10
«Жастарды экологиялық тәрбиелеудің маңызы» Жоба ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК «Ветеринариялық жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасы Дайындаған: Курбанова Г. Шымкент 2017 ж

жастарды экологиялық тәрбиелеудің маңызы

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: жастарды экологиялық тәрбиелеудің маңызы

«Жастарды экологиялық тәрбиелеудің маңызы»Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК «Ветеринариялық жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасы

Дайындаған: Курбанова Г.

Шымкент 2017 ж

Page 2: жастарды экологиялық тәрбиелеудің маңызы

Мақсаты:

жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа

үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы

адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.

Міндеттері:

қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;

• жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;

• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты

қорғау, күту және жақсарту;

Page 3: жастарды экологиялық тәрбиелеудің маңызы

Жоспар 1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2.1. Экологиялық тәрбие және экологиялық мәдениет туралы жалпы түсінік

2.2. Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері

2.3. Экологиялық тәрбиеге байланысты тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру

2.4. Қоғамның экологиялық мәдениетiн қалыптастыру

3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Page 4: жастарды экологиялық тәрбиелеудің маңызы

Кіріспе•Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы,  күрделілігі

және тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жастарды  ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбиенің  маңызы арта түсуде. Себебі «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-  қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар  жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен  ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы  көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі,  қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді:  табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам  өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар  ұлғая түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері  арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына  айтарлықтай ықпал жасауда.  Адамзаттың ғаламдық экологиялық мәселелерінің шешілуі жоғарғы  оқу орындары студенттерінің қоршаған орта туралы сапалы білім алуына  байланысты. Сондықтан да студент жастарға экологиялық білім беру бүгінгі  күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі  «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық  қауіпсіздік тұжырымдамасында» және «Қазақстан Республикасында  кӛпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттық стратегиясында»,  «Білім туралы» заңда көрсетілген 

•Қоғамдағы жахандану, адам баласының ақыл-ойы мен білімі арқылы  қолдана бастаған құрал – жабдықтар, дамыған өндірістік күштерді қолдану  нәтижесінде және адамзаттың табиғатқа қатынасы, биосферадағы ішкі  тұрақтылық, тепе-теңдік сақталмай қоршаған ортаның табиғи байлығы,  қалпы өзгеріп, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына алып келуде. Мұның  өзі енді, керісінше табиғатқа адам көмегі, қамқорлығы қажеттігін тудыруда.  Ірі оқиғалар мен өзгерістерге толы ХХ ғасыр көптеген проблемалармен қатар  экологиялық мәселені де алдыңғы кезекке қойды. Бұл бағытта ХХІ ғасырдың  басында істелетін шаралардың бірі экология бойынша білім беру жүйесіне  көңіл бөлу.Экологиялық білім халықаралық ұйымдар арасында жоғары деңгейде  қызығушылық таныта білді. Экологиялық білімнің маңыздылығы, оның  мазмұны түрлі халықаралық форумдарда нақтылай айтыла бастады.  Экология дербес ғылым ретінде шамамен 1900 жылдары қалыптасты. 

Page 5: жастарды экологиялық тәрбиелеудің маңызы

Экологиялық тәрбие және экологиялық мәдениет туралы жалпы түсінік

Экологиялық тәрбие экологиялық білім берудің құрамдас бөлігі. Экологиялық тәрбие- табиғаттың барлық субьектілеріне қатысты ізгілікті қайырымдылықты, парасаттылықты қалыптастыруды көздейді.

1977 жылы халық аралық экологиялық қоғам “экологиялық тәрбиеге – қоршаған ортадан қорықпай, керісінше одан ләззат алу ” негізінде болу қажеттігіне айрықша мән берген. Ол үшін біз парктерді, тамаша әдемі де көркем жерлерді сақтап және оны қайта дамытып гүлдендіруіміз керек. Бүгінде бұл мәселе қазіргі әрбір мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

“Экологиялық мәдениетке” тәрбиелеу қажеттілігі ХХ ғасырдың 70-жылдарында айқындалады. Ол біріншіден, орта мектептерде экологиялық білімнің енгізілуі мен, екіншіден экологиялық дағдарыстың тереңдңеп, қоршаған ортадағы үйлесімділіктің бұзылуының әсерінен болады. 

Эколгиялық тәрбиенің мақсаты оқушылыр бойында экологиялық білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы олардың табиғатқа, қоршаған ортаға парасаттылық, жауапкершілік, қарам-қатынасын жан-жақты қалыптастырып жамыту. Экологиялық тәрбие мен білім беру- табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтеру. 

Біріншіден, адамның , қоғамның табмғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми дүниесін қалыптастыру. 

Екіншіден , жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелеу.Үшіншіден , экологиялық іс-әрекетте білі мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін жан-жақты

факторларды қарастыру. 

Page 6: жастарды экологиялық тәрбиелеудің маңызы

Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері

Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе уческесіндегі бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, оларды қалаларды, ауылдық жерлерді көгалдандыруға пайдалану.

Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Өйткені, олар мектеп орманшылығының мүшесі. Сонымен бірге орманды қорғау және ағаш өсіру жұмыстарына да белсенді қатысады. Олардың негізгі істейтін жұмыстарынің түрлері : көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғайдағы

зиянды жәндіктермен күресу ; дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырауқұлақ т.б. жемістерді жинау ; пайдалы хайуандарды қорғау және олардың есебін алып отыру ; фенологиялық бақылау жүргізу .

Page 7: жастарды экологиялық тәрбиелеудің маңызы

Экологиялық тәрбиеге байланысты тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру

• Жастар ауыл шаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы біологія, химия мұғалімдерінің жергілікті ғалымдардың басшылығымен жүргізіледі.• Жастар түрлі табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтық ережені бұзушыларды

анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тыңайтқыштардың экологиялық мәдениетті саналы, жете түсінуіне сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерелейді.• Экологиялық тәрбиеге байланысты оқу орындарында жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар : кештер,

лекциялар, әңгімелер, көрмелер, сайыстар, оқушылардың шығармалары, реферат тар, баяндамалар, табиғатты қорғау тақырыптарына арналған плакаттар т.б.

Page 8: жастарды экологиялық тәрбиелеудің маңызы

Қоғамның экологиялық мәдениетiн қалыптастыру

• Қоғамның экологиялық мәдениетiн қалыптастырудың негiзi ретiнде экологиялық бiлiм берудi дамыту үшiн: 1. Бiлiм берудiң барлық деңгейiндегi оқу бағдарламаларына экология және тұрақты даму мәселелерiн енгiзу жолымен үздiксiз экологиялық бiлiм берудiң жүйесiн қалыптастыру; 2. Мiндеттi және қосымша бiлiм беру жүйесiнiң барлық деңгейi үшiн экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру; 3. Экологиялық бiлiм берудi мемлекеттiк қолдау қажет; 4. Табиғи жүйелердiң экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерiн айқындау; 5. Экологиялық таза және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде ауыл шаруашылығында, әзiрлеу; 6. Биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн сақтау проблемасын зерделеу; 7. Климаттың ықтимал жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн және табиғи орта үшiн оның салдарын зерттеу; 8. Экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу; 9. Ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу; 10. Адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң арасындағы байланысты зерделеу; 11. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру. Экологиялық білім беру – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігін және тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Экологияның негізгі міндеттері қатарына: табиғатты қорғау заңдарын жетілдіру және оларды бұлжытпай орындау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершілікті күшейту, қоршаған ортаның табиғаты мен адам денсаулығының үйлестігін арттыру, үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды тездету, елдегі экологиялық жағдайлар жайлы мәліметтердің 

Page 9: жастарды экологиялық тәрбиелеудің маңызы

Қорытынды•Қорыта айтқанда, экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім мен тәрбие процесінде

пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты болады. Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастыру қажет. Олар кештер, лекциялар, әңгімелер, көрмелер, сайыстар, оқушылардың шығармалары, рефераттары, баяндамалары, табиғатты қорғау тақырыбына арналған плакаттары т.б. Осылардың бәрі – оқушылардың саналы жете түсінуіне табиғи ортаны қорғау мен жақсартуына игі әсер ететін өте қажетті құралдардың бірі. Егер экологиялық құрлық және еңбек іс-әрекеттерін ұштастырып, тікелей табиғатпен байланысты жүргізсе, олардың жақсы нәтиже беретіндігіне ешқандай күмән келтіруге болмайды.

•Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі қазір дүниежүзі халықтарының,ғалымдарының,педагогтардың,саясат қайраткерлерінің назарын аударып отыр.Қазіргі кезде жер шарында жаппай экологиялық апаттың таралуы және оның алдын алу мақсатында табиғат қорғау жүмыстарын түбірімен жаңа негізде жетілдірудің қажеттігі экологиялық мәселенің өзектілігін көрсетеді.Ғалым эколог И Д Зверовтің пікірінше,экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты мен мәні-қоршаған ортамен,табиғатпен қарым-қатынастың барлық түрлерінде оқушылардың жауапкершілікпен қарайтын көзқарасы мен сенімін қалыптастыру. А.Н.Захлебный экологиялық білім берудің мақсаты-қоршаған ортаға құқық нормалары мен моральдік ұстанымдарынан туындайтын жауапкершілік қатынастың негізінде экологиялық мәдениет қалыптастыруға болатындығын айтады.

Page 10: жастарды экологиялық тәрбиелеудің маңызы

Қолданылған әдебиеттер тізімі1. Экология негіздері. Оқулық /құр.: Баешов А., Дәрібаев Ж.Е., Шакиров Б.С.

және т.б. – Түркістан: Тұран, 2000. -196 бет. 

2. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық

қауiпсiздiгi тұжырымдамасы. №124. 03.12.2003.

3. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы, 1997

4. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Алматы, 1995

5. Мұқаұлы С., Үнішев Е. Табиғатты пайдалану экономикасы. Алма-Ата, 1999

6. Молдахметов З.М., Газалиев А.М., Фазылов С.Д. «Экология негіздері».

Қарағанды, 2002 Дарибаева А.О., Оразбаева Р.С. «Экология негіздері». Астана, 2001