196
БЕГІЛДӘ АЛДАМЖАР ҰЛЫ СЕЛ Төрт кітапты рәуәййат-роман Екiншi кiтәб Бiрiншi дәптер 1 Биыл Сыр бойында сары күз ұзақ айналатын сыңай көрсеттi. Тамыз айының аяғына таман күн қатты ысып, ала жаздай аңқасы кеуiп, тулақша қатып жатқан сайын даланың бетiндегi құлпырып жатқан қалың түктi мүлдем күйдiрiп жiбердi. Тек ұлы дарияның жағасы ғана салқын сабат. Қауындар қақ-қақ айрылып, пiсiп жатыр. Әсiресе, биыл Тұрғалидың Сыр жағалауындағы кең алқапты тұтастай көмкерiп жатқан тарысы аузы-мұрнынан қақалып, бiтiк боп шықты. Егiндi бала-шағасы боп жабылып, орып тауыса алмағасын, ол екi қап тары берем деп, Нарманнан көмек сұрады. Нарман ауыл арасы жақын болса да, баяғы болып-толып тұрған кездегi iстейтiн әдетiне басып, бойын шаң-тозаңнан аулақ ұстағысы кеп едi, бiрақ тiршiлiк қамы оны өз дегенiне ие бердi. Ақыры баласы екеуi белдерiн бекем буып, қолдарына орақ алды. Бүгiн де күн көкжиектен қылт етiсiмен, Нарман мен Қалмырза бiр-бiр тостаған айранды бастарына көтере сап, жалаңқат шекпендерiн киiп, егiнге қарай жөнелдi. Келе екеуi кеше аяғына жете алмай қойған атыздағы қалың тарыға ықыластана тиiстi. Iрi сүйектi, қошқар тұмсық, арбиған Нарман әудем жерге барысымен белi айналып, май топыраққа отыра кеттi де, уысындағы тары сабақтарын бiр жағына қоя салды. Сосын тер шұбырған бетiн орамалмен сүртiп жатып: — Қайдағы тегiн жатқан батпан қүйрық деп едiм-ау, — дедi. — Бұл қара жер де ырыздық несiбеңдi сараң қатындарша сығымдап бередi ғой. Қалмырза үндемедi. Кiшкене қайқы қазақы қол орақпен уысына толған сабақты түп жағынан сыр еткiзiп орып, бау үстiне тастай сап, iлгерi жүрдi. Нарман тағы да сөйледi: — Қара жер не бередi деп дәметкеннен гөрi, алдыңа сап айдаған он шақты жандығыңа дәнеме де жетпейдi. Қазаққа қол кәсiп мал ғой. Қалмырза тағы да тiс жарған жоқ. Ол анадағы уақиғадан соң, әсiресе, қалың көптiң көзiнше Ережептен таяқ жегеннен кейiн, iштей әкесiнен суынып кеткен. Бiрақ ат құйрығын шорт кесуге болмайды. Әрi Ережеппен шiренiп отырып сөйлесердей бұлардың ойға-қырға сыймай, мыңғырып жатқан малы жоқ. Соны iштей таразыға сала келе, Қалмырза ендiгi жерде қара жерге жалынғанның өзi дұрыс-ау деп түйген. Анада сол ойын әкесiне айтып едi, Нарман: — Айта көрме! Ойбай, ендi сақал-шашым ағарғанда, жер шұқылап, сарт болатын жағдаятым жоқ, — деп, салған жерден ат-тонын ала қашқан. — Ендi... не кәсiп қыламыз? — деген Қалмырза әкесiне таңдана қарап. — Оны... ойлайтын несi бар? Бiр кезде қыдыр шалған босағаға құт айналмай қоймайды. Елу жыл жарлылықсыз байлық жоқ деген. Құдай берейiн десе, кәзiр-ақ. Сонда мына он шақты уақ жандықтың басы жүзге, жүзi мыңға қалай жеткенiн бiлмей де қаласың. — Әй, қайдам!? — Оның iж қайдамы жоқ. Сабыр түбi — сары алтын деген. Сол жолы әкесiне қарсы сөз айтпаған. Iшiнен бұрын атқан асығы алшысынан түсiп тұрған кiсiнiң ел-жұрттың табасына қап, үстi-басы күс-күс боп, дихандық етуге арланатынын

Uli Sel 2 tom

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Historical roman

Citation preview

Page 1: Uli Sel 2 tom

БЕГІЛДӘ АЛДАМЖАР

ҰЛЫ СЕЛ

Төрт кітапты рәуәййат-роман

Екiншi кiтәб

Бiрiншi дәптер

1

Биыл Сыр бойында сары күз ұзақ айналатын сыңай көрсеттi. Тамыз айының аяғына таман күн қатты ысып, ала

жаздай аңқасы кеуiп, тулақша қатып жатқан сайын даланың бетiндегi құлпырып жатқан қалың түктi мүлдем күйдiрiп жiбердi. Тек ұлы дарияның жағасы ғана салқын сабат. Қауындар қақ-қақ айрылып, пiсiп жатыр. Әсiресе, биыл Тұрғалидың Сыр жағалауындағы кең алқапты тұтастай көмкерiп жатқан тарысы аузы-мұрнынан қақалып, бiтiк боп шықты. Егiндi бала-шағасы боп жабылып, орып тауыса алмағасын, ол екi қап тары берем деп, Нарманнан көмек сұрады. Нарман ауыл арасы жақын болса да, баяғы болып-толып тұрған кездегi iстейтiн әдетiне басып, бойын шаң-тозаңнан аулақ ұстағысы кеп едi, бiрақ тiршiлiк қамы оны өз дегенiне ие бердi. Ақыры баласы екеуi белдерiн бекем буып, қолдарына орақ алды.

Бүгiн де күн көкжиектен қылт етiсiмен, Нарман мен Қалмырза бiр-бiр тостаған айранды бастарына көтере сап, жалаңқат шекпендерiн киiп, егiнге қарай жөнелдi. Келе екеуi кеше аяғына жете алмай қойған атыздағы қалың тарыға ықыластана тиiстi.

Iрi сүйектi, қошқар тұмсық, арбиған Нарман әудем жерге барысымен белi айналып, май топыраққа отыра кеттi де, уысындағы тары сабақтарын бiр жағына қоя салды. Сосын тер шұбырған бетiн орамалмен сүртiп жатып:

— Қайдағы тегiн жатқан батпан қүйрық деп едiм-ау, — дедi. — Бұл қара жер де ырыздық несiбеңдi сараң қатындарша сығымдап бередi ғой.

Қалмырза үндемедi. Кiшкене қайқы қазақы қол орақпен уысына толған сабақты түп жағынан сыр еткiзiп орып, бау үстiне тастай сап, iлгерi жүрдi.

Нарман тағы да сөйледi:— Қара жер не бередi деп дәметкеннен гөрi, алдыңа сап айдаған он шақты жандығыңа дәнеме де жетпейдi. Қазаққа

қол кәсiп мал ғой.Қалмырза тағы да тiс жарған жоқ. Ол анадағы уақиғадан соң, әсiресе, қалың көптiң көзiнше Ережептен таяқ

жегеннен кейiн, iштей әкесiнен суынып кеткен. Бiрақ ат құйрығын шорт кесуге болмайды. Әрi Ережеппен шiренiп отырып сөйлесердей бұлардың ойға-қырға сыймай, мыңғырып жатқан малы жоқ. Соны iштей таразыға сала келе, Қалмырза ендiгi жерде қара жерге жалынғанның өзi дұрыс-ау деп түйген. Анада сол ойын әкесiне айтып едi, Нарман:

— Айта көрме! Ойбай, ендi сақал-шашым ағарғанда, жер шұқылап, сарт болатын жағдаятым жоқ, — деп, салған жерден ат-тонын ала қашқан.

— Ендi... не кәсiп қыламыз? — деген Қалмырза әкесiне таңдана қарап.— Оны... ойлайтын несi бар? Бiр кезде қыдыр шалған босағаға құт айналмай қоймайды. Елу жыл жарлылықсыз

байлық жоқ деген. Құдай берейiн десе, кәзiр-ақ. Сонда мына он шақты уақ жандықтың басы жүзге, жүзi мыңға қалай жеткенiн бiлмей де қаласың.

— Әй, қайдам!?— Оның iж қайдамы жоқ. Сабыр түбi — сары алтын деген.Сол жолы әкесiне қарсы сөз айтпаған. Iшiнен бұрын атқан асығы алшысынан түсiп тұрған кiсiнiң ел-жұрттың

табасына қап, үстi-басы күс-күс боп, дихандық етуге арланатынын айқын аңғарған. Және де осы от басына күн құрғатпай ана желөкпе Нияздың қыдыңдап келе беретiнiнен әкесiнiң иегi неге қышитынын сезген-дi. Оның ойы белгiлi. Iргелi жер, ертең құда түсе қалса, жетiмсiреген желiсiне тай-құлынның байлануы сөз емес. Құдай көктен тiлегенiн жерден берiп, дәулеттi жермен сүйек-шатыс болса, қалғанын Нарман ешкiмнен сұрамайды. Көз ашқаннан бермен қарай мал арасында жатып, малмен бiрге өрiп дағды алып қалған ұсынақты ол шаруагөйлiгiне басып, бiрер жыл қарамында азды көп ете алады. Бiрақ Нияздың сол сөзi жiңiшкерiп кеттi. Мiрәлiнiң қызын әне түсiрем, мiне түсiрем деп жүргенде Зағипа жат құзғынның арам шеңгелiне iлiнiп, айдай әлемге масқара болды. Анада Мiрәлiнiң орнына бата оқып барғандарында, қызды отауынан шықпайды деп есiткен. Содан берi Арқа жаққа ауа көшкен Ережеп ауылынан еш хабар жоқ.

Қалмырза айнала бастаған белiн жазып, кеудесiн көтерiп, бойын тiктедi. Буын-буындары күтiрлеп, құрысқан денесi азырақ жай тапқандай болды. Сосын әкесiне қарап:

— Көке-ау, оның несiн айта бересiң? Баяғы заман жоқ ендi, ол мың айтқанмен қайтып келмейдi. Одан да... ендiгi жерде өлместiң қамын iстеген дұрыс емес пе? — дедi.

Жерде отырған Нарман шекпенiнiң етегiн қолымен қағып қойып:— Бiр есептен... оның да дұрыс. Дегенмен көз үйренген малға не жетедi, — дедi ауыр күрсiнiп.Қалмырза әкесiн аяп кеттi. Көптен берi iш жағында берiш боп қатып жатқан бiрдеңе кенет омырыла сынып сала

бергендей көрiндi. Сонда да бас көтере бастаған елжiреуiк сезiмiн сыртына шығармай, бет өңiн әзер дегенде билеп:

Page 2: Uli Sel 2 tom

— Әрине, — дедi. — Бiрақ... басқа қандай амал бар?— Ендi... — Мына Қазалының алқымындағы жатақ Қаракесектер құсап, мал ұрламасақ...— Айта көрме, — дедi Нарман шошынып. Ақ құба өңiне тез арада сұсты көлеңкелер ойнап шыға келдi. — Үйтiп...

жетiм-жесiрдiң мұрын боғы мен көз жасын жеп байығанша, тақыр кедей болғанымның өзi-ақ жақсы.Қалмырза алғаш рет әкесiне риза бола қарады. Қолына орағын алып:— Ендеше... мынаны ермек ете тұрайық, — деп, алдындағы тарыға қарай еңкейе бердi.Түс әлетiне таман әйелi мен Тұрғали келдi. Арқасына салған кенеп қабын жерге абайлап қойды. Сосын қапты ашып,

iшiнен сары ала қауындарды шығара бастады.— Нәке, кел, шөлдеген шығарсың.— Айтпа. Күнi құрғыр да жанып кеттi. — Дем алуға сылтау табылғанына қуанып кеткен Нарман қолындағы орақты

жерге лақтыра шаншып, көк сауыр былғарыдан тiгiлген жайпақ табан қазақы етiгiмен аңызда жатқан тақыр қылтанақтарды сықырлата басып, Тұрғалидың жанына келдi.

Тұрғали бiр әйдiк күләбiнi жарып, қолындағы қылпыған пышағымен тiздеп бiр бөлегiн Нарманның алдына қойды.— Нәке, кәне, алыңыз.— Иә, бiсiмiллә, — деп Нарман қынынан құс кездiгiн суырып алып, оны сумен асығыс шалай сап, қауынға тиiстi. Бiр

бөлегiн аузына салып едi, шекердей дәм дем арасында уылжып ерiп жөнелдi. — Тәттi екен, — дедi ол ерiксiз сүйсiнiп.— Бұл тұқымы бөлек күләбi ғой, — деп, Тұрғали бiраз көтерiлiп қалды. Сосын анадай жерде тары орып жатқан

Қалмырзаға қарап:— Әй, бала, шаруаңды қоя тұр! Мазалы дәмнен қалып қоясың! — деп айқайлады.Аздан кейiн олар дәм үстiнде шаруа бабын жайбарақат әңгiмелеп отырды. Бүгiн Тұрғалидың әйелi торсыққа ашытпа

құйып әкелген екен. Қаны кеуiп қалған Нарман тары көженiң ашқылтым суын өлiп-тiрiлiп iштi.— Шiркiн, тары деген берекелi екен ғой, — дедi ол мұртының шалғысына жабысып қалған көже дәнiн қолымен

алып жатып.— Оның не айтары бар. Тары тоқ болады, — дедi Тұрғали дәудiрлеп.— Солай ма?— Ендi қалай деп ең? Ертең жинап алғасын, оны келiге сап ақтаймыз. Қуырып сөк жасаймыз. Сосын... оны қыста

сары майға салып жесең, ұзақты күнге қарның шұрқ етпейдi.Қалмырза әкесiнiң әңгiмеге ауаланып отырған қалпына күлiмсiрей қарады. Ала жаздай еткен бейнетiнiң зейнетiн

жаңа көре бастаған дихан өз кәсiбiн тасырта мақтап бара жатқанын аңғарды. Iштей: “Не қылған оп-оңай келе қалған тоқшылық? Бiр қап тарыны арқа етiң арша, борбай етiн борша болып жүрiп алмайсың ба? Жайылымы мен бақташысы табылып жатса, төрт түлiк малдан артық ештеңе жоқ та шығар-ау!” — дедi. Сол екен, есiне Зағипа түстi. Бишара қыз елге қарауға бетi қалмай, оң жақтағы үйiнде жер боп отыр. Қалмырзаның одан әрмен ойлағысы келмедi. Пышағын жуып, қынына сап, астына төсеген шекпенiне қисайды.

Тұрғали тағы да дыбдырлап:— Кәне, мына қауынның қалғанын үйiңе апар. Бала-шағаның жеңсiк асы ғой, — дедi.— Алдыраз болсын.Күн ұясына қона Нарман мен Қалмырза ауылына қайтты. Күнi бойы аңылжыған аптаптан дел-сал болған жалпақ дүз

салқын түсе солықтап жатқандай. Аспанда әр жер, әр жерде шашыраңқы бұлт бар. Терiскейден күз соңынан қуалап келе жатқан қыстың қаһарлы лебiн сездiрердей майда салқын жел соғады. Қалмырза бiр қап қауынды арқалап келе жатып, қурап кеткен жусан түбiршектерiне сүрiне бердi. Бiр рет еңкейiп кетiп, құлармандай боп барып, бойын шаққа дегенде тежедi.

Олар ауылға жеткенде, қолдағы азғантай мал өрiстен құлаған екен. Қалмырза қауынды iргеге қоя сап, қозыларды енесiне жамырап кетпесiн деп тез-тез көгендедi. Сосын қой сауған шешесiне көмектестi. Енесiнiң бауырына аз ғана жiберiп, емшегi иiгесiн, марқа қозыны кейiн тартып, босатпай ұстап тұрды. Қызыл қоңыр жүнi бұйраланған қозы бiр-екi рет енесiне қарай ұмтылды. Қалмырза оны өзiне қарай тарта бере, жылы сүт, күңсiген жүн исiн сездi. Бала кезiнен таныс иiс оған сол сәтте ыстық көрiнiп кеттi.

Кешкiсiн қара үйдiң iргесiне жайылған алаша үстiне көрпе салып, Қалмырза мен Ағлес оны-мұны әңгiмелеп отырды. Лезде қас қарайды. Толықсып ай туды. Айдың алтын тозаңша құбыла құйылған сәулесi Ағлестiң сәл-пәл қоңқақтау мұрнын, ақша жүзiн бiр түрлi сүйкiмдi етiп көрсетедi. Ол өрiктен шабылған домбыраны жәйiмен шертiп отыр. Жасынан ән, күйге әуес болған қарындасы көршi-қолаңның өсек-аяңына құлақ аспай, ер балаша жүрiп-тұрып, домбыра тартып үйренген-дi. Кейде ащы айқайламай майда қоңыр дауысқа сап, ән айтатыны да бар. Осы өлкеге атам заманнан бермен қарай таныс “Үкiлiм-ай”, “Сәулем-ай”, “Ақ дариға”, “Маусымжан”, “Құралай” тәрiздi сырлы әндердi Ағлес домбырасының iшегiн жәй қағып, үзiлте айтады. Осы жолы шырқай жөнелмей, екi шектi қоңырлата шертiп, ыңылдап отыр:

Бiр қамшым бар қолымда, а-х-а-ау бүлдiргелi-ай, бiр сөз айтам қалқаға күлдiргелi, әридайдай. ақ дариға-ай, күлдiргелi, әридай-ай.

Қалмырза қарындасының жай-күйiн ұғады. Бiрақ ештеңе дей алмайды. Соны баяулата созылған ән әуенi жеткiзiп жатқандай.

Әрi отырған орныңнан бермен отыр, қармағым жоқ қолымда iлдiргелi.

Ағлес қайырмасына келгенде екi iшектi iле шертiп, қақпақты сәл-пәл қаға түсiп, мұңды даусын қоңырлата созды. Мұңайған жүзi бiр түрлi сүйкiмдi көрiнiп кеттi. Сол арада iштен шешесiнiң күрсiнгенi естiлдi. Iзiнше Нарман жөтелдi. Ағлес домбыра iшегiн қолымен баса қойды.

Page 3: Uli Sel 2 tom

Қалмырза көпке дейiн ұйықтай алмады. Әрi-берi аунақшып, ұзақ жатты. Тақа болмағасын, сонау салқын көк аспанның төрiнен жымыңдай жылтыраған жұлдыздарға қарады. Сосын айға телмiрдi. Оның бетiндегi ала шұбар теңбiл дақтарға селқос көз тастады. Сүйтiп жатып ол қалай мызғып кеткенiн аңдамай да қалды.

2 Ертесiне Қалмырза азанғы шәйдi iше сап, егiн басына кеткелi жатыр едi, терiскейдегi алып жайынша көлбеп жатқан

қоңыр төбелердiң ар жағынан қылт етiп шыға келген бiр топ аттыны көрiп, амалсыз кiдiрдi. Нарман да оларды байқаған екен. Ол әлденеден қырыстанып, қолындағы орағын қара үйдiң бел арқанына iле салды да, үстiндегi шекпенiн асығыс шеше бастады.

— Әй, қатын, ана шапанымды әкеп бершi. Байының мiнезiне қанық әйелi iштен жеңiл жiбек шапанды қарына iлiп, сөйлей шықты.— Немене, мұны ала шаңға киейiн деп пе ең?— Жоға. — Нарман шекпендi әйелге ұстата сап, шапанды үстiне кие бастады. — Әй, мынаның жеңiн қайда құрттың?

— дедi ол әйелiне алара қарап.— Құртқаны несi? Құдай шебер-ай, сен де бiр. — Әйел шапанның жеңiне жармасты.Қалмырза ақырын ғана мырс еттi. Тары орып жүргенде де сонадайдан қылтиған бiреу көрiнсе болды, әкесi орағын

тез жерге шаныша сап, шекпенiнiң шалғайын қағынып, аулақтап шыға бередi. Баласын сырттан бақылап жүрген кiсiнiң кейпiн көрсетiп, екi қолын артына ұстап жайбарақат қалыпқа түсе қалады. Қалмырза әкесiнiң намысқа тырысып, әлi де жығасының қисая қоймағанын көрсеткiсi келетiнiн сезiп, қатты қиналады. Бiрақ қолдан келер қайран жоқ.

Сол арада бiр топ атты кiсi шағын ауыл жанына жақындап та қалған едi. Ажарлы киiмдерiнен-ақ дүмдi жердiң кiсiлерi екенi сезiлiп тұр. Нарман қыржиып:

— Осылардың немене шаруасы жоқ па? Тышқақ лақтың етiн жемесе, — дей бердi де, тоқтай қалды. — Апыр-мау, мынау Ережеп қой.

— Иә, өзi.Ережеп астындағы атын дүсiрлетiп кеп, тiзгiн тартты. Сосын атынан түсiп, Нарманға қос қолын ұсынып амандасты.

Мырзаның ыңғайын алып үйренген нөкерлерi де аттарынан жамыраса түсiп, шалдың қолын жалпылдап алысып жатты. Соны көрiп, Нарманның айдыны таса түстi. Баяғы болып-толып тұрған кезiнде қарашыларының өзiмен осылайша сәлемдесетiнi есiне оралып, iшiн бiр ащы тырнақ осып өткендей болды. Бiрақ онысын сыртына шығармай, Ережепке қарап:

— Құда, қалай, мал-жан аман ба? — дедi.— Құдайға шүкiршiлiк, — дедi Ережеп ширақ қимылдап, атыласпен қапталған шекпенiнiң етегiн қамшысымен

қағып жатып.— Кәне, үйге кiрiңiздер.Ережеп үйге кiрдi. Нөкерлерi оны алқалай малдас құрып отырды. Алты қанат қара үйдiң сырты жұпыны көрiнсе де,

iшi әлi баяғы ажарынан айрыла қоймаған екен. Сүйектен жасаған уықтар, шашақты бау-шу, тор көз керегенi жағадай тұтылған арабы түктi кiлемдер осы от басының бiр кезде айдыны асқанынан хабар беретiндей. Ережеп жан-жағына бiр-бiр көз тастады да, бәйбiшемен амандасты.

Шәй қайнады. Дастархан жайылды. Құрт-iрiмшiк, сарысу, жент, сары майды қоршалап, тоқ бүйiрлi бауырсақтар бытырай шашылып жатты. Соның бәрiн азсынғандай, Нарман оң жақтағы сандықтан көккiмбек бiр бас шекердi алып, шаппа шотпен уата бастады.

Шай үстiнде Ережеп Нарманға мойнын бұрды.— Нәке, осы сiздi... аздап диханшық ете бастады дей ме?— Қайдағы? — Нарманның жүзi лезде қызарып кеттi. — Басқа ететiн ермек болмағасын, мына баланың жатақ

Қаракесектерге қол ұшын берiп жүргенi ғой.— Е, е, онысы дұрыс екен. Кәсiп еткеннiң не айыбы бар.Нарман өзiн мырза кекетiп отыр ма деп, оның жүзiне барлай қарады. Ережептiң ақ сары жүзi сырын сыртына

шашпай, бiр түрлi боп, мейiрлене жымия қапты. Шал iштей таң қалды. “Бұнысы несi?”Қалмырза бағанадан берi әкесiнен төменiректе, есiк жақта тiзе бүгiп, қонақтарға шәй алып берiп отырған едi. Ол ендi

әкесi қысылмасын деп:— Ереке, — дедi биязы сөйлеп, — азын-аулақ мал-теген көкемнен ауыспайды. Сосын... мына диханшылықтың да

сырын алып көрейiн деп, өзiм едiм орақ орып жүрген.— Сонда қалай... Осы кәсiптiң қол болатын сыңайы бар ма? — дедi Ережеп жылы жымиып.— Қазақ шiркiн ат арқасында жүрiп, кетпен шапқанды жақсы көрмей ме? Жерге түсiп, кетпен шабу қиын екен.

Мына жер шұқитын кәсiп етке тойып, тiс шұқығандай емес көрiнедi.Ережеп ырза боп, қатты күлiп жiбердi. Басқа жiгiттер де ду ете түстi. Бәрi:— Е, солай де!— Наны жақсы да, егiннiң бабы жаман болды ғой!— Ата кәсiптей болу қайда? — десiп, гу-гу еттi.

Ережеп қасын сәл керiп, қолына ұстаған кәрлен кесесiне ойлана қарады.— Онда... ата кәсiппен қайтып айналысуға қалайсың?— Ереке-ау, үйтпейiн деп жүрген мен жоқ қой, тек ойда-жоқта қысқарып қалған келте жiп орауға келмей

жатыр.— Е, онда бопты. Бүгiннен бастап қарамағыңа екi үйiр жылқы, он шақты түйе берем. Бұл басы бүтiн бергенiм. — Ол

өзiнен төменiрек отырған Шәкиге иек қақты. — Ертең Шәки әкеп тастар.Қалмырза не дерiн бiлмедi. Бiр түрлi тұла бойы ысып сала бергендей боп, басын жерге қарай тұқырта бердi. Нарман

бағанадан берi қолдан жасап отырған iрiлiгiнен көре көзге айрылып, жалпылдай кеттi.— Алдыраз болсын. Өркенiң өссiн, Ережепжан, — деп, ол мырзаның алдына қарынға салған сары май мен женттi

ысырды. — Балам, ана қозы жайылып кетпесiн. Көгендей салшы.

Page 4: Uli Sel 2 tom

Мал сойылатынын бiлген жiгiттер кеуiлденiп, бiр-бiрiн түрте бастады. Ережеп сабырлы қалпын бұзбай:— Нареке, мен бұл үйден мал жейiн деп келген жоқпын. Құдай қосқан құдамның аманшылығын бiлейiн деп әдейi

келе атырмын, — дедi.— Алдыразы болсын. Құдай кеуiлiңдi көтерсiн. Құда мың жылдық деп бұрынғылар бекер айтпаған.— Өте жөн. Баяғыда Мазбұзаубай айтыпты дейдi ғой, — дей бердi де Ережеп сөзiн үзiп, қарашыларына қарады. —

Осы көлiктердi тұсап жiберсе кәйтер едi?— Тұсайық. — Шәкиден басқа жiгiттер үйден сыпырылып шыға бердi.— Иә, құда, — дедi Нарман еңсерiле түсiп.— Нареке, өзiң бiлесiң, — дедi Ережеп дауысын көтере сөйлеп. — Бiздер деген... ежелден қойы қоралас, ауылы

аралас жатқан елмiз. Осы қазiр кеуiл жетсе, бiзге жетпейтiн дәнеңе жоқ. Бiрақ... арам пиғыл жат, мына хиуалықтарды айтам да, елдi бiр-бiрiне қарсы айдап сап, түбiмiзге жететiн болды. Ортамызға бiр майлы сүйектi тастап, соған таласқан бiзге көлденеңнен мазақтап қарайды. Сонда мұның несi ақылдылық? Бiр сүйекке бола шуылдассақ, жаман көпек иттен айырмамыз қайсы?

— Құда, өте дұрыс айтып отырсың.— Кеше мына Дадабек сарт та сүйттi. Бiзге жасамаған қиянаты жоқ. Кезiнде осыны ана ағамызға айтып ем, қара жер

хабар бермесiн, өзi тоңмойындау едi ғой, құлақ аспай қойды. Соның ақыры... — Ережеп әдейi iркiлдi. Нарманның елпiлiне нана қоймағанын сезiп, сөзiн жалғастырды. — Өзiң бiлесiң, қай ата-ана баласына жамандық ойлайды. Саған баламызды бермеймiз деген ойымыз жоқ едi. Ендi абайсызда мынадай жайға душар болдық. Бұ да құдайдың жазуы да. Ертеңiне кiмнiң көзi жетiп отыр?

— Әрине... — Нарман сақтық жасап iркiлдi.— Бағанағы мал ағам жасаған қателiкке менiң сұраған кешiрiмiм, — деп Ережеп ойқастап былай шықты.— Рахмет.— Ендiгi дедiгiм, — дедi Ережеп дауысын созып. — Мына ел-жұрттың табасына қалмасақ деу. Кәзiр ағайын арасына

әрекет кiрiп, Алты алаштың аузы ала болып отқан жоқ па? Мұндайда дұшпанға сыр алдырмаған ғана жеңедi. Қайран ата-бабаларымыз осы жағын да кезiнде айтып кетiптi ғой. “Өспейтiн елге сыбыс кiредi, өсетiн елге с...с кiредi” дегенде, олар талай нәстеге меңзеп кетiптi ғой.

— Өй, бәрекелде. Туры айтып отсың, — дедi Нарман ерiксiз ауаланып.Ережеп ата-баба әруағын қозғап, бiр мойын шалды тебiрентiп алғанын сезiп, iшiнен сылқ-сылқ күлдi. Сосын негiзгi

шаруасына қарай қиялап салды:— Сол мақалды қазiр бiлмейтiн жан жоқ. Бiрақ соны тұтынуымыз аз. Болмаса ен далаға тарыша бытыраған қазақ

осынша аз болар ма едi?— Не дейдi? Мен қазақтан көп ел жоқ шығар деп жүрсем, — дедi Нарман шынымен таңғалып.— Қайдағы көп? Үш жүздiң бәрiн қосқанда, мына қара қытайлардың оннан бiрiне жетпеймiз.— Апырмай, ә? Сонда не iстеу керек екен?— Ол жаңағы ата мақалында анық айтылған. Сыбыс кегiңе кек қосады, сүйiс басыңа бас қосады. Соны ойлай келе.

Нареке, өзiңе салмақ салсам деймiн. Жаңылмайтын жақ, сүрiнбейтiн тұяқ болмайды. Ағамның қателiгi үшiн мен аяғыңа жығылғалы келдiм. Көп болса... о баланы алпыстағы шал алар. Мәселә онда емес. Гәп кеуiлде. Әгәр бұрынғы татулық, туысқандықтан қол үзбейiк десең, балаңды бар жасауымен, еншi малыменен ырғап-жырғап ертең әкеп берем. Ал...— Ережеп кiдiрдi.

— Мынау бiр... өзi... — Нарман добалдай саусағымен сақалының ұшын ширата бастады. — Бiз ойлай қоймаған жағдай екен. Әрине...

Қалмырза әкесiне қорқа қарады. Оның Ережептiң тастаған жымынан шыға алмасын сезiп, үстiне мұз басқандай, денесi қалтырап кеттi. Әкесi сөзiн берiп салса, құрбы-құрдастарына алдында мазақ болатынын ойлап, ызадан дiрiлдей бастады.

Нарман тамағын кенедi:— Апырмай, құда, менi бiр тығырыққа тiредiң. Сақал-шашым ағарғанда, антты бұзу жәнә қиын. Жәнә дә...— ол

кенет даусын көтере сөйледi. — Анада алдыңа ақ басымды иiп барғанымда, осы жөн сөзiңдi неге айтпадың? Ендi... — Нарман шалқая түссем Ережеп еңкейiп, соңыра айып малын көптеу бере ме деп ойлады.

— Нареке, бiзден бiр бiлместiк өттi, — дедi Ережеп жуасып.— Оның несi бiлместiк? Сендер бәрiн де жақсы бiлесiңдер. Жұттан ақ сирақ боп қалған менi қомсындыңдар, — дедi

Нарман iрiлене сөйлеп.— Неге? Ондай нәсте үш ұйықтасақ түсiмiзге де кiрген жоқ.— Ендеше... неге бәрiн... ащы iшектей создыңдар? Сол уақытта оң жақтағы баланы бар абырайымен

жөнелткендерiңде, сен жақсы, мен жақсы боп жүре бермес пе ек?— Нәке, — дедi Ережеп кенет қуақы тартып. Шалдың назарын өзiне аударып алғанын сезiп, иығына желбегей

жамылған қаптамалы шекпенiнiң шалғайын жинап, қаусырынып қойды. — Әрине, айтып отырғаныңның iж қалетi жоқ. Оң жақтағы баланың абырайы деген ата-бабамыздың көп көксеген шаруасының бiрi емес пе? Мұндай абырайсыздықты құдай басқа салмасын де. — Ережеп тамағын кенедi. — Дегенмен... Абырайдың айрандай төгiлуi әр түрлi емес пе? Жын-шайтан үйiрiлсе, азбайтын кiсi бар ма? Талай ажарлы қыздың құпиясы келiн боп түскен соң ашылған да жоқ па?

Нарман тiксiнiп қалды. Ендi шалқая түссе, осы кезге дейiн екеуiн байланыстырып тұрған жiптiң дыңылдай керiлiп, тырс етiп үзiлiп кетерiн аңдады. Iштей үзiлген жiптi қайта түйiп әлек болғаннан, оның әлсiз болса да, бiтеу күйiнде қалғанын мақұл көрдi.

— Сонда... маған нағыл дейсiң?— Нағылар түгi жоқ. Балаңды жатсынбай қолыңа ал. Мына ел-жұрттың табасына қалмайық.— Әй, Ережеп, — дедi Нарман жуасып. — Жас та болсаң, бiр рулы елге бас боп отсың. Қоңторғай күйiмде

қомсынды деп, бүгiнде өз тостағанымды өзiм теуiп жатсам, адамшылыққа жатпас. Алтын басыңды қалайы басты ұрғашы үшiн иiп келгенiңде, иiлмей қалсам, иттiк болмай ма? Тәйiрi, малды жiгiт үшiн қатын алу да шаруа боп па? Бұйрыққа дауа жоқ. Уәде Алланың аты деген. Мен келiстiм.

Бағанадан берi қыңыр шалды көнбес деп отырған Ережеп орнынан ұшып түрегелгенiн байқамай да қалды. Бара Нарманның қолын ұстап:

Page 5: Uli Sel 2 tom

— Өзiм де солай етер деп ем. Мың жаса, құда! — деп, ол Шәкиге қоржынын алдырып, шалдың арқасына масаты шапан жапты. Басына құндыз бөрiк кигiздi. Сосын бәйбiшенiң қолына сом алтыннан құйылған тайтұяқты ұстатты.

Үй iшiндегi құрысқан кеуiл жiбiп сала бердi. Тек қана Қалмырза қанын iшiне тартып алған. Қарсы сөз айтуға үрдiс қоспай, ешкiмге көз салмастан, сыртқа шығып кеттi.

Ережеп оны байқаса да, үндемедi. Бiр сәт iшiнен марқұм боп кеткен ағасына ызаланды. “Қасқа, кiсiнiң кәдiрiн түсiрдi. Бергiмiз келмеген баламызды ендi алтын берiп өткiзiп отырмыз”.

Нарман құдасына қайта қарады:— Ендi жөн-жоралғы жайын не iстеймiз? Ережеп қолын сiлтедi:— Үйтiп жатуға уақыт тар. Бұрынғыша кәделеп жататын кез емес. Балаңды қолыңа ал да, жақын ауылдарыңды

шақырып, той жасап жiбер. Қалғанын көре жатармыз.— Ау, бұл өзi..., — дедi Нарман дағдарып.— Кәде-мәде кейiн. — Ережеп Шәкиге қарады. — Қасыңа екi жiгiт ерт те, баланы алып кел. Бөлiнген малды

жылқышылар ертең айдап, Желжарғанның ойына жетсiн. Тойға үйдi сол араға тiксiн. Оған дейiн бiз де жетемiз, — деп Ережеп тез бұйрық бердi.

Шәки сыртқа ата жөнелдi.Қалмырза не iстерiн бiлмей, ошақ жанында бiраз тұрды. Сосын тез ақылға кеп: “Бұ да дұрыс шығар”, — деп,

қараүйдiң бел орағына қыстырылған қол орақты жерге атып ұрып, мал соймақ боп, пышағын қайрай бастады.

3

Ережеп Нарман ауылында көп кiдiрмедi. Екi-үш күннiң iшiнде Зағипаны құтты орнына қондырып, Нарманның өңешiн малмен бiтеп, бiр бүйiрiнде шаншуша қадалып жатқан шаруасын оңына келтiргесiн, атқа қонды. Алды-артына шығып, бәйек боп жүрген Нарманға ат үстiнен күле көз тастап:

— Нареке, ештен кеш жақсы деген. Сүйек шатыс боп жатырмыз. Соңырағы күнi от басы, ошақ қасының әңгiмесi шығып жүрмесiн, — дедi.

— Ояғынан қам жеме. Алланың жазуынан басқа бәндә не көредi, — дедi Нарман Ережеп мiнген ат жабуының шетiндегi алтын зердi түрпiдей саусағымен сипап тұрып.

— Онда сөз аз. Ал, қайыр-қош, — деп Ережеп атын тебiнiп қалды.Мырза соңына қаптаған нөкерiн ертiп, ауыл сыртына ұзап шыға бердi де, кенет ат басын Сырдың жайпауыт

жағасында жыпырлап көрiнген жертөлелерге қарай бұрып алды. Тайпалған жорғаны еңкiлдеткен қалпы жатақ қаракесектер ауылына жақындай бердi. Жақындай түскен сайын Ережеп өзiнiң бiр түрлi қысылатынын аңдады. Әсiресе, Мiрәлiнiң жаздағы Тұрғали аулына салған сойқанынан кейiн, оларға не бетiмен көрiнгелi келе жатқанын қынжыла есiне алды. Бiр кез ызаланып: “Өй, әңгүдiк сорлы! Жақын ағайынның өкпесiне қап!” — деп, ағасына ызаланды. Iштей: “Не десең де, осы жерден көшiп кете алмайсың. Сондықтан алыс-жақын ағайынның аузын берiммен алса да, кеуiлiн қалдырмау керек”, — деп түйдi. Сол екен, есiне Жәнiбекпен арасындағы кикiлжiң сарт етiп түсе кеттi. Иә, несiн айтасың, кәзiр оның тасы өрге домалап тұр. Ағасы Мiрәлi әңгүдiктiк салдарынан қолдағы билiктен айрылып қалды. Өзi де ештеңенiң тереңiн пайымдамайтың сорлы едi. Хиуа ханы берген билiктен өмiрi айрылмайтындай көрiп, алыс-жақын ру басыларының төбесiне әңгiртаяқ орнатып бақты. Бұл ағасына жай күнiңнен гөрi, әсiресе, қолыңа тiзгiн тиген кезде, өте сақ болып, ақылың мен айлаңның қатар келуi керектiгiн талай рет қақсаған. Бiрақ тоңмойын Мiрәлi бұған қолын бiр-ақ сiлтеген. Дадабекке көп сене берме дегенiне қарқылдап күлген. Өзi ақыры сол ақылсыздығынан таяқ жедi. Ережеп сәл күрсiнiп қойды. Ер үстiнде дұрысталып отырып, қарсы алдында қол созымдай жерде қылт-қылт етiп келе жатқан атының қиған қамыстай тiкiрейген қос құлағына қарады. Одан кейiн көзiн тайдырып әкетiп, биылғы уақиғаларды iштей сарапқа салды. Рас, бұл Әлiм, Шөмен жақсыларының әруағын қоздырып, намысын қорлаған Дадабектен кек алды. Тек бұл осы әрекетiнiң әр жағын ойламапты. Жарайды, Қожаниязды талқандадық. Бiрақ сен барша қазақ даласынан басқаларын түгел қуып шыға алған жоқсың ғой. Олар әлi ата-бабаңының аруағын, тiлiңдi, дiнiңдi қорлап, мал-мүлкiңдi талап, ас-суыңды iшiп, туған жерiнде тайраңдап жүр ғой. Сен оларға қарсы аузыңды да аша алмайсың, үйтсең, зынданы дайын. Сонда қазақ даласы жат жерлiк басқыншы, хиуалықтардың табаны астында тапталып жата бермек пе? “Ау, бiздi де еркек деп, бiр ана қалжа жеген жоқ па?” — деп, алты алашқа ұран тастап, ат белiне мiнер батыр қайда? Ол кiм? Тоғанақ па? Әлде өзi ме? Өзi болса, ертең Хиуадан жазалаушы сарбаздар келсе, кiмнiң басын қосып, қарсы соғыспақшы? Шiл боғынша бытыраған қазақ бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығара қояр ма екен? Әй, қайдам? Сол арада есiне биылғы жаздан берi басына түскен ала бөтен ой сарт еттi. Ол анада Жәнiбек бастаған Хиуа сарбаздарынан бой сақтап, Ырғыз жағындағы ақ патша бекiнiсiнен әрi өтiп кеткен едi. Хиуалықтар ақ патша иемденген жерге iшкерiлеп кiруге батпай, амалсыз керi қайтқан. Сонда Ережеп терең ойға батқан. Баяғы құба қалмақ тұсында Кiшi жүздiң ханы Әбiлқайырдың ақ патшаның боданына өтiп, Шығыстан Қытай патшаларынан ауа қашқан қанқұйлы жаудың қармағынан құтылып шыққанын iштей сараптаған. Iшкi-сыртқы жағдайды ойластыра келсе, Орынбор, Торғай, Ырғыз бойына кеп табан тiреген ақ патшаның уақытша тыныс алып жатқанын, оның түпкi ниетiн аңғарғандай болған. Сол жолы Ырғыз бекiнiсiнiң бастығы, едiрейген жирен мұртты Захваткинге қонаққа барғанында, орыс әскерiнiң қару-жарағының жақсылығын қырағы көзi тез байқаған. Сөз жоқ, олар Сыр даласына iшкерiлеп кiрер болса, Хиуа әскерi ешқандай да төтеп бере, алмайды. Және де олар ту-талақайға түскелi тұрған қазақ жерi үшiн қан төге қояр дейсiң бе? Қайта қазақтарды оққағар ғып ұстап патша әскерiн Сыр бойына iркiп, өз қожалықтарына жақындатпаудың айласын қарастырар. Әгәр... Өй, ол қайда?! Қаразым мен Хорасанды ит тартқан терiдей жырым-жырым ғып бөлiп алып жатқан Қоқан, Бұхара, Хиуа хандарының аузы ешуақытта бiрiкпейдi. Олар бiр-бiрiн ала көзбен атып, бiрiнiң байлығын бiрi қызғанып, көлденең көк аттыға жем болады. Одан да... түбiнде орам алары анық ақ патшаның оң қабағын осы бастан ала бастағанның өзi дұрыс. Дерiн десе де, қашанда бiр нәрсеге ыссылай кiрiсуден сақтанатын Ережеп азырақ сабыр айлағанды мақұл көрдi. Ол осы жолы бiраз дүмдi кiсiнiң тамырын басып байқамақ. Сосын... ау, мынау не? Ережеп кеудесiне түсiп кеткен басын көтерiп алды. Жаңа ой үстiнде байқамай қалыпты, тақылдап кеуiп қалған қоңыр даланың ала шаңын ат тұяғымен ұшыра отырып, нөкерлерiн ерткен қалпы дария жағасына қақала шыққан қалың тарыға кеп

Page 6: Uli Sel 2 tom

қалған екен. Астындағы жорға ауыздығын шайнап, басын қайта-қайта шұлғып, тарыға қарай ұмтылады. Ережеп дереу ат басын бұрып, егiндi айнала жүрдi. Iшiнен: “Мына жаман қаракесек шын дихан екен ғой!”, — деп сүйсiнiп қойды.

Қапталында шаужайласып келе жатқан Шәки:— Бiтiк екен, — дедi ақырын.— Не, не? — басын көтерiп ап, Ережеп атқосшысының жылтыр қара зерең жүзiне қиялай көз тастады.— Бiтiк екен деймiн.— Ә, солай ма? Ойбай-ау, сен де бiлмеймiсiң? Бұл Тұрекең дегендер дихан ғой.— Айтары жоқ, қара жердi шұқылап, ауызға жерге жейтiн жемiн табу деген оңай ма? Мынаны түгел бастырып алса,

келесi жазға еркiн жетедi-ау!— Оған не сөз бар. — Ережеп жорта қоштап, Шәкидi сөйлей түссiн дедi. Соңғы кездерi осы жiгiттiң iшкi сырын

бөлектей бастағанын аңдап та қалған едi.Мырзаның сөзге құлықтылығын аңдап, Шәки астындағы атын тебiне түсiп, жақындай бердi. Оның өзiмен

қатарласқанын Ережеп iштей ауыр алып қалды. “Қатын, бала-шағасын асырай алмай жүрiп, мына қу кедей... өзi менiмен ат құлағын теңестiрдiм дей ме?” Сонда да дымын сездiрмей, Шәкидiң жүзiне күлiп, тосыла қарады.

— Ереке, осы... кейде мал соңында салпақтап жүргеннен, мына тiршiлiк артық па деп қалам.— Қой әрi, — дедi Ережеп тыжырынып. — Қазы-қартаға тiсi үйренген қазақ сарт бола алмайды. Әр жұрттың өз

кәсiбi бар. Көң сасыған жерде кең жайлауға үйренiп қалған қазақ отыра ала ма? Шұбат пен қымыздың орнына су татыған шалап iшкеннiң несi артық?

Шәки үндей алмай қалды. Омырау ашқан боп, атқосшысының iшкi жағын сәл-пәл аңғарған Ережеп оған кенет күлiмсiрей қарады.

— Қайдам, кейiнгiнiң қай жолмен кетерiн? Әйтеуiр, көң мен шуданың арасында туып-өскен маған мына диханшылығың ерсi көрiнедi де тұрады. Бәлкiм, сенiкi де дұрыс шығар.

Ережеп атқосшыдан сөз тосты. Шәкидiң табан тартып қалғанын байқап: “Мынау жаман неме қулық аша бастаған ба?” — деп, iшiнен кiп алып қалды.

Ол сол бетiмен тары орып жүрген Тұрғалиға келдi. Атынан түсiп сәлем бердi. Тұрғали шұбар бетi күреңiтiп, жауабын шолақ-шолақ қайырып, әңгiмеге ыңғай бiлдiре қоймады. Оның түрiнен суысып кеткен кеуiл анық байқалып тұрды.

— Биыл тарың жақсы екен, Тұреке, — дедi Ережеп оны сөзге тартып.— Жаман емес, — деп Тұрғали күңк еттi де қойды.— Шегiртке аумай тұрып орып жiберсе, бiр үйлi-жанды қарық қылады-ау!— Ендi... былай...Ережеп дихан кiсiнiң өкпесiн анық байқады. Ауыр-ауыр сөз кәзiр оның аузынан шықпай тұрғанда қасындағы

қарашыларын куә еткiсi келмей, Шәкиге қарап иек қақты:— Сендер... ана жаққа бара тұрыңдар! Мен... аздасын барам.Мырза нөкерлерi ұзап кеткесiн барып, қолына екi бүктеп ұстаған қамшысымен толық басы күн сәулесiнен сарғайып,

ибалы келiншекше иiле түскен тарыны қозғап қойды да, қабағын сәл шытып, Тұрғалиға қарады.— Тұреке, өкпеңдi бiлем. Ағайынмен ащы болмайық дегендi ағамыз тыңдамай қойды, ендi менiң не жазығым бар?Тұрғалидың имек тұмсық қара қатыны осы кезде байының алдын орап:— Сонда, жақсы қайным, кiсiнi осылай қорлай ма екен? Қай ата-бабаңда қызыңды ойнастыққа бер деген? Сүйдеуден

құдайдан қорықпай ма? — дедi.— Жеңiше-ау, оны мен де айтқам.— Айтсаң сол, құдай оның жазасын бердi. Жел тимесе, шаң тимес деп отқан қызын...— Өшiр үнiңдi! — деп дәл осы кезде Тұрғали қатынына қарап ақырып жiбердi.Бағанадан берi қолдан сыпайысып тұрған айбықа әйелдiң терiсi тоза бастаған жүзiнде түгi тiкiрейiп шыға келдi. Ол

көнтек ернiн сылп еткiзiп:— Әй, мен не деп өшiрем үнiмдi! Қызыңның айдың-күннiң аманында қор болып жатқаны анау. Арамнан жиған

малына сенген мырзаның тәлтиiп тұрғаны мынау. Дәңгiлiне сенген бай баласы, — деп сол арада ол ерсi бiр сөздi бетi бүлк етпестен қойып қалды.

Ережеп оны арсыз күлкiге жеңдiрдi:— Жеңгемнiң аузы батыр ғой. Дұрыс айтады. Жөн сөзге тұрмасақ, адамдығымыз қайсы? Ендi өткен қайтып

келмейдi. Болары болды, бояуы сiңдi дегендей. Менiң сендерге тартқан айыбым болсын, анада бағуға берген малдың iшiнен қалаған бiр сиырыңды ал!

Тұрғали самсоз боп тұрып қалды. Қара қатын маңдайы тасқа соғылғандай селт етiп, ернiн сылп еткiздi. Жаңа ғана мұны түтiп жердей боп тiкiрейiп тұрған түгi ақырын-ақырын жығыла бастады. Көнерген бетiне ойнап шыға келген ашу iзiн әлдеқандай қызыл толқын қуалап бара жатты. Мұны естiген әйел табан астында апалақтап:

— Ендi... былай... Мырза қайыным-ау, менiкi ұрғашылық қой. Баланың маңдайына жазылғаны сол да. Әйтеуiр, тесiк мойшақ жерде қалмас. Мына... жақсылығың құдайдан қайтсын, — дедi.

Тұрғали да ендi есiн жиып‚ кәукелектей бастады:— Қарағым, дұрыс айтасың, бас жарылса‚ бөрiк iшiнде, қол сынса‚ жең iшiнде деген. Ондай-ондай болады ғой.Сол арада қара қатын жөн тауып, қолымен бетiн шымшып:— Өйбүй, осы мен нағып тұрмын. Мырза қайныма шәй қояйын да, — деп iлгерi жүрдi.— Жеңiше, шәй дегендi кейiн iше жатармыз. Дастарханыңды жая қой, нан ауыз тиейiн, — деп Ережеп оны шаққа

дегенде тоқтатты. Атыз басына қара қатын жайған дастархан шетiне бiр тiзерлей отырып, күлге көмген кiр-қожалақ күлшенiң бiр шетiнен сындырып ап: — Пiссiмiллә, — деп аузына салды. Сосын ас қайыра сап Тұрғалиға қарады: — Тұреке, кеуiл кiрi айтса кетедi деген, нөпеңдi кеш. Мал бергенiмдi сәдеттемеймiн. Қанша дегенмен өз сiдiгiңнен жаралған баланың орны бөлек. Бiрақ амал жоқ. Өттi-кеттi. Ендiгi жерде құдай ағайыншылықтан жаңылдырмасын де.

— Өй, бәрекелде! Мiне сөз, — деп сас ниетi жоқ момын Тұрғали жылы сөзге бiрден қолқ етiп түсе кеттi.Мырзаның да күткенi осы едi. Шекпенiнiнiң шалғайын қағып орнынан тұра бердi.— Қонбады деп айып етпеңдер. Жата кетем десем қай үйден де көже быламық табылады. Бiр асығыс... шаруа

бабымен жүргенiм, — деп‚ ол атына қарай беттедi. Жақын кеп үзеңгiге аяғын сала берiп едi, кәукелектеген Тұрғали

Page 7: Uli Sel 2 tom

жүгiрiп кеп, қолтығынан демедi. Қара қатын ұзын, кең көйлегiнiң етегiне сүрiне-қабына жүрiп екiншi үзеңгiнi басып тұрды.

Ережеп кеуiлденiп сала бердi. Ат үстiне қонғасын, қаптамалы түйе жүн шекпенiнiң екi шалғайын қос тақымына қысып жатып, негiзгi шаруасын айтсам ба, айтпасам ба деп ойлады. Демде осы жылы шырай суымай тұрғанда, Тұрғалиды аузынан мақұл деген сөздi шығарып алса, ертең момын кiсiнiң табанына iс қағып тұрып бар шығынын құстырып алатынын пәмлеп:

— Ал Тұреке, — дедi дауысын созып. — Сүйек шатыс болмасақ та, кеуiлi түзу ағайынбыз. Бар болса, туысқа көмектескенге не жетсiн.

— Оған не сөз бар, — дедi Тұрғали елпiлдеп.— Сауынға сиыр бердiм дегендей.— Ол өзi... жақсы болды. Бала-шағаның аузы аққа тиiп...— Керек болса тағы да сауынға мал алып тұр. Оның ақысына мына құдайдьiң өзi өсiрiп жатқан, — Ережеп екi

бүктеулi қамшысымен тарыны нұсқады. — Астығыңнан қарассаң болды.— Мақұл, — деген сөздiң аузынан қалай шыққанын Тұрғали байқамай да қалды.Мырза олармен қоштасып, Тайпан‚ Дүзбай ауылдарына қарай сызып бердi. Нөкерлерiнен құрық тастам жердей озып

отырып, шаралы жүзiне ащы мысқыл шауып, мырс еттi. “Осы қазақ неге ұсақ?” — дедi iшiнен. Әлде жоқшылық кiсiнiң бар қасиетiн ада қыла ма? Айтпақшы, аса дәулет те адамды аздырмай ма? Сонда байлық пен кедейлiктiң адамшылыққа салмақ салар ауыр нәубет болғаны ма? Жоқ, әлде бiз оны тайыз түсiнiп жүрмiз бе? Не десең де , осы жолы берiммен ағайынның жүзiн жылытып алды. Құдай оңдап, жаңағы жерде шадыр Ерғалидың болмағанын айт, ол болғанда бiраз кердеңдеп бағатын едi. Ережеп қозғалақтап қойды. Осы кедей неге кер келедi, дедi өзiне-өзi. Олар iшерге ас таба алмай тұрып, бiреудiң ала жiбiн аттамадым деп мақтанады. Бұл өзi түптен келгенде, шикiлiк емес пе? Мына қым-қуыт тiршiлiгi көп дүниеде ақ етек ишан боп жүруi мүмкiн бе? Кiсiге тек қана жақсылық жасап, иман жайын күйттеу негiзiне көз салғанда, жасықтық емес пе? Неге кiсi кiсiге тек қана жақсылық жасауға тиiс? Сенiң жақсылық деп түсiнгенiң, басқаша ойлағанда жамандық боп шығар!? Асылы бұл өмiрде адамға ақыл айтудан ақымақтық жоқ. Ережеп қарап отырса, не ықылым замандардан берi дана кiсiлер ел-жұртты жақсылық ет деп үгiттеп келедi, бiрақ өмiр өз арнасымен ағуын тоқтатар емес. Демек, ақыл айтып сырттай тон пiшкеннен гөрi, сол қымқуыт тiршiлiктiң қалың астарына көз жеткiзiп‚ сырын алған жөн. Оны қазақ баяғыда-ақ түсiнiптi. “Замана түлкi болса — тазы боп шал”, — деп бас-аяғы бiр ауыз сөзбен айта салған. Ендi соны қайта тексерiп жатудың не кәжетi бар? “Кәжетi жоқ”, — деп Ережеп күбiрлей берiп едi, Шәки жалт қарап:

— Ненiң? — дедi.Ережеп оған аңыра қарады. “Мына сұм кiсiнiң iшiне кiрiп шыққаңдай ма?” Сосын тез жөн тауып:— Жәй әшейiн. Бiр ой түсiп, — дедi де, атына қамшы салды.Қатты жүрiп келе жатып, жақында Захваткиннiң айтқан бiр сөзiн есiне алды. Ол майдалап отырып, Iшкi Орда мен

Орта жүздiң кейбiр руларының ақ патшаның панасын сұрап, ант берiп, кәзiр олардың су мен жайылымнан таршылық көрмей отырғанын айтып, әлдененi жақауратып тоқтаған. Кiсi ниетiне кеуiлi жүйрiк Ережеп жорта аңқаусып‚ қолқ ете қалған. Осы жолы бекiнiске Орынбордан әдейi келген Тортайға араб әрпiмен қазақшалап, ант сөзiн жаздырып, өзiмен бiрге ала шыққан. “Олармен құда боп жабысып қалмаспыз. Бұған бармақ басқанда тұрған не бар? Оны қасиеттi құран дейсiң бе? Кейiн тана салу қиын емес қой?” — деп Хиуамен iрге ашысып алғасын, ендiгi жерде ақ патшаға арқа сүйеп сөйлескен де терiс болмас деп түйген. Дегенмен iш жағында жатқан бiр күдiк мазасын ала берген. Әкесi бұған үнемi: “Тiлi тәттi кiсi мен мiнезi қатты кiсiге сенушi болма”, — деп қақсайтын.

Кәзiр де ол мазасызданып iшiнен: “Адамды жақын тартып сөйлеседi екен”‚ — деп қойды. Iзiнше бойын жиып ап, ер үстiнде дұрысталып отырып, атына қамшы салды. Ат тұяғы далиып жатқан ай тақырға iлiккесiн Егiзқарада күздеуде отырған малды-жанды бай ауылдарға қарай соқтырта жөнелдi.

4

Араға бiр қонып, екiншi күнi дегенде Ережеп Егiзқараның кең жалпағына табан iлiктiрдi. Аттарды онша қинамайын деп, ауанымен жүрiп отырып, ұлы сәскеге таман малды-жанды бай ауылдың үстiнен құлады. Дүзбай ауылы маңайындағы жердiң оты тоза бастағасын, жақын арада жаңа жұртқа аударылып қонған екен. Бұлар алқа-қотан тiгiлген жұмыртқадай ақ үйлердiң ортасындағы ең ажарлы, бау-шуы келiскен сән-салтанаттысына қарай ат басын түзедi. Түсi бөтен қонақтарды көрiп, бiр жiгiт үлкен үйден шығып қарсы алды. Дүзбай үйiнде екен. Саптамалы, қалың табанды етiгiн жас балаша алдына ап, жiлiк майын жағып жатыр. Ережеп iшке “ассалаумағаләйкумын” әндете созып кiргенде, Дүзбай қысылып қап, етiгiн iрге жағына гүрс еткiзiп тастай салды да, май-май қолын берi ұсынды. Ережеп iштей жиырылды: “Малдан басқа дым бiлмейтiн сорлы. Кiсiнiң үстiн былғаймын деп те ойламайды-ау”.

Ережеп есiктiң қыр көзiнде тұрып етiгiн шештi. Қоржынынан көксауыр мәсiсiн алып киiп, аяғын сыздана басып төрге шықты. Дүзбай сыйлы қонақтың бүгiн осы үйге ат шалдырмақ ойы барын байқап, қызметшi жiгiтiне иек қақты. Ол шалдың ниетiн түсiнiп, сыртқа шығып кеттi.

Мырза қалтасынан шұбыртпалы бауы бар сағатын алып қарады. Бұл ана жолы орыс бекiнiсiне iшкерiлеп кiрiп, Хиуа қуғынынан жан сақтап отырғанында, ауылында қонып жатып Тортай төренiң Орынбордан арнайы әкеп берген сый-сияпаты едi. Қазақ арасына үрдiс бола қоймаған нәрсе талай сасық байларды жылан арбаған торғайдай қылатын. Дүзбай да аузын ашып қалды:

— Ережепжан, мынауың не, сағат па?— Иә, — дедi Ережеп жорта маңызданып.— Мұны қайдан алдың?— Орыс күбiрнәтiрi сыйға тартты. — Ережеп аздап өтiрiк қосып жiбердi. “Бұл оны... қайдан бiлсiн”.— Күбiрнәтiр? — Дүзбайдың жалпақ бетi қарауыта күреңiтiп, екi көзi быттиып шыға бастады. — Сонда... ана

Орынбордағы дәу ме?— Иә, дәл өзi.

Page 8: Uli Sel 2 tom

— Апырмай, ә, әкелшi өзiн көрейiн, — деп жасының ұлғайғанына қарамастан, әуестiгi жеңiп Дүзбай мұның қолынан қалта сағатты ап, әрлi-берлi төңкерiп қарады. Қызық көрiп құлағына басып тыңдады. — Ойбай, өзi тықылдайды ғой. Әй‚ осы орыстың ойлап таппайтыны жоқ. Адамнан басқасының бәрiн жасап жатыр. Анада Орынбордың базарына мал айдап барғанымда, сары ала киiм киген ұлықтарын көрiп ем. Өздерi бiр шеттерiнен шiренiп қалған екен. Айтары жоқ.

— Ендеше сондай дөкейлерiңмен бiрге тұз-дәмдес те болдық, — дедi Ережеп оны таңғалдыра түсейiн деп.— Қойшы?!— Қоятын iждемесi жоқ. Дүзеке, ағамның жайын өзiң бiлесiң. Дадабек сарт құтырып...— Ойбай, айтпа, — деп Дүзбай оның сөзiн бөлiп жiбердi. — Өзi... зекет деп, ұшыр деп‚ тағы басқа деп қазақтарды

талап бiтiп едi.— Соның аяғы... анадай болды. Ендi амал жоқ төменгi жаққа қарай ығуға тура келдi. Дүзеке, осы бiз орыстың

қарасынан бекер шошимыз-ау. Биыл мына Ырғыз жағын жайлағанда аздап сыр тартып байқадым. Өздерi, әсiресе, қитабан мұжықтары жайдақ келедi екен.

— Апырмай, ә, — дедi Дүзбай еңсерiле түсiп.— Сосын... орысқа бодан болған мына Орта жүздегi ағайындармен сөйлесiп едiм, олар ақ патшаны қазаққа жайлы

дейдi. Салықты жылына бiр-ақ рет алатын көрiнедi.— Мынаусы оңды екен. Иә, сосын?— Дiнiңде, әдет-ғұрпыңда шаруасы жоқ. Тек өзiң тиыш болсаң болды, — дедi Ережеп Дүзбайдың әңгiмеге

құлықтылығын байқап.— Ау, тиыш болмай қазақ ненi қиратып жатыр?— Өзiм де солай ойлайым. Бiздiң сол момындығымызды Хиуа ханы жасықтық көрiп, мойнымызға әбд ен мiнiп алды.

Ойына не келсе, соны iстейдi. Соның бәрiн тексерiп отырып, кейде... Дүзеке-ау, осы Орта жүздегi ағайындардан неге үлгi алмаймыз дейiм.

— Сонда... қалай?— Ол... былай... — Ережеп аздап қабағын түйдi. — Болса да Хиуадан таяқ жеп жатырмыз. Одан да сол таяқты жесек,

ақ патшаның өзiнен жесек кәйтедi?— Ойбай-ау, оның таяғы ауыр шығар?— Қой, ақ патша iжкiмдi атып, асып жатқан жоқ. Өзiм соны көрiп келдiм.— Қайдам. Оның қалай боларын кiм бiлген, — дедi Дүзбай мыңқылдап.— Iж қалайы жоқ. Осы өмiр — өмiр. Тек бiлетiнiм, орыс орам алса, бұ йаққа Хиуа қайтып жолай алмайды.— Ол түсiнектi ғой. Тек, қайдам...Ережеп Дүзбайдың сақтық жасап отырғанын сездi. Сосын өз ел iшiнде үгiт таратып жүр екен демесiн деп:— Кейде дерiн десем де, өзiм де неше алуан ойға батам. Адам аласы iшiнде деген. Кiм дүниенiң оң-терiсiне көз

жеткiзiп болған. Менiкi... жәй... былай жол таппай қиналғанда сүйтсек кәйтедi дегендiк ғой, — деп түлкi бұлтаққа басты.Дүзбай бұған көзiнiң қиығын тастады:— Бұл жөнiнде... ана би, батырлар не ойлайды екен?— Ойбай-ау, Дүзеке-ау, менi немене ел арасына үкiт таратып жүр дейсiз бе? Оларға сөзiмдi шығын ғып, не

басымның iскенi? Байқауымша, түбiңде ақ патша Сыр бойын алмай қоймайды.— Хиуа ханы оған көне қоя ма?— Көнбегенде қайда барады? Оның ақ патшаға әлi келмейдi.— Солай ма?— Солай, Хиуа түгіл, бүкiл үш жүздiң басын бiрiктiрсең де қазақтың шамасы жетпейдi... Осы... Құранда: “Күштiге

қызмет қыл” деген емес пе?— Иә.— Ойбай, намаз уақтысы болып қалыпты ғой, — деп Ережеп Дүзбайдың қолынан сағатын ала сап, орнынан

түрегелдi. Дiн жорасын қатты ұстамаса да, оның кейде сырт көзге момын мұсылман боп көрiнетiнi де бар едi. Әрi мына қолайсыздау әңгiменi үзуге сылтау таба алмай отырған едi.

Аздан соң шәй келдi. Ережеп өзiнен төменiрек отырған Шәки бастаған бiр-екi жiгiтке қарай күрең бауырсақты ысырып:

— Қарындарың ашқан шығар, алыңдар, — дедi.— Ана жiгiттерге шәй бердiңдер ме? — дедi Дүзбай жас тоқалына қарап. Ол бөтен үйге түскен Ережептiң

нөкерлерiн айтып едi.— Иә, — дедi шәй құйып отырған жас тоқал иiле түсiп. Оның басына тартқан ақ жiбек орамалы ажарын аша

түскендей екен. Ол өзiнiң сонысын iштей сезгендей‚ ау-тауық әдемi қара көздерiн аса жоғары көтермей, дастархандағы жент, шәй, iрiмшiкке салып қояды.

Ережеп мына сасық байдың жаңа түскен жас тоқалы мынадай сұлу деп ойламаған-ды. “Төркiнi жоқ-жұқа болды-ау. Әйтпесе мынадай үлбiреген гүлдi сақалы тер сасыған кәрi текеге кiм көзi қиып бередi?” Ол күлiмсiреп қойып:

— Дүзеке, мына Тайпан ауылының қайда отырғанынан хабарыңыз жоқ па? — дедi.— Неге хабарым болмасын. Ол кәзiр Төретамның қыр желкесiнде күзеуде отыр. Немене, оны жәйша сұрадың ба?— Жәй, әшейiн. Анада... келiнi үшiн дауласып жүргенi... былай, ойыма түсiп... Дүзбай қолын сiлтедi:— Өй‚ оны қой! Сырттай қодаңдағаннан басқа түк бiтiрерi жоқ. Болмаса жесiрiн кiм көрiнгенге бере ме? Сондай-ақ

ол, немене, тұғырдан түсiп отыр ма? — дей берiп, сөздiң бiр ұшы өзiне тиетiнiн байқап, Дүзбай тiлiн тiстей қойды.Ережеп iшiнен сылқ-сылқ күлдi. Бiрақ онысын сездiрмей:— Мен де сүйдейiм, — дедi де, елеусiздеу ғана: — Дегенмен әлгi сөзiңiздiң жаны бар-ау. Тәннен қуат қайтқасын,

пәлен-түген деуге бола ма? Тайпанның арғы аталары малмен көз ашқан шаруа кiсiлер едi. Қос қатын алу кедейге лайқат па? Атасы арғымақ болмағасын, оған шөп басынан қарғымақ қайда? — деп, сылқ-сылқ күлдi. Ол күнi ертең-ақ осы сөздiң Қарақұмды жайлап отырған Әлiм, Шөменнiң игi жақсыларына тегiс тарайтынын бiлiп едi.

Дүзбай сақалы шошаңдап, шиқылдап кеп күлдi:— Дәл айттың! Нәсiлсiз неме ғой қойдың көңiнен басқаны бiлмейтiн. Танауы жас қызғалдақтың иiсiн қайдан сезсiн!— Айтары жоқ, — Ережеп жас тоқалдың бiр қызарып, бiр бозарып отырғанын көрiп, кеуiлдене түстi.

Page 9: Uli Sel 2 tom

Дүзбай аяқ астынан кiлт ете қалды. Сосын сөзден сап тиылып, шаруа жайын ықылассыз сұрастырды. Ет үстiнде де қабағын онша аша қоймады. Жас тоқалын басқа үйге жiберiп, қонақтарға жолатпады. Тас қараңғы боп, ауыл дағдылы тиыштығын таба бастағанда ғана, жас тоқал iшке кiрiп, қонақтарға әйдiк ағаш тостағанға шұбат құйып бердi. Ережеп оған көз салмай, шұбатты басына көтерiп тастап, салулы төсегiне қисайды. Оған жақынырақ жерге Шәки жатты. Дүзбай сықырлауық есiктi мұқият жауып, басқа үйге кеттi.

Ережеп шалқасынан жатып, тырсиып шығып келе жатқан қарнын быртиған саусақтарымен сипалап, Дүзбайдың ақ тоқалын есiне алды. Жаңа ғаңа қаусаған шалдың жас жiгiттiң көзi түседi деп, тоқалын бұл үйге жолатпай қойғанын ойлады. Сосын өз жайына қарай ауысты. Кеше ғана бала сияқты едi. Кәпелiмде жiгiт ағасы болып қалғанын аңдаған да жоқ. Қырықтың төбесi де қылтиып көрiнiп тұр. Оның әр жағында жер ортасы жақын. Елуден бiр асқасын, қалған тiршiлiк желқайықша зулап өте шығады, деп шалдар зар илейдi. Мына тiршiлiктiң кемдi-күн қызығын көрiп қалғаннан артық ештеңе жоқ деп үгiт айтады. Олары рас болса, рас та шығар. Былтыр өзi төсек жаңғыртсам ба деп бiр мезгiл ауаланып та едi. Бiрақ Тайпан жесiрiнен айрыла қоймас деген. Сүйтiп жүргенде мұның алдын Жәнiбек орап кеттi. Iшi күйген бұл астыртын әрекет жасап көрiп едi, одан дәнеңе өне қоймады. “Ендi не iстеу керек?” — деп, ойланып ұзақ жатты. Есiне әлденеге Захваткин түстi. Сосын бүгiнгi әңгiмесiнен Дүзбайдың аяқ тарта бастағанын ойлады. “Әй, көнбес. Алдындағы малынан арғыға көз жiбермейтiн сасық шал ертеңгi күнiңдi нағылсын?” Ол түңiлгендей, қолың бiр сiлтеп, аударылып жатты. Сол қалпында қор ете түстi.

Ертесiне Дүзбай аулынан ұзап шыққасын: “Тағы кiмге барып үкiт таратсам?” — деп ойлады. Сосын қолын бiр сiлтедi. “Қой, өнбейтiн шаруаны қуалап болмас”. Ол ендi ат басын өз ауылы жайлап отырған Қарақұмға қарай туралап алды. Жолшыбай өз ойымен өзi болып келе жатып, жанындағы қарашыларына тiл де қатпады. Араға үш қонып, төртiншi күнi дегенде өз ауылы жайлап отырған жерге жақындады. Бұл кезде күз дендеп ене бастаған едi. Алдан аңқылдап салқын жел соғады. Төбеден төңкерiлген әйдiк кесе сияқты көк аспанда жабағыша ұйысқан қоңыр бұлттар әлдеқайда жөңкiле көшiп барады. Көктiң сонау бiр түпкiрiнен садақ оғынша үшкiлденiп, қанаттарын жай алып, жылы жақты бетке ұстаған тырналардың тыраулаған даусы келедi. Осы салқынның соңынан қаһарлы қыс ызғарын сезгендей бүрi кетiп, дiңдерi сидиып қалған жусан, алабұта, изендер жел өтiнде бүрiсiп тұр. Дала кеуiлсiз. Алыс жолдан арып-ашып келе жатқан жолаушылардың бiр түрлi жандарына жұмсақ, қоңырқай мұң салады. Ережеп те бүгiн бiр түрлi тұнжыраңқы. Оның жанын қыстау жайы қинап келедi. Дегенмен жылда Қызылқұмның жылы қойнауына үйренiп қалған малдың әлден-ақ салқын тарта бастаған Қарақұмды жерсiнбейтiнiн байқап, қыстың жайы есiне түсiп, қатты қиналған. Хиуа ханы соңына сұғын қадап отырғанда, бұған Қызылды көру қайда? Қырда қалуға болмайды. Кешеден берi жол үстiнде келе жатып, қырағы көзiмен не бiр от, ықпанасы көп жерлердi байқап көрген. Бiрақ бiрiне де кеуiлi тұрақтамады. Тек Үшқараның тұсы қиналған жанына аздап медеу болды.

Ол кешке жақын ауылына жетiп құлады. Қашан да екi бетiнен қаны қашып, ақ сұр тартып тұратын iлмиген әйелi Нағимаға шекпенi мен қамшысын ұстата сап, киiз үстiне отырып, етiгiн шешер ыңғай танытты. Нағима ыбылжып жүрiп, шекпен мен қамшыны керегенiң басына iлдi. Сосын мұның жанына жақын кеп, еңкейiп, етiгiн тарта бастады.

Ережеп шешiнiп болғасын, қолын шая сап, салқын қымыздың бiр тостағанын iше берiп едi, сол арада сырттан самбырлап сөйлеген әлдекiмнiң дауысын естiп, қалт етiп тоқтай қалды. “Мына бәтуасыз нағып жүр?” — дегенiнше болмады, түрулi жабықтан еңкейiп, iшке Тиышбек кiрдi. Ол шаң-шаң етiгiмен төсеулi сарыала көрпенiң үстiне ақ таңдақ iз қалдыра кеп амандасты да‚ бұдан төменiрек жерге жалп етiп отырып, малдас құрып жатып:

— Ережепжан, қалай, ат-көлiк аман келдiң бе? — дедi.— Шүкiршiлiк. — Ережеп ықылассыз тiл қатты.— Қарындасыңды құтты жерiне қондырды деп есiттiм. Жат-жұрттық боп жаралған баланың өз абырайы өзiнде

тұрғанда кеткенi жақсы, — дей берiп, Тиышбек кiлт кiдiрдi. Типиған қара бетi бiр түрлi боп күреңiтiп, екi шықшыты бүлк-бүлк етiп, қысыла тыржиды. — Не де болса, баратын жерiне барып тынғаны дұрыс бопты. Мына Мазбұзаубай бұл пәниде кесiлмейтiн желi, тесiлмейтiн келi жоқ дептi ғой.

Ережеп iштей тыжырынды: “Өй, қасиетсiз!” Тиышбек ендi оң жақтағы қара сабаны пiсiп жатқан Нағимаға мойнын бұрды:— Келiнжан, қымызыңнан құя салшы. Тiлiм таңдайыма жабысып тұр. Ережеп мырс еттi:— Шамасы шаруаң ауыр-ау?!— Ойбай, айтпа, — дедi Тиышбек ыржалақтап. — Осы бүгiн үйiмдi көрмегелi бiр ай болды. Жайлы қыстау iздеп,

бармаған жерiм жоқ.— Жаңа қыстаудың саған не керегi бар?— Ойбай-ау, Ережепжан, бұ не, ойының ба, шының ба? Көк желкеме Хиуа әспаһани қылышын тақап тұрғанда,

Қызылды қалай қыстайым? Құдайға шүкiр, он шақты уақ жандығымыз бар дегендей. Одан айрылсам, ертең шиеттей бала-шағаны қалай асырайым?

Ережеп басына бiр ой түсiп, кенет бұған қулана қарады:— Сен осы... мал табуға қалайсың?— Ойбай, болып жатса, кәнеки...— деп, қызылдың иiсiн сезген Тиышбек көре көзге бар қасиетiнен айрылып,

жалпылдады да қалды. — Ережепжан, жұмсайтын жер тапсаң, оған мына жаман ағаң оң қолдай ғой. Е, о не өзi?Ережеп азырақ iркiлдi. “Айтсам ба, әлде айтпасам ба? Ана Шәкиi түскiр былқылдай бастады. Мұндайға... осыдан

қолайы жоқ”.Тиышбек мұны айнып қалады деп ойласа керек, осы кезде Нағима әдеппен ұсына берген қымызды ала сап, алдына

тез қойып, құйрығымен берi ысырылып отырды. Сосын қайқы ерiнi түрiле түсiп:— О не? — дедi.— Ол... жәй нәсте. — Ережеп қабағын шытты...— Сол жәйiнiң өзi дұрыс. Қиынына салардай немене менi жау қайырар батыр дейсiң бе?— Онда... — Мырза тамағын кенедi. — Ана Тұрғалимен арамызда уәдемiз бар едi. Ол маған сауынға алған сиырлары

үшiн астық берем деп едi.— Қанша қап?— Жерма қаптай.— Болсын. — Тиышбек екi алақанын бiр-бiрiне соғып, шарт еткiздi.

Page 10: Uli Sel 2 tom

— Қасыңа Шәкилер ередi. Астықты түйеге артып, Үшқараға жеткiзесiңдер.— Ақысына не бересiң?— Ендi... оны көре жатамыз ғой.— Жоқ, Ережепжан, кәзiр ағаң шаруаға шындап қараған. Кәзiр босқа қарап жүрер заман ба? Ақысын алдын ала кесiп

айт.Ережеп: “Мынау тағы да бiр керегiме жарар. Тұрғали көп болса он бес қап тары берер. Жиырма қабын мынау тартып

алғандай қылса, менiң қай бiр ақы-пұлым күйiп бара атыр”, — деп ойлап:— Мақұл, келiстiк. Соның iшiндегi бiр қабы сенiкi,— дедi.

Ертеңiне Шәки, Тиышбектердi астық әкелуге жiбергесiн, Ережеп Ырғыз бекiнiсiнiң бастығы Захваткиндi, жас поручик Тортай төренi қыстауға көшпей тұрып, қонақ қып, сыйлап жiбергендi жөн көрдi. Iшкi есебi бойынша, кәзiр параның гүрлеп тұрған кезi. Бастықтың кеуiлiн берiммен табудан басқа жол жоқ. Қолыңнан келсе, бет-аузыңды жылмита күлiп, жағынып қал. Өзiң иiлмесең, саған ешкiм иiле қоймайды. Әрi, арам есебi бойынша, бұлармен байланысқасын, iшiнен таңдап жүрiп, ноқтаға толық дегенiн ұстау керек.

Осы ойы қамшы болып, ол сол күнi Ырғыз бекiнiсiне екi жiгiттi шұғыл шаптырып жiбердi.

5

Нарман келiн түсiрген тойын әдеттегiдей көп ырғап-жырғап жатқан жоқ. Бiр малын сойып, аяқ жетер жердегi жақын-жуық кiсiлердiң басын қосып, батасын алды да қойды. Тек Қалмырза мен Ағлес қыңқылдай бергесiн, күңкiлдеп жүрiп ауыл жастарына бөлек, мөлдек той жасады.

Жастар кешке жақын тегiс жиналды. Думаншыл қыз-жiгiттер өздерiне деп арнап тiгiлген алты қанат ақ үйдiң iшiн лезде ән-жырға толтырды да жiбердi. Әсiресе, осы тойға арнайы келген Нияз көктен тiлегенiн жерден тауып, ала таңға дейiн жыр жырлаудан танбады. Ол домбырасын бiрде қаттырақ дауылдата қағып, бiрде қоңырлата шертiп, осы өңiрдiң елi атам заманнан бермен қарай жадқа бiлетiн не бiр өсиетке толы жыр-терменi бiрiнен соң бiрiн айтып, қоңырқай тартқан отырыспаны бiр көтерiп тастады. Оған мына жақтан Ағлес қосылды. Ол бүгiн туған ағасының тойы болғасын әдеттегi қысылып-қымтырылғанын қойып, өрiктен шапқызған домбырасының құлағын келтiрiп алып, жiгiттермен жарыса өнер көрсетiп отырған-ды. Қыздың сымға тартқан күмiстей нәзiк дауысы таза, бiр түрлi сүйкiмдi екен. Нияз бен екеуiнiң адам жанының алыс-алыс түпкiрiн қытықтап, қай-қайдағыны еске түсiрер ән-жырына елтiген, сары қарын тартып қалған әйелдер, жас келiндер босаға жақта ошарыла отырып, көздерiн бiр-бiр сығып алысты.

Той ұзарған сайын Нарман жаны қалмай, дызығып бiттi. Iшiнен: “Өй, өңшең жырқылдақ! Осылай ендi бiр күн отырса, қара орманымнан дым да қалмайды ғой”, — деп күңкiлдеп, сыртқа бiр кiрiп, бiр шыға бердi. Бiрақ әдеттегi қатал әмiрiн ете алмады. Шалының тымырайғанына бұ жолы бәйбiшесi қараған жоқ.

— Ережеп берген мал болмаса өлесiң бе? — деп, ол бiр өзi билеп-төстеп кеттi.Нарман бiр есептен бәйбiшесiнiң қолы ашылғанын терiс көрмедi. Қараүйде қисайып жатып, Нияз бен қызының қатар

созыла шыққан дауыстарын естiп, әлдеқандай тәттi қиялға шомды. Сәтi түсiп, Сағынайдай дүмдi жермен құда бола қалса, бiрер жылдың iшiнде баяғы көп байлықтың қайта айналарын сезiп, өз-өзiнен күлiмсiреп қойды.

Қалмырза жастар жағы дуылдап, кеуiлдене түскен сайын, бiр түрлi боп ыңғайсыздана бердi. Әнеукүнi әкесiне қарсы тiл қата алмағанына өкiндi. Ережеп әкесiнiң қол-аяғын малмен шырмап, бұған абыройы айрандай төгiлген қарындасын өткiзiп кеттi. Ендi бұл басқа тәннiң қызығын көрген қызбен қалайша бiр төсекте ұйықтайды? Оны қалайша емiренiп, бауырына баса алады? Соны ойлағанда, Қалмырзаның тұла бойын әлдеқандай ыза билеп кетедi. Дiр-дiр етiп, iшiнен әкесiне кiжiнедi. Тек басқа iстейтiн амалы жоқтығын сезiп, намысы қанша күйсе де, дымын сыртына шығармай, iшiнен тынады. Ол бүгiн де селсоқ отырды. Қанша кеуiлденейiн десе де, еңсесiне зiл батпан жүк артқандай, тұнжырай бередi.

Түннiң бiр уағы болғанда, жастар “қалау-қалау”, “жолдас-жолдас”, “хан” ойындарын ойнады. “Айыптылары” жаза тартып, жыр жырлап, ән шырқап, кеуiлдi дуылдан бiр тынған жоқ.

Ертесiне той тарқайтын уақыт та жақындады. Қымызға қызып алған кеуiлдi жастар ортасынан бiр өлеңшi жiгiттi шығарып, Зағипаның бетiн ашпақшы болды. Отау жанында зыр жүгiрiп жүрген бiр жас қатын ернiн сылп еткiзiп, көзi бақырайып, iшке қайта кiрдi. Сол кезде енесiнiң:

— Құдайдың өзi ашып тастаған нәстесiн қайтып ашып нағылады? — деген наразы дауысы шықты.Бiрақ жастар оны тыңдаған жоқ. Басына көлдей қызыл жiбек орамалды малына жамылған Зағипаны екi келiншек

iштен қолтықтап шығарды. Бiр қуақы жiгiт қызыл орамалдың бiр ұшын ұзын таяққа байлады да, екiншi жiгiттi ортаға сүйрегендей ғып әкелдi. Бет ашатын жiгiт таяқты қолына ұстап тұрып, дағдылы жырды шұбырта жөнелдi. Әуелi жас келiндi ата-енесiне, қайнаға, жекжаттарына бiр-бiр иiлте сәлем еткiзiп алды да, бұрыннан жол боп келе жатқан өсиет сөздердi жырлап айтып шықты. Ақырында өзiне бiр сәлем еткiзiп, орамалдың ұшына түйiлген нәрсенi шеше бастады. Сол арада Нарманның бәйбiшесi кеп, жас келiннiң басынан қызыл орамалын алып, ақ жаулық салды. Жүзiн кiсiлерден төменшектеп, сырт салып тұрған Зағипа сыңсып жылап жiбердi. Оған қамкеуiл бiр-екi келiншек қосылды. Жастар оларды қалжақ қылып күле бастады:

— Әй, сен қатындарға не көрiндi? Үйтерлерiң бар, байға тимеңдер.— Кетшi әрi, қағынғыр, — дедi бiр келiншек қайнысын бүйiрiнен шымшып.— Оныңды... түнде көрсем-ау...— Өш, жетпегiр! — Келiншек бетiн шымшып, жорта ұялған боп, жұдырығымен қылжақбас қайнысын төмпештедi.Күн түске тармаса той тойлаған жастар ауыл-ауылдарына тарқай бастады. Үкiлi бөрiктi, сәндi киiнген топ аттарына

мiнiп, жаңқ-жаңқ сөйлесiп, ара-арасында кең даланы жаңғырықтыра ән айтып, апысы кiрiп, күпiсi шығып жатқан ауылдан ұзай бердi. Қалмырза мен Ағлес қонақтарын бiр көш жерге дейiн шығарып салды. Олар Сортүбектiң тұсынан қайық жалдап, дариядан өткесiн барып, керi қайтты. Ара-тұра сауықшыл жастарды қимағандай Ағлес арт жағына жалтақ-жалтақ қарап қояды. Арғы бетке өткен жiгiттер бiр шырқай салар әндi созып, жапан даланың жаңғырықтырып, ұзап барады. Ағлес күрсiндi. Қалмырза не iстерiн бiлмедi. Астындағы атын сипай қамшылап, сары аяңмен келедi. Ол бiрде өзiне қараған қарындасының бiрдеңе дегiсi келетiнiн байқап, ерiксiз мойнын бұрып алды. Басындағы құндыз бөркiнiң ұзын, шошақ үкiсi жай бұлғаңдап келе жатқан Ағлес бiр түрлi ойлы кейiппен:

Page 11: Uli Sel 2 tom

— Аға, жайыңды бiлем ғой, — дедi. — Бiрақ ол қасқаның не жазығы бар? Қыз деген бүгiнде күштi кiсiнiң тiсiне сап шағатын жаңғағы болып тұрған жоқ па?

Қалмырза ыңғайсызданып үндемедi. Ағлес қайта сөйледi:— Ендi неде болса ештеме сездiрме. Болары болып, бояуы сiңген нәстенi қайта қазбалаған жiгiтшiлiкке жатпайды.— Қайдам. — Қалмырза күрсiндi. — Бәлкiм, сенiкi де дұрыс шығар. Оны... жазғырғаннан не өнедi?— Не өнсiн? — деп Ағлес ағасына жадырай қарады. — Өзiм де сенi сүйдер деп едiм. Әрине, өзi... бiр түрлi... қиын да

ғой. Бiрақ амал қайсы? Оның үстiне әкесi анадай боп кеттi. Асылы осы жерде бiзден сөз шықпағаны мақұл. Кейiн... қара айналғасын, өзiңе осы елдiң мынау деген сұлу қызын алып берем, — деп Ағлес аппақ тiстерiн көрсете күлдi.

— Болсын, — деп, Қалмырза да ерiксiз күлдi. Сол екен, кешеден бермен ашылмай жүрген қабағы жадырап сала бердi де‚ атын тебiнiп қап, шоқыта жөнелдi.

Оған Ағлес қосылды. Астындағы күрең атты қамшымен остырта тартып-тартып жiберiп, суырылып шаба жөнелдi. Қалмырзаның да делебесi қозып, қарындасының iзiнен қуды. Сүйтiп, екеуден екеу жапан даланың төсiн дүсiрлетiп, айқай сала жарысып, заулап келе жатты. Тек ауыл iргесiне жақындағанда ғана ентiккен аттарының бастарын тартып, жай аяңға көштi.

Нарман баласына қатты кейiдi:— Саған немене жын көрiндi ме атты алаөкпе ғып? Аяғын iндiгешке тығып ап, ақсап қалса, кәйтесiң?Қалмырзаның баяғыдан берi iшiнде берiш боп жатқан ренiшi дәл осы арада бiтеу жарадай жарылып, сыртына бiр-ақ

шықты.— Ақсаса, арам қатсын! — деп, жерге қарғып түсе сала, қарулы қолын қысқа сермеп, қамшымен атты қақ басқа бiр-

ақ тартты. Ат шұрқырап кейiн шегiндi. Ашуланған Қалмырза тағы да ұрды. — Саған керегi осы мал ма? Мә, ала ғой көпсiнген атыңды!

— Әй, өшiр үнiңдi! — дедi Нарман ақырып.Қалмырза әкесiне қарсы сөз айтпай, атын тағы да шықпырта бiр тартып, тiзгiндi қоя бере сап, отауына қарай беттедi.

Iшке ызғарлана кiрдi. Мұны көрiп‚ қара торы жүзiне үрей шапқан Зағипа отырған орнынан абыржи түрегелдi. Қалмырза келiншегiн қыр арқадан бiр тартқысы келдi де, есiне қарындасының сөзi түсiп, өзiн-өзi шаққа тежедi. Сосы қолына екi бүктеп ұстап тұрған қамшысын iрге жаққа қарай лақтырып жiберiп, келiншегiне тура қарамай, босағаның көзiне сылқ етiп отыра кеттi.

Зағипа самсоз. Не iстерiн бiлмей, баяғы орнында қалшиып тұр. Оның қара торы әдемi жүзiне дем арасында әлдеқандай абыржу, қорқу мен бимәлiм мұңның iзi шаба қалған.

Түн болды. Бүкiл отбасы боп, кешкi асты үлкен үйден iштi. Күндiзгi ашуынан басылған Нарман оң жақта шекпенiн арқасына желбегей жамылып отыр. Одан төменiректе отырған бәйбiшесi ақ жаулығы қақырадай боп, сақина толы саусақтарын көрсете түсiп, етке қолын ерiне созады. Қалмырза үнсiз. Ағлес қана қырысқан кеуiлдердi жiбiткiсi келгендей, қайдағы-жоқты бiр айтады.

Шәй келдi. Зағипа ерiнен төменiрекке жайғасып, ақ шәйi орамал тартқан басын ие түсiп, жүзiн жартылай көрсетiп, шәй құя бастады. Алғашқы құйған шәйi болса да, жас келiн қызылын сарқып алмай, әлсiн-әлсiн демдеп әкеп, ата-енесiнiң сынағынан сүрiнбей етiп шықты.

Тамақтан соң Қалмырза ақ шымылдық iшiне салынған төсегiне құлықсыз кеп жатты. Әуелгiде жат кiсi арамдап кеткен жерге аунағандай тұла бойы түршiгiп, бiр түрлi болды. Әрлi-берлi аунақшып, басының мыңғы-дыңғысы шықты. Сол үстiне бiр жеңгесi қолынан жетелеп, шолпысын сылдырлатып, Зағипаны алып кiрдi. Келiншектi шешiндiрiп, бiрдеңе деп сыбырлай сөйлеп, сыңқ-сыңқ күлiп қояды. Бiрде шымылдықтың етегiн көтере берiп, қылжақбас жеңге аузын мұның құлағына тақап, демi оттай жанып, дөрекi қалжың айтып, аш бүйiрден шымшып алды да, сызылып сыртқа шығып жүре бердi.

Зағипа әуелi состиып аз тұрды. Сосын неге болса да бой сұнғандай, ақырын қозғалып кеп, бұл жамылған көрпенiң шетiн көтерiп, жанына жатты. Қалмырза оны әдепсiздiк санап: “Кiсi көргендiгiне бақты-ау”, — деп ойлады. Зағипа ақырын күрсiндi. Кенет соза берген аяғы мұның санына тиiп кетiп, лезде тартып ала қойды. Қалмырза дiр ете түстi. Iшiнен жазығы жоқ қызға деген бiр аяныш бас көтерiп келе жатты. Демi ысып, әлдеқандай түсiнiксiз бiрдеңе тұла бойында ойнақ сап, мұның басын ерiксiз келiншекке қарай бұрды. Тынысы жиiлеп, көзiнiң алды қарауытып кеткен сияқтанды. Әрi мына бiр сәт өзiнiң талай түн бойы армандаған сәтi екенi есiне түсiп, қуатты жас тәннiң терең түкпiрiнде бас бұғып жатқан бiр уытты сезiм бас көтерiп ап, ендi оны еркiне қоймады. Қалмырза дiр-дiр етiп, жақындай түсiп, қарулы қолдарымен келiншегiн құшақтай алды. Зағипа өлуге де қайыл болғандай былқ-сылқ. Бұл төсiн оның төсiне жабыстырып, маңдайынан сүйе бергенiнде, ернiне тиген ашқылтым дәмдi сездi. Оның жас екенiн бiлiп, Қалмырза күнi бойы қолдан жасаған бар қаттылығынан айрылып, бордай үгiтiле бастады. Тағдыры талқыға түскен жазықсыз жанды құшағына қаттырақ қысып, жеркенбей, бауырына құштарлана басты. Сол сәтте алпыс екi мүшесiн иiтiп ойнақ салған алапат нәпсi есiн жиғызбай, арада көзге көрiнбей жатып алған кедергiнi тас-талқан қып, жауын аңсаған құнарлы топырақша тусыраған екi жас тәндi табыстырып та жiберген едi...

6

Тиышбек жаман атын борбайлатып, шоқырақтатты да отырды. Ол Ережеп бар ерiктi бiр өзiне берiп қойғасын, ақиланып, Шәкидi тыңдамай‚ оның: “Әлi жол алыс. Соншама асығатын не бар? Көлiктi қинамай, жолшыбай сыңсып отырған бай ауылдарға қона жатып барайық та”, — деген сөзiне құлақ аспады. Ер үстiнде қоқиланып отырып ап, ұзақты күнге өзi де тыным таппады, өзгеге де тыным таптырмады. Көлiктерiн қансорпа ғып, үшiншi күнi дегенде бес-алты түйе жетелеген шолақ көш Түбектiң жалпақ табанына кеп құлады. Көктемде тасыған кезде Сырдың жойқын суы арнасынан шiрей шығып, жайылып кеткен бұл жалпақ көлтабанында ел бар. Әсiресе, Әбдiржан ахун бала оқытам деп, мешiт салып, осы жердi қоныс еткелi өткен-кеткен көшпелi жұрт бiр соқпай өтпейдi. Бала оқытып, өз алдына жеке үй тiгiп, жатқан кәрi-құртаң кiсiлер де баршылық. Әбдіржан ахунның iшiп-жейтiнi халықтың мойнында. Баласын дiн оқуына берiп, тiл сындырсын деген кiсiлер iшiп-жемге деп малы мен қара азығын үйiп-төгiп кетедi.

Түбектiң иек артпасынан шыға келгенде, топтың алдында оқ бойы озып отырған Тиышбек ойланып, әлденеге ат басын тарта қалды да, көзiн сығырайтып, осы арадан төбесi көрiнiп тұрған мешiтке қарады. Сосын:

Page 12: Uli Sel 2 tom

— Әйдә, кеттiк! — деп, жаман атын қамшымен бiр тартты.Шәки мына бәтуасызбен тәжiкелесудiң пайдасыз екенiн бiлiп, оның iзiнен үнсiз ердi. Жiгiттер де наразылығын

сырттарына шығармай, тоң-торыс қалпы жүрiп келедi. Ақыры бiрi шыдамай:— Мынау неме бiздi алаөкпе ғып сүрiндiрiп жығылтатын болды-ау, — дедi.Оған екiншi жiгiт қосылды:— Айтпа бала. Осы жолы басшымыз келiсiп кеттi.— Аузымыздың салуы бар десеңшi.— Салық жинайтын кiсiнiң аузы салымды болмаса, — деп үшiншi жiгiт сөзiнiң аяғын жұтып тоқтады.Шәки үндемедi. Кеше осы жолға шығарында Дархан тағы да ырза болмаған. Оның үстiне биыл жаз бойы Хиуаның

сарбаздарынан қашқан Ережеп ауылынан жырылып кете алмай, сағанағы салдырап, көштi де жүрдi. Мұндай берекесiз тiрлiк отбасының зықысын алып бiттi. Аяғы ауырлаған сайын келiншегi жиi көшiп-қонғанды жаратпайтынын анық айтты. Оның бәрiн бiлсе де, Шәки iшiнен тынған. Кәзiрде де өз жайын ойлап келедi.

Тиышбек Әбдіржан ахунның мешiтiнiң тұсына жете бере атынан жерге топ етiп түсе қалды:— Ақынға сәлем берiп шығайық.Сосын атының шылбырын бiр жiгiтке ұстата сап, аяғын ордаңдай басып, iшке кiрдi. Басына сәлде ораған, қиық

мұртты, шоқша сақалды, бет пiшiнi арғы тегiнiң Шарқы жұртынан шыққанын айқын аңғартар Әбдіржан ахун кең тамда алқа-қотан боп, жүресiнен отырған қылқандай балаларға әрiп үйретiп жатыр екен. Ол әндете сәлем берiп, кiрiп келген мұны көрiп, басын әнтек бұрды да, көзiмен амандасқан болды. Тиышбек оны азсынып:

— Уа, пiрiм, сау-сәләмат барсың ба? — деп, күректей қолымен Әбдіржанның шидей аппақ саусақтарына жармасты. Табан астында дiндарлығы қозып кетiп, жұқалтаң ернiмен ахунның қолын сүйiп-сүйiп алды.

Әбдіржан жеркенiп, суланған қолының сыртын жiбек шапанының шалғайына сүрттi:— Иә, Тиышбек, мал-жан аман ба?— Шүкiршiлiк, Әбеке.— Оу, қайдан келесiң?— Әй, молдеке-ай, қайдан дерiң бар ма? Мал тауып, қызыл қарын жас баланың қамын жеп жүрген ғой. — Ойбай-ау, одан артық не керек? Аллатағалам еңбек сүйген құлдарын жақсы көрген.Тиышбек Әбдіржанның жылы шырай бергенiне ырза боп кетiп, тiзерлеп отырған жерiнен iлгерi жылжыды:— Әбеке, осы бала оқытқанға не аласың?— Не алайын? Оны халықтың өзi бiледi. — Әбдіржан өткiр қара екi көзiн тура қадады. — Немене, бала оқытайын

деп пе ең?— Былай... өзi... — Тиышбек мүдiрдi. Биыл ол жаз басында-ақ үлкен ұлын молданың алдын көрiп, хат танысын, кiм

бiледi, миы алып, кейiннен молда боп, iшiп-жемiн ел үстiнен таба ма деп ойлаған едi. Бiрақ оны пiсенттеп жатуға мойны жар бермедi. Әрi оңашада кiрiс-шығысын есептеп отырып, оған төлейтiн малы да осал болмас-ау деген. Ендi ол шыбындаған ешкiше қыбыжықтап, Әбдіржанға ыржия қарады. — Молдеке, осы менiң сiзге қойсам ба деген бiр сауалым бар едi.

— О не? — Әбдіржан таңданды.— Осы ғой сiздер обал, сауап жайлы көп ойлайсыздар. Менiң жаман түсiнiгiмше, обалды көп жасаған кiсi ертең

тозаққа, ел сауабын алған жұмаққа барады ғой?— Әлбәттә, — дедi Әбдіржан басын шұлғып.— Сонда мына сiздiң бала оқытқаныңыз да сауап па?— Әрине. Бiр мұсылман бiр жәһилдi дiнге өткiзсе, одан артық сауап жоқ.— Сонда дейiм-ау... былай... менiң таңғалып жүрген бiр нәстем, сауап қана керек болса, осы оқытқаны үшiн ақы алу

шариғаттан тышқары емес пе?Әбдіржан мүдiрiп қалды. Тез арада жұқа қабағына кiрбiң қонып, ол қозғалақтай берген бiр баланы:— О доңыз! Тиыш отыр! — деп, жанындағы солқылдаған жас шыбықпен қыр арқадан остырта тартып жiбердi. Бала

ыршып түстi. Сонда да жыламай, көзiн жерден көтере алмай, төмен қарап иiле бердi. Әбдіржан шыбықты орнына қойып жатып: — Уа, құдайдың құлы, — дедi Тиышбекке қарап. — Дiн кiсiлерi iжкiмнен iждеме дәметпейдi. Халық өзi берiп жатса, керi қайырмайды.

— Ендеше, молдеке, үйде бiр тентегiм бар едi. Менiң сыңсып жатқан қай бiр малым бар? Соны ақысыз-пұлсыз қара танытып берсеңiз кәйтедi?

Әбдіржан бұған ойлана қарады:— Жасы қаншада?— Бiр мүшел толды.— Жоқ, болмайды. Тiлi қатайып кеткен.— Ойбай-ау, қатайған тiлдi... былай, иiп, созып...— Жоқ, болмайды. Тиышбек iшiнен: “Нағылған-ау”, — дедi. Ендi бұл шаруасының бiтпейтiнiн бiлiп, қабағы түсiп, бастары қылқиып

отырған балаларға жағалай қарап шықты. “Бүйтiп көкала торғайдай боп таяқ жегiзгенше, балама қой бақтырсам кәйтедi?” — деп, орнынан атып тұрды да, аяғын асығыс басып, сыртқа шығып, атына мiндi. Оның Әбдіржанға ызасы келгенi сонша, маңайына жолап, жөн сұраған жiгiттерге көз қырын да салмады. Сол пәтiмен Кеңтүптiң қойнауындағы тарысын орып бiтiп, ақтап жатқан Тұрғали, Ерғалиларға жетiп барды. Олармен ықылассыз амандасып, атынан жерге топ ете түсе қап, күн сәулесiне алтынша шағылысып жатқан тарының бiр талын жұлып ап, үгiп, дәнiн алақанына салып қарады. Сосын одан үш саусағының ұшымен бiр шөкiп ап, аузына салып, малжаңдап шайнап көрiп тұрды да, сүйсiнгенiн жасыра алмай, Шәкиге қарап:

— Оһо! Тоқшылықтың көкесi мұнда екен ғой, — дедi. Сосын одыраңдай жетiп кеп, Тұрғалиға құсы түсiп: — Кәне, астықты қапқа сал, — дедi.

Мына топтың тегiн жүрмегенiн сезсе керек, Тұрғали жүзi күреңiтiп, кекештенiп қалды:— Не, неге?— Негесi нес? — дедi Тиышбек қоқиланып. — Сиырының сүтiн айран ғып iшкенде жақсысың, ақысын төлеуге

келгенде неге дейсiң? Ол болмайды. Менi Ережеп мына жiгiттерге басшы ғып жiбердi. Жерма бес пұт астық берсiн дедi.

Page 13: Uli Sel 2 tom

— Жерма бес?! — Тұрғали шошып кеттi. — Ау, оны берсем қыстай өзiм не iшем?— Онда менiң шаруам жоқ. Бол тез!— Әй, бөдененiң айғырынша қыт-қыттайтын сен кiмсiң? — деп осы арада екi көзi шапыраштанып, қызба Ерғали

жетiп кеп, Тиышбектiң жағасына жармасты. Тиышбектiң жаны қара бақайына кеттi. Арық қолымен оның бiлегiне жармасқанынан түк те өнбедi. Жүзi қап-қара боп түтiгiп, манжамды саусақтарды жаза алмаған ол әрлi-берлi бұлқынып, жаман даусымен барқырап:

— Ойбай, өлдiм! — дедi.Шәки осы кездi күтiп тұрған-ды. Ол атынан түсе қап, аяғын тез басып жетiп кеп, шалт қимылдап, Тиышбектiң

жағасына жармасқан Ерғалидың қолын қатты ұстап, оны керi тартты. Әуелгiде Ерғали бола қоймады. Содан кейiн Шәки оның қолын жұлқа тартып, Тиышбектiң көйлегiнiң жыртылған жағасына қарамастан, тез ажыратып алды. Өзiне алара қарап, боқтағай жөнелген Ерғалидың шүберектi қыса ұстаған қолын керi қайырды да, өзiн қыр арқасынан әрi қарай қатты итерiп жiбердi. Ерғали жел соққан қаңбақша аяғын әнтек-тәнтек басып барып, анадай жерге етпетiнен құлады. Сол екен, өзiнiң жағасының қуатты уыстан босанғанын бiлiп, аузы көбiктенiп, әке-бабадан берi қарай боқтаған Тиышбек жетiп барып, жерден ендi тұра берген Ерғалиды iшiнен бiр тептi. Соны көрiп Шәкидiң жыны қозып кеттi. Тепкiнi ауырсынып, ала құртша жиырыла қалған Ерғалиды екiншi рет тебе берген Тиышбекке жетiп барып, шапанының желкесiнен бүре ұстап, керi тарта түсiп, оны айналдыра лақтырып жiбердi. Дем арасында не болып, не қойғанын аңдамаған Тиышбек бақырған қалпы шеге топыраққа томп етiп құлап түстi. Дереу әке-бабадан боқтап, орнынан тұра берем дегенiнде, Шәкидiң қамшысы арқасынан тиiп, етпетiнен құлады. Сол екен, ол екi қолымен басын қорғап:

— Әй, ит, саған не көрiндi? Мырза жiберген уәкiлдi сабайтындай сен кiмнiң шiкiрәсiсiң‚ а? Осыдан барғасын ба, мырзаға айтып... сазаңды тартқызбасам, Тиышбек атым құрып кетсiн! — деп‚ айғайлай сөйледi.

Шәки оның сөзiн құлағына да асқан жоқ. Ол ендi демiн жиi-жиi алқына алып тұрып, Тұрғалиға бұрылды:— Тұреке, бiздi мырза жiбердi. Баяғы шаруа ғой. Өзiң бiлесiң... Баста жоламау керек едi. Бiр жолағасын, ақысын

төлемей болмайды. Тұрғали не iстерiн бiлмедi. Осы кезде орнынан тұрып, үстi-басын қағынып жатқан Ерғали бұлар жаққа ызалана көз

тастап:— Баста сол сұмға жоламайық демедiм бе? Ендi бермей көр? Ол астығыңды табаныңа iс қағып тұрып алады, — дедi

де, қолын бiр сiлтеп, жертөле жаққа қарай бұрылып жүре бердi.Үстi-басы ала шаң болғанына қарамай, орнынан түрегеле сала бұларға жетiп келген Тиышбек күшiне мiнiп:— Мынау шiрiк кәйтедi, әй? Менiң ханның сары ала тонына бергiсiз кiреукелi жағамды жыртып... қайқайып бара

атқанын қарай гөр! Осыдан ба, осыдан сен пәлемдi көрiп алармын! Өй, көргенсiз! Өй, оңбаған! Кет, құры! — деп, ол тез иiлiп, жерден бiр уыс топырақты алақанымен көсiп ап: — Тiпә, тiпә, пәләкәт! Сұрың құрысын! — деп, Ерғалидың соңынан шашып жiбердi. Сол екен, ала шаң бұрқ ете қалды. Тиышбек ендi оған қарамастан, Тұрғалиға қоян көрген бүркiтше шүйлiктi: — Өй, сен де бiр! Диханшы‚ диханшы дегенге паңқып! Саған Ережеппен әмпәй бол деген мен бе? Кәне, мәнтәй-шәнтәйды қой да, беретiн астығыңды қапта!

Бұлардың рәһимсiз түрiн көрген Тұрғалидың ажарсыз қара қатыны сол арада екi жеңiнiң сауыс-сауыс шынтағына дейiн түрiлiп кеткенiне қарамай, екi қолын көкке созып:

— Қу шұнақ құдай-ау, бiз қасқаға көрсеткен бұ қай қорлығың? Мыналар бар астықты тақырлап кеткесiн, не жеймiз? Ертең бала-шағаны қалай асыраймыз? — деп зарланды.

Соны естiген Шәкидiң жүзi бiр түрлi боп күреңiтiп кеттi. Оның ыңғайын байқаған Тиышбек зарлана бастаған қатынға алара қарап:

— Өшiр үнiңдi, сiптiр! — деп ақырып жiбердi.Сол екен, айбықа қатынның түрi көмiрдей қап-қара боп кетiп, екi көзi шатынап, жаңа ғана көке қарай созған

қолдарын ендi бұған қарай соза түсiп, едiрейiп тұрған Тиышбектi түтiп жердей боп берi қарай жүрдi. Оның қайыс ернi ернiне жұғар емес:

— Әй, көтiне көн қатқан Қаратамырдың қу томары, сенiң сiптiрiң не, а? Сен менi қай еркектiң астынан аунатып ұстап алып ең? Одан да ана Сырымның сұмпайысы Игiлiктiң илеуiнен қалмаған жәләбыңның екi елiсiн бiтiп алмайсың ба? Қатынның екi тесiгiне егә бола алмай жүрiп, сенiкi бұ не қодыраю, а? Мен кәзiр қодырайған қ...ңды жұлып ала қояйын! — Ашу қысқан көк қатын басынан аулығының түсiп кеткенiне қарамастан iлгерi ұмтылды.

Оны көрiп, зәре-иманы қалмаған Тиышбек сасқалақтап, екi қолымен қорғанғандай бетiн көлегейлей берiп:— Мына пәлә кәйтедi, әй? Шынында да, ол мына түрiмен... алтыннан да ардақты абырайыңды жұлып алудан

танбайды. Тұрғали-ау, мына пәлеңе қой десеңшi, — деп кейiн шегiне бердi.Жаны күйген қатын iшiндегi ластың бәрiн құса салды:— Әй, кәрi атанша кiжiңдеген неме! Сен кiмге шелтеңдейсiң, а? Бiздi басынатындай сен кiм едiң, а? Мықты болсаң

ана өлген жыланша бүктетiлiп жатқан... — әйел осы арада бетi бүлк етпей, ерсi бiрдеңенiң атын бадырайта қойып қалды, — қайта тұрғызып ап, әркiмнен қалмаған жәләбiңдi тиып ал!

Шәки ерiксiз күлiп жiбердi. Жiгiттер де ду ете түстi. Тиышбек қос қолымен бетiн көлегейлеп:— Тiпә, тiпә! Өй,, дүзiқара! — деп, керi шегiне бердi де, артындағы арыққа сүрiнiп, шалқасынан құлады.Шәки ендi күлкiсiн тия алмай, iшек-сiлесi қатып, әлi құрып, жерге отыра кеттi.Тұрғали не күлерiн, не жыларын бiлмедi.Қара қатын қолын жайып:— Халқым-ау, құдайдан қорықсаңдаршы. Обал-сауапты ұмытпасаңдаршы, — деп жалбарынып, жiгiттердiң

әрқайсысына бiр барады.Шәки не iстерiн бiлмей, дағдарып тұр. Тиышбек үстiн бұрқ-бұрқ еткiзе қағынып, қайтадан күшке мiндi:— Ау, осылайша... мына битбалақ жаман қатынға мат болып тұрамыз ба? Кәне, жiгiттер, астықты қаптаңдар!Әпербақан жiгiттерге Тұрғали ештеме де iстей алмай, көзiн жерден көтермей, жыртық жұлығынан кiр-кiр шұлығы

көрiнiп тұрған жаман қайыс етiгiмен борпылдаған топырақты түрте бердi.Шәки жиырмасыншы қап тарыға толғанда, жiгiттерге:— Жетер! — дедi.Тиышбек бұған сасық күзенше шақ ете түстi:

Page 14: Uli Sel 2 tom

— Әй, сенiң жетерiң не, а? Бұ йерде бастық сен емес, менмiн! Соны бiлiп қой! Мырза бар билiктi маған берген! Жо-о-оқ, ол болмайды! Кәне, тағы да бес қап салыңдар!

Сол арада жыны қозып кеткен Шәки қамшысының сабын сығымдай ұстап, iлгерi жүрдi: — Осыдан алып көр! Немене үндемеген кiсiнiң жазығы ма? Әлде момынды кiм көрiнген талап жесiн деп ақ

шариғатта жазылған ба? Кәне, соны тауып бершi! — Ол Тиышбектiң жүзiне ызалана қарады: — Болды ендi! Осы да жетедi!

— Ау, Шәки-ау, мен ше? Менiң ақым қайда? — деп, Тиышбек дедектеп жетiп кеп, оның алдына ала жарғақтанып кеткен, күс-күс екi алақанын жайды.

— Пайданы маңдай ақы, табан термен табу керек.— Ойбай-ау, ол менiң қолымнан келе ме? Мына маңдай мен алақанға әуелде дым да жазылмаған. — Тиышбек

алақанын iлгерi созды.Бағанадан берi жыны келiп тұрған Шәки сол арада шыдай алмай кетiп:— Мә саған, дым да жазылмаған! — деп, шалт қимылдап, қамшысымен алақанды тартып кеп жiбердiТиышбек шар ете түстi. Тез арада екi қолын бiр бiрiне жабыстыра ұстап, бүгiле бердi де, дереу басын көтерiп ап,

есiрiк буған екi көзi түк көрмей, долылық буып, жүгiрiп барып, жиылып тұрған қанар қаптарды бiр-бiр теуiп шықты. Оған да басылмай, сопақ бетi қап-қара боп, аузы көбiктенiп, екi ерiнi жалпылдап, анадай жердегi қырманға дедектей жүгiрiп барып:

— Мә, саған! Мә, саған! — деп, үюлi жатқан тарыны қос қолымен күреп ап, жан-жаққа шаша бастады.Соны көрген Шәки не iстерiн бiлмей, қамшысымен етiгiнiң қонышын бiр ұрып:— Өй, берекесiз! Осыны да адам деп!? — деп‚ түңiлiп, шеттеп шыға бердi.Тиышбек шаққа дегенде басылды. Тұрғали аулынан ұзап шыққасын, ол тиесiлi бiр қап тарыны жаман атының

артына өңгерiп алғасын, бұлардан бөлiнiп, ауылына қарай тайып тұрды. Сол бетiмен кешкiқұрым жаудың бетiн қайтарғандай боп, қақпа шекпенiнiң екi етегi далақтап үйiне жеттi. Аздан соң қуырылған тарыны майға былғап жеп, қара шәйға ақ тер, көк тер боп, еше сөйлеп отырды. Кенет ол сөктi ағаш қасықпен аузына апара берiп, жанында отырған баласының келте танауына шұқшия қарады. Сосын: “Өй, мынау ит кiмге ұқсаған, ә?” — деп баласының бет-аузына түксие көз салды. Содан кейiн оның жайын аузын көргенде барып, кеуiлi орнына түскендей болды: “Тап-таза өз сiдiгiм! Ана Тұрғалидың жәләбы әдейi айтқан ғой”. Сосын:

— Жарайсың, қатын! — деп өз-өзiнен риза боп, шәй құйып отырған Ағрәштi арқасынан қағып-қағып қойды.— Бүгiн өзiң кеуiлдiсiң ғой, — дедi әйелi күлiп.— Ау, қатын-ау, бүгiн мен кеуiлденбегенде, кiм кеуiлденедi? Өзiм ел басқаруға таптырмаймын-ау! Қолға билiк

тигесiн несiне аянайын? Жетiп барып Тұрғали мен Ерғалиды, өй бiр былай... бөрiктiрiп алдым. Қатын-қалашымен қосып, бiр шыбықпен айдағанда, әруағымның үстем болғаны сонша, бiреуi еркек боп қарсы тiл қата алмады. Сосын неден тайынайын, бiр қапты ат көтiне өңгерiп кеп алдым. Екi-үшеуiн алатын да едiм, әлгi жаман аттың белi кетер деп қорықтым. — Тиышбек сөк толы ағаш қасықты аузына апарып, бiр-ақ асады. Сосын малжаңдай шайнап отырып, түкiрiгiмен қосыла шашылған сөкке қарамай, екi жағы бүлкiлдеп, балпылдап сөйледi: — Паһ, паһ, мынауың... нағыз бейiштiң азығы ғой! Қатын, осыдан көре қал... келер жылы бар ғой мына Қуаңның ана ше... ана, иек артпадағы жазығына тары екпесем бе? Тары деген не, тәйiрi. Уыс-уыс дәндi была-а-ай уыстап алып, шаша салсаң, болды, ол сенен жаз бойы ақы сұрамайды, көктен жауған жаңбырға тойынып, сәлден соң өзi-ақ жайқалып шыға келедi. Со-сын оны орып, ақтап ал да, была-а-ай шалқаңнан жатып ап, былқытып соға бер.

— Үйтiп жайқалып шығам дегенше, тарыңды торғай жеп қойса кәйтесiң? — дедi сол арада Ақрәш ерiнiң жүзiне күле қарап.

Соны көрiп, әйелiн кекетiп отыр деп ойлаған Тиышбек шырт ете қап: — Өй, көргенсiз! Өй, жазысы кеппеген жәләб! Өзi... былай, еркек боп, талаб қыла бастасаң, сен-ақ балаққа битше

жармасып боласың! Қатын боп, үстiмде жатыр-ау деп ойлап, еркектi қолтығынан демеу деген жоқ! Күнгейден қазған қарсақтың iнiндей үңiрейген тесiгiңдi сiдеттегеннен басқа дымды да бiлмейсiң! Төрдегi басымды есiкке шығарып, алтын басымды мыс қылып, мысымды басып, осы сен-ақ менi құртып болдың ғой! — деп‚ зарлана жөнелдi. Сосын ас қайыруды ұмытып кетiп, сыртқа атып шығып, құбылаға сарта жүгiнiп отырып: — О құдай! Жер-жәһәнды жаңғыз өзi сұрап отқан Аллатағала! Мына аузы апандай, астыңғы жағы лапардай көргенсiз ит-шошқаңды қай күнi ғана маған кездестiрдiң? Құдайдың басқа ұрғашысы құрып қап пе едi? Мына жәләбты Наушаруанның маңдайынан бiр де кем емес, кере қарыс, келiскен маңдайыма неге ғана жаздың? О, ашылмаған маңдайым! — деп, арықша келген жұдырығымен типиған маңдайын төбеледi.

7

— Әне, келе атыр!Малды-жанды бай ауылдың ақ үйлерi тiгiлiп тасталған от жердiң желке тұсындағы биiк төбеге шығарып, қарауыл

қаратып қойған балалар у-шу боп, дауыстарымен айналаны жаңғырықтырып, берi қарай жүгiрiп келедi.Жарық түскелi қазан-ошақ маңында тiзе бүкпей жүрген әйелдердi бұл үлкен әбiгерге салды да жiбердi. Бәрi асып-

сасып жатыр:— Келiн-ау, қанды көбiгiн ал!— Келiн-ау, отынды аздау сал!— Ойбау-ау, тұзы кем ғой!Ережеп iштен дәл осы кезде шықты. Басында құндыз бөрiк. Үстiне қаптамалы түйе жүн шекпенiн желбегей

жамылған. Аяғын ауыр алып, ол қатын-қалашқа көз салмастан, балалар жүгiрiп келе жатқан жаққа қарады. Әуелгiде көзi мидай жазық даланың бiр бұтасына кiдiрмей, кезе жөнелдi де, ақыры сонау көгiстенген көкжиектен қылт-қылт етiп кел жатқан қарайғанға барып тоқтады. Сонып көрiп тұрып: “Келе атыр екен”, — деп ойлап, отау жанына тiгiлген күркеден ұзап шыға бердi. Аяғын санап басып, жәйiмен қозғалып, ауылдың қыр желкесiндегi қоңыр төбеге шықты да, күз лебiнен салқын тарта бастаған шеге топыраққа өскен боз жусанды жаныша-маныша отырды. Сосын осы кезде жақындап қалған күймелi арбаға, оның соңында салдыртып келе жатқан, кiлең мылтық асынған орыс әскерлерiне қарады. Сол екен,

Page 15: Uli Sel 2 tom

бағанадан берi маңызданып отырған Ережеп дем арасында аяқ-қолының қалай жеңiлейiп сала бергенiн байқамай да қап, орнынан жас балаша тез тұра кеп, шекпенiнiң етегiн қаға сала, күймелi арбаның алдынан шықпақ болды. Сол бетiмен аяғы аяғына жұқпай емпеңдей жүрiп барып, ақ үзiктi қара үйiнiң жанына жетекесiн демiн бiр алды да, ентiгiн басып, қайтадан бiртiндеп, баяғы маңғаз қалпына түсуге тырысты. Сосын бiреу-мiреу көрiп қалмады ма екен деп күдiктенiп, жан-жағына жалтақтап қарап қойып, қалтасынан жiбек орамалын ала сап, маңдайынан шыпшып шыға келген тердi сүрттi.

Күймелi арба екпiндеген қалпы мұның жанына кеп бiр-ақ тоқтады. Сол екен, оның артынан жыланша ирелеңдеп iлесiп келе жатқан қою ала шаң алға қарай лықсып, қалың ақ тұманша күйменi түгелдей жауып кеттi. Алдыңғы козлода отырған көшiр орыс жiгiтi оған қарамастан, дереу жерге қарғып түсе сап, аяғын жылдам басып барып, күймелi арбаның есiгiнiң алдына кеп тұрды. Қашан шаң басылғанша ақ қолғап киген қолымен мұрнының алдын желпи бердi. Содан шаң сейiлiп, жәйләп соққан желмен iлгерi ығыстап кеткеннен кейiн барып, көшiр орыс қоңыраулы күйменiң неше түрлi өрнек ойылып салынған, астыңғы жағы бiр жағына қарай иiле жасалынған кiшкене есiгiн тұтқасынан ұстап, ақырындап ашты. Сосын оның:

— Ваше высокоблагородие! — деген даусы шықты.Оның не дегенiн түсiнбесе де, соған қарап тұрып, Ережеп мынау ұлықтың зор кiсi екенiн iштей аңғарды. Бiрақ осы

арада не iстеп, не қоюдың керектiгiн бiлмей, қысылғанын сездiрмей, сол орнында тұра бердi.Iштен ерiне қозғалып, етейiп толыса бастаған, үстiндегi жез әшекейлерi жарқылдап, Захваткин түстi. Оның соңынан

сыптығырдай, екi бетi шығыңқы, қойған шашын бiр жағына қисайта тараған жас поручик Тортай шықты. Ережеп оң қолын кеудесiне қойып, басын сәл-пәл иiп:

— Қош, келдiңiз, тақсыр, — дедi.— Рахмет, — дедi жирен мұрты едiрейген Захваткин алқақотан тiгiлген үйлерге қарап тұрып.— Ұзақ жол соғып тастаған жоқ па?— Рахмет, жоқ.— Кәне, тақсыр, үйге кiрiңiз, — дедi Ережеп, қолымен есiктi нұсқап.Захваткин Ережептiң сөзiн Тортай орысшалап жеткiземiн дегенше, аяғын маңыздана басып, ақ үзiктi үйге қарай

беттедi. Аласа маңдайшаға ит көрген ешкiше одырая бiр қарап, еңкейiп iшке кiрдi. Төрге жағалай төселген жiбек көрпелердi көрiп, ендi не iстеу керек дегендей, соңындағы Тортайға бұрылды.

— Ваше высокоблагородие, төрге шығыңыз, — дедi Тортай масаты жастық қойылған жақты қолымен көрсетiп.— Етiгiмдi қай жерге отырып шешем?— Оны ма... — Тортай сәл абыржып Ережепке қарады. — Ереке, мына ұлық құйрығын басып отыратын бiрдеңе бар

ма?— IIIырағым-ау, ондай нәсте қазақта қайдан болсын?— Келi де жоқ па?— Е, ол бар ғой.Ережептiң иек қағысынан айтар сөзiн түсiнген Шәки көршi үйге жүгiрiп барып, келiсiн ала жөнелдi. Қартаң қатын

етiне бiз сұққандай баж ете қалды.— Өй, шойқара, оны нағыласың?— Ойбай, ұлыққа керек.— Немене, ұлық осы ауылға келi түюге келiп пе?— Түйгенде, сол түйсiн.Ережеп Шәки әкелген ағаш келiнi Захваткиннiң арт жағына төңкерiп, тiкесiнен қойғызды. Өзi ұлықты қолтығынан

демеп келiге отырғызды, қызметшi жiгiт Захваткиннiң етiгiн шешуге көмектестi. Ұлық етiгiн есiк жаққа алдырып, аяғын көстеңдей басып барып, төрге шықты. Сосын буындары күтiрлеп, оң қолымен жер тiреп, шәйi көрпеге отырды да, тертедей сорайған аяғын қайда созарын бiлмей, аздап абыржып қалды. Соны сезген Тортай ұлықтың жанына барып, лып етiп малдас құрды. Захваткин оған қарап, орысшалап бiрдеме дедi де, екi аяғын бiр бiрiне айқастырып отырмақ болып едi, буындары айтқанға көне қоймады. Сосын ол екi аяғын алдына қарай созып жiберiп, арқасын керегеге тiреп отырды. Бағанадан берi қонақтарының қасы мен қабағына қарап тұрған Ережеп ақырын қозғалып, оң жақтағы үйреншiктi орнына барып малдас құрды. Сосын қараүйдiң сол жағындағы төменiрек жерге жайылған көрпелерге отырып жатқан, Захваткиннен шенi кiшi бiр-екi офицерге көз салды. Сол екi арада бiр адъютант iшке кiрiп, күзетшi әскерлер арнайы тiгiлген басқа қараша үйге орналасқанын айтып шықты. Мұны орысша бiлмесе де, Ережеп қызметшiнiң бет-жүзiнен, қысыла күлгенiнен, жылы сөйлегенiнен айтпай-ақ түсiндi.

Қараүй iшiн бұрын-соңды қазақ даласына таныс емес әтiрдiң бiр хош исi алып кеттi. Сонымен бiрге еркектердiң демдерiнен шыққан темекiнiң, ащы тердiң, былғарының мүңкiген иiстерi араласа шықты. Бұрындары мұндайды көрмеген Ережеп тыжырынып, мұрнын қолымен басуға шақ қалды да, өзiн өзi зорлап iрiктi. Оның үстiне орыстың ұлығын қонақ етiп көрмеген ол бiр түрлi ыңғайсыздана бастады. Ақыры Ережеп өз бойын жиып, орысша сөйлей алмайтынына қиналып отырғандығын бiлдiргiсi келмей, әрi үнсiз отырғанды жөн көрмей, Тортайға қарап:

— Мырза, сусынға қалай екен? — дедi. Тортай оның сөзiн орысшалап жеткiздi. Захваткин басын шұлғып:— Ладно, — дедi.Малай әйел оң жақтағы қара сабаны гүмпiте пiсiп, төменгi пұшпағын шешiп, әйдiк сырлы тегешке қымыз құйды.

Сол екен, үй iшiн ұнамды, ақшылтым қымыз иiсi алып кеттi. Сосын малай әйел пұшпақтың ұшын керi қайыра байлап, сырлы тегештi қолымен көтерiп, берi жақындады да, төменгi жақта отырып, сырлы ожаумен қымызды сапыра бастады. Ол ожауды жоғары көтерiп, қымызды тегешке сыздықтата құйған сайын, қымыз көпiршiп, әдемi қышқылтым исiн одан әрмен көшейтiп шығара бастады. Әйел осы қалпымен қымызды бiраз сапырып болғасын барып, осы кезде екiншi бiр жас келiншек қараүйдiң есiгiнен әдеппен кiрiп, мұның жанына қойып кеткен ағаш тостағандарға қымызды құя бастады. Сосын орнынан түрегеп, оң жақтағы кебеженiң аузын ашып, iшiнен көлдей дастарханды алды да, екi аяғын төрден бермен қарай созып жiберiп отырған Захваткинге көз қиығын сап, оны қалай жаярын бiлмегендей дағдарып қалды. Сол екен, Тортайдың орысшалаған сөзiн естiп, Захваткин екi аяғын қолымен тартып, жинаған болды. Малай әйел содан кейiн барып дыбысын бiлдiрмей жүрiп, көлдей дастарханды жайды да, өз орнына отырған бойда, қымыз толы тостағанды бiр түрлi қымсынып, Ережеп отырған тұсқа қарай ысырды. Басқа кездерi бiреуге қызмет қылуды еркек басына ар санайтын

Page 16: Uli Sel 2 tom

Ережеп бұ жолы онысын ұмытып, әлденеге елпiлдей қап, тостағанды қос қолымен ұстап, басын сәл-пәл иiп, Захваткинге ұсынды. Сол арада Тортай орысшалап бiрдеме деп едi, төменгi жақта отырған бiр орыс жiгiт құйрығымен ысырылып кеп, тостағандарды алып, басқа жiгiттерге бере бастады. Олар алдарына келген тостағандағы қымызды не iшерiн, не керi қайтарарын бiлмегендей, ұлыққа қарап, бiр түрлi боп қысылып бiраз отырды.

Ережеп ұсынған тостағанды қолына ұстаған Захваткин кiр-мiр жоқ па екен дегендей оның ернеуiне жағалай көз тастап шықты да, қалтасынан беторамалын ап, тостағанның ерiнi тиер жерiн сүрттi. Сосын оны қалтасына сап, тостағанды аузына жақындатып, иiсi танауын қыдықтаған, шамасы, өзiне бұрындары онша таныс емес қымызды бiр ұрттады. Дереу ашырқанып, қабағын шытып, тостағанды жерге қоя сап, Тортайға қарады:

— Ой, мынау... ащы ғой. — Сосын қымыз бетiнде жүзiп жүрген кiшкене-кiшкене қара майды көзiмен көрсетiп: — Это... немене, құрт па? — деп сұрады.

Тортай ұлықтың бетiне күле қарап:— Жоға, Ваше высокоблагородие,— деп тез жауап бердi. — Бұл — бие сүтiнiң майы. — Ол сосын қазақтардың

қымыз ашыту жайын айта бастады.Захваткин ара-арасында басын шайқап қояды. Әсiресе қымызды құрт ауруын жояр бiрден бiр ем дегенде басын

көтерiп алды.— Да ну, қойыңызшы, — дедi ол сенбей.— Ол рас, Ваше высокоблагородие. Петербургтағы бiлiмдi врачтар солай деп жазып жатыр.— Апырмай, ә? — дедi Захваткин шынымен таңғалып. Сосын әлi де сенбегендей, тостағандағы қымыз бетiне үңiлiп,

тырнағы сояудай боп өсiп кеткен шынашағымен қара майды iлiп ап шұқшия қарады.Әңгiменi толық түсiнбесе де, ау-жайын аңғарған Ережеп ыңғайсызданып:— Немене, мырзаға қымыз ұнамай отыр ма? — дедi Тортайға қарап.— Жоқ. Майы неге қара болады деп сұрап отыр. — Тортай Ережепке қиықшалау келген қара көзiн жылдам тастап,

ым қақты.Ережеп түсiндi. Осыған дейiн төре тұқымынан шықса да, орыс оқуын оқып, екi иығына сары ала шен тағып,

шүлдiрлеп отырған Тортайды жеңiлтек бiреу көрiп қалған едi. Әсiресе, оның аузын ашса iшi көрiнер аңқылдақтығына қарап, мынау жайдақ ер екен ғой деп пiкiр түйген-дi. Ендi жас төренiң ұлықтың көзiн ала берiп, көп жайды аңғарта ым қаққанынан iшi мұздап сала бердi. “Өй, бөрiнiң бөлтiрiгi-ай! Барып тұрған сұм ғой” — дедi iшiнен. Сол арада есiне алдын ала кiсi жiберiп, Орынбордан алдырған француз шампаны түстi. Ережеп басын сәл иiп:

— Қазақ қымызы таңдайыңа татымай отырса, онда мырза, жат жұрт фараңдардың сусынына қалай екен? — дедi.Тортай мұның сөзiн орысшалады. Соны естiген бойда Захваткин тостағанды дастархан үстiне қоя сап, жүзi жылып

сала бердi:— Ол нәрсе жабайы қырғыз даласында қайдан жүр?— Сiз үшiн бәрi табылады. Ережеп дауыстап, қызметшi жiгiтке бұйрық бердi. Аздан соң ол iшке сыртында өрнегi бар қара сандықты екi

құлағынан ұстап көтерiп кiрдi. Сосын оның аузын ашып, iшiнен бөтелкелердi алып, дастарханның шетiне қойып болғасын, қақпақты ақырын жапты да, сыртқа шығып кеттi. Ережеп ендi басын ақ қорғасын қағазбен мұқият орап тастаған бөтелкелерге не iстерiн бiлмей, дағдара қарады. Оны сезiп, төменгi жақта отырған шенi кiшi офицер жалма-жан шампандарды аша бастады. Захваткин қояр да қоймай шампанды Ережепке де құйдырды. Мырза iшуге батпай, Тортайға қарады:

— Мынау, бұрын татып көрмеген нәстем едi.— Ереке, iшпесеңiз болмайды. Бұл елдiң заңы солай.— Өзi ащы ма?..— Жоқ, ашытпа сияқты нәрсе ғой. Ережеп амалсыздап шампанды iштi. Сылдыраған су секiлдi сұйық шампан екi танауын қытықтады:— Мынауың... ашыған көже сияқты ғой.— Жаңа айттым емес пе?— Осы... қазақтар арақ iшпей ме? — дедi Захваткин сол екi арада Тортайға қарап.— Iшпек түгiл, ондайды бiлмейдi де. Олардың сусыны қымыз бен шұбат. — Тортай сәл ойланды. — Мына қырғыз

жағы боза iшедi екен. Ана жылы экспедицияда болғанымда Алатау қырғыздарының бозаны көп iшетiнiн көзiмнен көрдiм. Ал сарттар болса, жүзiмнен шарап жасайды.

— Солай деңiз. Ендеше қазақтарға арақ iшудi үйрету керек екен, — деп Захваткин жымия күлдi.— Олар үйренбей қайда барар дейсiз.Аздан соң шәй келдi. Шәйден соң қонақтарға табақ-табақ ет тартылды. Захваткин майлы еттi жеркене керi қарай

ысырып қойып, қара кесек еттi қолымен iздеп тауып жеп отырып, елеусiздеу ғана:— Осы... мына Арал теңiзi жағында ел бар ма? — деп сұрады.— Тақсыр, қазақ деген көшпендi халық. Олар тек қана мал бағуды кәсiп етедi. Малға жайсыз, маса-сонасы көп теңiз

жағасында отыра бермейдi. Ол жердi малы жоқ, сiңiрi шыққан Жақайымдар ғана қоныс етедi, — дедi Ережеп сақтана сөйлеп.

— Немене, сонда олар балық аулай ма?— Аулағанда қандай! Ана Жақайымдар балықшы ел ғой. — Ережеп күлдi. — Баяғыда бiздiң бiр аталарымыз

Жақайымдардан қыз алыпты. Қаршадайынан балық жеп өскен қыз малдың етiн етсiнбептi. Бiр күнi әлгi шешемiз: “Бекiренiң белкеспесiн жемеген сорлы басым қойдың құйқалы етiне тап болдым ғой”, — дептi.

— Немене Аралда бекiре бар ма? — дедi Захваткин таңданып.— Бар болғанда қандай.— О, жақсы екен, — дедi Захваткин бiр тостағанды басына көтерiп тастап. — Сонда... Арал маңында қоныс етуге

қолайлы жер бар ма?— Әрине, бар. Қамыстыбас, Ақирек дегендер шұрайлы жерлер ғой, — дей берiп, Ережеп тiлiн тiстей қойды.

“Мынаған мен несiне айтып отырым. Ертең жетiп кеп, мына аузы түктi кәпiр... тартып алып жүрсе...”

Page 17: Uli Sel 2 tom

— Дұрыс, — деп, Захваткин қулана жымиды. — Бiздер әлi сол Аралда боламыз. Анада Петербургта болғанымда капитан Бутаковты көрген едiм. Ол жинамалы шхуна әкеп, Арал жақты, Сырдария мен Әмударияны зерттемек боп жүр екен. Көрдiгiз ғой, сүйтiп киргиз-кайсак даласы...

— Қазақ деңiз, — дедi Тортай сол арада сөз қыстырып. — Ах, да, кайсак даласы әлi де зерттеледi. Мұнда жатқан алтын, күмiстi қазып аламыз. Ал, бiз сендерге Европаның

озық мәдениетiн әкелемiз. — Әрине, — дедi Тортай қымызды бiр рет ұрттап қойып.— Мырза, — дедi Ережеп ойланып отырып, — сөзiңiздiң аңғарын дұрыс түсiнсем, ақ патша бiздi бағындырмай

қоймайды-ау. Сонда... бiз мына Хиуа ханының езгiсiнен құтыламыз ба?— Әрине, — дедi Захваткин ұйып қалған аяғын дастархан жаққа қарай созып жiберiп. — Бiз тағы, жабайы киргиз-

кайсактарды азат етемiз, олардың көзiн ашамыз. Сонда киргиз-кайсактар... — Қазақ деңiз, — дедi сол арада Тортай әлденеге iшiнен ызалана түсiп.— Ах, да, кайсак... мен соны ұмытып кете берем.Ережеп бұлардың орысшасын түсiнбесе де, екеуiнiң осы арада әлденеге iлiнiсiп қала бергенiн iштей пәмлеп, даусын

соза түсiп:— Жөн-жөн, — дедi. — Бiз бiрақ мұсылманбыз ғой. Сонда... бiздi ертеңдерi ақ патша шоқындырып жүрмей ме?— Жоға.— Онысы жақсы екен. Тек... тағы бiр сұрайын дегенiм... мына Қазанның татарларын кезiнде қара Ибан дейтiн патша

зорлап шоқындырыпты дейдi ғой. Сол рас па?— Ол ендi.... патша ағзамның өз шаруасы.— Е-е, онда түсiнектi, — дедi Ережеп тағы да даусын соза түсiп. Оның бiрдеменi асықпай айтқысы келгенде, даусын

созып, ыңыранып отырып алатын қашанғы бiр дағдысы едi. Ол бұ жолы да сонысына бағып: — Қанша дегенмен бiз де еркiн жатқан жалпақ жұртпыз, өз тiршiлiгiмiз, өз әдет-ғұрпымыз, өз дiнiмiз бар дегендей... Жақсы-жаманымыз жәнә бар. Қандай кiсiнiң де арқа сүйерiне жарарлық бiр тайпы елдi сұраған азаматтарымыз да жетедi, — деп, бiрдеменi жақауратып барып тоқтады.

Тортай қулана жымиды:— Осы, Ереке, сiздiң жақта жаңбыр жиi жауа ма?Ережеп айран-асыр қалды:— Қайдағы жауын?— Осы ылғалдың бұлттан түскенi жақсы ма әлде жерден шыққаны жақсы ма?— Маған салса... оның екеуi де жақсы.— Бiз қасқа ылғи осылай деп ойлаймыз ғой, — дедi Тортай сәл ойланып қап. — Нағыз дихан кiсi жел айдап кеп төге

салатын бұлтқа еш сенбейдi. Бұл шаруада ең сенiмдiсi де, тұрақтысы да жердiң астынан бұрқылдап қайнап шығып жатқан су. Бұлт өтедi, кетедi. Ал жер сол қалпында қалады. Осы жәйттi Сыр бойының дихандары бiле ме осы?

— Е, неге бiлмесiн, — дедi Ережеп көтерiле сөйлеп.— Сонда... Сыр бойында су шаруашылығы бар ма? — дедi соңғы кездерi “су” деген сөздiң мағынасын ұға бастаған

Захваткин екеуiне жалтақтай қарап қойып. — Иә. Дихандар егiнге суды шығырмен шығарады.Ережеп мына әңгiменi соза бергендi қолайсыз көрiп, сыр бермей:— Мырза, судың бiр жөнi бола жатар, онан да ет алыңыз, — дедi.— Рахмет, көп алдым.Ережеп ет салынған табақтар алынып, қайтадан шәй келгеннен кейiн, ендi сөзге онша ықыластанып араласпай,

iшiнен арғы-бергi жағдайларды ойлап, томаға тұйық отырды. Содан бiр мезгiлде барып Тортайға қарап:— Қарағым, сенi осы биыл Петербор жағына барып қайтты дей ме? — деп сұрады.Тортайдың етсiздеу аққұба өңi әлденеге ду ете түстi:— Иә, Ереке.— Е, дегендей, — дедi де, Ережеп мына жiгiттiң орыстың ұлығының көзiнше әлденеден именетiндiгiн байқап, ол

жайлы әрi қарай қазбалап сұрамады.Күн еңкейе қонақтар қайтуға жиналды. Захваткин мен Тортай күймелi арбаға мiндi. Оның алдыңғы және артынан

жағынан атты әскерлер жүретiн болды. Аздан соң қоңырау даусы сыңғыр еттi де, тиыш тұрған күйменiң дөңгелегi қозғалып, күймесi екi жаққа бiр-бiр теңселе аударыла түсiп, iлгерi жүрiп кеттi. Бұрын мұндайды көрмеген қатын-қалаш, бала-шаға, кейбiр кәртең кiсiлер оның соңынан ауыздарын аша қарады. Ережеп оларға көз қиығын да салмастан, алдына көлденең тартылған атына мiнiп, қасына Шәкидi ертiп, күйменiң соңынан салды. Сәлден соң онымен қатарласып, күйменiң ақ тозаң баса бастаған терезесiнен әлденеге күлiсе сөйлесiп отырған Захваткин мен Тортайға қарап қойып, қозы көш жерге дейiн барды. Сосын ат басын iркiп, меймандарымен қоштасып, керi қайтты. Бұ кезде батып бара жатқан күннiң сәулесi шаң басқан жусандардың бүртiктерiне қонып, оны қызғыш тартып көрсетiп жiберген де едi. Соған енжар қалпы қарап келе жатып, Ережеп iшiнен: “Жұрт неге осы қызылға құмар, ә? Мұның түбi көрсеқызарлық емес пе? Оның соңы аранға апарып соқтырмай ма? Мына жусан екеш жусан да күннiң сәулесi қызартады. Күн батқасын, сәуле жоғалады. Мынау да соның бiр кебi емес пе? Бiрақ... ақ патшаң күн емес қой. О да бәндә. Сонда бұл өзi... қалай болады?” — деп ойлады. Сосын орыс жағына шыққанда табар пайдасының сиқын ойлап басы қатты. Ақыры бiр нәрсеге бел буды. Ол ертесiне ауыл адамдарын құлқын сәрiден тұрғызып, жүктердi будырып-түйдiрiп, жанығып жүрiп, әлi оты қаша қоймаған күзеуiнен терiскейдегi Үшқарада биыл салдырған жаңа қыстауына тездетiп көшiп кеттi.

8 Тортай сахараның саф ауасын жұтып бiр жасап қалды. Бекiнiске қайтып келе жатып, күймелi арбаның кiшкене

терезесiнен ымырт қараңғылығын жамылып, қарауыта далия қалған сары даланың бұйығы қалпына құмарта қарады. Қараған сайын есiне бала шағы, көшi-қон, жайлау түстi. Соның бәрi бiр сәтте көз алдынан жалт-жұлт етiп өте шығып, қол жетпес алыста қалып қойған ыстық елестей боп көрiндi.

Page 18: Uli Sel 2 tom

Ол ақырын күрсiндi. Жанында отырған Захваткин кiлгiре берген көзiн ашып мойнын бұрды:— Поручик, а поручик. Мынадай елсiз-сусыз жапан далада киргиздар қалай өмiр сүредi, а?Тортай қабағын шытты. Ол Захваткинге қырғыздар мен қазақтардың екi бөлек халық екенiн талай рет айтқан едi,

бiрақ оны Захваткин әлденеге ұмытып кете бередi. Ол осы жолы да екi қолымен басын ұстап:— Ах, киргиз-кайсаки! — дедi. — О боже, осы менiң жадым неге нашар?Тортай ақырын күлiмсiредi. Сосын үндемей отыра бергендi ыңғайсыз көрiп, тамағын кенедi:— Бұл атау да әлi дәл емес. Дұрысы қазақтар.— Как это так? — деп, ол көзiн бақырайтып ашып алды. — Казаки? Сонда... осы киргиз-кайсактарда да казактар бар

ма? — Жоға. Бұлар қазақтар, — дедi де, оған бұл сөздi қалай түсiндiрерiн бiлмей, Тортай мүдiрiп қалды.Захваткин тағы да бұған үрке қарап тұрып:— Сонда... Пугачевщина... Разин..., — деп, ойланып қалды.— Бұ қазақтардың оған қатысы жоқ.— Сонда қалай? Мұның түбiрi бiр ғой... казаковать деген өзi...— Ой, ол басқа, бұ қазақтар басқа, — дедi Тортай әбден сасып.— Сонда осы... қазақтар көп пе?— Иә. Олар мына Атырау, Сарыарқа, Сыр бойынан бастап сонау Алатау, Алтай тауларына дейiнгi кең алқапты алып

жатыр.— Ұзын саны қанша екен?— Оны кiм бiлiптi? — Тортай жымиды. — Қазақ алдындағы малын ғана санайды. Олар кiсi санағанды айып көредi.— Да-а...— дедi де, Захваткин толық денесi селкiлдей, қарқылдап кеп күлдi.Тортай мырза оның күлкiсiн кеуiлiне ауыр алып қалды. Әсiресе, биыл Петербургта жарты жылдай уақыт болған

кезiнде патша сарайындағы шiкiрейген чиновниктердiң қазақтарды менсiнбей, өздерiн астам ұстайтындығын көрiп, сәл нәрсеге шытыр ете түсетiн әдет тапқан-ды.

— Дегенмен, — дедi Тортай Захваткин күлкiсiн тыйсын деп даусын жорта созып, — қазақтар ата-бабаларының тарихын жақсы бiледi. Жетi атасына дейiнгiлердi бiлмеу үлкен айып саналады.

— Солай ма? — Захваткин күлкiсiн тыйып, айран көзiн бұған бiр қырын тастады.— Солай. — Тортай тiлiн тiстей қойды. Қаншама ұстамды болайын десе де, iш жағындағы әлдеқандай бiр мылқау

күш ырыққа қоймай, дауысынан кекесiнiн сездiрiп алғанына өкiндi.— Дұрыс, — деп, Захваткин үнсiз қалды. Әлден уақыттан соң барып: — Баяғыда Перонский экспедициясы осы

жерлермен жүрген-ау,— дедi.— Иә.— Сол жолы ауа райы нашар болмағанда... Ақмешiттi жаулап алған да болар едiк.Тортай үндемедi. “Иә, солай ғой”, — дедi iшiнен. Сосын ол ақырын қозғалақтап қойып, қарауытып жатқан далаға

көз тастады. Күйгелек жiгiттiң iш жағында жатқан әлдеқан-дай өкпе-дық дем арасында бас көтерiп, тасып тұрған кеуiлiн аламан-асыр еттi де жiбердi. Жұқа бетiнен қаны қашып, қос танауының желбезегi дiрiлдеп, арық денесi бiр уыс боп шөге түстi. “Қайран қазақ”, — дедi ол iшiнен күбiрлеп. Неше ықылым замандардан берi мал бағам деп жан-жағында не боп жатқанынан бихабар қалған жоқпысың? Тым құрмаса iргеңде өсiп, өркендеп отырған елдiң тұрмыс-тiршiлiгiне көз салып көрдiң бе? Үйтудiң орнына үш жүзге бөлiнiп ап, жалпақ далаға сыйыспай, бiр-бiрiңдi ала көзбен атып, күзгi жел қуалаған қаңбақша тағдырыңның ырқынан шыға алмай, ойдан-қырға көшiп жүрсiң. Бiр-бiрiңмен шаруаң аз. Алаштың атынан гөрi, ауылдасыңның жаман тайы озғанын тiлеп, iштен iрiп-шiрiп бара жатқан жоқсың ба? Апырмау, осы мiнез қашан қалады? Қашан, деп жас төре ойланып, бiр талын қалдырмай қырып тастаған иегiн алақанына тiредi. Иә, қашан? Сол арада есiне өз әкесiнiң талай рет қақсап айтқан ақылы түстi. Орта жүздiң iргелi бiр руының тiзгiнiн сонау қаһарлы Шыңғыс хан заманынан бермен қарай уысынан шығармай келе жатқан төре әулетiнен шыққан ол үнемi қазақтардың бiр осал мiнезiн сөз ғып отыратын. “Қазақ деген тағы өскен құлан секiлдi. Құланды бағындыру қиын. Оның төтесi, өзiңе қауiп төнер болса, қалың құланды аранға жығып, бас көтерер текесiнен айыр. Содан кейiн жетiм Қалған құландарды қайырып бағу оп-оңай”, — дейтiн. Сол сөз шынында рас екен. Сонау Шыңғыс заманынан берi талай уақыт өтсе де, Жошы әулетi ақылмен, айламен қазақтарды билеп-төстеп келедi. Надан халық сұлтандарды ақсүйек деп дәрiптейдi. Төрелер де өзiмiздей екi аяқты, жұмыр басты пенде, олардың да ала-құлалары жетедi деп бiрi ойламайды. Батыры, телi-тентегi көп ел өзiмiзге өзiмiз неге қожа болмаймыз дей де алмайды. Оның есесiне, бар билiгiн сұлтандарға берiп қойып, дарақы тiрлiк кешедi. Бұл ана жолы осы жайлы айтқанда, әкесi ойланып отырып: “Балам, жiгiттiң ақылы аңқылдақтығында емес, сақтығында жатады. Қақ суындай тайыз тарта беру жампоз болар балаға, жараса бермейдi. Қарапайым ел-жұртқа ата-бабаңның талай заман бойы ұстаған қулығын ашып қойсаң, ертең ауызға жеуге жемiңдi таба алмай қаласың. Сенi орыс оқуына бергенде, ақ етек ишан болсын дегем жоқ. Сол елдiң бiлiмiн алып, ертең мына тентек халыққа қожа болсын дедiм”, — деген-дi. Бұл әке сөзiнiң астарын түсiнiп, үндемей қалған. Iштей бiраз дау соққан. Ақырында: “Кәрi кiсi қайдан түсiнсiн”, — деп, Орынбордан ала келген кiтаптарын оқуға кiрiсiп кеткен-дi. Сол жылғы жазда Тортай салқын, сабатты кең жайлауда қымыз iшiп жатып, осы кезде исi Европа мен Ресейге кеңiнен тарай бастаған Бекон, Руссо, Гегельдердiң ой-пiкiрлерiмен танысқан едi. Содан кейiн ол Англия, Франция, Америкадағы төңкерiстер жайлы баяндайтын кiтаптарды құныға оқыған-ды. Солардың бәрiнен түйгенi — қалтасын қампитуды көздеген буржуазия жаңа жерлердi алып, олардың жер қойнында жатқан алтын, күмiс, пайдалы кенiштерiн талауға құштар. Олар сол пасық ниетiн сездiрмей, жабайы жұртқа бiз сендерге мәдениет әкелдiк, адам қылдық дейтiн әйгiлi көпiрме сөздерiн көлденең тартып, жымия күлiмсiрейдi. Европалықтар Американы жаулап ап, жергiлiктi үндiстердi қырғанда сүйттi. Ағылшындар Үндiстанға басып кiрiп, майлы өлкенiң алқымына озбыр қолдарын сұғып жатыр. Франция Африкаға әскер төккелi қашан. Солардан қалыспайын деп ақ патша да бүкiл Сiбiрдi кеулеп, iшiне кiрiп барады. Ол Сiбiрге тақау жатқан терiскейдегi қазақ даласын әлдеқашан аузына қаратты. Көкшетау, Кереку, Семей өңiрiндегi сұлтандар-ды билiктен қағып, хандықты жойып, өзгерiс жасады. Бұл осы жолы Сперанскийдiң 1822 жылы қазақ халқын билеу жайлы жасаған ұсыныстарымен танысқан едi. Сонда Көкшетау өңiрiн сұрайтын Уәли төре тұқымынан дөреген, Омбыдағы кадет корпусын бiтiрген Шоқан жайлы оқыған болатын. Биыл Петербургта Шоқанмен қанша кездесем десе де, сәтi бiр түспей қойды. Оның есесiне бiр оқымысты кiсi ұйымдастырған қоғамшылдардың үйiрменiң мүшелерiмен танысты. Олардың сөздерiн тыңдай келе, орыс қауымының оқыған азаматтары арасында ақ патшаға наразылары

Page 19: Uli Sel 2 tom

барлығын, жеке кiсi билейтiн монархиядан гөрi бiр топ кiсi басқарар республиканың пайдалылығын бiлген. Әсiресе, орыс зиялылары арасында басыбайлылық заңына қарсылық күштi екен. Тортай солар жайында қоғамшылдардың үйiрмесiне қатысып жүрген Плетнев дейтiн әдебиетшiден естiген. Тырыли арық, қызба Плетнев жас баланың бiлегiндей шидей бiлегiн жоғары көтерiп жiберiп, иығына төгiлген жұмсақ шашын арық қолымен қайта-қайта қайырып, ұтырлы тұсты дәлелдегiсi келгенде қып-қызыл боп қиқылдап, шашалып-жөтелiп қалатын. Алғашқыда таң көрiнген сол мiнездiң өзiне қалайша күйедей жұққанына Тортай әлiге дейiн таң. Тiптен Плетневтiң қолымен аузын басып, қиқылдап қалатынына дейiн жұқтырып апты. Ол Петербургта болған уақыты iшiнде француздардың қоғамшыл оқымыстыларының пiкiрлерiмен танысып, айран-асыр қалған. Ағылшындардың үнем жайлы iлiмiн, немiстердiң пәлсапасын оқып, жағасын ұстаған. Тек бiр жерде таңғалғаны — Орта ғасырлардағы араб жұрты арқылы философияның Батыс Европаға жайылғаны болды. Бұған дейiн сонау Нiл дариясы, Тигр, Ефрат төңiрегiнен бастап, Мәуәр ән-нәхр, Қаразым, Хорасан, қазақ даласы — Дәштi Қыпшақ, гөзәл Фәрғана, Шығыс Түркiстан дейтiн орасан зор аймақты кең жайлап жатқан мұсылман елдерiнде дiн оқуынан басқа дәнеме болған жоқ деп ойлайтын. Мұсылман елiн надан, сауатсыз дейтiн. Биыл Петербургтан ауылына қайтып келе жатып, Едiл бойындағы орыс мұжықтарының помещиктердiң табаны астында езiлiп жатқанын, хат танымайтынын, Европа әлемiнен бихабар екенiн бiлген. Жолшыбай ел мен елдiң рухани жағынан өсуiнiң дәрежесiн, тұрмыстарының деңгейiн ойша салыстырып көрген. Сол арада, жастайынан қанына сiңгендiктен бе, оған атқа мiнiп, серiлiк құрып, сахарада қымыз iшiп жүрген қазақтардың тiршiлiгi Руссо аңсаған мұрты шағылмаған табиғат саясында ғана болар қой үстiнде бозторғай жұмыртқалаған өмiр сияқты боп көрiнiп кеткен. “Шәһарлы жерде кiсi онша еркiнси алмайды. Нағыз еркiндiк мына далада”, — деген. Кейiн сол ойын шошына еске алатын жағдайға жеттi. Бұл Орынборға келгесiн, Петербургтағы қоғамшылдардың үйiрмесi талқандалып, мүшелерi ит жеккенге айдалыпты. Плетнев Орынбор генерал-губернаторлығының қарамағына жай әскер ретiнде айдалып келiптi. Тортай соны ести сала, самсоз болды. Плетневпен аздап болса да қарым-қатынасының барлығын сезсе, Перонскийдiң өзiне қырын қарайтынын бiлiп, түлкi қулығына басқан. Соның арқасында iзiн жасырып кеттi. Әкесiмен ақылдасып, анада Перонскийдiң жасаған ұсынысымен келiсудiң тиiмдi екенiн пайымдаған. Перонский мұны кеңсесiне шақырып ап, Әбiлқайыр, Абылай, Уәлилердiң патшаға берген анттарын көлденең тартып, бодан жұрттың борышы жайлы бiраз сөз айтқан. Бұл оның сөз iләмiнен 1839 жылы Ақмешiтке жорық жасап, барша әскерiнен айрылып, масқара боп қайтқан генералдың қайтадан есе алмақ ойы барлығын, ол үшiн орыс патшалығына Бұхара, Қоқан, Хиуа хандықтары жайлы анық мағлұматтың керектiгiн аңғарған.

Тортай кең кабинетте аяғын қаздаңдай басып жүрген генералдың толық тұлғасына сынай қарап, әскери тәртiппен тартыла түсiп, сөзiнiң аяғын тосқан. Перонский соны сезгендей, делдиген мұртының екi шалғысын қолымен сипап қойып, мұның жанына жақын келген.

— Отырыңыз, поручик. — Ол қолымен сақтиян тысты жұмсақ креслоны көрсеткен. Сосын өзi бiрiншi боп, қарсы жақтағы креслоға отырған. — Сонымен... сiз әскери адамсыз, мұның құпия екенiн бiлесiз.

— Әрине, бiлем, Ваше высокоблагородие.— Жағдай былай. Қаншама экспедиция барып қайтқанмен, бiз Орта Азия, Қашқария жайын нашар бiлемiз. Сол

жаққа барып қайтатын қолайлы кiсi... — Генерал жорта шашылып, қалтасынан орамал алып аузын сүрттi.Тортай үндемедi.— Ол кiсi... сiзсiз...— Ме-ен бе?— Ия, сiзсiз, — дедi генерал дауысын нықтап. — Бiрiншiден, сiз осы жерден шыққан төресiз. Екiншiден, бет-

әлпетiңiз еш күдiк тудырмайды. Сауда керуенiне ерiп, барып қайтсаңыз, патша ағзам алдындағы әскери борышыңызды адал ақтап шығар едiңiз.

Тортай сонда қалай келiсiм бергенiн бiлмей де қалған. Оның басына әуелi сарт етiп түскен ой — осы жайды ақ патшаның бiлетiндiгi. Демек, бұл тапсырманы ойдағыдай ғып бiтiрiп қайтса, ұлы ағзамның өзi алғыс айтады, шенi өседi. Сүйтiп, қазақ даласындағы көп уәлайаттың билiгi бұған тисе, езiлген халқына пайда жасар едi...

Кәзiр Тортай сол шаруаның үстiнде жүр. Орынбордағы сауда сарайын аралап жүрiп, бұл қолайлы кiсiнi тауып алды. Ендi керуендi жасақтау ғана қалып тұр. Оны да жақын арада бiтiруi мүмкiн едi, бұған Орта жүздiң бiраз руын сұрайтын Қайып ханның Арқадағы хандықты жоюға көнбей, Ақмола төңiрегiндегi орыс бекеттерiне бiрнеше рет жасаған шабуылы қырсық болды. Перонский бұған бөрiнiң бөлтiрiгiсiң-ау дегендей сенбейтiн сияқтан-ды. Көз жанары салқын. Сол суық сәуленi сезiп, мұның есiне анада Плетневтiң айтқан сөзi түстi. Кенет олар жатқан казармаға барып қайтқысы келдi. Бiрақ қызбалықты ақылға жеңдiрiп, шаруаның соңын күтуге бекiндi. Сол аралықта шұғыл тапсырмамен Ырғыз бекiнiсiне жүрiп те кетiп едi. Ендi, мiне, қоңыраулы күймеде былқ-сылқ етiп келе жатыр.

Тортай тынымсыз шайқалақтаған күйменiң бiр қалыпты селкiлiнен жалыққандай көзiн сыртқа самарқау тастады. Ымырт қараңғылығын жамылған ұлы дала жым-жырт. Анда-санда арба дөңгелектерiнiң әлдеқандай майда қиыршық тастарға шақ етiп тигенi ғана меңiреу тиыштықты бұзатындай. Ол дел-сал боп келе жатып, көп замандардан берi мына құба даланың томаға тұйық қала бергенiн, әлi ояна қоймағанын, көне дәуiрдiң ерсi әдет-ғұрпы құшағында тұншығып жатқанын ойлады. Неге бiз басқа мәдениеттi қауымдардан үлгi, өнеге алмаймыз, дедi iшiнен. Неге өнерi, ғылымы өсiп-өркендеп келе жатқан ұлы адамзат көшiнiң жуан ортасында болуға талпынбаймыз? Үйтудiң орнына, iштей қырқысып, талапты жалқаулыққа жеңдiрiп, керенау тартамыз. Сол арада оның басына көптен берi қылтыңдап келiп жүрген ала бөтен бiр ой шапты. Әр ел де, пенденiң туылып, өлуi секiлдi, балалық, жiгiттiк, егделiк шақтарынан өтедi. Ол өсу, жетiлудiң өз заңы бар. Ендеше оған асығып, жас баланы дем арасында жiгiт бола қоймадың деп ренжу орынды ма? Бұл кездегi басты мақсат жаңа өсiп келе жатқан, буыны қата қоймаған жас өскiндi сыртқы суықтан, жаман әдеттен сақтау, сырқатқа шалдықтырмау емес пе? Жас баланы бiрден үлкендер арасына кiргiзе салсаң, оның өнеге болар жағынан гөрi, тұрпайы, ерсi әдеттерiн қағып алмай ма? Содан сақтау үшiн бұрынғының ақылды кәриялары өз ұрпағын қашан ақыл-есi толысқанша уысынан шығармаушы едi. Жiгiт оңы, солын танығасын барып, тiзгiнiн өз еркiне беретiн. Сонда да ауыл басшысының орны бөлек-ау. Аңқау елге де алды-артын қиядан болжап отырар көреген көсем керек. Ол кiм сонда? Қазақты талай ғасырдан бермен қарай сұрап келе жатқан төрелер ме? Ол қозғалақтап қойды. Жастайынан аңдаған бiр құпиясы есiне түстi. Төре тұқымының әуелгi ойлайтыны — билiктi уысынан шығармау. Сол себептi олар алты сан алашты отар-отар қойша бөлiп ап, жеке-жеке билеп отыр. Сол тәртiбiнiң негiзi орыс орам ала бастаған шақтан бұзыла бастады. Әуелгiде төрелер өздерi хан болып қала бергесiн, ақ патшаның бодандығын құп алды. Кейiн келе ақ патша өздерiн билiктен ысырып, жалпақ қазақты өзi билейтiндей сыңай көрсеткесiн‚ төрелер наразы бола бастады. Тортайдың

Page 20: Uli Sel 2 tom

әкесiнiң ойы — замана райын тез аңғарып, патшаң соқыр болса бiр көзiңдi қыса жүр дегендiк едi. Одан не өнерiн кiм бiлiптi? Жастайынан орыс оқуын оқып, Европаша тәрбие алған Тортайдың кәзiр ойы да, талабы да басқаша. Негiзгi мақсаты — қазақтардың көзiн ашу, iлiм үйренуге жетелеу. Мұның ойынша, ол үшiн қазақ сахарасы түгелiмен Ресей империясының құрамына кiруге тиiс. Соңғы жылдары Батыс Европа мәдениетiнен үлгi алған орыс халқы арқылы қазақтар жаңа өнер-ғылыммен табысады. Жер-жерде мектеп ашылады. Көшпелi жұрт бiрте-бiрте отырықшылыққа ауысады. Шындап келгенде, бұл сенiң ойың ғана ғой, орыс мұжықтарын езiп отырған ақ патша, орыстың ақ сүйектерi солай ойлай ма? Билеушi топ қалың бұқараның, қазақтардың қамын қашан жеген? Оларға керегi мына ұлан-байтақ жерiң, түрлi кенiшiң емес пе? Ақ патшаның қазақтарды ел болсын деп, қайсы бiр емешегi езiлiп отыр? Жо-о-оқ, дедi ол өзiне-өзi, бұратана халықтарды қолдайтын басқаша топтар бар. Анада қоғамшыл жас жiгiттердiң сөзiнен соны ұққан. Бiрақ әлi олардың қолдарында билiк жоқ қой. Ол тием дегенше не заман? Тортай тығырыққа тiрелгендей, үнсiз қалды. Ақыры бас ауыртпайын деп, Захваткинге қарай бұрылды:

— Ваше высокоблагородие, сiзге қазақтардың қымызы ұнады ма?Захваткин майлы бетi жайыла ыржиды:— Мен соған үйрене алмай жүрмiн. Француздардың шампанын жақсы көрем де тұрам.— Айтпақшы, сiз осы Парижде болдыңыз ба?— Әрине. — Захваткин салтанатпен қолын жоғары көтердi. — Франция! Де пағи! Лувр! Бүкiл Европаның мәдени

ошағы! Бiз оған еш уақта жете алмаймыз.— Неге? Ресейдiң мәдениетi де өсiп келе жатқан жоқ па?— Әрине. Дегенмен... француз мәдениетi кәзiр бүкiл Европа жұртына өнеге болып отыр. Театры, ғылымы, әдебиетi,

суретi — барлығы да қатты дамыған. Парижде бiр рет те болмаған кiсi мәдениеттiң не екенiн түсiнбейдi. — Захваткин қызынып, Парижде көрген-бiлгенiн айта бастады.

Батыс Европа жұртын араласам, көрсем деген ниет Тортайда да бар едi. Ол ендi әңгiмеге қызыға құлақ сала отырып, бекiнiске қалай келiп те қалғанын байқамады. Бұлар жақындап келгенде, тақтайдан биiк қып соққан мұнарада тұрған күзетшi солдат iшке қарап әлдене деп айғайлады. Сол екен, бекiнiстiң қоршауының ауыр ағаш есiгi сықырлай ашылды. Күймелi арба iшке кiргесiн, заулаған күйiмен Захваткин тұратын ағаш үйдiң алдына кеп тоқтады.

— Қол көруге қалайсың? — дедi Захваткин көзiн қысып.— Қол көруге... болады.Тортай Захваткиннiң үйiнде талай рет карта ойнаған. Әсiресе Мария Ивановнаның күйеуiнiң көзiн ала берiп, өткiр

көкшiл көздерiн өзiне қадайтыны ұнайтын. Жастайынан Петербургта өсiп, француз тәрбиесiн алған ерке әйел бекiнiстiң сұрқай, кеуiлсiз тiршiлiгiне көндiкпей, ертелi-кеш француз романдарынан бас алмайтын. Оқта-текте Париж көшелерiнде қыдырып жүрген әйелдер секiлдi нәпсiсi жеңiп, махаббаттың машақатына батқысы келетiнiн сөзiмен де, көзiмен де бiлдiрiп қалатын. Әйелiнiң сол әуейлiгiн Захваткин бiлмеген болатын. Ол да француз еркектерiнiң әйелдерiнiң ашыналары болатынын бiле тұра қызғанбайтын, ұрысып, отбасының берекесiн алмайтын, қайта оны ешқандай да ерсi iс емес дейтiн әдетiн қатты ұстанатын-ды. Соны аңдап, Тортай Захваткиннен қатты қысылатын. Бұл ыңғайсызданған сайын ол: “Мария Ивановна әдейi шақырып жатыр”, — деп мұны қояр да қоймай үйiне алып баратын. Кәзiр де Захваткин Тортайды үйiне ала жөнелдi.

Мария Ивановна он шақты шырағдан жанған қонақ үйде бұларды күле қарсы алды. Ол ұзын көйлегiнiң жерге сүйретiлген кең етегiнен қалай аяқ басқаны бiлiнбей, жүзiп келе жатқандай боп, жақындап кеп, күйеуiнiң ернiнен сүйдi. Сосын әппақ борықтай жұмсақ қолын Тортайға созды. Поручик iзетпен сәл еңкейiп, Мария Ивановнаның қолынан сүйдi. Сол екен, оның танауын француз әтiрiнiң ұнамды иiсi қытықтады.

— Қалай барып қайттыңдар? — дедi Мария Ивановна күйеуiне бұрылып.— О, жақсы! — Захваткин қызметшiсiне қарады. — Сен ешекше неге состиып тұрсың? Жоғал! — Сосын қаһарлы

жүзiн тез жылытып, әйелiне: — Киргиз-кайсактардың үйiнде болдым, — дедi.— Қазақтардың, — дедi Тортай жымиып.— Ах, да, қазақтардың...— Сiз оған ренжiмеңiз. Витя сондай ұмытшақ, — дедi Мария Ивановна жылы күлiмсiреп. — Ол тiптi жылда

демалыс ап, Италияға барып қайтамыз деген уәдесiн де ұмытып кете бередi.— Маша, келер жазда сөзсiз барамыз.— Иә, саған. Тағы да ұмытып кетпейсiң бе? — Мария Ивановна қылымсып, сүйрiктей саусағымен күйеуiнiң

қоңқиған танауын түрттi. Осы қалпы ол жемтiгiмен ойнап тұрған ақ мысыққа ұқсап кеттi.— Слово джентельмена!— Неге джентельмен? Витя, менiң ағылшындарды ұнатпайтынымды бiлесiң ғой. Олар деген... бiр түрлi салқын.— Лорд Байрон ше?— О, это... исклю-че-ен-ие! — дедi Мария Ивановна дауысын созып. — Ондай жалынды жас бүкiл Петербургте жоқ.— Ну, полноте, — деп, Захваткин шешiнбекшi боп, iшкi бөлмеге кiрiп кеттi.Аздан кейiн Захваткин, Тортай, бiрнеше офицер столды қоршалай отырып карта ойнауға кiрiсiп кеттi. Құмар ойыны

десе қызып кететiн Тортай тағы да оңбай ұтылды. Түн жарымынан ауа ол ұтқан кiсiлермен есептесiп, қоштасарда Мария Ивановнаның борықтай жұмсақ, жылы қолының сыртынан әр қалтыл-дiрiлiне мән бере сүйiп, сыртқа шықты. Жұлдызы быжынаған аспанға қарап келе жатып, шөмiш секiлдi басы сонау алыс көк жиекке құлардай боп төнiп барып қалған Жетi қарақшыны тауып алды. Жаңа ғана тоя iшкен француз ромынан басы айналып тұрып, себепсiзден себепсiз қолын көтерiп, сыбырлағандай боп:

— О халқым, сен қарайтын жақ осы! — деп терiскейдi нұсқады. Сосын Мария Ивановнаның ып-ыстық алақаны есiне түсiп, кiршiксiз жанның әдетiмен тыжырынып: — Ух ты, потаскуха! — дедi.

— Что, что? — дедi бағанадан берi есiк ашып тұрған қызметшi Стукалов таңырқап.— Ничего. Я так себе! — Тортай ыңғайсызданып қап, көтерiп тұрған қолын түсiре қойды.

9

Page 21: Uli Sel 2 tom

Ертеңiне Тортай жолға шықты. Орынбордағы генерал-губернатор өз қызметшiсiн арнайы жiберiп, мұны шұғыл шақыртыпты. Асығыстығына қарағанда, экспедиция мәселесi шешiлiп қалса керек. Ол былқылдаған пәуескенiң iшiнде отырып, жаңа көтерiлiп келе жатқан күн сәулесi дiр-дiр етiп төгiлiп, көз жетер шегiн бiр түрлi ұзартып жiберген сияқты керiлiп жатқан күзгi жүдеу далаға енжар қарады. Бұл кезде шөп сарғайып, сахара сарғыш реңге кiрген. Әр жер-әр жерден қанаттары далпылдап ала қарға ұшады. Өлексенiң жанында тамағының тойғанына мәз қара құстар қалқияды. Ауа бiр түрлi салқын. Көгiлдiр аспан жаңа сүрткен әйнекше мөлдiреп, жер бетiнен қашықтап кеткен тәрiздi. Тортай жан-жағына енжар көз тастап келе жатып, Петербургте болған кезiн ойлады. Кадет корпусын бiтiрiп, кеуiлi алып ұшып тұрған жас жiгiт астанаға аңқылдап барған едi. Ол жақта да қазақ арасында өзiне көрсетiлер құрметтi дәметкен болатын. Алғашқы сәтте Петербургке барғанда аңдағаны сарай маңындағы жұртқа мұның бар-жоғы белгiсiз секiлдендi. Кiлең кекiрейiп қалған сарай кiсiлерi орысша сайрап тұрған жас жiгiтке үстiне түйе кiрiп кеткендей одырая қарады. Олар мұның бiр бәлесiн жұқтырып алатындай, ұсынған қолын да ойланып алады. Сол екен, Тортайдың лапылдаған кеуiлi су сепкендей басылған. Iшiнен: “Бұлар... бiздi не қылсын?” — деген. Кейiннен арқадағы қазақтардың мүшкiл хал-жайы хақында хат жазып, патша ағзамның өзiне кiрiп айтсам ба деп бiр ойлаған. Бiрақ патша канцеляриясындағы шенеунiктер әуелi мұның хатын оқып, танысып шығып, өз пiкiрлерiн айтты. Бұл қарсы дәлел келтiрiп едi, жез шендi олар: “Кәзiр патшаның киргиздарға назар аударып жатуға уақыты жоқ. Кейiн бiр ретi келер”, — деп, ұзын арқан, кең тұсауға салып жiберген. Бүгiн Орынбордағы ұлықтың тез жетсiн дегенiне қарағанда, мүмкiн, Петербургтен шақырту келген шығар деп есекдәмесi ояна қалған-ды. “Әй, қайдам!” Ол Петербургтан бiр түрлi боп қайтқан едi. Қазақтар арасында мектеп ашып, басқарудың жаңа түрiн енгiзiп, Европа мәдениетiмен таныстырсам ба деген талабы көптен берi жанын қинап жүрген болатын. Әсiресе, өткен жылы Ақмола, Көкшетау, Ерейментау, Торғай өңiрiн аралағанында, қазақтардың жүдеу тiршiлiгiн көрiп, жағасын ұстаған-ды. Көбiсi хат танымайды. Мал баққанына мәз. От басында тазалық жағы кем. Бұл өлкеге жалпы iндет айналып соқса, қызыл қарын жас балаларды баудай қырып кетедi. Бұл қазақтардың өспей жүргенiн осыдан көретiн. Патшаға жазған хатында осының барлығын айтқан. Қазақ ауылдарын қоныстандыру, мектеп ашып, ел арасына орыс першiлдерiн жiберiп, жәрдем көрсету сияқты мәселелердi қозғаған-ды. Ақыры сол ниетiнiң жүзеге аспайтынын бiлгесiн, оның қайтар жолда орыс мұжықтарыкың тiршiлiгiн көре кеткiсi келген-дi. Тортайдың түсiнiгiнше, Европадан, әсiресе, соңғы жылдары француз жұртының тұрмыс-тiршiлiгiнен, ғылымы мен өнерiнен көп үлгi алған Ресей елiнiң ақ майы аузынан ағып отыр. Петербургтағы той-думаншыл ақ сүйек қауымды көрiп, әлгi ойына нық беки түскендей болған. Қайтар жолда ол бiраз селоны басып өттi. Бiр деревняда пәуескенiң сынған дөңгелегiн ауыстыруға тура келдi. Сонда ол алғаш рет мұжықтардың үйiн көрген. Жаман лашықтың iшi тар, ауасы сасық. Пеш етiп салынған, үстi төсек секiлдi балшықтан соғылған нарларда үш-төрт бала бастарын көтерiп, бұған көк көздерiн бақырайта қарады. Бiреуiнiң үстiнде лыпасы жоқ. Беттерiнiң кiрiне бес ит тойғандай. Шаштары өсiп кеткен. Үй иесi iрi денелi, үстi-басы сауыс-сауыс, жасы ұлғайып қалған кiсi екен. Суық көкшiл көздерiн бұған ау-тауық қадап қойып, ептiлiкпен дөңгелектi ауыстырып бердi. Тортай оған ақша ұсынды. Әлгi кiсi ақшаны алып тұрып, басын жерге дейiн иiп, алғыс айтты. Биыл егiндерiнiң жөндi шықпағанын, шошқаларының әлдеқандай iндеттен қырылып қалға-нын, ендi бала-шағасын қалай асырайтынын бiлмейтiндiгiн айтып та шықты. Өзi бiр сөйлесе, тоқтамайды екен. Тортай арбаға мiнiп жатып: “Ойпырмай, Ресейде де қара халықтың жағдайы мәз емес екен ғой”, — деп, бiр түрлi болған. Баяғыдан берi орыстардан қалай өмiр сүру керектiгiн үйренейiк деп жүргенiнен аяқ астында жерiнiп шыққандай да едi. Кейiн келе ол Ресейдiң қатты дамып келе жатқан ел екенiн, әсiресе, әскерiнiң көптiгiн еске алған. Ендi орыс орам ала бастаған шақта өзi қазақ даласының Ресей құрамына ың-шыңсыз қосылғанын қалайды. “Қанша дегенмен iрiп-шiрiп отырған Орта Азия хандықтарынан көш iлгерi ғой”.

Ол алғы жақта пәуескеге жегiлген үш атты шыбыртқымен әлсiн-әлсiн шықпыртып отырған Стукаловтың қызыл қоңыр желкесiне қарады. Оның сарғыш шашы балапанның жүнiндей жұмсақ, үлпiлдеп тұр. Мұның ойланып отырғанында шаруасы жоқ, қайдағы бiр әңгiменi гөйiтiп келедi:

— Сосын мен Марфушкама: “Жылағаның жетер. Жиырма бес жыл деген не?! Ертең өтедi де кетедi”, — дедiм. Бiрақ әйелдiң аты әйел емес пе? Не көп, деревняда приказчиктер көп. Өздерi белдерiне жез iлгек тағып, сәнденiп киiнедi. Рождествода самогонды iшiп ап, шiркеуден шыққан қыз-келiншектердi аңдиды. Қолдарына түскенiн, былай, тал арасында апарып... Мен содан қорқам. Қанша дегенмен ұрғашының аты ұрғашы. Бiрақ не лаж бар, патша қызметiнен бас тартуға болмайды. Рекрутшы болу деген Сiбiрге кету деген сөз. Үйтiп басымды қатырғанша, мына далада жүргенiм жақсы. Вот, ваше высокоблагородие, сiздiң туысқандарыңыздың өмiрi өмiр, ә! Кең дала, айналада тiрi жан жоқ, өзiмен өзi. Алдыңдағы малыңды бақ та, жата бер! Тiптi оған Ресейдегiдей шөп шауып та әуре болмайсың. Өздерi аяғынан жайылады. Нағыз рахат!

— Неге? Мал бағу оңай дейсiң бе? — дедi Тортай қарап отырғанды жөн көрмей.— Оның не қиыны бар? — деп Стукалов бұған қарап мойнын бұрды. Осы кезде оның көкшiл көзiне күн сәулесi тура

түсiп, бiр түрлi сарғыштандырып жiбердi.— Ол... айтуға солай. Немене жылдың бәрi осылай жаз боп тұра бередi деймiсiң? Ертең қылышын сүйретiп қыс

келмей ме? Шауып алған шөбi жоқ қазақ сонда жылқысын ақбасқында бiрге ығып жүрiп, өзi бағады.— Да, что вы? — дедi Стукалов шошынып. — Олар... сонда үсiп өлмей ме?— Неге өлмесiн? Кейбiр қатты борандарда ондай да болады. Оған қоса, жұт дейтiн бәлесi және бар.— Жұ-ұ-ұт?— Иә, жұт. Кей жылдары қыс қатты боп, мал... тiгерге тұяқ қалмай қырылады. Ондайда мыңғырған малы бар

байлардың өзi кейде ақ таяғын ұстап қалады. Сосын еккен егiнi, бастырған астығы жоқ қазақтың халi қандай болмақ?— Мен қазақтарды малды шетiнен сойып жеп, етке тоя бередi десем, мынау, рас болса, сұмдық қой! — деп,

Стукалов дем арасында бар дүниеден түңiлiп шыға келдi.— Сахараның тiршiлiгi, мiне осы, — дедi Тортай ақырын күрсiнiп. Сол арада өзiн бүкiл жұртты жаңа тiрлiк түрiне

бастай жөнелер кiсiдей сездi. Бiрақ iш жағындағы: “Ел менiң соңымнан ере ме?” — деген бiр күдiк маза бермедi.— Ваше высокоблагородие, — деп Стукалов тағы да сөйледi. — Осы қазақтар үйтiп қиындық көргенше, Ресейге

неге қосыла салмайды?— Ендi... ол...— Сонда бiзден шөп шабуды үйренер едi.— Қазақтар шөп шабуды бiледi ғой. Тек мыңдаған жылқыға бiр кiсi қалай шөп шауып үлгередi?— Немене косилка жоқ па?

Page 22: Uli Sel 2 tom

— Жоқ.— Мiне, мұны бiзден алу керек.Тортай үндемедi. Үшiншi күн дегенде олар Орынбордың қарасын көрдi. Терiскейге iшкерiлеп енiп барып, жазық

тарта түсетiн Ақ Жайық жағы әлi күзге бел бере қоймаған екен. Тақтайдай тегiс дала жаңа ғана сарғая бастапты. Әр жер-әр жерде Орал маңына iш жақтан ауып келген казак-орыстар шөп шауып жүр. Жақын маңнан қазақ ауылдары көрiнбейдi. Ол күн кешкiре Орынбор қамалының дарбазасына кеп тоқтады. Iшке кiрiп, жалдаған пәтерiне барды да, жуынып, шайынып болғасын, ертең генерал-губернатордың көзiне тың боп көрiнейiн деп жатып қалды.

Азанда генерал-губернатор мұны қабылдады. Әуелi ол мұның ұзақ жолдан қалай келгенiн, Захваткиннiң жағдайын сұрап алды да, май жағып, жылмита тараған шашын сипап қойып, қолын үстел үстiне салды.

— Мәселе былай, — дедi ол сосын қатқыл дауыспен. — Экспедиция шықпайтын болды. Оның орнына сауда жасайтын керуен жiберудi жоғары жақ дұрыс көрдi. Бұған анада тапқан саудагерiңiз жарайды. Осы жолы тапсырманы ойдағыдай етiп орындап қайтсаңыз, патша ағзамның мархабатты назарынан тыс қалмайсыз ғой деп ойлаймын.

— Ваше высокоблагородие, маған мұндай аса үлкен сенiм көрсеткенiңiзге рахмет. Тапсырманы орындауға тырысам, — дедi Тортай оның алдында сымдай тартылып тұрып.

— Өзiм де Сiздi орындайды деп сенем.Ол генерал-губернатордың кабинетiнен шыға бере, қолына ұстаған әлдеқандай қағазына қарап, өзiне қарсы асығыс

жүрiп келе жатқан Ахиярды бiр иығымен қағып кете жаздап барып, кiлтi тоқтады. Ол да басы тасқа тигендей кегжең ете қалды да, қалт тоқтай қалды. Сосын басын көтерiп, нұрсыз көзiмен бұған таңдана қарады да, мұны көрiп, кенет әлденеге жылмаң ете қап, жарғақ тартқан, сарғыштау жүзiне қан жүгiрiп, сәл-пәл иiле қалғандай болды. Дереу арық, тарамыс қолын ұсынып:

— О, иптәш, — деп, жағдайын сұрап, жалпылдады да қалды.Тортай аңғарымсыздығына ғафу өтiндi.— Ештеңе етпес. Сiздер жалындап тұрған жас емессiздер ме? Алдағы кедергiнiң бәрiн бiр-ақ была-а-ай ысырып

тастасақ дейсiздер. Әрине, өмiрде олай бола бермейдi. Өмiрдiң заңы басқалау. Сонда да... рисковать ету қажет. Бұ жолда... әр түрлi нәрсе бола бередi, — деп, Ахияр мұны қолтығынан ұстап, жан-жағына жалтақтай көз салып қойып, сарайдың оңаша бiр түкпiрiне алып шықты. Сосын ұзын пердесi сыртқы жарықты iшке қара көлеңкелендiрiп тұрған терезенiң алдына кеп тоқтады да, тағы да жан-жағына жалтақтай көз салып қойып, бұған сыбырлай сөйледi: — Сонымен, баратын болдыңыз ба?

Тортай таңғалды:— Қайда?— Өй, сiз де бiр, — деп Ахияр кейiстiк бiлдiрдi. Сосын былғары, жеңiл етiк киген аяғының тұмсығымен паркетi

жылтыраған едендi түртiп қойып: — Бу залда дыбыс-сыбыс жатпайды, бәрi де естiлiп тұрады, — дедi. Сосын жымыраңдай күлiп алды да: — Аса абай болыңыз. Кәзiр Қоқан ханы өте сақ, — деп, Ахияр өз басынан өткен бiр хикметтi қысқаша айтып шықты. — Со жолы Мұхәммәд-Инақ хан ақ патшамен жасаған келiсiмiн бұза алмады. Болмаса, сөз жоқ, дарға асатын едi. Айтпақшы, сiз Жәнiбек деген сардарды танисыз ба?

— Жоқ. Аздап естуiм бар.— Ендеше сол бiздердi Бұхарадан қайтып келе жатқанда шапқан.— Рас па? — дедi Тортай таңырқап. Оның есiне Ережептiң бiр рет Жәнiбек, өз ағасы Мiрәлi туралы айтқан әңгiмесi

түстi.— Рас. — Ахиярдың бетi қызғыш тарта түстi. — Сол бiздi Хиуаға айдап апарған. Әйтеуiр, Алла жар боп, шыбын

жанымыз қалды.Тортай күлдi:— Сiз де Аллаға сенедi екенсiз-ау?— Е, неге сенбей?Тортай Ахиярдың ата-балаларын Қара Иван Қазанды жаулап алған кезде шiркеуге апарылып шоқындырғанын

бiлетiн кiсiлерден естiген-дi. Ахияр сол есiне түссе керек, бiр қабат терiсiн сылып алғандай қанталап тұрған жұқа бетi ду ете қалғандай болды да, кенеттен кiсiге тура қарайтын, қаттылығы бiрден байқалар қой көздерiнде қуақы ұшқын жылт ете қалды:

— Үйтпесе болмайды ғой. Әсiресе, керуен бастап жүргенде бес уақыт намаз оқу керек. Оны ұмытып кетсең, болмайды, ойбай, болмайды. Жан-жақта аңдып жүрген жансыздардың болуы мүмкiн. Олар мұныңды... жеткiзе қойса, баш китәдi. Соны бiлсем де, кейде мен... ұйықтап қала берем.

— Ертең... мен де сүйтетiн шығармын.— Үйтуге болмайды. — Ол басын шайқады. — Қоқан жұрты тiптi дiншiл. Шикiлiгiңдi сезiп қойса, бiттiм дей бер.— Оны... кезiнде көре жатармыз.— Ендi дем алсам деймiн. Кеше генерал-губернаторға көрген-бiлгенiмдi жазып бердiм. — Ол мұны тағы да

қолтығынан ұстап, жан-жағына жалтақтап қарап қойды да: — Менiң ойымша, ақ патша жақын арада үлкен жорық жасайтын секiлдi. Ана жылғы Перонскийдiң сәтсiз жорығынан кейiн қатты дайындалып жатыр. Бұдан Хиуа ханы мен Бұхар әмiрi хабарсыз, Олар апарған тауарға мәз. Бiрақ iштерi сезетiн тәрiздi. Хиуада бiр таныс ағылшын жансызын көрдiм, — дедi. Сосын ол тағы да жан-жағына қарап қойды. — Құдай оңдап, ол менi байқамады. Байқағанда бар ғой... — ол қолымен кеңiрдегiн тартып өттi, — былай болатын едi.

— Неге? — дедi Тортай таңырқап.— Бiз онымен Иранда кездескенбiз. Ол сонда Британия ғалымы боп жүр екен.— Ау, ол елдi, жердi ғалым боп зерттесе, пайда емес пе?Ахияр ала құртша жиырылды:— Мырза, мұндай шикiлiктi тастау керек. Саяси жақтан, былай пысыған жөн. Немене сiз француз, ағылшын

ғалымдары Иран мен Үндiстанға пайда тигiзейiн деп жүр дейсiз бе? Бәрiнiң көздегенi... басқа.Тортай сақтық етiп үндемедi. Оның үстiне бұрындары өзiмен онша шүйiркелесе бермейтiн кiсiнiң аяқ астында

ашылып кеткенi iштей кеуiлiне бiр күдiктi ұялата бердi: “Бәлкiм, мұны... менi сынап байқасын деп жiберiп отырған шығар?”

— Солай, мырза. — Ахиярдың дыбырлаған сөзi бұған алыстан күңгiрлеп естiлгендей болды.

Page 23: Uli Sel 2 tom

Сол арада Тортай басына бiр ой түсiп:— Басқаларда бiздiң шаруамыз қанша? Бiз ақ патшаның қызметшiсiмiз. Оның жарлығы — бiзге заң. Өз басым ұлы

ағзамның қандай тапсырмасын да жан-тәнiмдi сап орындауға әзiрмiн, — дедi құдды оған емтихан тапсырып тұрғандай даусын көтере, нықтай сөйлеп.

— Оған не сөз бар, — дедi Ахияр да даусын қаттырақ шығарып, суық жымиып қойып. Сосын ол аяқ астында салқын тарта қап, екi өкшесiн бiр-бiрiне сарт еткiзе тигiзiп, бұған басын иiдi де, қолына ұстаған қағаздарын қолтығына қысып, үлкен кабинеттiң есiгiне қарай кеттi.

Тортай пәтерiне қайтып келе жатып, Ахиярдың аяқ астында мұны өзiне жақын тартып, сыр ашқанына таңырқаумен болды. Ол Ахмеровтар әулетiнiң Иван Грозный заманынан бермен қарай патша жандармериясында әр түрлi қызмет iстеп келе жатқанын жақсы бiлетiн. Соның арқасында, олар патшаның оң қолы боп, сарай маңынан шықпай, қазынадан тиесiлi сыбағаларын алып жататын. Кәзiр Ахиярдың туыстары Петербург пен Мәскеуде тұрып жатыр. Шеттерiнен бай, фабрикант. Ахиярдың өзi Петербургтағы атақты Юсуповтар әулетiмен араласып, қатынасып жүредi. Жастайынан орыс арасында өскен ол тiлге жүйрiк. Қайдан үйренгенi белгiсiз, Шығыс халықтарының тiлдерiн де бiр сыдырғы тәуiр бiледi. Ресейдiң сыртқы iстер министрлiгi оның осы қабiлетiн пайдаланып, оны талай рет саудагер ретiнде Иран, Ауған, Үндiстан жағына барлауға жiбердi. Ахияр соның бәрiнен де аман-есен оралды. Содан болар, кәзiр оның Сыртқы iстер министрлiгiнде беделi де, абыройы да мықты. Одан татарлар мен башқұрттар да қалысар емес. Әсiресе соңғы жылдары Қазан татарларының молла боп, бастарына дағарадай сәлде орап, қолдарына таспих ұстап, әлi ислам дiнiне толық ене қоймаған Қызылжар, Көкшетау, Омбы, Семей, Қостанай жағындағы қазақтарға келуi жиiлеп кеттi. Олар ислам дiнiн уағыздаған боп, медiреселер ашып, қазақтардың жай-күйiн бiлiп ап, губерниядағы барлау орындарына ақпарат бередi. Солары үшiн ақ патшадан сый-сияпат, шен-шекпен алады. Олардың осы зымияндығынан бихабар қазақтардың шонжарлары өтiрiк айтқан уағызға елiгiп, не болса соған басын шұлғып, жансыздардың ығына жығылып, өздерiне берген азын-аулақ сияпатқа мәз болады. Олардың осындай аңқаулығын байқаған моллалар соңғы кездерi ақ патшаның панасын сұрағанның жөн екендiгiн қазақтардың миларына сiңiруге тырысып-ақ жүр. Оның астарын бiлiп, оған қарыс тұратындай көз ашық адам қазақтарда жоққа тән. Қайта кейбiр оқығансымақтары: “Ойбай, орыстан өнер-бiлiм үйренейiк”, — деп, ел арасына үгiт-насихат таратып та жүр. Олар да осындай арамза қызметтерi үшiн ақ патшаның татар моллалары арқылы берiп жатқан сый-сияпатқа кенелiп жатыр. Соны пайдаланған татар моллалары Көкшетау, Қызылжар, Омбы, Семейлерде мешiттер салғызып, одан түскен олжаны сорып жатыр. Тортай ақ патшаға қызмет көрсетiп жүрген сол татар моллаларының аңқау елдi алдағандарын көрiп, iштей ызаланады. Бiрақ онысын ашық айтуға батпайды. Кiм бiлiптi, соны сездiрiп алса, онысы жаңадан мансаб қуа бастаған мұның алдынан кедергi боп шыға келер? Оның үстiне, соңғы кездерi Шыңғыс ханның Жошысынан тараған Көкжал Барақ пен Әбiлқайыр ұрпақтарының арасында ақ патшаға кiм жақсырық жағынып, кiм лауазымды үлкен қызмет алады деген бiр таластың басталып кеткен сыңайы бар. Ол бұрында да болатын. Баяғыда құба қалмақты Балқаш бойында күйрете жеңгеннен кейiн, Көкжал Барақтар Әбiлқайырдың ел арасында өсiп кеткен абырой-беделiн күндеп, көре алмай, қырын тартқан-ды. Оның ақыры Барақтың Әбiлқайырды өлтiруiмен тынды. Соны кек тұтқан Нұралы ендi ақ патшаның жағына бiражола шығып алды. Осы арада орыс патшасы да арамза саясат ұстанып, екi жақты бiр бiрiне қарсы астыртын түрде айтақтап қойған сияқты. Сол қажас әлге дейiн тоқтаған жоқ. Сүйтiп бiр бiрiн iштей күндеп жүрген екi әулет те бiр бiрiн шаршатып бiттi. Кiшi Ордада Бөкей хандығы құрылғаннан кейiн де сол бақталастық тиылған емес. Осы екi арада шөре-шөре боп қара халық шаршап бiттi. Оның ақыры Исатай мен Махамбет бастаған Берiштердiң бүлiншiлiгiне ұласты. Ендi, мiне, Ресейдiң Орта Азияны тұтастай жаулап алсам деген талабы анық бiлiне бастады. Бұл болса соған қызмет етiп жүр. Сол ойына түскенде Тортайдың бойы дiр ете қалғандай болды. Сол арада iштей: “Менiң осыным... дұрыс па өзi? Мұның аяғы неге апарып соғар екен?” — деп аз ойланып тұрды да, сосын кiнәнi басқаға аудара салатын қашанғы әдетiне басып, кiлт ете қап: “Әй, қазақтар-ай! Осы аңқаулығыңның арқасында әлi талай арамзаға жем боларсың! Одан да ақ патшаның панасын сұрап, оған подданный... бодан болғаның жақсы ғой!” — деп, ол бойын тез жинап ала қойды да, аяғын ширақ алып, сарайдан сыртқа шықты. Сосын анадай жерде тұрған күйменi жалдап, пәтерiне кеп, малайларға бұйрық берiп, тездетiп арақ-шараб алдырып, сауық құрғысы келетiн ыңғайы барлығын бiлдiрдi. Сол екен, қызметшi жiгiт ымпыл-жымпылға жақсы екендiгiн көрсетiп, тез арада бет-аузын француз әйелдерiнiң сән-салтанатымен бояған, үстiне неше түрлi хош иiстi әтiр сепкен, көйлегiнiң ұзын етегiн анда-санда түрiп қойып, өзiнiң аяқтарының жұп-жұмыр кiшкене екендiгiн көрсетiп қоятын бiр әйелдi алдырды. Ол iшке кiргесiн, қызметшi есiктi сыртынан мұқият жауып, сыртқа шығып кеттi. Осыны күткен Тортай әлгi әйелге жақындап, оның қолын ұстап, қолғабының сыртынан мұртын жыбырлата сүйдi. Өтiрiк сыңқылдап күлген әйел мұның мойнына оратыла кеттi. Тортай қазақтардың әйелдi сүймейтiнiн ұмытып, өзiнiң Европаша тәлiм-тәрбие алғандығын көрсеткiсi кеп, арықша келген әйелдiң майлы бояу жаққан екi ерiнiнен қадала сүйдi. Ол да мұның тұла бойын арық қолдарымен сипалап, әр жерiн тiнте қимылдап, еркек денесiн тұңғыш рет көрiп тұрғандай өлiп барады. Сосын Тортай шыдамай кетiп, оны көтерiп алды да, сақтиянмен тысталған, арқалығы кең, отыратын тұсы жайлы диванға әкеп жыға салды...

Ол үш күн бойы думандады. Арақ-шарабтан басы мәңгiрiп, бiрiнен соң бiрi келiп-кетiп жатқан орыс әйелдерiнiң түрi-түстерiн де жадында онша сақтай алмады. Бар бiлгенi — кетерде олардың қалталарына ақшаны аямай тыға бергенi болды.

Бiр аптадан кейiн жолға шығатын сауда керуенiнiң дайын болғандығы жайлы Орынбордан шұғыл хабар да жеттi. Ендi Тортай Петербургта кiдiрмедi. Сыртқы iстер министрлiгi дайындаған пәуескемен жиырма күндей суыт жүрiп отырып, Орынборға келдi. Онда бiр-екi аптадай демалып, өзiне жүктелген мiндет пен тапсырмамен танысып, өзiмен жүретiн кiсiлермен әңгiмелесiп, оларға бой үйретiп, аздап кiдiрiстедi. Бәрi бiр ыңғайлы болғаннан кейiн, бiр күнi таң азанда Орынбордан шығып, әр түрлi тауар тиелген түйелерi бiр бiрiне тiркестiрiле байланған керуенге басшы боп, басына шалма орап, саудагердiң қалпына түсе қалған ол iшкi жаққа қарай кете барды.

10

Жәнiбек Ақмешiтке бара сап, шаруасын бiтiргесiн, тез арада қайтамын ғой деп ойлап едi, Ядгарбек пен Якуббектiң мәмiлесi ұзаққа созылып, жiпсiз байланып қалды. Екi жақ бiрiнiң айтқанына бiрi келiспей, неше түрлi дәлел айтып, әбден ырғасып бақты. Олардың сөздерiнен мұның ұққаны — Қоқан мен Хиуа хандары қалай дегенде өздерiнiң Сыр

Page 24: Uli Sel 2 tom

бойындағы қожалықтарын сақтап қалуға тырысатын сияқты. Сол үшiн осы бастан әскерлердiң бiр тобын Жаңадария мен Қуаңдария жағасындағы қамалдарға топтай берген жөн. Тек, неге екенi белгiсiз, олар жергiлiктi қазақтардың көмегiн онша қажетсiнбейтiн ыңғай бiлдiрдi. Бұған жәнiбек iшiнен, бұлардың бұнысы қалай, деп айран-асыр қалса да, жанын қинаған сұраққа ұтырлы жауап таба алмады. Оның есесiне бұрын басына келiп көрмеген: “Әлдә бұлар әлде қол астындағы қазақтарды жел қайдан соқса, солай қарай жапырылып жығыла беретiн ел көре ме?” — деген тосын бiр күдiк шаба бердi. Сонысын кешелер Ядгарбекке майдалап отырып жеткiзiп едi, мұның түпкi ойын аңлаған бас уәзiр оң қолымен қою сақалын тарағыштап отырып, бiр езуiмен мырс етiп:

— Неге? — деген. — Бiз дiнiмiз бiр мұсылман қазақларни жәһилләрниң езгесiнен қорғайық деп жатырмыз. Хазирги мәсәлә — әуә’әлi Қоқанмен келiсiп алу. Сосын... ойағын жеке сөйлесемiз.

Жәнiбек бас уәзiрдiң қашырта жауап бергенiнен кiп алып қап: “Сөз жоқ, ол менен бiрдеменi жасырып отыр. Маған шынын айтқысы келмейдi”, — деп, сұрағын әрi қарай қазбалаған жоқ.

Бүгiн Ядгарбек пен Якуббек оңашаланып, екеуара құрған мәжiлiсiне мұны шақырмай қойды. Олар осылайша бөлектене берген сайын, мұның күдiгi қалыңдай түстi. Сонда да сыр бермей, ештеңе сезбеген кiсi сияқтанып, бектiң үйiндегi кiтапханадан араб шайырлары Мутәннәби мен әл-Ма’аридың жырларын оқыды. Алғашқыда ел iшiндегi дау-дамайға араласам деп, кiтапқа мойын бұруға шамасы келмей, араб тiлiнен тосырқап қалған екен, — алғашқыда мүдiре бердi. Содан келе-келе тiлi бастығып, Бұхарада оқыған кезiнде үйренген баяғы машығына көшiп, судыратып оқи жөнелдi. Бiрақ та араб тiлiн жетiк бiлмегесiн, кейбiр сөздерге түсiнбей, мәтннiң кейбiр тұстарын шала ұғып қалады. Дегенмен де сазды тiлдiң құлақты елең еткiзер әуенi құлаққа бiр түрлi жағымды боп естiледi. Сүйтiп отырып ол қалай түс болғанын, кең сарайға Ядгарбектiң қалай кiрiп келе жатқанын байқамай да қалды. Ол ақырын басқан аяқ тысырын естiп, алдына айқара ашып отырған кiтәбтiң бетiнен көзiн алып, басын көтерiп, есiк жаққа жалт қарады. Бағана азанда бұған сыр бермей, сазарып кеткен уәзiрдiң өңi жылы екен. Ол кiтәб оқып отырған мұны көрiп, аздап күлiмсiреп:

— Ә, сәид, китәб оқып жатырсыз ба? Бұ деген бек ахши ғой, — дедi. Жәнiбек қулана жымиды:— Өзi... әзәлында кiтап оқу деген... былай... iстейтiн шаруасы жоқтардың ермегi болған сияқты. Бүгiн екi қолымды

қайда қоярымды бiлмегесiн, араб шайырларының ғәзәлдарын оқып көрейiн деп ем...— Ә, солай деңiз. — Күннен тотыққан өңiне жылу теуiп, Ядгарбек бұған өткiр көздерiн қиғаштай тастады. — О да

дұрыс. — Ол жақын кеп, түрiкпен кiлем үстiне буындары күтiрлеп, малдас құрып отырды. Сосын жұқа атылас шапанының екi етегiн қаусырынып, екi тiзесiнiң астына басты.

Жәнiбек уәзiрдiң өзiне оңашалап айтар әңгiмесi барлығын байқап, дереу кiтаптың бетiн жауып, оны арт жағына қоя салды да, Ядгарбектiң жүзiне аңтарыла қарады.

Ядгарбек оң қасын сәл көтерiп тұрып:— Мырза, жағдай былай боп тұр, — дедi. — Мына бекпен негiзгi шаруа жайын келiскен сияқтымыз.. Бiрақ оның сөзi

әлi де солқылдақтау. Сол себептi... жауапты аузынан есiтейiн деп, Хұдаяр ханға барып қайтқалы отырмын.— Сонда... қашан?— Күнi ертең жолға шықпақшымын. Сiздiң менiмен бiрге жүргенiңiз дұрыс болар едi.Жағдай табан астында бұлайша күрт өзгере қояды деп ойламаған Жәнiбек кәпелiмде оған не дерiн бiлмей қалды. Басына ыссы қан теуiп, демi жиiлеп‚ жүзi күреңiте түсiп аз отырды. Сосын асықпай, iштей айтар сөзiн саралап ап,

ақырын дауыспен:— Мәртебелi тақсыр, — дедi. — Өзiңiз бiлесiз, қазақ деген отырықшы ел емес. Оның бар қараған тiршiлiгi —

алдындағы малы. Мал дейтiн нәрсе, мына егiндей емес, күтiмдi көп кәжет етедi. Оған шөп керек, су керек. Соның бәрiн ерте бастан ойластырмасаң, ертең қақаған қыста қиыншылыққа ұшырайсың. — Өзiнiң жауыбының онша ұтырлы еместiгiн iштей сезген ол уақыт ұта түсейiн деп тамағын кенеп алды. — Осында жатқалы да бiраз боп қалды. Күз болса мынау, деңдеп енiп келе атыр. Күзем алу мен қай жерде қыстау керектiгiн онша ойластыра қойған жоқ едiм. Ауыл болса, маған карап, менiң келгенiмдi күтiп отыр. Лұқсат болса, мен осы сапарға бармай-ақ қойсам...

Мұның сөзiн естiп, лезде қара өңiне лезде наразылық табы ойнап шыға келген Ядгарбек қабағын шыта қап:— Мырза, оныңыз жарамайды, — дедi. — Сiз бiзге осы келiссөз үстiнде керексiз. Хұдаяр хан Сыр қазақтарының

ықылас-ниетiн өз көзiмен көрсiн деп, сiздi осы сапарға әдейi ерткелi отырмын.— Көргенде... бiздiң қолымызда тұрған не бар? Ұлы хан қалай әмiр етсе, соны солайша орындаймыз.Уәзiр мұның қашырта берген жауабының астарына көз жүгiрткiсi келгендей басын төмен салып жiберiп, аз уақыт

үнсiз қалды. Әлден уақтан соң ол сәлде салған дағарадай басын шайқап:— Жәнiбек мырза, әмiр ету бар да, оны шын ықыласпен орындау бар. Бұл екеуiнiң арасы жер мен көктей. Мынадай

исi мұсылман әлемiнiң қиын күн туғалы отырған заманда сiздiң қашқақтағаныңыз жарамайды, — дедi.Жәнiбек өзiнiң аулынан алыста, Қоқан ханы сұрайтын қамалда отырғанын есiне ап, уәзiрмен сөз жарастыра берудiң

пайдасыздығын сезiп:— Олай боп жатса... мақұл, барайын, — дедi. Iшiнен Хиуа ханы алдында бетiнiң ажары бар кiсiмен шәлкем-шалыс

кеп қалмаймын дедi. Ол Бұхарада жүргенiнде сарай маңыңда болған не бiр жасырын уақиғаларды естiген-дi.— Е, бұл дұрыс сөз, — деп, Ядгарбек қайтадан түсiн жылытып, бұған сынағысы келгендей өткiр көздерiн тура

қадады.Жәнiбек өзiне кiсiнiң бақырая қарағанын жақтырмаушы едi. Ендi не iстерiн бiлмей, ұрлық жасап жатқан жерiнде

ұсталып қалған кiсiше қызарақтай бастады. Iшiнен: “Мына сарт менiң iшкi сырымды бiлгiсi кеп отыр-ау! Әлде... бұ да маған сенбей ме?” Ау, сонда қалай болғаны?” — дедi.

Уәзiр үндемедi. Түскi тамақ үстiнде Якуббек, Ядгарбек, Жәнiбек үшеуi оңаша әңгiмелестi. Бүгiн де сән-салтанатты жақсы көретiн, ас

iшетiн аяқ-табағына дейiн алтындатып ұстайтын мақтаншақтау Якуббек сәндене түсiп, үстiне жалт-жұлт еткен атлас шапанын киiп, басына қытайы жiбектен тоқылған дағарадай шалмасын орап, көк сауыр былғарыдан тiгiлген мәсiсiнiң қонышын лағыл көздi жүзiк салынған қолымен сипап қойып, бұларға ықылас бiлдiрдi. Әңгiмеден соң ол ортаға дастархан жайдырып, асбаздары бабына келтiре пiсiрген, алтын табаққа салынған палауды алдырды. Сосын бұларға күле қарап, буы бұрқыраған палауды лағыл көздi жүзiгi бар қолымен нұсқап:

— Кәдiрлi мехманлар, мәрһәмәт, келиңизләр, ашни яхшиләб алиңизлар, — дедi.

Page 25: Uli Sel 2 tom

Ядгарбек қолын палауға бiрiншi боп созды. Дәм үстiнде олар оны-мұныны сөз қылысты. Якуббек қалың қасы түксиiп, бұған қармақша иiлген танауының екi жағында шыңырау түбiнде жылтыраған су тәрiздi шүңiрек көздерiн салқын қадап отырып:

— Сонымен Сыр бойы қазақтары дiн ислам үшiн атқа қонамыз дей ме? — деп сұрады.— Әлбәттә, шундай, — дедi Жәнiбек даусын нықтай сөйлеп. — Алланың елшiсi айтқан уағыз үшiн кiм шыбын

жанын пида етпейдi?— Сонда... бүйдеп отқан бүкiл қазақ па, әлдә... — Якуббек iркiле түстi... — ақсалдары ма? Жәнiбек не дерiн бiлмей ыңғайсыздана түстi:— Оны... қайдам. Дала деген кең. Оны жайлап отырған бүткiл елден сендер кәйтпексiңдер деп сұрап шығу қиын ғой.

Дегенмен де... ауылдың ақсақалы айтса, сол сөз — сөз.— Ә-ә, онда түсiнiктi. Тек менiң таңғалатыным, сонда осы қазақтар дiн ислам үшiн неге күресемiз дейдi? Олар дiн

жоралғыларын онша... мәһкәмләб ұстай да бермейдi емес пе? Тiптен мешiттерi де жоқ.— Муһтәрәм ұлығ бек, — дедi Жәнiбек азырақ ойланып алайын деп, даусын соза түсiп. — Алланың құдiретiне

ишану бәндәнiң өзiне байланысты нәстә емес пе? Жаратқанның ұлылығына жеке отырып иландың не, мешiтте намаз оқып иландың не, бәрi бiр ғой. Гәп мүлдем басқада емес пе?

Мұның жауабын естiген Якуббек аузына апара берген палауды асамай, сәл iркiлiп қап, дүрдек ернi жайыла түсiп, қасқыр тiсi сойдия көрiнiп күлген болды:

— Солай деңiз. Онда дұрыс екен. Осыны ертең Аллата-’алам он сегiз мың ғаламдағы барша жаннан артық етiп жаратқан ұлығ ханның алдында айтасыз ғой деп ойлаймын.

— Әлбәттә.Түстен кейiн Жәнiбек жолға дайындалмақ боп, керек-жарағын алайын деп, Ақмешiттiң орталықтағы базарына

бармақ боп сыртқа шықты. Зауал ауа бастаса да, күннiң ыстығы әлi қайта қоймапты. Қамалдың тiар, ирелеңдеген көшелiрмен жүрiп келе жатып, ол кешелерi жергiлiктi оқымысты кiсiлерден естiген бiр мағлұмат жайында ойлана бердi. Олардың айтуынша, бұл қамал Қоқан ханы Омардың тұсында салынған екен. Ол миләдий 1809 жылы өзiмен бақталас Әлiм ханды өлтiрiп, одан алтын тақты тартып алады да, хандықты күшейте түсейiн деп, арнайы елшi жiберiп, желке тұсынан төнiп тұрған қәуiптiң алдын алып, Бұхара әмiрiмен уақытша болса да мәмiлеге келедi. Бiрақ Ресеймен сауда жасап жүргенде керуен жолына таласам деп, Бұхара әмiрiмен дүрдiараз боп қалыпты. Сол кездерi әлi де ырғалып-жырғалып бiте қоймаған әмiрдiң алдын алған Омар хан о заманда Бұхараның құзырына қарайтын Түркiстан шәһарын тез арада жаулап ап, одан әрi Сыр бойына дендеп ене түсiптi. Оған Бұхара әмiрi қарсы бола қоймапты. Осыны пайдаланған Омар хан Түркстанның терiскей жағында — Созақты, ұлы дарияның бойында осы Ақмешiт пен Жаңақорған қамалда-рын салдырған көрiнедi. Алғашқыда көшпендiлерден қорғану үшiн диуалдары қам кiрпiштен тұрғызылған би-iктеу етiп тұрғызылған, көлемi онша үлкен емес Ақмешiтке Сыр бойын жайлайтын елдердi кiргiзбейдi екен. Келе-келе сауда-саттық жайымен қазақтардың базарға кеп, оны-пұны сатып алуларына, малдарын сатуларына лұқсат етiлiптi. Бұл жағдай Якуббек келгелi де онша өзгере қоймапты. Шiркейлi, Сарысу бойын жайлайтын ел, Якуббектiң тiкелей рұқсатымен, жылына бiр-екi рет қамалға кiрiп, малдарын сатып, отбастарына керектi оны-пұнысын сатып алып кететiн көрiнедi.

Жәнiбек тар, ирелеңдеген көшелермен шапанының етегi шашаң болып, орталықтағы базарға терлеп-тепшiп жеттi. Ол кеше базарға қазақтардың мал сата келген жайын естiген едi. Соны бiлген бойда, Қоқанға баратын болса, алыс жолға жарамды бiр ат сатып ап, оны қосарына ала жүргендi жөн көрген болатын. Базарға баруына сол себепшi болған едi. Ол терлеп-тепшiп, ырсылдап жетiп келсе, у-шу боп сөйлескен көп халық ат шаптырымдай тақыр алаңда жерге төселген жаймаларды жағалай қарап жүр екен. Олардан әрiрек жерде күннiң жанып тұрғанына қарамастан , бастарына бөрiк, үстерiне етегi далақтаған шекпен киген, айдап әкелген қойларын жан-жақтан қоршалап, айғайлап, қамшыларымен жасқап, шаққа дегенде иiрiп тұрған қазақтарды көрдi. Олардың маңында ала тақиялыларға толып кетiптi. Сауда әбден қызып жатыр екен. Жәнiбек бiр теке сақал, қауақ бас қазаққа жақын кеп:

— Отағасы, мал қалай, қымбат па? — деп сұрады. Теке сақал бұған дұрыстап та қарамастан, қамшы ұстаған қолын бiр сiлтеп: — Ояғын сұрама, өт-т-те арзан. Мына қоқандықтарда иман жоқ екен, құйрығы баладай қойларыңды жарты бағасына

да алғысы келмейдi, — деп жылап қоя бердi.— Е, неге?— Өй, оның iж негесi жоқ. Көтi күштi дермен тартады деген. Мына сарттарың қазы-қартадан гөрi жемiс-жидек

жегендi жақсы көредi емес пе? Сосын... олар малды әдейi арзанға сатсын деп алмай қояды.— Содан...— Оның не соданы бар. Ылажы құрыған ел мына күл сасыған тар қамалда қашанғы тұрсын, әрi базар бiтiп қалады,

сосын айдап келiн малын өткенiне бере салады, — дедi де, әлгi кiсi кенеттен әлденеге секем алып‚ мұның жүзiне бiр түрлi боп қарады.

Оны аңғармаған болған Жәнiбек әлгi кiсiден:— Өзiңiз қай елсiз? — деп сұрады.— Мен бе? Бiз мына Сырдың терiскей жағын жайлайтын наймандармыз.— Ал ана кiсiлер ше? — Жәнiбек тымақтарының үлгiсi бөлектеу көрiнген адамдарды қамшысымен нұсқады.— А, олар ма? Олар мына Шиелi жағынан келген қыпшақтар ғой. Ал мыналар — жаппастар. Әне бiреулерiң — Тана,

Табын, Алтындар. Мына дауласып жатқандар — Арғындар. Бүйерде не жоқ дейсiң, Қоңыраттар да, Қарақойлылар да бар. Ал өзiң қай жақсы боласың?

— Мен... мына Қызыл жағынанмын.— Е, ана Бұхара әмiрi мен Хиуа ханына қараған йақтан екенсiң ғой. Иә, мұнда нағып жүрсiң?— Жәй бiр шаруамен. — Жәнiбек сол сәтте өзiнiң қыр желкесiнен қадалып тұрған оқты көздi бүкiл тәнiмен сездi.

Сосын онысын бiлдiрмейiн деп, сөйлеп тұрып, мойынын сәл бұрып, көзiнiң бiр қырымен қарап едi, үстiне жаман шапан киген, басына ақшыл шүберектi сәлде етiп орай салған бiр кiсiнi көрдi. Ол мұның өзiне қарағанын байқап қап, жалт бұрылды.

Мұны сезер әлгi қазақ жоқ:

Page 26: Uli Sel 2 tom

— О не сонда? Ойбау-ау, өзiң бiр қызық жiгiт екенсiң ғой. Құдай танабын тарылтып қойған Қоқан қамалынан не табам деп жүрсiң? Сарттар алым-салық төлетiп, малымызды тартып ап, төбемiзде қамшы ойнатып...

Сол арада Жәнiбек әлгi жансыз естiсiн деген оймен, жорта даусын қаттырақ шығара сөйлеп:— Жоға, олай демеңiз. Кәзiр ұлы хан бүткiл исламның қазақ жерiндегi қорғаны боп отыр. Аллатағалам артық етiп

жаратқан Хұдаяр хан пақуатты болсын! — дедi де, терiс айнала бердi.Әлгi кiсi бұған жаман көзiмен атып жiберетiндеп боп қарап тұрып:— Өй, мынау да бiр! Бас-терiсi келiскенге... былай... жөндем жiгiт пе десем, өзi барып тұрған аяр ғой. Бұ қазекеңдi

қой, күштiнiң көтiн жаламаса, iшкен асы бойына тарамайды, — дедi мұның соңынан шiңкiлдей сөйлеп.Жәнiбек базардың басқа жағына шықты. Сосын жаймаларды асықпай аралап жүрiп, қоржынының екi басын

толтырып, балаларына базарлық алды. Содан кейiн бiр араға тоқтап, Айжамалға күмiс бiлезiк алайын деп, зергер жiгiтпен саудаласа бастап едi, ойламаған жерден бiреу жеңiнен тартты. Жәнiбек жалт қараса, арықша денелi, орта бойлы, басына жеңiл бөрiк, үстiне сарттардың жеңiл шапанын киген, бiр тегiс қоңырша беттi, тәмпiштеу мұрнының астына сиректеу боп бiткен жирен мұртын кере түсiп, бiр көсе жiгiт жылмиып тұр. Бұл аң-таң:

— Жәйшә ма? Әлгi жiгiт бiрден не дерiн бiлмей қипақтап, қоңыр бетi аздап қызара түсiп:— Жәйшә ғой, — дедi. Оның әдейiлеп жұмсарта шығарып тұрған даусынан бiр түрлi шүәбәнiң ыңғайы сезiлдi.

Сосын ол мұнысын байқатқысы келмегендей, сирек мұртын селдiрете жымиып тұрып:— Сiз, сiз... Жәнiбек деген мырзасыз ба? — деп сұрады. — Иә, менмiн. — Ендеше, былай шығып, найманшылайық.Мұның не деп тұрғанын бiрден түсiне қоймаған Жәнiбек:— Не, не? — деп, шошып кетiп, оның жүзiне бақырая қарады. — Былай шығып... оңаша сөйлесейiк дейiм!— Онда кәзiр, кәзiр... Жәнiбек тез-тез сөйлеген зәргәрмен бiлезiктiң саудасына келiсе сап, оны қойнына тығып ап, асығыс бұрылды да, осы

кезде өзiне қарап, сұқ саусағының ұшын әлсiн-әлсiн өзiне қарай игiштеп қойып, барар тұсты көрсеткендей болған әлгi жiгiттiң iзiне ерiп, хан базардан сырттап шыға бердi. Бiрақ қауiп айлап, топ кiсiлерден онша ұзамай, бiр тұсқа келгенде тоқтай қалды:

— Иә, немене? Тырыли арық қараша жiгiт қасына қайтып кеп, мұның жүзiне жылы ұшырай жылтың-жылтың қарап қойып, қулана

жымиған қалпы:— Мен осы араның кiсiсiмiн, — дедi жылы сөйлеп. — Сiздi көрiп, танысайын деп ем.— Неге? — Жәнiбек сақтана бастады. Ол Ақмешiтке келе жатып, жолшыбай түстенген ауылдарынан Қоқан бегiнiң

тiллә төлеп, қазақтардан жансыз ұстайтынын, солар арқылы елдiң не ойлап, не қоятынын бiлiп отыратыны жайлы естiген едi.

Қараша жiгiт селдiр мұртын сипап қойып:— Аға, түсiңiз жылы болғасын, iштегi шерiмдi тарқатайын деп ем, — дедi ентелей түсiп. — Мына Қоқан ханы әбден

құтырып алды. Қазақтардың малын талайды. Ауылдарды шабады. Кеуiлдестiкке қазақтардың қыздарын зорлап тартып алады.

— А-а, солай ма? — дедi Жәнiбек сыр бермеуге тырысып.— Өткен жылы олар зекет бермей қойған Жаппастар мен Табындардың ауылдарын шапты, талады. Содан қорыққан

Жаппастар мен Табындар мына Торғай жағына қарай көшiп кеттi.— Е-е...— Сонда деймiн-ау, — дедi қараша жiгiт еркiнсiп, бұған жақындай түсiп, — бiз немене осындай... қорлыққа көне

беремiз бе? Ау, бiз де намысы бар ел емеспiз бе?— Қарағым, оны маған неге айтып тұрсың?— Ағатай-ау, сiздi әтеберлi азамат көрiп, айтып тұрмын да. Болмаса... — Ол жан-жағына жалтақтай қарап қойды. —

Кiм көрiнгенге сыр ашатын мен ауыш емеспiн.Жәнiбек жұқалтаң өңдi қараша жiгiтке не сенерiн, не сенбесiн бiлмей, сынай қарап, екi ойлы боп аз тұрды. Бұл осы

сапарында жолшыбай қонған-түстенген ауылдардың кiсiлерiнен Қоқан бегiнiң қазақтарға жасап жүрген зорлық-зомбылығы жайлы естiген де едi. Оған бiр жағынан сене қоймаған да болатын. Тек Ақмешiтке кеп, бiр неше күн боп, жақын маңдағы ауылдардың тiршiлiгiн өз көзiмен көргеннен кейiн барып, әлгi сөздiң шын екендiгiне, бұ жақтағы елдiң де Хиуаға қараған қазақтардың кебiн киiп отырғанына көзi жеткендей болған.

Қараша жiгiт тағы да дыбырлай жөнелдi:— Аға, немене, маған сенбей тұрсыз ба? Мен деген, бiлесiз бе... былай...Сол арада жаңағы күмiс бiлезiк сатқан зәргәр бұлардың жанына кеп:— Сiз, — дедi мұның жеңiнен тартып, — жаңа ақымды толық бермей кетiпсiз...— Мен бе? — Жәнiбек таңғалды.— Иә, сiз. Сенбесеңiз, жүрiңiз, — деп, ол мұны қолынан ұстап, сүйрегендей ғып, жайма жаққа жетелей жөнелдi.

Қараша жiгiт iркiле бердi. Зәргәр жiгiт топ адамды айнала бере, артына жалтақтай қарап қайып, бұған сыбырлай сөйледi: — Сiз бiр жүздi шәхсы екенсiз, ана кәззәпқа сене көрмеңiз. Ол деген... жансыз...

— Не дейдi! — дедi Жәнiбек шошып.— Немене, бiрдеңе айтып қойып ап едiңiз?— Жоға.— Онда... құдай бiр сақтаған екен. Ол бiр Ибрайым дейтiн ойнасқор ит! Одан басқа да Иранбоқ, Fайыпбек, Юсуфбек

намли жансызлар осы базарды аралап жүредi. Сақ болыңыз. — Сосын ол жұртқа естiрте, даусын қаттырақ шығарып сөйледi: — Мiне, көрдiң бе, ақымды кем берiпсiз! Бу деген әлхиислам юртларына жайыз емес. Жарайды, муслимбиз ғой, пұлымни қайтиб биргәниңизгә жудә кәттә хурсандман. Бара бериңиз. Биттә бақырдан мән гәдәй болиб қалмасман.

Жәнiбек зәргәрға ырза боп, базардан шыға бердi. Бiр көшеге жете бергенiнде, бағанағы қараша жiгiт мұның жолын тосып тұр екен. Ол мұны көрген бойда, тағы да жымиып:

Page 27: Uli Sel 2 tom

— Ағатай, ендi... осылай мына Қоқан иттерге жем боп кете беремiз бе? — деп, жалына қарағандай болды.Оған не дерiн бiлмеген, iшiнен қасына нөкерлерiн ертiп шықпағанына ендi өкiнген Жәнiбек жан-жағына қарап едi,

анадай жерде әңгiмелесiп тұрған екi-үш сарбазды көрдi. Сосын оларға қолын бұлғап:— Мұнда келiңiздер. Мен Қоқан ханының сардарымын. Мынаны қамаққа алыңдар, — деп айғайлай сөйледi.Мұның даусын естiген әлгi сарбаздар аяқтарын тездете басып, жанына жетiп келдi де:— Нимәгә? — дедi жамырай сөйлеп.— Ол ұлы хан Хұдаярды жамандап, ел iшiне үгiт таратып жүр.— А, солай ма? Бектiң анадағы айтқан бүлiкшi қазағы осы болды ғой. Өзi қолға түспей жүр едi, көкесiн көрсетейiк!

— деп, үш сарбаз тұра ұмтылды. Олар әй-шәйға қаратпай, қараша жiгiттi ұстап ап, базардың шетiне қарай сүйрелей жөнелдi. Бұлай болады деп ойламаса керек, сасып қалған қараша жiгiт бiрдеңе деп шыр-шыр етiп, қарсыласа бастады. Бiрақ сарбаздар оған қарамай, оны әрi қарай сүйредi. Олар сүйреген сайын, қараша жiгiт белең алған атша басын керi серпiп, екi өкшесiмен жер тiреп, сарбаздардың қолынан босанбақ боп, бұлқына бастады. Соны көрген сарбаздар жабылып жүрiп, тыпырлаған қараша жiгiттi жерге жығып сап, басқа, көзге қарамай тебе жөнелдi. Мұны көрген жұрт у-шу боп, құдды бiр қызық көруге жиналғандай, жан-жақтан анталай қалды. Бiрақ та олар арашалауға батпады.

Жәнiбек ендi кiдiрсе болмайтынын бiлiп, аяғын тездеп басып, базардан шығып кеттi. Жолшыбай жаңағы уақиға қайдағы бiр жаман түстей есiнен шықпай қойды. Ол жан-жағына қарап қойып, асығып келе жатып: “Осы бiздiң... мұнымыз қалай? Бiрiмiздi бiрiмiз аңдығанда не ұтамыз? Әлде бұған қоқандықтар кiнәлi ме? Ау, оларға керегi де осы емес пе? Ала ауыз халықты iштен iрiтiп, әлсiретiп, уысында ұстап тұру үшiн неше түрлi айла-шарғыны ойлап табу басқыншылардың әдетi емес пе? Соны қазақ неге түсiнбейдi? Оның есесiне бiз бiр бiрiмiздi сырттан қаралап, дұшпанға ұстап беруге тырысамыз. Бұдан қалай ел боламыз?”, — деп iштей күбiрлеп, Якуббектiң сарайына жақындай бердi. Бiр арада көшенiң қиылысына жетiп, бұрыла бере, артына жалт қарап едi, өзiнiң iзiнен ерiп, қалмай келе жатқан жәнә бiреудi байқап қалды. Соны көрiп, иманы қара таяқтай болды. Дереу тез бұрыла сап, аяғын асыға басып, сарайдың дарбазасына жақындап келдi. Жөпелдемеде iшiнен: “Сақ болу керек екен”, — деп ойлап қойды. Сол арада бiр кезде осы хандықтарға деген селдей тасыған ықыласы кемiгендей боп, қатты дағдарған ол ендi соңынан ерген жансызға көзiнiң қиығын да салмастан, тез бойын жиып ап, паңданған қалпын қайта тауып, осы кезде ағаш дарбазасы сықырлап ашыла берген сарайдың iшiне кiрiп те кеттi.

11

Ертесiне олар жолға шықты. Ядгарбек қасына ерген қарашыларын ықшамдап, жартысын керi қайырып жiберiп, он шақты нөкерiмен жiтi жүрiп отырды. Түркiстан, Сауран, Арыстарды басып өтiп, он шақты күн дегенде Ташкент шәһарына құлады. Бас уәзiр онда да көп кiдiрген жоқ. Төрт мәһаллаға бөлiнiп, билiк үшiн өзара қырқысып жатқан қалада тиыштық жоқ екен. Содан кауiптенген Ядгарбек Ташкентке бiр күн ат шалдырып, таң бiлiнер-бiлiнбестен Қоқан жағын бетке ұстап жүрiп те кеттi.

Жәнiбек қасында үнсiз ерiп келе жатқан Қасқырбайға оқта-текте қарап қойып, бұрын көрмеген жерлерiндегi тұрмыс-тiршiлiктi байқаумен болды. Арыс өзенiнен өткесiн-ақ, оңтүстiктiң күнi жерге жақындай түскендей ыссы лебiмен беттi шарпып сала берген едi. Бұл жақтың елi күз болғанына қарамастан, әлi жеңiл киiм киiп жүр. Ала тақиялы өзбектер өгiздерiне соқа жегiп, жер жыртып жатыр. Өздерi күнге күйiп, әбден қап-қара боп кеткен. Анадай жердегi жапырайған тамдарының маңында бала-шағасы шаруашылықпен әуре.

Ташкенттен шығып, Фәрғана алқабына бет қойғасын, күн аздап қағу тартайын дедi. Жан-жақтан төнген гөзәл таулардың қойны аспаннан құлаған көп шуақтың ыссы табын жерге жеткiзбей, көк майсаның ажарын сақтап тұр. Жәнiбек: “Мынау бiр шұрайлы жер екен”, — деп ойлап қойды. Сосын ат үстiнде енжар тартып келе жатып, арғы-бергi жағдайға көз жүгiрттi. Өзiнiң осы сапарға шыққанына онша ырза емес. “Бөтендердiң шаруасына араласып менiң нем бар едi?” — дейдi өзiне өзi. Әуелi үш хан ауыздарын бiрiктiрiп алғасын барып, бұл үлкен iске араласпады ма? Ендi кеш. Ол жан-жағына қарады. Өзбек ағайындардың бинеткештiгiне таңғалды. Жолшыбай ұшырасқан жаман тамдарының төбесiне дейiн олар дақыл егiп тастапты. Ендi Фәрғана алқабына тереңдеп енген сайын, егiн салар жер тынысы тарылып, дихандар биiк-биiк таулардың басындағы бос алаңқыттардың өзiн бiр кәдесiне жаратыпты. Олар соқа тiсi батар қиыршық тассыз жерлердi өңдеп, жыртып, дән сеуiп, көгертiп отыр. Жәнiбек шыныменен таңдайын қақты: “Бұ не деген ұсынақтылық! Бiзге осы қасиет, бiрдi екi ете алу жетiспейдi-ау!”

Қасқырбай да аң-таң.— Анаң қара, — дедi ол бiрде шығыс жақтағы төбе басын қолымен нұсқап. — Текшеленiп тұрған егiстi көрдiң бе?— Иә, — дедi Жәнiбек ерiне сөйлеп.Шынында да, алдан көрiнген биiк жотаның күнгей бауыры текшелене бөлiнiп, көгiс тарта жайқалып тұр. Әр жер-әр

жерден бiр-екi ала тақия киген кiсiнiң төбесi қылтиып көрiнiп қалады.— Сонда... бәрi өздерiнiкi ме екен?— Өздерiнiкi ғой. Бiрақ... — Жәнiбек мүдiрдi.— Не бiрақ?— Рәһатын бiр өздерi көре бермейдi.— Неге?— Неге дерiң бар ма? Ертең егiн орылысымен, ұшыр салығы түседi. Одан құтылдым ба дегенде, жергiлiктi мыңбасы,

қышлақ басылары өз сыбағаларын алады. Содан қалғаны барып өзбектердiң ауыздарына тиедi.— Е, бұлардың да жағдайы бiздiкiндей де.— Ендi... ел болғасын... — Жәнiбек үнсiз қалды. Сосын шабан тарта бастаған атын тебiнiп қойды. Шаршаған жануар

әудем жерге дейiн ширақ тартып жүрiп отырды да, егесiнiң ер үстiнде былғалақтай бастағанын сезiп, қайтадан баяғы мимырт жүрiсiн тапты.

Қасқырбай тағы да сөйледi:— Жәке, осы бiз салпақтап келе жатырмыз. Түбiнде сонымыздан пайда болар ма екен?Жәнiбек өз шаруасына қасына ерген қарашыларын көп араластыра бермейтiн. Ылғи оларды әрi итерiп те жiбермей,

тым жақындатпай да, белгiлi бiр мөлшерде ұстайтын. Осы жолы әлденеге ашыла бастады:

Page 28: Uli Sel 2 tom

— Мен де соны ойлап келе атырмын.— Баяғыда-ақ айтайын деп ем, бiрақ батпадым...— Не жайында? — деп, Жәнiбек Қасқырбайға бұрылып қарады. Қайратты жiгiттiң қара бетi күнге күйiп, тотыға

бастаған екен. Кiшкене көздерiнде әлдеқандай күдiкке толы ұшқын лып-лып ете қалды.— Мыналар, — деп, Қасқырбай жанынан өтiп бара жатқан екi-үш нөкердi иегiмен нұсқап, ақырын сөйледi. — Өтiп

кетсiн. — Нөкерлер ұзағасын барып: — Осы бiз кiмнiң жоғын жоқтап жүрмiз? Соны түсiнбейiм, — дедi.— Ау, кiмiң не? Күнiмiз Хиуаға қарағасын, солардың айтқанынан шықпаймыз да. Олар тиыш болса, бiздiң де

жағдайымыз жақсармай ма?— Әй, қайдам?!— Оның iж қайдамы жоқ. Өзiң қара ақылыңа салып көршi. Ертең хиуалықтар кетiп, оның орнын ақ патша алса,

күнiмiз не болады? Бұрын араласып, тiлдесiп көрмеген ел бiздiң кәдiрiмiздi бiле қояр деймiсiң?— Ояғын қайдам. Бiрақ... мына төменгi жақтағы Байұлы мен Орта жүздегi ағайындар көптен орысқа бодан емес пе?

Олар орыстан жәбiр-жапа көрiп отырған жоқ дейдi ғой.— Ол... сыртқы, бiлместiктен шыққан әңгiме, — деп, Жәнiбек қолын сiлтедi. Iштей өзiнiң нақты дәлелi болмаса да,

шүбәшылдығы жеңiп: “Қайдағы батпан құйрық?” — дедi.— Сонда... бiздiң арқа сүйерiмiз... мыналар ма?— Ендi кiм? Өзiңнiң бас көтеруге қауқарың жоқ екен, қуаты барды сағала. — Жәнiбек ақырын күрсiндi. — Бiздiкi

қай бiр жетiскеннiң тiрлiгi дейсiң. Мынадай аласапыран уақытта жөн тапсақ дегендiк қой.Олар күн түске тармаса бiр қыстаққа кеп демалды. Шәйханашы семiз, қара кiсi екен. Жасының асқанына қарамастан,

түсi бөтен меймандарға лыпылдап қызмет көрсетiп жүр. Лағманын, тандыр нанын, көк шәйiн дем арасында дастархан үстiне әкеп те тастады. Жәнiбек бұл жолы Қасқырбай екеуi Ядгарбектерден бөлектеу түскен едi. Екеуi көк шәйдi ашырқанып iштi. Қара шәйға үйренген таңдай сұйық көк шәйдi қомсына бердi.

— Яна нима керак? — деп, қара кiсi оң қолын кеудесiне қойып, басын иiп, iлтипат көрсеттi. Ол қолбыраған қалың бетi түп-түгел тұтасып тұрып, кенет аздап күлiмсiрегендей болды.

— Палау бар ма? — дедi Жәнiбек онша жақтырмай.— Пилав ми? У... әлбәттә бар. — Қара кiсi асхана жаққа қарап, көмекшi баласына саусақтарын шырт еткiздi. —

Балам, бу шахсларга пилавнан бериң!— Хұп, — дедi де, бала ала тақия киген басын тез тартып ала қойды.Қара кiсi баласы әкелген палауды бұлардың алдарына қойып жатып:— Жудә хушмәзә пилав! Узим таяр еттим. Алыңизлар, — дей бередi.Жәнiбек оны ұнатпай тұрса да:— Осы жерлiксiз бе? — дедi.— Әлбәттә, — дей берiп, қара кiсi жан-жағына жалтақтап қарап қойды.— Дадаларыңыз да осы жерде туылып өскен бе?— Иә.— Ана кiсiлер де өзбектер ме? — деп Жәнiбек бiр топ кiсiнi көрсетiп.— Йоқ. Олар Шарқ Туркстанидан чиққан ұйғырлар.— Мұнда... олар неге келген?— Ой, яним, у бiр кәттә тауарих. Ерта заманларда қитайлардан қурқиб, уларни бабалари шу Фәрғана атрафига

келгенге ухшайды.— Е, онда түсiнiктi.Жәнiбек бiр бөлек боп, ауқаттанып отырған кiсiлердiң Шығыс Түркiстаннан қашқан ұйғырлар екенiн бiлдi. Қап-қара

түрлерi, орақ мұрындары, өт сияқты жүздерiне тепкен сарғыш түстерi оларды Шымкент, Түркiстан түбiн жайлайтын өзбектерден бөлекшелеп тұрған-ды. Соларға көз тастап отырып‚ Жәнiбек шәйханашы қара кiсiнiң ау-тауық жан-жағына жалтақтай бергенiне таңғалды. Ол да мұның осынысын байқаса керек‚ сәлден кейiн шәйханаға келген басқа адамдарға қызмет қылуға кеттi.

Сол арада Жәнiбек қуырылған ет исi аңқыған шәйхананың елеусiздеу бiр бұрышында шәй iшiп отырған екi-үш кiсiнi көрдi. Киiмдерi Арқа қазақтарының үлгiсiне келедi. Мұның назарын аударған олардың ортасында отырған жұқа бет, қара мұртын әдемiлеп қойған, талдырмаш жiгiт едi. Басына киген жеңiл құндыз бөркi, үстiндегi атылас шапаны, мақпал шалбары оның тектi жерден шыққандығын айқын көрсетiп тұр. Мұның бiр таңғалғаны, жiтi қараған көзге әлгi жiгiттiң отырыс-тұрысында қарапайым қазақтардың бойына сия бермейтiн жат бiрдеме бар. “Бұ кiм болды екен?” — деп таңғалған Жәнiбек қасындағы қасқырбайға қарап едi, о да әлгi кiсiлердi байқаған екен.

— Мыналар... қазақтар ғой. Олар мұнда нағып жүр? — дедi ол сыбырлап.— Ит бiлiп пе?— Сауда жасап жүрген бiреулер шығар?— Қайдағы. Түрлерi оған ұқсамайды. Әсiресе, анау ортадағы жiгiттiң сыңайы бөлек.— Керiлуiне қарағанда, ақсүйек болар. Тоқта, — деп, Қасқырбай кенет бiрдеменi есiне түсiргiсi келгендей, аузын

ашып тоқтай қалды. — Тоқта, — дедi ол тағы да бұл бiр жаққа кетiп бара жатқандай. — Әй, мынау... ана жақтағы төре ғой. Ана Қаратай сұлтан бар емес пе? Иә, соның iнiсi.

— Қойшы?! Тортай ма? — дедi Жәнiбек шынымен таңырқап.— Ұмытпасам, сол. Мен оны өткен жылы, Қырға барғанымда, Елмырза төренiң үйiнде көргем. Иә, сол. Нақ соның

өзi, — дедi Қасқырбай қайтадан анықтап қарап.— Қой, ол бұяқта қайдан жүрсiн. Тортай деген ақ патшаның қызметiнде жүр емес пе?— Ол рас. — Қасқырбай тағы да анықтап қарады. — Жоқ, дәл өзi. Мүмкiн, бiр шаруасы түсiп келген шығар.— Мүмкiн. — Жәнiбек артық қазбаламады. Есiне, неге екенi белгiсiз, Ахияр түстi. “Е, ақ патша жансыздарын

жiберiп, Қаразым, Фәрғана хандарының iшек-қарнын түгел бiлiп алғысы келген-ау!” Сол арада оның басына бiр ой түстi: “Осы жайды Ядгарбекке айтсам кәйтедi? Бiрақ ол күдiгiм өтiрiк боп шықса, не iстейiм? Қой, аңысын аңдайын”. Ол көк шәйден бiр ұрттады. Есiне iзiнен өкшелеп қуғанда ұстатпай, орыс бекiнiсi жағына шығып кеткен Ережеп түстi. Сосын тұла бойы бiр түрлi қалтырап сала бергендей болды.

Бұлардың қарап отырғанын байқаса керек, әлгi кiсiлер тез жиналып, сыртқа шығып кеттi.

Page 29: Uli Sel 2 tom

— Анық соның өзi, — дедi Қасқырбай тағы да.— Ким? — дедi қара кiсi жақын кеп.— Жәй, әшейiн.— А, шунки... ми, — деп, қара кiсi бұрыла берiп едi, оны Жәнiбек тоқтатты:— Сiз жаңағы кiсiлердi бiлмейсiз бе?— Яна чай ичәйатқанләриди ми? Биламан, нигә билмайман?— Олар... кiмдер?— Шайтан билип ми? Узлари савдагәрлармиз дейдилар. Шунга узим һәм хайранман. Бу қазақлардан савдагәрләр

қачан чиққан? Жудә хайранман.— Осында келгенiне көп болды ма?— Анча куп емес. Бир йетi буп қалди. Узләри кундә мәниң чайханамда авқаттанади. Сиз уни нигә сорадиңыз?— Жәй әшейiн.Жәнiбек шайханашыға ақы-пұлын төлеп, сыртқа шықты. Бұл кезде Ядгарбектiң нөкерлерi де астарын iшiп боп,

жиналып қалған екен. Жәнiбек жаңағы қазақ жайлы уәзiрге айтуға батпады. Қыстақтан шығып кеткесiн де тiс жарған жоқ.

Олар араға бiр қонып, ертесiне күн арқан бойы көтерiле Қоқан шәһарына кеп құлады. Түгiн тартса, майы шығатын шұрайлы жерге орналасқан шағын қала әдемi екен. Жәнiбек балшық диуалдармен қоршалған, жемiс ағаштары көгерiп тұрған аулаларға қызыға қарады. Сәлден соң киiмдерi бөлек бұларға да таңғала қараған кiсiлер көбейе бастады. Әсiресе, тапал тамдардың төбесiне шығып ап ойнап жүрген қара домалақ балалар бұларға таңырқай көз тастайды. Бұларға көшеде қарсы жолыққан шал кiсiлер көздерiн қолдарымен күннен көлегейлеп, тесiле қарайды. Анда-санда қарсы жолығып қалған әйелдер беттерiн пәрәнжәмен жауып, терiс айналып тұра қалады. Жәнiбек оларға көз салмастан, атын қамшысымен сипай қамшылап отырып, бiр күл исi шығатын тар көшелермен жүрiп келе жатты. Бiр арада сәкi үстiнде малдастарын құра жайғасып, таңдайларын қағып, бастарын шайқап қойып отырған бiрнеше ер кiсiнiң жандарынан өте бердi.

Бұларды Хұдаяр ханның қызметшiсi қарсы алды. Бәрiн бiр үлкен керуен сарайға түсiрдi. Хан Ядгарбектiң келетiнiнен хабардар екен, бiрақ жақын арада тiлдесе алмайтынын қызметшiсiне бiлдiрiптi. Оған себеп — қыпшақтардың үстемдiгiне наразы өзбектердiң жуық арада бас көтерiп қалу кәупiнiң барлығы көрiнедi.

Ядгарбек қабағын шытып, сақалын сипалап тұрып:— Сөйлесу, сөйлеспеу ұлы ханның өз ықтияры. Алла рахымын түсiрiп, Хұдаяр ханның жаулары жермен жексен

бола берсiн! — деп, дұға оқығандай күбiрлеп, қолымен бетiн сипады.— Әумин, — деп, қызметшi лып етiп, жылтыр қара бетiн қолымен сипап өттi. Сосын иiлiп, жылмиып сөйлестi: —

Қадырманды бек, сiз құдай үшiн ренжи көрмеңiз. Ұлы хан бiр айдан берi осында келiп жатқан Ташкент құшбегiсiнiң елшiлерiн де қабылдамай отыр.

— Неге?— Аллатағалам артық етiп жаратқан Хұдаяр хан, тәңiрiм кеуiлiн хош, денсаулығын бақувват қылсын, Ташкент

құшбегiсi Мырзахметке наразы. Ол былтырдан берi Русиямен тiлдесiп, өзiне орыстың бiрнеше мухандисiн алдырған. Ұлы хан дiнi басқа жұртты бұлай iшке кiргiзе беру зиян дейдi. Олардың жансыз болуы да ықтимал дейдi. — Ол Жәнiбекке бұрылды. — Мына мырза қазақ па?

— Иә. Бiздiң Сыр бойындағы сенiмдi кiсiмiз.— Жүдә жақсы екен. Ташкент елшiлiгiнiң iшiнде де бiр төре қазақ бар. Аты... құдай-ау, кiм едi? Ә, жаңа таптым.

Ныспы — Баймырза.Жәнiбек елең ете қалды. Бұл Елмырзаның немере iнiсi Баймырзаның Ташкент құшбегiсiнiң қарауында қызметте

екендiгiн бiлетiн. Бiрақ сыр бермей:— Дұрыс екен, — дедi де қойды.Сол күнi кешкiлiк елшiлiкке арналып, қонақасы берiлдi. Оған Хұдаяр қатысқан жоқ. Тоя жеген тамақтан соң,

Жәнiбек Қасқырбай екеуi өздерiне берiлген бөлмеге кеп жатып қалды.

12

Мәмiле ұзаққа созылды. Хұдаяр хан мен бас уәзiр Яргарбек қастарына аз ғана кiсiнi алып, кең сарайдың бiр бөлмесiнде оңашаланып, ертеңдi күндi кеш қылады. Олар Жәнiбектi кеңестерiне қоспады. Бұл ауылдан шыққанда кеуiлi көп нәрсе дәметкен Жәнiбекке ауыр тидi. Сосын қасына Қасқырбайды ертiп, таң атысымен көшеге шығып, Қоқан шәһарының базарын аралап кетедi. Балаларына деп оны-мұны алады. Бiрақ iштей хан мен уәзiрдiң келiссөзi жайлы ойлай бередi: “Олар не жайында сөйлесiп жатыр екен? Оған... менi қоспағаны қалай? Сонда бұлардың мұнысы несi? Әлде маған сенбей ме?” — Ол ыңғайсызданып, қасындағы Қасқырбайға ештеңе сездiргiсi келмей, одан-бұдан сөз қашыртады.

Бүгiн де Ядгарбек хан сарайына кеттi. Жәнiбек пен Қасқырбай базарға келдi. Үлкен алаңқыт жерге орналасқан базар ығы-жығы. Жайма дүкендер ханауыз, атылас, шәйi, қытайы жiбектерiн жайып тастаған. Пiскен шабдалы, жүзiм, өрiк, алмалар көздiң жауын алады. Мына жақта қауын, қарбыз сататындар өз алдына бiр төбе. Жәнiбек бүгiн көп айналмай, кiтап сатушыларды iздедi. Көзiне кiтап сатып отырған ешкiм түсе қоймағасын, бiр қартаңдау, дөңгелек сақалды, ақ сары кiсiден:

— Кiтәб сататын жер қайда? — деп сұрады.— Китәбфоруш? — деп, ол фарсыша қайта сұрады да, мұның қазақ екнiн бiлгендей, өзбекшелеп: — Әне, анаяқта,—

деп базардың шет жағына сiлтедi.Шынында да, кiтап сататын кiсiлер бiр шетте орналасқан екен. Бұлар онша көп емес. Бiр жер ортасынан асқан, бұйра

сақалды, мұртын молдаларша қырыққан, басына сәлде ораған арықша кiсiнiң алдында бiрнеше кiтап, қолжазба жатыр. Жәнiбек соған жақын кеп, амандасты. Әлгi кiсi тез iлтипат бiлдiрiп:

— Сiзге китәб керек пе? Мiне, әл-Кәһирәдан шыққан “Құран”. Мынау “Муқтасар”. Түркi тiлiнде жазылған тәфсiрлер де бар, — деп, алдындағы дүниелiктердi көрсеттi.

Page 30: Uli Sel 2 tom

Жәнiбек кiтаптарды қарай бастады. Әл-Кәһира, Бағдат, Бұхара, Ташкент баспаларынан шыққан кiтаптар, шынында да, көп екен. Бiр жерде “Құраннан” басқа “Мың бiр түн”, “Сәйфiл-Мәлiк”, “Жүсiп-Ахмет”, “Көрұғылы” секiлдi қызық хикаялар, әл-Фараби, Ибн Сина, әл-Хорезми, Бируни, Ұлықбек тәрiздi алымдардың рисалалары, фарсы шайырлары Фирдоуси, Хафиз, Бәдил, Жәмилердiң диуандары да бар екен. Мына жақта түркi тiлдес Әлишер Науаи, Физули, Машраб, Муқимилардың жыр-дастандары жатыр. Мұның назарын аударған, әсiресе, Ибн Синаның қалың-қалың бес кiтаптан тұратын “Әл-қанун фит-тибi” болды. Емшiлiк жөнiндегi осы дүниенi Бұхарада жүргенiнде бiр қараға сатып ала алмаған. Жәнiбек кiтаптарды көтерiп ала бастады. Әлгi кiсi қуанып кеттi.

— Алиң, алиң, — деп, арт жағында тұрған сандығын ашып, басқа дүниелерiн шығара бастады.Олардың iшiнде “Қиссас-ул әнбия”, Әбiлғазының “Шәджрәи турк” деген кiтаптары шықты. Захириддин Бабурдың

“Бабурнамасы” да бар екен.Жәнiбек осынша қымбат дүниелердiң бiр кiсiнiң сандығы iшiнде өтпей жатқанына таңғалды. Себебiн сұрап едi, ана

кiсi қолын сiлкiлеп:— Кәзiр жұрт китәб оқығаннан гөрi, өсек айтқанды, қызмет алып, шен таққанды жақсы көредi. Дүние сырын ашуға

талпынатын бұрынғы алымлардың заманы йоқ, — деп зарлап қоя бердi.— Неге? — дедi Жәнiбек одан сыр тартқысы кеп.— Ойбай, айтары жоқ. Заман бұзылды. Мұсылман қауымының басынан бақ тая бастады. Аспаннан түскен төрт

кiтаптың бiреуi ғана мұсылмандардың еншiсiне тиген ғой. Қалған өнер, бiлiм жағы мына жәһилдердiң қолында кеттi. Сол себептi Иса пайғамбарға табынатындар бiзден озып, — деп, әлгi кiсi түңiле қолын сермедi.

— Оған... сонда кiм кiнәлi?— Кiнәлi ме? — Кiтап сатушы жан-жағына алақтап қарап қойды. Жақын жерде құлағы қалқиып тұрған ешкiм көрiне

қоймағасын, ымдап, мұны ерiксiз еңкейтiп, құлағына сыбырлады: — Сiз өзiң иман жүздi қазақ екенсiң, сосын айтып жатырмын. Болмаса кәзiр бу шәһарда кiсiге сенiп болмайды. Осындағы әзiлдеп айтқан сөзiң ертең Хұдаяр ханның құлағына барып тиедi. — Ол демiн бiр-ақ алды. — Мұсылман қауымында өнер, бiлiмнiң өспей отырған себебi — надандық. Мына бұқара халық, — ол қолымен базарда сауда жасап, өлiмiн салып жатқан елдi көрсеттi, — тiл сындырып, арабша үйренiп, кiтәб оқығаннан гөрi, сауда жасап, бiр тiлләсiн екi тiллә еткендi жақсы көредi. Бұларды қой! Басқа талап, ниеттерi жоқ.

— Сауда жасау... соншалық күнә ма?— Неге? Ешқандай да күнә емес.— Сiз мына кiтаптарды неге сатып отырсыз?— Қарағым, өзiм болсам қартайдым. Ер ұғылым йоқ. Бир қизалағим бар еди, у ертең куйяуга кетады. Шунан соң бу

дунияларни кимгә мерас етаман деп куни-туни уйлаб, жудә қафа булдим. Шунан соң сатайын дедим, — дедi ол қазақ, өзбек сөздерiн араластыра сөйлеп.

— Ә, онда дұрыс екен.— Сiз өзiңiз қай жерденсiз?— Өте алыстан. Мына Ақмешiт жағынан.— Е, Қаразым жақтан болдыңыз ғой. — Ол нұры тая бастаған екi көзi қарсы түскен күн сәулесiне шағылыса

жылтырап, маңдайының әжiмдерi бiлеуленiп тұрып: — Сiзге тағы қандай кiтәбләр керак? — дедi.— Мынадан басқа да дүнияларыңыз бар ма?— Бар. Бiрақ олар үйде. Қажет десеңiз әкелейiн.— Жоға. Үлкен кiсiсiз ғой. Сiздiң сiңiрiңiздi созғанша, барып алайын да.— Жудә йақши. Кәне, жүрiң, жүрiң, — деп, ендi әлгi кiсi мұны ықтиярына қоймай, кiшкене сандықшасын арқасына

салып ап, мұны соңынан ерте жөнелдi. Қасқырбай көмектесейiн деп едi, әлгi кiсi әлденеге басын шайқады.Кiтап сатушының үй-жайы базардан онша қашық емес екен. Бiрнеше жыланша ирелеңдеген тар көшеден өткесiн,

бау-бақшаға малынып тұрған кiшкене бiр аулаға кеп тоқтады. Әр жақтан сары қарын тарта бастаған өзбек әйел көрiндi. Ол бұның сәлемiне аузын жыбырлатты да, iшкерiге қарай кеттi. Бұйра сақалды кiсi қайта-қайта iлтипат көрсетiп, ауладағы сәкi үстiне бұл екеуiн отырғыза сап, өзi үйден бiр сандық ап шықты. Оның iшi толған кiтап, қолжазба екен. Ол мақтанып кетiп, бәрiн мұның алдына жайды. Арасында өзiнiң жазғандары да бар екен.

— Мынау өз шежiрем, — дедi ол сырты қатты мұқабалы қалыңдау дәптердi көрсетiп.— Онда не жазылған?— Мен мына Қоқан хандарының шежiресiн жазып жүрем. Ана сарайдағы шежiрешiлер кiлең жағымпаздар. Олар

болмағанды болды ғып, өтiрiк жазады. Ал мен тек қана расын айтам. Кәзiр шындықты айтқан кiсi жоғарыға жақпайтын болды ғой. Мынада сонау Шағатай заманынан бастап, бар хикая бүгiнге шейiн тартылған.

— Жақсы екен.— Ал мынау Қашқар мұсылмандарының тарихы. — Ол аз-кем ойланып қалды. — Қөрдiңiз бе, қаншама еңбек!

Осыны Хұдаяр хан бағаламайды. Оның есесiне жағымпаз, аяр кiсiлердi сарайына кәтиб қып алады. Бұл Қоқанда менен көп оқыған кiсi жоқ. Мен Димашқ һәм Стамбулдағы мәдрәсәләрдi тамам қилған шахсман. Осындағы кәтибтiң орны менiкi. Бiрақ оны маған хан бермейдi. Бу наданларни қойың, — деп, әлгi кiсi өз мұңын да шағып тастады.

Бағанадан берi iшi жылып отырған Жәнiбек бұйра сақалдың пендешiлiгiне нариза бола бастады. Бiрақ онысын сездiрмей:

— Стамбул түрiктерiнiң жайы қалай екен? — дедi.— О, жүдә йақши. Ол деген пайғамбардың жасыл туын тiккен жер емес пе? Ояқта дiн жорасы қатты ұсталады. Ер

түрiк елi кәзiр исi мұсылман қауымының берiк қорғанына айналып отыр, — деп, кiтап сатушы мақтай жөнелдi.Ол түрiк елiн тасырта мақтаған сайын, Жәнiбектiң күдiгi қалыңдай түстi. Бiрде қыза сөйлеп бара жатқан оның сөзiн

бөлiп:— Осы Стамбулда бүкiл түркi жұртын бiрiктiрсек деушiлер шығыпты дейдi ғой. Олардан хабарыңыз бар ма? — дедi.— Әлбәттә бар. Түрiкшiлдер бiр ғана Стамбул емес, мына Ташкент, Бұхара шәһарларында да жетерлiк. — Ол кенет

сыбырлай сөйледi. — Керек десеңiз, олар... осы Қоқанда да бар.— Апырмай, ә?— Бiрақ олар әлi жасырынып жүр. Хұдаяр ханнан қорқады.— Неге?

Page 31: Uli Sel 2 tom

— Хан өзi... былай, — деп, ол қолын сiлтей салды. Жәнiбек әрi қарай қазбаламады. Қоржынының екi басын толтыра кiтап алды. Ақы-пұлын төлеп жатьш:— Осы сiздiң ныспыңыз кiм? — дедi. — Исмәм Әбдурасул. Осы Фәрғанада туғилип өскәнман.— Жақсы, шүкран.— Сизга һәм шукрия. Йул тушса, келиб туриңиз. Алла денсавчилик берса, бийил Мәккә, Мәдинаға барип

қайтажақпан. Шунда куп китәблар ала келам. Яқши, яқши, — деп, бұйра сақалды кiсi қалбалақтады да қалды.Қайтып келе жатып, Жәнiбек өзбектердiң өте iлтипатшылдығына таңғалды. Жаңағы кiсiнiң ұсақ наразылығына

күлкiсi келдi. Iшiнен осы жолы қолына түсiрген көп олжасына қуанды. “Ауылға барғасын, қыстай осы кiтаптарды оқып шығу керек”.

Түс әлетiнде бұларды жақын жердегi керуен сарайға түскен Баймырза қонаққа шақырған едi. Жәнiбек келе сап, тез-тез жуынды. Көйлегiн ауыстырып кидi. Шаштаразға барып, шашын алдырып, өсiңкiреп кеткен мұртын қидырды. Үстiне иiссу шашып, бiр түрлi қунақ тартып сала бердi.

Баймырза iрi денелi, қырықтарға жақындап қалған, сопақ бас, бұжыр бет кiсi екен. Жастайынан өзбек арасына кетiп, осы жұрттың дағдысын әбден үйренiп алғанға ұқсайды. Мұнымен қол алысып амандасып, хал сұрасып, иiлiп, үй жақты қолымен нұсқады. Ол керуен сарайдың жеке бөлмесiне қызметшiсiмен бiрге түскен екен. Үй iшi сәндi. Қабырғаларға фарсы кiлемдерi ұсталыпты. Еденде түгi қарыс келер асыл кiлемдер жайылған. Ортада аласа дөңгелек үстел. Үстiнде хрусталь зүһриятқа салынған раушан гүлдер.

Жайғасып отырғаннан кейiн, Баймырза ақжем тарта бастаған қолымен бұжыр бетiн сипап қойып:— Сiздi осында келдi деп естiгенiме бiраз болды. Бiр қонақасы берiп жiберу бiздiң мiндетiмiз емес пе? Соның сәтi

жаңа түсiп отыр. Ештен кеш жақсы деген, — деп, мұның жүзiне барлай қарады.— Бәке, құрметiңiз Алладан қайтсын, — дедi бұл да iлтипат көрсетiп.Сол арада көк шәй кеп қалды. Баймырза қызметшiсiне сүт құйылған шәй дайындатқан екен. Көптен берi сылдыраған

көк шәй iшiп, көнi қатыңқырап қалған Жәнiбек екi-үш кеседен соң терлеп сала бердi. Кеуiлденiп отырып:— Аққа үйренген қазекеме көк шөп жеп, көк шәй iшiп, көгерем деу асылық-ау осы, — деп күлдi. Баймырза iрi тiстерiн көрсете жымиды:— Ол рас. Әуелгiде мен де көндiкпей жүрдiм. Бертiн келе үйрендiм. — Ол бұған мойнын бұрып алды. — Қалай,

Елекең пақуатты ма?— Әйдә!— Мал-жаны аман ба?— Аманшылық.— Осы... биыл сiздерде қазақтар тентектiк жасаған дей ме?— Иә, ондай болған, — дедi Жәнiбек аяғын тарта сөйлеп.— Дадабек сарттыкi де сорақылық қой. Қыз деген қазақтың абырайы мен ажары емес пе? Үйту шариғатқа да,

адамшылыққа да жат. Бәччәбаз неме, — деп, Баймырза сөзiнiң соңын жұтып, лекiте күлдi.Жәнiбек бәччәбаздар жайлы Бұхарада жүргенiнде естiген. Бұхара әмiрi мен Қоқан ханының пәрәмсарайында

қылқандай жас балалардың толып отырғанын жақсы бiлетiн. Бiрақ көзiмен көрмегесiн, алып қашты сөз болар деп онша сене қоймаған. Ендi әтеберлi азаматтың аузынан естiгесiн, шынымен таңғалды:

— Бәке, бiз қанша дегенмен сахарада жүрген елмiз. Iшкi жақтың сырын онша бiле бермеймiз. Өзi... осы рас па?— Жел тұрмаса, қамыс басы сыбдырламайды деген. — Баймырза жымиды.— Сонда... қалай?— Оның һич қалайы жоқ. Әр елдiң салты басқа, иттерi қара қасқа деп қазақ бекер айтпаған. Ендi... ол өз шаруалары

ғой, — деп, Баймырза осы әңгiменiң iндегенiн қаламағандай қабағын тыржитты. — Бiз де келiп жатырмыз. Құшбегiмiз Фәрғана, Қаразым, Хорасан хандарының аузы бiр болса дейдi. Бiрақ... Үш қошқардың басы бiр қазанға сияр емес.

— Былай... мәмiлеге келуге болмас па екен? — дедi Жәнiбек шайдан бiр ұрттап қойып.— Құшбегiнiң көздегенi де осы. Әркiм әр жаққа тартып... — Ол кiдiрдi. — Менiң ойлап жүргенiм, осы қазақтар

бұған қалай қарайды?— Оны... кiм бiлiптi? — Жәнiбек артық қадам баспағанды жөн көрдi.Ет келдi. Баймырза қыстан қалған сүрдiң соңын салдырса керек, қиялап туралған сарыала қара кесек еттiң ажарын

шығарып тұр. Жәнiбек көптен берi ет жемей, ашырқаңқырап жүр едi. Асықпай, әңгiмелесе отырып, көп алды. Жуалаған ыссы сорпаны да жақсы iштi. Тамақтан соң, бiр тостаған шұбатты құлата сап, үй егесiнен лұқсат сұрады.

— Лұқсат Алладан, — дедi Баймырза райланып.Үйге келгесiн, қара көлеңке бөлмеде жатып, Жәнiбек Баймырзаның жаңа сыр тартқысы келген жайын‚ сосын лез

одан аяғын тартып ала қойғанын ойлап отырып: “Неге, — дедi өзiне-өзi. — Әлде Ташкент құшбегiсi мен Хиуа ханы арасында араздық бар ма? Әлде Хұдаярды жақтырмай ма? Кiм бiлiптi? Екi ортада шыбын өледi деп, басыма бәле тiлеп алмайын?” Ол тырсиған қарнын сипап қойып‚ ойын басқа жаққа аударғысы келдi‚ бiрақ қанша ойламайын десе де, есiне Хұдаяр мен Ядгарбектiң оңашаланып алғаны түсе бердi. Сол екен: “Олардың мұнысы несi? Сонда менi санатқа қоспағаны ма? Үйтерi бар болғанда‚ менi неге әуре ғып ауылдан алып шықты?” — деген iш жағында жатқан бiр ренiшi маза бермедi.

Соны Қасқырбай да сезетiн сияқты. Ол қақырынып, iрге жаққа бiр түкiрiп:— Уһ, жаным-ай, — дедi. Жәнiбек кiржидi:— Iргеге түкiрме. Немене мұны... дала көресiң бе?— Жоға. Әдет қой. Шiркiн, не iстеймiн десең де өз еркiң, кең далаға не жетсiн. — Ол қолымен төбенi көрсеттi. —

Мынау немене өзi? Төрт қабырғаның iшiнде қамалып отырғаның. Ауасы да бiр түрлi.— Үйренбегендiктен болар.— Үйренгенде... — Ол тамағын кенедi. — Мыналар бөлектенiп алды. Осы бiз не бiтiрiп жатырмыз, а?— Бiр ретi болар, — деп, Жәнiбек әңгiмеге ықылас бiлдiрмедi.Ертеңiне келiссөз бiттi. Ядгарбек бұған ашылып ештеңе дей қойған жоқ. Таң ата бәрi жолға жиналды. Бұларды

шығарып салуға Хұдаяр ханның өзi келдi. Ол мөлттей қара сақалды, орта бойлы, дөңгелек жүздi, шымыр денелi кiсi

Page 32: Uli Sel 2 tom

екен. Үстіне киген зерлi, мақпал шапаны, басына алтын жiп араластырыла тоқылған матадан салған шалмасы, белiндегi күмiс қынды қанжары оны басқа жұрттан айрықша бөлектеп тұр. Ол Ядгарбекпен қоштасып, самарқау жүзiн қолдан жылытып:

— Жәнiбек мырза осы ма? — деп, әдейi бұрылып кеп, мұнымен амандасты. — Сiз жайлы Ядгарбек айтқан. Ниятыңыз дұрыс екен. Мұсылман қауымының бiрлiгiн нығайта беру әр кiсiнiң парызы.

Жәнiбек басын идi:— Дұрыс айтасыз, тақсыр.Хұдаяр әрi бұрылды.Сол арада керней тартылды. Даңғыралар қағылды. Бұлар атқа тегiс қонғасын, хан сарайының дарбазасы ашылды.

Елшiлiк жолға шықты. Қарулы күзет бұларды Жизақ даласына жеткенше шығарып салды. Мауәр-ан-нәхрдың сары даласы басталғасын, Қоқан күзетшiлерi керi қайтты. Арада екi қонып, Нұрата, Қарақ тауларының қарасы көрiнгесiн, Жәнiбек Хиуа шәһарына соқпай, Қызылдағы ауылына төтесiнен қайтқанды жөн көрдi. Ядгарбек қарсы болған жоқ. Бас уәзiр томаға тұйық қалпы Хиуаны бетке ұстап, жүрiп кеттi. Аттанарда:

— Хабар өзiмнен болады. Әзiрге ұшыр, түтiн салықтарын жинай берiңiз‚ — дедi.Жәнiбек аң-таң. Ол нөкерлерiнiң алдына түсiп ап‚ кетіп бара жатқан уәзiрге сыртынан көз сап тұрып: “Бұларға керегi

салық екен ғой! Өздерiнiң бiздердi тонағаннан басқа ойлайтыны жоқ. Мынауың тура былай барсаң, өгiз өледi, былай барсаң, арба сынадының керi ғой. Апырмау, ендi кәйтiп күн көремiз? Бұ қазақтың ұстар тура жолы қайсы?” — деп, толғанып, қатты дағдара түстi. Сосын атын тебiнiп қап жүрiп кеттi.

Ендi қалған жолға асықпаған Жәнiбек жолшыбай Қарақ тауларын қыстайтын Бозғұл руларына қона түстенiп жүрiп, бiр аптадан соң Қуаң жағасына кеп құлады. Бұл кезде сары күз дендеп енiпте қалған кез едi. Жәнiбек сарғая бастаған Қызылқұмды көрiп, бiр түрлi боп толқып кеттi. Сосын ол өз өзiнен кеуiлденiп, балалығы ұстап кетiп‚ көптен жанын қинаған ойды ұмытқысы келдi де, астындағы атын қамшысымен тартып қап, алдағы тұрған төбенi бетке алып шаба жөнелдi.

13

Сағынай аулы биыл күзеудi Сырдың жағасы жайпақтау тұсы — Қылышбай күзерiнде еткiзуге бекiндi. Кiрпияз шал Қуаңның суын лас деп, ақтылы қойын Сыр суына тоғатып барып, қырыққанды жөн көрдi. Сол қамшы боп, қыркүйек туа ауа көше жөнелдi. Араға бiр қонып, жүк артқан түйелердiң тiрсегiн созып, Сырға қелiп құлады. Қылышбай күзерi, шынында да, күзеу алуға қолайлы жер екен. Дарияның иiлiп кеп, қайқая бұрылып аға жөнелер тұсында кiшкене ағыс бар. Қудем жерге дейiн бой бар. Бала-шағаға дейiн қозы-лағын тоғыта алады.

Ақ сары шал сол күнi теңдердi шештiрiп, үйлердi тiктiрдi. Ертесiне бiр мал сойып, құдажолы ғып жiбергесiн, күнi бұрын сауын айтқан, осы өңiрге таныс, кәнiгi қырықтықшыларды алдыра бастады. Оларға қайықшы қотыраш Медеубай да қосылды. Сағынай оған еңбегiне бiр тоқты берем дедi.

Ертесiне бес-алты қырықтықшы iске кiрiстi. Олар әуелi бiр отар қойды иiрiп, жаңқылдаса жүрiп, жайпауыт жерге жақсылап тоғытып алды. Сосын барып қырықтықтарына жармасты. Өздерi шаруаға ұста екен. Қолдары лып-лып етiп, төрт аяғын бiр байлай салған қойларды дем арасында жабағы жүнiн қырқып ап, бөлек шығара бередi. Олардан Медеубайдың да қалысар түрi жоқ. Кәнiгi қырықтықшы болмаса да, қолының мiсекерi барлығы iстiң атымын бiлiсiнен-ақ айқын таньшады.

Сағынай шаруаға араласқан жоқ. Үстiне түйе жүн шекпенiн киiп, қолын артына қайыра ұстап, бәрiне бас-көз боп жүр. Ол кеше қойларды тоғытысуға Елдестi арнайы кiсi жiберiп, шақырып алғанды. Қапсағай денелi, бетi быдым-быдым Елдес шалбарының балағын жуан санға дейiн түрiнiп жiберiп, iсек қойларды бұйым көрмей көтерiп ап, суды недәуiр жерге дейiн кешiп барып, тоғыта бастайды. Аяғы жерге тимей, тырбаңдаған қойдың басы жоғары ұстап, күректей қолдарымен жуа жөнеледi. Азда кейiн үстi-басы су-су, тап-таза болған қой жеке салынған тал қораның iшiнде дүр-дүр сiлкiнiп жатады. Сағынай Елдестi онша ұната бермейтiн. Дөкiр, келеңсiз көретiн. Ендi оның шаруаға ұсынақтылығын байқап, iшi жылы сала бердi. Жанынан бiр қойды көтерiп өтiп бара жатқан оған:

— Абайла, бiр жерiн майып қып жүрме, — деп ескерттi.Елдес бетi жалпайып, жымиды:— Майып болса, қызылдаймыз да.— Немене ет жемей жүр ме едiң?— Өзгенiң етiнiң дәмi бөлек болатын көрiнедi ғой.— Өй, сөзiң бар болсын, — деп, Сағынай қолын сiлкiп аулақтап шыға бердi. Қырқылған жүндi жинап жатқа қатын-

қалаштардың қасына келдi. Бүгiн осы ауылдың ең кейген кәрiсiнен еңбектеген жасына дейiн қырқым басын жиналған екен. Араларында былтыр жұтқа ұшырап, тiгерге тұяғы қалмай адаланған Төртқара ауылдарының бiр-екi жалшысы да бар. Олар бүгiн үйлерiндегi жас келiн-кепшiктерiн де ерте кептi. Соны көрiп, Сағынай кеуiлден түстi. Ол былтыр қу таяғын ұстап қалған байғұстар алдын жалынып келгенде онша ыңғай бiлдiре қоймағанды. Бiрақ ел-жұрттың сөзiнен ұялып, амалсыз жалшылыққа алған болатын. Жаз бойы оларды от басына онша жолата қоймаған. Ендi Әбдуәлидiң үйiндегi жас келiншегiн көрiп, тоқтай қалды. Ол затында жас адамға көз тоқтатып қарамайтын. Бұл жолы басына ақ жаулығы сәндеп тартқан, қара торының әдемiсi, толықша келген, көнетоздау кеудеше киген келiншекке сұқтана қарады. Келiншек ештеңенi байқар емес. Лып-лып етiп, жабағы жүндi күндесiн жерге жайып жатыр. Екi бетiнiң ұшына қып-қызыл қан ойнап шыға келген. Томпиған жүзi жас кезiнде ажарлы болғанын қапысыз танытып тұр. Тек бар көркiн үстiндегi қырық құрау көйлегi бұзады екен. “Мына жаман неме қолындағы гүлдi дұрыстап баға алмапты-ау. Адам көркi шүберек деп бұрынғылар бекер айтпаған ғой. Мына келiндi үлде мен бүлдеге орап қоса, қандай еркектiң де кеуiл хошын табар едi”, — деп ойлап, көзiн тайдырып әкеттi. Жәй аяңдап, жүн жуып жүрген қатындардың сырт жағында сексиiп тұрған Нияздың жанына келдi. Ол айт-тойға баратындай сәндене киiнiп, қолына ұстаған, сабына сүйек шаптырып жасаған қамшысын аударыстыра қарап тұр. Әдетте баласының салдығын қалайтын шалдың осы жолы, неге екенi белгiсiз, мына тұрысына күлкiсi келдi. Сосын қаба сақалын сипап қойып:

— Сен неге қарауыл қарап тұрсың? — дедi. Нияз ыңғайсызданып:

Page 33: Uli Sel 2 tom

— Ендi не iстейiм? — дедi.— Мына... жiгiттерге қол ұшын бермейсiң бе?— Өй, үстi басым сауыс-сауыс боп, қой жуып жүрем бе? — деп, Нияз қабағын кiржиттi.Шал баласының жүзiне анықтап қарады:— Балам-ау, немене үнемi осылай сылаңдап жүре берем деймiсiң? Ертең үйлi-баранды болмайсың ба? Бала-шаға

асырамайсың ба? Сонда саған шаруаңды кiм iстеп бередi? Әлде менi жаныңда қалқиып жүре бередi деймiсiң?— Оны кезiнде... көрермiз. — Нияз тыжырынды.— Кезi нес? — Шал ашулана бастады. Ол баласын әлi жас, есi енер, кейiн желiгiн қояр деп жүрген. Ендi асқынып

кеткен дерттi сезгендей, тұла бойына бимәлiм ыссы толқын жүгiре бастады.Нияз қабағын шытып, әкесiне тура қарай алмай, көк сауыр былғарыдан бiр қара берiп тiккiзген етiгiнiң үшкiл

ұшымен қайыр топырақты түрткiлеп тұрып:— Кейiнi... кейiн де, — дедi. Сосын ол әкесiне күле қарады. — Жаңағы айтқан қатын-бала мойныма масыл болғасын,

бiр сыласын жасаймыз да.— Масылы несi? — дедi Сағынай кейiстiгiн жасыра алмай.— Масылы масыл да. Кұл күзеткiзiп қойған қатын-бала жiгiтке артық бинет болмай, басына қонған бақ дейсiз бе?— Өй, сөзiң бар болсын, — деп, Сағынай әр жағынан келiп қалған ашуын шаққа дегенде тиды. Мына

жалшыларының алдында кәдiрiн кетiргiсi келмедi.Осы кезде жандарынан өтiп бара жатқан Елдес Ниязды иегiмен нұсқап, қарқылдап күлiп:— Әй, сен немене қатындарды күзетiп тұрсың ба? Ол үшiн байлары бар емес пе? — дедi.— Байы сай болса, жақсы. Сай болмаса, қатында неше түрлi ой болмай ма? — дедi Нияз кенет жымыңдай күлiп.Сағынайдың сол арада көзi Әбдуәлидiң келiншегiне түсiп кетiп едi. Жәй қарай салған. Нияздың жауабын естiп,

келiншек жаулық тартқан басын төменiрек иiп, қызара түскен сияқтанып кеттi. “Мұнысы несi?” — деп, Сағынай онша кеуiл аудармай дария жағасына қарай аяңдады. Аяғын жәй алып келе жатып, әлденеге дел-сал болды. “Мә, саған! Мына баланы серi қылам деп, осы перi ғып алған жоқпын ба? Қой, онан да қуатым барда басына ноқта түсiрейiн”, — деп ойлады. Сосын аяқ жетер жердегi жақсылардың қыздарын еске алды. Бiрiн қайқы, бiрiн дүңкi деп, iштей жаратпай, қайсысына тоқтарын бiлмедi. Кенет басына бiр ой түсiп, Әбдуәлидiң жанына келдi. Шарға, қағiлез Әбдуәли бiр iрi қошқарды жыға алмай әуре боп жатыр екен. Бiр қолымен мойнынан ұстап, екiншi қолын артқы аяғына соза бергенде, қошқар басын сiлкiп қап, шегiншектей түседi. Әбдуәли тырмысып, қошқарды керi тартады. “Өй, мына қасқаның қауметi де жоқ екен ғой!” — деп Сағынай бала кезiндегi әдетi ұстап кетiп, қошқарды бас салды. Қарулы қолдарымен екi аяғынаң ұстап, бiр сiлкiп, жерге алып ұрды. Шалт қимылмен қошқардың үш аяғын қыл арқанмен байлай салды.

Әбдуәли шiңк-шiңк етедi: — Өй, әкеңнiң аузын... Өзi жаман қошқар екен! Сүзеген бе дейiм, кiсiге қарап таптап бередi.— Жақсы қошқардың үйту әдетi емес пе? — деп, Сағынай орнынан тұра бердi. Сосын келген шаруасы есiне түсiп: —

Осы... Әбдуәли келiннiң төркiнi қай ел едi? — деп сұрады.Әбдуәли қолын сiлтей сөйледi:— Мына Қазалының түскей жағындағы Арданалар ғой.Сағынай ру жағын онша жақсы бiле бермейтiн. Анықтап сұрап алғысы кеп:— Ол қайдан шығады? — дедi.— Ау, о деген төрт Әйдәрбектiң баласы емес пе?— Ә, солай ма едi? — дедi Сағынай осы руға байланысты ел арасында тарап жүрген әзiлдi есiне алып. — Олардың...

қыздары... былай ажарлы, тәттi болады дейдi ғой.— Ояғын қайдам. — Әбдуәли бұған көзiн қыса қарады. — Тәттi-пәттiсiн әзiрге көре қойған жоқпын.— Ау, сонда не iстеп жүрсiң? — дедi Сағынай күлiп.— Ендi... былай... — Әбдуәли мүдiрдi.— Өй, сен өзiң... былай деп жүргенде... — Өй, бит балақ қатын не iстеп жарытады? — дедi кенет әлденеге түсiнгендей болған Әбдуәли түрi қарауыта бастап.— Байқа. Қазекем: “Астыңдағы атыңа сенбе, қойныңдағы қатыныңа сенбе”, — деген. — Үйтiп көрсiн. — Әбдуәли қоқиланып қойды. Сосын қабағын кiлт түйiп: — Оны неге сұрап тұрсың, Сәке? — дедi.— Жәй. — Сағынай өзiнiң артық кеткенiн бiлiп, ендi оған жауап бермей, бұрылып жүре бердi. Есiне бiр батырдың

қарындасы түсе кеттi. “Соны барып айттырсам ба екен? Батырдың тұқымы тентек шығып, нәтi жуас баламды жүнжiтiп жiберер. Әлде...” — деп ойланып, ол түс әлетi боп қалғанын көрiп, намаз оқиын деп, үйiне беттедi. Iш дәрет ап, жуынып-шайынып, жайнамазын жайып, бетiн қүбылаға берiп, намаз оқи бастады. Дұға ғып, бетiн сипағасын, жайнамазын жинап, кемпiрiне бере салды. Түскi шәй үстiнде әйелiне мойнын бұрып:

— Осы бала... қу тiзесiн құшақтап отыра бере ме? — дедi. Қатынының жаңа бiр бүйiрiнде шаншудай қадалып жүрген жайы осы болса керек, зарлап қоя бердi:— Саған баланың басын байлап қой деп баяғыда-ақ қақсаған жоқпын ба? Жөн әңгiменi тыңдайтын сен бе?— Биыл... Өзi қаншаға келдi? — дедi Сағынай қатынының сөзiн бөлiп.— Қаншағасы несi? Осы шал бара-бара ауышар. Биыл балаң жермаға шығады?— Жерма-а-аға?— Иә.— Қойшы!— Қоятын түгi жоқ. Айғырлық қып жүргенiн көрмейсiң бе?— Апырмай, ә, — деп, ол сақалын тарамдай бастады. — Жермаға дейсiң, ә? Ендеше қатын алатын кезi жетiптi ғой.Қатыны жайраңдап сала бердi:— Жеткенде қандай! Келiн жұмсап отыратын уақытым емес пе?— Онда... бiзге қолайлы кiмнiң қызы бар?— Ояғын... қайдам. Балаңа салсаң, ол... ана... Нарманның ауылынан шықпай жүр ғой.— Қой оны! Нағашысы ашқарақ, қонаққа тамақ бермейтiн атақты сараңдар едi! Ондай бесқуырдақтан қандай оңған

қыз туады? Онанда басқасын қарастырайық. — Сағынай кемпiрiне көзiн қыса қарады. — Мына Шобдар Алмат батырдың қарындасы қалай?

Page 34: Uli Sel 2 tom

— Өзiңнiң есiң дұрыс па? Шоқпар ұстаған тұқымнан қыз алып, кестең әбден келiсер. Балаң домбыра, сырнай жинап, келiнiң сойыл, найза сайлап, ел-жұртқа күлкi болармыз.

— Сонда... ендi кiмге жiп тағамыз?— Оны от басында омалып отқан мен қайдан бiлейiн. Еркек атың бар емес пе? Өзiң атқа мiн де, қыз қара.— Мұндағы шаруаға кiм баскөз болады?— Өй, құдай шебер-ай, өмiр бойы өзi қой тоғытып, қой құрттап келе жатқандай сөйлейдi ғой. Бара бер, бiр сыласы

табылар. Сағынай үндей алмай қалды. Әшейiнде кемпiрi бұлай бетiне қарсы келсе, қамшы ала жүгiрер едi. Ендi өзiнiң ат

белiнде жүретiнiн, отбасының iсiн кемпiрiнiң тындыратынын есiне ап, қозғалақтап қойды.— Мұның да жөн екен, қатын. Әй, бол, атты ертте.Әшейiнде қол-аяғы ауыр Сағынай дем арасында жеңiлейдi де кеттi. Шәйдi апыл-ғұпыл iше сап, атқа қонды. Содан

былай шыққасын, қайда барсам деп бiраз ойланып тұрды. Кенет ат басын Кәнiспек Әбдiраманның аулына қарай бұрып алды. Жоқ қарап жүргенiн айтып, әр нәрсенi сылтау етiп, ол сол күнi Әбдiраманның аулында қонып қалды. Кешкi ас үстiнде шешесiне қолқабыс етiп, шолпысы сылдырлап, iшке кiрiп-шығып жүрген бойжеткенге көзiмен сынай қарады. Бойы әкесiне тартып, сұңғақ боп өскен. Ажары онша жаман емес, ақ сары. Тек қыздың кеудесi тарлау, еңкiш. “Мынау бала емiзiп жарытпас. Шарананы қырқынан шықпай жатып, аузына быламық салып берiп жататын нағыз битбалақ болады да қояды”, — деп, кiсi жаратылысына жүйрiк сыншы шал үнсiз қалды.

Әбдiраман Сағынайдың тегiн жүрмегенiн сезсе керек, мұртынан күлiп:— Сәке, атқа онша көп қона бермейтiн едiңiз. Сiздi жылы орныңыздан қозғағанына қарағанда, жоғыңыз қымбат мал

болды ғой, — дедi.— Иә. Ала айғырдың үйiрiндегi байтал едi. Сүйегi асыл болатын. Әнеу күнгi жаңбырда тобынан көз жазып қапты.

Жылқышылар әрi iздеп, берi iздеп таба алмағасын, өзiм шықтым.— Е-е, дұрыс екен. Талабыңыз оң болсын. Осы елде не көп, байтал көп. Солардың арасынан iздеген малыңыз

табылып қалар.— Әзiм де солай деп ойлайым, — дедi шал Әбдiраманның қулығын аңғармай.Сағынай ертеңiне Қырда күзеуде отырған малды-жанды бай ауылдарды аралауға шықты. Бiрiне қонып, бiрiне

түстене жүрiп, Қазалының iшкi қолтығынан кеп шыққанын аңдамай да қалды. Бұл жақ қалың Шектi, Ардана, Татыран дейтiн рулардың жайлайтын ата қонысы. Ел ұлтаны — әлi көбесi сөгiлмеген сыңсыған Әйдербектер балық аулайды. Сағынай балықты иттiң етiнен жек көредi. Ол балық жемек түгел, сорпасын да iшпейдi. Ол бiр ауылдың бас көтерер азаматының үйiнде қонып отырып, бекiренiң бел кеспесiнен аузына бiр салды да, iшiнен: “Ендi маған жетпегенi осы едi. Балықшы келiн ап, қарық болам-ау”, — деп ойлады. Сол үстiне жұпынылау киiнген бiр қыз сырттан бiр табақ сорпа көтерiп кiрдi. Арсы-гүрсi қимылдап, табақты жерге дүңк еткiзiп қоя салды. “Қой, мынау маған келiн боп қарық қылмас”, — деп, шал асығыс ас қайыра сап, күннiң кешкiрiп қалғанына қарамастан, жолға шықты. Қас қарая Қамбаш жағындағы бiр Жақайымның үйiне кеп түстi. Қыр қазағына арнап үй егесi ет астырды. Дәмдi сорпа иiсiн сезiп, кеуiлденген Сағынай жөн сұраса отырып, iшке ас жабдығымен кiрiп-шығып жүрген қызды бақты. Ұзын бойлы бойжеткеннiң жүзi ашық, батыл секiлдi. Басына киген үкiлi бөркi, ұзын қос етек көйлегi, жеңiл кеуiшi мына отбасының күйi барлығын пәш етiп тұр. Қыз да бiр көргенге жаман емес. Дөңгелек жүздi, қызыл бет. Кеуделi, сүйектерi салалы. Әттең, бөксе тұсы тараңдау екен. “Мұндайлардан шыңжау бала туады. Әрi мұндайлардың мiнезi тәйтiк келедi”, — деп, шал бiраз толғанып отырды. Ақыры оған да тоқтамай, қаңғалақтап жүрiп, Қазалыға жақын жердегi Сыр бойын жайлайтын Қаракесектердiң елiне келдi. Дария маңы олардың қыстауы да, жайлауы да көрiнедi. “Шырыш сасыған жұрт-ау”, — деп, Сағынай қомсынып, қонған жерлерiнде онша ашыла қойған жоқ. Тек бiр үйдiң қызы назарын аударды. Бас-терiсi келiскен, өңдi жас екен. Сүйегi iрi. Маңдайы кең, жүрiс-тұрысы ауыр. “Мынау мiнезi жайсаң, нағыз бесаспап, жер қозғалса да саса қоймайтын бәйбiше болғалы тұр екен”, — деп, iшi жылып сала бердi. Сол арада бойжеткеннiң үстiне киген мақпал көйлегiнiң төсiн жырта жаздап кере түскен, көзедей емшегiне көзi түсiп, жағасын ұстады. “Астапыралла! Сұбханалла! — деп, тiлiн кәлимаға келтiрдi. — Жат қол тимесе, қыз баланың кеудесi өсе ме екен? Әлде... жаратылысы солай ма?”

Адам пiшiнiне көзi қарақты шал қызға қайтадан анықтап көз салды. Қыз шешесi соны сезсе керек, қызына:— Қазанның қанды көбiгiн алып келе қойшы, — дедi. Қыз басындағы үкiсi бұлғаңдап, ұзын бұрымына таққан шолпысы кеуiшiн қағып, сыртқа шығып кеттi.Отағасы болмайтын бiр әңгiменi көңiрсiтiп отыр:— Шiркiн, сары сазанның сорпасына не жетедi. Мұртты малып iшкен қымызыңнан бетер.Қызыл шырайлы әйелi оқыс мырс етiп, бұған нұрлы қой көздерiн тура қадамай:— Үлкен кiсi, түрiңiзге қарағанда, бiразға кеп қалған адам секiлдiсiз. Шамасы, Қызылды жайлайсыз-ау. Бiздiң

отағасымыз болса осы йақтан, балықшы ауылынан. Төркiнiмiз он жылғы қысыр байталдың жал-жаясын жемесе де, екi өркешi баладай түйенiң ақ майын сорып өскен жандар едi. Алланың жазуы осылай боп, балық қылқандап жатырмыз. Бағлан соймады деп айыпқа бұйырмаңыз. Бекiре де анау-мынау тоқты-торымға бергiсiз асымыз. Таңдайға жат көрiнгенмен, денсаушылыққа терiс бола қоймас, — деп, күйеуiнiң келеңсiздiгiн жуып-шайып жiбердi.

— О неге? Қонақ қойдан да жуас деген. Өңештен өткеннiң бәрi ас емес пе? Оны саралап жатудың не керегi бар? — деп, Сағынай биязылық көрсеттi. “Мынау бiр оңды жердiң қызы-ау! Сары алтынның сүмелекке тап болатын әдетi емес пе? Ақ шәйiге орап қойса, нағыз ханшайым болғалы тұр екен!”

Қатын тағы да сөйледi:— Үш баламыз бар едi. Шеттерiнен қатын ап, жеке үй боп отыр. Кiшi ұлымыз әлi аяқтана қойған жоқ. Кенжемiз әлгi

нашар бала. Төрт ұлдың ортасында өскесiн, аздап еркiнсiретiп жiбердiк. Бiрақ есi жоқ емес.Шал үндемедi. Әйелдiң ненi жақауратып отырғанын түсiндi. “Қой, серi мен перi қосылып, аулым жын-ойнаққа

айналып кетер. Одан да салпы етек, майбалақтың өзi дұрыс. Мұндай жiгiттердiң желiгiн жаман қатын басатын”.Сағынай ертесiне ауылына төтелеп бара жатыр едi, Тиышбек бiр бүйiрден қосылды. Астындағы жаман топыраш

атын үстi-үстiне қамшылап, барқырай сөйлеп келедi.— Сәке-ау, аулымның үстiңен шаңдатып өтетiндей менiң ағайынға не жазығым бар едi?! Әлде менi санатқа

алмайсың ба? Жоқ болмаса, менi қонақасы тауып бере алмайды дейсiң бе? Сәке, ат басын бұрмасаң, өкпелеймiн, — деп, ол келе мұның шалғайына жармасты.

Page 35: Uli Sel 2 tom

Сағынай iркiлдi. Тиышбектiң көнтек ернi сүйреңдеген сайын‚ iшiнен: “Барсам барайын. Менiң ат-тонымды сыпырып алып қалмас”, — деп қойып:

— Сен де бiр атаның баласы едiң. Жарайды, бастай ғой, — дедi.— Е, баяғыдан берi сүйдемейсiң бе? Тиышбектiң сарайы болмаса да, сарайының нобайы бар. Сенен аяған тышқақ

лақты ит жесiн, — деп, Тиышбек қапталдасып ерiп келе жатты.Сағынай iштен жиырылса да, сыр бiлдiрмей:— Тиышбекжан, қалай мал-жан аман ба? — дедi.— Әйдәй! Мал да, бала да өсiп жатыр.— Жақсы екен.Олар жаман қараүйге жақындап кеп тоқтады. Тиышбек атынан домаланып түсе қап, Сағынайдың қолтығынан демеп,

жерге түсiрдi. Сосын үй жағына бұрылып, әңгiрлеп:— Әй, қатын, қайдасың? Қонақ келдi, төсек сал! — дедi.— Қайдағы қонақ? Сенiң быламығың жұртқа дәрiдей, — дей берiп, үйден шыға келген Ақрәш бетiн шым-шып: —

Ибәй, басқа бiреу ме десем, атам екен ғой, — деп, қап-қара қолын кiр-кiр көйлегiнiң алдына қусырып, сәлем еттi.— Көп жаса, келiн, — дедi Сағынай қолайсызданып.— Сәке, кәне, үйге кiр, — деп, Тиышбек жүгiрiп кеп, жаман сықырлауық есiктi ашты.Сағынай төрге барып малдас құрды. Үй iшi лас. Төрге төселген тулақтан шаң исi шығады. Шұрық-тесiк туырлықтан

жарық түсiп тұр. Оң жақтағы сыры қашқан кебеженiң маңында қиылған былғарының қиқымдары шашылып жатыр. Соларды көре сап, Тиышбек күңк етiп:

— Қанша айтсам да болмайды. Былай... жинап қою деген жоқ, — деп, қолымен тулақтың үстiн сипай қағып қалып едi, ала шаң бұрқ еттi.

Ақрәш бұрқ-сарқ қайнатып, шәй әкелдi. Дем арасында бұрқ-сарқ қайната пiсiрiп, ет әкелдi. Ет тастай қатты екен. Сағынай қынынан пышағын ап, еттi қиқалап кесiп, аузына салды. Тiсi өтпей, малжаңдап бiраз отырды.

Ақрәш қысылып:— Ана қыз қазанның астына жалпылдақ отынды қаттырақ салып жiберiптi, — дедi.— Он екi де бiр гүлi ашылмаған бала не бiледi? Өзiң неге қарамадың? Өй, көргенсiз! — дедi Тиышбек ақиып. Сағынай шатақ шығып кетер деп ойлап:— Iждеме етпес. Ондай-ондай хан қызында да болады ғой, — дедi.Тиышбек тырқ ете қалды:— Сәке, жақсы айттыңыз. Баламыздың құлағына үйтпе, бүйтпе деп күнде құямыз. Кейде оның үйiстетiнi бар.— Жас қой.Тиышбек бұған жақын ысырылып отырып:— Сәке, жаңалықты есiттiң бе? — дедi.— О не?— Мына Ережеп орыстар жағына шығып ап, зекет төлеуден құтылып кетiптi. Әнеу күнi бiр кiсiге: “Ендi Хиуаға

қарамайым. Оларға беретiн тышқақ ылағым да жоқ”, — дептi. Сосын өзi елдi ақ патша жағына көшiңдер деп үкiт таратып жүрген көрiнедi. Биыл есепшi айтыпты, жұт болады дептi.

— О жағы қарыссын, елге жамандық шақырғаны несi?— Рас, сүйдептi.Сағынай Тиышбектiң жата кет деп жабысқанына болмай, күн ұясына қона атқа мiндi. Ымырт қараңғылы түсiп, көз

байлана, шығыстан толық ай туды. Сол екен, жалпақ дала қызғыш тартып сала бердi. Сағынай атын қинамай, тiзгiндi жәй қаға отырып, ет пiсiрiмдей уақыттан соң Сыр жағасындағы күзеуiне кеп құлады. Ол ауыл отырған жердiң желке тұсындағы қалың жыңғылдың арасымен жәй аяңмен келе жатыр едi, кенет бұтақ сытыр еткендей болды. “Бұ не? Түлкi ме?” — деп, бұрылып қарай берiп едi, ай сәулесiмен жаулығы ағараңдаған бiр әйелдiң әрiректегi жыңғыл түбiне бұға қойғанын байқап қалды. Оның жанында бiреу тұрған сияқтанды. Шал көзiн жыпылықтата қағып-қағып жiберiп, сол жаққа қайтадан тесiле қарап едi, иманы қара таяқтай болды.

— Астапыралла! Астапыралла! Күйлеген қаншыққа арлан болғанды мен саған көрсетейiн!Шал атының басын шұғыл бұрып алды.

14

Нияз қатты қысылды. Ертеңiне шәй үстiнде әкесiне туралап қарай алмады. Сағынай да қабағын түйiп ап, сампылдаған кемпiрiне андасанда бiр-бiр шолақ тiл қатып, шәйдi сiмiрiп отыр. Нияз басын төмен салып жiберiп, шәйдi ықылассыз iшiп, ас қайыруға қарамастан, сыртқа шықты. Көршi үйден Елдес шығып келедi екен. Баяғы аусар, ақжарқын қалпы. Бұған аузы жайылып, ыржия қарады:

— Сен немене, өй, енеңдi... осыншама ұнжырғаң түсiп, — деп, әдеттегi боқтампаздығына басып, мұны қасына шақырып алды. Сосын көзi лайланып тұрып: — Бала, мен сенi сүмiрейген ынжық деп жүрсем... өзiң дымыңды шығармай-ақ, бар шаруаны бiтiрiп ала беретiннен екенсiң ғой, — деп, мұны арқасынан қағып, қарқылдап күлдi.

Нияз ыңғайсызданып:— Қойшы, аға, сен де бiр, — дедi.— Оның не қоятыны бар? Жаман күйеу түндегiсiнен күндiз ұялады деген. Көз байлана жыңғыл арасында қыз-

келiншектi бүгерлегенде жақсысың. Ендi кеп, қойшы дейдi ғой. Өй, енеңдi..., — деп, Елдес сөзiнiң соңын тағы да тұздықтап жiбердi.

Ұят жеңiп, не дерiн бiлмеген Нияз көзiн жерден көтере алмады.— Бала, бiр есептен мұның да дұрыс, — дедi Елдес тағы да мұны қыжырта сөйлеп. — Қалың мал берiп,

шығынданып жатқан жоқсың. Саудасы өтiп кеткеннiң қызығын көру ер жiгiтке жайыз емес пе? Ана шарға, шыңжау неме қатынының кiндiгiнен де келмейтiн шығар. Сосын қатын сөзге ебi бар, iске белi бар еркек iздемей кәйтедi? — Елдес қолымен екi санын шапаттап, қарқылдап күлдi. — Ол жаман кiрменi солай қатыр!

Нияз бұрылып жүре бердi.

Page 36: Uli Sel 2 tom

— Әй, тоқта! Қайда барасың? — деген Елдеске қайырылмады. Аяғын жылдамдата басып, жүн жайып жатқан қатындардың жанынан өтiп, дария басына келдi. Ұлы дария бiр түрлi салқын тартып, суық лебiн атырапқа ақырын-ақырын сездiрiп, жайыла ағып жатыр екен. Әр жер-әр жерде топтоп боп жүзiп жүрген қасқалдақтар қараяды. Әуеден былдырлап бұлдырықтар заулап өтедi. Бiр топ сұр үйрек қанаттарын сабалай қағып, дария бойынан қонатын қолайлы жер iздегендей жоғары қарай өрлей ұшып барады. Сырдың алып айдыны майда толқындардан жыбыр-жыбыр етiп, көктен құйылған көп сәуледен мүлдем жарқырап кетiптi.

Нияз кеуде кере дем алды. Жаңа ғана келiп қалған ашуын шаққа дегенде тиды. Сосын түнде келiншектiң жылай отырып айтқан сырын еске алды. Ол Алуашпен бұлайша оңаша кездесем, танысам деген жоқты. Жәй жiгiтшiлiкке сап, оңаша кездесе қалғанда қалжың айтып жүрген. Кейiн байқаса, онысы жадау тiршiлiк астында қөмiлiп қалған қызыл шоқты ыссы демiмен үрлегендей болған екен. Жаңа лептi сезген әлгi шоқ үстiн басқан күлдi керi серпiп, нарттай боп қызарып, лап еткен қалың өртке ұласуға айналыпты. Соны Нияз жақын арада аңғарды. Бар есiлдертi Ағлеске кетiп жүрген жiгiт әуелiде Алуашты бұлайша сүйе қалам демеген-дi. Оны бұл жолға итермелеген өткенде Ағлестiң байқамай айтқан бiр сөзi едi. Өткен жолы бұл Қалмырзаның тойы үстiнде бiр қапысын тауып, қызбен дария жағасында қаптап өскен қалың шидiң арасында кездестi. Ақ көйлегiнiң етегi жер сызып, бұрала басып келе берген қызды бұл құшақтай ап, дөңгеленген екi көзiнен кезек-кезек сүйген. Ағлес әлсiз қарсылық көрсетiп, бiрақ жiгiт ырқынан қашпайтынын көрсеткен. Екеуi көзден таса тұста мауықтарын басысып, сыр шертiскен. Бiрде Ағлес ай нұрынан екi бетi қызғыш тартып тұрып:

— Ендi... жолым босады. Ағам келiншек алды, — деген. Нияз қыздың мұнысын өзiнше түсiнген. Жәй күлiмсiреп: — Әрине, — деген. — Не әрине?— Жәй, айтып жатқаным ғой.Ағлес кеудешесiнiң күмiс қарсы iлгегiн қолымен тартқылап тұрып:— Бiз... немене... осылай жүре беремiз бе? — деп едi. Нияз табан астында не деп жауап қайтарарын бiлмеген-дi.— Оны... қайдам.— Әлде... кедей деп менсiнбейсiң бе?— Неге? — Нияз күмiлжiген. — Әкеме айтып ем, әзiр көне қояр емес.— Е, солай де. —Ағлес екi оқты боп тұрып, көмейiне келiп қалған сөзiн тiл ұшынан берi шығармай тоқтаған. Демiн

ауыр алып: — Е, сүйде. Сенген серкем сен болсаң... Еркекте опа жоқ деген ып-рас екен. Сен де соның бiрi болайын деп жүрсiң-ау‚ шамасы‚ — дедi. Сосын қылымсып, жарқ етiп күлiп жiберген. — Жақсы, тұрайық. Анаяқта бiздi iздеп қалып жүрер.

— Неге? Аздап отыра тұрайық.— Кейiн, кейiн, — деп, Ағлес көйлегiнiң етегiн қағып, орнынан тұрып жүре берген едi.Сол арада Нияз оның опасыз деген сөзiн кеулiне ауыр алып қалған едi‚ бiрақ ренiшiн сыртына шығарып бiлдiрмеген

болатын. Содан кейiн бұл қыздың аулына бiрнеше рет барды. Неге екенi белгiсiз‚ бұған бұрын жарқыладп қарсы алатын Ағлес бiр түрлi боп өзгере бастаған сияқты боп көрiндi. Әнеу күнi және бiр соққанында Ағлес басым ауырып жатыр деп, отауынан шықпай қойды. Бұл әрi күттi, берi күттi. Ақыры шыдамы таусылып, iшiнен ренжiп: “Бұ несi соншама бұлданып? Одан басқа қыз құрып қалмаған шығар? Әйтеуiр, бiреуi табылар”‚ — деп ауылына қарай тайып отырған едi. Шынында‚ да оған басқа бiреу табылды. Бiрақ ол қыз емес едi. Содан Нияз ауылға келгесiн, Қаракөктi құйрық-жалын күзеткiзiп, Қуаң жақтағы қалың жылқының iшiне құр жiберткiздi. Сосын iстейтiн ермегi қалмай, алдына домбырасын өңгерiп, ойына оралған қоңыр сазды шерте тартып отырған едi. Шешесi сырттағы күркеде малай қатындарға құрт қайнатқызып жатқан. Ашық жабықтан тай қазанда қайнап жатқан құрттың ұңамды ашқылтым исi кеп, танауын қыдықтап, таңдайының суын шұбыртқызып жiберген едi. Сол үстiне әлдеқандай шаруамен Алуаш келдi. Бұл дәл осы кезде атақты “Алуаш” қыз әнiнiң мұңды әуенiн пернелердi сауа, бабымен шертiп, шалқасынан жатқан-ды. Келiншек iшке кiрiп, оң жақтағы кебеженiң iшiнен ағаш табақты ала бере қалт тоқтады. Әдемi қара көзiн бұған қиғаштай тастап, жiңiшке қасын сәл кере, бiр сәтке iркiлiп қалды. Бұл басын көтерiп ап, қыз-келiншектi көрсе, бiр сүйкенбей кетпейтiн әдеттегi дағдысына бағып:

— Немене... құлағыңа жағып кеттi ме? — дедi.Келiншек сыпайы тiл қатты:— Құлақ түгел кеуiлге жағар ән болса, неге ұнамасын? Мынауың бiр оңды нәрсе екен.— Алуаш қыздың әнi ғой. Айтпақшы, осыны шығарып жүрген сен емессiң бе?— Болсақ болармыз, — дедi Алуаш қалжыңдап. Бiрақ қара торы жүзi бiр түрлi боп күреңiтiп кеткендей болды.Нияз iшiнен, мұнысы несi, деп таңғалды. Бiрақ онысын байқамаған боп:— Бiрақ сенiң байың мына әндегiдей шал емес қой. Қылшылдап тұр, — дедi күлiп.— Қайдағы? Жас кезiнде iстемеген әдетiн ендi жер ортасына жақындағанда iстер деймiсiң? Қой, кетейiн, шешей

күтiп қалған шығар? — деп, Алуаш орнынан тұрып жүре бердi.Нияз оның соңынан қарады. Келiншектiң тiк тұлғасын үстiндегi көнетоз киiмi бұзады екен. Жеңi қырыла бастаған

камзолы жасы келiп қалса да жайылып кетпеген белiн қытып барып, жабысып тұр. Толыңқы бөксе жағы келiншектiң қуатты екенiн байқатқандай. Нияз құмарлық жеңiп, көзiн жыпылықтатып жiберiп, қайта қарады. Бұл кезде сыртқа шығып үлгерген келiншек оң жақтағы күркеге қарай бұрыла берген-дi. Ол да мұның iзiнен қарап отырғанын сезсе керек, кенет жалт бұрылып, асығыс көз тастады. Ойнақшып тұрған қара көзi әр жағынан жас кеп қалғандай мөлдiреп, боталап бiр қарады да, сықырлауықтың тасасына жасырынды. Нияз бойын тiктеп ала қойды. Iшiнен: “Мынаның кеуiлiнде құрт бар екен ғой”, — деп, ақырын күлiмсiредi. Сосын жiгiтшiлiгiне басып: “Онда... ол құртты ояту керек екен”, — деп, бiр жолға белiн буып та алған-ды.

Содан бастап ол Алуашқа сүйкенудi шығарды. Жұғыстық қып, iс қамымен үйге кiрiп-шыққан сайын келiншектi бiр түртпей не қалжың айтпай өтпейдi. Әуелгiде сыпайы әзiлдесiп жүрген келiншек келе-келе бұл қалжыңның тегiн еместiгiн сезiп, жүзi қуарып, үрке қарайтынды шығарды. Кейiннен Алуаш тымырайып алды. Мұның қалжыңына жауап бермей, қабағын шытып, естiмеген кiсiдей жүре беретiн болды. Қандай келiншектi де уысына бiр түсiрмей жiбермейтiн жiгiт онан сайын өршелене түстi. Ол бiр күнi түнде келiншектiң үйiн аңдыды. Әбдуәлйдiң жаппасы ауыл шетiнде, қалың

Page 37: Uli Sel 2 tom

жыңғылға бөксесiн тақай тiгiлген едi. Үй жанында қысқа деп пәттелеп жинап қойған көп қи бар. Соның сыртына Алуаштың барып жүргенiн Нияз бiр-екi рет байқап қалған. Ендi ол сол қидың желке тұсындағы бiр түп дүзгеннiң түбiнде жатып ап, Әбдуәлидiң үйiн торыды. Әбден қас қарайды. Кең аспанда жымыңдап жұлдыздар жанды. Табақтай ай екi бетi қызарып, әлденеден именшектегендей зеңгiрге жәймен көтерiлiп келедi. Айналадан солған шөптiң исi шығады. Нияз салқын тарта бастаған шеге топырақты уыстап ап, еш мақсатсыз жерге сыздықтатып құя бастады. Ау-тауық жаман жаппа жаққа көз тастап қояды. Жерошақ жанында отырған Алуаш сүтiн пiсiрiп боп, отты өшiрдi. Сосын күркеге кiрiп, бiрдеңелердi сылдырлатты. Қасына келген жас, өгей баласын құшақтап, аналық мейрiммен аялап, iшке апарып жатқызды. Iштен Әбдуәлидiң бiрдеңе деп күңкiлдегенi естiлдi. Алуаш қайта тұрып кеп, жаппаның жабығын түсiрдi. Сосын айнала қайтадан тиышталды. Нияз ұзақ күттi. Бiрде: “Қой, шықпас. Бекер жатырмын-ау”, — деп ойлап, жатқан орнынан тұрып кеткiсi де келдi. Бiрақ әлдеқандай есек дәме кеуiлiн алаңдатып, кiдiрте бердi. Түн ортасы болды. Ел қалың ұйқыға кiрiп кеткен. Қотаңдағы қойлардың пысқырғаны анық естiледi. Ортадағы ақ үйлерден жылаған балалардың дауыстары құлаққа шалынады. Нияз шыдамы таусылып: “Қой, шықпас. Бүйткенше... ертең неге өзiне айтпаймын”, — деп, орнынан тұра берiп едi, қалт тоқтай қалды. Жаман жаппаның киiзi қыбырлағандай болды. Iштен жабықты ақырын ашып, Алуаш шықты. Аяғына киген кеуiшiн тырпылдата басып, жыңғыл жаққа беттедi. Мұның тұсынан өтiңкiреп барып, бiр түп жусанның жанына жалп етiп отыра кеттi. Нияз соны күткен-дi. Орнынан тұра сап, келiншектi ту сыртынан қапсыра құшақтай алды.

Алуаш қорқып кетiп:— Ойбай! Бұ кiм? — дедi.— Өшiр үнiңдi! Жұрт естiп қояды, — деп, Нияз демi дiрiлдеп, буындары қалт-құлт етiп, Алуашты жерден тiк көтерiп

алды да‚ келiншектiң тыпырлағанына қарамай, жыңғылдың iшiне кiрiп кеттi. Алуаш шошып:— Әй, мұның не? Жiбер, — дедi бұлқынып.Нияз тiл қатпай, iлгерi жүре бердi. Алуаш әрi бұлқынып, берi бұлқынып, шамасы жетпейтiн болғасын, жалына

бастады:— Қайным, жiбер. Ағаң көрiп қалар. Кейiн... бiр ретi...— Кейiннiң керегi жоқ, — деп, Нияз сыбырлай сөйлеп, жаман жаппа көрiнбей кеткесiн, қалың жыңғыл арасында

қаулай өскен ажырықтың үстiне келiншектi астына ала құлады. Iстiң шынға айналғанын сезген Алуаш бақырып жiбердi. Нияз жалма-жан оның аузын қолымен баса қойды.

— Жiбер, ұятсыз! Кет әрi! — деп, Алуаш бұлқынған болады. Бiрақ өзi осы кезде алпыс екi мүшесiн солқылдатып иiте жөнелген тылсым күшке шыдай алмай, ышқынып қап, жiгiттi ту сыртынан қатты құшақтап, ақ қоянша бауырына жабыса түседi. Сәлден соң аламан асыр күй тыңдағандай, он екi мүшесi балқып, буын-буындарынан әл кетiп, көптен берi жылы жаңбыр жаумай тусырап жатқан құнарлы топыраққа өркен жаяр дән түсiп, дел-сал боп, бойы жайылып ұзақ жатты...

Кетерде Алуаш самсоз болды. Бетiн әрi бұрып:— Ұяттағы-ай! Ендi ағаңның көзiне не деп қарайым, — дей бередi.— Iждеме етпейдi.— Өй, ұят-ай! Оған... не бетiммен көрiнем? — деп, әлi тәжiрибесiз келiншек бетiн басты.Әрi-берiден соң оған Нияздың жыны келдi. Орнынан тұрып жатып:— Аузыңа еге болсаң, бiттi. Ертең осы жерде күтем, — дедi де, жүре бердi...Ертеңiне келiншек шықпады. Екiншi күнi де сүйттi. Үшiншi күнi Нияз үйге кiре берген Алуашты, құшақтай алды да‚

демi ысып даусы дiрiлдеп:— Сенiң... мұның не? — дедi.Алуаш бұған жалынғандай, екi көзi боталап, бiр түрлi боп қарады. Iзiнше ып-ыссы бүршiктер нұрлы жанарының әр

жағынан жылып шыға келдi. Келiншек жылап жiбердi. Ол жасын жұтып тұрып:— Се-енiң мұның... не? Бүйткенше-е-е... көзiме көрiнбегенiң жақсы едi, — дедi. Сосын қолымен жасын сүртiп,

батылданып, мұны қатты қыса құшақтады да, шашынан иiскедi. Осы кезде сырттан шыққан аяқ тықырын естiп, Алуаш кебеже жаққа зып бердi. Нияз төрге отыра қап, домбырасына жармасты. Iшке шешесi кiрiп, бiр түрлi салқын қарады. Алуаш кебежеден ағаш табақты ап, сыртқа шыға бердi.

Сол түнi қалың жыңғыл арасында олар қайта кездестi. Келiншек бiр жылап, бiр күлiп отырып, басындағы мұңын айтып шықты. Ол Әбдуәлиге өте жастай тиiптi. Қыз күнiнiң дәуренiн дұрыстап та сүре алмапты. Қысқа жiптi күрмеуге келтiрмеген тiршiлiк албырт кеуiлдi ерте басып, қасаңдандырып тастапты. Ендi сол көңге жылы су бүркiп жiбiтiп, Нияз жаңа бiр өмiрге бастағандай екен. Жiгiт iшiнен сылқ-сылқ күлiп: “Қатын деген осы. Байлы, балалы адамның түрi мынау. Сонда басы бос қыз нағылмасын?” — деп, жорта Алуаштың кеуiл күйiне бейiмделiп, мұңды дауыспен:

— Жаным-ау, оныңды неге ертерек айтпадың? — дедi.— Айтып... саған қалай айтам, — деп Алуаш мұны құшақтап, жүн-жүн төсiнен иiскеледi.“Қаншық”, — дедi iшiнен Нияз. Ол мұның бәрiн жас кеуiлдiң желiккен тұсындағы жемтiк iлген бiр қызығы деп

бiлген-дi.Сүйтсе, кәтелесiптi. Жердiң қалың қатпарынан нәр жұтқан қызғалдақша Алуаш екi бетiнен қаны ойнап шыға келiп,

ажарланып, гүл-гүл жайнады. Үнемi жайдары. Алғашқы уақытта олар күнде кездесiп жүрдi. Нияз бәйгiге шапқан аттай бар етiнен сылынып, жағы суалып шыға келдi. Бiрде Алуаш өзiнiң аяғы ауырлап қалғанын қымсына отырып айтқанда, ол не iстерiн бiлмей, абдырады да қалды. Нарман ауылына екiншi рет соққанда да сол қалпынан арыла алмады, қысқа сәлемдескен Ағлеске ештеңе сездiрмедi. Өжет қыздың мұны естiсе, ат құйрығын шорт кесетiнi айқын едi.

Нияз дария жағасында әрлi-берлi жүрiп, түндегi уақиғаны, Алуаш пен екеуiн әкесiнiң көрiп қалғанын ойлады. Бiрақ: “Жыға танымаған болар”, — деген ой жанын тыныштандырғандай болды.

Түнде ол ешқайда бармады. Азанда тұрып қараса, әкесi сәндi киiнiп, қасына Мамырай, Елдестердi ертiп, жолға шыққан екен. Бұның iшi кiп алып қалды.

Әкесi кешке таман оралды. Елдес ыржалақтап, мұны бiр боқтап ап:— Бала, жақын арада кiндiгiң жылыға тиетiн болды, — дедi.— Не, не? — дедi бұл шошынып.— Несi нес? Қатын аласың!

Page 38: Uli Sel 2 tom

— Кiмнiң қызын?— Өй, шiркiн, бiлмеуiн қарашы! — Елдес қарқылдап күлдi. — Ертең алғасын, келiннiң табанын жалап, келдiң бе,

келмедiң бе деп, айқұшақ қабарсың-ау! Шiкiрейген сенi сол кезде көрсем-ау!— Жоқ, шынымен бiлмейiм. О кiмнiң қызы?— Кiмнiң қызы дерiң бар ма? Жатып iшер жапа к... бiреу де.Бұл қанша сұраса да, Елдес қалжақ қылып айтпады. Ақыры бұл қиылып отырып алғасын, ол мұртынан күлiп:— Айтсам, ақысына не бересiң? — дедi.— Не сұрасаң, соны.— Ендеше айтайын. — Ол сұқ саусағын сiлтедi: — Бала, байқа, алдап кетсең, оңбайсың.— Жоқ, алдамайым. — Ендеше... — Ол ойланды. — Жоқ, саған сенуге болмайды. Әуелi берем де.— Ненi?— Сұрағанымды.— Жарайды. Ал, кәне, айт.— Айтсам, былай. — Ол қысыла күлдi. — Өй, енеңдi... Немене со қатынның қызығын бiр өзiң көре бересiң бе?

Түнде қойныма салып бер, сосын... айтам.Нияз не дерiн бiлмедi. Ол ертесiне әкесiнiң Әбдiраманның қызына құда түсiп келгенiн, ел орынға отыра келiндi қолына алатынын естiп,

самсоз боп қалды.

15

Елдес шошып оянды.— Ойбай, өлдiм! Өлтiрдi! Ау, бұл ауылдың еркегi қайда?! — деген жаман барқыраған дауыс оның төбе құйқасын

шымырлатып жiбердi. Орынан тұра сала, тез-тез киiнiп, сыртқа атып шықты. Таң атып қалған екен. Әлгi жаман дауыс ауыл шетiндегi жаман жаппа жақтан шығады. Елдес мән-жайды түсiне қойды. Аяғын тездеп басып, ұзын бойы сереңдеп, солай қарай жүрдi. Басқа үйлерден атып-атып шыққан қатындар ерiндерiн сылп еткiзiп, беттерiн шымшып, таңырқаса үрпиiсiп қарап тұр. Елдес оларға назар аударып жатпады. Дедектеген қалпы Әбдуәлидiң жаппасына жетiп, жаман есiктi сықырлатып аша бердi де, қалт тоқтай қалды. Әбдуәли әйелiн тыр жалаңаш шешiндiрiп тастап, ұзын бұрымын бiлегiне орап ап, жуан оқтаумен тарсылдатып сабап жатыр екен. Таяқ тиген сайын қатын жаман дауыспен барқырайды. Елдес аяп кеттi. Жетiп кеп, Әбдуәлидiң қолына жармасты.

Әбдуәли бұған жалт бұрылып, екi көзi шапыраштанып тұрып:— Сенiң бұл арада не шаруаң бар? — дедi ақырып.— Шаруам болмағанда... мына қасқаны өлтiресiң бе? — дедi Елдес тыр жалаңаш қатынды иегiмен нұсқап.— Өлтiрем! — дедi Әбдуәли қырылдап.— Ау, үйтердей не жазығы бар?— Жазығы сол, ойнас жасады. Жiбер былай, қолымды! — Әбдуәли бұлқынып, қолын босатып алмақ болды.Елдестiң қарулы қолы оны тырп еткiзбедi. Өңi қара күреңiтiп тұрып:— Ойнас жасаса, кiнә өзiңнен. Жақсы еркектiң қатыны басқа бұқаға көзiн сүзе ме? Күйлеген қаншыққа айғыр бола

алмаған өзiңнен көр! Кет былай! — деп, ендi ол мәмiлеге келтiрместен, Әбдуәлидi дырылдата сүйреп, сыртқа алып шықты. Өзi iшке қайта кiрiп, бетiнен қаны қашып кеткен келiншекке тура, ұялмай қарап: — Тұр, киiн! Емшегiңдi көзедей ғып салпылдатып отырғаның не? — дедi.

Қатын бүгежектеп, орнынан түрегелiп, киiне бастады. Осы кезде әбден жынданған Әбдуәли айқайлап, даланы басына көтердi:

— Iнiсiнiң менiң қатынымды масқаралағаны аздай, ендi ағасы үйге кiрiп кеттi! Ау, ағайын, әдiлет деген қайда?! Мына сорақылыққа тиырым бар ма?

Жұрт лезде жиналып қалды. Елдес ыңғайсызданып, сыртқа атып шықты. Әбдуәлидi желкесiнен бүре ұстап:— Әй, сен осы не деп былшылдап тұрсың? Менi қашан қатыныңның қойнынан ұстап алып ең? Кәне, айт жаныңның

барында? Болмаса, құдай ақына, қазiр сүйреп апарып, суға бiр-ақ атам! — дедi.Әбдуәли Елдестiң түтiге қарауытып кеткен быдым-быдым түрiне қорқа қарады. Сонда да қоразданып:— Сенi ұстамасам... ана iнiңдi көрдiм, — дедi.— Ол басқа шаруа.— Сен... жiгiт болсаң, iнiңнiң жүрiмiн қысқарт!— Өй, сорлы! — Елдес тыжырынып, Әбдуәлидi итерiп жiбердi. Шырға кiсi аяғы жерге тимей, дедектеп барып,

мосқал бiр қатынның жанына жете бере басымен құм сүзе құлады.Дәл осы кезде iштен Алуаш жүгiрiп шыққан едi. Әйел таяқты мықтап жептi. Басынан жаулығы ұшып түскен.

Шекесiнен қан ағып тұр. Көзiнiң алды көкпеңбек. Арқасы жоса-жоса. Ашу көтерген Алуаш пырым-пырымы шыққан көйлегiнiң етегiне сүрiне-қабына Әбдуәлидiң жанына жетiп кеп, жаман дауыспен барқырап:

— О, қасқа! Қасқа! Қатыннан баскаға қауқары келмейтiн қасқа! Мына түйемен алысып нең бар едi? Мойын омыртқаң үзiлiп, өлiп қалсаң кәйтесiң? — деп, оны жерден көтере бастады.

Әбдуәли жерден атып тұрды да‚ Елдеске қораздана қарап:— Әй, сен бұл араға неге қыстырыласың, а? Сенiң шаруаң қанша? — дедi. Елдес сасып қалды:— Ау, араша сұрап жатқасын...— Ненiң арашасы? Ұрсам, өз қатыным... Алуашта сол арада күйеуiнiң жағына шыға келдi. Ол шаптығып кеп:— Ойбай-ау, мына сорайдiкi несi? Мен таяқ жесем, өз байымнан жедiм. Мен үшiн сенiң не бес бидайың күйiп

барады? — дедi.Елдес жағасын ұстады. Жан-жағына жалтақтай қарап:

Page 39: Uli Sel 2 tom

— Астапыралла, мұндай да болады екен-ау! Жақсылығың алдыңнан шықпайды деген осы екен-ау! — дедi.Қатындар араласпай, бiр шетте состиып тұр. Дәл осы кезде ортаңғы үйден үстiне жеңiл шапанын желбегей

жамылып, Нияз шыға келдi. Ол бұлар жаққа асығыс көз тастады да, әрi қарай бұрыла бердi. Соны көрiп, Әбдуәлидiң қайтадан жыны қозды. Қасында аңдаусыз тұрған Алуашты құлаштап, аузынан бiр қойды. Аузы қара қан болған Алуаш етпеттей құлады. Оны Әбдуәли ұрып жатыр, теуiп жатыр.

Қатындар шу ете түстi. Бәрi Елдеске қарады:— Еркек емессiң бе, ана қасқаны арашаласайшы!— Байғұсты өлтiрдi ғой!— Ау, болсайшы! Елдес қолын бiр сiлтедi:— Бiрi өлсiн де, бiрi қалсын!Алуаш жұрттың ендi ара түспесiн бiлгендей, кенет орнынан ышқына түрегелдi. Қан жуған аузы даладай боп тұрып,

байына қарсы жүрiп, жақын кеп, көйлегiнiң далақтаған етегiн жоғары қарай көтерiп алды. Қатын жаңа асығыста бұтына дамбалын киiп үлгермеген екен, көтерiлген етектiң әр жағынан ағараңдаған екi тоқ саны көрiндi. Дол ылық буған Алауаш тамам жұрттан ұялмастан, iлгерi қарай жүрдi:

— Мә, сағана керегi осы ма? Қызғанғаның осы болса, мә, кесiп ал да, көпшiгiңнiң астына жастап жат! Ал ойнас жасадым, маған сонда нағыласың? Өзiңнiң бала таптыратын белiң жоқ, ендеше басқаға кедергi жасама! Өй, су сiдiк!

Мұндай жағдай болады деп өмiрi ойламаған Әбдуәли сасқалақтап, қолымен бетiн көлегейлеп:— Мынау кәйтедi, әй?! Тiпә, тiпә, кәпiр! — деп, кейiн қарай шегiншектей бердi де, артында төңкерiлiп жатқан келiге

сүрiнiп кетiп, шалқ ортасынан құлады.Қатындар ду күлдi. Олардың қартамыстары беттерiн шымшып:— Ұяттағы-ай! — дестi.Ендi бiреулерi сырт айнала берiп, Алуашты аяған болды:— Көк өрiм жасқа не сын бар? Бетiнiң қызылы барда, қатар-құрбысымен күлiп-ойнап қалғысы келедi де.— Қатын қасқа бала деп өледi ғой!— Ана шiрiк белсiз бе едi? Қайыр талша солқылдаған келiншек қайнағасының баласын неге асырап алып жүр

десем...— Ойбай, шешей, iжкiмге айтпайсың ба?— Айтпайым.— Тiсiңнен шығармайсың ба?— Е, шығарып менi немене бала дейсiң бе?— Айтсам бар ғой, ана Алуаштың аяғы ауыр көрiнедi.— Қойшы! — Әлгi сары қарын тартқан әйел ернiн сылп еткiзiп, қолымен бетiн шымшып, сырт айнала бердi де, өзi

қатарлас қатынды бүйiрiнен нұқыды: — Қыз-ау, iжкiмге айтпайсың ба?— Айтпайым.— Ана жәлептi жүктi дейдi ғой. — Не дейдi? — Ол әйел қасындағы ақ жаулықтың құлағына аузын тақады.— Iжкiмге айтпайсың ба?— Е, айтып маған не көрiнiптi?— Ендеше естi, өмiрi етегi қанамаған қатын жерiк дейдi. Соны байы сезiп, жон терiсiнен қайыс ап...— Е, е, е...Берекесiз у-шудан миы ашыған Елдес қолын бiр сiлтеп, бұрылып жүре бердi. Тертедей тiзесi кiлт-кiлт етiп, жаңа

ғана жуынып-шайынып болған Нияздың жанына кеп, бүйiрiнен бiр нұқыды:— Бала, ананы... бiр өлiмнен алып қалдым.— Қойшы? — дедi Нияз шошып.— Немене сен естiмеп пе ең? Бағанадан бергi у-шуды бекер дейсiң бе?— Мен оны... басқа бiр үйден шыққан айқай десем...— Ендеше сол. Бала, — Елдес көзi ойнақшып, түсi жылып, оның жанына жақындады, — сайқалыңның он екi

мүшесiн түгел көрiп шықтым. Байы тыр жалаңаш шешiндiрiп, өйдәй шықпыртып сабап жатыр екен. Өзiн суға салып сабаса да, тiлiн тартпайтын көк айыл ғой!

Нияз үндемедi. Елдес iнiсiн қыжырта бергiсi келмей, қолымен iлгегiн шұқып тұрып:— Әй, оны қойшы! Бүгiн төбелеседi, ертең татуласады. Ерлi-зайыптының арасына есi кеткен түседi деген. Онан да

бала, мына ауылға барып қайтсақ кәйтедi? — дедi.— Қай ауылға?— Қайсысы нес? Жәнiбек кептi. Соның базарлығын жеп қайтайық. Жолшыбай құс саламыз.Нияз кеуiлденiп сала бердi. Азанғы шәйдi апыл-ғұпыл iше сап, тез-тез киiндi. Атына мiнiп, қолына құсын қондырып,

жанына домбырасын бөктерiп, ауыл шетiне шыға бердi. Ол келген бойда тықыршып күтiп тұрған Елдес тура Сортүбектiң жалпақ жазығына қарай тарта жөнелдi.

Екеуi үзеңгi қағыстырып, бiраз жүрдi. Өткендегi атақты құсбегi, аңшылардың iстерiн әңгiме қылысты. Екеуi де жаңағы қолайсыз уақиғаны ұмытып кеттi. Аттарын сар желдiре отырып, Сортүбектiң жалпақ жазығынан өтiп, күз айларында қайтар жолында бiр қонабай кетпейтiн, құсы көп көл табанға келдi. Шынында да, көлде құс бықып жатыр екен. Нияздың оң қолында қонып отырған лашын iлер жемтiгiн сезгендей, әлсiн-әлсiн қомданып қояды.

— Мен дабыл қағайын! Сен дайын тұр, — деп, Елдес кенет атын қамшымен тартып қап, қатты айқайлап, қиқулап, көлдi айнала шаба жөнелдi.

Көл бетiнде қонып отырған бiр топ үйрек оның даусынан үркiп, қанаттарымен су сабалап, пыр-пыр етiп ұша бастады. Дәл осы кезде Нияз лашынының томағасын сыпырып та үлгерген едi. Қырағы құс бiрден қайқаң етiп, жоғары көтерiлдi де, үйректердiң iзiнен салды. Оларды әп-сәтте қуып жетiп, көз iлеспес жылдамдықпен тамақтай бастады. Бiр-екi үйрек лақтырылған тастай боп, жерге қарай құлдырай жөнелдi.

Елдес таңдайын қағып тұр:— Паһ, паһ, лашын болғаныңа!

Page 40: Uli Sel 2 tom

Олар дем арасында он шақты үйректi қанжығаларына байлап, лашынды қайта томағалап, аттарының тiзгiнiн бос жiберiп, жәй аяңдап келе жатты. Нияз бiрде алабұрта түсiп:

— Аға, осы... Әбдiраманның қызын қалай көресiң? — дедi.— Оның не қалайы бар? — Елдес тарқылдап күлдi. — Салпы етек қатын болғалы тұр.— Ол... өзi... былай...— Өй, сен де бiр, — деп, Елдес тыжырынды. — Бұйырғанын ала берсейшi. Ұнамай жатса, тағы бiрiн аларсың. Оған

әкеңнiң дәулетi жетпай ме?— Сүймегесiн, өзi... қиын ғой.Дөрекi Елдес iшек-сiлесi қата күлдi. Сосын көзiнiң жасын добалдай саусағымен сүртiп жатып:— Сүйiп... оны нағыласың? Құдай қатынды сүю үшiн жаратқан дейсiң бе? Немене ол сүйетiндей перiштедей бiрдеме

ме әлде бала ма? Аллатағала оны әзәлдә қатын ғып жаратқанда сүю үшiн емес, с... үшiн екi тесiгi бар ғып жаратқан. Сендер де осы қызықсыңдар, — дедi.

— Ау, махаббат деген...— Әй, басымды қатырма! Махаббат-сахаббат дегенiңдi бiлмеймiн. Қатынның аты қатын! — Ол сол арада ерсi бiр

сөздi қыстырып жiбердi. — Тесiк екеу. Соның екеуiн де мықтап бiтесең, о да ырза, сен де ырза. Кiмнiң сойылы үлкен болса, қатын соныкi.

Нияз аңтарылып қалды. Елдес iнiсiн қатырдым деп ойлап, жымыңдап күлдi. Екеуi ендi онща сөйлеспей, ширақ жүрiп отырып, Жәнiбектiң ауылына келдi. Есiктен кiрер кiрместен, Елдес асылып жатқан ет исiн сезiп, бiрден кеуiлденiп сала бердi. Дереу өзiне сәлем ете берген Айжамалға райлана қарап:

— Келiн, ана көпшiгiңдi берi әкелшi, — дедi. Сосын Айжамал алып берген көпшiктi қолтығына басып, төр алдында көлбеп жатты: — Қалай, Қоқаның аман ба екен?

— Аманшылық. — Жәнiбек ықылассыз жауап бердi.— Қоқан қоқаңдап тұрған жоқ па?— Е, қоқаңдаса, не iстейiн деп ең? — Жәнiбек кенет бұған күле қарады. Жүзiнде зiлсiз күлкi бар.— Е, не iстейiн? Ана Дадабек сарттың кебiн келтiремiз де! — Елдес басын сәл көтерiп алды. — Айтпақшы, осы сен

несiне Хиуаның сойылын соғып жүрсiң, а?— Сардар қылғасын, қызметiн шекпеймiн бе? — дедi Жәнiбек жақтырмай қарап.— Қызмет? О нағылған қызмет? Үйтетiндей Хиуа саған несiн өткiзiп қойып едi?— Өткiзiп қойған дәнемесi де жоқ, — деп, Жәнiбек аз-кем ойланып қалды. — Кәзiр Сыр елiнiң бiразы соған бағынып

отқан жоқ па? Сосын... Хиуа ханының айтқанын қалай қайт етем?— Әй, қойшы! Хиуа деп жалпақтайтын дәнеме жоқ. Сонда бiз өз алдымызға бөлек өмiр сүре алмаймыз ба? Немене

бiз ел емеспiз бе? — Елмiз. Бiрақ аузымыз ала. Оның үстiне ұлан-байтақ далада бытырап жатырмыз. Осы кезде... мен бiрден бiр дұрыс

жол Хиуаның панасын жамылған деп бiлем, — дедi Жәнiбек әңгiмеге елiге түсіп.— Ал, жамылмасақ, не боламыз?— Не болушы ең? Ертең ақ патша зеңбiрiгiн сүйретiп әкеп, жерiңдi тартып алады.— Өйдөйт деген! Оған бiз көнемiз бе? Зеңбiрiк болмақ түгiл, тағы бiрдемесiн әкелсе де, былай... — Елдес қолымен

тамағын шеңгелдеп көрсеттi.— Үйту... қазақтың қолынан келе қоймайды.— Е, неге?— Оны... кезiнде айтам. — Жәнiбек бағанадан берi үнсiз отырған Ниязға бұрылды. — Немене, осы сенiң басыңды

байлаған дей ме?— Байлағанда қандай, — деп, Елдес одан бұрын жауап бердi. — Жын-шайтаншыл неме едi. Ендi тиын санаған

саудагердiң қызын ап, миы қатып отырсын. Өзiне бұл жүдә сауап болды!— Е, дұрыс екен, — деп, Жәнiбек үнсiз қалды. Елдес тағы да тықыршып, iнiсiне қарады:— Сен мұндағы жаңалықты есiттiң бе?— О қандай жаңалық?— Бала, қызық. — Елдес малдас құрып отырды. — Ана Ережеп орыс жағына ұнап жүрген жоқ па? Сол анада кеп,

мына Дүзбайға бiраз әңгiменi көңiрсiтiптi. Орыстарды әдiл, оларды төменгi жақтағы Байұлы, Жетiруларды жарылқап отыр дептi.

— Қойшы?— Ол ол ма? Ауылына ана Орынбордағы генерәл-күбiрнәтiрдiң өзi қонақ боп кетiптi дейдi.— Оны қайдан есiтгiң? — дедi Жәнiбек сенбей.— Шәки қайын атасына келгенде айтыпты.— Қайдам, рас болса, рас шығар. — Жәнiбек сыр бермедi.Iшке Қасқырбай бiр табақ еттi буын бұрқырата көтерiп кiрдi. Қонақтар қолдарын жуып, жайылған дастарханды

жағалай отырысты. Қасқырбай өткiр пышағымен ет турай бастады. Биыл туған қозының етi ширап қалған екен. Бiр елiдей ақ майы қабырғаның сыртын тұтаса жауып тұр. Ортада құйрық майы төңкерiлген шөгендей теңкиiп жатыр. Қомағайлау Елдес құйрық майды бiр кесiп ап, аузына тығып жiбердi. Дәл осы кезде, ассалаумәликүмiн әндете созып, түтiн аңдығыш қыдырауық Тиышбек қiрiп келдi. Ол бұлардың жақтырған, жақтырмағанына қарап жатпастан, етiгiн сыпыра сап, қолын асығыс-үсiгiс шайып жiберiп, Елдестiң төменгi жағына жалп етiп отыра кеттi де:

— Әй, өзiм үнемi осы үйдi мақтап жүрем-ау. Мынау бiр семiз мал ғой, — деп, құйрық майдың бiр бөлегiн бiр-ақ қылғытты.

Жәнiбек ұнатпай, қабағын шытты:— Иә, қайдан жүрсiз?— Қайдан дерiң бар ма? Былай... кәсiп қып... Түлкiге қақпан құрып ем, сосын соға кетейiн деп...— Ау, сенiң ондайың да бар ма едi? — дедi Елдес кекетiп.— Е, менi кiм деп едiң? Қақпан құрғанда мен құрайын. — Тиышбек құйрық майдың бiр бөлiгiн тағы да қылқ еткiздi.Ет жеп бiткенше Тиышбек оны-мұны гөйiтiп, барлығының мазасын май iшкендей қылды.

Page 41: Uli Sel 2 tom

Сол күнi Нияз Жәнiбектiң ауылында қонып қалды. Елдес үйiне қайтты. Тоя жеген тамақтан кейiн бойы ауырлап, ұйқысы кеп, ат үстiнде былғақтап, аулына шаққа жеттi. Ақ үйге тақап кеп, аттан дүрс етiп түстi. Қазық-бау шалып байлай сап, iшке кiрдi. Жас тоқалы екi бетi қызарып, алабұртып, көйлек жамап отыр екен. Есiктiң қыр көзiнде анада Ережеп аулынан алып қашқан хиуалық құлы Атаяр күбi пiсiп тұр. Елдес ештеңенi аңғармай, жерге отыра кеттi де:

— Қатын, етiгiмдi тарт, — дедi.Тоқал қылымсып кеп, байының көтерген аяғына жармасты. Тырмысып, бар күшiн сап тарта бергенiнде, бұл iш

жағынан қарыстырып тұрған бақайын жазып жiбердi. Тоқал көткеншектеп барып, шалқ ортасынан құлады.Елдес үйдi басына көтерiп, қарқ-қарқ күлдi.

16

Қалмырзаның ұнжырғасы түсiп кеттi. Қанша ойламайын десе де, қалыңдығының абыройсыз сөзге iлiккенi жанына бата бердi. Жат нәрсенi бауырына басып, жылытып жатқандай iшi жыли қоймады. Мұның сол халiн Зағипа да сезетiн сияқты, қабағы бiр ашылмайды. Кiсiге туралап та қарамайды. Осы үйдiң шаруасын атқарысуға қайыл құлағы кесiк күң секiлдi ертеңдi-кеш қазан-ошақ маңынан шықпайды. Келiншегi өзiмен-өзi боп, бөлектене бастаған сайын, өзiнiң қашық тартып бара жатқанын қинала сезедi.

Сол үстiне Нарман жаңа әбiгер әкелдi. Қолына Ережеп берген мал тиiсiмен-ақ, маса-сонасы көп дария жағасына шаққа шыдап жүрген кiсi көшемiн де, көшемiн деп бұлардың төбесiне зығыр ектi. Қалмырза әкесiн ақылға келтiрмек боп: “Көке-ау, жылы орынды суытьш қайда барамыз? Мына бес-алты қара кiмнiң өңешiн бiтер ырыс болады? Биылша шыдайық та”, — деп едi, қисық шал мұның сөзiн құлағына да қыстырмады. Бүгiн бәрiн таң алакеуiмнен тұрғызып, үйдi жыққызып, бар жүктi үш түйеге артқызып, Қызылға тартып бердi. Нарманның асыққаны сонша, бiраздан берi қоңсылас болған Тұрғали ауылымен де қоштаспады.

Ата қонысьша қарай тартқан шолақ көш ұлы сәскеге таман Қатынкөлден өтiп, Жаңаарықтың бергi көзiне iлiктi. Сол арада аз аял жасады. Ағлес, Зағипалар қазын-ошақ асты. Қалмырза кетпенмен шауып, жалпылдақ отын әкелдi. Нарман мен әйелi сүйегi әлi әрiн бермеген алты қанат ақ үйден жолым үй тiктi. Қараша айының салқын, өткiр желi лаулап жанған томар жусанның жалынын шалқытып әкете бередi. Дала жүдеу. Суық торғайлар қаптап ұшып жүр. Қара қарға дамылсыз қарқылдап, қанатының астынан жел көтерiп, жемтiк iздеп әуре. Әр жер-әр жерден сасық күзендер бастарын көтерiп қарап, iзiнше iндерiне зып бередi.

Қалмырза кеуiлсiз. Көптен берi ат iзiн салмаған қыстаулары орнында құламай тұр ма, жоқ па, — ол да мұның жанын қинап отырған бiр жағдай. Әкесiнiң онымен iсi жоқ. Қырға үйренiп қалған шал Сыр жағасында қамауда отырғандай екен. Жолым үйдiң қанаттарын қатайтып жатып:

— Шiркiн, ауа қандай! Бал ғой, — дей бередi. Әр-берiден соң шалының сабырсыздығы шешесiнiң жынын келтiре бастады. Ақыры кемпiр шыдамай:— Арманың бiтсе, ұшпағыңа жетерсiң, — дедi. Нарман оған ажырая қарады:— Е, жетсем, немене менi өмiрi алдына мал бiтпеген, желiсiне жылқы айналмаған тақыр кедей көресiң бе? — Ол

қатынын баяғы болып-толып тұрған кезiнде қалың малды басыңқырап берiп, кедейлеу жерден алған едi. Ендi қара шаңырақтан құт қашқан тұста мына өмiрдiң ыстық-суығын бiрге көрiп келе жатқан әйелiн өзiн басынды деп ойлады.

— Бiтсе, бiткен шығар. Боқ дүния кiмге айналмаған? Қашаннан боқ пен шыбынның қарасырап тұратын әдетi емес пе? — дедi сөзкер кемпiрi шалынан жығылғысы келмей.

— Әй, осы сен не былшылдап тұрсың? — Нарман шаңқ ете түстi. — Баяғыда... бүйтерiңдi бiлгенде... — Шал кiжiнiп, қолын бiр сiлiктi.

— Не баяғыда?— Өшiр үнiңдi! — деп, шал қамшысына жармасты.Кемпiр тайқып шыға келдi. Ол шалы қамшыға жармасқасын-ақ бұл үйде ешкiмнiң берекет тауып отырмайтынын

жақсы бiлетiн.Қалмырза әкесiнiң алдынан шықты:— Көке, нағыласың? Ашуыңды бас! Шал қалш-қалш еттi:— Ойбай-ау, басыңнан бақ қашқанда жаман байталдың құйрығына iлесiп келген ұрғашының басынғаны жаныңа

батады ғой! Құдайдың маған берген азары онсыз да аз ба едi? Ендi маған жетпегенi қатынның қорлағаны болды? Өй, қақпас, кеңiрдегiңдi жұлып алайын ба? — деп, Нарман тұра ұмтылды. Кемпiр келiнiнiң артына жасырынды. Шал қамшысын сiлтеп қап қалды. Аңсыз тұрған Зағипа қамшы тиiп, ыршып түстi. Кемпiр жолым үйдi айнала қашты. Нарман оны қуып жетiп, қыр арқадан бiр-екi рет тартып-тартып өттi.

— Көке-ау, келiнiңнен ұялсаңшы, — дедi Қалмырза әкесiнiң қасына кеп.Шал сонда ғана есiн жиды. Түрi қап-қара боп тұрып, сақалы селкiлдеп:— Ит-ау, кәрi қойдың жасындай жасым қалғанда менi осы неге тырысып жүр дейсiң? Немене менi осы малды о

дүнияға алып кетедi деп ойлайсың ба? Бәрi сендердiң қамдарың емес пе? Соны мына доңыз неге түсiнбейдi? Малым бар да, табанымды жалап, малым жоқта табалаған қатын адам ба, сiрә? — деп, еңкiлдеп жылап жiбердi.

Қалмырза не iстерiн бiлмедi. Әкесiн қатты аяп кеттi. Не деудiң ретiн таппай:— Көке-ау, көксегенiң мал болса, бiрдеме етермiз. Ұрласам да, бiр айласын табармын, — дедi.— Тәйт әрi! — дедi шал кенет ақиып. — Бiздiң тұқымда араммен мал жинаған кiсi болған жоқ. Үлкен әкемiз ақ

таяғын ұстап қалғанда да, арам-алысқа жоламаған. Үш-төрт жылда шаруағойлығының арқасында, баяғы қалпына келген. Бiр аштың бiр тоқтығы болады. Бұ да құдайдың басқа салғаны да. Оған көнбеске лаж жоқ. — Нарман ендi қамшысын екi бүктеп ұстап, бүкiрейiп, үй жаққа қарай кеттi.

Күн батты. Күзгi далада салқын жел соқты. Алба-жұлба бұлттар күнi бойы қонған шаң-тозаңнан арылтқысы келгендей, аспан бетiн асығыс сүртiп барады. Нарман мен Қалмырза үй маңына түйелердi шөгерiп, тiздеп тастады да, астарына мiнген аттарды аяғын тар ғып тұсап жiбердi.

Page 42: Uli Sel 2 tom

Кешкi тамақтан соң, Қалмырза атына ер салып, жылқы күзетуге бармақ болды. Сол арада үнсiз отырған Ағлес әкесiне қарап:

— Мен де барып күзетiссем кәйтедi? — дедi.— Кет әрi! Қыз баланың жылқы күзеткенiн кiм көрген? — дедi шешесi жақтырмай.— Барса барсын, — дедi Нарман кiшкене тарақпен ұйысып қалған сақалын тарап отырып.Ағлес тез киiндi. Көйлегiн шалбарланып алды. Ұзын шашын төбесiне түйiп, басына әкесiнiң ескi бөркiн кигенде, ол

кiшкене ғана қағiлез жiгiт сияқтанып шыға келдi. Сосын Қалмырза екеуi құрықтарын үстап, бiр ойдың астында жайылып жатқан жылқыға қарай аяңдай жөнелдi. Ай қараңғы. Түн желкем. Мұндай түнде малға қасқырдың шабуы әбден мүмкiн. Екеуi жайылып жатқан жылқының бас-аяғын шолып шығып, биiктеу дөң басына кеп, аттарынан түстi де, аттарын арқандап, отқа қоя бердi. Сосын екеуi астарына жабуларын төсеп, жерге отырды.

Қалмырза қарындасының жай-күйiн түсiнедi. Әсiресе, Нияздың басы байланғанын естiп, Ағлестiң ұнжырғасы түсiп кеттi. Үш-төрт күн бойы үнсiз жүрдi. Домбыра тартқан жоқ. Кәзiрде де үнсiз отыр. Iш жағынан кемiрiп жатқан әлдеқандай өкiнiш, өкпе сыртына теппей, тек қана жұқа қабақтың шытына қалғанынан байқалады.

Әлден уақтан соң, Ағлес сәл ғана күрсiнiп:— Сенiң жайың болса, мынау. Көкем баяғы күнiн аңсаумен кәртейетiн болды, — дедi.— Нағылар дейсiң? Басқа түскен баспақшыл деген, — дедi Қалмырза не дерiн бiлмей.— Осы... малың болмаса, неге жұрт қасиетiңдi бағаламайды, а?— Қайдам? Ел бүгiнде дәулетiңе қарап сыйлайтын боп кеттi ғой.— Бұрында да сондай ма екен?— Кiм бiлiптi? Солай болса, болған шығар. — Қалмырза қамшысының басымен шеге топырақты сызғылады. — Сонда дейiм... молдалар айтқан ар-ұят, иман, адамшылық дегендер қайда? Әлде... оның бәрi қысаларда айтылатын

ертек пе?— Әй, оны қойшы! — Қалмырза қолын сiлтедi. — Бос сөз кiсiге өзек жалғар тамақ бола ма? Жұрттың дүнияға

ұмтылатыны да содан шығар дейiм.— Дүния деген не, қолдың кiрi емес пе? — Ағлес бұған бұрылып қарады. — Баю қажет боп бара атса, ол оңай ғой.— Сонда қалай? — дедi Қалмырза таңырқап.— Оның не қалайы бар? — Ағлес күрсiндi. — Мал табу қай жаманның қолынан келмейдi? Бiрақ... кәзiр... дәулет

қуғанды ақылды, өнер қуғанды ақымақ көретiн боп кеткен жоқ па? Малың сенi адам санатына қосатын болды. Заманың тазы болса, түлкi боп шал деген. Амалсыз, соған көнемiз де, — дедi ол жорта ойнақы тартып. Даусында әлдеқандай бiр iске бекiнген сыңай бар едi.

Қалмырзаның бойы түршiгiп кеттi. Сосын қарындасына ләм-мим демей, орнынан тұрды да, жылқының бас-аяғын шолып қарап шықты.

Түн тиыш өттi. Елсiзде жылқы күзеткен екеу таң атқанша көз шырымын алмады. Ертесiне ауа көше жөнелген олар күн еңкейе ата қонысына кеп құлады. Жаман жапырайған соқпа тамның төбесi көрiнгеннен-ақ, Нарман атынан түсiп, жаяулап жүрдi. Ол iштей күбiрлеп, бiлген дұғасын оқи бередi.

Күн қып-қызыл боп, жалқын тартып батып барады. Суық қоралаған аспан қып-қызыл. Терiскейден соққан ызғырық салқын тиедi. Жел екпiнiне шыдамай, сидиып қалған жусан, бұталар дiр-дiр етедi. Табан астынан дүр етiп сұр қоян қашады.

Қалмырза жүн салып сырған қалың шапанын қаусырына түсiп, ат үстiнде қалғып-мүлгiп келедi. Ау-тауық жан жағына самарқау көз тастап қояды. Ескi қыстаудың қарасына қайта-қайта сәлем етiп келе жатқан шешесiн қөрiп, аздап жымиды. Ағлестiң түрi боп-боз. Сәндi киiнiп, салтанат құруға үйренiп қалған оның бiр түн күзеттi көтере алмай, жүнi жығылып қапты.

Олар күн ұясына қона ескi қыстауға да жеттi. Нарман қалбалақтап, аяғын тездеп басып, көне тамды айнала қарап шықты. Сылағы түскен жерлердi қолымен сипап көрдi. Не замандарды басынан кешiрген, не уақиғаларға куә болған жапырайған соқпа там тiлiн кесiп алған кiсiше тымырайып, үнсiз тұр.

Нарман түйелердi тез шөгертiп, белдерiн босаттырды. Қалмырза, Зағипа, шешесi үшеулеп жүрiп, алты қанат ақ үйдi тез тiктi. Жабуларын жапты. Жел төңкерiп әкетпесiн деп, құм толтырылған көнекке арқан байлап, шаңыраққа iлдi. Аздан соң шаң-тозаңнан қағылған бау-шу, тұскиiз, көне арабы кiлем қара үйдiң ажарын келтiрiп те жiбердi. Ортада сексеуiлдiң оты маздап жанады. Мосыдағы қара қазан iшiнде ет былқып пiсiп жатыр. Ащы түтiн үйiрiлiп, жыланша иректелiп, жартылай ашық түндiктен будақтап шығып барады. Нарман күпiсiн жамылып, маңдайын отқа төсеп, жаңа қоныс үстiнде бар кеуiлiн дұғаға берiп, жақсы тiлек тiлеп, терлеп-тепшiп, шәй iшiп отыр.

Ертесiне олар ерте тұрды. Әке, бала боп жүрiп, көне қыстаудың қабырғаларын қайтадан сылады. Оның тозған үрлiк, шабақтарын қайта салып, төбесiне жаңартып лай құйды. Сосын әк тас әкеп, үйдiң iшi-сыртын ағартты, кiшкене терезеге жаңа сойылған жас қозының қарнын керiп тастады. Сол екен, кеше ғана құлазып тұрған там дем арасында ажары кiрiп, жан енгендей, тiршiлiк барын бiлдiргендей боп, бiр түрлi құлпырып сала бергендей болды.

Түс ауа Нарман, Қалмырза, Ағлес үшеуi тамның қарсы алдында созылып жатқан көлдiң батыс жағында қалқиыптұрған Мойшақ қыздың бейiтiне барып құран оқып қайтты. Бейiт кiлең майда, жалпақ тастардан қаланып салыныпты. Төртқұлақтың алдыңғы жағында басында кiшкене айшығы бар құлыптас тұр. Құлыптасқа араб әрпiмен ойып жазу жазыпты. Төртқұлақтың iшiнде екi зират бар екен. Соның бiрiнде Мойшақ қыз жатыр. Екiншiсi бос. Нарман күбiрлеп, дұға оқып боп, бетiн сипап тұрып:

— Мойшақ қыз он сегiз жасында қорасаннан қайтқан. Сонда әкесi осы араға өзiне де көр қаздырған екен. Кейiн бұлан-талай боп, сүйегi жат жерде қалған, — дедi.

Екi-үш күннен кейiн Нарман бiр қойын сойып, жақын маңдағы Мамырай, Құлқа, Малдыбай, Тиышбек, Елдес, Жәнiбек ауылдарының кiсiлерiн шақырып, құдажолы жасап жiбердi. Келген адамдар жақсы тiлек айтысып, бата қылысып, арқа-жарқа боп аттанысты.

Қонақтар кеткен бойда, Қалмырза сыртқа шығып едi, терiскейден бiр шаң көрiндi. Сәлден кейiн үш салт аттының қарасы анық көзге шалынды. Олардың жүрiстерi суыт. Соны көрген бойда, шешесi бажылдап, Ағлестi шошаланың iшiне жасырды. Аттылар жақындай бердi. Нарман да бұ кiм екен деп қарап тұр. Әне-мiне дегенше суыт жүргiншiлер келiп те қалды. Бұлар Шәки бастаған жiгiттер екен. Оларды Ережеп шұғыл жұмсапты. Шәки атынан түсе сала, сәлемдесе сап, Қалмырзаға қарады:

Page 43: Uli Sel 2 tom

— Саған айтар шаруа бар!

17

— Осы Нияз не iстеп жүр? — Ау, оны мен қайдан бiлейiн?— Қатарың дегенiм ғой. Осы соның маған қылуасы ұнамайды.— Әкесi әлi бала деп жүрген жоқ па? — Жәнiбек мырс еттi.— Қайдағы бала. Осы Сәкең де қызық. Баласын сүрге сала ма? Жасын ұлғайтып жiбердi. Ендi жаман неменiң текелiк

қылып жүргенi анау, — деп, Мамырай ренжи сөйлеп, шәй құйып отырған Балқияға қолындағы кесесiн ақырын ұсына бердi.

Жәнiбек көптен берi үйден шықпай, кiтап ақтарып, жатып алған-ды. Бүгiн зекет жайын ақылдаспақ боп, әкесiнiң ауылына келген едi. Ол Нияз бен Алуаштың арасындағы әңгiменi бүгiн естiген болатын. Ендi қабағын шытып:

— Мұнысы бекер болған екен, — дедi. — Онсыз да арамыз суысып кетiп едi. Мынадан кейiн... ел iшiне сөз кiрмесе жарады.

— Менiң де ойлап отқаным сол, — дедi Мамырай қабағын шытып. Сосын төменгi жақта малдас құрып отырған кенже ұлы Әлжанға салқын қарады: — Ертең сен де сүйтiп, ел-жұрт алдында менi масқара қып жүрме!

Әлжан ұялып, қызарып кеттi:— Бапа-ау, менi немене жынды көресiң бе?— Көрмесем сол. Болсаң, жөндем болған жақсы. — Мамырай ендi Жәнiбекке бұрылды. — Ал, Қоқан ханы не дейдi?

Сен оны өз көзiңмен көрдiң бе?— Көрдiм ғой. — Жәнiбек қолындағы кесесiн аузына апара бере iркiлiп, тоқтай қалды. — Бiрақ одан... бiзге не

пайда? Екi ханның бар көздеп отырғаны — Сыр бойындағы қожалықтарынан оңайлықпен айрылмау. Сосын... екеуi тiзе қосып ап, Насрулланы мұқатпақ. Менiң андауымша, олардың бар ниетi сол.

— Ау, сонда исi дiн мұсылман, ғазауат деп жүргендерi қайда?— Соны... құр сөз бе дейiм. Әйтеуiр, олардың бiздiң жайымызды ойламайтынына көзiм жеткен секiлдi.— Е, деген екен. — Мамырай ойланып, бiраз үнсiз отырды. Күректей қолымен шашын тақырлап алдырған маңғал

басын сипап қойып: — Қанша туыс дегенмен, бiр жатырдан шыққан ағайындының арасында да ала ауыздық бола бередi. Бұл деген... қайда, алыс қой. Қазақ, Созақ жаралғалы не заман өттi. Одан берменгi балдар сол туыстықты бiле бередi деймiсiң? — дедi.

Жәнiбек әкесiнiң ескi шежiредегi аңыз әңгiмеге қарай қиястағанына таңғалды. Iшiнен: “Бұларға салсаң осы. Бiрдеме келiспесе, ертекке қарай жүгiредi”, — дедi.

Мамырай тағы да баппен сөйледi:— Қазақ қазақ болып жаралғалы не заман. Осы жапан далада ата-бабаларымыз қадым заманнан берi мал бағып,

тiршiлiгiн көрiп келедi. Ендi сол елдiң басына күн туды деп айта алмаймын. Ел бiр елшiлiгiн қылады. Осыған дейiн Хиуасыз да өмiр сүрiп келген жоқпыз ба? Сүйтiп күнiмiздi көре беремiз де. — Ол сосын кесесiн төңкердi. — Жаңа зекет жайын айттың. Мен саған анада-ақ қолайсыздау кезде билiкке шықтың демеп пе едiм. Ендi хан жарлығын екi етуге әлтiң жоқ. Орындау жәнә... қиын.

— Неге? — дедi Жәнiбек таңғалып.— Негесi сол, Әлiм, Шөмен ауылдары орыс бекiнiсi жағына қарай қашып жатыр. Оларды үгiттеп жүрген Ережеп

көрiнедi. Ол: “Хиуа ешкiмге де опа бермейдi. Қызметiн шеккен менiң ағамның киген кебi анау. Мына орыстар қазаққа жайлы екен. Жаман шақша бас сартқа зекет деп мал бергенше, ақ патша жағына шығып ап, сол малдарыңды өздерiң сойып жеңдер”, — дептi. Соған ығланған ел Қарақұм жаққа қыстамақ боп көшiп жатыр.

— Апырмай, ә?! — Жәнiбек не дерiн бiлмедi.— Мұның астары — сенiң кәдiрiңдi түсiру. Алым-салығын елден жинап бере алмасаң, ертең сенi Хиуа ханы

басыңнан сипай қоймайды.Сол арада тықыршып отырған Әлжан әкесiне күле қарап:— Бапа-ау, бiзге жайлы болса, сол орысыңның өзi жақсы емес пе? Зекет деп тегiн мал бергенiмiз осы жетпей ме? —

дедi.— Не сонда, бiзге шоқын деймiсiң? — Мамырай баласына жақтырмай қарады.— Ау, мына Арқа жағындағы қазақтар шоқынбай-ақ отыр ғой.— Қой әрi. — дедi Мамырай жекiрiп. Iшiннен қарсы айтар дәлелi жоқтығын сезсе де, баласына бел бергiсi келмей: —

Сен оны қайдан бiлесiң? Арқа түгел, мына Қуаңның сағасына барып көрмей жатып, сұқақтамай тиыш отыр, — дедi. Сосын ол Жәнiбекке бұрьшды. — Биыл қыс қатты болады деп есепшi айтыпты. Күзеуде осы арада отырыңқырап, қыстауға бозқырау түсе көшкен жөн ғой деймiн. Оған дейiн кiсi жiберiп, қыстауларды сылатып, оңдатып қойсақ кәйтедi?

— Оның да дұрыс.— Сен... бүгiннен бастап ана Қасқырбайды бас қылып, үш-төрт жiгiттi жiбер. Мен мына ауылға барып қайтам.Мамырай қасына Әлжанды ертiп, Сырдың жағасынан жақында ғана бiр аударылып қонып, күзеуде отырған Сағынай

ауылына ат басын түзеп алды. Толық, жауырыны қақпақтай Мамырайдың астына мiнгенi быртық бақай, мықты ат. Жүрiсi онша жайлы емес тоқ ат қорт-қорт желiп, анда-санда құмалақ тастап келедi. Әлжан құнанының басын тарта ұстап, әкесiнiң алдына түсiп кетпейiн деп, сақтана бередi. Мамырай үндемедi. Артық ауыз сөзге жоқ ол осындай жолға шыққанда өзiмен өзi боп, бiтеуленiп алатын. Кәзiрде де ол тiс жармай, iшiнен Нияздың жаман атқа iлiккен жағдайын ойлады. Мұны естiсе, Әбдiраманның шалқаюы мұмкiн. “Балама құда түспей жатып, жаман өсегi шықты. Әлден бүйткен жiгiт ертең не iстемейдi? Одан да аш құлақтан тиыш құлақ”, — десе, оны ыңғайға қалай келтiредi? Ол екi араға тағы да бұл жүредi. Соны ойлай келе, бұл бiр iске бел буды.

Соңғы кезде терiскейден бетi аумай тұрып алған ызғырық жел күздiң соңы қылшылдаған қысқа ұласарын сездiргендей салқын тартып барады. Дала қуаң. Анадайда артынан жел қуалаған қаңбақ басы ауған жаққа жосып барады. Аспан шәйдай ашық. Мамырай ер үстiнде дұрысталып отырып, шапанының екi шалғайын қаусырынды. Сосын атын сипай қамшылап, желiп кеттi.

Page 44: Uli Sel 2 tom

Сағынай үйiнде екен. Аман-саулықтан соң ақ сары шал ұйып қалған иығын уқалап отырып:— Кәрiлiк пе, бiлмеймiн, сүйек-сүйегiм сырқырайтынды шығарды. Мына иығы түспегiр де, — деп, сөзiнiң аяғын

жұтып, өз iсiмен болып кеттi.Мамырай ағасына баспалдақтап барғанды жөн көрдi:— Аға, күзеуде әзiр отыра тұрасың ба?— Иә. Қараша бiткесiн барып көшсем деймiн.— О да дұрыс. Ерте барып, жердi жұтатып алсаң, ертең малыңа шөптi қайдан тауып бересiң? Ондайда малыңа

қарайтын кiм бар? Нияз домбырасымен жылқы қайыра ма?Сағынай бұған көзiнiң қиығын тастады:— Қайда барады дейсiң, әлi-ақ үйренедi ғой.— Соның өзi... кеш боп қалған жоқ па?— Неге?— Негесi нес? Баланың мына жаманаты ел арасына тарап кеттi. — Өй, жас кезде не болмайды? — деп, ақ сары шал әппақ бүтiн қаладай тiстерiн жарқырата көрсетiп күлдi.— Аға-ау, оның күлетiн несi бар? Бұл сөз Әбдiраманның құлағына тисе, қызын бермейдi.— Неге бермейдi? Бермесе, сатып алам.— Өй, үйтiп сатып алған құдалық құдалық па? Құда мың жылдық дегенде бұрынғылар екi жақтан болар жақсы

ықылас, ниеттi айтқан шығар. Мынадай әңгiмеден кейiн... бiлмейiм, — деп, Мамырай аз-кем кiдiрдi.— Иә, сонда не iсте дейсiң? — Сағынай иығынан қолын алып, тура қарады.— Оның iстейтiн түгi жоқ. Ана Әбдуәлиге тиесiлi ақысын бер де, көшiрiп жiбер. Туыстары жоқ емес қой, солардың

бiрiне барып паналар. Әгәр оны абызыңда қалдырсаң, мына балаң әуейiлiгiнен тиылмайды.— Өй, қойшы, сен де бiр, — деп шал қабағын тыржитты. — Есi бар емес пе? Ертең қатын алғасын, өзi-ақ қояды.Сол арада көршi үйден Нияз бен Әлжанның қатты күле сөйлескен дауыстары естiлдi. Iзiнше домбыра үнi күмiрлей

шықты да, кенет пышақ кескендей сап тиылды. Мамырай басын шайқап:— Мiне, осы, — дедi де, әңгiменi әрi қарай iндетпей, қоя салды.Бүгiн түске деп Сағынай жүгерi көже астырыпты. Меке жүгерiсiнiң әр дәнi баданадай екен. Соны тiсiне басып, күрт-

күрт шайнап отырып, Мамырай:— Жарықтық, астың төресi осы-ау, — деп қойды.— Айтпа.— Биыл бiздiң бала да бiраз жерге тары салдырған едi. Өзi iшкi жаққа кеткенде жiгiттерге баскөз боп, орғызып

алдым. Кәзiр қатындар сөк ақтап жатыр.— Ау, бiзге қайда? — дедi жеңгесi Мамырайға күле қарап.— Сыбағаларың бар ғой. — Мамырай ағаш қасық iшiне түскен жүгерiнi қарап жатып: — Мұны қайдан алдыңдар? —

деп сұрады.— Қайдан дерiң бар ма? Жақында қатынаған кiсiден Әбдiраман құда берiп жiберiптi.— Өй, мынауың жақсы ырым ғой. Баласын алмай жатып, жүгерi мен талқан жесең, одан артық не керек? — деп,

Мамырай мырс-мырс күлдi.— Мен де сүйдеп отырмын. — Сағынай да күлдi.— Бiрақ қазақ: “Басы қатты болса, аяғы тәттi болады”, — деушi едi. Сенiкiнiң басы тәттi басталған екен.— Аяқ жағы қатты болса, су бүркiп жұмсартамыз да, — деп, ақсары шал қарқылдап кеп күлдi.Мамырай түсiндi. Ағасы Малдыбайды меңзеп айтқан едi. Әбдiраманның баласы Жоламан қалыңдығын ала алмай,

бiраз жүрген болатын. Малдыбай шалқайып, қайдағы-жоқты сұрап, құдасының әбден зықысын шығарған. Берген қалың малын қомсынып, үстеме дүние сұрап, ұзату жағын көшеуiлдете берген. Содан бiр күнi Әбдiраман қулық ойлап табады. Қойшысының үстiндегi жаман терi тонды сұрап ап, қынаға бояп, су бүркiп, әбден жiбiтiп, құдасына барады. Әкелген оны-пұнысын берiп боп, Малдыбайға мұртынан күле қарап: “Құда, мынау әкеме Хиуа сардары боп тұрған кезiнде Аллақұл ханның өзi арқасына жапқан күдерi тон едi. Атадан қалған көз болғасын қимай жүр едiм. Бiрақ құдамнан аяр нем бар? Шырайыңды шығарсын деп соны әкелдiм”, — деп, әлгi тонды шалдың арқасына жауыпты. Малдыбай тонды әрi аударыстырып, берi аударыстырып қарап тұрып: “Болса болар”, — дептi. Соған аңқ ете қалған бай ертеңiне қызын ұзататын боп келiсiм берiптi. Кейiннен шындық жұртқа жария боп, ел күле әңгiме етiсiп жүрдi. Мамырай басын шайқап:

— Қайдам, оныңа Әбдiраман түсе қойса жақсы. Ызалы жердi баспайтын сұм едi, — дедi.— Есебiн тапсаң, түлкiнi де қақпанға түсiруге болады.Сол екi ортада iшке Әбдуәли кiрдi. Ықылассыз амандаса сап, босаға жақтағы тулақ үстiне отыра кеттi. Мамырай

ищаласпайын деп:— Қалай, Әбдуәли, мал-жан аман ба? — дедi жылы ұшырай тiл қатып.— Шүкiршiлiк. — Ол ернiн жыбырлатты да қойды.— Кел, тамаққа кел.— Алдыраз болсын. Үйден iшiп шықтым. Нан ауыз тиейiн, — деп, қазанжаппайдың бiр шетiнен үзiп ап, аузына

салды.— Шаруа жақсы ғой?— Оның несiн сұрайсың? — Әбдуәли бiр түрлi боп, күреңiте түстi. Сосын аз-кем отырып: — Мәке, сiз келдi дегесiн

келiп ем. Бiр ауылды басқарып отырған азамат емессiң бе? Мына iнiң арық кеуiлiме жарық салды. Шашы ұзын, ақылы қысқа ұрғашыны масқаралап, әбiрейiн төктi. Сонда бұ... қалай болады? — дедi.

Мамырай қозғалақтап қойып, ақырын сөйледi:— Әбдуәли, жөн айтып отсың. Жаңа о баланың ит-терiсiн басына қаптадым. Екiншiгәрi үйтпейдi. Тағы да

қыңырақтаса, тура өзiме кел, айыбыңды төлеймiн, өзiңдi ағайындарыңның iшiне көшiрем. — Ол кiдiрдi. — Ендi... Өзiңнен де кiнә бар сияқты. “Баланы жастан, қатынды бастан” деген емес пе?

— Бастан болғанда, оған мен iстеппiн? Аузын ашырмай...— Жоқ, — дедi Мамырай оның сөзiн бөлiп, — мен оны айтып отқан жоқпын. Қанша дегенмен ағайынбыз. Қолайсыз

әңгiме ел арасына тарамасын. Ол бiзге де, саған да абырой әпермейдi. Есiң бар емес пе, ана баланың балалығын кеш. Ың-шыңсыз шаруаңды iстеп жүре бер.

Page 45: Uli Sel 2 tom

Әбдуәли қибыжықтап, не дерiн бiлмедi. Соны көрiп Мамырай: “Қасқа, қатынға еге бола алмайтыны бар, жайына қарап жүрмей ме?” — деп салқын тарта түстi. Әбдуәли тысқа шығып кеткесiн, ағасына қарап:

— Көрдiң ғой. Бишараның от басын бұзып нағыласың? Ана балаңа қой де! — дедi.Үй iшiн қолайсыз тиыштық басты.

18

Ағлес қыз күнгi желiгiнен күрт тиылды. Домбыраны қолына ұстамады. Ерте тұрып, шешесiне қолғабыс етедi. Одан қала берсе, қолына қап алып, ай далаға тезек терiп кетедi. Соны көрiп, Нарман iшiнен шүкiршiлiк қылады.

— Көрдiң бе, есi ендi. Қанша дегенмен ақылы бар ғой, — дейдi түнде кемпiрiне сыбырлап.Қалмырза да аң-таң. Iшiнен қарындасының күрт өзгерген себебiн бiлсе де, оны бұлайша жасып қалады деп

ойламаған едi. “Әй, қу дүния-ай! Кiсiнi осыншама тасытатындай, не жасытатындай не пәлең бар?” — деп, таңдай қағып жұргенiнде, Шәки кеп, Қарақұм жаққа кете барды.

Ағлес ағасы кеткесiн, өзiнiң жалғыз екенiн қинала сездi. Ешкiммен тiс жарып сөйлеспедi. Кеуiлiн бұзатын бiр затқа жоламай, көзiн де салмай, күн ұзын жүн иiрген шешесiнiң қасында болады. Оған шуда түтiседi, шүйкесiн орасады. Шешесi күрсiнiп:

— Қайдам, қарағым, бағыңнан көресiң де? Әкең кешегi замандағыдай болып толып тұрғанда, қаның жерге тамбайтын қыз едiң. Бұ да Алланың жазуы шығар, — деп күрсiнедi. Кәрi кiсiнiң әр жағында бай мырзасының осыншама дәмелендiрiп кеп, ат iзiн салмай кеткен жайы тұрған едi.

Ағлес сазарып, терiс қарады:— Әй, апай, несiне жаси бересiң? Қыздың жолы қылдай деген емес пе? Бiр сыласы болар. — Ол әр жағынан кеп

қалған ызалы жасты көмейiнде әзер iркiп тұрды.Ертеңiне Ағлес таң атысымен, қабын арқасына сап, тезек теруге шықты. Мойшақтың бергi қырқасындағы қара

төбенiң ойына түскесiн, күнi бойы өзегiн оттай өртеген өкiнiштi сыртына шығарғысы кеп, баяулата ән айтып, жылап қоя бердi. Сiлеусiн көзiнен мөлдiр тамшылар шұбырып жатыр. Қыз бордай егiлiп, ғашығына қосыла алмаған ғарiп жанның зарын айтып, онан әрмән босай түстi. Қашан шерi тарқағанша жылады. Тезектi қабына салып жүрiп, әбден шаршады. Бiр араға келгенде сiлесi құрып, бұйырғының үстiне отыра кеттi. Қабын жерге қойды. Көз жасы таусылып, ықылық атып, анда-санда оттай өз демiне өзi тұншығып қалатындай. Сүйтiп отырғанда жанында шырылдап, ұшып-қонып жүрген, жүнi үрпиген бiр бозторғайға көзi түстi. Күзгi суықтан бүрсиiп, кiшкене аяқтарын бауырына қысып ап, жерден тас атымдай жоғары көтерiледi де, қанаттарын лыпылдата қағып, бiр орнында iлiнiп қалғандай тұрады. Сосын жерге қарай лақтырған тасша құлдилайды. Бұл төсiмен жер соғады-ау дегенiнше болмай, бозторғай жақындап кеп, жерге қонады. Мiне, ол тағы да қарсы алдында тұр. Кiшкене көздерi жылт-жылт етедi. Соған көз сап отырып, Ағлес бiр түрлi боп, оны аяп кеттi. “Қыз қасқа да осындай-ау! Бiздiң шырылымызға кiм құлақ асып жатыр? Қай заманда кiсiнiң қалағаны бола берген? Тiлегiң орындалу үшiн қоралап айдаған малың, көзелеп жинаған алтының болу керек. Онсыз — құның көк тиын. Пұлың болмаса, басың алтын боп туылса да, битбалақ жаман қатынға шейiн қорлайды. Қыз қасқаның жолы онан да ауыр. Әйтеуiр, дәтке қуат — тесiк мойшақ жерде қалмайды. Тесiк мойшақ... мойшақ, өзi тесiк”, — деп, күбiрлей сөйлеп, қыз осы арадан төбесi көрiнiп тұрған Мойшақ қыздың төртқұлағына көз салды. “Ол болса... қыршын кеттi. Сонда ол мына өмiрден не рақат, не қызық көрдi? Рақат? Қызық? Апырмау, жұрт сол жайын неге көп айтады? Әлде мына тiршiлiктiң құны сол қызық, рақат па? Сонда күнi бойы мал соңында салпақтап жүргендер кәйтедi? Олардың көрер қызығы, рақаты жоқ па? Жоқ, әлде кiсi қызық көру үшiн колынан келгенiнiң бәрiн iстеп бағып, шiрiп байып, өзi секiлдi екi аяқты пенденi құлдығына жегiп қоя ма? Сонда бұл... мына тiршiлiкте айнымас, нелер заман келсе де, бұлжымас нәсте ме? Демек, онда мал-мүлiктiң керек болғаны ғой. Әкем қасқа соны айтып, жылайды екен-ау! Ендеше қалайда мал табуым керек. Сонда қалай? Оның жолы қайсы?” Қыз ойланды. Сiлеусiн көздерiн сәл қыса түсіп, аспанда қалқиып тұрған бiр қазбауыр бұлтқа қарады. Сосын оның әр жағында мөлдiреп тұрған түпсiз қара көк аспанға қарады. Қадалған сайын, басына қызық-қызық ойлар орала бердi. “Әй, аңқаулық-ай!”, — дедi ол өзiне өзi. Бiз үнемi балалық жасап, сонау көкте жүрген әдемi шапаққа, кемпiрқосақ-тың алуан шұғыласына қызығамыз. Егер соларды жерге түсiрсе, құдай бiледi, бәрi де көз арбар ажарынан айырылып, қоңыр тартып сала берер едi. Пенденiң өмiрi де сондай. Қыз күнiнде сен де жарқ-жұрқ еткен шұғыла сияқтысың. Ертең әйел боп, басыңа ақ түскесiн, сен де бiр — жапырағын жел жұлған қайыр тал да бiр. Тамырынан нәр тартпай, бойынан қуат қашқан қайыр тал күздi күнi ысқырып соққан қара дауылдың өтiнде майысып, басын жерге ұрып жатпаушы ма едi. Сол кеп талай кiсiнiң басында бар-ау! Ендеше одан құтылатын... жол бiреу-ақ. Оны... мен таптым. Таптым. “Таптым”, — деп, қыз дұға оқығандай күбiрлеп, жер таянып, орнынан тұра бердi. Сол арада қасынан бөркiн шекесiне едiрейте киiп, астындағы жорғасын сипай қамшылап бара жатқан Шайхысламға көзi түстi. Ол да мұны байқап қалса керек, дереу атының басын бұрды. Күмiс өмiлдiрiгi жарқ-жұрқ етiп, ауыздығымен алысқан құла жорға жақындап кеп, бiр бүйiрлеп тоқтады. Екi бетi топ-толық, қызыл шырайлы, түзу мұрынды Шайхыслам қашанда бойын күтiп жүретiн. Бүгiн де сәндене киiнiптi. Үстiнде сырмақ шапан, басында қаракөл бөрiк, аяғында көк сауыр былғарыдан оюлап тiккен биiк нөшелi етiк. Ол күлiмсiреп, қамшысының бүлдiргесiн саусағымен түртiп тұрып:

— Замандасым, мұңайып отырсыз ғой. Айдың, күннiң аманында сiздi кiм бүйтiп ренжiткен? — дедi.Ағлес бұрылып жүре бергiсi келiп едi, бiрақ онысын ерсi көрiп, амалсыз тiл қатты:— Кiм ренжiтсiн. Қызды нөпелететiн бiр ғана нәсте бар емес пе?— О не екен? — Шайхыслам жорта таңырқап, қос қолын жайды.— Оның не екенiн басына iс түскен кiсi ғана бiледi.— Апырмай, сiздiң басыңызға да iс түстi ме? Жай-жапсарын айтсаңыз, құрбыдан аянатын дәнемемiз жоқ.— Қайдам. Тiл мен жағына сүйенген жiгiттердiң әдетi солай, жанын алдына сала келушi едi. Бiрақ... ол сiздiң

қолыңыздан келе қоймас.— Ау, неге? — деп, Шайхыслам күлiмсiрей түстi.— Оның iж негесi жоқ. Тағдырға кiмнiң әмiрi жүрген? Құданың құдiретiне қай кiсi қарсы тұра алады? — Ағлес

жiгiттiң жүзiне тура қарады. Шайхысламның құмарлыққа толы қара көзiн нәпсi уыты торлай қалған екен. Қыз өзiнiң айдалада жалғыз екенiн жаңа есiне ап, қорқып, керi шегiншектей түстi.

Шайхыслам ыржалақтап, түсiн онан әрмен жылыта түсіп:

Page 46: Uli Sel 2 tom

— Құрбым, тағдырға еш пенденiң қылар шарасы жоқ. Сiз оны жақсы айттыңыз. Бiрақ... қатар-құрбының оған қарсы етер амалы бар емес пе едi? Кiсi жазмыштан озмыш жоқ дегенде... өз сыбағасын... кейде осылай... ұрланып алмаушы ма едi? — деп, атымен жақындай бастады.

— Ол ендi... арам кiсiлердiң шаруасы ғой. Арам-алыс жүрген жерде не қызық болушы едi? О да бiр жарым ырыс та. Бiз ондайға жоқтанбыз, — дедi Ағлес қорқып тұрғанын сездiргiсi келмей. Сосын қабын иығына салып ап, ауылға қарай жүре бердi.

— Құрбым, мына талдырмаш иық қап салатын иық емес, сiздi осындай еткен кiм екен? — деп, Шайхыслам жорғасын тайпалтып кеп, дүрс етiп, жерге түсе қалды.

Ағлес қорқып кеттi. Қабын жерге түсiрiп алды. Шайхыслам күлiмсiреп, мұның жүзiне тура қарап:— Сiздi жаяу жүргiзiп, менiң әбiрейiм аспас. Мә, құрбым, атқа мiнiңiз де, тезегiңiздi ауылға апарыңыз. Мен жаяулап-

ақ барамын, — дедi.Ағлес жаман аты жұртқа жайылған жiгiттi адыр, есерсоқ көретiн. Ендi сенер-сенбесiн бiлмей, сексиiп тұр.— Мә, құрбым, мiнiңiз, — деп, Шайхыслам жақындап кеп, мұның қолына атының шылбырын ұстата салды. Сосын

қолтығынан демеп, ер үстiне мiнгiздi. Ағлес қуанып кетiп, жорғаның жып-жылы бауырына тақымын қарыстыра түстi. Шайхыслам бiр қап тезектi қанжығаға байлады. Сосын екеуi жәй аяңдап ауылға қарай беттедi.

Ағлес әуелгiде Шайхысламның неге бүйткенiн түсiнбедi. Артынан барып... Өй, деп күлiп жiбере жаздады. Оның әйелi былтыр қайтқан, жасы алпыстарды алқымдап қалған Шынболат дейтiн бiр жамағайыны бар едi. Екi әйелiнен де баласы тұрмаған. Ендi қара басы сопиып қап, мыңғырып жатқан малын жақын-жуығына бақтырып қойып, әйел iздеп жүр дегендi әлдеқашан естiген. Бiрақ ол кезде әуейi боп жүрген қыз елдiң пыш-пышына құлақ түрмеген болатын. Ендi Шайхысламның аяқ астында жылы ұшырағанын қыз соған топшылап, iшiнен сылқ-сылқ күлдi. Сосын: “Несi бар? Оны кезiнде көре жатармыз”, — деп, өзiнiң келген қатал шешiмiне қарай бұрыла бердi.

Үзеңгiден ұстап, қыз жанында биiк тақалы етiгi топыраққа батып, итiңдеп келе жатқан Шайхысламның аузы әзiл-қалжыңнан босар емес:

— Сонымен, құрбым, дағдырға өкпеңiз қара қазандай екен да. Ол түспегiрдiң кейде қырғышпен қырып, қалың күйесiн сылып тастауға болмаушы ма едi?

— Ойбай-ау, бүгiнде қырғыщ жоқ та, ұрғыш көп емес пе? Қазанды тазалатам деп, жазаңды тартып қалсаң, оның соңы не болады? — дедi Ағлес дағдылы ойнақылығына басып.

— Естi жiгiт алды-артын қымтап жүрмеушi ме едi?— Қайдам?! Кейбiр жiгiт сорпасу аңсап келiп, қатты терлеп, iргесiн түргiзiп те қойдыратын. Түрiк керегеден өтпес

жел, ашық ауыздан шықпас сөз бар ма? “Отыз тiстен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды” деп бұрынғылар бiлмей айтпаған болар? — дедi Ағлес жiгiт жүзiне мысқылдай қарап.

Шайхыслам бетi жайылып, күле түстi.— О да дұрыс шығар. Бiрақ соны айтқан қазақ: “Шегiрткеден қорыққан егiн екпес”, — деген де жоқ па? Кейбiр

құрбы шегiртке түгел, шекiлдеуiктен шошып, құданың бiр рет ғана берер қызығынан да қағылып жүр. Қапы қалған қуаныштың соңы... Өкiнiш боп...

— Ол ендi кiсiнiң өзiне байланысты шығар. “Ебiн тапқан екi асайды”, — деп аталарымыз және бiр ңақыл айтыпты ғой.

Шайхыслам бұған ырза бола қарады:— Апырмай, құрбым, жақсы айттыңыз-ау! Бiз қасқа қыздың барлығын соңырағы күнi ерiнiң құлағының құрт етiн

жейтiн нашар көремiз ғой! Нашардың да мықтысы аз емес. Кейде соған дер уағында кездеспей, бекерден өкпелеймiз. Сөз тапқанға қолқа жоқ деген осы. — Ол сосын байсалды тартты. Тамағын кенеп ап, ақырын сөйледi. — Бiр Шынболат дейтiн жамағайын жаман шалымыз бар едi. Шал дейтiндей шал емес. Жер ортасынан асса да, әлi тұғырдан түсе қойған жоқ. Баласы тұрмай, қатыны қайтып, қара басы, сопайып қалды. Соған ел боп, қосақ iздеп жұрмiз.

Ағлес оның неге қарай жақауратып келе жатқанын аңдап, үндемедi. “Iздесең iзде! Оның маған қандай қатысы бар?”Шайхыслам көзiн ауыл жаққа қадап:— Өзi, жалпы, жаман кiсi емес. Барған адам екi қолын жылы суға малады да отырады. Дүния-мүлiкке ег е болатын

бiреу болса жарайды. Соның әуресiмен ел-елдi аралап жүргенiм, — дедi.Ағлес сол арада суық жымиып:— Мына жүрiсiңiзге қарағанда, желiңiз оңынан тұрмаған-ау, — дедi.— Өзi... шынында да, солай боп тұр.— Ол өзi менi алар ма екен? — дедi ерке қыз дөрекi қалжыңдап.— Өй, — деп Шайхыслам күлiп жiбердi. — Асылдың сынығы шал түгел тең қатар-құрбыға бұйырмай келе

жатқанда, ол қайда?Ауылға келгесiн, Ағлес тездетiп шәй қойды. Дастархан жайып, қонаққа жылы-жұмсақты төгiп салды. Әкесiнiң

жылқы қарап кеткенiн арқаланып, ол ендi қымсынбай, еркiн қимылдады. Шайхысламға айрықша құрмет көрсетiп, апысы кiрiп, күпiсi шығып жатқан үстiне... Нияз келдi. Серi жiгiт атын қазыққа байлап, iшке кiрдi. Сосын Шайхысламды көрiп, сәл состиып қалды. Сәлден соң онымен амандасып, төрге шықты. Биiк қабағын түйiп ап, сазара қалған Ағлес оған жылы шырай көрсете қойған жоқ. Шайхыслам да екеуiнiң арасындағы жағдайға қанық сияқты. Ол жымия күлiп, аман-саулықтан соң:

— Бала, басыңды бiр қазыққа байлады деп есiтiп жатырмыз. Қанша дегенмен орынды жер ғой. Ұзағынан сүйiндiрсiн, — дедi.

Нияз қып-қызыл боп кеттi. Бiрдеңе деп күбiрлеп, қалтасынан кестелi орамал ап, маңдайынан шұбырған терiн сүрттi. Бұл орамалды былтыр мүше сұрай келгенде шетiне күмiс ақша түйiп, Ағлес берген-дi. Соны көре сап, қыз самсоз бола қалды. Iзiнше шешесiнен қаймықпай, жiгiтке қарай қолын созды:

— Мына орамалың кiрлеп кетiптi ғой. Берi әкелшi! Нияз сасқалақтап, орамалын ұсынды:— Таза сияқты едi ғой.— Жоқ, кiрлеп қапты. — Ағлес орамалды ала сап, аяғын тез басып, сыртқа шықты да, оны қазан астында лаулап

жатқан отқа бiр-ақ атты. Кестелi орамал дем арасында қарауыта түсiп, лап ете қап, лаулап жанды. Бiр сәттен соң ол жалын жалмап, үгiтiлiп, күлге айналып кеттi.

Page 47: Uli Sel 2 tom

Нияз iштен дәл осы кезде шыққан едi. От iшiнде күл боп бара жатқан орамалға состиып қарап тұрды да, не iстерiн бiлмей, қолын әнтек жоғары көтердi. Сосын ыбылжып барып, атының шылбырын шештi. Үзеңгiге аяғын екi ұмтылып барып, шаққа сұқты.

Ағлес оны аяп кеттi. Бiрақ iш жағында берiшше қатқан өкпе, ыза оны ұстап қалды. Нияз ер үстiне қонып, ауыл жағына қарай сызып бердi. Ол ұзап, ұзап, ұза-а-ап кеткен сайын күн санап жiңiшкере

түскен жiп, қылдырықтай боп керiле түсiп, кенет... тырс етiп үзiлiп кеттi. Қыз жылап жiбердi...Ертеңiне Нарман үйiне Шайхыслам мен Шынболат келдi. Шынболат мыжырайған, шоқша сақалды, басы мен иығын

бiр иығына қарай қисайтып жүретiн тапал, арықша кiсi екен. Оның тышқан iнiндей шүңiректеу келген қысыңкы көзiнде қулық оты жылтырап көрiнiп қалады. Өзi бiр түрлi ысылдап сөйлейдi. Ара-арасыңда кiшкене қолдарын жұмып ап, түсi көгiстеу, астыңғы ернi салпиған қисықтау бiткен аузына апарып, күрк-күрк жөтелiп қояды.

Нарман олардың келгенiн бiрден жақтырмады, онша ырай бермей, сөздi iлiп-шатып отырып алды. Шынболат щоқша сақалын қайта-қайта тартқыштап:

— Осындай бiр күйге түстiм. Ендiгi дедiгiм малыма еге болатын бiр қолайлы баланы тапсам дегендiк. Көзiм тiрiсiнде артымда қалған дәулетiмнiң желге шашылма-ғанын көрсем, iж арманым жоқ. Сүйтiп, сандалып жүрмiн, — дедi.

Нарман осы арада жарылып:— Әй, Шынболат, сақал-шашың ағарғанда менiң балама көзiңдi не бетiңмен сүзiп кеп отсың? Өз перзентiн

сататындай менi немене саудагер көресiң бе? Қазақ бұрын қалыңмал алса, әке-шешесiнiң сүтақысы деп алатын. Ендi соны Хиуаның базарындағы жалдаптардың әрекетiне айналдыра бастағансыңдар ма? Сен... шатасып кеп отсың. Iздейтiн жағың басқа жақ. Екiншiгәрi мұндай әңгiменi маған айтпа, — деп, бiрден кесiп тастады.

Шынболат не дерiн бiлмей, қара қоңыр жүзi қызғыш тартып, жан-жағына жалтақтап қарай бердi. Шайхыслам оған қарай алмай, төменшiктеп, басын көтеретiн емес.

Ағлес iшке әкесi сөзiн аяқтай бергенде кiрген едi. Оның не дегенiн есiктiң қайырылысында тұрып естiген болатын. Қыз тұңғыш рет әкесiне ырза болды. Бiрақ оның намыс буып айтып отырғанын бiлдi. Сол арада Ағлес батылдығына басып, алғаш рет әкесiнiң жүзiне тура қарап:

— Көке, — дедi қаттырақ сөйлеп. — Сен бұл кiсiлердi сөкпе. Бұрынғының жорасы бойынша, мұның iж ерсiлiгi жоқ. “Қызды кiм айтпайды, қымызды кiм iшпейдi”, — деген. Айтса,— өз ауыздары. Оның үстiне... — Ол кiдiре түстi. — “Байтал ыңғай бермесе, айғыр бұйдасын үзбейдi” демеушi ме едi. Бұл кiсiлерге ыңғай берген өзiм едiм. Құдай нашар ғып жаратқасын, әйтеуiр, бiреуге баруым керек қой. Құдайдың әзелде жазуы шығар, мен... осы құдалыққа ырзамын.

Сол арада мына сөздi ести салысымен қуанып, жүзiне аздап қан жүгiрген Шынболат:— Е, қыздың өзi көндi дегесiн, — деп, сирек тiстерiн көрсете, жалтақ-жалтақ қарап қойды. Нарман қап-қара боп кеттi. Қатты ақырып:— Құры көзiме көрiнбей! Қызымды кiмге беретiнiмдi мен сенен сұрамаймын! Шық! — деп, қолымен есiктi нұсқады.Ағлес сыртқа атып шықты. Көзiне тiрелген ызалы жасты тоқтата алмай, күркенiң iшiне кiрiп кеттi.Жапан даладағы жүдеу қыстау үстiнде бiр бүйiрден тұрып алған ызғарлы жел әулеп соқты.

19

Тортай Жәнiбектердi бiрден таныған едi. Әсiресе, Қасқырбайдың жүзi жадында жатталып қалған-ды. Ендi ол екеуiн Сыр бойынан алыста, Қоқан хандығына қарасты бiр өзбек шайханасында көрем деген ой ұш ұйықтаса түсiне де кiрмеген. Ол қасында отырған керуен басыға дымын сездiрмей, шәйiн асығыс iше сап, шыға берген. Бiр махалладан айнала бере керуен басы:

— Соншама неге жанықтың? — деп күңк еттi. Тортай оның сұрағына тура жауап бермей: — Әлгi қазақтар бұ жақта не ғып жүр екен? — дедi.— Жаңағылар ма? — Керуен басы желкесiн қасыды. — Оны бiр құдай бiледi.Тортай Қоқанға Ташкент құшбегiсiнiң арнайы тапсыруымен Баймырзаның келiссөз үшiн келiп жатқанын естiген. Бiр

ойы, қайымы түссе, өзiне алыс жамағайын боп келер төремен тiлдесiп, сыр тартып көру болатын. Сол мақсатпен Қоқанға тартып бара жатқан. Ендi ол кез-келген қышлаққа айналмады. Сауда жасай жүрiп, тездетiп отырып, Қоқанға жеттi. Бiр сенiмдi жiгiттi жұмсап, Баймырзаның қайда түскенiн бiлiп алды. Ендi онымен қалай кездесудiң амалын қарастыра бастады. Бұл оған керуен басыны қолай көрдi. Керуен басы Елмырзадан сәлем айта барады, оған қымбат сый-сияпат табыс етедi, сол арада мұның онымен жүз көрiспек ниетi бар екенiн сыбырлай қояды. Керуен басы осы тапсырманы тындырып келдi. Бұлар түскен жайға Баймырза түн жамылып, жалғыз өзi келетiн бопты.

Тортай қызметшiлерiне тиiстi бұйрық-жарлығын берiп, ас қамдатты. Бiр-екi жiгiттi көше бойына қарауыл қаратып қойды. Бейсеубет жүрген бiреу-мiреу болса көз жазбаңдар, жансыз екенiн бiлсеңдер, дереу хабар берiңдер деп қатты тапсырды.

Уәделi мезгiлде Баймырза келдi.Ол мұнымен қол алысып амандасып, төрге озды. Кiшкене дөңгелек үстелдiң қасына малдас күрып отырды. Аман-саулықтан соң, ол бұжыр бетiн қолымен ақырын сипап қойып:

— Қалай, әке-шешең пақуат па? — дедi.— Құдайға шүкiршiлiк, — дедi Тортай ақырын. Баймырза күлдi:— Сен немене ата-бабаңның ел басқарар үрдiсiнен жаңылып, сарт құсап сауда жасауға шыққансың ба?— Бәке, заманына қарай амалы деген емес пе? Бүйту де керек боп қалды.— Сонда да... төре тұқымы iстемеген кәсiп болғасын...— Ретi кеп жатса, сұлтандар не қылмаған? Құшбегiге қызмет жасап, сiз де отыр емессiз бе? — деп, Тортай зiлсiз

әзiлмен өзiн жағалай бастады. Баймырза екi иығы селкiлдеп‚ күлiп алды:— Ендi оның рас. Жағдай солай боп қалды. — Ол күлкiсiн тиып, байсалды тартты. — Өздерiңде не жаңалық бар?

Page 48: Uli Sel 2 tom

— Айтар болса, жаңалық жетедi. — Тортай жанында отырған керуен басыға қарады. Ол мұның назарын сезiп, орнынан тұрып, сыртқа шығып кеттi. Екеуi оңаша қалғасын барып Тортай: — Ол өзi... көп қой. Неден бастарымды бiлмей отырмын, — дедi.

— Шеткерiрек жатсақ та, құлағымыз сендер жақта, — дедi кенет Баймырза өзi әңгiмеге көшiп. — Батыс жақтан Ырғыз, Маңғыстау өлкесiне, мына Шығыс жақтан Семей Қапалға дейiн ақ патша бекiнiстерiн салып ап, үнсiз жатып алды. Арыстан жемтiгiн iлерде осылайша ұзақ аңдитын. Ол атылатын ұрымтал тұсты күтушi едi. Сол өзi... жақындап қалған жоқ па екен деп пұшайман боп жүрмiн.

— Бәке, айтып отырғаныңыздың жаны бар, — дедi Тортай сыбырлай сөйлеп. — Әрине, төменгi жақтағы бiзге ақ патша не ойлағанын айта бермейдi. Бiрақ, менiң байқауымша да, сол кезеңге жақын кеп қалған сияқтымыз.

— Сонда... мына хандар төтеп бере алар ма екен?— Қайдағы. Орыс әскерiнiң қару-жарағы сайлы, жақсы. Шитi мылтықпен зеңбiрекке қарсы шығуға бола ма?— Әрине, болмайды. — Баймырза көзiнiң астымен бiр-бiр қарап қойды. — Өзiң де шет жағасын бiлiп жатқан

шығарсың, хандардың арасы онша жақсы емес. Мырзахмет құшбегiнiң қарауындағы жерлер де тиышталмай тұр. Мына Шымкент, Созақ, Түркiстан жағындағы қазақтар арасында наразылық бар. Жетiсу өлкесiне де қобалжу кiргелi қашан. Ел алым-салықтан қашып, орыс бекiнiсi жағына өтiп жатыр. Мен өткенде соны айтып, алым-салық жағын азайтса кәйтедi деп құшбегiге барып ем, тыңдамай қойды, — деп ол күрсiңдi. — Шамасы, ел iшiне әрекет кiрейiн десе, осы болатын шығар.

— Осы менiң таңғалатыным, сiздер кiмге арқа сүйеп отырсыздар? Одан да... замана райын аңламайсыздар ма?— Аңлағанда, не iстейiк? — Баймырза көзiн қысып‚ қулана қарады.— Не iстегенде... — Тортай сәл iркiлдi.— Арқа жағындағы жерлердiң бәрi кәзiр ақ патша қарауында. Батыс мен

шығысыңнан олар қаусырмалап, қысып келедi. Ең негiзгi жерлер кеткесiн, тоқымдай жерде орыс әскерiн iркемiз деп ойлайсыздар ма?

— Сонда бiзге не қыл дейсiң?— Пәлен-түген деп жатудың кәжетi шамалы. Бұған жауапты iлгерiде аталарымыз берiп кеткен.

Әбiлқайырда‚ Абылай да орыспен дос болған.— Бiрақ олар кейiн қалмақтармен ауыз жаласатын сыңай да көрсеткен жоқ па?— Ол рас. Бiрақ одан екеуi не пайда тапты? Әбiлқайырды Барақ сұлтан өлтiрдi. Бараққа қонтайшы у бердi. Ал

Абылай хан айла жасаймын деп, екi жаққа да сенiмiз боп көрiндi. — Сонда... сен бiзге ақ патшаға бағын деймiсiң?— Жаңа аңдып жатқан арыстан жайын дұрыс айттыңыз. Оның тырнағына жау боп түскенше, дос боп, жалынан

сипаған әлдеқайда жақсы емес пе? — дедi Тортай оның сырын сыртына шашпаған түрiне қарап.— Е, солай де. — Баймырза сақалын тартқыштап, бiраз отырды. — Дегенмен... бұл қиын. “Сырын бiлмеген аттың

сыртынан жүрме” деген сөз рас. Ояғын, қайдам. Бiз тiлдессек пе деп келiп жатырмыз. Одан не өнерiн Алланың өзi бiледi. Айтпақшы, осында Хиуа елшiлiгi келiп жатыр. Iшiнде Сыр бойының Жәнiбек деген бiр қазағы бар.

Тортайдың есiне шайхана сарт етiп түсе кеттi. “Ә, соған келе жатыр екен ғой”, — деп, бiр-бiр ойлап қойды.— Немене, хандар татуласамыз дей ме?— Оны... қайдам... — Баймырза ол жаққа аяқ баспай қойды. — Осы Арқадағы Қайып ханнан хабарың бар ма?— Аздап... Ол ақ патшаға наразы боп жүр.— Неге?— Неге дерi бар ма? Мына солтүстiк жақта ақ патша хандардың билiгiн шектедi. — Кiм-кiмнiң де әуелi маңдайдан сипап, сосын шаш адатын әдетi емес пе? Сонау Шыңғыс атамыздан бермен қарай

жалпақ қазақты сүрап үйренiп қалған түқымбыз. Оған... көне қою қиындау ғой.— Сонда да... ақылға келген жөн емес пе? Самсаған сары қолға жалғыз шапқан не бiтiредi?— Оны... Қайып ханның өзi бiледi де. Өзiң осында ұзақ боламысың?Тортай қанща сыр ашысса да, сақтық жасағанды жөн көрдi:— Иә. Алып келген заттарымыз бар едi, солар өткенше, кiдiрем-ау!— Е, жөн екен, — деп, Баймырза кенет салқын тартып сала бердi.Тамақтан кейiн ол керуен сарайына қайтты. Баймырзаны екi-үш жiгiт шығарып салды. Олар қайтып оралғасын,

Тортай қатты мазасызданды. Қашаннан билiк үшiн бiрге туған бауырын да құрбандыққа шалып жiберетiн төре түқымына тән қаттылық оған таныс едi. “Егер... Хұдаярға жақсы көрiнейiн деп, Баймырза ұстатып берсе кәйтем? — деп абыржыды. — Қой, үйтпес. Бiрақ... кiм бiлiптi?” Ол керуен басын шақырып ап, оңаша әңгiмелестi. Оған өз күдiгiн айтты.

— Қарағым, мен де содан қорқып отырмын, — дедi керуен басы түсi қашып. — Мұны бiле қалса, Хүдаяр ешкiмдi аямайды. Шетiмiзден дарға асады.

— Ендеше не қыламыз?— Кету керек.— Заттарды ше?— Заттарды ма? — Ол қолымен иегiн үстады.— Оны кәйтсек екен. Осында менiң бiр таныс саудагерiм бар едi.

Соған көтерме бағасына берiп жiберсек...— Бұл құлаққа қонады. Сосын... жеңiлденiп ап, бүгiн түннен қалмай тартайық.Жiгiттер iске кiрiстi. Керуен басы саудагер өзбек танысын тауып ап, заттарының тең жарымынан астамын көтерме

бағасына сатты. Қалған жүктi жеңiлдеп, түйелерге тиеп, екiге бөлiнiп, түн ортасы ауа шәһардан шығып та кеттi. Керуен басы мүндай түнгi жүрiстiң талайын көрген, жершiл кiсi екен. Шыққан бойда жұлдыздарға қарап ап, тау арасындағы жiңiшке жолмен тура Әулиеатаға құлайтындай боп жүрiп келедi. Тортай қараңғыда қартаға қарап, түктi аңғара алмады. Сосын керуен басының жанынан шықпады. Өз есебi бойынша, қуған шыға қалса, сөз жоқ, Ташкент жағын бетке алған, матадан басқа түгi жоқ екiншi топты қуады. Оған дейiн бұлар Әулиеата асып, Шу өзенiн бойлап, қазақ сахарасына дендеп кiрiп те үлгередi.

Олар таң ағарып атқанша суыт жүрiп отырды. Атта да, түйелер де ақ көбiк боп қалды. Айналадағы тауларды нар өркештерi зорайып көрiнген шақта, керуен басы тыныққанды жөн көрдi. Керуендегi түйелердiң белдерiнен тай-тай жүктi түсiрместен шөгерiп, өздерi жерге шапандарын төсеп, жата-жата кетiстi. Бiр сағаттан кейiн олар қайтадан жолға

Page 49: Uli Sel 2 tom

шықты. Бұл жолы Тортай сақтық жасап, үш-төрт жiгiттен жасақтап алға да, артқа да шолғыншы жiбердi. Керуен соңынан едәуiр жерде ерiп отырған жiгiттер әлсiн-әлсiн қуғыншының жоқтығын айтып, хабар жiберiп тұрды. Алдыңғы жақтағы шолғыншылар да қауiптi ештеңе жоқтығын айтысты. Тортай сонда да сенбей, түн болғанша тау арасында кiдiре тұрғанды жөн көрдi. Мұны керуенбасы да қолдады. Олар түйелердiң белдерiн босаттырып, аттарды тар ғып тұсап, отқа қоя бердi де, сақтық ойлап, жiгiттерге тең арасында тығулы жатқан мылтықтарды үлестiрiп бердi. Тортай өзi көз шырымын алмай, биiктеу бiр жерге жайласып, жан-жаққа дүрбiмен қараумен болды. Сезiктi ештеме жоқ. Дүрбiнiң әйнегiне мүлгiген тау сiлемi, қалың шыршалар, етекте сылдырап ағып жатқан майда өзеннен басқа дәнеме iлiкпедi. Сосын ол қараудан жалығып, қалың шөпке қисая кеттi. Тортай сiлесi қата шаршағанын сонда ғана бiлдi. Суыт жүрiстi көтере алмай белi талып, қара саны талып қапты. Ұйқы қысқан басы ауырлап, ерiксiз иiлiп кете бередi. Еңкейiп барып, селк етiп, басын көтерiп алады. Тұманданған көзiмен айналаға қарайды да, қайтадан мүлги бастайды. Сүйтiп отырып, ол мызғып кеткенiн байқамады. Қанша ұйықтағанын бiлмейдi, бiр кезде селк етiп оянса, ұйқысы әжептәуiр қанып қапты . “Құс ұйқы деген осы екен-ау”, — деп, ол тiктелiп отырды. Сосын жiгiттердiң пырдай боп жатқанын көрдi. Бәрi де шаршаған. Анадай жерде аспаз тамақ пiсiрiп жатыр. Тортай одан көзiн тайдырып әкетiп, өз шаруасын ойлады. Рас, ол Ташкент пен Қоқанға апаратын жолдарды картаға түсiрiп алды. Әскер санын, қару-жарақ түрлерiн бiлдi. Ең бастысы, Насруллаға қарсы Қоқан мен Хиуа хандарының астыртын келiссөз жүргiзiп жатқанын, олардың арасында ала ауыздықтың барын аңғарды. Бұл Орынбор генерал-губернаторы үшiн аз мәлiмет емес. Тек мұны аңғырт басқан қадамы арқасында Бұхара, Самарқанға бара алмағаны, ол жақтағы жолдарды картаға түсiрмегенi қинайды. Ол ендi мына тау арасындағы жасырын жолды шамамен картаға түсiре бастады. Басты шоқы, сай секiлдi белгiлердi қызыл сызықпен қоршап қойды.

Түн болысымен, олар қайтадан жолға шықты. Суыт жүрiп отырып, таң сыз бере, Әулиатаның үстiне кепқұлады. Керуен басы тағы да аялдағанды мақұл көрiп едi, Тортай көнбей қойды. Бұл шәһар Ташкент құшбегiсiне қарайды. Жәйбарақат демалып жатқан керуендi сезiп қойса, әскерлердiң шауып алуы мүмкiн. Сосын мұныңХұдаярдың алдынан бiр-ақ шығатыны сөзсiз. Ол неде болса ел әлi ұйқысынан тегiс тұра қоймаған елең-алаңғышақта шәһардан ұзап шығып кеткендi қолайлады. Жiгiттерге қандай жағдайға да әзiр тұрыңдар деп қатал тапсырды. Өзi керуеннiң бас жағында жүрiп отырды. Керуенбасы түйелердi жетелеп, қаланы қиястап, бiр бүйiрге тартты. Құдай оңдап, бұларды ешкiм көре қоймады. Жедел жүрiп, Әулиеатаның тұсынан өтiп те кеттi. Қазақ сахрасына табаны iлiккесiн барып қана, Тортай жайланып, уһ деп демiн бiр-ақ алды. Ол маңдайынан бұршақтаған қара терiн бет орамалымен ендi сүрте берiп едi, кенет арт жақтан шыққан қолайсыз шуды естпi, тұла бойы мұздап сала бердi:

— Қуғыншы! Қуғыншы!Шынында да арт жақтан бұрқырай шыққан қалың шаң көрiндi. Тортай тез бойын жиып, жиырма шақты жiгiтке

мылтықтарын әзiр ұстатқызып, керуеннiң соңынан жүрдi. Керуен басы жаны қалмай, сай-саймен тартты да отырды. Қуғыншылар жетем дегенше бұлар қазақ хандарының жерiне дендеп енiп те кеткен едi. Қоқан сарбаздары мидай даланы көрiп, әлденеге iркiле түстi. Тортай олардың сусыз, жапан даладан қорқатынын бiлетiн. Осы жолы бедiрейiп жатқан Бетпақ даланың етегi жар болғанын сезiп, көзiне жас кеп қалды. Өзi тiршiлiк жоқ, меңiреу деп бiлетiн сары даланы әлденеге жақсы көрiп кеттi.

Қоқан сарбаздары керi қайтқасын, олар екi күн бойы тiзе бүкпей, суыт жүрiп отырып, Бетпақ даланың iшiне дендеп кiрдi. Шу өзенiнiң аяқ жағына жеткесiн, керуен үш күн дем алды. Сосын Ұлытаудың үстiн басып, Түркiстан, Созақты сол жақта ұстап, күн батысқа қарай тартты. Аздан соң қарт Қаратаудан асып, Ырғыз жағын бетке ұстап, керуен жапан далаға сiңiп кете барды

20

Үшқарадағы қыстауына кеп, орналасып алғасын да, Ережеп мазасыздана бердi. Хиуа ханының өз тұқымын ренжiткенi бiр бүйiрiнде темiр тiкенше қадалып жатып алды. “Бұларға кiсi сенiп болмайды екен ғой” , — деп, өткен-кеткендi ойлап, кеуiлi жел ызғыған даладай құлазып сала бердi. Ол әкесi Келманның жиырма жылдан астам уақыт бойы Хиуа ханына сардар боп, қызметiн шеккенiн, Сыр өлкесiнде аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермегенiн еске алды. Одан соң билiк Мiрәлiге тидi. Әңгүдiктеу ағасы қоян жымына тұзақ құрудың орнына, бал олжасын сойылмен қара соғып алам деп, қара күшке басты да кеттi. Ол, әсiресе, бiр бөлегi Бұхараға, бiр бөлегi Хиуаға қарайтын Мамырай тұқымына теңдiк бермей қойды. Онда да ол қиянатының бәрiн Дадабекке арқа сүйей отырып iстедi. Содан тапқан опасы анау. Ақыры ол өзiнiң осындай дәңкәсәлығының кесiрiнен қолдағы билiктен айрылды да қалды. Ендi бұларды Хиуа ханы маңайынан да жүргiзбейдi. “Сонда не iстеу керек? Басқа әрекет қылатын iж амал жоқ па? Әлде...” Ол әрi ойланып, берi ойланып, ақыры бiр тәуекелге белiн нық буды.

Сенiмдi кiсiлерiн ел арасына жiберiп, “Хиуа ханына зекет бермеңдер! Орыс бекiнiсiне iшкерiлеп өтсеңдер, сендерге iжкiм де тимейдi”, — деп, үгiт таратты. Хиуа сарбаздарының қаттылығынан зәрезап боп қалған жұрт Қарақұмға қарай ағылып көше бастады. Бiразы жайлаған жерлерiнде қалып қойды. Ережеп насаттанды. “Ендi Хиуа сенiң маңдайыңнан сипаса, көрiп алдым”, — деп, Жәнiбектi сырттай табалады.

Бүгiн ол дағдысына бағып ерте тұрды. Азанғы шәйға Қалмырза мен Шәкидi шақырып алды. Қараша туса да, бұл әлi ықпаналап, қара үйде отырған-ды. Басына құндыз бөркiн киiп, үстiне жүнi тықыр пұшпақ iшiгiн жамылып алған-ды. Имиген Нағиманың қолынан шәй құйылған кесенi алып жатып, Қалмырзаға сынай көз тастап қойды.

— Бала, осы сендердi Мойшаққа көшкен дей ме?— Иә. — Қалмырзаның қараша жүзiнде күдiк табы тұр.— Сонда Нарекеңнiң көздегенi не? Хиуаға жем болу ма?— Ояғын... бiлмедiм.— Бiлмесең, ұғып ал. Жұрттың бәрi зекет төлемеймiз деп қарақұмға қашып жатыр. Ал Нарекең залымның уысына

өзi барып түсiп отыр. Одан кiмге пайда, кiмге зиян? Артын ойламаса, ертең қолдағы азын-аулақ жандықтан қағылып қалады, — деп, Ережеп қамқорси сөйлеп, жүзiн жылытып, жылыұшырай қарады.

Қалмырзаның бетiне қызғыш рең тептi:— Ояғын әкем ескермеген-ау! Шынында да, солай екен ғой.— Солай солай. Ендi тездетiп, әкеңдi Қырға көшiрiп алу керек.

Page 50: Uli Sel 2 tom

— Оған көкем көнбейтiн шығар?— Неге?— Былай... — Қалмырза екi иығын қиқаң еткiздi.— Айтып, түсiндiру керек. Көнбесе, өз еркi. Бiздiкi жанашыр ағайын болғасын, дер уағында айтпады демесiн

дегендiк. — Ережеп жымиды. — Ал, өзiң мал табуға қалайсың?— Ма-ал? Ау, оны бiзге кiм берiп жатыр?— Қыбын тапсаң, оны беретiн кiсi бар. Иә, мал дейiм.— Сонда оны... қайдан табам?— Өй, қаратты жiгiтке со да бұйым ба? Оны табудың жолы көп. — Ережеп аз-кем кiдiрдi. — Бiреу оны маңдай терi,

табан ақымен тапсам дейдi. Бұл дұрыс, бiрақ ол қиын жол. Ендi бiреулер өндiрiп, молынан тапсам дейдi. Бұл жол о дан да қиындау. Бiрақ сәтi түсiп кетсе, оңай. Сен осыған не дейсiң? Әлде мен жаңылысып отырмын ба?

Қалмырза күректей қолын тiзесiне сап, басын тұқыртып, аз-кем үнсiз қалды.— Ереке, — дедi ол әлден уақтан сап, — сөзiңiздiң төркiнiне түсiндiм. Ер жiгiттiң басына не келiп, не кетпейдi?

Мажал қашқанша кәсiп қылғанға не жетсiн. Бiрақ... мұндайда арқа сүйер тауың болмаса, қиын емес пе?— Немене мен сенiң арқаңды сүйеуге жарамайым ба?— Онда... мақұл.Ережеп iшiнен сылқ-сылқ күлдi. Жоқшылық жiгерiн жасыта бастаған мына жiгiттiң кәзiр неден болса да тайынбасын

сездi. Iшкi есебi бойынша, соңырағы күнi алып кел, барып келге жұмсайтын сүйек шатыс бiреу керек. Кiм бiлiптi, аласы iшiнде жатар пенде емеспiз бе? Күндердiң күнiнде Шәки жалт берсе... Жә, оны қоя тұр. Ережеп қабағын шытты. Биыл Тайпан мен Жәнiбектiң арасында түскен оттың не себептi өршiп, қалың өртке айналмай қалғанын ойлады. Сол араздық өсе түскенде, бұл екi жеп, биге шығатын едi. Ендi... ендi. Тоқта, сүйтсе кәйтер едi? Ол жымиып қойды. Екi жiгiтке райлана қарады:

— Мына... Өмiрдiң ыстық, суығын көрген кiсiлердiң кейде iш қатпары көп болады. Оны кейiн түсiнесiңдер. — Ол Нағимаға иек қақты. Күйеуiнiң дағдысына қанық әйел үйден шығып жүре бердi. — Мәсәлә былай. Мына Тайпан уәдеге жоқ екен. Анада жесiрiмдi алам, үйтем, бүйтем дегенiне сенiп қап, соны жақтап ем, ол менi сатып кеттi. Малдыбайдың берген малына мәз болды. Ендi соның сазайын тартқызу керек.

— Сонда... Қалай? — Қалмырза таңдана қарады.— Оның iж қалайы жоқ. Шәки екеуiң жiгiттердi бастап барыңдар да, жылқысын қуын кетiңдер. Малды... Жәнi-

бектiң ауылының үстiмен Хиуаға қарай айдаңдар.— Бұл... обал болмай ма?— Әй, баламысың деген, — Ережеп шытынды. — Өмiр деген, қарағым, өте қатал тез. Мұнда күштiлер ғана жеңедi.

Жықсаң жеңгенiң, жығылсаң — бiткенiң. Итжығыс рабайда бiр кездеседi. Демек... қуатың бар да, қимылдап қал. Сосын... — Ол екеуiне жағалай қарады. — Бұл әңгiме тiстерiңнен шығатын болмасын.

— Мақұл, Ереке! Ережеп бағанадан берi Шәкидiң томаға тұйық отырғанын жақтырмаған-ды. Ендi оған тура қарап:

— Келiнге айтшы, бiздiң үйден бiр қойдың етiн алып кетсiн, — дедi.Шәкидiң дөңгелек қара жузi бiр түрлi боп өзгерiп сала бердi:— Алдыраз болсын.— Бүгiн қас қарая аттаныңдар.Ережеп түске таман сыртқа шықты. Ол жақында шаруашылығына бас-көз болар кiсi жоқтығын арқаланып, Мiрәлi

ауылын өзiне қосып алған болатын. “Байымның қара шаңырағын құлатпаймын. Жылын бергенше өз бетiмше отыра берем”, — деген жеңгесiнiң сөзiн тыңдамаған. Уақиғаның түбiн көздеп, әмеңгерiн осы бастан етi үйрене берсiн деген. Әрi жақында басына бiр ой түскен. Тортай төремен жақын араласқалы берi: “Мен де балдарды орыс оқуына берсем кәйтедi?” — деп, қабырғасымен кеңескен. Оның көздегенi Мiрәлiнiң үлкен ұлы, биыл он бестерге келген Дiнәлi едi. Ендi әкесiнiң аузынан түскендей iнiсiне жақын келдi. Сәндене киiнудi жақсы көретiн бай мырзасы тобылғы сапты қамшысының бүлдiргесiн шатасынан жазып отыр. Ережеп жылы жымиды.

— Осы сен жылтыраққа үйiрсiң-ау, ә?— Жәй, әшейiн. — Дiнәлi қошқар тұмсығының астынан iрi тiстерiн көрсете жымиды.— Сен... мына орыстардың жылтыраған жез түймелi киiмiн киюге қалайсың?— Ол, аға... маған жараспайтын шығар.— Кiсiге жараспайтын ештеңе жоқ. Ұялмай, иығына iле берсең, көз үйренгесiн, бәрi қонымды болады. Осы сен қалай

оқыдың, а? — Ережеп байсалды тартты. Көзi тiрiсiнде Мiрәлi Әбдiржан молданың ауылында ала жаздай ұстап, осы Дiнәлiнi оқыттырған.

— Жаман емес. Иманшартқа жеттiм.— Ендi... орыс оқуын оқуға қалайсың?— Қайдам. — Дiнәлi абыржыды. — Олар... шоқындырып жүрмей ме?— Сенi шоқындырып нағылсын? Ендеше, — деп, ол басына бiр ой түсiп, жеңгесiнiң отауына барды. Мiрәлiнiң

қыздай алған әйелi Мәниға ұзын бойлы, бойын күтiп ұстайтын, ажарлы кiсi едi. Бұл iшке кiргенде, ол қарап отырған айнасын киiз астына тыға қойды. Ережеп көрмегенсiп, төрге озып, малдас құрып отырды.

Мәниға құлағындағы алтын сырғасы дiрiлдеп, бұған мойнын бұрды.— Осы Дiнәлiжан жiгiт боп қалды-ау, — дедi Ережеп даусын созып.— Құдай қойса, кәзiр емес пе?— Кәзiрi кәзiр ғой. Соның келешегi қалай болмақ?Мәниға қайнысына сайқылана қарап күлдi. Ережеп тiксiне түсті. Ол жеңгесiнiң күйеуiнiң қайғысын ұмытып, тәнiнде

қайтадан бас көтере бастаған нәпсi уытына ерiксiз мойын сұнғанын байқап қалған да едi.— Оның не келешегi бар? Қатын алады, бала сүйедi. — Мәниға жiңiшке қасын кердi.— Ол дұрыс қой. Менiң ойлап жүргенiм басқа. Осы замана райы өзгерiп бара жатқан жоқ па? Маусымына қарай

түлкi жабағы жүнiн басқа хайуаннан бұрын тастайтын.— Сонда...

Page 51: Uli Sel 2 tom

— Мына Дiнәлiжанды Орынборға апарып оқуға берсем деймiн. Ана Тортай төре секiлдi сары ала киiнiп, ұлық болса, жақсы емес пе?

— Қайдам? — Мәниға бұған жақындап отырды. Сары тора бола бастаған әйелдiң ыссы демi жақыннан сезiлдi. — Ендiгi басшымыз өзiң емессiң бе? Жөн дегенiн iстей бер. Ағаңның баласын сенен құдай бөлектемесе, адам бөлектей ме? — Ол сыбырлай сөйледi: — Қайны боп баяғыда қарық қылмап ең? Өзiң адам жабайысы сияқтысың ғой, — деп, ол мұның қолынан ұстады.

Ережеп жымиды.— Менi немене көрiнген жерге аунай кетер қотыр айғыр көресiң бе?— Соқыр ат қотыр атқа үйiр деген. Аунасаң, қотырың жұғады деп қорықпайым. — Мәниға мүлдем жақындай түстi.Ережеп өз сезiмiне елтiп, аз-кем отырды да, салқын тартты:— Ағамнан қалған ыдыстан мен қауға тартпағанда, кiм тартады? Бiрақ... Ел-жұрт барын ойлайық. Ұят боп жүрер, —

деп, Ережеп қолын ақырын тартып алды. — Ел-жұртта менiң шаруам қанша? Құдай қосар әмеңгерiмсiң. — Сонда да... кiдiре тұрайық. Жылы өтсiн.— Өй... — Мәниға жеркене қарады. — Одан да ана солма аурудан тұрғандай iлмиген қатынымнан қорқып отырмын

десеңшi. Тесiкке көсiк десейшi. Тiрлiгiнде қарық қылмаған ағаңның құр елесiне алданып отыратын жайым жоқ. Түбiнде алам десең, бiр жағына шық.

Ережеп не дерiн бiлмедi. “Қашқақтай берсем, абырайсыздыққа қалармын”, — деп ойлап:— Жесiрiмдi жатқа төсек етер жайым жоқ. Әуелi мына шаруаны бiр ыңғайлап, — деп, орнынан түрегеле бердi.Сыртқа шыққанында үй жагынан берi қарай оқты көзiн қадап тұрған Нағиманы көрдi. Қатыны зып берiп iшке кiрiп

кеттi. Ережеп сыр бермей, үйiне қарай жүрдi. “Екi қатын алғанның дауы үйiнде”, — деп ыңылдап, бiр-екi аттап барып тоқтады. Басына шұғыл бiр ой түсiп, бiр жiгiттi шақырып ап, Захваткинге жұмсады. Ахиярға арнайы хат жазып, Дiнәлiнiң жайын, жақсылығы үшiн өзiнiң жығылып қалмайтынын айтты.

Түн ортасы ауа ол түзге шықты. Алқа қотан тiгiлген жиырма шақты үйдiң қалқасымен жүрiп отырып, жеңгесiнiң отауына кеп, сықырлауық есiктi жәйiмен аша бердi. Мәниға асыға күтiп отыр екен. Дереу оның екi қолы мұның мойнына жыланша орала түстi:

— Келдiң бе?

21

Тайпан қолды болған малының соңынан Қарақалпақ жерiне сiңiп кеткенше дейiн iндетiп қуды. Барымташы кiсiлер де әбден жырынды екен, бiр үйiрдей жылқыны iз анық қалмас бұйырғынды жазықпен, не сусымалы шағыл құммен қуалапты да отырыпты. Жастайынан iзшiл, жершiл ол қанша тырысса да, мына ұрылардың қай тараптан келгенiн аңдар белгi таба алмады. Шұбырған iз тура ат маңдайын аудырмай Хиуаға қарай тартып бергесiн, ол тiзгiн тартты. Қолындағы қосшы жiгiттерiне:

— Ендi бiзге мал жоқ, — дедi ол күдер үзе сөйлеп. —Тура Хиуаға тартқанына қарағанда, сояқтан келген жау болды-ау!

— Әй, қайдам! Хиуалықтар бүйтiп мал ұрламаушы едi. Олар тапа-тал түсте кеп, берсең — қолыңнан, бермесең — жолыңнан дейтiн. — Тайпан ердiң қасынан ұстап, жерга қарай еңкейдi. — Мына бiр ат iзi маған таныс сияқты. Қайдан көрдiм? — деп ойланып қалды. Ақыры есiне түсiре алмай, қолын бiр сiлтедi. — Неде болса, бұйырмаған мал болды. “Шығысы шықпай, кiресi кiрмейдi” деген. Ал қайттық.

Олар қызды-қыздымен ат басын iрiкпей, ел шетiнен шырқап шығып кеткен екен. Қайтар жолда көлiктерiн қан сорпа қылмай, ауанымен жүргiзiп отырды. Жолшыбай Қызылда отырған Шөмекейлердiң ауылдарына қонып, ер теңiне зауал ауа Қуаң жағасына құлады. Онда да Құлқа кәрияның қыстауының дәл үстінен түстi.

Құлқа батыр аласалау етiп, балшықтан соғып жасаған тамына кiрмей, азын-аулақ ұсақ жандығы тiсiмен жұлып жер талшығы жетерлiк Қуаңның өрiнде екi қара үй тiгiп отыр екен. Бұлар ассалаумағалайкүмiн әндете созып, iшкi кiрiп келгенде, Құлқа төсекте жатыр едi. Бас жағында — кемпiрi. Ол мұны көрiп, басын көтердi. Аман-саулықта соң:

— Бұ йаққа ат iзiн сала бермеушi ең. Сенi не шаруа көтердi екен деп ойланып отырым, — дедi. Iрi сүйекi кiсiден ет қашып, жүдеңкiреп қалыпты. Иығына жамылған iшiгi қолпылдап, кең жатыр.

— Құлеке, дұрыс айтасыз. Жоқ қарап жүргенiм, — дедi Тайпан етiгiнiң қонышын қолымен сипап отырып.— Е, айдың, күннiң аманында не жоғалтып жүрсiң? Тайпан қолды болған жылқы жайын айтып шықты. Құлқа ойланып отырып:— Апырмай, мынауың қызық екен. Хиуалықтар ел шапса да, мал шаппаушы едi ғой. Бұл кiм де болса жақыннан

келген жау, — дедi.— Ау, онда... Хиуаға тартып несi бар?— Iз жасырайын деген шығар?— О да мүмкiн.— Бiрақ... — Құлқа күрк-күрк жөтелiп алды. — Жоқ, мұның қисыны аз. Барымташы қарақалпақ асып нағылады?

Әлде... кiм бiлiптi?Шәй келдi. Жас келiн Шарапат шәй құйды. Қожақ төменгi жақта малдас құрып, қанақтарына кесе алып берiп

отырды. Мұрны қолағаштай, адырақ көз Тайпан сыншыл болатын. Құлқаның жаңада түсiрген келiнiнің шырайланып, бiр бүйiрi бұлтия қалғанын елден бұрын аңдады. Шәйдi ысылдап-пысылдап тартып отырып:

— Құлеке, сақырлаған сары аязда жалаңқат шекпен киiп, жылқыға тебiн ашып бергенiңiздi талай рет көрген едiм. Ендi күн жылыда iшiк жамылып отсыз. Соған қайранмын да, — дедi.

Жiпсiген маңдайын сүлгiмен сүртiп жатып, Құлқа ауыр күрсiндi:— Әй, Тайпан, жас кезде не болды деп сұраудың өзi күнә. Жиырма бесте мал қайырған бура едiк, ендi күлге шөккен

кәрi атаннан не сұрайсың. Бiр шаншу ту сыртымнан қадалып ап, кетпей тұр. Алланың аманатын тапсыратын шақ жақын ба деймiн. Өзi, жас жеттi, ұрпақ өстi, ендiгi жол бiздiкi ғой. Абыраймен жөнелсек, сол бiзге жетпей ме?

— Қойыңыз, Құлеке, қайдағы жоқты айтпай. Әлi-ақ сауығып, дыңылдап кетесiз.

Page 52: Uli Sel 2 tom

— Кеуiлiңдi құдай көтерсiн. Пәндә шiркiн тiршiлiкке тоя ма? Оны мың жасаған Лұқман да азсынған...— Па, шiркiн десейшi!Тайпан Құлқа ауылына қонбады. Қайтадан атқа қонып, ат қосшыларын ертiп, Қуандарияның өрiн бетке ұстап,

тартты да отырды. Жаңадарияның төменгi сағасына iлiнгесiн, ат басын терiскейге қарай бұрып ап, күндi сол иығына ұстап, ет пiсiрiмдей уақыт жүрдi. Сосын тура батысқа қарай тартты. Ақ көбiгi шыққан көлiгiн Сырдан өткесiн барып, солықтатып алды. Сыр жағасында жалғыз бейiтше қалқиған төре үйiнiң тұсынан, кейiннен Төретам атанып кеткен жерден өтiп, ендi тура күзеуiне қарай бет алды. Жолшыбай Елмырза ауылына бiр қонды. Қайың-қаптал иттердi арсылдатып, ауыл шетiне кiре бергенде, бұл әлденеге таңдана түстi. Төре ауылында түрi-түсi бөтен кiсiлер көп екен. Әсiресе, мұның көзiне орысқол киiм киген, талдырмаш, жұқа бет жiгiт айрықша түстi. “Бұ кiм болды?” — деп ойлана түсiп, iзiнше бар гәптi бiле қойды. “Ау, оны... мына Орынбор жағында, орыс қызметiнде жүр деушi едi. Мұнда нағып жұр?”

Елмырза төре сыртта жүргенде ғана арқайын болатын. От басында қарау, ұсақ, келген-кеткеннiң iшiп-жегенiн iштей есептеп, жылап отыратын шығымсыз кiсi едi. Өзiне қысқа деп сойыстық малын әкеп бергенде болмаса, былайғы жерде қара қазақты маңайына жолата қоймайтын.

Төре бұларды суық қарсы алды. Ет жоқ едi деп, тары көже асып бергiздi. Былтыр ғана төреге соғымға деп құнан айғырын әкеп берген Тайпан қыржиып, көжеден бiр ұрттады да қойды. Жiгiттер де тамаққа өлiп-өше қоймады. Тайпан сазарып, асығыс ас қайыра сап, орнынан тұрды. Ол ауылдан ұзап шыққасын барып:

— Сұлтандардың пейiлi тарылып болған. Құдайы қонақты да жақтырмайды, — дедi.— Айтпа.— Осы бiз... төрелерге неге жалпақтаймыз? Соларға берген соғымызмыз өз өңешiмiзден өтпей ме? Мынаған

ерегiскенде бар ғой биыл тышқақ лақ та бермейiм, — дедi Тайпан кiжiне сөйлеп.Бiр атқосшы жiгiт атын тебiнiп, қапталдаса бердi:— Тәке, жаңағы жас төренi байқадыңыз ба?— Жоқ.— Анада... соны iшкi жаққа кетiп бара атқан керуен арасынан көрiп едiм. Шамасы, содан қайтқан бетi-ау!— Мүмкiн.— Сонда ол... не iстеп жүр екен?— Ит бiлiп пе? Жем түспейтiн жерде төре жүрмейдi. Бiр пайдалы тұсын тапқан болар.— Тәке, байқайсың ба, биыл төрелердiң шабысы көбейiп кеттi. Соған қарағанда, бiр тықыр таянған-ау!— Рас болуы мүмкiн.Олар Дүзбай ауылына қонды. Мақтаншақ бай шал бiр қойын мауыздады да тастады. Жас сорпа iшiп, екi-үш күн

бойы ат белiнен түспей, көнi қатып қалған жiгiттер жадырап, арқа-жарқа болды да қалды. Тайпан сол ауылда қонып жатып, тосын хабар есiттi. Кеше Ережептiң бiр шабарманы Дүзбай ауылында шұбат iшiп отырып: “Жәнiбек Хиуаға жағамын деп, зекетке деп, елден мал тартып ала бастады. Iрә көнбегендерiнiң малын барымталап ап, тура Хиуа шәһарының өзiне айдайтынды шығарды. Мықты болса, қазақ малын Хиуа ханынан даулап алсын дейтiн көрiнедi. Соған көнбеген Әлiм iшiндегi алты Кiшкене, төрт Төртқара тегiсiмен сыпырылып шығып, Ырғыз жағына ауа көшiп жатыр дейдi. Ел биыл Хиуаға зекет бермеймiз деп жүр”, — деп, гөйiтiп кетiптi. Тайпан жағасын ұстады. “Астапыралла! — дедi өзiне өзi. — Мынау, сөз жоқ, соның iсi! Шамасы, ол жесiрiмдi бiрден бере қоймады деп iстеп отыр-ау! Ендеше, сенен келген кердi көрiп алдым”.

Ақкөз Тайпан ауылына келген бойда, кiлең әпербақан жiгiттердi жинап алды. Бәрiнiң қолдарында бiр-бiр сойыл. Араларында бiрер-саран айбалта, шоқпар ұстағандары да бар. Ертеңiне қолына атам заманнан берi келе жатқан, әбден тот басқан жаман шитi мылтығын ап, Тиышбек жеттi. Сонадайдан өңешiн жыртып, айқайлап келедi.

— Дөсектiң сойылын соқпасам, бүйтiп Бозғұл болғаным құрсын! Қаратамыр өзiң үшiн Бозғұл бол деген. Сүйегiм үшiн шыбын жанды пида етем! — деп, өз сөзiне иланып кеткенi сонша, аузы қисаңдап, еңкiлдеп жылап жiбердi.

Тайпанның Аспандарды шабамыз деп қол құрап жатқаны осы атырапқа бiр күн iшiнде тарады. Бiр күнi Бозғұлдың бас билерiнiң бiрi, Балқы Күртебай келдi. Ол Тайпанға:

— Осының ақ, қарасын тексермей, ыссылай кiрiсiп жатсың-ау дейiм. Әуелi айыптыңды тауып алсайшы. Сосын барып шапсайшы. Үйтпесең... қанаттас отырған ағайын арасына от түседi, қан төгiледi, — дедi.

— Мұны анықтайтын несi бар? Ұрым — Жәнiбек, — дедi Тайпан тымырайып.— Көзiңмен көрдiң бе?— Көрмесем де, көргендей болдым. Iз шалып қайттым.— Бұл әлi дәлел емес, — дедi Күртебай ыңырана сөйлеп. — Мұмкiн, басқа бiреу шағыстырайын деп, әдейi сүйткен

шығар. Сенiң соған көзiң жетiп отыр ма?Тайпан аузын ашып қалды. Әр нәрсенiң артын онша терең ойлай бермейтiн әңкүдiк кiсi:— О да мүмкiн-ау, — дедi.— Мүмкiн емес, соның дәл өзi! — дедi Күртебай ендi нықтай түсiп. — Өзiң ойлашы, Жәнiбек сенiң малыңды ұрлап

нағылады? Немене оның өзiнiкi өзiне жетпей ме?— Ау, зекетке...— Ол салықты сарбаз әкеп жинамай ма? Сонда... жасанған жауға сен не iстейсiң? Малыңды ерiксiз бересiң.

Менiңше... — Күртебай сөзiн аяқтай алмады.Iшке Тиышбек жүгiрiп кiрдi:— Ойбай, келе атыр! Үй iшiндегiлер үрпиiсiп қалды: — Кiм, кiм?— Кiм болсын, жау да! Әлгi мылтығым қайда? — деп, Тиышбек шитi мылтығына жармасты. — Кәзiр бiр аңыратып

тұрып атайын!— Әй, тоқта! Сенi, немене, перi қаққан ба? — деп, Тайпан ұшып түрегелiп, әйле-пәйлеге қарамай, Тиышбектiң

қолынан шитi мылтығын жұлып алды. — Түсiндiрiп айтсайшы, о кiм келе атқан?Тиышбек баж ете түстi:

Page 53: Uli Sel 2 tom

— Әй, мынаның есi дұрыс па? Кiмi несi? Кiм болсын? Жәнiбек те! Әне, ол қалың қолмен ауылыңды шауып алуға келе атыр!

Тайпан сұп-сұр боп кеттi. Хиуаның бiр топ сарбазын ерткен Жәнiбек тура осы ауылды бетке ұстап, сар желiп келедi екен. Тайпан қиын-қыстау сәтте өз бойынан қуат тауып, сыртқа жүгiре шығып, айқайлап әмiр еттi.

— Жау! Жау! Кәне, дайындалыңдар!

22

Жәнiбек Тайпан ауылының абыр-сабыр боп жатқанын анық көрдi. Әуелгiде Хиуа сарбаздарының карасын көрсе, зәре-құты қалмай қашатын қазақ ауылының бiр әдетi ғой деп ойлап едi. Ендi ерсiлi-қарсылы жүгiрiп жүрген, кiлең найза, сойыл ұстаған жiгiттердi көрiп, шошып кеттi. Ол Тайпанның әлденеге өкпелеп, ашу-доқ көрсетiп жатқанын естiген. Ақкербездiң ашуы қайтадан есiне түскен ғой деген де қойған. Бiрақ та оны осыншама қанасынан шiрей тасып шығып кетедi деген ой үш ұйықтаса түсiне де кiрмеген едi. Ендi мына абыр-сабырды көрiп, ат басын тартып, iркiле түстi де, жанындағы Хиуа сарбаздарының басшысына қарап:

— Тоқтай тұрайық, — дедi.Кеуiлдене әңгiмелесiп келе жатқан сарбаздар алдарынан жасанған жарақты қолды көрiп, абыржып, тоқтай қалды. Етi

қызып алған аттардың ырсылдай дем алғандары қолайсыз тиыштықта анық естiлiп тұрды.— Бұ немене? — дедi елу басы мұның бетiне жалтақтай қарап.— Аңысын аңдайық. Жәнiбек мына қарбаластың тегiн еместiгiн бiлдi. Осы кәзiр тобымен сау етiп бара қалса, бiр қиқудың болары

айдан анық. Ол қамшысының ұшымен басына киген бөркiн сәл көтерiп қойды. Сосын көзiн сығырайта түсiп, сәл ойланып қалды. Жәнiбек Ақмешiт пен Қоқанға барып қайтқаннан кейiн, үйден ұзап шыға қоймаған едi. Қоқаннан сатып әкелген кiтаптарын құныға оқып, бас көтермеген болатын. Сүйтiп жүргенiнде осы зекет салығын жинайтын уақыт та жеткен едi. Жәнiбек ештемеден күдiк алмай, бар шаруаны оп-оңай бiтiре салам ғой деп ойлаған едi. Содан елдi аралап шықса, кешелерi қанаттас боп күзеуде отырған бiраз елдiң орындарын сипап қалды. Қайда барса да, олардың жұрттары жатыр. Әлденеден сескенген ел тайлы-таяғы қалмай, ойдағы орыс бекiнiсiнiң iшiне дендеп енiп кетiптi. Олардың ыңғайына ермей, құм арасында оқшау отырған кей ауылдар салық төлемек түгел, әр нәрсенi сылтауратып, маңайына жолатпады. Сосын лажы қалмаған бұл Уәйiс-Нияз бекке барған-ды. Биыл жазда қазақтар Қожанияз қамалын жарым -жартылай қалпына келтiрген едi. Қалған диуалдарды сарбаздар жабылып жүрiп тұрғызыпты, олардың үңiрейiп, құлап қалған жерлерiн бiтептi, қамал iшiне әскер жататын әйдiк атқора сияқты жаңа жай салыпты. Соларға селқос қарап келе жатып, Жәнiбектiң бiр байқағаны, — Қожанияздағы шатақтан кейiн Мұхәммәд-Инақ Сыр бойындағы басып алған жерлерiн қарудың күшiмен ұстап тұру ушiн әскер санын көбейтiптi. Соны көрiп: “Бұнымен... қамалды ұстап тұру қиын ғой. Одан да қара халықтың бабын жасамай ма?” — деп, Жәнiбек Уәйiс-Нияздың бөлмесiне кiре берген.

Уәйiс-Нияз абажадай бөлмесiнде әрлi-берлi жүр екен. Оның үстiне киген атлас шапаны қим ылдаған сайын судыр-судыр етедi. Ол мұны көрiп, құяң болған кiсiше басын бұрып, тоқтай қалды. Ықылассыз амандасты. Сосын аяғын салмақпен басып, дағдылы орнына отырды. Бұған тiзе бүк деп ишара жасаған жоқ.

— Сен немене өз мiндетiңдi ұмытқансың ба? — дедi ол ызалы мысқылмен.— Жоқ, мәртебелi бек. — Жәнiбек жайбарақат тiл қатты.— Ендеше... мынаған жол болсын?— О не, бек?— Жиналған зекет қайда? Бұрын осы уақта зекет тегiс жиналып, Хиуаға жөнелтiлетiн. Ал, кәзiр... — Ол жөткiрiнiп,

бұйра қозының терiсiндей шиыршықталған сақалын уыстап ап, аз-кем кiдiрдi. Сосын көзiн қысып, сынай қарады. — Әлде сен зекет жинауға ықыласты емеспiсiң?

— Неге, бек? — Жәнiбек күлдi. — Оны кешеуiлдетейiн деген ойымда да жоқ. Менiкi ел тегiс орнына отырғасын жинасам дегендiк.

— Ендеше елдiң бәрi қашып жатыр.— Қайда? — Жәнiбек таңғалды.— Оны менiң сенен сұрауым керек, — деп, Уәйiс-Нияз ызбарлана бар түгiн бетiне шаншып, оқты көзiмен ата

қарады. Сосын қалтыраған оң қолын сол қолымен басып, аз отырды. — Ережеп дейтiн бiреу елдi азғырып жүрген көрiнедi. Ол мұсылман қауымынан безiп, насыранилар жағына шығыпты. Ал, сен болсаң... — Ол қолын түңiле сiлтедi.

Жәнiбек не дерiн бiлмедi. Сосын бұрындары сырын алып көрмеген кiсiсiне мысықтабандап жақындағанды жөн көрдi:

— Айтып отырғаныңыз рас, бек. Қазақтардың ұлы хан жөнiнде бөтен ойы жоқ. Тек... кейбiр кiсiлер... — Ол Уәйiс-Нияздың Дадабектi ұнатпайтынын бiлетiн. — ...Қараңғы елдi қаттылығымен үркiтiп алды. Бәрi соның кесiрi.

Уәйiс-Нияздың қаһарлы жұзi сәл жылығандай болды.— Ол рас.— Халық деген аңқау бала сияқты. Баланы кейде маңдайынан сипап, тәттi берiп алдап қоймаушы ма едi? Одан кейiн

ел ештеңесiн аямайды. — Жәнiбек аз-кем iркiлдi. “Мұны мынаған несiне айтып отырмын? Өз елiмнiң iшкi сырын жатқа жайғаным қалай?”

— Бұ да дұрыс.— Анада халыққа тiзенi қаттырақ батырып жiбердiңiздер. Содан кейiн... осы... — Жәнiбек екi алақанын жайды.— Неге? — деп, Уәйiс-Нияз жалт бердi. — Ұлан-байтақ жердi сұрап отырған ұлы хан ешкiмдi де жас балаша

әлпештей алмайды. Жалпы... қай заманда да күштiге әлсiз қызмет еткен. Оған әлсiз көнбеймiн десе, күштi омырып тастайды. Сосын... әлсiздер қорыққанынан қызметiн шегедi. Мұнда тұрған түсiнбейтiн дәнеме де жоқ. — Уә-йiс-Нияз ыржиды.

— Ол өзi... ойын балаларының арасында болатын нәсте емес пе? Бұл жөнiнде ақылы кәмiл тартқан ересек кiсiлер басқаша ойламай ма?

— Қара күш ақылға үстемдiк етедi. Ақылымен жер-жәһанды жаулап алған ешкiм жоқ. Бәрi де қарудың күшiмен жеңген. Солай, — деп, ол орнынан тұрып, мұның қасына жақын кеп тоқтады. — Сонымен... не iстеймiз?

Page 54: Uli Sel 2 tom

— Өзiм де сол шаруаны айтсам деп ем. Ел алыпқашты сөзге сенiп, бас жiбiн ұстатар емес. Жаныма аздап сарбаз қосып берсеңiз.

— Болсын.Жәнiбек iске шұғыл кiрiстi. Әуелi Қазалы маңындағы ауылдарды аралап, тиесiлi салықтарын алды. Дихандардан

жиналған пұт-пұт астықты түйеге артып, өз ауылына төктiрдi. Оны кейiн жер қарайғасын Хиуаға жiбермек болды. Ендi, мiне, Қарақұмға қарай ауа көшкен ауылдардың iзiнен келе жатыр едi, — ойламаған жерде басын соғып алар қара тасты көргендей абыржып тұр.

Жәнiбек әрi ойлап, берi ойлап, мына ауылға әскер құлатпағанды жөн көрдi. Үйте қалса, ертең қазақтардың арасына: “Хиуаға арқа сүйеп, ауылымызға әскер әкеп басынды”, — деген сөздiң тарап кетерiн бiлдi. Ол қасына бес-алты сарбаз ертiп, Тайпан ауылының шетiне кiре бердi. Жарақты кiсiлердi, соның iшiнде, сарбаздарды көрiп, әшейiнде жолаушының шалғайына бiр жармаспай қалмайтын жаман көпек иттер құйрықтарын екi бұттарының арасына тығып, қыңсылай қашты. Ұр да жық жiгiттер шатақ бастауға батпай, әлденеге iркiле бердi. Жәнiбек оларды көзге iлмей, ат басын аудырмастан, ортадағы ақ үйге тақап келдi. Жерге түсiп, iшке кiрдi. Үйде отырған Күртебай би мен Тайпанға сәлем бердi. Күртебай әлденеге абыржып, мұның қолын ықылассыз алды да, бiрдеңеден жеркенгендей кейiппен, әрiрек ысырылып отырды. Тайпан болса, мұнымен салқын амандасты. Бұл тiзесiн бүгер бүкпестен ол мұның жүзiне шақырап қарап:

— Иә, қандықол ұрым, қолыма өзiң кеп түстiң бе? — дедi ызбарланып. Жәнiбек сасып қалды:— Не, не?— Үйтiп көлгiрсiме. Салыққа деп бiр үйiрдей жылқымды айдап әкеткенiң аздай, ендi ауылымның үстiне әскер

құлатып, сенiң бұ кiмдi басынғаның, а? — деп, Тайпан ақырып жiбердi. Сол арада адыр кiсiнiң қолы қамшысына барып та қалды.

— Кiм сенiң малыңды ұрлап жұрген?— Кiм болсын, ол мына сенсiң! Мен сенiң iзiңдi қарақалпақ жерiне дейiн шолып қайттым. Айғағым осы. Ендi сен

менiң қолымнан құтылып көр! — Тәке, жаңылысып отырсыз, — дедi Жәнiбек дауды ушықтыра бермейiн деп, сабырын шашпай. — Мен сiздiң

малыңызды алып нағылам? Өзiмдiкi өзiме жетедi.— Сен оны... салыққа алдың.— Салыққа... — Жәнiбектiң екi көзi бақырая қалды. — Оны мен ендi жинап жүрмiн. Соны сiзден алайын деп келе

жатқан бетiм осы.— Е, бiр алғанда екi алып, iшi-сыртыңды тегiс майлайын деген екенсiң ғой. Ақымақты тапқан екенсiң. Мә,

мынауымды ал! — деп, ол қос қолымен шалбарының сыртынан ұлы мүшесiн уыстап көрсеттi.Жәнiбек ызадан қалтырап кеттi. Сол арада бағанадан берi басын төмен салып жiберiп, үнсiз отырған Күртебай би

қолын көтердi:— Қойыңдар, қызбаңдар, — дедi ол екеуiне алара қарап. — Менiңше, осы арада бiр түсiнбестiк бар. Жәнiбекжан,

мына Тайпан ағаңның бiр үйiрдей жылқысы жақында қолды бопты. Ұрылар сенiң ауылыңның үстiн баса отырып, Хиуаға тартыпты. Мұның сенi ұры деп отқан айғағы осы. Бұл өзi... шын ба, әлдә өтiрiк пе?

— Күртеке, ата-бабамда жоқ кәсiптi iстеп, менi құдай атқан ба? — Жәнiбек қап-қара боп кеттi. — Егер ұрласам, мiне, Құран атсын, — деп, ол керегенiң басыңа дорбаға салынып, iлулi тұрған Құранды ұстады.

Тайпан не iстерiн бiлмедi. Ырымға қатты сенетiн кiсi мынаны көрiп, сасыңқырап қалды: — Апырмай, сенейiн бе, сенбейiн бе?— Төке, ояғын өзiңiз бiлiңiз. Құдай ақына алған жоқпын. — Жәнiбек демiн алды. — Әгәр алған болсам, аулыңызға

келмес те едiм ғой.Тайпан iркiле түстi. Күртебай екi араға қайтадан қыстырылды:— Ендi... тағы да бұдан салыққа мал алуға келдiң бе?— Иә. — Ендеше екеуiң менi тыңдаңдар. Мына iстiң ақ, қарасы ашылғанша кiдiре түрыңдар. Ұрың табылса, Тайпан, сен

салығынды төлейсiң. Табылмаса, Жәнiбек, сен салық алмайсың.— Күртеке-ау, мен оған қайылмын. Бiрақ ел үйтсем, менi ұры көрiп қалмай ма? — дедi Жәнiбек тез-тез сөйлеп.— Көрмейдi.— Билiгiңе құлдық, Күртеке! Өзiң болмағанда мына тентек iнiң бүгiнде бiр сойқанды жасап тастаған да болар едi.

Кейде осылай ашылысқан да жақсы, — деп, Тайпан күрт жадырады. Сосын сыртқа шығып, әпербақан жiгiттердi тиыштандырды.

Аздан кейiн осындайда қолы ашылып кететiн Тайпан бiр малын сойдырды да тастады. Жәнiбек қонақасыға қарамай, рахметiн айтып, атына мiне сап, осы кезде өзiн ошарыла күтiп тұрған әскерге барды. Сосын олардың алдына түсiп ап, бұл арадан онша қашықта емес ауылдарға қарай беттедi. Бiрақ дүрлiгiп көшiп кеткен елдiң қарасы көрiне қоймады. Осылайша жоқ iздеген кiсi сияқтанып алған Жәнiбек Дүзбай ауылына қарай беттеп бара жатып, әлденеге қолайсызданып, кеуiлi енжар тарта бердi. Басына сол арада кенеттен түсе қалған: “Осы мен кiмнiң жоғын жоқтап жүрмiн?” — деген бiр ой көпке шейiн мазалай бердi.

23 Қалмырза Ережеп ауылында екi жұмадай кiдiрдi. Қуып алған жылқылардың у-шуы басылғанша бола түр деп,

Ережеп жiбермей қойды. Ол малды өз ауылына жолатпай, Қарақүмның жан аяғы баспайтын жықпыл-жықпылына тығып жiберiп, даудың бет алысын сыртынан бақты. Қалмырза үнемi мал басында болды. Бiр күнi кешке жақын Шәки Ережептiң жарлығын әкеп, бес-алты жiгiт боп, отыз шақты жылқыны терiскейге қарай сатырлатып айдай жөнелдi. Түнгi салқынмен елгезек жануарлар жұбын жазбастан, қоңыр жондары тұтаса қарауытып, нәһан жайынша жортып келедi. Өлара. Айнала қап-қараңғы. Қарақошқыл бұлт қаптаған кең аспанның жыртық тұстарынан сирек жұлдыздар өлiмсiреп жылтырайды.

Page 55: Uli Sel 2 tom

Олар үзақ жүрдi. Таң бозара бастағанда әйдiк төбенiң ығына кеп бiр-ақ тоқтады. Қалмырза жер ажарының бозғыл тартқанына қарап, өздерiнiң Арқа жағына сүғына кiрiп кеткендерiн бiле қойды. Сол арада жылқылар ентiгiн басқасын, олар қайтадан iлгерi жүрiп кеттi. Мал айдаған жiгiттер ендi жасырынбай, тапа-тал түсте талай ауылдардың жандарынан өтiп, төртiншi күнi Орынборға кеп құлады. Шәки осы бекiнiске тақау жерде отырған бiр кiсiмен ақылдасып, оны делдал қып, екi күн iшiнде бар жылқыны күмiс ақшаға айналдырып алды. Сосын бәрi кiдiрмей керi қайтты.

Қалмырза жолшыбай Ережептiң ептiлiгiне iштей таңғалумен болды. “Сұм, сұм!” — деп, жағасын ұстады. Талай рет тiлi қышып, сыр тартпақ боп едi, бедiрейiп алған Шәки үндемедi. Соның ыңғайына қарап, бұл да iшiн тартып ала қойды.

Ережеп ауылына жеткесiн Қалмырза ертесiне атқа қонбақ болды. Мырза азанда онымен оңаша сөйлестi.— Бала, мына шаруа тiсiңнен шығатын болмасын. Үлкендердiң арасында ондай-ондай бола бередi. Ал, сонымен не

iстейтiн болдың?Қалмырза не дерiн бiлмей, қолымен маңдайын сипады:— Не iстейiн, ауылға қайтам да.— Жоқ, мен оны бiлем ғой. — Ережеп азырақ шытынды. — Өзiң көрiп жүрсiң, кәзiр ел өлмес жағын iстеп, Қырға

көшiп жатыр. Сонда әкең Хиуаның әскерi қашан шауып алады деп, күтiп отыра бере ме?— Оны... ендi... көкем бiледi ғой.— Сен онан да Нарекеңе менен сәлем айт, ақылға келсiн дедi, де. Малынан зекет бермесiн. Аса қиналып бара жатса...

— Ол санын соқты. — Қап, кәзiр көшуге кеш. Ендi не iстесек екен? Сен... менiмен хабарлас бол. Ал ақыңа мал берем. Малың үйiр iшiнде жүре берсiн. Кейiн аларсың.

Қалмырза жолға шықты. Сырдан өтiп, Қуаңға жеткенше еш жерге айналмады. Түс ауа Мойшаққа жеттi. Үйiне келсе, шешесi жаулығы қақырадай боп, жүн иiрiп отыр екен. Жүзiнде мұң бар. Шаруағой әкесi бүгiн мал қайырып кетпей, төрде шынтақтап жатыр. Зағипа шәй қойып әлек.

Нарман мұны көрiп басын көтердi:— Иә, аман-есен келдiң бе?— Шүкiршiлiк, көке. — Қалмырза етiгiн шешiп, төсек үстiне кеп малдас құрды. Сосын бәрiне күле қарап: — Ау,

неге екi иiндерiңнен су кетiп отыр? — дедi. Сол арада iшiнен тығылып отырған шешесi бiр-ақ жарылды:— Ана қызы байға тиiп кеттi!— Кiмге? — Қалмырза шошып кеттi.— Кiмге болсын, құдай атқан Шынболатқа да.— Не дейдi?! — деп, Қалмырза шешесiнiң жүзiне әрi таңдана, әрi үрке қарады. — Ау, о деген қаусаған шал емес пе?— Қаусап тұрмақ түгел, қирап тұрса да, соған тидi. Оның жетiм қызша әбiрейсiз боп кеткенi қинайды да, — деп,

шешесi ауыр күрсiндi.Қалмырза не iстерiн бiлмедi. Қолы қалтырап, астындағы киiздi сипады. Сосын жұлып алғандай ғып:— Кәзiр барып, о қақпастың отбасына ойран сап, қызды қайтып әкелейiн бе? — дедi.Нарман сазарған қалпын бұзбастан, қолын сiлтедi:— Болары болып, бояуы сiңгенде, қайтып әкеп нағыласың? Немене оны асқабаққа саласың ба? Тiлiмiздi алмаған өзi.

Ендi бәрiн өз маңдайынан көрсiн.— Өй, бүйткен маңдайы құрсын! — деп, Қалмырза жын қаққандай орнынан атып тұрып, сыртқа шықты. Қаңтарулы

тұрған атына жетiп барып, үш ұмтылып, аяғын үзеңгiге сала алмады. Сосын лажы құрығанын сезiп, жас балаша еңкiлдеп жылап жiбердi.

* * *

Ағлестiң жер ортасынан асқан шалға тигенi Ниязға атқан оқтан бетер тидi. Қамыққанда iстейтiн әдетiмен ол домбырасын қолына ап, қараүйде шалқасынан жатып алып, қайдағы бiр мұңлы әуендi шертiп тарта бердi. Бiраздан соң көмейiне жас тығылды. Осылайша бiрнеше күн өттi. Ақыры ол өзiнiң босаңдығына iштей ренжiп, алғашқы күндерi бiраз ширығып жүрдi де, бiрте-бiрте енжар тартты. Аздан соң қашанғы әдетiне басып, құдды дым да болмағандай, бәрiн де ұмытып кеттi. Анада әкесi қатал тыйым салғаннан берi үнсiз жүрген бұл бiрде осы кезде суысып қеткендей болған Алуашпен қайтадан кездесудi ойлады. Сол ниетпен сыртқа шығып, әр нәрсенi ермек етiп, жұрттың көзiне түсе бастады. Ақыры бүгiн ойда жоқта ши орып жүрген Алуашқа ауыл сыртында кездесiп қалды. Салған жерден, әй-шәйға қарамастан, Нияз орылған шидi баулап жатқан келiншектi сыртынан кеп құшақтай алды. Алуаш қарсылық көрсетпедi. Керiсiнше мұның өзiне қайтып келетiнiн бiлгендей, белiнен тас қылып құшақтап ап, жылап жатыр, бетiнен сүйiп жатыр...

Нияз орнынан тұрып, шалбарының белбеуiн буып жатып, келiншекке көз қиығын тастады. “Бұл ұрғашыны қой!”

* * *

Шынболат жампаңдап жүр:— Малыма қожайын табылды! Ендi iж арманым жоқ. Ағлес қиялап отырып, Шынболатты айтқанына көндiрдi:— Сен үшiн ата-анамның ақ батасын аттап кетiп ем. Мен десең, ендi әкемдi ырза қыл.— Ырза қылам. Сенен аяйтын дәнемем де жоқ, — деп, Шынболат дереу Шайхысламды шақыртып алды. Ол

келгесiн, оған жалынғандай боп қарап тұрып: — Ана Нарекеңе бар. Кешiрсiн. Сүт ақысына, қалыңына мал апарып бер, — деп, өтiнiш еттi.

— Мақұл.Шайхыслам сол күнi бес-алты жылқышы жiгiттi ертiп, ескi ырым бойынша түйе бастаған тоғыз, қырық жетiсiн

Нарман ауылына айдап апарып қайтты. Ағлес оған ырза бола қарады...

* * *

Page 56: Uli Sel 2 tom

— Мынау кәйтедi, әй? Өзiнiң кеңiрдегi кесiлiп қалған жоқ па түге?Ағлес бiреу қыл тамақтан мауыздап тастағандай боп қорылдап жатқан Шынболатқа жеркене қарады. Сол арада

көрпенi өзiне қарай тарта бергенiнде, шалдың жылуы қашқан аяғы аяғына тиiп кетiп едi, иттiң қара тұмсығындай мұздай екен. Ағлес тәнiне құдды мұз басқандай жиырыла қалды да, керегеге қарай аударылып жатты. Осы кезде үстiне жамылған көрпесiнiң iрге жағы жыбыр ете қалғандай болды. Ағлес секем алып, “Бұ не?” — деп, басын көтерiп қарап берiп, керегенiң көзiнен өзiне қарай жақындай берген быртық саусақтарды көрдi. Сол екен, өзiне не болғанын бiлмей кетiп, iшiнен: “Ендi... мен аянатын не қалды? Шалым, шалым шалдауға, шалым жақсы алдауға деп”, — деп, ол әлгi ожар қолды ұстай алды...

Аздан кейiн Ағлес үстiне шапанын жамылып, сыртқа шықты да, жан-жағына жалтақтай қарап қойып, қараүйдiң қырқа бетiндегi кешелерi ошаққа деп саз топырақ қазып алған кiшкене шұқырға жақын келдi. Ол жете береақ, асыға күтiп тұрған еркек оны құшақтай алып, жайпауыт сазға арқасын тiрей жыға сап, үстiне қона түстi...

24 Әбдiраман тас-талқан болды. Отбасында ызғар шашуды дағды қылмаған кiсi бар түгiн бетiне шаншып, қатын, бала-

шағасын бiр шыбықпен айдап, қырып жiбере жаздады. Сол үстiне iшкi жақтан Жоламан келдi. Орынбордан алған мата, темiр-терсектерiн Қаразым жағына апарып сатып, жиырма шақты түйеге төрт қаптан астық артып, ырғап-жырғап қайтыпты. Қап-қап өрiк, мейiзде есеп жоқ. Қара борбай балалар базарлық жеп мәз. Жас келiндер тары ақтап жатыр. Әбдiраман көп дүнияны көргесiн барып жiбiдi. Нияздың суық жүрiсi жайлы естiген өсегiн тiсiнен шығармай, баласынан жаңалық хабар сұрады.

Жоламан Әбдiраманның өз аузынан түсе қалғандай едi. Ұзын бойлы, ақ сары, қысыңқы көздi. Аяғын ақырын басатыны сонша, әр қадам басқан сайын табанының астына қарап, ызалы жер жоқ па дейтiндей. Сондай солбырлығына қарамастан, шаруаға келгенде мәттақам. Тиыннан сом, бағланнан бие құрайды. Оған келiнi сайма сай. Қара суды сатып беретiннiң дәл өзi.

— Пәлендей жаңалық жоқ, — дедi Жоламан астындағы киiздiң түгiн қолымен тартқылап отырып.— Есепшi биыл қысты қатты болады дептi. Жұт болмаса жарар едi.— Қайдам.— Қаразым жұрты тиыш па?— Тиыш. Дүрлiгiп жатқан жұртты көре қоймадым-ау!— Е, дегендей екен. — Әбiраман ойланып қалды. — Мына Ережеп ауылдары орыс жағына алаңсыз шығып алды.

Ана Жәнiбек болса, Хиуаның тапсырған зекетiн толық жинай алмай, әлекке түсiп жүр. Ол әзiр бiзге келе қойған жоқ.— Осы алым-салық дегенi де пәле болды ғой. Бiтпейдi де, қоймайды да, — деп, Жоламан құртқа өкпелеген жас

балаша аузын бұртита сөйледi.— Ау, неге бiтсiн? Ханға халық үстiнен күн көру керек емес пе? — дей берiп, Әбдiраман сөзiн кiлт үздi.Қара үйдiң аласалау маңдайшасынан еңкейiп, iшке бiреу кiре бердi. Келген Шатай екен. Ол мұнымен жетi-сегiз

атадан барып қосылатын едi. Өздерi онша көп тұқым емес.— Иә, не жаңалық? — дедi Әбдiраман Шатайдың үнемi суалып жүретiн екi жағына көз сап отырып. “Мынаның да

жүрмейтiн жерi жоқ екен. Қатындар ет асып жатқанда келгенiн қараш!”— Жаңалық п? Өй, ол деген жетедi, — дедi Шатай аз-маз көтерiле сөйлеп.— Иә, о не соншалық?— Ойбай, оның айтары жоқ. Осыдан бiр жұма бұрын Елекең Арқа жақтағы құдасына барып қайтып едi. Қайып

ханның iзiне ақ патша сұғын қадап, түсiп алыпты дейдi. Содан сескенген ол биыл берi қарай ауып... осы... Сырда қыстайтын сияқты дейдi.

— Апырмай, ә? Бiз ханды құдай көремiз. Ендi сол сұлтандарға да тықырдың таянғаны ма?— Сосын ғой оның осы йаққа ауып келе атқаны.— Ендi артынан тықыр таянғасын, сүйтпей кәйтедi? Өзi... былай, бiр жағынан дұрыс та. Елге басшы керек қой, —

деп, Әбдiраман мұртынан күле түстi. “Ол келсе, алым-салығы мен соғымы жеңiл бола қоймас”.— Қайып хан Сырға кеп, әскер құрамақшы дейдi.— Ау, оған... өзiнiң төлеңгiттерi бар емес пе?— Олар азшылық ететiн көрiнедi.— Е, жөн екен. Ал, басқа қандай хабарың бар?— Айтпақшы, ұмытып барады екем ғой, — деп, Шатай санын алақанымен сарт еткiздi. — Мына Ережептi құдай

атты.— Ау, неге? — Әбдiраман жорта таңғалды.— Ойбай, оның iж негесi жоқ. Хиуаға өкпелеп, ол орыс ұлықтарымен әмпей-жәмпей болып алды. Жақында

Ырғыздағы ұлыққа мына Арал бойынан жер көрсетiп қайтыпты. Кеше ғана орыстардың Райымға кеп, бекiнiс салғанын мына өз құлағыммен есiттiм, — деп Шатай калқиған құлағын қолымен созып көрсеттi.

— Апырмай, ә?! Нанайын ба, нанбайын ба?— Нансаң да сол, нанбасаң да сол.Әбдiраман мына хабардың растығына сендi. Өзi де Сыр жағына орыс саудагерлерiнiң келгiштеп кеткенiнен алып

жүрген-дi. Iшiнен: “Бұлар менiң ата-бабама Құран шығарайын деп жүр деймiсiң. Басқа бiр ойлағаны да”, — дейтiн. Ендi қара ақылға сала отырып, көптен қинап жүрген бiр түйткiлдi шештi. Сосын ол iшiнен: “Аумалы-төкпелi заман келе атыр-ау! Соның арасында болып нем бар? Бiрi өлсiн де, бiрi қалсын! Қай жеңгенi менiкi. Iшкерi жаққа кеткеннен қызығы жоқ-ау”, — деп түйiп, Шатайға күле қарады:

— Жаңа сен осы Қайып ханды ауып келедi деп пе ең?— Иә.— Онда... iзiнен қуған ақ патша оның алдынан шығатын болды ғой.— Шынында да, солай екен-ау! — Шатайдың көзi бақырайып кеттi.— Ендеше бiр қызықты болды де!

Page 57: Uli Sel 2 tom

Бағанадан берi сөзге кiрiспей отырған Жоламан осы арада қулана жымиып:— Ау, сонда Хиуа ханы кайда қалмақ? — дедi.— Әй, оның не қайдасы бар? “Екi қошқардың басы қазанға сыймас” деген. — Шатай қақырынып, есiк жаққа қарай

түкiрiп жiбердi.— Сонда... олар соғыса ма?— Ояғын кiм бiлiптi?Әбдiраман әңгiменiң сыңайын ұнатпай:— Онда бiздiң шаруамыз қанша? Ал, өзiң жәй жүрсiң бе? — деп Шатайға бұрылды. — Қайдағы жәй? Шынболаттың малына қосқан жылқым бар едi. Былтыр құр жiбергем. Соны алып, соғымға сояйын

деп бара жатқаным.— Айтпақшы осы Шынболатты төсек жаңғыртқан дей ме?— Ел сүйдеп жүр ғой.— Жас қыз алып, ол соқты-ау!— Айтпа!— Ендi Нарман қайтадан iрiп-шiрiп байитын болды. Е, дұрыс екен, — дедi Әбдiраман даусын қаттырақ соза сөйлеп.

Оның мұнысы қатынына: “Мынаның кететiн түрi жоқ. Тамағыңды әкеле бер”, — деп белгi бергенi едi.Тамақ жеп, шәй iшiп болғасын, Шатай жөнiне кеттi. Әбдiраман әрi ойлап, берi ойлап, Сағынайға өкпесiн Малдыбай

арқылы айтқанды қолай көрдi. Сол оймен Малдыбайдың ауылына келдi.Биыл Малдыбай Аққербездi ұзатуға шын қарап, арнайы кiсi жiберiп, Байқожа жағынадғы Разақ ұстаны шақыртьш

алып, оған арнап жеке үй тiктiрiп, iшiп-жемiн бергiзiп, ырза ғып, оған күмiстен алқа, бiлезiк, сақина, сырға жасатып жатқан-ды. Жұмысқа зергер де бар ықыласымен кiрiскен-дi. Бұл келгенде күн өткен сайын, қыз жасауының сән-салтанаты аса түсiп, әлi де бiр нәрсе жетпейтiндей көрiнген елдiң апысы кiрiп, күпiсi шығып жатқан едi. Мұның келген бетте аңғарғаны, баласын биыл ел орынға отыра ұзатам ба деген Малдыбай қыз жасауы бiтiп болмағасын, тойды алдағы жазға қалдырыпты. Сол екi ортада қараша туып, алғашқы бозқырау тоңлай бастаған жердi басып салғасын, Қызылдың жылы жерiне көшiп кетуге үлгере алмаған Малдыбай биыл да баяғы қыстауында отыр екен. Бұл iшке кiрiсмен қазан көтерiлiп, шәй қайнатылып, абыр-сабыр басталды да кеттi. Тамақтанып болғасын, Әбдiраманның кетейiн деп, құлақ қағыс қылып едi, Малдыбай қолындағы шәй құйылған кесесiн дастарханға қоя сап, тарқылдап кеп күлдi:

— Өй, сен де сауысқаннан сақ дегенге кiм-көрiнгеннен ұркiп!. Ханы да, қарасы да келе берсiн!— Ау, ол жәй келе ме? Iшiп-жемiмдi бер деп келедi ғой, — дедi Әбдiраман құдасының күлгенiне iштей ызаланып.— Өй, ол не жеп қарық қылар дейсiң? Азар десе, бiр үйiр жылқымды алар. Одан құдай құраған малдың несi кеми

қояды дейсiң?— Қайдам? Биыл былай... қыстың репетi де жаман...— Өй, қойшы, сен де бiр, — деп, Малдыбай қолын сiлтедi.Әбдiраман үндемедi. Iшiнен құдасын боқтап алып, жымия күлiп:— Мәке, сенi кiсi танушы едi, ызалы жердi баспаушы едi деп ел айтады. Анада Сағынай құдаң келгенде, иә деп

қалып ем. Соған ендi бармақ тiстеп отқан жайым бар, — дедi.Мына сөздi естiген Малдыбай кенет күлкiсiн тыйып, қаны тамған қызыл бетiн кiреуке шалып, байсалды тартты:— Ол әңгiменi мен де естiп атырмын.— Сонда... басы мынадай болса, аяғы қалай болады? Құдаңа ана баласына тиырым салсын деп айтпайсың ба? Бүйте

берсе, ел-жұрт көтiн ашып күлмей ме?— Оның рас. Айт десең, айтайын.Әбдiраман үйiне келгесiн, шаруаға шұғыл кiрiстi. Ол арнайы бiр кiсiнi жiберiп, биыл Қызылға көшетiнiн, жер аяғы

алысқа түсiп кететiнiн, Сағынай баласын қолына келесi жылы алар, бiр жылдың әрiсi не, берiсi не, деп хабар айтты. Сосын жау тигендей дүрлiгiп, бiр түнде Қызылға асығыс көшiп кеттi.

25

Жәнiбектiң аяғы сайдан-сайға тимедi. Ол қанша шапқыласа да, жылда алынатын алым-салықтың жартысын ғана жинап үлгердi. Содан қалғанын жинаймын деп, күн-түнi аттан түспедi. Әсiресе, Қырға қарай ауа көшкен ауылдарды табамын деп-ақ шаршады. Ақыры болмағасын, қолын бiр сiлтедi. Ол Қырдан қайтып келе жатып, Тұрғали ауылының үстiмен жүрдi. Сол арада орылған аңызды көрiп, елубасы:

— Мынадан астық алайық та, — деп едi, Жәнiбек оны тоқтатты:— Өз күнiн шаққа көрiп отқан кiсiнiң аузынан жырып не керегi бар? Кеттiк!Жәнiбек былай шыға бере, өзiнiң ыңғырт қадам басқанын бiлдi. Елубасының жүзiне көзiнiң қиығын салып қойып,

iшiнен: “Уәйiс-Ниязға айтып баратын болды-ау! Қап, әттеген-ай”, — деп азырақ өкiндi де, артынша ол өзiн өзi тежеп: “Өй, айтса, айта берсiн. Немене менi ол шауып ала ма?” — деп, қолын бiр сiлтедi. Сосын ол атын сипай қамшылап, қасындағы сарбаздарға тiл қатпастан тездетiп жүрiп отырды. Бұл кез караша дендеп енген шақ едi. Азанда малына түскен бозқырау күн көзi көтерiле бере жiбiп, жылымши ағып, әр жер-әр жердi шылап тастаған да екен. Соның буы араласқан дымқыл ауа бетке салқын тиедi. Соны сезген адамдар мен аттар да қунақ тартып сала берген-дi. Олар аттарын шоқырақтата отырып, Сырдан өтiп, келесi күнi дегенде Қожанияз бекiнiсiне кеп құлады. Қамалдың темiр дарбазасы сықырлап ашылғасын, бәрi жапырлап iшке кiрдi. Бек тұратын жайға жеткесiн, Жәнiбек атынан түсiп, тiзгiндi атқосшысына ұстата сап, ұйып қалған тақымын жазып, сыртта шамалы уақыт бойы жүрдi. Содан кейiн барып аяғын ауыр алған қалпы Уәйiс-Ниязға барып, болған жағдай жөнiнде айтты.

Мұның сөзiн ызалана отырып тыңдаған Уәйiс-Нияз бек кенет қолымен санын сарт еткiзiп соғып қап:— Қап, — дедi. Сосын оның кiжiнгенi сонша, құдды жұлып алатындай боп, бұйра сақалы қолымен уыстап ұстай

алды. — Осыдан қолыма түссең, сен Ережептi ме, көрермiн.— Ендi ол сiздiң қолыңызға түсе қоймас, — дедi Жәнiбек күлiмсiреп.— Неге?— Мына Райымға ақ патшаның әскерi қамал салып үлгерiптi.— Не дейдi? Рас па?

Page 58: Uli Sel 2 tom

— Рас.— Апырмай, ә? — Уәйiс-Нияз бұйра сақалын уыстаған қалпы дағдарып аз отырды да, кенет бұған жалт бұрылды. —

Ондағы... әскер саны қанша екен?— Ояғын бiлмедiм.— Оны... қалай бiлемiз?— Бiлмейiм. — Жәнiбек иығын қиқаң еткгздi. — Олар сырын алдыра жая ма?— О да рас. — Ол тоқтады. — Мұны тез ұлы ханға хабарлау керек. Сен әзiрше өз ауылыңда бола тұр. Не iстеу керек

екенiн өзiм кезiнде айтам.Жәнiбек кiдiрмей сыртқа шықты. Сосын Қасқырбай осы кезде алдына көлденеңдетiп тарта берген атына ширыға

мiндi. Қамалдан шыққаннан кейiн, ауылына келе жатып, ол әлденеге: “Менiң осы жүрiсiм қалай өзi?” — деп ойлады. Ел арқасында жүрiп, азамат атанып, қызмет қылам деп, қолжаулық боп бара жатқан жоқпын ба? Сүйтiп шапқылап жүргенде де, мыналар маған онша сенбей, бiр тiнiн iштерiнде сақтап отырады. Соны байқасақ та, осы бiз жатқа неге iшкi сырымызды жаямыз? Неге бiр бiрiмiздi сырттан қаралап көрсетемiз? Содан ұтқанымыз, кәне, осы? Әлде бұл өспес елдiң өресiздiгi ме? Иә, қай кезде де бәндәның түбiне өресiздiк жеткен. Алды-артын қиядан болжап отырар көсемi жоқ жұрттың майда-шұйда қатын өсектен аса алмай жүретiнi рас. Соны жақсы бiлетiн жат жерлiк басқыншылар, әсiресе, хиуалықтар, маңдайы кере қарыс азаматтарды көтермей, тiлiн шайнаған, аузы қисық сақау-мақауларға ел тiзгiнiн ұстатып қояды. Олар болса мына бағы ашылмай қойған сорлы жұрттың ауызға жерге жемiн тартып ап, айлакер басқыншының қоржынына тыққыштайды. Сол үшiн шен алады. Саяз кiсi үшiн жылтыраған темiрден артық дәнеме жоқ. Ол үшiн халықтың аш-жалаңаш жүргенi, басқа билiкке кiрiптар болғаны бәрi бiр. Ойпырмай, өйiстiп жүрiп, бармақ тiстеумен еңiреудiң ең түбiне кетпесек не етсiн? Әлде ел бiр елдiгiн iстеп, жұдырықша жұмылып, қайрат қылар ма екен? Әй, қайдам?! Жәнiбек ой торлаған көзiн алдына қадап, ат үстiнде салбырап келе жатты.

Биыл оның ауылы Жаман Шығанақтағы қыстауына кешеуiлдеп көшкен едi. Сонда барғасын, бұл кiшкене тамның қабырғасын сылатып, төбесiне лай құйдырып, бiраз жөндеткен болатын. Бұлар ауылға келгенде, түс ауып қалған да едi. Мұның үйi болмаса, басқа жалшы, малшылар әлi қараүйде отыр. Олар қысқа дайындалып, керегенiң сыртын екi-үш қабат киiзбен орап, терiскей жағына қалың етiп сексеуiл үйiп тастапты. Қазақтың жылдағы әдетi осы. Қысы жұмсақ Қызылда осылай қыстап шыға бередi. Қараүйдiң ортасына сексеуiлдi лаулата жағып, отқа маңдайын төсеп, ас iшедi. Күндiз шаруа кiсi мал жайлап кетедi. Жәнiбек жан-жаққа қарап келе жатып: “Осы бiз, ана өзбек пен тәжiктер құсап, неге бiр жерде отырып күнелтпеймiз?” — деп ойлап қойды. Сол бетiмен үйiне кеп түстi. Осы кезде жортпаш боп қалған балалары алдынан жүгiрiп шықты. Ол ұлы мен қызын жерден көтерiп ап, құшақтап тұрып, олардың беттерiнен сүйдi. Екеуiнiң үстiнен өзiне аса таныс, сүйкiмдi бiр иiс шықты. Сол екен, iшi уылжып сала бердi.

Әшейiнде сылбыр Айжамал көрпе-төсек сап, ұшып-қонып жүр. Бөлме iшi ыссы екен. Нақ ортадағы мосыда бөксесiн қып-қызыл шоққа төсеп, бұқары құман ызыңдай әндетiп тұр.

Жәнiбек ұлы мен қызын жерге түсiрiп, үстiндегi тонын шешiп, қабырғаға қағылған шегеге iлдi де, етiгiн iрге жаққа гүрс еткiзiп тастады. Сосын мәсiшең қалпы оң жақтағы жаюлы жатқан көрпеге барып малдас құрып отырды. Мұның осынысын күтiп тұрғандай, балалары қайта жармасып, тiзесiне асылды.

— Аға, бiзге базайлық әкелдiң бе? — дедi әлi “р”-ға тiлi келе қоймаған қызы еркелеп.— Базарлық па? Өй, оны... өзi... қап... — деп, Жәнiбек шынымен қысылып қалды.— Сенiң балларды ескере бермейтiн әдетiң емес пе? Басқаны қойшы! — деп Айжамал күле сөйледi. Келiншек

балаларын бетке ұстай отырып, суыса бастаған кеуiлдiң бiр базынасын айтып едi.Жәнiбек үндемедi. Аздан соң барып:— Оған... мұрша боп жатыр ма? Атқа мiнемiз деп тi-шiлiктен саяқсып та кетiппiз өзi, — дедi.— Өзiң ана... Хиуаның жоғын жоқтаймын деп, үйге қонуды да қойдың.— Мына салық жинау дегенi қиын екен. Қысыр сиырдың емшегiнен сығып алған сүт секiлдi бiрдеме өзi.— Бұларға тойым жоқ. Жылда-жылда алады.— Алғанды кiм жек көрсiн. — Ол тiзесiнен балаларын түсiрiп, сандықшасын жақындатып, iшiн ашты да, Қоқаннан

алып келген кiтаптарын алып, олардың беттерiн ашып, қарай бастады. Шағатайша жазылған кiтаптардың iшiнен өлең жолдарын тауып алып оқыды. Сосын есiне осы өлкеге аты жайылған шайырлар түстi. Жалпы Сыр бойында өлеңдi ауызща жырлап та, қағазға жазып та шығару машығы ертеден келе жатқан едi. Жастайынан Сыр төңiрегiнде мектеп ұстайтын оқымысты молдалардан хат таныған зерек шайырлар, көбiне жыр-терменi жазып шығаратын. Жазба түрдегi жұмбақ, қыз бен жiгiт тiң айтысы, неше түрлi хат жазысу, жауап қайырысу дегендер көп-ақ. Сондай айтыстардың бiразы Ермағамбет шайырдың үйiнде жатыр. Ермағамбет өз бетiнше көп оқыған, Қарасақал руынан шыққан кiсi. Кәзiр сол өнегенi тұтынған, өлең сөзге қабiлетi бар жастар көбейiп келедi.

Жәнiбек кiтаптарды ашқан сайын, өзiнiң қарайып қалғанын сездi. Көзi әр әрiпке сүрiне бердi. Аздан соң көзi жаттығып, судыратып оқи бастады.

Сол үстiне Нияз бен Әлжан келдi. Жылда Сағынай, Мамырай, Елдес және мұның ауылдары араларын алшақ салмай, қанаттас боп қыстайтын. Олар биыл да сол дағдысынан жазбаған-ды. Iшi пысқанда, жас жiгiттер бiрiнiң ауылына бiрi қыдырып бара беретiн.

— Оу, ағам салықты қойып, кiтапқа кiрiскен бе? — деп Әлжан күлiп, шешiне бастады. Күлгенде қыз ерiнi жiңiшкерiп кетедi екен.

— Ағаң отын жақпайды, су тасымайды. Сосын ерiккен сарт несiн уқалайды деушi едi, — дедi Айжамал қайнысын шешiндiрiп жатып.

— Ау, онда сен тиiмсiз болмадың ғой. Өзiң... былай... етке шыға бастағансың ба? — Әлжан жеңгесiн бүйiрiнен шымшып алды.

— Кет әрi, қағынғыр! Қыдығым келедi. — Айжамал керi шегiндi.Жәнiбек екеуi отырғасын:— Қалай амансыңдар ма? — дедi.— Шүкiршiлiк. — Нияз домбыраға қол созып, құлағын бұрай бастады.— Жәй жүрсiңдер ме?— Жәй. Iшiмiз пысып кеттi. Сосын... осында келiп кетейiк деп...— Iш пысып... — Жәнiбек күлдi. — Бiздi құртатын осы зерiккендiк қой.

Page 59: Uli Sel 2 tom

— Ендi не iстеу керек? — Нияз домбыраны тарта бастады.— Iстейтiн кiсiге iс көп қой. Жарайды, одан да әу деп жiбер.Нияз iркiлмедi. Ол екi iшектi майда қағып, бiр қайырып алды да, онша бақырмай, даусын шырқай созып, әуендi

жұмсақтап терме айта бастады. Терменiң аты —“Жиырма бес”. Бүгiнде шау тартқан кiсi жалт-жұлт еткен шұғыладай ыстық табы жан дүниясында қалған қимас шағын сағынады. Қатын, бала-шаға жанында күл күзетiп отырған тұсын мысқылдай еске алады. Бiрақ жастық шақ қайта оралмақ емес. Терме уақыттың қымбат екенiн, оны босқа өткiзбеу керектiгiн қайта-қайта еске салады. Оның тыңдаған кiсiнiң кеулiне жанына бiр мұң ұялайды. Әлдеқандай сағыныш сазы жан дүниеңдi баурап ап, қиялыңды алыс жақтарға жетелейдi.

Жәнiбек қолына ұстаған кiтабының бетiн жабуды ұмытып кетiп, терменi ұйып тыңдады. Ол терме аяқтала бере:— Ой, дүния-ай! — деп, күрсiнгенiн байқамай да қалды.Осы төңiрекке жырау атағы шығып қалған Нияз ендi құлашын кеңге сiлтеп, жыр соңынан жырды төгiп айта бастады.

Мұның даусын естiген көршi-қолаң дем арасында жиылып қалды. Оларды көрiп, Айжамал қолы ашылып кетiп, бiр мал сойдырып, бар етiн қазанға түгелдей салдырды. Аздан кейiн Қызылдың бiр ойында жапырайып тұрған соқпа тамның iшiн ойын-күлкi, қуаныш, өмiр шуағы кернедi де кеттi.

Тамағы ашылып, қызып алған Нияздың таза дауысы көкке шырқай шығады. Өзi көзiн сәл жұма түсiп, алға сәл ұмсынып барып айтады:

Тiршiлiк бұ дұнияның жәуһарындай, қауқар жоқ жерма бестiң қауқарындай...

Соны естiген бойда Жәнiбек бiр түрлi боп, қоңырайып сала бердi. Есiне Ақкербез түстi. Ол жақтан көптен хабар қуанышты емес. Қыз ұзату салтанаты қиындаған сайын, мұны бiр мазасыздық билейдi. Iшi тезiрек болса екен дейдi.

Бiрақ Малдыбайдың асығар түрi жоқ. Ол тағы да алдағы жазға сiлтеп отыр.Жастар түн ортасы ауғанша думандады. Төсек салынып, шешiнiп жата бергенiнде, Жәнiбек Айжамалдың бiр

бүйiрiнiң бұлтия бастағанын көрдi. Неге екенi белгiсiз, iшi жылып сала бердi. Iзiнше шиыр-шиыр соқпағы бұралаңдай басталып, өрге де, ойға да салып келе жатқан өмiр жолының қайда апарып соқтыратынын байқай алмаған Жәнiбек дел-сал боп, көпке дейiн көз iлiндiре алмады...

26

Ережеп Захваткин шақырғасын, жолға шұғыл шығып кеттi де, бiрнеше күннен соң Ырғыз бекiнiсiне келiп жеттi. Онда бiр жұмадай болған ол Тортай мен Ахиярды көрдi.

Ережеп ел арасының ұзынқұлағынан Тортайдың жақында Қоқан жаққа барып қайтқанын естiген болатын. Ал Ахиярды анада кезiнен берi көрiп тұрғаны осы. Оны көрген бойда Ережеп өтiрiк ыржиып:

— Амансыз ба? Сiздiң жақсылығыңыз есiмде, — дедi.— Рахмет.Ертеңiне Ережептi Захваткин шақырып ап сөйлестi. Сосын алдында тұрған ағаш үстелдiң үстiнде жаюлы жатқан ала

қағаздың бетiндегi жыбырлаған бiрдеңелердi көрсеттi, Арал теңiзiнiң төңiрегi жайлы сұрады. Бұл бiлгенiнше жауап берген болды. Мұны ықылассыздау тыңдап тұрып, Захваткин үстел үстiнде жатқан қағазға үңiлiп, әлдеқандай белгiлердi қызыл қарындашпен салып жатты.

Сол күнi мыңға тарта орыс-казак әскерi қаруларын асынып, жолға шықты. Жақын ауылдардан тартып алынған түйелерге өңешi үңiрейген зеңбiректер тиелдi. Қалың қол сарғыш даланың шаңдағын шығара отырып, ұлы селше жылжып, шұбырған қалпы, бiр аптадан кейiн Арал маңына кеп құлады. Сосын асықпап жүрiп отырып, Ережептiң көрсетуiмен тура Райымның үстiнен кеп шықты. Бұл араларды бала кезiнде Ережеп көп аралаған едi. Нағашы жұрты Шектiлерге кеп, айлап қонақ боп жатып, құс салған, түлкi соққан. Әсiресе, оның есiнде қалғаны осы Райымның қыр желкесiндегi кiшкене қоңыр төбе басында тұрған бiр әулиенiң бейiтi. Ертеректе, шамасы, бұ қалмақ заманынан да iлгерiректе болуға тиiс, сайын сахарада мал бағып жатқан қазақ елiн дұшпандар шауыпты. Ауылдарды ойрандап, бала-шағаны қойдай бауыздапты. Малдан тiгерге тұяқ қалдырмапты. Сонда әлгi әулие батырлар мен ру басыларын жинап ап, бiр нұсқалы сөз айтқан көрiнедi. Ол бiр қияңқы кiсiге бiр тал шыбықты берiп. “Сындырып көр!” — дептi. “Өй, со да шаруа ма?” — деп, әлгi әңгүдiк жалғыз тал шыбықты сырт еткiзiп сындырыпты. Әулие ендi сосын жиырма-отыз шыбықты уыстап, түгел берiп: “Ендi мынаны сындырып көр”, — дептi. Әлгi кiсi қанша күшiн салса да, тал шыбықты сындыра алмапты. Сонда әулие тұрып: “Мiне, көрдiңдер ме, жекенi омыру оңай, ал көптi қирату қиын. Бiрақ, қайдам, iстен гөрi сөзге, алтыннан гөрi бөзге құмар халықпыз ғой. Аңқылдақтықты бар қоясын ақтарар ақымақшылық көрiп, түптiң түбiнде шынымен ақмақ боп қалмасақ жарар едi”, — деп, әулие үнсiз отырып қапты. Содан берi не заман. Бiрақ ел әлгi аңызды ұмытпай, атадан балаға жеткiзiп келедi. Ендi қалың әскер ыңыранып кеп, қара ойға құлағанда, Ережеп әлденеге тiксiне түстi. Анадай жердегi төбе басында қалқиып тұрған зиратты көрдi. Iшiнен тiлiн кәлимаға келтiрдi. Бiр кезде жер қайысқан ауыр қол мiнген ат тұяғы ұшырған ала шаңның әулиенiң бейiтiнiң үстiн басып, бұрқырап ауада сейiлiп бара жатқанын көрiп, iшiн тартты.

Захваткин iске бiрден кiрiстi. Райым бойына әскердi тоқтатып, жүктердi түсiрiп, тездетiп бекiнiс соқтыра бастады. Дем арасында жертөлелер пайда болды. Түйеге артып әкелiнген қалың тақтайлардан бекiнiс диуал жасалды. Қолайлы тұстарға өңешi үңiрейген зеңбiректер қойылды. Ережеп бiр әуестiк жеңiп, зеңбiректердiң алды артына шығып қарап едi, олардың үңiрейген ауыздары айдаһардың өңешi сияқтанып көрiнiп кеттi.

Ережеп Райымда ұзақ кiдiрдi. Патша әскерлерi жайғасып болғасын, Захваткин мұны шақырып ап:— Ал, мырза, рахмет. Ендi қайта беруiңiзге болады, — дедi.Ережеп әулиенiң бейiтiнiң жанынан өте берiп, “Ау, мынаның бұ не дегенi? — деп ойлады. — Жүрiп, тұру өз еркiм

емес пе? Әлде... — Ол әр жағына басы жетпей, дал болды. — Осы менiң мұным не, — дедi өзiне өзi. — Соншалық барымды салардай не бес бидайым күйiп барады. Жоқ, әлде... ” — Оның есiне Мiрәлi, Дадабек түстi. Дадабектiң берген ақырет-азары түстi. —“Жо-жоқ, осы жолым дұрыс. Мына тiршiлiкте, әйтеуiр, бiр әрекет қылу керек қой. Қолдан келсе, ел басқарып, абырай-атақ алғанға не жетсiн. Бiрақ абырай-атақ өздiгiнен келмейдi. Оны өзiң алақанға қондыруға тиiссiң.

Page 60: Uli Sel 2 tom

Қондыру үшiн амал-айла қажет. Бұл да соның бiрi. Ертең ақ патша әскерлерi Хиуа қолын қуып, орам алса, олар менi билiктен қағыс қалдырар деймiсiң. Қолыма тiзгiн тие қалса‚ Жәнiбектiң әуселесiн бар ғой сонда көрермiн...”— Ол сәл тоқтады. Сосын өзiне өзi iштей күбiрлеп сөйледi: —Ау, сонда обал-сауап қайда? Обал? Оныңа бүгiнде кiм қарап жатыр? Ауызша жұрттың бәрi де әдiлет, ұят, халық деп сайрап қоя бередi‚ ал, iс жүзiнде мүлдем олай емес. Қай кезде де кiсi қарақан қара басының қамын жейдi. Одан асса барып, ел жайын ойлайды. Өзiм аш-жалаңаш отырып, жұрттың жағдайын күйттесем, лақуа болмаймын ба? Әлде... Не әлде? Әй, қойшы соны! — Ережеп қолын бiр сiлтедi. — Кәзiр төреңде де, биiңде де, көсемiңде де, шешенiңде де iж қасиет қалмаған. Қатын өсектен асар бiрi жоқ. Замана озды, ел тозды деп бұрынғылардың жылайтыны тегiн бе? Әлде бұл кәртейген кiсiнiң бойынан қайрат қашқанда жасып айтқан бiр сөзi ме? Қалай десең де, өмiр бiзбен бiтiп қалмайды. Әр нәсiл өзiнше өмiр сүредi. Оның өзiнiкi өзiне жөн. Бiз де сондаймыз. Ендеше менiң мына жолға түскенiмнiң не терiстiгi бар? Қайта замана ыңғайын тез аңдағандық емес пе?” — деп, ол ойланып қалды. Сосын ол жөнделiп отырып‚ атын сипай қамшылап‚ жiтi жүрiп кеттi. Осылайша екi ойлы боп келе жатып Ережеп қасында үнсiз ерiп келе жатқан Шәкиге жөндеп назар да салмады. Ол ертеңiне де осы қалпынан арылмай‚ жолшыбай кездескен ауылдарға қона, түстене жүрiп, өз қыстауына жақындап келе жатты. Үшiншi күнi дегенде ол Елмырзаның ауылына тақағанда, ондағы ұлы нөпiр жиынды көрiп, ерiксiз айран-асыр қалды. Iзiнше қара ойда жайылып жүрген, бұл араның малынан пошымы бөлек қалың жылқыны көрiп, мән-жайды түсiне қойды. Арқадағы Қайып ханның Сырға құлағанын бiлдi. Бұл да елге салмақ болды-ау, деп, ол ат басын бұрып алды. Бiр қонып, ат белiн суытсам деп келе жатқан ауылына соқпай, қыстауына тура тартты. Жол үстiнде келе жатып ол: “Мынадай шырғалаңы көп, бет ашысар тұста үйiңде тып-тиыш жатып алғаннан дұрысы жоқ, — дедi. — Бiрi өлсiн де, бiрi қалсын. Қай жеңгенi, — менiкi. Менiң күйетiн нем бар? Ел-жұртқа сездiрмей, орыс ұлығының аузын алып қойдым. Бiрақ та... — Ол Шәкиге көз қиығын тастады. — Мына неме ертең бiрдеменi көңiрсiтiп жүрмей ме?” Шынында да, мұның күдiктенетiнiндей де себеп бар едi. Өзi соңғы кездерi сырын бөлектеп, салқын тартып барады. Соны байқаған бұл әнеу күнi атқосшылыққа Қалмырзаны алмақ боп оқталып едi‚ бiрақ олай ете қалса‚ өзiнiң ұрлық-қарлығына қанық Шәкидiң өкпелеп‚ мұның сырын әшкере ететiн бiр жайын ойлап‚ iркiлiп қалған-ды. Ендi дұрысы — мұны Шәкидi өкпелемейтiндей ғып iстеу. Бiрақ соны қалай жүзеге асырудың амалын таппаған Ережеп оны өзiнен жырақтатпай‚ қасына ертiп жүр.

Ережеп ауылына келгесiн, тырп етпей жатып алды. Ешқайда шықпады. Кiсi шаптырып, жылқышыларына қысқаша бұйрық бердi. Сол арада желтоқсан туып, алғашқы қиыршық қар сабалап жауып кеттi. Аспан жүзiн бұлт торлап, суық жел ысқыра соғып, арты боранға ұласатын рай көрсеттi. Ертеңiне, шынында да ақбасқын болды. Қар көктен борап, жерден суырып бердi. Айнала ақ түтек. Боран үш күн, үш түн соғып, төртiншi күнi дегенде барып басылды. Ертеңiне аспан шәйдай ашылып, күн көзi көрiндi. Iзiнше нағыз сақырлаған сары аяз басталды. Түф деген түкiрiгiң жерге түспейдi. Бала-шаға ойнай алмай, үйге тығыла бередi. Жалшы, малшылар қолда ұстап отырған малды бiр мезгiл жайып келсем деп, беттерiн үсiтiп алды. Аз уақыт өтпей, ығып кеткен жылқы, үсiп өлген жылқышы жәйлi суық хабар дүңк-дүңк естiле бастады. Ережеп қалың жылқысын алдын ала Қызылдың iшiне тереңдетiп жiбергенiне қуанды. Ендi көктем туғанша қолдағы малдың ағарғаны мен соғымның етiн талшық қып отыра бередi.

Бiр күнi iңiр әлетiнде аласа там iшiнде Ережеп арқасына күпiсiн жамылып, терлеп-тепшiп шәй iшiп отыр едi, — есiк сықырлап ашыла бердi. Iшке салқын ақ бу лап қойды. Ережеп тоңазығандай тiксiнiп қап, iшке кiрген түсi битаныс кiсiге таңдана қарады. “Бұ кiм? Құдайы қонақ па?” — дегенiнше болмады, әлгi кiсi есендесiп, жөнiн айтты. Келген Қайып ханның бiр төлеңгiтi екен. Ол хан ордасында исi Әлiм, Шөмен жақсыларының бас қосып, бәтуәға жиылып жатқанын айта кеп:

— Тақсыр сiзге менi арнайы жiбердi. Ертеңнен қалмай жетсiн дедi, — дедi де‚ мұның жауабын күтiп‚ үнсiз қалды. Ережеп оның жүзiне көзiнiң қиығын салып қойып‚ iшiнен: “Бұл өзi қалай болды‚ а? Ақ патшаның ұлықтарымен жаңа-жаңа жараса бастағанымда‚ онымен соғысып жүрген Қайыптың аулына барғанымның не ретi бар? Оны естiсе‚ ана Орынбордағы дәу ұлық не дейдi? Сосын басым пәлеге қалып жүрмей ме? Ал бармасам ше? Онда ана қанiшер хан тұқымы аулымды шаппай ма? О да мүмкiн ғой. Одан да... мынадан лаждап құтылайын. Сосын қалғанын көре жатармын”‚ — деп ойлады да‚ кене шұғыл жадырап‚ төлеңгiттiң жүзiне күле қарады:

— Ендi сона-а-а-ау Арқадан арытып келгенде‚ хан иемнiң шақырғанына бармай бола ма? Барғанда‚ мен барайын. Тақсырға мақұл деп айтты де.

Сүйтiп, қазақ даласына лап қойған ұлы селдiң бiр терең иiрiмi ойдан, қырдан ағызып ап келген шөп-шалам, жаңқа, дарақтарымен қоса, Ережептi де зор қуатпен сарылдаған өз ағысына ерiксiз тартып әкеттi.

ЕКIНШI ДӘПТЕР

1

Қаңтардың аяғына таман Елмырза қасына Шатайды ертiп, атқа қонды. Сақырлаған сары аязда жiтi жүрiп отырып, кекiл, жалын ақ қырау көмген аттарының тұяқтарымен сары табан қарды күтiрлете бастырып, Егiзқараның қара жазығына кеп құлады. Күн екiндiге тақап қалған кезде бiр ойда қараүйлерi бiр-бiрiне тақаса тiгiлген Дүзбай ауылының үстiнен түстi.

Күнi бойы ұзақ жолда тақымы талып, былқ-сылқ етiп келе жатқан Елмырза дереу еңсесiн тiктеп ала қойды. Көлденең жұрт алдында алым-салым боп жүрудi төре сүйегiне жат санайтын, қашанда бөтен адамға iшiн алдырмайтын кiсi едi. Жұрт сонысына қарап, оны суық дейтiн. Кәзiр де ол қасқыр iшiгiнiң екi етегiн қос тақымына дұрыстап қысып, мол тiгiлген түлкi тымағын жөндеп қойып, ат үстiнде қаздия қалды. Астындағы быртық бақай, сiңiрлi сары атының әдемi май бүлкiлiне сап, ауыл шетiне кiре бердi.

Дүзбай үйінде екен. Елмырзалар соңынан бiр қора суықты iлестiрiп, аласа тамға кiргенде, жас тоқалына аяғын уқалатып отырған Дүзбай бойын жинап ала қойды. Көстеңдеген аяғын мәсiсiне сұға алмай, әбiгерi шықты да қалды.

Page 61: Uli Sel 2 tom

Төрге малдас құрып боп, Елмырза ақырын мырс еттi:— Бұ, не, Дүзеке, ұлтарақ бата бастаған ба? — Ол Дүзбайдың былтыр жазда ұлтарақ жайлы айтқан әңгiмесiн еске

алған едi.— Жоға, — деп, Дүзбай қысылып қалды. — Кеше қолдағы аз ғана жылқыға тебiн ашып берiп ем, сонда аяғыма су

өтiп...— Е, солай де. — Елмырза байсалды тартты. — Қалай, мал-жан аман ба?— Пәлендей мақтарлық дәнеме жоқ. Әнеукүнгi мұздақта бiраз қойым iш тастап кеттi.— Обалдағы-ай, ә?— Ендi ақпанның ақ басқыны келсе, тiгерге тұяқ қалмас.— Мына Арқа жақта жұт боп жатқан көрiнедi. Мыңғырған не бiр байлар ақ таяғын ұстап қапты дейдi.— Жұт жетi ағайынды деушi едi, сол нәубәт бiзге де жетпесе нағылсын, — деп Дүзбай қорқа сөйледi. Оның жалпақ

бетi от жарығында қызарып көрiндi. — Олай дейтiнiм, биыл қыстың сыңайы жаман. Аяғының салыңқы болатын түрi бар. Ертең күн жылып, қар ерiп, артынша суық соқса, құрыдық.

— Оның бетi әрмән.Елмырза Дүзбайға оқшау шаруамен келген едi. Жылда Сыр бойындағы төре деп, хан сыбағасы деп, исi Әлiм,

Шөменнiң шөпке шығарылары бұған сойысқа малды төгiп тастайтын. Елмырза сонымен қызылдан кемшiлiк көрмей, қыстан еркiн шығатын. Биыл оған Қайып ханның Сырға ауғаны сор болды. Атақ, даңққа құмар жұрт Абылай ханның тұқымы, хан ием деп, сойыс малын соған төктi. Бұған аз ғана мал тидi. Ендi бұл бұрын қарақшылары жинайтын шаруаға өзi араласқанды жөн көрдi. Көз көрсе, жүз ұялар деп, жүз салып кеп отырғаны осы. Сол сөзiн қалай бастарын бiлмей, Елмырза әрiден орағыта бастады.

— Дүзеке, Қайып хан ел жақсыларын жиып, ақ патшаға қарсы соғыс ашайын деп жатқан көрiнедi. Содан хабардарсыз ба?

— Оның шет жағасын естiгем. — Дүзбай қақырынып, есiк жаққа қарай түкiрiп жiбердi. — Уһ, көкiрегiм жаңа босады, ғой. Мына суығы түспегiр де бiр. Сонда деймiн-ау... ал, жиналайық, бiрақ... ақ патшаға әлiмiз келе ме?

— Оны... ендi... — Елмырза жорта мүдiрдi.— Әлде шамамыз жетпей ме?— Оны... былай, кесiп айту қиын ғой. Кiм бiледi.— Менiң байқауымша, ақ патшаны жеңе алмаймыз. Құр сойылмен жасанған бес қаруы сай әскерге қарсы қалай

шабасың? Жусап қаласың ғой.— Мен де солай ойлайым, — деп, Елмырза оны қоштап шыға келдi. — Дүзеке, өте орынды айтып отсыз. Құр

желiккеннен пайда жоқ. Сонда деймiн-ау... — Ол даусын созды. — Осы жұрт бос қызыл сөзге неге ередi?— Өзi... былай қызық қой.— Iшiп-жемiн төгiп жатыр.— Ойбай, айтпа! Әнеукүнi жасауылдары кеп, екi қысыр биемдi алып кеттi, — деп, Дұзбай жылап қоя бердi.— Шын ба?— Қылаудай өтiрiгi жоқ.— Е, солай де! — Елмырза кеуде кере дем алды. — Халық үстiнде журген бiздiң де жағдайымыз мәз емес. Соғым

таусылуға жақын.Дүзбай мұның мысықтабандап келе жатқанын байқағандай, зар илеп қоя бердi. — Ойбай, Елеке, менiкi сенiкiнен де өткен. Астық жоқ. Қаптың түбiн қағып отырмыз. Қысқа деп сойған соғымның

жаңа қатын соңын салды. Мал алдырайын десем, жер аяғы қашық. Жылқымның қайда жүргенiн де бiлмейiм.Бұл оның менен ештеме дәметпе дегендегiсi едi. Мұндай қолайсыз кезде Елмырза сөзден тиылып, қасында молда

боп отыратын Шатайға қарайтын. Бұ жолы да сүйттi. Шатай ұмсыныңқырап отырып, осы кезде жас тоқал буын бұрқырата iшке алып кiрген қазысы сары ала үйме табақ етке қарап:

— Паһ, паһ! — дедi.Кiсiлер қол шайғасын, Шатай қынынан пышағын ап, өткiр жүзiн суға шылай сала, ет турауға кiрiстi. Қысыр

байталдың етi семiз екен. Майға бөгiп тұр. Шатай турап отырып, уылжыған сары аладан кертiп ап, бiр-ақ қылғытты.— Дүзеке, мынадай сары аладан кейiн де сенi суық ұстайды, ә?— Ендi... немене менi жаны жоқ темiр дейсiң бе? Темiрге де қырау тұрады.— Иә, қырау басқанын бiлем.Елмырза Дүзбайға сездiрмей мырс ете түстi. Шатайдың зiлсiз әзiлiмен жас тоқалды жағалап келе жатқанын байқады.

Сосын жамбасты мүжiп отырып, Қайып жайын ойлады. Бұ жаққа неге ауды, дедi өзiне-өзi. Арқадағы жағдайы жақсы болса, табаны аумай отыра бермей ме? Соған қарағанда, ақ патшаға бодан болған қазақ жерiндегi төре, сұлтандардың жағдайы мәз емес. Оған көнбеген Қайып хан басын кәтерге тiгiп, ақ патша әскерiне қарсы соғысайық деп, ел iшiне үгiт таратып жүр. Одан бiрдеңе өне қояды деу қиын. Соны әрi ойлап, берi ойлап, Елмырза iшiнен оқшау бiр пиғылға табан тiреген. Тортайдан да, Қайып ханнан да безiнбей, аса жақындап та кетпей, қатпары қалың iшiн аса алдырмай жүр. Ертең үстем жағын қолдаған боп шыға келу үшiн осылай аңысын аңдаған да терiс емес. Тек мұның шошитыны — ел iшi ыри-тыри боп, береке қашқан сайын, халықтың көзi ашылып, төрелерге бұрынғыша жалпақтауды қойып барады. Әсiресе, Жәнiбек пен Ережептiң тартысы тұсында ел iшiне әрекет дендеп кiрiп кеттi. Апшысы қуырылған жұрт аузын әйдiк-әйдiк ашатын болды. Ендi кең өңешiне түскен жем азшылық етiп, күйi тайған бурадай қоңылтақсып отыр.

Төсек салынды. Елмырза мен Шатай қатар жатты. Дүзбай жас тоқалын бұлардан қашықтау iрге жағына алып жатты. Қашан көздерi ұйқыға кеткенше оны-мұны әңгiме етiстi. Мосы астында маздап жатқан сексеуiлдiң қызыл шоғының сәулесi жарығында Елмырза кәрi шалдың әр жағында жұмыр кеудесi бiр басылып, бiр көтерiлiп жатқан жас тоқалды көрдi. Iшiнен: “Дiңiне мұз қатқан дараққа көк жапырақ қалай жарассын”, — дедi. Сосын ертең құр қол қайтатынын, неше түрлi жағдайды ойлап, басы қатты. Бұл тықырлаған сайын, әлденеден секем ап, Дүзбайдың ұйықтамай жатқанын байқады. “Бәндәның бiр-бiрiн аңдыстырып қойған құдай-ай”, — деп, ол әрi қарай аударылып түстi.

Ертеңiне Елмырза ауылына кеуiлсiз қайтты.

2

Page 62: Uli Sel 2 tom

Қайып хан қашанғы дағдысына басып, ұйқысынан кеш оянды. Үстiндегi түйе жүнi салынған жiбек көрпенi ысырып тастап, қолын көтерiп керiлдi. Сосын аузын ашып, тәттi есiнедi. Қожасының қас-қабағын бағып үйренген малай лып етiп, мұның киiм-кешегiн әкелдi. Қайыпты киiндiрдi. Жүгiрiп барып, етiгiн әкелдi. Жүгiрiп барып, құман алып, хан қолына су құя бастады.

Хан бетi-қолын жуып жатып, мына малайының өмiр бойы бiр шаруадан жалықпайтынына таңғалды. Iзiнше: “Басқа не iстейдi? Ел басқару қолынан келмейдi. Сосын күштiлердiң қолына су құймай нағылады?” — дедi. Бетiн түктi сүлгiмен сүртiп жатып, маймалаңдай жосып бара жатқан малайына көз қиығын тастады. Оның ұры тазыша жылмиған түрiне қарады. Бұл сорлы да өзiнше менi алдайын деп барады-ау! Хан жымиды. Иә, күнде көрiп жүрмiз, осы адамдар арасы не еткен алдау, арбауға толы десеңшi?! Бiр тиын үшiн өлiмiн салып, уысына iлiгетiн кiшкене пайда шетiн көрсе болды, олар ар-ұятты ұмытып кетедi, көздерi қызарып, өңешi сорайып, өңмеңдеп бағады, өсек, өтiрiктi жүнше сабап, неше алуан құбылады. Сүйтiп, ол өзгелердi алдап, ақмақ қылдым деп ойлайды. Жалпы өмiрдiң бiр құпиясы осы. Егер, дедi Қайып iшiнен, алдау-арбау болмаса, мына адамзат баласы баяғыда-ақ қойша бытырап кетер едi. Олардың басын бiрiктiрiп, уысында ұстап тұру үшiн мына дүниенiң дүмдi қулары, хандары, батырлары, дiлуарлары неше түрлi өтiрiк ойлап табады. Қараңғы халық соған құдайдай сенедi. Дүниеде әлiптi таяқ деп бiлмейтiн кiсiнiң соқыр сенiмiнен жақсы нәрсе жоқ. Оны азбен алдап қойып, қалаған жағыңа жұмсай бер. Жұмырына түскенге мәз надан да бiр — айдалада жайылып жүрген қой да бiр. Ақылды қойшы отарын калай қарай айдарын бiледi. Өз ықтиярына көнбей, бұра тартып, қияс шыққандардың кәлләсiн қағып ала қояды! Ең жақсысы, әлгi қойлардың мақаулығы. Надан мал мына дүниеде не болып, не қойып жатқанын, кiмдердiң тақ таласы кезiнде оң жамбасқа түскенiн, қай елдiң қай басқыншының табан астында езiлiп жүргенiн түсінбейдi. Оларға жалмап жұтар жем тауып берсең, — жарайды. Мұның әкесi, оның арғы ата-бабалары сүйттi. Қаһарлы Шыңғыс ханнан тараған төре әулетi пәленбай ғасыр бойы алты алашты ашса — алақанында, жұмса — жұдырығында ұстап келдi. Олар өздерiнiң осал жерiн қара халыққа бiлдiрмеу үшiн неше түрлi айла-шарғы қолданды. Ел көзiн қорқытайын деп өзге жұртты шапты. Қылмыстыны дарға асты. Қызыл тiлiн безеген би мен шешендердiң өңешiн бiтеп, өзiн мақтатып, сайратып қойды. Пайдакүнем, емiнсек жырауларды жалдап, өз атақ-дәрпiн жайдырып, өтiрiгi, шыны аралас, неше түрлi жыр-дастандар шығартып, халық арасына жайдырып жiбердi. Бұ да — алдау.

Соған алданған ел бұл десе, аузын ашып, көзiн жұмады. Алтын тақтан зәре-құты қалмай қорқады. Ал, шынына келгенде, осы тақта тұрған не қасиет бар? Ау‚ ол деген қолдан қиюластырып жасай салынған тақтай емес пе? Соған қарамастан, оның құдiретi сұмдық. Кiм-кiм де тақымының астына тақ тисе, әруақ қонып айбарланып сала бередi. Сәурiк айғырша кiсiнеп, бетiне қарсы келгеннiң бәрiн қырып бiтедi. Кеше өзi де сүйттi. Осы таққа мiну үшiн аталас төрелермен қаншама айқасты? Ақыры бәрiн жеңiп, бүкiл Орта жүздi уысында ұстаймын дегенде, мұның сорына қарай, орыс орам ала бастады. Қайып арғы-бергi уақиғаларды ойластыра отырып, ақ патшаның бүкiл қазақ даласы қармағына түскенше алдап-арбайтынын, өзi секiлдi бас көтерер азаматтарын айла-шарғымен өз жағына тартатынын сездi. Кейiн әмiрi жүргесiн, ақ патшаға билiкке таласар хан, сұлтандардың керегi шамалы. Мисыз қойға милы бас бiтiру қашан да кәуiптi. Ондайда қойшы әлгi қойлардың кәлләсiн қағып ап, етiн мүжiп, сүйегiн итке тастайды. Қайып хан, өз ойынша, оған көнбек емес. Сол себептi ол, мiне, неше жылдың жүзi болды, Ұлытау өңiрiнде бiр тыныштық тапқан жоқ. Ақмола бекiнiсiн талай рет шапты. Орыстардың сауда жасап жүрген керуендерiн талап, қолға түскендерiн құл етiп, Хиуа базарына апарып сатты. Айтқанына көнбеген Орта жүз руларын қан-жоса қылды. Бiрақ бұл бiр нәрсеге қайран. Қаншама қатыгез боп, ел көзiн қорқытам деген сайын, халық қақпанның қатты басылған серiппесiнше ширыға түседi. Бұл қандыауызды бекем ұстап, тиегiн салып коям деп әуреленедi. Iшiнен тиек сәл босаса, серiппенiң жазылып, қос қандыауыздың бiреудiң аяғына сарт ете түсерiн бiледi. Бұл сонау Әбiлқайыр, Әбiлмәмбет, Барақ, Абылай, Уәли замандарында үш ұйықтасаң түсiңе кiрмейтiн жәйт. Әлде дүние асты-үстiне шыққалы тұр ма? Қайып күрсiндi. Өзiнiң Арқада тиыштық таппай, Сырға құлаған жайын ойлады. Iшкi есебi бойынша, әлi ақ патша шеңгелiнен қалыс жатқан Сыр елi ғазауатқа қосылып қалмақ. Хиуа ханы Мұхәммәд-Инақ да сүйдейдi. Бұл соңғы кездерi басқа iстер шарасы қалмай, Хиуамен ауыз жаласа бастаған. Бұхара мен Қоқанның хан-әмiрлерiне де елшi жiберген. Бәтуалы әңгiме бола қоймаса да, әзiрге олардың сөз iләмдары жаман емес. Биыл Сырға ауғандағы негiзгi мақсатының өзi — Хиуа ханымен жақындаса беру болды. Кiм бiлiптi, ертең басына күн туса, солай қарай түрiле көшер. Бiрақ Хиуа ханы тағыма сұғын қадар деп, бұған құшағын аша қояр деймiсiң? Ортақ өгiзден оңаша бұзау жақсы емес пе? Елдi алдап-арбап, жеке сұрап қалған хан ортақтасуға көне ме? Әлде жеке кiсiден құдiрет қашқанда, жалпак жұртты өзара ыңғайласып, ауыз жаласқан топ кiсi билей ме? Мүмкiн, ондай да шығар. Тек одан не өзгередi? Билiк ауысқан шақта қалың бұқара, көп болса, бiр дүрлiгер. Сосын у-шу басылғасын, жүзiктiң көзiнен өткен қу кiсiлер қайтадан тiзгiндi қолына алмай ма? Тағы да, әрине, жаңа ыңғайда, ел-жұртты тәттi тiлiн сорғызып алдамай ма? Оған аңқау ел бөркiн аспанға атып, мәз болмай ма? Бұл қулық қай заманда құрыған? Тек қана оның түрi ғана өзгерген. Соны мына жұрт түсiнем дегенше қайда? Қайып мырс еттi.

Жалпақ жылтыр бетiне ызалы мысқыл шапты, көзiн сығырайта есiк жаққа қарады. Кенет ақ патша жағына шығып кеткен Қаратай, Тортай төрелер жайында ойлады. Ата-бабаларына өмiрi билiк тимеген олар бiреудiң қолымен от көсеп, таққа мiнсем дейдi. Жақында Тортайдың осы жаққа ат iзiн салған жайын естiген. Сол жайында Елмырзадан қиялап отырып сұраған. Iштеп кеткен неме емес пе, қара бұжыр бетi жылмиып, ол жаққа қадам баспай қойды. Содан кiп алған бұл iштен тынды. Ертесiне Хиуаға елшi жiбердi. Ол бүгiн-ертең келiп қалмақ.

Қайып Сырға мыңға жуық төлеңгiтiмен ауған едi. Солардан жасауыл құрап, осы елдiң басты-басты ақсақал, би, батыр, байларына сәлем жолдаған. Хан ордасына билердi мәжiлiске шақырған. Қазақтар мыңға жуық қол құрап бере алса, Уәйiс-Ниязбен тiзе қоса, отырып, Перонскийдiң Райымға салған бекiнiсiн тас-талқан қылмақшы. Бiрақ биыл қыстың қаттылығын, жолдың ауырлығын сылтауратып, ел басы жиылмай жатыр. Соған қарамастан, ол кеше жасауылдарын ауыл-ауылға қайта шаптырған. Iшке iнiсi Нақып кiрдi. Қара сұр, шымыр жiгiт ерке өсiп, жастайынан-ақ батыр, тентек аты шыққан. Өзi өжет. Мұның үстiне еркiн кiретiн сол ғана. Ол ақ отаудың ортасында маздап жатқан сексеуiл шоғына шырт түкiрiп, бұған тура қарады:

— Аға, кiсiлердiң алды келе бастады.Қайып оған аңтарыла қарады:— Не, не?— Шақырған кiсiлерiң келiп жатыр деймiн.— Ә! Оларды қайда түсiрдiңдер?

Page 63: Uli Sel 2 tom

— Қонақ үйге.— Дұрыс. Жақсылап сыйлаңдар.— Олар мәжiлiс қашан болады деп жанды алып барады.— Асықпасын де.Қайып iшiнен шүкiршiлiк қып, орнынан түрегелдi. Нақыпқа жақын кеп, арқасынан қақты:— Жарайсың! Кiсi алдарың бар. Ендi ел көзiне түсетiн кезiң. Барып, жиылғандары ырза ғып жайла.Сосын бар ғой...

— Ол ойланып, аз тұрды да, қолын немқұрайлы сiлтей салды. — Бара бер. Бiр қазақты алдайтын қулығың бар шығар. Бiрақ байқа! — Қайып хан күлiп, жұдырығын түйiп көрсеттi.

3

Хан ордасына жиылған жұрт гу-гу. Сәлем берейiк, тақсырың жүзiн көрейiк деп алыстан ат арытып келiп жатқандар да жетерлiк. Әйбек, Үмбет билер, Малдыбай, Сағынай, Мамырай, Дүзбай, Тайпан, Ережеп, Елмырза, Әбдiраман тәрiздi осы өңiрдiң шөп басына шығар ығай мен сығайлары тегiс жиылған. Арнайы шақырғасын, Қарақұмның бiр ойында қыстап жатқан Тоғанақ батыр да келiптi. Көптен берi жүз көрiспеген ел жақсылары себеппен бас қосысып, аман-саулық сұрасып, шұрқырасып жатыр.

Әуелгi күнi Қайып хан келген кiсiлермен сәлемдесiп шығып, қонақасы бердi. Он шақты қысыр бие сойылған. Саба-саба шұбат әкелiндi. Табақ-табақ еттi жеп ап, бойлары ауырлаған қонақтар маужырап, бейжай. Оларды Қайып хан сыйларын сыйласа да, өзi бұлармен араласа да қойған жоқ. Отауына кiрiп, бөлектенiп алды. Бұлар бабын тауып, жайғастырып жүрген Нақып қана. Ол төлеңгiттердi қасы мен қабағымен ымдап жұмсап, аяқтарын жерге тигiзбедi. Келген кiсiлер ет жеп, шәй iшiп болғасын, Нақып саба-саба шұбат алдырды. Ырсылдай тойған қонақтар қолдарын тостағандарға ерiне созып, дәмi ашқылтым, исi танау қыдықтайтын шұбаттан бiр-бiр ұрттап, керi қайтарды. Сосын кiсiлер жататын ыңғай бiлдiргесiн, Нақып оларға тез төсек салдырды. Елмырза бөлек үйге кеттi.

Ел кiсiлерi оңаша қалғасын, шешiнiп жатып, бiрлерiн түртiстi:— Құда, бұл өзi қалай болды? — дедi Малдыбай Сағынайды бүйiрiнен түртiп.Сағынай ақырын күлдi:— Сыйлауы қатты.— Мен де неге деп отырым.— Көп сыйдың соңы ауыр болушы едi.— Айтпа! Тегiн келiп жатқан малды сыйламай, әкесiне ас бере ме? — Малдыбай кiдiрдi.— Сонда... мұнысы бе?— Әй, қайдам.Сағынай Әбдiраман құдасы анада арнайы кiсi жiберiп‚ балаңа тыйым сал дегеннен кейiн, Ниязды дұрыстап

қамшының астына алған едi. Ашу үстiнде Алуашты да сабап тастаған. Ынжық Әбдуәлидiң өзiне батып, ештеме де дей алмасын бiлген. Содан берi өзi қатты ойланған. “Шынында да, ертең мына малға кiм еге болады? Нияздың селкiлден басқа ермегi жоқ”, — деген. Сол үстiне хан шақырды. Ендi мына енапат сыйдың артында жатқан салмақты сезiп, iштен тынып жатыр.

Малдыбай да әбiгер үстiнде. Қызылға айдатқан жылқысының төрт-бес үйiрi кешегi ақбасқында ығып кеттi. Жау алғаны, ұры алғаны белгiсiз. Iзi-тозы жоқ. Оның бәйбiшесi соңғы кезде құлағына маза берудi қойды. “Балаңды оң жақта отыртып кәртейтесiң бе? Алмағайып заман. Өз әбiрейi өзiнде тұрғанда, әйле-пәйлеге қаратпай‚ тездетiп құтты жерiне қондыр”, — деп, қақсайды да отырады. Малдыбай оған еш қарсы емес. Тек жетiм қыздың тойындай қылмай, сән-салтанатын асырып, ажармен, атақ шығарып ұзатсам дейдi. Сол оймен ұстаны шақырып, алқа, жүзiк жасатып жатыр. Ендi мазасызданып жатқаны — қашаннан ел мойнына түсер салмағы ауыр мына ханның шақыртқан жайы. Ол iшiнен: “Неге?” — деп, әрлi-берлi аударыла бердi.

Әбдiраман тым-тырыс. Тышқан аңдыған мысықтай ыңылдап, жәй жатыр. Бағана жөнiн сұраған кiсiлерге қыстауым деп басқа жердi сiлтеген. Өзi осылай қарай жүрерiнде сақтық ойлап, Жоламанға жүктердi буып-түйіп дайын отыр деп тапсырған. Ендi iшiнен сылқ-сылқ күлiп, құдасына қарап:

— Тақсыр... жәй, былай... ел жақсыларымен танысайын деп шақырған болар, — дедi,Аңқаулау Малдыбай Әбдiраманға бұрылды:— Солай ма?— Ендi қалай дейсiң? Соғымға алар малын алды. Менiңше, бұ жолғысы — басқаша болуға тиiс.— Мына сөзiңнiң жаны бар, — дедi бағанадан берi үнсiз жатқан Мамырай.— Әй, тегiн емес-ау, — деп, мына жақтан Дүзбай күңк ете түстi.— Ендi... неде болса, тәуекел, көрермiз.Ертеңiне Қайып хан кәдiрлi қонақтарына тағы да кәделеп мал сойдырып, табақ-табақ ет тарттырды. Күн түске

тармаса, көп халық хан ордасына жиналды. Қайып хан төрге қойылған тақта отыр. Одан төмен қарай ығай мен сығайлар қатарласа малдас құрған. Үлкен жиынға бүгiн таңертең ғана жеткен Елдес пен Жәнiбекке орын төменгi жақтан тиiптi.

Қайып хан сөздi әрiден бастады. Сонау Шыңғыс хан тұсынан бермен қарай ұлан-байтақ даланы емiн-еркiн жайлаған қазақ рулары арасында татулық, ағайыншылық болғанын, үш арыстың баласының құба қалмаққа да дес бермегенiн жыр ғып өттi. Сосын бiрте-бiрте кәзiргi жағдайға ауысты. Оның айтуьшша, кәзiр қазақтардың жағдайы мәз емес. Қарнының тойғанына мәз көп тобыр iргесiндi не болып, не қойып жатқанын бiлмейдi. Жаудың тәттi тiлiне ередi. Қайып хан сөз арасында ақ патшаның қазақ даласын пұшпақтап кесiп ап, бекiнiс сап, iрге теуiп, iшкi жаққа дендей енiп келе жатқанын айтты. Мына төменгi Атырау, Нарынқұм жақ, терiскейдегi Торғай, Қостанай, Көкшетау бойы, шығыс жақтағы Жетiсу өлкесi кәзiр ақ патшаның уысында тұр. Түсiнген кiсiге ақ патша қазақ даласын осылайша орап алмақ. Ендi сол қулықты түсiнетiн кез жеттi. Қайып хан жұрттың әруағын қоздырайын деп, даусын қаттырақ шығарып сөйледi. Бiз бұған неге көнуге тиiспiз? Бiз де iргелi ел емеспiз бе? Кәзiр үш арыс бiрiгiп, ауыл арасының ашу-араздығын тастап, ұлыс болар шақ. Оян, қазақ, оян! Жан-жағыңа көзiңдi ашып қара! Көсемнiң маңына топтасып, бес қаруыңды сайла! Қайып хан желпiнiп барып тоқтады.

Кейбiр ұр да жық, әпербақан кiсiлер хан сөзiне тебiренiп кетiп, көздерiне жас алысты:— О, әруағыңнан айналайын Абылай хан! Сенен қалған жүрәт екенi көрiнiп-ақ тұр!

Page 64: Uli Sel 2 tom

— Хан тақсырдың сөзiнде iж қалет жоқ!— Пайғамбарымыздың жасыл туын көтерiп, өзiң бастап шық! Кәпiрлердi қырамыз! — деп, кейбiр алаңғасарлары

орындарынан атып-атып түрегелiп, лепiрiп барады.Жоғары жақта отырған Әйбек би жұртқа қарап, қолын көтердi:— Уа, жамағат тиыштал! Мұндай iске айқай — шорқақ, ақыл — зерек. Өздерiң жаңа есiттiңдер, жағдайымыз

әлгiндей екен. Сонда не iстеймiз?Ел тым-тырыс. Сiлтiдей тына қалған жұрттың үнсiз алған тынысы ауырлай түскендей.Қайып хан тағы сөйледi:— Менiң де айтпағым осы. Өздерiң бiлесiңдер, ақ патша мына iргеңдегi Райымға кеп табан тiреп отыр. Оған қолы

жеткен кiсiнiң ертең жағаңа жармаспасына көзiң жете ме? Менiңше, iстi осыдан бастау керек.Жұрт самсоз. Бағанадан берi шуылдасқан жұртқа жақтырмай қарап отырған Тоғанақ батыр сол арада:— Сонда сiз бiзге ақ патшамен соғыс дейсiз бе? — дедi.— Иә. Мына Райым бекiнiсiн талқандау керек.— Оған... шамамыз жете ме?— Үш арыс бiрiксе, жеткенде қандай? Менiң айтпағым да осы. Тездетiп қол құрап, Райымды шапқан жөн. Дүзбай қақырынып, қозғалақтап қойды.— Жарайды, тақсыр‚ көнелiк. Бiрақ қыстың көзi қырауда қалай жиыламыз? Бұрғаған боранда жауға тиiсе қою оңай

ма? Былай жер аяғы кеңiгесiн болмаса...— Жоқ, қайта осындай қысылшаңда тиiскен дұрыс, — дедi Қайып хан даусын нықтай сөйлеп. — Олай дейтiн

себебiм, кәзiр Райымдағы орыс әскерiнiң саны аз. Олардың артынан әскер мына боранда көмекке келе алмайды. Кейiн қашса, баяғы Пераускидiң кебiн құшады.

— Бұ да дұрыс сияқты.— Әй, қайдам?— Жарайды, дұрыс делiк, — дедi Мамырай жұртқа жағалай қарап. — Бiрақ бiздiң мылтығымыз жоқ қой. Жасанған

зеңбiрiктi әскерге қалай қарсы шабамыз? Осы соны ойладыңдар ма?Жұрт қайтадан үнсiз қалды. Қайып хан лаулап жана бастаған кiсiлердiң салқын тарта түскенiн аңдап, даусын көтере

сөйлеп:— Бiз о жағын да ойластырдық, — дедi. — Осы күресте қазақ жалғыз болмайды. Оны Хиуа, Қоқан хандары, Бұхара

әмiрi қолдайды. Мен Хиуаға кiсi жiберiп, ағылшын мылтығын сатып алуды алдын ала ойластырдым.— Ау, оны қалай атамыз? — деген бiрнеше дауыс қатар шықты.— Қалай атуды үйрететiн кiсi Хиуадан келедi.— Е, онда жөн. Болмаса ананы атам деп, өзiмдi қызылдап алсам, шаруам бiтпей ме?Төртқара Үмбет би қасын ауыр қозғап:— Хан ием, ойыңызды түсiндiк. Сонда әлгi мылтықтарды Хиуа бiзге су тегiн бере ме? Жоқ, әлде оның өтеуi бар ма?

— дедi.— Әрине, далада тегiн жатқан дәнеме жоқ. Қаруды сатып аламыз.— Сонда... елден мал жинаймыз ғой?— Иә.Үмбет би үнсiз қалды. Әйбек би де қабағы салбырап, бижай отыр. Өз халқымен бiрге жасасып келе жатқан олар

осындай қызу, делебе қозған шақта ел малының талай алаяқтың жетегiнде кететiнiн жақсы бiлетiн. Кәзiр де олар, аңқаулығының салдарынан байғұс қазақ әлi талайға жем боларсың, деп, қалғып-мүлгiп отыр.

Тоғанақ батыр да үнсiз. Бар ойы — үйiнде қалған, айы-күнi жетiп, жетiсiп отырған әйелiнiң үстiнде. Оған қоса жақында батыр ауылына Қаратай сұлтан келiп кеткен-дi. Ол мысықтабандап отырып, бұған бар жайды түсiндiрген. Батырды Перонскийдiң өзi бiлетiнiн айтқан. Қаратай Перонскийдiң өзi берiп жiбердi, деп, Захваткин екеуi Орынбор базарынан сатып алған iшiктi арқасына жапқанда, мұның мәртебесi өсiп қалғандай болған. Сол жолы Қаратай сұлтан ақ патшаға қарсы еш әрекет жасамаймын деген мұның уәдесiн алып та кеткен едi. Сөзге сенер аңғал кiсi сол себептi былқылдап отыр.

Мал жайын естiгенде байлардың қабақтары түсiп кеттi. Қайып хан аңғырт сөйлегенiн сонда барып бiлдi. Сонда да бел бергiсi келмей:

— Мұндай үлкен iс үшiн мал мен жан садаға емес пе? Fазауат жолында шәһид болғандар тура бейiшке барады. Оның азын-аулақ шығынынан қорқатын не бар? — деп, бетi дуылдап, күреңiтiп барып тоқтады. — Кәне, ауыз бiршiлiкке бата қыламыз ба?

Ел самсоз. Бәрiнiң бастары төмен қарай салбырап кеткен. Сол арада Тиышбек орнынан атып түрегелiп: — Уа, халайық! Уа, жұртым! Хан ием айтқанда, қалай дәтiң шыдап отсың? Бәтуаға келейiк! Кәне, илләһи әумин, —

деп, сексеуiлдiң бұтағынша тырбиған қолын жоғары көтердi.Сасып қалған ел не дерiн бiлмей, бiр-бiрiне қарасып ап, ақырындап бiртiндеп қолдарын жая бастады. Жасы үлкен

Әйбек би дұға оқып боп, ауыз бiршiлiкке тiреп тiлек етiп, бетiн сипады. Қалған ел де беттерiн сипасты.— Ендi бiзге қолбасы керек, — дедi Қайып хан. — Менiңше, оған Тоғанақ батырдан лайық кiм бар?— Өте дұрыс.— Лайқат.— Болсын.Тоғанақ батыр ел қанша жалынса да, ырзашылығын бермей қойды:— Мен кәртейдiм. Жасым ұлғайғайған кезде кiлең қыршын жастың обалына қалғаным жараспас. Басқа менен гөрi

жастау, қолайлы бiреудi табыңдар.Ел әрi кеңесiп, берi кеңесiп Жәнiбекке тоқталды. Елдес, Қалдыбай, Қожақ, Қасқырбайларды жүзбасы етiп белгiледi.

Жiгiттер ақпанның ортасына таман Қазалы төңiрегiне жиналсын деп бiр тоқтамға келiстi.Сол күнi желпiнген жұрт сайын даланың әр жақтағы сай-шұқырын бетке алып, шашылған тарыша бытырай тарап

бара жатты.

Page 65: Uli Sel 2 tom

4

Тиышбек хан ауылынан ұзап шыға бере, астындағы жаман атының тiзгiнiн тартып, қылтанағы жоқ иегiн қолымен уыстап, тоқтай қалды да: “Қайда барсам екен?” — деп ойлады. Ол жақын маңдағы бай ауылдарды бiр-бiрлеп есiне ап, iштей мырза, жомарттығын сынап шықты. Ешқайсысынан мына апшыны қуырып тұрған қыста ашық қабақ көрсетер райы жоқ. Өз үйiне қайтуға құлықсыз. Ол биыл қыстауына көшуге белi мықты көлiк таба алмай, Сыр жағында күл шыққан кiсiше жалғыз өзi сопиып қалған-ды. Сосын әйелiнiң ақылын тыңдады. “Қолдағы жандыққа қамысының өзi әрi азық, әрi ықпана. Осы бiзге Тұрғали ауылынан қолайлысы жоқ”, — деп, құлағының құрт етiн жей бергесiн, нар тәуекел деп, көшiп алған. Алғашқы қарқынмен қызу қимылдап, қырып жiберетiндей боп жертөле қазды. Белуарға жете бере қара етi жыртылып, қолын көтеруге шамасы жетпей, жаман жаппасына сүйретiлiп шаққа жеттi. Осының бәрiне кiнәлi деп, әйелiн түтіп жей жаздады. Ертеңiне Әбдіржан молдаға барып, iшiрткi алып iшейiн деп, атына қонды. Тиышбек сол кеткеннен мол кеттi. Қуаң бойында жағалай отырған бай ауылдардың бiрiне қонып, бiрiне түстене жүрiп, қарашаның қалай туғанын да аңдамай қалды. “Әй, битбалақ жаман қатын не оңдырды дейсiң? Аузын маған ашып, қарап отырған шығар. Осы жаман қатын-ақ алтын басымды қор қылды-ау!” — деп ойлап, ауылына келсе, — Ақрәш жертөленiң төбесiн жауып, iшiне кiрiп алыпты. Тиышбек жып-жылы үйдi көрiп, қуанып кеттi. Қара шәйдi борша-боршасы шыға терлей iшiп отырып:

— Апырмай, қатын, нағыз рәһат мұнда екен ғой, — деп қойды. — Мына борсығы түспегiр қыстан неге қоңды шығады десем, iнi жылы болғасын екен-ау! Ендi бiз де iн қазуды үйрендiк. Ақбасқын соқса да, бiр талымыз қисаймайды.

Дәңкәсәлау Ақрәш ыржиып күлдi:— Осыдан қисайып көрсiн! Түбiмен қопарып, жұлып алайын. Ал ана... iн дегендi күнде-күнде қазып атқан жоқсың

ба?Тиышбек шарт етiп ашуланды: — Өй, көргенсiз! Бала отыр, шаға отыр демейсiң. Аузыңа келгенiн аталай бересiң! Осы саған баланның көзiнше

боғауыз айтпа деп қашанғы қақсаймын? Өй, мәгәс!Содан ашуланған Тиышбек көршi Тұрғалидың үйiне кетiп қалды. Сол үйде жүгерi көжеге тойып, Тұрғалиды

жетiстiре мақтап, сыртқа шыға бергенiнде, Ерғали килiге кеттi. Тиышбек осы қызылкөзден қорқатын. Ол барда есе сөйлемей, үндемеуге дәтi шыдамай, қыпылықтап бiтетiн. Ерғали шапыраш көзi бақшия қадалып:

— Әй, сыбағаңнан қалып қойдың ғой, — дедi.— О қандай сыбаға? — деп, Тиышбек жылыстап өтiп кетпек боп едi, Ерғали алдын бөгедi.— Қандай сыбаға болушы едi? Сен сияқты ат үстiнде жүрген азаматтардың не алып, не қоятынын бiлмеймiсiң?

Мына Қайып хан ауылына шөпке шығарларды жинап, шүлен таратып жатқан көрiнедi. Соған бармайсың ба?— Өй, қойшы, — деп, Тиышбек Ерғалидан шаққа босанып шықты. Iшiнен: “Өй, әкеңнiң аузын, — дей берiп,

ойланып қалды. — Шынында да, барсам, немене ол менiң ат-тонымды шешiп ала ма? Қайта бiрер күн сорпа-суымды айырып келмеймiн бе?”. Сол қамшы боп, ол үйiне дәудiрлей кiрдi. — Қатын, а, қатын, өзiң балларға бас-көз боп отыра тұр. Былай, атқа мiнiп, ел көзiне түсе бастасаң, осы, санаттан қалдырмайды. Мына, Қайып хан арнайы шақырған екен. Бармасам, ұят болар, — деп, жаман атына ер салып, хан ауылы қайдасың деп сызып берген. Содан босап тұрған бетi осы.

Тиышбек кенет қуанып кеттi. Жымыраңдай күлiп, атының басын Ережептiң ауылына бұрып та алды. Кеше ол Ережептi Қайып ханның мәжiлiске шақырғанын бiр кiсiден естiген. Ендi оның келмеген себебiн iштей топшылап, атына қамшыны баса түстi. Қалың түскен қарға омбылап, Ережептiң ауылына шаққа жеттi.

Ережеп үйiнде екен. Тиышбек сараңдау Нағиманың шытынған қабағына ау-тауық қарап қойып, ешiп отыр:— Содан, Ережепжан, саған өтiрiк, маған шын, Қайып ханның өзi кеп, былай, қолымды алды. “Атақты бай болмаса

да, атаңды бiлушi едiм”, — деп, қызметiне жегiп қойды. Қолдан келiп тұрғасын аянайын ба, былай, оңын — оң, солын — сол ғып, жалпақ жұртты жайлап, ырза қылдым...

— Жарайды, ол түсiнектi ғой, — деп, Ережеп күлiп, мұның сөзiн бөлдi. — Одан да мәжiлiсте не болғанын айтсайшы.— Ойбай, бала, қызық, — деп, Тиышбек қызып кетiп, Ережептiң оң тiзесiн алақанымен сарт еткiздi. — Қайып хан

мына Райымға бекiнген ақ патша әскерiн қуып шығайық дедi.— Иә, сосын?— Ел соған бәтуа қылысты. Әскер жинайтын болысты. Бiрақ мына Жәнiбек ит екен. Өзi қолбасы боп алғасын, менi

көзiне iлмей қойды.— Е, неге?— Неге, неге? Немене менi ана жаман Қасқырбай сияқты жүз басы бола алмайды дейсiң бе? Әттең, қолыма билiк

тимей, қор боп жүрмiн ғой. Болмаса ел басқарғанды көрсетер ем.— Шын ба? — Ережеп ақсары бетi жайыла жымиды.— Ережепжан-ау, осы сенiкi не сөз? — деп, Тиышбек шырт ете түстi. — Шын баң не? Ау, арғы атамның ана

Шөмекей Киiкбай батырша жау қайырмаса да, ауыл арасыңа әмiрiн жұргiзгенiн бiлмеушi ме ең?— Жарайды, ойнап айтам. — Ережеп байсалды тартты. — Жаңағы әскер құрамыз дегенi рас па?— Рас. Қылаудай өтiрiгi жоқ.— Сонда... Райымды қашан шабады?— Жақында.— Е, жөн екен. — Ережеп әлденеге ыбылжи бастаған Нағимаға қарады. — Әй, сенiң қазаныңның iшiне тас түсiп

кеткен бе? Мына қайнағаңның қарны ашты ғой. Болсайшы!Тиышбек қуанып кеттi:— Е, деген екен!Тамақ жеп отырып, Ережеп әлденеге тұнжырай бердi. Тиышбек оған мұртынан күле қарап, қулана көзiн қысып, ағаш

табақтағы майлы еттi жеп, обып барады. Оны жалап-жұқтап жеп болғасын, бiр кекiрiп, екi кесе сорпаны iше сап:— Уһ, жаным-ай! — деп, жанындағы көпшiкке қисая кеттi. Тырсиған қарнын шертiп, әлдеқандай терменi жаман

даусымен ыңырсып айтып жатыр.Ережеп кенет бұған тура қарады:— Тәке, сен де сол шайқасқа қатысасың ба?

Page 66: Uli Sel 2 tom

— Е, қатыспай менi кiм деп едiң? — деп, Тиышбек маңғазданып, шалқая түстi.— Оқ тисе қайтесiң?— Кәйтем? Көп болса, жаралы болармын. Баяғыда мына Ырғыздағы Алмат сардардың атасы Шобдар Киiкбай

батырдың қара санын садақ оғы көктеп кеткенде, бәйбiшесi Қына үстiнен аттап, түсiрiптi дейдi ғой. Немене одан бiздiң қатын кем бе? Кәпiрдiң атқан оғын аттап түсiре алмаса...

Сол арада аяқ-табақты жуып жатқан Нағима мырс етiп күлiп жiбердi.Тиышбек тiлiн тiстей қойды. Қыз күнiнде осы әйелiнiң ауылының бiр жiгiтiмен кеуiлдес боп, атаққа шыққаны есiне

сарт етiп түсе қалды. Ендi ол қипақтап:— Ережепжан, өзi... былай... қайдам. Бүгiнде кiсi қатынға сенiп бола ма? Қойныңда жатқанына мәз боп жүргенiңде,

оның ойында не жатқанын қайдан бiлесiң? — дедi.— Өй, оны қойшы. — Ережеп қабағын шытты. — Осы сендер соның артын ойладыңдар ма?— Оның... не арты бар?— Арты сол, ертең кiлең мылтықты жауға қарсы шабарсыңдар. Сонда қолдарыңнан не келедi? Қойдай жусап

қалмайсыңдар ма?— Апырмай... мынауың рас. Баудай түсемiз-ау, ә!— Сонда...— Рас, рас. Қырылсақ бiз қырыламыз. Одан Қайып ханның несi қисаяды? — Тиышбек жағасын ұстады. —

Астапыралла, оның бетi әрмән!— Осы сен... орыстардың қару-жарағын көрiп пе едiң?— Жоқ.— Ендеше... көрсең кәйтедi.— Көрейiн.— Сен онда... мен хат жазып берейiн, соны Тортай төреге апарып бер. Ол маған... бiр жылқы қарыз едi, сол жайлы

кәзiр жаза қояйын. Сен... сонда хатты бер де, жан-жағыңа көз сала жүр.— Мақұл. Айтпақшы, орыстар менi ұстап ап, ана ит жеккенiне айдамай ма?— Өй, олар сенi нағылсын.Ережеп тездетiп хат жазды. Тиышбек қыбыжықтап:— Ережепжан, өзiң бiлесiң, қыс қатты. Астыма мiнген көлiгiм нашар,— дедi.— Басқа белi мықты ат берем. Жетегiңе тағы бiр ат ал.— Е, дегендей! — Тиышбек алақанына түкiрiп, шарт еткiзiп соғып қалды. — Мiне, қызық! Содан аман-есен келсем,

Тиышбек батыр атанам-ау, ә! Әлде... — Тиышбек жансыз де.— Е, жансыз кiмнен кем! Тиышбек жансыз, ә! Жаман емес қой!Ертеңiне Тиышбек хатты қалтасына басып ап, жолға шықты. Астындағы атын сар желдiре отырып, ауыл қарасы

көрiнбей кеткесiн: “Осы астымдағы атты олжа ғып, жөнiме тайып тұрсам кәйтедi? Онда... Ережеп өмiрi iзiмнен қала ма? Жарайды, бұ да бiр нәубет шығар”, — деп, атын тебiне түстi. Қаламбай, Қарабатырдың тұсынан өте бере, әуестiк жеңiп, қойнындағы хатты алып карады. Жыбырлай созыла түскен араб әрiптерiн анық ажырата алмай, көзi талып, жазу бұлдырап кеттi. “Бұ не жазды екен? Өтiрiк қой. Қайдағы жылқы!” — деп, аз-кем кiдiрдi. Сосын: “Онда менiң шаруам қанша?” — деп iлгерi жүрiп кеттi. Жолшыбай қонған, түстенген ауылдарында өзiнiң Райым асып бара жатқанын, Ережептiң хатын алып, сәтi түссе, тура ақ патшаны көрмек боп, Петербор асатынын жыр ғып айтып отырды. Тиышбек Райымға жетем дегенше шұбатылған өсек-аяң жалпақ жұртқа тарап та үлгердi. Ол жарты ай дегенде Райымға жеттi. Тортайды iздеп тауып ап, хатты табыс еттi. Содан алақ-жұлақ етiп, жан-жағына қарап, өңешi үңiрейген бес-алты зеңбiректi көрiп, жағасын ұстады:

— Сұбханалла! Сұбханалла! Мынаның бетiн әрмән қыла гөр!

5

Тортай хатты оқып шығып, аң-таң болды. Ол биыл Қайып ханды Сыр бойына қарай ауа қояды деп ойламаған-ды. Анада Ұлытауды басып, Қоқаннан қайтып келе жатқанда, құм арасында отырған ауылдардан Қайып ханның кiсiлерiн көрген-көрмегенiн сұрап бiлген едi. Ендi ханның ата-бабасы талай заман бойы сұраған жерлерiн тастап, қара басын қайттай бастағаны оның артынан тықыр таянғанын айтпай-ақ бiлдiрiп тұр. Тек Қайыптың сөзiне желiгiп, қарусыз ел босқа қырылмаса еттi? Соны жұртқа түсiндiрiп айтар кiм бар? Мына ұзын бойлы, қайыс қара ма? Ол ойланып, Ережептiң хатын қолына ұстаған күйi әрi-берi жүре бастады. Соңынан емпелеңдеп, бұл қайда барса, солай қарай барып жүрген Тиышбекке көз де салмады. Ойы сан-саққа жүгiрiп, бiр тоқтамға келе алмады. Ақырында ол Захваткинмен ақылдасқанды жөн көрдi.

— Не дейдi? Қайып хан осында ма? — деп, Захваткин отырған орнынан атып түрегеп, мұның жанына келдi. Тағы да iшiп алса керек, аузынан ром иiсi сасып тұр.

— Мына хатта солай дейдi. — Тортай хатты көрсеттi. — Алексей Дермидондович, ендi не iстеймiз? — Не iстеймiз дейсiң бе? — Ол қолымен басын ұстады. — Әзiрге сақадай сай тұру керек. Мен кәзiр его

превосходительство генерал-губернаторға кiсi жiберем. — Захваткин әрлi-берлi теңселiп жүрiп кеттi. — Вот, это да! Қайып хан мына жақтан шыққан. Сонда Ақмола округiнiң бастығы қайда қарап отыр, а?

— Мен оны қайдан бiлейiн.— Ах, да, солай екен ғой. — Ол адьютантын шақырып алып, тез бұйрық бердi. Арнайы хат жазып, Орынборға

баратын шабарманның қолына ұстатты. Сосын сәл ойланып тұрып: — Айтпақшы, хат әкелген кiсiң қайда? — дедi.— Сыртта тұр.— Онда, жүр, — деп Захваткин үстіне тонын асығыс кие сап, сыртқа шықты. Келе жан-жағына жалтақтай қарап

тұрған Тиышбектiң қолын алды. — Маңызды хабарың үшiн рахмет. Мә, еңбегiң үшiн, — деп, қалтасынан ұсақ күмiс ақша шығарып, Тиышбектiң алақанына салды.

Тортай Тиышбектiң мәз болған түрiне қарап: “Әй, аңқау қазақ-ай!” — дедi.Захваткин бұған бұрылды:

Page 67: Uli Sel 2 tom

— Мына жерлесiңе айт, бұл жерде қонуға болмайды деп. Ауылына қайта берсiн.Тортай оның сөзiн қазақшалады. Тиышбек ыржалақтап:— Немене, менi осында қонып, құда болайын деп тұр дейсiң бе? Өзiм де қашайын деп тұрмын, — дедi.Захваткин сол арада қулана күлiп, Тиышбектi қолтығынан демеп, атына мiнгiзiп, атты тiзгiнiнен ұстап жетелеп,

бекiнiстiң шетiндегi зеңбiрекке келдi. Артиллеристке:— Кәзiр мына киргиз қақпадан шыға бере, айдалаға бiр ат, — дедi.— Заряжай! — деп, артиллерист басқаларына әмiр еттi. Захваткин Тиышбектiң қолын қысып:— Тағы да рахмет. Сенiң бұл еңбегiң ескерусiз қалмайды. Ал, ендi қайта бер, — дедi.Тиышбек қоқиланып, миығынан күлiп, атын тебiнiп қап, қақпадан шыға бердi. Ол әудем жерге ұзағанда, Захваткин

артиллеристерге қарады. Атқыш зеңбiректiң сорайған мойнын айдалаға бұрып ап, аз кiдiрдi. Iзiнше снаряд салынып, расчет бастығы:

— Атыңдар! — деп қолын төмен қарай кiжiне сiлтеп кеп қалды.Зеңбiрек гүрс ете түстi. Доп ысқыра ұшып, тымық ауаны тiлiп‚ зулап барып‚ көз жетер жерге барып түстi. Әппақ қар

аспанға бұрқырай шықты. Соны көрiп‚ зәресi ұшып кеткен Тиышбек үркiп кеткен атынан аударылып түсiп қала жаздады. Сосын әлдене деп айғайлап, жаман тонының екi шалғайы жалпылдап, ойбайын салып, бетi ауған жағына қарай безе жөнелдi.

Соны көрiп, Захваткин қарқ-қарқ күлдi:— Ол киргиздардың күнi, мiне, осындай болады! Ендi келiп көрсiн!— Қазақтар деңiз, — дедi Тортай шытына қап, — Дегенмен, қазақтар жаугер халық.— Оны... көрермiз. Поручик, — деп, Захваткин ендi даусын қатайтып, әмiр ете сөйледi. — Сiз кәзiр барып,

айыптылар батальонындағы тәртiптi тексерiңiз!— Құп! — Тортай тiкесiнен тiк тұрды. Тортай бекiнiс iшiнде қара жұмыс iстеп жүрген айыптылар батальонына қарай бет алды. Ол кеше Орынбордан тағы

да бiр топ сотталған кiсiлердiң келгенiн, олардың iшiнде Плетневтiң бар екенiн естiген. Бұл келгенде бiр кiщi офицер тұтқындарға ақырып, жекiрiп жүр екен. Ол мұны көрiп, iзет көрсетiп, қалшиып тұра қалды. Сол арада Тортайдың назары шеткерiректе тұқшыңдап жатқан, үстiнде көнетоз шинелi бар кiсiге түстi. Ол да мұны байқаса керек, басын көтерiп, берi қарады. Көздерi дем арасында ұшыраса кеттi. Плетнев! Баяғыда Петербургта жолдастарының арасында қыза сөйлейтiн Плетнев! Кәзiр мулдем қартайып кетiптi. Тортай қатты аяп, iлгерi жүрдi.

— Александр Викторович, — деп, жақын келiп қолын алды.— А, Туртай Садыкович, здравствуйте, — деп, Плетнев қуанып кетiп, құшақтасқысы келгендей ұмтыла бердi де,

iркiлiп қалды. Сосын ыңғайсызданып: — Көрдiңiз бе, бiздiң хал мынадай, — деп, қолдарын екi жаққа жайды.— Оқасы жоқ.— Поручик мырза, тұтқындармен сөйлесуге болмайды, — дедi сол арада шенi кiшi офицер.— Жарайды онда, Александр Викторыч. Осындамыз ғой. Әлi сөйлесермiз.— Жақсы.Тортай бұрыла бердi. Оны-мұны қадағалап, бiлiп алғасын, пәтерiне қайтты. Стукалов тамақ пiсiрiп, үстел үстiне

қойған екен. Мұны көрiп, самбырлап сөйлеп жүр:— Осы мен түсiнбеймiн. Қазақтар да өзiмiздей ел емес пе? Жаңағы кiсi тура бiздiң мұжық сияқты. Ол байғұсты

зеңбiрек атып, неге қорқытты, а?Тортай үндемедi.Стукалов тағы да сөйледi:— Бұл жарамайды. Қарусыз халықты шошытқан дұрыс емес.— Әй, жетер! — дедi Тортай ашуланып. Ол Стукалов сыртқа шығып кеткесiн, алдындағы сорпадан iше бердi де,

қасығына iлiккен бiр кесек шошқа майын көрдi. Бұрын жеп жүргенiне қарамастан, кенет жеркенiп қап, майды есiк жаққа қарай зытырып жiбердi.

6

Қаратай сұлтанның Сыр бойына бұ жолғы келiсi оқшау. Перонскийдiң арнайы тапсырмасы бойынша Шектi тайпасының беделдi батыры Есеннiң бетiн берi қарату үшiн көп сый-сияпат алып, Жем, Сағыз бойына осыдан екi ай бұрын аттанған-ды. Жолшыбай қонған, түскен ауылдарында ақ патшаның әдiлдiгiн, мына төменгi жақта Ресей ауқымына енген Жәңгiр хан қожалығының тып-тиыш өмiр сүрiп отырғанын, бүгiн Хиуа, ертең Қоқан шабады деп шайтаны сескенбейтiнiн аузынан суы құрып айтып жүрдi. Аллақұл заманынан бермен қарай Хиуа бектерiнiң тепкiсi өтiп қалған ел iштерi жылып: “Апыр-май, мынау бiр дұрыс екен. Алым-салығын ап, жайымызға тиыш қойса, қазаққа одан артық не керек”, — деп, дабырласып қалды. Сол дабыра-дақпырт өсе келе, ел iшiнде сәуiрдегi қызыл суша тасып, қаптай жайылып, таралып-ақ кеткен-дi. Мұны Есен батырдың да құлағы шалса керек, ол сұлтанды онша ұнатпай қарсы алды. Қаратай Шектi тайпасының iшiнде атақ, абыройы зор батырды иландыруға тырысып бақты. Жел сөздi ұнатпайтын Есен бiрде:

— Жарайды, сөзiңе сенейiк. Жаңа сен төменгi Ордадағы Жәңгiрдiң жайы жақсы дедiң. Оның рас, ханның халi жақсы. Бiрақ бұқара халықтың көзi ашылмай-ақ қойды ғой, — дедi.

— Ендi... әзелде Аллатағалам бiреудi артық, бiреудi кем ғып жаратқан. Қай заманда да бiреу бай, бiреу кедей боп тiршiлiк етпей ме? Жалпы халықты теңгеру кiмнiң қолынан келген? — деп, Қаратай сұлтан әккiлiгiне басты.

— Оның рас. — Есен аз-кем мүдiрдi. — Дегенмен елдi басқарғасын, жұрттың қамын жеу керек шығар. Жаңағы өзiң айтқан Жәңгiр хан сүйтiп отыр ма? Берiштердiң қос батыр азаматы Исатай мен Махамбеттiң басына зауал тудырған жоқ па?

— Ендi... ол... араз болғасын... — Неге араз? Сендердiң хан-сұлтандарың қара бастарынан басқа ештеңе ойламайды. Жалпақ қазақты қотандағы қой

сияқты иiрiп, жеке-жеке билесем дейдi. Сонда... осы да көрегендiк боп па? — дедi Есен батыр қыза сөйлеп.

Page 68: Uli Sel 2 tom

Қаратай мүдiрiп қалды. “Мынау икемге келмес”. Ол тамағын кенеп:— Мұның бәрi... өткеннiң әңгiмесi. Ендi, дел-сал боп, бiз бүгiнгi жағдайымызды, қазақ халқын қалай аман сақтап

қалу жайын ойластыруымыз керек, — дедi. — Немене үйтердей қазақтың басына күн туып отыр ма?— Тумаса да, туғандай. Ақ патша әскерiнiң қару-жарағы сай. Ол бәрi бiр қазақ даласын, Хорасан мен Қаразымды

бағындырмай қоймайды. Оған бiр қарсы тұрса, қарсы тұра алатын Қоқан, Бұхара, Хиуа хандары. Бiрақ олардың да Ресейге әлi келмейдi. Көрдiң бе, осындай iрi мемлекеттердiң арпалысы кезiнде... екi ортада шыбын өледiнiң керi кеп...

— Неге? — деп, Есен қарсылық бiлдiрiп, қолын көтере берiп тоқтады.— Қара ақылға салғанда, басқа амал жоқ. Байбақты Сырым батыр...— Ол... әуелi көнбедi ғой.— Кейiн ақылға кеп, ақ патша қызметiне кiрдi. Батыр, әлi де ойлан, — деп, Қаратай сөзiнiң соңын ауырлау етiп,

түйiп тастаған.Содан қайтар жолда Төлеу батырға соғып, арқасына iшiк жауып, астына көпшiктi қос қабаттап тастап: “Есеннен көз

жазба! Бiрдеңе болса, маған кiсi шаптыр”, — деп, қатты тапсырып кеткен. Ертесiне Орынборға аттанған. Келген бойда Перонский шақырып ап, мұны Райым бекiнiсiне шұғыл жұмсады. Тапсырманы қысқаша айтты. Генерал-губернатордың даусындағы ызғарға қарағанда, маңызды бiрдеме боп қалған секiлдi.

Қаратай Жем, Сағыз, Ырғыз өзендерiн кесiп өтiп, қақаған қыстың аязына қарамастан, жiтi жүрiп отырды. Жан-жағында өзiн қорғап келе жатқан атты казактарға, алда отырған жәмшiктiң бүкiрейген тұлғасына, сауырлары қырауланып, қатты қарды сом тұяқтарымен күрт-күрт басып келе жатқан тiрсектi, мықты үш атқа енжар қарап, дамылсыз сыңғыраған қоңырау үнiн енжар тыңдап, салқын тарта бастаған күйме iшiнде қасқыр iшiкке оранып, қалғып-мүлгiп отыра бердi. Ұзақ жол қажытып, ара-арасында қалғып кетедi. Шананың табаны әлдеқандай жусан түбiртегiне соқтығып қалғанда, алға қарай еңкейiп кетiп, селк етiп, көзiн ашып алады. Құлағына жәмшiктiң ақырындап созған мұңлы әнi келедi. Ол дұрысталып отырып, өңiрiн қаусырынды. Сосын ақ қар басқан, тақтайдай тегiс далаға самарқау көз тастап, өткен-кеткендi ойлады. Өз әкесi Садық төреге көзi тiрiсiнде билiк тимей қойды. Құдiреттi Барақ, Әбiлмәмбет, Абылай тұқымдары бұған тiзгiн ұстатпады. Әкесi Садық қара халықтан аузына iлiккен аз ғана жемге ырза боп, жеке ауыл боп, отыра бердi. Бiрде замана райын аңғарып, әсiресе, Көкшетау аймағын сұрайтын жамағайыны Уәли төремен есендесiп қайтқасын, Садық күрт өзгердi. Сол жылы Орынборда жаңа ашылған Неплюев кадет корпусына мұны мен Тортайды қатар оқытты. Бiрақ Қаратай сұлтан корпусты бiтiре алмады. Әкесiнен мажал қаша бастағасын, ел әңгiмесiне тiкелей араласып кеттi. Онда да ақ патша шенеунiктерiмен ыңғайласып ап, соларға арқа тiреп сөйлесетiн болды. Бар арманы — ертеректе Батыр хан билеп төстеген Сыр бойын өз аузына қаратып алу. Сол қожалықтың бiр пұшпағы iнiсi Тортайға тисе, басқа туыстарына кеткен кегiн бiр алар едi.

Жақында ол Тортайдың Бұхара, Қоқан жағына аман-есен барып қайтқанын естiп, қатты қуанды. Ол жайында Перонскийдiң өзiнiң айтып отырғанын көрген. Бiрақ Қаратай iнiсiмен әлi қауыша қойған жоқ. Бұл Орынборға Есен ауылынан оралғанда, Тортай Райым бекiнiсiне кетiптi.

Қаратай жөткiрiндi. Кешегi Перонскийдiң Қайып хан жайлы айтқанын есiне алды. Мұның мақсаты — Хиуа мен Қайып хан арасына iрiткi салу, ханды кәйткен күнде де жергiлiктi халыққа қолдатпау. Осы үшiн ешқандай да қаржы аямайтынын, Ресейдiң шығыстағы қожалықтарының өсе түсуiне ұлы император ағзамның баса назар аударып отырғанын Перонский баса айтқан. Кiм бiлiптi, сапар оңынан туып, тапсырманы орындай қалса, бұл патша ағзамның оң қабағына iлiгер. Оң қабақ демекшi, соған Перонскийдiң битiн салып жүргенiн байқаған. 1839 жылғы декабрь айында Ақмешiтке жасаған сәтсiз жорығынан кейiн, ол абыройынан аздап айрыла бастаған. Орынбордың генерал-губернаторы боп басқа кiсi тағайындалған. Кәзiр Перонский мен екеуi арасында бақталастық бар дейдi. Перонский ақ патшаиың көзiне қайта түсу үшiн осы Сыр бойын бағындыруға бар ынта-жiгерiн салып жүр. Қаратай аздап күлiмсiредi. Бiлмегесiн қиын ғой, дедi. Басқа халық iшiнде де кұншiлдiк, бақастық, мансапшылдық бар. Тек олардың түрi бөлектеу. Ең қызығы, кәзiр Петербургта француз iлiмдерiн оқыған жастар қайдағы бiр әулекi сөздерге, қияли пiкiрлерге елiгiп жүрген көрiнедi. Осында жер ауып келген Плетнев жайлы, онымен iнiсi Тортайдың байланысы барлығын анада Ахияр айтқан. Ендi ол әлi шикiлеу iнiсiн сақтандырып қоймақ.

Қаратай сұлтан Райымға жеткесiн, Захваткиннен мән-жайға қанды. “Әй, сұм-ай! — дедi iшiнен. — Арқа жұрты қолдай қоймағасын, ендi мына жақтан шыққанын қараш!”. Қаратай аз ойланып, Захваткиннiң арақ iшiп, қолбыраған түрiне қулана көз тастап:

— Ендi не iстеймiз? — дедi.— Бiлмеймiн.— Нұсқау бойынша, келiссөз жұргiзуге болады. Екi жақтан аманатқа кiсi алдырып сөйлесемiз.— Онда... не деймiз?— Его превосходительство Перонскийдiң айтуынша, Қайып хан кешiрiм сұрап, ақ патша қызметiне кiрсе, қалаған

жерiнен жайлау, қыстау берiледi. Тек ол ендi ақ патшаға қарсы бүлiк бастамаймын деп Құран ұстап, ант берiп, бiр баласын аманатқа жөнелтуi тиiс.

— Қайдам?! — Захваткин аузын арандай ашып, есiнеп, буындарын күтiрлете керiлдi.— Оған Қайып хан түлкi сене қояр ма екен?

— Әуелi... байқап көрейiк те.Қаратай iнiсiнiң пәтерiне келгенде, Тортай мен Плетнев әлденеге қызу таласып жатыр екен. Мұны көрiп, Плетнев

сасып қалды. Тортай таныстырғасын барып, кiнәлi кiсiше күлiмсiредi.Қаратай шешiнiп боп, орындыққа кеп отырды:— Иә, әңгiме не жөнiнде?— Жәй, — дедi Тортай қолын сiлтеп.— Жоқ, бұл жәй емес, — дедi тырыли арық Плетнев судыраған ұзын шашын арық саусақтарымен керi қайырып

қойып. — Сiз патша самодержавиесiнiң саясатын түсiнбей отырсыз. Ол жайында Лондонда Герцен өзiнiң “Колокол” дейтiн журналында жазып жатыр.

— Сонда... ол не саясат? — дедi Тортай тiктелiп.— Ақ патша бұратана халықтарды онан әрман езедi. Оларды құл етедi. Өмiрi мұндай сөздi естiп көрмеген Қаратайдың зәре-иманы қалмады:

Page 69: Uli Sel 2 tom

— Олай болуы мүмкiн емес.— Әбден мүмкiн.— Сәл, сабыр етiңiз, — дедi Тортай даусын қаттырақ шығара сөйлеп. — Қазақтар деген табиғат аясында өскен ел.

Руссо аңсаған тiршiлiк дәл осында. Ендi соған Ресей, феодализм шырмауында жатқан Шығысқа қарағанда, бостандық, озық Европа мәдениетiн әкелмек. Сонда мұның несi құлдық?

— Мәдениет... — Плетнев күлiп, қолын бөлменiң бұрышына қарай сiлтедi. — Дұрысы, зеңбiрек деңiз. Тортай қып-қызыл боп, үндей алмай қалды. Қаратай әңгiменi ушықтыра түспейiн деп:— Ол ендi ұлы император ағзамның шаруасы ғой. Бiздiң бұл араға кiрiсуге хақымыз жоқ, — дедi.— Неге хақымыз жоқ? — Плетневтiң көзi бақырайып кеттi. — Өз тағдырын өзi шешуге халықтың неге хақысы жоқ?— Бұрында да, кәзiрде де ел тағдырын патша, хан шешедi, — дедi Қаратай салқын тартып.— Бұл ең зиян пiкiр. Рас, осы кезге дейiн тарихта аты белгiлi жеке, күштi кiсiлер халықты қойша бақты. Ендi оның

заманы өттi. Англия, Франция, Америкадағы төңкерiстер халық құдiретiн көрсеттi.— Бiрақ... халық атын жамылып, ақ сүйектердi бұқараның қолымен құртқасын, майда буржуазия билiктi қолына

алды ғой, — дедi Тортай сөзге кiрiсiп.— Мәселе, мiне, осында. Олар бүқара халықтың надандығын пайдаланып, өз жағдайлары жақсарғасын, күрестi

тоқтата қойды. Бiрақ халық күресуiн қоймайды. Жеке кiсi билейтiн мемлекет түрiн, яғни монархияны жояды. Бiзге республика керек. Бұл деген халық өзiн-өзi билейдi деген сөз.

— Демек, автократия құрып, демократия болады ғой.— Дәл солай.Қаратай сұлтан өзi сөйлесiп жүрген шенеунiктердiң аузынан өмiрi естiп көрмеген әлгi сөздердiң төркiнiн iштей

шамаласа да, анық түсiнбедi. Сосын:— Өзi... о не деген сөз, — деп, iнiсiне қарады.— Жеке кiсiнiң билiгi тиылып, халық бостандық, кеңшiлiк алады деген сөз. Онда мемлекеттi бiр кiсi емес, бiрнеше

кiсiлердiң алқасы билейдi, — дедi Тортай ағасына күле қарап.— Е, түсiнiктi. Ол өзi... онша ақылға сия қоймайтын шаруа екен. Қалың ақтылы қойды судан өткiзерде, ертеде

қойшылар тобыр алдына ай мүйiздi серке салушы едi. Ендi сол серкенi құртсақ, қой судан өтпек түгел, бет-бетiне бытырап кетпей ме? Жарайды, оны қойшы. Басты мақсат — судан өткiзу ғой. Оны бiр серке бастап өткердi не, топ кiсi бастап өткердi не, — мағынасы бiр емес пе?

— Неге? — Тортай күлдi. — Бiр серкенiң әдiлетсiз болуы мүмкiн ғой.— Әй, қарағым, — дедi Қаратай тыжырынып. — Қай заманда да ақылды кiсiлер жол табады. Әлгi алқа боп, ел

сұрайтындарыңның өзара келiсiп ап, ақты қара, қараны ақ деуi де мүмкiн ғой. Соған кiмнiң көзi жетiп отыр?Тортай ағасының қазақшалап айтқан соңғы сөздерiн орысшалап жеткiзiп едi, Плетнев қарқылдап кеп күлдi. Сосын

күлкiсiн тиып:— Тортай Садыкович, пора честь знать. Көп-көп рахмет, көп отырып қалдым, — деп, орнынан тұра бердi. Ол кеткесiн, Қаратай iнiсiне түсiн суыта қарады.— Әй, қарағым, мынауың кiм сонша астам-астам сөйлейтiн. Құдай болса, айдалып жүре ме? Қайдағы бiреумен

араласып, басыңды бәлеге шатып аласың ғой.— Аға...— Қой, тыңдамаймын сөзiңдi. Аталарымыз: “Аяз әлiңдi бiл, құмырсқа жолыңды бiл” — деген. Исi қазақтың кәзiр

ойлайтын шаруасы ол емес. Қалай құрып кетпеймiз, дiнiмiздi, тiлiмiздi, әдет-ғұрпымызды қалай сақтап қаламыз, — мiне, бас қатырар шаруамыз осы. Ал, сендер... қайдағы бiр қияли кiтаптарды оқып ап, айдалаға әулiгесiңдер, — деп Қаратай iнiсiн тиып тастады.

— Сонда... не қыл дейсiң?— Үйтiп бас қатырар дәнеме жоқ. — Қаратай дағдылы томырықтығына басты. — Әуелi Ресейдiң құрамына кiрiп алу

керек.— Сосын?— Сосын... ың-шыңсыз тiршiлiк ет.— Аға-ау, оныңа... ақ патша қоя ма?— Сонда не iстемексiң? Қайтадан Хиуаға бағынбақсың ба? Онда не ұтасың?Тортай үндемедi. Сол арада Стукалов ызыңдаған самаурынды көтерiп әкеп, ортаға қойды. Аздан кейiн ағалы-iнiлi

екеуi жәйбарақат әңгiмелесiп отырды.— Сонда... Қайыпқа өзiң бармақпысың?— Иә. — Қаратай ыссы шәйдан бiр ұрттады. — Қанша дегенмен қанымыз бiр емес пе? Адасқан екен, дұрыс жолға

салу керек.— Ол... оған көне қоя ма?— Көнбесе, — өз еркi. Менiкi — алдынан өту.— Ертең әңгiме болмасын дейсiң ғой?— Иә.— Екi араға кiмдi салмақсың?— Мiне, осы қиын. — Қаратай қабағын шытты. — Елмырза қалай?— Әй, сол... белсенiп шыға қоймас. Мұнысын естiсе, ертең Баймырзаның басы кесiледi. Менiңше... осы шаруаға

Ережеп қолайлы.— О кiм?— Осы елдiң байы. Беделдi кiсi. Дадабек ағасын өлтiргесiн, Хиуамен араз боп, ақ патша жағына шыққан. Кешегi

хабарды да жеткiзген сол.— Мынауың ретке келедi екен. Оған дейiн мен Тоғанақ батырды пiсенттеп қояйын.Олар түн ортасы ауғанша әңгiмелестi. Сыртта боран ұлып тұр. Қар түйiршiктерi терезе әйнегiн дамылсыз

сытырлатып сабалайды. Май шам жарығы өлеусiреп, күңгiрт тартып барады.

Page 70: Uli Sel 2 tom

7

Тоғанақ батырдың күптi болған кеуiлi соңғы кездерi мүлдем маза таппай қойды. Әйелiнiң айы, күнi толысып, жүрiс-тұрысы ауырлаған сайын, iшкен асы бойына батпады. Бүгiн түнде де әлденеге елегзи бердi. Жамбасына қайдағы бiр түйiрiтпектер батып, өз өзiнен аяғы сырқырап, ұйқысын мүлдем қашырып жiбердi. Мұның сонысын сезгендей , қол созым жерде жатқан әйелi демiн ауыр алып, кенет iстiк сұғып алғандай бақырып жiбердi:

— Ойбай! Белiм!Тоғанақ батыр асып-сасып, төсектен атып түрегелдi. Көйлек-дамбалшаң қалпы үстiне күпiсiн желең жамыла сап,

кеуiшiн тырпылдатып, сыртқа ата жөнелдi. “Иә, ақсарбас! Иә, ақсарбас!” — деп, өз өзiнен күбiрлей сөйлеп, бәйбiшесiнiң отауына келдi:

— Уа, бәйбiше, бәйбiше!— Немене? — деген iштен ұйқылы-ояу дауыс шықты.— Бол, тез!Әп-сәтте әйелдер жиналып қалды. Бәйбiше басқа қатындарға әмiр етiп, тездетiп адалбақан құрғызды. Су ысыттырды.

Сосын толғақ қысқан жас тоқалды қолтығынан демеп, iлiнген арқанға отырғыза берiп, босаға жақта аңтарыла қарап тұрған бұған:

— Батыр-ау, нағып тұрсың? Анаяққа барсайшы, — дедi.Тоғанақ әбес жасағанын сонда барып бiлдi. Тездетiп сыртқа шығып, биыл бiр ауыл боп қыстаған немере iнiсi

Сәндiбектiң үйiне барды. Ол да оянып, апыл-ғұпыл киiнiп жатыр екен. Мұны көрiп, аяғына қарай тарта берген бiтеубас саптамалы етiгiн не киерiн, не шешерiн бiлмей тоқтады. Тоғанақ ортада жанып жатқан шоқ жанындағы тулаққа отыра кеттi.

Үй iшi тым-тырыс. Даладан ұли соққан боран үнi келедi. Мосы астында анда-санда шырт ете қалған шоқ шоршып түсiп, бар қуатынан айрылғандай өлiмсiрей бастайды. Оңаша үй iшiнде отырған екi кiсiнiң ауыр-ауыр алған демi анық естiледi. Екеуi де тiл-жақтан айрылғандай үнсiз. Iштерiнен не тiлеп, не қойып жатқаны бiр-бiрiне айтпай-ақ мәлiм едi.

Тоғанақ нұры тая бастаған көзiн iнiсiнiң алакөлеңкеде жалпайып көрiнген бетiне тастады. Сосын қаншама қанды қырғынды бастан кешсе де тiлерсегi қалтырап көрмеген өзiнiң бүгiнгi абыржыған қалпына таңғалды. Әлде қарттық жеңейiн деген бе, дедi. Басына бiр-бiрiне керағар неше түрлi ой келiп, бәрiн қолдан зорлап қашырып, кеуiлiн жақсы тiлекке ұйыта бердi. Сүйтiп отырғанында кенет әйелдiң шыңғырып жiбергенi естiлдi. Бұл селк ете түстi. Әйел тағы да шыңғырды. Батырдың төбе құйқасы шымырлап, добалдай қос қолымен құлағын баса қойды.

Сүйткенше болмады, жақсы көретiн жеңгесi — Сәндiбектiң шешесi — көйлегiнiң етегiне сүрiне-қабына iшке кiрiп келдi. Тоғанақ оған қорқа қарады.

— Батыр қайным, шүйiншi! Қатының арыстай ұл тапты! — деп, асып-сасып кеп, жеңгесi мұның шаужайына жармаса кеттi.

Тоғанақ батыр отырған орнынан екi ұмтылып тұра алмады. Жеңгесi есiн шығарып бара жатқасын, апалақтап:— Қалағаныңды ал, — деп екi алақанын жайды. Сәндiбек тез-тез киiнiп:— Мен... мал соя қояйын, — деп сыртқа қарай ата жөнелдi.Дем арасында жақын жерде отырған аз ауылдың апысы кiрiп, күпiсi шықты да қалды. Мал сойылды. Ет асылды. Жас

босанған әйелге ыссы сорпа iшкiздi. Сосын барып жеңгесi Тоғанақты сүйрегендей ғып iшке алып кiрiп, құндақтаулы нәрестенi көтерiп, жақын алып келдi:

— Көрiмдiк бер! Болмаса көрсетпейiм.— Қалағаның сенiкi, — дедi Тоғанақ қауқылдап.Жеңгесi ақтыққа қатты ғып орап тастаған әлгi құндақтың бетiн ашып едi, әр жағынан нәрестенiң қызыл шақа жүзi

көрiндi. Болымсыз тiршiлiк иесi салқын лептi сезгендей құйтақандай танауын тыржитып, ерiнiн қаймаңдатты. Тоғанақ қуанғанынан жылап жiбердi. Көзiн сүртiп жатып, от жанында көрпеге оранып отырған әйелiне назары түсiп кеттi. Әйел жүзiне өз борышын ақтаған кiсiнiң арқайын қуанышы, қанасынан асып-тасып төгiлген аналық мейiрi, сонымен қатар шаттық iзi өше қоймаған шаршаған рең өзара ию-қию араласып, бiр сәтке ойнап шыға келген екен...

Ертесiне ауыл шiлдехана жасап, абыр-сабыр боп жатқанда, қасына Қалдыбайды ертiп, Жәнiбек келдi. Балаға бауы берiк болсын айтып, ол әлденеге iркiле бердi. Тоғанақ оның арнайы шаруамен осы ауылға ат басын тiрегенiн, бiрақ мына қуаныш үстiнде айтуға ыңғайсызданып отырғанын аңғарды. Ол жайбарақат қана:

— Жәй жүрсiң бе? — дедi.— Жәй. — Жәнiбектiң жүзi қызарғандай болды. — Қақаған қыста кiсi жәй жүре ме? Шаруаң болса, қысылмай айта бер.Жәнiбек тамағын кенеп, iшiгiнiң өңiрiн қаусырынып қойды. Сосын барып:— Төке, дұрыс айтасыз, Жәй жүрген жоқпын, — дедi сабырлы қалпын бұзбай. — Анадағы хан ордасындағы мәжiлiс

есiңiзде шығар? Соны iндетiп жүрген жәйiм бар.— Иә, сосын.— Өзiңiз бiлесiз, мен қол бастап көрген емеспiн. Ендi аяқ астынан қыршын жастарды оққа қарсы айдасам, не

болады? Одан да талайды көрген сiздiң басшылық еткенiңiз дұрыс қой.— Айналайын, айтқаныңа рахмет, — дедi Тоғанақ оның сөз төркiнiн алыстан болжап. — Өзiң көрiп отсың, жасым

ұлғайды. Тамыры тартыла бастаған дарақта не қуат, не көрiк қалады? Одан да жастардың өз iсiн өздерi алға апарғаны жөн. Кәзiр қапы кетсең, ертең ұтасың. Осы... менi мазаламай-ақ қойсаңдар.

Жәнiбек одан әрi сөздi созбады. Күн кешкiрiп қалғанына қарамастан, аттарына мiнiп, ауылдарына кеттi.Тоғанақ олар кеткесiн бәйбiшесiнiң жанында шәй iшiп отырып, алғаш рет... қорықты. Iзiнен ерген тұяғы өз қолы өз

аузына жетiп, ат жалын тартып мiнгенше жол көрсетiп, жүре тұру керек-ау, дедi. Сол екен, Қарақалпақ, Хиуалықтармен талай рет болған қанды қырғын, талай рет құдайы қолдап, тура ажалдан қалған сәттерi көз алдында суық сәуле шаша елестеп, төбе құйқасы шымырлап кеттi. Қолы қалтырап сала бердi. “Ендi... оққа қарсы барып, не қылам?” — дедi өзiне -өзi.

Сәндiбек кесесiн алып берiп жатып:— Аға, соңғы жаңалықты есiттiң бе? — дедi.

Page 71: Uli Sel 2 tom

— О не? — Тоғанақ оған таңырқай қарады.— Жақында Тиышбек Райымдағы Тортайға хат апарып берiптi. Сонда зеңбiрiктiң қалай атылғанын көрiптi. Өзiн

әлемет дейдi.— Е, доп болғасьш, оңай ма?— Түскен жерiн қопарып кететiн көрiнедi.— Апырмай, ә?— Тиышбек содан берi бiздiкi бос әуре, бәрi бiр ақ патшаға әлiмiз келмейдi деп жүрген көрiнедi.Тоғанақ үндемедi. Бiр сәт өзiнiң өмiрi iстемеген әдiсiн iстеп, бас бағуға көшкенiн қинала ойлады. Бiреу ұрлығының

үстiнен түскендей жан-жағына қуыстана қарады. Сол арада сырттан иттердiң өршелене үргенi, аттардың сары табан қарды күтiрлете басқаны, шана табанының сықыры, кiшкене жез қоңыраудың сыңғыры естiлдi. Екпiндеп келген шана үй жанына кеп тоқтады. Әлдекiмнiң жекiрген дауысы шықты.

— Бұ кiм екен? — деп, Сәндiбек орнынан тұрып, сыртқа шығып кеттi.Келген Қаратай екен. Сәндiбек қорғаушы атты казактарды басқа үйге түсiрiптi. Қаратай аман-саулық сұрасып, жас

нәрестеге құтты болсын айтқан соң, сағатының шұбыртпалы бауын қолымен сипалап, аз-кем үнсiз қалды. Аз уақыттан кейiн барып:

— Батыр, қанша дегенмен қызмет адамымыз. Екi сөйлеу бiзге жараспайды. Баяғы сөзiңiздi пiсенттегелi келдiм, — дедi.

Тоғанақ қабағын шытты:— Мен екi сөйлейтiн кiсi емеспiн. Баяғы сөзiм — сөз.— Оны бiлем ғой. Бiрақ... мына Қайып хан азғырып жүрмесе деп...— Азғырғанға ерер бала емес шығармын.— Әрине, әрине, — деп Қаратай басын изедi. — Бiз де құлақтанып жатырмыз, хан ордасында жиын болды деп.

Түсiнген кiсiге одан пайда жоқ. Перонскийдiң өзi менi сiзге сөйлесiп кел деп арнайы жiбердi. Мынау сый-сияпаты, — деп, Қаратай сұлтан қызметшiсiне иек қағып, батырдың арқасына сары ала тон жапқызды.

Тоғанақ райланып сала бердi. Бiрақ төренiң жылмиған түрiн көрiп, iшi алғаш рет кiп алды. “Осынысы өтiрiк емес пе? Ол... менi қайдан бiледi?” — деп отырса да, сырт өңiн бұзбай:

— Алдыраз болсын, — дедi де қойды.Қаратай тiс жарып, басқа ештеңе айтпады. Сыбағалы малын жегесiн Райымға қайтып кеттi. Түнде Тоғанақ батырдың басына алғаш рет күдiк шапты. Ол неге маған келгiштей бередi, дедi. Бұл арада қандай есеп

бар? Әлде менi Қайып хан жағына шығып кетедi деп қорқа ма? Осы соның сөзi шикi емес пе? Қарсы шықпасаң, ертең ақ патша өзiңе жер бередi, тимейдi дегенi несi? Ақ патша үйтiп жарылқардай не iстедiм? Жоқ, әлде... Әр жағына Тоғанақтың аузы бармады. Кезiнде көрермiз, деп, ұйып қалға жамбасын ауырсынып, бiр жағына аударылып жатты.

Сол күннен бастап батырдың бар ықылас-мейiрi жөргектегi шаранаға құлап, бар қуанышы мен алаңы сол боп кеттi.

8 Ережеп атқан асығының әлшiсiнен түсе бастағанын анық аңғарды. Ол ел iшiне сенiмдi-сенiмдi деген кiсiлерден

тыңшы қойып, Жәнiбектiң басқан iзiн аңдыды. Бүгiн оның Тоғанақ батырға барып қайтқанын Тиышбек айтып келдi. Оның есiне анада мiнерге алған қос аттың бiрiн қасқырға жегiзгенi түссе керек, назары төменшiктеп, жапақтап сала бердi. Ережеп iшiнен сылқ-сылқ күлдi. Тиышбек аузын қисаң еткiзiп:

— Мырза, — дей берiп едi, Ережеп:— Жарайды, шығысы шықпай, кiресi кiрмейдi деген. Ағамның астындағы атын қасқыр тартып кетсе, оған кiм

кiнәлi? Iжтеңе етпес, — деп, сөзiн бөлiп кеттi. Сосын оған қуланып күле қарады.— Сонымен зеңбiрiктен зәрем ұшты дейсiң бе?

— Ойбай, айтары жоқ, — деп, жаңа ғана, жүзi жасып отырған Тиышбек тез өзгерiп, суға қоя берген балықша жайраңдап сала бердi.

— Мен оны... бiлем ғой. Сен сол көргенiңдi мына қараңғы халыққа айт. Азғырынды сөзге ерсе, ертең майданда төсек боп қаласың де.

— Оны айтуымнан кемiстiк жоқ.Ережеп аз-кем ойланды. Тиышбекке көзiнiң астымен қарап қойып, өзiне сенiмдi атқосшы керектiгiн есiне алды. Неге

екенi белгiсiз, соңғы кездерi Шәки iшiн суытып, бойын сездiрмей аулақ сала бастады. Әсiресе әйел алғаннан берi өзгерiп барады. Шамасы, оның құлағына Көпжан сыбырлайтын болса керек. Қарулы, аңқау жiгiт кезiнде бұған майдай жағып едi. Соны жұмсап, талай елдiң малын жұмырына тығып жiбердi. Ел iшiндегi дау-дамайға да соны пайдаланатын. Сүйтiп жүрiп бұл Шәкимен iшек-қарнының араласып кеткенiн байқамай да қапты. Ендi саяқ тарта бастаған жiгiттi мойнына бұйдасын сап қоя берсе, өз шаңын өзi қаққандай болмай ма? “Жоқ, үйтуге болмайды”, — дедi ол iшiнен.

Сол арада есiне басты шаруасы түстi. Соған мына бәтуасызды ерте жүргеннiң тиiмдiлiгiн бiлдi. Әмiр етiп, тездетiп атқа ер салдырды. Аздан кейiн Тиышбек екеуi уәделi жерге қарай келе жатты.

Кешелерi Қаратай сұлтан арнайы хабар жiберiп, мұны Қайып хан мен екi ортаға мәмiлешi бол деп өтiнген. Ендi шегiнудiң ретiн таппай, бұл келiскен. Шабарманның айтуынша, Қаратай сұлтан екi жүздей атты казакпен кеп, Тоғанақтың Қорқыттың сабатында отырған ауылын басып жатыр. Қайып хан тiлдесуге ыңғай бiлдiрсе, жақын арада кездеспек. Ережеп бiр есеппен, осы келiссөздiң басы-қасында болғанын жөн көрдi. Кiм бiлiптi, сөз iләмдерiнен қалай-қалай аяқ басу керектiгiн аңғарып қалармын, дедi.

Оның сөзi Қаратаймен қысқа болды. Не айтып, не қою керектiгiн бiлiп алғасын, қасына елу шамалы атты казак әскерiн ертiп, жолға шықты. Қасына Тиышбектi ерттi. Сосын өзi топ алдында ешкiмге мойын бұрмастан, қасқайып тартты да отырды. Ара-тұра жанында қас пен қабақ танитын тазыша о жағына бiр, мына жағына бiр шығып, жалпаңдап келе жатқан Тиышбекке көз қиығын тастап қояды. Iшiнен ертең өзiнiң ақ патша қолын ертiп, ханға барғанын, онымен терезесi тең кiсiше шiренiп сөйлескенiн мына ауызы дуасыздың жалпақ жұртқа бiр күнде жаятынын бiледi. Өзiне керегi де сол. Сосын алып-қашты әңгiмеге құмар жұрт бұл десе, көзiн жұмып, басын шұлғиды да қалады.

Page 72: Uli Sel 2 tom

Ережеп осы жолы жасырынбай, бұру болса да, әдейi бай ауылдардың үстiн басып жүрдi. Қарулары салдыраған атты әскердiң алдында көрген кiсiнi шошытып, өзi жүрiп отырды. Тайпан, Дүзбай ауылдарына әдейi соғып, ат шалдырып алды. Жөнiн сұраған Дүзбайға:

— Перауский арнайы кiсi жiберiп, Қайып ханмен сөйлесiп көрсiн дептi. Сосын амалсыз атқа қондым. Болмаса кәзiр қыдыратын уақ па? — дедi маңызданып.

Дүзбайдың көзi быттиып кеттi:— О кiм, ақ патшаның өзi ме?— Өзi емес, оң қолы. Мына Орынбор шәрiн сұрап тұрған әйдiк ұлық.— Апырмай, ә?— Ойбай, айтары жоқ. Кәзiр мырзаның абырайы үш жүз түгел, анау Ресейге тарап отыр. Өткенде Райымдағы

ұлықтың мырзаға қайта-қайта сәлем айт деп, жалпылдағанын өз көзiммен көрдiм, — деп, Тиышбек мақтаудың әрi мен ажарын келтiрiңкiреп жiбердi.

Тайпан ауылында да Тиышбек мақтауын құлпырта айтып шықты. Бұлар жабындыдан шыға келгенде, самсаған сары қолды көргендей иттер үрiп, бала-шаға жылап, қатындар бажылдап, қыз-қырқын күркеге зып берiп, ауыл әбiгерге түстi де қалды. Ережеп ол ауылда ұзақ айналмай‚ қайтадан атына мiнiп жатып, Тайпанға:

— Ақ патша әдейiлеп кiсi жiберiп өтiнгенсiн, лажым құрып, бара жатырмын. Болмаса... шаруам бастан асып жатыр ғой, — деп, астындағы атының әдемi май бүлкiлiне сап жөнеле берген.

Былай шыға бере: “Осының өзi қалай?” — деп, алды-артына және бiр көз тастап шықты. Қайып хан сөйлесе қояр ма? Әлде... масқара қылғанда, ұстап ап, дарға асып жүрмесiн? Ау, онда Қаратай хан ауылын шабамыз деген жоқ па? Егер ол өтiрiк айтса ше? Онда бiр сыласын табу керек. О не сонда? Ол ер үстiнде қозғалақтап қойып, осы жолы хан алдына кiшiрейiп барғанның жөн екенiн пайымдады.

Ережеп қолтығына тыққан хатты қолымен сыртынан басып қойып, не деу керек екенiн пайлады. Сол бетiмен түске таман Егiзқараның терiскей жонын қыстап отырған хан ауылына құлады. Әуелi Тиышбектi жұмсап ап, өздерiнiң жөн-жосығын бiлдiрiп, негiзгi бұйымтайын жеткiздi. Хан ордасында мұны қабылдайтын болды.

Ол ауыл iшiне кiргесiн, әскер басыға аттан түспеңдер аса сақ болыңдар деп тапсырды да, атының тiзгiнiн Тиышбекке ұстата сап, хан ордасына кiрдi. Өрекпiген кеуiлiн зорлап басып, сегiз қанат ақ үйдiң төрiнде тақта отырған Қайып ханға қарап, қолын кеудесiне қойып, басын идi:

— Ассалаумағалайкүм, тақсыр!Қайып хан тәкәппарлықпен басын сәл изедi де қойды.— Хан тақсыр‚ — дедi Ережеп саспай сөйлеуге тырысып, — өткенде келе алмағанына афу өтiнем. Суық тиiп үйден

шыға алмадым. Ендi жазыла бастағанымда, мына ақ патша әскерi ауылыма сау ете түсті. Арасында Қаратай дейтiн сұлтан бар екен. “Мына хатты Сiзге апарып бермесең, ауылыңды талаймыз” — дедi. Сосын... лажсыздан келiп отырмын. Мiне, хаты. — Ол хатты ұсынды.

Қайып хан қасында тұрған Нақыпқа иек қаққандай болды. Нақып аяғын тез басып кеп, қолынан хатты алып жатып, бұған барлай, тесiле қарады. Оның назары өңменiнен өтiп кеткен Ережеп ыңғайсызданғанын сездiрмеуге тырысып, көзiн тайдырып әкеттi.

— Қаратай басқа не дедi? — дедi Қайып хан даусы күңгiрлей шығып.— Сiзге айтар бiр ауыз сезiм бар дейдi. Келiссе, кездесетiн жерiн белгiлесiн деп жатқан.— О не сөз екен?— Ояғын бiлмедiм.— Жарайды, — деп, Қайып хан Нақып берген хатты ашып, оқи бастады. Ара-арасында тыжырынып қалады.

Ондайда маңдайына сұсты әжiмдер бiлемденiп, ойнап шыға келедi.Ережеп қорқайын дедi. Есiк алдында жалаң қылыштарын ұстап тұрған екi құлға сескене көз тастады.— Жарайды, — дедi Қайып хан хатты арт жағына тастай сап. — Сонымен, маған айтар сөзiм бар дей ме, әлде бұл

мәмiле ме?— Хан ием, ояғынан мен бихабармын. Менi зорлап жұмсады. Болмаса сiзге келердей менiң қандай хақым бар? —

деп, Ережеп басын идi.— Жарайды. Ендеше Қаратай сұлтанға айта бар, мәмiлеге қарсы емеспiн. Маған аманатқа iнiсi Тортайды берсiн, ал

мен оларға аманат қып Нақыпты берем. Кездесетiн жерiм... — Ол ойланып қалды. — Кездесетiн жерiм... Өзiң осы сөздi қозғап жүрсiң ғой, мен сенiң ауылыңды таңдап отырмын.

Мұны естiген Ережептiң иманы ұшып кеттi. “Шығыны шаш етектен келедi ғой”, — деп, қатты абыржып:— Тақсыр‚ сiз бiздiң әр кезде қалаулы қонағымызсыз. Өзiңiз бiлесiз, кәзiр сойысқа мал жоқ. Осы... мәмiленi жазға

қалдырса кәйтер едi? — дедi. “Жер аяғы кеңiгесiн, ешқайсысына құйрығымды ұстатпайым ғой”.— Оны... ана Қаратаймен сөйлес.Ережеп сөз бiткенiн аңдап, екi құлдың жанынан қорқасоқтай өтiп, сыртқа тез шықты. Келе атына асығыс мiне сап,

жөнеле бергенiнде, iштен Нақып атып шығып, келе мұның тiзгiнiне жармасты. Оның көзi қасқырдың көзiнше жанып тұр екен. Ол бұған ожарлана қарап:

— Сен қу осы өтiрiк айтып бара жатқан жоқсың ба? — дедi.— Құдай хақ. Нан тебейiн, құран тебейiн! — дедi Ережеп дыбдырлап.— Байқа, ертең патша әскерiн осында құлатсаң, ұстап ап, қойша мауыздайым.—Үйтiп... менi перi қағып па?— Онда... мынаны аманатқа тастап кет, — деп, Нақып көз iлеспес жылдамдықпен мырзаның жанында үрпиiп тұрған

Тиышбекке бас салды. Ананың бажылдағанына қарамастан, бiр жұлқып, ер үстiнен жұлып алды. Тиышбектiң жан даусы шықты:— Ойбай, өлдiм!Тiзгiнiн босағанын сезген Ережеп атын қамшымен тартып қалды. Астындағы мықты ат ала жөнелдi. Атты казактар

да шыдамсызданып тұр екен, мұның соңынан салды. Елiрген аттарды еркiне жiберiп, олар қозы көш жерге дейiн жарыса шапқылады. Бiраздан соң бәрi арттарынан қуғын шықпағанын көргесiн барып, тiзгiн тартып, сары аяңмен жүрiп отырды.

Page 73: Uli Sel 2 tom

Ережеп табан астында жағдайды бұлай күрт өзгерiп кетедi деп ойламаған-ды. Ендi Тиышбектiң қолда қалғанын ойлап, қорқа бастады. Ол аузына келгенiн аталап, мұның не iстегенiн айтып қойса, Қайып ханнан жақсылық күтпе. Ережеп алас-қапаста... дәл бүгiн қыстауынан үдiре көшпесе, ертең жер соғып қалатынын сездi. Әскерлердi ертiп, дереу ауылына келдi. Түйелерге жүктердi тездетiп тиетiп, артық бұйымдарын төбе басындағы төртқұлақ iшiне тықтырып, түн iшiнде ауа көше жөнелдi. Мұның бағына қарай, сол түнi терiскейден жел көтерiлiп, шынылана бастаған көне қарды суырып әкеттi. Ережеп өзi көш алдында жүрiп отырып, жықпыл-жықпылды қуалап, Сырға құлады. Жалтыр мұздан түйелердi абайлап өткiзiп алғасын, тура Жаңадарияға қарай тартты. Екi-үш төбеден асқасын, олар терең жарға кездестi. Бұл араны Ережеп жақсы бiлетiн. Көштi ойға түсiрiп, тездетiп қараүйлердi тiккiздi. Лаулатып от жақтырып, тоңа бастаған бала-шағаны тон, iшiкке орап жатқызды.

Өзi сiлесi құрып шаршағанын сонда барып бiлдi. Тұла бойы сал болып, кiрпiгi iлiнiсе бердi. Атты казактар да қажыған екен‚ олар үш үйге бөлiнiп түсiп, жата-жата кетiстi.

Ертесiне елең-алаңда Ережеп қайтадан атқа қонды. Түндегi ұлыған жел тыныпты. Аспан шәйдай ашық. Кiршiксiз ақ қар күн сәулесiне шағылысып, көз қаратпайды. Ол Сырдан өткесiн, Тоғанақтың ауылына тура тартты. Қорқыт сабатының шетiне жете бергенiнде, қарсы алдынан бiр алтайы қызыл түлкi шыға келдi. Ол тоқтай қап, бұларға аз-кем қарап тұрды да, құйрығын бiр бұлғаң еткiзiп, керi салды. Соны көрiп, Ережептiң аңшылық құмарлығы қозып кеттi. Атын қатты тебiнiп қап, алтайыны қуа жөнелдi. Мұның соңынан атты казактар да қиқулай шауып келедi. Ережеп ат үстiнiң ұрысына жастайынан мықты едi. Талай рет не бiр алтайыны қамшымен соғып алған. Осы жолы да сонысына бағам деп едi, қызыл түлкi әккi екен, қайдағы бiр iндiгеш, борпылдақ жерлермен қашып отырды. Тақа болмағасын ол Қорқыт төбесiнiң арғы ойындағы қалың жыңғылға қойып кеттi. Ережеп түлкiнi одан да қуып шықты. Ендi алтайыны ашық тастық жазыққа айдап шығып, соғып алам ғой дегенiнше болмады, кенет түлкi керi бұрылып, ырылдап, алдыңғы екi сойдақ тiсiн көрсетiп, мұның өзiне қарай қарсы шапты. Ол келе, тiсiн ақситып, атының танауына қарай шапшыды. Аты үркiп кеттi. Ол керi шегiне берiп, артқы аяғы әлдеқандай шұңқырға кiрiп, шалқ ортасынан құлады. Алас-қапаста Ережеп тiзгiндi қоя берiп, ердiң қасына жабысып, аяғын үзеңгiден босатып алуға тырысты. Бiрақ үлгермей, жерге атпен бiрге құлап түстi. Бiр аяғы аттың астында қалды. Кейiннен қиқулап жеткен атты казактар мұның үстiнен дүсiрлетiп өтiп ба-рып, керi қайырылды. Ережеп аяғын шаққа дегенде босатып, орнынан ұшып түрегелдi. Атын делбеп, орнынан тұрғызды. Анадай жерге ұшып кеткен тымағын ап, басына киiп жатып, жан-жағына жалтақтап қарады. Өрттей қызыл алтайы түлкi мұны мазақтағандай құйрығын бiр бұлғаң еткiзiп, ақылы кем айласызға алдыруы мүлдем қиын, қай талапкерден де сақтық, әулық, сабыр, қажырды керек етер жықпылы көп қалың жыныстың iшiне кiре берген екен.

Ережеп соны көрiп, ерiксiз күрсiндi: — Әй, сұм дүния-ай!

9

Нақып санын бiр-ақ соқты:— Қап, мына түлкiнi-ай! Жер соқтырып кеткенiн қарашы!Өркөкiрек, өктем сөйлеп үйренiп қалған Нақып жан-жағында ошарылып тұрған жасауылдарына тiктеп қарай

алмады. Қара сұр жүзi қуарып, қанын iшiне тартып ала қойды.Кеше осы жорыққа шығуға ағасы Қайыпты зорлап көндiрген өзi едi. Тиышбек қолға түскесiн, оны лақша бақыртып,

сүйреп апарып, жасауылдардың ортасына тастаған. Жеген таяқ пен тепкiден кейiн Тиышбек сайрай жөнелген. Ережептiң орыс жағымен байланысы барлығын, мұны Райымға ақы берiп жұмсағанын мөңiретiп тұрып айтып берген. Нақып оны көк желкесiнен бiр нұқып сұлатып, ентiгiп ағасына барған.

— Аға, жаңағы қу ақ патшаның жансызы боп шықты. Жасауылдармен iзiнен қуайын ба? — деген ол аптыға сөйлеп.— Қойшы?! — Қайып жүзi сәл қуарып, орнынан түрегеп кеткен. — Өзiм де солай ойлап ем-ау! Оны... қуғанмен, ала

алмайсың. Одан да... ауылын шап.Содан Нақып атқа қонам дегенше қараңғы түсiп кеткен едi. Бұл өңiрдiң жер жағдайын жақсы бiлмейтiндiктен,

таңның атысын күтiп қалған болатын. Содан таң бозара бере жүз қаралы жасауылды ертiп, аттарын ширақ жүргiзiп отырып, Ережептiң қыстауына жетсе... көне жұрттың орны ғана жатыр.

Нақып қатуланып, жаман ат үстiнде тура соққан мұздай желден бiр қырындап, бүрсеңдеп тұрған Тиышбекке тап бердi:

— Сен осы... бiздi алдап тұрған жоқсың ба? Зәресi ұшып кеткен Тиышбек қалбалақтап:— Мiне, жаным, мiне, иманым, — дедi.— Ендеше... сол жаныңды шығара қояйын. — Нақып келе оның жағасынан ұстап, қарулы саусақтарымен

қылғындыра бастады. Тиышбек тынысы тарылып, көзiнiң қарашығы айналып кетiп, жалма-жан Нақыптың қолына жармасты. Бiрақ қарулы қолға шамасы жетпедi. Сәлден соң қол-аяғынан әл кетiп, сiңiрлерi сiресiп, серейдi де қалды. Аузынан сасық ақ көбiк шыға бастады. Кiжiнген Нақып оның қиналған түрiне масайрай қарап, аз-кем тұрды да, кенет темiрдей саусақтарын босатып жiбердi. Әлi құрыған Тиышбек жан себелеп, екi қолымен кеудесiн басып, ердiң қасына қарай еңкейе бердi.

Жасауылдар қарк-қарқ күлдi:— Жан, шiркiн, неге сонша тәттi екен?— Итiнiп-соғынып жүрген бұған да тiршiлiк қымбат!— Iждеме етпес. Аман қалғаның олжа! Нақып сұп-сұр боп, есiн жаңа жиған Тиышбекке найсаптана қарады:— Оның... бұрынғы қыстауы қайда? Тиышбек сақауланып, шаққа тiл қатты:— М...м...мы-ы-ына Қ... қ... Қуаң жағында.— Жүр, баста солай қарай!Найзаларының болат ұштары күн сәулесiне жылтырай шағылысқан сұсты топ салдырта жөнелдi. Еш жерге тоқтамай,

көкше мүзын басқан қарды жел суырып, жалтыратып тастаған Сырдың Ақсуат түсынан кеп өттi. Қылышбайдың кезiн оң

Page 74: Uli Sel 2 tom

жақтарына ұстай отырып, Көсенiң батыс жағындағы кең жазыққа тура салды. Iлгерiректе Келман түқымдарының қыстаулары малға жайлы деп, қыраттағы бозы мен майда көлдегi қамыс, қопағы көп осы өңiрдi қыстайтын. Бұл араларды Тиышбек жақсы бiлетiн. Ол ендi топ алдына түсiп ап, аздан кейiн етi үйренiп, сампылдай сөйлеп, қамшысымен әр дөңдi бiр көрсетiп, еркiнсiп кеттi. Содан олар суыт жүрiп отырып, күн кешкiре бiр ойға кеп құлады. Жапан далада жылтыраған бiр от жоқ. Жайылған мал iзi де кездеспейдi. Аспанға бұлт айналып, терiскейден екпiндi, ызғарлы жел тұрып, алғаш жауған қардың ұшқындары кiсi бетiне инеше қадала бастады. Көк жүзiнде әлдеқайда жөңкiле көшiп бара жатқан сұсты қара бұлттар iзiнен ақбасқынды сүйреп келе жатқан сияқты. Нақып күн райын ұнатпай, Тиышбекке:

— Жақын маңда ел бар ма? — дедi.— Ел ме? — Тиышбек ойланып қалды. Өзiнiң тiсi тiсiне тимей, сақ-сақ етедi.— Иә, ел, — деп, Нақып оған жан алғыш әзiрейiлше төне түстi.— Ел бiр болса, мына Мойшақта болуға тиiс.— Тарттық солай қарай.Олар ет пiсiрiмдей уақыт жүрдi. Бұл кезде суық жел құтыра соғып, жерде жатқан жас қарды үйiрiп әкетiп, ақбасқын

басталып кеткен де едi. Дала ақ түтек. Боран көктен борап, жерден суырып тұр. Бетке инедей қадалған қылтанақ қар көз ашырар емес. Оң жақтан соққан ызғарлы желге шыдамай, аттар қырындап кете бередi, Нақып жасауылдарды шашыратпай, топтап ұстап, дөңкиген төбелердiң ығымен жүргiзiп отырды. Ара-арасында Тиышбектен жер шамасын сұрап қояды. Ол бiрдеңе деп мiңгiрлейдi. Аттардың пысқырғаны, жасауылдардың жаңқылдаса сөйлескендерi, ұлыған боран кiсiнiң апшысын қуырып жiбергендей. Нақып ендi өзiнiң қайрат көрсетуi керектiгiн, әйтпесе, мына ақбасқында айдалаға ығып кетiп, үсiп өлетiндерiн ойлады. Атын аямай қамшылап, Тиышбектiң жанына жақындай бердi. Сол арада бiр бүйiрден қарауытқан бiрдеменi көрдi. “Елес пе?” — деп, басын шайқап жiберiп, қайтадан қарады. Жер қойнынан жаңа өсiп шыға бастаған нәрседей әлгi қарайған жыланша ирелеңдеген ақ түтектiң әр жағында бұлдырай қарауытып тұр.

— Анау немене? — дедi ол Тиышбекке айқайлай сөйлеп.— Бiле алмадым.— Осы маңда... төртқұлақ жоқ па?— Неге? Бар болатын.— Жүр, барайық.Олар әлгi қарайғанға тура салды. Бұлар қанша жетем деп, тездетш жүрген сайын, әлгi қарайған алыстай түскен

сияқты. Шаршаған аттар омбылап, аяқтарын қалың қардан шаққа суырады. Титықтаған жасауылдар да ер үстiнде шаққа отыр. Олардың iшiк, тымақ киген тұлғалары қараңғыда зорайып көрiнедi. Нақып неде болса деп, атын аямай сабалап, топ алдына түсе бердi. Әлгi қарадан көз жазып қалмайын деп, ауық-ауық алдына қарап қояды. Көз алды бұлдырап, әлгi қарайған бiресе жақындап, бiресе алыстай түскендей болады. Iзiнше дүние дөңгелене жөнелiп, ысқырған жел үнi алыстан талып естiлiп, айнала бiр тұтас әппақ бiрдемеге айналып сала бередi. Содан шошынып, Нақып әлдеқандай ауыр тұман қона бастаған басын күштене сiлкiп, алдына қарайды. Көз алдын көмген ақ кiреуке бiрте-бiрте айығып, әлгi қарайған қайтадан бұлдырап көрiнедi. Ендi Нақып бойындағы бар күшiн жиып, атын қос өкпеден тепкiлеп, iлгерi ұмтылды. Тағы да көз алды тұманданып кеттi. Тағы да дүние шыр көбелек айнала жөнелдi. “Ендi бiттiм-ау!” — деген қорқынышты ой қап-қараңғы далада алыстан жылтыраған жаңғыз шырақтай санасында қылп-қылп етiп тұрды да, кенет сөне бастағандай болды. Сол сәт бағанадан берi тоңазып, жаны кетiп қалған бетiне әлдеқандай жылы леп тигендей болды. Ысқырған жел тура сабаламай, мұның жанынан өтiп жатқандай. Ол зордың күшiмен көзiн ашып алды. Әуелiде ат басын тiрей тоқтаған қарайғанның не екенiн аңдай алмады. Қайтадан қарағанда барып, өздерiнiң төбе басында қалқиған бiр төртқұлаққа кеп тоқтағандарын көрдi.

Тиышбек жыламсырап сөйлеп жүр:— Мынау... жарықтық Мойшақ қыздың зираты. Бұл болмағанда, құрып ек.Олар естерiн жиып‚ өзара түгендескесiн, жан-жақтарына көз тастап тұрып‚ осы арадан онша қашық емес ойда

орналасқан бiр қыстауды көрдi. Жасауылдар ендi тағы да жұптарын жазбай жүрiп отырып, Нарман ауылының үстiне кеп құлады.

Нақыптар Нарманның үйiне түстi. Сыймағандарға тездетiп, арнайы үш қара үй тiгiлдi. Тездетiп от жағылды. Бытырлай жанған сексеуiл табына бетi-қолдарын төсеп, жасауылдар отқа түсердей боп барады.

Қылмырза мен Зағипа жүгiрiп жүрiп, үйдегi өлi еттi түгел салып, қазан көтердi. Ыссы сорпа iшкесiн барып, жiгiттер жан шақырысты.

Iрi сүйектi Нарман әлмә-һәл басын шайқап, таңдайын қаға бередi:— Апырмай, күдай жар болған екен! Құйттай аусаңдар ғой, осыдан Қарақалпақ шетiне дейiн ел жоқ. Тиышбек Нарманды санынан басып қойып:— Құдай бiр сақтауын сақтады, — дедi. Өзiне таңдана қараған Нарманға жасауылдарға бiлдiрмей, көзiн қысып

қойды. — Қоян қағамыз деп, қаңғып өле жаздадық. Бiр қолайсыздықты сезген Нарман сөзден тиыла қойды. Нақыппен қысқаша жөн сұрасқасын, жiгiттердiң

тыныққанын қолай көрдi.Ертесiне Тиышбек жасауылдардың көзiн ала бере, Қалмырзаға:— Бiздiң қатынға сәлем айт. Кiрiптар боп бара жатырмын. Өлшеулi дем таусылса, бала-шағаға егә болсын дедi де, —

деп, сыбырлай қойды. Нақып қайтадан жолға шықты. Ол ендi көлiктердiң қоңын жықпай, бай ауылдарды жағалай отырып, хан ордасына

жеткендi мақұл көрдi. Сосын Тиышбектен жолдың жағдайын сұрап ап, тездете жүрiп отырып, бiр аздан соң Сыр жағасында отырған Малдыбай ауылына кеп құлады. Бұлардың қарасын көрiп, иттер абалап, бала-шаға жылап, қатындар бажылдап, жаңа ғана тып-тиыш тұрған ауыл бүйi тигендей у-шу болды да қалды. Оны тыңдар Нақып жоқ. Астындағы атын тайпалта отырып, оң қарына iлген найзасын тiк ұстап, ауыл шетiне кiре бердi. Дәл осы кезде шеткi бiр үйден шыға келген ақ туша аяқтарын тез алып, оның алдын кесiп өтiп бара жатты. Нақып шырт ете қап, көз iлеспес жылдамдықпен атын тебiне бере, ырғай сапты найзаны сiлтеп кеп қалды. Найза ұңғысына дейiн бойлап кiрдi. Ақ туша бақ етiп, аяқтарын тырбаңдатып, құлап түстi. Осы кезде өзiне еншiлеген ешкiсiнiң жазықсыз қанға боялғанын көрген Ақкербез үйiнен жүгiрiп шыға бергенде, Тиышбек атымен алдын орағытып, оны жасауылдардың көзiнен қалқалап:

— Ойбай, құры! — деп сыбырлап үлгердi.

Page 75: Uli Sel 2 tom

Ақкербез iшке зып бердi. Осы кезде үлкен отаудан шыға келген Малдыбай Тиышбекке қарап ақырды:— Әй, жаман, бiр тумасаң да, бiрге туғандай боп жүр едiң. Тапа тал түсте ауылымның үстінен әскер құлатып, бұ

нағылғаның?!Тиышбек жыламсырап қоя бердi:— Мәке, мен сорлыда не ерiк бар? Мыналардың айдаған жағына қарай жүрiп келем.Жасауылдар үш-төрт үйге бөлiнiп түстi. Малдыбай Нақыппен аман-саулық сұрасып отырып:— Сонымен Тиышбектi орысшыл дейсiң бе? — дедi.— Иә. — Нақып оның жүзiне найсаптана қарап қойды.— Қарағым, бiлмей айтып отқан шығарсың. Бұл өзiмiздiң елдiң кiсiсi. Ауылы осы арадан қашық емес. Мұны

орыстың ұлығы нағылсын?— Е, Мәке, сүйдесейшi, — деп, Тиышбек ыржаң етiп, Малдыбайдың жүзiне тағы да айта түс дегендей, көзiмен

ишарат жасап, жампаңдай бастады.— Онда... сен неге ана Райымға барып жүрсiң? — деп, Нақып оған қадала қарады.— Ау, жаным-ау... мал берем дегесiн, бара салып ем. Соңының былай болатыны мен сорлы қайдан бiлейiн? Оның

үстiне... керiлетiндей менiң қай бiр тышқақ лағым толып тұр? Сосын... кәсiп қылайын деп... былай...Қалдыбай Тиышбекке қарап:— Қасқа, бес қуырдақтан ауыз майлаймын деп, жұғынына зар боп қалған екенсiң, — деп, сықақтап күлдi.— Иә, айтпа! Өзiмдi де ататын кiсi жоқ.Жасауылдар қайта жолға шығарда Тиышбек Малдыбайдан аяғының желi бар, белi мықты, тағалаулы бiр атты сұрап

мiндi. Олар аздан кейiн Сырға құлады. Дарияның жағасына жете бере Тиышбек керiлiп жатқан көк айдынға көз тастап тұрып, дереу аттан домаланып түсе қалды да, iшiгiнiң екi шалғайы жалпылдап, жүгiрiп барып, жағадағы көк мұзды аяғымен теуiп көрдi. Сосын басын шайқап, атына қайта мiндi. Нақып оған таңғала қарап:

— Не болды? — дедi.— Мұз әлсiз. Топтанып жүруге болмайды. Кәуiптi, — дедi Тиышбек жерге шырт түкiрiп.— Ендi не қылдық?— Жарайды, хан ием үшiн жан пида. Әуелi өзiм өтiп көрейiн, — деп, Тиышбек астындағы атын тебiнiп қалды.Нақып шынымен мұз әлсiз болса, болар деп ойлады. Өмiрi мұндай ұлы дарияны көрмеген ол шыныланып жатқан

көкше мұз үстiнде тағалы атпен тайпалтып бара жатқан Тиышбектiң соңынан телмiре қарады. Ананың тоқтар түрi жоқ. Дарияның ортасынан аса бере ол кiлт бұрылып, батысқа қарай салды. Бiраз ұзағасын барып, Тиышбек артына бұрылып, өңешiн жырта айқайлады:

— Әй, Қайыпқа сәлем айт! Ертең төбесiне бар ғой... зеңбiрiктiң добын құям дедi де!Нақыптың жыны қозып кеттi:— Ана иттi ұстаңдар! — деп, атын қамшымен тартып кеп қалды. Кешелi-берi тынығып қалған ат iлгерi ұмтылды. Оның соңынан жасауылдар да салды. Сол қалпымен қиқулаған топ

екпiндеген бойы жылтыр мұзға қойып-қойып кеттi. Бiрақ тағасыз аттар тайғанақтап, бауырларын жаза алмай, бүгежектей бердi. Жынданған Нақып атын қайта-қайта сабалап, әке-бабадан бермен қарай сыбай жөнелдi. Үрiккен ат қарғып барып, табанымен тiрей алмай, сырғанап, кенет артқы екi аяғы бүгiлiп кетiп, төсiмен құлады. Нақып ер үстiнен ұшып түстi. Оның соңынан дүсiрлете кеп қалған жасауылдардың аттары үркiп, керi шапши берiп, бiр-бiрiне соқтығысып, ұмар-жұмар боп құлай бастады. Бiр сәтте аттар шыңғырып, кiсiлер айқайлап, дария үстi жойқан төбе болды да қалды. Сәлден кейiн бiр жерге шоғырланға аттар мен кiсiлердiң салмағына шыдамай, мұз сытырлап, жарық ашып, әр жағынан мөлдiреген су көрiндi. Сол екен, ендi бiр сәтте, көздi ашып жұмғанша бес-алты ат құлындағы даусы құраққа шыға кiсiнеп, суға құлап, алдыңғы аяқтарымен алас ұра жанталасып есе бастады. Бiр жасауыл суға құлаған атының шылбырынан тарта берем деп, жылтыр мұзға табаны тоқтамай, тайғанақтап барып, мөлдiреп жатқан суға гүмп ете түстi. Қорқып кеткен жасауыл бiрдеңе деп барқырай айқайлап, екi қолымен суды шолпылдатып, су жұтып, ауыр киiмi малтуға мұрша бермей, тез арада бата бастады. Сол арада бес-алты жiгiт ұзын сапты найзаларын созып, оны шаққа дегенде шығарып алды. Ал ойыққа түсiп кеткен, әлi құрыған аттар ақырғы рет қайрат қып, алдыңғы аяқтарымен опырылған мұз үстіне асылып, көздерi аларып, кiсiнiң төбе құйқасын шымырлата кiсiнедi де, ауыр салмақтарымен мұз астына қарай кете барды.

Нақып осы кезде жағаға шығып, алды-артына қарамай жосып бара жатқан Тиышбекке ызалана қарап:— Қап, бәлем, тұра тұр, — деп жұдырығын түйдi.Нақып араға екi-үш қонып, хан ордасына жеттi. Орыстардан iштей кәуiп айлаған Қайып хан көне жұртқа он шақты

төлеңгiтiн қалдырып, өзi жаңа орынға аударылып қонған екен. Ол мұның сөзiн тыңдап боп, үнсiз отырды да, әлден уақыттан соң барып:

— Ертең Тоғанақ батырдың ауылына барып қайт, — дедi.— Неге?— Хат жазып берем.Ертеңiне жасауылдармен Нақып Тоғанақ ауылына құлай бергенде, қыстау жанында ошарылып тұрған күймелi

арбаны, әбзел тұрманы бөлек аттарды көрiп, ерiксiз тоқтай қалды. Ол биiк қара төбе басында тұрып, ойдағы ауылға барлай көз тастады. Бұларды олар да байқаса керек, мылтық, қылыштарын асығыс ала сап, қараүйлерден жүгiре-жүгiре шыққан атты казактар аттарына жапырласа мiнiп жатыр. Соны көре сап, Нақып ендi кiдiрсе, өздерiнiң жағдайларының қиынға айналарын бiлдi де, атының басын асығыс бұра сап, керi салды.

Атты казактар бұлардың iзiнен көпке дейiн қалмай, ерiп отырды. Бiрақ өздерi батып, тиiспедi. Жасауылдар да қарсы шаппады. Нақып түлкi бұлтаққа сап, сайын даланың сай-саласымен жүрiп отырып, қуғыншылардан көз байлана, шаққа дегенде қара үзiп кеттi. Ендi жасауылдар бұрынғыша дабырласпай, сақырлаған сары аязда аттарының ыссы демдерiн бұрқыратып, ширақ жүрiп отырды. Топ алдында келе жатып, Нақып өздерiнiң өрiсi тарыла бастағанын, ақ патшаның Сыр өңiрiне де қадам басқаны жөнiнде қинала ойлады. Сосын iшiнен: “Сорлы қазақ! Аңқау қазақ! Сенен асқан жаугер, сенен асқан үркек ел бар ма? Бауырыңа кiрген жыланды басына ақ құйып шығарам деп жүрiп, оның шаққанын бiлмей де қаларсың әлi!” — деп, бiр түрлi боп, қоңырайып сала бердi.

Кешкi аязда батыстан бұлаңытып, шатынай қарап, бiр әйдiк жұлдыз шақшияды.

Page 76: Uli Sel 2 tom

10

Ақкербез ақ тушасын қатты аяды. Найза алдыңғы тар қолтықты тесiп өткен екен. Ол қан аққан жерге киiз күйдiрiп басты. Сосын ақ шүберекпен жарасын таңып тастады. Мұның соншалық мейiрбандықпен асты-үстiне түсiп жүргенiн көрген ақ туша сарғыш көздерi мөлдiрей бiр түрлi боп қарап, мекiренiп, мұның қолын иiскеледi. Биыл ақ туша қысыр қалған едi. Еншi малын Ақкербез отар арасында жүрген көп ешкiге қостырмай, ауылда алып қалған. Күзде жабағы жүнiн өзi қырыққан. Кәзiр өңi жетiлген қылшық жүнi ұзарып, ақ күмiсше жалтырайды.

Ол ешкiсiн аяп отырып, ерiксiз Жәнiбектi ойлады. Анада ұрын келiп кеткеннен соң, оны көрген жоқ. Жiгiт бұл түсiне қоймайтын қайдағы бiр дау-дамайға араласып, шапқылаумен жүр. Әнеу күнi оның Қоқан жағына барып қайтқанын естiп, iштей марқайып қалған. Iзiнше: “Ояқ-та... қарап жүрдi деймiсiң? Егер сүйтсе”, — деп абыржып, аласы мол қара көзi керегенiң көгiне қадалып, демi дiрiлдеп, iштей қызғанған едi. Содан берi бұл өзiмен-өзi боп жүр. Жақын жеңгелерiмен де сырласпайды. Iштей Жәнiбек тезiрек келсе екен деп тiлейдi. Түн баласында өмiр қуаты тұла бойына шiрей толып, тыншытып маза бермей, жеңсiк асын iздеген жас тәннiң лапылына орап қойып, әрлi-берлi аунақшытады. Тақа болмағасын Ақкербез үстiне жамылған жеңiл көрпенi көкiрегiне қыса түсiп, күйiп-жанып, демi ысып, төбеге қадалып жатып алады. Бүгiн де ол өз жалынына өзi өртенiп шықты.

Сол үстiне шешесi келдi. Жасы ұлғайып етжең тарта бастаған анасы аяғын ауыр алып, мұның жанына кеп тоқтады:— Балам-ау, мынауың не?Ақкербез ыңғайсызданып, басын төмен ие түстi:— Жәй, жарасын таңып...— Қойшы, сен де бiр, — деп, шешесi жақтырмай қабағын шытты.— Немене соншама өлiп-өшiп? Әлден елжiреуiк

болсаң, ертең қалай боласың? Ақкербез сол арада жас кезiндегi еркелiгi ұстап кетiп, шешесiнiң мойнына асылды.— Апа, — дедi ол шешесiнiң құлағына сыбырлай сөйлеп. — Апам жақсы ғой.— Кетшi әр жәркеленшiмей. — Шешесi жорта керi итердi.— Ал, кетпейiм. Нағыласың? Апасы мейiрленiп сала бердi:— Нағылайын! Бой жетiп қалсаң да, өзiме әлi баласың. Ақ қозым!— Ақ тушам де!— Ақ лағым.Ақкербез сықылықтап күлдi:— Ендi не қалды?— Ақ ешкiм, — деп, шешесi де күлдi. Ақкербез шешесiн өзiне қарай тарта қатты қыса түсiп, демi дiрiлдеп, сыбырлай сөйлеп:— Апа, бiрдеме айтсам, ұрыспайсың ба? — дедi.— Айта ғой.— Айтсам... — Қыз батпай, iркiлдi. — Ол...ол... қа-ша-ан келедi?— Асықпа. Ендi аз қалды ғой.— Оны... соғысқа барады деп...— Иә, ел сүйдейдi. — Шешесi күрсiндi. — Ел басқару оңай ма? Жұрт баста дегесiн, бастамасқа лажы жоқ. — Егер оқ тисе...— Тәйт, үйдеп жамандық шақырма. Қалың өрт iшiнде де бiр тал мақтаны сақтайды деген. Маңдайыңнан көресiң де.

— Сосын шешесiнiң жыны келiп: — Осы шалы түспегiр де керiлiп-созылып жатып алды. Былтыр күзде-ақ... — дедi.Ақкербез шешесi шаруасына кеткесiн, ауыл шетiнде жеке қараша үй тiгiп, ұсталық жасап жатқан Разаққа келдi.

Маңғал бас, екi бетi шығыңқы Разақ ұста кеше мұның мойнына салатын алтын алқаны өлшеп көру керек деген едi. Сол қамшы боп, iшке кiргенiнде, бiрден әлдеқандай күйген темiрдiң қоңырсыған исi араласқан жылы леп бетiне ұрды. Ысылдай үрлеген көрiктен қызара түскен сексеуiл шоғынан қара үй iшi жанып кетiптi. Балқыған темiрдiң көңiрсiк исi қолқаны қабады. Разақтың жалғыз өзi екен. Көмекшi бала үлкен үйге айран iшуге кетiптi. Ол жанынан орынды көзiмен нұсқап:

— Берi кел, — дедi.Ақкербез оның жанына аяғын имене басып тоқтады. Разақ ұста әр жағында жатқан қобдидан шұбыртпалы бауы бар,

салпыншағы көп алтын алқаны алып, жоғары көтердi. Сосын көзi жылтырап, қулана күлiп тұрып, алқаны мұның мойнына кигiзе бердi. Сол арада оның дөрекi қолы мұның үлпiлдеген тамағына тиiп кеттi. Ақкербез қымсынып, басын керi тартты. Разақ қуақылана күлдi:

— Iждеме етпейдi... Ертең... үйренесiң ғой. Қыз ұялып, терiс қарады.— Мiне, дұрыс. Әдемi, ә! — деп, Разақ алқаның салпыншағын жөндеген боп, мұның тырсиған омырауына қолын

апарып та қалды.Ақкербез керi шегiндi: “Мына, шiркiн, кәйтедi, әй?”Разақ сайқылана күлдi:— Мiне, жақсы. Мына алқаны көрген жiгiт... кәйтiп шыдайды дейсiң?Ақкербез ұялып, мойнындағы алқаны сыпыра бастады. Сол арада Разақ мұның бiлегiнен қыса ұстай алды да, жүзiне

тура қарап:— Сен өзiң... зергердiң еңбек ақысы не екенiн бiлесiң бе? — дедi.Ақкербез үндемей, қолын босатып алғысы кеп бұлқынып едi, Разақ жiбермей, мұның нәзiк бiлегiн добалдай

саусақтарымен қаттырақ қысып тұрып, жүзiн жылыта ыржиып:— Ендi... бәрi бiр емес пе? Өлшеуi кеткен кенеп қайтып орнына келмейдi. Одан да жастық шақта ойнап-күлiп

қалғаннан дұрысы жоқ, — деп, бұған арсыздана қарады.

Page 77: Uli Sel 2 tom

Қыз қып-қызыл боп ашуланды. Сосын қолын жұлқа тартып ап, мойнындағы алқаның шынжырын бырт еткiзiп үздi де:

— Балаңыздай емеспiн бе? Үйдеуге ұялмайсыз ба? — деп, оны лақтырып жiбердi. Сосын жалт бұрылып, аяғын тездеп басып, сыртқа шығып кеттi.

Ыссы ұста дүкенiнен шыққан Ақкербез сыртта дем жетпегендей, екi танауы қусырылып, аз-маз тұрып қалды. Далада шыңылтыр аяз бар екен. Ол оны елемей, биiк тақалы етiгiмен жердегi қарды кiршiлдете басып, отауына қарай беттедi. Сүйтiп келе жатқанында оған бiр жеңгесi қарсы ұшыраса кеттi. Ауызы жеңiлдеу әйел сайқылана күлiп, бұның бетiне сиқырлана қарады:

— Бикеш-ау, бетiңде бiр түйiр де қан жоқ қой. Бiлемiз, неге олай екенiн. Оң жақта отырғанда өзiмiз де... — деп, ол бiр дөрекi сөздi тұп-тура өз атымен қойып қалды.

— Кетшi, сен қатын да бiр, — деп, Ақкербез оны керi итердi.Анау бұған талақша жабыса түстi: — Бәрiн де бер жағыңмен айтасың. Оны... былай... iшiң жақсы көрiп тұр ғой. Сұм қыз-ау, ана сорпақбайың көкек

айы туа қалыңдық ойнауға келетiн болыпты. Сон-да... iргеде жатып ап, не iстеп, не қойғандарыңды, әй, бiр құмарым қана тыңдармын-ау!

Ақкербез өз құлағына өзi сенбедi: “Рас па? Шынымен, келе ме?”— Оған дейiн... бармақ басым жерiңдi жылы-жұмсақпен сылап, былай... алдын ала дайындала бер.— Құры, қатын! — деп, Ақкербез бүйенауыз жеңгесiне тарпа бас салды. Анау қарсыласа кеттi. Ақкербез жеңгесiн

құшақтай көтерiп ап, жерге алп ұрып жықты да, оның үстiне қона түсiп, о жер бұ жерiн шымшылай бастады. Жеңгесi тарқылдай күлiп:— Жiбер, қыдығым келедi, — дедi.— Мен саған қыдықты көрсетейiн. Өзiң ет пен терiнiң арасындағы желiң алынбай жүрген қатын екенсiң.— Оған... ағаң ғой кiнәлi.— Мә, саған кiнәлi! Мә, саған!Екеуiнiң ойнап, ұмар-жұмар алысып жатқан кезде қараүйден нағашы ағасы Қалдыбай шыға келдi. Ол бөркiн бiр

шекесiне киiп, шiкiрейе қарап тұр:— Паһ, паһ! Екеуiнiң қарға аунаған түлкiдей болуын қараш!Ақкербез орнынан атып түрегеп, үстi-басын қағынды да, ұялып, қолымен бетiн көлегейлеп, нағашы ағасына тiктеп

қарай алмай, бiр шетке қарай ығыстай бердi. Осы кезде орнынан атып түрегелген жеңгесi үстi-басы қар-қар қалпы Қалдыбайдың жанына кеп:

— Мына жиенiңнiң қамын жемейсiң бе? Шiкiрейгеннен басқа қолыңнан келер дәнемең жоқ, — дедi.— Е, не iстейiн? — Қалдыбай ақ тiстерiн ақсита күлдi.— Ана... немеге кел демейсiң бе?Ақкербез ендi кiдiрсе, бүйенауыз жеңгесiнiң бүлдiретiнiн сезiп, алды-артына қарамай, отауына қарай зыта жөнелдi.

Iзiнен жеңгесiнiң сампылдаған даусы қуып жеттi: — Тесiкке көсiк жайыз. Iшi алып тұрса да, ұяла қалуын қараш!Түн ортасына таман ұзақ ойдан қажыған Ақкербез талықсып ұйықтап кеткен екен. Басы мәңгiрiп, неше түрлi түс

көрдi. Түсiнде түрi сұсты бiреу ақ тушаны найзамен түйрейiн деп, қыр соңынан қалмай қуалап келедi екен. Түрi Нақып сияқты. Кенеттен ол Ережеп бейнесiне ауысты. Одан жаны қалмай қорыққан ақ туша зытып кеп, мұны паналай бердi. Ережеп найзасын сiлтеп кеп қалды. Бұл жасқанып, қолымен омырауын қорғай берем дегенше... кенет омырау тұсы жылып сала бергендей болды. “Қан ба?” — деп, зәресi ұшып, төсiне қарай берем дегенде... тағы да омырау тұсы қыбыр ете қалған сияқтанды. Ұйқылы-ояу ыңырсып, қолын көтерiп қалғанында, шынымен қос анарына қарай бойлап бара жатқан кiсi қолына тидi. Зәресi ұшып, ұйқысы шәйдай ашылып кеттi.

— Бұ кiм? — дедi ол шошып.Әлгi кiсi қолын тартып ала қойды. Бұл аңдап қараса, — Разақ! Ендi долданған қыз айқайға басты:— Кет, өй, оңбаған!Разақ сыртқа зып бердi. Мұның даусынан анадай жерде ақ шымылдық iшiнде қорылдап ұйықтап жатқан ағасы

шошып оянды:— Бұ не?— Жәй әшейiн. — Ақкербез көрпесiн басына бүркенiп жатты. Содан екi көзi бақырайып, таң атқанша кiрпiк iле

алмады.

11 Райым бекiнiсiнiң салынуы Хиуа шәһарын дүрлiктiрдi. Неше түрлi, алып қаштысы көп сөз ел iшiне тез тарап, күн

санап есемелей өсiп, адам сенгiсiз бiрдемеге айналып та кеттi. Бұл жағдай Хиуа ханын ойландырды. Мұхәммәд-Инақ соңғы кездерi Сафар бидiң сөзiне көбiрек құлақ асатынды шығарған едi. Ядгарбек бас уәзiр бола тұрса да, әнеукүнi Түркия сұлтаны жiберген елшiмен мәслихатқа оны шақырған жоқ. Бұл оған атқан оқтан кем тимедi. Бiр сәт: “Осы бәрiн де қойып, шаруашылықпен айналыссам кәйтедi”, — деп ойлады. Iзiнше оның бар талап-тiлегi кесiлген кiсiнiң шаруасы екенiн сезiп, iшiнен тынды. Сүйтiп жүргенiнде Мұхәммәд-Инақ мұны шақырып ап, Сыр өңiрiндегi қазақтардың ақ патша әскерiне қарсы қол құрап жатқанын, соған бас-көз болуын қадағала деп, Қожанияз бекiнiсiне жiбердi. Бұл басын иiп:

— Қазақтардың қарулары бар ма екен? — деп сұрады.— Ояғын маған айтқан жоқ.— Онда... оларға қазынадан алып, қару берейiк те. Құр қол халық мылтыққа қарсы барып, босқа қырылады ғой.— Онда сенiң шаруаң қанша? — деп, ұлы хан қабағын шытып, жанында мүләйiмсiп тұрған Сафар биге бұрыла бердi.Содан берi Ядгарбек неше түрлi ой үстiнде жүр. Ол Қожанияз бекiнiсiне кеп, бар мән-жайға қанғаннан кейiн де сол

ойдан арыла алмады. Мұның өз түсiнiгiнше, мұның бәрi қабырғалары қақырап, жан-жағына құлап бара жатқан үйге арқасын тосқанмен бiрдей ғана. Опырылған әр қабырғаны әркiм түрлiше құлатпау жағын ойластырып отырғанда, ол

Page 78: Uli Sel 2 tom

күйреп те бiтедi. Бұл қаперлерiне кiрмейтiн Хұдаяр да, Насрулла да, Мұхәммәд-Инақ та қара бастарының қамдарынан аса алатын емес. Олар мынадай қысылтаяң тұста тiзе қосу орнына, ертеректе бiр -бiрiне кеткен еселерiн қайтару жағын ғана көздейдi. Осы да халық басқаратын, ел қамын жейтiн кiсiнiң шаруасы ма? Өкiнiшке орай, кәзiр озық ойлы, нағыз азаматтардан гөрi жылмақай, жағымпаз, иманын бiр тиынға сатып кететiндердiң құйрығы таққа тезiрек тиетiн боп жүр. Ондайлар қарамағына өзi сияқтыларды ғана жинайды. Ондай пысықайлардың наны ашыған мына қиын заманда дұрыс жол таба қою оңай емес. Ядгарбек осы сапардан да сондай жол табу керектiгiн сездi.

Уәйiс-Ниязбен анықтап сөйлестi. Сүйтсе, қол құралып қалды деген жалған сөз екен. Жиналып болды деген қазақтар әлi де әрi тарт та, берi тартпен жүр. Осы нәрсенi өсiре айтып, жоқты бар деп, жалған ақпар беретiн төменгi жақтағылардың кесiрiнен сарай маңында жүрген кiсiлер қаншама босқа дүрлiгiп бiтедi десеңшi. Осы жағдай кәзiрде де болып отыр. Соған сенген Хиуа ханы мұны Қожаниязға жiбердi. Ертең шаруа бiтпесе, кiнәлi бұл боп шыға келедi. Соны Уәйiс-Нияз да бiлетiн сияқты, ол сөз арасында жылмия күлiмсiреп қояды.

Ядгарбек өзi анықтап сөйлеспек боп, Жәнiбектi шақырып алды да, одан мән-жайға қанды.— Дұрыс, — дедi ол сақалын сипалап отырып. — Сонда Тоғанақ батыр бiзге қосылмайды ғой.— Иә.— Не себептi?— Себебi... — Жәнiбек қысыла күлiмсiредi. — Оны... өзiңiз бiлесiз ғой. — Жоқ, бiлмеймiн. О не?— Анада сардарыңыз батырдың iнiсiнiң ауылын шапқан.— Е, солай де. Ал Қайып хан ше?— Қайдам.— Ол Хиуаға елшi жiберiп, көмек сұрады. Хан бiздi қолдауға тиiс.— Ол ендi... ханның өз шаруасы.Ядгарбек мына жiгiттiң сақтана сөйлеп, тiлiне қарауыл қойып отырған түрiн ұнатпады: “Бұл... өзi... былай бiзге

өкпелеп жүр ме?” Сол арада оның есiне Қоқанға бiрге барған сапары түстi. “Әлде өзiн... келiссөзге қатыстырмады дей ме? Ол деген... құпия ғой!”

— Ал... қазақтардың өз ықыласы қалай?— Бiлмедiм.— Жәнiбек екi иығын қиқаң еткiздi.— Сен — бiздiң сардарымызсың. Сонда оны сен бiлмегенде кiм бiледi? — дедi Ядгарбек тiктелiп.— Құрметтi бек, — дедi Жәнiбек басын сәл ие түсiп. — Қазақта сөз салмағын iс көрсетедi деген нақыл бар. Мына

жерде құр көпiрiп, ертең дәнеме бiтпей қалса, қалай болады? Одан да сабыр еткен жөн.— О да дұрыс. — Бас уәзiр сәл жұмсарды. — Дегенмен... қолды жия берген жөн. Ақпан айының ортасы жақындап та

қалды.— Жинау ешқайда қашпайды ғой. Өзiңiз бiлесiз, қазақ — мал бағып жатқан ел. Сәуiрде мал төлдейдi. Шаруа

көбейедi. Көрдiңiз бе?..— Ым, — деп, Ядгарбек үнсiз қалды. Ол Жәнiбектiң сөзiнен бұл талаптан ештеңе өнбейдi дегенiн аңғарып та қалып

едi. Ол ұзақ ойланып отырып, ақыры Қайып ханның өзiмен ауызба-ауыз сөйлескендi жөн көрдi. Сол қамшы боп, қасына Жәнiбектi, жұз шақты сарбаз ертiп, хан ордасына тартып кеттi.

* * *

Жәнiбек бас уәзiрдiң жанында салпақтап келе жатып, өткенде Тоғанақ батырға барып қайтқан жайын ойлады. Неге, деп, алдында керiлiп жатқан қар басқан далаға қарады. Әлде Тоғанақ батырдың аузын Қаратай сұлтан алып қойды деген рас па? Болмаса батыр, шыныменен, ел арасының бiтпейтiн ырың-жырыңынан шаршады ма? Әлде... Осы бiр күдiк оны көптен берi мазалап жүр. Егер сүйтсе ше? Аңдап қараса, о да мүмкiн-ау! Бiрақ... соны Тоғанақ батыр түсiнбей ме? Қайдам. Ол жанында жортып келе жатқан Ядгарбекке көз қиығын тастады. Әуелгiде осы кiсiнi жақсы көрiп қалып едi. Бас уәзiр тұйықтала бергесiн, бұрынғыша iшiн ашпай, аяғын тарта сөйлейтiн болды. Өзiнше соңғы кездерi Хиуа ханының Сыр өңiрiнен айналсоқтап шықпай қойғанында бiр кәкiр бар деп түйдi. Сонда неге? Қазақтарды майсөк қып, мына өлкеге қожалық етiп тұра бергiсi бар ма? Ау, оған қазақтар көне ме? Мына келе жатқан тасқыннан тiзе қосып, аман-сау қалғасын, ел бiр елдiгiн қылмай ма? Әлде қазақтың кiм көрiнгенге қолжаулық боп, хиуалықтардай талай келiмсектiң тепкiсiне төзiп, өзара итше ырылдасып, бостандыққа қолы жетпей қала бергенi ме? Содан бiздi мына келiмсектер құтқара ма? Бұлар қазақтың қамын жеп не қылсын? Керiсiнше, олар жерiңнiң асты-үстiндегi қазынасын тонап ап, жылы-жұмсағың таусылғасын тып берiп тайып тұрмай ма? Сен сонда барып бармағыңды тiстейсiң. Кәзiр осыны тереңнен ойлайтын азамат қайда? Ол атының қарсы алдында қылт-қылт етiп келе жатқан қос құлағына қарап, тiс жармады.

* * *

Қайып хан Хиуаның бас уәзiрi келедi деп ойламаған едi. Жақында ғана өзi жiберген елшiлiк Хиуадан қайтып келген болатын. Мұхәммәд-Инақтың бұларды осыншама жарылқап тастағанына күдiктенген болатын. Сосын ойлана келе, мұны: “Тәттi бастап, қатты аяқтау — олардың қашанғы әдетi ғой” — деп бiлiп, шаруаның ақырын күтпекке бел байлаған-ды. Ендi өзiне арнайы келген Ядгарбекпен екi ұдай хал кеше сөйлесе отырып, iшiнен: “Қалай да осы жолы сыр бермеген жөн”, — деп ұйғарды. Сосын ол:

— Құрметтi бек, айтқаныңыз өте орынды, — деп, өтiрiк қоштап қойып, оның бар қоясын ақтарғанын қалады. Ядгарбек аз-кем үнсiз қалды:— Мына Райым бекiнiсiнiң салынуы тегiн емес. Оған салғырт қарасақ, сөз жоқ, ана Арқадағы кептi киемiз.— Не, не? — Қайып хан қайталап сұрады.— Ақмола бекiнiсiн айтам. Ол салынғанда, сiз де ақ патша өзiңiзге тимегесiн, еш қайрат қылмадыңыз. Қашан қыл

алқымға тақағанда барып...— Неге? — деп, Қайып хан оның сөзiн бөлдi. — Мен түбiнде Арқаны қайтып басып алам. Ақмоланың күлiн көкке

ұшырам. Әскерiм күштi.

Page 79: Uli Sel 2 tom

— Ендеше... Сырға неге аудыңыз?Уәзiрдi бұлай сұрақ қояды деп ойламаған Қайып хан кәпелiмде жауап таба алмай, сәл-пәл сасып қалды:— Ол... ендi...— Сiз Хиуаның көмегiнсiз Арқаны қайтарып ала алмайсыз, — дедi Ядгарбек суық жымиып. — Асылы, мынадай

бұралаң тұста бас-басымызға би болмай, ұлы ханмен бiрiккен дұрыс.Қайып хан шытынды. Iшiнен: “Менiң оған жалтақтайтын жағдайым жоқ”, — деп, оған сөздiң бiткенiн аңғартып,

қасында отырған Нақыпқа қарай бұрыла бердi. Соны сезген Ядгарбек те сөздi созып жатпай, нөкерлерiне ым жасап, орындарынан тұрды да, сыртқа қарай беттедi. Ертеңiне, Ядгарбектер кеткесiн, Қайып хан бiр төлеңгiтiн шақырып ап, Қаратай сұлтанға жасырын жұмсады:— Мәмiлеге барады де.

12

Қаратай сұлтан бұлай болады деп еш ойламаған едi. Қайып ханның төлеңгiтi хабар жеткiзiп кеткесiн, ол ешкiмге соқпай, Райым бекiнiсiнiң бiр шетiндегi орыс үйдiң iшiнде жатып ап, қатты ойланды. Мұнысы несi, дедi i шiнен. Әлде сайын даланың бар пұшпағын ақ патшаның орап алып жатқанына көзi анық жетiп, ендi барар жер басар тауының қалмағанын бiлiп, өзiне қарай қаһарлана төнiп тұрған қылышқа мойын ұсынғаны ма? Сондағы ойы иiлген басты қылыш кеспес қой. Егер олай болмай шықса ше? Онда осы әңгiменiң басы-қасында жүрген бұған бар жаманат таңылады да кетедi. Сосын өз туыстарына не бетiмен қарайды? Одан да... Ол күбiрлей сөйлеп, iшiнен бiр байламға кеп, үстiне қасқыр iшiгiн кие сап сыртқа шықты. Аяғын нықтай басып, Захваткиннiң үйiне келдi. Кiре берiсте биiк тақалы қазақы етiгiне жұғып қалған қарды сiлкiп, аз-кем тұрып қалды. Сосын iшке есiктi аша берiп, өз көзiне өзi сенбей, сәл-пәл кiдiрдi. Үлкен бөлменiң қараңғылау бiр бұрышынан Мария Ивановнаның сүйрiктей қолын сүйiп тұрған Тортайды көрдi. Әйел мұны тез байқап, әлденеден қымсынғандай, екi бетi ду-ду етiп, iшкi бөлмеге зып етiп кiрiп кеттi. Тортай да қысылып қап, дем арасында бойын тiктеп ала қойды. Бұл iнiсiн ыңғайсызданбасын деп, ештеңенi байқамаған кiсiдей:

— Ұлық үйде ме? — деп сұрады.— О кiсi... жаңа қамал жаққа кеткен, — дедi Тортай ашаң жүзi алабұртып тұрып.Қаратай iшiнен кiп алып қалды: “Масқара болғанда... сүйтiп... Бiрақ... бiр есептен о да дұрыс. Бүгiнде екi жеп биге

шықпасаң, болмайды ғой”. Қаратай тамағын кенедi:— Е, солай де. Өзi қашан келер екен?— Онша көп кiдiрмес.Сүйткенше болмады, iшке бiр құшақ ақ буды соңынан iлестiре Захваткиннiң өзi кiрiп келдi. Ұзын тұлыбының

жағасы сiрескен қырау:— Туһ, шайтан алғыр, бұ не деген қатты аяз! Нағыз аумаған Сiбiр! — Ол аяғын ордаңдай басып, тұлыпты қасында

жылмиып тұрған қызметшiсiне ұстата салды. Сосын мойнын бұрып:— Оу, Қаратай Садықович келiп қалған ба? — дедi. Қаратай оның жорта таңданғанын ұнатпады. Бiрақ әдеп сақтап:— Бiр тығыз шаруа шығып қап, — дедi.— О қандай шаруа? — Захваткин үстiндегi сары ала мундирiн жөндеп қойып, шалғысы қылышша салбыраған

мұртын сипалап, төр жақтағы орындыққа барып отырды. Сосын мұны қасына шақырды. — Кәне, айта берiңiз, — дедi ол бұл орындыққа отыра бергенде.

Сол арада түпкi бөлмеден Мария Ивановна шығып, ақ шаңданып тұрған жүзiн бұған жартылай бұрып, күйеуiне жақын келдi. Захваткин орнынан атып түрегелiп, әйелiнiң өзiне қарай созыла берген қолынан сүйдi. “Апырмай, осылар неге қатынжанды боп келедi?” — деп, Қаратай iштей таңғалып қалды.

— Алексей, менiң iшiм пысты. Бүгiн қонақ шақырсақ кәйтедi? — дедi әйел қылымсып.— Әрине, ол... дұрыс. Бiрақ менiң шаруам басымнан асып жатыр ғой, — дедi Захваткин жорта қынжылып.— Вечно солай, сенiң-ақ шаруаң бiтпейдi.— Жарайды, жарайды. — Захваткин әйелiне келiсiм бермейiнше құтылмасын сезгендей, оның ыңғайына жығыла

салды.— Онда... сендер сөйлесе берiңдер. Бiз, — әйел Тортайға наздана қарады, — поручик екеуiмiз шанаға мiнiп,

қыдырып қайталық. Тек сен... қызғанып жүрме, — деп, Мария Ивановна ақ жiбек қолғап жасырып тұрған ұзын, салалы сұқ саусағымен күйеуiнiң үнемi қызара бөртiп тұратын мұрнын еркелей түртiп өттi.

— Жарайды, жарайды, — дедi Захваткин мәз болып.Әйел ақ мысықша тағы да бiр еркелеп, күйеуiнiң бетiнен сүйiп, сыртқа шығып кеттi.Есiк жабылған бойда, Захваткин бет-өңiн тез билеп ала қойып, бұған қарады:— Иә, құлағым сiзде.— Мәселе былай, — дедi Қаратай сабырлы қалпын бұзбастан. — Мен анадағы келiсiмнен кейiн, Қайып ханға хат

жiбергенмiн.— Оны бiлем, — дедi Захваткин әлденеге сабырсызданып.— Ендi соған жауап келдi. Хан келiссөзге көнiп отыр.— Вот это да! — деп, Захваткин орнынан түрегелiп, тақтай едендi аяғымен сықырлата басып, бөлме iшiнде әрлi-

берлi жүре бастады. — Вот это да! — Ол кенет бұған бұрылды. — Ендi не iстемекшiсiз?— Не iстейiн, сөйлесуге барам да.— Барғанда... — Ол аз-кем ойланып қалды. — Хан сiздiң айтқаныңызға сене қояр ма екен?— Оны... қайдам.— Менiңше, ол сенбеуге тиiс. Әлде... бұл оның қулығы ма? — Захваткин бұған барлай қарады. Күдiк ұялаған көк

көзi тесiрейiп, өңменiнен өтiп барады.— О жағын бiлмедiм, — дедi Қаратай әлденеден қуыстанып. Кеуiлiнiң бiр түкпiрiнде: “Мынау... маған сенбейдi ме?”

— деген ұры ой жылт ете қалды.— Менiңше, абайлаған жөн. О қу сiздi алдап шақырып ап, қақпанға түсiрiп жүрмесiн.

Page 80: Uli Sel 2 tom

Қаратай үндемедi. Захваткин мұның алдына кеп, одырайып тұра қалды:— Осы киргиздар: “Сақтықта қорлық жоқ”, — дей ме? Ендеше бiз де сақтанайық.— Сонда... — Қаратай оның сөзiнiң соңын тосты. Ол киргиздар дегенде, қазақтар ғой деп айта жаздап барып, iркiлдi.— Бiз мәмiле болатын жерге тосқауыл қоямыз. Әңгiме ендi қыза бергенде, былай... — Ол екi қолымен орындықтың

басын қысып ұстап алды. — Әскерлердi жауып, ұстап аламыз.— Бұл... ыңғайсыз болмас па екен?— Немене сiз бiз оны басынан сипайды деп ойлайсыз ба? — Захваткин бұған таңдана қарады. — Әлде... оған

жаныңыз аши ма?— Жоға, — деп, Қаратай сұлтан шошып кеттi. — Мен тек... алдап ұстап алғанымыз, ертең ел арасына iрiткi салып

жүрмей ме деп...— Ештеңе де етпейдi. Кәне, одан да келiссөздi қай жерде өткiзетiнiмiздi ақылдасайық.Олар әрi ойласып, берi ойласып, екi жақтың Тоғанақ батырдың ауылында бас қосқанын дұрыс деп тапты.

Қаратайдың есебi бойынша, Қайып ханның сол жерде қолға түскенi тиiмдi. Астыртын әрекет iске аса қалған жағдайда, Сыр өңiрiне аты қанық батыр Қайып ханды қолымен ұстап бердi деп жалт ете қалуға жақсы. Одан кейiн Тоғанақтың ел арасында беделi кемидi. Абыройдан қағылған ол сонан соң бұлардың ашса‚ алақанында, жұмса‚ жұдырығында болады. Кейiн Сыр өлкесiн сұрай қалса, бұған Тоғанақ елдi айбынту үшiн таптырмайды.

Қаратай қулана жымиып, сыртқа шыға бердi. Аяғын ширақ басып, үйiне келдi. Тортай да сейiлден жаңа ғана оралған екен. Аяз сорған екi бетi ду-ду қызарып тұр. Қаратай мұртынан күлдi:

— Мен сенi әлi тiсi шықпаған шикi бала ғой деп жүрсем. Өзiң нағыз жатып атардан екенсiң ғой. Тортай қып-қызыл боп кеттi:— Әй, аға-ай, етерге ермек табылмағасын...— Ендi... былай, дұрыс қой. Өзi асын ұсынып тұрған итаяққа бiр түкiргеннен жiгiттiң несi кетедi, — деп төрге оза

бердi.Шәй үстiнде Қаратай iнiсiне барлай қарады:— Жаңа мәмiле жағын сөйлесiп қайттым.— Иә, не дейдi? — дедi Тортай самарқау.— Жалпы, былай, дұрыс қой. Бiрақ... алдап, ұстап алсақ деген...— Ау, ол деген опасыздық емес пе? — Тортай таңдана қарады.— Мен де солай дедiм.— Үйтсек... өзi... кейiн сенiсу үшiн қиын, — деп, Тортай ұзақ ойланып қалды.Қаратай бұл әңгiменi iнiсiне айтқанына ендi өкiндi. “Бала неме, байқаусызда тiсiнен шығарып алып жүрмесе не

етсiн”, — деп, кәуiп илей бастады. Iзiнше Тортайдың тас түйiн түрiн көрiп, сырға берiк жiгiттiң ыңғайын байқап‚ тас бауырын жiбiткендей болды.

Ертеңiне қайтадан қасқа боран басталды да кеттi. Терiскейден соққан ызғырық бетi аумай тұрып алды. Боран ұйтқи жауып, көктен борап, жерден суырып, айналаны ақ түтекке орады да жiбердi. Ауық-ауық iшiн тарта өксiгенде, жан-жағыңнан мың-сан аш қасқыр қамап келе жатқандай болады. Жынды жел ойнақ салып, түзге шыға қалсаң, қос шалғайыңды далпылдатып, аяғыңды жерге тигiзбей, ұшырып әкете жаздайды. Сұп-суық қыламық қар кiсi бетiне инеше қадалады. Оның үстiне сүйектен өтер үскiрiк аяз жан шыдатар емес. Әлден-ақ қамал қорғанында қарауылда тұрған әскерлердiң беттерi үсiп, домбығып, қарақошқылданып кеттi. Жақын маңдағы жерлерден қатынас үзiлiп қалды. Ырғыз жағынан күн құрғатпай ағылып келiп жататын шабармандар сап тиылды. Қайып ханнан да хабар болмай кеттi. Қаратай ендi: “Қайып хан мұның аужайын байқайын деп, бiр төлеңгiтiн жiбере салған шығар”, — дегенге сая бастағанында, баяғы шабарман үстi-басы ақ қырау боп, қайта жеттi. Бұл жолы ол қасына бiрнеше серiк ертiптi. Бәрi де қалың киiнiп алыпты. Солардың iшiнен жадаулау киiнгенiне қарамастан, қимылы ширақ бiр жiгiт өзiне мұның назарын ерiксiз аудара бердi. Кесек тұлғасы, оқыс қимылы, әсiресе, қырағы отты көзi оның тегiн кiсi еместiгiнен хабар берiп жатқандай. Ол Қаратай қадала түскен сайын, төменшiктеп, ығысып кете бередi. Бас шабарман төлеңгiттiң айтқанын екi етпей, аттарды жайлап, бойын аулақ салып жұредi.

Қаратай сұлтан төлеңгiттiң талабына не дерiн бiлмедi.— Хан қамал басының өзiмен сөйлес деп жiбердi, — дедi төлеңгiт сирек мұртына қатқан мұз сүңгiнi добалдай

саусақтарымен үгiтiп отырып. — Бұл, әрине, хан иемнiң сiзге сенбегенi емес. Қанша дегенмен де бұл арада келiсiм күштiнiң өзiмен болғаны дұрыс қой.

Қаратай бұл сөздiң астарында сен қанша тыраштанғаныңмен орыс ұлығының ығында жүрсiң деген сөздiң жатқанын аңдап, бойы мұздай бастады. Азырақ қитығып отырып:

— Мен бәрiн келiсiп iстеп отырмын, — дедi.— Дегенмен мәртебелi ұлықтың өз аузынан естiгенiмiз мақұл, — деп, әккi төлеңгiт мұның бұлтағына көнбей, тас

табандап отырып алды.Ақыры Қаратай сұлтан оларды Захваткинге ертiп апарды. Бұл жолы төлеңгiттiң жанына ат жайлап жүрген жiгiт пен

кекселеу бiр кiсi ердi. Мұның екi көзi сом тұлғалы жiгiтте болды. Ол да мұның әр қимылын қалт жiбермей бақылап отырғанын сезетiн секiлдi. Әңгiме үстiнде ол жұмған аузын ашқан жоқ. Кейiнгi жақта отырып ара-арасында нұрлы көзi бiр жарқ етiп, үй iшiне қарап қояды.

Захваткин әккi мәймөңкесiне басты:— Бiз Қайып ханның бұл талабына қуаныштымыз. Жаздым, жаңылдым деп, шын көңiлiмен кешiрiм сұраса, патша

ағзам оған тимейдi. Қалаған жерiнен қыстау, жайлау бередi. Тек ел iшiн бүлдiрмесе болды.— Оған кiм кепiл бола алады? — дедi төлеңгiт Захваткиннiң жүзiне барлай қарап.— Мына мен. — Захваткин Қаратайға бұрылды. Мұнысы сұлтаннан қоштау iздегенi едi.— Мырза дұрыс айтып отыр. Ол өз сөзiн жұтпайды, — дедi Қаратай сөзге қыстырылып.Төлеңгiт бұған назар аударып қараған жоқ.— Осы жайлы Перауский бiле ме?— Әрине, — дегенiмен Захваткин бiр түрлi боп қызарып сала бердi. Сосын бойын жиып: — Бiлгенде қандай. Бiз күн

сайын генерал-губернаторға келiссөз жайында ақпар жеткiзiп тұрмыз, — дедi.Төлеңгiт оның сөзiне сенбегендей, қулана жымиды:

Page 81: Uli Sel 2 tom

— Олай болса, Перауский өзi кейiн тимеймiз деп мөр басып, тiлхат жазып бере ме?Захваткин сасып қалды. Эполетi жарқыраған екi иығын қиқаң еткiзiп, екi қолын жайды:— Оған не сөз бар? Бiрақ... генерал-губернатор өз шаруасын өзi бiледi. Қайып хан кәзiр бiздiң жаққа шықпаса, кейiн

бәрi бiр шығады. Сосын... жоғары мәртебелi генерал-губернатор мұндай майда шаруамен айналыспайды. Ұлы император ағзамға киргиздардың жерi керек емес. Қажет боп жатса, оны басып алу оп-оңай. Бiздiң әскерiмiз күштi. Қару-жарағымыз жеткiлiктi. Ханның өзi осы сөздi бастағасын... — Ол сөзiнiң аяғын жұтып, кекiрейе қалды.

Қаратай сұлтан шырық бұзылмасын деп ойлап, екi араға қыстырылды:— Мырза, дұрыс айтып отыр. Орыстарға кәзiр ешкiмнiң де әлi жетпейдi. Кеше Франция императоры Наполеон

әскерi де тас-талқан болған. Бүгiнде көпке топырақ шашам деу көрсоқырлық болады. Одан да тиiмдi жақты көздеген дұрыс.

— Жарайды, — дедi төлеңгiт кенет зәрлене жымиып. — Сонда қай жерде кездесемiз?— Бiз кеше ол жағын ақылдастық. Ұлық келiссөздiң Тоғанақтың ауылында болғанын мақұл көрiп отыр.— Аманатқа кiсi бересiздер ме?— Әрине.— Ендеше... хан ием кепiлге Тортай сұлтанды сұрап отыр. Өзi iнiсiн бермек.Қаратайдың iшi қылп ете қалды: “Өй, мынау... қулық қой”.— Жарайды, ояғын ақылдасып көрелiк.Сол күнi Қайып ханның жiгiттерi кiдiрмей, ауылдарына қайтып кеттi. Қамалдан шыға бергенiнде барып, Қаратай

жағасын ұстады. Кешегi атқосшы жiгiт ендi именшектемей, топтың алдына түсiп ап, қасқая тартып барады екен. “Мынау Нақып болмасын”, — деп абыржып, сом тұлғалы жiгiтке қайта бiр анықтап қарады. Қараған сайын өз кеуiлiндегi күдiгi расқа шыққандай болды. Ол кеше-ақ бейтаныс жiгiттiң жүрiс-тұрысынан қасқыр тұқымға тән белгiлердi байқап қалған да едi.

Оның қасына Тортай келдi:— Аға, жәй тұрсыз ба?— Қайдағы жәй. Анау бара атқан Нақып қой деймiн.— Мен де кеше сол-ау дегенмiн.— Шамасы, бiзге сенбеген-ау. Сосын өз көзiмен көрiп қайтқысы келген ғой.— Солайы солай.— Ендi көр де тұр, Қайып хан сөйлесуге келмейдi.Бiрақ төлеңгiт араға екi-үш күн салып, қайта келдi. Бұл жолы мәмiленiң шартын, оған қанша кiсi қатынасатынын

айта келiптi. Олар тағы да Захваткин үшеуi оңаша қап, ұзақ ырғасты. Төлеңгiт iлгiш табылар тұста әдейi қитығып, сөздi ұзақ сонарға сап, көткеншектей бердi. Бұл жолы Захваткин төлеңгiттiң ыңғайына оңай жығылып отырды. Алым-берiм жағы келiсiлген соң, төлеңгiт кеткен бойда, Захваткин мұны шақырып алды. Қасына бiр топ атты казакты қосып, Перонскийге арнайы хат жазып, Орынборға шұғыл аттандырды. Кетерде:

— Сұлтан, қалған жайды жоғары мәртебелiге ауызша түсiндiрiңiз. Қайып ханды қолға түсiрудiң мәнiн ұғындырыңыз‚ — дедi.

Семiз тоқ аттар қоңыраулы шананы ала жөнелдi.

13

Орынбор ұлығының нұсқауын күте-күте Қайыптың тағаты таусылды. Әдепкiде ол осы мәмiлеге ықыластана келiскен едi. Соңғы он шақты жылдың беделiнде арты қоныс таппай, сайын даланың сай-саласын қуалап, көше беруден әбден жалыққан да болатын. Бiр қажыған сәтiнде: “Осы мен несiне күйiп-пiсiп жүрмiн? Ана төменгi жақта Әбiлқайырдан өрбiген Нұралы ханның ұрпағы Жәңгiр де хан болып, жұрт сұрап отырған жоқ па? Азар болса, мен де сон ың кебiн киермiн. Қалай десең де оның алдында айдаған малы, ауызына қаратып отырған жұрты бар ғой”, — деп, өзiн-өзi алдарқатқан едi. Бiрақ iшкi жағында жатқан әлдеқандай ұры күдiк оған маза бермедi. Келiссөз жайын есiне алса болды, неше түрлi дүдәмалы көбейiп, мұның жанына удай тiкенегiн сұғып-сұғып алады.

Ол бүгiн де қалың ойдан арыла алмады. “Ал, келiсейiк. Әзiрге ақ патша маған iшiн бермей, талабыма көнер. Қашан мойныма құрық тастап алғанша, дегенiмдi қылар. Менi уысына сыйдырып болғасын, ол айтқан арзамды тыңдайды ма? Қайта мына жұрттың бас көтерерi деп, көзiмдi құртуға тырыспай ма? Сонда мұның бәрi бекерге шықпай ма?” Қайып хан екi иығына екi қап топырақ артқандай еңсесi түсіп, тақ үстiнде тұнжырап отырып қалды. Сол үстiне Нақып келдi. Өзi аңға шығатын кiсiше ықшам киiнiп алыпты. Қайып оған таңдада қарады:

— Жәйшылық па?— Жәйшылық. — Нақып ағасының жүзiне тура қарады. Оның жүзiнен жастық оты, албырттығы айқын байқалып

тұр.— Сонымен... сен, анада сөз iләмi ұнамады дедiң бе? — Қайып хан осыдан бiраз бұрын iнiсiн төлеңгiтiне қосып,

Қаратай сұлтанға жұмсаған кезiн есiне алды.Нақып ағасының ойын түсiндi:— Иә.— Неге?— Менiңше, олар бiздi алдамақ. Сендер тәжiкелесiп жатқанда, қалың әскердi үстерiңе құлатып жұрмесе не етсiн.— О да мүмкiн. — Қайып хан ақырын күрсiндi. — Ол да мүмкiн. Кәзiр адам адамға сенбейтiн тас бауыр заман емес

пе? Бетiңе күле қарап, күңiрене шығатындар жетерлiк қой. Ел азғанда... солай болады деушi едi бұрынғылар. — Қайып хан сақалын қолымен сипалап ұзақ отырып қалды. Сосын барып iнiсiне көзiнiң қиығын тастады. — Сонымен сен маған мәмiлеге барма дейсiң ғой?

— Иә. — Нақып қолындағы қамшысымен етiгiнiң қонышын сарт еткiздi. — Бiр ойым айтады, олар мәмiлеге келе жатқанда, арт жағынан өтiп кетiп, Райым бекiнiсiн талқандасақ деп...

Қайып хан суық жүзiн жылытып, ақырын жымиды: — Мынауың құлаққа қонады. Ойлану керек екен.

Page 82: Uli Sel 2 tom

— Ойланғанда... өзiн... ұзаққа созбай... — дедi де, Нақып аз-маз кiдiрдi. Сосын аздан соң сыртқа шығып кеттi. Қайып хан оның соңынан қарап отырды да, жәйiмен мырс ете түстi. “Қуын қарай гөр”, — деп басын шайқады.

Сосын үстiне жамылған iшiгiнiң етегiн қымтаныңқырап отырды. Iшке кiрiп, ортада шоғы қарауытып сөне бастаған от үстiне жаңадан жаңғыртып сексеуiл шоғын салып жатқан күң әйелге көз салмады. Есiк жақта жалаң қылыш ұстап тұрған екi жасауылға назар да аударған жоқ. Ол соңғы кездегi жағдайды тағы да бiр рет ойлап шықты. Бер жағымен сыр бергiсi келмесе де, өз халының күн санап әлсiреп келе жатқанын анық аңғарды. Бүкiл Сiбiр жерiн орап, алып құшағына қысып, ақырын жылжып келе жатқан ақ патшаға қарсы етер амал-айласы қалмағанын, ендiгi бар әрекетiнiң сырттай доқ, дөңайбат екенiн сездi. Сонысын көпке дейiн жанындағыларға сездiрмей келген де едi. Бiрнеше рет Ақмола бекiнiсiн шауып, мал-мүлкiн талап алды. Талай рет орыс саудагерлерiнiң керуендерiн тонап, өздерiн құл етiп, Хиуа базарына апарып сатып жiбердi. Соны бiлiп отырған ақ патша бүгiндерi бұл бас иiп алдына барса, жiби қояр деймiсiң? Қайта бұл әрекетiн амалы құрығандық деп бiлер? Шынында да солай емес пе? Биыл Сыр бойына ауып, осы жақтың қазақтарынан бiраз қол құраймын ба деп, дәмеленiп те едi. Ендi ойлап қараса, өздi өзi боп қырқысып жүрген қалың елдiң жуық арада бәтуаға кеп, бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығарар ыңғайы сезiлмейдi. Олардың басын құрап жiберетiн кiсi де жоқ. Сонда бұл несiне емексидi? Әлде Хиуа ханына арқа сүйей ме? Қайдағы. Бұхара әмiрiмен алакөз болғалы, Мәру үшiн қырқысып, Мұхәммәд-Инақтың шарадай басы шақшадай боп жүрген жоқ па? Басқа күн туғанда ол қай демеуiңе жарайды? Қайта ақ патшаға өзiңдi ұстап беруден жүзi жанбас. Және де қазақ даласынан ауа көшiп, Сартаулы жұртына барсаң, жат қабаққа қарар қиын күн кешпейсiң бе? Одан да Қоқан ханы сұрап тұрған қазақ, өзбегi аралас Түркiстан, Созақ, Шымкент, Ташкент төңiрегiнен қоныс iздеген мақұл. Дәм бұйырып, сол жаққа барар заман туа қалса, мұның ниетiнде үйту де жоқ емес. Егер ол жерде де ақ патша маза бермесе кәйтем, деп, ол тұнжырап отырып қалды. Онда қырғыз жерiне, не Қашқар жаққа асам ба? Ол жақта мұны шақырып жатқан кiм бар?

Қайыптың басы қатты. Ол ауыр ойдан арылғысы кеп, орнынан ширақ тұрып, бiр-бiрiне қанаттаса тiгiлген ақ орданың iшiн кезiп кеттi. Төргi үйге барып, керi қайтты. Бұрыла бергенiнде бағанадан берi қаққан қазықтай боп тұрған жасауылдың жылтыраған көзiн шалып қалды. Қара құлдың қап-қара жанарында әлдеқандай суық ұшқын бар сықылды көрiндi. Қайып дiр ете түстi. Сәл аңтарылып қап, оның жүзiне тағы да барлай қарады. Осы жол қара құл бойын тiктеп ұстап, көзiндегi әлгi суық ұшқынды өшiре қойды. Қайып таңғалды. Адам баласы қандай алдамшы, дедi iшiнен. Бiз неге iшкi сырымызды бiлдiргiмiз келмей, сыртқы бет-өңiмiздi билеп үйренемiз? Әлде... үйтпесең, болмайды ма? Жалпы сыр сақтай алмау ақымақтың шаруасы емес пе? Ендеше мына қара құлдың да қулығы ерсi емес қой. Жарайды, оны қойшы. Егер мұның жанындағылардың бәрi сүйтсе ше? Сонда дүние не болады? Онда адам баласы шеттерiнен айлакер, әккi тартпай ма? Ондай жерде өмiр сүру қиынньщ қиыны емес пе? Ондай жерде... мыңнан қулық асырған алаяқтар ғана абырой асыра алады ғой. Осы... өз өмiрi де соған ұқсамай ма? Осы таққа отырамын дегенше қаншама қиыншылық көрдi? Қаншама кiсiнi жолынан ысырып тастады? Ақыры қолы билiкке жеткесiн, бiр тиышталамын ғой деп едi, онысы бекер екен. Ханның ақылдылығы алтын таққа мiнуiмен емес, соған қаншама жыл отырғанынан байқалады екен. Бұл соны ойлап, жан-жағындағы кәуiптi деген кiсiлердiң бәрiн құртты. Арғы атасының тоқалдарынан туған, кiлең қызылкөз, өр көкiрек төрелердiң еңсесiн мықтап басты. Айтқанына көнбегендерiн елден қуды. Содан берi бұл өз ордасы iшiнде тыңшы ұстайтын әдет шығарды. Онда да қайдағы бiр онан қашқан мұнан қашқан, көзге қораш бiреулердi жалдады. Оларды ақ ордадан аулақтау жерге қонып отырған төлеңгiттер ауылына да енгiзiп қойды. Сенiмдi жансыздары ай сайын, апта сайын бұған ел iшiнiң хабарын жеткiзiп кетедi. Соңғы кездерi мұны толғандырып жүрген жай — Елмырза төренiң түлкi бұлтағы. Жұрт көзiнше ол ашылып ештеңе демейдi. Оңашада төре тұқымының сойылын соғып, алақанына түкiрiп шыға келедi. Кәзiр бұл сол ауыл жаққа да құлағын түрiк ұстап отыр.

Қайып хан қайтадан таққа келiп отырды. Күн батып, ымырт үйiрiлiп кеткесiн, малай қатын үй iшiне әкеп, тас шырақты жақты. Жасаулы ақ орданың түпкiр-түпкiрi шам сәулесiнен анықтап көзге шалына бастады. Төрде iлулi тұрған аспаһани қайқы қылыштың жүзi суық жылтырайды. Онан әрiректе атасынан қалған айбалта керегеге сүйеулi тұр.

Қайып хан тамақ iшiп, әлденiп алғасын, былтыр Арқа жерiнен алған жас тоқалының қойнына кеп жатты. Көптен берi нәпсiсiне қатал тиым сап, әйел нәсiлiнен саяқсып кеткен едi. Бүгiн әлденеге аңсары ауды да тұрды. Жас сұлудың жiбектей денесi тұла бойын қыдықтап, түсiнiксiз бiрдеме тамыр-тамырын қуалап өткендей болды. Жас тәннiң ыстығын жақын жерден сездi. Ожар, жүн-жүн кеудесiмен келiншектiң қос анарын уқалап‚ ырсылдай дем алып, бiраз жатты. Сосын тұла бойы жеңiлейiп, орнынан тұра бердi.

Жуынып-шайынып болғасын, ол жас тоқалын бауырына басып, ұйықтап кеттi. Түс көрдi. Түсiнде Көкшетаудың жасыл желекке бөленген жазық даласында қайыру бермей, жан-жаққа бастарын ала қашып жөңкiлiп бара жатқан үйiр-үйiр жылқыны қайырып жүр екен. Бұл қаншама даусын жыртып, құрық сiлтеп, айқай салса да, елiрiп алған көк алалар екi көздерi шоқтай жанып, болат тұяқтарымен қара жердi дүңкiлдетiп, бет бетiне тырағайлап қашады. Бұл, қасқырға жем болады-ау, деп, оларды қайырғысы келедi. Үйiрлердiң бiразы мұның ығына тоқтаса, қалғандары жырыла қашады. Сол екен, оны көрген басқа үйiрлер солай қарай салады. Үйiрдегi құтпан айғырларыңның өзiнде де қасиет қалмаған. Олар үйiрiн жат көзден тору орнына, олардың iшiнен өзiне оң қабақ танытқанын жақын тартып, қалғандарын тепкiлеп, өз iшiне әрекет кiргiзiп алған. Бұл соны қойдырайын десе, қай қайдағы жаман тұғырлар тұлпар сықылданып‚ онсыз да берекетi қашқан үйiрлердi өзара қырық пышақ қып, бас басына би болмақшы. Қайып сондай бiреулердiң басын қағып алайын деп, қылышының балдағын ұстай берем десе, қылышы жоқ. Оның қай арада түсiп қалғанын құдай бiлсiн! Құрығы және жоқ! Ол ендi неде болса деп, терiскейге қарай жөңкiлiп бара жатқан қалың нөпiрдiң алдын орап қиялай шапты. Құлындағы даусы құраққа шығып, өз үйiрлерiн терiскейдiң қарлы бораны, ызғарығы бар екенiн айтып қалғысы кеп, атқан оқша зымырап келедi. Бiрақ онысын түсiнетiн, ұғатын естi құлақ жоқ. Қайта жаман сәурiк айғырлар топас бастарын кегжитiп ап, аузынан ақ көбiгiн шаша азынап, көздерi дым көрмей, тапырықтап келедi. Қайып қолын көтере берем дегенше болмады, селдей қаптап жеткен қалың нөпiр сұмдық екпiнiмен мұны толқын соққан жаңқаша ысырып әкеттi. Астындағы аты бiр шыңғырып жiберiп, омақаса құлады. Қайыптың өзi жерге ұшып түстi. Үстiне төнiп кеп қалған жануарлар болат тұяқтарымен бар денесiн өзiп, тасырылап өтiп жатыр. Мұның шыбын жаны шырқырап барады. “Ойпырмай, не болды?” — деп, бұл жан-дәрмен деп басын көтерiп қараса, әлгi қалың нөпiрдiң алдында бiр алтайы қызыл түлкi қызыл құйрығын тiк көтерiп ап, мазақтай күлiп, жортақтап барады екен. Соған жетем деп, қалың нөпiр бiрiн-бiрi жаншып, омақастыра құлатып, екiленiп алған. Бұл санын соғып: “Ойпырмау, мыналарда ес жоқ екен ғой. Түлкiнi тазы боп қумаушы ма едi? Көсемсiнген жаман мақау, сақау айғырлардың соңына ерiп, ақыры аранға жығылмаса кәйтсiн,” — деп жатып, селк етiп оянып кеттi. Басын көтерiп, көзi бақырайып, жан-жағына қараса, түннiң бiр уағы болып қалған екен. Ортада жайнап жатқан шоқтар қарауыта бастаған. Қойнындағы тоқалы ақырын пыс-пыс етедi.

Page 83: Uli Sel 2 tom

Қайып қолымен басын ұстап, аңтарылып қалды. “Бұ қандай түс?” — дедi өзiне-өзi. Жаратылысында анау-мынау ырым-сырымға сене қоймайтын ол ендi кәзiр қатты дағдарып қалды. Қашанғы әдетiмен түс жаманы жоқ десе де, бойы тоңазып, әлденеден секем ала бердi. Шынында, бұ қандай түс? Мұндай да түс бола ма екен? Жылқысы не? Түлкiге жол болсын? Әлде, әлде...

Ол содан таң ағарып атқанша көз iлiндiре алмады. Мамық төсек жамбасына түйiртпекше батып, әрi-берi аударылып, әбден мазасы қашты. Ақыры болмағасын орнынан тұрып, киiнiп, сыртқа шықты.

Ауыл ұйқысынан тұра бастаған екен. Мал қамымен жүрген малайлар, қойшылар асып-сасып жүгiрiп жүр. Қайып оларға назар аудармай, шапанын желбегей жамылған күйi иек астандағы қоңыр төбеге қарай тартты. Қатты қарды саптамалы етiгiмен кешiп келе жатып, әлденеге мәмiле жайын ойлады. Оның сасқан кезде ойлап тапқан әрекетi бар болғаны жас баланың өз саусағын сорғанындай екенiн анық бiлдi. Ендi алған беттен қайтудың кеш екенiн аңғарды. Дәрет сындырып боп, шалбарының бауын байлап жатып, болар болмашы күлiмсiредi. Қайтып келе жатып, бiр ойға тоқтады. Ол тездетiп Нақыпты шақырып алды:

—Уәйiс-Нияз бен Жәнiбекке жет. Қолды тез жинасын, бiздiң сарбаздар дайын отыр де. Мен келiссөзбен орыстарды алаңдатып тұрғанда, сырт жағынан Райым бекiнiсiн шабамыз де! Бүгiн бар да, тез жауабын алып кел!

— Мақұл!Нақып тез атқа қонды.

14

Жәнiбек Ядгарбекке таңғалды. Әшейiнде мән-жайды iштей сарапқа салып алмай, шұғыл бұйрық бермейтiн бас уәзiр осы жолы тықақтап кеттi:

— Бүгiннен бастап қазақ жiгiттерiн жинаңыз.— Құрметтi уәзiр, — дедi Жәнiбек әдеппен иiлiп, — кәзiр шаруа үшiн ең қиын шақ. Уақ мал төлдеп жатыр. Оны

қиып кiм шыға қояды?— Бiлмеймiн. Фәрмәнли орындаңыз.Жәнiбек әрi қарай тәжiкелесудiң орынсыздығын бiлдi. Жөн сөзге бас уәзiрдiң көзiн жеткiзудiң мүмкiн еместiгiн

аңдап ерiксiз iркiлдi.Нақып бағанадан берi бұған бiр бүйiрден қадалып, қанын iшiне тартып алып отыр едi. Оның қара сұр жүзi көк

темiрше суық тарта түскен екен. Ол екi бүктеулi қамшысымен мұны нұсқап:— Бас уәзiр, мен бiлсем, осы сардарыңыздың қол жинауға құлқы жоқ, — деп қойып қалды.Жәнiбек ұрлық үстiнде ұсталған кiсiдей жүзi ду ете түсiп, оған қарай ақырын бұрылды.Уәйiс-Нияз суық жымиып, ал не дейсiң дегендей бұған қарады:— Шынында да осы сөздiң жаны бар-ау деймiн. Солай ма?Жәнiбек қашанғы дағдысына басып, бойын тез жиды. Iшiн бермеуге тырысып, есемелеп келiп қалған ашуын зорлап

басып, сөлекеттеу жымиды:— Неге? Мен қайта Хиуа шәһарын сұрап отқан ұлы ханның абырайын ойлап жүрмiн. Қәзiр қалай айтсаң да қазақ

жiгiттерiн жинау қиын. Егер осыдан бiр ай кейiн сауын айтсақ, көп қол құраймыз.— Неге? — дедi Ядгарбек қадала түсiп.— Ол кезде мал төлдеп болады. Азаматтардың қолдары босайды. Сол кезде туралап барып айтсақ, ешкiм де бас

тарта алмайды. Ал кәзiр...Ядгарбек бұған өткiр көзiн қиғаш тастады. Сосын Нақыпқа қарады. Екi қазақтың арбасуы немен тынар екен деген

кiсiше көзiн сығырайтып ап, қалың сақалының ұшын қолымен ұстап, сәл iркiлiп тұр:— Дәлелiң мықты. Бiрақ бiзге қол кәзiр керек боп тұр ғой.Жәнiбек ендi таласудың арты қиынға соғарын бiлiп:— Мақұл, дегенiңiз болсын, — деп орнынан тұрды. Сосын Нақыпқа тыжырына қарап: “Қасқа қазақ жат көздiң

алдында бiр-бiрiңдi осылайша ұстап берiп қор болмасаң нағылды?” — дедi.Көп ұзамай Жәнiбек Қожанияз бекiнiсiнен шықты. Астындағы атын бұлаңқұйрыққа сап, қары жұқалау, қарауытып

жатқан жерлермен жүргiзiп отырып, ауылына қарай тура салды. Үстiндегi түлкi iшiгiнiң ашылып кете берген өңiрiн қымтап қойып, дұрысталып отырды. Бұл кез қөкек айы басталып, қыстай сiресе ұстасып жатқан қардың мұрты шағылып, астынан жегi құрт жегендей күрт шөге бастаған шағы едi. Оңтүстiктiң бiр биiгiне шығып алған күн сәулесi кiсi бетiне жылы тиедi. Құбыла жақтан аңқып жылы жел соғады. Ашық жерлердегi майда тырбық шөптер әлден-ақ көгере бастапты. Айналадан көктем айының жақын екендiгi анық байқалады. Жәнiбек таза ауаны кеуде кере жұтып, сәл күрсiнiп қойды. Өзiне осы сардарлығының ауыр тиiп жүргенiн ойлады. Былтыр Хиуа ханына жұғысқысы келмеп те едi. Бiрақ ел iшiндегi азаматтардың жағдайын, өз шаруасын сараптай келе, атқа мiнiп жүргенiн қош көрген. Бүгiнде қолыңда билiгiң, астыңда тағың болмаса, басың алтын болса да, сенi кiм сыйлайды? Нағыз аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесiннiң заманы емес пе? Қолыңда көлденең көз қызығарлық бiрдеңең болса ғана, жемтiк көрген құзғынша жарамсақтардың өзi-ақ жиылып, жалпылдап құлдық ұрып, соңыңнан қалмайды. Сен оларға данышпансың, бисiң, хансың. Кейде олар сенi табаныңды жерге екi елi тигiзбей мақтай жөнелгенде, бүткiл дүнияны сұрап тұрғандай боп та қаласың. Сол жылмиған жүздерге қарап, Жәнiбектiң тұла бойы түршiге түседi. Неге адам баласы бұлай, дедi өзiне -өзi. Әлде осы бiздiң жаратылысымызда күштiден қорқу, қауқарлыға бас ұру, жағыну, жалпылдау тән бе? Ол қасиеттер де қу қарынның нәпсiсiн тойдыру үшiн iшiп-жейтiн тағам сықылды аса қажет нәрселер ме? Әлде шындық шiркiннiң жолы өте жiңiшке болғандықтан ба? Қалай десең, олай де, осы арада бiр кәкiр бар. Анада ол әр жағы Үндi жұртынан шыққан, кейiнiрек араб, түркi тiлдерiне аударылған бiр қызық кiтаптан: “Аузына еге бола бiлу, сыр сақтай алу — ақылдылықтьщ нышаны”, — деген сөздердi оқыған едi. Осыдан неше ықылым заман бұрын жасаған дана кiсi солай десе, сол шындық кәзiрде де өмiрде кездесiп отырса, онда әлгi сөздiң мән-мағынасын жоймағаны ғой! Апырмай, ә! Жәнiбек өз өзiнен ыңғайсызданып, қолымен маңдайын сипады. Сосын ауыр ойдан арылғысы кеп, шабан тартып, жол жиегiнде қылтиып өсе бастаған жас шөптерге мойнын әлмәһәл соза берген атын тебiнiп қалды. Тiзгiндi тартып ұстап, текiректеген қалпы жалпақ жазыққа қарай ұзап шыға бердi. Сол екен, жадыраған күндi, далиып, жас босанған келiншектей бусанып жатқан ұлы даланы, көктем қуатымен жер қабатын жарып шығып, шуаққа, нұрға ұмсына түскен жас көктi, айналасында

Page 84: Uli Sel 2 tom

шықылықтап ұшып-қонып жүрген торғайларды көрiп, кеуiлi бiр түрлi боп көтерiле бастады. Алдынан ескен жылы ескек бетiне жайлы тиедi. Оның ән салғысы кеп кеттi. Бiрақ өмiрi өзi өз боп дауысын қатты шығарып, жыр айтып көрген емес-тi. Соған қарамастан, ол ыңылдап терме айта бастады. Әуелгiде сөзi есiне түспей, азырақ қиналып едi. Сосын болмағасын, құр әуеннiң өзiне басып кеттi. Ыңылдап келе жатып, тұла бойын қуалай жүгiрген ыстық толқындарды сездi. Екi бетiне ыссы қан теуiп, азырақ басы айналғандай болды. Өңi жылып, қай қайдағы қызық сәттер есiне түсе бастады. Әсiресе, Ақкербезбен алғаш кездескен түнi ойына оралып, бiр түрлi боп ыңғайсызданып қалды. Өмiрi қыз сүйiп көргемегендей боп, өз өзiнен қысылды. Әуелгiде бұл Ақкербезден ыңғайсызданып бiттi. Әлi етегiн жел аша қоймаған жас қыздың жанына егде тартып қалған басымен қалай жатудың ретiн таба алмай қиналды. Соны сезсе керек, Ақкербез жеңгелерi әкеп сыртқа шығып кеткесiн, қасында үн-түнсiз жата бердi. Бұл да қимылдаудан қорыққандай тырп етпедi. Ақыры Жәнiбек шыдамай, қолын соза бергенде, қыздың бiр басылып, бiр көтерiлiп жатқан жұмсақ төсiне тиiп кеттi. Сол екен, туу қара байқайына дейiн кәзiргiдей босаң бiр мас дiрiл зуылдап өте шықты. Онан арғысын Жәнiбек аңғарған жоқ. Тек есiнде қыздың дiр-дiр еткен төсiн өзiне қарай тартып, қатты қыса түскенi, жарқыраған танадай көзiнен сүйгенi, төсектен жар исiнiң аңқып қоя бергенi емiс-емiс қалыпты. Соны кәзiр мөлдiр су астында жатқан асыл тасқа қадалғандай анық көргiсi кеп, өз өзiнен жымиып, ойланып келедi. Сол екен, көп-тен берi қыз ауылына соқпағаны есiне сарт етiп түсе қалды. Малдыбай да қызын әне ұзатам, мiне ұзатам деп, ұзын арқан кең тұсауға салып келедi. Үлкендерге қарсы шықпас әдетпен бұ да асықтырған жоқ. Оның үстiне мына шаруа бiр жайлы болсын деген ыңғайы да жоқ емес. Бiрақ Жәнiбек кәзiр тағатының тамшы тама-тама тесе бастаған тастай таусыла бастағанын айқын аңғарды. Бiр түрлi сағыныш па, iңкәрлiк пе, босаң сезiм өне бойын билеп алды. Тоңазыған денесiн жылытар жарқын от алыстай түскендей қоңырайып келедi. Сол күйде ол ауы-лына кеп, ат басын iрiктi.

Төр алдында отырып, ол өмiрi iстемеген әдетiн iстеп, төрт-бестерге кеп қалған қара домалақ ұлын алдына алып, маңдайынан сипады. Әлiбек еркелеп:

— Көке, қайда бардың, а? — дедi.— Қайда болсын, Қожаниязға да, — дедi Жәнiбек ерiксiз күлiп.Үй ортасындағы үш аяқты мосы астында шоқ жайып жатқан Айжамал баласына күле қарады:— Мүмкiн, басқа жерге шығар. Оны саған көкең айта ма? Жәнiбек кiрпiшешенше жиырылды: — Апырмай, сен де бiр. Баладан ұялмайсың ба?— Оның не ұяты бар. Жаман күйеу түндегiсiнен күндiз ұялады деген.Жәнiбек қабағын шытып, үндемедi. Қара бала мойнынан құшақтап, аузын мұның құлағына тақап, сыбырлады:— Көке, сенi орыстармен соғысады дей ме?— Оны саған кiм айтты?— Апам.— Жәй әңгiме ғой.— Атам да солай деп жүр ғой, — дедi бала аузын бұртитып. Сосын мұның бетiне бетiн тақап: — Көке, сол соғысқа

менi алып барасың ба? — дедi.— Жоқ, сен әлi жассың. Онда... қорқынышты.— Сонда кiсiлерге оқ тие ме?— Иә.— Саған да ма?Жәнiбек дiр етiп, баласын қыса түстi:— Жоқ.— Иә саған, айтқан екенсiң. Оқ деген қол бастап келе жатқан адамға бұрын тимей ме?— Қой, мұны саған кiм айтып жүр? — деп, Жәнiбек баласын мойнынан түсiрдi. — Бар, далаға ойнап келе ғой.Баласы сыртқа шығып кеткесiн, Жәнiбек шоқ үстiне қара құманды қойып, шәй қайнатып жатқан әйелiне

ыңғайсыздана қарады. Iшiнен осы әйелiнiң өзiн жақсы көретiнiн, басқа кiсiден өлердей қызғанатынын елжiрей ойлады. Бiр сәтке етi-бауыры езiлiп сала бергендей көрiндi. Бiрақ әлi ештеңенiң парқын аңдамай, жастай қосыла салғандықтан ба, Айжамал бұл күндерi жанына мүлдем салқын, суық. Жар қызығын елжiрей еске аларлықтай қызықты шақтары жоқ. Бар-жоғы ерiксiз қосақталған ерлi-зайыпты кiсiлердiң тиесiлi мiндетiн өтеп келе жатқан сыңайлары бар. Бұл жастай қосылған әйелiнiң осы арада еш жазықсыз екенiн бiледi. Бiрақ ауаланған кеуiлi ештеңеге байыз табар емес. Кәзiрде де ол қоңырайып отыр.

Ертеңiне Жәнiбек қасына Қалдыбай мен Қожақты ертiп, ауыл-ауылды аралап кеттi. Бiраз үйлерге түсiп, Хиуа ханының қолына қосылар жiгiттердiң тiзiмiн жасады. Ең соңында Мойшақта отырған Нарман ауылына кеп түстi.

Қалмырза бiрден бас тартты:— Бармайым.— Неге? — дедi Жәнiбек түсiн суытып.— Айттым болды, бармайым, — дедi Қалмырза қасарысып. Тез арада оның қараша жүзiне суық сұс орнай қалды.— Барасың, — дедi Жәнiбек даусын шығара сөйлеп. — Сен немене хан жарлығына бағынбайсың ба?— Бағынам.— Ендеше қиқаңды қой да, екi жұмадан кейiн Қожаниязға келесiң. Қашып кетсең, өз обалың өзiңе. — Жәнiбек жорта

iркiлдi. — Сен өзiң қызық жiгiт екенсiң ғой. Халқыңды жәһилдер таптағалы келе жатқанда, iн түбiнде жан сақтап жатпақпысың? Сонда аман қалсаң едi-ау? Одан да ашық келе жатқан жаумен алысып өлгеннiң өзi жақсы емес пе?

Сол арада Қалмырза мойнын бұрып ап, бұған әжуалай қарады:— Бiздi ақ патшаның қылышынан қорғайтын ана Хиуаң ба? Әуелi ол алдымен өзiн қорғап алсын.— Сен немене Хиуа ханына тiл тигiзейiн дейсiң бе?— Өй, Хиуаңның тап әкесiн... — деп, Қалмырза ор-нынан атып түрегелiп, сыртқа ата жөнелдi. Жәнiбек өзiн-өзi ұстай алмай:— Ұстаңдар ананы! — дедi Қалдыбай мен Қожаққа.Екi жiгiт есiк алдына жете берген Қалмырзаның соңынан жүгiрдi. Жете бере оның қарына жармасты. Қарулы

Қалмырза бұлардың қолдарын сiлкiп тастап, сыртқа шыға бердi. Сол арада Қалдыбай Қалмырзаға жабыса түсiп, берi тартты. Қалмырза қару қып, жақындай берген Қожақты iшiне бiр тептi. Қожақ көткеншектеп барып, шаққа дегенде

Page 85: Uli Sel 2 tom

бойын тiктедi. Жәнiбек жетiп кеп, қатты ақырып, өткiр дырау қамшысымен Қалмырзаны қақ басқа тартып-тартып жiбердi. Қараша жiгiттiң бетiнен аққан қан көрiндi. Үй iшi шу ете түстi.

— Ойбай, қу құдай, бұ не қорлығың! — деп кемпiр баж ете қалды.— Төбелеспе, өлтiредi! — деп, Нарман ұмтылып кеп, араша сұрай бердi.Жәнiбек ашуын шаққа дегенде басты. Ернi дiрiлдеп, жүзi сұп-сұр боп:— Кәне, керi қайт! Айтқанды орындайсың! — дедi.Сол арада Қалмырза Қалдыбай мен Қожақты қолымен керi итерiп, iлгерi ұмтылып кеп:— Мен неге Хиуа ханын қорғауға тиiспiн? — деп көйлегiнiң өңiрiн дар-дар айырды. — Мен неге ол үшiн

соғыспақпын? Оның маған бар жасаған жақсылығы... сол ма? — Қалмырза қолы дiрiлдеп, жас балаша еңкiлдеп жылап жiбердi.

Жәнiбек самсоз болды да қалды. Сыртқа ата жөнелген Зағипаның iзiнен ыңғайсыздана қарады. Қарсы сөз айтуға дәтi бармады. Дiр-дiр еткен бойын шаққа дегенде жиып, кiлт бұрылды. Есiктен шыға берiп, артына қайырылып:

— Оған мен кiнәлi емеспiн ғой. Мен де бiреудiң айтқанын iстеп жүрмiн, — дедi.Ауылдан ұзап шыққанша ешкiм тiс жарып ештеңе деген жоқ. Қалдыбай мен Қожақ та үнсiз. Түрлерi бұзылып

кеткен. Жәнiбек ашу үстiнде артық кетiп қалғанын жаңа аңғарып, қасындағы жолдастарынан ыңғайсыздана түстi. Сосын iшiнен, соның орнында өзiм болсам кәйтер едiм, дедi. Құдай басқа салмасын! Оның жаңа бiр әзiрде сол үйден Қалмырзаға ешқайда барма деп аттанғысы да келдi. Бiрақ ерiксiз бiр күш мұның тiлiн тұсаулай бердi. Өзiнiң Ядгарбектiң әмiрiне қарсы шыға алмасын сездi. Неге, деп осы жолы да ойланып келедi. Қайығын өрге қарай бiр салып, ығып бара жатқанын көрсе де, құр намысқа тырысып, қатты-қатты есiп отырған қайықшыдай өз халына ызаланып көлденеңнен көз тастады. Бiрақ өзiнiң сол қайықтан қол үзетiн басқа амал-айласы жоқ едi.

Суыт жортқан үш салт атты екiндi әлетiнде Қуаң бойын қыстап, отырған ауылдарды бетке ұстап кете барды.

15

— Өшiр үнiңдi! Өй, әкеңнiң аузын!— Өшiрмегенде кәйтесiң?— Мә, саған ендеше!Шаңқ-шаңқ еткен дауыстары ауылды көшiрiп жатқан ақ үзiктi үйге Жәнiбек сәлем берiп кiрiп келдi. Қолындағы төрт

өрме қамшысын аузына не келгенiн аталап, арпылдай берген әйелiне қарай сiлтей берген Шайхыслам табан астында ыңғайсызданып қап, артына ауырлау бұрылды. Мұны көрiп, толық қызыл шырайлы бетiне лезде қып-қызыл қан ойнап шыға келдi. Дереу қамшысын iрге жаққа қарай лақтырып жiберiп, өңiн тез билеп:

— Ә, кел, кел, — дедi. Сонда да қатты ашудың iзi тез жойыла қоймағаны анық аңғарылып тұр.— Бұ немене құрдас? Қатын сабамайтын ең ғой? — деп, Жәнiбек қолайсыз қырын қабақ жағдайды тез жұмсартып

жiбергiсi кеп, әзiлдей сөйледi.— Оның рас. Бiрақ бұл иттер адамды ашуланбасқа қоя ма? — Шайхыслам ашулана тiл қатты. Сосын басындағы

жаулығын жөндеп жатқан қатынына бұрылды: — Тұр, қазан көтер!Жәнiбек осы үйге арнап ат басын тiреп келсе де, ендi әлденеге кеткiсi келдi:— Қой, үй iшiн мазалама. Мен асығыс бiр шаруамен келiп ем.— Не асығыс? Құйттай шаруаны қазақ баптап айтам дегенше ет те пiсiп үлгередi. Кәне, отыр, — деп, ендi

Шайхыслам ерiкке қоймай, мұның сырт киiмiне жабысты.Жәнiбек шешiнiп төрге озды. Қалдыбай мен Қожақ одан төменгi жаққа жайғасты. Жаңа ғана ауыл ауылды аралай-

аралай қажыған Жәнiбектiң шынымен кеуiл көтерiп, бiр демалғысы кеп кеткен едi. Сосын ол көп ойланып жатпастан, бала кезден құлынтайдай бiрге тебiсiп өскен Шайхысламның ауылына ат басын оп-оңай бұрып та алған болатын. Мұның онысын Қожақ пен Қалдыбай да қоштаған. Сол бетiмен салып ұрып келсе, құрдасы шатақтасып жатыр. Ендi соны жуып-шаймақ боп, Жәнiбек күле қарап:

— Осы сенiкi рәһат. Бiз болсақ мынау бiресе Хиуа ханының, бiресе Уәйiс-Нияздың әмiрiн орындаймыз деп, екi етегiмiз далақтап шауып жүрмiз, — дедi.

Шайхыслам жайдары тартып:— Саған сардар бол деген мен бе? Өзiңе сол керек, — дедi.— Айтпа.— Осы немене сендердi қол құрап жатыр дей ме?— Ондайымыз бар.— Сонда... ақ патшамен соғысасыңдар ма?— Хиуадан солай деп әмiр келiптi. Хиуа қолына көмек ретiнде қазақ жiгiттерiнен қол жасақтау керек дептi. Соның

әлегiмен шауып жүргенiм ғой.— Қалай қазекеңдер атқа қонамыз дей ме? — Шайхыслам түзу әдемi мұрнын сәл көтере түсiп, әсем жымиды.— Ендi... былай... — Жәнiбек құрдасының дем арасында жылмия қалған түрiне сынай қарады. “Шайтан-ау! Осылай

күле қарағанда қай ұрғашы мұның қақпанына түсiп қалмайды”. Ол соңғы кезде шыға бастаған Шайхыслам мен Ағлестiң бiр-бiрiне қабақтары жылы екен деген өсек сөздi есiне алды. Құрдасына қарап қойып, iшiнен: “Рас болса, рас шығар”, — деп иланып отыр.

— Сонда не дейдi? — дедi Шайхыслам тақымдап.— Не десiн? Бiразы барамыз дейдi. Бiразының мойнына су кетiп жүр.— Жарайды, қол құраңдар. Сонда оларға әлдерiң келе ме?Жәнiбек оның әңгiменi өзiнен қашырта отырған қалпын аңдап:— Неге әлдерiң? Сендер қосылсаңдар, әлiмiз келiп қалатын шығар, — дедi.— Өй, менi қойшы! Мына Қалдыбай мен Қожақ сықылды қылшылдаған, сен тұр мен атайын деген жастар болмаса,

— деп, Шайхыслам тез жалт берiп, ендi ол жаққа қарай аяқ баспады. Сосын Қожаққа бұрылып: — Бала, әкең қалай, пақуатты ма? — деп сұрады.

— Шүкiршiлiк,— дедi Қожақ басын көтерiп ап.

Page 86: Uli Sel 2 tom

— Кiсi үлкейгесiн... ыңқыл-сыңқылы көбейетiн әдетi емес пе? Соның бiрi шығар?— Iләйiм солай болғайда.Сосын Шайхыслам Қалдыбаймен қысқаша амандық-саулық сұрасты да, қайдағы бiр өнбейтiн әңгiмеге көштi.

Әбдiраманның қоян жылғы қызық-қызық қылуаларын айтып, жiгiттердi күлдiрiп отырды.Шәй келдi. Дастархан үстiне ат жал қылынып сары бауырсақ төгiлдi. Жент, қарынға салынған сары май, сарысу,

iрiмшiк, өрiк, мейiз қойылды. Шайхыслам бiр бас ат басындай көк шекердi шаппа шотпен шауып сындырып, ұсақтап, дастарханды айналдыра шашты. Сосын шекердiң ұсағын алақанына сап, аузына салып жатып:

— Былтыр Бұқардан әкеп ем, — деп қойды.— Е, ойақ қалай екен? — дедi шәй алып жатқан Жәнiбек не дерiн бiлмей.— Не қалайы бар? Насырулла әмiр бұқаралықтарға қатаң тиiп тұр. Ұратөбе үшiн Қоқанмен күнде қырқысады. Менiң

сондағы өзбек тамырымды бiлесiң ғой. Сол айтады, жылда егiн басы қылтиып келе жатқанда, қолқабыс ететiн балларын соғысқа ләшкерлiкке алып кетедi деп. Олар келем дегенше, шал-шауқан бидайды қалай жинап ала қойсын. Оның бәрi ұстағанның қолында, тiстегеннiң аузында кетедi. Торғай деген де жаудай. Содан балдары күзде қайтып келгенде құр аңыздағы масақты терiп отырғандары. Сол аздай, iзiнше әмiрдiң зекетшiлерi жетедi. Өзбек ағайынның күнi осы. Бiрақ бау-бақшасы болғасын, ол-пұл жетiспегенi бiлiнбейдi екен. Әрi сауда-саттық жағына өзбек әкәм мықты ғой, — деп, Шайхыслам көтерiлiп қойды.

— Олар... мына бiздiң Әбдiраманнан қалай екен? —дедi бағанадан берi әңгiмеге кiрiспей отырған Қалдыбай күле қарап. Оның жалпақ бетi жайыла түсiп, оң жағындағы бармақ басындай қалы бадырая қалды.

— Оны қайдам? Ол үшiн екеуiн қан базарға апарып, пысықтық салыстырып көру керек шығар. — Шайхыслам қулана көзiн қысып қойды.

Жәнiбек қолайсыз әңгiме ұшынып кетпесiн деп:— Үйтiп немiз бар? Қалай тiршiлiк ету әркiмнiң өз шаруасы емес пе? — дедi. Сосын аузына бiр түйiр мейiздi салып

жатып: — Биыл қай жердi жайламақсың? — дедi Шайхысламға қарап.— Қуаң бойын.— Неге?— Қырға көшуге ат-көлiктi аяп отырым. Малды қан сорпа ғып Қарақұмға барғанмен, отая қойса жақсы. Оның

үстiне... ояқты өте тиышсыз дейдi ғой.— Қуаң бойының тиыш боларын қайдан бiлдiң?— Бұяқ қанша дегенмен ел iшi. Ағайын-туған бар дегендей, — деп Шайхыслам мiңгiрлеп, сөзiнiң аяғын жұтып

тоқтады.Жәнiбек оның ойын түсіндi. Шынболат шалдың мыңғырған малын бiрге айдауға кiсi керек. Малшы, жалшы табу,

әрине, Шайхысламның мойнына түседi. Жаратылысында ерiншектеу ол сондықтан құлықсыз тартып, ат iзiн алысқа салмай, Қуаң бойындағы от жерлерге аударылып қонып, жазды өткермек. Оған қоса... Шынболатпен қатар отырып, iрге жақтан жүгiрген қолдың ыстығын мауқы басылғанша сезбек қой. “Әй, қу-ай!” — деп, Жәнiбек құрдасының тереңнен көздейтiн ақылына таңғалып қалды.

Шәй жиналып, әйел сыртқа шығып кеткесiн, Шайхыслам басын бұған қарай бұрып алды:— Осы сенi төсек жаңғыртады деп едi. Аяғы ұзаққа созылып кеттi ғой.Жәнiбек қысылғанынан терлеп сала бердi. Ол орамалымен маңдайын сүртiп жатып:— Жағдай солай боп тұр, — дей салды.— Ау, қатын алуға не жағдай керек? Бар да, ал.— Ендi... бiрден үйтуге...— Әй, қойшы! Сен де бiр! — деп, Шайхыслам бұған кейiстiк бiлдiрдi. — Сүйтiп жүргенде... өзi кәзiр абайламаса

болмайды. Ел iшi толған әскер. Жамандық айтып келе ме? Одан да қызды үпит-сүпит деп алып, қызығын көрмейсiң бе?— Қызығын? — Жәнiбек оның жүзiне бажырая қарады.— Иә, қызығын. Жәнiбек күлдi:— Осы сенiң содан басқа бiлерiң бар ма?— Ойбай-ау, одан басқаны бiлiп не керегi бар? Пәндә боп жаратылғасын пәндәге жайыздың бәрi маған да жайыз.

Тiршiлiктiң ең бастысы — сол жас кезiңде жар сүю, қыз қуу, ойнап-күлу емес пе? Ертең кәртейiп, екi безбен оңыша алмай қалғанда, кешегi көрген кызығыңды еске алып, өзiңдi өзiң жұбатпайсың ба?

— Ау, сонда ел қамы азаматшылык, деген қайда?— Өй, сен де бiр! Олай деп кәзiр бас қатыратын заман емес. Ана халық басқардым дегендерiңнiң құлқыны бұзылып

бiткен. Олар пара жеп семiрсе, мен басқаша семiрем. Қалай десең де, тiрлiктiң жолы басқа. Осы бастан сыбағаңды көбiрек алып қалмасаң, кейiн өкiнесiң. Жас шiркiн бiр орнында тұра бере ме? Жиырма бестiң көшi ұзап кеткесiн, қызық, қуаныш азайып, кеуiл суалып қалмай ма? Бiз ояғын қайдан бiлейiк. Бұрынғылар солай дептi ғой. Олар бастарынан өткенiн айтқан шығар. “Барында оралыңның ойна да күл” деген сөз кiм айтса да алтын сөз. — Шайхыслам мұным қалай дегендей бұған тесiле қарады.

— Бәндә болғасын, о да керек шығар. Бiрақ...— Жәнiбек көпшiкке шынтақтап жатып, аз-кем iркiлдi. — Бұ дүнияда одан басқа да маңызды iстер бар емес пе?

— Мен ондайға бас қатырып жатпайым.— Е, солай де. — Жәнiбек көзiн тайдырып әкеттi. Үй iшiнiң желбауына, керегеге қос қабаттап тұтылған қалы

кiлемдерге, сол жақтағы әсем етiп соғылған кебежеге қарады. Сосын жартылай ашық түндiктен сыртқа сыздықтап шығып бара жатқан қоңыр түтiнге көз салды. Iшiнен: “Мынау тайыз екен ғой”, — деп құрдасына қарны ашып қалды.

Жiгiттер майы көп үйме табақ еттi тез тауысты. Ет жеп болғасын‚ Жәнiбек бiр-екi кесе сорпа iштi де, ас қайырып, қонып кет деп жабысқан құрдасына әр түрлi сылтау айтып‚ жолға шықты. Шайхысламның ауылынан ұзап шыққасын‚ олар Қуаң бойының жыңғылы көп қалың жықпылымен құлықсыз жүрiп келе жатыр едi‚ кенет алдынан құм төбенiң астынан бiреу қылаң еткендей болды. Бұлар төбе басына шоқытып шыға келгенде‚ әр жақтан суыт жүрiп келе жатқан Нияз көрiндi. Бай мырзасы аңға шығатын кiсiше ықшам киiнiп алыпты. Басында жеңiл пұшпақ бөрiк. Үстiнде шолақ шапан. Соңына ерткен тазысы сылаң етiп алға озды да, бұларды көрiп, кiлт тоқтай қап, құйрығын екi бұтының арасына қысып, егесiне қайрылып қарады. Нияз жақын кеп, бұлармен амандасты.

Page 87: Uli Sel 2 tom

— Иә, барыс қалай? — дедi Жәнiбек енжар ғана.— Жаңа аң қағайын деп шығып ем. Iшiм пысып кеттi. — Нияз жан-жағына жалтақтап қарап қойды.— Солай де. Ендiгi бетiң қалай?— Мына Шынболаттың ауылына соғам.— Бiз де солай қарай бара жатыр ек, — деп, Жәнiбек өтiрiк айта салды. Неге олай дегенiн өзi де бiлмедi. Таңғалған

серiктерiне көзiн қысып қойды да: — Ендеше жолымыз бiр болды, — деп, астындағы атын тебiнiп қалды.Төртеуi қатар келе жатқанда, Жәнiбек iшiнен сол ауылға барғанда айтар сылтауын ойлап та үлгердi. Ол былтыр

Қоқанға кетiп, Шынболаттың ауылынан зекетке мал ала алмаған едi. Ендi соның iзiнен келе жатқан болады. Неге бұлай ету керектiгiн ол анық аңғарған да жоқ. Әйтеуiр, бүгiн бiр қыдырғысы келдi. Жәнiбек қасында атын тайпалтып келе жатқан Ниязға бұрылып:

— Немене, қалыңдығың ауа көшiп кеткен бе? — деп әзiлдедi.— Көшсе, атамнан әрман, — дедi Нияз тыжырынып.— Ау, неге?— Өй! — Ол қолын сiлтедi. — Бай керек болса, өзi iздеп келер.— Мәссаған! Ау, онда мұның соңы...— Кезiнде көре жатармыз.Шынболат шал үйiнде екен. Ол тосын қонақтарды онша ырай бермей қарсы алды. Бiрақ онысына Ағлес қараған жоқ,

ол қызметшi жiгiттi шақырып ап, бiр малды сойдырды да тастады. Қазан көтерiлiп, жас сорпа иiсi шығып, жiгiттер кеуiлденiп отырды. Ағлес бiрде iшке кiрiп, Шынболаттан қысылмастан, Жәнiбекке бұрылып:

— Сiз көп келе бермейтiн қадырданды қонағымыз едiңiз. Кiсi осындай себеппен ғана бас қосады. Әсiресе, ел арқасында жүрген азаматтардың қыз-қырқын қуып, түтiн аңдып жүруге мұршасы бар ма? Бүгiн құдай айдап келе қалған екенсiз, асықпай қонақ болыңыз. Шаруаңызды жата-жастана айтарсыз. Шеңгелге қалай гүл бiткен деп таңданбай-ақ қойыңыз. Бұ да мал бiткен шаңырақтың бiрi. Бiр мал қонақасыңызды жейсiз, — дедi. Оның басына киген биiк сәукелесiнiң астынан қадалған сiлеусiн көздерi ерекше сәуле шашып жарқ-жұрқ ете қалды.

— Алларазы болсын, — дедi Жәнiбек оған шынымен риза боп.Шынболат шал қыржиды да қалды. Сосын ол әңгiмеге зауқы соқпай‚ мұның сұрақтарына шолақ-шолақ жауап

қайырып отырды.Жәнiбек ас үстiнде ыңғайсыздана бердi. Шынболат шалдың бұлардан жас тоқалын қызғанатынын аңғарды. Бiр сәт:

“Өзi... қатар болмағасын қиын екен-ау! Малды қосақтап бергенмен, кiсi кеуiлiн сатып алып жарымайсың ғой. Жас алшақтығы ортада жатқан ордай үңiрейiп тұра-ды екен. Ақта тартқан шағыңда жас биелердiң арасында жайылып не абырай табарсың?” — деп қатты ойланып қалды. Сол арада ол iшке ас қамымен кiрiп-шығып жүрген Ағлестiң Ниязға оқта-текте жазғыра қарап өткенiн айқын аңғарды. Олардың жағдайына Жәнiбек қанық едi. “Алда құдай-ай, мынаны шынымен жақсы көредi екен ғой! Қор болған екен ғой!”

Еттен кейiн Шынболат бұларды қондырмайтын ыңғай көрсеттi. Жәнiбектер киiнiп жатқанда аяқ-табақты көтерiп, сыртқа шыға берген Ағлес:

— Қон деуге дәтiмiз бармайды. Қанша дегенмен жолы жiңiшке ұрғашымыз. Қинап қондырғанмен, төсек астына салынған шеңгелдiң тiкенегi жамбасыңызға батар деп қорқамыз. Қолдан келген бар мәзiрге ырза боласыз, — деп‚ бiр түрлi боп күлдi.

Жәнiбек келiншектi қатты аяп кетiп:— Iж айыбы жоқ. Осыған да ырзамыз, — деп, сыртқа шыға бердi.Бұл кезде күн еңкейiп қалған едi. Кешке қарай терiскейден ызғырық жел тұрып, күн ұзақ жiпсiген қар қайтадан

шынылана қатып, айнала салқын тартып сала берген екен. Көк жүзiнде жынды жел түре қуған жалба-жұлба бұлттар жөңкiле көшiп барады. Көкжиекке жартылай сiңiп үлгерген күн көзi қып-қызыл. Бергi жағы буалдырланып, шаңыта түскен. Күндiз мамыражай жатқан кең дала да қыстың ақырғы ызғарын сезгендей аяқ-қолын жинап ала қойыпты.

Аттар тоң боп қатқан қара жердi дүңк-дүңк басып келедi. Жәнiбек оңтайланып отырып, етек жеңiн жинап, қаусырынып алған. Жаңағы үйден алған қолайсыз әсерi оның тұла бойын қалтыратып жiбергендей. Әлi де ол мұның жанын мазалап келедi. Сосын: “Осы бишаралардың-ақ бағы ашылмай қойды, — дедi iштей күбiрлеп. — Кәде-қаумет‚ ата жолы деп, оларды мал құсатып сатып алып жатамыз. Алдағы уақытта әлi қаншасы сатылмақ! Сүйтiп жүрiп, нәпсiнi пұл табатын сауда көзiне айналдырып алмасақ не етсiн? Әлде жас ұрпақ басқа бiр жолын таба ма?”

Ол бiр тұсқа келгенде еңсесiн тiктеп, батыс жаққа қарап едi, көзi сонау зеңгiрдiң бiр тұсында өңi қаша iлмиiп‚ тiк туған жаңа айды көрдi. Кешқұрымғы бұлаңытқан салқын ауаның әр жағынан құбыла жылтыраған айға қарап, Жәнiбек әдет бойынша: “Жаңа айда жарылқа, ескi айда есiрке!” — деп күбiрледi.

Көсенiң кезеңiне iлiккесiн, Нияз ауылына қайтып кеттi. Бұлар көз байлана ауылына келсе, әкесi Мамырай келiп жатыр екен. Кешкi тамақтан соң, Мамырай оңаша қалғанда, бұған қарай мойнын бұрып алды:

— Балам, осы ханға жағам деп, аузы ашық тұрған аранға қарай тура бара жатқан жоқпысың? — дедi. Оның сабырлы жүзiнде бiр мазасыздық бар.

Жәнiбек ойланып қалды. Әлден уақыттан соң барып ақырын тiл қатты:— Шешiнген судан тайынбас деген. Алдымда терең су барын өзiм де байқап жүрмiн. Арғы жағаға өтiп шыға алам

ба, жоқ па, — оны бiр Алла бiледi де.— Сонда да... Құдай сақтансаң, сақтармын деген. Шаруаңның мына бет алысы маған ұнамай жүр.— Көке-ау, ендi маған кәйт дейсiң? — Жәнiбек әкесiне жазғыра қарады. Баяғыда ат арқасына қон, ел тiзгiнiн ұстауға

тырыс деп қамшы салған өзi едi. Ендi соны айтуға ыңғайсызданып, бар сөзiн көмейiнде iркiп қалды.— Е, солай де, — дедi Мамырай аздап күрсiнiп. — Елдiң бақпасы болғасын, басқа салғанға көнесiң де. Дегенмен

алды-артыңа қарап, абай болғаның жөн. Сонымен соғысамыз дейсiңдер ме?— Солай болатын түрi бар. — Әлдерiң келсе, — жақсы. Келмесе... ақ патша соларыңды соңырағы күнi кек тұтып, iзiңе шырақ алып түседi ғой.

Сосын қиын болмай ма? — Оны... бiлем.— Не десең де алмағайып заман болғалы тұр-ау. Бәндәның қолында тұрған не нәсте бар? Лаж жоқ, бәрiн... маңдайға

жазылғаннан көремiз де, — деп, Мамырай күр-сiнiп, төсекке бiр шынтақтап жатып, аяғын созып жiбердi.

Page 88: Uli Sel 2 tom

Жәнiбек үндемедi. Өзi осы қызметiнiң өзiне ауыр тиiп жүргенiн сезедi. Бiрақ мынадай қиын сәтте сардарлығын Хиуа ханының өзiне бере салса, ел не дейдi, хан не дейдi, деп iштей абыржып бiтедi. Әсiресе, Ережеп ақ патшаның ығын алғалы мұның дегбiрi қашты. Мұның Райымдағы орыс ұлығымен тiлдесiп көруiне қас жауының сол арада жүргенi кедергi бола бередi. Сосын: “Ережеп мен жайлы айтып та қойған шығар. Сосын... ақ патшаның жандаралы дұрыстап сөйлесе қоймайтын шығар”, — деген бiр ұры күдiгi бел алып кетедi. Содан соң намысқа тырысып, ендiгi жерде не болса да Хиуа ханымен бiрге көргендi қолай көредi. Үйтетiн себебi бар. Мұның ойынша‚ дiнi, тiлi бөтен жұрт Сыр өлкесiне қоныс тебе қалса, арты не болмақ? Елдi кiм билейдi? Олар мал-мүлкiмiздi талап алмай ма? Мешiттерiмiздi бұзып, орнына шiркеу салып, шоқындырып жүрмей ме? Ертеректе ақ патша ауқымына қараған қара татарлардың бiразы шоқынды боп кетiптi деп жұрт айтып жүрген жоқ па? Үйтер болса, әдет-ғұрпымыз, тiлiмiз не күйге ұшырамақшы? Осының бәрiн ойлай келе, қалың тұманның әр жағына үңiлгендей ештеңеге көзi анық жетпей, сәл нәрседен кiп алып, үркiп‚ Жәнiбектiң басы қатты. Оның үстiне соңғы кездерi ел арасына үгiт таратып жүрген дәруiштердiң сөздерi алаңдатып‚ мұның күдiгiн мүлде қалыңдатып жiбердi. Ендi кәзiрде де сол есiне түсiп, екi иiнiнен зiл басып, Жәнiбек бұқырайып отыр.

Сыртта өрiстен қайтқан сиыр тұяғынша сытырлап, көктем айының соңғы қиыршық қары терезенi дамылсыз шертiп тұр.

16

Қайып ханның орыс жағымен тiлге келiсiп жатқанын естiген бойда Елмырза төренiң дегбiрi қашты. Сосын‚ неге, деп‚ оның шарадай басы шақшадай болды. Ақыры соның бiр ұштығын аңдамақ боп, ел iшiнде сөз баққан бiраз кiсiден сыр тартып көрiп едi, олар ештеңеден де хабарсыз боп шықты. Бұл оның күдiгiн одан арман қалыңдата түстi. Ақыры басына бiр ой түсiп, Елмырза бүгiн ертемен қасына Шатайды ертiп‚ атқа қонды.

Күн арқан бойы көтерiле, қос салт атты суыт жүре отырып‚ Сырға кеп құлады. Жатақтардың жапырайған жертөлелерiнiң тұсынан өтiп бара жатып‚ Елмырза тiзгiн тартып‚ әлденеге iркiле түстi де‚ селдiр мұртына қатып қалған жұқа қырауды қолымен уатып тұрып, кенет ат басын жатақтардың аулына қарай бұрып алды. Сосын қатқақ жердi ат тұяқтарымен дүсiрлете кеп, Тиышбек үйiнiң жанына жете бере тоқтады. Бұлар аттарынан түсе бергенде, iштен:

— Бұ кiм ертемен қаңғып жүрген? — деген Ақрәштiң тарғыл даусы естiлдi.Оның соңынан Тиышбектiң даусы шықты:— Өшiр үнiңдi! Алтын басымен ақ төрем жаман үйiңе кеп тұрғанда қайдағыны сандалап! Онан да былай...Тиышбек алау-далау боп сыртқа жүгiре шықты. Келе Елмырзаның қолын ап, жалпылдады да қалды:— Жақсы келдiң, Елеке. Мақтап жүредi екенсiң, әлгi қатын атала қайнатып жатыр едi. Кәне, үйге кiр. Мiне, былай.

Өзi аздап қараңғылау. — Аласа маңдайшадан еңкейiп өте берем дегенде, өзi әлденеге сүрiнiп кетiп, етпетiнен құлады. — Өй, әкеңнiң аузын... Биыл тоңғасын, бала-шаға жаурамасын деп, көшiп ала қойып ем. Жатақтың не оңған күнi бар? Осылай, кiрiп-шыққанда мұрттай ұшып түсiп жатасың, — деп, ол қолымен жер таянып тұра бердi. — Кәне, Елеке, былай шық. Жатақтың кiлемi — бойра. Мiне, мына араға.

Елмырза өзiне жалпылдап жатқан Тиышбекке онша ырай бермей, киiмшең қалпы шаң-шаң бойраның үстiне кеп малдас құрды. Сосын өзiмен амандасқан Ақрәшпен қысқаша есен-саулық сұрасты да:

— Тиышбек, отыршы мұнда. Сенен бiр сұрасам деген сөзiм бар едi. Соған бола әдейi бұрылдым‚ — дедi.— Сұра, Елеке. Бiз бiлмейтiн нәсте жоқ шығар, — деп Тиышбек жетiп кеп, қазандық пеш жанына кеп сарта жүгiне

отырды: “Бiр мал сыбағаңды жеп кет десем бе екен?”— Кәзiр... ақ патшамен соғысамыз деп‚ аналар... е‚ анау ше... иә‚ сол... қол құрап жатыр деп ел шулап жүр. Сол не

өзi‚ рас па? — дедi Елмырза бұған көзiн сығырайта қарап.— Ол рас. Ана Жәнiбек сардар бар емес пе? Сол ауыл-ауылды аралап, жiгiт жинап жүр. — Тиышбек iркiле түстi:

“Мұны неге сұрап отыр?”— Оған Қайып хан да қатыса ма?— Ау, исi мұсылман қауымның тiрегi болып отқан хан тақсыр оны қолдамағанда, мына менi қолдай ма? Оны

жәһилдерге қарсы ғазауат соғысын жариялайды деп ел шулап жүр.— Е, солай де. — Елмырза қулана күлдi. — Ел соған сенедi, ә?— Е, сенбей не көрiнiптi? — Тиышбек оның жүзiне бажырая қарады.— Ал, сол елiң... ана Қайып ханның ақ патша кiсiсiмен астыртын мәмiле жүргiзiп жатқанын бiле ме екен?— Не, не? — Тиышбек құйрығымен жорғалап, iлгерi қарай ұмсынып отырды да, жорта ойланып, қылтанақсыз сүйiр

иегiн қолымен сипады. — Мәмiле? О не нәсте? Ә, жаңа түсiндiм. Бұл миғұланы қой. Бас жоқ қой, — деп, ол қолымен маңдайын сарт еткiздi. — Мәмiлеге келедi, ә? Сонда ана жандаралмен бе? Апырмау, өз құлағыма сенейiн бе, сенбейiн бе? — Тиышбек көзi шұңғыл iн түбiнде жатқан көзгелдек суша жылтырап, тоқтай қалды: “Мынау менi аранға жыққалы отырмасын? Осы менiң аузыма еге бола алмайтыным-ақ жаман. Кәзiр бiрдеңенi шатып қойсам, ертең ханға айтып барып... басым бәлеге қап жүрмесiн”.

— Сен, сенбе, жағдай солай, — дедi Елмырза сөзiн нықтай түсiп.— Қой, ол мүмкiн емес. Өткенде ғана ана Нақып төремен бiрге ел аралап, түстенiп жүргенiмде... — Ол аз-кем iркiлiп

қалды. Есiне Нақыптың өзiн қорлағаны түсiп, ызасы қайнап кеттi. Сонда да сыр бермей: — Иә, сонда, ол маған басқаша айтқан сияқты едi, — дедi.

Елмырза күлдi:— Әй, аңқауым-ай! Бер жақпен айтқанға сене бересiң.— Иә, мен... аңқаумын. Осы аңқылдақтық-ақ түбiме жетiп болды. Бүйтпегенде, бүгiнде қора-қора мал айдап, қыдыр

көрген байлардың санатында жүретiн едiм ғой. Иә, сосын?— Оның еш сосыны жоқ. Ана Қайып хан сүйтiп жатыр дегендi мен жақында ұзын құлақтан естiгем. Сосын сенен

расын бiлейiн деп едiм. Бiздiкi... былай‚ жорамал ғой, — дедi Елмырза сақтық ойлап. Ол бұл сөзiнiң ертең-ақ мына дуасыз ауыздан екi есе боп өсiп шығып, Сыр таба-нын жайлаған жалпақ елге бiр күнде тарайтынын бiлiп, iшiнен сылқ-сылқ күлдi.

Page 89: Uli Sel 2 tom

— Ә, солай де... Өзiм де сүйдеп едiм-ау! Жарықтық хан ием, үйтiп алтын басын қор қылмайды ғой. — Тиышбек қаралай тыжырынды: “Қап, өзi азғантай атала едi. Мынау соған ортақ болатын болды-ау”. — Әй, қатын, асыңды әкел. Елекең шаруа бабымен асығыс жүр екен. Хан жайлауға шыққасын, әлi-ақ сыбағалы малын жер. Бол, төрем асығып отыр.

Елмырза сұйық аталадан ауыз тидi де қойды. Сосын ас қайырып, сыртқа асыға шықты да‚ жертөленiң сасық ауасынан құтылғанына қуанып, атына асығыс мiндi. Содан кiдiрiмей жүрiп отырып, дарияның жағасына келдi. Сырдың сеңi әлi бұзылмай, кейбiр жерлерi нiлге салған жаулықтай көгiс тартып жатыр екен. Елмырза мұздың қалыңдау тұсымен жүрiп отырып арғы бетке өттi. Сол күнi Қылышбайдың күзерiнде қыстап отырған ауылдарга бiр қонып, ертеңiне ұлы сәске шамасында Қожанияз қамалына жеттi. Әдепкiде анада жермен-жексен боп қираған қамалдың сырт пошымын тани алмай, көзiн сығырайта қарап, аз-кем iркiлiп қалды. Көзiн қолымен уқалап жiберiп‚ бұл анықтап қарап едi‚ хиуалықтардың қамалдың қабырғаларын биiктетiп‚ қайтадан салғанын‚ оны айналдыра терең ор қазып тастағанын‚ қамалдың сыртында мың қаралы атты сарбаздың найзаласып‚ қылыштасып‚ әскер ойынына жаттығып жатқанын көрдi. Сол екен, iшiнен: “Мыналардың мынаусы несi? Өзi... әскер көбейiп кетiптi ғой. Сонда бұлар шынымен ақ патшамен соғыспақшы ма?” — деп‚ Елмырза тiксiнiп қалды.

Ядгарбек пен Уәйiс-Нияз мұнымен онша ашылып сөйлеспедi.— Сонымен Қайып хан орыстарға елшi жiбердi дейсiң бе? — дедi Ядгарбек түсiн суыта қарап.— Иә, мырза.— Демек, ол бiздi алдап жүр ғой.— Иә, мырза.— Ал, сенiң өзiң алдап тұрған жоқпысың?— Мен бе? Құдай сақтасын! — Елмырза бас уәзiрдiң суық жүзiне шошына қарады.Ядгарбек тiс жармай, терiс бұрылып жүре бердi. Елмырза бас уәзiр қанша сыр бермеймiн десе де, оны қинап жүрген бiр нәрсенiң барлығын аңдап қалды. Сосын

соның үстiне май тамыза түскiсi кеп:— Сенбесеңiздер өз ерiктерiңiз. Менiкi ұлы ханымызды алдын ала сақтандырып қою ғана‚ — дедi. Бас уәзiр жалт бұрылды:— Ұлы хан орыс патшасынан айылын да жимайды. Әгәр оның қаһары келсе, Шыңғыс хан өз заманында сұраған

Едiл, Жайық бойынан ақ патша қолын әрi қарай асырып қуып тастайды.— Иә, ұлы хан сүйтедi, — дедi Уәйiс-Нияз сәлде салған дағарадай басын иiп. Сол сәтте оның ұстарамен тықырлап

қырған көгiс мойны анық көрiндi.— Оған не сөз бар, — дедi Елмырза өзiн қыштаған күлкiнi әзер дегенде басып.— Ендеше бiз Қайып ханнан сескенбеймiз.— Әрине, әрине. Менiкi бiр сiздерге бiр пайдам тие ме дегендiк едi. Артық айтсам, афу етiңiздер. Бiздiң кейде

осындайымыз бар, — деп‚ Елмырза сыртқа шыға бердi. Ол Шатай аттарды күзетiп тұрған желiнiң жанына жылдам жетiп, басының аман-есен тұрғанында қамалдан шығып

үлгергендi жөн көрдi. Сосын жеткен бойда тыпыршып тұрған атына жас жiгiтше қарғып мiндi. Бұл басын ала жөнелген арғымақты тiзгiнмен делбей бергенiнде, iштен Ядгарбек аяғын асығыс басып, шыға келдi:

— Мырза, тоқтай түрыңыз.Елмырза амалсыз iркiлдi. Ядгарбек мұның жанына кеп, кең жұқа шапанының қаусырмалы өңiрiн қымтай ұстап

тұрып:— Жаңағы сөзiңiз рас-ау деймiн. Жақында бiз де сол жайында естiп ек. Сонда... — деп, аз-кем мүдiрдi. — Ол не

жөнiнде сөйлесiп жатыр екен?Елмырза мысқылдай жымиды:— Оны... бiр Аллатағалам бiледi. Құдай бiлуге жазбаған нәстенi бiлем деп тырысу күпiрлiк емес пе? Сау болыңыз,

бас уәзiр. — Ол атын тебiнiп қалды.Қамалдан шыққасын барып, Елмырза уһ деп демiн бiр-ақ алды. Жаңа оны Уәйiс-Нияздың қату түрi шошытып

тастаған едi. Мұндай қанқұйлы жәлладтың сиқырлана күлiп тұрып, терiс айнала бергенiнде, кылышпен сыр еткiзiп, басыңды шаба салуы оп-оңай. Бұл одан бұлайша тез құтылғанына қуанды. Ең бастысы, мұның Қайып ханға хиуалықтардың күдiктене бастағанына көзi жеттi. Ендi жалпақ жұрт үшiн талас өршiмей қалмайды. Сүйтiп екi қошқардың басы бiр қазанға сыймай жатқанда, өзi бiр шеттен ел тiзгiнiн ұстап шыға келсе, айдарынан жел есiп жүрмей ме? Бiрақ оған Қайып көне қоя ма? Ендеше не iстеу керек? Ол ер үстiнде қозғалақтап қойды. Сосын сары аяңмен келе жатып‚ басына көптен берi келiп жүрген бiр ойдың оң, терiсiн бiлмей дал болды. Мұның iшкi есебi бойынша, көп тоқалдың бiрiнен туған Шотан төре алтын тақтан баяғыдан-ақ дәмелi. Бiрақ оған Қайып пен Нақып билiк бере қоймайды. Қайта олар Шотаннан кәуiптенгендей, оны қалың төлеңгiттер ортасында ұстап, орда маңына жолата бермейдi. Соны жақсы бiлетiн бұл анада бiр көргенiнде, Шотанды әумесерлеу ме деп қалған едi. Ендi сол байқағаны рас көрiнiп, алақанына түкiрiп қойды. Сосын ол iштей‚ иә, сүйту керек, деп бiр шешiмге келдi.

Арада екi-үш күш өткесiн, ол жалғыз өзi түлкi қаққан боп жұрiп, Шотанмен айдалада оңаша кездестi. Жас төре де аң аулап жүр екен. Оны көрiп, Елмырза сылқылдай күлдi:

— Апырмай, төре басымызбен қара құсап екеуiмiздiң аңшылық құрып жүргенiмiз былай қараған жұртқа ерсi-ау.— Е, неге? — дедi алаңғасарлау Шотан одырая қарап.— Ау, Шыңғыс атамнан қалған үрдiс бойынша, төре тұқымы хан болуға, алтын тақта отыруға, түлкi емес, жауды

қағуға тиiс емес пе? Ал бiз...Сол екен‚ Шотанның түрi бұзылып сала бердi:— О да рас екен-ау. Бұл нағып бұрын басыма келмеген‚ а?— Ойбай, қарағым, сенiң басыңа келмей жүрген нәсте жүдә көп қой. — Елмырза жорта iркiлдi. — Бiрақ бәйбiшенiң

ұлдары тұрғанда, тоқалдан туғандарға жол қайда? Ана Әбiлқайырды кiшi шешемiзден дөреген деп көкжал Барақ өлтiрiп кеткен жоқ па? Қалғандары да соның кебiн киедi ғой.

— Неге? — Шотан түсi сұрланып, ер үстiнде қозғалақтай бастады.— Оның еш негесi жоқ... — Елмырза жорта әңгiме бетiн басқа жаққа аударды. — Анау қараңдаған кiм?— Төлеңгiтiм ғой.— Ол үнемi қасыңа ерiп жүре ме?

Page 90: Uli Sel 2 tom

— Иә.— Е, бақташың қасыңда екен ғой. Жөн, жөн, — деп, Елмырза күле түстi де, сақтық ойлап: — Осы Қайып ханның

ақылына таңғалам. Кәзiр ғой ол Хиуаны да, ақ патшаны да қызыл тiлмен байлап-матап, бiрдей етiп ұстап отыр. Тусаң ту! — дедi.

Шотан қап-қара боп үндемедi.— Туымды деп... әне соны айт! — Елмырза тағы да оның тоқалдан туғанын есiне сап, өршiгелi тұрған отқа май құя

түстi. — Ал, жақсы. Ауыл арасы онша қашық емес қой. Жолың түскенде бiр мал сыбағаңды жеп кетерсiң. Бақташың басқа нәстеге жорып жүрер, — деп‚ ол атын басын бұрып‚ етiгiнiң өкшесiмен тебiнiп қалды.

Елмырза әлгi жерден ұзап шыққасын‚ ат басын сәл iркiп‚ бүткiл кеудесiн бұрып‚ артқы жағына қарап едi‚ — Шотан сол орнында сексиiп әлi тұр екен. Соны көрiп‚ өзiнiң атқан оғының нысанаға дәл тигенiн аңдап, Елмырза төре iшiнен сылқ-сылқ күлдi.

17

Жаңадария бойы көктем туысымен, жасыл желекке оранды. Жауқазындар әлсiз, ақ борықтай жiңiшке сабақтары майда желге қалтырап, иiлiп кете бергенiне қарамастан, жарқырай ашылған күнге, жылы шуаққа қарай бой созып келедi. Құртқашаштар айдалада домалана қалған кiрпiкшешенше бiрден көзге шалынды. Маңайдан жас көктiң иiсi бұрқырайды. Мал төлдеп жатыр.

Биыл Ережептiң ауылдары араларын алшақ салып, шағыл ұмның ықтасыны көп тұсын жеке-дара қыстаған едi. Қайып ханның жасауылдарынан сақтанған мырза негiзгi отарларын алысқа айдатып жiберiп, қолдағы малды осылайша бөлiп-бөлiп ұстаған болатын. Сол үлес кезiнде Шәкидiң қарамағына да бiраз мал тиген едi. Соны үй iшiмен тiзе бүкпей жүрiп күттi. Жас төлдi iшке алды. Дархан жас босанғанына қарамастан, нәрестесiн енесiне ұстата сап, шаруашылықпен айналысып кеттi. Ауыр жұмыстарға, көбiне, Шәкидiң өзi көмектеседi.

Шәки биыл шаршап жүр. Оны мырзаның таусылмайтын барып кел, алып келi әбден мезi қылды. Оның үстiне соңғы кездерi Дарханның қабағынан кiрбiң арылмайтын болып алды. Ол жансыз-жақсыз әкесiнiң жайын ойлай ма, жас баланы емшектен шығарысымен ата-анама апарып берейiк, алданыш қылсын‚ деп, көптен берi қыңқылдап жүр. Оған шешесi көнбейтiн сықылды. Ол кейде мұның көзiнше: “Жаңғызымның көзiндей қарашығымды бер дегенiң не? Құдай берсе, тағы бiреуiн табарсың. Соны берсек те жарамай ма?” — деп‚ күңкiлдеп те қояды.

Бүгiн Шәки мырзаның ауылына келдi. Ережеп бiр кiсiден мұны шұғыл шақыртып жiбертiптi. Қарақұмның бiр ықтасыны жақсы жерiне тiгiлген алты қанат ақ үйдiң iшi жып-жылы. Бұл кiрiп келгенде Әбдуәли қолын сiлтеп, қызына сөйлеп жатыр екен. Ережеп көзiн төмен салып жiберiп‚ қолымен анда-санда мұртының шалғысын сипап қойып‚ оның сөзiн салғырт тыңдап отыр.

— Бұл Есiмдердiң кiмдi қорлағаны, а? Ана сайқалды желiктiрiп бiттi. Ол кәзiр ел-жұрттан да ұялуды қойды. Ана перi... оның некелi байы сықылды, — дедi Әбдуәли шiңкiлдей сөйлеп.

Ережеп оған мысқылдай қарады:— Өзiңе де со керек. Суйегi жат жерден кiсi пана iздей ме екен?— Ережепжан, ол айтқаныныңның iж қалетi жоқ. Ми жоқ қой мына қауақ баста. — Әбдiуәли кiшкене жұдырығымен

маңдайын қойып-қойып қалды. — Қайдағы Есiмдерге барып, пайда, қылам деп, менi не қара басты десейшi. Онан да өз ағайынымды жағаламадым ба?

— Бiздiң сүйтiп ақылымыз кеш кiредi ғой, — деп, Ережеп қабағын шытып, төменгi жаққа отырып жатқан бұған көз салды. Сазарған қалпын бұзбастан: — Мiне, көрдiң бе, Есiмдердiң туысқандарьща не iстеп жатқанын? — дедi.

— О не? — Шәки таңғалды.— Оны ағаңның өзiнен сұра.— Ойбай, айтары жоқ, — деп, Әбдiуәли зарлап қоя бердi. — Жалшы болам деп, бар әбiрейден айрылып бiттiм. Ана

қатын Нияз перiмен тамыр боп...Шәки Сағынай ауылындағы уақиғаның шет жағасын бұдан бұрын естiген едi. Әсiресе, Нияз бен Алуаштың

арасындағы қаңқу сөз құлағына тиген күнi-ақ iшiн тартқан. Өз есебi бойунша, Ережеп сүйекке қызбай тұра алмайды. Ағайынның арын арлаған боп, ежелден тiстесiп келе жатқан ауылынан есе қайыруды ойламай қалмайды. Үйтер болса, тағы да қиын шаруаға мұны жұмсайды. Ендi мырзаның өзiн неге шақырғанын сезген ол iштей жиырыла түстi де‚ Әбдiуәлидiң сөзiне жауап қайырмай, басын iшiне алып, томаға тұйық отырып қалды.

— О қорлағаны аздай, сенi немене тура ажалға қарсы айдап апаратын болған ба? — Ережеп кенет жадырай қарады.— Иә, онысы тағы бар.— Сонда... осылайша қасқырдан қорыққан қоянның көжегiнше бұқпантайлап отыра беремiз бе?— Ережепжан, соны саған ақылдаса келдiм. Аға да, жеңге де өзiңдiкi. Қайда бастасаң, мен сондамын.— Сонда... не ойың бар?— Iж ойым-сойым жоқ. Күш жетсе, Сағынайдың ауылын шауып алу керек!— Ал, сен қалай көресiң? — Ережеп бұған бұрылды. Оның шаралы жүзiне ойнап шыға келген әжуасы аралас күлкi

астарынан сынай қарағаны байқалады.Шәки ыңғайсызданып‚ iш жағында қайнап жатқан ренiшiн әзер жасырып:— Ояғын мен қайдан бiлейiн. Өздерiң... — дедi. — Қайдан бiлгенде, былай. — Ережеп тамағын кенедi. — Бұл Есiмдер әбден құтырды. Сардарлықты бiзден тартып

алды. Ол аздай‚ олар былтырдан берi менiң қыр соңыма түсiп жүр. Ау, сонда оларға бiз не жаздық?Есiне Мiрәлiнiң iстеген алуан түрлi зорлық-зомбылығы түскен Шәки ақырын ғана мырс еттi. — Олар бiздiң болған-толғанымызды көре алмайды. — Ережеп даусын нықтай сөйледi. — Бүгiн жесiрiңдi

масқараласа, ертең от басына ойран салады. Оған көнетiндей немене бiз тоқалдан туып па едiк? Менi тыңдасаңдар, жiгiт жинап, Сағынайдың ауылын шауып алу керек. — Ендi Ережеп бұйыра сөйледi. — Шәки, сен бүгiн ана Тайпанның ауылына бар. Олар да ақ патшамен соғысуға жiгiт бермеймiз деп тулап жатқан көрiнедi. Сен барып бiзге қосыл де.

Page 91: Uli Sel 2 tom

Шәки үнсiз бас изедi. Сосын үйiне кеп‚ атына ер салып‚ Тайпанның ауылына аттанбақ боп жатқанында‚ Дархан қасына кеп‚ үнсiз, салқын кескiнмен қарады. Бұл оның ашып ештеңе демесе де, осы сапарын ұнатпай тұрғандығын бiлдi‚ бiрақ амалы жоқтықтан‚ мырзаның жұмсаған жағына жүрiп кеттi.

Тайпанның ауылы Қызылдың iшiне сұғынып барып қыстаған екен. Елу-алпыс үйлi Дөсектердiң ауылы алқа қотан тiгiлiптi. Бұл жақындап келгенде сырта дүрлiгiсiп жүрген‚ аттарын белдеуге байлап, мейiзше қатырып қойған‚ әпербақан жiгiттердi көрдi. Олардың мына сыңайлары — қапы қалмасын көздеп, жабындының астына жау күткен сақ қалып. Шәки қоңыр жалдың астынан қылт ете қалғанда, өзара дауыстасқан бiрнеше жiгiт аттарына асығыс мiнiп те үлгердi. Шәки сақтық ойлап, қамшысымен атын сипай қамшылап, жайбарақат келе жатқан жолаушының сыңайын көрсеттi. Бұл ауыл шетiне кiре бергенде ғана мұны таныған жiгiттер аттарынан түсiп, ыржиып кеп амандасып жатты:

— Өй,өзiң екенсiң ғой. Бiз сенi жасауыл ма деп қалсақ.— Өй, мынау Шәки ғой!— Хиуалықтар бүйтiп жүрмейдi деп жаңа ғана айтпап па едiм, — деп бiр кекселеу кiсi бiлгiшсiнiп шыға келдi.Тайпан ширығып отыр екен. Ол мұның сөзiн аяғына дейiн тыңдамастан:— Әй, бұл Есiмдердiң көзiне қан толган шығар? Олар жесiрiмдi алғаны аздай, ендi сарбазға жiгiт бер дейдi. Ау, оққа

қарсы өз туысымды айдап, немене менi перi қаққан ба? Әлде ауышып кеттiм бе? Оған көнетiндей менi кiм дейдi, ә? — дедi қап-қара боп. Ашуланғанда оның қолағаштай мұрны қызарып кетедi екен.

— Мырза да соған наразы. Ана Әбдуәли дейтiн бар емес пе едi? Иә, сол. Сол былтырдан берi Сағынай ауылында жалшылықта жүрген. Ендi кеп Нияз дейтiн серi әлгiнiң қатынын масқаралапты.

— Қойшы?! — дедi Тайпан үрпиiп.— Рас, рас.— Сонда қалай? Екi көзiңдi бақырайтып қойып, тапа тал түсте ме?— Солай десе де болады, — дедi Шәки әңгiмеге ерiксiз елiгiп. — Онымен некелi қатынындай дейдi. Тiптен ұятты

қойып, күндiз байының қасынан алып кете беретiн көрiнедi. — Шәки қыза-қыза келе, өзiнiң қалайша өтiрiк айтып жiбергенiн байқамай да қалды.

— Апырау, мынау ел естiмеген сұмдық қой. Ондай жәлептi мойнына қыл шылбыр сап ат көтiне сүйретiп өлтiрмес пе? — Тайпан кiжiнiп қойды.

— Мырзаға кешелерi Әбдуәлидiң өзi келдi. Арызын айтты. Ол бiр. Екiншiден, мырза сарбаздыққа жiгiт бермейiм дейдi. Әгәр күшпен алар болса, шайқасамыз, сiздi соған қосыла ма дейдi.

— Қосылғанда қандай. Сонда кiмнiң ауылын шабамыз?— Сағынайдың.— Менiңше бар ғой, оны емес... әлгi Қожанияз қамалының өзiн тасталқан қылу керек. Үйтпесек... — Тайпан

сақалының ұшын тiстелеп, аз-кем кiдiрдi. — Ертең Жәнiбек Хиуадан әскер әкеп, аулымыздың үстiне ойран салады. Үйткiзбес үшiн шақша бас сарттарды осы паңайдан тегiс қуып шығу керек. Сен мырзаңа осы сәлемiмдi түгел жеткiз.

— Мақұл.Ережеп қатты қуанды. Тайпанның есiре-есiре артық кеткенiн аңдап:— Мiне, сөз! — деп қойды да‚ ол кенет қасында отырған Шәкидiң тiзесiн алақанымен сарт-сұрт еткiзiп қойып-қойып

қалды.

* * *

Сол күнi Қазалы төңiрегiнде тарыдай шашылып жатқан қалың Төртқара ауылдарына суыт хабар айтып, шабармандар жiберiлдi. Олардың басы-қасында Шәкидiң өзi жүрдi. Желiк буған жiгiттер әлден-ақ сойыл, найзаларын даярлап, Басықара түбiнде қосынға арнайы тiгiлген ақ үйлерге кеп түсiп жатты. Сойысқа деп жан-жақтан ағылып келiп жатқан малдың жас сорпасы желiк боп бiтiп, бiрiнен бiрi асып, олар есiрiп барады. Аусарлары әлден-ақ атқа мiнiп ап, ұрысқа жаттығып, бiр бiрiмен сойылдасып, әруақ шақырысып жатыр.

Ережеп өз ауылын мұз көбесi сөгiлмей тұрып, дариядан өткiзiп, Қырға қарай асырып жiбергесiн, қосын тұрған жерге келдi. Сосын Шәкидi оңаша шығарып ап, қадап айтты:

— Қалмырзаны алып кел. Құдама тез көшсiн деп жатыр де!— Кәзiр ме? — Шәки қабағын тыржитты.— Дәп кәзiр.— Бiр күн демалсам кәйтер едi? Шаршап жүрмiн.— Шаршап? О не деген сөз? — Ережеп тiкiрейе қалды.— Күнi-түнi ат белiнен түспегесiн...— Қой, доғар сөздi. Тез аттан! — Ережеп әрi қарай тәжiкелесудi қаламай, қалайда айтқанына көндiретiн кiсiнiң зiлi

мен салмағын айқын байкатып‚ бұрылып жүре бердi. Оған сыртынан көз сап тұрып‚ қатты қорланған Шәки қамшысымен етiгiнiң қонышын сарт еткiздi:— Қап, бәлем, сенi ме? Осыдан күнiм туса, көрермiн.Шәки сол күнi Нарман ауылына келiп‚ мырзаның сәлемiн айтты. Сосын шәй үстiнде сызылып отырған Зағипаға көзi

түсiп кетiп, iштей тiксiнiп қалды. Сол екен‚ есiне Зәуреш, Мiрәлi, баяғыда осы Қалмырзаны сабағаны түсiп‚ қимайы иiскегендей ыңғайсызданып, қозғалақтап қойды: “Осы мен кiм үшiн жанымды отқа, суға салып жүрмiн? Неге, неге?”

Қалмырзаның осы сапарға барғысы келмеп едi, Нарман қоймады:— Қой, бар. Үлкен басын кiшiрейтiп, құданың өзi кiсi жiбергенде, бас баққанымыз жарамас. Соның жанында

жүрсең, қор болмайсың.Қалмырза амалсыз көндi. Екеуi салған жерден суыт жүрiп кеттi. Қатар келе жатып, кенет Қалмырза күрсiнгендей

болды:— Өзi... өмiр деген қызық екен ғой. Жаныңды отқа да, суға да салдырады. Бетiн көрмеймiн деген кiсiңмен ауыз да

жаластырады.Шәки үңдеген жоқ.

Page 92: Uli Sel 2 tom

Олар күн еңкейе реңi бұзыла бастаған мұздан абайлап өтiп, Сырдың терiскей жағына шықты. Шаршаған аттарды тынықтырып алмақ боп, Үшатамның батысындағы қалың шидiң арасында отырған Көпжанның ауылына келдi. Қайын атасы биыл қыстан күйлi шығыпты. Бұларға деп сақтаған сүрiн қазанға салдырды. От жанып, қазан көтерiлiп, сорпа исi шығып, жатаған там iшi ажарланып сала бердi. Басына кiшкене сәлдесiн орап жатып Көпжан:

— Сонымен ел шабамыз дейсiңдер ме? — дедi кекеткенi не қоштағаны белгiсiз түрмен.— Солай боп тұр. — Шәки қысылды.— Бұрынғының батырлары елдi жат жаудан қорғаушы едi. Бүгiнгiнiң ерлерi өз елiн шабады, ә! Өйдөйт, заман-ай! Шәки не дерiн бiлмей, төмен қарап иiле түстi.— Сонда... жазым боп кетсеңдер кәйтесiңдер?— Оны... қайдам.— Қайдам? — Көпжан мырс еттi. — Бұлардың азамат болған түрлерiн қарай гөр! Қайдам дейдi. Сендер осы қатын,

бала-шағаларың, соңдарыңда тiлектерiңдi тiлеп, екi көзi төрт боп отырған шешелерiңнiң бар екенiн ойлайсыңдар ма? Әлде сендерге бәрi бiр ме?

Шәки үндемедi.— Е, солай деңдер, — дедi Көпжан даусын созып. — Бұрын шаруа кiсiнiң қолына құрық тисе, жетiп жатыр деушi ек.

Ендi мылтықтың да керегiп қалғаны-ау. Бәлкiм, о да жөн шығар.Шәки не дерiн бiлмей‚ көптi көрген кәрияның өзiне тигiзiп айтып жатқанын сездi де, қибыжықтап, малдасын құра

алмай, ұйып қалған аяғын қайта-қайта уқалаумен болды.Таң алакеуiмде Шәки әлдеқандай сатырдан шошып оянды. Әуелгiде үстерiне мың-сан жылқы дүсiрлеп келiп

қалғандай көрiп, көйлек-шалбарын асығыс кие сап, үстiне шолақ тонын жамылып сыртқа шыға бере, аңтарылып қалды. Кеше ғана тоң-торыс жатқан ұлы дария бiр түн iшiнде қыстай сiреу боп қатқан мұз көрпесiн дар-дар айырып, ересен қуатпен шiрей тасып, Үшатамның иек тұсындағы жалпақ көлтабанды басып салып та үлгерген екен. Аудан-аудан сеңдер алып жайындарша ақырын қозғалып, бiр бiрiне тиiскенде шақыр-шұқыр етiсiп, Аралға құйылыс жаққа қарай көшiп барады. Сарылдаған лайлы су дыбысы құлақ тұндырады. Айналадан ылғалдың, шiрiген борықтың исi шығады. Шығыс жақтан иiн тiресе ығып келе жатқан көп сеңнiң қап-қара бауырлары сәл көтерiле түсiп, бiрiнiң үстiне бiрi мiнiп, сатырласып қалғанда, Сыр үстiнде көп кiсi қараңдап, мұздан мұзға секiрiп жүргендей боп көрiнiп кеттi. Кейде iрi сеңдердiң қап-қара бауырлары көтерiлiп барып, кiлт төмен түскенде ашылып жабылған жайынның аузы сияқтанып кетедi. Сарылдаған су, ыңырана қозғалған ұлы дарияның сарыны, әрлi-берлi қанаттары далпылдап ұшып жүрген қара қарғалардың шаңқылы, жаңк-жаңқ сөйлескен кiсi дауыстары — бәрi қосылып, бұйығы жат-қан шалқар даланың төсiнде тосын бiр тiршiлiк тынысы басталғанын аңғартқандай едi.

Шәки қарсы алдындағы жалпақ жазықта жарқырап жатқан айдынға көзiн қыса қарады. Сол кезде сонау зеңгiр аспанның бiр төрiнен талып жеткен тыруды құлағы шалды. Сол жаққа елеңдеп қарай берiп едi, — құбыла жақтан масақ сықылды үшкiрленiп, көгiс әуеде қылтылдап, көзге бiр шалынып, бiр жоғалып, жәйiмен ұшып келе жатқан тырналарды көрдi. Өздерi тым биiкте. Шәйдай ашық аспанды жарқыратып тұрған күн сәулесi шағылысқан бауырлары әппақ боп көрiнедi. Олар мұңлы әуезбен тырулап, дәл бұл тұрған жердiң үстiмен терiскейге қарай ұшып барады. Шәки олар көз ұшына асып кеткенше қадала қарады. Сол мезет көкiрек қуысында талайдан берi бас бұғып жатқан бiр ой селт етiп оянып, ықтиярына қоймай, бой көтерiп келе жатты. Сол сәтте Шәки өз тағдырының бұралаң тұсына тақап қалғанын аңдамаған да едi.

18 Басықара жазығына қалың Әлiм қолының лек-лек жиналып жатқанын көрiп, Ережеп кеуiлдене түстi. Келген бетте ол

қырық-елу үйдi алқа қотан тiктiрiп тастап, өзi ойына алған iске шындап кiрiстi. Ат аяғы жетер жердегi ел арасында салмағы бар, ажары өтер кiсiлердi тегiс алдырды. Тек Төртқара Үмбет бидiң шақырусыз келгенiнен iшi кiп алып қалды. Анадағы Балқия жесiрiнiң дауынан кейiн бұл ел арасында беделi зор биден аяғын тартып қалған едi. Ендi: “Бұған кiм хабар бердi?” — деп басы дал болды. Оңаша үйде ешкiммен тiлдеспей жатып алды. Ақыры алған бетiнен қайтпауға ұйғарып, iштей тарс бекiндi. Көмекшi жiгiтiне Әбдуәлидi шақыртты. Ол iшке кiрiсiмен:

— Сонымен даярсың ба? — дедi.Алғашында айтқан арызының осылайша ұшынып кетерiн аңдамаған Әбдуәли қайыс бетi қап-қара боп тұрып:— Иә, — дедi. Даусы бәсең. Ережеп ұнатпай, қабағын тыржитты:— Әлде сен айнып қалдың ба? Үйтерiң болса, неге маған шағынып келдiң?— Ендi... былай, ағайын болғасын... — Әбдуәли басын қасыды.— Мұндай жерге ағайыншылық жүрмейдi. Исi Алты ата Әлiм арысы бас қосқан тұста былқылдаған жарамайды.Әбдуәли ундемедi.— Әлде... ана сайқал қатыныңмен бiрге тұра бересiң бе? Үйтем десең, дауым жоқ. Қатын өзiңдiкi.— Өзi... былай...— Әй, сөздi қой! — Ендi Ережеп бұйыра сөйледi. — Сүйек менiкi, жеңге де менiкi. Басқа түскен iске бекем бол.

Ертең мен ұятқа қалып жүрмейiн.Әбдуәлидi сыртқа шығарып жiберiп, Ережеп мына қадамының оң-терiсiн тағы да iштей сараптап көрдi. Ол кеше

Шәкидi жұмсап, Сағынай ауылындағы Алуашты көшiрiп әкелген едi. Кәзiр оны мықты күзет қойып, ауыл шетiндегi жаман қараша үйде ұстап отыр. Бұл ертең не бiр би, не бiр даукестердiң арасына талқыға салып, мұның барлығына Жәнiбек кiнәлi дегiзiп, көпшiлiктiң бәтуасын алып қоймақшы. Сосын ретi кеп жатса, Хиуа ханына өкпелеген бұл оның Қуаң жағасындағы қамалын шапқызып, ел арасына iрiткi сала түспек.

Ертеңiне күн арқан бойы көтерiле бере қалың жұрт Басықара жазығының қыр желкесiндегi көк төбеге көтерiлдi. Қалың шапанды, тымақ, бөрiк киген алуан түрлi кiсi төбе билердi ортаға ала отырды. Төбе би бұл жолы Төртқара Үмбет емес, басқа кiсi болды. Төркiнiне хабар берiлмегендiктен, Алуаш жағынан ешқандай даугер шыққан жоқ. Айыптаушы би салған жерден суырыла жөнелдi:

Page 93: Uli Sel 2 tom

— Уа, халайық, — дедi ол даусын қатты шығара сөйлеп. — Әзәлдән Сыр бойын қатар жайлаған Әлiм, Шөмен деген қатар жатқан ел едiк. Сонау құба қалмақ заманында да iргемiз ажырамай, жаумен тiзе қоса соғысқан, қоңсылас жатқан ел болатынбыз. Бiрақ бүгiнгi күнi сол туыстықты аяққа басқан кiсiлер шыға бастады. Оның нақты мысалы, — ол ортада бүк тусiп отырған Алуашты қолымен нұсқады, — мынау менiң жесiрiм. Әбдуәлидiң құдай қосқан қатыны. Әбдуәлидi өздерiң бiлесiңдер, кой аузынан шөп алмайтын, құдайға болмаса, адамға жазығы жоқ момын кiсi. Соның жуастығын пайдаланып, Шөмекейлер сүйекке таңба салды. Ағайын арасына жiк түсiрдi. Ау, жұртым, қатын Әбдуәлидiкi болғанмен, жесiр иiсi Әлiмдiкi. Бұған Әбдуәли арланбаса да, мына бiз арлануға тиiспiз. Ау, бiз де ел емеспiз бе? Мына шаруа құдай әруаққа тыс емес пе? Шариғат жолын бұзған қатынды қалай жазалаушы едi? Соны әлде ұмыттық па? Онда ұмытсақ, — бұл бұзақылық басқаларыңның қатындарыңа жұқпасына кiм кепiл? Сонда аяқ басқа шығып кетпей ме? Менiңше, мұндай көргенсiздiкке, зинақорлыққа дер кезiнде тыйым салмаса болмайды! Менiң айтарым, Әлiм атамның әруағын қорлаған сайқалды қатаң жазалау керек!

Ол қолын сiлтеп тастап, отыра бергенде, алдыңғы қатардағы ақкөз жiгiттер даурығыса айқайласты:— Дұрыс, дұрыс!— Жөн айтасың!— Сайқалдың көзiн құрту керек!Басқа жұрт онша үндесе қоймады. Төбе би елге қарап:— Ау, жұртым, даугердiң сөзiн тыңдаңдар. Ал ендi өздерiң не дейсiңдер? — дедi.Ешкiм батып, алға шыға қоймады. Ережеп ши шығарады-ау деген кiсiлердiң бiразын көзiмен бағып отыр. Бiр

төртпақ, теке көз жiгiт орнынан қопаңдап түрегелдi де, қайтадан отырды:— Оны... өзi көрген кiсi бар ма екен? Куәсы қайда?— Куәсы Әбдуәлидiң өзi, — дедi төбе би айқайлай сөйлеп.— Ау, сонда қалай? Оның некелi байы бола тұрып, суық жүрiсiне тыйым сала алмаған ба?— Құдай атқанда, солай болып тұр ғой. — Төбе би жұртқа жағалай қарады. — Кәне, тағы кiмнiң сұрағы бар?— Менiң сұрағым бар. — Бiр қартаң кiсi сампылдап сөйледi. — Жарайды, қатын кәтелiк жасаған дейiк. Ол

соншалық осындай алқа жұрттың алдында талқыға салар нәсте ме? Кеуiлi сүймеген шығар. Жас кезiнде ондай-ондай кiмнiң басында болмайды.

— Өз қатыны сүйкен шығар, — деп, бiр жiгiт жырқылдап күле бердi де, аузын қолымен басып, кiлт тиыла қалды.— Әй, шырағым, тиыш отыр. Саған қалған сөз жоқ, — деп қартаң кiсi қабағын шытты. — Сұрайын дегенiм, сонда

бұл әйелдiң жазасы не болмақ?— Оны алдын ала Әбдіржан молдамен ақылдастық. Жазасы ауыр. Күйеуiнiң көзiне шөп салғаны үшiн мұсылман

қауымы зинақорды таспен ұрып, не ат көтiне арқанмен сүйретiп өлтiредi.— Не дейдi?— Астапыралла!— Мынаусы сұмдық қой! — деп жиналып отырған кiсiлер үрпиiсiп қалды.Ережеп ұрымтал тұстың жақындағанын, осы арада солқылдақтық жасаса, таразы басының бөтен жаққа ауып кетерiн

сездi. Ол қатты дауыстап:— Ау, ағайын, — дедi. — Iжкiм адам өлтiрiп, кiсi қанын мойнына жүктегелi отырған жоқ. Бар гәп бұл арада

Шөмекейлердiң ағайыншылықтан аттап, сүйегiмiздi қорлап отырғанында. Бiр қатынның жарасы жеңiл. Азар болса, ертең мына Әбдуәли ағама әлi етегiн жел ашпаған он үштегi қызды өзiм алып берем. Бұл арада, халқым, арыс намысын ойлау керек. Осы Шөмекейлер қашанғы басына бередi? Оларды неге бiз төбемiзде тайраңдатып қоюға тиiспiз? Соған осы көне беремiз бе? Сендер осы жағын бiр ойладыңдар ма?

Сол арада Үмбет би жұртқа жағалай қарады. Сәлден кейiн даусы саңқылдап шығып, сөйлей бастады:— Әй, Ережеп, Келман тұқымы ата даңқын шығарған жақсы сүйек едi. Арғы-бергi атаңда ел қамын жеген ерлер көп

едi. Ау, бүгiнгi мынадай қысталаң шақта ағайын арасына iрiткi салар сөз айтқаның нең? Ау, жесiрiңе қол салса, Шөмендер жеңгесiмен ойнаған шығар? Қаракесектен туған қос ұлдың жесiрi кенжесiне бұйыратын рәсiм әзәлдән келе жатқан жоқ па? Оның несi айып? Бұл арада қатынына қожа бола алмаған кiнә ана ағаңда. Еркектiң еге болар нәстесi — аузы мен отбасының әбiрейi емес пе едi? Соны дұрыстап алып жүре алмаған ағаңа өкпеле, шын өкпелесең. Әрине, мен бұл арада Сағынайдың ұлы Ниязды да айыптаймын. Ол мүлдем балалық жасаған. Ау, ағайын, осы арада менi тыңдасаңдар, түкке арзымайтын нәстеге бола ел арасына лаң кiргiзбейiк. Бала-шағаның берекетiн алмайық. Ерегiс ердiң iсi емес. Ақылға келiңдер.

Төртқара Үмбет би сөзiн аяқтап, үнсiз қалды. Соны күтiп тұрған даугер би Ережептiң ымдағанын байқап, қайтадан тайпала жөнелдi:

— Уа, Үмеке, айтқан сөзiңiздiң iж қалетi жоқ. Бәрi де орынды. Бiрақ сiздiң сол басалқаңызды Шөмендер тыңдай қояр ма екен? Олар керек десе осы дауға келген де жоқ. Қолыңнан екi келсе, бiрiн қыл деп, жатып алды. Сонда осы да ағайыншылық па?

— Шөмекейлерге хабар берiлiп пе едi? — дедi Үмбет даугерге қадала қарап.Би сасып қалды. Ережепке жалтақтап:— Ояғын Ережеп бiледi, — дедi.Ережеп қапелiмде не дерiн бiлмей қалды. Сосын тез арада бойын жинап:— Иә, — дедi. — Оны мына Шәки айтсын.Шәки бағанадан ыңғайсызданып отырған-ды. Қалың топтың ортасында бұрын-соңды түсiп көрмеген ол қатты

қысылып, не дерiн бiлмей, басын төмен қарай тұқырта түстi.— Уа, Шәки айт, Шөмендерге хабар берiлiп пе едi? — дедi Үмбет би берi бұрылып.Шәкидiң маңдайына суық тер шып-шып шыға келдi.— Уа, айтсаңшы? Өзiңнiң тiлiң бар ма? Шәки өзiне Ережептiң оқты көзiмен қарап тұрғанын сезiп, қолы қалтырап, ақырын ғана:— Иә, — дедi. Ол өзiнiң өтiрiк айтып тұрғанына қатты қысылды.— Мiне, көрдiңдер ме, — дедi даугер би қайтадан тайпала жөнелiп. — Алдын ала хабар айтқанымызға қарамастан,

Шөмендер дауымызға келмей отыр. Афу өтiну деген ойында да жоқ. Мұны бiз қалай елдiкке санай аламыз? Мен бiлсем,

Page 94: Uli Sel 2 tom

олар осы арада нағыз жау екенiн көрсетiп отыр. Ондай жауға жау болу ғана керек. Мына қатынның шариғат жолымен жазасын бергеннен кейiн, уа, жұртым, сүйекке түскен таңбаны сойылмен кетiрсек деймiн. Басқа мәмiлеңе көнбеймiн!

— Өй, сен де бiр, — дедi Төртқара Үмбет би оны жақтырмай. — Ата сақалың аузыңа түссе де, ел арасына жiк түсiруден тиылмай-ақ қойдың-ау! Бiреудiң обалына қалғаныңмен тұрмай, қаншама қыршын жастың қанын мойныңа жүктегелi отырғаныңды ойлайсың ба? Мұның арты қиын болмай ма? Ау, ағайын, мына желөкпенiң сөзiне ермейiк. Менi тыңдасаңдар, осы дауды малмен бiтiрейiк. Айыбына Шөмендер мал төлесiн. Оны төлетудi өз мойныма алайын.

Ережеп кәрi биге халықтың ұйып бара жатқанын байқап, сол арада iлгерi шығып:— Уа, Үмеке, — дедi қатты дауыстап. — Сiздiң сөзiңiз өте орынды. Оған мен де қосылам. Бiрақ мәсәлә малда ма

екен? Гәп арда емес пе? Ағайынның арын арламасам, менi ру тiзгiнiн ұстағаным құрсын. — Ол жалт бұрылды. — Әрине, Алуаш жеңгем жеңiлтектiк жасаған. Ол күнәсi үшiн қан төкпейақ қояйық. Бiрақ кейiнгiге сабақ болсын, байының көзiне шөп салған қатынға жүз дүре соғылсын. Ал Шөмендер Әбдуәлиге жүз қой, елу түйе, бiр үйiр жылқы берiп, ағайын алдындағы айыбын жусын. Оған көнбесе, тұрысатын жерiн айтсын! Ау, ағайын, менiкi дұрыс па?

— Мiне, сөз!— Өй, өркенiң өссiн!— Сүйту керек!Ережеп жұртқа өзiн қоштатып алды да, төбе биге бұрылды:— Менiңше, тоқтам осы болсын. Ал, айып малын даулауды мына Үмекеңе жүктейiк. — Ережептiң мұнысы

Шөмендер шатақ шығарып жатса, ертең бар кiнәнi кәрi биге аудара салу едi. Содан кейiн ел арасында Үмбеттiң кәдiрi қалмайтыны хақ.

Үмбет би сақалын тарамдап, кәрi көзiн сығырайта қысып, басын шайқап қойды.Тоқтау осы болды. Екi жiгiт Алуашты төртпақтап керiп тастап, жұрт алдында жүз дүренi соға бастады. Қамшы

ысқырып, жон-арқасын тiлiп түскен сайын, әйел шыңғырып жiбередi. Сәлден кейiн терiсi тiлiнiп, шыпылдап қан аға бастады. Алуаштың арқасы жыртылған жердей ырсиып-ырсиып қалды. Шыдамаған Әбдуәли iлгерi қарай ұмтыла берiп едi, Ережеп атып жiберердей боп жалт қарап:

— Қайт кейiн! — деп қалды.Әбдуәли қолымен бетiн көлегейлеп екi иығы дiрiлдеп, бүгiле бердi.Жаза соңында Алуаш талықсып кеттi. Оны жабуға орай сап, екi жiгiт ауыл шетiндегi қараша үйге қарай көтерiп ала

жөнелдi.Ертеңiне Үмбет би өз ауылына кеттi. Ендi Ережеп тез қимылдады. Әпербақан жiгiттердi шақырып ап:— Көп сөз ешекке жүк деген. Ана алжыған бидiң сөзiн тыңдап кәйтесiңдер. Бiздiң басымыз күнде мынадай боп

құрала бермес. Сәтi түсiп тұрғанда, ана Қожанияздағы қамалды талқандап, сарттардың сары алтынын олжа қылайық, — дедi.

— Кәне, баста өзiң! Кеттiк!— Ұрыста не тұрыс бар? Бүгiн барайық, — деп алаңғасар жiгiттер екi алақандарына түкiрiп шыға келдi.— Тоқта, асықпаңдар. — Ережеп аз-кем.кiдiрдi. — Әуелi мұз кетiп болсын. Қырсық қылғанда, дайра бұзылып сала

бердi ғой. Сосын... қамалға бұйқыт тиiп қиратамыз.Сол күнi Ережеп астыртын кiсi жұмсап, өз ниетiн Райым бекiнiсiнiң бастығы Захваткинге жеткiздi. Ондағы ойы,

ертең орыс орам ала қойса, өз еңбегiн ұмытпасын дегендiк едi. Және де ол Жәнiбектiң Хиуа қолымен бiрiгiп, бекiнiстi шаппақ боп жатқанын жеткiздi.

Шабарман ертеңiне түн ортасы ауа қайтып келдi. Ережеп оны асыға күтiп отырған едi. Ол көпшiктен басын жұлып ап, шабарманның жүзiне тесiле қарады.

— Мырза, сәлемiңiздi түгел жеткiздiм. Орыс ұлығы керек болса, көмек беремiз дейдi. Сосын...— Тоқта жетер. — Ережеп жан-жағына жалтақтап қарап қойды. — Мұны тiрi пенде бiлмейтiн болсын. Ертең

Әбдуәли мен Алуашты бiздiң ауылға көшiрiп апарып таста. Өзiң сояқта бол.Ережеп төсегiне қисайды. Iштей: “О қатынның қызығын ендi өзiм көрейiн”, — деп қойды. Сосын қараңғы үйде екi

көзi бақырайып, көпке дейiн ұйықтай алмады.Ертеңiне ол ерте тұрды да‚ бес жүздей жiгiттi бастап, Сырға құлады. Бұл кезде сеңi кетiп үлгерген дария ескi

арнасына қайта бастаған екен. Олар тайыздау жерден қайық жалдап, судан өттi. Жағалықта бiр күн тынығып, ертесiне қалың қол Қожанияз бекiнiсiн бетке ұстап, суыт жүрiп отырды. Ережеп қасында келе жатқан Қалмырзаның сом тұлғасына қарап қойып, iштей сүйсiндi. Мұндай жiгiттердiң өз жанабында бола түскенiн жақсылыққа жорыды.

Ертеңiне сәске түске таман Қожанияз бекiнiсiнiң сыртында жүрген Хиуа сарбаздары көрiндi. Ережеп жiгiттердi аттарынан түсiрiп, айыл, тартпаларын мықтап тартқызып алды да, өзi бас боп ерге қонды. Арқасы қозып, сойылын оңтайлап ұстап, атын қатты тебiнiп қап, құйғыта шапты:

— Әруақ! Әруақ!

19

Әлiм қолы жұдырықша түйiлiп кеп, кенет қақ жарылып, қамал жанында ұрыс салып жүрген Хиуа сарбаздарын орай шапты. Хиуалықтар табан астында асып-сасып қалды. Кейбiрi қамалға қарай шауып барады. Ендi бiрi не iстерiн бiлмей, астындағы атының басына еге бола алмай, әбiгерi шыға қалған. Бiрақ кәнiгi жүзбасы сол арада ақыл тауып, қатты айқайлап:

— Саптарыңды бұзбаңдар! Қаша ұрыс салыңдар! — дедi.Ережеп топтың алдыңғы жағында келе жатқан едi. Қалың топ ендi ештеменi аңғармайтын шаққа жеттi-ау дегенде,

қызып, елiрiп алған атының басын тартып, бiр шетке тайқып шыға бердi. Соны күтiп тұрғандай алдыңғы жақтан бiр неше шитi мылтық қатарынан гүрс-гүрс ете қалды. Хиуа сарбазын жеп қоярдай боп, қаһарлана сойылын жоғары көтерiп алған бiр жiгiт басы жарға соғылғандай боп‚ сәл шалқалақтап барып, ат жалын құша жөнелдi. Екiншi бiреу жаман тарғыл дауыспен бақырып, жерге ұшып түстi.Одан арғысын Ережеп көре алмады. Ат тұяғы атқан ала шаң айқас болып жатқан жер үстiн көмдi де кеттi. Тек құлағында сатырласқан сойыл, кiсiлердiң үнсiз кекпен ырсылдағаны, шаңқ-шаңқ етiп боқтасқаны келедi.

Page 95: Uli Sel 2 tom

Қалмырза алдыңғы түйдек топтың арасында болатын. Жанында айқайлап келе жатқан жiгiттiң оң иығы қан-қан боп, жаман дауыспен барқырай құлап түскенiн көрiп, басы айналып кеткендей болды. Зәресi ұшып кеттi. Әлгi жiгiт ат үстiнен аунап түсiп, кейiннен топырлап келiп қалған нөпiр ат тұяғының астында қала бердi. Алас-қапаста Қалмырза оның ат тұяғы тиiп, қан-қан болған бетiн көрдi. Құсқысы келгендей тынысы тарылып, көзiн жұма қойды. Сол арада өзiне қарай әлдекiмнiң жақындап келе жатқанын түршiге сездi. Жасқанып қап, көлденең ұстаған қайың сойылын көтере берiп едi, бар пәрменiмен сiлтелiнген айбалта тайып барып, атының оң құлағын шауып түстi. Бұл жалт қараса, шүңiрек көз, имек тұмсык, хиуалық бiрдеңе деп боқтап, айбалтасын қайтадан көтере берген екен. Алас-қапаста: “Өлдiм-ау!” — деген жаман үрейлi ой жалт ете қалды. Жандәрмен деп ер үстiнде оңтайланып ап, атын тебiне түсiп, сойылын жоғары көтерiп алды. Аса бiр шалттықпен ананың жоғары көтерiле берген қолының шынтақ тұсынан бiр пердi. Хиуалық бақырып жiбердi. Әуеде айбалтасы азырақ iлiнiп тұрып қалды. Содан соң оқ тиген құсша салбырап, жерге қарай құлай бердi. Қалмырза ендi оған ес жидыруға мұрша бермей, сойылын екiншi рет сiлтеп кеп қалды. Бұл жолы қатты сойыл ананың қақ басынан тидi. Хиуалық екi қолын ербеңдетiгi, бiрдеме деп дыбырлап, шалқалап құлап бара жатты. Үрiккен ат екi көзi тостағандай боп, жалт бердi. Басынан аққан қан үстi-басын жуа жөнелген хиуалық бiр аяғы үзеңгiден шықпай, ызы-қиқы шу арасында жерде сүйретiлiп кете барды.

Қалмырза дiр ете түстi. Алғаш рет басына жаман бiр ой шапты. “Мен оны неге өлтiрдiм? Неге? Не үшiн? Ол маған соншалық не жаманшылық жасады? Менiң мұным не?” Ол не iстерiн бiлмей, жан-жағында ырсылдаса ұрыс салып жатқандарға алақтап қарады. Бойынан бар әлi қашып кеткендей. Жаңа ғана қаңбақ құрлым көрмеген қайың сойылы ендi зiлдей боп, ұйып қалған оң қолын жерге қарай тартып барады. Өзiн бiр енжарлық басқан. Кеуiлi өрекпiп, әлде қандай үрей бiр жағынан мазасыздандырып та тұр. Сол мезет ол екi-үш хиуалықтың Шәкидi ортаға ап, мойнына арқан тастамақ боп жатқанын көрiп қалды. Қайратты Шәки ұзын сойылын көтерiп ап, оңды-солды сiлтеп, әлгiлердi жанына жуытар емес. Сол кезде төртiншi хиуалық Шәкидi сырт жағынан орап өте бердi, мына жақта аңдып тұрған бiр хиуалық арқанды атып кеп жiбердi. Қыл тұзақ жыланша ирелеңдеп барып, Шәкидiң мойнына түсе қалды. Хиуалық ендi атын тебiнiп жiберiп, жалт бұрылып, қалың нөпiр арасынан сырттап шыға бердi. Қыл арқан кеңiрдегiн қыса түскен Шәки жалма-жан қос қолымен арқанға жабысты. Соны күтiп тұрған хиуалықтар шоқпарларын көтерiп, ұмтыла бердi.

Қалмырза сол арада өзiне не болып‚ не қойғанын байқамады. Қатты ақырып, жолындағы екi хиуалықты сойылмен ұрып жығьш, Шәкидiң сырт жағынан төнiп қалған сарбазға ұмтылды. Қатты дауыстан шошынған анау сәл iркiлiп қалды. Бiрақ сiлтеген қолына еге бола алмады. Шоқпар Шәкидiң жауырын тұсына тидi. Сол мезетте Қалмырзаның сойылы хиуалықты ат үстiнен құлатып та үлгерген едi. Ендi Қалмырза тез-тез қимылдады. Қынынан екi жүздi қанжарын суырып ап, ширатыла тартылған қыл арқанды қия бастады. Екi-үш рет изеп барып, арқанды шаққа дегенде қиып жiбердi. Тынысы тарылып кеткен Шәки бұл кезде ат жалына қарай еңкейе берген де едi. Қалмырза оның атын қамшымен тартып-тартып жiбердi. Есi шыққан ат құлындағы даусы құраққа шығып, ата жөнелдi. Сол арада Қалмырзаның басы дың ете түскендей болды. Көзiнiң алдында әлдеқандай көгiс, дөңгелек сәулелер ойнап шыға келдi. Басы бiр түрлi ысып сала бергендей. Жаны бимәлiм рәһатқа шомғандай. Тек санасында әлдеқандай үрейлi ой жылт-жылт ете қалды. Бiрақ оның не екенiн аңдай алмады. Қалмырза iрi денесiне еге бола алмай, ат үстiнен жерге қарай сыпырыла құлап бара жатты.

Ұрыс ендi қыза түстi. Әуелгiде қорқасоқтап, қос үрей боп жүрген жiгiттер бауырларын жазып қимылдай алмап едi, ендi өлiм барын ұмытып, көкпар тартып жүргендей, шайқасқа құлшына кiрiсiп кеттi. Әсiресе, жауынгер Әлiм жiгiттерiнiң айдыны таси түсiп, сойыл, шоқпарларын кiжiне, бар күшiн сала сiлтейдi. Сарбаздарды құлатқан сайын, бәрiнiң әруағы қозып, ұран тастап, iлгерi ұмтылады. Сол қаһардан шошынған хиуалықтар аздан кейiн қаша ұрыс сала бастады. Шегiнiп-шегiнiп барып, қалың топқа шамалары жетпестерiн аңдап, кенет сарбаздар ат басын керi бұрып ап, қамалға қарай қаша жөнелдi.

Ережеп осы сәттi күткен едi. Атын қамшымен тартып жiберiп, қатты айқайлап:— Қамалға қарай қиялай шабыңдар! — деп жiгiттерiне қарай ұмтылды. Өзi астындағы атының басын бұрып ап,

қамалдың дарбазасы тұрған жаққа туралап та алды. Бiр көзiмен бағып келе жатып, ұрысқа елiгiп алған жiгiттерiнiң мұның даусын есiтпегенiн, есiтсе де тыңдамағанын байқады. Барқыраған жаман дауыспен оларды ата-бабасынан бермен қарай сыбап, тағы да айқайлады. Сол арада оң жағынан бiр қуатты дүсiр кеп қосылды. Жалт қараса, Тайпан жiгiттерiн соңынан шұбалтып, дүсiрлете жетiп те қалған екен. Өзi басына көне дулығасын киiп апты. Қолында айбалта. Сен тұр мен атайын дейтiн жiгiттер әлден айбарланып, сойылдарын оңтайлай ұстап, қиқу салып, жүйткiп келедi. Сол нөпiрдiң алдында қалған Ережеп ұлы селдiң екпiнiне iлiнген бiр тал жаңқаша ысырылып кете барды. Атын қиястап бұрып алам деген талабынан түк өнбедi. Қайта етi қызған ат елiрiп, қос танауы шелектей боп пыр-пыр етiп алға қарай омыраулай ұмтылады. Басы әл берер емес. Ендi Ережеп басқа лаждың қалмағанын көрiп, неде болса деп, iлгерi салды. Қалың нөпiр ала шаңды аспанға атып, араласып кеткен кезде, атының басын шаққа билеп, iркiле бердi. Қан-қан боп құлап жатқан кiсiлердiң арасынан зәре-құты қалмай, бiр бүйiрлеп шығып бара жатты.

Хиуалықтар қалың нөпiрден сескенiп, тыста қалғандарына қарамастан, ендi қамал қақпасын жаба бастады. Ауыр темiр есiк сықырлай барып жабылғанда, бастары темiрге тiрелген он шақты сарбаз шәңк-шәңк ете қалды. Сосын аттарының бастарын тез-тез бұрып ап, қынаптарынан қайқы қылыштарын суырып-суырып алысты. Бiрақ тасқынша түйдектелiп келiп қалған ұлы топ олардың қылыш сiлтеуiне мұрша бермедi. Сол арада қамалды жағалай қазылған терең орға баяпыл етiп салынған ағаш көпiр зор салмаққа шыдамай, сықыр ете түсiп, кенет күрт етiп сынды. Екпiндеп жетiп қалған қазақ жiгiттерi омақаса берген ат үстiнде салмақтарын сақтай алмай, қолдары ербеңдеп, әлдене деп айқайлап, терең орға құлап бара жатты. Олардың соңдарынан ағызып жеткен нөпiр ат бiр сәтте ұйқы-тұйқы болды да қалды. Бiрiнiң үстiне бiрi мiнгесiп, аттар шыңғырып, кiсiлер бажылдасып, ызы-қиқу басталды да кеттi. Нағыз қан жойқан. Қарқындарын баса алмаған жануарлар екi көздерi алақандай боп, бастарына әл бермей, жұлынша үзiлiп жеткен күйiнде ұмар-жұмар құлап жатыр. Керi қарай бұрыла берген алдыңғы лектегiлердi кейiннен жылжып жеткен сел-тасқын еркiне қоймай, кеудемен соғып, аран орға ысырып түсiре бередi. Соны күткендей хиуалықтар ендi қамал басына шығып ап, төменде бiрiн-бiрi езгiлеп, топырласып жатқан қазақ жiгiттерi үстiне қайнаған ыссы су, буы бұрқыраған қарамай құя бастады. Денелерi күйген жiгiттер мен аттар жаман дауыспен шыңғырысып, бiр-бiрiне тарғыл үндерi ұласа қосылып, айналаны ың-жың қылды да жiбердi. Айқай, ойбай, ұлы шу көпке дейiн құба даланы тiтiрендiрiп тұрып алды.

Ережептiң аза бойы қаза болды. Ана жақта қырылып жатқан жiгiттерiне еш көмек бере алмады. Бұлар жақындай берсе, хиуалықтар қамал басынан оқ жаудырады. Екi рет ұмтылып барып, Әлiмдердiң жiгiттерi өлiктерiн майданда қалдырып, керi серпiлдi. Үшiншi рет баруға Ережептiң батылы жетпедi. Оның үстiне нөпiр топтың қатары селдiреп те қалған едi. Және бiр алаңы — бағана ұрыс кезiнде Жәнiбектi көре алмаған болатын. Бұл оны өзiнiң дақпыртын ести

Page 96: Uli Sel 2 tom

сала, Хиуа қамалына келiп тығылады ғой деп түйген едi. Сол алас-қапаста: “Осы.. оның қайда жүргенi?” — дей бергенiнше болмады, шығыс жақтан жер күңiренткен ұран шықты. Ережеп жалт қарап едi, — қозы көштей жерде төрт-бес жүздей салт атты тас төбеден ауып кеткен күн сәулесiне дулығалары жарқырап, берi қарай құйғытып келедi екен. Ұрандары жер жарады:

— Дөйт! Дөйт!— Әруақ! Әруақ!Ережеп ендi кешiксе, Жәнiбек қолының мұның әлсiреген жiгiттерiн жайпап тастарын бiлдi. Сосын тез арада мынадай

қиын кезде бойынан қуат тауып, қалған топқа қарап: — Кейiн! Кейiн қайт! Қайт кейiн! — деп қатты айқайлап, олардың керi бұрылғанын күтпестен, атының басын тез

бұрып алды да, терiскейге қарай шаба жөнелдi.Шәки жүзi қап-қара боп, атын мұнымен қатарластыра берiп:— Ана жiгiттердi кәйттiк? Оларды... тастағанымыз ба? — дедi айқайлап. Оның даусын жел үзiп әкеттi.Ережеп қолын бiр сiлтедi. Сосын ол өз соңынан салып келе жатқан Әлiм мен Бозғұл қолын көрдi. Аздап

жарақаттанған Тайпан да құйғыта шауып келедi екен. Олар едәуiр жер ұзағасын барып, естерiн жиды. Ережеп жiгiттердi топтастырып, етек-жеңiн жинап алды. Осы кезде, неге екенi белгiсiз, бұларды өкшелей қумай, қамал маңында ұйлығыса түскен Аспан қолына аңтарыла қарады. Iшiнен оларды: “Қорықты-ау” — дедi. Бiрақ өзi оларға қайта тиюге батпады. Жiгiттердiң бiр күн дем алғанын қош көрдi. Қамал маңынан ұзаңқырап шыққасын барып, жiгiттердi аттарынан түсiрiп, солықтарын бастырды. Қайтадан саптарын түгелдеп көрiп едi, жүз қаралы жiгiт майданда қалыпты. Бiразы жараланған. Бозғұл жiгiттерiнен де шығын бар екен.

Бағана есiрiп келе жатқан жiгiттер ендi үн-түнсiз. Бiрiнiң қабақтары түсiп кеткен. Сәл нәрсенi жақтырмай, бiр -бiрiне арс-арс ете қалады. Ережеп осы қырыс мiнездiң әр жағында өзiне деген ренiш жатқанын, ендi мына жiгiттердiң қайтадан әруақтанып атқа қонбасын айқын сездi.Сосын қиын-қыстау сәтте барлығының өз бастарын қайттап кететiнiн байқады. Ол осының бәрiн iштей сарапқа салып жiберiп, аман-есен тұрғанында бүгiн түнде арғы бетке өтiп алғанының жөн екенiн бiлдi.

Көктем айының тез түсетiн кешкi салқынынан бүрiскен бiр түп шидiң бастары ағараңдап, еркелей соққан жәдiгөй желге қосылып, жәйiмен ысқырып тұр.

20

Әлiмдердiң қолы ұзап кеткесiн, оларды өкшелеп қуғанды Жәнiбек қолай көрмедi. Мұның осы ниетiн байқаған, ешiрiп алған Елдес:

— Өй, қорқатын несi бар? Оларды дымын қалдырмай түре қуайық, — деп өзеуреп болмай қойып едi, Жәнiбек қабағын шытты:

— Өй, оның керегi не?— Керегi несi қалай? — дедi Елдес мұның бетiне ажырая қарап.— Қуғасын... тағы да шатақ болады. Үйтiп... бекәргә қан төгiп кәйтемiз?Бiрақ ақиланып алған Аспан руының жiгiттерi лезде басыла қоймай, сол арада қобырласып ұзақ тұрып қалды.

Ақыры олар басшысы Жәнiбектiң айтқанын қайт қыла алмай, күңкiлдей жүрiп, аттарынан ықылассыз түсiп, жерге малдастарын құрып отыра кетiстi де, өзара еру әңгiмеге көштi.

* * *

Жәнiбек Ережептiң қол жинап жатқанын кеше естiген едi. Содан кейiн олардың Алуашты жазалағанын бiлiп, аза бойы қаза болған-ды. Сосын өз өзiнен ызаланып, қасына қосшысын ертпестен, атына мiне сап, Сағынайдың ауылына келген едi. Ол атынан түсiп жатқанда, мұны көрiп, қараүйден шығып, жанына жақындай берген Ниязға:

— Сен осы... не iстегенiңдi бiлесiң бе, а? Текесiреп бара жатсаң, онан да қатын алып, жайыңа тиыш жатпайсың ба? — деп ақыра сөйлеп, оны қамшымен қыр арқадан бiр тартып жiберген-дi.

Сол күнi мұның ауылына қасына бiр топ жiгiт ерткен Елдес жеттi. Қысқаша аман-саулық сұрасқаннан соң, ол:— Мына Әлiмдер қол құрап жатқан көрiнедi. Сонда бiз... немене осылай жайбарақат отыра беремiз бе? — дедi.Жәнiбек ел арасындағы әңгiменiң шынымен асқынып кеткенiн сонда ғана байқап, ақилау ағасына бiрден жауап

беруден жалтарып:— Әй, олар нағылар дейсiң? — дедi.— Нағылғаны нес? Жоқ, сен олармен ойнама. Осы жолы олар шынға басқан сияқты. Ана Ережептiң бетi өте қатты

көрiнедi.— Қатты болғанда кiмдi қиратар дейсiң?— Ойбай-ау, өзiң бала екенсiң ғой. Тапа тал түсте ауылыңды шауып, дүнияңды талап кеткен жақсы ма?— Қой, үйте қоймас.— Жәнiбек жайбарақат тарта түстi. Дегенмен iш жағында жатқан бiр күдiк мазасыздандыра

бердi.Мұның жайбарақат түрiн көрген Елдес күйiп кеттi:— Өй, сен де бiр. Сардар, сардар дегенге, бөркi дағарадай болып... — Ол жаныңдағы жiгiттерге бұрылды. — Кәне,

екi-үшеуден бөлiнiңдер де, жақын ауылдарға хабар берiңдер. Жiгiттер ертең таң азанда осы арада болсын.Жәнiбек аусарлау ағасының өз қолына билiктi ала қойғанын, бiр есептен дұрыс та көрдi. Әрi-берiден соң өзi де

рудың ұранына қыза бастады. Сосын әшейiндегi сабырлылығынан айрылып, қол-аяғы жеңiлейiп кеттi де, күннiң кешкiрiп қалғанына қарамастан, өрiстен мал алдырып, қонақ жiгiттерге ас қамдата бастады. Қазан-ошақ жағына Қалдыбайды қойып, өзi Елдеспен оңаша ұйде отырып ақылдасты:

— А, қол жиналық. Сосын не iстеймiз?— Не iстеушi едiк? — Елдес екi көзiн быттита қарады. — Оларды көсiлiп жатқан үстiне барып бiр-ақ басамыз.

Аттарын айдап әкетсек, қара жаяу олар кiммен соғысып қарық қылады?— Үйте қою... өзi... оңай ма?

Page 97: Uli Sel 2 tom

— Әй, баламысың деген. — Елдес кеңк-кеңк күлдi. — Мал ұрлаудың жайын мына менен сұра. Оның бар ғой... ымы-жымын бiлдiрмей жiберемiз.

— Ал, егер олар Қожаниязды қоршап жүрсе ше?— О да мүмкiн.— Онда... Ережеп көрдi өзiне өзi қазады десеңшi.— Әрине..— Менiңше, ертең бiз алдымен Қожанияз қамалына барып, Уәйiс-Ниязға ескертейiк. Сол арада күш бiрiктiрiп...— Өй, қойшы! — Елдес қолын сiлтедi. — Сол сартқа барып пана сұраймыз ба? Одан да қазекемнiң әруағын

шақырып, жасанған жауға қарсы шаппаймыз ба?— Онда... өлiм-жiтiм болады ғой, — дедi Жәнiбек шошынып.— Е, сен қалай деп едiң? Немене шайқаста бiреу маңдайыңнан сипайды дейсiң бе?— Қайдам, ел арасына лаң кiрiп жүрмесе. — Жәнiбек ызаланып кеттi. — Осы Нияздың да бүлдiрмейтiнi жоқ. Көкем

де қызық. Соны несiне еркелетедi? Ендi, мiне, бүлiншiлiк туып отыр.— Әй, қой. — Елдес қолын сiлтеп, кеңк-кеңк күлдi. — Өзi сүйкенiп тұрған байталға көз алартпас айғыр бар ма?

Қайта бiр есептен ақұдайларға сауап болды. Олардың екi көздерiн бақырайтып қойып, күйлеген қаншығына шөгiп, қышуын қандырып... былай... белдерiн бiр сындырдық.

— Ендi сен де бiр... — Жәнiбек шынымен ренжiдi. — Қатар отырған екi ел бiр-бiрiн осылай кемсiтсе, басқа дұшпан алақанын шапаттамай ма? Қайта татулық жағын...

— Әй, үйдеп мәймөңкелеп... басымды қатырма, — деп, Елдес қолын бiр сiлтеп, орнынан лып етiп тұра сап, сыртқа шыға жөнелдi.

Түнiмен жан-жақтан Аспан жiгiттерi дүмелумен болды. Таң алакеуiмде қараса, бас-аяғы төрт-бес жүзге тарта қол құралып та қалған екен. Жәнiбек ендi тайынатын жердiң қалмағанын бiлiп, нартәуекел деп, атқа қонды. Билiктi ендi өз қолына алып, тура Қожанияз бекiнiсiне қарай салды. Олар түске тарта қамал маңында болып жатқан қырғын шайқастың үстiнен шыққан едi...

* * *

Бұлар жеткен бойда, қамал қақпасы ашылып, iштен аттылы сарбаздар сыртқа лап қойды. Олар жараланып жатқан қазақ жiгiттерiн орындарынан тепкiлеп тұрғызып, боқтап, сүйрелеп, бетi ашыққа жинай бастады. Оларды қойша иiрiп болған кезде ақбоз атқа мiнген Ядгарбек пен Уәйiс-Нияз берi беттедi. Жан-жағы толған әскер. Бас уәзiр қазақ жiгiттерiне тақап кеп, оларға жеркене көз сап тұрды. Сосын бұған көзi түсiп, иек қаққандай болды. Жәнiбек онысын шақырғаны деп түсiнiп, Ядгарбектiң жанына жақын келдi. Бас уәзiр түсiн суытып:

— Құрметтi Жәнiбек мырза, қазақтардың мұнысы несi? — дедi.Жәнiбек не дерiн бiлмедi. Қысылтаяңда жөн тапқан боп:— Қазақ арасында мұндай қақтығыстар бола бередi, — дедi. — Ол бiрақ бiзге көп зиян жасады ғой. Бiраз кiсiмiз шәһид болды.— Қазақтардан да шығын бар емес пе?— Әрине. — Ядгарбек кекеткендей болды. — Бiз мұны бiлмей қалдық. Болмаса... — Ол бұрылып, Уәйiс-Ниязға

қарап, бiрдеңе деп күбiрлеп, иек қағып қалды.Уәйiс-Нияз жанындағы шабарманға бiрдеңе деп сыбырлады. Анау басын изеп, жалаң қылыштарын дайын ұстаған

бiр топ сарбазға қарай тайпалтып кеттi.Ядгарбек бұған ендi туралап көз тастады:— Сонымен ислам туының астында бiрiгетiн қазақтарымыздың сиқы осы де. Менiңше, олар ақ патшамен

соғыспайды. Қайта оған iш тартады ғой дейiм.— Неге, бек? — Жәнiбек қап-қара боп, терлеп сала бергендей болды. — Ел арасындағы бiр тентекке бола, халықты

айыптамаңыз. Қазақтар мұсылман қауымының ғазауат соғысына белсене қатысады.Ядгарбек сенбегендей, көзiн сығырайта қарап тұрды да, басын шайқап, мырс еттi:— Онда... кезiнде көрермiз. Сол арада Жәнiбек шошып қалды. Қоралана иiрiлiп тұрған қазақ жiгiттерiн қоршап алған сарбаздар қылышпен

туралай бастаған екен. Бiр еңгезердей жәлләд қолын көлегейлеп, басын қорғай берген Әлiм жiгiтiн қылышымен сыр еткiзiп, қиялай шауып түсiрдi. Түсi қуқылданып кеткен бибақ қолы кесiлiп түсiп, кенет күрт шөккен көктемгi қардай бүгiлiп бара жатты. Екiншi бiр жәлләд қолды-аяққа тұрмай, аға-көкелеп жалынған шәргез жiгiттi қуалап жүрiп, ағаш бұтарлағандай бiртiндеп шаба бастады. Әуелi оның екi қолын кесiп түсiрдi. Сосын қан жуып кеткен омырауын екi рет қиялай шауып, турап тастады. Соны көрiп, сұп-сұр боп, жаны ышқынып кеткен Жәнiбек Ядгарбекке жетiп барды:

— Құрметтi бек, тоқтатыңыз мына қырғынды! Ядгарбек бұған қолын сiлтедi де, үндемедi.— Мен сiзге айтып тұрмын. Мұсылман мұсылманға осындай жаманшылық жасай ма екен? — дедi Жәнiбек

қалшылдап.— Қазақтар қашаннан берi мұсылман бола қалды? — дедi Ядгарбек мысқылдай қарап.Жәнiбек күйiп кеттi. Өзi жақсы көрген бас уәзiрдi аяқ астында бұлайша өзгерiп шыға келедi деген ой үш ұйықтаса

түсiне де кiрмеген едi. Ендi кешiксе өзiне де кәуiп екенiн сезiп, атын тебiнiп қап, ұран тастап, аулақ шыға бердi:— Жiгiттер, бауырларыңды кескiлеп жатыр! Бүйтiп қор болғанша алысып өлейiк! Кәне, шабыңдар!Жiгiттер де ызаланып тұрған едi. Барлығы аттарына жапырласа қонды. Елдес атын қамшысымен тартып-тартып

жiберiп, қарусыз жiгiттердi туралап жатқан жендеттерге қарсы ақыра ұмтылды. Осы кезде артына бұрыла берген манағы еңгезердей жәлләдты қара құстан қайың сойылмен бiр қойды. Жәлләд қолынан қылышы түсiп кетiп, басы тасқа соғылғандай боп, теңселiп тұрды да, күрт етпетiнен құлады. Елдес екiншi жәлләдқа ақыра ұмтылды.

Аспан руының жiгiттерi осы кезде жетiп-жетiп келген де едi. Жалаң қылыштары жарқылдаған жәлләдтар қашаұрыс сап, шегiне бердi. Жағдайдың қиынға айналғанын сезген Ядгарбек пен Уәйiс-Нияз қорғаушыларын паналап, өздерiне соққы дарытпай, қамалға қарай құйғытып шаба жөнелдi. Жәнiбек оларды бiр топ жiгiтпен өкшелей қуып едi,

Page 98: Uli Sel 2 tom

жете алмады. Хиуалықтар қамал iшiне кiрiп-кiрiп кетiстi. Бұл кезде қазақ жiгiттерi жәлләдтарды жусатып та тастаған едi. Қылыш бiр самайын тiлiп кеткен Қалмырза есi-түсi қалмай, балаша жылап жүр.

— Сендер болмағанда! Бауырларым-ай! — деп кез-келген жiгiттi құшақтай бередi.Кеше Аспандарды қырып тастардай болған аусар жiгiттердiң өздерi ендi ағайындарымен көрiсiп, бiр-бiрiне

шұрқырасып, төс түйiстiрiп жатыр:— Бiздi бүйтiп не алжастырды?— Ағайынға сойыл көтерiп не жынымыз бар едi?— Бiр қатын үшiн сонша бүлiнiп осы бiзге не көрiндi?— Кеше соны әруағыңнан айналайын Үмбетекем айтпап па едi? Әруаққа қарсы боп, сазайымызды тарттық!— Ау, ағайын, бәтуә!— Иә, бәтуә!— Иллаһи, әумин, бәтуә!Қалың топ күңiренiсе Жәнiбекке қарады:— Бәтуә! Бәтуә!Жәнiбек тұла бойы шымырлап, тебiренiп кеттi. Көзiне жас кеп қалды. Сақалына құйылған жасты сүртпестен, қолын

жоғары қарай көтере бердi:— Иә, Алла, осыдан бастап ағайынға ауызбiршiлiк бер! Араздықты жойып, татулық нұрын әр кiсiнiң iшiне түсiр!

Илләһи әумин! — деп өзi бiрiншi боп бетiн сипады.— Илләһи әумин! — дегi күңiренген топ беттерiн сипасты.Жәнiбек сол арада тез ақылға келдi. Ендi кiдiрсе, хиуалықтардың зеңбiрекпен атқылауы мүмкiн. Ол тездетiп топ

алдына түсе бердi:— Берi қарай тартыңдар! Кеттiк!Қалың топ лап қойды. Аттары жоқтары жолдастарының артына мiнгесiп алған. Ылжыраған топырақты тұяқтары

қаза түскен мың сан жылқы салқа жортып келедi.Жәнiбек жаңағы жерде өзiнiң Ядгарбекке қалай қарсы шыққанын аңдамай да қалған едi. Ендi мұның соңы оңай

тимесiн бiлiп, iшiнен тынды. Сөз жоқ, хиуалықтар жақын арада күш жинап ап, қазақ ауылдарын шабады. Ендiгi қалған жол — соған тiзе бiрiктiрiп қарсы тұру. Ол үшiн Ережеп қолымен қосылмаса болмайды. Бiрақ оларға бiрден салып ұрып жетiп бару ыңғайсыз. Жәнiбек Қожанияз қамалынан ұзап шыққаннан кейiн, қолды iрiктi. Он шақты жiгiттi қазақ ауылдары тездетiп Қырға көшсiн деп, жан-жаққа шаптырды. Өзi Қалдыбайды басшы етiп, бас-алты жiгiттi Ережеп қолына жiбердi. Қалдыбайға қалайда келiсiп қайт деп тапсырды. Өздерi Қуаңның сусыз арнасында қонып қалды.

Ертеңiне түске таман Қалдыбай қайтып келдi. Қабағы түсiп кетiптi:— Болмайды!Ережептiң бiтуажаға көне қоймайтынын Жәнiбек iштей сезген едi. Қысталаң шақта амалы құрып, ағайыншылыққа

шақырып, суысқан жүздерiн жылытып алам ба деп едi, онысынан дәнеме де өнбегенiн бiлiп, Жәнiбек қатты қапаланды:— Қиын кезде ел басын қоса алмай-ақ қойдық-ау! Тым құрымаса осындайда ашу-араздықты тастасақ кәйтедi? Ендi

не амал!Ол түйiлiп, ұзақ отырып қалды.

21

— Ойбай, құрыдық! Қатын-ау, қатын, қайдасың?! Бол, үйдi жық, көшемiз!Тиышбек жаман атын борбайлатып жеткен бойда жерге дүрс етiп түсе қап, артынан құтырған ит қуғандай боп үйге

асып-сасып кiрдi. Былтырдан қалған жабағы жүндi шүйкелеп отырған Ақрәш екi көзi атыздай боп, орнынан атып түргелдi:

— Немене жайшылық па?— Қайдағы жайшылық? Хиуа келiп қалды! Құдай-ау, саған кеше үйдi жығып қой демеп пе едiм? О қу құдай! Менiң

маңдайыма осындай масылдарды жазып қойған! — Тиышбек күйiп кетiп, маңдайын оң қолымен тоқпақтап алды. Сосын жан-жағына қарап: — Қылышбек, Күмiсбек, қайдасыңдар? — деп, өзiнiң аузынан түсе қалғандай, жайын ауыз сопақбас балаларын шақырды.

Қылышбек дейтiн баласы өзiнен мүлдем аумайтын. Қотан аяқ. Екi бұтының арасынан ел көшкендей. Аузы жайылып, дыбырлап сөйлегенде, кiсi ештеңе ұғып болмайды. Кәзiрде де ол:

— Хиуалықтарды-ды-ды-ды, — деп дыбырлай жөнелiп едi, Тиышбек қоқиланып, ақырып тастады:— Өй, көргенсiз! Өй, жетесiз! — дедi. — Мен саған адам құсап сөйле деп қашанғы айтам? Осы сен кiмге

тартқансың, ә? Әлде... — Ол қатынына алара қарады. — Осы көлденеңнен... — дей берiп, iшке кiрiп келе жатқан Ұлбосынды көрiп, сөзiн кiлт үздi. — Адам деген былай анық қып сөйлемей ме екен? Қатын алып, түтiн түтетiп отырсаң да, әлi бiр есiң кiрмейдi. Өй, маубас! Мәгәс!

Оның Күмiсбек дейтiн кенжесi биыл бiр мүшелге толған едi. Үнемi билiгi қыштап отыратын ол осы арада шыдамай:— Көке-ау, оны қой! — дедi. — Кене болмайды. Тiлiн төсеп сөйлегеннен басқа бiлерi жоқ. Ана жеңгемдi...— Не, не? — Тиышбек адырайып шыға келдi.— Ана жеңгемдi дейiм.— О не? — Тиышбектiң бас-терiсi тырысып шыға келдi. Есiне былтырғы уақиға түстi. Қылышбегiн өзi Қарақ тауы

жағындағы бiр ауылдан араға нағашылы-жиендiгiн салып, қыз алып берiп, аяқтандырған едi. Келiнi нағыз сен тұр мен атайын. Бел дейтiндей бел жоқ, шомбал. Кеуде мен бөксесiн тұтастай қара ағаштан шауып қоя салғандай. Соған керiсiнше басы түймедей кiшкене. Көзi үнемi ойнақшып тұрады. Соны көрiп, Тиышбек: “Тiпә, тiпә! Мына кәпiр кiсiнi дiннен шығарар!” — деп сырт айнала берiп, үш рет түкiрген болатын. Сосын бiр оңашасын тауып, ыржалақтай берген Қылышбектi: “Қасқа, қатыныңа еге бол! Мұндай ту биелерге сүйкенетiн еркек деген осы елде толып жатыр. Iргеңе кеп қотыр бура бiр сүйкенiп, қышуын қандырса, екiншi қуып кетiре алмайсың. Басыңда бiр шайнам миың болса, келiндi осы бастан мықта”, — деп нығарлаған едi. Сол қамшы болды ма, әумесер неме әйелiнiң басынан қамшы айырмайтын болды.

Page 99: Uli Sel 2 tom

Бiр күнi әдейiлеп, жұрт көзiне түспей жасырынып барса, Қылышбек аузы ыржалақтап, атам заманнан бермен сандық түбiнде жатқан ескi қанжарды тасқа жанып отыр. Бұл шошып кетiп:

— Әй, мұның не? — деп едi, баласы дыбырлап:— Соям, — дедi.— Е, кiмдi?— Қатынды.— Ау, неге?Қылышбектiң аузы лас болатын. Әйелiн ата-бабадан бермен қарай бiр боқтады да:— Ол... қыз емес, — деп түйеден түскендей етiп қойып қалды. Оның түлкiше жымырайған жүзi былқ етер емес.Тиышбектiң жыны келдi. Оны түтiп жердей боп, құсы түсiп, жанына жетiп барды да:— Өй, көргенсiз! Көргенсiз! Мұны не бетiңмен ұялмай айтып отсың? Баста көрiп алмадың ба? — дедi.— Бiлмей қалдым.Тиышбек сол күнi баласын жерден алып, жерге салып үйiне қайтқан. Қылышбек содан кейiн мiнез шығарып,

Жоламанға ерiп, сауда жасаймын деп бiраз әлектендi. Жоламанның кiресiн жегiп, Бұхараға бiр рет барып та қайтты. Соны арқаланып, Жоламан мырсылдай күлiп, әрi-берi өткенде Қылышбектiң үйiнен шықпайды. Шаруа жайын айтқан боп, қона-жатып алады. Соны көрiп, бұның иманы қара таяқтай болды. “Шеттерiнен арамнан жаралған неме едi. Масқара қылғанда, сүйтiп... Қой, қой! Тiпә, тiпә!” Ол жөнiнде кейiннен қанша айтса да, Қылышбек тыңдамады. Қабысқан қарынын қазы-қарта кернеп тұрғандай ыржалақтай бередi. Осы жолы да оның екi езуi екi құлағында. Соны көрiп, Тиышбектiң ит-жыны тырысып, қабағын қарс түйiп ап, үй iшiне түксие қарады. Сосын кенет жыны қозып кетiп, шашылып жатқан көр-петөсектi бiр тептi:

— Осы сен қатын қашан... былай, отбасын күтiп ұстайсың, а? Қашан келсең де жайрап жатқан дүния. Қу құдай, осы битбалақты менiң маңдайыма қай күнi жаздың? Оу, құдай естисiң бе? — деп ол қос қолын жоғары көтере берiп едi, көзi атыздай боп тоқтады: шаңырақтың дәл үстiнде бiр сауысқан қонып отыр. Ол имек қара тұмсығын берi бұрып, кiшкене қара тастай көзi жылтың-жылтың етiп, қарап қояды. Аса сақ. Бiрдеңе болса, ұшып кетуге дайын отыр. Тиышбек әуелi абдырап қалды. Артынша есiн жиып, ыржалақтап, балаларына қоқилана қарап қойды. — Апырмай, мынау жақсылыққа болса жарар едi? Әй, қатын, сауысқанды осы неге жоритын едi?

— Оны мен қайдан бiлейiн? — деп, ұрыс тiлеп, тамағының астындағы күре тамыры бiлеуленiп, түрi әлден-ақ көгiс тартып шыға келген Ақрәш шап ете қалды.

— Иә, ым. — Тиышбек мiңгiрледi. Сосын күрт жадырады. — Ойбай-ау, осы менi қандай қара басқан? Ау, бұл деген бейiш құсы емес пе? Ол кез келген жерге қонбайды. Қыдыр айналған, берекелi шаңыраққа ғана қонады ғой. Ойбай-ау, бұ деген... — Ол кiлт тоқтай қап, басына бiр ой түсiп, төрде үйiлiп жатқан көрпе-төсектi бiр жерге үйе бастады. Оларды биiктетiп барып, үстiне жәйiмен шықты. Сексеуiлдiң шырпысынша арбиған қолын жоғары көтере берiп: — Кiшiм, кiшiм, — деп қойды. Сосын сасық күзенше мойнын созып жiберiп, сауысқан қонып отырған шаңыраққа шап бердi. Бiрақ қолы тайып кетiп, өз салмағын өзi ұстай алмай, шалқ ортасынан құлады. Сауысқан шықылықтап, ұша жөнелдi. Ашу қысқан Тиышбек орнынан атып тұрып, қап-қара боп: — Бәрi сенiң кесiрiң! — деп, Ақрәштi бүйiрiнен бiр тептi.

— Ойбай, мен нағылдым? — деп Ақрәш баж ете түстi.— Сен маған не қылмадың, ә? Өмiр жасымды өксiтiп келгенiң аздай, ендi құдайдың өзi айдап әкелген сауысқанды да

ұстатпадың.— Аяғына дұрыстап шап ете қалма деген мен бе?— Сен, сен! О баста маңдайың ашылмаған қара бақсың! Өмiрi iшкен асы бойьша тарамаған қу тақыр кедейсiң!— Өйдөйт, шiркiн! Өзiнiң ата-бабасы оңып тұрғандай-ақ...— Әй, мынау не дейдi, әй? Өзiнiң көзiнiң етi өсейiн деген бе? Мен кәзiр соны сылып тастай қояйын, — деп Тиышбек

қамшы ала ұмтылды. Келген бетте әкiреңдеп, Ақрәшты қыр арқадан тартып-тартып жiбердi. Долы қатын орнынан өре түрегелiп, бұ жолы қаймықпастан, күйеуiмен алыса кеттi. Сырттай қоқиланғанымен, затында қорқақ, бұлай бола қояды деп ойламаған Тиышбек аяқ астында сасып қалды. Сосын тез арада есiн жиып, дөңайбатын алдырғысы келмей: — Мынау кәйтедi, әй! — деп кiжiнiп, қамшысын жоғары көтере бердi.

Ақрәш оның оң қолына шап етiп жабыса түстi. Бұл қолын босатып алайын деп, бұлқынып көрiп едi, аузына келгенiн аталап, шаңқылдаған долы қатынның тарамыс қолы жазыла қоймады.

Соны көрiп отырған Қылышбек шиқылдап күлiп, шалқасынан жата кеттi:— Қай жеңгенiң менiкi.Тиышбек ашуға булығып, қып-қызыл боп, қолын босатып алуға тырысып едi, Ақрәш жiбермедi. Сосын болмағасын

Тиышбек лезде бет-өңiн билеп ап, ыржиып:— Өй, сен де бiр. Өзiң ойнағанды бiлмейдi екенсiң ғой, — дедi.Ақрәш соған алданып, қолын босата берiп едi, Тиышбек қайтадан қаһарға мiнiп, әйелдi шапалақпен жақтан тартып-

тартып жiбердi. Ақрәш қалпақтай ұшты. Сосын орнынан атып тұрды да, зәрi бетiне шыққан қатын дереу байының жағасына жармаса кеттi. Қарулы қолдарымен қылғындырып, сығып барады. Сол арада жаны қара бақайына дейiн кеткен Тиышбек, көзi аларып, аузынан ақ көбiгi ағып:

— Ойбай, өлдiм! Қылышбек, Күмiсбек, қайдасыңдаар? Қарақ-қ-тар-ым, өлдiм, — деп қырылдады.Қылышбек әлi шиқылдап жатыр:— Көке-ау, өзiңнiң обалың жоқ.Ақрәш байы қалжырады-ау дегенде барып қолын босатты. Сосын басы айналып кеткен Тиышбектi өңменiнен бiр

нұқып:— Ендi қоқилансаң, соймай өлтiрем, — дедi де, аяғын одыраңдай басып, сыртқа шығып кеттi.Тиышбек есiн шаққа дегенде жиды. Ол демiн жиi-жиi алып, әйелiнiң қолы батып қалған алқымын сипалап, ұзақ

отырды:— Шынында, бiздiң қатын қайратты, ә? Қарашы, тамағымды езiп жiбере жаздағанын. — Ол саусақ iзi әлi кете

қоймаған тамағын балаларына көрсеттi. — Әгәр ғой ол осылай ана бар ғой... хиуалықтың алқымына жармасса, құдай бiледi, жастығын астына алмай өлмейдi. Жарайсың, қатын! Туымды, сөз жоқ, туымды! Сондай ата-анадан ез боп туған сендер ғой, — деп, ол қайтадан екi ұлын қағытып өттi. — Ойбай-ау, маған ұқсай алмасаңдар да, ана шешелерiңе ұқсамайсыңдар ма? Ол деген... былай... тепсе темiр үзетiннiң нақ өзi ғой. — Ол қалт тоқтай қалды. Сырттан шыққан зор

Page 100: Uli Sel 2 tom

дүсiрге құлағын тiгiп, орнынан атып түрегелiп, сыртқа атып шықты. Қара дөңнен бермен қарай құлап келе жатқан қалың қолды көрiп, жүзi қуарып, кекештенiп қалды. — Ас-с-тапыралла! Мынау жау-у ғой! Құр-р-ы-дық!

Ақрәш бажылдап жүр:— Ана сiптiр қатын қайда? Ұлбосын, деймiн, тез ана сәйкеге қарай қаш! Мына қаптаған айғырлар қызғыштай қорып

жүрген жазыңның пәре-пәресiн шығарып, шаңыраққа iлiп кетер! Бол, құры!— Кетшi, сен қатын да бiр, —деп, Ұлбосын шешесiне алара қарап, бетiне қазанның түп қүйесiн айғыздап жаға салды

да, үстiне жыртық-жыртық ескi киiмдерiн киiп ап, сай жаққа жүгiре жөнелдi.Қылышбек пен Күмiсбек iштен осы кезде шыққан едi. Екеуiнiң қолдарында қазан пышақ. Соны көрiп, Тиышбек азар

дегенде тiлге келдi:— Әй, мыналарың не?— Келгенiн келгендей соямыз!— Өй, қатырасыңдар! — Тиышбек бойын түзедi. Сосын қол жаққа қарай берiп, тарқылдап күлiп жiбердi. — Өй,

мынау... өзiмiз екен ғой.Жәнiбектiң қолы кеп, осы ауылда азырақ тыныстады. Тиышбек ендi қайратқа мiндi. Үй iшiн Хиуа қолы жете

қоймайтын Арқа бетке аударылып көш дедi де, өзi сандықтың түбiнде атам заманнан берi дат басып жатқан сирақты қара мылтығын алды. Оны қаумалаған елге көрсетiп тұрып:

— Бұл жарықтық ата-бабамнан қалған мұра едi. Әкемнiң әкесiнiң әкесi құба қалмақ заманында бiр тайшыны осымен атып өлтiрген екен. Содан берi ұсталған жоқ. Ендi мен... мен бар ғой, нақ ерегiскесiн осы мылтықпен Дадабек сарттың өзiн атып өлтiрем, — дедi.

— Ау, оның гүм болғаны қашан, — дедi әзiл-күлкi керек жiгiттер жамыраса күлiп.— А, солай екен ғой. — Тиышбек қолын бiр сiлтедi. — Ендеше бар ғой... ана Хиуаның ханын атып жығам.— Ау, ол саған атқыза қоя ма?— Е, атқызбай! Көкең бәрiнiң ретiн табады. Одан да... — Тиышбек қабағын шарт түйдi. “Осылар тамакқа ортақ боп,

қайдан ғана қаңғып келе қойды? Әлде мылтық атып қорқытсам ба екен?” Осы ойы өзiне қызық көрiнiп, ол тез жүгiрiп барып, сандық түбiнен атам заманнан бермен ораулы жатқан түйiншектi алды. Иiстенiп кеткен қара дәрiнi мылтықтың аузына тығып, үстiне бытыра салып, ұзын темiр таяқпен нығыздап, бiраз отырды. Сосын қоқиланып сыртқа шықты. — Жiгiттер, мен сендерге кәзiр кә-р-ррә-мәттi көрсетейiн.

— О не?— Ойбай, сұрама! Бұл мылтықтың даусы ертеңгiсiн еңiреген зеңбiрiктей ғой. Естiген жанның иманы тас төбесiнен

бiр-ақ барып шығады. Сосын-ақ жауды қаша бередi деп бiл. Ал, кәне, былай тұрыңдар. Мен сендердiң көкелерiңдi көздерiңе көрсетейiн, — деп, Тиышбек қара мылтықты жоғары көтерiп алды. Сосын алақтап жан-жағына қарап тұрды. — Әй, жiгiттер, ненi атайын, а?

— Анау қарғаны, — дедi Қалдыбай күлiп.— Жоқ, қарғаға оқ шығындайтын жайым жоқ. Ойбай-ау, кәзiр қорғасын деген ердiң құнындай боп тұрған заман емес

пе? Одан да мен... — Тиышбек шаңырағының үстiне қонып отырған бағанағы сауысқанды көрдi. — Әп, бәлем, сенi ме? Өзiңдi ажал қуып келген болды. Кәнеки, қанды басың берi тарт, — деп кiжiне сыбырлап, оны қарауылға алды да, тiсiн шықырлатып, бiр көзiн қысып, ұзақ көздедi.

Шыдамы таусылған жiгiттер:— Ау, ендi қашан? — дедi.— Кәзiр, кәзiр, — Тиышбек тымырая түстi. — Өй, әтеңе нәлеттiң құсы! Өзi бiр орнында тұрмайды ғой. Мiне, мiне!

Әп-бәлем! — Тиышбек шүрiппенi басып қалды.Гүрс ете қалған дыбыс құлақ тұндырды. Сарғыш жалын жылт ете қалды. Бұрын мылтықтың даусын естiп көрмеген

жiгiттер құлақтарын баса-баса қалысты. Төңiректен күңсiген дәрi исi шықты. Сол арада Тиышбектiң баж ете қалған дыбысы естiлдi. Жұрт шошып кеттi. Барлығы анықтап қараса, сирақты қара мылтық та, Тиышбек те жерде жатыр.

— Әй, не болды? — дедi жұрт үрпиiсiп. Тиышбек орнынан атып тұрды. Мылтықты қолына ала сап, шүрiппесiнен шөп-шөп еткiзiп сүйдi:— Айналайын, ата-бабам-ай! Нендей нәстенi тұтынарын бiлген ғой. Өзiнiң дүмi қалай керi тебедi?! Шалқамнан

ұшырып түсiрген жоқ па? Мұндай қарумен қаптаған жауды бiр атқанда-ақ жайратып саласың!Соны естiген жiгiттер қарқ-қарқ күлдi.Сол күнi Тиышбек Жәнiбектiң қолына ердi. Ол жүрерiнiң алдында сирақты қара мылтықты мойнына күйекше

салақтатып асып ап, ат үстiнде тұрып, балаларына қарап:— Ал, сау боп тұрыңдар. Әгәрдә мына ғазауат соғысында шейiт боп кете қалсам, артымнан рухыма бағыштап дұға

оқырсыңдар, — деп кеуiлi босап, дың еткiзiп бiр сiңбiрдi. Сосын атын тебiнiп қап, ұзап бара, жатқан қолдың соңынан салды.

Кешке таман қалың қол Қуаң жағасына кеп түнедi. Суық сүйегiне дейiн өткен Тиышбек бүрсеңдеп, тiсi-тiсiне тимей, дедектеп жүр. Кенет ол қалт тоқтай қап: “Осы менiкi не, а? Мен сондай-ақ сардар ма едiм? Ойбай, шаруамды ұмытып кетiппiн ғой”, — дедi. Дереу атына мiнiп, жау шапқандай боп ауылына қайтып келдi. Сосын жерге дүрс етiп түсе қап, атын тұсап жiберiп, мылтығын кезеген күйi қара үйге кiрiп келдi де, Ақрәштi орнынан тұрам дегенге қаратпай:

— Мен майданда қанға боялып жатқанда, сен үйде тырайып пырылды соқпақсың, а? Нан жеместi тапқан екенсiң, — деп қапсыра құшақтай алды.

— Қой дейiм, ойба-а-ай! Өй, саған не болған өзi? Балдар... ба-а-л...— Мен саған балдарды көрсетейiн...— Қой, ойбай! Өй, өзiңе.... немене бiрдеме көрiнген бе? — деп, Ақрәш оны жұдырығымен арқасынан төмпештеген

болды.— Төмпеште, төмпеште! Мен саған төмпештегендi көрсете қояйын... Кәне, бы-ла-а-ай... томпытып...— Ойбай... ақырын.... адамды өлтiресiң бе, әй... жәй-ләп... иә, солай... жаны бар нәсте ғой, ақырындап... — Ендi

Ақрәштың жұдырығы жазылып, Тиышбектiң қырдай ыржиған омыртқасын бойлай сипады.— Өй, өзiң... бапты бiлесiң ғой... Е-е, солай...Аздан кейiн Тиышбек шалқ ортасынан жатып, бағана оқ жұлып кеткен шаңырақтық шыбығына қарап, қарнын

сипалады:

Page 101: Uli Sel 2 tom

— Бұ да бiр бiткен шаруа болды!

22

Асан Байбосынның ауылы жаз шыға бере Қотанкөлдiң бойын барып жайлайтын. Оған дейiн Қазалының төменгi жағындағы көлi-қопалығы, ықпанасы жетерлiк қалың нудың iшiнде қыстап шығатын. Бұл ара малға жайлы. Әсiресе, небiр ақбасқынның кезiнде. Қырдан ысқырып қарлы боран соққанда қорасы жоқ уақ жандық сол қалың қопалықтың iшiне кiрiп кетiп, жан сақтайын. Сыртта боран әулеп соқса да, оның iшi жып-жылы боп тұратын. Ал жазға қарай олар маса-сонасы аз, салқын, сабатты Қотанкөлдiң жағасына барып, ақшаңқан қараүйлердi тiгiп тастап, қымыз iшiп, алты ай жаздың қызығын әбден көретiн. Тек соңғы бiр-екi жылдың көлемiнде Байбосынның аулы сол Қотанкөл жағына бара алмай қойған-ды. Жаздай Дадабекке жалпақтаймын деп Байбосын сардарлығын мiндет қып, аулын онша алысқа ұзатып көшiрмейтiн. Ендi Хиуадағы тiрегi құлағасын, оның кеулi Қотанкөл жағына ауды да тұрды. Анада бiр жiгiтiн жiберiп, соның ау-жайын байқап көргiзiп едi, Әлiм Шыңғыстан тарайтын қалың Жақайым сол көлдi иемденiп алғандай да сыңайда екен. Олар балығы тайдай тулаған көлге кеп қармақ, ау салып, әбден қарық боп жүрген көрiнедi. Сол мұның қытығына тидi. Ақыры бiр күнi ешкiммен ақылдаспастан, үйлерiн тез-тез жықтырды да, Қотанкөл жағына қарай көшiп кеттi.

Қазалының маңайынан ұзап, Қырға шығысымен ауа бiрден қоңыр салқын тартып сала бергендей болды. Байбосын қасындағы жiгiттерiмен көштен бiраз озып жүрiп отырды. Араға бiр қонып, ертеңiне түске таман Қотанкөлге келсе, ол бұрынғы үйреншiктi жәйттiң бiрiн де таба алмай, ерiксiз тоқтай қалды. Өз көзiне өзi сенбей, қолымен көзiн күннен көлегейлеп қараса, Қотанкөлдiң жағасы қаптаған кiсi! Балықшы Жақайымдардың көл бетiнде жүрген қайықтары жүдә көп! Оның бер жағында диханшылық жасап жатқандары да жетерлiк! Бәрi де Қотанкөлдi бұрыннан ата-бабасының қонысы сықылды көрiп, еркiн жүр! Бұл Байбосынның жынына тиiп кеттi. Қасында келе жатқан Асан Әйiмбетке қарап:

— Апырмай, мұндай да болады екен-ау! — дей бердi. Ол да таңғалып тұр екен:— Шынында да... мыналар... Қотанкөлдi иемденiп алғаннан сау ма, өзi?— Мен де солай деп тұрмын.— Ойбай-ау, ол деген бiздiң ата қонысымыз емес пе едi? Жақайымдар соны бiлмейтiн бе едi?— Бiлсiн, бiлмесiн, осылай iстеп отыр, — дедi Байбосын оның бетiне сынай қарап.— Қой, бұған көнетiн жағдай жоқ,— дедi тiк мiнездеу Әйiмбет болбыр бетi қарая түсiп, бiрден түнерiп кеттi. —

Сонда... көнбегенде не iстейдi?— Не iстейтiнi бар, барып, әйдә, қайқай деймiз!— Ендеше сүйтейiк! — дедi де, Байбосын атына қамшы салды.Олар келгенде, Жақайымдар қаннен-қаперсiз өз шаруасымен айналысып жатыр едi. Байбосын келген бетте түгiн

бетiне шаншып, бiр сылыңғыр қара жiгiтке:— Әй, сендердiң бұларың не, а? Мына көл менiң көлiм емес пе едi? Соны ұмытып қалдыңдар ма? — дедi айқайлап.Ана жiгiт бұның дөңайбатынан қоймады. Баяғыда Хиуа бегiнiң оң қабағын алып жүрген кезiнде, бұдан жұрттың бәрi

iнгендей қайқаңдап қоя беретiн едi. Шамасы, мынау оны бiлмейтiн сияқты, мұның бетiне тура қарап:— Көке, көл дегендi жаратқан бiр құдай. Оны егәләнәтындай немене сен құдаймысың? — дедi.Байбосын күйiп кеттi. Қамшысын сығымдай ұстап тұрып:— Әй, көргенсiз, жап аузыңды! — деп қалды.— Жаппағанда кәйтесiң? — дедi әлгi сылыңғыр жiгiт бұған қайсарлана қарап.— Әй, мынау Торжымбай бүйтiп кiмдi басынады, а? Байың қайда, биiң қайда? Кәзiр мен саған көкеңдi көзiңе

көрсетейiн! — дедi Байбосын ақырып.— Оның саған не керегi бар? Би де, бай да менмiн, — дедi әлгi жiгiт ендi қолындағы қадағашын бiлемдей ұстап

тұрып.— Өй, әкеңнiң аузын... Мә, саған қырсыққан! — деп соларада Байбосын шыдамай, оны қамшысымен қыр арқадан

тартып-тартып жiбердi.Басын қорғаштап үлгере алмаған жiгiттiң қамшы бетiн тiлiп-тiлiп түстi. Сол екен, әлгi сылыңғыр қара қадағашты ала

сала, Байбосынның тiзесiне бiр қойды. Байбосынның аты үркiп, жалт бердi.. Осы кезде шалт қимылдаған Әйiмбет жаңағы жiгiттi шоқпарымен шекесiнен ұрып үлгердi. Сол арада жаман жаппадан жардай қара кемпiр жүгiре шығып, жаман даусымен барқырап:

— Ойбай, ойбай! Қырды! Өлтiрдi! Қайдасыңдар, ойбай?! — деп ауыл-үйдi басына көшiре жөнелдi.Мына айқайды естiген бойда, шеттерiнен кiлең ұр да жық, ақи, үйдi-үйде iшi пысып, екi қолдары алдарына сыймай

отырған Торжымбайдың әпербақан жiгiттерi сыртқа жүгiре-жүгiре шықты. Олар ауылдарына келiп, төбелес жасап жатқан жиырма шақты атты кiсiнi көрiп, қолдарына iлiккен сойыл, таяқтарын ала сала тұра ұмтылды. Келе барлығы төбелеске кiрiсiп кеттi.

Байбосын аяқ астында мынадай шатақ шығып кетедi деп ойламаған да едi. Ол ендi Торжымбайлардың қарасы көбейiп кеткенiн көрiп, дойыр қамшысын олай-бұлай сiлтеп, топ арасынан жарып шыға бердi. Өзi барқырап:

— Берi! Берi! — деп айқайлап барады.Араларында бiр-екi найза үстағандары бар Асандардың жiгiттерi де шеттерiнен қарулы болатын. Олар найзамен бiр-

екi жiгiттi түйреп түсiргесiн, жаңа ғана өрттей қаулап, дүнияның бәрiн қарап қылатындай боп келген Торжымбайлар сескенiп қалған едi. Жақайымдар ендi аса жақындамай, сойылдарын анадай жерден сiлтеп, дөңайбат қыла бастады. Соны көрген Байбосын табан астында ақыл тауып, ығыстап бара жатқан Асандардың алдына түсе бердi.

Ауылдан ұзап шыққасын, таяқ жеген бiр-екi жiгiт ызаланып: — Қап, мыналардың азарын-ай! — Өздерiнiң көздерiнiң еттерi өсiп кетiптi!— Оны былай... сылып алу керек!— Көзiнiң етiмен қоса, енектерiн де...— Ау, осы бiз... ана гүмпiлдектерден неге қаштық, а?

Page 102: Uli Sel 2 tom

— Неге бәрiн қан қылмадық? — дестi.Байбосын атының басын iркiп, тоқтай қалды:— Оларды қан қылу қайда қашар дейсiң? Әуелi мына жерiмiздi тартып алайық та.— Бүйтiп қашып жүрiп... қалай тартып аламыз?— Әуелi билердiң алдарынан өтейiк те. Оған көнбей бара атса, ауылдарын тоз-тоз қылып шабатынымыз тұр ғой, —

дедi де, Байбосын сен қалай ойлайсың дегендей қасындағы Әйiмбетке қарады.Әйiмбет бетi болбырап тұрып: — Бұ да дұрыс, — дедi.— Ендеше кеттiк, — дедi де, Байбосын көшке қарай сызып бердi.Келген бойда олар көштi бiр төбенiң астында тоқтатып, түйелердi шөгертiп, қараүйлердi тiктiрдi. Байбосынның

бәйбiшесi ренжiп:— Шал-ау, суы жоқ жерге тоқтағанымыз қалай? — деп едi, Байбосын кiжiнiп, қолын бiр сiлтеп:— Өшiр үнiңдi! Бiрдемесiн қылармыз, — дедi. Сосын бiр жiгiттi жақын маңды барлап келуге жiбердi.Бұлар орналасып болғанша әлгi жiгiт осы арадан онша алыс емес жерде шегенделген құдық бар екенiн айтып келдi.

Байбосын соны дәтке қуат етiп, ендi өз жiгiттерiнiң бас-аяғын жинақтай бастады.

* * *

Торжымбайлар бұлай болады деп ойламаған едi. Асан-дардың ауылдарына кеп қамшы үйiрген жайы етектегi елге сол күнi тарады. Тентек Торжымбайлар күпiлдесiп:

— Бүйтiп басынғанды көрсетейiк! Барып ойран салып келейiк! — деп, аттарын байлап‚ шайқасқа дайындала бастады.

Әсiресе, Торжымбайдың батыры деп саналып жүрген, кеспелтек денелi, бетi быдым-быдым сары жiгiт Толыбайдың көзi ақиып кеттi. Ол мына суық хабарды естiген бойда он шақты жiгiттi жан-жаққа шаптырып жiберiп, атқа қонды да, қасына бiр-екi жолдасын ертiп, Қотанкөлге келдi. Бұл ауылға жеткенде, Жақайымның ауылдары ызы-қиқы шу боп жатыр екен. Олардың орталарында — басын шүберекпен таңып алған баяғы таяқ жеген сылыңғыр қара жiгiт Ол мұны көрген бойда:

— Ағатай-ай, бүйтiп қорлық көргенше, өлгенiмiз жақсы емес пе? Өзiң баста бiздi! Барып быт-шытын шығарамыз! — дедi кiжiне сөйлеп.

— Бастайым! Сендердi мен бастамағанда кiм бастайды? — дедi әңгүдiктеу Толыбай атынан түсiп жатып.— Сүйтшi, аға! Мына Асандардың қорлығы өтiп барады...— Аз ғана сабыр ет! Ертең жiгiттер жиылып келедi. Сосын көремiз.— Жақсы.Жақайымдар сол күнi жан-жақтан ағылып келе бастады. Кеше ғана тып-тиыш жатқан Қотанкөлдiң бойы демде ығы-

жығы халыққа толды да кеттi. Әркiм қолдарына тапқан қаруларын ұстап, келiп жатыр, келiп жатыр...Ертеңiне Торжымбайларға Жақайымның жасы үлкен бiр шалы кеп:— Қарақтарым, бекерге қан төкпеңдер! Асан дейтiн Жаманақтан тараған бiр атаның баласы емес пе едi? Туысқан екi

жұрт қырылысып жатыр деп ертең басқа ел күлмей ме? Айтқанды тыңдасаңдар, сабыр айлаңдар. Олармен сөйлесiп көрейiк, — деп едi, желiгiп алған Толыбай:

— Әй, шал, ол ақылыңды басыңа шайнап жақ! Бұл арада сөйлесетiн дәнеме де жоқ! — деп бiр-ақ кестi. Шал оған алара қарап тұрып:— Онда өз обалың өзiңе! Батыр деп саған ерген елдiң де есi жоқ екен, — дедi де, екi шалғайын қағынып, үйден

шығып жүре бердi.Мына сөздi естiп қап-қара боп кеткен Толыбай:— Мына қақпасты-ай, ә?! — деп, отырған орнынан тұрмақ боп, бiр-екi рет қопаңдады да қойды.Сол күнi Торжымбайлар аттарын белдеуде ұстап, дыбыл шықса шабатындай боп, тақ отырды...

* * *

Асан Байбосын мұның арты мынадай боп ушығып кетедi деп ойламаған да едi. Ол жиналып жатқан Торжымбайларды көрiп, дереу Сырдың арғы бетiнде жатқан Асандарға шабар жiбердi. Хабар тиiсiмен-ақ, бiр жұманың iшiнде Асандардың қолдарына сойыл, қадағаш, шоқпар ұстаған, бес жүзге жуық әпербақан жiгiтi жетiп те келдi. Соны көрiп, Байбосынның кеуiлi орнына түскендей болды. Ендi өзiнiң қандай жаудан да тайынбайтынын көрсетiп, орнында нық отырды. Ертеңiне ол Торжымбайларға:

— Қотанкөл — менiң ата-бабам жайлаған көл. Онда iжкiмнiң таласы жоқ. Ағайын, тез көшсiн! Әгәр айтқанды тыңдамаса, онда өздерiне өздерi өкпелесiн! — деп бiр кiсiнi жiбердi.

Торжымбайлардың да тайынатын түрi көрiнбедi. Олар да жаңағы кiсiден:— Қотанкөлден балық аулаған бiздермiз. Әуелде осы көлдi қатар жайлап отқанбыз. Бүгiнгi күнi сыпырыла көшетiн

жайымыз жоқ. Байбосын қолынан екi келсе, бiрiн қылсын! — деп сәлем айтьш жiбердi. Соны естiген бойда Байбосын түрi қап-қара боп, қалшылдап тұрып:— Ендеше, сөз анық. Тайын тұрыңдар, ертең шайқасамыз, — деп бiр-ақ кестi.Сол түнi ымырт қараңғылығына таман Жаманқұл сап ете қалды. Ол келген бойда:— Қалай Торжымбайларды тым-тырақай қуайын деп атсың ба? — дедi.Байбосын қыржиып:— Үйтпеске әлтiм болып тұр ма? — дедi.— Оның дұрыс қой. Бiрақ...— Не бiрақ?— Қасқа-ау, пәле-жаладан кеше ғана әзералдалап құтылмап пе едiк? Ана Дадабектiң кесiрiнен ел-жұртқа машқара

болдық. Ендi кеп Торжымбайлармен төбелесiп жатсаң, аналар... — Ол Қырға қарай басын бiр рет қисайтты, — осыны

Page 103: Uli Sel 2 tom

пайдаланып, әне көрдiңдер ме, бұлардың жүрген жерi осы, қып-қызыл шатақ деп қара күйе жағып шыға келедi. Одан да... басқаша етейiк те.

— Сонда... қалай? — дедi аңқаулау Байбосын оның ымына түсiне алмай.— Өй, сен де бiр қызықсың! Жарайды, кәзiр төбелесе салдың. Ал, соның арты не болады, сен сояғын ойладың ба?

Тағы да ағайынның алқасына түсiп жүресiң бе? Онан да... аналардың өздерi осы дауға араласып көрсiн де.— Сосын...— Сосын... өзi, ойбай, айтпа, қызық, — деп Жаманқұл еңкейiп кеп, оның құлағына бiрдеме деп сыбырлап едi, күнi

бойы қабағынан қар жауып отырған Байбосын дем арасында жадырап, жас балаша шиқылдап, екi көзiнен суы аққанша күлiп:

— Мынау бiр... шынында да, қызық екен, — дедi. Жаманқұл оны бүйiрiнен түрттi:— Сен оған асықпа. Сүйтiп қатыру керек. Байбосын күлкiсiн тыйды:— Сүйтсек сүйтейiк. Сонда оған кiмдi жiберемiз? — Бұл арада пiсенттi әрi сенiмдi бiреу керек. Мен Бекарыстанның баласы Тойбазардан артық кiсiнi көре алмай

отырым. Ол әкем жiбердi деп, барса, ол, сөз жоқ, келедi.— Ол өзi... жұмсағанға бара қояр ма екен? — дедi Байбосын қауiп айлап.— Е, неге бармайды? О деген сенiң күйеу балаң емес пе? Айтсаң болды, iнгендей қайқаңдап кетедi!— Онда бар ғой, осы шаруаны өзiң тындыр, — деп Байбосын бар жүктi оған арта салды.— Мақұл, — дедi Жаманқұл құлшынған түрмен, iшiнен боқтағанын бiлдiрмей.Ол со күнi бұл ауылға қонбастан, Қырда отырған Тойбазардың аулына барып, Байбосынның атынан сәлем айтып,

мына дауды шешiп берсiн деп, оны Тоғанақ батырға шұғыл аттандырып жiбердi. Сосын ол Торжымбайларға соқты. Толыбай ақиып отыр екен. Ол мұны көрiп, сәл-пәл жуасығандай болды. Жаманқұл оның тамырын басып байқап көрiп:

— Мына Асандардың мұнысы несi? Сонда олардың жүгiнетiн биi ана Тоғанақ па?— дедi.— Өй, оны... — дедi Толыбай қыжыртып. — Өзiн ел батыр дейдi. Өмiрi былай... шайқасып көрген емеспiн.— Ойбай, ол деген сенiң қасыңда кiм өзi? Жәй, ел деген дақпыртып айта бередi.— Солай ма?— Сен... ендi қалай деп едiң? Өзi бар ғой... ана Құмқамалды жаңғыз өзi қиратқандай паңқып жүр. Соның көкесiн

көзiне бiр көрсету керек-ақ! Оған сенен басқа қарсы келетiн бұ паңайда батыр жоқ, — деп Жаманқұл ендi оның астына көпшiк қоя бастады.

Бұл мақтаған сайын, Толыбай ешiре түстi. Көзi ақиып:— Онда, сөз бiттi! Оған батырлықтың не екенiн көрсетейiн! — дедi әңгiрлеп.— Сен сүйт!Жаманқұл оны әбден қайрап-қайрап, Байбосындардың аулына келдi. Байбосын бұған жауап күте қарады:— Нағылдың? — Бала, былқ етпе! Бәрiн де қатырдым, — дедi де, Жаманқұл сылқылдай күлiп, жастыққа жантая кеттi.

* * *

Қотанкөлдiң басында мыңға жуық қол жинаған Торжымбайлар мен Асандар әлi шын шайқасқа кiрiсiп кетуге батпай, бiр-бiрiн аңдысып, ырғасып, Тоғанақ батырдың келуiн күтiп, жел шайқап толқыған көлше арсы-гүрсi боп тұрып жатты...

23

Тоғанақ батыр Шiрiк Рабат жағына бiр шаруасымен кеткен едi. Түнделетiп аулына жетiп, қатты ұйықтап қалған ол күн арқан бойы көтерiле барып оянды. Тұрған бойда таң намазын қаза қылып алғанына өкiнiп, iш дәретiн ап, сәждаға бас қойды. Дұға ғып болғасын, шәй iштi. Сәндiбек шәй үстiнде бұған қарап:

— Аға, мына Жақайымдарды бүлiнiп жатыр деп есiттiм, — дедi.— Е, неге? — дедi бұл таңырқап. — Ана Асандар Қотанкөлге көшiп барса, олар егәләнiп қойыпты. Басты даулары сол көрiнедi. — Иә, сосын...— Сосынын бiлмейiм. Кеше осы арадан Тиышбек өткен едi. Сол айтып кеттi соғысайын деп жатыр деп. Зарқұмның

соғысы болғалы тұр дедi.— Тәйт әрi! Со да бiр өзi... жамандықты шақыра бередi екен, — деп Тоғанақ батыр жаратпай қалды. Сәндiбек күлдi:— Аға-ау, ол... мен емес қой. Ана Тиышбек...— Өй, со да бiр... әңгiменi гөйiтедi де жүредi. Жақсы бiрдеме айтса, тiлi қырқыльш қала ма екен? — Тоғанақ одан

артық үндемедi. Анадағы бiтiмнен кейiн бұл Асан Байбосындардың атын есiтсе болды, ыңғайсызданып болатын. Осы жолы да бiр түрлi боп, күректей қолымен мұрнын тартқылап қойды.

Сол арада бәйбiшесi сөзге қыстырылып:— Жаманқұлдардан о да шығады. Ендi Жақайымдарға барып тиiскен бе? Ол өзi... жайына қарап жүрудi бiле ме? —

дедi.Тоғанақ үндеген жоқ. Ойланып отырып, Қотанкөл үшiн Асандардың әлек салатын бiр жайын есiне алды. Олар

баяғыдан бермен қарай осы көлдi иемденiп келе жатқан едi. Кейiннен өздерi келiсiп, Жақайымдарға көлдiң балығын аулауға ұлықсат берген болатын. Онда да Асан Байбосын Хиуаға сардар боп, шаршысына толып тұрған кезде, Торжымбайларға балық аулатып, пайдасына ортақ боп жүрген-дi. Қашаннен тентек Торжымбайлардың ендi Байбосынның басынан бағы тайғаннан кейiн теңдiк бермей кетуi ықтимал. Екi арада бибiт жатқан ел босқа бүлiнбесе не еттi?

Page 104: Uli Sel 2 tom

Ол шәйдi бола бергенде, iшке сәлем берiп Тойбазар кiрiп келдi. Қасында екi жiгiтi бар. Бекарыстан бидiң баласының тегiн жүрмегенiн сезiп, Тоғанақ ырайланып:

— Сәлемшi болсаң, төрге шық, — деп жоғары жақтан орын көрсеттi. Олар отырып болғасын, Тойбазарға қарап: — Қалай, әкең пақуатты ма? — дедi.

— Құдайға шүкiршiлiк, — дедi Тойбазар тез сөйлеп. Бұл әкесiнен гөрi шешесiне тартқан, ашаңдау бидай өңдi жiгiт едi.

— Қалай, ауыл-елдерiң аман ба? — Аманшылық.— Ал ендi асықпай отырыңдар, бiр мал сыбағаларыңды жеңдер, — дедi Тоғанақ Тойбазарға қарай бұрылып. Оның

мүнысы оған малды соя бер дегенi едi. Сол арада Тойбазар дыбырлап:— Ойбай, Төке, алдыраз болсын. Асығыспыз, — дедi.— Е, неге?— Асыққанда, сiзге арнайы шаруамен келiп отырмын. Ана Асандар мен Торжымбайлар менi сiзге арнайы менi

жiбердi. Ара ағайын ретiнде‚ iжкiмге iшi бұрмай‚ дауымызды шешiп берсiн, сiзден басқа iжкiмге тоқтамаймыз дедi. — Тойбазар сол арада болған жәйттi түгел айтып шықты.

Тоғанақ ойланып отырып:— Апырмай, олардың бұлары несi екен, а? Ағайынды ел бiр көл үшiн қырыла ма? Мұндайда бармай болмас, — дедi.

Сосын олар кеткесiн, тез жиналды. Қару-жарағын алмады. Тiпте сауытын да кимедi.Сәндiбек батырға қарап:— Мен осыған... бiр түрлi сенбей тұрым. Олар неге Төртқара Үмбет биге жүгiнбеген? Неге бiзге емешегi езiле

қалды? Осы... қару алып барсақ кәйтедi? — дедi.— Қой әрi! Өзi бүлiнiп жатқан елге үйтiп барсақ, ушығып кетер, — деп Тоғанақ жаратпай қалды.— Сонда да... сақтықта...— Өй, iждеме етпес! Бiз оларға ара ағайын ретiнде бармаймыз ба?Тоғанақ Сәндiбектiң айтқанын тыңдамай, қару-жарағын, сауытын үйiнде қалдырып, қасына жиырма шақты жiгiт

ертiп, сол күнi жолға шығып кеттi. Шiрiк Рабат пен Қотанкөлдiң арасы бiраз жер едi. Олар араға екi қонып, үшiншi күнi дегенде барып Қотанкөлге барып жеттi. Жол бойында Тоғанақ батыр iшiнен, мыналардың айтқандары өтiрiк болар, ағайын арасының алыпқашты әңгiмесi шығар, деп ойлаған-ды. Ол ендi көл басына жиылған елдi көрiп, сескенiп қалды. Қотанкөлдiң екi жағына Асандар мен Торжымбайлар шеп құра орналасыпты. Кiсi деген бығы-жығы. Баяғы жаугершiлiк заман қайтадан орнай қалғандай. Тоғанақтың түсi сұрланып сала бердi. Атын сипай қамшылап келе жатып, қасындағы нөкерлерiне ештеңе дей қоймады.

Сәндiбек атын тебiнiп қап, мұнымен қатарласа бердi:— Аға, мыналардың түрi жаман ғой.— Мен де байқап келе атырмын.— Қап, қару-жарақты алмай...— Iждеме етпес. Аңысын аңлалық.Екi рулы ел мұның келуiн асыға күтiп отыр екен. Олар мұны тездетiп аттан түсiрiп, екi шеп боп отырған ауылдардың

нақ ортасынан алты қанат қара үй тiктi. Онда төбе би Тоғанақ пен екi жақтың басты-басты кiсiлерi жиналды. Тамақ iшiп болғасын, түс ауа олар ендi дауға қызу кiрiсiп те кеттi.

Тоғанақ сыртқа шығып, төбе басына кеп отырды. Екi жағында — Асандар мен Торжымбайлардың даугерлерi жайғасты. Тоғанақ оларға қарап, даусын қаттырақ шығарып:

— Ал, ағайын, бүгiнгi күнi бiр-бiрлерiңе өкпелеп, мынадай бетi кәттi шаруаға кiрiсiп кеткен екенсiңдер. Не өкпелерiң бар, соның бәрiн қалдырмай айтыңдар, — дедi.

Байбосын бiрiншi боп сөйледi. Ол Торжымбайларға ызалана қарап тұрып:— Уа, ағайын, Жаманақ дейтiн шалдан тараған үш баланың бiрi едiк, соның бiрi сендерсiңдер. Баяғы бiр жылдары

қарындарың ашып келгенде, елдiң жақсылары мына Қотанкөлдiң ен жатқан балығын аулап, бала-шағаларыңның ауыздарына ас салыңдар деп келiсiм берген едiк. Соның арқасында тiршiлiктерiң жақсарып, күнелттiңдер. Содан бермен де бiраз жыл өттi. Мен сонда көп мал сұрап па едiм? Сұраған жоқпын. Ау, бүгiнгi күнi өз ата-бабамның қонысына келсем, сендер бермейiм дейсiңдер. Сонда бұл қандай әдәләтқа жатады? Осы да ағайынгершiлiк пе? Сендер жақсылықты бiлмейтiн ел екенсiңдер. Берсеңдер, — жолыңнан, бермесеңдер, — қолыңнан. Айттым, — бiттi! Кестiм, — үзiлдi! Көл менiкi, оған iжкiмнiң әкесiнiң дауы жоқ! — деп арлап барып тоқтады.

Тоғанақ ендi Торжымбайларға бұрылды:— Ал ендi сендер бұған не дейсiңдер? Ортаға Торжымбай руының биi боп, алшы топта көсiле сөйлеп жүрген Адырбек дейтiн бiреу шықты. Оның бiр иығы

қисық болатын. Басын бiр жағына қисайтып ап, ол да бiрден:— Уа, Асандар! Алысым емес, жақынымсың! Жатым емес, туысымсың! Саған да менiң айтар өкпем бар. Рас, сендер

баяғыда қиыншылық көргенде бiзге көлдiң балығын аула деп қарастыңдар. Бiрақ ойласаңдар, ау, ол деген құдайдың жаратқан өз қазинесi емес пе? Сендер соны немене желiдегi жылқыларыңды алдымызға айдап әкеп салып бергендей көресiңдер ме? Ау, бiз балығын ауласақ, еңбек еттiк. Ол дегенде маңдай тер, табан ақымыз адал. Сонда сен құдайдың кең жатқан қазинесiн де бергенiм деп бiлесiң бе? Оның есесiне жыл сайын алым-салық жиып, пайдаға шаш етектен батпап па едiң? Ол аздай аулаған балығымыздың жарым-жартысын алып тұрмап па едiң? Оның үстiне, бiз дихан елмiз, тары, арпа егемiз. Сен онан да өз үлесiңдi алып тұрдың. Осының бәрiн есептей келгенде, мына Қотанкөлдiң жағасының құны бiтiп те қалды. Бұ йерге сол сәбәблi бiздiң де таласымыз бар. Сен тұрған жерге бiз де тұрамыз. Көлдi егәлануға бiздiң де хақымыз бар, — деп, қамшысымен жердi бiр салып өттi.

Торжымбай жағы шу ете түстi:— Би дұрыс айтты!— Көл бiздiкi!— Онда iжкiмнiң әкесiнiң құны жоқ! Соны естiген Асандар жағы да қызып шыға келдi. Сотқар жiгiттер әлден-ақ дауыс көтерiп:

Page 105: Uli Sel 2 tom

— Сендер үйтiп сандаламаңдар!— Қотанкөл қашаннан Асандiкi болатын!— Әйдә, қайқай! — деп шаңқ-шаңқ ете түстi. Тоғанақ қолын жоғары көтерiп, шудың басылғанын күтiп, азырақ iркiлiп қалды. Сосын қаттырақ сөйлеп:— Ау, ағайын, орталарыңа менi дауымызды шешiп бер деп шақырған екенсiңдер. Ендi менiң билiгiмдi тыңдаңдар!

— дедi. Сосын екi жақта отырған жұртқа қарап: — Мен мұны былай түсiнiп отырмын. Мына жатқан Қотанкөл Асандiкi де, Торжымбайдiкi де емес. Бұ көлдiң егәсi Алты ата Әлiм, соның iшiнде Жаманақ аталығы. Баяғыда... ана Қырым жағындағы он сан Ноғайлы бүлiп‚ Асан қайғы жер iздегенде... сонда деймiн-ау‚ мына жатқан жерде Қарақалпақтың Аламесек пен Қатаған дейтiн екi ханы хандық құрып отырғанда... соларды қуып шыққан кiм едi? Ол өз алдына. Алты ата Әлiм Қызылжыңғыл, Бабыс айналып осы жерге келгенде, о кезде Асан да, Торжымбай да әкесiнiң белiнде болатын. Со кезде осы көлдi егәланған Жаманақ едi. Ау, содан Шыңғыс, Өрiс, Баубек дейтiн үш бала дөремейтiн бе едi? Соны бүгiндерi кiм ұмытты? — деп бiр тоқтады. Сосын сiлтiдей тынып қалған жұртты көрiп, сөзiн әрi қарай жалғастырып әкеттi. — Қарап отсаңдар, құдай айырмаса, адам айырмайтын туыссыңдар. Ендi келiп құдайдың кең жатқан қазинесiне бiр сүйектiң екi басына жармасқан иттей ырылдасасыңдар! Мен сендердiң екi жағыңды да хош көрмейiм. Кеуiл жетсе, құдайдың қазинесi бәрiмiзге де жетедi. Уа, Асандар, мына Жаманақтан қалған Қотанкөлге сол шалдан тараған Шыңғыс, Өрiс, Баубектердiң қай-қайсысының да таласуға хақысы бар. Ата дәулетi балларға ортақ деп бұрынғылар айтқан. Тек соны рет-ретiмен, жөнiмен бөлiп ала бiл. Бұл арада аға баласы Жақайымдардың аулына келiп қамшы үйiрген, Асан, сендердiкi тентектiк! Сол үшiн ат-шапан айыбыңды төлейсiң. Ал iнiнiң бiр еркелiгiн көтермеген аға баласы, Торжымбайлар, бiрден қол құрап, елдi дұрлiктiргендерiң жарамайды. Ол үшiн Алты Әлiмнiң алдында афу өтiнесiңдер. Сонымен Қотанкөл бәрiңе де ортақ. Менiң билiгiм былай: Қотанкөлдiң батыс жағын, Торжымбай, сен егәлан! Шығыс жағын, Асан, сен егәлан! Бәтуә осы болсын! Кәнеки, осыған бата қылайық! Иә, илләһи әумин! — деп сол арада Тоғанақ қолын жая бердi.

Жиылған жұрт қолдарын ықылассыз көтердi. Бата бiтiп, бет сипасып жатқанда, Тоғанақ Жаманқұлдың Байбосынға:— Мынау бiздi Торжымбайларға жығып берiп қатырды-ау‚ — деп сыбырлағанын Тоғанақтың құлағы шалып қалды.Даугерлер орындарынан ықылассыз тұрып, наразы боп бара жатты. Тек қана Асандар мен Торжымбайлар қуанысты.

Олар Тоғанаққа кеп, қолын алып:— Билiгiңе болайын!— Алдыраз болсын!— Бекәрға қан төгудiң не керегi бар? Көл бәрiмiзге де жетедi.— Мың жасаңыз! — дестi.Сол күнi Тоғанақ ортада тiгiлген үйде даярлаған тамаққа қарап бiраз кiдiрдi. Аздан кейiн ортаға дастархан жайылып,

тегештерге салынған ет әкелiндi. Еттi төменгi жақта отырған бiр екi жiгiт қындарынан кездiктерiн алып, ептiлiкпен турай бастады. Ара-арасында олар бұларға тиесiлi жiлiктердi ұсынып қояды. Ет туралып болғасын, қызметшi жiгiт бiр тегештi мұның алдына қарай ысырды. Дәм келгесiн, Тоғанақ бiрiншi боп қол созды. Тамақ үстiнде екi жақ та онша ымыраласқан ыңғай көрсете қоймады. Соған қарап отырып, Тоғанақ екi жақтың да келiспесiн, дауды шешкен мұның өзiне бiр жаманшылық жасамаққа нық бекiнгенiн анық байқады.

Табақтар алынып, келiндер сәлем еткеннен кейiн, Толыбай дастарханның шетiн қайырып жiберiп:— Сонымен... құдайдың көлiн де екiге бөлдiк пе? — деп қойды.Басқа Торжымбайлар оны қоштап, қолтығына су бүркiп:— Айтпа!— Ендi қақты да бөлiп алармыз!— Бiзге жетпегенi осы едi, — деп қалысты.Тоғанақ үндеген жоқ. Оны Жаманқұлдың бiр iске айдап салып жүргенiн осы жолы олардың ымы-жымынан аңғарған

едi. Iштей өзiнiң қару-жарағын алмай шыққанына ендi өкiндi. Сосын бiр қапысын тауып, осы ауылдан бiлдiрмей шығып кету жағын ойластырып отыра бердi.

Күн еңкейе бере Торжымбайлар да, Асандар да екi жаққа қайтты. Соны сылтауратып, бой жазбақ боп, Тоғанақ жiгiттерiн дереу атқа қондырды. Бұлардың кетiп бара жатқанын Жаманқұл байқап қалса керек, ауылдан ұзап шықпай жатып, арттарынан қуып келе жатқан Торжымбайлар көрiндi. Алдарында — Толыбай! Оның үстiне киген сауыты батып бара жатқан күннiң сәулесiнен бiр түрлi қызғылт тартып көрiнедi. Ол қолына шашақты найзасын оңтайлап ұстап алыпты.

Соны көре сала Сәндiбек қап-қара боп кетiп:— Қап, әттеген-ай! Қапыда қалдық-ау! — дедi.Торжымбайлардың жаулыққа басқанын бiлген Тоғанақ ендi кiдiрмей, қатты тебiнiп қап, астындағы атының

сауырына қамшы салды. Сол екен, ұзындығы есiк пен төрдей келетiн, талай қанды шайқаста боп, қожайынының ниетiн тақымының қысысынан түсiнетiн қазанат кенет ытқып кетiп, алдыңғы екi аяғын барынша созып, құмдақ жерге түсiп жатқан тұяқтарының дыбысын қызықтағандай боп, жүйтки шаба жөнелдi. Бұған басқалар да ердi. Азадан кейiн Тоғанақ батыр қасындағы жiгiттерге қарап қойып, Сыр жақты бетке алып, топтың алдына түсiп ап, құйғыта шауып келе жатты.

Торжымбайлардың астарына мiнгендерi де кiл жүйрiк аттар екен. Шамалыдан соң олардың алдында келе жатқан Толыбай қалың топтан суырылып шықты. Алымды ат сәлден кейiн бұған жақындай бердi. Тоғанақ ендi шаба бергендi қолай көрмей, сөзге келсе, тiлдесiп көрейiн, деген оймен, қызып алған атының басын шаққа дегенде iркiп, кейiн қарай бұрыла бердi. Бiрақ елiрiп алған Толыбай ештеңеге қараған жоқ, — келе қолына ұстап келе жатқан ұзын найзасын толғай салып кеп қалды. Тоғанақ найзаның өткiр ұшын шынтағымен қағып үлгердi. Тайып кеткен найза мұның шекпенiнiң етегiн жыра-мыра барып, қара санға кiрш етiп бойлай ендi. Со кезде Тоғанақ қос қолымен найзаға жармасып, оны керi қарай бiр серiпкенде, найза ұшы санынан шығып кеттi. Батыр ендi әйле-пәйлеге қарамай, найзаны Толыбайдың қолынан жұлып ап, сап жағымен оны өңменiнен керi итерiп жiбердi. Зор қуатқа шыдамаған Толыбай ауып кетiп, атынан құлап түстi. Ол жерге топ ете қалған бойда, бет-аузы шаң-шаң боп, екi қолымен жер тiреп, тұра берiп едi, Тоғанақ атынан тез жерге түсе сап, оны аяғымен кеудесiне бiр теуiп, қайтадан жерге бастыра жықты да, найзаны кеудесiне қадап тұрып:

— Ә, кәззәп, бибiт келген кiсiге қол көтергендi қай ата-бабаңнан көрiп ең? О, күл шыққыр! — дедi де, найзаны керi тартып ап, атына тез мiнiп, Сырға қарай кете барды.

Page 106: Uli Sel 2 tom

Мұны көрген Торжымбайлар батырға батып тиiсе алмай, кейiндеп қала бердi. Соны көрiп, Тоғанақ қолындағы найзаны жерге лақтырып жiберiп, бiраз жерге дейiн атын шоқырақтата жүрiп

отырды. Сосын санының жарақатының ауырғанын сезiп, бiр арада атының басын тартып тоқтады да, киiз күйдiрiп басты. Содан соң еш жерге аялдамастан, ол Шiрiк Рабатқа қарай жүрiп кеттi.

24

Уәйiс-Нияз ендi Райым бекiнiсiн шабуға тиiс қазақ қолының құралмайтынын, Ядгарбектiң қабағы түсiп кеткенiне қарап, бас уәзiрдiң жағдайы да онша мәз бола қоймайтынын аңғарды. Жақында ғана Хиуадан астыртын шапқыншы кеп, бұған Мұхәммәд-Инақтың арнайы хабарын жеткiзген болатын. Ұлы хан Бас уәзiрiне сене бермейтiнiн сездiрiп, бұған оның әр басқан қадамынан көз жазбай қарап отырсын дептi. Сол желеу боп, Уәйiс-Нияз ол тапсырманы артығымен орындап та жiбердi. Соңғы жұманың iшiнде шыны бар, өтiрiгi бар, жан шошырлық лақапты хатқа түсiрiп, Хиуаға екi рет шабарманды жiберiп те үлгердi. Бүгiн сол шабарманға қосылып, бiрнеше дәруiш ере келiптi. Оларды көрiп Уәйiс-Нияздың көзi быттиып кеттi:

— Ау, мыналарға жол болсын? Бұлар немене қазақ даласын қайыр-садақа сұрар Хиуаның базары дей ме екен? Шабарман басын төмен идi:— Мәртебелi бек, бұл бiрәдәрларды Сафар би жiбердi.— Бұлардың маған не керегi бар? Тым құрымаса қылыш та ұстай бiлмейдi.— Мәртебелi бек, бұлардың қылыштан да өткiр тiлi бар. Сол тiлден уағыз таратса, иiлмейтiн ел жоқ. Қазақләрнинг

өздәрi: “Тауды-тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар”, — дейдиләр. Бу қазақләрни iштен iрiту үшiн бiр руды екiншi руға бастық қып қойсаң, сол жетiп жатыр. Содан кейiн қалғандары бiрiн бiрi ұстап, алдыңа байлап әкеп бередi.

— Жөн, жөн. — Уәйiс-Нияз сақтанды.— Бұл дәруiштер — Түркиядан келген кiсiлер. Олар жәһилдерге қарсы ғазауат соғысын ашыңдар деп иiсi мұсылман

қауымына үкiт таратып жүр. Мына түркмен мен өзбек жақтарында олардың уағызы кең тараған. Ендi жауынгер қазақларни үгiтке ұйыта алса, жақсы болар едi.

— Е, онда дұрыс екен. — Уәйiс-Нияз дәруiштердi мехманханаға жiбердi де, шабарманды оңаша сөйлестi. — Ал, не хабар бар?

— Хабар көп. — Шабарман көзi жылтырап, қолын қусырып, басын төмен идi. — Ұлы ханның өзiмен ауызба ауыз тiлдестiм. Ол Бас уәзiрдi қайтсын деп жатыр.

— Неге?— Оны Мәру жаққа жiбермекшi.— Е, солай де... — Уәйiс-Нияз ұлы ханның бұл қашанғы қулығы екенiн бiлетiн. Бұхара мен Хиуаға алма кезек өтiп

тұрған шәһарға барған кiсiнiң абырой таба қоюы қиын. Соны iстетiп отырған кiсi бұған белгiлi. Ол таңдайын қағып, iшiнен: “Әй, Сафар би сұм-ау!”, — деп қойды.

— Сафар би сiзге сәлем айтып жатыр.— Саламат болсын. Сафар би... өте ақылды, шарапатты, кiсiге зияны жоқ жан ғой. — Уәйiс-Нияздың iшi қылп ете

қалды. Ол Сафар бидiң Бас уәзiр боп кететiн сыңайы барлығын ертеден аңдап жүрген едi.— Әрине, әрине, — деп шабарман құлдық ұрды да қалды.Уәйiс-Нияз артық тiс жармай, қабағын шытып, ойланып қалды: “Ендi не iстеу керек? Пәрмәндi орындамасам, хан

басымнан сипай қоймас. Ендеше... оның орнын малмен толтыру керек. Сафар би бас уәзiр болған күнi қоралы малды айдап апарып, тарту етсем, оның оң қабағын алмаймын ба? Иә, сүйту керек”.

Сол күнi шабарманнан хабарды естiп, қабағы түсiп кеткен Ядгарбек мұнымен салғырт қоштасты да, атына мiнiп ап, қасындағы қарашыларынан оқ бойы озып, Хиуаға тартып кеттi.

Уәйiс-Нияз оның соңынан мысқылдай қарады: “Саған со керек. Алды-артыңа бiр уыс топырақ”. Ол ендi iске тез кiрiстi. Қызметшiлерiн зыр жүгiртiп, жүзбасыларын жинап алды. Он шақты жүзбасының басы сарай iшiнде қосылғасын барып, ол жорық аттарын дайындаңдар деп бұйырды. Жүзбасылар тұс-тұсына жүгiре жөнелдi. Дем арасында кешегi шайқастан қалжырап қалған сарбаздар әбiгерге түстi де қалды. Содан әрлi-берлi жүгi-рiп, шаңқылдаса айқайласып сөйлескен кiсiлердiң даусы көпке дейiн басылмады. Осы қарбалас түннiң бiр уағына дейiн созылды. Түн ортасы ауа Уәйiс-Нияз қамалдың дарбазасы мен диуалдардың басында тұрған қарауылдарды күшейтiп, күзеттi өзi бiр рет тексерiп шығып, сарайына қайтып келдi. Күтушi әйелге әлi сүйегi қатты тарта қоймаған, жүзi аршылған жұмыртқадай әппақ Гүлчехраны алып кел деп бұйырды. Аздан кейiн екi әйел мұздай суға шомылдырып, үстiне алуан түрлi әтiр шашып, қасына сүрме тартқан, киiктiң лағынша үрпиген Гүлчехраны iшке алып кiрдi. Уәйiс-Нияз жұқа жiбек көйлектiң әр жағынан барандана көрiнiп тұрған екi санға қадала түсiп, құмарлығы қозып, шапанын асығыс шеше бастады. Тақтай төсекке Гүлчехраны жатқызғасын, күтушi әйелдерге кете берiңдер деп иек қағып қалды. Сосын олардың түгел шығып үлгермегенiне қарамастан, кәнизәктiң үстiне қона түстi. Онша етжеңдi емес, арықтау келген қыздың денесi тығыршықтай екен. Әсiресе, екi анары тып-тығыз боп томпия қалған кеудесi мұның жүн-жүн кеудесiне жайлы тидi. Сол екен, Уәйiс-Нияздың көзi жайнап сала бердi, ол дереу тездете қимылдап, қос қолымен қызды екi мықынынан қапсыра ұстап, жұп-жұмыр екi бөксесiн өзiне қарай қатты тартып тұрып, қыздың үнсiз бұлқынғанына көнбей, екi санның ыссы жылуын екi бүйiрмен сезiп, iлгерi қарай жылжи бердi. Сол сәтте сытырлай сөгiлiп бара жатқан ағзаның жылуын емiс-емiс сездi. Гүлчехра бiреу денесiне бiз сұғып алғандай, жан ұшыра қимылдап, бiрдеме деп айқайлай, құйрығымен керi ысырылмақ болып едi, Уәйiс-Нияз оны жiбермедi. Керiсiнше тырсия гүмпиiп кеткен ағзасын қыз денесiне бойлатып енгiзе бердi. Ендi амалы қалмаған Гүлчехра басын оң жағына қарай бұрып ап, екi аяғын тiзесiнен бүгiп, үстiнде ентiге қимылдап жатқан еркектiң бiр қалыпты ырғағына сай iлгерiлi-кейiндi қозғалып, тынысы тарылып жата бердi. Уәйiс-Нияз оған қараған да жоқ. Iшiнен: “Ұрғашы деген осы! Оған осы ғана керек!” — деп ойлап қойып, ожарлана қимылдай бердi. Сәлден кейiн барып белi шойырылғандай боп тұрып, өз бойынан кетiп бара жатқан әлдененi жеркене сезiп, басы сәл кегжең ете қалды.

Астында жатқан Гүлчехра ештеменi сезбегендей, екi аяғын жерге түсiре бере, сәл iркiлiп, не олай емес, не бұлай емес бiр қалыпта, тынысын ауыр алып, бiраз жатты.

Page 107: Uli Sel 2 tom

Сол түнi Уәйiс-Нияз Гүлчехраны кәнизәктар жататын жайға жiбермедi. Оны бауырына басып, тамағынан иiскеп, маңдайынан сүйiп қойып, таңға дейiн ұйықтамады. Сосын таң алдында және бiр күшiн жиып, оның үстiне мiнiп алды. Гүлчехра бұ жолы қарсылық көрсетпей, не қылсаң о қыл дегендей сыңаймен, екi ағын жоғары көтерiп жiберiп, қысылмастан, мұның қимылына бұрынғыша елтiмей, не бұрынғыша ауырсынбай, кексе әйелдерше жата бердi. Соны көрген Уәйiс-Нияздың ендiгi алған әсерi онша болмады, дымқылы құрып, қатқылданған бiрдемеге тап болғандай ықыласы соқпай, аздан кейiн орнынан тұра сап, қолына құманын алып, жуынатын жайға кеттi...

Ертеңiне Уәйiс-Нияз Хиуа қолы тырнаша тiзiлдiрiп жорыққа шықты. Қол алдында Уәйiс-Нияздың өзi келедi. Iлгерiге жiберiлген шолғыншылар қай жерде қазақ ауылдарының отырғанын айтып, қайта-қайта керi шауып кеп, тағы да алға құйындатып шаба жөнелдi. Қас қылғанда бұлар қазақ ауылдарының орнын сипап қалған едi. Бұлар келем дегенше, суық хабарды қайдан естiгенi белгiсiз, қазақ ауылдары дүрлiге көшiп, дариядан өтiп, орыс бекiнiстерi жағына iшкерiлей енiп кеткен екен.

Уәйiс-Нияз Сырдың төменгi ағысына дейiн суыт жүрiп отырып барды. Жолшыбай бiр де бiр ауыл кездескен жоқ. Сосын ол бетiн батысқа қарай түзеп алды. Бұл жақ қалың Ақкиiздердiң тұтасып отырған жерi. Көбiсi жатақ. Лақалы көлiнен балық аулап күнелтiп отырған олардың сыпырыла көшiп кете қоятындай көлiктерi жоқ. Уәйiс-Нияз соны iштей сараптай келе, бiр iске бел буды.

Хиуа қолы суыт жүрiп отырып, бұйырғынды төбеден асып түскенде Лақалы көлiнiң жағасында отырған бiр ауылды көрдi. Бұл ауыл Ақкиiз руының бiр бунағы Қалабайдың Шүренiнiкi едi. Сопақ бас, аузы қисық Шүрен қорасына азын-аулақ мал бiткенiне лепiрiп, кейiнгi кездерi Қожаниязға барғыштап жүрген болатын. Ондағы ойы — Хиуа ханының ығын ап, қызмет дәметкендiк едi. Соны жақсы бiлетiн Уәйiс-Нияз ендi қабағын түйiп ап, қолын жоғары көтерiп:

— Шабыңдар! — дедi.Сарбаздар лап қойды. Жер тiтiренткен ұран, айғай. Топ-топ түскен ат тұяқтары. Үркiп қалған ауыл кiсiлерi бет-

бетiне қашып барады. Қатындар бажылдап, балалар шулап, иттер абалап, тиыш тұрған ауыл дем арасында бүйi тигендей болды да қалды. Сарбаздар анталай жетiп келген бойда жас жiгiттер мен қарулы еркектердi найзамен түйрей бастады. Бiр хиуалық қайрат қып жүрген еңгезердей жас жiгiттiң iшiне қарағай сапты найзаны салып кеп қалды. Найзаның өткiр ұшы жiгiттiң iшiнен өтiп сыртына шыға келдi. Жiгiт құп-қу боп, қарулы қолдарымен найзаның сабына жармасты. Сосын сiресiп тұрып, хиуалықты қозғалтпай, өзi керi шегiнiп, найзаны шығара бердi. Сол мезетте ақ жаулықты шешесi ойбайын салып, тұра ұмтылды. Оны бiр хиуалық атын ойнақтатып келiп, оң жағына ала бердi де, оған жақындаған сәтте қайқы қылышты қиялай сермеп, сыр еткiзiп тартып жiбердi. Жан ұшырған әйелдiң басы жерге кесiлген алмадай домалап түстi. Қалған денесi қанға боялып, дiр-дiр етiп жатты. Хиуалық ендi қасарысып тұрған жiгiтке ұмтылды. Оны келген бетте қиялай шауып түсiрдi.

Қапыда қалған Ақкиiздiң жiгiттерi ендi ес жиып, қолдарына түскен қада, сырықты ұстап, қорғана ұрыс салды. Көп сарбаз оларды тықсыра-тықсыра бiр түйе қамайтын кең қораға тықты. Қораға кiрiп алған қарулы жiгiттер ендi әруақтанып, iшке беттеген хиуалықтарды ат үстiнен ұрып түсiрiп жатты. Сарбаздар қанша тырысса да тар есiктен өте алмады. Талап қылғандары қанға боялып, жер құша бердi. Ашуланған Уәйiс-Нияз атын тебiнiп қап, қатты айқайлап:

— Өртеңдер! — дедi.Бiрнеше хиуалық жүгiрiп барып, құшақтап қу қамысты әкеп, қамыс қораның шетiне үйдi. Сосын шақпақтарын

шағып-шағып жiберiп, қамысты тұтата бастады. Сол екен, лезде сарғыш жалын тiлi лып ете түстi. Әуелi де бықси жанған қу қамыс келе-келе гүрлеп, лапылдап, қалың өртке айналды. Дем арасында төңiректi қарақошқыл түтiн басты да кеттi. Аздан соң қораның iшiнде ұйлығысып тұрған қазақ жiгiттерiнiң тынысы тарылып, көздерiн ащы түтiн удай ашытып, мазалары қаша бастады. Әрi лаулаған өрт денелерiн күйдiрiп барады. Ақыры щыдамаған бiр-екi жiгiт сыртқа атып-атып шығып едi, оларды есiк аузында күтiп тұрған хиуалықтар найзамен түйреп, қылышпен шауып тастады. Соны көрген iштегiлер асып-сасып, абдырап, бiр-бiрiне бажылдаса айқайласып, кең қора iшiнде әрлi-берлi жүгiре бастады. Осы екi арада будақтап шыққан қара түтiн қоюланып, дем арасында кiшкене қораның iшiн қап-қара еттi де жiбердi. Аздан соң қораның қу жыңғылмен жабылған төбесi сытырлап жана жөнелдi де, бiр сәтте қызыл шоқ бырт-бырт ұшып, ұйтқи соққан жел желпiп өткен сайын лаулай жанып, өртенген қабырғамен тұтаса келе, қалың өртке айналды да кеттi. Iш жақтан шыңғырған, ойбайлаған жiгiттердiң даусы кiсiнiң төбе құйқасын шымырлатады. Мұрынға адам етiнiң пiскен көңiрсiк исi келедi. Осы бiр жаман иiс қора төбесi күл болып ортасына түскеннен кейiн де көпке дейiн басылмай жатты.

Хиуалықтар шын ойранды ендi бастады. Олар қатын-қалаш, қыз-келiншектердi бөлек жерге иiрiп тастап, жер бетiнен төбелерi әзер-әзер көрiнiп тұрған жатақтардың жертөлелерiне от қойды. Сарбаздарың ендiгi бiр тобы қолға түскен ер кiсiлердi бөлек айдап әкелдi. Олардың ортасында Шүрен де бар болатын. Ол Уәйiс-Ниязға жалтақтап, жалынышты түрмен мүләйiмсiп, бiрдеңе дей берiп едi, бек қолын бiр-ақ сiлтедi:

— Барлығын да тарттырыңдар!Сол екен, жалаңдаған хиуалықтар қазақ кiсiлерiн қойша жығып сап, пiштiре бастады. Бiрде кезек Шүренге келдi.

Оны тыр жалаңаш шешiндiрiп, бiр хиуалық қасап секiлдi қанжарын жалаңдатып, Шүреннiң шыңғырғанына қарамастан, оның енiн сылып тастады да, етпетiнен жатқызып, күн тимегендiктен ағараңдап тұрған құйрығына бiр темiрдi қызартып әкеп, быж-ж еткiзiп таңба басты. Шүрен жан даусы шыға ойбайын салды.

Соны естiп, мына жақта тұрған хиуалықтар мәз боп, қарқ-қарқ күлдi:— Бәлем, қазақ, саған со керек! Сендер ұлы ханға қарсы шығатындарсыңдар ғой!Хиуа базарына құл апарып сатардағы қашанғы әдетiн iстеп, құл екендiгiн бiлдiретiн таңба басып, сарбаздар басқа

кiсiлердi де осылай тарттыра бердi. Ол шаруаны жайғап болғасын, хиуалықтар ажарлы деген қыз-келiншектердi топ iшiнен бұрымдарынан тартып, сүйреп шығарып, құмдақ жерге атып ұрып, мәнтәй-шәнтәйға қарамай, зорлап шешiндiрдi де, үстерiне қона түсiп, зорлауға кiрiстi. Аздан соң ойбайлаған, бажылдаған әйелдер мен қыз-келiншектердiң дауыстары ауылды азан-қазан еттi де жiбердi.

Бiр хиуалық Шүреннiң биыл алған жас тоқалын сүйреп әкелдi. Оны тырп еткiзбей ұстап тұрып, Шүреннiң көзiнше жерге алып ұрып, қорлай бастады. Шүрен сұп-сұр боп кетiп, көзiн жұма қойды. Оның мына бишара түрiне, жас тоқалдың жарқыраған ақ санына, сәл-пәл жоғары көтерiлiп кеткен екi аяғына қарап, жас жiгiттер бiр бiрлерiн түрткiлесiп, бүйiрлерiн шымшыласып, жырқылдаса күлдi. Сол арада олардың бiр оспадарсыздауы ырсылдап жатқан хиуалықтың арт жағына шығып, құдды алтын көретiндей боп, қолымен үстiндегi еркектiң бетiн тырналап жатқан жас тоқалдың төменгi жағына үңiлiп қарады. Соны ту сыртымен сезген, күн тимеген бөксесi ағараңдап жатқан хиуалық мойнын артына бұрып, сойдақ тiстерiн көрсете ыржиды. Ол сәл-пәл көтерiлгенде, жас әйелдiң екi шабының арасы,

Page 108: Uli Sel 2 tom

топырақта шаң-шаң боп жатқан бөксесi, қарауытқан тұсы анық көрiндi. Соған қарап, жан-жақтан қоршалап тұрған хиуалықтар жырқ-жырқ күлдi.

Осы кезде қызметшi Әбдуллә топ арысынан iлгерi қарай ытқып шықты да, қолындағы кiшкене шоқпарымен әйелдi зорлап жатқан хиуалықты қақ басқа бiр қойды:

— Әй, сендердiң бұларың не? Немене айуансыңдар ма? Мұсылман емессiңдер ме? — дедi ол жiңiшке даусы шiңкiлдей шығып.

Денесi жансыздана қалған хиуалық былқ-сылқ етiп, тоқалдың үстiнен аударылып тұсе бердi. Әбдуллә шоқпарын екiншi рет сiлтей берем дегенде, оған қалған сарбаздар бас салды. Оның қарсыласуға шамасын келтiрмей, жерге жығып сап, ұрып, тепкiледi. Сосын оны Уәйiс-Ниязға сүйреп әкелдi. Бек қабағын қарс түйдi:

— Ақымақ, сенiң мұның не, а? Долырып iсiп кеткен аузы икемге келмей, Әбдуллә қан түкiрiп тұрып:— Ұлығ бек, мына қиянатты қойдырыңыз! Мұсылман емессiз бе? — дедi.— Сонда... қазақлар да мұсылман ба? Сарбаздар қарқ-қарқ күлдi:— Кәне, жауап бере ғой!— Қазақтарды сүйтiп тұқымын асылдандырмасаң, бұлар ел болып қарық қылмайды!— Ха-ха-ха-ха!Әбдулла қап-қара боп кетiп, Уәйiс-Нияздың түрiне жеркене қарады:— Мәртебелi бек, бүйтiп... бикүнә халықтың обалына қалмаңыз. Құдайдан қорқыңыз! Бұл жерде... қатын, бала-

шағаның не жазығы бар?— Өшiр үнiңдi, хайуан! — деп Уәйiс-Нияз ақырып жiбердi.— Мына иттiң көзiн құртыңдар! Дарға асыңдар!Сол екен, еңгезердей екi жәлләд Әбдулланың басына кенеп қапты кигiзе салды да, әй-шәйға қарамастан, оны ауыл

шетiнде өсiп тұрған қарағашқа қарай сүйрей жөнелдi. Ағаш түбiне келгесiн, бiр арқанды оның иiр бұтағына асып, екiншi ұшын тұзақ етiп, Әбдулләның мойнына салды. Содан соң оның астына кесiлген, бiр дөңбек ағашты әкеп қойды. Соның үстiне қызметшiнi соған мiнгiзiп болғасын, арқанның екiншi ұшын қысқа етiп қатты байлап тастады да, қаба сақалды жәлләд кенет, көп ойланып жатпастан, ағаш дөңбектi аяғымен теуiп кеп жiбердi. Сол екен, табанының астындағы тиянағынан айрылған Әбдулләның денесi созылып, ала құртша бiр жиырылып, бiр созылып, ауада теңселiп тұра қалды. Аздан соң тұзақ буа түскен Әбдулланың алқымынан қырылдаған жаман бiр дыбыс шықты. Келесi сәтте ауыздан аққан ақ көбiк қап сыртына теуiп, күңiрсiген бiр иiс айналаға тарады. Жарым сағаттан кейiн бiртiндеп жаны шығып бара жатқан дене созыла-созыла келе, дiр-дiр етiп, бiраз тұрды. Ара арасында қара бақайдың ұшы бар медет сонда екенiн бiлгендей қара жерге қарай ұмсына түсiп, созылып барып, керi жиырылып қояды. Оған қоса артына қайырылып байланған қос қол қайта-қайта әлсiз бұлқынып, арқасын тырналай бередi. Шамалыдан кейiн бүткiл дененiң салмағына шыдамай, мойынның омыртқаның сырт етiп, үзiлiп кеткенi қолайсыз тиыштықта анық естiлдi. Сосын жансыз қимылдамай, арқан сияқты боп, дене салбырады да қалды.

Аздан кейiн Уәйiс-Нияз қолға түскен тұтқындарды қора-қора етiп шұбыртып, мықты күзетпен керi айдатып жiбердi де, ойран болған ауылдан ұзап шыға бердi. Ендi бетiн Сырға қарай түзеп алған ол ет пiсiрiмдей уақыттан кейiн лепiрген қол ұлы дарияға кеп құлады. Сыр биыл қатты тасып, жағалаудағы жайпақ жерлердi түгел алып кеткен едi. Әсiресе, Қарлан тұсындағы жазық суға аузы-мұрнынан келе малшынған болатын. Сол тұстан құлаған хиуа қолы дарияның арғы бетiне егiн салып жүрген қазақ дихандарын, қыстау маңындағы уақ малды көрдi. Оның әр жағында Қамыстыбас, Ақирек көсiлiп жатыр. Уәйiс-Нияз биқам жатқан елдi үркiтпейiн деп, дария жиегiнен керi қайтып, әйдiк қара төбенiң қалқасында қонғанды жөн көрдi. Түнде көзге түсiп қалмайық деп, сарбаздарға от жақтырмай, оларға кепкен пәтiр нан мен суық шәйға ырза болыңдар дедi. Сосын денелерi қызып келген аттарды таң асырып тастатқызды.

Таң алакеуiмде Хиуа қолы Сырдан өттi. Есiрiп алған олар бергi беттегi дихандарды қырып, үйлерiн өртеп, малдарын сойып жеп, әлденiп алғасын, қазақ даласына iшкерiлеп сұғына түскендi жөн көрдi. Тонаушы сарбаздарының қолын қақпаған Уәйiс-Нияз қол алдына түсiп ап, салдыртты да отырды.

Аздан соң олар үйрек, қазы шулаған, балығы көп Қамыстыбас көлiнiң зеңгiр көктен жымыңдай қараған күн сәулесiне шағылыса керiлiп жатқан айнадай кең айдынын көрдi. Оның әр жағында қазақ ауылдарының жұмыртқадай ақ үйлерi жағалай тiгiлiптi. Көл жағасында қалың жылқы үйездеп жатыр. Шөлдеген көп түйе шудалары желкiлдеп, көлге қарай құлап келедi.

Уәйiс-Нияз қынынан қылышын суырып алды: — Шабыңдар!

25

Көл жағасында отырған Мұғараптың ауылы дем арасында у-шу болды да қалды. Екi жақтан қоршай шауып келе жатқан хиуалықтарды көрiп, биқам отырған жiгiттер үйдi-үйлерiнен атып-атып шықты. Олар тұсаулы тұрған аттарына жетем дегенше қиқулап келiп калған жау жiгiттердiң алдарын кесе бердi. Сарбаздарың қиқулаған дауыстарынан үркiп кеткен, үй жанындағы қазықтарда байлаулы тұрған аттар бастарын керi тартып, басжiптерiн жұлқылап, үзiп жiбердi де, бет-беттерiне тырағайлай қаша-қаша жөнелiстi. Соны көрiп, үйезде жатқан жылқылар да тұяқтары қозып, құлақтарын қайшыласып ап, шұрқырай кiсiнесiп, жалпақ жазыққа қарай салды. Хиуалықтардың бiр бөлегi қашып бара жатқан көп жылқының алдын орай шапты.

Талай сойқанды көрген кексе әйелдер бажылдасып, қыз-келiншектердiң беттерiне күйе жағып, көзден таса жерге тығыла бастады. Асып-сасқан жiгiттер кәпелiмде қолдарына қару түсе қоймай, жаумен құр қол жағаласа кеттi. Бiрақ жарақты жау оларды бiрден қан жоса қыла бастады. Бұл ауылдың батыр жiгiттерi дұшпанның аямас сыңайын байқағасын, қолдарына iлiккен қада, сырықты ала ұмтылып, қайрат қып бақты. Алғашқыда олар жiтi қимылдап‚ хиуалықтардың бiр-екеуiн жерге ұрып та түсiрдi. Уәйiс-Нияз дәл осы кезде шайқас қызып жатқан үй тұсына жетiп келген едi. Ол дереу бiр топ сарбазды жауып жiбердi. Анталаған әскер дем арасында қазақ жiгiттерiн турап тастады.

Page 109: Uli Sel 2 tom

Дөң мұрын, шоқша сақалды Мұғарап осы кезде ақ үйден шыға келдi де, қалбалақтай жүгiрiп кеп, Уәйiс-Нияздың шаужайына жабысты:

— Уа, бек, тал түсте ауылымды шауып бұ нағылғаның? Бiздiң сiзге не жазығымыз бар едi?Уәйiс-Нияз оған дұрыстап көз де салмай, атын тебiнiп, iлгерi жүре берiп едi, тiзгiннен ұстаған Мұғарап алдынан

шықты. Оның өңi қап-қара:— Әй, Уәйiс-Нияз, сен бүйтiп таспа. Мың асқанға бiр тосқан деген. Немене осы зорлық-зомбылығың тегiн кетедi

дейсiң бе? Жазықсыз кiсiлердiң қанын төгуге құдайдан қорықпайсың ба?Уәйiс-Нияз Мұғарапқа ештеңе демей, қасындағы шабарманына күңк ете қалды:— Мына алжыған шал шаужайға оратыла бердi ғой. Оны алып кетпейсiңдер ме?Сол екен, шабарман тұра ұмтылды. Келе Мұғарапты дырау қамшымен қақ бастан тартып-тартып жiбердi. Қамшы

шалдың бетiн тiлiп түстi. Лезде шып-шып аққан қан көрiндi. Мұғарап жасында балуанға түскен, шомбал денелi, қайратты кiсi едi. Дем арасында өңi күлдей боп, әлем-тапырық боп кеткен ол шабарман екiншi қайтара ұмтыла бергенде, шапшаң атылып барып, оның жағасына жармаса кеттi. Сосын жұлқып қап, оны ер үстiнен жерге құлатып түсiрдi де, алқымынан алып, қылғындыра бастады. Сасып қалған Уәйiс-Нияз атының басын бұра бердi. Мұны көрген басқа сарбаздар жетiп-жетiп кеп, шабарманды бүгерлеп жатқан шалды соққының астына алды. Бiр рет шоқпар шекесiне тиiп, Мұғарап орнынан бойы серейе тұра бердi де, дiр-дiр етiп, бiр жағына қарай құлап бара жатты.

Мұғараптың алты қасқыр атанған балалары осы кезде аттарына мiнiп те үлгерген едi. Олар сойылдарын көтерiп ап, әкесiнiң жанында үймелеп тұрған жауларға ақыра ұмтылды. Бiреуi Уәйiс-Ниязды оң тiзеден бiр қойды. Тақымы босап, аяғы ұйып сала берген Уәйiс-Нияз сол сәтте ат үстiнен аударылып, жерге құлап бара жатты. Екiншi соққы оның басына тиiп, көзi қарауытып кеттi.

Хиуалықтар алты жiгiтке лап қойды. Салған бетте оларды тықсыра жөнелдi. Жiгiттер қаша ұрыс сап, жазық адырға қарай шыға бердi. Олар арттарынан қуып жеткен хиуалықтарды бiр-бiрлеп ұрып түсiрiп, жанталаса қимылдады. Ақыры қоршауда қалатындарын бiлiп, алтауы аттарының бастарын бұрып ап, жалпақ даланы бетке ұстап, құйғыта жөнелдi. Хиуалықтар оларға жете алмады.

Уәйiс-Нияз басынан аққан қанды киiз күйдiрiп басып, шаққа дегенде тиды. Сосын осы кезде алдына иiрiп әкелген қатын-қалаш, қыз-келiншектерге жеркене көз салып тұрды да, орнынан түрегелiп, олардың сұры қашқан жүздерiне, қорқыныш торлаған көздерiне, дар-дары шыққан киiмдерiне мысқылдай қарап, бiраз тұрды. Сосын бiраз келiншектiң қолдарындағы балаларын көрiп, басына бiр ой шапты да, Хиуа хандарының осындайда iстейiн қашанғы дағдысына басып, бұлар екiншi рет келгенде қалтырап тұратын болсын деп, шабарманға бұрылды. Ол өзiне оң қолын кеудесiне қойып, басын ие берген шабармаған бiр қасын сәл жоғары көтере қарап:

— Мына қатындарды бәччәларымен бiрге қалай күңдiкке сатпақсың? Өзiң осы... иттi қонақ жараспас дегендi бiлмеушi ме едiң? — дедi.

— Бiлем, мәртебелi бек. — Шабарман бағана Мұғарап езгiлеген алқымын ауырсына, қолымен сипап қойды.— Хиуаға оларды мына қалпымен жеткiзудiң қиын екенiн ойладың ба?— Ойладым, мәртебелi бек.— Ендеше ана сәбилердi бар ғой... Тоқта, әуелi дарияға жетiп алайық.Ендi Хиуаның қолы кiдiрмедi. Алты жiгiттiң қашып құтылып кеткенiн көрген Уәйiс-Нияз қалайда бүгiн Сырдың

арғы бетiне өтiп алғанды жөн көрдi. Сосын қора-қора малды, құлдыққа сатпақ болған еркек, қатын-қалаш, қыз-келiншектердi тездетiп айдатқызды. Тас-талқаны шыққан ауылдың ақ үйлерiн тегiс өртеткiздi. Шамалыдан соң жылап-сықтаған қалың топ Сырға қарай беттегенде, көл жағасында өртенiп жатқан қара үйлердiң қарақошқыл түтiнi будақтап, бiр-бiрiне ұласып, тұтасқан бiр қара тұман сияқтанып кеттi.

Дарияға жете бере, Уәйiс-Нияз тұтқындарды тоқтатқызды. Сосын келiншектердiң қолдарына көтерген, арқалаған, бесiктерiмен бiрге алып келе жатқан сәбилерiне атып жiберердей боп қарады да, сарбаздарға бұйрық бердi:

— Ана бәччәларни суға атыңдар!Сарбаздар тарпа бас салды. Олар келе келiншектердiң қолдарынан сәбилердi жұлып ала бастады. Келiншектер

бермей, бажылдап, ұрысып, оларды өңмендерiнен итердi. Бiрақ қарулы жендеттер олардың өздерiн ұрып жығып, теуiп, қолдарындағы нәрестелердi бақырып жылағанына қарамастан, жұлып ап, жағалауға тас кесекше етiп лақтырып, үйе бердi. Бiр келiншек қолындағы бесiгiн бергiсi келмей, хиуалықпен көп алысты. Ол өкiреңдеген сарбаздың бетiн тырнап, қолын тiстеп, айқайлап, тағының тырнағы тигендей жан-дәрменiмен қимылдады. Өзiнiң жаулығы ұшып түсiп, қалың қара шашы бұрқырай қобырап кеткен. Танадай көзi кекке толып, жарқ-жұрқ етедi. Хиуалық әуелгiде абдырап қап, iзiнше еркектiк намысы жеңiп, келiншекке тұра ұмтылды. Жеткен бойда ол бесiкке жармасып, оны керi қарай жұлқа тартты. Сол мезетте келiншек камзолының жан қалтасынан кiшкене құс кездiктi суырып ап, хиуалыққа сiлтеп кеп қалды. Кездiк жүзi жарқ ете қап, басы кегжеңдеп, керi серпiле берген сарбаздың алқымын орап түстi. Дем арасында қара қан сау ете қалды. Сол арада екi қолымен алқымына жармасқан сарбаз бүгiле бердi.

Осы кезде бiр еңгезердей сарбаз жетiп кеп, келiншектi ту сыртынан құшақтай алды. Ол бажылдап, босанбақ боп жанталасып жатқан келiншектi аяғын жерге тигiзбей, көтере ұстап тұрғанда, жендеттiң екiншi бiреуi жетiп кеп, оның қолындағы бесiкке бөлеген нәрестесiн жұлып алды. Содан соң оны сыртынан құшақтай көтерiп тұрған жендет аулақ шығарды да, оны жерге атып ұрып, қол-аяғын байлап, басын құбылаға қаратты. Сосын кәнiгi қасапшыдай қынынан екi жүздi ұзын қанжарын суырып ап, әлi құрыған келiншектiң басын тұқырта басып отырып, жұтқыншағы бүлк-бүлк еткен тамағын қанжармен орып кеп жiбердi. Келiншек бақырып қалды. Соның артынша қорқыраған тамақтан қарақошқыл қан атқылап, сыздықтай шашылды. Жендет шошып кетiп, қан-қан болған қолын әйелдiң бөз көйлегiнiң етегiне сүрте салды да, орнынан тұра бердi. Әйелдiң денесi бiр тартылып, бiр созылып, жаны кете қоймай, дiр-дiр етiп ұзақ жатты. Жас та қуатты дене ара-арасында ықылық тигендей ышқынып қалғанда, бiр уыс боп жиырылып, iзiнше созыла бастайды. Сосын қайтадан жиырылады. Соған ашуы келгендей жендет қанжарымен бiр қойып, оның басын шауып алды да, аулаққа лақтырып жiбердi. Сосын дiр-дiр еткен дененi тұмсығы қайқы етiгiмен бiр тептi.

Қазақ кiсiлерi у-шу болды да қалды. Бiр қатары:— Бүйтiп қор болғанша, қолдарында өлейiк! — деп жан-жақтарынан анталап тұрған жендеттерге тұра-тұра

ұмтылды.Дем арасында шаппа-шап алыс-жұлыс басталды да кеттi. Қатындар да ойбайын салып, еркектерiне болысты. Сарт-

сарт тиген жұдырық, тепкi, боқтау, қырылдаса айқайлаған дауыс ұзаққа дейiн басылмай тұрып алды. Қазақтар он шақты

Page 110: Uli Sel 2 tom

хиуалықты дем арасында қылғындырып өлтiрдi. Қалған жендеттер жалаң қылыштарын суырып ап, қарусыз кiсiлердi қуалап жүрiп туралады. Әсiресе, бiр қаншырдай қатқан тарамыс денелi қара жiгiт қаша жүрiп қорғанып, ұстатпай, көп қарсыласты. Ақыры жан-жақтан анталаған жендеттер оны қоршап ап, екi қолын бiлегiнен шауып түсiрдi. Содан кейiн бiр жендет жан-жағына алақтай қарап, атылатын жолбарысша иiле түскен қара жiгiттiң арт жағына шығып, қайқы қылышын сiлтеп қап, сыр еткiзе тартты да, тарамыс дененi шауып түсiрдi.

Уәйiс-Нияз қаһарына мiнiп алды. Ол қазақ кiсiлерiн дария жағасында туратып тастап, ендi сарбаздарына қарап иек қақты:

— Лақтырыңдар!Жендеттер жас нәрестелердiң шырылдаған, апалаған ащы дауыстарына мейiрiмдерi келмей, оларды көтерiп апарып,

Сырдың биiк тiк жарқабағының басында тұрып, төменде сарылдай, иiрiмдене ағып жатқан салқын лайлы суына лақтыра бастады. Аздан соң шырқырап жылаған, суға шолп-шолп етiп түсiп жатқан нәрестелер бiрден батып кетпей, су бетiне қалқып шығып, суланған жөргектерi ауыр тартып, сарылдаған ағысқа iлесiп аға жөнелдi. Әсiресе, тал бесiктер батпай, қуатты ағыспен төменгi жаққа қарай қалтылдап ағып барады. Тыныстарын су тарыла бастаған нәрестелердiң ащы барылы, жылаған дауыстары бiр-бiрiне қосылғанда, құдды о дүниенiң өзiнен келiп жеткен азалы үндей боп естiлiп кеттi. Дария үстi ызы-қиқы шу. Суға лақтырылған жүзден аса жас сәбидi көрiп шыдамай, бiр-екi әйел жар басынан қарғып кеттi. Бiрақ олардың етегi ұзын көйлектерi жүзуге мұршаларын келтiрмей, денелерiне жабысып, қол-аяқтарына бөгет болды. Шамалыдан соң олар жан таласа қимылдап, барқырап, суға батып, дем арасында жоқ боп кеттi. Олардың соңында шыр көбелек айналған иiрiм жуық арада кетпей тұрып алды.

Осыған қызықтап қарап тұрған хиуалықтар қарқ-қарқ күлдi:— Сендерге... осы керек! — Бостандықты көксейтiн елсiңдер ғой! — Сендер өмiр бойы бiреудiң тепкiсiн көрiп, құлақ кестi құл боп өтесiңдер!— Дәл солай!Олардан жырақтау тұрған бiр кәрiлеу сарбаз көзiне жас алып, бұрыла бере:— Алда пақырлар-ай, — дедi.Хиуалықтар сонан кейiн қалың жылқыны судан жалдап өткiздi. Дарияға түскен бойда көп жылқы арғы бетке қарай

пырылдап жүзе бастады. Ендi ағысы қатты тұсқа шамасы жетпеген кәрi-құртаң аттар мен жас құлындар Сырдың ортасына жете бере ағыспен ыға жөнелiп, ақырғы рет бiр шыңғырып, суға кеттi. Қалғандары арғы жайпауыт жағаға аман-есен өттi.

Сырдан өтiп болғасын, Уәйiс-Нияз дария ортасында қылтылдап ағып бара жатқан бiр құлынға ұзақ қарады. Құлын ақырғы күшiн жиып, талпынып барып, суға шым батып кеткенде, ол қатты өкiндi:

— Қап, обал болды-ау!

26

Ережептiң төбе шашы тiк тұрды:— Астапыралла! Мына хиуалықтардың көзiне бiрдеңе көрiнген шығар?— Ойбай, көрiнгенде айтпа. Осы жолы Хиуа ханына бiр сын, — дедi Тиышбек аузы-басы сүйреңдеп. Әшейiнде мына бәтуасызды қасы мен қабағымен-ақ ықтырып алатын Ережеп бұл жолы үндемедi. Әлдеқандай бiр

түйткiл жанын мазалай бердi. “Мен бастамағанда ғой, Уәйiс-Нияз бүйтiп қырғын жасамайды. Қолына түссем, менi оңдырмайтыны сөзсiз. Сонда... Тоқта. Халық менi қарғап жатпаса не етсiн?” Ол ұнжырғасы түсiп, жерге қарай шөгiп отырып қалды. Сосын есiне алдыңғы күнi Жәнiбектiң Қалдыбайды жiбергенiн есiне алды. “Қап, сонда келiсе салмаған екенмiн”, — деп өкiндi. Ендi мың жарымдай хиуалыққа қарсы ұрысқа шығуға әнеу күнгi ұрыста қатары селдiреп қалған Әлiм жiгiттерiнiң қауқары жете қоймайды. Елден қайтадан қол жиюдың еш ретi жоқ. Шөмекейлерге барып көмек сұрауға құр намысқа тырысып, қыңырая бередi. Ендi не iстеу керек? Егер осылай ыбылжи берсе, көздерiне қан толған хиуалықтардың бұның өзiн шаппасына кiм кепiл? Қалайда бiр сыласын табу керек. Сонда қалай? Ол қолымен басын ұстап, ұзақ отырып қалды. Кенет басына бiр ақыл түсiп, зiл басқан еңсесiн тiк көтерiп алды. Сөз жоқ, сүйткеннен дұрысы жоқ. Келiсе қалса, ертең өзiне жақсы.

Ол Шәкидi шақырып алды:— Тез аттарды ертте!Аздан кейiн қасына Шәки бастаған он шақты жiгiттi ертiп, мырза суыт жүрiп кеттi. Жапан дүзде қонып жатқан қолға

жөнiн айтқан жоқ. Қырға шығып алғасын, ат басын батысқа қарай туралап ап, сылқытып тартты да отырды. Басықара, Көбек тұсынан өтiп, Қарақұмға дендеп ене түстi. Бiр ауылда қан сорпа болған аттарын солықтатып ап, қайтадан жолға шықты. Бұл кезде күн батып бара жатқан шақ едi. Сәуiр айының нағыз қоңыр кешi орнады. Төңiрек тып-тиыш. Майда самал желпiп соғады. Жап-жасыл даланың әр жер-әр жерiнде көкшiл гүлдер, сарғалдақтар тұтаса өсiп тұр. Айналадан әдемi бiр иiс аңқиды. Жаңа бас алып, бүрiн жара бастаған көк жусандар керегелене өсiп, төңiрекке ұнамды ашқылтым исiн аямай шашып жiберген. Кiсi кеуiлi ерiксiз көтерiледi. Жас көктемнiң лебiне мас болып, мына сайын далада ұзақ-ұзақ жүргiң келедi. Көкiрегiңдi керiп, ән салғың келедi. Жылтырата сүртiлген әйнектей көк аспанның әр тұсында тең-тең мақтадай боп қалқып тұрған ақша бұлттардың қан қызыл бауырларына қарап, биуақ кеште майда қоңыр күйге түсiп, домбыра шерткiң келедi. Ережеп ерiксiз кеуiлi сергiп, жан-жағына құмарлана қарап қойды. Аздап ыңылдап та ән салды. Бiрақ қасындағы қарашыларынан қысылды. Халық басына зұлмат күн туған шақта ән айтқанын сөкет көрер деп қауiп айлады. Сосын бiр демде бет-өңiн билеп ала қойды. Ендi оның жүзiнде әлдеқандай күңгiрт ой табы кiреукеленiп жатып алды.

Жол үстiнде ол осы сапарының оң-терiсiн қайта-қайта iштей сараптаумен болды. Бiр есебi бойынша, Захваткиндi сынап көрмек. Егер орыс ұлығы құшағын жая қарсы алса, ертең өз наны ашиды деп бiле бер. Орыс орам ала қойса, сөз жоқ, қиын кезде көмектескен, сенiмдi кiсi деп мұны қызметiне шегедi. Ал егер Захваткин бұл ойлағандай болмай шықса ше? Ақылды, қу кiсiнiң бiр енi iшiнде жатпаушы ме едi? Ондайдың өз қайығы судан өтiп алғасын, өзiн ысырып‚ жар басынан лақтырып жiберуi де мүмкiн емес пе? Қой, үйтiп не көрiнiптi. Қайта ақылды кiсi ел арасында беделi, абырайы бар адамдармен ақырлас болуға тырыспай ма? Мұның ертең де керегi бар шығар? Жарайды, бiтпеген iстiң басын ауыртып не қыламыз? Онан да мына жағдайды айт. Қазақтар хиуалықтардан кек алар ма екен? Тоғанақ батыр кәйтер

Page 111: Uli Sel 2 tom

екен? Ол ана жылғыдай қол құрай ма? Сол жылы Қожанияз қамалын Тоғанақ пен Елдес бастаған қалың әскер қиратып кеткенде, Хиуа жағына тiлектес боп жүрген өзi не iстерiн бiлмей, қатты сасқан едi. Қайда тығылудың жөнiн таппай апалақтаған болатын. Сол кезде Мiрәлi ағасына сырттай мысқылдай қараса да, iшiнен өзi де бiраз кәуiп илеген. Бiрақ бүлiкшiлер сол жолы қамалды қиратып қана тынды. Сардар Мiрәлi ауылына тиген жоқ. Соны арқаланған ағасы: “Көрдiң бе, олар артымыздың дүмдi екенiн бiлiп тиiсуге батпады. Мұның соңы тегiн тына қояр деймiсiң? Ертең-ақ Мұхәммәд-Инақ хан қара құрттай қаптаған қалың әскер жiберер. Сонда олардың әуселелерiн көрермiн-ау”, — деп кiжiнген. Содан кейiн ел iшi тиышталды. Ендi Мiрәлi күшке мiндi. Момындарға тiзесiн көбiрек батырып жiбердi. Әсiресе зекет, ұшыр салығы кезiнде өз құлқынын көбiрек көздеп, шеңгелiн кеңiнен салған едi. Соның аяғы немен тынды? Сенген Дадабектен не опа тапты? Асылы жат басқыншыға сенiп, соның қызметiн қылып, кiсi опа таба ма? Қолындағы жылтыраған алтыныңды алғанша жылмаңдап, бауыр боп жабыса қалатын әккi жаудың сырт айнала бере қыр желкеңнен қанжар жұмсайтынын осы халық талай рет көрген жоқ па? Ендеше содан аузы неге күймейдi? Неге жаттың алдында. жампаңдап, өз жұртына келгенде сәурiк айғырша қодыраңдап шыға келедi? Осы да мiнез бе? Ал, өзiң де сүйтiп жүрген жоқпысың? Хиуамен жақсы күндерiңде Дадабектiң бабын тауып, соның қолымен от көсеп, Жәнiбектердi тықсырып алған жоқсың ба? Бүгiнгi күнi сол кердi Жәнiбек сенiң алдыңа тартса, оған таңғалатын несi бар? Бұл да заңды нәрсе емес пе? Ендi өзiң замана ыңғайына қарай, жаңа жолды таңдап алдың. Ертең соның ақыры неге соғарына көзiң жете ме? Сен мына тасқынның қай жерге барып тоқтарын, жолындағы қандай тау-тас, нән дарақтардың омырып кететiнiн ақылға салып көрдiң бе? Жоқ, сен қайта сол тасқынның ырқына бағынып, қарсы ескек тартуға шамаң жетпесiн бiлiп, ұлы дүрмекпен аға бергендi жөн дедiң. “Жөн?” — Ережеп ер үстiнде қозғалақтап қойды. — “Жөн? Қай заманда да кiсi өз жөнiн бiлген емес пе? Бүгiнгi күнi мен жөнiмдi тапсам, оның несi сөкет? Әр заманның өз оң-терiсi болмай ма? Бүгiнгi оң дегенiм, ертең терiске шығады. Бүгiнгi терiс дегенiм, ертең он боп шыға келедi. Кейде екеуi ала қиғаш боп араласып та жатады. Бәндә, шiркiн, сол екеуiнiң ортасында бiр тал жаңқаша әрлi-берлi ауытқып тiршiлiк етедi. Мен де сондаймын”, — дедi Ережеп iшiнен күбiрлеп. “Сондаймын. Қалғанын кезiнде көре жатармыз”. Ол бойын шұғыл сiлкiп, ат үстiнде дұрысталып отырып алды. Сосын тайпалтып желе-жортып кеттi.

Захваткин бұларды күле қарсы алды. Ол Ережептiң сөзiн тыңдап болған бойда:— Вот это да! — дедi екi алақанын жайып.— Мынау не дегенi? — дедi Ережеп өздерiнiң сөздерiн алма-кезек аударып тұрған Тортайға бұрылып.— Таңданып отыр.— Оның несiне таңданады? — Ережеп қабағын шытты. — Сен ана ұлығыңа айт, қазақтар одан көмек сұрай келдi

деп. Бiзге мылтық, оқ-дәрi берсiн. Хиуа әскерiн Сыр бойынан қуып шығамыз.Тортай бұған түсiнiксiз тiлде салдырлай жөнелдi. Захваткин ойланып, орнынан тұрып, бөлме iшiнде әрлi-берлi

жүрдi. Кенет берi бұрылып, көкшiл көздерiн бұған сығырайтып, сынай қарады:— Жарайды, бiз қару берейiк. Ертең киргиздардңы... ол мылтықпен ұлы Русия әскерлерiн атпасына кiм кепiл?— Олай болмайды, — дедi Ережеп даусын нықтай сөйлеп.— Неге? Жақында қазақтар Қосқорған-Қармақшы бекiнiсiн шапқалы жатыр деп хабар берген өзiңiз емес пе едiңiз?— Үйдегенiм рас. Бiрақ кәзiр Хиуадан Жәнiбек те қол үздi.— Неге?— Келiсе алмаған көрiнедi.— Демек, қазақтар ұлы императордың қамқорлығын асыға күтiп отыр дейсiз ғой?— Иә.— Ендеше солай деп қағазға жазып берiңiз. Мен оны Орынборға жiберiп, ақылдасып көрейiн.— Ұлық, ол көпке созылып кетедi ғой. — Ережеп оған жалбарына қарады. — Мұндай болмашы нәрсеге бола үлкен

төренiң миын қатырудың қанша қажетi бар? Оны өзiңiз-ақ iстей салмайсыз ба?— Әрине. — Захваткин трубкасын сорып, шелектей танауынан қою түтiндi будақтата шығарды да, қабағын түйдi. —

Дегенмен менiң генерал-губернатормен келiсуiм керек. Онсыз, болмайды.— Мәртәбәлы ұлық, үйтудiң түкке де қажетi жоқ, — дедi Ережеп батылданып. — Бiзге оқ-дәрi, мылтық берiңiз.

Соғысып болғасын, аман-есен қайтсам, бәрiн өз қолыммен табыс етем.Захваткин ойланып ұзақ жүрдi. Ау-тауық бұл жаққа суық көзiн керенаулана тастап қояды. Ақыры ол бiр-ақ кестi:— Жарайды, болсын. Бiрақ былай. — Ол Тортайға бұрылды. — Поручик, жүз адамдық отрядты сiз бастап барасыз.

Екi зеңбiрек алыңыз. Сосын... Мурза Ереж... Как это. — Ол қабағын шытты. — Мурза, сiз генерал-губернатордың атына арыз жазыңыз. Онда бiздi, киргиз-кайсактарды өз қамқорлығыңызға алыңыз деңiз.

— Қазақтар, — дедi Тортай бiр түрлi боп.— Ах, солай екен ғой. Ну, какая разница? Солай деңiз. Бұл ертең мәдениеттi Европа жұртшылығы алдында бiздiң

ұлы миссия атқарғанымызды көрсету үшiн керек. Болмаса ана Англия королi бiздi жабайы, қарусыз халықты қырып, жерлерiн басып алып жатыр деп айыптайды. Жоқ, бiз басқыншы емеспiз. Бiз барша халыққа доспыз, бауырмыз. Бiз сiздердi Хиуа ханының езгiсiнен құтқарамыз.

— Да, — дедi Тортай тыржиып.— Ойбай, нең бар? Әуелi шаруамызды бiтiрiп алайық та. Сосын көре жатармыз. Немене бiздi осы жирен мұртпен

құда болғалы жүр деймiсiң? Амалың құрығасын, басқа не iстейсiң? — дедi Ережеп Тортайды тiзесiнен басып.Тортай бiр беттi толтырып арза жазды. Оның соңына Ережеп бас бармағын басты. Захваткин қағазды алып, әрi-берi

аударыстырып қарап тұрды да, әнтек басын шайқағандай болды. Ережеп таңғалды. “Бұнысы не?”Сол күнi Ережеп Тортайдың пәтерiнде қонып қалды. Оның бөлмесiнде Плетнев отыр екен. Екеуi мұның жағдайын

бiлгесiн, қауқылдасып, дау-дамайға кiрiсiп те кеттi.— Әрине, әзiрше қиын соғар, — дедi Плетнев шидей бiлегiн көрсете қолын жоғары көтерiп. — Ақ патша оңай жау

емес. Бiрақ кейiн пушканың соңын ала Пушкин келедi.— Оған дейiн зеңбiрек дара қожа десейшi, — дедi Тортай күлiп.— Солай. — Плетнев күрк-күрк жөтелiп алды да, тағы да дыбырлап сөйлей жөнелдi. — Дегенмен бұл жақсы.

Халықтар бiр-бiрiмен жақындасады. Кейiн бiз арқылы қазақтарға француз социалистерiнiң ұлы идеялары келiп енедi.Ережеп Плетневке аяй қарап тұрып‚ iшiнен: “Қасқа-ау, алдымен тұтқыннан босанып алсайшы”‚ — дедi. Сосын ол

мырс ете қалды:

Page 112: Uli Sel 2 tom

— Ол... кейiнгi шаруа ғой. Бiзге кәзiргi керегi — қару. Мылтықсыз анталаған жауға қарсы қалай барасың? Өзiмiз соғайық десек, зауытымыз жоқ. Ең аяғы шитi мылтық та тапшы. Сосын бiз қор болмағанда, кiм қор болады?

Плетнев бұған таңдана қарады. Оның iлелi жүзiнде күмiлжi сезiм лып-лып етiп тұрды.— Өте дұрыс айтып тұрсыз.— Кәзiргi мiндет — қазақтардың Ресейге толық қосылуы керек. Басқа жолды мен бiлмеймiн, — дедi Тортай темекi

шегiп отырып.— Оны... ендi... — Ережеп аяғын тартып қалды. “Мынау өзi... тайыз, ақымақ екен ғой. Жолдасының сиқын қарай

гөр. Ақ патшаға қарсы сөз айтар бұ кiм өзi? Әлде... менi сынайын деп айтып отыр ма?” Сол екен, Ережеп артық тiлге келген жоқ. Шәй iшiп болғасын, ұйықтап қалды.

Ертеңiне арбаларының дөңгелектерi сықырлаған отряд суыт жолға шықты. Арада үш қонып, Қазалы төңiрегiне жеттi. Жолбасшы боп келе жатқан Ережеп Қазалының терiскейiндегi қоңыр құмнан асып түсе берiп, алдындағы жазықта қос тiгiп жатқан қалың қолды көрiп, состиып тұрып қалды. Дереу Шәкидi мәнжайды бiлiп кел деп жұмсады. Шәки тез барып келдi:

— Мырза, бұл Тоғанақ батыр басқарған қол екен. Шөмекейлер ұран тастап, жиылып жатқан көрiнедi. Араларында Жәнiбек пен Тайпанның қолдары да бар.

Ережеп бойын тез жиып ала қойды.

27

Тоғанақ батыр Ақирек, Қамыстыбастағы сойқанды естiген бойда, көп ойланып жатпастан‚ Шөмекей жiгiттерiнiң бастарын қосып ап‚ атқа қонып‚ жорыққа аттанып та кеттi. Олар Сырға жақындай бергенде Жәнiбек пен Тайпан қолы кеп қосылды. Ендi бұлар жер қайысқан қалың қолға айналды. Сол үстiне Ережеп соңына жүз шақты орыс әскерiн ертiп жеткенде, қарт батыр бiр марқайып қалды.

Тоғанақ Жәнiбек пен Ережептiң ренжiсiп жүргендерiн бiлетiн. Осы жолы екеуiн оңаша шақырып ап, татулық жайлы басалқы сөз айтты. Екi жақ та үндеген жоқ. Суысып қалған кеуiлдiң оңайлықпен жiби қоймасын аңдаған батыр әрi қарай ежiктемедi.

Бүгiн Тоғанақ, Тортай, Ережеп, Жәнiбек, Тайпандар бас қосып, Қожанияз қамалын қалай шабу жөнiнде ақылдасты. Ақыры олар бiр тоқтамға келдi.

Сол күнi қазақ қолы Сырдан өттi. Жiгiттер дарияның енсiздеу, ағысы бәсең тұсынан аттарын жалдап, өздерi қу қайыққа мiнiп, арғы жағаға шықты. Тек екi зеңбiректi алып өту қиындыққа түстi. Жүзу бiлмейтiн орыс әскерлерi қу қайықтан да сескенiп, ернеуiнен ұстап, бiр рет суға гүмп бере жаздады. Тоғанақ бас болып, жағадағы қара талдарды қидырып, екi сал жасатты. Зеңбiректi бiртiндеп салмен өткiздi. Өмiрi мұндай қару көрмеген қазақ жiгiттерi салды таяумен итерiп келе жатып, жарқылдай күлiп, қатты-қатты сөйледi:

— Өзiнiң мойны үлектiң мойынындай екен. Сорайып тұр ғой!— Сонда мына аузынан жалын құса ма?— Ойбай, айтпа, — дедi Тиышбек қолын сiлтеп. — Мұның кәрәмәтын баяғыда Райымда өз көзiммен көргенмiн.— Ә, қалай екен?— Өй, оның iж қалайы жоқ. Күркiрегенде даусы бар ғой... жер жарады. Мен құдды Әзiретi Әлiнiң өзi келiп қалды ма

деп едiм. Сосын, бала, саған өтiрiк маған шын, доптың түскен жерi қорыс боп қалады. Қара топырақ, құданың құдiретi, аспанға бұрқырап атылады. Бұл өзi... — Тиышбек көзiн быттитып, жан-жағына алақтай қарады. — Әгәр дәл тисе, анау-мынау тамдарыңды жоқ қыла салатын көрiнедi.

— Не дейдi?— Рас болса, мынауың сұмдық қой.— Айтары жоқ.Қауқылдасқан жiгiттер арғы жағаға шыққасын, аттарын тездетiп құрмалап ұстап мiндi. Жүздiктер өз топтарымен сап

түзедi. Орыс әскерлерi бiр бөлек тұр. Атына мiнген Тоғанақ алға шығып, жiгiттерге қарап:— Алла жол берсiн! Тарттық! — деп қатты айқайлады. Сосын өзi бiрiншi боп алға түсе бердi.Сыңсыған қалың қол жасыл даланың жаңа шығып келе жатқан жас көгiн мың-сан ат тұяқтарымен жапырып,

ернеуiнен шiрей тасқан ұлы селше қаптай жайылып, суыт жүрiп келе жатты. Қаһарланған жiгiттердiң қолдарына ұстаған найзаларының болат ұштары күн сәулесiне шағылысып, суық жылтырайды. Аяқтарына iлiп алған қайың сойылдары жер тырналап келедi.

Тортай орыс әскерлерiн қалың қолдың соңынан жүргiзiп отырды. Он шақты атты әскердi зеңбiрек жанында қалдырды. Екi зеңбiрекке жегiлген аттарды жиi-жиi ауыстырып, алдыңғы лектен қалмау жағын көздедi. Кеше өзiнiң өтiнiшi бойынша Захваткин Плетневтi осы ұрысқа қатысуға рұқсат берген едi. Тортай сақтық ойлап, оны артиллеристерге қосқан болатын. Кәзiр Плетнев жаяу жүрiп келедi. Үстi-басы шаң-шаң. Жүзi ашаң тартыпты. Бiр күнгi жорықтан жағы салып, екi көзi шүңiрейiп шыға кептi. Тортай күлiп:

— Қалай, сахара ауасы ұнады ма? — дедi.— Әбден. — Плетнев зорлана жымиды. — Мынау не еткен шетсiз-шексiз дала! Ешкiм егiн салмайды. Мал үшiн

осыншама жердi босқа ұстап тұрған қалай болады? Оны игеру керек емес пе?— Ұлы императордың көздегенi де сол шығар. Әлi сыры ашылмаған тың өлкеде байлық көп болады. — Тортай кiлт

кiдiрдi. “Осы мен неге ақтарыла берем?”— Шiркiн, бұл даланы орыс крестьяндарына берсе ғой, қалай жайнатып жiберер едi. Егiн салар едi! — дедi Плетнев

жан-жағына қызыға қарап.— Иә. — Тортай атын тебiне бердi. — Сiз өз мiндетiңiздi ұмытпаңыз. Зеңбiректi қалай оқтау керектiгiн үйрене

берiңiз. — Ол араларына шекара қойды да, iлгерi қарай сыдыртып кеттi.

* * *

Page 113: Uli Sel 2 tom

Жәнiбек өз жiгiттерiмен оң қанатта келе жатыр едi. Қасында — Қалдыбай, Елдес, Қасқырбай. Ол кеше Ережептi бұлайша келе қалады деп ойламаған да болатын. Қанша өзiн-өзi тежейiн десе де, iште қатқан берiш шымырлап, кеуiлiн құлазыта бередi. Бiрақ ол ренiшi хиуалықтардың iстеген айуандықтары есiне түссе-ақ, қолмен сылып тастағандай жоқ болады. Ақыры: “Мынадай жақсы тiлектiң үстiнде бәндәшiлiк етпейiн”, — деп, өзiн-өзi қатал тыйып тастады. Қасындағы ағасына күле қарады:

— Елекең тағы да хиуалықтардан құл алатын болды ғой.Елдес кеңкiлдеп күлдi. Мұның енесiн бiр боқтап:— Бала, тауып айтасың, — дедi.— Ана Атаярың қалай, пысық па!— Әйдәй!— Байқа, құлдың пысығы пәлендей жақсылық емес. — Өй, ол пысық боп не қатырады? Ашулансам, құлағын түбiнен қайта қырқып алам.— Иә, сен сүйтесiң.— Е, сүйтпей, менi кiм деп едiң? — Елдес қоқиланып қойды.

* * *

Тайпанның қолы өз алдына бiр бөлек келедi. Тентек, ұр да жық Бозгұл жiгiттерi жау аңсап, кешеден берi басшыларының құлағының құрт етiн жеген болатын. Ендi бүгiн олар есiре сөйлеп, жаңқ-жаңқ етедi:

— Бәлем, сарт, қолыма бiр түс! Жон-терiңдi тiрiдей сыпырайын!— Ақ найзаны шiреп салғанда, кiм шыдар дейсiң?— Шоқпармен ұрып, басын мылжалау керек!Тайпан үнсiз. Оның есiне Ақкербез түстi. Анада айттырулы жесiрiне қалай лұқсат берiп қойғанын өзi де бiлмей

қалған. Кейiн iшi удай ашыды. Ережептiң сөзiне ауаланып, бұлданьш баққанынан дәнеме өнбедi. “Апырмай, не етсем екен? Әлде...” Оның қабағы түксие түстi.

* * *

Ережеп Шәки мен Қалмырзаны қасына шақырып алпы:— Сендер осы жiгiттердi түгендедiңдер ме?— Иә, — дедi екеуi қосарланып.— Дұрыс, — дедi Ережеп даусын созып. — Жiгiттерге айтып қойыңдар, менiң лұқсатымсыз бiр қадам қия баспайтын

болсын.— Мақұл, — дедi екеуi жарыса жауап қатып.Ережеп қабағын шытып, салқа жортып келе жатқан ат үстiнде оңтайланып отырды. Есiне қайта-қайта Жәнiбектiң

жайы түсе бердi. Оның Тоғанақ батыр алдында дау соқпағаны таңғалдырды. Аралары ырсия ашылып кеткен бұлардың мынадай қысталаң шақта кездесемiз деген ойлары да жоқтын. Ережеп көзiн сығырайтып, мұртын сипалады. “Барар жерi басар тауы қалмағасын, ендi кәйтсiн? Хиуадан о да опа тапқан жоқ. Ендi ақ патшаны сағалайын деген шығар? Сағалап көрсiн. Байдың асын бишара қызғанады деген. Ақ патшаның шалғайы жамылуға маған да, оған да жететiн шығар? Ал, әгәр таршылық етiп жүрсе ше? Әй, қойшы! Оны кезiнде көре жатармыз”. Ережеп жөткiрiндi. Қауiптi сапарда келе жатып, жаман ойламайын деп, қай-қайдағы жақсы шақтарын есiне алуға тырысты. Бiрақ араларындағы ренiш, өкпе жаман түстей есiне орала бердi. Ақыры болмағасын ол атын тебiнiп қап, шаруа бабын сөйлесейiн деп, Тоғанақ батырға қарай шаба жөнелдi.

* * *

Тоғанақ батыр ауыр қолмен суыт жүре берудiң қиындығын сездi. Орта жолда бiр қонды. Қосындардың арасын қоспай, бөлек-бөлек түсiрдi. Өзi түн iшiнде томар сексеуiлдiң маздаған шоғына бетiн төсеп, ұзақ отырды. Жас босанған тоқалын, тәмпiш танауы жыбырлап, тiршiлiк белгiсiн сездiрiп жатқан қызыл шақа нәрестенi ерекше бiр жылылықпен есiне алды. Сол екен, жаны бiр түрлi боп жылып сала бердi. Өз тәнiнен үзiлiп түскен бiр бөлшектiң ертең азамат боп, ат жалын тартып мiнерiн, өз жолын қуарын сезгенде, аздап күлiмсiреп қойды. Сосын ертеңгi жағдайды ойлады. Уәйiс-Нияз не қып жатыр екен? Ол қазақтардың қол жинағанынан хабардар ма? Әлде қамалында бекiнiп отыр ма? Неде болса, ертең қырғын соғыс болады. Мына лапылдап жүрген жас жiгiттердiң бiразының мерт болуы мүмкiн. Өзiне де кәуiп төнуi кәдiк емес. Бiрақ таланған, қорланған ел намысы мұны өз үйiнде тиыш жатқызбады. Iшкен асы бойына тарқамай қойды. Баяғыда Сырдың төменiндегi қарақалпақтармен шайқасарда да осындай жағдайға кездескен-тiн. Ол ертеректе болған едi. Онда мына Сырдың төменгi сағасында Қаратаудан ауған, Жабы батыр бас болған қалың қарақалпақ елi қоныс теуiп жатқан-ды. Олар жаз Қарақұмды жайлап, қысқа қарай осы Сырдың қопақты, қамысы көп жағасына келiп қыстайтын. Тоғанақтың ауылдарын сол маңайға жолатпайтын. Алда-жалда бара қалған бiрен-саранын қолдарына қару алып, қайтып жоламастай етiп қуып шығатын. Оның үстiне сақырлаған шiлдеде құдыққа таласу құдайдың құтты күнi болып жататын. Сондай бiр таластың үстiнде бiр кiсi мерт болды. Сол күнi бұған Бес Бозғұлдың игi жақсылары келдi. Ол кезде бұл атағы жаңа шығып келе жатқан, он сегiзден ендi ғана асқан жiгiт едi. Бұрын-соңды өзiне мұндай жақсылардың басы қосылып келгенiн көрмеген ол алғашқыда сасып қалды. Олар үйде отырып:

— Қарағым, — дедi, — бiздер мына ағайынмен аулы аралас, қойы қойы қоралас жүрген ел едiк. Қаратаудан ауып. келгеншде ағайынның азары естерiнен кетпес деп, жер бөлiп берiп ек. Ендi, мiне, соны Жабы батыр ұмыта бастады. Ауылдарымызға, қатын, бала-шағаларымызға зорлық-зомбылық көрсетiп жүр. Соны саған айтқалы келдiк.

Бұл үндемедi. Ақсақал сөзiн әрi қарай жалғастырды:— Ағайын ала болса, ауыздағы кетедi деген ып-ырас. Ендi бiздiң бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығаратын кезiмiз

жеттi.

Page 114: Uli Sel 2 tom

Тоғанақ сонда ғана басын көтерiп алған едi:— Ақсақал, айтып отқаныңыздың iж қалетi жоқ. Халық басына зобалаң туып отқанда, ел қорғамасаң, батыр болып

не пайда? Бiрақ... — Ол аз-кем мүдiрдi. — Осы арада ақылға салып көрсек кәйтедi?— Әй, қарағым, оның ақылға не салатыны бар?— Салғанда... былай. Бiз iждеменiң анық-қанығына көз жеткiзiп алмай, қызу үстiнде...— Ояғын бiзге сен.— Дегенмен... ағайынның алдын алсақ кәйтедi? Мүмкiн, түсiнер. Арадан кiсi жiберiп, Жабы батырға арзамызды

айталық.Ақсақал қарсы жауап таба алмай қалды. Сол арада оның жанында отырған тықыр бас, көсе суырыла жөнелдi:— Әзәлдан бiр туған ел едiк. Арғы атамыз бiр дегендей. Бiз соның әруағын тебiренткелi келдiк. Бiрiмiзге атасы басқа

жат жұрт қорлық көрсетiп жатса, екiншiмiздiң мойнымызды iшке тартқанымыз жөн бе? Бұ да елдiк пе? Оны қойғанда...— Ол былай, — деп Тоғанақ оның сөзiн бөлдi. — Соғысу қайда қашар дейсiң? Алдымен ағайынның ау-жайын

байқап көрейiк.Ақсақал сол жерде бiр-ақ кестi:— Болсын.Ертесiне бiр топ кiсi Жабы батырдың iшкерiлеп барып тiгiлген ордасын бетке алып жүрiп кеттi. Қастарында —

Тоғанақ батыр. Тоғанақ бұ жолы өзiн байқатпас үшiн жәй қойшының киiмiн киiп алған едi. Және де қауiпсiздiк жағын ойлап, бiрнеше қарулы деген жiгiттi ертiп алған-ды. Олар араға бiр қонып ертесiне түс ауа Жабы батырдың аулына келдi. Ауыл сыртына жете бере ат басын iркiп, хабарлас қылды. Отаудан бiр қызметшi жiгiт шығып, бұлардың мән-жайына қанды да, қайта қеттi. Ол iште ұза-а-ақ кiдiрдi. Аздан соң барып қайтып келдi:

— Батыр айтар аризасын осы жерде айтсын дедi.Топ басшысы болып келген қазанбас көсе кiсi сәл сасып қалды:— Ау, оның мынау... бұ не дегенi? Өзi... мұндай да бола ма екен? — Ол жан-жағына жапақ-жапақ қарады.Қызметшi жiгiт мысқылдай күлдi: — Болғанда қандай!— Сонда...— Күш атасын танымас деген.Сол арада Тоғанақ атын тебiнiп қап, iлгерi қарай омыраулап шыға бердi:— Әй, күш атасын танымас деген ырас. Бiрақ аталы сөзге қара күш те бас иетiн едi ғой. Бiз ағайыншылық жолымен

келiп тұрмыз. Онан кетiсетiн болсақ, онда тұрысатын жерiн айтсын. Болмаса, райынан қайтсын!Бұлардың мiнезiне қанық қызметшi жiгiт мұндай болады деп ойламаған едi. Ол шекесiн қасып тұрып:— Оны... батырға айтып көрейiн, — дедi.

Ол қайта кеттi. Iзiнше тез қайтып келдi:— Батыр қолдарынан екi келсе, бiрiн қылсын дедi. Бастарың аман тұрғанда, қайтыңцар!— Әй, кәззәп, не дейсiң, а?! — деп Тоғанақ ат үстiнен иiлiп барды да, қызметшi жiгiттiң жағасына жармасты. Бiр

қолымен оны жерден тiк көтерiп алып, ердiң қасынан асыра ұстап тұрды. Қарулы қол қылғындырған қызметшi бiрдеңе деп бажылдап, көзi аларып, дем арасында талақтай боп iсе бастады. Тоғанақ сәл кiдiрiп: — Сен де бiр, малай да бiр! Сенiң қаныңды мойныма жұктеп нағылайын? Ана батырсымағыңа айта бар, ертең Жабыны жабы қылып ерттеп мiнем! — деп, оны былай лақтырып жiбердi. Қызметшi анадай жерге барып топ ете түстi. Шаң бұрқ ете қалды.

Тоғанақ атының басын бұрып ап, тебiнiп қалды. Ұзындағы есiк пен төрдей арғымақ ала жөнелдi. Кiсiлер Жабы батыр арттарынан қуғыншы шығара ма деп корқып, әлден-ақ жалтақ-жалтақ қарап келедi. Сол кәуiптерi шындыққа соқты. Бұлар көп ұзамай-ақ арттарынан салдыртып келе жатқан бiр аттылыны көрдi. Үстiндегi бөз көйлегi алыстан ағараңдап көрiнедi. Қолындағы ұзын сапты шашақты найзасы қылт-қылт етедi. Кiсiлердiң зәре-құты қалмады:

— Мынау келе жатқан Жабы!— Дәп соның өзi!— Иә, әруақ, өзiң қолдай гөр! — деген дауыстары жамыраса шықты.Тоғанақ арт жағына қарап едi, олардың айтқандары рас екен. Дәу кiсi асығыс шыққан сықылды, үстiне сауытын да

киiп үлгермептi. Өзiне-өзi сенетiнi бiрден-ақ байқалады. Тоғанақ кiсiлердi алға қарай оздырып жiберiп, өзi кейiндеп қала бердi. Жабы батыр жақындай бергенде, ол атының басын керi бұрып ап, найзасын оңтайлай ұстап, көлденеңдеп шапты:

— Әй, Жабы, жаусың ба, доссың ба? Ашығын айт! Ол бұны көзiне де iлместен жанынан заулап өте шықты. Алға қарай кетiп бара жатқан кiсiлердiң соңынан

салды. Тоғанақ та оның соңынан салды. Жете бере найзасының ұшымен аттың ерiн әрi қарай аудармақ болды. Жабы тез атының тiзгiнiн тартып, керi бұрылды. Ол қазанбас, ала көз, жалпақ бет қара кiсi екен. Саусақтары быртық-быртық. Бiлегi атан түйенiң бирағындай жұп-жуан. Бұл оны ер үстiнен еударып түсiрем деп едi, — шамасы жетпедi. Оның аты түспегiр де ойнақшып, бiр орнында тұра қоймады. Жабы мұның осы халiн мысқылдағандай:

— Немене? — дедi.— Жаусың ба, доссың ба дейiм. — Мұның даусы барлыға шықты.— Ә, солай ма? — Солай!— Мә, ендеше!Ол қапылыста найзасын салып қалмақ болды. Бұл оның найзасын қалқанымен керi қағып жiбердi. Қатты ұрылған

найза тайып барып, шаң-шаң жерге кiрiп кеттi. Сол арада Тоғанақ шалт қимылмен найзасын көтерiп ап, оның бұлтарғанына болмады. Тоғанақ жауының қақпанға түскенiн бiлiп, ендi оның айласына көнбеуге тырысты. Қатты итерiп, оны ат үстiнен сыпырып түсiре бердi. Жабы батыр жерге дүрс ете қалғанда, бұл оны найзамен жерге жапсыра басып тұрып:

— Сауытсыз шыққан батырды өлтiру әдетiмде жоқ едi. Ертең қайтып келем. Ажалымыз жеткен бiреуiмiз өлемiз. Қатын, бала-шағаңмен қоштасып кел! — дедi де, найзасын керi тартып ап, өз кiсiлерiнiң соңынан сызып бердi.

Жабы батыр қап-қара боп, орнынан атып түрегелдi. Бұған естiрте бiр боқтады.Тоғанақ ұзап барып артына қараса, Жабы батыр атына мiнiп, керi қайтып бара жатыр екен. Бұл өз кiсiлерiн шаққа

дегенде қуып жеттi. Олардың имандары қалмапты:

Page 115: Uli Sel 2 tom

— Қарағым, амансың ба?— Ана дәу бiр жерiңдi майып қылған жоқ па?— Ол пәледен аман-есен құтылғаныңды айтсайшы!Тоғанақ қолын бiр сiлтедi:— Ертең шайқасамыз. Аман-саулықты содан кейiн сұраңдар.Сол түнi жер-жерге суыт хабар жiберiлдi. Түн iшiнде алыс-жақын жердегi Шөмекей ауылдарынан қайратты жiгiттер

топ-топ боп келе бастады. Аз уақыт iшiнде мыңға жуық кiсi Сырдың батыс сағасын бетке алып жүрiп кеттi. Олар Жабының ауылдарының шетiне жете бере қос тiгiп, қарауыл қойып, дамыл қылды. Тоғанақ аз-маз мызғып алды. Бiрде оянып кетiп қараса, ойдағы алқаптағы жанған от мүлдем көп екен. Дәл бағанағыдай. Кiсiлер ұйықтай жатыр. Қарауылдар бiр-бiрлерiмен айқайласып қояды. Тоғанақ сонда халықтың қуаты әлемет-ау деп түйген.

Ертесiне күн арқан бойы көтерiле бұлар сап түзеп, Жабының аулы отырған қара төбенiң басына шықты. Ұран тастап, дабыл қақты. Бiр қайратты жiгiт ту көтерiп тұрды. Жабы батыр да дайын отыр екен, арғымағына мiнiп, қол алдында қасқайып келедi. Олар бұларға жақын кеп тоқтады. Аздан соң жекпе-жек басталды.

Жабы мен Тоғанақ жекпе-жекке шықты. Олар ағызған қалпы найзаларын бiр-бiр салысып өттi. Қайырыла бере салысқанда екеуiнiң найзалары да анадай жерге ұшып-ұшып түстi. Ендi олар бiр-бiрiне тақап кеп, алыса кеттi. Сом саусақтар иықтарға қадала түсiп, ырғап-ырғап қалысты. Екi батыр да берiлмедi. Сол арада Тоғанақ атын тебiнiп қап, iлгерi қарай ұмтылды. Жабыны қос қолымен қапсыра құшақтап, әуп деп қалды. Ол батырды ер үстiнен көтере бердi. Сол кезде Жабы да бiр қайрат қылды. Олар бiр-бiрiнiң iзiнен жерге топ етiп құлап түстi. Түскен бойда екеуi жерден атып түрегелiстi. Алыс қайтадан басталды. Ендi Тоғанақ қайрат көрсетiп, Жабыны әрлi-берлi шайқауға кiрiстi. Зор қуатқа шыдамаған Жабы аздан соң алқына бастады. Соны байқаған Тоғанақ қатты қимылдап, сәтi келген тұста оны құшақтай көтерiп, жерге атып ұрды.

— Иә, әруақ! — деп бергi жақтағылар шу ете түстi.Одан арғысы мұның есiнде шала-пұла қалыпты. Жабының басын кесiп, қанжарын қынына сала бергснде, делебесi

қозған екi жақ ию-қию араласты да кеттi. Мұның есiнде кiсiлердiң боқтасқаны, шоқпарлардың сартылы, аттардың шыңғырғаны ғана қалыпты. Айнала ала шаң. Төгiлген қан. Алмадай ұшып жатқан бастар. У-шу. Ың-жың...

Тоғанақ шыңылдап кеткен құлағын қолымен баса қойды. Алдында шырт-шырт етiп‚ шоршып түсiп жатқан сексеуiл шоғына селқос қарады. Содан берi талай шайқасты бастан кешiрдi. Ендi, мiне, Қожанияз қамалын шапқалы отыр.

— Иә, Алла, өзiң жар бола гөр, — дедi қарт батыр күбiрлеп.

* * *

Ертеңiне олар Қожанияз қамалын ауыр қолмен кеп қоршап тұрды. Тоғанақ шабуылды бiрден бастамақ боп едi, оны Тортай тоқтатты:

— Кiсi шығындап кәйтесiз. Көрмейсiз бе, қамалдың жан-жағы терең ор. Жақындаған кiсiнi қарауыл басынан ата бередi. Әрi қамалдың қабырғасы биiк. Оған барған жiгiттер шыға алса, — жақсы; шыға алмаса, — қиын. Тiптен шыққан күннiң өзiнде, iшке енген бiрлi-жарым адамды көп дұшпан қиқалап тастайды. Одан да былай етейiк.

Тортай зеңбiрекшiлер жанына келдi. Жүзi құп-қу боп, орысшалап бұйрық бере бастады:— Прицел средний. Прямой наводкой... Огонь!Қос зеңбiрек тиыш жатқан құба даланы жаңғырықтыра зiркiлдеп, қатарынан гүрс-гүрс ете түстi. Лафет керi шегiне

бере iлгерi қарай сарт ете қалды. Зымыраған доптар ауаны жыртып, ысқырған қалпы қамал шетiне барып жарылды. Қара жердiң ылғал топырағы аспанға атылды. Артиллерияшылар тез-тез қимылдады. Кейiнгi доптар қамал диуалына жақын тиiп жатты. Бiр доп асып түсiп, қамал iшiне барып жарылды. Ол жақтан айқай, ойбай, шықты. Кейiнгi екi доп қамал диуалына дәл тиiп, опан-дай етiп үңiрейтiп тастады. Тағы екi-үш доп нысанаға дарып, гүрс-гүрс жарылды. Зор қуатқа шыдамаған қабырға ауада теңселiп сәл тұрды да, кенет табан астындағы тiрегi тайып кеткенiн бiлгендей, ауыр ырғалып барып, зор салмақпен гүрс етiп құлады.

Жiгiттер шу ете қалды:— Қамал қирады!— Диуал құлады!Тортай зеңбiрекшiлерге қарай қолын сiлтедi:— Атуды доғарыңдар!

* * *

Тоғанақ соны күтiп тұрған едi. Ол дереу астындағы атын қонышы биiк етiгiнiң үлкен өкшесiмен тебiнiп қап, алға шыға бердi:

— Уа, бауырлар! Алдарыңда ата-баба әруағын, сүйегiмiздi қорлаған ата жау тұр! Солардан кек алмасақ, әруаққа шет боламыз! Бұл шайқаста мерт болғандар шәйiт кетедi. Олардың жаны жұмаққа барды. Кәне, тартыңдар! Алға! Дөйт! Дөйт!

Қалың қол лап қойды.— Әруақ! Әруақ! — деген күңiренген дауыс боз даланы жаңғырықтырды. Әдепкiде бастарын ала қашқан аттар бiр-

бiрiне соқтығысып, ұшып түсiп жатты. Оларға қарайтын мұрша жоқ. Жiгiттер iлгерi қарай заулап келедi. Қамал жақтан атылған оқтар жiгiттерге тиiп те жатыр. Қазақтар өлгендерiне қарамастан, ұран тастап, кiжiне сөйлеп, боқтап, зулап келедi. Әне, қолдың алды қамал iшiне кiрдi. Сiлтенген қылыш жүздерi жарқылдап, әуеде мың-сан сәуле ойнап жатқандай болды. Әуелгiде қорқа соқтаған жiгiттер ендi шайқасқа етi үйренiп, еркiн қимылға көшкен.

* * *

Page 116: Uli Sel 2 tom

Жәнiбек те сол дүрмектiң ортасымен қамал iшiне кiрген едi. Жан-жақтан сiлтенiп жатқан қылыштарға, соғылған шоқпар, сойылдарға алғашқыда қорқып, жалтақтап қараған болатын. Келе-келе көндiгiп кеттi. Ақыра ұмтылып, ұзын қара сойылымен хиуалықтарды оңды-солды жусатып жүрген Елдеске сырт жағынан найзасын ала ұмтылған бiр хиуалықты көрiп қалды. Табан астында өзiне не болып, не қойғанын бiлмедi. Атын ытқытып кеп, қайқы қылышын қынабынан суыра бердi. Хиуалықтың найзасын ат омырауымен қағып түсiрiп, оны оң жағына ала бердi. Сасып қалған хиуалық найзасын жерге түсiрiп жiберiп, жалт қарады. Көзi шарасынан шыға бақырайып кеткен. Жәнiбек қалш-қалш етiп, қылышын бар пәрменiмен сiлтеп кеп қалды. Әуелгiде өткiр болат жүздiң жұмсақ бiрдемеге кiргенiн сездi. Содан кейiн адам сүйектерiн тысырлата кесiп өтiп бара жатқанын сездi. Шошып қап, қылышын қиялай суыра бергенiнде, екi қолы ербеңдеген хиуалық боп-боз боп, құлай бердi. Жәнiбектiң зәресi ұшып кеттi. Қылышының жалпақ жағымен атын салып қап, жойқан боп жатқан жерден аулақтап шыға бердi. Көкiрегiн қысқан әлдеқандай құсық тынысын тарылтып, лоқсытып әкетiп барады.

* * *

Елдес шын шайқасқа жаңа кiрiскен едi. Қалдыбай, Қасқырбай, Қалмырза, Шәки төртеуi тiзе қосысып жiберiп, айнала шеп құрып, хиуалықтардың келгенiн келгендей ұрып түсiрiп жатыр. Әсiресе, төбелес десе жаны құмар Қалдыбайдың екi қара көзi шоқтай жанып, насаттанып кеткен. Қара шоқпарымен хиуалықтарды қақ басқа бiр қояды. Қайратты жiгiттiң соққысына шыдамаған дулығалы бастар кегжең ете түсiп, ақырын-ақырын қылжия бередi.

* * *

Шәки де найзагер едi. Жақындай берген хиуалықтарды қара найзасымен аттарынан ұшырып-ұшырып түсiре бередi. Қара жаяу қалғандарын Қалмырза қылышпен шауып жатыр. Ол испаһани қайқы қылышын сыр еткiзiп тартып қалғанда, талай бас сағағынан үзiлген алмаша домалап кете бередi.

* * *

Осы кезде Тоғанақ батыр шын ойранды бастап та жiберген едi. Ақырып ұмтылғанда, атақты батырдан жаулар қоғаша жапырылады. Ол ұрыс емес, жәй ғана төбелесiп жүрген кiсi сияқты. Қапысын тауып, тез қимылдайды. Оның қасындағы жiгiттер де шеттерiнен жаугер едi. Бозғұлдар жараланғандарына, қатарларының сирей бастағанына қарамастан‚ арпалыса шайқасып жатыр.

Тортай қазақ қолынан да, хиуалықтардан да көп шығын барлығын көрдi. Алас-қапаста басына бiр ақыл түсе қалды. Зеңбiрек жанына он шақты кiсiнi қалдырып, жүздiктi тез атқа қондырды. Өзi бас болып алға түстi. Шауып келе жатып:

— Аспанға атыңдар! Айқайлаңдар! — деп әмiр еттi. Казак-орыстар құйғып келе жатып, мылтықтарын көкке көтерiп, атып-атып жiбердi. Сосын уралаған қуатты дауыс

тұтаса шықты.

* * *

Хиуалықтар сасып қалды. Олар казак-орыстың әскерлерi келедi екен деген сыпсыңды кеше естiген едi. Ендi барлығын үрей жеңiп, бойларынан қайраттары қашып, керi қарай шегiне бердi. Қамалдың екiншi қақпасы жағында тұрған Уәйiс-Нияз сарбаздарының жеңiлгенiн бiлдi. Нөкерлерiн ертiп, қақпаны ашқызып, шыға бердi. Оны көрiп, жараланған қолбасы iзiнен тұра жүгiрдi:

— Мәртебелi бек, сарбаздарды кәйтемiз? Қоршауда қалдық қой. Уәйiс-Нияз тарта бердi. Қолбасы асып-сасып жүгiрiп кеп, оның атының тiзгiнiнен ұстай бердi:— Мәртебелi бек, кетпеңiз! Сарбаздар қадды! Уәйiс-Нияз сол арада қатты кiжiнiп, қолбасыны аяғымен маңдайынан теуiп кеп жiбердi: — Қалса, сен сояққа бар! Мен Хиуадан әскер әкелем!Қолбасы басын ұстап, сексиiп тұрып қалды. Хиуаға қарай қашып бара жатқан Уәйiс-Нияздың соңынан ызалана

қарады:— Қап, мұныңды ертерек бiлмедiм ғой. — Ол қолы дiр-дiр етiп, еңкiлдеп жылап жiбердi.Қазақтардың екпiнiне төтеп бере алмаған сарбаздар шегiне-шегiне қамалдың бергi сыртына шығып кеткен де едi.

Көбiсi жарадар. Әлсiреген. Олар қолбасыға жетiп-жетiп келiстi:— Ендi не iстеймiз?— Бiлмеймiн.— Бек қайда?— Әне, қашып бара жатыр.Сол арада олардың ту сырттарынан қуатты ұран шықты. Төбе астында бағанадан берi тың тұрған Тайпан қолы

аңдыздап шыға келдi. Жақындай бере Тайпанның жанында заулап келе жатқан Тиышбек сирақты қара мылтығын жоғары қарай көтерiп, гүрс еткiзiп атып жiбердi. Өзi жетiп келген бойда ұзын сойылымен бiр хиуалықты жон арқадан бiр қойды. Сол сәтте өзi де ат үстiнен сыпырылып түсiп бара жатыр едi.

Хиуалықтар амал қалмағанын анық бiлдi. Асып-сасқан сарбаздар ақыры жан сауға сұрағанды хош көрiп, қаруларын жерге лақтырып-лақтырып жiберiп, құр қол қалыптары бiр жаққа қарай шыға бердi.

* * *

Тоғанақ Уәйiс-Нияздың қашып бара жатқанын сонда барып көрдi. Қазақтар гу ете түстi:— Жау қашты! Жау қашты!— Хиуалықтар қашып барады! Әне, әнеки! Тоғанақ аттары мықты жүз жiгiттi тез жасақтады. Қашып бара жатқан топты көрсетiп:

Page 117: Uli Sel 2 tom

— Не өлiлей, не тiрiлей әкелiңдер! Тез! — дедi.

* * *

Ережеп тұра ұмтылды. Жүз қаралы жiгiт аттарына қамшыны басып-басып жiберiп, ұран тастап, құйғыта жөнелдi. Топ алдына түскен Ережептiң құлағы шуылдады. Қарсы алдынан соққан салқын жел көзiнен жас парлатты. Алдына қарай еңкейiп, ат жалына жабысып ап, араларының бiрте-бiрте жақындай түскенiн байқады. Хиуалықтар да ендi топтарын жазып, ат жалына жабысып ап, тырағайлап қашып барады. Ережеп жүйрiк аттың бүйiрiн қос тақымымен қыса түсiп, зымырап келедi. Мiне, олардың қарасына жетiп те қалды. Ережеп қолындағы найзасын оңтайлап ұстады. Жақындай бере өзiне жалтақтай қараған нөкерлердiң желке тұсын көздеп, найзасын сiлтеп кеп қалды. Нөкер бақ ете түстi. Басы кегжең ете қап, қос қолын ербите, ат үстiнен құлап бара жатты. Әруақтанып кеткен Ережеп боқтап, екiншi сарбазға ақыра ұмтылды.

Шәки мен Қалмырза Уәйiс-Нияздың алдын орай шауып келе жатқан-ды. Бұлар жақындай бергенде Уәйiс-Нияз мылтығымен Шәкидi көздеп атып жiбердi. Шәки жасқанып, бұға қалды. Оқ ысқырған күй сол құлағын жалап өттi. Жалма-жан құлағын ұстап едi, жып-жылы қан қолына жұқты. Қалмырза заулаған қалпы ат басын тартып үлгере алмай, Уәйiс-Ниязға барып соқты. Көлденеңнен тиген соққыға шыдамаған ақалтеке арғымақ бiр шыңғырып жiберiп, тәлтiректеп кетiп, арғы жамбасына қарай құлады. Уәйiс-Нияздың басындағы дағарадай сәлдесi ұшып түстi. Басы айна таз екен. Ат үстiнен мысықша шалт қарғыған Қалмырза ананың есiн жиюына мұршасын келтiрмей, үстiне қона түстi. Шоқпардай жұдырығымен бiр қойып, сарттың имек тұмсығын дал-дал қылды. Содан соң екiншi соққы бетiне тиiп, Уәйiс-Нияздың басы шыр айналып жүре бердi.

Қалған жiгiттер нөкерлердi бiртiндеп аттан түсiрiп жатты. Өздерiнен де оқ тиiп жер қапқандар баршылық. Кенет топ арасынан бiр түрiкмен жiгiт алға қарай ытқи ұмтылды. Ол атылып барып, жұлына шығып, Хиуа жаққа қарай зымырай жөнелдi. Оны екi-үш жiгiтi қуа берем дегенде, Ережеп қатты айқайлап тоқтатты:

— Қумаңдар! Жақында Уәйiс-Нияз түрiкменнiң бiр батырын осында әкелдi деп едi. Мынау дәу де болса соның өзi. Қамауда жұрген пақырдың жарық дүнияға шыққан кезi осы шығар. Барсын елiне! Төскейде малымыз түйiскен туысқан ел едiк. Бiздiң де ел болып ту көтергенiмiздi жұртына айтып барсын! Қазақтардың да жаугер, батыр, iргелi халық екенiн он екi баулы ағайындарға жыр қылсын! — деп, өзi қатты толқып кеттi. Сосын терiс айналып, көзiне келiп қалған жасты жеңiмен сүрте бердi.

28 Қолға түскен тұтқындарды бiр бөлек топ қылып, оған қарулы жiгiттерден мықты күзет қойып, Әлiм, Шөмен қолы

Қожанияз бекiнiсiнен бiр көш ұзап шыққасын дем алуға кiрiстi. Тоғанақ батыр өз жiгiттерiмен оқшаулау барып шатырын тiктi. Оның әр жағына Ережеп қолы орналасты. Бергi бiр бүйiрге Жәнiбек бастаған Аспан жiгiттерi өз шатырларын тiгiп-тiгiп тастасты. Ал Тортай төре бастаған орыс әскерлерi шатырларын бөлектеу жерге тiктi.

Ел-жұрт орналасып болам дегенше, қас қарайып, көктемнiң суық лебi кең алқапты орап та үлгерген едi. Әскерлер ас дайындап, от жағып әлек. Әр жер-әр жерде лапылдап жанған көп от сәлден соң төңiректi у-шу тiршiлiк тынысына бөлеп те жiберген едi. Кеуiлдi жiгiттер жеңiс рухы көтерiп, самбырласа сөйлесiп, айналаны ың-жың ғып жiбердi.

— Мен жақындай бере әйдәй, былай... құлақ шекеден бiр қойдым. Ол да мықты ит екен, бiрден құлай коймады. Сосын...

— Оны қойшы. Мен жете бере...— Сен тоқташы. Одан да Уәйiс-Нияздың қалай қашқанын көрдiң бе? Батырға да жан керек екен, ә?— Бала, айтпа.— Әруақ жар боп, жаудан кәк алдық әйтеуiр.— Ойпырмай, өздерi де барып тұрған қаныпезер екен!— Төкең ендi Уәйiс-Ниязды не iстер екен?— Дарға асатын шығар?— Жаңа мен шет жағасын естiп қалдым, ана Тортай төре оны Петерборға, тура ақ патшаның өзiне апару керек дептi.— Қойшы, рас па?!— Естiген құлақта жазық жоқ!— Рас болса, рас болар.— Өй, қой. Оны ақ патша нағылсын? Осы жерден-ақ орыс ұлығы кәлләсын қағып ала салатын шығар?— Итiм бiлiп пе?— Жарайды, оны қойшы, — дедi бiр қартаң кiсi алдындағы шоқты көсеумен ысырып, жайнатып жатып. — Хиуа-

Хиуа деп қақсап болып едiк, мiне оны да қираттық. Ендiгi жағдайымыз не болмақшы? Сендер сояғын ойладыңдар ма?Отты қоршалап отырған жiгiттер аз-кем үнсiз қалды. Сол арада Қалмырза отқа шырт еткiзiп бiр түкiрiп:— Неде болса, болары болды, бояуы сiңдi. Қалғанын құдайдың жазуынан көремiз де, — дедi.— Оған не сөз бар. Бiрақ... қазекем: “Үш күндiгiн ойламаған әйелден без, үш жылдығын ойламаған еркектен без,” —

деген. Келер күнiңнiң қамын жегенде тұрған не айып бар?— Айып жоқ қой. Бiрақ оны кiм болжай алады?— Иә, ол рас. Басқа түскен баспақшыл деген.— Ақұдай‚ өзiң жар бола гөр! — дедi қартаң дiндәр кiсi күрсiнiп қойып.Осы кезде Тоғанақтың шатырында қалың қолдың басшылары жиналып та үлгерген едi. Батыр қолды болған малдың

iшiнен бiр семiзiн сойдырып, Тортай, Жәнiбек, Ережептерге қызметшi жiгiттерiн жiберiп, кешке дәм татып шығарсыңдар деген едi. Ендi мiне жылқының жас етiнiң бұрқыраған исiн құмарлана жұтып, кiсiлер кеңдеу шатпаның iшiнде сығылыса отыр. Төрде Тортай жайғасыпты. Ол көптен берi малдас күру дағдысынан жаңылып қалған сирағы ұйи бергесiн, бiр қырындап отыр. Оның қасында отырған Тайпан айдынды: iрi тұлғасы мына топтың ортасында айрықша шалынып, ортада жанып жатқан сексеуiл отының жарығымен бiр түрлi қызғыш тарта көрiнедi. Одан төменiректе Жәнiбек орналасқан. Оның қарсы жағында Ережеп маңқиып отыр. Өз үйi болғандықтан, Тоғанақ батыр оң жақта, сәл

Page 118: Uli Sel 2 tom

төменiректе орналасыпты. Ол төрт-бес түйеге артып алып келген сабасын бiр жiгiтке пiстiрiп, қымыз құйдырып отыр. Меймандар жақсы ашыған қымызды құмарта iшiп жатыр. Кейбiреуi тамсанып та қояды:

— Төке, мынау бiр бал қымыз!— Өзi әбден шайқатылып, бабына келiптi!— Ана қап-қара майын қараш!Тоғанақ өз тостағанын алдына қойып жатып:— Қымызсыз өзi... кiсiнiң бабы болмайды. Сосын ауылдан әдейi ала шығып ем, — деп барып аз-кем кiдiрдi. Сосын

ойлы көзiн Тортайға тастады. — Тортай қарағым, жасың кiшi болғанмен, бiраз жердi көрдiң. Көзi қарақты жассың. Өз ойымша пәмлеймiн, осы ақ патша iшкерiлей бере ме деп. Сояғы өзi... қалай?

Тортай дұрысталып отырып, жөткiрiнiп қойды:— Ендi ояғын... кесiп-пiшiп айта қою қиын. Петерборда болған кезiмде естiгенiм, аздап сол қисынға саяды. Бiрақ ұлы ағзамның ойында не барьш бiр құдай бiлсiн.— Сонда да... — Тоғанақ оған сынай қарады.— Шама шамадан артық емес деген. Сыңайын өздерiңiз де байқап отырған шығарсыздар. — Тортай артық аяқ

салмады.Сол арада Тайпан қыстырылды:— Менiң шамамша, ақ патша осы Сыр бойына жақын арада келмек-ау! Әйтпесе ана Қармақшыға қамал салып не

жыны бар?— Бәсе дешi-ау!— Кертiп ала беру ғой бұл!— Көкейiн тесiп тұрған бiр нәсте бар сықылды, — десiп, бiрнеше кiсi қабаттаса сөйледi. Ережеп қабағын шытты:— Әй, оның бiзге не келiп кетерi бар? Күштi кiсi алып та жығады, шалып та жығады деген. Одан да Хиуаның

қысымынан құтылғанымызға шүкiршiлiк десеңдершi!— О да рас!— Шынында да өзi...Тоғанақ тостағанынан қымызды бiр ұрттап қойып:— Тортайжан, мына халық мән-жайды бiлсем дейдi. Бұ йерде сыр шашатын iжкiм жоқ, — деп аз кiдiрдi. — Менiң

қайран қалатыным, Қайып хан Арқадан Сырға неге ауды осы, а?Тортай екi иығын қиқаң еткiздi:— Ояқта жағдайы онша болмады. Ақмола бекiнiсiн бiрнеше рет шауып, ала алмады. Сосын... осы йаққа...— Сендер онымен бәтуға келiсейiк депсiңдер ғой.— Ол рас. Бiрақ Қайып хан ұзын арқан, кең тұсауға салып жiбердi. Сөзiнiң тоқ етерi жоқ. — Сонда өзi...— Бәрi бiр оның ақ патшаға әлi келмейдi. Қару-жарағы нашар. Сыр елi де оны онша қоштап отқан жоқ қой, — деп

Тортай сыр тартқысы келгендей жұртқа жағалай қарады.— Ол сөзiңнiң жаны бар.— Ау, оны Хиуаның ханымен жақсы деушi едi ғой?— Жақсы болғанда, қай бiр ет-бауыры жабысып қалды дейсiң. Онымен айқұшақ қауышып жүрген Жәнiбек те отыр

ғой арамызда, — деп Ережеп бiр қағытып өттi.Жәнiбек қап-қара боп кеттi. Тамағын кенеп:— Сардарлық Келман баласынан маған бұрын тиген емес. Әуелi ауыз жаласқан өзiң емессiң бе? Ендi бiресе былай

шығып, бiресе олай шығып, опа бермей жүргенiңдi кiмге өнеге қылмақсың? — дедi.Тоғанақ бiрден қатты дауыстап:— Әй, қойыңдар! Менiң отбасым ерегiстiң ошағы емес. Өкпелерiң болса, басқа жерде айтарсыңдар, — деп екеуiн

тиып тастады. Сосын Тортайға қарады: — Сенен бiр сұрағым, — Уәйiс-Нияз болса, қолға түстi. Ендi соны нағыламыз?Тортай асықпай жауап бердi:— Оны нағылғанда... Әуелi Захваткинмен келiсу керек. Ол өзi... бiзге өте қажет кiсi. Әскери құпияны бiледi

дегендей...— Ел-жұрт оны ертең дарға ассақ дейдi. Үйткенi мына отқан кiсiлердiң туыстарының мойнына қанын жүктеген сол!

Оған ел көне қояр ма екен?— Оны... жазалау iжқайда қашпас. Әуелi ақ патшаның кiсiсiмен келiсiп алайық.— О да жөн шығар. Ендеше күзеттi күшейту керек. Қашып кетiп жүрмесiн, — дедi Тоғанақ есiк жақтағы қызметшi

жiгiтке иек қағып.Ол сыртқа ата жөнелдi.Аздан кейiн буы бұрқыраған ет келдi. Қонақтарға үш табақ тартылды. Бас табаққа Тоғанақтың өзi қосылды. Олар

жандарынан пышақтарын алып, суға шылап, былқып пiскен еттi асықпай ұзақ отырып жедi. Содан соң қара сорпа iштi. Тамақ соңында Тоғанақ жас жiгiттерге жағалай ет асатып шықты. Қалғанын сарқыт деп, көршi шатпадағы жiгiттерге берiп жiбердi.

Түннiң бiр ортасы боп, тойған қарындарын ауырлаған кiсiлер ендi аяқ созып отырды. Әркiм өз ойымен болып кеткен.

* * *

Тортай анада Қокан әскерiнен қалай құтылып кеткенiн ойлап қойды. Ендi Хиуа туралы жаңа ақпарды ертең Уәйiс-Нияздың өзiнен сұрап алмақ. Оның, әрине, жауап бермей қоюы мүмкiн. Оны сөйлетем деп мына қазақтардың көзiнше дүрелеп жатқаны мұның төре сүйегiне лайқат емес. Сондықтан да оны қалайда Райым бекiнiсiне жеткiзу керек. Онда барғаннан кейiн Захваткин Уәйiс-Нияз бектiң қабырғасынан қайыс алады. Сосын ол сөйлемей көрсiн! Содан мән-жайға қанғасын барып, бұл iшкi жаққа қайтадан керуен тартпақшы. Осы жолы құдай оңдап, сапары сәттi бола қойса, ақ патшаның көзiне мықтап бiр түспек. Содан кейiн не болып, не қоятынын көре жатады. Ол қозғалақтап қойды.

Page 119: Uli Sel 2 tom

* * *

Жәнiбек Тортайдың бiр бозарып, бiр сазарып отырған түрiне таңдана қарады. Iшiнен бұл тегiн емес деп түйдi. Жаңағы айтқан сөзiн iштей таразыға сала келе, оның бұлардан сыр сақтап отырған сылайын анық байқағандай болды. Шамасы, ақ патшаның ниетiн бұларға ашық айтқысы жоқ. Не оны өзi де айқын бiлмейдi. Бiрақ отырысы сенiмдi. Анада оны Қоқан жақта көргенде мынадай шiренген қалпын байқамап едi. Қайта онда бұлардың көзiне түспеуге тырысып баққан-ды. Кейiннен оны сол жаққа жансыз болып барыпты деп естiгенде, бұл еш таңғалмаған. Ендi кәзiрде де оның сәт сайын құбылып отырған жүзiне қарап, iшiнен: “Мынау жансыз емес пе?” — деп қойды. Сосын Тоғанақтың жайын ойлады. Сөз iләмiне қарағанда, осы төремен арасында бiр байланыс бар сықылды. О не, деп ойының түбiне жете алмай, ұзақ отырып қалды.

* * *

Тайпан тоя жеген тамақты ауырлап, есiк жаққа алаңдаумен болды. “Жаңағы жiгiтi қайда құрып кеттi? Берер қымызын тездетiп бермей ме? Сосын... көз шырымын алсақ”, — деп тықыршып отыр.

* * *

Ережеп екi ұдай күйде. Бағана ол Тортаймен оңашалана берiп, орыс әскерi мен Әлiм қолы бiр бөлек қонсын деген едi. Оған Тортай көнбей қойды. Ол аздай, бұған бұйыра сөйледi. Содан бұл қитығып қалды. “Әлден бұлай... ертең не болмақ? Бұларға қызмет жасап жүргендегi көретiн әуселем осы ма?” — деп қатты толғанды. Орыс әскерiн алып кеп, Қожанияз қамалын қиратысқан бұның абырайын ел-жұрт алдында көтеру орнына, мына тыштаңдаған төренiң қалың көптiң көзiнше мұны жас баладай жұмсағысы келдi. Iшiнен: “Мынауың сәпелек қой!” — деп жазғырғанымен, Ережеп сырттай түрiн бермедi. Ендi кәзiрде сыр алдырмады. Iштей қатты толғанып отыр. Жарайды, дедi ол өзiне өзi күбiрлеп, Хиуа қолын қираттық. Сосын не болмақшы? Ертең Хиуадан Мұхәммәд-Инақ сыңсыған әскер жiберсе, не етемiз? Райымдағы орыс әскерi шамалы. Кейiннен көмек келем дегенше хиуалықтар бұларды жойқан төбе етiп те тастамай ма? Бұл соны ойлап, бағана ұрыс кезiнде көп алға ұмтылмаған. Әсiресе, Уәйiс-Нияздың көзiне түспеуге тырысқан. Кiм бiлiптi, деген iшiнен. Кәзiрде де ол бағана басына келген бiр ойға қайта-қайта ат басын тiреп отыр. Сүйтiп Хиуа ханының да ығытын алып қойсам! Кiм бiлiптi, ақ патша әскерi мына жердi ұстап тұра ала ма, тұра алмай ма? Олар баяғыдағы Перонскийдiң кебiн кисе, бұның жан сауғалауына тура келедi ғой. Сол кезде ана Жәнiбектiң мұны Хиуа ханына көрсетiп бермесiне кiм кепiл? Одан да осыным дұрыс. Және мұны iж кiсiге бiлдiрмей iстеу керек. Ол сол ойға белiн бекем буып та алған едi.

* * *

Қызметшiлер қара сабаны пiсiп-пiсiп жiберiп, тостағандарға қымыз құя бастады. Кiсiлер ұйқы жеңiп, салбырап кеткен қабақтарын көтерiсiп-көтерiсiп алысып, бал қымыздан iше бастады. Ендi әңгiме әрi мандыған жоқ. Тоқ етер сөз қысқа болды. Тоғанақ жұртқа жағалай қарап шығып:

— Ал, ағайын, елдiк көрсетiп, бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығара бiлдiк. Дұшпанға, кеткен есемiздi қайырдық. Келешекте де осы ынтымақ, ауыз бiршiлiктен Аллатағалам айырмасын деп тiлейiк. Сонда бiздi кiм басынар екен? Ендi бәрiңiзге де Алла разы болсын айтқалы отырмын. Еткен еңбектерiң Алладан қайтсын! Ертең тарқасамыз. Уәйiс-Ниязды Райымға жөнелтейiк. Ақ патша оны маңдайынан сипай қоймас. Тағы бiр айтарым, осы барғаннан құраған қол бiрден тарқай қоймаса екен. Кiм бiлiптi, Хиуа ханы мұны естiп, қайтадан қол шығаратын шығар. Со кезде қапы қалып жүрмейiк. Iргемiздi алшақ салмай, бiр-бiрiмiзбен хабарлас болып тұрайық. Осыған, кәне, пәте қыламыз ба? — деп ол қолын жая бердi.

Жұрттың бәрi:— Иә, иллаһи әумин, — деп қол жайысты.Батадан кейiн жұрт өз қосындарына тарқасты.

* * *

Жұрт таңғы тәттi ұйқыға кiрген шақта Ережеп жәйлап басын көтерiп алды. Сосын орнынан тұрып, жабықтан сығалап, сыртқа қарады. Дала қап-қараңғы. Аспанды қап-қара бұлт қымтап алыпты. Күнi бойы қиын шайқастан қажыған қалың әскер пырдай боп ұйықтап жатыр. Жағылған оттар сөнген. Ережеп iшiнен құдайға сыйынып, сыртқа шықты. Дәрет алатын кiсiнiң сыңайын көрсетiп, жақын жердегi бiр түп шидiң тасасына барды. Содан ұзай бере оң жаққа бұрылып, қаптап өскен ши арасымен жүрiп отырып, бағана қырағы көзi шалып қалған жаққа келдi. Кәтелеспесе, орыс әскерлерi Уәйiс-Ниязды осы тұста қол-аяғын арқанмен байлап, күзетiп отырған. Ол тұла бойы суық шалғандай дiр-дiр етiп, қалың ши түбiне бұға түсiп, iлгерi жүрдi. Мiне, орыс қосыны. Шаршаған әскерлер мылтықтарын үш таған етiп байлап тастап, пырдай боп ұйықтап жатыр. Анадай жерде Уәйiс-Нияздың тұлғасы қарауытады. Ережеп жан-жағына қорқасоқтай қарап қойды. Бiрде керi қайтып кеткiсi келдi. Бiрақ өзiн өзi зорлап жеңiп, неде болса нар тәуекел деп, қынынан қанжарын суырып алды да, аяғын мысықша басып iлгерi жүрдi. Еңкейе жүрiп отырып, Уәйiс-Нияздың жанына келдi. Ол ұйықтамаған екен. Мұны көрiп, басын көтерiп алды. Бұл үндеме деп белгi бердi де, тез қимылдап, қанжарымен оның қол-аяғын байлаған қыл арқанды қиып-қиып жiбердi. Сосын өзi сыбысын бiлдiрмей ши iшiне зып бердi. Уәйiс-Нияз да зып ете қалды. Екеуi ши арасымен жүрiп отырып, әскер жатқан жерден аулақ шықты. Ережеп ендi тоқтай қап, Уәйiс-Ниязға:

— Ана яқта сiңiрлi мая бар. Соған мiнiңiз де қашыңыз. Менiң қолымнан келетiн бар жақсылығым осы, — дедi сыбырлап.

— Бу яқшылығыңыз Алладан қайтсын, — деп Уәйiс-Нияз жылап жiбердi.

Page 120: Uli Sel 2 tom

— Ал жақсы.Ережеп жөнiне тайды.

29

— Ойбай, қашып кетiптi!Тиышбектiң құлқын сәрiден салған ойбайы тиыш жатқан қосынды шырт ұйқыдан шошып оятты. Жау келгендей

барлығы дүрлiгiп, орындарынан атып түрегеле сала, дереу қылыш, найзаларына жармасты. Тиышбек ұзын бойы ерең-серең етiп, қайыстай жүзi қап-қара боп, берi қарай жортып келедi:

— Ойбай, қашып кеттi!Бiрнеше кiсi оған шошына қарады:— О кiм?— Қашқаны нес?— Ау, жөндеп айтшы?— Ойбай, жөндейтiн iждемесi жоқ. Ана Уәйiс-Нияз түнде қол-аяғын байлаған арқанды қиып, қашып кетiптi.

Қашқанда да ана сiңiрлi алыс жолға арымайтын сары маяны мiнiп қашыпты. Ендi оған аттылы түгел, дүлдүл мiнген кiсi де жете алмайды, — деп Тиышбек бұрқылдай сөйлеп, Тоғанақтың шатырына кiре бердi.

Ұйқысынан тосын дауыстан оянып кеткен Тоғанақ батыр жастықтан басын көтерiп ап, бұған шошына қарады:— Қашқаны нес? Сонда... ол қалай қашыпты?— Ояғын ит бiлiп пе? Менiң көргенiм — оның қашқан iзi сайрап жатыр. Тура ат басын аудырмай Хиуаға қарай

тартыпты, — дедi Тиышбек қолымен түскейдi сiлтеп.— Сонда... — Тоғанақ қабағын шытынды, — қол-аяғы байлаулы жатып ол қалай қашады?— Ояғын бiлмедiм. — Тиышбек екi иығын қиқаң еткiздi. — Бар бiлетiнiм, ол арқанды қиып қашыпты.— Ол сонда... арқанды тiсiмен қия ма? — Тоғанақ ойланып қалды. — Оны босатқан бiреу болды ғой...— Мен де содан күдiктенiп отырым, — деп Тиышбек маймалаңдап оның жанына жақындай түсiптi. — Қалың шидiң

арасынан биiк тақалы етiктiң iзiн байқап қалдым. Өзi бiр түрлi таныс...— Жүр, көрсет, — деп, Тоғанақ орнынан тұрып, тез-тез киiндi де, бетi-қолын асығыс жуа сап, қасына Тиышбектi

ертiп, ши арасына келдi. Түнiмен әулеп соққан жел ши арасындағы майда топырақты азырақ суырып тастаған екен. Сонда да бiр биiк өкшелi қазақты етiктiң iзi емiс-емiс байқалады. Тоғанақ iздi әр жағынан бiр қарап шығып: — Дәу де болса, мынау өз кiсiмiз. Сонда о кiм болды екен? — дедi.

Сол арада Тортай бастаған кiсiлер де келiп жеткен едi. Тортай да iзге қарап тұрып: — Босатқан кiсi өзiмiздiң арамызда. Соны табу керек, — дедi. Ережеп қынжылып:— О кiм болды екен? — дедi. Ол түнде шығарда аяғына басқа етiгiн киiп шыққанына ендi шүкiршiлiк қылды.— Оны... қайдам. — Тортай кесiп айтты: — Кiм де болса, Хиуаға жаны ашитын бiреу...— Мүмкiн. — Тоғанақ артық ештеме демедi. Сосын жинала бастаған ел сыңайын байқап: — Ендi оны ұстай

алмаймыз. Елдi дүрлiктiрмейiк. Одан да, — деп, ши арасынан аулақтап шыға бердi. Оңаша шыққасын барып Тортайға: — Бұл деген ертең Хиуадан қалың әскер келедi деген сөз. Таяр тұрмасақ болмайды, — дедi. Ол бұған ойлана қарады. — Әлде ана ұлығыңа айтасың ба? Аздап қару-жарақ жағынан көмек бермес пе екен?

Тортай онша елп ете қоймады:— Қайдам.— Қайдамың не, қарағым-ау? Кеше ол бiзге өзiң бастаған әскер берген жоқ па?— Беруiн бердi ғой. — Тортай екi иығын, қиқаң еткiздi. — Бiрақ менiң... қару-жарақ жағына... онша билiгiм жүре

қоймайды. Онан да...— Ол мүдiрдi.— Не онан да? — дедi Тоғанақ өкшелеп.— Ол бұ йерге... әскерiмен келе тұрса нағылады?— Сонда... қалай?— Келiп, бекiнiс саламыз. Хиуа шапса, қазақтарға жақын жерден көмек беремiз.— Со көмегiңдi Райымда тұрып-ақ беруге болмақ ма?— Оны... ақылдасып көрейiн, — дедi Тортай сыр алдырмай. Iшiнен: “Мына батыр... мұнда келгенiмiздi

жақтырмайды екен ғой”, — деп түйдi.Сол арада олардың жандарына Жәнiбек пен Қасқырбай келдi. Олар да түнде болған жайды естiген екен. Жәнiбек

қап-қара боп үндей қоймады. Өзiне Тортайдың сынай қарағанын байқап қалды.Тортай төре көзiн қыса түсiп:— Осы мырза сiздi Бұхарада оқыған дей ме? — дедi.— Иә. Мир-Араб мәдрәсасында оқығанмын, — дедi Жәнiбек мұны неге сұрап тұр деген сыңаймен.— Ояқ менiң көрмеген жерiм. Сонда... оқығанда... не дәрiс жүредi?— Бәрi де жүредi. Дiни оқудан бастап...— Жәнiбектiң әңгiменi ұзартқысы келмедi.— Е, дұрыс екен, — деп Тортай Тоғанаққа қарай бұрыла бердi. Көзiнде ерекше бiр салқын сәуле лып-лып ете қалды.Тоғанақ да соны аңғарса керек, жөткiрiнiп қойып:— Жәнiбек молла аса сауатты кiсi. Үлкен бiр тайпаның сөз ұстары осы. Оның Бұқарға қай бiр iшi бұрып бара

жатқанынан сардар болды дейсiң, — дедi. Оның мұнысы Тортайдың күдiгiн сейiлтейiн деген бiр әрекетi едi.— Айтары жоқ, — дедi Жәнiбек күрсiнiп. Тортай iшiнен: “Алла жазып, Бұхараға керуен тартып бара қалсам, мына жiгiттiң бiр керегi болып қалар,” — деп

түйдi. Содан оны өзiнен қашырмайын деп:— Жәй сұрап жатқаным ғой. Шәк келтiрiп тұрғаным жоқ, — деп ақталды.— Оныңызға Алла разы болсын, — дедi Жәнiбек басын сәл-пәл иiп.— Ендi оразамызды ашып алайық. Сосын шаруа бабын сөйлесермiз, — дедi де, Тоғанақ шатырына қарай бұрыла

бердi...

Page 121: Uli Sel 2 tom

* * *

Жәнiбек пен Қасқырбай оңаша қалды. Екеуi шатырларына қарай келе жатып, аз-кем тiлдестi:— Сонда... кiм болды екен, а? — дедi Жәнiбек аяғының астына қарап келе жатып.— Iштен... бiреу ғой, — дедi Қасқырбай ақырын. — Болмаса қол-аяғы байлаулы жатып...— Расында да...— Жаңағы төре сiзге бiр түрлi боп... қарайды.— Қараса, қарай берсiн. Ақтығыма бiр Алла куә!— Оған кiмнiң шәгi бар. Бiрақ... — Ол мүдiрдi.— Не бiрақ? — Жәнiбек оған бұрылып қарады. — Жаңағы төренiң сөз iләмi маған ұнап тұрған жоқ. Жаман айтпай, жақсы жоқ деген. Сақ болған дұрыс-ау

дейiм.— Оныңның жаны бар. — Мен жiгiттерге айтып қояйын. Не нәстеге де тайын болғанның зияны жоқ.— Оңың рас.Олар өз шатпаларына келгеннен кейiн, өзiне жақын деген жiгiттердi жиып ап, сақтық жағын баса айтты. Сосын

тұсаулы аттардың жанына қарулы жiгiттердi күзетшi ғып қойдырып, оларға, онша алыс кетпей, шатыр жанына жақын жерде жүрiңдер, деп қатты тапсырды.

Қосын арасында қолайсыз бiр жағдай туды.

* * *

Түс әлетiнде қолбасылар Тоғанақтың үйiнде тегiс бас қосты. Бұ жолғы әңгiменiң түрi-түсi бөлектеу болды. Тоғанақ ендi мәжiлiстi өзi басқарып отырды. Ол бүгiнгi болған жай жөнiнде айта келiп:

— Ау, ағайын, — дедi жұртқа қарап, — Уәйiс-Нияз әзәлден терiс азу тұқым едi. Кекшiл болатын. Оның мына кетiсi маған ұнап тұрған жоқ. Ертең оның артына ауыр қол ертiп қайта келмесiне кiм кепiл? Нағыз қырғын сонда болады. Сонда дейiм, жау жете қалса, бәрiмiз бiр кiсiдей жұмылып, қарсы тұра аламыз ба? Әлде... қара басымызды қайттап, ыри-тыри боп кетемiз бе? Мiне, осыны анықтап алғам кеп тұр.

Жұрт қозғалақтасып қалысты. Бiрақ ешкiм батып ештеме айта қоймады.— Менiң айтқан сөзiм түсінектi ме? — дедi Тоғанақ олардың мына түрiн ұнатпай.Қолбасылар тағы да үндей қоймады. Бiр-екi кiсi күңк-күңк еттi:— Әй, ол қайдан әскер әкеле қойсын?— Қайта шыбын жаным аман қалды ма деп, алды-артына қарамай зытып бара жатқан шығар?— Мұхәммәд-Инақ оны неге қашып келдiң деп дарға асатын шығар?Сол арада Ережеп тамағын кенедi:— Қалай дегенмен де‚ Төкеңнiң айтып отқаны туры. Жау жоқ деме, жар астында деген. Сондықтан да... менiң

ойымша...— Иә, қарағым, айта бер.— Мына сөзiң құлаққа қонады.— Қонса, былай... — Ережеп сабырын шашпады. —Менiң пәмлеуiмше, бiз осыдан тарқасақ, бiразға дейiн бас қоса

алмаймыз. Жау со кезде шапса, кешегiнiң кебiн киемiз. Соның алдын алу үшiн... өзi ыңғайсыз да былай...— Өй, айта бер, оның не ыңғайсыз-пыңғайсызы бар?— Ұнамаса, осы йерде қалады ғой, — дестi бiрнеше кiсi қосарлана сөйлеп.— Менiң қара ақылымша, осы арада орыс ұлығының көмегiн сұрағанымыз тура. Олар келiп бiзге қалқан бола

тұрады. Әрi Хиуа ханы ақ патшаның әскерiне батып тиiсе алмайды. Ал бiз түгелiмен Қыр жаққа көшiп аламыз...— Мынау бiр оңды ақыл екен!— Ақ патшаны алға тұтқанымыз да бiр есептен дұрыс-ау!— Ояғын... сонда кiм келiстiредi? — дедi бiр теке сақал.— Ау, оны мына Тортайжан тастай қылмай ма? — дедi. Ережеп күлiп, шаруаның негiзгi салмағын өзге кiсiге

аударып шыға келдi.— Расында да сол бар екен-ау!— Кәне, қарағым, сен не дейсiң?— Сөйлесiп көрейiн, — дедi Тортай бұтқа тола сөйлеп. — Әрине, патша әскерiнiң бес қаруы сай. Оны Хиуа қолы

жеңе алмайды.— Е, жақсы болды ғой. Ендеше оған кiсi жiберейiк.— Ортамыздан бiреудi бөлейiк.— Барып солай да солай деп айтсын, — деп жұрт жапырласып қалды.Тортай салмақтана түсiп:— Егер сiздер солай деп ұйғарсаңыздар, кiсi жағын мен мойныма алайын, — дедi.Сол арада Тоғанақ әтеберлi кiсiлердiң жалпылдай қалғанын жақтырмай:— Онда... бар шаруа бiттi ғой, — дедi. — Ал ендi не iстеймiз? Ол кiсiнiң барып келгенiн осы йерде күтемiз бе? Жоқ

әлде елдi-елiмiзге тарап, шабар ұстаймыз ба?Жұрт қобырласып қалды:— Айдалада қосын боп жатып нағыламыз?— Шабар дұрыс қой.— Хабарды сол арқылы-ақ естiмеймiз бе?

Page 122: Uli Sel 2 tom

— Онда келiстiк. Бүгiн түс ауа бәрiңiз де елдi-елдерiңiзге қайтасыздар. Бiрақ әскердi таратпаңыздар. Хабар өзiмiзден болады, — деп Тоғанақ жиынды таратып та жiбердi.

* * *

Тоғанақ оңаша қалғасын, үй жайын ойлады. Содан кейiн есiне әнеу күнi Елмырзаның келiп кеткенi түстi. Ол сөзiнiң бiр келе жағында Қайып ханның мұнымен сүйек шатыс болғысы келетiнiн аңғартып өткен. Шамалауынша, мұның бiр жамағайынының қызын сұрамақ. Бұл оған iштей онша қарсы да емес, бiрақ оны онша құптай да қоймайды. Iшiнен Қайыптың мұнымен жекжат боп алып, Сыр елiнен қол құрауда өзiн алға салмақ ниетi барлығын аңдайды. Оның соңы немен бiтерiн кiм бiлiптi? Бiр жағынан, Қаратай сұлтан да бұған талақтай жабысып алды. Ол ақ патшаның бұған емешегi езiлiп бара жатқандай кеп майпаздайды. Батыр оған да онша сенбейдi. Ол қай жолмен жүрерiн бiлмей тығырыққа тiрелген бiр қалыпта отырып ауыр күрсiнiп қойды.

Түс ауа калың қол бет-бетiне ыдырай жөнелдi. Тайпан Бозғұл жiгiттерiн соңына ертiп, Қызылдағы жайлауына қарай тартып бердi. Тоғанақ өз қолын бастап, Шiрiк Рабат жағына қарай кеттi. Жәнiбек қолы оларға қосылмай, Кеңтүпте отырған Аспандарға соқпақ боп, шығыс жақты бетке алып, үдерiп тарта жөнелдi.

* * *

Олар ұзап кеткеннен кейiн барып, Ережеп бастаған Әлiм қолы орыс әскерiмен Қазалының кезiнен асқанша бiрге жүрiп отырды. Бiр жерде Ережеп Тортаймен кездесiп қалды. Онымен аз-маз тiлдескен соң:

— Қап, ана сарттың қашып кеткенi болмады! — дедi Ережеп өкiнген боп.— Айтпаңыз. Ол бiраз мағлұмат беретiн едi, — дедi Тортай да өкiнiп.— Сонда оны... кiм қашырды екен? — Қайдам.— Кiм де болса. Хиуаға жаны ашитын бiреу, — дедi Ережеп көзiн қыса түсiп.— Мен де солай ойлап тұрмын. — Тортай оған еңсерiле қарады. — Осы Жәнiбек деген кiм? — Кiм болсын, ол сардар ғой, — деп, Ережеп ер үстiнде дұрысталып отырды.— Оны... бiлем... Пиғылын айтам...— Ендi сардар болғасын, пиғылы белгiлi емес пе?— Сонда... сол ма?— Ояғын бiлмейiм. Бiреудiң кiнәсiн мойныма ала алмайым, — деп Ережеп тайқып шыға келдi.

* * *

Тортай үндемедi. Аздан соң қоналқа жасап, үш атты казакты шұғыл тапсырмамен Захваткинге жiбердi. Жазған хатында болған жайды түгел айтты. Қазалыға бекiнiп алудың ретi келiп тұрғанын, өзiнiң осы арада шеп құрып, аялдай тұратынын, лұқсат берсе, болашақ қамал соғар жердi таңдай беретiнiн де мәлiм еттi. Аздан қейiн ол Ережептiң қолымен қош айтысып, бiр биiк төбенiң баурайына өз әскерiмен қонып қалды.

* * *

Жәнiбек қол алдында атын сар желдiрдi де отырды. Iшiнен мына шаруаның Ережептен келгенiн сездi. Оның қалайда мұны ақ патша кiсiсiне сенiмсiз етiп көрсету үшiн iстегенiн бiлдi. Және онысы қисынды боп та шықты. Бұл болса сардар! Бұхарада оқыған молла! Ол тiпте анада мұның Ахиярдың керуенiн шапқанын жеткiзiп қойған да шығар! Содан кейiн олар бұған сенiп көрсiн! Жәнiбек ер үстiнде қозғалақтап қойды. Iштей Хиуа бектерiнiң шолақ ойлы екендiктерiне ренжiдi. Ережептiң салған отына бола халықтың көзiн қорқытам деп, шектен асқан қаталдық көрсеттi. Соның соңы мынау! Ол ендi Хиуа ханынан қауқар қашқанын анық сездi. Оның етегiнен ұстағанның су түбiне кетерi белгiлi бола бастады. Бiр ойы‚ ертең Бұхара жағына барып қайтсам ба‚ дедi. Насрулланың ау-жайын байқап көрсе кәйтедi? Ақ патша орам алғасын, мұның күйi тая бастаса, Құл төңiрегiндегi Шөмекейлердi сағаласа не болар едi? Соны қара ақылына сап, ол жiгiттерiмен тiлдеспей, салқа жортты да отырды.

Олар орта жолда, Кеңтүпке кеп‚ Аспандардың ауылына қонды. Ұзақ жолдан шаршаған олар қонақасыларын жеп болғасын, бастарына ерлерiн жастанып, тез жатып қалды. Содан ертесiне таң азаннан тұрып, жан-жаққа қараса, күн ажары бiр түрлi бүркеу екендiгiн көрдi. Терiскейден аздап салқын жел соғып тұр. Жәнiбек ендi кiдiрмей, жiгiттердi тез атқа қондырып, қонақжай ауылдан ұзап шыға бердi. Олар Сырдың осы арада иiлiп өтетiн тұсымен жүрiп отырып, Майлыбастың кезiнен өте бергендерiнде, қарсы алдарынан шоқытып шыға келген үш-төрт аттыны көрiп тоқтай қалды. Олар да бұларды көрiп, етi әбден қызып алған аттарының бастарын тартып, аз-маз кiдiрдi. Сосын бұлардың жау емес екенiн бiлiп, жандарына жақын келдi.

— Иә, жiгiттер, жол болсын, — дедi Жәнiбек түрi-түсi бөтен жiгiттерге қарап күле сөйлеп,— Әләй болсын, — дедi ақ сұр, қоңқақ мұрынды, жiгiт ағасы болып қалған бiреуi.— Барыс қалай?— Тоғанақ батырға хабар берейiк деп келемiз. — Iздеген кiсiң кеше Шiрiк Рабатқа қарай кеттi. Ол әлi Құлға жете қоймаған да шығар. Немене жәй ма?— Несi жәй болсын. Бiз мына Қаратамыр, Тоқым тыққан Қыстаубай батырдың аулынанбыз. Бес Бозғұлдың баласы

Қоқанға қарсы көтерiлiп жатыр. Сол жөнiнде батырға хабар берейiк деп...— Е, жөн екен.

Page 123: Uli Sel 2 tom

Содан кейiн Жәнiбек кешелерi мұнда болған жайды оларға қысқаша айтып бердi. Олар ендi аттарының бастарын бұрып ап, бұлармен қатар жүрiп отырды. Сырдан өтiп, Қызылға дендеп кiргеннен кейiн, Кекiрелiнiң тұсына жеткенде, Бозғұл жiгiттерi бұлармен хош айтысып, Шiрiк Рабатты бетке ұстап тартып кеттi. Олардың соңынан ұзақ қараған Жәнiбек мына жағдайға iштей таңғалып тұрды да, кенет серпiлiп, бойын жинап ала қойып, атының басын Жаман Шығанаққа қарай бұрып алды.

Сол күнi мәңгi-бақи алып Жерге өз сәулесiн аямай төгiп тұрған ұлы Күн құлақтанып шыққан едi. Қуатты нұр көзiнiң айналасында жарқырап жатқан алтын сақина сықылды дөңгелек бiр қызарып, бiр бозарып, жиi құбылып, ұзақ тұрып алды.

30

Тортай аз әскермен Захваткиндi күтiп алды. Ол қамал басшысының өзi келе қалады деп ойламаған да едi, бұдан хабар жеткен бойда-ақ Захваткин кiсiлердi аяғынан тiк тұрғызып, көлiктi тез даярлатып, берi қарай жолға шығыпты. Жеткен бойда ол мұның қолын алып тұрып:

— IIатша ағзамға көрсеткен еңбегiңiз үшiн көп рахмет! — дедi. — Басурмандарды ендi қайтып аяқ баспайтындай етiпсiз.

— Ендi, — дедi Тортай iркiлiп.— Перонский осы арамен жүрген, а?! — дедi ол құба далаға қарап тұрып. Үйренген дағдысымен қолы қайтадан

едiрейген мұртына барып та қалды. — Ендi сол кәтелiктi жөндеуiмiз керек. — Ол бұған бұрылып қарады. — Айтпақшы, осы ара Казалинскiге дейiн қашық па?

— Жоқ онша қашық емес, — дедi Тортай оның арғы ойын түсiнбей.— Ендеше кеттiк!Ол ендi бұған қайырылмай, бұйрық бере бастады. Әскерлердi сапқа тiзiп, жорық дабылын қақтырды да, үш қатар

боп, Қазалыға қарай тартып кеттi. Жолшыбай ол азғантай қолдың бiресе алдына, бiресе артына шығып, дамыл таппады. Бұған кiсi екен деп қарамады да. Мұрты едiрейiп, осы арада негiзгi бастық өзi екенiн көрсеткiсi келгендей, шiкiрейiп бiттi. Бұл оның жынына тиiп болды. Өз өзiнен қоңырайып, әлденеге назалана бердi. Бiр сәт Тортай әзiнiң дәл осы арада тек қана қолжаулық болып жүргенiн аңғарғандай болды. Сонда қалай, деп ұзақ толғанып қалды. Ат үстiнде селсоқ келе жатып, арғы-бергiге көз жүгiртiп байқады. Өз қызметiнiң құнын жаңа аңғарғандай сықылданды. Сол екен, бiр түрлi болды.

Күн түске тармаса Сыр бойының дағдылы ыстығы басталатындай сыңай байқалды. Бұл кез көктем айының соңы болғандықтан ба, ұлы шiлденiң лебi әлден-ақ сезiле бастағандай екен. Көккiмбек даланың әр жер-әр жерiнде, әсiресе, күн көзi туралап түсетiн алаңқыттардағы шөп әлден-ақ сарғая бастапты. Жол бойында қызғалдақтар қаптап өскен екен, алыстан тұтаса, қып-қызыл боп көрiнедi. Кей жерлерде құртқа шаштың көкшiл гүлi алқапты тегiс алып жатыр. Ауадан гүлдiң, боз жусанның әдемi исi шығады. Тортай соны құмарлана жұтып мына далаға қарап келе жатып, жаңа ғана тық ете қалған өз ренiшiн ұмытып та кеткен едi.

Қол ұзақ жүрдi. Арада бiр рет демалыс жасап, зауал ауа қайтадан жолға шықты. Олар артынып-тартынып, Қазалының кезiне шыққанда, күн батып та қалған едi. Захваткин атының тiзгiнiн тартып, биiк төбе басынан ойда жатқан Қазалы кезiне дүрбiмен көз салып тұрып:

— Да, — дедi әлденеге белгiсiз. — Да! Анау Сыр-Дарья ғой! Значит, орналасатын жер...Тортай да iлгерi көз тастады. Ұлы дарияға жақындай берер тұста қалың Қаракесек руының жертөлелерi жыпырлап

көрiндi. Шеттерiнен жатақ олар аяқ артар көлiгi болмағасын, Қырға көшпей, негiзiнен, дария табанына тары салып, қауын-қарбыз егiп күнелтетiн. Олар да бүларды байқаса керек, бiр-екi кiсi көздерiн күннен көлегейлеп, берi қарап тұр. Тортай оларды шошытпағанды жөн көрдi. Захваткинге жақын кеп:

— Ваше превосходительство, — дедi. — Күн болса батуға таяу. Әскердi демалдырған дұрыс шығар.— Мен де солай ойлап тұрмын. — Ол бұған көзiн қыса қарады. Өткiр көк көзi тұздай екен, өңменiн тесiп барады. —

Сонда не iстесек екен? Әлде ана... киргиздарға барып...Тортай қолын әнтек көтерiп қалды:— Онда барып не iстеймiз? Олар жатақтар. Менiңше, жергiлiктi жұртты шошытпаған жөн.— Бұ да дұрыс. Әзiрге осы араға түнейiк. Захваткин тез бұйрық бердi. Әскерлер жолға дайындаған шатырларын айналдыра тiге бастады. Биiк төбенiң басына

үш жақтан қарауыл қойылды. Аздан соң әскерлер әр жер-әр жерде лаулатып от жақты. Түнге қарай салқындаған жел терiскейге қарай ойысып, маңдай аудармастан, аңкылдап соқты да тұрды. Жалпылдақ отынның жалыны лап-лап етiп, айнала қорщап отырған әскерлердiң жүзiн қараңғыда сұстандыра көрсетедi екен. Тортай тамағын iшiп болғасьш, өз төсегiне кеп жатып қалды.

Алғашқыда көзi кiлгiрiп кете берген ол тез қор ете түсемiн ғой деп ойлап едi, сәлден соң басына бiр ой шауып, оған қарсы екiншi ой дәлел айтып, өз өзiнен күбiрлеп жатқанын аңдады, Дем арасында бағанағы ұйқының қайда қашып кеткенiн бiлмедi. Ол бүгiнгi жайды ойлады. Неге, дедi өзiне өзi күбiрлеп. Сонда мұның етiп жүрген қызметi кiм үшiн, не үшiн? Өзi ойынша қараңғы халықты Европа бiлiмiне сусындату керек дейдi. Оған баратын төте жол — Ресей арқылы жол табу. Кәзiр Россия iлiмi өркен жая бастады. Соған қаныққан кiсi басқа жұрттың да iлiмiне жол таба алады. Бiрақ, дедi басқа бiр ой, осы далаға аяқ салғаннан кейiн ақ патшаның бұхара елге бiлiм беретiнiне сенесiң бе? Бәрi мүлдем басқаша болып жүрсе кәйтесiң? Әдет-ғұрпың, тiлiң, дiнiң өзгерiп кетсе ше? Оған мынау ел көне ме? Әлде мұның iстеп жүргенiнiң бәрi әурешiлiк пе? Осындай ой қинаған Тортай таңға дейiн көз шырымын алмады. Тек таң қараңғылығы орнаған кезде барып, әбден қажып, қалғып кетiптi. Бiр кезде барып оянып қараса, әскерлер орындарынан тұрып азанғы тамақтарын iшiп ап, сапқа тұра бастаған екен.

Тортай тез-тез жуынды. Тамағын тез iштi. Әскер барабанын дүңкiлдетiп, жорыққа шыққанда бiр қапталда келе жатты. Қол Захваткиннiң бұйрығы бойынша “Боже, царя храниды” шулай айтып келедi. Жуан еркек дауыстары қосылып сала бергенде, тиыш жатқан дала шуылдап кеткендей болады. Алда қылт-қылт етiп бара жатқан барлаушы шолғыншылар көрiнедi. Әне, олар берi қарай салды. Бiр казак Захваткинге жете бере:

Page 124: Uli Sel 2 tom

— Алда дария бар. Жағада жертөлелер көп, — дедi асыға сөйлеп.— Кiсi-қара бар ма?— Бала-шаға көрiнедi. Қалған ересек жұрт егiн жақта жүр.Тортай әскердiң лажы болса осы арада тоқтай тұрғанын қалап:— Ваше превосходительство, азырақ сабыр етсек кәйтедi, — дедi.— Сонда... қалай? — дедi ол бұған одырая қарап.— Жергiлiктi жұртты шошытпайық дейiм.— Оны... көремiз.Захваткин атын тебiнiп қалды. Қасына адъютанты мен шолғыншы казакты ертiп, iлгерi барып қайтты. Оның жер

ыңғайын байқап жүргенi сезiледi. Ол бiр арада ұзақ айналды. Ол жер дариядан сәл-пәл қашықтау, жидесi, қарағашы қалың өскен тұс едi. Оның бергi жағында жазық алаңқай бар. Захваткин сол арада ұзақ кiдiрдi. Сосын ол берi қарай салды. Жеткен бойда, өз таңдауын айтты. Қалай қарайсыз дегендей бұған қарады:

— Сол ара қолайлы емес пе?— Өзiңiз бiлiңiз, — дедi бұл қитығып.Шынында, әскер орналасатын жер қолайлы екен. Өкпе тұста дария бар. Әрi жерi құмақтау. Келе әскер iске кiрiсiп

кеттi. Сықырлаған арбаларға тиелген тақтайларды алып, жұмысшы әскерлер әр жерге қада қаға бастады. Анадай тұста қарауыл қарайтын биiк мұнара соғылып жатыр. Әп-сәтте тиыш тұрған жерде тiршiлiк нышаны сезiлдi де қалды.

Болашақ бекiнiс болатын жердiң үш жағына зеңбiрек қойылды. Мылтық атуға қолайлы жерлер таңдалынып алынды. Сосын Захваткин бұған жөнiн айтпастан, үш казакты кейш, Райымға қарай шапқызды. Тортай қап-қара боп кеттi. Осы арада өзiнiң билiкке араласа алмайтынына көзi жеткендей болды.

Олар бiр жұма бойы бекiнiс салды. Әп-сәтте жертөлелер салынып қалды. Қабырғасы ат жал келетiн құм диуал да көтерiлiп жатты. Келесi апта дегенде Райымның қалған әскер келдi. Келе барлығы да жертөле қазуға кiрiсiп кеттi.

* * *

Бұлардың қауырт тiрлiгi ойда жатқан Қаракесектердiң назарын аудармай қоймады. Алғашқыда үрiккен олар алыстан қарағаны болмаса, жакын батып келе алмады. Бүгiн ғана бұларға бiр-екi кiсi келдi. Орталарында бiр ақсақалы бар. Олар қамалға жақын кеп тоқтады. Тортай оларға қарсы шықты:

— Ақсақал, жәй келдiңiздер ме?Шал көзiн қыса түсiп:

— Қайдан жәй болсын? Бұ нағып жүрген әскер? Мұнда неге келдiңдер? — дедi.— Бұл ақ патшаның әскерi, — дедi Тортай жылы сөйлеуге тырысып.— Ақ патшаңа бұ йер неге керек боп қалды? Бiз бiр жатақ Қаракесектер ек. Жерiмiзге...— Сiздерге ешкiм де тиiспейдi, — дедi Тортай оның сөзiн бөлiп.— Немене ақ патшамен солай келiсiп келдiң бе? Айтпақшы өзiң қай жақсы боласың? — дедi шал мұның тырысқан

әскери киiмiне сықақтай қарағанын жасыра алмай.Тортай жөнiн айтты.— Е, дегендей екен, — дедi шал басын изеп. — Сонда... бұ йерде ақ патша не iстемек? Тортай ыңғайсызданып қалды.— Ақсақал, — дедi ол ақырын, — оны патшаның өзi бiледi.— Әлде уақытша келдiңдер ме?— Жоға.— Е, солай де, — дедi де шал керi бұрыла бердi.

* * *

Тортай Захваткинге болған жайды түгел айтып бердi. Ол сазарған қалпын бұзбастан:— Мынау барлау ғой, — дедi.— Барлап нағылсын, — дедi Тортай ақырын. — Жәй бiлгiсi келген болар.Захваткин орнынан тұрып кетiп, әрлi-берлi жүре бастады! Оның мұнысы әр берiден соң Тортайдың жынына тидi.

Захваткин болса, саусағын жиi-жиi сытырлатып, буындарын күтiрлетiп, жүрiп алды. Әлден уақыт соң ол берi бұрылып:— Да, — дедi. — Да! Олардың бiзге жақын тұрғаны қолайсыз. Арасына жау жағынан кiсiлердiң енiп кетуi мүмкiн.

Сосын... — Ол берi қарады, — олар егiн егедi, а? Бiзге астық керек...— Иә, — дедi Тортай түкке түсiнбей.— Демек, оларды... көшiру керек. Тортай шошып кеттi:— Бұл, бұл... қиянат қой. Ертең халық бiзден жырылып шыға келедi.— Шыға берсiн. Пожалуйста! — Ол қолын сiлтедi. — Қару-жарағы жоқ бұратана халық бiзге не iстей алады?— Ваше превосходительство, сiздiң мұныңызды кәте пiкiр демеске лажым жоқ, — дедi Тортай даусын қатайтып. —

Олай етуге болмайды.— Поручик, — дедi ол тiктелiп, — ненiң болатынын-болмайтынын мен сiзден гөрi жақсы бiлетiн шығармын. Мен

бұл жерде Ресей империясының саясатын жүргiзушiмiн. Сiз өз орныңызды бiлiңiз!Тортай қызарақтап қалды.Ертеңiне Захваткин бәрi егiндi көрiп қайтты. Жатақ Қаракесектермен сөйлескен де жоқ. Қайтып келгесiн Захваткин

ертеңнен бастап Қаракесектердiң жерiн өз қарамағына алатынын бiлдiрдi. Тортай қарсылық айтты. Бiрақ оны тыңдаған ешкiм болмады.

Page 125: Uli Sel 2 tom

* * * Сосын Захваткин үш зеңбiректен айдалаға дүркiн-дүркiн доп атқызды. Оны көрген жатақ Қаракесектердiң зәре-

иманы қалмады. Iлезде ойбай-ұйқай басталды да кеттi. Жылаған бала, бажылдаған қатын-қалаштың дауыстары айдаланы жаңғырықтырды. Оған қарамаған Захваткин әскердi қаптатып жiберiп, келе жатақтардың дүние-мүлкiн үйлерiнен сыртқа қарай лақтыра бастады. Қарсылық көрсеткен бiр-екi жiгiттi аспанға мылтық атып шошытты. Сосын барлық жұртты бiр араға иiрiп, өзi алға шығып:

— Мен Ресей империясының әскери кiсiсiмiн, — дедi. — Бүгiннен бастап мына жер... — ол қолымен көрсеттi, — ұлы Ресей империясының жерi саналады. Оған дұшпаншылық жасағысы келгендердi аямай жазалаймыз. Сендер ендi бүгiннен бастап бұл арадан басқа жерге көшесiңдер!

Тортай оның сөзiн қазақшалап жеткiздi. Жұрт самсоз. Кешегi ақсақал ғана iлгерi бiр аттап:— Сонда бiз қаяққа барамыз? Мынау... бiздiң ата қонысымыз едi, — дедi.— Онда менi шаруам жоқ, — дедi Захваткин қолын сiлтеп.— Бiраз егiн салып едiк. Оны кәйтемiз?— Егiн пiскенде өздерiңiз кеп орып аласыздар. Бiрақ... ақ патшаға, салық төлейсiздер.— О ненiң ақысы? — деген бiрнеше дауыс қосарлана шықты.— Ол солай! — Захваткин қолын сiлеп кеп қалды. — Кәнеки, тайып тұрыңдар!Айнала қамап тұрған әскерлер мылтықтарын жоғары көтерiп алып, тарс-тарс еткiзiп атып-атып жiбердi. Балалар шар

ете түстi. Қатын-қалаш баж ете қалды. Үрiккен ел қолдарына iлiккендерiн алып, дарияға қарай тым-тырақай қаша жөнелдi. Әскерлер тағы да үстi-үстiне мылтық атып, сасқан жұртты жертөлелерден қуып шықты. Жылап-сықтаған ел азын-аулақ дүниесiн арқаларына салып ап, балаларын ертiп, Басықара жағына қарай безiп бердi. Атты казактар ендi жертөлелерге от қойды. Аздан соң жатақтардың жертөлелерi өртенiп, қара түтiн шалқи шығып, кепкен қу ағаштар сытырлап жана бастады. Сол өрт таңға дейiн басылмады. Тортай жағалықтағы қалың өрттiң қып-қызыл алауына шошына қарады. Қараңғы түнде шалқи шыққан жалын тiлi ұйтқи соққан желден өршелене түсіп, лапылдап, сәл басылып, айналаны сұстандыра құбылып, ұза-а-ақ тұрып алды...

31

Қазалы маңында болған осы уақиға Сыр табанындағы елге бiр күнде тарап үлгердi. Әңгiме өрши келе, шыны бар, расы бар, өсе түсiп, адам сенгiсiз хикаяға айналды да кеттi. Сол әңгiменiң бiр шетi Жәнiбектiң де құлағына кеп тидi. Оңда да осы ауылға келе жатып, Қалдыбай Тиышбектен естiптi. Әуелгiде әңгiменiң шыққан жерi сенiмсiздеу болғасын, Жәнiбек онша сене қоймап едi, бүгiн сол күдiгiн Әбдiраман келiп жойып кеттi. Iшiнен. “Шын болса, шын шығар”, — дедi. Кешелерi Тортай төренiң түрiнен бiр қаттылықты байқаған да болатын. Бұлар әлден бүйте бастаса, ертеңгi күнi өзi отырған ата қонысты да тартып алмасына сенiм бар ма? Әлде лақабы көп сөз бе?

Сол үстiне асығып-аптығып Тоғанақтың шабарманы жеттi. Ол нан ауыз тидi де;— Батыр, сiзге арнайы жiбердi. Дайын отырсын дейдi. Хабар өзiмнен болады дейдi, — дедi сөзiн шолақ қайырып. Жәнiбек оған салмақпен қарады:— Батырға айта бар, менен қам жемесiн, Аспан қолы дайын де.Шабарман кеткеннен кейiн, Жәнiбек Қасқырбай, Қожақ, Қалдыбайларды әр ауылға шапқызып жiбердi. Содан кейiн

Әлжанды Елдеске жұмсады. Елдес көп кiдiрген жоқ, ертесiне күн көтерiлмей жатып жеттi. Ағасы екеуi қысқа сөйлестi:— Аға, неге болса да дайын отырмасқа лаж жоқ. Қазалы деген не, мына тұрған жер. Олардың бiзге жетуi қиын емес.— Ол рас, — дедi Елдес быдым-быдым бетiн күректей қолымен сипап қойып. — Хиуадан құтылып көзiмiз ашыла ма

деп едiк, мынауың одан зор боп шықпаса едi?— Кiм бiлсiн. — Жәнiбек кiдiрдi. — Бiр ойым айтады, ауыр-ауыр жүктi, бала-шағаны iшке, Қызылға қарай көшiрiп

жiберсек деп. Ұрысатын болсақ, олар iзге түссе, қиын бола ма дейiм...— Бұ да дұрыс.Сол түнi олар Мамыраймен ақылдасып, қол байлау болар деген жүктi түйелерге артқызып, қатын, бала-шағаны бiр

бөлек көш етiп, Қызылдың iшiне қарай көшiрiп жiбердi. Қалың жылқыны да солай қарай ауа жайылғызды. Осы бетiмен Қарақ тауының етегiне дейiн бара берiңдер деп Жәнiбек бұйрық еттi. Сосын өзi құлағын желге түрiп отырды.

Екi күннен кейiн Тоғанақтан және екiншi шабар жеттi. Оның бұ жолғы хабары бөлек болып шықты:— Сардар, Қайып хан Бозғұлдармен туыстасып жатыр. Ол Жәмилә деген бiр қызды қатындыққа алды. Кеше некесi

қиылып, тойын жасады. Ендi бiзбен бiрге Қайып, Нақып хандар да соғысатын шығар.Жәнiбек аң-таң болды:— Мұнысы... өзi...— Хан Сыр бойының елiне арқа сүйегендi қолай көрген-ау! Тоғанақ батыр сiзге сәлем айтты, қолымен

Майлыбастың терiскей кезiне келе берсiн дедi. Сол арада қалың қол бас қоспақ. Бәтуа да сол йерде болмақшы.— Мақұл.Ол кеткесiн Жәнiбек жан-жаққа жiгiттердi қайтадан шаптырды. Ертеңiне түс әлетiне таман Аспан жiгiттерi жинала

бастады. Мыңға тарта жiгiт бiр жерге бас қосқанда, бұйығы жатқан жапан далаға жан кiрiп сала бергендей болды. Жәнiбек Елдес, Қалдыбай, Қасқырбай, Қожақ және де басқа екi-үш жiгiттi жүзбасы етiп сайлады. Арада жүретiн шабарлар да белгiлендi. Өзi оқыған мұсылман кiтаптарындағы Ақсақ Темiр әскерiнiң тәртiбiн жiгiттерге түсiндiрген болды. Тек мұны қинағаны қару-жарақ жағы едi. Жiгiттердiң көбiнiң қолында сойыл, найза ғана. Бiр-екi шитi мылтық ұстағаны да бар. Қылыш жағы кем. Ол өзiнiң iштей қобалжығанын жұртқа сездiргiсi келмей, қолымен сақалын ұстап, аз-кем ойланды. Хиуаға талай барып жүрген кезiнде қару-жарақ сатып та алмапты. Мынадай алмағайыбы көп заманда мылтықтың артықтығы жоқ қой. Келешекте осы жағын да ойлана жүрген дұрыс-ау!

Ол сол түнi қалың қолмен Қуаң бойына түнеп қалды. Он шақты жiгiттен мықты күзет қойды. Әркiм жолға алып шыққан тамақтарын жеп, атының ерлерiн бастарына жастанып, құмақ топыраққа жата-жата кетiстi. Ертеңiне Жәнiбек оларды таң бозынан оятып алды. Өзi үстiне тоғыз қабат сауытын киiп, қолына қалқанын ұстап, атқа қонды. Басқа жiгiттер де аттарына жапырласа қонып жатыр. Қол түгел жиналып болғасын, ол алға шығып:

Page 126: Uli Sel 2 tom

— Ағайындар, — дедi қатты айқайлай сөйлеп. — Өздерiң де естiген шығарсыңдар, мына Қазалыға келген ақ патша қолы жазықсыз Қаракесектердi мекендерiнен қуып шығып, жертөлелерiн өртеп, жерлерiн тартып алыпты. Әлiм, Шөмен деген ел едiк. Ағайынды жау шауып жатқанда, бiздiң қарап жатқанымыз жарамас. Соны ести сала Тоғанақ батыр да атқа қонған көрiнедi. Бiз бүгiн соған барып қосыламыз. Басты айтарым — тәртiп керек. Асып-сасу, айғай-шу болмасын. Жүру тәртiбiмiз былай. Әуелi бiрiншi жүздiк жүрiп отырады. Сол ретпен басқа жүздiктер соңынан ередi. Кәне, тарттық! — Ол атын тебiнiп қалды.

Жүздiк-жүздiкке бөлiнген жiгiттер алғащқыда тәртiпке түсе алмады. Келе-келе оған да үйрендi. Лек-лек болған қол жапан даланы ат тұяғымен дүсiрлете отырып, Майлыбастың кезiне қарай тартты да отырды. Бiр арада Жәнiбек жiгiттердi аттан түсiрiп тақым жаздырып алды. Содан кейiн тағы да салқа жортып кеттi.

Олар мөлшерлi жерге келгенде алдарынан қарауыл қарап тұрған хан жiгiттерiн көрдi. Хан нөкерлерi бұған жақын кеп, басшылардың ұйғарымын айтты. Ол бойынша әр қолбасы өз әскерiн белгiлi жерге қондырып, өзi ғана бiрнеше жiгiтiмен хан ордасына келуге тиiс екен.

Олар кеткесiн Елдес бұған жақын кеп:— Мұнысы несi тағы? — дедi.— Ауыл үстiн шаңдатпайық дегенi шығар, — дедi Жәнiбек қара күреңiткен жүзiн билей алмай.— Әлде... бiр шикiлiгi...— Үйтiп нағылсын.— Бала, байқа.— Көрермiз.Жәнiбек өз қолын қара төбенiң баурайына түсірдi. Барлығының басшысы деп Елдестi тағайындады. Өз қасына

Қалдыбай бастаған бес-алты қарулы жiгiттi ерттi. Өзi шапанының iшiнен Елдес берген екi жүздi қанжарды байлап алды. Сосын бұларға сақ отырыңдар деп тапсырып, атын тебiнiп қап, iлгерi жүрiп кеттi.

Хан ордасы бұл арадан онша қашық емес екен. Жолай келе жатып мұның қырағы көзi басқа жақтан да келiп жатқан қол бар екенiн аңдап та үлгердi. Бұлар ауыл шетiне жақын кеп аттан түстi. Аттардың жанында екi жiгiт қалды. Бұларды қарсы алған қызметшiлер жалаңдап жүр. Мұның жiгiттерiн басқа үйге түсiрдi де, өзiн ордаға қарай бастап жүрдi. Iшке кiргенiнде Қайып хан төрде отыр екен. Жан-жағы қарашыларға толы. Содан жоғарырақта Тоғанақ батыр отыр. Жәнiбек қатты дауыстап сәлемдестi. Сосын хан нұсқаған орынға отырды.

Сол арада қызметшiлер жалақтап, сыйлы кiсiлердiң қолдарына су құя бастады. Содан кейiн ортаға керсен-керсен ет әкелдi. Қайып хан еттен пышағымен кесiп ап, аузына салды. Содан кейiн қалған кiсiлер тамақты жапа-тармағай бас салды. Қайып хан, Тоғанақ, Жәнiбек және басқа бiр-екi кiсi бас табаққа қосылған едi. Жәнiбек құлынның уылжып пiскен етiн пышағымен турап жеп отырып, Тоғанақтың жүзiне бiр рет көз тастады. Батырдың жүзi қату. Оның жанында отырған Қайып ханның жүзi де сұсты. Олар бiразға дейiн үндеспей, тағам алды. Сорпадан кейiн қол шайысып, аяқ жазып бiраз отырды. Хан бұның хал-жайын сұраған соң, негiзгi шаруасына көштi:

— Ау, ағайын, — дедi. — Менi қай бiр жетiскенiнен ақ патшамен соғысып жүр дейсiздер. Ол әуелi қызыл тiлiмен арбайды да, iзiнше алдайды. Оған кеше өздерiң куә болдыңдар. Ендiгi жол — бiр-ақ жол: оларды керi серпiп тастау керек. Үйтпесеңдер, кейiн бармақ тiстейсiңдер. Соған ұйғарым жасап, қол құрап келiп отқандарыңа Алла разы болсын! Ертең пайғамбардың жасыл туын көтерiп, қан майданға шығамыз.

— Ол дұрыс қой, — дедi бiр ақсақал кiсi. — Хан ием, сiз бастасаңыз, соңыңыздан халық ередi ғой. Қайып үндемедi.— Мiне, Төрт Шөмекейдiң баласы жиылып жатыр, — дедi әлгi кiсi сөзiн жалғастырып, — дегенмен де осы төңiректе

басқа да ел баршылық...— Оларға де хабар жiберiлдi, — дедi Қайып хан қаттырақ сөйлеп. — Мына Табын Бұқарбай, Байқадам, Қожагелдi

Қашқынбай, Алтын Сәлтеке батырларға кiсi кеттi. Ана өр жақтағы Жаппастарға да хабар салдық.— Е, дұрыс екен. Жәнiбек тамағын кенеп:— Хан ием, оның бәрi дұрыс қой. Менiң айтайын дегенiм, бiздiң жiгiттердiң қару-жарағы сай емес. Соңы

ойластыруға болмас па екен, — дедi.Қайып берi бұрылды. Назары салқын екен:— Оны бiлем. Бiрақ қолдан келер амал жоқ.— Ертең зеңбiрiгi жасанған жауға барғанда, қиын болмас па екен?— Бiзде де зеңбiрiк бар. Алла жар болсын деңiз!— Оған не сөз бар! — Жәнiбек артық үндемедi.Қымыз келгеннен кейiн Тоғанақ ертеңгi шаруаның бабын айтып өттi. Оның сөзiне қарағанда, Ережеп қолы әлi келе

қоймапты. Бiрақ ол бұлардың арнайы жiберген шабарманына келем дептi. Жәнiбек iшiнен: “Әй, түлкi-ай!” — деп қойды. Сосын Тоғанақ ертең Қазалының кезеңiне кiм қай жақтан баратынын түсiндiрдi. Аңдауынша, салмақ Тоғанақ пен мұның қолына түсетiн сияқты. Ханның сарбаздары жауды орап өтiп, сырт жағынан тиiспекшi. Негiзгi оқ өтiнде қалатын бұлар. Әгәр Ережептiң қолы келмесе, басты ауыртпалық бұған түспекшi. Жәнiбек ойланып қалды. Кешегi шайқаста өз жағынан аздап шығын болған. Жаралылар да баршылық. Ендiгi шайқаста кiмнiң тыныс-тiршiлiгi таусылғалы тұрғанын бiр Алланың өзi бiлсiн. Iштей қалайда да өз жiгiттерiн арандатпай, айламен оқ өтiнен қашықтау ұстағанды жөн көрдi. Сосын сыр бермей, ойланып отыра бердi.

Қымыз iшкен жұрт бойларын ауырлай бастағанда сырттан бiр төленгiт келiп кiрдi. Ол ханға бас иiп, Хиуадан шабар келгенiн мәлiмдедi. Сол екен, Қайып хан ас қайырды. Жұрт орындарынан тұрып бет-бетiне тарқай бастады. Жәнiбек те орнынан тұрды. Сыртқа шығып, өз жiгiттерi қалған тұсқа бұрыла берiп едi, Хиуа шабарының қасына ерген бiр-екi кiсiнi көрдi. Бiреуiнiң жүзi таныс сияқтанды. О да мұны таныса керек, келе қолын берiп амандасты:

— Жәнiбек сардар, ахуалыңыз яқши ми?— Аллаға шүкiр,— Бiз де келiп жатырмыз.— Ол жан-жағына жалтақтап қойды. — Ядгарбек мырза сiзге дұғай-дұғай сәлем айтты.— Сәлемет болсын. Өзi пақуатты ма?

Page 127: Uli Sel 2 tom

— Әлбәттә. — Ол сыбырлай сөйледi.— Ұлы хан Уәйiс-Нияз бекке қатты ашулы. Қазақтарға зорлық қиянат жасады дейдi. Бiз ендi мына ханмен келiспекпiз. Ақ патша жақын арада Ақмешiтке қарай жылжымақ көрiнедi. Соған тосқауыл қою керек дейдi.

— Апырмай, ә?!— Солай, Жәнiбек сардар.Сол арада бөтен кiсiнiң тақап келгенiн көрiп, ол сөзден тиыла қойды. Жәнiбек онымен кайырласып, жөнiне жүре

бердi. Келiп жiгiттерiн ертiп, атқа қонды. Елдес бұларды тықыршып күтiп отыр екен. Оңаша қалғасын екеуi ертеңгi жайды ақылдасты. Жәнiбек өз күдiгiн айтып едi, Елдес бiрден келiстi.

— Ендi не iстеймiз? — дедi Жәнiбек оның жүзiне қадала қарап.— Аңысын аңдайық.— Аңдағанда...— Бара көрермiз.Жәнiбек жүзбасыларды шақырып ап, жаңа ханмен болған әңгiменi айтып шықты. Өз күдiгiн де айтты. Бiр-екеуi күңк

ете қалды:— Олар нан жеместi тапқан екен.— Өздерi тасада қалмақ қой.— Ендеше... жөнiмiздi тапсақ кәйтедi?Жәнiбек қабағын шытты:— Үйтуге болмайды. Тек айтарым — аса сақ болыңдар. Қызып кетпеңдер. Жағдай қиындап бара жатса, хабар

өзiмнен болады. Әзiрге жiгiттерге iждеме демеңдер. Жақсылап тынықсын. Айнала күзет қойыңдар. Жәнiбек түн ортасына таман демалып жатқан қолды өзi аралап шықты. Күзетшiлердi тексердi. Сосын өз шатырына

кеп төсегiне қисайды. Есiне қайта-қайта Ережептiң келмегенi түсе бердi. Неге, деп ойланып қалды. Кеше ғана Уәйiс-Ниязды арандатқан сол едi. Ендi ақ патшаға қарсы қол құралып жатқанда ол өлдi келсiн бе? Қайта бұлар жайлы хабар берiп жүрмесiн? О да мүмкiн-ау! Сүйтiп жатып, есiне Аққербез түстi. Қалыңдығын түсiретiн кез созылып кеттi. Ол iштей осы ұрыстан аман-есен шықса, әкесiн құдасына жұмсауға бекiндi. Мынадай алмағайып заманда бап талғап жатудың ерсi екенiн айтқысы келдi. Сүйтiп жатып қалғып кеттi.

Ертесiне Шөмекей тайпасының үш мыңнан астам қалың қолы үш жарылып, ортадағы төбе басын қоршап тұрды. Басшылардың құрған мәжiлiсiнен кейiн олар Қазалыны бетке ұстап тартып кеттi. Қаракесек Ақтан батырдың қолы Басықара түбiнде бұларға кеп қосылды. Сол арада бiр түнеп, ертесiне сыңсыған қол жалпақ даланың ала шаңын ұшырып, Қазалы бекiнiсiн доғаша иiлiп, қоршай кеп ат басын iрiктi. Жәнiбектiң қолы шығыс жақтағы жазық далаға кеп орналасты. Оң жақта — Тоғанақтың қолы. Ақтан батыр Қазалының терiскей жағына қарай кеттi. Қайып ханның қолы Тоғанақ батырмен жапсарлас орналасты. Олар кiшкене зеңбiректiң тұмсығын қамалға туралап дайындап жатты.

Жәнiбек жүзбасыларын қайта шақырып ап, соңғы тапсырмасын айтты. Күзет жағын күшейттi. Өзi қолын түнiмен аралап шықты. Сүйтiп жүргенiнде шығыс жақ құланиектенiп сала бердi.

Ер басына тағы да бiр нәубеттiң жеткенiн аңғартқандай таң сазарып атып келедi...

32

Күн арқан бойы көтерiле дабыл қағылды. Қайып ханның кiшкене зеңбiрегi гүрс ете түстi. Доп ысқыра ұшып барып,

диуалы жал-жал бол үйiлген қамалдың тетiне жете бере жарылды. Шеге топырақ бұрқ ете қалды. Екiншi доп нысанаға жетпей, бер жақта тұрған қарағаштың түбiне барып түстi. Сол екен, қамал жақтан да атылған зеңбiрек даусы шықты. Доп ұшып кеп, сап түзеп тұрған қалың қолға жетпей жарылды. Екiншi доп мүлдем аулақ барып түстi.

Бұрын мұндай ұлы гүрсiлдi естiмеген қазақ жiгiттерi әлденеге абыржып, елеңдеп тұрған аттарының тiзгiнiн қаттырақ тежеп ұстап, тас-түйiн тұр. Жәнiбек те ширығып алған. Ол өз қолын үшке бөлiп, алдыңғы топқа өзi барып қосылған едi. Ойынша әуелi аңыс аңдап көрмек. Сол арада Тоғанақ батырдан пәрмен де келiп жеттi. Барлық қол үш жақтан ағызып барып, қамалға баса-көктеп кiруге тиiс. Қалғанын бара көре жатады.

— Ал, жiгiттер, дайындалыңдар! — дедi Жәнiбек қатты дауыстап. — Кәзiр ана қамалға басып кiруге тиiспiз. Қылыш, найзаларыңды даяр ұстаңдар!

Аздан кейiн Тоғанақ батыр қолы тұрған жақтан ұлы шу естiлдi. Бұл жалт қараса, батырдың өзi ақ сауытыжарқылдап, қолдың алдында ағызып бара жатыр екен. Ендi мұның бойын да ұрыстың пiрi билеп алды.

— Ал, тарттық! Дөйт! Дөйт! — деп, бұл атын тебiнiп кеп қалды. Етi қызып, көзi жарқырап тұрған ат ала жөнелдi. Мұның соңынан басқа жiгiттер де салды.

Бұл салған беттен зеңбiрек тұрған жақтан қиястап барып тиiскендi дұрыс көрдi. Онысы мақұл бопты. Селдей қаптаған қол ұмар-жұмар боп, бергi мидай жазыққа ағызып шыға келгенде алдыңғы жақтан күн күркiрегендей болды. Жәнiбек заулап келе жатып, доптың Тоғанақ қолының жағына қарай атылғанын аңдап қалды. Доп ысқыра ұли кеп жарылғанда, бiрнеше ат шыңғырып жiберiп, омақаса құлап түстi. Баж-баж еткен дауыс шықты. Содан кейiн арт жақтан дүмелiп келiп қалған қол жығылған аттарға сүрiнiп, бiр демде апыр-топыр болды да қалды. Сол кезде екiншi рет атылған зеңбiрек даусы шықты. Бұ жолы доп ұлы топырдың дәл үстiне түстi. Бұрқ еткен топырақ аспанға атылып, кiсi-қара көрiнбей кеттi. “Өлдi-ау!” — деген ой Жәнiбектiң басына сарт ете қалды. Ағызып келе жатып өзiнiң ат жал боп үйiлген топырақ диуалға жақындап қалғанын аңдады. Алдыңғы жақтан қараңдап жүгiрген кiсiлер көрiндi. Бiреулер айқайласып, боқтасып, мылтықтарын бұл жаққа кезенiсiп те алған екен. Кенет бiреу қолын сiлтеп қалды. Жәнiбек құниып алып, ерiксiз ат жалына бұға бердi. Он шақты мылтық қатарынан тарс-тарс ете қалды. Артында келе жатқан бiр жiгiт: “Ойбай!” — деп, ер үстiнен сыпырылып түсе бердi. Бiр оқ қапталында келе жатқан жiгiттiң атына тидi. Ат сүрiнiп кеткендей болды. Жiгiт жерге ұшып түстi. Ол аяғын үзеңгiден ала алмай жатқанда, кейiннен келген нөпiр баса-көктей ағып өте шықты. Жәнiбек өзiнiң орыс әскерлерiне өте жақын келiп қалғанын көрдi. Қынабынан қылышын суырып та алды. Ызалана тiстенiп, көзi тұманданып, жақындай бердi. Тағы да мылтық қосарынан атылды. Бiрнеше жiгiт тiл тартпай кеттi. Бұл жақындай бере ат жал топырақтан аттың қарғып өтуiнiң қиын екенiн бiлдi. Сусыма топыраққа тұяғы тиген ат тақыр мұз үстiне түскендей тапырақтады да қалды. Төрт аяғы төрт жаққа кетiп, құлармандай болды. Сол кезде арт жақтан келiп қалған нөпiр топ та мұның кебiн қиген едi. Соны байқаған орыс әскерлерi ендi жал басына шыға кеп,

Page 128: Uli Sel 2 tom

бұларды тура өңменiнен көздеп ата бастады. Тағы да бiрнеше жiгiт құлап түстi. Жәнiбек жағдайдың қиынға айналғанын бiлдi. Ендi кешiксе, олардың мұның қолын бiртiндеп атып түсiретiнiн сездi. Ендi неде болса нартәуекел деп бұл қатты айқайлап:

— Аттан түсiңдер! Жаяу шығамыз! — деп, өзi бас боп аттан жерге қарғып түстi. Қолына қылышын оңтайлап ұстаған қалпы iлгерi ұмтылды. Арт жағына қарап: — Екеуiң аттардың жанында қалыңдар! Қалғандарың алға тарт! — дедi.

Жiгiттер аттарынан апыр-топыр боп, түсе-түсе қалысты. Елiрген аттарға еге бола алмай, әке-бабадан боқтап, екi-үш жiгiт кейiн қарай ысырьшды. Сол кезде Қалдыбай бастаған топ жiгiт әруақ шақырып, iлгерi ұмтылды. Тағы да мылтық атылды. Бұ жолы оқ ешкiмге дари қоймады. Қазақтардың өлермендiгiн көрген орыс әскерлерi ендi керi шегiне бердi. Осы кезде Жәнiбек те алдыңғы қатарға жетiп үлгерген едi. Қалдыбайды көздей берген бiр әскердi тура мойыннан қиялай кеп шапты. Ол үнсiз бүгiле бердi. Сары шашты басы алмаша домалап түстi. Сол кезде Қалдыбай қатты бiр қайрат көрсетiп қалды. Өзiне ұмтыла берген еңгезердей, жирен сарыны құлбақайдан қағып жiбердi. Мылтығының дүмiмен ұра берген ол жерге ұшып түстi. Қалдыбай оған қанжарын сұға түстi.

Қалған жiгiттер де осы кезде қатты айқасқа кiрiсiп кеткен едi. Сасып қалған орыс әскерлерi қоян-қолтық ұрыста ендi мылтық ата алмай, нағыз қылыштасуға көшкен болатын. Жәнiбек тез ақылға кеп, шайқасып жатқан топтан берi шығып, кейiнгi жаққа қол бұлғады. Бiрақ ызы-қиқудан артта тұрған топ ештеменi аңдар емес. Сол екен, Жәнiбек кейiн қарай жүгiрдi. Ат жанында қалған жiгiттерiне кеп:

— Кейiн қарай шап! Елдестер тез жетсiн! — дедi.Жiгiт құйғыта жөнелдi. Ол барып, мән-жайды айтам дегенше, қамал iшiнде нағыз қырғын басталып та кеткен едi.

Казак-орыстар да қылышкер екен. Мұның бiр-екi жiгiтiн турап тастады. Ендi Қалдыбай бастаған топ сойылдарын кеңге сiлтеп, әлекедей жаланған әскерлердi жандарына жолатпай, керi серпiлте берген едi. Осы кезде арт жақтан қиқулап шауып келе жатқан Елдестiң жүздiгi көрiндi. Олар жеткен бойды аттарынан түсе-түсе қап, шаппа шап айқаса кеттi. Қайратты Елдес салған беттен найзасымен екi-үш жiгiттi түйреп түсiрдi. Соны көрген казак-орыстар кейiн серпiлдi. Олардың сыртында тұрғандары өз әскерi мен мұның жiгiттерiнiң арасына саңылау түскенiн байқап, дәл көздеп ата бастады. Тағы да бiр-екi жiгiт оққа ұшты. Соны байқаған Елдес қатты ақырып:

— Дөйт! Дөйт! — деп iлгерi ұмтылды.Екi жақ қайтадан қоян-қолтық араласа кеттi. Боқтасқан жiгiттер ырс-ырс етедi. Шақылдаған қылыш даусынан құлақ

тұнады. Осы кезде қамалдың терiскей жағынан шу шықты. Жәнiбек жалт қарап едi, ояқтан жүгiрiп келе жатқан казак-орыстарды көрдi. Олар өз әскерлерiне қолдарын бұлғап, бiрдеңе деп айқайлап, сырт жақтарында тұрған тағы бiр жалға қарай жүгiрдi. Ендi табанының бүрi ұстамаған әскерлер керi серпiлдi. Мұның жiгiттерi жеткенiн жеткендей турап жатыр. Казак-орыстар қашып барып, iштен соғылған екiншi. Құм жалдың тасасына тығылды. Осы кезде Тоғанақ жiгiттерi де осы жаққа жеткен едi. Бiрақ олардың көбiсi аттарынан түспептi. Тар майдан оралуға келмей, етi қызып алған аттар басына әл бермей, өздерiн қатты қинаған сықылды. Дәл осы кезде ат жал топырақтың артынан тарсылдап мылтық атыла бастады. Тағы да оқ тиген жiгiттер шыңғырып, құмшауыт жерге құлап түсiп жатты. Бұл жолы казак-орыстар қырық-елу мылтықпен қатар атып, бұларды жусата бастады.

Соны көрген Жәнiбек қатты айқайлап:— Кейiн! Кейiн! — дедi. Өзi арт жақтағы ат жал топыраққа қарай жүгiрдi. Мұны көрген жiгiттерi де кейiн ысырылды. Ештеңе түсiнiп болмас

апыр-топырдың iшiнде келе жатып, кенет Жәнiбек оң жағынан бiреудiң итерiп қалғанын сездi. Етпеттей барып құлады. Жалт қараса, жанында ешкiм де жоқ! Өз жiгiттерi безiп барады. Бұл жан-дәрмен деп орнынан тұра сап, кейiн қарай жүгiрдi. Дәл осы кезде бiрнеше оқ жан-жағындағы құмды бұрқ-бұрқ еткiздi. Алас-қапаста оған қарап жатуға шамасы жетпей, Жәнiбек жүгiрген қалпы ат жал топыраққа жете бере құлады. Әр жақта етпетiнен жатқан Елдес мұны тез тартып ала қойды. Сонда ғана Жәнiбек өзiнiң оң қары қатты ауырып сала бергенiн байқады. Қолымен ұстаса, жылымшы бiрдеңе бар. Жалт қараса, — қан!

— Немене оқ тиген бе? — дедi Елдес үрейленiп.— Iждеме етпес, — дедi Жәнiбек сөлекет күлiп.— Тоқта! Кәзiр! — деп. Елдес мұның шекпенiн шешiп, оң қарын қарады. — Сүйегi аман екен. Кәне, былай! — Ол

мұның бөз көйлегiнiң етегiнен қанжармен жыртып ап, оң қарын қатты таңып тастады.— Ендi алға ұмтылма! Кейiнде жүр!

— Неге,— дедi де жарасын ауырсынғанын бiлдiрмей, Жәнiбек iлгерi жаққа көз тастады. Осы кезде Тоғанақ батырдың қолы да керi серпiлген екен. Аздан соң олардан хабар келдi. Шабар жiгiт аптығып

тұрып:— Батыр, азырақ сабыр қылайық дейдi. Ақтан батырдың қолы сырт жағынан тиiскенде, бiз де шайқасамыз дейдi, —

дедi.— Қайып ханның қолы қайда? — дедi Жәнiбек айқайлай сөйлеп.— Олардың ортасына екi доп түстi. Зеңбiрiгi қирады. Өлген кiсiлер де бар. — Олар неге шаппаған?— Ояғын бiлмедiм, — дедi шабар екi алақанын жайып.Ол кеткесiн, Жәнiбек әр түрлi ойға батты. Әлiге дейiн Ақтан батырдың неге соғыспай жатқанына түсiнбедi. Қайып

хан қолының батыл кiрiспегенiне дал болды. Сүйтiп жатқанда түс болды. Жiгiттердiң шаршағаны, қарындары ашқаны байқалды. Бұл толас уақытта өз қолын әлдендiрiп алғанды жөн көрдi. Үш-төрт жiгiттi жұмсап, кейiнде қалған қоржындарды тез алдырды. Пiскен ет пен нан-панды, бiр-екi мес қымызды жiгiттерге тез үлестiрдi. Сосын өзi хабар күтiп қалды.

* * *

Захваткиннiң зәре-иманы қалмады. Әскерлерiн тез топтап, оқ-дәрiнi үлестiрiп бердi. Кеше iштен тағы бiр жал салғаны жақсы бопты. Ендi соған бекiнiп жатқанды жөн көрдi. Мұның бар дәтке қуат қылатыны — кеше Тортайды Райымға жiберген едi. Кейiнгi әскер тез жетсiн деген. Бүгiнге төтеп бере алса, ертең олардың да қарасы көрiнiп қалмақ.

Page 129: Uli Sel 2 tom

— Ух, басурманы! Черт бы вас побрал! — дедi ол кектене тiстенiп. Сосын: — Кәне, атыңдар! Көздеп атыңдар! — дедi қайтадан қаптай бастаған қазақтарды көрiп.

Бұ жолғы атыс ұзаққа созылмады. Қазақтар ендi ашық майданға шықпай, бұқпантайлап жүгiрiп, кейiн шегiнiп кеттi. Оларға Захваткин кектене қарап тұрып:

— Ендi осылайша бiр-екi атыссақ, бiз оларды Европаша соғысуға үйретiп те аламыз, — дедi. Сосын адъютантына қарап: —Зеңбiректi оқтасын! — дедi.

Ол жүгiре жөнелдi.

* * *

Казак-орыстардың да зәре-құты қалмаған екен. Толас кезiнде алым-берiм әңгiмеге көштi:— Не надо было их трогать!— Вот этот дурак! — дедi бiр қаба сақалды кiсi көзiмен Захваткин жақты меңзеп.— Ендi осылайша бiр шайқассақ, бәрiмiз де қырыламыз!— Ол рас!— Вот это да! — дедi Плетнев басын шайқап. — Бiз оларға мәдениет әкелемiз десек... олар...— Пошел ты со своей паршивой культурой, гнида! — дедi бiр сары жiгiт оған кiжiнiп.— Культура! Ха-ха-ха! Казак-орыстар ерiксiз күлдi...

* * *

Тоғанақ батырдың Қайыпқа қарны ашты. Оның бұларды оққа қарсы айдап сап, өз жiгiттерiн тасада ұстап қалғанына ренжiдi. Қайып тас-талқан болған зеңбiрегiн қимай:

— Қап, Хиуадан былтыр ғана алдырып ем! Ағылшын ұсталары құйған едi, — дей бередi. Батыр әрi-сәрi болды. Бүгiн казак-орыстарды бiр жайлы қылмаса, ертеңгi күнi жағдайының қиынға айналарын бiлдi.

Сол арада Ақтан батырдан шабар жеттi:— Кiсi өлiмi бар. Олар батыс жақтан басып кiре алмады. Кәзiр жiгiттер демалып жатыр.— Шамалыдан соң тағы да соғысамыз! Тайын отсын де! — дедi Тоғанақ батыр қысқа қайырып. Шабар кейiн қарай шаба жөнелдi.Шөмекейлер үшiншi рет шабуылдап, казак-орыстар бекiнген iшкi ат жалды басып ала алмады. Қардай жауған оқ

бұларды маңайына жолатпады. Дүркiн-дүркiн атылған зеңбiрек добы қолға көп зиянын тигiздi. Бiраз жiгiт шейiт болды. Ендi Тоғанақ айла қолданып, әр тараптан, бытырай жүрiп отырып, шабуылға шықты. Бiрақ құты қашқан жiгiттер ықылассыз соғысты. Сүйтiп ырғасып тұрғанда күн де батты. Тоғанақ батыр жүзбасылармен ақылдасып, жiгiттердi кейiн әкетiп, айнала мықты күзет қойып, қырғын болған жерден аулақ барып түнегендi қош көрдi. Сәлден соң кешкi тамақ қамымен лаулатып от жаққан қалың қол самбырласа сөйлесiп, бүгiнгi жайды әңгiме ғып, қам-қарекетке кiрiсiп те кеттi.

* * *

Захваткин тез ақылға келдi. Әскерлерiнiң қатары сиреп қалыпты. Жүз елудей казак-орысты аттарына қондырып, зеңбiректерiн қиратып, қазақ қолы ұйқыға кiрiстi-ау дегенде, ат жал боп үйiлген топырақтан ақырындап шыға бердi. Ол бағана терiскей жақтан өлермен боп шапқан тосын қолды көрген едi. Ендi соларды қиястап өтiп, тұмылдырықтап алған аттарының еш дыбысын шығармай, бiртiндеп ұзай бердi. Аулақ шыққасын, олар суыт жүрiп кеттi. Захваткин бiр араға жеткенде, әскердi азырақ демалдырып алды да, оларды қайтадан атқа қондырып, Райымды бетке алып, кiдiрместен аңыратып тартты да отырды.

* * *

Тоғанақ батыр жер сипап қалғанын сонда бiлдi:— Қап!Басқа жұрт шуласып жатыр:— Жау қашты! Жау қашты!— Қайда?— Зым-зия жоқ!— Қайда болсын, өз елiне кеткен шығар?

* * * Жәнiбек мұның тегiн емес екенiн сездi. Қайып хан, Тоғанақ, Ақтан және бұл ақылдасып, осы арада бiрер күн еру

қылғанды жөн көрдi. Шейiт болған жiгiттердiң жаназаларын асығыс шығара сап, мүрделерiн жақын маңдағы қорымға апарып қойысты.

Түн болды. Бұ жолы Жәнiбек жiгiттерiне өте сақ болыңдар деп тапсырды. Өзi таңға дейiн дұрыстап ұйықтай алмады. Таң сыз бере орнынан тұрып, әлденеге елегзiп, жiгiттерiн түгел оятты. Тамақ iшiп алғасын, аттарына ер салдырып тақ отырды.

Сәлден соң Райым мен Қазалы жақтан келе жатқан қалың қол көрiндi.— Бұ кiм болды?

Page 130: Uli Sel 2 tom

— Түрi-түсi бөлек қой!— Казак-орыстар шығар!Жәнiбек мұның орыс бекiнiсiнен келе жатқан әскер екенiн бiле қойды. Ендi кешiксе, өз бастарына қауiп екенiн сездi.

Ол қысқа бұйрық еттi:— Жiгiттер, атқа мiнiңдер!Тоғанақ батыр мына қолға өздерiнiң төтеп бере алмастарын бiлдi. Ендi Қайып ханға онша ырай бермей, өз қолына:— Атқа қоныңдар! Пәрмен өзiмнен болады! — дедi де, қолбасыларды шақырып алды. — Көрiп тұрсыңдар, жау

бiзбен шамалас. Бiрақ олардың қару-жарағы сайлы. Атты казактар өте қылышкер келедi. Оны кеше өздерiң көрдiңдер. Не iстеймiз?

Қыстаубай батыр:— Тәуекел! Соғысайық! — дедi.— Құр босқа қырылып қаламыз ғой! Одан да басқаша айла жасайық, — дедi Жәнiбек сабырын шашпай.— Сонда қалай?— Әуелi олардың жай-жапсарын бiлейiк. Сосын... ретi келсе, бұйқыт басайық.— Ендi олар бiзге қулық асыртпайды, — дедi Тоғанақ батыр. — Жiгiттер бiзге ертең де керек. Хиуаның берер көмегi

жоқ. Бұ да басқа түскен нәубет те.Сол арада iшке шабар ентiгiп кiрдi:— Батыр, Қайып ханның қолы кетiп бара атыр!— Не, не?! — Тоғанақ шошып кеттi.— Рас, рас!Бәрi шатырдан сыртқа атып-атып шығысты. Шынында да, кешеден берi оқшаулана берген Қайып хан өз қолын тегiс

атқа қондырып, жайлап отырған тұсын бетке алып, жөней берген екен.— Әй, түлкi-ай!— Алдап соқты!— Жеме жемге келгенде... осылай ғой! Тоғанақ батыр қап-қара боп тұрып:— Барсын! Ендi қайда барып, бас сауғалар екен? Тектi әулеттен бақ қашты деген осы болар. Қарамындағы елiн баға

алмаса, ол ел де өз тiршiлiгiн жасар. Қалғанын маңдайдан көрермiз. Ал, ағайын, былай. Ендi босқа арандамайық. Лажы болса, Қызылдың жұрт аяғы жете қоймас жағына барайық. Хабар үзбейiк. Қалғанын көре жатармыз. Ал әзiрге тарай тұрайық, — дедi.

Қолбасылар осыны түгел мақұл көрдi. Ендi олар жақын кеп қалған қалың әскермен соқтығыспай, үш бөлiнiп, бет беттерiне жайымен тарай бастады. Ақ патша әскерi де бұларды өкшелей қуатын ыңғай көрсетпедi. Қазалы қамалына келгеннен кейiн, негiзгi топ тоқтап, олар үш жаққа он-он бестен атты казактарды шығарды. Олар көпке дейiн бұлардың iздерiнен ердi де отырды. Шамасы, қазақтардың қоныс, жайлауының шамасын байқап қалмақ. Қазақтар да жорта қияс тартып, оларды сайын далаға ұзатып алып шыққанды қолай көрдi. Кейiнгi жақ көрiнбей кеткенде ұш топтан жиырма-отыз жiгiт шығып, казактарға қарсы шапты. Олар әуелгiде не iстерлерiн бiлмей қалды. Сосын аттарының басын керi бұрып ап, кейiн қарай салды. Қазақтардың дала жолын бiлетiн мықты, жүйрiк аттары оларды жаздырмады. Қарулы жiгiттер олардың бiразын әп-сәтте найзамен шаншып үлгердi. Аз ғана топ қашып құтылды. Аздан соң жiгiттер Тоғанақ, Ақтан, Жәнiбектерге бiр әскердi сүйреп әкелдi. Түрi сап-сары, мұртты бiреу.

— Сөйле, кәззап! — деп, оны Қалдыбай бiр нұқып, жерге жалп еткiздi.— Ағайынлар, мұсылманлар! Аяй көрiңдер, — дедi әлгi сары бұларға жапақтай қарап.— Сен кiмсiң? — дедi Тоғанақ қабағын түйiп.— Мен кiрешен татармын. Қара Иван шоқындырған татармын.— Бұяқта нағып жүрсiң?— Рекрут боп келдiм. — Ол ойланды. — Рекрут деген... менi зорлап әкелдi. Әскерден қашып кетiм ем, Семей жақта

жүргенiмде жандармдар ұстап алды. Ендi мына жаққа зорлап әкелдi.— Семей деген қай жақ? Онда неге бардың?— Fаскерден қаштым.— Неге?— Барғым келмедi. — Ол екi иығын қиқаң еткiздi.— Мына келген әскер кiмдiкi?— Ақ патшаныкi. Райымнан алдыңғы күнi шыққанбыз. Арасында Қаратай төре бар. — Ол дiр-дiр еттi. —

Қардашлар, аяңлар. Мен, мен... зорлап...— Бар! Сенiң қаныңды мойныма жүктеп нағылайын! — дедi Тоғанақ батыр түнерiп. — Екiншiгәрi кездеспе!

Кездестiң бар ғой, жаныңды жаһаннамға жiберем! Ал қаш!Бұлай болады деп ойламаған шәпеш сары әуелi не iстерiн бiлмей аз тұрды да, кенет жалт бұрылып, атты казактар

кеткен жаққа қарай зыта жөнелдi. Жiгiттер қарқ-қарқ күлдi:— Жаны қандай тәттi, а!— Өй, зыт! Болмаса..— Батырдың түрiн...Шөмекейлердiң қолы ендi бет-бетiне тарқады. Тоғанақ батыр қалың Сарғасқа жайлайтын Шiрiк Рабат

жағына‚ Қыстаубай батыр Қарақ жағына қарай кеттi. Жәнiбек Қызылдағы жайлауын бетке ұстап, суыт тартты да отырды.

Табақтай күн қып-қызыл боп батып барады...

33

Page 131: Uli Sel 2 tom

Қайып хан аулына жеткенше асықты. Жолшыбай әскерiне бiр рет те тiзе бүктiрмедi. Кеше естiген хабары оның тұла бойын түршiктiрдi. Сенiмдi кiсiсiнiң айтуынша, Елмырза төре Шотанды азғырып, хандыққа мұрагер сен ғана деп, мұның аулына араздық әрекет кiргiзбек боп жүр екен. Бұл төреден өзi де iштей кiп алып жүрушi едi. Оның үстiне өзi Қазалыға қарай шығарда Нақыпты Ақмешiт жақты жайлаған Алшын, Жаппастармен сөйлесiп көр, мүмкiн, солай қарай ығысатын болса, алдын ала түсер қонысты сайлай бер деп жүз нөкерiмен жiберген едi. Өзi әр уақта Нақыптың қызбалығынан қорқатын. Осы жолы, оны не қара басқанын кiм бiлсiн, Жаппас ауылын талап, жасауылдар қыз-келiншекке қол салыпты. Соған шыдамаған жаппас жiгiттерi жасауылдарды қыра бастапты. Нақып аз ғана жiгiтiмен қашып құтылып шығыпты. Соны естiген бойда-ақ Қайып ендi өзiнiң Сыр бойында мықтап қоныс тебе алмайтынын байқаған да едi. Мына масқара жағдайдан құлақтанған жұрт ертең мұның ауылын шаппасына кiм кепiл? Осыны тiлге тиек еткен Елмырза сыртынан мұның абырайын айрандай төгiп жүр дейдi. Хан қатты қаһарланды. Келе Нақыпты шақырып алды. Ағасынан да онша ыға қоймайтын өжет жiгiт бұ жолы ордаға батылсыздау кiрдi. Қайып ақырып жiбердi:

— Сенiң бұ iстеп жүргенiң, а?! Немене көзiңе қан толды ма?Нақып үндемедi.— Мен саған айтып тұрмын ғой! Бүйтiп сүйегiмiзге дақ түсiрдiң ғой! Ханның қайраты халықпен емес пе? Халықты

олай қорлауға бола ма екен? Кет жоғал! — Қайып ақырып жiбердi.Нақып сыртқа ата жөнелдi. Қайып одан артық айқайлап, осы өжет iнiсiн өзiне қарсы ширықтырып алмағанды жөн

көрдi. Ол сосын екi жасауылды шақырып алды:— Әкелiңдер ана оңбағанды!Олар тез арада Шотанды дырылдатып сүйрегендей ғып әкелдi. Ол етпетiнен құлады. Өзiнде түс-сес жоқ. Қайып оған

ызбарлана қарады:— Кәне, жанының барында айт, кiм сенi азығырып жүрген?Шотан басын көтерiп, қолымен мұрнын сүртiп тұрып:— Ана... ана... Елмырза, — дедi.— О не дедi?— Шежiренi ақтара келе, таққа лайқат нағыз сен дедi. Мен соған сенiп қап... — Ол етпетiнен құлады: — Хан ием,

шыбын жанымды қия көрiңiз!— Ата-бабадан келе жатқан үрдiс, жол бар емес пе? Ағасы тiрi тұрғанда iнiсi таққа таласатын ба едi? Бұ қайдан

шыққан тәртiп? Соның неге ойламадың?— Есi-i-ме келмептi.— Ендеше есiңе келтiрейiн. — Ол жасауылдарға қарады. — Мынаған жалаңаштап қойып жүз дүре соғыңдар. Сосын

қол-аяғын кiсендеңдер, қашып кетiп жүрмесiн!Жасауылдар Шотанды сүйреп алып кеткесiн, ол қайтадан Нақыпты шақырып алды да, бұйыра сөйледi:— Қасыңа екi жүз жасауылды ерт. Бар да ана Елмырзаның ауылын шап! Өзiн ұстап, қол-аяғын байлап, алдыма әкел!Нақып тез iске кiрiстi. Жасауылдар тез атқа қонып, бiр бел асып кеткесiн, Қайып хан бүгiнгi жағдайды қара

ақылына салып байқады. Сыр қазақтарының ақ патша әскерiне төтеп бере алмасын бiлдi. Өзi көрiп жүрген ақпатша әскерi болса, олар бұяқты да алмай қоймайды. Ол сол арада өзiнiң iс-әрекетi жан созу сияқты ғана екенiн аң дады. Ерте ме, кеш пе, бұған да ұлы тықыр таянбақшы. Со кезде қайда барып жан сауғалаймын, дедi өзiне өзi. Жан сауға? Ол мырс еттi. Үйткенше өлгенi жақсы емес пе? Сосын ол баяғыдан бермен қарай ойластырып жүрген ниетiн салмақтап байқады. Тексерiп қараса, ендi мұның Сыр бойында қалатын еш ретi жоқ. Райымнан келген әскер ертең бұған да тиiсер. Үйтiп қан төгiсiп жатқанша, ың-шыңсыз ығыстай бергенi мақұл. Қалғанын кезiнде көре жатар. Ол осы ойға бекiндi де, тез бұйрық бердi:

— Үйдi жығыңдар! Көшемiз!

* * *

Нақып Елмырзаның жұртын сипап қалды. Әккi төре бұлардың пиғылын алыстан байқаса керек, осыдан екi-үш күн бұрын көшiп кетiптi. Көшкенде де Қызылдың жан аяғы баспаған жықпыл-жықпылымен жүрiп отырып, тура Бұхара жаққа тартыпты. Ол iзбен бiраз жерге дейiн жүрiп отырды да, ендi оларды қуып жете алмасын бiлдi. Бұхараға баруға болмайды. Насрулла мен ағасының арасы жақсы емес. Және де мұның Бұхараны сағалап жүргенiн естiсе, Мұхәммәд-Инақтың шалқасынан түсуi мүмкiн. Соны ойлап, Нақып ат басын керi бұрып алды. Қайтар жолда онша асықпады. Бiр ауылға қонып, бiр ауылға түстенiп келе жатып, олар Малдыбай аулына тап болды. Қонақасысын жеп отырғанда, қасындағы бiр жасауыл жұртқа бiлдiрмей мұны шынтағынан түрттi де:

— Осы үйдiң ай мен күндей сұлу қызы бар екен, — деп күңк ете қалды.— А-а?Бұл оған таңғала қарады. Әнеу күнi Жаппастардың ауылдарына барғанда да, бәрiн бүлдiрген осы едi. Бiрақ қызқұмар

Нақып оны тез ұмытып, жымың ете қалды:— Рас па?— Рас, рас.— Сен оны қайдан бiлесiң?— Бiлем ғой, — дедi жасауыл мұның құлағына сыбырлап. — Ол ана Жәнiбектiң қалыңдығы көрiнедi.Нақып үй iшiне бiлдiрмей, түрулi есiктен сыртқа қарады. Малдыбай оны-мұны сұрады да, көп ежiктемей, сөзден

тиылып қалған. Бет-әлпетiнен бұлардың тезiрек кеткенiн хош көрiп отырғаны байқалады. Бұл Нақыптың ит-жынын тырыстыра түстi. Iштей бiр арам ойға бекiндi. “Ерегiскенде сол қызыңды...” — дедi. Сосын азырақ сабыр қылғанды жөн көрдi.

* * *

Page 132: Uli Sel 2 tom

Қалдыбай бұлардың жүрiсiн бiрден-ақ ұнатпаған болатын. Олар келген бойда, бiр жiгiттi жақын маңда отырған Жәнiбекке тез жұмсаған. Ал Ақкербездi ер кiсiше киiндiрiп, ауыл сыртындағы қалың тоғайдың арасына екi-үш жеңгесiмен жасырып қойған едi. Ендi ол әлденеге батылданып, Нақыпқа күле қарап:.

— Апырмай, о қу ұстатпай кеттi, ә?! — дедi. Нақып басын көтерiп алды:— О кiм?— Ана Елмырзаны айтам да.Нақыптың түрi қап-қара боп кеттi. Ешкiмге тiс жарып айтпаған жағдайынан елдiң құлақтанып қалғанын аңдаса

керек, түрi заматында мың құбылды.Малдыбай жанжал шығып кетпесiн деп, сақалын қолымен тарамдап отырып:— Ояғын сұлтандардың өздерi бiледi де. Қара халықтың ондағы шаруасы не? — дедi. Мұнысы Қалдыбайға қой

дегенi едi.Бiрақ Қалдыбай қыңбады:— Ау, неге шаруасы болмасын? Соғымы мен сыбағасы сол қара халықтың мойнында емес пе? Төрелер соны ақтаса,

кеше Қазалы маңындағы шайқаста қайда қалды?Нақып қап-қара боп кеттi:— Әй, қысқарт!— Не, не? — дедi Қалдыбай сәл-пәл ыңғайланып отырып.— Қысқарт!— Сен, бала, байқа! — дедi Қалдыбай түсiн суытып. — Сенiң кешегi Жаппастарға iстеген ылаңыңды бүкiл ел-жұрт

бiледi. Әгәр сүйтем десең, бұл елден аман-есен кетпейсiң.— Ә, солай ма! — деп Нақып орнынан атып түрегелдi де, дереу қынындағы қанжарына жармасты.Қалдыбай да соны күткен екен, бiрден жолбарысша атылып барып, Нақыптың оң қолын қағып жiбердi. Оған болыса

берген бiр жасауылды iштен бiр тептi. Сосын Нақыпты есiн жидырмай, көтерiп алып ұрып, астына бүгерледi де, қанжарын жұлып ап, оның басын құбылаға қаратып:

— Мауыздайын ба осы?! — дедi кiжiнiп.— Ойбай, қой, — деп Малдыбай мұның қолына жармасты.— Бұ кiмдi басынады, а? Анау Арқадан ақ патшадан қашып кеп, өздерi бiзге дiкеңдейдi! — Қалдыбай оған жеркене

қарады. — Әттең, Абылайдың тұқымысың. Болмаса қан қылатын жерiм осы едi.Дәл осы кезде Малдыбайдың алты ұлы да есiктi арқаларымен жауып тұра-тұра қалып едi. Осы қалыптары өлмей

берiспейтiн кiсiнiң түрi. Нақып тез ақылға келдi. Бұл жағдайдан басқа жасауылдардың хабарсыз екенiн бiлiп:— Жақсы, менiкi кәтелiк бопты. Айыбым бар, — дедi.— Сенен айып даулайтын жағдаятым жоқ. Онан да кәзiр жөнiңе тай! — дедi Қалдыбай оны әлi де босата қоймай.

Көзiнен бұның сөзiне сенбеген сыңайы байқалып тұр.— Жақсы, онда келiстiк.— Сөзiңде тұр. Әгәр алдаймын десең, жердiң көтiне кiрiп кетсең де тауып алып, соямын, — дедi де, Қалдыбай оны

босатты. Қанжарын берген жоқ. — Мынау төреден қалған бiр белгi болсын.

* * *

Нақып қатты қорланды. Сыртқа шығып, жасауылдарына атқа қоныңдар дедi. Басқа бiрдеме айтуға қасынан қыл елi қалмай ерiп жүрген Қалдыбайдан сескендi. Мына палуан жiгiттiң осы қалпы кiм-кiмдi де аямас едi. Ол ендi айлаға көшкендi мақұл көрдi. Атқа қонып, былай шығып алғасын, шын ойранды қайтып кеп салмақшы. Ол сыр алдырмай:

— Ал жақсы, — дедi де атына мiндi. — Кеттiк! Жасауылдар дүркiрей жөнелдi.

* * *

Қалдыбай оның соңынан қарап тұрып:— Әй, залым! — дедi. Сосын жiгiттерге қарады. — Қылыш, найзаларыңды алып, дайын тұрыңдар!— Е, неге? Олар кеткен жоқ па?— Кәзiр-ақ қайтып келедi.

* * *

Шынында да, Нақып шамалыдан соң қайтып келдi. Бұ жолы екi жүздей жасауыл ұран тастап, бұл ауылды тапап өтетiндей боп, алыстағы төбеден берi қарай құлап келедi. Малдыбайдың зәре-құты қалмады. Қалдыбай бастаған жiгiттер дайын тұр едi. Дәл осы кезде басқа бiр жақтан шу шықты. Қалдыбай сол жаққа жалт қарап, жүзi жарқ ете қалды:

— Е, жеттi ме?!— О кiм? — деген бiрнеше үрейлi дауыс қатарынан шықты.— Жәнiбек қой!— Иә, ақсарбас, — дедi Малдыбай сүйiнiп.

* * *

Page 133: Uli Sel 2 tom

Алдағы биiк қоңыр төбеден бермен қарай заулап келе жатқан қалың қолды көрiп, жасауылдар ат басын ерiксiз iрке бердi. Мыналардың Жәнiбектiң қолы екенiн аңдаған Нақып ендi кешiксе бiр кәтердiң болатынын бiлiп, әрi олардың қарамының өздерiне қарағанда көп екенiн көрiп, табан астында жүзi қап-қара боп кетiп, даусын шығара бiр боқтап:

— Қап! — дедi де, атының басын керi бұра бердi: — Тарттық!

* * *

Жасауылдардың кетiп бара жатқандарын көрiп, Жәнiбек iшiнен шүкiршiлiк қылды. Ол жүз қаралы жiгiттi аттарынан түсiрмей, келген бетте ауылды айнала қоршап тұрғызды. Арада бiраз уақыт өттi. Жасауылдар бiр-екi қырдан асып кеткеннен кейiн барып, қайын атасының ауылында кiдiргендi жөн көрмей, Жәнiбектiң ауылына қайтқысы келдi. Оған қарсы болған Қалдыбай:

— Тоқтай тұр! Олардың қайта айналып соғуы мүмкiн, — деп оны кiдiрте бердi.Сол арада күн де батты. Малдыбайдың алты ұлы ендi билiктi өз қолдарына алып, көмекке келген қолға арнайы

қонағасы бермек боп, оларды аттарынан түсiрiп, бiрнеше малды сойдырды да тастады. Жәнiбек Малдыбайдың үлкен баласының үйiне түстi. Соны көрген қатындар тамақ тасып, зыр жүгiрдi. Түннiң бiр уағы болғанда Жәнiбекке төсек салдырды да, Қалдыбай орнынан тұрып Малдыбайға келдi. Ол түсi жаңа ғана ене бастаған шалдың жүзiне бiрiншi рет тура қарап тұрып:

— Көке, артық айтсам айыпқа бұйырмаңызз. Мына заманның ажарын байқап отсың. Аумалы-төкпелi бiрдеме болғалы тұрған сықылды. Бұрынғыдай ырғап-жырғайтын заман емес. Айтқанымды қылсаң, жиен қарындасымды құтты жерiне тездетiп қондыр! — дедi.

Iрi мiнездi шал артық сөзге келмедi:— Болсын! Бар билiгi өзiңде! Кәзiр ұзатып жiберсең де еркiңде!

* * *

Қайып хан Нақыпты жолдан күтiп алды. Мән-жайға қанды. Ендi кiдiргендi мақұл көрмедi. Ешкiмге назар салмай, жапан жатқан құла дүзге қарап:

— Бұ да құданың жазуы шығар! Бөрi азығы жолда деген. Тарттық! — деп атын тебiнiп қалды.

Сүйтiп, 1846-ншы жылы Қайып хан Сыр бойынан түскей жаққа қарай ауып кете барды.

34

Жәнiбек қалыңдығын апыр-топыр түсiрем деп еш ойламаған едi. Бәрi де аяқ астынан болды. Қасқырбай бастаған бiр топ жiгiттi ертiп қайнына барды. Әке-шешесi сән-салтанатымен бөлек топ боп жүрдi. Олар келген күнi демалды. Ертеңiне ұлан-асыр той болды. Малдыбай жақын жердегi барлық ауылға хабар жiберген екен. Ертеңiне жақын-жуық, тамыр-таныс, жамағайынға дейiн бiрi қалмай келе бастады. Бай ауылы тойға деп арнаған үйлердi қатар-қатар тiгiп тастаған екен, келген меймандар сонда жайласты. Алғашқы үш күн бойы палуан күресi, жамбы ату, жаяу жарыс болды. Төртiншi күнi ат бәйгiсi басталды. Онда тағы да Нияздың Қаракөгi бас бәйгiнi алды. Содан кейiн келген м еймандарға қонақасы берiлдi. Малдыбай сойысқа деп мал аямады. Табақ-табақ ет, саба-саба қымыз әр үйден узiлген жоқ.

Ендi ақсақалдар бас қосқан жерде жырау жырлады. Тойға деп Малдыбай өзiне нағашы жағынан iлiк-шат ысы бар, Қуаңның күнгей жағын жайлайтын Бозғұл Сарыбай Әзiлкеш жырауды шақырған екен. Орта жасқа келген, сақал-мұртын әдемiлеп қойған, өз бойын күтiп ұстайтын жырау “Көрұғылы”, “Зарқұм”, “Дариға қыз” деген қиссаларды жадқа бiледi екен. Шалдар өз таңдауын айтқасын сүрелi қиссаға жырау кiрiсiп те кеттi. Өзiнiң даусы майда, құлаққа аса жылы тиедi. Домбыраның iшегiн бос бұрап, дауысты көп қинамай, сазбен соза айтады. Жырауға лыпылдап кiрiп-шығып жүрген келiншектер қызыл шай әкеп берiп кетедi. Түннiң бiр уағы болғанда жырау аздап тыныс алды. Содан кейiн мақтау басталды. Жас жiгiттер жеңгелерiн мақта деп, жыраудың алдына қалталарынан алып алтын сақина, күмiс бiлезiк, дүр-гәуһар тастасты. Жырау әлгi жеңгелерiн жанынан өлең шығарып, тасырта мақтап бердi. Арасында күлкiлi тұс та баршылық. Халық күлкiге қарық боп, кеуiлдерiн бiр көтерiсiп қалысты. Содан кейiн арналы қисса қайтадан басталып кеттi.

Нияз Әзiлкеш жырауды тыңдаған сайын мың рет құбылды. Әсiресе, оның жырлау мәнерiне қызықты. Әуелiде жай басталып, келе-келе қызып шыға бастаған дауыс таң бозында мүлдем күшейiп кеткен едi. Қалғып бара жатқан кiсiлер ара-арасында селк етiп, бастарын көтерiсiп қалады. Көрұғылының қиыншылық көретiн тұсында шалдар жағы мырс-мырс етiп жылап алады. Кемпiрлер жағы да әлсiн-әлсiн жаулықтарының ұштарымен көздерiн сүрте бередi. Соның бәрiн байқап отырған жырау ендi тынысы ашылып, су шайқалмас жорғаша тайпала бастады. Нияз оның мына қалпына қатты қызықты. “Мен осы не қарап жүрмiн? Дүния күйiп кетсе де, мына жыраудың қасына ерiп жүрейiн,” — деп iштей бiр ойға бел буып та алды.

Ертесiне Әзiлкеш жырау мұның даусын, домбыра қағысын байқап көрiп:— Қарағым, талабың бар екен. Аздап мектеп көрмепсiң. Қасыма ерiп жүрсең, бәрiн де үйренiп аласың ғой, — дедi.Нияз қуанып кеттi:— Ергенде мен ерейiн!Жәнiбек ойланып қалды. Мына дауыстың ертең-ақ құмға сiңген суша жоқ боларын бiлдi. Сонда осы үрдiстi кейiнге

мирас қып алып қалатын кiм? Осы жас жеткiншектер емес пе? Ендеше соларға арнап неге мектеп ашпасқа? Мектеп демекшi, осы балалардың бәрi бiрдей бiлiмдi ме? Ендеше неге соны қолға алмайды? Бұхарада оқып-тоқығанын мына кейiнгi жасқа неге үйретпейдi? Оның ойы сан-саққа жүгiрдi. Бүйтiп әркiмдермен жағаласып жүргенше, өзi аулында неге мектеп ашпайды? Шынында да, өзi ойланатын нәрсе екен...

Жәнiбек Әзiлкеш жырауға қолқа салды. Өз аулында болатын тойда да жырлаңыз дедi. Нияз бұған қатты қуанды.

Page 134: Uli Sel 2 tom

Бiр-екi күннен кейiн қыз ұзатылды. Ақкербездi тайпалған жорғаға мiнгiзiп, қасына қырық шақты нөкерiн ертiп, жасауға толы үлкен көш Қуаң жақты бетке алды. Ертесiне Жәнiбек аулында да ұлы той болды. Сардар Ақкербезге деп бөлек отау тiктiрген едi, оны сонда түсiрдi. Айжамал осы арада тырыспай, шын бәйбiшелiк көрсеттi. Күндесiн емес, өз сiңiлiсiн көргендей, қабағын бiр шытпай, той жабдығын басқарып-тексерiп жүрдi. Жәнiбек оған ырза бола қарады. Бұрын оны от басынан бойы аспастай көретiн. Ендi салиқалы мiнез көрсеткенiн байқап, бiр жасап қалды.

Той кәдесi бiткесiн, Жәнiбек Сарыбай Әзiлкеш жырауға ат мiнгiздi, үстiне Бұхарадан алып келген атылас шапан жапты, жетегiне екi жабағыны ерттi. Ол ырза боп аттанды. Нияз онымен бiрге кеттi.

Сол түнi Жәнiбек жас әйелiнiң отауында қонды. Ақкербез өте ұялшақ еқен. Мұның қасына қысыла-қымтырыла жатты. Жәнiбек оның шашынан иiскедi. Одан Бұхараның әтiрiнiң исi шығады екен. Өзi қысылып, керi шегiндi. Жәнiбек қозғалмады. Iштей дұға оқып, осы қалпына шүкiршiлiк қылды. Кешегi шайқаста жарадар болған жерiн ақырын сипап қойды. Кәзiр жара қарақотырланып келедi. Соны сездiрмейiн деп, Ақкербезге қарап жатты. Ол ендi үркектеген жоқ. Жәнiбек кеуiлi шалқып, iшкен қымыздан бойы балқып, оны құшақтай алды...

Ол бiр ай бойы бар дүнияны ұмытты. Шаруаға араласқан жоқ. Күндiзгi ермегi — кiтап. Араб, фарсы шайырларының махаббат туралы өлеңдерiн оқиды. Содан қала бердi, “Мың бiр түн”, “Шәһнама” сияқты кiтаптарға ауысады. Ондағы қызық хиқаяларды қазақшалап, Ақкербезге айтып бередi. Ол көзi мөлдiреп, бұған қарай бiр ысырылып отырады. Ендi бiрде бұл Рүстем мен Рудабаның жайын ұзақ әңгiме етiп кетедi. Сондайда қиялы Аджам‚ Бағдат, Басра, Мысыр, Шираздарды шарлап қайтады. Содан ауыса келе дiни әңгiмелерге көшедi. Мұхаммад пайғамбардың еткен ерлiгiн, Әзiретi Әлидiң хикаяларын бiр бап әңгiме қылады. Одан Кербаланың шөлiнде шөлдеп өлген Хасан мен Құсайынға ойысады. Мұның осындай әңгiме айтатынынан құлақтанған жұрт ендi жаңа отауды басып салатын болды. Ондайда Ақкербез мұның жанына жоламай, ырзашылығын көзiнен бiлдiрiп‚ ас қамымен жүгiрiп жүредi.

Сондай әңгiме қызып жатқан бiр кезде Елдес келдi. Ол төрге отырар-отырмастан:— Ау, өзiң өнер аша бастапсың ғой, — деп күлiп қойды.— Iш пысқасын, — дедi бұл қысылып.— Iшiң пысса, бұл өзi таптырмайтын ермек, — дедi ол мырс-мырс күлiп. — Сен өзiң нағыз молда бола бастапсың.

Ендi мешiт сал да, бала оқыт. Балаларымыздың тiлiн сындыр.— Ә, ашса несi бар, — дедi Әлжан қыстырылып.— Жоқ, мен шын айтып отырмын. Жаман айтпай, жақсы жоқ деген, ертең Құран оқитын бiреу де керек қой.— Оның рас, — деп Жәнiбек ойланып қалды. Кеше басына түскен ойды таразылап көрдi. — Шынында да, мектеп

ашқан жөн-ау!— Бiр қараүйдi аяйсың ба, соны тiктiр де, мектеп қыл!— Қараүй дейсiң, ә?! — Жәнiбек оған қарады. — Одан да, мына Бұхарадағыдай... мәдрәсәның өзiн ашса ше?— Ау, керпiштi қайдан аласың? — Елдес күле қарады.— Сол Бұхараның өзiнен алмайым ба? — Ол ойланды. — Өзi солай екен-ау! Екi рет керуен тарттырсам өзi...— Жарайды, оны көптеп-көлемдеп бiрдеме етермiз, — деп Елдес мұны тақымынан басып қойды. — Сен ғой осы

оқудың түбiн тауыстың. Ендi мына жүрiсiң не?— Иә, не?— Несi сол, молла болдың екен, болған сияқты болу керек қой. Сенiң орныңда мен болсам, баяғыда-ақ Мәкәға барып

қайтар едiм.— Онсыз да баруыңа болады ғой. — Жәнiбек ойланып қалды: “Шынында да, өзi... Ояқты да көрiп қайтқан жөн-ау!”Елдес қонақасысын жеген соң, аулына тартып кеттi. Кетерiнде Елмырзаның Бұхара асқанын, Захваткиннiң Қазалыда

мықты қамал соқтыра бастағанын айтты. Жәнiбек ендi оның өзiне оң көзiмен қарамайтынын бiлдi. Не десе де жер аяғы алыстау, оның құрығы жете қоймас Қызылдың iшiне дендеп кiре түскендi мақұл көрдi. Сол қамшы боп, әкесiмен ақылдасты да, түгелдей Сағынай, Мамырай ауылдары боп Қызылға iшкерiлеп барып iрге тептi. Малдыбай ауылы да бұларға жақын кеп қонды. Ендi Жәнiбек алған ниетiне шындап кiрiстi. Қасқырбай бастаған қырық түйелi керуендi Бұхарадағы танысына хат жазып берiп жiбердi. Олар екi ай дегенде Бұхараның қыш керпiшiн артып әкелдi. Қасқырбайлар қайтадан кеткесiн, бұл осы төңiрекке дәрпi жайылған бiр ұстаны шақырып, мешiт соқтыра бастады. Оны Қызылдың құм суыра қоймас, ықтасыны бар, қолайлы жерiне салдырды. Екiншi керуен келгесiн, бар жұрт асар сап, бiр айға жеткiзбей, мешiттi салып та бiтiрдi. Күмбездiң төбесiне айшығын орнатып, сыртын қырнап-жөндеген соң, мешiт әп-әдемi бола кеттi. Ол бiткесiн Жәнiбек жақын жердегi Бозғұл, Кете, Аспан ауылдарын шақырып, той жасады. Өзi жұртты бастап кеп, Құран оқып, бисмилла деп бiрiншi боп iшке кiрдi. Жұртқа михрабты көрсеттi. Дiндәр шалдар ырза боп:

— Өй, өркенiң өссiн! Көп жаса!— Ендi бiздiң балларымызды оқыт!— Дiн исламға бой сұнсын! — дедi.Шiлденiң ақырына таман Жәнiбек аулында жиырма шақты бала оқып жатты. Қағаз-қалам жетiспегесiн, Жәнiбек

Қасқырбайды қайтадан керуен тарттырып, Бұхараға жiбердi. Осы жолы ол Бұхара әмиратының Бас муфтиiне жолыға келiптi. Ол бұның мешiт ашқанын мақұлдап, арнайы хат жазып жiберiптi. Жәнiбектiң бұдан кеуiлi едәуiр өсiп қалды. Ендi ұстаздық етуге шын ықыласымен кiрiсiп кеттi.

Сондай бiр күнi бұған Құлқа батырдың қайтқанын айтып, хабаршы келдi.— Иманды болсын! Жақсы кiсi едi! — дедi бұл күбiрлеп дұға оқып болып.Ел-жұрт тегiс жиналып, Құлқа батырды өзiнiң ата-бабасы, қыдыр көрген Есiм, атақты Жабағы би жатқан көне

қорымға ақ жуып арулап қойды. Жәнiбек онда жетiсiн бергенше айналды. “Құран” хатым қылуға келген Әбдіржан молланы мал берiп, өзi ырза қылды. Құлекеңнiң қырқына деген малды Мамырай көтердi. Содан ауылына келсе, тусi бөтен бiрнеше аттың тұрғанын байқады. Ат әбзелi Қаразым жұртының әбзелiне ұқсас. Бұл Хиуадан келген шабар екен. Одан Жәнiбек мән-жайға қанды. Ұлы хан Мұхаммад-Инақ Уәйiс-Ниязды жазалап, дарға асатын болыпты. Сол түнi Уәйiс-Нияз зынданнан қашып шығыпты. Ендi оның қайда жүргенi бимәлiм. Ұлы хан кәзiр Насрулламен мәмiле жүргiзiп жатқан көрiнедi. Арғы ниетi Сыр бойына қайтадан әскер төгiп, ақ патшаның алдын бөгеу сықылды. Соған қатынасатын қазақтарға Жәнiбек сардар басшы болсын дептi. Сүйттi де, ол ұлы ханның бұған сыйлап берiп жiберген алтын жамбысын ұсынды. Жамбыны алып жатып, бұл:

— Қайдам. Көрейiк, — дедi де қойды.

Page 135: Uli Sel 2 tom

Ол кеткесiн, Тоғанақ батырдан шабар жеттi. Оның айтуынша, Орынбордағы күбiрнәтiр Қаракесектердiң үйлерiн өртегенi үшiн Захваткинге кейiптi. Оған тез арада көтерiлiс жасаған ру басыларымен татулас дептi. Ендi ол Қазалыға осы маңдағы бүкiл ел басшыларын, ақсақал, қарасақалдарды шақырып жатқан көрiнедi. Соның санатында Жәнiбек те бар. Тоғанақ батыр бұған, барар болсақ, бiрге жүргенiмiз мақұл, дептi.

Жәнiбек ойланып қалды. Балаларды оқытып отырып та, ойы бөлiне бердi. Ақыры шақырған жерге барғанды жөн көрдi. Сүйтiп, қым-қуыт өмiр мұны қайтадан өз ағысына ертiп ала жөнелдi.

35

Қазалыдағы жиын ұзаққа созылмады. Жаңа қамалдың iшiне ұзыннан-ұзын үстел қойған екен, соның екi жағына жиылған ру басыларын орналастырды. Әуелгiде орындыққа отырып көрмеген олар көпке дейiн үйренiсе алмай қойды.

Әбдiраман күңк еттi:— Бала, ағаш қазыққа осы мiнгенiмiз мiнген шығар.— Айтпа, — дедi Дүзбай басын төмен салып жiбрерiп. — Ана орыс ұлық неге сонша ырғалып-жырғалып жатыр?

Болмай ма екен?— Мен де сүйдеп отырмын. Бiр кәкiр бар сықылды.— Бәрiмiздi ұстап ап, жанымызды жаһаннамға...— Қой, айтпа, — дедi Әбдiраман шошып.Сол арада ағаштан соғылған тамнан Захваткин, Тортай, Қаратайлар шыға келдi. Олар үстелдiң басқа жағына

жайғасты. Сол арада қызметшiлер жүгiрiп жүрiп, меймандардың алдарына табақ-табақ еттi әкеп қоя бастады. Жәнiбек Тоғанақ батырмен қатар отырған. Тоғанақ бұған қарап:

— Мынасы... арам-алыстiкi емес пе? — дедi.— Түрi сиырдың етi сияқты.Жәнiбек iштей тiксiнiп қалды. Сосын бүгiнгi естiген бiр сөздiң жағдайын ойлады. Бағана бұл Тортайдан

Қаракесектердiң үйлерiн өртегенi үшiн Захваткиндi Орынбордың генерал-губернаторы жерден алып, жерге салғанын‚ мына талаптың соны ушықтырмай, ел жақсыларының аузын алудан шығып жатқаны екендiгi жайлы естiген едi. Соны бұл бағана Тоғанақ батырға айтып едi, ол қабағын түйiп, ұзақ ойланып отырып:

— О да жөн шығар, — деген-дi.Тамақ келiп болғасьш, Захваткин орнынан түрегелдi. Күлiмсiреген қалпы:— Құрметтi қонақтар! — дедi. Оның сөзiн жанында тұрған Тортай тез-тез қазақшалай бастады. — Сiздердi ұлы

Россия империясын билеушi ұлы ағзамның атынан қош келдiңiздер деуге рұхсат етiңiздер! Ендi сiздер ұлы Россия империясына қарасты бұратана халықтардың санатындасыздар. Сiздерге Хиуа ханы ендi батып тиiсе алмайды. Бiз сiздердi ондай жаулардан мәңгi-бақи қорғаймыз. Ал өз жағдайымызға келетiн болсақ, бiз сiздерден тек қана тыныштық сақтауды, ақ патша әмiрiне бой сұнуды, көрсетiлген жерлерден әрi қарай көшiп-қонбауды ғана талап етемiз. Сiздер кейбiр ағылшын жансызданың сөзiне ермеңiздер. Олар ұлы Ресей империясының мақсат-мүддесiне зиян тигiзудi ғана ойлайды. Оларға тiлектестер бiзге дос емес. Бүгiн сiздердiң бастарыңызды қосып отырғандағы мақсат...

Әр жағын Жәнiбек жөндеп тыңдамады. Оған ұнамағаны Захваткиннiң көкiрегiн кере бергенi болды. Мына араны ата-бабасы қоныс еткен ел-жұрт болған-ау, оның да үрдiсi, дiнi, тiлi бар-ау деген ой басына да кiрiп шықпайтын тәрiздi. Басқадан пана боламыз деп баспанаңнан қағылмасаң не еттiң? Әлде мұның басқаша астары бар ма?

Ол сөйлеп болғасын, осы арадағы ел-жұрт атынан Ережеп сөйледi. Ол татулық, ауыз бiршiлiк туралы қысқаша айтты да қойды.

Содан кейiн қонақасыны жеу басталды. Шалдар жағы ұялғанынан қолдарын етке бiр-бiр апарды да тиылды. Мұны байқаған Қаратай сұлтан:

— Ақсақалдар, алыңыздар. Бұл сиырдың етi. Сiздерге арнап әдейi сойғанбыз, — дедi.— Басын құбылаға қараттыңдар ма? — дедi дөңкиген бiр шал оның сөзiне сене қоймай.— Оған не сөз бар. Мұны осындағы мұсылман татар, башқұрттар сойды.— Е, е, — дедi әлгi шал сенер-сенбесiн бiлмей.Оның сөзiн Тортай қазақшаға тәржiмалап отырған. Кенет Захваткин белең алған атша басын кегжең еткiзiп,

қарқылдап күлiп жiбердi. Қаратай тыжырынды. Сол екен, Захваткин ыңғайсызданып қап, күлкiсiн тия қойды.Тоғанақ қабағының астынан қарап қойып:— Мынауың... өзi, — дедi Жәнiбекке.— Ендi... бiр елдiң басшыларының бiрi ғой. Сол арада Қаратай сұлтан сөйлеп, ақ патшаның қамқоршылығында отырған басқа да мұсылман елдерi туралы айтып

өттi. Оның сөзiнше, ақ патша майда халықтарға қиянат жасамайды, қайта оларды бауырына басып, бөтен күштi, жаугер тайпалардан қорғап отырады. Сыр бойы қазақтарын да Хиуа мен Қоқанның тепкiсiнен қорғамақ.

— Сонда елдi кiм басқарады? — дедi сол арада Тоқым тыққан Қаратамыр Қыстаубай батыр қаттырақ сөйлеп.— Ол... кейiн белгiлi болады. Әзiрге бiз мына ұлыққа қараймыз.— Алым-салық төлеймiз бе?— Ояғы... онша көп емес.— Е, солай де. Бiздiкi, әйтеуiр, беру болды ғой, — деп Ақтан батыр жанындағы бiр кiсiнi тұртiп қойды.— Менiң сұрағым, ақ патша осымен тоқтай ма, әлде iлгерiлей түсе ме? — дедi Жәнiбек алғаш рет үн қатып.— О жөнiнде ештеңе айта алмаймын. Оны ақ патшаның өзi бiледi.— Е, жөн екен.Қонақасыдан кейiн ел-жұрт қайтпақшы болды. Сол арада Захваткин ру басыларына бiр-бiрден грамота бердi. Бұл

олардың Ресей патшалығының абызында екенiн, оларға басқа ешкiмнiң батып тиiсе алмайтындығын, тиiссе, оның ұлы Ресейге тиiскенiмен пара-пар екендiгiн көрсетуге тиiс. Сосын ол әр елдiң ақсақал, қарасақалдарына шапан жауып, ырзашылығын бiлдiрдi. Ел тарқай бастады.

Жәнiбек Майлыбасқа дейiн Тоғанақ батырмен бiрге келдi. Батыр үнсiз. Қабағы салбырап түсiп кеткен. Соны көрiп Жәнiбек те ештеңе дей қоймады. Бiраздан соң батыр:

Page 136: Uli Sel 2 tom

— Қызық-қызық заман болғалы тұр-ау! Қайдам, ел-жұрт аман болса, жарады да, — дедi.— Ұшпақты орнатып тастағанына қарағанда... мен де...— Әй, — деп ол қолын бiр сiлтедi. — Ана сұлтандардың сөзiн қой! Қай бiр сенiң жайыңды ойлап отыр дейсiң. Бәрi

де бас қамы ғой!— Айтпақшы Елмырза төре неге келмеген?— Оның жайын есiтпеп пе едiң? — Ол ер үстiнде қозғалақтап қойып, берi бұрылды. — Ол әнеу күнi қашқаннан

қашып отырып, Бұхара арқылы Хиуаға барыпты. Оның Насруллаға барғанынан күдiк алған ба, Мұхәммәд-Инақ хан оны зынданға тастатыпты.

— Қойшы?! — дедi Жәнiбек шошынып. — Рас, рас. Соны сұлтанның аулын берi көшiрiп келген Шатай айтыпты.— Қап, пақырға қиын болған екен, — дедi Жәнiбек әлденеге оны аяп. Сосын есiне жақында ғана Хиуадан келген

шабар түстi.— Бала, солай. — Ол берi бұрылды. — Ал мына туралы не ойлайсың?— Төке, шынымды айтсам, осының бiрiне де түсiне қойған жоқпын. Ауызша айтыла бередi ғой. Бөтеннен пайда

болады дегенге, өз басым, онша сене қоймаймын. Тiзгiнi өзiнде болмағасын, қандай жүйрiк ат та мүсәпiр; ол үстiнде отырған қожасының айтқанына қарай жүрмей ме?

— Оның рас. — Батыр күрсiндi. — Ақырын Алладан тiлейiк. Әйтеуiр, ел-жұрт аман болсын де.Тоғанақ батыр Жаңадария жағындағы өз аулына қарай кеткесiн, Жәнiбек Кеңтүптiң тұсынан Сырдан өтiп алғанды

жөн көрдi. Қасқырбайды жанына ерткен қалпы салқа жорта отырып, Кеңтүпке құлай бердi. Сырдың бұл арасы бергi жағасы тiкжар, қарсы бетi жайылма ендi едi. Тас төбеге келген күн сәулесi жалтырап ағып жатқан айдынның бетiне шағылысып, жылт-жылт етiп, көздi қарықтырады. Дарияда аздап толқын бар екен. Бұлар қара төбеден түсiп, дайра жағасына жете бергенде, Оқшы жақтан төбесiнде қара түтiнi бұрқырап келе жатқан әлдененi көрiп, ерiксiз тiзгiн тартты.

— Анау немене? — дедi Қасқырбай қолын шошайтып.— Ит бiлсiн, — дедi бұ да сояққа қарап тұрып.Әлгi келе жатқан кеме боп шықты. Оның сырланған темiр сауыты күн нұрына шағылысып, төбесiндегi дөңгелек

тұрбадан қара түтiнi будақтап, өрге қарай жүзiп барады. Оның бас жағында бiр кiсi дүрбi салып, берi қарап тұр. Үстiңгi жақта әрi-берi жүгiрiп жүрген кiсiлер көзге шалынады. Кеме дарияның қатты ағысын, шығуы қиын өрiн елемей, тартып барады.

Қасқырбай шошып қалды:— Жәке, мынау орыстардың кемесi! Байқайық!— Е, олар бiзге нағылады?— Сонда да дегенiм ғой.Темiр кеме iлгерi қарай жүзiп отырып, Байқожа жағына қарай кете барды. Ол сәлден кейiн тiкжар жағадан әрi асып,

көрiнбей кеттi. Бұлар таңырқап, не iстерлерiн бiлмей, жаңа ғана жүзiп өткен кемеден лықсып кеп жағаға соғылып жатқан сарғыш та ылайлы толқындарға қарап, сол арада бiраз тұрды. Аздан кейiн жағаға соғылған толқын тиышталды да, керiлген айдын бұрынғы самарқау қалпына көштi.

Олар ендi дарияны жағалап отырып, арғы жағасы жайпақтау жердiң қарсы бетiне кеп тоқтап, аттарынан түстi. Сосын өздерi шешiнiп, аттардың тiзгiндерi мен ноқталарын мойындарынан шешiп ап, бәрiн ердiң артқы жағына байлауы тұрған қоржындарына тықты да, судан шошыған екi атты жәйiмен қақпайлай отырып, суға түсiрдi. Содан кейiн қолдарымен таралғыдан ұстап, аттардан қалыспай, бiрде малтып, бiрде аяқтарымен шолпылдатып қойып, арғы бетке қарай өте бастады. Су жылы екен. Жүзгiш Қалдыбай салған беттен өз атын демей отырып, бұдан бiраз жерге дейiн озып кеттi. Соған қарап қойып, Жәнiбек те таралғыны қолынан жiбермей, ақырындап малти бердi. Аздан кейiн сарылдаған қатты ағыс бұларды ықтырып әкеттi. Пырылдап, жүзiп келе жатқан аттар қарулы едi, ақыры арғы бетке бiраз жерден ығып барып шықты. Арғы беттегi жағаға тақап кеп, бой барын бiлгесiн, Жәнiбек аяғымен жер тiреп тұра қалды да, ендi жануарды сауырынан қақпайлай отырып, жайпақ жағаға шығарды. Жануар аяғы жерге тигесiн, дүр-дүр сiлкiнiп, үстiндегi мөлдiрген моншақтарды жан-жаққа шашып жiбердi. Сосын басын жерге салып, ығалды жерге өскен қоғаны шөпсiнбегендей иiскедi де қойды.

Жәнiбек қоржынынан киiмiн алып, тез киiндi. Сосын осы кезде өзiне қарай келе жатқан Қалдыбайға қарап қойып, атының ноқтасы мен ауыздығын салды да, үзеңгiге аяғының ұшын сұғып, ерге ытылып барып мiндi. Содан екеуi ауылды бетке ұстап тартып кеттi. Жолшыбай бұл жаңа ғана өздерi көрген кеме жайында ерiксiз, қайта-қайта ойлай бердi. Мұның байқауынша, әлгiндей темiр кемесi, зеңбiрегi мен мылтығы бар, бес қаруы сай ақ патшаға Қоқан мен Хиуа хандарының қарсы тұра қоюы қиын. Ондай жауға бiр ғана садақ, сойылмен не iстей аласың? Ертең олар Сыр бойын басып алса, қандай қайрат көрсетесiң? Оған етер не амалың бар? Одан кейiн тiршiлiк не болады, деп аңырып, ол дел-сал болды. Кiмнiң жағына шығарын, кiмдi паналарын бiлмей, мынадай тығырықтан алып шығар жолды көрмей, тұйыққа тiреле бердi.

Жәнiбек араға екi қонып, үшiншi күнi дегенде аулына келдi. Бұл кезде жиналып қалған жас шәкiрттерi мұның келуiн асыға күтiп отыр екен. Жәнiбек сол күнi демалды да, ертеңiне Бұхараның мәдрәсәсында көрген үлгiнi ұстанып, балалардың қолдарына ұштарына бiр жапырақ қағаз қадалған шилердi ұстатты да, араб әрiптерiн үйрете бастады. Сәлден кейiн мұның айтқан дыбыстарын қайталай, тiл сындыра бастаған балалар шуылдап, тиыш тұрған ауылды ың-жың ғып жiбердi.

Жәнiбек содан бiр ай бойы ауылдан ұзап шыққан жоқ. Шiлде өтiсiмен ораза басталды. Ауыз бекiткеннен кейiн, балаларды бiр айға дейiн өз ауылдарыңда бола тұрыңдар қоя бердi. Сосын өзiне көмекшi керектiгiн бiлiп, Қасқырбайды жұмсап, Бұхара жақтан бiр өзбек жiгiтiн алдырды. Ол Мир-Араб мәдiрәсәсында талиб екен. Жаз айларында пұл табу үшiн қазақ ауылдарына барып, муаллимдiк етедi екен. Ақысына келiсiп, Жәнiбек оны өзiне көмекшi етiп алды.

Хиджраша зул-хиджа айы жақындаған сайын Жәнiбектiң кеуiлi әлденеге ауырлай бердi. Қолында тұрған өз елiнiң тiзгiнi түн баласында тиыштық таптырар емес. Ертеңгi күнi не болады деп қатты толғанды. Бұхара, Қоқан, Хиуа хандары ақ патшаның жолына кесе-көлденең тұра ала ма? Жер-жаһанды қаһарымен тiтiретiп, исi Шарқыны сұраған Баб Әли жұрты бұ жайында не ойлап отыр екен? Ажам жұрты ше? Соның бәрiн мұның көзiмен көргiсi келдi де тұрды. Бiр ойынша, Мәккәға, Мәдинәға барып, пайғамбардың басына зиярат етiп қайтқанды жөн көрдi. Ақыры сол қамшы боп, керуендi тез жасақтады да, бiр жұмадан соң, қатын, бала-шағасымен қоштасып, Бұхараға аттанып та кеттi.