23
ҚР денсаулық сақтау министрлігі СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Қазақстан тарихы және жалпы білім беру кафедрасы Пән: Экономика Тақырыбы: Мемлекеттік қаржы және бюджет Орындаған: Шеризатова Ә .Ж ЖМФ, 112 топ Тексерген: Рымбаева Т.А Семей қаласы

срс экономика мемлекеттік бюджет

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: срс экономика мемлекеттік бюджет

ҚР денсаулық сақтау министрлігіСЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан тарихы және жалпы білім беру кафедрасы

Пән: ЭкономикаТақырыбы: Мемлекеттік қаржы және бюджет

Орындаған: Шеризатова Ә .Ж ЖМФ, 112 топ

Тексерген: Рымбаева Т.А

Семей қаласы2014жыл

Page 2: срс экономика мемлекеттік бюджет

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Мемлекеттік бюджет, оның құрылымы және қызметтері.

2.2. Несие нысаны, қызметтері және түрлері.

2.3. Банктер, қызмет атқару түрлері.

2.4. ҚР-ның фискалды саясаты туралы.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Page 3: срс экономика мемлекеттік бюджет

Кіріспе

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

Page 4: срс экономика мемлекеттік бюджет

Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті  үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау  парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады

Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды. Құндық бөліністердің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

1) мемлекеттік жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;

3) қоғамдық өнімдің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құнды бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.

Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.

Page 5: срс экономика мемлекеттік бюджет

Бюджет құрылымы - бұл бюджет жүйесін құрудың кағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-дажерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер.

Унитарлың (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердін оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. 

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типі мен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер:

республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі,

атқарылады және дербес болып табылады.

Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады. Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Бюджеттік практикада «шоғырландырылған бюджет» үғымы қолданылады. Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының

Page 6: срс экономика мемлекеттік бюджет

Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады.

Облыс бюджеті - өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры.

Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін. Мемлекеттік төтенше бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және осы мерзім ішінде қолданыста болады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасынын, Парламенті дереу хабардар етіледі. Мемлекеттік төтенше бюджеггің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті орғандардың бюджеттері туралы мэслихаттар шешімдерінің қолданылуы токтатыла тұрады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қолданылуы токтатылысымен Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі.

1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одактас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сиякты, КСРО-нын мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкелік бюджеттер де камтылып көрсетілді. Ол одактық бюджеттен, 15 одактас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сактандыру бюджетінен тұрды. Одактық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.

1991 жылдың 17 желтоксанында Қазақстанның бюджет құрылысын анықтаған «Бюджет жүйесі туралы» бірінші заңға қол койылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді. Әр түрлі денгейлер бюджеттерінің бірлік кағидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын.

Page 7: срс экономика мемлекеттік бюджет

Қаржы - қоғамның белгілі бір ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс үрдісін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаржы – қоғамның белгілі бір ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс үрдісін қамтамасыз етуге бағытталған

Кез келген мемлекеттің қоғамының ақша ресурстарының құрамы немесе қаржылық жүйе:

Мемлекеттік қаржы;

Шаруашылық жүйесінің қаржысы;

Кәсіпорынның қаржысы;

Тұрғындардың қаржысы.

Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады және тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Мемлекеттік бюджет; зейнеткерлік

Банктік және мемлекеттік несие

Экономиканы тұрақтандыру қоры

Тұрғындарды жұмыспен қамту

Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры

Мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы

Валюталық, мемлекеттік салалық министрлік және ведомствоның қорлары

Шаруашылық жүйесіндегі қаржы: компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің ақшалай қаржысы.

Кәсіпорынның қаржысы: меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры.

Page 8: срс экономика мемлекеттік бюджет

Тұрғындардың қаржысы: шаруашылық, еңбек қызметтерінің негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржының, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесіндегі ақшалай қаражат.

Қаржы қызметтері:

1. Бөлу қызметі – ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік-мәдени шараларға, мемлекетті басқару мен қорғанысты дамытуға бағыттау.

2. Бақылау қызметі – бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тексеру.

3. Реттеу қызметі – экономикалық дамуды реттеуді мемлекеттің сыртқы тәсілімен жүргізгенде пайда болады және салық салғанда, несие саясатында, әр түрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде қолданылады.

4. Ынталандыру қызметі – кәсіпорынның экономикалық дамуын ынталандыру.

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде,  экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Құнның қозғалысы - бұл несие қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ, бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие — бұл ақшалай қажаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң кайтарылуын

Page 9: срс экономика мемлекеттік бюджет

баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе олар қайтарымысыз сипатқа ие.

Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз өте отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе теңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арасында да езара айырмашылық бар. Несие— бұл банктің қаражатын құрайтын кезі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір нысанын білдіретін кең ұғымды сипатайды. Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысанын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде, несие —  кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Қарыз беруші — қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші — бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарызберушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.

Қарыз алушы — бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды.

Page 10: срс экономика мемлекеттік бюджет

Борыш — бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы — бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше белігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Несиенің қызметтері:

қайта бөлу; айналыс шығындарын үнемдеу; айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру; капиталдың шоғырлануын жеделдету; ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.

Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражатгардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстагы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несйелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына жене телем айналымына да ықпал етеді.

Page 11: срс экономика мемлекеттік бюджет

Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндетгерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің кемегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі.

Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктін, несиелері есебінен қаржыландырылады.

Несие нысаны — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді

Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.

Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені — коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені — банктік деп атайды.

Қалған несиенің түрлері осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан туады.

Коммерциялық несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді

Коммерциялық несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің бұндай нысанының басты мақсаты — тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай калуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:

Page 12: срс экономика мемлекеттік бюджет

қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметгі сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;

коммерциялық несие тек қана тауар нысанында беріледі; қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты; коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз

мөлшерімен салыстырғанда төмен болады; қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи

түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардын, нысаны болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.

Несие жүйесінің негізгі буынын ─ банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді.

Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. «Банк» деген ұғымы италиян сөзі «bank» ─ орындық, «айырбас орындығы ─ айырбас орны» дегенді білдіреді.

Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:

Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

Page 13: срс экономика мемлекеттік бюджет

Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;

Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;

Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;

Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

Орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.

Эмиссиялық банк ─  ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол ─ елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары деңгейіндегі банк.

Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ  эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.

Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады,  яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге несиелейді.

Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.

Қазақстан респбликасының қазіргі банк жүйесі  екі деңгейлі:

Жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ ҚР-ның Ұлттық банкі

Page 14: срс экономика мемлекеттік бюджет

Төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.

Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз Тәуелсіздік алған соң КСРО Мембанктің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.

Қазақстан Ұлттық банкі заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өз қарамағындағы бөлімшелермен бірге біртұтас құрылым құрайды.

Ол республиканың кез-келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.

Қазақстанның Ұлттық банкінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасызету болып табылады.

Қазақстан Ұлттық банкіне сонымен қатар:

Қазақстанның экономикалық мен оның дүниежүзілік экономикаға кірігуіне қол жеткізу мақсатында ықпал ететін ақша айналысы, несие, банктік есеп айырысуды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекет санатын әзірлеу мен жүргізу;

Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақты болуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

Кредиторлар мен банк салымшылардың, сондай-ақ банктер мен басқа ұйымдардың қызметін реттейтін актілерді қабылдау және олардың орындалуын бақылау жолымен шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар, клиенттердің мүддесін қорғау жүктеледі.

Қазақстан Ұлттық банкі айналыстағы ақша көлемінің мөлшерін реттеу жолымен мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, банкноттармен тиындардың бірден бір элементі болып табылады. Республика аумағында банктер, еншілес банктер ашуға рұқсат береді. Банктердің, сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін қадағалайды және оларға пруденциалдық нормативтерді белгілейді. Ресми ставкаларды өзгерту жолымен банктердің проценттік ставкалары деңгейін реттеуді жүзеге асырады.

Page 15: срс экономика мемлекеттік бюджет

Валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыруға және валюталық операциялардың барлық түрлерін жүргізуге құқылы.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:

Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту; Несие беру; Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу; Төлем құралдарын шығару, Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру; Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни траст

операциясын жүргізу); Клиенттерге кеңес беру.

Банктердің экономикадағы маңызын олардың олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.

Соңғы   кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердің экономикадағы рөлі артуда.

Фискалды саясат - бұл экономикалық қызметті мемлекеттік шығындарды, салықтарды және мемлекеттік бюджет жағдайын ӛндірістің нақты кӛлемі мен тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және инфляция мен экономикалық ӛсуді жеделдету мақсатында мемлекеттік реттеу жүйесі болып табылады

Фискалдық саясат мақсаты ел экономикасының ӛнімділігі мен оны әр тараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың

Page 16: срс экономика мемлекеттік бюджет

басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.

Мемлекеттің фискалдық саясаты қаржы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады және мемлекеттің қаржы ресурстарын бюджетке шоғырландыруға және шағындарды реттеуге бағытталған әрекеттері. Фискалдық саясатты Үкімет, ал ақша-несие саясатын Ұлттық банк жүзеге асырады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының фискалдық саясатын жетілдірілу үстінде және шаруашылық субъектілерінің экономикалық белсенділігін арттыруға, өндіріс көлемін ұлғайтуға, мемлекеттің бюджеттік 2 қаражатын оңтайлы және тиімді пайдалануға бағытталған. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты инфляцияны шектеуге бағытталған, ақша массасының көлемі, ұлттық валютаның бағамы, бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы реттеледі.

Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасындағы басты мәселелердің бірі фискалды саясатты жетілдіру жәнеоны тиімді пайдалану мәселелері болып отыр. Осыған байланысты маңызды мәнге ие болады, басқа елдердің фискалды саясат тӛңірегіндегі теориялық және тәжірибелік тәжірибелерін зерттеу өзекті мәселеге айналып отыр. Кез келген елде экономикалық ойдың тұтас саласы бар -басқа елдердің тәжірибесін өз елін өркендету мақсатында пайдалануды зерттейтін шет елдердің экономикасы.

Америка құрама штаттарындағы 30-шы жылдардағы дағдарыс пен депрессиядан кейін бюджет пен фискалды саясаттың мемлекеттегі экономиканың жағдайына әсер етуші күшті факторға айналды. Қазіргі таңда шаруашылық саясатында федералды бюджет қаржылық тұрақтылық құралы және экономикалық өсуді ынталандырушы құрал ретінде жоғарғы белсенділікпен толықтыруда. Инфляциялық тенденцияны ырықтау қажет болған кезде салықтарды кӛтеру мен мемлекеттік шығындарды қысқартудағы жалпы әдістемесі бір қалыпты жағдайға айналды және керісінше, шаруашылық құлдыраумен күресу үшін салықтарды төмендету мен шығындарды көтеру жүзеге асырылды.

Сонымен нарықтық экономиканы реттеудің ақырғы нәтижелілігін көтеру үшін фискалды және ақша–несие саясатының үйлесімділігін пайдалану, атап айтқанда: нарықта мемлекеттік сатып алуды ӛтімділікті ұлғайту бойынша Орталық несие мекемесінің шараларымен келісу, ал ақшаның номиналды санын –салық салудың ӛсуімен немесе мемлекеттік шығындарды қысқартумен келісу арқылы жүргізу қажет. Аралас саясатты пайдалану қажеттілігі бірнеше альтернативті мақсаттарға бірденен жету қажет болған жағдайда да пайда болады. Тұрақтандырушы саясат бір немесе 3бірнеше комплементарлы мақсатқа жетуге бағытталғанда, фискалды және монетарлы саясаттар бір бағытта болуы мүмкін –екеуі де экапансиондық, немесе рестриктивті –осыған байланысты олардың үйлесімді әрекеттерінің тиімділігі арта түседі. Бірақ бір уақытта екі мақсатқа жету қажет болған жағдайда –бір саясаттың рестриктивті

Page 17: срс экономика мемлекеттік бюджет

нұсқасын, екінші саясаттың экспансиондық нұсқасымен үйлестіру қажет болады.

Қорытынды

Қорыта келгенде, мемлекеттің қаржы және бюджет жүйесі өте ауқымды экономикалық сала. Бүкіл мемлекеттің қаржы қоры банктік жүйе, нисие-ақша қызметтерімен реттеліп, белгілі бір тепе-теңдікті сақтап тұрады. Несие, банк, салық жүйесі болсын барлығының қызметтері мемлекеттік қаржыны тұрақтылығын, яғни балансын сақтап, әр түрлі салаларға дұрыс бөлу, реттеу, бақылау болып табылады.

Page 18: срс экономика мемлекеттік бюджет

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет 

2. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет.

3. Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана-Астана, 2005г.

4.  Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет

5. Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана. –Алматы: Каржы-Каражат, 1995