20
Жайық негізгі білім беретін мектебі “Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру” (баяндама) Дайындаған:А.А.Джумагалиева Жайық ауылы 2015 жыл

Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Жайық негізгі білім беретін мектебі

“Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін

қалыптастыру”(баяндама)

Дайындаған:А.А.Джумагалиева

Жайық ауылы2015 жыл

Page 2: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Жоспар: І.Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім. - Негізгі ұлттық құндылықтарға сипаттама. -Білім мен тәрбие барысында ұлттық құндылықтарды оқушы бойына қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйесі. ІІІ. Қорытынды. ІV. Әдебиеттер тізімі.

Page 3: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

“Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбием, баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие

қылуға міндетті”

М. Жұмабаев.

Page 4: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Мақсаты: ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру арқылы қалыптасқан тәні мен жаны сұлу,өзіне - өзі сенімді,халықтың салт – дәстүрін,ата заңын,тарихын құрметтейтін,елжанды,әлемдік бәсекеге қабілетті тұлғаның негізін қалау.Бастапқы білім,тәрбие негізін салу.

.Міндеттері:1. Оқушының ұлттық сана сезімін қалыптастыру.2. Ана тілі,діні,оның тарихы,мәдениеті,өнері,салт – дәстүрі,рухани мәдени мұраларды қастерлеу.3. Оқушы бойына жанаршылық сезім,намысшылдық тәрбиесі,ұлттық мінезді қалыптастыру.4. Сабақты,сыныптан тыс шараларды ,сынып сағаттарын,тартымды,ұтымды ұйымдастыру.5. Оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.

Page 5: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Күтілетін нәтиже -Ұлттық құндылықты бойы игерген тұлға қалыптастыру; -Ұлт болашағы мен ел тағдырын келешек ұрпақ қолына сенімді етіп тапсыру; -Бүгінгі ұрпаққа берілетін тәрбиеден күткен нәтижеге қол жеткізу; -Ұлттық тәрбиені қаз-қалпында атадан балаға ұластырудың сабақтастығын тұрақты сақтау

Page 6: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: — Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, — деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.

Page 7: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты жан – жақты әлемдік білім кеңестігінен орын алу болып табылады. Бүгінгі жас ұрпақ – егемен еліміздің болашағы,халық тағдырын жетелейтін азамат.Ал сол ұрпаққа әлемдік деңгейде өркениетті негізде білім мен тәрбие беру,ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру ғаламдық мәні бар мәселеге айналып отыр.Ғаламдану үрдісінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет – бейнесін,ізгі дәстүрін сақтау жолындағы күрес ұлттың сананы сақтау күресі екенін түсіну,яғни,ұлттық сана – сезімімен мінез құлқының ана тілінде,ата тарихын,төл мәдиетін және ұлттық салт – дәстүрді меңгеруі негізінде қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу міндетін айтамыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» бағдарламасында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп – жетіліп кемелденеді.Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз заманының жауапты да жігерлі,білім өрісі биік,денсаулығы мықты өкілдері болмақ.Олар бабаларымыздың игі дәстүрін сақтай отырып,қазіргі заманғы жағдайда жұмыс істеуге даяр болады » - деген болатын.Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің ертеңгі ұрпағы.Ұрпақтың рухани байлығы,мәдениеті санналы ұлттың ойлау қабілетімен білімі болуы керек....

Page 8: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

II.Негізгі бөлім Құндылықтар – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар,ол шынайы болады,ол адамға тәуелді емес,дегенмен ол адам санасында орын алады.Құндылықтар сезім арқылы қабылданады,ал сана арқылы оны түсініуге болады,соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді,соған сай әрекет етеді.Нақтырақ айтатын болсақ,ана тілі мен ұлттық дәстүрді құрметтейтін,дүниетанымы,ақыл ой парасаттылығы қалыптасқан,мақсат қоя алатын,сол мақсатқа жету жолында жауакершілігі мол,мінез құлқы,айналадағы адамдарға қарым – қатынас мәдениеті жоғары,Отанын сүйетін,күрделі жағдайда нақты шешім қабылдай алатын,салауатты тұлға.Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқаратын жұмысының орыны ерекше.Тәрбиені сәби ана құрсағынан бастаса,оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте Қоғамға қызмет ететін болашақ жеткеншектерге сапалы білім мен өнегелі ұлттың тәрбие беру – ұстаздың басты парызы.Оқу мен тәрбие егіз.Оны бір – бірінен бөліп қарауға болмайды.Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әр бір негізінде – ақ оқушы бойына сіңіре бастайды.Көп жылдан бері бастауыш сыныпта сабақ бере жүріп, « Оқу – тәрбие арқылы ұлттық құндылықты бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында шығармашылық жұмыспен айналысып келемін. Мақсатым – ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру арқылы қалыптасқан тәні мен жаны сұлу,өзіне - өзі сенімді,халықтың салт – дәстүрін,ата заңын,тарихын құрметтейтін,елжанды,әлемдік бәсекеге қабілетті тұлғаның негізін қалау.Бастапқы білім,тәрбие негізін салу.

Page 9: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:- белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;- индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту;- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

Page 10: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Міндеттері:1. Оқушының ұлттық сана сезімін қалыптастыру.2. Ана тілі,діні,оның тарихы,мәдениеті,өнері,салт – дәстүрі,рухани мәдени мұраларды қастерлеу.3. Оқушы бойына жанаршылық сезім,намысшылдық тәрбиесі,ұлттық мінезді қалыптастыру.4. Сабақты,сыныптан тыс шараларды тартымды,ұтымды ұйымдастыру.5. Оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.

Бұл мәселенің өзектілігі – халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтарымыздың жойылуына жол бермеу. Сондықтан оқушының санасына құятын,тәлім – тәрбие негізі қаланатын ошақ – мектеп.

Page 11: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Ғылыми теорияға,зерттеу еңбектерге сүйене отырып, оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделін екі бағытта құрдым.1 моделі – Оқушының идеалы,сенімі өзін - өзі тану құндылық ұғымын түсінуі.2 моделі – оқушыға ақпарат беру,қызығушылығын туғызу.Мектеп табалдырығын бүлдіршін аттағаннан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап,тәрбие сағаттарында,оқыту үрдісінде қазақ зиялы қауымның еңбектерінің,қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы олардың бойына адами құндылықтарды қалыптастыра аламыз.Сондай – ақ ұлттың салт сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері:рәсімдер,рәміздер,ырым – тыйымдар,жөн – жоралғылар,перзенттік парыз, адамгершілік борыш,ұрпақтың міндеті арқылы іске асырылып,ұлттық қасиеттерге айналады.Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдарға мыналарды жатқызуға болады:1.Оқыту үрдісі2.Сыныптағы тәрбие сағаттары.3.Тәрбие шаралары (пікір талас,кездесулер)4.Саяхат жасау.5.Кітап оқу.

Бастауыш сыныпта ұлттық құндылықты қалыптастыру әдебиеттік оқу,қазақ тілі, дүниетану,музыка,бейнелеу өнері,еңбекке баулу сабақтарында жүзеге асырылады.Сабақ – тәрбиеден бір еліде бөлінбейтін біртұтас үрдіс. Мұғалім оқушының өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер – адамзаттың құндылықтары мен,біліммен қамтамасыз етеді.Мұғалім міндеті – оқушының жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару.Әр бір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту.Мұғалімнің сабақты ұйымдастырар алдындағы жауапты ісіне деген құштарлығын оятатын,бойындағы бар қабілет мүмкіндігін жарыққа алып шығатын күш – осы рухани – адамгершілік құндылықтар. Рухани – адамгершілік құндылықтардың маңызын айқындау көбінесе әдебиеттік оқу сабағында жүзеге асырылып жатады.

Page 12: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделін екі бағытта

1 моделі – Оқушының идеалы,сенімі өзін - өзі тану құндылық

ұғымын түсінуі.

2 моделі – оқушыға ақпарат беру,қызығушылығын туғызу.

Page 13: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Мектепте Қазақ тілі,әдебиет, дүниетану, тарих

пәндерінен халықтық педагогиканы қамтитын

және ұлттық құндылықтарды енгізу

арқылы әдеби кештер,сыныптан тыс шаралар көптеп өткізу

Технология,музыка,бейнелеу сабақтарында немесе

үйірмелерде салт-дәстүр,әдет-ғұрыптарға жеке-жеке

тоқталып сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде көрсету, ұлттық қолөнерді, ұлттық

құндылықтарды жандандыру арқылы үйрету

“Қыз сыны”,”жігіт сұлтаны” сынды ұлттық

құндылықтарды насихаттап,дәстүрден тыс

жарыс,конкурстардың түрлерін өткізу

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Тәлімгер Сынып жетекші Пән мұғалімі

Page 14: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

ІІІ. Қорытынды

Ата – бабамыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы – бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра. Осы мұраларымыз әдет – ғұрыпымен, салт – дәстүрімен қымбат. Бүгінгі ұрпақ өз мемлекетін, Отанын қорғай білуі керек. М.Дулатов «... жалғыз құрғақ білім үйрену емес, біліммен бірге ұлттық тәрбиені қоса беру, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін үйретіп шығару. Мұндай балалар мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды, қайда болсада, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де, ұлт ұлы болып қалады» деген. Қазіргі тәрбие жұмысына қойылатын басты талап дені сау, ұлттық сана- сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, іскер т.б. игі нәтижелері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Екі жылдан бері бүлдіршіндеріммен жасаған жұмысым өз нәтижесін берді. Оқушыларым бойында отбасына, халқымызға деген құрмет пайда болды. Жанашырлық, сенімділік, намысшылдық мінез – қлық бар. Ана тілін құрметтейді, қазақтың әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерін біледі. Өлкеміздегі тарихи жерлерді, ескерткіштерді біледі, мақтанышпен айтады. Үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетеді. Мектепте, қоғамдық орындарда өзін ұстап үйренді.

Page 15: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру

Мен үшін шәкірт – жас ұлан көзімнің ағы мен қарасы,Үйретсем деймін ұрпаққа саналы сөздің сарасы.Төл тілін еміп, арда өскен, елімнің ойлар парасын,Жеткізсем деймін биікке, қазақтық қара баласын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Бастауыш мектеп» №3, 4 2002 жыл2. «Бастауыш сынып» №6. 7 2001 жыл3. «Бастауыш сынып» №1, 3 2005 жыл4. «Бастауыш сынып» №2 2008 жыл5.«Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» №5 2009 жыл6. Он екі жылдық білім» №7 2006 жыл7. «Қазақстан мектебі журналы» №2 2009 жыл

Page 16: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Page 17: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Page 18: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Page 19: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Page 20: Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру