80

МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

  • Upload
    others

  • View
    27

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология
Page 2: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

МазМұны«Жалымбетов Қ.» медициналық орталығының өсу тарихы 4 Құдайберген Жалымбетов

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі 6Серікбай Трұмов

Адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ 7Мұрат Сарыев

Білікті маман, құрметті азамат 8Құттықтау 10аман Орыналиев, нұргул Утебаева

Көрсеткіштер 12айгүл Ешниязова

Ұлт тағдыры – ұрпақ тәрбиесінде 16 Совет-Хан Ғаббасов

Құдайберген ініме! 21Бесінбай Бегеніш

Өмір өзегі – денсаулықта 22Шәкен қажы Шынтаев

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің... 24Құдайберген Жалымбетов

Үлкен жүрек және рухани байлық иесі 26Өтеулі Сарыбек

Бірінші байлық – денсаулық 28закария Исағұлов

Ауырмаудың жолын іздейтін орталық 32Орынгүл Смағұл

Жанға дауа, тәнге саулық сыйлаған дәрігер 35Орынгүл Смағұл

Page 3: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

«Халық медицинасы мен ресми медицина саласының өзара байланыстары мен айырмашылықтары 40Құдайберген Жалымбетов

Аппараттар 44Мамандығым – мақтанышым 52Мынболды Бакешқызы

Ультрадыбыс медицинаға қызмет етеді 54Халида Орынбасарова

Ауруды емдеме, адамды емде 55Дина Құрманбаева

Су-Джок терапия 56Әбді-Серік Қарақұлов

Өмір тыныс алудан басталады 57 анарбай Баймұратов

Қант диабеті – көздің қатерлі індеті 58Светлана атакузиева

Мейірімділік – дертке дауа 59Бақыт Жүкенова

Рентген – дәрігердің басты көмекшісі 60Болат нұрлыбаев

Тән тазалығы – жан тазалығы 61Рысқайша Смайылова

Ұрпақ денсаулығы – ана денсаулығында 62Ләззат Сәрсенова

Еңбек сапасы – тәрбиеде 63алмагүл Үрбісінова

Тіс саулығы – денсаулық кепілі 64ұлболсын Құттымұратова, Әділ алтаев

Қан – дерттің айнасы 66Гүлшарат Қорабаева

Денсаулықтың 10 құпиясы 68Құдайберген Жалымбетов

Page 4: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

4

«Жалымбетов Қ.» медициналық орталығының өсу тарихы

«Жалымбетов Қ.» медициналық орталығы – көп профильді, заманауи технологиямен қамтамасыз етілген, жоғары дәрежелі бастапқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсете алатын, интеллектуалды мамандары бар жекешеленген емдеу- сауықтыру мекемесі.Медициналық орталық 2004 жылы 06 мау-

сымда қарапайым ғимаратта ашылып қызмет көрсете бастады. Алғашқыда үш дәрігер, алты мейірбике қызмет көрсетті. 2005 жылы «АТФ» АҚ банкісі арқылы жылдық заем сомасынан 22 пайыз сыйақы есебінен 21 миллион тенге кредит алып, ЭКГ, УЗИ, флюороқондырғы, фи-зиоаппаратуралар алынды.2006-2009 жылдары ауданы 1200 ш.м құрай-

тын осы орталықтың заманауи сұраныстар мен талаптарға сай келетін жаңа ғимараты салы-нып болды. Орталық 2 бөлімнен: емхана және ауруха-

надан тұрады. Емхананың тіркеу орнында келушілер көп күтіп тұрмас үшін 3 терезе жұ-мыс істейді. Тіркеу орны толық автоматтан-дырылған, 3 компьютер қондырғысы қызмет көрсетеді. Келген пациенттердің барлық меди-циналық ақпараттары компьютер мұрағатында сақталады. Дәрігерлердің жұмыс орындары компьютермен жүйеленген. Гинеколог, офталь-молог, оториноларинголог кабинеттері заманауи диагностикалық және емдеу құралдармен жаб-дықталған (лор-эндовидеоскоп, тонзилор, коль-поскоп, сургитрон, периметр, автокератометр, автотонометр т.б.).Емхананың кірісінде дәріхана орналасқан.

Мұндағы дәрі-дәрмек арзандатылып сатылады, сонымен қатар провизорлар ауруларға дәрі ту-ралы толық мәлімет береді.Орталықта флюородиагностикалық кабинет,

зертхана, физиотерапиялық бөлім, ультрады-быспен тексеру (УДТ) кабинеті, ЭКГ, ауди-

ометрия және ине салу (су-джок), сүлікпен емдеу кабинеттері екі ауысым бойы қызмет көр-сетеді. Физиотерапиялық бөлімде су асты мас-сажы, бу бөшкелерінде емдік шөп қоспаларымен және пантамен емдеу, парафин және емдік балшықпен емдеу кабинеттері мен емдік сау-на бөлмелері бар. Сонымен қатар озон, лазер, биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология бөлімінде тоқ ішекті Колон гидромат аппаратымен тазарту, бауыр, бүйрек, өт жолдарын емдік шөп қоспа-ларымен тазарту, тері асты майын озонмен жұқарту, бетті гельдермен, лазермен, озонмен тазарту, беттегі безеулер мен секпілдерді, ты-ртықтарды кетіру қызметтері көрсетіледі. Бет қыртыстарын жаңа тәсілмен жою қолданылады (озонотерапия, лазерлық биореабилитация, ла-зерлық-вакуумды массаж, лазерофорез). Хирур-гиялық аурулардың амбулаториялық түрлері-не (іріңді жаралар, атерома, липома, гигрома, дермоидтық кисталар, варикоцеле, жұмыртқа мен шауhат түтікшелері жылауықтары, кіндік, шап жарықтары, көтеу т.б.) ота жасалады. Орталықта 15 жатын орынды тәулік бойы

жасайтын стационар, 10 жатын орынды 2 ауы-сымды күндізгі стационар бар. Жатын бөлме-лер жеке санитарлық-гигиеналық құралдармен жабдықталған. Әр бөлмеде тоңазытқыш, теле-дидар, киім ілгіш шкафтар орналастырылған. Жыл сайын тәулік бойы жасайтын стационарда 500 науқас емделсе, күндізгі стационарда 1200 науқас ем алады.

Page 5: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

5

Сонымен қатар күніге емханаға 150 науқас келіп кеңес, ем алады. Жылына 50000 үстінде кіріп-шығыс болады, оның 30 пайызы профи-лактикалық алдын ала тексерілу, немесе 16000 адам. Флюорографиялық тексеруден жылына орташа 15000 адам өтеді, оның 10-12 – өкпе туберкулезі. Профилактикалық тексеруден өткен адамдардың 30 пайызынан емделуге тиісті ауру тіркеледі, яғни олар 4800 адамды құрайды. Егер бұл жағдайды қала шеңберінде талдасақ,

онда қазіргі барлық емханаларды реформалай-тын уақыт жеткен сияқты. Қалаға көп профиль-ды оңалту орталығы керек. Американың да, Жапонияның да менеджментінсіз өзіміздің қа-зақи абзал дәрігерлеріміз арқылы халқымыздың саламаттылығын сақтауымыз керек.Емдеу барысында отандық, ресейлік және ше-

тел медицинасының озық технологиясы қолда-нылады. Мысалы: плазмоферез, криотерапия,

криохирургия, озонотерапия, лазеротерапия, ине салу, сүлік салу, бумен бұлау, қан тазарту т.б.Орталықта дәрігерлерге арнайы талон арқылы

кіру ұйымдастырылған. Кез келген маманға тіркеу орны арқылы қалаған уақыттарыңызға кезекке жазылуға болады. Орталық жеке адамдармен және кәсіпорын-

дармен тікелей қызмет жасайды, сонымен қатар ерікті медициналық сақтандыру жүйесі арқылы да қызмет алуға болады.Медициналық орталықтың табысты еңбек етуі,

атақ-абыройы – ол ішкі және сыртқы менед-жментті жүргізу қабілеттілігі. Менеджмент – белгілі бір заттарды басқару емес, ол адамдар-ды басқару арқылы керекті заттарды алу өнері.

Ішкі менеджмент:1) басқару: а) ұжымды басқару; б) шаруашылықты басқару;2) ынталандыру:

а) еңбекті бағалау; б) әлеуметтік демеу; в) сый-сыяпат көрсету;3) білімін көтеру;4) сұранысқа сай талап қою;5) моральдық тәрбие.Сыртқы менеджмент:1) мекеменің саяси, экономикалық, әлеуметтік

құрылымдағы орнын анықтау;2) жарнамалау саясаты;3) мемлекеттік, қоғамдық, мемлекеттік емес

ұйымдармен байланыс.Орталық емделушілерге бірнеше ыңғайлы

әлеуметтік жеңілдіктер ұсынады:- дәрігерге кіріп, кеңес алуға 1 айдың ішінде

1 рет ғана прейскурант арқылы ақша төлейді;- емделу барысында қайта кіру ақысыз;- 6 айдың ішінде бұрынғы науқасымен қайта

келсе, кіру бағасы 50% арзандатылады;- I-II топтағы мүгедектерге, ҰОС ардагерлері-

не 25% жеңілдік;- орталық қарым-қатынас жасайтын ұйымдар

мен кәсіпорындар жұмыскерлеріне 15% жеңілдік;- медицина қызметкерлеріне 30% жеңілдік.Орталық өз қызметкерлеріне төмендегі әлеу-

меттік жеңілдіктерді жасайды:- жыл сайын штаттық бірліктердің өсуі – қы-

зметкерлердің қосымша қызмет жасауына мүм-кіншілік береді және жалақысы өседі;- бекітілген штаттық кесте қысқартылмайды;- әкімшілік тарапынан себепсіз қызметтен бо-

сату болмайды;- әкімшілік еңбекшілердің кіріс және әлеумет-

тік салығын төлейді;- еңбекті салыстырмалы ақымен төлейді, озат

қызметкерлер сыйақы алады;- қосымша қызмет жасағандарға үстеме ақы

төленеді;- дәрігерлік кеңес алу тегін;- ем алу 50% жеңілдетіледі;- дәрі-дәрмек көтерме бағасымен сатылады;- стоматологиялық қызмет 30% арзандатылады;- ата-аналары немесе отбасы мүшелері қайтыс

болғанда материалдық көмек көрсетіледі;- білімін жоспарлы жетілдіргенде оқуының

құны өтеледі;- жаңа технологияны игеріп, енгізу үшін дәрі-

гердің шығыны толық өтеледі;- орталықтың шақыруымен сырттан келген

мамандардың тұрғын үй жалға алу бағасы өте-леді;- 30-40-50-60 жас мерейтойларда және зей-

нетке шыққанда бір айлық шамасында сыйақы беріледі.

Құдайберген Жалымбетов

Page 6: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

6

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық, әлеуметтік биік-терге көтерілу үшін рухани бай-лықтың, денсаулықтың қажет- тігі зор екендігі атап көрсетіл-гені мәлім.

Қазақ елінің жарқын болашағын, гүлденген экономикасын дені сау, саналы азаматтар жа-сайтынын ескерсек, Елбасының дәрігерлік-сани-тарлық көмек сапасын жақсартуға, қоршаған ортаны таза ұстауға, бала мен ананың ден-саулығын сақтауға, тіпті халықты ауыз сумен жабдықтауға дейін қамтыған бұл Жолдауынан халқына деген жанашырлық, еліне деген сүй-іспеншілігінің айқын көрінісі тұр. Әрине, Жаңаөзен халқының денсаулығын

сақтауына өзіндік қолтаңбасын қалдырып үл-герген Құдайберген Жалымбетов басшылық ететін орталықтың Елбасы Жолдауына үлесі – жасаған қызметі деуге болады. Кәсіпкерлік қырын кәсіби бағытқа, ел саулығының мүддесі-не арнаған азаматты Гиппократ антына адал жан демеске бола ма?!«Жалымбетов Қ.» медицина орталығы 2004

жылдан бері Жаңаөзен қаласы тұрғындары үшін сапалы қызмет етіп келе жатыр. Қала халқы-ның саулығы үшін жағдай жасап, тірі ағзаның әр тіні үшін ем-шарасын дайындап, алғашында 3 дәрігер, 6 мейірбикемен қызметін бастаған орталық, уақытпен бірге өркендеп, бүгінгі таңда көп профильді, заманауи технологиямен

қамтамасыз етілген, жоғары дәрежелі бастапқы және мамандандырылған медициналық көмек көрсете алатын, интеллектуальды мамандары бар емдеу-сауықтыру мекемесіне айналғанына, дәрігерлер М.Жалымбетова, Д.Құрманбаева, Х.Орынбасарова, А.Қарақұловтарға, медбике-лер А.Үрбісінова, Г.Ақбаеваларға арналған ел алғыстарына куәміз. А.Шопенгауэр: «Біздің бақытымыздың оннан

тоғызы денсаулығымызға байланысты» десе, ха-лық саулығын ойлай отырып, олардың жарқын болашағы үшін жасаған қызметі – медици-налық орталықтың ел тағдырына алаңдағаны, салауатты өмір салтын насихаттағаны дер едім. Ал мен білетін осы орталықтың басшысы

Құдайберген Жалымбетов елінің шынайы па-триоты, елжанды азамат, іскер дәрігер. Қоғам-дық, мәдени жұмыстардың ұйымдастырушысы, өз кезегінде денсаулық саласы бойынша жас ұрпаққа өнеге көрсетіп, дәріс берер ағартушы деп бағалаймын. Осы саладағы еңбектеріңіз ел алғысына бөле-

не берсін! Серікбай Трұмов,

Жаңаөзен қаласының әкімі

Page 7: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

7

адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ

Қазақ даналығында «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деп бекер айтпаса керек. Жаңаөзен халқының денсаулығын сақтауына өзіндік қолтаңбасын қалдырып үлгерген Құдайберген Жалымбетов басшылық ететін «Жалымбетов Қ.» медицина орталығы 2004 жылдан бері Жаңаөзен қаласы тұрғындары үшін сапалы қызмет етіп келе жатыр. Осы бағытта денсаулығын профилактикалық тексеруден өткізетін, сырқатына ем іздеген жандар

үшін аталған орталық отандық, ресейлік және шетел медицинасының озық технологиясын: плазмо-ферез, криотерапия, криохирургия, озонотерапия, лазеротерапия, ине салу, бумен бұлау, қан та-зарту, сүлік салу секілді ем-шаралары арқылы талай жанның алғысын алып, дертіне шипа болды. Адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Дені сау болса, ел мықты, ұлт ырыздықты,

ұрпақ болашағы жарқын болмақ. «Жалымбетов Қ.» медициналық орталық қызметкерлерінің елдің денсаулығын жақсартуға бар күшін жұмсап аянбай еңбек еткендеріне де аттай он жыл болыпты. Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға құт-береке, еңбекте мол ырыс-несібе тілеймін. Халық

денсаулығын сақтауда талмай еткен еңбектеріңіз ел алғысына бөлене берсін!

Мұрат Сарыев,Жаңаөзен қалалық

денсаулық сақтау ісінің үйлестірушісі

Page 8: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

8

Құдайберген Жалымбетов –

ССРО денсаулық сақтау ісінің

үздігі, медицина докторы,

хирург, Қазақстанның

жұлдызды емшісі,

Құртқа Тәуіп, М.Нострадамус,

«Экология» халықаралық

академияларының академигі,

Қазақстан Халық және рухани

емшілер ұйымының

құрметті мүшесі.

Білікті маман, құрметті азаматБілікті маман, құрметті азамат

Page 9: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

9

1996-2003 жылдары Ақтөбе облыстық денса-улық сақтау басқармасының экономика және реформалау бөлімінің бастығы, емдеу ісі жөнін-дегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2004 жылы Жаңаөзен қаласында жеке медициналық орталық ашты.Жоғары экономикалық білімді, ССРО ден-

саулық сақтау ісінің үздігі, жоғары дәрежелі оташы, гирудотерапевт, уролог-андролог, мам-молог және ультрадыбыспен зерттеу, эндоско-пия, криохирургия саласының тәжірибелі мама-ны, сонымен қатар денсаулық сақтау саласына еңбегі сіңген ұйымдастырушы-әдіскер, эконо-мист-менеджер.Құдайберген Ысқақұлы 1996 жылы Денсау-

лық сақтау министрлігінің комиссиясының құра-мында Финляндия, Англия мемлекеттерінде іс сапарда болып, денсаулық сақтау саласын же-кешелендіру мен реформалау әдістерін игерді. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында тұрғындарға алғашқы медициналық көмек ұйымдастыру жүйесін (аймақтық медицина бірлестігі, аку-шерлік-педиатрлік-терапевтік кешен) құрды. Дегенмен, бұндай жүйе әлі күнге дейін өз жақтаушыларын таба алмай, денсаулық сақтау жүйесі тоқыраудан шыға алмай келеді. Жалымбетов Қ. Ы. – табиғи дарынды дәрі-

гер-емші. 2008 жылдан бастап Қазақстан Ре-спубликасының халық және рухани емшілер мекемесінің толық мүшесі, «Қазақстанның жұл-дызды емшісі» орденінің жүлдегері, М. Ностра-дамус, Құртқа Тәуіп атындағы қоғамдық акаде-миялардың академигі. 2013 жылы халықаралық «Экология» академиясының академигі атағы, медицина докторы кәсіби дәрежесі берілді.Құдайберген Жалымбетов – Қазақстанның

халық және рухани емшілер ұйымының Манғы-стау облысы мен Жанаөзен қаласы бойынша төрағасы. Оның кәсіби арманы мен алға қойған мақсаты – кең профильді дәрігерлер дайын-дап, науқастың ағзасын кешенді емдеу арқылы жетістікке жету. Сонымен қатар ол қазіргі меди-цина мен халық емшілігінің озық әдістемелерін үйлестіре пайдалану жолында еңбек етуде.

Жалымбетов Құдайберген Ысқақұлы – Алматы мемлекеттік ме-дицина институтының түлегі. Дәрігерлік еңбек жолын 1975 жылы Жаңаөзен қаласының қалалық ауруханасында хирург болып бастаған. 1982-1995 жылдары қалалық балалар емханасының бас дәрігері, қалалық аймақтық медицина бірлестігінің бас дәрі-гері болып жұмыс істеді. Осы кезеңде ол тек қана білікті маман ғана емес, сонымен қатар құрметті азамат ретінде қалыптасты.

Құдайберген Ысқақұлы ақылы медицинаның жетістіктері мен кемшіліктерін түбегейлі зерт-теп, мемлекеттік мекемелердегі ақылы қызмет-тердің дұрыс ұйымдастырылмай отырғанын ашық айтады. Сонымен қатар отандық ерік-ті сақтандыру компанияларының еңбекшілерге бөлінген қаржыны бөлу тәсілі медициналық қы-зметтерге сай емес екенін көрсетіп жүр.«Шешімін таппаған үздіксіз, көлеңкелі ойлар

адам санасын жаулап алады. Осының салда-рынан патопсихологиялық өзгерістер өрістеп, ағзаның қызметі бұзылады. Сонымен қатар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан және та-мақтың пайдалы құрамының денеге сіңіп тарал-мауынан адамның иммундық жүйесі әлсіреп, ағзада неше түрлі уытты заттар («шлактар») көбейе түседі. Ағзада қан айналу жүйесі бұ-зылып, қалпына келмейтін органикалық құ-былыстар болады», – деп есептейді дәрігер. Ол ресми медицинаның жетістіктерін мақта-

нышпен айта отырып, кемшіліктерін де жасыр-майды. Хирургия мен клиникалық фармаколо-гиядағы таң қаларлық табыстар денсаулықтың барлық проблемаларын шеше алмағанын қина-ла баяндайды. Науқастардың емші, тәуіп іздеп кету сырларын зерттеген ол Қазақстан халық емшілер орталығының мүшесі болды. Қытай халық медицинасының қалыптасу жолдарын зерттеп, дерттің дауасын басқаша жолмен ізде-уді ұйғарды. Өзінің жеке клиникасында ресми медицина мен халық медицинасын ұштастыру арқылы үлкен нәтижеге қол жеткізді. «Адам ағзасы физикалық денеден, жан және рухтан тұратынына ешқандай күмән болмауы тиіс. Сондықтан денсаулықты сақтау немесе дерт-ті дауалау алдымен адам жанын сауықтыру арқылы жүру керек. Толық қанды емдеу шара-ларын жүргізу ұшін ресми медицина психопро-филактика және психотерапия әдістерін кеңінен пайдалану шарт», – дейді Құдайберген.

Page 10: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

10

Құрметті Құдайберген ысқақұлы және Мыңболды Бакешқызы!

1983 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина университетінің «емдеу

ісі» факультетін бітіріп, өзінің еңбек жолын Жаңаөзен қалалық орталық

ауруханасында анестезиолог-ре-аниматолог дәрігері қызметінен бастады. 1989–1998 жылдары

Жаңаөзен қалалық орталық ауру-ханада реаниматология бөлімінің

меңгерушісі, 2001–2011 жылдары Ресейде анестезиология-реанима-

тология бөлімінің дәрігері, 2011 жылдан бастап Жаңаөзен қалалық

орталық ауруханасында реани-матология бөлімінің меңгерушісі

болып қызмет атқарады. 2012 жылы ҚР Денсаулық сақтау мини-

стірлігінің мақтау қағазымен, 2013 жылы Жаңаөзен қалалық әкімінің

грамотасымен марапатталған.

Сіздердің дәрігерлік өмір жолдарыңыз сонау 1975 жылы киелі Маңғыстау жерінде, Жаңаөзен қаласының қалалық орталық емханасынан бастау алып, бүгін ұлан ғасыр тәжірибеге толып, кәсі-би шыңының басына шығып отыр.Оған айғақ – сіздер қай жерде, қандай дәрежеде қызмет етсеңіздер де, «ақ халатты абзал

жан» деген құрметті атаққа дақ түсірген жоқсыздар. Медицинаның шырқау биікке өскенін де, биіктен төмен түскенін де бірге көрдіңіздер. Қалай болмасын, өз кәсіби мамандықтарыңызды қа-стерледіңіздер, барша жұртқа өздеріңізді сыйлата да, тыңдата да білдіңіздер. Бас-аяғы 10 жылдың ішінде сәулетті ғимарат салып, 70-тен аса маманнан тұратын ұжым құр-

дыңыздар. «Жалымбетов Қ.» медицина орталығы денсаулық саласындағы бітпес реформасымен қарап,

дұрыс жол көрсете алатын клиникаға айналды. «Жалымбетов Қ.» медицина орталығының өзіндік таңбасы бар. Ол «Ауруды емес, адамды емде!»

деген. Құрметті Құдеке!Сіз өзіңізге ғана тән қажымас қайрат, қайтпас жігер мен халықаралық «медицина докторы»

деген кәсіби дәрежеге қол жеткіздіңіз. Сізден еліміздің дәрігерлері де, халықтың да алары әлі алда. Сол жолда сізге зор денсаулық, баянды ғұмыр тілеймін. Отбасыңызға, әулетіңізге Алланың нұры жаусын!

Құрметпен Аман Орыналиев,жиенің, жоғары дәрежелі анестезиолог-реаниматолог

Аман Орыналиев

Page 11: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

11

Құрметті көке, мама!

Утебаева Нұргул

Құдайбергенқызы,

Шығыс Қазақстан

облыстық

онкология

диспансерінің

эндоскопия бөлімінің

меңгерушісі,

жоғары дәрежелі

дәрігер-эндоскопиолог

Сіздерді және «Жалымбетов Қ.» медицина орталығының ұжымын 10 жылдық мерейтойларыңыз- бен шын жүректен құттықтаймын!Сіздердің жүріп өткен кәсіби жолдарыңызды көз алдыма елестетсем, оның қаншалықты қиын

болғанын сеземін. Сіздер сонау 70-ші жылдары алған терең білімдеріңіздің арқасында медици-налық технологияның жоқтығына қарамай адам жанына араша болдыңыздар. Ол уақытта кон-тактілік томографияны айтпағанда, ультрадыбысты сканер мен эндоскопия да болған жоқ. Тек рентген аппарат болатын. Соған қарамай сіздер мыңдаған аурудың дертін дәл анықтап, дауа таба білдіңіздер. Мен сіздердің іздеріңізді өшірмей, аттарыңызға дақ түсірмей өздерің жөргегімнен жүрегіме құй-

ған жылылықты жалау етіп, өздеріңдей ел сыйлайтын дәрігер болуды армандаймын.Сіздерге осы медициналық орталықты құру, оны осы күйге жеткізу оңай түспегенін білемін.Өмір бойы жинаған тәжірибелеріңіз бен ұйымдастыру қабілеттеріңіздің арқасында ел алғысына

ие болып отырсыздар. Мен осы орталықта 2006 жылы эндоскопия кабинетін аштым. Көке! Сіз жасыңыздың ұлғайғанына қарамай, эндоскопия әдісін тез меңгеріп, өте сауатты пай-

даланасыз. Мен сіздерді мақтаныш етемін, сіздердің асыл қасиеттеріңізді өз бойымнан іздеймін.Сіздерге бақытты да баянды ғұмыр тілеймін! Құрметті көке! Сіз Алланың құдіретімен орталыққа атаның атын беріп, ағаның атындағы көшеге

орналастырып, осы кісілердің рухын биіктетіп отырсыз! Бұл құдіретті ісіңіз – ұрпағыңа мұра болар іс! Еңбектеіріңіздің игілігін көріңіз!

Беттеріңнен сүйдім. Нұргүл

Page 12: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

12

Көрсеткіштер

«Жалымбетов Қ.» медицина орталығы 2004 жылдан бастап тұрғындарға қызмет етеді. Меди-цина орталығының құрамында профилактикалық бөлім құрылған. Бұл бөлімнің жанынан ЭКГ, аудио-метрия, спирометрия кабинеттері ашылған. Бөлім жұмысқа, оқуға түсетіндерге, көлік жүргізушілер-ге алдын-ала медициналық қарау жүргізеді, сонымен қатар кәсіпо-рындардың зиянды факторлармен қызмет жасайтын жұмысшыларын жыл сайынғы міндетті медициналық байқаудан өткізеді.

Медицина орталығымызда жылдан жылға қы-зметкерлер саны көбейіп келеді. Кәзіргі таңда 17 дәрігер, 4 терапевт-дәрігер: М.Б. Жалымбе-това, Д.С. Құрманбаева, Ж.Г. Абдуллаева, И.С. Жұмағалиева, хирург, уролог-андролог, гиру-дотерапевт Қ.Ы. Жалымбетов, сонолог-дәрігер, ультрадыбыс зерттеу жүргізетін Х.Ш. Орынба-сарова, отоларинголог А. Баймұратов, невро-патолог-иглотерапевт Ә.Д. Қарақұлов, окулист С.А. Атакузиева, кардиолог Б.С. Жүкенова, гинеколог Л.А. Сәрсенова, дерматолог-косме-толог Р. Смайылова, эпидемиолог-профпатолог А.А. Ешниязова; екі стоматолог – А.А. Алта-ев, Ұ.Б. Құттымұратова; екі провизор – Е.Е. Қайырова, Г. Баймұханова; 30 медбике мен 10 кіші қызметкер және 12 қосымша қызметкер жұмыс жасайды.«Жалымбетов Қ.» медицина орталығымыздың

басты мақсаты – жалпы халыққа қызмет көр-сету кезінде аурудың алдын алу шараларын белсенді насихаттау. Жаңаөзен қаласындағы «УПГФ» АҚ, «Кен

құрылыс сервис» ЖШС, «Мұнай Филд Сервис» ЖШС деген мекемелер 2005 жылдан бастап жұмысшыларын профилактикалық медициналық байқаудан өткізеді. Жылдан жылға осындай

Айгүл Ешниязова,

эпидемиолог-профпатолог дәрігері

Page 13: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

13

қызметке сұраныс көбейіп келеді. Шамамен 30 шақты мекемелер («Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы», «Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы», № 19 орта мектебі, Қарақұдық орта мектебі, Құланды орта мектебі, Қашаған орта мектебі, «Самал», «Алтын күн» бала бақшасы, МКК «ӨзенИнвест», МКК «Өзен-жылу», «Халық банкі», «Халық инкассация», «CCS» ЖШС, «УПГФ» АҚ, «Бұрғылау» ЖШС, «КазГПЗ» ЖШС, «Интергаз ЦА» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «МРЭК» АҚ, «Мунай Филд Сервис» ЖШС, «Кезби» ЖШС, «Кен құрылыс сервис» ЖШС, «Батша Қуан» ЖШС, «ТрубРемЦентр» ЖШС, «Мунай экология» ЖШС, «Батыс геофизсервис» ЖШС, «Жек Жат-3» ЖШС, «KazTransCom» ЖШС, «СП Теңге» ЖШС, «АНЭК» ЖШС, «Кендірлі құрылыс» ЖШС, «Semser Security» ЖШС, «Нұр Барс» ЖШС, «Проектно-строитель-ный центр» ЖШС, «Dіgital.tv» ЖШС және т.б мекемелер) жылда келісім шартқа отырып өз жұмысшыларын профилактикалық ме-дициналық байқаудан өткізіп отырады.Медициналық байқаудан бөлек қазіргі таңдағы заманауи ме-

дициналық сақтандыру компаниялармен «НСК», «Альянс полис», «Central Asian Assistance», «Medical Assistance Group», «Samal Medical Assistance», «Архимедес Казахстан» т.б. келісім шарт бойынша «КазГПЗ» ЖШС, «Кен құрылыс сервис», «Интергаз Центральная Азия Жанаозен ЛПУ», «Юго-Восточная сервисная группа», «Каракудыкмунай», «Digital.tv» т.б. мекемелердің жұмыс-шылары ауырып қалған жағдайда тегін өз мекемесі таңдаған программасы бойынша емделуге келеді.

Page 14: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

14

«Жалымбетов Қ.» медицина орталығының жылдық қызмет көрсеткіштерінің салыстырмалы кестесі

Дәрігерлерге қаралып емделген адам саны бойынша 2011-2013 жылдың салыстырмалы кестесі:

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Терапевт 2262 2488 3234

Кардиолог 313 344 448

Гинеколог 454 545 708

Отоларин-голог

872 959 1247

Офтальмолог 706 777 1010

Невропатолог 941 1035 1346

Хирург 540 680 760

Уролог 480 510 740

Барлығы 6568 7338 9493

Әрі қарай жалпы орталығымыздың жұмыс қорытындысын қарайтын болсақ:

1. Ультрадыбыспен зерттеу (УЗИ):

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Барлық зерттеулер

5382 6812 9864

2. Флюоротексеру:

Жылдар 2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Флюоро-тексеру

8133 9912 15133

3. ЭКГ:

Жылдар 2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

ЭКГ 3035 4788 5698

4. Лабораториялық зерттеулер:

Жылдар 2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Жалпы жасалған зерттеулер

30743 57387 67577

5. Хирургия кабинетінің жұмысы:

Жылдар 2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Барлық отаның саны

132 151 321

6. Күндізгі бөлімнің жұмысын салыстырып қарайық:

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Барлығы 2700 2988 3056

7. Иглорефлексотерапия:

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Иглореф-лексотера-пия алған адам саны

480 664 816

9. Стоматологиялық кабинеттер 2013 жылы қаңтар айында ашылған болатын, өткен жыл-дың қорытындысы бойынша 586 адам емделген.

8. Физиотерапиялық бөлімі:

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Физиотера-пиялық про-цедуралар, адам саны

2178 2394 2906

Массаж 1673 1792 2304

Медицина орталығымыздың жұмыс сапасы-ның көрсіткештері әрине сандар емес, халықтың таңдауы. Жұрт сенім білдіріп өз денсаулықта-рын тапсырып, емделіп алғысын білдіріп жатса, ол дәрігер үшін ең қымбат сый.

Медицина орталығымыздың басты мақсаты – жалпы халыққа қызмет көрсету кезінде аурудың алдын алу шараларын белсенді насихаттау

Page 15: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

15

Емхананың кірісінде дәріхана орналасқан. Мұндағы дәрі-дәрмек арзандатылып сатылады, сонымен қатар провизорлар

ауруларға дәрі туралы толық мәлімет береді

Page 16: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

16

Совет-Хан Ғаббасов,

жазушы, фантаст, драматург,

Қазақстанның Еңбек сіңірген

қайраткері, медицина және

педагогика ғылымдарының док-

торы, ҚССР денсаулық сақтау ісінің

үздігі, Махамбет атындағы

сыйлықтың лауреаты, Халықаралық

М. Нострадамус атындағы

проскопиялық академиясының

академигі, профессор

Page 17: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

17

Ғаббасов Совет-Хан (Ұждан) 1939 жылы 1 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданын-дағы Сұңқар ауылында дүниеге келді. Анасы Әсия Құсайынқызы аса мейірімді де ашық мінезді, ауыл жұртына өте қадірменді адам еді. Сөз қадірін білетін анасының әңгімешілдігі баласының жүрек тәрби-есінің дұрыс қалыптасуына ерекше ықпал еткен. Сондықтан да Совет-Хан қай кезде де: «Адамшылық мектебімнің алғашқы ұстазы – анашым еді!» – деп отырады. Ол 1957 жылы Зайсан қаласындағы М.О. Әуезов атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, екі жыл

ауыл шаруашылығында жұмыс істеді. 1959 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне студент болып қабылданды. 1964-1965 жылдары осы институттың комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет істеді. Алғашқы жылы (1966) емханада дәрігер-хирург болып істеп, хирург ретінде ізденгіштігі мен іскерлі-

гін көрсете білген оны қалалық денсаулық сақтау ұйымы арнайы жолдамамен Алматыдағы ең атақты №1 емхананың ординатор-хирургі етіп ауыстырды. Совет-Хан өзінің дәрігерлік тәжірибесін ғылыммен ұштастырып, ізденуші ретінде 1971 жылы Қырғыз

мемлекеттік медицина институтында кандидаттық диссертациясын қорғады. Осыдан кейін ол ғылым жолына біржола бет бұру мақсатымен Қазақ клиникалық және экспериментті ғылыми-зерттеу хирур-гия институтының «Асқазан бөлімінде» әуелі кіші, содан соң аға ғылыми қызметкер міндеттерін атқар-ды. Осы жылдарда Совет-Хан Ғаббасов «Асқазан операциясының жаңа әдісі» атты ғылыми жаңалығын ашып, Мәскеудегі өнертапқыштар комитетіне жіберіп, бүкіл әлемде 1881 жылдан бері қолданылып отырған Бильроттың әдісіндегі кемшіліктердің орнын толтыруға талпынады. 1977 жылы оны «Білім және еңбек» журналының 12-санында жариялатады. Сол жылы өнертапқыштар бөлімі берген 176 және 316-шы санды авторлық куәліктерін алады. Совет-Хан Ғаббасов 1987 және 1989 жылдары Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы әдебиет

институтының жанындағы ҚССР Жазушылар одағының мүшелеріне арналған екі жылдық жоғарғы курста оқып, куәлігін алды. Совет-Хан әр кезде әр түрлі медициналық тақырыптарға қалам тербеп, қазақ тілінде ғылыми-көпшілік-

ке арналған «Қан жүрісі – жүрек тынысы» /1968/, «Дәрігер келгенге дейінгі көмек» /1973/, «Қатерлі ісіктің алдын алуға бола ма?» /1980/ атты кітапшаларын жарыққа шығарды. Хирургия саласында 20 жылдан астам қызмет еткен мерзімінде 4000-нан аса үлкенді-кішілі операция жасап, 55 медициналық ғылыми мақала жазып, жеті авторлық куәлік алды.Республикамызда тұңғыш шыққан Қазақ Совет энциклопедиясының 4-ші томынан 12-ші томына дейін

тұрақты авторы болып, қыруар еңбек сіңірді.Оның алғашқы «Анашым» атты әңгімесі «Қазақстан әйелдері» журналында басылды, ал 1967 жылы

«Ұстазым» деген әңгімесі «Жұлдыз» журналында жарияланды. Совет-Хан Ғаббасовтың әр жылдарда жарық көрген кітаптары: «Қыран қия» – әңгімелер (1971), «Ана жүрегі» – повестер (1974), «Өскен ұя» – әңгімелер (1976), «Серпер» – роман (1979), «Порыв» – повестер (1982, «Советский писатель», Москва), «Нәзік сезім» – повестер, роман (1985, Фрунзе), «Кәусар» – ғылыми-фантастикалық роман (1985), «Мейірім» – повестер, әңгімелер (1989), «Қандауыр» – роман (2006), «Ізгілік әліппесі» – оқулық (1991), «Халық педагогикасының негізі» – монография (1995), «Көңіл құсы» – роман (2004). Сонымен қоса «Асау арна» және «Айтылмаған сыр» атты пьесалары Мәдениет министрлігінде қабыл-данды. «Нәзік сезім» повесі 1973 жылы Қазақстан комсомолы мен Мемлекеттік баспа комитеті және «Жазушы» мен «Жалын» баспаларының бірігіп жариялайтын жабық конкурсының жүлдегері болды.

Өмір жолы

Page 18: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

18

ұлт тағдыры – ұрпақ тәрбиесінде

Тәуелсіздік құдіретімен алғаш рет ашылған білім конгресі ұрпақ тәрбиесі мен білім беру түйінін шешуде, жалпылама сөз бен жаттан-ды ұғымдарды тыйып, жаңаша түсініктерге жол ашқаны жөн. Үш жүз жылғы бодандықпен «зомбыланған рухымызды» тіктеп, әлем халқын адастырып отырған «европацентризм методоло-гиясының» жалғандығын ашатын мезгіл жетті. Оның тікелей ықпалымен бүкіл адамзат қауымы азып отыр. Олай болса, бірден «европацентриз-мнің» ең негізгі кемшіліктеріне тоқталмақпын.Біріншісі, адамда бар үш жүйенің – тән –

жан – рух – үндестіктерін әдейі үндестірмеу арқылы, бүкіл өркениетімізді тек тән тәрбиесіне байлап, жан мен рухтың тәрбиесі түгіл, тіпті оның өзінің не екенін ұғындырмауға тырысты. Бүгінгі шәкірт түгіл, ұстаздардың өздері жан мен рух дегеніміз не десе, нақты жауап бере алмайды. Ендеше айтыңыздаршы, жаны мен рухы тәрбиесіз адамнан не күтуге болады?..Екіншісі, Джон Локк, Песталоцци, Макарен-

кодан бастап, «баланың миы дүниеге келгенде ақ қағаздай аппақ болып туады» деп жалған айтумен қоса, тіпті Джон Локк «идея врожден-ная» деген Рене Декартқа қарсы шықты. Сонда қалай? Ойланыңыздаршы! Бала ана құрсағында «бір клеткадан мынау адамдық формаға дейін жетіліп, жүрек, бауыр, зат алмасу қызметтері қарқынды жүріп жатқанда, мидың еш қимылсыз

Бүгінгі адамзат өркениетінің дамуында табиғи ғылым мен рухани ғылым-ның үндеспеуінен адам тәрбиесі мен тәлімінде орасан үлкен кемшіліктер көріне бастады. Сол кемшіліктердің көзге ұрып тұрған екі түрлі сипатын ғана атап өтуді жөн көрдік. Ол – бүкіл адамзат қауымының өзімшілдігі мен құмарпаздығының салдарынан табиғаттағы экзоэкология бұзылып жатса, ал адам ұрығының улануынан – адам эндоэкологиясы аса ауыр күйге ду-шар болып отыр. Сондықтан да бүгінгі адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне жаңаша көзқарас керек. Адам тәрбиесі дұрысталмай, қоғамда әділеттілік пен қайырымдылық орнауы мүмкін емес. Ендеше, бүкіл педагогика мен психология ғылымдарына батыл көзқарастарға иек артқан, мүлдем жаңа методология жүйе негіздерінің ұсынылуы ауадай қажет. Осы арада адам-заттың ұстаздары деп танылған Аристотель мен Әл-Фарабидің айтқанда-рына құлақ ассақ: «...Кез келген пәннің негіздері өзінің ішінен шығып да-мымаса, ол ешуақытта ғылыми пән бола алмайды...» – деп, ақ пен қарадай ашып жазған.

болуы», «ақ қағаздай аппақ күйі» тууы мүм-кін емес қой! Ендеше, Рене Декарттың «идея врожденная» деуінің астарында телегей теңіз сыр жатқанына сенбеске болмайды. Джон Лок-ктың «жалған үкімін» пайдаланған «европацен-тризм» бүгінге дейін бізді алдап келді. Осынша-ма қасиетсіздіктің салдарынан адамзат қауымы «ана құрсағындағы тәрбиені» білмегендіктен, ұрпағымыз жан мен рух тәрбиесінен мүлдем қағаберіс қалып отыр. Себебі, жан мен рух тәрбиесі де, және ол екеуінің үндесуі де тек ана құрсағында ғана жүретіні ғылыми дәлел-денген құбылыс! Ендеше, ұрпақ тәрбиесіндегі осыншама апаттың үлескері де «европацентризм методологиясы» болып табылады.Үшіншісі, бүгінгі біздер пайдаланып жүрген

педагогикада «европацентризмнің» қалыптасты-руымен дүниеге жаңа келген баланы «тұлға» деп түсіндіреді. Бұл да өрескел өтірік. Бұған сену мүмкін бе? Қараңыздаршы! Халқымыздың данышпаны ұлы Абайдың тұлғаға жету жолын кемеңгер жазушымыз М.О. Әуезов төрт томдық эпопея етіп жазуы тіпті де бекер болмаса керек. Кешегі Ахмет Байтұрсынов, Барлыбек Сыртта-нов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышба-ев, Әлихан Бөкейхановтардың азаматтық жол-дары мен тұлға болып қалыптасу кезеңдерін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Ендеше, туа салған баланы тұлға деу «европацентризмге»

Page 19: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

19

не үшін керек болды екен? Өйткені, «европа-центризм методологиясы» әуел бастан ақ «им-периализмнің ілімі» болып қалыптасқандықтан, олар үшін адамзат ұрпағының дұрыс жолмен тәрбиеленуі еш қажеттілікке баланбады. Міне-ки, «европацентризмнің» басқа қателіктерін ай-тпай ақ, ең өрескелінің өзі апат екені ешкімге құпия емес. Ендеше, мынау мәртебелі форум «жарамсыз методологиядан» құтылып, табиғат «бос кеңістікті» сүймейтінін ескеріп, бұл мәселе тез арада шешілуі тиіс.Сонымен, бүгінгі педагогика мен психологи-

яның ғылыми методологиясы – жүйесі – не-гіздері жоқ екеніне сындарлы түрде қарайтын мезгіл жетті. Егер Аристотель мен Фарабидің ғылыми классификациясына құлақ ассақ, олар: «...Кез келген пәннің негіздері оның ішінен шықпаса, ол ғылыми пән болып дами алмай-ды», – деп үзілді-кесілді үкім айтады. Ендеше, айтып жүрген педагогиканың негіздері – оқыту – білім беру – тәрбиелеу деген ұғымдардың сырттан келіп тұрғаны айдан анық. Өйткені, бала тәрбиесіндегі «түйсіктік ақыл мен түйсік-тік тәрбиенің» 80% ана құрсағында» қалыпта-сатындықтан, іште жатқан жан иесіне «оқыту, білім беру» тіпті де мүмкін емес екендігі ғалым түгіл қарапайым адамға да түсінікті. Осындай сорақылықты анықтағаннан кейін не істеуіміз керек? Әрине, сөзсіз тіршілік заңына сүйене

отырып, ұрпақ тәрбиесінің дұрыс жолын табу қажет...Олай болса, тәуелсіздікпен бірге келсе де,

көшірмеліктің көлеңкесінде қалған «Адам тәр-биесінің жаңа ілімін» осы конгресте талқылауға ұсынамын. Оның бұрын соңды айтылмаған екі сатылы методологиясы «биологиялық индивид (түр)» және «сананы жетілдіру» болса, осы екі сатыдан шығатын екі жүйе «Жүрек тәрбиесі» мен «Ақыл тәрбиесі» деп жүйеленсе, пәннің ішінен шығатын «Жеті түрлі негіздерінің» тек әрқайсысының өзіне тән тәрбие тәсілдері ұсы-нылады. Мұндағы екі сатылы методология – жүйелер – негіздер ойдан алынбаған, тіршілік-тің тұрақты заңдылығынан шыққан табиғаттың өз үлгісі. Осы методологиямен адамзат ғасыр-лар бойы ажырап қалған жан мен рух тәрбие-лерін іске қосып, келешек ұрпақ мүлдем басқа деңгейде, құпия ілімдерде айтылатын 6-шы расаның кеңістігіне шығады. Адамзат қауымы бүгінгі өзегі өр төзімшілдік пен құлдыққа тән құмарлық атаулыдан құтылып, нағыз адам-дықтың арманы имандылық пен ізгіліктің жо-лына түседі.Бұл «адам тәрбиесінің жаңа ілімінде» айтыла-

тын жаңалық өте көп. Соның ішінде, тәрбиенің іргетасы болып саналатын түйсіктік ақыл мен түйсіктік тәрбиенің 80% тек ана құрсағында ғана жетілетіні анықталды. Сонымен қоса, санаға бағынбайтын «жанның 12 арнасы: түйсік, ұят, сүю, зерде, табиғи қабілет, мінез, жігер және ішкі бес сезім (көкірек көзі, телепатия, дәм, ішкі сезіну, иіс) – бұлар да тек ана құрсағын-да ашылады. Міне, бүгінге дейін адамзат қауы-мы ана құрсағындағы тәрбиені білмегендіктен, нағыз құдіретті қасиеттер ашылмай, азғындау-дың ауыр азаптарын тартуда! Адамдағы жан тәрбиесі мен рух тәрбиесінің үндеспеуінен ұр-пақ жетер «6-шы және 7-ші расаның» барлық сипаттары тоқырап тұр. Жоғарыдағы айтылған тәрбиенің технологиясы мен механизмдері менің монографияларымда («Ізгілік әліппесі», А. 1991; «Халық педагогикасының негіздері», А. 1995; «Халық педагогикасы мен психологиясының не-гіздері», А. 2005; «Педагогика мен психология негіздері», А. 2008) толық түрде, егжей-тегжей жазылған. Кезінде бұл ілімге сеніп, дүниеге ұрпақ әкелген ата аналардың алғыстары көп. Мысалы, 1992 жылы өмірге келген алғашқы үш баланың туған сәтінен бастап қадағалауға мүм-кіншілік болды. Оған дәрігерлік мамандығымның тигізген көмегі мол. Әсіресе, таңданбауға бол-майтын мына бір оқиғаны айтқан жөн сияқты. Екінші күні емізуге әкелген бала жан-жаққа жүгірген көздерін әзер ұстап, алғысқа толы сезіммен күлімсірей анасына қарағанда, бүкіл денем шымырлап кеткені әлі есімде. Басқа ба-лаларлар шу боп жылап келсе, бұларда қыңқ деген дыбыс болмайды. Мұны тіпті жанындағы

Жан мен рух тәрбиесі де, және ол екеуінің үндесуі де тек

ана құрсағында ғана жүретіні ғылыми дәлелденген құбылыс!

Құдайбергеннің немерелері

Нұртас және Ерасыл

Page 20: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

20

басқа аналар да өздері байқап, жиі-жиі әңгіме-леп жүрді. Кейін үшеуі де он бір жылдықты он төртінде «Алтын белгіге» бітіріп, грантпен университеттерін үздік аяқтады. Бұл жағдайды айтып тұрған себебім, «адам тәрбиесінің жаңа ілімі» тек теория жүзінде емес, оның іс тәжіри-беден өткендігі де шындық.Педагогика мен психологияның жаңа методо-

логиясындағы ішкі негіздері – тіршіліктің био-логиялық заңдылығына ғана бағынған, адам-ның физиологиялық кезеңдерінен шығады. Бұл кезеңдер табиғат шебердің өзі қалыптастырған тұрақтылық екенін түсіну шарт! Оны бұрмала-уға болмайды. Ендеше, адамдағы өзгермейтін физиологиялық жеті кезеңнен тәрбиенің, немесе педагогика мен психологияның жеті түрлі не-гіздері қалыптасады.1. Халық педагогикасының бірінші негізі, не-

месе «Отбасын құруға дайындық және ұрық тазалығы».2. Халық педагогикасының екінші негізі, не-

месе «Ана құрсағындағы тәрбие».3. Халық педагогикасының үшінші негізі, не-

месе «Нәресте кезеңі».4. Халық педагогикасының төртінші негізі, не-

месе «Балбөбек кезеңі».5. Халық педагогикасының бесінші негізі, не-

месе «Сәбилік кезеңі».6. Халық педагогикасының алтыншы негізі,

немесе «Балиғат кезеңі».7. Халық педагогикасының жетінші негізі, не-

месе «Кәмілеттік кезеңі».Бүгінгі адамзат қауымының пайдаланып

отырған педагогикасы мен психологиясында осынау жоғарыда аталған негіздер жоқ. Бұл негіздердің ерекше ескеретін қасиеті сол, әр не-гіздің басталуы мен аяқталуы бар уақыт кесін-дісінен тұрумен қоса, тек өздеріне ғана тән

адам тәрбиесі дұрысталмай, қоғамда әділеттілік пен қайырымдылық

орнауы мүмкін емес

тәрбие тәсілдері бар. Мәселен, уақыт кесіндісі-не мысал келтірсек, ана құрсағындағы кезең 9 ай, тоғыз күннен тұрса, оның өзіне тән тәрбие тәсілін ана мінәжаты мен тілегін көз алдына келтіру арқылы жүргізеді. Осы тектес барлық кезеңдердің де тәрбие тәсілдерінің өздеріне тән ерекшеліктерін ескеру ауадай қажет. Адам тәр-биесінің жаңа іліміндегі ерекше бөліп айтпаса болмайтын тағыда бір жаңалығы, әр негіздер мен физиологиялық кезеңдердің этнопедагоги-калық сипаттары беріледі.

Осыдан келіп, мынандай қағидалар ұсынылады:

- халық педагогикасы дегеніміз – адамның жан дүниесін зерттейтін және тәрбиелейтін ілім десек, этнопедагогика – материалдық және этнографиялық заттар арқылы (ұлттық киім, тамақ, үй мүліктері т.б.) тән тәрбиесін жүргізуге бейімделеді;- олай болса, адам тәрбиесі үшін халық педа-

гогикасы мен этнографиялық педагогиканың бір медальдің екі беті тәрізді сипаты бар;- қазіргі халық педагогикасы мен этнопеда-

гогиканы екі бөлек ұғынып жүрген түсініктер қате екенін ашып айтқан жөн;- кейбіреулердің этнопедагогика «этнос»-тан

шықты деуі де бекер; этнопедагогиканы алғаш айналымға енгізген Г.Н. Волковтың өзі бұл ұғымды «Этнографиялық заттар» сөзінен алға-нын «Этнопедагогика» (М. 1972 ж.) атты моно-графиясында ашып жазады;- адам тәрбиесінің жаңа ілімін мемлекеттік

деңгейде халық болып қолға алуды кешеуілдете бермей, сара жолына түсіру – барлығымыздың да азаматтық міндетіміз.

Алматы, 2011 ж.

Құдайбергеннің жиендері

Дарын және Дархан

Page 21: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

21

Жаңаөзен қаласы, сәуір, 2014 ж.

Бесінбай Бегеніш,Осы емханада бірнеше рет ем алған. Ақын. Ардагер ұстаз.

Халық ағарту ісінің үздігі. Белгілі қаламгер, «Сәйгүліктер мекені» (2002), «Адай жылқысын түлеткендер» (2011) кітаптарының авторы.

Маңғыстаудың халқынаСені Алла беріпті.

Тәуелсіздік алған соңТізгінге бердің ерікті,Еңбек етіп жалықпай,Мұнайшылар ауылынаЕмхана салдың көрікті.

Мыңболды емші жұбайыңӨзіңнен таптың серікті.Мейірбике, мамандарАтыңды естіп келіпті,Мұнайшылар қуанып,Денсаулығы тыңайып,Аспанға атты бөрікті!

Біліміңді жинақтап,Халық емін қолдадың,

Корей, Қытай, ЖапонғаПікіріңді жолдадың,

Шет елдерге жол ашыпМойындатып ақылмен

Қауызын жарды гүл-бағың!

«Жалымбетов Қ.» медицина орталығының 10 жылдық мерейтойына арналады

Құдайберген ініме!

Пайғамбар да СүлейменЕмдігін сүлік біліпті.Құдайберген дәлелдепАрылтты оған күдікті,Ұшақтарға мінгізіпОсынау біздің аймаққаӘкелдің емдік сүлікті.

Ресей, Қытай аралапОрындалды арманың,Халық емін дәлелдепДоғдырлық атақ қорғадың!Ұстаған қолың шипалы,Тіліңнің де емі барЖүрісіндей жорғаның!!!

Емхана деген отауғаБиыл он жыл болыпты.Қажетті құрал-жабдықпенАйтарлықтай толықты.Елбасың бар қолдаушы.Құдайберген шипагерРиза етті халықты!

Page 22: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

22

Шынтаев Шәкен қажы Мұқанұлы – «Қазақстан Республикасының халық

және рухани емшілері» мекемесінің

бас директоры, ҚР Денсаулық сақтау

министірлігі халық медицинасының

бас маманы, ҚР Бүкіләлемдік психо-

логтар, дәрігерлер, рухани және халық

емшілер ассоциациясының президенті,

Вернадский премиясының лауреаты,

М.Нострадамус атындағы Проскопиялық

академиясының академигі, «Звезда

Магистра мира», «Қазақстанның жұл-

дызды емшісі», «Надежда» ордендерінің

иегері, «Ерең еңбегі үшін», «Қазақстан

Республикасының тәуелсіздігіне

10 жыл» медалімен марапатталған.

Page 23: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

23

«Жаны саудың – дені сау» демекші, ұзақ та бақытты өмір сүргіңіз келсе, ең алдымен ден-саулығыңызды күтіңіз. Олай дейтініміз, өмірдің өзі көрсеткендей көбінесе адамдар қандай да бір сырқатқа тап болғаннан кейін ғана өз ден-саулығын ойлай бастайды. Мұндай жағдайда науқас, оның жақын туыстары емделу көздерін іздейді. Осы орайда атап айтатын бір мәселе, бүгінгі таңда медицинаның қарыштап алға да-мығанына қарамастан, кейбір жағдайларда на-уқасқа көмек көрсету қиынға соғатын сәттер де кездесіп жататыны ащы шындық. Бұл жерде біздің тілге тиек еткелі отырған жәйтіміз, қазір-гі кезде медицина дамып келеді дегенімізге қа-рамастан шалғай жерлерде дәрігерлік көмектер уақытында көрсетілмейді. Сондықтан мұндайда басқа жолдарын іздестіруге тура келеді. Со-ның нәтижелері шығар, бүгінде халық медици-насына едәуір назар аударыла бастады. Бұл орынды да. Қазіргі шақта халық емшілігінің тиімділігіне еш күмән келтіре алмаймыз. Соған қарамастан, қайткен күнде де кез келген на-уқасқа ескілік ем-домды қолданбас бұрын, сол сырқаттың түрін нақты айқындап алу үшін дәрігердің диагнозына жүгіну қажет. Мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа,

атадан балаға жалғасып келген дәстүрлі халық емшілігі ең алдымен Алланың тәңірімен тығыз байланысты. Мұсылмандық жол-жобалар, иман-дылық, тазалық, адамгершілік, орта әдет-ғұрпы – кез келген шипагердің бетке ұстар қағидала-ры. Қайнатпа шөппен немесе дұғалармен емдеу сияқты емшіліктің басқа да көптеген қасиетті түрлері бізге сонау шипалы қол ата-бабалары-мыздан жеткен. Адам денсаулығына әсер ететін факторлар-

дың ең бастысы – қоршаған ортасы, отбасы, дос-жарандары, еңбек ететін ұжымы. Жоғарыда атап өткендей, «Жаны саудың – дені сау» демекші, ең алдымен адамның жан дүниесі, ру-хани әлемі мөлдір, таза болуы тиіс. Яғни, сізді қоршаған биологиялық күш-қуат өз дәріжесінде сақталуы керек. Ол үшін барлық жаман пиғыл-дан аулақ болған жөн. Сонда ғана адам ден-саулығына айта қоярлықтай зиян келмейтініне көз жеткізер едіңіз. «Аққа Құдай жақ» деп тегін айтылмаса керек.

Адам әлемнің бір бөлшегі десек, оның дүниеге келуі, өсуі, өнуі, ғұмыр кешіп, өмір сүруі сол әлеммен тығыз байланыста өрбиді. Сондықтан

маңдайға жазылған қас-қағым өмірі қызықты да бақытты болу үшін кез келген пенде өзін ең алдымен рухани таза ұстағаны абзал. Ол үшін отбасы, ошақ қасынан бастап тек жақ-сылыққа ден қойып, жамандық атаулыдан без-ген жөн. Ал енді рухани тазалық дейтінге келетін болсақ, ол ислам дінінің қағидаларын-да қолмен қойғандай анық баяндалған. Яғни, рухани тазалықты сақтау үшін мына төмендегі бес парызды ұстағаны дұрыс екен: біріншіден, имандылық қағидасы, екіншіден, күніне бес уақыт намаз оқу; үшіншіден, Рамазан айын-да ораза ұстау; төртіншіден, мал-жаның тү-гел болса, зекет беру; бесіншіден, шамаң келіп жатса, қажылыққа бару. Міне, осы бес пары-здың маңызын түсіне отырып, оны бұлжытпай орындасаңыз – сіз үшін рухани тазалыққа деген жол ашылмақ. Бұл айтылғандарға қоса-рымыз таза ойлы, таза істі, таза тілекті, жақ-сылық ниетті болсаңыз, сіздің рухани өміріңіз де ашық, айқын, ғұмырлы өтпек. Кез келген адамның денсаулығына зиян кел-

тіретін кеселдің ең бастысы – күнә. «Күнәнің ең зоры, – дейді Пайғамбарымыз 140-шы өси-етінде, – Құдайға серік қосу, кісі өлтіру, ата-ананы ренжіту, өтірік куәлік беру, Алла-ның берген өмірін жоққа шығарып, өз-өзіне қол салу т.б.». Бұл күнәлар сіздің тұла бойы- ңызды қоршап тұрған биологиялық таза қуа-тыңызды ластап, денсаулығыңыз бен өміріңізге қатер төндіреді. Сондықтан күнәнің ізі тереңде жатқанын ұмытпаңыз. Болашақты бағамдап, ертеңге көз салыңыз, ойланыңыз! Жоғарыда аталған 140-шы хадисінде Мұхам-

мед ғалейкісалам: «Бес нәрсені ертерек қамда-стыр, ойластыр», – дейді. Оның бірі денсау-лық жөнінде болса, қалғандары төмендегідей:- өлмей тұрып, тіршіліктің қадірін біл;- басыңа іс түспей тұрып, бостандықтың

қадірін біл;- кедейлік келмей тұрып, баршылықтың

қадірін біл;- кәрілік келмей тұрып, жастықтың қадірін

біл.Сондықтан баланы жастайынан табиғатты,

елді, жерді, туған-туыс, бауырларды сүйіп өсуге баулыңыз. Жақсылыққа, имандылыққа, ізгілікке, ақниеттілікке, адамгершілікке тәр-биелеңіз. О бастан баланың тіршілік өмірін періштедей таза ұстаңыз.

Өмір өзегі – денсаулықта

Page 24: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

24

ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің...

Мыңболды екеуміздің ортамыздағы 6 айлық Нұргүлдің ыстықтан мазасы кеткен соң, су-ланған матаға орап алдық. Арайлы Алматыдан соң сағымға оранған

Маңғыстау көңілге күдік орнатқандай. «Мына-дай ыстықта қалай жұмыс істер екенбіз?» деген ой маза бермейді. Жаңаөзен (ол кезде Новый Узень) орталық

қалалық ауруханасының бас дәрігері Берді-бек Тұрарбеков жылы қарсы алды. Маған сын көзбен ойлана қарай: «Сен интернатураны хи-рургиядан өтесің, бірақ есіңде болсын: Бәйдеш Нұрбаевичпен жұмыс жасай алмасаң, ЛОР-врач қылып жіберем», – деді. Жүрегім дүрсілдеп хирургия бөліміне көтеріл-

дім. Хирургия бөлімі тап-таза, ұшқан шыбын-ның ызылы естіледі. Қызметкерлердің үстінде крахмалданған аппақ халат. Дәрігерлер бөлмесіне рұқсат сұрай басымды

сұқсам, төрт хирург отыр екен: төрде Нұрба-ев Бәйдеш Нұрбаевич, оң жағында Байбаров

Маңғыстау. 1975 жыл, шілде айының 28 жұлдызы...Аспан жерге түскендей айнала ыстықтан тұнып тұр.

Маңғышлақ темір жол вокзалынан шыққан жеңіл ав-токөлік шығысқа қарай жүйткіп келеді.

Анатолий Викторович, сол жағында Кадыков Вениамин Павлович, қарсы алдымда Машеров Нажмедин Муханалиевич.Бөлім меңгерушісі Бәйдеш Нұрбаевичтің жүзі

қатал, көкшіл көзі қарағанда өңменіңнен өтеді екен. – Жақсы келдің, қазір болатын операция-

ны талдап жатыр едік, сен кезекші медбикемен барып сол науқасты қара, сосын ойыңды ай-тасың, – деп Зоя Анатольевна деген кезекші медбикені шақырып мені есікке дейін шығарып салды. Ауруды қарай келіп: – Бұл науқаста «острый панкреатит», ұйқы

бездің басы ісінген, оны «жалған ісік» деп атай-ды. Өттің жүруі содан қиындап тұр, операция жасаудың қажеті жоқ. Диастазасын алып қа-райық, – деп Бәйдеш Нұрбаевичке қарадым. Марқұм Бәкең қатал болғанмен ауру деген-

де мамандардың ақылын тыңдаушы еді. Маған жылы шыраймен қарап:

Сол жақтан оңға

Жалымбетов Қ -

Балалар ауруханасының

бас дәрігері,

Тұрарбеков Б. -

орталық аурухана

бас дәрігері,

Алиев М. -

КССРО денсаулық

сақтау министрі,

Отегазиев Ш. –

облыст денсаулық

сақтау

басқармасының

меңгерушісі

Page 25: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

25

Бәйдеш Нұрбаев

(1938-2006)

Дәрігер, 1969-1991 жылдар ара-

лығында Жаңаөзен қаласының ауруха-

насының хирургия бөлімін басқарды.

«Халықтар достығы» орденімен, «Еңбек

ардагері» медалімен марапатталған.

Бердібек Тұрарбеков

1972-1986 жылдары Жаңаөзен қалалық

ауруханасының бас дәрігері болған, «Құр-

мет белгісі» орденімен, ҚР Президентінің

Құрмет грамотасымен марапатталған.

– Мына хирургтермен тағы бір қараңдар, сосын консилиум жасаймыз, – деді. Консилиумның қорытындысында науқасты

отасыз емдеуді шештік.Менің хирургиядағы бірінші жеңісім осылай

басталған. Жоғары дәрежелі хирург, «Халықтар до-

стығы» орденінің иегері, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы Нұрбаев Бәйдеш Нұрбае-вичпен қоян-қолтық 20 жыл қызмет жасадым. Өтірік пен өсекті жаны сүймейтін, шындықтың ақ жібін аттамайтын абзал жан менің құрметті ұстазым болды. Бір күні Бәкең:– Құдайберген, ұстаздан шәкірт озса не бо-

лады? – деді. Бір жақсы сөз есіткісі келген болар деп:– Онда ұстаздың еңбегі ақталып, мерейі

үстем болады, – дедім. Терең күрсінген ол: – Құдайберген, сені бас дәрігер Бердібек

Тұрарбекович балалар ауруханасына бас дәрі-гер етіп жібермекші. Сені қанша қимасам да барғаныңды жөн көрем. Саған хирургияның есігі әр уақытта ашық қой. Бердібек Тұрарбеко-вич алдын болжайтын адам, сенен үлкен үміт күтеді, – деп көңілім бұзылып кеткен менің басымнан сипады. Бердібек Тұрарбекович педиатрияға бес қай-

насам сорпам қосылмайтын мені балалар ауру-ханасына бас дәрігер етіп тағайындады. Бұл 1982 жылдың 01 сәуірі болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының меңгерушісі Шакират Нұржанович Өтегазиев:– Айналайын, сені таққа отырғызған жоқпын.

Бердібек Тұрарбекович тәжірибелі, көреген бас-шы. Саған үлкен үмітпен сенім артып отыр. Жаңадан бергелі отырған ауруханаға басшы болу оңай емес. Ауырған балаларға көмек ұй-ымдастырудан басқа, Жаңаөзенде педиатрия саласының негізін қалап, мамандар дайындай-сың, – деп өткір көзімен түйреп алды. Бердібек Тұрарбековичтің қажымас қайраты

мен жігері арқасында педиатрия саласының соқпақ жолымен сүрінбей жүріп өттім. 1984 жылы марқұм Ш.Н. Өтебаевтің қолынан

«ССРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» құрметті белгісін алдым. Денсаулық сақтау саласының қай биігін-

де болсам да, өзімнің ұшқан ұямдай болған Жаңаөзен қалалық ауруханасының шоқтығын биік көремін. Бұл аурухана туралы айтылған реніш сөздер жүрегіме оқтай қадалады. Азамат болып қалыптасуыма, кәсіби маман

болуыма, адам денсаулығы туралы өз ойым-ды сабақтап, өз пікірімді айта алуыма ықпал еткен ұстаздарым Бердібек Тұрарбековичке және марқұм Бәйдеш Нұрбаевқа қарыздар-мын. Менің қиядан ілгенім, ұядан түйгенім еді сүйікті ұстаздарым!

Құдайберген Жалымбетов

Page 26: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

26

Өтеулі Сарыбек,

Қазақстан Республикасы

Білім беру ісінің үздігі,

Қазақстан Президентінің

Алғыс хатының иегері

Page 27: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

27

Мен Құдайберген Ысқақұлын 3 жылдан астам уақыттан бері білемін. Осы жылдар ішінде та-ныстығымыз жолдастыққа, сыйластыққа, достыққа ұласты, қуаныштарымызды, реніштерімізді бірге бөлісетін достар, жанұялық тілеулестер дәрежесіне жеттік. Құдайбергенді жалғыз мен емес, оны білетін барша адамдар сыйлайды, үлкен де, кіші де құр-

меттейді. Бұл құрметтің себебі – Құдайбергеннің қарапайымдылығы, азаматтарға деген мейірімді көзқарасы, алдына келген адамдармен тең дәрежеде сөйлесуі, жора-жолдастарына деген адал-дығы, қайырымдылығы. Ең бастысы – Құдайбергеннің адамдарға деген мейірімді үлкен жүрегі және кейбір дәрігерлерде жетіспей жататын биік рухани байлығы. Ал бұл қасиеттер дәрігерлердің науқастарға деген ең бірінші және ең басты таптырмайтын дәрісі мен дауасы. Қазақта «елеусіздеу жүріп, қара нардың жүгін арқалайды» деген аталы сөз бар, сол сөз –

Құдайберген үшін дәл айтылған сөз. Құдайбергеннің шебер оташы-дәрігер екенін білгенімен, оның «Қазақстанның жұлдызды емшісі», «М. Нострадамус атындағы қоғамдық академиясының акаде-мигі», «Қазақстан Республикасының халық емшілері мен рухани дәрігерлері ұйымының құрметті мүшесі», «медицина докторы» сияқты салмақты атақтары бар екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. «Жалымбетов Қ.» медицина орталығына 10 жыл толу құрметіне оның ұйымдастырушысы және

басшысы Құдайберген ініме әрі досыма төмендегі тілек шумақтарын арнаймын.

Үлкен жүрек және рухани байлық иесі

10 жыл толып мекемеңҚуанып жатсың, шаттанып.Өзімдей саған кім арнапЖазады өлең мақтанып?

Қирап жатқан барағыңҒимарат болды жайнаған,Осын-ау ерлік ісіңеҚараймын-дағы таңданам.

Азамат жігіт қолың кеңЕңбекпен жүрдің дес бермей.Өзіңнің сара жолыңменКелесің, досым, төске өрлей.

Қилы-қилы жолдарданКелесің асып жүйріктей,Алғыс ап талай жандарданЛәззатты алдың тірліктен.

Кішілерге болып қамқор,Үлкендерді сыйладың,Адамшылық қасиеттіӨз бойыңа жинадың.

Құтты болсын мерейлі10 жыл деген жасыңыз,Тілекшілер көбейсін,Болмасын тек қасыңыз.

Құдайберген Ысқақұлына тілек-батаӘдемі әсер ой туыпЖадырай түссін көңілің!Оңынан бастап ай туыпЖарқырай берсін өмірің!

Бәледен кейбір жәледен,Тәңірім сені сақтасын!Өмірің болсын ән-өлең,Тек бақыт болсын жақтасың!Мыңболды сынды аруменАман бол өзің, отбасың!

Мойыма сен, біреу сырттан сөккенге(Әз адамдар арасында көп пенде),Сен тасытқан абыройдың бұлағыАзаймайды кейбіреулер төккенге!

Кейбіреулер тиіп жүрсе жаныңаТапсыр оны Әділеттің Арына.Ондайлардың өрелері жетпейдіСенің биік Адамшылық Арыңа!

Абыроймен алға өрлеп келесіз,Жігеріңмен жеңілместі жеңесіз.Ұрпағыңмен, Мәкең сынды аруменҚайырылмай жүзе берсін кемеңіз!

Page 28: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

28

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы Тұщықұдық ауылы-

ның тумасы. Алматы қаласындағы С.Киров атындағы Қазақ мемле-

кеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы

еңбек жолын Маңғыстау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған.

1975 жылдан бастап облыстық «Маңғыстау» газетінің «Маңғыстау ай-

мақтық өндірістік кешенінің» мұнай мен газ кен орындары бойынша

меншікті тілшісі. ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігі мен Маңғы-

стау облыстық, Жаңаөзен қалалық әкімдіктерінің отыздан астам

дипломдарын, алғыс хаттарын алған. Өңір тынысы жайлы жазылған

бірнеше жинақтарға шығармалары енген. Жаңаөзен қаласы туралы

жазылған кітап авторларының бірі. Республикалық және аймақтық

шығармашылық конкурстарда бірнеше рет жеңімпаз атанған. Астана

қаласының 10 жылдығы және ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы, басқа

да бірнеше мерекелік медаль және төс белгілермен марапатталған.

ҚР Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі

атағын алған.

Закария Исағұлов

Page 29: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

29

Бірінші байлық – денсаулықАдамдарға көрсетілер дәрігерлік қызметтің

сапасын жақсартып, әдісін жетілдіру – қазіргі күннің басты талаптарының бірі. Бұған Елба-сы мен үкімет айырықша назар аударып отыр. Осы абыройлы міндетті мүлтіксіз орындап келе жатқан «Жалымбетов Қ.» емдеу орталығының қызметі жайлы сөз етпекпіз. Орталық биыл өзінің 10 жылдығын атап өтеді.

Құдайбергеннің анасы Шолтыр (Ақшабақ) халық сыйлаған емші болатын. «Апамсыз туыс-таныстарымыздың бір келіні де босанбай-тын. Ол кісі табиғи әйелдер емшісі болатын», – деп жылы тебіреніспен еске алатын Құдекең анасын. Құдайберген о бастан дәрігерлік қызметке

бейім, жігерлі жан еді. Көңілінде ізгі арман-дар да көп болатын. Сол арман оны мектеп бітірген соң Алматы қаласындағы медициналық институтқа алып келді. Оны бітіргеннен кейін, 1975 жылы Жаңаөзен қаласына жолдама алып, қалалық ауруханада оташы-дәрігер болып жұ-мыс жасады. Институтта алған білімін өмірде шыңдай білген жас маман қызметін мінсіз атқа-рып, сырқаттардың алғысына бөленді. Алғашқы жылдың осындай жетістіктері Құдайберген Жа-лымбетовты біраз қанаттандырып, еңбекке де-ген құштарлығын арттырды.Өзін қызметте жақсы қырынан көрсете білген

жас маманға жергілікті басшылық пен әріпте-стері тарапынан сенім артылды. 1982 жылы оны қалалық балалар ауруханасына бас дәрі-гер етіп тағайындады. Құдайберген белсенділі-гінің жарқырап көрінген тұсы осы кезең. Ау-руханада қордаланып қалған біраз мәселелер өз шешімін тапты. Ана мен бала өлімі күрт азайды. Ұжымда тәртіп пен бірлік қалыптасты. Ауруханаға біраз заманауи жаңа құрал-жаб-дықтар алынды. Жас маманның осындай іскерлік ұмтылы-

сын біліп бағалаған қала басшылығы енді оны Жаңаөзен қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметіне қойды. Бердібек Тұрарбе-ков, Өтелбек Махмутов, Бәйдеш Нұрбаев сияқты әріптес ағаларымен жұмыстас бола отырып, көңілге алған көп жұмыстарды тындырды. Әсіресе, жас мамандарды тәрбиелеуге баса назар аударып, бойындағы бар күшін осыған жұмсады. Соның арқасында білікті, өз жұмы-

Арманы асқақ азамат

сын жауапкершілікпен атқаратын бірталай жас дәрігерлер мен медбикелердің үлкен шоғырын қалыптастырды. Олардың көбі қазіргі күнде қа-ладағы емдеу орындарында абыройлы жұмыс жасап, өзінің еңбек жолын жалғастырып жүр. Республика көлемінде жақсы атаққа ие болып жүргендері де аз емес. Сол жылдары қаладағы ауруханалар мен ем-

ханалардың материалдық базасын нығайту, осы заманғы жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде біраз шаруа тындырды. Дәрігерлерден үнемі білімдерін жетілдіріп, ізденіс үстінде жүруді, емдеудің жаңа әдістерін меңгеруді та-лап етті. Соның ішінде «ауырып ем іздегенше, ауырмау-

дың жолын ізде» деген қағиданы берік ұстанған Құдайберген адамдарды салауатты өмір сал-тымен өмір сүруге үндеді. Оның басшылығымен учаскелік дәрігерлер тұрғындар арасында жиі болып, түрлі аурулардың алдын алу жөнінде халықпен кездесулер өткізді. Осындай іскер-лік, ұйымдастырушылық қабілетімен көрінген Құдайбергенді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасарлығы-на шақыртып, біраз жыл сонда жұмыс жасады. Бірақ алғашқы дәрігерлік еңбек жолын бастаған Жаңаөзен қаласын, ондағы тумаластарынан артық болып кеткен әріптестері мен достарын ешқашан жадынан шығарған емес. Осы жақта болып жатқан әрбір жаңалық пен жақсылық атаулыға құлақ түріп, қуанып отырды. Сол сағыныш оның 2004 жылы Жаңаөзенге қайта келуіне жол ашты.Құдайбергеннің бойында табиғат берген бір

қасиеті – оның жаңашылдығы, жаңалыққа құ-марлығы. Оны әріптестері де мойындап, баға-лайды. Мұнайлы қалаға келісімен «Шаңырақ» шағын ауданының шетіндегі ескі барақ үйді жөндеп, «Жалымбетов Қ.» деген өзінің жеке ем-деу орталығын ашты. Бастапқы да оңай болған жоқ, сонда да «жоқтан жонып» дегендей, азғана айлар ішінде қолға алған ісін толықтай тә-мамдады. Орталық жаман болған жоқ.Қайда да адамдар өздеріне қолайлы жағдай-

ды іздейді ғой, жаңадан ашылған орынға келушілер көп болды. Бұл жерде Құдайбер-генді білетін, оның қолының шипалылығына сенетін адамдардың да көп рөл атқарғанын жасыруға болмайды. Үш-ақ кабинет пен алты қызметкерден бастау алған емдеу орны күн са-нап кемелдене түсті. Ең бастысы, жанына дауа

Page 30: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

30

іздеген адам бұл жерден өз керегін тауып, ден-саулығын түзеп, өмірге қайта араласып кетті. Азаматтың бір арманы осылайша орындалып, халыққа қызмет етуде. Дәрігерде бұдан асқан бақыт бола ма?

Қандай болмасын, жаңа бір істің өз қиын-дығы мен қуанышы болатыны сияқты, Құдай-бергеннің жаңа ұжымы да осындай халді бастан кешірді. Жоғарыда айтқан аз ғана ка-бинеттерден бастау алған орын қазіргі күнде кемелденіп, өсті. Қазір онда 50-ден астам ка-бинеттер мен 80-ге тарта қызметкерлер бар. Терапия, хирургия, жүрек-қан тамырлары мен буын және бүйрек, ерлер мен әйелдердің түрлі сырқаттарын емдеп жазатын басқа да келісті кабинеттер бар. Қаладағы өкпе ауруларын тексеретін флюорография орталығы да осын-да. Түрлі сырқаттарға ем қолданатын бірнеше физикалық емдеу кабинеттері бар. Барлығында білікті мамандар жұмыс істейді. Емхана тәулігіне 150 адамды еркін қабыл-

дап, ауруына қарай ем-дом береді. Осы арада айта кететін бір жәйт – сырқаттардың ұсыны-сымен емхана ішінен 15 төсектік шағын ауруха-на ашылды. Жатып емделем деушілер ешқайда бармай-ақ, толық айығып кеткенше маман дәрі-герлердің бақылауында болады. Жататын орны, тамағы, алатын емі емхана ішінде. Ақшасын бір рет төлеп, дәрісін, емін ала береді. Осындай екі ауысымды 10 төсектік орын

аяқтай жүріп ем алушылар үшін де ашылған. Онда келген адамдар таңертеңнен кешке дейін осында болып, кешке үйлеріне қайтады. Біра-зымен әңгімелескенде мұның аса қолайлы екен-дігін айтты.Халқымызда «жаны саудың тәні сау» деген

даналық сөз бар. Осы сөз Құдайбергеннің де жанына жақын. Бір әңгімесінде ол «алдымен адамның жанын емдеу керек» деген уәж ай-тқаны бар. Жаны таза, рухы биік, рухани бай-лығы мол адамдар көп ауырмайды. Олай болса, қазіргі медицина емдеу, сауықтыру саласында осыған көбірек көңіл бөлсе, кәнеки!Осындай биік ұстанымды мұрат тұтқан ол

халықтық медицинаның өмір сынағынан өт-кен озық тәсілдерін емдеу саласында қолдана бастағанына да көп болды. «Халықтық меди-цинадан қашпау керек. Қазіргі дәстүрлі емдеу тәсілі оны жоққа шығармайды. Осы тәсілдің қыр-сырын терең біліп меңгерген маманға еке-уінің де жаттығы жоқ. Қайта бұл екі тәсіл бірін-бірі байыта түседі», – дейді дәрігер. Және ха-лықтық емдеу тәсілін қолдана отырып, бірқатар ауыр сырқаттарды да құлан таза айықтырды.

Өткен жылдар өрнектері

Бұл еңбегін тиісті орындар лайықты бағалады да. Республикалық ғылыми-практикалық халық емшілер орталығы мен Қазақстан Республика-сының «Халық және рухани емшілері» мекемесі және «Кәсіби халық емшілерінің республикалық ассоциациясы» оған «Қазақстанның жұлдызды емшісі» атағын беріп орденмен марапаттады. Сондай-ақ, дәстүрлі Шығыс медицинасы орта-лығы Құдайберген Жалымбетовке «Шығыстың рухани емшісі» атағын да беріп, омырауына ме-даль тақты. Мұның барлығы оның ақ-адал ең-бегіне берілген лайықты баға болып табылады. Құдайберген ешқашан да атақ-даңққа масай-

раған жан емес. Оның мақсаты – алдына жан салмай дауа іздеп келгендерді жылы қабыл-дап, сырқатынан айықтыру. Осы жолда біраз жұмыстар жасады. Белгілі бір нәтижеге жетіп тұрса да, әлі де бұл салада білерім, үйре-нерім көп деп есептейді. Және қарамағындағы дәрігерлер мен кіші медицина қызметкерлерін осыған тәрбиелеп келеді. «Дәрігердің басты емі – адамға жылы қабақ таныту және оны сыр- қатынан айығып шығатындығына сендіре білу. Онсыз жасаған еміңнің жақсы нәтиже беруі си-рек», – дейді ол. Жұмысқа мамандарды қа-былдағанда осы принципті басшылыққа алады. Білмегенін үйретеді, тәрбиелейді. Қазіргі күнде жұмыс жасап жүрген өз жұбайы Мыңболды Жалымбетова, Әбді-Серік Қарақұлов, Хали-да Орынбасарова, Дина Құрманбаева, Ерсінай Қайырова, басқа да жаңадан жұмысқа қабыл-данған жастар – осы бағытты берік ұстанған-дар, өздеріне жоғары талап қоя білетіндер. Біз мұны кабинеттерде сырқаттарды қабылдап, ем қолданып жатқан көптеген жас дәрігерлердің қызметінен көріп, риза болдық. Бұл да бол-са Құдайбергенге мол абырой болып табыла-ды. Халықтың құрметіне бөленіп, сырқаттардан ылғи да алғыс алып жүрген Айнұр Сисенбаева, Рая Ысқақова, Алмагүл Үрбісінова, Несібелі Көптілеуова, Бақыт Нұрлыбаева, Гүлшат Ақ-баева, Баян Қосбаева, Жұлдыз Балмағанбетова сияқты ісіне тиянақты медбикелердің аттарын атады. Зертханада жұмыс жасайтын Қалима Берниязова сияқты мамандардың да қызмет-терін мақтаныш ететіндігін айтты.Міне, бұлардың барлығы өткен жылдардың

өрнекті табыстары. Оның астарында бас дәрі-гердің және осы ұжымды ұйымдастырып, өмір-ге әкелген азаматтың еңбек жолы, ерлікке тән істері жатыр. Әйтеке би бабамыз «Батыр бол-саң жауға найзаң тисін, бай болсаң халқыңа пайдаң тисін» деген қағиданы жадына берік ұстанған Құдайберген айтулы бай болмаса да, қара орман халқына пайдасы тиіп жүрген ата көрген азамат. Өйткені оның жан-жүрегі, рухы бай. Сондықтан да ол халыққа пайда ғана

Page 31: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

31

келтіретін іспен айналысып, елдің алғысына бөленуде. «Жауынмен жер көгерер, алғыспен ер көгерер» дейді емес пе? Халқың үшін атқа-рып жатқан істерің жемісті болып, абыройың асқақтай берсін, Құдайберген!

Қандай болмасын емдеу орнының өзгелерге үлгі етіп көрсетіп жүретін қызмет тәсілі болады. Мәселен, біз сөз етіп отырған емдеу орнының басқалар үлгі алатын жақтары көп. Ең бастысы оның қызмет көрсету сапасының жоғарлылығы мен дәрігерлерінің біліктілігінде. Және бұған қоса сырқаттарға сауатты әрі жедел қызмет көрсете білуінде.Дәрігерлердің біліктілігі мен қызмет сапасы-

ның жоғарлылығы жайында айтарымыз мынау. Осы орында жұмыс жасайтындардың барлығы кем дегенде 2-3 мамандықты еркін меңгерген-дер. Соның ішінде Құдайбергеннің бір өзі төрт мамандық аясында сырқаттарға көмек көрсете алады. Ол – оташы, уролог және жарақатты емдейтін дәрігер-маман, сонымен бірге еркектің түрлі ауруларының маманы да.Өз қарамағындағы дәрігерлердің барлығын

осыған үйреткен. Педиатр, дерматолог, ультра-дыбыспен зерттеу маманы Орынбасарова Ха-лида; құлақ, тамақ ауруларының маманы Бай-мұратов Анарбай, инемен емдеу ісінің білгір дәрігері Қарақұлов Серік – өз салаларының хас шеберлері болуымен бірге кез-келген уақыт-та басқа да терапия, бүйрек, буын ауруларын, іш құрылысы сырқаттарын қарап, ем қолдана алатындар.Орталықта 40-қа жуық ауру түріне анализ

алынады. Оның барлығы сол жерде бір сағат ішінде дайын болады. Ал, рентгеннің қоры-

Әрі тез, әрі сапалы

тындысын адам бар-жоғы 5 минут күтеді. Сы-рқаттардың бұл орынға көп келуінің бір себебі осында жатса керек. Оның үстіне Құдайберген адамға жұғымды, кез келген уақытта олармен емен-жарқын әңгімелесіп, көпшіліктің ықыла-сына бөленген, елге белгілі азамат. Сырқаты-ма бір дауа болатын жаны жайсаң маман деп білетіндердің басым бөлігі ол ашқан орталыққа келеді. Және онысының дұрыстығын көпшілік көріп те, біліп те отыр.Кездескенде орталық қожайыны бізге мына-

дай бір уәж айтты. Келіп ем алғандардың 97-98 пайызға жуығы сырқатынан айығып кеткен екен. «Біз құдай емеспіз, кейде қолдан келмей-тін тұстарымыз да болып қалады. Ол кезде адамға дұрыс ақыл-кеңесімізді айтып, анализін қолына беріп, барып емделетін жерін хабарлап жылы шығарып саламыз. Айығып келгендер дұрыс диагноз қойып, кеңесін айтқан біздерге қайыра соғып рахметін айтып кетеді. Бұл да көңілге көп демеу», – дейді Құдайберген.Айтса айтқандай, қашанда көпшілік қамын

ойлап жүретін азамат мұны қара басының қамы емес, халқының мүддесі үшін жасап жа-тыр. Сол талабың оңынан орала берсін. Алда жақындап келе жатқан кәсіби мерекелерің құтты болсын! Халқымыз барда, оның өздерің сияқты абзал азаматтары барда еліміздің еш кемдігі болмайды. Қазақ елін, Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көргісі келетін Елбасымыз өздерің сияқты іскер де білікті азаматтарға арқа сүйейді.«Басты байлық – денсаулық» демекші, сол

халықтың дені сау, басы аман болып, елімізде татулық пен бірлік салтанат құру жолында жа-сап жатқан жұмыстарың табысты болғай.

Page 32: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

32

1960 жылы Ресейдің Орынбор облысында дүниеге келді. Жаңаө-

зен қаласында медициналық училищенің акушерлік бөлімін бітіріп,

Жаңаөзен қалалық әйелдер кеңесінде учаскелік акушер болып қыз-

мет етті. Медициналық жұмыспен қатар қоғамдық жұмыстарға арала-

са жүріп, баспасөз беттеріне мақалалар, өлеңдер жазып жүрді. Соңғы

15 жылдай республикалық, облыстық, қалалық газеттерге үзбей жа-

зып жүрген мақалалары мен әңгіме-өлеңдері бағаланып, 2010 жыл-

дан Қазақстан Журналистер одағына мүшелікке қабылданды. 2013

жылы «Бетке алып айды келемін» атты алғашқы кітабы жарық көрді.

«Алланың берген аз да бойымда дарын болса, сол байлығымды

осы өмірде имандылық пен адамгершілік, адам денсаулығы жолында

аянбай тер төгіп, жас ұрпақты тәрбиелеуде орасан еңбек етіп жүрген

ерлі-зайыпты Жалымбетов Құдайберген – Мыңболды сияқты аяулы

жандарды жастарға үлгі-өнеге, халыққа олардың қарапайымдылық

пен табиғи тазалық тектіліктігінің тағлымдарынан хабардар етуді

мақсат еттім», – дейді журналист.

Орынгүл Смағұл

Page 33: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

33

ауырмаудың жолын іздейтін орталық

30 тамыз күні еліміздің Конституциясын қабылдаған айтулы мерекеге орай Жаңаөзен қаласында маңызды шаралар өтті. Жаңаөзен қаласының халқына сапалы дәрігерлік көмек көрсетумен қатар елдің ерекше ілтипатына бөленіп жүрген «Жалымбетов Қ.» емдеу орта-лығында кеңейтілген емхананың ашылуымен бірге осы ғимарат орналасқан көшеге халқының қалаулы азаматтарының бірі Сағынтай Ысқақо-втың аты берілді. Сағынтай Ысқақов медицина орталығының бас дәрігері Жалымбетов Құдай-бергеннің туған ағасы. Жаңаөзен қаласында 23 жыл абыройлы қызмет атқарып, өзінің сана-лы ғұмырын мұнайшы мамандар дайындауға арнаған құрметті азамат Сағынтай Ысқақов қазіргі мұнай-газ колледжінің алғашқы дирек-торы болған. Бұл шараға қаланың әкімі бастаған ел, меке-

ме басшылары қатысты. Сонымен қатар, кезінде Сағынтай Ысқақұлымен әріптес болған үзең-гілес жолдастары мен әдейі осы шараға Ал-маты, Ақтөбе, Атырау қалаларындағы туыста-ры қатынасты. Жаңаөзен қаласындағы «Ержан хазірет» атындағы рухани орталықтың ұстазда-ры марқұмның әруағына дұға бағыштап, құран оқыды. Қазір мұнайлы қалада абыройлы еңбегімен

үлкен емдеу орталығын басқарып отырған Жа-лымбетов Құдайберген Ысқақұлы – халық мойындаған дарынды дәрігер, шипагер-емші. Ол Алматы мемлекеттік медицина институты-ның түлегі. Еңбек жолын 1975 жылы Жаңаөзен қаласынан бастаған, қалалық балалар емхана-сының бас дәрігері, қалалық аймақтық меди-цина бірлестігінің бас дәрігері болып жұмыс істеді. 1996 жылы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасында қызмет етті. 2004 жыл-дан бастап өзінің алғашқы дәрігерлік еңбек жо-лын бастаған қаласына келіп жеке медицина орталығын ашып, осы күнге дейін табан аудар-мастан жұмыс істеп келеді.Жоғары экономикалық білімді, ССРО денсау-

лық сақтау ісінің озаты. Туа біткен табиғи да-рындылығының айғағы – ол аралас саланың маманы, атап айтқанда, оташы, андролог-сек-сопатолог, маммолог және уролог. УЗИ аппа-ратының маманымен қатар эндоскопия, крио-хирургия және гирудотерапия салаларын да

Барлық медициналық құралдардың ең қажеттісі – сөз, шөп және пышақ. Ибн Сина

меңгерген. Ол барлық ауру дұрыс тамақтан-баудың салдарынан, оның денеге дұрыс сіңіп таралмауынан және қан айналу жүйесінің бұ-зылуынан болады деп есептейді. Ағзаны та-зарту жолдарын зерттеп осы мақсатта өзінің тәжірибе-ғылыми еңбектерін ұсынып келеді. Ол науқас адаммен қатар сау адамға да арналған рационды, дұрыс тамақтану жүйелерін наси-хаттайды.

Шарапаты мен шипагерлігі мол емханаБіз емдеу орталығының білікті маманы те-

рапевт-дәрігер Мынболды Жалымбетовамен ор-талықтың жай-күйі туралы сұхбаттасқан едік. Сіздерге сәті түскен әңгімеден үзінді ұсынып отырмыз.– Мынболды ханым, алғашқы әңгімемізді ор-

талыққа келуіңізден бастасақ. Жүнін тартсаң майы шығатын жерге қалай тап болдыңыз? – Бұрын соңды көрмеген өлкеге бірден үйрену

оңай болмады. Салт-дәстүрі қатаңдау, ауа-райы ыстық аймақта жиі кездесетін қиыншылықтарды бастан өткізуге тура келді. Жастық жігер мен қайсарлықтың арқасында «Өлімнен ұят күшті» деп намысқа тырысқан төзімділікпен, одан кей-ін ең бастысы халықтың бізге жас болсақ та сенім артып, үміт күткен ықыластарының арқа-сында осы күнге жеттік деп ойлаймын.

...Осы орта бойлы, аққұба жанның бойынан бұрынғы қалпынан біраз өзгерісті табудың өзі қиын. Шашын төбесіне түйген, биязы жүзді, жі-бектей жұмсақ мінезді қарапайым жанның табиғи қалпынан сыр шертіп тұрғандай. Медициналық орталықтың жайын баяндай келе: «Біздің орта-лықта арнайы жасақталған кабинеттер жұмыс жасайды. Атап айтқанда: терапевт, окулист, гинеколог, педиатр, кардиолог, невропатолог, ЛОР сияқты тәжірибелі дәрігерлер қызмет көр-сетеді. Лабораторияда тиісті анализдер тез ара-да қортындылайды. Процедуралық кабинеттер, УЗИ, аптека, физио-, электромассаж кабинет-тері жұмыс істейді. Мекемелермен келісім-шарт

ауруға қарсы тұруға ағзаның иммунитетін арттыру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор

Page 34: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

34

негізінде дәрігерлік байқаудан өткіземіз. Бәрінің нақты ақылары белгіленген», – дейді Мынбол-ды Бакешқызы.– Бұл Орталықтың негізгі мақсаты қандай?– Әр түрлі профилактикалық шаралар жүр-

гіземіз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу» – басты мақсатымыз. Ем-домды бастамас бұрын, науқаспен әңгімелесу үстін-де ауруды тудырушы факторларды анықтаудан бастап, оны болдырмаудың жолдарын түсін-діріп, ақыл-кеңес береміз. Біздің аймақ күрделі экологиялық аймақтарға жатады, сондықтан халық арасында асқазан жолдары, жүрек-қан тамырлары ауруы, тері аурулары және тубер-кулез көп кездеседі. Әйелдер, жас балалар қа-наздықтан зардап шегеді.

«Ауру – астан» дейді халқымыз. Осы орайда тамақтану режимін басты назарда ұстау керек. Ауруға қарсы тұруға ағзаның иммунитетін арт-тыру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор.Бүгінгі күнде көпшілік, әсіресе жастар,

уақыттың тапшылығын сылтауратып пакеттегі құрғақ тамақтарға, фанта, кола, пепси сияқты консерванты көп сусындарға әуес болып алды. Бұның жоғарыда айтып өткен ауруларға се-беп болатынын көпшілік біле бермейді. Шұбат, қымыз, сүт өнімдерін күнделікті пайдалануға кеңес беремін. Жаз айларында, тіпті жылдың барлық мезгілдерінде көк шайды көбірек ішуді ұсынамын.Алдыма келген жастармен қалайда уақыт

бөліп темекінің, ішімдіктің, наркотиктің зияны туралы және «ғасыр дерті» атанған СПИД ту-ралы әңгімелесемін.– Сіздердің емханаларыңыздың басқа емдеу ор-

талықтардан қандай ерекшелігі бар?– Жоғарыда айтып өткендей тағы да айта-

рым, аурудың алдын алу мақсатында жұмы-стар атқарамыз. Бізде медициналық қызметтің барлық түрі ақылы болғандықтан, диспансерлік

есепте тұратын науқастарды қабылдамаймыз.Тағы бір ерекшелігіміз – күні бойы жұмыстағы адамдардың жағдайларына лайықталған уақыт-тарда да арнайы мамандар қабылдау жүргізеді. Біздің орталықта жасанды түсік жасалынбайды. Арнайы лицензиясы бар, сараптамадан өткен сүліктер салып емдейміз. Гирудотерапия – асқынған ауруларды емдеу үшін таптырмайтын сүлікпен емдеу тәсілі – науқастардың көңілі-нен шығып, оң нәтиже беруде.– Соңғы сұрағымыз: кейінгі кезде дәрі-дәр-

мектерді насихаттайтын шетелдік фирмалар көбейіп кетті. Осыған көзқарасыңызды білдір-сеңіз. Газет оқырмандарына қандай тілек ай-тар едіңіз?– Арнаулы лицензиясы бар дәрумендер

жиынтығын (БАД) қолдануға болады деп есеп-теймін. Адам баласы топырақтан жаралған. Адам ағзасында Менделеев таблицасындағы элементтердің бәрі бар. Олардың кейбіреуінің жетіспеуінен ағзада ауру туындайды, сол эле-ментке зәрулігі артады. Сол себепті дәрігердің кеңесімен қабылдаудың зияны жоқ. Ал, газетке келетін болсақ, ол адамның күн-

делікті рухани дәрі-дәрмегі деп есептеймін. Қолымыз сәл босаса еліміздің тыныс-тіршілігін, болып жатқан жаңалықтарды газет арқылы біліп отыру біз үшін үлкен қуаныш. Жағымды жаңалықтарыңыз көп болғай!

Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын ізде-уде жарғақ құлақтары жастыққа тимей жүрген ерлі-зайыпты дәрігерлер салауатты өмір салтын насихаттауда халықтың көңілінен шығып, алғы-сын алуды зор мәртебе деп біледі. «Жаны сау-дың тәні сау» деген халық даналығын өміріне мұрат еткен жоғары санаттағы дәрігер Денса-улық сақтау министрлігі заңдарының тармақта-рын басшылыққа ала отырып, өзінің аурумен күрес жургізген жолы туралы «Душа очищается слезами» атты еңбегінде толық баяндайды. Со-нымен қатар «Сүлеймен пайғамбардың құрты саналатын сүлікпен емдеу құпиялары» атты ең-бегі де көптің көңілінен шығып, іс жүзінде оң нәтижелер беріп келеді. Халықтық медицинамен өзінің тәжірибелерін

ұштастыра отырып жеткен жетістіктері елеусіз қалмады. Республикалық ғылыми-практика-лық емшілер орталығы мен «Халық және ру-хани емшілері» мекемесі және «Кәсіби халық емшілерінің республикалық ассоциациясы» оған «Шығыстың рухани емшісі» атағын берді.

Орынгүл Смағұл

Page 35: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

35

Жанға дауа, тәнге саулық сыйлаған дәрігер

Жалымбетов Құдайберген Ысқақұлы – Ал-маты мемлекеттік медицина институтының түлегі. Дәрігерлік еңбек жолын 1975 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында хи-рург мамандығы бойынша бастады. 1982 жылы қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері, 1988 жылы қалалық медицина бірлестігінің бас директоры қызметтерін атқарды. 1996-2003 жылдары Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының емдеу ісі бой-ынша орынбасары, экономика және реформа-лау бөлімінің бастығы қызметінде істеді. 2004 жылы Жаңаөзен қаласында жеке Медициналық орталық ашып, халыққа қызмет жасап жатыр. Жоғарғы экономикалық білімді менеджер.

ССРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қа-зақстан кәсіби емшілер қоғамының құрмет-ті мүшесі, «Қазақстанның жұлдызды емшісі», Мишель Нострадамус атындағы халықаралық проскопиялық ғылымдар академиясының ака-демигі. Жаңаөзен қаласындағы көп профильді медицина орталығының басшысы, жоғары дәре-желі оташы, гирудотерапевт, андролог-сексопа-толог, маммолог және ультрадыбыс зерттеу, эн-доскопия, криохирургия саласының тәжірибелі маманы. Өмірлік жолдасы Жалымбетова Мынболды

Бакешқызы – жоғары дәрежелі терапевт, кли-никаның бас маманы. Отбасында үш бала тәр-биелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған.

Page 36: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

36

Үлкен қызы Нұргүл – дәрігер-эндоскопист, Өскемен қаласында; Айгүл – экономист-ме-неджер, неміс тілі маманы, Алматы қаласын-да; ұлы Самат – мұнайшы-экономист, Ақтөбе қаласында, жеке кәсіпкершілікпен айналысады. Күйеу балалары Асқар мен Серік, келіні Гүл-нұр ата-ене алдынан кесе өтпей, ата батасын бойына сіңдірген жандар. Немерелері Ақбота, Дарын, Дархан, Батырхан, Нұртас, Ерасыл бо-лашақта ата мұрасының иелері; құда-құдағила-ры Бақтыгерей – Жамал, Солтан – Нұржік, Сайлау – Шәрбану төсекте басы, төскейде малы қосылған асыл тұлғалары.

Құдайберген ағаның арманы – шөберелерін сүндетке өз қолымен отырғызу. Алла қолдап, періште Аумин десін!

– Аға, сізді мазалағаныма кешірім сұраймын, кешкі тамақ ішу уақытыңыз да өтіп кеткен болу керек. – Ештеңе етпейді, сіз де уақытыңызды бөліп

келіп отырсыз ғой. Ал кешкі тамақ жайлы айт-сақ, мен кешкі тамаққа басымды ауыртпаймын.

«Әңгімелесіп отырып өрік-мейізбен көк шай ішеміз», – деп, тоқ шәйнегін қоса бастады да, не айтайын дегендей маған қарады. Осылай Құдайберген ағаймен көптен күткен диалог басталды.

– Құдайберген аға, сіз дәрігер-емші деген ұлы қасиетті бойыңызға қалай дарыттыңыз? – Көптің ойлауынша дәрігер болу үшін ме-

дицина институтын бітірсең болды. Бірақ дәрі-гер болу да, емші болу да бір Алланың қо-лында. Алла Тағала өзінің сүйікті құлының бойына осы ұлы қасиетті нұрмен дарытады. Қазір ойлап отырсам, адам сенбес ертегі тәріз-дес. Алматы медицина институтына түскенімде 19 жаста болатынмын. Екі жыл балықшы бо-лып, есейіп түстім. Оқудың қиын екенін жоғары курстегі жерлестерім құлағыма құйып қойған. Бірақ Алла қуат береді деген дей, орысшаны

да жөнді білмейтін маған латын тілін қосып игеру оңай болмағанмен ешқандай мойымадым. Бір ұлы күш алға сүйрегендей болатын. Күні бойы сабақ, адам анатомиясы мұражайы, кешке жатақхананың бір тыныш қуысындағы бөлме-ге кіріп алып адам тәнінің сыры мен қырын жаттаумен болдым. Мен үшін үш жылғы оқу инемен құдық қазғандай болды. Қорытынды-сы да жаман емес. Үшінші курсты ылғи беске тапсырып, төртінші курсты жоғары стипенди-ямен бастадым. Жалғыздық тек Құдайға жа-расады дегендей Мыңболды екеуміз бас қосып, қиындықтарды бірге жеңуге ант бердік. Төртін-ші курстан бастап клиникалық аурухананың реанимация бөлімшесінде анестезист болып жұмыс істедім. Сонымен қатар институттың

Кұдайбергеннің жиені

Батырхан - дәрігер болғым келеді

Жиені Ақбота

Нағашы апасымен,

2006 жылы

Page 37: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

37

ғылыми-зерттеу лабораториясында тәжірибе ала бастадым. Өткен ғасырларда Леонардо да Винчи, Вильям Гарвей негізін салған адам ана-томиясы өзінің құпияларын аша бастады. Сече-нов, Павлов, Бехтерев дамытқан адам физио-логиясы мен үшін бұзылмас заңдай еді. Қолда жыбырлап тұрмайтын құрбақаның жұлынына ине салып жансыздандырып, жүрегіне әр түрлі дәрі тамызып сынақ жасағанда, бұл не де-ген құдірет дерсін! Дәрімен жүректі жүргізуге де, тұрғызуға да болады, тек дозасын сақтай білу керек. Осылай дәрі-дәрмекке деген сенім болашақ дәрігердің санасынан мызғымас орын алады. Бесінші курстан бастап Қазақстанның сол кез-

дегі белгілі хирургия мектебінің негізін салушы-лары профессор М. Брякин, А. Райз сияқты ғұламалардан сабақ ала бастадым. Менің хи-рург болып қалыптасуыма С. Урашов, Г. Ан-дреев сияқты ғалым-хирургтер үлкен үлес қо-сты. Менің иттерге айтар алғысым мол. Бірінші

сынақ пациенттерім де солар. Марқұм Генна-дий Николаевич Андреев екеуіміз иттерге көп сынақ жасадық. Бірнеше отадан қалжыраған иттер саған жалынышты да жылы көзбен қа-рап, сенен қайыр күтетін, «тек жанымды қи-нама» дегендей ишарат білдіретін. Ит жеті қа-зынаның бірі ғой, адамзаттың болашағы үшін басын ажалға иіп, адал қызмет көрсететін. 1975 жылы Жаңаөзен ауруханасына хи-

рург болып келдім. Аурухананың бас дәрігері Бердібек Тұрарбеков өте білімді, мамандарды іскерлігімен бағалап, ұтымды пайдаланатын ұйымдастырушы болды. Бекеңнің айтқан ақыл сөздері менің дәрігерлік ғұмырымның қай ке-зеңінде де мағынасын жойған емес. Жетпістен желіп өткен арғымақтай, Бекең ағам ақ хала-тын әлі шешкен жоқ. Сол кездегі облыстың бас хирургі Е. Мұқантаев, хирургия бөлімінің мең-герушісі Бәйдеш Нұрбаев, травматолог Өтелбек Махмутов сияқты аяулы азаматтар оталық ше-берліктен басқа, адами қасиеттерімнің қалып-тасуына зор ықпал жасады. Бұлардың есім-дерін құрметпен атап, рухтарына бас иемін. Қанды көйлек жолдастарым О. Бисахметов, Ж. Сымбатов, А. Байбаров, В. Кадыков, Н. Машеровтарды қазір де үлкен құрметпен сағы-на еске аламын. Дәрігер болу, оның ішінде халықтың алғысына бөлену бір күнгі не бір жылғы еңбекпен бітпейді. Нағыз дәрігер болу үшін ондаған жылдарды басыңнан өткізіп, дертке шалдыққан адамның қайғысына қайғы-рып, қуанышына қуана алатын азамат болу

керек. Дәрігерді пациенттері тәрбиелейді, олар дәрігердің бойынан тек жақсы қасиеттерді көр-гісі келеді. Мыңдаған адамның тағдырымен тоғысқан дәрігер ғана адам жанын жақсы түсі-неді. Жүрегінде мейірімділік бар дәрігер ха-лықтың қалаулысы болатыны сөзсіз.

– Сізді қолы жеңіл, тәжірибелі хирург болды деп естиміз. Осы хирургия саласында қандай есте қалатын оқиғалар болды? Өзіңіз туралы не ай-тасыз?– Бәрі де есімде, бәрі де кеше болған си-

яқты. Оташылықтың шыңына шықпағанмен ел қадірлейтін маман болып қалыптастым. Өзім туралы айтсам, мен көп армандайтынмын. Бо-лашақпен өмір сүргенді ұнатамын. Өткен өмірге өкінбеймін, себебі мен саналы өмірімді адамға жақсылық жасаумен өткіздім, соным үшін тек алғыс алдым. Мен қайтадан өмір сүретін бол-сам, тағы да осы өмірімді қайталаған болар едім. Жоғары өрлеп, төменге сырғыған кездерімде де азаматтық арды жоғалтпай, халқымның орта-сында бола білдім. Кеңестік дәуірдің құлды-рап, медицина саласының күйзелген 1996-2003 жылдары мемлекеттік қызметте жүріп, саланың ыстығы мен суығын басымнан өткердім. Ме-дициналық сақтандыру мен денсаулық сақтау саласын реформалау саясаты кезінде дәрігерлік қызметтерді ұйымдастыру және дәрігерлерге еңбек ақы төлеу механизмдері ойдан шықпады. Мемлекеттік шенеуніктердің қолынан шыққан осындай реформалар аясында медициналық кәсіпорындарда ақылы медициналық қызметтер өсе бастады. Қазыналық мекемелердегі ақылы медицииналық қызметтерді тоқтату үшін олар-мен тепе тең бәсекелестікке түсе алатын жеке медициналық мекемелерді өсіру керек болды. Міне, мен осы бағытта жұмыстанып, өзімнің жеке медициналық орталығымды аштым. Адамдардың денсаулығын сақтауда және ау-рудың алдын алуда не істеу керек екенін анықтау жолдарын іздеу үстіндемін. Хирургия-да істеген жылдарым аса бір ұмытылмас кезең еді. 1980 жылы жүрегі пышақпен жараланған бір азаматқа операция жасадым, сонда адам жүрегін тірілей бірінші рет қолыма ұстадым. Бүкіл тула бойымнан ток өткендей бір ғала-мат құбылыс сезіндім. Адамның тулаған жүре-гі қандай құдірет десеңші, жараланған жүрек өліммен алысып жатыр... Бұл азамат менімен көпке дейін хабарласып тұрды. Бірде қуыққа операция жасағанмын, қуықтағы жұмыртқадай тастың ішінде кәдімгі гитараның № 6 ішек-сы-мы шықты. Бұндай қызықты оқиғалар жиі кез-десіп тұратын.

Page 38: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

38

– Сіздің Медициналық орталығыңызды тұрғындар мақтан етеді, оның сыры неде?– Қандай болмасын әрбір емдеу орнының

өзгелерге үлгі етіп көрсетіп жүретін қызмет тәсілі болады. Ең бастысы — медицина қыз-меткерлерінің сапалы қызмет көрсетуге ынтасы. Дәрігердің кәсіби адалдығы мен берген анты өз алдына бір төбе ғой. Ал сол еңбекті бағалау — өте маңызды әлеуметтік мәселе. Бізде еңбек ақының мөлшері қызметінің сапасына қарай өсіп немесе кеміп отырады. Қызмет сапасын халық өзі көрсетеді. Дәрігер қаражат мұқтаждығын сезбеу керек және жасаған емі үшін сыйақы күтпеу керек. Екінші бір ерекшелік – мен дәрі-герлерді кең профильді, жүйелі көмек көрсетуге тәрбиелеймін. Мысалы, бізде хирург, уролог, гинеколог, гастроэнтеролог өздерінің пациент-терін өздері ультрадыбысты (УЗИ) және эндо-скопиялық тексерістен өткізе алады. Мен өзім хирургиядан басқа андрология, маммология, гирудотерапия, УДЗ, криотерапия, эндоскопия мамандықтарын меңгердім. Жолдасым Мынбол-ды Бакешқызы терапиядан басқа кардиология, эндокринология мамандықтарын игерген. Со-нымен қатар әрбір науқасты күрделі биоэнерге-тикалық-ақпараттық жүйе тұрғысынан қарап ем тағайындаймыз. Диагнозды емес, адамды емдеу керек. Мен қазіргі ортодоксальдық медицина-ның «емдеу стандарттарына» қарсымын. Әрбір адам біртұтас биоэнергетикалық жүйе болған-дықтан, ауырғанда да жүйелі емді керек етеді, оларға рухани көмек керек. Үшіншісі, дәрігер өзін тәуелсіз тұлға ретін-

де сезіну керек, сол үшін клиникада барлық жағдай жасалу керек. Медицина қызметкер-лерінің ар-ождан Кодексі деген болады. Осы туралы әрбір пациент жақсы білу керек. Меди-цина қызметкерлерін ешкімнің кемсітуіне, мазақ қылуына, арына тиуге жол берілмейді. Паци-ентпен дәрігердің арасында өзара сенім, ада-ми қарым-қатынас қалыптасқан жағдайда ғана ауру өзінен өзі кете бастайды.

– Жұрт сізді дәрігерлікпен қоса емшілігі де бар дейді, сол рас па? – Жоқ, тамыр ұстап, қырық бір құмалақ

санап бал ашпаймын (күлді). Дінге бет бұра бастағанымды жасырмаймын. Отбасымда астан кейін дұға жасап отырамын. Бұл дүниеден өт-кен ата-ана, туыстарымның рухына бас иіп, аят оқимын. Көп жылдық дәрігерлік тәжірибе мені рухани емшілікке алып келді. Мен өз басымда бір жасырын «тылсым күш» барын сеземін. Кей-де бір науқастарға аса көңіл қойып, қолымды салып, ауырған жерлерін қараған соң, науқас

өзін жеңіл сезіне бастайды. Менің бұрынғы да, қазіргі де әріптестерім біледі, мысалы, менің жасаған операциямнан кейін, аурудың жарасы іріңдемейді, тез жазылады. Бір күрделі, ауыр дерті бар науқастарды қарағаннан соң өзім де ауырсына бастаймын, оларды аяғына тұрғыз- ғанша қатты қиналып жүремін. Міне, осыны сезіп, өзім Алматыдағы халық медицинасы орта-лығына барып, тексерілдім, аурамды (биоөріс) жазып қарағанда белсенді биоөрісімнің бары анықталды. Жаныңда бір «жара» бар деп, жа-нымды тазарту керектігін айтты. Бұл 2008 жыл еді. Осыдан бастап «Жан деген не? Оны қалай тазарту керек?» деген мәселені алдыма қойдым. Жанға байланысты мәселелерді Құран кәрімнің аяттарынан кездестірдім. Медицинада жан ту-ралы толық жазған шығыстың ғұлама дәрігері, философы Абу Али Ибн Сина. «Адамзаттың дерті жанға түскен жарадан басталып, ақы-рында тәннің бұзылуымен аяқталады», – дейді Ибн Сина. Ибн Синаның «Қитаб-ал-Канун фи-т- тибб» (Канон врачебной науки) деген 10 том-дық ғылыми мұрасы бүкіл әлем медицинасы-ның негізін қалайды. Осы 10 томнан тұратын энциклопедия менің күнделікті кәсіби азығым. Сөйтіп жан мен тән туралы ғылыми құн-дылықтарды оқып, зерттеуге кірістім. Бірінші Алланы мойындау керек. Алланы мойындаған-да ғана әрдайым жолың болады. Аты қазаққа таныс ұлы Абай артына өшпес мұра қалдырды. Мен өзіме қойған сұрақтарымның көп жауабын Абай мен Шәкірімнен таптым. Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта жалған болмас. Көп кітап келді Алладан, оның төрті

Page 39: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

39

Алланы танытуға сөз айырмас, – деп ұлы Абай Алланы мойындауға шақырады. Ал біз Алланы қай уақытта еске аламыз? Қи-

налғанда, ауырғанда, ата-ана, бауырыңды, қи-мас адамыңды жоғалтқанда, қартайғанда. Неге? Себебі Алланы еске алу, оған сүйіспеншілікпен қарау жаныңа нұр құяды, көңіліңе демеу беріп, үміт отын жағады. Алланы мойындаған адам табиғат заңын мойындайды, табиғатты мойын-даған адам жанды, яғни адамда «нәзік дене» болатынын мойындайды. Бұл туралы Абай: Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі, «Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі. «Мен» өлмеске тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін оған бекі, – деп адам

жанының мәңгілік екенін, және тек тәннің ғана өлетінін меңзеген. Адамда тәннен баска алты нәзік дене бар, қазақтың «жан жеті қабат» де-гені бар. «Нәзік дене» тәнді қауыздай қоршап тұрады. Американдық ғалым Барбара Энн Бреннон адам тәні мен жанының құрылысын ғылыми тұрғыда тұжырымдап, нәзік дененің эфирлік, астральдық, ментальдық, қаузальдық, интуитивтік (жан, рух) деген құрамнан тұра-тынын дәлелдеген. Бұлардың алдыңғы үшеуі тәнге жақын орналасқан, олар адам тәні өлген соң (эфирлік – 9 күннен, астральдық – 40 күннен, ментальдық – 90 күннен кейін) өмірін тоқтатады. Қалған үш нәзік дене (каузальдық, жан, рух) өлмейтінін дәлелдеген. Бұл біздің қазақтың өлген адамның 7 күндік, 40 күндік, 100 күндік садақасын беретініне сай келетін сияқты. Мен бұл арқылы дінді уағыздап отырған

жоқпын. Дегенмен кез келген адамда біз түсіне бермейтін бір «тылсым» күш бар екенін сеземін.

– Сонда тұла бойдағы «тылсым» күштің адам денсаулығына қандай әсері бар? – Мен алысты айтпай-ақ, өзімнің дәрігер-

лік 35 жыл аумағындағы білетінімді айтсам, медицина өте қатты дамып келеді. Әсіресе хи-рургия мен фармакология саласы. Техникалық құрал-жабдықтар күн санап жетіле түсуде. Ди-агностиканың өсуіне байланысты аурулардың да жаңа түрлері анықталуда. Ал емдеу жағына келсек ауызға ілігері де хирургия мен бұрын естілмеген дәрі-дәрмектердің тізімі. Адам ден-саулығы мен өмір жасының ұзақтығы төмен-деп барады. Себебі жетілген медицина тек қана адам ағзасының органикалық күйзеліске ұшы-раған жақтарын емдейді. Бұл бір беткей тәнді емдеу болып есептеледі. Ал адам тән – жан – рух деген ажырамас жүйе. Адамның дерті әуелі жаннан басталды, яғни алдымен адам-ның энергиялық ақпарат жүйесінде пайда бо-лады. Адам жанының пәктігінде сананың рөлі өте жоғары. Сана адамды рухани байытады. Рухани дамыған сана ғана жанды жайдары етеді. Рухани санамен жанның он екі арнасы

(түйсік, ұят, сүю, мінез, зерде, қабілет, жігер, ақыл, ар, ождан, ой, қайғы) ашылады. Тән мен жан теңескенде, яғни рухани үйлестік та-пқанда адамда денсаулық нығаяды. Егер адам өзін тәнімен ғана балап, тек нәпсінің ықпа-лымен өмір сүретін болса, онда ол надандық ықпалынан шыға алмай, жан ауруына ұшы-райды. Жан ауруына дөрекілік, ашуланшақтық, іштарлық, көрсеқызарлық, сараңдық, өзімшілдік сияқты келеңсіз қасиеттер жатады. Есте болу керек, адам қылығымен жазаланады. Бұл та-биғат заңдылығы. Рухани санасыз адам бірін-бірі жазалайды. Олар бірін-бірі сөзбен, оймен, қарғысымен қаралап, жаман тілек тілейді. Бұлар жанды жаралайды. Жаралы жан жа-зылмас аурудың кепілі. Жан жарасын жазу өз алдына үлкен әңгіме.

– Құдайберген аға, жергілікті газет бетінен сіздің «Жаның жаспен тазарар...» деген мақала-ларыңызды оқимыз, қысқаша тұжырымдағанда бұны қалай түсінуге болады? – Жоғарыда тиіп қашып айтып өттім ғой.

Қысқаша айтсам, адам тәні сумен тазарады. Тәнді тазарту жолын біз азды-көпті меңгерген сияқтымыз. Басқасын айтпағанда Геннадий Пе-трович Малаховты тыңдасаңыз, ағзаны тазар-тудың сан түрлі тәсілін алдына жайып салады. Ал жанды тазарту үшін тек шындық керек, шындықты мойындау керек. «Шындықпен бет-пе-бет келгенде соқыр көзден жас шығады», – дейді қазақ. Жас пәктіктің белгісі. Адам шын қуанғанда, шын қайғырғанда көзіне жас ала-ды. Жас жаныңды тазартады. Жан тазалығын сақтау үшін кешірімді бол, кешірім сұрай біл, сүйе біл, сүйдіре біл, жамандыққа жақсылық жаса, адамға алғыс айтуға дайын бол, әр адам-ның тек жақсы қасиеттерін ғана жинай біл, еш-кімді кінәлама, күндеме, жасаған күнәларыңды біліп Құдайдан кешірім сұра, өз-өзіңді кінәлай берме, оны жоюдың жолына шық, ренжіткен адамыңнан кешірім сұрай біл, өзің ренжіген адамды қарғап-сілемей қайта рахмет айт, се-бебі сен сол адам арқылы өзіңді сездің, жаның-ның нәзіктігін байқадың. Жалпы кешірім сұрай білу мен кешіре білу – үлкен мәдениеттік пен ақылдылықтың белгісі. Ал мәдениет пен ақыл жаны таза адамдардың ғана бойында болады. Алла Тағаланың нұры жылы жүрек пен таза жанға ғана қонады. Дертке дауа іздеген адам әуелі өзінің жанын түсіне білу керек. Мазасыз жан жүректі жаралайды. Алланың нұры жа-усын деген батадан құдіретті тілек жоқ. Мен бүкіл адамзаттың үстінен Алланың нұры кет-песін деп тілеймін.

– Сұхбатыңызға көп-көп рахмет, Құдайберген аға! Сіздің де отбасыңызға Алланың нұры жаусын!

Әңгімелескен Орынгүл Смағұл

Page 40: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

40

Халық медицинасы мен ресми медицина саласының өзара байланыстары мен

айырмашылықтары

Жерде өмір пайда болғаннан бастап, адам ғасырлар бойы эмпириялық жолмен, талай қа-телесу мен сынақтарды бастан өткізіп, ауру азабынан құтылу жолдарын іздеді. Ерте дәуір адамдары дертке дауаны табиғатпен үйлесімді бірігуден табатынын жақсы түсінді. Табиғат-пен жұптасу аясында адамдар көп нәрселерге қол жеткізді және таңқаларлық нәтижелерге жетті. Адамзаттың өмір сүру кезеңдері сан қилы жағдайлармен ерекшеленіп отырған. Ерте дәуірдегі адамдар тамақ табу үшін аң аулау барысында, немесе тайпа ішіндегі қақтығыстар-да әр түрлі жарақаттар алып, кейде жедел ауруларға шалдығып отырған. Ауруларды ем-деу барысында жеке адамдар арасында адам ағзасына деген емшілік көзқарас қалыптасып, бақсы, балгерлер пайда болған. Көне заман-да дүниежүзілік медицина саласының дамуы-на мұрындық болған Гиппократ, Гален қазіргі классикалық медицинаның қалыптасуына әсер етті. Олар адам анатомиясы мен физиология-сын ғылыми тұрғыдан зерттеп, рухани дәрігер-лермен емшілердің медициналық білімі болуы керек екенін ескертті. Ал орта ғасырда дү-ниежүзілік медицинаны ілгері дамытқан түркі

тектес халыққа ортақ, Орта Азиялық Абу На-сыр Әл-Фараби халық емшілерінің емдік әдіс- терін философиялық тұрғыдан дәлелдеген. Ол «Адамның дене мүшелері туралы» деген ең-бегінде «Медицина – табиғи таза өнер. Ол адамның дене мүшелерінің қалыпты жағдайда болуын қадағалайды. Дәрігер құралы өнерден туындаса, сол өнер ауру адамның денсаулығы үшін күреске жұмсалады» деп айтқан. Әл-Фа-рабидің медициналық философиясын одан әрі ғылыми-тәжирибелік тұрғыдан жалғастырған, өзін Әл-Фарабидің шәкірті санайтын шығыстың ғұлама дәрігер-философы Абу-Али Ибн Сина болды. Ибн Сина философиясының ерекшелігі – адамның жаны мен тәнін бөлмей бір тұтас қарауында. «Адамзаттың дерті жанға түскен жарадан

басталып, тәннің бұзылуымен аяқталады», – дейді Ибн Сина. Ибн Сина өзінің «Китаб-ал-Ка-нун фи-т-тибб» («Канон врачебной науки») деген үлкен еңбегінде денсаулық сақтау сала-сының барлық жүйесіне талдау жасап, дүние- жүзілік медицинаның негізін толықтырады. Ибн Сина медицинасы классикалық медицина-

ның ғана емес, халықтың дәстүрлі медицинасы-

Халық медицинасы мен ресми медицинаның

бірігуі – денсаулық сақтау кепілі

Page 41: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

41

ның да негізі болып саналады. Қазақтың дәрі-герлік және емшілік өнері осыдан 500 жылдай бұрын Өтейбойдақ Тілеуқабылұлынан бастау алып, Құртқа Тәуіп еңбектерімен шыңдалады.Ғаламның Рахым Нұры Мұхаммед (салла-

лаһу аләйһи уәсәлләм) адамзатты ғылымға ын-таландырып, ғылым адамдарын ауруға шара із-деуге шақырған. Аллаһ Елшісі «Аллаһ бір ауру жіберсе, сөзсіз артынан шипасын жаратқан», – деп хабарлаған. Қанша аурудың түрі болса, Аллаһ Тағала соншама ем жаратқан. Ғылым өмірді ұзарту шарасын тауып, тіпті

өлімді кешіктірсе де, адамзат керуенінің бел-гіленген жолаушылығын тоқтата алмайды. Ол жол – рухтар әлемінен келіп сәбилікке, бала-лыққа, жастыққа, кәрілікке, содан қабірге дей-ін барып, одан әрі сонау қайта тірілер күнге дейін созылады. Өмір қайта жалғасып, Жәннат пен Жәһәннамға барып бір-ақ тоқтайды. Бұл жолдың алдына тосқауыл қою мүмкін емес, адамдар туады, өседі, қартаяды, өледі. Бірақ бұның бергі бетіндегі барлық дерттерге дауа бар. Әрине, іздегенде ғана. Іздену деген ғылы-ми білімді болу керек дегенді меңзейді.Адамзат медицина саласында өлімге дейін

созылған деңгейде көп нәрселерге қол жеткізуі мүмкін. Ал өлімге келгенде, оның шарасы жоқ. Өлім – дәл өмірдей Аллаһтың жаратқан нәр-сесі. Мысалы оба ауруы – Пайғамбарымыз-дың заманында шара табылмаған қорқынышты дерт. Осы дерт ғылыми медицинаның дамуы арқасында, антибиотиктер синтезделуі арқылы жойылды. Екінші – шешек ауруы, бұл дерт те адамзатқа қатты үрей туғызған болатын, шешекті жоқ қылуға ғылыми медицина үлкен үлес қосты. Айта кету керек, шешектің вакци-насы ресми түрде тіркелуден 350 жыл бұрын біздің жерлесіміз, құрметті халық емшісі, ға-лым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ауырған ба-ланың денесіне шыққан жарадағы өңезді та-наның шабындағы таза жараға жағып, одан вакцина тәріздес зат өңдіру арқылы ем жа-саған. Жоғарыда айтылған ойшылдар, ғұлама ғалымдар медицинаның негізін сол кезде өмір сүрген халықтың мол тәжирибесінен алды. Ол кездегі медицинаның негізі халық емшілігі бол-ды. Осы халық медицинасының негізінде ресми медицина қалыптасты. Орта ғасырда халық медицинасының өкілдерінде діни көзқарастар қалыптасқан болатын. Мұсылмандар әлемінде ғаламның Рахым Нұры Мұхаммед Пайғамбар-дың (с.а.у) Аллаһ Тағаланың елшісі болып ке-луі және Құран Кәрімнің пайда болуы халық медицинасын жоғары дәрежеге жеткізді. Біз

ислам әлемінің ғұлама ғалымы, араб тектес, бұ-дан 800 жылдай бұрын өмір сүрген Ибн Қайим әл-Джаузидің «Ауру және сауығу» («Болезнь и исцеление») деген өте құнды еңбегі арқылы Пайғамбар медицинасымен таныспыз. Құдіретті Құран Кәрім халық медицинасының энцикло-педиясы іспеттес. Діні мұсылман барша жұрт ғаламның Рахым Нұры Мұхаммед Пайғамбар-дың (с.а.у) хадистері арқылы тек ауруларынан ғана жазылған жоқ, сонымен қатар ауырмау-дың сара жолын тапты. Құран Кәрімдегі аяттармен емдеу күні бү-

гінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ, және жоғалуы да мүмкін емес. Классикалық меди-цинаның дамуы әлемдегі ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты болды. Сонымен қатар дінге қарсы жүргізілген күрес ғылыми медици-наны орнықтырып халық медицинасын әлсірете бастады. Кеңес дәуірінде халық медицинасына тыйым салынды. Тіпті дінге байланысты емес халық емдерін де пайдалану мүмкін болмады. Мысалы: сынық салу, шөппен емдеу, сүлік салу деген сияқты. Осындай саясатқа негіз болған ресми медицина өкілдерінің халық медицинасы-на деген көзқарасы еді. Жоғары оқу орындарында атеистік тәрбие

алған ортодоксальды дәрігерлер ауруларды тексеру барысында адамның тәніне зор көңіл бөліп, жан және рух деген түсіндіктерден бой-ын аулақ ұстады. Осындай бірбеткей көзқарастан батыс меди-

цинасында хирургия және фармакология са-лалары қарқындап өсе бастады. Ғылым мен техника өскен сайын медицинада да таңқалар-лық өзгерістер болды. Ауруды анықтау, әсіре-се ағзадағы органикалық өзгерістерді дәл табу мүмкіндіктері пайда болды. Компьютерлік және магнитті-резонансты томографтар, ультрады-бысты сканерлер, ангиографтар, эхоэнцефало-графтар, әр түрлі бейне қондырғылар адам ағ-засының барлық жерін қарауға мүмкіндік берді. Бірақ бұдан адам өмірі ұзарған жоқ, ауру саны азайған жоқ. Күннен күнге аурулардың құлақ естімеген жаңа түрлері пайда бола бастады және оны ауыздықтауға қыруар қаржы жұм-салуда. Рак, СПИД аурулары әлі де тоқтар емес.

Жүрек, қан-тамыр аурулары, қант диабеті, обыр күннен-күнге жасарып, көбеюде. Ғалымдардың болжауынша, аурудың көптеген түрлерінің пайда болуына иммундық жүйенің әлсіреуі зор әсер етіп отыр. Ал, иммундық жүйеге әсер ететін нелер? Олар – адамның ағзасы-на әр түрлі себептермен еңгізілген химиялық

Page 42: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

42

препараттар, антибиотиктер, жасырынды жы-ныстық инфекциялар және қоршаған ортаның зиянды әсерлері мен табиғат заңдылығына қар-сы бағытталған өмір салты.Егер аурудың себебін әлемнің жаратушы иесі

Алладан деп ұқсақ, онда Алланың нұрынан жаралған жан мен рух туралы ойлаған болар едік. Қазіргі таңда теолог-ғалымдардың тұжы-рымы бойынша, адам ағзасындағы иммундық жүйе эндокриндық сала арқылы «нәзік дене-мен», яғни жанмен тығыз байланысты. Алла Тағала адамзатқа бұл пәни дүниені

түсіну үшін сезім қуатын орналастырылған: құлаққа – есту, көзге – көру, мұрынға – иіскеу, тілге – сезу. Ол туралы Шәкәрім бы-лай деген: Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек. Біреуінен мидағы ой хабар алып,Жақсы-жаман әр істі сол тексермек. Олай болса, адамға біткен алтын қасиет –

ойлау қасиеті. Ой – ақылмен басқарылады. Жан – адамның болмысының негізі. Ой, ниет, қайрат, қуат – жаннан шығады. Ал, жанды таза ұстау үшін табиғат заңдылықтарын қатаң бақылауда ұстау керек. Ол үшін адам өзін-өзі табиғат заңдарының аясында тәрбиелеу керек. Адам денесіндегі барлық биологиялық құ-

былыстар ең әуелі ой-өріске тәуелді болады. Ой-өріс парасаттылық пен ақылдың негізі. Ақылмен басқарылатын ой-өрісті өсіру үшін ру-хани білім керек. Рухани білім жанды тазар-туға бағыттайды. Егер адам өзін тәнімен ғана балап, тек

нәпсінің ықпалымен өмір сүретін болса, онда ол надандылық ықпалынан шыға алмай, жан ауруына ұшырайды. Жан ауруына дөрекілік, ашуланшақтық, іштарлық, көрсеқызарлық, са-раңдық, өзімшілдік сияқты келеңсіз қасиеттер жатады. Рухани білімі жоқ осындай бейшара адамдар

түбінде мүсәпір күйге еніп, жазылмайтын со-зылмалы аурудан азап шегеді. Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі,«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі.«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,«Менікі» өлсе өлсін оған бекі – деп Абай

адам жанының мәңгілік екенін және тәннің жанға байланысты екенін меңзейді. Осы дүниеде жан тәннен айырылмайды және

бөлек өмір сүрмейді. Жан мен тәннің арасында арпалысты өмір өтіп жатады. Егер адамның тәні жанынан басым болса, адам тәнінің құлы болады. Жатып ішер жалқау, нәпсі құмар-

лығынан арыла алмайтын, ақымақ, ертеңгі күн-ді ойлауға өресі жетпес, бүгінгі күнімен өмір сүруге бейім, ессіз адам жазылмайтын аурудың азабын тартады.Есте болу керек! Адам қылығына қарай жа-

заланады. Бұл табиғат заңдылығы. Тән жан-мен басқарулы керек. Жанның басқарылуынан босаған тән дертке ұшырайды. Өмірде жанға зиян келтіруші құбылыстар өте көп. Олардың бірі адамдар, бірін-бірі сөзбен, оймен, қарғыспен қаралап, жаман тілек тілейтіндер. Адамның ба-сына түскен қайғы-қасірет, қиындылықтар.Жан жүректе орналасқан. Жан энергиясы

(қуаты) тәнде орналасқан белсеңді бионүкте арқылы (чакралар) сыртқа шығып, тәнді қап-тап тұрады (аура). Осы арқылы адам тәні жұ-мыртқаның ағындай тазалықта сақталады.«Ауруды Алла Тағала береді, бірақ ол ауырт-

пайды». Ауру адамның ой-санасына байланысты, жақсы ой жазады, жаман ой аздырады. Ой-өрісі кең, ақылды адам ауру-сырқаудан аулақ бо-лады. Денсаулық үш түрлі бағытта бұзылады: тән ауруы, психиологиялық ауру және жан ауруы. Тән ауруы жан ауруының жалғасы болғаннан

кейін де халық емшілері кейбір тән аурула-рымен де бетпе-бет келеді. Оларды емдеу үшін терең медициналық білім мен психосоматика-лық тәжірибе керек.

Дәрігерлік не емшілік қызметте тән мен жан-ның, не психиканың таза өз дертімен кезде-су өте қиын. Сондықтан дәрігерге де, емшіге де ортақ тәжірибе керек. Әсіресе емшілер мен дәрігерлер арасында этикалық, деонтологиялық қарым-қатынас болуы шарт. Әл-Фараби айтқан-дай, «дәрігерлердің не емшінің бойындағы өнер (қасиет) тек дертке дауа құралы ретінде жұм-салуы керек». Дәрігер мен емшілердің арасында кәсіби түсіністік пен сенімділік орнаған кезде науқастар кепілді ем ала алады.«Дәрігерге барма, дәрі ішпе» деп тиым салу

өте қауіпті. Мысалы, бір емші соқыр ішекпен ауырған адамды ішіңдегі желді шығарамын деп массаж жасаған, грелка басқан, нәтиже-де соқыр ішек жарылып, ауру перитониттен қайтыс болды; немесе қолы ауырған баланың қолына шыбық салып байлап, дәрігерге барма, рентгенге түспе деп жіберген, ақырында ган-грена болып, қолын кесуге тура келді және тексергенде сүйек сынбаған болып шықты.

Есте болу керек! адам қылығына қарай жазаланады. Бұл табиғат заңдылығы. Тән жанмен басқарулы керек.

Page 43: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

43

Бұндай жағдайлар ресми медицина өкілдерін-де де кездесіп отырады. Мысалы, дәрігерлерге келген науқастардың 20 пайызы маманданды-рылған емді керек етпейді, және оларды тек-серу кезінде ағзада органикалық өзгерістер табылмайды. Бұндай кезде халық емшілерінің қызметін пайдаланған жөн. Кейінгі кездерде дәстүрлі медицинада психо-

терапевт деген мамандық қызмет істей бастады. Емхана дәрігері науқастарды терең тексеріп, егер науқастың ағзасында органикалық өзгеріс- тер болмаса, анализдері дұрыс болса, оларды психотерапевтке жібереді. Бұлар рухани ау-рулар немесе жаны ауыратындар. Осыларды халық емшілері емдеу керек. Немесе психотера-певттер рухани сауатты болу керек.

Қазіргі Батыс медицинасындағы өте бір ке-леңсіз жағдайлар біздің елде де етек алған. Ол мемлекеттік кепілдендірілген көлемдегі медици-налық көмек. Бір жағынан үкімет осы кепілді көлем арқылы қаражат бөлсе, екінші жағынан ол аурудың нақтамасына байланысты стандарт-ты ем жасауға міндеттейді. Мұндай стандарт-тар халықтың да, науқастың да көңілінен шыға бермейді.Емнің көлемін мемлекет емес, дәрігер

анықтау керек. Стандартпен емдеу дәрігерлік этикаға жатпайды. Қазіргі кезде біз дәлелде-мелі медицинаға көшіп жатырмыз, ол дегеніңіз кез келген аурудың себебін анықтамай ем қол-дануға болмайды, әсіресе антибиотиктерді қол-дану туралы бұлжымас ереже бар. Ресми медицина өкілдерімен емшілердің

көзқарастарында үлкен айырмашылық болған-мен, қазіргі кезде ресми медицина халық емшілігінен көп нәрселерді алуда және оны заңды түрде емдеу ісіне қосуда. Мысалы: сүлікпен емдеу – гирудотерапия, сынық салу – травматология, дәрі-шөппен емдеу – фи-тотерапия, ине салу – иглотерапия, дәріге жығып емдеу – гомеопатия, рухани емдеу – психотерапия. Халық емшілерінен әлі де алатын тәжірибелер өте көп. Әсіресе созылма-лы ауруларды емдеуде рухани тазарту тәсіл-дерін ресми медицинаға кіргізу керек. Адамды рухани тазарту аурудың алдын алу проблема-ларын шешеді. Себебі жаны, жүрегі таза адам қандай болмасын ауруға төтеп береді, зиянды қылықтардан аулақ болады.

Сонымен қатар халық емшілері қазіргі ресми медицинаның жетістектерін молынан пайдалану керек. Ем жасарда дәрігердің нақтамасымен та-нысып, жай-жағдайын білген дұрыс. Емдеу ба-рысында және емді тоқтатқанда науқасты қайта тексеруге жіберу керек. Мысалы, сынықшы неге рентгеннің қорытынысына жүгінбеске, сынықты салған соң, қайта тексеруге неге болмайды? Не-месе, ішкі ағзаларды, не омыртқаны емдерде фиброгастроскопия, компьютерлік томография жасаса, өте дұрыс болар еді.Қазіргі таңда адам денсаулығының әлемдік

проблемалары тек қана ресми медицина мекеме-лерімен немесе жаңа медицина технологиясымен шешілмейді. Адам денсаулығының барлық про-блемаларын шешу үшін, көптеген ғасырлар бойы келе жатқан дәстүрлі медицинаны мойындау керек және оның ресми медицинамен үйлесімді-гін қамтамасыз ету керек. ДДҰ қолдауымен көптеген өркениетті елдерде, оның ішінде Ан-глия, АҚШ, арнайы заң қабылданып, емшілер-мен комплементарлық медицина мамандарының мәртебесі мен іс-әрекеті бекітілген. Осыған орай біздің елде де халық медицинасына мемлекет тарапынан көңіл бөлінуде. Соның айғағы ретінде 18.09.2009 жылы қабылданған «Халық денсау- лығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 54 бабында халық медицинасы мен дәстүрлі медицинаның қызмет көрсету тәртібі белгіленген. Дәстүрлі медицинамен (гомеопа-тия, гирудотерапия, мануальді терапия, реф-лексотерпия, фитотерапия) медициналық білімі бар мамандар айналысады. Халық емшілігімен арнайы сертификат алған маман емшілер ай-налысады. Барлық облыс орталықтарында, Ал-маты, Астана қалаларында халық медицинасы орталығы ашылған. Соңғы уақыттарда ресми медицина өкілдері халық медицинасының мол тәжиребесін пайдалана бастады.Дегенмен, әлі де ресми медицина мен дәстүр-

лі медицина өз алдына тату-тәтті дара өмір кешіп жатқан сияқты. Халық денсаулығын қорғаудың ең сара жолы ресми медицина мен дәстүрлі медицинаның бірігуі болып табылады. Ресми медицина мен дәстүрлі медицинаның көз-ге көрінер айырмашылықтары болғанымен, шын мәнінде олардың атқаратын қызметтері бір ор-тақ іске бағытталған, ол: аурудың алдын алу және емдеу, адамзатты рухани және денелік сауықтыру. Болашақта дәстүрлі және халық медицина-

сының мейірімді де шипалы қызметі орынды бағаланып, елімізде жаңа типті медициналық мекемелер ашылып, онда дәстүрлі медицинамен ресми медицина қос діңгектей қатар тұратыны-на сенемін.

Құдайберген Жалымбетов

Құран Кәрімдегі аяттармен емдеу күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан

жоқ, және жоғалуы да мүмкін емес

Page 44: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

44

аппараттарМөлшерлеп созуға арналған

«Ормед-профессионал» механотерапевтикалық қондырғы

«Ормед-профессионал» механотерапевтикалық қондырғы – омыртқаның мөлшерленген тік тартылуын және дірілді-механикалық әсерін көрсететін заманауи құрал. «Ормед-профессио-нал» омыртқа жотасының бұлшық еттерін бо-саңсыту арқылы омыртқа аралық байланысты реттейді. «Жалымбетов Қ.» медициналық орта-лығында «Ормед-профессионал» омыртқа аралық жарықты емдегеннен кейінгі оңалту шараларын жүргізгенде, мойын, кеуде және бел остехон-дроздарын емдегенде кеңінен қолданылады.

Емдік әсері:• омыртқа арасындағы жарық хирургиялық

әдіссіз емделеді;• омыртқадағы дегенеративті-дистрофикалық

әртүрлі өзгерістерді (дорсопатин, спондилез, спондилоартроз) қалпына келтіреді;• омыртқа дискісінің протрузиясын емдейді;• мидың қаналмасуының бұзылуын (омыртқа

артериясының синдромы) емдеу;• омыртқаның қисаюын емдеу;• сколизолды емдеу;• инсульттан, инфаркттан кейінгі оңалту;• омыртқа ауруының профилактикасы.

«Ормед-профессионал» қондырғысындағы ро-ликті массаж, омыртқаны созу мен қатар бұлшық етті қалпына келтіріп, пайда болған функционалды блоктарды жояды, құрысулар-ды жазып, қан айналымын жақсартады. Жылу және діріл жайлылықты туғызып бұлшық ет-терді жақсартады. Көлемді физикалық әсермен бір ғана процедура нәтижесінде омыртқа арасы буындарының функционалды блоктары жойы-лады. Механикалық әсер нәтижесінде омыртқа ара-

сындағы қуыстың үлкеюі дискі аралық жоғарғы қысымымен азаяды. Осының нәтижесінде ва-куум пайда болып, «сорғыш» грыжалық ісіну жойылады. Осы барлық кешен омыртқа бөлігін-дегі бел омыртқа арасындағы жарықты, осте-хондрозды отасыз емдеуге мүмкіндік береді.

Медицинадағы жарықпен емдеуЖарықтың медицинада қолдану тарихы те-

реңде жатыр. Ежелгі дәуірдің өзінде – грек-тер, египеттіктер, арабтар – жарықтың адам денсаулығына қажет және оның емдік қасиеті бар екендігін түсінген. Ағза әр түрлі өмір көз-деріне, яғни жарыққа, суға, ауаға, сонымен қа-тар тағамдарға және қоршаған ортадан түсетін электромагнитті толқындарға тәуелді. Осыларға байланысты, Швейцарияның ға-

лымдары «Биоптрон» деп аталатын ерекше құрал жасап шығарды, ол келесі әдістерді құрады:• биологиялық жүйе оң және жұмсақ әсер ету;• ағзаның өзін-өзі емдеу күштерін қарқындату;• ағзаны тазалау;• регенерациялық процесті қозғалысқа келтіру.«Биоптрон» жарығы терінің қайта құрылуына

және иммунды жүйеге әсер ететіндіктен оның қолданылуы әр түрлі болып келеді. Полярлы жарық ең алдымен дерматологияда (әр түр-лі тері аурулары, лишай, псориаз, нейродер-матит және т.б.), хирургияда (жараның тез жазылуына әсер етеді) қолданылады. Мұрын қуысының қатерлі және созылмалы асқынуын, сыртқы геморройды, лимфа түйіндерінің ісінуін емдеу кезінде жақсы көрсеткіштерге ие болды.

ГидроколонотерапияГидроколонотерапия (тоқ ішекті мониторлы

бақылау арқылы тазалау) – ішекке арналған душ.Әлемде «Колон гидромат» аппараты арқылы

ішекті мониторлы тазалаудың теңдесі жоқ. «Колон гидромат» аппаратының көмегімен ем-делушінің тоқ ішегіне енгізілген арнайы адсорб- циялаушы ерітіндінің 40-50 литрін бір мезет-те айдаумен қатар осы ішектің арнайы тұйық- талған ұшынан қалдықтарды алып шығарады. Бұл тазалау әдісі ағзадағы зиянды заттардан арылтады, атап айтқанда – радионуклеидтер-ден, ауыр металл тұздарынан және фенолдар-дан, сонымен қатар шырыштарды шығару және жылдар бойы қорытылмаған тағамдардан тоқ ішекті бітеп тастайтын, астың қалыпты қоры-тылуына кедергі келтіретін түзілген ішек таста-рынан арылтады.

Page 45: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

45

Тазалау сеансы кеңес алудан басталады.Көрсеткіштер:• асқазан, ішек, бауыр, өт жолы аурулары,

созылмалы іштің қатуы;• аллергияға бейімді адамдар ауырғанда;• алкогольдік, наркотиктік, медикаментоздық

улануда;• артық салмақ тастаушылар мен қандағы

холестериннің деңгейін азайтқысы келетіндерге жақсы нәтиже береді; • тері аурулары кезінде және жақсы сезінгісі

келетіндерге;• уланғанда. Лазермен емдеуАғзадағы химиялық және күрделі биохимия-

лық үдерістерді реттеу мақсатында төмен қарқындағы лазерлік сәуле көптен қолданылады. Лазер сәулесімен емдеу әр түрлі заманауи ап-параттармен жүргізіледі. «Жалымбетов Қ.» меди-цина орталығында «Матрикс-Уролог», «Лазмик», «Лазмик косметолог», «ВЛОК» аппараттары қол-данылады. Бұл аппараттар қауіпсіздігі жағынан I-ші класқа жатады, сондықтан ауруларға және медицина қызметкерлеріне қауіпсіз.1. «Лазмик – ВЛОК»Лазмик аппаратының бұл сериясы арқылы ла-

зер сәулесі арнайы сәуле тасушы инемен көк тамырға енгізіледі. Лазер сәулесі толқындары-ның ұзындығына байланысты инфрақызыл сәуле (толқын 635 нм, қуаты 1,5-2 мВт) және ультра- күлгін сәуле (толқын 365 нм, қуаты 1,0 мВт) болып бөлінеді. 2. «Лазмик», «Лазмик-03»Бұл аппараттар арқылы медицина орталығында: 1) лазер-вакуумді массаж;2) лазерофорез;3) лазер-биореабилитацияәдістері ұтымды қолданылады. Лазермен емдеу төмендегі ауруларға қолда-

нылады: 1) жүрек-қан тамырлары аурулары (жүрек

қыспасы, жүрек ишемиясы, гипертония I-IІ са-тысы);2) солма аурулары (полиомиелит, полиневрит,

плексит);3) остеохондроздар, артроздар, периартрит;4) облетирующий эндартериит, Рейно ауруы;5) асқазан-ішек, өт жолы аурулары (созылма-

лы гастрит, колиттер, өт қалтасы дискинезиясы);6) әйелдердің сыртқы және ішкі жыныс ағза-

ларының қабынуы;7) несеп-жыныс ағзаларының аурулары (пиело-

нефрит, цистит, простатит, аднексит, жатыр мойын эрозиясы);8) тыныс жолы, өкпе аурулары (созылмалы

бронхит, трахеит, пневмония);9) ЛОР аурулары (фарингит, тамақ баспасы,

созылмалы тонзиллит);10) жазылмайтын ойық жаралар;11) жарақаттар.

Биоптрон

Колон-Гидромат

Матрикс-ВЛОК

Page 46: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

46

«Матрикс-Уролог»«Матрикс-Уролог» – урология аймағындағы

ауруларды емдеуге, андрологияларды, нефро-логия және сексопатологияларға арналған әм-бебап және жоғары эффективті лазерлі кешен.

Урологиядағы лазерлі терапияға көрсеткіштер:• цистит;• пиелонефрит;• простатит, эректильная дисфункция;• 1-2 дәрежелі простата аденомасы; • амилоидоз;• белсіздік;• гломерулонефрит;• диабетті нефропатия;• дистанционная литотрипсиядан кейінгі «та-

сты жолақ»;• бүйректі трансплантациялау және гемодиа-

лиздеу кезіндегі магнитті-лазерлі терапия;• несеп жолдары аурулары;• қуықтағы нейрогенді дисфункция;• асқынған пиелонефрит;• асқынған және созылмалы цистит;• асқынған эпидидимоорхит; • пиелонефрит;• отадан кейінгі тігістер;• простатиттер;• вибромагнитолазерлі массаждық әдіс;• еркектегі сексуалды бұзылулар;• лазерлі-вакуумды терапия әдісі;• зәр шығарудың зақымданған фистуласы;• урогенитальды инфекция;• жыныс мүшесінің фибропластикалық инду-

рациясы (Пейрони ауруы);• созылмалы пиелонефрит;• созылмалы бүйрек жетіспеушілігі;• цистит;• қуық экстрофиясы; • энурез.

Лазерлі терапияның артықшылықтары:1) лазер аллергия бермейді;2) лазерге әдеттенбейді, емдеу процедурасы

5-15 курс өткізіледі, қажетті жағдайда жылына 2-3 рет қайталанады;3) ауыртпай және жайлы емдейді, қалып-

ты жағдайдағы өмірде амбулаторлы жартылай клиникалық жағдайда кеспей ем жүргізеді;4) сауығуды бірнеше есеге арттырады;5) емдік әсері біраз уақытқа дейін сақталады;6) лазерлі терапия асқынған ауруларды то-

лықтай емдейді, хронологиялық к-формадағы созылмалы ремиссиясы өмірінің сапасын жақ-сартады;7) лазерлі терапия организмдегі резервті

мүмкіндіктерді қалпына келтіреді, өмірге қа-уіпті аурулардың асқыну қатерін сейілтеді (ин-фаркт, инсульт).

Озонотерапия – заманауи емдердің ең құндысы

Озонотерапия (озонмен емдеу) – химиялық дәрі-дәрмексіз табиғи жолмен емдеу. Күнделік-ті ағза тіршілігінде жасушаларда биохимиялық үдерістер нәтижесінде озон (О

3) түзіледі. Озон

жасушалардағы зат алмасу үдерістерінің сапа-сын арттыру арқылы төмендегідей әрекеттер көрсетеді:1) бактерияларды жою (бактерицидное);2) вирустарды жою (вирицидное);3) саңырауқұлақ таяқшаларын жою (фунги-

цидное);4) қанның оттегі тасымалдау қызметін қалып-

тастыру;5) тіндерді оттегімен қамтамыз ету;6) қан өндіру қызметін реттеу;7) қандағы холестериннің, қанттың деңгейін

төмендету;8) биологиялық белсенді заттардың түзілуін

жандандыру;9) иммунитетті қарқындату;10) ауыртпалықты бәсеңдету;11) ағзадағы уытты заттардың шығуына әсер

ету;12) қабынуды тоқтату;13) терінің қорғаныш және қарсы тұру қыз-

метін реттеу.

«Жалымбетов Қ.» медицина орталығында озонмен емдеу әр түрлі тәсілмен жүргізіледі:- газ түрінде (күйікте, іріңді жараларда, тері

аурулары, жазылмайтын ойық жараларда);- судан өткізу демалу арқылы (ингаляция);- озон газ түрін тік ішекке енгізу (геморрой,

ішек құртында, тік ішек сілекей қабығының жыр- тылуы);- озонды көк тамырға енгізу;- озонды бұлшық етке енгізу;- озонды қанмен бұлшық етке енгізу (озоно-

гемотерапия);- озонды тері асты майына енгізу;- озонды жақпа-май арқылы енгізу.

Егер сізге дәрігер төмендегідей аурулардың нақтамасын берсе, озонмен емделіңіз:- жұқпалы гепатиттер;- ұшық жұқпалары (герпес);- дисбактериоз;- ИБС, атеросклероз, гипертония, аритмия,

эндоартрит;- бронхит, пневмония, бронхиалды астма, ту-

беркулез;- дерматит, экзема, псориаз, акне, микоз, тро-

фикалық ойық жара;- ишемиялық инсульт, ВСД, энцефалопатия,

мигрень, шеткі жүйке жүйесі аурулары (әсіресе

Page 47: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

омыртқа остеохондрозының асқынуынан); - қан диабеті және оның асқынуы;- жатыр мойны эрозиясы мен лейкоплакиясы,

бактериалық вагиноз, кольпит, жыныс қатына-сы арқылы берілетін жұқпалы аурулар (ЖҚА-ЖА);- цистит, пиелонефрит, простатит;- буын аурулары.Озон сіздің ағзаңызды шынықтырып, зат ал-

масуын реттеп, жасартады!

АМП құралы – шағын зертханаИне қабылданбай қанды кешенді талдау –

жаңа қызмет!«Жалымбетов Қ.» медицина орталығы сізге

құрметпен жаңа қызмет түрін ұсынады. Сіз саусағыңыздан немесе көк тамырдан қан

тапсырмай-ақ 15 минуттың ішінде 125 параме-трден тұратын қанға талдау жасата аласыз. Бұл талдау ине қабылдамай, қан алмай ком-пьютер арқылы 15 минуттың ішінде жасалына-ды. АМП тек қанды ғана талдап қоймай, бүкіл

ағзаның ағымдағы жағдайын 15 минут ішінде анықтайды. Дәрігерге АМП құралының талдауы- мен кірсең, онда бір мезгілде ағзаң туралы то-лық ақпарат ала аласың.

АМП құралы арқылы төмендегідей талдау жасалады:1) қанның химиялық талдауы;2) қанның биохимиялық талдауы;3) қанның ұю жүйесінің талдауы;4) қандағы гормондарды анықтау;5) қандағы макроэлементтер мен микроэле-

менттер;6) электролиттер;7) артериялық және көк тамырдағы қан ай-

налу;8) мидың, жүректің, бұлшық еттердің, бауыр

мен бүйректің қан айналым жағдайы;9) ағзадағы газ алмасу, оттегімен қанығу,

көмірқышқыл газ бен азот алмас үдерістері;10) жүрек қызметтерін тексеру (ЭКГ);11) ми қарыншасының көлемін анықтау;12) ми-жұлын сұйығының қысымын өлшеу;13) ағзадағы жылу қуатының бөліну қабілетін

анықтау;14) несепті талдау, т.б.

АМП арқылы аурудың алдын алып іс-ша-ра қолдануға болады. Бұл нағыз профилакти-каға қол жеткізу! АМП тексеріліп, дәрігерге қаралғаннан соң, дәрігер профилактикалық ша-

Озонотерапия

раларды анықтайды. Оңалту шаралары өткен-нен соң 2 айдан кейін қайта АМП арқылы тексеріліңіз!

Таза қан – денсаулық негізіПлазмаферезбен қанның тазару уақытында

адам бойында жинақталған барлық токсиндер жоғалады. Тазартылған қан сұйықтанып, адам-ның барлық органдарын және тіндерін тазар-тып, қажетсіз нәрселерден арылтады.Қоршаған ортанын жағымсыз әсері, тамақ ішу

сапасы, адамның мінезі және қозғалысы, түрлі аурулар және қабылдап жүрген дәрі-дәрмек-тер, ягни организмнің ішкі ортасын жағымсыз заттардан тазалауға плазмаферез аса тиімді. Плазмаферез курсын қабылдау – организмді

зиянды әсерлерден қоргау, стресс пен алко-гольге бейімделмеу, детоксикация органдарын белсендіріп, иммунитетті арттыру, түрлі ауру-лардың өршуін жойып, жұмысқа деген қабілет-тілікті жоғарылатады.

Плазмаферездің әсері үш нәтиже бойынша негізделеді:- детоксикациялар;- иммунокоррекциялар;- реокоррекциялар (қанның аққыштығының

жақсаруы).Плазмаферезбен емделу кезінде қанның құра-

мынан белгілі бір аурудың дамуына себеп бо-

Page 48: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

48

латын және сол ауруды қолдап тұратын (ан-титела, зақым келтіретін тіндер, зат алмасу айналымы, қанның үздіксіз айналуы) нәрсе-лердің бәрі жогалады. Сонымен қатар, плаз-маферезбен кешенді терапиялық ем қабылдау аурудың белгілі бір түріне ұзақ уақытқа дейін дамуына жол бермейді.

Профилактикалық плазмаферез – қан тамы-рларының бойында түзелген құрамдас артық холестериннен тазартып, таза қанға алмастыра-ды. Бірнеше күннен кейін қан тағыда тазала-нып, қандағы холестерин қан тамырларындағы қан түйіршіктеріне таралады. Сайып келгенде, қанды холестериннен тазарту қан тамырларын кеңейтіп, қанды суйықтатады. Бұл адам бойын-дағы қан айналысының жақсаруына және адам терісінің жасаруына жақсы әсер етеді.Плазмаферезді қабылдаумен жасы біршамаға

келген адамдардың беттегі әжімі, ісігі, жал-пы белсенділік пен сезімталдығының төмендеуі тоқтатылады. Сыртқы келбеті мен көңіл-күйі ерекше, жас кезіндей сезіледі.

Мұздың емдік құдіреті(Криотерапия)

Криотерапия ауру ағзаны сақтай отырып, мұзбен тоңазыту арқылы оның жұмыс істеу қабілетін арттырады. Криотерапия созылмалы тонзиллиттерді емдеудің басым бәсекелі тәсіл-дерінің бірі. Криотерапияны қолданған кезде тамақ бездерінің бұзылған тканьдері бірнеше рет сұйық азотпен қатырылады, нәтижесінде тамақ безінің қабынып бұзылған қабаты ауыр- май, қанамай түсіп қалады.Тері-венерология саласында криохирургия

суйел, папиллома, кондилома, экзема және псориаз ауруларын емдеуде кең қолданыла-ды. Хирургияда криотерапия жарақаттанғанда,

күйгенде және келеңсіз тыртықтарды кетіруде қолданылып отыр. Сұйық азоттың салқындату әсерінің арқасында нерв жүйесінің аурулары, ревматологиялық артриттер косымша еммен тез жазылып кетеді. Жатыр мойнының эрозиясын емдеуде крио-

терапия тәсіліне жететін ем жоқ. Эрозия тез жазылып кетеді және әйелдерде босану кезін-де еш қорқыныш болмайды. Сондықтан әйел-дер эрозияны емдеуде криотерапияның диа-термо тоғымен күйдірудің алдында бір саты жоғары екенін естен шығармағаны жөн.

Сұйық азотпен арнаулы аппараттар арқылы емдеу «Жалымбетов Қ.» медицина орталығын-да 2005 жылдан бері қолданылып келеді. Ма-мандар арнаулы дайындықтан өткен, серти-фикаттары бар.

Сүлік – денсаулықтың, сұлулық пен жастықтың қайнар көзі

Сүлікпен төмендегі сырқаттар емделеді: жоғары қан қысымы, жүрек қыспасы, миокард инфарктісі, инсульт, тромбофлебит, қан тамыр- ларының кеңеюі, трофикалық ойық жара, кө-теу, бронх демікпесі, глаукома, бас сақинасы, невриттер, холецистит, панкреатит, гепатит, колит, пиелонефрит, остеохондроз, простатит, аденома, аналық бездерінің қабынуы, жатыр жанындағы жылауықтар (киста), мастит, артриттер, бедеулік, белсіздік, эндометриоз, қанды уыттар мен қалдықтардан тазарту, ағзаны жасарту.

Сүлік – табиғи ферменттердің биофабрикасы.Сүлік сөлінде гиалуронидаза, бделлин, эг-

лин, простагландин, гистамин және гепарин тәрізді заттар бар. Осы және басқа 100-ден аса ферменттер арқылы сүлік тіндегі (ткань) қан жетіспеушілік және оттегі тапшылығын жояды. Сүлік буындарды қалдықтан босатып, таза-

лайды:1. Иық-жауырын периартриті2. Тізе буыны периартриті3. Тізе буыны артроздары4. Коксартроздар5. Подагра6. Дюпюитрен контрактурасы7. Менисциттер 8. Сынықтарды емдегеннен кейінгі буындар-

дың қатып қалуы.

Сүліктің сілекейі қабынуға қарсы күресу, им-мундық жүйені қоздыру, қан тамырларының склероздық үдерісін азайту, қан ұю үрдісін болдырмау және ұйыған қанның түйіршіктерін езу қасиеттеріне ие, беттегі әжімді азайтып, көз асты ісіктерін жояды. Жыныс жүйесінің жұмы-сын жақсартады.Сүлік омыртқа қозғалысын қалпына келтіреді.

Сүлікті мойын, кеуде остеохондроздарында, қа-бырға аралық невриттерде, миозиттерде, бел остеохондрозында кеңінен қолданамыз. Қан қысымы көтерілгенде, бас сақинасы ұстағанда сүлік құлақ артына қойылады.

Әйелдерді сүлікпен емдеу – нағыз табиғи ем!1. Әйелдердің босанғаннан кейінгі ішкі қабы-

ну процесстері.2. Емшек бездерінің қатайып қабынуы.

Page 49: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

49

Перитест-3003. Климакс кезіндегі жағымсыз жағдайларды.4. Миомалар, жылауықтар (киста), эндоме-

триоз, мастопатия.5. Әйелдер бедеулігі, етеккір келмеу немесе

ауырсыну.6. Жатыр түтікшелерінің бітелу процесстері,

аналық бездерінің қабынуы.7. Жамбас қуысы тіндерінің дәнекерлену про-

цесстері (спайки).8. Әйелдер гормондарының мөлшерінің

ауытқуы себебінен туатын аурулар.

Huvitz HRK-7000Жаңа авторефкератометр Huvitz HRK-7000

– көптеген функционалды мүмкіндіктерге ие заманауи құрал. Бұл құрал өлшеудің бірне-ше түрімен, заманауи дизайнымен, ойластырып тапқан эргономикасы және механикасымен, кон-трасты түрлі-түсті дисплейімен, интерфейсінің интуитивтік қарапайымдылығымен, автоматтан-дырылған фокусировкасы және нұсқау индика-торымен, автостарт функциясымен дәрігер мен емделушілерге өте қолайлы да тиімді. Шыныдан шағылысқан жарық пен тексерудің ретро-ил-люминационды режимі катаракта және басқа да көз патологиясын, сонымен қатар контак-тілік линзадағы дақтарды да диагностикалау- ға мүмкіндік береді. HRK-7000 негізгі артықшылығы көз қабығы-

ның қисаюын өлшеу мүмкіндігі, бұл контактілік линза таңдауға өте пайдалы. Құрал өздігінен емделушідегі ИОЛ-дың барын анықтай алады, және осыған сәйкес өлшеу режимі бар.HRK-7000А авторефкератометрдің жаңа үл-

гісінде автоматты фокустау функциясы, иек қоя- тын механикалық құрылғы және субьективті рефракциясын бастапқы таңдау функциясы қа-растырылған.

Перитест-300Көру аймағы анализаторы Перитест-300 күн-

дізгі, кешқұрым және түнгі көру кезіндегі көру аймағының шекарасын, ішкі көру аймағының жарыққа сезімталдығын анықтайтын құрал. Пе-ритест-300 периметрі жылдам (30%), қысқар-тылған (50%) және толық (100%) қалыптағы орталық және перифериялық көру аймағын зерттеуге мүмкіндік береді. Периметрдің нәти-жесі стандартты бланкта басып шығарылады және компьютер жадысында әрқашан сақтала-ды. Перитест-300 Windows операциялық жүйесі орнатылған компьютермен (486 және жоғарғы) бірге жұмыс істейді.

Жарық шамы ЩЛ-3Г-06Жарық шамы ЩЛ-3Г-06 – көздің алдыңғы

және артқы бөлігін биомикроскопиялық зерт-теуге арналған. Құрал ұлғайюдың дискретті ауысымына арналған бинокулярлы стереоми-кроскоппен жабдықталған.Жарық шамы оптикалық жоғарғы сапасы мен

тұрақтылығына, жарық кескінінің қанықтылығы-на ие, және оны басқару қарапайым. Горизон-тальді жазықты құралдың орнын ауыстыратын түйіннің қарапайым, бірақ мінсіз конструкциясы нақты бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Осы шам арқылы офтальмологияда кең таралған көздің алдыңғы және артқы бөлігін зерттейтін барлық әдістерді қолдануға болады.

ЩЛ-3Г-06

Page 50: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

50

Поли-Спектр-8/ЕПоли-Спектр-8/Е – мүмкіншілігі мол, ақпа-

раттық бағдарламасы ЭКГ анализдерін ав-томатты түрде жүргізе алады. Яғни барлық өлшемдерді өлшеп, синдромальді қорытынды жасай алады. Шығарушы: Нейрософт, елі: РесейШағын 12 арналық компьютерлі электрокар-

диограф Поли-Спектр-8 – бұл ЭКГ-нің 12 жоғары сапалы стандартты бөлігі кардиостиму-лятордың импульсін зерттеуде жоғары мүмкін-діктерге ие.

ЛигаторГеморрой түйіндерінің вакуумды лигаторы –

ішкі геморроидты түйіндерге латексты сақина-ларды салатын құрал. Бұл құралды бірнеше рет қолдануға болады, даттанбайтын медици-налық болаттан жасалған, бөлшектеп жинала-тын, дезинфекция мен стерилизацияның кез келген түріне шыдайды. Лигаторлы сақина са-луға арналған диаметрі 10 мм цилиндрлі ко-нуспен және лигаторлы сақинаны орналасты-руға арналған түсіргіш ілегі бар эргономикалық пистолетті ұстағышпен қамтамасыз етілген. Ішкі геморройдың 2-3 сатысын емдеуге арналған қа-рапайым және өте кең таралған әдіс. Латексті сақиналар арқылы геморроидты түйіннің алдын алу геммороймен ауыратын адамдардың 80% геммороидэктомияға шалдығуға жол бермейді.

СургитронСургитрон – бұл радиотолқынды хирургия-

да әртүрлі операциялар жасауда қолданыла-тын аппарат. Қазіргі заманда радиотолқынды хирургия гинекологияда, дерматологияда, кос-метологияда, офтальмологияда, эндоскопиялық операцияларда, пластикалық және жалпы хи-рургияда, сонымен қатар онкологияда қолда-нылады. Сургитрон аппаратымен жасалатын радио-

толқынды хирургияның артықшылықтары:- терінің күюін, қан кетуді болдырмайды;- хирургиялық процесті жеңілдетіп, жыл-

дамдатады;- операциядан кейін ауырсыну, ісіну, асқыну

сияқты жайттар болмайды;- терідегі жара тез жазылып, орны қалмайды;- айналасындағы теріні зақымдамайды.Сургитронның көмегімен келесі гинекология-

лық ауруларды емдеуге болады: - жатыр мойынының лейкоплакиясы;- жыныс мүшесінде орналасқан папиллома-

лар;- кондилома;- жатыр мойынының эрозиясы;- қан аққан тамырлардың коагуляциясы.

Видеокольпоскоп Видеокольпоскопия – бұл әйелдер жыныс ау-

руларын тексерудің бір түрі. Видеокольпоскоп – оптикалық прибор, ағзаны видеоға түсірумен қатар, жарық пен түсірілген суретті жақыннан үлкейтіп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл аппа-ратты кеңінен қолдану дисплазия, лейкоплакия, эритроплакия, эрозия ауруларын пайда болу уақытынан бұрын алдын алуға және ішкі ор-гандарының жағдайын тексеруге өте ыңғайлы. Видеокольпоскоп тікелей компьютерге жалға-

нады, тексеру кезіндегі түсірілген сурет экранға шығып, зерттеу жасалып, диагноз қойылады. Әйелдердің мынадай жыныс ауру түрлерін анықтайды:- гениатальды герпес;- полиптер;- кондиломалар;- жатыр мойнындағы зиянсыз өзгерістер;- жатыр мойнындағы рак аурулары;- жатыр мойнындағы эрозия.

Поли-Спектр-8/Е

Page 51: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

51

Видеоскопиялық

аппарат

Аудиометр

ТонзиллорТонзиллор аппараты – сұйық дәрілік препа-

раттарды төмен жиілілікті ультрадыбыстық тер-беліс энергиясымен және вакууммен сіңдіруге, сонымен қатар ЛОР органдарын хирургиялық емдеуге арналған. Бұл аппарат созылмалы тонзиллит, фарингит, аденоидит, ринит, отит, мұрын жолдарына ота, құлақ және мұрын қой-ындарына ЛОР-остеопластикалық оталар жасау- да кеңінен қолданылады.

Видеоскопиялық аппаратВидеоскопиялық аппарат – емделушіге нақты

әрі тиянақты диагнозды анықтау үшін мони-торға жоғары сапалы суретті көрсетуге мүмкін-дік береді. Бұл аппарат құлақ, тамақ, мұрын органдарын егжей-тегжейлі түсіріп, фунцио-налдық және құрылымдық өзгерістерді үлкей-тіп, кішірейтіп, салыстырмалы түрде өлшемін анықтап көрсетеді.

АудиометрАудиометрия – естудің бұзылу жолдарын

анықтайды, яғни құлақтың естімеу деңгейін зерт-тейтін және оның себептерін анықтайтын әдіс.Аудиометр – бұл әр түрлі дыбыстардың

жиіліктерін естуді анықтауға арналған элек-тронды құрал.

Аудиометрді қолдану аясы:- тональді кірме аудиометрия жүргізуде;- дифференциалды естудің бұзылуында;- дыбысты қабылдауды тексеру (дыбыстық

аудиометрия);- естуді обьективті тексеру.

УЗИ (УДЗ)Қазіргі заманғы Оңтүстік Кореялық «Медисон»

ультрадыбыстық зерттеу аппараты – сәуленің сандық түзілу әдісіне және нақты фокусқа не-гізделетін кескінді өте таза алуға мүмкіндік береді. Ультрадыбыстық зерттеу ішкі органдардың әр

түрлі кінәраттары мен зақымдануын диагности-калау кезінде қолданылады. Әр түрлі патоло-гиялық ауруларды анықтау кезінде үш түрлі конвекстік, тегістік, ректовагинальдық басты түсіргіштері қолданылады.

Қолдану аясы:- әйелдер жыныс аурулары;- ерлер жыныс аурулары;- шандыр қуысындағы органдар;- беткі қабаттағы органдар.

УЗИ (УДЗ)

Page 52: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

52

Жалымбетова Мынболды Бакешқызы – Алматы мемлекеттік медицина институтының түле-

гі. Еңбек жолын 1975 жылы Жаңаөзен қалалық емханасында терапевт-дәрігер қызметінен

бастады. 1982-1995 жылдары орталық аурухананың, аймақтық медицина бірлестігінің бас

дәрігерінің дәрігерлік сараптама бойынша орынбасары қызметін атқарды.

1996-2003 жылдары Ақтөбе қаласында облыстық ауруханада бөлім меңгерушісі, №1 қалалық

емханада бас дәрігер болып істеді.

Мынболды Бакешқызы – жоғары дәрежелі терапевт, сонымен қатар кардиология маман-

дығын терең меңгерген. Бойына біткен сабырлылық пен мейірімділік, өзгеге жанашырлық пен

қайырымдылық дәрігерді үлкен құрметке бөледі.

«Дерт жеке мүшелерде болмайды, ауру ағзаны толық жаулап алады. Сондықтан ауруды емдеу

үшін ағзаны толық емдеу керек», – дейді дәрігер.

Кез келген ауруды емдеуді ағзаны тазартудан бастау керек. «Ас – адамның арқауы, дегенмен

қомағайлық пен ашқарақтық ағзадағы қалыпты зат алмасуын бұзады. Соның кесірінен семіздік

пайда болып, ағза одан әрі бұзыла бастайды. Ішкі органдардың қызметі бұзылып, қант диабеті,

атеросклероз, қан қысымының көтерілуі пайда болады», – дейді Мынболды Бакешқызы.

Page 53: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

53

Мамандығым – мақтанышым

1969 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы жалғыз қазақ орта мектебін бітіріп, сол жылы Алматы медицина инсти-тутының емдеу факультетіне түстім. Он жыл бойы мені оқытып тәрбиелеген, оңым мен со-лымды көрсеткен, адам тазалығын бойыма сіңірген ұстаздарыма алғысым шексіз, олардың жүріс-тұрыстары, айтқан ақылдары, сабағы – бәрі-бәрі менің әлі де жадымда, әлі де есімде. Оқуға түсу де оңай болған жоқ. Алты жыл

оқудың өзі де оңайлықпен біздерге берілген емес. 1975 жылы оқуды бітіргеннен соң жолдама

бойынша жолдасым Жалымбетов Құдайберген-мен Жаңаөзен қаласына интернатура өтуге, қыз- мет істеуге келдік. Жұмысқа сол кездегі бас дәрігер Б. Тұрарбеков қабылдады. Қалалық ем-ханаға мені бірден учаскелік терапевт етіп отыр- ғызды. Дәрігерлер жетіспейді, қалада небәрі 30-35 мың халық тұрады екен, оны үй жаға-лап қарайтын 3-4 дәрігер болдық. Маған ескі үйлерді – барактарды, жатақханаларды берді. Ол үйлерде сырттан келген Кавказ халқы көп тұратын. Бірінші рет мені үйге шақырған нау- қас кавказ ұлтты екен, науқасты қараудың ор-нына мен одан өзім қашқаным қызық болды. Себебі маған шақыру кітапшасына «мұрнынан қан кетуде» деп көрсеткен, бірақ үйіне келіп, бетіне қарасам қанның ізі көрінбейді, түрі де қорқынышты болып көрінді. «Қан қайда, қайдан кетті?» – деп сұрасам, бұтын көрсетеді, өзі

Мамандығым мені елге танытты, көп ізденуге, білімді әрқашан көтеруге жетеледі. Оған қазір көп жылдар өткен соң іштей қуанамын, шаттанамын. Әрине, адам болып қалыптасуға туған жерің, ата-анаң, оқып-өскен ортаң да көп әсер етеді ғой, әйтеуір бала кезімнен мұғалімдеріміз маған дұрыс тәрбие берген деп ойлаймын.

орыс тілінде сөйлей алмайды екен. Оның үстіне жатақханада екеумізден басқа жан жоқ, мен шошып кеткенім-ау деймін, одан қаша жөнел-дім. Міне сөйтіп қызметті бастадық.Терапевт мамандығы көп біліктілікті, жан-

жақты болуды талап етеді. Өз қызметіңе бай-ланысты заңдарды білу керек, психолог ретін-де адамның жан дүниесін түсіну, сезу, ішіне үңіле білу шарт. Ұлтыңның саламатты болуы әр адамның денсаулығын көтеру, жасын ұзар-ту, жаман қылықтардан арылуға көмектесуден басталады. Көп жылдық терапевттік қызметте жүріп ойы-

ма түйгенім: біріншіден, алдыңа келген адамды жақсы көру, оны оған сездіру, шын ниетіңді білдіре білу.Екіншіден, сенен көмек сұрай келген адамның

сеніміне кіру, өйткені дәрігерге сенбесе ол жа-зылмайды. Үшіншіден, науқасты тыңдай білу, түсіну,

түсінуге тырысу, оның жан дүниесін сезіп, жанын қинап жүрген ауыр-азаптан құтылу-дың жолын сілтеп, көрсетіп көзін ашу, өмірге құштарлығын ояту. Төртіншіден, жоғарғы білімді болу, қолыңнан

келген барлық көмекті көрсету, әлің келмесе білікті мамандарға жүгіну, жолдау.

Мынболды Бакешқызы

Page 54: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

54

Ультрадыбыстық зерттеу – бұл ультрадыбыстық толқындар көмегімен ішкі органдардың ауру-ларын анықтайтын кең тараған әдісі. Ультрадыбыстық түсіру (сонография) – бұл емделушінің денсаулығына зиянсыз, тез және аурудың пайда болуы туралы нақты ақпарат беретін анықтау құралы арқылы жүргізілетін әдістің бір түрі. УДЗ ішкі органдардың құрылымын, пайда болған тастарды, артық өскен еттерді және олардың диаметрін, өлшемін анықтауда медицина саласын-да кеңінен қолданылады. Біздің медицина орталығымызда Оңтүстік Кореядан шыққан үш басты түсіргішімен – конвексті, ректовагинальді, сызықты – «Медисон» УДЗ аппаратын қолданамыз. УДЗ қызметі төмендегі ауруларды анықтауда қолданылады:1) жедел және созылмалы бауыр-өт аурулары (цирроз, холециститтер, дискинезия, өт қалтасы

тастары, дивертикул, әртүрлі ісік аурулары);2) ұйқы безі аурулары (панкреатит, ісіктер т.б.);3) талақ аурулары;4) бүйрек, қуық, зәр шығару жолдары аурулары (пиелонефриттер, гломерулонефриттер, тас

жиналу аурулары) және қуық асты бездері (аталық без), простатиттер, қатерсіз ісіктер;5) қалақай, сүт бездері аурулары (зоб, мастит, мастопатия, ісіктер);6) гинекологиялық (әйелдер) жыныс аурулары (кисталар, миома, қабынулар);7) тамырлар мен бездер аурулары.

Ультрадыбыс медицинаға қызмет етеді

Халида Орынбасарова1982 жылы Алматы мемлекеттік медицина

институтын үздік бітіріп шығып, еңбек жолын

1982 жылы Жаңаөзен қалалық балалар ауру-

ханасының балалар аурулары бөлімшесінде ин-

терн-дәрігері болып бастады. 1985 жылдан осы

бөлімшенің меңгерушісі болып тағайындалды.

Өзінің білімін болашақ медбикелерге беруден

жалықпай, 1991 жылдан 2003 жылға дейін

Жаңаөзен облыстық медициналық колледжін-

де дәріс берді. 1993-2001 жылдары «Мұнайшы»

санаторий-профилакторийінде қызмет жасады.

2004 жылдан бастап «Жалымбетов Қ.» меди-

цина орталығында педиатр, дерматолог, соно-

лог (УЗИ) мамандықтары бойынша абыройлы

қызмет жасап келеді. Біздің орталықта УДЗ

қызметін қалыптастырып, дұрыс жүйеге қойды.

Page 55: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

55

«Жалымбетов Қ.» медицина орталығында 15 тәулік бойы жатын орын, 10 күндізгі жатын орын бар. Мен осы стационардағы науқастарды емдеймін. Стационарға ауыр науқастар жедел түрде, не созылмалы науқастар асқынумен түседі. Біздің орталықта стационарлық емделу өте тиімді, себебі палатадағы барлық жағдайлар қарастырылған. Жасы үлкен адамдарға, ауыр науқастарға ем-дом орындарында жасалады. Ауруларға ем кешенді түрде жүргізіледі. Сонымен қатар кез келген ауруды емдегенде нақтамасына қарамай жүйелі ем тағайындалады. Ол дегеніміз «ауруды емес, адамды емдеу керек» деген ұғым. Стационардағы әр адамның жеке проблемасы мен жан күйзелістері бар. Адам тән, жан және рухтан тұратын болғандықтан, әр аурудың тәнін емдеумен қатар, оның жан жарасын да түсіну қажет. Қазір сауатты дәрігерге науқастың нақтамасын анықтау қиынға соқпайды, себебі заманауи

технология аурудың барлық түрін тез анықтап береді. Бірақ жан жарасын жаны жұмсақ, жүрегі жылы, адами қасиеті бойына дарыған дәрігер ғана таба алады. Екінші мәселе — стационарда жатқан науқастардың тамақтану үрдісі. Біздің халық өте бауыр-

мал, аянышы бойына ұялаған халық қой. Бір туысы ауруханаға түссе, көңілін сұрай келуші көбейеді. Құр қол келу ұят деп, тағамдарын ала келеді. Халықта тамақты тойып ішпесе, дәрі сіңбейді деген ұғым бар. Бұл дұрыс емес. Тәніне дерт, жанына күйзеліс ұялаған адам тамақты шектеу керек. Емдік диета бекер жасалмаған. Диета ауырған адамдарға керек. Жан иелерінің ішінде адам ғана ауырғанда тамағынан қалмайды. Ұшқан құс, жүгірген аң («ит-құс») барлығы ашығып емделеді. Сондықтан ауырған кезде уақытша ашығып, дәрігердің кеңесін бұлжытпай орындау шарт. «Жалымбетов Қ.» медицина орталығы табиғи емге үлкен көңіл бөледі. Науқастар ауруханада

жатып ине, сүлік, озон емдерін алады. Бұл ем жүйелі емге жатады және толық пайдалы әсерін тигізеді. Сонымен қатар ауруханадағы науқастарға плазмаферез, су асты массажы, бумен булау, емдік

сауна, фитоқоспалар ұсынамыз.

ауруды емдеме, адамды емде

Дина ҚұрманбаеваАқтөбе мемлекеттік медицина институтының

түлегі. Еңбек жолын 1991 жылы жолдамамен

Жаңаөзен қалалық емхананың учаскелік

дәрігері болып бастаған. 2002 жылға дейін

терапевт-дәрігері, 2002-2013 Хромтау аудан-

дық емханасының учаскелік дәрігері, 2013

жылдан бастап «Жалымбетов Қ.» медицина

орталығында қызмет атқаруда.

Page 56: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

56

Су-Джок терапия – бұл алақан мен табан арқылы ауруды-сырқатты анықтау және оны инемен емдеудің ең соңғы, ультра жаңа тәсілі. Бұл тәсіл арқылы ешбір химиялық дәрмектерді қолдан-бай-ақ көптеген сырқаттарды тез арада емдеуге болады. Жалпы Қытайда инемен емдеу тәсілінің пайда болғанына бес мың жылдай уақыт болған. Оны

тіпті басқа планеталардан келген деген болжам да бар. Шығыс-Қытай медицинасында адам ау-руларын анықтаудың да (диагноз қоюдың) бірнеше түрлері бар. Адамның бет-әлпетінен, көзінен (иридодиагностика), тілінен (асқазан, өт, бауыр, жүрек), құлақтан (аурикулодиагностика), тамыр ұстап (пульстен) ауру дертті анықтап, диагноз қойылады. Инемен емдеу тәсіліндегі ең соңғы тәсіл осы Су-Джок терапия; корей тілінен аударғанда «Су»

– алақан, «Джок» – табан деген сөзді білдіреді. Алақанды ашып, іш жағынан қарағанда адам-ның кіші көшірмесін, бейнесін көреміз.

Су-Джок терапия қолданылатын аурулар:1) асқазан-ішек, ас қорыту ағзаларының өткір және созылмалы аурулары (гастрит, асқазан

және ішек жаралары, холецистит, гепатит, колит т.б.);2) жыныстық және зәр жүру жолдары аурулары (нефриттер, простатит, энурез т.б.);3) эндокриндік аурулар (қалқанша без ауруы – зоб, қантты диабет, семіру, белсіздік, импо-

тенция, мастопатия т.б.);4) жүйке аурулары (бас ауруы, мигрень, остеохондроздар, невриттер, невралгиялар т.с.с );5) әр түрлі көңіл-күй бұзылуларында (ұйқысыздық, қорқу, жылауықтық, ашушаңдық, депрес-

сиялық жағдайларда; темекіден, алкоголизмнен айығу т.с.с).Су-Джок терапиясымен емдеп жүрген осы жиырма жылдың ішінде бұл тәсілдің адамға пайдасы

болмаса, ешбір зияны жоқ екеніне және бұл тәсілдің әлі де болса көп мүмкіндіктері бар екеніне көзім жетті. Әрбір адамның және оның ұрпағының денсаулығы өз қолында екендігін ұмытпай көңіл бөліп тұруын жөн деп санаймын. Барлықтарыңызға денсаулық, бақыт тілеймін!

Су-Джок терапия инемен емдеудің ең соңғы, ультра жаңа тәсілі

Әбді-Серік ҚарақұловЕмші-дәрігер, невролог, халықаралық Су-

Джок терапия ассоциациясының мүшесі

1981 жылы Алматы мемлекеттік медицина

институтының педиатрия факультетін бітіріп,

Жаңаөзен қаласында интернатураны бітірді.

1982 жылы Қызылсай ауылында дәрігер-пе-

диатр болып жұмыс жолын бастады. 1985-

1988 жылдары Қызылсай ауылының ауруха-

насының бас дәрігері, 1988-1990 жылдары

Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасының

бас дәрігері болып жұмыс істеді. 1990-1994

жылы Ташкент облысы Жоғары Шыршық ау-

дандық жұқпалы аурулар ауруханасының бас

дәрігері, 1994-2006 жж. бөлім меңгерушісі

болып қызмет атқарды. 2006 жылдан бері

«Жалымбетов Қ.» медицина орталығында

дәрігер-невропатолог, Су-Джок ине салу дәрі-

гері болып жұмыс істейді.

Ubi dolor, ibi digitus ауру қайда болса, қол да сонда

(Латын мақалы)

Page 57: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

57

Мұрын – адам организмінде тыныс алу, иіс сезу және организмді қоршаған орта факторла-рынан қорғау функцияларын атқарады. Мұрынның айналасындағы сүйектердің ішінде қуыстар болады. Мұрын қуысы салқындауы (ринит) болғанда және жоғары азу тістер тамырлары қа-бынғанда осы қуыстарға микробтар түсіп, қабыну шақырады. Науқас бас ауруына, дем алу қиын-дауына және мұрыннан сұйықтың көп бөлінуіне шығамданады. Үстіңгі жақ сүйектерінің қуыстары қабынуы – гайморит, маңдай сүйегі қуысы қабынуы –

фронтит, көз айналасындағы клеткалар қабынуы – этмоидит, мұрын қуысының артқы жағында орналасқан синус салқындаса – сфеноидит деп аталады. Мұрын және мұрын айналасындағы қуыстардың іріңді жедел және созылмалы қабынулары ми

тамырларына, ми қабықтарына және мидың ішіне іріңнің өтіп кетуімен өте қауіпті. Менингит, энцефалит секілді ауруларды тудыруы мүмкін. Сол үшін синуситтің белгілері байқалғанда тез арада ЛОР-дәрігерге қаралып, емделу керек. Гайморит – мұрынның екі жағында орналасқан гаймор қуысының қабынуы. Бұл ауру әсіресе

күз, қыс айларында тұмаудың асқынуынан дамиды. Оның белгілері: бас ауырады, мұрынмен дем алу қиындап, одан қою сұйықтық ағады – қысқаша айтқанда, ауру асқынып кетіп, дене қы-зуы жоғарыласа, онда гаймор қуысын рентгенге түсіріп, пункция жасату керек. Егер сырқаттың жағдайы жақсы болып, жоғарыдағы ауру белгілері болмаса, онда гаймор қуысын инемен теспей, қарапайым жолмен (аппаратпен) жуып, дәрі жіберіп емдесе, ол жазылып кетеді. Бұл әдіс «ку-кушка» деп аталады. Сонымен қатар физиотерапевтикалық ем қабылдаса, ауру тез айығып кетеді. Тұмаудың асқыну немесе тіске құрт түсудің салдары гайморитке әкеп соғады. Гайморит –

жоғарғы жақ ішіндегі кеңсіріктің кілегей қабықшасының қабынуы. Қызылша, тұмау, скарлатина аурулары мен азу тіс және ақыл тістер уақытында дұрыс емделмегеннен гайморит ауруы пайда болады.«Жалымбетов Қ.» медицина орталығында созылмалы гайморитті Пройетц әдісі бойынша (те-

сусіз) емдеу, созылмалы тонзиллитті отасыз жуу, ЛОР-ауруларын компьютерлік диагностикалау, есіту қабілетін зерттеу (аудиограмма), созылмалы ЛОР-ауруын «Тонзиллор ММ» аппараттарымен емдеу колданылады. Сонымен қатар, созылмалы ЛОР-ауруларында гирудотерапия, квантотерапия, озонотерапия, гелий-неондық қызыл лазер терапиясымен емдеу курстары жүргізіледі. ЛОР-орган-дарының ауруларында криотерапия курсы – сұйық азотпен қатыру, ларингит кезінде – ингаля-циялық терапия, лазерлі-вакуумдық массаж – есіту невриттерінде, аллергик тұмауларды кешенді емдеу тәсілдерін жүргізеді.

Өмір тыныс алудан басталады

Анарбай Баймұратов1956 жылы Ташкент облысының Жоғары

Шыршық ауданында дүниеге келген. 1976

жылдан бастап Орта Азиялық медициналық

педиатрия институтында оқып, 1982-1983

жылдары интернатурада «балалар оторино-

ларингологиясы» мамандығы бойынша білім

алды, 1983-1991 жыл аралығында Паркент

орталық аудандық ауруханада, 1997-2001

жылдары ТашПМИ медико-генетикалық зерт-

теу бөлімінде жұмыс істеді, 2001-2013 жыл-

дары Жоғары Шыршық ауданындағы орталық

аудан емханасында ЛОР және нарколог-пси-

хотерапевт дәрігері, 2013 жылдан бастап

«Жалымбетов Қ.» медицина орталығында қыз-

мет атқаруда. Үш ғылыми мақала авторы, төрт

хаттама және ЛОР-аурулары бойынша рацио-

нализаторлық ұсыныстар атқарған.

Page 58: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

58

Көру мүшесі біздің өмірімізде маңызды орын алады. Осы көру арқылы біз қоршаған ортамыздан 90 пайызға дейін ақпарат аламыз. Қазіргі заманда көп кездесетін проблемалардың бірі көздің көруінің төмендеуі, оған себеп компьютердің әр түрлі салада кеңінен қолдануы, экологияның әсері. Көз ауруларын анықтау мен емдеу жаңа сатыға шықты. Біздің медицина орталығында көздің

көру дәрежесін түзету мен диагностика жасауда авторефкератометр аппараты, патологиялық белгілер мен көру нервтерін анықтау үшін компьютерлік перитест құралы қолданылады, сонымен қатар белгіленген диагноздары бойынша сүлік салу, озон терапиясы, ине салу және физиотера-пиялық емдер жүргізіледі. Көздің көру дәрежесінің төмендеуінің 32-53 пайыз себептері макулопатиялық диабеті болып

табылады. Диабетикалық ретинопатия – бұл катарактамен глаукомадан кейінгі сатыдағы көздің көрмей қалуы және оның ең басты себебі 27-74 жас аралығындағы қан диабетімен ауыратындар. «Жалымбетов Қ.» медицина орталығында әр түрлі көз ауруларын анықтау және емдеуі биомикро-скопия, авторефкератометр, тонометр, перитест аппараттарымен жүзеге асырылады.Көзіңіздің көру қызметі мен қысымын тексеруді ұмытпаңыз!

Қант диабеті – көздің қатерлі індеті

Светлана Атакузиева1991 жылы Самарканд мемлекеттік меди-

цина институтының емдеу факультетін бітіріп,

1992-1993 жылдары Нөкіс қаласындағы об-

лыстық көз емдеу ауруханасында «Офталь-

мология» мамандығы бойынша интернатура-

сын бітірді. 1993-1996 жылдар аралығында

Ходжелі қаласының балалар емханасында

көз дәрігері, 1995-2005 жж. №1 емханада

офтальмолог қызметін, сонымен қатар Ход-

желі қаласының Орталық емханасында көз

емдеу бөлімінің ординатор қызметін қосым-

ша атқарды. 2005 жылдан осы уақытқа дейін

Жаңаөзен қалалық емханасында офтальмо-

лог қызметін, 2007 жылдан бері «Жалымбе-

тов Қ.» медицина орталығында көз дәрігері

қызметін қосымша атқарады.

Page 59: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

59

Ширек ғасырдай уақыт дәрігермін. Осы уақыттар ішінде әр түрлі мемлекеттік сақтандыру компанияларымен жұмыс істейтін серіктестік, жеке меншік медициналық орталықтарында жұмыс істедім. Таңдағаным – жеке меншік емдеу орталығы. Неге? «Ауырдым» деп келген адам ең бірінші өзіне жеңілдік іздейді, ал ол емхана есігіне кіргеннен, тіркелуден бастап дәрігер алдына келгенінше кезекте тұрады. Мұны түсіну үшін өзіңізді ауырып тұрған адамның орнына қойыңыз да, ойша жүріп өтіңіз. Шеті жоқ сапасыз медициналық, профилактикалық, скринингті байқауларға келген адамдармен бірге кезекке тұрып қаралу ауру адам түгілі сау адамды шаршататыны бел-гілі. Қорытындысында ауруға да «жеңілдік» жоқ, ауруының алдын алуға келген адам да «ауырып» кетеді. Осыған қарап, бүгінгі емханаларда ең бірінші «ауырдым» деген адамға көмек көрсетілсе дейсің. Дәрігердің ауруды қарауына уақыттың жетпеуі, қағазбастылық, ойлау мүмкіндігінің стан-дарттарымен шектелуі т.б. дәрігердің жұмысқа деген ынтасын түсіреді, осыдан келіп әр түрлі келеңсіздіктер туындап жатады.Сақтандыру компанияларымен жұмыс істегенде де кедергілер көп. Мұнда қағазбастылықты бы-

лай қойғанда, сақтандыру жарнасының жеткіліктігіне қарамастан ауруды жүйелі қарай алмайсың, себебі көптеген аурулар тізіміне шектеу қойылған, оның ішінде цивилизация аурулары – қант диабеті, жүрек-қан тамыр ауруларының да көбі бар. Соның кесірінен ауру мен дәрігер арасында конфликт болып жатады. Ал біздің «Жалымбетов Қ.» медицина орталығында жоғарыда айтылған кемшіліктерді болдыр-

мауға барлық мүмкіндік бар. Мұнда дәрігердің ауруды жан-жақты тексеріп, диагнозын дұрыс анықтап, емдеуге барлығы жұмылдырылған. Аурудың емханадан шыққанда өзін айыққандай сезінуі оның дәрігерге деген сенімін нығайтады. Ауру адамға тек ауру ретінде емес, сезімі, түй-сігі, жан дүниесі бар тұлға ретінде қарау оның ауруының себебін түсінуге мүмкіндік береді. Өзім куә болған бір ауру тарихын айта кетсем: жүрек инфарктін алған бір егде кісінің жыбыр

аритмиясынан зардап шеккеніне 10-15 жылдай уақыт болған. Қорытындысында ол кісіге абляция жасалу тағайындалды. Бірақ жүрексініп бармай жүрді. Бір күні сол кісі әдеттегідей тексерілуге келіп, ЭКГ-ге түсірген кезде ритмі дұрыстағанын көріп, бірнеше рет ЭКГ түсіріп көз жеткіздік. Сұрастырғанда, ол кісі қатты стрессті жағдайды бастан кешірген, және дәл сол уақытта жүректе бір өзгеріс болғанын сезген. Осыған қарап, адамның ауруының кілті өзінде екеніне тағы бір көз жеткізесің. Оны ашу тек нағыз дәрігердің қолынан келеді. Халықтың көңілінен шығатын медициналық орталықты ашып, оған басшы болу да нағыз дәрі-

гердің қолынан келеді. «Жалымбетов Қ.» медицина орталығының басшысы, иесі Құдайберген Жалымбетов аға – ең біріншіден, нағыз дәрігер! Аз ғана уақыт ішінде бұл орталық халықтың таңдауына айналды, оның айғағы – емделушілер

саны мен осы орталықта жұмыс істеймін деген дәрігерлердің санының жылдан жылға өсуі; соңғы-сы әсіресе білікті кадрларды жинауға мүмкіндік береді. Орталық аурудың алдын алу, сақтандыру, ауырмаудың жолдарын үйретуге көп көңіл бөледі, яғни денсаулықты сақтай отырып қана табысқа жетуге болатынына сендіреді.

Мейірімділік – дертке дауа

Бақыт Жүкенова 1989 жылы Целиноград (Астана) мемлекет-

тік медицина институтының емдеу факультетін

бітірген. Дәрігерлік еңбек жолын Жаңаөзен

қалалық емханасында учаскелік дәрігерден

бастады. 1995 жылы ревматология бөлімде

ревматолог-дәрігер болып жұмыс істеді. Со-

нымен қатар салауатты өмір салтын қалыпта-

стыру орталығы дәрігері ретінде жұмыс істеді.

2011 жылы Астана медицина университетінің

кардиология курсын бітіріп, дәрігер-кардио-

лог болып халыққа қызмет етуде.

Page 60: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

60

Флюорографиялық тексеру негізінен 1896 жылы ашылып, алғашқы рет кабинет 1924 жылы Рио- де-Жанейро қаласында ашылған, сол уақыттан бері туберкулезді анықтауда маңызды орын алып келеді. «Жалымбетов Қ.» медициналық орталығында жаңа технологиялық сандық флюорограф орналасқан. Бұл әдістің басымдылығы төмендегідей: 1) кең көлемде анықтау мүмкіншілігі;2) аз мөлшердегі шығыны;3) рентген сәулесінің зиянды әдістерінің төмендігі;4) архив сақтау мүмкіндігі;5) түсіру нәтижесін 5 минут ішінде анықтап беру.

Флюорографияның туберкулез ауруымен ісік ауруларын анықтауда маңызы зор, сондықтан әр-бір адам жылына бір рет тексеруден өтуге тиіс.Флюорографияның соңғы үлгідегі сандық түрі тексерудің мүмкіншілігін арттырып отыр және

сәуле әсер етуі 4-5 есеге төмендеген. Дәрігер мен лаборанттың жұмысын жеңілдетіп тексеруден өткізу компьютермен атқарылады. Біздің медициналық орталығымызда флюорографиялық тексеру 2007 жылдан бері іске асырылып келеді. Осы уақыт ішінде көптеген туберкулез ауруымен басқа да ауруларды анықтап науқастарды қалалық орталық емханаға жіберіп ерте емделуге себебін тигізіп отыр. 2012 жылы тексеруден барлығы 9912 адам өтіп оның 1207 ауруы қосымша тексерілу-ге жіберіліп отырса, бұл көрсеткіш 2013 жылы 15133 болып оның 1201-і қосымша тексерілуге жіберілген. Сонымен, сандық флюорографиялық тексеру өкпенің жаңа үлгідегі тексеруі болып табылады

және өкпе туберкулез ауруын анықтайтын бірден-бір әдіс болып қала бермек. 1. Бұл тексеріс негізінен профилактикалық және диагностикалық әдіс болып табылады.2. Өкпенің туберкулез ауруы мен ісік ауруын ерте анықтайды.3. Бұл әдіс экономикалық шығыны жағынан да, рентген сәулесінің зияны аздылығы жағынан

да өте тиімді.

Рентген сәулесі – дәрігердің басты көмекшісі

Болат Нұрлыбаев1972-1978 жылдары Ақтөбе ММИ бітіріп,

жолдамамен Үштаған ауылы учаскелік ауру-

ханасында дәрігер-педиатр болып қызмет

істеді. 1984-1994 жылдары Онды селолық

дәрігерлік емханасында бас дәрігер, 1994-

2002 Үштаған ауылы учаскелік ауруханасы-

ның бас дәрігері, 2002-2004 жылдары Қы-

зылсай учаскелік ауруханасында учаскелік

бала дәрігері, 2005-2007 жыл аралығында

Бостан емханасында бас дәрігер, 2007 жыл-

дан бастап «Жалымбетов Қ.» медицина орта-

лығында дәрігер-рентгенолог болып қызмет

атқаруда.

Page 61: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

61

Рысқайша Смайылова

«Жалымбетов Қ.» медицина орталығында озонотерапия кеңінен қолданылады, озонды өз қа-нымен араластырып егу арқылы аллергодерматозды, акне, ұшықты, іріңді, алопецияны емдейді. Тері ауруларының күрделі түрін, тері асты инфекциясын (алопеция, безеу аурулары) емдеудің жаңа технологиясы озонотерапия болып табылады. Сонымен қатар озон дерматит, дерматомикоз-дың микробты экземасы кезінде қолданылады.

МезотерапияКүнделікті ішілетін сұйықтың мөлшері – шамамен күніне 2 литр – қалыпты тері клеткасы-

ның функциялануына қажет. Сонымен қатар тамақтағы тұздың көлемін қысқарту жөн, тұздың көбейіп кетуі клеткалардағы сұйықтың азаюына әкеліп соқтырады да қуыстар пайда болып теріде механикалық тартылыстар күшейеді. Рационды тағамдағы дәрумендер мен микроэлементтер – терінің эластикасын сақтау үшін тағы да бір ескеретін маңызды жағдай. Көкөністер мен жеміс-жи-дектердің рациондары жеткіліксіз, көп жағдайда қосымша А, Е дәрумендер, балық майы, май қышқылдарын қолдану қажет. Дәрумендер мен А және Е табиғи майлар гиалурондық қышқыл-дары бар тағамдарды тері күтімін қамтамасыз ету үшін тері сыртына пайдалануға кеңес береді. Осындай жеңіл әдістерді қолданудың пайдасы мол.

Гиалурон қышқылымен лазофорез әдісіЛазерофорез – «ЛАЗМИК» аппаратының технологиясы арқылы гиалурон қышқылымен инъек-

циясыз теріге ендіру әдісі. «Жалымбетов Қ.» медицина орталығында кеңінен қолданылады.Терінің қартаюының басты белгісі – әжімдердің пайда болуы. Бұл табиғи үдеріс – терінің

ылғалдығын жоғалтып, кебуі. Адамның жасы ұлғайған сайын терінің құрамында гиалурон қышқылы азая береді, сонымен қатар терінің ылғалдығын ұстап тұратын тері ылғалдығы да жоға-лады. Күнделікті өмірде қолданып жүрген бет терісіне арналған май жақпалардың құрамындағы гиалурон қышқылы бет терісінің сыртқы қабатына 7-10% ғана сіңеді.«ЛАЗМИК» аппаратының технологиясымен гиалурон қышқылын лазерофорез әдісімен енгізу

терідегі әжімдер мен қыртастарды жазуда және терінің жасаруында 80%-дан да жоғары тиімді нәтиже береді, өйткені бұл үдеріс тері қабаттарының тұтастығын бұзбай, ешқандай ауырсыну-сыз, тәуекелсіз жүзеге асырылады. Лазерофорез әжімдерді түзетуде, майлы, құрғақ, «шаршаңқы» терілерге күтім жасауда, акнені емдеуде, қабақ терісін тартуда, күн сәулесіне күюден кейін теріні қалыпқа келтіруде, пилингтер, антистресстік және лимфодренажды бағдарламалар бойынша бет терісіне күтім жасауда өте тиімді және нәтижелі емдеу әдісі болып табылады. Лазерофорез тек есейген терілерге арналған, өйткені сыртқы тері қабаттарына жасарту косметикалары қолданылып, олар терінің ішкі қабаттарына еніп, жас коллагендердің құрылуы әжімдер мен қыртыстардың жойылуымен қатар жасарту нәтижесі ерекше көрінеді. Лазерофорез барлық мамандандырылған эстетикалық және косметикалық проблемаларды оңтайлы шешуде ерекше орын алады.

Тән тазалығы – жан тазалығы

1991 жылы Семей қаласының мемлекеттік медициналық

институтын бітіріп, 1991 жылы облыстық дермато-венеро-

логиялық диспансеріне интернатура өтуге қабылданды.

1992 жылы микологиялық бөлімінің дәрігер-ординаторы,

1993 жылы емхана дәрігері болып жұмыс істеді. 1999

жылы дермато-венерология дәрігерінің 1-категориясын

иеленіп, Ақмола облысының Егіндікөл ауданының орта-

лық аудандық ауруханасында дермато-венеролог дәрігері,

2010 жылы Астана қаласының денсаулық сақтау басқар-

масының «Орталық тері аурулары және жыныстық қаты-

настар арқылы берілетін әр түрлі аурулардың алдын алу»

бөлімінде дермато-венерология дәрігері болып қызмет

атқарды. 2014 жылдан бастап «Жалымбетов Қ.» медицина

орталығында тері-косметика дәрігері болып істейді.

Page 62: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

62

Дәрігерге келгенде әйел адам қаралуға ғана келмейді, оны бір белгісіздіктер мазалап, сұрақта-рына жауап іздеп келеді. Мүмкін, ішінің төменгі жағындағы ауырсыну, салмақ сезімі, қынаптағы жағымсыз сезімдер, ашу, қышыну, кіші дәретінің ауырсынып, жиі мазалауы немесе жыныс жолда-рынан иісі жағымсыз, көпіршікті немесе іріңді бөліністер мазалайтын шығар. Жатыр қосалқылары-ның қабынуы, кольпит (қынаптың кілегей қабатының қабынуы), бедеулік, жатыр мойны эрозиясы, цервицит (жатыр мойнының қабынуы), сальпингит (жатыр түтікшесінің қабынуы), пельвиоперито-нит (әйелдің кіші жамбас қуысының қабынуы), уретрит. Қандай жағдай болғанда да, әйелдерге жыныс жолдарымен берілетін инфекцияларға (ИППП) тексерілу керек; оларға хламидии, мико-плазма, уреаплазма, трихомонадтар, ВИЧ, сифилис, гепатит В, гепатит С, сонымен қатар қабыну процесін асқындырып жіберуге әкелетін инфекциялар, яғни гарднерелла, герпес, цитомегаловирус, хламидияға тексерілуі қажет. Аталған инфекциялардың барлығы жүктілік кезінде анадан ұрыққа беріледі, ол ұрықтың жүйке, иммундық жүйесіне, асқазан-ішек ағзаларына теріс әсерін береді. ИФА (иммуноферментный анализ) – енген қоздырғышқа ағзаның жауап ретіндегі реакциясын анықтауға негізделген әдіс. «Жалымбетов Қ.» медицина орталығында кольпоскопия әдісі кеңінен қолданылады. Кольпо-

скопия – гинекология практикасында кең қолдануға ие болған алғашқы әдіс. Диагностикалық маңызы зор: кольпоскопия жатыр мойнының қынаптық бөлігінің, қынаптың қабырғаларын дәлдеп тексеріп зерттеуге мүмкіндік береді.

ұрпақ денсаулығы – ана денсаулығында

Ләззат Сәрсенова2002 жылы М. Оспанов атындағы Ақтөбе

мемлекеттік медицина академиясының «ем-

деу ісі» факультетін бітіріп, 2003 жылы сол

академия қарамағындағы акушер-гинеколог

мамандығы бойынша интернатураны өткен.

Еңбек жолын 2003 жылдан бастап, Жаңа-

өзен қалалық перзентханасында, ал 2013

жылдан бастап «Жалымбетов Қ.» медицина

орталығында гинеколог дәрігері болып атқа-

рады.

Page 63: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

63

2009 жылдың 25 қыркүйегінен бастап «Жалымбетов Қ.» медицина орталығына медбике болып жұмысқа кірістім. Ауруханада 2 орындық 7 палата, егу бөлмесі, аурулар отырып дем алатын холл бар екен. Палаталар аурулар үшін ыңғайлы жабдықталған, әр палатада теледидар, тоңа-зытқыш, киім ілетін шкаф, тамақтанатын үстел, орындық, жуынатын кабина және әжетхана бар екен. Ауруханаға басшылық ететін терапевт-дәрігер Жалымбетова Мынболды Бакешовна өте әдемі,

көркіне мінезі сай жан екен. Менің жасаған жұмыстарымды бақылап, тапсырма беріп жүріп маған айтқан ескертуі былай болды: «Алмагүл, біріншіден, сен орысша сөйлегенді қой, біз қазақпыз, Қазақстанда тұрамыз, біз өз ана тілімізде сөйлеуіміз керек, іс-қағаздарды да қазақша жүргіземіз. Екіншіден, ем алып жатқан аурулармен фамилиясын емес, атын айтып, апа, аға деп сөйлес, әрбір ауруды өз туысыңдай қара, оларға дәрі-дәрмектен көрі біздің жылы сөзіміз, назар аударғанымыз, олардың жан дүниесін түсініп, мейіріммен қарағанымыз керек», – деді. Менің тағы бір байқағаным, басқа ауруханаларға қарағанда бұл жерде аурулардың тамағына

қатты мән беріп қарайды екен. Емі біткен аурулар шығатын кезінде біздің берген тамақтардың рецептін, шәйдің қалай дайындалғанын жазып беріңізші деп сұрап алып кетеді.2010 жылдың қазан айынан аға медбике қызметін атқара бастадым, Мынболды Бакешовна

таңертеңгі обходта кейбір аурулардың мұңайып, ойланып отырғанын байқап денсаулығынан да басқа бір мұңының бар екенін сезіп, жұмыстан кейін әлгі ауруларға келіп әңгімелесіп, мұңын тыңдап, кейбір болған оқиғаларды мысал келтіріп, ақыл-кеңесін беріп, шыдамды, сабырлы болып, өткенді ойламай, ешкімге кек сақтамай, жамандық ойламай, кешірімді болуды айтып ауруды тыныштандырып кетеді. Мынболды Бакешовна кеткесін аурулар кәдімгідей жеңілдеп қалғанын, әңгімелескеннен өте жақсы әсер алғанын айтып, ертең тағы келсе екен, тағыда әңгімелессек екен деп асыға күтіп отырады.

Еңбек сапасы – тәрбиеде

Алмагүл Үрбісінова1984 жылы Ташауыз облыстық медицина-

лық училищесін бітіріп, медбике мамандығын

алды. 1987 жылдан бастап Ташауыз облысы

Ленин ауданының ауруханасында әйелдер ау-

рулары кабинетінің кеңесшісі, қалалық емха-

насының балалар бөлімінің медбикесі, 2001

жылы Түркменістан Республикасының Таша-

уыз облысының «Ана мен бала» госпиталінің

медбикесі, 2009 жылдан бастап осы күнге

дейін «Жалымбетов Қ.» медицина орталығын-

да қызмет атқарып келеді.

Page 64: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

64

Ұлболсын Құттымұратова2002 жылы Нөкіс медицина колледжін «Тіс

дәрігері» бөлімін бітіріп, дәрігерлік еңбек жо-

лын 2004 жылы Жаңаөзен қаласы ЖШС «Сто-

матология» емханасында бастады. 2013 жыл-

дан бастап «Жалымбетов Қ.» медициналық

орталықтығында тіс дәрігері болып қызмет

атқаруда.

Әділ Алтаев2003 жылы медицина техникумының «Орто-

педиялық стоматология» бөлімін, 2008 жылы

– Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина

академиясының стоматология факультетін,

2009 жылы – стоматология факультеті бойын-

ша интернатурасын оқып бітірді. Дәрігерлік

еңбек жолын 2009 жылы Ташкент қаласының

«Облыстық балалар жасындағы стоматоло-

гия» емханасында дәрігер-стоматолог болып

бастады. 2011 жылы Жаңаөзен қаласы ТОО

«Стоматология» емханасында, 2013 жылдан

бастап «Жалымбетов Қ.» медицина орта-

лығында дәрігер-стоматолог болып жұмыс

істеуде.

Page 65: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

65

Өмірінде тісі ауырмаған адам кемде-кем шығар. Тіпті тісті жиі тазалап дәрігерге уақтылы көрініп жүргендер де тіс ауруынан жүз пайыз адамын деп айта алмайды екен. Себебі, ауыз қуысы – адам ағзасындағы микробтар және олардың токсиндері ең көп жинақталатын орны болып табылады. Осы микробтар өз тірішіліктерін ауыз қуысынан бастап бүтін ағзаға тарайды. Сондықтан ауыз қуысының және тістеріңіздің саулығы – сіздің денсаулығыңыздың кепілі. Көпте-ген аурулардың ауыз қуысынан басталарын ескерсек, қазіргі таңда стоматологиялық аурулардың профилактикасы адам денсаулығының жақсаруына септігін тигізеді. Соған байланысты ауыз қуы-сы және тістердің ауруларын алдын алу жайында айтқымыз келеді.

Тіс саулығы неге байланысты?1. Дұрыс тамақтану. Тамақ рационы дәрумендерге, ақуыздарға, минералдарға бай болып,

керісінше, тәтті заттар мөлшерден көп болмауы тиіс. Тамақ құрамы, сілекей құрамы, тіс пастасы-ның құрамы тістер үшін үлкен маңызға ие. Тіс эмаліне тек қана тәтті тағамдар емес, құрамында қышқылдығы жоғары тағамдар (қышқыл кәмпиттер, газдалған-боялған сусындар, жидек шырын-дары) зиянды болып табылады. Сондықтан тамақтануға көп мән беріңіз!2. Ауыз қуысында тіс қақтарының болуы тіс саулығына кері әсерін тигізеді. Тіс қақтарында

көптеген микробтар жиналып, олар тамақ қалдықтарынан әр түрлі токсиндері және қышқылдарды бөліп шығарады. Тіс қақтары болмауы үшін ауыз қуысы гигиенасын дұрыс сақтау және зиянды әдеттерден (темекі, насыбай, спиртті ішімдіктер қабылдау) бас тарту қажет.3. Тістерге травмалық күш-әсерін тигізгенде (тамақ өнімдеріне жатпайтын заттар – жаңғақ

қабығы, ыдыс жапқыштарын т.б. – тістегенде) тіс тіндерінің механикалық бүлінуі пайда болады. Сондықтан өз тістеріңізге ұқыпты күтім жасаңыз.4. Ыстық тағам немесе сусындардан кейін салқын тағамдар қабылдау, яғни температураның

күрт өзгеруінен тіс эмалінде жарықтар пайда болады. Нәтижесінде тіс эмалі әлсізденеді. Егер сіз өз тістеріңізге немқұрайлы қарамасаңыз, ыстық-суық тағамдарды бірінен соң бірін қабылдамаңыз.Тіс және қызыл иек аурулары басқа мүшелерде күрделі ауруларды туындатуы мүмкін, солар-

дың ішінде асқазан-ішек жолдары аурулары, қан-тамыр жүйесі аурулары, ревматизм, көз, құлақ, эндокринді жүйе аурулары т.б. Сондықтан әріптестерімізге (кардиолог, энтерогастролог, эндокри-нолог, ЛОР т.б.) және науқастарға айтарымыз, жоғарыда айтып өтілген жүйелер ауруларынан емдемес немесе емделер бұрын ауыз қуысы және тістердің ауруларына мән беруіңізді сұраймыз.5. Тістер саулығына жастық шақтан бастап мән беруіміз тиіс, себебі балалар ағзасы түрлі ин-

фекция және ауруларды тез қабылдайды. Балаларда сүт тістер 6 айдан шыға бастайды, бүлдіршін 2,5-3 жасқа келгенде тістері толық

шығып болады. Бұдан кейін, яғни 2,5-3 жастағы баланы тіс тазалауға үйрету қажет.

Тіс саулығы – денсаулық кепілі

Page 66: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

66

Зертханалық дигностика – әр түрлі арнайы жабдықталған құрылғылардың көмегімен зертте-летін материалдардың анализіне бағытталған жиынтық. Клиникалық зертханалық диагностиканың негізгі мақсаты патологияның қолданысын анықтау немесе нақтылау. Осы әдіс біздің «Жалымбетов Қ.» медицина орталығы зертханасында жиі қолданылады. Біздің зертханада емделушілермен жұмыс жасау мәдениеті алдыңғы қатарға қойылып, кез

келген анализдерге ерекше көңіл бөлініп, профессионалды деңгейде қорытынды жасап, зертхана-лық зерттеулерге бақылау жүргізіледі. Медицина орталығында Ақтөбе, Қарағанды қалаларынан, сонымен қатар жергілікті медицина колледжінен мамандандырылған дәрігерлер мен лаборанттар қызмет етеді. Олардың зертханадағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес.

«Жалымбетов Қ.» медицина орталығының зерттеу әдістемелері нұсқаулықтарының атауы:1. Гематологиялық зерттеулер үшін капиллярлық қан алу (5 параметрі).2. Зәрді тексеру.3. Биохимиялық зерттеу әдісі.4. Қанның қоюлану жүйесін анықтау және коагулограмма.5. Нәжісті зерттеу.6. Жыныс мүшелерінің жұғындыларын зерттеу, спермограмма. 7. Қанның тобын және резус-факторын анықтау. 8. Дерматологиялық қырып алудан әр түрлі патологиялар, яғни грибоктар сияқты патология-

ларды анықтау. 9. Капиллярлы қаннан микрореакция анализін алу (оң және теріс CARBON-DAK топтамасымен

жұмыс жасау).

Қан – дерттің айнасы

Гүлшарат Қорабаева2012 жылы академик Е.А. Бөкетов атын-

дағы Қарағанды мемлекеттік университетінің

биология факультетін бітірді. Еңбек жолын

2006 жылы Қарағанды қаласының №2 ем-

ханасында клиникалық лаборант қызметінен

бастап, 2013 жылы лаборант-дәрігері қыз-

метіне ауыстырылды. 2014 жылдан бастап

«Жалымбетов Қ.» медицина орталығының ла-

борант-дәрігері.

Page 67: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

67

Page 68: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

68

Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа аттаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да

басты байлығы – денсаулық. Осынау байлығы-мызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шыға-рып алатынымыз өкінішті-ақ. Ынтымақ, бірлігі жарасқан елімізде адам денсаулығын нығайту жолында үкіметіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені – өзін-өзі сый-лағаны. Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына дейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтір-мей өту абзал.Адамның денсаулығы – өмір тіршілігінің

ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдардың дені сау, ағзасының күш-қуатты болуына үнемі қамқорлық жасап отыр. Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты. «Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ» де-

гендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық.Бір кездері мақтаныш көріп, жерге салып

тастаған сан түрлі зауыттардың түтіні адам ағзасын тұншықтыруда. Шашты тік тұрғызар «Семей полигоны» аталған аймақта әлі күнге шейін ауру балалар дүниеге келуде. Адамдар өз қолымен жасаған Арал теңізі қасіреті. Ай-даһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақорлар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймын. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізуде. Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген за-

ман кеселдерінен арылту – көкірегі асу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.Той-томалақтарда 20-30 адам ортаға шығып,

ешіртіп сөз сөйлеу халқымыздың салтына ай-налып барады. Той иесін мақтаудың шыңына шығарып, сөздің артында «сіздің денсаулығыңыз үшін алып қояйық» деп, араққа толы құтыны аузымызға төңкере саламыз. «Жақсы тілек –

Денсаулықтың 10 құпиясыДенсаулық деген не?

жарым ырыс» дейді ғой, дегенмен бір адамның денсаулығы үшін жүз адамның араққа сылқиып тойып алғаны елге қанша ырыс әкелер екен?! «Бірінші байлық – денсаулық» дейміз. Бірақ

осы сөздің мән-мағынасын көбіне сезбейтін де, түсінбейтін де сияқтымыз. «Дені сау қайыр-шы ауру патшадан бақытты» деп Шопенгауэр айтқандай, байлық – денсаулықтың көрсет-кіші емес. Денсаулық – баға жетпейтін бай-лық, оны ақшаға сатып ала алмайсын. Байлық алақандағы мұздай еріп кететін болса, денсау-лық та сол сияқты – сақтанбасаң, жоғалту оп-оңай. Денсаулықты ауырмай тұрып іздеу керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, ауырмаудың жолын жаныңа жара түспей тұрып тапқан дұрыс. Ол өте қиын жол. Ес біліп, етек жапқан соң денсаулыққа қарай күніге бір қадам жасау парыз. Денсаулыққа бірінші қадам – ұрық таза-

лығы. Ұрық таудан аққан бұлақтай мөлдір таза болуға тиіс. Ұрық тазалығына дайындық ананың құрсағында басталады. Бұл туралы ұлттық тәрбиенің негізін қалаушылардың бірі, медицина және педагогика ғылымдарының док-торы, жазушы-драматург Совет-Хан Ғаббасов ағамыз өзінің «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі» деген кітабында толық мәлімдейді, және ұрпақ тәрбиесінің тың әдістемелерін ұсынады.Денсаулық – тән, жан, рухани және әлеу-

меттік игіліктің жиынтығы. Олай болса, ағза тазалығын сақтау, денені үнемі шынықтыру, са-наңның, ой-өрісіңнің деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау және өмірден өз орныңды таба білу – бәрі де денсаулықты қалыптастыратын факторлар.

Page 69: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

69

Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұла-ма ғалымдар да, біліктілігі күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды, тұжырымды, дәл анықтама бере ал-май келеді. Денсаулық деген бойыңда аурудың болуымен немесе болмауымен түсіндерілмей-ді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, «Денсаулық адам ағза-сында аурудың не болмаса физикалық кемістік-тің жоқтығы ғана емес, ол сонымен қатар пси-хикалық, рухани және әлеуметтік кемелдену». Денсаулық – жан, тән және адамның әлеу-меттік жағдайының құндылығы.«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат

жемісі» деп тегін айтылмаған. Табиғат адамға ата-анасындай мейірімді. Аспан да, Күн де, Жер де адам үшін жаралған. Табиғаттың өзінің заңы бар. Аспанда – ауа, Күнде – нұр, Жер-де – нәр табиғат заңы аясында адамға қызмет етеді. Тек бәрін де керегінше ала білу керек. Табиғат қатігездікті ұнатпайды. Ол өзінің заңын бұзушыларды қатты жазалайды.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы са-

рапшыларының дерегі бойынша халық денсау-лығының 45-50% өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 15-20% қоршаған орта ерекшеліктеріне байла-нысты, 15-20% генетикалық әсерлерге, ал тек 8-10% ғана медицина жетістіктеріне байланыс- ты. Олай болса, денсаулығына жағымсыз әсер ететін факторлардың үштен екісі әрбір адамның өз қолында.

Адам денсаулығына көптеген ішкі және сыр- тқы факторлар әсер етеді. Денсаулықты төмен-дететін негізгі факторларға мыналар да енеді: қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасы-ның артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының көптеген уытты заттармен ла-стануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғы-затын жағдайлар, зиянды әдеттер – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлықпен әу-естену. Медициналық орталық ашылғаннан бері 10

жыл ішінде ондаған мың науқастардың тағды-рымен тоғыстық. Осының негізінде денсаулықты қалыптастырудың 10 құпиясын зерттеп, күн-делікті жұмыс тәжірибемізбен ұштастырудамыз.

Денсаулыққа апарар жолды анықтау Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

Медицина қазір күйзелісте. Бұл күйзеліс денсаулық сақтау саласында қаражат аздыға-нан немесе емдеу-сауықтыру мекемелері мен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен, не медицина қызметкерлерінің білімсіздігінен ғана емес, шын-дығында денсаулық саласындағы таусылмайтын реформаның дұрыс ұйымдастырылмауынан. Ме-дицинаның күйзеліс күй кешуі, халық денсау- лығының төмендеуі – бұл әлем цивилиза-циясының саясатта, экономикада, экологияда, мәдениетте, ақпарат кеңістігінде және рухани әлемде етек алған кең көлемді күйзелісінің да-ралаған белгілері ғана. Медицинаның күйзелісі – бұл денсаулық

сақтау саласындағы саясатпен жекелеген меди-цина мекемелерінің, сол саясат аясында қызмет атқару мүмкіндіктерінің қайшы келуі. Мыса-лы: мемлекеттік кепілдендірілген медициналық көмек бағдарламасы бойынша стационарлық емді қысқарту көзделеді, ал емханаларда бұн-дай ауруларға ем жасайтын мүмкіндіктер жоқ. Созылмалы аурулары бар науқастар стацио-нарға жату үшін айлап порталға тіркелуде. Халық арасында денсаулыққа деген көзқарас

өте төмен. Адамдар өз денсаулығына деген жауапкершілікті де мемлекеттің мойнына арта-ды, ал мемлекет олардың денсаулығын қалып-тастыру механизмін ұсынудың орнына жекеле-ген ауруды емдеуді жоспарлайды. Сол себепті, мемлекет жеке ауруларға арналған мамандан-дырылған ауруханалар мен емханаларды жаң-бырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейтуде. Медицинаның салауатты өмір салтын қалыптас- тыру саясатын жүргізу әдістері ескі, тек жар-намалаумен шектелуде. Облыстардағы кешен-ді медициналық орталықтар – бұл жансақтау шарасы, амалсыздықтың белгісі. Салауатты өмірді қалыптастыру үшін халыққа «емдеу» ор-талықтарымен қатар «денсаулықты қалыптас- тыру» орталықтары керек. Қоғамда салауатты өмір салты қалыптаспаса, ауруды емдеу арқылы тоқтату мүмкін емес. Бүгінгі таңда денсаулық қалыптастыруды іс жүзінде жүргізетін медицина мамандары – валеологтар – жоқ. Медицина институттарында валеолог мамандарын дайын-дау – кезек күттірмейтін шара. Халыққа жаңа типтегі емханалар керек. Бұндай емханалар бірнеше мамандандырылған бөлімдерден тұру керек: емдеу бөлімі, оңалту бөлімі, отбасылық

Денсаулық – тән, жан, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы

Page 70: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

70

дәрігерлер бөлімі, денсаулықты қалыптастыру бөлімі, мамандандырылған көмек және кәсіби патологиялар бөлімі. Адам өмірін жүрекке, бауыр мен бүйрекке

ота жасау арқылы созу қазақтың «мың күн жұмақтан бір күн тіршілік артық» деген шолақ мақалына сай келеді. Отадан кейінгі өмір – сапасыз өмір, мүгедектік. Мүгедектер қоғамы болашаққа тірек бола алмайды. Қазір біздерде «денсаулық медицинасы» емес,

«аурулар медицинасы» бой түзеген. Бұл ме-дицина саласының күйзелісіне жету деген сөз. Бұндай жағдайда адамдар өз денсау-лығын сақтауды ойламайды, тездетіп ауырған жерін емдеуді ойлайды. Мыңдаған химиялық дәрі-дәрмек аурудың себебін емес, салдарын емдеуде. Халық арасында созылмалы аурулар дерті жайлады. Адамдардың дәрігерге деген, медицинаға деген сенімі азайды. Созылмалы ауруларды емдеуде медицина өзінің дәрмен-сіздігін көрсетіп келеді. Көп адамдар дәрігерге келген бойда менің ауруымды тез жазып жібер деп үлкен талап қояды. Оларға әйтеуір ауыр- ған жерін сезбесе болғаны. Дәрігерлер ауруды уақытша тыныштандыратын дәрі арқылы олар-дың талабын орындайды. Осының салдарынан адамдар салауатты өмір салтын қалыптасты-руға асықпайды. Көптеген адамдар ауырған жерлерін дәрі-дәрмекпен басуға дайын тұрады. Бірақ дәрімен басу аурудың пайда болу себеп-терінен құтылмаған соң еш нәтиже бермейді, қайта дерт одан сайын үдеп, асқына түседі. Өкінішке орай, кейбір адамдар оған аса көңіл аудармайды. Ақырында ауруды басу үшін дәрінің қажеттілігі арта түседі, ал дәрі-дәр-мек өз жағынан жаңа проблемалар туғызады. Осыдан соң «бірін дауалап, екіншісін жазалап» деген мәтелдің дұрыстығына көз жеткізесің.

Жазылмайтын ауру жоқ болғанымен, жазыл-майтын науқастар көп. Бұлар өзін-өзі айықты-руға ниеті жоқ адамдар. Әр адамның бойында өзін-өзі емдейтін тылсым күш бар. Ол күш тек қана аурудың басты себебі табылған күнде әсер етеді. Аурудың әрбір белгісі нақты бір себеп-термен байланысты. Осы себептерден арылсаң, ауруға дауа табасың, ал оның емі адамның өз қолында, ой-өрісі мен сана-сезімінде.

Ағзаны тазартуЖан жаспен тазарады,

Тән аспен тазарады

Адам баласы өз өмірінде зиянды факторлар-мен кездеспей өтуі мүмкін емес. Адам ағза-сының қоршаған ортаның зиянды әсерлерімен күресу қабілеті оның қорғаныш жүйесінің (им-мунитет) күш шамасына тығыз байланысты. Әрбір адамның аурудың алдын алуға неме-се ауруды асқындырмай өз ағзасының табиғи күшімен дауа табуына мүмкіндігі бар. Ағзаға билік ету тек жаны таза, рухы биік адамдар-дың қолынан келеді. Әрине, оған жас кезіңнен әрекет жасауың керек. Бұған адамның өзін-өзі тәрбиелеу арқылы қолы жетеді. Өкінішке орай, көп адамдар күнделікті тіршілікте өз тәнінің табиғи қасиеттерін сақтап, дамыту орнына, керісінше, оған қиянат жасайды. Мысалы, тиім-сіз тамақтану, шылым шегу, арақты шектен тыс ішу т.б. Таңқаларлық жай – адамдар өз ден-саулығы жөнінде ештеңе білуге құштар емес. Қазақ малды өсіруді, одан асыл тұқым алуды

толық меңгерген. Ата-бабамыз «малды тұрып семіртпе, жүріп семірт» деген. Малдың өрісін суы таза, жері құнарлы аймақтан таңдаған. Жылқыдан қазанат пен тұлпар шығару тек қа-зақтың ғана қолынан келген. Қияны қонақтаған көк аспанның патшасы бүркітті де қолға үйрет-кен қазақ емес пе?!

Жазылмайтын ауру жоқ болғанымен, жазылмайтын науқастар көп. Бұлар

өзін-өзі айықтыруға ниеті жоқ адамдар

Page 71: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

71

Осындай текті атадан тараған қандастары-мыз бүгінгі күні неге өз денсаулығына сонша салғырт қарайды? Малды өсіруді, құсты өсіруді меңгергенде, неге өз ұрпағымызды салауатты қылуда біреудің ақылын күтеміз? Менің дәрігер ретінде байқағаным, біздің

халықтың денсаулық туралы сауаты шамалы. «Ауруды Құдай береді» деген теріс ұғым бар. Құдай адамға ауру емес, жарқын өмір бер-ген. Ай мен күнді, жер мен көкті, көз той-мас флора мен фаунаны адамға сый еткен. Оны көруге – көз, естуге – құлақ, басқаруға – сана берген! Бірақ адам осыларды иемдену өз қолында екенін әлі сезбей келеді. Қазіргі ұрпақтың өмір сүріп жатқан ортасы экология- лық күйзеліс кешіп отыр. Жер де, көк те, су да, тағам да табиғи тепе-теңдігін бұзуда. Бұған тек адам кінәлі! Тек қана бір жеңіл мысал келтіре кетейін. Медицина шенеуніктерінің нұсқауымен жұқпалы іш ауруларын болдырмау ұшін ауыз суды әлі күнге дейін хлорлап отыр- мыз. Басқа өскелең елдерде бұл шара суды озондау арқылы жүргізіледі. Ал, озон оттегі-ден алынатын, табиғи емдік газ. Хлорлы суды қайнатқанда, оның қосындылары – диоксин түзіледі. Диоксин ағзаға орнына келмес зиян әкеледі: иммунитетті әлсіретеді, эндокриндік және өсіп-өну жүйелерін бұзады. Міне, осы зиянды әсерлер ағзада уытты заттарды жинап, денсаулығыңды нашарлатады. Денең ауырлап, шаршай бересің, жапырып тамақ ішпегенмен, салмағың өсе бастайды. Көңіл-күйің түсіп, ашу-ланшақ бола бастайсың. Егер көңіл-күйіңді сер-гітіп, сана сезіміңді тазартқың келсе, келбетіңді келтіріп, сымбатыңды сомдағың келсе, жүре-гіңнің шанышқанын, буыныңның сырқырамаға-нын қаласаң, суықта, ыстықта әсер етпейтін күш жинағың келсе – ағзаңды тазартуға кіріс.Адам ағзасы өзін-өзі қалпына келтіретін, өзін-

өзі тазалайтын күшке ие. Ағзаны тазарту жан дүниеңді тазартудан басталу керек. «Жаның жаспен тазарар» дегендей, денсаулықты қалып-тастыру үшін жүрегіңді таза ұста.Жан дүниесінің кеселдері екі түрге бөлінеді.

Оның біріншісі – терең күйзеліске ұшырау-дың психикалық әсерлері, екіншісі – әлсіреу салдары немесе өтпелі жағдайға душар болу. Мұның мәнісі мынада: дені сау, рухани денса-улығы өзгермеген жандар бар. Олар бақытты, тату-тәтті өмір сүріп жатады. Солардың ішінен кейбір азаматтардың өмірдегі кездейсоқ қолай-сыз жағдайларға байланысты (ішімдікке са-лынудан, ұрлық-сұмдықпен айналысудан т.б.) рухани денсаулығы өзгереді, кемиді. Бойда өз-

геше белгілер пайда бола бастайды. Олар: ұй-қының қашуы, бастың ауыруы, көңіл қошының болмауы, қорқақтық қасиетінің пайда болуы, айналасындағыларды жақтырмау, сөз көтермеу, әлсін-әлсін жүректің соғуы немесе тоқтап қалу қаупі. Осындай өзгерістерді жан дүниесінің әл-сіреуі немесе өтпелі жағдай деп атайды. Жан дүниесі әлсіреген кеселдерге жүйкенің әлсіреп, тозуы (астенический невроз немесе психасте-ния), есірік (истерия), серпілістік жүйкенің әл-сіреуі (реактивный невроз) т.б. толып жатқан жағдайлар жатады.Дені сау болып, салауатты өмір салтын қа-

лыптастыру үшін адам өзінің жан дүниесін ұғынып, жанның жүрегінде орналасқанын мой-ындау керек. Жүрек – Жаратушының адамға мәңгілік қуат көзін орналастырған орны. Әр адам алдымен өз жүрегін түсініп, оның бүкіл Әлеммен, Ақиқатпен, Ғарышпен, Табиғатпен, Жаратушымен тікелей байланысын сезініп, әлемдегі адамның алатын орнын, тіпті адам өмірінің негізгі мақсатын анықтап алу керек.Жүректегі жараны жазып, жүректі таза ұстау

үшін мынадай медитациялық ілімді игеру ке-рек:1. Ей, Алла! Мен сенің тозаңдай бөлініп кет-

кен бөлшегіңмін. Жаратушы, мені өзің тектес етіп жаратканыңнан соң, саған ғана табына-мын. 2. Құдіреті күшті Жаратушы, мені өзің тектес

етіп жаратканнан соң, Өзіңнің бағдарламала-рыңды осы фәни дүниеде іс жүзіне асырамын. 3. Ей, Алла! Әрбір күнімді Өзіңе арнаймын!

Мені құлың ретінде пайдалана гөр! 4. Ей, Алла! Рухани денгейімді жетілдіре

гөр! Маған бұдан басқа қажеттілік жоқ! 5. Ей, Алла! Осы жалған фәниде қоршаған

Әлеммен үйлесімділікте болдыра гөр! Адамдар-ды сыйлауға, сүюге, өмірден өз орнымды та-буға көмектесе гөр! 6. Өз өмірімнің жауапкершілігін өзіме жүктеп,

айналамдағы адамдарды кіналаудан, өсектеу-ден, сынаудан, көре алмаудан толықтай бас тартуға ықпал ете гөр, кінәні өзімнің ішкі жан дүниемнен, жанымда жазылған бағдарламадан іздеуге, бакытсыздығымның, ауруымның, кедей-шілігімнін себебін өзімнен табуға мәжбір ете гөр.7. Ей, Алла! Біреуден запа шегіп, қасірет уын

ішуден сақта. Көз, тіл тию, дуалаудан сақта. 8. Тұрмысым нашарланса жауапкершіліті өз

мойныма аламын. Өз кемшіліктерім үшін біре-уді, қоршаған ортаны, заманды, ағайын-туы-старды, әкімдерді, үкіметті, Президентті, тіпті болмаса Жаратушыны кіналаудан сақта.

Page 72: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

72

9. Басыма тап болған күйзелістерде «мандайы- ма жазған тағдырдың жазуы» деп ақталудан, осы сенімді санама сіңірмей, жүрекке ұялатпай, құрдымнан шығуға ықпал ете гөр! 10. Ауруды Жаратушының берген көмегі

деп түсініп, күш-қуатымды жинап, дертке қар-сы тұруға нәсіп ете гөр. Санама денсаулықты сақтау жолын ұялата гөр.

Адамның өз тағдыры өз қолында. Себебі, Жа-ратушы Иеміз пенде баласына шексіз еркіндік берген. Адам қай жолды тандаймын десе де: жақсы болуы да, жаман болуы да, бақытты болуы да, бақытсыз болуы да, бай болуы да, кедей болуы да, ауру болуы да, сау болуы да – өз қолында. Рухани білім мен ілімді үйрену арқылы өзінді өзгерт, сол кезде бүкіл Әлем өзгереді. Ниет адамнан, Рахым Алладан. Шын ниетіңмен сұрасаң, Алла екі дүниенің де қы-зығын көрсетеді. Фәни әлемде де, бақи әлемде де бақытты боласын!Бұл – рухани тазару жолы.

Сана құпиясыСалауаттылыққа да сана керек

Сана – адам баласына берілген артықшылық. Сана тәрбиемен қалыптасады. Адам баласы-ның тәлім-тәрбиесі ана құрсағынан басталады. Нәресте өмірге келгеннен кейін, ақыл-есі то-лыққанша өз тәнімен түйсік (инстинкт) арқылы байланыс жасайды. Сананы жетілдіретін және санаға әсер ететін ұғымдар – ойлау, мақсат қою, әсерлену мен армандау, талап, тілек, ынта, қайғыру мен қуану. Сананың көмегімен адам тұла бойын, іс әрекеттерін, сезімдері мен ой қорытындыларын дер кезінде бақылайды. Сана мен түпкі сана (подсознание) мықты байланысты. Мысалы: 1 минутқа көзіңізді жұ-мып, ойыңызға сөлі тамған лимон тістегеніңізді елестетіңіз. Осы сәтте бетіңіз тыжырынып, ау-зыңызға сілекей жинала бастайды. Бұл сана-ның адам ойын бақылау арқылы түпкі сананы оятуы болып табылады. Адамның ойы тәндегі барлық іс-қимылды бақылайды және ағзадағы физиологиялық құбылыстарды да реттейді. Мы-салы, қатты ренжудің, ашуланудың себебінен ағзадағы бездердің қызметі күрт өзгеріп, адре-налин гормоны бөлінеді, ақырында қан қысымы көтеріліп, адам денсаулығы нашарлайды. Адам санасының кемелденуі отбасында, ба-

ла-бақшада, мектепте, орта және жоғары оқу орындарында жалғасады. Сананың қалыпта-

суына ата-ананың, тәрбиешілер мен ұстаздар-дың мінез-құлығы, іс-қимылы, қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сонымен қатар, күнделікті сыртқы және ішкі ақпараттар – теледидар, компьютер, кітап, музыка, ертегі және әңгіме тыңдау, ұлттық салт-дәстүр, дін және діл (мен-талитет) күшті өзгерістер енгізеді. Сананың әр түрлі дәрежеде қалыптасуына байланысты адамда сан алуан қылықтар пайда болады. Олар: дөрекілік, ашуланшақтық, мансапқор-лық, сараңдық, өзімшілдік, қатыгездік, көреал-маушылық, өтірікшілік, уәдеде тұрмау, алдам-паздық, алаяқтық т.б. Осындай қылықтардың құрығына түскен жандар жан-жағындыларға сенімсіздікпен қарап, әркімнен тек жаман-шылық күтеді және жамандық істеуге дайын тұрады. Біреуге ренжісе кешірім бермей, өш алуға асығады. Өз жүрегін өзі сезбейтін бұндай адамдар күн сайын санасын улай береді. Оның кесірінен ағзада тепе-теңдік заңы бұзылып, дерт пайда болады. Бұндай адамдар қан қы-сымының көтерілуімен, диабетпен, инфаркт, ин-сультпен, бүйрек, бауыр, буын ауруларымен жиі ауырады, өмірлері қысқа болады. Ал бұн-дай жағымсыз қылықтардан аман, жаны таза адамның сыпайылық, шыдамдылық, жомарттық, тазалық, мейіріміділік, шыншылдық, аяушылық, көпшілдік, мырзалық т.б. сияқты рухани қа-сиеттері болады. Бұндай адамдар өмірде аз қателіктер жіберіп, жанжағымен, қоршаған ор-тамен, табиғатпен үйлесімді өмір сүреді. Олар өмірдегі жалғандық пен екі жүзділіктен қина-лып, жүрек, бас ауруларымен ауырады, бірақ тез жазылады, дауа қонғыш болады. Өмірлері саналы да ұзақ болады. Қорытып айтқанда, салауатты өмір сүру үшін сана тәрбиесінің рөлі жоғары және бұның жауапкершілігі әркімнің өзінің мойнында. Нағыз денсаулық – тек ау-рудың жоқтығы емес, одан да үлкен маңызды түсінік. Бұл адамның күш-қуаты, өмірге деген құштарлығы және өмірден ляззат ала білуі. Әрбәр адам өзін-өзі сауықтырып ғана қоймай, сонымен қатар нағыз денсаулықты қалыптасты-ра да алады. Егерде аталарымыз «молданың айтқанын істе, істегенін істеме» десе, академик, кардиохирург Амосов: «Дәрігердің айтқанына сене берме, олар химиялық дәрі-дәрмек пен отаны ұсынады, бұлар аурудың салдарын ғана емдейді, ал себебі одан тереңде, әр адамның жан дүниесінде екенін ұқпайды», – деген. Нағыз денсаулықты қалыптастыру үшін бізден талап етілетіні тек табиғаттың заңын мойындау және өз денсаулығыңа деген жауапкершілікті өз мойныңа алу ғана.

Page 73: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

73

Қозғалыс – денсаулық кепіліСанасызға сан айтсаң да болмайды,

Ерте жатып, ерте тұрған сол қайғы.Атқан таңның нұр шашқанын сезбестен,

Түске дейін ұйықтағандар оңбайды.

Салауатты өмір салтын айтқанда міндетті түрде дене шынықтыруды еске аламыз. Дене шынықтыру тек физикалық денені қозғалысқа түсіру ғана емес, ол – ағзадағы қан айналуды күшейту арқылы зат алмасу үдерістерін жақ-сарту, ағзадағы жасушаларды оттегімен және басқа қоректі заттармен қамтамасыз ету. Дене шынықтыру – спорт емес, бұл біздің ағзамы-здың күнделікті сұранысы. Дене шынықтыру – қозғалыс, өмір кепілі. Қозғалыссыз өмір болмайды. Біздің ағзамызда қозғалыссыз мүше жоқ, біздің жүрегіміз, өкпеміз, қан тамырлары, тіпті миллиардтаған жасушаларымыз санамыз-дан тыс тылсым күш арқылы мәңгілік қозғалыс- та. Бұлардың біреуінде қозғалыс тоқтаса өмір сүру жүйесі үзіледі. Мысалы, бұлшық еттердің қозғалысы арқылы тамырлардан қан айнала-ды. Қан жүрекке барып, одан өкпеге, миға, бауырға, бүйрекке таралады. Адамның күнделікті өміріне қуат беретін

қозғалыс түрі – ұйқыдан оянғандағы жаса-латын гимнастика. Болғаны 5-ақ минут керек. Оянған бойда, басыңды көтермей, аяқ-қолыңды керіп – жинап, кеудеңді белден оңға – солға бұрып бұлшық еттерді белсенді қозғау керек. Әркім дене шынықтыру шараларын жасына,

жынысына және жыл мезгілдеріне сай таңдау қажет. Тек бір ортақ талап: жаттығу күнделік-ті және үздіксіз болу шарт. Дене шынықтыру ағзадағы зат алмасу үдеріс-

терін реттеп, иммунитетті нығайтады, қор-шаған ортаның зиянды әрекеттерінен қорғап, оған қарсы тұру жолын ашады. Ағзаны тазар-тып, жасушаларды жасартады, адамның өмірін сапалы да ұзақ етеді.Дене шынықтырумен айналысатын адам ау-

руды емес, денсаулықты ойлайды. Дене шы-нықтыру аурудың алдын алу емес, денсау-лықты қалыптастыру кепілі. Дене шынықтыру адамның санасын өсіреді, яғни салауаттылыққа бастайды. Бүінгі таңда халық арасында бел-сенді қозғалыс тек ауырғаннан кейін баста-лады, бұл өте кеш. «Садақаны сауыңда бер» дегендей, белсенді қозғалыс дені сау адамның ісі болу керек.

Ас – адамның арқауы

Арпа-бидай ас екен,Алтын-күміс тас екен

Астың адам өміріндегі алатын орны өте жоға-ры. Біздің ата-бабамыз асты құрметтегені сон-шалық, оны тек ағзаның өмір сүру көзі ғана емес, сонымен қатар жан дүниесінің қуаты ретінде таныған. Осының ретінде астың халал-дығы туралы түсінік пайда болған.Халал астан дайындалған тамақ адам өміріне

зиян әкелуі мүмкін емес. Асты тек іше білу керек, ысырап жасауға болмайды. Мешкейлік, ашқарақтылық – ақымақтың белгісі. «Тамақты тиімді пайдалану» деген рубрика мен сан жетпес кеңестер берілуде. Тамақ арқылы денсаулықты қалыптастыруды уағыздаушылар әр-түрлі дие-талардан бастап, толық ашығуға дейін үгіттеу-де. Тиімді тамақтану мен арнайы диеталардың арасы жер мен көктей. Арнайы емдік диета тек жедел және созылмалы аурулары анықталған науқастарға беріледі. Ал тиімді тамақтану әр адамның сана сезімі мен тамақтану мәдение- тіне байланысты. Тамақтану мәдениеті әр-кімнің ұлттық салт-дәстүріне, тұрғылықты өмір сүретін аймағына және жергілікті тағамдардың түр-түсіне байланысты қалыптасады. Әрбір дені сау адам өз тәбеті тартқанша ұлттық тағамы-мызды қабылдағаны дұрыс. Тек ас ішкенде әр уақытта қатты тоймай, тартынып ішу керек.

Әрине, кейбір адамдарға жекеленген тағамдар-дан шектеу болады. Мысалы, майлы ет, қант, қуырылған тағамдар сияқты. Дегенмен, әрбір адам қандай тамақ ішкенде жақпайтынын өзі сезінеді. Ұлтына, салтына, өмір сүру аймағы-на байланыссыз жасанды тағамдарды пайда-лану, әсіресе шетел тағамдары денсаулыққа

Page 74: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

74

зиян, ағзаға ауыр. Ұзақ уақыт бойы бір түрлі тағамдармен тамақтану – мысалы, тек ет жеу, не сүт тағамдарын пайдалану, не тек көкөніс жеу – мүмкін емес және ағза физиологиясына пайдалы әсер бермейді. Әрине, күнде асты ме-рейтой дастарханындай үйіп-төгіп былапыттау және келіспейді. Тамақтанғанда бір отырыста еттің бір түсін,

айталық, сиыр немесе жылқы етін жеу керек, тауық, балық етін араластырмаған жөн. Суды, шайды тамаққа дейін жарты сағат бұрын және тамақтан соң 1,5 сағаттан кейін ішкен тиімді. Етке жаймадан гөрі, күнделікті тұрмыста көкөніс, күріш, арпа және осы тектес дақылдар салған дұрыс. Жаймалы ет, қазы-қарта – ұлт-тық тағам, ол мерекелік дастарханның мәзірі болуға тиіс. Қазақ дастарханында қосалқы қоспалар көп емес, бірақ оларды орнымен пай-далану дені сау адамға артық емес. Мысалы, сүтті қызыл шайды қалампыр не мускат салып дайындаса, дәмді де, пайдалы да болады. Қара немесе қызыл бұрыш, лавр жапырағы, укроп, пияз, сарымсақ ас мәзірін жоғарылататыны белгілі.

Нан – қазақтың құрметті асы болатын. Қа-зақ нанды Құранмен қатар қойған. Ертеде нанды бүтін бидайдан тартып жеген, күрішті де ақтамай пайдаланған. Тарыны асқан ше-берлікпен қауызынан айырып, иісі аңқыған сөк дайындаған.

Қазіргі нан пісіріп жатырған ұн нәрлі қа-бығынан айырылған, құр крахмал десе бола-ды. Осындай өлі ұннан нан дайындау үшін әртүрлі химиялық ашытқылар қосылады. Бұн-дай нандардың құрамында дәрумендер, нәруыз бен минералды заттар жоқтың қасы. Нанды пайдалануды шектеудің себебі де осыдан. Ұн-ның құндылығын көбейту үшін қайтадан кебек қосып пісіру керек және асқа 2-ші сортты ұн-дарды пайдаланған жөн.Пайдалы тағамдардың ішінде майдың орны

да жоғары. Майлар қатты май, сұйық май болып бөлінеді. Майдың адам ағзасына берер пайдасы орасан, зияны да жоқ емес. Тағамдар-ды өсімдік майымен дайындаған пайдалы, ал мал майларын денсаулыққа қарай мөлшерлеген жөн. Адам денсаулығы тамақты ішуіне емес, оның сіңуіне байланысты. Тағамның дұрыс қорытылып, сіңуі ағзадағы ферментациялық үдерістердің қалыпты жүруіне тіке байланысты.Ферменттер (энзимдер) – барлық тірі ағза-

лардың құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Олар ағзадағы химиялық үдерістерді жеделдетеді.Энзимдер өз әсерін өте аз мөлшерде катали-

заторға ұқсас жүргізеді. Ас қорыту үдерістеріне қатысатын энзимдер ас қорыту бездері өндіретін сөлдің құрамында болады. Ас қорыту бездеріне 3 жұп сілекей бездері, бауыр және ұйқы бездері жатады, сонымен қатар асқазан-ішек бездері. Әрбір ағза мүшесінің физиологиялық қызметі-не байланысты сөлдердің де құрамы әр түрлі болады. Мысалы, қарын сөлі – тұз қышқылы, су, липаза, пепсин ферменттерінен, панкреатин сөлі (ұйқы бездері) – су, амилаза, липаза, фосфатаза, трипсин, химотрипсин ферменттері-нен тұрады. Сондықтан денсаулық сақтаудың сара жолы – осы энзимдерді өндіретін ағза мүшелерінің қызметін реттеу. Әрбір адам ес біліп, сана-сезімі қалыптасқаннан бастап өзін-өзі тануға тырысу керек. Ол дегеніміз – әркім өз ағзасының құрылысы мен қызметін жақсы білу керек.

Тыныс алу құпиясыКөңілі тоққа ауа да тамақ

Адам тамақсыз 1 ай, сусыз 7 күн өмір сүр-се, ал ауасыз 1 минут та өмір сүре алмай-ды. Ағзаны ауамен қамтамасыз ету тыныс алу арқылы іске асады. Адамның табиғатпен тығыз байланысын ауаның атқаратын қызметі-нен білуге болады. Ауа – тіршіліктің негізі. Ауаның құрамындағы оттегі (21%), азот (79%),

нан – қазақтың құрметті асы болатын. Қазақ нанды Құранмен қатар қойған

Page 75: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

75

көмірқышқылы газ (0,03%), аргон (1%) ағзада тіршілікті жалғастыру үшін күрделі биохимия- лық үдерістерге қатысады.Біз күнделікті өмірде ауаның құндылығын

оттегінің азды-көптігімен бағалаймыз, ал азот, көмірқышқылы газы туралы аз білеміз.Ауадағы азот ағзадағы атомарлы оттегімен

қосылып азот тотығын құрайды, ал қанда азот тотығы нитратқа ауысып, нәруыз құрамына кіретін амин қышқылдарын түзейді. Осының негізінде халық арасында «адам ауамен қорек-тенеді» деген сөз бар. Ауадағы молекулалық оттегі қанға атомарлы оттегі күйінде енеді. Атомарлық оттегі ағзада озоннан және сутегі тотығынан да пайда болады. Оттегісіз ағзада ешқандай биохимиялық және энергетикалық үдерістер жүрмейді. Оттегі өкпеде қандағы ге-моглобинмен қосылып оксигемоглобин құрайды. Оксигемоглобин арқылы жасушаларда зат ал-масу үдерістері жүреді. Табиғаттағы әр түрлі жағдайларға байланысты ауада оттегі көлемі азайып, зиянды газдар көбейгенде немесе те-мекі шеккенде оксигемоглобин пайда болады. Осының себебінен ағзадағы жасушалар тұншыға бастайды. Бұл зат ал-масу үдерісін баяу-латып, уытты заттар-дың (шлак) түзілуімен аяқталады. Жасушалардағы зат

алмасу үдерістері қа-лыпты жүру үшін ауадағы оттегі мен көмірқышқыл газдың тығыздығы сәйкес бо-луы керек. Оттегі мен көмірқышқыл газдың көлемі адамның тыныс алу тәсіліне байланы-сты. Қалыпты тыныс алу кезінде ауаны жұту уақыты шығару уақы-тынан қысқа болуы тиіс, себебі көмірқышқыл те-рең және ұзақ тыныс алу салдарынан азаяды, бұл оттегінің тығыз-дығын көбейтіп жібереді. Егерде қанда оттегі көбейіп кетсе, қан тамырлары (капиллярлар) тарыла бастайды. Осының салдарынан зат ал-масу үдерісі бұзылады.Зат алмасу бұзылса, жасушаларға қосымша

оттегі түсу азаяды. Адам жиі-жиі және терең дем ала бастайды, бұл жағдай зат алмасу-ды одан сайын қиындатады, көмірқышқыл газ

азаяды. Осы кезде оттегі гемоглобинмен тығыз байланыс құрап, жасушалар оттегін ала алмай-ды. Сондықтан медицинада таза оттегін берген-де көмірқышқыл газдың парциялық қысымын қадағалап отырады. Неғұрлым көмірқышқыл газ көбейсе, капиллярлар кеңейіп, жасушадағы зат алмасу жақсарады. Күнделікті өмірде бұл ішпен демалу арқылы реттеледі. Ауаны ішке тарту шығарудан әлде қайда қысқа болу ке-рек. Өкпеге жұтқан ауаны жайлап, бөліп-бөліп шығаруға қалыптасқан жөн. Осылай болған жағдайда денсаулығың дұрысталады, ағза жа-сарады, өмір жастың ұзақтығы ұлғаяды.

Су – тіршіліктің көзіСұлу денеге су да риза

Адам сусыз 7 күннен артық өмір сүре алмай-ды. Су – адам өмірінің қайнар көзі, ол маңыз- дылығы жағынан оттегінен кейін 2-ші орында. Су – энергия және ақпарат сақтаушы. Адам ағзасы 86% судан тұрады, оның ішінде: бауыр

– 69%, бұлшық еттер – 70%, ми – 85 %, бүйрек – 82%, қан – 90% суды құрайды. Адам ағзасында

жүретін алуан түрлі зат алмасу үдерістері нәтижесінде күн сайын орта есеппен 2-2,5 литр су несеппен, нәжіспен, термен және тыныс алғанда ауамен бөлініп шығады. Адам судың табиғи шығынын күн сайын толтырып отыру керек. Су қанның негіз-гі бөлігі және ол бұл-шық ет тінінде бірқа-лыпты кездеседі. Адам суды сұйық ретінде анағұрлым аз қабыл-

дайды, оның себебі, 40% су тағамдармен түседі (ет, нан, көкөніс т.б.). Бұдан өзге ағзада зат алмасу үдерістерінің нәтижесінде 300-400 мл су түзіледі. Сонымен, табиғи шығындарды қал-пына келтіру үшін сұйықтардың үлесіне 1-1,5 литр су ішеді. Олар: шай, сорпа, компоттар, ауыз сулар. Біздің халқымыз салт-дәстүрімізге байланысты таза суды аз пайдаланады, оның орнына сорпа, шай, айран, шұбат ішеді.

ауа – тіршіліктің негізі. Су – адам өмірінің қайнар көзі,

ол маңыздылығы жағынан оттегінен кейін екінші орында

Page 76: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

76

Су өзінің кристалдық құрылысына байланыс- ты 50 түрге дейін бөлінеді. Табиғи сулармен ағзадағы судың құрылысы әр түрлі. Жасуша-лардағы және жасушааралық кеңістіктегі су-дың кристалдық құрылысы жеміс-жидектер мен көкөністерге ұқсас келеді.Құрылысы жағынан ағзадағы суға ең ұқсас

жаңбырмен қар сулары. Жер асты сулары сол аймақтағы жердің минералдық құрамына бай-ланысты өзгеріп отырады. Судың кристалдық құрылымы суды қайнатқанда өзгереді. Сон-дықтан шай, сорпа, т.б. қайнаған сұйықтар ағза-да қайта өзгеріске ұшырайды. Осы сұйықтардан тек 30% ғана жасушаларға өтеді және жасуша-лардағы «калий-натрий» тепе-теңдігін қамтама-сыз етуге қатысады. Қалған сулар тері, өкпе, бүйрек және ішек арқылы сыртқа шығарылады. Осының салдарынан, егерде қосымша 1-1,5 л. таза су ішілмесе, жасушаларда су тапшылығы қалыптасады. Біз жасушалардағы су тапшылығын шөлдеу

арқылы сезінеміз. Сонымен қатар, жасушаларда су тапшылығы өскен сайын зат алмасуға көп энергия жұмсалады. Ал, энергия нәруыз бен крахмалдың қорытылуынан түзіледі. Міне, су тапшылығы мен семірудің байланысы осылай түсіндіріледі. Жасушалардағы су тапшылығы мидың қызметіне үлкен әсер етеді. Мидағы зат алмасу қызметі нашарлап, гематоэнцефальдық қорғаныштан зиянды заттар миға өтеді. Осы-ның салдарынан Паркинсон, Альцгеймер ауру-лары пайда болады. Ағзаға түсетін су тапшылығынан әуелі жасу-

шалардағы су, сосын жасушааралық кеңістіктегі су, артынан қандағы су көлемі азаяды. Бұл ден-саулықты күрт төмендетеді, зат алмасу үдеріс- тері баяулап, ағзада уытты заттар жиналады. Тері қыртыстанып, бұлшық еттер сола бастай-ды. Буындар құрғап, сіңірлеп қатаяды, қозға-лыс баяулайды. Ағзадағы су тапшылығынан қан қоюлап, оның реалогиялық қызметі бұзыла-ды. Осының салдарынан капиллярлар тарылып, қан айналымы нашарлайды. Қанмен тасымал-данатын пайдалы заттар мен оттегі жасуша-ларға өтпейді. Ағзаның жекелеген мүшелерінде әртүрлі аурулар қоза бастайды, қан қысымы көтеріледі, жасушалардағы су тапшылығынан иммундық жүйе зардап шегеді, оның салдары созылмалы, иммунитет жетіспейтін аурулардың пайда болуымен аяқталады. Жасушадағы су тапшылығын кез-келген сұйықпен жоюға бол-майды. Мысалы, шай, кофе, сыра, тәтті жасан-ды ішімдік сулар су тапшылығын одан сайын өсіреді. Сондықтан су тапшылығын болдырмау

үшін, соның арқасында денсаулықты сақтау үшін күніге 1,0-1,5 литр газдалмаған су ішу ке-рек. Таза су тек зат тасымалдаушы ғана емес, сонымен қатар энергия көзі. Суды тамақтың алдына 30 минут, ал тамақтың артынан 1,0- 1,5 сағат соң ішу пайдалы. Таңертең оянған бойда, аш қарынға 200 мл су ішу әдетке ай-налдырған жөн.

Сымбатты омыртқа жотасы – денсаулық кепілі

Омыртқа – адам ағзасының тірегі

Омыртқа жотасына өмір бойы көп қысым түседі. Табиғат омыртқаны өте сымбатты етіп жасаған. Омыртқа жотасы қапталынан қараған-да 2 рет алға, 2 рет артқа қарай ойысады (физиологиялық лордоз, кифоз), осы арқылы адам ағзасының тепе-теңдігі сақталады. Омы-ртқа жотасы жұлынды жан-жағынан қоршап, соққыдан, созылудан сақтайды.

Егер ананың омыртқа жотасының белдік бөлігіндегі лордозы қалыптан тыс үлкен бол-са, ол құрсақтағы нәрестенің омыртқа жота-сының дұрыс қалыптасуына теріс әсер береді. Ал омыртқа жотасының дұрыс қалыптаспауы болашақ сәбидің денсаулығына зиян келтіреді. Сондықтан қыз балалардың бой-бітіміне, мүсіні-не қатты көңіл бөлу керек. Болашақ ұрпақ ден-саулығы ананың мүсіні мен омыртқа сымбатына да байланысты. Нәресте омыртқасы туу кезінде қатты қысымға ұшырайды. Әсіресе перзентхана-да ананы босандырғанда нәрестеге жасалатын кейбір акушерлік шаралар мойын омыртқаның жарақаттануына соқтырады. Осының кесірінен баланың миында қан айналымы бұзылып, бала мазасыз болады, көп жылайды. Болашақта бұн-дай нәрестелер әр түрлі ауруларға тап болады (эписиндром, қояншық, мигрень, қан қысымы-ның вегетативті дистониясы).Егерде нәресте туу барысында жамбасынан

келсе, бел жұлыны зақымдануы мүмкін. Кей-де ұршық басы шығып кетеді. Бұл уақытында анықталып емделмесе, мүгедектікке ұшыратады.

40 жылдық дәрігерлік тәжірибемізде ұққанымыз – ішкі және сыртқы ағза-лардың көптеген аурулары омыртқа жотасының саулығына байланысты

Page 77: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

77

Бел жұлынының туа зақымдануынан қазтабан, шыжың т.б. аурулар пайда болады. Сондықтан перзентхана дәрігерлері сәбидің туғаннан кейін омыртқа жотасына назар аударғаны жөн. Бо-лашақ аналарды нәрестені қалай күту ереже-лерімен таныстыру керек. Нәрестені қырқынан шыққанша шомылдырған сайын омыртқа жо-тасын, аяқ-қолын созып, тартып, сылап-сипау керек.

Омыртқа жотасы жұлынды жан-жағынан қоршап, соққы-

дан, созылудан сақтайдыОмыртқа жотасы үйде, бала-бақшада, мек-

тепте дұрыс отырмаудан, компьютер, телевизор алдында ұзақ отырудан сколиоз (қапталына қисаю) ауруына ұшырайды. Омыртқа мүсінінің қисаюы омыртқа жотасындағы қан айналу үдері-стерін бұзады. Осының салдарынан омыртқа аралық дискілер мен жүйке түбіршіктерінде зат алмасу үдерістері бұзылады, сыртқы және ішкі ағзаларда трофикалық өзгерістер пайда болып, ауруға ұласады. Омыртқа аралық протрузия, жарық аурулары бұл жағдайларды тереңдете түседі. Асқазан, бауыр, ұйқы безі аурулары қозып, зат алмасу үдерістері бұзылады. Ағзада уытты заттар түзіліп, олар буындарға отыра бастайды. Ерлер мен әйелдердің жыныс мүшесі аурулары – простатит, қатерсіз аталық без ісі-гі, миома, кисталар – пайда болады, бедеулік пен белсіздік орын алады. Омыртқа жотасын нәрлендіретін арнайы қан

тамырлары жоқ. Омыртқа нәрді өзін қоршаған бұлшық еттерден омыртқа аралық ұлпалар арқылы сіңдіру үдерістері нәтижесінде алады. Сондықтан омыртқа жотасының дұрыс қалып-тасуына, мүсіні сымбатты болуына омыртқаны қоршаған бұлшық еттердің жетілуімен іс-қимыл-дары үлкен әсер етеді. Ал бұлшық еттердің жетілуіне дене шынықтырудың маңызы зор.40 жылдық дәрігерлік тәжірибемізде ұққаны-

мыз – ішкі және сыртқы ағзалардың көпте-ген аурулары омыртқа жотасының саулығына көп байланысты. Күнделікті жұмыста ауру-ларды емдегенде дәрігерлер көбінесе осыны ескере бермейді. Мысалы, кеуденің сол жағы-ның ауырғанында көбінесе стенокардия немесе мастопатия деген нақтамалар қойылады. Бел ауырғанда пиелонефрит, миома т.б.; тізе және иық-жауырын перпартриттері мойын немесе се-гіз көз радикулиттеріне байланысты. Қорытып айтқанда, сымбатты омыртқа –

денсаулық кепілі!

Ағзадағы сұйықтар айналымыҚан – ағза сұйықтарының патшасы

Ағзадағы сұйықтық заттар қан, лимфа, жа-сушааралық сұйық, ми қуысы сұйығы, буын сұйығы болып бөлінеді. Қан ағзада қоректік заттарды жасушаларға

жеткізіп, зат алмасу барысында бөлінген уытты заттарды әкетеді. Сонымен қоса, қан бүкіл де-нені аралай, жасушаларда болатын үдерістерді бақылайды, денедегі жылу тұрақтылығын қамтамасыз етеді, иммундық жүйенің қызметін реттейді. Қанның құрамы (плазма, қан жасу-шалары) әр түрлі жағдайларда өзгеріп отыра-ды. Мысалы, эритроциттер, лейкоциттер азай-ып, көбейіп тұрады. Плазма қоректік заттарды жасушаларға, уытты заттарды кері әкетеді. Қан – денсаулық айнасы! Қанның сапасы –

пайдаланған тағамға, ішкен суға, ішімдіктерге және ауаның зиянды әсеріне тығыз байланысты. Қазақтардың жиі ауыратын ауруы қаназдық (анемия). Адамдардың бұл ауруға үйреніштігі соншалық, тіпті бұны ауру деп есептемейді. Қаназдық – көп аурулардың басты себебі. Бо-лашақ аналардың 80% қаназдықпен ауырады. Қаназдықтың басты себебі – тағамдар арқылы темір, В

12 дәрумені аз түсуі. Бұған тек қана

нанды мысалға келтіріп көз жеткізуге болады. Нан – қазақтың киелі асы. Бидайды қазақи диірменнен өткізіп алған ұннан пісірген нанның дәмін татқандар өмір бойы ұмытпайды. Бидай-дың нәрі қауызында. Бидайды қазіргі техноло-гиямен ұнға дайындағанда барлық құнды құра-мы кебеккке кетеді. Мысалы, бидайда нәруыз 10-12% болса, нанда 5-8%, көмірсу 50-60% бол-са, нанда 33-45% қана қалады. Ал минералды заттар мен дәрумендердің 80% кебекке кетеді. Мысалы, кальций нанда 62 мг болса, кебекте 150 мг, калий ұнда 325 мг болса, кебекте 1260 мг. Міне, қанның маңызы тағамнан деген осы!Ал, қанның ағзаға жетуі қан тамырларына

байланысты. Қан тамырларының қызметі жүрек пен бұлшық еттерге бағынышты. Сондықтан жүрек пен бұлшық еттерді шынықтыру – аса маңызды мәселе.Қан айналымының жауапты бөлімі – капил-

лярлар. Капиллярлық айналым бұзылған кезде ағзада ауру пайда болады. Ал, капиллярлар қан қоюланғанда, қан қысымы қатты көтеріл-генде дұрыс жұмыс істей алмайды.Капиллярлардағы қан қозғалысын реттеу –

денсаулық кепілі. Қанның қоюлауы суды аз ішкеннен, қанда әр түрлі микроорганизмдер

Page 78: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

78

болуынан, ағзадағы нәруыз, май, көмірсутек мөлшері қатынасының бұзылуынан, қан қозға-лысының баяулауынан болады. Сондықтан са-лауатты өмір салты, белсенді қозғалыс – ден-саулықтың сақшысы болмақ.

Ұрық тазалығы – болашақ ұрпақтың саламатты болуына кепіл

Таза ұрық тектіден шығады

Ұрық тазалығы туралы айтқанда ғұлама ға-лым, емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы тоқтамай кетуге болмайды. Өтейбойдақ Тілеуқа-былұлы 1388 жылы дүниеге келіп 1478 жылы дүние салған. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы қа-зақтың алғашқы емші ғалымы. Ол халық ме-дицинасын ғылыми жолға қойған. 1470 жылы Жәнібек ханның тапсыруымен «Шипагерлік баян» деген еңбегін жазған. Осы ғалым зама-нында салауатты ұрпақ өсіру көшпелі қазаққа оңай болған жоқ. Ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің асқан дарыны арқасында ұрпақ тәрбиесі туралы қазақ ханы Жәнібекке Жиренше шешен арқылы ұсыныс жасады. Қа-зақтың ұрпағының өсуіне ұрық тазалығы керек-тігін дәлелдеген ол Жәнібек ханға қазақ жеті атасына дейінгі ұрпақтарынан қыз алмауын ұсынды. Ол кезде бұндай ұсыныс одан кейін төрт ғасырдан соң Ч.Дарвин негізін салған се-лекцияның ерекше түрі еді. Осының арқасында қазақ халқының болашағы анықталды. Содан бері 540 жылдан астам уақыт өтті.

Бірақ ұрық тазалығына біз жеттік пе? Ұрпағы-мыз саламатты деп айта аламыз ба? Жоқ! Біз ел болып саламаттылықтың жарық жолын әлі тапқан жоқпыз. Оның айғағы – Елбасымыздың «Саламатты Қазақстан» атты жолдауы. Сала-маттылыққа жету жолында әлі шешуін тап-паған мәселелер өте көп. Адам құстан сұңқар, аттан тұлпар өсіруді меңгергенмен, өз ұрпағын қалай саламатты ету құпиясын шеше алмай ке-леді. Иә, Құдайға шүкір, қазір жеті атаға дейін қыз алмау мәселесі өз шешімін тапты. Онда ұр-пақ саламаттылығы туралы қандай шешілмеген мәселелер қалды? Осы туралы медицина және педагогика ғылымдарының докторы, жазушы-ға-лым ағамыз Совет-Хан Ғаббасовтың «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі» деген кітабын оқысақ көп мәселелердің беті ашылатын сияқты. Қазір-гі жахандану дәуірінде ұрпақ тәрбиесі қиын-дап тұр. Компьютер мен теледидарға бағы-нышты жас ұрпақ салт-дәстүрден күн сайын

алшақтап барады. Ана құрсағындағы ұрық даму барысында дұрыс тәрбие алмағандықтан оның жан дүниесі ашылмай қараңғылықта күн кешуде. Екіқабат анаға деген құрмет өз дәре-жесінде көрсетілмеуде. Совет-Хан аға жанның он екі арнасы туралы толық баяндап, «Ұрпақ тәрбиесі құрсақтан басталу керек» дейді.Ал енді ұрықты құрсаққа дейін тексерсек, бо-

лашақ ұрпақтың саламаттылығына күмән көп. ВИЧ, СПИД сияқты ауруларды айтпағанда жасырын жыныс инфекциялары 80% жастар-ды қамтыған. Бойында осындай инфекциялары бар жастардан сапалы ұрық бөлінбейді. Сана-сыз ұрпақтан тек санасыз ұрық өнбек. Ұрпақ әкелуге талпынған жастар алдымен өз денсау-лықтарына назар аударғандары жөн. Қазір облыстарда жастар денсаулық ор-

талықтары ашылуда. Бірақ олардың жұмыс жоспарлары анықталмаған, медицина меке-мелерімен байланыстары аз. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының бұндай күрделі жұмысқа мұрындық болғаны өте құп-тарлық іс, бірақ бұл бағыттағы шара әлі дұрыс жолға қойылмаған.Болашақ ұрпақтың салуаттылығы тек тиімді

тамақ ішіп, спортпен айналысуда емес, ең маңыздысы – ұлттық тәлім-тәрбие алуында. Сондықтан әрбір ұрпақ әкелетін жастағы қан-дастарымыз ұлттық сана мен тәлім-тәрбиені өз бойынан табу керек. Санасы жетілген, бойында ата тектен берілген тәлім-тәрбиесі бар, ұлттық намысы жетілген адам өз ұрпағының болашағы-на немқұрайлы қарамайды. Жастарды тектілік-ке тәрбиелеу бағдарламасы жасалу керек. Са-налы ұрпақ тектіден ғана шығады.

Құдайберген Жалымбетов

Page 79: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

79

«Жалымбетов Қ.» медициналық орталығына

қош келдіңіздер!

«Жалымбетов Қ.» медициналық орталығына

қош келдіңіздер!

Page 80: МазМұныk-zhalymbetov.kz/d/1060591/d/kaz_2_1.pdf · биоптрон және электрофорез бөлмелері үздіксіз қызмет көрсетеді. Косметология

80