54
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

Экологиялық журналистика

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Экологиялық журналистикаға арналған қазақ тіліндегі электронды кітапты назарларыңызға ұсынамын. Кітап "MediaNet" Халықаралық Журналистика орталығында әзірленді.

Citation preview

Page 1: Экологиялық  журналистика

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА

ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

Page 2: Экологиялық  журналистика

«Экологиялық журналистика. Практикалық кеңестер» нұсқаулығын жасау ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды. Нұсқаулықтың мазмұны донордың жеке көзқарасын білдіруі міндетті емес.

Редакторы: Игорь БратцевДизайнер/беттеуші: Светлана ГрудницкаяАудармашы: Дінмұхамед Зиядин, Сәния Әбдіғапар

Page 3: Экологиялық  журналистика

КІРІСПЕ4

5

19

30

45

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҒЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАҚЫРТУЛАР МЕН БАҚ-ТЫҢ РӨЛІ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖАЗУ ҮШІН ТІЛШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

ІСКЕРЛІК БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫ

ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫНДА МАҚАЛА ЖАЗУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ

Page 4: Экологиялық  журналистика

Қазіргі таңда Қазақстан ақпарат айдынында экологиялық мәселелерге қатысты жазылған ма-териалдар жеткіліксіз. Оның бірнеше себептері бар. Көп жағдайда экология тақырыбында жа-затын журналистер оқиғаны суреттеумен не-месе интернеттегі мақалаларды аударумен ғана шектеледі. Қызықты тақырыптарды табу, түрлі пікірлерді жинақтау, болған оқиғаға қорытынды жасау, сондай-ақ, статистиканы және тарихи ма-териалдарды қолдану жағы жетпей жатады. Экология тақырыбында қалам тербейтін журналистердің көбі ақпарат көздерін, өзекті тақырыптарға қатысты пікір айтатын сарап-шыларды дұрыс таңдай алмайды. Сондай-ақ, арнайы дайындықтары жоқ. Көп жағдайда Қазақстандық мемлекеттік мекемелермен, халықаралық ұйымдармен тиімді байланыс ор-ната алмай жатады.

Авторлардың ойынша, бұл нұсқаулық, аталмыш мәселелерді шешуде өз пайдасын тигізуі қажет. «Экологиялық журналистика. Практикалық кеңестер» нұсқаулығы Астанадағы ЕҚЫҰ Орта-

лығының қолдауымен Қазақстанда өткізілген экологиялық журналистика бойынша ар-найы жоба негізінде жасалды. Қазақстанның төрт қаласында, Атырау, Шымкент, Павлодар, Қарағандыда, экология мәселелері бойынша жа-затын журналистерге арналған арнайы мастер класстар мен тренингтер өткізілді. Жүргізушілер мен тренерлер ретінде тәжірбиелі қазақстандық және шет елдік журналистер, тәуелсіз сарап-шылар, сондай-ақ, азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Басылымда қазақстандық және шет елдік журналистердің, сарапшылардың тәжірбиелері жинақталған. Ақпарат көздері ұсынылған. Сондай-ақ, әр форматта мақала жазу жолдары көрсетілген. Нұсқаулыққа енгізілген практикалық кеңестер көптеген мәселелерді көтеруде тап-тырмас көмек құралы бола алады.

Нұсқаулық авторлары бұл еңбек журналисти-ка факультетінің студентеріне, практик-журна-листерге, оқытушыларға, сонымен қатар, осы салаға қызығушылығы бар мамандарға көмегі тиеді деп үміттенеді.

КІРІСПЕ

Page 5: Экологиялық  журналистика

5

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҒЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАҚЫРТУЛАР МЕН БАҚ-ТЫҢ РӨЛІ

Page 6: Экологиялық  журналистика

6

Қоршаған орта саласына байланысты негізгі тер-миндер:

қоршаған орта - атмосфералық ауаны, жердiң озон қабатын, жер бетiндегi және жер астындағы суларды, жердi, жер қойнауын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн, сондай-ақ олардың өзара iс-әрекетiнен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлердiң жиынтығы;

қоршаған ортаны қорғау - қоршаған орта-ны сақтау мен қалпына келтiруге, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiн болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;

қоршаған ортаның ластануы - қоршаған ортаға ластаушы заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс және тұтыну қалдық-тарының түсуi, сондай-ақ шудың, тербелiстердiң, магнит өрiстерiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң қоршаған ортаға әсерi;

қоршаған ортаға келтiрiлетiн залал - табиғи ресурстардың жұтаңдануы мен сарқылуын не-месе тiрi организмдердiң қырылуын туындатқан немесе туындататындай етiп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгiленген нормативтерден артық алу;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау және

ГЛОССАРИЙ

Бұл бөлімде Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау жүйесінің негізгі компоненттері, терминдері және жұмыс барысы қысқаша баяндалады. Сонымен қатар, экологиялық ақпараттарды табу және сараптау жолдарына байланысты кеңестер беріледі.

Марат Шибутов, сарапшы, Қазақстандағы шекаралық ынтымақтастық қауымдастығы

Page 7: Экологиялық  журналистика

7

табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк са-ясатты әзiрлеу мен iске асыру мәселелерi бой-ынша басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;

экологиялық сараптама - көзделiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерiне және экологиялық талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу, сондай-ақ осы қызметтiң қоршаған ортаға тигiзуi мүмкiн қолайсыз әсерлерiнiң және олармен байланысты әлеуметтiк салдарлардың алдын алу мақсатында экологиялық сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiн айқындау;

мемлекеттiк экологиялық бақылау - уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде қоршаған орта-ны қорғау саласындағы Қазақстан Республи-касы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларының талап-тарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;

шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрi - нәтижесiнде қоршаған ортаны авариялық ластайтын неме-се ластауы мүмкiн жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметi;

экологиялық аудит - аудиттелетiн субъектiлердiң шаруашылық және өзге де қызметiн экологиялық тәуекелдердi анықтау мен бағалау және олардың

қызметiнiң экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арт-тыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге бағытталған тәуелсiз тексеру;

экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат; (ҚОҚМ тарапынан беріледі);

қоршаған ортаға эмиссиялар - ластау-шы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету, күкiрттi қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау;

қоршаған ортаға эмиссияларға арналған ли-миттер - қоршаған ортаға белгiлi бiр мерзiмге белгiленетiн эмиссиялардың нормативтiк көлемi;

эмиссиялар нормативтерi - қоршаған орта са-пасы нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге жол берiлетiн эмиссиялар көрсеткiштерi;

қауiптi қалдықтар - құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттарды қамтитын және дербес неме-се басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей не-месе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар;

қауiпсіз қалдықтар - қауiптi қасиетi жоқ қалдықтар.

Page 8: Экологиялық  журналистика

8

Журналистің басты міндеті - нақты, дәйекті экологиялық ақпарат табу. Сол себепті, ақпаратты қайдан, кімнен және қалай алуда журналистің өз құқығын білуі аса маңызды.

Орхус конвенциясы

Орхус конвенциясы – «Ақпаратқа қол жеткізу, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу» туралы БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының конвенциясы.

Конвенцияның мақсаты – қоршаған орта мен адам денсаулығының құқықтық қорғалуына көмек жасау, қоршаған ортаға байланы-сты соттық шешім қабылдау мен іс-жүргізу процестеріне қатыса алуға мүмкіндіктер туғызу.

Конвенцияның негізгі талаптары:

Ақпаратқа қолжетімділік (Ақпаратқа сұраныс берген тарапты кез-келген қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету);

Қоғамды интернет кеңістігі арқылы үздіксіз ақпаратпен қамтамасыз ету;

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТТАРДЫ ТАБУ МЕН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

Ақпарат таратуда оған деген қоғамның қызығушылығын анықтау;

Сұралған ақпарат мекемеде жок болған жағдайда, сұранысты қанағаттандыра ала-тын басқа мекемеге сілтеме көрсету;

Адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп-қатер төнген жағдайда тез арада қоғамды ақпараттандыру.

2009 жылы Орхус конвенцияны іске асы-ру мақсатында қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қолдауымен «ҚР қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-сараптамалық орталығында» төмендегідей міндеттерді атқаратын Орхус орталығы құрылды.

жеке және заңды тұлғаларға сұранымдары бойынша экологиялық ақпараттар ұсыну;

мерзімді баспасөз беттерінде мақалалар жариялау, теледидар және радио арқылы ақпарат тарату, жарнама беру, қоғамдық экологиялық тыңдалымдарға ақпараттық қолдау көрсету;

Орхус орталығының веп-порталына (www.aarhus.kz.) экологиялық ақпараттарды енгізіп отыру.

Page 9: Экологиялық  журналистика

9

Экологиялық ақпараттардың дерек көздері

Экологиялық ақпараттардың негізгі дерек көздері:

Ғылыми экологиялық зерттеулердің қорытын-дылары

Табиғатты тұтынушылардың есебі (статистика-лық мәліметтер, экологиялық бақылау өндірі-сінің жауаптары)

Жобалардың қоршаған ортаға әсерін бағалау

Мемлекеттік экологиялық мониторингтің мәліметтері

Экологиялық аудиттің мәліметтері

Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы және түрлі аймақтық жобалар

Табиғатты қорғауға байланысты өткізілетін іс-шаралар жобасы

Қоғамдық тыңдау

Қоғамдық тыңдау - қоршаған орта жағдайын анықтау және көпшілік пікірін білу мақсатында жүргізілетін тыңдау түрі.

Қоғамдық тыңдауда жоба алдында және жоба барысында туындаған қоршаған ортаға және адам денсаулығына айтарлықтай әсер ететін ҚОӘБ қорытындылары ұсынылады. Олар мөлшері, жиілігі және даму барысы бойынша есептеледі.

Қоғамдық тыңдау шараларының қатысушылары ретінде қызығушылық танытқан қоғам мүшелері, әлеуметтік және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ өкілдері қатысуы мүмкін.

Қоршаған ортаға әсер ету мәселелері талқы-ланатын қоғамдық тыңдауларды басқару, шару-ашылық, инвестиция және басқа саладағы жұмыстарды тапсырыс беруші (бастамашы) ұйымдастырады.

Тапсырыс беруші жергілікті атқарушы органдар-мен бірлесе отырып қоғамдық тыңдаудың өту уақыты мен өту орнын келісіп, БАҚ-та хабар-ландыру жариялайды. Хабарландыру қоғамдық тыңдауға 20 күн қалғанда қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

Хабарландыруда ҚОӘБ туралы толық мәліметтер беретін мекеменің толық мекен – жайы көрсетіледі.

Хабарландыру берілген күннен бастап тапсырыс беруші ҚОӘБ жобасы бойын-ша қоғамдық тыңдауға қатысушыларды ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қатысушыларды қабылдаумен, өтініштері мен ұсыныстарын тіркеумен айналысады. Тапсырыс берушінің міндетіне баяндамаларды, сұрақ-жауаптарды, кіріспе сөздерді жинақтау жатады. Кей жағдайда, аудио және видео жазбалармен айналысуы да мүмкін.

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы төраға мен хатшының қол қоюы арқылы, қоғамдық тыңдау хаттамасында бекітіледі. Хаттама көшірмесінің бір данасы жергілікті атқарушы органға тапсы-рылады.

Тапсырыс беруші қоғамдық тыңдаудың нәтижелерін қорытындылап, қоғам пікірін негізге ала отырып жобаға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

Тапсырыс беруші мемлекеттік экологиялық бақылауға қоғамдық тыңдау хаттамасы мен қоғамдық пікірді негізге ала отырып жасалған ҚОӘБ жобасының нәтижелерін ұсынады. Олар Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілері негізінде жасалады.

Page 10: Экологиялық  журналистика

10

Қоғамдық тыңдаулардың өткізілуі қатысу-шылардың санына байланысты емес. Ол белгіленген уақытта міндетті түрде өткізілуі тиіс.

Қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жұмсалған шығындар тікелей тапсырыс беруші тарапынан төленетін болады.

Ақпаратты қайдан қарау керек?

Экология тақырыбындағы ақпаратты төмендегі сайттардан табуға болады:

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің рес-ми сайты (www.eco.gov.kz). Мемлекеттік сая-сат, статистикалық мәліметтер, «Казгидромед» ұсынған мәліметтер, қоршаған ортаны қорғау бойынша іске асырылған жобалар, құқықтық негіздер.

Экологиялық бақылау комитетінің сайты (www.ecokomitet.kz). Мемлекеттік бақылау нәтижелері, рұқсаттар мен лицензияларды алу үлгілері, мен жарияланымдар және барлық Комитет бөлімшелерінің мекен-жайлары.

Ұлттық Орхус орталығының ресми сайты (www.aarhus.kz). Экологиялық жағдай туралы ақпараттар жиынтығы. Көбіне қоршаған ортаны қорғау министрлігінің сайтынан көшіріліп басы-лады. Қоршаған ортаны қорғау тақырыбында жазылған мақалалар, қоғамдық тыңдаулардың өткізілуі туралы хабарламалар, құқықтық негіздер мен экологиялық бірлестіктер сайтта-рына сілтемелер.

«Экоинфоправо» сайты (www.ecoinfo.iacoos.kz) 900-ден астам нормативтік құжаттар жинақталған. База жиі жаңартылады. ҚР табиғат ресурстарының мемлекеттік кадас-трлары тізімі де бар (http://193.225.78/). Мұнда жануарлар әлемінің кадастрлық бөлімі, ор-

ман фонды, ерекше қорғалатын аймақтар мен балық аулау шаруашылығы аймақтары жайында мәліметтер алуға болады.

Сұрақтар кімге жолданады? Кімнен қосымша пікір алуға болады?

Сұрақ қою төмендегі талаптар бойынша жүргізілуі керек:

1. Сұраққа жауап беретін мемлекеттік мекемені анықтау (4.2. бөлім)

2. Экология тақырыбында ақпарат тарататын сайттарды үнемі назарда ұстау (2.4. бөлім)

3. Ақпаратқа «сұраныс» жазу

4. Мекеме ақпарат беруден бас тартқан жағдайда экологиялық бақылау комитетіне хабарласу

5. Аналогиялық сұрақтар бойынша сарапшы-лар немесе жоғары дәрежелі мамандар көмегіне жүгіну

6. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты сұрақтарға жауап бере алатын жоғары дәрежелі мамандарды ғылыми кәсіпорын немесе Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің лицензиясы бар арнайы мекемелерден іздеу керек. Мысалы, «жа-сылдар» деп аталатын қоғамдық сектор әлеуметтік пікірді білдірумен айналысады.

Page 11: Экологиялық  журналистика

11

Қоршаған ортаға тиетін әсерлер мен олардың түрлері

Қоршаған ортаға әсер етуді саралауда төмендегі жағдайларды ескеру керек:

Тікелей әсер ету – жобаланған объектінің орналасу аймағымен тікелей байланысты.

Жанама әсер ету – жобаны іске асы-ру барысында пайда болатын қосымша әрекеттердің әсерінен туындайды.

Жинақталған әсер ету – бұрынғы, қазіргі және болуы ықтимал өзгерістердің әсерінен туындайтын өзгерістердің әсер етуі.

Қоршаған ортаның әсерін анықтауда төмендегі жағдайлар басты назарға алына-ды: атмосфералық ауа, жер асты және жер үсті сулары, су қоймалары, жер ресурстары мен топырақ қабаттары, өсімдіктер мен жануар-лар әлемі, экологиялық жүйелердің жағдайы, тұрғындардың денсаулық жағдайы, халықтың әлеуметтік жағдайы (білімі, қызметі).

Қоршаған ортаға сыртқы күштерден келетін әсерлерді сараптауда адам денсаулығына пайда-лы және зиянды жақтарын анықтау керек.

АДАМНЫҢ ТАБИҒАТҚА ӘСЕРІ

Динамика мен мөлшердегі есептің қажеттілігі

Экологиялық сараптамалар жүргізу бары-сында оған жиналған қалдықтардың жылдық мөлшерлемесін білу керек. Мысалы, Нұра өзеніне көптеген жылдар бойы сынап қалдықтары жиналып келген. Қазіргі уақытта тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алай-да, сынап қалдықтары шамадан тыс мөлшерде жиналғандықтан, олар «тарихи ластанулар» де-ген атқа ие болып отыр. Сонымен қатар, мұнай өндірісінде мұнай қалдықтарын өзенге тастау жиі орын алуда. Ластану динамикасын ауызға алғанда, бұл факторды баса назарға алу аса маңызды.

Кез келген ластану түрін сипаттағанда, олардың таралу аймағын білу керек. Табиғат өзін өзі та-зарту қабілетіне ие, сондықтан таралу көзін анықтау ластануды азайтуға өз септігін тигізеді. Сондай-ақ, кез келген қоршаған ортаның ласта-нуы қысқа уақыт аралығында өзгеріп тұратын көптеген факторлармен тікелей байланысты.

Page 12: Экологиялық  журналистика

12

Қоршаған ортаның ластану қауіптілігі

Қоршаған ортаның ластану қауіптілігі мен ортаға тигізетін әсері ластаушы заттар мен ластану индексінің Шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК) арқылы өлшенеді.

Шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК)

(ШРК) – бұл бекітілген санитарлық-гигиеналық мөлшерлеме. Химиялық элементтер жиынтығы мен олардың қоршаған ортамен байланы-сы күнделікті өмірде ұзақ уақыт бойында адам ағзасына патологиялық өзгерістер алып келмейді. Сондай-ақ, заманауи зерттеу әдістері орнатқан, өскелең ұрпақ кез келген жасында шалдығуы мүмкін ауруларды айтуға болады. Зи-янды факторлардың таралу аумағы ШРК есебінен анықталды. Мысалы, белгілі бір аймақта жүру (өнімді тұтыну) адам үшін қауіпсіз болуы мүмкін.

Ауа, су, жер, азық-түліктерге ШРК орнатылады. Жұмыс аумағын өлшеу арқылы ауаға арналған (мекеме аумағы үшін) ШРК және жергілікті ме-кендерге арналған ШРК жасалады. Ал су үшін ШРК балықшаруашылығына арналған су және шаруашылықта ішуге жарайтын су болып екі топқа бөлінеді.

ШРК әсер ету уақыты максималды бір реттік (яғни бір өлшем бойынша) және тәуліктік орташа (тәулік бойы өлшем жиынтығы) болып бөлінеді. Ластаушы заттардың әсері қысқа уақытқа ғана созылып, қоршаған ортаға айтарлықтай қауіп алып келмеуі мүмкін. Сол себептен максималды бір реттік өлшем екіншіге қарағанда қауіпсіздеу. Ал, тәуліктік орташа өлшем көрсеткіші аса маңызды. Себебі, ұзақ уақытқа созылған ластану адам ағзасына кері әсер етеді.

Ластану индекстері

Ауада және суда 25-тен астам түрлі ластау-шы заттар кездеседі. Табиғат объектісінің ла-стану деңгейін анықтау мақсатында ластану

индексі енгізілді. Оны анықтау үшін ластау-шы заттардың белгілі көрсеткіштері таңдалып (5,7,10,25), олардың құрамдары жазылады. Одан кейін ластаушы заттың құрамы берілген заттың ШРК-а бөлінеді. Осылайша барлық заттардың ластану индекстері анықталған соң, әр түрлі көрсеткіштер бойынша салыстырылады. Мы-салы, атмосфераның ластану индексі 5 болса, ауаның ластану қауіптілігі төмен деп есептеуге болады. Ал ластану индексі 7 мен 14 аралығын көрсетсе, қауіптілік деңгейі жоғары.

Әсерлерді бағалау әдістемесі

Қоршаған ортаға төнетін қауіпті анықтау бірнеше кезеңнен тұратын зерттеуден соң орнатылады:

1. Жұмыс кезеңі мен қоршаған орта компоненттеріне әсер етуші факторлар-ды анықтау. Мысалы, құрылыс жұмыстары кезінде жердің жоғарғы қабатының зақымдалуы, жердің беткі қабатының тығыздалуы, қоқыс салдарынан ауаның ла-стануы және т.б.

2. Әсер етуші факторлар бойынша масштабы, уақыты, қарқындылығы анықталады.

Әр көрсеткіш шкала бойынша бағаланады. Көрсеткіштердің қорытындысы сыртқы күштер-дің қоршаған ортаға әсерін көрсетеді.

Page 13: Экологиялық  журналистика

13

Жүйенің жалпы сипаттамасы

Қоршаған ортаны қорғаудың негізін қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік бақылау мен Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында табиғат ресурстарын пайдалануды мемлекеттік басқару ережесі құрайды.

Қазақстанда кез келген шаруашылық қызмет мемлекет тарапынан экологиялық қауіп туды-рушы фактор ретінде қаралады. Сондықтан, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін анықтау аса маңызды.

Мемлекет экономикалық және әкімшілік шек-теулер арқылы табиғатты тұтынушылар тарапы-нан табиғатқа келетін қауіптерді, қалдықтардың мөлшерін, қоршаған ортаның тазалығын бақылауда ұстап отырады.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ

Page 14: Экологиялық  журналистика

14

Мекемелер атауы Жауапкершілік аймақтары

Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi. Экологиялық бақылау комитеті

Мемлекеттік экологиялық бақылау, мониторинг, сарапта-ма, ғылыми зерттеулер, табиғат пайдаланушыларының тізімі, табиғатты қорғауға қатысты өткізілген іс-шаралар, І дәрежелі мекемелер үшін табиғатты пайдалануға рұқсат алу

Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті

Кәсіпорындардағы жұмыс орындарын бақылау, халықтың денсаулығы, жер асты және жер үсті суларының сапасы, ауаның, жердің сапасы, радиациялық жағдайлар мен физикалық фак-торлар әсері

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіАтом энергиясы комитеті

Радиациалық сәулелерді бақылау және радиоактивті материалдар-ды пайдалану

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және кен пайдалану комитеті

Пайдалы қазбалар мен жер асты сулары

Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi

Балықтар, балық ресурстары өндірісі, балық ресурстарын сақтауды қадағалау

Ауыл шаруашылығы министрлігіОрман және аң шаруашылығы комитеті

Ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтар, өсімдік әлемі және жануарлар әлемін қорғау. Аңшылықты реттеу және басқару

Ауыл шаруашылығы министрлігіСу ресурстары жөніндегі комитет

Су ресурстары, оларды қорғау, су асты жануарларының мекені, суды тиімді қолдану

Мұнай және газ министрлігі Ғылыми экологиялық зерттеулер

Жер ресурстарын басқару агенттігі

Жердің жағдайы, жер кадастры, жер есебі

Табиғиресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу облыстық басқармасы

Мемлекеттік экологиялық сараптама, ғылыми зерттеулер, табиғатты қорғауға байланысты өткізілетін іс-шараларды өткізу, I,II,III,IV категориялы мекемелерге табиғатты қолдануға рұқсат беру

Мемлекеттік мекемелер

Қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғау жүйесіне жауапты бірнеше мекемелер тіркелген. Ең негізгісі – Қоршаған ортаны қорғау министрлігі.

Заңнама

Журналистер білуге тиіс негізгі құжаттар:

1. ҚР Экологиялық Кодексі

2. Жоспар алдындағы, жоспарлы және жоба алдындағы және жоба құжаттамаларын әзірлеген кезде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беруді жүргізу жөніндегі нұсқаулық. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 28 шілдедегі № 204-п бұйрығымен бекітілген.

3. Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелері. ҚР Қоршаған орта-ны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 28 шілдедегі № 207-п бұйрығымен бекітілген.

4. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарла-масын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды келісу ережелері. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 24сәуір № 123-п бұйрығымен бекітілген.

5. Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесі. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 7 маусым № 135-п бұйрығымен бекітілген.

6. Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерін мемлекеттік есеп-ке алу Ережесі. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 252-п бұйрығымен бекітілген.

7. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу ережесін бекіту туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 238-п бұйрығымен бекітілген.

Page 15: Экологиялық  журналистика

15

Өндірістік объектілерді жобалау

Өндірістік объектілерді жобалауда кәсіпорын-дардың қоршаған ортаға ықпалын бағалау маңызды жайт болып есептеледі. Жоспарланған кәсіпорынды салуда табиғатты қорғау нормативтеріне жүгіну керек.

Жоспар алдындағы, жоспарлы және жоба алдындағы және жоба құжаттамаларын әзірлеген кезде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беруді жүргізу әр кезең бойынша жүреді. Оны мемлекеттік экологиялық сараптама мақұлдауы тиіс.

Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) формасы, пайдаланылған материалдар

көлемі, экологиялық ғылыми зерттеулердің деңгейі, сондай-ақ, өндірістік объектілердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері жобалау кезеңдеріне байланысты анықталады.

ҚОӘБ материалдары құжат түрінде жоба кезеңдеріне сәйкесінше жасалады. Олар жоба алды және жоба құжаттамаларының ажырамас бөлігі болып табылады.

Кестеде ҚОӘБ-дың кезеңдері және құрылыс жо-басымен сәйкестігі көрсетілген. Қоршаған ортаға әсерді бағалау нысанның күрделілігіне және төндірер қаупіне байланысты.

ҚОӘБ материалдарын жасау кезеңдері Тағайындалған өндірісті салудағы Нысанның құрылыстық жобалау кезеңі

1. Қоршаған орта жағдайына шолу жасау (ҚОӘБ -ң бірінші кезеңі) Өндірістік объектілерді салуға ниет білдіру

2. Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау. Алдын ала жасалған ҚОӘБ. (ҚОӘБ-ң екінші кезеңі)

Инвестицияларды негіздеу, бизнес жоспар және т.б. жобаға қатысты құжаттар, технологиялық сызбалар

3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау. Үлкен көлемді және экологиялық қауіпті қызметтерге арналған ҚОӘБ. Оларға жобалау құжаттамалары екі кезеңде жасалады. (ҚОӘБ-ң үшінші кезеңі)

Орнатылған жобалар

4. «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі. Бұл жұмыс құжаттарының құрамында жобаға арналған ҚОӘБ енгізіледі. (ҚОӘБ -ң төртінші кезеңі)

Жұмыс құжатнамасы

«Жұмыстық жоба» құжаттарының құрамындағы экологиялық қауіпті емес және экологиялық аса қауіпті әрекеттерге анализ жасалады. ҚОҚС-ң үшінші кезеңі бойынша орындалады

Жұмыс жобасы

5. Жобадан кейінгі сараптама (шығарылған қорытын-дылар қаншалықты шындықпен сәйкес келеді).

Page 16: Экологиялық  журналистика

16

Кәсіпорындар

Қазіргі уақытта жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар қоршаған ортаға әсерді бағалау үшін жобалар жасамайды. Олар эмиссия-ларды нормалаумен, өндірістік экологиялық бақылау жасаумен айналысады. Сонымен қатар, табиғатты қорғауға қатысты іс-шаралар ұйымдастырады.

Жылына бір рет кәсіпорындар эмиссияға рұқсат алады. Лимиттен асып кеткен жағдайда үлкен көлемде айыппұл салынады. Барлық эмисси-ялар үшін бюджетке ақша аударылады. Егер лимит мөлшерден асып кетсе, он есе төленеді. Эмиссия мөлшерін нақтылау үшін арнайы жо-балар жүзеге асырылады. Онда сыртқа шығатын қоқыс мөлшері, өндіріс қалдықтары есептеледі. Барлық көрсеткіштер ШРК орнатқан мөлшерден асып кетпеуі тиіс.

Қоршаған ортаның жағдайын жіті бақылауда ұстап отыру үшін, кәсіпорындар барлық қоршаған орта компоненттеріне әсер ететін факторларға экологиялық бақылау жасайды. Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту үшін ар-найы тазалау құралдары қолданылады.

Экологиялық бақылау мен мониторинг жүйесі

Мемлекет табиғатты тұтынушылардың әрекет-теріне байланысты қоршаған ортаның жағдайын анықтау мақсатында мемлекеттік экологиялық бақылау және мемлекеттік экологиялық мони-торинг жүргізеді. Ал кәсіпорындар өнідірістік экологиялық бақылау және экологиялық зерт-теу жүргізеді. Сондай-ақ, қоғамдық ұйымдарға ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беріледі. Қоршаған орта жағдайын анықтау мақсатымен жүргізілетін зерттеу жұмыстарымен айналысатын ұйымдардың зерттеу жұмысымен айналысу үшін берілген аттестацисы және ак-кредитациясы болуы керек.

РМК «Казгидромед» жүйесі

Қоршаған орта жағдайын бақылау мақсатындағы мемлекеттік мониторинг жүйесі келесі кезеңдерден тұрады:

• Атмосфералық ауа мониторингісі. (Стационарлық бақылау пунктері 28 елді-мекеніндерге орналасқан)

• Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйінің мониторингісі. (45 метеостансаларды қамтиды)

• Беткі сулардың сапалы жай-күйінің мониторингісі (200-н астам гидропосттарды қамтиды)

• Топырақ жай-күйінің мониторингісі

• Радиациялық мониторингті (43 метеостан-сада-жиынтық бета–белсенділікті анықтауды және 79 метеостансада-гамма-сәулененудің экспозициялық мөлшерінің қуаттылығын өлшеуді қамтиды.

• Трансшекаралық су ағыстарының монито-рингісін қамтиды.

• Жалпы мониторинг (халықаралық желі-мен байланысқан станция Бурабайда орна-ласқан)

Бақылау нәтижесінде белгілі болған барлық көрсеткіштер бюллетендерге (тоқсандық, жар-ты жылдық, жылдық) жинақталады. Олар ҚОҚМ сайтында, Экологиялық бақылау комитетінің сайтында, Орхус Ұлттық орталығының сайтында жарияланады.

Табиғат пайдаланушылар және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік есебі

Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған ортаны ластау көздерін мемлекеттік есепке алу

Page 17: Экологиялық  журналистика

17

жүйеленген, кезеңмен толықтырылатын және нақтыланатын табиғат пайдаланушылар және оған тиесілі қоршаған ортаны ластау көздері туралы біріңғайланған қысқа мәліметтердің жиынтығынан құралады. Ластаушы заттардың әрқайсына тізімдемелік паспорт жасалады.

Табиғат пайдаланушылар мен ластану көздерін мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру-да екі тізімдеме жүргізіледі. Олар табиғат пайдаланушылардың мемлекеттік тізімдемесі және Қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізімдемесі.

Мемлекеттік тізімдемелер табиғат пайдала-нушылардың есептілігі, ғылыми зерттеу-лер, жобалық іздеулер және экологиялық ақпараттардың басқа да көздерінің деректері бойынша жүргізіледі.

Жыл сайын барлық табиғат пайдаланушыларды ҚОҚМ жанындағы экологиялық бақылау комитеті тексереді. Тексеріс нәтижесі бойынша акт жа-салады. Табиғат пайдаланушыларға ескертулер болған жағдайда ескертулер қоса жазылады.

Басқа мекемелер жүргізетін мониторинг жүйесі

Қоршаған ортаны қорғауға қатысы бар кез кел-ген мекеме өзінің зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. Алайда, олар қамту аймағы бойынша, деректері мен қорытындылары бойынша «Каз-гидромед» РМК желісімен бәсекелесе алмайды.

Су ресурстары комитеті «Казгидромед» РМК ұсынған мәліметтерді пайдаланады. Себебі, өздерінің бақылау желілері жоқ.

Өндірістік экологиялық бақылау және біртұтас экологиялық зерттеулер

Өндiрiстiк экологиялық бақылауды табиғат пай-даланушы әзiрлеген өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы негiзiнде табиғат пайда-ланушы жүзеге асырады.

Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарла-масында өндiрiстiк экологиялық бақылау процесiнде қадағаланып отыратын мiндеттi па-раметрлер тiзбесi, оның мерзiмдiлiгiн, ұзақтығы мен өлшемдер жиiлiгiн айқындау критерийлерi, есептiк әдiстері белгiленедi.

Біртұтас экологиялық зерттеулер табиғатты пайдаланушылардың шаруашылық жұмыстары басталмас бұрын қоршаған ортаның бастапқы жағдайын анықтау мақсатында жүргізіледі.

Өндірістік экологиялық бақылау және біртұтас экологиялық зерттеу көрсеткіштерін салыстыру арқылы кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізер әсерін анықтайды.

Аймақтық экологиялық жобалар

Кәсіпорындар емес, мемлекет тарапынан жасалған жобаларға:

Қала ауасын мөлшерлі рұқсат етілген деңгейде ластау жобасы

Су ресурстары мен өзен бассейндерін ра-ционалды пайдалану мен қорғау сызбасы

Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы

Су сақтау қоймалары мен өзен жағалаулары бағдарламасы

Әр түрлі тақырыптардағы ғылыми зерттеулер

Мемлекеттік экологиялық сараптама

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресур-старды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғи

Page 18: Экологиялық  журналистика

18

және энергетикалық ресурстарды үнемдеу, биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып табылады.

Табиғатты пайдаланушылардың халық денсау-лығына тигізетін әсерін анықтауға арналған мемлекеттік экологиялық сараптама бекітілген құқықтық, шаруашылық және басқару шешімдері негізінде жасалуы міндетті.

Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асырушылар:

қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және аймақтық бөлімшелері. І категориялы нысандарға бақылау жүргі-зетін арнайы мекемелер;

жергілікті атқарушы органдар. ІI, III және IV категориялы нысандарға бақылау жүргізетін арнайы мекемелер.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы сараптама қорытындыланғанда белгілі болады. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына әсер етудегі құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдау жүргізіледі.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаса, жобаны іске асыруға тыйым салынады. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы экологиялық сараптама объектiсiн iске асыру жөнiнде шешiм қабылдауға болатындығы мен мүмкiндiгi туралы тұжырымдарды қамтиды.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы болған кезде тапсырыс беру-ші сараптамаға ұсынылған материалдарды сараптамалық қорытындының ұсыныстары мен ескертпелерiне сәйкес пысықтауды қамтамасыз етуге және барлық материалдарды қайтадан экологиялық сараптамаға табыс етуге не белгiленiп отырған қызметiнен бас тартуға мiндеттi.

Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзімі мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға алдын ала сарапта-мадан өткен қажеттi барлық құжаттама берiлген кезден бастап I санаттағы объектілер үшін - екі айдан, II, III және IV санаттардағы объектілер үшін бір айдан аспауға тиіс.

Қайтадан мемлекеттiк экологиялық сарапта-маны жүргізу мерзімі тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін - бір айдан, II, III және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Алдын ала сараптама-дан өткiзу мерзiмi құжаттаманың мемлекеттiк экологиялық сараптамаға келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиiс. Табыс етiлген құжаттама толық болмаған жағдайда ол табыс еткен тұлғаға қайтарылады.

Қоршаған ортаны қорғауға байланысты қоғамдық экологиялық сараптама жүргізген азаматтар мен мекемелер сараптама қорыты-ндысын мемлекеттік мекемелерге тексеруге жіберулері тиіс.

Page 19: Экологиялық  журналистика

Дэвид Полсон, Мичиган штатының Мемлекеттік университеті, Экологиялық журналистика орталығыдиректорының орынбасары

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖАЗУ ҮШІН ТІЛШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

Page 20: Экологиялық  журналистика

20

Қоршаған ортаны қорғау тақырыбына мақалалар жазу көптеген ақпарат көздеріне жүгінуді қажет етеді. Экология тақырыбында жазып жүрген жас журналистер көп жағдайда үкіметтік ме-кемелер мен өзге ресми дерек көздер ұсынған ақпараттарға қатты сенеді. Бұл, әрине, оңай. Сондай-ақ, мұндай ақпараттар беделді ақпарат көздерінен алынды деп есептеледі. Бұл ақпараттардың барлығы дерлік шындық болып көрінеді. Ал, кейбір кездері олар тексерілмеген не жалған ақпарат болуы да мүмкін.

Мұндай ақпарат көздерінен алынған дүниені жа-риялау біреудің оқығанын қағазға түсіріп беру-мен тең. Бұл журналистика негіздеріне жатпайды. Кейбір кездері ресми өкілдердің пікірі шындық болып көрінгенімен тексерілмеген болуы мүмкін. Қайткен күнде де, ресми мәлімдемелер мен біреудің айтқан пікірі тексерілуі қажет. Бұл жерде пікір білдірушінің бедел-абыройы, манса-бы маңызды еме.

Ғалымдарды ақпарат көзі ретінде қарастырыңыз

Экологиялық журналистикада ғалымдар сая-си тұлғалардың, түрлі мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдар берген мәліметтердің дұрыс-бұрыстығын тексеруге жәрдем бере алады.

Мысалы:

2011 жылы 29 шілдеде кениялық Daily Nation газеті Aquiess Global Rain Project атты топтың Шығыс Африкада жасанды жолмен 90 күннің

АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ

ішінде жаңбыр шақыру туралы ұсынысы жайында жазды. (http://www.nation.co.ke/News/Wil l-ar t if ic ial-rain-end-the-cycle-of-hunger---/-/1056/1210290/-/item/0/-/feyhyjz/-/index.html).

Мақалада Aquiess ұйымының екі мүшесі тура-лы айтылды. Олар электромагнитті энергияның көмегімен бұлттарды жаңбыр жаумайтын аймаққа бағыттай аламыз деді. Олар бұл жо-баны Шығыс Африкада жүзеге асыру үшін «донорлық қауымдастық» 11 млн доллар төлесе деген тілектерін білдірген екен. Мақала соңында Кения үкіметі қызметкерінің пікірі берілген. Ол «жаңбыр шақыру жобасы үлкен қаражатты қажет етеді. Алайда, мұндай шаралар аймақты дамытуға арналған ұзақ мерзімді жоспарларға жатқызылады»,-дейді.

Бір атап өтер жайт, журналист тек ұйымның пікірімен ғана шектелмеген. Шенеуніктің пікірі аса маңызды болмағанымен, сол аймақта атал-мыш жобаны іске асыру бойынша бастама көтерілгендігін растайды.

Мақалада мәлімдеменің тексерілгендігі және адамдардың объективтілігі жайлы нақты дәлелдер келтірілмеген. Тіпті, жобаның қайда жасалғандығы жайлы да айтылмаған. Тек ғылыми ұйымдарға сілтеме берумен шектелген. Онда сұхбат берушінің аты-жөні, мамандығы көрсетілмеген.

Мақалада осы жоба нәтижесінде Австралияда, Қатарда және АҚШ-та жаңбыр жауғаны жайлы

Page 21: Экологиялық  журналистика

21

ақпарат берілген. Бірақ бұл ақпаратты растай-тын ешқандай дәлел мен дәйек келтірілмеген. Тіпті, осы оқиғаға қатысты ақпарат бере алатын мекеме қызметкерінің немесе фермердің пікірі де жоқ.

Мұндай дәлелсіз ақпарат Aquiess ұйымының шынымен жаңбыр шақыра алатындығына, және 11 млн доллардың тиімді жұмсалатындығына күман тудырады.

Мақалада ұйымның қалай және қашан жаңбырды шақыратындығы, жаңбыр қалай жауатындығы жайлы айтылмайды. Мақала қоршаған орта жайлы болғанымен, эколо-гия тақырыбында жазылған сапалы мақалаға жатқыза алмаймыз.

Тақырып ашылмаған. Журналист қажетті адам-дардан, ұйымдардан қажетті пікірлерді жинай алмаған.

Материал жарияланған соң Daily Nation газеті «Пікірлер» атты парақшасында Найро-би университетінің География және эколо-гия факультетінің профессоры Ричард Самсон Одингодан келген хатты жариялады. Профессор мақалаға сілтеме бере отырып, өз дәлелдерімен, 90 күн арасында аймақта жаңбыр жаууы мүмкін емес дейді.

Кения мен әлемдегі ауа райының өзгеруіне нақты эксперименттер жасалмағандығын айта-ды. Тұрғындар аталмыш экологиялық мәселенің шешімін таппасына көздері жеткен кезде ұйым осы жобаны ұсынды.

Ұйым мүшелері жобаның Қатарда жүзеге асы-рылуына сенімді болса, Шығыс Африканың ке-дей аймақтарында жаңа технологияны тексер-местен басқа шөл далада жобаны неге тексеріп көрмейді деген сұрақ қояды.

Мақала жазғанда журналистің идея авторлары-на қоятын бірінші сұрағы осы болуы керек-ті.

Бұл оқиғада ғылыми мақаланы сапалы жазба-ғаны үшін журналисті кінәлауға да болмас. Алайда, Найроби университетіне хабарласып, кез келген ғалымнан осы жайлы ақпарат беруін, әлде пікір білдіруін сұрамағаны журналист тара-пынан үлкен қателік болды.Ол ғалымдардан қосымша мәлімет алып қана қоймай, идея авторларына арналған сұрақтарын да нақтылайтын еді.

Әрине, қоршаған ортаға қатысты барлық ақпараттардан хабардар болу журналист үшін өте қиын. Мұндай жағдайда журналист тақырыпты зерттеген, сала жайында хабары бар маманның көмегіне жүгінуі қажет. Себебі, эко-логия тақырыбында мақала жазу үлкен зерттеуді қажет етеді.

Қарапайым халықты ақпарат көзі ретінде қарастырыңыз

Қарапайым халықты ақпарат көзі ретінде алуға ғалымдар келіспеуі мүмкін. Алайда, мақалада ғалымдардың пікірін қолданбас бұрын, олардың қайда жұмыс жасайтындықтарын білу маңызды. Басқа сала мамандарының да пікіріне жүгінуге болады. Ғылым – шексіз және шетсіз әлем!

Зерттеу жүргізгенде, ғалымдардың дайын зерттеуімен шектелмеңіз. Қоршаған ортаға қатысты баршаға ортақ жайттар оқырман үшін өте қызықты. Осы тұрғыдан алғанда, әр адамды жеке ақпарат көзі ретінде қарастырамыз.

Қарапайым мысал, мекеме өкілі немесе шенеунік «Су тап-таза» деуі мүмкін. Ал бірнеше адам-дар осы суды ішкеннен кейін, ауырып қалдық десе ақпарат ретінде қолдануға болады. Бірақ оқырман көкейінде, расымен де аурудың себебі су ма, әлде басқа ма деген сұрақ тууы мүмкін.

Тұрғындар өздері өмір сүріп отырған мекендері жайлы көптеген қызықты мәліметтермен бөлісуі мүмкін. Белгілі бір аймақта ұзақ өмір сүрген адамдардың түрлі экологиялық оқиғалары болады.

Page 22: Экологиялық  журналистика

22

Олар қоршаған орта мен ауа-райына, табиғатқа қатысты көптеген деректермен бөлісуі мүмкін. Мәселен, бұрындары қандай жануарлардың мекендегенін, бұл мекенде қашаннан бастап ауа ластанғанын, бұрын табиғат қандай болғандығын әсерлі суреттеп береді. Тіптен, ата-әжелерінің әңгімесінен есте қалған бұрынғы экологиялық жағдайларды еске түсірулері мүмкін.

Осындай ақпаратты іздеңіз. Мұндай бақылаулар тек журналист материалының негізі ғана емес, ғылыми зерттеулерге, ресми статистикаға өзгерістер алып келуі мүмкін.

Экология тақырыбында қалам тербейтін жур-налистер көп жағдайда үкімет мүшелері мен ғалымдар ұсынған ресми мәліметтерге жүгінеді. Мұндай материалдар ресми не ғылыми баян-дама секілді қабылданады. Ең алдымен, журна-листер оқырман санасында қалатын қызықты мақала дайындауы қажет. Ал белгілі аймақ жайлы қызықты жайттарды оқу оқырман үшін қызықты. Оған түрлі статистика, мәліметтер, зерттеу қорытындылары қосылса мақаланың ажары ашыла түседі.

Журналистті ақпарат көзі ретінде қарастырыңыз

Өз түйсігіңізге сеніңіз. Не көріп тұрсыз? Нені бақыладыңыз?

Экология тақырыбында мақала жазудың ең тиімді жолы – табиғатты жан тәніңмен сезіне білу. Мысалы, ақпарат беруші табиғаттың жағдайы күн өткен сайын жақсарып келеді дейді. Ал, сіз зауыттардың өзенге төгілген қалдықтарын көріп тұрсыз. Ендеше, көзбен көргеніңізді жазыңыз.

Әрине, барлық экологиялық мәселелерді көзбен көріп, сараптап, тізбелеп шығу мүмкін емес. Сонда да, бұл тақырыпта журналистің қаламы ешқашан тоқтамауы тиіс. Тамақтың құрамында улы сынап бар екендігін дәлелдеу үшін,

балықпен қоректенетін адамдардың шашын жинап зерттеген журналистер де болған. Өте лас өзендер мен көлдерден су алып, ластаушы заттардың құрамын анықтау үшін, ғалымдардың зерттеуін өтінген журналистер де болған.

Мұндай зерттеулер жүргізу көптеген медиа ұйымдар үшін қиын.

Алайда, мұндай мақалаларды жарыққа шығару үшін көп күш жұмсау қажет. Судың тазалығын анықтайтын құралдардың бірі - Секки дискі. Оны суға толық енгенше ба-тыру керек. Яғни, белгілі бір уақыт аралығында, судың тұнықтығын анықтауға болады.

Әрине, бұл тәжірбие қорытындыларына пікір білдіретін мамандарды табу керек. Зерттеу ба-рысында орын алған көптеген өзгерістердің себебін ғалымдар түсіндіріп береді.

Аймақты мекендейтін жануарлар мен өсімдіктерді бақылау арқылы да қоршаған орта жағдайын білуге болады. Олардың ағзаларын зерттеу арқылы судың сапасын анықтауға болады.

Мұндай тақырыптарды жазып үйрену үшін, ең бірінші, қоршаған ортаға қатысты ғалымдардың жұмыстарымен танысу керек. Олар неге және қалай жазды? Сұраудан және үйренуден жалықпаңыз.

Ғалымдарды кез келген жерден таба аласыз. Ал өзгелер мән бермеген өзенді зерттеу арқылы сіз керемет жаңалық аша аласыз.

Үкіметтік емес ұйымдар ақпарат көзі ретінде

Қоршаған ортаны қорғауға қатысты жұмыстармен үкіметтік емес ұйымдар да ай-налысады. Олардың жұмыс барыстары да әртүрлі. Экология тақырыбында жазатын жур-

Page 23: Экологиялық  журналистика

23

налист ең алдымен, қай ақпарат көзінің сенімді екенін нақтылап алуы керек. Мұндай ұйымдар мемлекеттік мекемелер бере алмайтын, оларға таныс емес ақпараттармен де бөлісулері мүмкін. Сонымен қатар, оларды тәуелсіз ақпарат көздері ретінде де алуға болады.

Көп жағдайда қоршаған орта саласындағы шенеуніктер белгілі бір экологиялық мәселеге қатысты пікір айтудан бас тартып жатады. Бірақ осы салада хабары бар сарапшылар және басқа аймақ тұрғындары орын алған мәселе бойынша ой бөлісуге әрдайым дайын тұрады.

Жалпыға ортақ дүниелерге қауіп төнген жағдайда осы іспетті ақпараттарды қолдану тиімді. Әлемнің ең үлкен 5 өзенін біріктіретін Ка-нада және АҚШ-тың Great Lake аймағын айтуға болады. Ол 8 штат үкімітетіне, 2 провинцияға және 2 ұлтқа тиесілі.

Аталшыш мәселелерді шешуде нақты шешім шығару да қиындық тудырады. Ондай жағдайда, журналист екі тарапқа да қатысы жоқ штат өкілінің пікіріне жүгіне алады.

Немесе шеттен келген сарапшылар бақылау жа-сай алады.

Қытайдың бас қалаларындағы ауаның ласта-ну деңгейі жайлы жалған ақпарат берген үшін қытайлық шенеуніктер жауапқа тартылған болатын. Ақпараттың негізсіздігін қала тұрғындарының өздері байқаған.

Ең бірінші, бұл ақпарат Қытайдағы АҚШ елшілігінің назарын аударды. Елшілік өкілдері ауаны ластаушы заттарды зерттеп, қорытындысын жариялай бастады. Қытай үкіметінің қарсылығына қарамастан, Қытайда тұратын америкалықтар аптаның қай күндері далада жүрсе денсаулықтарына зиян тимейді деген сұраққа жауап іздейміз деген мақсатпен, америкалық шенеуніктер зерттеу жұмыстарын жалғастыра берді.

Сол уақыттарда Америка-қытай қарым-қаты-насы жөніндегі орталық ауа-райына қатысты Қытай қалаларының суретін жариялай бастады. ChinaAirDaily.com сайтында жарияланды. Міне, осы зерттеуді тәуелсіз зерттеуге жатқызамыз. Мұндай сараптамамен журналист те айналыса алады.

Page 24: Экологиялық  журналистика

24

Экологиялық тақырыбында сұхбат өткізу оқиғағаның даму барысымен және ақпарат көзімен тікелей байланысты.

Саясаткерлерден жауап ала алмау, бітпейтін қағазбастылық, басшылардың сұхбат беру-ден бас тартуы, өз пікірімен бөлісе алмайтын қала тұрғындарын сөйлете алмау журналист қауымына өте таныс.

Сонымен қатар, ғалымдардың ғылыми тілін түсіну де журналист үшін оңай жұмыс емес. Қоршаған ортаны қорғаушылардың әртүрлі арыздарын да тексеру көп еңбекті қажет етеді.

Қоршаған орта тақырыбында сәтті сұхбат өткізу жолдарына қатысты бірнеше практикалық кеңестерді ұсынамыз. Кеңестерді экологиялық журналистер қауымдастығының мүшелері SeJournal ұйымының журналында жариялаған болатын

Сұрақтар

Сұрақтар қарапайым болғаны дұрыс.

«Неге?» деген сұрақ 36 жыл журналистік тәжірбиесі бар Трудт Тынанға көптеген мақала жазуға көмек берді.

«Сұрақтарыңызды асықпай, саралап қызығушылықпен қойыңыз!» Бұл - Associated Press агенттігі қызметкерлерінің кеңесі.

«Қанағаттанарлық жауап алғанша сұрай беріңіз. Қойған сұрағыңызға нақты жауап ала алмасаңыз, формасын өзгертіп қайта сұраңыз. Анықтаушы сұрақтар қойсаңыз да болады. Мысалы, «сіздің ойыңызша, ХХХХ ғой?», жауап беруші «жоқ, олай емес ҮҮҮҮ» деп айтуы мүмкін. Одан кейін «не себепті?» деген сұрағыңызды қоя берсеңіз болады.

Тынанның айтуынша, қойылған сұраққа нақты жауап алу үшін осы сұрақты қою керек. Егер жауапберуші қобалжып, сөздерінен шатасса, неге екенін де сұраңыз.

Екінші сұрақ «Оның әсері қандай?»

Висконсина қоғамдық радиосының тілшісі Чак Куимбах, сарапшы-ғалымдар «түсініксіз» ғылыми тілде жауап бере бастаса осы сұрақты қойыңыз деп кеңес береді.

«Ғалымдар көп жағдайда өздерінің еңбектері жайлы айтқылары келеді. Балтимордағы экологиялық журналистер қауымдастығындағы көп жылдық тәжірбие маған осы тұжырымды үйретті»,- дейді Чак Куимбах.

ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СҰХБАТ

Page 25: Экологиялық  журналистика

25

Ottawa Citizen жаңалықтар қызметінің журналисті Кейт Джейметтің айтуынша, ғалымның айтқандарын түсінбесеңіз, түсінікті тілмен түсіндіріп жіберуін өтініңіз. Ол ғалымның сенімділігін арттырады және сіздің тыңдауға дайын екеніңізді көрсетеді.

Оқиғаның ең қызықты жерін таңдап алу үшін, Kansas City Star тілшісі Майк Мансур: «Егер бұл кинодағы бірінші көрініс болса, екінші көрініске қайсын алар едіңіз?» деген сұрақты қоюға кеңес береді.

Қосымша материал алудың тағы бір жолы – сұхбат соңында сұхбат берушінің өзінен сұрау.

Виконсинаның фрилансер-журналисті Кристин Хайнрихс сұхбат берушіден тағы қосып-алар ақпараты бар ма екен, соны сұрауды ұмытпаңыз дейді.

Көп журналистер қиын сұрақтарды сұхбаттың аяқ жағында қояды. Сұрақтардың күрделілігіне емес, әңгіме желісіне қатысты қойыңыз.

«Сұхбат уақыты шектеулі болып, 1-2 ғана сұрақ қоюға мүмкіндік алған жағдайда (саясаткер-лерден сұхбат алғанда), ең маңызды, ең өткір деген сұрақтарыңызды қойыңыз. Қарапайым сұрақтарға жауапты кез келген басқа сарапшы-лар бере алады» дейді Джеймет.

Үнсіздік

Сұхбат барысындағы үнсіздік. Көп журналистердің айтуынша, жауаптар арасында үнсіздік көп болса, сәтті сұхбат жазуға болады. Сұхбат беруші үнсіз қалса, сұрақты қайталап ма-залай бермеңіз.

«Сөзін бөле бермесеңіз, сұхбат берушілер көптеген маңызды ақпараттармен бөліседі»,- дейді USA Today-дің ғылыми репортері Элизабет Вайз.

«Өткен жексенбіде тауда серуендеумен айналы-сатын жасөспірімнің анасынан сұхбат алуым ке-рек болды. Бала тауға өте үлкен жылдамдықпен көтеріліп бара жатып, таудан құлап қайтыс бола-ды. Өзімен бірге 4 адамды ала кетеді. Баланың анасынан барлық телеарна, газет журналистері сұхбат алды. Анасы «Барлығы құдайдың қолында» деген сөзін қоса берді» деп еске ала-ды Мансур.

«Сұхбат алу үшін олардың үйіне келдім. Баланың анасы қайтадан «барлығы құдайдың қолында» деумен шектелді. Мен бір минут бой-ында үндемей күтіп отырдым. Біразға созылған үнсіздіктен соң, барлығына мен кінәлімін, балам-ды жібермеуім керек еді деді. Менің сұхбатым осы сәттен бастап әңгіме желісіне ауысты. Ба-ласынан айрылған ананың қайғысы нанымды суреттелді».

«Сұхбат барысында журналистер «ақымақ» бо-лып көрінуден қашқақтайды. Сонда да, сұхбат берушімен әңгімеде достық байланыс орнатуға тырысыңыз» дейді Мансур.Des Moines Register-дің журналисті Пери Биманның кеңесі: «сұхбат барысында жауап берушінің ойлануына жағдай жасаумен қатар, қайраттандыратын, демеу беретін сөздер айту да маңызды. Сұхбат екі адам арасындағы әңгімелесу түрінде еркін өтсе әсерлі шығады. Ұзаққа созылған үнсіздік кезінде сіздің мұқият тыңдап отырғаныңыз өте маңызды».

Сұхбат жүргізгенде байқап көріңіз, ең негізгі тұшымды жауаптар сұхбаттың аяқ жағында ай-тылады. Ол кезде жауап беруші өзін еркін сезіне бастайды. Диктофоныңыз бен блокнотыңызды жинамай қоя тұрыңыз.

Табандылық пен қажырлық

Ғылыми терминдер оқырман үшін түсініксіз болып қалмауы үшін, оларға түсінік беріп оты-ру қажет. US Black Engineer and Information Technology-ң редакторы Рождер Визерспун

Page 26: Экологиялық  журналистика

26

жазбаларында инженерден сұхбат алған сәтін жазады. Ол атауы өте күрделі ғылыми жаңа ме-ханизм ойлап тапқан.

«Мен инженерден баршаға түсінікті тілмен айтып беруін өтіндім. Ол күлді де, маған диаграмманы жіберді. Мен диаграммаға қарап түкке түсінбедім. Түсіндіріп беруін қайта өтіндім. Ол тағы да күлді де, маған мұның ұшақ моторының жаңа үлгісі екенін түсіндіріп берді. Егер бұл қолданысқа енсе, мотор майын қолданбауға болады. Солайша қоршаған ортаға зиянды нәрселерді шығармауға болатындығын түсіндірді».

Сұхбатқа дайындық

«Ең бірінші, үкімет мүшелерінің, саясаткерлердің және компания басшыларының қызметтерімен танысып алыңыз. Кімнің қандай жұмыстармен айналысатынын білу, кімге қандай сұрақ қою керек екенін анықтауға көмектеседі»,-деп кеңес береді California Energy Circuit журналисті Бил Келл.

И.Ф.Стоун атты журналист мақалаларын сұхбат негізінде емес, ақпараттар ағымына байланысты жазады. Себебі, адамдардың ісі мен сөзі арасында үйлесім жоқ деп есептейді журналист. Ал, іс-әрекет сөзден маңызды. Бірақ көп жағдайда ресми өкілдің ісі емес, сөзі жаңалықтарда таратылады дейді ол.

Сұхбатқа алдын ала дайындық журналист үшін өте пайдалы. Тек ол үшін ғана емес, сұхбаттың сәтті өтуіне тікелей әсер етеді. Сұхбат барысында алынған жауап-тарды бірден саралап, нақтылап отыруға көмектеседі.

«Шамадан көп сұрақтар қоймаңыз. Видео-лардан, веб-сайттардан, газеттерден, есеп-терден табуға болатын материалдарды жауап берушіге қоя бермеңіз. Сұхбат уақытын тиімді пайдаланыңыз»,- деп кеңес береді Animal People редакторы Мерит Флитон.

Мақала тақырыбына байланысты өзіңіз-дің зерттеуіңізді жасап алғаннан соң, сұрақта-рыңызды дайындаңыз.

Жауап беруші жауап беруден бас тартқан жағдайда

Журналист ақпарат көзі тарапынан айтылған барлық ақпаратты жариялай бермейді. Сарап-тап, саралап барып қажеттісін қоғамға ұсынады.

«Көп жағдайда саясаткерлер мен ұйым мүшелері қойылған сұраққа нақты жауап бермей, сұрақтан ауытқып кетіп жатады. Ондай кездерде «Сіз менің сұрағыма жауап бермедіңіз. Егер нақты жауап бере алмасаңыз, сізді жауап беруден бас тартты деп жазамын» деп айтамын» деп жазады Визерспун.

Сұхбатты ресмилендірмеңіз

Егер сұхбат интервьюердің үйінде өтсе, жұмыс столын, сөредегі кітаптарып, жалпы үй жағдайын көре аласыз. Мұндай жағдайда өткізілетін сұхбаттарды тым ресмилендірмеген абзал.

«Егер сұхбат алу үшін интервьердің жұмыс ор-нына келсеңіз, қосымша ресми мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар. Ғалымдардан, зерттеушілерден сұхбат алған кезде тақырып жайлы жазылған зерттеу жүмыстарын сұраймын. Көп жағдайда жұмыстарын оқып шыққым келетінін айтқанда, олар таң қалады. Сол жұмыстарды оқу арқылы көптеген ақпараттарға қол жеткізе аламын» дейді Шляйфштейн.

Ғалымдар тек ғылым жайлы айтпайды

«Егер ғалыммен сұхбаттасуға келсеңіз, тек ғылыми жобалар мен экологиялық мәселелермен шектелмеңіз. Оның жұмыс тәжірбиесінде болған қызықты оқиғаларымен бөлісуін сұраңыз. Неге бұл саланы таңдағандарын, ғылыми жолға қалай келгендерін де сұраңыз. Сіз үшін ақпарат, ал ғалым үшін ой бөлісу» деп жазады журналист-фотограф Венди Хольткамп.

Page 27: Экологиялық  журналистика

27

Сұхбат берушіден түрлі аңыздар жайлы, тарихи оқиғалар жайлы сұрауды да ұмытпаңыз. Осы сипаттағы мәліметтер мақалыңыздың ажарын аша түседі. Жеке тұлғаның ішкі сезіміне назар салыңыз. Ол өз саласына қатысты ақпаратпен бөліскенде қандай көңіл күйде болды. Әр де-тальды қалт жібермеңіз. Әңгіме желісін бақылаңыз

Оқиғаға барлық қырынан баға бердіңіз бе? Барлық жағын қарадыңыз ба? Ғалымдар өз зерт-теу жұмыстары жайлы көп айтқылары келеді. Әрине, ол қызықты. Бірақ кімнен, нені, қашан, қалай сұрайтыныңызды жоспарлап алыңыз.

Page 28: Экологиялық  журналистика

28

Ақпарат жинау мақаланы жарыққа шығарудың бастапқы сатысы. Экология тақырыбында мақала жазуда қиын әрі қызықты тақырыпты оқырманға түсінікті етіп жеткізу маңызды.

Жақсы журналист шешендік өнерді меңгеруі қажет.

Экология тақырыбында жазатын журнали-стер түсініксіз терминдерді көп қолданады. Олар ғылыми мақалаларды талдауға, экология мәселелеріне қатысты ақпарат жинауға өте көп уақыт жұмсайды.

Барлық бастапқы жұмыстарды артқа тастап, журналист мақала жазуға отырады. Көбіне мақалалар ғалымдарға арналып жазылатындай көрінеді. Ал біздің аудитория – барша халық.

Сондықтан, баршаға түсінікті етіп жазыңыз. «Қателіктер жіберілді» деп жазумен шектелмей, қандай қателіктер орын алғанын толық жазыңыз. Түсініксіз ғылыми терминдерді мақалада қолданбаудың бір жолы, ғалымға қатысы жоқ адамнан терминнің баламасын сұраңыз. Экологиялық мәселені сіз достарыңызға,

АЛ, ЕНДІ МАҚАЛА ЖАЗУ ЖОЛДАРЫНА ТОҚТАЛАМЫЗ

Экология тақырыбындағы мақалалар оқырманның көз алдына оқиғаны елестетеді. Күрделі тұжырымдамаларды түсіндіруде метафора, салыстыру әдістері қолданылады. Ең тиімді жолы, қарапайым тілмен жеткізе білу мен оқырман назарын аудару. Ал кәсіби журналист үшін бұл қиын емес.

Page 29: Экологиялық  журналистика

29

отбасыңызға қалай түсіндірер едіңіз, мақаланы солай жазыңыз.

Экология тақырыбында жазатын журналистер үшін өз мақалаларын өздерінің редакциялауы маңызды. Яғни, артық сөздер мен артық ақпаратты алып тастау қажет.

Бұл мақалада қолданылмаған ақпараттар басқа мақалаңызға азық болады. Тағы бір кеңес – экология тақырыбын жазумен айналыссаңыз, өзіңіздің ұзақ уақытқа арналған жобаңызды жасаңыз.

Қолдағы бар материалды бір мақалаға енгізсеңіз оқырманның қабылдауына қиын. Ал бір мәселе жайлы бірнеше мақала жазсаңыз тұрақты аудиторияңыз үшін қызықты.

Экологиялық мәселелелер адам ағзасына қалай әсер ететінін білу – оқырман үшін маңызды. Табиғаттың ғажап көрінісі, сиреп бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер жайлы оқу қызықты,әрине. Бірақ адамзат үшін өзінің денсаулығы барлығынан маңызды.

Қоршаған ортаның ластануына қатысты өткізілген сау-алнамадан соң, журналист Роджер Визерспун, ластанған топырақты тазалаудың тиімді жолы - жәндіктермен күрес деген қорытынды жасады.

Ғалым тек салыстыру әдісін қажет етпейді. Экология саласындағы заңнамалар мен құжаттар оқырманның қызығушылығын оята алмайды.

Техникадан бұрын, нақтылық қажет.

«Қазір ядролық өнеркәсіпте зауыттан шыққан қалдықтардың суға жайылуын анықтауда «шлейф» термині қолданылады. Қарапайым халық үшін бұл термин түсініксіз. Ал ядролық өнеркәсіпте зауыттардан он миллиондап төгілетін ластаушы заттар дегенді білдіреді» деп жазады Визерспун.

Сол себепті, сұхбат барысында бейтаныс сөздер кездессе нақтылап алыңыз.

Page 30: Экологиялық  журналистика

Сергей Домнин, «Эксперт Казахстан» іскерлік апталығыныңтілшісі

ІСКЕРЛІК БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫ

Page 31: Экологиялық  журналистика

31

Біріншіден, бұл әзіл қазіргі отандық іскерлік басылымдардағы экологиялық мақалаларға арқау болады. Екіншіден, іскерлік журналистиканың зерттеу негізіндегі экономиканың басты дилем-масын көрсетеді. Мәселен, табиғат ресурста-ры шектеулі, ал адамзаттың қажеттілігі шексіз. Үшіншіден, экологиялық мақалаларды іскерлік журналистикаға жатады. Себебі, ондай матери-алдар қысқа-нұсқа жазылады, әрі толық мәлімет береді.

Бөлім авторының мақсаты – отандық іскерлік БАҚ-тағы экология тақырыбында жазылған мақалалармен таныстыру. Бөлімде осы салада жарық көрген мақалалар мысал түрінде көрсе-тілген. Экология тақырыбында мақалалар қалай жазылуда? Сонымен қатар, автор экология тақырыбында жазылған шетелдік материалдарға тоқталады. Басқаша қалай жазуға болады? Бөлім соңында бірнеше дидактикалық кеңестерді ұсы-нады. Экология тақырыбында қалай жазу керек?

Жазғы экологиялық мектептің сабағында мұғалім:

- Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісі бізге нені үйретеді?-деп сұрайды.

Бір қыз орнынан тұрып:

- Бұл ертегі қазіргі заманда тұтынудың шексіздігі экологиялық және гуманитарлық апатқа алып келетінін көрсетеді,-деп жауап берді (халық әзілі)

Page 32: Экологиялық  журналистика

32

Қазіргі таңда іскерлік басылымдар экологияға қарағанда заң тақырыбына назар аударып отыр. Оның бір себебі, бизнес-басылымдардың мақсатты аудиториясын кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікпен айналысатын шенеуніктер ғана құрайды. Олар ақпаратты оқу үшін ғана емес, өздерінің жеке капиталының жағдайын (са-яси немесе қаржылық) бақылап отыру үшін оқиды. Сондай-ақ, қосымша қаржы табу жол-дарын қарастыру үшін бизнес басылымдарға жүгінеді. БАҚ-тың басты мақсаты қоғам үшін маңызды ақпарат тарату болса, іскерлік ба-сылымдар белгілі топтан құралған мақсатты аудиториясын ақпаратпен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Оларды Ресейде революцияға дейін 170 миллион халық арасынан «жоғарғы жүз мыңдықтар» деп атаған екен. Ал 16 миллион халқы бар Қазақстанда іскерлік басылымдардың оқырмандары Астана және Алматы қалаларында ғана бар. Іскерлік жур-налдар 5 мың тиражбен ғана таралып отыр.

Интернет басылымдарда және газет-журнал-дарда жарияланатын экологиялық мақалалар-дың арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Тек газет-журналдарда үлкен көлемдегі материалдар жариялана береді. Ал интернет басылымдар көбіне қысқа хабарламалармен шектеледі.

ІСКЕРЛІК ӘЛЕМДЕГІ ТАҚЫРЫПТАР

Қазақстандық іскерлік басылымдар эколо-гия тақырыбындағы материалдарға аз орын бөледі. Барлық басылымдар анда-санда «Эко-логия» айдарымен мақалалар топтамасын беріп отырады.

Осы тұрғыдан алғанда, «Қазақстан Today» ақпарат агенттігі алда келеді. Олар экологиялық жаңалықтарды арнайы айдармен таратып жүр. (http://www.kt.kz/?lang=rus&cat=1133168098)

Экологиялық материалдарды сараптауда, жарнамалық материалдарды есептемегенде, жағымсыз ақпараттардың көп берілетіндігін байқадық. Мәселен, техногендік және табиғи апаттар, олардың алдын-алу мен салдарын жою, браконьерлік және онымен күрес жай-лы және т.б. Ал жағымды ақпараттар легін экологиялық заңнамалар мен қоршаған ор-таны қорғауға арналған жаңа технологияның енгізулі жайлы жазылған мақалалар құрайды. Ара-тұра зоопарктерден ауыстырылған жа-нуарлар, қайырымдылық мақсатта өткізілген экологиялық акциялар жайлы материалдар да кездесті

Page 33: Экологиялық  журналистика

33

Қазақстандық БАҚ-та көтеріліп жүрген экология тақырыптарын бірнеше топқа бөлуге болады.

ІСКЕРЛІК БАСЫЛЫМДАР ЖӘНЕ МЕКЕМЕЛЕР

Тақырыптар Материалдың сипаты Ақпараттың БАҚ-та жариялануы

Оқиғалар мен табиғи апаттар

Экологиялық қауіп тудыратын кез келген оқиғалар. Журналистерді зардап шеккендердің саны, қаржылық шығын көлемі, зардап шеккендерге көмек пен өтемақы көлемі қызықтырады.

Оқиға республикалық масштабта болса, ақпараттық агенттіктерде жарияланады, онлайн-басылымдар, газет-журналдар. Жариялану жиілігі: жиі

Мемлекеттік бағдарламалар

ҚР-да әр саладағы Үкіметтің белсенділігі қажетті бағдарламаларды жүзеге асырылуымен байқалады. Мысалы, 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстанның Қоршаған ор-таны қорғау министрлігінің Стратегиялық жоспары. Іскерлік басылымдарда бағдарламаның жүзеге асыру кезеңдері, жоспарланған қаржы көлемі, жауапты мекемелер мен күтілетін нәтижелер туралы ақпараттар беріледі.

Газеттер мен журналдарЖариялану жиілігі: сирек

Болашақта пайда болуы мүмкін мәселелер

Көп жағдайда проблемаларды шешуді жекелеген тұлғалар мен ұйымдар (ҒЗИ, ҮЕҰ, редакциялар) ұйымдастырады. Әдетте, экологиялық мәселелерді шешудің механизмдері талқыланып, баға беріліп болғаннан соң, балама әдістер ұсынылады.

ЖурналдарЖариялану жиілігі: сирек

Экологияға әсер етуші бизнес-жобалар

Бизнес – іскерлік басылымдардың басты объектісі. Көп жағдайда бизнес табиғатқа зиян келтіруші болып қарастырылады. Олар: өндірістік қалдықтар, құрылыс нысандарын салу. Журналистердің міндеті – бизнесмендердің әрекеттерін, қаржыландырылуын заңға сай екендігін бақылау. Осы тұрғыда қоғам мүшелері (ҮЕҰ), мемлекеттік құрылымдар, тәуелсіз эксперттік қауымдастық мүшелері сізбен мүдделес.

Газет- журналдар. Жариялану жиілігі: орташа

Жер байлығын өндіруші мен мемлекет арасындағы дау-дамайлар

ҚР-дағы жер байлығын өндірушілер іскерлік басылымдардың басты жағымсыз қаһармандары. Қоршаған ортаны қорғау ту-ралы заңды бұзу үлкен көлемді айыппұл төлеуге мәжбүрлейді. БАҚ өкілдері үшін айыппұл көлемін білу өте қызықты. Сонымен қатар, бұл жерде жер байлығын өндірушінің табиғатты қорғау мақсатында қанша ақша жұмсайтыны, жобасының мерзімі қызықтырады.

Ақпараттық агенттіктер, газет-журналдар Жариялану жиілігі: жиі

Ірі экологиялық шаралар

Журналистер оқиғаның барысы туралы әңгімелеп, оның көлемі мен экономикалық әсеріне баға береді.

Ақпараттық агенттіктер, мерзімді баспасөз (сирек) Жариялану жиілігі: орташа

Page 34: Экологиялық  журналистика

34

Іскерлік басылымдарда көп жарияланатын экономикалық мақалалар көптеген экологиялық мәселелердің тасада қалып отырғандығын көрсетеді. Көптеген экологиялық ҮЕҰ мен биз-нес өкілдерінің айтуына қарағанда, іскерлік БАҚ «экологиялық бағытты» сирек ұстанады. Тек экология тақырыбы ғана емес, өзге де іскерлік журналистиканың бағыттары басылымдар-да аз кездеседі. Медиа-нарықтың заңы со-лай: бірде-бір редактор жасыл болашақ үшін күресіп жатқан ұйым туралы ақпарат жарияла-майды. Жарнамалық материал беремін десеңіз, әрине болады. Бірақ жеке компаниялардың PR-бөлімінде жұмыс істейтін жалақысы жоғары қызметкерлер жазуы тиіс дүниені журналистің жазуы міндетті емес. Сондықтан да, іскерлік ба-сылымдарда «жағымды» мақала кездестірсеңіз, редакцияның атынан жарияланса да, оны жар-нама деп қабылдаңыз.

Іскерлік басылымдарда жарияланатын матери-алдар қалай дайындалады?

Бизнес-басылымдарға арналған мақалалардың негізгі ережелерін ұсынамыз:

1. Кез келген материалда мәселе мен мәселені көтерудегі мақсат бірінші кезекте тұруы керек. Бұл форматта жазылған іскерлік басылымдардағы материалдар ғылыми баяндамаға ұқсайды. Про-блема (идея) тақырыпта айтылады, ал мақсаттары мен міндеттері мәтіннің бөлімдерінде жазылады.

2. Ақпарат көзі болмаса, ақпарат та жоқ. Ал сілтемесіз және спикерсіз ақпарат көзі бол-майды. Кез келген ақпараттың «авторы» болуы керек. Оның қашан және қалай БАҚ-қа келіп түскенін айту да маңызды. Материалда пікір берушінің аты-жөні, қызметі толық жазылуы керек.

3. Барлық журналист үшін объективтілік қажет болса, іскерлік басылым тілшісі аса объективті болуы шарт. Журналист кемінде екі адамның пікіріне жүгінуі қажет. Мақаланы жариялама-стан бұрын спикерлерден алынған пікірлерді тағы бір рет тексеріп алған абзал.

4. Мұнайшылар мен қаржы мамандары секілді экологтардың да өз сленгтері бар. Журналист оны оқырманға түсінікті етіп жеткізу керек. Түсініксіз сөздерге түсіндірме беру де маңызды.

5. Сәтті шыққан мақаланың астарында даулы мәселе болады. Мұндай мақалалар дауға қатысы бар адамдардың да, қатысы жоқ адамдардың да назарына ілігері сөзсіз. Сондықтан, редакцияға телефон шалушылар саны да артады.

Іскерлік басылымдарға материал дайын-дау ақпарат көздерін жинаудан басталады. Тақырыпқа орай, нені қайдан қалай іздеу ке-рек екендігін анықтап алыңыз. Іскерлік басы-лымдарды қаржы, динамикалық көрсеткіштер, физикалық көлемдер, сарапшылардың қорытындылары мен бағалаулары қызықты-ратыны оқырмандарға белгілі.

Экология тақырыбындағы ақпарат көздері:

Page 35: Экологиялық  журналистика

35

ұйым (сайт) дәрежесі мәліметтер

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіhttp://www.eco.gov.kz

Мемлекеттік мекеме

Заңнама жайындағы мәліметтер, ҚОҚ жобалары, еліміздегі экологиялық жағдай туралы есептер, экологиялық статистика, халықаралық әріптестік туралы ақпарат, ресми пікірлер үшін министрліктің баспасөз қызметінің байланыс мәліметтері

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіhttp://rus.emer.kz/

Мемлекеттік мекеме

Күнделікті шұғыл ақпараттар топтамасы, аймақтардағы ТЖ туралы есептер, ТЖМ бөлімшелерінің байланыс мәліметтері

ҚР Статистика агенттігіhttp://www.stat.kz

Мемлекеттік мекеме

Қоршаған ортаны қорғау бойынша соңғы 5-6 жылдық көрсеткіштер, 20-жылдық статистикалық мәліметтердің динамикалық қатары («Қоршаған ортаны қорғау» айдарын қараңыз http://www.stat.kz/digital/ohrana/Pages/default.aspx)

Экология және климат Қазақ ғылыми-зерттеу институты http://www.ecoclimate.kz/

Ғылыми-зерттеу институты

Қазіргі зерттеулер туралы мәліметтер, көрсеткіштерді есептеу әдістемесі, сарапшылардың байланыс мәліметтері

Климат өзгеруі бойынша Координациялық орталықhttp://www.climate.kz/rus/

Ғылыми-зерттеу институты

ҚР нормативті-құқықтық актілері мен халықаралық құжаттар. Сарапшылардың байланыс мәліметтері

ҚР Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-сараптамалық орталығы http://www.iacoos.kz/

Ғылыми-зерттеу институты

Экологиялық ақпараттар қоры, сарапшылардың байланыс мәліметтері. Орталық табиғат байлықтарын пайдалану саласы бойынша кеңес беру қызметтерімен айналысады

«Табиғат» жасылдар партиясы http://greenparty.kz/ Саяси ұйым

Жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат, партия төрағасы Мэлс Елеусізовтың байланыс мәліметтері

ҚР Орхус орталығыhttp://aarhus.kz

Үкіметтік емес ұйым

Орталықтың аймақтық бөлімшелері жайлы, ҚО-ға сыртқы күштердің әсерін қоғамның бақылауы туралы мәліметтер

Экологиялық қауіпсіздік пен табиғат байлықтарын пайдалану туралы ақпараттық порталhttp://ecosos.kz/

Үкіметтік емес ұйым

Экологиялық статистика, экология жаңалықтары, ресми құжаттар, сарапшылар пікірі

Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығыhttp://carec.kz

Үкіметтік емес ұйым

Сарапшылар пікірі, бағдарламалар туралы мәліметтер

«EcoIDEA» қоғамдық қоры http://www.ecoidea.kz/

Үкіметтік емес ұйым

Қор жүзеге асырып отырған жобалар туралы мәліметтер, сарапшылардың байланыс мәліметтері

«Greenwomen» сараптамалық-экологиялық агенттігі http://www.greenwomen.kz

Үкіметтік емес ұйым

Химиялық қауіпсіздік, берік органикалық ластаушылар туралы Стокгольм конвенциясы, тұрақты даму жайлы сараптамалар

«Интерфакс» АА нұсқасы бойынша жасалған кәсіпорындардың экологиялық ашықтығы рейтингісіhttp://www.interfax.kz/?lang=rus&int_id=11&news_id=6330

Бұқаралық Ақпарат Құралдары

Өндірістік кәсіпорындар жұмыстарының экологиялық ашықтығының көрсеткіштері

Page 36: Экологиялық  журналистика

36

Материалға қажетті барлық ақпараттарды жи-нап болған соң, қандай жанрда жазатыныңызды анықтап алыңыз. Енді экология тақырыптарында жазылған материалдардың жанрларына, құрылымдарына тоқталып өтейік.

Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық агенттіктер, жаңалықтар қызметі және телеарналар осы жанрда ақпарат тарата-ды. Мақсаты – жаңалықты барынша анық, қысқа әрі нұсқа тарату. Ақпараттық хабарламаның құрылымы тақырыптан, ақпарат көзі ұсынған пікірлерден тұрады. Хабарламаның соңында проблеманың аздаған тарихы, өзге қосымша ақпараттар беріледі. Ақпараттық хабарламада сараптама жасалмай-ды, тек ақпарат беріледі.

Мысалы:

Karachaganak Petroleum компаниясына жүк-телген Т7,5 млрд көлеміндегі экологиялық айыппұлмен келіспейді

Орал. 4 сәуір. ҚазТАГ – Karachaganak Petroleum компаниясына жүктелген Т7,5 млрд көлеміндегі экологиялық айыппұлмен келіспейді деп хабар-лайды ҚазТАГ тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық соты «Жайық-каспий экология

АҚПАРАТ КӨЗДЕРІН ІЗДЕУДЕГІ ЖУРНАЛИСТ ЖҰМЫСЫ

департаменті» МБ-ның Karachaganak Petroleum Operating B.V. компаниясы ЖТАҚ-на қарсы берген 2010 жылы қоршаған ортаны рұхсат етілген көлемнен тыс ластағаны үшін Т7,5 млрд-тан астам зиян келтіргені үшін азаматтық ісі қаралды деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

«Соттың шешімі бойынша KPО компаниясы-нан қоршаған ортаны ластағаны үшін мемле-кет есебіне Т7 525 695 049 көлемінде айыппұл және Т225 770 851 көлемінде мемлекеттік салық салынды. Жалпы алғанда тұзды-қышқыл қалдықтары 30 тоннаны құраған»,- деп хабар-лайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, KPO компаниясы өкілінің та-рапынан мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешіміне қатысты аппеляциялық шағым түсуіне байланысты аталған азаматтық істің облыстық соттың аппеляциялық сот алқасының қарауына жіберілетіндігі хабарланды.

Karachaganak Petroleum Operating – Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру үшін бірлескен компаниялардың консорциумы. Оған әрқайсысының үлесі 32,5%-ды құрайтын BGroup, Eni, сонымен қатар 20%-бен Chevron және 15%-бен Лукойл кіреді.

Page 37: Экологиялық  журналистика

37

Ақпараттық түсіндірме

Ақпараттық түсіндірме - газет жанры. Ақпараттық хабарламаның принциптерімен жазылған қысқаша түсіндірме. Көлемі ақпараттық хабар-ламадан үлкен және оқиғаны жан-жақты тал-дайды. Түсіндірменің тақырыбы нақты, қысқа болуы шарт. Құрылымы лидтен және 2 немесе 3 сұхбат берушінің пікірінен тұрады. Ақпараттық түсіндірмеде ақпарат пен сараптама қатар жүреді.

Мысалы:

«Коммерсантъ-Online”, 23.01.2012 // 18:15Алексей Шаповалов

Бизнесмендер мен экологтар «Хаависто әсеріне» баға берді

Финляндиядағы президент сайлауының екінші турына «Жасылдар» партиясынан үміткердің өтуі әлемдік саясатта бұрын-соңды болмаған жағдай. Бірінші турда Пекк Хаависто қол жеткізген нәтиже Финляндияның өзінде «таңқаларлық» деп бағаланды. «Жасылдар» партиясы өкілінің табысы саяси өмірге «Хаави-сто әсері» деген түсінік енгізді.

РФ экологиялық қауымдастығының өкілдері Хаавистоның президент болып сайлануы Ресейдегі экологиялық сасаттың дұрыс жолға түсуіне әсер етер еді деп санайды. «Мен Пее Хаавистомен Думаның экология бойынша комитеті төрағасының орынбасары және төрағасы болған кезімнен бері таныспын. Соңғы он жылда елімізде экологиялық заңнамалар мен басқарма шешімдерінің қабылдануына тек халықаралық жағдайлар әсер етті», - дейді ұлттық экологиялық аудиторлық палатаның төрағасының орынбасары Тамара Злотнико-ва. WWF-тың ресейлік өкілдігі табиғатты

қорғау саясаты бойынша директоры Евге-ний Шварц Хаависто мырза президент болып сайланған жағдайда, Фенноскандия орманда-рын, фин шекарасының бойындағы қарт ор-мандарды қорғаудың дамуына және Ресейдің солтүстік-батысындағы адам аяғы баспаған ормандардың сақталып қалуына, балтық теңізі арқылы мұнай тасымалдағанда қауіп-қатердің барынша алдын-алуға күш салынатындығына, финдықтардың теңіз арқылы мұнай тасымалдаудың қауіпсіз технологияларын жүзеге асыруға өз үлесін қосатындықтарына сенетінін айтты.

Федералды кеден қызметінің мәліметтері бойынша, Финляндия 2011 жылы РФ сыртқы саудасының шамамен 3%-на ие болған.

Ал ресейлік шикізаттың Финляндияға экс-порты Ресейге келетін импорттан (негізінен жоғары технологиялық құрылғылар) екі есе көп болып шыққан. Энерготиімділік пен қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша жұмыс істейтін 70 фин көшбасшы-компанияларынан тұратын Cleantech Finland “Ъ” басылымына берген пікірінде: «Үкімет Финляндияның келесі президентінің кім болатынына қарамастан таза технологиялар секторын дамытуға құлшыныс білдіріп отыр. Ресей басымдыққа ие нарықтардың бірі болып қала береді», - деп мәлімдеді.

Ресейлік бизнестің өкілдері Пекк Хаави-сто президенттікке қол жеткізген соң экономикаға да, экологияға да қатысты көзқарасын өзгертуі мүмкін дейді. «Егер осындай жоғары лауазымға экологиялық қауымдастықтың өкілі келетін болса, ол мүлдем өзгеруі мүмкін. Менің ойымша, үміткер «жасылдар қатарында» осыған дейін ұстанған талаптарының тым артық екенін түсінуі мүмкін. Экономика мен экология алтыбақан секілді бір-бірінен асып кетпеуі керек». - деп мәлімдеді РӨКО экологиялық комитеті төрағасының орынбасары Юрий Максименко «Ъ» басылымына берген сұхбатында.

Page 38: Экологиялық  журналистика

38

Сараптамалық мақала

Сараптамалық мақала - журнал материалда-рына тән жанр. Әсерлі тақырып қойылған, кеңейтілген лиді бар, бірнеше тақырыпшадан тұратын мерзімді баспасөз жанры. Онда статистикалық мәліметтер көп қолданылады. Негізгі тұжырымдар мен назар аударарлық тіркестер мәтін ішінде ерекшеленіп беріледі. Не-месе жеке инсерт түрінде ұсынылады.

«Осыған дейін не болды? Қазір не болып жа-тыр? Оқиғаның негізгі қатысушылары кімдер? Бұл кімге тиімді? Ары қарай не болады?» деген сұрақтарға жауап береді. Мақалада журналистің тараптардың бір жағына шығып кету қаупі бар. Мұнда журналистің жеке пікірі араласпауы ке-рек. Материалды дайындауда ақпарат көздері мен мәліметтердің барынша көп болғаны дұрыс. Мәліметтерді өңдеп, мүмкіндігінше көп сарап-шыдан пікір алуыңыз керек. Бұл сараптаманың салыстырмалы, салмақты болуы үшін қажет.

Мысалы:

«Эксперт Казахстан» №13 (354), 02 сәуір 2012Василий Калабин, Анастасия Моторина

Балансты сақтау

«Көкжайлау» жобасы Қазақстандағы халықаралық туризмның сапалы дамуының бастамасы болуы мүмкін. Бірақ Алматы аймағындағы экожүйеге қауіп төндіру қаупі бар.

Көкжайлау курорты Қазақстанда әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы туризмінің негізгі орны болуы керек. Осыған дейін алматылықтар жаяу қыдырып, велосипед тепкен таулы жерлерде ірі инфрақұрылымдық жоба іске қосылмақшы. Идея авторлары бұл жоба болашақта Қазақстанға таң шаңғысы туризмін альпілік елдеріндегідей жеке

сала ретінде дамытуға мүмкіндік береді дейді. Сәйкесінше, бұл экономиканы әртараптандыруға әсер етеді. Алайда қарсы пікір айтушылар да бар. «Зеленое спасение» экологиялық ұйымы Көкжайлауды қорғау мақсатында 2,5 мыңнан астам қол жинады.

Ұйым мүшелері құрылыс жұмыстары аймақтағы экологиялық жүйеге зиян келтіреді деп санайды.

Жалпы алғанда қоғам бұл идеяны күмәнмен қабылдады. Туризмның дамуы, Алматыны әлемдік деңгейдегі туристік орталыққа айналдыру тура-лы әңгімелердің ұзақ уақыт бойы сөз жүзінде қалып келе жатқандығы тағы бар. Туризм және спорт министрлігі Үкіметтің атынан жыл сайын тури-стер саны артқаны туралы есеп береді. Алайда іс жүзінде біз тек бизнес-туристерді, яғни елге тек жұмыс сапарымен келгендерді көріп жүрміз.

Мүмкін жаңа шаңғы курорты қысқы демалыс мезгілін ұнататындардың сүйікті орнына айна-луы үшін, мемлекет туризмге қонақжайлылық ин-дустриясы ретінде мән беруі қажет. Бос орын Жоба басшылары: «Жоба жүзеге асқан жағдайда шетелдік валюта қосымша қаржы көзі ретінде пайдаланылып, төлем балансы мен ортақ экс-порт дамиды. Елдің ЖІӨ мен қаланың ЖАӨ арта-ды. Қосымша жұмыс орындары ашылып, қажетті салалардың дамуына түрткі болады» дейді.

Жоба мемлекет-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттің ин-вестиция көлемі 700 млн доллар (25%), ал жеке инвесторлардың бөлетіні 2,1 млрд доллар (75%) болады. Мемлекет инфрақұрылымның дамуын өз міндетіне алады. Жол тетіктерін бір қалыпқа келтіру, көтергіштердің құрылысы, жасанды қар жүйесін жасау, қар көшкіндерінен қорғану, жолдар салу, жарық жүйесі, канализация және т.б. жұмыстарды өз мойнына алып отыр. Қонақ үйлерді, демалыс және спорт орталықтарын жекеменшік компаниялар салады.

Page 39: Экологиялық  журналистика

39

Алғашында жобаны Шымбұлақтың дамуымен ай-налысатын Capital Partners компаниясы ұсынған болатын. Оған әкімшіліктің жанынан құрылған туризм басқармасы жетекшілік етеді. Депар-тамент «Көкжайлау» жобасымен айналысатын мемлекеттік компанияның тең құрылтайшысы болды. Қазір оны тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Компанияның басшысы Capital Partners-ң бас ди-ректоры Александр Гужавин болмақ. Жобаны үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Таң шаңғысы туризмінің дамуы концепциясы мен ТЭН-ды дайындау (2012 жылдың соңына дейін). Үкімет ТЭН-ды бекіткен соң, жұмыс жобасын дайындау (2013 жылдың соңына дейін). Құрылыс жұмыстарын жүргізу (2013-2016 жылдар аралығы). Алматы қаласы Туризм басқармасы өкілдерінің айтуынша, әлем бойынша көшбасшы тау шаңғы орталықтарының біріне айналуға Алматы аймағының табиғи-климаттық, аймақты, геоса-яси артықшылықтары мүмкіндік береді.

Capital Partners бас директоры Александр Гу-жавин: «Әлемдік туризмнің даму трендіне на-зар аударсақ,1995 жылы туристер санының 534 млн, 2008 жылы 982 млн болғандығын, ал болжам бойынша 2020 жылы 1,6 млрд болатындығын көреміз»,- дейді. Азия-Тынық мұхит аймағына келушілердің саны да артып келе жатыр. Алек-сандр Гужавин еліміздің дамушы елдер қатарында екендігін атап өтті. Ел экономикасы дамығанда, халықтың жағдайы жақсара түседі. Сонда ғана халық саяхат жасауға мүмкіндік алады.

Жоба авторлары болашақтағы келуі мүмкін деген клиенттерді шамамен санап шықты. Ұшақ уақытымен санағанда 3 сағаттық жерде 600 млн адам, 4 сағаттық аумақта 1,3 млрд адам тұрады екен. Бұл ареалға Ал-маты аймағындағы таң шаңғысы кешенінің қызметін пайдалануға қызығушылық білдіруі мүмкін деген ірі қалалар мен елдер кіреді. Олар: Қазақстан, Қытай, Парсы шығанағының елдері, Әзірбайжан, Түркия, Ресей, Украина, Үндістан, Пәкістан және тағы басқалар. Ірі тау шаңғысы курорттар саны Еуропа мен

АҚШ-та өте көп. Ал Азияда бұл кенже қалған салалардың бірі.

Александр Гужавинның айтуына қарағанда, Австрияға қарағанда Түркияға көп туристер барады. Алайда, Австрия туризм арқылы үлкен табыс тауып отыр. Себебі, тау шаңғысы ең та-бысты туризм түрлерінің бірі болып есептеледі. Орта есеппен алғанда, бір адам жағажай туризмі үшін күніне 50 доллар, ал тау шаңғысы туризмы үшін 250 доллар жұмсайды екен. Сырғанау саяхат-шы шығынының тек төрттен бірін ғана құрайды. Оған кеткен 1 доллар туризмның түрлі экономи-касынан түскен 15 доллардың ішіне кіреді. Міне, мультипликативті әсер дегеніміз осы.

Алматы қалалық Туризм басқармасының бастығы Бақытжан Жұламанов: «Шымбұлақ та, Ақбұлақ та, Табаған да шет елден келетін туристердің талаптарына сай келмейді. Олар тым кішкентай. Жергілікті тұрғындарға арналып салынған. Жаңа ірі курортты салатын орынды таңдау осыдан төрт жыл бұрын басталған. Шетелдік маман-дар шақыртылды. Барлығы бірден Көкжайлауды таңдады. Үлкен көлемдегі курорт құрылысы үшін сол жер лайықты. Жер бедері жақсы. Ең басты-сы Альпі, Сочи, Жапония, Қытай және Үндістанға қарағанда климаттық жағдай жақсырақ», - дейді ол. Туризм басқармасы Көкжайлауға жыл бойы түсетін қардың орташа көлемі 9 м екендігін атап өтті. Ол сырғанау маусымын 7 айға созуға мүмкіндік береді. Танымал шетелдік курорттарда бұл көрсеткіштер төмен. Мысалы, Швейцариядағы Церматта маусым тек 5 айға созылады. Түсетін қардың орташа көлемі – 3,5 метр. Ал АҚШ-тағы Аспенде 5 айға созылады. Қардың орташа көлемі 7,62 метрге тең. Бұған қоса бізде құрғақ қар жау-ады. Бұл сырғанауға қосымша мүмкіндік жасайды.

Әкімшілік алдын-ала жүргізілген есептеу-лер бойынша, құрылысқа шамамен 20 мыңдай адам жұмылдырылатындығын айтты. Мультипликативті әсерді ескергенде, әр түрлі са-лалар бойынша 20 мыңнан 80 мыңға дейін маман жұмыспен қамтылмақ. Бұл – жобаның алдын-ала жүргізген есебі.

Page 40: Экологиялық  журналистика

40

Жағымсыз ұсыныс

«Зеленое спасение» экологиялық ұйымының жоба менеджері Светлана Спатарь: «Аталған құрылыс экологиялық жүйеге айтарлықтай зиян келтіреді. Қалай болғанда да орман да шабылады. Жергілікті өзен сулары көп мөлшерде пайдала-нылады. Еңіс жерлер тегістеледі. Одан топырақ бедері өзгеріске ұшырайды. Басқа да табиғатты зақымдайтын жұмыстар жүргізіледі. Оның үстіне мұндай ірі жоба Көкжайлау шатқалы шеңберінен шығып, парктың айтарлықтай бөлігіне созыла-ды. Нәтижесінде Көкжайлаудың табиғатымен қоштасуға тура келеді» дейді.

Ұйым Іле-Алатау паркі алғашында жергілікті табиғатты қорғау мақсатында құрылғанын, заң бойынша ол жерде құрылыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салынғанын айтады. Алайда, мемлекеттік бағдарлама аясында туризм объектілерін салуға рұқсат беріледі екен. Ұйым туризмді дамыту үшін балама жобаларды да әзірлеуге болады деп есептейді.

«Ұйым мүшелерінің бұл пікірімен келісетін сарап-шылар тобы да бар. «Үлкен масштабтағы тау шаңғысы жобаларының жүзеге асырылуы әлем бойынша, әсіресе Альпіде, қоршаған ортаға зияны көп болатынын көрсетті. Барлығы ағаштардың кесілуі мен эрозияның күрт өсуінен басталады. Содан энергияның шектен тыс пайдаланылуы-мен, ауаның, су қоймаларының ластануымен және жер бедерінің бұзылуымен аяқталады. Көкжайлау Іле-Алатау ұлттық саябағының ерекше бөлігі. Си-верс алмасының отаны, қар барысы өмір сүретін, өзге де сирек кездесетін жан-жануарлар мен өсімдіктер мекен ететін аймақ. Қазір Алматы-да күрделі экологиялық жағдай орнады. Күн сайын Алматының ауасымен тыныстап жүрген адамдар мұны жақсы түсінеді. Көкжайлаудың қалың ор-мандары қала үшін қорғаныс қызметін атқарып отыр. Бұл жерді 500 шақырымдық тау шаңғысына арналған курортқа айналдыруға болмайды»,- деп жазады экотуризм саласы бойынша сарапшы Даг-мар Шрайбер

Жоба авторлары құрылыс жұмыстары табиғатқа әсер ететінін жоққа шығармайды. Бірақ жағымсыз әсерді азайтуға болатынын айтады. Осы тұрғыда, альпілік елдердің тәжірибесіне сүйену керек дейді. Әкімшілік «Көкжайлау» ТШК құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) дайындау барысында еуропалық стандарттарға сай экологиялық сараптаманың жүргізілетіндігін айтты. Оған отандық және шетелдік мамандар қатысады. Сараптама нәтижесінде, қоршаған ортаға ең аз көлемде зиян келтіретін объектілер ғана салынады. Сонымен қатар, ТЭН кезеңінде қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Қалалық әкімшілік жобаны жүзеге асырудың әр кезеңінде қоғамдық тыңдаулар мен экологиялық сараптама жүргізіп отыруға уәде берді.

Бақытжан Жұламанов: «Экологиялық сарап-тамасыз қаржы табу, батыс инвесторларын жұмылдыру мүмкін емес» дейді. Светлана Спа-тарь: «Заң бойынша, қоғамның пікірі ұсыныс түрінде ғана қабылданып, еленбей қалуы мүмкін» дейді. Жоба авторларының тәуелсіз экологтардың пікіріне қаншалықты назар аударатыны белгісіз.

Турист нені қалайды?

Экотуризм тұрғысынан қарағанда, қазір біздің ел шетелдіктер тарапынан үлкен сұранысқа ие. Ал мұндай саяхатты ұнататындар адам аяғы баспаған табиғатты тамашалағанды жақсы көреді. Қазақ туристік ассоциация (ҚТА) жүргізген зерттеуге сәйкес, Еуропадағы 14,2 миллион ту-рист Азия бойынша Қазақстанға қызығушылық танытып отыр екен. 2008 жылғы көрсеткіштер бойынша, Қазақстанға 618,7 мың адам келген. Ішкі туризм 2,2 млн адамды құрайды. Ал 2009 жылғы мәліметтер бойынша бұл көрсеткіштер 127,4 млн және 355,5млн болған.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бой-ынша, өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларын-да Қазақстанға 22,4 мың адам қонаққа келген. Ал Сыртқы туризм үлесі туристердің жалпы санының 10%-нан аспайды.

Page 41: Экологиялық  журналистика

41

ҚТА мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан қазір туристерге мамандандырылған, экстремал-ды турларды ұсынып отыр. Сонымен қатар өзге мемлекеттердің қатысуымен жүретін Жібек жолы бойынша турлар да бар. Алайда бұл мүмкіндіктер бәсекеге қабілетсіз. Себебі ел ішінде сапалы қызмет түрлерін көрсетуге тиісінше көңіл бөлінбеген. Сыртқы туризммен айналыса-тын туристік компаниялар Қазақстан аумағында қызықты және сапалы туристік қызметті жүзеге асыру мүмкін емес деп шағымдануда.

Шетелдіктерді қызықтыратын тарихи ескерткіштер бүкіл республика аумағын қамтиды. Оларды ортақ бір турға біріктіру мүмкін емес. Ал экологиялық туризмның үлесі 30%-дан аспайды.

«Қазақстанның негізгі туристік өнімі – халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілігі төмен экологиялық туризм. Бұл турөнімге деген сұраныс 8,9 миллион адамды құрайды. Ол әлемдік туризм нарығындағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі.Бұл Қазақстанда туризмді дамытудың негізгі бағытының бірі. Халықаралық туристік нарыққа біз не ұсына аламыз? Бұл біздің табиғат ресур-старымыз бен көркіне көз тоймас табиғатымыз. Осыған қарамастан, экотуризм мемлекеттің туристік саясатында басымдыққа ие емес. Туризмнің бұл түрі туралы бірде-бір мемлекеттік стратегиялық құжатта айтылмайды», - дейді ҚТА өкілдері.

Жыл сайын туризмнің бұл бағытына сұраныс артып келеді. Қазіргі уақытта экотуризм 12%-ды құрайды, ал даму қарқыны жалпы туристік саланың даму қарқынынан 2-3 есе жоғары. Егер дәстүрлі туризмде туристік лектер дамушы ел-дерден дамыған елдерге ауысса, экотуризмде бұл керісінше жүреді.

Бұл сегмент өткен ғасырдың 80-ші жылдарын-да пайда болғандықтан, бәсекеге қабілеттілігі төмен. Ал тау шаңғысында жағдай басқаша. Осы-дан заңды сұрақ туындайды. Үлкен қаржы құйып, шетелдік инвесторларды шақырып, шамамызға

қарамастан дамыған елдермен бәсекеге түсуде қандай мән бар? Әлемдік деңгейдегі курорттарға жету үшін бізге ондаған жылдар қажет.

Алматы аймағының бағалау потенциалы тау шаңғысына арналған 1400 шақырымды құрайды.Осы тұрғыдан алғанда, Көкжайлау ең ірі жоба болмақшы. Ондағы тас жолдың ұзындығы 500 шақырым болады деп жоспарлануда. Бұл ірі курорттардың стандартына сәйкес келеді. Со-нымен қатар, Шымбұлақты, Табағанды, Алматау-ды, Ақбұлақты, Түрген жазығын, Ақсай шатқалын, Талғар мен Шығыс Талғарды дамыту жоспарланып отыр. Әңгіме тек тау шаңғысына арналған жол-дарда ғана емес, жалпы туристік инфрақұрылымға да қатысты. Жаяу жүргіншілерге арналған жабдықталған маршруттарды дайындау да жо-спарлануда.

Экономика диверсификациясының мүмкіндіктері туралы айта келе жоба авторлары шетелдік тәжірибеге сүйеніп отыр. Мысалы, Швейцарияда тау шаңғысы туризмі елдің әлемдік қаржылық орталықтардың бірі екеніне қарамастан ЖІӨ-нің 7%-ын береді. Австрияда бұл көрсеткіш 8%. Александр Гужавин Қазақстанда туризм дұрыс жолға қойылса, ЖІӨ 10%-ға жетеді деген пікірде. Экономиканың диверсификациясы үшін бұл жақсы көрсеткіш. Алайда бұған қол жеткізу үшін тек ку-рортты салу жеткіліксіз.

Александр Гужавин: «Туризм дамуының толық мас-штабты бағдарламасы жасалмаса, жақсы курорт салу мүмкін емес дейді. Керемет тау шаңғысы ку-рортын салуға болады. Бірақ оған адамдар келмей қоюы мүмкін. Сол үшін авиахабарлама саласында бәсекелестік жасау керек. Визалық режимді өзгерту керек. Бастаманың жекеменшік түрде болғанына қарамастан, толық нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік бағдарлама міндетті түрде қажет. Біз уақыт оздырып жүре берсек Қытай секілді өзге елдер алдымызды орап кетуі мүмкін» дейді.

ТЭН қорытындысы жасалмай тұрып, көптеген қауіп-қатерді бағалау қиын. Көкжайлау құрылысы да нақты шешілген мәселе емес. Жалпы алғанда

Page 42: Экологиялық  журналистика

42

қолдайтын да, қолдамайтын да тараптар жобаның толық дайын нұсқасын күтуде. Қызу та-лас-тартыс әлі алда.

Іскерлік басылымдарда экология тақыры-бындағы материалдар аз болғандықтан, олар-дың формасы мен жанрлары бір-біріне ұқсас. Себебі, экология мәселерін көтеруде бизнес ба-сылымдар бір ғана форманы қолданады.

Экологиялық мақалаларды жазуда жиі қолданылатын жанрдың бірі – колумнисти-ка. Көптеген іскерлік газет-журнал, онлайн-басылымдарда беделді журналистер мен мамандардың әр түрлі проблемаларға қатысты айтқан пікірлері бөлек бағанда жарияланады.

Бұл еркін жанрдағы материал бір журнал бағанына сыйып кетеді. Оның формасы өзгеріп отырады. Автор ақпаратты ресми стильде, сұхбат түрінде беруі мүмкін. Экология білім беру мен денсаулық тақырыптары секілді іскерлік басылымдардың негізгі бағытына айнала ала-ды. Экология тақырыбындағы мақалаларды да түрлі пішінде, түрлі жанрда жазуға болады.

Экологиялық журналистикада қолданылатын тағы бір жанр түрі - арнайы мәлімдеме.

Ол бір тақырыпта әр түрлі жанрда жазылған 3-5 мақала топтамасынан тұрады.

Бұл топтама ең керемет жазылған сараптамалық мақаланың алдын орап кетеді. Оның басты ерекшелігі – ақпараттық мәлімдеме проблема-ны барлық қырынан жан-жақты талқылайды. Инфографикадан құралған салыстырулар-дан, сұхбаттардан, репортаж бен очерктерден тұрады. Көп жағдайда журналист арнайы топ-тама жанрында материал дайындамайды. Бірақ ақпаратты толық, нақты, жан-жақты таратуда бұл жанрды қолдану тиімді.

Page 43: Экологиялық  журналистика

43

Қорытындылай келе, экология тақырыбын жазудың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып өтейік.

Ең бірінші атап өтер жайт, қазақстандық ме-диа нарықта тек экология саласына мамандану журналист үшін мүмкін емес. Оның аясы мұнай өндірісіндегідей емес. Экология әрдайым үлкен салалармен, өнеркәсіп, заңмен, тығыз байла-ныста. Сондай-ақ, іскерлік басылымдарда эко-логия тақырыбын жазатын журналист басқа та тақырыптарда мақала дайындауы керек. Осы тұрғыдан алғанда, экология «мамандану» емес, өзіңе қосып алатын «қосымша жүк» іспетті.

Экология тақырыбында мақала жазуда көптеген қиындықтарға тап келесіз.

Сіздің назарыңызға көптеген өзекті тақырыптар ілігеді. Ал олар жайлы ақпарат беретін жоғары дәрежелі мамандарды табу қиынның қиыны. Сонымен қатар, объективтілікті сақтау үшін сізге барлық тараптың пікірін аз ғана уақыт аралығында тыңдап үлгеру керек. Ал өнеркәсіп орындарының басшыларымен байланыс орнату өте қиын екені тағы бар.

Кәсіби әлемге бой үйретіп, тәжірбие жинақтаған

КЕҢЕЙТІЛГЕН МҮМКІНДІК

соң, бұл мәселелерді шешу де оңай болады.

Қазақстандық БАҚ-та экология тақырыбында сауатты жазатын журналистер аз. Қазақстанның түкпірінде тұратын итальян тілі маманы секілді оларға сұраныс та аз. Ал қажет болғанда таптыр-мас көмек көрсетеді.

Бір жағынан, тақырыпты қызықты етіп, мақалалар санын көбейтіп журналист өз «өніміне» сұраныс тудыруы қажет. Бейтаныс әлемді зерттеп, жаңаша тақырыпты енгізуге көп журналистер талпынбайды. Егер мақала өзекті экология тақырыбына арналса, кез келген ре-дактор бірінші беттен орын береді. Ресейдің «Коммерсант» газетінде арнайы тілші Григо-рий Ревзиннің архитектура тақырыбындағы қызықты мақалаларын атап өтуге болады.

Экология тақырыбындағы мақалаларды оқу оқырман үшін маңызды. Журналистиканың ба-сты міндеті қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету болса, осы тақырыпта мақала жазу сол функцияны орындайды. Іскерлік басылымдар-да көтерілген проблемалар тез арада шешімін табуы мүмкін. Себебі, салалық басылымдардың аудиториясын сол салаға жауапты адамдар құрайды.

Page 44: Экологиялық  журналистика

44

Іскерлік БАҚ-та экология тақырыбында алғаш материал дайындауға талпынған журналистерге арналған кеңестер:

1. Ньюсмейкерлер тізімін дайындап қойыңыз. Олар: шенеуніктер, ғалымдар, экономистер. Оларды әр түрлі салалар бойынша топтарға бөліңіз. Мэлс Елеусізов секілді барлық экологиялық проблемаларды жіктеп беретін ньюсмекердің болуы, әрине, жақсы. Бірақ барлық басылымдар сол адамның пікірін жарыса жари-ялайтынын ұмытпаңыз. Сіз ньюсмейкерлерді жан-жақтан іздеңіз.

2. Терминдер глоссарийін, қажетті өлшем бірілктердің тізімін жасап алыңыз. Көмірқышқыл газы қалдықтарының қалай өлшенетінін, тоннада неше баррель мұнай бар екенін, радиациялық фон деңгейінің мәнін біліп алыңыз.

3. Тақырыптық жаңалықтарды қалт жібермеңіз. Интернет-іздеу жүйелерін пайдалану арқылы жаңалықтардан хабардар болу қиын емес. Қажет болса ақпаратты жинақтау үшін арнайы папкалар арнап қойыңыз.

4. Салалық тақырыпта сараптамалық мақала не-месе арнайы мәлімдеме жазу үшін сізге 5-6 сағат берілді делік. Ең бірінші, осы тақырыпқа қатысты 1-2 монографияны оқып шығыңыз.

5. Сараптамалық мақала журналистің қоры-тындысы бойынша жазылады. Тақырыпты толық игере алмасаңыз, қорытынды жасаудан сақ болыңыз.

6. Әрқашан бейтарап пікірді ұстаныңыз. Тіпті құрылыс компаниясы қасиетті орманды отап, орнына қымбат тұрғын үй кешенін салып жат-са да, мақалаңызда сіздің кімді қолдайтыныңыз

байқалмауы керек. Есіңізде болсын, оқырманға журналистің жеке эмоциясы емес ақпарат маңызды (егер репортаж болмаса). Оның орны-на қызықты мәліметтер, деректер, экономикалық көрсеткіштерді қолданыңыз. Ал инфографи-ка түрінде берілген статистика оқырманның ақпаратты оңай қабылдауына көмектеседі.

7. Өзге басылымдарға қарағанда іскерлік ба-сылымдарда проблеманың көтерілуі өзгеше. Сондықтан, экология тақырыбындағы мате-риалды сол саланың маманы жазғаны абзал. Оның терминдер мен жалпы заңдылықтар жайлы білімі бар. Әрине, бизнес-басылымдар-да тек экономистердің жұмыстары жариялануы міндетті емес. Іскерлік басылымдарда қазір тарихшылар мен саясаттанушылар да жұмыс істейді. Іскерлік басылымдарда автордың жеке пікірі болмайды. Материал нарық қатысушылары мен сарапшылардың пікірі негізінде жазылуы керек. Сонда ғана сіз сапалы мақала жаза аласыз. Ол қолыңыздан келмесе, 4-кеңеске жүгініңіз.

8. Журналистика ғылым емес. Ол ақпарат тара-туда әртүрлі әдістерді жинақтайды. Әдіс-тәсілдер тақырыпқа, жанрға байланысты өзгеріп отыра-ды. Тақырыпқа қарай материалды қандай жанр-да жазуды журналист өзі шешеді. Бизнес басы-лымдарда себеп-салдарлық сараптама жасау әдісі жиі қолданылады.

Іскерлік БАҚ-та белгілі бір сала бойынша маман-дану журналистің кәсіби шеберлігін дамытады. Демек, қазіргі нарық жағдайына бейімдейді. Ол үшін сол саладағы сарапшылардың қолдауы да аса маңызды.

Page 45: Экологиялық  журналистика

Игорь Братцев, MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры

ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫНДА МАҚАЛА ЖАЗУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ

Page 46: Экологиялық  журналистика

46

Бұл тарауда экология тақырыбында мақала жазуда мультимедианы қолдану жолдары жайлы айтылады. Экологияның маңыздылығын мойындағанымен, оларды жаңашылдығы жоқ қызықсыз тақырыптарға жатқызатын Lkz тұтынушылардың назарын аудару үшін де мультимедиа қолданылады.

Медиа нарық өзгеріп тұрады. Онда қазақстандық ақпараттың және әлемдік ақпараттың тұтынушылары бар. Демек, өзге мемлекеттер-ден келетін жоғары сапалы медиа өнімдермен бәсекелес болу үшін отандық басылымдар үнемі даму үстінде болулары қажет. Өкініштісі, қазіргі салалық басылымдарда мұндай тенденция байқалмайды. Қазақстан Ресей медиа нарығымен бәсекелес бола алмай отыр.

Барлық ақпараттың интернет алаңына көшуі журналистикаға жаңашылдық алып келді. Тұтынушылар күнделікті қабылдайтын барлық ақпараттарынан визуализанияны күтеді. Алайда, қазіргі БАҚ бұл мүмкіндікті толық қолдана алмай отыр. Әсіресе, жергілікті басылымдар сайттары-нан видео, фоторепортаж, инфографика және медиа-иллюстрацияларды сирек кездестіреміз.

Қазір ақпаратты видео, фотомен жеткізу жол-дары дамып келеді. Ол ақпаратты тез әрі оңай қабылдауға мүмкіндік береді.

Зерттеулерге сәйкес, әр адам бір күнде 1,5 мыңнан астам ақпаратты қабылдайды. Барлығын есте сақтау мүмкін емес. Ал визуалды ақпарат 3 секунд ішінде 10000 ақпараттық бірлікті қабылдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, визуалды ақпарат хабарламаны әсерлі, өтімді қылып жеткізуге әсер етеді. .

Page 47: Экологиялық  журналистика

47

Мультимедиа мүмкіндіктеріне байланысты журналистерді оқытудағы автордың тәжірбиесі мультимедиа көмегімен ақпарат таратуды игерудің жолға қойылмағандығын көрсетті.

Қазіргі таңда мультимедианы оқытуда журналистиканың техникалық жағына баса мән беріледі. Яғни, түрлі мультимедиа құралдары: фото, видео, инфографиканы қолданып жеке бір ақпараттық өнім жасау. Бірақ журналистер үшін бір материалда барлық құралды қолдану әзірге қиын.

Журналист сараптамалық мақала жазғанда алдын ала мультимедианың қай түрін қолданатынын таңдап алуы қажет.

Мультимедиа оқырманның ақпаратты өзінше түсінуіне жәрдем етеді. Тұтынушы ақпаратты видеодан, аудиодан, фото, инфографика әлде мәтіннен бастап қарайтынын өзі таңдайды.Одан кейін өз қалауы бойынша мақаланы оқып шығады. Сонымен, тұтынушы көтерілген мәселе туралы толыққанды ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

Сараптамалық материалдар дайындаудағы мультимедиалық жұмыс оқиғаға баға беруден басталады. Оны мәтін, видео, дыбыс, сурет, ин-фографика көмегімен жасауға болады.

Бұрындары сараптамалық мақалалар үлкен көлемде жазылатын. Мультимедианың көмегі-

МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ОЙЛАУ

мен мәтінді видео, фото, аудио, инфографикаға бөлуге болады. Сонда ақпаратты оқырман оңай қабылдайды.

Ғаламторда мультимедия құралдарын орна-ластырудың екі себебі бар. Біріншісі, олардың кезекпен орналасуына байланысты. Екіншісі, ақпаратты тез жариялауға мүмкіндік береді.

Сайтта мультимедиа құралдары дайындалу жылдамдығына қарай орналастырылады. Мы-салы, іс-шараның соңында немесе іс-шара өтіп жатқан жерден бірден ақпарат тарата аласыз. Ең бірінші, тез арада қысқаша ақпарат жариялауға болады. Содан кейін видеоны монтаждап видео-ресурстарға жіберіңіз. Фоторепортаж бен инфо-графиканы соңынан орналастыруға болады.

Мультимедиа құралдарын орналастырғанда, маңызды ақпараттарды бірінші жіберу керек. Оны журналист өзі таңдайды. Алайда, ақпарат бірінші мәтіннен басталуы шарт. Қалғандарын бірінен соң бірін орналастыра бересіз.

Мультимедиалық форматтағы мақалада барлық журналистерге таныс «төңкерілген пирамида» әдісін қолдануға болады.

Осылайша, мультимедиа құралдары оқыр-манның ақпаратты қабылдауына мүмкіндік жа-сайды. Мысалы, біз қарастырып отырған экология тақырыбына тоқталайық. Мәтін, видео, сурет, гра-фика қосындысынан материал жасауға болады.

Page 48: Экологиялық  журналистика

48

Алдарыңызда экология мәселесі жайлы ақпараттық-аналитикалық мақала мысалы көрсетілген. Оны 4-5 бөлікке бөліп көріңіз. Қай ақпаратты мәтін, сурет, видео, аудиомен инфо-графикамен беруге болатынын өзіңіз таңдаңыз. Оқырман әр бөлімге қарап, сараптамалық мақаланың желісін түсінуі қажет.

Бүркіттерге әр қазақстандықтың көмегі керек http://articles.gazeta.kz/art.asp?aid=383161

27 маусымда ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта» жобасының қазіргі жағдайы тура-лы есеп беру тақырыбы бойынша баспасөз-конференциясы өтті.

Зоология институты, Efes Kazakhstan компаниясы және «Сұңқар» жыртқыш құстар тәлімбағы бірігіп ұйымдастырған «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта» жобасының аясында қамауда өсірілген бүркіттерді табиғатқа жіберу эксперименті аяқталды. Жоба келесі жылы жалғасын табады деп жоспарлануда. 2013 жылдың күзінде осы жоба-ны әрі қарай дамыту жоспарлануда.

Тәжірбиенің бірінші кезеңі қорытындысы бойынша:

Жоба аясында «тәжірибелік» бүркіттерді отырғызу және шығару орнын таңдау мақсатында, ҚР Зоология Институты мен «Сұңқар» тәлімбағының қызметкерлері 2013 жылдың сәуірінде Алматы облысы мен Алматы қаласының (Шу Іле таулары және Үлкен және Кіші Бұғыт, Сөгет және Торайғыр тауларындағы аңшы шаруашылықтары) өңірлеріне орнитологиялық

ТӘЖІРБИЕ

экспедиция жасады. Бағдардың жалпы ұзындығы 2500 км.

«Көктемде кейбір аудандарда 2013 жыл жыртқыш құстар мен төлдер саны аз болды. Мысалы, Үлкен және Кіші Бұғыт аудандарында бұдан бұрын ұялаған жұптар саны 20-дан кем емес болатын. Қазір барлығы 6-7 бүркіт жұбы қалды. Бұл аудандарда табылған 12 бүркіт ұясының ішінен осы жылы ұрпақ әкелген тек 2 ғана ұя бар»,- деді ҚР зоология Институтының тәжірибелі орнитологы Андрей Коваленко тілшілермен кездесуінде.

«Бұл жағдай тәжірбиеміздің маңыздылығы мен дәл уақтында жүргізілгенін растайды»,-дейді ол.

Экспедиция нәтижесінде «Сұңқар» жыртқыштар тәлімбағында осы жылдың 3-мамырында тәжірибе аясында туылған балапандарды отырғызатын орын ретінде Алматы қаласынан 200 км Алма-ты облысындағы Манул аңшылық шаруашылығы таңдалды. Үш балапанды отырғызу 21-мамыр-да жүргізілді. Біреуін көктемде балалы болған бүркіттердің қасына қосты.

«Сұңқар» жыртқыш құстар тәлімбағының орни-тологы Сергей Шмыгалевтың айтуынша: «Бүркіт балапаны ата-аналарының ұясында 60 күнге дейін болады. Сонан соң қанаттары қатайғанда ата-аналарының үйінен ұшып кетеді. Бүркіттерге тәжірбие жүргізгенімізге екі ай болды. Демалыс күндеріндегі тәжірбие екі бүркіттің ұядан ұшып кеткенін, ал біреуі әлі ұяда ұшуға дайындалып жүргенін көрсетті»

Сонымен қатар «Сұңқардың» 4 бүркіті жабайы табиғатқа бейімделу мақсатында арнайы во-льерлерге ауыстырылды. Бүркіттер адамға тез

Page 49: Экологиялық  журналистика

49

үйренеді. Сондықтан вольерлер тәлімбақтан басқа жерге көшірілді.

«Құстарды ұшуға өткен жылдан бастап үйреттік. Дәл қазір олар ұшуға дайын. Соңғы ұшыруды 2013 жылдың тамызында жүргізу жоспарлану-да», - дейді «Сұңқар» тәлімбағының директорлар кеңесінің төрағасы Виктор Булекбаев.

Жалпы биыл «Сұңқар» жыртқыш құстар тәлімбағында дүниеге келген 7 бүркіт «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта» жобасының ая-сында жабайы табиғатқа ұшырылды. Қазақстан табиғатындағы бүркіттер санын көбейту мақсатында ұйымдастырылған бұл жоба 2012 жылдың шілде айында басталған болатын. Ал-дын-ала жасалған зерттеулер бойынша, мамыр айында жабайы жыртқыш құстардың ұяларына қондырылған бүркіттердің келесі жылға дейін өгей ата-аналарының қасында қалатындары белгілі болды. Ал жақында ғана жабайы табиғатты ме-кендей бастаған құстардың табиғатта өздерін қалай сезінетіндігін анықтау үшін, әлі де артта-рынан қадағалап, зерттеулер жасау керек.

Жобаны жүзеге асыруда «Эфес Қазақстан» ЖК АҚ компаниясы «Карагандинское» сауда маркасының сериясын ұсынады. Бүркіттің қызыл суреті бар ерекше қораптағы «Карагандинское» сырасы Қазақстанда 2012 жылдың соңына дейін саты-лымда болады. Әр бөтелкеден түскен 2 теңге бүркіттерді қорғауға жұмсалады.

Efes Kazakhstan компаниясының «Карагандинское» бренд өнімдерінен түскен қаражат (2013 жылдың 31-наурызына дейін) жоспардан көп жиналды. Нәтижесінде өнімнің 4 639 324 бірлігі сатылды.

Бағдарламаның ерекшелігі – оның ашық түрде өткендігі. Бағдарламаны жүзеге асыруға жұмсалған қаржыны «Price Waterhouse Coopers» тәуелсіз ауди-тор-компаниясы бақылады.

Жоба аясында ұйымдастырылған бірегей эксперименттің арқасында, бүркіттерді жасан-ды жағдайда өсіріп, табиғатқа жіберу Қазақстан аймағындағы жыртқыш құстардың жоғалған түрлерінің санын қалпына келтірудің тиімді

әдістерінің бірі болмақ. Ұйымдастырушылар бұл жобаны енді алдағы жылы да ары қарай жалғастыруды жоспарлап отыр.

Тапсырманың мақсаты сараптамалық мақаланы түпкі мағынасын жоғалтпай мультимедиалық форматқа ауыстыру болатын. Сізге мақаланы бірнеше топқа бөліп, мультимедиалық жоспа-рын жасау тапсырылған еді.

Бұл тапсырма сізді болашақта экология тақырыбында сараптамалық мультимедиялық мақала жазуға үйретеді. Бұл мультимедиа анали-тикасын түсіндіруге арналған жаттығу болатын. Ал тәжірбиеде қолдану өзіңізге байланысты. Мультимедия құралдарына жеке-жеке тоқталып өтейік.

1. Бейне. Бейнеқатардың бірнеше нұсқасы.

Шара өтіп жатқан орыннан тікелей жазылған ақпарат http://www.bbc.co.uk/russian/multimedia/2011/07/110731_v_syria_hama.shtml

Қатысушылардың, куәгерлер мен сарапшылардың пікірлері http://kloop.kz/blog/2012/06/15/grazhdanskie-aktivistyi-ustroili-piket-pered-zdaniem-knb-v-zashhitu-bolata-atabaeva-i-zhanbolata-mamaya/

Белгілі тақырып бойынша халықтың пікірі http://www.bbc.co.uk/russian/multimedia/2011/07/110725_norway_trial_voxpop.shtml

Мұрағат материалдары http://www.youtube.com/watch?v=t5n6G5KkXA4

Тележаңалықтар сюжеті http://www.bbc.co.uk/russian/multimedia/2011/07/110731_v_guyana_plane_crash.shtml

Page 50: Экологиялық  журналистика

50

2. Инфографика

Үлкен көлемді ақпараттарды сөздермен емес сызбалармен жеткізу тиімді.

Ең бастысы, сызбаның әрленуі емес, ақпараттың жеткізілуі маңызды! Инфографиканың басты ережесі - «аз уақытта көп ақпарат беру». Сонымен қоса, сызба арқылы ақпаратты оқырман тез қабылдайды

Инфографиканы қай кезде қолдану керек:

• Қандай да бір оқиғаның дамуын көрсеткенде

• Жұмыстың алгоритмін көрсеткенде

• Оқиғаны немесе көрсеткіштерді салыстырғанда

• Үлкен көлемді ақпаратты аудиторияға жеткізгенде.

Инфографикада барлық қажетті ақпараттар болуы керек. Мәтінсіз сызба ақпараттың мағынасын ашуы керек.

Инфографика жасаумен дизайнерлер айналыса-ды. Бірақ инфографикада қолданылатын барлық ақпаратты журналист жинақтайды

Мысалы.

Егер мемлекеттердің көлемін мұнай қорларының мөлшерімен есептейтін болсақ, әлем картасы осылай өзгерер еді.

Page 51: Экологиялық  журналистика

51

Экология тақырындағы инфографикаларды мына сілтемелерден таба аласыз

Соңғы он жыл көлеміндегі, адамзаттың экологиялық проблемалармен күресуі. http://eco.ria.ru/ecoinfogr/20120620/677747591.html

Ресейдегі төтенше жағдайлардың болжамы. http://eco.ria.ru/ecoinfogr/20111229/529142144.html

Улы газдың адам ағзасына әсері. http://eco.ria.ru/ecoinfogr/20100803/261257376.html

Page 52: Экологиялық  журналистика

52

3. СуретОқиғаны суреттеу

• фоторепортаж, оқиғаның даму сатылары

• фотоэссе, мәселенің эмоциялық қырын жеткізу

• проблеманың өзге орындарда орын алуы

• оқиғаға қатысушылардың суреттері

• мұрағат суреттері

• қарама – қайшылықты көрсететін суреттер. Мыса-лы, оқиғаға дейінгі және оқиғадан кейінгі суреттер.

Фоторепортажды қалай жасаймыз?

Мысалы, «Нордик» мұзжарғышы өткізген Гринпис Ак-циясынан фоторепортаж http://eco.ria.ru/ecophoto/20120503/640285306.html

4. Аудио Қазір мультимедиада аудио сирек қолданылады

• басқа қалада, шет елде тұратын сарапшының ойын білу үшін

• бейнетаспаға түсіру мүмкін болмаған қақтығыстар

• өзге жағдайларға байланысты жазылған аудиолар

Сонымен, қорытындылайық. Іс –шараға бармас бұрын мультимедиялық алгоритм құрастырып алыңыз.

Page 53: Экологиялық  журналистика

53

МУЛЬТИМЕДИА АЛГОРИТМІ

Мультимедиа бағытында ойлау мультимедиа компоненттерін байланыстырудан құралады. Алайда, бір мақалада 2-3 түрін ғана жинақтауға болады.

Мысалы, видео мен жаңалық мәтіні

«Жасылдардың» шыршасы. http://eco.ria.ru/ecovideo/20081215/157258746.html

Бастапқы ақпарат

Он-лайн ақпарат

Видео. 1-2 нұсқа дайындау

Фото. 1-2 нұсқа дайындау

Инфографика. Ақпаратты топтастыру.

Аудио. 1-2 нұсқа дайындау

Page 54: Экологиялық  журналистика

54

Ең соңында айтарымыз, мультимедиа құралдарының барлығына ақпараттық тақырыптар қоюды ұмытпаңыз!

Бастапқы ақпарат«Қарағандыда сары түсті қар жауды»

Видео

- оқиға- сарапшылар пікірі- халық пікірі

Фото

- фотоэссе. қала көрінісі- тазалау құралдары

Инфографика

Не жайлы?Металлдардың адам ағзасына әсері

Мәтін Не жайлы?- сараптама қорытындысы- сарапшылардың пікірі- бекграунд

Мультимедиа жүйесін жасау

Бастапқы ақпарат.

Қарағандыда сары қар жауды

Қарағанды. 18 наурыз

Kazakhstan Today – Қарағандыда тосын құбылыс. Бүгін қалада жауып қалған сары түсті қар жергілікті тұрғындарды біраз әбігерге салды. Қардың бұл ерекше түсін мамандар табиғи құбылыспен байланыстырады.

Олардың айтуынша, бұл жайтқа ауа кеңістігіне басқа аймақтарда желмен көтерілген сарғыш құмның әсері болуы мүмкін. Сондай-ақ, олар:

«Өндіріс кезінде ауаға өте үлкен көлемде күкірт, мұнай, темір қалдықтары бөлінсе, қардың түсі сарыға боялуы әбден мүмкін», - дейді.

Табиғаттың тосын құбылысының денсаулыққа қаншалықты зиянды екені тек химиялық зерт-теулерден кейін белігілі болады. Қарға сары түсті химиялық қалдықтар берді ме, әлде оған мыңдаған шақырымдағы қызыл-сары құмдардың әсері болды ма? Мамандар алдымен осыны анықтау үшін сараптама жүргізуде.

Бұл ақпараттан мультимедиалық сараптама жасауға болады ма? Оны веб-порталдарда қалай орналастыруға болады?

Үлгіге назара аударыңыз: