещения определяется исходя из наилучших

рыночных условий, сложившихся на момент заклю-чения сделки.

порядок оплаты обли-гаций

оплата осуществляется в соответствии с внутренни-ми правилами организатора торгов.

Ознакомиться с проспектом выпуска можно по адресу: г. Алматы, ул. Аль-Фараби, 38, Департамент казначейства, Директор, курирующий дан-ное подразделение – Габасов Т.Р., тел 2-598-598 вн. 12100, 12191.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына мүліктерге сауда-саттық жариялайды:

Лот №1 – Автомобильдерге жанармай құю стансасы, жалпы көлемі 92,40 ш.м. жылжымайтын мүлік нысандары, оның ішінде ЖҚС (Литер А), ТҚО (Литер А1), жапсарлас құрылыс (Литер А2), қалқа (Литер Г1) және жекеменшік құқығы бар 0,0394 га және 0,0426 га жер телімдері мен көлемі 6 текше метр, 12 текше метр және 40 текше метр болатын резер-вуарлар (Литер 1, 2 және 3), орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қ., Төле би к-сі, 171-А үй.

Бастапқы баға – 22 000 000 (жиырма екі миллион) теңге.Сауда-саттық әдісі – ағылшын.Кепілдік жарна сомасы – 660 000 (алты жүз алпыс мың) теңгені құрайды.Лот №2 – Автомобильдерге жанармай құю стансасы, жалпы көлемі 17,10

ш.м. құрайтын операторлық және демалыс бөлмесінен тұрады, қалқан және резервуарлар 5 бірлік, жекеменшік құқығындағы 0,2 га, жер телімі, орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Нұрбаев учаскесіндегі ЖҚСА (ГЗЗ), «Ташкент-Алматы» тас жолы (06:088:040:005).

Бастапқы баға – 8 060 000 (сегіз миллион алпыс мың) теңге.Сауда-саттық әдісі – ағылшын.Кепілдік жарна сомасы – 241 800 (екі жүз қырық бір мың сегіз жүз)

теңгені құрайды.Лот №3 – Автомобильдерге жанармай құю стансасы, жалпы көлемі

– 24,10 ш.м. құрайтын дәлізден, операторлық, демалыс бөлмелерінен, қойма, ауладағы қосымша құрылыстар: операторлық, қалқан, вагон және сауда-саттық дүңгіршегінен тұрады. Жекеменшік құқығы бар 0,21 га, жер телімімен 4 бірлік көлеміндегі резервуарлар, орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Үшбұлақ стансасы «Алматы-Ташкент» тас жолының бойында орналасқан.

Бастапқы баға – 10 369 000 (он миллион үш жүз алпыс тоғыз мың) теңге.Сауда-саттық әдісі – ағылшын.Кепілдік жарна сомасы – 311 070 (үш жүз он бір мың жетпіс) теңге.Лот №4 – Мұнай базасы, есеп айырысу-кассалық жүйесі бар опера-

тор бөлмесі (Литер А), жалпы көлемі – 29,10 ш.м.; күзет бөлмесіндегі қалқан (Литер Б) жалпы көлемі – 20,70 ш.м.; өртке қарсы қолданылатын сорғы стансасы, жалпы көлемі – 84,50 ш.м.; жалпы көлемі 7 000 текше метр ЖЖМ сақтауға арналған бес резервуар (Литер I, II, III, IV, V); темір жолдағы құю эстакадасы (Литер IV) ЖЖМ толтыруға және ағызуға арналған құю эстакадасы бар ұзындығы 145 метр темір жол тартылған кірме жол; жалпы көлемі – 550 м3 тазартылмаған қалдықтарды жинағыш (Литер VIII); жартылай майыстырылған екі өртке қарсы қолданатын резер-вуарлар (Литер IX, X); көлемі – 180 ш.м. жартылай автоматтандырылған толтыру стансасы (Литер XI), көлемі – 105 ш.м. монифольды сору станса-сы (Литер XII), аталмыш жылжымайтын мүлік нысандарымен аймақтық және функциональды байланыстағы, жалпы көлемі – 1,3977 га, жер телімі – (кадастрлық нөмірі: 06-097-019-201), оның ішінде 0,0522 га. кірме жолдарға арналған жер, орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қ., Мәмбет батыр к-сі, №7А-үй.

Бастапқы баға – 671 000 000 (алты жүз жетпіс бір миллион) теңге.Сауда-саттық әдісі – ағылшын.Кепілдік жарна – 20 130 000 (жиырма миллион жүз отыз мың) теңгені

құрайды.Кепілдік жарна «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген

тұлғасының шотына төменде көрсетілген деректемелер бойынша ауда-рылу керек.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер 2018 жылғы 22 қаңтарда сағат 18.00-ге дейін мына мекенжайда қабылданады: Тараз қ., Жамбыл д-лы, 145.

Сауда-саттыққа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімін алу үшін Сенім білдірген тұлғаға хабарласу қажет.

Сауда-саттық ағылшын әдісімен 2018 жылғы 23 қаңтарда сағат 10.00-де мына мекенжайда болады: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жамбыл д-лы, 145-үй.

Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде са-тып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тәсілімен енгізуі қажет.

Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Абзал Мұратұлы Сейдалиев, Тараз қ., Жамбыл д-лы, 145-үй, шот KZ456010001286000005, БИК HSBKKZKX, БСН 940140000385, Кбе 14.

Сауда-саттық өткізу мәселесі бойынша анықтама алу телефон-дары: 8 (727) 330 17 83, 330 17 57,

Алматы қаласы бойынша байланыс орталығы 8 (727) 2590777 және Қазақстан Республикасының басқа қалалары үшін: 8 8000 8000 59.

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Хатта «Еліміздің көмір өнді-рісіндегі көп жылғы еңбегіңіз үшін алғыс айтамын. Сіздің өмір жолыңыз – бұл адалдық, міндет пен кәсібиліктің нағыз үлгісі. Сіз саланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қостыңыз. Бүгінде біліміңіз, тәжірибеңіз бен даналығыңыз Қарағанды кеншілерінің дәстүрін жалғас-тырушы жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдасын тигізуде», делінген.

Сонымен қатар облыс әкімі Мемлекет басшысының атынан мерейтой иесіне алтын бел гіні та быстады. Алқалы жиын да елі-міздің дамуына зор үле сін қос қан ардагердің еселі еңбе гі айтылды. Өз замандастары оны «кен өне-рінің генералы на» теңейтіндігін жет кізді. Олар Николай Дридждің өмір бая нындағы ең жарқын кезең Қа зақстанның «қара інжуі» – Шұ-бар көл көмір разрезі екенін де атап өтті.

Б ү г і н д е у н и в е р с и т е т т е

про фессор Дрижд құрған «Кен ме тал лургия кешенінің метан энер-гетикасы» зертхана сы жұмыс істеп тұрғанын айта ке тейік. Зерт хана танымал әлем дік өндіру ші лер дің жабдықтарымен жабдық тал ған.

Николай Дрижд салалық «Қа-рағанды көмір» бірлестігінде бө-лімше басшысынан атқарушы ди-ректор қызметіне дейін жетті. Ол кеншілердің бірнеше буынын да-ярлады, олардың арасында бү гінгі шахта жетекшілері де бар. Жа сына қарамастан, профес сор оқы ту шы-лық қызметін жалғас тыруда.

Николай Дрижд – Жараты-лыстану ғылымының, Қазақстан ұлттық академиясының, Ресей тау-кен ғылымы академиясының академигі. КСРО Мемлекеттік сый лығының екі мәрте лауреаты, Ленин орденінің екі мәрте, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері. «Дос-тық», «Құрмет» және Ахмет Бай-тұрсынов атындағы ордендермен марапатталған. «Кенші даңқы» белгісінің толық иегері.

Қарағанды облысы

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Бұған дейін мұнда қазбадан шығарылған алтынның ұсақ сынықтары Ресейге жөнелтіліп келіпті. Кісідегінің кілті аспанда дегендей, ресейлік өңдеушілер оның құнына шикізаттың жарты бағасын талап етіп келгені де жа-сырын емес. Енді бұлай болмайды. Алтын шикізаты жергілікті жерде өңделетін болған дықтан табыс та, пайда да еселеп өсетін түрі бар.

Қомақ ты инвестициялық қара-жат есебінен салына бастаған алтын фабрикасының құрылысын 2019 жылы аяқтау көз делген. Ауқымды

жоба іске қо сылған кезде 700-ге жу ық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл жағымды жайт өз кезегінде аудан бюджетіне түсетін салық тү сімдерінің деңгейін әжептәуір көтермек.

Алтын фабрикасында жұмыс істейтіндердің басым көпшілігі Алтынды елді мекені мен оған көршілес ауыл тұрғындары болады деп күтілуде. Сондықтан да бүгінгі күні оларды бұрын беттесіп көр-меген кәсіпке икемдеу және жаңа мамандықтарға қайта әзірлеу жұ-мыстары да ойластырылып отыр.

Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы

Арман ОКТЯБРЬ,«Егемен Қазақстан»

Қалада биылғы көлік реформасы ая-сында сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған. Олардың 195-і бағыттар бойын-ша қызмет көрсетуде. Оған қоса қалаға әкелінген су жаңа 200 автобус кезеңдер бойынша жолға шығады. Өз кезегінде жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алған, қазіргі уақытта олардың 91-і қала жолдарында.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қаланың автобус паркінің 30 пайызға жаңаруы және бағыт желісінің ұлғаюы жолаушылар ле-гін 20,6 пайызға арттырған. Егер 2016 жы-лы 174,6 млн адам тасымалданса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 220,1 млн жолау шыға артқан. «Тасымалдаушы жоспарлы шығуды қамтамасыз ете алмаса, интервал мен жыл-жымалы құрамды жаңарту «Алматы элек-тротрансқа» беріледі. Мысалы, №70 бағыт та автобустар жаңарды, интервал қыс қар ды, соның арқасында жолаушылар легі 12 есе өсті, яғни тәулігіне 395 адамнан 4,6 мың адамға дейін жетті. Жақында 18 метрлі ав-тобус-гармошкалар №201 бағыты бойынша жүре бастады, ол күніне 11,6 мың адамды та-сымалдауда, болжамдағы жолаушылар легі – 25 мың адам», дейді жауапты мамандар.

№12 бағыты бойынша жолға шық қан

12 метрлі төмен еденді автобустар Еуро-5 эко логиялық сыныпқа сай, сыйым ды лығы 100 адамнан жоғары, кондиционерлермен, бейнебақылау камераларымен, пандустар-мен және басқа да қажетті құралдармен толық жабдықталған. Аталған бағытты «Алматыэлектротранс» ЖШС ұйым-дастырған. Мәселен, жай күндері автобус-тар арасындағы интервал алты минутқа қысқарса, демалыс күндері екі минутқа азайған. Босаған автобустарды «Green Bus company» ЖШС №120 бағытты күшейту үшін пайдаланады, кейін бұл бағыт айнал-малы болады деп күтілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда

көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта ашылып, көліктер №201 магистральды бағыты бойынша жүре бастаған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерге толық көлік қызметін көрсету мақсатында сегіз бағыт ашылған болатын. Шаһар тұрғындары мен қонақтарын Медеумен қауыштыратын су жаңа алып автобустар иір-қиыр жолдар мен кілт бұрылыстардан іркілмей өтіп, демалушыларды діттеген жеріне аман-сау жеткізбек.

АЛМАТЫ

Көмір генералы

Алтындыда – алтын фабрикасы

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚМЕРЕЙ

Медеуге жаңа автобустар жүреді

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

Қазір оқу орнында 4500 студент білім алуда. Биыл 1700 студент оқуға қабылданса, оның ішінде 700-і грант алыпты. Ал 2014 жыл-дан бастап институтта 18 мамандық бойынша Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Маңғыстау облыстарынан студент-тер білім алуда. Қазіргі заманға лайықталып салынған «Студенттер үйінің» бірінде – 350, екіншісінде 500 студент тұрады.

Оқу орнында да электронды және қашықтан оқытуды қам-тамасыз ететін компьютерлер-мен жабдықталған ақпараттық тех нологиялар орталығы жұмыс істейді. Яғни білім беру жүйесін оңтайландыруда инновациялық автор лық бағдарламалар қолға алынуда. Бұл күндері институтта студенттерге жоғары білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру барысындағы жұмыстар атқарылуда. Ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары жасақталып,

білім беру модульдерінің құрамы кеңеюде.

Университетте 6 оқу ғимараты, спорттық кешен, жүзу бассейні бар. Және де 6 ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Оқу ауди торияларының 50 пайы-зы муль тимедиалық құралмен жабдықталған. Оқу орнындағы 6 факультетте 26 маман дық бойын-ша білім беріледі. Бес мамандық бойынша ағылшын тілі негізінде профильдік пән ретінде ағылшын тілінде оқытылады. Осы маман-дықтар бойынша үш тілді еркін меңгерген мұғалімдер даярлану-да. Ал факультеттерде жоғары сынып оқушылары дәріс алатын кәсіби бағыттағы «кіші академия-лар» ашылды. Өңірдегі ауыл мектептерімен ресурсты орталықтар жұмыс істеу де. Студенттік филар-мония, пікір сайыс орталығы, теат р студиясы, хо реографиялық үйір-мелер, «Патриот», «Фемида», «Эко-но микс» клубтарын студент өз қа-лауымен таңдай алады.

ПАВЛОДАР

Университет мәртебесін алды

Page 12: Мемлекет басшысыны •аза“стан хал“ына Жолдауына …Крол дың Қазақстан Респуб лика-сы мен АҚШ арасындағы

12 10 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛДИДАР

–––––––––––––––––––––––––Былтыр осы уақыт шамасында газетімізге Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылына дала еркесі – еліктің кіріп кетіп, адамдардан пана іздегенін жазып едік. Енді, міне, биыл Ақсуатқа құс еркесі аққудың келгенін сүйіншілеп отырған жайымыз бар. –––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Шығармалары шуаққа толы осы-нау суретшіге бейнелеу өнері қанмен дарыған. Әулетімен бейнелеу өнеріне қызмет еткен Сұлтан Иляев еліміздегі танымал суретші, оюларды оқудың м а м а н ы Ғ а н и И л я е в т і ң ұ л ы ғ а н а емес, оның өнерін де жалғастырған мұрагері.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––Атырау облысында халық баты-ры Махамбет Өтемісұлына арналған ескерткіш бой көтерді. Батыр есімімен аталатын Махамбет ауданының орталығынан ескерткіштің ашылу сал-танатына облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев қатысып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жасалған игі істің маңызы жайлы айтты. –––––––––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы

Басқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІ

Басқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚ

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 4, «Сыр медиа» ЖШС,Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9/2 «Хабар-Сервис» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 206 459 дана

Нөмірдің кезекші редакторыҚарашаш ТОҚСАНБАЙ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Маркетинг бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (775) 336-47-57;Талдықорған – 8 (701) 236-76-99;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (707) 778-01-72;Қарағанды – 8 (701) 375-74-34;Қостанай – 8 (701) 150-94-43;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (702) 886-01-87;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (777) 449-74-78;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76; 8 (702) 608-91-98;Петропавл – 8 (777) 197-14-06.

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Қос аққудың Ақсуат маңындағы шағын өзендердің біріне қонғаны жөнін­дегі ақпар мен видеоны ең әуелі айтыс­кер ақын Оңғар Қабденовтің фейсбук әлеу меттік желісіндегі парақшасынан оқып, көріп, өзіне хабарласқанбыз. Сөйт­сек бұл видеоны түсірген Ақсуат ауы л ы Жам был көшесінің тұрғыны Ұлпан Ар­ғынтайқызы екен. Оны бізге аудан дық «Тарбағатай» газетінің тілшісі Динара Қабділашымқызы айтты. Бірден Ұлпан­ның өзіне телефон шалдық. «Қос аққудың үйіміздің жанындағы арыққа қонғанын ең бірінші менің бауырым көріпті. Маған келіп «видеоға түсіремін» деп телефо­нымды сұрады. «Не үшін?» деп ем, «бақ­шаның жанындағы суда аққу жүр» деді. Бауырыммен бірге барсам, расында да екі аққу жүзіп жүр екен. Барып нан бермекші болып едік, үркіп әрі қарай ұшып, маңына жуытпады. Ертеңінде жұмыстан түскі асқа келсем, ұшып кетіпті», дейді Ұлпан.

Құс төресінің қаңтардағы келісін аудан жұртшылығының бірқатары жақсылыққа балап жатса, енді бірі «көлге қонатын аққу­дың шағын өзенде жүргені несі?» деп тү­сінбей әлек. Тарбағатай ауданындағы эко­логия және табиғатты қорғау қорының төр­ағасы Ержан Құттыбаев қос аққудың бірі ауы рып қонуы мүмкін екендігін айтады.

Айтпақшы, О.Қабденов фейсбуктегі парақшасында Ақсуат маңына күннің жылы кезінде жүретін дуадақтың да кел­генін жазыпты. Ғаламдық жылыну бізге де жетті ме екен?!

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы

Суретті түсірген Ұлпан АРҒЫНТАЙҚЫЗЫ

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

Дәуірбек Жақсы лық­қызы облыс орталығындағы Оқушылар сарайында «Сыр мақ» аталатын ұлт­тық қолөнер үйірмесін бас ­қарады. Балалардың сана ­сына ұлттық мұраны жаң­ғырту арқылы ой са ла ды. Киіз ұғымы ар хаизм ге айналып бара жат қандай еді. Дәуірбек секілді қолөнершілер қазір киіз ден, жүннен түрлі бұйымдар жасап, қайта жаң ғыртуда. Жаһандану за манында ұрпақтарымыз хал қының рухани­мәдени мұралар сабақтастығын білуі қажет. Сарайдағы бас­қа да үйірмелерге 3 мың дай оқушы келеді екен. Шы­ғар машылықпен айна лы ­суларына жақсы жағдай жа салған. Айпақшы, опе ­ра әншісі Мария Му­дряк, әншілер Жанар До­ға лова, Ринат Малцагов, Әсел Мұқатаевалар да осы сарай дағы ән студиясынан өнер әле міне қанат қаққаны белгілі.

– М а қ с а т – б а л а ­л а р ғ а х а л қ ы м ы з д ы ң

әрқай сы сының ғасырлық та­рихы бар қолөнер түрлерін үй ретіп, ою­өрнек арқылы ой салу. Мән­мағынасын түсіндіремін. Содан ба­рып ұлттық қолөнерге де­ген ерекше қызығушылық, сүйіспеншіліктері оянады, – дейді Дәуірбек мұғалима.

Үйірмеге келуші ұл­қыздарымыз ши тоқу, ши орау, жүн түту, иіру, құрақ құрау, кесте тігу, ою­өрнекті ою тәсілдері және алаша тоқудың барлық қыр­сырын үйренуде. Сөм ке,

шашқыстырғыш, әше кей бұйымдарын, аяққа іліп алар сүйретпелер тігеді. Балалар жасаған бұ йым дардың «Сыр­мақ» үйір месінде ерек ше қоры жи нақталған. Дәуірхан мұғалима шиді күз айларын­да даладан өзі буып, жи­нап әкеледі. Ал киіз басуға жүнді ата­ана лар өздері жеткізіп бе реді. Мысалы, Мәскеуде өткен «Детство без границ» атты халықаралық ба лалар шығармашылығы көр месіне қатысқан Әйге­р ім Қуан ның киізден

жаса ған жұмыстары жүлде ал ды. Әмина Исабекова, Ме руерт Смағұлова, Да­лия Ма дьярова, Жанар Құл­ма ғам бет, Қайдар Сая жан­дар – болашақ қол өнер ші, суретшілер. Олар «Сыр мақ» үйріме сінен үйрен ген дерін жоға ры оқу орын да рына түскен соң да жалғас тыр­мақшы.

ПАВЛОДАР

Суретті түсіргенӘсем АЙЫП

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Ал аудан әкімі Сырым Рыс қалиев «Елі үшін ер болып туған Исатай мен Махамбет есімдері күллі қазақ халқы үшін қастерлі де құрметті. Өшкеніміз жанып, рухани жанымыздың ша­мын қайта маздатқан жаңғыру кезеңінде ұлыларымызды қастерлеу – қа сиетті бо­рышымыз. Батыр атымен аталатын аудан орталығында баба ескерткішінің жоқтығы барша жұртшылықтың көңіліне қаяу түсіріп келген еді. Міне, батыр бабамыз алып ескерткіш болып ортамызға оралды. Махамбет Өтемісұлына арналған бұл еңселі ескерткіш ру­хымызды оятатын, ұлы мұраттарға жетелейтін, елжандылыққа, отаншылдыққа үндейтін қастерлі де қасиетті орынға айналатынына сенеміз», деді.

Салтанатты жиында батыр дың төртінші ұрпағы Бағыт Ғаб дуллин, облыстық қоғам дық қауым­дастық төрағасы Мұ рат Сақ тайұлы, Қазақстан Жазу шы лар одағы Атырау облыс тық филиалының төр ағасы, ха лықаралық «Алаш» сый лы ғының иегері, ақын Қойшығұл Жыл қышиевтер сөз алды.

Ескерткіштің авторы – мү сінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Серік Мә­тениязов. «Батыс Альянс строй» мекемесінің басшысы Әділ Жұ банов тұғырын орнатты. Ескерт кіштің жалпы биіктігі – 10 метр 80 см. Қоладан құйылып, тұғыры темір­бетонмен жа­салып, гранитпен қапталған.

АТЫРАУ

Суретті түсірген Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Танымал отбасында дүниеге келген суретшіге өмірлік жолы мен шығармашылық бастауы үшін осының өзі де жеткілікті сияқты көрінгенімен, бейнелеу өнерінің бүгінгі бел баласы өз өрнегін іздеді. Бұл суретшінің еңбектері отбасында дүниеге келген суретшіге супрематизм мен реализм арасындағы алтын арқау.

Шымқаланың мизам шақта­рын мәңгілікке сыйлаған Сұл­тан Иляев біраз жыл оңтүс­тік қаланың бас суретшісі ре­тінде Суретшілер одағының об лыстық филиалын басқарды. Оған қоса қалалық дизайн бас­қармасында шаһардың кел­бетін жасауға ерен үлесін қосып жүрген адам.

Осыдан қырық жыл бұ­рын Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтының көркем­графика факультетінен түлеп ұшқан талант иесі өзін осы салаға арнап келе ді. Еңбегі де елеусіз емес. Қазақстанның мәдениет қайраткері де, еңбек сіңірген қайраткері де атанған.

Ең бастысы, ортасы оны мықты суретші ретінде мойындайды.

Алайда суретші үшін ма­ңыздысы, өзінің шығар ма­шылық әлемі, яғни жан бұл­қынысы буырқанған бояулар­дың астасып, кенеп бетінде салтанат құрғаны.

Бірден айту керек, Сұлтан Иляевтің туындылары басқа пла нетадан түскендей, бөгде бір әлем. Суретші өзін симво лдық тотемдерді түптеп зерттеуші, халықтық нышан дарды бояудың тілімен парық таушы деп есепте­се де, оның шығармашылық шешім дері тосын.

Мәселен, оның туындыла­ры кәдуілгі, жауабы дайын,

көзге таныс кескіндер емес. Оның көрмелерінде аялдаған адам, суретші не айтқысы келді, бұл бояулардың астарын­да не барын сөзсіз іздейді. Әрі күрделі, әрі қарапайым туын дылар толайым бір ға­рыштық жүйе сияқты әсер қал­дыратынын байқамау мүмкін емес. Қарама­қай шылыққа толы шығармалар толғануды қажет етеді.

Соған қарамастан, сурет­шінің еңбектерінде ұлттық де­коративтік­қолданбалы өнер­дің белгілері серіктес тігінен жа ңылмайды. Этно мәдени си­патқа ие мінез Иляев тің бар лық жұ мыстарында бар.

Өнертанушылар да өз тара пынан суретші шығар­маларының басты тұжырымы – қасаң шеңберді бұзып, қара­пайым адамдар байқай бер­мейтін әлемге, кез келген кес­кінге жаңа күй сыйлауымен дараланатынын мойындайды. Сұлтан Иляевтің жұмыстары – тұнық түстер мен қанық бояу­лар дың патшалығы.

Кімде­кім суретшінің әкесі Ғани Иляевтің қолтаңбасымен таныс болса, бейнелеу өнері қанында бар генетикалық құ­былыс, яғни талант та тек қуа­лайтынын түсінер.

АЛМАТЫ

ФОТОЭТЮД ТАҒЗЫМ

Махамбетке ескерткіш қойылды

МІНЕ, ҒАЖАП!

Ақсуатқа аққу қайдан келді?

МИРАС

Ұлттық өнерді ұлықтаған үйірме

БУЫРҚАНҒАН БОЯУЛАР

Талант тегіне тартады